АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Арал теңізінде мекендейтін камбала балығының жерсіндірілуі және негізгі белгілерінің өзгергіштігі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

 

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

 

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

 

 

Елкеева Гүлсезім Темірханқызы

 

«Арал теңізінде мекендейтін камбала балығының жерсіндірілуі және негізгі белгілерінің өзгергіштігі»

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

 

 

5В080400 — «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

 

Технология және биоресурстар факультетi

 

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

«Арал теңізінде мекендейтін камбала балығының жерсіндірілуі және негізгі белгілерінің өзгергіштігі»

 

                                                                                 Беттер саны _____

Сызбалар мен көрнектi                       материалдар саны____                                                                                      

 

Орындаған : Елкеева Гүлсезім Темірханқызы

 

 

2018 ж. «____» _____________ қорғауға жiберiлдi

 

 

 

Кафедра меңгерушiсi,                      __________ Лукбанов В.М.

 

Жетекшiсi:                                        __________   Мустафин Е.Г.

 

Сарапшы:                                         __________   Есжанов Б.Е.

Нормаконтроль:     ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­                           __________ Токсабаева Б.С.                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

 

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

 

Технология және биоресурстар факультетi

 

Мамандығы 5В080400 — «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»

 

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

 

 

 

Дипломдық жұмысты орындау

 

ТАПСЫРМАСЫ

 

 

Студент: Елекеева Гүлсезім Темірханқызы

 

 

Жұмыс тақырыбы: «Арал теңізінде мекендейтін камбала балығының жерсіндірілуі және негізгі белгілерінің өзгергіштігі»

 

 

 

Университет бойынша 2018 ж «_____»___________ № _____бұйрығымен бекiтiлген

Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2018 ж «_____» ______________

 

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:

  1. Арал теңізінің физико – географиялық сипаттамасы
  2. Арал теңізінің ихтиофаунасының қазіргі жағдайы
  3. Камбала – глосса балығының морфологиялық талдаудың нәтижелері
  4. Камбала – глосса балығының биологиялық талдаудың нәтижелері

 

Ұсынылатын негізгі әдебиет

 

  1. Ә.А.Бәйімбет, С.Р.Темірхан, Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының қазақша – орысша анықтауышы,Алматы-1999.
  2. Перцева-Остроумова Т.А. Размножение и развитие дальневосточных камбал.-Изд-во АН СССР, 1961.-486с.
  3. Шмидт П.Ю. Миграции рыб.- Изд-во АН СССР, 1947.-362с.
  4. Недовшин А.Я. Современное состояние Азовского рыболовства.- Труды Азовско-Черном. Научно-промысл. Экспед., Керчь,1926, 1, с.65-146.
  5. Воробъев В.П. Гидробиологический очерк Восточного Сиваша и возможности его рыбохозяйственного использования.-Труды АзЧерНИРО, 1940,1,12, с. 69-164
  6. Дубровин И.Я. Камбала-глосса . Биологическое обоснование искуственного разведения.-Бердянск, Бердянское отделение АзНИИРХ, рукопись, 1977, с.82-88
  7. Васнецов В.В. Опыт сравнительного анализа линейного роста семейства карповых.- Зоол.журнал.1934,13,3,с.540-583
  8. Хорасанова А.К. Биология глоссы Хаджибейского лимана.- Зоол. журнал, 1949, 28, 4, с.351-354
  9. Замбриборщ Ф.С. Сравнительная оценка морфологической и биологической изменчивости рыб, как критерия рассовых отличий.- «Вопросы экологии», 1957, 1, с.195-203.
  10. Назаров В.М. Возраст и темп роста черноморской глоссы. –Научн. конф. по итогам научно-исследовательских работ за 1965г. Изд-во Кишиневского государственного униварситета, 1966 б, с.70-73.

 

Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілері

 

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

Әдебиетке шолу

Мустафин Е.Г

Қазан, 2017 ж

 

Материалды зерттеу әдістері

Мустафин Е.Г

Қараша, 2017 ж

 

Негізгі бөлім

Мустафин Е.Г

Желтоқсан, 2017 ж

 

 

 

Кафедра меңгерушісі         ________________________           Лукбанов В.М.

 

Дипломдық жұмыс жетекшісі     __________________           Мустафин Е.Г

 

Тапсырманы орындауға                                                                                                             қабылдадым, студент           _______________________         Елекеева Г.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жобаны орындау

ГРАФИГІ

Рет саны

Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

Ескертулер

1

Кіріспе

Қазан, 2017 ж

Орындалды

2

Әдебиетке шолу

Қазан, 2017 ж

Орындалды

3

Зерттеу әдістері мен материалдары

Қараша, 2017 ж

Орындалды

4

Арал теңізінің физико – географиялық сипаттамасы

Қараша, 2017 ж

Орындалды

5

Арал теңізінің ихтиофаунасының қазіргі жағдайы

Қараша, 2017 ж

Орындалды

6

Камбала – глосса балығының морфологиялық талдаудың нәтижелері

Қараша, 2017 ж

Орындалды

7

Камбала – глосса балығының биологиялық талдаудың нәтижелері

Қаңтар, 2018 ж

Орындалды

8

Қорытынды

Ақпан, 2018 ж

Орындалды

9

Пайдаланған әдебиеттер

Наурыз, 2018 ж

Орындалды

 

 

Кафедра меңгерушісі         ________________________           Лукбанов В.М.

 

Дипломдық жұмыс жетекшісі     __________________           Дабжанова С.Т.

 

Тапсырманы орындауға                                                                                                             қабылдадым, студент           _______________________         Елекеева Г.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР……………………………………………….

7

АНЫҚТАМАЛАР…………………………………………………………………..

8

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

9

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………

10

І ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ………………………………………………………………

12

1.1 Камбала – глосса балығының систематикалық жағдайы……….

12

1.2 Камбала – глосса балығының морфологиялық сипаттамасы….

12

1.3 Камбала – глосса балығының көбеюі……………………………………

12

1.4 Глоссаның өлшемдік – жас құрылымы…………………………………

19

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ……………………………………………………………………

23

2.1 Арал теңізінің физико – географиялық сипаттамасы…………….

23

2.2 «Камбала-балық» ЖШС-іне сипаттама………………………………

28

2.3 Зерттеу материалы мен әдістемелері…………………………………….

29

ІІІ ЗЕРТТЕУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ……………………………………………….

31

3.1 Арал теңізінің ихтиофаунасының қазіргі жағдайы ……………….

31

3.2 Камбала – глосса балығының морфологиялық талдаудың нәтижелері ………………………………………………………………………………

33

3.3 Камбала – глосса балығының биологиялық талдаудың нәтижелері……………………………………………………………………………….

38

3.4 Камбала – глосса балығын жерсіндіру нәтижелері………………..

42

3.5 «Камбала-балық» ЖШС-інде балықтарды ыстау………………….

43

ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………

54

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………..

55

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

ГОСТ 7.1 – 2003. «Библиографическая запись. Библиографическое описание документа. Общие требования и правила составления».

ГОСТ 7.32 – 2001. «Отчет о научно – исследовательской работе. Структура и правила оформления»

ГОСТ 50 380 -92 Рыбы и рыбопродукты. Термины и определения

ГОСТ 1368-91 Рыбы всех видов обработки. Длина и масса.

ГОСТ Р 51497-89 Рыба, ракообразные и каракатица.

МЕСТ 7.1 – 2003. «Библиографиялық жазба. Құжатты библиографиялық мазмұндау. Құрудың жалпы талаптары мен ережелері».

МЕСТ 7.32 – 2001. «Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Рәсімдеу құрылымы мен ережелері».

ГОСТ 50 380 -92 Рыбы и рыбопродукты. Термины и определения

ГОСТ 1368-91 Рыбы всех видов обработки. Длина и масса.

ГОСТ Р 51497-89 Рыба, ракообразные и каракатица. Размерные категории

 

                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

Осы диплом жұмысында қолданған терминдердің төмендегідей анықтамалары бар:

Аккилиматизация — белгілі бір түрмен олардын ұрпақтарын жаңа бір ортаға жерсіндіру.

Абиотикалық фактор — судың физико-химиялық қасиеті

Бентофаг — бентоспен қоректенетін организм.

Биологиялық мелиорация – ихтиофаунадағы түрлік құрамының жоғарлауы үшін жүргізілетін шаралар; маңызссыз балықтарды аулау; кәсіптік және бағалы балықтардың тіршілік жағдайына қолайлы орта туғызу; жыртқыш және өсімдікқоректі балықтарды суқоймаға жерсіндіру.

Балық питомниктер – балық өсіретін материалдарды өсіру.

Дернәсіл — аралас қорекке көшу уақытына қабыршақтың бастамасы салынғанға дейінгі уақыт.

Фитофильдер – уылдырығын су өсімдіктеріне шашатын балықтар.

Фитопланктон – су қабатының төменгі сатысындағы бір клеткалы балдырлар мен бактериялар.

Фультон бойынша қондылық — толық салмағы бойынша қондылық коэффициенті.

Фитофаг – өсімдіктермен қөректенетін организм.

Кларк бойынша қондылық — іш құрлыссыз салмағы бойынша коэффициент қондылығы.

Кәсіптік аулау – белгіленген бір уақыт кезеңінде қолданылатын аулау құралдарының жалпы саны.

Екі жылдық — екі вегетациялық кезең өмір сүрген балық.

Порционды – уылдырықтарын бөліп-бөліп шашуы.

Ихтиология — балықтар жайындағы ілім.

Ихтиофауна — суқоймадағы гидробионттардың түрлік құрамы.

Популяция — белгілі бір аймақта мекендейтін, белгілі аймақта уылдырық шашып, қыстайтын, бір түрге жататын түрлі балық топтарын белгілейтин термин.

Шабақ – барлық денесі қабыршақпен қапталған, сыртқы пішін бойынша балыққа ұқсас.

Планктон — су қабатын мекен ететін гидробионттар.

         Уылдырық шашу – балықтардың қоректену немесе қыстау аймағына уылдырық шашатын жерге көшуі.

 

 

 

 

 

 

 

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

м — метр

Q — балықтардың толық салмағы;

q — балықтардың   іш құрлыссыз салмағы;

L – балықтардың толық ұзындығы;

l – құйрық қанатсыз ұзындығы;

n — балық саны;

мм – миллиметр

см – сантиметр

кг — килограмм

г — грамм

т – тонна

км2 – 1 шаршы шақырым

км 3 – 1 куб шақырым

га — гектар

ж. – жыл

% — пайыз

т.б —   тағы басқа

         ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

min — минимум;

maх – максимум;

 

 

КІРІСПЕ

 

Арал ауданында қалыптасқан жалпы қолайсыз экологиялық және әлеуметтік-экономикалық әл-ахуал барлығымызға мәлім. Арал теңізі орталық Азияның континенттік ішкі су қоймасы ретінде экономикалық маңызды толығымен жоғалып бара жатқандығы туралы берік және жалпыға ортақ әсер қалыптасты. Арал экологиялық апаты аясында: Сырдария мен Амудария ағысын реттеу (жалпы судың теңізге құйылуының тоқтатылуы), теңіз суы тұздылығының 6-8 промильден 25-35 промильге (2/1 литр) күрт артуы, Арал теңізінің «Үлкен» (тұздылығы 60-80 промильге дейін) және «Кіші» (тұздылығы 30 промильге дейін) Арал деп аталатын екі су айдынына бөлінуі, жағалаулардың шөлге айналуының үдеуі және т.б. көріністер орын алды.

Қызылорда облысы, Арал ауданында тұратын Солтүстік Арал маңының (кіші Арал) жергілікті халқының 80 мыңы, яғни 40% астамы еңбек ресурстары экологиялық дағдарысқа дейін балық аулау және балық өңдеу салаларымен тығыз байланыста болған. Арал қаласындағы «Аралрыбпром» өндірістік бірлестігі және жағалауларда орналасқан 14-ке жуық балық зауыттары мен балық колхоздары Арал теңізі бойынша балық аулаумен айналысатын негізгі орталық болып табылатын. Балық аулау көлемінің азаюы, өнеркәсіптік теңіз балықтарының жоғалуы, балық флотының, айлақтар мен инфрақұрылымдардың жойылуы — Арал ауданындағы Сырдария сағасында, көлдерде (Қамыстыбас) маусымдық өндіріспен айналысатын кәсіби балықшылар санының бірнеше жүзге азаюына әкеп соқтырды. 20-дан астам жыл бұрын, 1979 жылы тартыла бастаған Арал теңізіне Азов теңізінен Қазақстан үшін мүлде өзгеше балық түрі-қаратеңіз камбаласы немесе глосса камбаласы әкелінді (Platichthys flesus luscus Pallas). Глосса камбаласының ерекшілігі – судың жоғары деңгейдегі тұздылығына және су деңгейіне тез бейімделеді. Қазіргі уақытта, 2002 жылдан бастап Арал теңізін қайта өмірге әкелу маңызды кезеңді бастан өткеруде. Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру және жағдайын жақсарту, Кіші және болашақта Үлкен Аралдың ахуалын өзгертуге септігін тигізетін Көкарал бөгетінің құрылысы бойынша жобаны қолға ала бастады. Жобаның жалпы құны 80 млн.АҚШ долларын құрайды. Еуропалық қауымдастық Арал аумағындағы дағдарыс жағдайын анықтау және болжау мақсатында 2000 жылдан бастап ТМД елдерін қолдау бағдарламасы аясындағы «Арал теңізі» арнайы ғылыми – техникалық жобаны қаржыландырады. Аралды зерттеу және көмек көрсетуге бағытталған зерттеулер мен тәжірибелік жобалар қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

2003-2004 жылдары ҚазҰМУ — дың биологиялық проблемалар институты, «Казахрыбпромсбыт» Ассоциациясының «Арал жобасы» лабораториясы, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Арал филиалы қызметкерлері камбала глосса балығының морфологиясы мен биологиясын бойынша зерттеулерді жүргізді.

 

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Арал теңізінде мекендейтін камбала глосса балығының морфологиялық және биологиялық сипаттамасын зерттеу және жерсіндіру нәтижелерімен танысу

Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер қойылды:

  1. Камбала глосса балығына морфологиялық талдау жүргізу
  2. Камбала глосса балығына биологиялық талдау жүргізу
  3. Камбала глосса балығының жерсіндірілуі нәтижелерімен танысу және қазіргі таңдағы көрсеткіштерімен салыстыру

 

І ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1 Камбала – глосса балығының систематикалық жағдайы

 

Камбала – глосса балығының Ә.Бәйімбетовтың анықтауышы бойынша [1] систематикалық жағдайы: отряды Камбалатәрізділер-Pleuronectiformes, тұқымдасы Pleuronectidae – камбалалар, туысы Platichthys – өзен камбалалары, түрі Platichthys flesus – өзен камбаласы, түршесі Platichthys flesus luscus (Pallas) – глосса (бұрын Pleuronectes flesus luscus – деп аталған).

 

         1.2 Камбала – глосса балығының морфологиялық сипаттамасы

 

         Камбала балықтарының денесі екі бүйірінен қысыңқы, денесінің бір бүйірі оның бауырының, екіншісі арқаның қызметін атқарады. Олар жантайып жүзеді. Ересектерінің екі көзі де денесінің бір жағына орналасқан, яғни ассиметриялы. Бұлардың екі бүйірінің түсі мен қабыршақтарының және бүйір сызығының пішіні мен едәуір айырмашылығы бар: көзі жоқ, бүйірі жалпы ақшыл, ал көздері бар бүйірі ашық түсті бояулы, көпшіл жағдайда онда әртүрлі дақтар немесе көлденең жолақты өрнектері болады. Арқа және құйрық асты қанаттары ұзын, құрсақ қанаттары кеуде қанатының алдында орналасқан.

Камбала тәрізділер – теңіз балықтары, көпшілік жағдайда жағаға жақын тіршілік етеді, кейбір түрлері өзендерде өрістейді. Бұлар тропикалық және субтропикалық суларда мекендейтіндер, қоңыржай теңіздерде аз кездеседі.

Өзен камбаласының басқа камбалалардан айырмашылығы: арқа және құйрықасты қанаттарының талшықтарының түбінде сүйекті бұдырмақтар және денесінде жұлдызша пластиналар (майда жалпақ сүйектер сыртында) бар. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінде жерсіндірілген. Орташа ұзындығы 37 см және орташа салмағы 930 г. [1]

 

           1.3   Камбала – глосса балығының көбеюі

 

       Ареалдың әр түрлі аудандарындағы көбею жағдайы. Ареалдың әр түрлі аудандарында өзен камбаласы әр түрлі ұзындықта және әр түрлі жаста өсіп жетіледі. Солтүстік аудандарда пісіп жетілу кеш, ал оңтүстікте ерте өтеді. Баренц және Солтүстік теңізде ол 22,4 – 29,5 см ұзындықта 4 – 5 жаста өсіп жетіледі.

       Солтүстік теңізде камбаланың ұрық шашуы мұхитқа жақын 32 – 35% тұздылықта жүреді. Ақ теңіздің Кандалак сарқырамасында ұрық шашу периодындағы тұздылықты тікелей мұздың еруіне байланысты, әдеттегі тұздылық 25 – 29%. Тұщылау келген Балтық теңізінде камбала ұрық шашу кезінде максимальді тұздылықтағы теңіздің терең жерлеріне кетеді. Тұздылық стратификация сипаттамасына қарағанда бұл қабаттар тұздылығы 20% шамасында. Бірақ, Балтық теңізінің кейбір аудандарында камбала уылдырығын қатты тұшы қабаттардан да табады – 6 – 7%.

       Қара теңіздегі камбаланың уылдырық шашуы әдеттегі тұздылықты – 17 – 18% жағалау аумақтарында жүреді.    

    Platichthys тегі камбала көбеюінің жалпы жағдайы

     Т.А.Перцев – Остроумова «камбаланың ұрық шашуы орта тұздылықты теңіз суының бүкіл ареалды қамтиды» деген тұжырымға келді. Камбала көбею үшін қажетті оптимальді тұздылық ашық мұхит деңгейіне жақын болуы керек. Тұздылығы төмен теңіздерде камбала ұрық шашу кезеңінде тұздылықтың максимальді мәні аумақтарында ұсталады.[2]

     П.Ю.Шмидт камбаланың ұрық шашу кезіндегі оның түрлік қасиеті секілді, жоғары тұздылықты аудандарда орналасуын анықтады.[3]

     Қаратеңіз бассеніндегі глоссаның өсіп көбеюі толықтай зерттелмеген. Теңізде глосса 3 – 4 жылда 18 – 24 см ұзындықта, ал тұзды суда 14 – 20 см 2 – 3 жыл өседі. Теңіз формалы ең үлкен ұрғашысы, жұмыртқа көлемі III – IV сатылы, 15,8 см ұзындықта болды. Бурнаста жыныстық жетілген ұрғашы және еркек минимальді көлемде болды – 12,4 – 11,8 см.

 

 

Қара теңіздегі глоссаның ұрық шашуы қаңтардан мамырға дейін, максимум ақпан — наурызда. Румын жағалауларында глосса ұрықтануы наурыз және мамырда байқалған. Кейбір авторлар глоссаның өсіп жатқан уылдырығы маусым, шілде, қыркүйек айларында табылғандығын айтады.

       Тұзды аумақтарда глосса ұрығын бақылаған зерттеушілер, бұл жерде теңізбен салыстырғанда мерзім аз болғандығын көрсетеді. Ұсақ тұзды жағдайларда жақсы және қысылған глосса ұрығы , оларға қажетті ерте оптимальді температура және осы температураның жалғассыз сақталуымен сипатталады.

       Қаратеңіздегі глоссасының ұрықтылығы жөніндегі хабарламалар да бар. Әр түрлі авторлар мәліметтеріне қарағанда ол 41,8 ден 2,751 млн уылдырыққа дейін жетеді.

       Уылдырықтың таралуы, өсуі және құрылымын, дернәсілдердің өсуі мен құрылымын зерттеу, пісіп жетілуі және уылдырық өсіру түрі сипатталады.

     Глосса ұрығы +2 ден +13С дейінгі оптимальді градиентте, су температурасы – 2 ден +16-18 жүретіні дәлелденген.

     Азов теңізінде және басқа да тұзды лимандарда глосса көбеюі қазіргі кезге дейін аз зерттелген.

     Азов бассейніндегі глоссаның өсіп жетілуі жайлы алғашқы мәліметтер А.Я.Недошивина еңбектерінде келтірілген. Ол Гени аудандарында ұрғашылардың пісіп жетілуі үш жасынан басталады, Сивашта ұрық шашу қаңтардың соңынан наурыздың ортасына дейін, ал Утлюк лиманында ақпанның басынан наурыздың соңына дейін жалғасады. Сонымен қоса Сивашта ұрық шашу акваторийдың барлық бөлігін қамтымайды, тек қана солтүстік екі ауданда ғана. .[4]

     В.П.Воробьев Сиваштағы глосса ұрық шашуын қаңтардың соңынан наурызға дейін деп көрсетті. Ол алғаш азов глоссасы ұрықтылығы жөніндегі мәліметті 800 мың уылдырыққа жеткізді. В.П.Воробьев бірнеше ихтиопланктонды трален келтірілді, өсіп жатқан уылдырық және дернәсілдер ұсталған.[5]

     Азов глоссаларының көбеюі туралы соңғы мәліметтерді И.Я.Дубровин келтірген. Автор Азов теңізіндегі глосса ұрық шашуы басталуын 14% тұздылықта +2 температурада ,ал Сүтті лиманда 0,5С және 18 – 22% басталатынын белгіледі. [6]

       Біздің байқауымыз бойынша Азов теңізі бассейіндегі глосса ұрық шашуы желтоқсаннан мамырға дейін, әрі кетсе ақпан — наурызға дейін созылады. Бірлік особьтер уылдырық шашуды 0 ге жақын температурада бастайды; VI-IV сатыдағы жыныстық өнім соңғы өндірушілер +10-11С кездесті. Жалпы ұрық шашу судың +3 – 8С температурасында жүреді.

     Азов глоссасы әр түрлі уылдырық шашу аудандарында судың қышқылдылығы 13,2 ден 35% ауытқыды; судағы еріген оттегінің мөлшері 6,0 ден 11,2 мл\л.

     В.Сивашта және Сүтті лиманда глосса ұрық шашуы 1,5 – 3,0 м тереңдікте, ал қыста мұз астында өтеді. Азов теңізінде жағалауға жақын 5 – 8 м тереңдікте.

     1980 жылдан өрістеу миграциясы, жетілуі, өрістеудің интенсивті өзгеруі, тұқымдылығы, уылдырықтың және дернәсілдердің саны зерттелді.

     Жыныстық жетілудің басталуы, жасы және көлемі.

     В.В.Васнецов балықтардағы жыныстық жетілуді жаспен емес, белгілі бір мөлшерге келуімен байланыстырады, белгілі бір популяция балықтары жәй өскен сайын , олардың жыныстық жетілуі де кеш болады. [7]

     Біздегі мәлімет бойынша, (II-III-IV сатылы жетілу) теңіз формалы жетілген еркек минимальді көлемі 1981 жылы Обит сарқырамасында – 13,1 см болды, жасы 2 жыл. Бұл жастағы жетілген ұрғашының минимальді көлемі – 14,9 см. Теңіз формалы екі жылдық жастағы жыныстық жетілген еркек үлесі уылдырық шашу басталу кезінде 70,2% жетті. Үш жылдық еркектердің бәрі жыныстық жетілген болды. Екі жылдық жастағы ұрғашылардың арасында тек қана 30,6% балық жетілген гонадалы болды; үш жылдық балықтардың бәрі жыныстық жетілген болды. Жоғары жас топтары балықтары арасында жыныстық жетілмегендер байқалмаған.

       Осыған орай, азов глоссасы теңіз популяциясының жыныстық жетілуі 2 – 3 жас аралығында. Мұнымен қоса еркектері массада екінші жылда, ал ұрғашылар үшіншіде жетіледі.

       Глоссаның лимандық формасының жетілуі теңіздіктен ерте жүреді. В.Сиваштағы лимандық глосса еркегі 11,3 — 12,9 см   ұзындықта бір жыл жаста жетіледі. Осы жастағы жыныстық жетілген еркектердің үлесі 15,4% құрайды. Екі жылдық жаста барлық лиман формалы еркектер жыныстық жетілген.

       В.Сиваштағы лиман популяциясының ұрғашылары 12,8 – 13,4 см ұзындықта бір жыл жаста жетіледі. Жыныстық жетілген ұрғашылардың бұл жаста бар болғаны 5,6% құрайды, екі жасында 77,3%, ал үш жасында барлық ұрғашылар жыныстық жетілген.

     Азов және қаратеңіз глоссасы жыныстық жетілу басталуын салыстырғанда азов теңіз формасының ерте жетілетінін көрсетеді: қаратеңіздік 3 – 4 жасында жетіледі, ал азовтық камбалалар біздің мәлімет бойынша 2 – 3 жаста жетіледі.

       Осыған орай қаратеңіздік глоссаның лиман формасының жетілуі жөніндегі мәлімет қарама қайшы. А.К.Харосанова Хаджибей лиманындағы глоссаның негізгі массасының жетілуін 2 жас деп көрсетеді.[8] Ф.С.Замбриборщ жалпы материалда бұл лимандағы глосса 1 – 3 жасында жыныстық жетілетіндігін көрсетті. Автор мәліметі бойынша бір жаста ұрғашылардың 10,4% және еркектердің 24,2% жыныстық жетіледі, үш жаста 0,4% ұрғашы және 2,9% еркек; негізгі масса 2 жаста жетіледі. [9]

       В.М.Назаров мәліметі бойынша Хаджибей лиманы глоссасы алғаш жыныстық жетілуі 2 жасында ғана жетеді. [10]

     Біздің мәліметтер бойынша азов лимандық формасының жыныстық жетілуінің басталуы бір жасында байқалған.

       Азов теңіз формасының ерте жетілуі қаратеңіздікімен салыстырғанда, біз оның өсу қарқынының жоғарылылығымен салыстырамыз.

       Глоссаның лиман формасының ерте жетілуі оның теңіздікпен салыстырғанда су температурасының жоғарылылығымен түсіндіріледі. Су температурасының жоғарылауы, түрге тән қажетті диапазон шегіне кірмейтін, көп жағдайда өсуге қарағанда жетілуді қарқындатады.

       Уылдырық шашып көшіп қону, уылдырық шашу

     Азов Қаратеңіз бассейнінде глосса биологиясының қажетті мөлшерде кеңінен зерттелгеніне қарамастан, әдебиеттерде олардың көшіп қонуы жөнінде дұрыс мәлімет жоқ.

       Утлюк сарқырамасындағы В.Сиваштан шыққан азов глоссаларының уылдырық шашып көшіп қонуы жөніндегі кейбір болжамдарды В.П.Воробъев келтірді. Арнайы зерттеулер жүргізілмеді.

       Азов теңізінен Сүтті лиманға және одан қайта көшіп қону туралы фрагменттік мәліметтерді М.П.Тарнавский келтірді. Автор «глоссалардың Сүтті лиманға кіруі көктемде, ал онан шығуы күзде жүреді» деп айтты. [11]

       Біздің Азов бассейніндегі глоссалардың көшіп қонуын бақылауымыз 1978 жылдан 1980 жылға дейін үш жыл бойы жалғасты. Бұл жұмыс ерекше мақсатты бағытта 1979 жылдың екінші жартысында және 1980 жылдың бірінші жартысында жүрді. Негізгі зерттеулер Сүтті лиманның Азов теңізімен байланысқан ауданында орналасқан АсНИИХР бөлімінің Бердян экспериментальді базасында жүрді. Қосымша бақылау Азов теңізінің В.Сивашпен байланыстыратын Тонкий сарқырамасында жүргізілді.

       Материалдарды ай сайын қаңтардың алғашқы декадасынан желтоқсанның соңына дейін, яғни жыл бойы жиналады.

       Глоссаны бақылау әр түрлі ұяшалы желбезекті торша көмегімен жүргізілді. Торшалар Сүтті лиман мен В.Сиваш теңізін байланыстыратын сарқырама бұрыштарында, сонымен қатар осы су қоймаларына жақын теңіз аудандарына қойылды. Бір кезекте күнделікті гидрометреологиялық бақылау жүргізіліп, судың тұздылығына сынамалар алынды.

       Жақсы гидрометреологиялық жағдайларда, тікелей есептеу әдісімен, глоссаның Сүтті лиманындағы ОЗС арқылы кіретіндерді есептен өткізді. Мұндай бақылаулар түнде жақсы жүреді. Бұл периодта біз ОЗС плотинасында , каналдағы судың екі метр қабатын анық көрсететін мықты лампа қостық. Қысқы уақыттарда судың жоғары мөлдірлігімен байланысты гидрожағалауларда жеке балықтардың өту жолдары айқын бақыланды. Глосса жарықтан қашпайды.

       Бақылаулар, Сүтті лиман және В.Сивашқа уылдырық шашу көшіп қонуы теңіздегі су температурасы +15 ден – 10С дейін түскенде басталады , ал көктемде теңіз су температурасы +9 -11С дейін көтерілгенде аяқталады. Уылдырық шашу көшіп қонуының жалпы ұзақтығы 6 – 7 ай, бірақ Сүтті лиман және В.Сивашқа глоссаның жаппай кіруі 3 – 4 айға созылады.

       Глоссаның Азов теңізінен тұзды лимандарға жаппай уылдырық шашып көшіп қонуы су толқыны 0 ден 2-3 балға дейін, жұмсақ бұлыңғыр ауа райында, лиманнан теңізге бағытталған жай ағында жұреді. Сәйкес ауа райы қойылып жатқан алғашқы тәулікте лиманға глосса кіруі келесі күндерге қарағанда төмен.

     Уылдырық шаша көшіп қону кезінде глосса, бірінші және екінші түйіндер арасында тығыз жасап, жағалауға жақын жіңішке жолақтарда ұсталады. Оның бұл биологиялық ерекшелігі бақылау кезінде аңғарылған болатын.

       Бірінші стандартты торға глоссаны максимальді ұстау бір түнде 25 – 30 кг құрады. Тор қозғалатын матаға айналып, келесі балықтар шығып кететіндіктен үлкен ұстаулар байқалмады. Бұл байланыста, М.П.Тарнавский дің балық аулаушылар сөзімен жасалған, осы ауданда бір торға глоссаның 1 цнт алғандығы жөніндегі мәлімдемемен келісу қиын. [11]

     Азов теңізінен Сүтті лиманға ОЗС арқылы кіретін глоссаны көзбен есептеу нәтижесінде , Сүтті лиманға жаппай көшіп қону периодында тәулігіне бір мыңнан көп кіретіні анықталды.  

     Теңіз ағынында және жоғарыда көрсетілген жақсы факторлар ортасында, Сүтті лиман мен В.Сивашқа глоссалардың кіруі теңіздің қайта ағынына қарағанда 3 – 4 рет интенсивті.

     Бұл глоссаның уылдырық шашып, көшіп қонуы кезіндегі жағалаудан алыста, жоғары тұздылықты ағынға бағыт ұстап жүретінімен байланысты. Зерттелген су тоғандарында барлық уақытта теңіздікіне қарағанда тұздылығы жоғары.

     Уылдырық шашып көшіп қонуды ірі, көлемі жағынан жақын өндірушілер бастайды. 1979 ж\не 1980 ж желтоқсан қаңтар айларында теңізден Сүтті лиманға кіретін еркек орташа ұзындығы 18,4 см құрайды, уылдырық шашудың соңына қарай ол 17,0 см төмендеді. Уылдырық шаша жүрудің басында негізгі аулау 15 – 20 см ұзындықта еркектерінің жалпы санынан 66,7% құрайтын еркектер болды. Уылдырық шаша жүру кезеңінің соңына қарай 14 – 18 см ұзындықтағы еркектерді доминанттады.

     1979 жылдың желтоқсанынан – 1980 жылдың қаңтарына дейін уылдырық шашуға Сүтті лиманға қоныс аударған ұрғашылардың орташа ұзындығы 22,9 см. Наурызда ол ұсақ өндірушілер есебімен, 19,4 см дейін төмендеді.

       Мұндай заңдылық В.Сивашқа кірген глоссаларға да тиісті. 1980 жылы желтоқсанда В.Сивашқа қоныс аударған ұрғашы мен еркектердің орташа ұзындығы сәйкесінше 18,5 және 22,4 құрайды. Сүтті лиманға қоныс аударған сол көлемдегі саны бойынша доминадталған: ұзындығы 16 – 20 см еркектер, 20 – 24 см ұрғашылар.

     1981 жылдың наурызында теңізден В.Сивашқа кірген ұрғашы мен еркектердің орташа ұзындығы сәйкесінше 17,2 және 19,3 см дейін төмендеді, яғни осы кезеңдегі Сүтті лимандағы балық көлеміне тең болды.

   Теңізден Сүтті лиманға және В.Сивашқа қоныс аударған өндірушілер, IV,IV-V өсу сатысында физиологиялық жағдайына жақын болды.

     Тұқымдылығы.

     Азов және Қара теңіз бассейндеріндегі глоссаның ұрықтылығы туралы мәліметтер бірқатар авторлар еңбектерінде келтірілген. Өкінішке орай, көрсетілген аудандардағы өнімділік мәні балық көлемімен байланысты емес, өңделген материалдар мөлшері туралы мәліметтер жоқ. Әр түрлі өсу аумақтарындағы глоссаның ұрықтылығы туралы жақсы мәліметтер В.М.Назаров еңбектерінде кездеседі. Ол глоссаның лимандық түрі ұрықтылығы теңіздіктен жоғары деген қорытындыға келді. Автордың мәлімдеуінше, теңіз глоссасының абсолютті ұрықтылығы балық көлеміне байланысты 486 дан 1298 мың уылдырық арасында, ал лимандық 573 тен 1439 мың арасында ауытқиды. [10]

       Лимандық түрдің жоғары ұрықтылығын В.М.Назаров ортаның үлкен градиентті факторларымен ұсақ лимандардағы глоссаның жағымды жағдайларда өсуімен түсіндіреді. [10]

    Азов глоссасының ұрықтылығы туралы мәліметтер тек қана В.П.Воробъев еңбектерінде кездеседі. Ол оның ұрықтылығы жоғары және орташа 800 мың уылдырыққа жетеді деп мәлімдейді. [5]

         Біз 145 әр түрлі мөлшердегі ұрғашылардың ұрықтылығы анықталған. Материалдарды жинау 1979 – 1981 ж аралығында уылдырық шашу кезеңі алдында Сүтті лиманда және В.Сивашта жүргізілді.

       Ұрықтылық II – IV, IV және V өсу сатыларындағы жыныстық өнімді , есептік салмақты әдіспен сарыуыз ооциттерінің есебімен ұрғашыларда анықталды.

       Екі аудандағы зерттеуде азов глоссасы ұрықтылығы әр түрлі болды. Сүтті лиманда ол балық ұзындығына байланысты 155 тен 1320 мың.уылдырық арасында ауытқиды. В.Сивашта дәл осы глосса ұрықтылығы аз болды — 124 тен 897 мыңға дейін.

       Глосса ұрықтылығы туралы алынған мәліметтер тек қана оның ауытқу мәні туралы түсінік береді. Глосса ұрықтылығы туралы алынған мәліметтер, балық көлемі мен өсу ауданына байланысты Азов Қара теңіз бассейндерінде ұрықтылық ауытқуы өте үлкен екенін көрсетеді – 47,3 тен 2,7 млн.уылдырыққа дейін.

       Жалпы түрде теңіздікімен салыстырғанда лиман түрлі глоссаның жоғары ұрықтылығын көруге болады. Сонымен , Хаджибей лиманы глоссасының шекті абсолютті ұрықтылығы 2751 мың уылдырықты құрайды, Ю.П.Зайцев мәліметі бойынша Қаратеңіз солтүстік батыс лиман топтары үшін 1439 мың, [12], В.М.Назаров мәліметі бойынша Шаболат лиманы үшін 1302 мың [10]. Теңіз түрінің шекті ұрықтылығы А.В.Кротов бойынша 1 млн.уылдырыққа дейін, [13], К.А.Виноградов [14] және К.С.Ткачев бойынша 1,5 млн.дейін, [15], В.М.Назаров бойынша 1015 және 1298 мың [10].

       Азов теңізі аудандарындағы екі зерттеуде, ең жоғары абсолютті ұрықтылық Сүтті лиманда уылдырық шашқан глоссаларда байқалған.

       Балықтардың абсолютті ұрықтылығы дене массасына тікелей байланысты екендігі ертеде дәлелденген. Сондықтан , бір түрдің әр түрлі топты бойынша материал алу үшін қатысты ұрықтылық көрсеткіштері жиі қолданылады.

       В.Сивашқа қарағанда 2,2 ден 2,8 мың уылдырық Сүтті лиман глоссасының қатысты ұрықтылығы 3,7 мың уылдырықтан жоғары келеді. Сонымен қоса, глосса көлемі өсуімен қоса қатысты ұрықтылықтың да артатындығы тура заңдылық байқалған.

     Сүтті лиманның В.Сиваш глоссасымен салыстырғанда қатысты және абсолютті жоғары ұрықтылығын, оның Сүтті лимандағы жағымды жағдайға біріншіден, осы су қоймасының тұздылығының төмендігімен байланысты.

       Өзен камбаласы қатысты ұрықтылығы бойынша бар мәліметтерді қарсы қою қызықты. Өзен камбаласының әр түрлі қатысты ұрықтылығымен үш аудан бөліп алынады. Максимальді қатысты ұрықтылық Ақтеңізге тән – 4,0 ден 4,8 мың уылдырық. Одан әрі Балтық теңізінің шығыс бөлігі 2,1 ден 3,6 мың уылдырыққа дейінгі ауытқумен бөлінеді. Бірақ , қатысты ұрықтылық реттік ұзындығы Азов бассейні глоссалары үшін байқалған: Сүтті лиманда 2,4 тен 3,7 мың уылдырыққа дейін және В:Сивашта 2,2 ден 2,8 мың уылдырыққа дейін.

       Өзен камбаласының қатысты ұрықтылығының төменгі көрсеткіші Балтық және Солтүстік теңіздің оңтүстік батыс аудандарында байқалған.

       М.И.Шатуновский Ақтеңіздің Кандалак сарқырамасындағы өзен камбаласының жоғары қатысты ұрықтылығын, жыртқыштардан болатын қысым сияқты жағымсыз жағдайлармен түсіндіріледі. [16]

       Мұздың көп мөлшерін салуды талап ететін, соңғысына бұл теңіздегі тұрақты емес тұздылық режимін қосу қажет деп есептейміз. Өзен камбаласының көбею кезінде, Кандалак сарқырамасында мұз еруінен болатын тұздылықтың бірден төмендеуін С.Г.Соин байқады. Ол Кандалак сарқырамасы суының көпсулы жылдары тұздылығы 14% дейін төмендейді және өзен камбаласының пелагиялық уылдырығы су түбіне түсіп, қырылады. [17]

       Балтық теңізінде өзен камбаласы көбеюінің жағымды жағдайы оның солтүстік шығыс бөлігіне тиесілі, мұнда тұздылық бұл түр өнімділігі үшін өте төмен – 6 – 7,5%.

       Балтық және Солтүстік теңіздің оңтүстік батыс аудандары үшін өзен камбаласының төмен қатысты ұрықтылығын М.И.Гатуновский тұрақты тұздық және газдық режиммен түсіндіреді. Балтықтың оңтүстік батыс аудандары тұздылығы 26 – 28%.[18]

       Өзен камбаласының табиғи тиімділігіне тұздылықтың қатысы бойынша мақсатты бағытталған жүргізілген зерттеулер негізінде 5.6 бөлімде, зерттелген су қоймалары тұздылық деңгейіне байланысты өзен камбаласының қатысты ұрықтылық заңдылығы жақсы көрсетілген.

     Оның «аналық» басталуынан немесе тұздылық оптимумынан таралуына байланысты қатысты ұрықтылық жоғарылауы туралы заңдылық байқалған. Сонымен, қатысты ұрықтылық пен тұздылықтан тыс таралған, 31 – 34% тұздылық деңгейінде өзен камбаласы минимальді қатысты ұрықтылықты – 1,6 мың уылдырық болатындығы көрсетті. Одан әрі, тұздылықтың 26 – 28% төмендегенде қатысты ұрықтылық 1,7 – 1,9 мың уылдырыққа дейін өседі; В.Сиваштың солтүстік бөлігінің көпжылдық режиміне сай, тұздылық 20% болғанда қатысты ұрықтылық 2,4 мың уылдырыққа дейін көбейеді. Азов теңізінің Сүтті лиманына және Балтық теңізінің шығыс аудандарына тән 6 – 14% тұздылыққа қатысты ұрықтылық 3,1 мың уылдырыққа жетеді. Ақтеңізде тұздылық 14 тен 26% өзгергенде қатысты ұрықтылық орташа 4,4 мың уылдырықты құрайды.

       Ақтеңіздегі өзен камбаласының қатысты ұрықтылық мәні, қойылған заңдылықтардан тыс қосымша факторлардың мықты әсерімен түсіндіріледі.

     Балтық теңізіндегі планктондардағы дернәсіл мен уылдырық мөлшері арасындағы тікелей тәуелділік, тұздылық деңгейімен бірге, соңғы жылдардағы БалтНИИРХ қызметкерлерімен байқалған. Г.Б.Грауман дернәсіл және уылдырық Шығыс Балтық аудандарында заңды түрде өседі. [19]

 

         1.4 Глоссаның өлшемдік – жас құрылымы

 

       Азов глоссасының өлшемді – жас құрылымы соңғы жылдарға дейін зерттеусіз қалып келді. Бассейіннің кейбір аудандары үшін (Сүтті жайылма қойнау, В.Сиваш) мұндай мәліметтер тек жазғы мезгіл үшін 1955 ж (Павлов, 1960; Тарнавский, 1960) шағын материалмен алынды. Азов глоссасының өлшемді – жас құрылымының тым кеш зерттелуі автор нұсқағандай, теңіздік және жайылмалы емес, тек теңіздік түріне қатысты болуы мүмкін. И.Я.Дубровин зерттеулері Сүтті қойнауда қаңтар-сәуір айларында қойнауға уылдырық шашуға келген теңіздік түр басым болған мерзімде жүргізілді. [6]

       Жайылмалы түр мен теңіздік түрдің айқындалған топтары өлшемді – жас құрылымы жағынан өзгешеленеді.

       Теңіздік түр. Қыс – көктем мезгілінде (қаңтар-наурыз) теңіздік түр Сүтті қойнауда негізінен алты жас топтарымен ұсынылды, (2-7-жастағылар). 8-9 жас шегіне жеткен даралар (0,32%) аз ғана мөлшерде кездеседі. Оған қоса, ең көп жасқа (9 жас) аналықтар ғана жетеді. Ұстап алынған 9 жастағы аналықтың ұзындығы 37,2 см және массасы 930 г. Ауланған аталықтардың ең көп жасы 8 жасқа жетті. Көрсетілген жастағы аталықтың тұқымдары азғындалғаны белгіленді. Бұл дананың ұзындығы 30,1 см, массасы-484г.

       Келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, уылдырық шашу үшін Сүтті қойнауға кіретін балықтардың үлесі, жасы өскен сайын күрт төмендейді. Екі жасарлар қойнауға кірген балықтардың санынан 51,8 % құрайды; үш жасарлар – 30,3%. Толығымен екі және үш жастағы балықтар жыныстық жетілген топ санының 82,1% құрайды. Төрт жасарлардың үлесі 10,4% дейін; бес жасарлардікі – 4,1% ; алты және жеті жасарлардікі – 3,1%, яғни жасы ұлғайған сайын пайыздық көрсеткіші төмендеуде.

         Уылдырық шашу кезеңінде теңіздік түрдің ұзындығы 15-21 см, ортамен 84% құрайтын балықтар басым болады.    

      Аналықтар арасында ең көбі – ұзындығы 17 см-ден бастап 23 см-ге дейінгі балықтар, аталықтар арасында – 15 см-ден 17 см-ге дейінгі.

       Өлшем құрамы бойынша глоссаның жыныстық диморфизмі анық білінеді. 2 жастағы аталықтардың орташа ұзындығы 16,5 см, аналықтарда – 18,4 см. Дене массасы бойынша тиісті айырмашылықтар белгіленген. 2 жасар аталықтардың орташа массасы 75,2 г; аналықтарда – екі есе үлкен – 145,1 г. Азов глоссасының теңіздік түрінің барлық келесі жас топтары үшін ұқсас өзгерістер сақталады.

     Уылдырық шашу үшін Сүтті қойнауға кіретін теңіздік түрдің өлшемді – жас құрылымының ерекшелігі болып аталықтардың басымдылығы саналады. Олардың үлесіне орта есеппен зерттелген балықтардың жалпы санының 61,8% келді. Оған қоса 2 және 3 жастылардың басымдылығы белгіленді. 2 жастағы аталықтар зерттелген балықтардың жалпы санының 33,9% құрды, сол жастағы аналықтар – тек 17,9%, яғни, екі есе аз. Мұндай ара қатынас 3 жастағы балықтарда да байқалады. Уылдырық шашу кезеңіндегі аталық жас топтың басымдығы олардың тым ерте жетілетіндігін куәландырады. 4 жастағы аталық пен аналықтың ара қатынасы уылдырық шашу кезеңінде теңеседі, кейін өсе келе аналықтардың үлесі артады және басымдылыққа ие болады.

       Сүтті қойнауға Азов глоссасының уылдырық шашу жүрісінің басында аса ірі өндірушілердің басымдылығы белгіленді. Осы мезгілде аталықтардың орташа ұзындығы 18,4 см құрды, аналықтар – 22,9 см. Уылдырық шашу жүрісінің аяғында сызықтық өлшемдері мен денесінің массасы аз балықтар басым болады, аталықтардың ұзындығы орта есеппен – 17,0 см, аналықтар — 19,4 см.Уылдырық шашу өрісінің басталуына белгілі өлшем мен жастағы балықтардың кіруі де жатады. Зерттеу мерзімінде (1979-1981) уылдырық шашу үшін Сүтті қойнауга кірген глоссаның теңіздік түрінің уылдырық шашу тобында 5 жас және одан жоғары жастағы балықтар жалпы санның 7,5% құрайды. Олардың ішінде 5,7% уылдырық шашу жүрісінің басында және тек 1,8% келесі (кезеңде) мерзімде кірді. Уылдырық шашу жүрісінің аяғында, бірдей жастағы балықтардың ұзындығы мен денесінің массасы жүрісінің басымен салыстырғанда кіші болды. Уылдырық шашу өрісінің басында 2 жасар аталықтың орташа ұзындығы 17,0 см болды, ал аяғында 15,8 см аспады. Дәл осындай көрсеткіштер басқа жас топтары үшін де белгіленеді. Табылған айырмашылықтар бірдей жастағы генерация өсуінің әр түрлі қарқынымен түсіндіріледі. Сүтті қойнаудың жойылмалы тобы.

Сүтті қойнау глоссаның өлшемді – жас құрылымы бойынша мәлімметтер М.П.Тарнавскийдің жұмыстарында кездеседі. 1960-1955ж жазғы мезгілде жиналган материалдар жойылмалы түрде сәйкес келеді. Кәсіптік аулаудан алынған 125 дананың жасы анықталған. 2-ден 6 жасқа дейінгі бес жас топтардың болуы белгіленді. [11]

   Сүтті қойнау глоссасының жайылма түрінің өлшемді-жас құрылымы туралы ұсынылған кестені талқылау қиын. Мұнда жасты анықтауда қателіктер жіберілген. М.П.Тарнавский бойынша 2 жасарлардың ұзындығы орта есеппен 9,7 см құрды, өзгеру аясы 7,3 см-ден 13,0см дейін. Бірдей жастағы балықтардың ұзындығы мен дене массасының өзгеру шекарасы туралы мәліметтер күмән тудырады. [11]

   Жайылмалы топтың өлшемді-жас құрылымы бойынша материалдарды жинау жазғы уақытта (шілде-қыркүйек) 1979-1981 жылдары жүргізілді, яғни теңіздік глоссадан экологиялық жекелену кезеңінде.

   Аулауға 2 жастан 6 жасқа дейінгі балықтар ұсынылды. Негізін 6 жастағы балықтар құрады — 61,2%. 3 жасарлардың үлесіне 28,5% келді; 4 жасарларға-7,5%; 5 жасарларға-2,5%, 6 жастағы балықтар бірлі-жарым кездесті (0,2%), оған қоса тек аналықтар.

        2 жастағы аталықтың орташа ұзындығы 14,2 см құрды, массасы 47,2г, аналық-15,0 см және 58,1г. Осы жастағы балықтардың кіші өлшемдері 10см асты. 3 жастағы аталықтар 96,3г массаға сәйкес 17,5 см орташа ұзындыққа ие болды. Осы жастағы аналықтар-18,6 см және 120,4г масса. 4жастағы аталықтардың 20,2 см ұзындығы мен 176,5г массасы болды. Шекті 6 жастағы аналықтардың 25,1см ұзындығы мен 321г массасы болды. Жайылмалы глоссаның бірдей жастағы аталығы мен аналығының ұзындығы мен дене массасында едәуір айырмашылықтар бар.

           Жайылмалы түр балықтарының арасында ең көбі 13 см-ден 17см-ге дейінгі даралар 85,2% құрды. Аталықтар арасында ұзындығы 13-15 см балықтар басым болды (86,4%); аналықтар арасында 15-19см -78,1%.

           Аталықтар саны бойынша аналықтардан басым болды, орта есеппен 65,0% құрады.

           В.Сиваштың   жайылмалы   тобы. В.Сиваштың глоссасының жайылмалы тобының өлшемді жас құрылымы сүтті қойнаудың жайылмалы тобына ұқсас. Аналықтың шекті жасы-5+, аталықтікі-4+.

     1983-1984 жж. ауланғандарда 2 мен 3 жасар балықтар басым болды, жалпы санның 289 және 48,6% құрады. 4 жасар балықтар 16,8% құрады; 5 жасарлар-5,2% шекті 6 жасқа 5+ бірлі жарым аналықтар жетеді, ауланған балықтардың жалпы санының 0,5% құрайды.

         Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, алғаш ауқымды материалмен Азов бассейніндегі глоссаның өлшемді жас құрылымы зерттелді.

         Теңіз түрінің 9 жас тобы, ал жайылманың сүтті қойнауда да, В.Сивашта 6 тобы тіркелді.

        Ең жоғары өлшеммен жас, сонымен қатар балықтардың әр түрлері мен оның ішкі түрінің популяциясымен топтары үшін өзгеше болатыны тіркелді.

         Азов-Қара теңіз бассейнінде тұзды таяз су қойнауларын игеру кезінде глоссаның шектелген өлшемі мен жасының кішіреюі, жайылмалы түрді аса қатаң экологиялық жағдайларда ұдайы өндірумен және семіртумен түсіндіріледі. Азов теңізінің таяз су қойнаулары температураның ауқымды төмендеуімен сипатталады (жазда 29 және одан жоғары градусқа жылып, қыста минус мәнге дейін сулар қатады), келіп-кететін жағдайлардың ықпалындағы тұздылықтың өзгеруі тағы бар. Тегінде теңіздік түрмен салыстыруда Қаратеңіздің солтүстік-батыс қойнауларында Қаратеңіз глоссасының өлшемді-жас құрамының шегінің өзгеруін А.К.Хорасанова (1949ж) [8] мен Ф.С.Замбриборщ атап өткен. [9]

         Тауып алынған морфологиялық өзгергіштік, глоссаның теңіздік және жайылмалы түрінің әр түрлі өлшемдік-жас құрылымы олардың генетикалық әр тектілігін қосымша дәлелдейді.

 

                                                    ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

           2.1 Арал теңізінің физико – географиялық сипаттамасы

 

         Арал теңізі – жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан көл. Геологиялық тарихына қарағанда, Каспий теңізінен едәуір жас. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогеннің аяғында алғашқы рет суға толған. Сол кезде Әмударияның ескі арнасы арқылы бірнеше рет Каспий теңізімен жалғасып, үзіліп отырған. Сөйтіп, қазіргі Арал теңізінің жасы 8–10 мың жыл шамасында.

 

                     1 сурет — Арал теңізінің физико-географиялық картасы.

 

Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан территориясында орналасқан. Қазақстанның інжу маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тереңдігі — 30-60 метр, тұздылығы — 10-12 ‰ болды.

1990 теңіз деңгейі 14 м-ге төмендеді. Теңіз ауданы- 40 %, ал ондағы су мөлшері-60%-ға кеміді. Осы уақытқа шейін теңіз екі бөлікке бөлінді: оңтүстік аумағы «үлкен теңіз» ( 1990 ж. Ауданы-35,5 мың. км², су көлемі-310 км³, тұздылығы-30‰) ал солтүстік аумағы «кіші теңіз» (шамамен 3000 км², 20 км³, 15–35‰).

Арал теңізі көлемі жағынан Қазақстанның екінші көлі еді. Көл суының деңгейі мұхит деңгейінен 40 см жоғары болған.  

Арал теңізі Амудария мен Сырдария өзендерінің суымен толығатын. 1975 жылдан бері Сырдария суы теңізге мүлдем құймайтын болды. Арал теңізіне құятын Амударияның да суы азайды. Теңіз жағалауы 100-120 км-дей кейін шегінді. Теңіз деңгейі соңғы отыз жыл ішінде 14 м төмендеді, көл суының тұздылығы үш еседей артып, 27%-ге жетті.

Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

             Теңіздің қалыпты кезінде өңірдегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеді.

         1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген кажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері — антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды.

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 % дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

 

2 сурет — Арал теңізінің тартылу көрсеткіші.

 

     Арал апатына себеп болған факторларға:

—   жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

—   ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

— суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

— жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау.

         Табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктср мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

         Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.

         Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялык апаттар нышаны жыл өтксн сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы жылдарда ғана қайта қолға алынды. Ондағы түрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілгсн улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда — 60 %, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде.

         Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етіп, жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметгік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударған.

         Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бүл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, буйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар рсспубликаның басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

         Арал теңізінің болашағы дүнис жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылып, өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

  1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
  2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
  3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
  4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
  5. Жер асты суларын пайдалану.
  6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

           Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағыдыры — адам тағдыры» болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

           1886 жылы Аралдың оңтүстік бетінде А.Никольскийдің, [20], ал солтүстік жағында академик Бергтің басқаруымен экспедиция ұйымдастырылып, балық байлығы жете зерттелді. Патшалық Ресей осы мол олжаны игеру мақсатында 1905 жылы темір жол құрылысын салды. Осыдан кейін Астраханьнан, Доннан, Қаратеңіз маңынан, Орталық ресейден жеке балық аулаушылар келе бастады. Лапшин, Риткин, Красильников, Макеев секілді саудагерлер ірі-ірі балық кәсіпшіліктерін ашып, «Хиуа» атты акционерлік қоғам құрды. [21]

           Арал балық зерттеу станциясы 1920 жылдан жұмыс істей бастады.

         1925 жылы қазіргі Арал ауданында «Серіктестік» деген балық аулайтын ұйым құрылды. Ұйымның алтауы Арал жерінде, төртеуі Мойнақ маңында болды.

1928 жылы Арал теңізінің балықшыларының басын біріктіріп «Балықшылар одағы» құрылды. Басқарма председателі болып патша заманында жер ауып келген Дон казагі Дубовик (1897-1945) сайланды.

1928 жылы Арал аудан орталығы болды. Сол жылы кеме жасау заводы салынды.

1930 жылы Қазақ СССР Жоғарғы Кеңесінің арнайы қаулысымен Арал қала аталды.

1930 жылдан бастап профессор М.И.Ильиннің басқаруымен Мойнақ пен Арал қаласында консерві заводы салына бастады. Ол жылына 6 миллионнан астам консерві шығарды.

1932 жылы Арал ауданында 173 тұз өндіретін трест ұйымдастырылды. Ол жыл сайын орта есеппен 262 мың тонна тұз өндірді.

келді.

1940 жылы профессор Г.В.Никольский Арал теңізіндегі балықтардың түрі мен олардың қандай тереңдікте жүретіндігі жөнінде арнайы карта жасалды. Сол жоба бойынша бекіре, жайын, ақбалық, шортан, сазан, тісті, шабақ, алабұға, қаяз, табан, торта, айнакөз, шемая ауланды. [20]

Соғыс жалдарында Арал балықшылары 23 430 тонна сапалы балықты Отан қорғаушылар мен туысқан республикаларға жөнелтті.

1946 жылы Арал қаласында шыны заводы салынды.

Кезінде Арал портының пароходствосы арқылы Түркіменстанға баратын жүктің 25 проценті, Өзбекстанға жеткізілетін заттың 70 проценті тасылған.

1946 жылғы мәлімет бойынша Арал қаласында қазақ, орыс, азербайжан, неміс, латыш, поляк, молдаван, қалмақ, чуваш секілді және тағы басқа 33 ұлттың өкілі тұрған.

1960 жылға дейін Арал қаласынан Нүкіс, Мойнақ, Шаржауға жолаушылар таситын кемелер жүріп тұрған.

1970 жылға дейін Арал теңізінде балықтың 34 түрі есепке алынған

 Арал теңізінің тұздылығы табиғи жағдайда 9–11‰ болатын. Соңғы 40 жылда суармалы жер ұлғайды, Шардара, Арнасай, Сарықамыс бөгендері пайда болды. Соған байланысты теңіздің тұздылығы 35 ұ-ге жетті.

Теңіз суының түсі қара көк, мөлдірлігі 25 м. Теңіз суы тұнық. Арал теңізінде органикалық дүние Каспий теңізіне қарағанда әлдеқайда кедей. Теңізде балықтың 20-дай түрі бар. Кәсіпшілігі жөнінен неғұрлым құндылары: бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа ауланады. Жерсіндірілген балықтардан каспий шоқыры мен балтық салакасын атауға болады.

Арал теңізінің тартылуына байланысты экологиялық жағдай асқына түсуде, егістік жерлер мен мал жайылымдарын құм мен тұз басып пайдаланудан қалды. Бұл жерлерде 1950–1990 жылдар арасында шаңды дауылдардың жиілігі 60 есе көбейді. Кеуіп кеткен теңіз түбінен жылына 200 млн тонна көтерілген улы-тұзды шаң-тозаң ауаға таралады. Егістік жер мен жайылымдарды уландырды, біраз жерді сортаңға айналдырды. Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына біраз зардабын тигізіп отыр. 1994 жылы Орта Азия мемлекеттері Аралды құтқару қорын ұйымдастырды. Қазақстанның «Байқоңыр» аэроғарыштық экологиялық аймағының басшылығымен бірінші рет «Арал өңірінің экологиялық картасы» жасалды (1992). 1998 жылы Амстердамда 22 мемлекет қатысқан «Қоршаған орта және балалар» проблемасына арналған Халықаралық конгресте Арал балаларының денсаулығы мәселелері қаралды.

Арал теңізі туралы күн тәртібінде тұрған мәселенің бірі – егістерді суландыруға жұмсалатын суды үнемдеу. Тұздың ұшуын азайтатын, топырақты бекітетін өсімдіктер егу, бірыңғай мақтадан басқа да мәдени дақылдарды өсіру, жергілікті халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері де өткір қойылып отыр.

Аралдың экологиялық проблемасы. Бұл проблеманың тууына себепші болған – адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км2 жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 га тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Қазір «Арал тағдыры – адам тағдыры» деген қанатты сөз кеңінен тараған. Келтірілген мысал бір ғана табиғат компонентінің өзгеруі басқа құрамдас бөліктердің, бүкіл табиғат кешенінің өзгеріп, экологиялық апат аймағына айналғанын дәлелдей түседі.

 

2.2 «Камбала-балық» ЖШС-іне сипаттама

 

Қазір зауытта 35 адам жұмыс жасайды. Жылына бір жарым мыӊ тоннаға дейін балық өӊдеуге мүмкіндігі бар. Ысталған, тұздалған және балық фаршын, сом етін шығарады. Өнімдеріне сұраныс та жоғары.

Кәсіпорын директоры Ш.Әбдуалиевтіӊ дерегінше ысталған балықтар Ресей, Әзербайжан, Грузия еліне жөнелтіліп отыр. Зауытқа Кіші Арал теӊізінен №2 учаскесі бекітіліп берілген. Онда жылына 350 мыӊ тоннаға дейін балық ауланады. Айтпақшы, өндіріс орны қауырт тірлікке көшкен көктемгі науқанда мұнда 70-80 адамға дейін еӊбек етеді.

Теңіз тартылған кезде балықшылар сонау Зайсан, Балқаш, Шалқар көлдеріне тайлы-таяғымен көшкенін көзімізбен көрген орта буын өкілдеріміз.

Елбасы тереңнен ойлап, балық кәсіпшілігімен айналысатын ауылдардың ажарын қайта оралтуға күш салып, бұл өңірді айрықша қамқорлыққа алды. Сөйтіп, ұзақ жылғы тынымсыз ізденіс нәтижесінде САРАТС жобасының бірінші кезеңі сәтті жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда ауданда бірнеше балық өңдеу зауыты салынып жұмысын жандандыруда.

Соның бірі емес бірегейі, алғашқы қарлығашы «Камбала балық» балықшылар өндіріс орталығы, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі он бір жылдан бері жемісті жұмысын жасап келеді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін 1991-2001 жылдар аралығындағы өтпелі кезеңде, елімізде балық шаруашылығы тоқырап, ата кәсібінен айырылған Арал балықшыларының үміті үзіле бастаған шағында «Каттегаттан Аралға» деген коммерциялық емес жобамен Арал балықшыларына көмекке Курт бастаған даниялық азаматтар келіп, құрал-саймандар, киім-кешек, көшіп қонуына, азық-түлікке қайтарымсыз несие беріп, сол кездерде Арал теңізінде өсіп жетілген камбала балығын аулауға қол ұшын берді.

Олар Арал балықшыларының сөне бастаған үмітін сәулелендіріп, жан бітіріп, келешектеріне сенім ұялатты.

Жоба он жыл жұмыс жасап, өз міндетін толығымен атқарғаннан кейін, аудандағы 600 балықшының басын біріктіріп, «Арал теңізі» қоғамын құрды. Енді қоғам өзінің балықшыларының аулаған балығын қабылдап, өңдеп, алыс-жақын шетелдерге сатып, балық шаруашылығын жүйеге келтіру мақсатында «Камбала-Балық» балықшылар өндіріс орталығы, жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды.

Егемендік алғаннан кейінгі, облысымыз бойынша ең алғашқы балық аулап, оны өңдейтін кәсіпорын болып Арал балықшыларының басын біріктіріп, өңірімізде балық шаруашылығының қайтадан қалыптасуына негіз қалады.

2008 жылы Астана қаласында өткен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі», «Парыз-2008» конкурсына қатысып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Алғыс хатын иеленді.

2008-2014 жылдары «Алтын сапа» облыстық көрме конкурсына қатысып, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды және де басқа көптеген көрмелерге қатысып, бағын сынады.

Елбасының сындарлы саясатының арқасында «Көкарал» бөгеті салынып, «Кіші Арал» теңізі пайда болғаннан кейін, теңізіміздің байырғы балықтары көбейіп жетілді. Содан соң, өңірімізде балық шаруашылығы үлкен серпінмен дами бастады. 2009 жылы заманауи технологиямен жабдықталған «Атамекен балық өндірістік зауыты», «Арал балық дайындау сервисі» орталығы, «Бөген» балық зауыттарының қазіргі таңдағы қалыптасқан жұмысшы-қызметкерлерінің негізі-«Камбала-балық» балықшылар өндіріс орталығы ЖШС-де тәжірибе жинақтап, тәрбиеленді деуге толық негіз бар.

Қазіргі таңда «Камбала-балық» балықшылар өндіріс орталығы ЖШС-гі Кіші Арал теңізінің №2 учаскесінен екі қорықшы, 20 балықшы балық аулайды. Зауытта тұрақты түрде 35 адам балық өңдеу және сұрыптаумен айналысады. Балық аулау науқаны кезінде қосымша 60-70 адамға дейін жұмысқа тартылады. Жұмысшылардың орташа айлығы 45000-50000 теңгені құрайды.

Зауыт өңделген балықтың 13 түрін шығарады.

Сұрыпталып қатырылған жон еті (филе), тартылған балық (фарш), қатырылған балық алқымдары, балық ұрттары, тазартылған тұтас балық (тущка), жеңіл дайын өнімі (суп продукты), тұтас қақталған балық, тұтас ысталған балық, бөлшектеліп қақталып, ысталып қалталанған, қақталған және ысталған алқымдар мен ұрттар.

2014 жылғы серіктестік лимит бойынша 252 тонна балық аулау керек болса, осы уақытқа дейін лимитін толық игерді. Сондай-ақ, қосымша 170 тонна балық шиізатын сатып алып, оларды өңдеп, еліміздің ішкі нарығында және сырттағы Ресей, Азербайжан, Грузия елдеріне шығаруда.

«Өзен жағалағанның өзегі талмас» деп бұрынығылар тектен-текке айтпаған ғой. Өңірімізде ата таяғын ұстап, осы кәсіппен бала-шағасын асырап отырған отбасылар қаншама. Қай кәсіптің де өзіне тән қиындығы бар. Балықшылар таң қылаулана ата кетеді. Түннің бір уақытында қайтады. Балық күнде түсе бермейді, десе де «шонтайың майлансын» деп тіршілігі осы кәсіппен байланысты болған соң қиындығына төселген.

 

2.3 Зерттеу материалы мен әдістемелері

 

Мәліметтер жинау 2017 жылдың шілде айынан бастап, осы жылдың қараша айлары аралығында кіші Аралда жүргізілді.

Үлкен Аралда балық аулау нүктелеріне жету мүмкіндігі болмағандықтан және қолайсыз табиғи жағдайларға байланысты жүргізілмеді. Глосса камбаласы кіші Арал теңізінде аулау ұяшықтары 16,28,50,55,60,65 мм стандартты ау жиынтықтарын қою әдісімен ауланды.Жасын анықтау үшін есту аппаратының отолиттері пайдаланылды, зерттеу стандартты лабораториялық жағдайларда жүргізілді.

         Барлық ауланған балықтар денесінің толық ұзындығы (L), яғни тұмсығынан бастап құйрық қанатына дейін, құйрық қанатын есептемегендегі ұзындығын (l), яғни тұмсығынан бастап қабыршақ қабатына дейін; толық массасының салмағын (Q); ішек-қарынын есептемегендегі массасын (q), жыныстық және жыныс өнімдерінің жетілу сатыларын тіркеуге ала отырып биологиялық талдауға тартылды.  

Н.Ф.Правдин әдістемесіне сәйкес глосса камбаласын камералды өңдеу нәтижесі бойынша көлемді және салмақты құрамы жасалды және аулап алынған балықтардың орташа өлшемі мен орташа салмағы анықталды. Н.Н. Чугунов әдістемесі бойынша популяның жас шамасының құрамы дайындалды және дербес глосса камбаласының жыныстық жағынан жетілетін жас шамасы анықталынды. Балықтың қоңдылығы Фултон және Кларк әдістемесі бойынша анықталды.

Арал теңізіндегі глосса камбаласының өндірістік қоры 2002 жылы көктемгі және жазғы аулаулар бойынша анықталды және А.И,Кушнеренко мен Е.С,Лугарев әдістемесі бойынша бағаланды. Есептеулерде 2002 жылы өсіп-өну кезеңінде бақылауға ауланғандар мәліметтері, сонымен қатар бастапқы мәліметтер: бақылау қойылыстарындағы торлар саны q=6 (ұяшықтар өлшемі18-ден65мм-ге дейін), торлар ұзындығы B=50м, балықтардың радиалды адасуы V=0,1м/мин, радиалды адасу қадамы Z=2м, тор қойылыстарының ұзақтығы t=720мин, торлардың аулау коэффициенті K=0,2, торға түсуі мүмкін балықтардың сандық есебі P=50, кіші Аралдағы тор қойылыстарының саны Z=75.

   Қойылыстың ауданы формула бойынша анықталды

                 C=g.V.t(2B=3,14V.t),

Балықтардың абсолютті санының есебі(N)

                                     Q.S

                                 N=———

                                       C.K.P

Q-ауланған балықтар саны;

S-су айдынының ауданы;

C-қойылыс ауданы;

K-аулау коэффициенті;

P-балықтардың түсу мүмкіндігі;

   Морфологиялық талдау Н.С.Правдин әдістемесі бойынша жаңа материалдарға далалық жағдайларда жүргізілді. Балықтардың денесінің пластикалық белгілері құйрық жүзбеқанатын есептемегендегі ұзындықтан бастап пайызбен есептелінді. Глосса камбаласының морфологиялық белгілерін сипаттау үшін барлық жиналған материалдар қалыпты вариациялы-статистикалық өңдеуге тартылды.

 

ІІІ ЗЕРТТЕУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

3.1 Арал теңізінің ихтиофаунасының қазіргі жағдайы

 

         Г.В.Никольскийдің зерттеу мәліметтері бойынша Арал теңізіндегі балық қоры жиырма түрден астам балық түрі жеті тұқымдастықтан асады. Тұқымдас балықтардың он екіден астам түрі (сазан, ақкөз, т.б.) карась, т.б. балық қорының 60 % құрайды. [20]

     Екінші орында шортан тұқымдас балықтар. Теңіздің балық қорын байыту мақсатында түрлі жұмыстар қолға алынуда. Алдағы уақытта Балтық, Амур теңіздерінен түрлі балықтарды жерсіндіру жұмыстары жақсы нәтиже береді деген сенім бар. Осындай қарқында атқарылған жұмыстар нәтижесінде 1927 жыл мен 1963 жыл аралығында Аралда 17 жаңа балық түрі пайда болып, оның он төрті өміршеңдігін сақтай алды. Аралдың аборигенді балық қоры генеративті түрлі балықтар негізгі өндіріс көзіне айналды. Балық қорының құрамы жиырмадан отыз төртке дейін ұлғайып, қолдан ендірілген өзгерістер көп болмады. Амудария мен Сырдарияның тұрақты өсуі теңіз деңгейінің төмендеуіне әкелді, сол себепті балықтың көбеюі де төмендеді.

     Теңіздегі балық қорының тұздану белгілері алғаш рет 60 жылдың ортасында байқалды, тұздылық деңгейі 12 – 14 %. Суы аз бөктерінде тұздылық тез өсе түсті, ашық аудандарындағы 1965 – 1967 жылдардағы көрсеткіші 14 % — ға ұлғайып, балық уылдырғының құлдырауына әкеліп соқты. 1960 жылдың соңында жартылай қырылуына тап болған балықтардың халі аянышты еді, 1970 жылдың ортасында теңіздің орташа тұздылық мөлшері 14%, Арал балық өндірісі күйреуге ұшырап, 1970 жылдың екінші жартысында көптеген балық түрлерін қайта толтыруға тура келді. 1971 жылдан бастап теңіздің орташа тұздылығы ашық бөлігінде 12 % құрап, үлкен балықтарға оның кері әсері тие бастады. 1980 жылы тұздану 18% — ға жетті, сонда теңіз толықтай балық өнеркәсібінен айрылды. Аралдың балық қорында аздаған балық түрлері ғана қалды. Тек Сырдария мен Амударияның кейбір сағаларында ғана аздаған балық қалып, 1970 жылдың ортасында ғана теңізде гидролог – гидрохимиктер нұсқауымен балшық сүйгіш және тұз сүйгіш балықтарды ғана өсіруге болатыны анықталды. Және сол уақытта, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтының Арал қаласындағы филиалы қызметкерлеріне жұмыс қорын сақтап қалу мақсатында өздері әрекет етуге тура келді. Арал теңізінің тартылуы барысында судың тұздылығы да арта түсті. Тұзды суға төзімді балық түрлерін жерсіндіріп, көбейту мақсатындағы жұмыстар нәтижесінде 1978 жылы Азов теңізінен камбала балығы жерсіндірілді. Камбалаларды Арал теңізіне әкелу мен оны өндіріске шығару алғаш рет 1979 – 1989 жылдар аралығында жүзеге асты.

3 сурет – Кіші Арал теңізінен ауланған камбала глосса балықтары

 

     Бірінші жылдары небәрі 400 түрлі әртүрлі жастағы камбалалар өндірілсе, кейінгі жылдары жыл сайын екі мыңға жуық түрлі балық өндіріледі. 1982 жылы әртүрлі глоссаларды өндіру солтүстік бөлігінде жүзеге асса )Үштау аймағында, 1986 -1987 жылдары Барсакелмес аралының орта тұсында, ал кейінгі жылдары Аралдың оңтүстігінде іске асты. Камбала – глосса балығын жерсіндіру мақсатындағы атқарылған жұмыстар нәтижесінде камбала өндіру ісі оң нәтиже берді. Камбаланы теңізге алғаш қыстату жұмысы да оң өзгерістер әкелді. 1989 жылы Арал бөлімшесіндегі ғылыми – зерттеу жұмыстары қайта қолға алынды. Нәтижесінде ешқандай қиындықтарға қарамастан камбаланы қолдандыру жаңа жүйелерге сәйкес орнатылды.

     Арал теңізіндегі камбала – глоссаның биологиялық көрсеткіштері жақсы. Үлкен және кіші теңіздің төрт жағынан да арал глоссалары көрсетіле бастады. Үлкен теңіздегі глоссалардың негізгісі 3, 4 жылдық болып бөлінді. Үлкен теңіз қойнауындағы камбала – глоссалардың ұзындығы 18 – 28 см, күзде 87,4 % құраса, ал күзде 18 – 27 см болып, 86,6 % жетті. Кіші теңіздегі камбаланың алуандығы 1993 жылы ерекше ұзындыққа жетіп 19 – 28 см, 88,0% құрады. Әр жыл мезгіліне сай камбала – глоссалардың ұзындықтары да түрліше өзгеріп отырған. Арал теңізіндегі глоссалардың жыныстық өзгеруі мөлшерлі — өлшеулі түрде жүзеге асырылды. Сондай – ақ, үлкен теңізлегі үшжылдықтардың орташа ұзындығы 23,6 см, орташа массасы 223,0 гр. Кіші теңіздің үшжылдықтарының көктемдегі орташа ұзындығы 23,7 см, массасы 254,0 гр. құраған. Яғни ұзындығы да, массасы да өзгеріп отырған.

     Зерттеулер қорытындысында, Арал теңізіндегі глоссалар жыныстық есею тұрғысынан 2 – 3 жасында өз жасынан 2 – 3 есеге үлкен көрінеді. Біздегі мәліметтер бойынша есейген  

 

3.2 Камбала глосса балығының морфологиялық талдаудың нәтижелері

      

          Кіші Аралда ауланған камбала-глосса балығына зертханалық жағдайында Правдинның әдістемелігіне сәйкес морфологиялық талдау жүргізілді. Пластикалық белгілері құйрық қанатынсыз денсінің ұзындығына байланысты пайздық түрде есептелінді. Балықтарды жынысына қарай бөліп морфологиялық талдау жүргізілді, жалпы зерттеу жүргізілген балықтардың саны 51 дана болды. (1 кесте).

 

1 кесте – Морфологиялық талдаудың меристикалық белгілері

 

Белгілері

Аналықтар

N=28

Аталықтар

N=23

M±m

M±m

Есептік белгілері

Сәулелердің саны:

 

 

арқа қанатында

59,07+-0,27

59,56+-0,27

аналь қанатында

40,79+-0,17

41,87+-0,20

кеуде қанатының көретін жағында

9,9+-0,07

10,51+-0,075

кеуде қанатының көрінбейтін жағында

9,27+-0,068

9,8+-0,066

құрсақ қанатының көретін жағында

5,89+-0,035

5,84+-0,038

құрсақ қанатының көрінбейтін жағында

5,91+-0,028

5,89+-0,034

Құйрық қанатында сәулелердің саны

17,18+-0,06

17,01+-0,052

Желбезек доғасында тікен саны

10,39+-0,07

10,55+-0,06

омыртқалар саны

33,73+-0,10

34,11+-0,11

 

       Камбала балықтарының 28 аналықтарына және 23 аталығына морфологиялық талдау кезінде есептік белгілері анықталды. Аналықтардың арқа қанатында сәулелер саны 59,07, аталықтарда 59,56 болды. Аналь қанаты бойынша аналықтарда 40,79, аталығында 41,87. Бұл жерде аталықтарда сәулелер саны көбірек. Кеуде қанатының көрінетін жағында сәулелер саны аналықта 9,9, аталықта 10,51. Ал көрінбейтін жағында аналықта-9,27, аталықта 9,8. Сол сияқты құрсақ қанатының көрінетін жағында 5,89 аналықта, аталықта 5,84 көрсеткіш берді. Сандар арасында көп айырмашылық жоқ. Осы құрсақ қанатының көрінбейтін жағында аналықта 5,91, аталықтарында 5,89 нәтиже берді. Құрсақ қанаты бойынша басым көрсеткіш аналықтарында болды. Құйрық қанатында аналықтарында 17,18, аталықтарда 17,01. Желбезек доғасындағы тікендер саны аналықта 10,39 және аталықта 10,55. Аталықта тікендер саны көбірек. Омыртқалар саны бойынша есептегенде, аналықтарда 33,73, аталықтарында 34,11, аталық жыныс өкілдерінде омыртқа саны басымырақ екені анықталды.

4 сурет – Құрсақ қанатының сәулелер санын анықтау

 

     Глосса камбаласы-Plathchtys plesus luscus (Pallas) келесі белгілері бойынша бағаланады: арқа жүзбеқанатында-49-70 сәуле (ортамен 60,22); анальдыда-33-49 жілік (40,84); кеудесінде –көретін жағында -8-12(10,19); көрмейтін жағында -8-11(9,56); құрсақ жүзбеқанатының көретін жағында -406 сәуле (5,85), көрмейтінінде -4-6(5,85); құйрық жүзбеқанатында -15-19 (17-09); бірінші желбезек доғасындағы тікендер саны-9-13 (ортамен 10,48), омыртқалары -30-37 (33,82).55-90 пайыз аталықтардың арқа және анальды жүзбеқанатының жіліктерінде әдетте тікенектер болады, ал аналықтарында сирек кездеседі (10-15%). Денесі екі жағынан циклоидты қабыршақтармен қапталған. Алдыңғы бөліктің бүйір сызығының көретін жағының бойында және аз ғана басында тікенек пластинкалар аздап кездеседі, құйрық сабағы және көрмейтін жағы тегіс.

 

 

 

 

          5 сурет – Кеуде қанаттарының сәулелерің санауда

 

Көздері оң жағында орналасқан (оңкөзділер), «солкөзділер» өте сирек кездеседі,біздің бақылауымыз бойынша кіші Аралда олардың саны 2%-дан жоғары.

          Денесінде жұлдыз тектес дақтары бар батпақ-жасыл түстес, сұры шеңбермен көмкерілген. Сыңар жүзбеқанаттарында дөңгелек сұры дақтары бар.

          Кейде сұры түсті даралар кездеседі. Дененің көрмейтін жағы ақ түсті, кейде әртүрлі аннемдегі дақтары айқын көрінетін бөлек даралар кездеседі. Морфологиялық талдау 51 дараға, соның ішінде 28 аналық пен 23 аталыққа жүргізілді.

          Сонымен қатар осы балықтарға морфлогиялық талдаудың пластикалық белгілері анықталды. (2 кесте)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 кесте — Морфологиялық талдаудың пластикалық белгілері

 

Белгілері

Аналықтар

N=28

Аталықтар

N=23

M±m

M±m

Пластикалық белгілері

Дененің ең биік жері

48,47± 0,24

44,94± 0,19

Дененің ең аласа биіктігі

10,53± 0,07

10,43± 0,07

Балықтың толық ұзындығы

11,51±0,07

11,63± 0,07

Құйрық қанатының ұзындығы

21,18±0,15

23,0 ±0,17

Басының ұзындығы

27,02± 0,10

26,97± 0,10

Көз арасы қашықтығы

17,94± 0,08

17,89± 0,09

Көздерінің горизонтальды диаметрі

4,21± 0,04

4,37± 0,03

Көздерінің вертикальды диаметрі

2,32± 0,02

2,35± 0,02

Жоғарғы челюстің ұзындығы көрінетін жағынан

6,58± 0,06

6,24± 0,04

Жоғарғы челюстің ұзындығы көрінбейтін жағынан

7,04± 0,06

6,75± 0,05

Интерорбитальды қашықтығы

2,23± 0,02

2,14± 0,02

Арқа қанатының негізгі ұзындығы

83,12± 0,12

83,08± 0,13

Арқа қанатының биіктігі

15,93± 0,15

17,65± 0,16

Аналь қанатының негізгі ұзындығы

60,33± 0,18

60,57± 0,15

Аналь қанатының биіктігі

16,6± 0,14

18,34± 0,15

Кеуде қанатының көрінетін жағынан ұзындығы

14,08± 0,10

15,79± 0,12

Көрінбейтін жағынан биіктігі

11,5± 80,08

13,20± 0,09

Құрсақ қанатының көрінетін жағынан ұзындығы

10,09± 0,08

11,08± 0,08

Құрсақ қанатының көрінбейтін жағынан ұзындығы

10,97± 0,07

12,08± 0,08

Антидорзальды қашықтығы

7,63± 0,08

7,84± 0,06

Антивентральды қашықтығы

28,9± 4,013

27,99± 0,11

Антианальды қашықтығы

42,5± 0,19

39,92± 0,17

Вентральды-анальды қашықтығы

12,16± 0,18

11,03± 0,13

 

   Камбала балықтарына морфологиялық талдаудың екінші сатысында пластикалық белгілер анықталынды. Денесінің толық ұзындығы бойынша есептиегенде ең биік жері аналықтарда 48,47 болса, аталықтарда 44,94 болды. Ал, ең аласа биіктігі аналықта-10,53, аталықта-10,43. Ұзындығы хвостового стебля аналық жыныс өкілінде 11,51,аталық жыныс өкілінде 11,63. Аталықтардың үлкенірек екені анықталды. Құйрық қанатының ұзындығы аналықта 21,18, аталықта 23,0. Басының ұзындығы аналықта 27,02, аталықта 26,97. Сол сияқты, көз арасы қашықтығы 17,94-аналықта, аталықта 17,89 болды. Көздерінің горизонтальды диаметрі аналықта 4,21, аталықта 4,37. Ал, вертикальды ұзындығы аналықта 2,32, аталықта 2,35.

Жоғарғы жағының ұзындығы бойынша аналықтарды көрінетін жағында 6,58, көрінбейтін жағында 7,04. Аталықтарда көрінетін жағында 6,24, көрінбейтін жағында 6,75. Интерорбитальды қашықтығында аналықтарда 2,23, аталықтарда 2,14, арқа қанатының негізгі ұзындығы бойынша аналықта 83,12, аталықта 83,08. Арқа қанатының биіктігінде аналықта 15,93, аталықта 17,65 нәтиже берді. Аналь қанатының негізгі ұзындығы бойынша аналық 60,33, аталық 60,57. Аналь қанатының биіктігі аналықтарда 16,6, аталықтарда 18,34 болды. Кеуде қанатының көрінетін жағынан ұзындығы аналықта 14,08, аталықта 15,79. Көрінбейтін жағынан биіктігі аналықтарда 11,5, аталықтарда 13,20 болды. Құрсақ қанатының көрінетін жағынан ұзындығы аналықта 10,09, аталықта 11,08. Құрсақ қанатының көрінбейтін жағынан ұзындығы аналықта 10,09, аталықта 12,08. Мүшелерінің ара қашықтығы бойынша антидорзальды қашықтығы аналықта 7,63, аталықта 7,84. Антивентральды қашықтығы аналықта 28,9, аталықта 27,99. Антианальды қашықтығы аналықта 42,5, аталықта 39,92. Ал, вентральды-анальды қашықтығында аналықта 12,16, аталықта 11,03 болды.

Жалпы жағдайда, дененің толық ұзындығы (L) 213-тен 285мм дейін(ортамен273,2мм) өзгереді, құйрық жүзбеқанатын есептемегендегі ұзындығы (l)-171-321мм (222,4мм); дененің толық массасы (Q)-100-ден 720г дейін (201,02г), ішіндегісін есептемегенде –(q)-80-505г (ортамен165,5г).

     Глосса камбаласы келесі пластикалық белгілермен сипатталады (құйрық жүзбеқанатын есептемегендегі дене ұзындығынан бастап % бойынша) дененің ең үлкен биіктігі-40,11-55,05 (ортамен 46,68), ең кіші-8,53-13,3(10,48); құйрық сабағының ұзындығы-17,78-27,75 (22,16), басының ұзындығы – 24,15-29,56 (26,99), көз арасындағы қашықтық- 15,61-ден 20,36 дейін (17,91); көзінің көлденең диаметрі – 3,23-5,35 (4,30); тігінен – 1,80-3,21 (2,34); көретін жағының үстіңгі жақ сүйегінің ұзындығы – 5,20-7,60 (6,39); көрмейтін жағы -5,33 – 8,19 (6,83), интерорбитальды қашықтық -1,53-2,70 (2,19); арқа жүзбеқанаты негізінің ұзындығы – 78,33 -87,45, биіктігі-12,50-22,65(46,96); анальды жүзбеқанат негізінің ұзындығы -53,93-65,65(60,27); анальды жүзбеқанат биіктігі -13,69-22,65(17,53); көретін жағының кеуде жүзбеқанатының ұзындығы-12,07-19,82(15,75); көрмейтін жағы-10,00-16,43(12,60); көрмейтін жағындағы құрсақ жүзбеқанатының ұзындығы -9,17-14,54 (11,47); антидорзальды қашықтық-5,86-11,11(7,74); антивентральды қашықтық-24,64-32,33 (28,42); антианальды-32,84-48,60 (39,91) және вентральды анальды -8,41-16,57 (ортамен 11,63)

 

3.3 Камбала глосса балығының биологиялық талдаудың нәтижелері

 

Камбала глосса балығына биологиялық талдау жүргізу кезінде төмендегі кестелер бойынша мәліметтер жиналды.

 

3 кесте – Кіші Арал теңіздегі камбала глоссаның биологиялық көрсеткіштері

 

Айы, жылы

Жынысы

Ұзындығы, см

Салмағы, г

Бал-ң саны, экз

min-max

орташа

min-max

орташа

Маусым, 2017

аналық

15-31

23,6

50-650

211

13

аталық

15-25

20,6

55-225

1,39

11

Қазан, 2017

аналық

20-30

24,4

95-630

262

15

аталық

14-29

22,5

42-560

195,3

12

Камбала глосса балықтарының маусым айында 24 дарасына биологиялық анализ жасалынды. Олардың ішінде аналықтары 13, аталықтары 11 болды. Ұзындықтары бойынша есептегенде аналықтарда 15-31 см аралығында, аталықтарда 15-25см болды. Орташа ұзындығы аналықтарда 23,6,аталықтарда 20,6 болып есептелінді. Салмағы аналықтарда 50-650г, аталықтарда 55-225г аралығында болды, орташа салмағы аналық жыныс өкілдерінде 211г, аталық жыныс өкілдерінде 1,39 болды.

6 сурет – Камбала балығының жалпы салмағын анықтауда

 

Қазан айында жасалған биологиялық анализге барлығы 27 дара пайдаланылды. Олардың аналығы 15, аталығы 12. Ұзындықтары бойынша есептегенде аналықтарда 20-30 см аралығында, аталықтарда 14-29см болды. Орташа ұзындығы аналықтарда 24,4см, аталықтарда 22,5см болып есептелінді. Салмағы аналықтарда 95-630г, аталықтарда 42-560г аралығында болды, орташа салмағы аналық жыныс өкілдерінде 262г, аталық жыныс өкілдерінде 195,3г болды

 

4 кесте – Кіші Арал теңізіндегі камбала глоссаның қоңдылығы

 

Айы, жылы

Жынысы

Фультон бойынша

Кларк бойынша

Бал-ң саны, экз.

 

Маусым, 2017

аналық

1,56

1,29

13

аталық

1,57

1,30

11

Қазан, 2017

аналық

1,66

1,66

15

аталық

1,64

1,48

12

 

7 сурет – Камбала балығының жалпы ұзындығын анықтауда

 

Кіші Арал теңізінен ауланған камбала глосса балықтарына биологиялық талдау жасау кезінде олардың өсу құрамы анықталды. Маусым айындағы талдау кезінде екі жыныс (аналық және аталық) өкілдерінің арасында да 3 жастағы балық санының көп екені белгілі болды. 4 жасар балықтар жас шамасы тең екенін байқадық.

 

5 кесте — Кіші Арал теңіздегі камбала глоссаның өсу құрамы

 

Айы, жылы

Жынысы

Өлшем бірлігі

Жасы, жыл

Бал-ң саны, экз

+2

+3

+4

+5

Маусым, 2017

аналық

Экз

%

2

15,4

6

46,2

3

23,0

2

15,4

13

100,0

аталық

Экз

%

1

9,09

4

36,37

3

27,27

3

27,27

11

100,0

Қазан, 2017

аналық

Экз

%

3

20

5

33,4

4

26,6

3

20

15

100,0

аталық

Экз

%

2

16,7

4

33,3

4

33,3

2

16,7

12

100,0

 

Ал, 2 және 5 жасар балықтар арасындағы жас айырмашылықтары аз ғана екенін білдік. Сол сияқты қазан айындағы есептеу кезінде 4 жасар балықтардың аналық және аталықта жас ерекшелігі бірдей екені белгілі болды. 3 жасарлар арасында сәл ғана айырмашылық болды. 2 және 5 жасарлар арасындағы айырмашылық бірдей екенін анықтадық.  

 

8 сурет – Камбала балығының жынысын анықтау барысында

 

6 кесте — Кіші Арал теңіздегі камбала глоссаның өсуімен ұзындығының және салмағының өзгеруі

 

Айы, жылы

Көрсеткіштері

Жынысы

Жасы, жыл

Бал-ң саны, экз

+2

+3

+4

+5

Маусым, 2017

 

Ұзындығы, см

 

аналық

20-23

21,6 (2)

22-28

24,4(6)

21-29

26,7(3)

24-30

28,6(2)

24

аталық

17-22

20,4(1)

21-25

22,8(4)

24-27

24,7(3)

28-29

28,3(3)

 

Салмағы, г

аналық

95-220

176,5

160-46

243,4

210-550

303,7

230-630

409,7

аталық

75-195

140,6

145-260

189,7

200-400

271,7

420-560

480,0

 

Қазан, 2017

Ұзындығы, см

 

аналық

18-23

20,2(3)

23-27

25,2(5)

25-30

27,2(4)

27-32

29,2(3)

27

аталық

19-22

20,0(2)

23-25

23,9(4)

23-28

25,5(4)

30

30,2(2)

 

Салмағы, г

аналық

180-355

235,8

230-450

350,0

320-570

418,8

420-650

504,1

аталық

145-220

190,8

210-330

270,4

260-500

323,3

420-620

505,0

 

Кіші Арал теңізіндегі камбала глосса балығының өсуі кезінде ұзындығының және салмағының өзгеруін есептеп, анықтадық. Және анықтау кезінде екі жыныс өкілдерін салыстырып қарайтын болсақ, маусым айындағы есептеуде аналықтарға қарағанда аталықтардың ұзындығының және салмағының артықтау екенін байқадық.

 

3.4 Камбала-глосса балығын жерсіндіру нәтижелері

 

         1976-1977 жылдары жүргізілген Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен ҚазАССР зоология институтының су жануарларын зерттеу бөлімінің бірлескен зерттеуі нәтижесінде Азов қаратеңізі мен Арал теңізіндегі камбала глоссаларды әртүрлі биологиялық негізде тұздылыққа бейімдеп, орнықтыру жұмысы нақты міндеттердің бірі еді. Азов теңізінен камбалаларды әкелу мен Арал теңізінен шығару 1979-1987 жылдар аралығында жүзеге аса бастады. Алғашқы жылдары барлығы 400 түрлі әртүрлі жастағы камбалалар әкеліне бастаса, кейіннен жыл сайын 2000 түрлі балық жеткізілді. Барсакелмес аралында, Грегорск ауданында, теңіздің солтүстік бетінде де камбала глоссаларды жерсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатты. Жүргізілген жұмыстар жақсы нәтиже берді. 1989 жылы Арал кешенді зертханасында балық шаруашылығына қатысты тақырыптар қозғалды.

     Нәтижесінде, ешқандай қиындыққа қарамастан ғылыми-зерттеу жұмыстарыдың қорытындылары камбалалар жаңа жер табиғатына дайын деген қорытындыға келді.

     Қазіргі таңдағы Арал теңізіндегі камбала глосса балықтарының биологиялық көрсеткіштері жақсы нәтиже көрсетуде. Арал камбала глоссаларының өсу қарқыны өте жоғары. Азов теңізіндегі бассейндерден жеткізілгендерінен Арал теңізінде өмір сүріп жатқан камбала глосса балықтарының кем түспейтіні анықталынған. Кіші теңіздегі глоссалардың көбею мұздың +2С температурасында жайылуы әсерінен болған. Жалпы ұзақтығы бір айға созылған. Дубровин ұсынғын мәліметтер бойынша глоссалардың уылдырық шашуы Азов теңізінде желтоқсаннан сәуірге дейін, максимальді дәрежеде ақпан мен наурыз аралығында жүзеге асатын болған. Уылдырықтың алғашқылыры сәуірдің алғашқы онкүндігінде белгі берген. Сәуір айының соңында сынамаларда бөлшектелген уылдырықтар пайда бола бастағаны байқалды. Аумен ауланған камбала глоссалардың Арал теңізіндегі жиілігін нақты тілге тиек етуге болады. Сол әдіспен экспериментальды ретімен аулардағы глоссалардың көлемі 11кг 606г-нан 98кг 976г дейін, яғни 1кг 166г-нан 9кг 897г дейін бір торға түсіп отырған. Арал теңізіндегі камбалалардың артығын анықтау мақсатында балықшыларға өтініш жасалды. Олар Ақбасты бөлімшесінің балықшылары Аралбалық өндірісімен біріге камбалаларды бақылап, ауға түсіру жұмыстары жүргізілді. Алайда, көптеген кедергілер кездесуі себепті нақты көрсеткішті білу мүмкін болмады. Үлкен теңіз аумағынан тормен аулау мақсатында жұмыстар жүргізіліп, 5 мм-де 5 дана, 60 мм-де 10 дана, т.б. көлемде камбала глоссалар ауға түсіп жатты. Бір күнгі таңертең тасталынған ауда 25 дана болды. Ауды тексеру барысында камбала глоссалардың жалпы салмағы 950 кг, ал орташасы бір торда 7,5 кг-нан шыққаны анықталды. Осы жайттармен бірге осы көлемдегі балықтардың торға түсуі, торлар толықтай арқаннан деуге болады, көптеген балықтар құтылып та кеткендіктен нақты мөлшерін анықтау да оңай болмай тұр. Осы әдіспен қорытынды аулау нәтижесінде (кіші Арал теңізінде жүргізілген) 1989 жыл мен 1990 жыл аралығында өткізілген аулау жұмыстары нәтижесінде қазіргі кақытта камбала глоссалардың үлкен көлемі 1991 жылы байқалды. Ол тәжірибиелі ау салушыларының арқасында жүзеге асқан болатын.

     Қорытынды пікір бойынша камбала глоссалардың жиі кездесуі кіші теңізден гөрі үлкен теңізде көбірек кездеседі. Себебі, үлкен теңізге көлемі кіші теңізге қарағанда 6 есе көбірек және ертерек жерсіндіруге жіберілді.

 

 

3.5 «Камбала-балық» ЖШС-інде балықтарды ыстау

 

      Ысталған балық – алдын-ала тұздалып, ағаш дінгегінің жылулық бұзылуы (пиролиз) нәтижесінде алынған ауа мен түтін қоспасымен өңделген өнім.  Балықты ыстау арқылы сақтау көп тараған әдіс.   

Ысталған балық ұзақ уақыт өзінің тағамдық сапасын сақтайды.

      Балықты ағаш үгіндісімен ыстағанда одан хош иіс шығады. Еті дәмді, түрі сарғайып, жылтырайды. Балық ыста піседі.

         Балықты өңдеу зауыттарында арнаулы үйдегі түтінде ысталады. Әуесқойлар темір кеспекте, жәшікте тереңдігі 0,5 метр жер ошақта, тандыр пеште ыстайды.

       Термиялық өңдеудің температуралық режиміне байланысты ыстаудың 2 тәсілін айырады:

       — суық, балық құрамына байланысты жұмысшы түтін – ауа ортасының температурасы 20-32°С (максимумды жіберілген температура 35°C);

       — ыстық, балықты өңдеу 90-160°C температура аралығында жүргізіледі; жартылай ыстық, ұсақ балықты температурасы 60-80°C ортасында өңделеді.

       Суық ыстау кезінде ұзақ уақыт сақталуына кепілдеме беру үшін балықты алдын – ала тұздайды. 35°C–ден жоғары емес температурада ыстағанда, ақуыздың жылулық денатурациясы жүргізілмейді және өнім түтіндік заттардың жұпар иісі қосылған тұзды  — кептірілген өнімге тән қасиеттерге ие болды.

Ыстық ыстау кезінде бұлшықет тінінің бөліктік ылғалсыздануымен жүретін ақуыздың денатурациясы жүріп, балық кулинарлық дайын болуға жетеді.

Балыққа ысталған өнімнің қасиеттерін берудің 2 әдісін айырады: түтін –ауа ортасында өңдеу жолымен (әдеттегі ыстау) және ыстаушы препараттармен өңдеу (түтінсіз ыстау). Түтінді және түтінсіз ыстауда да қолдануға мүмкін болатын ыстаудың тағы бір түрі-электрлі ыстау.

      Балықты ыстау тәсілі – балықтарды аспаға іліп астынан түтіндету арқылы жүргізіледі. Ыстау үшін ағаш немесе ыстау сұйықтықтары қолданылады. Ыстау заттарында консервілеуші заттар – фенол, қышқыл, спирт, шайыр және т.б. болады, олар балыққа өзіндік дәм, иіс, түс береді, майдың тотығуға беріктілігін жоғарылатады. Ыстау кезінде ылғалдың біраз мөлшері жоғалады, консервілеуші заттар сіңеді, нәтижесінде балық ұзақ сақталады.

       Ыстау табиғи, жасанды (электр тоғымен ыстау, инфрақызыл сәулемен ыстау) және құрама болады. Температураға байланысты ыстау жоғары температурада (80-180°С), суық төмен температурада (40°С дейін) және орташа температурада (60-80°С) ыстау болып бөлінеді.

       Жоғары температурада ысталған балықтың тұзы 3% болады. Мұнда балықтың ірі-ұсақтығына қарай 1 сағаттан 5 сағатқа дейін 80-140°С температурада ыстайды.

       Жоғары температурада ысталған балық сұрыпқа бөлінбейді. Олар толық ысталған: еті сүйегінен жеңіл бөлінетін болуы керек, уылдырығында дымқыл және ұйыған қан белгілері болмауы керек. Сыртқы түрі таза, құрғақ, ашық сарыдан қоңырға дейін түсті, шырынды немесе тығыз етті, жағымды дәм мен иісті, бұзылмаған.

 

 

1— суретЫсталып өңделген балық түрлері

 

 Ыстау тәсілдері. Ысталған балықты өндіру процесі тұздау, кептіру және ыстаудан тұрады. Тұздау дәрежесі, температуралық режим ысталғанмен, түтінмен термиялық өңдеу тұздау тәсіліне байланысты болады. Ысталған өнім өндірудің негізгі шикізаты болып қатырылған балық табылады. Оның сапасы маңызды дәрежеде дайын өнімнің сапасын анықтайды. Мұздату процесі, мұздатылған балықты сақтау және еріту тәсілі ысталған өнімнің сапасына елеулі әсер етеді. Ыстауға бөлшектелген және бөлшектелмеген балық жіберіледі (скумбрия, ставрида, сардина). Бөлшектеу кезінде тек жарамсыз бөліктен ажырату ғана емес, келесі технологиялық өңдеуге тиімді жағдай жасауға  болады. Олар тұздау, түтіннің химиялық компоненттерінің сіңуі. Бөлшектеу массасы 2 кг асатын ірі балыққа қолданылады. Ұсақ және орташа балықты ыстағанда бүтіндей өңдейді, себебі балыққа тән дәмдік қасиеттерін және тағамдық құндылығын сақтау оңайға түседі (мысалы, ішмай алынбайды, ыстау кезінде етке сіңіп, жоғары бағалық береді). Бүтін балықты ыстық ыстау кезінде сорпасы аз бөлініп, ет нәзіктік пен шырындылығын сақтайды.

       Таңдап қолдану ережесі бойынша аз майлы балықты ыстық ыстауға, ал майлы балықты суық ыстауға қолданады. Суық ыстауға жіберілген балық неғұрлым майлы болған сайын, соғұрлым өнім хош иісті, дәмді, нәзік болады. Ысталатын балықтың майлылығы етте фенолдың жиналу жылдамдылығы мен дәрежесіне тікелей әсер етеді, яғни ысталған өнімнің дәмі мен иісінің айқындылығына да әсері болады. Сондықтан дегустациялық деңгейі жетік мамандар ысталған ең майлы балықтарды ыстаудың нәзік хош иісін құнды деп санайды. Сонымен қатар, ысталған майлы балықтың жағымды және тегіс ашық сарғыш түсін тәжірибелі технологтар мен тауартанушылар жоғары бағалайды.

Ысталған өнімнің сыртқы түрін едәуір зақымдайтын тұзды қақ пайда болмас үшін, еттің жоғарғы қабатындағы тұзды азайту үшін, балықты ыстамас бұрын суда ұстайды.

Суда ұстағаннан кейін, балықты түтінмен өңдеуге дайын деп есептейді. Балықты ыстаудың оптималды жағдайын жасау үшін және дайын өнімнің тауарлық қасиетін сақтау үшін, яғни ысталмаған жерлері болмай, балық бүтін күйінде сақталуы үшін ыстау камерасына дұрыс орналастыру керек.

Ол үшін балықты шыбықтарға тізбектеп, шпагатпен байлап, торшалы жерге (ірі балықты) немесе металл табақтарға (ұсақ балықты) салады. Суық ыстау өнімдерін дайындау процесі түтінді сіңіретін беткі қабаттағы тамшы ылғалды жоюға негізделген. Қалған тамшы ылғалы күлдің қара дақтарын түзе отырып түтін бөлшектерін сіңіреді.

Суық ысталған балық өндірісі үшін бұлшықеттердің дінінде 4,5-6% тұзы бар жартылай фабрикат қолданылыды. Тұз өзіндік ысталу кезеңінде және дайын өнімді әрі қарай сақтау кезінде консервант ретінде  қолданады. Суық ыстау кезіндегі балықты өңдеу ұзақтығы 24-96 сағат және өнімнің стандартты ылғалдылыққа жетілумен анықталады.

        Ыстық ыстау кезінде (поварнная) тұз дәмдік қоспа ретінде қолданылады, оның термиялық өңдеу алдындағы балықтағы мөлшері 2-2,5%, дайын өнімде 4%. Ыстық ыстау – өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ететін температурада 1,5-6 сағат аралығында бұлшықет дінінің кулинарлық дайын болуымен аяқталатын, көпке созылмайтын процесс.

       Суық ыстаумен алынған балық өнімдері көп мөлшерде тұзды болуымен қатар, аз мөлшердегі (42-58%) ылғал болуымен, тығыз консистенциясымен, суытқанда созылмалы уақыт (30 күн) сақталумен ерекшеленеді.

Суық ыстау кезінде балық тек түтіннің бөлшектерін сіңіріп, ылғалдылықтың белгілі бөлігін жоғалтып  қана қоймай, сонымен қатар жетіледі.

Жетілу – кезінде өнім тұздалған балыққа тән иіс пен дәмін жоғалтып, ақуыздық  заттар мен майлардың өзгерісі нәтижесінде дайын ысталған өнімге тән қасиеттерді иеленеді.

Ыстық ыстау процесі 3 сатыға бөлінеді: кептіру, қайнату және өзіндік ыстау. Мұндай бөлудің шарттылығына қарамастан, барлық ыстаушы қондырғыларға дәл осындай технологиялық жүйе бекітілген. Ыстық ыстау кезінде балық еті толығымен қайнап, кулинарлық дайын болуға жетеді, қалдық ылғалдың жоғары мөлшеріне негізделген (70%) нәзік және шырынды консистенцияға ие болады. Ыстық ысталған балықты сату уақыты – 72сағат (3тәулік).

Ыстық ысталған балық тек дайын өнім ретінде ғана емес, «Майдағы шпрот» және «Майдағы ысталған балық»консервілерін дайындауға арналған жартылай фабрикат ретінде қолданылады. 3.5-кестеде ысталған және суық ыстаудың салыстырмалы мінездемесі және дайын өнімнің сапасының көрсеткіштері келтірілген.

Жартылай ыстық ыстау аз қолданысқа ие. Бұл тәсіл ұсақ балықты, сонымен қатар «кипперс» дайындау үшін кейбір мұхит балықтарын өңдегенде қолданады. Жартылай ыстық ыстау процесі 60-80°С температурада 2-8 сағат өтеді. Дайын өнімде 4-8% тұз болады және еттің консистенциясы шырындыдан тығыздауға дейін болады.

Ысталғаннан кейін балықты ыстаушы камерадан алып шығып, бөлме температурасына дейін суытып, орайды. Егер балықты суытпай ораса, онда өнімнің бетіндегі сулы бу, сулы конденсатқа айналып, зең саңырауқұлақтарының дамуына жағдай тудырады.

Жіңішке тақтайдан жасалған немесе картон жәшіктерге, сонымен қатар шпоннан өрілген қораптарға сыйымдылығы 30 кг  аспайтындай орайды. Балықты кіші тұтынушы ыдысына да орайды: 1кг сыйымдылықты картон қораптар, 2 кг аспайтын полимер дорбалар немесе даналап орайды. Одан кейін қораптар мен дорбаларды тақтай жәшіктерге орайды, сыйымдылығы    30 кг аспау керек, қырларына ауа алмасу үшін саңылауы болады. Оралған өнімді 0-ден  -5°С дейінгі температурада 2 ай сақталады. Сақтау мерзімінің шектелуі түтіннің тез ұшып кетіп, өнімнің ысталған ерекше тартымдылығының жоғалуымен түсіндіріледі.

Ыстық ысталған балықты камерадан шығарған соң 20°С жоғары емес температураға дейін салқындатады. Жергілікті сатуға арналған балықты сыйымдылығы 10кг инвентар ыдыстарға (металл немесе пластмасса табақтар) салады. Сату уақыты дайын болғаннан бастап 72сағат.

 

Кесте 3.5 — Суық және ыстық ыстау процесінің және өнімнің салыстырмалы мінездемесі

 

Көрсеткіштер

                    Ысталған балық

Ыстық

Суық

Шикізат немесе жартылай фабрикат

Балауса немесе мұздатылған

Тұздалған

Ыстау кезіндегі түтіннің температурасы, °С

90-160

35 жоғары емес

Ыстау ұзақтығы, сағ.

1,5-6

24-96

Балық етінің консистенциясы

Шырынды, нәзік, кейде үгітілмелі

Тығыз, кейбір балықтарда нәзік

Дәмі мен иісі

Түтіннің хош иісі бар пісірілген өнім

Түтіннің хош иісі бар қақталған өнім

Түсі 

Күңгірт сарғыш

Ақшыл сарғыш

Судың мөлшері,%

60-70

48-58

Тұздың мөлшері%

1,5-4

5-12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Егер балықты алыс жолға тасу керек болса, -18°С температураға дейін қатырып, суық ысталған балық сияқты орайды. Оны -18°С тасымалдап және сақтау керек.

Ыстау әдістері

Балықты ауа-түтін қоспасымен ыстау кең тараған. Түтін-ағаштың пиролизінің өнімі, яғни 300° жоғары температурада бұзылуы.

Жылу физикалық белгілеріне қарай пиролиздің өнімдерін шартты түрде 3 топқа бөледі:

  1. Төмен температуралы қайнау (90°С шамасында);
  2. Орташа температуралы қайнау (180-210°C);
  3. Жоғары температуралы (300°С жоғары).      

       Түтіннің төмен қайнайтын фракциялары спирт, қышқыл және олардың туындылары.

       Бұл өнімдер антисептикалық қасиетке ие, ыстау кезінде балықтың беткі қабығына қонып, оның бетін дезинфекциялайды. Бірақ олардың антисепти- калық қасиеті қысқа мерзімді, молекулалық массасы төмен болғаннан, олар тез ұшып кетеді.

Орташа қайнаған фракциясы көбіне фенолдан тұрады және ысталған балықтың хош иісі мен дәмінің қалыптасуында басты орын алады. Бұл қосылыстар балықтың бетінде жақсы конденсацияланып, өнімге гастрономдық қасиет береді, майдың тотығуын бөгейтін антитотықтырғыш қасиетке және антисептикалық қасиетке ие.

Қайнау температурасы жоғары қосылыстар шайыр тобына жатады, олардың өкілі болып қарамай табылады.

Олар жағымсыз иіске ие және полициклді аромат көмірсутекке жататын 3,4-бензопирен тектес канцерогенді қосылыстарды түзеді.  3,4-бензопиреннен басқа ысталған өнімдерде тағы 18 полициклді аромат көмірсутегілері  анықталған. Олардың концентрациясы 3,4-бензопирен- нен  5-8есе артық болуы мүмкін. Полициклді аромат көмірсутегілерінің ең көп мөлшері ыстық ысталған балықта көп, оған түтіннің жоғары температурасы себепкер болады.

Қазіргі таңда ыстау процесіне қатысатын түтіннің 200-ден астам химиялық қосылыстары анықталған.

Ыстаудың 66% хош иісін беретін көптеген фенолдардың ішінде сандық қатынаста гваякол, 4-метилгваякол, 2,6-диметиласилол, эвгенол, крезолдар, ксиленолдар басым.

Ыстаудың хош иістілігі карбонильді қосылыстардың композициясының әсерінен (альдегидтер мен кетондар) артып (14% жуық), қанық қасиетке ие болады. Дегенмен ыстау процесіндегі олардың негізгі мақсаты өзіне тән түс қалыптастыру болып табылады. Түс қалыптастыру  механизмі мелонидин түзу тәрізді түрлі химиялық реакциялары.

Түтіндегі ұшқыш май қышқылдары көмекші рөл атқарады, фенолдар мен карбоксилді қосылыстардың комплексімен ысталған өнімнің дәмдік қасиеттерін қанағаттандыруға көмектектеседі.

Ысталған балықтың гастрономдық қасиеттерін қалыптастыру көп мөлшерде шикізаттың жағдайына, оның физикалық және биологиялық ерекшеліктеріне, оны өңдеу шарттарына байланысты болады. Бірдей түтінмен ысталғанда балықтың түріне байланысты алынатын өнімнің дәмдік және хош иістілік қасиеттері әр түрлі болады. Хош иіс пен дәмнің қалыптасуы тек түтіннің компонентерінен ғана емес, негізгі өнімнің бөліктерімен әрекеттесетін қосылыстардың соңғы өніміне де байланысты болады. Балықта ылғалдың көп мөлшерде болуы  ыстың иісі мен дәмін айқындайды, ал майдың мөлшері көп болса, хош иістілігін бүркемелейді. Сондықтан көп мөлшерде майлы балықта ыстау тиімділігін айқындау үшін, түтіннің құрамдас бөліктерінің мөлшері көбейтілуі қажет.

Ысталған балық ең жақсы дәмдік қасиетке түтін алу үшін жемісті ағаштарды қолданғанда ие болады. Өндірістік масштабта бұл мүмкін болмағандықтан балқарағай тұқымдарының өкілдерін ұсынады: емен, жөке, қандағаш. Қайың, қарағай, шырша ағаштары пиролиз кезінде көп мөлшерде шайыр текті заттар бөлетіндіктен, ыстауға кеңес берілмейді.

Қазіргі таңда ағаш өндірісінің қалдықтары қаптама материалдарын, жиһаз, құрылыс бөлшектерін өндіруде қолданылатындықтан, ыстауға ағаш өндірісінің кез-келген қалдықтарын қолданады. Кейде түтінмен бірге концерогенді қосылыстарды қоса алу қаупі төнеді. Сондықтан әр ыстаушы қондырғыда түтін алудан бас тартып, бірте-бірте орталықтанған пиролиз өнімдерінің конденсатын дайындауға көшуге тура келеді (ыстау сұйықтығы). Арнайы қондырғыларда алынған конденсатты (сұйықтық) зиянды қоспаларынан тазартып, сумен сұйылтқан соң, ыстауға қолданады.

Осылай ыстаушы сұйықтықты пайдаланып, ыстаудың екінші әдісі – түтінсіз ыстау пайда болды.

Ыстаушы сұйықтықтар мен препараттарда қолдану өңдеу процесін біргейлендіруге, сапасы біркелкі ысталған өнім алуға, өнімде концерогенді қосылыстардың шөгуін болдырмауға, қоршаған ортаны ыстаушы компоненттермен ластауды азайтуға, технологиялық процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Ыстаушы препараттар қолдану алдында қосымша өңдеуді қажет ететін, ыстаушы компонентердің концентраты болып табылады.

Ыстаушы сұйықтықтар-қолдануға дайын, ыстаушы компоненттер- дің ерітінділері. Ыстаушы препараттарды екі топқа бөлуге болады: түтін қосылыстарын конденсациялау жолымен алынған және синтетикалық ыстаушы препараттар.

Синтетикалық ыстаушы препараттарды ыстың дәмі мен хош иісіне және антитотықтырғыш және бактериостатикалық әсерге ие жеке химиялық қосылыстарды араластыру жолымен алады. Бұл топтың препараттарында канцерогенді қосылыстар мүлдем болмайды. Мұндай препараттар өнімнің ішіне енгізуге арналған, көбіне ысталған шұжық өндірісінде фаршқа қосылады. Бұл топтың өкілі ретінде ВНИИМП-1 ыстау препаратын айтуға болады.

Балықтың беткі қабатын өңдеу үшін табиғи ыстаушы препарат МИНХ және Вахтоль қолданылады. Олар айқын байқалатын антитотықтырғыш, бактериостатикалық және фунгицидті қасиеттерге ие. Оларды шайыр сығындылы өндірістің қалдығы – экстрагирленген ағаш қалдығынан алады.

Вахтоль химялық заттардың оңай ұшпалы фракцияларынан – фенол, қышқылдар, карбонды қосылыстардан тұрады (3.6-кесте).

 

Кесте 3.6 —  Ыстаушы препараттар «Вахтольдың» көрсеткіштер

 

Көрсеткіштер

Норма

Сыртқы түрі

Сарғыштан ақшыл қоңыр түске дейінгі мөлдір сұйықтық аздаған тұнба жіберіледі.

Иісі

Ысталған өнімге тән

20°C –ғы тығыздығы, г/cм3

1,010-1,025

Сірке қышқылына аударғандағы ұшқыш қышқылдардың массалық үлесі,%

2,8артық емес  

Фенолдың массалық үлесі,%

0,6артық емес

Буланудан кейінгі қолданудың массалық үлесі,%

1,5артық емес

Метил спиртінің массалық үлесі,%

0,15артық емес

Бензопирен тәрізді ауыр көмірсутектің мөлшері

жіберілмейді

 

Ыстаушы препаратты қолданудың екі негізгі тәсілі болады: өнімнің өзіне енгізу және өнімнің бетін өңдеу. Бірінші әдіс ет өндірісінде пісіріліп ысталған шұжық дайындауда және балық өндірісінде төмен құнды балықтан пішінделген бұйым және шұжық өндіргенде, шпротты консервісіне хош иістендіргіш ретінде қолданады.

Балықтың беткі бөлігін ыстаушы препаратымен өңдеу ысталған препаратқа салу, ерітіндімен суландыру, бүрку немесе пульверлеу, ысталған сұйықтың буын ыстаушы аэрозольмен ұсақ диспергиялау арқылы жүргізеді. Соңғы әдіс ең оңтайлы болып табылады, себебі бу мен ыстаушы сұйықтықтың ұсақ тамшыларынан дәстүрлі түтінді ыстауға ұқсас жұмысшы орта пайда болып, өңдеудің нәтижесін жақсартады. Балықты түтінсіз әдіспен ыстық және суық ыстау технологиясын жақсарту мақсатымен жүргізілген көпжылдық зерттеулер нәтижесінде, ең қолайлы әдіс ретінде балықты ыстаушы препараттардың буында ыстау тәсілі танылды.

Балықты ыстаудың басты екі әдіспен қатар шектеулі түрде электроыстау да қолданылады. Бұл әдіс қалаларда қоршаған ортаны ластау дәрежесін төмендетпеуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс ыстаушы түтін бөлшектерінің иондалып, балықтың бетіндегі жоғары кернеулі электр өрісінде зарядталған бөлщектердің шөгуіне негізделген. Бұл әдістің артықшылығы — табиғи шөгумен салыстырылған түтіннің шөгуінің жоғары жылдамдығы болып табылады. Балықта түтінді шөктірудің оптималды кернеуі 30-35кВт.

Электрлы ыстау кезінде ірі бөлшектердің құрамы жоғары түтін қолданданған жөн.

Электрлы ыстауда түтіннің шөгуі мен балықтың инфрақызыл ысуы үйлеседі. Сондықтан электрлы ыстау технологиясын жетілдіру және оны жүргізу қондырғыларын құрастыру тауарлық өнім өндіру болса да, «Майдағы ысталған балық» консервілерін өндіру болса да, балықты ыстық ыстаумен байланысты болады.

       Ысталған балық ассортиментін салқындай және қыздырып ысталған өнім деп бөледі. Бұл өнімдер қосымша өңдеуді қажет етпейді.

       Салқындай ыстауға алдын-ала тұздалған балық, тұздалған жартылай фабрикат өнімі пайдаланылады. Ыстау алдында жартылай фабрикат балық етін суға салып еттің беткі қабатындағы тұзды кептіреді.

       Салқын ыстауға жоғары сортты, бірінші және екінші сортты, сонымен қатар салқын балықты жібереді, яғни бірінші сорттан жағары балықтарды. Ыстауға жіберілген балықтын құрамында 12 пайыздан жоғары емес тұз болған жағдайда, бұдан жоғары сапалы өнім дайындайды. Қатты тұздалған балық ұзақ уақыт суда ұстауды қажет етеді, ал бұл азоттық заттардың еруі мен азаюына, әкеліп соқтырады, сондай-ақ, балықтың құрамында тұз көп болса оттегі ақуызды денатурациялайды, ал бұл дайын өнімнің  дәмдік және сіңімділік қасиетін төмендетеді. Егер ыстауға дұрыс тұзданбаған балықты жіберсе, бұл жағдайда пісіру және қақтау үрдістерінде балықтың бұзылуы да мүмкін. Ыстау цехында балықты өңдеместен бұрын міндетті түрде сапасы, тұздалуы және ГОСТ бойынша мөлшерімен сорттау қажет.

      Балықты ыстау 1,5-3 тәулік уақыт алады. Ыстау температурасы 30-35°С-тан аспауы тиіс. Ыстау кезінде балық етінен ылғалдың біразы шығып кетеді де, етте майдың қайта бөлінуі мен пісіп жетілу процесі жүреді.

       Ысталған балықты тігеді және  шомполдарға іледі немесе қармаққа іледі. Шомпорға 4-6 мм диаметрде және 0,5-0,6 м ұзындықта іледі.

       Балықт еті түтіннің хош иісін өзіне сіңіреді, сыртқы түсі қоңырқайланып жылтырайды да, еті тығыздалады. Салқындай ысталған балық етінің химиялық құрамында: ылғал – 39-57%; ақуыз – 18-33% және май 7-16% болады.

        Қыздырып ыстауға  кез-келген жас балықты жеңіл тұздалған күйінде пайдаланады. Ыстау 65-140°С температурада 3-4 сағаттан аспауы тиіс. Ең алдымен балықты іліп кептіреді, сонан кейін қыздырып, ыстайды. Нәтижесінде балық өзінің сөлінде өзі пісіп, дәмділік қасиетін толық сақтайды және оған ысталған хош иіс қосылады.

       Қыздырып ыстағанда әсіресе, семіз балықтың нәзік, шырынды және дәмді болады. Қыздырып ысталған балық өнімі тез бұзылғыш, тоңазытқышта 48 сағаттан артық сақтауға болмайды. Қыздырып ысталған балық етінің химиялық құрамында 45-70% ылғал, 15-25% ақуыз және 35% май болады.

      Жоғары температурада қыздырып ысталған балық ақаулары:

— ақ бүйір (дұрыс ысталмаған жерлер);

— ашу (шырша ағаштарын қолданғанда пайда болады);

— ағындылар (ақуыз-майлы ағындылардың қатуы), күю және ыс.

      Ысталған балықтарды +2°-тан -2°С-қа дейінгі температурада 72 сағат сақтайды. Жоғары температурада ысталып мұздатылған балық -18°С-дейін температурада 30 тәулікке дейін сақталады.

      Төменгі температурада салқын ысталған балықты 28-35°С температурада  1 тәуліктен 4 тәулікке дейін ыстайды. Оның тұзы 5-12%, ылғалдылығы — 60%-дан аспайды.

      Сапасы бойынша төменгі температурада ысталған балық І және ІІ сұрыпқа ажыратылады. І сұрыпты балық беті таза, ағындысыз дұрыс бөлшектелген, түсі ашық сарыдан, қою сарыға дейін, нәзік, шырынды консистенциялы, жағымды дәмді болуы керек. ІІ сұрыпты балық бетінің зақымдануы, ақуыз-майлы ағындылар болуы, ысталмаған жерлері дұрыс бөлшектелмеуі рұқсат етіледі. Консистенциясы тығыз, құрғақ, жұмсақ, кейбір балықтарда бос болуы мүмкін. Тұз мөлшері 5-12%, ылғалдылығы 42-64%.

       Төменгі температурада ысталған балық ақаулары: ақ бүйір,сыртқы беті ақшыл немесе қара, ақуыз – майлы ағындылар, бос консистенция, механикалық зақымдану, рапа, терісінің сыпырылуы, ашу және көгеруі.

       Төменгі температурада ысталған балықты 0-тан -5°С-қа дейін температурада 75-80% салыстырмалы ауа ылғалдылығында 2 айға дейін сақтайды.

Ысталған балық өнімдерін буып-түю және сақтау

 Балық шаруашылығында шикізат базасының түрлі қасиеті көптеген өзгерістерге ұшырайды. Дәстүрлі кәсіптегі балық обьектілерінің орнын тауарлық құндылығы төмен жаңа балық түрлері ауыстырды. Қақталған күйіндегі мұндай балықтар халық арасында көп сұранысқа ие емес, себебі дәмдік қасиеттері төмен, мөлшерлері кіші және жеуге жарамды бөлігі өте аз.

Ұсақ және тауарлық құндылығы төмен балық шикізатын қолданудың рациональді жолы — турама дайындап, соның негізінде қапталған балық өнімдерін өндіру болып табылады.

Турама (Фарш) деп — сүйек пен теріден толық ажыратылып, жіңішкеленіп туралған және физикалық-химиялық қасиеттерін тұрақтандыратын қоспалар (қант қоспалары, тұз, лимон-қышқылды натрий немесе басқа композициялар) қосылған бұлшықет ұлпаларын айтамыз. Турама дайындау үшін салқындатылған балықты қарналған ұшаларға бөлшектеп, бұлшықет ұлпаларын сүйек пен терісінен айыру үшін нығыздауға жібереді. Нығыздап жұмыс істеу принципі бұлшықет ұлпаларын машинаның жұмысшы органындағы ұсақ тесіктер арқылы сығуға негізделген. Бұлшықет ұлпасы гамогенді масса түрінде машинаның бір бөлігінен, ал қалдықтары келесі бөлігінен шығарылады. Алынған ұсақталған массаны тұщы сумен жуып, қалған су мен ақуыз ыдырауынан пайда болған заттарды (ақуызды емес азот) преспен сығып алады да, қосымша ұсақтап, қоспалармен араластырып, полимер пакеттерге орап, температурасы блок ортасында -18ºС болатындай етіп мұздатады. Турамаға  келесідей толықтырушылар қосылуы мүмкін – ұн түріндегі соя ақуызы, изолят, концентраты. Турама әртүрлі өнім (балық шұжығы, сосиска, балықұнды өнімдерге арналған начинка және т.б.) шығаратын өндірістерде жартылай өнім ретінде қолданылады. Қапталған өнімдерді шығару мүмкіндігі, нарықтағы сұраныс мөлшерімен және осы өнім өндірісінің рентабельділігімен анықталады.                       

 Аз мөлшердегі және тауарлық құндылығы төмен балыққа деген көтерме және бөлшектік сауда бағасы төмен болған жағдайда, онда қапталған фарш өнімдерін өндірудің экономикалық қажеттілігі туындайды. Өз уақытында (1980-1990 жж.) кеңес одағы кезінде балық шаруашылығында ысталған балық шұжықтарының көптеген: «Новинка», «Калининградтық», «Полярлық», «Балтық» және т.б. түрлерін шығарылуын үйренді. Шұжықтар ішкі құрамы бойынша ерекшеленді: «Новинка» тек қана балық фаршынан дайындалып, дәмі мен иісі бойынша суытылып қақталған балыққа ұқсас, «Калининградтық», «Полярлық», «Балтық» балық турамасы мен сиыр етінен дайындалып, дәмі жағынан еттен жасалған қақталған шұжыққа ұқсас. Қазіргі таңда балық шикізаты, сонымен қатар, тауарлық құндылығы төмен балық үшін де көтерме бағасы өте жоғары және балық турамасынан шұжық өндіретін өндірістер рентабельді емес.

Қапталып ысталған балық таяқшаларының өндірудің көптеген әдістері белгілі. Мысалға, шикізатты (скумбрия, сельд) жартыпласттарға бөліп, бояғыш қосылып, қаныққан тузлукте 5 мин тұздайды. Содан кейін, балықты қақтаушы камераға орналастырып, жоғары тығыздықты бумен 2 сағат бойы өңдейді. Қақтауды 30ºС жоғары емес температурада жүргізеді, сондықтан да өнім аздаған ылғалын (4-5%) жоғалтады да, шырынды консистенциясын сақтап, қақталған иісіне ие болады. Қақталған балық етін сүйек пен теріден ажырату үшін етті-сүйекті сепаратордан өткізеді. Қақталған ұсақталған етті блоктарға қаптап, мұздатуға жібереді. Содан кейін, блоктарды таяқшаларға порциялап, кептірілген нан мен май құйып, буып-түйіп, тасымалдайды.

 Ысталған балықты сақтау

  Қыздырып ысталған балықты үш тәулік сақтау мерзімі әзірге санитарлы норма бойынша міндетті болып отыр, бірақ бұл өнімнің уақытқа тұрақтылығы біршама ұзақтау. Техникалық шарт (ТШ) талаптары бойынша дайындалған қыздырып, ысталған балықтарға тасымалдануына біршама ұзақ мерзім беріледі. Бұл сауда желілері, көлік құралдары, үй шаруашылығының хладификациясын сақтаудың белгіленген -2ºС ден +2ºС-ге дейінгі үздіксіз температуралық тәртіпті қамтамасыз ете алады.

       Одан басқа, қыздырып ысталған балық өнімдерін -30ºС-ге дейін мұздатып, тасымалдап, сақтап, 30 тәулік ішінде өткізу қажет. Өткізу алдында 8ºС жоғары емес температурада біртіндеп ерітеді. Сақтау кезіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75-80% дәрежесінде болуы керек. Мұздатылған өнімдерді сақтау кезінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90% ға дейін көтеруге болады, ол табиғи шығын нормасында ылғалдың жойылып, нәтижесінде массасының азаюын қамтамасыз етеді.

       Суытып ысталған балықтар сақтау кезінде тұрақты болып келеді. Ылғалдың төмендігі, тұз мөлшерінің жоғарылығы, түтін құрамындағы бактерицидтік заттардың болуы сақтаудың белгіленген тәртібі мен мерзімінде жақсы сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен, сельд, скумбрия, ставрида, -2ºС ден -5ºС температура аралығында 40-60 тәулік, басқа түрлі балықтар осы температурада 60-75 тәулік сақталуы керек.

       Балық өнімдері ашық өнім болғандықтан, яғни, тері қабаты мен бұлшықет ұлпалары бұзылған, сақтау кезіндегі тұрақтылығы төмен. Мысалға, сельдтен, скумбриядан, ставридадан, сигодан, нототениден жасалған балықты өнімдері -2ºС ден -5ºС температура аралығында 15-30 тәулік сақталады.

       Сақтау кезінде қақталған балыққа негізгі қауіп саңырауқұлақтармен зақымдалуы болып табылады. Сақтау камераларында ауа тазалығын қамтамасыз етіп, камераға саңырауқұлақпен зақымдалған өнімі бар ыдысты кіргізбеу керек.

       Ұзақ уақыт сақтау кезінде майлардың тотығуы жүріп, дәмі мен иісі бұзылады.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Морфологиялық талдау нәтижелері. Арал теңізіне жерсіндірілген камбала балықтарына морфологияляқ талдау жасау кезінде екі маусымда барлығы 51 дана пайдаланылды. Олардың арасынды аналық жыныс өкілдері 28, аталық жыныс өкілдері 23. Зерттеулер төмендегідей жағдайда жүргізіліп, есептелінді.

1) Сәулелердің саны бойынша (арқа қанатындағы, аналь қанатындағы, кеуде қанатының көрінетін жағынын және көрінбейтін жағынан, құрсақ қанатының көрінетін жағынан және көрінбейтін жағынан, құйрық қанатындағы)

   2) Желбезек доғасындағы тікендер саны бойынша

   3) Омыртқалар саны бойынша

  1. Биологиялық талдау нәтижелері. Осы екі маусым кезінде камбала балықтарының осы 51 дарасына биологиялық талдау жасалынып, зерттелінді. Биологиялық талдау нәтижелерін алу үшін аналықтардың 28, аталықтардың 23 дарасы өлшеп, зерттелінді. Есептеу кезінде балақтың толық ұзындығы, құйрық қанатынсыз ұзындығы, балықтың толық салмағы, ішкі құрылысынсыз салмағы анықталынды.
  2. Камбала-глосса балығын жерсіндіру нәтижелері. Жерсіндіру мақсатында жүргізілген жұмыстар жақсы нәтиже берді. Жан-жақты жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары камбалалар жаңа жер табиғатына дайын деген қорытындыға келіп, 1978 жылы Арал теңізіне жерсіндірілді.

     Қазіргі таңдағы Арал теңізіндегі камбала глосса балықтарының биологиялық көрсеткіштері жақсы нәтиже көрсетуде. Арал камбала глоссаларының өсу қарқыны өте жоғары.

           Қорытынды пікір бойынша камбала глоссалардың жиі кездесуі кіші теңізден гөрі үлкен теңізде көбірек кездеседі. Себебі, үлкен теңізге көлемі кіші теңізге қарағанда 6 есе көбірек және ертерек жерсіндіруге жіберілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Ә.А.Бәйімбет, С.Р.Темірхан, Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының қазақша – орысша анықтауышы,Алматы-1999.
  2. Перцева-Остроумова Т.А. Размножение и развитие дальневосточных камбал.-Изд-во АН СССР, 1961.-486с.
  3. Шмидт П.Ю. Миграции рыб.- Изд-во АН СССР, 1947.-362с.
  4. Недовшин А.Я. Современное состояние Азовского рыболовства.- Труды Азовско-Черном. Научно-промысл. Экспед., Керчь,1926, 1, с.65-146.
  5. Воробъев В.П. Гидробиологический очерк Восточного Сиваша и возможности его рыбохозяйственного использования.-Труды АзЧерНИРО, 1940,1,12, с. 69-164
  6. Дубровин И.Я. Камбала-глосса . Биологическое обоснование искуственного разведения.-Бердянск, Бердянское отделение АзНИИРХ, рукопись, 1977, с.82-88
  7. Васнецов В.В. Опыт сравнительного анализа линейного роста семейства карповых.- Зоол.журнал.1934,13,3,с.540-583
  8. Хорасанова А.К. Биология глоссы Хаджибейского лимана.- Зоол. журнал, 1949, 28, 4, с.351-354
  9. Замбриборщ Ф.С. Сравнительная оценка морфологической и биологической изменчивости рыб, как критерия рассовых отличий.- «Вопросы экологии», 1957, 1, с.195-203.
  10. Назаров В.М. Возраст и темп роста черноморской глоссы. –Научн. конф. по итогам научно-исследовательских работ за 1965г. Изд-во Кишиневского государственного униварситета, 1966 б, с.70-73.
  11. Тарнавский М.П. Глосса, қарау керек
  12. Зайцев Ю.П. Влияние солености воды на развитие икры камбалы-глоссы. Докл.АН СССР, 1955а, 105,6, с.1364-1367
  13. Кротов А. В. Жизнь Черного моря. – Одесское областное изд-во 1949-126с.
  14. Виноградов К.А., Ткачева К.С. материалы по плодовитости рыб Черного моря, Труды Карадагской биол.ст., 1950,9, с.61-63
  15. Ткачева К.С. Вличние температурного и солевого режимов на строение и развитие некоторых рыб Черного моря. –Труды АзЧер-НИРО, 1964, 23, с.119-130
  16. Шатуновский М.И. Некоторые занономерности динамики плодовитости двух популяций речной камбалы .- Научн. докл. Высшей школы, биол, науки, 1964, 1, с.27-30.
  17. Соин С.Г. Эмбрионально-личиночное развитие беломорской речной камбалы. — «Вопросы ихтиологии», 1970, 10, 4, с.678-694
  18. Гатуновский М.И. Обоснование минимальной промысловой меры на камбалу-глоссу бассейна Азовского моря .- М. «Рыбное хозяйство», 1983, 1, с.34-36.
  19. Брауман Г.Б. Биологическое основы рационального использования рыбных запасов. –Изд-во ВИНИТИ, 1964.-95с.
  20. Никольский Г.В. Частная ихтиология .- второе изд-во, испр. и доп.-М.: Высшая школа, 1971.-471с.
  21. Берг Л.С.,Рыбы пресных вод России. Изд-во второе, Госиздат, 1923,-535с.

 

\