АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дәл мына түрімен миында түк болмаса да таныс арқылы билікке жақындайтыны көрініп тұр[:]

[:kz]

Кеше кешкісін жұмыстан қайтып келе жатып әдеттегіше дүкенге соққанбыз.

Есіктен ентелей кірген 18-20 жас аралығындағы, шырттай киініп алған (ақ көйлек, кастюм шалбар, сірә үйлену тойына шыққан жолдас жігіттер болса керек) жап-жас жігіт есікке жақын жерде тұрған пиводан екеуін алып кассада тұрған бізге қарамастан алдымызға тұра қалып есептесе бастады, тағы 2-3 пашка темекіні де қостырды.

Сол кезде есіктен масаң түрдегі қисая кірген 55-60 жас шамасындағы кісі әлгі жігіттен ақша сұрады. Әрине, не үшін сұрап тұрғаны белгілі ғой. Менің айтпағым да осы тұста… Әлгі жап-жас жігіт «Бермеймін брат. Егер достойно болсаң берер ем, не достойнасың.

Сенің жасыңда мен депутат болмаса да бір жерде әкім болып отырамын. Сен болсаң ішііп жүрсің» дегені. Еще «дұрыспа брат» деп күзетте отырған жігітке өз сөзін қостатып алып кете барды. Әкесінен үлкен кісіге «сенсіреп» кеткені былай тұрсын, бесіктен шықпай жатып билікке ұмтылғаны, мақтангершілігі таңдандырғаны сонша көпке дейін осы көрініс көз алдымнан кетпей қойды.

Әлде үстіндегі киімі оны биіктетіп жіберді ма, екен? Дәл мына түрімен миында түк болмаса да таныс-тамыр арқылы болса да билікке жақындайтыны көрініп тұр. Өкініштісі де, ертеңгі болашағымыз осындайлардың қолында болатыны… Айтпақшы ол жігіт бұлай сөйлемес бұрын өзінің пиво мен темекі алып тұрғанын да ұмытып кетті-ау деймін.

 

Назгуль Назарбекова

Фейсбуктегі парақшасынан

[:]