АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Денесіндегі түгі шамадан тыс өсетін әйел қырынудан бас тартты[:]

[:kz]

8 жасынан бастап денесіндегі  түктерден ұялып келген әйел денесін қырудан бас тартты. Ол екі жыл бойы түктерді тазаламай, ұстара қолданбай келеді

32 жастағы америкалық әйел Дана денесіндегі түктерді ерте жасынан бастап қыра бастады. Оның аяғындағы жүнге құрбылары күле бастаған. 12 жасында тұрақты түрде түктерін қырып, сұлулық салонына баруға тура келген. Ол қасы мен ернінің үстіндегі түктерді тазалатып отырды.

Дана осы уақытқа дейін түкті тазалаудың көп әдісін жасап келді. Аяғы мен қолының түгін алдырды. Алайда барлық әдіс оның түгінің жай өсуіне көмектескен жоқ. Екі жыл бұрын ол гинекологқа қаралып, оған гирсутизм деген диагонз қойды.  Бұл – әйел денесіндегі шамадан тыс түктің өсуі.

Дана үнемі ұзын киім таңдау мен түгін тазалаудан шаршағандықтан, қазір мүлде қырынбайтын болған. Себебі сүйіктісі осындай ұсыныс жасапты. Өзін бар қалпында қабылдады. Сұлулығы үшін түктердің кедергі болмайтынын айтты.

“Біз бірнеше ай ғана кездестік. Ол маған осылай”, – дейді Дана.

Соңғы екі жылда ол өзін бар қалпында жақсы көруді үйренді. Бұрынғыдай өзгенің пікірі мен мазағына көңіл аудармайтын болды.
stan.kz

[:]