АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Денис Тен қаза болған жерге ескерткіш қойылмақ[:]

[:kz]

 

Фото: teleprogramma.pro

13 маусым күні Алматы қаласындағы Байсейітов пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында өткен жылы автоұрылардың қолынан қаза тапқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған мемориал қойылады. Ескерткіштің ашылуы туралы спортшының ресми қауымдастығы Instagram-да жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемориалдың ашылу салтанаты 13 маусым күні өтеді. Бұл сәт Ұлы спортшының туған күніне сәйкес келеді. 13 маусым күні Денис Тен 26 жасқа толар еді.«Денис Теннің мемориалы біздің елімізді күллі әлемге танытқан Ұлы спортшыға басымызды иіп, еске алуымызға мүмкіндік береді», — деп жазды қауымдастық.

 KAZ.NUR.KZ

[:]