АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Кәсіптік білім беру және сәнді көйлектің технологиялық өңдеу

Мазмұны

 

 

Кіріспе …………………………………………………………………………………………………………………………………………3-4         

  1. Кәсіптік оқытудың әдістемесі……………………………………………………………………………………………………….5

1.1. Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны ……………………………………………………………………………..5-9

1.2. Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары …………………………………………………………..10-22

1.3. Кәсіптік оқыту әдістері……………………………………………………………………………………………………….23-27

  1. Жобалау объектісін таңдау және негіздеу……………………………………………………………………………………28

2.1. Шығармашылық негіздерді талдау………………………………………………………………………………………28-33

2.2. Жобалау объектісіне қойылатын талаптар……………………………………………………………………………33-38

2.3. Объект моделі модификацияларын құру………………………………………………………………………………38-44

2.4. Негіздеу және материалдарды таңдау……………………………………………………………………………………….45

2.4.1. Материалдар мінездемесі (сипаттамасы)…………………………………………………………………………..45-48

2.4.2. Конфекциондық карта…………………………………………………………………………………………………………..49

  1. Өңдеу тәсілдерін және қондырғыларды таңдау……………………………………………………………………………50

3.1. Өңдеу режимдері………………………………………………………………………………………………………………..50-52

3.2. Қондырғыны таңдау және сипаттау……………………………………………………………………………………..53-57

Қорытынды……………………………………………………………………………………………………………………………….58-59

Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………………………………………………….60

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе  

 

 Қазақстан жолының жаңа кезеңі- экономиканы нығайтудың, халықтың әл- ауқатын арттырудың жаңа міндеттері.

Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу- өмірлік маңызды нәрсе.

Менің тапсырмам бойынша Үкімет қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды қамтамасыз етудің бағдарламасын бекітті. Онда үш маңызды міндет қойылған. Біріншіден, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау. Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу. Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру. 2011 жылы бұл Бағдарлама қанатқақты режімде 60 мыңға жуық адамның қатысуымен сынақтан өтті.

Біздің маңызды міндетіміз- басқарушылардың білікті саяси табын дайындау. Үкіметке, Президент Әкімшілігіне 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңына дейін Президенттік кадр жасағына кандидатуралар жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырамын. Арнаулы комиссия кандидатураларды білімі мен кәсібилігі, жоғары моральдық сипаты, бастамашылдығы мен тапсырылған учаскедегі жұмысының табыстылығы өлшемдері бойынша іріктеледі. [1]

Егемен ел атанғалы екінші онжылдыққа қадам басқан республикамыздың алдында тұрған басты міндеттердің бірі- әлемдік қауымдастыққа Қазақстанның, оның экономикасы мен білімнің бәсекеге қабілеттіліңгін арттыру.

Бағдарламада кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымын өзгертіп дайындалатын мамандарды стандарттау жүйесі ұсыныстарына сәйкестендірі көзделген. Аталған шаралар іс жүзіне асқанда білімді басқарудың тиімді жүйесі құрылып, кәсіби шараларды өздігінен творчествалық тұрғыдан шеше алатын бәсекеге сәйкес мамандар даярланып тұлғаның кәсіби- бәсекелестігін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

Бағдарламада кәсіптік білім жүйесінің құрылымын өзгертіп дайындалатын мамандарды стандарттау жүйесі ұсыныстарына сәйкестендіру көзделген. Аталған шаралар іс жүзіне асқанда білімді басқарудың тиімді жүйесі құрылып, кәсіби шараларды өздігінен творчествалық тұрғыдан шеше алатын бәсекеге сәйкес мамандардаярланып тұлғаның кәсіби- бәсекелестігін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

Қазіргі заманғы білім әлемінде болып жатқан революция оның адам өмірдегі алатын орнын түбегейлі өзгертті. «Бүкіл өміріне жететін білім» деген қағида «Өмір бойы алатын білім» талабымен алмасты. Оған негіз болған қазіргі өзгертіп жатқан техология мен ақпарат ағымдарының қарқынды дамуы, адамның алған білімі мен мамандығының тез ескіріп сәйкессіз болып қалуы. Адамзаттың ойлау жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер өмірдің барлық саласын қамтыған. Аталған құбылыстан сырт қалу қоғамымызға үлкен сын. Бұл тұрғыда әлемдік өркениеттің ұйытқысы болып отырған біліктілік пен білім кеңістігін интеграциялау бағыты мен бағдары бүгінгі күннің негізгі проблемасы. Сондай- ақ оқушыға өздігінен ұғыну талдау, ақпаратты тиімді пайдалану,қоғамда пайдалы тұрғыдан араластыру құзыреттілі негізгі қажеттілік.

Қазіргі кезде көптеген оқу орындарында кәсіптік білім беру ескірген материалды- техникалық база мен оқу- әдістемелік құралдармен, сондай- ақ арнайы инженерлік- іскерлік педагогикалық дайындықтан өтпеген оқытушылармен жүргізіледі. Сондықтан бүгінгі күнде еліміздегі үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін реформалау үшін нарықтың дамуы мен өтпелі процесстерді есепке алмай оқу орындарының бірі мен бірінің ара қатынас жүйелеріндегі және де оқушылар мен өндіріс ерекшеліктерін ескертуді қажет етеді. Кәсіби мамандар даярлау жаңа көзқараспен яғни еңбек ету білім мен біліктіліктің сұранысына сәйкес болуы керек. Мамандар даярлайтын оқу орындары тек қана бір сатылы болып, бір деңгейде кәсіптік білім беріп, ал ол нарық жағдайында шығынды болып, білім мазмұнының демократияға сәйкессіздігіне соқтырады. Кәсіби біліммен сусындаған бүгінгі ұрпақ ел болашағының тірегіне айналатынына күмәніміз жоқ. [2]    

Тігін өндірісінің басты мақсаты— халықтың мәдени даму деңгейін көтеру. Тігін  өндірісі адамдарды сапалы және кең көлемде киіммен қамтамасыз ету. Халық  тұтынатын тауарларды өндіру мен қызмет көрсету саласын дамытудың          

маңызды  мақсатының өркендеуі  Тігін өндірісі қазіргі кезде жеке тігін салондары мен сән ательелері жақсы жұмыс  жасауда. Сән ательелерінде, көбінде жаңа тігін машиналар қолдануда. Бұл  киім сапасын кең көлемде арттыруда. [3] 

Халық тұтқаның тауарларды өндіру мен қызмет көрсету саласын дамытудың комплексті бағдарламасында халықтың матаға, киімге, аяқ киімге, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық тауарларына (әсіресе демалыс, туризм және  спорт үшін) көпшілік қолды басқа да тауарларға жан- жақты сұранысын мейлінше халықтың түрлі топтарының тілегіне сай ассортиментте әзірлеу белгіленген. Бұйымдардың сапасының едәуір жақсаруы, олардың техникалық және эстетикалық деңгейі, пайдалануға шыдамдылығы артуы тиіс. Тігін бұйымдарын үлгілеу мен құрастыруды айтарлықтай жақсарту қажет. Тігін өнер кәсіби қазіргі кездегі халық шаруашылығының индустриялық саласы болды, онда автоматтандыру және механикаландырудың соны құралдары, электронды- есептеу техникасы, сондай- ақ өнеркәсіптің басқа да бірқатар салаларының жетістіктері пайдаланылады. Мұның бәрі маман- тігіншілерден мол білім, іскерлікпен кәсіби дағдырларды талап етеді. Алға қойылған міндеттер жоғары оқу орындары, колледждер мен кәсіптік-  техникалық білім беру жүйесінде даярланатын маман кадрларсыз жүзеге асуы  мүмкін емес. Елімізді әлеуметтік- экономикалық жағынан дамыту міндеттері     жастарға кәсіптік-техникалық білім беру ісіне, халық шаруашылығы үшін  маман  жұмысшылар даярлау сапасына жаңа, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары талаптар қойып отыр. Қазір кәсіптік- техникалық білім беру жүйесі алдында- жас ұрпақты  оқыту, оларға еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру және ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сәйкес қоғамдық пайдалы еңбекке даярлау  сапасын көтеру міндеті тұр.   Дипломдық жұмыс барысында зерттеліп отырған тақырып «Кәсіптік білім беру және жас қыздарға арналған сәнді көйлекті өндеу».  

  1. Кәсіптік оқыту әдістемесі

1.1 Кәсіптік оқытудың мазмұны және міндеттері

 

Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс- шараларды жүзеге асы-рудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі замаңғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.

Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде.

Кәсіптік- техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.

Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі — қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға  талаптарды күшейту қажет. Әр өңдіріс педагогтардың біліктілігін артыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.

Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.

Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.

 Үкіметке қазақстандық инновациялық жүйені нығайту қажет. Перспективалы ғылыми- зертеулерді қаржыландырудың бюджеттік шығындарын инновациялық гранттарды бөлу арқылы ұлғайту маңызды.

«Ғылыми туралы» жаңа заң ғылымды жүйелі мемлекеттік қолдай үшін негіз қалайды. Отандық ғалымдарды қолдау қажет.

Назарбаев Университеті төңірегінде трансферт пен жаңа технологиялар құруға ықпал ететін инновациялық- интеллектуалдық кластер қалыптасуы тиіс. Астанада жоғары технологиялы кәсіпорындар құра отырып, біз бұл тәжірибені Қазақстанның басқа да ғылыми- білім беру орталықтарына тарататын боламыз. Бізде заңнамалық негіз бар. Бұл менің тапсырмам бойынша қабылданған «Индустриялық – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заң. Соның негізінде мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара іс- қимылының инновациялық әлеуетін өрістету қажет.  [1] 

Қазіргі заман талабы- оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдырдың бірі. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оның міндеттерінің бірі ретінде «Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәртебесін арттыру, оның ережесін, міндеттерін, құрылымын қайта қарау» көрсетілген. Терминология мен термин мәселесінің тап қазір кезеңде қаншалықты маңызға ие болып отыр. Сондықтан Елбасының Жарлығымен бекітілген осы мәселе алдығы уақытта міндетті түрде шешіміш табуға тиіс.

Терминология бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр. Қазіргі жаңа оқулықтарда термин сөздер көп келтірілген.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз»- деп баса айтты.

Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта 2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оның мақсаты- техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі- оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді.

Қазіргі лицейдің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етіліде.

Білім – болашақ бағдары, кез- келген маман даярлайтын оқу орнының басты міндеттерінің бірі- жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет- оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс- әрекетіне қажетті блім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік- оқушының әрекет тәсілдерін жан- жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері- білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол- оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілетті болып табылатына жаңа сапа. [3] 

 

1.1.2 Пәнаралық байланыс негізінде еңбекке оқыту процесін ұйымдастыру

 

Қазіргі кезде білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн- тәртібіне қойылып отыр. Оқу- тәрбие процесінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық ақыл- ойын байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды, заңдылықтарды бір- бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс- әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету тағы басқа мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді талап етеді.

Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріспен қоғамдық дамудың жаңарту процесіне тікелей ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқыту процесін пәнаралық байланыспен өткізу ерекше көкейкесті орын алып отыр және жалпы педагогикалық маңызға ие болуды.

Я.А. Коменский: «өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керек»,- деп жазды.

Пәнаралық байланыс ұғымы өз ішінде мынадай үш бөліктен тұрады:

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірінші- байланыс құрамы. Бұған байланыстардың негізгі обьектілері кіреді (оқу пәндері арасындағы құрамы мен тақырыптары және пәндік хабарламалардың обьектілері).

Екінші- байланыс амалы, құралы. Бұл бір пәннен екінші пәнге және басқаларына хабар беру арқылы жүзеге асырылады. Ал хабар кнез келген теориялық жаңалық деп түсіндіріледі. Байланыс амалдарын таңдау әр түрлі жағдайлармен шешіледі. Білім деңгейіне, көрнекі құралдарды, техникалық оқу құралдарын, әр түрлі жабдықтарды қамтамасыз етумен анықталады.

Үшінші-байланыстың бағыттылығы. Хабардың, кейбір мәліметтердің бір пәннен екінші пәнге беріп отыру бағыты. Сөйтіп, пәнаралық байланыс- маңызды дидактикалық әдістемелік категория және оқыту жүйесінің бір проблемасы ретінде танылады. Еңбекке оқыту әдістемесі де технология пәнін басқа пәндермен байланыстылығына назар аударған. Технология пәні барлық пәндермен тығыз байланысады.

Мектеп тәжірибесінде еңбек пәнінің мұғалімдері пәнаралық байланыс негізінде сабақ өткізу барысында «Киім конструкциясы», «Маталардың қасиеттері», «Еңбек туралы мақал- мәтелдер», т.б. тақырыптарды ұсыну арқылы оқушылардың білім байлығын, шығармашылық қабілетін, дағдыларын шебер қолданылуын, олардың өздеріне зерттеу әдістемелік тұрғыдан қажеттілігін дәлелдейді. Еңбек- қоғамды дамытудың құралы. Ендеше еңбек- адамның ақыл- ойының көрінісі, әдет-ғұрпының байлығы, өнер- білім қазынасын меңгерудің құралы. Пәнаралық байланыс танымдық іс- әрекеті негізінде басқа пәндерден алған білімдерін еске түсіру арқылы ойлау қабіліттерін арттырады. . [5] 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.3 Еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері

 

Еңбек тәрбиесінің мақсаты- жас ұрпақтың дене және ақыл- ой еңбегіне деген дұрыс қатынасын, өмірде де еңбекті қажетсінуіне тәрбиелеу.

  • Жастардың организмін дамыта отырып, сан қилы дене еңбегінің түрлерімен таныстыру.
  • Оқу еңбегіне қызықтыру, үйрету, оған дағдыландыру.
  • Шығармашылық еңбек дегенді түсіндіру, нәтижесін таныту, оны пайдалануды, бағалауды үйрету.
  • Еңбегінің нәтижесіне, аз да болса жеткен табысына қанағаттану, қуану сезімін дамыту.
  • Саналы да, сапалы да еңбек етуге әдеттендіру, өйткені еңбек қоғамның экономикалық байлығын арттырудың көзі.
  • Еңбек ету іскерлігін, дағдысын дамыту.
  • Еңбек мәдениетін сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге, ұқыптылықпен жұмсауға үйрету.
  • Еңбегінің нәтижесіне, аз да болса жеткен табысына қанағаттану, қуану сезімін дамыту.
  • Саналы да, сапалы да еңбек етуге әдеттендіру, өйткені еңбек қоғамның экономикалық байлығын арттырудың көзі.
  1. Еңбек ету іскерлігін, дағдысын дамыту.
  2. Еңбек мәдениетін сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге, ұқыптылықпен жұмсауға үйрету.
  3. Қабілетіне қарай, мамандыққа ие болуына бағыт беру.
  4. Еңбекке белсенділік, бастамашылдық, ұйымдастыруышылық, оны жоспарлай білушілік мүмкіндіктерін дамыту.
  5. Жас ұрпақтың еңбек арқылы адамдық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінде қалыптасқан білім мен білік дағды мен іскерлік жастардың өмірге, еңбекке құштарлығын арттырып, мүмкіндігін дамытатын сенімді құралы. Жастарды болашақ мамандығына, икемділігіне сәйкес тәжірибелік еңбекке дайындау, оларға еңбек етудің дағдыларын игерту, еңбек пәні мен сынып жетекшінің басты парызы.

  Білім негіздерін үйренудің өзі- оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің негізгі құралы. Оқу- үлкен ой еңбегі. Ол оқушының қоғам, халық, ата- ана алдындағы жауапты міндеті. Оқушыларды жүйелі оқу еңбегіне үйрету- кітаппен жұмыс, зертханалық жұмыстарды орындау, бақылау, өздігінен жұмыс істей алу қабілетін дамыту, дағдысын қалыптастыру, жұмыс орнын таза ұстау- еңбек тәрбиесінің міндеттерінің бірі.

Еңбек озаттары туралы баяндамалары, әңгімелер, диспуттар, кештер, кеңесулер сияқты, т.б. тәрбие түрлері, көркемөнерпаздар үйірмесінің сан салалы жұмыстарына оқушыларды қалаптастыру, оларды тиімді өткізудің мәні зор.

Осы әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, қазіргі замандағы ғылым жетістерін үйрете отырып, жан- жақты толыққанды тұлғаны қалыптастыру керек. [5] 

 

  1.2. Кәсіптік оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары

1.2.1. Инновация кәсіби оқытуда

 

Еліміздің болашағы — жастарды мектеп қабырғасынан бастап жаңаша оқытып, жаңаша ойлауға, іскерлікке тәрбиелеу- қазіргі заман талабы. Бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы бір сырлы болуды міндеттейді. Мұғалім үшін ең басты нәрсе- әр шәкірттің жан дүниесінің есігін ашатын кілтті табу. Балаға әсер ету жолдары түрліше болып келеді. Мұғалім ізденісті әр баланың ішкі дүниесіне үңілуден бастайды. Оқушының ізденімпаздық, шығармашылық қабілетіне қарай әдіс тәсілдері солардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп алынады. Қазіргі кезде көп талқыланып жүрген оқыту түрлері-модулдік технология, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау сабақтары кеңінен қолдануда. Инновация латынның «novus» жаңалық және «in»  енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді. Осы жаңару, жаңалықтар мен өзгерістерді кәсіби білім беру мектептерінің оқу- тәрбие үрдісіне енгізу, оқыту технологиясын жетілдіру басты міндет болып табылады.

Тұлғаны тәрбиелеу үшін әрбір мұғалімнің мақсаты болу керек. Педагогикалық технология оқыту мақсатында жетудің тиімді нақты жолдарын көрсетеді. Ал мақсаттың нақты болуы нәтижемен тікелей жұптасып жатуы педагогикалық технологияның түйіні болып табылады. Оқушыларға дәріс беру әр мұғалімнен мықты білім, әдіс және оқытудың жаңа технологиясын талап етеді. Оқыту белсенді және өнімді процесс есебінде берік білім алумен бағаланады. Оқушылар пәнді неғұрлым терең игере алуын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің шығармашылық ізденісін, әдістемелік жаңалықтарға сергектігін, оны сабақ өткізу барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Теориялық білімді іс тәжірибемен байланыстыру, оқушылардың білімінің сапасын арттыру және оларды еңбек етуге, өмір сүруге даярлаудың дидактикалық ұстанымдары, жаңа педагогикалық технологияны енгізу оқытушы сабақ өткізуде қолдануға міндетті.

Бүгінгі таңда оқу орындары мен өндірістік мекемелер арасында іскерлік байланысқа жеке мән беру мәселесі өткір қойылуда. Өйткені өнеркәсіп орындарына сауатты, жаңаша ойлау білетін, жаңа технологияларды терең игерген жас мамандар ауадай қажет болып отырғаны ақиқат. Бұны қазір барлық өндіріс орындары басшылары анық сезініп отыр, ал олардың көбісі өздерінің мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне қарай жоспарлы түрде жасауда. [6]

Еліміздің білім беру жүйесінің бір бөлігі кәсіби маман даярлау. Қандай сабақта да оқушыларды ізденіске баулу мұғалімнің басты мақсаты. Осы мақсатты жүзеге асырудың бірден- бір жолы- сабақ процесінде ойын элементтерін пайдалану болып табылады.

Педагогикалық мәселелерді терең түсініп, шығармашылықпен жұмыс істеуге қол жеткізу үшін, жас ұрпаққа білім мен кәсіпті үйретіп, оны тереңдетіп көркемдік талғамын арттырып, өмірге көзқарастарын дұрыс қалыптастыру халықтық тәрбие беруде ізгі мінез- құлық, биік адамгершілігін арттыруда білімнің сапасын жақсартып кәсіп үйретуде оны ұлттық дәстүрмен панорамалық сабақтармен ұштастыру қажет.

Бұл тәсіл оқушылардың танымдық қызметін жақсартуға, ой-қиялын жетілдіруге, қызығушылыққа бейімдейді.

 

1.2.2 Кәсіптік білім сапасын зерделеуді ұйымдастыру

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін бақылау және мониторинг өткізу әдісін әзірлейді.

Әдістемелік құрал «Білім» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс- шаралар жоспарының 45-тармағында сәйкес әзірленген.

Мониторинг- дегеніміз білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының білім саласына арналған заңнамалары мен нормативтік- құқықтық актілерінің орындалуын бақылау, зерттеу, талдау.

Орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін бағалау және мониторинг өткізу оқу- әдістемелік, тәрбие және ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру арқылы мамандар даярлау сапасын арттыру үшін жағдай жасауға, білім сапасын жақсартуға және педагогикалық ұжымдардың ынтасын арттыруға бағытталған.

Білім беру ұйымдарының қызметін бағалаудың мақсаты Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білімді дамыту және жетілдіру, орта кәсіптік білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелерді насихаттау, тарату, кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждерді дамытудың қарқыны, деңгейі туралы нақты мәліметтердің, орта кәсіптік білім беруді жоспарлаудың және мемлекеттік басқару органдарын ақпараттық сараптау материалдарымен қамтамасыз ететін деректер қорын жасау болып табылады. Кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін бағалауға арналған көрсеткіштердің біріңғай жүйесі білім беру ұйымдарымен қатар, білім саласындағы жергілікті және орталық атқару органдарында да компьютерлік технология жолымен мониторинг жүргізу, «Жылдың таңдаулы кәсіптік мектебі», «Жылдық таңдаулы колледжі» конкурстарын қорытындылауға, оқу орнының рейтингін анықтауға мүмкіндік туғызады. Бақылау барысында республикалық және облыстық кәсіптік білім беру жүйесінің кәсіптік деңгейі жоғары, даму болашағы зор және шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждер айқындалады. Бағалауға меншік және ведомствалық бағыныштылығына қарамастан еліміздің мемлекеттік аттестациядан өткен кәсіптік мектептері (лицейлері) мен колледждері қатыса алады.

Бағалау екі кезеңде: облыстық (қалалық) және республикалық деңгейлерде іске асырылады. Облыстық (қалалық) деңгейдегі бағалауды облыстық (қалалық) білім департаменттері (басқармалары) жыл сайын 1-ші қарашаға дейін жүргізсе, республикалық деңгейдегі бағалауды жыл сайын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 1-ші желтоқсанға дейін анықтайды. Республикалық деңгейдегі бағалауды анықтауға облыста (қалада) ең жоғары көрсеткішке жеткен бір ғана оқу орны жіберіледі. Облыстық (қалалық) Білім департаменттері (басқармалары) оқу орындарының республикалық деңгейдегі рейтингін бағалауды анықтауға қатысуы туралы шешім қабылдайды және ол жөніндегі құжаттарды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі. Мониторинг өткізу кезеңінде білім беру ұйымдарының қызметі- кәсіптік білім беру бағдарламалары, оқытушылар мен оқушылар, өндірістік оқыту шеберлерінің құрамы тәрбие жұмысы, кәсіптік сараман, мамандар даярлап шығару, баспа қызметі, әдістемелік жұмыс, өндірістік қызмет, оқу- материалдық қорлар, әлеуметтік- тұрмыстық жағдайлар- сияқты осындай 12 бөлімге топталған 52 көрсеткіш өлшемдерімен бағаланады.  [7] 

 

1.2.3. Оқу үрдісінде дидактиканы қолданудың алғы шарттары

 

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан өзгерістер мен ақпараттық технологияларда дидактиканы қолданудың мақсаты мен міндеті- оқытушының біліктілігі мен шығармашылығын, оны меңгеруде жаңашылдағы мен ізденісін дамыту,  жас ұрпақты тәрбиелеу, осы бағытта білім көзін ашатын оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін, әрбір оқушыға жан- жақты білім беру жүйесінде одан әрі қарай жетілдіру. Ақпараттық технологиялардың тиімділігі оқу материалдарын дидактикалық құрылымын әдіснамалық тұрғыдан (топтап және ұжымдап, жекелеп) оқытуға, оқушылардың мемлекеттік стандартқа сай білімін дамытуға мүмкіндік береді. Оқыту әдістерінің дидактикалық мақсаттары мен міндеттерінің сәйкестігін мынадан байқауға болады:

 

Дидактикалық мақсат

Оқыту әдістері

1. Оқушылардың жаңа білімді       қабылдауы

Оқушының сөздік әдістерімен білімді баяндауы:

Оқушылардың өзбетінше істейтін жұмыстары:

Кітаппен немесе басқа әдебиеттерімен жұмыс істеу:

Бақылау және тәжірибе.

2. Білімді, іскерлікті, дағдыны    

    бекіту

1. Материалды қайталап оқу

2. Қайталау тапсырмаларымен жұмыс

3. Қайталау, қорынтындылау әңгімесі

3. Білімді, іскерлікті, дағдыны  

    тексеру

1. Ауызша сұрақ

2. Жазбаша бақылау жұмысы

3. Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар

Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемасын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп, жинақтауға, оқу үрдісінің табысты болуы мынадай жағдайларды іске асыруға мүмкіндік береді:

  • Оқушының теориялық және практикалық дайындығы, оқу үрдісін ұйымдастыра және басқара білуі:
  • Оқу үрдісінде оқытушының жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен ақпараттық технологияларды жете түсініп, пайдалана білуі:
  • Оқытушы мен оқушы арасындағы адамгершілік өзара қатыстынасты қалыптастыру, оқу үрдісін бірлікпен дамыту. Қазіргі кезде орта кәсіптік білім беру саласында тәрбие мен оқыту, оқытуды ақпараттандыру ісі жаңа технологияларды дайындауды талап етеді. Біріншіден, электрондық оқулар, мультимедиалық оқу құралдары мен электронды жазбалар, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, екіншіден компьютерлік технологияны білім саласында оқушының сезім түйсіктеріне әсер ету, сабақта ізденушіліктерінің пайда болуын көрсетеді. Сабақ қандай дидактикалық талаптарға жауап беруі, тиіс, соны қарастырайық. Сабақтың дидактикалық мақсатың айқындығы, әрбір сабақта оқыту және тәрбие мақсаты. Жоғарыда айтылған дидиктикаға байланысты нені оқыту керек? Қалай оқыту керек, не үшін оқыту керек деген сұрақтардың жауабын анықтаудың негізі- оқытушының педагогикалық жаңашыл ізденіс идеяларымен іске асырылуы қажет. Мысалы: қалай оқыту керек? Қазіргі оқыту үрдісінде оқытудың әдістерін, оқытуды ұйымдастырудың формуларын тиімді пайдалану керек. Не үшін оқыту керек? Өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатысуға даярлау, оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру болса, оқушының іс- әрекетіне, таным міндеттеріне жете түсіну, жаңа материалды қабылдау, ұғыну, т.б. Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өзбетінше ізденіп шешуге тырысады, оқу үрдісінде жеке- жеке дайындалады. [8] 

 

1.2.4. Сабақтың тақырыбы:

Сән журналынан үлгілерді таңдау

 

1) Білімділік мақсаты: оқушылардың теориялық білімділігін арттыру, таным-түсініктерін кеңейту,шығармашылыққа баулу.

2) Тәрбиелік мақсаты: талғампаздыққа, ұқыптылық пен үнемді болуға үйрету. Сәнді де жарасымды киіне білуге тәрбиелеу.

  • Дамытушылық мақсаты: эстетикалық талғамы мен ұйымдастырушылық ойлау қабілеттерін дамыту, ізденімпаздық, еңбекқорлық іс- әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі:  сұрақ- жауап, сызбалар, тест.

Сабақтың формасы: ұжымдық.

Пәнаралық байланыс: математика, сызу, геометрия, информатика, әдебиет.

Сабақтың көрнекіліктері: «Бурда» журналы, сән үлгілері, суретті буклеттер, таблицалар.

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі 

А) Оқушылармен сәлемдесу,  түгелдеу.

Б) Сабаққа қажетті құралдарын дайындату.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау:

Сәндік қолданбалы өнер. Тігін бұйымдарының сән үлгілері. Сұрақтар мен тапсырмалар беру:

  • Сән деген не, сәннің неше бағыты бар?
  • Силуэт деген не, пішім деген не?
  • Стиль сөзі нені білдіреді және стильдің қандай түрлері бар?
  • Пропорция деген не? Киімдер пайдаланылуына қарай неше топқа бөлінеді?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Сән таңдау

Қоғам дамыған сайын көзқарастар өзгеріп, мода да үнемі түрлену үстінде болады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адамдар жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Үлгіні таңдаған кезде киімнің ыңғайлы, жас мөлшеріне сай, сәннің соңғы бағытына сәйкес ыңғайлы ұзындықта, сапалы матадан, лайықты түсте, сәнді нақышта тігілу керек. Тігін бұйымы өмір ағымына сай негізгі талаптарға жауап беру тиіс:

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жақсы киіне білу де өнер. Бұл өнерді игеру үшін — бұйымдардың қаншалықты сәнді екенін таңдауға арналған «Лиза», «Маусым үлгілері», «Бурда» журналдарының көмегіне сүйенуге әбден болады. Бұл журналдардың бәріне пішім үлгілері жинақталған қосымшалары бар. Әрбір үлгінің өз нөмірлері болады, қосымшадағы осы нөмірдің астынғы жағында оны дайындау жөнінде нұсқаулар беріледі. Одан үлгінің суретін, материалдың шығынды, қосымша парақты пішімдердің, кішірейтілген сызбасын, жайылманың жоспарын, түсініктеме мәтінді, өлшемге арналған таблицаны табуға болады.

 

 

2) Тігін бұйымдарының сән үлгілері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3) үлгінің суреті- онда барлық тігістер мен бөлшектер көрсетілген.

4) Материалдық шығын – мұнда үлгі дайындауға қажетті барлық мәліметтер берілген.

5)  Қосымша парақ – пішім беттері, контур сызықтар әр түрлі журналдарда әр қалай берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6) Пішімнің кішірейтілген сызбасы — пішімнің беттерінен нені көшіріп алу жайлы түсінік береді. Кішірейтілген сызбаның бөлшектері пішімнің беттеріндегі түпнұсқасымен толық сәйкес келеді. Әрбір бөліктің өзіндік нөмірі болады.Онда сызықтар жүргізіліп, цифрлар мен шартты белгілер салынады.

7) Жайылма жоспары- қағаздағы пішім бөліктерінің матада орналасуының барынша тиімді тәсілдерін көрсетеді. Мұндай мата беткі жағы ішке қаратылып, қос қабатталып бүктеледі. Матаның бүктелісі — сгиб деп, ал матаның бойлық шеткі кенері – кромка деп аталады.

8) Түсініктеме мәтін — онда үлгінің атауы, өлшемі ұсынылатын матаның шығыны, бөлшектердің тізімі және тігу ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы берілген.

9) Өлшемге арналған таблица — «Бурда» журналының 54-беті. Өлшем алу суреті. Бойы 168см, қыздардың 34-52 өлшемі берілген, 51 бет.

10) Пішім парағын қалай пайдаланады?

1) Алдымен пішім парағын жаю, оның екі жақ беттерінде А, В, С, Д, Ғ, G, Н әріптерімен таңбаланғанын анықтау.

2) Парақтағы пішімнің бөліктері қара, қызыл, көк, жасыл, түсті контурлы сызықтармен ажыратылады.

3) Үлгінің суретінің жанында сол берілген үлгіге сәйкес контурлы сызықтардың түрі мен түсі беріледі.

4) Кішірейтілген сызба бойынша бөлшектердің нөмірлерін анықтау.

5) Бөлшектердің саны көрсетілген тізімде нөмірдің тұсында тұрған әріп берілген бөліктің түпнұсқасын парақтың қай шаршысынан іздеу керектігі көрсетіледі.

11) Пішімді қалай көшіруге болады?

1) Анық байқалу үшін пішім парағындағы өзімізге керекті бөлшектерді қаламмен немесе фломастермен контур жүргізіп алу.

2) Бөлшектеп жүргізілген барлық шартты белгілер мен сызықтарды белгілеп шығу керек.

3) Бөлшектердің бетіне калька немесе пленканы жылжымайтындай етіп орналастырып, барлық керекті пішім бөліктерін контурлы сызықпен жүргізеді.

4) Пішімдердің дәл көшірмесін алу үшін бұл жұмысты өте ұқыпты орындау керек.

12) Ойын «Сән мен сымбат».

Ойын шарты: «Сән мен сымбат» атымен аталатын шағын кәсіпорынның алдағы уақытқа арналған жаңа жұмыс жоспарын жасау керек, ол үшін маңызды 5 қадам түзу шарт:

1- қадам. «Өткел»

1) Киімдер пайдалануына қарай неше топқа бөлінеді? (тұрмыстық, өндірістік, формалық)

2) Тігін бұйымдары қандай негізгі талаптарға жауап беру керек? (гигиеналық, пайдалану, экономикалық)

3) Қандай сән журналдары бар?

4) Сәнді кім жасайды? (көркемдік сәнгер)

5) Сәннің неше түрі бар? (техникалық, көркемдік)

6) Қазіргі кезде сәннің неше түрі көзге түсіп жүр? (ретроспективалы, өткенге бағытталған, перспективалы болашаққа бағытталған)

7) Еліміздің танымал сәнгерлері кімдер? (Құралай Нұрқаділова, Аида Қауменова, Айгүл Қосымова, Кенже Девятко, Салтанат Баймұханбетова, т.б.)

2- қадам. «Бәйге» (тест сұрақтары)

1) Үлгінің суретінде не көрсетілген?

а) Тігістер мен бөлшектер

ә) Суреттер

б) Сызбалар

2) Материалдық шығын. Мұнда үлгі дайындауға нелер берілген?

а) Кіріс қосымшалары

ә) Шығын мәліметтері

б) Мүлде берілмеген

3) Қосымша парақ — пішім беттері, контурлы сызықтар «Бурда» журналында қалай берілген?

а) Рим цифрымен

ә) Жазумен

б) Әріптермен

4) Пішімнің кішірейтілген сызбасы нені көшіріп алу жайлы түсінік береді?

а) Сызықтар мен цифрлар, шартты белгілер

ә) Мәтінді түсініктер

б) Өлшемдер

5) Жайылма жоспары- қағаздағы пішім бөлшектерінің матада орналасуы қалай көрсетіледі?

а) Сызықтар мен цифрлар

ә) Барынша тиімді

б) Нақты белгісіз

6) Үлгінің атауы, өлшемі, мата шығыны, бөліктердің тізімі, тігу ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы қай жерде берілген?

а) Қосымша парақта

ә) Үлгінің суретінде

б) Түсініктеме мәтінде

3- қадам. «Бекет» (жұмбақ жасыру)

  1. Адамның сәні, онсыз жоқ мәні (киім)
  2. Қолында ине, жаңқадан түйме (тігінші)
  3. 3. Дөңгелек өзі, төртеу көзі, ұстайды мықтап, тұрғанды сырттан (түйме)
  4. 4. Белгілі уақыт танымал болған, адамдар оның соңынан қуған (мода)
  5. 5. Екі тышқан бірігіп, қиып- пішіп береді екеуінің керегі — ерге тиер көмегі (қайшы)
  6. 6. Аузы бір құбыр (шалбар)
  7. 7. Қолы бар, саусағы жоқ, мойны бар, басы жоқ (көйлек)

4— қадам. «Асу» (терезелердегі мақал — мәтелдердің жалғасын табу)

 

 

 

С-1

Э-2

Н-3

М-4

Е-5

Н-6

С-1

Ы-8

М-9

Б-10

А-11

Т-12

 

 

  1. Жас күнінде өнер тән…

Өнерлерінің ісі сән.

  1. Қолыма жұмыс бергенің,

Жаныма… тыныс бергенің.

  1. Ескі киімді баптағаның…

Жаңа киімді сақтағаның.

  1. Оймақ пішсең де…

Ойлап піш.

  1. Тігіншіні ине… асырайды.
  2. Алтын балдақ қол сәні,

Әшекей кесте… қол сәні.

  1. Өз үйінде ою оймаған…

Кісі үйінде сызу сызбас.

  1. Жіп, жіңішке жерінен… үзіледі.
  2. Үлгісі көптің, өрнегі көп,

Өнері көптің… ермегі көп.

  1. Ине… көзінен сынады.
  2. Ескі киім жаңа киімнің… қорғаушысы.
  3. Көлеңкеге қарап көйлек… пішпес болар.

5- қадам. «Мәре» (сөздер таратылады) 

«Сән», «Өнер», «Үлгі», «Көйлек», «Еңбек», «Тігінші» сөздерін қатыстыра отырып, жүрекжарды сөздерін өлең жолдарымен немесе мақал- мателдерді нақышына келтіре қорытынды тілек айту. [9] 

Қорытындылау.

ІV. Үйге тапсырма беру.

Сән журналынан үлгілерді таңдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           
     
 
     
 
   
 
     
 
     
 
     
 
     
 
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Кәсіптік оқыту әдістері

1.3.1. Техникалық және кәсіптік білім беруде білім сапасын бағалау

 

Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім сапасына қойылатын талаптар қатарында білім алушылардың білім, білік, дағдыларымен бірге кәсіби құзыреттілігін бағалау көкейкесті мәселенің бірі болып тұр. Осыған орай, білім алушылардың кәсіби дағдыларын тиімді бағалау ретінде кәсіби құзыреттілігін тексерудің бір түрі- кешенді бағалауды енгізуге қажеттілік туындады.

  Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылаудың негізгі мақсаты- білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың динамикасын анықтау болып табылады. [10] 

Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылаудың міндеттері:

  • жоспарланған білім мазмұны мен оқыту нәтижелері сәйкестігін бағалау дәрежесі:
  • тұтынушылар сұранысын ескере отырып, біліктілікті бақылауды жүргізу және ұйымдастыру механизмін құру:
  • белгілі бір біліктіліктегі кәсіптік дағдыларды іс жүзінде жүзеге асыру:
  • бітірушілердің кәсіптік құзыреттілігін сапалы бағалау:
  • бітірушінің біліктілік деңгейін анықтау:
  • қоғамның әлеуметтік сұранысын орындау үшін жұмысшы мамандар дайындауға бағалау жүйесін жетілдіру.

Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау өндірістік әрекетке жақын кәсіби- бағытталған оқытуды, білім берудің соңғы нәтижесі ретінде біліктілік деңгейіне обьективті баға беруді қамтамасыз етеді. Бақылаудың бұл түрі мақсатқа бағыттала отырып, берілетін білімнің стандартқа (ЖМББС), нарықтық еңбек талаптарына сай нақты мамандық бойынша дайындауға мүмкіндік береді.

  Сипатына қарай кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауды өндіріс орындарында кәсіби- бағытта жүзеге асыруда төмендегі жағдайларды ескереміз:

— нақты мамандық бойынша бітірушілерді дайындаудың мазмұны мен деңгейінің ЖМББС- тың минимум талаптарына сай болуын:

— кәсіптік құзыреттілік деңгейін айқындау мен қалыптастыруды:

— бітірушілердің оқу нәтижелерін айқындау және дайындығын обьективті бағалауды:

-жеткен жетістіктерге аналитикалық баға беруді.

    Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бағалау мыналарды қарастырады:

  • білім, білік, дағдыны және кәсіптік құзыреттілікті саталап қалыптастыру;
  • алған білімдерін жаңа құралдарды пайдалану арқылы әртүрлі өндірістік жағдайда іс жүзінде қолдана алуы;
  • практикалық дағдыны қалыптастыратын өзіндік жұмыстарды атқара алуы.

Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау мынадай негізгі талаптарға негізделеді:

  • қолданбалы сипатты болуымен;
  • жұмысшы мамандар даярлаудың қазіргі сұранысын жүзеге асырумен;
  • бітірушінің білім, білік, дағдысы мен кәсіптік құзыреттілігін айқындап көрсетумен;
  • білім алушының іс-әрекетті бірізділікпен, логикалық талаптарға сай, жауапкершілікпен, нақты орындалуын талап етумен;
  • ғылым жетістіктеріне, тәжірбие нәтижелеріне және нормативтік құжаттарға сәйкес қарастырылуымен.

  Қоғамның жаңа әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, білім алушылардың жыл сайын біліктілік жұмыстарының тақырыптар тізбесі жаңартылып отырылады.

  Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауды ұйымдастырудың жолдары:

  • директор кәсіптік комиссия құрады, оның құрамына төраға, мүшелер және жұмыс берушілер кіреді;
  • директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары бүкіл практикалық жұмысты басқарып, бағыт береді және кәсіптік құзреттілік сапасын кешенді бақылауды өткізу мерзімін белгілейді;
  • комиссия төрағасы кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауға қатысады және бітірушінің білім деңгейін анықтайды;
  • жұмыс берушілер біліктілік жұмыстарының тізбесін ұсынады, комиссия жұмысына қатысады және болашақ жұмысшы мамандарға өз талаптарын қоя алады;
  • кәсіби оқыту шебері технологиялық карта құрады, онда жұмыстың түрлерін қарастыра отырып, тапсырмаларды сатылап орындау, бітірушінің кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауды жүзеге асырады;
  • тәлімгер бітірушінің орындаған жұмысын тексереді, толықтыруға ұсыныс жасайды;
  • өндірістік практика жетекшісі кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауға бітірушінің дайындаған жұмысына тікелей басшылық жасайды, жұмыстың орындалуын тексереді, пікір дайындайды.

        Кешенді бақылаудың нәтижесі аналитикалық бағалау, білім алушылардың әрекетін ұйымдастыру, қатысушылармен тікелей қарым — қатынасты қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Ол практикалық тапсырмаларды орындату арқылы, біліктілік емтиханына дейін өткізіледі. Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау бастапқы, ағымдық аралық, қорытынды кезеңдерінен тұрады. Кешенді бақылауға дайындық кезінде білім алушылар орындайтын жұмысын тапсырмалар арасынан өз қалауынша таңдап алады. Оған жетекші, өндірістік оқыту шебері, тәлімгер тағайындалады. Сонымен бірге, білім алушы кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауды тапсыру үшін мамандығына сәйкес орындайтын жұмыс тақырыбын өз қалауынша ұсына алады. Таңдап алынған біліктілік жұмысының практикалық мәні болуы қажет. Мұндай жағдайда циклдық комиссия отырысында ұсынылған жұмыс тақырыбы талданады және бекітіледі. Егер тақырып мамандыққа сәйкес келмейтін болса жұмыс түрі өзгертіледі. Бастапқы бақылау бұрыннан қалыптасқан базалық білім, білік, дағдының негізінде білім алушының жаңа информацияны қабылдауға, еңбек әрекетіне дайындығын анықтауға мүмкіндік береді. Бақылаудың бұл түрі білім алушының оқу әрекетіне дайындығы және кәсіби мамандығына қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

  Ағымдық бақылау білім алушының жазбаша және ауызша жауаптар мен түрлі практикалық тапсырмаларды орындау, оқушылардың сабақтағы  белсенділігін бақылау және өзбетінше жұмысты орындауы арқылы жүзеге асырылады.

  Ағымдық бақылау оқу материалының қалай меңгерілгенін, келесі тақырыпты зерттеуге көшу қажеттілігін, оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру үшін сабақтың рөлін, практикалық біліктерін қалыптастырудың ең тиімді жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

  Аралық бақылау білім алушының білім, бірлік, дағдысын қалыптастыруда белгілі бір мамандықтың оқу процесін ТжКББ стандарты талаптарына сәйкес ұйымдастыруды көздейді. Бұл бақылауды практикалық сынақ түрінде өткізуге болады. Сынақтың өтетін мерзімі алдын- ала хабарланады. Білім алушының білімі мен білігін мұндай формада тексеру оларды оқу материалын іс жүзінде қолдана алуға және өзбетінше еңбек әрекеттерін орындау дағдысы мен логикалық ойлауға қабілеттілігін қалыптастырады.

  Білім алушылардың кәсіптік құзыреттілігін кешенді тексеру құралы ретінде қорытынды тексеру оқу жылының соңында жүргізіледі. Білім алушылар жасалатын жұмыстардың түрлерімен, нақты нұсқаумен қажетті материалдармен және қазіргі замаңғы жаңа құралдармен, оны орындау әдістемесімен, бағалау критерийімен қамтамасыз етіледі.

  Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауды арнайы құрылған комиссия жүргізеді (әлеуметтік серіктестік, директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары, директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, кәсіптік оқытудың аға шебері, кәсіптік оқыту шебері, тәлімгер). Топ координаторы кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауды өткізу үшін бірқатар құжаттар мен комиссия мүшелері тізбесін дайындайды.

  Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауды өткізуге дайындалатын құжаттарға мыналар жатады:

  • білім алушыға кәсіптік мінездеме
  • қазіргі нарықтық еңбек талаптарын ескере отырып, кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау үшін орындалатын жұмыстардың түрлері ұсынылады (жасалған жұмыстар тізбесі, кәсіптік құзыреттілік сапасын бағалауды кешенді бақылауды өткізу кестесі, нәтижесі).

  Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау кәсіптік және арнайы пәндер бойынша теориялық білімдерді меңгеруі және кәсіптік практика кезінде еңбек дағдыларын айқындау арқылы жүргізіледі.

Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау кезінде төмендегідей мәселелер өз шешімін табады:

  • ағымдық кешенді бақылау кезінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша белгілі бір практикалық жұмыстар орындалады:
  • аралық кешенді бақылау кезінде арнайы пәндер бойынша практикалық жұмыстар орындалады:
  • қортынды кешенді бақылау кезінде қажетті құрал-жабықтарды қолдану арқылы практикалық жұмыстар тұтастай орындалады.

  Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау мазмұны мыналарды қарастырады: тексеру жұмыстары (бірінші, екінші курстық жарты жылдығында жүргізіледі): кезең- кезеңмен  аттестациялау (біліктілігіне сәйкес бірінші, екінші курстың жарты жылдығында жүргізіледі): практикалық емтихан (өндіріс орындарында өткізіледі).                    

  Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау келесі үлгі бойынша жүргізіледі:

1 кезең- тексеру жұмыстары, оған білім алушылардың кәсіптік дайындығы бойынша бірінші курстағы белгілі бір жұмыстарды орындауын енгіземіз. Оған жұмыс орнын дайындау, жабдықтау сияқты дайындық модульдері жатады.

2 кезең – кезең- кезеңмен атестациялау, бұл біліктіліктің 3-ші, 4-ші разрядына сәйкес бірінші, екінші курстың соңында жүргізіледі (жұмыс орнын ұйымдастыру, арнайы киімдерді пайдалануы, қауіпсіздік ережелерін сақтау, материалдарды таңдай алуы, жұмыстың орындалу тәртібін білуі т.б.).

3 кезең- біліктілігін байқау жұмытары кәсіптік практика барысында жүргізіледі, ол жұмы орнын қабылдап алу мен оны дайындау, қажетті құрал — жабдықтарды тексеру, материалдарды таңдау.

4 кезең- практикалық емтихан, таңдап алған мамандығы бойынша бірқатар практикалық тапсырмаларды орындау арқылы өтеді.

Практикалық емтиханды бағалау кезінде төмендегі талаптар ескеріледі:

  • осы мамандықты таңдау себебіңіз:
  • жұмыс орнын ұйымдастыра алуы, сыртқы кейпі және арнайы киімі:
  • қосымша жұмысты орындау тәсілдерінің дұрыстығы:
  • қызмет көрсету кезінде басқа жұмысшылармен қарым- қатынас жасай алуы:
  • таңдап алған мамандығының даму тарихын және ерекшеліктерін білуі.

Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау нәтижесі бойынша комиссия белгілі бір разряд беруге шешім қабылдайды. Егер, білім алушы кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау талаптарына сай тапсырмаларды орындай алмаса, ол кешенді бақылаудан өтпейді және кейінгі емтиханға жіберілмейді. Білім алушылар кешенді бақылауды қайта тапсыру үшін қосымша практикалық дайындықтан қайта өтіп, бір ай көлемінде қайтадан тапсыра алады.

   Осылайша, кәсіптік құзыреттілік сапасын бағалауды кешенді бақылау арқылы білім алушылардың практикалық әрекетке дайындық деңгейін анықтаймыз. Бақылаудың мұндай түрі білім алушылардың өндіріске барған сәттен өзбетінше жұмысты алып кетуіне ықпалын тигізеді, яғни қазіргі таңдағы бәсекеге қабілетті мамандар мен жұмысшыларды дайындауға мүмкіндік береді.

 

 

 

1.3.2 Оқытудың жаңа технологиялары- кәсіптік лицейдің оқыту үрдісінде

 

Қазіргі кезде оқытудың басты мақсаты- өз бетінше дами алатын, жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан оқушыларыма өз бетінше танымдық әрекет ететін әдістерін үйретіп, шығармашылық дағдыларын қалыптастыруды басты назарда ұстаймын. Оқыту әдістері- оқыту процесінің барлық кезеңдеріне оқытудың түрлі мақсат- міндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағытталуы тиіс. Сондықтан, оқыту процесінде оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағытталуы тиіс. Сондықтан, оқыту процесінде оқушылардың таным әрекетінің белсенділігін арттыруға септігін тигізетін әдістерге айрықша назар аударамын.

Оқыту әдістерін жетілдірі бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігінің арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттілігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз берілді. Алайда, оқыту әдісін қайта құру- күрделі процесінің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.

Әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмаларды әртүрлі деңгейде дайындау керек. Бұл әдістемелік оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдайды, өз бетінше ойлануға, еңбектенуге үйретеді. Сонымен қатар, олардың, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, әркімнің қабілетіне қарай тапсырма беремін.

Бірінші деңгей  тапсырмалары білімнің минималдық шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сай оқушының жас ерекшелігіне сәйкес болады. Бұл деңгеймен оқушылар толығымен жұмыс жүргізе алады.

Екінші деңгей кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өз бетімен жұмы жасауға көшеді. Оқушы бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды.

Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен, логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа  жағдайға пайдалануымен сипатталады.

Төртінші деңгей қабілітті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты. Бұл сатыға өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр ойлы ғана көтеріле алады. Осы деңгей ерекшеліктерін пайдалана отырып, әрбір тарауды аяқтаған соң, оқушылардың қалай меңгергенін тексеру үшін қиындығы әртүрлі деңгейде құралған тест жұмысын міндетті түрде алып отырамын. Қазіргі кезде оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау талап етілуде. Инновация- жаңарту, жаңалық енгізу дегенді білдіреді. Модификациялық инновация- бұл қолда барды дамытуымен, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру.

 

 

  1. Жобалау объектісін таңдау және негіздеу

2.1. Шығармашылық ізденістерді талдау

 

   Қазіргі жағдайда Қазақстанның тәуелсіз даму жолындағы мәдени қайта гүлденуі XX  ғасырдың аяғы мен  XXI ғасырдың басында күрделі жағдайда болып отыр.

    Сәндік қолданбалы өнер- сәндік өнер мен этнокөркемдік білім берудің ең маңызды компоненті болып отыр. Сондықтан, этнокөркемдік және ұлттық мәдинет құндылықтарына, оқу материалдарының мазмұнына, жастарды тәрбиелеу мен  дамытуға сәндік өнер өз ықпалын тигізіп келеді. Бұл, әрине, Қазақстан Республикасының білім беру аясындағы мемлекеттік саяси ұстанымдарға сәйкес жүргізілуде. Болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлаудың ең өзекті талаптары болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби қызметтеріндегі типтік тапсырмалардан тұрады. Сәндік өнердің бір саласындағы дәстүр мен заманауи дәстүрдің сабақтастылығын болашақ маманның өз кәсіби әрекетінде тиімді қолдануына әсер етеді. Әрі ол, мыналарды меңгеруге тиіс:

       — көркем мәдениет негіздерін, этикалық және құқықтық нормаларды, адам  мен адамдардың өзара қатынастары, қоғамды, қоршаған ортаны, ойлау   мәдинеті, өз еңбегін ғылыми негізінде ұйымдастыру, жаңа білім түрлерін  меңгеру:

      —  көркемдік өндірістің экономикалық негіздерін, шығармашылық  шеберханаларды, өндіріс мекемелерін, дизайнерлік фирмаларды, халықтың   көркем қолөнер мекемелерін, түрлі жекеменшік формаларын және т.б.;

      —  маркетинг негіздерін, менеджменті және авторлық құқықты.

         Жеке адамның рухани адамгершілігін қалыптастыруға этнокөркемдік білім мәселелеріне үлкен мән берілген.Этнокөркемдік білім берудің маңызы- жеке  адамдардың рухани дүние танымын кеңейте түсетіні жайында отандық ғалымдарымыздың зерттеулерінде кеңінен орын алған. Олардың негізгі  анықталған мәселелерінен мынандай ойларды түйіндеуге болады: дәстүрлі  мәдениетті меңгере отырып, әрбір жеке тұлға өзін эститикалық тұрғыда байыта түседі, екінші жағынан жастарымыздың дүние танымын кеңейте түсіп, (тұтастай мемлекеттік) жеке өзінің мақтанышы мен патриоттық сезімін  оятады.

Сәндік өнер мамандарын этнокөркемдік білім құралдары арқылы кәсіби тұрғыда дайындауға көңіл бөлуіміз де, міне сондықтан.

Сәндік өнер мамандығы бойынша кәсіби даярлауда студенттерінің кәсіби мазмұндағы шығармашылық жұмыстары – жобалау және зерттеу қарекеті түрінде жүзеге асырылады. Болошақ сәндік өнер мамандарының кәсіби білімін көтеру дегеніміз, ғылыми білім, икемділік, әдептті игерудің нәтижесіндегі ең қажетті жеке – кәсіби сапалығын арттыру болып табылады. Отандық және шеттелдік ғалымдардың ғылыми ізденістерін талдай келе мынандай мәселені анықтадық:

  • болашақ сәндік өнер мамандық кәсіби даярлығын жетілдіру саласында атқарылған көптеген жұмыстардан басқа болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіру мәселелері әлі де түйінді күйде қалып отыр.

Этнокөркемдік білім құралдары арқылы болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби дағдылығын жетілдіру. [11]

 

2.1.1 Перспективті сән бағыты, стильді таңдау

 

   Сән-барлық әлеуметтік өзгерістер ішіндегі ең сезімтал құрал, күрделі психологиялық құблыс.

   Өнертанушылар сәннің әлеуметтік құблыс ретінде пайда болуын ежелгі орта ғасыр дәуірінен, дәлірек айтқанда, XIV ғасырдың соңы XV ғасырдың жарты жылдығының басынан басталады деп есептейді.

   «Сән» құбылысының шын мәнісін түсіну үшін, оның пайда болуы мен қызметінің терең механизімін алу үшін қоғамда сәнді зерттеуге әлеуметтік жағдай жасалынады. Қай тұрғыдан қарасақ та, сән қоғам дамуын анықтайтын қозғалыс ретінде адамзат өмірінде маңызды рөл атқаруымен компаненттердің бірі.

   Стиль-суретшінің көптеген ортақ ойының категориясы, бөлімінің бір анықталған өркендеуінің сипаттамасы: ойлы және көркемді ортақ болады. Өнерде анықталған кезеңде немесе бөлек ортада, яғни өркендеуге бағытталған жағдайда материалды және көркем мәдениеті сияқты бір бүтін әртүрлі облыстар өмірінің жинағы. Стиль толық бір жаулаулы, эмоционалды ерекшеленеді және ойлы жолмен, барлық мәдениетке ортақ басты принципіне анықталған форма тұрақтылығы және түрлі мен структуралы байланыспен, яғни басты біркелкілігімен заттармен айналадағы тарихи бөлімнің анықталған түрлі болады деп табылады. Әр бір стиль өзінің өркендеу жолында басынан бірнеше анықталмаған стадияны өткізеді.

   Құрастырушы өз жұмысында киім үлгілерін әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып жасайды. Кез-келген бұйымға дайын үлгіні орындауға үлкен еөңіл бөлінеді. Дәлме-дәл дәрежедегі үлгінің силуэттен фасонға дейін жасау ерекшелігі құрастырушының өзіндік шеберлігің бағасы болып табылады. Егер құрастырушы сәндік журналдағы фотосурет сонымен қатар жаңа тәсілдермен жұмыс істей отыра композицияға байланысты элементтер дұрыс таңдалады.

   Сән адам  зат пайда болғаннан бері бірге жасасып келеді десек қателеспейміз. Сондықтан костюм тарихын зерттегенде бұл өзіміздің тарихтың бір бөлігі екенін ұмытпаған жөн. Қазіргі уақытта костюмнің баршаға ортақ процесі жалғасуда, бірақ оның негізгі өзгеріссіз қалуда емес. Басқа да өнер түрлері сияқты, кешкілік көйлек жасауда өнер болғандықтан, сән эстетикалық құбылыс жекелеген елдердің, тұтас азакматтың көркемдік мәдениетінің бірі.

   Бүгінгі сән қазіргі, бұрынғы өткен және орта ғасыр кезеңдеріне өзіне саяхат жолын жалғастыруда. Рас бұндай еркіндіктің талабы күшті. Әр киім өзіне қажет – қажеттіне қателеспей таңдап ала білу мәдениетіне жету керек. Біз білетіндей тенденциялары белгілі циклден қайталанып отырады. Бүгінде үлгілеушілер өткен ғасырдың 70 ж. дәуірін зертейді. Сәнгерлер киім үлгілерін үлгілеу кезінде күнделікті киімдерге де, ұлттық ою — өрнегін салуды маңыздырақ деп ойлайды. Себебі: ұлттық нақышта ұлтшылдықты бағалау, қастерлеу, дәстүрімізді ұмытпау – бірінші сатыда көрсетіледі. Жоғарғы оқу орнының сәндік өнер аясында білім алған түлектердің кәсіби білімі, арнайы көркемдік этникалық білімі, қабілеті, дағдылары, жеке кәсіби сапасы, мазмұндық, жеке тұлғалық процессуальдық компоненттердің жүйелі бірлігінде ұлттық идеяларға бағытталуға тиіс. Этонокөркемдік білім алуының мазмұны ұлттық мәдени және көркемдік дәстүрдің, әлеуметтік құндылықтардың сипатын, белгілі бір халықтың  этонокөркемдік әрекетерінің өзіндік педагогикалық жағынан бейімделген білім жүйесін құруға бағытталуы қажет.     [11]

 

2.1.2 Қазақтың ұлттық костюмінің  шығу тегі.

 

   Қазақ ұлттық костюмінің тарихы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Ғұлама ғалымдардың очерктерін, экспедиция есептерін, мұражайдағы экспонаттарды зерттей, талдай отырып, ұлттық костюмінің  жоғары көркемдік деңгейде болғандықтан көруге болады. Онда тартхи, экономикалық, әлеуметтік және ауа-райы шарттарымен байланысты ежелгі әдет-ғұрыптарымыз бейнеленген. Ұлттық костюм түп нұсқасында-композициясы бойынша қарапайым, көшпенді өмір салтына бейімделген. Костюмде Қазақстан аумағында сақтар заманы (V-XIII ғ.), мемлекеттіміздің ұйымдастыру кезеңі, Ресей империясына қосылу уақыты, революция, Кеңес үкіметінің орнауы мен қазіргі шаққа дейінгі бүкіл тарихымыз бейнеленген.

    Біздің ата-бабаларымыз сақтар ежелде зор байлығымен және батырлығымен әйгілі болған. Шыдамды сақтар ат үстінде бірнеше күн бойы ат үстінде жүре алатын. Сақ әйелдері тек бала тәрбиелеу және ас әзірлеумен ғана айналыспай, ерлермен қатар соғысқа да қатысқан. Жас кезінде-ақ оң кеуделерін найза мен  қылыш ұстауға кедергі болмас үшін  алдырып тастайтын. Сақтардың киім мәдениеті жайлы біздер археологиялық қазбалар және ежелгі шежірешілердің очерктерінен білеміз, олар-дүние жүзіне әйгілі алтын адам, қазба экспонаттарындағы бейнелер. К.С.Ахметжанова, М.В.Горелика және  В. Бастаның суреттелген реконструкциялары арқылы сақтардың киімін көруге  болады. Ақ киізді биік, үшкір басты бас киім, теріден жасалған ашық бешпен, немесе қолдан тегілген мауыт, темір белгімен, әшекейленіп, тері шалбар және киіз етіктер сақтардың бірінші кезекте көшпенді өмірге бейімделуін көрсетеді. Темір белгілер тек  әшекей үшін ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік үшін де  қолданылғаны мәлім.

   Сақ мәдениетінен қалған ең үлкен мұрасы болып “ аң стилі ” – қымбат металдардан түркі аң бейнелерінен орындалған декор болып табылады. Бұл өнердің негізгі болып көне тотеникалық аңыздар болады, онда адамдар түрлі жануардан пайда болған мифтер негізге алынған.

   Сақтар мемлекеті ыдырағаннан кейін, Қазақстан территориясында жаңа ғұн мемлекеті пайда болды. Ғұндар көшпенді мал шаруашылығымен айналысып, батыл жауынгерлер және үздік шабандоз халық болған. Ежелгі тарихшылар ғұндардың тұрмысы жөнінде былай деп жазған: ‘’Барлығы түт етпен  тамақтанады. Теріден жасалған киім киеді. Киізде отырып жүн  көрпемен жамылады.’’ Мата қиындылары, кілемдер, зергерлік мұражай экспонаттары ғұндардың жоғары деңгейлі шеберлігін көрсетеді.

    Ғұн  мемлекетінің батыстан шығысқа дейін орналасуы, олардың киім мәдениетінде өз ізін қалдырмай қоймайды. (Европа және Қытай ипериясы). Оған қоса ғұндар арғы аталарының киімдегі әдет-ғұрыпын сақтап отырады. Ұшқыр басты бас киімдер, камзол, жылы жейде, шалбарлар, етіктер сапалы материалдардан жасалып, түрлі-түстер қолданылған. Мүмкін, киім мәдениетінің дамуы Ұлы Жібек жолының пайда болу процессімен де байланысты болуы мүмкін. Ғұн мемлекеті тарағаннан кейін, түріктердің жаңа  күшті мемлекеті –Батыс-түрік қағанаты пайда болды.

   Түріктер Тәңірге сенетін-ол көрінбейтін рух, аспанда болады және аспандай зор болады деп сенетін. Сонымен қатар олар ‘’Ұмай ’’ құдайына бас иетін. Түріктер киізді жаңа бағытта қолданды- құбылыс материалы ретінде киіз үйге жамылғы етті. Киіздің қасиетті-су болмайды, ол талшықтар арқылы мөмен түсіп кетеді. Түріктер жүнді аса шеберлікпен өңдеп, өздеріне киім, бас киім, аяқ киім тігетін, оны көптеп оюлармен сәндейтін.

  Осы дипломдық жұмыста қолданылған негізгі мәлімет көзі болып Қазақстанның ҒА-ның, Ш.Уәлиханов атындағы тарих институтының этнографиялық экспедициясы 1952-1953 ж.ж. Алматы және Жамбыл обылыстарында жинақталған мәліметтерді бойынша дайындалған. Қазіргі  ғылыми  қызығушылық тудырумен қатар, олар бүгінгі таңда кеңінен қолданысқа ие болғандықтан да маңызды.

   Қазақтың ұлттық киімін зерттеу қазіргі таңда орынды болып отыр, ол бүгін жедел өзгеріп, қоғамның жаңа элементтерін өзіне сіңіруде, ал оның көптеген ескі формалары, ұлттық мәдениеттің тарихын зерттеу үшін ғана  маңызды, жоғалып, немесе мүлдем жоғалған, және олар жайлы тек үлкен жастағылар айтып бере алады. Әрине, біраз уақыт өткен соң, революцияға дейінгі ұлттық киімдерді зерттеу қиынға соқтырары сөзсіз.

   Жұмыстың авторлары, өз алдына мақсат етіп, мүмкіндігінше, қазақ киімінің бүкіл кешенін зерттеп, аумақтық ерекшіліктерді, ежелгі және жаңа прогрессивті формаларды, көршілерден алынған элементтерді анықтап, сонымен қатар оның тарихын 19-20 ғғ. Тұрмыс шарттарының, экономикалық және шаруашылықтың өзгеруін ескере отырып қалпына келтіру болып отыр.

    Өнер-қоғамдық сананың және адам қызметінің ерекше формасы болып табылады, онда сән заңдылығымен, шығармашылықпен, көркемділікпен (бейнелеумен) өмірді тану бір-бірімен мәнді ұйқасқан.

    Өнер негізінде белгілі бір эстетикалық идеал тұрғысында болмысты суреттеу жатыр. Кез келген шығармашылық қызметтің негізін ұйқастық (сән) заңына байланысты болып, эстетикалық қызмет құрайды. Ол рухани және материалды өндіріс сипатында болады. Материалды өндірістік бағыты- эстетикалық қызметі әсіресе киімді үлгілеуде жақсы көрінуде.

Өнердің алғашқы іздері, үлгілеу өнерімен қатар, тарих тұңғиығына кетеді.

 

 

 

2.1.3 Қазақтардың ою-өрнектеу өнері

 

Ою- өрнек- бүкіл адамзаттың мәңгі серігі. Бізді қоршаған адамдар және өзіміздің киімдерімізде де біз күнделікті оюларды көреміз. Өрнектеу өнері- қоршаған дүниені танып білу және оны бейнелеу құралы. Оюлар арқылы біз іштей түс пен формалардың мәнін түсіне аламыз. Қазақ киіміндегі оюлар тек форма қалыптасушы және декоративті қызмет атқармай, сонымен қатар оның эстетикалық қызметін де анықтап отырған. Ою- өрнектің де, киім сияқты ежелгі тарихы бар.

Ұлттық костюмді зерттей отырып, оюлар тұрмыстық бұйымдарда да, киімде де көптеп қолданғанына көзсіз жетіп отыр.

Қазақ оюының тарихы ежелгі көне дәуірге кетеді. Негізінен бұл халық шеберлерінің қиял- ойынан шыққан стильденген таңбалар мен символдар, олар табиғаттың, қоршаған дүниенің түрлі элементтері болды. Олардың ең көнелері петроглиф түрінде тұрмыс бұйымдарында және тастарда ғарыш денелерін, табиғатты, жануарларды, құстарды, адам мен жер қыртысының элементтері түрінде кездеседі. Бұларды неолит дәуірінің оюлары деп сипаттайды. Ондай оюларды Тамғалы, Қаратау және Хантау тауларында кездестіруге болады.

Оюдың келесі даму кезеңі болып ерте көшпелілердің дәуірі саналады. Негізінен бұл алтын немесе қоло әшекей бұйымдары. Ал түріктерде осы күнге шейін Ұлы Тәңір жаратқан әлемдік бұтақ аңызы сақталған. Әлем бұтағының ұштары аспанға жетіп, олар Құдайға және құстарға тиесілі. Ал тамырлары о- дүниеге кетіп, жылан патшалығында аяқталады. Ағаштың негізі болса, дүниенің ортасында орналасқан.

Ұлы Жібек жолының пайда болуымен және отырықшы халықтардың мәдениеті әсерінен қазақ оюлары шартты түрде: зооморфиялық, өсімдік- тәріздес космогоникалық, геометриялық деп топтауға болады.

Қазақтың ою- өрнегі бұйымның жай формасыны байытып, оның бетін бөліктейді- масштаб, фактура беріп, шеттерін және ортасын өлшемдеп береді. Оюдың ең қарапайым түрі әсемдеу мен бұйымды арнайы байыту идеясын береді. Осы тұрғыдан алғанда ою- өрнек өнері қазақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан- ғасырға, ұрпақтан- ұрпаққа жалғаса дамып келе жатқан өнер түрі десек те болады. Жалпы қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінен ою-өрнек қалыспайтын саланы табу қиын. Ою- өрнек элементтерін біз қазақ халқының үй жихаздары мен киім- екешегінен де, зергелік бұймдары мен құрал- саймандарынан да, ер- тұрман, әбезелдері мен қару- жарақтарынан да молынан табамыз. Тарихи- ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою- өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал- әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін қабысыз аңғарар едік. Бұдан дәлел- айғақ ретінде қазақтың алғашқы ою- өрнек үлгілерін Андронов мәдениеті мен байырғы мақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан ұшыратынымызды айтсақ та жеткілікті.

Ою — өрнек өнерінің белгілі бір халыққа ғана тән негізгі стильдік ерекшеліктері сол халықтың бейнелеу, әсемдікті қабылдау мәдениетінің басты белгілерімен, ұлттық қолтаңбамегн тікелей сабақтасып жатады. Сондықтан да оқымысты ғалымдар, өнертанушылар қайсы халықтың өнерін де қоя зерттеп, салиқалы баға берген кезде жоғарыда аталған өлшемдерді басшылаққа алып отырады.

Әрине, қазақ ою- өрнек өнері күні бүгінге дейін жан- жақты, толығымен зерттеле қойған жоқ. Дей тұрғанымызбен, бұл өнер саласының белгілі бір дәрежеде жүйеленуіне бірқатар ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен этнографтар атсалысқаның да атап өткеніміз орынды болмақ. Осындай игілікті ізденістің нәтижесінде ою- өрнекті өнертану ғылымында көкөніс өрнек (жапырақ, шиыпшық, гүл ағаш және т.б.), зооморфтық өрнек (жан- жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнелері, қошқар мүйіз және оның түрлі нұсқалары: қос мүйіз, қыныр мүйіз, сынық мүйіз, сондай-ақ табан, өркеш, қаз мойын және т.б.) геометриялық өрнек (сүйір, шаршы, шаршы мен тұмарша, жұлдызша, көпбұрыш, балдақ, қармақ және т.б.), космогоникалық өрнек (дөңгелек, төрт құлақ, шұғыла, шимай, бітпес және т.б.) деген топтарға бөлу қалыптасқан. Сол секілді кейбір ғалымдар барлық ою- өрнек түрлерін физикоморфтық және биоморфтық деп екі топқа ғана бөліп қарастырады. Жалпы алғанда бүгінгі күнге дейін өнертанушы ғалымдар ою- өрнектің екі жүздей түрін тауып, ғылыми тұрғыдан анықтама береді.

Ою- өрнектің осымен ғана шектелмейтіні өзінен- өзі түсінікті. Өмірдің өзінің тынымсыз даму үстінде болатыны секілді, өнер де әр заманның, әр кезеңнің бағыт- бағдарына, сұраныс- қажеттілігіне қарай дамып, жетіліп, өркендеп отырады.      

 

 2.2. Жобаланатын нысандарға қойылатын талаптар.

 

Киім адам үшін қажет зат болып табылады. Ол адамның тәнің сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Сондай- ақ адамға көрік береді. Киімге қойылатын талаптар әр түрлі болып келеді. Олар: гигиеналық, әсемдік пайдалану, арнайы техникалық, үнемділік. Егер өндіріс талабын техникалық мүмкіншіліктер мен экономикалық өнім дайындаудың тұтастығын бір уақытта ескермесе бұйым сапасының толық елестету мүмкін емес. Өйткені өнім өндірістен тыс, материалсыз, конструкциясыз, энергия шығынсыз және адам еңбегінсіз дайындалуына қажетті құралдарсыз тұтынуға ұсынылмайды.    

Бүгінгі таңда өндіріс ұйымының ең негізгі көрсеткіші болып өнім сапасы, оның тұтынушылардың сұраныс өтімділігі негізгі бәсекеге түседіКиім ең алдымен тұтыну затты болып саналатындықтан, оның сапасы адам тұтынушы қоятын талаптарға сәйкес келеді. Киім сапасына қойылатын барлық талаптар тұтынушылық және техникалық- экономикалық болып бөлінеді. Тұтынушылық талаптар функционалдық, әлеуметтік, эстетикалық, эргономикалық, эксплуатациялық талаптар болып жіктеледі. [12]

Тұтынушылық талаптарға бұйымдардың қоғамдық сұраныстарға сәйкестігін, олардың өндіріске және өтім мақсаттарына лайықтылығын қамтамасыз ететін әлеуметтік талаптар жатады. Сондықтан әлеуметтік талаптар ассортименттерінің мақсатқа лайықтылығымен анықталады.

         
   
 
     
 
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік факторлардың рөлі базардың тауарларымен толуы және халық әл-ауқатының жақсаруы нәтижесінде артады.

Функционалдық талаптар бұйымның негізгі функционалдық тағайындалуы мен тұтынушылардың сыртқы келбетіне киімнің үйлесімділігін есепке алады. Тағайындау модельге, конструкцияға және матаға қойылатын талаптарды анықтайды. Тұтыну шарттарының әр алуандылығы киімнің кең ассортиментін анықтайды. Функционалдық талаптар қазіргі өмір құрылымына, тұрмысқа, (яғни қазіргі даму құралдарына, сәулет өнеріне, жиһазға және т.б.) пайдаланымның нақты жағдайына, адам қызметінің түріне, оның сыртқы келбетіне, жас және психологиялық  ерекшіліктеріне киімнің сәйкестік дәрежесін қамтамасыз етеді.

Эстетикалық талаптар. Киім сапасын тұтыну заты ретінде бағалау кезінде бұл талаптар ерекше орын алады. Киімді дайындау барысында эстетикалық талаптарды ескермеу киімді пайдасыз затқа айналдыруға әкеп соғады. Өйткені ол негізгі мақсатты қызметтерінің бірін орындай алмайды: адамдық (эстетикалық) қажеттілігін қанағаттандыру, яғни адамның сұлулық пен  шығармашылыққа мұқтаждығы. Киім осы дәуірдің жетекші көркемдік стилі мен оның көрінісі сәнді (мода) есепке алу арқылы жобаланады. Эстетикалық талаптар үш топқа бөлінеді: қазіргі заманғы стиль мен сәнге сәйкестігі, модель композициясының жеткіліктілік дәрежесі, бұйымның тауарлық түрі.

Киімді эстетикалық қабылдау конструктивтік элементтерін жасау мен  технологиялық өңдеудің дәл және мұқият  орындалуына байланысты: атап айтқанда бұйымдағы қос бөліктердің симметриялық орналасуы, біріктіру тегістері мен  әрлеу тігіндерінің ұқыпты орындалуы, астардың сапасы мен оның түсінің бұйым түсіне сәйкестігі және т.б.  

Эргономикалық талаптар. Эргономика-адам мен өнеркәсіп бұйымдары және қоршаған орта арасындағы өзара әрекеттестік заңдылығын кешенді түрде оқытатын ғылыми пән, яғни «адам факторы» туралы ғылым.

Тегін бұйымдарына гигиеналық, антропометрикалық, физиологиялық, психофизиологиялық қасиеттер кешенін анықтайтын эргономикалық талаптар қойылуы мүмкін.

Киім адам денесінің 80%-ын жауып тұрады, сондықтан адам киіммен биологиялық қарым-қатынаста болады, яғни киім адамның ыңғайлық пен ықшамдылықты сезінуіне әсер етеді (жылылықты, суықты, қысымды психологиялық жағдайға әсер ететін бұлшық ет үйкелесін, шаршағандықты, жұмысқа қаблеттілікті, көңіл-күйді).

Эргономикалық  талаптар киімнің жылу сақтау қызметін қамтамасыз ететін талаптарды қамтиды: жылу теңдігі, вентиляциялану дәрежесі, ішкі (киім асты) және сыртқы (атмосфералық) әсерден сақтау. Эргономикалық талаптар тобына жататын психофизиологиялық талаптарға киімді киіп-шешу ыңғайлылығы, киімнің жеке элементтерін және бұқаралық киімдерді пайдалану ыңғайлылығы жатады. Киімнің нақты түріне байланысты киімнің жеке элементтерін ыңғайлы пайдалану түймеліктің рационалдық орналасуымен және оның қызметінің мықтылығымен, астар бетінің тегістігімен, мойын ойындысы қиығының өлшемі және формасымен (ілгексіз бұйымдарда), қалталар, шұлықұстағыштар орналасуының жайлығымен анықталады.

Эксплуатациялық талаптар (сенімділік). Сенімділік киімді пайдалану процесінде оның сапасын сақтау дәрежесімен анықталады. Сенімділік бұйымның қайтарымсыздығын, ұзаққа сақталатынын, жөндеуге келетіндігін анықтайды. Сенімділік теориясындағы негізгі ұғым-қабыл алмау ұғымы, яғни кенеттен немесе бірте-бірте жұмысқа қабілеттілігінің жоғарлауы. Сондықтан киім конструкциясын жасау барысында киімнің түйіндері мен бөлшектерінің форматтұрақтылығын, материалдарының тозуға төзімділігін, тігістердің физикалық ауырлыққа тұрақтылығын киім конструкциясы қаблеттілігін ескеру керек.

Техникалық-экономикалық талаптар. Киім сапасына қойылатын техникалық-экономикалық талаптар оны өндіру мен эксплуатациялауға кететін шығындарды есепке ала отырып, киім дайындаудың технологиясы мен жобалау әдістерінің, конструкциясы жетілуінің техникалық дәрежесін қамтамасыз етеді. Бұл талаптар бұйымның еңбексыйымдылығы мен материалсыйымдылығын, механикаландыру мен автоматтандыру дәрежесін, қазіргі конструкциялау мен технология дәрежесін көрсетеді.

 

2.3. Нысан модельдерінің модификациясын жобалау

2.3.1 Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасы

 

Киімнің сыртқы пішіні оның негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Киімнің сыртқы пішініне мынадай факторлар әсер етеді:

  1. матаның фактурасы, түр- түс, әшекейлер, сызықтар, әрлеулер, көрінетін тігістер:
  2. адам денебітімінің әр түрлі нүктелеріндегі киімнің қонымдылық дәрежесін көрсететін оның еркіндік дәрежесі:
  3. пішіннің геометриялық ішкі сипаттамасы ретіндегі құрылым:
  4. адам денебітімінің сыртқы пішіні.

 

Киімнің сыртқы пішінінің сипаттамасы. Түрлі ассортименттегі киім конструкциясының негізгі түрі пішіндерге ие. Олар пішіннің құрамдас бөліктерінің өлшемдері арқылы ажыратылады. Киім пішіні құрастыру және сәндік сызықтармен анықталады. [14]

Силуэттік сызықтар (бұйымның иығы, кеудесі, белі және етегі) киімнің көлемдік пішіні мен оның сыртқы кескінінің пропорциясын сипаттайды.

  1. түзу, бел сызықтарының қатысынсыз, иық сызығының кеңейтілуімен сипатталады:
  2. жартылай қынамалы, кеуде сызығы бойынша кішілеу көлемді мықын және бел сызықтары бойынша азырақ кеңейтілуімен сипатталады:
  3. трапенция негізді, етегі тарылтылған немесе кеңейтілген.

Құрастыру сызықтары (тігістер) киім бетін бөлек бөліктерге бөледі. Ең көп кездесетіндері  мынандай бөліктер:

  1. артқы бой, алдыңғы бой, жең, жаға, белдемшенің алдыңғы жаймасы, белдемшенің артқы жаймасы:
  2. шалбардың алдыңғы жартысы, шалбардың артқы жартсы:

Киімнің негізгі бөліктерінің тігістерін өзара қосады. Сондықтан да, құрастыру сызықтары көп жағдайларда киім тігістерінің орналасуымен сәйкес келеді. Киімдегі әшекейлі- құрастырушы форма құрушы сызықтарға бүкпені жатқызады. Бүкпе- бұйымнығң барлық ұзындығы немесе еніне жүргізілмейтін тігіс. Кейбір тігістер, мысалы бедерлік және иініш тігістері екі түрлі қызмет атқарады: құрастыру және сәндік.

Сәндік сызықтарға әр түрлі әрлеу сызықтарын, сондай- ақ бөлік шеттерінің контур сызықтарын (жаға, лацкан, өңір және т.б.) жатқызады.

Киім пішімі. Пішім (покрой) деп киімнің конструктивтік құрылымының жалпы сипаттамасы түсіндіріледі. Киім пішімі жеңді қондырып тігу сызықтарымен, алдыңғы бой мен артқы бойдың тік сызықтарымен немесе көлденең бөліндімен сипатталады.

 

2.3.2. Үлгінің сыртқы көрінісінің сипаттамасы

 

Атлас матасынан әзірленген, кеуде тұсы қынамалы силуэтті етегі қызғалдақ пішіммен кеңейтілген жас қыздарға арналған сәнді көйлек. Көйлекті жамылғы мен бас киім толықтырып, қазақша ою- өрнекпен нақышталған, ұлттық костюмнің тұтас бір топтамасын құрайды. Көйлектің бел кесіндісінен төмен қарай 2 бөліктен тұрады, оның бірі ақ атласпен етегі кеңейтілген, алдыңғы бойының ортаңғы бөлігінде өсімдік тәріздес ою- өрнекпен биссер тастары арқылы әсемделген. Ал екінші бөлігі- жамылғы ретінде көрсетілген.

Алдыңғы бойында— қолтық оймасынан бел кесіндісіне дейін түскен бедер тігістері бар. Бел тұсында сәндік ретінде белдікшесі бар, оның ортаңғы бөлігінде ақ бантик орналасқан.

Артқы бойында— бел бүкпелері бар, сол жақ бүйір бөлігінде жасырын сыдырмамен өңделген.

Мойын оймасы- оймалы, қайықты пішіммен үлгіленген, оның шеттері әдіппен өңделген (әдіп — қолтық оймамен,  мойын ойма бірге пішілген).

Бас киім— цилиндр пішіммен үлгіленген. Бас киім қатты қатырмамен, желімдік материал, оның сыртынан қызыл мен ақ атласпен бес бөлік қатпарлармен әшекейленген. Бір жағына қарай қиғаш ақ атластың үстіне қазақша нақышта ою- өрнекпен биссер тастары арқылы сәнделіп тігілген.

Жамылғы- жартылай күн тәріздес, шеттері бейкалармен жиектелініп тігілген.      

А – үлгісінен, Б – үлгісінің айырмашылығы кимешексіз сәнді көйлек.

А – үлгісінен, В – үлгісінің айырмашылығы етегі конус тәріздес, ассиметриялы жамылғысы бар.        

А – үлгісінен, Г – үлгісінің айырмашылығы аралас матадан сән үлгісінің түрі.

А – үлгісінен, Д – үлгісінің айырмашылығы аралас матадан сән үлгісінің бел жамылғысы үш бұрышты болып тігілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А – үлгісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б – үлгісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

В – үлгісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Г – үлгісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Д – үлгісі

  • Материалдарды негіздеу және таңдау

2.4.1. Материалдардың мінездемесі

 

Атлас матасының беті тегіс және жылтыр, негіз жіптері басым болып келеді. Атластың айқаспалардың раппортында кемінде 5 жіп болуға тиіс. Атластық айқаспа сәтенге ұқсас, бірақ бесжіптік атластық айқаспада раппорттағы әр негізгі жіп н төрт  арқау жіпті а жабады да бір арқау жіптің астына түседі. Атластық айқаспа маталардың бет жағы негізгі жіптерден тұрады, маталар үйкеліске төзімділігін арттырады. Мұндай маталардың кемшілігі –су-ыдырағыш төсегенде, тіккенде сырғымалы болады.

Матаның сырғымалылығы пішкен және тіккен кездерде болады. Сырғымалық мата бетінің сипатына байланысты, яғни пайдаланған жіптердің тігістігі мен олардың тоқылуына байланысты. Беті тегіс, жылтыр маталар жайғанда жылжып, пішкенде детальдардың қисық болып шығуы мүмкін, мұндай маталарды пішкенде олардың төсемдегі санын азайтады, араларына қағаз салады, төсекке бекіту үшін арнайы қысқыштар пайдаланады. Жылтыр маталарды тіккенде детальдары сусып, тігістерінің қисық болып кетпеуін қатты қадағалау керек. [21]

Матаның тарқатылғыштығы кесілген шетінен жіптердің төгіліп шашақтану қабілеті. Атластық және сәтендік айқаспалар полотнолық айқаспаға қарағанда тез тарқатылғыш, себебі олардың жапқышы ұзын, демек негіз бен арқаудың байланысы аз. Тығыз емес маталар да тез тарқатылғыш және серпімді ширатылған жіптерден тоқылып, салыстырмалы тығыздығы жоғары маталар да (габардин, креп) тарқатылғыш.

Отқа шарпу, күзет сияқты өңдеу операциялары тарқатылғыштықты арттырады, ал агрегаттап — өңдеу, престеу, илеу сияқты операциялар тарқатылғыштығын азайтады.

Тарқатылғыштығын органолептикалық тәсілмен анықтағанда зерттелетін матадан 3X3 см үлгі кесіп алады, инемен бір жібін суырады, сонан соң екі жіпті қатарынан, үш жіпті қатарынан т.с.с. Егер бес жіп қатарынан оңай алынатын болса, мата оңай тарқатылғыш деп есептелінеді.

 

Кесте 2 Сәнді көйлекті  дайындауға арналған  маталар мінездемесі

                               бұйым

 

Матаның түрі

Талшықтық құрамы

Ені, см

Өңделуі

Тоқылуы

1

2

3

4

5

6

1

Атлас

Он бетінде арқау жіптері, ал атласта негіз жіптері басым. Атластық айқаспалардың раппортында кемінде 5 жіп болады.

150

 

Көйлекте, жейдеде

 

Диагональ бойымен тоқылады, қарапайым айқаспа

2.4.2. Желімдік материалдар

 

Киім бөлшектерін желіммен жалғау тәсілі тігін өнеркәсібінде кең өріс алуда. Желімдер сұйық және қойыртпақ күйінде, желімдік ұнтақ түрінде, төсемдік матаның бір жағына жағулы күйінде және көлемдік жіп түрінде пайдаланылады. Желімдік материалдарды пайдалану көп экономикалық тиімділік береді. Бөлшектерді жалғастырудың желімдік әдісі тігін бұйымдарының сапасын арттырады,  өндірісті механикаландыруға мүмкіндік береді, бұйымды өңдеу уақытысын қысқартады, бір бұйыға алғанда еңбек өнімділігін 3-11% — ке арттырады. Барлық шығарылатын   киімдердің бөлшектерін жалғаудың 12-15 тен 40%-ке дейін желімдік әдіспен жүргізсек еңбек өнімділігі көп арттады.

Киімнің қандай мақсатқа жұмсалатынына қарамастан желімдік материалдарға қойылатын талап мынандай: желімнің желімденетін бетінен жақсы байланысып берік тұрып қалуы: желім құрамында адам организміне зиянды заттардың болмауы: желім қабатының мықтылығы мен иілгіштігінің жеткілікті болуы: тез арада ескірмеуі (желімнің ескіруі — оның құрылымының өзгеруі, жарықтың, күннің, ылғалдың, жуудың, химиялық тазартудың және т.б. әсерінен уақыт өткен сайын физико-механикалық  және химиялық қасиеттерінің нашарлауы): желімдеу әдісінің қарапайымдылығы мен қауіпсіздігі. Желімдік жолағы бар маталардың орнына желімдік ұнтағы бар төсемдік материалдарды пайдалану үлкен экономикалық тиімділік береді.

Жоғарғы қысымдық полиэтилен (ЖҚПЭ) суда қайнатып, сабын-сода ерітіндісінде ұстағанға төзімді, мықты желімдік тігіс береді (15 рет жуғаннан кейін немесе І сағат қайнатқанда тігістің мықтылығы өзгермейді). Алынған тігістер хлорлық ертінділерге жарық – ауа райына төзімді, бірақ химиялық тазартуда пайдаланатын бензин мен уайт- спирттің әсеріне шыдамды емес. ЖҚПЭ қалыңдығы 0,12-0,2мм үлпек түрінде шығарылады, немесе төсемдік материалдарға ұнтақ немесе түгел үлпек етіп жапсырады. Жоғарғы қысымдық полиэтиленді көйлек, блуза, жейде сияқты жуылатынын киімдердің желімдік жалғаспаларына пайдалануға болады. Полиэтилендік үлпектер әйел көйлектерінің етегін бекітуге, жейденің жағасына төсемдікке, манжетаға, белдікке және басқа бөлшектерге пайдаланылады.  

 

Кесте 3-Желімделетін астарлық материалдар мінездемесі

 

Матаның түрі

Артикул

Же-

лім

түрі

Желімді жағу, г/м2

Беттік тығыздық,

г/м2

Арналуы

1

2

3

4

5

6

 

Қатырма

300

жиектік мата

Желімнің 120 000

126

Мойын оймасында, қолтық оймасында

2.4.3. Тігін жіптерінің сипаттамасы

 

Таслан типтес текстурланған тігін жіптері — аумақты жіптер. Аумақты жіптерді алу үшін қарапайым талшықтарды ширатқан кезде қысылған ауа ағынымен үрлейді. Соның салдарынан кейбір талшықтар ілмек құрады, ал кейбіреулері сол қалпында қалады. Нәтижесінде құрылымы аумақты жіп аламыз, бетінде мөлшері әрқарай ілмектенген талшықтары болады. Таслан типтес жіптер аз және қатты созылатын болып шығарылады. Аумақты жіптер иілгіш, серпімді және мықты. Тігін машинасында пайдаланған кезде таслан типтес жіптер ауа қабатын құратын ілмекті құрылымының арқасында инені біршама салқындатады, балқу мүмкіндігін азайтады. Соған қарамастан сол жіптер жылуға шыдамдылығын арттыру үшін арнаулы өңдеуден өтеді. Аумақты жіптер мықты, жұмсақ және иілгіш тігіс береді. Оларды киімнің бөлшектерін жалғастырудың барлық түріне, түйме қадауға, тесік торлауға, іш киімнің етегін тіккенге, жейде, блузка, көйлек, корсет бұйымдарын, трикотаждан киімдер тіккенде пайдаланылады. Жаңа маталардан ерлер мен әйелдердің киімін тіккендегі жұмыстың барлық түріне жұмсауға болады. Текстурленген 15,6 текс х 2 тігін жібі сыртқы көрінісі мен қасиеті жағынан құрамалы синтетикалық жіптер сияқты.

Тігін жіптерін текстурлеу нәтижесінде олар әмбебап тігін машиналарында пайдалану кезінде үзілгіштігі азаяды. 

 

 

 

 

Кесте 4 — Тігін жіптердің сипаттамасы

 

Жіптер түрі

Шартты саудалық нөмірі

Арналуы

1

2

3

идеал

№100

Бөлшектерді бір- бірімен қосып біріктіру

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 5 – Бекіту сырмақтар

 

Сырмақтың типі

Шартты саудалық нөмірі

Материал

Арналуы

1

2

3

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

50

 

 

 

 

 

 

 

синтетикалық

 

 

 

 

 

 

 

көйлектің бүйір бөлігінде

2.4.2. Конфекциялық карта

 

Конфекциялық карталар бұйымның әрбір моделіне құрылады және бланк үлгісінде беріледі, онда модель суреті, материалдар, фурнитуралар енгізіледі.

 

Кесте 7. – Конфекциялық карта

 

Бұйым атауы: Сәндік көйлек                       Параметрлері: 170 – 88 – 96

Модель: №1                                                  Арналуы: кешкілік

Модель авторы: Батырбекова Г

 

Модель (суреті)

Материал атауы

Үлгі (жапсыру)

 

1. Негізгі материал

 

 

 

 

 

2. Қосымша материал

 

3. Өңдеу материалы

 

4. Фурнитура

 

5. Жіптер

 

 

  1. Өңдеу тәсілдерін таңдау және қондырғылар

 

3.1.Өңдеу режимдері

 

Бұл бөлімде бұйымдарды өлшемге дайындау мақсатында жүргізіледі. Матадан киім дайындау технологиясында жұмыстың түрлері: матаны қиюға дайындау, матаны қию, әр киімнің бөлшектерін өңдеу, бөлшектерді бір-бірімен біріктіру (қалта, жең, жаға) ылғалды-жылулы өңдеу және бұйымдарды сәндеу. Бөлшектерді дайындау оларды бір-бірімен біріктіруге әр түрлі жұмыстар қолданылады. Ол қол жұмыстары және машина жұмыстары болып бөлінеді. Содан соң, бұл жұмыстардан бөлек бөлшектерді желімдеп біріктіру жұмыстары болады. Қол жұмыстары киім дайындауда жұмыстың өзіндік түрі болып саналады. Киімді өңдеу әдістерінің үш түрі бар: тізбектік, параллельдік, тізбектік-параллельдік. [13]

 

  • Тізбектік әдіс-ол бұйымдарды өңдеуде әр жұмыс орнында бір немесе құрал- жабдықпен орындалады.
  • Параллельдік әдісте барлық өңдеу операциясы бір мезгілде орындалады.
  • Тізбектік-параллельдік әдісте бұйымдарды өңдеу тізбелік және параллельдік орындалады.

Бұйым дайындауда келесі әдістер қолданылады: жіптік, желімдік, балқыту. Бұйымдарды жіптік әдіспен біріктіру- ол тігіс.

 

Желімді әдіс — ол бұйымдарды желімдеп жабыстыру.

 

Балқыту әдіс-синтетикалық немесе пленкалық материалдардың термопластикалық жолымен алынады. Жіптік тігіс ол бір немесе бірнеше тігіспен орындалады.

Өңдеу әдісі- жүйенің қуатылығын, бұйым түрінен, матаның физико- механикалық қасиетін, тұтынушыларды киіммен қамтамасыз етуді көздейді. Өңдеу әдісі және бөлшектердің жиынтығы, киімнің түйіндерін инструкционды картамен әзірлейді.

Киім жиынтығының түйіндерін өз алдына дара өңдеп тізбекті жүйемен бұйым бөлшектерін бір-бірімен қосады. Кестеде техникалық шарттар көрсетіліп, жабдықтар, аспаптар және құралдар, арнайы және жұмыс дәрежесінің көрсеткіштері көрсетіледі. Киімді өңдеу барысында бөлшектерді бір-бірімен қосу, тігістерді өңдеп, бөлшектердің шеттерін өңдеу және ЫЖӨ- мен өңдеумен байланысты.    [18]

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 8- Жіптік байланыстыруды орындау режимдері

 

п/п

Біріктіру түрі, тігіс схемасы

Тігіс

түрі

Тігіс ені, см

Тігіс арасы,

мм

Ине №

Жіптер  №

Қолдану орны

1

2

3

4

5

6

7

8

 

1

 

 

сырып тігу

 

1.0

 

3-4

 

90

 

100

 

иық тігісінде

 

2

 

 

сырып тігу

 

1.0

 

3-4

 

 

90

 

100

 

бүйір тігісінде

 

 

3

 

ашық қиынды-

мен

қайып тігу

 

 

0,5

 

 

3-4

 

 

90

 

 

100

 

әшекей  ретіндегі бантик

 

 

 

4

 

 

ашық кесіндіні бастырып тігу

 

 

2,5-3,5

 

 

 

3-4

 

 

90

 

 

100

Жамыл-ғының алдыңғы бойында және төменгі кесіндіде

 

 

 

5

 

 

 

 

сырып тігу

 

 

 

1,5-2

 

 

 

3-4

 

 

 

90

 

 

 

100

 

Көйлек-тің артқы бойында-ғы бел бүкпесі

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

жиекті тігіс

 

 

 

 

0,7-1.0

 

 

 

 

 

3-4

 

 

 

 

 

90

 

 

 

 

 

100

 

Екі бөлік-ті оң бет-терімен қойып ті-геді.

Мойын және қолтық оймасын-да

 

 

Кесте 9 – Үтікпен ылғалды-жылулық өңдеу режимдері

 

Операция атауы

Операцияның орналасуы

Тегістеу температурасы, °С

Тегістеу уақыты, с

Ылғалдау, %

1

2

3

4

5

Иық тігісті екі жаққа жатқызып үтіктеу

үстінгі

160

20

15-20

Бүйір тігісті бір жаққа жатқызып үтіктеу

бүйір бөлік

160

20

15-20

Ішке қарата қайып үтіктеу

бантик

160

20

15-20

Бөлшек шетін бүгін үтіктеу

жамылғының алдыңғы бойы

160

20

15-20

Бел бүкпесін бір жаққа  жатқыза үтіктеу

артқы бой

160

20

15-20

Мойын оймасы, қолтық оймасына жиек шығара үтіктеу

үстіңгі

160

20

15-20

 

 

 

  • 2. Қондырғыны таңдау және сипаттамасы

 

Қазіргі кезде ғылыми техникалық прогрестің қарқындап дамуы, жеңіл өнер кәсібінде оның ішінде тігін өндірісінде өз әсерін тигізуде. Тігін өндірісінің жабдықтарының дамуы XVII- ғасырда қалыптасты. Тоқыма сымдарының ойлап табылғанынан бері жетіле отырып, қазіргі заманғы программаланған компьютер мен басқарылатын тігін машиналарына жетті. Тігін өндірісінің жабдықтары жасалыну технологиясына сәйкес төртке бөлінеді.

  1. Дайындау, пішу өндірісінің жабдықтары
  2. Негізгі технологиялық жабдықтары: тігін машиналары.
  3. Ылғалды жылумен өңдеу жабдықтау.
  4. Әр- түрлі тасылмалдағыш және көтергіш жабдықтар.

Машина дегеніміз- жұмыс істеуге немесе тігістерді бір түрден екінші түрге айналдыруға арналған белгілі бір мақсатта қозғалыс жасайтын механизм немесе механизм құралы. [19]

Механизм дегеніміз — қандайда бір функцияны атқаруға тағайындалған тетік. Тігін машинасының даму динамикасы  XVI — ойлап табылған. 1775 жылы қолмен тігу принципін қайталайтын инесінің көзі ортасында орналасқан тігін машинасы жасалынды. 1845-1850 жылдары Англияда, Францияа қазіргі кездегі машиналар шығарылды. Бұған ағылшындар Ален Винсон және Шоок Зингердің қосқан үлесі мол. Тұрмыстық машиналарды өзгертуге арналған Зингер фирмасы құрылды. XVIII — ғасырда тігін машиналары Жапонияда пайда болды. XIX-ғасырда Германияда Штребель Порафф. Адлер Дюр, Кол сияқты фирмалар құрылды. 1990жылы Россияда Подольск қаласында Зингерфирмасы құрылды. Полтава қаласында Зингер фирмасы құрылды. Полтава қаласында оның фирмасы құрылды. Полтава қаласында оның филиалдары ашылды.  Тігін машиналары тігін, трикотаж, аяқ киім, галантереялық және тағы басқа жеңіл өнеркәсіп салаларында киімдер, ақ жаймалар, трикотаж бұйымдарын өндіру үшін қызмет ететін негізгі жабдық болып саналады. Тігін машиналарының әр түрлі тоқыма өнеркәсібіндегі өңдеу цехтарында бұйым бөліктерін тігуге қолданылады. Арнайы тігін машиналарымен ұн, химикаттар, т.б. сусыма материалдарды буып-түюге арналған қағаз қаптар, парашют бөліктері, ғарышкерлерге, полюсті зерттеушілерге, ұшқыштарға, т.б. арналған арнайы киімдер тігіледі. Қазіргі заманғы тігін технологиясының өркендеу талаптарына сәйкес ең басты экономикалық мақсат- қоғамдық өндірісте дүниежүзілік ғылым мен техника жетістіктерін қолдану, өндірістің тиімділігін көтеру, еңбек өнімділігінің  одан әрі өсу жолдарын іздестіру, халық шаруашылығының тұрақты өркендеу қарқынын көтеру, әлеуметтік жағдайды жақсарту, өндіріске жаңа технология жетістіктерін енгізу арқылы және өндірісті механикаландыру, автоматтандыру арқылы тігін бұйымдарының саны мен сапасын көтеру көзделіп отыр. Қазіргі кезде тұрмыстық тігін машинасын үлкен екі топқа бөлуге болады: электромеханикалық және компьютерленген. Сондай-ақ, компьютерленген кестелі тігін машинасы топшасы бар. Бұл тігін машинасының ең маңыздылығы сол-тігіс және операцияларының көптігі. Электромеханикалық механикалық машинасында орта есеппен 10-нан 40-қа дейін түрлі тігіс орындалады. Қазіргі кезде тігісті «бағдарлама» дейді. Оларды мынадай топқа бөледі: жұмысшы, декоративті, торлау (оверлочные). Тігін машинасы бұйым және бас киім өндірістерінде қолданылатын машиналардың әр түрлі және ең көп тараған түрі. Тігін машиналары құрастырып шығару және технологиялық белгісіне қарай және зауыттық деп жіктеледі. Құрастырып шығару белгісі бойынша жіктеу (классификация) негізіне оның осы типті сипаттайтын құрастыру ерекшеліктері жатады. Бұл жіктелім бойынша тігін машиналары екі топқа бөлінеді. әмбебап және арнайы. Арнайы тігін машинасына белгілі бір технологиялық операция жасайтын, мысалы: ілмекті торлау (петельный), түйме қадау, торлау, жасырын тігісті, т.б. машиналар жатады.

Технологиялық белгісі бойынша жіктелім тігін машинасының атқаратын міндетіне қарай мынадай топтарға бөледі:

А) түзу тігісті қайықты

Б) түзу тігісті бір жіпті ілмекті

В) түзу тігісті көп жіпті ілмекті

Г) ирек тігісті (зигзагообразный)

Д) түйме қадайтын жартылай автоматтық

Ж) ілмек (петли) торлайтын жартылай автоматтық

З) жартылай автоматтандырылған әр түрлі бұйым бөлшектерін өңдеуге арналған, мысалы: жаға, қаттама, жеңді қондыру. [20]

Зауыттық жіктелім тігін жабдықтарын жүйелеуге арналған. Жаңадан жасалған тігін машинасына осы жіктелімдерге сәйкес өзінің шартты белгісін және тиісті класын белгілейді. Тігін машинасын шығаратын әр зауыт өзінің кезекті маркасын әріппен және цифрамен белгілейді. Конструкциясына қарай машиналар бір инелі және көп инелі, қайықты және қайықсыз, айналмалы және тербелмелі қайықты машиналарға бөлінеді. Барлық машиналарды әмбебап және арнайы топқа бөлу қабылданған. Әмбебап машинаға бірнеше технологиялық операцияларды орындай алатын ( мысалы: қосу, қаю, бастыру, ақжайма, қондырып тігу, бүгу, жапсырып тігу, т.б.) тігін машиналары жатады. Арнайы машиналарға бір ғана технологиялық операция орындай алатын (түйме қадау, ілмек торлау, қиынды шетін торлау, жасырын тігіс, т.б.) тігін машиналары жатады, олар 85 кл, 26-кл, 525 кл, 27 кл және 95 кл, 1022 кл. Жұмысшының машинаны басқаруға қатысуы және бақылауы тұрғысынан машиналар автоматтандырылған, автоматтандырылмаған және жартылай автоматтандырылған болып бөлінеді. Автоматтандырылған машина барлық операцияны толық өзі орындайды: автоматтандырылмаған машина жұмысшылардың көмегін қажет етеді: жартылай автоматтандырылған машинада көбіне операцияларды машина орындайды, бірақ та жұмысшылардың  көмегі де қажет. Мысалы: ілмекті (петли) торлау тігін машинасында жұмыс істеу кезінде жұмысшы бұйымды орналастыру және алу кезінде ғана керек, ал қалған операцияны торлау, матаны тесу, тасымалдау, машинаның тоқтау, циклі автоматты түрде орындалады. 

 

 

3.2.1. Жаңа жабдықтардың түрлері

 

HUSKYSTAR 219-18 тігісті,  HUSKYSTAR 224-23 тігісті орындайды.

HUSKYSTAR 207/215/219/224 — бұл сериадағы машиналар қажетті барлық операцияларды орындайды. Тігістің ұзындығы 0 — 4мм. HUSKYSTAR 207 алты тігісті және түймелік машинасы. HUSRYSTAR 215-14 тігісгі және оның 7 тігісті тоқыма полотнасына және біреуі түймелікке арналған машина. [21]

 

Кесте 11 – Бұйымда дайындауа ұсынылатын тігін қондырғыларының

сипаттамасы

 

Қондырғы арналуы

Класс, типі, маркасы, жасаған кәсіп орны

Тігіс түрі

Максималды минуттағы тігіс саны

Тігістің максимальды ұзындығы

Максимальды қалыңдығы

Материалды қозғалтатын орындаушы орын

Орындау мүмкіншілігі

Қосымша мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

HUSKYSTAR

жәй тігіс

18

4 мм

14

7

207

Түймелік машинасы

 

 

       
       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

CN 700 сериясы SHANGGONG оверлоктары жапондық үлгілеріне сай, олардың серияары 03 300 олар үш, төрт, бес, алты, жіпті болады, үш жіпті оверлоктардың бірі жұқа маталарда басқа жіңішке тігістерді орындауға арналған, алты жіпті оверлог төрт жіпті торлау тігісін және екі тізбек тігісін орындайды. Оверлоктардың барлық үлгісі табаны шығыңқы болады. Қадам тігістің ұзындығы-3,6 мм. Бұл сериядағы оверлоктар әр түрлі матаның түрін өңдеуге қолданылады, жеңіл, орта, ауыр және өте ауыр, өте сапалы торлайды. Бұл оверлоктардың тігу жылдамдығы 6500 қарай тігісін минутына құрайды. Бұл оверлоктау жоғарлы жылдамдықтағы топтарды құрайды. [22]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 12 – Үтіктеу құрал-жабдықтарының сипаттамасы

 

Құрал-жабдықтың арналуы

Марка атауы

Салмақ, кг

Жылу тәсілі

Жылу температурасы

°С

1

2

3

4

5

 

Жеңіл бұйымдарды үтіктеу үшін

 

 

 

Panasonic

 

 

1

 

 

100

 

 

70

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

«Кәсіптк білім беру және сәнді көйлектің технологиялық өңдеу» тақырыбында жасалған дипломдық жұмыс. Қазақша нақышта жасалған сәнді көйлек. Қазіргі заман талабына сай таңдалып, ұлттық киімге сәйкес жасалынды. Бірінші тарау бойынша кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары, оның әдістері, мазмұны мен мақсаты туралы мағлұматтар қарастырылды. Кәсіптік оқытудың тиімді жолдары, оқу процесі жоғары дәрежеде көрсетілді. Оқытудың сабақтан тыс, сыныптан тыс және мектептен тыс формаларының ерекшеліктері көрсетілді. Сондай-ақ білім көрсеткіштері кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді. Оқу үрдісінде жаңа технологияны пайдалан отырып, оқушыларға мағлұматтарды дұрыс жеткізу қажеттілігін қамту. Дипломдық жұмыс барысында атлас матадан әзірленген жас қыздардың кешкілік киім топтамасының жинағын өңдеу. Киім үлгілерінің ұқсастығы мен үлгі нобайының ерекшелігі кең орын алады. Киім түрлерінің ассортиментіне байланысты шығармашылық таңдаудың негіздемесі, үлгіге сипаттама беріліп, конструкциялық тұрғыда негіздеуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұйымды құрастыру тиімд әдісті қолдану, үлгі лекалдарын дайындау, алынған лекалдар арқылы бөлшектерді құрастыру, түйіндік өңдеулермен негізделеді. Бұйымды тігу барысында құрал-жабдықтардың алатын орны ерекше. Қазіргі уақытта шығарылып жатқан тігін машиналарының түрлерн қолданып, уақыттың жылдамдығын тездетеміз. Матаны пішу барысында мата үнемділігіне көңіл аудару ең маңызды болып табылады. Таңдалып отырған сәнді көйлек – ұзын, әрі өсімдік тәріздес ою-өрнекпен, биссерлермен әсемделіп тігілген.

Ұлттық белгілерді пайдалана отырып, сәнді көйлекті киімді жобалау-қолданбалы өнердің ішіндегі күрделі және шығармашылығы мол жұмыс. Дайын болған киімнің сапасы жоғары болса, ол бүгінгі күні үлкен тапсырысқа ие болады. Осы оқу құралы арқылы автор ұлттық киім туралы, стильдеу жүйесі және кешкілік сәнді көйлектер туралы мәліметтерді оқырманға жеткізуге тырысқан.

Ұлттық белгілерді пайдалана отырып киімді тіккен кезде, оның бастауы – ұлттық костюм туралы біліміміз жетік болуы керек. Яғни, өткен кездің рухын сезініп, оны бүгінгі күн талабына сай пайдалана білуіміз. Саралау барысында киімді жобалауда ең тамаша нәтижелерге жеттік және дара киім тікпей, оны жаппай өндіріске де жібере аламыз. Бұл түрі мен мазмұны жағынан керемет сұлу киім болмақ. Күн талабына сай әдемі тігілген киім адамдарға қуаныш сыйлау арқылы оларға ерекше көңіл-күй де сыйламақ.

Киімді ұлттық белгілерді пайдалану арқылы үлгілеудің екінші орнында тұрған мәселе, ол киімнің ықшамдылығы және де сол киіммен адамның ортаға сіңісуі.

Жалпы алғанда, костюм сол адамға ғана қатысты сымбат, ерекшелік беру арқылы өзін тамаша, еркін сезінуге мүмкіндік беруі керек. Әр кезең бойынша сәнді көйлектің өсімдік тәріздес ою-орнегімен әшекейлеп сәндеуді жеке-жеке тыңдалды. Ою-өрнектің даму тарихы, қай уақытта қолдануы туралы мағлұматтар көп көрсетілген. Сән үлгісіне қарай бес ұқсас үлгі таңдалып, бұйымға атлас матасын таңдалуына байланысты сипаттама берілді. Алдағы уақытта қазақтың ұлттық ою-өрнегімен нақышталып жасалған сәнді көйлекті жастар арасында кең көлемде сұраныс арқылы тұтынушылардың талғамдары бойынша жұмыс орындары жоғары тапсырыстарға ие болатыны айдан анық. Келешекте жастардың киімге деген сұранысын, сәнді көйлектегі қазақша нақыштағы ою-өрнегінің неше түрлі болуын қажет етеді.

Барлық құрастырылған талаптарды, ерекшеліктерді, кемшіліктерді, ұсыныстарды ескере отырып, жобаланған дипломдық жұмыстың технологиялық өңдеу тәсілдерінің бұйымдардың детальдарының негізгі бірктіру түрлерін үйрендік. Өңдеу режимдерінде жіптік, желімдік, әрлеу тігістерін, сонымен қатар ылғал-жылумен өңдеу жолдарына көңіл бөлінді. Бұйымды дайындау барысында қолданылған материал түрлеріне конфекциялық карта жасалынды.

Қазіргі заманға сай машина түрлерімен танысып, үтікпен ылғалды-жылумен өңдеу режимдері туралы кестелер жасалынды.

Ателье, сән үйлері, цехтар, өндіріс бөлімдері, салондар, мамандандырылған тігін кәсіпорындарының өндірістік бөлімшелері болып табылады.

Ателье — халыққа өндірістік қызмет көрсететін кәсіпорынның немесе бірлестіктің, техннкалық және аумақтық жағынан оқшауланған өндірістік бөлімшесі. Ательенің тапсырыстар қабылдаудан бастап, дайын бұйымдарды тапсырыс берушіге берумен аяқталатын киімді тігу және тұйықталған өндірістік циклы болады.

— сәнгер-суретшінің қызметі, оның міндеті тапсы­рыс беруші үшін киімнің қолданылуына. тапсырыс берушінің бет-бейнесіне, сан бағытына байланысты модельдер мен материалдар таңдау.

Сән үйі жоғары немесе І разрядты болуы мүмкін. Ол қызмет көрсетудің жоғары сапалылығымен сипатталады. Ательеден айырмашылығы сән үйінде модель-конструкторлық топ, көрме және көрсету залдары болады, оларда сән бағытына сәйкес перспективалы қойылып көрсетіледі, түрлі киімдердіц, киім  ансамбльдердің айрықша түрлерін көрсетеді. Тапсырыс берушіге көрсетілген киім үлгісін қайталамайтын тапсырыс жасауға құқық береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. 2012 жыл қаңтар. (Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқына жолдауынан).
  2. Қазақстан кәсіпкері – профессионал Казахстан научно-методический журнал №1 (20) январь 2009 г. г.Астана. 27-бет.
  3. Әйел сырт киімін әзірлеу. И.Н.Литвинова. Я.А.Шахова 3 бет.
  4. Оқытуда мультимедияны пайдалану. №3 2011 қ.Алматы. 20-22 бет.
  5. Мектептегі технология – Республикалық әдістемелік журнал №7 – 2 (31-32) 2005 ж. 12-14 бет.
  6. Қазақстан кәсіпкері – профессионал Казахстана научно-методический журнал №6 (7) г.Алматы.
  7. Қазақстан кәсіпкері – профессионал Казахстана, научно-методический журнал №3 (4) июнь 2002 г. г.Алматы 15-17 б.
  8. Әдіскер бұрышы – журнал №4-5 (41) 2010 ж. 8-бет.
  9. Мектептегі технологиялық журнал. №5/2009 ж. 18-21 бет қ Алматы қаласы.
  10. Қазақстан кәсіпкері – профессионал Казахстана. Ғылыми-әдістемелік журнал №1 (68) қаңтар 2009 жү Алматы қаласы 4-6 бет.
  11. Қазақстан кәсіпкері – профессионал Казахстана, ғылыми-әдістемелік журнал. г.Алматы №45 (83) апрель 2010 г. 41-42 б.
  12. Киімді конструкциялау. А.Асанова, Ж.Айдынбекова, С.Нұрпейісова. Астана қаласы. Фолиант баспасы 2008.
  13. «Тігін өндірісі технологиясының негіздері» Б.А.Алимбекова «Аспара» колледжі, 2006 ж.
  14. Легкая женская одежда конструирование и моделирование Сунцова Г.А. Издательство «Феникс».
  15. Изготовление женской и детской верхней одежды. И.Н.Литвинова, Я.А.Жахова. Москва «Легкая индустрия» 1981.
  16. Бұйымның түйіндік өңделуі Т.Сүлейменова «Фолиант» баспасы. Астана-2009.
  17. Тігін өндірісінің жабдықтары А.Оралбекова, С.Әбдіжаббарова «Фолиант» баспасы, 2011.
  18. Киім дайындау технология. М.Нұржасарова, К.Кучарбаева, А.Рүстемова. «Фолиант» баспасы, 2008. Алматы – Астана қ.
  19. Тігін бұйымдарының технологиясы. Л.Қуатбекова, Ү.Келесова. «Фолиант» баспасы, 2010. Астана қ.
  20. Киім пішу және тігу. Қ.Кучарбаева, Т.Амреева, Г.Чмекеева. «Фолиант» баспасы. Астана 2010.
  21. Тігін өндірісінің материалтануы. Е.П.Мальцева. «Ана тілі» 1992 ж. Алматы қаласы.
  22. «Бурда» журналы. 1/2007 жыл. Россия.