АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Дәретхана шұңқырынан табылған сәби әлі жансақтау бөлімінде жатыр[:]

[:kz]

Алматыда полиция қызметкері дәретхана шұңқырынан алып шыққан бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы қалалық ПД-ның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құтқарылған сәбиді көруге ауруханаға полиция капитаны Нұржан Шатунов пен полиция лейтенанты Ғазиз Хамасқалиев барып қайтты. Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты ауыр деп отыр.

«Батырдың өмірі үшін, біз әріптестерімізбен оны солай атап кеттік, үздік дәрігерлердің күресіп жатқандығын білеміз. Оларға көп рахмет. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Сәбиге қажетті заттарды алып келдік. Оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз», — деді Түрксіб аудандық полиция Басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция майоры Нұржан Шатунов.

Еске салайық, жаңа туған нәрестені полиция қызметкерлері 25 тамызға қараған түні Алматының Түрксіб ауданында құтқарып қалды. 17 жастағы келіншек түсік болды деп шағымданып, сәбиінен құтылған. Алайда тәртіп сақшылары сәбиді дәретхана шұңқырынан тауып алып, аман алып қалды.

[:]