АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Димаш Құдайберген The World’s Best жобасынан кетті (видео)[:]

[:kz]

Димаш Құдайберген Америкада өтіп жатқанThe World’s Best  жобасынан

кетті. Әнші балалармен сайысқа түсуден бас тартып, жолын өзгелерге берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш ақтық кезеңде Лара Фабианның репертуарындағы Adagio әнін орындаған. Өнер көрсетіп болғаннан кейін Құдайбергенов балалармен сайысқа түскісі келмейтінін мәлімдеді. 

«Бүгін ерекше қызықты сәт туып тұр. Неге десеңіз, мынадай үлкен жобада біздің мақтанышымыз, еліміздің қазіргі таңда айнасына айналып келе жатқан кішкентай қарындасымыз қатысып жатыр. Индиядан қатысып жатқан бүлдіршініміз бен Данэлия айрықша көзге түсіп жатыр. Сол себептен бүлдіршіндеріміз жеңіске жетіп жатса, біз шын жүректен қуанышты боламыз», — деді Димаш.

Әнін орындап болғаннан кейін Димаш әділ-қазыларға қарап: 

«Сіздердің рұқсаттарыңызбен бұл сайыстың тізгінін кішкентай бүлдіршіндерімізге қалдырғым келіп отыр», — деді.

 

«Менің ойымша, The World’s Best жобасының атынан сөйлегенім жөн. Димаштың шоудан кететіні жанымызға қатты батады», — деді Джеймс Корден.

Сөз айту кезегі америкалық төрешілерге берілді. 

«Біріншіден, керемет өнер көрсеттің. Бұл бәсекелестік деп аталады және менің ойымша, бәсекелестікте өнер көрсететін адам сайыста болуы тиіс, — деді Фейт Хилл. 

Оның сөзін төрешілер қолдай түсті. Канададан келген төреші, әнші Кешиа Чанттың пікірінше, байқауға келген адам өзінің наразылығын айтпауы тиіс. 

Жүргізушінің «Димашқа жоқ деп айтқың келеді ме?» деген сұрағына төреші қазақстандық әншінің шешімін құрметтейтінін, оның неліктен мұндай қадамға барғанын жақсы түсінетінін айтып, жауабын берді. 

«Мен сіздің айтқан сөзіңізді сыйлаймын. Сізді өте жақсы түсініп тұрмын. Өзім Уитни Хьюстон, Адель сынды әншілермен бірге бір сахнада өнер көрсеттім. Сол кезде әншілікті тастап кетуді қалады деп ойлайсыз ба? Жоқ. Сіздің еліңіздің пікірін білгізіміз келіп тұр,— деді төреші. 

«Мен Димаштың неліктен мұндай қадамға барғанын түсінемін деп айтқым келеді. Бұл біздің мәдениетіміз. Оның кішкентай балаларға есіктерді ашып беріп жатқанын ұмытпайық, — деді кинопродюсер, төреші Гаухар Нұртас. 

«Бәсекелестікті сыйламауға қалай ғана дәтіңіз барды. Біз бұл жерге әлемнің үздіктерінен шыққан үздіктерді көруге келдік. Сіз осы байқауға келгеніңізде не нәрсеге кірісіп жатқаныңызды жақсы білдіңіз, — деді Ру Пол Андре Чарльз. 

«Әрине, әркім бәсекелістікке мән береді. Менің ойымша, барлығымыз Димаштың шешімін құрметтеу керекпіз. Көңілдеріңіздің қалғанын жақсы түсінемін. Дегенмен Димаштың бізге ұмытылмас сәттерді сыйлағанын ұмытпайық. Бүгінгі кеште көрсеткен өнерін біз ешқашан ұмытпаймыз. Біз сізге, мансабыңызға барлық жақсылықты тілейміз. Сіз керемет ер жігіттердің бірісіз. The World’s best байқауының үздігі Димашқа тағы да бір мәрте қошемет көрсетейік», — деді Джеймс Корден.

 Stan.kz.

[:]