АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дәурен Абаев: Божко — Қазақстанның нағыз патриоты[:]

[:kz]

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконың «тізерлеп рахмет айту» туралы мәлімдемесіне пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Дәурен Абаев. Владимир Божко. Фото: NUR.KZ/ assembly.kz

Дәурен Абаев. Владимир Божко. Фото: NUR.KZ/ assembly.kz

Абаевтың пікірінше, Владимир Божко эмоцияға беріліп, сәтсіз тұжырымдама айтқан.

«Шын мәнінде масылдықты айтқысы келгенін түсінеміз ғой. Тек дұрыс сөз таңдамады. Біріншіден, ол — әскери адам, тіке айтады. Екіншіден, Владимир Карпович еңбекке ерте араласқан, 11-12 жасынан бастап жұмыс істеген. Сондықтан, масылдыққа жаны қас», — деп атап өтті министр «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Ол әлеуметтік желі қолданушыларының Божконы патриот емес деп айыптағанын, адамды еңбегіне қарай бағалау қажеттігін атап өтті.

«Көптеген құтқару операцияларын басқарып, жүздеген қазақстандықты өлімнен құтқарған адамды патриот емес деп айыптауға болмайды. Ол – қазақ жерінің нағыз патриоты, бұл шындық«, — деді Дәурен Абаев.

 

[:]