АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат: Алматы облысы, Жаркент қаласы №8 кәсіптік лицей жағдайында «Тракторлар және автомобильдер» пәні «Автомобильдерге диагноз қою» тақырыбына әдістеме жасау

Реферат

 

Шопанов А. Алматы облысы, Жаркент қаласы №8 кәсіптік лицей жағдайында «Тракторлар және автомобильдер» пәні «Автомобильдерге диагноз қою» тақырыбына әдістеме жасау. –Дипломдық  жұмыс,  Алматы,  Қаз ҰАУ, 2011,            -бет.

       Бірінші тарауда  Алматы облысы, Жаркент қаласы №8 кәсіптік лицей жағдайында жүйесіндегі оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама  жазылған. Кәсіптік лицейдің шығу тарихы, басқару жүйесі, педагогикалық кадрларының сапалық көрсеткіші, мектептің  материалдық-техникалық базасы, оқушылардың қоғамдық шараларға белсене атсалысатыны қарастырылған.

      Екінші  тарауда «Трактор және автомобильдер» пәнін оқытуда оқу жоспары, оқытушылардың сабақта жүргізудегі ролі қарасытырылған.  

     Үшінші тарауда «Тракторлар және автомобильдер» пәні «Автомобильдерге диагноз қою» тақырыбына арналған оқу құжаттары, перспективалық тақырыптық жоспар, сабақты жүргізудің әдістемесі, пәнаралық байланыс, пән бойынша жүргізілген тақырыптың қысқаша конспектісі, лабораториялық-практикалық сабақтың жоспары, звенолардың алмасу кестесі, технологиялық нұсқау картасы қарастырылған.

       Төртінші тарауда  тракторда жұмыс істеу барысында пайдалынатын қауіпсіздік шаралары жазылған.

      Пайдаланған  әдебиеттер; Қорытынды

 

 

-сурет;                              –кесте;                                     — әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі кезеңде мектептегі білім берудің жаңа тұжырымды идеялары мен даму жолдарына сай оқытуды саралау, бағдарлы оқыту, білім мазмұнын кіріктіру мектеп өмірін ізгілендіру идеяларын іске асыру мәселелері қарқынды жүргізілуде.

Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік  стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек.

Ол үшін мынадай шарттарды орындауымыз керек:

  • оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілетін деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйісін жасау керек.
  • оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек.
  • мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқушыларын тарту қажет. Кез келген орта санатты мектептің балалардың ең жоғарғы деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасатындай дәрежесіне қол жеткізуіміз қажет.
  • жұмыстың жоғарғы нәтижелеріне қол жеткізген мектептерге гранттар тағайындау жөнінде мемлекеттік конкурстар жүйесін енгізу туралы ойластырылған жөн, айталық, оларды аз қамтыған отбасыдағы оқушыларға арналған степендияларды қаржыландыру түрінде беруге болар еді. Бұл олардың одан әрі неғұрлым беделді әрі озық білім беру мекемелерінде білім алуларына жағдай жасайды.

Н.Назарбаев: … Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім  беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту. «Қазақстан халқына  2008 жылдың 6 ақпанындағы  Жолдауынан»

    Ендігі міндет — әр азамат, әр ұжым, осы Жолдаудан туындайтын өзінің жауапкершілігін сезіне білуінде. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ұжымы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы үшін заман талабына сай білікті мамандар даярлай отырып, агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізуді, оларды өндірісте кеңінен пайдалануға жәрдем беруді өзінің басты мақсаты деп санайды.

    Президенттің Жолдауында көрсетілгендей, еліміздің ауыл шаруашылығында азық-түлік өнімінің жылдық өсу деңгейі жоғары қарқынмен өсті. 2002-2007 жылдар аралығында  ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 557 млрд. теңгеден 1050 млрд. теңгеге дейін өсті.

    2007 жылы дәнді дақыл өнімдерін жинау рекордтық  деңгейге, яғни 20,1 млн.тоннаға жетті. Мұндай өнім еліміздің ішкі тұтыну мөлшерін жаңа өнім алғанға дейін қамтамасыз етеді және өнімді сыртқа шығару мүмкіндігін 10,0 млн. тоннаға жеткізе алады.

   Өнімдердің басқа да түрлерін, атап айтқанда, май өнімдерін – 459,4 мың тоннаға, көкөністі – 2196,4 мың тоннаға, картопты – 2414,8 мың тоннаға, мақта өнімдерін 438,7 мың тоннаға көтеруге қол жеткізілді.

   Ауылшаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайды. Соңғы 7 жылда 26,5 мың ауылшаруашылық техникаларының негізгі түрлері, оның ішінде, алыс және жақын мемлекеттердің жоғары өнімді, қуатты техникалары сатып алынды, осының нәтижесінде 2002 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылығының қуаттылық көрсеткіші 19,5% артуға мүмкіндік туғызады.

   Осыған қарамастан, ауылшаруашылығын жабдықтандыру төмен деңгейде, ауылшаруашылық техникаларын пайдалану мөлшері – 13-14 жыл. Дүниежүзілік  банктің есебі бойынша кредиттік қорды тұтыну жылына шамамен  1 млрд. АҚШ долларымен бағаланады.

 2006 жылдан бастап ИСО мен ХАССП  халықаралық менеджменті мен сапа жүйесін қолданатын кәсіпорындары шығындарының 50% субсидиялауға арналған бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Аталған жүйені 100-ден аса кәсіпорындары енгізді.

   Көлік инфрақұрылымын  өркендетуге арналған үлкен жұмыстар жүргізілуде. Каспий теңізі арқылы астықты экспортқа шығарудың альтернативті бағыты анықталды. Мұның өзі отандық астықтың Кавказдың арғы бетіндегі мемлекеттер нарығына шығарып, тасымалдау тиімділігін арттыруға мүмкіндіктер береді.

   Мемлекет басшысы ауылдың әлеуметтік саласына, оның өркендеуіне баса назар аударған және аудара береді. 2007 жылы оның өркендеуіне 107,2 млрд. Теңге жұмсалуы соның белгісі. Елді мекендердегі ауызсу тапшылығын шешу мақсатында Ислам Даму Банкі және Азия Даму Банкімен несие алу жұмыстары іске асырылуда.

   Еліміздің азық-түлік тауарларының қауіпсіздігі бекем қолға алынған. Бүгінгі таңда халықтың тұтынатын тағамдары мен азық-түлік өнімдері толықтай отандық өнімдермен қамтамасыз етілуде.

   Аграрлық ғылым мен білім берілген болатын. Бұл аралықта оң өзгерістер болып жатты. Аграрлық ғылымды қаржыландыру көлемі 2001 жылдан бері 4,2 есе ұлғайтылса, ал ғылымға бөлінген бюджеттік шығын 2,5 есеге өсті.

   Дегенмен, аграрлық ғылымда жедел шешуді қажет ететін мәселелер де баршылық. Жүргізіліп жатқан зерттеулердің инновациялық деңгейінің төменділігін, ғылыми-зерттеулердің өндіріс мұқтаждығына сәйкестендірілмеуін, инновацияны коммерциялауға бағытталған механизмдердің жоқтығын атап кеткен жөн. Әлемдік қауымдастықтың елімізді нарықтық мемлекет деп мойындауына қарамастан, қазіргі күнге дейін ғылыми өнім нарығы жоқ. Аграрлық ғылымның дамуына тәжірибелік базаның жұтаңдығы, ғалымдардың өздерінің тәжірибелері мен сынақтарын өткізетін арнайы зертханалар мен шағын технопарктер желісінің жоқтығы да кері әсер тигізуде.

   Жағдайды өзгерту мақсатында Президенттің Жолдауында көрсетілген бағыттарды ескере отырып, экономиканың аграрлық саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру, аграрлық ғылыми мекемелер жұмысын басқару және қаржыландыру істерін үйлестіру, ғалымдарды жалақысын көтеріп, өзінің ғылыми идеяларын таратуға, зерттеулерінің тиімділігі мен нәтижелілігін  арттыруға ынталандыру мәселелері жан-жақты ойластырылуы қажет. Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау жұмыстары да жетілдіруді қажет етеді.

   Біздің еліміздің қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бүкіл қазақстандықтардың да, жеке тұлғалардың да материалдық және рухани өміріне шешуші әсер етеді, білім инфрақұрылымын жасауды тапсырды. Ерекше айтатын жәйт: Президенттің әр Жолдауында білім беру саласына басты назар аударылады. Егер алдыңғы Жолдауларда күрделі міндеттер жоғары білім беру жүйесінің алдына қойылса, соңғы Жолдауда негізгі назарды Елбасы мектепке дейінгі тәрбиелеу ісіне көңіл аударды, дәл осы мектепке дейінгі жаста тұлғаның негізгі адамгершілік қасиеттері қалыптасатынын атап өтті. Үздіксіз білім беру ісінде «Балабақша – мектеп – жоғары оқу орны» жүйесінің алғашқы және соңғы элементтері өте маңызды болып табылатыны белгілі. Білім беру үздіксіздігі қамтамасыз етілу үшін білім беру жүйесін құрғанда тұлғаның субъективті мұқтаждығы ескеріліп, мәдени құндылықтарды саналы түрде меңгеруге жағдай жасалу керек.

   Адам баласы  бүкіл өмір бойына пайдаланылатын математикадан жағрапияға дейінгі базалық білімнің негізі ең алдымен мектепте қалатыны баршаға аян. Қазақстан халқы санының өсуі көптеген  аймақтық қиындықтарды туындатуда, солардың бірі – мектептердің жетіспеушілігі. Қазақстан азаматтарының  әлеуметтік жағдайының жақсаруы білім беру саласының сұранысына, республикада мектеп құрылысының өріс алуына сөзсіз ықпал етеді. Биыл 68 мың орынды 88 мектеп салынады, ал 2009-2010 жылдары 69 мың орынды 102 мектеп салынатын болады.

   Жолдауда әсіресе кәсіптік техникалық білім беру ісіне ерекше көңіл бөліну керектігі баса айтылды. Өндірістегі инновациялық жобалар жоғары технорлогиясыз және кәсіптік бағытта  білім алмаған мамандарсыз жүзеге аспайды.

   Қазіргі күні 830 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында  558 700 адам оқып жатыр.Сондай-ақ  175 жоғары кәсіптік оқу орындары ашылмақ. Қазақстанның   30 ауданында  бірде-бір кәсіптік мектеп  жоқ. Қазақстан 50 елдің қатарына кіреміз десек, кәсіптік-техникалық мектептер мен жоғары оқу орындары ашылу керек.

   Кәсіптік техникалық мектептердің материалдық техникалық базаларына техникалық машиналар – яғни автомобильдер мен  тракторлар жатады. Қазіргі нарықтық заманда ең тиімді көліктердің бірі – автомобиль  көлігі.  Бұл қоғамда автомобильсіз жүру мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Алматы облысы, Жаркент қаласындағы №18 кәсіптік мектеп жүйесіндегі оқу орындарының оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама

 

1.1. Алматы облысы, Жаркент қаласындағы

№18  кәсіптік мектебінің оқу мекемесі туралы жалпы мәлімет

 

   Оқушылардың кәсіптік бағдарларын қалыптастыру жан – жақты зерттелген десек те, қоғамның жаңаруы, нарықтық экономиканың өмірге дендеп енуі, жаңа реформалар мен саяси жүйенің өзгеруі оқушыларға кәсіптік бағдар беруде жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды талап етіп отыр.

Нарықтық экономиканың тұрақтылығы білім мен ғылым, техника салаларында бәсекелестікті қажетсінеді. Бәсекелестік нарықтық еңбек қатынасының барлық салаларын қамти отырып тұлғаның кәсіптік әрекеттегі қабілеттерімен, бейімділіктерімен ғана өлшенбейді. Сондықтан нарықтық экономика жағдайындағы кәсіптік бағдар беруді оқушылардың кәсіби дайындығы, жарамдылығы негізінде олардың рухани тұрғыдан жан – жақты дамуын және дара психологиялық ерекшіліктерін ескере отырып жүргізуге тиіспіз.

Мемлекеттің негізгі стратегиялық басымдылықтарының бірі – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Бәсекеге қабілеттілік жеке тұлғаның еңбекке қабілеттілігінен, кәсіби бейімділігінен, еліміз үшін пайдалы кәсіби әрекеттің шынайы көрінісінен тұындайтын маңызды мәселе.

«… Бәсекеге қабілеттілік тек қана кәсібилік емес, сонымен қатар, жеке тұлғалық компоненттермен де анықталады, яғни жеке адамның қонымды, тұрақты қасиеттерінің жиынтығымен, мінезімен, кәсіби іс – әрекетте қызмет істей алатын қабілеттері және жағдайымен тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі интегративті параметрлермен сипатталады: қабілеттер – мақсаттың нақтылығы мен құндылық бағдарлар, іске деген шығармашылық қарым – қатынас, психологиялық төзімділік пен икемділік, тәуелсіздік; мінез – еңбексүйгіштік, үздіксіз өзін – өзі дамыту мен әрдайым кәсіби өсуіне талпынушылық ».

Өз кәсібін дұрыс таңдай білген оқушы оған әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен қарап, қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқанда ғана сапалы маман болатыны белгілі жайт.

   Қай кезді алсақта, ел экономикасын қарқынды дамуын жас маман  кадрларынсыз елестете алмаймыз. Осы тұрғыда кәсіптік мектептердің орны бір төбе. Мыңдаған жастар кәсіби білім алып, еңбекке етене араласты. Әсіресе мамандықтарды игеріп, ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істей бастады.

   Осындай жас мамандарды тәрбиелеп, білім нәрін сеуіп келе жатқан №18 кәсіптік метепке  33 жыл толып отыр.                   

   Жаркент қаласындағы ауылшаруашылығы кәсіптік-техникалық училищесі 1976 жылы Сарыөзектегі №103 Кәсіптік-техникалық училищесі бөлімшесі болып құрылған. Бұл кәсіби мектеп 1979 жылдан бастап Алматы олблысы және Республикамыздың басқа облыстарының совхоз, колхоздарына мамандар дайындап келді. Өз тарихында мектеп көптеген жетістіктерге жетіп,  талай марапаттарға ие болған.

   1976 – 1978 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін Сүлейменова Клара Ахметқызы атқарған.

   1978 жылдан бастап Панфилов ауданындағы №148-ші Ауыл шаруашылығы кәсіптік-техникалық училище болып жұмыс істей бастады.

   1996 жылы Жаркент қаласындағы №19 Кәсіптік-техникалық училище болып қайта өзгертілді. Бұл жылдарда: А.Сасыков, М.Т.Исламов, Н.И.Атанов, М.Б.Қалиасқаров, О.И.Даулетбеков мектеп басшысы қызметін атқарған.

   Сонымен қатар білім біліктісі жоғары дәрежедегі ұстаздар: М.А.Хайбуллина, Б.Ұ.Батырбеков, А.А.Бекбула, А.М.Максутова, Б.Ж.Сабырбаев, Қ.С.Карбузова 

 тәжірибелі оқытушылар мен өндіріс шеберлері еңбек етті.

  Өндіріс шебері Назарбаев Нұрмолданың дайындаған мини-тракторы халықаралық жетістіктер көрмесіне қатысып, ІІ-орынға ие болды.

   Училище аудан көлемінде негізгі ауылшаруашылығына, тамақтандыру мекемелеріне қажетті мамандар даярлап отырды.

   2001-2002 оқу жылында №19 кәсіптік училищесі №18 кәсіптік мектеп мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Қазіргі кезеңде де кәсіптік мектептің оқу-тәрбие жұмысында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Мектеп оқушылары «Фермер», «Газ электрмен дәнекерлеу», «Шаштараз» және «Аспаз» мамандықтары бойынша өткізілген облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болды.

  Қазіргі таңда  мынадай мамандықтар даярлайды:

  • Газэлектрмен дәнекерлеуші
  • Фермер
  • Тамақтандыру мекемесінің маманы
  • ЭЕМ операторы
  • Трактор және автомобиль
  • Ауылшаруашылығы машиналары
  • Шаштараз

 

   №18 кәсіптік мектепте, соңы 3-жылдың ішінде жалпы мұғалімдер саны -60 жетті. 17-сі жоғары категориялық, 42-адам жоғарғы білімді, 18-і арнайы орта білімді, олар мыналар: Сабырбаев.Б.Ж (1964), Аманбаев.Н.Д. (1963), Сарикова.Г.С. (1968), Орманбеков.Ж.Д. (1985), Бекбула.А.А. (1961), Құранғалиев.С.Ж. (1984), Жамбылбаев.А.А. (1985), Агибаев.А.А. (1970), Алимов.Д.К. (1965), Қасымбеков.Е.Д. (1966), Исагулова.Б.М (1965), Акчолокова.Ш.Н. (1987), Атаубаева.Г.М. (1980), Муканова.Б.Т. (1967), Бегимбетова.К.А. (1960), Қожақанов.А.А. (1974), Тұяқбаев.Қ.Ш. (1965), т.б. Осыларға қоса есепшілер, кітапханашылар, хатшылар, асхана меңгерушісі, аспазшы, дәрігерлер, жатақхана жетекшілері, лаборант, еден жуушы, механик, тракторист, қарауыл, сантехник, тәрбиешілер тағы сол сияқты мамандар жұмыс істеуде. Мекеме бойынша 78 маман қызметкерлер жұмыс істеуде.

 

    Алматы облысы, Жаркент қаласындағы №18 кәсіптік мектептің басқару жүйесінің құрылымы қазіргі таңда мынадай:

 

 

 

 

Кәсіптік мектептің жалпы білім беретін мектептің  арасында едәуір айырмашылық бар. Себебі: кәсіптік мектепке келген оқушылыардың, біріншіден сауаты шамалы, кейбір оқушылар кітапты жүргізіп оқи алмайды, сауатсыз жазады, екіншіден оқуға ықылассыз, оқудан гөрі техникаға үйір. Сондықтан арнайы білім беретін пәндерден өткізілетін лабораторияларды оқушылар оқыған теориялық білімін практика жүзінде көзімен көріп, қолымен ұстайды.

   Алматы облысы, Жаркент қаласы №18 кәсіптік мектептің қызмет жүйесінің ұстанымы.      

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы»
  • Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы заңы»
  • Мемлекеттік «Білім бағдарламасы»
  • Мемлекеттік базистік оқу жоспары.
  • ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы
  • ҚР кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарттар

 

Нарық талабына сай мамандықтар толықтырылды. Атап айтар болсақ,

« Ауылшаруашылығы машиналары», «Трактор және автомобиль» мамандықтары өз деңгейінде жүргізілуде.

Жастарға білім беруді жетілдіре түсуді мұрат тұтқан №18 кәсіптік мектеп ұжымына 33 жыл толып отыр. Алдағы уақытта ұжым мүшелеріне жемісті еңбек етіп, творчестволық табыс шыңына көтеріле беруіне тілектестік білдіреміз.

 

Мұғалімдердің сапалық құрамы:

 

 

1

 

Мұғалімнің саны

 

60

 

 

2

Жоғары білімді

42

 

3

 

Штатты

10

 

4

 

Жоғарғы

18

Біліктілі  санатты

5

Бірінші

6

 

6

Екінші

 

 

7

 

Үшінші

3

 

8

Білім үздігі.

17

 Наградалары

9

Министрлік мақтау    қағаздары

10

10

Облыстық білім департаментінің мақтау қағаздары

12

 

11

Өндірістік оқыту шеберлердің саны 

18

 

 

     №18 кәсіптік мектептің 2007-2008 жыл оқу жылында жүргізілген оқу тәрбие жұмыстары. «Бастауыш және кәсіптік білім берудің одан әргі шаралары» туралы №721  Қаулысын басшылыққа алған №18 Кәсіптік мектептің жаңа оқу жылын зор жауапкершілікпен оқу жылын бастады.

Мектеп ішілік оқу-тәрбие, әдістемелік, ашық сабақ, ашық тәрбие сағаты, пән апталықтарының кестесі, педогогикалық кеңістіктің жылдық жоспары жасалынды, педагогикалық кеңістікте бекітілді, хаттамасы

Мұғалімдердің оқу-тәрбие жөніндегі мониторингі және оқушыларды бағалау рейтингі жасалды.

     Мектепте 300  оқушы оқиды. 2008-2009оқу жылында №18 кәсіптік мектеп төмендегідей мамандықтар бойынша жас жұмысшыларды дайындап жатыр:

 

 

 

   1                    

 

« Ауыл шаруашылық машиналары»

 

      50

    2

«Трактор және автомобиль»

 

 

      45

    3

« Газэлектр дәнекерлеуші»

 

 

      40

    4

«Темір жонғыш»

 

 

      28

    5

 

« Мекен жай иесі » -аспаз

 

      40

    6

        « ЭЕМ операторы »

               40

     7

        « Фермер »

               25

       

 

 

2008-2009 оқу жылында Қазақстан Республикасының президентінің Қазақстан халқының Жолдауы талқыланып, кітапша жасалды, педагогикалық кеңестің хаттамасы жазылды.

2009-2010 жылының оқу тәрбие жұмыстары  ҚР «Білім туралы», «Тіл туралы», «2010 жылға дейінгі білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы» бойынша инженерлік-педагогикалық ұжым тәрбие жұмыстары, оқу-материалдық базаның беріктігі мен сақтау жұмыстары және оқушылырдың контингентін толықтыру бойынша жұмыстарды толықтай атқарды.

Кәсіптік мектеп оқу корпусынан, өндірістік корпустан, жатақханадан, спорт және акт залынан тұрады., асхана жұмыс істейді.

Оқу-материалдық база негізінен лабораториядан, кабинеттерден және шеберханадан тұрады. Лаборатория және кабинеттер алғашқы кәсіптік білімнің мемлекеттік стандарт талаптарына сай  құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Арнайы цикл кабинеттерінде және лабораторияларында электрофицикалық экспонаттар, детальдар, бөлшектер, стендтермен қамтамасыз етілген.

«Комбайн» кабинетінде комбайнның  кесіндісі және «Трактор» (ұстаз Батырбеков.Б.У.) кабинетінде трактордың  кесіндісі бар. Электрдің көмегімен механизмдерді толықтай және бөлек көрсетуге болады.

Ұстаздар Сарикова.Г.С, Бекбула.А.А, Аманбаев.Н.Д осы оқу жылында оқушыларды жеке сұрақ қою арқылы тексеру, өзіндік жұмыстарына аса көңіл бөлді. Өздерінің мақсаттарын жоғары қойып, оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін дамыта түсіп, үлкен табысқа жетті.

Оқушылар белсенді  салтанатты кештерге, апталық жиындарға қатысты. Мына тақырыпта «Математика сабағында экологиялық білім беру» «Самостоятельная работа – залог развития способностей учащихся », «Ұлттық ойындарды  физика сабағында қолдану », рефераттар жазып, үйірмеде қорғады.

Бұл мамандықтар дайындауға алынған мемлекеттік білім беру лицензия

Кәсіптік мектепте 5 әдістемелік комиссия жұмыс істейді: бірлескен әдістемелік комиссия, арнайы пәндерден беретін мұғалімдердің әдістемелік комиссиясы, өндірістік оқыту шеберлердің, гуманитарлық циклдердің мұғалімдерінің, математика циклдердің мұғалімдерінің әдістемелік комиссиясы.

Биыл мектептің 33 жылдығына орай  әр топта  сыныптан тыс тәрбие сағаттары   жүргізіліп, «Тұған жер тұғырың, тұған ел қыдырың»  атты кеш  өткізді. Сонымен  қатар әр айда «Лидер XXΙ век»  атты интеллектуалды ойындар өткізіледі. Апталық тәрбие сағатын кураторлар топтарында өткізеді.

Дәстүр бойынша республикалық күрес жарыстан 205 тобында оқитын Аспандияр Жәнібек 1 орынға ие болды. Спортпен оқушылардың бәрі қатысады.

Оқу тәрбие жұмысына байланысты зерттеледі. Олар — сабақ жоспары,  тақырыптық,  күнтізбелік жоспар, сынып жетекшілерінің тәрбие және үйірме жұмыстарының жоспары, сынып журналы, оқушының дәптері, рефераттары, техникалық және көркем шығармашылық жұмыстары, әдістемелік және педагогикалық  тақырыптарға жасалған баяндамалар, журнал газет беттерінде жариялаланған мақалалары және басқа да еңбектері.

Осы кезеңде мектеп ауданымыздағы басқа мектептерге байланыс орнатып тәжірибе алмасады. Нәтижесінде шығармашылық жұмыс қалыптасып, ең басты ұжымның ішкі өмірінде ынтымақпен білім нығайып, қолайлы ахуал қалыптасады.

        Оқудың кабинеттік жүйесі енгізілген, 15 кабинет оқу бағдарламасымен оқу жоспарына сай жабдықталған.

        Оқушылар білімін тест жүйесі бойынша тексеру жұмыстары батыл қолға алынды. Мұның өзі жастар арасында жарыс пен бәсекенің өріс алу мүмкіндігін туғызады.

Мектепке қабылданған және бітірушілер саны:

 

Оқуға қабылданғаны

Бітірушілер

  2006

  2007

  2008

  2006

  2007

  2008

  159

  185

  268

  150

  184

  267

 

 

 

 

 

  • Алматы облысы, Жаркент қаласындағы №18 Кәсіптік мектептің материалдық-техникалық базасы.

 

   №18 Кәсіптік мектеп аудан орталығында  орналасқан.

   Жалпы жер көлемі – 10926 кв.метр. Оқу өндірістік базасының жалпы көлемі 9416 квадрат метр. Оның ішінде 3828 кв.м теориялық, 2265 өндірістік оқуға арналған. 1977 жылы қызыл кірпіштен үш этаждан тұратын оқу бөлмесі соғылды. Оқушылардың білім сапасын және тәрбие деңгейін көтеруге жақсы жабдықталған 47 кабинет жұмыс істейді. Кітапханасында 13688 кітап қоры бар.

Сонымен қатар соңғы жылдары кітпаханаға толық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқулықтарымен толықтырылған және Республикалық, облыстық газет, журналдармен қамтамасыз етілген.Осы ғимаратта мұражай орналасқан, онда мектеп жайлы ашылған күннен бастап, бітірген түлектер жөнінде көптеген ақпарат-деректер бар.

қызыл кірпіштен, 1 этажды етіп,  0,5 мың метр квадрат көлемінде, 150 орындық акт залы салынды.  1 спорт залы бар, 1 спорт алаңы бар, 1 алғашқы әскери дайындық алаңы, 1 полигон, 1 медпунк, 1 тир бар. Асхана 358 метр квадрат көлемінде 1 этажды етіп салынған 210 адамдық орны бар жатақхананың бір бөлігінде орналасқан. Жатақханасы 1,1 мың метр квадрат көлемінде, 410 адамдық орны бар. 1978 жылы кірпіштен 2 этажды етіп соғылған. Онда тамақ істеуге, тұрмыстық жағдайға, жуынатын жер, телевизор көретін  бөлме  және т.с.с. арнайы бөлмелер бар.

   Гаражы  1,2 мың метр квадрат көлемінде оқу шеберлерінің көмегімен жүргізіп үйрету сабағы  оңды жолда қойылған өндірістік 9 шеберханалық кабинет бар.

   Жалпы техникалар мен жабдықтар саны: экскаватор — 1, комбайн — 3, Бульдозер – 1, К-701 – 1, тракторлар – 9, жүк автомобильдер — 7, жеңіл автомобильдер — 5, автобус – 1.

 Осылармен бірге металкескіш станок,ағаш өңдейтін станок, ұсталық пресс жабдықтары,электро дәнекерлік,газдәнекерлік аппараттар, тігін машиналары – 8,  слесарлық верстактар – 24 және басқада құрал-жабдықтар бар.

 

№18 кәсіптік мектептің техникалары және жабдықтары.

 

  №

                    Техниканың атауы

      Саны

1.

 К-701 тракторы

 

1 дана

2.

Шынжыр табанды тракторлар

 

5 дана

3.

Доңғалақты тракторлар

 

4 дана

4.

Астық комбайндар

 

2 дана

5.

Арнайы комбайндар

 

1 дана

6.

Жүк автомобильдер

 

7 дана

7.

Жеңіл автомобильдер

 

5 дана

8.

Автобус

 

1 дана

9.

Бульдозер

 

1 дана

10.

Эксковатор

 

1 дана

 

 

Көрсеткіштердің аттары.

Жалпы базалық көрсеткіштердің сипаттамасы.

Жалпы жер көлемі

10926 м2

Оқу бөлімі.

Жалпы көлемі 9416 м2 

Оның ішінде 3828 м2  теориялық,

2265кв.м. өндірістік оқуға арналған.

3- этажды етіп салынған.47 кабинет жұмыс істейді.     

Кітапхана.

13688 кітап қоры бар.

Алаңдар.

1-спорт алаңы,

1-алғашқы әскери дайындық алаңы,

1-полигон,

1-медпунк,

1-тир бар,

Спорт залы.

1-спорт залы бар,

1 мың м2 көлемінде.

Асхана.

1978 жылы кірпіштен,

1-этажды етіп салынған.

358  м2 көлемінде.

210 адамдық орны бар.

Жатақхана.

1978 жылы кірпіштен,  2-этажды етіп,

1,1мың м2 көлемінде, 410 адамдық орны бар.

Гараж.

1980 жылы кірпіштен, 1-этажды етіп,

1,2 мың м2 көлемінде өндірістік,

9-шеберханалық кабинет бар.

Оқу-тәжірибелік шаруашылығы

Жалпы көлемі 790 га.

Оның ішінде:

Егістік – 230 га; жайылым -560 га

Шаруашылықтың мал саны:

Қой – 252 бас;

Жылқы – 18 бас;

Ірі қара – 5 бас;

 

 

 

  1. «Трактор және автомобильдер » пәнінен оқу процесін талдау

 

Білім беру ісін реформалауда егемендігіміздің болашағы жас жеткіншектерді тәрбиелеп, білім беруде кәсіптік мектептің алатын орны зор. Сондықтан, кәсіптік мектеп қызметін дұрыс атқаруы үшін өзіміз бағыт бағдарын мемлекеттік құжаттарға сәйкестендіре бағдарлап отыруға тиіс. Олай болса оқу орнының жоспар арқылы өз жұмысын алдын-ала белгілеп, ретті жүргізуінің маңызы жоғары.

Кәсіптік білімді стандарттаудың  негізгі міндеттері мыналар:

1

— кәсіптік білімді міндет пен сапаға жеткізуді нормативті  құжаттардың жүйесін жасау;

2

— білімдік қызмет көрсетушілерді,ұйымдастырушылар  мен тапсырыс берушілерді біліктілік сатысына   сәйкес кәсіптік білімнің мазмұндық параметрлері жайында толық және дәл  ақпаратпен қамтамасыз ету;

3

-жұмысшылар мен мамандардың  кәсіби дайындығы мен соңғы нәтижелеріне тиімді талаптар қою;

4

— орындаушының көрсететін білімдік қызметінің сапалық көрсеткішін құптау.

 

Оқу жұмысын жоспарлы түрде жүргізудің негізгі кәсіптік мектептегі  барлық күшті ұжымды және жеке адамдардың еңбегін уақыт жағынан белгілі жүйеге келтіре отырып, бір мақсатты жұмыс істеуге жұмылдыру үшін қажет. Ол кәсіптік мектептердің басты орындарының және мемлекет нұсқауларын дер кезінде орындауға да қолайлы. Ол жеке звенолардың өзара бірлесе жұмыс істеуінің және олардың әрқайсысының іс-әрекетінің мазмұнын, қызметін, өзара байланысын анықтап, айқындай түсуге негізделе отырып, барлық тиісті оқу жұмыстарының мазмұнын қамтып, оның алдында тұрған міндеттерді іске асыруға негізделеді.

Жоспардың тиімділігі өткен уақытта атқарылған жұмыстардың жетістіктерімен кемшіліктерін саралап, атқарылған істерге дұрыс баға беріп, қандай іске көзін аудару қажеттігін анықтап, дәл бағыт беруге де байланысты. Сонымен бірге оқу-тәрбие жұмысының тоқсандық қорытындыларына, олардың саны мен сапасына, емтихан кезіндегі оқушылардың білім көлеміне, іскерлігі мен дағдысына, методикалық бірлестіктердің материялын зерттеуге, педагогикалық кеңестің, өндірістік мәжілістің, сондай-ақ оқу жылының қорытындыларына, оның саны мен сапасына терең талдау жасау барысында алдағы міндеттер белгіленеді.

Теориялық оқытуды жоспарлайтын негізгі құжаттарының бірі – перспективалы  тақырыптық жоспар.

Оқытушы пәннің тақырыбының оқу жоспарын бағдарламаға сүйеніп перспективалы тақырыптық жоспар құрады. Перспективалы жоспарды алдын-ала құрастырылады, яғни тақырып бойынша сабақ жүйесін анықтайды.Перспективалы жоспарды оқу материалы сабаққа радиальды бөлініп отырып,келесі сұрақтарды қарастыру керек:

-оқыту жұмысының ұйымдастыру формасы;

-сабақ барысындағы оқушылардың өзіндік жұмысы;

— пәнаралық байланысты іске асыру;

— тәрбиелік жұмыспен байланыс;

-көрнекі оқу құралдарын, дидактикалық материалдарды және техникалық оқу құралдарын пайдалану жолдары;

— оқушыларға үй тапсырмасын беру;

-тақырып бойынша оқу және әдістемелік әдебиеттерді пайдалану және т.б.

Жоспардың компоненттерін мұғалім өзі анықтайды.Жоспардың компаненттері оқу пәніне,тақырыптың мазмұнына,кәсіптік мектептің оқу материалдық базасына, оқушылардың білу деңгейіне байланысты жасалады.

Перспективалық жоспарлау—мемлекеттің бағыт-бағдарын, халыққа білім беру министрлігі мен оның жергілікті оргондарының, әр шаруашылық региондарының экономикалық-әлеуметтік дамуының бүгінгі және ілгері мерзімді бағдарламаларына үйлестіре жасалады. Перспективалық талап тиімді болу үшін оның болашақ көзге онық—айқын елестете білу керек.

Перспективалық жоспар мектеп орналасқан жердің болашағын есепке ала отырып жасалады. Ол сол жердің саласындағы, оның экономикалық, мәдени әлеуметтік қажеттілігін есепке алады. Оларға маман әзірлеуге ат салысады. Олай болса барлық оқу-тәрбие жұмысын күрделендіруге тырысады, жауапкершілігін арттырады. Жоспар істелетін жұмыстың кестесі, ғана емес оқу орнын басқарудың жолы, кәсіптік мектеп ұжымының жұмысына  жасалған жан-жақты талдау,  іргелі істелетін жұмыстардың оптимистік бағыты, педагогикалық білімнің болашағын оның айқындау арқылы қоғамға пайдасы, алған білімін бүгінгі және болашақ мақсаттарға сай қолдана отырып өзгеге де, өзіне де пайдалы адамдар тәрбиелеп шығарудың ілгерілетілген іс-әрекеті.

Жылдық-жоспар кәсіптік мектеп  бір мақсатқа дұрыс бағыттап, педагогикалық ұжымның, кәсіптік мектептердің  басқада қосалқы қызметін тиімді үйлестіріп, іске жұмылдыру үшін жылдық жоспар жасалады. Оған кәсіптік мектеп  директорының, оның орынбасарының, оқу-тәрбиеге байланысты барлық звенолардың жұмысына басшылық жасау мәселесі қамтылады.

2.1. Оқу жоспарын талдау

 

Оқу жоспары – оқытудың көлемі мен мазмұны көрсететін ресми құжат. Мұнда оқылатын пәндер іріктеліп  алынып, тізімдері жасалады. Сонан кейін оны оқу жылдары бойынша іріктейді. Бөліп іріктеген соң олардың көмегімен, өмірден алатын орнына қарай сағат белгіленеді. Ол сағаттар оқу жылына, тоқсандарға, айларға, апталарға, бөлінеді.

Ал, біз қарастырып отырған пәніміздің оқу жоспары, бұл пән арнайы пән болғандықтан өзіндік ерекшеліетері бар. Арнайы пәндерге бөлінген нақты сағат саны және олардың жарты жылдықтарға бөлінуі оқу- материалының көлемін және күнделігін анықтауға мүмкіндік береді. Пәннің маңыздылығын сол пәннің бақылау түрінен сынақ жұмысы немесе емтиханнан байқауға болады.

Жалпы оқу жоспары – кәсіптен мен мамандықтардың біліктілік дәрежелеріне,  оқытудың базалық мерзіміне лайық оқу циклдері мен пәндерінің тізімі мен көлемінің республикалық деңгейін белгілейтін және аймақтық білім басқару орындарының білім мекемелерінің күнделікті жұмыстың оқу-бағдарламалық құжаттарын жасаудағы дербестік дәрежесін анықтайтын құжат.

Күнделікті жұмыстық жоспар – жалпы оқу жоспары негізінде аймақтағы сала, мамандықтар ерекшеліктері ескеріліп, ондағы және оқу  үрдісінің күнтізбелік құрылымы мен кезеңдерін нақтылы жасайтын оқу жоспары.

 

 

2.2.«Трактор және автомобильдер» пәнінен оқу бағдарламаларын талдау

 

Оқу бағдарламасы нақты пән бойынша оқыту мазмұнын түбегейлі ашатын құжат.

Оқу пәнінің бағдарламасы —  кәсіби –техникалық мектептерде оқыту мазмұнын анықтайтын негізгі оқу бағдарламалық құжаттардың бірі. Ол оқу пәні бойынша білімдердің, білік пен іскерліктің және дағдылардың көмегін, практикалық және лабораториялық  сабақтардың өтілу реттерін, сыныптар бойынша бөлінуін, пәндердің мазмұнын анықтайтын құжат.

Бағдарламалар әр пәндер бойынша құралады, олар шығармашылықпен орындалуы тиіс.

Оқу бағдарламаларында қоғамның білім беру немесе ақыл-ой тәрбие жөніндегі нақты міндеттер мен мақсаттар көрсетіледі. Жалпы оқу орындарының бағдарламалары оқудың идеялығын, жүйелілігін, ғылымилығын оқушының мүмкіндіктері сәйкес келеді.

Барлық оқу пәндері жөніндегі бағдарламалар мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

— бағдарламалардың мазмұны ғылыми және әдістемелік жағынан ұстамды болуы, ғылыми мәліметтерді бұрмалаудан тыс болып, ғылымның ақиқаттылығына және тексерілген қорытындыларына сәйкес болуы тиіс;

— бағдарламалардың материялдары теорияда алған білімі оның практикамен байланысты болуы тиіс;

— жалпы пәндер қоғамның және мәдениеттің жеке салаларынан мәліметтер берілетіндей тарихи материялдарды қамтуы тиіс;

— оқу бағдарламаларының  материялдарын бөлгенде оқушылардың оқитын материялдар мазмұны жағынан ғана емес, көлемі бойынша қалыпты, күштеріне сәйкес болуы керек;

— жеке пәндердің бағдарламалары өз ішінде байланысты болуымен қатар, пәнаралық байланыс принціпінде құрылуы тиіс;

— Қазақстан Республикасының тілдер заңды жүзеге асыру әрбір пәннің бағдарламасының оқу материялымен байланысты болуы керек.

Оқу бағдарламасы — бұл техника, технология және ғылым жетістіктерінің  мазмұнының дидактикалық өрісі.

 

2.3. Топ оқушыларының педагогикалық және психологиялық мінездемесі

 

     Мұғалім өз қызметін бастамас бұрын белгілі бір программа жасап алады, ол оқушының жеке басын, оның білім жүйесін, көзқарасын жобалап алғандай болады. Осы бағдарламаға сәйкес ол өз жұмысының бағытын анықтайды, түрлері мен әдістерін таңдап алады.

      Жақсы бағдарлама болғаны жақсы – ақ, бірақ бұл педагогтық қызметте табысты болуына жеткіліксіз. Оқушылар осы жоспармен жұмыс істегісі келетін ниетін білдіріп, мұғалім белгіленген қызметке кірісіп кететін болу керек. Бұл, әрине, оның ұйымдастыру дәрежесіне байланысты.

      Бірақ мұғалімнің жұмыстағы табысты болу оның балалармен өзара дұрыс қарым-қатынас орната білуіне байланысты. Яғни, бұл қарым – қатынасты орнату үшін мұғалім әрбір оқушыны жеке дара зерттеп,бақылауы тиіс. Осы зерттеу барысында, мұғалім топ оқушыларының әр қайсысына мінездеме жасайды. Әрине, әрбір оқушыға мінездеме құру оңай жұмыстардың бірі емес.

 

2.4.  «Трактор және автомобильдер» пәнін оқытуда мұғалімнің алатын орны

 

     Мұғалімнің қоғамнан алатын орны зор. Олай болатын себебі мұғалімнің еңбегі өте жауапты , әрі күрделі. Өйткені, ол жас ұрпақтың болашақ тағдыры үшін өзін жауапта сезінеді, оның тәртібі, білімі, қоғамнан алатын орны, адамгершілігі, белсенділігі, іскерлігі үшін күресетін, оның жүрегіне жол тауып, оның жан дүниесінің таза, қоғам үшін жан тәнімен еңбек етуге құштарлығын оятатын, білімге деген ішкі қажеттігін оята отырып, осы қасиеттер үшін адам жанының инженері деп атайды. Қоғам мұғалімге балаларды сеніп тапсырып, оларға ықпал жасап тәрбиелеуді, дүниеге көзқарасын дамытып, қалыптастыруды сеніп тапсырады. Мұндай орасан зор сенім мұғалімдерге қоғам алдында ұлы жауапкершілігін жүктейді.

     Мұғалім мамандығы – өте жауапты, игілікті мамандықтың бірі. Әрине, ол материалдық игіліктерді өндіретін өндіріс орындарында істемейді, технологиялық процесті жетілдіру ісіне де тікелей қатыспайды. Бірақ мұғалім өндіргіш күштердің дамуына және халықтың материалдық игілігінің дамылсыз өсуіне әсер етеді. Ол қоғамның ең басты өндіргіш күштерін – жеке адамды оқытып, тәрбиелеп дамытатын және қалыптастыратын басты тұлға.

      Мұғалім бұқаралық – саяси, мәдени ағарту және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қабілеті мол, өз мамандығынан теориялық және тәжірибелік терең білімі бар адам.

     Шеберлік мұғалімнің ең маңызды сапасы болып табылады, балаларды тәрбиелеп, оқытудағы істің жемісті болуы осыған байланысты. Ол тәрбиелеу процесінің заңдылығын білуден, мұғалімнің педагогтық білімі мен дағдысының қосындысынан құралады.

     Педагогтық шеберлік сан қырлы, оның күрделілігі ең алдымен мұғалімнің еңбек объектісінің өзіндік рекшелігімен түсіндіріледі.

      Мұғалім еңбек қызметінің барысында өз ісінің нағыз шебері болып алады. Оның үстіне мұғалім кейде өз қызметінің бастысын, өзекті жолын тез тауып алады, оған өзінің күш – жігерін береді, үлкен табыстарға жетеді.

Мұғалім балаларға қажетті білімдерді қамтамасыз етіп, олардың ойлау белсенділігін оята алатын, оларда оқып білім алуға деген ынтаны дамыта алатын жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін таңдап алады.

 

   Мұғалімнің сабаққа дайындалуы – аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ  оқытуында ірі кемшіліктері болмақ.

   Кәсіптік мектеп оқу  үрдісінде арнайы пәндерді өткізуді жоспарлау барысында жылдық тақырыптық жоспар түзіледі.Ол мұғалім бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізіг ойды бөліп қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізгі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнаралық байланысты орнықтыруға, оның барысында пайдалынатын көрнекі және техникалық құралдарын ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижделерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Тақырыптың жоспарды құрастыру бөлімінде, тақырыптарды дұрыс орналастыру мен пәнаралық байланыстыруын ашып көрсету керек. Күнтізбелік сеткалық кестені құрастырғанда оқу жоспарына сүйенеді курстағы апталық оқу сабақтарының саның анықтау: тақырыптың қандай курста оқытылатындығын анықтау; пәннің тақырыптың жоспарына сәйкес, тақырыптың сызба бейнесін көрсету болып табылады.

   Тәжірибелі мұғалім тақырыпты зерттегенде, оқу материалын оқып біледі, осы тақырып бойынша өткен оқу жылында жүргізген сабақтардың тәжірибесін ескереді, жеке сабақтарға арналған тақырыптың мазмұнын жоспарлайды және сабақта тек білімділік міндеттері ғана емес,  сол сияқты тәрбие міндеттерінің шешілуіне де белгілейді.

   Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер оқушылардың оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға зейін қойып, сезімталдықпен қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғары сапада білім беріп,жеке басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі, сабаққа тұтас тақырып боцынша даярлану белгілі бір оқу материалын мектепте өту үшін жақсылап жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжымдық және дара жүргізетін оқу жұмысын, сабақ үстінде оқушылардан сабақ сұрауды және артта қалушыларға көмек көрсетуді күні бұрын ескертуге мүмкіндік береді.

   Оқу бағдарламасының тараулары бойынша сабақтардың тақырыптарын жасап болғаннан кейін, іле-шала мұғалім алдағы әрбір сабақтың мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін толық ойластырып алады.

   Жеке сабақтардың жоспары — әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты.Ол мұғалімнің тақырып жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізілетіндігімен анықталады.Сондықтан тиімді жасалған жоспар – тиімді өткен сабақ болып есептеледі.

   Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей:

1.Оқу бағдарламасының берілген тараулары бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады.

2.Сабақтың тақырыбы.

3.Сабақтың мақсаты.

4.Сабақтың құрылымы.

5.Сабақтың мазмұны.

6.Оқыту  әдіс-тәсілдері.

7.Сабақ құралдары.

8.Үй тапсырмасы.

  1. Қорытынды, сабақтың аяқталуы.

Сабақтың анағұрлым негізгі бөлігі – оның төртінші және бесінші кезеңі болып табылады.

Сабақтың әрбір құрамды буынына немесе дидактикалық элементтеріне мұғалімнің жұмсайтын уақытын көрсетудің мәні зор. Содан кейін барып оны қалған буындары мен мазмұны ашып көрсетілді.Сабақты бұлай жоспарлау мұғалімге сабақ барысын нәтижелі ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызады.

   Одан әрі қарай оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері қарастырылады.

Мұғалімнің жұмысы табысты болуы оның балалармен өзара  дұрыс қарым-қатынас орната білуіне байланысты. Яғни бұл қарымқатынасты орнату үшін мұғалім әрбір оқушыны жеке дара зерттеп, бақылауы тиіс. Оны зерттеу барысында мұғалім топ оқушыларының әр қайсысына мінездеме жасайды. әрине әрбір оқушыға мінездеме құру онай жұмыстардың бірі емес.

Бірақ бұл құрастырылған мінездеме оқушының өзар дұрыс қарым-қатынаста болуына, тәрбиелік жұмыстарды жиілетуіне әсерін тигізеді.

Мұғалім тәрбиелеу жұмыстарында оқушылардың мінезі мен қылығындағы өзгерістерге жауап аудара отырып, өз тарапына оларға  жеке мінездеме құрастырады.

Педагогикалық-психологиялық  сипаттама — ол ең алдымен оқушылардың қабілетін, бейімділігін, қызығуын, ынтасын қалыптастырады және оны байқау болып табылады. Оқушыларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан байқау оқушылардың психикалық ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі.

          Оқушылардың педагогикалық-психикалық ерекшеліктеріне, ынта-талаптарына, мақсат мүдделеріне, бейімділігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынасын мүмкіндік береді, жеке тұлғаның  танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді. Оқушылардың психикалық-педагогикалық мінездемелерімен, жеке құжаттарымен, оқушылардың педагогикалық тексерулерінің педагогикалық кеңес мәжілісінің әдістемелік кеңес хаттамаларымен танысу оқытушыға оқушылардың оқу-танымдық қызметінің даму деңгейі мен оқыл-ой  іс-әрекеттерімен ерекшеліктеріне, олардың жұмысқа жарамдылығы туралы мәлімет береді, оқушылардың жеке тұлғасының дамуының дәрежесі деңгейі мен құрылысындағы сандық және сапалық өзгерістерін көрсетеді.

          Педагогикалық-психологиялық сипаттама яғни байқау деп — оқушылардың оқуға қатынасын, дербестігін,еңбекқорлығын, ынталығын, берілген тапсырманы дер кезінде орындау мен оның сапасына деген жауапкершілігін, яғни әр оқушының жеке тұлғасының басты қасиеттерін айтамыз.

          Ал, кәсіптік мектеп оқушылар тобын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан айтатын болсақ, олар: оқуға деген қатынастары ұқыпты, көбісінің жауапкершілігі мол, мұғалімнің әр айтқан тапсырмасын дер кезінде орындайтын, өмірге деген көз қарастары кең Қазақстанның болашағына өз үлесін міндетті түрде қосатын, ауылшаруашылығын өз біліктілігімен, білімдерімен көрсетіп дамытатын, келешектерінен зор үміт күттіретін жастар деп ойлаймын.

  Ұйымдастырудың түрі сабақ — оқыту процесінің негізгі түрі, сондықтан пән иесінің сабақ барысында кәсіптік оқыту материалын нақты пайдалануы, оқушыларды өз мамандықтарын жақсы игеруіне үйретеді. Сабақ кәсіптік бағытта жүру үшін, мұғалім түсіндіретін оқу материалының бағдарламамен байланыстығын, сонымен бірге оқу материалының орнықты әрі мағыналы әсер етуін қадағалауды. Әлеуметтік және ғылыми техникалық сабақтар оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі түрі болып саналады. Ғылыми және идеялық жоғары деңгейде өтілген әрбір сабақ оқушыларға белгілі бір білім негіздерін беріп, ойлау қабілеті мен шығармашылық іс-әрекетін арттыруы. Тақырыпты оқып үйренуде жинақталған білімдерді көрсететін оқу диафильмдері мен кинофильмдерден үзінділерді, теледидар мендиапозиттерді көруі, оқушылардың болашақ мамандар клубының жұмысына қатысуы, бірлестіктердегі озаттар тәжірибесін көрмесіне экскурсия жасау, өндіріс озаттармен кездесулер, тақырыптық кештер, ғылым мен техниканың жетістіктерін, еңбек табыстарын насихаттайтын альбом, плокат, стендтер безендіру болып табылады. Егер мұғалім оқушыларға еңбек үйрету барысында оларға ғылыми заңдылықтарды қолдана білуді іс жүзіне асыруға мүмкіндік беруші еді. Пәнаралық байланыстарды оқушылар конструкторлық-техникалық элементтерді, материялдарды пайдалана білуді, механикалық технологияны, еңбек мәдениеті мен өндірістік әстетиканы аңғаруды, сонымен бірге еңбек ету барысында олардың басқа пәндермен де білімдері тереңдейді.

Мұғалімнің сабақты жақсы, әрі мәнді өткізу мақсаты — оқушылардың политехникалық және экономикалық ой-өрісін кеңейту, ауыл шаруашылығының мұқтажына байланысты мамандықты саналы түрде игеруге көмек көрсетуі болып табылады. Сабақтың маңызы мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық, дидактикалық жүйеге келеді, сөйтіп мұғалімнің оқушыға нәтижесінде оқушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестіріп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибе сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса, екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шыңдалады.

Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұранымға қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының қажет етуіне қарайқұралады, оқыту мақсаты, мазмұны, міндеттері, заңдары мен принціптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды.

Ал, мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз — тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың оқу материялымен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жаауаптары, пайымдаулары — оны қабылдауы, түсінуі болып табылады. Сабақтың осындай алдын-ала талдамай неғұрлым тиянақты жасалмаса, сабақ жүргізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте соғұрлым аз болады. Сабақтың сапасы мен нәтижесі болу үшін, көбінесе мұғалімнің өзінің және басқалардың жетістіктері мен қателіктерін дұрыс талдап алуына байланысты.

Сабақтың нәтижелілігі мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына және ол оқу әрекеттің нәтижесін болжай алуына байланысты.

Мұғалімнің сабақ жүргізудегі рөлі — ол әр оқушының санасына әсер ете алуы, пайда болған педагогикалық ситуацияларды шешіп, оқушылардың теориялық білімін жетілдіріп, оның іс жүзінде қиындықсыз орындалып, жақсы маман болып шығуына үлкен үлесін тигізеді.

 

3.Тақырып бойынша теориялық білімдердің оқу құжаттарын жасау.

 

3.1Тақырып бойынша сабақ жоспарының  перспективалық — тақырыптық жоспарын жасау.

 

Сабақты ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізу үшін мұғалім өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс. Оқытушы оқу пәнінің тақырыбын оқу жоспары мен бағдарламасына сүйеніп, перспективалы — тақырыптық жоспар алдын-ала құрастырылады, яғни тақырып бойынша сабақ жүйесін анықтайды.

          Перспективалық — тақырыптық жоспарының негізі — тақырып бойынша сабақ жүйесін құрастыру. Ал, сабақ жүйесіне тақырып бойынша оқу процесінің мынадай негізгі элементтері: жаңа білімді хабарлау, білім мен білікті бекіту, білімді жүйелендіру және қорытындылау, бақылау т.б. кіреді.

   Перспективалық — тақырыптық жоспардың құрылымын үш компонентке бөлуге болады:

1)тақырыптың оқу материалын сабақтарға бөлу;

2)әрбір сабақтың әдістемесі;

3)оқу-тәрбие процесін жабдықтармен қамтамасыз ету. Перспективалық — тақырыптық жоспарының тақырып бойынша сабақ жүйесі тақырыптық мазмұны логикалық байланыстарды

Перспективалық-тақырыптық жоспарда оқу материалы сабаққа рационалды бөліне отырып, келесі сұрауларды қарастыру керек.

*оқыту жұмысын ұйымдастыру формасы;

*сабақ барысындағы оқушылардың өзіндік жұмысы;

* пәнаралық байланысты іске асыру;

*тәрбиелік жұмыспен байланыс;

*өндірістік оқытумен байланыс;

*көрмені оқу-құралдарын, дидактикалық материалдарды және техникалық оқу — құралдарын  пайдалану жолдары;

*оқушыларға үй тапсырмасын беру;

* тақырып бойынша оқу және әдістемелік әдебиеттерді пайдалану, т.б.

Мұғалім перспективалық — тақырыптық жоспардың компоненттерін өзі жасайды. Жоспардың компоненттері оқу пәніне, тақырыптың мазмұнына, кәсіптік мектептің оқу-материалдық базасына, оқушының білім деңгейіне байланысты жасайды. Перспективалық — тақырыптық жоспар әдістемелік комиссияда қаралып, бекітіледі.

          Оқытушы пәннің әрбір тақырыбының оқу жоспарын бағдарламаға сүйеніп ПТЖ құрастырады. ПТЖ-ның алдын құрастырылады. Яғни бойынша сабақ жүйесін анықтайды.

          Уақытында дайындау үшін ПТЖ-да оқу материалы сабаққа бір келкі бөліне отырып келесі сұрақтарды құрастыру керек.

  1. Оқыту жұмысының ұйымдастыру формасы
  2. Сабақ барысындағы оқушылардың өзіндік жұмысы
  3. Пән аралық байланысты іске асыру
  4. Тәрбиелік жұмыспен байланыс
  5. Өндірістік оқыту мен байланыс
  6. Көрнекі құралдарын дидактикалық материалды және техникалық оқу құралдарын пайдалану жолдары
  7. Оқушыларға үй тапсырмасын беру
  8. Тақырып бойынша оқу жөніне әдістемелік әдебиеттерді пайдалану

Жоспардың компоненттерін мұғалім өзі анықтайды. Жоспардың компоненттері оқу пәніне тақырыптың мазмұныны кәсіптік мектептің оқу материалдық базасына оқушылардың білім деңгейіне байланысты жасауды ПТЖ қайта-қайта пайдаланатын құжат болғандықтан оған толықтырулар енгізуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте – 3.1.1.

«Трактор және автомбильдер» пәнінің теориялық сабақтарының перспективалық — тақырыптық жоспары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу аптасының нөмірі

Сабақ нөмірі

Сабақта оқылатын тақырып материалының қысқаша мазмұны

Ұзақтығы,сағ.

Сабақ сипаттамасы

Пәнаралық байланыс

Оқушылардың өзіндік жұмысы

Үй тапсырмасы

Сабақтың материалды -техникалық жабдықталуы

Оқыту — тәрбиелік мақсаты

Сабақтың типі мен әдісі

Жалпы білім беру циклы пәндерімен

Кәсіптік-техникалық цикл пәндерімен, пән ішіндегі байланыстар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Тақырып № 9 «Автомобильдің беріліс қорабы» Фсg=2+2+2+2/4 сабақ =8 сағат

9

1.2/9

Автомобильдің беріліс қорабыжүйесі

2 сағат

негізгі анықтамалар мен түсініктер

жаңа білімді меңгеру сабағы

математика физика

ТММ ДМ

өз бетімен дайындалу

ТИЯ 10 -10

Диопроектор сиоидттар

10

3.4/9

ДАвтомобильдің беріліс қорабыу жүйесінің жұмыс істеу қабілеті

2 сағат

негізгі анықтамалар мен түсініктер

жаңа білімді меңгеру сабағы

физика химия

АШМ ТММ

сұрақтарға жауап беру

ТИЯ 17-19

Плакаттар

11

5.6/9

Автомобильдің беріліс қорабы

2 сағат

Еркшеліктерін түсіндіру

жаңа білімді меңгеру сабағы

математика физика

ДМ ТММ

сұлбалар салу

ТИЯ20-25

сұлбалар мен схемалар

12

7.8/9

Автомобильдің беріліс қорабының жұмыс істеу принципі

2 сағат

Техникалық сипатын үйрету

жаңа білімді меңгеру сабағы

математика география

сұлба геомет АЖМ

есептер шығару

ТИЯ 27-30

Плакаттар компьютер

 

 

3.2. Сабақ жоспарын жасау әдістемесі

 

 Сабақ жоспары перспективалы — тақырыптық жоспарға сүйене отырып, оқулықтар мен оқу құралдары негізінде жарты немесе толық оқу жылына құрастырылады. Сабақ жоспары бұл әр сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі формасы. Жасалған жоспар бойынша мұғалім: сабақ тақырыбы бойынша  оқулықты, оқу құралын және әдебиеттерді пайдалана отырып, өз білімін тексереді және алдын — ала жаттығуларды тексереді. Сабақ жоспарында сабақтың оқу-тәрбие мақсаты мен тақырыбы көрсетіледі. Негізгі оқу элементтері мен құрылымы, уақыты, сабақтың материалдық — техникалық жабдықталуы, оқытушының жұмыс мазмұны, сабақтағы өзіндік жұмыстың мазмұны, үй тапсырмалары және т.б. сұрақтар қарастырылады.

 Сабақты жоспарлау негізінде өткен сабақтардың нәтижелерін есепке алып, мұғалім әрбір сабаққа дайындалады. Ең алдымен сабақ  тақырыбын және оның міндеттерін анықтайды. Сабаққа дайындаудың басты компоненттерінің бірі — оқу  материалын таңдап алу. Бұл жерде сабақтың идеялық теориялық бағыты анықталады, сабақта негізгі идеялар, ұғымдар, заңдылықтар тарихи және политехникалық мәліметтер айтылады. Мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды ойластырады, оқытуды ұйымдастырудың формалары мен функцияларын пайдаланады.

 Сабаққа дайындалу үшін өткен сабақты талдау қажет, ол үшін  мына мәселелерді еске алған жөн: тақырып мазмұнын оқушылар қалай игереді, сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі, сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешіледі, сабақтың жетістіктері мен кемшіліктері, сабақ процесінде болған кемшіліктерді келесі сабақтарда болдырмау жолдары.

 Сабақты осындай тәсілдерді пайдаланып өткізу мұғалімнің ғылыми-әдістемелік, шеберлігін сипаттайды. Ал, педагогикалық шеберлік дегеніміз оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекше өнер.

 

3.2.1.  Сабақ жоспары

 

Пән: Трактор және автомобильдер.

Сабақтың өткізілу уақыты: 2 сағат

Сабақтың тақырыбы: Автомобильдің негізгі механизмдеріне диагноз қою

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға автомобильдің беріліс қорабы түсінік беру, өз бетінше білім алуға міндетті.
  2. Тәрбиелік: Автомобильдің беріліс қорабының жұмыс істеу кезінде оның тиянақтылық және жүйелік дағдыларын қалыптастыру. Білімге деген құштарлықты тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, схемалар.

Дидактикалық және үлестірмелі материалдар: карточкалар және ұйымдастыру бойынша тест сұрақтары.

Қолданылатын әдебиеттер: Алиев, Жүніспеков. Тракторлар мен автомобильдер құрылысы 114-116 бет.

 

Сабақ барысы.

Бірінші сағаты

 

  1. Ұйымдастыру бөлімі: 2-3’ (аудиторияның дайындығы, техникалық оқу құралдарының жұмысын тексеру, жабдықтарды дайындау, журнал бойынша оқушыларды тексеру)
  2. Сабақтың тақырыбы мен сұрақтарын тақтаға жазу 3-5’:

Сұрақтар

  1. Автомобильдің беріліс қорабы жүйесімен қызметімен танысу.
  2. Автомобильдің беріліс қорабы жүйесінің жұмыс істеу принциптері.
  3. Автомобильдің беріліс қорабы атқаратын қызметі.
  4. Автомобильдің беріліс қорабының бөлшектеп бөлінуі.
  5. Мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіру.
  6. Плакатты қолдана отырып, бірінші сұрақтарды түсіндіру және осы сұрақ бойынша оқушылардың білімдерін тексеру 7-10’
  7. Екінші сұрақты түсіндіру 7-10’
  8. Үшінші сұрақты түсіндіре отырып, осы сұрақ бойынша оқушылардың білімдерін тексеру 7-10’

 

Екінші сағаты

 

Төртінші сұрақты түсіндіре отырып, оқушылардың сабақты меңгеру дәрежесін бағалау 7-10’

  1. Оқушылырдың өзіндік жұмыстары 8-10’
  2. Диафильм көрсету 8-10’
  3. Тақырыпты бекіту 8-10’

 

  1. Автомобильдің беріліс қорабын қалай орындаймыз?
  2. Автомобильдің беріліс қорабы қандай отындар қолданылыды?
  3. Автомобильдің беріліс қорабы қоректендіру жүйесіндегі негізгі ақаулары.
  4. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімдерін бағалау, анализ жасау, жіберген қателіктерін түсіндіру 5-6’
  5. Үйге тапсырма 5-6’

Қолданылған әдебиеттер.

Б.Момынбаев, К.Өстеміров “Тракторлар мен автомобильдер пәнін оқыту методикасы”

Алиев “Тракторлар мен автомобильдер”

 

 

3.2.2.  Сабақ жоспары бойынша план конспектісі

 

Автомобильдің беріліс қорабы

 

Беріліс қорабының негізгі қызметі – трактор жұмысына қарай оның жылдамдығын өзгертіп оытру болып табылады. Тракторға түсетін күш көп болған кезде жылдамдықты азайтады да, соның есесінен оның күшін азайтады, соның есесінен оның күшін арттырады. Ол үшін беріліс қорабының көмегімен двигатель мен жүргізгіш дөңгелек аралығындағы беріліс қатынасын өзгертеді. Осы беріліс қатынасы беріліс қатынасы көп болса, жүргізгіш дөңгелектің айналысы азаяды да, оның есесіне айналдырғыш моменті арттырылады.

Ауыл шаруашылығы тракторларында осындай беріліс қатынасын өзгерту үшін механикалық сатылы беріліс қорабы пайдаланылады.

Беріліс қорабындағы шестернялардың ілінісу тәсіліне қарай жылжымалы шестернялы немесе тұрақты ілініскен шестернялы қораптар болып екіге бөлінеді. Жылжымалы шестернялы беріліс қорабында жылдамдықты өзгерту үшін бір іліністен шығарып алады да, екінші басқа шестернямен іліністіреді. Осы кезде ол берілістің қатынасы өзгереді. Осындай беріліс қорабы тракторлардың көптеген түрлерінде қолданылады. Ал тұрақты ілініскен шестернялы беріліс қорабында жоғарыдағыдай жылжымалы шестерня болмайды. Барлық шестерня бір-бірімен өзара ілінісіп тұрады. Бірақ олар өздері қуат беретін білікте бос айналады, себебі онымен арнаулы муфта арқылы жалғасады. Жылдамдықты өзгерту үшін әрбір іліністе тұрған шестернялар қосағының муфтасы іске қосады. Осы кезде қозғалыс қорап білігі арқылы трансмиссияға беріледі.

Бүгінгі таңда автомобильдердің алуан түрлі жұмыстар атқаруына байланысты олардың беріліс қорабына қойылатын талаптар да әр түрлі. Олардың ең негізгісі – жылдамдықтың өзгеру мөлшері автомобильдің атқаратын жұмысына сәйкес келуі болып табылады. Сондықтан беріліс қорабының беріліс сатысы өте көп болады.

Автомобильдерде қолданылатын беріліс сатысын үш топқа бөлуге болады: негізгі, транспорттық және қосымша берілістер тобы.

Автомобильдердің беріліс қорабының құрылысы екі бөліктен тұрады деуге болады: біріншісі – негізгі қуат беретін бөлікте, екіншісі – жылдамдықты алмасытратын қосалқы механизмдер бөлігі. Негізгі бөлік біліктерден, шестерня, муфталардан және подшипшиктерден тұрады. Қосалқы бөлікке жылдам алмастыратын, яғни шестерняны жылжытатын тұтқа, білік және ашалар жатады.

Беріліс қорабындағы бөлшектер аралығындағы саңылауларды, олар тозған сайын, қайтадан қалпына келтіру үшін арнаулы реттеуіш аралық төсемдер қолданылады, аралық төсемдердің қалыңдығын азайтып немесе көбейту арқылы саңылаулардың шамасын тиісті мөлшерге дейін жеткізеді. Осындай реттеу жұмыстары барлық тиісті берлістерге бірдей тәртіппен жүргізілетіндіктен түсінік берілмейді.

Манометрдің жұмысы дұрыс болған жағдайда жүйедегі қайта жіберетін клапанның жұмысын реттеу қажет. Ол үшін  беріліс қорабындағ майдың температурасын 70 градусқа дейін жеткізе жылытады. Содан кейін клапанның гайкалы қақпағын, пломбасын бұзып, шығарады. Оның асытндағы реттеуіш винтті, қосалқы гайкасын босатып алып, тиісті бағытта бұрайды. Двигатель қалыпты жылдамдықпен  айналып тұрған кезде қысым қалыпты мөлшерден төмен болса, онда винтті кіргізе бұрайды, ал жоғары болса, керісінше істейді.  

 

Кесте 3.2.1.

Сабақтың кесте — жоспары«Т ж А» пәні бойынша

Рет нө

мері

 Сабақтың құрылым

дық

элемент

тері

 Сабақтың бірінші сағаты

Сабақтың екінші сағаты

 

0-5 мин

5-10 мин

10-15 мин

15-20 мин

20-25 мин

25-30 мин

30-35 мин

35-40 мин

40-45 мин

Үзіліс

0-5 мин

5-10 мин

10-15 мин

15-20 мин

20-25 мин

25-30 мин

30-35 мин

35-40 мин

40-45 мин

1

 Ұйымдастыру бөлімі

  4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 Сұрақ қою (фронтальды, жүгіртпе)

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 Тақырып қарастырылатын сұрақтарды жазу

 

 

10

 

 

 

 4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 Оқушының түсіндіруі

 

 

 

 

 11

 

 

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 Көрнекі құралдарды пайдалану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

Фильм фрагментін көрсету

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

 

 

 

 

 

7

Өзіндік жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11

 

 

9

 

 

 

 

 

 

8

Сұрақ қою (жеке)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

 Үйге тапсырма беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

 

4

   3

10

 Сабақ қорытындысын шығару

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11

 Қызықтыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақ кезеңдері

І — ұйымдастыру

ІІ- жаңа білімдерді меңгеру

ІІІ- жаңа білімдерді бекіту

ІV- қорытынды

 

                                           

 

3.3. Пәнаралық байланыс кестесін құру

 

Пәнаралық байланыстарға ұзақ уақыт бойы көптеген белгілі педагог ғалымдар  үлкен мән берген. Пәнаралық байланыстар педагогика ғылымында бір салалы ретінде бөлініп шыққан. Кәсіптік пәндерінің пәнаралық байланыс ерекшеліктері:

  • жалпы білім беру цикл пәндерімен байланысты
  • кәсіптік техникалық цикл пәндерімен байланысты
  • өндірістік оқытушы байланысы (шеберханалар, оқу шаруашылықтарында) өндірісте.

Пәнаралық байланыс педагогика ғылымында философиялық, психологиялық, дидактикалық және әдістеме жағынан қарастыратын күрделі сала.

П.б. жалпы білім беру кәсіби техникалық цикл және өндірістік оқыту пәндер арасында органикалық үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқу процесін ұйымдастыруға зор әсер етеді.

          Пәнаралық байланыс бүкіл жұмыстың мәнін оқушыларға кез-келген теориялық және практикалық сабақты оқыған кезде бүкіл жинақтаған білімдерді, дағдыларды қолдап білу үшін мазмұны мен құрылымы бойынша тиімді динамикалық біріңғай білім жүйесін қалыптастырған.

 Пәнаралық байланыс дегеніміз — жалпы ғылымдар жүйесінің дидактикалық мақсаттардан туындайтын оқу бағдарламасының өзара шартты байланыста. Пәнаралық байланысты оқытудың мазмұны мен әдістері және ұйымдастыру арқылы  шектеп қоймайды. Ол оқушы мен оқытушы арасындағы өзара атқаратын таным іс-әрекеттің бір бөлігі болып саналады.

Пәнаралық байланыс тұтас бір сабақ немесе сол сабақтың үзіндісін кино, диафильм, телекөріністер арқылы жүзеге асырылады. Пәнаралық байланыстың ең маңызды міндеті оқу процесінің білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық сипаттар арасындағы байланыстарды құру болып есептелінеді.  Сонымен қатар пәнаралық байланыстың ең негізгілері мыналар:

  1. оқу пәндер арасындағы байланыстың болуы, ғылымдар негізінің білім жүйесінің дамуын негізгі шарты деп, есептеу
  2. Пәнаралық байланысты жан-жақты тәрбие, білім беру жүйелерінің барлық салаларына кешенді жүйе жасайды.
  3. Пәнаралық байланыстың педагогикалық еңбектің ғылыми негізін т-ды ұйымдастыруына жатады.
  4. Маман даярлауда білім мазмұнының барлық құрылым бөліктерінің байланысын табады.
  5. Педагогикалық ұжымның барлық іс-әрекетінің бір-бірімен келісуі және демократиялық негізінде жүріп — отыруына әсер етеді. Пәнаралық байланысты екі жағынан қарастырамыз.

 

 

Кесте -3.3.

«Трактор және автомобильдер» пәнінен пәнаралық байланыс

 

Сабақтың №

Сабақтың тақырыбы

Жалпы білім беру циклы

Кәсіптік білім беру циклы

Физика

Математика

Сызу

Геометрия

Машина бөлшекте     рі

Трактор және авто

мобиль

1.2/9

Автомобильдің беріліс қорабыжүйесі

 Айналмалы қозғалыс динамикасы және үйкеліс.

Қисықтың дөңестігі және ойыстығы.

Винттік беттер және бұран

далар.

Дөңгелек.

Шеңбер.

Тік төрбұрыш

Механикалық берілістер

және олардың құрама бөліктерін кескіндеу

Автомо

бильдің жүріс бөлігі.

3.4/9

Автомобильдің беріліс қорабыу жүйесінің жұмыс істеу қабілеті

Дененің шеңбер бойымен бір қалып

ты қозға

лысы.

Цилндр,шар және оның бөліктері

Тетік бөлшектерді бұранда

мамен біріктіру

Дөңгелектің радиусы мен диаметрін анықтау

Доңғалақ

тың берілісін есептеу.

 Жүріс доң

ғалақтары,

доңғалақ аспалары,

амортиза

тор

5.6/9

Автомобильдің беріліс қорабы

Дененің шеңбер бойымен бір қалып

ты қозға

лысы.

 Цилиндр, шар және оның бөліктері

Тетік бөлшектерді бұранда

мамен біріктіру

Дөңгелектің радиусы мен диаметрін анықтау

Доңғалақ

тың берілісін есептеу.

 Жүріс доң

ғалақтары,

доңғалақ аспалары,

амортиза

тор

 

3.4.Лабораториялық — практикалық сабақтардың әдістемесін жасау

 

Кәсіптік мектептердің лабораториялық — практикалық сабақтары арнайы құрал-саймандармен жабдықталған — оқу кабинеттері мен шеберханаларында өткізіледі. Мұғалім алдын — ала сабақтарды және әрбір жұмыс орнын қажетті жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, жұмыстың белсенді әдістерін ұйымдастыруын көздейді.

 Өндірістік оқыту шебері мен мұғалім оқу кабинеттерінде, өндірісте жүргізілетін  лабораториялық — практикалық сабақтарды тиімді ұйымдастыру үшін төмендегідей құжаттарды жасауы қажет:

—   сабақ жоспары;

—   оқушылар жұмыс орындарының алмасу кестесі;

— технологиялық –нұсқау карталары және басқа да дидактикалық құрал-жабдықтар.

Оқу өндірістік құжаттарын дұрыс құрастыру оқушылардың лабораториялық — практикалық сабақтар бағдарламасының мазмұнын сапалы түрде түсінуіне көмек көрсетеді.

 Оқу шаруашылығында жүргізілетін лабораториялық-практикалық сабақтарды оқу жылына тұтастай жоспарлау оқытушының оқушылармен жұмысын жеңілдетеді. Осы сабақтардың тапсырмаларын оқушылар дұрыс меңгеруі үшін, машина-трактор агрегаттарының жұмыстарымен оқу мерзіміндегі дала жұмыстарының сәйкес келуін ескере отырып, оқушылар звеноларының алмасу кестесін ұйымдастырады.

 6.Арнайы пәндерден лабораториялық — практикалық сабақтарды өткізудің жалпы талаптары

Кәсіптік мектептердің лабораториялық — практикалық сабақтары арнаулы құрал-жабдықтармен жабдықталған оқу шеберханаларында өткізіледі. Лабораториялық — практикалық сабақтарды жоғары әдістемелік дәрежеде өткізу үшін, мұғалім сабаққа алдын-ала мұқият дайындалады.

Лабораториялық — практикалық сабақтардың негізгі мақсаты — оқушылардың теориялық сабақтардан алған білімдері мен біліктерін қайта жаңғыртып, жұмыс орындарымен таныстырып, машиналар мен механизмдердің құрылысы мен реттеуін, бөлшектеу әдістерін үйрету. Мұғалім әрбір сабақты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушылардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелеуді көздей білу  қажет.

 Сабақтарды циклдарға (тапсырмаларға) бөліп өткізеді, әр циклға жоспар бойынша 30 сағат беріледі. Цикл тақырыптарының саны звенолар санына тең болуы керек, әрбір звеноға арнаулы жұмыс орны ұйымдастырылады. Звенолардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, олардың алмасу кестесін жасайды. Әрбір тақырыптың тапсырмасын дұрыс  орындау үшін технологиялық –нұсқау карталарын, олардың меңгерілуіне және тексеруге арналған карточка –тапсырмалар жасалынады. Технологиялық нұсқау картасының негізгі мақсаты – оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.

 Арнайы пәндердің лабораториялық — практикалық сабақтарын 10 немесе 15 звенолар саны бойынша ұйымдастыруға болады. Мұндай жағдайда 8-12 звено  өндірістік оқыту шеберімен бірге машина –трактор агрегаттарын жұмысқа дайындау және машина жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Оқушыларды звеноларға бөлгенде, олардың қабілеттеріне, сабақ үлгерімдеріне қарай дұрыс жинақтай білу керек. Әр звеноның өз жетекшісі болғаны дұрыс.

 

3.5. Лабораториялық — практикалық сабақтың жоспарын жасау.

 

      Сабақ жоспар дегеніміз тақырып бойынша нақты бір сабақты жүргізу үшін жоспарланатын негізгі құжат. Ол педагог пен өндірістік оқыту шеберінің дайындық жұмысының нәтижесі болып табылады. Сабақ жоспарының стандартты міндетті жоспары бекітілмеген. Өйткені жоспар формасы оның  мазмұны, өткізу әдісі тақырып материалын  ашу тереңдігі сияқты сабақ мазмұнына оның оқу және тәрбиелік мақсатына, онда тұрған жұмыс сипатына жаттығуларды ұйымдастыруға педагог пен шебер тәжірибесіне байланысты өткізіп, өзгертіп отырады.

Лабораториялық — практикалық сабақтың жоспары «қамтуы» мыналарды қамтуы тиіс:

 Сабақ тақырыбын, мақсатын, сабақтың оқу материалы мен жабдықталуын.

лабораториялық — практикалық сабақ барысы

 Ұйымдастыру кезеңі ( амандасу, тексеру т.б.)

1.Кіріспе нұсқаунама

  1. Ағынды нұсқаунама
  2. Қорытынды нұсқаунама

Лабораториялық — практикалық сабақты өткізу үшін оқытушы келесі оқу құжаттарын дайындауы керек:

  1. Перспективалық — тақырыптық жоспар;
  2. звенолардың жұмыс орындары бойынша алмасу кестесі;
  3. Сабақ кестесі;
  4. Нұсқау технологиялық карта;
  5. Нұсқау жоспары;
  6. Оқу жұмысын есепке алу жоспары.

 

3.6. Кіріспе нұсқаунаманың қысқа конспектісінің мазмұнын құрастыру

 

Лабораториялық — практикалық сабаққа байланысты сабақ құрылымы да өзгеше болады. Кіріспелік нұсқаудың негізгі міндеті — оқушылардың алдында  тұрған оқу өндірістік  процесін, міндеттерін толық қалыптастыру, тапсырманы орындау шарттарымен, ерекшеліктерімен, әдістерімен, жабдықтарымен және өздерін бақылау әдістерімен таныстыру.

Кіріспелік нұсқауда сабақтардың мақсатымен және жүргізілетін жұмыстардың ретімен таныстыру  сонымен қатар оқушылардың машина-трактор агрегаттарының құрылысы, техникалық күтімі туралы білімін тексереді.

 Оқушыларды технологиялық — нұсқау карталарының мазмұнымен таныстыру, жабдықтың құрылымында кездесетін ақаулармен және оларды түзету жолдарын естеріне түсіру. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттіліктеріне көңіл бөлу. Оқушыларды звеноларға бөліп, олардың жетекшілерін тағайындау, жетекшілерге звенолардың алмасу кестесінің орындалуын талап ету, әр звеноның жетекшісі өндірістік — оқыту шеберінің  көмегі арқылы техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға арналған нұсқау береді.( агрегаттарды құрастыру барысында және олардың жұмысы негізінде т.с.с).

Лабораториялық — практикалық сабақтарды 10 звенолық етіп өткізген тиімді. Мұндай жағдайда әр звено 2-3 оқушыдан жасақталады. Сабақтың методикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуы үшін оның жоспарын жасай білу керек. Сабақтың әр кезеңін тиімді пайдалануға оның ұйымдастыру бөлімінде, кіріспелік, ағымдағы және қорытынды нұсқауларында жүргізілетін шаралардың толық орындалуын көздеу қажет. Төменде арнайы пәндердің алғашқы цикл сабағының өту кезеңінде жүргізілетін шаралардың ұйымдастыруын береміз.

  1. Сабақтың ұйымдастыру бөлімі (5 минут)

 Оқушыларды сапқа тұрғызып, тізім бойынша тексеру, олардың киімдерінің  техника қауіпсіздігі шараларына сай екеніне көңіл бөлу.

  1. Кіріспелік нұсқау (алғашқы сабақта 25-30 минут, келесі сабақтарда 10-15 минут)
    • Оқушыларды цикл бойынша тақырыптармен, оның мақсатымен таныстыру
    • Технологиялық нұсқау карталарымен жұмыс істеу жолдарын таныстыру
    • Сабаққа керек құрал-жабдықтар мен құрылғыларды пайдалану әдістерін түсіндіру
    • Әрбір звеноның жұмыс орнына сай тапсырмасымен таныстырып, жұмысты орындау жолдарынан түсіндіру.
    • Техника қауіпсіздік ережелерін таныстыру.

 

3.7. Оқушылар звенолардың алмасу кестесін құрастыру әдістемесі

 

ЛПС — тарды жүргізу үшін оқытушы теориялық және лабораториялық практикалық сабақ бағдарламасын және олардың өзара байланысын талдауы керек.

 Тапсырмалардың көлемін және мазмұнын дәл анықтап, ЛПС-тардың белгілі бір бөлімінің өткізілуін дұрыс жоспарлау қажет.

ЛПС-тардың  бағдарламасымен толық таныса отырып, оқытушы әрбір тапсырмалық мақсатын алдын-ала міндетті анықтау, өткен және келесі тапсырмаларменен байланысын анықтау тапсырмаларды орындауға қажетті жабдықтардың, аспаптардың, құралдарын, материалдардың санын санау керек. Оқытушы жұмыс  орындарының санын әрбір тапсырма бойынша белгілі кәсіптік мектеп жағдайын есепке ала отырып, әрбір жұмыс орнында 2-3 оқушыдан артық істемейтіндей етіп ұйымдастыруы қажет.

 Оқу шеберхананың жабдықталуын 3 бөлімге бөлінеді:

  1. Оқушының жұмыс орны
  2. Шебердің жұмыс орны
  3. Жалпы пайдалану құрал-саймандары.

 

 Оқушының жұмыс орны оқу бағдарламасының  талаптарына сай кәсіптік оқытуға қажетті жабдықтармен, аспаптармен, приборлармен, құралдармен жабдықталады.

 Оқушының жұмыс орны қамтамасыз ететін жабдықтар менде бейімделеді.

 Оқушылардың жұмыс орнына қойылатын жалпы талаптары:

  1. Жабдықтардың техникалық ұқыптылығы, оқушылардың қауіпсіздік жұмысына қажет қоршаулар, жерге қосу, өзін-өзі сөндіргіштер, қорғаныс құрылғылары, сақтанғыштар, көтергіш құрылғылар және басқа саймандар.
  2. Жұмыс кезінде ыңғайлы және сенімді сақтау және орналастыру (аспаптар  мен құрылғыларды, негізгі және қосалқы материалдарды, дайын өнімдерді оқу технологиялық құжаттар, құралдармен жабдықталуы).
  3. Жұмыс зонасының жақсы жарықтандырылуы оқушылардың жұмыс позасының шаршамайтын және әбден үнемді ұқыпты жағдайларын қамтамасыз ету.

Оқушылардың жұмыс орындары сонымен қатар дербес құралдармен технологиялық карталармен қамтамасыз етіледі.\

Шебердің жұмыс орындарының құрылысы және жабдықталуы кәсіптің спецификациясына, кәсіптік мектептің оқу материалдық жабдықталуының жалпы стилімен байланысты.

Тұрақты жұмыс орындарында бірдей жұмыс  түрлеріне оқушыларды фронтальды оқытуды ұйымдастыру мүмкіншілігі жоқ немесе қолайсыз жағдайларда бөлек бригадалар немесе оқушылар звеноларының лайықты жұмыс түрлеріне не жұмыс орындары бойынша алмасу. Осындай алмасуға жоспарланатын құжат ол — кесте. Кестелердің құрастырылуы әртүрлі.

 

 

 

 

 

 

  1. Топтың барлық оқушылардың алмауын алдын ала қарастырған кестелер
  2. Топтың бөлігі оқушылардың алмасуын ескерту кестелері

         Алмасу кезеңдері

 

 

Оқушы  бригадалры

І

ІІ

ІІІ

ІV

 

 

1-ші

 

 

 

 

 

2-ші

 

 

 

 

 

3-ші

 

 

 

 

 

4-ші

 

 

 

 

 

 

  Звенолардың алмасу графигінің ережесімен таныстыру

  1. Ағымдағы нұсқау (оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру) Ағымдағы нұсқау барысында оқушылардың өзіндік жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім олардың жұмыс орындарын бірнеше айналып шығуы керек.
    • . Бірінші айналымда звенолардың двигательдерді, агрегаттарды бөлшектеуге  дайындығына назар аудару, әр оқушының технологиялық нұсқау карталарымен танысқандығын  байқау. Олардың өзіндік  жұмысын ұйымдастыру үшін технологиялық нұсқау карталарының маңызын түсіндіру.
    • . Екінші айналымда механизмдердің, агрегаттардың, бөлшектенулердің дұрыстығын тексеру, қате болған жағдайда оларға көмек көрсету, техника қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын талап ету
    • . Үшінші айналымда оқушылардың жұмыс барысында материалды ұғынуына көңіл аударып, қиын сұрақтарға түсінік беру. Агрегаттар, механизмдер деталдарының орналасуына ден қойдырып, дұрыс ұғым қалыптастыруға көмектесу.
    • . Төртінші айналымда бөлшектенген механизмдердің қайта жиналу әдістерінің орындалуын тексеру, әр оқушының іс-әрекетіне көңіл аудару әсіресе олардың құрал-жабдықтармен құрылғыларды пайдалана білуіне көңіл бөлу. Жиналған механизмдердің сапсына, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына көңіл бөле отырып, жіберген қателіктерді түзету жолдарын түсіндіру. Бақылау нәтижелерін дәптерге жазу.
    • . Бесінші айналымда жиналған агрегаттардың сапасын, комплектілігін тексеру. Құрал-жабдықтарды, жұмыс орындарын қабылдап алу. Әрбір оқушының жұмысын бағалап, журналға түсіру.
  2. Қорытынды нұсқау
    1. Звенолардың жұмыстарын қорытындылай отырып, тиімді жұмыс ұйымдастырылған звеноны, жеке оқушыларды атап өту, әсіресе, жұмыс сапасына оқушылардың көңілін аудару.
    2. Жіберілген қателерге тоқталып, нұсқаулар беру.
    3. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру
    4. Оқушылардың бағасын естірту.
    5. Үйге тапсырма беру.

Трактор және автомобильдер  пәнінің ЛПС звеноларының алмасу кестесі

 

Тапсырма №

 Цикл мазмұны

 Жұмыс орны

 Сабақ күндері

1

2

3

4

5

 

Қысатын муфталар

1

1

13

10

7

4

Насос

2

2

14

11

8

5

Сүзгі

3

3

15

12

9

6

 

 

Тежегіш гидроцилиндр

4

4

1

13

10

7

 

Гидроаккумулятор

5

5

2

14

11

8

 

Қысым көрсеткіші

6

6

3

15

12

9

 

Төгетін педаль

7

7

4

1

13

10

Радиатор

8

8

5

2

14

11

 

Қысым реттегіш

9

9

6

3

15

12

 

Қайта жіберетін клапан

10

10

7

4

1

13

 

11

11

8

5

2

14

 

12

12

9

6

3

15

 

 

 

 

  • Жұмыс орындағы оқу материалдары мен құрал-сайманы, аспаптары жабдықталған жұмыс орнының тізімі

 

 Тапсырмалар мазмұны

 

 Аспаптар, құрал-саймандар

1

Қысатын муфталар

аспаптар жиынтығы, балға, өлшегіш аспаптар

2

Насос

өлшегіштер, балға

3

Сүзгі

болттар, лом, балға

4

Тежегіш гидроцилиндр

Болттар, арнайы жиынтық кілттер

 

5

Гидроаккумулятор

Болттар, жиынтық өлшегіш, сепаратор

 

6

Қысым көрсеткіші

Домкрат, сызғыш кілттер

 

7

Төгетін педаль

Арнайы жиынтық кілттер, болттар, домкрат

8

Радиатор

Аспаптар жиынтығы, балға

 

9

Қысым реттегіш

Лом, болттар, балға

 

 

3.8. Технологиялық нұсқау картасын құрастыру

 

Өндірістік оқытуда оқушыларға  ақпараттық маңызды қайнар көзі болып ауызша сөз ғана емес, сонымен қатар жазбаша сөз де (сұлбалар, техникалық нұсқау карта) қызмет етеді. Өндірістік оқыту процесінде баспасы мәтінмен жұмыстың ең  маңызды түрі — бұл оқушыларың технологиялық нұсқау картасының көмегімен жазбаша нұсқау. Олар оқушыларға лабораториялық-практикалық сабақтарда және сабақтардың басқа түрлерінде беріледі.

Технологиялық нұсқау картасы — бұл оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру құжаты. Мүмкін болса қол және еңбек машина тәсілдерінің сөзбен сипатталуын сұлбалармен және суреттермен бейнелеу.

           Технологиялық нұсқау карталары оқушыларға әр жұмыс орындарында нені және қалай жасау керек екенін түсіндіреді. Олардың ішінде жұмыс  тәсілдерінің мазмұны және бірізділігі технологиялық операциялардың сапалығына олардың орындау бірізділіктері жұмыс өткізілетін агрегаты, жұмыс сапасын өзін-өзі бақылау тәсілдері қарастырылады.

 Лабораториялық — практикалық сабақты орындау үшін технологиялық нұсқау картасы жұмыстың аты, мақсаты, құралдар және тапсырма орындауға берілген уақыт жұмысты өткізу тәртібі (бөлшектеу, реттеу, шашып тастау, жинау) болу керек. Мәтіні қысқа және нақты бөлу керек. Оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін көрсете алу үшін оқушылардың іскерлігін бағыттау керек. Әртүрлі кемшіліктерді жаю үшін технологиялық нұсқау карталарда оқушылар үшін шығармашылық тапсырмалар қарастырылады. Осының барлығы оқушыларға практикалық сабақтарды сапалы шешуге көмектеседі және  техникалық құжаттарды қолдану дағдысын алуға, олардың жұмыс шарттарын өндірістікке жақындайды. Сонымен қатар технологиялық нұсқау картада монтажды — демонтажды жұмыстарды орындауға негізгі мәліметтер қарастырылуы маңызды.

Технологиялық нұсқау картасының бағалы элементі оқушылардың техника сауатын көтеретін яғни оқылатын механизмдердің немесе машиналардың сұлбасы.

 

 

 

 

 

 

  1. Тракторда жұмыс істеу барысында пайдалынатын қауіпсіздік шаралары

Двигательді жүргізер алдында тракторист оған мұнай өнімдері мен су құйылғанын тексереді, трактор кабинасын май құятын инвентарьді аспаптарды тәртіпке келтіреді. Берілістерді өзгерту қорабының және гидравикалық жүйенің бөлгіш рычагтарын бейтарап жағдайға қояды, қуат сұрыптау білігі мен жетекші искивті ажыратады. Тракторға май құйғанда бактағы отынның мөлшерін өлшемді менейканы пайдаланып анықтайды. Бұл мақсат үшін ашық от қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Ол жарылысқа және жазатайым апатқа апарып соқтырады. Ыстық радиатордың қақпасын ашқан кезде қол мен бетті күйіктен сақтандыру үшін қолғап киіп, радиатордың жел жағында қол созым жерде тұру керек. Радиатордағы ыстық су мен картердегі ыстық майды абайлап ағызған абзал. Уақытша және жылжымалы май құятын пункте трактормен ық жақтан келу керек. Қоректендіру немесе от алдыру жүйесінің ақауы бар даигательді май құятын пункттің аймағында от алдыруға тыйым салынады. Жұмыстан немесе май құйғанннан кейін тракторды май құятын пункттің маңында қалдыруға тыйым салынады.  

Орнынан қозғалғанда және тоқтаған кезде тракторист жұмысшы-тіркеушілерді сақтандыратын гиартты беруге, ал қозғалуды тек жауап сигнал алған соң бастауға міндетті. Әрқашан қозғалардан бұрын трактор мен машиналардың астында, сондай-ақ олардың арасында адам жоқ екеніне, ал шынжыр табандар мен қанаттарда бөгде заттар жоқ екеніне, болжаған жолдың бос екеніне көз жеткізу керек. Орнынан жұлқытпай, жайлап қозғалады. Трактор жүріп бара жатқанда (жұмыс істегенде) машиналардан түсуге және отыруға, трактордан агрегат тіркемесіне немесе оған оған қайта өтуге: агрегатты майлауға, оны реттеуге және техникалық күтім жасаудың басқа операцияларын жеткізуге тыйым салынады. Двигатель істеп тұрғанда агрегаттың құрамына енетін трактор мен машиналардың астында жұмыс жүргізуге, желдеткіштің ременьдерін кигізуге немесе алуға, сондай-ақ олардың керілуін реттеуге тыйым салынады.

Тауға көтерілер алдында трактор тоқтаусыз өрге шыға алатындай берілісті қосу керек. Тауға қарай көтерілгенде тракторды мүмкіндігінше тоқтатпау керек, өйткені оның кері кетуі мүмкін. Егер тауға көтерілген кезде трактор сөніп, трактор артқа қарай жүріп кетуі мүмкін. Машинаның сынуына жол бермеу үшін уақытылы тежеп, тракторды тоқтатады. Тік таудан төмен түскенде тіркемелі машинаны да тежеп отыру керек. Егер тежеуіштер болмаса бір немесе екі доңғалақты рамаға байлайды. Төмен түскенде двигательді тежеуіш ретінде пайдаланып қозғалу жылдамдығын трактордың екпіні мен сырғанауын төмендетуге болады. Бұл үшін тік беткеймен түскенде тіркес муортасы мен төменгі берілістердің бірі қосылып тұрған жағдайда отын беруді толық тоқтатады.

Бір мезгілде бірнеше трактор бір бағытпен жүргенде олардың аралығы горизонталь жолда кемінде 30м, ал өрге көтерілгенде немесе құлдырағанда жұмыстарына падаланғанда тіркемелерде адам тасымалдауға тыйым салынады. Реттелетін табаны бар доңғалақты трактордың аударылып кетуіне жол бермеу үшін доңғалақтарды 1400мм кем болмайтын табанға орнатады. Тайғанақ және мұз жатқан жолдармен жүргенде, лайосеңда туманда, су кедергілерінен өткен кезде ерекше сақ болған абзал. Мұндайда төменгі бірлестермен жүріп, кілт тежемеу керек; қырындап ауытқығанда тіркес муфтасын ажыратпай тракторды сырғанап бара жатқан жаққа қарай бағыттау керек, туманда бағыттау керек.

Темір жолдан жүріп өтуге арналған орындарда ғана ең төменгі бірі іспен және семафор жабық болғанда өтуге болады. Өткелде тоқтауға және берілістерді ауыстыруға тыйым салынады. Темір жол өткеліне жақындағанда жүріс жылдамдығын бақылатып, рельске 10м жақындағанда тоқтату керек; машинадан түсіп жол бос екеніне көз жеткізген жөн.

 

 

Қорытынды

 

       Бірінші тарауда  Алматы облысы, Жаркент қаласы №8 кәсіптік лицей жағдайында жүйесіндегі оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама  жазылған. Кәсіптік лицейдің шығу тарихы, басқару жүйесі, педагогикалық кадрларының сапалық көрсеткіші, мектептің  материалдық-техникалық базасы, оқушылардың қоғамдық шараларға белсене атсалысатыны қарастырылған.

      Екінші  тарауда «Трактор және автомобильдер» пәнін оқытуда оқу жоспары, оқытушылардың сабақта жүргізудегі ролі қарасытырылған.  

     Үшінші тарауда «Тракторлар және автомобильдер» пәні «Автомобильдерге диагноз қою» тақырыбына арналған оқу құжаттары, перспективалық тақырыптық жоспар, сабақты жүргізудің әдістемесі, пәнаралық байланыс, пән бойынша жүргізілген тақырыптың қысқаша конспектісі, лабораториялық-практикалық сабақтың жоспары, звенолардың алмасу кестесі, технологиялық нұсқау картасы қарастырылған.

       Төртінші тарауда  тракторда жұмыс істеу барысында пайдалынатын қауіпсіздік шаралары жазылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. Алшынбай М. Р «Ауыл шаруашылығы машиналарының теориясы» (оқулық)— Алматы: Қаз Мем Агру-1999.203 бет.
  2. Алшынбай М. Р. Әлиев Б.А. «Ауыл шаруашылығы машиналары» — Алматы Қайнар 1979.224 бет.
  3. Қоныспай Қ. «Агроинженерлік орысша-қазақша сөз қоры» Алматы  Агро-университет баспасы, 1997.141бет.
  4. Қоныспай Қ, Қозыбай А «Ауылшарушылығында машина пайдаланудың анықтамалық деректері» (оқу құралы) Алматы: Қаз Мем Агру 1996.160.бет.
  5. Мухин А.А «Машина трактор паркін пайдалануды ұйымдастыру және жұмыс жүргізу технологиясы» (Оқу құралы) Алматы Қайнар 1988.320.бет.
  6. «Селькохозяйственная техника» Каталог 1 и 2т Москва 1982 ж.
  7. Система машин для комплексной механизаций растениеводства Казахской ССР на 19958-2000 год. Алматы 2000.162.бет.
  8. Иофинов С. А. Бабенко Э. П. Зуев Ю. А. «Справочник по эксплуатаций машино-тракторного парка» — Москва Агропромиздат 1985.
  9. Тұрғанбаев С. Г. «Дихан серігі» — Алматы: Қайнар 1989.304.бет.
  10. Фортуна В.И. Миронюк С.К. «Технология механизированных селькохозяйственных работ» — Москва Агропройздат 1986.304.бет.
  11. Фортуна В.И. «Эксплуатация машино-тракторного парка» — Москва 1979ж.
  12. Қ. Қоныспай, А. Қозыбай «Ауыл шаруашылығында машина агрегаттардың теориялық негізі» (оқулық) — Алматы, 2000.196. бет.
  13. Журнал «Техника в селькохозяйстве» №12, 1987. 17. бет.
  14. Васильевская А. К, Маркелова В. А. «Проблемы оптимизации процесса теоритического обучение в СПТУ» — Москва, Высшая школа, 1980ж.
  15. Гришина Л. Н, Левина Г. Г. К методике отбора содержания обучение по техническим причинам. Содержание и методика психолого-педагогической подготовки инженеров педагогов. Средловск; 1990ж. 111-119. бет.
  16. Зотов Ю. Б. «Организация современного урока» Москва, Просвешение 1984.142. бет.
  17. Махмутов М. И, Шакирзанов А. З. Учебный  процесс с использованием межпредметных связей  в СПТУ. Москва, Высшая школа 1985ж.
  18. Скакун В. А. М. Высшая школа, 1987ж.
  19. Силайчев П. А. Основы диагностически инженеров-педагогов.

Свердловск 1990, 102-111. бет.