АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Дариға Назарбаевамызды президент қылып сайласақ…»: тойдағы тілек жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Сол Дариға Назарбаеваға сені теңеймін, Раушан балдызым!» — деп бір желпініп алды.

Казір әлеуметтік желілерде әлдебір тойда белгісіз біреудің тілек айтып тұрған видеосы тарап жатыр. Ол сол тұрған бойында тек «Дариға Назарбаеваны президент қылып сайлау керек» дегенді қайталай берген, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өздеріңіз білесіздер, Құран Кәрімде де жазған «Жетімге жәрдем бер! Жетімге жәрдем бер! Жетімге жәрдем бер!» деп. Осы біздің елімізге үлкен сауап қып отқан кім? Кім елімізді басқарып отқан? Сауап қып отқан кім?.. Дариға Назарбаева!», — деп өз сұрағына өзі жауап береді әлгі кісі.

Оның айтуынша, Дариға Назарбаева бүкіл жетім балаларды 18 жасқа толған кезде үймен қамтамасыз ету жөнінде мінбеде тұрып сөйлеп, оны барлық депутаттар қолдап, президент қол қойып жібереді екен. Сондықтан қазір бірде-бір жетім бала үйсіз қалмайтын көрінеді.

«Міне, біз үйреніп кеткенбіз, ер адамдар ғана ел басқаруы керек деп. Ер адамдар емес, осындай нәзік жандар да ел басқаруы керек. Себебі, бұл кісі артында қалатын, ел мақтайтын іс істеп отыр», — деп сөзін сабақтаған сабаз, той иесіне қарата: «Сол Дариға Назарбаеваға сені теңеймін, Раушан балдызым!» — деп бір желпініп алды.

Одан кейін «Нұрсұлтан көкеміз… ағамыз қапа болмайтын шығар, Дариға Назарбаевамызды президент қылып сайласақ деймін мен!» — деп, буынға түскен ішімдіктің буымен қолын бір-ақ сермеді.

Әрине, әлеуметтік желілердегі әр топта бөлісілген бұл видеоға бірнеше жүздеген пікір жазылуда. Жұрттың бәрі айтылған тілекке наразылық танытып, мына әзірге жұмбақ жанның «ит терісін басына қаптап» жатыр.

 

[:]