АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Cапарбаев 21 мың теңге жәрдемақы қашан төленетінін айтты[:]

[:kz]

Министр өңірлердегі отбасылардың тұрмысын анықтау үшін әлеуметтік карталар жасалатынын жеткізді.

Оның айтуынша, әр отбасыға талдау жасалып, мұқтаждарына мемлекеттен көмек көрсетіледі.

Сапарбаев  қазіргі уақытта күнкөріс деңгейі 14 мың 849 теңгені құраса, 1 шілдеден бастап 20 789 теңгеге көтерілетінін тілге тиек етті.

1 шілдеден бастап атаулы әлеуметтік көмекті алатындар саны 260 мың адамға артып, 571 мыңнан 830 мың адамға дейін ұлғаяды.

«Мысалы, төрт баласы бар жалғызбасты отбасын алайық. 1 шілдеге дейін 63 мың теңге атаулы әлеуметтік көмекті алатын болса, содан кейін жәрдемақы 40 мың теңгеге артып, 103 мың 945 теңгеге дейін жетеді. Ал қосымша төлемдерді есептеген уақытта, бұл отбасының бір айлық жалпы табысы 114 мың 448 теңгені құрайды», — деді Сапарбаев үкімет отырысында.

Сондай-ақ, шілдеден бастап отбасының жалпы табысын есептеген кезде көпбалалы жанұяларға, «алтын алқа», «күміс алқа» иегерлеріне, мүгедек балаларға төленетін жәрдемақы мен шәкіртақы есепке алынбайды.

«Тұрмысы төмен жанұя балаларына берілетін жәрдемақы мөлшері де өзгереді. Егер 1 шілдеге дейін ол 4 мың 834 теңгені құраса, одан кейін әр балаға 20 789 теңге төленеді. Бұл жәрдемақы 18 жасқа дейін, егер балалар жоғары оқу орындарында оқитын болса, 23 жасқа дейін төленеді», — деді министр.

Сапарбаев әлеуметтік көмекті тағайындаған уақытта халықты босқа сандалтпас үшін сұралатын құжаттар саны азаятынын алға тартты.«Бұның барлығы электронды түрде жүзеге аспақ. Егер кейбір мәліметтер жоқ болса, ата-анаға келудің қажеттілігі жоқ. Аймақтардағы жұмыспен қамту орталықтары, әкімшіліктер тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жасап, өздеріне қажет ақпаратты алатын болады», — деді ол.

 

 

[:]