АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ұялмайсың ба?»: Ашық образдағы Қайрат Нұртастың әйелі желіні шулатты (фото)[:]

[:kz]

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың жары ғаламтор кеңістігін шулатты. Желіде Жұлдыз Әбдікәрімованың ашық образдағы суреттері тарап, ел арасында қызу пікірталас тудырды. Оқырмандар төрт балалы ананың қылығын ерсі санап, оны аяусыз сынап тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: Instagram/zhenyavolkova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/zhenyavolkova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жұлдыз Әбдікәрімованың елді шулатқан фотосессиясы танымал фотограф Евгения Волкованың Instagram парақшасында жарияланған. Онда қазақстандық хитменнің әйелі жалаңаштанған денесін қоңыр түсті матаға орап алғанын аңғаруға болады.

Оның ашық образда суретке түскені желі қолданушыларының барлығына ұнай қоймаған. Бірі шынымен, оның сұлулығына тәнті болып жатса, енді бірі бұл әрекетін ерсі деп есептеген.

Оқырмандар Жұлдыз Әбдікәрімованы фотосессияға төстартқышсыз түскен деген ой түйсе керек.

Ұялмайсың ба?» , «Сіз де қалыспаңыз» , «Жұлдыз да жынданайын деп жүр екен» , «Тамаша, қандай әдемі» , «Өте нәзік фотосессия» , «Сұлулығыңызға шек жоқ», — деп жазуда көпшілік.

Қызу талқыланған фотосессия суреттерін Әбдікәрімова әлі өз парақшасына жүктемеген.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың отбасы жаңа жылды қалай қарсы алғанын айтып берген болатынбыз. 31 желтоқсан күні ол екі інісмен бірге өткізген. Алайда, жұлдызды әулеттің басшылары мейрам түні балаларымен бола алмаған.

 

[:]