АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дариға Назарбаева баскетбол ойнап таңқалдырды[:]

[:kz]

Әлеуметтік желілерді мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның баскетбол добын себетке лақтырып жатқаны түсірілген фото тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Нұр-Сұлтандағы Бөкейханов, 1а мекен-жайында жаңа саябақтың ашылуы кезінде болған.

 

Фотода қолына баскетбол добын ұстаған Дариға Назарбаеваны бірнеше бейнеоператор түсіріп тұрғанын көруге болады. Желідегі көпшілік осыған шүйлікті.

«Бұл суретте Дариға Нұрсұлтанқызы кішкентай бала баскетбол добы ұсынды. Суретте оның сақинаға дәл көздеуге тырысқаны көрінеді. Позитивті болыңыздар»,-деп жазды Елбасы қорының баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

«Мен бұл суретті өзімде сақтаймын. Дариға Нұрсұлтанқызы шын мәнінде өте қарапайым. Оған ешбір адам жат емес», — деп жазды желі қолданушыларының бірі.

[:]