АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау педагогикалық проблема ретінде

Мазмұны

 

Кіріспе

 

1 Тарау. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын кәсіптік бағдар берудің ғылыми теориялық негіздері………………

  • Оқушыларды кәсіптік бағдарға даярлығының жағдйы……….

1.2    Кәсіптік бағдардың маңызыдылығы………

I тарау бойынша тұжырым

 

2 Тарау. Жоғары сынып оқушылардың  кәсіптік бағдарын қалыптастыру жолдары………………

2.1 Жоғары сынып оқушыларын кәсіптік бағдарлыққа дайындық деңгейлері………………………

  • Кәсіптік бағдар жүйесін ұйымдастыру жолдары………………
  • Оқушыларға кәсіптік бағдар беру барысындағы мектеп тәжірибелері мен педагогикалық эксперименттің нәтижелері………………
2 тарау бойынша тұжырым

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

           Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қоғамдық құрылымның өзгеруі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі, өндірістің күрделенуі, қиындауы, жұмыс жағдайының түбегейлі өзгеруі, ескі кәсіптік құрылымның күйреуі, ғылыми-техникалық ақпараттың бұрын соңды болып көрмеген қарқынмен көбеюі, басқа да саяси-әлеуметтік жағдайлар жастардың білімін және кәсіптік шеберлігін арттыруды күн тәртібіне қояды. Өйткені білім мен тәжірибенің экономиканы дамытудағы рөлі күн санап өсіп келеді.

          Жеке адам бағыттылығының проблемасы қазіргі кездегі психологиялық педагогикалық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі Демократиялық қоғам құру кезеңінде экокномика саласында нарықтық қатынастарға көшу, қоғамда гуманизация үрдістері жүріп жатқан кезде, демократиялық қоғамда өмір сүретін және шығармашылық еңбекке адамгершілік, психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын- біртұтас, жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу – біздің қоғамның негізгі мақсаты.

          Қазіргі кезде басты міндеттердің бірі – жастарға саналы түрде бір кәсіпте жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы, сондықтан да кәсіптік бағдар беру жұмысын жолға қою бүгінгі өмір талабы. Кәсіптік бүкіл халықтық, мемлекеттік іс және күрделі кешенді мәселе.

           Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде кәсібм бағдарлау жұмыстары әлі де өз деңгейінде емес екендігін біз 3 курста «Әлеуметтік педагогикалық практика» барысында аңғардық.

           Ауыл мектептерінде кәсіби бағдарлау жұмыстары, алдын ала жүргізілмейді. Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарымен, кәсіби орта білім беретін оқу орындары жөнінде, сол оқу орындарындағы мамандықтар жөнінде оқушылар мектепте ақпарат алып отырса, жоғарғы сыныпты аяқтаған соң өз қалауы бойынша мамандық таңдар еді.

           Қазіргі кезде, психологиялық педагогикалық ғалымдардың еңбектерінде оқущыларға кәсіптік бағдар беруде, кәсіби қызығушылықтарының дамуы мен кәсіби өзіндік айқындалу дәрежесі және әлеуметтік ортаның жеке тұлғаға ықпал ету мәселелеріне мән беріліп, өзіндік тұрғыда қарастырылып отыр.Жас ұрпаққа еңбек тәрбиесін беру, олардың еңбегін ұйымдастыру мен тәрбиенің тұтас жүйесін жасауда көрнекті педагогтарымыз бен ақын- жазушыларымыз: Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, К.Д. Ушинский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко т.б. маңызды ой пікірлері бүгінгі таңда мектептеріміздің практикасында өзінің жалғасын табуда.

           Сондай- ақ еңбек пен тәрбие мәселесіне арналған, педагогикалық техникумдар үшін зерттеу жұмыстарын жүргізген С.И. Архангельский, В.П. Беспалько, А.И. Берг, А.П. Сейтешев, Б.К. Момынбаев, Г.А.Умановтар мен еңбек пәні бойынша оқу құралдарын жазған педагогика ғылымдарының кандидаттары К.Ж. Жүнісова, Ж.Р. Баширова, Б. Құлахметов, А. Бегматовиардың зерттеу жұмыстарының маңызы зор деп айтуға болады. 

          Дегенмен, жоғарыда аталған ғылыми жұмыстарды саралай келе, жалпы білім беретін мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мәселесі әлі де болса жеткілікті дәрежеде ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелмегенін аңғардық.

          Біздің ойымызша оқушылардың кәсіп таңдау кезінде көбінің ата-аналарының ақыл-кеңесіне сүйенетіне немесе талапкерлердің мамандықтарды таңдаудағы білімсіздігі, сондықтан өзінің көңілі қаламаған мамандық таңдауына байланысты оқуды тастап кетуі, болашақта мамандықтары бойынша жұмыс істемеулеріне негіз болады. Сондай-ақ, оқушылармен кәсіптік бағдарлау жұмыстарының мектеп қабырғасында соңғы жылдары ғана қолға алынатынын ескерсек, оқушының кәсіпке деген қызығушылығын қалыптастыру жүйелі түрде ұдайы іске асыруды талап етеді.

          Зерттеу барысында айқындағанымыздай өзекті, тың тақырып мәселе бүгінгі күге дейін өз шешімін таппаған жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мәселесі өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми –зерттеу жұмысының тақырыбын «Жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау – педагогикалық проблема ретінде»  деп таңдауға себепші болды.

          Зерттеу мақсаты: Жоғары сынып оқушылары мен кәсіби бағдарлау жұмыстарын жетілідіру және бүгінгі таңдағы осалдық жақтарын қарастыру.

          Зерттеу міндеті:

  • оқушыларды кісіптік бағдар арқылы еңбекке баулудың ғылыми-теориялық негіздерін зерттеу
  • оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеу
  • оқушыларды кәсіптік бағдарға даярлығының моделін жасау
  • жоғары сынып оқушыларын еңбеке баулуға қатысты бағдарламалар мен әдістемелік құралдар жасау.

          Зерттеу объектісі:   Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіби бағдарлау процесі.

          Зерттеу пәні: Оқушылармен кәсіби бағдарды қалыптастыру процесі.

          Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, оқушыларды еңбеке баулу барысындағы кәсіпітк бағдардың мазмұны мен әдістемесі сол аймақтың нарықтық экономикасын дамытуға бағытталған кәсіптерге сай келсе, онда жалпы білім беретін мектептердің оқу процесінде оқущыларды кәсіптік бағдарлау шарттары жүзеге асылар еді.

          Зерттеу әдістері: Зертттеу жұмысына қатысты педагогикалық-психологиялық, теориялық талдау жасау; оқу құжаттарымен танысу; жазба тексеру жұмыстарын жүргізу; жеке әңгімелесу; реферат жаздыру; бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік құралдарды талдау, педагогикалық эксперимент өткізу барысында сауалнама жүргізу.

          Зертттеудің ғылыми жаналығы, мен теориялық маңыздылығы:

  • оқушыларды кәсіптік бағдарлауды және еңбекке даярлаудың ерекшеліктері зерттелді;
  • оқушыларды кәсіптік бағдарға даярлығының моделі жасалынды, оның мазмұны, белгілері мен деңгейлері белгіленді;
  • зерттеу қорытындылары жұмыстың теориялық негіздерін методологиялық тұрғыдан осы саладағы философия, психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдаланумен, зерттеудің мақсаты мен міндеттерің ғылыми ақпаратқа сай болуымен, зерттеу әдістерін жүйелі іске асуы қамтамасыз етілген.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  • «кәсіби бағдар, кәсіби қызығушылық» ұғымдарының мәні мен мазмұны, оқушыны қалыптастырудың ғылыми- практикалық негіздері;
  • кәсіби бағдарлау мәселесі негізінде сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы оқушылар кәсіп таңдауға деген педагогикалық- психологичлық бағыттарын қалыптастыру үлгісі;

Зерттеу базасы: №15 лингвистикалық гимназия, №10 кәсіптік мектеп, Алматы индустриалдық- педагогикалық колледжі.

Бітіру жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, тұжырымдардан, қорытындыдан, пайдаланаған әдебиеттер тізіміенен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты баяндалған.

          «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын кәсіптік бағдар берудің ғылыми теориялық негіздері» атты бірінші тарауда кәсіби бағдарлау жұмыстарын қалыптастырудың психология- педагогика ғылымдарындағы мәні мен маңызы, зерттеудің алғы шарттары, кәсіби бағдар беру жұмыстарының зерттелу жайы қарастырылып, моделі көрсетілді.

«Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру жолдары» атты екінші тарауда жоғары сынып оқушыларының әсіптік бағдарын қалыптастыру тәжірибелік- экспериментте тексеріліп, қортынды нәтиже талданды.

Қорытындыда зерттеудің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

Қосымшада тәжірибелік-экспериментке байланысты сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының үлгілері топтастырылып берілді

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын кәсіптік бағдар берудің ғылыми- теориялық негіздері.

 

1.1 Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктері.

 

          Қай заманда, қай қоғамда болсын, мектептегі блім, еңбекке баулу, тәрбие беру, ең алдымен, қоғамның мүдесінен туындайтың әлеуметтік сұранысқа қарай кызмет көрсету бағытын ұстанады. Қазір қоғамдағы даму мен байланысты мектепте оқытудың да мазмұны өзгеріп отыр. Қазіргі қоғамға жаңа адамдаы тәрбиелеуде мектептің алдына көптеген жұмыстар істелуі қажет.

          Сондай- ақ, еңбек оқумен тығыз ұштасқан, балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, санитарлық- гигиеналық ережелердің талабын толық сақтаған, мөлшері, шамасы бар еңбек болуы керек.

          Әл- Фараби адамдар бір- бірімен келісіп, тілдесіп отыруы тиіс деп есептейді. Әділеттіліктің қалыптасқан нормасы универсал заңдар болса, оны мүлтіксіз орындау керегін заң шығарушылар талап етуі қажет. Алайда заңның орындалуының қандай түрі болмасын тәрбие арқылы жүзеге асады, тәрбие ғана саналы адамдар, еңбек адамын тәрбиелеп, қалыптастырады, еңбексіз заңда, қоғам да ілгері дами алмайды,- деп тұңғыш орыстын классик педагогі К.Д.Ушинскийдің 19- ғасырдағы еңбек туралы айтқандары Әл- Фараби ілімінен үндес келетінін аңғаруға болады. К.Д.Ушинскийдің айтуынша, біріншіден, еңбек- адам өмірінің негізі, өмірдің құралы.Екіншіден, еңбек- адамгершілік, ақыл- ой, еңбек тәрбиелерінің, адамның және жастардың дене жағынан жетілуінің құралы. Әл- Фараби- еңбек- тәрбие тағылымының негізі десе, Ушинский- еңбек тәрбиенің күшті құралы,- деп айтқан.

Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қалауда 12 ғасырдағы “Фарабидің энсиклопедиясы” атты еңбектің маңызы ерекше. Әсіресе, мұның трактат ретінде ғылым тарихында алатын орны ерекше. Бұл трактат “Ғылымдар энсиклопедиясы”, “Ғылымдар реті”, “Ғылымдар класификациясы” т.б. аттарымен Шығыс және Батыс елдерінде өте ертеден- ақ мәлім болған. Бұдан көп ғұламалар тәлім алған.

     Фараби трактаттарында қоғамдағы (өзі өмір сүрген дәуірде) барлық құбылыстар мен өзгерістер таза да адал еңбектің жемісі- деп тұжырымдады. Ол “Адамды адам еткен- еңбек” деген қағиданың негізін салды.Әл- Фарабидің логикалық еңбектерінде еңбек пен еңбек тәрбиесінің даму элементтеріде кездеседі. Жалпы тіршілік, өмір сүру туралы ой пікірлер, оны ғылыммен байланыстыру туралы “Ғылымдар тізбегі”, “Алмагеске түсініктеме”, “Астрология”, “Философияны үйрену үшін не білу керек” еңбектерінде еңбектің маңызы мен мәнің талдап ашып берді. Демек, Әл- Фараби еңбек тәрбиесінің негізін салды.

 

 

 

1.1 Оқушылардың кәсіптік бағдарға даярлығының жағдайы.

 

          Педагогикалық және психологиялық  зерттеулерде кәсіптік бағдарға «дайындық» деген термин әртүрлі түсіндіріледі.

          Психологияда «дайындық» дегеніміз – адамның барлық психологиялық және физиологиялық жүйелерін арнайы іс-әрекеттерді орындауға шоғырландыру деп түсіндіріледі. Оның құрамына қажеттілік, қызығушылық, ұстаным, сапа, білім, білік, дағды т.б. кіреді.

          Н.В. Кузьмина дайындықтың 4 компонентін көрсетеді: конструктивтік, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және гностикалық. Н.Д. Хмель болса, кез келген іс-әрекетке дайындықты 3 компонент арқылы анықтайды: мотивациялық, мазмұндық және процесстік.

           Оқушының келешекте мамандық таңдаудағы басты өлшемдеріне тоқталсақ:

  • Оқушы өзінің таңдаған мамандығының қоғамада қаншалықты мәні барлығын түсінуі тиіс.
  • Мамандықты қандай мақсатпен таңдағанын дәлелдеуі тиіс.
  • Еңбек процессінде өзінің жеке басының қатысу керектігін түсіну.
  • Өзінің еңбек етіп отырған ортасына, мектебіне, өндіріс орнына қандай пайда келтіретінін ұғу, соған тырысу.

          Нарық, әсіресе, ауыл мектебінің өміріне дендеп енді. Бұған дер кезінде көңіл бөліп, шешімін таппасақ, ауыл мектебі, тіпті ауылдың өзі декүйзеліске ұшырауы мүмкін.

          Қазақстан Республикасының бүгіні мен ертеңі біздің қай-қасымызды да ойландырмай қоймайтыны анық. Олай болса, осы тәуелсіз мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени саласындағы жетістіктің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы шәкірттер мен жастарға тікелей қатысты. Бұл нарықтық экономика жағдайындағы өзгерістер барысында келешек қоғам иесіне кәсіптік бағдар беру қалай болмақ дегенге тіреледі.

          Өндіріс, өнеркәсіп орындары жете дами алмай, өндірген өнімнің сапасы төмен болып, сұранысты қанағаттандыра алмай отырғанын көріп отырмыз. Осындай жағдайлар күн өткен сайын кәсіптік бағдарламаны айқындауды қажет етеді. Осыдан барып еңбек ресурстары болып табылатын өндіргіш күштерді дамыту проблемасы өрби түседі

          Еңбекке және жұмысшы күшіне оң көзбен қарап, маман кадрлар дайындауісіне жаңаша қатынас жасау қажеттігі туады. Сондықтан да кәсіби мамандық құрылымын өзгерте отырып, еңбек ресурстарына сұранысты терең зерттеу керек. Сонда кәсіпорын мен жеке адам, маман мен мамандандырылған ортаның арасындағы алшақтық пробемасын шешуге жол ашылады.

          Бұл – еңбекке және жұмыс күшіне жаңа қатынас. Бұларға сұраныс әр аймақтың шаруашылық ерекшелігіне қарай қызметкерлерді даярлаудың, ынталандырудың принципті жаңа жүйесін жасауды, сол арқылы жастарды еңбек ұжымдарына нақты бағытпен таратуды қажет етеді.

           Ол үшін кәсіпорынды білім беру жүйесімен берік өзара байланыстыруды жүзеге асырып, білім беруді түбірінен қайта құру, оның жалпыламалық түрінен жеке адамды нақты шығармашылық тұрғыдан дамытуға бағытталған дербес тәсілдерді қолдануға көшу қажет.

          Мектеп – кәсіптік бағдар беру жүйесіндегі негізгі құрылымдық жүйелердің бірі болып табылатындықтан оқушыларды еңбекке даярлауда және кәсіп таңдауында ерекше рөлге ие. Сондай-ақ жоғарғы оқу орындары жанындағы кәсіптік бағдар орталықтары да мектеп жүйесінде базалық буын бола алатыны сөзсіз.

          Кәсіптік бағдар беру жөніндегі бірсыпыра іс-тәжірибелерге назар аударсақ, оның мынындай тиімді жақтарын көруге болады. Мыс.: Челябі қаласында политехника институтының базасында «Диалог-ЧПИ» компьютерлі автоматтандырылған орталық жұмыс істейді. Поиск кешенді диагностикалық іріктелген әдістемесі жеке адамның дербес психологиялық ерекшеліктерін оқушылардың ынтасымен ден қоюшылығын анықтайды. Электронды есептеу машиналарымен әңгімелесуге тілек білдірген барлық оқушылар өте алды.

          Кәсіптік бағдарламаның осындай автоматтандырылған орталығы Томскінің автоматты басқару жүйесі және радиоэлектроника институты жанында да бар. Жыл сайын орталыққа қала және облыс оқушыларының бір мыңнан астамы келіп тұрады. Орталық ЭВМ М-600 және дисплейлік кластар базасында құрылған. Мектеп оқушылары кәсіптік бағдар бойынша әңгімелесу ретімен өтеді. Содан алынған баға оқушылардың бейімділігімен қабілетін айқындауға, мамандығын таңдауға көмек теседі.

          Ал біз үшін бұл орталықтардың шалғайлығынан, біздің жастарды ынталандырып, баулға мүмкіншіліктер болмай отыр. Өйткені кәсіптік бағдар кеңесшілері көбінесе жеке адамның психологиялық сипаттарын таңдаумен шырмалды, ал аймақта әлеуметтік-экономикалық қажетті мамандықтарға деген ынтаны оятуға жеткілікті ұмтылыс болмай отырғаны мәлім.

          Ал АҚШ мектептерінің психологиясы Гайденс қызметі тәуір дамығандығын көруге болады. Тестілеудің кең практикалануы оны американ мектебінің селекторлы механизміне айналдырды. Қызмет құрылымында психологтан басқа да кәсіптік бағдар кеңесшілері жұмыс істейді. 400-700 оқушыға бір кеңесші, ірі мектептердеосындай 2-3 маман болады. Керісінше 3-4 шағын мектепте бір кеңесші болады.

          Мұнда кәсіпітік бағдар саласында пән мұғалімдерінің де атқаратын рөлі зор деп айтуға болады.

          Мектеп бағдарламасына «Мамандық алуға даярлау» деген бағыт енгізілген. Бағдарлама мамандық әлемін зерттеуді, жеке адамның ерекшеліктерін оқып-үйреніп, еңбекке деген дұрыс көзқарасты ұялатады. Экономикалық оқытуды, мамандық таңдау жөніндегі шешімді тұжырымдай білушілікті және өмір жолын жоспарлауды қамтиды. Бағдарлама кәсіптік қызметті оқып үйренуді мектеп жасына дейінгі балалалр мекемелерінен бастауды көздейді. Яғни, бастауыш мектептерде 1-6 сыныптар аралығында мамандық әлемінің сан түрлі саласын қамтитын он бес тобымен (өнеркәсіп, қызмет көрсету, көлік т.б.) таныстырып өту көзелген. Ал 7-8 сыныптарда оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтарды анағұрлым тереңірек оқып үйренеді. 9-10 сыныптарда оқушы өзі таңдаған мамандықтың бір тобын оқып үйренеді. Осыған байланысты қажетті дағдыларды әрі қарай дамытады. 11-12 сыныптарда өзі ұнатып, көңіл тоқтатқан мамандық ьойынша кәсіби дайындалады. Мектеп бітірушілер таңдаған мамандықтарын неліктен ұнатқанын, кәсіптің ерекшеліктерін талдап, жеке басының қасиеттерін көрсетіпхат жазады және осылардың таңдалып алынған мамандық талабына қаншалықты сәйкес екенін келтіреді.

          Американдық бұл бағдарламаның ерекшелігі өз-өзімен ақылдасуды, өз-өзіне баға бере білуді бірінші орынға қояды. Бұл тәжірибеден байқайтынымыз, ата-ана оқушыға мектеп таңдап алса да, оқушы өзіне көбірек ұнайтын кәсіптік дайындыққа басқаша қарайды. Сондай-ақ оқу процессіне өнеркәсіп өкілдерінің қатысып отырулары, олардың тікелей байланыс қазіргі заманғы өндіріс жайлы тиянақты оқушы ұғымын шындап дамытады.

          Ал Германия мектептеріндегі кәсіптік бағдар берудегі іс-тәжірибеге де көңіл аударуға болады. Германияның жастарды еңбекке әзірлеу жөніндегі тәжірибесі өзге елдерде жоғарғы бағаға ие болып отыр. Бұл елде 16-18 жастағылардың жартсынан астамы өндірісте шәкірттік алғашқы мамандық алып шығады және бір мезгілде мектепте оқуын жалғастырады. Осындай кәсіби даярлықтың арқасында неміс жастарының басқа елдердегі өз құрбы құрдастарына қарағанда мамандығы әлде қайда жоғары.

          Сонымен қатар ата-аналар кәсіпорынмен шартқа отырады. Белгілі келісімге келеді. Шәкірт маман жұмысының жалақысының елу пайыз көлемінде стипендия және жыл сайын 18 күндік еңбек демалысын алады. Өндірістік оқу аяқталып, емтихан тапсырылған соң, оқушы маманданған жұмысшы дипломын алады. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, кейін бұл оқушылардың жартсынан астамы қай кәсіп орында мамандық алған болса, сонда тұрақтап қалады.

          Сондықтан да, егеменді еліміздің нарықтық экономикалық еңбек ресурстары қойып отырған талаптарға жауап беретіндей кәсіптік бағдарлама жүйесін жаңа мазмұнда құру, оның теориялық негізін жасау кезең күттірмейтін мәселе деп айтуға болады.

          Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, егеменді ел болуына әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрт өзгеруіне байланысты білім берудің, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері, түрлері, құрал жабдықтары сияқты компоненттерінің өзара әрекеттері мен байланысынан туатын мамандықтардың жұмыс шарттарын, ауқымымен атқарар функцияларын, жұмысқа қажетті дағды мен шеберлік туралы мамандар жан-жақты айта алмады. Мұндай жағдай оқушылардың мамандық таңдауына әсер етпей қоймайды.

          Кәсіптік бағдар берудің және оқытудың белгілі маманы Б. Құлназаров оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауы олардың мамандықтар туралы жалпы мағлұматтармен алдын ала таныс болып, нәтижесінде жалпы түсінік, бағыттар қалыптасқанда ғана мүмкін болатындығын айтады.

          Бұл пікірді қуаттай отырып көптеген мұғалімдердің, пән оқытушыларының сабақ барысында кәсіптік бағдар жұмыстарын методика жағынан дұрыс ұйымдастыруды, мамандық туралы қандай мәліметтерді қамту керектігін, қандай жүйемен түсіндіруді, бір пән сабағында оқушыларды қанша мамандықпен таныстыруға болатынын біле бермейтіндігін байқауға болады.

          Республикамыздың әрбір экономикалық аймақтарында кең тараған жүзден астам мамандықтар бар. Оқушылар ең алдымен осылармен танысуы керек.

          Кәсіптік бағдарлаудың белгілі маманы А.Е. Голомшток оқу пәнінің кәсіптік бағдарлау міндеттерін шешудегі мүмкіндіктерін анықтауда мына мәселелерге көңіл аударуды дұрыс деп санайды:

  • жергілікті кәсіп орындардың кадрларға зәрулігін ескере отырып, оқушыларға таныстыру мақсатымен мамандықтар мен технологиялық процесстерді іріктеп алу.
  • оқу бағдарламаларына талдау жасап, оқылатын материалиен маманданған еңбектің арасында қандай өзара байланыстар барлығын анықтау.

          1987 жылдан бастап мемлекеттік кәсіптік бағдар қызметі пайда болғаны белгілі. Соның нәтижесінде кәсіптік бағдарлау орталығы құрылды. Бұл орталық еліміздің 40-тан астам қалаларында, оның ішінде Алматы қаласында да жұмыс істейді. Қажетті мамандары мен жаңа техникалары бар мұндай орталықтар оқушылардың өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалауына, қалаған кәсібінің талаптарын мен жеке қабілеттерін салыстырып байқауына көптеген жәрдемдер бере алады.Орталық оқушылардың «болғым келеді» «қолымнан келеді» «қажет» деген талаптары мен армандарын бір жүйеге сала алады. Ал компьютер оқушылардың қызығатын, 174 сұраққа берген жауаптарын қорыта келіп, олар .шін болашақ мамандығы қолайлы немесе қолайсыз екендігін айқындап бере алады. Сондықтан мұғалімдер осы орталықтарға оқушыларды жіберіп, мамандықтарын тексеріп отырса тиімді болар еді.

          Республикамызда оқушыларды еңбек етуге үйретіп, тәтбиелец ісінде тиімді істермен жақсы бастамалар бар екендігін көруге болады. Солай бола тұрғанымен, бүгінгі күнде еліміз егемендікке қолы жетіп, адам тағдырына бет бұрып, келешекті кемелдендіруге белсене бет алғанда көп жерде осы өзекті мәселе әлі де елеусіз қалып отыр.

          Мекемелер мен шаруашылық басшыларын былай қойғанда, кейбір мектеп басшыларының да соңғы жылдары оқушылардың еңбек тәрбиесінен сырт бере бастағаны белгілі. Бұған дәлел соңғы жылдары еңбек сабағы мен еңбек тәрбиесінің базасының құлдырауы.

          Тәуелсіздік алған Қазақстан мемлекетінің білім беру саласында, оның ішінде жалпы білім беретін орта мектеп өмірінде түбегейлі өзгерістер болуда. Ол мектептің жаңа құрылымы, оған сай жаңа білім мазмұны және әр оқу пәні бойынша кластар үшін төл оқу-әдістемелік кешеннің дайындалуы мен олардың біртіндеп өмірге енуі.

          Білім беру жүйесін жаңартудың талаптарына сай базалық оқу жоспары бұрынғылармен салыстырғанда құрылымы жағынан жетілдірілген. Мұнда тек пәндер жиынтығы, сағат саны, оқу сатысы туралымәліметтер беріліп қана қоймай, сонымен қатар, оқу мазмұнының инварианттық және вариативтік бөлігі туралы мәліметтер берілген.

          Кәсіптік бағдар берудің педагогикалық аспектісі – жастарды кәсіпке баулумен олардың мамандықты саналы таңдауы мақсатындағы оқу-тәрбие ісінің тиімділігін арттыру жолдарын, оның құралдарын зерттейді. Бұл жерде мектеп пен семьяның және өндірістің кәсіптік бағдар беру ісіндегі біртұтас жұмыс жүйелі және оны ғылыми негіздеген.

          Сонымен базалық оқу жоспары Республикадағы жалпы білім беретін мектеп өмірінде бұрын болмаған жаңа ресми құжат деп айтуымызға болады.

 

1.2 Кәсіптік бағдардың маңыздылығы.

 

          Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманында басты міндеттердің бірі жастардың саналы түрде бір кәсіпте жұмыс істеуі, мамандықты дұрыс таңдауды жүзеге асыру болып отыр. Кәсіптік бағдар жұмысын жолға қою бүгінгі өмір талабы. Кәсіптік бағдар бүкілхалықтық мемлекеттік іс және күрделі комплексті проблема. Ол тек өзекті педагогикалық жұмыс қана емес, сонымен бірге аса жауапты саяси экономикалық мәселе.

          Кәсіптік бағдар және мамандық таңдау екеуі екі ұғым.

          Кәсіп – адамның қызмет, әрекет ету құбылысы. Осы негізгі адамдпрға қызмет, әрекет ету құбылысын белгілі бір шағын формада жүзеге асыру үшін адамдарға мамандық керек. Олай болса тек қана арнайы білімнің арқасында күрделі қызмет саласында жұмыс істеу қабілетін беретін құбылысты мамандық беру деп атаймыз. Мамандыққа ие болған адам күрделі еңбек қызмет саласының белгілі бір түрінде ғана жұмыс істей алады. Мысалы, халық шаруашылығында көптеген кәсіптің түрлері бар. Олардың қатарына: инженер, технолог, механик, техник, врач, педагог, экономист т.б. кәсіптерді жатқызуға болады. Бұлар күрделі кәсіп саласы, олар бірнеше мамандыққа бөлінеді. Атап айтқанда географ, химик, тарихшы т.б. бұлар мамандық. Ал күрделі мамандықтың өзі бірнеше тар мамандыққа ие болады. Мысалы: жалпы органикалық немесе органикалық емес химия маманы. Сонымен кәсіп, мамандыққа қарағанда кең ұғым. Мамандық таңдауда, оны баянды етіп, творчестволық еңбек ету мақсатында істелген істермен жүргізілген шаралардың жиынтығын беретін кең ұғымды кәсіптік бағдар деп атаймыз.

          Кәсіптік бағдар жастар арасында тек мамандық таңдаған кезде жүргізілетін жұмыс емес. Ол барлық адамдар арасында жүргізіледі. Мәселен, объективті жағдайлармен өндіріс саласынан босаған, екінші бір жерге қоныс аударған, сондай-ақ қоныс аударғысы және мамандығын өзгерткісі келетін, өздері таңдап отырған немесе жұмыс істеп жүрген мамандықтарына деген сүйіспеншілігін арттырғысы келетін адамдар арасында да кәсіптік бағдар жұмысы ұйымдастырылады. Алайда кәсіптік бағдар жұмысының басым көпшілігі жастар арасында, демекбелгілі мамандықты таңдар алдында жүргізеді.

          Кәсіптік бағдар және мамандық таңдау көп мәселелерді қамтитын комплексті проблема. Әртүрлі саладағы ғылыми күшті біріктіру арқылы ғана бұл жұмысты іс жүзіне асыруға болады.

          Кәсіптік техникалық білім беру ғылыми зерттеу институты кәсіптік бағдар проблемаларын зерттеу жұмысының көлемін қамтитын және осы зерттеудің арасында мемлекет белгілі бір шешімге келетін моделді жасады. Кейбір кемшіліктерге қарамастан, осы ұсынылып отырған кәсіптік бағдар моделі көптеген сан алуан жұмыстарды іске асыру керектігін нақтылы көрсете алады.

          Елімізде қазіргі ғылыми-техникалық прогресс жағдайында кәсіптік бағдар жұмысына ерекше көңіл бөлініп отыр. Жастардың бейімділігін және халық шарушылығының маман кадр жөніндегі қажетін ескере отырып, оқушылардың кәсіптік бағдарын белгілеу жөніндегі жұмыс күшейтілу керек. Кәсіптік бағдар жұмысының негізгі міндеті мен мақсаты жастардың тілегі мен бейімділігіне және қабілетіне байланысты олардың денсаулығын ескере отырып, халық шаруашылығымен сол ауданның маман кадрларға деген мұқтажына сай саналы түрде мамандық таңдауға көмектесу.

          Мамандық таңдауда үй іші, отбасының қарым-қатынасы, әсері, бағыт беруі, ата-ананың үлгілі еңбек жолдары, еңбек адамдарының жақсы тәжірибелері, оқушының әртүрлі еңбеке деген көзқарасы, қабілеті, ынтасы, қызығушылығы, жігері, зейіні де үлкен әсер етеді.

          Жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу үшін барлық педагогикалық күш-жігерді жеке басты қалыптастыруға, оған жасалатын ықпалдардың баршасын біртұтас жүйеге келтіруге жұмсап, идеялық саяси және еңбек тәрбиесінің бірлігін жүзеге асыруымыз керек. Оқушыларға берілетін еңбек тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін, мазмұны мен әдіс-тәсілдерін анықтағанда, тәрбие мәселесін комплексті шешу басты да шешуші орын алуға тиіс.

          Мектептегі білім мазмұнын түпкілікті жаңарту бағыттарында, тұжырымдамалар мен бағдарламаларда халық шаруашылығының барлық салаларын, әсіресе мектептегі еңбек пәнінің мазмұнын ғылым мен техникалық ең озық шептеріне шығаруға, еңбек өнімділігінің түбегейлі арттырылуына, өнімнің дүние жүзілік таңдаулы үлгілер деңгейінде шығарылуын қамтамассыз етуге жету мақсатықойылып отыр. Осының бәрі дербес өмір жолын бастаған жас адамнан – жұмысшыдан, техниктен, инженерден осы заманғы білімді, жоғарғы интеллектуалдық кәсіпкерлер, бизнесмендер, менеджерлер, маркетингтер т.б. тәрбиелеумен қатар, өндірістің, нарықтық экономиканың негіздерін терең білуді, еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасты талап ететіні атап көрсетіліп отыр.

          Шыныда да, оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеру, практикалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылыми техникалық және  әлеуметтік мәдени прогресстің дамуынан болып отырған жағдай. Халық шаруашылығының жай-күйі көбіне көп ғылым мен техника жаңалықтарының тиімді пайдалануына, еңбек өнімінің артуына тәуелді. Көптеген өндіріс салалары мен кәсіпорындарының әлеуметтік экономикалық дамуының комплексті жоспарларында кадрлардың жалпы білім даярлығы техникалық прогреспен еңбек өнімділігін көтерудің аса маңызды шарты есебінде қаралуы кездейсоқ нәрсе емес. Бұл міндеттерді табысты шешу қазіргі заманның маманының білімі мен қабілетінің, кәсіптік шеберлігінің деңгейіне тығыз байланысты.

          Жастарды оқытуға, оларға кәсіптік бағдар беруге, кадрларды жан-жақты даярлауға егеменді еліміздің Елбасы айрықша көңіл бөліп отырғандығы осы себепті.

          Елімізде кейінгі жылдары кәсіптік бағдар жұмысын күшейту мақсатында көптеген практикалық жұмыстаріс жүзіне асып жатыр. Кәсіптік техникалық білім беру жөніндегі мемлекеттік комитеті біріге отырып, кәсәптік бағдар жұмысын бір жүйеге үйлестіру мақсатында «Оқушы жастардың кәсіптікбағдары жөнінде» арнайы қаулы қабылданды. Қаулыда нақты шаралар белгіленді. Халыққа білім беру министрлігінің жанында ведомстволық кәсіптік бағдар кеңесін құру жөнінде шешім қабылданды. Республикалық оқу министрлігінде политехникалық және кәсіптік бағдар бөлімі жұмыс істей бастады.

          Республикамызда кәсіптік бағдарды одан әрі жақсарта беру мақсатында оқу министрлігі жанынан арнайы координациялық кеңес ұйымдастырылды.

          Көптеген кәсіпорындар мектеппен байланысын күшейтіп оқушыларға сапалы түрде мамандық таңдауларына көмектесіп отыр.

          Алайда іс жүзінде асқан көптеген игі істерге қарамастан, осы салада жүргізілген жұмыстар халық шаруашылығының мұқтажын өз дәрежесінде өтей алмай отыр. Ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындылары басшылыққа баяу алынады, экономист ғалымдардың бұл саладағы белсенділігі төмен. Ғалымдар кәсіптік бағдардың кейбір күрделі мәселелері жөнінде бір пікірге келе алмай жүр. Кәсіптік бағдар жұмысының қандай мекемеде қалай, қандай көлемде және қандай формалар мен тәсілдерде жүргізілітіндігі теория жүзінде толық анықталған жоқ. Әрбір мекемелерде белгілеу оны жүргізудің тиімді жолдарын іздестіру күн тәртібіне тұр. Қорыта айтқанда кәсіптік бағдар ғылымның тың саласы.

          Кәсіптік бағдар жұмысын жақсарту оны ұйымдастырып жүргізудің тиімді жолдарыніздестіріп отыруға тікелей байланысты. Бүгінгі таңда экономикалық жағынан тиімді бір ғана жүйені ұсыну әлі ертерек. Алайда қолда бар деректерге сүйене отырып, кәсіптік бағдар және мамандық таңдау жұмысын мына төмендегідей системада жүргізуге болады.

          Жалпы білім беретін және кәсіптік бағдар беретін мектептерінде, арнайы оқу орындарының бірінде, мекемелер мен өндіріс орындарында, семьяда жүргізіледі. Осы бағытта іс жүзіне асырылып отырған жұмыстардың көлемі мен мазмұнын ескере отырып, кәсіптік бағдар жұмысы жалпы білім беретін мектептен бастауы керек. Бұл тұжырым кәсіптік бағдарды мектепке дейінгі жасөспірімдерді тәрбиелейтін мекемелер мен ұйымдарда ойластыру қажеттігін жоққа шығармаса керек.

          Ғылымға негізделген кәсіптік бағдар және мамандық таңдау жұмысының елеулі кезеңі – жалпы білім беретін мектеп.

          Мектепте жүргізілетін бұл жұмыс оқу орындарының түріне қарай жекелей формаға бөлінеді. Олар: кешкі, сырттай оқитын және кәдімгі орта білім беретін мектептегі кәсіптік бағдар жұмысы.

          Мектепте жүргізілетін кәсіптік бағдар және мамандық таңдау жұмысын төрт кезеңге бөлуге болады.

          Бірінші кезең – 1-4, екінші кезең – 5-7, үшінші кезең – 8, төртінші кезең – 9-10 сыныптардағы кәсіптік бағдар жұмысы.

          Бірінші кезеңде – мектепке келген балалардың ерекшеліктерін жеткілікті толық білу негізінде кәсіптік бағдардың әдепкі, қарапайым жұмыстары жүзеге асырылады. Бұл кезеңдегі негізгі мақсат оқушыларды кәсіп пен мақсат жөнінде хабардар ету.

          Екінші кезең – бастауыш сыныптарды бітіргеннен бастап жүргізіледі. Бұл кезең жоғарғы сынып оқушыларын да қамтиды. Жұмыс жеке кәсіпті таныстыруға бағытталады. Оқушылар жеке кәсіптер жайында жен-жақты мағлұмат алады. Негізгі жұмыс белгілі кәсіппен мамандықтан хабардар етуден енді оны насихаттауға көшеді. Мақсат – белсенді насихат. Екінші кезеңде оқушылар арасында мамандық таңдау басталады.

          Үшінші кезең 7-ші сыныптың аяғында, 8-ші сынып оқушыларының арасында жүргізілуі тиіс. Бұл жерде кәсіп пен мамандықты жан-жақты насихаттаумен оқушылардың бұған саналы түрде қарайтындығы біршама орын алады. Жүзеге асқан жұмыстың арқасында 8-ші сыныптың оқушысы мамандықты біршама таңдай алатын дәрежеге жетеді. Үдемелі қарқынмен жүргізілетін бұл жұмыс 9-10 сынып оқушылары арсында ерекше көзге түсуге тиіс. Олар таңдаған мамандықтарының ерекшеліктерін, сол мамандықтың келешегін жақсы білетіндей дәрежеге жетулері қажет. Бұл кезде мектеп оқушылары халық шаруашылығының мұқтажына сай, өзінің қабілетіне қарай нақтылы бір шешімге келеді. Осындай шешім мектепті бітірер жылдары таңдаған мамандықтың қыр-сырына қанығу кезеңі жүреді, ол жалпы білім беретін мектептің кәсіптік бағдар жөніндегі қорытынды жұмысы. Бұл төртінші кезең.

          Мектеп бітірушілер белгілі бір берік шешімге келгеннен кейін мамандыққа іріктеу жұмысы жүргізіледі.

          Кәсіптік бағдар орта мектеп көлемінде аяқталып, сонымен ғана шектелмейді. Бұл жұмыс арнайы орта, жоғары оқу орындарында, мекемелер мен өндірістерде, семьяда жүргізіледі. Алайда бұлардың бәрінде кәсіптік бағдар жұмысының көлемі мен тәсілі, формалары бірдей емес. Олар алға қойылған мақсатқа тығыз байланысты. Мақсат кәсіптік бағдардың көлемін, формасын, тәсілін белгілейді.

          Жалпы мектепте жүргізілген кәсіптік бағдар жұмысының жалғасы негізінен екі жолмен жүзеге асады. Бірінші жол – кәсіптік оқу орындарына түскен, ал екіншісі – тікелей жұмысқа араласқан жұмыстар арасында ұйымдастырылады.

          Кәсіптік оқу орындарына түскен жастар арасындағы бұл жұмысты үш топқа бөлуге болады.

          Бірінші топ- төменгі кәсіптік білім (кәсіптік техникалық училище, курстық оқу), екінші топ- арнайы оқу орындарында жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмысы.

          Осы айтылып отырған топтың әрқайсысы бірнеше (оқыту тәсілі бойынша: күндізгі, кешкі, сырттай) бөлініп, нешеме кезеңмен жүзеге асады. Оладың әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері мен жүргізу әдістері бар.

          Олардың бәріне ортақ қасиет: бірінші кезеңде жастардың таңдаған мамандықтары бойынша іріктеу жұмысына араласып, соны жалғастыру, екінші кезеңде мамандыққа іріктеу жұмысын мектептен тыс жүргізеді. Осы кезең ақтық мамандыққа іріктеумен аяқталады. Үшінші кезеңде таңдаған мамандықты баянды ету жұмысы қолға алынады. Жақсы жүргізілген кәсіптік бағдар жұмысының нәтижесінде арнайы кәсіптік білім алған адам өз мамандығынан айнымастай дәрежегеқол жеткізеді. Сонда ғана мамандық творчестволық күштің қайнар көзіне айналады.

          Тікелей жұмысқа араласқан жастар арасында кәсіптік бағдар жұмысы сол кәсіптің мәнін оларға жете түсінумен бірге әркімнің өзі кіріскен ісіне сәйкес мамандықтың оқуын оқуға бағыттауға тиіс.

          Кәсіптік бағдар оқуға немесе жұмысқа араласқан жастар арасында жүргізілумен тынбайды. Керісінше, еліміздің барлық еңбекшілеріне кәсіптік бағдар қажет. Бұл жұмыс өндіріс орындарында, мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда және семьда жүргізіледі.

          Облыста жинақталған аналитикалық материалдарды падалана отырып, кәсіптік бағдар жүйесін ұйымдастыру мақсатында арнайы «Кәсіптік бағдар» орталығы ашылды.

          Қазіргі нарықтық жағдайда отбасы, педагогикалық ұжым, жұртшылықбұл іске жаңаша тәрбиеленуі, жұмыс істеулері қажет. Көпшілікті ұйымдастыру оқушыларды, сондай-ақ жауапты адамдарды баулу, ғылыми материалдарды бір жүйеге келтіру көп еңбек етуді талап етеді.

          Кәсіптік бағдар беру проблемасы әдістер жөнінен – педагогикалық, мазмұны жөнінен, әлеуметтік қорытындысы жөнінен экономикалық, көлемі жөнінен- мемлекеттік болып табылады. Оның мынадай аспектілері бар: әлеуметтік, медицинафизиологиялық, педагогикалық.

          Кәсіптік бағдар беру проблемасы көп аспектілі болғанымен, ол ең алдымен педагогикалық іс. Оның міндеттерін шешудің дәл ортасында педагог, мектеп тұруға тиіс. Кәсіптік бағдар беру проблемасын талдау, физиология, социология, экономика т.б. ғылымдардың мәліметтеріне сүйеніп жасалынады.

          Жалпы орта білім беру, кәсіптік техникалықмектеп, орта кәсіптік оқу орындары түлектері өз мамандығына сай кәсіптік шеберлікті өз дәрежесінде меңгермейді. Олар бүгінгі күнгі экономикалық талаптарды, нарықтық жағдайларды алға апаруда дәрменсіздік танытады. Тіпті кәсіптік тапсырмаларды да шеше алмайтындары баршылық. Әрине бұған себеп көп. Жасыратыны жоқ, біздің мектептеріміз басты назарды оқушының жоғары үлгеріміне аударып келеді. Мұның өзі мұғалімдерді келісімпаздыққа итермелейді, сондықтан да әлі күнге дейін теңестіру принципі орын алуда. Бұл фактілердің кең орын алыпотырғанын тоғызыншы сынып кейін кәсіптік техникалық мектептерге қабылданған оқушылардың білім деңгейіне талдау жасаған тексеру жұмысы көрсетіп отыр. Олардың жартсына жуығы ғана мектепте алған біліміне сәйкес қанағаттанарлық баға алса, өзгелері тапсырмаларды орындауда қатты қиналды. Дәл осындай көрсеткіштер жоғары оқу орындары мен колледждерде де байқалып жүр.                                           

          Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік техникалық мектептерде кәсіптік оқыту мен еңбек тәрбиесін берудің жаңа психологиясын құру көрініс табуда. Осы игілікті жұмысты іске асыру үшін білім беру мекемелерінде білім беруді экономикаға жақындататын оқыту сапасын арттыратын білім беру сапасында экономикалық педагогикалық басқару формасы жасалу керек. Олай болса, оқушыға кәсіптік бағдар беруді жетілдіру проблемаларын дұрыс ұйымдастыра отырыпнарық элементтерін меңгерту бастымәселе болып саналады.

          Барша көпшілікке кәсіптік бағдар қажеттілігі мынадан туады. Біріншіден, жұмыс істеп жүрген ересек адамдар жасөспірімдердің ата-аналары, жастар мамандық таңдар кезде үнемі ата-аналарымен ақылдасып, олардың кеңесін басым тыңдайды. Олай болса жастардың мамандық таңдау жұмысын түбегейлі жақсарту үшін ата-аналардың кәсіптік бағдар жөнінде жан-жақты дұрыс түсінігі болу керек. Олардың мамандық таңдаудағы көзқарасы қоғам талабына сай келуі шарт. Оны жүзеге асыру үшін көпшілік арасында кәсіптік бағдар жұмысын арнайы бір жүйеде жүргізген абзал.

          Екішіден объективті жағдайдың салдарынан көптеген адамдаржұмыс орнын өзгертіп, қоныс аударуларына тура келеді. Қоныс аударушылық, жұмыс орнын өзгертушілік, бір мекемеден екінші мекемеге, бір кәсіптен екінші кәсіпке ауысу үнемі болып тұратын объективті процесс. Бұған бір ғана дәлел жеткілікті. Еліміздің тек қана өнеркәсіп саласында автоматтандыру салдарынан жылына орта есеппен 80-100 мың жұмысшы босайды.

          Міне осындай жағдайларды ескеретін болсақ, ересек адамдар арасында кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудің ерекше зор маңызы бар екендігін түсіну қиын емес. Жұртшылыққа еліміздің қандай аудандарында еңбек ресурстарыжетіспейді, келешектегі перспективалы мамандықтар жөнінде уақтылы мағлұмат беріліп тұруға тиіс.

          Жастар және көпшілік арасындағы кәсіптік бағдардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Бұл ерешеліктерді зерттеп, оны кәдеге асырудың халық шаруашылықтың маңызы зор.

 

 

 

 

 

I тару бойынша тұжырым

          Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу- адамды бүтіндей тәрбиелеу деген сөз. Еңбек етудің қажеттілігін сезіну, санасының қалыптасуы оларда еңбек ету әдетінің пайда болуымен толығып отырады. Егер оқушыда бұл әдет болмаса, олар бірінші қиындық кезкенде- ақ, бастаған істі аяқтамай тастап кетеді. Демек, еңбекте ысылғандық пен тапқырлық, шыдамдылық сияқты сапалардың маңызы зор.

Оқушылардың белсенділігін еңбек ету, қоғамдық жұмысқа араласу, оқу арқылы іске асыру жолдарын зерттедік.Оқушылардың кәсіби бағдардың дайындығына білім, білік, дағдылардың тікелей қатынасын зерттей келе, жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бағдарға даярлығының теориялық жағын қарастырдық.

Қоғамды қайта құру және демократияландыру жағдайында жанашыл ойлай білетің, белсенді адам қалыптастыру үшін жас өспірімдерді, оқушыларды еңбек ете білуге және кәсіби мамандыққа даярлау, бағдарлау міндеттерін орындауға үлкен мән беріліп отыр.      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II тарау. Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарың қалыптастыру жолдары.

 

 2.1. Жоғары сынып оқушыларың кәсіптiк бағдарлыққа дайындық деңгсйлерi.

 

Казiргi кезде өндiрiстiк оқумен байланысты кадрлар дайындау меселесi — бүгiнгi күн тәртiбiнде басты меселе болып табылады. Бұл проблема жөнiнде ғалымдардын бiрсыпыра ецбектерi бар. Педагогика ғылымдарыньң каңдитаты А. Бегматовтын зерттеу жұмыстарында кадрлар дайындау жұмысына ерекше кеңiл бөлiнгендiгiн көруге болады. А. Бегматов: “Оқушыны өндiрiстiк еңбекке тәрбиелеуде алдымен, әлеуметтiк белсеңдiлiгi болуы тиiс, ол өңдiрiстiк еңбек процесiнде турлi дағдыларды меңгсру кажет”,-дейдi.

Соңғы кезде еңбекке баулу меселесi базалық кәсiпорындармен тығыз байланыстырып шешуде кәсiпорындар тәуелсiздiк алдық деген ұранмен еңбек тәрбиесiнен, өздерiне болашақ кадрлар дайындау мiңдетiнен қол үздi. Соның салдарынан көптеген мектептерде, оку өндiрiстiк комбинаттарда еңбек тәрбиесiнiң жағдайы соңғы 5-6 жылдың iшiнде әжептеуiр төмендедi. Әсiресе, олардың оқу-материалдық базасы, кадр меселелерi базалық кәсiпорындар жағынан нашар шешiлiп, кейбiр мектептерде тiптi еңбек пәнiнен құтылуға түрлi себептер iздеп, сабақ кестесiнен шығаруға дейін барғанын бiлемiз.

Бұл ойымызды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлігінің еңбекке баулу және кесiптiк бағдар беру бөлiмiнiң бастығы Емельян Ушуров өз пiкірінде: “Мектеп жасындағы балалардың қоғамдық пайдалы еңбегiн уйымдастыру жолында кездесiп келе жатқан қиындықтарды жеңіп, еңбек тәрбиесiне жағдай жасаудың орнына кейбiр мектеп басшылары, аудандық, калалық халыққа бiлiм беру мекемелерi меңгерушiлерi бұл мәселеге немқұрайлы қарап, бүгiнгi күннiң талабына сай мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алмай келедi.

Қазiргi кезде елiмiзде жаңа экономикалық арнаға көшу меселесi қолға алынып, көптеген өзгерiстер болып жатқанда, мектеп өмірiнде көп бастама, жаңа түр, жаңа маңыз алатын кезең келдi. Оның iшінде жас буынды саналы еңбек етуге тербиелеп, оларға кәсiптiк білім мен бағдар беру iсi де жаңа сапаға көтерiлуi керек. Осы бағытта жұмыс iстеп, кәсіпорындармен байланысын үзбей бұрынғыдан да жақсы табыстарға ие болып келе жатқан мектеп ужымдары да республикамызда аз емес. Бұл мектептер шебер ұйымдастырушылықпен, үлкен белсеңдiлiкпен, табандылықпен, iзденiмпаздықпен табысқа жетiп отырғандығын атап айтуға тиiспiз» — дейдi.

Шәкiрттерге берiлетiн еңбек тәрбиесiнiң максаттары мен мiндеттерiн, мазмұны мен әдiс-тәсiлдерiң айқындағанда, тәрбие мәселесiн комплекстi шешу басты орын алуы қажет.

Атап айтқанда, оқушылардың жалпы бiлiм деңгейін көтеру, практикалық дағды қалыптастыру қажеттілігі елiмiздегi ғылыми- техника негiздерiн терең бiлу және әлеуметтiк мәдени прогрестiң қарышты дамуынан туындап отырған жағдай.

Сондықтан көптеген өңдiрiс салалары мен кәсiпорыңдардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының комплекстi жоспарларында кадрлардың жалпы бiлiм даярлығы техникалық прогресс пен еңбек өнiмдiлiгiн көтерудiң аса маңызды шарты есебiнде каралуы кездейсоқ емес. Бұл міндеттердi табысты шешу қазiргi маманның бiлiмi мен қабiлетiнiң, кәсiптік шеберлiгiнiң деңгейiне тығыз байланысты. Жастарды оқытуға, оларға кәсiптiк бағдар беруге, кадрларды жан-жақты даярлауға егемендiк елiмiз барынша зор назар аударып отыр.

Жас ұрпаққа еңбек тәрбиесiн беру, олардың еңбегiн ұйымдастыру тәрбиесiнiң тұтас жүйесiн жасауда көрнектi педагог А.С.Макаренконың еңбегi зор болды. Оның «Еңбек арқылы тәрбиелеу», «Еңбек тәрбиесi», «Iс-тәжiрибеден», сияқты еңбектерiңде балаларға жалпы тәрбие берудiң, әсiресе, еңбек тәрбиесiнiң рөлi мен орны, әр түрлi жағдайда оны ұйымдастырудың жолдары, еңбектiң оқуымен байланысы, еңбек тәрбиесi жүйесіндегi өнiмдi еңбектiң рөлi тәрiздi т.б. еңбек тәрбиесi түрлi мәселелерiң ашып көрсеттi. Аталған еңбектерiнде балалар еңбегiн өндiрiсте ұйымдастыру мәселелерiне, оқушыларға төленетiн еңбекақы, оқуды еңбекпен байланыстыру, мектептi өңдiрiске жақындату проблемаларына тоқталды.

Балалардың өнiмдi еңбегi мен еңбек тәрбиесiн уйымдастыруға байланысты Н.К.Крупская мен А.С.Макаренко ұсынған маңызды қағидалар бүгiнгi таңда мектептерiмiздiң практикасында өзінің жалғасын табуда. Сонымен қатар К.Д.Ушинский «Тәрбиенің өзi, егер ол адамға бақ тiлейтiн болса, оны бақыт үшiң емес, өмiр еңбегiне даярлап тәрбиелеу керек — деген болатын.

Олай болса, еңбек әрекетi әрбiр адамнан белгiлi бiр тапсырманы орындауда iске мақсат көздей, ойланып iстеудi қажет етедi. Сондықтан да еңбек адамның ақыл-ойы дамуының маңызды факторы болып саналады. Балаларға еңбек әрекетi үлкен әсер етедi. Оларға заттар мен материалдардың жаңа қасиеттерiн бiртiндеп аша отырып, олардың нақтылы дүние туралы түсініктерiн байыта түседi.

Еңбек әрекетi баланың қоршаған дүниенi, нақтылы заттарды тануына ең сенiмдi құрал болып табылады, теориялық бiлiмдерiн колдана бiлуге мүмкiндiк болады. Сондықтан да, педагогика баланы еңбекке үйретiп, тәрбиелеудi өсiп келе жатқан ұрпақтың бiлiм алуы мен тәрбиесінің маңызды құрамды бөлiгi деп есептейдi.

Қазiргi кезде өндірістік оқумен байланысты кадрлар дайындау мәселесi — бүгiнгі күн тәртiбiндегi басты меселе. Бұл проблема жөнiңде ғалымдардың бiрсыпыра еңбектері бар. Педагогика ғылымдарының кандидаты Б. Кулахметов «Организационно- педагогические проблемы профессиональной адаптации молодых мастеров производственного обучения» деген кандидаттық диссертациясында кадрлар дайындау мәселесіне ерекше көңiл бөлген: диссертацияда педагогикалық жұмыстың негiздерi, кәсiби бейiмделудiң, ұтымды оқытудың көкейкестi меселелерi қарастырылды. Сондай-ақ колледждерде, кәсiптiк-техникалық оқу орындарында жас шеберлердiң өндiрiстiк оқуының тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде бiршама ұсыныстар жасады.

Автор ұйымдастырушылық — педагогикалық шаралардың дәстүрлi жүйесiн алмастыра алатыңдай альтернативтi жүйе ойлап тапқан. Диссертациядағы басты идея: өндiрiстiк оқу шеберлерiнiң нақты қызметiнде iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру; болашақ өндiрiстiк оқу шеберлерiнiң өндiрiстiк қабiлетiн арттыру. Сонымен қатар, Б. Қулахметов педагогтiк процестi дамытатын тұтас комплекстi ұсынады: жеке шығармашылық топтардың әдiсi, ақыл кеңестер беру, өндiрiстiк оқу шеберлерi арасында тәжiрибе алмасу, әңгiмелесу, кәсiби бағдармен жұмыс iстеу, педагогтық ойындар, жаттығулар, өз бетiмен iстелетiн жұмыстар, әртурлi анкета сұрақтары, тестердiң көмегiмен өзін-өзi бағалау т.б.

Педагогика ғылымдарының кандидаты Ағзам Бегматовтың “Педагогические основы формирования социально-активной личности старшеклассника в процессе производственного труда” деген кандидаттық диссертациясының авторефератында: «Оқушыны өңдiрiстiк еңбекке тәрбиелеуде, алдымен, әлеуметтiк белсендiлiгi қалыптастыруға тиiс, ол өндiрiстiк еңбек процесiнде түрлi сапаларды, дағдыларды меңгеру қажет», — дейдi. Атап айтқанда, «В ходе исследования в этих целях для характеристики социальной активности старшеклассников в процессе производственного труда был выделен комплекс наиболее существенных критериев данной активности: осознанное отношение к производственному труду, потребность трудиться в интересах коллектива, общества, степень участия в общественной жизни, умение соотнести личные интересы с интересами коллектива и общества, готовность и умение выполнять поручения, наличие ответственности за выполнение общественной работы, удовлетворенность трудовой деятельностью и ее результатами, умение анализировать порученное и отчитаться о результатах, проявить инициативу, готовность оказать помощь товарищам по работе, характер активности в зависимости от вида деятельности (учебной, трудовой, организаторской) интенсивность в систематичность проявления социальной активности в процессе своей деятельности, наличие  организаторских умений, экономических знаний, практическое отношение к результатам своей деятельности и товарищей, умение отстоять свои позиции, показать свою правоту, желание совершить свои знания, умения, социальный опыт, настойчивость в достижении целей».

Мiне, жоғарғы класс оқушылары осындай қасиеттер мен дағдыларды меңгеруге тиiс деген пiкiрдi қуаттауға болады.

Еңбек пен тәрбие мәселесiне арналған, әсiресе, педагогикалық оқу орындары ‚ зерттеу жұмыстарын жүргiзген ғалымдар:С.И.Архангельский, В.П. Беспалько, А.И. Берг, А.П.Сейтешев еңбектерiнде компьютерлермен жұмыс iстеу, еңбек шеберлерiң дайындау жөнiнде маңызды да тиімді пайдалы пiкiрлердi кездестiруге болады.

Маман жұмысшыны дайындау көптеген ғалымдардың еңбектерінде басты проблема болып койылған. Мысалы, С.Я. Батышев, А.А.Васильев, К.М. Гурьевич, Н.И.Думченко, Е.А.Климова, А.Т. Маленко, Б.К. Момынбаев, Г.А.Уманов, А.П. Сейтешев т.б. еңбектерiнде кәсiптiк-техникалық бiлiм беру мен жоғары оқу орындарының жұмыстарына талдау жасалынады, әсiресе, өңдiрiсте iстейтiн мамандардың еңбектерiнің маңызына тоқталады.

Педагогика ғалымдарының каңдидаты, доцент Жамал Башированың «Оқушылардың өнiмдi еңбегi және кәсiптiк бағдар» атты еңбегiңде Алматы қаласындағы мектепаралық оқу-өндiрiстiк комбинаттарының жұмыс тәжiрибесi негiзiнде оқушылардың өнiмдi еңбегiн ұйымдастыру арқылы кәсiптiк бағдар берудiң тиiмдi жолдарына тоқталады. Сондай-ақ, оқушыларды еңбекке тәрбиелеудiң жолдарын, оқушыны өнiмдi еңбекке даярлаудың қазiргi жағдайда қажетті екендiгi жөнiнде бiрсыпыра құнды пiкiрлер айтқан. Автор: «Балалар бiлiктi маманның жанында жүрiп, еңбек сабағынан алған бiлiм, бiлік дағдыларын практикада қолданатын болады. Көптеген жылдар бойы кәсiпорында iстеп жүрген байырғы жұмысшының орнын басарлықтай бiлiм алғандықтарын сезiну оқушыларды ерекше мақтанышқа бөлейдi. Жұмысшы ұжымының iске бiр кiсiдей жұмылуы, еңбектi нәтижелі орындауға деген жауапкершiлiк оқушылардың өздеріне қояр талабын күшейтедi. Оқушылардың еңбек ұжымымен тек арнайы ұйымдастырылған жиындар арқылы емес, тiкелей еңбек процесi кезiнде танысуы олардың бұған дейiн мамандық туралы жинақталган белгiлi бiр пiкiрлерiн накты iсте байқауға, сөйтiп мамандық таңдауда берiк, соңғы шешiм жасауға мүмкіндігi болады. Практика оқушылардың базалық кәсiпорын мен оқу- өндiрiстiк комбинатында өнiмдi еңбекке катысуы тұсында, комбинаттагы еңбекке үйрну кезiнде туған мамандыққа қызығушылығы тұрақты болатындығын дәлелдейдi. Оқушылардың өнiмдi еңбекке тұрақты қатысуы сөз жоқ, олардың кәсiптің түрлерiн, мамандықтың  сырларын бiлуге деген құштарлығын арттырады және олар туралы түсініктері қалыптасады» — дейдi.

Оқушылардың өнiмдi еңбекке тұрақты қатысуы, сөз жоқ, олардың кәсiптiң түрлерiн, мамандықтын сырларын бiлуге деген құштарлығын арттрады. Балалар бiлiктi маманның касында жүрiп, еңбек сабағынан алған бiлiм, бiлiк дағдыларын практикада қолданатын болады.

Кәсіпорындарда көптеген жылдар бойы істеп жүрген байырғы жұмысшының орның басарлықтай білім, дағды алғандықтарын сезіну оқушыларды ерекше мақтанышқа бөлейді. Еңбекті нәтижелі орындауға деген жауапкершілігі артады.

          Өндірістік оқу шеберлерінің нақты қызметіне іскерлікпен дағдыны қалыптастыру үшін мынадай педагогтік процестерді дамытатын тұтас комплексті ұсынуға болады: жеке шығармашылық топтардың әдісі, ақыл- кеңестер беру, өндірістік оқу шеберлігі арасында тәжірибе алмасу, әңгімелесу, кәсіби бағдармен жұмыс істеу, педагогтік ойындар, жаттығулар, өз бетімен істелетін жұмыстар, әр түрлі анкеталық сұрақтар, тестердің көмегімен өзін- өзі бағалау т.б.

 

 

2.2  Кәсіптік бағдар жүйесін ұйымдастыру жолдары.

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда ең актуальды проблема болып саналады.Кәсіптік бағдар берудің басты өлшемдерін (критерийлерін), негізгі жұмыс бағыттарын айқындау, жұмыс кабинеттерін ұйымдастыру, ол бойынша кеңестер құру – басты мәселе. Біздіңше, кәсіптік бағдардың мазмұнын, мақсатын анықтайтын оның тиімді жолдарын, формаларын, жасау аса қажетті мәселе. Екіншіден, оқушыға мамандық тандаудағы кәсіптік бағдар беудің жүйелі концепциясын (тұжырымдамасын) жасау керек. Мектеп бітірер алдында оқушының саналы түрде кәсіптік мамандықты дұрыс тандауы оның бүкіл келешектегі өміріне әсерін қалдырады. Сондай – ақ өмірдегі өз орнын табуына бірден – бір стимул бола алады. Осыларға негізделе отырып, кәсіптік бағдардың тиімді көрсеткіштеі анықталады. Еңбек етудің мазмұны мен жағдайын, амалдарын білмей тұрып, оқушы өзінің тандаған мамандығын меңгере алмайды.

          Мамандық тандауға үй іші, отбасының қарым – қатынасы, әсері, бағыт беруі, ата – ананың үлгілі еңбек жолдары, еңбек адамдарының жақсы тәжірибелері, оқушының әр түрлі еңбекке деген көзқаасы, қабілеті, ынтасы, қызығушылығы, жігері, зейіні де үлкен әсер етеді.

          Біздің зерттеу жұмысымызда кәсіби бағдарды мектеп жүйесіне ендіру проблемасы жан – жақты зерттеліп, жаңа әлеуметтік кезеңде, еңбек пәнін дұрыс жолға қоя отырып, бұл проблеманы ойдағыдай іске асыруда жаңаша ойлай білетін, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне жауап кершілікпен қарайтын мамандар дайындау қажеттігін дәлел келе, қазіргі кезде кіші кәсіпорындар мен оқушылардың өндірістік бригадалары, шеберханалар, цехтар,оқу- өндірістік комбинаттар, кооперативте жұмыстарының тәжірибелерін жинақтап, келешекте кәсіби бағдарлауға байланысты  қандай жұмыс түрлерін ұйымдастыру жөнінде әдістемелік жағынан ұсыныстар мен нұсқаулар берілді.

          Зерттеу барысында  кәсіптік бағдар беру орталығының ұйымдастыру жұмысы оның Еежесі анықталды.

          Кәсіптік орталықта мына функциялар жүктелген:

  • аймақтағы кәсіпорындардың кадрларға деген ағымдағы және перспективалық сұраныстарын сан және кәсіби тұрғыдан зерттеу;
  • кәсіби іріктеуг тұатын қажетті мамандар тізбесін жасау;
  • негізгі жұмысшы мамандытарына профессиограмма дайындау;
  • оқушыларға кәсіптік бағдар беру жолдарын зерттеу;
  • оқушы жастардың кәсіби бағыт алуын және оның мамандық алудағы өз бағытын анықтап зерттеу;
  • аймақтағы кәсіпорындардың негізгі мамандықтарына кәсіби жарамды боуына орай алынатын өлшемдерді (критерийлерді) әзірлеу;
  • таңдалып алынған кәсіпке психологиялық, физиологиялық зерттеулер жүргізу;
  • негізгі мамандықтар үшін кәсіби маңызды сипаттарды, қасиеттерді оқушылардың бойында мақсаткерлікпен дамыту мақсатын аша түсу;
  • мектептердің кәсіптік бағдар жұмысын жолға қоюды үйлестіру және әдістемелік көмек көрсету.

Қазіргі мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мен еңбекке                                тәрбиелеу жұмысы жастардың ауыл шаруашылық өндірісне байланысты кәсіптерді таңдауына іс жүзінде ықпал етіп отырған жоқ.

Оқушылады мал шаруашылығындағы еңбекке тәрбиелеудің қажеттігі бұрыннын да көтеріліп келген мәселе болатын. Оған байланысты әр кезде әр түрлі ғалымдар орынды пікірлер айтқан болатын және өздерінің зерттеу жұмыстарын да ұсынған еді. Мысалы, С.Сапаров (жалпы кәсіпке бағдарлау), А.Сейтешев (мектеп пен өндіріс коллективінің жұмысшы мамандығын таңдаудағы біріккен жұмысы), В.Рымаренко (өнімді еңбек үстінде оқушыладың еңбек біліктерін қалыптастыру) т.б.Бұлар – Кеңестер Одағы кезіндегі ғылыми – зерттеу жөніңдегі еңбектер.Бұл еңбектерде айтылғандардың бәрі де мал шруашылығы жөнінде еңбекке тәрбиелеуді бір жолға сала алмайды.Оның үстіне авторлардың көтеріп отырған мәселелері жеке мәселелер ғана. Әр елдегі қалыптасқан жағдай басқа елдердің жағдайына қарағанда иүлдем басқаша болатыны белгілі. Демек, Қазақстандағы әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық жағдайларды ескере отырып, мал шаруашылығындағы кәсіп иесін даярлау күрделі де маңызды іс. Алайда мал шаруашылығындағы кәсіпке оқушыларды тәрбиелеу атқарылуға тиісті бағдарламалық іс ретінде ұсынылмай оты. Сондықтанда мектеп пен отбасы, жұртшылық мұны міндетім деп түсінбецді. Ал ауыл, село жастарының дайындығының жоқтығының салдарынан кәсіптін теріс жағын кбірек танып, одан қашуы зандылық.

          Алайда қазіргі кезде отбасы, педагогикалық ұжым, жұртшылық бұл іске жаңаша тәрбиеленуі, жұмыс істеулері қажет. Көпшілікті ұйымдастыру, оқушыларды, сондай – ақ, жауапты адамдарды баулу, ғылыми материалдарды бір жүйеге келтіру көп еңбек етуді талап етеді. Мұндай жаңа бастама республиканың экономикалық жағдайын, оқушылардың еңбек тәрбиесін, ауыл мен селоның демографияық халін дамытуға мүмкіндік жасар еді. Сонымен, қазіргі кезенде мал шаруашылығында жұмыс істейтін жастарды даярлау бүгінгі кезеңнің ең актуалды мәселелерінің бірі болмақ.

          Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келгеде, жас ұрпақты жан – жақты тәрбиелеу үшін барлық педагогикалық күш – жігерді жеке басты қалыптастыруға, оған жасалатын ықпалдардың баршасын біртұтас жүйеге келтіуге жұмсап, идеялық – саяси және еңбек тәрбиесінің бірлігін жүзеге асыруымыз керек.Оқушыларға берілетін еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен әдіс – тәсілдерін анықтағанда, тәрбие мәселесін комплексті шешу басты да шешуші орын алуға тиіс.

          Мектептегі білім мазмұнын түпкілікті жанарту бағыттарында, тұжырымдалар мен бағдарламаларда халық шаруашылағының барлық салаларын әсіресе, мектептегі еңбек пәнінің мазмұның ғылым мен техниканың ең озық шептеріне шығаруға, еңбек өнімділігінің түбегейлі арттылуына, өнімнің дүниежүзілік таңдаулы үлгілер деңгейінде шығарылуын қамтамассыз етуге жету мақсаты қойылып отыр.Осының бәрі дербес өмір жолын бастаған жас адамнан – жұмысшыдан, техниктер, инженерден осы заманғы білімді, жоғары интелектуалдық кәсіпкер, биснесмендер, менеджменттер, маркетингтер, т.б. тәрбиелеумен қатар, шығармашылық көзқарасты талап ететіні атап көрсетіліп отыр.

          Шынында да, оқушылардың жалпы білім денгейін көтеру, практикалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылыми – техникалық және әлеуметтік – мәдени прогрестің қарышты дамуынан болып отырған жағдай. Халық шаруашылығының жай – күйі көбіне көп ғылым мен техника жаналықтарының тиімді пайдалануына, еңбек өнімінің артуына тәуелді. Көптеген өндіріс салалары мен кәсіпорындардың әлеуметтік – экономикалық дамуының комплексті жоспарларында кадрлардың жалпы білім даярлығы техникалық прогреспен еңбек өнімділігін көтерудін аса маңызды шарты есебінде қаралуы кездейсоқ нәрсе емес. Бұл міндеттерді табысты шешу қазіргі заманның маманының білімі мен қабілетінің, кәсіптік шеберлігінің деңгейіне тығыз байланысты. Жастарды оқытуға, оларға кәсіп бағдар беруге, кадрларды жан – жақты даярлауға егеменді еліміздің Елбасы айрықша көңіл бөліп отырғаныдығы да осы себепті.

          “Барлық қазақстандықтардың өсіп — өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы” туралы Ел Призедентінің Қазақстан халқана Жолдауында: “Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық – экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз  мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіпте үлгірген уақытта құру үстіндеміз….Онан әрі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мынадай жағдайларға баса назар аударды: — Біздің ауқымды алқаптарымыз, ауыл шаруашылығындағы жерлеріміз – орасан зор байлығымыз. Көптеген өлшемдер бойынша біз Канада мен Австралияға ұқсаспыз. Бізге тек бір нәрсе – олардың өнімділігі мен экспорттық байлығымыз жетіспейді. Бұл жерде де, тағы да, ең бастысы нақты және тиімді стратегия – адамдар мен капитал.

          Мен өзіме 24 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп, кемелденеді. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады.Олар бабаларының дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманда жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күлліәлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады. Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, мұғалімдер мен дәрәгерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа делдалдары және спортшылар болады. 2030 жылдың азаматтары мемлекеттің өздерінің құқықтарын қорғайтынына және мүделерін биік ұстайтынына сенімді болады.”

          Қазақстанның 2030 жылға қарай Орталық Азия Барысына айналуы үшін өсіп — өркендеудің басым бағыттары белгіленді. Осы тұрғыдағы Елбасының бірігуі мен топ табудағы тұғырлы міндеттерді түбегейлі тиянақтауы баршаның назарын аударды.

          Елбасы облыс, аудан әкімдеріне жұмыссыздар мен мектепке бармай қалған балалардың шұғыл есебін алып, олардың мұң – мұқтажын шешуді және әлеуметтік жағынан қорғауды қатаң талап етті. Балалардың мектепке бармай қалуы оқиғасына масқаралық құбылыс ретінде алаңдатушылық білдірді.

          Қазақстан Республикасында революциялық қайта құру процесі жүріп жатыр. Оның жемісті болуы адамдардың сауаттылығына, қоғамымыздың дамуына байланысты. Бірақ біз осы маңызды әлеуметтік фактордың төменгі дәрежеде қалып келе жатқанын мойындауымыз керек. Жалпы орта білім беру, кәсіптік – техникалық мектеп, орта кәсіптік және жоғары оқу орындары түлектері өз мамандығына сай кәсіптік шеберлікті меңгере алмай келеді. Олар бүгінгі күні ғылыми және техникалық жетістіктерді алға апаруда дәрменсіздік танытып отыр. Тіпті кәсіптік тапсырмаларды да шеше алмайтындары кездеседі. Әрине, бұған себеп көп.Жасыратыны жоқ, біздің мектептеріміз басты назарды оқушының жоғары үлгеріміне аударып келеді. Мұның өзі мұғалімдерді келесімпаздыққа итермеледі, сондықтанда әлі күнге дейін теңестіру принципі орын алуда. Бұл фактілердің кең орын алып отырғанын 9 сыныптан кейін кәсіптік – техникалық мектептерге қабылданған оқушылардың білім деңгейлеріне талдау жасаған тексеру жұмысы көрсетіп отыр. Олардың 50 – 60 пайызы ғана мектепте алған біліміне сәйкес қанағаттанарлық баға алса, өзгелері тапсырмаларды орындауда да қатты қиналады.Әсіресе математикадан берілген есептерді толық шеше алмайды. Дәл осындай көрсеткіштер жоғары оқу орындары мен техникумдардан да байқалып жүр.

Міне осыдан кейін квалификациялы жұмысшылар мен мамандардың қалай даярланатындығы түсінікті.

          Қазір елімізің финанстық жағдайының қиындығы білім беоуді жақсартуға үкіметіміздің жеткілікті қаржы бөле алмайтындығын байқатты. Дегенмен, білім беоуге деген ескі көзқарасты түбірімен алмастырған жөн.

          Біріншіден, оқытуға деген көзқарасты бүгінгі күн талабымен үндес шешу қажет. Яғни, оқытудың мақсаты – бұрынғыдай үлгірімді жақсарту емес, кәсіптік бағдар беруді сенімді шешу.

          Екіншіден, халыққа білім беру органдарының, басқада мекемелердің қордаланған материалдық және интелектуалдық потенциалын, тіпті кооперативтердің тәжірибесі мен тәсілін тиімді пайдалану керек.Сондай – ақ, осындай қиын жағдайда мектеп, кәсіптік – техникалық мектептер және басқа оқу орындарының оқу материалдық базасын қаржыландырудың бірнеше көзін пайдалануға болады.Олар мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет, өндіріс орындары, кооперативтер және халық.

          Қазіргі кезенде жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік – техникалық мектептерде кәсіптік оқыту мен еңбек тәрбиесін беру технологиясы арендалық, жұмысты ұйымдастырудың бригадалық формасы, кооператив құру т.б. негідері ретінде көрініс табуда. Бұдан шығатын қорытынды: бүгінгі ұйымның жабдықталуы экономикамен байланысты. Біз келешекте осы зерттеп отырған жұмысымызды педагогикалық мақсатқа қатал негізделген жалпы пайдалы жұмыспен айналысу жүйесін құруды мақсат етіп отырмыз. Осы игілікті жұмысты жүзеге асыру үшін халыққа білім беру саласында білім беу мен экономиканы біріктіетін, оқыту сапасын арттыратын халыққа білім беру саласында экономикалық – педагогикалық басқару формасы жасалу керек. Атап айтқанда, оқушыға кәсіптік бағдар беруді жетілдіру проблемаларын дұрыс ұйымдастыру керек.

          Облыстық білім беру басқармасы жоғары оқу орындарымен, кәсіптік техникалық мектептермен, кәсіпорындармен бірге отырып, жалпы білім беретін мектептерге кадр даярлау жөнінде келісімшарт жоспары жасалған. Келісімшарт бойынша кадрлар дайындалды. Облыс бойынша соңғы 2 – 3 жыл ішінде экоогия, география, тарих, денешынықтыру, еңбек және бизнес т.б. мамандықтарға кадрлар дайындалды.Еңбек және бизнес пәндері бойынша облыстық білім басқармасы бұрынғы педагогикалық институтқа оқу құрал жабдықтармен көмек етті.

          Жаңа әлеуметтік – экономикалық кезеңде еңбек пәнің дұрыс оқытып, тәрбиелеуде білім мекемелерін өзін – өзі қамтамассыз етуде халық тұтынатын тауарларды шығаруға үлкен мән берілді. Сондықтан бұл проблеманы ойдағыдай іске асырумен байланысты жаңаша ойлай білетің, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне жауап кершілікпен қарйтын адамдар дайындау қажеттілігі туады.

          Білім беру мекемелері ауыл шаруашылық тағамдарын өндірумен айналысады: күріш, бидай, қара бидай, бақша және жеміс т.б. Мектептер жанындағы минифабрикалар, питомниктер, жылыжайда оқушылар өздерінің еңбегімен облыстың экономикалық — әлеуміттік жағынан дамуына үлкен пайдасын тигізуде.

          Ұлттық мектептерде өтіліп жүрген еңбекке оқыту (баулу) пәнінің методологиясы таным процесінің философиялық теориясынан, жеке тұлға болмысын танып білуге бағытталған іс — әрекет туралы ілімнен ғана емес, сондай – ақ түрлі оқу пәндерін диалектикалақ тұрғыдан жүргізу және тұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі қағидаларынан да туындап жатқаны ақиқат.

          Қазіргі таңда еңбек сабағы тек қоғамдық қажеттілік қана емес, әрбір шәкірттің өмірлік жан серігіне айналуда. Өйткені қоғамдық өмір, кәсіпке еңбекке қатысу арқылы, олар білімін одн әрі жетілдіре, шындай түседі. Осыған орай, әрбір оқушының талғамы, биологиялық – генетикалық негіздері, қабілеті, денсаулығы, психологиялық ерекшеліктерң басшылыққа алынады.Сонғы жылдары облыс мектептері еңбекке оқыту пәнін білім берудің субъектісі деп санап, оны шәкірттердің белсенді қызметі негізінде ұйымдастырып келеді. Әрбір оқушының өз қызметінің мақсаты мен маңызын терең сезіне білуге, оны жүзеге асыру үшін қажетті біліктілік пен дағдыларды жан – жақты пайдалануға жұмылдыруда. Осылайша бұл іске шұғыл бетбұрыс жасау еңбекке оқыту пәнін жандандырып, ізгілендіріп, оның мазмұнын байыта түсуде.

          Бұдан мына төмендегі міндеттер келіп туындайды.

  • оқушы – іс — әрекеті субъектісі және жеке тұлға деп қаралып, оның еңбекке деген құлшынысын күшейтіп рухани, табиғи мүмкіндіктерін барынша жүйелі дамытуға жағдайлар жасау;
  • шәірттер мен оқытушылар арасында өзара түсіністік, сыйластық, үйлесімділік орнатып, осының негізінде ынтымақтастық педагогикасын қалыптастыру;
  • еңбекке оқытуды баулу ұлттық және әлемдік мәдениет қазыналарымен  нәрлендіру, байыту  арқылы сегіз қырлы бір сырлы тұлғаларды тәрбиелеп шығауды қалыптастыру
  • енбекке оқыту пәнінің мазмұнын,сондай ақ, экологиялық және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтырып кеңейте тусу.

          Қазақ мектептерінің бастауыш сыныбынан мектеп бітігенге дейін еңбекке  оқыту баулу сабақтарының бағдарламасы, әдістемесі, оқулығы күні бүгінге дейін орысшадан қазақшаға аударылып қолданылып жүр.Бұл бағдарламалар  балаларымыздың ой өрісіне,дүниетанымына ұлттық бағыт бере алмайды. Халықтық өнерімізді ұйрете алмайды.                                                                               

          Егемендік алған күнүмізден бастап елімізде жүріп жатқан әлеуметтік экономикалық өзгерістер оқушыларды өмірге ,өнерге бейімдеуге орай қазір білім беру жүесінің алдына үлкен міндеттер жүктелуде.

     Халықтың қолөнерді ұлтты тәрбие дәстүрімен үйлестіріп жүргізбей діттеген мақсатқа қол жеткізу де мүмкін емес. Бұл міндетті шешудегі шаралардың қайнар бұлағы, сарқылмас көзі халықтық пелагогика екені даусыз.

Еңбекке оқыту сабақтарында жас ұрпаққа бір жақты теориялық білім беріп қана қоймай, оларға кәсіби бағдар беріп, өз қалауымен заттай өнім шығаруға баулу қажет.

Оқушының өзі сүйген мамандыққа тәрбиелеп бағыт беру қажеттігі басты міндет деп саналады. Демек, бұл қазіргі кезде оңай да жұмыс емес, оны ұйымдастырудың жолдары мен формаларының негізгі бағыттарын айқындауға тура келеді. Яғни, мамандық туралы түсінік қалыптастыру, кәсіптік-техникалық мектептерде, жоғары оқу орындарында, кадрлар керекті жерлерде, жалпы білім беретін мекемелерде, өндіріске экскурсия жасау және жеке, топтық түрде оқушыларға кеңес беру, олардың ата-аналарымен, дәрігерлік, психо-педагогикалық жағынан мамандық таңдау жөнінде кеңес беру сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырып, бағыт беруді алдымызға мақсат етіп қойдық.

Демек, кәсіптік бағдар бойынша әр түрлі салада еңбек етіп жүрген адамдардың еңбек жолдарын, іс-тәжірибелерін тірек ете отырып, мектептегі әр пәнге байланысты еңбек тәрбиесінің негіздеріне сүйену арқылы оқушылармен кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргіздік.

Осы орайдан келгенде жоғары сынып оқушыларына жалпы білім түрлері мен қатар кәсіби бағдар беру, білімді өзі өмір сүріп отырған жерінің табиғатымен, айналысатын кәсібімен, ұлттық мәдениет пен озық дәстүрімізді оқушы бойына сіңіре отырып тәрбиелесек, болашақата адамгершілігі жоғары, ұлттық тәрбиені меңгерген, сауатты сөйлейтін алатын, адами-құндылық қасиеті жоғары маман тәрбиелей алтынымызға кім кепіл. Олай болса, кәсіби адами құндылық қасиеті жоғары маман дайндауда төмендегідей «Жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау жұмыстары арқылы еңбекке баулу» атты модулімізді ұсынамыз.

 

Жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау жұмыстары арқылы еңбекке баулудың моделі.

 

Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

1

Мақсаты — мотивациялқ

Жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағыт беруде, бағдарлау материалдарын пайдалануға қажеттілігінің болуы.

— кәсіби бағдар беру материалдары арқылы кәсіп таңдауға қызығушылығының болуы;

— кәсіби бағдар берудің оқу — тәрбие ісіне ықпалының, әсерінің бар екенін жете түсінуі;

— кәсіби бағдар беру мәселелерінбүгінгі таңдағы маңызын жете түсінуі;

2

Мазмұнды- операциялық

Жоғары сынып оқушыларын кәсіпке баулыдың мәнін түсінуі.Жоғары сынып оқушыларын кәсіп түрлерімен, оқу орындары жөніндегі материалдардың мәнін білуі.

— кәсіпке баулудың мазмұнының ерекшеліктерін білуі;

— атқаратың кәсібінің іс- әрекетік құрылымын білуі;

— жоғары сынып оқушыларының бойында кәсіби- адами қасиеттерінің болуы;

3

Қорытынды

Кәсіби бағдарлау жұмыстары арқылы оқушылардың өзін- өзі бағалауы.

— кәсіби бағдарлау материалдарын сұрыптай ала білу іскерлігі;

— кәсіп таңдап, қызығып, өзін- өзі бағыттау;

 

 

 

  • . Оқушыларға кәсіптік бағдар беру барысындағы мектеп тәжірибелері мен педагогикалық эксперименттін нәтижесі.

 

          Облыс мектептерірінің мақсаты мен міндеті- оқыту мен еңбекке тәрбиелеу және кәсіптік бағдар беру. Мектеп еңбекке тәрбиелеу және еңбек тәрбиесің жүзеге асыру арқылы оқушыларға бастауыш сыныптын өзінде- ақ кәсіптік бағдар беруге дағдыландырады. Жалпы білім беретің мектептере оқушыларға кәсіби бағдар беру оқу процесінде және сыныптан тыс жұмыстарда мағлұмат беруден тұрады. Мектептегі іс- тәжірибе осы бағытты қамтиды.

Кәсіп түрін таңдауға оқушыларды әзірлеуде мұғалім белсенді рөл атқарып, олардың мақсаттылығын және белгілі бір мамандыққа қызығушылық сезімін тудыруға көмегін тігізсе, оқушылар мектептегі оқу ісін өздерінің нақтылы өмірлік мақсаттарына жетудің құралы ретінде қарайтын болады. Мектеп тәжірибесінде кезкелген жалпы білім беретін пән оқушының келешек мамандығының негізін қалайды.

          Оқушының оқу пәніне деген тұрақты қызығуы тәжірибе барысында кәсіп түрін таңдауға үлкен әсерін тигізетіндігі анықталды. Қайсібір кәсіп түріне деген ынта- ықыласы оқушының сабақты жақсы оқуына көмектеседі.

          Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде экскурсияның үлкен маңызы бар. Экскурсияда оқушылар нақтылы мысалдармен мектепте оқылатын теорияның практикамен тығыз байланысты екендігіне көз жеткізеді.

          Оқушыларды мамандық түрімен таныстыруда көрнекті үгіт пен сыныптан тыс шаралардың тәрбиелік мәні зор.

          № 15 лингвистиклық гимназияның бірінші қабатында “Мамандықтын бәрі жақсы, бірін таңда” атты тақырыбында стенд ілінген. Онда жергілікті жерге қажетті мамандарды тандау кестесі сызылған. Оқу жылы ішінде жоғары сынып оқушыларына мамандық тандауға арналған кештер өтіледі.

          Сыныптан тыс жұмыстардын бір түрі оқушылардың ғылыми- практикалық конференциясы. Бұл оқушылардың білімің кеңейтіп, жан- жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды және өзіндік таным іс-әрекеттернің қорытындысы шығарылады. Конференцияға дайындалу барысында оқушылар кітаппен жұмыс істеуге, керекті мағлұматтарды іріктеп алуға, оларды талдауға және өз бақылаулары мен тәжірибе нәтижелерін жинақтауға үйренеді.

          Сыныптан тыс жүргізілетің педагогткалық жұмыстар арқылы оқушының кәсіби мамандағын дамытуға мол мүмкіндік бар. Мұнда оқушылардың жан – жақты дамуына көңіл аударамыз. Сабақтан тыс педагогикалық жұмыстар арқылы ғылыми теориялық, арнаулы педагогикалық әдістемелік білімнің тереңдеуіне кәсіби мамандығына қажетті білік, дағдыларын меңгеруге үлес қосамыз. Сонымен қатар, үздіксіз білім беру жүйесіндегі сабақтастық мәселесіне байланысты Баширова Ж.Р. “Метологическая аспекты преемственности в системе непрерывного оброзрвания” еңбегін саралайтын болсақ кәсіби сабақтастық ұғымына үздіксіз білім беру жүйесіне көп мән берген.

          Кәсіби білім саласының жалпы заңдылықтарына мыналарды жатқызуға болады:

  • кәсіптік оқу орындарын бітірушілердің қоғам мүдделернің және тұлғаны қалыптастырудың қажеттіліктері мен педагогикалық үрдістің заңды қамтамассыз етілуін;
  • оқу процесінің мазмұмы, түрі және нәтижесінің шарттылықтан өту тәуелсіздігі;
  • педагогикалық үрдістің алдына қойған мақаттары мен мазмұндарының заңдылықтары;
  • педагогикалық құрал және әдістерінің тәуелділігі;
  • педагогикалық үрдістің ұйымдастырылу жолдары;
  • оқудың және оқытудың өзара байланыстылығы;

Кәсіби білім беру әдісі және әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдарымыздың бірі А.П.Сейтешов еңбектерінде мамандарды оқыту мазмұнына оқу жоспары мен оқу бағдарламасының мазмұның зерттеу мәселелерін қарастырған.

     Сонымен қатар зерттеліп отырған мәселеге қатысты жарық көрген еңбектерді қарастыра отырып, жоғары сынып оқушыларын кәсіпке баулу мәселесінің өте көп зерттелмегеніне көз жеткіздік.

     Мәселен «кәсіпке баулу», «кәсіби бағдар», «еңбекке икемділігі», «еңбек дағбысы», «еңбек ету ынтасы», «еңбекке қызығушылығы», «іскерлігі», «шеберлігі» т.б. ұғымдарға отандық ғалымдардың еңбектері арқылы анықтама берер болсақ еңбекке икемділігі – оқушының еңбек қызметін орындау қабілеті; еңбек дағдысы – жиі қайталау арқылы автоматизмге дейін жеткізілген шеберліктер; еңбек етуге ынтасы — өмір мен еңбекке дайындауда білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды жүйелендіруге бағытталған оқушының психологиялық күйі.

     Жоғарыда атап өткен ғалымдардың зерттеулеріндегі жоғары сынып оқушыларын кәсіпке баулудың психологиялық-педагогикалық негіздеріне сүйене отырып, төмендегідей анықтаманы беруді ұйғардық:

     Кәсіби бағдарлау – жоғары сынып оқушыларының болашақ кәсіби маман ретінде қалыптасуының сапа-қасиеттерін (адамгершілік, іскерлік, жауапкершілік, ізденімпаздық т.б.) сезіне білуі, өмірдегі қажетті мамандықты таңдап, кәсіби білім алуға алдын ала берілетін оқу – тәжірибе арқылы беру үрдісі.

     Осы орайда жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы индустриалдық колледжінде ғылыми істәжірибелік практикадан өттім. Практика барысындағы мақсатым болашақ кәсіби маман болатын 10-11 сынып оқушыларымен танысып, олардың өмірге, болашаққа, мамандық таңдау, кәсіптің түрлері, атқаратын қызметі, қазіргі таңдағы жаңашыл мамандықтар туралы көзқарастарын білгіміз келді. Осы мақсатта (қосымша А) көрсетілген сауалнаманы жүргіздім. Аталған айқындаушы экспериментте 52 оқушы қатысты, оның 27 оқушы эксперименттік топ, 25 оқушы бақылаушы топ.

     Айқындаушы экспериментте оқушылардан алынған  жауаптардың қорытындысы төмендегідей болды.

 

Айқындаушы эксперименттің деңгейі

 

Деңгейлері

Эксперимент тобы

Бақылау тобы

Саны

%

Саны

%

 1

Төмен

12

44,4

12

48

 2

Орташа

11

40,7

13

52

 3

Жоғары

4

14.8

 

     Ары қарай қалыптастыру экспериментті барысында арнаулы курс жоспары құрастырылды.

 

Арнаулы курстың бағдарламасы.

 

1

Оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын қалыптастыру

2 сағ.

Дәріс

2

 

 

 

3

Дидактикалық танымдық ойындар

 

2 сағ.

Оқушылардың таңымдық және кәсіби қызығушылығын арттыру.

4

Менің болашақ кәсіби мамандығым

2 сағ.

Шағын шығармашылық жұмыс

 

1 – Тақырып.

     “Оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын қалыптастыру” атты дәрістің мақсаты:

  • Кәсіби қазағушылықты қалыптастыру негізінде жоғары сынып оқушылардың білім деңгейі мен кәсіби шеберлігін арттыру;
  • Кәсіби қызығушылық сабақтастығына ғылыми – теориялық талдау жасау;
  • Ғұлама ғалымдардың еңбектерін саралай келе, оқушылардың кәсіби қызығушылығының қалыптасуына тигізер әсерін анықтау;
  • Оқушылардың кәсіби қызығушылығының қалыптастырудың педагогикалық – психологиялық алғышарттарын айқындау;
  • Оқушылардың кәсіби қызығушылығын қалыптастырудағы сабақтастықты саралай отырып, болашақ кәсіп иелерін даярлау ісінде пайдаланудың әдіс – тәсілдерің анықтау.

Практикалық сабақтар шығармашылық тапсырмаларды орындау, сайыс, пікірталас, дөнгелек үстоел, дебаттар, танымдық ойындар, КТК (көңілді тапқырлар клубы) кездесу кештері, тренинг т.б. формада ұйымдастырылады. Жүргізілу формасына көрнекіліктер, проблемалық ойындар, тестік, видео әдіс, сауалнама, өзіндік шығармашылық жұмыстар т.б. ідіс – тісілдер қолданылады.

 

    3 — Тақырып.

  1. Нұсқау.Дұрыс жауапты табыныз.

Педагогтың “Кәсіби мәртебе” ұғымын ендіру, үшін:

 

  1. Педагогикалық қабілет мінездемесінің жүйесін сызыңыз.
  2. Оқытушы іс — әрекеті жеке қасиеттерге кіріптар емес, керісінше олардың бір – бірімен үйлесімділігіне байланысты екендігін көрсету.
  3. Негізгі және көмекші қасиеттерді ірктеп көрсету.
  4. Педагог сапасының талдау жүйесін ашыңыз.
  5. Барлық жауапқа сенімділігіңіз.

 

 

Жауап:

 

 

  1. Нұсқау.Педагогикалық шеберлікке ұқсастығы жоқ сапаларды бөліңдер.
  2. Оқу үрдісін ұйымдастыру шеберлігі.
  3. Сабақта оқу шеберлігі.
  4. Үйрету белсенділігінің шеберлігі.
  5. Оқыту үрдісінде тәрбие жұмыстарын жүргізу шеберлігі.
  6.  

     6.

     7.

     8.

     9.

    10.

    11.

12.

 

 

Жауабы:

 

 

  1. Нұсқау. Қызметтің дұрыстығын тауып, бөліңдер.

 

  1. Аналитикалық
  2. Мақсаттылық
  3. Ерекшелеу
  4. Диагностикалық
  5. Дифференциялық
  6. Бағдарлау
  7. Болжамдау
  8. Жобалау
  9. Қарым – қатынас
  10. Жоспарлау
  11. Басқару
  12. Жазалау
  13. Жүйелеу
  14. Ақпараттау
  15. Кеңейту
  16. Ұйымдастыру
  17. Бағалау
  18. Көркемдеу
  19. Бақылау
  20. Коррекциялау

 

Сабақты қорытындылау немесе бекіту барысында танымдық ойындарды пайдалану, зерттеулер барысында тиімді нәтиже берері анық екеніне көз жеткізуге болады. Танымдық ойындар – кәсіби білімге құштарлығын арттырудың негізі болады.

          Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру барысында танымдық ойындармен қатар оларды шығармашылық жұмыстар арқылы көркемдік талғамын арттырып, білімге ынтасын дамытып, кітапты сүюге, оны өздігінен пайдалана білуге және талдай алуға үйрету қажет. Ал, үйретудің нәтижесі оларды шығармашылық істерге міндеттендіріп, ықыласын жетілдіріп, ой еңбегі саласындағы жұмыстарды орындай білуге төсілдіріп, өздігінен іздене білуге, ой – түсінігін, сезімдік әсерлерін нақты тұжырымдап жаза алуға үйрету болуға тиіс.

 

    4– Тақырып.

Шығарма – оқушының білім – танымдық дәрежесін, пікірін жүйелі жеткізе алуын тәлім – тәрбиелік және қабілет шамасын байқататын жазбаша түрдегі ой – еңбегі. Шығармашылық жұмыстар танымдық әрекет пен дербестіктің жоғары деңгейін анықтады. Өзіндік шығармашылық жұмыстармен бірге оқушылар меңгерген білімді, білікті бекітетін және дағдыны қалыптастыруға бағытталған өзіндік жұмыстар орындауға тиіс.Сонымен қорыта келгенде, зерттеу мәселесі жайында жарық көрген ғылыми еңбектерге талдау жасау арқылы сабақтан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні мен мүмкіндіктерін көрсеттік. Сонымен қатар жоғары сынып оқушылары арасында біршама жұмыстар жасалды. Мектеп көлемінде жүргізілген жұмыстар барысында жоғары сынып оқушылардың төмендегідей талаптарға сай болуы айқындалды:

Гуманитарлық және әлеуметтік – экономикалық ғылымның негізгі базалық қағидаларымен терең таныс болуын, сонымен бірге ғылымдардың негізгі әдістерін және түрлі кәсіптік әрекет — әдістерін өзінің кәсіби қызметінде қолдана білуге үйрету;

Ойлау мәдениетін меңгеру, оның нәтижесін жазбаша және ауызша түрде логикаға сай жеткізуге қабілетті болуы;

Ғылым техника және әлеуметтік – саяси жағдайды қазіргі білім беру технологиясын тиімді пайдалана білуге, жаңа білімдермен қарулануға қабілетті болуы;

Мектеп табалдырығында алған білімдерін ұлғайту;

Мамандық тандауға, таңдаған мамандығының қыр – сырын меңгеруде қызығушылық танытып іске асыра білу қажет;

Бұл талаптардын орындалуы жоғары сынып оқушылары үшін міндетті болып табылады.

Кәсіби білім берудің дамуы және тұлғалық қажеттілік үйлесімділігі төмендегі бағыттар арқылы жүзеге асырылады:

  • тұлғаның білім алу қажеттілігін қанағаттандырудағы кәсіби білім беру ролінің артуы;
  • білім берудің әр алуандылығының тиімді түрін іздеу және таңдау;
  • оқу орындары ұсынатын қосымша білім беру қызметі саласының дамуы;
  • Сәйкес мөлшерлік – құқылық база және психологиялық – педагогикалық қолдауды қамтамассыз етуді қалыптастыру арқылы оқушылардың өз бетімен білім алу жолын құрастыруына жағдай жасау;
  • Оқыту мен оқудың аралық тәсілі мен жүйесін дамыту;

Кәсіби білім беру жүйесінің қайта құрылу бағытының бірі сияқты мамандарды кәсіби даярлаудағы жекелеу нәтижесі бола алады.Мектептегі жоғары сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту, таңдаған мамандығына ынта – жігерін, кәсіби шеберлігін қалыптастыруда түрлі шаралар жүргізілді. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын анықтауда, оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін, танымдық қызығушылықтарын білім деңгейлеінің қаншалықты тұрғыда екендігі сауалнама сұрақтары негізінде айқындалды.

 

Қалыптастырушы эксперименттің деңгейі.

 

Деңгейлері

Эксперимент тобы

Бақылау тобы

Саны

%

Саны

%

1

Төменгі

7

25,9

10

40

2

Орташа

11

40,7

13

52

3

Жоғары

9

33,3

2

8

 

 

 

 

 

 

 

 

II Тарау бойынша тұжырым.

 

Адамзат тарихында адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы болғанда еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатының өмір тәжірибесі көрсетіп отыр.

Сондықтан қазіргі жалпы білім беретін мектептін алдында ой- өрісі кең, іскер адамды баулу, тәрбиелеу міңдеті тұр.

Осы тарау бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:

  • Бүгінгі күні кәсіби бағыттылықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан бастауы қажет;
  • Мамандар мен жұмысшы кадрларды даярлаудың құрылымдық және функционалдық реформасын жасау барысында мектеп оқушыларының кәсіптік бағдарын тәрбиелеу мәселесі өте актуалды;
  • Эксперименттік жұмыстар нәтижесі арқылы байқағанымыз мектеп оқушыларының кәсіби бағдарға даярлығының әр түрлі формалар арқылы жүзеге асыруға болады. Мұнда облыстық кәсіптік бағдар беру орталығының маңызы өте үлкен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың кәсіптік бағдарға дайындығын тексеруге арналған

 

 

САУАЛНАМА

 

1.Болашақтағы кәсібінді тандадын ба?

а) Жоқ   б) Ия

 

  1. Мамандығың туралы мағлұматты қайдан білдің?

а) Ата- анамнан, туысқандарымнан   б) Достарымнан  

в) Ақпарат құралдары арқылы   г) Мектептен

 

3.Таңдаған мамандығын өзіңе ұнай ма?

а) Ұнайды   б) Ұнамайды   в) Өте ұнайды  

г) Ұнайтын сияқты   д) Өзімде білмеймін

 

  1. Мектепте еңбек пәнінен нарықтық қатынастар туралы түсінік алдын ба?

а) Жоқ   б) Ия   в) Айту қиын

 

  1. Тандаған мамандығына өзіңді қазірден бастап даярлап жүрсің бе?

а) Жоқ   б) Ия   в) Айту қиын

 

  1. Осы мамандыққа қатысты жұмыстар істетің бе?

а) Жоқ   б) Ия   в) Өте аз

 

  1. Нарықтық экономикаға қатысты мамандықтарды білесін бе?

 а) Жоқ   б) Ия   в) Біраз блемін

 

  1. Болашақта осы мамандық бойынша жұмыс істейсінбе ?

а) Жоқ   б) Ия   в) Білмеймін

 

  1. Оқуынды бітіргенше тандаған мамандығынды өзгертпейсін бе?

а) Жоқ   б) Ия   в) Мүмкін   г) Білмеймін

 

  1. Сен өзінің тандаған мамандығынды меңгеріп кете аласын ба?

а) Әрине   б) Мүмкін   в) Білмеймін 

Адам бойында қажет, түрткі, ниет, тілек, ынта, ықылас т.б. қасиеттер танымдық қызығушылықты құрайды.Танымдық қызығу адамды білімге, кәсіпке, іскерлікке, іс- әрекеттілікке т.б. итермелейді.Танымдық қызығушылықтың туындау көрсеткіштері төмендегідей компоненттерге бөлінді.

— мотивациялық құндылықтары;

— оқу объектісіне бағыттау;

— технологиялық;

— шығармашылық;

Бұл аталған компоненттердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс- әрекет, игеру, нәтиже құралады.

Білім- жалпы, кәсіби, технмкалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады.Кәсіп- мамандық тандау, мамандықты менгеру.Ол университетте, институтта, кәсіби техникалық коледждерде, гимназиялар мен жалпы мектептерде беріледі. білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет.Іскерлік- оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс- шаралар, дағдыдан туындайды.Іскер болу үшін іс- әрекетті меңгеру керек. Іс- әрекет- әрекеттен, операция, қимыл- қозғалыстан тұрады. Бұл үрдістің орындалуы, игерілуі керек. Игеру- қабылдау, ұғыну, ойлану, пайымдау, бекіту, жүзеге асыру, қолданудан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалған соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.Білімнің түрлеріне келер болсақ жалпы, арнайы, кәсіби, техникалық болып бөлінеді.Білім алу үшін кәсіп, мамандық тандау, оқитын оқу орныңызды таңдауыңыз керек. Таңдаған кәсібіңізге іскерлік таныту үшін оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, дағды, білік т.б. қажет. Іс- әрекетті игеру, ұғыну жүзеге асыру, танымдық қызығушылықтың туындауынан қалыптасады. 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер.

 

          1.Назарбаев Н.Ә. Барлық қазақстандықтарға өсіп өркендеуінің қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуы.Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Егеменді Қазақстан» газеті 1997 ж 10 қазан 2- б

          2.Жұмабаев М. «педагогика» Алматы

          3.Шоқыбаев Ж. Өтпелі кезендегі кәсіптік бағдар. «Қазақстан мектебі» журналы 1987 №2 77- б

          4.Баширова Ж.Р. «Оқушылардың өнімді еңбегі және кәсіптік бағдар» Алматы 1986. 14-15 б. 52 б.

          5.Уширов Е.Тәрбие бастауы- еңбек «Қазақстан мектебі» журналы 1991 № 5 5б.

          6.Абдрахманов К. Кәсіптік щеберлікке дайындау «Қазақстан мектебі» журналы 1981 № 6 25-26 б.

          7.Асанов Ж. Кәсіптік бағдар беру- өмір талабы «Қазақстан мектебі» журналы 1991 № 8 23 б.

          8.Климов Е.А. «Как выбрать профессию» М. 1984

          9.Қонысбаева Р. Кәсіптік бағдар қажет «Қазақстан мектебі» журналы 1994. №7-8 10-13 б.

          10Хамидуллин С. Кәсіптік бағдар беру «Қазақстан мектебі» журналы 1990. № 5 49-50 б.

          11.Әбеуов И.Ә «Қазақ лицей интернаты жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын қалыптастыру» Пед. ғыл. канд. Диссертациясы. Алматы 1996-187б.

12.Абдраман Ш.А. «Жоғары техникалық оқу орындары студенттердегі кәсіби техникалық бағыттылықты қалыптастырудың дидактикалық негіздері» Пед. ғыл. док.дис.  Алматы 1998ж.

13.Голомшток А.Е. «Мектеп және мамандық таңдау» Алматы 1973ж.

14.Түрікпенұлы Ж. «Кәсіптік бағдар» Алматы 1995ж.

15.Мұқанов М. «Жас және педагогикалық психология» Алматы 1982ж.

16.Құдайқұлов М.А. «Қабілеттілік, дағды, шеберлік» Алматы 1986ж.

17.Лекер Қ. «Кәсіптік білім алған қапы болмайды» Егеменді Қазақстан 2000ж. 13 мамыр

18.Лекер Қ. «Кәсіптік білім: оны кәдеге асырған жас ұтылмайды» Егеменді Қазақстан 2000ж. 13 мамыр

19.Архамсова М. «Кәсіптік білімнің өзекті мәселелері талқыланады» Қазақстан мұғалімі 2000ж 15 наурыз 5б.

  1. Мүсілімов Ә. «Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудің жолдары» Қазақстан жоғары мектебі 2000ж. 4\5 92-94б.
  2. Ахметов Ә. «Басты міндет» Қазақстан мұғалімі 1998ж. 14 қазан 3б.
  3. Журасова А. «Қазақстандағы 20-30 жылдардағы кәсіптік білім беру мәселесі» Ізденіс. Гуманитар. Серия 1998ж.76-80б.

23.Баширова Ж.Р. «Оқушылардың өнімді еңбегі және кәсіптік бағдар» Алматы 1986ж.

24.Мажитов Л.Х. «Студенттердің кәсіби ынтасын қалыптастыру» Алматы 1994ж.

25.Қожамқұлов Т. «Кәсіптік бағдар» Алматы 1973ж.

26.Нұрмаханбетов А.Л. «Кәсіби бағдарлау мәселелері және өмір мағынасы» Педагогика 2005 16-19б.