АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Кәсіби білім беру жүйесіндегі «Түлкібас агробизнес және туризм» колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары

Кіріспе

 

          Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістінгіне интеграциялау мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерінде төмендегі мәселелер баса айтылады:

          «Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәскеге қабілеттілігін арттыру;

Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;

Педагог мамандығының беделін көтеру;

Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру;

Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету» [1].

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты — ел экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Орындалуға тиісті бағдарламалық мақсаттардың ішіндегі техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін жаңғыртуға қол жеткізу, педагог мамандығының беделін көтеру, «E-learning» электрондық және ақпараттық оқытуды (сандық білім беру ресурстары) енгізу мәселелері де шешімін табуда. 

Жұмыстың мақсаты:

Кәсіби мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барысында сабақтарды, соның ішіндегі Электротехника пәнінің «Сақтандырғыштар, реле» сандық білім беру ресурсын жасау. Оқушыларға жаңа технологияны пайдаланып сонымен қатар сандық білім беру ресурсын сабақта қолдану арқылы сабақтың жоғары нәтижесіне жету.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Тақырып бойынша теориялық білімдердің оқу құжаттарын жасау
  2. Тақырып бойынша сабақ жоспарының күнтізбелік тақырыптық жоспарын
  3. «Сақтандырғыштар, реле» тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  4. Сабақты өткізу әдістемесін жасау

6.Пәнаралық байланыс картасын жасау

Дипломдық жұмыстың нысаны:

Жоғарыда атап өткен келтірілген мәліметтерге сай болашақ электр мамандарын даярлайтын  кәсіптік оқыту педагогы ретінде Қазақстанда білім беруді реформалау жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын, экономика мен әлеуметтік саланы дамытуда маңызды рөл атқарады. Қазақстанның тұрақты экономикалық өрлеуі маңызды өзгерістерді, сондай-ақ техникалық және қызмет көрсету салалары мамандарына сұраныстың табиғи өсуін туғызды.

Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың көбеюіне аса көңіл аударып отыр.

Сондықтан да, бүгінгі күнде жоғары білімді кәсіптік білім беру маманы ретінде менің алдымда біліктілігі жоғары, әлеммен бірге адымдай алатын және де, қоғам сұраныстарын қамтамасыз ете алатын электр маманын даярлау. Бұл мақсатты сандық білім беру ресурстарын қолдану арқылы жоғары нәтижеге жетуге болады деген үміттемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Кәсіби білім беру жүйесіндегі «Түлкібас агробизнес және туризм» колледжінің оқу өндірістік қызметінің қысқаша сипаттамасы және дипломдық жұмыс тақырыбын негіздеу

1.1Кәсіби білім беру жүйесіндегі «Түлкібас агробизнес және саяхат» колледжінің оқу-өндірістік қызметінің қысқаша сипаттамасы

 

1963 жылы Қазақстан Коммунистік паритясы Орталық коммитетінің және Министр кеңесінің 19-шы шілдедегі № 571 қаулысына сәйкес Қаз ССР ауыл шаруашылық Министрлігінің № 164 бұйрығы бойынша, ауыл шаруашылығы училищесінің негізінде «Ванновка ауыл шаруашылығын механикаландыру» техникумы құрылды.

          Техникум құрамында үш бөлім ашылды: «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Гидромелиориация», «Гидромелиоративтік жұмыстарын механикаландыру».

          1966 жылы техникум ауыл шаруашылығы Министрлігінің ҚазКСР мелиориация және су шаруашылығы Министрлігіне берілуіне байланысты «Ванновка гидромелиоративтік техникумы» болып қайта құрылды.

          Ал 1989 жылы 10 сәуіріндегі ҚазКСР Министрлер Кеңесінің № 123 қаулысына байланысты техникум мемлекеттік агроөнеркәсіп қарамағына берілді де, ҚазКСР мемлекеттік агроөнеркәсібінің 1990 жылы 3 шілдеде № 234 бұйрығы бойынша «Ванновка агроөнеркәсіп техникумы» деп аталды.

          47 жылдық тарихы бар Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі ҚР білім стандарттары талаптарына сай жаңа үлгідегі орта кәсіптік білім беретін оқу орны. Мемлекеттік АА сериялы № 0000291 лицензиясы шектеусіз қызмет ету мерзіміне берілген. 2005 жылдың 26 қазанында ҚР Мемлекеттік аттестациялау комиссиясымен аттестациядан өтті.

 

 

Сурет 1 «Түлкібас агробизнес және саяхат» колледжі

Колледждің материалдық-техникалық базасы: Жалпы ауданы 3187,80 м2, оқу ғимаратының құрылысына өзгерістер енгізіліп, толық жөндеуден өткізілген. Оқу ғимаратында толығымен стендтермен жабдықталған 29 пәндік кабинеттер, аумағы 70 м 2 акт залы 46 оқыту машинасы бар 3 компьютерлік сыныпн, екі интерактивті тақта және мультимедиялық кабинет бар. Барлық компьютерлер университеттің ішкі интернет жүйесіне қосылған. Өзінің жеке логин мен паролі бар кез келген оқытушы мен оқушы университеттің электронды ресурстары бар сайтына және оқытушылардың жеке парағына кіруге мүмкіндік алады. Бұл жерде тек қана информатика пәні бойынша ғана емес, АКТ қолданған барлық пәндер енгізілген. Барлық аудиториялар қажетті құрал-жабдықтармен, қажетті жиһазбен жабдықталған. 2003 жылы оқу сапасын жақсарту мақсатында тілдерді оқытуға байланысты лингафон кабинеті және оқу жоспарына сәйкес жеке оқу пәндері бойынша оқу кабинеттері қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қаз Ғимаратта медициналық кабинет, оқу залы және асхана орналасқан       Колледж мамандықтары Түлкібас агробизнес және саяхат  колледжінде «Кәсіптік даярлау» негізінде даярланатын мамандықтар мыналар 1 кестеде берілген:

 

Кесте 1

Колледж мамандықтары тізімі

 

р/с

Оқытылатын мамандықтар

 
 

1

0705002 — Есеп және аудит (сала  бойынша)

0712002 -Менеджмент 

 

2

3005002  Тасымалдауды ұйымдастыру және көлік қозғалысын басқару

4238002-Жеміс-жидектерді сақтау және өңдеу

 

3

4402002 -Ауыл шаруашылық өндірісін  механикаландыру және автоматтандыру

 

4

0911000 – Электроэнергетика және радиоэлектроника

 

5

0503000 -Туризм

 

6

6501782 — Агрономия

 

7

4308005 — Гидромелиориация

 

8

4300800 — Гидромелиоративтік жұмыстарын механикаландыру

 

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

0911000 — «Электроэнергетика және радиоэлектроника» ,

«Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электрлік және электр механикалық жабдығына техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандандыруы үшін электромеханиктің кәсіптік қызметінің объектілері:

-өндірістік агрегаттардың, станоктардың  және өндірістік механизмдердің электр жетегінің электржабдығы

-өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың электржабдығы;

-жалпы өнеркәсіптік механизмдердің электржабдығы;

-жарықтандыру электр қондырғылары;

-кәсіпорын цехтарын ішкі электрмен жабдықтаудың электр берілісінің ауа және кабель желілері;

-тарататын трансформаторлық қосалқы станциялардың, трансформаторлық пукттердің жабдығы;

«Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электрлік және электр механикалық жабдығын техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандандыруы үшін электромеханиктің кәсіптік қызметінің түрлері:

-кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электрлік және электр механикалық жабдықты техникалық пайдалануды, қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру;

-кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электрлік және электр механикалық жабдығын, электр өлшеу аспаптарына, релелік қорғаныс құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және баптау;

-кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттарды электрмен қамсыздандыру тораптарын, электржетегінің жүйесін жобалау және құралымдық дайындау;

-өнеркәсіптік кәсіпорындардың электрлік және электр механикалық

жабдығына қызмет көрсету;

-жабдықты, механизмдерді, машиналарды және қозғалтқыштарды жөндеу;

-жарықтандыру арматурасы үшін кабельдерді, кронштейндерді, қорғаныс қаптаманы орнату конструкцияларын, тор қоршауларды және т.т бекіту;

-жоғары вольтты жабдықты, приборлар мен өлшеу аппараттарынорнату;

-траншеяларда, каналдарда, тоннельдерде және ғимарат ішінде кабельдерді төсеу;

-жерлендіру және нөлдеу қүрылғыларының тораптарын монтаждау;

-кабельдер мен сымдар үшін жарықтандыру қораптарын орнату;

-жарықтандыру сымдарын төсеу;

Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар:

-толық оқу-тәрбие үрдісі барысында қалыптасатын маманның

 біліктілігінің деңгейіне сәйкес базалық құзыретті меңгеру керек:

  1. Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңызын түсіну, оған тұрақты қызығушылық таныту;
  2. Кәсіптік жағдайда жүйелі әрекет етуге, өз қызметін талдау мен жобалауға, белгісіздік жағдайында өз бетімен әрекет етуге қабілетті болу;
  3. Орындайтын жұмысқа жауапкершілік танытуға дайын болу, кәсіптік іс-әрекет саласында проблемаларды өз бетімен және тиімді шешу;
  4. Әртүрлі ұйымдастыру-құқықтық нысандарын ұйымдастыруда кәсіптік міндеттерді шешу бойынша практикалық іс-әрекетке қабілетті болу; кәсіптік лексиканы меңгеру;
  5. Өз еңбегін ғылыми ұйымдастыруға қабілетті болу, кәсіптік іс-әрекет саласында компьютерлік техниканы қолдана білу;
  6. Әріптестермен өзара жақсы қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа дайын болу
  7. Тұрақты кәсіптік өсуге, жаңа білім алуға дайын болу;
  8. Өзін-өзі жетілдіруге (өзін-өзі тануға, өзін-өзі бақылауға, өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге) талпыну; өзін-өзі творчестволық жетілдіруге талпыну;
  9. Кәсіпкерлік қызмет негіздерін және кәсіптік салада кәсіпкерлік ерекшеліктерін білу;
  10. Ақпарат көздерін өз бетімен іздеу және анықтау негізінде практикалық міндеттерді шешу.

Кәсіптік іс-әрекеттің негізгі түрлеріне сәйкес келетін базалық құзыретті меңгеру керек:

  1. Электржетектің механикалық бөлігінің есептік сұлбаларын құру;
  2. Электржетегінің электрлік және электр механикалық параметрлерін есептеу;
  3. Әр текті жүмыс машиналары үшін электрқозғалтқыштың қуатын есептеу және таңдау;
  4. Электр тораптарын, қосалқы станциялардың және тарату пункттерін есептік электрлік параметрлері бойынша таңдау;
  5. Электр энергиясын қабылдауыштарды жіктеуді; электр жүктемелерінің графигі мен картограммасын орындау; 1000В дейін және одан жоғары жүктемелерді есептеу; қосалқы станцияларда трансформатор қуаты мен санын таңдау;
  6. Өндірістік кәсіпорын мен азаматтық ғимараттардың электрмен қамсыздандыру тораптары үшін қорғаныс пен электравтоматикасын таңдау;
  7. Кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелері үшін электр энергиясын есепке алу жүйелерін таңдау;
  8. Электр энергиясын есепке алудың қазіргі техникалық қүралдарын өндірістік іс-әрекетте пайдалану;
  9. Электр қондырғыларында жұмыс жасаудың қауіпсіз жағдайларын ұйымдастыру;
  10. Өндірістік жарақаттану себептерін талдау;
  11. Жұмыс жобаларының технико-экономикалық негіздемелері мен сметалық құжаттамасын құру үшін экономикалық есептер орындау.

Кәсіптік іс-әрекетінің негізгі түрлеріне сәйкес арнайы құзыретті меңгеру керек:

  1. Слесарлық, токарлық және фрезерлік станоктарда жұмыс істеу;
  2. Бақылау-өлшеу аспаптарын; слесарлық жұмыстарды атқаруда қолданылатын құралдарды пайдалану; металдарды шабуды, кесуді, түзеуді, қалайылауды, бұрғылауды, электрлік пісіруді орындау;
  3. Сымдарды, тростарды, кабелдерді кесуді; сымдар мен кабель талсымдарын бөлуді, ұштауды және жалғауды орындау;
  4. Жарықтандыру электр сымын монтаждау; электржабдығын жерлендіруді монтаждау; электр тізбектерінің кедергісін, электр машиналары мен аппараттарының орамаларын өлшеу; электржабдығының оқшауламасын тексеру;
  5. Электрберілісінің әуе желілерінің элементтерін монтаждауды орындау;
  6. Электржабдығын жөндеуді, монтаждауды және баптауды ұйымдастыру графиктерін құру;

 

 

1.2 Дипломдық жұмыста тақырыптың таңдануын негіздеу

 

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты — ел экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Орындалуға тиісті бағдарламалық мақсаттардың ішіндегі техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін жаңғыртуға қол жеткізу, педагог мамандығының беделін көтеру, «E-learning» электрондық және ақпараттық оқытуды (сандық білім беру ресурстары) енгізу мәселелері де шешімін табуда. 

          Мен, өзімнің жұмысымның тақырыбының өзектілігін де осында деп санаймын. Қазіргі заман кибернетика заманы, ақпараттық ресурстар яғни сандық ресурстар заманы. Бір сәт айналаңызға бақылаушы ретінде қарасаңыз, қазіргі уақытта ақпарат бұл мемлекеттің пайдалы қоры іспеттес басты байлығының бірі, экономикасын, әлеуметтік саласын дамытатын қозғаушы күш.

Жоғарыда атап өткен келтірілген мәліметтерге сай болашақ электр мамандарын даярлайтын  кәсіптік оқыту педагогы ретінде Қазақстанда білім беруді реформалау жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын, экономика мен әлеуметтік саланы дамытуда маңызды рөл атқарады. Қазақстанның тұрақты экономикалық өрлеуі маңызды өзгерістерді, сондай-ақ техникалық және қызмет көрсету салалары мамандарына сұраныстың табиғи өсуін туғызды.

Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың көбеюіне аса көңіл аударып отыр.

Сондықтан да, бүгінгі күнде жоғары білімді кәсіптік білім беру маманы ретінде менің алдымда біліктілігі жоғары, әлеммен бірге адымдай алатын және де, қоғам сұраныстарын қамтамасыз ете алатын электр маманын даярлау. Бұл мақсатты сандық білім беру ресурстарын қолдану арқылы жоғары нәтижеге жетуге болады деген үміттемін.

Сандық білім беру ресурсы — әдістемелік құрал. Бір ресурсты жасау үшін тек қана педагог мамандар ғана емес, онға жуық адам жұмыс істейді. Сенсеңіз, бір ресурсты шығару үшін суретші, анниматор, режиссер, білікті дикторлар, бірнеше саланы қамтыған программистер ат салысады. Сондықтан бұл командадағы бір адамның жұмысы жалпы командаға әсер етеді. Сандық білім беру контентін электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми — әдістемелік зерттеулер құрайды. Мәселен, мектепке дейінгі бала компьютерлік ойындар арқылы білімін жетілдірсе, мектеп оқушысы электронды оқулықтар арқылы оқиды, кәсіптік білім беру мекемелерінде виртуалды жаттығу әдістемесінен білім алса, жоғары оқу орнының студенті ғылыми — әдістемелік электронды оқу құралын пайдаланады. Міне, мұның бәрі сандық білім беру контентін құрап отыр. Ал енді электронды оқулықтың сандық білім беру ресурсынан айырмашылығы неде? Ең алдымен электронды оқулық мектеп бағдарламасын түгел қамтиды. Яғни оқушы электронды оқулық арқылы білімін жетілдіріп, интерактивті тапсырмаларды орындаса, сандық білім беру ресурсы белгілі бір пәнді түбегейлі зерттейді, интерактивті тапсырмаларды орындаған оқушы сандық білім беру ресурсы арқылы тест сұрақтарына жауап береді. Мойындаңызшы, үш пен екіге оқығысы келетін оқушы не студент жоқ, барлық оқушылар мен студенттер жақсы оқығысы келеді. Тек оларға мүмкіндік берілуі тиіс.

Сандық білім беру ресурсатрының ерекшелігі де осында барлығына түсінікті де анық берілетін арнайы мамандар даярланған мағлұмат.Әрине мұғалім білім алушыларға бұл материалдарды беріп қана қойып екі қолын ысқылап отыру емес, ұстаздың ролі әрқашан да маңызды болып қала береді. Бірақ сандық білім беру ресурстарын сабақ жүргізуде қолдануда мұғалімге үлкен көмек болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         2 Технологиялық бөлім

          2.1Сақтандырғыштар және релелердің» қазіргі жағдайы

 

         Сақтандырғыштар және релелер басқару және қорғау аппараттарына жатады. Электр энергия, өндіру, тасымалдау, тарату, тұтыну үрдістерін және олардың қалыпты һәм қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін басқару және қорғау аппараттары қолданылады.

          Жалпы алғанда, электр энергиясын қажетті уақытта беріп, қажет емес кезде тоқтатып (өшіріп) және электр энергиясы мен одан түрленген энергияның параметрлерін өзгертуге арналған аппараттарды басқару аппараттары деп атайды. Мысалы, басқару аппараттарының көмегімен электрлік қозғалтқыш жіберіледі, жүргізіледі, тоқтатылады, тежеледі және айналу бағыты өзгертіледі, айналу жылдамдығы реттеледі, т.с.с.

          Электр тізбектерін және жеке құрылғылар мен қондырғыларды асқын ток пен кернеудің және осы шамалардың төмендеп кетуінің, максимал және минимал айналу жылдамдықтың, қатты қызудың, т.б. салдарынан бүлінуден сақтауға арналған аппараттарды қорғау аппараттары деп атайды. Мысалы егер тоңазытқыштар температуралық релемен жабдықталмаса, үздіксіз жұмыс істеудің нәтижесінде олардың істен шығып қалуы мүмкін.

          Басқару аппараттары қолмен басқарылатын, яғни қолдық және автоматтық болып бөлінеді. Егер аппарат адамның қолымен оның тұтқасына немесе батырғысына әрекет етудің нәтижесінде іске қосылса, онда мұндай аппарат автоматтық аппарат деп аталады.

          Көптеген аппараттар жартылай автоматтық болып келеді және басқару һәм қорғау функцияларын қоса атқарады.

          Басқару және қорғау аппараттары номинал кернеулері бойынша төмен (1000 В-ке дейін) және жоғары (1000 В-тен жоғары) кернеулік болып, ток тегі бойынша тұрақты және айнымалы токтық болып бөлінеді. Қоршаған ортадан қорғанышы бойынша ашық, қорғалған, бітеуленген, жарылыстан қорғалған, судан қорғалған т.с.с. болып бөлінеді.

          Басқару және қорғау аппараттары өзара механикалық және электромагниттік байланысқан элементтер мен буындардан тұратындықтан оларда бір уақытта электромагниттік, коммутациялық және жылулық үрдістер қатар жүріп жатады. Сондықтан аппараттарды есептеу өте күрделі болып келеді және көбіне тәжірибеге негізделіп жүргізіледі. Ал, жалпы алғанда, кез-келген аппарат сенімді жұмыс істейтін, күтім-жетімге ыңғайлы, габариті мен массасы кішкене және бағасы арзан болуы керек [2].

 

 

          2.2 Сақтандырғыштар мен релелердің жұмыс істеу принципі және қызметі

 

          Электрлік реле және электромеханикалық релелер. Реле деп белгілі-бір мөлшерлі физикалық шаманың әсерінің нәтижесінде екінші-бір жүйенің секірмелі өзгертуге арналған аспапты айтады. Реле әртүрлі салада әртүрлі қызмет атқарады. Бірақ басқару тізбектеріндегі реленің негізгі ролі электрлік құрылғылар мен қондырғыларды бір күйден екінші күйге көшіру және қалыпты емес һәм аппаттық күйлерінен қорғау болып табылады. 

         Электрлік релелердің көпшілігі электромагниттен және тұйықтаушы һәм ажыратушы түйіскілерден тұрады.

 

1-өзек. 2-якорь, 3-ажыратушы түйіскілер, 4-тұйықтаушы түйіскілер, 5-шарғы.

 

Сурет 2.2.1  Электромагнитті реле сұлбалық құрылысы — (а) және түйіскілер мен шарғының шартты белгілері — (б).

 

          Егер шарғыға (5) кернеу берсе, онда өзекте магнит өрісі қоздырыладыү Магнит өрісінің әректінен якорь (2) өзекке (1) тартылып, ажыратушы түйіскілер (3) ажырайды да, тұйықтаушы түйіскілер (4) тұйықталады.

Релені іске қосатын, яғни якорьды өзекке тартып тұратын күш тудыратын, әсер етуші шаманың минимал мәнін реленің іске қосылу параметрі деп атайды.

          Реле қайтатын, яғни якорьды өзекке тартып ұстап тұра алмайтын, әсер етуші шаманың максимал мәнін реленің босату параметрі деп атайды.

          Реленің босату параметрінің  іске қосылу параметріне  қатынасы реленің қайтымдық коэффиценті деп аталады:

 

                                                                                                              (2.2.1)

 

         Қайтымдық коффицент неғұрлым бірге жақын болса, соғұрлым реленің дәлдігі жоғары болады деп есептеледі.

          Әсер етуші шамаға байланысты және арналымына қарай релелер токтық, кернеулік, уақыттық, жиіліктік, арнаулы т.с.с. болып бөлінеді. Мысалы, токтық реле электрлік қондырғыларды ток күші бойынша асқын жүктелуден қорғауға және токтың мәніне байланысты басқаруға арналған. Реленің (2.2.2 сурет) шарғысы (1) қоздыратын магнит ағыны өзек (2) және якорь (3) арқылы тұйықталады. Магнит өрісінің әсерінен якорь өзекке тартылғанда онымен байланысқан белдік (4) айналып, қозғалмалы түйіскіні (5) қозғалмайтын түйіскімен (6) түйістіреді. Якорьдің айналуына серіппе (7) қарсы әсер етеді. Серіппенің серпімділік қарсы әсер күші арнаулы тұтқаның (8) көмегімен реттелінеді. Якорь мен өзектің арасындағы саңылауды және серіппенің қарсы әсер күшін өзгерте отырып, реленің іске қосылу тогының мәнін тағайындауға болады. Әдетте серіппенің серпімділік қарсы әсер күшін реттеуге арналған тұтқаның 8 баптарында іске қосылу тогының мәндері көрсетілген болады.

Токтық реленің іске қосылу тогын оның токтық ұстамы деп атайды. Әдетте токтық реленің шарғысы арқылы бақылауға алынған ток, яғни жүктің тогы жүруі керек. Сондықтан реледегі керенудің

 

1-шарғы, 2-өзек, 3-якорь, 4- белдік, 5-қозғалмалы түйіскі, 6-қозғалмайтын түйіскі, 7-серіппе, 8-арнаулы тұтқа.

 

Сурет 2.2.2 Токтық реленің сұлбалық құрылысы (а) мен түйіскілердің және шарғының графикалық шартты белгілері.

 

          Түсуі аз болуы үшін токтық реленің шарғысы кедергісі аз жуан сымнан жасалады.

          Осындай реленің кернеудің мәнін бақылау үшін де қолдануға болады. Бірақ кернеулік реленің шарғысы кернеуі бақыланатын элементке параллель жалғанады. Сондықта оның шарғысы кедергісі үлкен, яғни орам саны көп, жіңішке сымнан жасалған болуы керек.

          Көптеген қондырғылар мен құрылғыладың жұмысы уақыт бойынша кезектілікті және сатылықты қажет етеді. Ал оны қамтамасыз ету үшін басқару тізбектерінде уақыт релесі қолданылады. Уақыт релесі әртүрлі үрдіске негізделген (электромагниттік, электрондық, механикалық, т.с.с.), бірақ солардың ішінен сағат механизмін қолданатын уақыт релесі кең тараған. 2.2.3-суретке сәйкес сағат механизмді уақыт релесінің өте қарапайымдандырылған сұлбалық құрылысы келтірілген.

 

 

1-червякты беріліс, 2-сағат механизмі осі, 3-айналатын түйіскі, 4-қозғалмайтын түйіскі, 5-бағыттаушы тақташа.

 

Сурет 2.2.3 Сағат механизмді уақыт релесінің сұлбалық құрылысы (а) мен түйіскілердің және шарғының графикалық шартты белгілері (б).

 

         Электромагниттің якорі червякты беріліс (1) арқылы сағаттық механизммен байланысқан (суретте сағаттық механизмнің тісті берілістері көрсетілмеген). Якорь өзекке тартылған кезде, оның ілгерілмелі (сызықтық) қозғалысы сағат механизмі өсінің (2) айналмалы қозғалысына түрленеді. Механизмнің осіне онымен бірге айналатын түйіскі (3) уақыттық бағыттаушы тақташаның (5) бойымен қозғалып отырып қозғалмайтын (4) түйіскіні тұйықтайды. Қажетті тағаттық уақыт қозғалмайтын түйіскінің уақыттық бағыттаушы тақташадағы орнымен анықталады. Электромагнит якорьді босатқан кезде серіппелердің көмегімен қозғалмалы түйіскі бастапқы орнына қайтып келеді. Уақыт релесінің түйіскілерді әдетте іске қосылуға (КТ1, КТ3) тағатты және өздігінен қайтуға (КТ2, КТ4) тағатты етіп жасалады.

         Қозғалтқыштардың басқару тізбектерінде центрден тепкіш күшке негізделген қарапайым жиілік релесі де кездесіп қалады 2.2.4 суретке сәйкес.

 

1-білік, 2-серіппе, 3-жүктер, 4-қозғалмалы ішпек, 5- қарын, 6-қозғалмалы түйіскі, 7-қозғалмайтын түйіскі.

 

Сурет 2.2.4. Жиілік релесінің сұлбалық құрылысы (а) мен түйіскінің графикалық шартты белгісі (б).

 

        Қозғалтқыш жалғанған білік (1) айналмай тұрған кезде серіппе (2) төменгі қозғалмалы (4) ішпекті итеріп тұрады. Ішпек қозғалмалы түйіскінің (6) қарын (5) басып, түйіскілерді ажыратып тұрады. Қозғалтқыштың айналу жиілігі өсе бастағанда, центрден тепкіш күштің әсерінен жүктер (3) біліктен алшақтайды. Қозғалмалы ішпек серіппені қысып қозғалмалы түйіскінің қарын босатады да, қозғалмалы түйіскі (6) қозғалмайтын түйіскімен (7) түйіседі.

       Айналу жиілігінің сезбері (сенсоры, датчигі) ретінде тахогенератор деп аталатын тұрақты ток машинасы кеңінен қолданылады. Тахогенератордың ЭҚК-і якорьдің айналу жиілігінен ғана тәуелді болатындықтан, оған вольтметр жалғап айналу жылдамдығын өлшейтін аспап – тахометр ретінде және айналу жиілігінің сезбері (сенсоры, датчигі) ретінде де басқару тізбектерінде жиі пайдаланады [2].

       Реле́ (фр. relais) — электрлік құрылғы (ажыратқыш), электрлік не электрлік емес әртүрлі кірме шамалардың берілген кезіндегі электр сымдарының әртүрлі учаскілерінің тұйықталуы және тұйықсыздалуы. Реленің электрлік, механикалық, және жылулық деген түрлері бар.

       Электромагнитті реленің негізгі бөліктері: электромагнит, якорь, ауыстырып-қосқыш. Электромагнит өздігінен магнитті материалдан жасалған катушакға оралған электр сымын көрсетеді. Якорь – контактілермен басқаратын итеруші магнитті материалдан жасалған пластина.

       Тарихы. Алғашқы реле америка ғалымы 1831  жылы Джозеф Генримен ойлап табылды және электромагнитті қызмет принципіне негізделген және де Дж. Генри шығарған релесі коммутациялық емес екенін атап өткен дұрыс. Реле сөзі ағылшынның relay сөзінен шыққан, шаршаған хат тасушы аттарды ауыстыру не эстафетаны шаршаған спортсмендерден алу дегенді білдіреді.  Жеке құрылғы ретінде реле Самюэль Морзенің телеграф  құрылғысында аталып өткен.

          Реле классификациясы:

·                   Контактілердің алғашқы қалпына қарай реле болады:

1.Орташа тұйықталған контактілермен;

2.Орташа тұйықталусызданған контактілермен;

3.Ауыстырып-қосылған контактілермен.

 

·         -Басқару сигналының типі бойынша:Тұрақты ток;

·         —Нейтральды реле: басқару сигналының полярлығы ескерілмейді, тек оның бар\ жоқтығы ғана тіркеледі.

·         —Поляризацияланған реле: басқару сигналының полярлығына сезімтал, оның ауыстырылуы кезінде ауысады.

·         —Комбинацияланған реле: басқару сигналының бар\жоқтығына және полярлығына әсерленеді.

·                 Айнымалы ток:

·                 Контактыға шектелген жүктеме бойынша.

·                 Іске қосылу уақыты бойынша.

·                 Орындалу типі бойынша

·         1.Электромеханикалық реле;

·         2.Электромагнитті реле (электромагнит орамасы білікке қатысты қозғалмайды);

·         3.Герконовый реле;

·         4.Магнитоэлектрикалық реле (электромагнит орамасы білікке қатысты қозғалмалы);

·         5.Термореле (биметалдық);

·         6.Электродинамикалық реле

·         7.Ферродинамикалық реле

·         8.Индукциялық реле

·         9.Статикалық реле

·         10.Ферромагниттік реле

·         11.Иондық реле

·         12.Жартылай өткізгішті реле

·         -Қадағаланатын өлшемі бойынша

·         1.Кернеу релесі;

·         2.Ток релесі;

·         3.Қуат релесі ;

·         4.Пневматикалық қысым релесі;

·         5.Оқшауламаны басқару релесі;

·               Электромагнитті құрылғының арнайы түрлері:

·         1.Қадамдық іздеуші.

·         2.Қорғаныш ажыратқыш құрылғысы.

·         3.Автоматикалық ажыратқыш .

·         4.Уақыт релесі.

·         5.Электромеханикалық санауыш [8].

.

1—реле орамасы (A1, A2-басқарма сымы), 2 -тұйықталу контакті, 3-тұйықсызданушы контакті, 4-іске қосылу кезіндегі баяулатқышы бар тұйықталу контакті, 5-қайта бару кезіндегі баяулатқышы бар тұйыталу контакті, 6-импуоьсті тұйықталу контакті, 7-өздігінен  қайта барусыз тұйықталу контакті, 8-өздігінен қайта барусыз тұйықсызданусыз контакті, 9- тұйықсызданушы контакті іске қосылудағы баяулатқышы бар, 10-қайта бару кезіндегі баяулатқышы бар тұйықсыздану контакті, 11- ортақ контакт, 11-12- орташа тұйықталаған контакт, 11-14-орташа тұйықсызданған контакт.

 

Сурет 2.2.5 Сұлбалардағы реленің белгіленуі

 

       Электромагнитті релелердің жұмысының негізі метал біліктегі катушка орамаларынан пайда болатын электромагнитті күшке негізделген. Реле детальдары негізінде монтаждалады және қақпағымен жабылады. Біліктің үстіне жылжымалы зәкір орнатылған немесе бірнеше контактілерімен. Оларға қарсы жылжымайтын қосалқы контактілер орналасқан [3].

        Бастапқы түрінде зәкір серіппемен ұсталады. Басқару сигналын берген кезде электромагнит зәкірді тартып, реле конструкциясына қарай контактілерді тұйықтайды не ажфратады. Басқарушы кернеуді ажыратқаннан кейін серіппе зәкірді бастапқы қалпына алып келеді.

       Басқарылатын сым басқарушымен электрлік ешқанадай байланыссыз (электротехникада құрғақ контакт деп аталынады). Басқарылатын сымдағы ток шамасы басқарушыдағы ток шамасынан үлкен бола алады. Басқару сигналының көзі: электрлік сұлбалар, әртүрлі датчиктер, және шығысында ток және кернеудің минимал шамасы бар құралдар бола алады.

        Осындай жолмен реле электр сымындағы токтың, кернеудің, қуаттың дискретті күшейткіш қызметін атқара алады. Алғашқыда релені дискретті (сандық) есептеуіш машиналарда қолданды. Нәтижесінде сандық техникада релені алдымен ламапамен содан транзисторлармен және микросхемалармен ауыстырылды. Қазіргі уақытта электртехникасында релені үлкен шамалы токтарды басқаруға, ал кіші шамалы токтарға транзисторлар мен тиристорлар қолданылады.

Әрбір реле құрылғысының негізгі функциясына контактілерді сол не басқа моментте ауысытырып қосу болып табылады.

          Құрылғылардағы реле, мысалы, автоматты  оқшаулау құрылғыларында немесе диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларында, сигналдардырдың, өткелік қалыптарды қадағалауға және позедардың т.б жүруінің қауіпсіздіген қамтамасыз ететін жұмысты автоматтық түрде орындайды.

          Автоматтық оқшаулау немесе диспетчерлік орталықтандыру релесінен анығында ерекше нақтылықты және жұмыста төзімділікті талап етіледі.

          Реленің сапасына қойылатын  жоғары талаптар, олардың конструкцияларын мұқияттылықпен өңдеуді, керекті материалдарды және дәл реттеуді талап етеді. Себебі, эксплуатацияға берілетін реле арналымына толық сәйкес келу үшін және қатал норма және рұқсат бойынша орындалу керек.

         Арналымы:

1.Жол релелері,  рельстік сымдарға қосылатын және олардың қалпына әсер ететін.

2.Сызықты релелер, сызықты сымдарға және блок-участоктар немесе аралас сигналдар арасындағы бағыныштылықты қамтамасыз ететін схемаларда қолданылады.

3.Қайталанбалы реле, басқа релелердің іс-әрекеттерін қаталайтын (басты түрде сызықты) реле.

4. Сілтемелі реле, сигналды оттардың сымдарының қалыпына байланысты қызмет атқаратын реле.

5.Өзіндік тұтқыр релелер, қоректі екі жолмен алатын: басқа релемен контакті арқылы және жеке контак арқылы.

6.Қосымша релелер, негізгілерге қосымша сигналды сымдарда қосымша функцияларды атқаратын.

7.Жүргізу релелері, өзінің жүргізу контактілерін тұйықтау арқылы және әртүрлі жетектерді (мысалы, тілшелі, автотоқтау және т.б) реверстеу арқылы.

8. Кодты релелер, реле-санауыш ретінде диспетчерлік орталықтандыруда қолданылатын, телебасқармаларда және өндірістік орнатылымдарда,  тарату және хабарлау кодын тарату және қабылдау үшін қызмет атқарады.

9.Жыпылықты реле, өткелді сигнализацияда қолданылатын және периодты түрде сигналды шамдарда тұйықталу мен ажыратылуды орындайтын релелер.

       Релелердің классификациясы: Реле, орталықтандыру, автотұтқылдау, сигнализация және т.б құрылғыларда  қолданылады. Әртүрлі сипаттамалар бойынша классификацияланады. Солардың бірі: қоректену тогы, іске қосылу жылдамдығы, қызмет принципі, жайғастырылуы.

Қоректену тогының түрі бойынша:

1.     -Тұрақты ток (мысалы, НР-1, КР, СКР, НПР, МР, УР, УНР, КДР және т.б);

2.     -Айнымалы ток (мысалы, АР, ДСР және т.б);

3.     -Тұрақты және айнымалы ток (мысалы, УНР-3 релесі)

-Іске қосылу жылдамдығы бойынша барлық релелер 3 топқа бөлінуі мүмкн:

1.     -Шапшаң қосылатын, токтан ажыратқаннан кейін 1/3 сек аралығында іске қосылатын;

2.     -Орташа қосылатын, 1/3 сек-тен ½ сек аралығында іске қосылатын;

3.     -Баяу қозғалатын релелер, ½  көп уақытта (әдетте 0,9-1,0 сек) іске қосылатын релелер [4].

         Сақтандырғыштар.

          Сақтандырғыш электр тізбектерін асқын жүктелуден және қысқа тұйықталу тогынан қорғауға арналған аспап. Құрылысының қарапайымдылығы, бағасы мен жегу шығындарының арзандығы, мөлшерінің кішілігі, ажыратқыштық қабілетінің жоғарылығы оны кең  қолдануға мүмкін етті. Сақтандырғыштың әрекеттік парқы ондағы балқығыш қыстырғының токтың әсерінен қатты қызып, балқып үзілуіне негізделген.

Сыртқы пішінінің әртүрлілігіне қарамастан, сақтандырғыш 2.2.6-суретке сәйкес тұрықтан (1), балқығыш қыстырғыдан (2), түйіскілік элементтен (3) және доға сөндіргіш ортадан (4) тұрады.

 

1-тұрық, 2-балқығыш қыстырғы, 3-түйіскілік элемент, 4-доға сөндіргіш орта.

 

Сурет 2.2.6. Сақтандырғыштың сұлбалық құрылысы (а) мен графикалық шартты белгісі (б).

 

        Сақтандырғыштың қалыпты (түзік) жұмысы кезінде қыстырғының қызуы қалыптасқан күйге келеді, яғни қыстырғы қанша жылу бөліп шығарса, сонша жылу одан әкетіліп отырады да қыстырғының температурасы, жалпы алғанда  сақтандырғыштың температурасы, тұрақты болып қалады. Міне осы температурасының қалыптасқан күйінде ғана сақтандырғыш үзақ мерзімде жұмыс істей алады.

        Қыстырғыны температурасының ең жоғарғы қалыптасқан мәніне дейін қыздыратын ток қыстырғының номинал тогы болып табылады. Сақтандырғыштың тұрқында қолданылған материалға және доға сөндіргіш ортаға байланысты оның номинал тогы қыстырғының номинал тогы онда қолданылатын қыстырғылардың номинал тогынан кем болмауы керек. Әдетте сақтандырғыштың номинал тггы үшін онда қолданылатын қыстырғылардың  тогының ең үлкені қабылданады. Мысалы, сақтандырғыштың номинал тогы I=15A болса, онда осы сақтандырғышта номинал тогы I=6A. 10A. 15Aқыстырғыларды пайдалануға болады.

        Балқығыш қыстырғылардың пішіні де, материалы да әртүрлі болып келеді. Әдетте оларды қорғасыннан, қорғасын мен қалайының қоспасынан, мырыштан, мыстан, күмістен және т.б. жасайды.

        Сақтандырғыштың тұрқы да әртүрлі пішініді және әртүрлі материалдан  жасалады: фарфордан, шыныдан және әртүрлі керамикадан.

Қыстырғы үзілген кезде пайда болатын доға тез сөнуі үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады: сақтандырғыш кварц құммен толтырылады; сақтандырғыштың тұрқы қызғанда газ бөліп шығаратын фибрадан жасалады; доғаны үрлеу және созу, т.с.с.

         Сақтандырғыштарды әдетте қыстырғының номинал тогы бойынша таңдап алады. Тұрақты токтың қабылдағыштары мен айнымалы токтың жүгі тұрақты қабылдағыштары үшін қыстырғының тогы қабылдағыштың номинал тогына тең немесе одын жуық артық болуы керек, яғни

 

                                                                                                                  (2.2.2)

 

        Қозғалтқыштарды қорғауға таңдап алынатын сақтандырғыштың қыстырғысының тогы

 

                                                      ,                                                            (2.2.3)

 

        Мұндағы   қозғалтқышты жүргізіп жіберу тогы; к – қозғалтқыштың жұмыс әлпінен тәуелді коэффицент: жеңіл жүргізілетін қозғалтқыштар үшін k=2,5, ал ауыр жүргізілетін, яғни жүргізіп жіберу уақыты үзаққа созылатын қозғалтқыштар үшін  k=1,6..2.

 

Iном – номиналды ток, балқымалы кірмеде көрсетіледі, ал Iп – шектік ток (балқымалы кірме бір сағат ішінде жанып кетеді)

 

Сурет 2.2.7 Сақтандырғыштың қорғаныштық сипаттамасы

 

          Берілген суретте  жұмыстық (қорғаныштық) уақыт токтық сипаттамасы көрсетілген.,  көп жағдайларда есептеулерде шекті ретінде қабылданады. Балқымалы токтың материалына қарай шектік ток номиналды ток тан 10-70 % көп бола алады.  Кіші мәнділері  тұрақты қорғаныштық материалдарға жатады (атмосфералық жағдайларға және электрқұрылғыларының эксплуатациялау режимдеріне тұрақты), мысалы, күміс, аллюминий.

 

а – тұрақты кесіндісімен; б – айнымалы кесіндісімен (фигуралы кірмелер) кернеуге – 220 В жоғары; в – 380 В жоғары айнымалы кесіндісімен; г – толытырушысы бар сақтандырғышқа

 

Сурет 2.2.9. Түйіспелік элементтер орнатудың бірнеше түрлері

 

Сақтандырғышэлектр тізбектерін ток күшінің рұқсат етілген мөлшерден асып кетуінен қорғауға арналған тетік. Сақтандырғыш тізбекті ток көзінен арнайы жасалынған ток өткерме бөліктерінің шамадан артық токтың жылулық әрекеті әсерінен балқып үзілуі арқылы ажыратады. Сақтандырғыш электртізбектерін асқын жүктелуден және қысқа тұйықталулардан қорғайды. Кең тараған түрі — балқыма cақтандырғыш. Ол электр тогын өткізбейтін материалдан жасалған корпустан, металдан көбінесе мыстанмырыштан, жасалған балқыма қыстырғыдан, түйіспелік және доғасөндіргіш құрылғыдан тұрады. Құрылысы бойынша айырғыш пен ажыратқыш аппараттар қызметтерін атқаратын сақтандырғыш-ажыратқыш аталатын коммутациялық аппараттар да қолданылады. Сақтандырғыштың құрылысы қарапайым, құны арзан, тізбекті қысқа тұйықталу кезінде жылдам ажыратады, ал кейбір түрлерінің қысқа тұйықталу тогын шектеу қабілеті болады. [2].

Сақтандырғыштар  жартылай өткізгішті вентильді агрегат сымдарын номиналды кернеуі 660 В тұрақты және айнымалы ток жиілгі 50-60 Гц жиілікті , өндіріс және электртранспортты қондырғыларда  қысқатұйықталу токтарынан қорғау үшін арналған.

Түрлері, негізгі параметрлері және өлшемдері:

1.     Сақтандырғыштар түрлері,балқымалы салғылардың  номинал кернеуі және 1- кестеде көрсетілген  номинал токтар шкаласы бойынша дайындалады.

2.     Сақтандырғыштар балқымалы салғысының  жану сигнализациясы қондырғысына  қатынасты түріне қарай дайндалады:

—         Сигналсыз  құрылғы;

—         Визуалды көрсеткішімен;

—         Визуалды көрсеткішімен,  бір тұйықтаушы және бір тұйықсызданушы блокконтакты бар.

.Сақтандырғыштар келтіруші шиналарға контактілі пышақтарды болттық байланыстыруға  арналып жасалу керек.

          Техникалық талаптары

-қоршаған орта температурасы — 40 С  40 С ға дейін;

-қоршаған орта ылғалдылығы 20 С температурада 90% кем емес, 50С 50%  болуы тиіс;

-қоршаған орта – жарылыс қауіпі жоқ, концентрациясында  агрессивті газдар және булары жоқ ,

-теңізден жоғарғы биіктігі – 1000 м жоғары емес;

          Сақтандырғыштардың дайындығы бас зауыттың сызбаларымен сәйкес болуы керек.

          Сақтандырғыштар- Электрмен қамтамасыз ету жүйесінде кварцтелген және сақтандырғыштар кең таралған.

ПКТ, ПКН, ПКЭ, ПКЭН типті  сақтандырғыштар – токты қысқартушы (кесте — 1) трансформаторларды, ауа және кабель желілерін (ПКТ101…ПКТ105), кернеуі 3 – 35 кВ үшфазалы айнымалы ток   электр орнатылымдарда кернеу трансформаторларын (ПКН001); күштік электр желілерін (ПКЭ106…ПКЭ108) және КРУ эскаваторлары мен кернеуі 6, 10 және 35 кВ жылжымалы электр станцияларының кернеу трансформаторларын (ПКЭН006) қорғау үшін араналған. ПКЭ және ПКЭН сақтандырғыштары темір жол көліктерінің  жоғары кернеулі  құрылғыларын қысқа тұйықталуда және т.б қорғауға арналған. Сақтандырғыштардың шарт белгісі ПКХХХХ-Х-Х-ХХХ келесі түрде сипатталады: ПК- кварцтелген сақтандырғыш; Х- белгілену (Т-күштік трансформаторлар мен желілерді сақтауға арналған; Э-эскаваторлы орнатылымдарда күштік сымдарға; Н-кернеу трансформаторларына; ЭН-эскаваторлы орнатылымдардағы кернеу трансформаторларына); Х-цокольсіз бірполюсті орындалу (0 – жоқ, 1 –жеңіл типті ұру құрылғысының болуы ); ХХ – сақтандырғыштың патроны орнатылған контактілердің конструкциясы; Х – номинал кернеу (климаттық орындалу сақтандығыштарын У және ХХ қорғауға арналған); немесе ең үлкен жұмыстық кернеу (климаттық орындалу Т сақтандырғыштарына), кВ; Х – ПКТ және ПКЭ сақтандырғыштарына ампердегі номинал ток; Х – ПКТ және ПКЭ  сақтандырғыштарына килоампердегі номинал токты өшіру; ХХ – орналастыру категориясы және климаттық орындалу. Сақтандырғыштың белгілеу мысалы ПКТ 101-3-2-40УЗ.

          ПС типті сақтандырғыштар (кесте — 2) іске қосылуы дыбыспен басталатындықтан және патроннан газды шығару барысында қатты газогенерациялаушы материалдарды қолданатндықтан   атқыш деп аталынады.

          ПС-10; ПС-35; ПС-110 типті сақтандырғыштар – атқыш, жүктемелі токтардан және КЗ токтарынан күштік трансформаторларды қорғау үшін арналған.

        Балқымалы сақтандырғыштар.Егер орамдағы немесе сымдағы ток орнатылған шамасынан аспы кетке жағдайда, сымды автоматтық түрде электр энергиясынан ажыратушы  әртүрлі құрылғылар қолданылады. Бұл құрылғылардың ең қарапйым түрі балқымалы сақтандырғыш болып табылады. Бұндай сақтандырғыш төменгі термиялық тұрақтылығымен электр сымын жүктемеден сақтайтын қысқа учаскіні білдіреді.  Сақтандырғышта  балқымалы орнатпа орнатылады. Орнатпа кедергісі жоғары материалдан ( мысалы, қорғасын, қола) жасалады немесе жақсы сәйкес келетін материалдан (күміс не мыс) жасалады. Балқымалы орнатпатіркелеген  токтың номинал шамадан өсуі барысында соңғы орнатпа балқиды (күйіп кетеді) және осындай жолмен оған қосылған сымды, машинаны, аппаратты және т.б асқын жүктемеден қорғайды.

          Сақтандырғыштың жануы барысында электр доғасы пайда болмауы керек, сәйкесінше балқымалы орнатпа ажыратылғын кернеуге сай ұзындығы болуы тиіс; сондықтан сақтандырғышта номинал токтан басқа кернеу де көрсетіледі.

          Балқымалы сақтандырғыштардың констукциясы жөнінен әр түрлі болып жасалады. Төмен кернеулі өндірістік құрылғыларда пластиналы балқымалы сақтандырғыштар қолданылады; ондағы балқымалы бөлігі – орнатпа бірнеше сымдардан (немесе пластиналардан) тұрады.

          Жоғары кернеулі құрылғыларда құрылғыларда құбырлы сақтандырғыштар қолданылады, онда балқымалы сым фарфор ыдыстың ішіне орналастырылған және ұзын болып келеді.

          Тұрғын үйлерде топтық щиттерде орналастырылған. Олардан сымдар әр бағытта бөлмерге сай тарамдалады.

          Сақтандырғыштың өлшем сипаттамасына  номинал ток шамасы жатады, яғни ұза уақыт аралығында сақтандырығш сақтауы тиіс ток шамасы болып табылады. Бұл токтың шамасы орнатпада көрсетіледі.

 

          Кесте-2.

          ПКТ, ПКН, ПКЭ, ПКЭН типті сақтандырғыштардың техникалық сипаттамалары

 

Типтік орындалуы

Номинал кернеуі ,кВ

Ең үлкен жұмыстық кернеуі, кВ

Номинал ток, А

өшірудің номинал тогы, кА

ПКТ101-3-40УЗ

ПКТ101-6-40УЗ

ПКТ101-6-20УЗ

ПКТ101-10-31,5УЗ

ПКТ101-10-12,5УЗ

ПКТ101-20-12,5УЗ

ПКТ101-35-3,2УЗ

ПКТ102-3-40УЗ

ПКТ102-6-31,5УЗ

ПКТ102-6-20УЗ

ПКТ102-10-31,5УЗ

ПКТ102-10-12,5УЗ

ПКТ102-20-12,5УЗ

ПКТ102-20-12,5УЗ

ПКТ102-35-8УЗ

ПКТ103-3-30У

3

6

6

10

10

20

35

35

3

6

6

10

10

20

20

35

3

3

6

6

10

10

10

20

35

36

36

3,6

7,2

12

24

36

3,6

7,2

12

24

36

12

24

7,2

7,2

12

7,2

12

7,2

12

7,2

12

7,2

12

2; 3,2; 5; 8; 10; 16; 20; 31,5

2; 3,2; 5; 8; 10; 16; 20

31,5

2; 3,2; 5; 8; 10; 16; 20

31,5

2; 3,2; 5; 8; 1,

2; 3,2; 5; 8

10

40; 50; 80; 100

31,5; 40; 50

80

31,5; 40

50

16

20

10; 16; 20

160

200

80; 100

160

50

80

40

40

20

31,5

12,5

2,5

8

3,2

40

31,5

20

31,5

20

31,5

12,5

12,5

12,5

8

40

40

31,5

20

31,5

20

12,5

 

2 кестенің жалғасы

 

ПКТ103-10-31,5УЗ

ПКТ103-10-20УЗ

ПКТ103-10-12,5УЗ

ПКТ103-20-12,5УЗ

ПКТ103-35-8УЗ

ПКТ104-3-40УЗ

ПКТ104-6-31,5УЗ

 

6

10

10

3

 

6

10

6

6

10

10

20

10

20

35

 

12

7,2

12

7,2

 

7,2

12

7,2

7,2

12

12

24

12

24

40,5

 

31,5; 40

160; 200

100

160

2; 3,2; 5; 8; 10; 20; 16; 31,5

 

2; 3,2; 5; 8; 10; 16 20

2; 3,2; 5; 8; 10; 16 20

2; 3,2; 5; 8; 10; 16 20

 

8

40

31,5

31,5

20

12,5

31,5

20

12,5

12,5

 

 

 

 

40

 

         Кесте 3

         Сыртта орналастырылатын ПС типті сақтандырғыштардың технкалық сипаттамасы

 

Өлшемдері

ПС-10У1

ПС-35МУ

ПСН-110У

Номинал кернеу, кВ

Номинал ток, А

Номинал өшіру тогы, кА

Өшіру тогының тогының ең кіші шамасы; А

Балқымалы ортанпа ток шамасы

 

Сақтандырғыш массасы, кг

Сақтандырғыш өлшемі, мм

Ұзындығы

Ені

тереңдігі

10

100

5

15

 

8; 10;16;20;32; 40;50;80;100

23

 

490

740

165

35

100

3,2

 

 

8; 10;16;20;32; 40;50;80;100

65,5

 

715

1410

225

110

50

2,5

10

 

8; 10;16;20;32; 40;50;80;100

804

 

1480

2130

 

 

 

 

 

           2.3 Сақтандырғыштар және релені технологиялық есептеу

 

           Жылулық реле электрқозғалтқыштарды жүктемеден қорғау үшін арналған.

           Құрылымы жылулық реле қыздыру элементінен , биметалл пластинадан ,контактілерден , серіппеден және қайтарма батырмаларынан тұрады.

Қызмет ету принципі: қозғалтқыш жүктемесі кезінде оның орамасындағы ток жоғарылайды соның әсерінен жылулық реленің қыздыру элементі қыздырылады. Қыздыру элементі юөлетін жылу биметал пластинаны қыздырады, биметал пластина нәтижесінде майысып, мгнит қосқыш катушкасының сымдарын контактілерден ажыратады нәтижесінде электрқозғалтқышөшеді.

         Жылулық релені таңдау және есептеу

Жылулық реленің қыздыру элементтері Iор есептелетін Iесеп (номинал) тогы бойынша таңдайды. Талаптар бойынша жұмыс істейді.

 

                                                         Iор  Iесеп                                                                   (2.3.1)

Есеп 1. Асинхронды 4А80В2У3 типті қуаты  Рн = 2,2 кВт кернеуі U = 380 В қысқатұйықталған қозғалтқышты қорғауға жылулық релені таңдап алу.
Шешуі:
1.Қоғалтқыштың номинал тогның Iқоз шамасын анқтайды:

Iқоз = Рн / U 
Iқоз =2200/380 = 4,8 А

 

2. Жылулық реленің теңсіздігін есепке ала отырып орнатылымның тогы:

                                                              Iор  4,8 А                                             (2.3.2)

3. Техникалық мәліметтер негізінде, 5А стандартты қыздыру элементін, ал жылулық реле ТРН-10 номинал тогы 10 А таңдалады.
Балқымалы сақтандырғыштар электр қондырғыларды қысқа тұйықталу токтарынан сақтау үшін арналады.

Қондырғы, барлық сақтандырғыштарда ажырату элементі қызметін балқымалы орнатпа атқарады. Балқымалы орнатпа ток өткізбейтін корпус (патрон) ішінде орнатылады.
         Сақтандырғыштар корпусы келесі нышандар бойынша бөлінеді:

-Жиналмалыларда балқымалы орнатпаларды эксплуатация орындарында ауыстыруға болады;

-Толтырғыш боуына қарай – толтырғышпен және толтырғышсыз;

-Балқымалы орнатпаның контактілерінің түріне қарай – пышақпен және қашалған контактілерімен.

 

        Түйіспелік элементтің ажыратқышпен электрлік контактіленуі пышақты не ажыратқышты контактілердің көмегімен іске асырылады.
          Қызмет ету принципі : түйіспелік элементтен ток өткен кезде қызыдырылады. Жүктеме не қысқа тұйықталу кезінде балқымалы орнатпа күйіп кетеді, себебі балқымалы орнатпа тез балқитын матиралдан жасалады. Токтың сымы ажырайды. Түйіспелік элемент күйген кезде қауіпті электрлік доға пайда болуы Сондықтан сақтандырғыштардың түтікшелерін жоғары қуатты кварцті құммен толтырады. Кейбір сақтандырғыштар фиблі түтікшелермен шығарады. Түйіспелік элемент күйген жағдайда фибрлі түтікше газдар шығарып, түтікшедегі қысым көюейіа, доға деиондалып сөндіріледі.
          Үлкен емес жүргізілетін токпен жұмыс істейтін электрқабылдағыштар және жарықтандырғыш сымдарға балқымалы орнатпаның тогы жүктеменің есептік тогына тең болуы керек:

 

                                                                                                                                (2.3.3)

           Қысқатұйықталған тогы бар қозғалтқыштарғы балқыманың тогын келесі формула бойынша анықтайды:

 

                                                                                                                        (2.3.4)

мұнда  –  электрқозғалтқыштың жүргізілу тогы;
α – қозғалтқыштың жүргізілуін есепке алатын коэффицент.
 Күрделі емес жағдайлардаα = 2,5; ауыр жағдайларда α = 1,6…1,8.

Есеп 2. 1,5 кВт қуатты қыздыру лампасы және желідегі кернеу шамасы 220 В бірфазалы жарықтандырғыш желілерінің тобын қорғауға сақтандырғышты және оның балқымалы орнатпасын таңдау.  

Шешуі : 
Топтың жұмыстық тогының шамасы: 

 

 I = 1500/220 = 6,82 А

 

Сақтандырғыштың түйіспелік элементінің ток шамасын Iор = 10 А шамалы таңдалып алынады. Олар ПР -2 және НПН-15 типті ток күші 15 А сақтандырғыштарға сай.

 

Есеп 3.4А10052УЗ типті өлшемі және қуаты Рн = 4,0 кВт қозғалтқышты желідегі кернеу U = 380В. Іске қосылудың (α = 2,5) шарттары жеңіл іске қосылу тогының жиілігі ki = 7 қорғау үшін сақтандырғышты таңдау.

Шешуі: 
1.Электрқозғалтқыштың номинал тогын Iн анықтайды:

Iн = Рн /U

Iн = 4000/380 ≈ 11А

 

2. Іске қосылу моментінде электрқозғалтқыш пайдаланатын іске қосылу тогын анықтайды:

Iіс.қ = ki ·Iн
Iіс.қ = 7 · 11 = 77А

 

3. Түйіспелік элементтің есептік тогын анықтайды:

Iор ≥ Iіс.қ /α
Iор = 77/2,5 = 30,8А

 

        НПН-60 типті номинал тогы 60А және балқымалы орнатпасы 35А таңдалады.[5]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Сабақты өткізудің әдістемелік бөлімі

3.1 Қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары. Интерактивті оқыту технологиялары

 

          Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі .Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды. 

          Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология.

          Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. 
          Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы. 
          Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды. 
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?  Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек». 
Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі — əр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты. 
Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады: 
— қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік); 
— философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы); 
— тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы; 
— тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қалыптастыру). 
— Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы; мұғалім жəне оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология .
          Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дəл кезеңде қажет болған əдістерге жəне басқа да негіздемелерге тəуелді келеді.  Оқу технологиясын оқу əдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына жəне педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал əдістеменің соңғы тиімді нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, əдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі əдістемесі бар. Егер ол əдістеме шынайылық, сенім, сəйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.  Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны əрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді [6].
         Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім, ептілік жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (əсіресе орта мектепте). Оның мəні: жаңаны игерту–бекіту–қадағалау–бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін жəне оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты əдістері ретінде 1) көрнекілік жəне онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-əрекеттері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап жəне тиімділіктің негізгі көрсеткішіне – игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, əрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау жəне реттеу, түзету. 
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар – үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тəрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа əдіс –тəсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дəстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді – оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем. 

          Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мəні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос –жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын. 
          Зерттеулер нəтижесінде оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді. 
          Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны жəне оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды. 
          Дамытушы технология талаптарының жəне бірі – оқу ілгерілі жəне жедел қарқында жүреді. Өткендерді жиі əрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді. Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің əрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, содан өздігінен жауап əрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап əрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз əрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу іс-əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы. Рефлексиялық əрекет-қимылдар əрқашан өзіндік қадағалау жəне бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан дамытушы технология шарттарына орай оларға да көп мəн беріледі.  Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты болып жүр. Себебі, оқушылардың бəрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда əбден күйзеліске түседі. Сондықтан барша шəкірттерді теңдей шапшаң жəне жоғары күрделілік деңгейінде оқытып, тəрбиелеуге болмайды. 
        Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту БОТ – бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу-машинасы, ЭВМ жəне т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оқу технологиясы. Бұл технология əрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі жəне т.б.) оқуына мүмкіндік береді. БОТ-ның өзіне тəн сипат белгілері: 
— оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі; 
— əр бөлшекті игеруге арналған нақты əрекеттерді орындау нұсқаулары жүйесініңберілуі; 
— қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы материалдың ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі; 
— дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек түсініктемелерін алуы; 
— қадағалау тапсырмаларының нəтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі кері байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы. 
          Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды
          Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді. 
Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нəтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нəтижеге жету көп уақытты талап етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін жүйелі басқару қиын. 

          Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дəстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні — оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел). 
          Модуль құрамы: əрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің əдістемелік көрсетпелері. 
Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі. 
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жəрдемдеседі. 
          Модульдік оқу дəстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал. 
          Шоғырластырылған (концентрлі) оқу технологиясы педагогикада ежелден танымал пəнге шомдыру əдісіне негізделген

          Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дəстүрлі сынып-сабақтық жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сəйкес берілетін оқу мазмұны бөлім, тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пəндерден алатын білім, ептілік, дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір дəрістің екіншісінен алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне ұмытылады. 
          Пəндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп ене алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен əр өткен сабақ өз құндылықтарын жойып барады. Əр дəріс оқушы үшін – жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сəйкес бала икемделіп, оқу іс-əрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес. 
          Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не аптаға межеленіп, қатар өтілетін пəндер саны кемітіледі. Мұндай технология оқу- оқыту процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пəнмен ғана шұғылданып, толық шомуы қажет. 
          Қашықтан оқу технологиясы – бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.). 
          Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы жəне т.б.

          Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге көшу, т.б.), жаңаша ойлау қалыптасуда.Қазір дәстүрлі білім беруде студенттерге тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгеруге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп отыр.

          Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбиесі үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.
          Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
          Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыру мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге студенттің әрекеті – оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандартқа және білімдік өзгерістерге қарай топтастыруға болады.

Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңарту идеясы алынған.Оның мазмұнына:

1)оқытудың жалпы мақсатын қою;

2)жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3)студенттердің білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
4)оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);

5)нәтижені бағалау енеді [7].

Интерактивті оқыту технологиясы.

          Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және
танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін – есту, көру, қимыл және т.б. ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар ар-қылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуы Интерактивті оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті аудиториядағы жұмыстарға да қатысты: студент сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай, білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.

Қазіргі таңда шетел тілін меңгеру мәдениетаралық қатынас құралы ретінде оқу үрдісін нақты қатынас процесс үлгісіне жақындатуға, яғни шетел тілін оқытудың негізгі мақсатына жетудің жолы мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастыруға негізделеді. 

Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:

1) пассивті студенттер оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру)

2) активті /белсенді / студенттер оқытудың «субъектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық – практикалық жұмыс) 

3) интерактивті – inter (өзара), act (әрекеттесу). Оқыту процесі барлық студенттердың тұрақты белсенді түрде өзара қарым – қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Студенттер мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.

Интерактивті оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін – өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне студенттерның қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.

Оқытудың интерактивті әдістері

Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер бiлiм беру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер оқыту әдiстемесiнде жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа пәндер, ендiруге қажеттiлiк тудырды.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.

Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер и н т е р — а к т и в т i деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.[8]

Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұдлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.

Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері

Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойыгндай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекеи дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.

Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау. Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен  түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.

Топтың сандық құрамы оқыту  немесе өзара әрекеттестiктiң сапасын анықтамайды. «Өзара әрекеттестiк” әдiсiнiң өзектi ерекшелiгi – ол АШУ ҮРДIСIН бiлдiредi, оның мәнi – оқушылардың оқыту дағдыларын  өзара әрекеттестiк арқылы меңгеруi.

Оқытудың икем-дағдыларды дамытуға бағытталуы

Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда, inter – аралық, бiрнеше, action— әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.

Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң  м а қ с а т ы – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.

Интерактивтi оқыту әдiстерiн қолданатын мұ-ғалiмдер, тек ақпарат беретiн және өздерiнiң қатысу-ынсыз берiлген тапсырмаларды оқушылардың есте сақтауы нашар болады, оқушылар қолдарындағы кө-термелеушi қор – құрдастарының идеяларын пайда-лана алмайды деп  есептейдi. Зерттеулердiң «бiз қолы мызбен iстегеннiң 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын, естiгенiмiздiң 10 пайызын ғана есте сақтаймыз” деген қорытындысын жиi естимiз.

Бiздiң тәжiрибе — соның дәлелi. Атқа шабу дағдысын меңгеру үшiн, оны қалай жасау керектiгiн бiреудiң түсiндiргенi немесе оны кiтаптан оқып алу әлi жеткiлiксiз. Ол үшiн шындығында атқа мiнiп барып, дағдыларды меңгерген абзал. Бұлай болатын себебi, iскерлiктi практика жүзiнде дамыта отырып, бiз бiлгенiмiздi қайта өңдеп, оны әрекетке айналдырамыз.

Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі: балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру, балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау, оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату және іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.

«Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты” дайын білімді қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды роль атқарады. Ол үшін оқыту білімді балалардың өздігінен оқып-үйренуге бағытталуы керек.

Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу

Оқушылардан, шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi неге беретiндiгiн сұрағанда, олар:

-өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi;

-шешендiк өнерiн жетiлдiредi;

-танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын);

-сыни ойлау дағдыларын дамытады;

-өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады;  

-пiкiрлердiң көптiгiн түсiнесiң және т.б. деп жауап берген.

Жоғарыда аталғандарды «үйрене бiлу” деген ұғыммен жинақтауға болады.Яғни, үйрене бiлу – қажеттi дағды, өйткенi ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң негiзi болып табылады және барлық дамыған және дамушы елдердегi азаматтар үшiн қажет. Екінші жағынан, құстың қос қанаты сияқты оқушының да екі сүйеніші бар: бірі – оқи алуы болса, екіншісі – оқығысы келуі. Бірінші тірек баланың дербестігін құраса, екіншісі белсенділікті береді. Өзара әрекеттесуге бағытталған үрдiс барысында бала iстеп жатқан iсiнің мәнiне  енедi. Оқушыларға дайын жауаптары бар тапсырмалар бергенде, олардың танымдық белсендiлiк деңгейi жоғары болмайды. Ал, өз ойын тиянақтап, оны қорғау кезiнде танымдық белсендiлiк деңгейi күрт артады. Өзара әрекеттесу үрдісінің негізгі мәні өзара тәжірибе алмасу болмақ. өйткені, сыныптағы оқушылардың белгілі бір салада ортақ білімдері бар болғанымен, олардың тек өздері ғана білетін білімдері де бар екені айқын.

Танымдық iскерлiктi қажеттi интеллектуалды дағдылар деңгейiне қарай жіктеуге болады. Тиiмдi оқыту бағдарламасы оқушылардың төмендегi iскерлiктерiн практикада қолдануды көздейдi, олар:

-Фактiлердi есте сақтау (аса көп күштi қажет етпейдi);

-Құбылыстардың мәні мен маңызын түсiну;

-Бiлiмдердi дағдылы және жаңа жағдайларда қолдану;

-Анализ (бiз бiр нәрсенi құрамдас бөлiктерге бөлу);

-Синтез (идеяларды жаңа нәрсе жасау үшiн топтастыру);

-Бағалау (бiр нәрсенiң сапасы туралы пiкiр бөлiсу).

Қоғамның дамуы  осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуын талап етедi, дегенмен бiлiмдердi қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса маңыздылары болып табылады. 
         Интерактивті әдіс кезінде:

-сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;
-ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені тал-қылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;

-онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.

          Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол — білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға уйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі:
1)мұғаліммен (сұраққа жауап берген кезде);

2)өзге студенттермен (қосақталып жұмыс істеген кезде);

3)шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде);

4)белгілі бір топпен,аудиториямен (сауалнама алғанда)

5)кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т.б.).
Интерактивті әдістің ерекшелігі – студент өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады. Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:
1)олар мол мағлұмат алып, өздері айт-қан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;

2)өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады;

3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады;

4)бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;
5)шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады;
           Интерактивті әдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады:
1)фактілерді еске алу;

2)ойлану;

3)алған білімін жаңа жағдайға пайдалану;

4)талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге жету үшін, барлық идеяларды біріктіру);

5)баға беру (сапасын анықтау).

          Бұл әдіс осылай жастарды жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Бұл ретте ең алдымен оқытудың формалары мен түрлерін, әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыру, білім беру ісін технологияландыру (озық техникаларды мысалы: ғаламторды, интерактивті тақтаны, электронды оқулықтарды т.б. пайдалану) керек. Ең бастысы білім алушыларды оқу әрекетінің субьектісі ретінде дамуын қаматамасыз ету керек. Олардың оқу әрекеттерін ынталандыруда барлығының көзқарастарына көңіл бөлу керек, пікірлеріне шынайы қызығушылық танытып, келісуі оларды белгілі бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу, пікірлерін сынауға, жоққа шығаруға, кемсітуге жол бермеу керек.

          Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:

-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;

-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;
-оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;
-педагогикалық қолдау көрсету.

          Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолының бірі – сабақта оқытудың интерактивті әдісін қолдану болып табылады. Сонымен, интерактивті оқыту технологиясы–бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген процесс.

Интерактивтік оқыту технологиясы:

1) Жұптасын жұмыс істеу

2) Ротациялық (ауыспалы) үштік 

3) Карусел – айналмақ

4) Шағын топтармен жұмыс

5) Аквариум

6) Аяқталған сөйлем

7) Мыйландыру /Мозговой штурм / 

8) Броундық қозғалыс

9) Есептеу ағашы /Дерево решений /

10) Өз атынан сот /Суд от своего имени /

11) Азаматтық тыңдау

12) Рөлдік /іскерлік / ойын

13) Сағымдау методы /Метод пресс /

14) Өз позицияңды ұстан

15) Дискуссия

16) Дебаттар

          Әр ұстаз өз бетінше жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Студенттер бір – біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісі сабақтарда жиі қолданылады. Мысалы: студенттерға «Карусель» деп аталатын мынадай жұмыс түрі қатты ұнайды; Екі сақина жасалады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина – бұл қозғалмай отырған студенттер. Сыртқы сақина – бұлар әрбір 30 секунд сайын ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелесішінің көзін жеткізуге тырысады.

          Аквариум технологиясының мәнісі: бірнеше студенттер шеңбер ішінде ситуацияны жасырады, ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды.

          Броундық қозғалыста студенттер бүкіл класс ішінде қозғала жүріп берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

          Есептеу ағашы – класс сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына жауан жазады, содан соң топтар орындарынауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.

          «Өз позицияңды ұстан» — деп аталатын интеракцияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін студенттер «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс. Мұғалім мен студенттернің интерактивтік шығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан методикалық инновациялар оқытудың интерактивтік методымен байланыстырылған.

          «Интерактивтің» негізгі сипаттамалары қандай? Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын – ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі студенттер өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың мәнісі кластағы барлық студенттер таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, студенттердың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр студенттер өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процесс өзара қолдау атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтастыру дәрежесіне көтереді. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысшының әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін ұйымдастыруды және сұхбаттасып қарым – қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барсында студенттер сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайда талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқкарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым – қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстары пайдаланылады.Интерактивтік оқыту формаларына нені жатқызуға болады? Бүгінгі күні әдіскерлер мен шығармашыл – ұстаздар топтық жұмыстың көптеген түрін жасап шығарады. Олардың ініндегі кең таралғандары – «үлкен шеңбер», «аквариум», «мыйға шабуыл» (мозговой штурм), «дебаттар». Алдыңғы сабақтардағы білімдері немесе өмірден алған тәжірибелері негізінде аздаған хабары бар қандай да бір мәселе толығымен талқыланатын болса ғана, интерактивтік оқыту формасының тиімділігі жоғары болады. Одан басқа қарастырылатын тақырып жабық немесе тар мағыналы болмауы керек.. Талқыланатын мәселенің деңгейі тар экономикалық сұрақтардан мәселені кеңінен қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай болуы керек. Интерактивтік оқыту технологиясы мен концепциясы интреакция құбылысына негізделген. Оқыту барысында жеке тұлғалар арасында танымдық ара – қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр студенттернің жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардыңбір – бірімен сөйлесу және әрекеттесу барысында жүзеге асады.

          Интерактивтік оқыту – бұл ең алдымен студент пен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын ала болжауға болатын оқыту түрі. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушылардың әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактивтік оқыту технологиясы деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоцианалдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, студентке педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен студенттің іс-әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы

*тұлғаның қызығушылығын туғызады;

*әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

*әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады;

*оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

*тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

*тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

*мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

          Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді. Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы. Интерактивтік оқу технологиясы — деп нәтижесінде оқу әрекеті ИОТ барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоцианалдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетудісезіну ситуациясын тудыра алатын, студенттерға педагогикалық әсерлі танымдық қарым – қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен студенттерның іс -әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз [9].

 

 

         3.2 Сандық білім беру ресурстары

 

          «Ресурс» сөзі тек аса бейтарап болып қана естіледі, бірақ білім берудің іс-әрекеттік сипатын айрықша атап көрсетеді. Мұнда терминологиялық нәзіктік жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері қандай білімдік парадигмада пайдаланатынын көрсете отырып, философиялық-педагогикалық мәнге  ие болады.

Ақпараттандыру жағдайында білім берудің мазмұны – бұл істің мәні бойынша оқушыға түсінікті болатын ақпараттың шектеусіз көлемі.

СББР-дың электрондық оқулықтардан айырмашылығы

Әрбір СББР 4 құрамдас бөліктен тұрады

Мұғалім екі қолын ысқылап, рахаттана отырып сандық материалдарды өзіне және басқаларға дайындау үшін барлық осы байлықты пайдалануға шақырады

Контенттік жасақтаманы дамытудың жалпы үрдісі мультимедиа технологияларын қолдану болып саналады.

Әрине, мұндай оқулықты дайындау оңай емес. Бұған жеке мұғалімнің күші жетпейді.

Сандық білім беру ресурстары (СББР) – бұл сабақта электрондық оқытуды немесе оқушылардың үйде өзіндік дайындықты іске асыру үшін арналған цифрлық форматтағы дидактикалық материалдар. СББР-дың мазмұны пән оқу бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл оқу материалының мазмұнын цифрлық форматта абсолютті аударып алды дегенді білдірмейді. Электрондық оқыту оқытудың дәстүрді әдістерімен кірігуді білдіреді және мұғалімнің түсіндіруін, оқушының кітаппен, карталармен жұмыс істеуін, ауызша және жазбаша жауаптарын және т.б. өзгертпейді

СББР-дың электрондық оқулықтардан айырмашылығы сонда, электрондық оқулықтар оқу курсы үшін пән бойынша білімнің барлық жүйесін қамтиды, ал Сандық білім беру ресурстары ықшам білімдерді береді, бір нақты оқу тақырыбы бойынша біліктер мен машықтарды қалыптастыруға көмектеседі. Сондай-ақ электрондық оқулықтар, әдеттегідей, кейстік технология бойынша (СD-да) әзірленетінін және таратылатынын, сол уақытта СББР қалай порталда орналасатын және желі бойынша берілетін болатынын, бұл ресурстың көлеміне белгілі бір шектеулер қоятынын ескеру керек [10].

Ресейдің «Білім беруді ақпараттандыру жүйесі» жобасында алғаш рет «Сандық білім беру ресурстары» термині қабылданған болатын. С. Поляковтың пікірі бойынша, «цифрлық» анықтамасы «электрондық» дегенге қарағанда дәліректеу, өйткені соңғыға сондай-ақ электрондық құралдардың көмегімен дайындалынатын және ойналатын бейне- және аудиожазбаларды апаруға болады.

Ол болашақта электрондық пен цифрлық ресурстардың кірігуі болады деп санайды: енді қазір толықметражды фильмдерді жеткілікті түрде оңай компьютердің ішкі жадына орналастыруға болады, процессордың параметрлері оны экранда қиналмай ойнатуға мүмкіндік береді. Бірақ бүл кірігу барлық бейне мен аудионың цифрлық болуымен байланысты болатын болады. Одан басқа, «цифрлық» термині қазіргі заманғы жалпыәлемдік үрдістермен аса сәйкес келеді.

Сандық білім беру ресурстарыдың типологиясына не жатады,  Ю. И. Шемакин, А. А. Романов білімдік энциклопедиалық өнімдердің топтастырылуын, танымдық мүмкіндіктері бар ойындық өнімдерді, әр түрлі пәндерді оқып білу үшін білімдік өнімдерді, табиғи шындықты модельдеу үшін білімдік өнімдерді, виртуальдық шындықтың білімдік өнімдерін енгізеді 

Электрондық оқулықты біз педагогикалық және ақпараттық-қатынастық технологиялардың кірігуі негізінде оқу-танымдық іс-әрекет заңдылықтарын ескеріп білімдік процесс субъектілерінің арақашықтықтық өзараәрекеттестігінің автоматтандырылған процесін қамтамасыз ететін қолданбалы бағдарламалық өнім ретінде түсінеміз. Арақашықтықтық оқыту деп оқушылар мен электрондық оқулықтар авторларының жанама интерактивтік ақпарқатынастық өзараәрекеттестігі ұйғарылады.

Электрондық оқулық, көптеген авторлар түсінгендей, бейнеролиқтердің, аудиооқиға желістерінің және тестілеудің бар болуымен шектелмейтін нақты интерактивтікті қамтамасыз етуі тиіс, электрондық оқулықтың тапсырмалары мақсатты бағытталған және жүйелі түрде әр түрлі танымдық есептерді шешуге оқушыларды қатыстыруы, оларда пәндік және жалпыоқу біліктері мен машықтарын қалыптастыруы тиіс.

Контенттік жасақтаманы дамытудың жалпы үрдісі мультимедиа технологияларын қолдану болып саналады. Н. С. Анисимованың пікірі бойынша оқытуда мультимедиалық технологияларды пайдалану әдіснамасы ақпараттық тасуыштардың алуан түрлерінің кірігуін ұйымдастырады. Мультимедиалық технологияларды пайдалану техникалық, математикалық, бағарламалық, ақпараттық, әдістемелік, ұйымдастырушылық жасақтамаларға сүйенеді [11].

Әрине, мұндай оқулықты дайындау оңай емес. Бұған жеке мұғалімнің күші жетпейді. Сондықтан, жеке авторлар ұйғарғандай, мұғалімдерді жаппай электрондық оқулықтарды өзіндік дайындауға үйрету керек пе – олардың онсыз да мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу бойынша тура міндеттері жеткілікті? 

В. П. Беспалькомен келіспеуге болмайды, оның айтуынша: «Аз-аздап күрделі өнімдер өндірісінің барлық саласында жалғызжарым кәсіпшілдер әлдеқашан жоқ, барлық жерде айқын еңбек бөлісі мен құрастырушы конвейер енгізілді. Тек оқулықтарды дайындауда ғана олардың педагогикалық мәні туралы жалпы ортақ жеңілтек түсініктен және олардың оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің сапасына ортағасырлық кәсіпшіл-жалғыз-жарым, «әрі тігінші, әрі орақшы, әрі сыбызғыда ойнаушы» ықпалы сақталды. Алайда оқулық авторы оқыту пәні бойынша әрі маман, әрі маман-психолог, әрі маман-әдіскер, әрі маман-педагог, одан басқа, тағыда тәжірибелі мұғалім-практик, сондай-ақ оқушы, бұл оқулық кімге арналған және сондай-ақ оның пікірімен ұқыпты санасу керектігі ұйғарылады. Егерде авторға (немесе авторлар ұжымына) аталған талаптарды қоятын болсақ, онда бірде бір оқулық жарық көрмейтіні түсінікті болады. Шығатын жол біреу: Оқулықтар өндірісі бойынша, жоғарыда аталған мамандар оқулықтың нақты және айқын теориясымен сәйкес оның белгілі бір жай-жапсарын игеру бойынша қолма қол еңбек ететін болатын қазіргі заманғы өндірістік кәсіпорын құру …» . Осы ой толық өлшемде және бірінші кезекте электрондық оқулықтарға жатады.

СББР-дың электрондық оқулықтардан айырмашылығы сонда, электрондық оқулықтар оқу курсы үшін пән бойынша білімнің барлық жүйесін қамтиды, ал Сандық білім беру ресурстары ықшам білімдерді береді, бір нақты оқу тақырыбы бойынша біліктер мен машықтарды қалыптастыруға көмектеседі. Сондай-ақ электрондық оқулықтар, әдеттегідей, кейстік технология бойынша (СD-да) әзірленетінін және таратылатынын, сол уақытта СББР қалай порталда орналасатын және желі бойынша берілетін болатынын, бұл ресурстың көлеміне белгілі бір шектеулер қоятынын ескеру керек.

Әрбір СББР 4 құрамдас бөліктен тұрады: 

— мультимедиалық дыбысталған таныстырылым,

— мәтін,

— тапсырмалар,

— тестілер.

Сандық білім беру ресурстарыдың құрамдас бөліктері өзіндік бірліктер ретінде дидактикалық мақсаттарға сәкес сабақтың әр түрлі кезеңінде: жаңа материалды түсіндіру кезінде, өзіндік жұмысты бекіту кезінде, қорытынды қайталау кезінде және т.б. пайдаланылатын болады. Бір сабақта барлық 4 құрамдас бөлікті пайдалану тіпті міндетті емес: мұғалім СББР-ды пайдалануға байыпты түрде қарауы және оларды сабақтың нақты мақсатын, дидактикалық міндеттерін, нақты сыныптың дайындық ерекшеліктерін ескеріп қолдануы тиіс.

1-құрамдас бөліктің – мультимедиалық дыбысталған таныстырылымдардың негізгі мақсаты – оқытудың мақсаты мен жаңа оқу материалының мазмұнын оқушылардың жете түсінуіне, пәнге қызығушылығын арттыруға, жаңа білімдерді толық меңгеруіне қол жеткізуге көмектесу. Бұл – ақпараттық-қатынастық технологиялардың техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып білімдерді жанды, ашық, қызықты, әсершең баяндау. Мультимедиалық таныстырылымдардың көмегі кезінде деректерді, оқиғаларды, өзара байланыстарды, құбылыстарды және т.б. бейнелі баяндау жүзеге асырылады. Мультимедиалық таныстырылым анимацияланған оқиға желісінің, бояулы безендірулердің, анимацияланған тарихи карталардың, мұрағаттық құжаттардың көмегімен тақырыптың мазмұнын ашады, бұл оқушыларды виртуальдық тарихи әлемге шомуға, нақты тарихи кезеңнің ерекшеліктерін жаңадан жасауға және т.б. мүмкіндік береді. Ол, мұғалім осы көлемде өзі таңдауына қиын сол материалды оқушыларға дейін жеткізу үшін арналған. Сезімнің әр түрлі мүшелеріне әсер – көру бейнелерін көрнекі ұсыну, кәсіби диктор дыбыстаған мәтін – қабылдауды, танымдық белсенділікті белсенді етеді, түсініктерді қалыптастырады, мүддені, білуге құмарлықты, қиялдау мен ойлау қабілетін дамытады.

2-құрамдас бөлік – мәтін оқытудың мазмұндық құрамдас бөлігін қамтамасыз етеді, ол оқу материалын мәтіндік баяндау ретінде, мұрағаттық құжаттардан үзінді, алғашқы көздерден үзінді, логикалық-құрылымдық схемалар және т.б. ретінде де ұсыныла алатын болады. Оның мақсаты –  оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді ету және оларды қажетті оқу ақпаратын тауып алудың өзіндік процесіне тарту, оқушыларды зерттеушілік іс-әрекетке ояту және қатыстыру.

Оқу мәтіндерімен жұмыс істеу – әрбір мектеп оқушысының ие болуы тиіс өзіндік білім алудың маңызды білігі. Бұл құрамдас бөлік оқушылардың ақпаратпен әлденеше рет жұмыс істеуіне мүмкіндік береді: оқу мен түсіну, есте сақтау, жинақтау, оқығанды салыстыру және т.б.; жадты дамытуға, жад бойынша жаңғыртуға, жалпы оқу біліктеріне (саналы, жұмылдырылған машықтар, мәтін жоспарын құру, тезистер жазу, схемалар мен графиктер құру, зерттелетін құбылыстардың, деректердің салыстырмалы сипаттамасын құру, оқып білетін материалда негізгіні, маңыздыны атап көрсету білігі) ие болуға мүмкіндік туғызады.

3-құрамдас бөлік – оқушыларды белсенді өзіндік жұмысқа қосуға, материалды меңгеруді ынталандыруға, өзіндік білім алуға үйретуге мүмкіндік беретін интерактивтік тапсырмалар. Қазақстан тарихы бойынша әрбір СББР-та 4 тапсырма бар. Бұл картамен жұмыс істеуді, хронологиялық оқиғаларды даталармен сәйкес қалпына келтіруді, тарихи қайраткерлердің есімдері мен өмірінің даталары/фактылары арасындағы сәйкестікті орнатуды, тарихи терминдерді бекітуді, кроосвордтарды шешуді, шығармашылық міндеттерді орындауды және т.б. ұйғаратын алуан түрлі үйретуші және тексеруші тапсырмалар. Интерактивтік тапсырмалардың маңыздылығы мезеттік кері байланысты орнатады, мысалы, оқушы өз жауабының дұрыстығын бірден тексере алады. Сондай-ақ басып шығаруға болатын оқушылардың жазба жауабын білдіретін тапсырмалар бар – бұл жағдайда жауаптарды автоматтық тексеру жүзеге аспайды.

4-құрамдас бөлік – тестілер – оқып білген тақырып бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін әділ бақылау мен бағалауды қамтамасыз етеді. СББР-дың тестілейтін  бағдарламасында 5-9 сыныптар үшін 10 сұрақтан, 10-11 сыныптар үшін 15 сұрақтан бар.  

СББР жиынтығы білімдік процесс қатысушыларының интерактивтік арақашықтықтық өзараәрекеттестігі ретінде электрондық оқытудың ақпарқатынастық білімдік ортасын жасауды қамтамасыз етеді. 

Білім беруді ақпараттандырудың контенттік жасақтамасы оқытудың жаңа парадигмасына өту тетігі болып саналады, өйткені өзінің міндеті бойынша ортақ масатқа – ақпараттық қоғам жағдайында бүкіл ғұмыр бойы табысты әлеуметтендіруге, кәсіптік өзін-өзі анықтауға, өзіндік білім алуға және өзін-өзі іске асыруға дайын тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызатын білім берудің қазіргі заманғы сапалы мазмұнын қамтамасыз етуге  біріктірілген педагогикалық пен ақпараттық-қатынастық технологиялардың кірігуін бейнелейді. 

 Білім беруді ақпараттандыру контенті оқыту технологиясын қамтамасыз етеді.  Цифрлық контентті пайдалану, әдістемені дайындау жағдайларында оқытудың әр түрлі типтері кезінде білім алушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың дидактикалық тәсілдері мен білімдік процесс субъектілерінің ақпарқатынастық өзараәрекеттестігін ұғыну және жүйелеу қажет.

Авторлардың көпшілігі мақұлдағандай, Ғаламторда қабылданған құжаттар стандартындағы дайындау мен айналымға жіберу құралдарының молшылығы мұғалімге қосымша күрделі бағдарламалау тілдерін үйренбестен және бөгде дайындаушылардың көмегіне жүгірместен, оқу материалын жеткілікті түрде оңай дайындауға мүмкіндік береді . Яғни мұғалім екі қолын ысқылап, рахаттана отырып цифрлық материалдарды өзіне және басқаларға дайындау үшін барлық осы байлықты пайдалануға шақырады.

Мұндай пікірмен біздер келісе алмаймыз. Біріншіден, барлығымызға тамаша белгілі болғандай, қазіргі заманғы мұғалім «байланып қалған» деп аталатын жүктелген, оның сабаққа қосымша күнделікті дайындалуға уақыты жоқ, тағыда және «оқу материалдарын дайындау оңай». Екіншіден, мұғалімдердің көпшілігінде, біздің айқындайтын эксперимент көрсеткендей, бағдарламалаудың қосымша күрделі тілдерінің білімдері де емес, элементарлық компьютерлік сауаттылықтары да жетіспейді! Бұл дегеніміз, кейбір мұғалімдер компьютерді де бөгде адамдардың көмегінсіз қоса алмайды дегенді білдіреді, олар үшін «сайт» пен «e-mail» сол бір нәрсе. Үшіншіден, ақыр соңында, бұл мұғалімнің міндетіне жатпайды. Оқу материалдарын дайындау, оның ішінде цифрлық, бұл арнайы білімді, белгілі бір әдістемелік дайындықты, әр түрлі саладағы мамандардың күш салуын талап ететін, жеке, өзіндік іс-әрекет тегі.

Электрондық оқулықтардың сапасы мен тиімділігі педагогтардың, оның ішінде ғылыми кеңесшілердің – білімдердің сол немесе басқа саласындағы ғалымдардың, педагог-дидактардың, әдіскерлердің және IT-мамандарының: бағдарламашылардың, дизайнерлердің, бейнеоператорлардың, дыбысоператорларының, дикторлардың және т.б. оларды дайындау процесіне тартылу дәрежесі мен күш салу жиынтығына байланысты екендігіне біздер сенімдіміз.

Сонымен, білімдік мультимедиаиндустрияны дамыту – бұл ең әр түрлі мәселелермен сүйемелденетін өте күрделі көпфакторлы процесс. Алайда, бұл ақпараттық қоғам жағдайында енді қашып құтылуға болмайтын сол жол.

Электрондық оқыту жүйесіне Сандық білім беру ресурстары орналастарылатын болады. Оларға қатынас құру логин мен құпия сөздің негізінде жүйеге кіру арқылы жүзеге асырылады.

Цифрлық үйрететін контенті дайындаудың жаңа деңгейі оны сабақ бойынша жоспарлаумен анықталады. 

Орта мектептің жоғары сатыларында бейіндік оқытуды жасақтау кезінде кәсіптік білім беруде келешек кәсіптік іс-әрекетпен байланысты біліктер мен машықтарды, іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруда өте маңызды виртуальдық ақиқатты жаңадан жасау үшін мультимедиалық үйретуші бағдарламалардың әлуетін пайдалану қажет (А. В. Ванюшин ).

Виртуальдық тренажерлар (ВТ) өзі мамандық бойынша практикалық алғашқы біліктер мен машықтарды қалыптастыруға бағытталған коммпьютерлік қолданбалы бағдарламалық өнімдер болып табылады. Білім беруде мультимедиалық технологияларды пайдалану кеңістік түсініктерді дамыту үшін, ақиқат шындыққа барынша жуықтаған жағдайларда мамандардың жаттығуын ұйымдастыру үшін болашағы бар (С. Г. Григорьев, В. В. Гриншкун ).  Тренажерлық дайындық жүйесі теориялық білімдерді бекіту үшін, кәсіптік іс-әрекет үшін қажетті арнайы біліктерді қалыптастыру үшін арналған. Осы кезде тренажерлік дайындықтың рөлі оқу, өзарабайланысты кәсіптік, оқу-кәсіптік және кәсіптік іс-әрекет біліктерін қалыптастырудан тұрады (Л. В. Львов ).

Виртуальдық тренажерлер оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін белсенді етудің кең педагогикалық мүмкіндіктерін иемденеді, өйткені оқытудың келесі ерекше қағидаларын іске асыруға мүмкіндік туғызады: бейімделушілік, интерактивтік, оқитындардың интеллектуальдық әлуетін дамыту, оқытудың дидактикалық циклінің тұтастығы мен үздіксіздігі.

Виртуальдық тренажерлерді пайдалану күрделі құрастырылымдарды, машиналардың бөлшектері мен тетіктерін, шынайы және виртуальдық объектілер мен процестер туралы оқу ақпаратын модельдеуді қамтамасыз етеді, қымбат тұратын зертханалық жабдықтарға ие болу шығындарын қысқартады, оқу зертханаларындағы жұмыстардың қауіпсіздік деңгейін арттырады.

Тренажерлық дайындық процесінде кәсіптік іс-әрекеттің біліктіліктерін қалыптастырудың дидактикалық шарттарын Л. В. Львов оқыту мақсаттарының дидактикалық қойылымы; кепілдеме берілген нәтижеге жетуге тренажерлық қаракетті  бағдарлау мен ұйымдастыру; кері байланысты тұрақты түрде іске асыру; барлық үйретуші циклды қайта жаңғырту деп атайды [12].

Виртуальдық тренажерлердің ерекшелігі сонда, олар оқушыларға әр түрлі жабдықтармен жұмыс істеудің практикалық машықтарын алуға және сол немесе басқа біліктер мен машықтардың толық қалыптасушылығына дейін қандайда бір  өндірістік міндеттерді әлденеше рет қайталауға мүмкіндік беруінде. Компьютер әрбір кезеңді бақылайды, сондықтан өңдеудің барлық технологиясын басынан аяғына дейін көрнекі түрде өтуге болады. Виртуальдық шеберханадағы мұндай жұмыс нағыз (шынайы, материалданған) жабдықтармен жұмыс істеген кезде мүмкін болатын қателіктердің алдын алады, алдымен тренажерде технологияны баптауға мүмкіндік береді және шынайы өндірістік жағдайларға бейімделу процесін жеңілдетеді.

Сонымен, виртуальдық тренажерлерді бейіндік оқытуда пайдалану мамандардың жетіспеушілігін, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен жабдықтардың, зертханалар мен шеберханалардың қатшылығын жеңуге, жоғары технологияларды еңбек біліктерін дағдыландырудың көп еңбекті процесімен үйлестіруге көмектеседі, танымдық процесті белсенді етудің мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттық, әлеуметтендірушілік, білімдік және когнитивтік міндеттерді, оқушылардың өзіндік жұмыстарының көлемі мен алуан түрлігін арттыруды, алынған білімдерді көкейкесті етуді және оларды қолдану әдіснамасын іске асырады.

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3.2.1 Сақтандырғыштар, релелер, контакторлар құрылысы

 

 

Сурет 3.2.2 Сақтандырғыштар, релелер контакторлардың жұмыс істеу принципі

3.3.Тақырып бойынша теориялық білімдердің оқу құжаттарын жасау

3.3.1Тақырып бойынша сабақ жоспарын календарлық тақырыптық жопарын құру

 

Кесте 4

Электротехника пәні бойынша №12 «Басқару және қорғау аппараттары» тақырыбына календарлық-тақырыптық жоспар

 

Тақырып №

Сабақ №

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Пән аралық байланыс

Жұмысты ұйымдастыру тәсілі

Оқушылардың өзіндік жұмысы

Пайдалынатын көрнекі құралдар .

ТОҚ 

Өндірісті оқумен байланыстыру

Үй тапсырмасы

Пайдалынған әдебиет әдістемесін нұсқау

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1\12

Басқару және қорғау аппараттары. Негізгі түсініктер.

2

Физика: Электростатика;

Электрмашиналар: ток, кернеу және т.б

Өткенді қайталау, жаңа тақырып түсіндіру сабағы

Конспект, схема құру.

Интерактивті тақта

Электр аппараттарын қолдану

Оқып конспект жасау

М.Мұхити «Электротехника» «Басқару және қорғау аппараттары» 418-420 бб

12

2\12

Электрлік түйіс

2

Физика: Электростатика;

Электрмашиналар: ток, кернеу және т.б

Өткенді қайталау, жаңа тақырып түсіндіру сабағы

Конспект, құрылымдық сұлбасын құру

Проектор , плакат, семмантикалық карта

Электр аппараттарын қолдану

Оқып конспект жасау

М.Мұхити «Электротехника» «Басқару және қорғау аппараттары» 418-420 бб

4 кестенің  жалғасы

12

3\12

Аппараттардың электромагниттік механизмі

2

Физика: Электростатика;

Электрмашиналар: ток, кернеу және т.б Механика: Күш проекциясы, момент, үйкеліст.б

Өткенді қайталау, жаңа тақырып түсіндіру сабағы

Конспект, Сұлбасын сызып келу, оқып дайындалып келу

Интерактивті тақта

Электр аппараттарын қолдану

Оқып конспект жасау

М.Мұхити «Электротехника» «Басқару және қорғау аппараттары» 418-420 бб

12

4\12

Сақтандырғыштар, релелер

2

Физика: Электростатика;

Электрмашиналар: ток, кернеу және т.б

Өткенді қайталау, жаңа тақырып түсіндіру

Конспект, Сұлбасын сызып келу, оқып дайындалып келу

Интерактивті тақта

Электр аппараттарын қолдану

 

М.Мұхити «Электротехника» «Басқару және қорғау аппараттары» 418-420 бб

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          3.3.2 Сабақ жоспары

 

         Электротехника пәнінен №4/12 сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: «Сақтандырғыштар, релелер»

Сабақ мақсаты:

  1. Білім беру-студенттерді басқару және қорғау аппараттарымен таныстыру соның ішінде сақтандарғыштар, реле таныстыру
  2. Тәрбиелік-студенттерге басқару және қорғау аппараттарының алатын орнын түсіндіру.
  3. Дамыту-студенттерге сақтандырғыштар, релелердің болашақта пайдалану және даму жолдарын көрсету.

Сабақ түрі:Өткен сабақты қайталау жаңа сабақ

Сабақ уақыты: 2 сағат

Құрал жабдықтар: интерактивті тақта.

Әдебиет: М.Мұхити «Электротехника» Алматы 2008,

Сабақ барысы:

1-ші сағаты

I.Ұйымдастыру бөлімі: (2-3’) Кабинеттің сабаққа дайындығы, көрнекі құралдардың сабаққа дайындығын, студенттер тізімін тексеру.

II.Үй тапсырмасын тексеру: (6-8’)

III.Сабақтың тақырыбы мен сұрақтарын жазу: (2-3’)

  1. . Сақтандырғыштар, релелер.
  2. Сақтандырғыштар, релелер қызметі
  3. Сақтандырғыштар, релелержұмыс істеу принципі
  4. Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі

1-ші сұрақты түсіндіру және сол бойынша сұрау (6-8’)

2-ші сұрақты түсіндіру және сол бойынша сұрау (6-8’)

3-ші сұрақты түсіндіру және сол бойынша сұрау (6-8’)

                                                 2-ші сағат

V.Жаңа тақырыпты бекіту: (6-8’) Сандық білім беру ресурсын қолданып, жұмыс істеу принципін көрсету

  1. Студенттердің өзіндік жұмысы: (5-6’) Сызбаны сызып алу

VII.Студенттердің жаңа тақырып бойынша білімін тексеру (6-8’)

1.Сақтандырғыштың балқымалы орнатпасы сәйкес келмеуінің себебі неде?

2.Реле күйіп кетуін болдырмау үшін қандай амалдар қолданса болады?

VIII. Үй тапсырмасы: (2-3’) Конспект жазу, 4 Тақырыпты оқып сұрақтарды қарастырып келу. Сандық білім беру ресурсын қолданып тест жұмысын, тапсырмаларды орындар келу.

  1. Сабақты қорытындылау: (2-3’) Студенттердың білімін бағалау

 

 

 

 

 

  • Сабақты өткізу әдістемесін жасау

 

I.Ұйымдастыру бөлімі: Кабинеттің сабаққа дайындығы, көрнекі құралдардың сабаққа дайындығын, студенттер тізімін тексеру.

II.Үй тапсырмасын тексеру: Интерактивті оқыту технологиясы оның ішінде «Карусель» деп аталатын жұмыс түрі қолданылады; Екі сақина жасалады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина – бұл қозғалмай отырған студенттер. Сыртқы сақина – бұлар әрбір 30 секунд сайын ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелесішінің көзін жеткізуге тырысады.(Сұрақтарды оқушылар дайындап келеді).

III.Сабақтың тақырыбы мен сұрақтарын тақтаға жазу:

  1. Сақтандырғыштар, реле, контакторлар.
  2. Сақтандырғыштар, реле, контакторлар қызметі
  3. Сақтандырғыштар, реле, контакторлар жұмыс істеу принципі
  4. Жаңа сабақты Сандық білім беру ресурсын қолдана отырып түсіндіру.

V.Жаңа тақырыпты бекіту: Сандық білім беру ресурсатары арқылы сұлбасын, жұмыс істеу принципін көрсету.

  1. Студенттердің өзіндік жұмысы: Қысқаша конспект жасау.

VII.Студенттердің жаңа тақырып бойынша білімін СББР берілген тапсырмаларын орындату арқылы тексеру.

VIII. Үй тапсырмасы: Конспект жазу, 12\4 тақырыпты оқып сұрақтарды қарастырып келу.Сандық білім беру ресурсын қолданып тест жұмысын, тапсырмаларды орындар келу.

  1. Сабақты қорытындылау: Студенттердің білімін бағалау.

 

 

3.3.4 Электротехника пәні бойынша пәнаралық байланыс картасы

 

          Пәнаралық байланыс–оқу процесіндегі басты элемент. Арнайы әдістер мен формаларды қажет ететін нақты дәлелденген ғылымдардан өзге, мазмұнында іске асу үшін белгілі бір білім жүйесіне мінездеме берілетін пәнаралық байланыс көрсетілген.  Кәсіби мектептердің оқу жоспарлары жалпы білім беретін жалпы техникалық және арнайы оқытуды қарастырады. Пәндердің әрқайсысы кәсіби де жалпы білім беру мәселелерін де шешеді, әрі олардың кейбіреуінің оқу процесінде өзара байланысқан, көптеген бір-біріне жақын, өзара түйісетін тақырыптары бар. Пәнаралық байланыс ертеден зерттеліп келе жатқан, педагогика ғылымының негізгі мәселелерінің бірі болып саналады. Ұлы педагогтар Я.А Каменский, К.Д Ушинский осы мәселелермен шұғылданған [13].

 

 

 

 

       Кесте 5

       «Электротехника»пәні № 12 тақырып «Сақтандырғыштар және реле»

Сабақ №

Сабақ тақырыбының аты

Жалпы білім беру циклы

Кәсіптік-техникалық цикл

физика

математика

химия

Электроника

Электр машиналары

Электр монтаждау

1/ 12

Басқару және қорғау аппараттары. Негізгі түсініктер.

Ток, қуат,кернеу, температура

Алгоритмдер

 

Автоматтық басқару құрылғылары

Трансформаторлар, генераторлар.

Тарату құрылғылары.

2/ 12

Электрлік түйіс

Қуат,кернеу, температура

Алгоритмдер

 

Автоматтық басқару құрылғылары

Асинхронды және синхронды машиналар

Тарату құрылғылары.

3/ 12

Аппараттардың электромагниттік механизмі

Қуат , жылдамдық

Алгоритмдер

 

Автоматтық басқару құрылғылары

Электр аппараттары.

Тарату құрылғылары.

4/ 12

Сақтандырғыштар, релелер

Ток, қуат,кернеу, температура

Алгоритмдер

 

Автоматтық басқару құрылғылары

Электр аппараттары.

Тарату құрылғылары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Техника қауіпсіздігі іс-шаралары

 

Қазіргі тандағы медицинаның электр тогымен зақымданғанда көрсететін көмегі мол, апайда, кім электрқондырғыларымен жұмыс жасаса, сол зақымданған адамға дәрігердің көмегіне дейінгі алғашқы көмек көрсетуде білуі қажет.

Бәрінен бұрын электр тогынан зардап шеккен адамды токтың әсерінен босату керек, себебі зардап шегуші есі болса, да бұлшық еттерінің еріксіз тартылуынан, мысалы қолына қысып алған сымды да өз бетімен ашып жіберіп қала алмайды. Қондырғыны ажыратқыштан ажырату немесе сақтандырғыш болса, оны бұрап ағытып тастау қажет. Егер ондай мүмкіндік болмаса, әр сымды қиып (шауып) тастау немесе қысқа тұйықтау және электрқондырғысының сымын жерлендіргішпен қосу қажет.

Егер электр қондыргыны тез ажыратуға мүмкіндік болмаса, онда зардап шегушіні ток жүріп тұрған боліктен тез алыстату ке­рек. Бұл жағдайда көмек көрсетуші кернеуге озі түсіп қалмас үшін, барынша сақтық шараларын орындау қажет. Егер зардап шегушінің киімдері құрғақ болса, онда оны ток жүріп тұрған бөліктен алыстату үшін киімін пайдаланады. Бұл жағдайда бір қолын артына ұстап немесе қолтасына салып, (әйтпесе екі қолымен потенциалдары әр түрлі екі нуктені ұстауы мүмкін) екінші колымен киімнен тартады.

Егер зардап шегушінің киімі ылғалданған болса, онда оған резеңке төсегіш немесе құрғақ тоқыма лақтырып, сонан соң токтын әсерінен кұтқарады.

Зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсету оның күйінен тәуелді. Егер зардап шегуші есін білсе, бірақ ол есінен танған немесе ұзақ уақыт токтың әсерінде болса, онда оны дәрігер келгенше ыңғайлы етіп жатқызу және толық тыныштық жа- сау қажет. Егер дэрігерді тез шақыру мүмкіндігі болмаса, онда зардап шегушіні тез арада емдеу орнына жеткізу керек.

Егер зардап шегуші ессіз жағдайда болып, бірақ оның тынысы және тамырының соғуы тұрақты болса, онда дәрігер келген­ше, киімдерінің түймесін ағытып және белбеуін босатып, таза ауа келуін қамтамасыз ету қажет. Оған нашатырь спиртін иіскету немесе бетіне салқын су бүрку (ауызбен бүрку емес) арқылы оны есіне келтіруге шарапар жасау керек.

          Егер зардап шегуші тіршілік белгісін байқатпаса (демалысы және жүрек соғуы жоқ, қарашықтары кеңейген жарыққа еш әсері жоқ болса), онда дәрігер келгенше, кутгірмей жасанды демалу жэне жүрекке массаж жасауға кірісу керек. Бұл жағдайда зардап шегушіні горизонталь бетке жатқызып, киімдерінің түймелерін ағытып, басын шалқайтып, сонан соң қол орамал арқылы «ауыз- дан ауызға» күштеп ауа үрлейді, сонан соң оның пасстивті түрден қайта шығуына мүмкіндік береді. Әрбір ауа үрлегеннен кейін зардап шегушінің кеуде клеткасы кеңее түсуге тиіс. Жасан­ды дем алумен қабат жүрекке массаж жасау да жүргізіледі. Ол үшін көмек көрсетуші екі қолымен кеуденің жұмсақ жақ шетінен екі саусақ жоғары қойып, 3…4 см томен қарай ығысатындай етіп, жылдам басып қалады. Бұндай кезде кеуде клеткасын жұлқи басу 1 секунд сайын жүргізіледі және жасанды демалдыру алмастырылып отырады (ауыз арқылы екі рет ауа жіберіліп, 15 рет жұлқи басуды әр 1 с сайын жургізеді). Зардап шегушінің есі кіргенше жасанды дем алдыру және жүрекке массаж жасауды жүргізеді [14].

Электр қондырғылардың бірнеше түрі мен жүмыс істеген кезде ереже бүзып, немесе ток жүретін қондырғының ашық жеріне тиіп, кеткен жағдайда адаммын өміріне қауіп төнуі мүмкін.

Адам ағзасына ток тиген кезде, есінен танып қалуы, демалу органдары жүмыс істемеуі жэне жүйке жүйелерінің бүлінуі мүмкін.

Бұдан басқа электр тогы адам денесінің ашық жерлерін күйдіруі мүмкін жэне күюдің ауырлық жағдайы токтың шамасына байланысты болады.

Адам ағзасының өтіп жатқан тоққа кедергісі бірнеше факторларға байланысты, түрақты токпа жоқ ауыспалы ток па? Адам шаршаған болса, қанша көлемде ток тартқан ауыспалы токтың соғуына теріс байланысты. Адам ағзасынан ток қанша көлемде өтсе, ток тарту сонша көлемде өтеді. Адамды ток тартқан кезде, 30 секундта денесі 25% төтеп береді, ал 90 секундта — 70% күйіп қалады. Адам ағзасы үшін түрақты ток та ауыспалы ток та қауіпті, бірақ түрақты токтың қауіпсіздігі 3-5 рет аз, ауыспалы тоқтан. Түрақты ток 50МА-ге дейін, ал ауыспалы ток ІОМА-ге дейін қауіпті.

Ток күші 0,05А болса, адамға қауіпті, ал 0,1 А — адам өмірін қияды. Ток өткізудің екі түрі бар:

1)электрлік соғулар — олар адамның ішкі ағзасын жарақаттайды, жүйке жүйелерін, көкірек клеткаларын жарақаттайды.

2)электрлік жарақаттар — олар адамның сыртқы терілерін жарақаттайды.

Электр кауіпсіздігінің техникалъщ үйымдастыру шаралары жүмыс

орнын ұйымдастыру. Электр қауіпсіздігінің техникалық үйымдастыру шаралары 3-ке бөлінеді. Бүларды орындайтын жүмысшылар электр қондырғыларын іске қосқанда өте білімді жауапты маман болуы тиіс.

1) оперативтік персонал — кезекші электротехникалық персонал — бүкіл қарамасындағы электр қондырғыларын қосып жэне соған жауап береді.

2) жөндейтін персонал— бүлар электр   қондырғыларын жөндеу,
реттеу, монтаждау сияқты жүмыстарға жауап береді.

3) оперативтік жөндеу персоналы — бүлар эрі жөндеу, реттеу, монтаждау
мен қоса бүкіл, Электр қондырғыларын іске қосып, эрі жауап береді.

Электр қондырғыларын жөндейтін, эрі іске қосатын жүмысшылар, денсаулықтары мықты, ешқандай науқас емес жәые білікті, білімді болуы керек, эрбір жүмысшы электрлік жүмысқа барар кезде электр қауіпсіздігі туралы емтихан тапсырып, білімін тексереді. Электр қауіпсіздігі жөнінде курстық сабақтар өтіп, жүмыс орнында квалификациялық комиссиялар жүмысшыларды тексереді.

Комиссия жүмысшылардың біліміне қарай оқу дэрежесін жоғарылатады, сөйтіп білімін жэне дэрежесін көрсететін куэлік беріледі.

Жұмыс орнын үйымдастыру электротехникалық жабдықтарды қолданарда техникалық қауіпсіздікті сақтау екі түрге бөлінеді:

1)оперативтік электр қондырғыларды іске қосып тексеру,   жеңіл
жүмыстар істеу, қорғаныс жабдықтарын ереже   бойынша қарап шығу,
қауіпсіздігін қарау, еңбекті қорғау;

2)  электр қондырғыларында өндірістік жүмыс істеу    дегеніміз — жөндеу,
монтаждау, қүрылыс жүмыстарын жэне т.б. жүмыстарды орындау   —
электр қондырғыларында.

Пайдалынылатын электр қондырғыларын еңбек қауіпсіздігі шараларымен қамтамасыз ету.

Электр қондырғыларының еңбек қауіпсіздігі шаралары немесе электр тоғынан қорғану шаралары:

1) ток өткізгіш бөліктерді қауіпсіз жерге орналастыру;

2) изоляцияны бақылау (ашық қалған жерлері болмау);

3) қорғаныстық жерге қосқыш;

4) қорғаныстық нөлдік сым;

5) автоматтық ажыратқыш;

Қорғаныстық жерге қосқыштың 2 түрі бар: кэдімгі жэне жасанды.

Кәдімгідей қорғаныстық жерге қосқышқа кез-келген металл қүрылмалы ғимараттар жер астындағы металл труба еткізгіштер, кран жолдары жатады.

Ал, жасанды қорғаныстық жерге қосқышқа металл стержендер немесе трубалар 25-50мм, үзындығы 2-Зм, бүрыштық болат 50х50х5мм жэне металл ленталар 40х4мм өлшемдегі.

Автоматтық ажыратқыш — аппаратын ішіне орналасқан, ол электр күбырлардың немесе электр қондырғылардың (1000 В-қ) ішіне орналастырады қауіпті жағдайда ол өздері токтан ажыратады.

Пайдаланушылар үшін еңбекті цоргаудын және техникалыц цауіпсіздігін, цоргану цүралдары.

Қорғану қүралдары 2 түрге бөлінеді:

1) Негізгі қүралдар: изоляцияланған өлшем штанглері, ток өлшейтін қысқыштар, кернеу көрсеткіштері изоляцияланған күрылғылар, сатылар монтерлық қүрал-жабдықтар изоляцияланған үстатқыштары бар траптар, алаңдар.

2) Қосымша қорғаныс қүралдарына 1000 В кернеулік электр қүрылғыларда: диэлектрикалық қолғаптар, дорожкалар жэне де изоляцияланған подставкалар, резина фартуктар.

Қоршаулы қорғаныстарға: щиттар уақытына қорғаныстық жерге қосқыш, уақытша алып жүретін жерге қосқыштар, сосын қорғаныс плакаттары.

Қорғаныс құралдары жүмысшыларға қорғаныс көзілдірігі арнайы қолғаптар жанбайтын матадан жасалған қорғайтын монтерлық белдіктер, қорғаныс халаттары жэне т.б.

Жоғарыдан түсу үшін монтерлық белдіктер, тырнақшалар, ременьмен телескоптық қондырғылар, сатылар.

Белдіктер 225кг салмақты, ал тырнақшалар — 135кг салмақты 5 минуттай ұстап тұра алады. Қорғаныс плакаттары 4-ке бөлінеді:

1) қорғану плакаттары: «тиіспе қауіпті», «жоғары кернеу», «өміріңе қауіпті» жэне т.б.

2) өткізбейтін: «адамдар жүмыс істеп жатыр — қосуға болмайды», «желілерде жүмыс жүріп жатыр — қосуға болмайды».

3) рүқсат беру: «осы арада жүмыс істеу», «осы араға міну», «жүмыс істеуге нүсқау».

4)ескерту; қолданылған шаралар туралы ескерту.

 Резеңкеколғаптар, қорғаныс қүралдары жабық шкафтарда және жэшіктерде құрал-саймандардан бөлек, майдан, бензиннен, жэне басқа заттардан аулақ, ал қолдану алдында қағып, тазалап алу керек [15].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сандық білім беру ресурсы — әдістемелік құрал. Бір ресурсты жасау үшін тек қана педагог мамандар ғана емес, онға жуық адам жұмыс істейді. Сенсеңіз, бір ресурсты шығару үшін суретші, анниматор, режиссер, білікті дикторлар, бірнеше саланы қамтыған программистер ат салысады. Сондықтан бұл командадағы бір адамның жұмысы жалпы командаға әсер етеді. Сандық білім беру контентін электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми — әдістемелік зерттеулер құрайды. Мәселен, мектепке дейінгі бала компьютерлік ойындар арқылы білімін жетілдірсе, мектеп оқушысы электронды оқулықтар арқылы оқиды, кәсіптік білім беру мекемелерінде виртуалды жаттығу әдістемесінен білім алса, жоғары оқу орнының студенті ғылыми — әдістемелік электронды оқу құралын пайдаланады. Міне, мұның бәрі сандық білім беру контентін құрап отыр. Ал енді электронды оқулықтың сандық білім беру ресурсынан айырмашылығы неде? Ең алдымен электронды оқулық мектеп бағдарламасын түгел қамтиды. Яғни оқушы электронды оқулық арқылы білімін жетілдіріп, интерактивті тапсырмаларды орындаса, сандық білім беру ресурсы белгілі бір пәнді түбегейлі зерттейді, интерактивті тапсырмаларды орындаған оқушы сандық білім беру ресурсы арқылы тест сұрақтарына жауап береді. Мойындаңызшы, үш пен екіге оқығысы келетін оқушы не студент жоқ, барлық оқушылар мен студенттер жақсы оқығысы келеді. Тек оларға мүмкіндік берілуі тиіс.

             Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі. Осы мақсаттарды жүзеге  асырғанда оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Сөйтіп оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіруге болады. Сабақтарда оқушыларды шығармашылық жұмысқа жұмылдыра отырып, іскерлікке баулу және интерактивті оқыту технологияларын пайдалану арқылы болашақ мамандарды дайындауда тиімді нәтижелерге жетуге болады.

           Білім беруде интерактивті оқыту технологияларын пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды.

Өмірдің қай саласын алмасақ та энергияның барлық түрлерінің ішінде ең коп қолданылатын электр энергиясы. Кез келген электрлік емес мамандықтың иесі әр түрлі салада қолданылатын электр жабдықтарымен жұмыс жасауына тура келетіні анық. Сондықтан болашақ мамандарға  электр машиналарының, электр өлшеу құралдарының, әр түрлі аппараттардың және электр жабдықтарының құрылысын, қызмет принципін, сипаттамаларын және пайдалану мүмкіндіктерін, оларды реттеуді және басқаруды білулері тиіс.

          Демек, болашақ мамандарды электротехникалық тұрғыдан дайындауда олардың әр түрлі электротехникалық қондырғыларды теориялық және практикалық жағынан терең және жан-жақты оқып және үйретуіне жол салынуы керек.

          Электр энергия, өндіру, тасымалдау, тарату, тұтыну үрдістерін және олардың қалыпты һәм қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін басқару және қорғау аппараттары соның ішінде сақтандырғыштар, реле және контакторлар қолданылады.

Жалпы алғанда, электр энергиясын қажетті уақытта беріп, қажет емес кезде тоқтатып (өшіріп) және электр энергиясы мен одан түрленген энергияның параметрлерін өзгертуге арналған аппараттарды басқару аппараттары деп атайды. Мысалы, басқару аппараттарының көмегімен электрлік қозғалтқыш жіберіледі, жүргізіледі, тоқтатылады, тежеледі және айналу бағыты өзгертіледі, айналу жылдамдығы реттеледі, т.с.с.

Электрлік реле және электромеханикалық релелер. Реле деп белгілі-бір мөлшерлі физикалық шаманың әсерінің нәтижесінде екінші-бір жүйенің секірмелі өзгертуге арналған аспапты айтады. Реле әртүрлі салада әртүрлә қызмет атқарады. Бірақ басқару тізбектеріндегі реленің негізгі ролі электрлік құрылғылар мен қондырғыларды бір күйден екінші күйге көшіру және қалыпты емес һәм аппаттық күйлерінен қорғау болып табылады. 

Түйістіргіш деп электромагниттің әрекетімен күштік тізбектерді жиі қосып және ажыратуға арналған аппаратты айтады. Күштік тізбектерді түйістіргіштердің көмегімен сағатына бір мыңнан астам рет ажыратып және қосып отыруға болады.

Сақтандырғыш электр тізбектерін асқын жүктелуден және қысқа тұйықталу тогынан қорғауға арналған аспап. Құрылысының қарапайымдылығы, бағасы мен жегу шығындарының арзандығы, мөлшерінің кішілігі, ажыратқыштық қабілетінің жоғарылығы оны кең  қолдануға мүмкін етті. Сақтандырғыштың әрекеттік парқы ондағы балқығыш қыстырғының токтың әсерінен қатты қызып, балқып үзілуіне негізделген.

Қазіргі таңда шетел тілін меңгеру мәдениетаралық қатынас құралы ретінде оқу үрдісін нақты қатынас процесс үлгісіне жақындатуға, яғни шетел тілін оқытудың негізгі мақсатына жетудің жолы мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастыруға негізделеді. 

Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:

1) пассивті студенттер оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру)

2) активті /белсенді / студенттер оқытудың «субъектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық – практикалық жұмыс) 

3) интерактивті – inter (өзара), act (әрекеттесу). Оқыту процесі барлық студенттердың тұрақты белсенді түрде өзара қарым – қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Студенттер мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады. Кәсіптік білім беру орындарындағы кәсіби мамандарды оқыту процесінде студенттерді кәсіби іс-әрекетке психологиялық тұрғыдан дайындайтын кәсіптік пәндерінің мазмұнында психологиялық тренинг жұмыстары  субьект-субьектілік әрекеттестікті қалыптастыратын қарым-қатынас мәселелерімен толықтырылса, ғылыми тірек ретіндегі біртұтас жеке тұлғалық принциптерге сәйкес құрылымдық жүйесі жасалынса, болашақ мамандардың кәсіби маңызды қасиеттері анықталынса, онда студенттердің кәсіби білімдер жүйесіндегі пәндерді оқып меңгерулері нәтижелі болады, сонымен бірге, келешектегі іс-әрекеттерінде де айтарлықтай табысқа жетулері мүмкін. Мұндай мақсатқа жету үшін болашақ маман арнаулы білімдерді меңгерумен бірге, заман талабына сай әдістемелерді де кең түрде қолдана білулері қажет.

          Тұжырымдай келе айтарым, оқытудың түрлері мен әдістерін теориялық сабақтарды беру мәселесінен бастау керек. Теориялық сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге, есту, көру және есте сақтау қабілеттерін ынталандыруға бағытталуы тиіс. Сол үшін, алдын ала дайындалған, студенттерге таратып берілетін материалдарды, графикалық және әдістемелік оқулықтарды (плакаттар, сұлбалар, кестелер), техникалық құралдарды (компьютерлік, аудио- және бейнелі ақпарат) кеңінен қолдану керек. Айтып өткендей, қазіргі кезде, оқытушының рөлі мен біліктілігі теориялық сабақтарды өткізу барысында интерактивті оқыту технологияларын қолдана білуіне көп байланысты, сондықтан менің ойымша, теориялық сабақтарды өткізуге байланысты шетелдік әріптестердің тәжірибесіне жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру үрдісіне жаңа бағыттағы өзгерістер енгізу арқылы оқыту үлкен жетістіктерге жеткізер еді. Мысалы, берілетін әр сабақтың тақырыбына сәйкес, алдын ала арнайы дайындалған, қаралатын мәселелердің негізгі міндеттері белгіленген, ақпаратты сипаттағы активті материалдарды оқушыларға тарату, бірлескен шығармашылық, бірлескен шешім, яғни қалыптасқан тура және кері байланыс жүйесін ауызша ғана емес, Интернет жүйесі арқылы тудыру, өте күрделі тапсырмаларды өз бетімен орындағаны үшін жүйелі түрде мадақтау, өздік жұмыстарын ұйымдастыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, оны жете меңгеру мақсатында белгілі бір талап қою.

       Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс жаңа оқыту технологиялары арқылы соның ішінде интерактивті оқыту технологиясы арқылы бүгінгі күннің талабына сай болашақ мамандарды дайындаудағы белсенділікті арттыру мәселесіне арналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

        1Қозыбай А.Қ, Жексенбиева Н.Ж. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі қазіргі оқыту технологиялары, оқулық, Алматы 2011

        2 М.Мұхити «Электротехника» Алматы 2008

        3 Крымский Г.А «Реле для устройств» Москва 1956

        4 Черноборовов Н.В «Релейная защита» учебное пособие Москва 1974

        5 Крымский Г:А «Электрические аппараты» Москва 1956

        6 Садуова Ж.Н. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру. Пед.ғыл.канд …дисс. –Түркістан, 2008

        7 Өстеміров К.Ө. Кәсіптік оқыту әдістемесі. – Алматы: «РАДиАЛ», 2006.

        8Құдайбергенова К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы – педагогикалық технология көзі, Алматы 2001

        9А.Әлімов. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. — Алматы, 2009.

        10 Мур М. Г. Выбор и конвергенция технологий и медиа. Различие между технологическими задачами, отдельными технологиями и медиа // Information and Communication Technologies in Distance Education Specialized Training Course. − UNESCO Institute for Information Technologies in Education, 2002.

         11 Поляков С. В ожидании «цифрового бума»: Проект «Информа-тизация системы образования» открывает новые перспективы российского рынка электронного обучения // Вестник учебной и детской литературы. – 2006. –

         12 Григорьев С. Г., Гриншкун В. В. Использование мультимедиа-технологий в общем среднем образовании. – Электронный ресурс. – Режим доступа: http://www.humanities.edu.ru/db/sg/ 80306

         13 Жаксылыкова.Н.Е.,Скабаева Г.Н., Құрбаналиев Б.Б., «050120-Кәсіптік оқыту мамандығы стунденттеріне дипломдық жұмыс орындауға арналған Әдістемелік нұсқаулар» Алматы 2010

         14 Байтоқаев Ө.Б., Қашаған Б.Е., Бекпаева З.Н., «Еңбек қорғау пәні бойынша практикум» Алматы, 2006 ж.

         15 Делин П.А Основы техники безопасности в электроустановках, Москва -197

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша Ә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша Б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша В