АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Исламдағы бала тәрбиесінің ерекшеліктері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Исламдағы бала тәрбиесінің ерекшеліктері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы,  2013

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………….3

 

1  БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ИСЛАМИ КӨЗҚАРАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1 Ата – ана және баланың міндеттері…………………………………………………6

1 2 Жас ерекшелігіне қарай кезеңдері мен шарттары……………………………23

 

2  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАНЫҢ ИМАНДЫЛЫҚ 

ТӘРБИЕСІ

2.1  Дәстүрлі қазақ отбасындағы ислами тәрбиенің ерекшеліктері…………31

2.2.  Зайырлы жане діни тәрбиенің үндестігі мен ерекшелігі………………… 45

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………….    71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………….     73

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

  Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аллаһқа ғана сиынып, оған ғана тәуекел етеміз. Біз Аллаһқа барлық мақтау–мадақ айта отырып, одан пана сұраймыз. Аллаһ Тағала кімді тура жолға салса, онда оны ешкім адастыра алмайды. Ал, егер кімде – кімді адастырса, оны тура жолға салар ешкімді таба алмайсың. Мен Мұхаммед Аллаһтың елшісі әрі елшілердің ең соңғысы, бізді тура жолға бастаушы пайғамбарымыз екеніне куәлік беремін. Сондай –ақ, оның отбасына сенімді де аса пәк сахабаларының және олардың соңынан қиямет күніне дейін жақсылықпен ерушілерге Аллаһтың амандығы мен игілігі болсын!

  Ислам ұғымында ата – ананың баласы алдындағы міндет имандылыққа тәрбиелеу. Себебі, имандылық адам өмірінің нәрі. Ал, имандылық адам бойына қайдан сіңісті болмақ? Әлбетте, оның негізі отбасында. Әке мен ананың үлгілі тәрбиесінде қалыптасады. Сондықтан да әке мен ана осы отбасының соғып тұрған жүрегі. Шынымен, бала тәрбиесі тұрғысынан алғанда әкенің қолында болат қашау, шешенің қолында күміс жоңғыш бар тәрізді. Осы себептен баланың тәрбиесіне қатысты жауапкершілік міндеті ең алдымен ата – анаға жүктеледі. Осыған байланысты Пайғамбарымыздың хадисінде. «Таһа сүресінің «Үй ішіңді намаз оқуға бұйыр, өзің де оған көңіл бөл», — деген аяты түсірілген уақытта Омар: «Ей, Аллаһтың елшісі Біз Аллаһ тағаланың азабынан сақтануға тырысамыз. Ал, бала – шағамызды қалай сақтандырсақ болады?», — деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі: «Аллаһ Тағала сендерді неден қайтарған болса, сендер де бала – шағаларыңды содан қайтарыңдар! Аллаһ Тағала сендерге нені істе деп бұйырған болса, сендер де бала – шағаларыңды соны істе деп бұйырыңдар!», — деп жауап берген екен, хадисті (әл – Бухари, Муслим) риуаят етті.

  Жалпы адам баласы табиғи болмысынан имани тәрбиеге мұқтаж болып жаратылған. Имани тәрбиесі болмаған ел адамгершілік қасиеттен айрылып, мүлдем құрып кетуге дейін барады. Иммунитет организмді кейбір аурулардан сақтайтындай, адамзатты да адам қалпында тек қана дұрыс тәрбие арқылы ғана сақтап қалуға болады.

  Жастайынан дұрыс тәрбие алған бала, ер жеткенде дұрыс отбасын құрайтын азамат болады.

  Ал енді керісінше дұрыс тәрбие алмаған балалар мысалы, игерілмеген егістік тәрізді. Игерілмеген егістікке арам шөп қаптап, ешкімге пайдасыз болады ғой. Сол секілді бала да дұрыс тәрбие алмаса өзіне де өзгеге де пайдасы болмай құриды.

  Ұлтымыз үміт артар болашағы етіп, отанға деген сүйіспеншілігін жүрегіне ұялататын, адамгершілікке шақыратын әлбетте, ол ислами тәрбие. Өйткені, ол тек жақсылықтың нышаны. Сол жақсылықтың қайнар көзі ол – Құран. Ондағы қамтылған барлық мәселелерді бізге тәжірибе жүзінде қалдырған пайғамбарымыздың жолы. Оның мінез – құлқы  Құран еді. Сондықтан Аллаһ Тағала дәлеле ретінде Құранда: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің», (Қалам,4) – деп пайғамбарымызды баршамызға үлгі — өнеге еткен. Сол сияқты әрбір отбасы пайғамбарымыздың істеген жақсы амалдарын басшылыққа ала алады. Шын мәнінде оның жолы, ол бақытқа жетелейтін жол.Баланы қалайша жақсы тәрбиелеуге болатындығы жайлы сұрақ туса, әрине оны бізге пайғамбарымыз үлгілі өмірінен алуға болады . Баланы тәрбиелеу үлгісі оның хадистерінде көп айтылған. Пайғамбарымыз «Балаларыңның намаздарын толық оқуын қадағалаңдар және жақсылыққа әдеттендіріңдер! Себебі жақсылық адам баласына тән нәрсе!», — деген. Балаға дұрыс тәрбие берудің мақсаты иманды да инбатты, тақуа, еліне, дініне жаны ашитын ізгі ұрпақ тәрбиелеу. Сол берілген тәрбиесі арқылы келешекте оның жемісін көру.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл зерттеу жұмысымда қазақ, орыс, түрік, араб тіліндегі әдебиеттер қолданылды. Жас отандық  әріптестердің жаңадан жарыққа шыққан Сәбит Ибадуллаевтың «Ғибрат» баспа үйінен басылып шыққан «Ел боламын десең бесігіңді түзе» және Серікхан Рымханұлы Ахмадиевтің «Ислам дініндегі ұрпақ тәрбиесі» «Нұр-Мүбарак» баспасынан шыққан еңбектерін кеңінен пайдаландым. Садық  Дана  «Жанұя бақыты» Дәуір баспасынан шыққан, «Мұсылмандық тәрбие» Ермек Тоқмырзаұлының  (аударма)  Шапағат – Нұр баспасынан, «Воспитание детей в исламе» Абдулла М.Абдул Мути – Москва –Санкт –Петербург «Диля» баспасынан  аударылған аудармалар, «Ғадам Тамииз байна тифл уал Тифлах», «Ислам көзқарасындағы жас ұрпаққа тәрбие» атты Египет Кайр қаласынан шыққан араб кітаптарынан аударма жасадым.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Аталған тақырып бойынша жұмыстың мақсаты бала тәрбиесінің ерекшелігін жан – жақты ашып көрсету және қазақ қоғамындағы ислами тәрбиенің негіздерін ашу. Ата – ана және баланың құқықтары мен міндеттерін анықтау жас ерекшелік тәлімнің кезеңдері мен шарттарын жете зерттеу. Қазақ қоғамында имандылық тәрбиесін қалыптастыру. Дәстүрлі қазақ отбасында бала тәрбиесін енгізу.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:  Бұл тақырыптың жаңалығы бұл мәселені зерттеуде қазір заманауи мұсылман ойшылдарының көзқарастары көрсетіледі. Сондай – ақ, зерттеу нәтижесінде бала тәрбиесінде зайырлы және ислами тәрбиенің үндесуі.

Зерттеу нысанасы ретінде. Қазақ, орыс, араб, түрік тіліндегі әдебиеттер қолданылды. Алматы қаласында шыққан: «Әл-Фараби баспасы. Алматы 1995ж., «Ғибрат» баспа үйі. Алматы. 2008ж, «Нұр-Мүбарак» баспасы. Алматы. 2009ж, «Шапағат – Нұр баспасы».2002ж, Каусар баспасы және т.б. шыққан кітаптарды қолдандым.

Зерттеу әдістері. Жұмыста теологиялық, педагогикалық, психологиялық әдістер қолданылды.

Алынатын нәтижелер. Зерттеу жұмысы бойынша алынған нәтижелерді мекемелерде, орта білім беру мектептерінде жас балалар мен оқушыларды тәрбиелеуде қолдануға болады:

  • Жас балалар мен жас жеткіншектерді ислами тұрғысынан тәрбиелеу, балалардың бойында үлкендерге инабат, өзінен кішіге қамқоршы болуға қалыптастырады;
  • Жас балалар мен жас жеткіншектердің санасы жоғары, өмірде таза өмір сүруге, адал болуға, өз бойындағы жаман қасиеттерден арылуға мүмкіндік береді;

Жас балалар мен жас жеткіншектер ислами құндылықтарды игеру арқылы, қоғамымыздың болашақ тәрбиелі, саналы, отан сүйгіш азаматтары болып қалыптасады.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары бала тәрбиесінің исламда алар орны мен ерекшелігін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы бала тәрбиесіне байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, исламның қайнар көзі Құран мен Хадиске сүйене отырып, өзіндік замануаи тұжырымдармен ерекшеленеді. Қазақ қоғамындағы рухани азғындау, ұлттық рухани құндылықтардың бағасының түсе бастауы, қоғам мен отбасындағы жағымсыз қылықтар, бала тәрбиесіндегі олқылықтар қазіргі заманның өзекті мәселесіне айналып отыр. Осыған орай, бұл еңбек ислам дінінің дені сау қоғам қалыптастыруда маңызды, пайдалы үлесін қосады деп ойлаймын.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден,

2 тараудан, әр тарау 2  бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен,  75-беттен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1   БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ИСЛАМИ КӨЗҚАРАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

 

  • Ата – ана және баланың құқықтары

 

«Дәулет те, балалар да дүние тіршілігінің зейнеттері». Кәһф сүресі,46-аят. Ата-бабаларымыз жазу-сызуды білмеген кездің өзінде де бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, адам құқығын қорғауды назарда берік ұстаған. Мысалы, «Қасымның қасқа жолы» (1511-1518), «Есімнің ескі жолы» (1598-1628), Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» (1680-1718) сияқты көрнекі заңдардың өзі қағазға түспеген.

Ата заңды аттаған азғындарды «Етегін кесіп, елден қу» деген қағидамен аяусыз жазалаған. Халқымыз ұл мен қыз тәрбиесіне ерекше мән берген. Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» деген мақал арқылы бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі ерекше екендігін атап көрсетеді. Бала тәрбиелей отырып артына із, өшпес мұра қалдырған.

Ата –анасының алдында баланың да өз міндеттері бар. «Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар өздерінің ата-аналарына қамқорлық жасап, оларға көмек көрсетуге міндетті» делінген Қазақстан Республикасы Конституцияның 27-бабында [11, 12 б]. Бұл заңды бала санасына терең сіңіре білу керек.

Қазақ халқының салт-дәстүрінде ата-аналарын қадірлеу, үлкенді сыйлау, ізет жасау керектігін, яғни балалардың ата-анасына деген сүйіспеншілігін заңның мәжбүрлеуінсіз-ақ тәрбиелеу арқылы іске асыруға болады.

Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді:

«Балалардың әке-шешесіндегі ақысы үшеу:

  1. Туылғаннан кейін жақсы есім беру;
  2. Балиғат жасына келгенде Алланың кітабын үйрету;
  3. Үйлену шағына жеткеннен кейін үйлендіру»[25,18 б].

Балаға жастайынан дұрыс тәрбие беру әрине ата-ананың міндеті. Сол үшін о баста, яғни құрсағына түспей тұрып тәрбиеленуі қажет. Дәлірек айтсақ, ата-ана балаға ниеттенген кезден-ақ «бісміллә»-мен бастауы керек. Осыған байланысты айта кететін болсақ, кейбір мұсылман елдерінде бұзық, нашақор балалардың дүниеге келуі «бісміллә»-сіз болған жағдайдың куәсі деп келтіреді.

Ғылыми зерттеулердің дәлеліне сүйенсек, арақ іше салысымен-ақ бірден барып, адамның миы мен ұрық безін уландыратын болса, осыны біле тұра жабыла шулап жас шаңырақтың астына өз қолымызбен өрт қойып жатқанымызды түсінетін уақыт жетті. Той тарқағаннан кейін екі жасты күтіп тұрған, пәктікпен жайылған ақ төсектің арты, қасіретті сорға бітетін, уланып туған ұрпақ болмақ. Өйткені, нақты айтар болсақ, адам ағзасына түскен арақтың 100 грамы, организмнен жеті күн дегенде әрең шығып тазарады екен.

Қазіргі дүниеге келіп жатқан нәрестелердің көбі, ұрығында уланып туатындықтан, көпшілігі жарық дүниені көрмей-ақ өлі туып жатса, бірқаншасының жаны шықпағанмен, жарымжан күйінде тіршілігін бастайды»[23,61 б].

Ендеше, бұл індеттен құтылудың жалғыз жолы-рухани азық, Аллаһқа деген сенім. Яғни, олардың ата-анасы оларды дүниеге әкелер кезде «бісміллә»-ны айтатын болса, мұндай жағдайға тап болмас едік, керісінше дені сау, ақылды, жақсы перзент дүниеге келер еді. Сондықтан да ислам әдебінде әрбір

қайырлы іс үшін «бісміллә» айтуды ең маңызды деп санаған. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз «Бісміллә әрбір жақсы істердің кілті. Бісмілләсіз іс берекесіз» деген.

Әбу һурайраның риуаят етуінше Аллаһтың елшісі былай деген: «Үш түрлі дұға сөзсіз қабыл болады: Жәбір көрушінің дұғасы, жолаушының дұғасы және ата-ананың баласына жасаған жақсы дұғасы» (Термизи риуаят еткен)

Ислам ғалымдары аят пен хадистердегі ата-анаға байланысты айтылған насихаттардан олардың ақылары он екендігін бекіткен. Әбу Ләйс Самарқанди ата-ананың ақысын былайша тізбектейді:

  1. Ішіп-жемге мұқтаж болған кезде баласы асырайды.
  2. Киім-кешекке мұқтаж болса қалтасына сәйкес киіндіреді. Олардың осы қажеттіліктерін өтерде жылы жүзбен мәміле жасайды.
  3. Жәрдемге мұқтаж болған кездерінде жәрдем ету үшін жүгіреді.
  4. Ата-анасы шақырса парыз намазынан басқа шұғылданып жатқан істерін тастап қастарына барады. Тапсырған нәрселерін ықыласпен орындайды.
  5. Аллаһтың бұйрықтарына қайшы келмейтін әмірлеріне бойсұнады.
  6. Ата-анасымен тілдескенде даусын көтермей, бәсең, жылы сөйлеседі.
  7. Ата-анасын есімімен атамайды.
  8. Бірге жолда жүріп келе жатқанда алдын орағытпай, бір қадам артта жүреді.
  9. Өзі жақсы көрген нәрселерді ата-анасына да болсын дейді. Өзінен оларды артық көреді.
  10. Оларға Алладан рахым мен жарылқау тілейді[34,16 б].

Исра сүресінің 23-24 аяттарында:«Раббың Өзінен басқаға құлшылық қылмауларыңа және ата-анаға ізгілік қылуларыңа бұйырады. Егер олардың біреуі не екеуі де қартайса, ол екеуіне «туф» деп те айтпа, оларға дауыс та көтерме, оларға тек жақсы сөз сөйле. Оларға мейірімділік пен кішіпейілділіктің қанатын жайып: «Раббым! Олардың кішкентайымда мені тәрбиелегені секілді оларға рахым ет»-деп айт.

Тәрбие сөзінің мағынасына  жалпы тоқталар тоқталар болсақ, араб тілінде бұл  Раба – ярби :  болу, пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді.

Мұндағы Раб сөзі, тәрбиелеуші, реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Аллаһ Тағаланың тоқсан тоғыз есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет айтылады. Сондай–ақ Құранның алғашқы түскен «Ғалақ» сүресінің бес аятында да бар. Құранда ең көп айтылатын, яғни Аллаһ сөзі 2799 рет айтылса, екінші орында Раб сөзі тұрады.

Раб негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына қолданылады. Негізгі мағынасына келер болсақ бүкіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық көрінеді. Яғни алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді жоқтан бар қылған, Аллаһ Тағала үшін қолданылады.

Сонымен тәрбие сөзі жайында мынандай нәтижеге тоқталсақ болады:

  1. Тәрбие іс – тәжірибе білімі, өзіне тән зерттеу жолы бар.
  2. Ең ұлы Тәрбиеші Аллаһ Тағала
  3. Тәрбиеге, мақсат пен нысанаға жету үшін өзіндік жоспары бар. Бала өскен сайын тәрбие беру жүйесін де өзгертіп отырады.
  4. Оның негізгі қайнар бұлағы — Аллаһ Тағала [2, 19 б].

Ислами тәрбиеге келер болсақ, Ислами қағидаларға лайық түрде адам пікірінің дамуы, іс – әрекеті мен мінезінің кемелденуі, сондай –ақ, дүние мен ақыретте бақытқа жететін нағыз адамды тәрбиелеу өнері деп айтылады.

Ислам дінінің негізгі мақсаты – көкірегіне иман егумен қатар адамзатты көркем мінезділікке баулу. Пайғамбарымыздың мінезін жан жары Айша анамыз: «Оның мінезі – Құран» деп, дөп басып айтқан. Ендеше, Құран Хақ Тағала уағыздаған көркем қасиеттер мен мінезді танытса, ақырғы Елші соны іс жүзінде көрсетіп, жұмыр басты пенделерге үлгі — өнеге болған. Бүкіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық. Құран — әрі адамзаттың тәрбиешісі. Құранның басты мақсаты – адам баласының жан – тәнін кірден арылтып, рухына ғайыптық қанат тағып, жәннәтқа лайық ету. Асылында, Құраннан тәлім – тәрбие алған адам рухының бұл дүниесі де жаннатқа ұқсас. Өйткені, адамның жан дүниесі мен болмысын тәрбиелеуде ең кемел әдісті адамды жоқтан жаратқан Аллаһ Тағала ғана біледі. Ендеше, Құран – адамзаттың жалғыз тәрбиешісі. Тәрбие – адамзат пайда болғаннан бері қолданып келе жатқан түсінік.Тәрбие, алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі ұрпақтарына өмірден түйген тәжірибелерін өнеге ету. Әрине, діннен сәл де болса хабары бар адам тәрбиенің адамзатты игі істерге жетелейтінін ұғынады. Тіпті, тәрбиелік мәні бар істерге шақыру жолында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің өзі:

«Мен жақсы істерді жалғастыру үшін келдім»- деген[5,10 б].

Пайғамбарымызға түсірген сөзі қасиетті Құран Кәрімде былай делінген:

Құранда Әнбия сүресінің 21 аятында: «Сені біз жер жүзіне тек рахымшылдық орнату үшін ғана жібердік».

Осындай тәрбие құндылығын адам санасына сіңіру үшін Құран Кәрім мен пайғамбарымыз хадистерінде, тіпті әрбір сүренің басында рахымшылдық тәрбие ұғымы жүздеген мәрте қайталанып отырады. Бұған мысалғы: әдетте мұсылман адамның кез келген ісін «Бисмилләһи әр – рахмани әр – рахим» сөзінсіз бастамайтынын алуға болады. Міне, рахым сөзінің осылайша үздіксіз қайталануы арқылы рахымшылдық жөніндегі тәрбие құндылығы адам санасына біртіндеп сіңе бермек. Алла мейірімді де рахымды, оның рахымдылығы баршаға ортақ. Аллаһ адамды өзі сияқты мейірімді болуға шақырады.

Алайда, біз мұндай құндылықтарды бүгінгі адамдар арасындағы қарым – қатынастан көре алмай отырмыз. Қазіргі қоғамдағы адамдардың бір – бірімен қарым – қатынас кезіндегі бойларындағы рахымшылдық қасиеттерін жоғалтып, біртіндеп қатыгездікке бой алдырып бара жатқандықтарын тереңірек үңіліп қараған кісіге бірден байқалады. Бүгінгі әке мен бала, әйелі мен ері арасындағы қарым – қатынас жақсы деңгейде деп айту қиын. Олар аралығындағы қарым – қатынастың бұлай болуына бірін-бірі кінәлі деп біледі.

Қазірде бұқаралық ақпарат көздеріне көз сала қалсаң адам өлімі, ұрлық, тонау сияқты келеңсіз жайттардан көз сүрінерлік халге жеткен. Тіпті кейбір жанұялардың өзінде осындай оқиғалардың болып тұратыны өтірік емес.

. Өйткені барлық әділдік пен жақсылық жөніндегі тәрбие құндылықтары осы рахымдылық болмысынан бастау алатыны анықталады. Бұл жөнінде пайғамбарымыз өзінің хадистерінде көптеген мысалдар келтірген. Мысалы:

«Жердегілердің бәріне рахымды бола біл, сонда саған көктегілер рахымдылық  жасайды»].

 Тәрбиедегі негізгі мақсат жаман мінез-құлықтан жақсы мінез-құлыққа, адамзатқа пайдалы өнеге болатын үлгілі адам тәрбиелеу. Тәрбие сөзі тілімізде ахлақи іс-әрекет мағынасында да қолданылады. Мысалға жақсы мінезді адам үшін «тәрбиелі», жаман мінезді адам үшін «тәрбиесіз» деп қолданылады.

 Тәрбие ұғымын Мұхаммед пайғамбардың міндеті жағына алып қарайтын болсақ «таблиғ»-жеткізуші, «муршид»-жол көрсетуші деген мағынаны білдіретін тәлім-тәрбие мағынасын өз ішіне қамтиды. Мұхаммед пайғамбардың «Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» деген сөзімен тәрбиенің мақсатын көркем мінезге қол жеткізу, қасиеттілікке ие болу деп айтсақ қателеспейміз. Ислам тәрбиесінің мақсаты адамдарды дүние және ахиретте бақытқа жеткізу, қысқаша айтатын болсақ «жақсы мұсылман өсіру» болып табылады.

Имам Ағзам Әбу Ханифа «Тәрбие тұлғаны тәрбие ететін немесе бұзатын нәрсені білуді білдіреді» деген. 

Тәрбиенің қазіргі таңда да маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан еңкейген қартқа дейін қажет. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Біздің аталарымыз да тәрбиенің негізгі мақсатын дөп басып, өз өмірлерінде дұрыс қолданған. Мәселен тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала». «Әдепті» бала дегенде көз алдымызға тәрбиелі жақсы адам ал «әдепсіз» десе тәрбиесіз жаман адам елестейді. Әдептілік тәрбиемен тығыз байланысты.  Міне мұнда тәрбиеге көңіл бөлініп қарастырылатын ар мәселесін әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп отыр. Бізді тәрбиені ар — намыспен  байланыстыра отырып негізгі мақсатқа жетудің жолын тапқан. Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.

Адамзат өміріндегі тәрбие құндылықтарының бірі – ар-ұят жөніндегі тәрбие құндылығы. Ар-ұят жөніндегі тәрбие құндылығы адамды теріс пиғылдағы іс-әрекет пен адам бойында болатын жақсы қасиеттерге қайшы келетін дүниелерді жасауға тосқауыл болады. Ар мен ұят – бір-бірінен ажырамас егіз ұғым. Осыған байланысты ар-ұят, дініміз бойынша имандылықтың негізгі элементерінің бірі болып есептеледі.

Ар-ұят жаман істерге тыйым сала отырып, сол мезетте жақсы істерге жетелейді.Егер ар-ұят мүлде болмаса, онда діни немесе тәрбиелік мәні бар құндылықтар аяқ астында қалып, адамзат өз бетімен кетпек. Ар-ұятты дініміздің өзі имандылықпен бірге бітіскен, оның ажырамас бір бөлігі ретінде қарастырады. Пайғамбарымыз бұл жөнінде:

«Әр діннің өз әдет ғұрпы бар. Ал, исламның әдет-ғұрпы-ар-ұят» деген.. Ар – ұяттың жоғалуы – адам бойындағы имандылықтың азаюы. Сондықтан адамзат жер бетіндегі тіршілік атаулының ішінде ерекше жаратылған саналы жаратылыс екендігін сақтау үшін, бойларындағы ар – ұят құндылығын жоғалтып алмаулары керек.   

Европа мен Азия терең қараңғылыққа батқан кезде Ислам мәдениеті жарқырыған күн сияқты дүниеге келді. Құран Кәрим адамдарға тәрбие негіздерін Мұхаммед пайғамбар  хадисімен баяндады. Осылайша Исламда тәрбие Ислам дінінің негізін құрады.Барлық жамандықтар тәрбиесіздікті білдірсе, жақсылықтардың барлығы тәрбие рухы ретінде сипатталды. Ислам үлкендерге құрмет, кішілерге мейірімділік, сөздердің дұрыстығы мен істердің адалдығын, жалпы жан-жақты дұрыстықты әмір етеді.

Балаларды тәрбиелеу, оларды өз еркіне қоймау әке-шеше алдындағы ең бірінші міндет. Сондықтан да Исламда әуелі Аллаһтың бірлігі, Мұхаммед пайғамбардың  хақ пайғамбар екендігін айта келе барлық жақсы нәрселерге үгіттеу, жаман нәрселерден тыйым салу бұл қасиетті діннің негізін құрайды. Өйткені балада әке-шешенің үгіт насихаты арқасында жақсы немесе жаман мінездер қалыптаса бастайды. Сол себептен Мұхаммед пайғамбар әр баланың табиғаты Исламды қабыл ететін жаратылыста дүниеге келетіндігін, кейін әке-шеше немесе басқалардың әсерімен яһуди, християн немесе мәжуси (отқа табынатын) болатындығын айтады.     

Ислам ғалымдары тәрбиені екіге бөліп қарастырған. Жалпы және жеке тәрбие. Жеке тәрбие бұл Аллаһ Тағала тарапынан пайғамбарлар арқылы адамдарға үйретілген сенімдер, әдемі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Пайғамбарлар дәрігер іспетті адамдардың сырқаттарын айта отырып, жақсылықтар, игіліктер арқылы емдейді. Ал жалпы тәрбие болса, әлемнің ең кішкентай бөлшегінен бастап, ең үлкен болмысына дейін құдірет иесінің қолымен тәрбиеленіп жатқандығын айтады. Жалпы тәрбиеде мәжбүрлілік болса, жеке тәрбиеде қалау мен ерік бар. Жалпы тәрбие туралы Құранда Ясин сүресінің ең соңғы аяттарында былай делінеді: «Егер  Ол бір нәрсені қаласа, бол дейді, сол сәтте болады». Бүкіл нәрсе Оның қоластында. Өмірді де, өлімді де жаратқан Сол. Ешбір нәрсе Оның бақылауының сыртында қалмайды. Бірақ пайғамбарлар арқылы болатын тәрбиеде таңдау құқығы бар.

Аллаһтың құлы болған адам баласы пайғамбарды мойындап одан әмір мен тыйымды, жақсы мен жаманды, бұрыс пен дұрысты үйренеді. Әмірлерді орындап, тыйымдардан аулақ тұрса, әрқашан бақытқа жетеді. Адамдардың ең бақыттысы болып есептеледі. Құран Кәримде Аллаһ Тағала былай дейді: «Аллаһ  иман еткендердің досы. Оларды қараңғылықтан нұрға шығарады». Аяттың жалғасында Аллаһқа иман етпегендердің досы – шайтан, ол өзінің достарын жарықтан қараңғылыққа апаратындығын, от ішінде қалатындығын айтады.

       Исламға дейінгі дәуірде ақсүйектер арасында, мейлі төменгі сатыда болсын әйел затының қоғамда ешбір лайықты орны жоқ еді. Мұндай үрдіс қыз бала дүниеге келісімен басталған. Арабтардың әйелі ұл туса қатты қуанып, қыз туса қылмыс істегендей күйге түскен. Өйткені адамдар үшін қыздың әкесі болу масқаралық саналған. Олар мұндай халден сәби қызды туа сала жерге көму, не оны бойжеткенді біреуге сатып жіберу арқылы құтылған. Кейбір жаны ашығандары ғана қызын елсіз жерге апарып мал бақтырған [7, 22 б].

Арабтар осындай қараңғы дәуірді бастан кешу үстінде әлемнің Ұлы Жаратушысы тарапынан Мұхаммед пайғамбарға Құран жіберілді. Ол қасиетті кітап қана емес, жазу стилі жағынан адам баласының қолынан келмейтін теңдессіз кітап болды. Оның аса ғажайып мұғжизалық үлгісін дос тұрмақ, дұшпан да мойындап қабыл етті. Шын мәнінде, адамзат тарихындағы ең маңызды және қайталанбас оқиға Исламның келуі және өркен жайып дамуы болды. Кейбір ғалымдар Исламның алғашқы кезеңіндегі тарихи шындықты «Ислам мұғжизасы» деп атап кеткен.

Құран сөзі тау суындай сарқырап ағып жан мен тән, ар мен жүректі кірден арылтып, адамзатқа бақыт әкелді. Құран арқылы әйел заты теңдікке қол жеткізсе, әке перзентін қыз, ұл деп бөле жармай, бірдей әкелік сезіммен қарайтын болды. Кешегі қызын тірідей көмген әкелер, енді құмырсқаға да аяныш сезіммен қарайтын заманға қол жеткізді. Бір-бірімен қырық пышақтасып қырқысқан ру-тайпалар Құран арқылы арасынан қыл өтпейтін дос атанып, аға-бауырлық қарым-қатынас орнықты. Күні кеше ата-анасына қарсы балалар Құранның атқан арайлы таңынан кейін, оларға қарсы шықпақ түгілі, «үһ» деп те наразылық білдірмейтін ибалы дәрежеге жетті. Әсіресе анаға ерекше ізет көрсетіліп, «Жәннат аналардың аяқтарының астында» деген мәртебелі баға беріліп ардақталды. Міне, Құран бұдан он төрт ғасыр бұрын, зұлыматтың қара түнегін сейілтіп, адамзат әлемін көкжиектен көтерілген күндей нұр шұғылаға бөледі.     

Негізінде Мұхаммед пайғамбар  өзін тәрбиеші ретінде көрсетеді. «Мен бір мұғалім, тәрбиеші ретінде жіберілдім»(Имам Мәлик, Муватта, Хуснул Хулқ).

Ислам, бүкіл пайғамбарлар мен кітаптар, шариғаттар, тіпті ғалымдар да адамдарды тәрбиелеу үшін Аллаһ тарапынан жіберілгендігін айтады. Діни әмір мен тыйымдар, харам мен халалдар барлығы тәрбие болып есептеледі[12, 56 б].

Құран әлем мәдениетінің ең үлкен байлығы, бүкіл мұсылмандардың қасиетті кітабы. Араб тілінде «Қирағат» — «Оқу» деген мағынаны білдіретін .

Құран адамдарды татулыққа, ізгілікке, теңдікке шақырады. Адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтардан тиым салады. Құран адамгершілікті, сүйіспеншілікті, көркем мінез, рухани және мағынауи пәктікті, адал еңбек етумен жақсы өмір сүруді әмір етеді.

Адамдарды ғылымға тарту мақсатында Зүмәр сүресі 9 аятында былай делінеді: « Білетіндер мен білмейтіндер еш уақытта бір бола ма? . Исламда адам ақылының дамуына қатты көңіл бөледі. Ғылым мен ақиқатты айғақтар мен дәлелдеуде, исламның рационалдық, ақылға сүйенетін дін екендігі айқын көрінеді. Шын мәнінде де Құран ешбір нәрсені дәлелсіз қабылдамау керектігін айтады. Құран ешбір нәрсені дәлелсіз қабылдамау керектігін айта отырып еліктеу арқылы сенуге жол бермейді.

Құрандағы негізгі тақырыптарды ислам ғалымдары үшке бөліп қарастырған. Олар мыналар:

  1. Иман (сенім)
  2. Ахлақ (көркем мінез – құлық)
  3. Муамалат (қарым – қатынас, іс — әрекет)

Ислам дінінде сенім мәселесі мұсылманшылықтың ең алғашқы шарттарынан болып табылады. Иман сөзі араб тілінде «әмәнә» түбірінен шыққан. «Сену», «Нану» деген мағынаны білдіреді. Ислам дінінде оның негізгі алты шарты бар. Олар мыналар:

  1. Аллаһтың барлығы мен бірлігіне сену.
  2. Періштелерге сену.
  3. Кітаптарына сену.
  4. Пайғамбарларға сену.
  5. Өлгеннен кейін қайтадан тірілуге сену.
  6. Тағдырға, жақсымен жаманның Аллаһ тағаладан екеніне сену.

Бұлардың біреуіне толық сену басқаларына да сенуді қажет еттіреді. Мысалға, Аллаһтың барлығы және бірлігіне сену, Мухаммед пайғамбардың хақ екеніне, Мухаммед пайғамбардың хақ екеніне сену  болса, Аллаһтың барлығына және бірлігіне  сенуді қажет еттіреді. Ол екеуі түтін мен от сияқты, түтін қалайша оттың барлығына дәлел болса, от да түтінді қажет еттіргеніндей бірін — бірі толықтырады.

Абай атамыз, «Иман – бұл Аллаһу тәбәрәкә уа тағаланың бірлігіне және барлығына, Мухаммед пайғамбардың хақ екендігіне сену»,- деп түсіндіреді [14, 33 б].

Иман тек сеніммен шектелмейді. Иман жақсы ғамалдарды да қажет еттіреді. Өйткені иман болған жерде ар – ұят, намыс болады. Намыстылық бар жерде мейірімділік, тыныштық болады.

Құран Кәрімде Аллаһқа иман етіп жақсы ғамал жасағандарға шексіз бақыттылық, ал керісінше оған иман етпей қарсы шыққандарға тозақ азабы бар екендігі ескертіледі. Кейбір ислам ғалымдары иманды былайша түсіндіреді. Иман, жәннәттің тұқымын, ал күпірлік болса өзінде тозақтың тұқымын сақтайтындығын айтады. Яғни иманды адаммен, имансыз адамның бұл дүниедегі өмірін салыстыратын болсақ, иманды адам жәннәт сияқты тыныш, рахат, иманы жоқ адам әр уақытта қайғы – қасіретте өмір сүретіндігіне көз жеткіземіз. Өйткені Аллаһқа иман етпеген адам дүниедегі бүкіл қиыншылықтарды, қайғыларды, ауыртпалықтарды мойнына жүктеп, үмітсіз, күйде келешекке үміт артып, өмірдегі қиыншылықтарға сабырлылық және төзімділік пен жауап беріп жан азабын шекпейді.

Құрандағы екінші басты мәселе бұл ахлақ мәселесі. Ахлақ дегеніміз көркем мінез – құлық дегенді білдіреді. Құран әдеп, ахлақ, этика, эстетика мәселелеріне кеңінен тоқталады. Қоғамның дамуымен ілгерлеуінде адамның жеке мінез құлқы маңызды рөл ойнайды. Өйткені қоғам мүшесі болған әрбір жақсы мінез – құлықты азаматтың қоғамға қаншалықты пайдасы болса, жаман мінез – құлықты адам да қоғамға одан да көп зиян тигізеді. Мұхаммед пайғамбарымыздан бір кісі «Ислам дегеніміз не?» — деп сұрағанда «Ислам көркем ахлақ» деп жауап береді.

Құран адамдардың құндылықтарын жоғары бағалай отырып, құрметке ең лайық әке – шешелерді айтады. Құранда әке – шеше хақы белгіленіп қойылған. Әл – Исра сүресі 24-25 аяттарында әке – шешеге жақсылық жасау, Аллаһ тағалаға ғибадат етуден кейінгі екінші орында тұрады.

Құранда тек ата-анаға ғана емес, отбасының басқа да мүшелеріне, туысқандарға, көршілерге, жетімдерге, кедейлерге жақсылық жасауды әмір етеді. Құранда Ниса сүресі 36 аятында: «Әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жақын жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен Аллаһ тағала тәкаппар мақтанышты жақсы көрмейді» деп адамдарды бір – біріне жақсылық жасауға шақырады. Бұл аят қоғамдық ахлақи маңызға ие.

XX ғасыр адамзат үшін ғылым мен техниканың дамуы, көптеген ғылыми техникалық жаңалықтардың ашылу кезеңі болды. Бірақ та дамуды тек ғылыми жетістік деп ойлауымыз қате. Шынайы даму бұл қоғамдық өмірдегі сүйіспеншілік, құрметтілік, және мейрімділікпен байланысты. Егер қоғамда жоғары аталмыш қасиеттер болмайтын болса, қоғам тоқырауға ұшырап өмірі қысқа болуы мүмкін.

Құран адамдарға сабырлы болуды әмір етеді. Сабыр қанағат адамдардың ең жоғары қасиеттерінен болып табылады. Сабыр, Құрандағы Худ сүресінің 15 аятында ең көп айтылған тақырыптардан. «Ей, Мухаммед, қиыншылықтарға сабыр ет. Расында Аллаһ тағала жақсылық істеушілердің еңбегін жоймады.

Ал — Имран сүресінде 186 аятында: «Егер сабыр етіп, Аллаһтан қорықсаңдар құтыласыңдар»

Шын мәнінде сабырлы адам оның түбінде сары алтын табады, бүкіл  қиыншылықтарға шыдап дұрыс жолды таңдай алады. Құран адамдардағы ең үлкен сипаттардан болған шыншылдық туралы сөз  қозғайды.

Шыншылдық сенімділікті әкеледі. Ал отбасымен қоғам тек сенімділік пен ғана жалғасады. Құранның Тәубе сүресінің 119 аятында: «Әй Мүминдер! Аллаһтан қорқыңдар және шыншылдар мен бірге болыңдар» деп айтылады.        «Құран адамды достыққа татулыққа шақырады. Оған мына аятпен белгі береді. «Мүминдер бір-біріне бауыр». Бұл аят қоғамда татулықты орналастыру және әр түрлі ұлтаралық келіспеушіліктерді шешуде үлкен маңызға ие. Жікке бөліну бақталастық пен қырсықтық мүминдерді өз іштерінде алауыздыққа, араздыққа, кекшілдікпен дұшпандыққа ұшырататын негізгі себептер. Мұндай жәйттер, ақиқатқа, даналыққа және ең жоғары адамгершілік исламға оғаш. Ол әрі жеке және қоғамдық өмірінің сондай-ақ рухани өмірдің таразысымен өлшенсе жағымсыз, зиянды зұлымдық болып саналады. Бұл адамзат тіршілігі үшін нағыз-у. Ислам адамдардың бойындағы дұшпандық, жек көрушілік сезімін төмендегідей тәрбиелеуді ұсынады. Егер қастық жасағың келсе, ішіңдегі қара ниетке қарсы шық. Соны құртуға тырыс. Саған ең көп зияны тиген жүгенсіз нәпсің мен құлқың құмарлығыңмен күрес, тәрбиелеуге тырыс. Сүйіспеншілік қасиеттің өзі, сүйіспеншілікке лайық. Жауыздық қасиеттің өзі ең әуелі жауыздыққа лайық. Егер жауыңды жеңгің келсе оның істеген жамандығына жақсылықпен жауап бер. Жақсылық жасасаң өзі де өкініп райынан қайтады. Шын мәнінде өмір бірлік пен ынтымақтықтың нәтижесі. Тату-тәтті ынтымақ кеткен кезде рухани өмір де күйрейді»[17, 12 б].

Құран әдемі сөйлеу, өзгелермен жақсы қарым-қатынаста болуға шақырады. Мұны төмендегі Ниса сүресінің аяттарынан көруге болады. «Адамдарға жақсы сөздер айтыңдар», «Қашан сендерге сәлем берілсе, сендер одан да жақсырақ түрде жауап қайтарыңдар».

        Құрандағы тәрбиелік мәнге ие болған әмірлерді қысқаша шолып өттік. Құранда әмірлер мен тиымдар да бар. Құран адамдардың ілгерілеуіне, жоғарылауына кедергі болатын тәкаппарлық, арақ ішу, жала жабу, өтірік айту, өсек сияқты жаман қасиеттерді айта отырып бұлардан аулақ болуды әмір етеді.

Тәкаппарлық туралы Құранда Исра сүресінің 37 аятында: «Жер жүзінде даңдайсып жүрме, өйткені сен жерді, әсте жара алмайсың да бой жағынан тауларға да жете алмайсың». Тәкаппар адам әуелі өзін жақсы көреді. өз пайдасы үшін барлық нәрсені пида етеді. өзінің байлығы және мал дүниесімен мақтанады. Мұндай кісілерге Құранда Ағраф сүресінің 146 аятында: «Жер жүзінде орынсыз даңдайсығандарды ұзақтастырамын. Егер олар барлық белгілерді көрсе де оған сенбейді. Сондай-ақ олар тура жолды көрсе; оны жол қып ұстамайды.Ал егер қисық жолды көрсе, оны жол  қып алады. Бұл олардың аяттарымызды өтірік деп одан ғапыл болғандықтары».

Құранда өтірік айту және оның түрлері баяндалады. Ғафыр сүресінің 28 аятында Аллаһ: «Егер өтірікші болса, өтірігі өзіне, ал егер шыншыл болса, сендерді қорқытқан апаттың кейі бастарыңа келер. Расында, Алла, шектен шыққан суайт біреуді тура жолға салмайды». Үәдені орындамау және қиянат жасау өтірікшілдіктің түрлеріне жатады. Мұхаммед Пайғамбар бір хадисінде былай деп айтады. «Мұнафықтың үш белгісі бар: Сөйлегенде өтірік айтады, уәде берсе уәдесін орындамайды, аманат берілсе аманатқа қиянат жасайды».  

Біреуді жамандау, айып және нашар қылық екенін, жиіркеніштілігін Құран бір ғана аятымен ғайбат, өсектің қаншалықты жаман нәрсе екендігін ашық түрде көрсетеді. Құранда Хужурат сүресінің 12-аятында: «Әй Мүминдер! Күмәннің көбінен сақтаныңдар, Өйткені күмәннің кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине, оны жек көрсеңдер. Расында Аллаһ тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді. Жоғарыдағы аяттың түсіндіруімен өсек, ғайбат айту адамның ақылы, жүрегі, адамгершілігі, жаратылысы сүймейтін және халық алдында да жаман қылық екендігін айтады. Шынымен де ғайбат қоғамдық өмірде алауыздыққа, кек сақтауға себеп болатын, адамдардың арасындағы достықты бұзатын-у. Ғайбат – қара ниетті күншіл және қырсық адамдардың өте көп қолданатын жексұрын қаруы. Ар намысты адамның бұл лас қаруды қолдануға ар-ожданы шыдамас.

Құран ұлтшылдық пен нәсілшілікке тиым салады. Бір ұлттың немесе нәсілдің басқа ұлттан үстемдігін қабылдамайды. Аллаһ Тағала жаратқан адамдардың бәрін бірдей көреді.

  Ислам сөзі Құран Кәрімде мынандай мағынада қолданылған: құтылу, сәлеметте болу , таза жүректі болу,  және , бейбітшілік, амандық, азаттық .  

Ислам дінін ең алғаш рет қабыл алған Мұхаммед пайғамбардың әйелі Хадиша Хуайлидқызы еді. Демек ең алғашқы мұсылман әйелдерден болды. Мұның үлкен мән – мағынасы бар. Ислам әйелдің жанұядағы және қоғамдағы орнын, мәртебесін көтерді. Өзіне лайық болған құқықтарын берді. Оған дейін мал құрлы бағасы болмаған, бүгін бар да ертең жоқ, ешқандай сенімділігі жоқ әйелдерге дауыс беру, куәгер болу, кәсіп иесі болу, өзінің жеке меншігі болу және оны өзі еркін пайдалану, құлшылық ету сияқты құқтарын берді.

«Ортағасырда еуропалық шіркеулерде «әйелдердің құқықтары бар ма, жоқ па? Деген сұраққа жауап іздеп, таласып жүргенде Мұхаммед пайғамбар сонау

7 ғасырда «Жәннәт аналар аяқтарының астында» деп әйелдің құрметтеуге тұрарлық екендігін айтқан – ды».

Құранда адамның рухани дамуына кедергі әрі тосқауыл болатын нәрселердің бірі, ашу деп көрсетіледі. Бұл адамды рухани азғындыққа алып барады. Өйткені ашу бар жерде ақыл жұмысын тоқтатады. Адам өз — өзін басқара алмай, өз пайдасы мен абыройын сақтаймын деп надандыққа салынады. Қазақ қоғамында да ашуға байланысты мынандай бір тәрбиелік үлкен мәні бар нақыл сөзі қалыптасқан.«Ашу дұшпан ақыл дос, ақылыңа ақыл қос». Шындығында ашу  адамның денсаулығына да зиян. Сондықтан да ислам ақыл және парасаттылық пенен сезімге берілмей салмақты іс — әрекет жасау керектігін ескертеді. Али Ғымран сүресінің  134-аятында: «Олар кеңшілікте, таршылықта Аллаһ жолында мал сарып қылғандар. Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер, Аллаһ жақсылық істеушілерді сүйеді».

Ислам тәрбиесінің екінші қайнар көзі хадис болып табылады. Алдымен хадис және сүннеттің мағынасын түсіндіріп кетейін. «Сүннет» сөзі – жол, мінез, ахлақ, тура жол, әдіс, үлгі сияқты мағыналарды білдіреді.

Мұхаммед пайғамбар Аллаһтың әмірлерін адамдарға жеткізуге міндеттелген исламның алғашқы мұғалімі. Бүкіл мұсылмандарға үлгі. Мешітте имам, мешіт сыртында жолбасшы, соғыста болса қолбасшы, соғыссыз кезде муршид (дұрыс жолды көрсетуші) еді. Шын мәнінде Мұхаммед пайғамбардың өмірін терең зерттейтін болсақ, әрбір іс-әрекетінде, қимылдарында адамның кемелденуіне, жетілуіне пайда беретін дәрістер алуға болады.  Мұхаммед Пайғамбардың балалармен болған қарым-қатынастарын және оның ислам тәрбиесіндегі орнын көретін болсақ,  қаншама ғасырлар өтсе де сол ғасырдағы болған оқиғалардың қазіргі таңда тәрбиелік және педагогикалық маңызы зор.

Халқымызда «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген нақыл сөз бар. Қазақстанда статистердің ресми мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде отбасы болып құралған үш жанұяның біреуі ажырасып тынады екен. Әрине, бұл көңілге мұң ұялатады. Болашақ жастардың тұрмыс құрып жылдам ажырасуы бұл қоғамның рухани азғындауына алып келеді.Ал отбасы болмаса ұрпақ болмайды, ал ұрпақ болмаса ол елдің болашағы жоқ.

Жастардың қазіргі ажырасуының басты себебі – имансыздық. Екінші себебі бұл «отбасы» деген киелі ұғымды жете түсінбей, асығыс үйлене салуында.Үшіншісі жастар мен ата-аналардың қарым-қатынасының дұрыс болмауында. Төртіншісі әлеуметтік жағдайға байланысты. Себебі қазіргі таңда отбасының материалдық жағынан қамтамасыз етілуі басты мәселе.

Ислам тұрғысынан қарастырсақ ажырасу-Аллаһтың халал нәрселерінің ішіндегі ең ұнамсызы. Бұл өмірдің заңы. Өкінішке орай бұл Пайғамбарымыздың уақытында да болған.

Ал, жанұяға қатысты мәселелер үйленумен бітпейді. Ер мен әйелдің материалдық әрі рухани дамуы, олардың рахат және тыныштығы жанұялардың кейбір негіздердің орындалуымен ғана жүзеге асады. Егер мұндай негіздер назарға алынбай орындалмаса жанұяның өмірі де қысқа болады. Сол негіздердің ішіндегі ең маңыздысы олардың бір-біріне болған міндеттері келеді. Ең алдымен ата-ананың міндеті баланы жан-тәнімен сүйе білу керек. Оның оы өмірге икемді болуы үшін балаға лайықты білім беруі басты шарт. Адамның өкпесіне ауа қандай қажет болса, жарық дүниеге келген жас нәресте сәбидің миына да жан-жақты мағлұмат соншалықты қажет нәрсе. Мұндағы маңыздылық үш жасқа дейінгі  жас сәбидің көп нәрсені сіңіре білуі Аллаһтың берген бір кереметі. Бала ата-анасына жақын болып, өзін қызықтыратын кез-келген сұраққа жауап алуы тиіс. Қазақ дәстүрінде жалпы баланың сөйлегісі келетін уақытында сөйлетпей аузына қақпақ қоятындар бар. Сөйлеу-бұл байланыс құралы. Бұл баланың белсенді өмірге қабілеттілігі, есте сақтау қабілетінің ерекше екенін аңғаруға болады.

Әкенің міндеті.

Алланың елшісі: «Сендердің әрбірің жауапкерсіңдер және жауапкершілік теріңде болған нәрсе үшін сұраласыңдар. Патша өз қоластындағылар үшін жауапкер және солар үшін сұралады. Отбасы жанұя үшін жауапкер және сол үшін сұралады. Әйел күйеуі сыртта болған уақытта үй шаруасы мен балалардың тәрбиесі үшін жауапкер және сол үшін сұралады. Қызметші қожайынның мүлкі үшін жауапкер және сол үшін сұралады. Сендер барлығың жауапкершіліктеріңде болған нәрсе үшін сұраласыңдар,» — деген Хадисті Ибн Омардан Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еткен.

Баршамызға белгілі қоғамдық өмірдегі тәртіп, үйлесімділік және тыныштық құрылымды басқарып тұрған кісілерге байланысты. Ең шағын қоғамдық құрылым болған жанұя да бұл қоғамның сыртында қалмайды. Яғни жанұяда еркек басшылық жасайды.

Еркектің табиғатындағы кейбір үстемдіктер. (дене жағынан күшті, мықты болуы, әйелдерге қарағанда сезімдерге тез берілмеуі).Әйелдің напақасын қамтамасыз ету. Экономикалық жақтан көбірек жауапкершілігі бар кісінің, үкім жүргізуде де сол кісінің көбірек құқығы бар.

Осыған байланысты жанұяның жауапкершілігі еркектің мойнында екендігін айта келе, жанұя мүшелерінің дүниелік әрі рухани міндеттерінің тәлім – тәрбиесіне де жауапты.

Шешенің міндеті.

Исламда жанұядағы экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуді еркектің мойнына жүктегені секілді, шеше көбірек үйдегі бала тәрбиесін мойнына алады. Әсіресе баланың 7-8 жасына дейінгі тәрбиесіне шеше жауапты. Ислам бала өмірінде шешенің орнын ешнәрсе толтыра алмайтындығын айтады. Шешенің орнын еш бір материалдық рахаттықтар қанағаттандыра алмайтындығын Омар және Әбу Бәкір сахабалар арасындағы болған сұхбаттан байқауға болады. Әбу Бәкір Омарға қарап: «Әй, Омар, оны таста, оған шешесінің түкірігі сенің жаныңдағы тәтті балдан да жақсырақ» деп айтады. Шешенің жаратылысы рухани әрі дене жағынан бала тәрбиесі секілді маңызды әрі нәзік міндетке сәйкес жаратылған. Құранда және Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде әйел кісілердің бұл міндетті толық орындаулары шартыменен ғана қоғамдық жауапкершіліктерді өз мойнына жүктей алады.

Құран жанұяға қатысты мәселелерге көп тоқталған. Онда Ибраһим, Нұх, Жақып, сияқты пайғамбарлардың жанұяларын үлгі ретінде баяндайды.

Исламда балалардың тәрбиесіне мән беру олардың дүниеге келуінен, бәлкім олардың ата-аналарының некеге тұруынан да бұрын басталады. Олай болатын болса, Ислам ұрпақтың салиқалы отбасында келуін қалайды. Отбасындағы мүшелер жақсы болатын болса, онда сәби де аман-есен, дұрыс болып өседі. Баланың көзін ашқанда алғаш көретіні анасының жүзі болып табылады. Балаға мейірімділік пен қараған шешенің жанары. Алғашқы білім үйретушісі, тәрбиелеушісі, әрі ұстазы да осы анасы. Осылайша бала ана тәрбиесімен мейірім қанаттары астында ұлғаяды, өседі. Емізу – ананың баласы алдындағы бірінші міндеті. Бала ана сүтін тойып ішуге хақы бар. Оны өз анасының емізгені игі. Анасының ақ сүті бала үшін аса маңызды.

Сәбиіңді өзің тәрбиелегенің жөн. Оны қызметшіге немесе бала – бақшаға тапсырып «үйде отырып жалықсаң, жұмысқа шық», — дейтін жұрттың сөзіне ермеген жөн. Ана деген аттың үлкен жауапкершілік жүктейтініні ұмытпа.

Егер әйел аяғы ауыр кезінде шариғат бойынша тиым салынған затқа назар салған болса, баланың рухани тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Сол себепті әр ата – ана бұл мәселеге аса сақтықпен қараған жөн. Мұхаммед пайғамбар тағы бір хадисінде: «балалар үшін ана сүтінен қайырлысы жоқ» деп айтқан.[25, 34 б] Анасы салих, намысты әйел болса, балалар үшін үлкен бақыт. Өйткені бала тотықұс сияқты әке – шешеден не көрсе  соны қайталап, соған еліктейді. Жаңа туылған баланың оң құлағына азан және сол құлағына қамат айтылуы, таза жүректерге берген алғашқы үндеу. Хадистерге қарасақ, әр туылған бала үшін ақиқа құрбаны шалынатындығЫн көреміз. Бұл құрбан шалу, Аллаһ тағаланың берген нығыметіне бір шүкіршілік.

«Бухари жеткізген, Салман ибн Амирден риуаят етілген хадистің баяндауы бойынша, Аллаһтың елшісінің «Бала туылғанда ақиқа жасап, қан шығарыңыздар (қой сою) және оның шашын алыңыздар», — деген Ал келесі хадисте: «Әрбір адам бала ақиқасымен кепілдікте тұрады. Оны жетінші күнде сойып, сәбидің есімі қойылып және шашы алынады», делінген. Аллаһтың елшісінің тағы бір хадисінде: «Ұл балаға арнап екі қой, қыз балаға арнап бір қой сойылады.», — деген.

Исламда тәрбие діннің негізін құрайды. Құран Кәрім бастан аяқ адамдарға тәрбие және әдеп үйретеді. 

 Пайғамбарымыз: Балаға ат қоюға ең бірінші хұқылы оның ата-анасы. Егер олар ортақ бір шешімге келе алмаса, әкенің хұқығы үлкен. Егер қаласа әкесі сәбидің атын өзі қояды немесе жұбайына ұсынады.

Баланың атын қоюға оның әкесі лайық екендігіне осы дүниеде кез келген адамның атының әкесінің атымен (мысалы, Жүсіпұлы Ахмет деген сияқты) қосарланып айтылатыны дәлел болады.

 «Әкенің бала алдындағы міндеті – жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру». – деген екен. Хадисті Ибн Аббастан  Имам Байһақи риуаят еткен.

Ата-анасы баласының өз есіміне разы болатын жақсы ат таңдауы өте маңызды. Себебі, баланың есімі жаман болатын болса, оны мазақ қыла бастайды. Бұл келешекте баланың мазақ болуына себеп болады. Адамдар оған күледі, есімімен келеке етеді. Бұдан шығатын нәтиже адм өзін халықтан және қоғамнан алшақтатады, мазақ етпесі үшін жалғыз өмір сүреді.

Келешекте бұл бала тұйық болып өседі. Қоғамдағы белсенді істерге араласпайды. Елге пайдалы тұлға болмайды немесе бұл бала қоғамды және адамдарды жек көре бастайды.

Сол үшін Пайғамбарымыз: «Әкеге жүктелген міндеттің бірі- балаға көрікті әрі рухани есім қою»-дейді (Бәйхаки).

Әке – шешенің тағы да негізгі міндеттерінің бір баласын сүндетке отырғызу. Иаһудилер балаларын өте кішкентай жастан бастап сүндетке отырғызатын болса, мұсылмандарға жеті жастан он екі жас аралығында сүндет етіледі. Бірақ туылғаннан жеті күннен кейін сүндет ету жақсы көрген амал болып табылады.

Абзалында баланы жас кезінде сүндетке отырғызған жөн. Сүндетке отырғызу уақыттары жөнінде ғұламаларда түрлі пікір бар. Куртуби секілді кейбір ғұламалар: «Ибраһим– алғашқы болып сүндетке отырғызылған адам. Ол (сол кезде) жасы ұлғайған кісі болатын», — деген. [24, 85 б]

Балаларын асырау әкесінің міндеті. Адам балаларды туғызып, одан кейін оларды асырамай тастап кетуі дұрыс емес. Бұл аманатқа қиянат ету деп есептелінеді, ондай болатын болса, ұрпақ әкелерінің мойынындағы аманат. Егер әкесі балаларының нәпақасын бермесе, аманатты орындамаған болады. Ол үшін Аллаһтың алдында жауап береді. Пайғамбарымыз айтады: «Барлығың бақташысыңдар және барлығың қарамағыңдағылардан сұраласыңдар, ер адам от басына бақташы, ол қармағындағылардан сұралады».

Ата-ананың ұрпақтарына жақсы тәлім-тәрбие беруі, жоғары деңгейде мінез-құлықты болуға үйретуі міндетті болып саналады.

Баланың ата – ана алдындағы міндеті

«Раббың өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе, «түһ» деме сондай – ақ ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мерхамет құшағын жай да, «Раббым ол екеуі мені кішкентай да тәрбиелегендей, сен де оларды мерхаметіңе бөлей көр». Жоғарыдағы аятта әке – шешеге бес түрлі мейірім және құрмет көрсету керек екендігін көреміз:

  1. Бала әке – шеше іс — әрекеттерінен ауырсынып оларды зекімеу,
  2. Бала әке – шешеге мейірім – шапағатта болу.
  3. Ата – анаға әрқашан құрмет көрсету.
  4. Ата – анамен сөйлескенде оларға ауыр тиетін сөздер сөйлемеу.

Бала әрқашан олардың бақытты әрі рахатты болу үшін дұға етіп жүру[6, 53 б].

Пайғамбарымыздың бұл жөніндегі хадисінде: «Адам өлгенде оның үш нәрсесі тоқтаусыз садақасы немесе пайда келтіретін білімі немесе артынан дұға қылатын игі жақсы баласы».

 «Имам Байһақидың сахабалар Әбу Сағид әл-Худри жеткізген бір риуаятында Алланың елшісі: «Кімнің баласы туылса оған жақсы ат қойсын, жақсы тәрбие берсін, балиғат жасына жеткенде үйлендірсін. Егер балиғат жасына жеткенде оны үйлендірмей, ол күнәға ұрынып қалса, оның күнәсі әкесіне жазылады»,-деген[24,165 б].

Жан-дүниені тәрбиелеудегі мақсат –баланы жастайынан батырлыққа, шыншылдыққа баулу, басқаларды жақсы көруге үйрету және ең бастысы, өзінде жетіспеушілік сезімдерін басқаруды үйрету болып келеді.

Бұл баланың ертеңгі күні өзін-өзі алып кетуі үшін үйретіледі. Ата-ана баласына бес нәрседе жәрдем беруге міндетті:

  1. Шектен шыққан ұялшақтық;
  2. Қорқу,үрей сезімдері болғанда;
  3. Өзін-өзі төмен санау;
  4. Көре алмаушылық;
  5. Ашу –ыза.

Шектен шыққан ұялшақтық–бұл қасиет жас балаларда жиі кездеседі. Мысалы, егер бала танымайтын адамның алдында тұрса, теріс бұрылып алады немесе бетін қолымен жабады. Мұндай жағдай болмас үшін баланы кішкентай кезінен өзімен қатарлас балалармен таныстырып, олармен ойнату қажет. Ата-ана ұялшақтық пен ынжықтықтың арасын айыра білу керек. Өйткені ынжықтық дегеніміз шектен шыққан ұялшақтық.

«Шын мәнісінде қорқу сезімі барлық адам бойында бар. Бала өте қорқақ болатын болса, бұл алаңдайтын мәселе. Баланың қорқақ болу себептері:

  • Ата-ананың өзі оны қорқытады
  • Ата-ана баласын шектен тыс еркелетеді
  • Ата-ананың балаға дұрыс тәрбие бермеуі,яғни баланың санасына қорқынышты әңгімелер, ертегілер айтуы
  • Жын-шайтандар туралы оқиғаларды айту. Бала оларды жас сәби күнінен елестетіп, олардан қорқатын болады.

Мұндай жағдай болмас үшін:

  • Балаға Аллаһ жайлы үйрету қажет
  • Балаға сөйлеу еркіндігін беру
  • Баланы басқа ламен қарым-қатынасын үйрету

Бала өзін төмен санамау үшін:

  • Ұрыспау, кемшіліктерін достарының көзінше айтып, баспау
  • Балаларды бір-бірінен бөлмеу. Егер балаларды бөлетін болса, олардың арарсында бірін-бірі көреалмаушылық пен қастандық пайда болады.
  • Дене ақауларына байланысты олардың кемшілігін бетіне баспау
  • Оларға өздерініе сәйкес достар тауып беру [20,12 б].

Көреалмаушылық, қызғаншақтық адам бойындағы ең жаман қасиеттердің бірі болып саналады. Бұл қасиет кішкентай балада пайда болуы мүмкін. Егер ата-ана дер кезінде мұндай қасиеттерден баласын аулақ ұстамаса, мұның соңы жақсылыққа апармайды.

Ата-ана ұрпағын тәрбиелеуде мына үш жаман қасиеттен баланы сақтау керек:- Өтірік айту

— Ұрлық жасау

— Жаман сөздер айту

Өтірік пен жалғандылық адам бойындағы ең жаманда, ең жиІркенішті қасиеттердің бірі болып келеді. Сол үшін әрбір ата-ана өз баласын одан қашық болуын қадағалау қажет. Сахаба Әбу Һурайра -дан жеткен пайғамбарымыздың хадисінде былай айтылған: «адамды екіжүзді қылатын төрт қасиет бар, бұл қасиеттердің біреуі де адамды пасықтық дәрежесіне түсіреді. Ол қасиеттер мыналар: сенімге кіргенде сату, өтірік айту, қиыншылықта тастап кету және ашуланшақтық» Мүслим [7, 16 б].

Әрбір ата-ана өз баласына біреудің затын сұраусыз алмауын үйретуге міндетті. Аллаһтың бар екенін және оны Аллаһ көріп тұрғанын түсіндіруі қажет. Алайда, өкінішке орай көптеген адамдар ұрлық жасау күн көруде. Тіпті, біреулер баласын өздері жастайынан соған баулуда.

Баланың жан дүниесінің бұзылуы, осы жаман сөздерді қолдануынан басталады. Егер бала жастайынан бір-екі жаман сөз айтып жүрсе, онда келешекте жаман сөз оның бүкіл сөздік қорын жаулап алатыны сөзсіз. Ал мұндай пасықтық, әрине Исламға жат нәрсе болып табылады. Бұл теріс қылықтар екі негізгі нәрседен басталады:

А) Жаман үлгілер — Егер баланың айналасындағылар  барлығы теріс қылықтар жасап, жаман сөйлесе неге бала бұны қабыл етпеске? Бала жас кезінде тым тез қабылдағыш. Қазақта «Не ексең, соны орасың» деген тамаша мақал осы тәрізді қылықтарға айтылған. Өйткені, осылай тәрбиеленген бала ертең жемісін беретіні анық.

Б) Бұзылған қоғам — Егер баланы қараусыз жаман ортада қалдырсаңыз, онда ол баладан ешқашан жақсы адам шықпайды. Ондай ортадан ол теріс қылықтарды, жеңіл жүрісті және тағы сол сияқты жамандықтарды үйреніп шығады. Осы себепті ұрпағының ертеңін ойлаған ата-ана баласының сөйлеген сөзіне, жүрген ортасына өте мұқият көңіл бөлгені жөн.

Бала алдында ата-ана міндет болғандай баланың да ата-ана алдында міндеттері бар. Ғұламаларымыздың бірі, яғни Хасан Бафийдің «Хабарсыз қалғандарға насихаттар» атты кітабында баланың ата-ана алдындағы он қарызы бар екені айтылады. Енді соған тоқталайық:

«Біріншіден, Егер олардың бірі тағамға мұқтаж болса, тамақтандыру. Яғни ата-анаға олар қартайғанда қолдарынан пұл табу келмей қалғанда тамақ беріп тұру. Тура, адал перзенттер, иманды ұлдар «ата-анасына да тамақ бермейді ме екен?» — деп айтуы мүмкін. Тамақ түгілі жанын құрбан қылатын ұлдар бар. Бірақ біліп қойыңыз, ей, перзент, ата-ананы ішкізіп – жегізу, ата-анаға қызмет қылу перзент мойнындағы ұлдың міндеті. Егер ұл бала жоқ болса, онда қыздарға міндет. Кімде –кім бұл істерді орындамаса, ауыр күнә болады.

Екіншіден, ата-ананы киіндіру. Қысқы, жазғы киімдерін алып беріп, киіндіріп қою. Біз сондай ата-аналарды көреміз, жақсы киінген қыста жылы, жазда жеңіл киімдерді киіп, тап-таза болып жүреді. Біз бұл кісілердің ұлдарына, келіндеріне «береке табыңыздар» деп тілейміз. Өте жұпыны киімдермен жүрген ата-аналарды да кездестіреміз. Қыста ескі киімдерде, жазда жыртық-жамау киімдерде жүрген ата-аналарды көргенімізде олардың перзенттеріне, келіндеріне «ынсапсыз,ұятсыз» деп қапа боламыз. Бұл дүние қайтар дүние. Ата-анаға киім кигізсеңіз бір күні келіп сіз де киесіз. Адамда мейірімділік, келешекке деге үміт болу керек. Әке-шешеге кидірілген арзымас киімдер үшін Аллаһ тағала үлкен-үлкен сауаптар жазады екен.

Үшіншіден, Егер екеуінен бір перзенттің қызметіне мұқтаж болса, қызмет қылу, ауырып қалса, дәрігерге қарату. Ата-ананың денсаулығына көңіл бөлу. «Ей, енді қараттық  та» деп жүру жақсы баланың ісі емес. Ауырып қалса, дәрі –дәрмек әкеліп беру, емдету, баланың мойнындағы міндеті. Ата-анаң тірі, аман-есен жүруі сіз үшін бақыт. Ертең дүниеден өтіп кеткеннен кейін таба алмайсыз. Миллиардер болсаңыз да тірілтіп ала алмайсыз. «Әке-шешем ауырып қалды» деп дәрігерге көрсетіп, дәрі іздеп жүрген перзенттің әр бір басқан қадамы сауап, екінші қадамы білмей істеген күнәларына каффарат болады екен». Пайғамбарымыз айтады: «ата-анасына мейірбан перзенттере Аллаһ тағала бір періштені түсіріп қояды екен. «Бұл пендем ата-анасының қызметінде жүр, сен бұл перзент үшін дұға қылып тұр» деп. Ол періште дұға қылып тұрады екен: «Әй, Аллаһ, бұл баланың өмірі ұзақ болсын, бақытты болсын, апат-бәлелерден аман болсын, ата-анасы үшін істеп жатқан ізгі қызметтері бала-шағасынан қайтсын»,-деп.

Төртіншіден, Ата-ана шақырса «құп» деп бару, қызметіне дайын тұру, іске бұйырса орындау.

Егер сіз намазда тұрғаныңызда ата-анаңыздың бірі шақырса, сүннет намазын оқып тұрған болсаңыз, намазды бұзып барасыз. Егер парыз намазын оқып тұрған болсаңыз, намазыңызды бұзбайсыз тек арадағы тәкбірлерін дауыстап айтып намаз оқып жатқаныңызды білдіріп қоясыз. Егер әкеңіз бен анаңыз бірдей шақырып қалса, әуелі анаңызға барасыз.

Бесіншіден, Егер бір іс бұйырса, орындайсыз. Егер күні іс болса, істемейсіз.

Алтыншыдан, Ата-анадан хал-жағдай сұрап тұру, жұмсақ сөйлеу. Жоғарыда айтып өткеніміздей Аллаһ тағала Құранда: «О екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе «Уф деме» дейді. «Уф» деген сөзде өте көп мағына бар. Әлбетте адам зеріксе «уф» дейді, шаршаса да «уф», жаман иіс келсе де «уф» дейді. Ата-ананың алдында «уф» деу оларға өте ауыр тиеді. «Біз қартайып балаларымызды зеріктірдік пе немесе бізге қараймын деп қиналып қалды ма?» деген ойларға барады екен. Сондықтан ата-ананың алдында «уф» деме дейді Аллаһ тағала.

Жетіншіден, Ата-анасын ренжітетіндей істерді істемеу, рұқсатынсыз ешқайда кетпеу. «Разы емеспін бұл істерді істесең» десе істемеңіз, күнәһар болып қаласыз. Ата-ананы ренжітіп істелген іс қабыл болмайды, бәлекеттерге душар қылады. Міне мынау хиқаяны естіңіз, анасын ренжіткен ұлдың оқиғасы бұл.

Бір шейх өзі өте жас болуына қарамастан ғибадатқа беріліп, Аллаһтың сөзі Құран кәрімді жаттап, білімі өте жетік екен. Осы білімімен қырық жасында «шейх» деген атаққа ие болыпты. Оның бір көзі көрмейтін анасы бар екен. Ана баласына күндіз-түні дұға қылады екен. Қысқасы сауап істерге берілген бір ұлық адам екен. Күндердің бірінде бір ой келіпті, еш тыныштық бермепті. Аллаһ бұйырған парыздың бесіншісі хажылыққа бармаған екен. Енді мен де Мекке, Мединеге барып, тәуәп қылып, Пайғамбарымызды зияратқылып қайтайын деген пікірге келіпті. Ниетін анасына айтты: «Анажан маған рұқсат беріңіз, қажылыққа барып қайтсам» депті. Анасы жалынып: «Балам, мен бір қарт, көзім көрмейтін адаммын, сенсіз мен ешнәрсе істей алмаймын. Мені тастап кетпе, қапа боламын тастап кетсең»-депті. Жігіт : «Жоқ анашым, мен барамын, сізді Аллаһқа тапсырдым, Аллаһтың өзі асырайды» -деп анасының тілін алмастан қажылыққа кетті. Ана «Мені тастап кетпе» деген күйде қала берді. Ана шейх ұлының артынан «Жолда бәлеге жолыққыр» деп қарғап жіберді. Шейх жолда жүріп, жол жүрсе де мол жүріп, құптан уақытында бір қалаға жетеді. «Қараңғы түсіп қалды. Бұл қалада бір мешіт бар шығар, намаздарымды сол мешітте оқып, сосын түнеп, таңертең таң намазынан соң және жолға шықсам» деген оймен қаланың ішіне кіреді. Қаланың шетінен бір мешітті тапты. Мешіттің есігі ашық. Кіріп дәрет алып, сосын намазға кірісіпті. Тура сол кезде осы қаладағы бір үйге ұры түсіпті. Ұры үй егесін өлтіріп, дүние –мүлкін алып шығып кетіп бара жатқанда адамдар байқап қалыпты. «Ұста, ұрыны ұста» деп адамдар қолдарына таяқ алып ұрыны қуалапты. Ұры қашып әлгі мешіттің алдына келіп ақлыпты Қараса мешіттің есігі ашық тұр екен, дереу ішіне кіреді. Кірсе өзіне ұқсаған біреу намаз оқып жатыр. Ұры ұрлаған нәрсесн осы кісінің жанына қойып, өзі дуалдан асып түсіп, қашып кетеді. Адамдар мешітке кірсе, ұры намаз оқып жатыр, жанында нәрселері тұр. Оны ұстап алып, ұрып, қазының алдына алып келеді. Қазы адамдардан куәлеріңіз бар ма десе «ұры осы» деп куәлік беріпті. Қазы үкім шығарыпты: біріншіден, біреудің үйіне баса-көктеп кіргені үшін шариғат бойынша көзі ойылсын. Көзі ойылды. Ұрлық істегені үшін қолдары кесілсін. Қолдары кесіліпті. Адам өлтіргені үшін екі аяғы да кесілсін. Аяғы да кесіліпті. Айқайшы алаңға шығып, жиылғандарға жар салыпты: «Ей, халайық! Біреудің үйіне басып кіріп, ұрлық істеген имансыздың халін көріп қойыңдар.Адам өлтіріп, біреудің қанын төккен қанішер адамды көріңдер»- депті. Құры дене тірі өлік болып қалған шейх: «Мен ұры емеспін, мен қанішер де емеспін. Әй, мұсылмандар, мен бақытсыз анасын ренжітіп қажылыққа аттанған, ананың қарғысын алған шейхпін»-деп бақырды. Осы сөздерді халыққа айтыпты да: «Лә илаһа илла Аллаһ Мұхаммадур-расул Аллаһ» деп дүниеден өтіпті шейх.

Ананы ренжітіп тіпті қажылыққа да баруға болмайды екен.

Сегізіншіден, Әкенің артынан жүру. Біздегі ең жақсы әдептің бірі әкенің алдында жүрмеу. Дастарханда отырғанда әкенің алдында тамаққа қол созбау. Бұл да баланың мойнындағы міндеті. Біздің ата-бабаларымыз ата-ананы өте құрмет қылған. Ұлдарын намысты, қыздарын ар-ұятты қылып тәрбиелеген. Өте мәдениетті, жомарт, қонақжай, намысты болған. Қазіргі күнде біз Батыстың, Еуропаның мәдениетін қалап алдық. Әке мен бала ішімдікте жарысып отырса, бала әкесінің,анасының алдында созылып жатып телевизор көрсе, жамбастап жатып тамақтанса. Ілгері перзенттер басқа нәрселер былай тұрсын, ата-анасының алдын кесіп өтпеген, артынан жүрген. «Балам ертерек бара бер» деп айтпаса, алдынан өте алмаған. Тіпті бір табақтан тамақ жеуге қысылатын, әкемнің алдында әдепсіздік істеп қоямын ба деп. Өте әдепті, иманды болған.

Тоғызыншыдан, Өзің нені жақсы көрсең, ата-анаңа соны істе. Өзіңізді балаларыңызды құрметтеуін жақсы көрсеңіз, ата-анаңызды құрмет қылыңыз.

Оныншы, Ата-ана үшін Аллаһтан жарылқау тілеп, дұға ету тура өзіңе тілегендей. Аллаһ Тағала Нұх сүресіндегі  аятта қалай дұға қылуды көрсеткен» [36,167-169 бб].

 «Ибраһим» сүресіндегі   аятта: «Раббымыз! Есеп құрылатын күні мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!- деп дұға қылуымыз керек. Сондықтан болашағымызды, иманды, әдепті, ата-ананың қадірін білетін, жақсы перзент қылып тәрбиелеуіміз керек».

1.2  Жас ерекшелігіне қарай тәлімнің кезеңдері мен шарттары

Жанұя құрумен бірге ата-аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершіліктері де аса зор. Балалық шақ және жасөспірімдік кезең адам өміріндегі сенім, мінез-құлық ахлақ сияқты басты ұстанымдардың қалыптасатын кезеңі. Адамның тұлғалық жағынан қалыптасуы отбасынан бастау алады. Жанұя тұлғаның шынығып, қалыптасатын шеберхана десе де болады. Тұлғалық қасиеттер жанұя жағдайында бірте-бірте қаланады. Содан кейін осы қалыптасқан қасиеттер мызғымас тұтастыққа айналады.

Әрбір адамның жүрегіне Аллаһ тағала бала сүюге және көп балалы болуға деген табиғи қалауды салған. Бала туылысымен кез келген жанұяға үлкен және өзге еш нәрсемен тең келмейтін қуаныш келеді. Бала өмірдің мәні болып та кетеді. Егер сіздің балаңыз бақытты болса, сіз де өзіңізді бақытты санайсыз. Оның қуанышы сізге де қуаныш сыйлайды.

Жанұяға қосылған сәби –қай ата-ананың да қуанышы. Сол қуаныш әкелген сәбиге жеткілікті көңіл бөліп, оның тәрбиесімен айналысу әке-шешенің негізгі міндеті. Ол үші жас мөлшеріне қарай сәбидегі ерекшеліктерді білген жөн. Мәселен, туылғаннан үш жасқа дейінгі аралыққа тоқталайық.

Жаңа туған сәби алғашқы жылы өте жылдам өседі. Бұл кездің ең басты ерекшелігі –нәрестенің өздігінен өмір сүруге толықтай қауқарсыздығы. Бұл жаста сәби үшін қоректену, тзалық, ұйқы қаншалықты маңызды болса, оны айналып- толғанып өбектеу де соншлықты маңызды.

Жүргізілген бірнеше зерттеулер сәби кезінде ата-анасынан жылылық көрмей өскен балалардың есейгенде рухани жағынан кемшілік тартатындығын байқатқан.Осы орайда, аты әйгілі «Ойлар» кітабының авторы, француз ойшылы Блез Паскальдің өмірін тілге тиек еткен орынды. Әкесі оны өте қатал тәрбиеледі. Баласының болашағына үлкен үміт артқаны сонша, оған толықтай көңіл бөлу үшін мемлекеттік қызметін де тастады. Балаға жағрафия, тарих, фәлсафа, шет тілі мен математиканы да өзі үйреткен әкесі оның сана-сезімін жан-жақты дамытуға барын салды. Паскаль әке үмітін ақтады. Атақты математик, физик тіпті діни ойшыл дәрежесіне көтерілді. Алайда, оның «өмірім іштей өксікпен өтті, ел секілді бала болып ойнаудың, қуанудың не екенін білген емеспін» деп күйзелгенін көп адам біле бермейді. Өйткені, үш жасында шешесінен ерте айрылды. Ана махаббатын көрмеді деуге болады. Паскаль бар жоғы 39-ақ жыл өмір сүрді. Бала кезінде өз құралпастарымен ойнау мұң болды. Есесіне дік-дік етіп үнемі қасынан бір елі ажырамайтын әкесін ғана көрді. Бұл әрине оның денсаулығы мен психикасына кері әсер еткені сөзсіз[100, 28б].

Әке баланы данышпан ғып шығаруы мүмкін, алайда, баланы барынша рухани әрі физикалық жағынан кемелденген жақсы азамат етіп өсіру тікелей шешеге байланысты. Баланың ерте жаста ана махаббатына қатты зәру болатын себептерінің бірі міне осы.

Аллаһ тағала қасиетті Құран Кәрімде әл-Имран сүресінің 14-аятында айтады: «Адам баласы үшін қатындар, балалар, алтын күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді. Бірақ олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде орынның жақсысы Аллаһтың қасында.

Бала –дүние тіршілігінің сәні. Аллаһ тағала Кәһф сүресінің 46-аятында бұл жөнінде былай дейді: «Мал мен балалар, дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында»

Ислам пайда болғаннан бастап пәк және кіршіксіз болған дін, ол өзінің пәктігін қорғай отырып, адамзаттың ұрпақ жалғастыруға деген табиғи қалауына қарсы шықпайды. Керісінше, ол-үлгілі адамды, үлгілі жанұяны, үлгілі қоғамды қалыптастыратын дін. Ислам ар-ождандылықты, ізгі ниеттілікті және игі амалдарды, әсіресе ата-анаға деген ізгі қарым –қатынасты уағыздайды.

Баланың ең басты бір және екі жас аралықтары себебі бұл кезде сезімдік қасиеттер дамиды. Бұл кезеңдерде жас сәби үнемі жақсылық пен махаббаты қалайды.

Сәбиді кім тәрбиелесе де бәрібір-ең бастысы үнемі жақсылық пен махаббатты көрсету, сезіндіру. Филиппинде зерттеулер жүргізілгенде мынаны көрсетті – кішкентайынан жақсылық пен махаббатты көріп өскен бала, ер жеткенде сабырлы және сезімтал болады. Сондықтан сәбидің бір және екі жасы өмірінде маңызды рөл атқарады.

Тәрбие сәбилік кезеңнен бастау алуы керек. Оның тыныш, мамыражай жағдайда өскені жөн. Оған қатты дауыс көтеріп ұрсуға, жекуге, қорқытуға болмайды. Сондай-ақ айқай-шу, төбелес, сияқты жағымсыз көріністер көрсетілмеуі тиіс.Мұндай әрекеттер баланың жүйкесіне теріс әсер етіп, оның ақыл-есінің кемуіне әкеп соғуы ықтимал.

Бала тәрбиесінде оның жасына қарай кезеңдерге бөлуге болады. Бала әр жеті жаста бір кезеңді бастан өткізеді. Алғашқы үш жасқа дейінгі  кезеңде бала жақсымен жаманды ажырата алмайтын, барлық нәрсені ұға бермейтін кезең. Баларда кейбір қабілет осы үш жастан қалыптасады. Солардың ең біріншісі «ұят» яғни ұялу құлқы. Пайғамбарымыздың: «Ұят иманның жартысы» деген хадисі мейлі ұл болсын, мейлі қыз болсын адам баласына осы жастан қалыптасатындығы. Сол үшін балалардың киіміне дұрыс көңіл бөлу керек. Өз еріктеріне бермей әурет жерлерін жабатын киімдер кигізу керек. «Шыбық жас кезінде майысады» демекші әрбір нәрсе өз уақытында, дер кезінде іске асқаны жөн.

Балаға төрт-бес жасқа келгеннен бастап имандылық тәрбиені бойына құю керек. Өйткені бала көрген нәрселерінен тез әсер алады. Оларға әрдайым жақсы үлгі өнеге болуымыз керек. Бұл әсіресе, ата-анаға қатысты. Мысалы, ата-ана намаздарын мешітке барып оқи алмаған кездерінде, үйінде отбасымен бірге оқуы керек. Сондай-ақ үй ішінде Құран тыңдап, Құран оқығаны жөн. Міне, сонда ғана балаланың санасына Құран аяттары әсер етіп, келешекте өздері секілді намаз оқитын, Құран тыңдайтын мұсылман болады.

Сәбидің дамуындағы ең маңызды кезең оның өмірінің жеті–сегіз жасына дейінгі уақыты.Педагог-психологтардың айтуларынша, баланың ақылдылық, интеллектуалдық қабілетінің 80 пайызы алғашқы жеті, сегіз жылда ашылып, жетіледі. Сондай-ақ адамдық тұлғасының жан-жақты және үйлесімді қалыптасуы да осы кезеңде жүредІ. [88, 196 б].

Жаңа туылған нәрестеге мейлінше сүйіспеншілікпен, мейірім-шапағатпен, ыстық ықыласпен қарау керек. Алғашқы кезеңде мұның барлығын оның анасы береді. Алайда мейірімнің де өз мөлшері болуы тиіс. Шектен тыс өбектеу, еркелету нәрестенің өзімшіл болып, өсуіне әкеліп соқтырады.

Әсіресе , балаға жалған сөйлемеген жөн. Қандай жағдайда да ата-ананың баласына өтірік айтпауы қажет. Бұл туралы мынандай хадис бар. Абдулла ибн Амир былай дейді: «Бір күні үйімізде Алланың елшісі отырғанда анам: «бері кел, бірдеңе беремін»,-деп мені шақырып алды. Сонда Аллаһтың елшісі: «Оған не бермекші едің?» -деп сұрады. Анам: «бір түйір құрма бермекші едім»,-деді. Сонда Аллаһтың елшісі: «Егер ештеңе бермегеніңде саған бір өтірік жазылар еді»,-деді (Әбу Дәуіт).

Ата-ананың жақсы үлгі болуы алғашқы кезеңде нәресте айналасындағы адамдарға еліктейді. Ал бес-жеті жастан бастап жаман мен жақсыны ұғына бастайды. Осы уақытта оған достар керек. «Ұлың өссе ұлы жақсымен көрші бол, қызың өссе қызы жақсымен көрші бол» деп қазақ тегін айтпаған.  

Ато ас-Сынбаты (дінтанушы) бала тәрбиесі жөнінде: «Пайғамбарымыз баланы кішкентайынан оқып білім алуға, жалпы өмірге дайындауға әмір еткен. Олай болатын болса, бізге де балаларға діни ілім беріп, тәрбиелеуді жеті жасынан бастауға болады»,-дейді[19, 10 б].

Баланың миының 80% пайызы 7-8 жасында дамиды, жан-жақты танып білу де осы кезде жақсы дамиды.

Жеті жастан он төрт жасқа дейінгі кезең балалық кезең. Бұл кезеңде баланың ақыл – ойы түсінігі күрделі даму үстінде болады.Жақсы мен жаманды, әдепсіздік пен әдептілікті айыратын кезеңге жеткен жас бала ата-анасының жатын бөлмесіне рұқсат сұрап кіруі керек. Бұл туралы Аллаһ тағала былай деп бұйырады:

Нұр сүресінің 58-59 аятында: «Ей, иман келтіргендер! Сендердің қол астындағылар және балиғат жасына жетпеген балалар сендерден үш жағдайда рұқсат сұрасын: таң намазының алдында, түсте киімдеріңді шешкен кездеріңде және құптан намазынан кейін. Осы үш уақыт сендер үшін ұятты. Осы уақыттан басқа кездері рұқсатсыз кіруге сендерге де, оларға да еш айып жоқ, өйткені бір-бірлеріңе араласып жүресіңдер. Аллаһ белгілерді сендерге осылайша баяндайды. Расында Аллаһ бәрін Білуші әрі аса Дана. Ал сендердің балаларың балиғат жасына толған кезде өздерінен бұрынғылардың рұқсат сұрағандарындай рұқсат сұрап кіретін болсын. Аллаһ өз белгілерін сендерге осылайша баяндайды. Расында Аллаһ бәрін білуші әрі аса Дана.

Он төрт жастан жиырма бір жасқа дейінгі кезең жастық кезең. Бұл кезеңде баланың ақылы жетіліп өмірге болған көз – қарасы өзгереді. Сонымен қатар бұл кезеңде баланы үлде мен бүлдеге, жырғалшыл, мамыражай тұрмысқа үйретпеу керек. Қарапайым тіршілікке, қанағатшылдыққа баулу керек. Өйткені шектен тыс рахатшылық ортада өсу ұрпақтың әлжуаз, аурушаң немесе керенау-кердең болып шығуына апарып соқтырады.

Бұл жөнінде Ұлы данышпан Абай атамыз былай дейді:

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

                           Аздырар адам баласын![ 78, 95 б]

Қарапайымдылықта Пайғамбардан асқан үлгі жоқ. Оған оның жалпы тұрмысының жұпынылығы, ішіп-жем мен киім киістегі қанағатшылдығы дәлел. Бола алады.

Баланың ең бірінші мұғалімі оның анасы болса, әке екінші кезекте орын алады. Баланың жеті жасына дейін оның денсаулығына, тамағына  мән беріледі. Дүниеге бала келгеннен кейін әке-шешесі әдептілікті үйретпей және жақсылықпен жамандықты, дұрыспен бұрыстың ара жігін ажыратып түсіндірмей салғырттық қылып бетімен қоя беруі дұрыс емес.Ол балалардың хақысын жеу.

Сәби бала тумысынан қоршаған ортада сүйіспеншілікке мұқтаж болады және бірге болуды, ойнауды жақсы көреді. Өйткені бұл оны қоғамда тең болуда, оған сенімділікпен тыныштықты арттырады. Ол өзіне деген сүйіспеншіліктің жоқ екенін сезсе, ол тыныштық пен сенімді жоғалтып алады. Оның дене мүшемінің, ақылының, жаратылысының өсуіне былайша айтқанда оны жеке тұлға болып қалыптасуына, келешегіне әсер етеді. «Психология және тәрбие ғалымдары айтады: «Адам алғашқы алты жасында қалыптасады, одан кейін көп өзгере бермейді, сондықтан ол осы кезеңінде сүйіспеншілікпен жұмсақтыққа мұқтаж болады» [91, 77 б].

 Бала-өмір мәні. Қанша шаршап жүрсең де, сәбидің тәтті қылықтарын көргенде жүрегің жадырап сала береді.

Аллаһтың елшісі Құрайыш әйелдерінің балаларға деген жұмсақтығымен, сүйіспеншілігімен сипатталғандарын мақтаған. Шағбул иман кітабында, Абу Һурайра айтты: Аллаһтың елшісі айтты: «Ең хайырлы әйелдер, Құрайыш әйелдерінің түйе мінгендері және балаларының кішкентай кезінде жұмсақтық танытқан, өз күйеуіне жақсы қарағаны» (Сахих Бухари). Баланың негізгі тәрбиесі екінші, яғни балалық кезеңінен басталады. Есейіп ақылы кіре бастағанда олармен жақсы қарым – қатынаста болып, әр түрлі даналық жолдармен әдептілікті, адамгершілікті үйрету керек. Пайғамбарымыз айтады: «Жеті дасқа дейін онымен ойна, жеті жыл оны әдептілікке тәрбиеле, жеті жыл жос бол содан соң жөніне қоя бер». Нағыз күш салатын осы кездер. Бұл уақытта адамның болмысы қалыптасады. Жалпы адам бейне бір тал сияқты. Қисық шыбықты түзету оңай, ал үлкен тал болғанда түзеткіміз келсе, сындырамыз. Баланы да осы кезеңдерде түзетіп, қарап, дұрыс қалыптасуына еңбек етуіміз керек. Кейін өсіп кеткеннен кейін қиын болады. Сол үшін құрметті Пайғамбарымыз әдеп, тәрбие жөнінде біздерге көп ескерткен.

Харис ибн Нұғман пайғамбарымыздың хадисін айтады: «Балаларыңмен жақсы мәмледе болыңдар, және оларға көркем тәрбие беріңдер». Жабир ибн Самраһ риуаят етеді.Пайғамбарымыз айтады: «Ешбір әке ұрпақтарына көркем тәрбиеден артық сыйлық бере алмайды» (Термизиден). Міне Пайғамбарымыз ұрпақ тәрбиесі оларға қалдырған дүниеден де абзал екенін айтып отыр. Баласы көркем мінезді болса, Пайғамбарымыз айтқандай ризығы көп болады. Оның келешегі дайындалады.

Бұл кезеңде әке –шеше баласына нені көрсетсе, өскенде соны істейді, соған еліктеп ереді. Баланың миы фотоаппарат секілді нені көрсе соны миына сақтайды. Сенім негіздері осы кезеңде қалыптасады. Діни тәрбие және наным осы кезеңде қалыптасатындықтан намаз, дәретке ынталандыру жасалады. Үшінші кезең балиғат жасы болғандықтан, парыздарды орындауға дайындықтар жасалады. Аллаһтың әмірлері бұл кезеңде ашық үйретіледі. Аллаһтың тыйым салғандарын айта отырып жамандықтардан құтылу жолдары үйретіледі. Пайғамбарымыз бір хадисінде он жасқа толған қыз бала, ер балалардың жататын бөлмелерінен ажыратылуын әмір етеді. Балалардың күш қуаттарының жетіліп дамитын уақыттары он жастан кейінгі үшінші кезең болып табылады. Егер де балаларды алғашқы кезеңдерде – ақ Аллаһ сүйіспеншілігімен қорқынышын жүректерінде орнықтырса, күші тасып тұрған кезінде, баланың жүрегіндегі иман оны жамандық жасаудан тияды. Өйткені адамда иман қаншалықты күшті болса, жақсы ғамалдармен іс — әрекеттер соншалықты көп болады. Осы кезең әрбір ата – ана үшін насихат кезеңі болып табылады. [30, 63 б]  

Жабир ибн Сумаираһ пайғамбарымыз айтты: «Адамның ұрпақтарына көркем тәрбие беруі бір өлшем садақа бергеннен де абзал». (Тирмизи). Әлбетте баланы көркем тәрбиеде тәрбиелеу әдептілікке, сыпайлыққа, кішіпейілділікке алып келеді. Ал керісінше өркөкірек, мінезі нашар ұрысқақ болса, онда адамдармен болған қарым – қатынаста барлығы да оны шеттетеді.Бұны әрине, қазіргі қоғамда жиі кездестіруге болады.

Абу Сағид ал – Худриден Пайғамбарымыз айтады:

«Кімде – кімнің үш қызы болса немесе үш қарындасы болса немесе екі қызы немесе екі қарындасы болса олармен көркем қарым – қатынаста болсын және олар үшін қорықса осы себепті жаннатқа кіреді» Хадисті Абу Дайд және Тирмизи риуаят еткен.

Балаға тәрбие бергенде оның жас ерекшелігіне мұқият болған жөн. Дұрысты дұрыс екен деп ретсіз айта беру қисынсыз. Бала балиғат жасына толғанша жауапкершілікке тартылмайтынын естен шығармаған абзал. Баланың жасымен санасу тек қана жастар үшін ғана емес, кез келген нәрсені айтарда ол мейлі жас болсын, кәрі болсын оның түсінетін дәрежесінде сөйлеу қажет. Өйткені, Пайғамбарымыз бір хадисте былай дейді:

«Адамдармен түсінетіндей дәрежеде сөйлесіңдер». Пайғамбарымыз тәрбиеде осы жайтқа аса көңіл аударған. Хазіретті Хусейн бұл тұрғыда былай деген:

«Әкемнен Пайғамбарымыздың мінезі жайында сұрағанымда былай деп жауап берді: «Пайғамбар үнемі күлімсіреп, әрі кішіпейілділікті ұстанатын. Бақырып, шақырмай орта жолда жүретін. Ұнатпайтын нәрселерді көрсе де көрмегендей сыңай танытатын. Мына үш жайтты ешқашан істемейтін. Ешкімнің намысын таптамайтын, ешкімнің қатесін қазбаламайтын, пайдасыз сөз сөйлемейтін. Ол сөйлеген кезде барлығы оны мұқият құлақ салып тыңдайтын. Ол сөзін бітіргенде өзгелерге сөз беретін. Одан ешкім қысылып-қымтырылмайтын. Жанындағы жолдастары не нәрсеге күлсе ол да күлетін, не нәрсеге таңырқаса ол да таңырқайтын. Бөгде адамдардың әдепсіздігі мен басынуына сабыр ететіндігі соншалық, жанындағылар сабырсызданатын». «бір нәрсеге мұқтаж болғандарға, анаған жәрдем беріңдер дейтін. Ешкімнің сөзін бөлмейтін. Әрбір қауымның басшысына сый-сыяпат беріп, көңілдерін аулайтын. Әрдайым жылы лебіз танытып жүретін».

Пайғамбарымыз бір хадисінде былай деген: «Әрбіріңіз шопансыңдар. Қарамағында болғандарға жауаптысыздар. Мемлекет басшысы шопан, қарамағына жауапты. Қызметші мал – мүлкіне жауапты». Бұл хадиске үңіліп қарайтын болсақ, барлық адам өз қол астындағыларға шопан және олар шопан секілді қарамағындағылардан жауапкер екендігін түсінеміз. Пайғамбарымыз әрбір адамда жауапкершіліктің бар екендігін айтады. Пайғамбарлар да жауапты. Ағраф сүресі 5 – аятында «Әрине пайғамбар жіберген үмбеттерді жауапкер қылатынымыз секілді, пайғамбарларды да жауапты қыламыз.

Бала әке – шеше жанында аманат. Оның жүрегі таза, жарқын әрі пәк. Жас кезінде оған бір нәрсе үйретілсе, соны қабыл етеді және әдетке айналдырады. Ал егер жаман нәрсе үйретілсе, оны қабылдап өмірінде қолданысқа енеді. Сол себептен де бала әдемі, жақсы, дұрыс нәрселерді үйрену арқылы періште сияқты дәрежеге көтерілуі, жаман және қате нәрселерді жасауы және үйренуі арқылы шайтан және хайуандық дәрежеге түсуі ықтимал. Тин сүресінің алғашқы аяттарын осыған үйренуге, білім алуға, тәрбиелі болуға қабілеті бар түрде жараттық. Тек қана білім алып әдемі тәрбиеленген иман етіп жақсы амал жасағандар бұның сыртында. Олар үшін шексіз, сеспсіз, сыйлық түрлері бар. Балаға дұрыс тәрбие, білім беру, оларға көркем мінез қалыптастыру, осы жол мен оның сапасымен дәрежесін көтеріп, дүние және ахирет бақытына жеткізу әке – шеше, мұғалім және басқа жауапты кісілердің ең бірінші міндеті болып табылады.

Құран назарымен қарайтын болсақ тәрбие бала туылмай тұра басталады. Туылғаннан кейінгі тәрбие, туылмай тұра басталған тәрбиенің жалғасы болып табылады. Тәрбиенің ана құрсағынан басталатындығы туралы Құран бізге мына Али Имран сүресінің 6-аятында: «Ана құрсағында сендерді қалаған пішімде жасаушы Аллаһ». Бұл аяттағы арабша саууара етістігі дене әрі психологиялық жақтан түрге ендіруін (әр түрлі жаратуын) айтып тұр. Өйткені психологиялық қасиеттер болмағанда, дене қасиеттерінің мәні болмашы еді.

Осы жерде тәрбиені екіге бөліп қарастыруға болады. Адамдық тәрбие және илаһи (құдайлық) тәрбие. Адамдық тәрбие адамның туылғандағы бар болған қабілеттерді дамытуды көздейді. Жаратылыстағы қабілеттерін дамытып оны белгілі жақтарға бағыттайды. Адамдағы мінез – құлықты қалыптастырып қалау және таңдауларына жетекші болады.

Иллаһи тәрбиеде адамдарды әр түрлі қабілетте, әр түрлі өнерлерге бейімді етіп жаратса, адамдық тәрбие әуелі адамдар арасындағы қабілет ерекшеліктерін анықтап, білім беру дәстүрлерін сол айырмашылықтарға қарай қолданады. Осыған сәйкес Аллаһ адамдарды ана құрсағында – ақ бір – бірінен қабілет ерекшеліктерін айырған.

Мұхаммед Пайғамбар баланың ана құрсағында болатын жағдайларды түсіндірген кезде былай дейді: «Бала ана құрсағында төрт күнге дейін су, одан кейін ұйыған қан, одан кейін ет бөлшегі жағдайына ауысады. Бұл жағдайлардан кейін Аллаһ тағала бір періште жіберіп оған үрлейді. Негізінде бұл Хаж сүресі бесінші аятының бір түсіндірмесі сияқты. «Әй, адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенесіңдер, әрине біз сендерді топырақтан, сонан соң жыныстық тамшыдан, кейіннен ұйыған қаннан, тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен, өздеріңді тектеріңді білдіру үшін жараттық. Сондай – ақ  жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында бөбек түрінде шығарамыз. Одан кейін ер жетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар».

Адамға әр жасқа сай тәлім-тәрбие беруде ұлағаты мол тамаша ұстаз, ақиық пайғамбардан алар үлгіміз көп. Оның бала тәрбиесіне қатысты көрегендігін көптеген оқиғалардан көруге болады. Кезінде тұтастай бір қоғамды жамандықтан тыйып, жақсылыққа тәрбиелеген Мұхаммедтің өмірі біз үшін таптырмас үлгі.

Сол себепті Пайғамбарымыз балалы әкеге айтады: «Жеті жасқа дейін онымен ойна, жеті жыл оны әдептілікке тәрбиеле, жеті жыл досы бол, содан соң өз жөніне қоя бер».

Балаға Құранды және дінді үйрету оның хақысы. Ардақты Пайғамбарымыз әкелеріне балаларын жеті жасқа жеткенде намаз оқып үйретуді өсиет етеді. Егер он жасқа жетсе, оларға үзбей намаз оқуларын бұйырады. Пайғамбарымыз айтады: «Балаларың жеті жасқа жеткенде оларға намаз оқуды бұйырыңдар, он жасқа келгенде (намаз оқымаса) ұрыңдар».

Егер әкесі балаларына дінді үйретпесе, онда ол өз жауапкершілігінде тәрбие беруде кемшілік жіберген болады. Сондықтан әкесі Құраннан өзі үйретуге шамасы келсе үйретеді, егер шамасы келсе ақы беріп ілім оқытуға береді. Егер осыны орындаса баласы үшін жақсы болып, Аллаһтың қалауымен бала қоғамға пайдалы, көркем мінезді құрметті адам болар еді. Сөйтіп өзіне жүктелген ата-аналарының алдындағы міндетін біледі. Олармен болатын қарым-қатынаста жаманшылыққа бармайды. Себебі ол жақсылықты үйренеді, дінді таныйды. Сондықтан, өз балаларының алдында әкелерге үлкен жауапкершілік жүктелген. Баласы ер жеткенге дейін жақсылықта болып, тақуалыққа бағыттап, қоғамымызда үлгілі, пайдалы адам болуына септігін тигізуі керек.

Ғалымдардың айтуынша баланы жақсы жаза білуге , дұрыс оқи білуге, Құран жаттауға, оның мағынасын түсінуге, жақсы көркем мінез-құлыққа қызықтыру және шыншыл, аманатқа берік болуға тәрбиелеуге мән беру керек екенін ескертеді. Пайғамбарымыз айтты:

«Әке-шешесінің баланың алдындағы міндеттерінің бірі жақсы ат қою, оны жазуға үйрету және егер балиғат жасына жетсе үйлендіру».

Ата-бабаларымыз ілім алғанда Аллаһқа сиынып отырып оқудың маңызды екенін жете түсінген. Ыбырай Алтынсарин атамыз айтады:

Бір Аллаһқа сиынып,

Кел балалар оқылық

Деп Аллаһқа сиына отырып оқуға шақырады[ 25, 44 б].  

Өйткені Аллаһсыз келген ілімнің не түрлі зұлматтарға апаруы әбден мүмкін. Оған куә болып жүргеніміздей атом бомбалары, т.б. заттар қоғамға зиянды заттар ғылымның жетістіктері, бірақ дінді білмей арқылы жаман мақсаттарға пайдаланады. Сондықтан Аллаһты тану ілімнің негізі, асылы. Әрдайым ақылға, ілімге дін көмекші болған жағдайда ғана адм жаманшылыққа бой алдырмайды.

Ислам адам балаларына пайдалы барлық ілім алуға шақырады. Кейбір адамдар балаларына тек ислами ілім алғанда ғана Аллаһ риза болады деп ойлайды. Ал мұсылмандар тек шариғи ілімдерді ғана оқитын болса, онда адам өміріне көмек болатын медицина, егін, өндіріс шаруашылығын және есеп т.б. ілімдерді білмей қалай өмір сүруге болады. Сондықтан адам өміріне, болашағына пайдалы ілімдерді оқу арқылы  Аллаһты ұлықтаған сияқты сауапқа ие болады.

Бала дұрыс тағылым алу үшін ұстаздың бойында өте ерекше жақсы сипаттар болу керек. Ұстаз тек қана ілім үйретуші ғана емес, сонымен қатар өмірін қалыптастырушы. Сол үшін ұстаз зор ықыласты болу керек. Ибн Сина: «Баланы оқытушы адам діни иесі болу керек, мінез-құлықты, ақылды, байсалды баладан нәтиже шығаратын, өзін құрметтете білетін адам  болу керек. Қатал, балаларды ұнатпай қарау олардың оқуға деген ынтасын жоғалтады, тіпті қашып кетуіне себеп болады»,-дейді.

Ғазали балалардың қабілеттерінің әр түрлі болатынын да ескерту керектігін айтады. Тіпті бір отбасының балаларының да зеректігі, қабілеттілігі әр түрлі.

Баланың досының кім екеніне мән беріп отыру керек. Оған дұрыс, әдепті дос таңдауға көмектесу керек. Себебі қасындағы достарының қылықтары бір-біріне әсер ететіні сөзсіз. Қандай жақсы бала болсын достары жаман , тәртіптері нашар болса, ол балада достарының себебінен бұзылады.

Имам Ғазали тағы бір сөзінде:

«Балаға оқитын жерінен тұрғаннан кейін оған ойнауға рұқсат берілуі тиіс. Сабақтан шаршағаннан кейін, оны демалатын ойынмен ойнауы тиіс. Ал егер баланы ойыннан тыйып, үнемі сабаққа күшейтетін болса, ол оның жүрегін өлтіреді, зеректігін жояды», — деген.

Баланың қателігін байқасаң міндетті түрде ескертіп айтып қою керек.  Мән бермей қалдырып қоюға болмайды. Себебі ол сол қателерді қайталап, ақыры әдет болып кетуі мүмкін. Бірақ бірден бас салып ұрсып немесе ұруға болмайды. Әуелі ол істің жаман, зиянды екенін ескерту, оған көнбеген балаға насихат айтып, қайта қайталамауға түсіндіру, оған көнбеген жағдайда ғана ұру қажет. Бірақ ұрғанда зиян тигізетіндей қылып ұрмау. Ол ең ақырғы шара. Егер бала тәрбиені дұрыс көрген болса, ұстазы дұрыс, ақылды, шебер болатын болса бала мұндай жағдайға жеткізбейді.

Халық нақылында «Алтыға дейін бала деп көр, алтыдан кейін құлыңдай көр, он алтыда досыңдай көр» делінеді.

Балаларының қызығын көру ата-ана үшін үлкен бақыт. Ұлын үйлендіру, қызын тұрмысқа беру өміріндегі ең қызық уақыттар. Аллаһ тағала да екі жастың теңін тауып бас қосуына разы болады. Пайғамбарымыз:

«Адам үйленгенде исламның жартысын тауысқан сияқты сауап береді, қалған жартысында аллаһқа қарсы келуден сақтансын» (әл-Байһақи) деген [12, 11 б].

 

 

 

 

  1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАНЫҢ ИМАНДЫЛЫҚ  ТӘРБИЕСІ

 

2.1 Дәстүрлі қазақ отбасындағы ислами тәрбиенің ерекшеліктері

 

Расында қандай бір қоғам болсын, ол адамдардан құралады. Бұл легеніміз – адам баласы өз басымен жеке өмір сүре алмайды. Адам қоғаммен бірге өмір сүреді. Бағзы заманнан бері қазақ қоғамында имандылық тәрбиесі қалыптасқан. Қоғам бізден жан – жақты жетілген, рухани бай жаңа адамдарды тәрбиелеуді талап етеді. Президентіміз: Н.Ә.Назарбаев :«Ғасырлар мақсаты –қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деген тұжырым жасады.

Сол себептен өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, дінін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін нағыз ислами мәдени адамды қалыптастыру қажет.

  Дін қоғам саулығының негізгі қайнар көзі. Діннің негізінде қоғамда өзара қарым–қатынастар жүйеге келеді және әлемнің раббысы Аллаһ Тағаламен қарым-қатынас дұрыс жолға қойылады.    

Тәрбие кез келген қоғамда адамның іс — әрекетінің өлшемі болып саналатыны белгілі. Сондықтан тұрақты қоғам деп тәрбиелі адамдардың өмір сүретін қоғамын айтамыз. Ірі тәрбиелі қоғамның сақталуы сол қоғамның даму деңгейін, өзара байланысын және бір жүйеліліктің бар екенін көрсетеді.

Имандылық – бала тәрбиесінің ең басты қайнар бұлағы. Сондықтан тәрбиені діннен бөлек алып қарауға әсте болмайды.

Қазіргідей жаһандану заманындағы  қоғамымыздағы кейбір жастардың әдепсіз әдеттерге, мұсылманға жат қылықтарға бой алдыруы, батыстық мәдениетке еліктеп, әзәзіл әуендерге елітіп, ақырында болашағынан үміт күттірген өскелең ұрпақтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық, рухани құндылықтарға қарсы қиратқыш күшке айналуының басты себебі де, сөз жоқ осы имандылық тәрбиенің жоқтығынан.

Еліміз Қызыл империяның құрсауында, құдайсыз материалистік идеологияның құшағында болған ондаған жылдар ішінде ғасырлар бойы халқымыздың салт-санасына сіңіп кеткен діни, ұлттық құндылықтарынан ажырап, ұлттың бет-бейнесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі қазақ қоғамы сол солақай саясаттың, дінсіз тәрбиенің зардаптарын қазірге дейін тартып келе жатыр.

Адамзат қоғамның қай-қайсысы болмасын оларды басқарып, бағыттап отыратын қағида заңдарды қажет етеді. Осы қағида заңдар негізінде адамдар  бір-біріне күш көрсетпей, жалпыға ортақ заңдылықтарды сақтау арқылы бақытты, тыныш ғұмыр кешеді. Олай болса, бейбіт өмір сүру үшін қажетті заңдарды сақтауға, құрмет етуге адамдарды тәрбиелеу қажет. Адам қоғамдағы жалпыға ортақ заңды сақтамайынша толыққанды қоғамның мүшесі бола алмайды. Сондай-ақ белгілі бір қоғамдағы адамдардың өмір сүру деңгейі , тұрмыс тіршілігі тәлім-тәрбиеге тікелей әсер етіп, олардың жүріс –тұрысынан, алыс-берісінен, мінез-құлқынан көрініс табады.Аллаһ адамзатты дене бітімі жағынан сұлу және жан дүниесін бай етіп асқан шеберлікпен жаратқан.

«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» демекші, ұл бала әкесіне, қыз бала анасына қарап өседі. Сондықтан ата-ана әдеп-ахлақта, имандылықта, өзгелермен қарым-қатынаста перзентке үлгі болуы қажет. Ата –ана перзент бойынан жақсы қасиеттердің табылуына жауапты. Ал бұл жауапкершілік ұмытылса, адамзаттың болашағы, әдеп-ахлақ, имандылық ұмытылады. Алла тағала қасиетті Құранда Рағыд сүресінің 11-аятында]: «Қай қауым болсын, өз жағдайын өзі өзгертпесе, олардың жағдайын Алла өзгертпейді» Яғни әр ел өз басындағы Алла берген бақ-дәулетті күнә істермен өздері тайдырып алмаса, алла оны тайдырмайды деген. Сондықтан, ислам шариғаты бала тәрбиесін ата-анаға ең басты міндет етіп жүктеген.

Хазіреті Лұқпан хәкімнің алдына үш күндік нәрестені алып келіп: «Перзентімізді оқытып, тәрбиелеп өзіңдей данышпан хәкім етіп беріңіз»,-деп өтініш жасаған ата-анаға ол: «Нәрестенің туылғанына үш күн болғанын естігенде: «Өкінішке орай, кеш алып келіпсіздер»,-деп жауап беріпті. Сонда ата-ана таңданып: «Ей, хәкім,баланың туылғанына енді ғана үш күн болды ғой!»-дейді. Лұқпан оларға: «Данышпандықтың бірінші шарты –сабырлылық. Нәресте жарық дүниеге шырылдап жылап туылады. Ол жылып-жылап ақыры өзі қояды. Мұнымен балада дүниеге деген сабырлық пайда болады. Ал керісінше баланы жылағаннан –ақ қолға алып, әлпештеп, оған емшек беріп жұбатса, мұнымен сабырлығы жоғалады. Кейіндеу, басына қиын бір іс түссе, оған сабырлық етіп, қиыншылықты жеңу орнына, қашан біреу келіпісімді істеп береді екендеп көз жасын төгіп отыра беретін хәлге жетуі мүмкін, яғни дайынға әдеттенеді. Дайынға әдеттену данышпандыққа қайшы»,-деген екен.

Кей ғұламалар тәрбиені бала дүниеге келген сәттен, ал кейбірі ана құрсағынан бастау лазым екенін ескертеді.

«Ана мен перзент қалып пен қыш сияқты»,-дейді бір данышпан. Егер қалып таза болса, қыш та әдемі және бекем болатыны сөзсіз. Жаны мен тәні таза анадан сау, асыл перзент туылады. Демек, перзент жақсы болуы үшін ана жүктілік кезінде күмәнді тағамдар мен зиянды әдеттерден өзін аулақ ұстап, халал тағамдар жегені дұрыс.

Перзент туылған соң оны ана сүтімен емізіп, бағу керек.Шариғатымыз емізу уақытын екі жыл немесе отыз ай деп бекіткен. Ана сүті арқылы перзенттің көкірегінде анаға деген шексіз махаббат туады. Сүт арқылы ананың мейір-шапағаты мен адамгершілік асыл қасиеттері балаға сіңеді. Осыған орай: «Сүтпен кірген жанмен шығады» деген нақыл сөз бар. Демек, жақсы қасиеттер ана сүтімен де даруы мүмкін. Бала тәрбиесі туралы Пайғамбарымыздың хадисінде: «Перзент тәрбиесі үш басқыштан тұрады. Біріншісі, туылғанан жақсы жаман сөзді айыратын жасқа дейінгі перзентке патшадай қарап, ата-ана оның құлындай болуға тиіс. Екіншісі, есін танығаннан балиғат жасына дейін ата-ана патшаға айналып,перзентіне құлдай мәмілеге көшу керек. Үшіншісі, перзент балиғат жасқа жеткеннен бастап ата-ана перзентпен достай қатынаста болу қажет»,-делінген.

Шын мәнінде, жас нәресте қалаңыз-қаламаңыз патша дәрежесінде болады. Қалаған уақытында еркелеп , айтқанын істетеді, таңдағанын алдырады. Күн мен түннің оған айырмашылығы жоқ. «Қой» десең де, «Жоқ» десең де мазаңды алудан тынбайды. Өйткені ол сәби ғой! Сол уақытта баланың көңілін ренжітпестен, айтқаны істелсе, бала көңілінде ата-анаға деген сенім мен махаббат, мейір мен шапағат пайда болады. Ол үшін дүниеде ата-анасы барлық нәрседен жақсы, абзал, артық көрінеді. Ата-анасының сөзі барлығының сөзінен дұрыс, ата-анасы барлық ата-анадан мейірбан деген ой туады және ата-анасының сөзі ол үшін заңға айналады.

Бала балиғат жасына жақындаған сайын оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс.Өйткені бұл жаста ұл-қыз еліктегіш, әуестенгіш келеді. Осы шақ олардың қайраты мен батылдығы немесе неге бейім екені байқалатын шақ. Бұл кезеңде ата-анасы баланы еркіне жіберіп,достары, ортасы кім екенін білмей, мінез-құлықына ерекше көңіл бөлмесе орны толмас өкінішке қалады. Егер ата-ана баланың тәрбиесін жастайынан қолға алып, перзентінің бойындағы бейімділігіне қарай жол нұсқап жіберсе, білім немесе өнер жолына салса, және оған көмек көрсетіп, талап етсе, перзенті бағасы жоқ гауһарға айналады. Балиғат жасына жетіп, еркін ойға ие болған ұлымыз ер, қызымыз бой жетсе өзімізбен тең көріп, дос-жарандарымызбен қайдай қатынаста болсақ, онымен де сондай қарым-қатынас орнатуымыз қажет. Отбасындағы қуаныш, көңілсіз жағдайларды, туындаған мәселелерді перзентімізбен кеңесіп, егер ол жүйелі, маңызды кеңес берсе.

Бұл кешегі мен бүгінгі өскелең ұрпақтар арасындағы тәрбиеге деген көзқарастың әр түрлі екендігіне қарамастан, тәрбиенің тұрақтылығына айғақ бола алады.

Қазір тәрбиеге деген көзқарас өзгеру үстінде. Бұл, әсіресе, ертеден келе жатқан ата – бабаның жөн – жоралғысы мен әдет – ғұрпына қарсы және мұның бәрін ескіліктің қалдығы деп түсінетін кейінгі жастар тарапынан айқын байқалуда. Алайда, өткен тарихсыз бүгінгі тарихты жасау мүмкін болмайтыны сияқты, кешегі ата – баба салт – санасын ысырып тастап, оны жаңадан жасаймын деу ешбір ақылға сыймайды. Олар мұның ғасырмен үндесіп, қазіргі қоғамдағы жеке тұлғалардың өміріне енген өзгерістер мен жаңалықтар нәтижесінде басқа қырынан танылып отырғанын сезінбеуде.

Дей тұрғанмен, жастардың ұлттық тәрбиеге қырын қарап, оған қарсы шығуына өкпелемеген де дұрыс. Өйткені, бұл жастарға имандылықты насихаттап, сөзден іске көшу кезінде онсыз да болатын жағдай. Ал кейбір салт – санамыздағы тәрбиелік мәні бар құндылықтарды теріске шығару себебі, ізашар буын өкілдерінің сөз бен іс — әрекеттерінің арасындағы сәйкессіздігінде жатыр. Мысалы, мен балама шылым шегудің зиянды екенін айтып, ал өзім керісінше шылым шегер болсам, онда айтып отырған насихатымның ешбір пайдасы жоқ. Немесе айтқан сөзім мен ісім үйлеспей тұрып, баламнан шыншыл болуды талап ету ешқандай ақылға сыймайтын дүние.

Тәрбиеге деген кейбір сынның шығуы қоғамдағы болып отырған соңғы өзгерістерге байланысты екенін жоғарыда айтып өттік. Дегенмен, осы өзгерістердің көпшілігі жастарға оқитын мектептерінен, баратын клубтарынан, ата – анасы және араласатын басқа да орталарының ықпалынан болып отыр. Сондықтан бізге бүгінгі таңда ең керекті нәрсе қоғамдағы осы өзгерістерді ескеріп, балаларымызға мейлінше жақын болуға тырысу. Тіпті мүмкіндігінше оларға көмек беруге дайын тұруымыз керек.

Біздің алдағы міндеттеріміздің бірі – жастарымыздың көкрегіндегі кішіпейілділік қасиеттерін оятып, олардың жандарына адамдардың өзара сыйластық және бір – біріне деген сенімділік дәнін еге білу болып отыр. Жас ұрпаққа тағылым беруде қателеспеу үшін олардың біздің заманымыздың өкілдері емес екенін қатаң есте сақтауымыз абзал. Егер сенің кезіңдегі қиыншылықты артыңда қалған ұрпағың арқалап жүрсе, онда ол сенің өмірде жіберген үлкен қателігің болып есептеледі. Сондықтан біз бұған өте абай болуымыз қажет және оларға дұрыс жол сілтеп, алдарынан шығатын қатерлі істерден сақтандыруымыз керек. Сонда ғана олар өз жолдарындағы кездескен сынақтардан сүрінбей өтпек. Мүмкін, бұл жолда ұрпағың қиналар, алайда сенің берген кеңесің оған өз жолын жалғастыруға үлкен септігін тигізбек. Міне, ұрпақтардың бір – бірімен байланысы осылай алмасып, Алланың қалауымен өмір ағыны ары қарай жалғаса бермек. Қоршаған ортаның өзгешелігін ескермесек, адам қай кезде де адам болып қалмақ. Уақыт өзгеруіне қарай қайырымдылықтың алаяқтыққа, жақсылықтың жамандыққа ауысуы мүмкін емес. Яғни басқа дүниелер жөніндегі көзқарасымыз өзгергенмен, өміріміздегі тәрбие құндылығы өз тұрақтылығын сақтап қалмақ. 

Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздарының ықпалы өте зор. Бала ата-анасынан ала алмаған тәрбиенің кейбір тұстарын ұстазынан ала алса, кейде керісінше болып жатады. Егер айналаға бір сәт көз жүгіртер болсақ сөзіміздің айғағы ретінде көптеген мысалдар табыларына ешбір күмән жоқ.

Мысалы, ішімдікке салынған ата-ана немесе күнделікті тіршілікпен баласының бір жапырақ наны үшін таңның атысы мен күннің батысына дейін  еңбектенген жалғыз басты ана, ал енді біреуі уақытымен тамақ берумен айналысса, біреуі тазалықпен, біреуі топ балаға тәрбиелік мәні бар шаралар жүргізсе де жеке тұлғамен жұмыс істеуге уақыты жетпейтін балалар үйінің қызметкерлерінен бала толық тәрбиеленіп шығады дегенге кім сенеді. Осының бәрін көріп өскен баланың жастайынан көкірегін реніш пен ыза кернеп, шыдамсыздыққа, кекшілдікке, жауапсыздыққа жаман қасиеттерге тез бой алдырғыш болатыны да осыдан.Отбасында тәрбие басты мәселе болуы тиіс. Бәрімізге белгілі, отбасын құрғанан кейін адам басынан көптеген қиындықтар өтеді. Кезінде ата – бабамыз «Үйлену оңай, үй болу қиын» деп текке айтпаса керек. Құс екеш құста, аң мен жәндікте  баласын өмір сүруге бейімдеп, бірі ұшуды үйретсе енді бірі азыған аулап, тамағын тауып жеуді үйретеді. Бұл тіршілік заңдылығы. Ендеше адам табиғаты да қажеттілікті талап ететін құбылыс.

Өкінішке орай, өткен өмірмен салыстырғанда бүгінгі күнде тәрбие беру жолында еңбек ету қиынға соғып отыр. Себебі, «елу жылда ел жаңа» демекші бүгінде қоғам өзгеріп,адам психологиясы да өзгеріске ұшырады. Мәселен ата – бабамыз өмір сүрген тұста телефон, телевизор сияқты тұрмыста қолданатын техникалық құралдар болмаса, әке  шешеміздің бала күнініде ұялы телефон, компьютер, электрондық жүйе байланысы болмады. Яғни бала дүниеге келіп түсінік қалыптастыра бастағаннан – ақ оның талабы бұрынғы ұрпақ талабынан жоғары болмақ. Талабы жоғары баланың тәрбиесіне ерекше күтім қажет екені анық. Сондықтан бала тәрбиесін дұрыс жолға қойып қалыптастыру ең маңызды іс екенін әрбір ата – ана біліп қана қоймай шынайы еңбек ету керек. Ал әрбір үйден тәрбиеге шөлдемей шыққан баланың болашағы жарқын. Кез келген жарқын болашақты ұрпақ еліміздің елдігі, келер ұрпақтың сапалылығы.

Ислам ұғымында ата – ананың баласы алдындағы парызы имандылыққа тәрбиелеу. Себебі, имандылық – адам өмірінің нәрі. Ал, имандылық адам бойына қайдан сіңісті болмақ? Әлбетте, оның негізі отбасында, әке мен ананың үлгілі өнегесінде қалыптасады. Сондықтан да, әке мен ана отбасының жүрегі болып есептеледі. Шынымен бала тәрбиесі тұрғысынан алғанда әкенің қолында болат қашау, шешенің қолында күміс жонғыш бар тәрізді. Осы себептен, баланың тәрбиесіне қатысты жауапкершілік міндеті ең алдымен ата-анаға жүктеледі.

«Әке –балаға сыншы» деген. Ұл үйренетін өнерлер тілде – шешендік, көсемдік, ел қамын жейтін етекті болу, дуалы ауыз болу. Өнерде – тұрманшы, үйші, саятшы, зергер, етікші болуы шарт. Егер ұл не батырлыққа, не балуан болуға бейім болса, мұны құптаған. Қыз баланікі – үйде ісмерлік, балбармақтылық, аул мен ағайын арасында сан алуан қырды білу…Осыны жорамалдай алған ата-ана тәрбиенің денін осылардың баласы бейім түріне ауыстырып, қолынан келген жағдайды жасайды. Бұл да бала тәрбиесіндегі көп баптың бірі.

Баланы «Қозы жасы» кезінде баланы әке мен шешенің сыртында тәрбиелейтін ата мен әже. Ата-бабаларымыз ауыл жанындағы төбе басына жиналатын. Сол төбенің басына балаларын ала баратын. Ондағы мақсат, балаларды күрестіріп, балуандыққа баулу. Әлемде, елде не болып жатқанынан немересін хабардар ету және үлкендердің аузынан асыл сөздерді естірту, есінде қалдыру.

Бала он жасқа келгенде, ұлды үйлендіруге, қызды ұзатуға дайындала бастайды. Ал, он бес жасты – балалықтан қол үзген кез деп есептеген. Бұл – бұрынғылар үшін бала тәрбиесіндегі ең ауыр кезең.

  Ұл он беске келгенге дейін баласын жас санап, санатқа қоспаған әке енді оны қатарына қосып, үйдің үлкен-үлкен істерінің басы-қасында болуға, ақылдасуға, араласуға кірістіреді. Бұнысы-қара шаңырақтың тізгін-шылбырын бергені емес, келешекте өз отауын ұстауды үйренсін дегені.

«Шешеге қарап қызын ал» дегендей, қыздың тәрбиесі отбасына байланысты сол себепті қыздың мінез-құлқын білу үшін оның отбасына қараған дұрыс. Сондықтан Қыз баламен анасы берер тәрбиесін өзгелерден жасырын екеуара ашық айтуға кіріседі. Кешікпей келіншек болатынын, келіншек болған соң, барған жердегі ата-енесі болатын, байланысты құлағына құю. Баратын жеріндегі адамдардың қайсысы қалай , олардың әрқайсысымен тіл табыса білу. Ерте тұрып кеш жатуға шыдау. Шешенсіп сөйлемеу, ақырын жүру, күйеуін күндіз ұлықтай сыйлап, түнде баладай бабын таба білуге әдеттену. Өз бетімен артық сөйлемеу, бетімен күлмеу, ұялшақ-ұяң болу… Осыларды қайт-қайта қайталап, кеңес беру – анасының қызы алдындағы тәрбиелік міндеті.

Жақында отау иесі болғалы тұрған ұлына әке енді үйді қалай басқарудың жолдарын үйрете бастайды. Бұлар: күте білсе, баға алса, малдың басын төл көбейетінін ұғындыру. Қайын жұртты сыйлай білу, алдыда алатын қалыңдықты құрметтей білу. Отау көтерген соң қонақ күту. Шаңырақта тату –тәтті тұрудың бастысы-қаптан азықты, керегеден қызылды үзбеуді үйрету… Ұл он беске келіп, үйленердің алдында айтылатын құлаққағыстар болғанымен, жас шамасына қарай берілетін тәрбиеге тән.

Қазіргі ата-ана он бестегі балаларына мұндай пайдалы ақыл кеңес айтудың орнына, күні бойы теледидар қарауды қойғыза алмайды.

Қазақтың сол кездегі он бестегі баласы кісі сыйлауды, яғни адамгершілік қасиеттерді ертерек меңгерген. Өйткені ол кездегі ортаның өзі таза болғандықтан. Қазіргі замандағыдай ұрлық-қарлыққа үйір адамдарды, араны жаман парақорларды, бірін-бірі тонауды, кісі өлтіруден ада болған.Ол кезде қазақтың қасиетті тәрбиесіне ондай ылаңның әсері болмаған. Жамандықты көрмеген бала сұмдықты кімнен үйренеді. Көргені, естігені адамгершілік болған соң ақыл-есі тез ержетеді. Қазіргі кезде әке мен бала арасындағы алшақтық жыл өткен сайын ұлғая түсуде. Балаға ақыл айтып жатқан әке де, тіл алып жатқан бала да жоқ. Балаға әкеден гөрі өзінің өсіп жатқан ортасының ықпалы көбірек. Ұлттық ерекшелігіміз жойылып, кері ықпал әсер етуде.

Қазақта ұлды да қызды да еңбеккке ерте кезден баулу ерекше тәрбиенің түрі. Бала жұмыстан бас ала алмаса, басқа бұзақылыққа баруға мойын бұра алмайды. Еңбек еткен бала ерте жастан өз өзінен үлкендікке бейімделіп, жауапкершілікті түсіне бастайды.

Ертеде қазақтарда «Тоқым қағу», «Алтыбақан» секілді ойын-сауықтар болған. Бірақ оған анасы қызын мынандай шарт арқылы ғана жіберетін болған:

  1. Ең жақын,әрі сенімді адаммен;
  2. Жақын етене жеңгесіне қадағалап тапсырып жіберетін;
  3. Жиналатын жастардың ішінде елге әдепсіздігімен әйгілі қызбала, ұрыншақтығымен белгілі бозбала бар жоғын алдын-ала анықтап алатын. Егер ондайлар топта болатын болса, онда жібермейтін.
  4. Қызына бас көз болатын, көзінен таса етпейтін бір балсын міндетті түрде қостатын.

Қазақта бала алғашқы мүшел жасқа толған соң, қарбалас кезең басталады. Соның ішінде аналар үшін ең бір қауырт шақ, өйткені мәпелеп отырған, жұмыртқаның сарысындай сақтап отырған қызы ертең біреудің босағасын аттағалы отыр. Сондықтан аз да болса ақыл кеңесін қызының құлағына құйдырып жіберу.

  1. Үйдегі ақты (сүтті) ұқсата білу. Одан дайындалатын әр алуан асты өзі дайындап жүргенде қызын да қалтарыста қалдырмау.
  2. Қазекем қонақжай халық. Сондықтан қонақ күтудің жөн-жосығын білу міндет.
  3. Баласының сүйегіне біткен салақтық, ұқыпсыздықты, яғни кемшіліктерін барған жерінде көрсетпеу.
  4. Өз үйіндегі еркелікті, көп дем алуды азайтып, ерте тұруды әдетке айналдыруды анасы қызына аманат ретінде үйретеді.

Ал ер баланың жағдайын әкесі кезінде өзін қалай тәрбиелегенін білгендіктен қаз-қалпында қайталайды.

  1. Бұрынғы «қозы жасындағыны», қой соңында жүргенді қойып, ел арасындағы алым-берімге жұмсайды.
  2. Болашақта отауын қалай басқаруды үйретеді. Әрқайсысының өз орны болатынын, келімді –кетімді кісі болатынын айтып тәрбиелейді.
  3. Баласы отау иесі болардан бұрын әке өзінің жақындары, жанашыры, жекжаттары, өзінің сыйласатыны, кімдермен орта көңіл екені жөнінде мағлұматтар айтады. Өйткені ертең шаңырақ иесі болғанда тізгінді дұрыс ұстап, шаруашылықты дұрыс басқара алсын дегені.

«Қазақ «он бесте отау иесі», дейді. Енді қызды ұзатқан жақ пен алған жақ отауға деген тәрбиені, қамқорлықты екі жақтап жасайды. Ата-енесі еншісін беріп бөлек шығарады. Төркін қырық серкешін айдатып, шұбар тайын жетектетіп жиеннің қарызынан құтылады. Жақын жуық сусынға сиыр мен бие, көлікке түйе мен ат әкеледі.

«Енең берді бір сиыр, сол сиырға бір үйір. Анаң берді бір түйе, сол түйеге бол ие» деп екі жас қалыптасып жатыр ма соны бақылайды. Егер бейімделе алмай жатса, келіп түтіндерін түзеп кетеді. Бұлары –жаңа отауды алдымен тұрмыста қамтамасыз еткені.

Келген-кеткендерден, арттарынан шұбыртын балдыз бен бауырдан екеуінің дастарханын сұрап отырады. Үйдің ауа-райын болжауы. Егер жөн болмаса екі ананың бірі келіп, жөнге салып, ақыл кеңес береді. Бұл тәрбиенің іс жүзіндегісі.

Қазақта үйленген, тұрмысқа шыққан балаға дауыс шығарып, ұрсу, қол көтеріп ұру дарақылыққа жатады. Қазақ бұны тәрбиенің анайылығына, әке мен ананың әлсіздігіне санайды.

Елдің игі жақсысын, ақсақалын жылына бір рет отауларына шақырып малға бата, балаға құлақ үлестіруді, әке-шешенің, ата-ененің тапсыруы, бұл да өнеге. Бұлары – балаларының бір жағынан бата алуы болса, екінші жағынан кісі сыйлауды үйренуі. Өздерінің сонау сәби кезінен берген тәрбиелерінің жемісін көздерімен көргілері келгені.

Әке мен шешенің, ата мен ененің екі жақтың баласына деген тәрбиесі мен баулуы бірте –бірте үлкейіп, күйеу мен келінді бала деуден өткен соң, тәрбиені айтудан көрі іс жүзінде істеуге ауыстырады.

Жалпы алғанда, өз баласын қартайғанша, немересін өлгенше тәрбиелейтін қазақ аса балажанды халық. Қазақта тәрбие жөнінде «Тал бесіктен жер бесікке жеткенше» деген қасеитті ұғым қалыптасқан.

Қазіргі кезде әке-шешенің мұндай тәрбиесінің орнына теледидар деген «пәле» орналасты. Бұдан баланың көретіні ылғи шетелдің жалаңаш әйелі, олардың дарақылығы, өздері шамалас балалардың істегені ұрлық-қарлық, кісі өлтіру, азғындық. Біртіндеп бойдағы құндылықтарды жоғалтып, рухани азғандарын өздері де байқамай қалады.

Ал ер балаға кішкене күнінен үлкенге құрмет, кішіге ізетті қасиеттерді үйреткен. Сол себепті ер бала үлкенді көргенде «Ассаламуғалейкум»-деп екі қолымен үлкендердің қолын алуға дағдыланған. Кішкене сәби күнінен «Кімнің баласы, аты кім, руы қандай»деген сұрақтарға жауап беріп үйренген. Қазақта «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығы тегін айтылмаған. Қазақ баласының үйінде жиын болмай тұрмайды. Сол жиында тәлім –тәрбиесі мол сөздердің айтылуының орнына қазіргі кезде, бос сөз арақ ішу, темекі шегу, жаман істерге еліктеу көптеп көп белең алған.

Атам қазақта жиын болғанда ұлы атақты билеріміз, ақындарымыз, сол ауылдың сыйлы ақсақалды қария қарттары жастарға тәлім тәрбие болатындай әңгімелер айтып, ел билеу, халық қамы сияқты келелі мәселелерді сөз қылған.Ұлы Абай атамыз сондай келелі жерден тәрбие алған. Біздің Ұлы бабаларымыз дастарханды киелі тұтып, дастарханға ішімдік қойдырмаған. Керісінше, оның орнына шұбат, қымыз қымран сүтін ішіп, дастархан басында шешендік өнер, айтыс тамашалаған. Сол жиын болғанда жас балалар үлкендерді қалай күтіп, құрметтеуді үйренетін.

Ғалымдар да баланың бойындағы ата – анасының жағымды және жағымсыз мінез ерекшеліктері дәл құрсақтағы кезінде қалыптаса бастайтынын дәлелдеген. Сондықтан да болашақ жар таңдауда еш асығуға болмайды. Бұл істе жақын адамдармен ақылдасқан, Аллаһтан жақсы, салиқалы да иманды әйел сұрап дұға еткен жөн. Бұның барлығы үйленген соң қалай да болса жанұяны сақтап қалу үшін және ажырасуға бармау үшін қажет. Біздің кезімізде, өкінішке орай, адамдар тез үйленіп  тез ажырасатын болды.

Бала Алланың аманаты. Ендеше, оған жақсы тәрбие беру – үлкен жауапкершiлiк. Сүйiктi Пайғамбарымыз Мұхаммед өзiнiң барша үмметiне  «Өсiңдер, өнiңдер!» деп өсиет айтып кеткен. Пайғамбарымыздың «Балиғат жасына жеткен, ақыл-есi дұрыс мұсылманның үйленбей жүруi абзал емес» деген хадисi де бар.  Яғни, үйленiп, отбасын құрған әрбiр мұсылман Жер бетiнде мұсылмандардың көбеюiне үлес қосуы керек. «Ақырет күнiнде мен сендердiң көп екендiктерiңмен мақтанамын» дептi Пағамбарымыз тағы бiр өсиетiнде.Шын мұсылманға үйленiп, дүниеге ұрпақ әкелу ғана емес, оған ислами жақсы тәрбие беру – парыз.

Пайғамбардың сүйiктi жары Айша анамыз «Пайғамбарымыздың мiнезi – Құранның өзi едi ғой» дейдi екен. Әрбiр мұсылман Мұхаммед пайғамбар сияқты көркем  мiнездi болуға ұмтылу керек.

Осы орайда исламда балаға жақсы тәрбие беруге көп көңiл бөлiнедi. Бұл жөнiнде хадистер өте көп. Бiр хадисте «Ата-ананың ең абзалы – балаға жақсы тәрбие бергенi» делiнсе, екiншi бiр хадис жақсы ұл-қыз өсiрген ата-ана туралы былай дейдi: «Кiмде-кiм бiр қыз өсiрiп, оны балиғатқа толғанша бағып-қағып, құтты орнына қондырса, оның орны – пейiште». Екi немесе үш қыз өсiрген ата-ананың да жұмаққа баратыны туралы хадистер бар.

Сонымен, ислам бала тәрбиесi туралы не дейдi? Әртүрлi дерек көздерiне жүгiнiп, бұл жөнiндегi бiлiмiмiздi мынандай дәйектермен толықтырдық: бала тәрбиесiн ислам бойынша жетi қырынан қарастыруға болады: қоғамдық тәрбие, дiни тәрбие, жақсы мiнез-құлыққа тәрбиелеу, дене тәрбиесi, интеллектуалдық тәрбие, психологиялық тәрбие, әлеуметтiк және жыныстық тәрбие, рухани тәрбие.

Ендi осы қырлардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.

Қоғамдық тәрбие. Әке-шеше баланы қоғамдық өмірге сай түрде тәрбиелеуге міндетті. Ғазалидің пікірінше, бұл тәрбиенің бастауы тамақ ішуге отырудан адамдармен қарым-қатынас жасауға дейінгі іс-әрекетті қамтиды.

Бала тәрбиесінде ең маңызды нәрсе дейді ол,- әке- шешенің балалармен бірге бір ыдыстан тамақ ішуі. Өйткені, бұл бір жағынан Пайғамбарымыздың сүннеті болса, екіншіден, баланың қоғамдық өмірге үйренуіне, әлеуметтенуіне өз көмегін тигізеді.

Бірде Пайғамбарымыз Умму саламамен тамақтанып отырған. Қасында Умму Саламаның балалары бірге болатын. Арасында кішкентай баласы тамақты қалай болса солай жеп отырған болатын. Сонда Пайғамбарымыз Әдеппен:

«Балам! (Тамақ жеуді бастасаң) Аллаһтың атымен баста (яғни бисмиллаһ де), және оң қолыңмен же, және алдыңнан ғана же» деді.

Пайғамбарымыздың бұл тәрбиесін қазіргі қоғамда балалар тұрмақ үлкен кісілердің көбі біле бермейді немесе білсе де орындамайды, не мән бермейді. Тамақты бисмиллаһсыз жеген уақытта, тамақта береке болмайды. Қазақта «ауру — астан» деген сөз осындай тәртіптерді орындамағаннан шыққан болар.

Дiни тәрбие. Бала жарық дүние есiгiн ашқан соң, оған Ислам туралы, Әлем туралы, ең бастысы бiздi Жаратушы Алла туралы жан-жақты түсiнiк берiп, көкiрек көзiн ашу керек. Исламда ер баланы тоғыз жасынан бастап, қыз баланы … жасынан ораза ұстап, намаз үйрету керектiгi айтылады. Дiни тәрбие беру баланың қай жасында да ерте емес. Құрсақта жатқаннан бастап, тiлi былдырлап жаңа шыға бастаған баланың «Алла» атын естiп-бiлiп жүруi  абзал.

Ислам ғалымдары арасында бала тәрбиесіне қатысты ең көп еңбек жазған әл-Ғазали болып табылады. Әл-Ғазали орта ғасырдағы ислам философы , кәламшысы. Оның ең атақты еңбектері: «Иһйа-и улумиддин», «Кимйа-и саадет», «Йә әииуһал уалад» аты еңбегі болып табылады.

Ол баланың жеке тұлғалық тәрбиесі, діни және қоғамдық тәрбиесін қарапайым құралдар арқылы түсіндіруге тырысқан. Ол өзінің еңбектерінде қазіргі заманауи бала тәрбиесіне әрең жеткен немесе жете алмаған тәрбие туралы насихаттар мен әдістерді айтып өтеді.

Ислам ғалымдары бала тәрбиесіне қатысты төмендегілерді айтады:

  • Егер бала қателік жасаса оны көрмеген сияқты болуы және жасырын кемшіліктерін жарияламауы керек. Өйткені, балалар қателерін жасырғысы келеді. Егер де бала өзін-өзі тәрбиелеуге тырысса қателерін еш көрмеген сияқты әрекет ету керек;
  • Баланың кемшілігін дұрыстаймын деп әрбір әрекетінде балаға қарсы келсе, бала кемшіліктеріне қырсықтанып қайтадан жасай беруі мүмкін. «Баланы жазаландыру, мәжбүрлеу оны тәрбиелей алмайтын дәрежеге әкелуі мүмкін» дейді;
  • Жаман қылықтарды басқалардың да жасай алатынынын балаға сездірмеуі керек. Әйтпесе, бұл балаға өнеге ретінде қабылданады;
  • Егер қателіктері қайталана берсе, оған жасырын түрде ескертіліп зияндары аз-аздан түсіндірілуі керек. Қайта-қайта ескертулерден сақтану керек. Бұл баланы сөзді тыңдамайтын дәрежеге соқтыруы мүмкін;
  • Баланы жасырын істер жасауға алып баратын кез келген қылықтардан аулақ болу керек. Оған жақсы іс болсын ашық түрде жасауына мүмкіндік беру керек. Бала жасырын іс-әрекеттердің айып екендігін білсе, оған ашық түрде жасауға мүмкіндік берілмесе, іс-әрекеттерін жасырын жасауға әдеттенеді;
  • Балаға йтылатын ескертулер көпшілік алдында айтылмауы керек. Өйткені, бұл баланың ұялшақтығына және ұяңдық сияқты қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік тудыруы мүмкін [22]
  • Иман – Алланың барлығына, Оның Перiштелерiне, Кiтаптарына, Пайғамбарларына, Ақырет күнiне және жақсылық пен жамандықтың Алла тағаланың қалауымен болатындығына сену. Балаға осыны ертеден ұғындыру керек.

Иман келтiргеннен кейiн балаға ислам шарттарын үйрету керек, оған кәлима-шаһадатты, намазды, ораза, зекет, қажылықтың маңызын түсiндiрiп, құлшылық жасауға баулу. Шын мәнiнде, мына дүние есiгiн ашқан әрбiр бала Аллаға деген сенiммен жаратылады екен. Абу Хурайра Пайғамбарымыздың сөзiн жеткiзгенде былай дейдi: «Барлық балалар «фитрада» дүниеге келедi (яғни, туа пайда болған бiр Құдайға деген сенiм) және ата-анасы оған христиан, иудей немесе көпқұдайшылық тәрбие бередi».

Жақсы мiнез-құлыққа тәрбиелеу. Бала дүниеге жаны да, ары да таза күйiнде келедi. Баланы қазақ перiштеге теңейтiнi сондықтан шығар.  Оны туғаннан ата-аналық махаббатқа бөлеп, Аллаға деген сүйiспеншiлiкке баулу – баланың алдағы өмiрiнiң жақсы, мазмұнды, мәндi болуының кепiлi.

Мұхаммед пайғамбар бала тәрбиесiнде ата-ананың екеуiнiң де өнегесiн өте жоғары бағалаған. Пайғамбарымыз «Өз балаларыңды және үй-iштерiңдi жақсы мiнез-құлыққа тәрбиелеңдер» (Абд-ар-Разак) деген. Қазақ мұндайда «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пiшер» дейдi. Яғни, ата-анасының Аллаға құлшылық амалдарын көрген бала өзi де сол амалдарды қайталауға бейiм болады.

Балаға жақсы тәрибе берудiң нәтижесiнде оның Алла Тағалаға сенiмi күшейiп, Алладан қорқуды (тақуалық) сезiнiп, өмiр жолының Алланың бақылауында екенiн ұға бастайды, өзiнiң амалдарына жауапкершiлiкпен қарайды. Осындай мiнез-құлықтағы бала өмiрде қарапайым, әдiлдiк сүйгiш, шыншыл, салмақты болып өседi, ата-анасы, туғандарына, бауырлары мен достарына адал, бауырмал болады.

Дене тәрбиесi. Қазақта «Тәнi саудың – жаны сау» деген сөз бар. Ислам баланың денi сау, күштi, жiгерлi болып өсуiне көп көңiл бөледi. Өйткенi, мұсылман адам Аллаға құлшылық қылып, жақындарына жанашыр болуы үшiн денсаулығы мықты болуы керек. Балаға дене тәрбиесiн беру ол дүниеге келген сәттен басталады. Жаңа туған сәбидi күнделiктi шомылдыру, бiр жарым айдан бастап массаж жасау, сәл кейiнiрек денешынықтыру жаттығуларын жасату – болашақта оның денсаулығының мықты болуының, иммунитетiнiң күштi болуының кепiлi.

Адамның денсаулығы – Алланың тарапынан берiлген ең үлкен нығмет. Бұл жөнiнде Пайғамбарымыз былай дейдi: «Ең күштi иманды адам Алла Тағаланың алдында күштi және сүйiктi».

Ғазали баланың рухани тәрбиесіне мән бергені сияқты, оның физиологиялық дене тәрбиесіне де мән береді. Ол бұл жөнінде ата-аналарға төмендегі ұсыныстарды айтады:

-балаға күнде, белгілі бір уақытта дене тәрбиесі және жаттығулармен шұғылдандыруы керек. Әйтпесе, балада жалқаулық пайда болады;

— баланы жұмсақ көрпе жастыққа жатқызбауы керек. Әйтпесе баланың бұлшық және дене еттері дамымайды. Денені май басып семіздікке алып келуі мүмкін. Бұл жерде ғазали бала үшін дене әдемілігінің маңыздылығын түсіндіреді;

Баланы күндізгі уақытта емес түнде ұйықтауға ынталандыру керек. Күндіз ұйықтау балада жалқаулықты қалыптастыруы мүмкін;

Балаға сабақтарынан кейін пайдалы ойындар ойнауға рұқсат беру керек. Бір жақтан–бала дене және ми жағынан тәрбиеленсе, екінші жақтан–ойынды үйдегілерден жасырын ойнаудың алдын алған болып есептеледі. Қазіргі таңда балаға ойынның қаншалықты маңызды екендігін айтады.

Интеллектуалды тәрбие. Бала жарық дүниеге тынымсыз iзденiспен, ғылым-бiлiмге деген iңкәр сезiммен келедi. Аяғын апыл-тапыл басқан баланың күнi бойғы тынымсыз тiршiлiгiне көз салып қараңызшы, таңертең көзiн аша салысымен кешкi ұйқыға кеткенше айналасын зерттеп-бiлiп, тануға асық. Оның осы iзденiсiн дер кезiнде пайдаланып, кiтап оқуға, бiлiм қууға бағыттау керек.

Балаға бiлiм үйретудi дiни iлiм беруден бастау керек. Iлiм алудың пайдасы көптеген аяттарда айтылған:

«Iлiмдi адам мен надан адам тең бе?» делiнедi бiр аятта.

Абу Хурайра Пайғамбарымыздың мына хадисiн жеткiзген: «Iлiм жолындағы адамға Алла Тағала жәннатқа барар жолды жеңiлдетедi».

Пайғамбарымыздың «Қытайға барсаң да iлiм iзде» деген тағы бiр хадисi бар.

Балаға дiни бiлiммен қатар дүниеауи бiлiм берудiң де маңызы зор. Себебi, әрбiр мұсылман өзi өмiр сүрген қоғамда белгiлi бiр мамандықты игерiп, нәпақасын адал табуға лайық болуы керек.

Әлеуметтiк тәрбие. Адам өзiн қоршаған ортадан тыс өмiр сүрмейдi. Ислам адамды көпшiл, әлеуметшiл болуға шақырады. Мұхаммед пайғамбарымыз «Ақырет күнiнде әр адам өз қауымының ортасында қайта тiрiледi» деген. Яғни, қауымшыл болғанда да жақсы адамдардың қауымында болуға тырысу керек.

Ата-анасы баланы ерте жастан бастап айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретедi. Оны адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға баулу керек. Осындайда «Сәлем – Пайғамбардың сүннетi» деген сөз еске түседi. Пайғамбарымыз мұсылманның мұсылманға бiрiншi болып амандасып жүруiн өсиет еткен.

Мұхаммед пайғамбар адамдармен қарым-қатынас жасауда «… қарым-қатынасты үзгендермен байланыс орнат, бермейтiндерге бер, сенi жақтырмағандарды кешiр» деген.

Психологиялық тәрбие. Қазақтың батыры Бауыржан Момышұлының «Отан – отбасынан басталады» деген сөзі тегiн айтылмаған. Әрбiр отбасы – шағын мемлекет. Баланың психикасының жақсы жетiлуiне оның отбасындағы ахуалдың жақсы болуы көп әсер етедi. Ата-анасының махаббатына бөленген, олардың жақсы өнегесiн көрген, дер кезiнде дiни тәрбие алған баланың жақсы мiнез-құлықты болатынын жоғарыда айттық. Психикасы жақсы жетiлген бала өсе келе өз бойындағы жақсылыққа, махаббатқа ұмтылысты, батылдық, ұқыптылық, адалдық сияқты жақсы қасиеттердi шыңдайды.

Психологиялық жақсы тәрбие ең әуелi баланы нәпсi қалауларына бой алдырмауға үйретедi. Нәпсiсiн тыймаған адам – бақытсыз адам. Баланың бұл бақытсыздыққа ұшырамауын қадағалаған жөн.

Мұсылман құдiреттi Алладан басқадан қорықпауы керек. Бiр Алладан қорыққан бала Жаратушысының қалауына разы болып, Раббысының әрдайым рақымдығынан үмiт тiлейдi. Мұндай адам қызғаныш, нәпсiқұмарлық, көреалмаушылық, менмендiк деген жағымсыз қылықтардан аулақ болады.

Ислам менмендiк, көреалмаушылық қылықтарынан аулақ болуды уағыздайды. Құранда «Алла тәкаппарларды сүймейдi» деген аят бар.

Бұл туралы қазақтың атақты ақыны Мағжан Жұмабаев былай дейдi: «Дiн сезiмдерiнiң негiзi – дүниенi жаратушы, дүниеде барлық нәрсенi билеп тұрушы бiр Тәңiрi бар деп сыйыну һәм сол Тәңiрге адам өзiн пенде деп бiлу. Тәңiрiнiң құдiретi алдында адам өзiнiң әлсiздiгiн сезiп, бiлiп, Тәңiрге құлшылық қылу, яғни, жауыздықтан тыйылып, iзгiлiкке ұмтылу. Барлық кемшiлiктен азат Тәңiрге жағу үшiн барлық кемшiлiктен безу.

Iзгiлiк iстесе, Тәңiрiнiң көңiлiн табуға, ризалығын алуға, махаббатын тартуға, яғни жұмаққа кiруге сену. Жауыздық iстесе, Тәңiрiнiң наразылығын алуға, ашуына, қаһарына ұшырауға, яғни тамұққа кiруге сену, мiне, дiн сезiмдерiнiң негiзi осы. Осы дiн сезiмдерi күштi адам, яғни Тәңiрiнiң барлығына, құдiретiне сенiп, оның махаббатын алуға, қаһарына ұшырамауға ұмтылатын адам өмiр бойы iзгiлiкке ұмтылып, жауыздықтан безбек».

Рухани тәрбие. Бұл тәрбие баланы материалдық себептерге байламастан, оларға қасиеттілік, әділеттелік, сүйіспеншілік, жаны ашу, жақсылық пен жамандық, батырлық пен қорқақтықтың не не екендігін үйрету. Әке-шеше осы секілді рухани сезімдерді балаға қалыптастыру керек. Әке-шеше балаларға мейірімділік көрсетіп сүю мен сүйілуді үйретуі тиіс. Баланың жақсы іс-әрекеттерін бойында көрген кезде, оларды матеиалдық және рухани сыйлықтармен қуантуы керек. Бұл баланы жақсылыққа ынталандырады. Баланы жастайынан еңбекқорлыққа тәрбиелеп, ашкөздікпен, дүниеқұмарлықтан барынша сақтандыру қажет. Ақшаға деген сүйіспеншілік балаларды тәкәпарлыққа, өркөкіректік, өзімшілдік сияқты адамгершілікке жат қасиеттерді қалыптастыруына себеп болады. Сондықтан ақша еңбектің мақсатына айналмауы керек. Мұсылман үшін ақшадан да жоғары, дәрежелі, құнды мақсаттар бар. Мұндай мақсаттың ең бастысы Аллаһтың ризалығын алу, жаннат, өзгелерге мұқтаж болмау және мұқтаждарға көмектесу болып табылады.

Балаларды өз еркіне жіберіп бәлкім үйленгеннен кейін түзелер деп жауапкершіліктен қашу үлкен зұлымдық жасаумен тең. Санасы қате пікірлермен уланған адамды тәрбиелеу қиын жұмыс. 

Шыншылдық, бұл да асыл тәрбиенің біріне жатады. Қоғам үшін, жастар үшін аса қажет құндылық. Бұл жастардың тұлға ретінде жетілуіне көп көмектеседі.

— Өтірік айтқан баланы еш уақытта жазаламау яғни, ұрмау қажет. Мұндай іс–әрекеттер баланы қулыққа, өтіріктің жарыққа шығып белгілі болуынан қорқып жасырын әрекет жасауға апарады;

— Баланы істей алмайтын,шамадан тыс нәрсені істеуге мәжбүрлемеу;

— Ата-ана, тәрбиелеушілір балалардың жаныныда әзіл болса да өтірік айтпауы керек, Балаға өтірік айтуда үлгі болудан сақтану қажет. Егер де балаға өтірік айтас бұл ауру балаға жұғып оның алдын алу қиынға соғады;

— Егер бала қателік жасағанда оның шындықты айтуы оған өте ауыр тиеді. Осындай жағдайда оның шындықты сөйлегенінде, міндетті түрде оны мақтап сыйлық берілуі керек. Осылайша сыйлық арқылы оның жүрегніе жол тауып, қуантып шын сөйлеуіне әрекет ету;

-Бала өтірік айтқан уақытында оған өтіріктің жаман қылық екенін жақсылап түсіндіріп, үлкендерді ренжітетіндігін ескертіп, қандай жағдайда да шын сөйлеуін талап ету лазым;

— Баланы өзінен басқа баламен ешқашан салыстыруға болмайды. Өйткені салыстырған уақытта бала жүрегінде ыза көрініс беріп, ол өтірік айтуға, жалған сөйлеуге дағдыланады.

Ислам тәрбиесінің мақсаты, ол жастарды имандылыққа тәрбиелеу. Бүкіл жақсылықтардың бастауы да–имандылық. Ал жамандықтың барлығы имансыздықтан туындайды. Иман бар жерде әрине ұят бар. Ұят бар жерде береке, бірлік бар. Ал берекенің өзі бақытқа жетелейді.

Ал ислам дініне келетін болсақ, Аллаһ Тағала өзінің кітабында Пайғамбарымызды адамзат үшін әр заманда ең биік үлгі аларлық тұлға екенін айтқан. Ол сахабалар дәуірінде оларға үлгі бола білген, оның іс –әрекетінен олар ешбір кемшілік таппаған. Іс-әрекеті мен сөзі ардайым үйлесім тапқан. Олар пайғамбарымыздың дүниеде де ақыретте де құтқаратын амалдарына еліктеген. Осыған орай бір адам сахабадан: «неге Мұхаммадқа иман келтірдің»,-деп сұрайды. Сахаба: «Мұхаммедқа иман келтіруім , егер ол маған бір нәрсені істе деп айтса, ақылымның істе деп айтқанынын, немесе бір нәрсені істеме деп айтса, ақылымның істеме деп айтқанын байқамадым»,- дейді. Яғни Пайғамбарымыздың бір іске шақыруы, әрдайым дұрыс, ешбір мінсіз болатын. Пайғамбарымыздың тастап кеткен үлгісі сахабалардан кейінгі келгендерге қай жерде болмасын ғибрат,үлгі болды. Бұл әр адам үшін Раббысымен және барлық жаратылыстарымен қалай байланысу керектігі жөнінде айтылған заң. Осыған орай Айша анамыздан риуаят етілген хадис бойынша, пайғамбарымыздың мінезі жайлы сұралған кезде: «Мінезі құран болатын деген». Мағынасы Пайғамбарымыз құранның әрбір түскен аятын іс жүзінде, іс-әрекетпен, жүріс-тұрысымен көркем мінезімен амалға асырған.

Құран Кәрімде Пайғамбарымыздың Ахзап сүресінің 21-аят мінезі жайлы былай дейді: «Алланың елшісінде көркем өнегелер бар».

Тәрбиенің тағы бір түрі жомарттықа келер болсақ, ол жүректерді бір-біріне жақындататын, оларды сүйіспеншілікке шақыратын өте ұлық сипат. Ол иесінің даңқын, абыройын көтереді, және ол адамның кең-пейілділігіне дәлел. Атақты сахаба Анас бұл жөнінде былай дейді: «Пайғамбарымыздан бір нәрсені сұраса, ешуақытта жоқ деп айтпаған».

Жомарттылық ол адамдарды тек қайырлы іске ғана жинайды. Оның көркем мінез-құлықта алар орны ерекше. Өйткені ол өзара қарым-қатынастарды, байланыстарды күшейтеді.

Ал сараңдық, мүлдем бұған керағар, қарама-қайшы  ұғым. Бірақ жомарттықтың да белгілі бір шегі бар. Бұл жердегі жомарттық мал-мүлікті шашу емес. Керісінше мал-мүлкін ысыраптан сақтау керек.

Кішіпейіл болудың тәрбиелік орны өте зор. Осы сипатта Пайғамбарымыз кішіпейілділіктің ең биік шыңына жетті. Өз замандастары, сахабалары пайғамбарымыздың барлық істе бұл сипатпен сипатталғанын мойындаған.Пайғамбарымздың сол көркем сипатарына тоқталсақ:

  1. Сахабалармен амандасқанда өзі бірінші болып сәлем беруі.

Бұл сәлеммен жүректерге байланыстыруға маңызы өте зор.

  1. Өзімен сөйлесуші адамға мейлі ол кіші болсын, үлкен болсын

бар денесімен бұрылып, назарын аударатын. Бұл адамға деген оның құрметі, оның сөзіне деген ілтипаты.

  1. Біреумен амандасқан кезде, өз қолын бірінші тартып алмайтын, екінші адам тартып алғанша тосып тұра беретін.
  2. Өз араларындағы отырыста ерекшеленбейтін. Бұл өзін басқалармен тең екенін көрсету.
  3. Пайғамбарымыз базарға шыққан кезінде, өз заттарын өзі көтеретін, басқаға көтерткізбейтін. Ол жөнінде былай деген: «Зат иесі, өз затын өзі көтергені абзал».
  4. Пайғамбарымыз сахабаларымен бірге ор қазу ісіне қатысқан, тамақ әзірлеген. Бірде Пайғамбарымыз сахабаларымен бірге жолаушылап келе жатып демалуға отырады. Араларында қой бар еді. Сахабаларының бірі мен қойды бауыздаймын деді. Екіншісі терісін сыпырамын, ал үшіншісі пісіремін дегенде, Пайғамбарымыз онда мен отын жинап, от жағамын деді. Сонда сахабалары қарсылық білдіргенде, Пайғамбарымыз айтты: «Шындығында араларыңда ерекшеленгенді жек көремін, өз қолыммен жұмыс істеп тамақтанғанды ұнатамын. Дәуіт пайғамбар да өзі қолымен тамақтанған», -деген. Бұл оқиғадан пайғамбарымыздың қаншалықты қарапайым болғанын аңғаруға болады.

Үй ішіне көмектесетін, қойды сауатын, киімін жамайтын, аяқ киімін тігетін. Сәбиді жылағанда жұбататын.

Қызметшілеріміен бірге тамақ жейтін, олардан өзін жоғары ұстамайтын.

Әрдайым әлсіздерге көмектесетін.

Әрбіреуіміз өз үй-ішімізбен, бауырларымызбен, барлық араласқан адамдармен көркем мінезде болуымыз керек.

Біреудің қатесін түзеу яғни ақиқатқа қайту көркем амалдардың бірі. Ақиқатқа қайту бұл жаманшылықта болғаннан абзал. Біреудің қатесін түзегенде де батылдық танытумен бірге оның жанын жараламайтындай сөздерді таңдауың сенің жоғары тәрбие сипатында екенініңді көрсетеді.

Ислам ата-бабамыздың көп жылдар бойы ұстанып келе жатқан діні болып есептеледі. Дінін ұмытқан адам, тілін де ұмытады. Тілін ұмытқан адам өзін-өзі ұмытып, қасиетінен жұрдай болады. Кез келген қоғамның жан-жақты дамуы тек қоғамның тыныштығына, адамдардың бір-біріне деген сеніміне байланысты. Күллі жамандықтың, екіжүзділіктің, өтірік, өсек көре алмаушылық сияқты жиіркенішті қасиеттер қарқындап келе жатқан мына заманда, шыншылдықты, туралықты, отансүйгіштікті насихаттайтын ислам тәрбиесі халқымызға ауадай қажет.

Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу –ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» делініп, ұрпақ тағдыры айтылады.

Бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени –әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірибесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі-үлкен тәрбиелі отбасы. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбиені отбасынан алады.

Ал, отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Әсіресе, әкенің рөлі ер баланы тәрбиелеуге басым. Әке ұлына өзінің бар өнерін, естіп-білген білімін түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз тарапынан ағаға, әкеге еліктеп, одан үйренген. «Ата көрген оқ жонар» деген қазақтың нақыл сөзі осыдан шыққан. Ислам тәрбиесінен алсақ тәрбиенің орны ерекше. Яғни ерекшелігі жақсы, кемел адам өсіріп, жастарды өмірге және болашаққа көңіл бөлгізуінде жатыр. Сондай-ақ өмірде кездесетін кез-келген қиыншылыққа мойымай, оның ыстық-суығына төзе білуге де шақырады.

 Ислам діні жастарды әдептілікке, төзімділікке, ибалыққа осы сияқты толып жатқан қасиеттерге шақырады.

Қоғамның бақыты тұлғаның бақытына байланысты. Тұлға дене мен рухтан құралатындықтан, екеуінің де белгілі бір мөлшерде азықтануға мұқтаждық бар. Екеуін тепе-тең ұстап дүние мен ақырет бақытын ойлағанда ғана нағыз бақытқа жетуіне болады. Ал егер қоғамды құратын тұлға бақытсыз болса, онда қоғамның бақытты болуы мүмкін емес. Ондай жағдайда қулық-сұмдық, алдау мен арбау жайлап, жеке тұлға ғана емес, қоғам жаппай құлайды. Ислам, осындай келеңсіз жайттарға тосқауыл болады.

Ислам діні жеке тұлғаның түзелуі арқылы қоғам ғана емес, тіпті дүниенің түзелетіндігін негізге ала отырып, жеке адамның жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөледі.Ислам дінін ата-бабаларымыз пайдалы, мол қазына болғандықтан осы уақытқа дейін жеткізді. Сондықтан ол қазынадан алыстап кетпеңдер.

Ислам кемел адамды тәрбиелейді.Адам өз қасиеттерін тану арқылы Раббысын таниды. Ол өзін бір ғана мемлекетпен шектемей, кез –келген аймақта нағыз адам болу жолын іздейді.

Дүние мен ақыретте адамды періштеден де жоғары дәрежеге көтеріп, қолына бақыт кілтін ұстататын білім мен әдеп. Демек тәрбиенің мақсаты адамды дүние мен ақыретте бақытқа жеткізу болып табылады. «Білімнің мақсаты, ақыреттегі бақыт» болғандықтан тәрбиенің мақсаты да адамды мәңгілік бақытқа жеткізу.

Ислам діні адамның бұл дүние мен о дүниенің ісімен айналысуын қалап, о дүниенің жемісіне бұл дүние арқылы жететіндігін баяндаған. Сондықтан да Ислам тәрбиесі екі дүниені де көздейді. Ислам тәрбиесінің мақсаты, адамзат баласын дүние мен ақыретте бақытқа жеткізу болғандықтан, Ислам тәрбиесінің мақсаты, осы мақсатқа жеткізу болып табылады.

Ислами тәрбие, адамдарды үнемі Аллаһпен бірге болуға шақырып, оның әмірлерін орындауда өте мұқият болу керектігін айтады.

Құранда Жұма сүресінің 62-аятында былайша түсіндіріледі: «Ол сондай Аллаһ сауатсыздардың ішіне өздерінен, оларға Аллаһтың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға: Кітап, даналық үйрететін бір пайғамбар жіберді. Негізінде олар ашық адасуда еді».

Сондықтан Пайғамбарлардың міндеті, адамдарды тәрбиелеу, оларды Аллаһтың әмірлерін орындап, тыйымдарынан тыю, туралық пен әдептілікті үйрету еді.

Ислам білім мен тәрбиеге көңіл аударады. Ислами тәрбиенің жүйесінің негізгі ерекшеліктеріне қысқаша тоқталсақ:

1.Білім алу: Ислам негізін үйрену әрбір мұсылманның басты міндеті. Аллаһ Тағала барлық пайғамбарларына ең алдымен осы негізді үйреткен Хз.Мұхаммед пайғамбарға түскен алғашқы уахи осыны көрсетеді:

«Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан, Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол, адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен». (Ғалақ сүресі 1-5)Осылайша адам баласының ең алдымен ғылым арқылы көп нәрсеге қол жеткізетінін айтады. Өйткені, Мұхаммед пайғамбарымыздың да ғылым үйрену жайында айтқан көптеген хадистері бар. Мысалы, «Білім үйрену әр бір мұсылман үшін міндет» немесе» «Білім мұсылманның жоғалтқан малы қай жерден көрсе алады» деген.

  1. Білімді үйрету: Бірінші баспалдақ екінші баспалдаққа жетелейді. Ислами тәрбиеде үйренген білімін үйрету міндеті тұрады. Мұны Құранда былайша баяндайды:

Тәубе сүресінің  122-аятында «Сонда әр топтан дін ғылымын үйреніп, олар қайтып келгенде, олардың сақсынулары үшін ескертулері керек емес пе?

  1. Әдептің құндылықтары, рухани әрі әдептіліктің құндылықтарына ерекше көңіл аударылады. Мұны сақтау ешқандай қиыншылықтарға бой алдырмай қорғау тиіс. Әдептің маңызын Хазіретті Пайғамбар былайша түсіндіреді:

«Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім». Тағы бір хадисте былай делінген: «адамдар сендерге жан-жақтан білім үйренуге келетін болады. Оларға әдептілікті үйретіңдер».

  1. Барша істі Аллаһ разылығы үшін істеу: Білімді дүниеге бөлену үшін алмай керек. Білімді Аллаһ разылығы үшін үйреніп, әрі үйрету қажет.
  2. Білімге деген құштарлықты арттыру: Адамдарды бөліп-жармай олардың білімге деген құштарлығын арттыру керек. Пайғамбарымыз бұл жөнінде былай дейді: «Мұсылман білімге тоймайды, өмірінің соңына дейін білім алады».
  3. Оқушының жағдайына қарай тәрбие беру: Исламның алғашқы кезеңдерінде, тәрбие баланың жас ерекшелігіне қарай берілді. Мұны Пайғамбарымыздың мына хадисінен үйренеміз:

«Оңайлатыңдар, қиындатпаңдар, сүйіншілеңдер, жиіркендірмеңдер». Осы тұрғыда төртінші Халифа хазіреті Әлидің тамаша сөзі бар:

«Адамдардың көңілдері үнемі бір нәрсе үйренуге құштар болып тұрады. Кейде тыңдағысы, кейде тыңдағысы келмейді. Олардың көңілдерінің жағдайына қарай, қарым- қатынас жасаңдар. Тыңдауға лайық болған кезде олармен сөйлесіңдер. Өйткені адамның көңілін бір нәрсеге зорлайтын болсаң көр болады. Сенің қалауыңды тәрк ететін дәрежеге жетеді».

  1. Жауапкершілігін үйрету: Әрбір оқушыны білген нәрсесін тәжірибе жүзінде атқаруға үйрету керек. Пайғамбарымыз теориялық білімнің пайдасыз екенін былайша түсіндіреді:

«Білімінің екі түрі бар: Біреуі тілден көңілге кіреді, бұл пайдалы ілім; екіншісі тек тілде ғана қалады. Ақырет күні өзіне қарсы шығады».

   Біздің қоғамымызда көптеген адамдар жақсы тәрбие бұл – жақсы тамақ, жақсы киім, оқудағы табыстар, имидж деп түсінеді. Олардың ойында тәрбие шынайы иманға және жақсы әдептерге негізделу керек деген ұғым жоқтың қасы. Бұған жауап қарапайым және өте түсінікті: Егер балада тек жердегі бар байлық болса, бірақ олармен қоштасқан сәтте ол тозаққа кірсе – міне ол шынайы бақытсыз бала болып табылады. 

Қазіргі заманда кейбір ата-аналар баласының жағымсыз қылықтары мен жүріс-тұрыстары туралы психологтардан ақыл-кеңес сұрап жатады. Алайда көп жағдайда сондай келеңсіздіктердің себебі өздерінде екеніні түсінбейді. Өйткені, олардың өздері де сондай түрлі қателіктерге ұрынып, жүйке жүйелері бұзылған жандар. Өздерінің сол қате-кемшіліктерін түсінбегендіктен де олар сәбилерінің неліктен сондай болып шыққанына кейін қайран қалады.

Сондықтан да қазіргі уақытта жас ұрпаққа рухани тәлім – тәрбие  беру заман талабы. Жаһандану заманында тәрбие беру, ұлттық және рухани негізде үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның өз келешегіне сенімділігі – оның ата – анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке есінен шығармауында.

            Ұрпағымызға қалдырған ең үлкен сый — ол тәрбие екенін де ескерткен. Бала адам өмірінің қуанышы, олар өмірді мағыналы етеді әрі солардың арқасында адам игілік пен жақсылыққа кенеледі. Алайда бала бақыт көзіне айналу үшін оларды дұрыс тәрбиелеп, үлгілі азамат етіп қалыптастыру қажет болады.

  Қазіргі таңда жастар темекі тартып, денсаулыққа зиянды заттарға еліктегіш келеді. Үйлерінен қашып кетіп, арақ ішіп, жаман топтарға жолығып, жаман істермен айналысатындары қаншама. Оларды көргенде жаның ашиды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді дана қазақ. Қазір бала тәрбиелейтін осы ұя атаулы қандай ортаға айналып отыр? Олардың білімін жетілдіруіне, санасын өсірер, рухани ілім берер азығы не? Құдайға шүкір қазір техниканың дамыған заманынынан артта қалып жатқан жоқпыз. Керісінше, білімімізді – компьютердегі ойындар жетілдіріп, санамызды – ұрыс – керіс, атыс – тартысқа негізделген мультфилмдер жетілдіріп келеді. Өкінішті – ақ, дегенмен, баланың болашағын ойлаған әрбір жан үшін жақсылық атаулыға үйрететін ілім де жоқ емес. Халқымыз «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» демей ме? Сол себепті де болар қашан да иманды болуға шақыратын халық даналығы бала тәрбиесіне зор мән береді. Шындығында, иман мен тәрбие ажырамас бір бүтін. Себебі тәрбие арқылы иман пайда болады. Ал, иман бар жерде тәрбие де жемісті.

Ата – ананың ұрпақтарына жақсы тәлім – тәрбие беруі, жоғарғы деңгейде мінез –құлықты болуға үйретуі міндетті болып саналады. Дүниеге бала келгеннен кейін әке – шешесі әдептілікті үйретпей және жақсылықпен жамандықты, дұрыс пен бұрыстың ара жігін ажыратып түсіндірмей салғырттық қылып өз бетімен қоя беруі дұрыс емес. Ол балалардың хақысын жеу болып саналады.

Исламда әкесі тәрбиені баласымен ойнаумен бастайды. Баланың кішкентай күнінде онымен ойнайды, кейін өсе келе, оң солын тани бастағаннан кейін, әдептілікке, жақсылыққа тәрбиелейді.

Бұл туралы Құран Кәрімде Каһф, 18-аятында былай айтады: «Мал мен балалар – дүние тіршілігінің сәні» Олай болса дүниеге бала келгеннен кейін оған дұрыс тәрбие беріп, ақылды, саналы, адамгершілігі мол, кішіпейіл етіп тәрбиелеу, яғни қоғам тіршілігінің сәні болу тек қана ата – анасының ғана мойнында.

Һуд сүресінің  6 аятында «Жер бетіндегі қандай жәндік болмасын, оның ризығы Аллаһқа тән. Ол олардың болатын орындарын және сақталатын орындарын біледі. Барлығы анық кітапта(жазылған)».

Міне әрбір мұсылман өз балаларын осылай аялау керек, оларға мейірімділік пен жұмсақтық көрсетіп, олармен әзілдесіп, оларға уақыт пен шамасы жеткенше бақыт пен қуаныш берулері тиіс. Кейбір ата – аналар өз балаларымен кішіпейіл, қарапайым, қарым – қатынас жасауы олардың қасында беделін түсіреді деп ойласа, мұнысы мейлінше қате пікір болар еді. Шын мәнінде баланы мейрімділікпен тәрбиелеу ең дұрыс та тиімді жол, мейірімділік исламның басты талаптарының бірі Пайғамбарымызды осы мейірімділікті адамдарға үйрету үшін жіберген. Құран Кәрімде Әнбия сүресінде 21- аятында: «Сені бүкіл әлемге тек қана мейірім етіп жібердік» деген.  

Аллаһ Тағала бізге Пайғамбарымыздан мейірімділікті үйренсін деп жіберген. Сондықтан Аллаһ елшісі өзге адамдарға үлгі өнеге болып, әрдайым немерелерін ойнататын, кейде сөзбен, кейде іспен. Ол тек өз немерелерін ғана ойнатып қоймай өзге де балаларды ойнататын, өйткені оның жүрегі мейірім мен сүйіспеншілікке толы еді. Анас р.ғ. айтады: «Мен Аллаһтың Елшісінен артық балаларға мейірімді болған бірде – бір адамды көрмедім»[5, 10 б].       Пайғамбарымыздың өзінің жастай дүниеден өткен ұлы Ибраһимды әл – Ауалидағы асыраушысына апарып беріп тұрып, үнемі оны қолына алып, бетінен сүйетінін басқа балалардың да жанынан өтіп бара жатқанда оларға күліп, сәлемдесетінін айтады[4,184 б].

Бірде біреу келіп Пайғамбарымызға  «Сіз балаларыңыздың бетінен сүйесіз бе? Ал біз сүймейміз» дегенде, оған Пайғамбар «Егер Аллаһ сенің жүрегіңді мейірімнен жұрдай еткен болса, онда мен саған не істей аламын?» деп жауап берген. (Бухари) [5, 10 б].

Айша анамыз былай деді: «Фатима Пайғамбарға келген сайын, ол Фатиманы тұрып қарсы алып, бетінен сүйіп, өз орнына отырғызатын. Ал Фатимаға Пайғамбардың өзі келсе Фатима да дәл солай ететін. Расында, Пайғамбар  қайтыс боларының алдында ауырып жатқанда, оған Фатима келген, ол Фатимамен амандасып, оның бетінен сүйеді». (Мүслим) [4, 428 б].

Саналы мұсылман Аллаһ берген әр баланы аса жауапкершілікпен қабылдар еді. Әлбетте бала – нығмет, байлық. Сонымен қатар – сынақ. Құран Әнфәл сүресінің 28-аятында: «Негізінде малдарың мен балаларыңды сын деп біліңдер. Аллаһтың қасында зор сыйлық бар» — дейді. Зор сыйлыққа, яғни, Жәннәтқа жету үшін көп жұмыс жасау керек.

Сәби бала тумысынан қоршаған ортада сүйіспеншілікке мұқтаж болады және ата – анасымен бірге болуды, ойнауды, еркелегенді жақсы көреді. Өйткені бұл оны қоғамда тең болуда, оған сенімдік пен тыныштықты арттырады. Ол өзіне деген сүйіспеншіліктің жоқ екенін сезсе, ол тыныштық пен сенімді жоғалтып алады. Оның дене мүшесінің, ақылының, жартылысының өсуіне былайша айтқанда оны жеке тұлға болып қалыптасуына, келешегіне әсер етеді. Психология және педагогика ғылымдары  баланың алғашқы алты жасында қалыптасатынын, одан кейін көп өзгере бермейтінін айтады. Сондықтан да ол тап осы кезде сүйіспеншілік пен жұмсақтыққа аса мұқтаж болады.

Бұл уақытта адамның болмысы қалыптасады. Жалпы адам бейне бір тал сияқты, қисық шыбықты түзету оңай, ал үлкен ағаш болғанда түзетсек, тек сындырып аламыз. Қисық ағаштың өзі қайдан өседі. Ол жас күнінде дұрыс күтім көрмегеннен, сол сияқты адам баласына да жас күнінде дұрыс тәрбие берілмесе ол мына қисық өскен алып ағашқа ұқсауы мүмкін.Кейін өсіп кеткеннен кейін өте қиын болады.Сол үшін де Пайғамбарымыз әдеп, тәрбие жайында біздерге көп ескерткен.

Жабир ибн Самраһ риуайат етеді — Пайғамбарымыз айтады: «Ешбір әке ұрпақтарына көркем тәрбиеден артық сыйлық бере алмайды» (Термизиден) [5, 10б].

Жабир ибн Сумайраһ Пайғамбарымыз айтты: «Адамның ұрпақтарына көркем тәрбие беруі бір өлшем садақа бергеннен де абзал» Тирмизи риуайатынан[5, 10 б].

Міне Пайғамбарымыз ұрпақ тәрбиесіне оларға қалдырған дүниеден де абзал екенін айтып отыр. Баласы көркем мінезді болса, Пайғамбарымыз айтқанындай ризығы көп болады.

Балаларының қызығын көру ата-ана үшін үлкен бақыт. Ұлын үйлендіру, қызын тұрмысқа беру өміріндегі ең қызық уақыттар. Аллаһ тағала да екі жастың теңін тауып бас қосуына разы болады. Пайғамбарымыз: « Адам үйленгенде Исламның жартысын тауысқан сияқты сауап береді, қалған жартысында Аллаһқа қарсы келуден сақтансын» (әл – Байһақи)деген[12, 11 б].

«Бірде Омар халифа болып тұрған кезінде, түнде Медине қаласын аралап жүріп, алысқан жарық көреді жақындап келгенде мынандай әңгімеге куә болады. Бұл үйдің іші сүт сатумен айналысатын. Шешесі қызына сүтке су құю керек екенін айтады. Қызы сонда: « Егер Омар көрсе ашуланады» дегенде. Шешесі: «Ол көріп тұрған жоқ қой» деді. Қызы болса: « Ол көрмесе де Аллаһ көріп тұр» деді. Қыздың сөзіне риза болған Омар халифа ертеңінде сол үйге барып, қызына құда түседі.» [1, 59 б].

Қазақстан мемлекеті,ұлтымыз қазақ, дініміз ислам. Жаратушы иеміз Аллаһтың рахымы түсіп, тәуелсіздік таңы атқаннан бері, халық ішінде ислам діні уағыздалып, кітап, газет, журналдарға жас ұрпағымызға деген діни тәрбие жөнінде ахпарат молынан берілуде. Дегенмен де өкінішке орай, Аллаһтың көрсеткен имандылық жолына ізденіс жасамай, діни кітаптарды оқымай, тіпті оған мән бермей, діни сауатсыз күн кешіп адасып жүрген ұрпақ қаншама?Дін апиын деген кешегі қызыл империя, надандық, бірін – бірі алдау – арбау арқылы аңқау елге арамза молда деп құдайсыздарды көбейтіп тәрбиелеген бір ғасырдың жалғасы болған біздер бүгінгі таңда соның ащы жемісін татып, жамандықтан арыла алмай отырмыз. Бүгінгі таңдағы ойымыздағы : алдау – арбау, менмендік, тәкәппарлық, қайырымсыздық, қатыгездік, аузымызда Аллаһ емес, ақша мен темекінің болуы, ісіміздегі зорлық – зомбылық, ұрлық, адам өлтіру, ішімдік, нашақорлық, парақорлық, өсімқорлық, әділетсіздік осындай имандылығымызғаи жат қылықтардың қоғамымызда бар екені шындық. Түрлі қылмыстардың жаппай етек алуы және ақиқат, шындық дін жолында ұрпақ тәрбиесі үшін, қоғамның күреспуі, жаратушы Аллаһтан қорықпай, имандылықтан, құлшылықтан айрылудың нәтижесі.

Кімде – кім ұрпағын дұрыс тәрбиелесе артына мәңгілік із қалдырғаны. Пайғамбарымыздың хадисін Абу Һурайра жеткізеді. «егер адам қайтыс болса үш амалынан басқа амалдары тоқтайды. Жария садақасы, пайдалы ілімі, өзінің артынан дұға тілейтін игі перзенті» Тирмизиден жеткен[25, 56 б].

Егер қоғамға, халыққа пайдалы мектеп, медресе,мешіт,көпір, емхана салатын болса,онда ол жария садақаға жатады. Пайдалы кітап жазу, білген ілімін басқаларды ізгілік жолына тәрбиелеуге, салихалы болуына өз үлесін қосу ол үлкен амалдардан деп есептелінді.

Ислами тәрбие алған ғалым, ғұламаларымызды еске алсақ олардың парасатты, тәрбиелі, мәдениеттіліктерімен, шешендіктерімен әлемге үлгі болған. Оларға қарап басқалар еліктеген, олардың жетістіктеріне таңданып, сондай болуға әрекет жасаған және зерттеген.

Балаларыма әкелік, аналық міндетімді атқардым немесе өзгелердің «Не деген көп перзенті бар! Қызы керемет дәрігер екен, баласы да мықты инженер! Ұлын көрмейсің бе, жақсы табыс табады, астында машина» деп айтсын деген мақсатта емес, балаларымызды бойында адамгершілігі мол, ибалы, инабатты перзент етіп өсіру үшін берілді. Хадистегі «Игі перзент» қалдырудағы мақсат, аллаһ Тағалаға иман келтірген мұсылман, яғни халал мен харамды айыра білетін, өзіне жүктелген құлшылығын жадынан тастамайтын, діндар перзент екендігі сөз етілуде. Демек балаларымызды жақсы, иманды, діндар етіп тәрбиелеуіміз қажет.

Расында, ұрпақ алдындағы жауапкершілік өте кең мағыналы, сондықтан Ислам оны әрбір адамның міндеті деп санайды. Егер әкесі балаларына дұрыс тәрбие, дұрыс бағыт бермесе, ол жөнінде Аллаһ тағала одан сұрайды. Сондықтан әке – шешенің балаларының алдындағы жауапкершілігі өте үлкен. Балаларын көркем мінезді, ибалы, кішіпейіл, адамгершілігі мол құрметті адам етіп тәрбиелеу кім – кімнің болса да мойнындағы үлкен жауапкершілік.

2.2  Зайырлы және діни тәрбиенің үндестігі мен ерекшелігі

Дін-адам санасын улайтын, жаңалыққа, ғылымға қарсы, барлық өзгерістердің, табыстардың бәрін құдай жасап отыр деп түсіндіретін, нағыз керітартпа, үстем таптың жоғын жоқтаушы, соның сойылын соғушы деген сипатта оқытылып, діннің қызметіне теріс баға берілді. Осының салдарынан Кеңес елі халықтарының, соның ішінде  Қазақстан халықтарының да бірнеше ұрпағы атеистік (дінге қарсы) рухта тәрбиеленді. Қазіргі кездегі еліміз халықтары арасында адамгершілікке кереғар өрескел тәртіпсіздіктердің: түрлі бұзақылықтардың, әсіресе, ұрлықтың, зорлықтың, нашақорлықтың, араққұмарлықтың, жезөкшеліктің көбеюіне сол дінсіздік тәрбиесінің әсер еткені сөзсіз.

Ал, шындығына келсек, дін алғаш пайда болғаннан бастап, халықпен бірге өмір сүрді, оған көптеген пайдалы қызметтер атқарды. Қай дін болсын халықты адалдыққа, адамгершілікке, имандылыққа, татулыққа, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа, достыққа шақырды, халықтың сауатын ашуға, мәдениетін көтеруге елеулі үлес қосты.

Ислам қазақ тарихында үнемі өркендеуші рөл атқарған. Ислам- жеке адам мен қоғамды түзететін, әлеуметтік бақытқа, шынайы бостандыққа және бірлік-татулыққа жеткізетін құрал, ізгі жол, даналық.

Кейбір зерттеуші – ғалымдардың пікірінше, ежелден көшпенділер басқа халықтардан рухани – психологиялық жағынан артығырақ болды. Себебі олар, негізінен, батыр, ер мінезді, жігерлі, сол сияқты, еркін ойлап – сөйлейтін, ар-намысын ақшаға сатпайтын асыл текті адамдардан құралды. Осындай табиғи қасиеттерге ислам руханияты келіп қосылғанда нұр үстіне нұр болып, тамаша нәтиже туды. Қазақ халқы соқыр сеніммен емес, ақыл-ой елегінен өткізіп, жан-жүрегімен қабылдап, оны даналық, сопылық үлгісінде ұстанған. Ата-бабаларымыз діни көзқарасы терең, діни мәдениеті өте жоғары ұлттардың қатарынан болған.

 Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері біздің елімізде ислам дінінің дамып, халық арасында қанат жаюына мүмкіндік жасап отыр. Исламдағы иман негізі ең алдымен Аллаһқа сенумен басталады. Алланы білу, тану, және оны жүрекпен растап, тілмен айтып, оған сену шарт. Мұны орындау арқылы мүмин болып нағыз иманға қауышады. Бұл жайында мынандай бір ғибратты оқиғаға көңіл аударсақ:

«Бір күні хазіретті Әбу Бәкір таң намазына дәрет алып мешітке қарай аяңдап келе жатып, мешітке жақындағанда бір жас баланы көзі шалып қалады. Ол мешіттің сыртында біресе ары шауып, біресе бері шауып, әбігерленіп жүрген болатын. Оны көрген Әбу Бәкір бұған не болды деп таңырқап, мән –жайды сұрау ниетімен баланың жанына барады. Баланы жанына шақырып: «Неге бұлай қара терге түсіп, әбіржіп жүрсің»-дейді. Сонда жас бала жұлып алғандай, тақылдап: «Мен дәрет алатын су іздеп жүрмін» деп жауап береді. Сонда Әбу Бәкір баланың ниеті мен ықыласына таң қалып: «Сен әлі жас емессің бе? Деп сұрады. Әлгі бала: «Жоқ, қайдағы жастық. Кеше ғана ауылда менен де жас бала қайтыс болды. Ол болса менен әлде қайда жас еді. Сондықтан өлім жас талғамайды. Менің ақыретте қиналғым келмейді»-дегенде, Әбу Бәкір баланың ақылдылығы мен күшті иманына таң қалып, көзіне жас алды. Бала болса тұрақтамай су іздей бастады»[25, 41б].

Міне жас кезіндегі алған тәрбиенің маңыздылығын осыдан көрсек болады. Аллаһқа деген сүйіспеншілік болған жүректе жиіркенішті нәрсенің болуы екіталай. Сондықтан жастайынан балаға Аллаһқа сүйіспеншілігін арттырып, жазалар болсақ та Аллаһ сенің бұл әрекетіңді сүймейді деп айтудың пайдасы орасан зор. Бала Аллаһтың сүймейтін жайттардан сақтанып, оның жақсы көретін, ұнататын іс – әрекеттерді істеуге ұмтылады.

Сондай-ақ балаға тек қана Аллаһтан қорқу керектігі де жүйелі түрде үйретілуі тиіс. Сонда ғана бала әркімнен бір қорқып, жасқаншақ болмай өседі. Ешкімнен аяқ тартпай Аллаһқа деген сенімі күшейіп, тәрбиесі мен мінез-құлқы реттеле түседі.

Құран бойынша ең кемел адамдар пайғамбарлар болып есептеледі. Олар Аллаһтан алған уаһиді адамдарға жеткізеді. Сондықтан да пайғамбарлардың өмірімен танысудың, үйренудің адам өмірінде алар орыны ерекше.

Тәрбие әдістемесін жүргізгенде жастардың, балалардың есінде хикаяттар қалып қояды. Сонымен қатар қызықты жайттарды мұқият құлақ салып тыңдайды. Мектеп жасындағы балалар кітаптағы батырлардың, қаһармандардың оқиғаларынан ерекше әсер алады. Тіпті үлкен адамдардың өзі тарихи кітаптарды ерекше сүйіспеншілікпен қызығып оқиды. Сондықтан Пайғамбарлар тарихын оқыту арқылы олардың тәрбиесін, мінез-құлқын да едәуір жоғары дәрежеге жеткізуге әбден болады. Мысалы, пайғамбарымыздың кішкене бала кезінде басынан өткізген оқиғаларын айтуға болады. Оның өмірінде алдынан кездескен мәселелерге ұтымды шешім қабылдау секілді ғибратқа толы көптеген маңызды тәрбие алуға болады.

Пайғамбарымыздың жастарға деген мейірім-шапағаты, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсету үлгісі, өнеге боларлық дәрежеде.

Пайғамбарымыздың өміріндегі мына бір оқиға ғибрат алардай:

Хазіретті пайғамбарымыз намазда сәждеге жатқанда екі немересі Хасан мен Хусейн арқасына шыққанда, пайғамбар сәждеге ұзақ уақыт жатты. Осы жайтты көргендер:

-Әй, Аллаһтың елшісі сәждеде ұзақ уақыт жатып қалдыңыз? -деді.

Пайғамбар

-Немерелерім арқама мінгенде асыққым келмеді,- деді.

Намаз оқып жатса да, балаларға бақырып-шақырмай оларға көңіл аударуы, оның балаларға деген мейірімінің мол екенін көрсетеді. Сондықтан жастарға тәрбие бергенде бала кезінен олар үнемі арқа сүйер жанашыр іздейді. Сонда бала өскенде жалтақтықтан құтылады.

Пайғамбарларға сенуді үйретудің балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де маңызы зор. Күнделікті өмірде адам баласының алдынан қаншама мәселелер туындап жатады. Олардың барлығын орынды түрде шешу үшін тәжірибемен бірге өмірін өнеге тұтарлық адамның қажеттілігі сөзсіз. Бұл тұрғыда да пайғамбарлардың сипаттары мен әрекеттері өте тиімді мысал бола алады. Оның ең басты сипаттарына тоқталар болсақ.

Шыншылдығы: Сөзі мен істерінде туралықты ұстанады. Ешқашан өтірікке жуымайды. Пайғамбарымызға пайғамбарлық келмей тұрып, оған бірде бір адам өтірікші деп айтпаған. Мысалы,Пайғамбарымыз өзіне пайғамбарлық келгенін Мекке халқына есітер кезде Сафа төбесіне шығып:

-Ей, Құрайыш халқы! Сіздерге мына төбенің артында жау армиясы келгенін айтсам сенер ме едіңіздер?-деді.

Барлығы бір ауыздан:

-Әрине сенеміз, сенің жалған сөйлегеніңді естімедік, сені кіналай алмаймыз», десті[4, 68 б].

Міне осы оқиғадан пайғамбарымыздың ешқашан өтірік айтпағанын көруімізге болады.

Парасаты: адамдардың арасындағы ақылды, алғыр, рухы мықты адамдар. Ақыл мен зейінді ең жоғарғы дәрежеде қолданады. Негізгі ақиқатты Аллаһтан алып, адамзат баласына тура жолды көрсетеді.

Алллаһтан уаһи арқылы білдірген әмірі мен тыйымдарын адамдардың дәрежесіне қарай, ешнәрсені жасырмай ешнәрсені қоспай үйреткен.

Пайғамбарымыздың осы ұлы сипаттарын негізге ала отырып, жастарды тәрбиеге шақыруға болады. Пайғамбарымыз барша адамзат баласына, мұсылмандарға үлгі өнеге болады.

Жастарды пайғамбарлардың өмірбаянымен тереңдей таныстырып, олардың басынан өткізген ғибратты оқиғаларды айту арқылы тәрбиелі, инабатты ұрпақ тәрбиелеуге әбден мүмкін.

 Зайырлы тәрбиеге келер болсақ, ата-бабаларымыз ата-ана мен баланың арасындағы тәрбиелік мәнге ерекше көңіл бөлген.Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан діни тәрбие мен зайырлы тәрбиенің үндесуі.

Халқымыз кеңес одағының қол астында ажырап, адасып қалған ата-баба діні ислам дініне тәуелсіздік алғаннан соң қайта қауышты.

Қазақ халқы өзі өмір сүрген ұзақ тарихында небір кезеңдерді басынан өткерген. Бала тәрбиесі ата-баба зердесімен тығыз байланысты. Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптастырған халықтық тәлімінде, ақыл тәрбиесінің алғашқы қадамын нәрестенің қырық күнге толған мерзімімен сабақтастырады да, оның қырқынан шығу ырымын жасайды.Мұны кейде ұлан-асыр тойға айналдырып жібереді. Қырқынан шыққан нәресте алғаш рет ақ пен қараны ажыратып ақыл тәрбиесінің қиыны мен қызығы мол ұзақ сапарына аттанады. Ол осы сәтте алғаш рет таңырқау мен таңданудың күйін кешеді.

Домбыраның қос ішегі тәрізді адам тәрбиесінің өркені болып саналатын, жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің өзара үндесуін қамтамасыз ететін бесік жыры екендігін атағымыз келеді[23, 47 б].

Діни тәрбиеде, басқа білімді үйретуге қарағанда өзіне тән ерекшелігімен көрінетін ақыретке сенім мәселесі болып есептеледі. Бұл иман негіздерінің бірі болып табылады.

Баланың діни білімдерін қабылдай алатын қабілетте екендігі, әсіресе үш жасынан бастап айналадағы оқиғалардың себеп – салдар қатынасын ажырата алатын кезеңде байқалады. Діни тәрбие берудің алғашқы шарттарының бірі, бала діни түсініктерді қабылдай алатын қабілетке жеткен болуы керек.

Психолог Антонно Верготте «Дін психологиясы» атты кітабында, баланың жаратылысында діни қабілет бар екендігін және төрт жас балаға діни тәрбие берудегі дәл уақтысы екендігін айтып кетеді.Бұл Мұхаммед пайғамбардың мына хадисіне сәйкес келіп тұр. «Барлық бала ислам жаратылысымен туылады. Кейін әке – шешесі оны еврей, христиан, немесе межуси (отқа, күнге табынатындар) етеді»[33, 78 б].

Балалық шақ бала үшін қорқыныштар мен толы. Баланың сәл нәрсеге қорқу қасиетінен пайдаланған кейбір үлкендер кейде қате іс — әрекеттер жасайды. Құдай, барлық іс — әрекеттерді көріп, жамандықтарды күнә дәптеріне жазып жатыр деп оларды тыныштандыруға тырысады. Сондықтан бала қиялында Аллаһ – сүйікті, қорғайтын, мейірімді, кешіретін емес, керісінше жаза беретін тозақ азабында жандыратын бір болмыс ретінде елестейді.

Діни әңгімелердің бала психологиясына жағымды әсері бар. Бала қоршаған ортаны сезімдерімен таниды. Аллаһқа сену, оны сүю, дұрыстық, сенімде болу сияқты сезімдердің ашылуында діни әңгімелердің үлкен ролі бар.

Бірде мәдиналық бір кісі бақшасында өсіп тұрған құрмасына тас лақтырған баланы сүйреп отырып пайғамбарымызға әкеледі. Бала жас та болса Ислам дінін қабылдаған Рафиғ ибн Амр еді. Келген кісі қатты кейіген сыңайда. Қабағы қатулы. Пайғамбарымыз болса, сол сабырлы қалпын сақтады. «Балапаным, құрма ағашына неге тас лақтырдың?»,-деп сұрады. Бала: «Қарным қатты ашты, құрма жегім келді»,-дегеннен артық сөз айтпады. Мұхаммед балаға: «жерге түскенін жесең же, бірақ ендігәрі құрмаларға тас лақтырма, жарай ма?»,-деді. Сосын баланың басынан сипап, оған былай деп дұға жасады: «Уа, Аллаһ Тағалам! Бұл баланың қарнын тойдыра гөр!». Пайғамбарымыздың алдына ашумен алып келген балаға, «балапаным!»деген жалғыз ауыз сүйіспеншілікке толы жылы сөзін арнады. Сол жылы сөзімен қарсы алып, басынан сипап мейірлене қарады. Балаға ұрысқаннан гөрі оған жақсы көретініңді білдіру аса маңызды екенін аңғаруға болады.

Тәрбие берудің негізгі мәйегі – мейірім мен сүйіспеншілікте. Әсіресе, кішкене балалар үшін мейірім мен сүйіспеншіліктің орны ерекше. Бұл махаббатқа олар қашанда мұқтаж. Олар тек сүйіспеншілікпен ғана өсіп-жетіледі десек артық айтқандық емес. Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді. Әрдайым соны іздеп тұрады. Әрі өзі жақсы көрген кісіге еліктегіш келеді. Ендеше –сүйіспеншілік–бала тәрбиесіндегі негізгі қағида. Пайғамбарымыз барлық адамзаттан сүйіспеншілігін аямаған. Жан жүрегімен жақсы көріп, әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөлетіндіктен, әр сахаба өзін «Пайғамбардың ең жақсы көретін адамы мен шығармын» деген ойға қалатын. Алайда, Аллаһ елшісінің балаларға деген мейірімі тіптен ерекше еді.

Баланың қатесін түзетіп, дұрысын үйретуде жаза берудің ерекше орны бар екенін жоққа шығармаймыз. Бірақ жазалаудан бұрын қателерді түзетуде ең әуелі мейірім мен насихаттың әсері мол екенін ескергеніміз жөн. Себебі балалар көбіне жасаған қателіктерінің парқына бара бермейді. Мұндайда балаларға ұрсып-зекудің пайдасынан зияны басым болуы кәдік.

Үлкендердің баланың басынан сипауы, маңдайынан сүйіп, иіскеуі яки құшақтап арқасынан қағуы, көтеріп құшағында тербетуі – бәрі –бәрі балаға оң әсерін тигізеді. Бала үлкеннің бұл ілтипатына өзін жақсы көретіндігіне сенеді, әрі сол кісіге деген құрметі де артады. Құшақтап, басынан сипаған кісіні өзінің қорғаушысы, қамқоршысы деп түсінеді.

Баланы әуелі тыңдай білу керек. Сөйлеген бала өзінің ішкі дүниесін ашып береді. Әр нәрсені түсінуге баланың ақылы жете бермейді. Сол себепті баланың не ойлап тұрғанын білу қажет. Біз баланы тыңдамастан, дереу ұрса жөнелеміз. Балалар балалықпен қателікке ұрынады. Қате жасаса, дереу ұрсып, жазғыра жөнелеміз. Көбіне балаларын тыңдауды қажеттілік деп те ойламаймыз. Содан бала мені ата-анам жақсы көрмейді деген ойға қалады. Міне сондықтан да баланың ішкі дүниесімен сырласпастан, оның ойын білместен, жасаған ісінің дұрыс еместігін түсіндірместен оған ұрысу, жазалау дұрыс емес.

Ата-аналардағы қателіктердің бірі – баланы не болса содан тыйып, іс-әрекетін шектей беруі. Баланың қате қылығын тыйған кезде, орнына басқа бір дұрыс нәрсені көрсету керек. Олай болмағанда бала баяғы істеген қателіктерін қайталауы, иә болмасақырсық мінезділікке бейімделуі мүмкін. Мысалы, күнделікті өмірде үйдің керегелерін сызғыштап ойнаған баланың қолына дереу басқа дәптер немесе қағаз ұстатып: «сызсаң мынаған сыз», «көрсең, бұл фильмді емес ана фильмді көр» деген секілді баламаларды көрсетуіміз қажет. Қазіргі кезде қалада балалар баратын ойын залдары мен кино театрларда көрсетілген фильмдер бала тәрбиесіне, мінез-құлқына залалы болуы мүмкін. Сондықтан балаларға ана жерге –мына жерге барма дегеннен гөрі, оларға басқа жағдай жасау керек. Үйге компьютер алып, зияны жоқ ойындар мен фильмдердің СD-лерін дайындап, ойын ойнап, кино көретін уақыттарын белгілеу дұрыс.   

Мектептен бұрынғы кезеңдегі баланың діни тәрбиесі.

Мектептен бұрынғы кезеңде Аллаһ, пайғамабар, періште сияқты ұғымдар сырлы болса да, оларды білу мақсатында сұрақтар қоя бастайды. әке – шешелердің осындай жағдайларда баланың сұрақтарына жауап беруі немесе бермеуінде, болашақтағы рухани тәрбиесіне әсері мол. Балаға жастайынан діни білімдер берілмесе үлкейген кезде оның діни білімдерді қабылдауы қиынға созылады. Тіпті кейбір ғалымдардың айтуларына қарасақ, егер де бала жас кезінде ислам тәрбиесімен сусындамаса, үлкейгенде кәпірдің мұсылман болуындай ислам тәрбиесі оның рухына жат келеді, деген тұжырымдарды көреміз.Баланың діни тәрбиесінде көп қайталанатын «Аллаһ», «Құдай», «иншааллаһ», «Аллаһ сақтасын», «Құдай қаласа», «Аллаһ кешірсін» сияқты сөздер мен дұғалар жағымды із қалдырады.

Бала кішкентай кезінде жанұясында немесе қоршаған ортада тыңдай бастаған Аллаһ, мешіт, намаз, мұсылман, жайнамаз, азан, құран, сияқты сөздерінің түсіну қабілетіне қарай қайталанып рухани сезімдерінің бірте – бірте ашылуына себеп болады. Әсіресе балаға тамақ жер алдында «бисмиллаһ» немесе дұға еттіруге үйретуге де болады.

Кішкентай бала тыңдап, қарап, еліктеу арқылы үйренеді. Оның тәрбиесі айналасындағы көріп естігендеріне қарай қалыптасады. Сондықтан да дін тәрбиесінде баланың діни ортада немесе діндар жанұяда тәрбиеленуі өте үлкен маңызға ие. Басқа мемлекеттерде әсіресе Түркияда мектеп жасынан бастап діни тәрбие сабағы жүргізіледі. Дегенмен де, баланың діни тәрбиесі әке – шешенің міндеті екендігін ұмытпағанымыз жөн.

Бала неше жасынан бастап Аллаһты түсіне бастайды? Бұл шынымен де қиын сұрақ. Баланың ұғымымен кездесуі оның жасына байланысты емес. Оның жетілуіне айналадағы өмір сүріп жатқан діни өмірдің де әсері мол. Бала жасынан оған дін жайында айтылса, ол еш күмәнсіз сенеді.

Баланың үлкендерден сұрақ сұрауы олардың сол нәрсеге деген қызығушылығынан туады. Сондықтан да балаға Аллаһ түсінігін қалыптастырғанда айтылатын жауаптардың түсінікті болуына мұқият болу және әуелі Аллаһтың ұлылығын, барлық нәрсенінің жаратушысы, бүкіл жақсылық пен әдемілік иесі екендігін білдірген жөн.

Ислам дінінің негізі Аллаһқа сенумен басталады. Аллаһ түсінігі сол жастағы балаға былайша түсіндірілуі мүмкін:

«Аллаһ бүкіл болмысты жаратқан, солардың ішінде адамды ең жоғары (әдемі) етіп, оны басқа жаратылыстардан да жақсы көретін, әсіресе балаларды өте сүйетін, оларды қорғайтын, оларды ризықтандырып өсіретін, сансыз жеп – ішетін тамақтар берген, гүл, жануарлар және әдеміліктерімен жер жүзін толтырған, жааман қимылдарымызға сол сәтте жазасын бермей бізге уақыт беретін, жақсы іс — әрекеттерімізге үлкен сыйлықтар беретін, істеген бір ғана жақсылығымыздың арқасында көп жақсылықтарға бөлейтін Ұлы Раббымыз». Сонымен, Аллаһтың қамқорлығымен мейірімділігімен олардың түсіне алатын  түрде түсіндіруге болады. «Ол өте қамқор, нығметтерімен бізді қорғап бүкіл бәле – жаладан сақтайды» — деп балаларды оған болған сүйіспеншілік сезімін ояту қажет.

Баланы сүйіп еркелету пайғамбарларға да тән болған қасиет және біздің асыл дініміз оған қарсы болмайды.Мына бір хадисті Айша анамыздан Имам Бухари риуаят еткен:

«Бір бәдәуи (шөл дала тұрғыны) Пайғамбарымызға келіп: « Сендер балаларыңды еркелетіп сүйесіңдер ме?, — дейді. Сонда пайғамбарымыз оған: «Аллаһ Тағала жүрегіңе мейірімділік сезімін салмаған болса, менің қолымнан не келеді?,» —  деп жауап берген.

Балаларға діни білімдерді үйретуде кейде үлкендер тарапынан зор қателіктер кездесіп жатады.

Мысалы: «Әкесі баласына діни білімдерді үйрету үшін жиі – жиі діни кітаптар оқып, насихат жасайды. Баласы жақсы тыңдамай немесе әкесінің сұрағына толық жауап бермесе, әкесі шыдамсызданып, ұрсып, зекіп, тіптен ұруға дейін баратын кездері болады. Бала өскен сайын әкесінен сын ескертпелер алған сайын, нәтижесінде дінді де оқуды да жек көретін дәрежеге дейін жетеді».

Хадис Абу Хурайрадан Имам Бухари риуаят еткен:

Расулуллаһ  Әлидің ұлы Хасанды бетінен сүйген уақытта: Оны Расулуллаһтың жанында отырған Әл – Ақраб ибн Хабис әт – Тамими көріп: «Менің он балам бар. Алайда , осы уақытқа дейін мен оның біреуін де еркелетіп сүйген емеспін»,-дегенде Пайғамбарымыз оған қарап: «Басқаларға мейірімділік етпегеннің, өзі де мейірімділікке бөленбейді», — деді»[38, 153 б].

Дегенмен балаға деген махаббат оның тәрбиесіне кері әсерін тигізетіндей және болашақта имансыз, құдайсыз болуына сеп болмау керек. Яғни балаға деген махаббат оны тәрбиелеуге деген Аллаһ алдындағы жауапкершіліктен алшақтатпау керек.

Аллаһтың барлығы және болмысы жайлы, әсіресе 7-9 жас аралығындағы балалар қызығады. Олар әуелі Аллаһтың ұлылығын, қандай, қай жерде және не үшін бір ұқсасы болмайтынын, еш нәрсе жемей, ішпей ұйықтамайтындығын, және оның бұларға мұқтаждығы болмайтындығы жөнінде сұрай бастайды. Осы жастағы балалар Аллаһ ұлы, барлық нәрседен үлкен, барлық нәрсені көруші, барлық нәрсені білуші және естуші, біздерге құлақ, көз, ақыл сияқты нығметтерді берген, өз құлдарын қорғайтын, оларға қамқорлық жасайтын, мейірімді, жамандықтарды жазаландыратын, дүниені, адамдарды , өсімдік пен ағаштарды жаратушы Ұлы Аллаһ деген түсінік қалыптасады. Аллаһтың бар екендігін қарапайым өмірден мысалдар келтіру арқылы түсіндіріледі. Баланың өзінің әдемі жаратылысы, табиғат және қоршаған орта және әлем туралы ойландыру, оған сұрақ сұрауға қалыптастыру арқылы ойлау қабілетін дамытуға үлесін қосады. Жаратылыстардағы әдемілік, үйлесімділік, теңдік, тәртіп, өлшемділік пен тепе – теңдік баланың Аллаһты тануына және сүюіне үлкен бір себеп болып табылады.

Балалардағы Аллаһ ұғымының қалыптасуындағы бірінші фактор оның жасы, ал екінші жанұя мүшелерінің немесе жақындарының дінге қатысты істеген іс — әрекет болып табылады.

Балаларға Аллаһты таныттырудағы ең үлкен қателіктің бірі оларға Аллаһты қорқылуы керек болатын болмыс ретінде таныту. Ата – ана балалардың өрескел іс — әркеттерінің жанында Аллаһты жазалаушы деп таныттыруы бала санасына бұрыс түсініктің қалыптасуына себеп болады. Бұл қорқыныштар, баланың жүрегінде Аллаһ сүйіспеншілігінің жоғалуына себеп болады. Бұл тақырыпқа қатысты мына оқиғаны айта кетейік.

Көбінесе балалардың анасы  баласын қорқытып тәрбиелейді. Балалар азғантай еркелік жасаса олардың шешесі — әкелерің келе жатыр немесе Аллаһ алып кетеді;  қазір сендердің жазаларыңды беріп қояды деп. Осындай тәрбиенің нәтижесінде балалар әкесінен, Аллаһтан қорқатын дәрежеге келеді.

Балаға насихат ету және жақсы сөздермен тәрбиелеу ең маңызды жұмыстардан болып табылады. «Әкенің баласы үшін жақсы тәрбие беруден артық сыйы жоқ!» деп пайғамбарымыздың хадисінде [имам Бухари, имам Муслим] айтылғандай әкенің бала тәрбиесінде басты бағыты неден алуын да бізге Аллаһ Тағала өзінің Қасиетті Құран Кәримнің Лұқман сүресінде Лұқманның баласына берген өсиетінде көрсетеді: «Лұқман баласына насихат еткен кезде: «Әй ұлым! Аллаһқа серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу – зор зұлымдық» деді.

Балаға діни тәрбие беру кезінде алғашқы үйретілуі керек болған нәрсе Аллаһқа серік қоспау болған.

Балаға Аллаһқа серік қоспау керек екендігі үйретілгеннен кейін, екінші кезекте Ұлы аллаһтың қандай бір болмыс екендігі және үйретілгеннен кейін, екінші кезекте Ұлы Аллаһтың қандай бір болмыс екендігі және адамның іс — әрекетімен қандай байланысы бар екендігі түсіндіріледі. Лұқман сүресінің 16 аятында «Әй ұлым! Тарының салмағындай болса да, бір жартастың ішінде болса да , көктерде немесе жерде болса да Аллаһ оны (қиямет күні)  келтіреді. Расында Аллаһ өте  мүлайым, толық білуші».

Лұқман үшінші кезекте баласына намаз оқуды әмір етеді. Осы сүренің 17 аятында үш маңызды тәрбиелік мәні бар іске тоқталады. Біріншісі, «Әй ұлым! Намазды толық орында». Яғни намаздың оның өмірінде маңызды екенін айтады, екіншісі, «Дұрыстыққа бұйырып, бұрыстықтан тый». Бұл жерде үнемі жақсылыққа әрекет етуін,  әрқашан жамандықтың алдын алуын айтады. Үшіншісі, «Басыңа келген ауыршылыққа сабыр ет». Қай кезде, қандай уақытта болмасын өзіне — өзінің сабырлылардан болғанының абзалырақ екенін түсіндіреді. Осы жердегі Лұқманның насихатынан балаға әуелі дін тәрбиесінің берілуі, кейіннен Аллаһ пен адам арасындағы қарым – қатынас түсіндірілетіндігін байқаймыз.

Аллаһ тағала баланың қоғамдағы өміріндегі қарым – қатынасты Лұқманның тілімен жеткізеді. Сондықтан да төртінші кезекте бала тәрбиесіндегі тағы бір маңыздысы ол Лұқман сүресінің 18 аятында айтылғандай «Адамдарға паңсып, қырындама да жерде кердеңдеп жүрме. Расында Аллаһ, бүкіл дандайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді» дейді.

Осы жерге мән беріп қарайтын болсақ Лұқман баласына әлеуметтік қарым – қатынас және адамдармен қалай болу керектігін үйретеді. Шындығында қоғамда адамдармен қарым – қатынастың мықты, күшті болуы кішіпейілділік және сүйіспеншілікпен жүзеге асады. Адамдардан жүзін бұрмау, төмен деп қарамау, оларға жақсы лебіз таныту сияқты адамдарды бірлестіретін жолдан басқа бір жол іздеп табу қиын.

Әрине бала тәкаппарлық, өзін жоғары санау, өзінен өзгені төмен санау сияқты мінездерімен жаман қасиеттернің көбеюіне жол бермей өзін алысырақ ұстауы қажет.

Бесінше кезекте Лұқман ұлына жүру әдебін үйретеді. Сол сүренің 18 аятында «Ұлым, жүрісіңде орташа бол да даусыңды бәсеңдет. Сөз жоқ, дауыстардың ең жаманы есектің дауысы». дейді. Аятта балаға тәрбие берудің маңыздылығын байқаймыз. Лұқман «Өйткені, Аллаһ тәкаппар, өзін жақсы көретін, мақтанатын адамдарды жақсы көрмейді,- деп адамдармен  қарым – қатынас жасағанда әдепті, мәдениетті, сыпайы болуына жол сілтейді. Осылайша осындай қарым – қатынас жасап өздерін сақтағандар Аллаһтың сүйікті құлы болатындығына нұсқау жасайды. Демек адамдармен болған қарым – қатынастарымыз Аллаһ тарпынан белгіленіп, оның сүйіктісі болу тек адамдарды жақсы көрумен қатар өзін дұрыс ұстай білу арқылы іске асатынын көрсетеді. Осы сүренің 19 аятында «Жүрген кезде ұстамды бол» деп салмақтылықпен, байсалдылықты сақтап жүру керектігін айтады.

Кішкене күнінде берілген дін тәрбиесі, алдағы қиыншылықты жеңуге, әрі рахатты өмір сүруге жетелейді. Осылайша өмірін ғибадатпен өткізген бала үлкейіп азамат болған кезде руханияты жоғары адамдардың қатарына қосылады. Керісінше кішкене күнінде діни тәрбие берілмеген балалардың қоғамдық өмірде жаман іздер қалдырып, діни іс — әреттерге немқұрайлықпен қарауы байқалуда. Балалық шақта мешітке аяқ баспаған кісінің мешітке барудан тартынуы, мешітке кірсе де не істейтіндігін білмеуі толығымен әке – шешенің баланың діни тәрбиесіне немқұрайлықпен қарағандығын көрсетеді. Бала күнінде діни тәрбие алмаған адам, бұның зардабын өмір бойы сезініп әр түрлі діни ауытқуларға тап болады.

Ғалымдардың зерттеу жұмыс нәтижелеріне қарайтын болсақ, жастар тәрбиесінде кішкене кезден бастап ортаның әсері және қабылдау сезімдері мықты дамығандығын айтады. Олар бала кезден әке – шешесі намаз оқитын болса, олардың артына тұрып әрекеттерін қайталап, әбігер болып жатады. Олардың бұндай әрекеттері олардың кішкентайынан еліктегіш және болмашы нәрселерге қызығушылық сезімдері басым келеді. Үлкендерге ұқсау үшін бар күшін салып тырысып бағады. Олардың бұндай қасиеттірінен мүмкіндігі барынша пайдалануға тырысу керек. Сонда ғана негізгі мақсатқа қауышуға болады.

Шариғат әке балаларын асырап – тәрбиелеуді, оларды имандылыққа үйретуді, жеті жастан бастап намаз оқуды үйретуді, он жастан бастап олар намаз оқымаса жазалауды, жеті жастан бастап бөлек жатқызуды бұйырады.

Намаз үйреткенде баланың ең алдымен жас ерекшелігімен санасу керек. Намаз балиғат жеткенде ғана парыз болады. Бірақ балиғатқа жетпей намаздың қалай оқылатындығын үйретуге болады. Бала үйде, мешітте, намаз оқығысы келеді. Тіпті, мұны ықыласымен құштарланып істейді.Сондықтан оның ықылас ниетін арттыра түсіретін қарым – қатынаста болу, жалықтырып алмау қажет.

Ал егер осы жайдқа басынан дұрыс көңіл бөлмей, немқұрайлы қарайтын болсақ, онда керісінше намазды желкелеп жүріп оқытар болсақ, бала өскен кезде намазға мүле қарамайтындай халге жетеді.

Намаздың адам өмірінде ерекше маңызы бар. Намаздың бес уақыт оқылуы да өз алдына бір нығмет.

Өкінішке орай қазіргі уақытта жаңа талпынып жүре бастаған жас нәрестеге, көп жағдайда оның Жаратушысы бар екенін ата – анасының өзі де айтпайды. Ал, нәрестелік шағынан Аллаһ бар деген ұғымды бойына сіңірмеген бала имандылық жағынан әлжуаз болып, ер жете келе имандылығының әлсіздігі себебінен дінсіз болуы ықтимал. Тағы бір ескеретін нәрсе, Құран және намаз оқуды үйренемін деп талпынған жағдайда: «Сен не, молда болмақпысың? Саған намаз оқуға әлі ерте», — деп баласының иманды болуына, Аллаһ Тағаланың жазасынан қорқып жамандықтан бет бұруына ата – ананың өзі кедергі болады. Ал, сол баласы өскеннен кейін, ата – ананың: «Менің балам неге ішкіш, ұры, қылмыскер», — деп күрсінуіне ең алдымен кім себепкер? Біз намазды молда болғанымыз үшін емес, Аллаһ Тағала оны бізге парыз еткені үшін оқимыз. Осыны дұрыс түсінейік.

Балаға намаз оқытуда оны намазға ынталандырудың үлкен маңызы бар. Намаз үйретуде ойынның да ролі үлкен. Жас балада намазға болған құштарлық ойын түрінде ортаға шығады. Намаз кезінде баланың желкеге және арқасына мінуі, сәжде кезінде жанында жатуы намазға болған құштарлығын арттырады. Мұхаммед пайғамбар да дәл осындай әдісті қолданған. Желкесіне мінген баланы ешбір уақытта ренжітпей, тіпті олардың құштарлығын бұзбау үшін намазда жанында ойнауларына рұхсат берген.

Құранның аяттарында және Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде намазға қатысты көптеген хабарлар бар. Ол бір хадисінде  «намаз діннің тірегі» деп айтады. Мұхаммед пайғамбар бір хадисінде күніне бес уақыт жуынған адамның денедегі кірі қалай кетсе, бес уақыт намаз оқыған адамның да рухани кірі қалмайды деп айтады. Намаз мүминдердің күнделікті өмірін тиімді пайдалануды үйретіп, оны ретке келтіріп отырады.

Ал оразаға тоқталар болсақ, ораза – исламның бес шартының бірі болып табылады. Аллаһтың әмір еткен оразада қаншама пайдалы құлшылық. Ораза ол адамдар мен Алллаһтың арасындағы дәнекер ғибадат.Сондықтан ораза басқа да көптеген жақсы ғамалдардың орындалуына себепкер деп айтсақ қателеспейміз.

Осы жерде оразаның тәрбиелік жағынан қысқаша тоқталып өтейік. Ораза мінез – құлқымызды кемелдендіреді. Сондай – ақ үнемі Аллаһты есімізге салып отырады. Адамдағы жауапкершілік сезімін арттырады. Жүрегімізді жаман ойлардан тазартып, адамды жамандық жасаудан сақтандырады.

Балаларға оразаны үйрету намазды үйрету сияқты жас кезінен басталады. Балалар аштыққа шыдай алған уақыттарда рамазан оразасына қосылып өздерін үйретуге тырысады. Оразаны исламға келудің алғашқы баспалдағы деп айтса да болады. Себебі исламға келетін көптеген адамдар ға осы оразаның септігі тиіп жатады.

Балаларға діни тәрбие беру барысында кейбір жеңілдік яғни ойындармен қызықтыру нәтижесінде тәжірибе жасалған.

Дәрет алған кезде балаға сумен ойнауға рұхсат беру арқылы. Дұға жасауға, жақсы көрген затын Аллаһтан талап етуге, оразаны ұстауды үйретуде ауыз ашар кезіндегі қуаныш, әрі сәресін ішуде қызықтыра білу. Ораза, құрбан айт мейрамдарын тойлау. (жаңа киімдер кию, сыйлықтар алу арқылы діни тәрбие беруге болады.

Баланың 7-8 жас аралығында тозақ, жәннәт, періште сияқты ойлары толық қалыптаспаған. Балаларға бұны дұрыс түсіндіре алу керек.

Жас балаға ахиретке сенім мәселесі түсіндірілген кезде үміт және өмір сүру сүйіспеншілігінің артуына көмекші болу қажет. Бүкіл сүйген нәрселеріне, әдеміліктерге, рухани әрі материалдық қажеттіліктерінің толық түрде ахиретте, мәңгі әлемде қауыша алатынын қабылдауы және оны күтуі балаға үлкен бір сүйеніш тірегі болып есептеледі. Бұл дүниеде не нәрсе армандалса, оларға дұрыс және халал жолменен ғана қол жеткізетіндігі түсіндірілуі қажет. Осылайша баланың ахиретке сенімі шексіз кәміл және әдеміліктерге қол жеткізу үшін күш жігерлілікке себеп болады[31,12 б].

Адам баласы бүгін тірімін, ертең мүлдем шіріп жоқ боламын деген түсінікпен өмір сүргісі келмейді. Ондай адамдар болған күннің өзінде некен саяқ. Сондықтан бұл дүниеде айрылған әке – шешесі, бауыры, ең жақын туыстары мен жан – жолдастарымен қайта кездесемін деген үміт адамға қуаныш сыйлайды. Сонда ғана өміріне мән – маңыз кіреді. Өмірде кездескен сәтсіздіктер мен әділетсіздік, зұлымдық секілді жайттардың міндетті түрде қайта жауапқа тартылып, тиісті жазасын алатыны хақ. Кейбір істердің нәтижесін о дүниеге қалдырып, болмашы істерге бас қатырмай сабыр етуді үйретеді. Ахиретке сенудің көптеген пайдалы тұстары бар. О дүниеге сену ең алдымен Аллаһтың құлы болуға шақырады. Өйткені, қайта тірілу жайында Аллаһ тағала көптеген аяттарда айтылған. Жай айтылып қана қоймай, ондағы кәпірлер мен мұсылмандардың жағдайынан да баяндалған.

Ахирет сенімі адам бойындағы адамдық қасиеттерді оятып, жалған өмірдің мән – жайын үйретеді. Өлгеннен кейін қайта тірілу адамды көптеген жиіркенішті істерден тыяды. Яғни жауапкершілік сенімін нығайта түседі. Өйткені Құранда «Әрбір жан өлімді татады» деп міндетті түрде қара жерге кіріп, о дүниенің есігін ашатынын білдірген.

Ахиретке күмәнсіз сену нағыз мұсылманның белгілерінің бірі. Жастарға тәрбиелік тұрғысынан орасан пайдасы бар екенін көптеген ғалымдар мойындаған. Сондай – ақ тәрбиенің тамыры осында екенін Томос Мор өз сөзінде былайша түсіндіріп береді: «Адамға тәрбиелі болуы үшін үш нәрсе керек. Егер бұл болмаса тәрбие тәрбие болмайды.

Алланың бар екеніне сену.

Рухтың мәңгілік екеніне сену.

Ахирет күніне сену.

Сонымен ақырет сенімін үйрету адамшылыққа бастайды, ал оны жоққа шығару айуандыққа бастайды деп еш күмәнсіз айта аламыз.   Діни тәрбиеде ахиретке сенудің өте маңызды ролі бар. Ол арқылы өмір мектебінде жақсы баға алып, игі іс – істеуге ұмтылады. Хз. Әбу Бәкір: «ахиретке амалсыз бару, ескексіз қайықпен  жолға шыққанмен бірдей» демекші ана дүниеге сену, о дүниенің азығын молайтады[3, 18 б].

Бұл дүниедегі адамдардың жартысы жасөспірімдер. Олар өздеріне тым қорқынышты әрі қайғылы көрінетін қазаларға қарсы тек жәннәт ұғымы арқылы ғана төтеп береді. Олардың тым әлсіз әрі нәзік жаратылыстары осылайша рухани төзімділік танытады. Кез келген нәрсеге сағы тез сынғыш, қорғансыз да әлсіз көңілдері жәннәт ұғымы мен үміттеніп, шат өмір сүреді. Мысалға,Менің дос қызымның баласының досы кенеттен былтыр қайтыс болды. Сонда дос қызымның баласы жылап тұрып: «Ол Алланың жанына жәннәтқа кетті» дегенін естідім. Яғни, олар жәннәт ұғымы арқылы өздерін жұбатады.  Әйтпесе күнделікті айналасында болып  жатқан өзі сияқты балалар мен қарттардың қайғылы қазалары әлгі бейшараның үрейін ұшырып, көңілін тас — талқан еткен болар еді. Жастар қоғамдық өмірдің тірегі. Олардың өз бойындағы алып ұшқан сезімдерін, кейде асыра сілтеп жіберетін нәпсі мен әуесқой сезімдерін бұзақылықтан тежеп, қоғамдық өмірді реттеуге тек жәһаннам ұғымы зор ықпал етеді.

Исламда балаларға иман негіздерінің бірі періштелерге сенуді үйрету өте маңызды. Өйткені періштелер көзге көрінбейтін жаратылыс. Оларға сену мұсылманның ерекшеліктерінің бірі.

Жас балаларға періштелер туралы сөз айтқан кезде, оларды әрдайым қорғап жүруші, жамандықпен бәлелерден сақтайтын болмыс деп түсіндірілу мүмкін. Балаларды Аллаһ қалай сүйсе періштелер де солай сүйетіндігі түсіндіріледі. Періштелерге сенім мәселесін бала діни әңгіме, ертегі сияқты нәрселерді қуанышпен тыңдайтын кезде, яғни 3-4 жастарында бастағаны абзал. Балаларға исламдағы негізгі көп айтылатын періштелер үйретіледі. Мысалға: Жәбраил, Микаил, Исрафил, Азраил, Мункир – Нанкир және адамның екі иығында тұратын Кирамен, Катибин періштелері айтылып олардың қызметтері мен міндеттері түсіндіріледі.

Құран Кәрімде мүминдердің қате істерден құтылып, рух пен тән саулығын қорғап өмір сүрулері үшін періштелер жәрдем беретінін былайша баяндайды:

«Ол сондай Аллаһ, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығу үшін өзі рахмет қылып, періштелері дұға қылады. Сондай – ақ мүминдерге ерекше мейірімді» [33, 43 б].

Басқа қиын іс түскенде Аллаһ Тағала періштелері арқылы жәрдем ететінін, әртүрлі жағдайда оларға үміттерін үзбей алға ұмтылу керектігін де үйретеді. Мұндай жаратылыстарды ақыл және сезім күштерімен түсіне алмаймыз. Тек қана уахи (Құран) арқылы түсінеміз.Ал ақылға ғана сенсек, ондай жағдай көптеген ақиқаттан несібемізден құр қалар едік. Оларға сену, адам баласын биіктерге жетелейді. Екі иығындағы періштенің әрбір ісін есепке алғандығын естен шығармай үнемі ақылында ұстайды. Бұл жағдай өзін — өзі есепке алға итермелеп, ашық көкірегі ояу болуға шақырады.

Пайғамбарларға иман балаларға сұрақ жауап әдісімен Мұхаммед пайғамбардан бастап, Құран Кәрімде аты аталып өтілетін бүкіл пайғамбарлар туралы мағлұмат беріледі. Пайғамбарлардың арасында танымал оқиғаларымен белгілі пайғамбарлардың тарихы және өмірінен хабар беріледі. Мысалға, Жүсіп пайғамбар оқиғасы, Муса және оның інісі Харун пайғамбарлар арасындағы болып өткен оқиға, Ферғауын  және пайғамбарлар арасындағы соғыс, Ибраһим және Исмайл пайғамбарлар арасындағы оқиға, олардың Қағбаны жасаулары, құрбан шалу оқиғасының басталуы, Мұхаммед пайғамбардың балалармен болған қарым – қатынасы, оларға көрсеткен мейірім – шапағаты кең түрде айтылады. Мұхаммед пайғамбардың көркем – мінезі үлгі ретінде түсіндіріліп балалардың қиялындағы «Идеал адам» болып, әрқашан балаларды оларға ұқсауға ынталандыру керек.

Мектепке әлі бармаған балалар басқаларға еліктеуге немесе өзінен үлкен біреудің үлгі болуына мұқтаждық сезінеді. Міне осындай кезде Мухаммед Мухаммед пайғамбар туралы айтылатын көптеген оқиғалар Мұхаммед пайғамбарды жақсырақ тануға және өзіне үлгі етуге себеп болады. Олай болатын болса балаларда хиқая және ертегілерге қызығушылық пайда болған 3- 4 жастарында діни хиқаялар мен оқиғалар айтылуы керек. Пайғамбарлардың міндеттері мен мұғжизалары бала жүрегінде жақсы әсер қалдырады. Әсіресе Мекке мен Мадинаға көшіп жатқан кездегі үңгір оқиғасын тыңдаған әрбір бала пайғамбардың дұшпандарына кедергі болған өрмекші және көгершінге ризашылық білдіріп сүйіспеншілік сезімі оянады.

Иман негіздерінің бірі пайғамбарларға түсірілген қасиетті кітаптарға сену.

Жас кезінде балаларға Құран Кәрім туралы теориялық білімдерге қарағанда оны оқытуға үйрету назарға алынғаны абзал. Осы мақсатпен Құран әдемі дауыспен айтылған адамдардың қирағатын магнитофон немесе компьютерде тыңдаттыруы керек. Жас балаларға азан, құран және мешіт сияқты діни элементтердің әсері көп.

Ислам мәдениетінің негізгі қайнар бұлағы осы Құран Кәрім. Құран әрбір дәуірдің кез – келген мәселесіне жауап берелік дәрежеде түсірілген Аллаһтың кітабы. Әлемде оның мәдениетіне тең келерлік ешқандай мәдениеттілікті көре алмаймыз.

Пайғамбарымыз иман негіздерін айтқанда, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендігін білдірген.

Тағдырға сену адамзат баласын ахлеп-ухлеп өзін-өзі ұстай алмайтындай дәрежеге түсуден сақтайды. Қандай да бір істе жетістікке жете алмаған адам, оны өзінің осалдығынан көрсе, ұнжырғасы түсіп, өмірге деген талпынысы су сепкендей басылады. Тіптен қарапайым істі орындай алмайды. Бұл жайт адамды ынжықтыққа итермелейді. Бірақ Аллаһ бұл ісімді болдырмағанмен, басқа жақтан жақсылығы болады деп үміттенсе, өмірге сеніммен қарауға себепші болады.Өз істеген ісін қайтадан қарап, Аллаһқа дұға жасап қайырлы болуын тілейді.

Сондықтан Аллаһтан үміт етіп күдер үзбей өз мойнындағы жауапкершілігін орындаудан тайынбау керек.

Жастар тәрбиесінде тағдырға сенудің орасан зор маңызы бар. Оған сену арқылы ісінің нәтижесін Аллаһқа тапсыруды үйреніп, болмашы нәрсеге ауырып, бей жай күйге түспейді. Сонымен исламдағы иман негіздерін үйрену тәрбиенің негізі. Тәрбиенің мән- маңызы мен сыры да осында жатыр. Олар осы негіздерге сүйене отырып, екі дүниенің бақытына қол жеткізеді.

Балалардың тәрбиесіне кішкене кезден бастап қабылдау, яғни айналасындағылардың әсерінің көп болатыны бізге белгілі. Баланы алар болсақ егер ата-анасы кішкене күннен намаз оқитын болса,ол да еліктеп олардың артына тұрып қимылдарын қайталауға тырысады. Олардың мұндай әрекетінен олардың кішкентайынан еліктегіш болмашы нәрселерге қызығушылық сезімдері басым келетінін байқауға болады. Өйткені олар үлкен адамдарға ұқасу үшін бар күшін салып, тырысып бағады.

Иманнан кейін келетін ислам шарттарының бірі басты құлшылық – ол намаз. Құран Кәрімде намаз жайында былай делінген:

«Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ (Аллаһтың хұзырында) иілушілермен бірге иіліңдер. Елді игілікке бұйырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқисыңдар, ойламайсыңдар ма? … сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді».

Зекеттің тәрбиелік мәніне келер болсақ, қоғамның әлеуметтік жағдайын жақсартуында маңызды рол ойнайды. Зекет ислам шарттарының бірі болып саналады. Құран Кәрімде зекет жөнінде былай делінген:

«Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. Өздерің үшін ілгері бір жақсылық жолдасыңдар, оны Аллаһтың қасынан табасыңдар. Шынында Аллаһ Тағала не істегендеріңді толық көруші».

Зекет қоғамды құрайтын бақуат  адамдардың құлшылығы. Оны орындау арқылы кедей мен бай аарсында сүйіспеншілік қалыптасып, бірлік нығаяды. Сондай-ақ бір-біріне деген аяушылық сезімі, жәрдем беру қасиеті күшейеді. Зекеттің тәрбиелік мәні де осында.

Ораза бұл да ислам шарттарының бірі. Аллаһтың әмір еткен оразаның сансыз пайдасы мен құпия сыры бар. Адамдарға рухани жағынан да, тән жағынан да пайдасы мол құлшылық.

Ораза мінез-құлқымызды кемелдендіреді. Сондай-ақ Аллаһты есімізге салып отырады, жауапкершілік сезімін арттырады. Жүрегімізді жаман ойлардан тазартып, өзгелерге жамандық жасаудан сақтандырады. Ораза кезінде харам нәрселерге қараудан, тілді өтірік және жаман сөздерден, құлақты харам нәрселерді тыңдаудан, асқазанды харам нәрселерді жеуден, қолды жаман нәрселерді ұстаудан, аяқты жаман жерге барудан қорғайды.

Өмірде аштықтың не екенін білмейтін бақуат адам, кедейлер көрген аштық пен қиыншылықты түсінбейді. Алайда сол адам ораза ұстайтын болса, аштықтың не екенін түсініп, кедйлердің қиыншылықтарын жақыннан сезініп, оларға деген жәрдем беру мейірімі оянады.

Ораза сабырлылыққа да тәрбиелейді. Ал сабыр иманның жартысы әрі бақыттың кілті. Сабыр ету дүниеде қиын болғанымен, ақырет үшін мол азық болып саналады. Қазақта «сабыр түбі сары алтын» деген нақыл сөз осыдан қалса керек.  

Қазіргі таңда қоғамда қарапайым күнәлар ішіне кіретін іс — әрекеттер, дінімізде де күнә және харам болып саналады. Егер балаға харам мен халалдың не екендігі, қайсы іс — әрекеттер харам, харам істейтіндердің дін тұрғысынан жауапкер болып жазаландырылатындығы, ал халал іс — әрекеттерде болса бұл дүниеде де ахиреттік өмірде де бақытқа қол жеткізетіндігі түсіндірілсе, оның әсерін бала іс – әрекеттерінде көруге болады. Бірақ бұл сенімді балада қалыптастыруда мәжбүрлеу жолымен емес, сүйіспеншілікпен үйрету ұсынылады.

 Баланың хараммен немесе халалмен ризықтануы оның мінез – құлқына да әсері көп екен. Осыған қарамастан ислам ғалымдары арасында харам тамақ немесе сүтпен қалыптасқан мінезді де өзгерте алатындығына бір ауыздан келіседі. Осы арада мына оқиғаны айтып кеткен жөн:

Садық Дананың басынан өткен бір оқиға: Таңертең үйден шығарда шешем барлық жұмысты тастап есіктің алдына келіп, «көрші бақшадағы жемістерден, үй иесінің рұқсатынсыз оны алып жеме, өйткені ол харам деп ескертуші еді. Ол кезде бақшалар жолдың бойында орналасқан болатын. Ешкімнің жоқтығын пайдаланып ұрлап алып жейтіндер де бар еді. Ұлғайған балалары  бар кейбір әке – шешелер келешектегі келіндері немесе күйеу балалары үшін «Әй Раббым! Ұл – қыздарыма халалдан сүт емгендерді жолықтыр» деп дұға жасаушы еді. Мен әлі жас болғаным үшін еш нәрсені түсінбеуші едім. Халал тамақпен ризықтанған бала Аллаһ тағаланың рұхсатымен діндар, көркем мінезді, жақсы адам болатынын кейін түсіндім»[31,30 б].

Баланың ана құрсағындағы алғашқы жылдарында халал және шариғат көрсеткен жолдармен ризықтануы өте маңызды.

Дін тәрбиесіндегі негізгі көзделетін мақсаттарының бірі баладағы шыншылдықты, шынайлықты қалыптастыру болу керек. Ақылды және жақсы қарым – қатынас жасайтын баланың көзінде батырлық, бөтендердің жанында да қорқынышсыз, ер жүректілік сипаттары байқалады. Алғашқы кезде бала өтіріктің не екендігін білмейді. Оның өтірікті тануы үлкендердің бақылауы және қорқыныш арқылы  басталады.

Егер де әке – шеше балаларын шыншыл етіп тәрбиелеуді қаласа өздері де осыған амал жасауы міндетті. Өтіріктің күнә екендігін айтып өздері өтірікші болған әке – шешелер ахлақи жақтан абыройын жоғалтады. Бала іс — әрекетінде шыншыл болса, оның өтірік айтуға қажеті де қалмайды.

Бала алты жеті жасқа дейін өтіріктің нәтижесі туралы да ойланып та жатпайды. Үлкендердің мәжбүрлеуі бойынша өтірікті тыйым салынған нәрсе деп ойлайды. Сондықтан да бұл жастағы балалардың түсінігінде дұрыс болмағанның бәрі өтірік болып есептеледі. 8 жасар бала өтірікті – бұл шындық болмаған барлық нәрсе деп біледі. 10 жастағы баланың өтірік түсінігі біле тұра туралықты сөйлемеу деп түсінеді. Демек балаға өтірік мәселесін түсіндіру 7-10 жас аралығында қатты қадағалануы қажет.

Балалар не үшін өтірікке барады, оның себептерін төмендегідей түсіндіруге болады.

  1. Мақтану, өзін жоғары көрсету.
  2. Басқаларды өзіне қарату.
  3. Жаза көру немесе сөгіс есіту қорқынышы.
  4. Үлкендердің өтірік сөйлеуі
  5. Ұялу, тартыну немесе мазақтаудан қорқу
  6. Пайдаға қол жеткізу мақсатында.
  7. Өш алу мақсатында. [74, 79 б].

Баланың өтірікке үйренбеуі үшін мұқият болу керек болған жәйттар.

  1. Әке – шеше немесе үлкендер балалардың жанында әзіл болса да өтірік айтпауы керек. Балаға өтірік айтуда үлгі болудан сақтану керек. Егер де бала өтірік айтса балаға да бұл ауру жұғып оның алдын алу қиын.
  2. Баланың тәрбиесіне қатты көңіл бөлу және оған әрқашан сүйіспеншілікпен қарым – қатынас жасауы керек.
  3. Баланы істей алмайтын нәрсені әмір етіп оларды мәжбүрлемеу.
  4. Бала басқалармен салыстырылмауы керек. Әйтпесе өзімен салыстырған балаға ыза пайда болып, өзін одан жоғары көрсету үшін өтірік айта бастайды.
  5. Өтірік айтқан баланы еш уақытта жазаландырмауы немесе ұрмауы керек. Мұндай іс — әрекеттер баланы қулыққа, өтіріктің жарыққа шығып белгілі болуынан қорқып жасырын және сақтықпен әрекет жасауға апарды.
  6. Егер бала қателік жасағанда оның шындықты айтуы оған өте ауыр келеді. Осындай жағдайда оның шындықты сөйлегенінде, міндетті түрде оны мақтап сыйлық берілуі керек. Осылайша сыйлық арқылы оның жүрегіне қуаныш кіріп шын сөйлеуге әрекет жасайды. Ал егер бала өтірік айтқан кезде өтіріктің жаман қылық екендігі, өтірік айту арқылы үлкендерді ренжітетіндігі ескертіліп одан бұдан кейін шын сөйлеу күтілетіндігін айтып өтіледі» [74, 80б ].

Сүйіспеншілік – адам өміріндегі рухани әрі діни жақтан ең маңызды ұғым болып табылады. Адам осындай жағдайдан бауырмалдық сезімі дамиды. Адам жаратылысындағы бұл сезімнің дамуы арқылы тәрбиеге қатысты көптеген нәрселердің шешімі болып табылады.

Аллаһ тағала қасиетті Құран Кәрімде Әл – Имран сүресінің  14-аятында айтады: «Адам баласы үшін әйелдер, балалар, алтын, күмістен жиналған қазыналар, сәнденген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүюәдемі көрсетіледі Бірақ олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде орынның жақсысы Алланың қасында

Кейбір әке – шешелер өз балаларын жек көретіндігін ашық түрде айтады. Балаға құдды хайуан секілді, тіпті хайуанға да жасалмайтын қиыншылықпен азаптап, сөгісті дұрыс деп қарайды. Бала әке – шеше назарын өзіне аударту үшін бірнәрселер жасайды. Бірақ, олар соқыр сяқты баланың іс — әрекеттерін жазалауға тырысады. Негізінде мұндай ата – аналар өздеріндегі қиыншылықтар мен рахатсыздықты балалардан өш алу секілді қарым – қатынас жасайды. Ғалымдардың тұжырымы бойынша жоғарыдағы сияқты көпшілік ата – аналардың жас кезінде жеткілікті мейірімділікті сезінбей, сүйіспеншілікке бөленбей немесе өмірі жетімдік көріп өскендігін айтады. Кейбіреулері өздері жақсы мінезді болса да балаларын өте қатал ұстасақ дұрыс болады деп ойлайды. Кейбір балалардағы кемшіліктер ата – ананың өзінен табылуы мүмкін, бірақ олар бұдан мүлде хабарсыз.Бұл жөнінде Г.Лихтенбергтің мына бір сөзі еске түседі: «…Ақылды бала-кілең ақымақтардың ортасында тәрбиеленсе, ол да ақымақ болады. Бірақ, адам баласының түзелуге де… бұзылуға да, қабілеті әбден жетеді…» [23, 64 б].

Исра сүресіні 31-аятында «Бір де кедейшіліктен қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер, біз оларды да сендерді де қоректендіреміз. Расында оларды өлтіру зор қателік. (Жаһилиет дәуірінде, арабтар қыз балаларын тірідей көміп тастайтын болған.

Бала сүйуді тек басқалар тарапынан сүйілу арқылы ғана үйренеді. Руссел былай деген екен: «Тәрбиеде сүйіспеншілік болмаса, балада мінез – құлық немесе сана еркін түрде дами алмайды» [76, 56 б].

Балалардың діни сұрақтарына жауап беру кезінде ескерілетін жай Әке – шеше бала тәрбиесінде олардың даму кезеңдерін қарай әрекет жасауы керек.

Біріншіден, Бала не сұраса оған жауап берілу керек. Осы арада сұрақты сұраудағы себептер зерттелінеді.Екіншіден, жауап беру баланың тәжірибе және түсінігіне сай болу керек.Үшіншіден, сұраққа жауап беру кезінде баламен шыншыл болу керек. Төртіншіден, балада ғибадат жерлеріне қызығушылық оянуы мүмкін. Міндетті түрде олар туралы сұрақтар сұрайды. Мұндай жағдайда әке – шеше мешіт, медресе сияқты ғибадат жерлерін көрсетулері қажет. Бесіншіден, әрбір баланың тұлғалық ерекшеліктері зерттелінуі керек. Алтыншыдан, әке–шеше іс-әрекеттерінде салмақтылықты және байсалдылықты негіз етіп ұстануы керек. Жетіншіден, жанұяда сенімділік ауасын қалыптастыру, жанұя мүшелері біріне сенімді болуы қажет. Сегізіншіден, балалар  әке–шешеге еліктегендіктен, олар балаларына үлгі болуды жалғастыра беруі керек.[57, 8 б]

Әрбір адамның жүрегіне Аллаһ тағала бала сүйюге  және көп балалы болуға деген табиғи қалауды салған. Бала туа салысымен кез келген жанұяға үлкен және өзге еш нәрсемен тең келмейтін қуаныш келеді. Бала — өмірдің мәні. Егер сіздің балаңыз бақытты болса, сіз де өзіңізді бақытты санайсыз. Оның қуанышы сіздің де қуанышыңыз.

Кейбір адамдардың айтуынша, балаларға деген махаббат және көп балалы болуды қалау – адамзаттың тума табиғи ерекшелігі. Бұл ерекшелік әрбір адамға тән, мейлі ол бай болсын мейлі – кедей болсын. Бұл Аллаһтың адамзатқа берген ұлы нығметі. Аллаһ тағала Шуғара сүресінің  132 -134-аяттарында айтады: «Сендерді білген нәрселеріңмен қамтамасыз еткен Алладан қорқыңдар. Сендерге малдар, балалар берді. Бақшалар, бұлақтар берген (Аллаһтан қорқыңдар)»

Ислам пайда болғаннан бастап пәк және кіршіксіз болған дін, ол өзінің пәктігін қорғай отырып, адамзаттың ұрпақ жалғастыруға деген табиғи қалауына қарсы шықпайды. Керісінше, ол – үлгілі адамды, үлгілі жанұяны, үлгілі қоғамды қалыптастыратын дін. Ислам ождандылықты, ізгі ниеттілікті және игі амалдарды, әсіресе ата – анаға деген ізгі қарым – қатынасты уағыздайды. Бұл тақырып Құранда және Пайғамбарымыздың сүннетінде толық ашылған және өмірдің барлық жақтарын қамтиды.

Бақыт қажы Ізтілеуұлы ислами тәрбие жөнінде былай деп пікір білдіреді:             «Аллаһ бұйыртса, тәрбие болса, имандылық жөнінен, бұл жерде молда болып кету емес. Бұл терең сыр ислам деген. Ислам-ол ғылым, ол-әдептілік, ол-мәдениеттілік. Жастар, балаларымыз Отанымыздың келешегі. Келешек дегеніміз жаратылыстың жалғасы. Тумақ бар да өлмек бар деген сөз. Аллаһ Тағала Құран кәрімде «Ей, мұсылмандар, үй-іштеріңді имандылыққа жақсылыққа тәрбиелеңдер» дейді. Тәрбие отбасынан басталады. Әрбір әке өз баласын жақсылық жасауға, үлкенді сыйлауға, ата-анаға құрмет көрсетуге үйрету керек» [16, 64 б].

Адамзат баласы XXI ғасырға орасан зор ғылыми–техникалық дәрежелермен аяқ басты: ғарыш әлемін игеріп, радионы, телеарнаны, компьютерді және т.б. озық жетілген техниканы ойлап тапты.

Бірақ, даму тек қана ғылыми ашулармен анықталмайды, ол бірінші орында қоғамдағы махаббат, құрметтілік, мейірімділік және т.б. түсініктердің қаншалықты бағалануына байланысты.

Дені сау және дамыған қоғам ең алдымен адамға қамқорлық жасайды. Бұл жақсы бастамаларды тәрбиелеу және оны қолдап жүруге және зұлымдық пен бұзықтықтың бастамасын түп-тамырымен алып тастау.

Жыл сайын біздің ел балалар қорғау күнін тойлайды. Бірақ көбісі осы қорғаудың ең негізі неде екенін ойламайды.

Тек ең маңызды да алғашқы қадам осы тұрғыда Ислам дінімізде. Осыған байланысты қасиетті Құраннан көптеген аяттар мен хадистер бар.

Аллаһ тағала қасиетті Құранда былай дейді:

«Ей, мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер: жуан денелі, қатал. Олар, Аллаһтың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйырса, соны орындайды».

Пайғамбарымыз былай деген: «Балаларды бағалаңыздар және жақсы тәрбие беріңіздер» және балаға ең абзал нәрсе –жақсы тәрбие»[7, 12 б].

Ислам әке болсам деп ниет білдірген адамды салиқалы әйел табудан және үйленуден де алдын ала жауапкершілікке шақырады.

Әбу Хурейра риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз «Әйелді төрт санат бойынша таңдайды. Біріншісі – оның сұлулығы бойынша; екіншісі – оның байлығы бойынша; үшіншісі – оның әлеуметтік жағдайы бойынша; төртіншісі – оның имандылығы бойынша. Имандылығы бойынша таңдасаң – ұтасың!» — деген екен. Осы орайда ғылыми тұрғыда бір дәлелденген факті келтірген жөн: Ана құрсағында жатқан бала ата –анасының кейбір генетикалық ерекшеліктерін өз бойына сіңдіріп алады екен. Оның ішінде: мінез – құлқы, тіпті қылықтары бар.

Балаға махаббат, көңіл бөлу, жұмсақтық қамқорлық қажет. Алғашқы жылдары осының бәрін балаға шешесі беруі тиіс. Айта кететін жайт, мұның барлығы балаға белгілі бір мөлшерде берілу керек, шектен шығып кетпеу керек, өйткені шексіз махаббат баланы өзімшілдік пен тәуелділікке әкеп соқтырады.

Өз сезімін ұстай білуге тәрбиелеу, бұл анасының баласына бейберекет тамақ ішуден, босқа жылаудан өзін-өзі ұстауын тәрбиелеуге тиісті.

Бақылауға ең керекті мәселелер:

  • ұйқы уақыты
  • тамақ уақыты және мөлшері
  • дұрыс сөйлеуді үйрету
  • қарым-қатынас (үлкендермен сөйлесу әдебі.[87, 105 б]

Бала өз қалауын саналы түрде сүйене отырып шектейтін негіз қалыптастырып алуы қажет.

«Халықта дана сөз бар: «Адам барлық қасиеттерімен туады-жақсы да, жаман да, қоғамда қалыптасатын алдау қасиеттерініен басқа». Яғни ата-ана еш уақытта баласына берген уәдесін орындамай  қоймау керек. [90, 58 б]

Ислам баланы тепе-теңдік және үйлесімділікте тәрбиелеуге кеңес береді. Бұл дегеніміз, рұқсат беру, тиым салусыз, қолдау жазалаусыз болмайды, бірақ барлығы Аллаһ тағаланың көрсеткен қалпы төңірегінде болуы керек. Бақылау бұл тәрбиенің ең басты элементі.

Тәрбиелеу әдістерін әрдайым Құран мен суннадан алып, тәрбиенің жақсы болуы үшін Аллаһтан көмек сұрап отыру қажет. Әке отбасының басшысы және ең алдымен Аллаһтың алдында баласын қалай тәрбиелегені жөнінде жауапкер екенін әрқашан есте сақтағаны дұрыс.

Жақсы мұсылман етіп тәрбиелеген баласы жәннәт қақпасының алдында отырады екен. Баласы айтады: «Менің әке-шешем кірмейінше мен кірмеймін»[7, 95 б].

Салих ата-ана балаларын дұрыс тәрбиелеп үлгілі амалдармен өсіргені үшін алғыс алады. Бұған дәлел мына бір хадис, «бір әйел қажылық өтеу кезде қолына баласын алып жүрді. Пайғамбардан сұрады: «Балама да қажылық болып есептеле ме?» .Пайғамбар жауап береді: «иә, және саған да алғыс».

Бала тәрбиесіне әсер ететін төрт факторды атап өтуге болады:

От басы.  Сыртқы орта («көше»). Мектеп. Қоғам және мәдениет.

Барлық осы факторлар баланың толыққанды дамуында тең әсер етеді.

Егер бұл өмірдің құраушысы ислам тұрғысынан дұрыс келсе, онда тәрбие де үйлесімді, әрі толыққанды болады. Егер де бір факторы дұрыс болмаса тәрбие де ақсайтыны анық. Мысалы, мынандай жағдайларда анық байқалады:

Қолайсыз ортада (соғыс, ұрыс-керіс, төмен саналылық) бала өмірге келсе, балаға қолдан келгенше жақсы орта қалыптастыруға тырысу керек, кейін барып мінез-құлқының жаман жақтарын түзеуге тырысу керек.[86, 95 б].

Дүниеге шыр етіп келгеннен бастап бала ата-анасымен, әсіресе, анасымен етене жақын болады. Сонау бір кездің өзінде-ақ Ф.Энгельс: «Дүниеге әкелгеннен басқа, емізгеннен басқа ешқандай шаруа істемеген, өз баласына тәрбие бермеген, өз перзентін сирек көретін ана, ол- ана емес. Ол сөз жоқ өз баласына бөтен адамдай қарайды, оған деген ешқандай мейірімділік жасамайды. Осындай семьяда өмір сүрген бала кейіннен өз семьясы болғанда да өзін жалғыз, жат сезінеді. Өз басының жағдайын жасайды, бірте-бірте осы жағдаят семьяның бөлінуіне алып барады…» (Маркс К., Энгельс Ф. Тәрбие туралы. II-том 247 –бет).[88, 35 б].

Шындығында да балалардың ата-анамен арасы жақсы болмауы- олардың психикасына әсер ететіні белгілі жайт. Баланың ана мейірімін сезінбеуі оның келешектегі мінез-құлқының нашар болуына негіз қалайды.

Тағы да айта кететіні, бала психологиясының ерекшеліктерін ескеру керек. Бала мінезін түсіне отыра, ата-ана беделінің қысымы мен баланың әр затты өзі істей алуын көрсетуінің дәл ортасын таба білу қажет.

От басының балаға әсері өзіндік ерекшелігімен көзге түседі: бала өз үйінде ғана шын мәнінде еркін сезінеді, ішіп – жейді, ойнайды, ересектерден жылы сөз, мейірім күтеді. Басқа жерде байқала бермейтін қасиеті білінеді.

От басында бала үлкендерге еліктеуді үйренеді, өмірге қажетті тәжірибе жинақтайды.

«Кейбір кездері, тамаша деп саналатын семьядан бір адамның кетуінің өзі балаға көп жеңілдік туғызатынын көріп жүрміз. Керісінше, ата-ананың ажырасуы сол семьядағы әр балаға әр түрлі әсерін тигізеді.

Сол себептен де балалар психикасының маманы М.И. Буяновтың «жағдайсыз семьядағы бала» деген кітабындағы тұжырымдармен келіспеске болмайды. Ол былай деп жазады: «… жағдайсыз семьяны басқа да белгілері барына қарамастан, ең бірінші, тәрбие мәселесі ақсап жатқан семьяға жатқызу арқылы анықтауға болады»[87, 120 б].

Бала тәрбиесінде кеткен кемшіліктер, сөз жоқ, ең алдымен, ата-ананың баламен теріс қарым-қатынасынан және де семья мүшелерінің алауыздығынан болған немесе басқа адамдар тарапынан жіберілген ағаттықтың әсерінен екені көрсетіледі.

Мұсылмандардың бала тууының және санының көбеюіне себеп болатын әр жағдай рұқсат етілген. Пайғамбар  айтқан: «Баланы дүниеге әкеле алатын, баланы жақсы көретін әйелге үйленіңдер, мен қайта тірілу күні үмметімнің көптігімен мақтан тұтатындай». Мұсылман қауымы дені сау ислами қоғам қалыптастыра отыра, Аллаһқа құлшылық ете алу үшін көп адамдарды қажет етеді.

Адам тууына тосқауыл жасау деген сияқты амалдардан алыс болу, тек өте қажет жағдайда қолдану. Бірақ егер де аса қажет болса рұқсат етіледі. Мысалы, егер де әйел қандай да бір жатыр ауруымен ауырса немесе бала көтеру денсаулығына зиян тигізіп жататын болса немесе кезекті бала көтеруге денсаулығы әлсіз болса қолдан тосқауыл жасау рұқсат етіледі.

Егер әйел адам аналық жауапкершіліктен қашып немесе карьера жасау үшін, өмір өзіне ұнайтындай етіп қалыптастыру үшін – осы сияқты себептер үшін бала көтеуіне тосқауыл қою шариғат бойынша тиым салынады. Қазіргі қоғамдағы көп әйелден осындай себептерден үйлерінде ит немесе мысық ұстауды жөн көреді. Сонымен бірге, кедейшіліктен қорқып отбасында адам санын көбейтуді тоқтатуға рұқсат берілмейді. Аллаһ тағала ризық беруші және ешбір дүниеге келген жанды аш, киімсіз, білімсіз т.с.с. қалтырмайды. Үйдің құрылуының ең берік, мықты ететін фундамент болса, сәбидің жан –дүниесінің дамуы оның шыр етіп дүниеге келгенінен тәрбиеленуі керек.  

Ата – ана балалардың бірін екіншілерінен артық санап бөлуге тыйым салады.Балалар арасында әділетсіздік орнаған уақытта олардың тәрбиесі де әртүрлі болады. Біреуі менмен, өркөкірек, тек мен ғана жақсымын десе, ал керісінше екінші біреуінде тек мен ғана жаманмын деген ой қалыптасады. Әділ болу жөнінде көп хадистер бар. Солардың бірінде: Башир ұлын көтеріп расулуллаһтың  алдына келіп: «Иә, Расулуллаһ, мен ұлым ән – Нұғманды көтеріп алып жүргеніме сізді куә еткім келеді», — деді. Сонда Расулуллаһ: «Сіз барлық балаңызды осылай көтересіз бе?»-деді.

  • жоқ.
  • Ондай болса, менен басқа біреуді куә етіңіз.

Кейін Расулуллаһ Баширден – Балаларыңыз жақсылықты бірдей көргені сені қуандырмай ма?», — деп сұрағанда, Башир: «Әрине, қуандырады», — деп жауап берді.

  • «Ондай болса, мен әділетсіз істе куәгер бола алмаймын», деп жауап берді[24, 104 б].

Бала туылғаннан кейін, мейлі ол қыз болсын, немесе ұл болсын, Аллаһ тағала Әнғам сүресінің 154-аятында оның өмірінің сақталуын қамтамасыз етуді бұйырады. «Мухаммед, (Оларға): «Келіңдер, сендерге Раббыларыңның арам еткендерін оқиын: « Оған еш нәрсені шерік қатпаңдар, әке  – шешеге жақсылық істесеңдер, жарлылықтан балаларыңды өлтірмеңдер» де. Сендерді де оларды да біз ризықтандырамыз. «Тағы арсыздықтардың көрнеуіне де көмесіне де жақындамаңдар. Және де Аллаһ арам еткен кісіні өлтірмеңдер, жазықты болса ғана болады. Сендерге осыларды Аллаһ әмір етті. Әрине түсінерсіңдер» (де)»

Қалай болғанда да тәрбие атаулының тірегі отбасы екенін, иманжүзділіктің отбасынан бастау алатынын ұмытпайық ағайын! «Табалдырықтан биік тау жоқ» демекші, ұлттық қалпымыздың алтын діңгегі – отбасынан биік ештеңе жоқ!.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бұл еңбегімді қорыта келе, әр адам бұл дүниеге келгеннен кейін,өз ұрпақтарымыздың негізін дұрыс қалап кетуіміз міндетті. Әр адам өз ұрпағын дұрыс тәрбиелесе қоғамымызда қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман болар еді. Ислам тәрбиесін анықтау үшін оған дейінгі болған халықтардың тәрбие жүйелерін қарастырмастан өте алмаймыз. Сондықтан да жұмыс барысында ең әуелі тәрбие, оның мақсаты, даму тарихы  және басқа діндердің тәрбие жүйелері мен әдіс – тәсілдерін қарастыруға тура келді.

Біздің ата – бабаларымыз да бұл мәселеде шеткері қалмаған. Қазақтың  мақал – мәтелдері, шешендік сөздері осы тәрбиені қамтиды. О баста қазақ халқында тәрбие ұғымына көп мән берілген. Қазақи тәрбие салт дәстүрлерде кеңінен қамтылған.

Дүниеге келгеннен кейінгі міндеттеріміз. Баланың дүниеге келгеннен кейінгі орындалу керек болған міндеттері көп. Ұрпақ тәрбиесін ислам толық қамтыған. Сондықтан болашағын ойлаған әрбір адам білуі тиіс. Ұрпақ дүние тіршілігінің сәні. Аллаһ әрбір адамды жақсы көреді, олардың бақытты өмір сүрулерін қалайды. Сол үшін осы тәртіптердің орындалуын талап етеді:

  • Ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлы қараудың зардаптары ата – анасына және қоғамға да зиян болып қайтады. Ұрпақтары дұрыс тәрбие алмаса бұл дүниеде де рахат көре алмайды, ахиретте де Аллаһтың алдында жауап береді.
  • Ұрпақ тәрбиесі үлкен ғылым және қай заман болса да өзекті мәселе. Бұл зерттеуде әрқайсысына жеке – жеке тоқталдым. Азан, қамат айтып, жақсы ат қою, ақиқа сою, құран, ілім үйретудің және оларға мейірімді болудың тағы басқа хақтарын орындағанда ол бала дұрыс тұлға болып қалыптасады.
  • Адам Тағала адам баласын ең биік деңгейде жаратқан. Еңбек барысында Ислам заңдары адамға деген ерекше махаббат екенін және сондай биік деңгейде өмір сүруі үшін көрсетілген тәрбие екенін түсінуге болады.

Зерттеу жұмысымда ислам тәрбиесінің қайнар көздері болған Құран мен Мұхаммед пайғамбардың сүннетіне кеңірек тоқталдым.

Құран — әлем мәдениетінің ең үлкен байлығы, бүкіл мұсылман қауымының қасиетті кітабы.Құран адамдарды татулыққа, ізгілікке, теңдікке шақырады. Адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыяды. Құран адамгершілікті, сүйіспеншілікті, көркем мінез, рухани  пәктікті, адал еңбек етумен жақсы өмір сүруге бұйырады. Құран – негізгі тәрбиенің көзі, қайнар бұлағы саналады. Бір-бірімен қырық пышақтасып қырқысқан ру-тайпалар Құран арқылы арасынан қыл өтпейтін дос атанып, аға-бауырлық қарым-қатынас орнықтыра алады.

Қорытындылай келсек, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні иманы кәміл ата- аналар өздерінің перзенттеріне жақсы тәлім – тәрбие беру арқылы ғана екі дүниеде бақытына жетеді. Ал, тәрбиенң негізі болып саналатын ата – ана, «Арбаның алдыңғы дөңгелегі қалай айналса, соңғысы да солай айналады» демекші қазақ атамыз. Ал егер ата – ананың бойында ислами мінез – құлық байқалмаса қалайша баласына жақсы бол деп айта алады.

Сондықтан да, «Балалар ата-анасының айнасы», — деп бекер айтылмаған сияқты. Мұхтар Әуезов атамыздың «Мешел болып қалмаймын десең, бесігіңді түзе», дегенінің өзі тәрбиенің әу бастан екенінің нышаны. Ендеше еліміздің болашағы болатын жас ұрпаққа берер тәрбие Аллаһтың қалауынан кейін ата – ананың қолында емес пе? Олай болса ата – ана ең алдымен өзін тәрбиелеп, баласына үлгі боларлықтай дәрежеге жетуі керек.

Жастар қоғамның болашақ-тәрбиешілері. Қоғамның тағдыры солардың қолында. Ендеше жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелі етіп дайындау – аса маңызды міндет. Ұлы ғалым ғұлама әл-Фараби айтқандай тәрбиесіз білім адамзат жинаған құндылыққа зиянын тигізеді.

Елбасы Н.Назарбаев: «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, …жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге сыйлы өз елінің азаматтары болады» деп, үлкен үміт артады. Халқымыздың қасиетін ардақ тұтар азаматтарын тәрбиелеуге бар күш-жігерімізді жұмсайық!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Халифа Алтай. Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі. – Мадина:

«Фаһд патшаның Құран шариф басым комбинаты», 1991. – б

  1. Паттеев М. И. Құран кімнің сөзі. – Алматы: «Алтын қалам баспасы», 2004. – 224 б
  2. Әділбаев А. Саңлақ сахабалар. – Алматы: «Алтын қалам баспасы», 2005. – 288б
  3. Дағайқызы С. Аударған. – Соңғы пайғамбар хазірет Мұхаммедтің өмірбаяны. – Анкара: – 446б
  4. Махмұд Хамди Зақзұқ. Ұмытылған құндылықтар. – Алматы: «Шапағат Нұр», 2006. – 96б
  5. Меңлібеков М. Құран Кәрім ілімдеріне кіріспе. – Алматы: «Әлбаракат», 2005. – 144б
  6. Пендеге иман өзі ашады жол. – Алматы: «Халифа Алтай Халықаралық қайырымдылық қоры», 2007. – 336 б
  7. Қазақстан Республикасының конституциясы. Алматы : «Жеті жарғы», 1996. – 48 б.
  8. Ибрагим Д. Ө. Адамзаттың асыл тәжі. – А., «Алтын қалам»,2003.–600 б.
  9. Абай тағылымы. Алматы : «Жазушы» , 2002. – 296 б.
  10. Тоқмырзаұлы Е. Мұсылмандық тәрбие. – Алматы: «Шапағат – Нұр баспасы», 2002. – 300 б.
  11. Садық Д. Жанұя бақыты. – Алматы: «Дәуір баспасы», 2006. – 280 б.
  12. Шарманов Т. Шапағат – Нұр журналы //Отбасы және Денсаулық // Алматы: №11 2005. –32 б.
  13. Мағжан Жұмабаев  Жан тәрбиесi //Алдаспан //2000. – №11-12
  14. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы: «Әл-Фараби», 1995. – 462 б.
  15. Ибадуллаев С. Ел болам десең бесігіңді түзе. –  Алматы: «Ғибрат», 2008. – 212 б.
  16. Ахмадиев С. Р. Ислам дініндегі ұрпақ тәрбиесі. – Алматы: «Нұр-Мүбарак», 2009. – 64 б
  17. Ғабдуллин М. Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес, А.: «Мектеп», 1966.- 123 б
  18. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалiмдердi оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасы,Тараз: 2001. – 343 б.
  19. Әз-Зубайди // аударған Спатай Қ. Сахих әл-Бухари. – Алматы: «Кәусар-саяхат»ЖШС, 2008. – 752б.
  20. Игенбаева Б.Қ. Адамгершілік сабақтары. – А., «Дәуір», 2001. – 174б
  21. Жұмабаев М.  Педагогика (баланы тәрбия  қылу жолдары) Алматы: «Рауан»,1993. –112б
  22. Тұрғынұлы Ә. Мұсылман отбасының негіздері. – Алматы: «Ғибрат», 2008. – 178 б.
  23. Хасан Бафийдің Хабарсыз қалғандарға насихаттар.
  24. Алпарслан Өзязыжы.  Арақ темекі және басқа зиянды заттар // түрік тілінен аударған Дағайқызы С. – Түркия: «Анкара», 1998. – 176б  
  25. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: «Бiлiм»,1995. – 232б
  26. Алтынсарин Ы.Мұсылманшықтың тұтқасы //дайындаған Сейдімбеков А. – Алматы: ТПО «Қаламгер», 1991. – 80б
  27. Алдаспан // танымдық журнал. –№ 5-6 2004. –33б
  28. Әлiмбаев М. Халық ғажап тәлiмгер. – Алматы: «Рауан»,1994. – 144 б.
  29. Сандыбаева Г.Ж. Иманды қыз ибалы келін. – Алматы: «Мұсылман», 2008. – 44б
  30. Смайлова М. Тәрбие жұмыстарының негіздері  // Қазақстан мектебі  1992. – №4
  31. Момышұлы Б. Ұшқан ұя (шығармалар) Алматы: «Жазушы», 1975.– 383 б
  32. Құрсабаев М.Қ. Сейтен әлемi және ұлттық педагогика (ғылыми-монографиялық еңбек) . – Көкшетау: 2004. – 195 б
  33. Жебесін Г. Ақыл-ойдың азғындауы. – Алматы: «Шапағат-Нұр»,2003. –180б
  34. Яшар К. Балаларға арналған қырық әңгіме // түрікшеден аударған Ералиев Ж. Алматы: «Хайретин Өзтүрік», 2003 . – 105б
  35. Педагогический энциклопедический словарь, Москва: 2002. – 528 с
  36. Абдусамат М. Босағаң мықты болсын десең //Алдаспан, 2002. –№1-2
  37. Ақбаев Н. Ата салтыңды аяла. –Алматы: «Ана тілі»,1998. – 160б
  38. Сәдiрмекова Ж.Б. Жеткiншектердi халық педагогикасы арқылы адамгершiлiкке тәрбиелеу. – Алматы, 1994. – 159б
  39. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. – Алматы: «Ана тілі», 2000. – 136б
  40. Сайдахметова Л.Т. Қазақстан мектептерiнде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудiң дамуы (1970-2000)Алматы, 1993. – 420 бет.
  41. Сабыр Ә.Әдептілік //Өмір. – Алматы: «Кітап», 2001. –№1
  42. Төлеубекова Р.К. Бала тәрбиесiндегi халықтық педагогика. – Алматы: 1994 . – 140 б
  43. Жүнісұлы А. Некеден кейінгі тәрбие // Алдаспан, 2005. – №3-4. —  
  44. Абайдың дүниетанымы мен философиясы. А., «Ғылым», 1995. – 184 б
  45. Абай Құнанбаев. Қалың елім қазағым. –Алматы: «Ғылым», 1995. – 215 б
  46. Беркімбаева Ш.К.,- Оқушыларға ұлттық тәрбие берудің педагогикалық мазмұны, Этнопедагогика, №1.–2005, 12-15 бб.
  47. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы. 2008.–159 б