АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Тәрбие және ислами тәрбие

Мазмұны.

 

Кіріспе

I тарау. Тәрбие және ислами тәрбиесіне жалпы көз-қарас.

 

  • Тәрбие және оның даму тарихы…………………………………………..
  • Құран және оның тәрбиелік мәні…………………………………………
  • Ислам тәрбиесінде Мухаммед пайғамбардың орны……………

 

II тарау. Исламдағы бала тәрбиесінің маңыздылығы.

 

  • Бала тәрбиесі туралы ислам ғалымдарының тұжырымдамалары…………………………………………………………….
  • Бала тәрбиесінде – жанұя…………………………………………………….
  • Исламда бала тәрбиесінің принциптерімен әдіс-тәсілдері…..

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………..

Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. Тәрбие және оның даму тарихы.

 

Араб тілінде тәрбие сөзінің үш түрлі түбірін кездестірге болады.

  1. Раба- ярбу; көбейту, арттыру мағынасына келеді. Құранда Рум сүресі 39- аятында осы мағынада қолданылған.
  2. Раба- ярби; пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді.
  3. Раба- яруббу; реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді. «Раб» сөзі тәрбиелеуші реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Аллаһ тағаланың есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет айтылады. Құранда ең көп айтылатын  «Аллаһ» сөзі 2799 рет айтылса, екінші орында «раб» сөзі тұрады.

       «Раб» сөзі негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына қолданылады. Сондықтан да Құрандағы мағынасы осыны меңзейді. Негізгі мағынада қолданар болсақ, бүкіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық көрінеді. Яғни алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді жоқтан бар еткен, Аллаһ тағала үшін қолданылады. Тәрбиенің білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады. Тәрбие, алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі буын өкілдеріне ілім-білімдерін үйретуі деп айтқандар да бар. Тәрбиеден мақсат жаман мінез-құлықтан жақсы мінез-құлыққа, адамзатқа пайдалы өнеге болатын үлгілі адам тәрбиелеу. Тәрбие сөзі тілімізде ахлақи іс-әрекет мағынасында да қолданылады. Мысалға жақсы менезді адам үшін «тәрбиелі», жаман мінезді адам үшін «тәрбиесіз» деп қолданылады. Тәрбие сөзінің «әдеп» сөзімен байланыстылығы да бар. Әдепті адам деген кезде тәрбиелі адам, әдепсіз адам деген кезде тәрбиесіз адам ойға келеді.

     Тәрбие ұғымын Мухаммед пайғамбардың міндеті жағынан алып қарайтын болсақ «теблиғ»-жеткізуші, «муршид»- жол көрсетуші деген мағынаға келеді. Теблиғ және муршид сөздері тәлім-тәрбие мағынасын өз ішіне қамтиды. Мухаммед пайғамбардың «Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» деген сөзімен тәрбиенің мақсатын көркем мінезге қол жеткізу, қасиеттілікке ие болу деп айтсақ қателеспейміз. Ислам тәрбиесінің мақсаты адамдарды дүние және ахиретте бақыттылыққа жеткізу, қысқаша айтатын болсақ «жақсы мұсылман өсіру» болып табылады.

Имам Ағзам Әбу Ханифа «Тәрбие тұлғаны тәрбие ететін немесе бұзатын нәрсені білуді білдіреді» деген. Ал Маверди бұл жайында былай деген: «Тәрбие тірекке ұқсайды. Аллаһ ол арқылы ақылды кемелдендіреді. Тәрбие әсемдік, ұрпағы құруға айналғандарды, Аллаһ тағала тәрбие арқылы көркемдейді»

Зернуси: «Білім, зейінді алатын нәрсе, ал тәрбие болса, білім мен үкім беру жүйелерін үйретеді» деген. Ибн Сина тәрбиеге «қандай да бір нәрсені, әдетке айналдырғанша қысқа әрі ұзақ уақыт қайталау» деп анықтама берген.

Атақты тәпсірші Бейзауи болса тәрбиені «Бір нәрсені бірте-бірте дамыта отырып, кемелдікке жеткізу» деп түсіндірген.

 Тәрбие негізінде өз алдына мақсат емес себеп болып есептеледі. Кейбір ата-аналар балаларын, өмір мектебіне дайындау үшін тәрбиелейді. Кейбірі білімдар болуы үшін тәрбиелейді.  Ал енді біреулері еліне, халқына қызмет ететін азамат болсын деп тәрбиелейді. Тәрбиенің осы сияқты мақсаттары көптеп кездеседі. Адамдар әртүрлі дәуірлерде заманның талабына сай тәрбиені алуан түрлі мақсаттарда қолданып келген. Сондықтан да «Заман түлкі болса, тазы болып қу» деген сөзді негізгі қағидаға айналдырып, осыны бер перде тұтқан. Сол үшін тәрбие барлық жерде бірдей болмаған. Тәрбиенің жүйелі түрде берілуін сонау ежелгі гректерден көруге болады. Олардың түсінігінде ең құрметті адамдар, тәрбиенің сүзегінен өткендер болады. Ренесанс дәуірінде тәрбиенің мақсаты адамдық ғана болса, ХҮІІ ғасырда тәрбиенің мақсаты ғалымдарды көбейту мақсатқа айналды.

Қазіргі таңда да тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық қасиетің пайда болып, өмірдегі роліңді біле аласың. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке  бағынған құл болмайды» деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Біздің аталарымыз да тәрбиенің негізгі мақсатын дап болып, өз өмірлерінде дұрыс қолданғандай сыңай танытады. Бұлай дейтін себебіміз атадан қалған ұлағатты сөздердің түп төркіні осындай тұжырымға еріксіз жетелейді. Мәселен тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала». Міне мұнда тәрбиеге көңіл бөлініп қарастылатын ар мәселесін әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп отыр. Бізді тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын тапқан. Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.

           Дүние жүзіндегі бүкіл діндер адамзатқа тәрбиеге қатысты әр түрлі ойлар мен әдіс тәсілдер қалдырған. Мысалға, Хиндуларда ең үлкен тәрбие денеге емес, рұхқа бағытталған. Олардың пікірінше адамның өлуі, дүниеден арылып Нирванаға қауышуы ең үлкен бақыт болып саналған. Тәрбиенің мақсаты жамандықтан ұзақ болу, қоғамға жақсы адам үлгісін тәрбиелеу болса да олардың бұл әдістері тәрбиені тек руханиятпенен шектеп дүние өміріне маңыз бермеуі, нәпсінен, бүкіл арман және қажеттіліктерінен алыс болуы тәрбиенің мақсатына кедергі болушы еді.

       Будда діні жоғарыдағы ұстанымдарды шамалы өзгертсе де, бәрі бір дене мен рұхты адамдық іс-әрекеттен алыстататын еді. Олардың пікірінше өмір қиыншылықтан, жамандықтардан тұрады. Бұл жамандық адамдар кәмілдікке қол жеткізгенге дейін жалғасады. Адамдардың өлімі тек формалардың ауысуы ғана  еді. Қайтыс болғанға дейін бұл тәрбиені алмайтын болса дүниеге қайтадан жануар түрінде оралады. Адам тәрбиелену мен Нирвананың шыңына жетеді. Хиндулар Брахмандардың, яғни рахибтердің қол астында еді. Жазу алғашқы кездері құмға жазып үйретілгген. Кейінерек өсімдік жапырақтарына сия мен жазып үйретілген. Жоғары оқуда тек Брахмандар ғана оқи алатын.

       Зәрдушт дінінде 15 жас балағат жасы болып есептелген. Балағат жасына келген жастарға зәрдүшттік заңдар және ахлақи бағыттар үйретілген. Жастардың діндар, еңбексүйгіш және іс-әрекеттерінде адал болуларына маңыз берген. Зәрдүшттік тәрбиеде адам өз міндетін сезінудегі негізгі белгісі оның рухани пәк болуында. Әйелдерге қамқорлық жасау негізгі адамгершілік борыш болып саналған. Тамақтануға да көп көңіл бөлген.  Өйткені адам тамақтанбаса азамматтық қызмет борыштарын жасай алмайды. Өйткені адамның рухани өмірі физикалық өмірі мен тікелей байланысты. «Тамақ жеп ішпейтін адамның құлшылық жасауға күші жетпейді»(Ясна,33 баб). Зәрдушттікте  адамдарды әлсіздендіреді деп оларға ораза ұстауға тиым салған. Тамақтану жақсарған сайын адамдардың мінез-құлықтары да жақсара береді. Олар арақ ішуге тиым салмайды. Мөлшері мен ішуді ұсынады. Осылайша арақ ішу арқылы жақсы мінезділермен жаман мінез-құлықты адамдарды ажыратуға болады. Зәрдүшттерде дүниеуи мал-мүліктерден бас тарту талап етілмейді. Оларды мөлшері мен пайдалануды әмір етеді.

         Адамды кәмілдікке жеткізу түсінігі тайпаларда түрліше көріне бастады. Мысалға, римдіктерде қиыншылықтарға шыдаған батыр әскер кәмілдікті білдірсе, гректерде дене әдемілігі және мінез-құлық тәрбиенің негізгі мақсаты еді. Яхудилерде қасиеттілігі бар адам кәмілділікті білдірген. Олардың пікірінше балаларын жақсы көрген адам оларды сабау керек. Егер де оларды ұрмай мейірімділік жасаса балаларына қиянат жасаған болып есептеледі. Ер кісілер оқытылып, қыз балалар оқытылмайтын еді. Оларда ақыл-ой тәрбиесі екінші орында еді. Әке ұлдарына тарихы оқиғаларды тақпақ тәрізді түсіндірген.Тәурат балалардың қолынан түспейтін, үнемі ұстаздарының мінез-құлық дәрістерін балаларға үйрететін кітабы болып, “балаларды бір қол мен жазалап екі қол мен аялау» дәстүрі пайда болды.

        Қытайда болса ежелден қалыптасқан Конфуцийдің тәрбие тәсілдері мен салт-дәстүрлері үйретілетін еді. Конфуцийдің пікірінше кәмілділік тек қана үкіметке мойынсұнуменен ғана жүзеге асады. Оның пікірлері қазірге дейін жалғасып келе жатыр.

        Ежелгі түріктерде тәрбиенің негізі дін еді. Олардың алғашқы діні будда діні болған. Бұл діннің негізгі дәстүрлері әр уақыт қасиеттілікті жасырып, қателіктерін жариялау сипатта өмір сүру  еді. Адамдарды жақсы көру, басқалардың сенімін мазақтап қорламау еді. Сондықтан да олар қонақсүйгіш барлыққа бірдей құрметте болатын еді.

        Шыңғысханның немересі Құбылай Буддист болғанымен жексенбі күні христиандардың шіркеуіне, жұма күндері мұсылмандардың мешітіне баратын болған. Шаман діні де  Буддизмнің бір бөлігі еді. Көне түріктер, қай сұлтан билік басына шықса соның тәрбиесіне, үкіміне бағынатын болған. Сұлтан қай дінге сенетін болса, халық та сол дінді қабылдаған. Сондықтан да ежелгі түріктер көп діндердің әсерінде қалған.

        Иранның ежелгі діні зердушт діні болған. Тәрбие дәстүрлері де сол дінге негізделген. Жақсылық құдайы Хурмуз, жамандық құдайы Ахирман деп аталған. Олар құдайларына жету үшін Ахирманнан құтылу жолын іздестірген. Осылайша олар өздерін дене және рухани жақтан тәрбиелеп келген.

       Тәрбиенің жүйелі түрде берілүін ежелгі түріктерден көруге болады. Грек философы Аристотель негізгі тәрбиеші әке-шеше екендігін, осы арқылы жанұя байланыстарының нығайуына, қоғамдық өмірде бауырмалдылықтың өркен жайып дамуына негіз болатындығын айтады. Бұл дәстүр тарихтың ең қараңғы жылдарында шығыс елдеріне үлкен ықпалын тигізді. Аристотелдің пікірінше тәрбие мәселесіне үкімет те араласуы керек. Ол баланың туылған сәттен емес, жеті жастан бастап оқытылуын ұсынады. Гректер балаларын қарапайым адардардың қолына тәрбиелеуге берген.

        Грек философы Платон адамдарды үш бөлікке бөлген. Диқаншылар мен өнершілер, соғысушы әскерлер және қызметкерлер.

        Бірінші бөлік кісілердің тәрбиесіне тек өнер үйрету жеткілікті еді. Әскер тәрбиесінде екі нәрсеге көңіл бөлген. Олар музика және гимнастика. Қызметкер мен жұмысшыларға жоғары деңгейдегі білімдер, философия және тақуа, қиыншылықтарға шыдау, сабырлылық үйретілген. Шығыста болғаны секілді бір рахиптың құзырында бір ғалымның болуы қажет еді. Римдіктер Ирандықтардың әсерінде қалған.

       Тарихи дамудың кейінгі жылдарында алғашқы қауымдықтың орнына  құл иеленушілік пайда болды. Көне шығыста тайпалық қоғам пайда болып, материалдық әрі рухани мәдениетке негіз болды.  Көне ғасырларда шығыс мемлекеттерінің  әлем мәдениетіне қосқан үлесі зор.

       Мысалға, Қытайлықтар қағаз ойлап тапты, Үндістанда ондық есеп системасы, Месопатамияда жер планетасын градустарға, сутканы сағаттарға, минут және секунттарға  бөлуді ойлап тапты. Сол кездерде Греция мәдениетінің ошағы болған Лакония (орталығы Спарта) және Антика (орталығы Афина) екі үлкен қала болған. Екі қалада да құл иеленушілік үкім етуші еді. Грецияда құлдар «сөйлейтін құрал» деп атанған. Тәрбие жұмысы мемлекеттің қолында, Спарта ауқатты кісілердің ғана оқуға мүмкіндіктері болған. Спарталықтардың балалары жеті жасқа дейін үйде болып, Агелла деп аталатын оқу орындарында он сегіз жасқа дейін білім алған.

         Көне грек тарихшысы әрі философ Плуатахр Спарта мектептеріндегі тәлім-тәрбие туралы былай дейді: «Балаларға оқу жазудың ең қажеттісі үйретілетін еді.Тәрбие, мойынсұну, шыдамды болу және жеңу ілімін үйретуді көздеген». Спарта тәрбиесінің тағы да бір маңызды ерекшелігі балалардың жүректерінде құлдарға болған жек көрушілік сезімдерін ояту болған. Олар қыздар тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.

        Көне Грецияның екінші ежелгі қаласы болған Афинада да Спарта секілді өзіне тән тәлім-тәрбие ерекшеліктері болған. Құлдар жеке мүлік ретінде қолданылған. Құлдар балаларды мектепке жетектеп барған. Оларға «педагог» атағы берілген.

         Сократтың пікірінше шынайы ахлақ тек ғалым және білімділерге тән. Сондықтан да үкіметті басқару оның пікірінше солардың қолында болуы керек.

        Аристотель жан мен тәннің бар екендігін айта отырып жанды үшке бөледі.  Өсімдіктердегі жан, бұл қоректену және көбеюмен белгілі болады. Хайуандардың жаны, өсімдіктердегі қасиеттер мен бірге сезім армандар да қосылады. Жанның үшінші түрі өсімдік және хайуандардағы қасиеттермен қоса ақыл, ойлау қасиеттерін өз ішіне алады.

      Аристотелдің пікірінше жоғарыдағы үш түрлі жанға байланысты, тәрбие мәселесінде  дене тәрбие ахлақи тәрбие, ақыл-ой тәрбиесі болу керек екендігін айтады. Оның пікірінше кезкелген арман және іс-әрекеттерде төмен, орта және шектен асып кету сияқты деңгейлердің бар екендігін айтады.  Олардың ішіндегі ең дұрысы тепе-теңдікті сақтайтын — орта жол болып табылады.

        Атомизм теориясының негізін салушы атақты философ Демокрит та жоғарыда аталмыш философтар секілді тәрбиеге қатысты өзінің тұжырымдамаларын айтып кеткен. Демокрит Аллаһтың қалауы деген нәрсе бұл адамдардың ойынан шығарған нәрсе деп есептейді. Демокрит тәрбиені табиғатқа сәйкестендіруді негіз етіп алды. Ол былай дейді «Табиғат пен тәрбие бір-біріне ұқсайтын нәрселер. Тәрбие еңбек арқылы ғана жоғары нәтижеге жетеді». Демокриттің тәрбиеге қатысты бүкіл ойлары діни көз-қарасқа қайшы еді.  Сондықтан да өзінен кейін келген философтарға үлкен ықпалын тигізді. Батыс Европада құл иеленушіліктің орнын 5-18 ғасырлар аралығында феодализм үкім сүрді. Феодалдық қоғамда үкім жүргізу феодал помещік және руханилердің қолында болды.

         Орта ғасырларда батыс Европада дін және оған қызмет етуші дін басылар үлкен роль ойнады.  Католик дінбасылары осы мүмкіндіктерден пайдалана отырып ғылымға қарсы шықты. Ғылымның дамуына кедергі болды. Дін- ақиқаттың көзі, пән дінге қызмет ету керек, бүкіл пән ғылымдарының тәжі теология деп түсіндірді. Мектептерде арифметика, грамматика, риторика, география сияқты пәндерге діни мазмұн бере отырып тек сенімді түсіну үшін ғана пайдаланды.

        Батыс Европада сол кездерде Янь Комменский, Пестолиций секілді ұлы ғалымдар өмір сүрді. Комменскийдің көзқарасында бір жағынан стихиялы материализм және реализмнің кей бір элементтері және тұрмыс тіршілікке тырысу, екінші жағынан діндарлыққа көңіл бөлуді көруге болады. Комменскийге дейін ғалымдар арасында қабілетті балаларды ғана оқыту қажет деген пікір таралған еді. Ол барлық балалардың оқытылуы қажет деген пікірді ортаға тастады. Орта ғасырдағы секілді таяқ пен ұрып оқытуға қарсы шығады. Балаларға адамгершілік қарым-қатынаста болу керектігін  ұсынады.

         Пестолицийдің пікірінше тәрбиенің мақсаты адамның бүкіл күш және қабілеттерін дамыта өсіру дейді. Ахлақ тәрбиесі дін тәрбиесі мен тығыз байланысты. Ол ресми дінді сынға ала отырып, адамдардың жоғары қасиеттерінің дамуына табиғи діннің әсері мол дейді.  Егер адам баласы Құдайды сүйсе ол барлық адамдарды да сүйеді, өйткені бүкіл адам бір әкенің баласы секілді бір-біріне аға-іні. Роберт Оуэн балаларға діни идеология жайындағы пайда әкелмейтін кітаптарды, оқытпау керектігін ұсынды.   

         Европа мен Азия терең қараңғылыққа батқан кезде ислам мәдениеті жарқыраған күн сияқты дүниеге келді. Құран Кәрим адамдарға тәрбие негіздерін Мухаммед пайғамбар хадисі мен баяндады. Осылайша исламда тәрбие ислам дінінің негізін құрады. Жалғыз жаратушысына ықыласпен құлшылық, жаратылысқа Аллаһ үшін қызмет ету бұл діннің негізгі ерекшелігі болды. Барлық жамандықтар тәрбиесіздікті білдірсе, жақсылықтартардың барлығы тәрбие рұхы ретінде сипатталады. Ислам үлкендерге  құрмет, кішкентайларға мейірімділік, сөздердің дұрыстығы мен істердің адалдығын, жалпы жан-жақты дұрыстықты әмір етеді.

     Балаларды тәрбиелеу, оларды өз еркіне қоймау әке-шеше алдындағы ең бірінші міндет. Сондықтан да исламда әуелі Аллаһтың бірлігі, Мухаммед пайғамбардың хақ пайғамбар екендігін айта келе барлық жақсы нәрселерге үгіттеу, жаман нәрселерден тиым салу бұл қасиетті діннің негізін құрады. Өйткені бала әке-шешенің үгіт насихаты арқасында  жақсы немесе жаман мінездер қалыптаса бастайды. Сол себептен Мухаммед пайғамбар әр баланың табиғаты исламды қабыл ететін жаратылыста дүниеге келетіндігін кейін әке-шеше немесе басқалардың әсерімен яхуди, христиан немесе межуси болатындығын айтады.

        Ислам ғалымдары тәрбиені екіге бөліп қарастырған. Жалпы және жеке тәрбие. Жеке тәрбие бұл Аллаһ тағала тарапынан пайғмбарлар арқылы адамдарға үйретілген сенімдер әдемі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Пайғамбарлар дәрігер іспетті адамдардың сырқаттарын айта отырып жақсылықтар игіліктер арқылы емдейді. Ал жалпы тәрбие болса әлемнің ең кішкентай бөлшегінен бастап ең үлкен болмысына дейін құдірет иесінің қолы мен тәрбиеленіп жатқандығын айтады. Жалпы тәрбиеде мәжбүрлілік болса жеке тәрбиеде қалау мен ерік бар. Жалпы тәрбие туралы Құранда ясин сүресінің ең соңғы аяттарында былай делінеді. “Егер ол бір нәрсені қаласа, бол дейді сол сәтте болады». Бүкіл нәрсе оның қол астында. Өмірді де өлімді де жаратқан сол. Еш бір нәрсе оның бақылауының сыртында қалмайды. Бірақ пайғамбарлар арқылы болатын тәрбиеде таңдау құқығы бар.

        Аллаһтың құлы болған адам баласы пайғамбарды мойындап одан әмір мен тиымды, жақсы мен жаманды, бұрыс пен дұрысты үйренеді. Әмірлерді орындап, тиымдардан аулақ тұрса, әр қашан бақыттылыққа жетеді.Адамдардың ең бақыттысы болып есептеледі. Әр ғасыр сайын пайғамбарымыздың жолын көрсететін адамдар келіп, олар да халықты жақсылыққа, хидаятқа, туралыққа шақырған. Мұндай адамдарға өз тілімізбен «үәлилер» деп айтамыз. «Үәли» деген сөз «дос» дегенді білдіреді. Құран Кәримде Аллаһ тағала былай дейді: «Аллаһ иман еткендердің досы. Оларды қараңғылықтан нұрға шығарады». Аяттың жалғасында Аллаһқа иман етпегендердің досы шайтан, ол өзінің достарын жарықтан қараңғылыққа апаратындығын, от ішінде қалатындығын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Құранның тәрбиелік мәні.

 

        Адамзат тарихына көз салсақ, сонау алғашқы дәүірден бері адам баласы әлемді билеген ұлы бір күшке сеніп, одан жәрдем сұрап соған құлшылық еткен. Яғни адамның бойында ұлы жаратушыға деген сезім әлімсақтан бері болған. Бұл- адамның өз табиғатында Аллаһ тағалаға сену мен бой ұсыну бар екендігін көрсетеді.

      Ислам көзқарасы бойынша Аллаһ тағала әуелі Адам пайғамбарды жаратты. Аллаһ тағала адам пендесіне Адам пайғамбарды осы хақ дінінің алғашқы пайғамбары етуі- адамзаттың алғашқы дінінің тәухид (жалғыз ғана құдайға сену) діні екендігінің айғағы. Алайда мұндай қоғамдар уақыт өте келе Құдай тағала сенімінен айрылып  қараңғылыққа бет бұрып, көркем мінез аяқ асты қалған еді. Сол кезде Аллаһ тағала қауымдарға пайғамбарлар жіберіп, тура жолға шақырды. Ислам діні келкен кезде араб әлемі осындай күйде болатын. Олардың діни сенімі қым- қиғаш халде еді. Арабтар әу баста аталары Ибраһим және Исмаил пайғамбардың Аллаһ тағаланың бірлігіне негізделген Ислам дінінде жүргенімен, кейінгі пайғамбарсыз заманда ақиқатты ұмытып пұттарға табынып кетті. Пұтқа табынушылық араб түбегінің қоғамдық және экономикалық өмірінде салтқа айналған. Арабтар жеке және ортақ ерекшеліктері бар пұттар жасаған.   Әр бір тайпаның өздеріне тән  пұттары болуымен қатар, бір неше тайпаның ортақ сиынатын пұттары да бар еді. Кағбаның айналасында 360 пұт болған.  Араб түбегінің жан-жағынан келген арабтар осы ортақ пұттарға зиярат етіп, табынып, құрбан шалып, оларға арнап адал, харам үкімдерін шығарған. Сонымен қатар оларда Аллаһ тағала хақында пікірлері де бар еді. Құран осы жәйтті былай баяндайды.  «Егер олардан, «Көктер мен жерді жаратқан, күн мен айды бағындырған кім?-деп сұрасаң сөзсіз «Аллаһ» дейді. Олар осы ақиқатты біле тұра қайда ағып барады.Егер  олардан, «Көктен жауын жаудырып сол арқылы  жерді өлімнен кейін жандандырған  кім?-деп сұрасаң сөзсіз «Аллаһ» дейді. Онда сен күллі мадақ Аллаһқа лайық де. Бірақ олардың басым көпшілігі осы ақиқатты ұғынып саралай алмайды».(26/61). Олардың Аллаһ тағала туралы түсінігі төмендегідей:

  1. Аллаһ әлемнің жаратушысы;
  2. Ол жауын жаудырып, әр нәрсеге тіршілік беруші;
  3. Ол мерекелі жиынды басқарушы;
  4. Өткінші монизм ақиқаты;
  5. Аллаһ Кағбаның Раббысы.

     Алайда, арабтар жаратушының бар екеніне сенгенімен пайғамбар мен қайта тірілуді теріске шығарған болатын. Ол Құранда былай сипатталады: «Олар, өмір тек бұл өмір де ғана өмір сүреміз, өлеміз. Бізді осы заман ғана өлтіреді» дейді.Задында олар бұл жайлы еш нәрсе білмейді. Бар болғаны болжам жасайды». Басқа аятта: «Олар әуелгі өз жаратылыстарын ұмытып бізге мысал бермекші; Мұнша шіріген сүйектерді кім тірілтеді? дейді. Яғни, арабтардың ақырет жөнінде сенімі мүлдем жоқ еді. Бірақ араб түбегінде арабтар мен қатар өмір сүрген  христиандар мен еврейлер бар еді.Осы дерекке жүгінсек арабтар солардан ақырет туралы естіген деген жорамалға тоқталамыз. Алайда араб түбегі қауымының ақыретке деген еш қандай сенімі болмағанын да есепке алсақ, олар әһли кітап (еврейлер мен христиандар) көзқарастарына еш қандай маңыз бермегенін аңғарамыз.  Оның үстіне еврейлер мен христиандардың өлгеннен кейін қайта тірілуге деген сенімі саяз еді.

        Арабтар арасында пұттарға табынбаған, оларға арнап құрбан шалмаған, тек қана Аллаһ тағалаға сенген адамдар да  болған. Оларды «муаххид» немесе «ханиф» деп атаған. Олардың орталығы Мекке болған. Олар Мекке халқының арасындағы, пұтқа табынып Аллаһ тағалаға серік қосып рухани құндылықтарды аяққа басып, дүниеқоңыз болған пенделерге ұқсамай  Ибрахим пайғамбардың ханиф дініне иман еткен жандар еді. Ол дәуірде ақсүйектер арасында, мейлі төменгі сатыда болсын әйел затының қоғамда еш бір лайықты орны жоқ еді. Мұндай үрдіс қыз бала дұниеге келісімен басталған. Арабтардың әйелі ұл туса қатты қуанып қыз туса қылмыс істегендей күйге түскен. Өйткені адамдар үшін қыздың әкесі болу масқаралық саналған. Олар мұндай халден сәбі қызды туа салажерге тірідей көму, не оны бойжеткенде біреуге сатып жіберу арқылы құтылған. Кей бір жаны ашығандары ғана қызын елсізге апарып мал бақтырған. Бұл жайлы Фараздықтың арғы атасы Сасаа иман еткенде, өзінің басынан кешкенін Мухаммед пайғамбарға былай деп баяндайды: «Пайғамбарым! Қараңғылық дәуірде жасаған жақсылықтарымның  маған пайдасы бар ма?» Мухаммед Пайғамбар «Нендей жақсылық жасадың?»-деп сұрайды. Сасаа. Мен бір күні түйемді жоғалтып іздеуге шықтым. Сахарада жүріп ұзақтан екі шатыр көрдім. Барған соң қарт кісімен жолықтым. Біз әңгіме үстінде отырғанда әйелі келіп, қыз туғанын хабарлады. Күйеуі аулаққа апарып жерге көм,- деді. Мен араша түсіп ақырында сатып аламын деп әзер көндірдім. әлгі шалға боталы екі түйе мен астымдағы түйемді беріп, қызды аман алып қалдым. Бұдан басқа да исламға дейін 360 нәрестені құтқардым» деп сөзін тәмамдады.  Мухаммед пайғамбар оның осындай жасаған жақсылығына оған Аллаһ тағала исламды нәсіп еткедігін айтады.

       Ол кезде ерлер әйелдерге мүлік ретінде қараған. Әйел хайыз кезінде уақытша үйінен  шығарылған. Негізі арабтардың әйел алуына шек қойылмайтын. Қалағанынша үйленіп  ажыраса берген. Бұл тек арабтарға ғана тән құбылыс емес, Рум және Сасани империясында да әйелдердің құқы жоқ еді. Арабтар аспаны ашық сахарада ғұмыр кешкендіктен, ой-өрістері де сол аспандай таза еді.  Сондықтан оларда шешендік өнер кеңінен тарап, әсіресе шайырлық өнері , өрістеген болатын. Ол заманда ақындар елінің зиялысы еді. Бір ақынның сөзінен екі тайпа соғысып, бір ауыз сөзбен екі ел арасындағы көп жылдық қырғын тоқтап, татулық орнайтын. Ақындар арасында мүшайра жарысы өтіп жеңімпаздың өлеңі кағба қабырғасына ілінетін.

       Арабтарда сәуегейлік де етек алған еді. Ондайлардың халықтың жүрегінен орын алғаны сондай көпшілік оларды тылсым күшке ие таңғажайып жандар деп бағалап, зор құрмет көрсететін. Арабтар басына іс түсе қалса, яки қайғы қасіретке дұшар болса-яқ, сәуегейлерден жөн сұрайтын. Олар балгерлердің пұттарының ішіндегі жындармен тілдесіп ғайыптан хабар алатынына мүлтіксіз сенетін.

      Арабтар осындай қараңғы дәуірді бастан кешу үстінде әлемнің ұлы жаратушысы тарапынан Мухаммед Пайғамбарға Құран жіберілді. Ол қасиетті кітап ғана емес, жазу стилі жағынан адам баласының қолынан келмейтін теңдессіз кітап болды. Оның аса ғажайып мұғжизалық үлгісін  дос тұрмақ дұшпан да мойындап қабыл етті. Шын мәніндегі адамзат тарихындағы ең маңызды және қайталанбас оқиға исламның келуі және оның өркен жайып дамуы болды. Кезкелген анархиялық жағдай пұтқа табынушылық, Аллаһқа серік қосу, әділетсіздік, зұлымдық пен жауыздықтың үкім сүріп жатқан араб қоғамында жалғызғана ортаға шыққан Мухаммед пайғамбар жиырма үш жыл ішінде пайғамбарлық өмірін тәмамдаса да, араб түбегіндегі Сирия, Иранға дейінгі жерлерді өз ішіне алған үлкен мемлекетті артына қалдырды.  Оның тәрбиесін алған сахабалар кезеңінде Ислам мемлекеті шығыста Қытай территорияларын батыста Атлантика океандарына болған жерлерді өз ішіне алған мемлекетке айналды.

        Кей бір ғалымдар Исламның алғашқы кезеңіндегі тарихи шындықты «Ислам мұғжизасы» деп атап кеткен. Біз бұл тарихи шындықты тек мұғжиза деп қана қоймай, ол туралы мұқият ойланып, терең зерттеулер жүргізуіміз керек.

        Құран сөзі тау суындай сарқырап ағып жан мен тән, ар мен жүректі кірден арылтып, адамзатқа бақыт әкелді. Құран арқылы әйел заты теңдікке қол жеткіссе, әке перзентін қыз, ұл деп бөле жармай, бірдей әкелік сезіммен қарайтын болды. Кешегі қызын тірідей көмген әкелер, енді құмырсқаға да аяныш сезіммен қарайтын заманға қол жеткізді. Бір-бірімен қырық-пышақтасып қырқысқан ру, тайпалар Құран арқылы арасынан қыл өтпейтін дос атанып, аға- бауырлық қарым-қатынас орнықты. Күні кеше ата-анасына қарсы балалар Құранның атқан орайлы таңынан кейін, оларға қарсы шықпақ түгіл «үһ» деп те наразылық білдірмейтін ибалы дәрежеге жетті. Әсіресе анаға ерекше ізет көрсетіліп  «Жаннат аналардың аяқтарының астында» деген мәртебелі баға беріліп ардақталды.  Міне Құран бұдан  он төрт ғасыр бұрын, зұлыматтың қара түнегін сейілтіп адамзат әлемін көкжиектен көтерілген күндей нұр шұғылаға бөледі.  

       Жаһилия (исламнан бұрынғы кезең) кезеңіндегіі жаман әдеттерді жойып адамзаттың кәмілденуіне себеепші болған Ислам қазіргі кезеңдегі көкейтесті мәселелерімізді шешуге басшылыық жасайтын негіздерді іздеп зерттеуіміз керек.

      Мұсылмандардың бастапқыда таңқаларлық табысқа қол жеткізулері тәрбиенің арқасында деп айтуымызға болады. Исламның адамзатқа әкелген тәрбие системасының, сенімі қуатты мұсылмандар тарапынан кемшіліксіз орындалуы арқылы олар жан жақты табыстарға қол жеткізген. Бұл тұрғыдан алып қарайтын болсақ, Исламға «илаһи тәрбие»(құдайдық) системасы деп сипат беруге болады.

       Негізінде Мухаммед пайғамбар өзін тәрбиеші ретінде көрсетеді. «Мен бір мұғалім, тәрбиеші ретінде жіберілдім».(Имам Малик, Муватта, хуснул хулқ,1).

       Қасиетті Құранда: «Егер сенсеңдер, әрине жоғарысыңдар(үстінсіңдер)»  аятын ислам тәрбиесін өмірде іс-әрекеттерің мен көрсетіп нағыз мұсылман болсаңдар, міндетті түрде жеңіске жетіп, дүниеуи жарыстарда да басқалардан жоғары мәртебеге жетесіңдер деген мағынада түсінуіміз керек.

       Қазіргі замандағы тәрбие системасын зерттейтін болсақ, ислам тәрбиесінің артықшылығын байқауға болады. Ислами түсінік бойынша адамдарды жаратқан Аллаһ, адамдардың жаратылысына ең лайық тәрбие системасын  білдірген. Құранда адам баласының «алаи иллийин» деп аталатын ең жоғары дәрежемен, хайуаннан да төменгі дәрежедегі «асфалас сафилийнге» түсіп шыға алатын ең әдемі сүретте жаратылғандығын айтады. Олай болатын болса өзінің ең үлкен сипаты болған Раб, яғни тәрбие етуші есімі мен өзін бізге танытқан ұлы жаратушы, адамдардың жаратылысындағы көздеген жоғары мақсаттарға апаратын жол, яғни жаратылысына лайық тәрбие системасын көрсетпеуі мүмкін емес. Егер жоғарыдағы сияқты ислами тәрбие системасы бар болса, бір мүмин кісіге жаратушысының көрсеткен негіздерден басқа тәрбие бола алмайды. Ислам, бүкіл пайғамбаарлармен кітаптар, шариғаттар тіпті ғалымдар да адамдарды тәрбиелеу үшін жіберілгендігін айтады.  Өйткені Мухаммед пайғамбар бір хадисінде «Ғалымдар пайғамбарлардың мирасқорлары» деп ғалымдарға да пайғамбарлық міндет жүктелгендігін айтады. Діни әмір мен тиымдар, харам мен халалдар барлығы тәрбие болып есептеледі.

        Осы жерде ислам тәрбиесінің алғашқы тәрбие негіздерінен Құран жайлы, ол кімнің сөзі және оның басқа кіттаптардан ерекшеліктерін айта кеткен жөн.

       Ислами деректердегі мағлұматтардан тұжырым жасайтын болсақ, адамдарды жаратқан және олардың әлсіздігімен мұқтаждығын білетін Аллаһ тағала адамзатттың атасы Адам пайғамбардан бастап ақыр заманның үмбетіне дейін әр дәуірде адамзаттың қажеттілігімен сана деңгейіне қарай илаһи хабарды сол қауым   ішіндегі арнайы таңдалғаан пайғамбарлар арқылы жіберді. Адамзаттың санасы бұрыңғыдаан  гөрі дамып, толысқан уақытта ақырғы пайғамбаар Мухаммед арқылы жиырма үш жыл бойы уаһи етіп Құранды түсірді.

      Құран, адамзат қараңғылыққа көмілген заманда, қапастан құтқарып нұрға бөлеген, нұрмен рақымға толы кітап. Құранда Аллаһ тағала былай дейді: «Ол сендерді қараңғылықтан жарыққа шығару үшін құлына ап-ашық аяттар түсірді.  Сөзсіз Аллаһ сендерге тым мейірімді, аса рақымды.(Хадид 9). Біз мұсылмандарға Құраннан шипа мен рақым түсіреміз. Бұл залымдардың  зиянын ғана арттырады. (Исра 82).

     Құран- тарихтағы өзіне дейінгі адамдардың қолымен бұрмаланған өзге илаһи кітаптарға ұқсамаған жалғыз уаһилік кітап. Осы жағынан Құран өзге кітап пен діндерді бағалауда жалғыз құқылы кітап. Оның нақты мәнісі-Тәурат, Інжіл, Зәбур және Құранның  бір бастаудан келуінде. Себеп, тәурат пен Інжіл ғасырлар бойы адамдардың бұрмалауына ұшырап, Құранның әлгі күнге дейін бір әрпі де өзгертілмей сақталуында. Кей бір ислам ғалымдары «бұл кітапта шүбә жоқ» деген. Құран  аятындағы кітап сөзіне түсіндірме жаасаған кезде кітапты екіге бөліп қарастырады. Үлкен және кіші кітап. Үлкен кітап бұл алып әлем болса, кіші кітап Құран делінеді. Құран жоқтан жаратылған жеті қат әлем атты алып кітаптың аудармашысы.  Ұлы жаратушы әлемді өзінің ұлылығымен құдіреттілігін таныту үшін жааратқан. Қасиетті хадисте Аллаһ тағала «Мен бір құпия қазына едім, мені танып білсін деп әлемді жараттым» дейді. Өйткені әр бір кәміл құдірет және әдемілік өзінің кәмілділігі және әдемілігін көруді әрі көрсетуді қалайды. Сондықтан да әлем кітабын адамзатқа арнайы ұсынып, сол кітабы арқылы адамдар мен тілдеседі. Ендеше адам баласы  алып кітапты оқып оның тылсым сырын ақтарып негізгі мақсатты табуы шарт. Адам ақылы шектеулі. Сондықтан да сансыз болмыстың құпия сырын адамзат ұлы жаратушысының пайғамбары арқылы жіберген кітап кілітімен ғана аша алады. Құрранның түсу кезеңін зерттейтін болсақ, ол адамзаттың сан ғасырлар бойы санасы дамып кәмілдік деңгейге жеткен кезде түскен.

   Ол осыдан он бес ғасыр бұрын түссе де, қазір де қияметке дейін де адамзаттың барлық мәселелерін шешуге жетіп артылады. Құранда Аллаһ тағала «Болашақта дәлелдерімізді ғаламзат және жаратылыстарында көрсетеміз. Сол кезде олар оның (құранның) ақиқат екендіігіне анық көздері жетеді. (Фуссилат,41/53). Бұл аяттан, келешекте адамзаттың күллі болммысымен құран арасындағы тылсым байланысты  түгел зерттеп ақыр соңында, Құранның Ұлы жаратушысының кітабы екендігіне нағыз ақыл иелерінің көздері жетеді деген мағына шығады.

       Құранның бұрынғы кітаптардан тағы бір ерекшелігі алғашқы түскен парақтармен барлық кітаптардың мазмұнын қамтуында.

      Егер де сол кезеңнің қоғамдық ахуалына қарайтын болсақ шын мәнінде Құран сияқты бір жол көрсетушінің түсуі де аса қажет екендігі көрінеді.  Адам баласы бұл дүниеге не үшін келген дегген сұраққа Құран былай жауап береді. Адамзат жеті қат алып сарайдың аса қадірлі қонағы. Бүкіл әлем тек адамға арналып жаратылған. Адамзат дүниеге Ұлы жааратушысының жарлығын орындап, ғаламзат сарайын тамашалай жүріп, оған ғибадат етіп Мухаммед пайғамбардың  «адамның жақсысы адамдарға пайдалырағы» дегеніндей  ізгілік жасап халыққа пайдасын тигізіп, кейінгі ұрпаққа өшпестей жақсы із қалдырып, жасаған жақсылығының қарсылығына алдағы ахирет әлемімен мәңгілік бақыт мекенін сатып алуға келген. Егер де ахирет әлеммен ондағы мәңгілік өмір болмаса, бұл өмірмен жаратылыстың еш мән мағынасы қалмас еді. Адам бұл дүниеге текке келіп құр кеткен болар еді. Алайда әлемнің жаратылыс мақсаты- адам. Әлем- алып ағааш, адам соның жемісі мен мәнісі. Ендеше ахирет болмаса бұл дүние босқа жаратылды деген мағына шықпай ма?

        Құран әрі адамзаттың тәрбиешісі. Құранның басты мақсаты адам болмысының жан тәнін кірден арылтып, рухына ғайыптық қанат тағып, жаннатқа лайық ету. Негізінде құраннан тәлім-тәрбие алған адам рухының бұл дүниесі де жаннатқа ұқсас. Өйткені адамның жандүниесі мен болмысын тәрбиелеуде ең кәміл әдісті адамды жоқтан жаратқан Аллаһ тағала ғана біледі. Құран күллі адамзаттың заттық әрі руухани қажеттіліктеріне сай, кең ауқымға ие қасиетті дара кітап. Құран адам өміріне немқұрайлықпен қарамай, оның қажеттіліктерін қамтыған кітап. Адам баласы дүрбелең өмірдегі бөгеттермен асулардан соның көмегімен өтіп, дерттің дауасын, рұхтың азығын Құраннан ғана табады.

       Шығыс және батыс зерттеушілері Құранды дүниежүзілік мәдениетте кездеспейтін туынды деп есептейді. Мухаммед пайғамбарға жиырма үш жыл бойы түскен Құранды сахабалар жаттап өзінен кейінгі ұрпақтарға жеткізген. Құранды бірінші болып Зейд б. Сәбит киік терісіне жазған. Омар халиафлығы кезінде Құран кітап халіне келтірілді. Үшінші халифа Оспан оны алты нұсқа етіп орталық қалаларға таратты.

        Құран әлем мәдениетінің ең үлкен байлығы, бүкіл мұсылмандардың қасиетті кітабы. Араб тілінде «қирағат»-«оқу» деген мағынаны білдіретін Құран жүз он төрт  сүреден тұрады.

        Құран адамдарды татулыққа, ізгілікке, теңдікке шақырады. Адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтардан тиым салады. Құран адамгершілікті, сүйіспеншілікті, көркем мінез, рухани және мағынауи пәктікті, адал еңбек етумен жақсы өмір сүруді әмір етеді. Құранның тәрбиесіне қарай отырып адамның рухани кәмілденуіне қаншалықты маңызы бар екендігін көруге болады.

          Баршамызға мәлім кәміл адам өзінің білімділігімен танылады. Коммунистік тәрбие кезінде, білімді кісі тек дінсіз болу керек, өйткені адамның білімі артқан сайын діннің бос екендігін түсінеді деп келінді. Алайда ислам мұсылмандарды дамуға білім алуға әмір етеді. Өйткені жеке адам және қоғам білімменен кәмілдікке жетеді. Адамдарды ғылымға тарту мақсатында Зүмәр сүресі 9 аятында былай делінеді: “Білетіндер мен білмейтіндер еш уақытта бір бола ма? Шындығында ақыл иелері ғана насихат алады”. Исламда адам ақылының дамуына қатты көңіл береді. Ғылым және ақиқатты айғақтар мен дәлелдеуде, исламның рационалдық, ақылға сүйенетін дін екендігі айқын көрінеді. Шын мәнінде де Құран еш бір нәрсені дәлелсіз қабылдамау керектігін айтады. Еліктеу арқылы сенуге жол бермейді. Бұған Құрандағы 250 жерде “Ақылдарыңды қолданбайсыңдар ма?, ойланбайсыңдар ма?” деген аяттары дәлел болады. Құран еш бір нәрсені дәлелсіз қабылдамау керектігін айта отырып еліктеу арқылы сенуге жол бермейді.

        Құрандағы негізгі тақырыптарды ислам ғалымдары үшке бөліп қарастырған. Олар мыналар:

  1. Иман (сенім).
  2. Ахлақ (көркем мінез-құлық).
  3. Муамелат (қарым-қатынас, іс-әрекет).
  4. Иман (сенім) мәселесі.

      Ислам дінінде сенім мәселесі мұсылманшылықтың ең алғашқы шарттарынан болып табылады. Иман сөзі араб тілінде «әмәнә» түбірінен шыққан. «Сену», «нану» деген мағынаны білдіреді.  Ислам дінінде оның негізгі алты шарты бар. Олар мыналар:

  1. Аллаһтың барлығы мен бірлігіне сену.
  2. Періштелерге сену.
  3. Кітаптарына сену.
  4. Пайғамбарларға сену.
  5. Өлгеннен кейін қайтадан тірілуге сену.
  6. Тағдырға, жақсымен жаманның Аллаһ тағаладан екеніне сену.

         Бұлардың біреуіне толық сену басқаларына да сенуді қажет еттіреді. Мысалға, Аллаһтың барлығы және бірлігіне сену, Мухаммед пайғамбардың хақ екеніне, Мухаммед пайғамбардың хақ екеніне сену болса Аллаһтың барлығына және бірлігіне сенуді қажет еттіреді. Ол екеуі түтін мен от сияқты, түтін қалайша оттың барлығына дәлел болса, от да түтінді қажет еттіргеніндей бірін бірі толықтырады.

          Абай атамыз, Иман- бұл Аллаһу тәбәрака уа тағаланың бірлігіне және барлығына, Мухаммед пайғамбардың хақ екендігіне сену деп түсіндіреді.

         Иман екі түрлі  болады:

  1. Тақлиди иман.(Еліктеу арқылы сену).
  2. Тахқиқи иман (Шынайы сену).

         Тахқиқи иман дегеніміз әр бір нәрсенің ақиқатын толық үйреніп оның дұрыстығына қол жеткізу. Құранда «Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ңе көркеміне  ілетесіңдер. Міне солар Аллаһ өздерін тура жолға салғандар. Ал міне солар ақыл иесі».(Зүмәр,18). Бұл аяттың нәтижесінде әр бір пікірді ойлап, түсініп кейін оларға амал еткендер, міне солар Аллаһ һидаят еткен кісілер деген мағына шығады.  Әрине ілім ақыл жәрдемімен жүзеге асады. Сондықтан да Құранда ақылға қатты мән беріліп оның үлкен нығмет екендігі айтылады.

        Тақлиди иман дегеніміз басқа біреудің айтқанына, сенгеніне еліктеп ақыл  қолданбай, ой жүргізмей сену. Бұл иман әлсіз және тез жойылып кетуі мүмкін.

        Иман тек сеніммен шектелмейді. Иман жақсы ғамалдарды да қажет еттіреді. Өйткені иман болған жерде ар-ұят, намыс болады. Намыстылық бар жерде мейірімділік, тыныштық болады. Бұл қоғамның бақытты болуына жетелейді. Құранда: «Шын мәнінде адамдар жаманшылықта. Тек Аллһқа иман етіп жақсы ғамал жасағандардан  басқа» деп айтылады.(Аср,2-3).

         Құран Кәримде Аллаһқа иман етіп жақсы ғамал жасағандарға шексіз бақыттылық, ал керісінше оған иман етпей қарсы шыыққандарға тозақ азабы бар екендігі ескертіледі. Кей бір ислам ғалымдары иманды былайша түсіндіреді. Иман, жәннаттың тұқымын, ал күпірлік  болса өзінде тозақтың тұқымын сақтайтындығын айтады.  Яғни иманды адаммен, имансыз адамның бұл дүниедегі өмірін салыстыратын болсақ, иманды адам жәннат сияқты тыныш, рахат, иманы жоқ адам әр уақытта қайғы-қасіретте өмір сүретіндігіне көз жеткіземіз. Өйткені Алла һқа иман етпеген адамдүниедегі бүкіл қиыншылықтарды, қайғыларды, ауыртпалықтарды мойнына жүктеп, үмітсіз,  күйде келешектегі келетін өлімді ойлап әр уақыт жан азабын шегеді.  Ал иманды кісі келешекке үміт артып, өмірдегі қиыншылықтарға сабырлылық және төзімділік пен жауап беріп жан азабын шекпейді.

      Құрандағы екінші басты мәселе бұл ахлақ мәселесі. Ахлақ дегеніміз көркем мінез-құлық дегенді білдіреді. Құран әдеп, ахлақ, этика, эстетика мәселелеріне кеңінен тоқталады.  Қоғамның дамуымен ілгерілеуінде адаамның жеке мінез құлқы маңызды роль ойнайды.  Өйткені қоғам мүшесі болған әр бір жақсы мінез-құлықты азаматтың қоғамға қааншалықты пайдасы болса, жаман мінез-құлықты адам да қоғамға одан да көп зиянын тигізеді. Мухаммед пайғамбарымыздан бір кісі «Ислам дегеніміз не?»-деп сұрағанда «Ислам көркем ахлақ» деп жауап береді.

        Құран адамдаардың құндылықтарын жоғары бағалай отырып, құрметке ең лайық әке-шешелерді айтады.Құранда әке-шеше хақы белгіленіп қойылған. Әл Исраа сүресі 24-25 аяттарында әке-шеешеге жақсылық жасау, Аллаһ тағалаға  ғибадат етуден кейінгі екінші орында тұрады.

       «Раббың өзііне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе, «түһ» деме  сондай-ақ  ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мерхамет құшағын жай да, «Раббым ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей, сен де оларды мерхаметіңе бөлей көр». Жоғарыдағы аятта әке-шешеге бес түрлі мейірім және құрмет көрсету керек екендігін көреміз:

  1. Бала әке-шеше іс-әрекеттерінен ауырсынып оларды зекімеу.
  2. Бала әке-шешеге мейірім-шапағатта болу.
  3. Ата-анаға әр қашан құрмет көрсету.
  4. Ата-анамен сөйлескенде оларға ауыр тиетін сөздер сөйлемеу.
  5. Бала әр қашан олардың бақытты әрі рахатты болу үшін дұға етіп жүру.

     Құранда тек ата-анаға ғана еме, отбасының басқа да мүшелеріне, туысқандарға, көршілерге, жетімдерге, кедейлерге жақсылық жасауды әмір етеді. Құранда Ниса сүресі 36 аятында: «Әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жакын жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астарындағыларға жақсылық  қылыңдар. Негізінен Аллаһ тағала тәкаппар мақтанышты жақсы көрмейді» деп адамдарды бір-біріне жақсылық жасауға шақырады.  Бұл аят  қоғамдық ахлақи маңызға ие.

        XX ғасыр адамзат үшін ғылым техниканың дамуы, көптеген ғылыми техникалық жаңалықтардың ашылу кезеңі болды. Бірақ та дамуды тек ғылыми жетістік деп ойлаумыз қате. Шынайы даму бұл қоғамдық өмірдегі сүйіспеншілік, құрметтілік, және мейірімділікпен байланысты. Егер қоғамда жоғары аталмыш қасиеттер болмайтын болса, қоғам тоқырауға ұшырап өмірі қысқа болуы мүмкін.

        Құран адамдарға сабырлы болуды әмір етеді. Сабыр қанағат адамдардың ең жоғары қасиеттерінен болып табылады.  Сабыр, Құрандағы ең көп айтылған тақырыптардан. «Эй, Мухаммед, қиыншылықтарға сабыр ет. Расында Аллаһ тағала жақсылық істеушілердің еңбегін жоймайды.(Худ,15).

       «Егер сабыр етіп, Аллаһтан қорықсаңдар құтыласыңдар»(Али Имран,186). Сабырдың үш түрі бар:

  1. Күнәлардан қашу арқылы сабыр ету.
  2. Ғибадаттаарды, құлшылықтарды орындаудағы сабыр.
  3. Қиыншылық аурулардан сабыр ету.

      Шын мәнінде сабырлы адам  оның түбінде сары алтын табады, бүкіл қиыншылықтарға шыдап дұрыс жолды таңдай алады. Құран адамдардағы ең үлкен сипаттардан болған шыншылдық туралы сөз қозғайды. Шыншылдық  сенімділікті әкеледі. Ал отбасымен қоғам тек сенімділік пен ғана жалғасады. Құранда: «Әй Мүминдер! Аллаһтан қорқыңдар және шыншылдар мен бірге болыңдар» деп айтылады. (Тәубе,119)

      Құран адамды достыққа татулыққа шақырады. Оған мына аятпен белгі береді. «Мүминдер бір-біріне бауыр». Бұл аят қоғамда татулықты орналастыру және әр түрлі ұлтаралық келіспеушіліктерді шешуде үлкен маңызға ие.  Жікке бөліну бақталастық пен қырсықтық-мүминдерді өз іштерінде алауыздыққа, араздыққа, кекшілдікпен дұшпандыққа ұшырататын негізгі себептер. Мұндай жәйттер, ақиқатқа, даналыққа және ең жоғары адамгершілік- исламға оғаш. Ол әрі жеке және қоғамдық өмірінің сондай-ақ рухани өмірдің таразысымен өлшенсе жағымсыз, зиянды зұлымдық болып саналады. Бұл адамзат тіршілігі үшін нағыз-у. Ислам адамдардың бойындағы дұшпандық, жек көрушілік сезімін төмендегідей тәрбиелеуді ұсынады. Егер қастық жасағың келсе, ішіңдегі қара ниетке қарсы шық. Соны құртуға тырыс. Саған ең көп зияны тиген жүгенсіз нәпсің мен құлқыңқұмарлығың мен күрес, тәрбиелеуге тырыс. Сүйіспеншілік қасиеттің өзі, сүйіспеншілікке лайық. Жауыздық қасиеттің өзі ең әуелі жауыздыққа лайық. Егер жауыңды жеңгің келсе оның істеген жамандығына жақсылықпен жауап бер. Жамандық жасасаң одан сайын жауласа бересің. Жеңген болып көрінсең де жүрегі мұздап саған кек сақтайды. Қастандығы  жалғаса береді. Егер жақсылық жасасаң өзі де өкініп райынан қайтады.  Шын мәнінде өмір бірлік пен ынтымақтықтың нәтижесі. Тату-тәтті ынтымақ кеткен кезде рухани өмір де күйрейді. Құран әдемі сөйлеу, өзгелер мен жақсы қарым-қатынаста болуға шақырады. Мұны төмендегі аяттардан көруге болады. «Адамдарға жақсы сөздер айтыңдар», «Қашан сендерге сәлем берілсе сендер одан да жақсырақ түрде жауап қайтарыңдар». (Ниса,86).

       Құрандағы тәрбиелік мәңге ие болған әмірлерді қысқаша шолып өттік. Құранда әмірлер мен тиымдар да бар. Құран адамдардың ілгерілеуіне, жоғарылауына кедергі болатын такаппарлық, арақ ішу, жала жабу, өтірік айту, өсек сияқты жаман қасиеттерді айта отырып бұлардан аулақ болуды әмір етеді.

        Тәкаппарлық туралы Құранда «Жер жүзінде даңдайсып жүрме, өйткені сен жерді, әсте жара алмайсың да бой жағынан тауларға да жете алмайсың. «Исра,37».

      Такаппар адам әуелі өзін жақсы көреді. Өз пайдасы үшін барлық нәрсені пида етеді. Өзінің байлығы және мал дүниесі мен мақтанады.  Мұндай кісілереге Құранда: «Жер жүзінде орынсыз даңдайсығандарды ұзақтастырамын. Егер олар барлық белгілерді көрсе де оған сенбейді. Сондай ақ олар тура жолды көрсе, оны жол қылып алады. Бұл олардың аяттарымызды өтірік деп одан ғапыл болғандықтары».(Ағраф,146).

      Жоғарыда айтқанымыздай, тәкаппар адам әуелі өзін жақсы көреді. Өзін жақсы көрген адам, басқаларды сүйе алмайды. Сырттай жақсы көрсе де, шынайы түрде сүйе алмайды. Оның пайдасы немесе ләззаты үшін сүйуі мүмкін. Әр қашан өзін басқаларға көрсетуге жан сүйдіруге тырысып, кемшіліктерді өзіне алғысы келмейді. Сол арқылы өтірікке және жасанды әрекеттерді жасауға мәжбүр  болады.

       Құранда өтірік айту және оның түрлері баяндалады. «Аллаһ шектен шыққан өтірікші кісілерге хидаят етпейді.(Ғафир,28). Үәдені орындамау және қиянат жасау өтірікшілдіктің түрлеріне жатады. Мухаммед Пайғамбар бір хадисінде былай деп айтады. «Мұнапықтың үш белгісі бар: Сөйлегенде өтірік айтады, үәде берсе үәдесін орындамайды, аманат берілсе аманатқа қиянат жасайды».

      Біреуді жамандау, айып және нашар қылық екенін, жиіркеніштілігін Құран бір ғана аятымен ғайбат, өсектің қаншалықты жаман нәрсе екендігін ашық түрде көрсетеді. Құранда «Әй мүминдер! Күмәннің көбінен сақтаныңдар. Өйткені күмәннің кей бірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көрсеңдер, Расында Аллаһ тәубені тым қабыл етуші ерекше мейірімді. (Хужурат,12). Жоғарыдағы аяттың түсіндіруімен өсек, ғайбат айту адамның ақылы жүрегі, адамгершілігі, жаратылысы сүймейтін және халық алдында да жаман қылық екендігі айтады.  Шынымен де ғайбат қоғамдық өмірде алауыздыққа, кек сақтауға себеп болатын, адамдардың арасындағы достықты бұзатын-у. Ғайбат- қара ниетті күншіл және қырсық адамдардың өте көп қолданатын жексұрын қаруы. Ар намысты  адамның бұл лас қаруды қолдануға ұшданы шыдамас. Атақты бір кісі былай деген екен: «Душпанымды ғайбатпен жазалаудан  бойымды аулақ салдым.  Пасық пен арсыздың лас қаруын қолыма неге алайын?».

         Құран ұлтшылдық пен нәсілшілікке тиым салады. Бір ұлттың немесе нәсілдің басқа ұлттан үстемдігін  қабылдамайды.  Аллаһ тағала жаратқан адамдардың бәрін бірдей көреді.

         Марқұм Ибраһим Құнанбайұлы  ұлтшылдықтың, нәсілшіліктің адам болмысына  жат нәрсе екенін былайша паш еткен. «Адам баласына адам баласының бәрі дос. Не үшін десек, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің, бәрі бірдей ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, махшарда сұралуың, бәрі бірдей екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүние жақсылығына рахатың, бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па?

     Үстемдікті тек моралдік, рухани, ахлақи сапаларда іздейді, яғни таза адам, адал адам, тақуалықты берік ұстайтын адамның ғана Жратушысының алдында дәрежесі жоғары болмақ.  Адамдарды қорлаған такаппарлық жасаған залымдардың қай ұлттың иесі болмасын түкке керек емес. Аллаһ тағала Құранда бір еркекпен әйелден жаратқанын, соңсон оларды бірін бірі оңай танып білуі үшін қауымдарға бөлгенін хабарлайды. (Хужурат,13). «Ей, адамдар! Шынында біз сендерді бір еркекпен әйелден жараттық және бір-бірлерің мен танысуларың үшін сендерді қауымдарға және тайпаларға бөлдік. Ал Аллаһтың құзырында ең қымбаттылырың, одан ең көп қорқатындарың! Күмән жоқ Аллаһ біледі.  Ол әр нәрседен хабардар».

       Ислам сөзі Құрани Кәримде мынандай мағынада қолданылған: құтылу, сәлеметте болу (68/43), таза жүректі болу,(26/89 және 37/84), бейбітшілік, амандық, азаттық(2/208).

     Бір жолы Мәдинедегі Хазраж руынан бір топ адам Мухаммед пайғамбарға келіп, Ислам туралы сұрайды. Әбден ұғынып болған соң мұсылмандықты қабылдаған олар былай деген: «Біз өшпенділік пен күншілдік билеп алған бір қоғамның мүшелеріміз. Сенің дініңнің арқасында Аллаһ тағала екі ру арасындағы өшпенділікті жояды деп үміт етеміз. Елімізге барып үгіттерімізді түсіндіреміз. Аллаһ оларды сенің маңайында жинасын деп тілейміз. Ия, исламға дейін үнемі теке тіресте, шайқаста болған Мәдинедегі Әус және Хазраж рулары мұсылмандықтан кейін татуласып бауырласқан.

       Әлем тарихын парақтағанымызда мұсылмандардың әр дәйім бейбітшілік жағында болғанын көреміз. Үстіміздегі ғасырда болған оқиға да мұны растайды. Сондықтан әлемдік бейбітшіліктің басты кепілі мұсылман үмбеті десек қателеспейміз.

       Ислам дінін ең алғаш рет қабыл алған Мухаммед  пайғамбардың әйелі Хадиша Хуайлидқызы еді.  Демек ең алғашқы мұсылман әйелдерден болды.  Мұның үлкен мән-мағынасы бар. Исламият әйелдің жанұядағы және қоғамдағы орнын, мәртебесін көтерді. Өзіне лайық болған құқықтарын  берді.  Оған дейін мал құрлы бағасы болмаған, бүгін бар да ертең жоқ, еш қандай сенімділігі жоқ әйелдерге дауыс беру, күәгер болу, үйлену және  ажырасу туралы шешім қабылдау, мұрагер болу, кәсіп иесі болу, өзінің жеке меншігі болу және оны өзі еркін пайдалану, құлшылық ету сияқты құқықтарын берді.

      Ортағасырда европалық шіркеулерде  «әйелдердің құқықтары бар ма, жоқ па? деген сұраққа жауап іздеп, таласып жүргенде Мухаммед Пайғамбар сонау 7 ғасырда «Жәннат аналар аяқтарының астында» деп әйелдің құрметтеуге тұтарлық екендігін айтқан-ды.

       Құранда адамның рухани дамуына кедергі әрі тосқауыл болатын нәрселердің бірі, ашу деп көрсетіледі. Бұл адамды рухани азғындыққа алып барады. Өйткені ашу бар жерде ақыл жұмысын тоқтатады. Адам өз-өзін басқара алмай, өз пайдасы мен абыройын   сақтаймын деп надандықа салынады. Ал ашу адамның ден саулығына да зиян. Сондықтан да ислам ақыл және парасаттылық пенен сезімге берілмей салмақты іс-әрекет жасау керектігі ескертеді.   Али Имран 134 аятында « Олар кеңшілікте, таршылықта Аллаһ жолында мал сарып қылғандар.  Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кеншірім етушілер, Аллаһ жақсылық етушілерді сүйеді».

    Құран ашкөздікке көре алмаушылыққа тиым салады.  Мұсылман өміріне аса қатерлі аурудың ашкөздік екенін айтады.  Ашкөздік адамның мақұрым қалуына себепші болады.  Ол да бір дерт және қорлық.  Ашкөздік адамды құралақан қалдырып, қайыршылыққа ұшыратады.  Ашкөздік деген бәле тіршіліктегі ең үлкен ортадан бастап, ең ұсақ нәрсеге дейін жағымсыз әсерін қалдырады.  Ал тәуекел етіп несібесін табуға тырысу-бақыт көзі.  Барлық жерде жағымды әсерін қалдырады.

          Құранда Фатиха сүресінің бесінші аятында «Бізді тура жолға баста делінеді». Мұсылман ғалымдары бұл аят хикмет(даналық), иффет(намыстылқ), шижаат(батырлық)тың бірлесуінен пайда болатын әділеттілікті меңзейтіндігін айтады. Өзгеруге, ауысуға әр дәйім мұқтаж болған адам рухының денеде өмір сүруі үшін адам бойында үш құат қойылған.

Біріншісі, пайдаларды өзіне тарту, әкелу үшін берілген шәһәуи құаты.

Екіншісі, зиянды нәрселерді жоқ ету үшін берілген ашу құаты.

Үшіншісі, пайда мен зиянды бір-бірінен ажырату үшін берілген ақыл құат.

       Шариғат және Құранда бұл құаттарға шек қойылғанымен адам жаратылысына шек қойылмаған. Сондықтан да бұл құаттардың шектен тыс, орта және төменгі әлсіз деңгейлері болып бөлініп отырады.

       Шаһауи құаттың төменгі мәртебесі жақсылыққа да, жамандыққа да тәбеті жоқ. Шектен тыс мәртебесі жамандықтарға құштар, адамның намыстарын таптайды. Ал орта мәртебесі-намыстылық, жақсылықтарға құштар, жамандықтарға көңілі жоқ.

       Ашу құаттың төменгі мәртебесі, қорқпайтын нәрселерден де қорқу. Шектен тыс мәртебесі, материалдық әрі рухани еш бір нәрседе қорқпау. Бұл зұлымдықтардың қайнар бұлағы. Орта мәртебесі болса шежаат(батырлық), өзінің діни әрі дүниеуи құқығы үшін жанын пида етіп, тиым салынған нәрселерге араласпау.

      Ақыл құатының төменгі мәртебесі, еш бір нәрседен хабары болмау. Шектен тыс мәртебесі ақиқатты жалған, жалғанды ақиқат деп көрсететіндердің дәрежесі.  Ал орта мәртебесі болса хикмет, яғни даналық. Сондықтан да Мухаммед Пайғамбар хадистерінде «Адамдардың жақсысы, орта жолда жүргендері»- деп айтады. Демек, Құранның мақсат еткен тұра жол намыстылық, батырлық, және даналықтың бірлесуіндегі әділет жолы деп тұжырым жасасақ қателеспейміз.  Абай атамыз да осыған қатысты былай дейді: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті; ыстық қайрат, жылы жүрек, нұрлы ақыл. Бұл жоғарыдағы Құран аятының мағынасын құаттай түседі.

          Құрандағы муамелат(іс-әрекет) бөліміне келетін болсақ, Аллаһ тағала құлдарына «Жеңдер, ішіңдер, бірақ ырырап етпеңдер. Шындығында Аллаһ тағала ысырап жасаушыларды сүймейді» деп айтады. Құрандағы басқа бір аятта «Егер сендер нығметтерімді санайтын болсаңдар, санына жете алмайсыңдар. Шындығында адам баласы өзіне зұлым етеді. Ысырап болса бұл шүкіршілікке қайшы, нығметті менсінбеушілік әрі зиянды, үнемділік болса нығметке құрмет әрі пайдалы іс.

        Ия, үнемділік дегеніміз мағынауи шүкір, сонымен қатар Аллаһтың рақымына деген құрмен әрі береке бұлағы және ден саулққа да пайдасы зор. Адамды мағынауи қайыршылықтан құтқарады, ар-намысты сақтайды. Нығметтегі ләззаттарды сезуге және ләззатсыз болып көрінген нығметтерден де ләззат алуға бірден бір себеп. Ал ысырап, осы даналықтарға қарама-қайшы болғандықтан оның қиын да зиянды нәтижелері бар.

       Үнемшілдіктің адамның жеке өміріне және ден саулығынада пайдасы болғаны секілді қоғамдық өмірде де пайдасын көреді. «Үнемшілдік жасаған, тұрмыс тауқыметін көрмейді» мағынасындағы Мухаммед Пайғамбарымыздың хадисіне қарайтын болсақ, үнемшіл адам тұрмыста күн-көріс тауқыметі мен машақатын көп шекпейді. Ысырап- адамды ашкөздікке дұшар етеді. Ашкөздіктің үш салдары бар:

  1. Қанағатсыздық, ол адамның жұмысқа болған ынтасын жояды. Шүкіршілік етудің орнына шағымданады. Адамды жалқаулыққа итермелейді.
  2. Үнемді пайдаланбаудың салдарынан тұтынушылар артып, өндірушілер азаяды. Жұрттың бәрі үкімет аузына қарайтын болады. Сөйтіп, әлеуметтік өмірдің тірегі болып табылатын өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылық салалары тоқырауға ұшырайды. Бұндай ел дамымай керісінше құлдырап жоқшылыққа нәтиже береді.

 

  1. Түңілу мен зиянға ұшырау. Мақсатына жете алмай жағымсыз атану, жеңілдік пен жәрдемнен құр қалу. Тіпті, халқымызда «ашкөздік- зиянға ұшырау мен сәтсіздіктің себебі» деген нақыл сөздер де бар. Өмірге ықыласты да жояды.

 

        Демек, ысыраптан қанағатсыздық пайда болады екен.Ал қанағатсыздық еңбекке деген ынтаны жойып, жалқаулыққа үйретеді.  Тұрмысына риза болмай, әр уақыт шағымданады. Қанағатсыздық ықыластың сағын сындырып екі жүзділікке итермелейді. Құран осыны бір аятпенен адамның бақыттылығы қанағаттылықта, ал ысырап адамды жарға құлатып жақсылықтан мақұрым қалатындығын баяндайды.

 

1.3. Мухаммед Пайғамбардың ислам тәрбиесіндегі орны.

 

          Ислам тәрбиесінің екінші қайнар көзі хадис болып табылады. Алдымен хадис және сүннеттің мағынасын түсіндіріп кетейін. «Сүннет» сөзі –жол, мінез, ахлақ, тура жол, әдіс, үлгі сияты мағыналарды білдіреді. Мухаммед Пайғамбар бі хадисінде тура жол, өнеге болу мағынасында сүнет сөзі қолданған.  «Менен кейін әр түрлі келіспеушіліктер ортаға шығады. Кім осы оқиғаларға тап болса, менің сүннетім немесетура жолда болған рашид халифалардың сүннетіне мойынсұнуларыңды ұсынамын».  Мухаммед Пайғамбардың сүннеті деп оның ұстанған жолы, ахлақы және қарым-қатынастарына айтамыз. Оның сүннетін үшке бөліп қарастыруға болады:

  1. Қаули сүннет. Мухаммед Пайғамбардың айтқан бүкіл сөздері осы түр сүннетке жатады.
  2. Фиғли сүннет. Мухаммед Пайғамбардың жасаған бүкіл іс-әрекеттері.
  3. Тақрири сүннет. Мухаммед Пайғамбардың құзырында айтылған сөздер мен жасаған іс-әрекеттергеПайғамбарымыз қарсылық білдірмейқабыл еткен сүннеттерге айтылады.

     «Хадис» сөзінің сөздік мағынасы -сөз деген мағынаны білдіреді. Хадис ғылымында болса Мухаммед Пайғамбардың сөз, іс әрекет, жағдайларына қатысты хабарларға айтылады.

      Мухаммед Пайғамбар Аллаһтың әмірлерін адамдарға жеткізуге міндеттелген исламның алғашқы мұғалімі. Бүкіл мұсылмандарға үлгі. Мешітте имам, мешіт сыртында жолбасшы, соғыста болса қолбасшы, соғыссыз кезде муршид(дұрыс жолды көрсетуші) еді. Шын мәнінде Мухаммед пайғамбардың өмірін терең зерттейтін болсақ, әр бір іс-әрекетінде, қимылдарында адамның кәмілденуіне, жетілуіне пайда беретін дәрістер алуға болады. Оның немересі Хусейн Мухаммед пайғамбардың мінезін түсіндірген кезде былай деп айтушы еді: “Хз. Пайғамбар  үнемі күлімсіреп, әрі кішіпейілділікті ұстанатын. Бақырып-шақырмай орта жолда жүретін. Ұнатпайтын нәрселерді көрсе де көрмегендей сыңай танытатын. Үгіт етіп жүргендердің көңілін түсірмейтін. Мына үш жайтты ешқашан істемейтін. Ешкімнің намысын таптамайтын, ешкімнің қатесін қазбаламайтын, пайдасыз сөз сөйлемейтін. Ол сөйлеген кезде барлығы оны мұқият құлақ салып тыңдайтын. Ол сөзін бітіргенде өзгелерге сөз беретін. Одан ешкім қысылып-қымтырылмайтын. Жанындағы жолдастары не нәрсеге күлсе ол да күлетін, не нәрсеге таңырқаса ол да таңырқайтын. Бөгде адамдардың әдепсіздігі мен басынуына сабыр ететіндігі соншалық, жанындағылар сабырсызданатын. Бір нәрсеге мұқтаж болғандарға анаған жәрдем беріңдер дейтін. Еш кімнің сөзін бөлмейтін, егер жөн-жоқсыз сөйлер болса ғана тыңдамай кетіп қалатын еді. Әрбір қауымның басшысына сый-сыяпат беріп, көңілдерін аулайтын. Әр дайым жылы лебіз танытып жүретін».

      Баршамызға белгілі Құран Кәримде Мухаммед Пайғамбар әлемдерге рахмет ретінде жіберілгенді айтылады. Бұл жердегі рахмет тек қана адамзат әлемі үшін ғана емес, одан басқа жаратылыстар әлеміне де рахмет ретінде жіберілген. Ол өзіне иман келтірген адамдарға пайғамбар болуымен бірге рухани жаратылыстардың да пайғамбары. Мухаммед пайғамбар адамзат әлемі ішінде әр түрлі дәреже және атаққа ие болған адамдарға да пайғамбар. Өйткені ол, адамдарға өз іштерінен жіберілген пайғамбар деген сипатқа ие.Тәубе сүресінде 128 аятында: «Расында сендерге іштеріңнен пайғамбар келді».

      Оның ең бірінші көзге тасталатын ерекшелігі құлшылығы және пайғамбарлығы болса, ол саудегерлігі, әділ жанұя және мемлекет басшысы жағынан да танымал. Жан-жақты кәміл қасиеттерге ие адамазатқа үлгі болған Мухаммед пайғамбар, адамдарға қызмет ету үшін жаратылған жануарлардың, қоғамның төменгі сатысында орын алған кедей, жетім пақырлар, ешкімі жоқ және балалардың да мейірімді пайғамбары. Өйткені, адамдар жануарларды қинауды, кедейлерді төмен санауды, жетімдердің мал-мүліктері мен балаларды тонауды соның арқасында тастады.

        Мен бұл жерде алтын ғасыр деп аталатын кезеңдегі Мухаммед пайғамбардың балалармен болған қарым-қатынастарын және оның ислам тәрбиесіндегі орнын көрсетуге әрекет жасаймын. Қаншама ғасырлар өтсе де сол ғасырдағы болған оқиғалардың қазіргі таңда тәрбиелік және педагогикалық маңызы зор.

       Мухаммед пайғамбардың пайғамбарлық ерекшеліктерінен тыс, адамдық жақтарынан ең көп назар аударарлық жәйт, оның балалармен  болған қарым-қатынасында көреміз. Мухаммед пайғамбар тәрбиеде ең алдымен адамдардың дәрежесіне қарай қатынас жасайтын. Өйткені сол кезде балалармен балаша қарым-қатынас жасап табысты болған және басқаларға да сондай болу керек екендігін ұсынған ерекше тұлға. Оның бала тәрбиесінде қолданған іс-әрекеттері жеке өзінше зерттелуі қажет болған тақырыптардан. Сонымен қатар қазірігі таңдағы көптеген психологтардың зерттеп тұжырымға келген нәтижелерге, сол ғасырда көңіл бөлген теңдессіз тәрбиеші.

       Мухаммед пайғамбардың балармен болған қарым-қатынастарынекі негізгі тақырыпқа бөліп қарастырмақпыз. Ең әуелі оның балаларға болған қарым-қатынасынан бастайық.

       Адам баласы жаратылысы жағынан көңіл бөліп құнды деп білген нәрселерге іштей қатты мән беріп оны сақтауға тырысады.  Мысалға алмас және алтын сияқты тастар адамдардың қолынан түспей қадірленеді.  Ал қарапайым тастар болса ондай дәрежеге шыға алмайды. Оны ешкім сақтағысы да келмейді.  Бірақ та қолымызда болмаған, қадірі білінбеген жәуһарлар да аз емес. Міне осы мысал сияқты балалар алтыннан да құнды, жауһардан да қымбат бағасыз жаратылыс. Оларға жақсы үлгі және көңіл бөліп қаралуы адамгершіліктің белгісі.  Өкінішке орай балаларды, әсіресе қыздарды қорлау, оларды менсінбеу сияқты оқиғалар төбе шашын тік тұрғызатын жағдайлар тарихта көп қайталанған. Алайда Мухаммед пайғамбардың өміріне қарайтын болсақ, бала қыз демей бәріне бірдей мәміле жасап, оларға лайық болған құрметтілікті көрсете алған.

        Оның бір хадисінде «Егер еметін балалар, белі бүкірейген қарттар, шөп жейтін жануарлар болмағанда еді, бастарыңа бәле сел сиқты жауатын еді» деп  Аллаһтан келетін бәлелерден сақтайтын ең бірінші кезекте балалар екендігін айтады.

 

А) Мухаммед пайғамбардың қыз балаларға көрсеткен құрмет.

         Кей бір қоғамдарда ер балалар қыздардан жоғары саналған. Бұл сезім жәһилия(исламнан бұрынғы кезең)кезеңіндегі арабтарда одан да қатты күшейген. Қыз балаларды тірілей көмуге дейін барып, бұл аянышты жағдай жәй, қарапайым, әр кімнің де істеуіне рұқсат етілген іс-әрекетке айналды. Мухаммед пайғамбар Құран Кәримдегі аяттарменен қоғамдағы әйел-еркек теңсіздігіне тиым салып, «ер баланы жоғары санау» дәстүрін жоюға тырысты. Уақыт өте келе жоғарыдағы айтылған түсініктер  «Қыз бала болсын, ер бала болсын  Аллаһтың берген бір сыйлығы» хадисіне сәйкес қыз балалар да құрметтеле бастады. Бұл жерде Мухаммед пайғамбардың өз қыз-балаларына болған қарым-қатынасы және оларға берген үгіт-насихаттары тәрбие мәселесінде үлкен роль ойнады. Мухаммед пайғамбар былай деп айтқан: «Егер мен ол екеуінен біреуін жоғары деп санайтын болсам, қыз балаларды жоғары санаушы едім. Сапарға шығып бара жатқан кезде ең соң қызы Фатимамен қоштасып, қайтқан кезде де ең алғаш онымен амандасады екен».(Әбу Дәуіт, тәрәжжул,21). Ол басқа бір хадисінде «Ер балаларды сүйіңдер» деп айтқан. Сосын одан неге қыз балаларды бірге қосып айтпадыңыз деп сұралғанда «қыздар өздерін өздері сүйдіреді, олардың жаратылысы сүйікті» деп айтқан екен. «Кімнің үш қызы (кей бір деректерде екі немесе, бір деп айтылады) болып, оларға жақсы қарым-қатынаста болса, ер балаларын олардан жоғары санамай, оларға жақсы тәрбие берсе, Аллаһ тағала оларды әке-шеше үшін тозаққа перде етіп, жәннатқа апарады.(Әбу Дәуіт, Жәннат,130). Осы арада қыз балаларға мейірімділк жасаған  әке-шешелердің алатын сыйлықтарын сүйіншілейтін мына оқиғаны айта кетейін.

         Мухаммед пайғамбардың әйелі Айша былай дейді: «Жаныма екі баласы бар бір әйел келіп, менен бір нәрселерді сұрады. Қолымда бір құрмадан басқа ешнәрсе жоқ еді. Оны әйелге бердім. Ол кісі екі қызына бөліп өзіне ешнәрсе қалдырған жоқ. Кейін шығып кетті. Шамалы уақыттан кейін Мухаммед пайғамбар ішке кіреді. Оған  болған оқиғаны түсіндіріп бергенімде былай дейді: «Кімде кім қыздарына жақсы қарым-қатынас жасайтын болса, олар отқа қарсы перде болады» дейді. (Бухари, Зекет,10).

         Мухаммед пайғамбардың сүйіншілеген осындай іс-әрекет Аллаһтың жанында қабыл болып оның иесін тозақтан құтқарады.       

        Ол басқа бір хадисінде: «Адам өлгеннен кейін оның амал дәптері жабылады. Бірақ мына үш жақтан оған сауап жазылуы жалғаса береді:

  1. Жария садақа. (Адамдарға және қоғамға жиі пайдасы тиетін істер мен құрылымдар).
  2. Адамдарға қалдырған пайдалы ілімі.
  3. Оған әр уақытта дұға етіп жүретін салих(жақсы тәрбиелі) бала. (Ахмет б.Ханбел, Мүснәд,5,261).

ә) Мухаммед пайғамбардың балалардың қорғалуына байланысты іс-әрекеттері.

         Адам жаратылысында бізге белгілі болған сезімдерден басқа да көптеген сезімдер де бар. Бұл сезімдердің кей біреулері хайуанаттар да кездеседі. Солардан «төлдерді асырау» сезімін мысал келтіруге болады.  Негізінде Мухаммед пайғамбардың мына хадисі осы сезімді қанағаттанарлықтай түсіндіреді. «Аллаһ тағала мейірімді жүз бөлікке бөліп оның тоқсан тоғыз бөлігін өзінде ұстап қалған бір бөлігін жер бетіне түсірді. Міне осы мейірім себебімен жануарлар төлдеріне зиян бермеу үшін аяқтарын ойлап басады. Бұл әлемді зерттейтін болсақ әлемді толығымен мейірімділік қамтығандығын көреміз. Аш бір арыстан қолға түсірген етті өзі жемей әлсіз баласына беруі, қорқақ тауық балапандарын қорғау үшін ит немесе арыстанға шабуыл жасауы, інжір ағашы өзі лай жеп, балалары болған жемістеріне таза сүт беруі шексіз мейірімділіктің белгісін көрсетіп тұр.

        Мухаммед пайғамбар басқа бір хадисінде «Жанұясы және балаларын қорғау үшін, сол себептен өлтірілген адамдардың шейіт екендігін айта отырып, адам баласының «баласын қорғау» сезімінің іс-әрекетке, тәжірибеге ауысуы «шейіт болу» секілді үлкен сыйлыққа қол жеткізетіндігін айтады. Мухаммед пайғамбардың балалардың қорғалу мен бірге олардың ризықтарын қамтамасыз етуге қатысты көптеген хадистері бар. «Кішкентай баласының ризығын қамтамасыз ету үшін әрекет еткен адам, Аллаһ жолында әрекет еткен болып есептеледі». (Таберани,әл Мужамис сағир,2,60).

 

Б) Мухаммед пайғамбардың балаларға көрсеткен сүйіспеншілігі.

        Бала психологиясымен айналысатын мамандардың балаларға көрсететін сүйіспеншілікті «өсіру витамины» деп атаған. Өйткені олардың ғылыми зерттеу жұмыстарында бала үшін жұмсалған кезкелген физикалық іс-әрекеттердің, сүйіспеншіліктің орнын баса алмайтынына көз жеткізген. Бала өсіру үйлерінде немесе бала бақшаларында балалардың материалдық қажеттіліктері толығымен қамтамасыз етілсе де, олардағы әке-шеше сүйіспеншілігінің кемістігі және олардың психологиялық жақтан ауруларға дұшар болатындығына күә боламыз. Сүйіспеншілік мәселесі тек психологиялық жақтан емес, баланың әлеуметтенүінде де үлкен ролі бар. Ал енді Мухаммед пайғамбардың бала тәрбиесінде, оның көрсеткен іс-әрекеттерін жеке-жеке қарастырып көрейік.

1.Балаларды құшақтауы.

        Соңғы кездердегі зерттеу жұмыстарда адамдардың физикалық жақтан бір-бірімен қол беріп амандасуының үлкен әсері бар екендігі мойындалуда. Бір басшымен қызметшісі немесе екі дос бір-бірімен құшақтап амандасуы сүйіспеншілік және достықтың нысаны. Адамдардың арасындағы достықтың, шыншылдықтың нығайуына бірден бір себеп десек қателеспейміз. Мухаммед пайғамбарға алғашқы уаһи келген кезде Жәбрейіл періште Мухаммед пайғамбарды қатты құшақтап кездескенін тарихи кітаптардан білеміз. Сезімдердің әлі енді дамуда болған баланың мұндай кезеңде  жақсы мәміле және сүйіспеншілік жасауға өте мұқтаж. Балалардың бұл қажеттілігін қамтамасыз ету әке-шешенің міндеті. Осы жерде мына оқиғаны мысал беруге болады. Энес деген кісі (Мухаммед пайғамбардың досы, сахаба) былай деп риуаят етеді. «Жанұясына қамқоршы болған Мухаммед пайғамбардан басқа еш кімді көрмедім.Ибраһим деген ұлының сүт шешесі Медине қаласының шет жағында өмір сүруші еді. Ол әйелдің күйеуі темірші еді. Әр күні баласын көруге баратын Мухаммед пайғамбар тұманды үйдің ішіне кіріп баласын көкірегіне қойып, құшақтап сүйетін еді. (Бухари, әдеп,18, Муслим, Федаил,63).Көп сахабалардың риуаяттарына қарайтын болсақ, Мухаммед пайғамбар немерелері болған Хасан мен Хусейнді өз жандарына шақырып құшақтап сүйетіндігін хабарлайды. Ол бұндай жағдайды тек өз балаларына емес, барлық балаларға да бірдей қарым-қатынас.

2.Балаларға дұға етуі.

        Үлкен кісілердің жастарға жасаған дұғалары, оларды жақсы көргендіктерінің белгісі. Дұға оларды психологиялық жақтан да оларды күшті етіп, балалардың сүйілгендігін ойлануына да себеп болады.

       Мухаммед пайғамбар мал-мүлік және балларының көп болуы үшін, өмірінің ұзын және өзіне берілгендердің қайырлы болуы үшін Аллаһқа дұға еткен. (Бұхари, Деауат,47). Энес сахаба пайғамбардың дұғасы арқасында жүз жылдан көп, және көптеген нығметтерге қол жеткізгендігін риуаяттардан білеміз. Мухаммед пайғамбар басқа бір хадисінде әкенін балаға жасаған дұғасының да қабыл болатындығын да айтып кетеді.(Бухари, Әдеьу-л Муфред,45). Амр б.Хурейс былай дейді: «Шешем мені Мухаммед пайғамбардың жанына алып барды. Пайғамбар басымды сипап мол ризыққа қол жеткізуім үшін дұға етті».

  1. Балаларды сүйуі.

            Сүйу мәселсі Мухаммед пайғамбардың балаларға қарсы жиі қолданған сүйіспеншілікті білдіретін іс-әрекеті. Қызы Фатимамен немерелері Хасан мен Хусейінді сүйген Пайғамбар, бізге де бала сүйудің тәрбиедегі маңызды орын алатындығын көрсетеді. Мухаммед пайғамбардың мына сөзі көпшіліктің назарын аудартады. «Балаларды көбірек сүйіңдер, әр бір сүйу үшін жәннатта бір мәртебе беріледі. (Әбу Дауіт, Әдеп144,Менакиб,50).

        Мухаммед Пайғамбардың немересі Хасанды сүйіп жатқан кезде Акра б. Хабис деген кісі бұған таң қалып былай дейді. «Шындығында менің он балам бар. Бірақ еш бірін сүйгенім жоқ. Сонда оған Мухаммед пайғамбар «Қамқор болмағанға мейірімділік жасалмайды» деп жауап береді.(Бухари, Әдеп, 18; Тирмизи, Бирр, 12).

  1. Балаларды аялауы.

         Баланы аялап оған көңіл бөлуі олардың өздерін қауіпсіздікте сезінуіне және сүйгендіктерін білуі жағынан өте маңызды. Кезкелген бала аялап оны сипаудан үлкен қуаныш сезінеді. Мухаммед пайғамбар да тәрбиеде баланы аялап оны еркелеткен. Оған жүрегінің тастай қаттылығынан шағымданып келген кісіге мына ұсынысты айтады. «Жетімнің басын сипап кедейді тойдыр».(Ахмед б. Ханбел, Муснед,2,263,387).Осылайша баланы аялау  адамды рухани нәзіктікке және жүректің жұмсаруына қол жеткізіп басқаларға мейірімді болу сезімін оятады. Мухаммед пайғамбардың баланы аялауына қатысты көптеген мысалдар бар.

       Сүйіспеншіліктің тағы да бір көрінісі баланы көкірегінде алып оны аялап ойнатуы болып табылады. Бұл да бала тәрбиесінде өте маңызды. Тарих кітаптарынан Мухаммед пайғамбар немерелері Хасан мен Хусейнді өзінің аяқтарының үстіне қойып көкірегіне шығарып ойнатқандығын білеміз. (Ал-асқаланни, Металибул Алиййе,4,72).Сонымен қатар риуаяттарда Мухаммед пайғамбар балаларды көкірегіне қойып ұйықтатқандығын да хабарлайды.Нәресте балалардың көкіректе ұйықтауы да сүннет амалынан болып есептеледі.

  1. Мухаммед пайғамбардың әзілдесуі.

      Балалар әлемінде шындықтан тыс нәрселер маңызды орын алады. Қияли ойларға бай болған балалармен әзілдесу олардың психологиясына жағымды ықпал ететіндігі белгілі. Әсілдесу негізінде баламен балаша сөйлесу деп айтсақ қателеспейміз. Баланың да қалайтын нәрсесі де сол.Энес атты сахаба Мухаммед пайғамбар туралы былай дейді. «Ол балалармен әзілдесуде ең алғашқылардан. Бұл тақырыпқа қатысты Мухаммед пайғамбардың Хасанмен Хусейннен басқа да балалар мен көптеген әзілдесу оқиғалары кездеседі. Оның әр бір әзілінде бір дәріс және ғибрат бар. Махмуд б. Раби деген кісі өзінің бес жасында болғанында Мухаммед пайғамбардың бір ыдыстан су алып оған шашыратқанын бұны басқа да балаларға жасағандығын айтады.

  1. Мухаммед пайғамбардың балаларды желкесіне міндіруі.

     Мухаммед пайғамбардың баланы арқасына және желкесіне  міндіргенін ислам тарихынан жиі кездестіреміз. Әсіресе қызы Фатимаға зияратқа барған пайғамбар немерелері Хасан менн Хусейінді желкесіне алып олармен сыр бөлісетін еді. Мухаммед пайғамбар балаларды арқасына міндіріп, тіпті сол күйде намаз да оқығандығын көреміз. Ол балаларды қуанту үшін қолынан келгенше әрекет жасаған.

Мухаммед пайғамбардың бала тәрбиесіне берген маңызы.

         Мухаммед пайғамбардың өмірі бала тәрбиесіне қатысты назар аударарлық көптеген мысалдармен толы. Ол бір хадисінде: «Бір әкенің балаға қалдыратын ең құнды сыйлығы (қалдыратын ең маңызды мирасы) жақсы тәрбие» деп айтады. (Тирмизи,12). Басқа бір хадисте баланың тәрбиесімен айналысу садақа беруден де жақсырақ». Осы жоғарыдағы принциптерге сай өзінің балаларымен қоса басқа балаларды нәзіктік және мейірімділікпен тәрбиелеуге тырысқан.

       Тәрбиеші және өнеге ретінде жіберілген Мухаммед пайғамбар шын мәнінде бүкіл адамзатқа шынайы тәрбиеші ретінде үлгі болды. Оның өмірі басынан соңына дейін тәрбие мен толы. Ол жаһилия кезеңі арабтардан, тарихта жағымды із қалдырған, дүниеде қайталанбас теңдесі жоқ қоғамды дүниеге әкелді. Құранда Аллаһ тағала «Шын мәнінде Аллаһты ахирет күнін армандайтындар және Аллаһты көп зікір ететіндер үшін сізге Аллаһтың елшісінді өте әдемі өнеге бар» деп айтады.

         Аллаһ елшісі жәһаннамға қатысты аяттарды оқығанда көз жастарын тия алмаған. Содан қырық жасына дейін бір ауыз өтірік айтпаған қырықтың қырқысынан кейін халықтың бақыты деп Ұлы Жаратушысының атынан жалған сөйлеуі, өмір бақи тіпті жалғыз қалғанда да өтірік жылап, елді алдап екіжүзділікпен өтуі мүмкінбе? Әрі одан кейін қаншама ақиқаттарды аңсаған кемеңгерлер оның өмірін тұтастай зерттегенде де болмысынан ақиқаттан өзге еш нәрсе көре алмаған.  Ол пайғамбарлықтан бұрын қырық жасына дейін  Меккеліктер арасында «әл амин» деген атқа ие болған.  Оның бір күәсі Кағбаның қайта жөнделіп қара тасты орнына қойу туралы рулар арасында туған даудың үстіне түскен шақтағы Меккеліктер арасында қара тасты қай ру қойу керек екендігіне қарар бере алмай, ақыр соңында кағбаға алғаш келген адамның үкіміне келіскенде, көп ұзамай есіктен Абдулмутталибтің немересі көрінген.Барлық Меккеліктер «Мухаммедул әмин» деп қуана қарсы алып, бір ауыздан беретін үкіміне ризалық білдірген.

       Дін дұшпандары оның сенімділігін пайғамбарлықтан кейін де жоққа шығармаған. Мухаммед пайғамбар көрші елдің патшаларын хат арқылы ислам дініне шақырады. Соның бірі Рим императоры еді.  Ол хатты оқыған соң Шамда жүрген Әбу Суфиянды шақырып пайғамбар жайлы сұрайды: 

 

  • Оған ең көп қосылып жатқан кімдер. Байлар ма, кедейлер ме?
  • Кедейлер, қазірге дейін бола қойған жоқ.
  • Сандары артып жатыр ма, әлде кеміп жатыр ма?
  • Күн сайын артуда.
  • Ғұмырыңда жалған сөйлегенін естіп немесе көріп пе едіңдер?
  • Жоқ еш қашан естімедік.

      Хаттан әсер алып сол кездегі мұсылманның қас дұшпаны болған Әбу Суфиянның жауабына тәнті болған Рим императоры осы уақытқа дейін жалған сөйлемеген адамның енді келіп Ұлы Жаратушысы атынан жалған сөйлеуі мүмкін емес, деп байыпты ой тастаған.

       Осылайша Мухаммед пайғамбар мұсылмандар үшін жан жақты үлгі. Оны бір неше мысалдар менен түсіндіре кетейік.

А) Мухаммед пайғамбар адамдардың әрқайсысы мен өзінің дәрежесіне қарай сөйлесетін еді. Оның тәлім-тәрбие мәселесінде табысқа жетуінің негізгі себебі адамдардың жасына, білім дәрежесіне қарай қарым-қатынас жасауы болды.  Ол өзінің достарына халықпен араласып жатқан кезде өзінің дәрежесіне қарай сөйлеуді ескерген.  Ол былай дейді: «Бір қаумның ақылы жетпейтін нәрселерді оларға айту дұрыс емес. Егер ондай айтылатын болса кей біреулері үшін іріткі, бүлік болуы мүмкін. (Муслим, Муқаддимә, 3).

         Мухаммед пайғамбардың ұзтаз ретінде өнеге болған ең маңызды жағы оның сабырлылығы. Бұл пайғамбарға берілген оңайғана міндет емес еді. Мүззәмміл сүресі 5 аятында «Шүбәсіз, біз саған арқалауы қиын болған міндет жүктейміз». Шындығында да оған жүктелген міндет өте ауыр еді.  Өйткені жылдар бойы қалыптасқан құндылықтардан бас тартқызу оңай жұмыс емес еді.  Адамның сенген құндылықтарын тастап басқа құндылықтарды қабылдауы оның өзінің өткенін, мәдениетін, тарихын жоққа шығару дегенді білдіреді.  Мухаммед пайғамбар қаншама шыншыл, көркем мінезді болса да, Мекке халқының жаңа дін болған исламды қабылдаулары өте қиын болған.  Мухаммед пайғамбардың шыншылдығына бір мысал айтып өтейік. Пайғамбар Сафа тауына шыққанда «Сіздерге осы таудың арқасында дұшпан әскері бар деп айтсам сенесіңдер ме деп сұрағанда, Мекке халқы «Әрине сенеміз, өйткені біз сенің өтірік айтқаныңды көрмедік» деп жауап қайтарады. Осы сөздердің артынан пұттарға табыну-серік қосу екендігін айтса да Мухаммед пайғамбар қаншалықты зұлымдық көрсе де, өздерінің ақиқат деп білген ислам жолынан қайтпаған. Зұлымдықтарға қарсы сабарлылық көрсеткен.

         Аллаһ тағала Құран Кәримде оның осындай көркем сипаттарын мақтап, егер керісінше іс-әрекетте болғанда еді, жетістікке жете алмайтынын айтады. “Оларға Аллаһтың мейірімі бойынша жұмсақ сыңай байқаттың, егер тұрпайы қатал жүректі болғанда еді, әрине олар маңайынан тарап кетуші еді. Сондықтан оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де іс жөнінде олар мен кеңес қыл».(Али Имран,159). Құранда “Адамдарды Раббыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олар мен көркем түрде күрес. Күдіксіз Раббың жолынан адасқандарды жақсы біледі. Мухаммед пайғамбар бір хадисінде «Аллаһ сені зорлаушы ретінде емес, керісінше сені мұғалім және жетілдіруші ретінде жіберді» деп айтады.

      Ал енді осы жерде пайғамбарлардың сипаттарымен әрекеттерін айта кетейік.

  1. Садық.

         Сөзі мен істерінде туралықты ұстанады. Еш қашан өтірікке жуымайды. Олардың болады деп айтқандары болған. Болмайды дегені болмаған.  Мысалға Мухаммед пайғамбарға пайғамбар келмей тұрып оған бірде бір адам өтірікші деп айтпаған. Құран Кәримде бұл жайында былай деген. «Расында білеміз, күдіксіз олардың айтқандары сені кейітеді. Олар сені өтірікке санап отырған  жоқ. Бірақ залымдар Аллаһтың аяттарына қарсы келеді.(Әнғам, 33).

  1. Сенімді.

         Олар үнемі сенімділкті өмірлеріне ту етіп ұстанады.  Мухаммед пайғамбардың пайғамбарлығын мойындамайтын адамдардың өзі, оған аманат тапсырып кететін болған.  Досы мен дұшпаны оны сенімді адам деп атайтын.

  1. Күнәсіз.

      Пайғамбарлар еш қашан күнә істемейді. Ол өз жүйелерін орынды іске асырады. Парасатты, олар адамдардың арасындағы ақылды, алғыр, рухы мықты адамдар. Ақыл мен зейіндерін ең жоғары дәрежеде қолданады. Негізгі ақиқатты Аллаһтан алып адамзат баласына тура жолды көрсетеді.

  1. Таблиғ.

        Аллаһтың уаһи арқылы білдірген әмір мен тиымдарын адамдардың дәрежесіне қарай, еш нәрсені жасырмай еш нәрсені қоспай үйретеді.

    Пайғамбарлардың осы ұлы сипаттарын негізге ала отырып жастарды тәрбиеге шақыруға болады. Оның өмірінен мына үлгі боларлық мысалды айтып кетейік.:

      «Исламға дұшпандық жасау жөнінен шекке шыққандардың бірі Әбу Жәһил.  Оның ұлы Икриме мұсылман болғанда Мухаммед пайғамбар сахабаларына былай дейді. «Қазір осы жерге Икриме келеді. Оның әкесіне тіл ұзартпаңдар, өйткені өлікке тіл ұзартуоған жетпейді. Бірақ тірілерге зияны тиеді. (Әл мүстедрек3, 241). Икрименің өпкелеп көңілі түспеуі үшін әкесіне тіл тигізуден тыйылуды әмір етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Ислам тәрбиесіне қатысты мұсылман ғалымдарының тұжырымдамалары.

 

          Ислам ғалымдары арасында бала тәрбиесіне қатысты ең көп еңбек жазған әл-Ғаззали болып табылады. Әл-Ғаззали орта ғасыр ислам философы, кәламшысы. Оның  ең  атақты кітаптары  «Иһйа-и улумиддин», «Кимйа-и саадет»,  «Йа әййуһә-л уәлад»  және т.б. Ғаззалидің бала тәрбиесіне қатысты ең  негізгі  еңбегі «Йа әййуһәл үәлад» атты еңбегі  болып табылады. Ғаззали баланың  жеке тұлғалық тәрбиесі, діни және қоғамдық тәрбиесін қарапайым құралдар арқылы түсіндіруге тырысқан. Ол өзінің еңбектерінде қазіргі заманауи  бала тәрбиесіне әрең жеткен  немесе жете алмаған тәрбие туралы насихаттар мен әдістерді айтып өтеді.

       Жалпы этика және тәрбие философиясында болғаны сияқты Ғаззали бала тәрбиесі туралы  әдіс-тәсілдерді Құран  және  хадистерден сонымен қатар, ақыл және  тәжірибеге  сүйенген күрделі өмір шындықтарынан алады. Сонымен қатар тарихтан, пайғамбарлар өмірінен, ғалым, мүршид  және атақты кісілердің өмірінен пайдаланады.

       Ғаззали  бала  тәрбиесін  жанұядағы  бала тәрбиесі және  мектептегі  бала тәрбиесі  деп  екіге  бөліп  қарастырады.

  • Жанұядағы  бала тәрбиесі.

            Ғаззали бала  тәрбиесін  Құдай  тағала  тарапынан әке-шешеге берілген аманат  ретінде қабылдайды  және бұл  аманатты  ең  жақсы  түрде  тәрбиелеуге, балалардың білім  алуларына  көмектесуге жауапкер екендігін  айтады.  Ия, тәрбие жанұядан басталады.  Төмендегі хадис бұған  дәлел  болады. «Балаларды жақсы тәрбиелеу, балаға  жақсы  есім қойу әкенің  мойнындағы  парызы».

           Ғаззалидің  пікірінше  бала туылғанда жаман  болып туылмайды. Ол жүрегі таза, барлық  нәрсені  қабылдауға мүмкіндігі  бар  жаухар  сияқты, дейді.

          Баланың  жанұядағы  тәрбиесі  баланың  жеке  тұлғалық  қоғамдық  және  діни  тәрбиені  өз  ішіне алады.

А)  Жеке тұлғалық тәрбие.

  1. Рухани тәрбие.

          Бұл  тәрбие  баланы  материалдық  себептерге байламастан, оларға  қасиеттілік, әділеттілік, сүйіспеншілік, жаны ашу, жақсылық пен жамандық, батырлық пен  қорқақтықтың не екендігін үйрету.  Әке-шеше осы секілді рухани  сезімдерді  балада қалыптастыру  керек. Әке-шеше  балаларға  мейірімділік көрсетіп  сүйу мен сүйілуді үйретуі тиіс.  Ғаззали  балаларды  аялаудың  мустахаб (жақсы көрілген  нәрсе)  екендігін  айтады. Баланың  жақсы  іс-әрекеттерін  бойында  көрген  кезде, оларды  материалдық  және  рухани  сыйлықтар мен қуантуы  керек. Бұл  баланы  жақсылыққа  ынталандырады. Ғаззалидің  пікірінше,  жалпы  бала  алты  жастарында   жақсы  мен жаманды  ажырата   алады. Әке-шеше  баланы  жас кезден ақ  шектен тыс жан  тыныштығына  үйретпеуі  керек.  Егер  бұндай  жасалса, үлкейген  кезде  рахаттылыққа  қолы  жетпегендіктен үмітсіздікке түседі. Балаға  жастайынан   еңбекқорлыққа  тәрбиелеп ашкөздікпен  дүниеқұмарлықтан барынша  сақтандыруы  керек. Ақшаға болған сүйіспеншілік  балаларда  такаппарлық, өркөкіректік, өзімшілдік  сияқты  адамгершілікке жат қасиеттерді  қалыптастыруына  себеп  болады. Сондықтан ақша еңбектің  мақсатына   айналмауы   керек. Мүмин  үшін  ақшадан да жоғары, дәрежелі, құнды  мақсаттар  бар. Бұндай  мақсаттың  ең  басында  Аллаһтың  ризалығын  алу, жаннат, өзгелерге  мұқтаж  болмау және мұқтаждарға  көмектесу  келеді.

      Балаларды  өз еркіне, бәлкім үйленгенден  кейін дұрысталар  деп жауапкершіліктен  қашу  үлкен  зұлымдық  жасау  дегенді білдіреді. Санасы қате  пікірлермен  уланған  адамды оңайғана  тәрбиелеу  қиын жұмыс. Әлемде  қаншама  бұрыс  пікірлі, қате  идеалогияның  жетегінде  жүген адамдар  бар.  Кей  біреулері мұның  қате  екендігін түсінсе  де, үйреніп  қалған әдетінен шыға  алмайды. Мысалды алыстан  іздемейақ  қарапайым темекі  шегуді  алып  қарайтын  болсақ, темекі  адамның  ден  саулығына  қаншалықты  зиян, тіпті адамның   өмірінің  сөнуіне  әкеліп  соғуы  мүмкіндігі барлығымызға мәлім.  Бірақ, бұларды  біле  тұра адамның  оны   тәрік   етуі  өте  қиын.

  1. Дене және  физиологиялық  эстетикалық  тәрбие.

          Ғаззали  баланың  рухани  тәрбиесіне  мән  бергені сияқты,оның физиологиялық  дене  тәрбиесіне  де  мән береді. Ол  бұл  жайында  ата-аналарға  төмендегі  ұсыныстарды айтады:

      а. Балаға  күнде  белгілі бір уақытта дене  тәрбиесі  және  жаттығулар мен шұғылдандыруы  керек. Әйтпесе  балада жалқаулық  пайда болады.

      ә. Баланы  жұмсақ көрпе  жастыққа  жатқызбауы  керек. Әйтпесе  баланың  бұлшық  және   дене  еттері дамымайды. Денеге  май  басып  семіздікке  алып   келуі  мүмкін. Бұл  жерде  Ғаззали  баланың эстетикалық  көркемдігін   айта  отырып, бала  үшін  дене  әдемілігінің  маңыздылығын  түсіндіреді.

      б. Баланы  күндізгі  уақытта  емес  түнде   ұйықтауға  ынталандыру керек.  Күндіз  ұйықтау балада  жалқаулықты  қалыптастыруы  мүмкін.

      с. Балаға  сабақтарынан  кейін пайдалы  ойындар  ойнауға  рұқсат  беруі  керек. Бір  жақтан  бала дене  және  ми  жағынан  тәрбиеленсе, екінші  жақтан ойын  ойнауға арманы  орындалып  үйдегілерден  жасырын ойнаудың  алдын  алған  болып  есептеледі. Қазіргі  таңдағы  жаңа  тәрбие  жүйесі  балаға   ойынның  қаншалықты  маңызды екендігін айтады.

         Б) Қоғамдық тәрбие.

        Әке-шеше  баланы  қоғамдық  өмірге  сай  түрде  тәрбиелеуге міндетті. Ғаззалидің  пікірінше  бұл  тәрбиенің  бастауы  тамақ  басында  отырудан  бастап, адамдар мен  қарым-қатынас  жасауға дейінгі іс-әрекеттерді  өз  ішіне  қамтиды.

         Ғаззалидің  пікірінше, бала тәрбиесінде  ең маңызды  нәрсе әке-шешенің  балаларымен  бірге  бір  ыдыстан отбасымен бірге  тамақ ішуі. Өйткені бұл бір  жағынан  Пайғамбарымыздың  сүннеті  болса, екіншіден  баланың  қоғамдық  өмірге  үйренуіне, әлеуметтенуіне өз  көмегін  тигізеді.  Бұл  жайында  кей бір хадистерді  мысал  келтіреді.

          С)  Діни тәрбие.

          Ғаззалидің  пікірінше  діни   тәрбие  басқа  да  педагогтардікі  сияқты жанұядан  басталатындығын   айтады. Бала алты жасына  жеткенде  оған қысқа, қарапайым  білімдер  үйретіледі. Намаз, ораза, қажылық сияқты  құлшылықтар  түсіндіріледі.  Балағат  жасына  жеткенге дейін діни  білімдердің (намаз, ораза  сияқты) басқа  да  парыз және  үәжіптері, ақыл және  нақылдың себептері, олардың  пайдалары  үйретіледі.

      Ғаззали бай  болу және  кедей  болу  туралы  айтып  өтеді. Балаға  бай  болу  ұсынылып  оған  ынталандырады. Бірақ  шектен  тыс  ақша   беріп  балаға  ақша   сүйіспеншілігін  қалыптастырмауы  керек. Қысқаша  айтатын  болсақ  байлық  ішінде кедейлік  үйретілуі  керек. Еш  бір  уақытта  балаға  кедей  болу ұсынылмайды.

          Ислам  ғалымдары   бала тәрбиесіне  қатысты  төмендегілерді  айтады.:

— Егер  бала  қателік  жасаса оны  көрмеген  сияқты   болуы  және  жасырын  кемшіліктерін  жарияламауы  керек. Өйткені   балалар  қателерін  жасырғысы келеді. Егер  де  бала  өзіні  тәрбиелеуге  тырысса  қателерін еш көрмеген  сияқты  әрекет ету  керек.

— Баланың   кемшілігін  дұрыстаймын  деп  әр  бір  әрекетінде балаға  қарсы  келсе, бала  кемшіліктеріне  қырсықтанып  қайтадан   жасай  беруі мүмкін. H.Ginatti  де  дәл  осы  көзқарасты  қолдайды. Ол  «баланы  жазаландыру, мәжбурлеу  оны  тәрбиелей  алмайтын  дәрежеге  әкелуі  мүмкін» дейді.

— Жаман  қылықтарды  басқалардың  да  жасай алатынын  балаға  сездірмеуі  керек. Әйтпесе, бұл  балаға  өнеге  ретінде  қабылданады.

— Егер  қателіктері  қайталана  берсе,  оған  жасырын  түрде  ескертіліп  зияндары  аз-аздан  түсіндіру  керек. Қайта-қайта  ескертүлерден  сақтану  керек.  Бұл  баланың  сөзді  тыңдамайтын дәрежеге  әкелуі  мүмкін.

—  Баланы  жасырын  істер  жасауға  алып  баратын кезкелген  қылықтардан аулақ  болу  керек. Оған  жақсы  іс  болсын,  жаман іс  болсын  ашық түрде  жасауына  мүмкіндік  беру керек. Бала  жасырын  іс-әрекеттердің айып   екендігін  білсе, оған  ашық  түрде  жасауға  мүмкіндік  берілмесе, іс-әрекеттерін  жасырын  жасауға  әдеттенеді.

 

— Балаға  айтылатын  ескертулер  көпшілік алдында  айтылмауы  керек. Өйткені  бұл баланың   ұялшақтығына және ұяңдық  сияқты    қасиеттердің  қалыптасуына мүмкіндік  тудыруы  мүмкін.

        2) Мектептегі  бала  тәрбиесі

        Балаға  тәрбие  беруде  екінші  орында  тұратын және  баланың  мінез-құлқының  қалыптасуында  маңызды   рол атқаратын  мектеп  болып  табылады.

       Мұсылман ғалымдары, мұғалімдердің бала тәрбиесінде маңызды рол  атқаратындығын  айта отырып, баламен  қалай  қарым-қатынас  жасау  керектігін  мысалдар мен  түсіндіреді.

 

—  Мұғалім  оқушыны  өзінің  баласындай  қабыл  етіп, мейірім-шапағат пен  қарым-қатынас   жасауы  керек.

—  Мұғалімдер  оқушыларға  білім  беру   кезінде  міндетсінбеуі  тиіс. Ізгілікпен  қарым-қатынас  жасай  отырып тәрбиеде  Мухаммед Пайғамбарды үлгі  ретінде алулары  керек.

— Оқушыларға  айтылуы керек  болған насихаттарды  ашық түрде  такаппарлық  көрсетпей  жасауы  керек.

—  Мұғалім  оқушылардың  қателерін  мейірімділік  және ескерту  жолы мен  түзеп  көпшіліктің  алдында  ұятрауы  керек. Көпшілік  алдында  айтылған ұрсу  және   ескертулер баланың   ұялшақтық болуына және  дұшпандық  қасиеттерінің ойануына  себеп  болады.

—  Баланың  күш-құдіреті  мен  қабілетін  анықтап, соған  қарай  білім   беру  керек. Әрине  балаға   ауыр  жүк арту   оны  қиын  жағдайға  түсіреді, нәтижеде баланың  ғылымға  болған   құлшынысы азаяды.

— Зерек  болмаған  балаларға олардың  түсінулеріне  қолайлы  түрде, дәрежелеріне  қарай  мысалдар мен  түсіндіру  керек.

— Мұғалім  өнеге болу үшін  үйреткен  нәрсесіне әуелі  өзі  амал  етуі  қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Исламдғы бала тәрбиесінде жанұяның орны.

 

      Бала туралы айтылған кезде ең әуелі жанұя ойға келеді. Өйткені, баланың ұлғайып өмірге дайындалуы, жақсымен жамандықты үйренуі отбасымен байланысты. Демек  баланың өмірге дайындалуына және оның тәрбиесіне әсер етуші фактор жанұя болып табылады. Баланың келешегіне қатысты бүкіл мәселелер жанұяда шешіледі.

      Адам өмірінде қоғамның өмірі қаншалықты маңызды болса, қоғам өмірінде де жанұяның орны ерекше. Жанұясыз адамзатты немесе қоғамды елестету қиын. Жанұя адамзат ұрпағының жалғасуы үшін қажетті құрылым болса дүниеуи тыныштықпен бақыттылық үшін де сондай қажет. Негізі мықты болған жанұяның мүшелері де бақытты.  Олай болатын болса ахирет өмірі сияқты  дүние өмірі үшін тыныштықпен бақыттылықтың жолдарын көрсеткен ислам дінінің дүние бақытына негіз болған отбасы мәселесіне маңыз бермеуі мүмкін емес.

        Ислам діні әуелі ахирет өміріне көңіл бөледі.  Бірақ оған жету бұл дүниемен байланысты болғандықтан  дүниеуи өмірге көңіл бөлмеуі мүмкін емес.

        Міне, сондықтан да ислам некеден бастапажырасуға дейінгі бүкіл жанұяға қатысты ұсақ-түйек мәселелерге де қатты мән берген. Тақырыбымызға қатысты болғандықтан оларға қысқаша тоқталып өтейік.

  1. Құрани Кәрим үйленуде адамдардың жеке құмарлықтары үшін емес тәрбие шарттарына сай жанұяның құрылуын әмір етеді. Некелесетін әйел міндетті түрде мүмин болуы шарт. Әдемілігі, байлығы, тектігі сияқятықасиеттеріне алданып мұсылман болмаған әйелге үйленуді ислам қолдамайды. Мұны төмендегі аят дәлелдей түсед: «Әй мүминдер! Мүшрик әйелдермен олардың иманға келуіне дейін үйленбеңдер. Иман еткен жария(құл)ны ұнатпсаңыз да пұтқа табынатын әйелден жақсырақ. Сенбегенге  дейін пұтқа табынатын еркектермен мүмин әйелдерді үйлентірмеңдер. Егер олар сендерді қызықтырса да, мүшрик азат ерден мүмин құлартық. Олар тозаққа шақырады да, Аллаһ өз ұйғаруымен жәннтқа шақырады. Сондай ақ адамдар үгіт алсын деп аяттарын баян етеді. (Бақара,221). Басқа бір аятта былай айтылады: «Мүшрик әйел өзі секілді мүшрикті дүниеге әкеледі. Нұх майғамбар Аллаһқа былай жалбарынады. «Раббм! Жер жүзінде кәпірлерден еш біреуін тұрғын қалдырма. «Егер оларды қалдырсаң құлдарыңды жолдан адастырады да бұзақы кәпір балаларды ғана дүниеге  әкеледі. Нұх26-27. 

     Мухаммед пайғамбар да діндар әйелге үйленуді әмір еткен. Мінез-құлқы жаман ортада өскен әдемі әйелді, лас жерде өскен қызыл гүлге ұқсатып, ондай кісілермен үйленуден аулақ болуды талап етеді.

  1. Жанұя құқықтарымен міндеттері.

   Халқымызда «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөз бар Жанұяға қатысты мәселелер  үйленумен бітпейді. Ер мен әйелдің материалдық әрі рухани дамуы, олардың рахат және тыныштығы жанұялардың кей бір негіздердің орындалуымен ғана жүзеге асады. Егер мұндай негіздер назарға алынбай орындалмаса жанұяның өмірі де қысқа болады. Сол негіздердің ішіндегі ең маңыздысы олардың бір-біріне болған міндеттері келеді.

  а) Әке және оның міндеті.

    Баршамызға белгілі қоғамдық өмірдегітәртіп, үйлесімділік және тынштық құрылымды басқарып тұрған кісілерге байланысты.  Ең шағым қоғамдық құрылым болған жанұя да бұл қоғамның сыртында қалмайды. Яғни жанұяда еркек басшылық жасйды.  «Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткен Аллаһ бірін бірінен артық қылды. Сондай ақ олар малдарыан да пайдаландырады.  Бұл жердегі әйелдің еркекке үстемдігі екі нәрсеге  сүйендіріледі.

  1. Еркектің табиғатындағы кей бір үстемдіктер. (дене жағынан күшті, мықты болуы, әйелдерге қарағанда сезімдерге тез берілмейді).
  2. Әйелдің напақсын қамтамсыз ету. Экономикалық жақтан көбірек жауапкешілігі бар кіснінің, үкім жүргізуде де сол кісі көбірек құқығы бар.

   Осыған байланысты жанұяның напақасын еркектің мойнында екендігін айта келе, жанұя мүшелерінің дүниелік әрі рухани міндеттерінің тәлім-тәрбиесіне дежауапты.

 ә) Шеше және оның міндеттері.  Исламда жанұядағы экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуді еркектің мойнына жүктегені секілді шеше көбірек үйдегі бала тәрбиесін мойнына алады. Әсіресе баланың 7-8 жасына дейінгі тәрбиеінде шеше жауапты. Ислам бала өмірінде шешенің орнын еш нәрсе толтыраалмайтындығын айтады. Шешенің орнын еш бір материалдық рахаттықтар қанағаттыраалмайтынын Омар және Әбү Бәкір сахабалар арасындағы болған сұхбаттан байқауға болады. Әбу Бәкір Омарға қарап: «Әй, Омар, оны таста, оған шешесінің түкірігі сенің жаныңдағы тәтті және балдан да жақсырақ» деп айтады. Шенің жараиылысы рухани әрі дене жағынан бала тәрбиесі секілді маңызды әрі нәзік міндетке сәйкес жаратылған. Құранда және Мухаммед пайғамбардың хадистеріндеәйел кісілердің бұлміндетті толық орындаулары шартыменен ғана қоғамдық жауапкершіліктерді өзбойнына жүктей алады.

       Бала тек қана шешелерде ғана болатын қарсылық күтпейтін сүйіспеншілік ыстық шапағат және шыншыл мейірімділік сезімдерімен қапталған ортада ұлғайып жетілуіменен, рухани аштықтан азғындыққа ұшырап оның қасіретін тек жанұялары ғана емес, қоғам да шегеді. Ғалымдардың зертеулерінде балаларына жақсы қарай алмаған шешенің психологиялық ауруға шалдығатындығын айтады.

       Құранда аталып өткен жанұялар.

     Құран жанұяға қатысты мәселелерге көп тоқталған. Онда Ибраһим, Имран, Нұх, Жақып, сияқты пайғамбарлардың жанұяларын үлгі ретінде баяндайды.

 

 

 

 

      Баланың көзімен ең бірінші көргені оның шешесі болып табылады. Балаға мейірімділік пен қараған да шеше. Алғашқы білім үйретушісі, тәрбиелеушісі әрі ұстазы де шеше. Осылайша бала шеше тәрбиесімен мейірім қанаттары астында ұлғаяды. Шешенің баланы сүтпен тамақтандыруы өте үлкен маңызға ие. Оның бала тәрбиесінде ең үлкен міндеті балаға халалдан сүт беруі. Халал сүттің бала тәрбиесінде әсері мол. Осыған байланысты Мухаммед пайғамбар бір хадисінде «Бала сүт емген ананың сүтімен мінезденеді» дейді. Сондықтан да балаға  сүт емізірген кезде таза, салих әйелдің ізденіп табылуы мұсылмандарға жүктелген міндеттерден болып табылады. Салих, таза әйел табылмаған кезде науқас болмаған сиыр сүтін ішірген абзал. Егер де әйел екі қабат кезінде шариғат тиым салынған нәрсеге шаһуатпен назар салса, баланың рухани тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Сол себептен әр бір ата-ана нәпістік және шаһуаттық сезімдерден аулақ болыпөзін қорғауы тиіс.  Мухаммед пайғамбар басқа бір хадисінде «балалар үшін ана- сүтінен қайырлысы жоқ» деп айтқан. Шеше салих, намысты әйел болса балалр үшін үлкен бақыт. Өйткені бала тотықұс сияқты әке-шешеден не көрсе соған еліктейді.    

      Жаңа  туылған баланың оң құлағына азан және сол құлағына қамат айтылуы, таза жүректерге берген алғашқы үндеу. Хадистерге қарасақ әр туылған бала үшін ақиқа құрбаны шалынатындығын көреміз. Бұл құрбан шалу, Аллаһ тағаланың берген нығметіне бір шүкіршілік. Ақиқа шала алмаған  адам  кейінерек  шалса  да болады. Әке-шеше  балаға  жақсы есім қойуға міндетті. Исламиятты қабылдаған адамның  балаларына қойған есімдерінің қияметте әсері бар  екендігі айтылады. Бір хадисі шарифте: «Қиямет күні барлық  адам өз есімдеріменен шақырылады.  Пайғамбардың есімімен есімделген адам, сол есімнің  берекетін көріп жаннатқа кіреді».  Пайғамбарымыз  басқа бір хадисінде: «Мен қиямет күні әр бір Мухаммед атты үмбетіме шапағат етемін»  деген. Жаһилият яғни  исламнан бұрынғы  кезеңде Абдушшемс, яғни күннің құлы сияқты  исламға сай келмейтін аттар қойылатын еді.  Әр бір әке-шеше осы  секілді есімдерді әдемі есімдерге өзгертүі  қажет.  Әке-шешенің тағы да  негізгі  міндеттерінің бірі баласын сүндетке отырғызу.  Яхудилер балаларын өте кішкентай жастан бастап сүндетке отырғызатын болса, мұсылмандарда жеті жастан  он екі жас  аралығында сүндет етіледі. Бірақ  туылғаннан жеті  күннен  кейін сүндет  ету  мустахаб(жақсы көрілген амал)  болып  табылады.

          Исламиятта тәрбие  діннің  негізін  құрайды. Құран Кәрим бастан аяқ адамдарға тәрбие және әдеп үйретеді. Адамдардың нәпістік қалауларына берілулеріне тиым салады.  Өйткені нәпістік қалауларына  берілгендер  ақиқаттан алыстайды.

          Бала тәрбиесінде оның жасына қарай кезеңдерге бөлуге  болады. Бала әр жеті жаста бір кезеңді бастан өткізеді.  Алғашқы жеті жасқа дейінгі кезең арабшада “субйан” кезеңі  деп аталады. Бұл кезеңде бала  жақсымен жаманды  ажырата алмайтын, барлық нәрсені  ұға бермейтін кезең. Жеті жастан он төрт жасқа дейінгі кезең балалық кезең. Бұл кезеңде баланың ақыл–ойы  түсінігі күрделі даму үстінде болады. Он төрт жастан жиырма бір жасқа дейінгі кезең жастық кезең. Бұл кезеңде баланың ақылы жетіліп өмірге болған көз-қарасы өзгереді. Баланың ең бірінші мұғалімі  оның шешесі  болса, әке екінші кезекте орын алады. Баланың жеті жасына дейін оның ден саулығына, тамағына мән беріледі. Баланың негізгі тәрбиесі  екінші, яғни  балалық кезеңінен басталады. Оның келешегі дайындалады.  Бұл кезеңде әке-шеше баласына нені көрсетсе, өскенде  соны  істейді. соған ереді.  Баланың миы фотоаппарат сияқты нені  көрсе соны миында сақтайды. Сенім негіздері осы кезеңде қалыптасады. Діни тәрбие және наным осы кезеңде қалыптасқандықтан намаз, дәретке ынталандыру жасалады. Үшінші кезең балағат жасы болғандықтан, парыздарды орындауға дайындықтар жасалады. Аллаһтың әмірлері бұл кезеңде ашық түрде үйретіледі.  Аллаһтың  тиым салғандарын айта отырып жамандықтан құтылу жолдары үйретіледі. Пайғамбарымыз бір хадисінде он жасына келген қыз, ер балалардың жататын бөлмелерінің ажыратылуын әмір етеді. Балалардың күш-құаттарының жетіліп дамитын уақыттары он жастан кейінгі үшінші кезең болып  табылады.. Егер  де балаларда алғашқы кезеңдерін ақ Аллаһ сүйіспеншілігімен қорқынышы  жүректерінде орнықса, күші тасып тұрған кезінде, баланың жүрегіндегі  иман оны жамандық жасаудан тияды.  Өйткені адамда иман қаншалықты күшті болса, жақсы ғамалдармен іс-әрекеттер соншалықты көп болады. Осы кезең әр бір әке-шешенің насихат кезеңі болып табылады.

        Пайғамбарымыз бір хадисінде былай деген: «Әр біріңіз шопансыңдар. Қарамағында болғандардан жауаптысыздар. Мемлекет басшысы шопан. Қарамағынан жауапты. Қызметші мал-мүлкіне шопан. Қарамағынан жауапты. Әр біріңіз шопансыздар.Қарамағыңыздан жауаптысыздар». Бұл хадиске үңіліп қарайтын болсақ, барлық адам өз қол астындағыларға  шопан және  олар шопан секілді қарамағындағылардан жауапкер екендігін түсінеміз. Пайғамбарымыз  әр бір адамда жауапкершіліктің бар екендігін айтады.  Пайғамбарлар да жауапты. Араф сүресі 5  аятында «Әрине пайғамбар жіберген үмбеттерді жауапкер қылатынымыз секілді, пайғамбарларды  да  жауапты  қыламыз».

      Бала  әке-шеше  жанында  қорынуы  керек  болған   аманат. Оның  жүрегі  таза, жарқын  әрі  пәк. Жас  кезінде  оған  бір  нәрсе  үйретілсе, соны  қабыл  етеді  және  әдетке  айналдырады. Ал  егер  жаман  нәрсе  үйретілсе, оны  қабылдап  өмірінде  қолданысқа  енеді. Сол  себептен  де  бала  әдемі, жақсы, дұрыс  нәрселерді  үйрену  арқылы періште   сияқты  дәрежеге  көтерілуі, жаман  және  қате  нәрселерді жасауы және  үйренуі  арқылы шайтан   және  хайуандық  дәрежеге  түсуі  ықтимал. Тин  сүресінің  алғашқы  аяттарын осыған  байланыстырып  былай  деп  түсіндіруге  болады: «Біз  адамды,  яғни  баланы  үйренуге, білім алуға,  тәрбиелі болуға  қабілеті  бар  түрде  жараттық. Бірақ,  әке-шеше мұғалім  және  басқа  да  жауаптылардың қате  бағыт  бағдар  берулері себебінен «әсфалас сафилинге», яғни  хайуандардан   да төмен  дәрежеге түсірдік.  Тек  қана білім алып  әдемі  тәрбиеленген иман  етіп  жақсы  амал  жасағандар бұның сыртында. Олар  үшін  шексіз,  есепсіз  сыйлық  түрлері  бар. Балаға  дұрыс  тәрбие, білім  беру, оларға  көркем  мінез  қалыптастыру, осы  жол мен  оның  сапасымен  дәрежесін  көтеріп, дүние  және   ахирет  бақытына  жеткізу  әке-шеше, мұғалім  және  басқа  жауапты  кісілердің  ең бірінші  міндеті  болып  табылады.

         Қорытындылай келе ислам діні бала  тәрбиесіне  жан жақты мән  беретінін көреміз. Исламдағы бала тәрбиесінде  маңызды болған нәрсе тәрбиелеушінің балаға үлгі бола білуі. Балаға тілмен айтып түсіргеннен  іс-әрекетпен, амалмен көрсетсе оған жүз есе әсерлі болады. Өйткені өзін  тәрбиелей алмаған адам басқаны тәрбиелей алмайтыны белгілі.

 

2.3. Исламда бала тәрбиесінің негізгі принциптерімен  әдіс-тәсілдері.

 

        Құран назарымен қарайтын болсақ тәрбие бала туылмай тұра басталады. Туылғаннан кейінгі тәрбие, туылмай тұра басталған тәрбиенің жалғасы болып табылады. Тәрбиенің ана құрсағынан басталатындығы туралы Құран бізге  мына аятпен түсіндіреді. «Ана құрсағында сендерді қалағанындай пішімде жасаушы Аллаһ».(Али Имран, 6). Бұл аяттағы арабша саууара етістігі дене әрі психологиялық жақтан түрге ендіруін(әр түрлі жаратуын) айтып тұр.Өйткені психологиялық қасиеттар болмаған да еді, дене қасиеттерінің мәні болмаушы еді.

       Осы жерде тәрбиені екіге бөліп қарастыруға болады. Адамдық тәрбие және илаһи(құдайдық) тәрбие. Адамдық тәрбие адамның туылғандағы бар болған қабілеттерді дамытуды көздесе, илаһи тәрбие бұл қабілеттерді жоқтан бар етіп жаратады. Адамдық тәрбие адамның қабілеттерін дамытып оны белгілі жақтарға бағыттайды. Адамдағы мінез-құлықты қалыптастырып қалау және таңдауларына жетекші болады.

      Илаһи тәрбиеде адамдарды әр түрлі қабілетте, әр түрлі өнерлерге бейімді етеп жаратса, адамдық тәрбие әуелі адамдар арасындағы қабілет ерекшеліктерін анықтап, білім беру дәстүрлерін сол айырмашылықтарға қарай қолданады.  Осыған сәйкес Аллаһ адамдарды шеше құрсағындан-ақ  бір-бірінен қабілет ерекшеліктерін айырған. Зухруф сүресі 32 аятында былай делінеді. «Олардың дүние тіршілігіндегі несібесін біз үлестірдік. Сондай-ақ бір-біріне бағынсын деп, бір-бірінен дәрежеде көтердік. Демек илаһи тәрбие дүние өмірінің жалғасуы үшін адамдардың әр түрлі жолдарға айрылуын қажет деп білген.

       Мухаммед пайғамбар баланың ана құрсағында болатын жағдайларды түсіндірген кезде былай дейді. «Бала ана құрсағында  төрт күнге дейін су, одан кейін ұйыған қан, одан кейін ет бөлшегі жағдайына ауысады. Бұл жағдайлардан кейін Аллаһ тағала бір періште жіберіп оған үрлейді. Негізінде бұл Хаж сүресі бесінші аятының бір түсіндірмесі сияқты. «Әй, адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді топырақтан, сонан соң жыныстық тамшыдан, кейіннін ұйыған қаннан, тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен, өздеріңді тектеріңді білдіру үшін жараттық. Сондайақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында бөьек түрінде шығарамыз.  Одан кейін ер жетесіңдер.Кей біреулерің қайтыс болып, кей біреулерің әр нәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Құраған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ құлпырып көксиді де әр түрлі көркем өсімдік өндіреді.

       Әр бір әке-шеше өзінің баласын жақсы тәрбиелеуді қалайды. Көркем- мінез бұл әр халықтың армандайтын бағалы құндылықтарынан. Қоғамдық өмірдің рахат тыныш өмір сүруі үшін тек мемлекет заңына мойынсыну жеткілікті емес.  Ортақ құндылықтармен дәстүрлердің бірлесу күшіне қажеттілік бар. Басқаша айтатын болсақ адамгершілік құндылықтар болмай қоғамдағы рахатты өмір жалғаспайды. Бүкіл діндердің күнә деп есептеген нәрселерін, мемлекеттің заңы да күнә деп есептейді. Ал бірақ та діндердің алып келген өтірік айтпау, қонақсүйгіштік, көмектесу, құрмет сияқты құндылықтарды мемлекет заңымен орындатуға болмайды. Мұндай қасиеттерді амалға асыруға, дұрыс жолдан жүруге көмектесетін тек діни сеніммен құндылықтар болып табылады.

Баланың діни тәрбиесінің бастау кезеңі.

    Балаға дінге сену және діни білімдерді екі түрде амалға асыруға болады.

  1. Сұрауы.

          Баланың сұрақ сұрауы үлкендерге болған сенімділіктің нәтижесі десе болады. Төрт жасар бала, әсіресе екі жастан бастаған сұрау кезеңінің ең жоғары сатысында деуге болады. Бұл кезеңде бала қалай? неге? не үшін? Жанұя және қоршаған ортаның діни ауасы осындай сұрақ сұрауларына себеп болады. Үлкендер балалардың дінге қатысты болған сұрақтарына толық әрі түсінікті тілде жауап беруі керек. Балаға діни сұрақтарды сұрақ жауап түрінде жаттатылуы оның бұл саладағы қабілетін дамытады. Бірақ, кей бір діни терминдердің түсінілуі де қиын болуы да мүмкін. Мысалға, сауап, күнә, жақсылық, қасиеттілік. Бұл жерде діни білім беруде әке-шешенің біраз күш жұмсауы қажет етіледі.

  1. Себептілік.

          Баланың діни білімдерін қабылдай алатын қабілетте екендігінің бір көрінісі, әсіресе үш жасынан бастап айналадағы оқиғалардың себеп-салдар қатынасын ажырата алатын кезеңде байқалады.  Дін тәрбиесінің алғашқы шарттарының бірі де бала сол жасқа жеткен болуы керек.

           Османлы ғалымдарынан Шабан Шифаи бала тәрбиесіне ерте жастан бастау керектігін айта келе былай дейді. «Оңмен солды ажырата алатын, аз да болса жақсы мен жаманды түсінетін кезеңде бала тәрбиесімен айналысу керек. Балаға ақырын-ақырын жақсы істер мен көркем-мінез үйретілуі қажет».

        Психолог Антонно Верготте «Дін психологиясы» атты кітабында, баланың жаратылысында діни қабілет бар екендігін және төрт жас балаға діни тәрбие берудегі алтын кезең деп айтып кетеді. Бұл Мухаммед пайғамбардың мына хадисіне сәйкес келіп тұр. «Барлық бала ислам жаратылысымен туылады. Кейін әке-шешесі оны еврей, христиан, немесе межуси(отқа, күнге табынатындар) етеді».

     Балалық шақ бала үшін қорқыныштар мен толы. Баланың сәл нәрсеге қорқу қасиетінен пайдаланған кей бір үлкендер кейде қате іс-әрекеттер жасайды. Құдайдық барлық іс-әрекетерді көріп, жамандықтарды күнә дәптеріне жазып жатыр деп оларды тыныштандыруға тырысады. Сондықтан бала назарында Аллаһ сүйікті, қорғайтын, мейірімді, кешіретін емес, керісінше жаза беретін тозақ азабында жандыратын бір болмыс ретінде елестейді.

        Діни әңгімелердің бала психологиясына жағымды әсері бар.  Бала қоршаған ортаны сезімдері мен таниды. Аллаһқа сену, оны сүю,  дұрыстық, сенімді болу сияқты  сезімдердің ашылуында діни әңгімелердің үлкен ролі бар.

                   Мектептен бұрынғы кезеңдегі баланың діни тәрбиесі.

       Мектептен бұрынғы  кезеңде балада Аллаһ, пайғамбар, періште сиқты ұғымдар сырлы болса да, оларды білу мақсатында сұрақтар қоя бастайды. Осындай жағдайларда баланың сұрақтарына жауап беруі немесе бермеуі олардың ұлғайғандағы рухани жетіспеушілікке себеп болуы мүмкін. Рухани жетіспеушіліктерді үлкейкен кезде беруі жас кезінен қарағанда қиынырақ жүзеге асады.

        Мухаммед пайғамбар «Шүбәсіз сендер қиямет күндері есімдеріңізбен, әкелеріңіздің есімімен шақырыласыңдар. Олай болса балаларға жақсы есім қойыңдар» дейді.(Әбу Дәуіт, Әдеп, 70). Осы хадиске қарайтын болсақ дін тәрбиесі баланың алғашқы күндерінден-ақ көреміз. Баланың діни тәрбиесінде Аллаһ, құдай сөздері, көп қайталанатын иншааллаһ, Аллаһ сақтасын, құдай қаласа, Аллаһ кешірсін сияқты сөздер мен дұғалар жағымды әсерін тигізеді. Арамызда Алла сөзі кездесетін әлделердің де әсері мол. Әрине мұндай іс-әрекеттердің барлығы әке-шеше, жанұя тарапынан жасалынуы қажет. 

        Бала жас кезінде жанұясында немесе қоршаған ортада есіте бастаған Аллаһ, мешіт, намаз, мұсылман, жәйнамаз, азан, құран сияқты сөздерінің түсіну қабілетіне қарай қайталанып рухани сезімдерінің бірте-бірте ашылуына себеп болады. Әсіресе балаға тамақ жер алдында «бисмиллаһ» немесе оларға дұға еттіруге үйретуге де болады.

         Жас бала тыңдап, қарап, еліктеу арқылы үйренеді. Оның тәрбиесі айналасындағы көріп естігендеріне қарай қалыптасады.  Сондықтан да дін тәрбиесінде баланың діни ортада немесе діндар жанұяда тәрбиеленуі өте үлкен маңызға ие.  Басқа мемлекеттерде әсіресе Туркияда мектеп жасынан бастап діни тәрбие сабағы жүргізіледі. Ал бірақ біздің мемлекетте діни білім беру сабаған жүргізілуі әлі жолға қойылмай жатыр. Дегенменде, балның діни тәрбиесі әке-шешенің міндеті екендігін ұмытпағанымыз жөн.

         Кей бір педагогтар баллардың Құдай түсінігін сұрақтар жәрдемімен түсіндіргісі келген. Солардан бірі зерттеуші Барнес тарапынан жасалған жорамал. Барнес, “Theological life of California child” атты еңбегінде мұғалім және шешелрдн мына сұрақтарды сұрауды ұсынады. Аллаһ қайда? Ол не істеп жатыр? Неүшін оны көре алмаймыз? Сұраққа 27 баланың көбі «Аллаһ үлкен, өте жақсы адам» деп жауап берген.  Араларында Құдай ақ киім киетін, ақ сақалды, қарт кісі деп сипаттағандар да болған.

     Mailhot, мектепге дейінгі баллардың діни түсініктерін зертеу мақсатында тест ұйымдастырған.  Тесттердің біреуінде Құдайдың сүретін сызу талап етілген.  Балалардың 34% Тәңірдің сүретін сызуға қарсы шыққан. Тәңірдің сүретін сызуды қабыл еткендердің көпшілігі Тәңір үшін бұлттардың үстінде, алтын сарайларда өмір сүретін бір кісі сүретінде сипаттаған.

      Мектепке дейінгі балалар Құдайға адамға ұқсас сипат береді. Бірақ олардың жасаған түсініктемелеі олардың қабілетке бай екендіктерін көрсетеді.

— «Тәңір айда өмір сүретін адам».

— «Бәлкім үлкен үйде өмір сүреді, бірақ қарны ашып шөлдеген кезде не жасайды екен?».

— «Үйден шыққан түтіндер көкке көтеріліп Тәңірдің алдына барады».

 — «Аллаһ аспанда уақыт-уақытымен ұшады, бұлттардың үстіне отырып бізді бақылайды».

  1. Баладағы Аллаһ түсінігі.

      Бала неше жасынан бастап Алаһты түсіне бастайды? Бұл шынымен де қиын сұрақ.  Жалпы бала 3-4 жасқа келгенде әлем және өзінің болмысы жайында сұрауы бұл оны діни ойларға жетелейді.  Баланың Аллаһ ұғымымен кездесуі тек оның жасына байланысты емес. Оның жетілуіне айналадағы өмір сүріп жатқан діни өмірдің де байланыстылығы бар. Діни білімдердің, барлық нәрселерді жаратқан, оларды тәртіпке келтіріп тәрбиелейтін Аллаһ түсінігі балаға 3-4 жастан бастап үйретілуі оның санасына ауыр келмейді деп айта аламыз. Бала әсіресе ойланбай, шүбәланбай тұрған  сенуге дайын тұрған жаста, оған не айтылса іштей, күмәнсіз сенеді. Бұл тек тіл мен емес рух және жүрекпенен сенуді қамиды. Бала сенім арқылы өзін құаттап Аллаһқа жақын деп сезінеді. Осылайша бала өмірі мәнді түрге енеді.

      Баланың үлкендерге сұрақ сұрауы олардың сол нәрселерге болған қызығушылын білдіреді.  Сондықтан да балаға Аллаһ түсінігін қалыптастырғанда айтылатын жауаптардың түсінікті болуына мұқият болу және әуелі Аллаһтың ұлылығын,  барлық нәрсенің жаратушысы, бүкіл жақсылық және әдемілік иесі екендігін білдірген жөн.

      Ислам дініің негізі Аллаһқа сенумен басталады. Аллаһ түсінігі сол жастағы балаға былайша түсіндірілуі мүмкін:

    «Аллаһ бүкіл болмысты жаратқан, солардың ішінде адамды ең жоғары (әдемі) етіп, оны басқа жаратылыстардан да жақсы көретін, әсіресе балаларды өте сүйетін, оларды қорғайтын, оларды ризықтандырып өсіретін, сансыз жеп-ішетін тамақтар берген, гүл, жануарлар және әдеміліктермен жер жүзін толтырған жаман қимылдарымызға сол сәтте жазасын бермей бізге уақыт беретін, жақсы іс-әрекеттерімізге үлкен сыйлықтар беретін, істеген бір ғана жақсылығымыздың арқасында көп жақсылықтарға бөлейтін Ұлы Раббымыз». Сонымен былайша; Нығметтерімен бізді бөлеген, Аллаһтың қамқорлығымен мейірімділігін оның түсінетін бір түрде түсіндіруге болады. Аллаһтың білдіріп оның қалай асырап, өсіріп жатқандығы бізге қандай махабатын көрсетіп жатқандығы түсіндірілуі мүмкін. «Ол өте қамқор, нығметтерімен бізді қорғап бүкіл бәле жаудан сақтайды»- деп балаларды оған болған сүйіспеншілік сезімін оятуы қажет.

      Ал енді батыс мемлекеттеріндегі және Азия мемлекеттеріндегі балалардың Аллаһ түсінігін мысалдармен түсіндіріп өтейік.

      5 жасар балалардағы Аллаһ түсінігіне мысал.

а. Білесің бе, шешем не деп айтты? Аллаһ әр қашан бізбен бірге.

ә. Иә, мен де білемін. Ол қазір де бізбен бірге.

     7 жасар балалардағы Аллаһ түсінігіне мысал.(Түнде даладағы қойлардың кім оларды қорғап тұратындығына қатысты).

  Менің ойымша Аллаһ қорғайды. Барлық нәрсе ұйықтап жатқанда ол олармен айналысады.  

  9 жасар балалардағы Аллаһ түсінігіне мысал. 

 а. Көршіміздің  қарт  шешесі өлгенде Аллаһ оны өз құзырына алды деді.

 ә. Бәлкім бір магнит қолданған болуы да мүмкін.

        Халқымызды бес алты жасар балалардың дін түсініктерін зерттейтін болсақ, бұл жастағы балалар Аллаһтың көкте өмір сүретіндігін айтады. Аллаһ жәннатта деп айтатындары да бар. 9 жастарға дейін бала Аллаһты көкте немесе жәннатта деп ойлайды.

     Аллаһ тағаланы әр уақытта жандарында деп сезініп сезінбейтіндігіне қатысты сұрақ сұралғанда, діни ақиқаттарға аз болса да жақын дұрыс жауаптар кездестіруге болады. Бұл жастағы кей бір балалар Аллаһтың көзге көрінбейтіндігін айтады.

       Аллаһ бізді сүйеді ме? деген сұраққа балалар өздерін өте жақсы көретін бір Аллаһқа сенетіндігін айтады. Кезкелген адамның жаратылысында өзінің жаратушысына деген бір махабат бар деп айта аламыз.

      Балаларға діни білім беруде қате қолданылатын методтардың беретін нәтижелерінен бір нешеуін айтып кетпекпіз.

   «Әкесі баласының діни білімдерді үйренуі үшін жиі-жиі кітап оқып насихат етеді. Баласы жақсы тыңдамай немесе әкесінің сұрағына толық жауап бермегендіктен әке шыдай алмайды:

  • Сен өзіңді Аллаһқа бермейтін болсаң болмайды. Өзіңді Аллаһқа берсең ол да саған жәрдем беріп жұмыстарыңды жеңілдетеді. Сен әрекет жасап тырыспасаң Аллаһ саған көмектеспейді деп ұрсып, бір жақтан ұруға да барады.

Бала ұлғайғаннан кейін әкесінен әр күні сөгіс есітіп, нәтижеде дінні әрі оқуды да жек көретін дәрежеге дейін барды».    

 

  7-9 жастар арасындағы балаларда Аллаһ түсінігі.

Аллаһтың бырлығы және болмысы жайлы, әсіресе 7-9 жас арлығындағы балалар қызығады. Олар әуелі Аллаһтың ұлылығын, қандай, қай жерде және не үшін бір ұқсасы болмайтынын, еш нәрсе жемей, ішпей ұйықтамайтындығын, және оның бұларға мұқтаждығы болмайтындығын сұрай бастайды. Жер мен көкті жаратқан Аллаһты қалай тануға болады? Деген сұрақтарды жаудырады.  Осы жастаға балалар Аллаһ ұлы, барлық нәрседен үлкен, барлық нәрсені көруші, барлық нәрсені білуші және естуші, біздерге құлақ, көз, ақыл сияқты нығметтерді берген, өз құлдарын қорғайтын, оларға қамқорлық жасайтын, мейірімді, жамандықтарды жазалантыратын, дүниені, адамдарды, өсімдік пен ағащтарды жаратушы Ұлы Аллаһ деген түсінік қалыптасады. Бұл жастағы балаларға Аллаһтың барлығ, бірлігі және ұқсасы болмағандығынтүсіндіруде тағы да басқа әдіс тәсілдердіқолдануға болады. Мысалға Аллаһтың жаратқан жаратылыстарын зерттеу арқылыоның жаратушы сипатын таныту, жақсылық және әділеттілікке мысалдар көрсете отырып Аллаһтың қамқор әрі мейірімді және әділ сияқты есімдерін білдіріп бұ сипаттарды балаларға да қалыптастыра алу керек. Аллаһтың бар екендігін қарапайым өмірден мысалдар беру арқылы түсіндіріледі. Баланың өзінің әдемі жаратылысы, табиғат және қоршаған орта және әлем туралы ойландыру, оған сұрақ сұрауға қалыптастыру арқылыойлау қабілетін дамытуға үлесін қосады. Жаратылыстардағы әдемілік, үйлесімділік, теңдік, тәртіп, өлшемділік пен тепетеңдік баланың Аллаһты тануына және сүйуіне үлкен бір себеп болып табылады.

                     9-12 жас аралығындағы балалардың Аллаһ түсінігі.

     Балалардағы Аллаһ ұғымының қалыптасуындағы бірініші фактор оның жасы, ал екінші фактор жанұя мүшелерінің немесе жақындарының дінге қарсы істеген іс-әрекет жәнежағдайлары болып табылады.

     9-12 жас аралығындағы балалардағы Аллаһ түсінігін зерттеп «Аллаһ деген кезде әуелі ойға не келеді?» деген сұраққа олардан төмендегідей жауаптарды күтуге болады.  

1.Аллаһ барлық нәрсенің жаратушысы.

2.Аллаһ өмір беретін, жәрдем бертін, талап армандарымызды орындайтын   қорғайтын бақылаушы.

3.Аллаһ көріп тұрушы, есітіп тұрушы, барлық нәрсені білетін, қалағанын жасайтын.

  1. Аллаһ қамқор, мейірімді, әрі кешіруші.

                         Баланы Аллаһпенен қорқыту.

    Балаларға Аллаһты таныттырудағы ең үлкен қате, Аллаһты қорқылуы керек болатын болмысретінде таныттыруында. Әке-шеше балалардың жақсы көрмеген іс-әрекеттердің жанында Аллаһты жазалаушы деп таныттыруыбала санасына бұрыс түсініктің қалыптасуына себеп болады. Балалық шақ көптеген қорқылардың өмір сүретін кезеңі. Бұл қорқыларға Аллаһ қорқыларға қосылып келуі, ол баланың жүрегінде Аллаһ сүйіспеншілігінің жоғалуына себеп болады.  Ол тақырыпқа қатысты мына оқиғаны айта кетейік.

    Тәрбиелі жайында үздік деп келінген бір шеше балаларын үш нәрсемен қорқытар екен. Олар  Аллаһ, жын, әкесі. Балалар азғантай еркелік жасаса олардың шешесі- әкелерің келе жатыр; Аллаһ отпен жағады; Қазір сендердің жазаларыңды беріп қояды. Осындай тәрбиенің нәтижесінде баллар әкесініе, Аллаһтан және жындардан қорқатын дәрежеге келеді.

                          Балаларға Аллаһтан тілеуді үйрету.

      Ибн Аббас жас кезінде пайғамбарымыз оған мынандай ұсыныс жасағандығын былайша ол түсіндіреді. Бір күні мухаммед пайғамбардың жанында едім.  Ол маған насихаттарды мұқиятпен тыңдауды бұйырды. « Аллаһты ойлан, ол да сені ойлансын, оны жаныңда табасың. Егер бір нәрсе тілесең Аллаһтан тіле. Жәрдем тілесең де одан тіле.» (Таберани, Мужем, 5417). Бұл жерде әке-шеше Аллаһтан нені қалау керектігін(нені тілеу керек екендігін) алдын ала үйрету керек.

                            Бала тәрбиесінде насихаттың маңызы.

     Балаға насихат етужәне жақсы сөздермен тәрбиелеу ең маңызды жұмыстардан болып табылады.Құран Кәрим тәрбиеде осындай әдісті қолданғанын Лоқман сүресінің 13 аятынан көруге болады.

  1. Серік қосудан алыс болу.

«Лұқман баласына насихат еткен кезде: Ұлым еш уақытта Аллаһқа серік қоспа.  Өйткені серік қосу үлкен зұлымдық.  Балалға діни тәрбие беру кезінде алғашқы үйретілуі керек болған нәрсе Аллаһқа серік қоспау болған.  Оның ұлы Аллаһқа сенгені нақты.  Сонда Лұқман пайғамбар баласына Аллаһқа иман ет деп емес, Аллаһқа серік қоспау керектігін насихат етеді.

  1. Аллаһ дегеніміз не?

    Балаға Аллаһқа серік қоспау керек екендігі үйретілгеннен кейін, екінші     кезекте Ұлы Аллаһтың қандай бір болмыс екендігі және адамның іс-әрекетімен бюайланыста екендігі түсіндіріледі. Сүренің 16 аятында………………………………………………………………………………………………..

 

…………………………………………………………………

  1. Лұқман үшінші кезекте балсына намаз оқуды әмір етеді. Сүренің 17 аятында үш тақырып жайлы айтылады. Олардың біріншісі, «Ұлым намазыңды оқы», екіншісі «жақсылықтың жайылуы, жамандықтардың алдын алып оларды тоқтату», үшіншісі «басымызға келетін қиыншылықтарға сабыр сақтау» керек екендігі айтылады. Осы жердегі Лұқманның насихатынан әуелі баласына дін тәрбиесі берілуі, Аллаһ пен адам арасындағы қарым-қатынас түсіндірілетіндігін байқаймыз.
  2. Такаппарлық.

     Аллаһ тағала аяты кәримеде, баланың қоғамдық өміріндегі қарым-қаьынас тәріздерін Лұқпанның тілімен қоюды мақсат етеді.  Сондықтан да төртінші кезекте Лұқпан 18 аяты «тьакаппарлықпен адамдарға жүзіңді қаратпа деген аяты келеді.

     Осы жерге мән беріп қарайтын болсақ Лұқпан баласына әлеуметтік қарым-қатынас және адамдармен қалай болу керектігін үйретуде. Шындығында қоғамда адамдармен қарым-қатынастң мықты, күшті болуы кішіпейілділік және сүйіспеншілікпен жүзеге асады. Адамдардан жүзін бұрмау, төмен деп қарамау, оларға жақсы лебіз таныту сияқты адамдарды бірлестіреьін басқа бір жол табу қиын.

      Шифаи былай дейді:  Бала такаппарлық, өзін жоғары санау, мазақтап төмен көру сияқты жаман мінездерден қорғану керектігін айтады. Бала осындай жаман қасиеттердің көбеюіне себеп болатын жағдай, әрекеттерден алыс болу керектігін айтады.

  1. о

      Бесінші кезекте Лұқпан ұлына жүру әдебін айтады. Сол сүренің 18 аятында былай айтылады. «Ұлым, жүргенде даңдайсып, такаппарланып жүрме». Аяттың жалғасында балаға білім берудегі маңызды әдісті кездестіреміз. Лұқпан. «Өйткен, Аллаһ такаппар, өзін жақсы көретін, мақтанатын адамдарды жақсы көрмейді деп қарым-қатынастарының нәтижесінде, «Аллақтың сүймеген құлы болма деп аяқтайды». Осылайша осы қарым-қатынас жасап өздерің сақтағандар Аллаһтың сүйікті құлы болатындығына белгі береді. Демек, адамдармен болған қарым-қатынастарымыз Аллаһ тарапынан белгіленіп оның сүйіктісі болу тек адамдарды сүйумен жүзеге асады екен. Осы сүренің 19 аятында «Жүрген кезде ұстамды бол» депорта дәрежедегі жүру керектігін айтады.

  1. Сөйлеу әдебі.

     Бұл кезекте Аллаһ тағала сүренің 19 аятында адамдар мен қалай сөйлесу керек екендігін баяндайды. Сөйлегенде дауысыңды түзе, айқайлап сөйлеме. Бала сөйлеуін бұзып сөйлеп немесе басқаларға жаман сөздер айтып жатса, тез арада оны дұрыстауға тырысып, әр түрлі шаралар қолдану ләзім. Баланың сөзіне әсер ететін себептер зерттелініп оны жоқ етуге тырысу керек.

                  Балалардағы дұға және ғибадат түсінігі.

    Дұға баланың психологиялық және рухани дамуына ықпалын тигізетін рухани күш. ӨЙткені бала дұға арқылы әке-шешесінің тіпті ең күшті адамдардың да істей алмайтын нәрселерді талап еткен кезде шексіз бір құдіретпен көрінбейтін байланыста байланыста болады. Дұға, бала үшін таусылмайтын күш бұлағы. Сондықтан да мектеп алды балаларда баланың дұға жасаудан құанышты бір бір күйде көреміз.  Бірақ, мектепке дейінгібалалардың діни білім беруінде өте мұқият болу қажет. Барлық нәрсені қалаумен талап ететін, барлық сөздерге алданатын баланың жаратылысына қате тәрбие беруден сақ болу абзал.

     Дұға етуде бала құанышқа қауышады. Дұға еткен баланың дұғасы орындалуы немесе орындалмауына қарамай «Әй, Құдай, мұны маған бер» деп, уақыт өткен сайын оның дұға түсінігі төмендегідей өзгеруі мүмкін.

    Бір күні шешесі бірініші сыныптағы баласына дұғаны үйретіп Аллаһтан барлық нәрсені талап етуі мүмкін екендігін айтады.  Ал бала электроник ойыншық қалайды екен. Бала дұғасын шешесіне былайша түсіндіріпті:

  • Аллаһ маған аспаннан ойыншық тастамайтындығын мен білемін. Бірақ «балама электроникалық ойыншық алайын» деген қалауды шешемнің жүрегіне салуы мүмкін. Сен де бұл ойыншықты маған алып бересің.

       Олай болатын болса балаларға діни тәрбие берген кезед ақырындап қысқа сүрелер, дұғалар мен шүкірділіктібілдіретін сөздер үйретілуі қажет.

 

Жас кзінде берілетін дін тәрбиесінің маңыздылығы.

Жас кезіндегі күшті дін тәрбиесі, алдағы жылдардағы қиыншылық және шүбәларға шыдап, жеңіл әрі рахатты бір түрде өмір сүреді. Осылайша өмірін ғибадатпен өткізген бала ұлғайғандаеліктеу арқылы сенімнен құтылып, руханияты жоғары адамдардың қатарынан орын ала бастайды.  Бірақ, керісінше жас кезінде күшті діни тәрбие берілмеген балалардың қоғамдық өмірде жаман іздер қалдырып, діни іс-әрекеттерге немқұрайлықпенен қарауы байқалуда.  Балалық шақта мешітке аяқ баспаған кісінің мешітке барудан тартынуы, мешітке еірсе де не істейтіндігін білмеуі толығымен әке-шешенің баланың дін тәрбиесіне немқұрайлық пенен қалағандығын көрсетеді. Жас кезінде діни тәрбие алмаған адам, бұның зардаьын бүкіл өмір бойы сезініп әр түрлі діни ақаулықтарға тап болады. Сонымен қоса үй ішінде құлшылық пен ғибадатқа ажыратылған арнайы орындардыңда маңызы зор.

              5-12 жас аралығындағы балалардың дұға түсінігі.

Дұғаға қатысты осы жас арлығындағы балалардан зереттеу лер жүргізгенде төмендегі нәтижеге келуге болады.

  1. Бірінші саты. (5-7 жас аралығында).

    Бұл сатыда дұға түсінігі белгілі де емес белгісіз де емес, үстірт қабыл етілетін ұғым. Бұл жас аарлығындағы балаларда дұғаның Аллаһпен байланысы бар екендігін ажырата алады.  Осындай жас арлығындағы балалардың дұға жасау сезімдерінің дамуы үшін  белгілі уақыттарда жатпай тұра, әке-шешенің балаға мұқият көңіл бөлуі абзал.

  1. Екінші саты. (7-9 жас аралығында).

Бұл жас арлығындағы жасалынатын дұғалардың көпшілігінде баллар өздеріне бір нәрсе талап етудің орнына олардың дұғалары Аллаһқа шүкіршілік етуге бағытталады. Бұл кезеңде «Аллаһтың шегі жоқ болмыс екендігін ойлап « барлық адамдардың дұғасын бір уақыттың ішінде қабыл ете ала ма?сияқты сұрақтар сұрай бастайды. Әке-шеше бұл сұрақтарға балалардың жасына сәйкес қисынды түрде жауап беруі керек.

      Ғылыми зерттеулерге қарайтын болсақ  7-9 жас арлығындағы балалардың дұға және ғибадатқа болған қызығушылығы мол екендігін айтады. Мұндай жастағы бала ғибадат етіп жатқандарға қызығушлық пен қарап, үлкендерге еліктеп олар сияқты дұға жасауға әрекет ете бастайды. Намазға қатысты негізгі мағлұматтар берілетін кезең. Нмаздың қалай оқылуы, дәреттің қалай алынуы сиқты негізгі мәселелер үйретіледі.  Өйткені Мухаммед пайғамбар балалар жеті жасқа жеткен кезде оларға намз оқуды үйретіңдер деп айтады.  

  1. Үшінші саты. (9-12 жас аралығынды).

   Бала тек осы жас аралығында дұғаның Аллаһпен адам арасындағы байланыс екендігін ұғына алады. Олардың ойларына  дұға –бұл Аллаһтан кешірім сұрау, жамандықтардан сақтануды тілеу сияқты материалды болмаған пікірлер қалыптаса бастайды.

      Жас өскен сайын бала қиналып, бәлелерге  тап болған сәттерде дұға ету керек екендігі ойларына келеді. Енді, аллаһ біздің ең үлкен көмекшіміз деп, оларда Аллаһтың алдында жауапкершілік сезімі ояна бастайды.  Бұл кезеңде намаздардың соңында жасалатын дұғаның психологиялық рахаттылығы бар. Дұға еткен адамда Аллаһқа болған сенім күшейіп Аллаһ сүйіспеншілігі арта түседі. Бұл жастағы балаларға қарапайым діни хикаялар айтылуы мүмкін.

 

                 Балаға діни білім беруде намаздың орны және маңызы.

Ғалымдардың зерттеу жұмыс нәтижелеріне қарайтын болсақ, жастар тәрбиесінде кішкене кезден бастап ортаның әсері және қабылдау сезімдері мықты дамығандығын айтады. Олар бала кезден әке-шешесі намаз оқитын болса, олардың артына тұрып  әрекеттерін қайталап, әбігер болып жатады.  Олардың бұндай әрекеттері олардың кішкентайынан еліктегіш және болмашы нәрселерге қызығушылық сезімдері басым келеді. Үлкендерге ұқсау үшін бар күшін  салып тырысып бағады. Олардың бұндай қасиеттерінен мүмкіндігі барынша пайдалануға тырысу керек. Сонда ғана негізгі мақсатқа қауышуға болады.

      Намаз оқуды үйреткенде баланың ең алдымен жас ерекшелігімен санасу керек. Намаз балағат жасына жеткенде ған парыз болады.  Бірақ балағат жетпей намаздың қалай оқылатындығынүйретуге болады. Бала үйде, мешітте, намаз оқығысы келеді. Тіпті, мұны ықыласыменен құштарланып істейді.  Сондықтан оның ықылас ниетін арттыра түсіретін қарым-қатынаста болу, жалықтырып алмау қажет.

        Ал егер осы жайтқа дұрыс қарамайтын болсақ істің басынан құраймыз.  Егер де баланы жас кезінен желелеп жүріп намаз оқытар болсақ, , өскенде жеркеніп, қайта беттемейтіндей халге дұшар болады.

       Намаздың адам өмірінде ерекше маызы бар. Намаздың бес уақыт оқылуы да өз алдына бір нығмет. Намаз оқу арқылы Аллаһқа құл екендігімізді дәлелдейміз. Иманнан кейін келетін ислам шарттарының негізгі парыздарынан болып есептелді. Құран Кәримде намаз жайында былай делінген: «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ «Аллаһтың құзырында) иілушілермен бірге иіліңдер. Елді игілікке бұйырып өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқысаңдар, ойланбайсыңдар ма? Сабыр және намазмен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді».(Бақар, 43-45).

     Балаға намаз оқытуда оны намазға ынталандырудың үлкен маңызы бар. Намаз үйретуде ойынның да ролі үлкен. Жас балада намазға болған құштарлық ойын түрінде ортаға шығады. Намаз кезінде баланың желкеге және арқасына  мінуі, сәжде кезінде жанында жатуы намазға болған құштарлығын арттырады. Мухаммед пайғамбар да дәл осындай әдісті қолданған. Желкесіне  мінген баланы еш бір уақыт ренжітпей, тіпті олардың құштарлығын бұзбау үшін намазда жанында ойнауларына рұқсат берген.

       Құранның аяттарында және Мухаммед пайғамбардың хадистерінде намазға қатысты көптеген хабарлар бар. Ол біртхадисінде «Намаз діннің тірегі», «Намаз мүминнің миғражы» деп айтады. Намаз оқу ең алдымен рухани әрі дене тазалыққа шақырып, адам бойындағы жаман пиғылдарды түбірімен жоғалтады. Намаз оқудың алдында дәрет алып тазалану оның алғашқы шарты болып есептеледі. Дәрет дененітазалау арқылы руханитазыққа дайындалу.Мухаммед пайғамбар бір хадисінде күнде бес уақыт жуынған адамның денедегі кірі қалай кетсе, бес уақыт намаз оқыған адамның да рухани кірі қалмайды деп айтады. Намаз мүминдердің күнделікті өмірін тиімді пайдалануды үйретіп, оны ретке келтіріп байытады.

       Ораза тәрбиесі.

    Ораза- исламның бес шартының бірі болып есептеледі. Аллаһтың әмір еткен оразаның өзінде қаншама пайдамен сырлар бар. Ораза адамдарға руханижақтан әрі дене жағынан да пайдасы мол құлшылық  Яғни ораза құлдың Аллаһты ұлық қылып, оған кәміл түрде шүкіршілік етуін қамтамасыз ететін илаһи  дәнекер. Сондықтан да ораза басқа да көптеген жақсы ғамалдардың орындалуына себекер деп айтсақ қателеспейміз.

     Осы жерде оразаның тәрбиелік жағынан қысқаша тоқталып өтейік. Ораза мінез-құлқымызды кемелдендіреді. Сондай-ақ үнемі Аллаһты есімізге салып отырады.Адамдағы жаупкершілік сезімін арттырады. Жүрегімізді жаман ойлардан тазартып , адамды жамандық жасаудан сақтандырады.

   Балаларға оразаны үйрету намазды үйрету сияқты жас кезінен басталады.  Балалар аштыққа шыдай алған уақыттарда рамазан оразасына қосылып өздерін үйретуге тырысады.

         Балаларға діни тәрбиені жеңілдетіп үйретілуі.

    Балаларға діни тәрбие беру барысында кей бір жеңілдік және ойындармен қызықтырып бір неше тәжірибе жасалған. Олардан бір нешеуі айтып өтейік.

1.Дәрет алуды үйрету.(Су мен ойнауға рұқсат беру арқылы).

2.Дұға етуді үйрету.(Қайғы-қасіретті сөндіру, жақсы көрген нәрсесін талап етуі арқылы).

3.Ораза ұстауды үйрету.(Ауыз ашар кезіндегі құанышты және сәр кезіндегі рухани ауаны қалыптастыру арқылы).

4.Ораза, құрбан айт мейрамдарын тойлау.(Жаңа киімдер кию, сыйлықтар алу сияқты).

      Басқа да діни ұғымдарды үйрету.

     7-8 жас аралығындағы балаларда жәннат, тозақ, періште, сияқты ойлар әлі толық қалыптаспаған. Балаларға бұл ол туралы не түсіндірілсе соны ған біледі. Сондықтан да оларға бұндай сенімдірді жас кезінен бастап дұрыс түсіндіре алуы керек.

  1. Ахиретке иман.

        Жас балаға ахиретке сенім мәселесі түсіндірілген кезде үміт және өмір сүру сүйіспеншілігінің артуына көмекші болу қажет. Бүкіл сүйген нәрселеріне, әдеміліктерге, рухани әрі материалдық қажеттіліктерінің толық түрде ахиретте, мәңгі әлемде қауыша алатынын қабылдауы және оны күтуі балаға үлкен бір сүйеніш тірегі болып есептеледі. Бұл дүниеде не нәрсе армандалса, оларға дұрыс және халал жолменен ғана қол жеткізетіндігі түсіндірілуі қажет.  Осылайша баланың ахиретке  сенімі шексіз кәміл және әдеміліктерге қол жеткізу үшін күш жігерлілікке себеп болады.

Адам баласы бүгін тірімін, ертең мүлдем шіріп жоқ боламын деген түсінікпен өмір сүргісі келмейді. Ондай адамдар болған күннің өзінде некен саяқ. Сондықтан бұл дүниеде айырылған әке-шешесі, бауыры, ең жақын туыстары мен жан-жолдастарымен қайта кездесемін деген үміт адамға қуаныш сыйлайды. Сонда ғана өміріне мән-маңыз кіреді. Өмірде кездескен сәтсіздіктер мен әділетсіздік, зұлымдық секілді жайттардың міндетті түрде қайта жауапқа тартылып, тиісті жазасын алатыны хақ. Кейбір істердің нәтижесін о дүниеге қалдырып, болмашы істерге бас қатырмай сабыр етуді үйретеді. Ақыретке сенудің көптеген пайдалы тұрстары бар. О дүниеге сену ең алдымен Аллаһтың құлы болуға шақырады. Өйткені, қайта тірілу жайында Аллаһ Тағала көптеген аяттарда айтылған. Жай айтылып қана қоймай, ондағы кәпірлер мен мұсылмандардың жағдайынан да баяндаған.

Ақырет сенімі адам бойындағы адамдық қасиеттерді оятып, жалған өмірдің мән-жайын үйретеді. Өлгеннен кейін қайта тірілу адамды көптеген жеркенішті істерден тыяды. Яғни жауапкершілік сенімін нығайта түседі. Өйткені Құранда «Әрбір жан өлімді татады» деп міндетті түрде қара жерге кіріп, о дүниенің есігін ашатынын білдірген.

Құран Кәрімде адамдар жан тәсілім ету сәтінде кейбіреулер қатты қиналысқа түсетінін, ал кейбірі оңай түрде қиналатынын білдіреді:

«Расында: «Раббымыз Аллаһ» деп, сосын мықты тұрғандар, оларға періштелер түседі де: Қорықтаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген жәннәт арқылы қуанышқа бөленіңдер» дейді. «Біз, дүние тіршілігінде де ақыретте де достарыңызбыз. Сендерге ол жәннәтқа көңілдердің көксеген нәрселер бар. Сондай-ақ сендерге не тілесеңдер бар. Бұл аса жарылқаушы, тым мейірімді Аллаһ тарапынан бір сыйлық» Фуссилат 41/30-32.Ол Аллаһ пен Оның Елшісіне құлақ аспағандардың жән тәсілім еткенде қатты қыналып, азаптанатындарын былайша баяндайды:

«Періштелер, сондай қарсы болғандардың беттеріне, арқаларына ұрып: «Күйдіретін азапты татыңдар!» — деп жандарын алғаннан көрсең! Бұл бұрынғы өз қолдарыңмен істегендеріңнің салдарынан. Аллаһ құлдарына зұлымдық етуші емес» Әнфәл 8/50-51. 

Осылайша әрбір жанның әртүрлі жан тапсыратын ақиқатын білдіріп отыр. Өлімнен кейін ақыретте қайта тіріліп, өмірдегі барлық ісіне тіпті кейбір ойларына да жауап беретінін былайша білдіреді:

 «Жоқ, қиямет күніне ант етемін. Жоқ сөгіс беруші нәпсіге ант етемін. Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма? Әрине оны саусақтарының ұшына дейін қайта жасай аламыз?» Қиямет 75/1-4. Қайта тірілгеннен кейін оларды махшар алаңына жинап, өмірдегі амал дәптерлерін таразылап, тиісті жағына жібереді. Яғни Алланың әміріне лайықты іс-істеп, орындағандар жұмаққа кіретінін, ал өз ойына ғана сенгендерді тозаққа тастайтынын былайша білдіреді:

«Шын мәнінде Біз адам баласын бірінен тамшыдан жараттық. Оны сынаймыз. Сондықтан оны еститін, көретін қылдық. Расында оған тура жол көрсетік, мейлі шүкіршілік қылсын, мейлі қарсы келсін, әрине қарсы келушілер үшін шынжырлар, боғаулар және жалындаған тозақ әзірледік. Әрине жақсылар, жәннәтта, «Кәфур» қосылған кеседен су ішеді» Инсан 76/2-5.

Ақыретте күмәнсіз сену нағыз мұсылманның белгілерінің бірі. Жастарға тәрбиелік тұғысынан орасан зор пайдасы бар екенін көптеген ғалымдар мойындаған. Сондай-ақ тәрбиенің тамыры осында екенін Томос Мор өз сөзінде былайша түсіндіріп береді: «Адамға тәрбиелі болуы үшін үш нәрсе керек. Егер бұл болмаса тәрбие тәрбие болмайды.

  1. Алланың бар екеніне сену.
  2. Рухтың мәңгілік екеніне сену.
  3. Ақырет күніне сену.

Сонымен ақырет сенімін үйрету адамшылыққа бастайды, ал оны жоққа шығару айуандыққа бастайды деп еш күмәнсіз айта аламыз. Талаптан Ахметжан «о сұлу мен суретшіде» кейіпкері арқылы ақыретке сенуді былайша жеткізеді: «Ана дүниеге істеген күнәсімен бетпе-бет келмейтініне көңілі сенген пенденің мына өмірде небір қатыгездікпен аяғын тартпайтыны тағы ақиқат. Олай болса ана дүниенің барына сенген дұрыс».

Діни тәрбиеде ақыретке сенудің өте маңызды ролі бар. Ол арқылы өмір мектебінде жақсы баға алып, игі іс-істеуге ұмтылады. Хз. Әбу Бәкір (р.а.): Ақыретке амалсыз бару, ескексіз қайықпен жолға шыққанмен бірдей» демекші ана дүниеге сену, о дүниенің азығын молайтады.

     Бұл дүниедегі адамдардың жартысы жас өспірімдер.Олар өздеріне тым қорқыныштыәрі қайғылы көрінетін қазаларға қарсы тек жәннат ұғымы арқылы ғана төтеп береді. Олардың тым әлсіз әрі нәзік жаратылыстары осылайша рухани төзімділік танытады.  Кезкелген нәрсеге сағы тез сынғыш, қорғансыз да әлсіз көңілдері жәннат ұғымы мен үміттеніп, шат өмір сүреді.  Мысалға, олар менің кішкентай інім немесе досым өлді. Ол енді жәннаттың бір құсына айналды. Сол жерде еркін самғап сайрандап жүр.  Бізден әлдеқайда жақсы өмір сүруде деп жәннат ұғымымен көңілін жұбатады. Әйтпесе күнделікті айналасында болып жатқан өзі сияқты баллар мен қарттардың қайғылы қазалары әлгі бейшараның үрейін ұшырып, көңілін тас талқан еткен болар еді. Тек көзін ғана емес рух, жүрек, ақыл, ес, сияқты сезімдерін де қоса жылатып, сағын сындырып немесе есі жоқ хайуанға айналдырып тастар еді.  Жастар қоғамдық өмірдің тірегі.  Олардың өз бойындағы алып ұшқан сезімдерін, кейде асырасілтп те жіберетін  нәпсі мен әуесқой сезімдерін бұзақылықтан тежеп, қоғамдық өмірді реттеуге тек жәһаннам ұғымы зор ықпал етеді. Яғни олар тозақтан қорықпаса, «үкім жеңімпаздың қолында» заңы орнап, мастанған жастар әуестіккесалынып бейшара әлсіздермен дәрменсіздерге  күн көрсетпей дүниені тозаққа, адамгершіліктің жоғары деңгейін азғын хайуандыққа айналдырар еді.  

                               Періштелерге сенімді үйрету.

Исламда иман негіздерінен періштелерге  сенімді үйрету өте үлкен маңызға ие. Өйткені періштелер көзге көрінбейтін жаратылыс. Оларға сену мұсылманның ерекшеліктерінің бірі. Ислам бізге көзге көрінбейтін жаратылыстардың ішінде періштелерге сенуге шақырады.

Жас балаларға періштелер туралы сөз айтқан кезде, оларды әр дәйім қорғап жүруші, жамандықпен бәлелерден сақтайтын болмыс деп түсіндірілуі мүмкін. Балаларды Аллаһ қалай сүйсе періштелер де оларды солай сүйетіндігін түсіндіріледі. Періштелерге сенім мәселесн бала діни әңгіме, ертегі, сияқты нәрселерді қуанышпен тыңдайтын кезеңінде, яғни 3-4 жастарында бастағаны абзал. Балаларға періштелердің әр қашан Аллаһқа ғибадат ететіндігін, оған еш қашан қарсы шықпайтындығын түсіндіре отырып, егер де сендер Аллаһқа болған ғибадаттарыңды жалғастыра беретін болсаңдар сендер олардан да жоғары дәрежеге шығасыңдар деп оларға шабыт беруі мүмкін. Балаларға исламдағы негізгі көп айтылатын періштелер үйретіледі. Мысалға; Жәбраил, МСикаил, Исрафил, Азраил, Мункер-Некир және адамның екі иығында тұратын Кирамен Катибин періштелері айтылып олардың қызметтері мен міндеттері түсіндіріледі.

Бала ұлғайған сайын оған тағы да бір рухани жаратылыстардан, бүкіл жамандықтардың қайнар бұлағы болған  шайтан түсінігі айтылуы мүмкін. Адамдардың ішіндегі дұрыстықты мойындауға қатысты сезім болса бұл періштеден, ал жаман ой мен сезімдер шайтаннан деп шайтанна сақтануға баланы үйретеді.

Адам баласының рухани дамуы үшін періштелер де Аллаһтың рұқсатымен оларға жәрдем бере алады. Ибни Мәсғуд Пайғамбарымыздан алған бір хадисін былайша жеткізеді: «Адам баласына шайтанның арбауы мен періштелердің илхамы әсер етеді. Шайтанның арбауы жамандыққа итермелеп, ақиқатты жаныштау, періштенің илхамы болса, жақсылыққа шақырып, ақиқатты үйрету. Кімде-кімге осындай ақиқаттың белгісі берілсе ол Аллаһтың нығметі. Сондықтан ол Аллаһқа шүкір етсін».

Құран Кәрімде мүминдердің қате істерден құтылып, рух пен тән саулығын қорғап өмір сүрулері үшін періштелер жәрдем беретінін былайша баяндайды:

«Ол сондай Аллаһ, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығу үшін өзі рахмет қылып, періштелері дұға қылады. Сондай-ақ мүминдерге ерекше мейірімді» Ахзап 33/43.

Басқа қиын іс түскенде Аллаһ Тағала періштелері арқылы жәрдем ететінін, әртүрлі жағдайда оларға үміттерін үзбей алға ұмтылу керектігін де үйретеді. Періштелерге сену, адам баласын нәпсіге құл болудан сақтап, жүрек тазалығы мен Аллаһға шынайы құл болуға бастайды. Періштелерге сеніп, оларға жақындық сезіну, рухани асқақтауға шақырады. Адам баласы әлемге күмәнсіз сену арқылы, жүрегінде иманның ләззәтын алады. Сондай-ақ күңгірт нәрселерді оңай түсіне алу қабілетіне жетеді. Пайғамбар өзіне Раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Мүминдер де барлығы: Аллаға, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларына иман келтірді. Бақара 2/285.

Мұндай жаратылыстарды ақыл және сезім күштерімен түсіне алмаймыз. Тек қана уахи (Құран) арқылы түсінеміз. Ал ақылға ғана сенсек, ондай жағдай көптеген ақиқаттан нәсібімізден мақрұм қаламыз. Оларға сену, адам баласын биіктерге жетелейді. Екі иығындағы періштенің әрбір ісін есепке алғандығын есепке алып отырғандығын естен шығармай үнемі ақылында ұстайды. Бұл жағдай өзін-өзі есепке алуға итермелеп, ашық көкірегі ояу болуға шақырады.

  1. Пайғамбарларға сенуді үйрету.

  Пайғамбарларға иман балаларға сұрақ-жауап әдісімен Мухаммед пайғамбардан бастапҚұрани Кәримде аты аталып өтілетін бүкіл пайғамбарлар туралы мағлумат беріледі. Пайғамбарлардың арасында танымал оқиғаларымен белгілі пайғамбарлардың тарихы және өмірінен хабар беріледі.  Мысалға Жүсіп пайғамбар оқиғасы, Муса және оның інісі Харун пайғамбарлар арасындағы болып өткен оқиға, пирғаун және пайғамбарлар арасындағы соғыс, \Ибраһим және Исмаил пайғамбарлар арасындағы оқиға, олардың Кағбаны жасаулары, құрбан шалу оқиғасының басталуы, Мухаммед пайғамбардың баллармен болған қарым-қатынастары, оларға көрсеткенмейірім-шапағаттары кең түрде айтылады. Мухаммед пайғамбардың көркем-мінезі үлгі ретінде түсіндіріліп балалардың қиялындағы «идеал адам» болып, әр қашан балаларды оларға ұқсауға ынталандыру керек.

              Мектепке  әлі бармаған балалар басқаларға еліктеуге немесе өзінен үлкен біреудің үлгі болуына мұқтаждық сезінеді.  Міне осындай кезде мухаммед пайғамбар туоалы айтылатын көптеген оқиғалар Мухаммед пайғамбарды жақсырақ тануға және өзіне үлгі етуге себеп болады. Олай болатын болса балаларда хикая және ертегілерге қызығушылық пайда болған 3-4 жастарында діни хикаялар мен оқиғалар айтылуы керек.  Пайғамбарлардың міндеттері мен мұғжизаларыбала жүрегінде жақсы әсер қалдырады. Әсіресе Мекке мен Мадинаға көшіп жатқан кездегі үңгір оқиғасын тыңдаған әр бір бала пайғамбардың дұшпандарына кедергі болған өрмекші және көгіршінге ризашылық білдіріп сүйіспеншілік сезімі оянады.

  1. Кітаптарға сенуді үйрету.

    Иман негіздерінің бірі пайғамбарларға түсірілген қасиетті кітаптарға сену. Жас кезінде балаларға Құрани Кәрим туралы теориялық білімдерге қарағанда оны оқытуға үйрету назарға алынғаны абзал. Осы мақсатпен Құран әдемі дауыспен айтылған адамдардың қирағатын магнитафон немесе компьютерде тыңдаттыруы керек. Жас балаларға азан, құран және мешіт сияқты діни элементтердің әсері көп.

Кітаптар түсіруінде де үлкен мән-маңыз жатыр. Өйткені жер бетінде негізгі мақсатынан айырылып, адамдықты ұмытуға айналған қауымдарды тәртіпке шақыратын қағида құрал керек болады. Онсыз түзелу мүмкін емес. Ол кітаптарда адамның өмірге не үшін келгендігі, қайдан келгендігі, о дүниедегі жағдайының қалай болатындығымен қоса өмірдегі кейбір сырлар айтылады.

Ислам мәдениетінің негізгі қайнар бұлағы осы Құран Кәрім. Құран әр бір дәуірдің кез-келген мәселесіне жауап берерлік дәрежеде түсірілген Аллаһтың кітабы. Әлемде оның мәдениетіне тең келерлік ешқандай мәдениеттілікті көре алмаймыз.

Исламнан алдыңғы Арабтардың тілге орасан көп мән берулері нәтижесінде тілдің тәрбиесі ерекше көтерілген болатын. Бірақ олардың сенімдері бұзылып, құрып бітуге жақын еді. Ал Арабстан жарты аралына Ислам нұры шашылуы арқылы гүлдене бастады.

Құран Кәрімнің теңдесіз әдемі түрінде түсуі арабтарды қатты таңқалдырды. Таңқалдырып қана қоймай, оларға бақыттылыққа жетудің жолын көрсетті. Олардың осы ақиқатқа ерулерінің нәтижесінде кітапқа, білімге деген сүйіспеншіліктері артып, кітапхана ашу мәселесі де туындады. Осылайша көптеген кітапханалар ашылып, мәдениеттілік озық үлгісін өте қысқа уақыт ішінде бүкіл әлемге көрсетіп үлгерді.

Маңғолдар, Бағдатты қиратқан кезде тек сол қаланың өзінде 36 үлкен кітапхана болған. Ол дәуірде дүние жүзі бойынша бір қалада мұнша кітапхана кездеспеген. Бұл жайт бізге Исламның негізгі сүйенер кітабы Құранды үйреніп, үйретудің маңызылығын көрсетеді.

Құран Кәрім білім алуға шақырады. Мұны біз Құранның түскен алғашқы аятынан байқаймыз:

«Оқы! Сондай, жаратқан Раббыңның атымен оқы. Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол, адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен» Ғалақ. 1-5.

Осылайша Құран адамдардың өміріне жол нұсқап, адасудан сақтап, еліктеудің құрығынан құтылады.

  1. Тағдырға сенуді үйрету.

        Хз. Пайғамбарымыз иман негіздерін айтқанда, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендігі білдірген.

Қадар, Аллаһ Тағаланың ғалым әрі қалау сипаттарына байланысты. Аллаһтың білуші, ғалым сипаттарымен байланысты болғандықтан әлемдегі барлық нәрседен оның хабары бар әрі біледі. Ол қалау сипаты арқылы барлық нәрсенің егжей-тегжейіне дейін біліп отырады. Құран Кәрімде мұны былайша баяндайды:

«Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық» Қамар 54/49.

        Тағдырға сену адамзат баласын ақылып-үкілеп өзін-өзі ұстай алмайтындай дәрежеге түсуден сақтайды. Басынан бәле кеткенде тәкәппарланып дандайып кетуден де тыяды. Осылайша қай жерде қалай әрекет ету керектігін жақсы біледі. Тепе-теңдікті ұстап, орта жолда жүру арқылы өз нәсібін алады.

«Жер жүзіне сондай-ақ сендерге мүбада бір бейнет келетін болса, ол жаратушымыздан бұрын кітапта жазулы, шексіз осы Аллаһқа жеңіл. Бұл өткенге өкінбеулерің үшін өздеріңе берілгенге сүйінбеулерің үшін Аллаһ бүкіл тәкәппар мақтаншақты жақсы көрмейді»Хадид 57/22-23. Осы аятта баяндалғандай адамды орташа жағдайдан жүруге шақырып, қалыптылыққа түсіреді.

Қандай да бір істе жетістікке жете алмаған адам, оны өзінің осалдығынан көрсе өмірге деген талпынысы су сепкендей басылады. Осылайша көп нәрседен қол үзіп, кейін шектеніп жүретін халге душар болады. Қарапайым істі де орындай алмайды. Бұл жайт адамды ынжықтыққа итермелейді. Бірақ Аллаһ осы ісімді болдырмау арқылы маған басқа жақтан жол ашқалы тұр деп жорыса алдынан үміт оты жағылады. Осылайша басқа да жол іздеп өзіне сеніммен қарауды үйретеді. Немесе ісін қайта қарап шығып, үмітпен дұға етіп істің соңының қайырлы болуын тілейді. Бұл дүниеде жете алмаған жетістіктерін, о дүниеге қалдырады. Тағдырды үйренуде ең алдымен адамға өз ісіне жауапкершілікпен қарауды үйрету қажет. Өз мойнындағы істен құтылғаннан кейін, нәтижесін Аллаға тапсыру керек. Тағдыр жайында мынадай ғибратты оқиға бар:

«Оба ауруы шыққан ауылға Хз. Омар бармай қояды. Мұны көрген Жеррах Аллаһтың тағдырынан қашпақпысың дейді. Хз. Омар:

«Ия, Аллаһтың тағдырынан екінші тағдырына қашамын» деп жауап берген еді.».

Яғни ауру мен оба ауруы Аллаһтың жаратқан тағдыры. Сол үшін Алаһтың жаратқан екінші денсаулық тағдырын қалаймын деп отыр. Егер қиын қыстау кезеңде түсе қалған жағдайда мойымай әрекет ету мұсылманға жарасарлық іс. Сондықтан үмітті үзбей, алға қарай ұмтылу қажет. Мына Құран Кәрімде осыны бұйырады:

«Ибраһим (а.с.) Раббыңның рахметінен адасушылардан басқа кім күдер үзеді? – деді.» Хыжыр 15/56.

     Ал Юсуф сүресінде былай бұйырады:

«Әй ұлдарым! Барыңдар да, Юсуфты және туысың іздестіріңдер. Сондай-ақ Аллаһтың мәрхаметінен күдер үзбеңдер. Өйткені Аллаһтың рахметінен қарсы болған қауым ғана күдер үзеді» Юсуф,87.

   Сондықтан Аллаһтан үміт етіп күдер үзбей өз мойнындағы жауапкершілігін орындаудан тайынбау керек. Аллаһ Тағала Пайғамбарларына бұл жайтты былай түсіндіріп береді:

«(Мұхаммед ғ.с.) оларға Аллаһтың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді. Сондықтан оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де іс жөнінде олармен кеңес қыл. Сонда қашан қарар берсең, Аллаға тәуекел ет. Негізінен Аллаһ тәуекелшілерді жақсы көреді. Егер Аллаһ сендерге мұрсат берсе, сонда сендерге үстем келуші болмайды. Ал егер Аллаһ сендерді тастаса (жәрдем қылмаса) одан кейін сендерге кім жәрдем етеді? Сондай-ақ мүминдер Аллаһқа тәуекел етсін» Әли-ғымран 3/159-160.  

Сондықтан жастар тәрбиесінде тағдырға сеніп, оның қыр-сырын үйренуде орасан зор пайдалар бар. Оған сену арқылы ісінің нәтижесін Аллаһқа тапсыруды үйреніп, болмашы нәрсеге ауырып, бей-жай күйге түспейді.

  1. Балаларға халал харам сенімін үйрету.

   Харам дегеніміз бұл адамның хақы болмаған нәрсені иеленуіне айтамыз. Негізінде харам сөзі дінімізде тиым салынған бүкіл іс-әрекеттерді ішіне қамтиды. Бірақ «харам ас» немесе харам табыс» сияқты сөздер басқалардың құқығына қатысты болған мәселелерді білдіру үшін қолданылады.

      Қазіргі таңда қоғамда қарапаым күнәлер ішіне кіретін іс-әрекеттер, дінімізде де күнә және харам болып саналады. Егер балаға харам мен халалдың не екендігі, қайсы іс-әрекеттер харам, харам істейтіндердің дін тұрғысынан жауапкер болып жазаландырылатындығы, ал халал іс-әрекеттерде болса бұл дүниеде де ахиреттік өмірде де бақытқа қол жеткізетіндігі түсіндірілсе, оның әсерін бала іс-әрекеттерінде көруге болады. Бірақ бұл сенімді балада қалыптастыруда мәжбүрлеу жолымен емес, сүйіспеншілікпен үйрету ұсынылады. Әке-шешенің жеке ішетіндерімен балалардың тамақтарын халалдан болуы өте маңызды.  Сондықтан да ислам ғалымдары бала сүт емген шешенің мінезі мен мінезденеді деген тұжырымға келген.  Осы жерде Рағиб әл Исфехани «Тафсилун нешетейн, тафсилус саадатейн» атты еңбегінде Араф сүресінің 57 аятын түсіндіріп жатқан кезде: «таза мемлекеттен мақсат балаларын халал тамақпен өсірген әке-шеше. Осындай әке-шешеден туылатын балалар болса таза бір егістіктен өніп шығатын өсімдіктің аллаһ тарапынан тәрбиеленеді. Аяттағы жеміссіз егістік болса, балаларды харам тамақ немесе сүтпен өсіретін әке-шешелер» деп айтады.

       Демек баланың хараммен  немесе халалмен ризықтануы оның мінез-құлқына да әсері көп екен. Осыған қарамастан ислам ғалымдары арасында харам тамақ немесе сүтпен қалыптасқан мінезді де өзгерте алатындығына бір ауыздан келіседі. Осы арада мына оқиғаны айтып кеткен жөн:

      Садық Дананың басынан өткен бір оқиға: Таңертен үйден шығардашешем барлық жұмысты тастап есіктің алдына келіп, «көрші бақшадағы жемістерден, үй иесінің рұқсатынсыз оны алып жеме, өйткені ол харам деп ескертуші еді.  Ол кезде бақшалар жолдың бойында орналасқан болатын. Ешкімнің жоқтығынан пайдаланып ұрлап алып жейтіндер де бар еді.  Ұлғайған балалры бар кей бір әке бір әйелдер келешектегі келіндері немесе күйеулері үшін «Әй, Раббым! Бала-қыздарыма халалдан сүт емгендерді жолықтыр» деп дұға жасаушы еді.  Мен әлі жас болғаным үшін еш нәрсені түсінбеуші едім.Халал тамақпен ризықтанған балаАллаһ тағаланың рұқсатымен діндар, көркем мінезді, жақсы адам болады екендігін кейіннен түсіндім».

  Баланың ана құрсағындағы алғашқы жылдарында халал және шариғат көрсеткен жолдармен ризықтануы өте маңызды.

 

Баланы шыншылдық немесе өтірік тақырыбына қатысты тәрбиелеу.

Дін тәрбиесіндегі негізгі көзделетін мақсаттарынан бірі баладағы шыншылдықты, шынайылықты қалыптастыру болу керек. Өтірік-қорқыныштың нәтижесі деуге болады. Өйткені, ақылды және жақсы қарым-қатынас жасайтын баланың көзінде батырлылық, бөтендердің жанында да қорқынышсыз, ер жүректілік сипаттары байқалады. Алғашқы кезде бала өтіріктің не екендігін білмейді. Оның өтірікті тануы үлкендердің бақылауы және қорқыныш арқылы басталады.

      Егер де әке-шеше балаларын шыншыл етіп тәрбиелеуді қаласа өздері де осыған амал жасауы міндетті. Өтіріктің күнә екендігін айтып өздері өтірікші болған әке-шешелер ахлақи жақтан абыройын жоғалтады.  Бала іс-әрекетінде шыншыл болса, оның өтірік айтуға қажеті де қалмайды.

      Бала алты жеті жасқа дейін өтіріктің нәтижесі туралы да ойланып та жатпайды. Үлкендердің мәжбүрлеуі бойынша өтірікті тим салынған нәрсе деп ойлайды. Сондықтан да бұл жастағы балалардың түсінігінде дұрыс болмағанның бәрі өтірік болып есептелді. 8 жасар бала өтірік- бұл шындық болмаған барлық нәрсе деп біледі. 10 жастағағы баланың өтірік түсінігі біле тұра туралықты сөйлемеу деп түсінеді. Демек балаға тұралық өтірік мәселесін түсіндіру 7-10 жас аралығында қатты қадағалануы қажет.

  Балалар не үшін өтірікке барды, оның себептерін төмендегідей түсіндіруге болады.

  1. Мақтану, өзін жоғары көрсету.
  2. Басқаларды өзіне қарату.
  3. жаза көру немесе сөгіс есіту қорқынышы.
  4. Үлкендердің өтірік сөйлеуі.
  5. Ұялу, тартыну немесе мазақтаудан қорқу.
  6. Пайдаға қол жеткізу мақсатында.
  7. Өш алу мақсатында.

  Баланың өтірікке үйренбеуі үшін мұқият болу керек болған жәйттар.

  1. Әке-шеше немесе үлкендер баллардың жанында әзіл болса да өтірік айтпауы керек. Балаға өтірік айтуда үлгі болудан сақтануы керек. Егер де бала өтірік айтса балаға да бұл ауру жұғып оның алдын алу қиын.
  2. Баланың тәрбиесіне қатты көңіл бөлу және оған әр қаша сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасауы керек.
  3. Баланы істей алмайтын нәрсені әмір етіп оларды мәжбүрлемеу.
  4. Бала басқалармен салыстырылмауы керек. Әйтпесе өзімен салыстрған балаға ыза пайда болып, өзін одан жоғары көрсету үшін өтірікке айта бастайды.
  5. Өтірік айтқан баланы еш уақытта жазаландырмауы немесе ұрмауы керек. Мұндай іс-әрекеттер баланы қулыққа, өтіріктің жарыққа шығып белгілі болуынан қорқып жасырын және сақтықпен әрекет жасауға апарды.
  6. Егер бала қателік жасағанда оның шындықты айтуы оған өте ауыр келеді. Осындай жағдайда оның шындықты сөйлегенінде, міндетті түрде оны мақтап сыйлық берілуі керек. Осылайша сыйлық арқылы оның жүрегіне құаныш кіріп шын сөйлеуге әрекет жасайды. Ал егер бала өтірік айтқан кезде өтіріктің жаман қылық екендігі, өтірік айту арқылы үлкендерді ренжітетіндігі ескертіліп одан бұдан кейін шын сөйлеу күтілетіндігін айтып өтіледі.

 

 

Дін тәрбиесінде балаларға мейірім-шапағат пен қарым-қатынасжасаудың маңыздылығы.

    Сүйіспеншілік- адам өміріндегі рухани әрі діни жақтан ең маңызды ұғм болып табылады. Адам  осы ндай жағдайдан бауырмалдық сезімін, ада сүйіспеншілігін, хайуан және табиғат сүйіспеншілігін дамыту мүмкін. Адам жаратылысындағы бұл сезімнің дамуы арқылы тәрбиеге қатысты көптеген әселелердің шешімі болып табылады.

     Әке-шеше және балалар арасындағы қарым-қатынастарда сүйіспеншіліктің практикалық жақтан шексіз мән және құндылықтары жатыр. Әлеуметтік қарым-қатынастағы қорқыныш, сенімсіздік сияқты сезімдерден ұзақ болып өмір сүру үшін, балада сүйіспеншілік сезімін дамыту қажет. Кей бір әке-шешелр балаға қарауды жүк деп қарайды. Баламен сөйлесу және әзілдесуді қажетсіз деп ойлайды. Сәбидің жылағанын көтермей ашуланды. Бала үшін ең жақсы орта сүйіспеншілікпен сәнденген жанұя ортасы. Егер де әке-шеше осындай ортаны жүзеге асыра алмаса, киім, ойыншық стяқты нәрселер бала үшін еш қандай мәні жоқ. Өйткені, бала әке-шешенің қателігінен өзін сенімділікте сезіне алмай рухани өмірі уайыммен қорқы ішінде өмір сүреді.

         Кей бір әке-шешлер өз балаларын жек көретіндігін ашық түрде айтады.  Балаға құдды хайуан секілді, тіпті хайуанға да жасалмайтын қиыншылықпен азаптап, сөгісті дұрыс деп қарайды. Бала әке-шеше назарларын аударту мақсатында бір нәрселерді жасауға тырысады. Бірақ, олар соқыр сияқты баланың іс-әрекеттерін  жазалауға асығады. Негізінде мұндай әке-шшелер өздеріндегі қиыншылықтармен рахатсыздықты балаларда шағылыстырып құдды олардан өш алған секілді қарым-қатынас жасайды. Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша жоғарыдағы сияқты көпшілік ата-аналардың жас кезінде  жеткілікті сүйіспеншілік көрмегендігін немесе өмірі жетім болып өскендіктерін хабарлайды.Кей біреулері өздері жақсы мінезді болса да қатты мінезге оранып балаларын сыға алады. Кейде балалардағы кемшіліктерден де үлкен кемшілік ата-аналарда да болуы мүмкін, бірақ олар бұдан хабарсыз.

        Бала сүйуді тек басқалар тарапынан сүйілу арқылы ғана үйренеді. Руссел былай деген екен: «Тәрбиеде сүйіспеншілік болмаса, балада мінез-құлық немесе сана еркін түрде дами алмайды.

 

Балалардың діни сұрақтарына жауап беру кезінде ескерілетін принциптер.

  1. Әке-шеше бала тәрбиесінде олардың даму кезеңдерін жақсы білуі соған қарай әрекет жасауы керек.
  2. Бала не сұраса оған жауап берілуі керек. Осы арада сұрақты сұраудағы себептер зерттелінеді.
  3. Жауап беру баланың тәжірибе және түсінігіне сай болу керек.
  4. Сұраққа жауап беру кезінде баламен шыншыл болу керек.
  5. Балада ғибадат жерлеріне қызығушылық оянуы мүмкін. Міндетті түрде олар тралы сұрақтар сұрайды. Мұндай жағдайда әке-шеш мешіт, медресе сияқты ғибдт жерлерінкөрсетулері қажет.
  6. Әр бір баланың тұлғалық ерекшеліктері зерттелінуі керек.
  7. Әке-шеше іс-әркеттерінде салмақтылықты және байсалдылақты негіз етіп ұстануы керек.
  8. Жанұяда сенімділік ауасын қалыптастыру, жанұя мүшелері бір-бірінесенімді болуы қажет.
  9. Балалар әке-шешеге еліктгендіктен, олар балаларына үлгі болуды жалғастыра беруі керек.