АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: 31-арнадағы «Информбюро» ақпараттық қызметі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Журналистика факультеті

Телевизия және радиожурналистика кафедрасы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31-арнадағы «Информбюро» ақпараттық қызметі

 

 

 

 

 

 

Жоғары оқу орнын бітіру үшін

қорғалатын бакалавриаттық

 

Бітіру жұмысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

  1. Кіріспе……………………………………………………………………………….бет
  2. Негізгі бөлім.

        1-тарау. «31-телеарна» және ақпараттық бағдарламалар………….бет

        2- тарау.  «Информбюро» ақпараттық бағдарламасы: ақпарат          әзірлеудегі өзіндік ұстанымдар мен хабарлар дайындаудағы ерекшеліктер………………………………………………………………………………бет

  1. Қорытынды……………………………………………………………………..бет
  2. Сілтемелер……………………………………………………………………….бет
  3. Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 Журналистика қоғамымыздағы «төртінші билік» деп танылып, өміріміздің айрылмас бөлшегіне айналды. Ахмет Байтұрсынов айтқандай, «Халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» болып, қалың көпшіліктің мұң-мұқтажының жоқтаушысы қызметін атқару, яғни билік пен халықтың арасындағы дәнекерші болу. Дегенмен, заман талабына орай журналистиканың қоғамда атқаратын қызметтері де айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырады. Бүгінгі таңда жұртшылықтың ақпаратқа деген сұраныстары артып келеді, яғни БАҚ-тың ақпараттық функциясы дамуда. Осы орайда еліміздің электронды бұқаралық ақпарат құралдары да жұмыла еңбек етуде, олардың елдің соңғы жаңалықтарына деген сұранысын өтеу жолындағы қажырлы жұмыстары бүгінгі күнде жақсы деңгейден бағалана бастады. Мемлекеттік телерадиоарналардағы ақпарат берудегі өзіндік ұстанымдары, саясаты көбіне ресми бағытта, әрі қатаң қалыптағы сипатта болса, тәуелсіз электронды ақпарат құралдарында тақырып таңдаудағы еркіндік пен оқиғаға қатысты сын пікірлердің орын алуы қалыпты жағдайға айналып келеді.

Зерттеу жұмысын «31-телеарнадағы» «Информбюро» ақпараттық бағдарламаға арнауымыз да осы жоғарыда айтылған ойды нақты тұжырымдар арқылы дәлелдеу.

«31-арнаның» ақпараттар берудегі ұстанатын бағыты жайлы «Информбюро» қазақ бөлімінің бас редакторы Серік Сарыбаев өзінің ойын былайша білдіреді:

«Президент те, базарда арба итеріп, күнін көріп жүрген шиборбай перзент те халықтың баласы. Демек, екеуінің де парызы еліне адал қызмет ету. Журналист те сол  халқының, ұлтының аманатын

арқалаушы. Ал, аманатқа қиянат жүрмейді.  Өкінішке қарай біздегі

БАҚ осы түсініктен жаңылысты. Ақпарат құралдарымыз кез келген

шенеуніктің сөзін іліп алып, жарапазан айтқандай жұрт құлағын шуылдатып жатады. Әсіресе, бір айтылған жолдауды бір жыл талдап, жағы ауыратын мемлекеттік БАҚ-тың жағдайы мүшкіл. Ал негізінде БАҚ халықтың үнін, талабын  билікке жеткізуші және сол талаптың қалай қабылданғанын  қадағалап отырушы болуы керек. Яғни, екі арадағы дәнекер. 

      Сондықтан «Информбюрода» біз әуелі халықтың мұң-зарын,  жай-күйін бірінші кезекке қоямыз. «Билік жылап жүргендердің көз жасынан қорықса екен» деп Шаңырақ, Бақай оқиғасын талмай қозғап келе жатқандығымызды көрермен қауым біледі. Ал, Астанада айтылған сөзді «ләббайлап» қағып алып, «алақайлап» жатқандар бізсіз де жетеді. «Бұл біз ресми жаңалықтардан мүлдем безінеді» деген сөз емес. Аса маңызды дегендері «Информбюро» шығарылымында күнделікті беріліп жатқанын жұрт жақсы біледі».

Міне, бұл жерден арнаның ақпарат берудегі мақсатын айқын аңғаруға болады. Яғни, зерттеу жұмысының мақсатының өзі «Информбюро» бағдарламасын жан-жақты қарастыру.

Зерттеу барысында төмендегідей міндеттерді алға қойдық:

1.      «31-арнадағы» берілген ақпараттық бағдарламалар және олардың ерекшелігі;

2.      Телеарнаның ақпарат берудегі негізгі ұстанымдары қандай?

3.      «Информбюро» ақпарат беру өзіндік әдіс-тәсілдері қандай?

4.      Негізгі көтерілетін тақырыптар қандай?

5.      Аймақтағы жаңалықтар қалай беріледі?

6.      Шетел ақпараттары қалай дайындалады?

7.      Тілшілердің жұмыс істеу әдіс-тәсілдерінің ерекшелігі неде?

8.      Көрерменнің ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру

     дәрежесі қандай?

Зерттеу жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарау «31-телеарна

және ақпараттық бағдарламалар» деген тақырыппен зерттелген. Бұл тарауда жалпы «31-телеарнаның» ақпараттар беру ұстанымы және олардың түрлері теориялық және тәжірибелік тұрғыдан сөз етілді. Телеарнаның елімізде болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттарды жан-жақты беру және талдау жолдары «Тұжырым», «Состояние.KZ» «Точки над Ы» хабарлары арқылы көрсетілді. «Информбюро ақпараттық бағдарламасы: ақпарат әзірлеудегі өзіндік ұстанымдар мен хабарлар дайындаудағы ерекшеліктер» деген екінші тарауда «Информбюро» жаңалықтар топтамасының ақпараттарды жинап-даярлау және ұсыну бағыттары сөз болып, жаңалық жүргізушісіне қойылатын талаптар жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, телеарнаның еліміздің аймақтарынан хабарлар беретін тілшілері жайлы және шетелдік ақпараттардың әзірлену барысы туралы тұжырымдар жасалды. Қорытындыда «Информбюро» жаңалықтар топтамасының ақпарат әзірлеудегі және оны ұсынудағы өзіндік ерекшеліктері мен олқы тұстары бірнеше бағытта тұжырымдалып, көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«31-телеарна» және ақпараттық бағдарламалар

Түрлі ақпараттық, сараптамалық, әлеуметтік және саяси бағдарламаларымен ерекшеленетін телевидениенің бірі — «31- арна». Бұл арнаның тарихына келетін болсақ,  1992 жылы қазанның 24-інде Арманжан Байтасовтың жетекшілігімен “31-арна” телерадиокомпаниясы құрылды. Алғаш рет ұжым құрамында бар-жоғы 4 адам болған. Телерадиокомпанияның эфирдегі тұсауы 1993 жылдың 12 ақпанында кесілді. Сол кездің өзінде-ақ арна жұмысының басты жобасы анықталған. Эфирге жаңадан шыға бастаған арнаның бірнеше жеке хабары болды. Сондай-ақ танымал фильмдер тікелей (трансляция) көрсетілді.
          “31-арна” деп аталуы арнаға бөлінген жиілік нөміріне сәйкестендірілген. Осыған орай, компания өзінің дәстүрлі даму үрдісі негізінде саяси, экономика құрылымы жөнінде шынайы, әділ ақпарат беруді алдыңғы кезекке қойып келеді.

Бүгінгі “31-арнаның” эфирін 3 бөлікке бөліп қарауға болады. Мысалы, жаңалықтар, сериалдар мен фильмдер және кең аудиторияға арналған бағдарламалар. Олар орыс және қазақ тілдерінде тарайды/1/.
          2003 жылдың шілде айынан бастап “31-арна” Intelsat 904 серігі арқылы сапалы жаңа сандық арнаға ауысты. Жалпы “31-арна” толқынының қабылдау аумағына Қазақстаннан басқа Ресейдің орталық аймақтары, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстанды есептемегенде, Орталық Азияның өзге де мемлекеттері енеді. Қазіргі кезде осы елдердің телерадиокомпанияларымен “31-арнаны” ретрансляциалау мүмкіндіктері қарастырылуда. Оның таралу жүйесі  ашық болғандықтан, бағдарламаларды Қазақстанның кез келген өңірлерімен жоғарыда аталған шетмемлекеттердекөругеболады.

2004 жылдың ақпан айында жаңа студиялық кешен пайдалануға

берілді. Қазіргі заманғы телевизиялық құрал-жабдықтар күрделі

бағдарламаларды жасауға жол ашты. Арнаның түсіру тобы (оператор бөлмесі), бағдарлама бөлмесі мен эфир студиясы жаңа сандық қондырғылармен жабдықталған. Бұл жеке бағдарламалар жұмысының жоғары сапада дайындалуына ықпал етеді. Осылайша, “Информбюро» студиясы халықаралық талаптарға толық жауап беретін дизайн мен  жарық түсіру ерекшелегінен жаңа сипатқа ие болды.

        Ақпарат кеңістігінде 11 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан “31-арнада” ешқашан кері кету болған жоқ. Компанияда тек алға жылжу қарқыны анық байқалады. Әрі ол күннен-күнге кәсіби, техника және қаржы жағынан нығайып келеді. Бүгінде кәсіпорындағы қызметкерлердің саны 850-ге жетті. Компанияның аймақтық таралу жүйесі Орта Азия мен Қазақстанда алдыңғы орындардың бірінде. Демек, “31-арна” республиканың барлық өңірлері мен жақын шет мемлекеттерде көрсетіледі. Компанияның өкілдері Қазақстаның барлық ірі қалаларында жұмыс істейді. 

 1993ж. 12 сәуірбірнеше жеке хабары бар “31-арна” эфирге шықты. Бастапқыда арна танымал фильмдерді көрсетумен шектелді.

1994 ж. 5 қазан103.5 FM әуе толқыны арқылы “Радио31”  халыққа хабар тарата бастады.

1995 ж. 12 маусым“31- арна” ТРК “Internews Network Қазақстан” халықаралық компаниясымен серіктестік байланыс құрып, бірлесіп жұмыс істей бастады.

1995ж. 25 желтоқсан — “31-арнаның” бастамасымен үздік теле және радиохабарға арналған қазақстандық “Алтын жұлдыз” байқауы алғаш рет ұйымдастырылды.

1997ж. 18 ақпан – “31-арна” ТРК тендерді ұтып алып, Алматы қаласы мен облысына жедел хабар тарату лицензиясының құқығына ие болды.

 

1997ж. 1 маусым— “Музыкалық 31-арна” жастар бағдарламасы өз

жұмысын бастады.

1997ж. 3 қыркүйек— қазақ және орыс тіліндегі “Информбюро” ақпараттық бағдарламасы алғаш эфирге шығып, көрермендер жүрегіне жол тапты.

1998ж. “Сезон” журналы, арада аз уақыт өткеннен кейін “Сезон ДМ” журналы жарық көрді.

1998ж 7 наурыз — А.М. Байтасовтың “Центр внимания” авторлық сараптамалық бағдарламасы шықты.

2000ж. 5 тамыз— жаңалықтар бөлімі негізінде радиодан “Информбюро – Радио31” ақпараттық бағдарламасы шықты.

2000ж. 7 қараша— “Мегаполис” қоғамдық-саяси апталық басылымы жарық көрді.

2000ж. 22 желтоқсан Қазақстан Телерадиохабар таратушылар Ұлттық қауымдастығы құрылды. Ол республикадағы қырыққа тарта мемлекеттік және жекеменшік телерадиокомпанияның кәсіби бірлестігі болды. “31- арна” Қазақстан Телерадиохабар таратушылар ұлттық қауымдастығын құрушылардың бірі болды. Оның алғашқы президенті медиа-холдингтың басшысы А. Байтасов бұл қызметті 2004 жылдың ақпан айына дейін атқарды.

2001ж. 1 ақпан — Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Ақтөбе, Теміртау, Өскемен, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Лисаковск, Екібастұз, Орал қалаларында тәулік бойы көрсететін арнаның жалпы ұлттық тележүйесі іскеа сырылды.

2001ж. 7 ақпан— “Мегаполис-Недвижимость” басылымының алғашқы саны жарық көрді.

2001ж 7 наурыз – “31-арна – Астана” телекомпаниясы алғаш рет

көрсетілді.

2001ж. 25 шілде — “31-арнаның» эфиріне “Тор-20 Қазақстан” жаңа

музыкалық жоба көрсетілді.

2002ж. 9 наурыз — “Мисс 31-арна — Қазақстан” Ұлттық телевизиялық арулар байқауы бірінші рет өтті .

2002ж. 15 сәуір — Б. Уәлидің “Еркін сөз” авторлық бағдарламасы қазақ тілінде шықты. Хабар қазақ қоғамының мәселелеріне арналды.
2002ж. 16 қыркүйек — “31-арна” медиа-холдингтың құрамына “Таң” телекомпаниясы кірді.

2002ж. 28 қараша – автожүргізушілерге арналған “Мегаполис за рулем” газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шықты.

2003 ж. шілде -Intelsat 904 серіктік жүйесі арқылы сандық форматта таралды. Бұл хабар тарату ауқымының Ресей, Орталық Азия елдеріне жетуіне көмектесті. Серіктіктің күші шағын антенаның көмегімен-ақ жиілікті ұстай алды. Осылайша оның аумағы Қазақстан мен Ресей өңіріне ғана емес, сонымен қатар Орта Азия (Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан) елдеріне де таратылып, “31-арна” көрсетіле бастады.
2003 ж. 7 қыркүйек –“Состояние.kz” авторлық сараптамалық бағдарламасы эфирге шықты.

2004 ж. сәуір – Күрделі хабарларды түсіруге мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі телевизиялық жабдықтармен жасақталған жаңа студиялық кешен іске қосылды.

2004 ж. қазан – “Радио 31” өзінің 10 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті. “Астана” алаңында өткен концертте Қазақстан мен шетелдердің эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Мерекелік шараны тамалашауға келген көрермендердің саны 70 мыңға жетті.
2005 ж. 8 ақпан“Тұжырым” ақпараттық-сараптамалық бағдарлама эфирге алғаш рет шықты. Тікелей эфирде өтетін хабардың мақсаты

саяси, әлеуметтік, ұлттық мәселелерді кеңінен талқылап, белгілі бір

қорытынды жасау болып табылады /2/.

Телеарнадағы ақпараттық бағдарламаларға келетін болсақ, олар

«Информбюро», «Деловые новости», «Тұжырым» және “Состояние.kz” ақпараттық-сараптамалық бағдарламалары бар.

«Состояние.KZ» бағдарламасының жүргізушісі және атқарушы продюсері – Евгений Грюнберг. Бұл бағдарлама жайында өзі былай дейді: «Осындай хабар ашу идеясы менің және әріптесім Виктор Климовтың ойына хабар ашылғаннан 3 жыл бұрын келген. Оны қалай жасаймыз деген сұраққа талай рет жауап іздестірдік. Басында жобаны “Достояние республики” деп атап, халыққа билік жайында, ал билікке халықтың жағдайын жеткізбек болғанбыз. Ақырында бағдарламаның аты “Состояние.kz” болады деген ортақ тоқтамға келдік. Ал оның бағыты саяси да, сараптамалық та болмайтын болды. Біз тек қана бүгінгі таңның келбетін әр қырынан көрсетуді мақсат етіп қойдық. Бұл бағдарлама қоғамның айнасы десек артық айтқандық емес»/3/. Бұл бағдарламадағы журналистер: Дарья Бублик, Евгения Николенко, Қайрат Балтабаев, Галина Рыжкина, Светлана Британова, Мұрат Нұрбаев. “Состояние. KZ” -тің бұрынғы журналисі Мұрат Нұрбаевтың ақпараттық бағдарламалардың қоғамдағы маңыздылығы туралы пікірі мынадай: «Эфирге дайындаған материалдардың әр түрлі тақырыпта болғанын айта кету керек. Соның ішінде қорғауда “31-арнада” жасаған материалдардың өзектісін таңдап алып көрсеттім. Оның бірі Жамбыл облысында болған жойқын зілзала. Жер дүмпуінен кейінгі табиғат апатынан зардап шеккен халықтың әлеуметтік тұрмысы. Мен шағын аудиторияда отырған мұғалімдер мен курстастарымның толғанып кеткенін байқадым. Міне, теледидардың тылсым күші мен мүмкіндігі осы шығар деген байламға келдім. Журналист толық бере алмаған ақпаратты бейнетаспа көрсетіп,

сюжетті аша түседі екен. Телеарнада ақпаратты жеткізуде

бейнетаспа мен журналистік тәжірибенің айрықша үлес қосары

анық»/4/. Өмірде жағдайлар әр түрлі болады: қуанышты, қайғылы,

қауіпті, көңілді, әділетсіз де. Авторлардың айтуынша, ең бастысы “Состояние KZ” хабары бұлыңғыр болмау қажет. Олар мемлекетімізде болып жатқан оқиғаларды, жаңалықтарды  қызықты, дәйекті, шынайы, жан түршігерліктей етіп береді. Бағдарлама әрбір көрерменді елітіп, көкейінен шығатын жағдайды ұсынады. Кім біледі, бүгін “Состояние KZ” хабарының авторлары қозғаған оқиғалар ертең біздің және мемлекетіміздің ортақ тарихы болуы да ғажап емес.

«31-арнадағы» келесі ақпараттық бағдарлама ол – сұхбат түрінде көрініс табатын «Тұжырым» бағдарламасы. Авторы, әрі жетекшісі – Серік Әбікенұлы Сарыбаев. Жүргізушілері – Досымбек Қонысбекұлы және Досан Қызайбекұлы. «Дәл қазіргі мемлекеттің дамып, көптеген келелі мәселелердің көтеріліп, кейбірінің шешуін таппай жатқан кезеңде журналист үшін жұмыс жоқ деудің өзі күлкілі. Кез келген мәселенің екі жағын да байыптап қарасаңыз проблемасыз, жайма-шуақ күн кешіп жатпағанына көз жеткізесіз. Міне, біздің бағдарламаның басты мақсаты қоғамның бүлкілдеген тамырын дөп басып, анығын айтып, ТҰЖЫРЫМ жасау. Оның сыртында ұлттық мәселелерге, мемлекеттік тілге көбірек көңіл бөлу. Бағдарлама сейсенбі және бейсенбі күндері эфирге шығатындықтан, біз сол күнгі жаңалыққа ден қойып, белгілі бір мәселенің төңірегінде әңгіме қозғауға тырысамыз. Студияға екі қонақ шақыратынымыздың да басты себебі осы. Яғни, белгілі бір өткір мәселеге жан-жақтан талдау жасап, тақырыпты мейлінше аша түсу. Қоғамды толғандыратын саяси, әлеуметтік, ұлттық т.б мәселелер талқысына кіріспе есебінде әуелде жаңалықтарда ауқымды бейнематериал беріледі. Ал жаңалықтар аяқталысымен эфирге “Тұжырым” бағдарламасы шығып, студияға

шақырылған екі қонаққа мәселеге терең үңілуге мүмкіндік жасалады.

Бағдарлама тікелей эфирде жүретіндіктен, оның көрерменге әсері де

ерекше болуы тиіс деп ойлаймын» -дейді бағдарлама авторы /5/.

«31-телеарнада» заметка, сұхбат, репортаж сияқты ақпараттық жанрлар көптеп пайдаланылады.

Телеақпарат – ең басты жанр, әрі ол экран кестесінің көп бөлігін алатын «Таңғы», «Күндізгі», «Түскі», «Кешкі», «Қорытынды» жаңалықтар екі тілде көлемі 20-30 минуттан беріліп жатады. Жанжалдық хроника, саяси, экономикалық, әлеуметтік, спорт хабарламалары жаңалықтардың көп бөлігін құрайды. Жаңалықтардың молдығынан көрермендердің көпшілігі бүгінде хабардың алдына берілетін қысқаша «лидке» көңіл аударып, сол арқылы өзіне керекті деген тұстарға ғана назар салады. Бүгінде уақыт талабына сай ұлттық және тәуелсіз телеарналар жаңалық хабарларына аса мүдделілік танытуда. Іскерлік және саяси бағытты ұстанған телеарналар жаңалықты беру кезінде шыншыл, әділ, бейтарап бағдарды ұстанады. Зерттеушілер ақпараттық публицистика жанрларына заметка (бейнесюжет), телесұхбат, телерепортаж, телеесеп, сөз сөйлеуді жатқызған/6/.

Заметка – журналистиканың ақпараттық жанры. Ең қарапайым, ең жеңіл жазылатын түрі. Ол мән-маңызы бар факті, оқиға немесе құбылыс туралы хабарлауды ғана, қоғамға мағлұмат беруді ғана мақсат етеді. Бұл жанр телевидениеге де, радиоға да, баспасөзге де ортақ. Заметканы кейде хроникалық хабарлау деп те атайды. Себебі хроника – «chronos» грек тілінен аударғанда уақыт деген мағынаны. Ал, журналистикадағы хроника фактінің қысқаша хабарлануы.

Телевидениеде заметка жанры ауызша хабарлау түрінде және видеозаметка түрінде көрініс табады. Көп жағдайда заметка ақпаратты бейнесіз ауызша хабарлау түрінде орын табады. Жаңалықтар эфирге шықпастан екі-үш минут бұрын келіп түскен өте маңызды ақпарат болса, я болмаса түсіру мүмкіндігі жоқ кезде, оның бейнематериалы тапшы кезде заметканың ауызша түрі кеңінен қолданылады/7/. Мысалы, «31-телеарнада» берілген төмендегі ақпаратты алып көрейік. «Шығыс Қазақстан облысында 11 автомектеп жабылды. Бұған мекемелердің тиісті талаптарға сәйкес келмеуі себеп болған. Полиция дерегі бойынша, Өскеменде жүргізушілер дайындайтын 30 автомектеп тіркелген. Тексеру кезінде соның бесеуі жабылып, алтауы өздеріне жүктелген міндетті атқара алмағандықтан өз еріктерімен жұмысын тоқтатқан. Бүгінде жүргізушілерді дайындауға қатаң талап қойылуда. Ал, ол талаптарды орындамаған мектептер бірден жабылады. Былтырғы жылы Өскемен бойынша 296 көлік апаты тіркеліпті. 74 адам қаза тапқан. Бұған көбінесе жүргізушілердің кәсіби деңгейінің төмендігі себеп болып отыр, -дейді мамандар/8/.

Аз жол, санаулы сөзбен басты ақпаратты кім, не, қашан, қайда болғанын толық хабарлайды. Ең қажетті, ең маңызды фактілер алынғаны абзал. Бірақ, бұл жанр неге? қалай? деген сұрақтарға автор жауап бермейді. Егер берілетін ақпарат талдауды немесе пікір білдіруді қажет етсе, ол үшін басқа жанрлар қолданылады. Эфирге заметка жанрымен шығатын ақпарат іріктелініп алу керек. Яғни, ол өте маңызды ақпарат болу керек. Кейде ол тақырыбы жағынан ұқсас екі ақпаратты қосып хабарлайды/9/. «Кеше ОҚО Қазығұрт ауданы Қақпақ полигонында тағы да жарылыс болды. Бұл оқыс оқиғадан 1972 және 1977 жылы туылған екі жігіт ауыр жарақат алып, аудандық ауруханаға түскен. Ал, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында болған қақтығыстан қаза тапқандар саны 5 адамға жетті. Жанжал кезінде жарақат алған 1969 жылы және 1956 жылы туылған 2 азамат ауруханада көз жұмды. Марқұмдар Есік қаласындағы аудандық ауруханада жатқан еді. Ал, төбелесті бастағандардың біріне халықаралық іздеу жарияланды. Ішкі істер министрілігінің

хабарлауынша, Тахир Махмахановқа «қасақана адам өлтірді» -деген айып тағылған. Қазіргі уақытта оның отбасы ҚазАтКом ауылынан

көшірілді. Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 17-сінде осы елді-

мекенде үлкен қақтығыс болған еді. Бүгінде осы қайғылы оқиғаға байланысты 4 қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр»/10/.

Ақпаратты хабарламаның яғни, видеозаметканың екі түрі бар. Біріншісі, ресми, дәстүрлі жаңалықтар. Оған заң шығарушы орындар, пресс-конференциялар да жатады. Мұндай сюжетті түсіру барысындағы сьемкада оператор журналистің нұсқауына жүгінбейді. Себебі бұл – кәдуілгі оператордың да, журналистің де дағдыланған тақырыбы. Монтажда да залдың, отырыстың жалпы планы, сөйлеушінің ірі планы, тыңдаушыларды көрсететін бірнеше кадр және басқосуға қатысушыларың (депутаттардың немесе журналистердің) планы. Бұл ең қарапайым, қалыпты сюжет болып саналады.

Заметканың екінші түрі авторлық немесе сценарлық деп аталады. Мұнда ақпарат берудің сапасына тікелей журналистің шығармашылық ізденісінің қатысын байқауға болады. Авторлық сюжетті дайындау барысындағы журналистің қызметі мынандай этаптардан тұрады: тақырыпты таңдау және бекіту,  түсірілетін объектіні жан-жақты білу, сценарлық жоспар құру съемкаға, монтажға және мәтінін жазу. Мәтінге қойылатын талаптарға тоқталсақ, мәтіні нақты және қысқа, ойды ықшам қайырып жеткізе білу керек. Бірақ, көрермендердің зердесінде туған сұрақтарға жауап беру керек. Бұл жерде маңыздысы, мәтін бейнені қайталамау керек, яғни мәтінді бейнекөрініспен жарыстырмау керек. Мысалы, «мінберге шығып келе жатыр», «көрермендер қол шапалақтады» деген сөздер болмау керек. Себебі ол экранда сөзсіз-ақ бейнекөрініспен анық көрініп тұр. Мәтінге қойылатын тағы бір талап, кей ресми жаңалықтарды тірілту. Көрермендерге оны түсінікті етіп жеткізу. Асылы, бұл жанр ғылыми терминдерді, орағытып алыстан басталған ұзақ сөйлемдерді көтермейді. Кадр сыртындағы мәтінді

жаңалықтар жүргізушісі өзі оқиды. Ал, мәтінді эфирге дейін журналист-автор дайындайды/11/. Заметканы Құдайберген Тұрсын бейнесюжет деп атағанды жөн көрді. Бейнесюжет – «заметка», «белгі», «қысқа жазба» шындықтан алшақ болмаса да, көңілге қонымдысы «бейнесюжет» деген атау. Журналист өз шығармасын неден бастайды? Жанрдың негізгі функционалдық міндеті актуальды жаңашылдықтарды хабарлау, әрі оның өзегінде қоғамды толғандырып отырған шұғыл, қоғамдық мәнге ие дерек жатады. Оны айқындайтын белгісі ондағы жаңалық пен берілуіндегі қысқалық. Журналист үшін маңыздылығы оқиғадағы деректі көріп қана қою емес, ол жайлы баға әрі түсініктеме беру. Бейнесюжеттің кең тараған қысқа түрі – хроника, әлде жаңалық болып табылады. Хроника – тарихи оқиғаны реттілік жүйелілікпен беру жайлы жазба (сондықтан журналистерді көпшілігінде оқиға не қазіргі кезең жылнамасын жазушылар деп те атайды.) Сондықтан журналистикадағы хроника – дерек төңірегіндегі қысқаша хабарлама.

Қысқа жаңалықтарды берудің екі түрлі жолы бар. Дербес, ол оқиға, сенсация жайлы ақпаратты беру кезінде, ал бір тектес, ол ақпаратты ретімен және бүге-шігесіне дейін беру мезетінде қолданылды. Шебер журналист аудиторияға небәрі 10-30 секунд аралығында 35-40 сөзбен Кім? Не? Қайда? Қашан? Не үшін? Неліктен? деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Сондықтан сюжеттің композициялық құрылымы осы мақсатқа бағындырылуы қажет. Негізгі дерек хабардың басында беріледі де, екінші кезектегі материал өзінің мәнділігіне қарай одан кейінге орналастырылады. Мұндай мүмкіндік материалдағы ойдың өз мәнін жоғалтуына жол ашады.

Сценарийдегі негізгі ой әлде оқиға сюжетіндегі арқау «лид»

түрінде берілуі мүмкін. Алайда, журналистерге алғашқы сөйлемді

құрудың екі қиындығын атап айтуға тиіспіз. Біріншіден, оқиғадағы ең мәнді жайды хабарлау; екіншіден, алғашқы жолдардан көрермендер

назарын өзіне аударту. Тележүргізуші хабардың басында актуальды мәселені хабарлауы, не жоғары лауазымды тұлғаның ойын келтіруі, әлде оқиғаның қорытындысын мәлімдеуі қажет болуы ықтимал. Егер лидта автор оқиға арқауын бейнелеуге ұмтылыс жасаса, ол хабардың бастауында қандай да бір әрекет жайлы түсінік беруге ұмтылыс танытады. Бейнелі түрде айтқанда, лид автордың бастау алар ұстанымы болса, ол бастама алға жылжудағы бірінші қадам болып табылады. Алайда, бейнесюжеттің композициялық құрылымының айрықшылығы, онда қорытынды бөлімнің болмайтындығы/12/.

Телевидение жүргізушілерінің ақпаратты жеткізудегі тәсілі —  ауызекі тілде сөйлеу. Журналистің кадрде сөйлеп тұрып, аудиторияның ықыласын өзіне аударуын қадрдағы сөз деп атайды. Кадрдағы сөз бұл жанр емес, автордың көрерменге түрлі ақпарат жеткізудің бір түрі. Және экраннан тіл қатқан журналист көрерменге қандай да бір ақпаратты хабарлап қана қоймайды, айтылған фактіге байланысты аудиторияға әсер етіп, реакция туғызып, қандай да бір әрекетке талпындыруы тиіс. Ал, форма жағынан тележурналистің сөзі ауызша сипат алады. Экран тілі хабарлау, шақыру процесін жүзеге асырады. Кадрден сөйлеп тұрған адам камераның обьективіне қарап тұрып, сол камераның ар жағында үлкен аудиторияның барын ұмытпау

керек.

Телевидениедегі кадрда сөйлеудің негізінде белгілі бір дерек, дәйек, дәлел арқылы ашылатын ой, идея жатады. Сол дәйектің көмегімен пікірлердің екіұштылығына қарамастан, халықтың көзін

белгілі бір нәрсеге көзін жеткізу мақсатында сөйлейді. Сондықтан мәтін

жігерлі болу керек, ал сөйлейтін сөз драматургия заңдарымен құрылуы тиіс. Бұл жерде сұрақ туылады. Драматургия диалогты талап етеді. Ал,

кадрда сөйлеген сөз тек монологтан ғана тұрады. Бірақ, телевидениенің диалогтік табиғаты кадрда сөйлейтін сөзге әсер етеді. Кадрда сөйлеп

тұрған адам аудиториямен ойша диалог құрып отырады. Ол ішінен

көрермендердің санасында туу мүмкін деген сұрақтарға жауап бере отырып, мәтінін дайындайды. Бұл – кадрде сөйлеудегі мәтіннің құру принциптері.  Композиция – форманы  құрып тұратын элемент, ол кез келген шығармаға бүтіндік пен тұтастық береді. Кадрда сөйлеудің ең бірінші талабы, тақырыпты анықтап алу, тыңдарманды көтеріліп отырған мәселемен таныстыру (кіріспе ретінде), сосын негізгі фактімен таныстыру, дәлелмен келтіру (негізгі бөлімі), тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту (қорытынды). Сөйлеушінің мәтінінің әр бөлімі бір-біріне ұйқас болу керек. Автор сөзінің сәтті шығуы оның сөйлеу техникасы мен әдіс-тәсілдеріне байланысты. Орыс шешені А.Ф. Конидің пайымдауынша, тыңдаушының көңілін аулау үшін мәтіннің бірінші сөздері өте қарапайым, түсінікті және қызық болу керек. Кез келген тыңдарман құлақ асып, назар аударатындай болу керек. Ол үшін сөздің басында өмірден мысал келтірсе, оғаш цитата келтіріп немесе тосыннан сауал қойған жөн болар. Ондай кіріспені  табу үшін автор мәтінінде қандай мәселе қамтып, іштей жоспар құру керек. Бұл шығармашылық жұмыс.  Мәтінге қатысты талап осындай. Алайда, телевидениеде аудитория мәтінді тыңдап қана қоймайды кадрде сөйлеп тұрған адамды да көреді. Психологтардың пікірінше, оқырман санасына ақпаратты 40 пайызына дейін дауыс ырғағы мен екпін жеткізеді екен. Осы орайда сөйлеушінің дауысы, логикалық пауза, логикалық екпін өте керек. Оған қоса, сөйлеушінің ым-ишарасы, сыртқы бейнесі, өзін-өзі ұстауы да маңызды орын алады. Жалпы, телевидениеде кадрда

сөйлеудің үш түрі бар:

       — Мәтіндік. Мұнда сөйлеуші журналист мәтінді өзі дайындап,

жазып, редактордың тексеруінен өткізеді.

— Тезистік. Мұнда журналист қозғайтын тақырыбын тауып, қандай мәслелерді қамтитынын, және сұрақтарды алдын-ала ойластырады.

Тезис – мәтіннің мазмұнын және көрсетілімнің сипатын анықтайтын

(фотосурет, карта, сызба, макет) сценарлық жоспар, тауып қояды.

– Суырып салма. Мұнда журналист тек қана тақырыбын ғана және сөйлейтін сөзінің уақытын, яғни хронометражын ғана біледі/13/.

Мұндағы мәтіндік сөйлеу телевидениеге аса келмейтін тәсіл. Себебі телеэкранда тек табиғилықты ғана телеаудитория жақсы қабылдайды. Мәтіндік тәсіл көбіне қоғамда рөлі өте маңызды тұлғалар көп пайдаланады. Мысалы, Президенттің халыққа жолдауы, қоғам қайраткерінің халыққа мәлімдемесі. Бұл жерде айтылатын ойдың, тұжырымдамасында дәлдік өте қажет. Сондықтан олар алдын-ала жазылған мәтін бойынша сөз сөйлейді. Бірақ, бұл әдіс тікелей эфирде болатын ақпараттық бағдарламаларда өте жиі қолданылады. Мысалы, «Информбюро», «Хабар», «Тәулік тынысы», «Күндерек» жүргізушілеріне эфирге шығуына телесуфлердің рөлі өте маңызды. Ол жүргізушіге табиғилық сипат беріп, оның оқып отырған емес, камераға қарап, сөйлеп отырған бейне жасайды.  Алайда, бұл жерде мәтінді жүргізушінің өзі жазғаны тиімді болады. Себебі жүргізуші мәтінін, біреудің жазған сөзіне қарағанда әлдеқайда сенімді, нық көрерменге жеткізетіндей дауыс ырғағымен оқиды.

Телесұхбат – публицистиканың ақпараттық жанрлар тобына кіреді. Тележурналист өзіне қажетті мәліметтерді маңызды деген оқиғаларға қатысып, ондағы деректермен және өзге де мәліметтермен танысып, әрі адамдармен сөйлесе келе жинақтайды. Телепублицистика жанры негізінен көркемдік-бейнелеуші құралдарды сөзбен, диалогпен бірлікте

көмкеріп отырады. Себебі теледидардағы коммуникативтік үрдіс ондағы әлеуметтік жүйе ретіндегі сөзге ерекше мән береді. Сұхбат

ағылшынның «беседа» деген сөзінен шыққан. Мағынасы баспасөзде

жарияланып, радио мен теледидардан берілуге арналған саяси, қоғам қайраткерінің баспасөз, радио, теледидар қызметкерімен болған әңгімесі

дегенді білдіреді/14/.

Телеэкранда сұхбат жанры айрықша орынды иемденеді. Жаңалықтардың бірде-біреуінде журналист сұрақ қоймаған, не оқиғаға қатысушымен тілдеспеген деректі кездестіру қиын. Сұхбат- теледидардың сан алуан түрлерінде үздіксіз кездеседі. Теледидарда осы жанрда арнайы хабар да жасалады. Оған С. Оразалиновтың ақын-жазушы, өнер қайраткерімен жүргізген «Сұхбат» хабары дәлел. Сұхбат жанры сұрақ-жауапқа құрылатындықтан түйіскен, әдістік, бағдарламалық және экрандық деп бөлінеді.

Анкеталық сұрақ – журналистке әңгімеге қатысушының өмірбаяндық мәліметтерін әр телехабар барысында қажетті болып қалатын жайларды білуіне мүмкіндік туындатады. Сауалнамалық мәліметтерді сөзсіз, құр баяндау әңгімеге қатысушы әрі аудиториямен арадағы байланықа нұқсан келтіреді. Сондықтан әрбір сөзге, сандық көрсеткіш пен мәліметтерге терең ойлылықпен қараған дұрыс.

Бағдарламалық сұрақ – экраннан өтіп жатқан тақырыпқа байланысты әңгіме. Сұхбатқа қатысушылар үш категорияға бөлінеді:

1.                             Саяси және мемлекеттік қайраткерлер, белгілі бір саладан арнайы білімі бар мамандар; олардан қоғамдағы келелі

мәселелер туралы әңгіме қозғалады. (Сұхбаттың бұл түріне «Тұжырым», «Бетпе-бет» бағдарламаларын жатқызуға болады.)

2.                             Танымал тұлға, оның өмірі мен қызметі жайлы көпшілікке кең түрде мәлімет беру. («Ән мен әнші»)

3.                             Үйде, көшеде, қызметте кездесетін қарапайым, жай

адамдар, олармен қандай да бір оқиғаға  туралы пікірлерін білу үшін сұхбат алынады. (Ақпараттық, талдамалық бағдарламалардағы

бейнематериалда көп пайдаланылады. (Мысалы, «Информбюро»,

«Состояние.KZ»)

Сұхбат-портретте мақсат әңгімеге қатысушы тұлғаны барлық

қырынан жан-жақты алу және қатысушы тұлғаны барлық қырынан жан-

жақты ашу және бойындағы әлеуметтік-психологиялық, сезімдік мінезге беріледі.

Проблемалық сұхбатта проблеманы шешу жолдары түрлі көзқарастарды айқындау бағытында қойылады.

Сұхбат- анкета – белгілі бір сұрақ төңірегінде түрлі адамдардың пікірлерін білдіру. Сұхбат-анкетада таңдалынған қоғамдық пікір нысаны үш критерийге жауап беруге тиіс:

1)                                  пікірталас түрінде (көтерілген проблема жайлы түрлі көзқарастар тоғысады.)

2)                                  қоғамдық пікір туғызу.

3)                                  Көпшілігінің хабардарлық дәрежесінде болуы. 

Хабарлама сұхбат – экранда тілдесу түрінде кең тараған түрлердің бірі. Журналистер кездесу кезінде әңгімеге қатысушы, мәліметке қанық тұлғадан ақпаратты молдау алуға тырысады. Себебі бұл бір-біріне қатысты екі міндетті орындаудан туындайды: қоғамдық маңызға ие ақпаратты алу және оған қосымша осы ақпаратты беретін тұлғаның кейбір өзіне тән мінезін ашу.

Сұхбат-кескіндеме телехроникада сөйлейтін кейіпкермен көпқырлы болып табылады. Адам сұхбат кезінде өзі жайлы емес, өзі басшылыққа алатын көзқарасы мен бағалайтын заты турасында әңгімелейді. Теледидар тәжірибесінде сұхбат-кескіндеме жанры уақыттың өзіндік құжаты болып табылып, ол тек бір ғана адамның емес, тұтас әулеттің бейнесін сомдайды.

  «Қазақстан-1» телеарнасы бойынша берілген «Республика алаңы- 4» хабарының ерекшелігі – тікелей эфир барысында келіп түскен

көрермен сауалдарына білікті адамдардың жауап беруі. Бұл – сұхбаттың

тиімді әдістерінің бірі. Ел өміріне қатысты маңызды мәселелердің нақты жауабы берілетін телесұхбаттарға көрермен де, тыңдарман да, оқырман

да ынталы. Алайда, эфирдегі уақыт тапшылығынан көптеген сұрақтар

жауапсыз қалады. Сондықтан, «Егемен Қазақстан» газетінің «Жекешелендіру қалай жүріп жүріп жатыр?» айдарымен шыққан «Жер сатылмайды, бірақ…» деген сұхбаты (24.05.95.) осылай туындады. Теледидар арқылы көрермен жүздескен мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет төрағасы С. Қалмырзаевтың тікелей эфир барысында келіп түскен, бірақ жауабы беріліп үлгерген көрермендер сауалына газет бетінде жауабы жарияланған. БАҚ-тың бұл бірлескен іс-тәжірибесі қолдауға тұратын, әрі оны  өзге жанрларда кеңінен пайдалануға болатын оң үлгі.

Қазіргі кезеңде көрермендер сұхбат жоқ демейді, оның жауабының ұзақтығына кей кезде жауаптар тақырыпқа сәйкес келмей жататынына көңілдері толмайды. Осындай сұхбаттарда жауап берушінің дауысын кадр сыртына шығарып, диктордың сөзі арқылы ретке келтіріп, кейбір нақты жауабын теледидардан көрсету керек.

  Сұхбатпен байланысты бірнеше мысал келтірейік. Саясаткерлермен болған сюжеттер де сәтті бола бермейді. Адамның мағынасыз айтып отырғандарын кесіп тастап, қалғанын репортердің өзіне қалдыруға болады. Тағы бір мысал: «Грузин саясаткерлерінің сайлау және Ата заң туралы пікірлері мен толқуларының көрермендерге түсініксіз жағдайлары ішінара кездеседі. Саяси күштің құрылымы, халық неден қорқады?» Бұл ескертуден мәскеулік азаматтың өзін жоғары санайтындығын, оның өркөкіректігін аңғаруға болады. Ол ресейлік саясаткерлер туралы былай айтпаған болар еді, ол өзіне де

түсінікті. Кейбір жағдайда айтушының әңгімесін күрт өзгертуге болады.

Кейбір сюжеттерден айтқаннан гөрі көп мағына түсінуге болады.

«Картина-синхрон. Демократиялық Ұлыбритания мынадай заң енгізді,

яғни террористерден сұхбат алуға болмайды. «Сюжет және диктордың дауысы, ал синхрон өте әсерлі. Бұл көріністен Басаевты тыңдап отырып,

Буденновскі тұрғындарын айуандықпен өлтірілгенін ұмытасың!

Маңдайларындағы лентада «Еркіндік немесе өлім» деген жазуы тұр. Тамаша-ақ!» Мұндай пікірлерден террористерге ғана емес, күллі шешен халқына деген көзқарастарды байқауға болады/15/.

Сұхбат түрлерін сұраушы мен сұралушының көзқарастарына қарай бірнеше түрге бөлуге болады.

Түріне қарай сұралушының сұхбатын 4 түрге бөледі:

1)                      сұхбат – көзқарас;

2)                      сұхбат – хабарлама;

3)                      сұхбат – эмоция;

4)                      сұхбат — әлеуметтік зерттеу;

1)                      Сұхбат – көзқараста көрнекті, танымал, атақты адамдар қатысады.

Сұхбат – хабарламада жоғары лауазымды, бірақ аты-жөні көпшілікке таныс емес кісілер болады.

2)                      Сұхбат – эмоцияға кездейсоқ оқиғаның куәгері, көпшілікке таныс емес адамдар қатысады.

3)                      Социологиялық зерттеу сұхбатында жауап беруші тұлға екінші жоспарға ысырылады, жауап беруші бүркеншік атпен де шығуы

мүмкін/16/.

Телерепортажтеледидардың өзіндік табиғи имманенттігі (оқиғаға іштей қатысушылығы). Репортаж тележурналистиканың елгезек, кең тараған, әрі үнемі әрекеттегі жанры. Телерепортажды алған зерттеушілер оның үш  түрін ұсынды: трансляция, тікелей хабар және

проблемалық репортаж. Б. Чесноков оның көлемді классификациясын ұсынды. «Олар :

1)                      мәселенің қойылуы бойынша: а) оқиғалы;

                                                             б) проблемалы.

2) репортердің оқиғаға қатысу дәрежесіне қарай:

а) оқиғалы (репортердің қатысуы міндетті);

ә) түсіндірмелі (репортердің қатысуы шектеулі);

б) трансляция (репортер қатыспайды).

3) техникалық құралдармен:

а) тікелей (оқиға ортасынан);

ә) жартылай әлде толықтай пленкаға түскен». 

Болгар теоретигі М. Минков оның 8 түрін ұсынады. Олардың арасында бүгінде бейнені ығыстырып шығарған кинорепортаж бен фоторепортаж бар. Телерепортаж өмірде болып жатқан оқиғаны қаз-қалпында көрсетіп, әрекеттегі шындыққа бір қадам жақындай түссе, екіншіден репортерлердің оқиғаны қабылдау кезіндегі субъективтілігі алғашқы орынға шығып, журналист онда куәгер не әрекетке қатысушы ретінде танылады/17/.

Репортаждың типологиялық ерекшелігіне байланысты оқиғалы, тақырыптық, қойылымдылық деп бөлінеді. Оқиғалы репортажда – репортер ырқынан тыс, нақты оқиға көрсетіледі. Репортердің міндеті – көрерменге оқиға жайлы толыққанды ақпарат беру. Тақырыптық репортажда автор журналист телешығарымдағы идеяға, таңдалынған тақырыпқа байланысты оқиға өтетін нысанды айқындайды. Ал, қойылымдылық репортажда журналист оқиғаның ұйымдастырушысы рөлін атқарады. Мұндай ұйымдастырушылық қызықты және пайдалы, ал екінші жағынан – зиянды әрі пайдасыз болып шығуы да мүмкін.

  Репортаждың басқа да көптеген түрлерін атауға болады:

а) Түсіндірмесіз репортаж;

ә) түсіндірмелі репортаж;

б) оқиғалы репортаж;

 в) танымдық репортаж деген түрлері бар. Телеэкрандағы оқиғалы

репортаж ақпараттық міндетті атқарса, ал тақырыптық (проблемалық) – көпшілігінде мәдени-ағартушылық және әлеуметтік-педагогикалық

міндеттерді қоса атқарады. Репортаж табиғатынан жинақтаушылық

қалыпқа ие. Сондықтан оны ақпараттық топқа бір жақты кіргізе салуға болмайды. Өйткені, репортаж құрылымында суреттеме, сұхбат, есеп, корреспонденция жанрлардың белгілері бар. Репортаждағы әрекет үдемелі түрде дамиды. Мұнда репортердің хроникашы не шолушыдан өзгешелігі, оны оқиғаның қорытындысы емес, ең бастысы өзінің көз алдында өтіп жатқан жайды көрерменге әсерлі етіп көрсетуге ұмтылушылығы. Осыдан репортаждың сюжеттік – композициялық құрылымын түзудің қиындығы келіп туындайды. Оған мыналарды жатқызуға болады:

а) оқиғаның бір бөлшегін таңдау;

ә) оқиғаға қатысушыларды таңдау және орналастыру;

б) репортаждың өн бойына материалдарды іріктеп ораналастыру;

 в) көріністерден ерекше жарқын тұстарды бөліп алу;

г) өзгеше детальдарды іріктеу;

д) авторлық көзқарасты таңдау;

С. Байменше: «Баспасөзде, радио мен теледидардағы көріну нысаны, кейде репортаждың жоғарыда айтылғандардан басқа ұжымдық репортаж, радиорепортаж, телерепортаж, толғанысты репортаж деген сияқты үлгілері кездесіп қалады. Бұлар репортаждың түрлері емес, көріну нысаны мен берілу арнасы ғана» -деп түйін жасайды. Сонда бүгінде өзінің аудиториясына молдығы, ұшқырлығы, көтеретін мәселелердің өзектілігімен алдыңғы орынға шығып отырған радио мен теледидардағы «радиорепортаж» не «телерепортаж» репортаж деп

атауымыз керек пе? Алайда, ғасырға жуық тарихи бар электронды ақпарат құралының атауын қосып, оларды жанрлар құрамында

айналысқа кіргізіп, «радиорепортаж», «телерепортаж» деп атау өте

орынды болып табылады.

  Теледидар экранындағы түсінік берілмеген көрсетілім, әрі кадрден

тыс түсініктеме берілген тікелей хабар мынадай белгілерге ие:

біріншіден, хабардың композициялық құрылымының өзін өмірдегі құбылыс, оқиға туындатады. Оның дамуын өзгерту мүмкін емес; тек өтіп жатқан көрсетілімнің интерпретациясын ғана (камераның орналасуын, ракурс, монтаж стилін т.б. өзгерту) әлде кадрдан тыс берілетін сөздік түсініктеменің бірлігі, екіншіден «қатысушының эффектілігінің» тұрақтылығы — әрекеттегі уақыт пен көрермен қабылдауының сәйкестігі, үшіншіден үзіліссіз қозғалыс, нысанның динамикалығы, оның уақыт пен кеңістіктегі дамуы, құбылыстың логикасын ашудың бейнелілігі; төртіншіден, экран табиғаты көрермен алдына деректі жайып салуға себепші болады.

  Репортаждың құрылымдық-композициялық жүйесін көңіл-күйдің қалауынша өзгерте беруге мүмкіндігі мол. Мысалы, репортажды ассоциациялық байланыс немесе тарихи жарыспалы түрде де беруге болады. Алайда, репортаж көпшілігінде фабулалық негізге құрылады. Сондықтан репортаждың баяндау байлығы таңдалынған деталь, пейзаждық және портреттік суреттемелер мен сұхбаттары көбірек байланысты болып келеді/18/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Информбюро»  ақпараттық бағдарламасы: ақпарат әзірлеудегі өзіндік ұстанымдар мен хабарлар дайындаудағы ерекшеліктер

Ал, жаңалықты жедел, әрі сапалы жеткізетін бағдарламаның бірі бұл – «Информбюро». «Информбюро» жаңалықтары – Қазақстанның тарихына жедел енген ақпараттар тасқыны. Бүгінде онда қызмет ететін журналистер халыққа кеңінен танымал. Тілшілердің жеке қолжазба стильдері де  қалыптасқан.

“Информбюро” жаңалықтары – жоғары технологиялар жобасы. “Информбюро” көпшілікке жан-жақты қызмет көрсетеді. Мысалы, ақпараттар легін телеарнадан көріп, радиодан тыңдап, Интернет парақшасынан оқуға кең мүмкіндіктер қарастырылған. Жаңалықтар легі сағат сайын жаңартылып тұрады. Ақпараттарды уақытқа, саяси жағдайға бағындырмай шынайы беріледі.  
“Информбюро” — бұл тек бір ғана идея. Әр түрлі топтардың басын біріктірген ауқымды жоба. Телеэкраннан тыс және оған тікелей жұмыс істейтін журналистер, жүргізушілер, жарық түсірушілер, бейне және дыбыс реттеушілердің ортақ идеясы тың ақпараттар тарату болып табылады. Қысқасы, әлеуметтік мүмкіндігіне, жынысы мен жас мөлшеріне қарамастан әркімнің өркениетті қоғамға ұмтылуына құқық беретін идея.

Зерттеу жұмысын жазу барысында «Информбюроның» қазақ бөлімінің бас редакторы Серік Сарыбаевпен ой бөліскен едік, сол әңгімеден қысқаша үзінді келтірсем:

1 – сұрақ: «Информбюроның» басқа телеарналардағы ақпараттық бағдарламалардан негізгі ерекшелігі.

«Кез келген ақпарат құралының басты мақсаты қоғамымызда, әлемде болып жатқан маңызды оқиғалардан халықты хабардар ету.

Қандай ерекшелік  бар? -дегеннің жауабы осыдан барып шығады.

Теледидардың пультін алып, Қазақстан арналарын бір шолып 

шықсаңыз, өзіндік бет-бейнесін байқайсыз. Сол бет-бейненің тартымдылығынан, өткірлігінен барып арнаның абырой-атағы қалыптасады. Мәселен, Маловодноеда қазақ-шешен қырқысқанда, «31-арна» тілшілері сол ауылдарды апталап қадағалап, қит еткен жаңалықты жұртқа жариялап отырды. Тергеудің қалай жүретінін бақылады. Шелектегі оқиғадан соң болған сотты да қалың бұқараға жеткізген «31-арна».  Бізде  «жаңалықтар легі ресми мәліметтен  басталуы керек» — деген қатып қалған түсінік бар. Бұл – түбірімен қате. Бір елдің халқы бір-біріне қару кезеніп жатса, одан  асқан қауіп бар ма? Және ондай қатерді біз Премьер-министрдің,  не болмаса әлде бір әкімнің Қазақстанның алдынан ақ жол ашылып, маңдайына нұрлы күннің шапағы төгілгелі тұрғаны жайындағы ұзынсонар баяндамасынан кейін айтсақ дұрыс бола ма? Қақтығыс пен «әдемі» баяндаманы електен өткізген кезде туындайтын ой біздің мемлекет туралы ақиқаттың бір парасы. Демек, «31- арна» — халыққа шындықты жеткізуге бар күшін салып жатқан БАҚ».                 

       2 –сұрақ: Қандай проблемалар немесе тақырыптар бірінші кезекте қозғалады?

«Президент те, базарда арба итеріп, күнін көріп жүрген шиборбай перзент те халықтың баласы. Демек, екеуінің де парызы еліне адал қызмет ету. Журналист те сол  халқының ұлтының аманатын арқалаушы. Ал, аманатқа қиянат жүрмейді.   Өкінішке қарай біздегі БАҚ осы түсініктен жаңылысты. Ақпарат құралдарымыз кез келген шенеуніктің сөзін іліп алып, жарапазан айтқандай жұрт құлағын шуылдатып жатады. Әсіресе, бір айтылған жолдауды бір жыл талдап жағы ауыратын мемлекеттік БАҚ-тың жағдайы мүшкіл. Ал негізінде

БАҚ халықтың үнін, талабын  билікке жеткізуші және сол талаптың

қалай қабылданғанын  қадағалап отырушы болуы керек.  Яғни, екі

арадағы дәнекер. 

Сондықтан «Информбюрода» біз әуелі халықтың мұң-зарын,  жай-күйін бірінші кезекке қоямыз. Билік жылап жүргендердің көз жасынан қорықса екен деп  Шаңырақ, Бақай оқиғасын талмай қозғап келе жатқандығымызды көрермен қауым біледі. Ал, Астанада айтылған сөзді «ләббайлап» қағып алып, «алақайлап» жатқандар бізсіз де жетеді.   Бұл «біз ресми жаңалықтардан мүлдем безінеді» деген сөз емес. Аса маңызды дегендері «Информбюро» шығарылымында күнделікті беріліп жатқанын жұрт жақсы біледі».

3 –сұрақ:  Тілшілерге қойылатын негізгі талаптар.

«Журналист – ет пен сүйектен құрылған, кеудесінде жұдырықтай жұлым еті бар адам. Сондықтан қоғамда болып жатқан  кез келген оқиғаға ол тасмүсін образында қарай алмайды. Бірақ, журналистің санасы тұманданбауы керек. Әр мәселеге жіті үңілмей, безгелдек алдамшы ойдың жетегінде жүгіріп кететін тілші — әлсіз тілші. Сондықтан ой-сананың салиқалылығы, ұшқырлығы талап етіледі. Ондай маман ақпаратты шұғыл әрі мәнді етіп, бүге-шігесіне дейін жазып бере алады, қажеті болса сараптайды да.   Ең бастысы, тілші білімі жан-жақты болуы керек».    

      4 – сұрақ: Ақпарат берудегі негізгі ұстаным қандай?

1. Қазір болған жайтты – қазір айту. Ертең оның еш маңызы жоқ. 

2. Қазақта «айтылмаған сөздің атасы өледі» деген нақыл бар. Осыны үнемі жадымызда ұстау.

3.  Езбелікке салынып, елді мезі етіп алмау.

4. Шындықты шым-шымдап болса да айта білу.  

5 – сұрақ: Бір күнгі жаңалықтарға тақырыптар қалай

таңдалады?

        Ақпараттарды іріктеу үшін үлкен команда жұмыс істейді. Ақпарат

агенттіктерінен, интернеттен ағылып жатқан, еліміздің, алыс –жақын

шетелдің түкпір-түкпірінде болып жатқан оқиғалар түгел журналистер

сұрыптауынан өтіп, соның маңызды дегендері таңдалады, өңделеді, толықтырылады. Осы таңдаулылардың ішіндегі таңдаулысы бірінші болып көрерменге ұсынылады. Қалғандары маңызына қарай тізбектеле береді.

6 – сұрақ: Ақпараттық жанрларда тек қана ақпарат беру бар, ал пікір білдіруге болмайды. Пікір білдіру тек қана талдамалы жанрларға тән. Бірақ, сіздердің ерекшеліктеріңіз, сюжеттеріңіздің көпшілігінің соңында журналист оқиғаға байланысты өзінің ой-пікірін қосады. Неліктен?

«Рас, пікір айту кездеседі. Жоғарыда айттым ғой журналист те адам деп. Біздің мемлекет жас. Ал оның нығаюына кез келген қазақстандық, әсіресе қазақ өз үлесін үстемелеп қосуы керек. Қазірде еліміздің жағымсыз имиджін қалыптастыруды қалайтындар көп. Жас мемлекетке жарамсыз ережелерді тықпалаушылар бар. Көптің көңіліне қараймыз деп моноұлттық ел құрудан қашқақтауымыз көпдінділік, көптілділік деген жағымсыз індеттерді тудырды. Осыны пайдаланған кей топтар мемлекеттің тұтастығына қауіп төндіретіндей ұсыныстар да айтып қалып жатады. Қазақ тілді журналистер көбіне осындай сәттерде позициясын байқатып жатады. Бұл еліне, жеріне деген жанашырлықтың шырылы деп ұққан жөн шығар. Оның үстіне осы күні БАҚ жәй ақпарат таратушыдан қалып барады. Ол лажсыздан  идеялар қақтығысының жолындағы құралға айналды. Өзінің қай идеяны қолдайтынын журналист материалында ғана көрсете алады».    

Міне бұл сұхбаттан осы телеарнаның ақпараттарды беру бағытын, дайындаудың әдіс-тәсілдерін айқын көруге болады.

“Информбюро” телевизиялық ақпараттық бағдарламасының

жобасы 1996 жылдан бастау алады.

Жоба “Алтын Жұлдыз” республикалық байқауының “Ақпараттар

бағдарламасының үздігі” мен “Үздік автор” номенациясы бойынша 5

бірдей жүлде алған. Сонымен қатар “Ақпараттар әлемі” Мәскеу телефестивалінде жеткен жетістіктерді де жеке айтуға болады./19/ «Информбюроның» бас редакторы – Серік Сарыбаев. Шығарушы редакторлары – Жанар Байсемізова, Салтанат Әскербекқызы. Жүргізушілері – Досымбек Қонысбекұлы, Досан Қызайбекұлы, Мадина Балғабаева, Айнұр Асанберді. Негізгі Журналистері – Азат Рыстанбек, Қанат Тілеухан, Шынар Сағындықова, Мәди Алжанбай, Роза Қауыс, Шыңғыс Кіребай, Самал Айдаболова және де спорт жаңалықтарымен құлақтандыратын журналистер Бахтияр Әсіреңкеев пен Ержан Көшкінбаев. «Информбюро» тек қана Оңтүстік Астана емес, өзге өңірлерді де қамтиды. Қазіргі арнаның жаңалықтар қызметінің Астана, Маңғыстау өңірінде, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанайда меншікті тілшілері бар. Астанада Мәди Манатбек, Ерлан Атамбай, Нұрбол Қапешов. Маңғыстау облысында Гүлмира Әбішева, Оңтүстік Қазақстанда Мира Сүлейменова. «Информбюро» күніне үш рет эфирге шығады. Күндізгі эфир сағат 12.00-де, түскі эфир сағат 15.00-де және қорытынды жаңалықтары 19.00-де көрсетіледі.

«Информбюроның» ақпаратты беру ерекшелігіне көңіл аударсақ, бұл бағдарламаның сюжеттеріндегі кез келген тақырыпта мәселені дұрыс көтере білуін айтуға болады. Бағдарламада қандай да болмасын ақпаратты шынайы және шұғыл сонымен қатар жан-жақты таратуға баса назар аударылады. Бұл тұста тілшілердің алар орны ерекше. Болған оқиғаны лезде түсіріп, санаулы уақытта мәтін жазу, монтаждау және деректі эфирге жіберу кәсіби шеберлікті қажет етеді.    

«Информбюро» жаңалықтары күніне бірнеше рет шыққандықтан   

болған жағдайды мүмкіндігінше күндізгі шығарылымдардан таратуға

ерекше көңіл бөлінеді. Егер ақпарат маңызды болған жағдайда қорытынды жаңалықтарда толықтырылып, жіті зерттеу жүргізу арқылы

объективті түрде беріледі. Бұл тұста «Информбюро» жаңалықтарының

өзге ақпарат құралдарына қарағанда саяси, әлеуметтік, ұлт, тіл, дін мәселелерді ашық және батыл айтатындығын ерекше атап өткен жөн. Бұл бағытта мемлекеттік арналармен айырмашылығы жермен көктей десе болады. «31-арнаның» ақпарат қызметі материалдың маңыздылығына баса назар аударады. Мемлекеттік арналар, мәселен, «Хабар», Қазақстан» телеарналары жаңалықтың алғашқы сюжетін Елбасының немесе өзге де ресми мекемелердің мәлімдемесінен бастайды. Ары қарай да олардың жаңалық беру үрдісі Парламент, Үкімет, мәжіліс маңындағы қосымша ақпараттармен толықтырылады. Бұл жерде қалалық жердің көрермендері басқа да арналардың жаңалықтарын көріп, өздеріне қажетті мағлұматтарды ала алса, алыс аймақтағы қандастарымыз ресми жаңалықтармен шектеледі. Елімізде болып жатқан ресми емес болса да, өте маңызды ақпараттар олардың назарынан тыс қалады. Мұнымен олар қоғамда болып жатқан өзгерістерден мүлде бейхабар десе де болады. Ауылдық жерлерде көрермендердің сұранысын қанағаттандырып отырған олар да жоқ. Бұл ретте де «31-арнаның» ерекшелігі көп. Яғни, оларда жаңалықты міндетті түрде бірінші кезекте ресми немесе әлеуметтік жаңалықтардан бастау керек –деген қатып қалған ереже жоқ. Олардан өзекті деген мәселелер ең бірінші кезекте кетеді. Тәуелсіз телеарна бола тұра, Қазақстанның көптеген ауыл-аймақтарын қамтитын «Информбюро» халықты барынша шынайы да, маңызды жаңалықтармен сусындатып отыруға тырысады.

Сондықтан жаңалықтар қызметінің Астанада, Шымкентте, Қостанайда, Ақтауда және Ақтөбеде меншікті тілшілері сол өңірлердегі

ақпараттарды Алматыдағы редакцияға жіберіп отырады. Аталған аймақтарда бүтіндей бір тілшісімен, операторымен қоса, көлік

жүргізушісі де бар. Олар дайындап, жіберілген бейнематериал эфирге шығады. Астанадан келетін жаңалықтар ауқымдылығы Үкімет отырысы

немесе Елбасы кездесуінен бастап, әлеуметтік мәселелер мен ауа

бұзылуына дейін қамтиды. Ал, ауыл-аймақтардағы ақпараттардың дені әлеуметтік мәселелерге арналады, яғни жарық, су немесе тұрғылықты халықтың проблемалары мен денсаулығы. Осы жерде «Информбюроның» меншікті тілшілерін саусақпен санамалап қарасақ, Қазақстанның барлық аймақтары бойынша 5-ақ тілші бар екен. Елімізде 16 облыс барын еске алсақ, бұл өте аз. Яғни, қанша айтқанымен, «31-арнаның» жаңалықтары Қазақстанның барлық аймақтарын қамти алмайды. Бұның себебі әрине, қаражат мәселесіне келіп тіреледі.

Қазіргі кезде ақпараттардың сипаты өзгерген –десек қателеспейтін шығармыз. «НТВ»-дағы «Сегодня» бағдарламасының жүргізушісі Михаил Осовкиннің айтуынша, «Сөзсіз, жақсылық хабарды жеткізген анағұрлым жақсы. Бірақ, бүкіл әлемде ақпараттық бағдарламалары сенсациядан басталады. Қалай десек те, қазіргі ақпарат алушы адамның санасы да солай қалыптасқан, көрермендерді ең бірінші саяси дағдарыстар, өрт, жер сілкінісі ең бірінші тартады да, ал жағымды жаңалықтар содан кейінгі орында қалып қояды»/20/. Адамның санасы жағымсыз жаңалыққа тез ауады дегенге қарсылық айтсақ та, қазіргі ақпараттардың дені – жағымсыз сенсация деген дәлелденген факт. Бұл факт қазір «31-телеарнада» да сыр бере бастаған тәрізді. Осы тұстан «Информбюро» ақпараттарының Ресейдің «НТВ» телеарнасының ақпараттық бғдарламасына ұқсастығын айта кету керек. «Информбюрода» ең бірінші кезекте проблемалы, өзекті мәселелер дау-дамай туғызған оқиғалар орын алады.

Бұған жаңалықтардың кезекті шығарылымындағы төмендегі  сюжеттер тізбегі дәлел бола алады. 

«Информбюроның» наурыз айының 27-сі күні шыққан кезекті шығарылымын талқылап көрсек. Жаңалықтар Оңтүстік Қазақстан

облысы Қақпақ ауылында  болған жарылыстан басталады. Полигонда қалып қойған снарядтан тағы бір адам мерт болды. Тілші оқиға орнынан

репортаж жасап, зерттеу жүргізді. Бұнда оқиғаның бірнеше рет тіркелгені айтылды және Қорғаныс министрлігінің салғырттығы адам өліміне әкеліп соғып жатқаны баяндалды. Сынақ алаңы болса бұрындары қарулы күштерге қарап келген. Бірақ, Кеңес үкіметі тараған соң жарылғыш толы полигон қараусыз қалған. Ал, оған бас ауыртып жатқан ешкім жоқ. Екінші бейнесюжетте де қаралған мәселе біріншісінен кем түспейді. Мұнда наурыз айында Алматы облысының Маловодное елді-мекенінде орын алған қазақ-шешен қақтығысы туралы сөз қозғалады. Сюжет авторы жергілікті шенеуніктермен қоса, қанды оқиғаның куәгерлерімен кездесіп, барынша шынайы ақпарат беруге тырысқан. Үшінші кезекте баспана мәселесі көтеріледі. Алматыдағы жатақханалардың бірінен тұрғындар заңсыз қуылған. Мұнда да билік басындағылардың бассыздығы мен қарапайым қазақтың мұңы көрсетіледі. Еліміздегі қылмыс әлеміндегі кезекті оқиға 4-сюжетте орын алған. Ата-анасын зарлатып, 12 жасар баланың кепілге алынуы мен оның қаза табуы осы материалда сөз болады. Осыдан кейінгі кезек шетел жаңалықтарымен толығып, жалғасын табады. «Информбюрода» Астанадан жеткен ресми жаңалықтар бұл шығарылымда екінші бөлімде ғана көрініс табады. Мұнда Елбасының кезекті кездесуі және Білім министрлігіндегі жаңашылдық туралы бейнесюжеттер беріледі. Ары қарай мәдени және спорт әлеміндегі жаңалықтар кезегі келеді. Демек, бұл күнгі шығарылымда бірінші кезекте жағымсыз, халықты елең еткізетін ақпараттар орын алуда.

 

 

 

 

 

 

31 телеарнада сюжеттер төмендегідей ретпен беріледі:

 

 

  010  Анонс  

 

 

  020  Қақпақтағы жарылыс-Шымкент-Мәди  

 

 

  030  Маловодное қақтығысы-Азат  

 

 

  040  ШМВ+ЗКТ+СНХ-Жатақхана-Қанат  

 

 

  050  Кепілдегі бала жерленді-Шынар  

 

 

  060  ЗКТ+СНХ-Боксшының басы дауға ілікті-Бахтияр  

 

 

  070  Гуантанамодан оралған өзбек-Шымкент-Шыңғыс  

 

 

  080  ТАБЛИЦА-Эмомали Рахмон-Досан  

 

 

  090  Шетел жаңалықтары-Роза+ИБ  

 

 

  100  ЗКТ+СНХ-Назарбаев ғалымдармен кездесті-Астана-Мәди  

 

 

  110  ЗКТ+СНХ-Білім министрі Үкімет сағатында-Астана-Айнат+ИБ  

 

 

  120  СНХ-Қазселденқорғау-Мәди  

 

 

  130   Қоштасу+Спорт+Жарнама  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

«Информбюро» жаңалықтарды таратуда көптеген ақпараттық агенттіктермен жұмыс істейді. Соның ішінде «Қазақстан-Тудей», «ҚазАқпарат», «Интерфакс-Қазақстан». Бұл агенттіктерден ақпарат болған оқиғаға тілшілер жіберілмеген кезде немесе уақыт тапшылығы кезінде алынып, қысқа заметка ретінде жіберіледі. Ал, әлем жаңалықтарын дайындауда Ұлыбританиядағы «Ройтерс» халықаралық агенттігінің маңыздылығы ерекше. Осы жерде айта кететін бір жайт, «Хабар», «Қазақстан» арналары шетел жаңалықтарын жалғыз «Ройтерс» емес, одан басқа «Ассошейтед Пресс» деген сияқты агенттіктерден алса, «31-арна» тек қана «Ройтерспен» жұмыс істейді. Бұл телеарна мен аталмыш агенттіктің арасындағы келісімшартқа сәйкес, ақпарат агенттігі күні бойы шыққан жаңалықтарын арнаға жіберіп отырады. Оның бейнематериалы спутник арқылы жіберілсе, мәтіні ағылшын тілінде «Юнайтед Киңдом» сайтына бір мезетте түседі. Ақпарат мәтінін «Информбюроның» шетел жаңалықтарын дайындайтын Роза Қауыс ағылшыннан қазақ тіліне аударып, халық назарына ұсынады. Сондықтан әлем жаңалықтарында ой-пікір қосылып, сараптама жасалмайды. Бұл кемшілік қазіргі таңда барлық отандық телеарналарға тән десе де болады. Осы орайда Парламент қабырғасында Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның шетел ақпарат тасқынының зияны туралы көтерген мәселесі де тегін емес екені аңғарылады. «Ройтерс» агенттігі тілшілерінің, операторларының беріп отырған бейнематериалын аудармашы қалтқысыз аударып, сол күйі Қазақстан халқының назарына ұсынады. Ал, әрбір ақпарат арқылы сол агенттіктің идеологиясы мен позициясы елімізге де әсер етпей қоймайды. Яғни, арнаның әрбір шетел ақпараттары Ұлыбритания агенттігінің көзімен, тілімен, позициясымен беріледі десек те, мұсылмандардың соғысы туралы ақпараттарда «ислам

содырлары», «мұсылман террористері» деген мұсылмандарға жабылған

жалалар әлем жаңалықтарында берілмейтінін көрермендер байқаған

шығар. Яғни, арна батыстағы дауға басы қалған мұсылмандардың позициясын ұстанып, көп жағдайда оларға қарсы пікірлер мен циататаларды бермеуге тырысады. Бірақ өзіндік ой білдіруге де бармайды. Ал, сол бейнематериалдарға ой-пікірдің қоспауының себебі бағдарлама уақытының тығыздығында. Әр сюжет өзіне арналған хронометраждан аспауы керек. Бұл орайда жаңалықтар еліміздегі ақпараттарға көп ден қойып,  әлем жаңалықтарына уақыт аз беріледі.

Жаңалықтар қызметіндегі аса маңызды рөлді жүргізушілер атқарады. Ақпараттарды дайындау бір бөлек және оны аудиторияға жеткізу екінші мәселе. Бұл ойын-сауық бағдарлама емес, ақпараттық бағдарлама болғандықтан, оның жүргізушісі актер болмау керек. Өзінің актерлік шеберлігімен аудиторияны арбағаннан гөрі, шыншыл да, маңызды ақпаратпен қоғамға ой салу тиімдірек. Сондықтан ақпаратты көрермендерге жеткізетін адам тек жүргізуші ғана емес, журналист те болуы шарт. Себебі жүргізуші оқып отырған мәтінін жете түсініп, баяндап, талдап, ар жағына көз жіберіп оқуы керек. Әрбір айтылған сөздің, жазылған мәтіннің ар жағында ой жатуы тиіс. Ал, сол ойды көрермендерге баяндап жеткізу – жүргізушінің міндеті. Осы орайда «Информбюро» жүргізушілері журналистиканың да қыр-сырын меңгерген, жүргізушінің де сөйлеу мәнері мен мәдениетін игерген адамдар, яғни Досымбек Қонысбекұлы, Айнұр Асанберді, Досан Қызайбекұлы, Мәдина Балғабаевалар. Ақпараттар жүргізушісі ең алдымен халықтың мүддесін көздеген адам болғандықтан, ұлттық мәселелерді көтергенде, намысқа тиіп, сананы оятуы керек. Мұнда тіліміздің байлығы мен шұрайлығына қоса оқу екпіні де аса маңызды. Мысалы, «Колонияларда аса құрметті қалталыларға вип-коттедждер беріліп келген. Расында, ЛА-155/8 колониясының дүрлігуіне көршілес түзету мекемелерінде жүріп жатқан тексерулер әсер етті -деген сөздің жаны бар сынды. Өйткені, комиссия жұмысы барысында бірқатар колония басшыларының қалталыларға ерекше жағдай жасайтындығы анықталды. Мәселен, Ла-155/14 еңбекпен түзеу мекемесінің бастығы 26 вип-камера ашып қойыпты. Бұл жерде ақшасын төлесең болды, арағың да, көңілдесің де қасыңнан табылады екен. Тақырыпты Шынар Сағындықова толықтырады»/21/.

Бұл – жүргізуші оқитын ақпарат. Бұл мәтінде елімізде басқасын қойғанда, тіпті,  түзету мекемелері мен түрмелерді де жемқорлық жайлап алғанын ұғуға болады. Мұның алдында берілген сюжетте ЛА-155/8 түзету мекемесінің алдында жазасын өтеушілердің ішін, күре тамырларын кескілеп, наразылық шараларын ұйымдастырғанын айтып кеткен еді. Жазасын өтеушілер туысқандары «оның себебі колония қызметкерлерінің қатыгездігі» десе, қылмыстық атқару жүйесі өкілдері «колонияларда тексеру шаралары жүргізіліп жатқандықтан, тексеру оларға ыңғайсыздық тудырғаннан болды» -дейді. Бұл бармақ басты, көз қысты әрекетінің белең алуы жүргізуші мәтінінде ащы мысқылмен келтіріліп тұр. Жүргізушінің жағымды үні, ұшқыр ойы, тапқырлығы, тартымдылығы, білімділігі, тіл байлығы, өзін еркін ұстай білуі де маңызды. Осы орайда, «Информбюро» журналисі, әрі жүргізушісі Досымбек Қонысбекұлы да, Досан Қызайбекұлы да тартымды түр-әлпеттерімен де, қазақы сөз саптауларымен көрермендердің көңілінен шығуда. Ал, жүргізуші Мәдина Балғабаева өзінің бет-бейнесімен, киген киімімен аудиторияны көңілін арбаса, ақпарат оқудағы көзге ұрып тұратын кемшілік — оның қазақ тіліндегі кейбір дыбыстарды дұрыс айтпайтындығында. Мысалы, «Ливандағы ахуал ушыға түсті» деген ақпарат болса, оны міндетті түрде «Ливандағы ахуал ұшыға түсті» деп оқиды. Әрине, жүргізушінің мәтінді дұрыс оқуына оның тілді

қаншалықты меңгергені әсер етпей қоймайды. Сондықтан менің ойымша, жүргізушіге қойылатын талаптардың ең біріншісі ана тілінің

грамматикасы мен лексикасын жетік меңгеру. Жалпы, мәтінді қазақы мақамда оқу. Ол тіліміздегі дыбыс үндестігі, буын үндестігін жақсы білуі шарт. Мұқият тыңдап отырсаңыз, осындай заңдылықтар мен ережелердің бұзылуын Мәдина Балғабаевадан байқауға болады.

Ал, «Информбюро» бағдарламасының мәтініне келетіне болсақ, мұнда да бірталай өзгешеліктер бар. Ең біріншіден, ақпараттық жанрға қойылатын талап мәтін ұғынықты болу үшін жаңалықты ауыз екі стильде жеткізу. Ал, бұл талап телевидениедегі ақпараттық бағдарламаға тіптен сай. Себебі, баспасөз бетінде оқырман бір түсінбеген сөйлемін қайта оқуына мүмкіндігі бар. Ал, телевидениеде бір оқылған мәтін екінші рет қайталанбайды. Сондықтан мәтіннің мағынасын түсінбеген көрермен басқа арнаға ауыстырып тастауы мүмкін. Ал, «Информбюроның» қазақ тіліндегі жаңалықтарының тілінде әдеби мақам, көркемдік стиль басым және  өлеңге тән сөйлем арасындағы ұйқастық жиі кездеседі. Мұның бір себебі бағдарлама редакторының ақындық қасиеттерінің болуына байланысты шығар. Мысалы, мына бір мәтінді алып қарастырсақ, «Құдай қаласа, алдағы уақытта «Отан» партиясы Үкіметті ұршықша үйіретін болады» немесе «Ұлт қоламтасын сөндірмейтін осындай асқақтық атамекеніміздегі бауырларымыздың кеудесінде де маздаса, — дейді жат жұртқа телінген, Алтайды ен жайлаған қандастарымыз»/22/. деген ұзақ сөйлемдер кездеседі. Бір жағынан, қазіргі ана тіліміздің мүшкіл халына үңілсек, бұл тәсіл мәртебесі түсіп бара жатқан тіліміздің еңсесін қайта көтеру үшін керек те шығар. Бірақ ақпаратты тыңдап отырған адам мәтіннің мағынасын  бірден түсіне қоймауы да ғажап емес. Сонымен қатар, мәтіндегі тағы бір ерекшелік оқиғаның мәнісін немесе саяси өзгерістерді астарлап, шымшымдап немесе мысқылдап жеткізу байқалады. Мысалы, «Конституцияға енетін өзгерістерді талдағаннан гөрі тамсанғаны көп басқосулар туралы толығырақ келесі бейнематериалдарда. Біз куәгер болған бір жиын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде өтті. Баяндама жасағандардың барлығы да сөзінен жаңылмады. Өйткені Конституцияға енгізілген өзгерістерде мін болмаған. Тіпті, Президенттің елді басқарудағы мерзімін ұзарту қазір өте қажет. Себебі осы күні ел бастауға лайықты өзге адам жоқ»/23/.  Бұл мәтінде Елбасының Конституцияға енгізген өзгерістеріне және оны қолдап «дұрыс» деген халыққа байланысты ащы мысқыл анық байқалып тұр. Тіпті, бұл сөздермен Президенттің саяси реформасына баға да беріліп тұрғандай. Жаңалық берудегі мұндай тәсіл жаңашылдық, яғни жаңа стиль. Қалай десек те, мұндай стиль еліміздегі ақпарат жеткізудегі бір табан алға басып келе жатқандығымызды аңғартса керек.

Ал, «Информбюроның» орыс бөліміне тағылып жатқан мін мен сын көп. Соның бірі – қазақтың ұлттық мәселелерінің көтерілмеуі. Шынында да, орысша жаңалықтарды көріп отырған қазақ өзін өзге мемлекетте тұрғандай сезінетіні рас. Мысалы, «31-арна» Мұхтар Шаханов «Халық рухы» деген партия құрам» дегенде де өре түре келген «Ресейлік отандастар бірлестігінің» позициясын жақтағандай болды. Себебі бұлардың сюжетінің ең бірінші сөйлемі былай басталған болатын «Это и есть признак национализма», осыдан-ақ олардың ұлт, тіл деген мәселелерге немқұрайлы қарайтыны байқалады. «По мнению русских общественных деятелей, создание националистических партий, может подорвать стабильность в стране. В общественной организации ссылаются на президента, который подчеркивает необходимость сохранения межнационального согласия. Депутат Мухтар Шаханов успокоил своих оппонентов. Он напомнил, что вышло лишь обращение инициативной группы о создании такой партии. Учредительный съезд не прошёл, программа партии «Дух народа» не подготовлена»/24/. Яғни бұл сюжетте ұлтаралық қарым-қатынас та сөз болады. Басқа ұлт өкілдерін қоздырмау үшін қазақтар рухын көтеретін партия құрмау керек. Мұндай тақырыптар «Информбюроның» орысша жаңалықтарында жиі кездеседі. Сюжет авторы – Парыз Байтенов. Дәл осы сюжетте мынандай бір сұхбат келтіріледі. «Гульбахрам Жунис, Председатель политсовета республиканского движения «Желтоқсан»:

— Он (М. Шаханов) не национал-патриот! Сегодня хочет опять прикрываться?! От имени «Желтоксана» много он одел шапанов (чапанов – национальный костюм), а в дальнейшем одевать шапаны я ему не дам! Я с него трусы сниму!!!»/25/. Бұл сұхбатты естіген кез келген қазақтың төбе шашы тік тұрады.  «Демократия» деп асыра сілте, шектен шыққан журналистің бұл сөздерді эфирге беруін сөз бостандығы емес, мәдениетсіздік деп бағалар едім. Егер бұл АҚШ-та, Ресейде немесе басқа батыс елдерінде берілген болса, мүмкін ондағы халық кешіріммен қарар еді. Олардың «нағыз сенсация» деп, қол шапалақтауы да ғажап емес. Мақтанышпен айтылып тұрған бұл сөздер біздің қазақы менталитетімізге жат. Сондықтан тілші мәдениет пен журналистік этиканы қоя тұра, қай мемлекетте тұрып жатқанын, яғни шаңыраққа қарауды ұмытқан тәрізді.

«31-арнаның» орысша жаңалықтарын көріп отырған көрермен елімізде тұрғылықты ұлты жоқ, Америка құрама штаттарында тұрып жатқандай күйге ендіреді. Яғни бұл жерде ұлт, тіл мәселесінен басқа тақырыптардың бәрі қамтылады. Оған дәлел оның бір күнгі шығарылмындағы сюжеттер тізбегі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  010  Анонс и Приветствие  

 

 

 

  020  В поисках Рахата -Шайков  

 

 

  030  Алиев — ВВС — таблица  

 

 

  040  Оппозиция — Алиев — Марченко  

 

 

  050  Астана визит президента Туркменистана -Дана +ИБ  

 

 

  060  Астана -Крыши с новостроек-Талгат  

 

 

  070  Шахтинск суд — Иванова  

 

 

  080  ЗКТ + СНХ Венесуэла закрыли ТВ-канал — Дана  

 

 

  090  Анонсы 2 и реклама  

 

 

  100  ЗКТ+СНХ Караганда кража опоры ТЭЦ-Иванова  

 

 

  110  ЗКТ Бразилия учения трагедия -Дана  

 

 

  120  Астана-ЗКТ+СНХ-Минобраз — стройотряды  

 

 

  130  ЗКТ + СНХ ЮКО — Селекция тюльпанов — Айнур  

 

 

  140  Караван верблюдов — Кумисбек  

 

 

  150  ЗКТ Канны — Пальмовая ветвь — Дана  

 

 

  160  Прощалка и реклама  

 

 

  170  Спорт и реклама  

 

 

 

Бұл сюжеттер тізбегі Әлиевтің тағдырынан басталып, Түркіменбашының елімізге келуі, Астанадағы үйлердің шатырларының қирауы, әлем жаңалықтары, Алматыда өткен түйелер шеруі болып тізіле береді. Ал, сол күнгі қазақша жаңалықтарына көңіл бөлгенімде тура осы жаңалықтардың арасынан қазақ ұлтына байланысты сюжет көзге оттай басылды. Ол сюжет «Қаймағы бұзылмаған қазақ ауыл» деген тақырыппен берілген, Алтайдағы қазақтардың тұрмыс тіршілігі мен олардың тілі мен дінінің, салт-дәстүрінің сақталғаны жайлы сөз болып, еліміздегі қазақтарға үлгі ретінде көрсетілген. «Информбюроның» орыс тілінен бұл сюжет сол күні де, келесі күні де көрсетілген жоқ. Бұл «Информбюро» бағдарламасының орыс бөлімінің ақпарат берудегі саясатын аңғартса керек. Сонымен қатар, «Информбюроның» қазақ тілді шығарылымының уақыты орыс тілді шығарылымынан әлдеқайда аздығын көрермендер де байқаған болу керек. Сондықтан орыс тілді жаңалықтарда ақпараттар ауқымдырақ беріледі. Еліміздегі мемлекеттік тілдің кемсітілуін телеарнаның бұл саясаты да айқын көрсетеді.

Енді бейнематериалдарды әзірлеу және тарату мәселесіне келсек.  Бұл тұста арна жаңалықтар дайындайтын журналистке қойылатын талап ерекше.  Жоғарыда келтірілген бейнематериалды қайта қозғасақ, мұнда берілген ақпараттан түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілердің арасында шыққан дау-дамайды «Информбюро» журналистері жан-жақты қырынан зерттегенін байқауға болады. Тіпті, бұл оқиғаға арналып, бір жаңалықтар шығарылымында екі-үш сюжет көрермендерге ұсынылды. Оның біріншісі – Азат Рыстанбектің репортажы.

«Заречныйдағы ЛА-155/8 мекемесінде жазасын өтеп жатқандар ішін және күре тамырларын кескілепті. Нақты қанша адамның жараланғаны белгісіз. Екі күн бойы мекеме алдын торуылдап жүрген сотталғандардың туыстары жарақат келтіргендер 100-ден асатындығын айтуда.

Рақымжан Батақараев: «Қаңсырап қалған. Жедел жәрдеммен алып кетіп бара жатқанда көріп қалдым. Аппақ. Сөйлемейді. Енді оған не болып жатқанын білмейміз. Ешкім ештеңе айтпайды.»

Сотталғандардың туған-туыстарына тіс жармағанымен мекеме басшылары жоғары жаққа есеп беріпті. Әділет министрлігіне түскен дерек бойынша жараланғандар саны – 11.

Қайрат Тастемір, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы: «11 адам Қапшағай қаласына  жеткізілді. Жарақаттары жеңіл екендері дәлелденіп, олар қайтадан колонияға жатқызылды.»

Қарсылық шарасы демалыс күні басталған. Кеше Қапшағай ауруханасында бірнеше адамға дәрігерлік көмек көрсетіліпті. Туыстарының айтуынша, қапастағылар жүйені жұмсартып, басшылар құрамын ауыстыруды талап етіпті. Бүгін сотталғандардың белсенділерін мекемеден алыстату туралы шешім қабылданған. Бұны жүзеге асыру кезінде есік алдында тұрған жұрт пен арнаулы органдар арасында қақтығыс туындады. Сотталушыларды алып кетпек болған полиция қызметкерлеріне кедергі жасамақ болған бірнеше адам полиция қолына түсті. Тәртіп сақшылары колония алдындағы оқиғаны таспаға түсіруге барынша кедергі жасады. Ақырында «бүлік ұйытқысы болды» деген жазасын өтеушілерді төрт көлікке тиеп, колония аумағынан шығарып әкетті. Керуен Алматыдағы тергеу изоляторына  қарай бағыт алды»/26/.  

Бұл репортажды көрген көрермен жалпы оқиға жайында мағлұмат алады. Бейнематериалдан оқиғаның басталуына колония қызметкерлерінің шектен шыққан қатыгездігі себеп екені түсінікті. Егер бұл ақпарат беріліп, сонымен тақырып жабылса, ақпарат бір жақты ғана болар еді. Ал, келесі материалда болған оқиғаға қатысты

шенеушіктердің де пікірі келтірілген.

«Қылмыстық атқару жүйесі өкілдері жазасын өтеушілер жалған ақпар беріп отыр -дейді. Олардың мәлімдеуінше, қазір түзету мекемелері тексеріліп жатыр. 155/8 колониясындағы сотталғандар сол тексеруге кедергі жасау үшін бас көтерген.

Әмірқұл Құлмаханов, Алматы және Алматы облысының қылмыстық-атқару басқармасының бастығы:

 «Қылмыс әлемінің белсенді мүшелері жүйені өзгертуге барын салып жатыр. Олар осындай әрекеттері арқылы қылмыстық-атқару жүйесінің өзге қырынан көрсетуге тырысып-бағуда. Қылмыстық топтың мүшелері еркін жүргенді қалайды. Ал, ондағы тексеру оларға ыңғайсыздықтар тудыруда»/26/.

Осы екі бір-біріне байланысты ақпаратты көріп отырған аудитория оқиғаның мән-жайын түсіне бастайды. Ал, келесі Шынар Сағындықованың бейнематериалы тағы да осы оқиғаға қатысты.

«Ақшаң болса абақтыда да тамаша өмір сүруге болады. Шамасы Ла-155/14 мекемісінің бұрынғы басшысы Ербол Сариевтың сүйікті сөзі осы болса керек. Ол өз қарамағындағы мекемеде 26 вип-камера ашып қойыпты. Түрлі тұрмыстық техника, мөлдір суға шүпілдеген бассейн. Бұл жұмаққа кіру үшін  жазасын өтеушілердің әрқайсысы айына 15 мың теңгені санап беріп отырған. Түрме басшысының шапағаты бұнымен бітпейді. Тым талғампаз байшыкештер артықтау ақша шығарса, ішімдік пен жезөкшенің де жарасы жеңіл екен. Ербол Сариев абақты ішіндегі бизнесін осында жазасын өтеп жатқан Досымов деген жақынына бақылатып қойыпты.   

Әмірқұл Құлмаханов, Алматы және Алматы облысының қылмыстық атқару жүйесі басқармасының бастығы:

«15 мың теңгеден төлеп отырған айына. Оны сотталғандар айтып

отыр. Оны Бекетовке берген, Бекетов бастығына беріп отырған. Колония

бастығы Сариевтың үстінен іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. 8 қарашадан осы уақытқа дейін әлі.»

Бұрын заң саласында жұмыс істегендерге арналғандықтан, қызылдар коллониясы атанған 155/14 түзету мекемесіндегі былық Сариевтың орынбасары Андрей Бекетовтің мәлімдемесінен соң белгілі болып отыр. Негізінен дәл осы вип-камераларда жазасын өтеушілердің сауатын ашу курстары жүрген. Кәнігі қылмыскерлер жасаңдауларға тергеушіге қалай жауап беру керек, қалай қарсылық таныту керек, оны қалай ұйымдастыру керек -деген сынды бағыт-бағдар беріп отырған.  Бұны комитет өкілдері тәркілеген қылмыс әлемінің инструкцияларынан анық көруге болады.

Евгений Жовтис, Республикалық адам шығыны жөніндегі бюроның директоры:

«Колониядағылар қызылдар және қаралар болып бөлінеді. Қызылдар колония басшылығына реформа жүргізуге көмектессе, қаралар керісінше тұсау боп жабысады. Қит етсе, өз-өздеріне қол жұмсайды. Өйткені олар қылмыс әлемінің мүшелері не оларға тікелей қатысы бар адамдар. Осылайша қылмыс әлемінің белсенділері түрмені уысында ұстағысы келеді.»

Сондай-ақ, Ла-155/13 түзету мекемесінің бастығы Тұрғамбаевтың да сотталғандардан пара алып келгені анықталып, қылмыстық іс қозғалыпты. Түрме төрін ханша билейтін басшылар әңгімесі бұнымен бітпеді. Талдықорғандағы тергеу изоляторының бастығы Манарбек Мұқашев айыпталушыларға таза феодалдық дәуір орнатыпты.  Өзі бай-шонжардың образына кіріп, қамаудағыларды құлша илеп, мал бақтырыпты. Осы күні басшы Қылмыстық кодекстың 307-бабы бойынша сотталды. Арнайы құрылған комиссия Алматы қаласы облысындағы 10 түзету

мекемесін жіті тексеруден өткізіп, колонияны пайда көзіне

айналдырғандарды түгелдей жазаламақ /27/.

Осы үш материал оқиғаның қыр-сырын ашып береді. Яғни, болған оқиғаның екі-үш себебін тауып, көрерменге ұсынады. Ал, жаңалықтарды үзбей көріп отырған көрермен өзінше ой түйіп, оқиғаның мәнісін түсінеді. Міне, «Информбюро» журналистеріне қойылатын талап осы бейнематериалдардан-ақ көрініп тұр. Яғни, ең бірінші, ақпаратты біржақты емес, оны жіті зерттеп барып аудиторияға ұсыну.

«Информбюроның» тағы бір ерекшелігі айтайын деген ойды сұхбат арқылы жеткізіп, тақырыпты ашып беруі.

Кейде сұхбат ақпарат алу үшін ғана емес, дәйек үшін, айтқан ойды дәлелдеу үшін ғана емес, сонымен қатар тақырыпты әр қырынан аша түсу үшін қолданылатынын айту керек. Мысалы, 18 сәуірде тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау күніне орай түсірілген сюжет былай құрылған: «Бүгін халықаралық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау күні. Осыған орай Алматыда «Дінмұхаммед Қонаев мүсіндері» деген атпен ашық көрме ұйымдастырылды. Шара жастарға Димаш атаның мұрасын толығымен таныстыруды мақсат етеді. Қонаев рухына тағзым етушілердің жиынында Димаш Ахметұлының қарапайымдығы туралы көп айтылды. Димаш аға өзінің көзі тірісінде 1978 жылы қойылған қола мүсінді көруге бірде-бір рет келмей өтіпті.
Гүлмира Бекмұратова, Дінмұхаммед Қонаев атындағы мұражай-үйінің қор сақтаушысы:
«Өте қарапайым болған ғой. Бұл дәл қойып жатқан кезінде бұл жерде болмаған екен Қазақстанда. Ол мүмкін шынында да демалып жатты ма, жоқ әлде бұл жерде болғысы келмеді ме? Өте қарапайым болған. Сондықтан да Қазақстанда болмаған бұл кезінде. Бұл ескерткіштің салтанатты ашылуына өзінің қызметтес әріптестері Жиенбаев, Бәйкен Әшімовтер қатысқан екен кезінде»
/28/.
Қоғам қайраткерінің түрлі мүсіндерін қамтыған көрменің ашылуынан соң, ұлы тұлғаның мұражай-үйіне арнайы экскурсия жүргізілді. Дара тұлғаға арналып өлең оқылды. Ал, еліміздің коммунистері қызыл көсем Лениннің ескерткішін Алматыдағы Астана алаңына орнатуды ойластырып жатыр. Алдағы жексенбіге дөп келетін Ульяновтың туған күнінде олар осы мәселені тағы көтермекші.
Арсентий Аполимов, Қазақстан Коммунистер партиясының Алматы қаласындағы комитетінің 1 — хатшысы:
«Лениннің ескерткішін орнына қою мәселесін талай мәрте көтердік. Тіпті, Үкіметке хат та жолданды. Бірақ, Кеңес Одағына қарсы күштер үнемі жеңіп кетеді. Алайда, тарихи ескерткіштің орнына қайтып қою мәселесін тағы көтермекпіз»
/29/.
Қызыл коммунистер күнде көсем ескертіші маңына жиналып, мұң шағуды әдетке айналдырған. Жалындатып өлең де оқиды. Бірақ, ол өлең әуелдегі өлеңнен басқарақ. Алайда, қарапайым жұрт коммунистер орындалмас арманды аңсап жүр — дейді.
Студент:

«Ленин осы Қазақстанға жасаған, Қазақстанға, яғни КСРО-ға жасаған оның еңбектері көп бірақ та одан асатын қазақтың ғұлама ғалым адамдары көп -деп ойлаймын. Мысалы, Қонаевтың

ескерткішін қоюға болады -деп ойлайм»/30/.

Осы сюжеттегі соңғы студенттің берген сұхбатымен журналист Ленин ескерткішінің Алматының орталығындағы алаңға тұрғызылуы жайлы ойын білдіреді. Және осы пікір арқылы материалды түйіндеп, халыққа ой тастап, қорытынды жасайды. Бұл мәселе бірнеше күн өткеннен кейін Парламент қабырғасында қайта қозғалады.  Коммунистер көсемі – Лениннің орталықта қасқайып тұруы туралы ұсынысты Ерасыл Әбілқасымов жасайды. Халық қалаулысының пікірін Астанадағы тілші Мәди Манатбек мынадай сұхбатпен береді.

Ерасыл Әбілқасымов, Мәжіліс депутаты:

«Біз қазір қазақ халқының тарихына тікелей қатысы бар хандардың, билердің, батырлардың, ақындардың, әншілердің аттарын қайта жаңғыртып, тарихтың ақтаңдақ тұстарын көтеріп жатырмыз. Бұл өте дұрыс та. Өйткені біздің бабаларымыз өзінің болашағы үшін кең байтақ жерді қорғауда өмірін қиды, қаны мен терін төкті. Енді біз еліміздің Кеңес Одағы құрамында болған және КПСС басқарған 70 жылдық тарихымызды да осылай құрметтеуіміз керек. Көбіне адамзат санасы жақсылықты тез ұмытып, жамандықты есте сақтайтыны өкіндіреді»/31/.

Сюжеттегі немесе заметкадағы сұхбаттың маңыздылығы мен рөлі осындай.

Сюжет. «Информбюродағы» сюжет қоғамдағы келелі мәселелерге немесе оқиғаларға арналады. Сюжеттің құрылымында сұхбат та, шумовой да болуы шарт. Сәтті шыққан қай сюжетті алсаңыз да, онда  міндетті түрде тақырып толықтай ашылған. Тілші мәселенің мән-жайымен бүге-шігесіне дейін танысқандығы көзге ұрып тұрады. Мысалы кезекті сюжет былай берілген:   

«31 мая в Казахстане отмечается  День памяти жертв политических репрессий. Президент Нурсултан Назарбаев этот день назвал особой датой для страны. Лишь по официальной информации, жертвами репрессий советской власти стали более трех миллионов казахстанцев, из них 500 тысяч были расстреляны».

«В день памяти Президент Казахстана принял участие в открытии нового музея истории политических репрессий и тоталитаризма. В годы сталинского правления здесь в 30 километрах от нынешней столицы, находился акмолинский лагерь жен изменников родины. Алжир. Единственный на территории бывшего СССР, где содержались женщины.

НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТ РК:

«Сохранить память о предыдущих поколениях, их трагедии — это наш нравственный долг».

А в Алматинской области цветы несли к мемориалу в поселке Жаналык. Его практически завалили корзинами и букетами роз. Почтить память невинно осужденных, замученных и растрелянных пришли потомки репрессированных и сочувствующие им, историки, интеллегенция, и чиновники. После их речей о памяти погибших, дисонасом прозвучали просьбы хранителей архивов репрессированных о помощи в организации парка вокруг существующего мемориала.

САУЛЕ АЙТМАМБЕТОВА, ИСПОЛНИТЕЛЬНЫЙ ДИРЕКТОР ОБЩЕСТВА «АДИЛЕТ»:

«31,41 мы еще в 90 годах отвоевали здесь 15 га земли на этой стороне. И наше было намерение здесь сделать лесо-парк памяти. и, кроме этого памятника, вокруг по аллеям поставить малые архитектурные формы. из тех, которые здесь лежат. Например, 3 друга было. Майлин, Жансугуров. Сейфуллин.»

Историко-просветительское общество «Адилет» пригласило бы сегодня всех желающих в свой музей. Но он уже год, как не существует. В бывших застенках НКВД, где 70 лет назад выпытывали признания и расстреливали казахстанскую интеллегенцию, а потом действовал музей, сейчас расположился один из банков. А весь архив музея хранится на балконе директора. Правда, городские власти пообещали хранителям памяти, что найдут для них угол в музее города. 

САУЛЕ АЙТМАМБЕТОВА, ИСПОЛНИТЕЛЬНЫЙ ДИРЕКТОР ОБЩЕСТВА «АДИЛЕТ»:

«Бывшая крепость. Там был военный гарнизон. Уже выделены

деньги. Там будет музей города. И там найдется 2 павильона для музея истории политических репрессий»/32/.

В годы массовых репрессий в Казахстане находились 11 Гулаговских лагерей. Миллионы репрессированных со всех уголков СССР. Сотни тысяч из них были расстреляны. Сегодня их потомки надеются, что память о невинно осужденных действительно сохранится.

Мұндағы тақырып саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне  арналады. Сюжет авторы – Юлия Ямпольская. Журналист бейнематериалын Астанадағы «Алжир» мұражайының ашылуымен бастайды. Кезінде «Алжир» лагерінде қазақ зиялыларының жұбайлары жазықсыз қамалған болатын. Бұл туралы Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы сұхбаты беріледі. Артынша автор бірден Алматы облысына оралады. Мұнда Жаңалық елді-мекенінде қуғын-сүргінге ұшыраған қандастарымызға арналған мемориал басындағы еске алу жиыны туралы айтады. Ары қарай бейнесюжет «Әділет» қоғамдық қорының атқарушы директоры Сәуле Айтмамбетованың сөзімен жалғасады. Осы ауылда бұрындары қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражай болған екен. Кейінірек бұл мұражай жабылып, оның орнына банк салынған. Ал сол замандарды айғақтайтын маңызды құжаттар болса, банк директорының балконында жиналып тұрса керек. Сәуле Айтмамбетова осы олқылықты орнына келтіру үшін ашына сөйлейді. Ал, материалдың соңында тілші біршама тарихи дәйектер келтіріп өтеді.

Өздеріңіз көріп отырғандай, журналист сюжетін жан-жақтылықпен байыта түскен. Ол бұл мәселені жағымды жағымен қоса, проблемалы тұстарын айтып, сол елді-мекендегі халықтың көкейіндегі жүрген мәселені көтерген. Мұнымен тілші өз сюжетіндегі тақырыпты толықтай ашты деуге негіз бар.

 

 

 

Қорытынды

 

         “Информбюро” көпшілікке жан-жақты қызмет көрсетеді. Мысалы, ақпараттар легін телеарнадан көріп, радиодан тыңдап, Интернет парақшасынан оқуға кең мүмкіндіктер қарастырылған. Жаңалықтар легі сағат сайын жаңартылып тұрады. Ақпараттарды уақытқа, саяси жағдайға бағындырмай шынайы беріледі.

“Информбюро” — бұл тек бір ғана идея. Әр түрлі топтардың басын біріктірген ауқымды жоба. Телеэкраннан тыс және оған тікелей жұмыс істейтін журналистер, жүргізушілер, жарық түсірушілер, бейне және дыбыс реттеушілердің ортақ идеясы- тың ақпараттар тарату болып табылады. Қысқасы, әлеуметтік мүмкіндігіне, жынысы мен жас мөлшеріне қарамастан әркімнің өркениетті қоғамға ұмтылуына құқық беретін идея.

       «Информбюро» жаңалықтарды таратуда көптеген ақпараттық агенттіктермен жұмыс істейді. Соның ішінде «Қазақстан-Тудей», «ҚазАқпарат», «Интерфакс-Қазақстан». Бұл агенттіктерден ақпарат болған оқиғаға тілшілер жіберілмеген кезде немесе уақыт тапшылығы кезінде алынып, қысқа заметка ретінде жіберіледі. Ал, әлем жаңалықтарын дайындауда Ұлыбританиядағы «Ройтерс» халықаралық агенттігінің маңыздылығы ерекше. Бұл телеарна мен аталмыш агенттіктің арасындағы келісімшартқа сәйкес, ақпарат агенттігі күні бойы шыққан жаңалықтарын арнаға жіберіп отырады. Оның бейнематериалы спутник арқылы жіберілсе, мәтіні ағылшын тілінде «Юнайтед Киңдом» сайтына бір мезетте түседі. Ақпарат мәтінін «Информбюроның» шетел жаңалықтарын дайындайтын Роза Қауыс ағылшыннан қазақ тіліне аударып, халық назарына ұсынады. Сондықтан әлем жаңалықтарында ой-пікір қосылып, сараптама жасалмайды. Бұл кемшілік қазіргі таңда барлық отандық телеарналарға тән десе де

болады. Осы орайда Парламент қабырғасында Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның шетел ақпарат тасқынының зияны туралы көтерген мәселесі де тегін емес екені аңғарылады. «Ройтерс» агенттігі тілшілерінің, операторларының беріп отырған бейнематериалын аудармашы қалтқысыз аударып, сол күйі Қазақстан халқының назарына ұсынады. Ал, әрбір ақпарат арқылы сол агенттіктің идеологиясы мен позициясы елімізге де әсер етпей қоймайды. Яғни, арнаның әрбір шетел ақпараттары Ұлыбритания агенттігінің көзімен, тілімен, позициясымен беріледі десек те, мұсылмандардың соғысы туралы ақпараттарда «ислам содырлары», «мұсылман террористері» деген мұсылмандарға жабылған жалалар әлем жаңалықтарында берілмейтінін көрермендер байқаған шығар. Яғни, арна батыстағы дауға басы қалған мұсылмандардың позициясын ұстанып, көп жағдайда оларға қарсы пікірлер мен циататаларды бермеуге тырысады. Бірақ өзіндік ой білдіруге де бармайды.  Ал, сол бейнематериалдарға өзіндік ой-пікірдің қоспауының себебі бағдарлама уақытының тығыздығында. Әр сюжет өзіне арналған хронометраждан аспауы керек. Бұл орайда жаңалықтар еліміздегі ақпараттарға көп ден қойып,  әлем жаңалықтарына уақыт аз беріледі.

       Жаңалықтар қызметінің Астанада, Шымкентте, Қостанайда, Ақтауда және Ақтөбеде меншікті тілшілері сол өңірлердегі ақпараттарды Алматыдағы редакцияға жіберіп отырады. Аталған аймақтарда бүтіндей бір тілшісімен, операторымен қоса, көлік жүргізушісі де бар. Олар дайындап, жіберілген бейнематериал эфирге шығады. Астанадан келетін жаңалықтар ауқымдылығы Үкімет отырысы немесе Елбасы кездесуінен бастап, әлеуметтік мәселелер мен ауа райының бұзылуына дейін қамтиды. Ал, ауыл-аймақтардағы ақпараттардың дені әлеуметтік мәселелерге арналады, яғни жарық, су немесе тұрғылықты халықтың проблемалары мен денсаулығы. Осы

жерде «Информбюроның» меншікті тілшілерін саусақпен санамалап

қарасақ, Қазақстанның барлық аймақтары бойынша 5-ақ тілші бар екен. Елімізде 16 облыс барын еске алсақ, бұл өте аз. Яғни, қанша айтқанымен, «31-арнаның» жаңалықтары Қазақстанның барлық аймақтарын қамти алмайды. Бұның себебі әрине, қаражат мәселесіне келіп тіреледі.

       Ал, «Информбюроның» орыс бөліміне тағылып жатқан мін мен сын көп. Соның бірі қазақтың ұлттық мәселелерінің көтерілмеуі. Шынында да, орысша жаңалықтарды көріп отырған қазақ өзін өзге мемлекетте тұрғандай сезінетіні рас.

31-арнаның «Информбюро» жаңалықтар топтамасындағы ақпарат беру ерекшелігі.

1.           Еліміздің саяси қоғамдық өмірінде болып жатқан оқиғалар шұғыл түрде беріледі және соңғы шешім табылғанша үздіксіз беріп отырады;

2.           Әдеттегідей ресми жаңалықтар бірінші кезекте берілмейді, қоғамды елең еткізген оқиға алдыңғы сапты ұсынылады;

3.           Арна қызметкерлері «БАҚ халық үнін, талабын билікке жеткізуші және сол талаптың қабылданғанын қадағалап отырушы болуы керек» деген бағытта жұмыс істейді.

4.           Шындықты бадырайтып көрсетіп, бірден жайып салмау, керісінше «шым-шымдап болса да айта білу»;

5.           Тілшілер оқиғаны баяндап қана қоймайды, өзінің ой-түйінін қоса береді;

6.           Аймақтық тілшілер әлеуметтік мәселелерге қатысты сюжеттерді беруді әдетке айналдырған;

7.           Қазақ тілді ақпараттарында ұлт проблемасына үлкен мән беріледі;

8.           Жүргізушінің де, журналистің де сөйлеу тілі көркем, әдеби пішінге

    негізделген;

9.           «Информбюро» хабарымен қоса, қосымша бірнеше ақпараттық

бағдарламалар көрермендер назарына ұсынылады, бұл көпшіліктің әртүрлі

жаңалықтарға деген сұранысын қанағаттандыруға ықпал етеді.

Кемшіліктер:

1.     Шетелдік жаңалықтар еш өзгеріссіз беріледі;

2.     Орыс тілді ақпарат қазақ ұлтының мәселелері көтерілмейді;

3.     Қазақ тіліндегі жаңалықтар уақыты орыс тілді жаңалықтар топтамасынан бөлінетін уақыттың ширегіне де жетпейді;

4.     Ақпарат тілшілері оқиғаға өз көзқарастарының негізінде тұжырымдауды әдетке айналдырған;

5.     Орыс ақпараттарында журналистік этикаға сай емес сұхбаттар эфирге беріледі;

6.     Аймақтағы тілшілер өте аз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелер:

 

/1/  www.31.kz сайты.

/2/ www.31.kz сайты.

/3/ www.31.kz сайты.

/4/ www.31.kz сайты.

/5/ www.31.kz сайты.

/6/ Тұрсын Қ. Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары. Алматы: Білім 2006. – 170б.

/7/ Г.В. Кузнецов, В.Л. Цвик, А.Я. Юровский. Телевизионная журналистика. Москва: Московский университет 1994. – 157б.

/8/ Информбюро ақпараттары. 11.05.2007.  Қорытынды жаңалықтары.

/9/ Г.В. Кузнецов, В.Л. Цвик, А.Я. Юровский. Телевизионная журналистика. Москва: Московский университет 1994. –159б.

/10/ Информбюро ақпараттары. 27.03.2007. Қорытынды жаңалықтары. 

/11/ Г.В. Кузнецов, В.Л. Цвик, А.Я. Юровский. Телевизионная журналистика. Москва: Московский университет 1994. –161б.

/12/ Тұрсын Қ. Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары. Алматы: Білім 2006. – 170б.

/13/ Г.В. Кузнецов, В.Л. Цвик, А.Я. Юровский. Телевизионная журналистика. Москва: Московский университет 1994. –160-164б.

/14/ Тұрсын Қ. Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары. Алматы: Білім 2006. –174б.

/15/ Тұрсын Қ. Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары. Алматы: Білім 2006. –174б.

/16/ Барманқұлов М. Телевидения: Бизнес әлде билік? Алматы: Қазақ университеті 2007. – 115б.

/17/ Тұрсын Қ. Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары. Алматы: Білім 2006.- 172б.

/18/ Тұрсын Қ. Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары. Алматы: Білім 2006. – 173-174б.

/19/ www.31.kz сайты. Информбюро туралы мағлұмат.

/20/ www.lenta.ru/ сайты.

/21/  Информбюро ақпараттары. 17.04.07. Қорытынды жаңалықтары.

/22/ Информбюро ақпараттары. 16. 04.07. Қорытынды жаңалықтары. 28.05.2007. Қорытынды жаңалықтары.

/23/ Информбюро ақпараттары. 21.05.2007. Қорытынды жаңалықтары.

/24/ www.31.kz сайты

/25/ Информбюро ақпараттары. 23.05.2007. Қорытынды жаңалықтары.

/26/ Информбюро ақпараттары. 17.04.07. Қорытынды жаңалықтары.

/27/  Информбюро ақпараттары. 17.04.07. Қорытынды жаңалықтары.

/28/ Информбюро ақпараттары. 23.04.07. Қорытынды жаңалықтары.

/29/ Информбюро жаңалықтары. 23.04.07. Қорытынды жаңалықтары.

/30/ Информбюро жаңалықтары. 23.04.07. Қорытынды жаңалықтары.

/31/ Информбюро жаңалықтары. 25.04.07. Қорытынды жаңалықтары.

/32/ Информбюро жаңалықтары. 31.05.07. Қорытынды жаңалықтары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. Тұрсын Қ. Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары. Алматы: Білім 2006.

2. Г.В. Кузнецов, В.Л. Цвик, А.Я. Юровский. Телевизионная журналистика. Москва: Московский университет 1994.

3.  Барманқұлов М. Телевидения: Бизнес әлде билік? Алматы: Қазақ университеті 2007.

4.  Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы: Қазақ Университеті 1998.

5. А.Я. Юровский, Р.А. Борецкий. Основы телевизионной журналистики. Москва: Московский университет 1966.

6. Әбдіжәділқызы Ж. Тікелей эфир табиғаты. Алматы: Қазақ Университеті 2003.

7.   Масғұтов С. Көгілдір экран — өмір айнасы. Алматы: Мектеп 1976.

8.   «Информбюро» ақпараттары.

9.     www.31.kz сайты

10.  www.lenta.ru/ сайты.