АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Cancel-бас тарту»: Алматыда белгісіз біреулер Назарбаев муралын өзгертіп тастады[:]

[:kz]

 

Бұған дейін бұл жерде қайтыс болған америкалық рэпер XXXTentacion муралы тұрған.

9 мамырда Алматыда белгісіз біреулер Назарбаев муралын өзгертіп, оған «Cancel» (қазақша – бас тарту) де п жазып және «Forever Young» (қазақша – мәңгі жас) сөзін бояп тастаған, деп жазады the-village-kz басылымына сілтеме жасаған  Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Сондай-ақ муралда #Qazaqkoktemi хештегі пайда болған.

Бұған дейін бұл жерде қайтыс болған америкалық рэпер XXXTentacion муралы тұрған. 4 мамырда оның орнына Нұрсұлтан Назарбаев муралы пайда болған.

Артынша Назарбаев суретіне әлдекімдер  «Elbasy» және «Forever young» жазуларын жазып кеткен еді. Мурал Алматыдағы Жароков пен Мыңбаев көшелері қиылысында салынған.

[:]