[:kz]
«Анаңды үйге алып кет» деп қыздарына хабарласқанда қандай қылмыстарыңды жасырғыларың келді?
«Еліміздің кейбір өңірлерінде коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасы мәжбүрлі түрде салынып жатыр» деген ақпарат рас секілді. Белгілі журналист Сәуле Әбілдәханқызы өзінің facebook парақшасында Алматыдағы әйгілі Каблукова ауруханасының бастығы Данипа Искакованың өз қызметкерлеріне мәжбүрлеп вакцина салдырып жатқаны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Журналистің жазуынша, вакцина көбінде жанама әсерлер байқалған. Алайда аурухана басшылығы «зияны тиеді» деп жедел жәрдем шақыртпаған. Тіптен олардың бірінің қан қысымы 60/30-ға дейін түсіп, ыстығы көтеріліп кеткен. Бұл жолы да мекеме басшылығы жедел жәрдем шақыртудың орнына жағдайы қиындап жатқан науқастың туыстарына хабарласып, «үйге алып кетуге» кеңес берген.
«Сол мекемеде әлеуметтік қызметкер (бұрынғы атауы санитарка) боп істейтін жеңгем де, қасындағы әріптестері де кеше (жексенбі күні!..) мәжбүрлі түрде вакцина алған.
Вакцинадан кейінгі заңды үш күндік демалысқа үйіне кетудің орнына, вакцина алған қызметкерлердің бәрі жұмысында қалдырылған. Айтуларына қарағанда, вакцина алғандардың көбінің жағдайы аздап қиындаған, вакцинаның әсері бәрінде байқалған.
Жеңгемнің түнімен жағдайы ауырлаған. Қан қысымы 60/30-ға дейін түсіп, ыстығы көтерілген. Бастықтары «зияны тиеді» деп жедел жәрдем шақыртпаған.
Таңертең сағ 7-8-ден бастап қасындағы әріптестері жеңешемнің қыздарына хабарласып, «мамаңның жағдайы ауыр, келіп алып кетіңдер» деген. Меніңше, бұл бастық Искакованың қитұрқы жоспары болса керек, сменді өткізіп, тезірек үйіне кетсе, не болса да, үйінде болса деген болар? Әйтпесе, есі дұрыс, арты таза бастық бірден жедел жәрдем шақырып, тым болмаса, (ақыры өз басын алып қашқысы келсе) қызметтік көлікпен науқасты үйіне жеткізіп тастаса болар еді ғой. Оған оның ақылы да, адамгершілігі де жетпепті…
Сендер зиянкессіңдер! Вакцина салуды міндеттегендеріңмен қоймай, денсаулық сақтау мекемесі бола тұра, өз қызметкерлеріңнің өміріне қауіп төндіріп, дер кезінде медициналық көмек көрсетпей, жедел жәрдем шақырмағандарың — қылмыс! «Анаңды үйге алып кет» деп қыздарына хабарласқанда қандай қылмыстарыңды жасырғыларың келді???», — деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Ең сорақысы, дәрігерле вакцинаның жанама әсері байқалып, қиналып жатқан науқасқа қандай ем қолданарын білмейтін болып шыққан.
«Сіңлім Каблуковаға таксилетіп жеткен. Әрине, охрана кіргізбеген. Сіңліммен бірге жедел жәрдем де барған. (Түнімен қиналған адамға таңғы 9-10-дарда жедел жәрдем шақырған…)
Развилкадағы Облыстық ауруханаға жеткізген. Қызын (сіңлімді) кіргізбеген. Кіреберісте қалған қызы анасының жағдайы туралы хабарды ұзақ күткен. Жым-жырт дейді. Содан ұрсысып жүріп ішке кіріп, іздеп жүріп, анасын күндізгі стационар бөлімінен әрең тапқан. Сол жағдайда, сөйлей алмай жатыр дейді.
Содан сіңлім дәрігер, бөлім меңгерушісі Молдабекова Айгүлге «неге қарамайсыңдар?» десе, бұл дәрігеріміз: «Вакцинаға кері реакцияны қалай емдеуді біз білмейміз, мұндайдың протоколы жоқ» депті.
— Ендеше бас дәрігерді шақыр, — деген сіңліме:
— Бас дәрігер гинеколог, ол мұндай ауруды білмейді, — деген ғой!..
Мұндай топастыққа, салғырттыққа, немқұрайдылыққа не айтуға болады???
Цой мырза!!! Что за беспредел???
Медперсоналдар (әсіресе санитарлар, медсестралар) подопытный кролик пе сендерге???
Біріншіден, ковид — тегін емделетін аурулар қатарында емес пе???», — деп атап өткен жазба авторы.
[:]