АЛТЫНОРДА
Шетел жаңалықтары

[:kz]Cанкция соққысынан кейін Ресей соғысты тоқтатқысы келетінін жеткізді[:]

[:kz]

 

Еуропа одағы Ресейге қарсы сегізінші санкция пакетін дайындады. Шектеу мұнай мен көмір экспортына, авиация мен химиялық заттар сынды техникалық өнімдерге қойылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Запорож және Херсон аймақтарындағы басқыншылық әрекетінен кейін Ресей экономикасына тағы  тұсау салынды. Ресейдегі федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Украина делегациясымен қол алысып, ымыраластыққа келуге дайын екендіктерін жеткізді.

— Ресейдің талаптары мақұлданған жағдайда, ымыраға келуге даярмыз, — деді федерация басшысы.

НАТО мен Еуропа одағына мүше мемлекеттер Украина әскерлерін ұрысқа дайындауға толық қатысып жатыр. Украинаның НАТО құрамына қабылдану-қабылданбауына қатысты Еуропа одағының өкілі Тьерри Бретон:

— Украина жерінде соғыс өрті өршіп тұр. Сондықтан Украина әзірге НАТО-ға мүше бола алмайды, — деді өз сөзінде.

[:]