+Дип. Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстары
Мазмұны
Алғы сөз |
|
Кіріспе |
|
1.Сапаға қойылатын талаптардың сипаттамасы |
|
2.Сапаны бағалау |
|
3.Сапа жүйесі |
|
4.Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар 4.1 Техникалық реттеу туралы түсініктеме 4.2 Техникалық регламентер туралы түсініктеме 4.3 Техникалық регламенттердің құрылымы І-бөлім . Стандарттау негіздері |
|
1.1 Стандарттаудың маңызы мен мазмұны 1.2 Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар 1.3 Стандарттаудың қысқаша даму тарихы 1.4 Стандарттаудың ғылыми — техникалық принциптері мен функциялары |
|
2. Стандарттау әдістері 3. Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың мемлекеттік жүйесі 3.1 Жүйенің жалпысипаттамасы және оны реформалау бағыттары 3.2 Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы органдары мен қызмет атқаратын мекемелері. 3.3 Стандарттардың әртүрлі санаттырының жалпы сипаттамалары 3.4 Стандарттардың түрлері 3.5 Стандарттарды әзірлеу және бекіту тәртібі: 3.5.1 Ұлттық стандарттар 3.5.2 Ұйым стандарттары |
|
4. Мемлекетаралық стандарттау жүйесі |
|
5. Халықаралық және өңірлік стандарттау 5.1 Стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мәселелері 5.2 Стандарттау саласындағы халықаралық мекемелер 5.3 Стандарттау жұмыстарын Еуропалық Одақ шеңберінде ұйымдастыру 5.4 Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісім 5.5 Қазақстан Республикасында халықаралық және өңірлік стандарттарды қолдану |
|
6. Салааралық стандарттардың жүйелері |
|
7. Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты сыныптау және кодтаудың біртұтас жүйесі –стандарттау объектісі ретінде |
|
8. Қызмет көрсетуді стандарттау |
|
9. Стандарттау жұмыстарының тиімділігі |
|
10. Қазақстан Республикасында стандарттау жұмыстарын дамытудың негізгі бағыттары |
|
ІІ-бөлім. Сертификаттау негіздері 1. Сәйкестікті растау және сертификаттау саласындағы негізгі түсініктер 2. Сертификаттаудың қысқаша тарихы. 3. Сәйкестікті жүзеге асыру шаралары 3.1. Сәйкестікті растаудың негізгі мақсаттары мен принциптері 3.2. Міндетті және ерікті сертификаттау 3.3. Сертификаттауға қатысушылар 3.3.1. Міндетті сертификаттауға қатысушылар 3.3.2. Ерікті сертификаттауды ұйымдастыру және оған қатысушылар 3.4. Сертификаттау ережелері 3.5. Өнімді сертификаттау тәртібі 3.5.1. Сертификаттау схемасы 3.5.2. Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі 3.5.3. Міндетті сертификаттауға жататын өнімдерді шетелдерден әкелу шарттары. 3.5.4. Азық-түлік тауарларын сертификаттау. 3.6. Қызмет көрсетуді сертификаттау. 3.6.1. Қызмет көрсетуде ерікті сертификаттау жүйесін қолдану ережелері. 3.6.2. Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау. 3.7. Сапа жүйесін сертификаттау. 3.7.1. Сапа жүйесін сертификаттаудың маңызы. 3.7.2. Сапа жүйесі мен өндірістерді сертификаттау. 4.Сәйкестікті декларациялау 4.1. Декларация туралы түсініктеме 4.2. Еуропалық Одақ елдерінде сәйкестікті декларациялау 5.Техникалық регламенттерді жасағанда сәйкестікті міндетті растаудың түрі мен схемасын таңдау. 6.Техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттерінде белгңленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау. 7.Мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарын жіне сертификаттау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік. 8.Қазақстан Республикасында сертификаттаудың және сійкестікті растаудың басқа да түрлерінің жағдайы мен болашағы |
|
Алғы сөз
Стандарттау, метрология және сертификаттау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады. Шет елдерде бизнестің табысты болуы өнім мен қызметтің сапасына тікелей байланысты екені жөніндегі тұжырым өткен ғасырдың 80-жылдарының басында қалыптасты. Осы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай тауар сапасы оны жоғары бағамен өткізудің басты факторына айналды. Осыған байланысты сапаны қамтамасыз етудің стандарттауға, метрологияға және сертификаттауға негізделген тәсілдерін меңгеру дайындаушының нарыққа бәсекелесу деңгейі жоғары өніммен (қызметпен) шығуының басты кепілі, яғни коммерциялық табыстың негізі.
Сапа қай елде болса да өзекті мәселе. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан қалжырап шыққан Жапония мен Германия стандарттау мен метрологияны шебер қолдану арқылы өнімнің сапасын қамтамасыз етуге және сол арқылы өз елдерінің экономикасын дамытуға басты қадам жасады.
Қазіргі кезде дайындаушының және оның саудадағы келістірушісінің бәсекеде жеңуі және әлемдік рынокқа шығуы үшін олар тек қана стандарттардың міндетті талаптарын ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар ұсынған талаптарды да орындауға мүдделі. Бұл стандарттардың нарықтың ынталандырушысы статусына ие болғандығын көрсетеді.
Процесс стандарттары мен құжаттары (басқару, тауарға ілестірілетін, техникалық) өндіріс және сауда мамандары өзара тиімді келісім жасау үшін білуге қажетті «ойын ережелерін» қарастырады.
Сөйтіп, стандарттау бәсекелестікті қамтамасыз ететін құрал ғана емес, сонымен қатар басқарудың барлық деңгейінде дайындаушы, тапсырма беруші және сатушы араларында тиімді серіктестікті қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Бүгінгі күнде жабдықтаушыға стандарттардың талаптарын қатаң сақтау жеткіліксіз, ол тауар өндіруді және қызмет көрсетуді сәйкестік сертификатымен куәландыруы қажет.
Тапсырма беруші мен тұтынушының ең жоғары сенімділігі сапа жүйесінің сертификатымен байланысты, өйткені ол сапа тұрақтылығының, өлшенген сапа көрсеткіштерінің дұрыстығы мен дәлдігінің және т.б. кепілі.
Келешекте кейбір тауар мен қызмет түрлерінің белгіленген талаптарға сәйкестігі тек қана сертификаттау арқылы дәлелденбейді, оны дәлелдеуді дайындаушының (орындаушының) өздері жүргізеді. Бұл жағдайда қызметкерлердің стандарттау, метрология, сәйкестікті растау ережелерін жақсы меңгеріп, іс жүзінде қолдануы үшін мекеме бастығының ролі мен жауапкершілігі арта түседі.
Әртүрлі коммерциялық жұмыстарда метрология ережелерін сақтау өлшеу нәтижесінің қателігінен болатын материалдық шығынды азайтуға мүмкіндік береді.
Тез арада шешімін табуға тиісті мәселелердің бірі — ол стандарттау, метрология және сәйкестікті растаудың отандық ережелерін үйлестіру, өйткені бұл Қазақстан Республикасының Дүние жүзілік сауда ұйымына кіруінің және еліміздің осы ұйым шеңберінде тиімді жұмыс атқаруының басты шарты. Үйлестіруді жүзеге асырудағы басты қадам – ол техникалық реттеу жүйесін реформалау.
Дүние жүзілік сауда ұйымының негізгі принциптері, осы ұйымның саудадағы техникалық кедергілерге байланысты келісімінің ереже жиынтықтары елімізде 2004 жылдың 9- қарашасында қабылданып, 2005 жылдың 14 мамырынан бастап іске қосылған Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының негізіне алынған. Сондықтан бұл заңның іске қосылуы елімізде техникалық реттеуді реформалау жұмыстарының басталғанын көрсетеді.
Еліміздегі нарықтық экономикаға тән бәсекелестік, тұтынушы сенімі үшін күрес коммерция мамандарын стандарттау, метрология және сәйкестікті растау әдістері мен ережелерін өздерінің тәжірибелік жұмыстарында тауар, жұмыс және қызмет көрсету сапаларын жақсарту үшін кеңінен қолдануға мәжбүр етеді.
Стандарттау, метралогия және сертификаттау пәнін оқытудағы басты мақсат – оқушылардың бойында келешекте коммерциялық жұмысты тиімді жүргізу үшін қажетті білім, бағдар және іскерлікті қалыптастыру болып табылады.
Кіріспе
Стандарттау, метралогия және сәйкестікті растау жұмыстарының мақсаты өнімнің, процестің және көрсетілетін қызметтің сапасын қамтамасыз ету.
Сапа – объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402).
Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек.
Объект ретінде іс – қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін. Осындай қиыстырулардың мысалы ретінде «өмір сапасын» алуға болады. Шет елдерде, ал соңғы кезде біздің елімізде де, тұтынушылардың мүддесі мен құқығын қорғау проблемаларын осы өмір сапасы тұрғысынан қарастырады. Бұл ұғым адамның қажеттілігін қамтамасыз етудің көптеген жағдайларын қамтиды: тауар мен қызмет көрсету сапасын, қоршаған ортаны қорғау, адамның денсаулығын сақтау, білім беру сапасын және басқалар.
Оқулықта сапа коммерцияға, оның негізгі объектілері — өнімге (тауарға), процеске және қызмет көрсетуге қатысты қарастырылады.
Өнім – процестің немесе көрсетілген қызметтің нәтижесі.
Процесс — өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс – қимылдар (жұмыстар) жиынтығы.
Көрсетілетін қызмет – беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс –қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары.
Тауар – ерікті иесіздендірілетін, бір тұлғадан екінші тұлғаға сатып алу – сату келісімі бойынша өтетін кез – келген зат.
Сапаның екінші элементі – қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік. Сатының жоғары деңгейінде эстетикалық қажеттілік, шығармашылықтағы қажеттілік орналасады. Бүгінгі күнде ішкі, әсіресе сыртқы рынокта бәсекеге түсу үшін тұтынушылардың бағалауларындағы өзгерістерді уақытылы болжап, келешектегі қажеттілікті біліп отыру керек. Доктор Э.Демингтің (сапаны жан – жақты басқарудың теориясы мен әдістемелері саласындағы ірі ғалым, «жапон ғажайыбының» авторы) сөзімен айтқанда «тұтынушы өзіне керегін алуы керек, қай уақытта керек болса сол уақытта және қандай түрде қаласа, сондай түрде алуы керек».
Сапаның үшінші элементі – көрсеткіштер. Көрсеткіштер сапалық және сандық болып екіге бөлінеді.
Сапалық көрсеткіштер –материалдың түсі, бұйымның түрі т.б. Сандық көрсеткіштер (параметрлер) тауарды қолдану шеңбері мен жағдайын анықтау және сапаны бағалау үшін қолданылады.
Сапа көрсеткіші – тауар сапасына жататын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Сапа көрсеткіші тауардың қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін сандық көрсеткіштермен сипаттайды. Көрсеткіштер әртүрлі өлшемдермен келтіріледі немесе өлшемсіз болады. Көрсеткіштерді қарастырғанда олардың атауы мен мәні анықталады.
- Сапаға қойылатын талаптардың сипаттамасы.
Көпшілік тауарлар мен қызмет көрсетуге қолданылатын талаптар: қолдану жағдайы, қауіпсіздігі, экологиялылығы, сенімділігі, эргономикалылығы, ресурстарды үнемдеу мүмкіндігі, технологиялылығы, эстетикалылығы.
Қолдану жағдайына байланысты талаптар: өнімнің орындалуға тиісті (өнімділік, дәлдік, калориялық, қызметтің орындалу жылдамдығы) негізгі функцияларын анықтайтын қасиеті, яғни функционалдық жарамдылығы, шикізат пен материалдардың құрамы мен құрылымы, сыйысымдылығы және өзара алмасымдылығы.
Эргономикалық талаптар – қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін бұйым конструкциясын адам организмінің ерекшеліктерімен келістіру.
Ресурстарды үнемдеу талабы – шикізатты, материалдарды, отынды, энергияны және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану.
Қауіпсіздік талаптары – зиян келтіруі мүмкін қауіп – қатерді болдырмау.
Сенімділік талаптары – белгіленген функцияларын берілген режимде және қолдану жағдайында, техникалық қызмет көрсетуде, сақтауда және тасымалдауда орындай алу қабілетін сипаттайтын барлық параметрлерге белгіленген шек аралығын әр уақытта сақтау.
Экологиялық талаптар — өнімді өндіру, пайдалану және кәдеге жарату кездерінде оның қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау.
Технологиялылыққа қатысты талаптар — өнімге сапа көрсеткіштері белгіленіп қойған жағдайда оны дайындауды, қолдануды, жөндеуді аз шығынмен жүргізуге бейімділігі.
Эстетикаға қатысты талаптар — өнім мен қызмет көрсетудің көркемдік бейнені өрнектей алуына, адамның сезім мүшелері арқылы қалыптасатын форма белгілері негізінде (түсі, көлемдік конфигурациясы, бұйымды әрлеу сапасы) әлеуметтік –мәдениеттік құндылығын көрсете алуына қойылатын талаптар.
Міндетті талаптардың құрамын анықтағанда мына жағдайларды ескеру қажет:
- Заңдарға және стандарттарға сәйкес міндетті талаптардың тізімі кеңейіп отыруы мүмкін. Мысалы, функционалдық жарамдылық есебінен.
- Кейбір тауарлар түрлерінде сенімділік талабы қауіпсіздік талабымен үйлеседі (тамақ өнімдерінің сақталуы, жол көлігінің толассыз жұмыс істеуі).
Орындалуға тиісті талаптарды қамтитын стандарттардың ережелері нормалар деп аталады. Егер норманың сандық сипаттамасы болса, оны норматив деп атайды.
- Сапаны бағалау
Сапаны бағалау – объектінің қойылған талаптарды орындауға қаншалықты мүмкіндігі бар екендігін жүйелі тексеру (ИСО 8402). Егер тексеру кезінде талаптардың орындалмауы себепті сәйкессіздік анықталған болса, онда оны жою үшін мекеме түзету шараларын жүргізеді.
Кез – келген тексеру екі элементтен тұрады: 1) объектінің нақтылы жағдайы жөнінде ақпараттар алу (өнім үшін оның сапалық және сандық сипаттамалары), 2) алынған ақпаратты бұрыннан белгіленіп қойылған талаптармен салыстыру, яғни екінші түрде ақпарат алу.
Өнім сапасын тексеру — өнімнің сапалық және сандық сипаттамаларын тексеру. Сапаны тексеру жұмыстарына өлшеу, талдау, сынау операциялары кіруі мүмкін.
Өлшеу дербес жұмыс түрі ретінде метрологияның объектісі болып табылады.
Өнімді талдау – материалдар мен шикізаттардың құрамы мен құрылымын талдау сараптамалық әдістермен – химиялық талдау, микробиологиялық талдау т.б. жүргізіледі.
Сынау – сынау объектісінің сапалық және сандық сипаттамаларын эксперименттік әдіспен анықтау. Сынау кезінде негізгі қажетті заттар – сынау құрал – жабдықтары, ал көмекші заттар – қажетті реактивтер, материалдар т.б.
Сынау кезінде өнім мен қызметтің сипаттамаларын анықтаудың әр түрлі әдістері қолданылады: өлшеу, сараптамалық, тіркеу (тоқтап қалу санын, зақымдалған өнімдердің санын ж.б) органолептикалық (сипаттамаларды адамның сезім мүшелерінің көмегімен анықтау).
Өткізу орнына байланысты сынаулар зертханалық, полигондық, табиғи болып бөлінеді. Тауарларды сынаудың негізгі түрі – зертханалық сынау.
Сынау жүргізудің сапа көрсеткіші – дәлдік және нәтижелердің қайталануы. Бұл талаптарды орындау метрология ережелерін сақтауға тікелей байланысты.
Қажетті сынаудың сапасын дәлелдеу үшін зертханалар тіркеуден өтуі керек. Зертханаларды тіркеу – сынау зертханаларын орган ретінде белгілі салада жұмыстарды жүзеге асыруға мекеменің құқықтылығын уәкілетті мемлекеттік органның ресми мойындауы (ҚР СТ.7.0 -99).
Қазақстан Республикасында сынау зертханаларын тіркеуден өткізу жүйесі құрылды. Елімізде сертификаттауды жүргізу ережелері бойынша нақтылы өнімді сынау жұмыстарын жүргізу құқығы тек қана тіркеуден өткен сынау зертханаларына беріледі.
- Сапа жүйесі
Сапаны жақсарту мәселесін кәсіпорында тұрақты түрде қолданылатын шаралар жүйесін енгізу арқылы ғана шешуге болады. Осындай сапа жүйелері көптеген жылдар бойы құрылып және жетілдіріліп келеді.
Қазіргі кезде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарында белгіленген сапа жүйесі қабылданды. Бұл жүйенің негізгі принципі – сапаны басқаруда өнімнің өмірлік циклінің барлық сатылары мен кезеңдерін қамту.
Өнімнің өмірлік циклі — өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері, яғни өнімді өндіргенде және пайдаланғанда болып отыратын өзгерістерге сай өзара байланыстағы процестер жиынтығы болып табылады. Өмір циклі маркетингтен басталады.
Маркетинг деңгейінде — өнімге тапсырма берушілер және олардың талаптары анықталады. Жобалау деңгейінде тұтынушының барлық талаптарына сай өнімді жасау қарастырылады. Өндіру кезінде жобада белгіленген сапа деңгейі қамтамасыз етіледі. Айналым деңгейінде қалыптасқан сапа тасымалдау, сақтау, сатуға дайындау, сату кездерінде сақталуы керек. Пайдалану деңгейінде сапаны басқаруға тұтынушы кірістіріледі. Тұтынушының өнімді пайдалану жағдайы жақсы болса, онда оның қолдану мерзімі де артады. Қолданыстан шығару деңгейінде пайдаланылған өнімнің табиғи ортаға зиянды әсерін болдырмау керек. Кәсіпорынның іс – қимылы өнімді қолданыстан шығарумен бітпейді. Осы кезеңге қарай немесе одан да ертерек қажеттілік анықталады және маркетинг жүргізілгеннен кейін кәсіпорын жаңа өнім түрін жобалауға кіріседі. Осылай сапаны басқару саласындағы жаңа айналым басталады.
Сапа жүйесінің қажетті элементтері: ұйымдық құрылымы, әдістемесі, ресурстар мен процестер.
Сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы кәсіпорын жұмысын басқару шеңберінде құрылады да, оның бөлімшелерінің және қызмет істеушілерінің арасында құқығын, міндеттерін және функцияларын бөліп беру болып табылады.
Әдістеме – іс – қимылдарды жүргізудің белгіленген тәсілдері (ИСО 8402).
Ресурстар – қызмет көрсетушілер, қызмет ету құралдары, құрал – жабдықтар, технология.
Процесс (ИСО 8402) – қолданылатын элементтерді (өнімге қатысты – шикізаттар, материалдар) дайын өнімге айналдыратын өзара байланыстағы ресурстар мен іс – қимылдар.
Сапа жүйесінің бар екендігін және оның қойылған талаптарға сәйкестігін осының барлығына тиісті құжаттар болғанда ғана дәлелдеуге болады.
Құжаттар сапа жүйесін жасаушыларға, қолданушыларға және тексеру органдарына көрсетуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, сапа жүйесі – сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымы, әдістеме, процесс және ресурстар жиынтығы.
- Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар.
Техникалық заңнама – техникалық объектілерге: өнімге, оның өмірлік циклі процестеріне, қызмет көрсетуге және қойылған талаптардың сақталуын тексеруге қатысты талаптарды регламенттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
2004 жылдың 9-қарашасында қабылданып, 2005 жылдың 14 мамырынан іске қосылған. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданған «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» заңдарының күшін жойды. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңының іске қосылуы құқықтық тұрғыдан өнімнің, қызмет көрсетудің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің жаңа кезеңінің басталуы болып табылады.
Құрылып жатқан техникалық реттеу жүйесінің жұмысын әрі қарай жетілдіруде келесі маңызды қадам, ол 2006 жылдың 26 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы. Осы заң бойынша бұрын қабылданған 33 заңның 274 статьяларына, соның ішінде «Техникалық реттеу туралы» заңның 29 статьясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты, ол адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғаудың нәтижелі жүйесін құру және саудада қисынсыз, артық кедергілерді болдырмау. Ол үшін мына шаралар көзделеді:
— өнімнің ерікті стандарттарын міндетті техникалық регламенттерден бөлу (өмір мен денсаулықты қорғауға қатысы барларын).
— ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен ең жоғары деңгейде үйлестіру.
— сәйкестікті растау жүйесін ымырашылдандыру және әрбір мүмкін жағдайда сәйкестікті ерікті растау схемасын енгізу.
— тәуелсіз және алаламайтын аккредиттеу жүйесін құру.
— Қазақстанның сәйкестік сертификатының шетелдік рыноктарда мойындалуына қол жеткізу.
Практика тұрғысынан Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңын қабылдауға қандай ішкі және сыртқы себептер ұйытқы болғанын білу маңызды. Мұндай себептердің бастылары мыналар:
— бірінші жағдай – елдің техникалық заңдылықтарын дамыған шет елдердің заңдылықтарына мүмкіндігінше жақын үйлестіру. Тек қана осындай үйлестіру арқылы еліміздегі бизнес қазіргі замандағы экономикалық кеңістікке кіре алады және барлық болып жатқан өзгерістерге дер кезінде құлақ асып, бәсекелестікке дайын болуға тырысады.
— екінші жағдай – кәсіп иелерінің талпынысы мен азаматтық бизнесіне мемлекет тарапынан қойылатын артық әкімшілік кедергілерді болдырмау. Стандарттарда келтірілген санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б. өте көлемді және нашар реттелген міндетті талаптар кәсіп иелерінің жұмысын шектейді.
Осы жағдайдан туындайтын мәселелерді шешудің басты бағыты – ол тексеру жұмыстарының маңызды бөлімдерін реформалау – шаруашылық іс-әрекеттерге қатысушыларға қойылатын мемлекеттің міндетті талаптарын инвентаризациялау. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша кәсіп иелерінің іс-әрекеттері тек қана Заң арқылы шектеледі және Конституция нақтылы түрде қорғайтын жағдайларға қатысты жүргізіле алады. Осындай Конституция қорғайтын жағдайлар – ол адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтірмеу.
Міндетті талаптарды үйлестіруге тырысу, жоғарғы деңгейдегі нормативтік актілер арқылы кәсіп иелерінің қаржылық емес сипаттағы міндетті талаптарын белгілеу қазіргі заманға тән дүниежүзілік тәжірибеден туындайды. «Техникалық реттеу туралы» заңында келтірілген отандық техникалық реттеу жүйесі осы тәжірибені ескере отырып құрылған.
4.1. Техникалық реттеу туралы түсініктеме
Тиімді жұмыс атқаратын Дүниежүзілік рынокті мемлекеттер тарифтік және техникалық (тарифтік емес) кедергіні жоюға бағытталған шараларды қолдану арқылы құра алады.
Техникалық кедергі деп техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан товарды рынокқа шығарғанда туындайтын, дағдылы коммерциялық практикамен салыстырғанда үстеме шығынға әкелетін жағдайларды айтады.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің басты шарттарының бірі, ол осы ұйымның саудадағы техникалық кедергіге қатысты келісімінің талаптарын сақтау болып табылады.
Техникалық кедергілерді жоюға қатысты программалардың негізін Үкіметтің шаруашылық субъектілерінің рыноктағы жұмыс ретін ұйымдастыруға бағытталған техникалық реттеу шеңберіндегі іс қимылдары құрайды.
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңына сәйкес техникалық реттеу – санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу.
Елімізде міндетті талаптар көптеген құжаттар түрінде белгіленіп келді (мысалы, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б.). Техникалық реттеудің мұндай жүйесі халықаралық практикаға сәйкес емес. Халықаралық тәжірибеде стандарттар ерікті құжат түрінде қарастырылады да, негізгі талаптар «техникалық регламент» деп аталатын бір құжатта шоғырланады. Стандарттар техникалық регламенттерде, оларға сілтемелер жасалғанда ғана міндетті түрде орындалуға тиісті, өйткені олар өнімнің, қызмет көрсетудің техникалық регламенттерде белгіленген нормалары мен талаптарына сәйкестігін дәлелдеу негізі ретінде қарастырылады.
Техникалық регламенттің мысалы ретінде Еуропа Одағының заңнамаларын келтіруге болады. Еуропа Одағында стандарттар ерікті түрде болғанымен қолданыстағы техникалық реттеу жүйесі олардың орындалмауына жол бермейді және бұл жағдай өнімдер мен қызмет көрсетудің басым үлесін қамтиды. Мысалы Еуропа Одағында техникалық реттеумен өнімнің 75 пайызы қамтылған.
Өнімнің қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілікті Үкімет дайындаушылардың өздеріне жүктейді, яғни оларға үлкен сенім білдіреді. Еркін рынок жағдайында оның ережелері өте қатаң. Егер дайындаушы тұтынушының сенімін анықтамаса, онда ол рынокқа қайтып оралмауы мүмкін. Осы себепті дайындаушылар техникалық регламенттердің және оларға үйлестірілген стандарттардың талаптарын бұлтарыссыз орындайды.
Техникалық реттеудің халықаралық жүйесінің құрамына техникалық нормаларды тағайындау, оларды бағалау және растау кіреді. Осындай техникалық ережелерге үйлестірудің қарапайым схемасы дүние жүзінің көптеген елдерінде қолданылады.
Техникалық реттеу объектілері өнім, көрсетілетін қызмет, процестер. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.
Техникалық реттеудің басты элементтері:
— өнімге және өнімнің өмірлік цикліне қатысты процестерге міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау.
— өнімге, өнімнің өмірлік цикліне қатысты процестерге, қызмет көрсетуге ерікті негіздегі талаптарды белгілеу және қолдану.
— сәйкестікті бағалау шеңберінде құқықтық реттеу.
Бірінші элемент метрология ережелеріне техникалық регламенттерді қабылдау және қолдану арқылы, екінші элемент стандарттау арқылы, ал үшінші элемент сәйкестікті бағалау арқылы жүзеге асырылады.
4.2. Техникалық регламенттер туралы түсініктеме
Техникалық реттеудің басты мақсаты – техникалық регламенттерді қабылдау.
Техникалық регламент — өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.
Техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттары:
— адам өмірі мен денсаулығын, жеке немесе заңды тұлғалардың мүліктерін, мемлекеттік және муниципалдық мүліктерді қорғау.
— қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау.
— өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу.
— саудадағы техникалық кедергілерді жою.
— отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
— табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу.
Техникалық регламенттердің мазмұнына қойылатын талаптарға мыналар кіруі керек:
— техникалық регламенттердің талаптары қолданылатын өнімдердің, осы өнімдердің процестерінің толық қамтылған тізбесі.
— техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін өнімнің, процестердің сипаттамаларына қойылатын талаптар.
— техникалық реттеу объектілерін бірдейлендіру ережелері (өнім сапасының оның маңызды белгілерімен бірдейлігін анықтау).
— зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып, өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті талаптар.
Техникалық регламенттердің екі түрі бар:
- жалпы техникалық регламенттер
- арнайы техникалық регламенттер
Жалпы техникалық регламенттердің талаптары кез-келген өнім түрі мен өмірлік цикл процестеріне міндетті түрде қолданылуы және сақталуы керек.
Жалпы техникалық регламенттер мына мәселелер бойынша қабылданады.
— үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды және оларға іргелес аумақтарды қауіпсіз пайдалану жөнінде
— өрт қауіпсіздігіне байланысты
— биологиялық қауіпсіздікке байланысты
— электромагниттік үлесімділікке байланысты
— ядролық және радиациялық қауіпсіздікке қатысты
— өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздікке қатысты
— экологиялық қауіпсіздікке байланысты
— химиялық қауіпсіздікке байланысты
— электр қауіпсіздігіне қатысты
— ақпарат қауіпсіздігіне байланысты
— уыттылық қауіпсіздігіне қатысты
— өлшемдердің бірлігі бойынша
— тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты
— балалар тағамының қауіпсіздігіне қатысты
— механикалық қауіпсіздікке қатысты
Арнайы техникалық регламенттердің талаптары әрбір өнім түрінің технологиялық және басқа да ерекшеліктерін, олардың өмірлік циклінің ерекшеліктерін ескереді.
Арнайы техникалық регламенттер зиян келтіру деңгейі жалпы техникалық регламенттерінде көрсетілген зиян деңгейінен ауырлау кейбір жекелеген өнім түрлеріне және өмірлік цикл процестеріне ғана белгіленеді.
4.3. Техникалық регламенттердің құрылымы.
Техникалық регламенттерге мына мәселелерді қамтитын құрылымдық элементтерді енгізу ұсынылады:
- техникалық рет теу объектілерін
- терминдерді
- рынокта орналастырудың жалпы жағдайын
- қауіпсіздік талаптарын
- ерікті ауысып отыру мәселелерін
- сәйкестікті растауды
- сәйкестікті бағалауды
- стандарттар тізбегін басқару
- рынокта бақылау мен қадағалау
- техникалық регламенттерді іске асыру жөніндегі жауапты органды белгілеу
- өтпелі кезең
І-бөлім. Стандарттау негіздері
- Стандарттаудың маңызы мен мазмұны.
Стандарттау – нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.
Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
- өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
- өнімнің, процестердің көрсетілген қызметтердің адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.
- өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай – ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;
- өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми – техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау
- өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету.
- ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану.
- елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету.
- табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Стандарттау объектілеріне көп мәрте ұдайы өндірілу және (немесе) пайдалану перспективалары бар өнімдер, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетулер жатады, ал өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығы стандарттау аумағы деп аталады. Мысалы, тамақ өндірісі стандарттау аумағына, ал ондағы шығарылатын өнімдер, қолданылатын технологиялық процестер ж.б. стандарттау объектілеріне жатады.
Стандарттау саласындағы негізгі нәтижелер — өнімнің, көрсетілетін қызметтің және процестің функционалдық міндетіне сәйкестік деңгейін жоғарылату, халықаралық тауар айналымында болатын техникалық кедергілерді жою, ғылыми техникалық дамуға көмектесу және салааралық ынтымақтастықты нығайту.
- Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар.
Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар – стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжаттар.
Стандарт – уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат.
Қолдану өрісіне байланысты стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар әр түрлі санаттарға бөлінеді – халықаралық стандарттар, өңірлік стандарттар және техникалық — экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық – экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары, Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары, шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары жатады.
Ереже (ЕР) – міндетті түрде қолданылуға тиісті жұмысты жүргізудің ұйымдық – техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат.
Ұсыныстар – ерікті түрде қолданылатын жұмысты жүргізудің ұйымдық – техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат.
Норма – қамтамасыз етуге тиісті сандық және сапалық критерийлерді белгілейтін жағдай (ИСО/МЭК 2).
Техникалық – экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші – техникалық – экономикалық ақпарат объектілерінің жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат.
- Стандарттаудың қысқаша даму тарихы.
Қоғамның дамуына сәйкес адамдардың атқаратын жұмыс түрлері де өзгеріп отырады. Бұл ертеде әртүрлі заттардың, жұмысқа қажетті құрал – жабдықтардың және жұмысты атқарудың жаңа тәсілдерінің пайда болуынан көрініс тауып отырған. Сонымен бірге, адамдар өз жұмыс нәтижелерінің ішінен қолдануға лайықты жақтарын таңдап алып отырған.
Көне дәуірдегі өлшем бірліктерінің, стандартты мөлшерлі құрылыс бөліктерінің, су құбырларының қолданылуы стандарттаудың мысалдары болып табылады. Қайта өркендеу дәуірінде елдер арасында экономикалық байланыстардың дамуына сәйкес стандарттау әдістері кең қолданыла бастады. Мысалы, Венецияда көптеген кемелер жасау қажеттілігіне сәйкес оларды алдын–ала дайындалып қойылған бөліктерден жинастыру қолданылды. Бұдан кейінгі уақытта да стандарттау жұмыстары жақсы дамып отырған. Мысалы, 1845ж. Англияда бекіту оймаларының жүйесі, Германияда темір жолдарының стандартты табаны енгізілген.
Халықаралық стандарттау жұмыстары 1875ж. бастау алады. Осы жылы халықаралық метрикалық конвенцияны құрайтын 19 елдің өкілі Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросын құрды.
КСРО құрамына кірген елдерде стандарттаудың дамуы өлшемдер мен салмақтардың методикалық жүйесін құрудан басталған. 1925 жылы стандарттау саласында алғашқы орталық орган – Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің жанынан стандарттау бойынша Комитет құрылды.
Осы жылдан бастап КСРО-да стандарттау саласында көптеген игі істер атқарылды.
1992 жылы бұрынғы КСРО аумағында тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына байланысты осы елдердің арасында стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы байланысты орнатудың жаңа түрлері қарастырылды.
1992 жылы 13 наурызда Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) енген елдер «Келісілген саясатты жүргізу туралы» келісімге қол қойды. Келісімге қол қойылуы, одан кейін мемлекеттік стандарттардың әзірленуі Қазақстан Республикасында стандарттау жүйесінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады.
1999 жылы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» заңдары қабылданды. Заңдар стандарттау саласында нормативтік құжаттарды әзірлеп шығару негізінде тұтынушылардың мүддесін мемлекет тарапынан қорғауға бағытталған шараларды айқындап берді.
ТМД – ның басқа да елдеріндегі сияқты Қазақстан Республикасында стандарттау жүйесінің дамуының негізгі бағыттары мыналар:
- Келісімге сәйкес мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын дамыту.
- Қазақстанның стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру жұмыстарын жеделдету.
- Міндетті түрде сертификатталуға тиісті өнімдердің (көрсетілетін қызметтердің) мемлекеттік стандарттарын дайындауды жеделдету.
- ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарын қолдана отырып елімізде сапа жүйелерін кеңінен енгізу т.б.
- Стандарттаудың ғылыми – техникалық принциптері мен функциялары.
Стандарттау әрқашан маңызды практикалық мәселелерді шешуге бағытталып ғылыми – техникалық прогресті дамытуға мүмкіндік жасап отыруы керек. Еліміздегі және шетелдік тәжірибелер көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа жету үшін стандарттауды белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу қажет.
Стандарттаудың басты принциптері ретінде мыналарды атауға болады:
- Стандарттарды ерікті түрде қолдану және олардың біркелкі қолданылуына жағдай жасау. Ұлттық стандарттар еліне және өнімді шығаратын жеріне, өмірлік циклінің процестеріне, көрсетілетін қызметтерге, келісім ерекшеліктеріне және тұлғаларға (дайындаушы, орындаушы, беруші) қарамастан бәрі бірдей ерікті түрде қолданылады.
- Ұлттық стандарттарды жасағанда халықаралық стандарттарды негіз ретінде қолдану. Бұл принциптің орындалмауы мүмкін, егер: климаттық және географиялық немесе отандық өнім өндірудің техникалық (технологиялық) ерекшеліктеріне байланысты оны қамтамасыз ету мүмкін болмаса.
- Кедергі жасауға тыйым салу. Өндірілетін өнімге және оның айналасына стандарттау мақсатын орындауға сәйкес ең төменгі деңгейден асып, кедергі болатын талаптарға тыйым салынуы керек.
- Әр жақтың мүддесін теңестіру. Өнімді жобалаушының, дайындаушының және берушінің заңды мүдделері толық ескерілуі керек. Стандарттау жұмыстарына қатысушылардың, бір жағынан өнімді дайындаушылардың мүмкіндігі мен екінші жағынан тұтынушылардың талаптары арасында консенсус болуы керек. Консенсус жалпы келісім ретінде қабылданады, яғни мүдделі жақтардың маңызды мәселелер бойынша қарсылықтары жоқ екенін білдіреді. Консенсусты әр жақтардың толық ынтымақтастығы деп түсінуге болмайды.
- Жүйелілік принципі. Техникалық прогресс және өнім сапасын жақсарту өнім шығару процесін, оның ішінде стандарттауды жүйелі түрде жүргізуді талап етеді. Стандарттау өндірістің бүкіл кезеңдерін және шикізаттарды, материалдарды іріктеп жинақталған бұйымдар мен дайын өнімдерді қамтуы керек. Сонымен қатар, стандарттау барлық өнім түрлеріне өзара үйлестірілген талаптар қойып отыруы керек.
- Динамикалық принципі
Тиімділік деңгейін көтеру үшін стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды ғылыми – техникалық прогресс талаптарына сәйкестендіру мақсатында ұдайы қайтадан қарастырып отыру қажет.
- Стандарттаудың тиімділігі.
Стандарттар тағайындайтын көрсеткіштер, нормалар, сипаттамалар және талаптар ғылымның, техниканың және өндірістің дүниежүзілік деңгейлеріне сәйкестендірілуі керек. Олар стандарттау объектісінің даму тенденциясын да ескеруі қажет. Тағайындалған көрсеткіштер өнімнің жаңа (жоғары) сапа көрсеткіштерінің тек қана тиімділігін емес, оларды жасауға, материалдарға, пайдалану жұмыстарына жұмсалатын шығындарын ескеріп экономикалық оңтайлы болулары керек, яғни, ең жоғары деңгейдегі экономикалық тиімділік шығын деңгейі ең төмен жағдайда алынуға тиіс.
- Үйлестіру принципі. Бұл принцип үйлестірілген стандарттарды әзірлеуді және олардың техникалық регламенттерге қайшы келмеуін көздейді. Бір объектіге еліміздегі мекемелер қабылдаған құжаттар халықаралық (өңірлік) мекемелермен қабылданған құжаттар мен үйлестірілсе халықаралық саудадағы кедергілер жойылады.
- Стандарттаудың негізгі жағдайларын тұжырымды келтіру. Стандарттарда келтірілген нормаларды әртүрлі мәнде түсінуге жол берілмеуі керек.
- Жинақтылық және оңтайлы шектеу принципі.
Стандарттарды жасау кезінде қарастырылып отырған объектіге әсер ететін барлық басты элементтерді ескеру қажет. Жұмыс көлемін азайту мақсатында объектіге әсер деңгейі төмен элементтер ескерілмейді. Стандарттау кезінде сипаттамалар жүйелері және көптеген өзара байланыстағы материалды және материалды емес элементтер қарастырылады. Сапалы өнім алу үшін қажетті жағдайды туғызу және өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында оның барлық өмірлік циклін қамтитын ұтымды стандарттар жүйесі керек.
- Талаптарды тексерудің әділеттілігі.
Стандарттарда объектінің негізгі қасиеттеріне тағайындалатын талаптар, солардың ішінде адам өмірі мен денсаулығын, мүліктердің, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, бірлестікті және өзара алмасуды қамтамасыз ететін талаптар әділ тексерілетін болуы керек. Өнімдерге қойылатын талаптарды әділ тексеру техникалық өлшеу құралдарының (приборлар, химиялық сынау тәсілдері) көмегімен, ал қызмет көрсету социологиялық және эксперттік әдістермен жүргізіледі.
Стандарттау функциялары: Әлеуметтік және техникалық – экономикалық мақсаттарға жету үшін стандарттау әртүрлі функцияларды атқарады.
- Реттеу функциясы. Объектілердің жөнсіз көп түрлерін (көптеген өнім атауларын, жөнсіз көбейтілген құжаттар түрлерін) ықшамдап шектеу.
- Қорғау (әлеуметтік) функциясы — өнімді шығарушылардың, тұтынушылардың және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамзатты, табиғатты техногенді апаттардан қорғауға жұмылдыру.
- Ресурстарды үнемдеу функциясы – материалдардың, энергетикалық, еңбек және табиғи ресурстардың шекті болуы себепті нормативтік құжаттарда ресурстарды үнемді пайдалануды қарастыру қажет.
- Ара – қатынасқа байланысты функциясы – ақпараттың (компьютерлік, спутниктік ж.б.) жүйелерін және хабарды тарату каналдарын пайдалана отырып адамдардың өзара пікірлесуін және әрекеттестігін қамтамасыз ету. Бұл функция саудадағы кедергілерді жою және ғылыми – техникалық, экономикалық байланыстарды нығайту үшін қажет.
- Цивилизациялау қоғамдық даму функциясы – адам өміріне қатысты көрсеткіштерді өнім мен қызмет сапаларын белгілеу негізінде жақсарту. Мысалы, адам өмірін ұзарту мемлекеттік стандарттардың тамақ өнімдерінде, ауыз суда, темекінің құрамында болатын зиянды заттардың мөлшеріне қоятын талаптарының қатаңдығына тікелей байланысты. Бұл мағынада стандарттар еліміздің қоғамдық даму деңгейін, яғни цивилизация деңгейін көрсетеді.
- Ақпараттық функциясы. Стандарттау өндірісті, ғылымды, техникалық және басқа салаларды нормативтік құжаттармен, эталондармен, үлгілермен, бағалы техникалық және басқару ақпараттарының сақтаушысы болып табылатын өнім эталондарымен, өнім каталогтарымен қамтамасыз етеді.
- Норманы бекіту және құқықты қолдану функциясы – стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды міндетті стандарттар (немесе басқа нормативтік құжаттар) түрінде заңдастыру және құжаттарға құқықтық күш беру нәтижесі оларды жаппай қолданудан байқалады. Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын орындау экономикалық әкімшілік және құқықтық міндеттеу шараларын (санкцияларын) қолдану арқылы жүзеге асырылады.
- Дәлелділік функциясы. Бұл функцияның мәні нақтылы техникалық регламенттерге үйлестірілген стандарттар регламенттің маңызды талаптарының дәлелділігін көрсетуінде.
- Стандарттау әдістері
Стандарттау әдістері – ол стандарттаудың мақсатына жету үшін қолданылатын жекелеген тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы. Стандарттау жалпы ғылыми және арнайы әдістерге негізделеді.
Стандарттардың кең тараған әдістері: 1) стандарттау объектілерін ретке келтіру, 2) параметрлік стандарттау, 3) өнімді сәйкестендіру, 4) агрегаттау, 5) комплексті стандарттау, 6) стандарттаудың болжауға негізделген әдісі.
1) Стандарттау объектілерін ретке келтіру. Стандарттау жұмыстары әр алуан болып келеді. Ретке келтіру — әртүрлі әдістерді қолданып, осы әр алуан жұмыстарды мүмкіндігінше қысқарту. Бұл әдістер: жүйелеу, түрлендіру, оңтайлау т.б.
Стандарттау объектілерін жүйелеу – стандарттау объектілерінің жиынтығын ғылыми тұрғыдан негіздеп сыныптау және ретке келтіру. Мысал ретінде Жалпыресейлік өнімдер сыныптауышын (ОКП) келтіруге болады. ОКП – сыныптаушылық пен ассортименттік әр алуан тауарлар жинағы бөлімдерден тұрады. Сыныптаушылық бөлімі сыныптауыш топтардың кодтары мен атауларының жүйелік жиынтықтары (класс – класс бөлімдері – топтар – топтар бөлімдері – түрлер), ал ассортименттік бөлімі нақтылы түрлерді, таңбалауларды т.б. ұқсастандыратын кодтар мен атаулар жиынтықтары.
Мысалы, тамақ өнімдеріне қатысты нормативтік құжаттарда және сертификаттауда мынандай кодтар қолданылады:
911304…911358 — әртүрлі қара бидай ұнынан жасалатын нан.
911400…911498 — әртүрлі бидай ұнынан жасалатын нан.
911500…911683 — әртүрлі бөлке нан азықтары.
911700…911896 — әртүрлі кептірілген нан азықтары
911900…911985 — әртүрлі ұндардан жасалатын пирогтар
912000…912499 – тәтті тағам бұйымдары
912500…912599 – шокалад және шокалад бұйымдары
912600…912971 – ұннан жасалатын тәтті тағам бұйымдары (печенье ж.б.)
914000…914972 — өсімдік майлары, әртүрлі макарон бұйымдары.
Стандарттау объектілерін түрлендіру – үлгі болып саналатын объектілерді – конструкцияларды, құрылымдарды, технологиялық ережелерді, құжаттарды жасауға бағытталған жұмыс. Мысалы, 60-шы жылдары телевизорлардың 100-ге тарта конструкциялық шешімдері пайдаланылған. Кейіннен осындай алуан шешімдерді қысқарту мәселесі туындаған. Жүйелеу жұмысының негізінде экран диагоналіне байланысты олардың үш нұсқасы іріктеліп алынған – 35,47 және 59 см. Әрбір нұсқалардан ең жақсы кестелер іріктелініп алынып әрі қарай жетілдірілген. Осы жұмыстар нәтижесінде үлгілі конструкциялар УНТ -35, УНТ -47, УНТ -59 жасалды.
Стандарттау объектілерін оңтайландыру кезінде оңтайлы басты параметр және басқа да сапа мен экономикалық тиімділік көрсеткіштері анықталады. Оңтайландыру арнайы экономикалық – математикалық әдістерді және оңтайландыру модельдерін қолдану арқылы жүргізіледі. Оңтайландырудың мақсаты оңтайлы деңгейдегі реттеуге және мүмкіндігінше ең жоғары мөлшердегі экономикалық тиімділікке қол жеткізу.
2) Параметрлік стандарттау – параметрлік қатарларды анықтау процесі.
Стандарттаудың басты мақсаттарының бірі, ол халық шаруашылығында қолданылатын бұйымдардың атауларын мүмкіндігінше қысқарту. Ол үшін стандарттарды жасауға қатысты мына мәселелерді шешу қажет: бұйымдарға қатысты параметрлерді анықтау, стандартталатын параметрлердің өзгеру диапазонын өзгерісін анықтау, диапазон аралығын лайықты параметрлік қатарға бөлу. Параметрлер басты, негізгі және көмекші болып бөлінеді. Басты параметр деп негізгілер ішінен іріктеліп алынған, бұйымды жан – жақты толық сипаттайтын, ұзақ уақыт өзгермейтін, ал өзгерсе де тек қана өте құнды бұйымдар пайда болғанда ғана өзгеретін параметрді айтады. Стандартталатын параметрлер саны мүмкіндігінше аз, бірақ та бұйымды толық сипаттайтындай болуы керек. Көмекші көрсеткіштер әртүрлі жиі болып тұратын өзгерістерге байланысты болғандықтан олар да жиі өзгеріп тұрады. Осы себепті олар стандарттарда келтірілмейді.
Стандартталатын басты параметрдің өзгеру диапазоны, параметрдің ең кіші және ең үлкен мөлшерлерімен шектеледі. Бұл мөлшерлер бұйымның қолдану аймақтарын және стандартты қолдану мерзімін ескере отырып анықталады. Диапазонды жіктеу немесе параметрлік қатарды тұрғызу деп екі қатар сандар арасындағы интервалдың өзгеру заңдылығын анықтауды айтады. Бұл заңдылықтар көп жағдайда ерекшелік принципі негізінде ерекше сандарды қолдану арқылы қалыптастырылады.
Ерекше сандар белгілі заңдылыққа бағынатын сандардың қатарын түзейді. Мұндай қатарлар көп жағдайда арифметикалық және геометриялық прогрессиялар түрінде құрылады. Арифметикалық прогрессия түрінде құрылған қатарларда екі қатар орналасқан “ai” және “ai-1” сандарының айырымы тұрақты сан болады, яғни d = ai — ai-1 тұрақты. Мысалы, бұйымның мөлшері 20 дан 110 мм дейін өзгеретін болса, онда: 20,25,30,35,…,100,105,110 мм түрінде құрылған қатар d = 5 мм арифметикалық прогрессия түзейді. Арифметикалық прогрессия түріндегі қатарлардың негізгі кемістігі, ол қатардағы мөлшерлердің қарастырылып отырған мөлшерлер шегінде біркелкі таралмауы. Мысалы, келтірілген қатарда екі қатар бастама сандарының қатынасы 25/20=1,25 болса, соңғы сандарының қатынасы 110/105 =1,047. Осыған байланысты арифметикалық прогрессия түріндегі қатарларға бастама сандарда қатар сиректігі, ал соңғы қатарда керісінше, қатар жиілігі тән.
Геометриялық прогрессия түрінде құрылған қатарларды екі қатар орналасқан “ai” және “ai-1” сандарының қатынасы тұрақты сан. Бұл қатынас q = ai / (ai-1) прогрессия көрсеткіші деп аталады. Мысалы сандар қатары 1; 1,6; 2,5; 4; 6,3; 10; 16;… геометриялық прогрессия түріндегі қатар, ал оның көрсеткіші q = 1,6.
Прогрессияның бұл түріне тән жағдайлар: 1) қатарда мөлшерлердің біркелкі таралуы; 2) қатардағы кез-келген екі санның көбейтіндісі немесе қатынасы осы қатар мөлшерлерінің біріне тең (1,6 х 2,5; = 4,0; ж.б);
3) Қатар сандарының қай- қайсысы болса да толық оң немесе кері санға дәрежеленсе оның нәтижесі осы қатардағы санның біріне тең болады. (1,63 = 4,0,=4ж.б.). Екінші және үшінші жағдайлардың практикалық маңызы зор. Өйткені квадрат, куб, тік төртбұрыш ж.б. түріндегі денелердің қабырғалары геометриялық прогрессия бойынша өзгеретін қатар түзесе, осы денелердің ауданы мен көлемдерінің мәндері осы қатарлардағы сандардың біріне тең.
Стандарттарда қажетті қатарлар түзеу үшін прогрессиялардың екі түрі де қолданылады , бірақта геометриялық прогрессия түріндегі қатарлар жиірек қолданылады.
Көптеген жылдар жинақталған тәжірибе геометриялық прогрессия көрсеткіші ретінде q = х санын қолдану тиімді екенін көрсетті. Мұнда — Х — 5,10,20,40 немесе 80 тең дәреже көрсеткіші.
Қазіргі кезде төрт негізгі және бір қосымша ерекше сандар қатарлары қолданылады. (1 кесте)
1 кесте
Ерекше сандар қатарларының негізгі параметрлері
(ГОСТ 8032)
Қатар |
Қатардың шартты белгісі |
Прогрессия көрсеткіші |
Ондық аралықта (1-10) қатарға кіретін мөлшерлер саны |
Негізгі |
R 5 |
5=1,6 |
5 |
|
R 10 |
10=1,25 |
10 |
|
R 20 |
20= 1,12 |
20 |
|
R 40 |
40= 1,06 |
40 |
Көмекші |
R 80 |
80 10 = 1,03 |
80 |
Дәреже көрсеткіші х қатарлардың шартты белгілерінде көрсетіледі. Ерекше сандар қатарларының мүшелері ретінде тұтас есепке келтірілген қатар сандарын геометриялық прогрессия көрсеткішіне көбейту арқылы тағайындалған сандар алынады.
Негізгі қатарларға 1 ден 10 мм дейінгі аралыққа кіретін мөлшерлер 2. кестеде келтірілген.
2 кесте
1 ден 10 мм дейінгі аралықтағы ерекше сандардың негізгі қатарлары
R 5 |
R 10 |
R 20 |
R 40 |
R5 |
R 10 |
R20 |
R40 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
|
3,15 |
3,15 |
3,15 |
|
|
|
1,06 |
|
|
|
3,35 |
|
|
1,12 |
1,12 |
|
|
3,55 |
3,55 |
|
|
|
1,18 |
|
|
|
3,75 |
|
1,25 |
1,25 |
1,25 |
4,00 |
4,00 |
4,00 |
4,00 |
|
|
|
1,32 |
|
|
|
4,25 |
|
|
1,40 |
1,40 |
|
|
4,50 |
4,50 |
|
|
|
1,50 |
|
|
|
4,75 |
1,60 |
1,60 |
1,60 |
1,60 |
|
5,00 |
5,00 |
5,00 |
|
|
|
1,70 |
|
|
|
5,30 |
|
|
1,80 |
1,80 |
|
|
5,60 |
5,60 |
|
|
|
|
|
|
|
6,000 |
|
|
|
1,90 |
6,30 |
6,30 |
6,30 |
6,30 |
|
2,00 |
2,00 |
2,00 |
|
|
|
6,70 |
|
|
|
2,12 |
|
|
7,10 |
7,10 |
|
|
2,24 |
2,24 |
|
|
|
7,50 |
|
|
|
2,36 |
|
8,00 |
8,00 |
8,00 |
2,50 |
2,50 |
2,50 |
2,50 |
|
|
|
8,50 |
|
|
|
2,65 |
|
|
9,00 |
9,00 |
|
|
2,80 |
2,80 |
|
|
|
9,5 |
|
|
|
3,00 |
10,00 |
10,00 |
10,00 |
10,00 |
Ерекше сандар қатары шексіз созыла береді. 10 жоғары сандар (10 нан 100 дейін, 100 ден 1000 дейін ж.б.) 1 ден 10 дейінгі ерекше сандарды 10, 100 ж.б. көбейту арқылы, ал 1 дейінгі мөлшерлерді 0,1, 0,01 ж.б. көбейту арқылы алынады.
Қажет жағдайларда негізгі қатарлардан олардың екінші, үшінші т.б. мүшелері іріктеліп алынған туынды қатарлар да қолданылуы мүмкін. (R 20/3 (1…) – 1, 1,4; 2,0; 2,80; ж.б.). Сонымен қатар стандарттарда құрама қатарлар қолданылады, яғни, бір қатар әртүрлі көрсеткіштер негізінде құрылған бірнеше бөлімнен құрылады.
Параметрлік қатарларды таңдағанда тек қана тұтынушылардың мүддесі емес, сонымен қатар өнімді өндірушінің, тасымалдаушылардың т.б. мүдделері ескеріледі. Мысалы, консерв банкасының ыдысын, оларды тасымалдайтын құралдарды тиімді пайдалану мақсатында темір жол вагондарының және жүк машиналарының жүк көтерімділігінің қатарларын контейнерлер, жәшіктер және жекелеген консерв банкасының мөлшер қатарларын R 5 қатары түрінде алу ұсынылған.
3) Өнімді сәйкестендіру – функционалды қолдану жағдайлары бірдей бөлшектер мен агрегаттар түрлерін ұтымды қысқарту. Сәйкестендірудің негізгі бағыттары:
- бұйымдардың, машиналардың, приборлардың, түзілімдер мен бөлшектердің параметрлік және мөлшерлік қатарларын дайындау;
- біртекті өнімдердің сәйкестендірілген топтарын құру үшін қажетті типтік бұйымдарды іріктеу.
- сәйкестендірілген технологиялық процестерді дайындау.
- қолдануға рұқсат етілген бұйымдар мен материалдардың атауларын ұтымды деңгейде шектеу.
Сәйкестендіру деңгейін анықтау үшін қолданылатын көрсеткіштердің бірі – қолданылу коэффициенті (Кn). Бұл коэффициент былай анықталады:
Kn = ∙100%
мұнда n – бұйымдағы бөлшектердің жалпы саны, ал no – солардың ішіндегі жаңадан жасалған бөлшектер саны.
Қолданылу коэффициенті жекелеген бұйымдарға мөлшерлер (параметрлер) қатарын түзейтін бұйымдар тобына, конструкциялық сәйкестендірілген қатарларға есептеліп шығарылады.
4) Агрегаттау – машиналарды, приборларды, құрал – жабдықтарды әртүрлі бұйымдарды геометриялық және функционалдық өзара алмастыру үшін қолданылатын жекелеген стандартталған және сәйкестендірілген түзілімдерден құрастыру әдісі.
Мысалы, жиһаз өндірісінде 15 түрлі мөлшерде жасалатын тақталарды және үш түрлі мөлшерде жасалатын стандартталған жәшіктерді қолданып осы элементтерден жиһаз құрастыру үшін әртүрлі шешімдер қолдана отырып 52 түрлі жиһаз жинастыруға болады.
Агрегаттау әдісін қолданудың алғашқы қадамы әртүрлі бұйымдарды біркелкі жұмыс атқаратын түзілімдерді анықтаудан басталған. Осындай біркелкі жұмыс атқаратын түзілімдерден сәйкестендірілген. Агрегаттар, түзілімдер және бөлшектер жасау негізінде агрегаттау әдісін машина жасау және радиоэлектроника салаларында кең қолдану мүмкін болды.
5) Комплексті стандарттау. Белгіленген проблеманы оңтайлы шешу үшін комплексті стандарттауда өзара үйлестірілген талаптар тек қана оның объектісіне ғана емес, сондай – ақ осы объектінің әрбір элементтеріне мақсатты және жоспарлы түрде тағайындалады және қолданылады. Өнімге қатысты ол дайын бұйымның сапасына және осы сапаны қамтамасыз ету үшін қажетті шикізаттарға, материалдарға, жинақталған бөліктерге қойылатын өзара үйлестірілген талаптар. Мысалы, жеңіл машинаның сапасына қойылған талаптар металл өндірісіне, химия, электроника ж.б. көптеген салаларға әсер етеді.
6) Стандарттаудың болжауға негізделген әдісі. Ғылым мен техниканың даму қарқыны жоғарылаған сайын жаңа ғылыми жаңалықтардың ашылу және оларды өндіріске енгізу аралықтары қысқарады. Осыған байланысты стандарттарда келтірілген бұйымдардың негізгі параметрлер деңгейі тез ескіріп отырады. Бұл жағдайда мәселенің шешімі – ол стандарттарда болжау негізінде анықталған ілгері уақыттарда болатын параметлер деңгейін белгілеу болып табылады. Параметр деңгейін тағайындаудың бір түрі – ол параметрдің әртүрлі деңгейлерін қамтитын сатылы стандарттар (1-сурет) жасау.
А – параметрдің қол жеткізген деңгейі
В1С — параметрдің болашақ уақыттарда қол жеткізілетін деңгейлері.
С
В
А Параметрлер деңгейі
O N1 N2 N3
- сурет. Сатылы стандарттау
- Қазақстан Республикасының стандарттаудың мемелекетік жүйесі.
3.1. Жүйенің жалпы сипаттамасы және оны реформалау бағыттары.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі — өз құзіреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ техникалық регламеттердің, стандарттардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңын қабылдағаннан кейін мемелекеттік стандарттау жүйесін реформалау басталды. Бұл жұмыстың үш кезеңін атап өтуге болады.
1- кезең – алғашқы (2005 ж) – мемлекетік стандарттау жүйесінің Қазақстан егемендік алғаннан бастап аталған заң қабылданғанға дейінгі жағдайы.
2 – кезең — өтпелі (2005-2012 жж) – жүйе жұмысының құқықтық статусын мемелекеттіктен еріктілікке өзгерту үшін мемлекеттік стандарттау жүйесін ұлттық стандарттау жүйесі етіп қайта құру.
3 – кезең – қорытынды – стандарттаудың ұлттық жүйесін қалыптастыруды аяқтау. Бұл жүйені мемлекеттік емес ұйымдар басқаруға тиісті және жүйе ерікті қолданылатын ұлттық стандарттарға негізделеді.
Алғашқы кезеңде қазақстанның мемелекеттік стандарттау жүйесінің негізін осы саладағы заңнамалар қоры, Заңдарды іске асырушы актілер және кормативтік құжаттар құрды.
өтпелі кезеңде адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техникалық регламенттер және олармен үйлестірілген стандарттар қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Техникалық регламенттердің қолданысқа енгізілуіне қарай олар қамтитын немесе оларға қайшы келетін нормативтік құқытық актілердің күші жойылды деп танылуға тиіс.
Қорытынды кезең. 2013 жылға дейін ұлттық жүйе бір жолата шет елдердегі практикаға ауысуға тиісті. Жүйені мемлекеттік емес мекеме басқарады. Қажетті техникалық регламенттер қоры қалыптасқандықтан ұлттық стандарттарда тек қана ұсынылатын талаптар қарастырылады.
Ұлттық жүйенің статусының өзгеруі бұл жұмысқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мүлдем қатыспайды дегенді білдірмейді. Үкіметтің реттеудегі жұмысы стандарттау саласының мақсаты мен принциптерін, Қазақстанның стандарттау саласындағы ұлттық органның жұмысын, ұлттық стандарттарды әзірлеу және іске асыру ережелерін регламенттеу болып табылады.
Стандарттардың екі категориясының болуы – «ұлттық стандарттың» және «ұйым стандарттарының» — әрекет өрісіне байланысты екі жүйенің болатынын айқындайды: бүкіл Қазақстан аумағында іс-әрекет жасайтын ұлттық жүйенің және іс-әрекеті жекелеген ұйым шеңберінен аспайтын жергілікті жүйенің.
Стандарттаудың ұлттық жүйесіне мыналар кіреді:
- ұлттық стандарттар,
- стандарттау ережелері, стандарттау саласындағы нормалар мен ұсыныстар,
- техникалық-экономикалық ақпараттардың мемелекеттік жіктеуіші.
Стандарттаудың жергілікті жүйесі ұйым стандарттарына негізделген. Бұл стандарттар Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» заңында келтірілген мекеме қоғамдардың және қоғамдық бірлестіктердің стандарттарын алмастырады.
3.2. Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы органдары мен қызмет атқаратын мекемелері.
Стандарттау саласындағы органдар мен қызмет атқаратын мекемелер – негізгі іс-әрекеттерді стандарттау саласындағы жұмыстарды немесе белгіленген функцияларды атқаратын мекемелер, бірлестіктер және олардың бөлімшелері.
Стандарттау саласындағы органдардың негізгі функциясы стандарттау жұмыстарын басқару. Қазақстанда стандарттау саласындағы ұлттық органның функциясын атқаратын стандарттау саласындағы іс-қимылдарды басқару органы – ол «Техникалық реттеу және метрология комитеті».
Комитет стандарттау саласында мына функцияларды атқарады:
- Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және қолданысқа енгізудің тәртібін белгілейді.
- Техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады.
- Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелерімен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді.
- Мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды.
- Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібін белгілейді.
- Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады.Техникалық реттеу және метрологиялық комитеті өзінің функциясын тікелей және өзі құрған органдар арқылы атқарады. Стандарттау саласында қызмет атқаратын мекемелер – белгіленген басқару деңгейінде стандарттау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрылған мекемелер мен бөлімшелер. Олардың қатарына ғылыми – зерттеу институттары және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер жатады.
- Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін экономика салаларында құрылады. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың өкілдері кіреді.
- Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құзыретіне кіреді:
- бекітіліп берілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
- Мемлекеттік стандарттарды және техникалық – экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердің техникалық – экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және оларға енгізілетін өзгерістерді әзірлеуге және оларға сараптама жасауға белгіленген тәртіппен қатысу.
- Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламаларына техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау.
3.3. Стандарттардың әртүрлі санаттарының жалпы сипаттамалары.
Қазақстан Республикасының мемлекттік техникалық реттеу жүйесінде нормалар мен нормативтік құжаттарға мыналар жатады:
- Халықаралық стандарттар.
- Өңірлік стандарттар және техникалық – экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық – экономикалық ақпарат жіктеуіштері.
- Ұйымдар стандарттары.
- Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары.
- Шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық – экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар төмендегілерге сәйкес әзірленеді және бекітіледі (қабылданады). Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ҚРСТ.1.2 бойынша
ТЭӘА мемлекеттік сыныптауыштары – ҚР СТ. 5.0, ҚР СТ. 5.1. ҚР СТ.5.2 бойынша мемлекетаралық стандарттар мен сыныптауыштар МЕМ СТ.1.2
Стандарттау және сертификаттау салаларындағы шетелдік нормативтік құжаттар – ҚР СТ. 1.9
Стандарттау саласындағы ережелер мен ұсыныстар ЕР 50.1.20 бойынша техникалық шарттар – ҚР СТ. 1.3 бойынша
Халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.
Өңірлік стандарт – стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.
Мемлекеттік стандарт — уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді стандарт.
Ұйым стандарты – ұйым бекіткен стандарт.
Үйлестірілген стандарт – техникалық регламенттерде белгіленген талаптардық орындалуын қамтамасыз етеін стандарт.
Ұлттық стандарт – шет мемлекеттің стандарттау жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.
3.4. Стандарттардың түрлері.
Стандарттау объектісінің ерекшелігіне және оған белгіленген талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың мына түрлері әзірленді:
- Негізге алынатын стандарттар
- Өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарттар,
- Процеске стандарттар,
- Бақылау әдістеріне (сынау, өлшеу, рәсімдеу) стандарттар
Негізге алынатын стандарттар – қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарттар. Олар басқа стандарттарды шығаруға негіз болатын стандарттар немесе әдістемелік құжаттар түрінде қолданылады.
Өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарт біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызметке ) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар белгілейді.
Өнімге, көрсетілетін қызметке әзірленетін стандарттар әр түрлі болады: жалпы техникалық шарттар түрінде, техникалық шарттар түрінде. Бірінші жағдайда стандарттар біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызмет) топтарына қойылатын жалпы талаптарды, ал екінші жағдайда – жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда – жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда мынандай бөлімдерден тұрады: жіктеу, негізгі параметрлер мен мөлшерлер, жалпы техникалық талаптар, қабылдап алу, таңбалау, буып – түю, тасымалдау және сақтау ережелері. Біркелкі өнімдер топтарына шағын сұраныстағы стандарттар әзірленуі мүмкін: техникалық талаптар стандарттары: қабылдап алу ережелерінің стандарттары, таңбалау, буып – түю, тасымалдау және сақтау ережелерінің стандарттары.
Процестерге стандарттар әзірлеу, дайындау, сақтау, жүк тасу, пайдалану, өнімді кәдеге жарату мен жөндеудің технологиялық процестерінде әр түрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (орындау жолдары, тәсілдер, режимдер, нормалар) негізгі талаптарды белгілейді.
Жаңа өнімді игеруді жеделдету жұмыстарында автоматты жобалау жүйелеріне байланысты әзірленген стандарттардың атқаратын рөлі үлкен. Мысалы, осындай стандарттарды қолдану негізінде Жапонияда жеңіл машиналар шығаратын фирмалар жаңа модельдерді жобалауға жұмсалатын уақытты 2-8 есе қысқартқан.
Саудада тамақ өнімдерін сақтау және сату алдындағы дайындау әдістеріне қатысты стандарттар маңызды рөль атқарады.
Қазіргі кезде өнім (қызмет) сапасын қамтамасыз ету жүйелерінің шеіберінде қолданылатын басқару процестеріне қатысты стандарттар – құжаттарды сатып алуды, мамандарды дайындауды т.б. басқару стандарттарының маңызы артып отыр.
Бақылау әдісіне стандарттар өнімді жасап шығару, сертификаттау және пайдалану кезінде оған сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін белгілейді.
Әрбір әдіске олардың ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді: а) сынау құралдары және басқа да керек – жарақтар, б) сынауды өткізуге дайындалу тәртібі, в) сынауды өткізу тәртібі, г) сынау кезінде алынған деректерді өңдеу ережелері, д) сынау нәтижелерін дайындау ережелері, е) сынау қателігінің мүмкін деңгейі.
3.5. Стандарттарды әзірлеу және бекіту тәртібі.
3.5.1. Ұлттық стандарттар.
- Стандарттау жөніндегі ұлттық орган стандарттарды шығару программасын әзірлейді және бекітеді. Стандартты әзірлеуші ұлттық стандарттың жасалып жатқаны туралы хабарлама береді. Хабарламаға жобаның сәйкес халықаралық стандарттың өзгешелігін көрсететін ақпарат болуы керек. Стандартты әзірлеуші мүдделі тұлғалардың жобасымен танысуын қамтамасыз етеді.
- Стандартты дайындаушы мүдделі тұлғалардың пікірлерін ескере отырып стандарт жобасын жетілдіреді, жобаны көпшіліктің талқысына салады. Талқылау мерзімі екі айдан кем болмауы керек.
- Ұлттық стандарттың жобасы мүдделі тұлғалардан жазбаша түрде алынған пікірлер мен қоса стандарттау жөніндегі техникалық комитетке жіберіледі, комитет жобаны экспертизадан өткізеді. Техникалық комитет экспертизалау нәтижесі бойынша жобаны бекіту немесе қабыл алмау жөнінде дәлелді ұсыныс жасайды. Техникалық комитет ұсынысты ұлттық стандарттау органына жібереді, орган комитет жіберген құжаттар негізінде шешім қабылдайды.
Ұлттық стандарттың бекітілуі туралы хабар органның баспасөз беттерінде және электронды сандық жалпы қолданыстағы ақпарат жүйесінде жарияланады. Жариялану мерзімі стандарт бекітілгеннен кейін бір айдан аспауы керек.
- Ұлттық стандарттау органы техникалық регламенттер мен еркінді негізде үйлестіруге болатын ұлттық стандарттардың тізімін бекітіп баспасөз бетінде және ақпараттық жүйеде жариялайды.
3.5.2. Ұйым стандарттары.
Ұйым стандартын, соның ішінде коммерциялық, қоғамдық, ғылыми мекемелердің, заңды тұлғалар бірлестіктерінің стандарттарын қажет болғанда олар өз бетімен әзірлеп және бекіте алады. Қажеттілік мына жағдайларға байланысты болуы мүмкін:
- өндірісті жетілдіруге және өнім сапасын жақсартуға,
- қызмет көрсетуге,
- зерттеулердің (сынақтардың), өлшеулердің және басқа да жаңалықтардың нәтижелерін таратуға және пайдалануға.
Ұйым стандартын дайындаушы жобаны экспертизадан өткізу мақсатында, техникалық комитетке жіберуі мүмкін. Экспертиза нәтижесі бойынша техникалық комитет қорытынды шығарып оны стандарт жобасын дайындаушыға жібереді.
- Мемлекетаралық стандарттау жүйесі
1992 ж. 13 науырызында стандарттау саласында «Келісілген саясатты жүргізу туралы» ТМД елдерінің Келісіміне қол қойылып, мемлекетаралық стандарттау жуйесінің негізі қаланды. Бұл құжат бойынша мыналар танылды: қолданылып жүрген ГОСТылар мемлекетаралық стандарттар ретінде, бұрынғы ССРО эталондық базасы ортақ мүлік ретінде, стандарттау, сертификаттау және метрология жүйелерін өзара тану үшін екі жақты келісімдердің қажеттілігі.
Мемлекетаралық деңгейде стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша Мемлекет аралық кеңес құрылды. Оның негізгі функциялары: стандарттау саласындағы қызметтің басты бағыттарын айқындау; мемлекетаралық стандарттардың жобаларын бекіту, стандарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын және оларға қажетті шығынның сметасын талқылау және қабылдау. Кеңестің қабылдаған шешімдері оған өкілдері кірген мемлекеттерге міндетті.
Келісімге қатысқан ТМД елдерінің стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі Минск қаласында орналасқан бюросы. Қалыптасқан салт-дәстүр бойынша кеңестің жиналыстары Келісімге енген елдердің әрқайсысында кезектесіп өткізіліп отырады.
Мемлекетаралық кеңестің жұмысы арқасында КСРО – да қолданылған нормативтік құжаттар қоры мен эталондық база (шамамен 25 мың мемлекеттік, 40 мың салалық стандарттар 35 техникалық – экономикалық ақпаратты жіктегіштер, 140 физикалық шамалар өлшемдерінің метрологиялық эталондары) сақталып қалынды.
Қазіргі уақытта ТМД елдерінің ұлттық сертификаттау жүйелерін өзара тану процесі толығымен аяқталды.
Мемлекетаралық кеңестің жұмыс органы – мемлекетаралық техникалық комитеттер. Олар мемлекетаралық стандарттарды әзірлейді және мемлекетаралық стандарттау саласындағы басқа да нақтылы жұмыстарды жүргізеді.
Мемлекетаралық стандарттар және оларға енгізілетін өзгерістер кеңес шешімімен қабылданады, ал кеңес жиналыстары жылына екі рет өткізіледі.
Бес жылда (1992 – 1997 жж..) Кеңестің шешімімен 2500 нормативтік құжаттар қабылданды. Олар неізінде міндетті сертификаттауға жататын өнімдерге техникалық талаптарды белгілеуге бағытталған. Қабылданған стандарттар халықаралық стандарттармен үйлестірілген, яғни ТМД елдерінің дүниежүзілік рынокқа шығуына мүмкіндік туғызады. Мемлекетаралық кеңестің атқарып отырған нәтижелі жұмыстарын бағалай отырып стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) оны стандарттаудың халықаралық аймақтық мекемесі ретінде таныды.
- Халықаралық және өңірлік стандарттау
- Стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мәселелері
Халықаралық байланыстың даму жағдайында стандарттау саласындағы жұмыстарды тек қана бір ел шеңберінде жүргізу мүмкін емес. Бардық елдердің арасында сауда, экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастығын құру үшін халықаралық стандарттаудың маңызы өте зор. Халықаралық стандарттардың қажеттілігі уақыт өткен сайын айқындалып келе жатыр, өйткеі, халықаралық рынокқа шығарылатын өнімдер түрлеріне тағайындалған ұлттық және халықаралық стандарттардың арасындағы айырмашылықтар халықаралық сауданы дамытуға кедергі жасауда.
Халықаралық сауданы дамытудың проблемаларын шешуде стандарттардың ара-қатынастық функциясы анық көріне бастады. Халықаралық стандарттау адамдардың, энергияның және ақпараттың алмасуына жәрдемдеседі. Осыған байланысты халықаралық стандарттар рыноктарды ашатын құлып деген ұғым қалыптасқан.
Стандарттау саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың негізгі мәселесі – ол үйлестіру, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесін басқа елдердің халықаралық, аймақтық, ұлттық жүйелерімен қиыстыру. Мұның мақсаты отандық өнімдердің сапасын және әлемдік нарықта оның бәсекеге жарамдылығын жоғарылату.
Стандарттау жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты халықаралық, аймақтық мекемелер жүзеге асырады.
- Стандарттау саласындағы халықаралық мекемелер
Халықаралық стандарттау саласында стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО), Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК), Халықаралық электр байланыстары одағы (ХЭО) жұмыс атқарады.
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) 1947 жылы құрылған. ИСО – ның қызметі электроника мен электротехникада басқа стандарттау салаларының барлығын қамтиды. 1999 ж. 1 қаңтарынан ИСО жұмысына 178 ел қатысты. ИСО-ның органдары – Бас ассамблея, ИСО кеңесі, Кеңес комитеттері, техникалық комитеттер және орталық секретариат, Жоғарғы органы – Бас ассамблея (2 — сурет)
2-сурет. ИСО-ның құрылымы
Бас ассамблея сессияларының арасында ұйым жұмысының ИСО – ның Кеңесі басқарады. Кеңеске стандарттаудың ұлттық мемлекеттік өкілдері кіреді. Кеңес жанынан техникалық комитеттердің жұмысын басқаратын атқарушы бюро құрылған.
Халықаралық стандарттардың жобасын техникалық комитеттер шеңберінде жұмыс атқаратын жұмыс топтары дайындайды.
Техникалық комитеттер жалпытехникалық және техниканың нақтылы саласына қатысты болып кекіге бөлінеді. Жалпытехникалық топқа жататын ТК (ИСО құрамындда олардың саны 26) жалытехникалық және салааралық мәселелермен шұғылданады. Оларға жататындардың ішінде «Өлшем бірліктері» (ТК 12), «Ерекше сандар» (ТК 19) ж.б. бар. Қалған ТК (ИСО құрамында олардың саны шамамен 140) техниканың нақты салаларына қатысты. Мысалы, «Автомобильдер» (ТК 22) «Станоктар» (ТК 39) ж.б. ТК күрделі салаларға қатысты болған жағдайда (химия, космостық техника ж.б.) олардың құрамында комитет бөлімдері және жұмыс топтары құрылады.
Халықаралық стандарттың жобасын қабылдау үшін ТК мүшелерінің 75 % — нің келісімі болуы керек.
2000 жылдың басында шамамен 12 мың халықаралық стандарттар қолданыста болған.
Халықаралық стандарттарды қолдану міндетті емес, яғни әрбір ел оны толығымен, тек қана кейбір бөлімдерін қолдануына болады немесе жалпы қолданбауы да мүмкін. Бірақ та халықаралық рыноктағы бәсекелестіктің артуы жағдайында өндірушілер өз өнімдерінің бәсекелесу деңгейін көтеру мақсатында халықаралық стандарттарды қолдануға мәжбүр. Шетел мамандарының бағалауларына қарағанда кейбір өндірістері дамыған елдерде ИСО – ның стандарттар қорының 80 % дейін қолданылады.
Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) электротехника, радиоэлектроника және байланыс салаларында қолданылатын стандарттарды дайындайды. Ол 1906 ж., яғни ИСО – дан көптеген жылдар бұрын құрылған.
Әр уақытта құрылғандықтан және жұмыс бағыттары әртүрлі болғандықтан осы халықаралық мекемелердің екеуі де бүгінгі күде жұмыстарын жалғастыруда. ИСО мен ХЭК алдындағы мәселелердің тұтастығын ескере отырып және жекелеген техникалық органдардың жұмыстарында жарыса жүргізуді болдырмау үшін мекемелер арасында өзара келісім жасалған. Келісім, біріншіден, іс-қимылдар шеңберін шектеуге, екіншіден, техникалық қимылдарды үйлестіруге бағытталған.
Біраз елдерде электротехника, электроника және байланыс салаларының дамуы деңгейінің төмендігіне байланысты ХЭК мүшелерінің саны (шамамен 60) ИСО мүшелерінің санынан аз.
ХЭК жоғарғы органы – барлық ұлттық комитеттер өкілдерін қамтитын Кеңес. ХЭК бюджеті ИСО бюджеті сияқты ұйым мүшелерінің жарна төлемінен және халықаралық стандарттарды сатудан түскен қаржылардан құрылады. ХЭК техникалық органдарының құрылымы ИСО құрылымына ұқсас – техникалық комитеттер (шамамен 80), комитеттер бөлімі және жұмыс топтары. Осы органдар қазіргі кезде 3000 – нан астам стандарттар дайындаған.
Халықаралық стандарттау саласында ИСО, ХЭК-тен басқа да ұйымдар бар. Олар – біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) Еуропалық экономикалық комиссиясы, Халықаралық сауда палатасы. Стандарттау жұмыстарына БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО, МАГАТЭ ж.б. ұйымдар да қатысады.
Дүние жүзіндегі стандарттау саласында жеті аймақтық ұйымдар жұмыс істейді. Скандинавияда, Латын Америкасында, Арабия аймағында, Африкада, Еуропалық Одақ (Е.О). Бұлардың ішінде ЕО жұмыс тәжірибесін ерекше атауға болады.
5.3. Стандарттау жұмыстарын Еуропалық Одақ (ЕО) шеңберінде ұйымдастыру
Қазіргі кезде экономиканы интеграциялауға, аймақтық біріккен рыноктар құруға бетбұрыс айқын байқалады.
Интеграцияның кең дамыған аймағы – Еуропалық Одақ шеңбері (ЕО).
1993 жылы Еуропаның 15 елі бірігіп құрған рынок осы елдердің шамамен 400 млн. тұрғындарын қамтиды. Осыған байланысты ұлттық кедергілерді жою мақсатында аймақтық стандарттарға басты назар аударылып отыр.
1961 жылы стандарттау жөніндегі Еуропалық комитет (СЕН ЭЛЕК) құрылды. Бұл комитеттердің құрамында 239 техникалық комитеттер бар.
Біріккен рынок жағдайына сәйкес ЕО «Еуропаның жасыл кітабы» деп аталған (Еуропада техникалық интеграцияны жеделдету үшін еуропалық стандарттарды дамыту) бағдарлама жасалды. Бұл бағдарлама Еуропада стандарттауды қайтадан құру және дамыту жоспары қарастырылған. «Жасыл кітапта» көрсетілгендей еуростандарттар техника мен технологияның ең соңғы жетітіктерін қамтуы керек, ал диретивалар – тұрғындар мен қоршаған отаға қауіпсіз емес немесе зиянды өнімдерді Қоғамдастыққа енгізбеу үшін тиімді шараларды қарастыру қажет. Осындай шаралар негізінде стандарттау жұмыстарында көптеген ілгерілеу жасалды. Мысалы, 1991 жылы ЕО 200 директива және 1200 еуростандарттар болған болса, 1993 жылы директивалар саны екі есе ұлғайтылып, еуростандарттар саны бірнеше мыңға жеткізілді.
Қазіргі жағдайда СЕН және СЕНЭЛЕК – тің басты саясаты – ол ИСО/МЭК халықаралық стандарттарын аймақтық ретінде кеңінен қолдану. Осының нәтижесінде ЕО шеңберінде қолданылатын нормативтік құжаттардың 45% ИСО/МЭК шығарған халықаралық стандарттар.
- Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісім
Қарастылып отырған келісім Дүние жүзілік сауда ұйымының (1993 ж. бұрынғы тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім осы ұйым түрінде қайта құрылды) халықаралық стандарттау шеңберіндегі жұмыстар ережелеріне арналған 40 құжатының бірі.
Бұл ережелер мыналар:
- Үйлестіру. Егер халықаралық стандарттар (ерікті техникалық құжаттар ретінде), регламенттер (міндетті түрде орындалуға тиісті құжаттар) немесе сәйкестікті бағалау ережелері (сертификаттау жұмыстарында) болса, онда Дүние жүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) мүшелері оларға сәйкес келмейтін ұлттық құжаттарды дайындамауға тиісті.
- Ұлттық режим және дискриминацияламау. Шетелдік өнімдердің сапасын бағалау жағдайының қолайлылығы отындық өнімдерді бағалау жағдайынан кем болмауы тиісті, яғни шетелдік өнімдерге қойылатын талаптар отандық өнімдерге қойылатын талаптардан қатаң болмауға тиісті.
- Хабарлау және айқындылық. Егер жекелеген елдердің халықаралық нормативтік құжаттардан өзгеше құжаттар қабылдау туралы ниеті болса, онда ол ДСҰ секретариятына оның дәлелді себептерін және құжат жобасының қысқаша мазмұнын хабарлауға тиісті. Барлық қабылданған нормативтік құжаттар желе жариялануы керек және олар барлық ел ішіндегі және сыртқы мүдделі жақтардың қол жеткізуіне (айқындылық) ыңғайлы болуы қажет.
- Стандарттау туралы ақпарат. ДСҰ мүше болу олардың арасындағы сауда қатынастарында кедергі болуы мүмкін деген стандарттау жүйесінде болып жатқан өзгерістер туралы ескертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты ДСҰ әрбір мүшесі бір немесе бірнеше ақпараттық орын ашады. Бұл орындарда ешбір қиындықсыз елде қолданылып жүрген және дайындалып жатқан стандарттар, регламенттер ж.б. жөнінде ақпарат алуға болады.
Қазақстан Республикасының Дүние жүзілік суда ұйымына кіруіне байланысты туындайтын негізгі мәселелер 3 – суретте көрсетілген.
- Қазақстан Республикасында халықаралық және өңірлік стандарттарды қолдану
Еліміздің халықаралық стандарттау жұмыстарына тиімді араласуының басты бағыты ол халықаралық стандарттарды мүмкіндігінше толық пайдалану.
Қазақстанда халықаралық, өңірлік және басқа елдердің ұлттық стандарттарын қолданудың үш түрі бар.
- Халықаралық құжаттарды өзгеріссіз мемлекеттік стандат түрінде қабылдау. Бұл әдіс тікелей әдіс немесе «мұқаба әдісі» деп аталады. Өйткені бұл әдісте халықаралық құжаттардың мәтіні өзгермей, тек қана мұқабасы өзгертіледі.
Белгілеу мысалы – СТРК ГОСТ Р ИСО 9001 – 2001
3 – сурет. Қазақстан Республикасының Дүние жүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты туындайтын негізгі мәселелер
- Халықаралық құжаттар ел ерекшелігін ескеретін талаптар енгізу арқылы өзгертіледі. Бұл әдісте ҚР СТ мазмұны шетелдік аналогтардан өзгеше болады.
Белгілеу мысалы – ҚР СТ 3.8. – 2000 (ИСО 10011 — 2)
Мемлекеттік стандарт мәтінінде халықаралық құжаттарға сілтемелер жасау немесе олардың жекелеген талаптары мен нормаларын енгізу.
Белгілеу мысалы – ҚР СТ 7.2. – 2000
Бұл жағдайда халықаралық стандарттардың нормаларына сілтемелер стандарттағы «Алғы сөзде» немесе «Кіріспесінде» келтіріледі.
- Салааралық стандарттардың жүйелері
Салааралық жүйелер мемлекеттік (ұлттық) және мемлекетаралық стандарттар түрінде қалыптасады. Келешекте жалпытехникалық жүйе ролін атқаратын салааралық стандарттардың жүйелері техникалық реттеудің жалпытехникалық жүйесіне айналады. Өйткені олардың құрамына ұлттық стандарттар ғана емес, сонымен қатар техникалық регламенттер де кіреді.
Барлық салааралық стандарттарды шаррты түрде үш топқа бөлуге болады:
1) өнімнің (көрсетілетін қызметтің) сапасын қамтамасыз ететін стандарттар.
2) басқару және ақпараттық стандарттар.
3) әлеуметтік саланың стандарттары
Өнімнің (көрсетілетін қызметтің) сапасын қамтамасыз ететін стандарттар ретінде мыналарды келтіруге болады.
- өндірісті техникалық дайындау стандарттары
- өнімнің сапасын оны пайдалану кезінде қамтамасыз етеін стандарттар
- сапа жүйелерінің стандарттары
- өнімнің кейбір қасиеттеріне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарттар
- сертификаттау жүйесінің стандарттары
- акредиттеу жүйесінің стандарттары
- Машинаның және прибордың бөлшектерін өндіруде оны техникалық дайындаудың негізін конструкторлық және технологиялық дайындау құрайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қосыла отырып бұлар бөлшекті өндіру және оның сапасын қалыптастыру сатысын құрайды. Бұл деңгейде өтініш берушінің, жобалаушының, дайындаушының және тұтынушының мүдделері тоғысады. Осыған байланысты қарастырылып отырған сатыдағы басты мақсат, ол жоғары техникалық деңгейдегі бұйым жасау, жобалаудың және жаңа техниканы игерудің мерзімі мен еңбексиымдылығы азайту болып табылады.
Тиімділігі жоғары өнім шығаруға мына салааралық стандарттар жинағы бағытталған:
- жобалау және өнімді өндіріске енгізу жүйесі
- конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі
- технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі
- автоматтық түрде жобалау жүйесі
Аталған стандарттар жинақтарының ішінде техникалық құжаттарды стандарттауға көп көңіл бөлінеді. Стандарттаудың тиімділігі құжаттарды басқа мекемелерге бергенде, оларды қайтадан жасаудың қажет емесігінде, құжаттардың мазмұны оңтайландырылғандықтан құжаттың текстісін ж»не сызбасын дайындау және жасау шығыны азаяды, жобалауда үйлестіруді кеңінен қолдануға болады ж.б. Мысалы, конструкторлық құжаттардың бірыңғай жинағын қолдана отырып жобалау жұмысының еңбексиымдылығын 25-30% кемітуге болатындығы анықталған.
Өнім сапасын қоамтамасыз етудегі автоматты түрде жобалаудың ролін Еуропалық сапа мекемесінің деректерінен көруге болады: техника жұмысында болып тұратын тоқтап қалу себептерін бағалағанда «70-20-10» ережесі анықталған, яғни тоқтап қалу 70% деңгейінде жобалау жұмыстарындағы жіберілген кемістіктерге, ал 20% деңгейінде жасау кезінде жіберілген кемістіктерге, 10% деңгейінде пайдалану кезінде жіберілген кемістіктерге байланысты.
Өнімнің сапасын оны пайдалану кезінде қамтамасыз ететін стандарттар-ол пайдалану құжаттарына қатысты стандарттар жинағы – ол пайдалануда басшылыққа алынатын стандарттар, паспорттар, этикеткалар (тауарға жабыстырылатан қағаз) ж.б. Сапалы жасалған пайдалану құжаттары техниканы, әсіресе күрделі техниканы, дұрыс пайдаланудың, яғни пайдалану ережелерін бұзбаудың кепілі.
- Техникалық – экономикалық және әлеуметтік ақпаратты сыныптау және кодтаудың біртұтас жүйесі – стандарттау объектісі ретінде
Техникалық – экономикалық және әлеуметтік ақпататты сыныптау және кодтау жұмыстары статистика, қаржы, құқық қорғау салаларында, банк жұмыстарында, бухгалтерлік есепте, стандарттауда, өнім шығару мен қызмет көрсетуде, кеден жұмысында, сыртқы экономикалық жұмыстарда қажет. Бұл жұмыстар шаруашылық процестерін ақпараттық қамтамасыз етуді сәйкестендіру және стандарттау үшін жүргізіледі. Мысалы, тауарлардың ішкі және сыртқы саудадағы қозғалысын автоматты түрде есепке алу және сауда мекемелерін ақпаратпен қамтамасыз ету үшін тауарларды штрих кодтау талап2. Халықаралық құжаттар ел ерекшелігін ескеретін талаптар енгізу арқылы өзгертіледі. Бұл әдісте ҚР СТ мазмұны шетелдік аналогтардан өзгеше болады.
Белгілеу мысалы – ҚР СТ 3.8. – 2000 (ИСО 10011 — 2)
Мемлекеттік стандарт мәтінінде халықаралық құжаттарға сілтемелер жасау немесе олардың жекелеген талаптары мен нормаларын енгізу.
Белгілеу мысалы – ҚР СТ 7.2. – 2000
Бұл жағдайда халықаралық стандарттардың нормаларына сілтемелер стандарттағы «Алғы сөзде» немесе «Кіріспесінде» келтіріледі.
тарын стандарттау қажет.
Бұл саладағы жұмыстардың басты нәтижесі ол – ТЭЭА сыныптауыштарын жасау. Сыныптау объектілері болып табылады: өнімдер, процестер, жұмыс және табиғи ресурстар, халық шаруашылығының құрылымы, экономикалық ақпараттар т.б.
Өнімдер туралы деректерді автоматтандырылған жүйеде өңдеу үшін мемлекеттік деңгейде ақпараттық негіз болуы керек. Осындай негіз ретінде КСРО кезінде қалыптастырылған өндірістік және ауыл шаруашылық өнімдерін сыныптаушысы (КП) қолданылды. Бұл сыныптауыш қазіргі кезде біздің елімізде де қолданылады.
Сыныптауышта өнімдер 100 классқа, әрбір класс – 10 бөлімге, әрбір класс бөлімі – 10 топқа, әрбір топ – 10 бөлімге, әрбір топ бөлімі – 10 түрге бөлінеді. Әрбір өнім түрі 9999 дейін нақтылы өнім атауларын қамтиды.
Қазіргі кезде КП сыныптауышы сыртқы сауда сыныптауышымен қатар қолданылады. Сауда сыныптауышы елімізде кедендік тарифтің негізі ретінде енгізіліп сыртқы экономикалық жұмыстарда қолданылатын тауар атауларының тізімі (ТНВЭД – түрінде белгіленді).
КП және ТНВЭД топтамалрын байланыстыру мақсатында стандарттарда және басқа да нормативтік құжаттарда әрбір өнім атауымен қатар осы сыныптауыш кодтары келтіріледі.
- Қызмет көрсетуді стандарттау
Қоғам өмірінде және экономикасында қызмет көрсету саласы елеулі орын алады. Оны мына деректерден көруге болады:
- өнеркәсібі дамыған елдерде қызмет көрсету саласынан жалпы ішкі өнімнің үштен екі бөлігі алынады.
- Елімізде жұмыспен қамтылған халықтың 30% астамы қызмет көрсету саласында істейді және бұл көрсеткіштің әрі қарай өсуі байқалады. Т.б.
1995 ж. Дүние жүзілік сауда ұйымының ақылы қызмет көрсету саласындағы басты келісімі іске асырылды.
Келісімнің мақсаты халықаралық рынокта барлық ақылы қызмет көрсету түрлерін ынталандыру және құқықтық қамтамсыз ету.
Қызмет көрсетулер біртекті топтар түрінде жіктеледі. Бұл топтарға мыналар жатады:
- Тұрмыстық радиоэлектронды аппараттарды, электр машиналы мен приборларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
- Авто – мото транспортқа техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
- Сұйық отынмен және газбен жанатын приборларды жөндеу.
- Химиялық тазалу және бояу, кір жуу қызметі.
- Тұрмыстық – экскурсиялық және қонақ үй қызметі.
- Жолаушыларға көрсетілетін көлік қызметі.
- Жиһаз жасау және жөндеу.
- Байланыс қызметі.
- Киімді тігу және жөндеу.
- Аяқ киімді жөндеу, бояу және тігу.
Көрсетілетін қызмет түрлері көбейіп келеді. Оның жаңа түрлері, яғни, аудиторлік, кеме кіресі, жарнамалық ж.б. түрлері дамып келеді.
Қызметті стандарттау жұмыстары 1992 ж. басталды. Оған себеп Қазақстан Республикасында қабылданған «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заң. Заң тұтынушыларды қауіпті қызметтен қорғаудың жүйесін құрудың қажеттігін айқындады. Жүйенің басты бағыты ретінде міндетті сертификаттау белгіленді.
Қызмет көрсету саласында қолданылып келе жатқан ережелер, нұсқаулар т.б. сертификаттаудың нормативтік негізі бола алмағандықтан міндетті талаптар тағайындайтын мемлекеттік стандарттар қажет болды. Сондықтан елімізде басталған міндетті сертификаттау қызмет көрсету саласында стандарттау жұмыстарын жандандырды.
Мемлекеттік стандарттарды дайындау үшін техникалық комитеттер құрылды. Қызмет көрсету сапасының көрсеткіш атауларына, қызмет сапасын бағалау әдістеріне стандарттар дайындау жоспарланып, қазіргі кезде жүзеге асырылып келеді. Міндетті сертификаттауға жататын қызмет түрлері анықталды (шаштараз қызметі, бөлшек сауда қызметі ж.б.)
- Стандарттау жұмыстарының тиімділігі
Стандарттау жұмыстарының тиімділігі одан қоғам көлемінде (халық шаруашылығында) алынған пайда мөлшерінің осы пайданы қол жеткізуге жұмсалған қаржыға қатынасы түрінде анықталады.
Стандарттау жұмыстарының тиімділігі мына мақсаттарда анықталады:
- нақтылы стандарттау жұмыстарын мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттау жұмыстарының жоспарларына қосудың орынды екенін дәлелдеу үшін;
- стандарттарға енгізілуі мүмкін шешімдердің ішінен оңтайлысын таңдап алу үшін;
- стандарттау саласындағы жұмыстың нәтижелілігін бағалау үшін.
Стандарттау жұмыстарының тиімділігі оның мынандай негізгі түрлерімен сипатталады.
- экономикалық
- техникалық және ақпараттық
- әлеуметтік
- Экономикалық тиімділік көрсеткіштері ретінде қолданылады:
- пайда (э). – нақтылы стандартты (стандарттар топтарын) халық шаруашылығында қолданғанда оған сәйкес жекелеген өнімге жұмсалатын жалпы шығын мөлшерінің азаюы.
— шығын (з) – нақтылы стандартты (стандарттар топтарын):
халық шаруашылығында қолданғанда оған сәйкес жекелеген өнімге жұмсалатын жалпы шығын мөлшері.
- жекелеген өнімге (қызметке) шаққандағы экономикалық тиімділік – стандартталатын өнімді өндіру, сату, қолдану және жою кезеңдерінде жекелеген өнімнен алынатын пайда (э) мен жұмсалған шығын (з) айырымы түрінде анықталатын көрсеткіш.
- стандарттау жұмыстарының экономикалық тиімділігі нақтылы стандартты (стандарттар топтарын) қолданудан халық шаруашылығында алынған экономикалық пайданың жұмсалған шығынға қатынасы түрінде анықталады.
Экономикалық тиміділік стандарттардың мына түрлерін әзірлегенде және қолданғанда анықталуы тиіс.
А) өнімге (қызметке) техникалық талаптар немесе шарттар тағайындалатын стандарттарды;
Б) процесске (жұмысқа) арналған стандарттарды;
С) бақылау әдістеріне арналған стандарттарды;
Стандарттардың экономикалық тиімділігіне қатысты бірер мысал. Ресейде тоңазытқыштарға қатысты стандартты енгізгенде олардың әрқайсысынан жылына 200 кВт.с дейін өнім түсіп отырады. Тоңазытқыштар әр үйде қолданылатынын ескерсек үнемделетін электр энергиясының мөлшері жаңа электр станциясын салғанмен пара – пар.
Материалдарды коррозиядан, тозудан және биологиялық бүлінуден қорғауға арналған стандарттарды әзірлеу және қолдану жылына 600-800 млн. шамасында пайда түсіреді.
2.Техникалық тиімділікті негізге алынатын (ұйымдық – техникалық, жалпы техникалық) стандарттарға қатысты анықтау ұсынылады.
Стандарттау жұмыстарының техникалық тиімділігі
Стандартты қолданудан алынатын техникалық пайданың салыстырмалы көрсеткіштері түрінде анықталуы мүмкін.
Мысалы, қауіпсіздік деңгейінің артуы, материалдың және энергиялық сиымдылықтардың азаюы т.б.
Стандарттау жұмыстарының ақпараттық тиімділігі қоғамға қажетті өзара түсіністікке, ақпаратты түсіну біркелкілігіне қол жеткізі және осы жағдайларға шаруашылық субъектілерінің бір – бірімен келісімдік – құқықтық қатынастарында және халықаралық ғылыми – техникалық, сауда – экономикалық қатынастарын мемлекеттік басқаруда да жету.
- Әлеуметтік тиімділік негізгі тәжірибеде қолданылатын өнімге (қызметке, процеске) қойылатын міндетті талаптардың көпшіліктің денсаулығына, тұрмыс деңгейіне және басқа да әлеуметтік маңызы бар жағдайларда оң өзгерістер әкелуінде. Мысалы, өндірісте жарақаттану, ауырып қалу деңгейлерінің төмендеуі т.б.
Әлеуметтік тиімділікті тікелей есептеп шығару көп жағдайда қиын немесе мүмкін емес. Мысалы, балалар тағамдарына қатысты стандарттар тобын әзірлеу және қолдану көп мөлшерде шығын шығаруға байланысты. Бірақ та стандарттау жұмыстары негізінде қол жеткізіп отырған балалардың денсаулығының жақсаруы – ол үлкен әлеуметтік жетістік.
10.Қазақстан Республикасында стандарттау жұмыстарын дамытудың негізгі бағыттары
Стандарттау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырудағы уақыт талабына сай ерекшеліктер мен басты бағыттар мына жағдайларға байланысты:
- Қазақстан Республикасының Дүние жүзілік сауда ұйымына кіруне байланысты саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімді орындау қажеттігіне.
- Мемлекеттік стандарттау жұмыстарын тек қана мемлекеттік бюджеттен ғана емес басқа да бюджеттен тыс қаржы көздерінен (шаруашылық субъектілерінің қаржысынан) қаржыландыру т.б.
Алдағы уақытта мына мәселелерді шешу қажет:
- Стандарттау жұмыстарын басты бағыттарда қарқынды дамыту
(4 — сурет)
Басты бағыттар ретінде саналады:
- экология және қауіпсіздік (бірінші кезекте балалар тағамдарын, адамдарға токсикологиялық әсер ету мүмкіндігі зор тамақ өнімдерін, аса қауіпті техника түрлерін стандарттау мәселелері шешілуі қажет);
- ақпараттық технологиялар;
- ресурстарды үнемдеу;
- тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында өнім сапасын нормативті құжаттармен қамтамасыз етуді жетілдіру
- бухгалтерлік есеп пен банк жұмыстарын стандарттау
- мүліктерді бағалау қызметін стандарттау.
- Стандарттау саласында техникалық заңдылықтарды қалыптастыру.
Техникалық заңдылықтарды (техникалық регламенттерді) дамыту мына бағыттарда жүргізілуі тиісті:
- нақтылы өнім топтары мен түрлеріне немесе іс-қимылдарға стандарттау, метрологиялық жабдықтау және сертификаттау жұмыстарын жүргізу ерекшеліктерін айқындап беретін заңдылық актілерін жасау;
- заңдылық актілеріне – заңдарды, ҚР Үкіметінің қаулыларын ж.б. (ДСҰ қолданылатын технкикалық регламенттердегідей), яғни нақтылы талаптарды (нормативтерді) енгізу.
- Қазақстан Республикасының Дүние жүзілік сауда ұйымына мүше болуы үшін қажетті жағдайларды орындау. Бұл үшін стандарттау саласында жасалуға тиісті:
- отандық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру;
- ДСҰ мүше мемлекеттерімен тығыз ақпараттық байланыс орнату.
- Қолданыстағы мемлекеттік стандарттар қорын жаңарту.
Мемлекеттік стандарттар қоры ескіріп отырады. Мысалы, Ресейде 60% астам мемлекеттік стандарттар (олардың көбі біздің елде де қолданыста) 1986 ж. дейін қабылданған. Оңтайлы жаңарту деңгейі шамамен 10 -12% (ЕО, АҚШ, Жапония) болуы керек.
5)Еркін стандарттардың рөлін арттыру.
Ұсыныс түріндегі талаптарға негізделген еркін стандарттар өнімнің (қызметтің) бәсекелесу мүмкіндігін көтеру үшін қолайлы. Елімізде еркін стандарттарға жаппай өту (шетел тәжірибелеріне сәйке) біртіндеп жүргізілуі керек. Өйткені ол үшін: өнімнің қауіпсіздігін және сапасын заңдылық негізде реттеу көлемін кеңейту қажет, шаруашылық субъектілерінің келісім – шарттарында, басқа да коммерциялық құжаттарында стандарттарға сілтемелер кеңінен қолданылуы керек.
- Жаңа стандарттарды дайындауды қаржыландыру үшін бұл жұмысқа шаруашылық субъектілерін және шетел инвесторларын кеңінен қатыстыру қажет.
|
4-сурет. Стандарттау жұмыстарының басты бағыттары
|
II-бөлім. Сертификаттау негіздері.
- Сәйкестікті растау және сертификаттау саласындағы негізгі түсініктер.
Сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.
Сертификаттау сәйкестікті бағалау бағытындағы іс-әрекеттің бірі болғандықтан бұл салаға сәйкес келетін терминдер мен анықтамалар бар.
Сәйкестікті бағалау – өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады. Сәйкестікті бағалауға үш жақ қатысады. Қатысушы жақтар дайындаушының (бірінші жақ) сатып алушылардың (екінші жақ) мүддесін қорғайды. Үшінші жақ – алғашқы екі жаққа да тәуелді емес тұлға немесе орган.
Сәйкесті растау – нәтижесі объектінің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рәсімі.
Сәйкестікті растау нысаны – нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы.
Сәйкестікті растаудың екі түрі бар:
- Сәйкестікті ерікті растау – дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.
Дайындаушының (орындаушының) айналысқа шығаратын өнімнің, көрсетілетін қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат – сәйкестік туралы декларация деп аталады.
- Сәйкестікті міндетті растау – өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.
Сәйкестікті растау саласындағы құжат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация.
Сәйкестік сертификаты – өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі – сәйкестік белгісі деп аталады.
Сәйкестікті растау схемасы – объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау ж.б.) сипаттай отырып айқындау тәсілдері.
Сәйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы – аудитор –уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман.
Сынық зертханасы (орталығы) – өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынақ жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдар зертханасы.
- Сертификаттаудың қысқаша тарихы
Сертификаттау – латыннан аударғанда «дұрыс жасалған» деген ұғымды білдіреді.
Сертификаттау деген ұғымның күнделікті және коммерциялық тәжірибеде қолданылып жүргеніне көп уақыт болмаса да ол ұғым ретінде XIX ғ. белгілі. Мысалы, Ф. А. Бронгауз және И. А. Ефронның 1900 ж. шыққан энциклопедиялық сөздігінде сертификаттаудың бірнеше анықтамалары келтірілген. Соның бірінде сертификаттау – ол куәләндіру делінген.
Тауар өндірушілер ертеде өздері шығарған бұйымның сапасына кепілдік бергені туралы, және ол кепілдіктер жазбаша түрінде, яғни «сәйкестік мәлімдемесі» түрінде берілгені туралы деректер кездеседі. Мұндай мәлімдемелер көптеген жағдайларды қамтыған және солардың ішінде бейнелеу өнері де бар. Қайта құру дәуірінде өмір сүрген суретшілер өз туындылары 300 жыл сақталады деп кепілдік берген. Мұндай кепілдіктер көп жағдайда шындыққа ұласқан.
Келтірілген мысалдарды бірінші жақтардың кепілдігі деп қарастыруға болады.
Метрологияда сертификаттау приборларды тексеру және таңба қою шаралары түрінде белгілі болған. Қойылған таңбалар прибордың құрылымдық және метрологиялық сипаттамалары сертификаттау талаптарына сәйкес дегенді білдірген. Метрологиялық тәжірибеде сертификаттау деген ұғым 100 жылдан астам қолданылады. Осы уақыт аралығында Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросының тұрғысынан атқарылған жұмыстарды үшінші жақ жүргізіп отырған сертификаттау деп есептеуге болады.
КСРО кезінде отандық экспортқа шығарылатын өнім түрлері сертификатталған. Алғашқыда олар шетелдегі орталықтарда жүргізілген. Сондықтан сертификаттаудың міндеттілігі отандық емес сол тауар апарылатын елдердің заңдарымен белгіленетін.
1984 ж. КСРО Үкіметі экспортқа шығарылатын өнімді сертификаттау жөнінде Қаулы қабылдады.
1986 ж. елде машина жасау саласының өнімдерін сертификаттау туралы Уақытша тәртіп енгізілді.
Өзара экономикалық ынтымақтастық Кеңесіне енген елдер 1988 ж. сапаны бағалау жүйесін және өзара алмасатын өнімдерді сертификаттау туралы Конвенцияға қол қойды (СЕРПО СЭВ). Бұл конвенция бойынша (сертификаттауды) өзара экономикалық ынтымақтастық кеңесінің стандарттарын және басқа халықаралық нормаларды, жақсы деп танылған ұлттық стандарттарды қолдана отырып жүргізу көзделді. Бұл жүйе іс жүзінде сынау зертханаларын халықаралық аккредиттеуді және халықаралық аттестаттауды енгізді. 1991 ж. дейін 14 сынақ орталықтары құрылып бірнеше өндіріс мекемелері аттестаттаудан өтті.
Айта кететін жағдай – КСРО –да өнім сапасының талапқа сәйкестігін бағалау шетелдерден өзгеше жүргізілді: сапа категориялары бойынша аттестаттау, өнімді мемлекеттік қабылдап алу, мемлекеттік сынақтар, стандарттарды мемлекеттік қадағалау. КСРО ыдырағаннан кейін өнім сапасының талапқа сәйкестігін бағалаудың бұл әдістері ресми түрде жойылды. Қазақстан Республикасында сертификаттау 1991 ж. қабылданған «тұтынушылардың құқығын қорғау» туралы заңға сәйкес жүргізуіне бастады. Заң халық тұтынатын тауарлардың қауіпсіздігін міндетті түрде сертификаттауды енгізді.
- Сәйкестікті жүзеге асыру шаралары.
3.1. Сәйкестікті растаудың негізгі мақсаттары мен принциптері.
Сәйкесті растау мынандай мақсаттарға жетуге бағытталған:
- өнімнің және оның өмірлік циклінің процестерінің, көрсетілетін қызметтің (немесе басқа да объектілердің) техникалық регламенттерге, стандарттарға, кесісім шарттарға сәйкестігін растау.
- өнімнің, көрсетілетін қызметтің еліміздегі және (немесе) халықаралық рыноктарда бәсекелестігін арттыру.
- сатып алушыларға өнімді, көрсетілетін қызметті сенімді түрде таңдауға көмектесу.
- тауардың елімізде еркін айналуына және халықаралық сауда айналымына кіруіне жағдай жасау.
Сәйкестікті растау принциптері.
Сәйкестікті растауды жүргізгенде мына принциптерді басшылыққа алу керек:
- сәйкестікті растауды жүргізу тәртібі жөніндегі ақпараттарға мүдделі тұлғалар қол жеткізе алатын болуы.
- техникалық регламенттерде объектілерде, қарастырылып отырған өнім түрлеріне қатысты сәйкестікті міндетті растау түрлерінің тізімі мен схемасын белгілеуді.
- сәйкестікті міндетті растау жұмысын оны жүргізу мерзімін және өтінушінің шығынын азайтуға бағыттауды.
- сәйкестікті растауды ерікті түрде жүргізуге мәжбүрлеуге тыйым салуды.
- сәйкестікті растаудың міндетті түрін ерікті сертификаттаумен алмастыруға тыйым салуды.
- өтініш берушінің мүліктік мүддесін қорғауды, сәйкестікті растау кезінде алынған деректер жөнінде коммерциялық құпияны сақтауды.
- техникалық регламенттерде талаптар қойылмаған объектілерге сәйкестікті растаудың міндетті түрін қолдануға тыйым салуды.
- сәйкестік белгісімен белгіленген өнімнің сәйкестік презумпциясын болжамалы сәйкессіздікті тексеру мекемелері дәлелдеуі керек.
3.2. Міндетті және ерікті сертификаттау.
Сәйкестікті растау міндетті және ерікті түрлерде жүргізілуі мүмкін. Бұл тарауда сәйкестікті растаудың міндетті түрі – міндетті сертификаттау және сәйкестікті растаудың ерікті түрі – ерікті сертификаттау қарастырылады. Сәйкестікті декларациялау түріндегі міндетті растау кейінгі тарауларда қарастырылады.
Міндетті сертификаттау өнімнің қауіпсіздігін мемлекеттік деңгейде тексеру болып табылады. Міндетті сертификаттауда тек қана заңнамаларда көрсетілген міндетті талаптар расталады. Міндетті сертификаттаудан өткені туралы сәйкестік сертификаты мен сәйкестік белгісі Қазақстанның бүкіл аумағында қолданылады.
Ерікті сертификаттау өтінуші мен сертификаттау органының арасындағы кесісімге байланысты жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды. Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы сипаттамасы 3 кестеде келтірілген. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында міндетті сертификаттау, ал шет елдерде – ерікті сертификаттау басым.
Кемелденген нарықтық экономика жағдайында ерікті сертификаттауды қолдану саудадағы техникалық кедергілерді жою шарты ретінде қалыптасып келеді, өйткені бәсекелесу мүмкіндігін ұлғайта отырып дайындаушыға рыноктан орын алуға мүмкіндік береді. Мысалы, ерікті сертификаттау Францияда осы елдің «NF» стандарттарына сәйкестікті растайды және оның нәтижесінде өнім NF белгісіне ие болады. Мұндай белгісі жоқ өнімдерге дұрыс сұраныс жоқ. Осы себепті француз фирмаларының 75% өнімі ерікті сертификаттаудан өтеді.
Міндетті және ерікті сертификаттаудың ерекшеліктері
3 кесте
Сертифи-каттаудың түрлері
|
Негізгі жүргізу мақсаттары |
Жүргізу негізі |
Объектілер |
Сәйкестікті бағалаудың мәні |
Нормативтік негіз |
Міндетті |
Тауардың (жұмыстың, қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының заңды актілері |
Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен міндетті сертификаттауға жататын тауарлар тізбесі |
Міндетті сертификаттауды енгізген заңдарда белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау |
Тауар сапасына міндетті талаптар белгілейтін стандарттар, санитарлық нормалар, ережелер және басқа құжаттар) |
Ерікті |
Кәсіпорын өнімінің (қызметінің) бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету. Тек қана қауіпсіздік талаптарына ғана емес, сонымен қатар өндірілетін өнімнің (қызметтің) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес өнімдерді жарнамалау |
Заңды және жеке тұлғалар бастамасы негізінде өтініш берушімен сертификаттау органы арасындағы шарт |
Кез-келген объектілер |
Өтініш берушінің әртүрлі талаптарына сәйкестігін сертификаттау органымен келісе отырып бағалау |
Ерікті сертификаттау жүйесінің әр санаттағы стандарттары (ұлттық, ұйымның ), келісімшарттары |
3.3. Сертификаттауға қатысушылар.
3.3.1. Міндетті сертификаттауға қатысушылар
Өнімді дайындаушылар және қызмет көрсетушілер (бірінші жақ), сәйкестікті растауға өтініш берушілер мен сатушылар (бірінші немесе екінші жақ), үшінші жаққа жататын мекемелер – сертификаттау органдары, сынақ зертханалары (орталықтары), техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның орындаушылары сертификаттаудың қатысушылары болып табылады. Негізгі қатысушылар – сәйкестікті растауға өтініш берушілер, сертификаттау органдары, және сынақ зертханалары (орталықтары). Сәйкестікті растауға өтініш берушілер құқықты:
- Қолданыстағы ережелерде (келешекте техникалық регламенттерде) қарастырылып отырған өнім түрлеріне белгіленген сәйкестікті растаудың түрлері мен схемаларының ішінен лайықтысын таңдап алуға.
- Міндетті сертификаттауда өніміне сәйкес кез-келген сертификаттау органын таңдауға.
- Аккредиттеу органына сертификаттау органының немесе сынау зертханасының заңға қайшы әрекеттері туралы шағым түсіруге.
Сәйкестікті растауға өтініш берушілер міндетті:
- Өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге.
- Сәйкестігі міндетті түрде расталуға тиісті өнімді айналымға тек қана оның сәйкестігі расталғаннан кейін шығаруға.
- Ілестіріліп жіберілетін техникалық құжатта және өнімді таңбалағанда сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік декларациясы туралы деректерді көрсетуге.
- Мемлекеттік тексеру (қадағалау) органдарына және мүдделі тұлғаларға сәйкестігі расталғаны туралы құжаттарды көрсетуге.
- Егер құжаттың (сертификаттың немесе декларацияның) қолдану мерзімі бітсе, оларды пайдалану тоқтатылса немесе жойылса өнімді таратуды тоқтатуға немесе жоюға.
- Сертификатталған өнімнің техникалық құжаттарына немесе оны өндіру үшін қолданылатын технологиялық процеске өзгертулер енгізілсе, онда ол туралы сертификаттау органына хабарлауға.
- Сәйкестігін растаудан өткен, бірақта мемлекеттік тексеру органдарының өнімнің қойылған талаптарға сәйкес еместігі жөнінде қабылдаған шешімі бойынша өнім өндіруді тоқтатуға.
Сертификаттау органдары мынандай функцияларды атқарады:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сынақ жұмыстарын жүргізу тәртібі негізінде келісім бойынша сынақ зертханаларын (орталықтарын), жұмысқа тартады.
- Міндетті сертификаттау схемасында немесе келісімде көрсетілген болса сертификаттау объектілеріне тексеру жүргізеді.
- Өздері берген сәйкестік сертификаттарын тіркеуден өткізіп отырады.
- Мемлекеттік тексеру (қадағалау) органдарын сертификаттаудан өтпей қалған өнім туралы хабардар етіп отырады.
- Өздері берген сертификатты тоқтатады немесе жояды.
- Өтініш берушіге міндетті сертификаттауды өткізудің тәртібі жөнінде ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
- Сертификаттау жұмысының бағасын белгілейді.
Сертификаттау органы сәйкестік сертификатының берілуінің дәлелділігіне және дұрыстығына, сертификаттау ережелерінің сақталуына жауапты.
Зертханалар – меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар және олардың құрылымдық бөлімшелері (фирмаларды, өкілдіктерді).
Сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізетін органдар мен зертханаларды акредиттеу мына мақсатта жүргізіледі: осы субьектілердің жете біліктілігін растау, олардың іс–әрекеттерінің нәтижелерін тану үшін жағдай жасау.
Акредиттеу жөніндегі орган – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және акредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Сәйкестікті растау жөніндегі акредиттелген органдарға және (немесе) сәйкестікті растау саласындағы жұмысты жүзеге асыратын зертханаларға техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін бекітіліп берілген обьектілердің тізбесі акредиттеу саласы деп аталады.
Акредиттеу саласында белгіленген талаптарға сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат–ол акредиттеу аттестаты.
Зертханалар сәйкестікті растау жөніндегі органдармен немесе басқа өтініш берушілермен жасалған шарт жағдайларында:
- Өзінің аккредиттеу саласы шегінде сәйкестікті міндетті немесе ерікті растау мақсатында объектілерге сынақ жүргізеді.
- Сынақ нәтижелерінің дәйектілігін қамтамасыз етеді.
- Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерін рәсімдейді және береді.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.
Зертханалар объектілердің сәйкестігін растау кезінде оларға сынақтың дәйектемесіз нәтижелерін ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Егер сертификаттау органы сынақ зертханасы ретінде аккредиттелсе, онда ол сертификаттау орталығы деп аталады.
Сертификаттау органдарының аккредиттелген сынақ зертханаларына өтініш беруші туралы деректерді беруіне тыйым салынады.
3.3.2. Ерікті сертификаттауды ұйымдастыру және оған қатысушылар
Өнімді өндірушілерге тәуелсіз, өзінің құрылымында мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген талаптарға жауап беретін сынақ зертханалалары (орталықтары) бар барлық меншік нысандағы заңды тұлғалар ерікті сертификаттау жөніндегі органдар бола алады. Бұл органдар сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен тіркелуге тиіс.
Ерікті сертификаттау жөніндегі орган:
- Өнімді сертификаттайды, сертификат береді, өтінушімен жасалған келісім негізінде оған сәйкестік белгісін қолдануға құқық береді.
- Берілген сертификатты қолдануды тоқтатады немесе оның күшін жояды.
Ерікті сертификаттау жүйесін құрған заңды тұлға осы сертификаттау жүйесінде жұмысты жүргізу ережесін, ақы төлеу тәртібін бекітеді және жұмысқа қатысушыларды белгілейді.
3.4 Сертификаттау ережелері.
- Сертификаттау органы ретінде меншік нысанына қарамастан дайындаушылардан (орындаушылардан), берушілер мен тұтынушылардан, мемлекеттік органдардан тәуелсіз, штатында сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлары және (немесе) бекітіліп берілетін қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар бола алады.
Сынақ зертханалары ретінде меншік нысанына қарамастан, белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар және олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері) бола алады.
- Сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларын аккредиттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар-акредиттеу жөніндегі органдары жүргізеді.
- Егер аккредиттеу жүйесінде бір өнім түріне (көрсетілетін қызметке) бірнеше сертификаттау органы сәйкес келсе, онда олардың арасынан өзіне лайықтысын өтінушінің өзі таңдайды.
- Отандық және шет елдерде әкелінген өнімдерді сертификаттау бірдей ережелермен рәсімдер бойынша жүргізіледі.
- Сәйкесттікті міндетті расстау жүйесінде сертификаттар мен аккредиттеу аттестаттары бір тізілімде тіркеуден өткеннен кейін ғана күшіне енеді.
- Сәйкесттікті расстау жүйесінде біркелкі өнімдер мен көрсетілетін қызметтер топтарын сертификаттау белгіленген сертификаттау схемалары бойынша жүргізіледі.
3.5. Өнімді сертификаттау тәртібі.
3.5.1. Сертификаттау схемасы.
Сертификаттау схемасы – өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде ресми қабылданған іс-қимылдардың жиынтығы ( 4 — кесте)
Өнімді сертификаттау схемалары
4 кесте
Схема номері |
Тіркеуден өткен сынақ зертханаларында сынау және сәйкестікті дәлелдеудің басқа да түрлері |
Өндірісті (сапа жүйесін) тексеру |
Сертификатталған өнімнің (сапа жүйесінің, өндірістің белгіленген талаптарға сәйкестігіне инспекциялық бақылау жасау) |
Сертификатты қолдану мерзімі (аспауы керек) |
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Типтік өкіл ретіндегі үлгілерді сынау (типтік сынау) |
|
— |
6 ай |
Таңбалау жүргізілмейді |
1а |
Типтік сынау |
Өндіріс жағдайын талдау |
|
|
|
2 |
Типтік сынау |
Өндіріс жағдайын талдау |
Сатушыдан алынған үлгілерді сынау |
12 ай |
Барлық шығарылатын өнім таңбаланады |
2а |
Типтік сынау |
Өндіріс жағдайын талдау |
Сатушыдан алынған үлгілерді сынау, өндіріс жағдайын талдау |
|
|
3 |
Типтік сынау |
|
Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау |
12 ай |
Барлық шығарылатын өнім таңбаланады |
3а |
Типтік сынау |
Өндіріс жағдайын талдау |
Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау, өндіріс жағдайын талдау |
|
|
4 |
Типтік сынау |
|
Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау |
18 ай |
Барлық шығарылатын өнім таңбаланады |
4а |
Типтік сынау |
Өндіріс жағдайын талдау |
Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау, өндіріс жағдайын талдау |
|
|
5 |
Типтік сынау |
Өндірісті сертификаттау немесе сапа жүйесін сертификаттау |
Сертификатталған сапа жүйесін (өндірісті) тексеру |
36 ай |
Барлық шығарылатын өнім таңбаланады |
6 |
Типтік сынау өтінім декларациясын қарастыру |
сапа жүйесін сертификаттау |
сапа жүйесін тексеру |
36 ай |
Таңбалау жүргізілмейді |
7 |
Партияны сынау |
|
|
Партияны тарату мерзімі |
Таңбалау жүргізілмейді |
8 |
Әрбір үлгіні сынау |
|
— |
тағайындалмайды |
Әрбір бұйым таңбаланады |
9 |
Өтінім декларациясын қарастыру |
|
|
Өнімнің жарамдылық мерзімі. 12 айдан аспау керек |
|
9а |
Өтінім декларациясын қарастыру |
Өндіріс жағдайын талдау |
|
|
|
10 |
Өтінім декларациясын қарастыру |
Өндіріс жағдайын талдау |
|
12 ай |
Таңбалау жүргізілмейді |
10а |
Өтінім декларациясын қарастыру |
Өндіріс жағдайын талдау |
Дайындаушыдан және сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндіріс жағдайын талдау |
|
|
1 – 8 схемалары толығымен ИСО/МЭК ұсыныстарына және халықаралық тәжірибеде қабылданған сертификаттау ережелеріне сәйкес.
Ресейдің сертификаттау ережелерінде үстеме схемалар 1а, 2а, 3а, 4а және дайындаушының декларациясына негізделген 9 және 10 схемалар қолданылады.
Кестеде көрсетілгендей мынандай дәлелдеу әдістері қолданылады: 1) сынау, 2) өндірісті тексеру, 3) инспекциялық тексеру, 4) сәйкестік туралы декларациясын (бірге ұсынылған құжаттармен) қарастыру
Бір немесе бірнеше дәлелдеу тәсілдері белгілі номерлі схеманың мазмұнын анықтайды.
Жекелеген схемаларды қарастырардың алдында дәлелдеу әдістеріне тоқталып кетейік.
1 – 5 схемаларда типтік өкіл ретінде бір немесе бірнеше үлгілерді сынау (типтік сынау) жүргізіледі. 7 – схемадағы бақылау – ол партия сапасын тексеру. Тексеру үшін статистикалық тексеру әдісіне сәйкес партиядан сынау үшін алынатын іріктеу қолданылады. 8 – схемада әрбір өнім тексеріледі.
Сонымен сынау қатаңдығы, яғни сынаудың сенімділігі мен бағасы 1-7-8 бағытында арта береді.
Дәлелдеудің екінші әдісі – ол өндірісті тексеру. Бұл әдіс сапаны дұрыс бағалау үшін тек қана сынақ жеткіліксіз болып өнім сапасының біркелкілігін бағалау үшін технологиялық процесті талдау қажет болған жағдайда қолданылады. Тез бұзылатын өнімдер өндірісін бағалау үшін бұл дәлелдеу әдісі (6 схема) негізгі болып табылады. Өйткені өнімнің сақталу мерзімі оның сынақ зертханасында сынауды ұйымдастыру және өткізу мерзімінен кем.
Өндірісті тексеру әртүрлі қатаңдық деңгейінде жүргізіледі. Өндірісті тексеру қатаңдығының ең жоғарғы деңгейі, яғни сапа біркелкілігінің жоғары сенімділік деңгейі сапа жүйесін сертификаттауға сәйкес.
Инспекциялық тексеру бірнеше схемаларда көзделген. Ол сертификат берілгеннен кейін жүргізіледі. Ол үлгілерді сынау түрінде (2, 2а, 3а, 4, 4а схемалар) немесе сертификатталған сапа жүйесін бақылау түрінде жүргізіледі.
Өтінім – декларацияны қарастыру – бұл бірінші жақ дайындаушы ұсынатын дәлелдеу әдісі. Әдіс Еуропалық Одақтың сертификаттау тәжірибесінен алынып соңғы кезде енгізілген. Әдісті сертификат пен қатар қолданылатын сәйкестік туралы декларация деп түсінбеу керек. Бұл әдісте мекеме бастығы сертификаттау органына өтінім – декларациясын ұсынады. Өтініммен қоса сынақ хаттамасы және өндірісте өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру жөнінде ақпараттар ұсынылады. Әдіс шетел дайындаушысының өнімін және отандық жекелеген өндірушілердің (мысалы фермерлердің) өнімдерін, шағын мекемелердің өнімдерін т.б. сертификаттағанда қолданылады.
Схема таңдауда басты белгі – ол өнім ерекшелігі. Сертификаттау схемаларын біркелкі өнімді сертификаттау жүйесінде (ережелерінде) белгілейді. Нақтылы схеманы сертификаттау органы немесе өтінуші белгілейді.
Жекелеген схемаларды қолдану жағдайы туралы мыналарды айтуға болады.
1-6 және 9а – 10а схемалары сериялы мөлшерде шығарылатын өнімдерді сертификаттауда қолданылады, 7, 8, 9 схемалар – өндірілген партияны және жекелеген бұйымдарды сертификаттағанда қолданылады, 1 – схеманы шекті мөлшерлі өнімді сатқанда немесе шығарғанда қолдану ұсынылады. Бұл нұсқаулар өнімді өндіру көлеміне байланысты берілген. Сонымен қатар схемалар сапаға қойылатын талаптарға байланысты да ұсынылады. Мысалы 1а, 2а, 3а, 4а, 9а және 10а схемаларын (1, 2, 3, 4, 9 және 10 схемаларының орнына) сертификаттау органының өнімді дайындаушының сынауларымен дәлелденген өнім көрсеткіштерін біркелкілендіру мүмкіндіктері туралы ақпараттар болмаған жағдайларда қолдану ұсынылады. 5-схема ең қатал схема, өйткені ол шығарылатын өнім көрсеткіштерінің біркелкілігіне жоғары талаптар қойылған жағдайда (экспортқа шығарылатын өнімдер) қолданылады.
3а, 4а және 5-схемалары өнімнің мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкестігін ерікті сертификаттау жүргізгенде қолданылады.
Ресейде 9-10а схемаларын енгізу арқылы елдің сертификаттау жүйесі еуропалық жүйеге жақындай түсті.
Егер сертификаттаудан тыс құжаттар өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін тікелей немесе жанама түрде дәлелдейтін болса, онда сертификаттау органы дайындаушыға осы құжаттар мен сәйкестік туралы декларациясы негізінде сертификат бере алады.
Жоғарыда келтірілгендей сертификаттау схемасында өтінуші сертификаттау шеңберінен тыс сәйкестікті дәлелдейтін құжаттарды қолдануы мүмкін. Олар сертификаттау кезінде тексеру көлемін қысқарту үшін негіз бола алады. Сертификатталатын өнімнің түріне байланысты мынандай үстеме құжаттар қолданылуы мүмкін:
- Санитарлық — эпидемиологиялық қорытынды
- Агрохимиялық қызмет көрсететін орындары берген жер учаскесінің төлқұжаты немесе сапа сертификаты
- Мал дәрігерінің куәлігі
- Бұйымдарды, материалдарды, ыдыстарды орау материалдарын дайындаушысының сертификаты (сәйкестік туралы декларациясы)
Дайындаушының сапа жүйесіне сертификаты болса оған нақтылы өнімге сәйкестік туралы декларациясын ұсынса да болады. (6 — схема)
3.5.2 Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі
Өнімді сертификаттау мынандай негізгі жүйеде жүргізіледі:
- Сертификаттау органына сертификаттау жөнінде өтінім беру;
- Өтінімді қарастырып ол жөніндегі шешімді өтінушіге жіберу;
- Өтінуші мен сертификаттау органы өнімді сертификаттау жұмысын жүргізу жөнінде шарт жасайды;
- Өнімнің үлгілерін іріктеу, ұқсастыру және сынаудан өткізу;
- Өндірісті тексеру (егер сертификаттау схемасында көзделген болса);
- Жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін талдау, сертификат беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;
- Сертификат беру және оны сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі тізіліміне тіркеу;
- Сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау;
- Сертификатталған өнімді оның қабылданған схемасы бойынша инспекциялық тексеру.
Кейбір схемалар бойынша сертификаттағанда келтірілген жүйедегі жұмыстадың барлығы бірдей қолданылмауы да мүмкін.
Әрбір жұмыс реттерінің мағынасына толық тоқталайық.
- Сертификаттауды жүргізу үшін өтінуші сертификаттау органына өтінім жолдайды. Бірнеше сертификаттау органы болған жағдайда өтінуші оның қайсысына болса да өтінімін жолдай алады. Өтінуші ретінде өнімін сертификаттауға ұсынып отырған, сертификаттау жүйесінің ережелерін мойындайтын және оны жүргізу шығынын өтеуге міндеттеме ала алатын заңды тұлға (немесе жеке кәсіпкерлер) болуы мүмкін.
Міндетті сертификаттауды сәйкестік туралы декларациясы қолданылатын схемалар бойынша жүргізгенде өтінуші сертификаттау органына өтініммен қоса сәйкестік туралы декларациясын да ұсынады.
- Сертификаттау органы өтінімді қарастырып 2 апта ішінде өтінушіге шешімін айтады. Шешімде сертификаттаудың барлық негізгі жағдайлары келтіріледі: сертификаттау схемасы (егер өтінуші оны өзі ұсынбаса) қажетті құжаттардың тізімі, тіркеуден өткен сынау зертханаларының тізімі, өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттауды жүзеге асыратын сертификаттау органдары (егер бұл сертификаттау схемасында көрсетілсе). Нақтылы сынау зертханасын, сапа жүйесін (өндірісті) сертификаттай алатын сертификаттау органын өтінуші өзі таңдайды.
Өтінуші сертификаттауды өткізу жағдайымен келіскен болса сертификаттау органына бекітілген шартты және белгіленген төлем құжатын жібереді.
- Өтінімде көрсетілген өнімнің үлгілерін іріктеуді көп жағдайда сынау зертханалары жүргізеді. Сынау өтінуші өндіретін өніммен конструкциясы, құрамы, дайындау технологиясы бірдей үлгілерге жүргізіледі. Іріктеп алынатын үлгілердің саны (іріктеу көлемі), оларды іріктеу методикасы, сәйкестендіру және сақтау нормативтік құжаттардың (сертификаттау органының құжаттарының) талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Сәйкестендіру өнімнің нақтылығын, яғни оның атауына, таңбасында көрсетілген партия номеріне сәйкестігін анықтайды.
Сынау өнімді сертификаттауда қолданылатын нормативтік құжаттарда көрсетілген сынау жұмыстарын жүргізуге сәйкес тіркелген сынақ зертханасында жүргізіледі. Сынау хаттамасы өтінушіге және сертификаттау органына беріледі. Сынау хаттамаларының көшірмесі және сынаудан өткен үлгілер сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады. Сынау нәтижесі бір көрсеткіш бойынша болса да талаптарға сәйкес болмаса, онда сертификаттау мақсатындағы сынаулар тоқтатылады және бұл жөнінде өтінушіге және аймақтық органдарға хабарланады.
- Сертификаттау схемасына сәйкес өндіріс жағдайын талдау (2а, 4а, 9а, 10а схемалары), өндірісті және сапа жүйесін сертификаттау (5 және 6 схемалары) жүргізілуі мүмкін.
- Сертификаттау органы сынау хаттамасын талдағаннан және өндірісті тексергеннен кейін өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды. Нәтижелер оң болса сертификаттау органы сертификат толтырып оны тіркеуден өткізеді. Сертификат тіркеу номері болғанда ғана жарамды болып есептеледі.
Міндетті сертификаттауда сертификат өнім барлық нормативтік құжаттардың талаптарына толығымен сәйкес болғанда ғана беріледі. Сәйкестік сертификатының құрамында міндетті түрде өрт қауіпсіздігі жөніндегі сертификат болуы тиіс.
Сертификатты қолдану мерзімін сертификаттау органы сертификаттау схемасына, өнімнің өзінің және оны өндіру ерекшеліктеріне, өнімге қатысты нормативтік құжаттардың қолдану мерзіміне, өндірісті және сапа жүйесін сертификаттау мерзіміне сәйкес тағайындайды, бірақта бұл мерзім үш жылдан аспауға тиіс.
Егер сертификаттауға негіз болған нормативтік құжаттардағы нормалардың қатаңдығы жоғарыласа, онда осы өзгеріс енгізілгеннен бастап сертификатты қолдану мүмкіндігі жойылады.
Өнімді сертификаттау халықаралық жүйе немесе келісім аумағында жүргізілсе, онда сертификат пен сәйкестік белгісінің түрлері, беру тәртібі, қолдану мерзімі осы жүйенің немесе келісімнің ережелерін ескере отырып тағайындалады.
- Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауды айқын бейнелеуді, сыртқы әсерлерге төзімділікті, өнімнің жарамдылық мерзімінде өзгермеу қабілетін қамтамасыз ететін әдістермен дайындаушы (сатушы) жүзеге асырады. Таңбалау әдісі мен орнын, олар сертификаттау тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттарда анықталмаған жағдайда, сертификаттау органы өтінушімен бірлесе отырып СТРК 3.1 талабына сай белгілейді.
- Сертификаттау схемасында сертификатталған өнімді инспекциялық тексеру қарастырылса, онда оны сертификат берген орган жүзеге асырады. Инспекциялық тексеру сертификат пен өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын қолдану мерзімінде әр жылда кем дегенде бір рет мерзімді немесе жоспардан тыс тексеру түрінде жүргізіледі. Жоспардан тыс тексеріс сертификатталған өнім сапасына байланысты шағым-арыз түскенде жүргізіледі.
Инспекциялық тексерудің мақсаты – таратылып жатқан өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау. Инспекциялық тексеру нәтижесі актілер түрінде толтырылады. Тексеру нәтижесінде өнімнің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес еместігі анықталса сертификаттау органы сертификатты тоқтатуы немесе қолданыстан шығаруы және сәйкестік белгісін қолдану құқығына берілген лицензияны жоюы мүмкін.
3.5.3. Міндетті сертификаттауға жататын өнімді шет елдерден әкелу шарттары.
Тұтынушылардың қауіпсіздік құқығы тек қана отандық емес, сонымен қатар шет елдерден әкелінетін өнімдерді де міндетті сертификаттау арқылы қамтамасыз етіледі. Өйткені еліміздің ішкі рыногында шет елдерден әкелінген өнімдерді көптеп кездестіруге болады. Кейбір өнімдердің 40 – 60% және одан да жоғарғы бөлігі шет елдерден әкелінеді.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімді шет елдерден әкелу үшін жасалатын келісімдерде (шарттарда) олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін дәлелдейтін сертификаттары (декларациялары) мен сәйкестік белгісінің болуы көрсетілуі керек.
Сертификаттар (декларациялар) және олардың танылуы туралы куәліктер кедендік декларациясымен қоса кедендік рәсімдеуді іске асыратын органдарға ұсынылады және олар өнімдерді Қазақстанға жіберуге рұқсат беру үшін қажетті құжаттар болып табылады.
Шет елдерден әкелінетін кейбір өнімдер түрінің қауіпсіздіктің ерекше талаптарына – гигиеналық, ветеринарлық ж.б. сәйкестігін дәлелдеу талап етіледі.
Тез бұзылатын өнімдердің (ет, ет өнімдері, балық, балық өнімдері, сүт, сүт өнімдері ж.б), яғни тасып әкелінуі мен сақталуы айрықша климаттық жағдайларды (температураны, ылғалдылықты, қысымды ж.б) қажет ететін өнімдер кедендік рәсімдеуге және сертификаттауға кезектен тыс жіберіледі.
Қазақстанға тасып әкелінетін тауарлардың қауіпсіздігін дәлелдеу үшін оларға мына түрде кедендік бақылау жүргізіледі:
- Сертификаттық сынақ өткізу арқылы
- Шет елдің сертификатын растау арқылы
Шет елдердің сертификатын растау құқығы уәкілетті мемлекеттік органның өңірлік ұйымдарына беріледі.
Егер шет елдермен сертификаттау нәтижелерін өзара тану туралы келісім болса және ол елдерден тасып әкелінген тауарларға сол елдің сертификаты болса, онда олар біздің елде қайтадан расталмайды.
Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарларды сертификаттау оларды біздің елге алып келгенге дейін өткізілуі керек. Егер сынаушылар шет елдердің Қазақстан Республикасының аккредиттеу жөніндегі органында аккредиттеліп тіркеуден өткізілген мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізіміне тіркелген зертханаларда өткізілген болса, онда олар берген сынақ хаттамалары біздің елдің сертификатын алуға негіз болады.
Зертханаларды аккредиттеу үшін олар:
- Қазақстан Республикасы кіретін халықаралық сертификаттау жүйесінде болуы қажет.
- Шет елдің ұлттық жүйесіне кіруі қажет (Қазақстанның сол шет елдің ұлттық органымен өзара келісімі болса)
- Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйесіне кіргізілген болса.
- Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық келісімге кіретін елдердің сертификаттау жүйесіне кіретін болса.
Егер сәйкестік сертификаты оны берген елде жасалынбаған өнімге берілетін болса, онда мұндай сертификаттар танылмайды да, өнім түгелімен қауіпсіздік сынағынан өтуі керек болады.
Сертификаттау органы сертификатты бергенге дейін қажет болғанда өнімнің нормативтік құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес екенін дәлелдеу үшін, оның барлық көлемі бойынша немесе кейбір көрсеткіштері бойынша қайта сынақ жүргізуі мүмкін.
Егер өнімді сертификаттау жөніндегі орган шетел сертификатын танымау туралы шешім қабылдаса, онда ол бұл жөнінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы мен оның өңірлік органдарын бас тартудың себептерін көрсете отырып, хабардар етуі керек.
Сертификаттауға қажетті сынаулар кезінде қауіпсіздігі дәлелденбеген шет елдік тауарларды кедендік органдар өткізбейді. Бұл жағдайда мына екі шешімнің бірі қолданылады: шетел тауары жөнелтушіге қайтарылады немесе тауар кеден тәртібі бойынша жойылады.
3.5.4. Азық-түлік тауарларын сертификаттау
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы халықтың денсаулығын сақтаудың басты факторы. Адам бойындағы зиянды заттардың 70 % тағамдар арқылы, ал қалған 30% су мен ауа арқылы енеді. Осы себепті азық-түлік тауарлары міндетті сертификаттау аясына алғашқы қатарда енгізілді.
Сертификаттау жүйесінде тамақ өнімдері 15 біркслкі онім топтарына болінеді. Сертификаттау жүйесінің нормативтік негізін заң актілері, мемлекеттік стандарттар, санитарлық нормалар мен ережелер құрайды. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі деп оның құрамындағы химиялық, биологиялық және табиғи текті ластардың белгіленген деңгейден аспауын айтады.
Қауіпсіздік көрсеткіштерінің тізімі көптеген өнім топтары мен түрлеріне қатысты жалпы көрсеткіштер (улы элементтердің пестицидтардың, радионуклидтердің, микотоксиндердің мөлшері) және тамақ өнімдерінің ерекшеліктеріне сәйкес көрсеткіштер (антибиотиктер, гормондық препараттар, нитраттар, метил спирті т.б.) болып бөлінеді.
Ережелер бойынша сәйкестік сертификаты кейбір органдардың рұқсаты болған жағдайда ғана беріледі: азық-түлік шикізаттары, тағам өнімдері, тағам қоспалары т.б. бойынша Мемсанэпидқадағалау мекемесінің санитарлық қорытындысы болса, мал шаруашылығы өнімдері мен шикізаттары бойынша мал дәрігерлерінің сертификаты (куәліктері) болса, өсімдік өнімдері мен шикізаттары (жаңадан өндірілген жеміс пен көкөніс, астық, жарма, ұн т.б) — жер паспорты немесе жер бөлімдерінің сапа сертификаты болса.
Сертификаттау кезінде үлгілерді ұқсастандыру маңызды мәселе болып табылады. Кейбір өнім топтарының (ет, ет өнімдері, өсімдік майлары) үлгілерін ұқсастандыру үшін олардың түр-түріне сәйкес көрсеткіштер белгіленген. Бірақта жиі бұрмаланатын көптеген тамақ өнімдерінің топтарына (азық конценраттары, шай, кофе, сүт, сүт өнімдері, балық, шырын, сусын, арақ-шарап) ұқсастандыру көрсеткіштері анықталмаған. Осыған байланысты келтірілген тауар топтарына көрсеткіштер тағайындау күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі.
Сертификаттау схемасын таңдап алуда басты көрсеткіш — ол өнім мен шикізаттың сақталуы. Жарамдылық мерзіміне байланысты оларды екі топқа бөледі:
— тез бұзылатын — жарамдылық мерзімі 30 тәулікке дейін.
— ұзақ мезгіл сақтауға болатын — кепілді сақталу мерзімі 30 тәуліктен астам.
Тамақ өнімдерін сертификаттауда көптеген проблемалар шешімін таппай отыр. Олардың бірі — сертификаттау тек қана дайын өнімді қамтиды, ал сапасыз шикізаттан қауіпсіздік талаптарына сәйкес өнім алу мүмкін емес.
3.6. Қызмет көрсетуді сертификаттау.
3.6.1. Қызмет көрсетуде ерікті сертификаттау жүйесін қолдану ережелері:
Қызмет көрсету тек қана ерікті сертификаттаудан өтеді. Қызмет көрсетуді сертификаттауды берушінің өтініші бойынша олардың өздері қабылдаған құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында аккредиттелген сертификаттау органы жүргізеді.
Аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыретті және құқылы екенін ресми танитын рәсім.
Көрсетілетін қызметті сертификаттау негізінде өнімді сертификаттауға ұқсас және ол мына ретте жүргізіледі:
1) Сертификаттау жөнінде өтініш беріледі.
2) Өтініш қарастырылып ол жөнінде шешім қабылданады.
3) Сертификаттау схемасы таңдап алынады.
4) Көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігі бағаланады.
5) Сертификат беру мүмкіндігі жөнінде шешім шығарылады.
6) Сертификат беріледі.
7) Сертификатталған қызметті инспекциялық тексеру жүргізіледі.
Инспекциялық тексеру – аккредиттеу жөніндегі орган сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және зертханалардың аккредиттеу шарттарының сақталуын тексеру үшін жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті сертификаттауда қолданылатын схемалар 5 – кестеде келтірілген.
1 – схема қызметтің сапасы мен қауіпсіздігі атқарушының (мысалы, экскурсия жетекшісінің, оқытушының, шаштараздың, массажистің т.б) шеберлігіне байланысты болғанда қолданылады. Шеберлікті бағалағанда және бақылағанда қызметке ерекше стандарт түрі – қызмет көрсетушілерге қойылған талаптар қолданылады.
2 – схемада қызмет көрсету процестерін мына белгілерге сүйене отырып бағалайды:
- процеске талаптар тағайындайтын құжаттардың (нормативтік және техникалық құжаттардың) түгел болуына және дер кезінде жаңартылуына;
- қызметті көрсету процестерін метрологиялық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, ақпараттық, құқықтық ж.б қамтамасыз етуге;
- процестің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына;
- күтушілер мен жұмысшылардың іскерлігіне;
- тарататын тауарлардың қауіпсіздігіне.
3 схема өндірістік қызметті сертификаттауда қолданылады.
4 схема бойынша жұмыс пен қызметті орындаушы мекеменің (кәсіпорынның) мемлекеттік стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды. Бағалау жұмысты орындау және қызметті көрсету процестерін 2 – схемада көрсетілген белгілер бойынша жүргізіліп қана қоймай, сонымен қатар қызметке қатысты стандарттардың екінші ерекше түрі – кәсіпорындарды сыныптауды қолдана отырып кәсіпорынға белгіленген санаттардың дұрыстығын да (қонақ үйдің жұлдыз санын, отельдің дәрежесін қоғамдық тамақтану мекемесінің түрін, мейрамхананың қатарын ж.б.) қамтиды.
Көрсетілетін қызметті сертификаттау схемалары
5 кесте
Схема номері |
Жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді бағалау |
Жұмыс пен қызмет нәтижелерін тексеру (сынау) |
Сертификатталған жұмыс пен қызметті инспекциялық тексеру |
1 |
Жұмыс пен қызметті атқарушының шеберлігін бағалау |
Жұмыс пен қызмет нәтижелерін тексеру (сынау) |
Жұмыс пен қызметті атқарушының шеберлігін тексеру |
2 |
Жұмысты орындау мен қызметті көрсету процестерін бағалау |
Жұмыс пен қызмет нәтижелерін тексеру (сынау) |
Жұмысты орындау мен қызметті көрсету процестерін тексеру |
3 |
Өндіріс жағдайын талдау |
Жұмыс пен қызмет нәтижелерін тексеру (сынау) |
Өндіріс жағдайын тексеру |
4 |
Мекемені (өндірісті бағалау) |
Жұмыс пен қызмет нәтижелерін тексеру (сынау) |
Белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру |
5 |
Сапа жүйесін бағалау |
Жұмыс пен қызмет нәтижелерін тексеру (сынау) |
Сапа жүйесін тексеру |
6 |
Жұмысты орындау және қызметті көрсету сапасын тексеру |
Өтінім декларациясын қарастыру (құжаттармен қоса) |
Жұмысты орындау және қызметті көрсету сапасын тексеру |
7 |
Сапа жүйесін бағалау |
Өтінім декларациясын қарастыру (құжаттармен қоса) |
Сапа жүйесін тексеру |
Бұл схема бойынша мекеменің (кәсіпорынның) материалдық – техникалық базасының, қызмет көрсету жағдайының, нормативтік құжаттардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін аттестациялайды.
4 схеманы қызмет көрсету саласындағы ірі кәсіпорындарды сертификаттау үшін қолдану ұсынылады.
5 схема өте қауіпті жұмыстар мен қызметтерді (медициналық, жолаушыларды тасымалдау т.б) сертификаттағанда ұсынылады. 5 схема (және де 7 схема) бойынша сапа жүйесін бағалауды ИСО 9000 сериялы стандарттары бойынша сапа жүйесін сертификаттайтын сарапшылар жүргізеді.
6 және 7 схемалар жұмыс пен қызметтің белгіленген талаптарына сәйкестігін дәлелдейтін өтінім – декларациясын және оған қоса ілестірілетін құжаттарды пайдалануға негізделген. Өнімді 9 және 10 схемаларымен сертификаттаудағы сияқты кәсіпорын бастығы (немесе жеке кәсіпкер) міндетті сертификаттау объектісінің белгіленген талаптарға сәйкестігін мәлімдейді.
6 схеманы өз елімізде және шет елдерде өзін сапалы жұмыс пен қызметті жүргізе алатындығын көрсете білген шағын кәсіпорындардың жұмыстары мен қызметтерін сертификаттағанда қолданады.
7 схеманы дайындаушыда сапа жүйесі бар боғанда қолданады. Жұмыс жүргізуді, қызмет көрсетуді бағалау жұмыс пен қызметті сапа жүйесінің стандарттарына сәйкестігін дәлелдеу мақсатында кәсіпорынды тексеру түрінде жүргізіледі.
Ерікті сертификаттауда 1 – 5 схемалар қолданылады, ал 6 және 7 схемалар (сәйкестік декларациясын пайдалануға негізделген) ерікті сертификаттауда қолданылмайды.
Өнімді сертификаттаудағы сияқты барлық схемаларда белгіленген талаптарға сәйкестікті дәлелдейтін сертификаттау жұмыстарынан тыс алынған үстеме құжаттар пайдалануы мүмкін. Үстеме құжаттар – әлеуметтік зерттеулер нәтижелері, эксперттік бағалау, өнімді сынау хаттамасы (қызмет көрсетудің нәтижесі ретінде), үкіметтік органдардың қорытындылары. Бұл құжаттар бағалау, тексеру, жұмыс пен қызметті инспекциялық тексеру жұмыстарын қысқартуға негіз болуы мүмкін.
Жұмыстар мен қызметтің нәтижелерін тексеруде әлеуметтік және эксперттік әдістер кеңінен қолданылады. Мысалы, дүкендерде, қоғамдық тамақтану мекемелерінде қызмет көрсету деңгейін бағалау үшін ол жөнінде тұтынушылардан сұрау жүргізіледі. Жөндеу мекемелерінде тапсырыс берушілердің аты-жөндері жазылған кітапшаның көмегімен тұтынушылардың жөндеу және қызмет көрсету сапасы жөніндегі пікірлерін білдіреді.
Егер жұмыс пен қызметтің нәтижелерін бағалау мамандардың көмегін қажет ететін болса, онда оған тәжірибелі мамандарды – сарапшыларды қатыстырады, ал бағалау жұмыстарының нәтижелерін шығару үшін эксперттік әдістер қолданылады. Мұндай жағдайларға жататындар: тамақтану мекемелерінде азық-түліктің сапасын айыру, шаштараздарда жасалынған шаштың сәнділігін бағалау, білім беру саласында сабақты өткізу сапасы және білім беру деңгейін бағалау т.б.
Жұмыс пен қызметті сертификаттау жүйесінің ерекшелігі – сертификаттау жүйесінің құрылымында (мысалы, бөлшек саудада) сынақ зертханаларының болмауы мүмкін, өйткені нәтижелерді тексеру үшін сынақ жұмыстарының қажеті жоқ. Қажет болған жағдайда сертификаттау органы бұл жұмысқа тіркеуден өткен сынау зертханаларын қатыстыруы мүмкін.
3.6.2. Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау
Қызметке қатысты қолданыстағы стандарттарда қызметтерге талаптарды топтау әдісі қолданылмайды. Оның себебі, бір жағынан, қызметтер сапасына жалпы түрдегі стандартталған көрсеткіштер атауларының жоқтығы, екінші жағынан, қызмет түрлерінің мазмұны жағынан біркелкі еместігінде.
Қоғамдық тамақтандыру қызметі мына топтарға бөлінеді:
— тамақтандыру қызметі;
— тамақ өнімдерін және тәтті тағам бұйымдарын жасау;
— тұтыну мен қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
— тамақ өнімдерін тарату қызметі;
— бос уақытты ұйымдастыру қызметі;
— ақпараттық ақыл-кеңес беру қызметі;
— басқа да қызмет түрлері.
Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау адамдардың өмірі мен денсаулығының, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заң актілерінде, мемлекетаралық стандарттарда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарында, санитарлық және құрылыс нормалары мен ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін жүргізіледі.
Қызметті сертификаттау жұмысының ақысын оның нәтижесіне қарамастан мәлімдеуші РРК50.3.01 -2000 сәйкес төлейді.
Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау тәртібі, мекемелердің түрлері мен дәрежелері ҚР.СТ 3.6-96-да белгіленген.
Қоғамдық тамақтандыру мекемелері мына түрлерге бөлінеді: мейрамхана, кафе, асхана, дәмхана, аспаздар дүкені.
Мекеме түрлерін растау кезінде мына факторлар ескеріледі:
— шығарылатын өнімнің түрі және дайындау қиындығы;
— техникамен жабдықталғандығы (материалдық базасы, инженерлік-техникалық жабдықталуы, үй-жайының құрамы, архитекторлық-жоспарлау шешімі т.б.);
— қызмет көрсету түрлері;
— қызмет көрсетушілердің біліктілігі;
— қызмет көрсету сапасы (жайлылығы, қарым-катынас этикасы, эстетикасы т.б.);
— тұтынушыларға көрсететін қызмет атаулары.
Ресторандар мен барлар қызмет көрсету деңгейіне және көрсетілетін қызмет атауларына байланысты үш дәрежеге бөлінеді — люкс, жоғары және бірінші.
Кафе, асхана, дәмхана және аспаздар дүкендері дәрежеге бөлінбейді.
Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау мына ретте жүргізіледі:
1 . Өтінім жасау және оны қарастыру.
— сертификаттауды жүргізу үшін өтінуші қызметті сертификаттайтын тіркеуден өткен органға өтінім береді.
— өтінімге қоса өндіріс жұмысының тұрақтылығын және сертификаттауға ұсынылған қызметтің сапасын анықтауға мүмкіндік беретін сауалнама жіберіледі.
— сертификаттау органы өтінімді тіркейді және оны сертификаттау мүмкіндігін анықтау үшін қарастырады.
— өтінімді қарастыру және шешім шығару мерзімі оны тіркеуден өткізген күннен бастап 1 айдан аспауы керек.
— өтінімді қарастырғанда сертификаттау органы мына жұмыстарды атқарады:
а) ұсынылған құжаттарды талдау арқылы қызметтің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтайды;
б) өтінушімен қосылып сертификаттау схемасын таңдап алады;
в) сертификаттық сынақ өткізудің қажеттігін анықтайды және тіркеуден өткен зертхананы таңдайды;
г) қызмет көрсетуді сертификаттау мақсатында оны тексеру принципі мен әдістемесін анықтайды;
д) қызметті көрсету процесінің тұрақтылығын бағалайды.
— қызметті қарастыру нәтижссі негізінде сертификаттау органдары шешім шығарады. Оң шешім және қызметті сертификаттауды өткізу туралы келісім өтінушіге жіберіледі;
— кері шешім шығарғанда сертификаттау органы өтінушіге бас тартудың дәлелді себептерін жібереді;
— қызметті сертификаттаудан бас тарту себептері ретінде мыналар болады:
а) ұсынылған нормативтік құжаттардың сертификаттауды жүргізуге жарамсыздығы;
б) қызмет көрсету процесінің тұрақсыздығы;
в) қызмет сапасының төмендігі (қызмет көрсетудің кемшіліктеріне берілген шағымдардың көптігі);
г) қызмет көрсетудің уақытылы орындалмауы, тұтынушыға дұрыс ақпарат беру тәртібінің бұзылуы.
2) Сертификаттау кезінде тексеру (сынақ) өткізу.
— сертификаттық тексеру (сынау) сертификатталатын қызметтің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыру үшін және басқа сертификаттау жүйелерінде берілген сертификаттарды тану мақсатында жүргізіледі;
— сертификаттық сынау жүргізу тәртібі қызмет нәтижесін тексеруді көздейтін сертификаттау схемаларымсн анықталады;
— қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттағанда 2.4 және 5 схемалар қолданылады.
2-схема — қызмет көрсету процесін, яғни оның құрамына кіретін барлық элементтерін бағалауды көздейді:
— санитарлық-гигиеналық нормалары мен ережелерін сақтау;
— нормативтік және технологиялық құжаттардың болуы;
— нормативтік құжаттардың қызмет көрсетушілерге және жұмысшыларға белгілеген талаптарының орындалуы;
— технологиялық құрал-жабдықтардың және тексеру — өлшеу приборларының жағдайы;
Сонымен қатар аспаздық өнімдердің қауіпсіздік көрсеткіштері іріктеп тексеруден (сынаудан) өткізіледі:
Схемада қызмет көрсету процесінің тұрақтылығын инспекциялық тексеру көзделген.
Бұл схеманы тамақтандыру қызметінен басқа қызмет топтарына қолдану ұсынылады.
4-схема қоғамдық тамақтандыру мекемелерін аттестациялауды, яғни мына тексеру түрлерін көздейді:
— аспаздық өнімдерді өндірудің және таратудың санитарлық-гигиеналық және технологиялық жағдайларын тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін;
— аспаздық өнімдердің түрлеріне байланысты пайдаланатын материалдық техникалық базасын;
— қызмет көрсетуге және өнім түрлеріне қажетті нормативтік және технологиялық құжаттардың қолда барлығын;
— қызмет сапасының мекеменің түріне және дәрежесіне сәйкестігін.
Схемада аспаздық өнімдерін іріктеп тексеру (сынау) өткізіледі.
Инспекциялық тексеруде аспаздық өнімдердің қауіпсіздік көрсеткіштерін іріктеп тексеру (сапаны тексеру) жүргізіледі.
Бұл схема бойынша мекемелердің түрлері мен дәрежелерін растау жүргізіледі.
5-схемада сапа жүйесін сертификаттау және оның жұмысының тұрақтылығын инспекциялық тексеру жүргізіледі.
Барлық сертификаттау схемалары Мемлекеттік санэпидқызметінің санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігіне берілген қорытындысы болуын көздейді.
Қоғамдық тамақтандыру мекемелерін сертификаттауда мыналарды бағалайды:
— архитектуралық жүйелеу шешімдерін;
— аумақтың жағдайын;
— қызмет атауы мен сапасын;
— санитарлық-гигиеналық нормалардың, өндірістің технологиялық жағдайларына қатысты ережелердің сақталуын;
— мекеменің материалдық-техникалық базасының жағдайын;
— қызмет көрсету жағдайын;
— қызмет көрсететін адамдардың кәсіби деңгейін;
— ас пен сусын түрлерін;
— ішкі әлпеті мен жиһазын.
3.7. Сапа жүйесін сертификаттау
3.7.1. Сапа жүйесін сертификаттаудың маңызы
Соңғы жылдары әлемнің барлық елдерінде өздерінің сапа жүйелерінің ИСО 9000 сериялы стандарттарға сәйкестігін сертификаттаған мекемелер саны қарқынды өсіп келеді. Бүгінгі күнде бұл стандарттар 80-нен астам елдерде қолданылады. Мұның себебі, шет елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сапа жүйесін сертификаттаған мекемелерде басқалармен салыстырғанда тиімділік деңгейінің 2-3 есе жоғары болуында, өйткені бұл жағдайда өнімді сату бағасы 1,5-2,0 есе өседі.
Сапа жүйелерінің қарқынды дамуының сыртқы (тапсырма берушілердің талаптары, бәсекелестіктің артуы) және ішкі себептері бар.
Маңызды сыртқы себептердің бірі – ол көптеген шет елдік органдар мен сертификаттау жүйелерінің сапа жүйесін өнімді сертификаттау процедурасына енгізуі. Мысалы, Еуропалық Одақта өнімді міндетті түрде сертификаттауға қатысты 11 директиваның жетеуінде сапа жүйесін сертификаттау сапа белгісін берудің шарты ретінде көрсетілген. Сапа жүйесі бар кәсіпорындарға несие алу және сақтандыру жақтарынан жеңілдіктер берілуі мүмкін. Сонымен қатар сапа жүйесі бар кәсіпорындардың халықаралық тендерлерді ұтып алу мүмкіндігі ұлғаяды.
Егер өнім сапасының төмендігі туралы сотқа арыз түскен болса, онда сапа жүйесінің сертификаты кәсіпорынның кінәлі еместігінің дәлелі ретінде бағаланады.
Көптеген елдердің Үкіметтері мемлекеттік тапсырма жөнінде мәселе қарастырылғанда алғашқы орындарды сапа жүйелері бар кәсіпорындарға береді.
Сапа жүйесіне ынталылық ішкі себептерге де байланысты: тұтынушылардың талабын толығымен орындау, өндіру шығынын азайту, тұтынушылар мен бақылау органдары тарапынан тексеруді азайту, өндірістің мәдениетін жақсарту, сапаға деген жауапкершілікті арттыру.
Қазіргі кезде ТМД елдерінің басқалары сияқты Қазақстан Республикасында сапа жүйесі сертификатталған мекемелер саны жағынан шет елдерден көп кейін қалған. Мысалы, Ұлыбританияда мұндай мекемелер саны шамамен 66,7 мың, АҚШ-та 37,0 мың болса, Ресейде бар болғаны 1500 шамасында, Қазақстанда бұл жұмыс соңғы жылдары ғана қолға алынып отыр.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан экономиканы дамытуға, отандық өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар қолданыла бастады. 2001 ж. мамырда Үкіметтің № 590 қаулысы бойынша 2001-2005 ж.ж. арналған Республикалық «Сапа» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада кәсіпорындардың өнімді сертификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға ауысуы көзделген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде көптеген кәсіпорындар сапа жүйесі мен өндірістерге сертификат алды.
3.7.2. Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау
Қазақстан Республикасында сапа жүйелері мен өндірістерге сертификаттау жүргізудің тәртібіне жалпы талаптар және оларды жүргізу тәртібі ҚР СТ 3.15.1-98 стандартында белгіленген.
Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттаудың негізгі мақсаттары:
- Өнім сапасын арттыру аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- Өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келетін өнім шығаруға техникалық және ұйымдық мүмкіншіліктерін бағалау мен ресми куәлендіру;
- Сыртқа шығаратын (экспортқа) өнімнің міндетінен туындайтын өтініш берушінің сапа жүйесі мен өндірістерді сертификаттаудағы сұраныстарын қанағаттандыру;
- Дүние жүзінің және Қазақстанның нарықтарында өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыру, оның ішінде өткізу нарықтарын игеру және кеңейту;
- Сертификаттау кезінде өнімдердің қауіпсіздігін толығырақ және шын растау.
Сапа жүйелері мен өндірістерінің сертификатталуын ҚР СТ 3.2-мен белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тіркелген меншіктің нысанындағы сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау жөніндегі органдар жүргізеді.
Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды бас-сарапшы-аудитор басқаратын сертификаттау жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
Сапа жүйелерін сертификаттау мына қағидаларға негізделген:
- Еріктілікке;
- Құқықтылыққа өтуіне;
- Бағалаудың әділдігіне;
- Бағалау нәтижелерінің үдемелілігіне;
- Құпиялылығына.
Сапа жүйесінің нормативтік құжаттарға сәйкестігі белгіленген нысандағы сәйкестік сертификаттарымен расталады. ҚР СТ 3.11-дің талабына сәйкес олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мемлекеттік тізімінде тіркеуге жатады.
Сапа жүйелерін сертификаттау жөнінде талас мәселелер болған жағдайда өтініш беруші ҚР СТ 3.10-ға сәйкес шағым-арыз беруіне болады.
Сапа жүйесін сертификаттау мына ретте жүргізіледі:
1) Сапа жүйесін алдын ала бағалау;
2) Сапа жүйесін мекемеде тексеру және бағалау;
3) Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бағалау.
Бірінші ретте өтініш берушінің сапа жүйесін сертификаттауға дайындығын алдын-ала бағалау үшін комиссия ұсынылған құжаттарды талдайды. Бұл рет екінші реттегі жұмысты өткізуге болатыны туралы жазбаша қорытынды шығарумен аяқталады. Тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктер елеулі және елеусіз болып екіге бөлінеді.
Елеулі сәйкессіздік – сапа жүйесінің кейбір элементінің немесе элемент бөлігінің болмауы, қолданбауы немесе толық бұзылуы, не сапа жүйесіне қойылған нормативтік талаптардан ауытқуы, мұндай кезде бұл ауытқуды жою мәселесі кәсіпорынның ұйымдық құрылымын өзгертуді, көптеген материалдық шығындарды, ұзақ уақытты қажет етеді және ол өнімнің сапасына елеулі әсер етеді.
Елеусіз сәйкессіздік – кәсіпорынның ұйымдық құрылымымен, көптеген материалдық шығындармен байланысы жоқ, тек белгіленген талаптарды орындауда байқалатын бірен-саран кемістіктер, не сапа жүйесіне қойылған нормативтік талаптар бойынша басқадай ауытқулар және олар сапа жүйесін бағалау жөніндегі комиссия жұмысының барысында, не олардың анықталған кезінен бастап бір айдың ішінде жойылады.
Сапа жүйесін тексеру мен бағалаудың нәтижелері мына түрлерде болуы мүмкін:
— сапа жүйесі толығымен стандарттарға сәйкес;
— сапа жүйесі негізінен стандарттарға сәйкес, бірақта жүйе элементтерінен елеусіз сәйкессіздіктер анықталған.
— сапа жүйесінде елеулі сәйкессіздіктер орын алған.
Сапа жүйесі стандарттарға сәйкес табылады, егер елеулі сәйкессіздіктер болмаса немесе 10 не одан төмен елеусіз сәйкессіздіктер анықталса. Бір елеулі сәйкессіздік болса немесе 10-нан астам елеусіз сәйкессіздіктер анықталған болса, онда сапа жүйесі стандарттарға сәйкес емес деп табылады.
Сапа жүйесін сертификаттауға ұсыну туралы шешімді тексеру және бағалау нәтижелері бойынша жасалған актілер негізінде бас сарапшы қабылдайды. Егер сертификаттау мүмкін деп табылса, онда сертификаттау органы сәйкестік сертификатының жобасын және сәйкестік белгісін қолдануға берілетін лицензияның жобасын жасайды. Осы құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген тәртіппен тіркеуден өткізіледі. Осымен қатар сертификаттау органы инспекциялық тексеру жүргізу жөнінде мекемемен келісім жасайды.
Инспекциялық тексеру (3-ші ретке сәйкес) сапа жүйесінің сәйкестік сертификатының күшінде болу мерзімінің ішінде жүргізіледі. Сертификаттың күшінде болу мерзімінің ішінде сапа жүйесінің барлық элементтері кем дегенде бір рет тексерілуі керек. Сертификатталған сапа жүйелеріне бақылау жүргізу жоспарлық және жоспарсыз болуы мүмкін. Жоспарлық инспекиялық тексерудің кезеңділігін сертификаттау жөніндегі орган анықтайды, бірақ ол жылына бір реттен кем болмауы керек.
Инспекциялық тексеру кезінде анықталған елеусіз сәйкессіздіктерді жою жөніндегі кәсіпорынның түзету жұмыстарын жүргізуі туралы, сапа жүйесінің тексерілетін элементтерінің сәйкестігі немесе сәйкессіздігі және басқадай инспекциялық тексеру объектілерінің нақтылы жағдайы туралы көрсетіледі.
Инспекциялық тексерудің нәтижелері сапа жүйесінің сәйкестік сертификатының күшін дәлелдеу, тоқтата тұру немесе жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға негіз болады.
Э.Деминг сапа 98% мөлшерінде сапа жүйесіне 2% мөлшерінде адамдарға байланысты деген болатын. Мұның дәлелі ретінде өндірісі дамыған елдерде орын алып отырған бәсекелестің өнімнен сапа жүйелеріне ауысуын келтіруге болады.
ИСО 9000 сериялы стандарттарына сәйкес құрылған сапа жүйелерін қолданушылардың айтарлықтай жетістіктеріне қарамастан өндірісте ТОМ (жалпыға бірдей сапа менеджменті) принципі негізінде қалыптастырылған сапа жүйелерін қолдануға көп көңіл бөлінуде.
ТQМ негізінде қалыптастырылған жүйеге мыналар тән:
-сапаны жақсарту жұмыстарына бүкіл қызметкерлер мен жұмысшыларды, қажетті шикізатты дайындаушыларды және тұтынушыларды жұмылдыру;
-сапаның жақсарту жұмысын тұрақты түрде жүргізіп отыру, мысалы зақымдалған өнім мөлшерін ең кіші деңгейге жеткізу ( 1млн.өнім ішінен тек қана 100-10 зақымдалған өнім);
-өнімнің өзіндік құнын азайту;
-ТQМ-ның бағыт ерекшеліктері оның өнімнің рыноктағы бәсекелестігін арттыруды басқаруға лайықты екенін көрсетеді.
ИСО 9000 сериялы стандарттарының 2000 ж. шыққандарында ТQМ-нің кейбір принциптері ескерілген. Бұл жаңа стандарттар 14000 сериялы (қоршаған ортаны басқару жүйесі) стандарттарымен үйлестірілетін болады.
4.Сәйкестікті декларациялау
4.1. Декларациялау туралы түсініктеме
Сәйкестік туралы декларация- дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сәйкестікті декларациялау мынандай қажеттіліктен туындайды:
-сәйкестікті міндетті растау процедурасына икемділік беруден;
-рынокта сатылатын өнімнің қауіп- қатерлігін арттырмай оған жұмсалатын шығын мөлшерін азайтудан.
-тауар айналымын арттырудан
-мемлекетаралық сауданы жақсартудан және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қолайлы жағдай туғызудан. Дайындаушы сәйкестікті міндетті түрде дәлелдей алуы керек.
Дәлелдеме ретінде болуы мүмкін:
а) өнімге дайындаушының өзі өткізген сынақтың немесе сынақ зертханаларында өткізілген сынақтың протоколы
б) шикізатқа, материалдарға, жинақталған бұйымдарға берілген растау сертификаты немесе сынақ протоколдары.
в) белгіленген өнімге заңнамаларда көрсетілген және оған құзыреті бар органдар мен мекемелер берген құжаттар (гигиеналық қорытынды, ветеринарлық куәлік ж.б.)
г) сапа жүйесіне берілген сертификат
д) өнімің белгіленген талаптарға сәйкес екендігін тікелей немесе жанама түрде дәлелдейтін басқа да құжаттар.
Дайындаушы қабылдаған декларация белгіленген тәртіп бойынша аккредиттелген сертификаттау органында тіркелелуі керек. Мұндай тіркеу декларация қабылдаған дайындаушыны біліп отыру үшін қажет. Осы мақсатта декларацияның көшірмесі сертификаттау органнында сақталады, ал оны тіркеу нөмері осы органның кодына енгізіледі.
Тіркеуден өткен декларация өнімді сәйкестік белгісімен белгілеуге негіз болады. Сәйкестік белгісі өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде , стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі.
Тауарға ілестірілген ақпарат-ол сәйкестік белгісімен белгілеу және ілестірілетін құжаттарда декларация қабылданғаны және тіркеуден өткізілгені туралы жазу.
Декларацияның құқықтық табиғатын мына жағдайларды ескере отырып анықтауға болады. Сәйкестік сертификаты мүдделі емес мекеме (сертификаттау органы) беретін құжат, ал декларация –мүдделі тұлғаның өнімді сатуға құқықты болуы үшін керек, белгіленген түрдегі өз еркімен жасалатын құжат.
Декларацияда көрсетілген ақпарат өнімге қатысты техникалық регламентке сәйкес келмесе , онда ол жарамсыз деп танылады.
6-кестеде сәйкестік декларациясының сәйкестік сертификатымен салыстырғандағы айырмашылығы көрсетілген.
«Техникалық реттеу» заңы бойынша сәйкестікті декларациялау мына схемалар негізінде жүргізіледі.
- дайындаушының өз дәлелдері негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдау
- сәйкестікті растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдер негізінде сәйкестер қабылдау: а) өзінің дәлелдемесі бойынша, б)сертификатттау органымен немесе аккредителген зертхананың қатысуымен алынған дәлелдеме бойынша .
Техникалық регламентте үшінші жақтың қатысуымен сәйкестікті дәлелдеу, осы жақтын болмауы себепті сәйкестікті дәлелдеу мақсатына жете алмайтын жағдайда белгіленеді. Қысқаша айтқанда бұл схема өнімнің потенциалды қауіптілігін ескере отырып сәйкестікті дәлелдеу процедурасында дәлелдеудің негізділігін күшейту қажет болғанда қолданылады.
Өтініш берушілердің шеңбері техникалық регламенттерде белгіленеді. Әдеттегі өтініш берушілерден (өнімді дайындаушылардын) басқа қауіпсіздікті растау шет ел дайындаушыларының функциясын атқаратын тұлғалар да дәлелдеуі мүмкін.
4.2. Еуропалық Одақ елдерінде сәйкестікті декларациялау.
Еуропалық Одақ елдерінде өнім сапасын еуропалық директиваларға (нұсқауларға) сәйкестігін растауда декларация қабылдау практикасы кең тараған. Сәйкестікті декларациялау модульдік амал бойынша жүргізіледі (модульдер – ішкі тексеру, белгіленген типке сәйкестікті қамтамасыз ету, өндіріс сапасын қамтамасыз ету ж.б.)
Модульдік амалдың мынандай ерекшеліктері бар:
— сәйкестікті растау процесс түрінде қарастырылып істі орындау (атқару) тәртібі – модульдерге бөлінеді.
— модульдер жобалау сатысына, өндіріс сатысына немесе осы сатылардың екеуіне де қатысты қарастырылады.
— сәйкестікті растау тәртібі бірінші жақтың (дайындаушының) немесе үшінші жақтың (уәкілетті органның) қатысуына негізделген.
— сәкестікті растау регламенттейтін құжаттың (техникалық регламенттің немесе ЕО директиваларының) басты талаптарына өнімнің сәйкестікті (сәйкес еместігі) және оған сәйкестік таңбасын тағу мүмкіндігі туралы шешім қабылдаумен аяқталады.
Модульдердің қиыстырылуын және құрамын таңдауда ескерілетін негізгі факторлар: өнім типі және оған тән қауіп-қатер деңгейі, сәйкестікті растаудың экономикалық мүмкіндігін басты талаптарға сәйкестікті дәлелдей алу деңгейімен оңтайлы үйлестіру.
Сәйкестікті декларациялау процесі мына сатылардын тұрады:
- директивалардың таралу шеңберін тексеру.
- қойылатын маңызды талатарды ұқсастандыру.
- сәйкестікті растау модулін таңдау.
- қолданылатын үйлестірілген стандарттарды ұқсастандыру.
- техникалық құжаттардың жиынтығын құру.
- таңдап алынған сәйкестікті растау модуліне сәйкес сәйкестікті растау ретін қолдану.
- сәйкестік декларациясын құрастыру және толтыру.
- өнімге таңба соғу.
Сонымен, еуропалық сәйкестік декларациясы – ол дайындаушының қажетті дәлелділік негізде жасаған құжаты.
Сәйкестікті міндетті растаудың екі түрінің ерекшелік белгілері.
6 кесте
Растау түрі |
Процедураны жүргізетін субъект |
Процедура бағытталған объект |
Процедура нәтижесі |
Қолдану мерзімі |
Объектіні таңбалау |
Объектінің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру |
Сәйкестікті сертификаттау |
Үшінші жақ (сертификаттау органы) |
Тұтынушылар мен қоршаған ортаға қауіп-қатер зардабының ауырлық деңгейі жоғары өніммен көрсетілетін қызмет |
Сәйкестік сертификаты |
Сертификаттау органы анықтайды (техникалық регламент болса, онда осы регламентте анықталады) |
Сәйкестік белгісінде сертификаттау органының коды көрсетіледі. |
Инспекциялық тексеру жүргізіледі (сертификаттау схемасына сәйкес) |
Сәйкестікті декларациялау |
Бірінші жақ -өтінім беруші (дайындаушы) |
Тұтынушылар мен қоршаған ортаға қауіп-қатер зардабының деңгейі төмен өнім мен көрсетілетін қызмет |
Сәйкестік декларациясы |
Өтінім беруші анықтайды (техникалық регламент болса, онда осы регламентте анықталады) |
Сәйкестік белгісінде сертификаттың органаның коды көрсетілмейді |
Мемлекеттік бақылау мен қадағалау шеңберінде уәкілетті орган, оның аймақтық бөлімшелері жүргізеді. |
- Техникалық регламенттерді жасағанда сәйкестікті міндетті растаудың түрі мен схемасын таңдау.
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы сәйкестікті міндетті растаудың екі түрін қарастырады – декларациялау және міндетті сертификаттау. Нақтылы өнім түрінің сәйкестігін міндетті растаудың түрі мен схемасы техникалық регламентте толық белгіленеді, ал ондағы схемалар құрамы өнімнің ерекшелігін ескере отырып істі атқару мерзімін қысқартуды және өтініш берушінің шығынын азайтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Сәйкестікті растау схемасы – объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысы жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері.
Сәйкестікті міндетті растау схемасын таңдау мына критерийлерге сүйене отырып жүргізіледі:
- келтірілетін зиянның қауіп-қатер деңгейіне,
- өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің өндірістік факторлардың әсеріне сезімталдығына,
- өнімнің күрделілік деңгейіне.
Сәйкестікті міндетті растаудың түрі мен схемасы тауардың еркін айналуына және ЕО пайдалы практикасын, әсіресе сәйкестікті растаудың модульдік принципін, қолдануға заңда көрсетілген нормаларға сәйкестендірілген жағдайларды туғызуы керек.
Елімізде техникалық реттеу обьектісінің техникалық регламеттерге сәйкестігін растауда қалыптасқан ерекшеліктерді мына екі негізгі жағдайлардан көруге болады:
— ЕО міндетті растаудың жалғыз түрі — декларациялау ғана қолданылса ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңында оған қоса растаудың екінші түрі-міндетті сертификаттау енгізілген.
— «Техникалық реттеу туралы» заңына сәйкес декларациялау схемаларында Еуропалық модульдерге тән типті сертификаттау, сәйкестік туралы декларация берілген өнімге инспекциялық тексеру жүргізу, жобаны сертификаттау сияқты элементтерді қолдануға мүмкіндік қарастырылмаған.
Келтірілген ерекшеліктерді ескере отырып, сәйкестікті міндетті растау түрлерін және схемасын таңдау жүйесі 5 суретте келтірілген (Ресей Мем.стандарты ұсынған)
5 – сурет. Техникалық регламентттерде сәйкестікті міндетті растаудың түрі мен схемасын таңдау
- Техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттерінде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау
Мемлекеттік бақылау мен қадағалау стандарттау саласында сәйкестікті растауда, өнім сапасы мен қауіпсіздігінде, қызмет көрсетуде міндетті талаптардың орындалмауына жол бермеу, себептерін табу және жою мақсаттарында жүргізіледі.
Бақылау мен қадағалау обьектілері ретінде өнім, процесстер, сәйкестікті растау жөнінідегі органдар мен зертханалар болып табылады.
Бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттңк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жүргізеді.
Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері, олардың лауазымды адамдары бақылау мен қадағалауды өнімді өткізу сатысында жүзеге асырады.
Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары:
1) өздерінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша бақылау мен қадағалау жөніндегі іс- шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімді өткізудің жолын кесуге және оған жол бермеуге ықпал ету шараларын қолданады.
Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жататындар:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөнінідегі бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті органның басшысы
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөнінідегі бас мемлекеттк инспекторының орынбасарлары – уәкілетті орган басшысының орынбасарлары
3) обылыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөнінідегі бас мемлекеттік инспекторлары – аумақтық органдардың басшылары
4) обылыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөнінідегі бас мемлекеттік инспекторларының – орынбасарлары аумақтық органдар басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
5) мемлекеттік бақылау мен қада,алау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар – аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөнінідегі бас мемлекеттік, аумақтық органдардың басшылары, аумақтық органдардың басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдар белгілеген тәртіппен аттестатталуға тиіс.
Мемлекеттік бақылау мен қадағалау кезінде тексеріледі:
– өнімге міндетті талаптарға сәйкестігі расталғаны туралы құжаттардың болуы, олардың жалған болмауы, қолдану мерзімі, дайындалу мен тіркелуінің дұрыстығы немесе ілестірілетін құжаттарды сәйкестікті растайтын мағлұматтардың болуы
– тексерілетін өнімнің атауының ұсынылып отыр,ан с»йкесік сертификатында (немесе көшірмесінде) немесе сәйкестік декларациясында көрсетілген атауы мен бірдейлігі
– сертификатталған өнімді сертификаттау органының инспекциялық тексеруден өткізгені және оның нәтижелері туралы құжаттардың болуы
– сәйкестік белгісі мен дұрыс таңбаланғаны
– сертификатталған (декларацияланған) өнімнің техникалық құжаттарына немесе өндіріс процесіне енгізілген және басқа да өзгерістер жөнінде сертификаттау органын уақытылы хабардар ету.
Техникалық байқауды мемлекеттік инспектор мекеме мамандарын қатыстыра отырып жүргізеді. Техникалық байқаудың және эксперизаның нәтижелері бойынша өнімнің міндетті талаптарға сәйкесігі бағаланады.
Мемлекеттік бағалау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар мынадай жағдайларда нұсқама шығарады:
– өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмеген
– сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімнің сәйкесік сертификаттары (сәйкесік сертификаттарының көшірмелері), сәйкестік туралы декларациялары (сәйкестік туралы декларацияларының көшірмелері) болмаған
– өнімді оған құқығы болмай тұрып сәйкестік таңбасымен таңбалаған жағдайда
Мемлекеттік қадағалау және бағалау жүргізу нәтижесінде анықталған қиғаштықтарды жою үшін және нұсқамалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тексерулер қайталанып отырады.
- Мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарын және сертификаттау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік
Мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарының сақталуын және сертификатталған өнімді (қызметті) бақылау жүргізгенде мемлекеттік стандарттарды бақылайтын мемлекеттік инспекторлар мекемені тексеру актілері негізінде тыйым салу, жою, кемістікке жол бермеу шараларын қолданады және жіберілген кемістіктердің себептерін анықтайды. Осы мақсатта олар талаптар мен ережелерді бұзушыларға жарлық береді және стандарттардың міндетті талаптарын, сертификаттау ережелерін бұзғаны, жарлықты орындамағаны үшін айыппұл салады.
Жарлық мына түрлерде берілуі мүмкін:
1) Міндетті талаптардың, соның ішінде қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны туралы және ол кемістіктерді жою қажеттігіне. Орындаудан бас тарту немесе уақытылы орындамау орын алса, онда белгіленген мөлшерде айыппұл салынады (мысалы, Ресейде айыппұл 5000 еңбек төлемінің ең кіші мөлшері деңгейінде белгіленген);
2) өндірілген өнім, көрсетілген қызмет мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына сай болмаса оларды таратуды және атқаруды тоқтата түру жөніңде. Орындаудан бас тартқан жағдайда таратылған өнім (көрсетілген қызмет) бағасына тең айыппұл салынады;
3) өнім өндіруді (егер өнімнен келетін зиянды жою мүмкін болмаса) және зиянды тауарларды сатуды тоқтату жөніңде. Орындаудан бас тартқан жағдайда белгіленген мөлшерде айыппұл салынады.
4) Тұтынушылардан қауіпті тауарларды қайтарып алу. Жарлықты орындамаған жағдайда немесе осы тауарлар зиян келтірсе, онда белгіленген мөлшерде айыппұл салынады.
Тауарды міндетті сертификаттау ережелерін бұзганы үшін сертификаттау органдарына тауар (жұмыс, қызмет) бағасынан екі есе көп мөлшерде айыппұл салынады. Ережелерді бұзу сәйкестік сертификатының дұрыс берілмегені түрінде болуы мүмкін:
— сынау деректері дұрыс болмаса да;
— тауардың стандарттар талаптарына сәйкестігі дәлелденбесе де (мысалы, сынау жоспары сақталмаған, сынаулар қауіпсіздік талаптарын түгел қамтымаған);
— сәйкестік сертификаты сертификаттау органының тіркеу тізімінде жоқ тауарларға берілсе;
— сәйкестік сертификаты сертификаттау органының тіркеу аттестатының мерзімі өтіп кеткеннен кейін берілген болса.
Тауарды міндетті сертификаттағанда сынау нәтижелері туралы жалған ақпараттарды бергені үшін сынау зертханалары мен орталықтарына тауар құнынан екі есе көп мөлшерде айыппұл салынады. Айыппұл төлеуге қатысты мәселелерді шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, дайындаушының (орындаушының), сертификаттау органының, сынақ зертханаларының өкілдері, басқа да мүдделі тұлғалар тексеру актісі түскеннен кейін белгіленген уақыт аралығында бірлесіп қарастырады.
Жеке және заңды тұлғалар, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың лауазымды адамдары сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдарға сәйкес жауапты болады.
Ескерте кететін жағдай — қылмыс жасалды деп есептеу үшін қауіпті тауар шығарып оны тұтынушыға сату жеткілікті емес. Ол үшін мүмкін зардап іске асырылуы керек, яғни нақтылы адамдардың денсаулығына зиян келтірілуі керек. Сондықтан қауіпті тауарды шығару және сату қылмыс жасаудың басы, яғни қылмыс жасауға дайындық ретінде қарастырылады. Адамдардың денсаулығына зиян келтірілді деп, ол жеңіл немесе ауыр дене зақымын алған жағдайда ғана есептеледі. Жауапкершілік деңгейі қылмыстың ауырлығына, зиян шеккен адамдардың жалпы санына және олардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
- Қазақстан Республикасында сертификаттаудың және сәйкестікті растаудың басқа да түрлерінің жағдайы мен болашағы
«Техникалық реттеу туралы» Заң негізінде елімізде техникалық реттеуді реформалау республика мекемелерінің бәсекеге түсу мүмкіндігін ұлғайтуға, оларға экспорттық бағыт беруге Қазақстан экономикасын әлемдік қауымдастыққа интеграциялауға бағытталған. Бұл мәселелерді шешу техникалық нормалау саласындағы саясатты өзгертуге, стандарттау, сертификаттау, мемлекеттік техникалық реттеу және тексеру жүйелерін реформалауға және оларды мемлекеттік техникалық басқару жүйесіне енгізуге тікелей байланысты.
Халықаралық тәжірибеде міндетті түрде қолдануға және сақталуға тиісті талаптар техникалық регламенттерде, заңнамаларда, нұсқауларда және Үкімет органдарының жарлықтарында көрсетіледі.
Техникалық регламенттерге енгізілетін талаптар: адамдардың өмірі мен денсаулығының, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі, ұлттық қауіпсіздік және тұтынушыны алданудан сақтау. Халықаралық тәжірибенің ерекшелігі стандарттардың міндетті құжаттар болып есептелмеуі, оларға техникалық регламенттерде сілтемелер келтірілмеген жағдайда ерікті негізде қолданылуы.
Елімізде бағалау және сәйкестікті растау жүйелерін жетілдіру бағыттары Еуропалық Одақтың техникалық реттеу практикасына, соның ішінде сәйкестікті бағалау саласына, негізделген.
Мұндай таңдау мына себептерге байланысты:
- Еуропа Одағымен тауар айналымының артуы
- Соңғы жылдары ЕО-да тұтыну рыногын сапасыз, зардаптарының ауырлық деңгейі жоғары өнімдерден қорғауда және елдер арасындағы саудада техникалық кедергілерді жоюға мүмкіндік беретін нұсқауларды жасаудың және қолданудың мол тәжірбиесі жинақталған.
Нұсқауларда өнімнің сәйкестігін бағалау және мемлекет тарапынан бақылау тек қана техникалық регламенттерде белгіленген міндетті талаптардың сақталуына қатысты жүргізіледі. Тағы бір ескеретін жағдай — ол тіркеу жүйесінің өнімнің сәйкестігін бағалау жүйесінен бөлек жұмыс атқаруы.
Қазақстандағы техникалық реттеу жүйесінің ЕО жүйесінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Техникалық заңдылық республикада тиісті деңгейде дамымаған, ал міндетті техникалық нормалар стандарттарда және басқа нормативтік құжаттарда (экологиялық, тазалық сақтау, құрылыс т.б.) белгіленген.
Кейбір стандарттарда сақталуға тиісті міндетті талаптар қажетті деңгейде атап көрсетілмеген. Мемлекеттік бақылау органдарының жұмысы нормативтік құжаттардың тек қана міндетті талаптарына қатысты болғандықтан өндіруші мен бақылау органдарының арасында дау туындап отырады.
Тіркеу жүйесі мемлекеттік сертификаттау жүйесінің шеңберінде жұмыс атқарды. Дайындаушы жүргізген сынақ нәтижелерін сертификаттау органының тану механизмі тиісті деңгейде дамымаған.
Міндетті құжат түрлерінің көптігі және сәйкестікті дәлелдеудің халықаралық түрлерінің тиісті деңгейде қолданылмауы отандық кәсіпкерлерге өнім өндіруде қиындықтар, Қазақстанның сауда жасау жөніңдегі серіктестерінде түсінбеушілік және өнім сапасына сенімсіздік туғызады.
Қазақстан Республикасында техниқалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құру және дамыту мынандай негізгі бағыттарда жүргізілуі және негізделуі қажет:
— жүйенің мақсаты мен принциптерін анықтау;
— жүйенің құрылымдық элементтері мен ұйымдық құрылымдарын анықтау;
— құқықтық және техникалық заңдарды құру;
— техникалық регламенттерді жасау және қолдану саласына қатысты ережелерді анықтау;
— мемлекеттік стандарттау жүйесін жетілдіру бағыттарын анықтау;
— сертификаттау жүйесін реформалау және тіркеу жүйесін оның құрамынан шығару;
— сертификаттаудан сәйкестікті дәлелдеу механизміне көшу;
— мемлекеттік тексеру және бақылау органдарының жұмысын реформалау;
— халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
- Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі қамтамасыз етуге тиісті:
а) техникалық регламенттерді және стандарттарды жасауға мүдделі тұлғалардын қатысуын;
б) техникалық регламенттер мен стандарттарды қарастырғанда мүдделі жақтардың консенсусын;
в) шығарылып жатқан техникалық регламенттер мен стандарттар туралы және олардың халықаралық нормалар мен талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) жөніндегі ақпараттардың ашықтығын;
г) дискреминацияламауды (барлық субъектілерге бірдей талаптар белгілеу).
Техникалық реттеу негізіне халықаралық принциптер, талаптар мен стандарттар, сәйкестікті бағалау процедуралары, тексеру және бақылау жүйесі және Қазақстанда қолданылып жүрген техникалық регламенттер алынуы қажет.
- Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құрудың негізгі мақсаты халықаралық тәжірибеге өту және Дүние жүзілік сауда ұйымының техникалық реттеу ережелерін енгізу.
Ол үшін мына мәселелерді шешу қажет:
— шағын кәсіпкерлікті дамыту;
— мемлекеттік кәсіпкерлердің жұмысына араласу деңгейін төмендету;
— саудадағы техникалық кедергілерді жою және Қазақстан аумағында, халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа жағдай жасау;
— өнімнің адамдардың өмірі мен денсаулығына, мүліктеріне және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
— еліміздің экономикалық, әскери, индустриалдық потенциалын нығайту;
— тұтынушыны алданудан сақтау;
— дайындаушылардың және сатушылардың тарататын өнімдерінің сапа деңгейіне жауапкершілігін күшейту;
— өнім дайындаушыларға сенімділікті қамтамасыз ететін кешенді шараларды анықтау және енгізу:
— ведомстволық мүддені болдырмау.
- 3. Техникалық реттеу жүйесін құру және дамыту мына принциптерге негізделуі қажет:
— техникалық регламенттердің және стандарттауға қатысты нормативтік құжаттардың түрлері мен санаттарының бірлестігіне;
— өнімге талаптарды белгілеу ережелерінің бірлестігіне;
— халықаралық нормалар мен Дүние жүзілік сауда ұйымының талаптарымен үйлестіруге;
— елдің экономикасының, материалдық-техникалық базасының жағдайының және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігіне;
— тіркеу және сертификаттау органдарының тәуелсіздігіне;
- Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін енгізу екі деңгейдегі заңдар мен нормативтік құжаттар тобын құруға мүмкіндік береді:
а) жоғарғы деңгей — техникалық регламент;
б) төменгі деңгей — халықаралық талаптармен және нормалармен үйлестірілген ерікті стандарттар. Бұл стандарттар өндірушілерге техникалық регламенттерді дұрыс түсінуге және орындауға көмектеседі.
Қазақстан Республикасында техникалық заңдарды қалыптастыру Дүние жүзілік сауда ұйымының ережелерін сақтай отырып мемлекетаралық деңгейде техникалық реттеу саласында атқарылып жатқан жұмыстармен тығыз байланысты жүргізілуі тиіс.
Техникалық реттеу саласындағы заңдар мен нормативтік құжаттар халықаралық және еуропалық аналогтарымен, отандық және халықаралық ғылыми, техникалық және технологиялық жетістіктермен сәйкестікке келтірілуге тиіс.
- Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде стандарттау жұмыстары және стандарттар қажетті:
— техникалық регламенттерді орындаудың дәлелді базасын және өнім мен қызметке қатысты нақтылы техникалық регламентердің, соның ішінде тексеру және сынау әдістерінің талаптарына сәйкестігін бағалау процедурасын құруға;
— ресурстардың барлық түрлерін үнемдеуге және тиісті пайдалануға мүмкіндік туғызуға;
— өнімнің сапасына және қауіпсіздігіне алдын-ала болжамаланған талаптарды қолдануға;
— сәйкестендіруге, техникалық және ақпараттық сыйымдылыққа, өнімдердің өзара алмасымдылығына мүмкіндік туғызуға;
— жалпы немесе қолданбалы түрдегі инновациялық шешімдер мен зерттеулердің нәтижелерін енгізуге;
— өнімді біркелкілендіруге және жалған өнімдерді анықтауға мүмкіндік туғызуға;
— халықаралық ИСО 9000, 14000 — сериялы стандарттарының негізінде мекемелерде сапа менеджменті мен қоршаған ортаны басқару жүйелерін, еңбек қауіпсіздігін енгізуге көмектесуге;
— елімізде мына жүйелерді енгізуге: өнімді штрих кодтау, техникалық-экономикалық ақпараттарды сыныптау және кодтау.
Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі экономиканың басты салаларындағы проблемаларды шешуге бағытталуға тиісті.
- Тамақ өндірісіндегі мекемелердің алдында тұрған басты мәселелердің бірі – ол НАССР принциптеріне негізделген сапа жүйесін өндіріске кеңінен енгізу. Қазақстанда НАССР жүйесі СТ РК 1179-2003 «Сапа жүйесі. Тамақ өнімдерінің сапасын НАССР принциптері негізінде басқару» стандартында келтірілген. Стандарт Еуропа Одағының нұсқауларын ескере отырып жасалған. НАССР жүйесінің негізгі терминдері – «қауіп–қатерді талдау», «өте қауіпті нүктелер»
Қауіп–қатерді талдау – қол жеткізуге болатын ақпатаратты пайдалана отырып қауіп–қатерден кейін бағалау.
Өте қауіпті нүктелер – қауіпті факторларды нақтыландыру мақсатында тексерілетін және зиян келтіру ықтималдығын төмендетуге немесе жоюға мүмкіндік беретін нүктелер. Мысалы, сүт өндірісінде өте қауіпті нүктелер ретінде сүт фермаларынан сүтті алу, сүт өнімдерін тасымалдау жағдайы және басқалар қарастырылады.
Тамақ өндірісінде НАССР жүйесін өндіріске енгіізу Еуропа елдерінде 1999 жылдан бастап міндетті деп есептеледі, өйткені бұл шара тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өте жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді.
- Соңғы жылдары мемлекеттік бақылау қызметі көптеген өзгерістерге және қызмет атқаратын адамдардың аздығына байланысты өзінің жұмылдырушылық қабілетін жоғалта бастады да, шығарылатын және таратылатын өнімнің басты бөлігін тексерумен қамти алмай отыр.
Республика аумағында техникалық реттеу жүйесі енгізілген жағдайда, өнімге қойылатын міндетті талаптар олардың қауіптілік деңгейіне және халыққа, мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігін ескере отырып анықталатын болғандықтан мемлекеттік бақылау органдарының жұмыс бағыты да өзгеруі тиіс.
Мемлекеттік бақылаудың дамуы отандық және шет елдік тәжірибеде қолданылатын барлық тексеріс түрлерінде топ негізге алынатын принциптер жиынтығына сүйенуі керек:
— тексеру объектілерінен әкімшілік және қаржы жағынан тәуелсіздігі;
— заңдылықты сақтау;
— мемлекеттік инспекторлардың әділдігі;
— анықталған заң бұзушылыққа сәйкес жаза тағайындау және оны бұлжытпай орындау;
— тексерілетін объектілердің мемлекеттік және коммерциялық құпиясын сақтау мен қатар нәтижелердін жариялылығы;
— мемлекеттік бақылауды жүргізу ережелерін халықаралық тәжірибеде қабылданған нормалармен үйлестіру;
— өзінің міндетті шеңберінде тексеру және бақылау жүргізетін басқа да органдармен іс-қимылдарын үйлестіру.
Мемлекеттік реттеу саласындағы құрылым, жұмысты, ұйымдастыру тәртібі, құқықтық және нормативтік базасы халықаралық нормалар мен талаптарға үйлестірілуі керек. Шет елдерде өнімнің қауіпсіздігіне жауапкершілік дайындаушыға жүктеледі, ал мемлекет ұлттық мүддеге және қауіпсіздік шеңберіне енетін жағдайларды ғана бақылауға алады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпкерлердің жұмысына араласуын шектеуі керек, ал бақылауды тек қана техникалық регламенттерде келтірілген міндетті талаптарға қатысты жүргізу және өнімді бақылауды көбіне оларды өткізу кезінде жүргізу керек.