АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Қазақ халқының ершілер өнері. Ер-тұрман жасау мен әшекейлеу технологиясы

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ   БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ  МЕМЛЕКЕТТІК  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ   ИНСТИТУТЫ

          

 

                            

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Ұлттық сәндік қолданбалы өнері.

 

Тақырыбы:  «Қазақ халқының ершілер өнері.

   Ер-тұрман жасау мен әшекейлеу  технологиясы »

 

      Жұмыс көлемі   ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­                              

 

          Графикалық бөлімі     ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­______________________ парақ

 

          Түсіндірме  хат        _______________________     бет

 

 

         Диплом жазушы:  ПО-10,1 (в)  тобының білімгері       

        Құрманалиев  Ернар Кұралович       

 

     Кеңесшілер: ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

  • ____________________________________________ ( ___________ )    

 

  • ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– (–––––––––––––– )

 

  • –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– (––––––––––––––)

 

                                                             Жұмыс жетекшісі       ________________

 

                                           Кафедра меңгерушісі ________________­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

 

Тараз 2011ж.

 

 

 

                                          МАЗМҰНЫ

 

 

             КІРІСПЕ.                                                                                                                        

                                                                                                                                                                                       бет         

  1. 1. КӘСІПТІК  БІЛІМГЕ ОҚЫТУДЫҢ  ӘДІСТЕМЕСІ

    1.1     Кәсіптік оқытудың  мақсаты мен  міндеттері   ———————————7

  • Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары ———————- 9
  • Кәсіптік оқыту әдістері ——————————————12
  1. ЖОБАЛАУ ОБЪЕКТІСІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ

2.1     Шығармашылық негіздерді талдау      ——————————————16

2.2      ————————18

2.3      ———————-22

2.4      Негіздеу  және материалдарды таңдау

2.4.1   Материалдар туралы сипаттамалар мен мәлімет—————————-24

2.4.2   Конфекциондық карта     ———————————————————38

  1. ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІН ЖӘНЕ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫ ТАҢДАУ
    • Өңдеу режимдері —————————————————————-39
    • Қондырғыны таңдау және сипаттау ——————————————- 44

           ҚОРЫТЫНДЫ  ————————————————————————————46

 Қолданылған әдебиеттер тізімі  ————————————————-47

 Қосымшалар     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       КІРІСПЕ   

 

       Қазақстан Республикасының 2005-2010ж білім беруді жетілдірудің Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, кәсіптік оқыту мен политехникалық білім беруге көп көңіл бөлініп  жатқаны жайлы баяндалған.

Жас ұрпақты тәрбиелеудегі,олардың қоғамдық танымының дұрыс қалып-тасуына талғымдық педагогикалық тәрбиенің мәні аса зор. Олардың қоршаған ортасын сыйлауына, адамдарға мейіріммен қарауына, адамгершілік қасиеттерді бойларына жинақтауына үлкен тәрбие береді. Туған елімізде жүзеге асырылып жатқан игілікті іс-шаралардың басты ұстанымдарының бірі жаңа заманның болашақ жастарын ұлттық негізде,қадір қасиетін түсінген бабалар мұрасына ыждағаттықпен қарап саналы ұрпақ негізінде тәрбиелеу басты жоба,өзекті мәселе ретінде қаралуда.[1]

 Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік даму жолы,бабалар салған даңғыл жол арқылы өрбіп,өрістеуде және де жаңаша айшықтарға толы. Осындай даму жолында әр ұлт өзінің тарихын,тағылымын,өнер,білім мен әдебиетін бір сөзбен айтсақ мәдениеттің рухани және материалдық жетістіктерін зерделеп,дәстүрлеуде, Бұл жерде өнердің алатын орны айрықша. Себебі,біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың ,өнер әлемінде ғасырлар бойы жинаған асыл қазыналарын жоғалтпай оны  одан әрі заманға сай құндылықтармен толтыруға міндеттіміз.   

 Еліміздің орта мектептерінде оқушыларға іргелі негізгі ғылымдарды оқытумен қатар, еңбек технологияларына,политехникалық дайындықтарын арттырып, еңбекке баулу арқылы тәрбиелеу жоспарланған.  Алғашқы кәсіптік даярлық пен кәсіпке бейімдеу арқылы олардың еңбекке көзқарастарын арттыру мен келешек жастарды кәсіптік мамандықтармен қамту қазіргі кездің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр Кәсіпке оқытудың әдіс-тәсілдері, техникалық бөлімі оқытылған барлық пәндер арқылы қалыптасып , кәсіптік біліктілігі  жұмыстың әдіс-тәсілдері, машықтану практикалық, техникалық шығармашылық сабақтары кезінде меңгереді. Қазіргі кезде мектептерде ұлттық этнопедагогикалық тәрбие жүйесінің  негізі    де осындай ата-баба дәстүрілері мен қолөнеріне негізделгенін, тәрбиенің негізгі көзіне көңіл бөлініуі, оқушылар мен жастарға ұлттық салт-сананы қалыптастырып, шеберлік пен біліктіліктің қайнар көзіне айналуда. [ 1 ]  

     Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: Ұлттық қолданбалы сәндік өнері. «Қазақ шеберлерінің ер жасау өнері және ер-тұрман жасау мен әшекейлеу жолдары»       

 

 

           Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Жұмыс  көкейтестілігі сәндік көркем өнерде оқушылардың рухани эстетикалық дүние танымдылық көзқарасын қалыптастыруында ұлттық көркем бұйым  жасаудың алатын орны  ерекше. Оқушыларға көркемдік-эстетикалық  гуманитарлық  тәрбие  беруде сәндік қолданбалы   өнері жанрларының бірі ұлттық бұйым жасау қазіргі жаңа  дәуір талаптарына сай жоғары мәнге ие болып отыр.Ал ұлттық көркем бұйымдардың,оқушылардың эстетикалық қабылдаушылығы мен, көркем  образдық  ойлау  жүйесінің артуына,   дизайндық ерекше шешімін көрсете білуге және ұлтық бұйымның жасалу жолдарын,құрылымын мен қолданыс аясын зерттеуді үйретеді.

   Тақырыптың мақсаты:«технология  пәні бойынша теориялық және практикалық білім мен іскерлік қалыптастыру, ұлттық нақышта жасалған көркем дизайндық бұйым жасау»

          Дипломдық жұмыстың зерттеу нысанасы. Қазіргі Қазақстан Республикасы  түбегейлі  жаңа  бағытта өркендеуі кезеңіндегі жасөспірімдерді көркем-эстетикалық тәрбиелеу  мен оқыту методикасы күн  тәртібіне үлкен  мақсат-міндеттер  жүктейді.

         Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні     «технология пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері мен тәрбиелік мәні, еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы »

Зерттеу объектісі: Ұлттық көркем бұйымды жобалап жасау барысында ағаш пен тері өңдеу туралы  білімімді арттыру және оны өңдеудің барлық жұмыс тәсілдерін меңгеру. Ағаш жону станоктары мен электр аспаптармен,құралдармен жұмыс жасап, олардың құрылысын, жұмыс тәсілдерін, техникалық қауіпсіздік шараларымен толық таныстым. Шығармашылық жұмысым алдында жоспарланған реттілікпен орындалды, және оның сапалы болуына көп көңіл бөлінді. Келешекте алған білімімді, шеберлігімді жетілдіріп, келешек жастарға үйретемін деген ойдамын.

           Дипломдық жұмыстың  зерттеу пәнінің мақсаты.     Шығармашылық  жұмыста  өзіндік  техникада,  композициялық    шешімде жұмыс орындау мектеп практикасында кең қолданыс табады деп есептейміз. Дипломдық жұмыстың негізгі тұжырымдары педагогикалық практика кезінде қолданылып тексерілген жұмыстың әдістемелік  негіздері:       Жалпы адамзат дамуы қол еңбегінен басталып, бүгінгі еңбек жетістіктеріне жеткен техникалық прогресстің дамуы, адамзат қиялы мен жасалатын еңбегінің шегі жоқ екенін дәлелдейді. Халық шеберлері ұлттық бұйым жасаудың технологияларын жетілдіре отырып, жасаған бұйым сапасын,көркемдік эстетикалық әсер беруін басты назарда ұстады.

           Дипломдық жұмыстың  зерттеу пәнінің міндеттері. Оқушыларға көркем өнердің  құралдарын  жүйелі  меңгерту  арқылы айналадағы өмір шындығына эстетикалық  көзқарасты  қалыптастыру;Көркем мәдениет пен оның қоғам өмірінде алатын орны туралы  түсінікті  дамыту;Оқушылардың бойында  халықтың  дәстүрлі  өнерін,  тарихын,  ескерт-кіштерін эстетикалық тұрғыдан бағалай білуге баулитын  жүйелі  білім, шығармашылық  икемділігі  мен  дағдыны  қалыптастыру;Өмір шындығы көріністерін, табиғаттағы, және  өнердегі  оның сезімдік әсерін  балалардың  көре, сезіне  білуін,  іс-әрекеті барысында олардың кеңістік туралы түсінігін, қиялын  елестету  қабілетін  жүйелі  түрде  дамыту; технологиялыұ еңбек сабақтары  барысында  дамып,  қалыптасқан  көркемдік дағдылардың икемділіктерін тұрмыс  жағдайда,  еңбек процесінде қоғамдық қызметте пайдалана  білуге  баулу;

        Дипломдық жұмыстың  зерттеу әдіснамасы.

      Бұл дипломдық жұмысты орындау барысында  практикалық іскерлік қалыптастырып, станоктар мен электр аспаптармен, әртүрлі құралдармен жұмыс тәсілдерін меңгердім. Келешекте мектеп шеберханасында оқушылармен жұмыс атқаруға көп тәжірибе жинақтадым.  

         Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік даму жолы өрістеуде және де жаңаша айшықтарға толы.Осындай даму жолында әр ұлт өзінің тарихын,тағылымын,өнер,білім мен әдебиетін бір сөзбен айтсақ мәдениеттің рухани және материалдық жетістіктерін зерделеп,дәстүрлеуде, Бұл жерде өнердің алатын орны айрықша. Себебі,біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың ,өнер әлемінде ғасырлар бойы жинаған асыл қазыналарын жоғалтпай оны  одан әрі заманға сай құндылықтармен толтыруға міндеттіміз.

  Дипломдық жұмыстың  ғылыми әдіс – тәсілі.

       Әрбір сабақтағы оқыту мен тәрбие процесінің  тығыз  бірлігі ұлттық көркем өнерге оқытудың да негізі болып табылады. Технологиялық қолөнері сабақтарында  оқушылардың  практикалық  білімі  мен  көркемділігін ұштастыра  білу,  олардың  өмір  шындығы  мен  өнердегі  сұлулықты байқағыштығын, шығармашылық ынтасын, оған деген қызығушылықтарын  арттырады.Қолөнер түрлерінің әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы,оларды белсенді еңбек етуге үйрете отырып, шығармашылықпен  жұмыс жасауға   баулиды. Өнеркәсіпте  жасалған  түрлі  бұйым-заттарға эстетикалық  білім тұрғысынан  қарауға  және  тарихы – мәдени  ескерткіштерді,  табиғат сұлулығын  қорғай  білуге  баулиды.

         Дипломдық жұмыстың  ғылыми жобасыКөп  жағдайда оқушыладың  заңдылықтарға, салу  жолдарын  еліктеп,  творчествалық  орындау  тәсілдерін  естен  шығарып  алады. Ал бұл  жағдайда  олардың  творчествалық  мүмкіндіктерін  ұтымды  пайдалану үшін салынатын  обьектіні  қабылдауда  және  бейнелеуде  оның  қасиеттерін, құрылысын  үстіртін  еске  алып, негізгі  мәселені  заттардың  әсемдігіне, көркемдігіне  олардың  сезімді  оятатын  әсерлігіне  бейімделген  жөн. Оқушылардың  осындай  творчествалық  қабілеттерін дамытуда композициялық салу жолдарын үйретіп, бейне  образын, эмоциялық  сезімді  көрсету – негізгі басты  мәселе  екендігі  дәлелді  түрде  сипаттау  мұғалімнің  творчествалық  ізденісін  талап етеді.      

  Дипломдық жұмыстың  ғылыми және шығармашылық жаңалығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             І.   КӘСІПТІК БІЛІМГЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ                        

         1.1  Кәсіптік оқытудың  мақсаты мен міндеттері

      « Кәсіптік  оқыту»  білімгерлерінің  біліктілігі мен  шығармашылығын  арттыруда  оқу барысында теориялық және практикалық жұмыстарды жете  меңгерумен қатар техникалық шығармашылық пен өнертапқыштық-ізденіс, білімгерлердің ғылыми-ізденіс жұмыстары, педагогикалық өндірістік практикалар,кәсібі бойынша атқарылатын модульдік тапсырмалар т.б Олардың кәсіпті терең меңгеруіне,политехникалық ой-өрісін өсіруге, педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгеруіне және білім мен білікті арттыруға көп ықпал етеді. Кәсіби біліктілігі мен шеберлігін арттыруда өтілетін сабақтардың  жоғары деңгейде болуына қандай деректер әсер ететінін айтар болсақ: оларға оқылатын пәннің теориялық негіздерін жетік білуі, тарихы мен технологиялық өңдеу тәсілдерін, орындалатын жұмыс этаптары мен кезектілігін,оқу құралдары мен станок-жабдықтардың құрылысы мен басқаруын,сызба-графикалық жұмыстармен,анықтама материалдармен жұмыс атқара алуы, еңбек мәдениеттілігі мен сүйіспеншілігі, еңбек қауіпсіздігі жатады.

       «Кәсіптік оқыту»  білімгерлері болашақ кәсіби мұғалімдер, олар мектеп оқушылары мен жастарды еңбекке,кәсіпке даярлауға тікелей қатысады.   

Сонымен қатар кәсіпке оқыту,технологиялық еңбекке оқыту,сабақтан тыс үйірме ұйымдастыру,ұлттық көркем бұйымдар жасатып, тәрбиелеу,техникалық шығармашылыққа баулу, тех. мамандықтарға баулып, қызықтыру т.б көптеген  оқу іс-шараларын қатысады.    Қазір заман талабына сай  халық тұтынатын тауарларды өндірумен қызмет көрсету саласын дамытудың комплексті бағдарламасында ұлттық бұйым түрлерін, мәдени тұрмыстық және шаруашылық тауарларына көпшілік қолданатын басқа тауарларды жан-жақты сұранысын мейлінше толық қамтамасыз ету қарастырылған. Соған орай   халықтың талғамы да артып, белгіленген бұйымдардың сапасын едәуір жақсартуды, көркемдік және эстетикалық талғамға сай орындау қажеттілігі туындауда.                                              7                                  

Келешекте кәсіби мұғалімдерді даярлауда технологиялық еңбекті жетік меңгерген,оқушылардың технологиялық шығармашылығын жүргізе алатын, психологтық-педагогикалық әдістерді білетін,жаңа технология мен ғылыми-техникалық жетістіктерден хабары бар жаңа тұрпатты мұғалім қажеттілігі жайлы көп айтылуда.   Жоғары  деңгейдегі білікті маман даярлауда оқытудың барлық жетістіктерін пайдалана отырып теориялық және практикалық сабақтарда білімгерлердің білімі мен біліктілігін арттыратын комплексті оқу жүйесін жетілдіру,арқылы техникалық,конструкциялық шығармашылық жұмыстар жасауда дамып отырады.   [2]

      Педагогикалық-психологиялық әдіс-тәсілдері, сабақ өтуге қажет әдістеме, көрнекіліктер,политехникалық білім,шеберлік өтілетін барлық пәндер арқылы қалыптасады  да практикалық, техникалық шығармашылық жұмыстарында іске машықтану мен кәсіптік дағды калыптасады.          

        Қыздар мен ұлдарды кәсіпке  тәрбиелеп оқытуда, өздеріне лайықты маман

 иесі болуына бағыт-бағдар береді. Мектептерде  еңбек технологиясы пәнін оқыту ер балалар мен қыздар топтарына бөліп оқыту қарастырылған. Ата мен ана дәстүрінен нәр алып өсіп, тәлім-тәрбие көрген, еңбекке шынығып өскен баладан келешекте қоғамға пайдалы азамат өсіп шығатыны мәлім.

    Кәсіпке оқыту шараларының жетік ұлттық бағдарламаларын мен әдістемелік-оқулықтарын,оқытудың жаңаша технологияларын пайдаланумен қатар, этно-педагогикалық оқыту тәсілдері арқылы оқыту тиімділігін арттыру жолдарын қазіргі кезден бастауыш сыныптардан бастап қолға алуды қарастыру керек.

        Ұлттық салт-дәстүрде, этнопедагогикалық тәрбиені көріп өскен ұл-қыздардың бойынан ақылы мен зердесі, өнері мен шеберлігі, қайрат қаруы,техникалық жетістіктерге жетуі сияқты қасиеттері қалыптасып, өз елін құрметтеп өсуіне апаратын негізгі жолдардың бірі. Жоғарыда айтылған жайттарды корыта айтсақ еңбек әрбір адамның маман болып қалыптасуына,мағыналы өмір сүруіне  көп әсер ететінін байқаймыз.    .

 

 

1.2 Оқушылардың шығармашылық оқу үрдісін ұйымдастыру     формалары

Қазіргі күні қоғамның дамуымен қатар, технологиялық прогресстің дамуы техника мен техникалық шығармашылық, көркемдік шығармашылыққа көп көңіл бөлініп соған сәйкес мамандар даярлау қолға алынуда. Жастарды өнер мамандықтарына бағдарлау, оқыту мәселесі айтылуда, сондықтан алдымен сол мамандарды дұрыс оқытатын педогог мұғалімдер даярлау қажеттілігі туындайды. Жеке тұлғаның мінездемесінен «Оның нені жасайтынын емес, оны қалай жасайтынын» көруге болатын жайлы белгілі ғалымдар айтқан екен.

Ғылыми-  техникалық прогресс қоғамдық сипат алған қазіргі кезеңде,оны оқытумен жетілдіру, техникалық шығармашылыққа оқушыларды бағдарлау нәтижелі жүргізіліп,техникалық мектептер мен коледждерің ашылуы, техника-лық мамандықтарды көбейтіп қоймай политехникалық білім мен техникалық шығармашылықты арттырады.   [3]

 Қаралған біліктілікті жетілдіру мақсаттары мен сұрақтар бағдарламада қарастырылған  мазмұнда лекциялық  негізін құрастырып, лабороториялық практикалық жұмыстар арқылы біліктілік, әдіс-тәсілдерін қалыптастырып политехникалық, шығармашылықтары мен техникалық шығармашылық айналысуын арттыра отырып, олардың педогогикалық іскерліктерін жетілді-руді көздеп отыру керек.

Педагогикада техникалық машықтануға жетілдірудің жолдары айтылған. Оның негізгі дәйектерінің бірі оқушыларды  жас кезінен шығармашылықпен

  • Политехникалық білімнің теориялық біліктілігі.
  • Техникалық құжаттар мен сызба-графикалық, анықтамалар дұрыс жұмыс жасай білуге.
  • Станоктар мен құрал-жабдықтарды қолдана біліп, жұмыс тәсілдерін меңгеру.
  • Сызба бойынша техникалық бөлшек жасай білу мен оларды құрастыра

          біліп, техникалық моделдер жасай білуге.                                                       

  • Материал таңдау, материалдар технологиясы мен жұмыс операция-ларын жете меңгеруге.
  • Технологиялық еңбек пен технологиялық шығарамшылық, сабақтан тыс үйірме жұмыстарын ұйымдастыра білуге, оларға оқу программаларын құрастыра білуге.
  • Сабаққа қажет құралдар, көмекші аспаптар мен қарапайым техникалық құрастырмалар жасауға.
  • Техникалық жетістіктердің қазіргі кездегі дамуын, бұрынғы және қазіргі техникалық жетістіктердің ерекшеліктері, техникалық шығармашылық жетілдірудің перспективасы.
  • Еңбектену мәдениеттілігі мен техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау мен нормалық талаптар.
  • Оқушылардың іздену-конструкциялық істерінің негізгі әдістерін, моделді-техникалық  әдістерін және оқу-өндірістік техникалық  эксперимент-терін игеру.
  • Оқушылармен топтық және жеке практикалық, тәрбиелік үйірме сабақтарды өткізе білуге.
  • Жалпы техникалық іс шаралар ұйымдастырып өткізуге, көрмелер мен, техникалық жұмыстарды жарыстарда насихаттау,онымен айналысуын қарастыру.

Оқушылардың негізгі еңбегі – оқу.

Қазіргі кезде мектептерде оларды қандай жолмен оқыту керектігі жайлы айтылып , жаңаша оқыту технологиялары енгізілуде. Оқытудың тиімді әдістерін қолданып  нәтижесінде білімгер білім мен кәсіби білікке машық- танғанын тексеріп көруге болады. Қазіргі кезде көп мектептерде өкінішке орай  репродуктивтік оқыту тәсілі көп қолданылады. Бұл оқытушының, оқушыларға ауызша хабарлау арқылы  берілетін оқу үрдісі. Сөзбе-сөз түсіндіру мен  іс-тәжірибе арқылы оқытудың  айырмашылығы өте үлкен. Репродуктивті оқыту                                        

оқушыларды жалықтырады сондықтан оны сабақтың  басынан-аяғына дейін   қолдану тиімсіз                                                    

. Оқытушы дайын хабарды жеткізуші аппарат сияқты болып шығады да, оқушылар пассивті еске алу қабылдағыштай күйде болады. Бұлай оқытылған білім практика жүзінде қолданылмай,ешқандай кәсіби білік қалыптаспай қалады. Білімгерлерді көзбен көріп, қолмен жасау арқылы оқытылған сабақтарға қызығушылықтары артып, одан жақсы білім мен білік қалыптастырады,сондықтан кәсіпке оқытуда іс- тәжірибелік,практикалық, шығармашылық,үйірмелік сабақтардың тиімділігі көп болады.

 Кәсіби еңбекке оқытуда ауызша түсіндіруді қолданылмайды деуге болмайды мысалы: техникалық эксперименттерді,станок-жабдықтар құрылысы,техникалық-графикалық есептер,кинематикалық  схемалар, технологиялық жобалар,тех қауіпсіздік ережелерді түсіндіру керек екенін ұмытпау керек.Техникалық  кәсіптік оқытуда  техникалық шығармашы-лықпен айналысатын жеке тұлғаны тәрбиелеп оқытуда,сабақ кезінде жасалған еңбектің нәтижелі өнімділігіне көңіл бөліп,жасаған тапсырмалары бойынша қортындылануы тиіс.

   Өнер мен еңбек – егіз, оның бір – бірінсіз дамып жоғары деңгейге көтерілуі мүмкін емес. Сондықтан оқушыларды мектеп қабырғасынан-ақ білім мен ғылымға, өнер мен еңбекке баулып тәрбиелеудің үлкен мәні бар. Этнопедагогикалық тәрбиенің алға қойған мақсаттарының бір саласы ұлттық өнер мен салт – дәстүр арқылы тәрбиелеп оның санасына өзінің халқын сүюге, дәстүрі мен өнерін сіңіруге негізделген. Өнер мен еңбекке үйретуші оқытушының кәсіптік шеберлігі мен жаңа технологияларды меңгеруі, өзінің оқытушы шәкірттерінің шеберлігін, білік – дағдысын, политехникалық ойын, еңбекке қызығушылығын арттырып белгілі бір мамандық таңдауға ықпалын жасайды, бағыт  бағдар береді.  Жаңаша білім беруде кәсіптік білім пәндерінің мұғалімдері теориялық және практикалық  білімді жетік меңгерген, шебер әрі іскер, озық технологиялар мен ақпараттық технологияларды меңгерген, оқушы жастармен тіл тауып жұмыс жасай алатын, жаңа  педагогикалық әдістәсілді меңгерген саналы маман болуы қажет.                          

Жас мамандар өзінің   шәкірттерін өнер мен еңбекке баулу, еңбек арқылы тәрбие жүргізе алуы қажет.                                

үйірме жұмыстары мен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыра білуге қалыптасуы қажет.                                               

 

 

                

          Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері.

        Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре білу,түсіне білу, жасай білу адамдардың рухани өмірін байытады,қызақты етеді,оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның  адамгершілікті тұлғалық мәнін жан–жақты дамытуға ұмтыламыз ,сондықтан әр баланың сөзін,нәзіктігін, көркемдікті әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жамандықты, сәулеттілікті және  ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мақсат-мұраттарының  болуы керек екендігі шығады.

       Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу – тәрбие барысында зеиін салуды, күн сайын өсіруді талап ететін мәселе. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес,еңбек,қоғамдық қатынастар,қоршаған орта, тәртіп,тұрмыс, әсем табиғаттың да  ықпалы көп әсер етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.

     Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатын рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылутән нәрсе. Олар әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар-құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастарылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн.  Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады. Еңбек әсемдігін  қабылдауды үйретіп,қоғамдық  іс-әрекет әсемдігіне сезімталды- ғын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді.

      Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей

әрі жанама қатынасы бар. Бұлбіздің қоғамдағы  қоғамдық өндіріс, адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған- дығынан туындайды. Өндірілген тауарлар сапасының әсемдігі тұтылыну жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында  белгілі дәрежеде эстетика

лық көзқарас болуын талап етеді. Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады.

       Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік сана мен талғамды ,оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған үрдісі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу

Оқушыны жан-жақты және  үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен

өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндей әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы,білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.

 

             

                       Балаларды эстетикалық тәрбиелеудің негізгі жолдары

       Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әртүрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы- өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып ,және солар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп , оның көзқарасын  қалыптастыруға  жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін айтпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке  тәрбиелеу –адамдардағы әсемдікті,еңбек мазмұны мен процесін танымай, саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мақсаттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.

      Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы,өнердегі, еңбектегі,өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу.  Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармашылығын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады. Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі

— эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі,өнерде

гі әдемілікті сезу  және көру адамдарда әртүрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап,оның сырын білуге тырыспайды,ал кейбіреулер оған онша мән бермейді,қалай болса-солай қарап, жанынан өте шығады.

       Әдемілікті сезу үшін,оны түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері,музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды объективтік критерилерімен  қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі.

      Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қыралығы,ықылас- тылық,қамқорлық баланың эстетикрлық дамуының негізі болады. Эстетикалық ұғымды пайымдауды, баға беруді қалыптастыру –эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті.

        Әдемілікті сүю,оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ,үндестік,,музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.

     Эстетикалық танымның дамыуына көбінесе өнер үргілерін қабылдаумен,не  кейде шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.

    Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі- бала- ның эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу, Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика адамдарды сүйсіндіреді.  

     Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып ,оны көріксіздіктен,ұсқынсыздықтан қорғауы қажет. Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып,оларды өздігінен ілтипатты оқырман,қайырым- ды көрермен,сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек. Балалар көркемдік шығармаларды, қуыршақ театры мен ертегі, мультфильмдерді,музыканы көріп- тыңдауға өте ынталы болады.  Эстетикалық тағлымы мен түсініп көру қабілеттерін  жетілдіру,көп ізденуге үйрету,бағыт беру мұғалімдердің  басты  міндеті.  Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі,демалысы, эстетикалық бағыт- та тиімді ұйымдастырылса,ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.

     Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті-өнер және әдебиет салаларында бала

лардың қабілетін, ынтасын  және бейімділігін дамыту. Осыған орай ,мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары- әдебиет және өнер. Олар зор идея- лық  тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер оларды зор қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды, әртүрлі құралдар арқылы енгізеді.

      Өнер мен әдебиет шындықты игерудің, танудың құралы. Өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.

      Әдемілікті сөзде , эстетикалық көзқарастарды қалыптастаруда табиғат зор роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді,сезімін дамытады,эстетикалық

түсінігін байытады.  Адам табиғатты бақылаушы ғана емес,ол тұтынушы сұлу- лықты жасаушы шығармашылақ қызметкер. Сондықтан өзінің күшін,қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек. Мысалы, қала мен ауылды, тұрған жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекейлеу- бұл зор эстетнкалық қамқорлық.

     Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері олардың еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы ,өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін көрсетеді.

      Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оны оқудың қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру,көркемдік ләззат және құлықтық әсер алуды қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет.     

 

 

1.3  Кәсіптік оқыту әдістері

Оқушыларды  кәсіпке оқыту әдістері

    Мектептерде технология сабағы мен үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.                                           

Мектеп оқушыларының сабақтан тыс бос уақыттарын дұрыс пайдалануды

қоғам мен жеке басына пайдалы істермен шұғылдануына,әртүрлі кәсіптер бойынша шеберліктерін шыңдауда,еңбекке баулып  олардың қызығушылығын арттыруға,кәсіпке икемделуіне үйірме жұмыстарының көп әсері болады.

     Оқушыларға өмірлік тәрбиелік әсері мен еңбек жолын таңдауына бағыт-бағдар береді,жеке бас еңбегі мен ұйымшылдық еңбекке, шығармашылық ойларын  шыңдауға ықпал етеді. Орта мектеп пен кәсіптік мектептердің оқу- тәрбиелік бағдарламасына кіргізіліп ,алдына мақсат міндет қойылады.

          Үйірме жұмыстары оқу үрдісіндегі негізгі оқылатын пәндер бойынша туындайды.   [4]

      Еңбекке баулуда оқушылардың сыныптан тыс үйірме жұмыстарын мына  төмендегідей топтарға бөлуге болады:

 —   дайындық техникалық үйірмелер,

           —   пәндер бойынша ғылыми-техникалық үйірмелер,

           —   сәндік қолданбалы өнерден, ұлттық бұйымдар жасату үйірмесі,

           —   модельдер мен   макеттер жасату үйірмесі,

           —   мүсіндеу, формалау, керамика бұйымдарын жасау үйірмесі,

           —  ағаштан конструкциялық бұйым жасау үйірмесі, ағашқа ою-өрнек

               түсіріп оны  жасау үйірмесі.

       —  тоқыма тоқу өнерінен,

 

           —  жұмсақ ойыншықтарды конструкциялап модельдеу.

      Мектептерде ашылған бұл үйірмелер оқушылардың технологиялық  үрдістермен танысуына, техникалық элементтердің қолданыуын, кәсіпке бағдар алуына өзіндік септігін тигізеді. Сонымен қатар олар қатырма қағазбен                                                                 

, қаңылтырмен, ағаштармен және басқа да көптеген материалдариен жұмыс жасап олардың негізгі қасиеттерін игереді. Орындалу технологиясы мен жұмыстардың жасалу  жолдарын игеріп үйренеді, қажетті құрал-жабдықтарды қолдану тәсілдеріне машықтанады. Қажетті бұйымдар мен техникаоық құрылғылар,техникалық модельдер, оқу құралдары мен көрнекіліктерді, техникалық механизмдер жасауға үйретрді.  Нәтижесінде олардың еңбекке  қызығушылығы артып,өзгенің еңбегін бағалауды, дайындаманы үнемді пайдалануды, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа,іскерлікке және еңбек мәдениетін қалыптастырады.  Бос уақыттарын дұрыс пайдаланып,сана-сезім,ой-өрісі өыіп дамиды. Жаман қылықтардан жеритін болады. Оқушылар шығармашылық үйірме жұмыстарынан іскерлік-дағды қалыптастыруымен бірге  эстетикалық талғамдары ,көзқарастары артып отырады. Оқушы баланың

қабілетіне қарай, өзінің бейімделген қалауына сәйкес жұмыс жасауына ықпал еткен дұрыс сияқты. Әрбір бала өзінің қызыққан жұмысын ғана дұрыс және  жақсы атқара алатындығы белгілі. Сондықтан олардан қандай үйірме жұмысын қалайтынын анықтау қажет.             

      Соңғы кезде технологиялық еңбекке баулу бағдарламаларының мазмұны конструкциялық материалдарды өңдеу бағытына көп көңіл бөлуде. Кәсіптік оқыту мен технологиялық еңбекке оқыту мен политехникалық дайындықтар-ын қамтамасыз етуде мына төмендегі жайттарды ескеру керек:

  • өндірісте , қоғамдық өмірде көп тараған мамандық салаларына әртүрлі мамандықтың еңбек тәсілін орындауда оқушыларға білік, шеберлік, дағды қалыптастыру.
  • өнімді еңбекке, қабілеттілікке, кәсіптік мамандықтарға қызығушылық- тарын арттыру.
  • технология пәні өтетін шеберханалар мен кабинеттерді талапқа сай жабдықтау, оқушылардың практикалық жұмыстарын дұрыс ұй ымдастыру әрбір мамандықтың өзіне тән талаптарымен оқушыларды таныстыру,
  • жалпы орта білім көлемінде, техникалық арнаулы біліммен,іскерлікпен, және еңбек дағдысына үйрету.

-оқушыларды өз-ара жарыстыра отырып,еңбек сапасы мен ұқыпталыққа

бейімдеу.    [3]

 

   Сана сезімі жетіліп өскен шағынан-ақ, қазақ халқы өзінің жас ұрпағын еңбек пен өнерге баулыған. Жастайынан еңбек пен өнерге үйренбей, бойына қалыптаспай күткендей іскер,шебер шықпайтыны ескерілген.

      Демек, ұлттық уызынан нәр алған, ұлттық тәрбие бесігінде тербетіліп өскен, өнер мен еңбекке шыңдалған, тілі,діні таза, тәні шымыр жеткіншектерден көп үміт күткені белгілі.

      Қазіргі кезде мектептерде ұлттық этно-педагогикалық тәрбие жүйесінің  негізі де осындай ата-баба дәстүрілері мен қолөнеріне негізделгенін, тәрбиенің негізгі көзіне көңіл бөлініуі, оқушылар мен жастарға ұлттық салт-сананы қалыптастырып, шеберлік пен біліктіліктің қайнар көзіне айналуда.

      Кәсіптік ұлттық қолөнер еңбегіне оқыту мақсатында «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» ұлағат сөзді ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасып келе жатқан «әке кәсібі-ата дәстүрі », «аналар кәсібі- әжелер өсиеті»-деп бөлініп келген.

      Қыздар мен ұлдарды кәсіпке  тәрбиелеп-оқытуда, өздеріне лайықты маман

иесі болуына бағыт-бағдар береді. Мектептерде де еңбекке оқыту пәнінен қыздар мен ұлдар тобына бөліп оқыту тәжірибесі қалыптасқан,бұл ата кәсібі мен ана кәсібінің  арасында айырмашылықтың барын көрсетеді. Ата мен ана дәстүрінен нәр алып өсіп, тәлім-тәрбие көрген, еңбекке шынығып өске баладан келешекте қоғамға пайдалы азамат өсіп шығатыны мәлім.

Техникалық прогресстің дамуы, адамзат қиялы мен жасалатын еңбегінің шегі жоқ екенін дәлелдейді. Сондықтан әрбір жас жеткіншек қазіргі ғылыми техника мен технологияны жетік меңгеріп, отанымыздың қарыштап дамуына өзіндік үлес қоса алатындай дәрежеге жеткізу міндеттері мұғалімдерге жүктеледі. Кәсіпке оқыту шараларының жетік ұлттық бағдарламаларын мен                                                     

 әдістемелік-оқулықтарын,оқытудың жаңаша технологияларын пайдаланумен қатар, этно-педагогикалық оқыту тәсілдері арқылы оқыту тиімділігін арттыру жолдарын қазіргі кезден бастауыш сыныптардан бастап қолға алуды қарастыру

    Ұлттық салт-дәстүрде, этнопедагогикалық тәрбиені көріп өскен ұл-қыздар-

дың бойынан ақылы мен зердесі, өнері мен шеберлігі, қайрат қаруы,техникалық жетістіктерге жетуі сияқты қасиеттері қалыптасып, өз елін құрметтеп өсуіне апаратын негізгі жолдардың бірі. Жоғарыда айтылған жайттарды корыта айтсақ еңбек әрбір адамның маман болып қалыптасуына,мағыналы өмір сүруіне  көп әсер ететінін байқаймыз. Халықтар арасында еңбек туралы мақал-мәтелдер көп кездеседі, оны сабақтарда пайдаланып, мәнін ашып түсіндіруге болады.

   Біршама мақал-мәтелді мысалға алатын болсақ:

«Еңбек етсең, емерсің», «Еңбекпенен ер көгер-жауынменен жер көгерер »,

«Еңбектің наны тәтті-жалқаудың жаны тәтті», «Таза еңбек,бәрін жеңбек»,

«Еңбекті жан тәніңмен сүймейінше, ешбір кемеңгер де,ғалым да шықпайды»

 

2.ЖОБАЛАУ ОБЪЕКТІСІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ

2.1  Ер қосу өнері мен жалпы ерлердің түрлері

 

Ұлы Абай:                  Ер қосқан ұсайды сөз сөйлемек,

     Қиыстырып қиыннан айтсам демек.

    Атқа жайлы ,мінуге және ыңғайлы,

            Алды-арты бірден келсін дөп-дөңгелек, —

дегенде ер қосу өнерінің аса қиын да, қажетті өнер екенін , үлгі етті.

 

      Аттың таулы жерлерде мінуге, аңшылық пен мал шаруашылығы үшін де өте қолайлы көлік екені белгілі.  Сондықтан атты міну үшін оның арқасына батпайтын,жүрісіне бөгет болмайтын, мінген адамға жайлы ер-тоқым керек. Дұрыс жасалмаған ер атты жауыр етіп,мінген адамды шаршатады.

      Ерге өте жақсы ағашты қолданады. Мұндай ағаш қайыңнан,үйеңкіден,қара мойылдың түбірінен немесе сол ағаштардың жуан ортасынан алынып,мұқият кептіріледі. Бір рет жонылған соң тағы кептіріледі. Содан кейін оны қосуға кіріседі. Ер қосу деп ердің бөлшектерін жонып,қиюластырып қосуды айтады.

      Ердің «қазақ ері», «қоқан ері», «құранды ер», «ашамай ер», «қазық бас ер», «орыс ері» деп аталатын түрлері бар. Қоқан ерін, көбінесе әйелдер мен қарттар пайдаланады.  Оның арты жалпақ,отыруға өте жайлы,бірақ атқа ауыр. Орыс ерін киізбен қалыңдап былғарымен қаптайды немесе темірден,алюминийден,ағаштан жасайды. Ашамай ердің алды-арты биік сүйемелі келіп,мұны көбінесе жас балалар мінеді. Ердің жасалу үлгісіне қарай

«арғын ері», «найман ері», «дулат ері», «мұрын ері» деп аталатын түрлері де бар. Ердің күміспен сәнделгенін күміс ер деп атайды. 

 

                       2.2  Қазақ халқының ер-тұрман жасау өнері

        Ежелден көшіп-қонып,мал баққан қазақ халқы көліктің негізгі түрі –салт ат болды,ал соған орай,ер-тұрман жабдықтарының алатын орны да өзгеше еді. Халық басынан өткен сан қилы уақиғаларға сай мұның да өзіндік даму,өзгеру үрдісі жүріп жатты. Мұның өзі қазақ халқының қолөнерінің қандай дәрежеде болғанын көрсетеді.

        Ер-тұрман жабдықтарын зерттеудің ғылыми маңызын өнер туындысы ретінде баңалаумен қатар,көне заманнан бері көшпелі халық өмірінің заңды қажеттілігіне сай қалыптасқан еңбек құралы есебінде қараған жөн. Сонда ғана

оның өмірдегі орны жан-жақты қамтылады.

      Ер-тұрман жабдықтарын өндіру тәсілдері мен оны күнделікті өмірде пайдалану жолдары қазақ қауымының ежелден-бергі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас мәселелерімен де тығыз байланысты.

     Жұмыстың бұл тарауында Қазақстан жерінде таралған қазақ ер-тұрманының

сан алуан түрлерін анықтаумен бірге,олардың жасалу техникасындағы ерекше- ліктерін нақтылы деректер негізінде дәлелдеп, сол өзгешеліктердің қалыптасу себебі мен оның халық арасында таралу мөлшерін әлеуметтік-экономикалық қатынастармен байланыстыра отырып талдау мақсатын көздедік.

    Ауқатты қазақ семьясы өз бетімен салт жүруге жараған  барлық балаларына түгелдей ер-тұрман дайындаған.Ал, қайсыбіреулері баласы туысымен-ақ атақты ершіл ерқосқан тамаша ер,сәнді тұрмандарын дайындауға қамданатын.

Сондықтан, қазақ  даласының қай жерінде болмасын ер қосу ісі кең өріс алған.

Сонымен бірге , олардың өнері жоғары бағаланды, тәжрибелі ершілер қысы-жазы бірдей қолдан-қолға тигізбей ер қостырып отырды.

     Өз үйінде ,көбінесе ердің соқа басын ғана қосты,ал басқа жабдықтарын тек ер істетушілердің өз заттарынан жасап беретін еді. Әрине, бұдан ершілердің барлығы ерұосумен бірге ,оның басқа жабдықтарын да түгелдей жасайбереді екен деген ұғым тумайды. Өйткені,ер-тұрманды толығымен,көңілдегідей сәнді етіп жасау тек ағаш ісімен қоса былғары,қайыс,күміс, темір материалдарын өңдей білетін халық шеберлерінің қолынан келетін.Бұл арада алтын,күміс және әртүрлі асыл тастармен безендіріліп жасалатын ер-тұрмандар жайлы сөз болып отыр. Ал,мұндай  қымбат ер-тұрмандарды жасатуға шамасы келмеген кедейлер мен орта шаруалар ердің соқа басын ғана алып,қалған жабдықтарын өздері жасады.   Ешбір әшекейсіз,тек ағаштан жасалынған ер қосу ісімен айналысатын ершілер,көбнесе өз үйінде ешкімнің тапсыруынсыз-ақ жасай берді.

     Ершілердің қостырушы үйінде тұрып істеуі түрлі жағдайларға байланысты болды. Біріншіден, ершілердің ер қосу шеберлігіне қоса ердің басқа жабдықтарын түгелдей жасай білуіне және оларды күмістеу,сүйектеу өнерін толық меңгергендігіне байланысты болса: екіншіден, қымбат ерді жасау үшін көп уақыт керек және оған керекті заттарды ер жасатушының өзі тауыпберетіндіктен,сән іздеген әуесқой шебер ершілерді өз үйінде ұстап,басқа іске алаңдатпай жұмыс істетуді тиімді көрді. Шынында да, мұндай жағдайлар ер-тұрман жабдықтарының көңілдегідей жасалуының басты шарты.

      Базарға шығарылған ер-тұрман жабдықтары,көбінесе ақшаға бағаланды. Ал,

үйде қосылатын ердің өз басы бір қой деп бағаланды. Басқа жабдықтарын күмістетіп жасатқанда ершінің еңбегіне құлынды биеге дейін берілді.Дегенмен,

зергерлік өнермен безендіріліп жасалған ер-тұрманға сіңірілген еңбек қазақ даласында жете бағаланбады. Олай дейтініміз, 5-6 ай бойына тапжылмай көз майын тауысып,шынайы өнер үлгісі боларлықтай етіп жасалған ер-тұрманға төленген бір жылқы оның өнерлі еңбегінің нақтылы бағасы деуге тіпті болмайды.    

      Қазақ жері өте үлкен, халқы сирек қоныстанғандықтан,қазақ өмірінің қай саласында болсын айтарлықтай жергілікті ерекшеліктер қалыптасты. Мұндай жергілікті ерекшеліктер ер-тұрмандарынан да байқалады. Бқлардың бір-бірінен негізгі айырмашылықтары – олардың жасалу тәсілі мен сыртқы көрінісінде. Осы ерекшеліктеріне қарай: «қазақ ері», «шошақ бас ер», «үйрек бас ер», «қан бас ер» деген атаулар да қалыптасқан. Бұлардың ішіндегі ел арасында еліміздің барлық өңірлеріне кең таралған түрі – қазақ ері.

    Қазақ ерінің жалпы қосылу техникасынан жергілікті өзгешіліктер байқал-майды. Бірақ, оның сыртқы пішіні мен әшекейлеу тәсілінде айтарлықтай ерекшеліктер бар. Бұл ерекшеліктер әр жерде қалыптасқан ердің жалпы кескіні мен әшекейлеу тәсілінен байқалады.

                   Әйелдерге арналған ер-тұрман

   Сонымен бірге, Қазақстанның қай облысында болмасын әйелдерге арналған ерлер өзінің үлкендігімен де, әдемілігімен де ерекшеленіп тұрды.Әйелдер ерінің сүйегі ауыр,әшекейлері мол болды. Сондықтан да олар сирек кездесетін еді. Өткен ғасырдың 70-80 жылдарының өзінде әйел ер-тұрманы некен-саяқ ұшырасатын еді.

       Алматы,Қарағанды және Қостанай музейлері мен ел арасынан табылған деректерге қарағанда, әйел ер-тұрмандарын жасауға ершілер – өнерін,жасату-шылар  қаржысын аямайтындықтары байқалады. Мұндай ер-тұрмандарға,негіз-

інен алтын, күміс, асыл тас, сүйек,мүйіз,былғары,шұға және барқыт маталар пайдаланыліан. Бұл әшекейлер ердің сыртын түгелдей жауып тұратын,сондық-тан оның ағаш негізін жете өңдеуге көп көңіл бөлінбеді. Ал ердің сыртқы пішініне келсек, алдыңғықасы өте биік, артқы қасы жалпақ келеді. Әйел ерлері өте кең, әрі жайлы болатынын сыртан келген саяхатшы ғалымдар жазба-ларында жазып көрсеткен болатын.

     Әдетте әйел ер-тұрман жабдықтары (тоқым,үзеңгі құйысқан,өмілдірік,жүген мен айыл,тартпалары) түгелдей бір ғана шебердің қолынан шығатындықтан, олардың ісі біркелкі, жатық болумен бірге өте мол әшекейленеді.

     Әйелге арналған ердің алдыңғы және артқы беті түгелдей күмістеліп оюлан-ған пластинкалармен немесе қақталған таза күміс әшекейлермен безендірілген.

Қолда бар деректерге қарағанда, әйел ерлерін әшекейлеудің бірнеше тәсілінің болғандығы аныұталды. Көбінесе, мұндай ерлердің беті әр түрлі темір әшекейлерімен белгілі бір симметриялы тәртіпті сақтап тұтас жабылады. Ол үшін әр әшекейдің бетіне тұтастай күміс шауып, сонан кейін арнайы жасалынған өткір бізбен түрлі өрнектерді (қошқар мүйіз,сыңар мүйіз,геометриялық фигуралар және өсімдік тектес өрнектер) ойып алады.

  Мұндай жалған қаралау әдісін кейде ою,кейде түр (фон) ретінде қолданады.

Бұл тәсілді ұқыпты орындаса,ердің әшекейі күмәске қарала жүргізгендей әсем болып шығады.

     Әйел ерін әшекейлеудің тағы бір кең тараған түрі- оймалы өрнек. Ол үшін

Темір әшекейлер әртүрлі өрнекте ойылып,қалған өрнек беттеріне тұтасынан күміс шабады. Әдетте мұндай әшекейлердің астынан түсті былғары (көксауыр),

шұға немесе барқыт салынады,олар ойылған өрнектерден айшындалып көрініп

тұрады. Күмістің өңін ашатын түсті былғары,шұға болмай қалған кезде,ердің қасын әбден өңдеп ашық сары бояумен бояп немесе бірнешеқайтара өсімдік майын жағып,жылтыратып та қояды. Мұндай ердің бір данасы Қостанай өлке- тану музейінде сақтаулы. Кейде ер күмістелген темір әшекейлермен немесе әртүрлі құйма бейнелермен ойыстыра безендіріледі.Бұл тәсілмен жасалған қазақ ерінің бірі Ғылым академиясының архелогия музейінде сақтаулы тұр. Мұның алды-артында бірдей айшық тәрізденген бір-бірден ғана күмістелген темір әшекейлер бар. Ердің әшекейленетін басқа жерлеріне түгелдей күміс жабылған,үстінен белгілі тәртіппен күміс бейнелер (ұшқан құс және үш бұрыш)

орнатылады. Күміс әшекейлердің әр жерінен дөңгелектер ойылып,айнала шеттері доғал иректермен оймышталады. Күміс әшекейлердің барлығының бет-теріне түгелдей сызу арқылы (гравировка) әр түрлі оюлар жүргізіледі. Бұл ердің жалпы кескінінен ,оның сыртына жүргізілген оюлы өрнектерінен тым ертеректе жасалғандығы байқалады.

      Ер әшекейлерін алтындау тәсілі күмістеуден гөрі өзгешелеу болады. Күмісті темір бетіне шабу,қақтау не құю тәсілдері арқылы жүргізілсе,алтындау тек жалату  арқылы орындалады. Әйел ерінің алтындаған бір нұсқасы (сурет -5) Қазақстанның мемлекеттік орталық музейінде сақталуда. Бұл ер барлық жабдықтарымен ұста Нәби Кәрібаев деген айтулы шебердің қолынан шыққан. Сүйегі өте ауыр. Ердің сырты түгелдей ойылған темір әшекейлермен жабылған,

Олардың астына қызыл барқыт төселген. Темір әшекейлердің бетіне күміс шауып, оның үстіне үшкір біз және дөңгелек бедерлі қадаубаспен әртүрлі гүл- жапырақтың бейнесі жүргізіледі. Бұдан соң кейбір әшекейлердің бетіне алтын жалатады, ердің маңдайына қызыл түсті шыны орнатылған. Алдыңғы қасының жиектеріндегі күмістелген темір көмкерулерге араб әріпімен жазылған өлең жолдары мен шебердің аты-жөні жазылған.

     Жоғарыда баяндалған әр аймақтың сан түрлі ерлерінің барлығында бірдей кездесіп отыратын әсемдеу әдісі – ердің маңдайына бірден-үшке дейін көз орнату. Әдетте, мұндай көздерді үлкенді-кішілі асыл тастар (ақық,маржан)мен түсті шынылардан салады. Кейде  асыл тас орнына қарала жүргізілген күміс көз орнатылады. Енді бірде ердің маңдайына қойылатын тастың саны 20-30-ға жетеді.   Мұрағаттағы сақталған тағы бір ғана әйел еріне 31-көз орнатылңан екен. Мұның 13-і сан түсті үлкен тастар мен шынылар,қалған 18-і қызыл маржандар. Алдыңғы қастың дәл ортасында үш бұрыштанып орналасқан үлкен- үлкен үш көк тастың әрқайсысының айналасында 6-дан ұсақ маржандар орнатылған, олардың араларына көгілдір эмаль құйылған. Осынша көптеген тастар үлкенді-кішілі және түрлі-түсті болып келеді, сондықтан да күмістелген тұтас темір әшекейдің бетінде өте жарасымды-ақ.  

 

                 Ерлерге арналған ер-тұрманның түрлері.  

   Еркектерге арналған қазақ ерлерінің сүйегі жұқа және ықшам болатындықтан, олар өте жеңіл келеді, оның ағаш ісіне көп көңіл бөлініп, жете өңделетін де. Күміс әшекейлері тым шағын,бірақ өте ұнамды болады. Әсірісе, Қазақстанның солтүстік аудандарында ерді қайыңнан шабатын ершілер басқа әшекейлерді көп қолданбайды. Өйткені, бұйраланған қайың безінен қосылған ерлерді мұқият өңдеуден кейін таза өсімдік майымен бірнеше қайтара  сіңіре майласа болды, ағаш реңі теңбілденіп, ешбір әшекейді керек етпейді. Мұндай жағдайда екі қас пен қапталдың айнала шеттерінен көмкеру тәріздендіріп жиек шығарады да,оны қара бояумен бояйды. Мұндай ерлердің алдыңғы қасының маңдайына орнатылған айшық пен қапталдың шеттік пен қанжыға өткізетін қос тесіктерінің үстінен күмістелген темір әшекейлер шегеленеді. Бұл әшекейлер күмістен соғылса,оның бетіне қаралау әдісімен күрделі ою-өрнектер жүргізеді.

      Мысал ретінде Қазақстанның орталық мұражайында сақталған Павлодар облысының қарт ершілері Әбдікерім Ерсалин мен Қадыр Байжановтың жасаған ерлерін айтуға болады. Айшық ортасына, көбінесе, түсті тастардан көз орнаты-тылады. Кей уақытта билер мен бай-сұлтандар  арнайы тапсырыспен жасатқан ер-тұрмандарының әшекейлері,әйел ерлерінен кем болмаған. Бұлардың алды-

арты бірдей оюлы өрнек жүргізілген әшекейлермен тұтас жабылады. Темір әшекейлерге ойылатын оюлы өрнек, көбінесе өсімдік бейнелес болады, бет-теріне күміс шабылып, алтын жалатылады. Мұндай әшекейлердің астына әдеттегідей түсті мата не былғары төселініп,алдыңғы қастың маңдайына түрлі тастар орнатылады.

    Еркек ерлерін әшекейлеуге мүйіз бен сүйек те жиі қолданылады. Мұндай заттарды алдын ала дайындап алып, бетіне сан түрлі өрнектер жүргізіп,көбінесе ердің алдыңғы қасына ойып орнатады. Сүйек әшекейлері орнатылатын ерлер мүйіз түсін ашатындай басқа түсті бояумен боялады. Бұлай жасалған ерлер өте сыпайылығымен кқз тартады. Жоғарыда баяндалған қазақ ерлерінің көлемі мен салмағында және әшекейінде ерекшеліктер болмаса, олардың жалпы қосылу тәсілі мен сыртқы пішінінде көп айырмашылық байқалмайды. Ал енді, өзінің сыртқы пішіні жағынан аздап болса да ерекшелеу қазақ ерінің бір түрі — Алматы

Облысының оңтүстік-шығысы мен Семей облысында кездесетін ерлер. Бұлардың жалпы кескіні, әшекейлену және өңделу тәсіліне қарағанда, қырғыз және Алтайда мекендейтін Сібір халықтарының ерлеріне ұқсайды. Бұл ерлердің қасы да етегінен жоғары қарай қушия көтеріледі де, дәл төбесі дөңгеленіп бітпей, үсті түзуленіп, иығы бұрышталып шабылады. Артқы қасы алдыңғысына қарағанда кейін қарай сәл ғана көлбеу орналасады. Әдетте, мұндай ерлер төрт бөлек ағаштан шабылады, орта ағаш қапталдығынан тұтас шығарылады да, бір-бірімен қайыс таспа арқылы көктеліп біріктіріледі.

     Жамбыл облысының оңтүстік-шығысы мен Алматы облысының оңтүстігінде

мекендейтін қазақтар арасында көп тараған ердің бір түрі – шошақбас ер  деп аталады. Қазақтың басқа ерлерінен мұның негізгі айырмасы атауынан-ақ көрініп тұр. Дегенмен, мұның жасалу тәсілінде жалпы қазақ ерлерімен кейбір ортақтық байқалады. Шошақ бас ерді 4-5 бөлек қайың, қарағаш немесе емен сияқты берік ағаш кесінділерінен шауып қосады. Ол үшін ең алдымен ердің  әр- бір бөлшегіне – алдыңғы қасына ағаштың екі айыр тұсын жинаса, екі қапталы мен артқы қасына әжептеуір жуан ағаш кесінділерін дайындайды. Ердің орта ағашын, көбінесе екі қапталдың ортасынан шауып шығарады. Қапталға арналған ағаш жіңішке болса ғана орта ағашты бөлек шауып қиыстырады. Ердің жеке бөлшектерін бір-бірімен шеге арқылы ұстатады. Ал, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында мұндай ерлердің алдыңғы қасы құранды ер сияқты екі айырланып та жасалады. Жамбыл облысының Мерке ауданында шошақбас ер құранды ердің артқы қасы сияқты көлемді,кемерлене шабылса, ал Шу,Алматы облысының аудандарында қозықұйрық ерінің артқы қасы тәрізді шағын келеді.

     Көпшілік жағдайда мұндай ерлердің сырты ешбір басқа заттармен берік болу үшін қапталмайды. Тек қана ерді сәндеу мақсатымен оның алдыңғы қасының айнала шеттерін күміс,жез ситяқты металдармен көмкереді, ал қалақ тәрізденіп шабылған ер басының ортасына күмістен,сүйектен,мүйізден жасалған әр түрлі шағын әшекейлер орнатылады. Бұлар болмаған күнде шылбыр өткізіп қоятын шығыршық қағылады. Мұндай ерлердің үстіне былғарыдан немесе киізден көпшік шегеленеді де,алды-арты көк,қара бояулармен боялады.  

    Шошақбас ердің кейбір түрі өзінің жасалу тәсілімен де,сыртқы пішінімен де, әдемі әшекейлерімен де ерекше көзге түсетін Алматы облысы Кеген ауданынан жиі кездестіруге болады. Мәселен, 1953 жылы Кеген ауылының тұрғыны

Е. Қасымбековтың шошақбас ері бес бөлек ағаштан қосылып,сырты түгелдей көнмен қапталған екен. Бұл ердің екі қастары да қалақбастанып жасалған,беттері күмістелгентемір әшекейлермен және жұлдыз тәрізденген үлкенді-кішілі күміс бүркеншіктермен безендірілген.

      Жамбыл және Алматы облыстарында шошақбас ерді бір бөлек қарағаш кесіндісінен тұтас шауып шығарады. Мұндай тәсіл қырғыз ершілерінен де кез- деседі. Бұл үшін ердің ұзындығындай қарағаш кесіндісін бірнеше күн суға салып жібітеді, содан өткір балтамен нобайлап шауып алады,біраз уақыттан кейін әртүрлі шоттармен шауып асықпай өңдейді.  Әдетте,мұндай ерді бір күнде шауып болмайды. Сондықтан, ағаш ылғи суда жатады.  Оны жұмыс арасында,қол босағанда істейді. Өйткені,күннің көзінде қалса, ағаш тез кеуіп, жарылғыш келеді, өңдеуге қиындықтар туғызады. Бұдан кейін 2-3 күн бойы самалға қойып дегдітеді де,түйе көнімен қаптап тастайды. Бұл тұтас шабылған ердің беріктігі, ең алдымен,түйе көнінің мықтылығына байланысты.Тұтас ағаш-

тан шабылған ердің  артықшылығы сол, мұнда қас,қаптал жіне орта ағашты бөлек шауып,оларды қиыстырып әуре болмайды. Көзі қанығып,қолы жаттыққан іскер мұндай ерді тез шабады,ағашты жеткілікті өңдемей-ақ көндей береді.

       Қ ұ р а н д ы ер – көбінесе Оңтүстік Қазақстанда,Қарағанды облысының шығыс жағы мен Ақмола,Қостанай және Алматы облыстарының оңтүстік өңір- лерінде кездеседі.

     Ердің бұл түрі бірнеше бөлек ағаштардан қосылады,сондықтан ол құранды ер деп аталған.Жоғарыда көрсетілген облыстардың қайсысында болсын құран-ды ер бір үлгімен жасалған.

     Жиналған деректерге қарағанда,ауыл арасындағы қазақ ершілері құранды ерді 18-20 бөлек кесінді ағаштардан құрастырылғаны байқалады. Ал, өзбек шеберлері осындай ерлерді 22-23 бөлек ағаштан құрастырып жасайтындығы туралы ғылыми зерттеулерде жазылған екен.

      Құранды ердің мұншалықты көп бөлшектерден құралу себебі: біріншіден, ер қосуды кәсіп еткен шеберлерқолынан шығатын ерлерінің біркелкілігін сақтауды көздейді. Екіншіден қолда бар ағаш кесінділерінің қандайын болсын қажетіне жарата береді. Ал мұндай материалдардың табылуы да оңайға түспейді. Бұл жағдай ағаш аз өсетін Шымкент, Қызылорда және Жамбыл облысының  кейбір аудандарында  ершілерге үлкен мүмкіндіктер туғызады.

     Құранды ер жасау үшін терек,жиде,тал сияқты жұмсақ әрі берік ағаштар қолданылады. Мұндай ағаштарға желім де тез сіңіп,жақсы желімделеді.

    Құранды ердің бөлшектерінің тұтас ағаш кесіндісінен шабылатыны тек екі қапталдары ғана. Олай болса, құранды ердің көптеген негізгі бөлшектері оның екі қасын құрастыруға жұмсалады. Сондықтан, ең алдымен, әр қасты өз алдына жеке құрастырып алады, содан кейін оларды қапталдарға орнатып,ердің орта ағашын қиыстырады. Бұдан соң құралған ердің артық шығыңқы жерлерін пішінге келтіріп өңдейді, кем-кетігіне қондырма желімдеп,көлеңкеде біраз кептіріп алады.

    Әдетте, мұндай ердің толып жатқан бөлшектерін бір-бірімен біріктіру үшін олардың түйісетін жерлерін  алдын ала мұқият тегістеп алып,содан кейін желім жағады,біраз дегдігенен соң желімді тағы да қайта жағып біріктіреді. Осылайша желімделген бөлшектерін әбден кепкенше ауыр заттармен бастырып немесе арнаулы қысқыштармен қыстырып қояды. Құранды ер жасаудың негізгі материалдарының бірі- ж е л і м. Қазақ ершілері желімді сатып алумен қатар өздері де жасай білген. Сатып алынған кәдімгі ағаш желімін сары желім,қолдан қайнатылған желімді, қара желім  дейді. Мұны жасау үшін көтерем малдың сүйегінен сылынған еті мен түйенің көнін турап,бір қазан суға ет езілгенше қайнатады да, ет пен көнді түгел сүзіп тастайды. Қалған суды суалғанша қайнатады. Мұны ыстықтай басқа ыдысқа қотарып,суыған соң желім орнына пайдалана береді.

     Құранды ер бөлшектерінің өзіне тән атаулары болады. Алдыңғы қастың негізі болып есептелетін оқпан екі бөлек ағаштан құралады да,қастыңоң жақ және сол жақ беті деп аталады, екі бетті біріктірген ағашты желкебасар десе, алдыңғы қастың бүркіт қабақтанған екі айыр басын қас, ал артқы қасты көбінесе керсен дейді. Оның ортасы бір бөлек шабылады да, екі шетіне қанат деп аталатын қосымша қондырмалар желімдейді. Екі қасты қапталдармен ұштастыру үшін ердің екі жағынан ұзыншақтау қоспа ағаш қиыстырады. Ал, ердің үстін жауып тұратын бөлшегін, ортан бел ағаш дейді.Алдыңғы қастың екі бетінің түбінен, қаптал басының үстіңгі жағынан кішкене кепіл ағаштар жапсырылып, артқы қас пен қапталдың екі аралығынан тіреуіштер қойылды. Қоспа, кепіл ағаш, тіреуіштер екі-екіден болады.

          Ердің негізгі сүйегі әбден кепкеннен кеиін, оған түгелдей тарамыс талшықтары араластырылған желім үш қайтара жағылады. Ер сүйегінің қосылу ыңғайына қарай тарамыс талшықтарын қолмен жағады. Алғашқы желім қабатын жүргізгенде, тарамыс-талшықтары ағаш ыңғайына көлденең түсіп отырса, келесісінде, керісінше, алғашқы тарамы талшықтанып көлденең түседі. Ал, үшінші қабаты да осы тәртіппен жағылады, тарамыс-талшықтарының үш қабаты тор көздене түсіп, ердің желімденген бөлшекиерін тырп еткізбей берік ұстайды.

    Әрбір желім қабатын көлеңкеде ұстап, самалда асықпай кептіреді. Тәжірибелі ершілердің айтуынша, ыстыққа, күннің көзіне кептірілген желім қабаты жарылып кетеді де,ердің беріктігіне нұқсан келтіреді. Сондықтан, қыста желім жағылған ерді пеш қызуына жақындатпай,жылы үйде кептіреді. Алғашқы күндері ердің тұрған жерінің ыстығына қарай күніне 2-3 рет су бүркіледі. Өйткені, жаңа жағылған желім қабаты үстіңгі бетінен кебе бастаса,ол жарылғыш келеді де,сыдырылып түсіп қалады, ал бетіне су бүркіп ,әлсін-әлсін дымқылдап отырса, желім қабаты астынан кеуіп,жарылмайтын болады.

     Үш қайтара желім жағылған ердің сыртынан бір түсті тоз қабатын жапсырады. Бұл үшін жұқалап сыдырылған тозды ер бетінің ыңғайына қарай мүйіз аспаппен сызып алып, қайшымен қияды да,тоз қиындысына желім жағып, біраз уақыт оның сіңуін күтеді. Бұл уақытта ердің тоз қиындысы жапсырылатын жеріне ғана су бүркіп, отқа қарып алады. Сөйтіп, ер бетіндегі желім қабаты су мен от қызуының әсерінен сәл жібіңкіреген кезде тоз қиындысына желім жағып, өз орнына қиюластыра жапсырып отырғызады. Осы тәртіппен ердің сыртына түгелдей тоз жапсырылып болған соң, қиындылар арасынан шығып тұратын желімдерді жылы сумен жуады. Содан кейін ерді асықпай кептіреді.

     Ел арасында ісмерлер ердің сәнділігінен гөрі мықтылығын көздеп, құранды ердің өзін тарамыс араластырған желімсіз-ақ жібітілген түйе көнімен тартып шегелейді. Кейде шеге орнына таспалап тігу тәсілін де қолданатындар кездеседі. Соза қапталған көн кебе келе ер кірісін одан әрі кіріктіре түседі. Әбден кепкен көн ылғалдыда, ыстық-суықты да елемейді,өте берік болады.

     Сән іздеген серілер мен билеушілер құранды ердің сыртын қалың былғарымен қаптатып, алдыңғы қастың бетін түрлі әшекеймен безендіріп келді.

Біздегі деректерге қарағанда,мұндай ерлер құйма күміс бейнелермен, күмістел-ген  оюлы темір әшекейлермен және түсті тастардан не күмістен көз орнату тәсілдерімен де көркемделді. Тастан салынатын көз, көбінесе,оқпанның дәл маңдайынан орнатылатын.

     Кейде қошқардың немесе бүркіттің басы тәрізденген құранды ерің алдыңғы қасының екі шекесіне күмістен немесе тастан екі көз орнатылады.

    Бұл ердің құйма әшекейлері геометриялық шаршы, дөңгелек не үшбұрышты болады. Күмістелген темір әшекейлердің оюлы өрнектері қошқар мүйіз,жапы-рақ бейнелес болып келеді.     Ердің үсті де сан түрлі тәсілдермен өрнектеледі. Мәселен, қазіргі Панфилов ауданында мекендеген атақты ерші

Ақтайлақ Бозжігітовтың 1915 жылы жасаған құранды ерінің үстіне қазақтың қошқар мүйіз өрнектері жөргізілген де,  ердің мойнына әртүрлі геометриялық таңбалар түсірілген екен.

     Қарттардың айтуынша, құранды ердің бет алдын сүйек және мүйіз әшекей-лермен  безендіріп отырыпты. Бірақ, ел арасында болсын, мұражайларда бол-сын сүйектелген не мүйізделген құранды ерді кездестіре алмадық.     

    Құранды ерді безендірудің ерекше бір түрін Торғай, Ырғыз бойынан кездес-тірдік. Бқл ердің қосылу ісінде,сыртқы пішінінде,жоғарыда баяндалған құранды ерлерден еш айырмасы жоқ. Бірақ, көнделген ердің сыртын қалың қара былғарымен қаптап, екі жақ етегін қысқа тоқым тәріздендіріп бос түсірген де бет жақтарын оюлы-өрнектермен өте көркем безендірген. Бұл ердің басқа тұрмандары да өте сыпайы орындалған.

    Құранды ердің сүйегі өте жеңіл,сыртқы формасы тым сыпайы – атқа да,адам- ға да жайлы болады. Қазақстанның кейбір аудандарында құранды ерлерді әйел ері деп те атайды. Бұл аудандарда құранды ерді кейде қоқан ері деп те атайды. Мұнда біраз шындық та бар. Өйткені қазақтың құранды ері мен өзбек ерінің жасалу тәсілінде де, сыртқы кескінінде де біршама ортақ жайлар бар. Бұдан, әрине, нағыз қоқан ерлері қазақ даласына мүлдем тарамады деген ұғым тумай-ды. Бірақ, Қазақстан жеріне қоқан ерінен гөрі оңтүстік қазақ ершілері қосқан құранды ерлерінің көбірек таралғандығына күмәндануға болмайды.

     Қорыта келгенде, құранды ер Сырдария,Талас өзендерінің бойын мекен-дейтін халықтарда қалыптасқан. Бұл өңірлерде, негізінен, қазақ,өзбек және қырғыз халықтары аралас қоныстанғандықтан, олардың тұрмысы мен мәдениетінде де көптеген өзара ұқсастықтар болды. Сол ұқсастықтың бір көрі-нісі дәл осы арада сөз болып отырған құранды ер. Сөйтіп, қазақтың құранды ері 

өзбектің қоқан ері және қырғыздың құшбаш ері әр ұлттың қзіндік ерекшелік-терінің негізінде ,кең аймақта қалыптасқан қолайлы ер түрінің бірі. Олардың жасалу тәсілдерінде – бірқатар ортақтықтар байқалумен бірге әр ұлттың тек өздеріне ғана тән ерекшеліктері де бар екендігі айқын аңғарылды.

     Маңғыстау түбегі мен Ембі бойында мекендейтін қазақ жұртшылығында қалыптасқан ер түрі – қ о з ы қ ұ й р ы қ  е р.  Мұны кейде ақбас ер, шошақбас қазақ ері деп те атайды.

     Қозықұйрық ердің жасалу тәсілінде құранды ермен әжептәуір ортақтықтар бар. Дегенмен, мұны құранды ердің бір түрі деуге болмайды. Өйткені,оған қойылған атау да, жалпы кескіні де оның қазақ ерлерінің ішіндегі өз алдына жеке қалыптасқан айрықша бір түрі екендігін дәлелдейді.

    Қозықұйрық ер, көбінесе, өте жұмсақ және жеңіл болатын жөке ағашынан жасалады. Кейбір жағдайларда қайың ағашы да пайдаланылады.  Жөке ағашы  жөпшендіге жарылмайды, желімдіде жақсы ұстайды. Мұның жеке бөлшектеріне ұзындығы екі тұтамдай ағаш кесінділері де жарай береді. Қозы-құйрық ер  6-7 бөлек ағаштан құралады. Алдыңғы қасы екі бөлек,артқы қасы

2-3 бөлек ағаш кесіндісінен жасалады. Бұған екі қапталды қосқанда ер сүйегінің

негізгі бөлшектерінің тұрақты қалыптасқан құрамы шығады. Қозықұйрық ердің тағы бір өзгешелігі: мұнда орта ағаш болмайды, оның орнына көн не қайыс тартылады. Ердің сүйегі жеңіл,көлемі шағын келеді.Қасы алдына қарай еңкіштеу болып орнатылады.

      Қозықұйрық ердің сыртын түйенің көнімен қаптайды.Кейде көн орнына тарамыс талшықтарын немесе кендір шүйкесін желімге араластырып жағады. Бұл әдісті халық сіңірлеу деп те атайды. Шынында да, сіңірлеу деп атаған жөн сияқты, өйткені тарамыс дегеніміздің өзі тігін жұмысына пайдаланылатын кептірілген ірі мал сіңірінің талшықтарынан ширатылып дайындалады. Ал, сойылған ірі малдың арнайы алынған сіңірін халық тарамыс деп атай береді.

      Деректерге қарайтын болсақ, көндеген ерді сіңірлемейді,сіңірленген ерді көндемейді. Сіңірлеу де,көндеу де ердің беріктігін арттыру үшін қолданылған- дықтан, бұлардың бірін пайдаланса, екіншісін керек етпейді. Кейде сіңір аз болып,ердің беріктігін толық қамтамасыз ете алмайтындай қауіп туса ғана,оның

сыртынан көндеу тәсілін қолданады.  

     Шамасы келген дәулеттілер сіңірленген немесе көнделген ерлердің сыртын былғары,мүйіз,сүйек,темір және күміс әшекейлермен көркемдетеді. Сәндеудің ең оңайы да, арзаны да ердің сыртын түгелдей түсті былғарымен қаптау әдісі болған. Ал, мүйіз,сүйек,темір және күміс әшекейлерімен ердің алды-арты ғана

әшекейленеді.

     1962 жылы Ембі бойынан бұдан жарты ғасыр бұрын сүйектеліп жасалған өте

сәнді қозықұйрық ерді кездестірдік. Бұл ердің қазіргі иесі Байғанин ауданының аға шопаны Мәтжановтың айтуынша, мұны 1910-1915 жылдары атақты ерші Шырын жасмаған көрінеді.

     Ердің сыртқы пішінінде – ерші Қомпаев Имағамбеттің осы кезде жасайтын қозықұйрық ерлерінен еш өзгешелігі жоқ. Оның негізгі ерекшелігі сыртындағы өте сыпайы орындалған сүйек әшекейлерінде.

    Бірнеше бөлек жөке ағашынан қиыстырылған бұл ердің сырты сіңірленіп барып көнделген де, алды-арты брдей сүйектеліп әшекейленген. Жалпы ер кескініне сай сай дайындалған әр түрлі сүйек әшекейлер шебер қиюласып,сүйек шегелермен бекітілген. Сүйек әшекейлердің беттеріне сан түрлі бедерлі өрнек-тер жүргізілген.

    Өрнектердің көпшілігі пышақ ұшымен ойылған түзу сызықтар мен иректер-ден және ортасында нүктесі бар шағын дөңгелек-шеңберлерден тұрады. Оқпан-ның қарсы алды мен екі жақ бүйіріндегі көлемді сүйек әшекейлердің және артқы қастың үстіне айшық бейнесінде шегеленген екі бөлек сүйектің беттері

геометриялық өрнектермен,өсімдік тектес оюлармен безендірілген.  Мұндай оюларды сүйек бетіне түсіру үшін, алдымен, өрнектің түрін пышақ ұшымен сызып алып, оны тереңдете түссе болғаны,бір-бірімен сабақтары арқылы жалғасқан жапырақ тәрізді оюлар, бедерлер түсіріп отырады.

     Екі қапталдың алдыңғы алақандарының ортасына жасыл былғарыдан (көк сауыр) көз салынады, ал ердің үстіне күміс бүркеншікті шегедермен қалың қара былғары тартылады.

      Сүйек әшекейлердің қиысу тәртібі болсын, олардың беттеріндегі ою-өрнек- тердің, шегелердің орналасуы болсын, белгілі бір симметриялық тәртіпті сақтай отырып орындалады. Ал, қапталдың басындағы көк сауыр көз де,ер үстінде тартылған қара былғары да сүйектелген ердің үстінен қарағанда асқан шеберлікпен нақышталған әшекейлердің шырқын бұзбай,қайта оның өңін ашып тұрады.  Сөйтіп, бұл ердің сәнді түрі ерші Шырынның көркемдік талғамының өте жоғары болғандығын аңғартатын сияқты.

     Өнерлі халық шеберлері әр түрлі бұйым беттерін әшекейлеуге түйе және жылқы сүйектерін пайдаланған. Бұған малдың жақ, жауырын,және қабырға сүйектері жиі қолданылады. Қабырғаның етек жағын қақ жарып,кемігін жонып тастап,екі жақ бетін әр түрлі бұйымдарды безендіруге жаратады. Қабырға сүйек

тері жіңішке,жұқа болғандықтан,оны ер сияқты ықшам бұйымдарды әшекейлеуге пайдаланады. Мұндай іске, әдетте, асылған еттің сүйегі жұмсала-ды, өйткені шикі сүйекте май көп болады. Кейде семіз малдың сүйегі асылғаны-

мен майынан әбден арылмайтындықтан,оны біраз өңдеген соң,тағы да суға қайнатып алады.

    Маңғыстау өңірінде қалың қара былғарымен қапталған қозықұйрық ерді күмістен құйылған әр түрлі геометриялық бейнелермен немесе бүркеншікті шегелермен әшекейлейтін-ді. Әсіресе беттері бедерленген үш бұрыштар, шаршылар,тік бұрыштар,төрт бұрыштар мен жарты дөңгелектер жиі қолданы-лады. Бұларды ердің жиектеріне,үстіңгі жағына әр түрлі тәртіппен орналастыру

арқылы көркемдейді.  

     Жоғарыда баяндалған қозықұйрық ердің әшекейлену тәсіліндегі көзге түсетін ерекшеліктердің бірі – артқы қасының үстіңгі беті ылғи айшық тәріз-денген сүйек әшекейлермен безендірілетіндігі. Қазақстанның басқа жерлерінен кездесетін сан алуан ерлерде мұндай әшекей кездеспейді.

    Қозықұйрық ерлерді кейде бес бөлек қайың кесінділерінен де жасайды. Мұның сыртқы кескінінде жоғарыда баяндалған қозықұйрық ерлерден еш өзгешелігі болмағанымен, оның қосылу және көркемделу тәсілдерінде біраз айырмашылықтар байқалады. Ер бөлшектері бір-бірімен желіммен емес,шеге-мен біріктіріледі,алдыңғы қастың бет жағына жеңл-желпі геометриялық өрнектер ойылады.

     Торғай, Ырғыз бойында және Көкшетау өңірінде мекендейтін қазақтар ара-сында  өткен ғасырдың соңында ү й р е к  б а с   деп аталатын ер болған. Бұл ердің үйрек мойынданып,ілгері қарай иіліп тұратын алдыңғы қасынан басқа пішіні құранды ерге өте ұқсас. Ал, ағаш сүйегі төрт бөлек қайыңнан шабылады

да, бір-бірімен шеге арқылы ұстатылып ,сырты көнмен не қалың былғарымен қаптала шегеленеді. Дәл осындай үйрек бас ердің бір тамаша үлгісін 1970жылы

Көкшетау облысындағы Сырымбет ауылының тұрғыны Кеңесбаев Қабдештің үйінен кездестірдік. Осындай ердің тағы бір данасы қазір Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының қорында сақтаулы. Бұл ерлердің алдыңғы және артқы қастарыныңүстіңггі жағына жезден ойылған ою-өрнектер күміс бүркеншікті шегелермен шегеленген. Ер пішіні ершінің көркемдік талғамының

жоғарылығын дәлелдей түскендей.

     Қазақта ер қосу ісінің  жалпы заңдылығы есебінде, ең алдымен, ердің атқа тимеуі көзделеді. Ол үшін, біріншіден,ердің оқпаны жылқының қыр арқасын, әсіресе,шоқтығын баспайтындай көтеріңкі болуы қажет: екіншіден,ердің екі қапталы дұрыс мүсінделіп,олардың екі арасының алшақтығы мен әр қапталдың ер қастарына дұрыс қиысуы қажет. Әдетте ердің алды қысыңқы болады да, арты енділеу келіп,екі қапталдың алдыңғы басы жоғары қарай сәл ғана шалыстау қайқая шабылады. Ал,қапталдың екі қасқа қосылу бұрыштары да әртүрлі болады. Мәселен, алдыңғы қасқа ылғи 45* шамасында қосылатын болса, артқы қасқа қосылу бұрышы 30-35*-тан аспауы керек. Осы көрсетілген ортақ заңдылықтарды бұлжытпай орындау үшін тәжрибелі қазақ ершілері ер қосуға  арнайы жасалған қалыпты кеңінен пайдаланған. Сондықтан,олардың ерлері атқа да, адамға да жайлы болады.

     Ерге үзеңгі бау,әнжіме,қанжыға,бүлдірге өткізетін тесіктер жасалады.Үзеңгі бау өткізілетін тесіктер алдыңғы қас етектерінің қапталмен астасатын тұсынан қашаумен тесіледі. Өмілдірік байланатын әнжімеге арналған тесіктер қаптал-дардың алдыңғы алақанынан екі қатар болып,құйысқан байланатын бүлдірге мен қанжыға өткізілетін тесіктер қапталдың артқы алақанына қуысқұлақпен тесіледі.  Тек күмістелген қымбат ерлерге құйысқанды күмістелген әдемі айылбас арқылы тағады.

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Ер-тұрманға кіретін қажетті басқа да ат әбзелдері.

      Ер –тұрманның құрамына ердің жеке басынан басқа тоқым,желдік, терлік, тебіңгі, үзеңгі, айыл, құйысқан ,өмілдірік, жүген ,жабу,ат көрпе, тұсау, шідер сияқты  заттар да қосылады. Осылардың барлығын халық күнделікті өмірде ер-тұрмандары демей, ер тоқым деп атай береді.  

       Көпшілік халық т о қ ы м д ы киізден сырып жасайды. Кейде киіз тоқымның

айнала жиегін шұға және барқыт сияқты қымбат маталармен көмкеріп,тоқымның сыртын түгелдей қалың былғарымен де жабады. Сырма тоқым мен көмкерілген тоқымдар,көбінесе,әйелдер қолынан шығады,ал былғары тоқымды шебер ершілер ғана жасайды.

     Тоқымның көлемі де,пішілу кескіні де әртүрлі болады. Әйелдерге арналған ер тоқымдары көлемді болады  (140-150 х 50-55 см),жақсы көркемделеді. Ал,ер адамдарға арналған ер-тоқымдары көлемі жағынан ықшамдау (90-100 х50-55 см)

келеді,әжептәуір әсемделеді.   

    Ортасынан екі бүктелген тоқымға кқз салсақ, төменгі екі ұшы бірдей тік бұ-рыштанып пішілгенін байқаймыз; екіншіден, алдыңғы бұрыштарының сүйір-леніп, артқы бқрыштарының дөңгеленіп жасалғанын немесе екі ұшы да сүйірле- ніп, кейде ойып пішілгендігін аңғарамыз.

     Киіз тоқымдарды да түрлі ою-өрнектермен әдемілеп сыриды. Былғары тоқым-дарға сан түрлі тәсілдермен жүргізілетін ою-өрнектерге қоса күміс әшекейлер де жиі қолданылады.

    Өткен ғасырда мұндай тоқымды ылғи тұтас және қалың былғарымен тыс-тайтындықтан ,олардың бетіне бедерлі ою-өрнектер жүргізу тәсілі жиі қолда-нылған. Бедерлі өрнекті,көбінесе, арнаулы ағаш қалыптар арқылы түсіреді. Бұл

үшін бедерлі өрнегі бар ағаш қалыптасып дегдігенше,қозғамай қоя тұрады. Бұдан соң тоқымға түскен түскен бедерлі өрнектердің айнала жиектерін пышақ тәрізденген мүйіз аспаппен сызып,айқындай түседі. Кейде өрнек айналасын тарамыспен қайып тігеді. Мұндай бедерлі өрнек келе-келе жойылып кетпес үшін

былғарының теріс жағынан ойыстарына толтыра желім құйып кептіреді де,киіз-

бен астарлап тігіп тастайды.

     Тоқымға бедер түсіретін арнайы қалып болмаған жағдайда кейбір шеберлер түрлі өрнектерді басқа тәсілдермен жүргізеді. Ол үшін былғарыны жібітіп алған соң, бетіне мүйіз аспаппен өрнек сызады, содан кейін өрнектің астына темір сым немесе жұмырланып бұралған қайыс таспадан өзек салып,сызылған өрнек ізін тарамыспен киіз астарға жапсыра тігеді. Темір формалар тек геометриялық өрнектер түсіруге қолданылса, қайыс өзектер әр түрлі өрнектерді мүйіздеп келтіру үшін қолданылады. Бедерлі өрнектер темір безеубастармен батыра із түсіру әдісі арқылы да орындалады. Сөйтіп, мұндай әдістермен тоқым бетіне түсірілетін бедерлі ою-өрнектері, көбінесе, қазақтың қошқар мүйіз,сыңар мүйіз

Оюлары мен түрлі геометриялық өрнектердің орынды тоғысуы арқылы орын-далады.

     Осы айтылған тәсілмен қалың былғарыға түсірілген бедерлі өрнектер тоқым тозғанға дейін жойылмайды, тіпті суға тигенде де, олар бастапқы өз қалпын жақсы сақтайды.

     Жұқа былғарыдан жасалған тоқымдарға бедерлі ою-өрнектер түсіруге болмайды. Сондықтан, жұмсақ және жұқа былғарымен тысталған тоқымның бетіне басқа түсті былғарыдан дайындалған оюларды жапсырып немесе сызыл-ған өрнек ізін тарамыспен қаю, яки түсті жіптермен кестелі өрнек тігу тәсілдері жиі қолданылады. Бұған қосымша әр түрлі күміс құймалармен немесе күміс шабылған темір әшекейлермен де көркемделеді.

      Өткен ғасырда тоқымның екі жағынан бірдей қалың былғарыдан жасалатын жалаң қабат тебіңгі тағылатын-ды. Мұның бетіне бедерлі өрнек түсірумен бірге күміс әшекейлер де орнатылады. Тебіңгі, бір жағынан, әсемдік үшін тағылса; екіншіден, тоқым қысқа болған жағдайда аяқ киімді аттың терінен сақтайды, ал тоқым ұзын болған жағдайда оны жылдам тоздырмайды.

     Көпшілік жағдайда тебіңгі жеке істелмейді,тек киіз тоқымдарға жапсырыла тігіледі. Мұндай әдіс тоқымның үзеңгі бау тиетін тұсының тез тозбауын қамтама

сыз етеді. Халық арасында мұның өзін тоқымның тебіңгісі деп атайды.

      Жалаң тоқым өте жұқа болғандықтан,оның астына терлік ,үстінен желдік салынады. Терлік киізден не жабағыдан жасалады да, оның саны ердің атқа жайлылығы мен желдіктің болу-болмауына байланысты бірден үшке дейін болады. Егер ер атқа жайлы болса,екі терлікпен ал желдік болған жағдайда, бір терлікпен де ерттеуге болады.

      Желдікті,көбінесе, құранды,қозықұйрық және шошақбас ерлерге арнап жа-сайды, өйткені бұлардың қапталдарының көлемі шағын болады,тек арнайы жасалатын көлемді желдіктердің арқасында ғана атқа тимейді. Мұндай желдік-тер екі қабат киізден сырылып,сырты былғарымен тысталады. Қаптал астындағы желдік ілгерілі-кейінді жылжымауы үшін оның екі басының үстіңгі жағы қаптал-

дың көлеміне сай кемештеліп тігіледі. Оны желдіктің қасы деп атайды, жіптер-мен кестелеп не күміс әшекейлермен безендіреді. Екі желдікті бір-бірімен екі жерден жіңішке қайыспен байланыстыру арқылы олардың төмен сусуына мүм-кіндік бермейтіндей етеді.

     Ү з е ң г і – темірден, қоладан және ағаштан жасалады. Ағаш үзеңгіні тек қайыңнан ғана иіп жасайды да, үзеңгі бау өткізілетін жерден екі басы қосылып шегеленеді. Кейде мұндай үзеңгілерді мықтылық үшін темірмен құрсаулайды. Темір құрсаудың бетін күміспен әшекейлейді. Ағаш үзеңгіні қыстыгүні қолданады,өйткені, қатты аяздарда темір үзеңгі адамның аяғына да, атқа да айлы тимейді. Қыстыгүні жылқы күзетіне баратын жылқышылар көбірек пайдаланады

       Үзеңгіні қолдан сирек жасайды. Оның өзінде арнайы қалыпқа құю арқылы жасайтын-ды. Қолдан құйылған үзеңгінің бір түрі қазір Қазақстанның Орталық мұражайында сақтаулы. Мұның сыртқы кескіні құмған тәрізденіп құйылған. Ұңғының екі бетіне күміс шабылып, дәл ортасына қызыл тастан көз салынған.

       Темірден үзеңгі сом темірден тұтас соғылады,оның табны ғана бөлек жаса- лып қондырылады. Ал, кейбір ұсталар үзеңгінің ішін қуыстап соңып алады да, сыртын толығынан күміспен безендіреді. Күмістелген үзеңгінің сыртын толы-ғымен күміспен безендіреді. Күмістелген үзеңгінің сыртына әр түрлі өрнектерді сан алуан тәсілдермен түсіреді. Бірде күміс бетіне нағыз қарала жүргізсе, екіншіде өрнекті темір бетіне шабылған күмістен ойып алып,жалған қарала жасалатын, яғни темірдің табиғи реңі қарала тәрізденіп көрінеді. Үзеңгі шабыл-ған күміс бетіне безеу әдістерімен түрлі өрнектер жасалып,оған алтын жалату тәсілі де қолданылды. Көпшілік жағдайда темір үзеңгіні ешбір өрнексіз,сол қалпында таға береді.

      Үзеңгіні ерге тағу үшін қалың қайыстан не былғарыдан екі қабаттап айылбас-

ты үзеңгі бау жасайды. Әдетте, үзеңгі баудың айылбасын күмістеп те жасайды.

     Ер-тоқым құрамына кіретін айылдар ежелден бері жіптен не қайыстан жасалады. Жіптен жасалған айылды халық құр айыл дейді. Мұны жасау үшін түйе шудасынан не ешкі қылынан есілген жіңшке жіптердің бірнешеуін қатарлап

оларды бір-біріне қоса жуан шуда жіппен тігіп, жалпақтығы екі –үш елідей құр дайындайды.Мұның бір ұшына айылбас, екінші жағына жылқы қылынан жалпақ

өрілген жырым тігіледі. Қайыстан жасалатын айылдың да бір басына айылбас тағып, екінші ұшын таспалап тіледі де,жырым етіп өреді.,оны өрме айыл дейді.

Өрме айыл қайыс айылға қарағанда әлдеқайда төзімді келеді.

       Бір ерде екі айыл болады. Бірі – төс айыл, екіншісі – шап айыл делінеді. Шап

Айыл төс айылға қарағанда ұзындау келеді де, жалаң ердің үстінен тартылса, төс айыл ат көрпенің үстінен тартылады.

       Халық арасында осы күнге дейін сақталып келе жатқан айылдың көне түрі –

т а р т п а.  Мұны құрдан да,қайыстан да өріп жасай береді. Мұның айылдан айырмасы оның екі ұшына да да арнайы жасалған темір доғабастар тігіліп,бір ұшына ұзын қайыс бүлдірге тағылады. Бүлдіргені екінші доғабастан іліп алып тартып байлау арқылы бекілетіндіктен, айылдың бұл түрі тартпа деп аталады. Тартпаның ер үстіне келетін жағын қалың былғары тігіп,күмістен әшекейлейді.

Доғабастарының бетіне де күміс шауып,геометриялық бейнелермен өрнектейді. Кейбір уақытта тартпаның өрімі 2 – 3 бөлек өріледі. Қазіргі күнде тартпа төс айыл есебінде қолданылады.

    Қ ұ й ы с қ а н. Ер-тоқым аттың мойнына кетпеуі үшін оған құйысқан тағы-лады.Құйысқан қайыстан не қалың былғарыдан жасалады. Мұндай құйысқан-дардың бетіне түгелдей құйма күмістен,күмістелген не алтындалған темір әшекейлерден,түрлі-түсті тастардан көздер салынып безендіріледі. Мұнымен қатар,өрме құйысқандар да жиі кездеседі.

     Ө м і л д і р і к – сән үшін тағылатындықтан,қалың былғарыдан жасалып,мол

әшекейленеді. Мұны әшекейлеу әдісі құйысқанды әшекейлеумен толық үйлеседі. Өмілдіріктің екі ұшы ердің алдыңғы қасының екі жағына бекітіліп, ортасы аттың омырауында тұрады. Өмілдірік ердің кейін сырғымауына да себін тигізеді.

      Ж ү г е н – қазақ шеберлері жүген жасауға да көп көңіл бөлген. Жүген қайыс-тан былғарыдан жасалады. Кінделікті шаруаға арналған қайыс жүгендер көп әшекейленбейді. Қайыстан өрілетін өрме жүгендер әсем де мықты болады. Былғағары жүгендер ,әдетте, алтын,күміс,темір және түрлі шынылар,асыл тас-тармен молынан әшекейленеді.

       Жүген негізінен ноқта,ауыздық және тізгін, шылбыр сияқты төрт бөліктен тұрады.Алдымен ноқта шығып, кейін оған ауыздық салудың нәтижесінде жүген қалыптасқан.  Н о қ т а – екі жақ,бір-бірден милық, кеңсірік және сағақ сияқты бөлшектерден тұрады. Екі жақтың ұзындығы екі түрлі, яғни қамшылар жағында- ғысы  екіншісінен едәуір ұзын болады да, жоғарғы ұшы жылқының желкесінен асып,аттанар жағындағы жақтың жоғарғы ұшындағы айылбаспен немесе тұзақпен ұштасып бекітіледі. Ұзын жақтың жоғарғы ұшын жүгеннің желкелігі дейді. Желкелікті кейде бөлек те жасайды.  Мұндай жағдайда екі жақтың да жоғарғы ұштарына айылбас тігіледі. Желкелік арқылы жүгенді үлкейтіп,не кішірейтіп отырады.

      Милықты кейде кекілбасар деп те атайды. Мұның екі ұшы екі жақтың жоғарғы ұштарына тігіледі де, жылқының милығын басып тұрады.

     Жүген аттың басынан өз бетімен сыпырылмауы үшін оған сағақ жасайды. Сағақ милықтың тұсынан жүгеннің астына қарай тігіледі.Бұл да екі бөлек болуы-мен бірге бірі ұзын, екіншісі қысқа келеді. Ұзыны жүгеннің оң жағына, қысқасы сол жағына тағылады. Қысқасының ұшына айылбас тігіледі немесе тұзақталып

(өрме жүген де) жасалады.

       К е ң с і р і к  жүгеннің қарсы алдынан екі жақтың төменгі ұштарына жақын арадан тігіледі де, одан төмен ауыздық тағылады. Ауыздық жаққа шығыршық арқылы ұштасады. Мұны сулық дейді. Шығыршық сулықтың жаңарған түрі, ал оны  скиф заманындағы немесе Қазақ жеріндегі алғашқы көшпелілер дәуіріндегі ескі түрі қоладан,мүйізден не ағаштан қайқы қылыш сияқтанып жасалған.Оны археологтар  п ы с а л д а р дейді.Мұндай сулықтардың түрлерін Орталық мұражайлардан көп кездестіруге болады. Сулықтың қандай түрі болсын аттың басын оңай бұрып,оны қажет болған бағытпен жүргізу үшін жасалатындығы туралы ғылыми тұрғыда дәлелденумен бірге,халық тәжрибесімен де дәлелденген жай.

      Т і з г і н  мен ш ы л  б ы р қылдан есіліп,қайыстан ызылып не өріліп жасалады.  Тізгін жіңішке болады, оның екі ұшы сулықтарға оңай шешілмей-тіндей шиеленіп байланады немесе мүлдем тігіледі. Ал, шылбыр тізгінге қара-ғанда жуан және ұзын болады. Оның тұзақталған ұшы жүгеннің сол жақ сулығы-на бекітіледі. Тізгін аттың басын алып жүру үшін тағылса, шылбыр атты байлап қою үшін тағылады. Ұзын шылбыр, әсіресе жылқышылар үшін өте қажет, өйткені олар түнгі күзетте ұзын шылбырды белбеуіне байлап,ұйықтаған кезде ауыздығы алынған атиесін айналып жайыла береді.

      А т  ж а б у л а р ы. Салт мінілетін атқа қысқы және жазғы  жабулар жаса-лады. Қысқы жабулар Қазақстанның солтүстік облыстарында киізден жасалып, суытылатын немесе таң асырылатын аттарға жабылады. Жазғы жабу,әсіресе Қазақстанның оңтүстік облыстарында атты күндізгі ыстықтан сақтау үшін ақ матадан,қолдан тоқылған бір түсті шекпеннен немесе биязы басылған ақ киізден жасалып,ерттеулі атқа жабылады. Жабудың алдыңғы жағын ердің үстінен, кейде тоқым менердің арасынан келтіреді, арт жағы жылқының сауырын жауып тұрады. Мұндай жабу- лар ,көбінесе, әшекейленбейді.

       Жүйрік пен жорға ұстаған адамдар ат жабуын,мүмкіндігінше әдемілеп, қызылды-жасылды шұғамен мақпалдан кестелеп,оюлап,шашақтап әшекейлей-тіндігін  тойлардағы бәйгелерден,ат жарыстарынан көріп жүрміз.

     Бұрынғы кезде ірі байлардың ұзатылатын қыздарының мінетін аттарына арнап тігілетін жабулар жоғарыдағыдай қымбат матадан жасалуымен бірге,олар-дың айнала шеттеріне оқа, құндыз тігетіндер де болған. Мұндай жабулар әрі әдемі әрі аттың мойнына дейін жауып, жан-жағына дейін төгіліп тұратындай көлемді болады.

    Қыздар мен жас келіншектерге арналған ертоқымның үстін түгел жабатындай үлкен ат көрпелер жасалады. Бұлар түрлі-түсті барқыт,шұға сияқтықымбат маталардан тігіледі де, киізбен астарланады. Дәл осындай ат көрпенің бірі қазір Қазақстанның Орталық мұражайында сақтаулы тұр. Мұның жалпы ұзындығы – 1,5 метр, көлденеңі – 0,5 метр. Оның өң жағы үш шаршыдан тұрады. Екі шетін-дегі шаршылар қызыл барқыттан жасалған,ортасындағы қара барқыттан жасал-ған, беттеріне қошқар мүйіз оюлары ойылып жапсырылған, ал қызыл шаршы-ларға екі қатар оқа жолақтары мен оқалы шашақтар тігілген және жұқа ақкиізбен

астарланған. Мұндай ат көрпелер  әдетте, тартпамен бастырылмай, ер үстіне бос салынады,тек пыстанмен ғана бекітіледі.

    Салт ат тұрмандарының құрамына қамшы да кіреді. Мұны кейде ат жүргіш деп те атайды. Керек болған жағдайда қамшы қару есебінде де пайдаланылған. Сондықтан, Ш. Уәлиханов қамшыны қазақтың ертедегі қару-жарақ жабдықтар-ының қатарына қосады. Қару есебінде жасалатын қамшының сабы салмақты,өрімі жуан және ұзын болған. Кейде өрімге темір талшығынан өзек  салып та дайындаған.

      Қамшы сабын тобылғыдан,ырғайдан,тау ешкісі мен ақбөкен мүйіздерінен немесе елік сирағынан жасайды.Оның қолға ұстайтын ұшын былғарымен қаптап,

қайыстан бүлдірге тағады. Кейде қамышы сабының сыртын түгелдей былғары-мен қаптап,күміспен де әшекейлейді. Сабы күмістелген қамшыны,әйелдерге арнап жасатады.Еркектерге арналатын қамшының сабына темірден бауыр салып,   

қайыс-таспамен немесе жезбен орап тастайды. Бұл қамшыны халық арасында сарала қамшы деп те атайды. Қамшының алақаны бірыңғай қалың былғарыдан екі ұабат болып жасалады. Жалпақ жағынан өрім ұштасады да, екінші жіңіш-керген ұшы саптың бауырына бекітіледі. Алақанды сап пен өрімнің арасында-ғыны дәнекер деп қарауға да болады.

     Қамшы өрімі ірі қараның терісінен илеген қайыс таспалардан өріледі. Оны әртүрлі етіп өру үшін таспа саны 4-тен 32-ге дейін өзгертіп отырады.Таспа саны аз болса, өрімге өзек салынбайды, өрім жіңішке төрт қырлы болып өріледі. Ал, көп таспадан өрілетін өрімге қайыстан өзек салынса,өрім өте әдемі және жуан болып шығады. Бұған,көбнесе бұзау терісі қолданылады. Өзекті қамшы арнайы жасалған аспаппен өріледі. Ол үшін садақ тәрізденіп иілген ағашқа өзекті керіп қойып,оның сыртынан әр түрлі тәсілмен таңдайлап өре береді.

    Кейде қамшының өріміне қоса,оның сабын да таспадан өріп шығады.Мұндай қамшылар,әдетте, ұшынан сабына қарай жуандай береді де,сабына темірден өзек салынады. Сап пен өрімнің ұштасатын жерінен шашақ шығарады. Қамшы өрімі жалқы болғанымен,кейде үшке дейін жетеді. Өрім саны көбейген сайын қамшы жуандай түседі. Қазақта қамшы қасиетті бұйым ретінде оны кереге басына не-месе төрге  іліп қояды. Қамшы ілінген жерден шайтандар да қашады деген ырым бар болған. Билер қамшысын екі бүктеп ұстап жоғары көтеріп  сөз алады, шешім шығарады.Емші-балгерлер де қамшыны өз мақсатында пайдаланған.  Ат үстін-дегі адам қамшыны кеудесіне апарып сәлемдесу дәстүрі де бар.Қарап отырсақ, қазақ өмірінде қамшы тек ат жіргізуге ғана қолданылмағанын байқаймыз.

      Салт ат тұрмандарының тағы бір қажеттілері – отқа қойылатын аттардың аяғын тұсауға арналған:  тұсамыс, кісен,өре және шідер. Тұсамыс пен кісен тек алдыңғы екі аяққа салынса, өре аттанар жақ алдыңғы және артқы аяқтарға салынады. Ал,шідер алдыңғы екі аяқ пен аттанар жақ артқы аяққа салынады.

    Тұсамысты, көбінесе жіптен,қайыстан, шынжырдан жасайды.

    Кісен — дегеніміз кілттеніп салынатын темір тұсау. Мұны ұсталар соғады. Кісен аттың ұрлануынан сақтану үшін салынады,әр кісен арнайы жасалған өз кілтімен ғана ашылады. 

     Шідер қылдан,қайыстан,кейде шынжырдан да жасалады. Ол үш балақ,тұсау және өреден тұрады. Тұсаудың жылқы жіліншігіне бекітілетін екі ұшы мен

өренің жылқы тілерсегіне бекітілетін кейінгі ұшын б а л а қ дейді. Әр балақта бір-бір алақан, тиек және балақ баулар болады.

       Қыл шідердің тұсауын, өресін және балақ бауларын жылқы қылынан жеке-жеке дайындап алып құрастырады. Ол үшін, ең алдымен,қылдан жіңішке ұзын тілдер есіледі де,олардан төрт қабатталып,шідердің тұсауын және өресін өз ал-дына бөлек бұрайды. Тұсаудың екі басы мен өренің кейінгі ұшына ағаштан,мүй-ізден,сүйектен жасалған тиектер өткізіледі. Өренің алдыңғы ұшын тұзақтап алады да,тұсаудың орта тұсынан бір-біріне өткермелеп бекітеді.Мұндай байлаудың артықшылығы – оның өз бетімен шешілмейтіні,беріктігі және керек болған жағдайда жылдам шешілетіндігінде. Бұдан кейін шідердің әр балағына қылдан есілген жіңішке балақ баулар өткізіледі.

      Қайыс шідер де сиыр терісінен иленген қалың қайыстан екі қабатталып жаса-лады. Қос қабатталған қайыс таспалап тігіледі. Мқндай шідердің тұсауы мен өресі шығыршығ арқылы жалғасады. Қалған бөлімдерінің қыл шідерден еш өзге- шелігі болмайды.

       Шідердің ең тәуірі  өрме шідерлер. Мұны шебер өрмешілер жұмсақ иленген жұқа қайыстан ғана жасайды.

      Өрме шідерлердің үш балағы бөлек өріліп біріктіріледі. Бұл үшін алдыңғы екі балақтың әрқайсысының бір ұшына тұтас қайыс алақан қалдырады да,екінші жағынан өрме алақан жұп-жұқа боп шығарылып,екеуі беттеседі. Артқы балақ та

дәл осындай болып бөлек жасалады, содан кейін шідердің жұмырланып бөлек өрілген өресіне бекітіледі. Ал, өренің алдыңғы ұшын тұзақтайды,сөйтіп алдыңғы екі балақтың тұйықталған ұштарымен  бірінен-бірін өткізіп бекітеді. Байланыс-тырудың мұндай тәсілі оңай орындалумен бірге,өз бетімен еш уақытта шешіл-мейді,ал жылқышылардың өздері ,керек болған жағдайда оны өте жылдам шешіп алады. Кейде шідердің бұл арасын темір шығыршықтармен де ұштастырады.

   Өрме шідердің балақ баулары қос қабат жіңішке қайыс-таспалардан жұмырланып өріледі. Олар өте әдемі және мықты болумен бірге,ыстық пен суыққа да, ылғал мен суға да тым төзімді келеді.Оның төзімділігін сақтау үшін анда-санда майлап отырады.

      Шынжыр шідердің  балақтары қайыстан, тұсауы мен өресі шынжырдан жасалады.

       Өре өз алдына жасалмайтындықтан,шідердің алдыңғы екі балағын да жыл-қының  аттанар жақ аяғына байлап, өре есебінде пайдалана береді. Немесе атты өрелеу үшін жай жіп пен шылбыр да қолданылады.  

      Сонымен, жоғарыда баяндалған деректерге қарағанда,қазақ халқының ер-тұрман жабдықтарын жасаушы халық шеберлерінің көркемдік талғамының жоғары болғандығын байқаймыз. Ер-тұрмандардың барлық жабдықтарын ойда-ғыдай етіп түгел дайындау ершілерден әр түрлі өнер түрлерін меңгеруді талап

етеді.  Ердің өзін ғана қосу ершінің ісі делік, ал түрлі металдардан жасалатын әшекейлерін дайындау үшін ұста,зергер болуы керек. Ал,қайыс немесе былғары жабдықтарын жасау үшін тоқымшылық,тебіңгішілік және өрімшілік өнерлерін меңгеру қажет. Мұндай жан-жақты өнер,көбінесе, бір кісінің қолынан келе бермейді, ендеше қазақ ершілерінің арасында ежелден-ақ еңбек бөлісінің болғаны анық. Бұдан, осы айтылған  қыруар өнер түрлерінің бәрін бір өзі меңгер

ген,ер-тұрмандарын түгелдей өзі жасайтын ершілер қазақ арасында мүлдем болмады деген ұғым шықпаса керек. Өйткені, ондай он саусағы өнерге толы шеберлер ел арасында жиі кездеседі.  

     Қазақ халқының ер-тұрман саймандарында жергілікті ерекшеліктердің де болғандығы анықталды. Бқл,әсіресе ер-қосу ісіне тән. Қазақстанда,негізінен ердің төрт түрі қалыптасқан. Қазақ ері республика жерінің орталығы мен солтүстік шығысынан батысына дейін қамтыса, қалған үшеуі Маңғыстаудан бастап Жетісу өңіріне дейінгі оңтүстік шетін алып жатыр. Бұған қарағанда,бұл үшеуінің, яғни қозы құйрық, құранды және шошақбас ерлердің қалыптасуында Орта Азия халықтарымен іргелестіктерінің де белгілі мөлшерде әсері болуы мүмкін. Бұдан, әрине, жоғарыда көрсетілген ерлер түгелдей көрші халықтардан сол күйінде алынған деген ұғым тумауы тиіс. Бұлардың бәрінде кездесетін Орта Азия халықтарының ер-тұрмандарымен кейбір жеке ортақ ұқсастық бар десек те,

негізінен, бұл ерлер қазақ халқының қолөнерінің ғажайып үлгісі және ұлттық талғамның туындылары деп қарау керек.

 

 

          Қорытынды 

 

          Адамдар өміріндегі еңбектің маңыздылығы ,өзінің бойындағы асыл қасиеттері мен қабілеттерін еңбек арқылы көрсетіп оның рахатына бөленетінін оқушыларға мектеп табалдырығын аттағаннан бастап бойына  дамыту керек.

      Жасөспірімдерді ерте бастан еңбекке баулығанда оның нәтижесі де жеміс- ті болмақ.  Еңбек сабақтары оқушылардың ойын дамытып ,талғамын және іскерлігін арттырып ,алға қойған мақсатын орындауға барлық жігерін жұмсай тындай дәрежеде жүргізілуі тиіс. Балалар орындауға тиісті жұмыстар оларды жалықырып жібермейтіндей, шама-шарқына лайық және өзіне пайдалы еңбек болуы керек . Қорыта айтқанда оқушылардың еңбектің түрлерін олардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру көзделеді, олардың мәдениеті мен көркем- дік талғамдарын тәрбиелеуге негіз бллады.

     Еркіндік туы желбіреген жас мемлекетіміздің өркендеп дамуы болашақ жас мамандар мен жастардың қолында,соған орай істеліп жатқан іс-шаралар жастарды жаңа заманға лайықты етіп даярлауға көп назар аударылуда. Мұндай даярлық іс-шаралар барлық салалар бойынша жүргізілуі,соның ішінде ғылым, білім, еңбек, өнердің орындары айрықша      

 Өмірдің өзегі- еңбек пен өнер. Адамзат пайда болғаннан ат салысып рухани қазынамызды жоғалтпау үшін сан мыңдаған бабалар мен аталар маңдай терін төккендігі тарихта аян. Соны болашаққа аман-есен тапсыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Талқылап отырған еңбек технологиясы бүгінгі кездің өзекті тақырыптарының бірі екені даусыз, технологияның жақсы дамуы еңбекке қызығушылықтан, оны жоғары деңгейде ұйымдастырудан бастау алады.   Орта мектептерде оқытылатын технология сабақтарының дәрежесін көтеріп, талап қа сай деңгейге жеткізуді жоспарлау қажеттілігі туындайды.  

    Жұмысты орындауда негізгі мақсатқа жету үшін бардық жағдай болуы керек: жұмыс орны, материал, оқу құрал-жабдықтары, станоктар және бұларды жеткілікті меңгеру мен жұмыс тәсілі ,жұмыстың қауіпсіздік талаптарына  айрықша көңіл бөлу жатады. 

 

                  Қорытынды

Қазақ қалқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан – ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, өзіндік тарихымен, әдет – ғұрпымен, сәндік, көркемдік жолымен, көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен таныта білген – қолөнер.

          Қолөнердің халықтың әлеуметтік салт – тұрмұсында алатын орнының қаншалықты биік, жоғары екеніне сене алсаң – оның ішінде қолөнерде нақышына келтіріп әдемілік, әсемдік дүниесінің ауқымын кеңейткен ою — өрнек. Олай болса бұл бөлімде айтайық деп отырғанымыз, өткен өмірімізбен бірге, өшпей мұра болып, материалдық мүліктерімізбен қатарласып, сабақтасып келе жатқан ою — өрнек туралы болмақ.

          Ою — өрнектің  шығып тарауы қолөнер, заттарының өркендеуімен тығыз байланысты және солардың ішінен орны ала білді. Олардың даму процесінде халықтың әлеуметтік сана сезімінің, болмас тіршілігінің жанданып, мәдениетінің өсіп, тұрмыс жағдайларының жақсаруының да әсері болады.

          Сонымен қатар ою — өрнектің өркендеуіне ата – бабаларымыздың сенімдік – талғампаздық дүниесі, қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы, туған жердің қасиетті топырағы мен тоғай – тауларының құлпырған рең түрлері, шикізат байлықтары да көп ықпал етті.

          Әр халыққа, ұлтқа тән өзіндік ою — өрнек негіздері қалыптасып дәстүр алады. Кілемге, киімге, сырмаққа, ыдысқа, қару – жараққа, үй – жиһаздарына арналған ою түрлері қалыптасады. Олай болса бүгінгі өмірімізде бірден дайын күйінде келмеген. Ою — өрнек адам баласының ақыл ойының толып – толқуының, жүрегінің лүпілінен, өзін айнала қоршаған ортаны танып – тамашалауынан туған бейнелер.

 

 

                                   Қолданылған әдебиеттер тізімі:

                   Негізгі  әдебиеттер

  • Қазақстан Респудликасының 2005-2010 жылдарына арналған білім

      беруді жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы.

2    « Методика трудового обучения с практикумом» ,Д.А Тхоржевский

                                                Москва , «Просвещение», 1997ж

  1. « Кәсіптік оқыту әдістемесі», Өзтемиров К  — Алматы «РАДиАЛ» баспасы
  2. «Конструкциялық материалдарды өңдеу», Антонов Л. П , Муравьев Е.М

                                                        Москва, «Просвещение»-1984ж

  1. Оқушылардың техникалық шығармашылығы, Столярова Ю С,

                                                        Мрсква , «Просвещение»- 1989ж

             Қосымша әдебиеттер:

  1. « Шебердің қолы ортақ», Ә. Тәжімұратов , Алматы, «Өнер»- 1987ж
  2. «Технология» 8-9сынып   Өзтеміроы К, Алматы ,«Мектеп» —   2004ж
  3. «Оқушыларды кәсіпке бағдарлау» Калугин.Н.И «Просвещение»-1983ж
  4. «Қазақтың қол өнері» Арғынбаев  Х, Алматы, «Өнер» -1987ж
  5. «Воспитание учащихся в процессе трудовргр обучения»,

Т.М. Мальковская и другие, Москва, «Просвещение» 1989ж 

  1. «Қазақ халқының сәндік ою-өрнегі», Оразбаева Н. А  Алматы, «Өнер»1989
  2. «Культура казахского ремесла», У. Жанибеков Алматы, «Өнер»  1992ж

     13  «Қазақтың ою өрнектері», С. Төленбаев, Алматы , «Қанағат» ЛТД 1993ж      

  1. «Казахское народное прикладное искусство », А.Х Маргулан, Альбом,

 

                                                                              Алматы, «Өнер» Т-1,2-1987ж