АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дильназ Ахмадиева тұңғышын дүниеге әкелді[:]

[:kz]

Қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева тұңғыш рет ана атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

39 жастағы әнші сүйіктісі Әзілхан Сейтбаевқа ұл сыйлады. Қуанышты хабарбен Дильназ инстаграм парақшасында бөлісті.

«Құттықтауларыңыз үшін бәріңізге рахмет! Біздің сәби қазірдің өзінде еліміздің азаматы! Құттықтауларыңызды қабылдаймыз.Махаббатым! Бұл біз бірге жасаған ең жақсы нәрсе», — деп сезімімен бөлісті Дильназ Ахмадиева.

Бұған дейін әншінің тұңғышына аяғы ауыр екені хабарланды.

[:]