АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. А. Байтұрсынов бастаған алаш зиялыларының әліпбиді өзгертуге қарсы күресі

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

Д.А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

                                                                      

 

ДИПЛОМДЫҚ    ЖҰМЫС

А. БАЙТҰРСЫНОВ БАСТАҒАН АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ӘЛІПБИДІ ӨЗГЕРТУГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСІ

 

Алматы, 2009

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………………. 3

 

  1. ХХ Ғ. БАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ЛАТЫН АЛФАВИТІНЕ КӨШУ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
  2. 1 «Күншығыстағы мәдени революция» немесе алфавитті өзгерту саясатының мақсаттары ……………………………………………………………………………..
  3. 2 «Жаңа әліппешілер қоғамы» мен Жаңа қазақ әліпбиі комитетінің құрылуы…………………………………………………………………………………………..
  4. 3 Латыншылардың әліпби жобалары ……………………………………………………..

 

  1. А. БАЙТҰРСЫНОВ БАСТАҒАН АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ӘЛІПБИДІ ӨЗГЕРТУГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСІ

2.1 А. Байтұрсыновтың қазақ емлесін дамытуға қосқан үлесі …………………………………………………………………………………………………………………

2.2 Арабшылардың араб графикасының артықшылықтары туралы пікірлері …………………………………………………………………………………………………………………

2.3 Баку съезі және латын әліпбиінің ендірілуі ………………………………………….

 

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………………………………

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Диплом жұмысының өзектілігі. Кез-келген халықтың ұлттық рухани мәдениеті мен тарихында жазу мен емленің айрықша орын алатыны белгілі. Ұзақ мерзімді  тарихи үрдістер нәтижесінде  қалыптасып, материалдық және рухани құндылықтарды бейнелеуші және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ата мұрасы ретіндегі жазу таңбаларының өзгеру тарихы назар аударатын өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістерден рухани сала да шет қалмады. Руханияттың көзі – ағарту ісі үлкен маңызға ие болғандықтан кеңес өкіметі халықты жаппай сауаттандыру және білім беру жүйесіне реформалар жасады. Қазақ алфавитін ауыстыру мәселесі күн тәртібіне қойылып,  Қазақстанда Ұлы Отан соғысына дейінгі он екі жыл ішінде алфавит екі рет өзгертілді. 1928-30 жж. Латын алфавиті араб графикасының негізінде жасалған дәстүрлі қазақ алфавитін ауыстырса, 1940 ж. жазу кириллицаға көшірілді.

ХХ ғасырдың 20-30 жж. қызу айтысқа айналып, аз ғана уақыт ішінде өзгертуге ықпал еткен кеңес үкіметінің өктемдік саяясатының мақсаты мен себептері, және осы саясатқа қарсы күрескен А. Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларының пікірлері мен дәлелдерін, төл әліпбиді сақтап қалу барысында жүзеге асырған іс-шаралары туралы әлі күнге дейін ғылыми зерттеулер жүргізілген жоқ. Тақырып аясындағы ХХғ. 20-30 жж. қазақ зиялыларының екі түрлі позиция ұстануы, латын әрпін ендіру саясатының бастау алуы, алаш зиялыларының араб әліпбиінің артықшылықтарын дәлелдеу себептері, А. Байтұрсыновтың әліпби реформасы мен латын алфавитінің қажеттілігі дәрежесін айқындау т.б. мәселелер толық зерттелмеген және объективті баға берілмеген ақтаңдақтар қатарында қалып отыр. Осы мәселенің көлеңке тұстарын анықтау және сол арқылы ХХ ғ. бірінші жартысындағы қазақ қоғамының саяси-мәдени ахуалы мен Алаш зиялыларының ұлттық көзқарасы, идеологиялық ұстанымдарын жан-жақты зерттеу, тану қажеттілігі туып отыр. ХХІ ғасырдағы тәуелсіз қазақ халқының  ұлттық құндылықтары мен рухани, елдік идеясын дәріптеуде Алаш қайраткерлерінің өнегесі мен мұрасының маңызы зор болып табылады.

Диплом жұмысының деректік қоры. Зерттеу жұмысында ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатындағы 81, 83, 141, 740, 929, 1692 қорларындағы 1, 2, 231, 244, 307, 309 істер/1/ қаралды. Және осы мәселеге қатысты ҚР Президенті мұрағатының  141 қорындағы 336, 915, 1560,/2/ негізгі дерек көздері болып табылады. Бұл құжаттарда 1924ж. Орынбор съезіндегі А. Байтұрсыновтың, Н. Төреқұловтың баяндамалары,  1926ж. Баку съезінің құжаттары, латыншылар мен арабшылардың пікірталасы, Жаңа Алфавит Қоғамының Қаулысы т.б. маңызды деректер мен мақалалар бар. Және тақырыпты зерттеуде А. Байтұрсынов еңбектері /3/  де қарастырылды.

 Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Бұл мәселеге қатысты толыққанды жүргізілген  ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. А. Байтұрсыновтың қазақ емлесі мен тіл ғылымына қосқан үлесі туралы бірқатар филологиялық зерттеулер мен мақалалар  жарық көрді/4/.  Әліпби тарихына байланысты М. Мырзахметұлының «Қазақ қалай орыстандырылды»/5/ еңбегінде отаршылдық саясаттың кейбір тұстары анық көрсетілді. Тақырыпқа қатысты жазба жұмыстарының көпшілігі мақала түрінде кездеседі. Әсіресе,  2000ж. латын алфавитіне көшу идеясының көтерілуімен байланысты ғылыми жариялымдар мен баспасөз беттерінде бірнеше мақалалар жарық көрді. Атап айтқанда З. Ижанов/6/, Д. Қамзабекұлының/7/ мақалаларында ХХ ғ. 20-30 жж. әліпби айтысы мәселесі мұрағат деректері негізінде зерттелді. А. Байтұрсынов пен алаш зиялыларының күресі туралы А. Б. Салқынбай/8/, Ш. Б. Нұрманова/9/, Ж. А. Арықбаева/10/, Б. Әбілқасымов/11/ т.б. авторлардың мақалалары жарық көрді. Дегенмен А. Байтұрсынов  және оның жақтастарының араб әліпбиін сақтап қалуға  тырысқан іс-шаралары тарихи тұрғыдан толық түбегейлі зерттелген жоқ.

         Диплом жұмысының мақсат-міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – ХХ ғ. басындағы зиялылардың әліпби айтысы мен А. Байтұрсынов бастаған қазақ зиялыларының алфавитті өзгертуге қарсы іс-шараларын зерттеу. Ол үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

— латын әліпбиіне көшу идеясының көтерілу себептері мен барысын айқындау;

— А. Байтұрсыновтың араб алфавитіне жасаған реформасы мен араб әліпбиінің ерекшеліктерін қарастыру;

—   А. Байтұрсыновтың қазақ емлесін дамытуға қосқан үлесін айқындау;

— Орынбор съезінде араб емлесінің қабылдануы мен оған алаштықтардың қосқан үлесін ашып көрсету;

— Баку съезінде алаш зиялыларының араб әліпбиін жақтау  себептері мен дәйектерін айқындау;

— 1924-28 жж. арабшылар мен латыншылардың баспасөз бетіндегі айтысында келтірілген дәлелдерге талдау жасау;

— ЖАҚ бөлімшелері мен Жалпыодақтық түркі жаңа әліпбиінің Орталық комитетінің қызметін қарастыру т.б.

Диплом жұмысының теориялық-методологиялық негіздері. Тақырыпқа қатысты барлық мақалалар мен еңбектерді қарастыра отырып, сыни тұрғыдан талдау жасау. Қазақ интеллигенциясының әкімшіл-әміршіл жүйеге ғылым мен мәдениет саласындағы қарсылығына Тәуелсіз Қазақстан тарих ғылымы мен ұлттық көзқарас тұрғысынан, ретроспективті әдіс пен объективтілік принциптерін ұштастыра отырып, қорытынды жасау. Мұрағат деректеріне жан-жақты талдау жасау.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. А. Байтұрсынов бастаған қазақ зиялыларының алфавитті өзгертуге қарсы іс-шараларын қарастыра отырып, тақырыпқа қатысты мұрағат құжаттарын ғылыми айналымға енгізу. Алфавитті өзгерту – әкімшіл-әміршіл жүйенің  отарлық сипаттағы науқандарының бірі екенін дәлелдеу. Алаш зиялыларының елдік идеяларын насихаттау.

Диплом жұмысының хронологиялық-территориялық шеңбері. Зерттеу жұмысында ХІХ ғ. соңы — ХХғ. Басындағы және 20-30 жж. саяси, мәдени жағдай қарастырылады. Түркі халықтарының латын әрпін қабылдауы мен негізінен Қазақстандағы Алаш зиялылары мен латыншылардың әліпби күресі зерттелді.

Диплом жұмысының  құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тараудан тұратын негізгі, қорытынды бөлімдер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ХХ Ғ. БАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ЛАТЫН АЛФАВИТІНЕ КӨШУ                              ИДЕЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

 

1.1 «Күншығыстағы мәдени революция» немесе алфавитті өзгерту саясатының мақсаттары

 

ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістерден рухани сала да шет қалмады. Руханияттың көзі – ағарту ісі үлкен маңызға ие болғандықтан кеңес өкіметі халықты жаппай сауаттандыру және білім беру жүйесіне реформалар жасады. Қазақ алфавитін ауыстыру мәселесі күн тәртібіне қойылып,  Қазақстанда Ұлы Отан соғысына дейінгі он екі жыл ішінде алфавит екі рет өзгертілді. 1928-30 жж. Латын алфавиті араб графикасының негізінде жасалған дәстүрлі қазақ алфавитін ауыстырса, 1940 ж. жазу кириллицаға көшірілді.

20 жылдардың басында социализмнің  лениндік жоспарында белгіленген мәдени революцияны іске асыру үшін бірнеше күрделі міндеттерді шешу қажеттіліктері, соның ішінде, ең алдымен қоғам дамуына бөгет болып тұрған сауатсыздықты жою мәселесі көтерілгенде КСРО-да зиялылар арасында жазуға қатысты екі тенденция байқалды: біріншіден, дәстүрлі араб алфавитін реформалау; екіншіден, бірден жаңа түрік алфавитіне көшу. Алғашқа кезден-ақ латын негізіндегі алфавитті қалыптастыру идеясы дамыды. Латын грамматикасының негізгі алынуы оның араб алфавитімен  бір кезеңде қатар қалыптасуына және халықаралық маңыздылығына байланысты болды деп түсіндірілді/12. 12/. Яғни араб жазуы түркі тілдес халықтарға ислам діні және мәдениетімен  бірге кіріп, көп уақыт бойы түркі соғды жазуымен қатар қолданылып келсе, латын жазуы Батыста римдік-католиктік шіркеудің ықпалымен таралды. Орта ғасырларда Батыс Европа елдерінде діни, мәдени, ғылыми зерттеу салаларында ортақ жазба тіл ретінде қолданылғандықтан, латын тілі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының ортақ тілі болып қалыптасып қалған/13. 338/.

Аталмыш идея алғашқы кезде түркі зиялылары арасында уақыт талабына сай жаңарған қоғамдық қатынастар туралы мәселелерді көтерген, оқу орындарында реформалардың жүргізілуін және Батыс Европа елдерімен мәдени байланыс орнатуды қолдаған жәдидшілдіктің бір бағыты ретінде пайда болды/14. 317/. ХІХ ғ. ІІ жартысынан басталған латын алфавитіне көшу туралы идея  ХХғ. 20-30 жж. аса кең ауқымда көтерілді. Ол тек Кеңестекр Одағы Құрамындағы ұлт өкілдерінің арасында ғана емес, Одақ сыртындағы түріктер мен мұсылман елдерінің арасында да дамыды. Мысалы, ХІХ ғ. ортасында Түркия журналисі Сүлеймен Тевфикбей латын негізіндегі албан ұлттық алфавитінің авторы – Шамседдин Сами Фрашерибейдің тәжірибесін қолданып, латын әріптері арқылы түрік тілінің грамматикасын қалыптастырды/15. 249/.

Латын негізіндегі жаңа алфавитке көшу туралы мәселені алғаш көтерген Әзірбайжан Республикасы болды. Ол жөнінде А. Байтұрсынов: «Араб әрпін тастап, латын әрпін алу керек. Араб әрпі – қолайсыз, әлдеқашан аты шыққан, онымен жақсылап емле түзеуге болмайды… деп әріп мәселесін алдымен қозғаған әзірбайжандықтар ойлаған еді…»/16. 326/ дейді. ХІХ ғ. 50 жылдары бұл елде мұсылман халықтарының дәстүрлі жазуына өзгеріс енгізу туралы жаңа жобалар ұсыныла бастады. Алғашқылардың бірі болып Ф. Ахундов жаңа түрік алфавитінің жобасын 1857 жылы және 1863 жылы екі рет жасады. Көпшілік тарапынан қолдау тапппағанымен араб алфавитінің кемшіліктерін көрсетіп, оның түркі елдерінің жазуына қолайсыздығын жария еткені үшін патша үкіметі әзірбайжандық Ф.  Ахундовты «жаңа түрік алфавитінің атасы, негізін салушы» деп атады/17. 58-59/. Жүзеге асырылған іс-шараларға қарамастан, түркі тілдес елдердегі ислам дінінің ықпалына байланысты  араб алфавиті қолданыстан бірден алына қоймады. Академик Бартольд араб алфавиті түркі тілінің дыбыстарын дұрыс бере алмайтындығына орыс зерттеушілерінің көзі жеткендігін айтакеле, «Араб әліппесін дін ғана сақтап келеді. Дін болмаса бұл әріп әлдеқашан тозғындар еді» деп көрсетеді/18. 42/. Латын алфавитін жақтаушылардың түсінігі бойынша Ресей, Түркия, Иран әкімшілігінің құрамындағы шенеуніктер мен дінбасылар халықтың білімді, өнерлі болуын қаламады. Бұндай деңгейге жеткен жағдайда «патша өзінің тағынан, молда сәлдесінен айрылып қалады» деген қауіп төніп тұрды/18. 42/. Осылайша ХІХ ғ. ІІ-жартысында жаңа алфавит мәселесі біраз талқыланып басылса да, ел назарынан мүлде тыс қалып қоймады. 1905 ж. бірінші орыс буржуазиялық революциясы қарсаңында бұл мәселе тағы да қозғалды. Әзірбайжандар мен татар зиялылары латын әрпі туралы баспасөз бетінде, жиылыстарда сөз қылғанымен, мәселе біржақты шешілмеді. 1908-1913 жж. Түрік елінде ұзақ талқыға салынып, төрт-бес жылдай түрлі мәдени орталарда, Стамбулда шығатын баспасөз беттерінде осыған орай көптеген айтыстар туындады. Латын графикаына көшу туралы қозғалыстың татарлар арасында белең алғандығын ақын Сағит Рамиевтың 1911-1912 жж. «Идеал» газеті бетінде жарияланған мақалаларына байқауға болады. Қазан төңкерісінен кейін түркі халықтарының орфографиясы туралы мәселе көптеген конференциялар мен съездерде қарастырылды. 1918-1919 жж. түркі еліндегі соғыс және өз ішінде болған түрлі қозғалыстар мәселенің шешілуінде уақытша қиындық туғызғанымен, елде тұрақтылық орнағаннан кейін алфавит жайлы пікір-талас 1921 жылдардың соңғы айларында қайтадан жалғасты. 1922 жылы наурыз айында Бакуде өткен түркі зиялыларының жиылысы жаңа алфавитке көшу жөніндегі істің басы саналды. Себебі бұған дейінгі алфавит мәселесі тек баспасөз бетінде талқыланып, аяқсыз қалып отырса, ендігі кезекте істі жүзеге асыратын жаңа түркі алфавитінің  комитеті құрылды. Ағамалы Оғлы басшылығымен бұл комитет 1922-1925 жж. түркі халықтары арасында латын графикасының шеңберінде жаңа түрік алфавитінің жобасын жасауға шақырды/12. 11/.

1922 жылы 11-тамызда Әзірбайжан Орталық Атқару Комитетіні төрағасы, «жаңа түрік алфавиті» қозғалысының көшбасшысы С. А. Ағамалы Оғлы В. И. Лениннің қабылдауында болады. Төраға сөзін мұқият тыңдаған Ленин: «Латын графикасына өтуге бұқара қалай қарайды?»,- дейді. Ағамалы Оғлы: «Түгел қолдайды»,- деп жауап береді. Сонда Ленин: «Бұл – Күншығыстағы мәдени революция», — депті. (Бакуде өткен түрік Білімпаздары съезіндегі Ғ. Шараф сөзінен)/7. 11/.

1922 жылдан бастап латын алфавиттерінде «Жаңа жол» атты апталық газет шығып тұрды. 1923 жылы қазан айының 20-да Әзірбайжан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар кеңесі «Жаңа түрік алфавитінің мемлекеттігі туралы» декрет қабылдап, латын алфавиті араб алфавитімен қатар барлық мекемелер мен ұйымдарда тең дәрежеде қолданылуы тиіс болды/19. 3/. Осылайша бірқатар елдер Әзірбайжанда жүргізілген шараларға байланысты жаңа алфавитті қабылдауға әрекет жасай бастады. Өзбек, түрікмен, қырғыз, башқұрт халықтары арасында қаулы шығару мәселесі қарастырылып жатса, ингуш, қарашай, кабардин, шешендерде жаңа алфавит қабылданды. Ресей құрамындағы республикалардағы латынға бетбұрыс жасау Қазақстанда да осы мәселенің көтерілуіне түрткі болды. Кеңестік жылдарда мәдениет жағынан артта қалған елдердің көпшілігі қазан төңкерісінің нәтижесінде  еркіндікке қолы жетіп, өнер-білімге талпынысын, мәдениеттік тілектерін орындау жолындағы елеулі құралдарының бірі болған әріп, әліп-билерінде үлкен кемшілік болғандықтан алфавит мәселесі көтерілгендігі және алфавит ауыстыру саясаты өркениетке жетудің бір жолы екендігі айтылып, бұл жолда ұшырасқан қиындықтар қатарына еңбекшілердің саяси жағынан сауатсыз болуы, тілдік мәдениеттің кемшілігі жатқызылды. Дамушы қоғам талаптарына сәйкес жүргізілген шаралар жаңа алфавиттің  пайда болуына негіз болды деген пікір қалыптастырып, латын графикасының халықаралық маңыздылығы, яғни интернационалды сөздерді бірыңғай жазуға, халықтар мен олардың тілдерінің жақындасуына көмектеседі және Батыс Европалық шет тілдерді үйренуде жеңілдік туғызады деп дәріптелді. Шын мәнінде, Кеңес өкіметі дәстүрлі араб алфавитін ауыстыру арқылы ұлттың этно-мәдени ерекшелігін жоюды көздеді, мұсылман халықтарының, соның ішінде қазақ халқының рухани құндылықтарының тамырына балта шауып, орыстандыру саясатын жүргізді/20. 196/.

Не себепті И. Сталин түркі тілді халықтардың араб алфавитін жедел өзгерту туралы қатерлі нұсқауында, алдымен латын жазуына көшуді, ал бұл саладағы көздеген мақсат орындалған соң, латыншадан орыс жазуының таңбасына көшуді мақұл көрген? Мұның астарлы сыры неде жатыр? Бұл сұрақтардың жауабын филолог, абайтанушы көрнекті ғалым М. Мырзахметұлы Кеңес өкіметінің орыстандыру саясатымен тікелей байланыстырады.

Ұлт саясатында шебер бүркемеленіп интернационалистік идеяның шапанымен тасаланған қатерлі саясаттың жүзеге асырылуында сұмдық зымияндық мақсаттар жатқаны анық. Профессор Қ. Жұбанов айтқандай аса қауіпті де зардабы зор сұмдық заңдарды жүзеге асыруда: «… ескі замандағы тағыларынан ХІХ ғасырдағы көргенді елдердің адамшылығы өзге болған емес,бүгінгілер бүркеншікті сүйеді», — деуінде көп нәрсенің сырын біліп барып, қатерлі жолдың қайталануы мүмкін екендігін ишарамен ескерткен көрегендік жатыр. Шындығында, орыстандыру, араб жазуын орыс жазуына алмастыру идеясын патша үкіметі басында өте құпия ұстап, келе-келе шет аймақты түгел отарлап, жергілікті жердегі билікті толық қолына алған соң, құпия саясатының сырын ашып, бүркемесін алғанда да, тым ашық кетпей кульлтрегерлік бүлкілге басқан еді. Ал И. Сталин болса, патшалы Ресейдің армандап жүзеге асыра алмай кеткен мақсат-мұраттарын, яғни: 1. Орыстандыру, 2. Араб жазуын орыс жазуына алмастыру, 3. Келімсектерді басқа ұлт жеріне мейлінше мол орналастыру, 4. Қырым жерін қырым татарларынан тазарту, 5. Кавказ өлкесін мұсылмандардан тазарту, 6. Орта Азия мен Қазақстанды шикізат көзіне айналдыру, 7. Аралас мектептерді көбейту, 8. Орыс тілін ресми түрде айтылмаса да, мемлекеттік тілге айналдыру, 9.Ұсақ ұлттарды ассимиляциялап жұтып жіберу, 10. Бүкіл ұлттарды бір халыққа, яғни орыстанған кеңес халқына айналдыру т.б. осы сияқты өте нәзік те күрделі ұлттық мәселелерді халықтар достығы ұранымен  бүркемелеп жүзеге асырып кетуінің тікелей куәгері болып отырмыз/5. 107/ деп жазады.

И. Сталиннің, алдымен араб жазуын латын жазу таңбасымен ауыстыруға нұсқау беруінің сыры әлі де ашылмаған кінараты бар саясат екендігін сезінеміз. Алдымен, латын жазуына жармасудың сыры шет аймақтағы қолданылып келе жатқан араб жазуын кириллицаға алмастыруды көздеген патша үкіметінің миссионерлік саясатының тарихымен хабардар ұлт республикалардағы зиялылар тобының мол болуынан сескеніп, алдын-ала дайындықсыз бірден орыс жазуына  көшіріп жіберу  орысшылдық пиғылға қатты қарсылық тудыратыны сезініп, белгілі бір қолайлы жағдай туғанша қоғамдық пікірді адастырып жіберу үшін істелген айла-амал ғана. Бұл саясаттың мүлде із-түзін білдірмей жіберу үшін, әлдеқашан шоқынып, орыстанып кириллицаға түсіп кеткен Сібірдің якут тәрізді майда ұлттарын күштеп отырып латынша жазуды қабылдауға алып келді. Әрине, бұл басқа ұлттарды алаңдатпау үшін істелген уақытша тактикалық ұғымдағы айла-тәсілдің бірі ғана болатын-ды. Болмаса бүкіл дүниежүзіндегі түркі тілді халықтарды бір ғана жазу таңбасына әкелуді патша үкіметі де, кеңес үкіметі де ешқашан ойлаған емес, оған бару олар үшін аса қауіпті саясат болмақ. Себебі кеңес еліндегі түркі тілді туысқан халықтары мен Түркияны бір жазу негізінде сауат ашып, бірін-бірі оқып түсінісуі орталық үшін аса қатерлі жол болып саналатын-ды. Өйткені И. Сталин бастаған саяси бюро түркі тілді халықтардың бір емле негізінде оқып түсінісуінен өлердей қорқатын. Оларды бір-бірінен аулақ ұстап ажыратпаса, бір тұтастыққа ешқашан жібермейтін/5. 108/.

Д. Қамзабекұлы да өз мақаласында осы пікірді білдіреді. 20- жылдарда Ахметтер араб харпін (төте жазуды) неге қызғыштай қорғады деген сұраққа жауап беру үшін сол кезеңнің шындығын білу керек. Жаппай таралатын мерзімді басылымдардың, оқулықтардың шыққанына он-ақ жылдай уақыт болғанда араб харпінен латынға көшу – елді басқа континентке көшіркмен пара-пар еді. «Қазақ» газеті ары барғанда 8 мың, «Еңбекші қазақ» одан сәл-ақ көп тираж жинағанда, ұңғыл-шұңғылы белгісіз латынға ауысу қауіпті еді. Сондай-ақ Мұрат ақынның «Мен қауіп еткеннен айтамын» дегеніндей, Ахметтер латынның – кирилге бара жолдағы аялдама екенін сезген тәрізді.

Ал, сол кезде бірден кирилл харпіне көшеміз десе не болар еді? Онда Мәскеу колониялық, миссионерлік саясатты ашық жалғастырушы болып көрінер еді де, қарсылыққа тап болар еді/7. 11/ деп түсіндіреді.

ҚР құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығының қызметкері З. Ижанов әліпбиді өзгерту саясатының мақсатын төмендегідей баяндайды. «Араб графикасынан латынға, латыннан асығыс түрде орыс графикасына көшірудің астарында құйтырқы саяси мүддежатқан-ды. Араб графикасынан латынға көшіру ең алдымен мұсылман өркениетінен халықты бөлу үшін керек болды. Ол мақсат орындалды. Халық Қазан төңкерісіне дейінгі дінінен, мәдениетінен айрылды. Жүздеген жылдар бойы түйнектеп жиналған тарихты, әдебиетті оқудың жолы кесілді. Бұл мақсатқа жету үшін зиялы қауымды өзара айтыстырып, отарлаушылар халықты алдады»/6. 3/.

Қорыта айтқанда, латын алфавитін ендіру кеңес өкіметінің орыстандыру мақсатында күштеп жүргізілген науқандарының бірі болды. Ол үшін батыс Европада қалыптаса бастаған осы идея пайдаланылып, «Күншығыстағы мәдени революция» ретінде дәріптелді. Қазақ зиялыларын екіге бөлген саясаттың жүргізілу барысы мен латын әрпін жақтаушылардың пікірлері мен дәйектері келесі тараушада баяндалады.

 

  1. 2 «Жаңа әліппешілер қоғамы» мен Жаңа қазақ әліпбиі комитетінің құрылуы

 

     Патша заманында бастау алған ұсақ ұлттарды тілінен айыру, дінінен бездіру саясаты Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында саябырсып, өзгеше бір арнаға түскендей сыңай таныта қалады. Сібір халықтарының кебін кимеудің қамын іздеп, шарқ ұрған ұсақ ұлттар «уақытша шегініске» сеніп, жайбарақат күйге түседі. Әрі осы тұста үкімет тарапынан қабылданған «ұлттардың тең құқылығы», «ұлт мектептерінде ана тілінде оқыту» туралы қаулықарарлар өзге ұлттардың сеніміне ие болуына негіз салып берді.

     Әргібергі төңкеріс басылып, билікке мығым орныққан большевиктер өкіметі алғашқы мәселелердің бірі ретінде әліпби ауыстыруды қолға лағанын Ресей ғалымдары растап отыр. Әрине, Кеңес үкіметі патша өкіметіндей тізесін батырмай, алдымен тілші ғалымдардың пікірімен есептесе отырып, шешім қабылдайды. 1920 ж. басында үкімет тарапынан көтерілген ұсақ ұлттарды кирилл әліпбиіне көшіру мәселесі ғалымдар тарапынан қолдау таппайды. Орыстың белгілі ғалымы Е. Д. Поливанов сияқты ғалымдардың «Орыс отаршылдығы түрік халықтарының сағын сындырып, жүрегін жаралады. Сондықтан, түрік халықтарының орыстандыруға, оның құралы – миссионерлік орыс транскрипциясына өштікпен қарап отырған тұсында орыс қарпі жайында сөз қозғаудың өзі ауыр» — деген кесімді пікірі биліктің уақытша болса да райынан қайтуына әсер еткені сөзсіз.

     Кеңес үкіметі әр уақытта қолданған «уақытша шегініс» тактикасын әліпби ісінде де пайдаланып, әліпбиді латынға ауыстыру жөнінде өкімет тарапынан шешім қабылдайды. Бұл тұста белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметовтың: «И. Сталиннің алдымен араб жазуын латын жазу таңбасымен ауыстыруға нұсқау беруінің сыры әлі де ашылмаған кінәраты бар саясат екендігін сезінеміз. Алдымен, латын жазуына жармасудың сыры, меніңше, араб жазуын алмастыруды көздеген патша үкіметінің миссионерлік саясатының тарихымен хабардар республикадағы ұлт зиялылыраы тобының мол болуынан сескеніп, алдымен, латыншаны алуы саяси мәнері болса керек. Өйткені, бұл топ тұрғанда бірден орыс жазуына көшіріп жіберу орысшылдық пиғылға қатты қарсылық тудыратынын сезініп, белгілі бір қолайлы жағдай туғанша қоғамдық пікірді адастырып жіберу үшін істелген айла ғана» — деген көңілге қонымды  пікірі шындықтың бет пердесін ашып беруге көмектесетіні рас.

     Сонымен, 1920 ж. басында латын әліпбиін насихаттау белең алып, оған өтуге дайындық жасалына бастайды. Егер төңкеріске дейін латын қарпінің негізінде якут әліпбиін жасаған С. А. Новгородов еңбегін есепке алмасақ, бұл жолға түсуді Әзірбайжан республикасы бастағанын жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Лениннің арқасынан қағып, қолпаштағанына қанағаттанған С. А. Ағамалы-оғлы сияқты ғалымдар жаңа әліпбиге өту жөніндегі комитет құрып, әрі ЖАК жұмысынан хабардар ету үшін «Яни-Юл» газетін шығаруды қолға алады. Сонымен, Баку жаңа әліпбидің орталығына айналады.

     Латыншылар Кеңестер одағындағы латын әліпбиіне өту ісі әзербайжан драматургы, ғалымы Ахундов Мырза Фатали бастамасымен дүниеге келген деген пікірді ұстанған. Латыншылар бұл істің көлеңкесінен гөрі, күнгейін басыңқырап айтып, Ахундов Мырза Фатали латынғы өту идеясын төңкеріске дейін көтергенімен, патша өкіметінің құлақ аспай, тек Ұлы Қазан төңкерісінің нәтижесінде ғана латын әліпбиіне өту жүзеге асқан деген пікірде болған. Яғни, латын қарпі – еуропалық мәдениетке жетудің төте жолы, латын қарпі – Күншығыстағы мәдени революция, латын қарпі негізіндегі әліпби – социализм әліпбиі деген ұғым санаға сіңіріледі.

     Билік өз дегенін істетпей қояды ма? Орыс қарпін алуға қарсы шыққан демократияшыл бағыттағы Е. Д. Поливановтың өзі алғашқы пікірінен айнып, латын қарпіне ауысу ісін қуаттай жөнеледі. «Латын әліпбиі Одақ көлеміндегі ұлттар мәдениетінің өзара жақындасуын көздейді, сонымен қатар, халықаралық ауқымдағы жазумен жақындасуға мүмкіндік әкеледі» — деп құбыла пікір айтуы біраз жайтты аңғартса керек.

     Әзербайжан республикасында бастау алған латын әліпбиіне өту ісі Қазақстанды да шарпыды. Латын әліпбиіне өту барысында Қазақстанда үлкен тартыс туып, зиялы қауым арасындағы әліпбиі айтысы бірнеше жылға ұласты. Әліпби мәселесі тұңғыш рет 1924 ж. 12-18 маусым аралығында Орынборда өткен қазақ білімпаздарының бірінші съезінде көтеріледі. Бұл съезде әліпби жөніндегі баяндаманы А. Байтұрсынұлы жасап, өзі түрлеген қазақ әліпбиінің тиімділігін жанжақты дәлелдеген.

     Түрік халықтарына арналған әліпби жобалары 1924 жылдан бастап Ресейдің антропология және этнография музейі жанындағы Радлов үйірмесінде және Ленинград Мемлекеттік университеті жанындағы лингвистикалық секцияда талқыға түседі. Латын әліпбиіне байланысты ғылыми пікірлерді бір жүйеге келтіру мақсатында Л. В. Щербаның басқаруындағы арнайы комитет құрылады. 1925 жылы Солтүстік Кавказдық тау халықтары арасындағы ағарту жұмыстары жөнінде өткізілген екінші конференцияда ингуш, кабардин, қарашай, адыгей, шешендер жазуын латынға ауыстыру жөнінде шешім қабылданады. Ал 1926 жылы Бакуде Бүкілодақтық түркітанушылар съезі өтпекші болып, онда түркітатар халықтарының жазуын латынға ауыстыру мәселесін көтеру мақсат етіліп, әрбір республикада дайындық жұмыстары жүргізіле бастайды.

     1926 ж. Бакуде Бүкілодақтық түркітаншылардың бірінші съезі өтті. Бұл съезде Жаңа Түрік Әліпбиінің Орталық Комитеті құрылып, оның құрамына С. А. Ағамалы-оғлы (төраға), В. А. Артемов, Б. М. Гранде, Л. И. Жирков, В. И. Лыткин, Н. Марр, Е. Д. Поливанов, А. А. Реформаторский, А. Н. Самойлович, А. М. Сухотин, Б. В Чобан-заде, Г. Шараф, Р. О. Шор, К. К. Юдахин, Н. Ф. Яковлевтер енді. Кейіннен бұл комитет Бүкілодақтық Жаңа Әліпби Орталық комитеті (БЖӘОК) болып өзгертіледі. Бұл комитеттің мақсаты – түріктатар халықтарының латын әліпбиіне өтуін қамтамасыз ету, жазуы болмаған халықтарға осы әліппені енгізу еді. Бүкілодақтық Жаңа Әліпби Орталық комитетінің «еңбегінің арқасында» КСРО-дағы 20 ұлт «жаңа әліпбиге» өтіп, бұрын-соңды әліппесі болмаған 50 ұлт латын әліпбиімен табысты.

     Бүкілодақтық түркітанушылардың бірінші съезіне Қазақстаннан Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омаров, Телжан Шонанов, Нәзір Төреқұлұлы қатысады. Кейбір деректерде Байсейітұлы Әзиз бен Сүлейқлы Біләлдың қатысқаны көрсетілген. Бұл съезден кейін көп ұзамай, Қазақстанның сол тұстағы астанасы Қызылордада «Жаңа әліппешілер қоғамы» құрылады. Жаңа әліпбиді насихаттауға, таратуға бағытталған еріктілерден тұратын «Жаңа әліппешілер қоғамының» (ЖӘҚ) орталық, аймақтық, аудандық комитеттері, бастауыш ұйымдары, үйірмелері жұмыс істеген.

1 Кесте

«Жаңа әліппешілер қоғамының» бастауыш ұйымдары мен мүшелер саны

 

Округтер

ЖӘҚ бастауыш ұйымдары

Мүшелері

Қызылорда

29

1482

Сырдария

29

1577

Алматы

25

3670

Семей

50

5240

Павлодар

20

2120

Қарқаралы

8

1240

Петропавл

23

5670

Ақмола

13

874

Қостанай

30

2635

Орал

77

6290

Барлығы

334

32548

 

     Кестеде Қазақстанның барлық округтерінде құрылған «Жаңа әліппешілер қоғамының» жергілікті ұйымдары мен мүшелер саны туралы мәлімет беріледі. ҚР Президентінің мұрағатындағы № 141 қор, № 1 тізімдемедегі № 1560 істе «Жаңа әліппешілер қоғамының» («Жаңа латын алфавитінің» Қазақ Қоғамы) 1927 жылғы қабылданған Жарғысы жазылған. Жарғыда ЖӘҚ-ның  төмендегідей мақсаттары көрсетіледі:

а) жаңа латын алфавитін қазақ халқына тарату және ендіру идеясын қолдаушыларды біріктіру мен жұмыстарды реттеу, сонымен қатар, жаңа түрік алфавиті қоғамының Орталық Комитеті мен жекеленген ұлттық республикалардың комитеттерімен алфавит, фонетика мәселесі бойынша тұрақты байланыс орнату;

ә)  полиграфиялық өндірістің еңбек өнімділігін арттыру, сауаттылық пен ана тілін меңгеру ісін қамтамасыз ету, қазақ халқын әлемдік мәдениетке жақындату мақсатында жаңа латын алфавитін ендірудің дайындық және насихат жұмыстарын жүзеге асыру;

б) жаңа латын алфавитін қазақ қоғамына ендірудің алғышарттарын қалыптастыру.

     Қоғамның құқықтары мен міндеттері туралы төмендегідей баяндалады.

     Жоғарыдағы мақсаттарға жету үшін қоғам:

а)   араб әліпбиінің оқу-педагогикалық, полиграфиялық, мәдени-тарихи тұрғыдан ғылыми дәрменсіздігін ауызша және жазбаша дәлелдеді;

ә) қазақ халқының араб әліпбиінен жаңа латын әліпбиіне өтудің тиімділігі жөнінде үгіт-насихат жұмыстарының барлық әдістерін қолданады;

б) қазақ еңбеккерлеріне жаңа латын алфавитін ендірудің мақсат-міндеттері мен мәнін түсіндіру;

в) Бірінші Жалпыодақтық Түркология съезінің жаңа алфавит жөніндегі қаулысын жүзеге асыруға ұмтылады;

г) жаңа латын алфавитін ендіру туралы қоғамдық пікірталастар мен ғылыми кампанияларды ұйымдастыру;

ғ) алфавит пен фонетика мәселесі жөнінде мемлекеттік мекемелер, партиялық, қоғамдық ұйымдармен және жекеленген тұлғалармен байланыс орнатады;

д) өкілдері арқылы барлық отырыстар, жиналыстар, конференциялар мен съездерге қатысады;

е) сәйкесінше ғылыми, танымдық, оқу-ағарту әдебиеттері мен шығармаларды, плакаттарды басып шығарады;

ж) латын әліпбиін тиімді ендірудің әдістерін жасайды;

з) жаңа әліпбиді насихаттауда клубтар, кітапханалар мен қызмет көрсету бұрыштарын және де фонетика, графика мәселесі бойынша дәрістер, баяндамалар, т. б. ұйымдастырады;

и) латын алфавитін үйрететін уақытша курстар мен үйірмелерді ұйымдастырады;

й) латын қарпін ендіруде мерзімді және мерзімді емес органдарды жұмылдырады;

к) мүшелік ұйымдарды құрып, мүше жарналарын жинайды;

қ) мөр, штамп, мүшелік кітапша, белгісі бар.

     Мұрағат материалдарында сонымен қатар, «Жаңа әліпби қоғамының» құрамы, мүшелерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Қоғамға мүшелікке барлық мемлекеттік, қоғамдық, және кәсіби ұйымдар мен мекемелердің өкілдері қабылдана алады. Және де, заң бойынша азаматтық құқықтарынан айырылмаған, жынысы мен ұлтына тәуелсіз, жеті жастан жоғары оқушылар мен азаматтар мүше болуға құқы бар. Алайда, он алты жасқа толмаған тұлғалар Комитет пен Президиумға мүше бола алмайды. Қоғамның әр мүшесі жалпы жиналыстарда дауыс беру құқына ие болады. Қоғам мүшелері басылымдарды сатып алуда жеңілдіктерді қолданады. Кітапханана қызметін тегін қолдана алады. Қоғам мүшелері үгіт-насихат жұмыстарына белсенді араласуға міндетті. «Жаңа әліппе қоғамына» мүше болушылар 20 тиын көлемінде, қызметкерлер – 1 сом, шаруалар, жұмысшылар мен оқушылар – 50 тиын мөлшерінде жарна төлейді.

     Әліппешілер қоғамына мүшелерді қабылдауды орталық және жергілікті комитеттер, үйірмелер жалпы жиналыста немесе арыз-тілектер арқылы жүзеге асыра алады. Қоғам ұйымының мүшесі жұмыс барысында басқа ауданға қоныс аударса, сол аудандық ұйымның қатарына қосылады. Мүшелерді қоғам құрамынан шағаруды орталық және жергілікті комитеттер, үйірмелер жалпы жиналыста төмендегідей жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

     а) «ЖӘҚ жарғысын бұзу;

     б) белгіленген мүшелік жарнаны төлемеу;

     в) заң бойынша өзінің азаматтық құқықтарынан айырылу;

     г) өз еркімен арыз білдіру.

      «Жаңа әліппе қоғамының» орталық органдары:

а) «ЖӘҚ-ның» Жалпықазақтық сьезі;

ә) Орталық комитет;

б) Орталық комитет Президиумы;

в) Ревизиялық комиссия.

     «ЖӘҚ-ның Жалпықазақтық сьезін орталық комитет жылына бір рет шаырады. Кей жағдайда Төтенше сьезд шақырылуы мүмкін. Сьезд Орталық комитет пен ревизиялық комиссияның есептері мен құжаттарын қарастырады және бекітеді, жарғыға өзгертулер мен қосымшалар енгізеді, орталық комитет пен ревизиялық комиссияға сайлау жүргізеді. Жалпықазақтық бірінші сьезд шақырылғаннан кейін он бір мүше мен төрт кандидаттан тұратын уақытша орталық комитет жұмыс істеді. Жоғарға басшылық орган болып саналатын Орталық комитет сьездердің шақырылуы аралығында қаулыларды жүзеге асырып, қоғамның жергілікті органдарының қызметін бақылайды, сьезд алдында есеп береді, Президиум мен жергілікті органдардың жұмыс жоспарларын, баяндамаларын бекітеді. Орталық комитет отырысы айына бір рет өткізіледі, отырыста мәселелерге дауыс беру арқылы шешім қабылданады. Орталық комитет пленумы өз ортасынан Президиумға бес мүше және екі кандидаттан тұратын құрамды тағайындайды. Оның құрамында басшы, оның орынбасары және хатшы бар. Президиум пленумдар арасында плеум аралық жұмыстарды жүзеге асырады.

     Ревизиялық комиссияны сьезд бір жылға тағайындайды, комиссия бес мүше мен екі кандидаттан тұрады.  «Жаңа әліппешілір қоғамының» бірінші сьезі шақырылғаннан кейін Уақытша ревизиялық комиссия жұмыс істейді. Ревизиялық комиссия Орталық Комитеттің жалпы қызметіне зерттеу жүргізеді, есептерді тексереді, өз жұмыстарының нәтижелері жөнінде ОК мен сьезге есеп береді. Ревизиялық комиссия үш айда бір рет шақырылады. Комиссияның жұмысы қанағаттанарлық болмаған жағдайда, сьезге дейін құрамын өзгертуге құқылы.

     Жергілікті «Жаңа әліппешілер қоғамының» жергілікті органдары Қазақстан территориясында жаңа латын әліпбиінің қолдаушылар саны бестен асқанда ғана құрылады. ҚКСР-нан тыс орналасқан КСРО-ның ірі қалаларында ашылатын қоғам ұйымдарына уездік немесе губерниялық орган құқықтары тиесілі болады. «ЖӘҚ-ның» жергілікті органдары қызмет саласына байланысты губерниялық және уездік болып бөлінеді. Губерниялық органдарға: губерниялық сьезд, губерниялық комитет, губерниялық комитет президиумы және ревизиялық комиссия жатады.

     Төменгі сатыдағы органдарға: мүшелердің жалпы жиналысы, үйірмелер, үйірме бюросы, ревизиялық комиссия кіреді. «ЖӘҚ-ның» жергілікті ұйымдары Орталық Комитет пленумы мүшелерінің үштен екісінің қатысуымен ғана қызметі тоқтатылады.          

 

     (ҚД)«Жаңа әліппешілер қоғамының» құрылғанына тура бір ай болғанда ҚССР Халкомкеңесінің қаулысымен (19 мамыр, 1927 жыл) Жаңа қазақ әліпбиі комитеті құрылады. 1927 жылдың тамыз айының соңында Бүкілодақтық Жаңа Әліпби Орталық  комитетінің төрағасы С. А. Ағамалы-оғлы Қызылордаға келіп кеткеннен кейін, «Жаңа әліппешілер қоғамы» мен Жаңа қазақ әліпбиі комитеті біріктіріледі. Сонымен, ХКК – нің 1927 жылғы 19 қарашадағы қаулысы бойынша Жаңа Қазақ Әліпбиінің Орталық Комитеті жұмыс істей бастайды. Комитет төрағалығына Нұрмақов Нығмет (Қазақ АКСР ХКК-нің төрағасы), мүшелікке – Тоқтабаев Абдулкәрім (ҚКСР Ағарту халкомы), Жандосов Ораз (БКП (б) Өлкелік комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі), Байдилдин Әбдірахман (Ағарту қызметкерлері кәсіподағының төрағасы), Ермеков Әлімхан (ҚКСР ОАК мүшесі әрі Қазақ Педагогикалық Жоғарғы оқу орнының оқытушысы), Тоғжанов Аббас («Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы), Шонанов Телжан (ҚКСР Ағарту халкомының жауапты қызметкері) сайланады. Ал мүшелікке кандидаттар ретінде Орманбаев Жұмабай («Лениншіл жас» комсомол журналыны редакторы), Малдыбаев Біләл (педагог) тіркеледі. Кейіннен комитет мүшелерінің қатарын Беков Орынбек, Нұрпейісов, Мурзин Мұқтар, Мұқанов Есқали, Құлжанова Нәзипа, Бегімаева Мәдина толықтырады. Комитет штатында жауапты хатшы болып Омаров Әшім, уақытша инструтор болып Сейдалин Қырымгерей, іс жүргізуші болып Т. В. Шапкина қызмет істеген. Бұл құрамдағы Жаңа Қазақ Әліпбиінің Орталық Комитеті өз жұмысын екпіндете бастап, «Еңбекші қазақ» газетінің бетінде латыншылар бұрышын ұйымдастырып, жаңа әліпбиді өңдеуден өткізіп, жаңа қоғам жарғысын дайындап, жаңа әліпбиді насихаттайтын әдебиет шығаруды қолға алды. Әліпби насихаты жолында алғашқы басылып шыққан еңбектер мынадай: «Жаңа әліппе неге керек?» — Н. Төреқұлов (1924 жыл); «Әліппе айтысы» (жаңа әліппе жөніндегі пікірталас), көлемі – 4 баспа табақ, тиражы – 5000 мың дана (1927 жыл). 1928 жылдан бастап жаңа әліпбимен ЖӘҚ қоғамының жарғысы (көлемі – 1 баспа табақ, тиражы – 10 000 дана), мүшелік билеттер – 20 000 дана, қабырғаға ілетін әріптер – 10 000 дана, Ә. Байдилдиннің «Жаңа әліпби туралы» еңбегі 6, 25 баспа табақ көлемде, 5000 мың дана таралыммен жартылай ескі, жартылай жаңа әліпбимен шығады. Ал латын әрпін үйренушілерге дайындалған «Курстарға жолбасшы» жинағы 2, 5 баспа табақ көлемінде 5000 мың данамен шығарылды. Бұдан кейін ЖӘҚ қоғамы балаларға арналған кітапшаларды, әліппелерді, әдеби шығармаларды шығаруды қолға алады. Мәселен, І. Жансүгіровтың балаларға арналған «Шаутеннің шәркейі» (1 баспа табақ, тиражы – 5000 мың дана), Т. Шонанұлының «Балаларға арналған әліппесі» (5 баспа табақ, тиражы – 20 000 дана), Т. Шонанұлы мен Жолдыбаевтың бірінші оқу жылына арналған кітаптары (көлемі – 6 баспа табақ, 25 000 мың дана), Малдыбаевтың «Ересектерге арналған әліппесі» (көлемі – 6 баспа табақ, 50 000 дана), І. Жансүгіровтың «Құрақ», Б. Майлиннің «Жаман» атты кітаптары жарық көреді. Жаңа әліпби идеясын кеңінен тарату үшін көпшілік кітаптар тегін таратылған.

     Осы тұста түрік-татар халықтарын латын әліпбиіне көшіру ісінде ерекше қарсылық танытқан Татарстан болғандығын айта кеткен жөн. Араб әрпімен сауаттылар қатарының көптігін, арабша еңбектердің молдығын алға тартқан татар халқының зиялы қауымы әліпби ауыстыру ісінде біразға дейін қарсылық көрсетіп, табандап отырып алады. Тіпті, Бакуде өткен Бүкілодақтық бірінші түркітанушылар съезіне татар ғалымдары жеңілдетілген араб қарпінің жобасын дайындап апарады. Бірақ латын қарпін алуға дайындалып барған қауым бұл жобаға көз қиығын да  салмайды.

 

1.3 Латыншылардың әліпби жобалары

 

1920 жылдан бастау алған жаңа қазақ алфавитінің қозғалысына байланысты қазақ зиялылары екі көзқараста болды: бірі – латын әрпін негізге алып, жаңа алфавит жасауды көздейтіндер, екіншісі – дәстүрлі қазақ алфавитін жақтаушылар. Латыншылар мұндай шараға өмір қажеттілігі итермелеп отырғандығын және араб әрпі мұндай қажеттілікті толық қанағаттандыра алмайтындығын дәлел ретінде келтірді. 1927 жылы қарашада өткен ІУ Бүкілқазақтық партконференцияда Ф. Голощекин қазақ халқының 97% сауатсыз екендігін, яғни оның 3% ғана арабша хат танитындығын айта келе, «осы сауатсыздарды латын әрпі бойынша жеңілірек жазуға үйретуге болар еді, ал мына араб жазуын білетін 3% бұқараның мәдени дамуын тежеп отырған да осылар» деген еді/21. 103/.

Латын графикасы негізіндегі қазақ алфавиті жобасын жасау 1923 ж. Н. Төреқұловқа тапсырылды. Осылайша Қазақстанда комсомол ұйымдарынан басқа кәсіподақтар, оқу мекемелеріндегі әр түрлі үйірмелер мен қоғамдар жаңа алфавит мәселесі бойынша, үгіт-насихат жүргізе бастады. Мерзімді басылымдар әліпбиді ауыстыру идеясын насихаттауда басты құралға айналды. 1924-1925 жж. Қазақстанда да жаңа алфавитті жақтаушылар қатары көбейе түсті. Жаңа қазақ алфавитінің Орталық комитетінің жылдық есебі бойынша латын әрпін жақтайтын ұйым саны 75 болса, мүшелері – 4547 жан. Латын әрпін үйренгендер саны – 6300/22. 81/.

Латын әрпіне көшу мәселесін 1923 жылдың аяғында Мәскеу, Орынбор, Ташкендегі зиялы азаматтар мен сол қалалардағы оқу орындарында оқып жүрген қазақ жастары тарапынан көтерілді. Олар өз ойларын баспасөзде жариялап, Байтұрсыновтың араб әліпбиін өзгерту жөнінде Білімпаздардың алдағы болатын съезінде талқылауды талап етті/6. 2/ деп жазады З. Ижанов. Бұл жастарға латын әрпін жақтаушы өкімет адамдарының ықпалы болғаны сөзсіз.

       Бұл съезд 1924 жылдың 12-18 маусым аралығында Орынборда өтті. Съезд араб әліпбиі  жөнінде А. Байтұрсыновтың, латын әліпбиі жөнінде Н. Төреқұловтың баяндамаларын талқылады. Латын әліпбиі жөнінде үш жоба – Н. Төреқұловтың (Мәскеу), Мурзиннің (Орынбор), Х. Досмұхамедовтың (Ташкент) талқыға түсті. Талқылау барысында Н. Төреқұловтың жобасы мақұлданды. Жобасын өткізе алмаған Х. Досмұхамедов: «Айналадағы желігудің салдары тиіп, мен латынша әліптің жобасын жазып едім. Құдайға шүкір, енді ақыл кіріп өз жобамнан қайттым» — деп жазды.

Латыншылар тобында Н. Төреқұлов, Т. Шонанов, Ә. Ермеков, Ғ. Тоғжанов, Н. Нұрмақов, Қ. Тоқтабаев, О. Жандосов, Б. Малдыбаев, т.б. болды. Арабшыларға қарсы олардың пікірлері:

  • Араб әрпінің біреуі төрт түрлі (сөз басында, ортасында, аяғында,     жеке тұрғанда) жазылады;
  • Араб әріптері бір-бірімен ұқсас, шым-шытырық ирек сызық, асты-үсті толған ноқат, жазуда иректің не ноқаттың бірі жазылмай не қойылмаса    сөздің мағынасы өзгеріп кетеді;
  • Сөз басындағы дауысты дыбыс алдынан әліп жазып қою дұрыс емес;

Дыбыс басына бір-бір әріп қойылуы керек. Араб әліпбиінде  бір дыбысқа 4 таңбадан келетіні 14 үйір, 2 таңбадан келетіні 8 үйір, 3 таңбадан келетіні 2 үйір, сонда бәрі жиылып 80 таңба болады. Біздің тілімізде 24 дыбыс бар. 80 таңбаны үйретуден 24 таңбаны үйрету әлдеқайда жеңіл;

  • Араб әріптері оңнан солға қарай жазылады. Оқуға қолайсыз, баспа орындарына зияны мол. Әсіресе цифрларды орналастыру қиындық туғызады. Себебі бұрынғы оңнан солға қарай жазылған мәтінге цифрды солдан оңға қарай орналастыру керек;
  • Араб әрпі біркелкі емес, оны теңестіру үшін араларына сыналар тықпаланады. Сонан әріптер мыж-мыж болып сынады, тез тозады және жазу мәшинелеріне үйлестіруге келмейді;
  • Музыка ноталарында сан белгілері солдан оңға қарай жазылады, мәтін оңнан солға қарай оқылады. Сонда сан мен мәтінді қарама-қарсы оқу, музыка аспатары мен баспахана құралдарына араб әрпін орналастыру қиындық туғызады;
  • Алгебра, геометрия, физика, денсаулық сақтау кітаптарындағы барлық формулалар, рецептер әлемдегі мемлекеттерде тек латын әріптерімен жазылады;
  • Бір нөмір қазақ газетін баспадан шығару үшін 15-20 пұт араб әрпі керек. Ал латын әрпінен 2-2,5 пұт әріп кетеді. Баспаханалардың әрқайсысында араб әрпі үшін 174-200 әріп ұясы болса, латын әрпі үшін әрі кеткенде 44 ұядан аспайды. Араб әрпін теру жұмысы — өнімсіз, бейнетті, норма бойынша әріп теруші орыс тілінде 7500 әріп терсе, француз, поляк, неміс, татар тілдерінде 5500 әріп терсе, араб әрпімен 3000 ғана әріп тереді. Бұл олардың еңбек ақысына тиімсіз;
  • Араб әрпін аздаған елдер қолданады, әрі олардың мәдениеті төмен. Ал латын әрпін неміс, ағылшын, француз, т.б. өнерлі, мәдениеті жоғары елдер қолданып отыр. Оның үстіне сол елдермен жуықтасып, олардың жақсылығынан үлгі алып, мәдени табыстарын пайдалануға, олардың жаманынан сақтануға жол ашылады. Соңғы кезде түрік, иран, ауған, т.б. елдер араб әрпін тастап латынға көшуде. КСРО құрамындағы түркі тілдес республикалар мен облыстар да латын әрпін қолданып отыр;
  • Ең бастысы араб әрпіне қарағанда латын әрпі дауыс, дыбыс ерекшеліктерімізге сәйкес қолдануға, жазуға ыңғайлы. Солдан оңға қарай дұрыс жазылады, емлесі оңай, әріптері аз, еліміздің сауаттануына ең төте, қолайлы жол/6. 3/ деген уәждер келтірді.

      А. Байтұрсыновқа қарсы пікір айтушылардың бірі – Құдайберген Жұбанов болды. Ол өзінің «Қосар ма, дара ма?» деген мақаласында былай деп жазды:

      «… Араб әрпінің өзін қазақ тілі дыбыстарына үйлестіру шарасы қалам ұстағандардың арасында көптен қозғалған, практикада ертеде қолға алынған іс болатын. Осы күнгі «ы», «і» дыбыстарын таңбалау үшін бұлардың өзін әріппен белгілемей, алдындағы дауыссыз дыбыс әрпінің үстіне үтір қою жиі кездеседі. Сондықтан араб әліппесіне Байтұрсынұлы енгізген өзгерісті араб әрпін жасаудың басы деп есептеу – тарихта қате. Оны бұл жөнінде болып келген өзгерістердің сірге жияры, соңы, тұйықталып, тынған жері деп түсіну керек. Ильминский, Мелиоранский, Радлов сияқты оқымыстылар, Ронгинский, Алекторов сияқты миссионерлер орыс әрпімен таңбалап қазақ әліппесін шығарғанда осы Байтұрсынұлы «тапты» деп жүрген дыбыстардың бәрі де ашылған болатын-ды. Ахметтен көп бұрын қазақ тілі мен оқу құралдарын шығарғандар «а» мен «ә», «о» мен «ө»-лер барын, немесе «з» мен «т»-лардың жуан, жіңішкесіне әріп алудың керексіздігін Ыбырай Алтынсариндер Ахметтен үйренбеген-ді. Егер де осы күншығысшылар мен миссионерлер шығарған әліппе болмаған болса, Байтұрсынұлы әліппесі де болмайтын еді.

     Байтұрсынұлының араб әрпіне кіргізген өзгерісі бірқатар әріптердің үстіне үтір, мәт қою, арабтың әмзесін дәйекшілікке алу, қосар әріп енгізу. Міне осы үшеуінің ішінен шынымен Байтұрсынұлы шығарды деуге жаралығы – қоса әріптер. Өйткені үтір қоюды алдымен Түркияда Шамсиддин Сами шығарған. Онан кейін Татарстанда Қоюм Насири, мұның артынан Надимахсудов шығарған. Мәт пен әмзе таңбаларын да, жуан «а» мен жіңішке «ә»-ні алу да солардан қалған-ды. Сүйеу таяқ болса да бұл бұрыннан бар болатын… Сонымен Байтұрсынұлының сыбағасына тиетіні — жалғыз-ақ қосар әріптер/23. 73-74/ деп сын пікір айтады.

     Орынбор съезінде Н. Төреқұлұлы: «Біз латын харпін қазаққа күшпен алдырғалы отырғанымыз жоқ, әріптің сыртқы пішініне, ажарына қызығып, сән үшін алғалы да отырғанымыз жоқ, латын харпін үйрену, жазу қазаққа тым пайдалы, жеңіл. Мысалы, бір газетке түрік (араб) харпімен жазып шығаруға 15 пұт әріп, латын харпімен 2,5 пұт керек. Түрік харпі үшін 174 ұя, латын харпіне 44 ғана ұя керек, түрік әрпінің біреуі 4 түрлі, латындікі бір ғана түрлі. Мәдениеттің жаңалығы халықтың пікіріне  қарап ілгері кетпей тұра алмайды. Латын әрпін қазір аламын, үйренемін деушілерге бөгет болмасқа тиіс. Қашан латын харпін қолданғанша 10 жыл, 100 жыл болар, одан да арман кетер. Бірақ мектептегі оқушыларға таныстыру үшін осы бастан қазақ әліппесінің жанынан тіркеп, бір-екі әңгімелерді латын харпімен жазып (немістерше), балардың көздерін үйрете білу керек»/7. 11/ деген дәлелдер келтіреді.

     (қд)Баку съезінің қарсаңында Қазақстанда жиі жиналыстар өткізіліп, әліпби мәселесі жан-жақты талқыға түседі. Әсіресе, 1926 жылдың 10 ақпанында Қызылордада болған жиналыс қызу пікірталаспен өтеді. Алғашқылардың бірі болып баяндама жасаған Әбдірахман Байдилдин сөз басында латын әліпбиі тарихына тоқталып, латын әліпбиінің интернационалдық әліпби екеніне жете мән береді. Ол өз сөзінде «жаңа әліпбиді жақтаушылар жағында жас кеңестік жұртшылық, ал қарсылыстар қатарында – Алашордашылық интеллигенция тұрғанын» ашып айтады.

     Осы жиналыстан кейін араб тілін қолдаушыларды мүйіздеп, жала жабу сияқты қолайсыз істер орын ала бастайды. Осы жиналыста С. Садуақасовтың қандай бағытта болғанын мәлімдеп, оны партия тарапынан тәртіпке шақыруды өтінген Әбдірахман Байдилдиннің хаты мұрағатта сақтаулы тұр: «С. Садуақасов латын әліпбиіне өтудің саяси қаупі зор екендігін айтып, бұл іске бүкіл қазақ молдалары және бұқара қарсы шығуы мүмкін екендігін ескертті. Сонымен қатар, ол Ташкентке барғанда Өзбек ОАК төрағасы Ахунбабаевпен, Халық Ағарту комитетінің төрағасымен жолыққанын баяндап, олардың да латын әліпбиін қабылдағанымен, істері оңға баспай қынжылуда екендігін айтып, жұртты дүрліктірді. С. Садуақасұлының ағарту комиссариаты болып тұрғанда арабшыларды жақтағанын сөгіп, газет бетіне жариялаған басқа латыншылар да кездесті.

     ҚР Президенті мұрағатының № 141 қор № 915 істе 1926 жылы 10 желтоқсанда өткен латын қарпін ендіру жөніндегі пікірталастық жиналыс материалдары берілген. Т. Жалдыбаевтың кіріспе сөзінде төмендегідей баяндалады. «Қазақ халқында мектеп атаулының болмағаны бәрімізге белгілі. Арабша сауаттануға тек дәулеттілер ғана қол жеткізді. Патша өкіметі діншілдердің меншігіне айналған араб емлесіне ешқандай жаңашылдық енгізуге мүмкіндік бермеді. Қазан революциясы шығыс халықтары, соның ішінде, қазақ халқының ұлттық мектептерінің ұйымдасуына ықпал жасады. Қазақ халқы аз уақыттың ішінде мәдени құрылыста үлкен жетістіктерге жетті, ұлттық мектебін қалыптастырды. Өзінің мәдени даму жолында тәжірибе арқылы мәдени мәселелерді шешіп, ғылыми тілін қалыптастырды, әдістер мен бағдарламаларды дайындап, қаріп туралы мәселені көтерді, яғни, қолайсыз араб әліпбиінің орнына жаңа латын әліпбиін алмастыруды қолға алды. Бұл мәселені басқа да түркі халықтары көтеруде. Латын әліпбиін ендіру мәселесі жалпы түріктік ауқымда 1926 жылғы Бакуде өткен түркологиялық съезде шешілді.

     Жаңа алфавитті ендіру ісіне қызығушылық білдірген Қазақстан Республикасының Халық ағарту комиссариаты осы мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеп, талқыға ұсынды. Сол себепті, Ағарту комиссариаты жиналыстың мәселені дұрыс шешуге ықпалы болатындығына үміт білдіреді». Осылайша, большевиктік үкімет араб емлесін барынша терістеп, Қазан революциясы мен «мәдени революцияның» прогрессивті мәнін әсірелеу арқылы, үкімет саясатының кезекті науқандарының бірі – латын әліпбиін ендірудің оң тұстарын көрсетуге тырысады.

     Аталмыш істе Ә. Байдилдиннің баяндама мәтіні беріледі. «Әлемдік пролетариат пен қаналушы еңбекші ұлттардың ұлы көсемі Ленин мәдени революция туралы айтқан болатын. Бүкіл КСРО, соның ішінде, ҚКСР осы мәдениеттің жолына түсті. Бұл үрдіске пролетариаттың әскери және шаруашылық майдандағы жеңісі ықпал етті. Сонымен бірге, Қазан төңкерісінің нәтижесінде материалдық жағдайдың жақсаруына байланысты халықтың мәдени сұранысының артуы алғышарт болды. Қазіргі таңда қазақ еңбекшілерінің оқуға, білімге және мәдениетке ынтасы артып отыр.

     Халықтың мәдени сұранысының артуы бүгінгі күні дұрыс шешімді талап ететін бірқатар қоғамдық-саяси, мәдени мәселелерді (ауылды кеңестендіру, мәдени құрылыс, халық ағарту жүйесі, әліппені жасау, баспа, көркем әдебиет, ғылыми терминология т. б.) туғызып отыр. Осындай мәселелердің қатарында латын қарпі негізіндегі жаңа қазақ әліпбиін жасау мәселесі бар. Соңғы екі-үш жылда мерзімді баспасөз беттерінде пікірталастық мақалалар жарық көрді. Жаңа алфавитті кеңестік бағыттағы жастар қолдады. Қарсыластарды алашордалық интеллигенцияның консервативті көшбасшылары басқарды. Осы екі бағытқа баға берместен бұрын оның қысқаша тарихына шолу жасау қажет. Ең алғаш рет араб алфавитін латын әліпбиімен ауыстыру мәселесін 60-65 жыл бұрын әзірбайжан ғалымы, драматург Ахундов Мырза-Фатали көтерген болатын. Патша өкіметінің саясаты өз отанында көптеген жақтастарын табуға мүмкіндік бермеді. Өзінің жаңа алфавит жобасымен Константинополь (Түркия) мен Тегеранға (Иран) барды. Осы мемлекеттердің консервативті басшылары да Ахундовқа жаңашыл идеяларын насихаттауға тыйым салды. Нәтижесінде, Әзірбайжан мен Татарстанда бұл мәселе 1905 жылғы революциямен байланысты қайта көтерілді.

     1910-1913 жж. әліпби мәселесі түрік баспасөз беттерінде қызу пікірталас туғызып, көп қолдаушыларды қалыптастырды. 1914-1918 жж. империалистік соғыс пен революциялар алфавит мәселесінің көтерілуіне кедергі келтіреді. Тек 1922 жылдан бастап қайта көтерілді. Жаңа алфавитті ендіру жөніндегі комитет құрылады. Осы комитет жұмысының арқасында жаңа алфавит халықтың қолдауына ие болады. Комитет «Яни Юл» атты газет, бірінші, екінші дәрежелі мектепке арналған оқулықтар, түрлі әдістемеліктер мен соңғы кездері саяси брошюралар шығарды. Әзірбайжан үкіметі жаңа алфвитті мектептерге міндетті пән ретінде енгізді.

      Өткен жылы Бакуде болған Түркологиялық съезд комитет жұмысына қолдау білдіріп, түркі халықтарының латын алфавитіне көшу қажеттілігін мойындады. Әзірбайжандармен қатар, якуттар, қалмықтар, түрік-болгарлар мен басқа халықтар латын әліпбиін қабылдады. Дағыстанда үкімет басшысы Коркмасовтың басшылығымен жаңа алфавитті ендіру жөніндегі комитет жұмыс істейді. Өзбекстан, Түркменстан, Қарақырғызстан мен Башқұртстанда жаңа алфавитке көшу шешімі қабылданды. Мәскеуде де ҚКСР халықтарының Орталық баспасы жанынан  латыншылардың ассоциациясы құрылды. Жаңа алфавитке көшу идеясы Қытай, Корея, Моңғолия, Ауғаныстан және басқа да елдердің студенттері тарапынан қолдау тауып отыр. Панисламизм цитаделі Түркияда латын әліпбиіне көшу мәселесі қолға алынуда.

     Осылайша бұл идея біздің елімізге де келіп жетті. Бүгінгі таңда біз пікірталастармен ғана шектеліп қоймай, қазақ «жаңа латын алфавиті» қоғамын құру ісімен айналысудамыз. Бұл мәселенің төңірегінде неліктен осындай қозғалыстар артып отыр деген сұрақтың жауабын шығыс халықтарының мәдени сұранысының артуымен түсіндіреміз. Шығыс халықтар, соның ішінде, қазақтар еуропалық мәдениетке бағытталған барынша қысқа жолды іздестіруде. Біздің қолданыстағы араб қарпінің негізіндегі әліпбиіміз мәдени даму құралы ретінде жоғарыдағы сұранысты қанағаттандырмайды. Байтұрсынов мырзаның реформасы қолданыстағы араб алфавитінің фонетикалық саласы мен орфографиясына жақсартулар енгізгенімен, педагогикалық, графикалық, гигиеналық, өндірістік баспа тұрғысынан араб алфавитінің негізін өзгертпеді, кемшіліктері өзгеріссіз қалпында қалды. Бүгінгі алфавитіміздің негізгі кемшіліктері:

а) бір дыбысты бейнелеу үшін бірнеше (3-4) түрлі белгілер сөздің басында, ортасында немесе соңында қолданылады;

ә) белгілерді бір-бірінен ажыратуда көптеген нүктелер мен сызықшалар қолданылады;

б) әдетте, араб әліпбиі оңнан солға қарай жазылады және оқылады;

в) геометрия, алгебра, химия, физика сынды ғылыми кітаптарда араб әліпбиінде жоқ латын алфавиті негізіндегі көптеген белгілер формулалар, теоремалар т. б. жазуда пайдаланылады;

г) араб алфавитінде жаңа техниканың (стенограмма, жазба машиналары, т. б.) жетістіктері жоқ;

ғ) араб алфавиті мен полиграфиялық өндірістің көп белгісінің болуы артық күш, құралдар мен уақытты талап етеді;

д) араб әліпбиі үшін техниканың соңғы жетістіктері қолданысқа келмейді;

е) әуен жазуда қолданылатын және солдан оңға қарай жазылатын белгі – ноталар араб белгілер жүйесіне мүлдем қайшы келеді;

ж) медицина мен фармацевтикада араб әліпбиін қолдануға болмайды.

     Мұның барлығы қарапайым сауаттылыққа кедергі келтіріп қана қоймай, біздің кеңестік мәдени құрылыс саласындағы шығармашылық  жұмыстарымызға қиындық туғызатыны сөзсіз. Және латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін тағы да дәлелдей түседі. Латын қаріптері техника мен ғылым таңбалары ғана емес, сонымен қатар, барлық ұлттардың жазуын меңгерудің басты құралы болып табылады. Латын қарпін қабылдау жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруге жол ашады. Жұмыс істеу барысында араб алфавитінің қиындықтарын бастан кешірген көптеген ғалымдар латын қарпін ендіру бастамасын қолдап отыр. Мәселен, араб профессоры Жузе былай дейді: «араб алфавитінің тіпті араб тілінде де қажетсіздігіне көз жеткізу үшін жоғарғы білім алған арабтардың өзі ғылыми кітапты қатесіз оқымайтындығын мысалға келтіруге болады. Каирдағы мұсылман университетінің студенттері 10-15 жыл білім алса да, оқу бітірген соң таза қатесіз оқи алады деп айта алмаймыз. Араб және жалпы мұсылман жастарының тек қана оқу техникасын меңгеруге соншалықты күш-қайраты мен уақытын жұмсайтынын білгенде, осы халықтардың мәдени артта қалуының басты себептерінің бірін түсінесің».

     «Түрік профессоры Чобан-Заде араб алфавитін зат бейнесін анық емес бейнелейтін бұзылған суретке түсіру аппаратымен теңестіреді. Мұның барлығы дұрыс. Жузе мен Чобан-Заденің пікірінің дұрыстығын барлығы біледі. Мұны біздің қарсыластарымыз көргісі келмейді. Олар ағарту мен қазақ мәдениетіне байланысты жалған мүддені жамылып, латын алфавитіне қарсы бірқатар негізсіз дәлелдерді алға тартуда. Алаштықтардың айтуынша, Байтұрсынов реформасы араб алфавитін жақсартқаны соншалық, ол сапасы жағынан неміс, ағылшын, тіпті, американ алфавиттерінен де асып түседі және барлығына жарайды. Біз көріп отырғандай, алфавитті реформалау ісіне шамадан тыс күш пен құрал жұмсалуда. Соған қарамастан, оң нәтижелерді әлі де берер емес. Алфавитті реформалаудан гөрі латын әліпбиіне көшу ғана дұрыс нәтиже беретініне көзіміз жетті. Тозығы жеткен қазақ арбасын қанша жөндесең де су жаңа автомобильге жетпейтіні секілді. Олардың айтуынша, латын алфавитіне көшу қазақ мәдениетіне зиян келтіреді. Бұл пікір де негізсіз. Себебі бізде үлкен мәдениет жоқ. Біздің мәдениетіміз оншалықты маңызды емес. Алфавитті қайта жөндеу қазақ мәдениетінен қол үзу дегенді білдірмейді. Алаштықтардың пікірі бойынша, жаңа алфавитті меңгергенше, біз онсыз да аз мөлшерлегі сауаттылар үлесінен айрылып қалуымыз мүмкін. Алайда латын қарпін біртіндеп ендіру арқылы біз бұл қауіптің алдын ала аламыз. Қарсыластар латын әліпбиін ендіруге көп қаржы жұмсалады деп тұжырымдайды. Онда неліктен үнемдеудің шеберлері Байтұрсынов реформасына жыл сайын кететін қаржы туралы үн қатпайды. Жаңа алфавитті ендіруге осы қаржының оннан бір бөлігін жұмсаса да жетеді. Одан ары қарай алаштықтар латын әліпбиіне көшуге әлі ерте, бұл тек билік басындағылардың қиялы ғана дейді. Бұл тұжырым өзінің реакциялық сипатына байланысты негізсіз, себебі олар біздің жасаған еңбектеріміздің барлығын осылайша теріске шығара берулері әбден мүмкін. Міне, бұл қарсыластардың тұжырымдары, нақтырақ айтқанда, қиялдары.

     Жаңа латын алфавитінің араб әліпбиінен тек техника мен педагогика тұрғысынан ғана емес, қоғамдық-саяси бағытта да артықшылықтары көп. Латын әліпбиі интернационалды алфавит ретінде осы алфавитті қабылдаушы шығыс халықтарымен бізді жақындастырып қана қоймай, алдыңғы қатарлы елдердің ғылымы мен мәдениеті жетістіктеріне жол ашады. Тек алға, интернационалистік мәдениетке қарай жүріп, артқа, яғни, шығысқа көп бұрылудың қажеті жоқ. Біздің алдымызда латын алфавитін іс жүзінде енгізу міндеті тұр». Бұл материалдан жасайтын қорытындымыз, латын алфавитін жақтаушы топ – большевиктік партияның жақтастары. Яғни, әліпби айтысы тек мәдениет саласындағы екі топтың емес, тап аралық, екі саяси топтың  арасындағы күрес болды. Ал, Ахмет Байтұрсынұлының әліпби реформасының тарихи шындығы, реформаланған араб әліпбиінің артықшылықтары мен Әбдірахман Байдилдиннің осы баяндамасындағы уәждеріне берген Ахмет Байтұрсынұлының жауабын келесі талдауда талдаймыз.

     (кд)Ал, А. Байтұрсынұлынан кейін латын әрпін қолдап баяндама жасаған Н. Төреқұлұлы латынға көшу керектігін айтып, оның артықшылықтарын алға тартады. Н. Төреқұлұлы латын әрпі баспахана ісін жеңілдетеді деген пікірін көлденең тартып, жазу машинкасына да қолайлылығын баса көрсетеді. Қос баяндамашыдан кейін сөз алған Міржақып Дулатұлы (Қазақстандық ғылым қауымынан), Халел Досмұхамедұлы, Ишанғали Арабайұлы (Орынбордағы қазақ институтынан), Манан Тұрғанбайұлы (Семейлік губерниялық оқу бөлімінен), Елдес Омарұлы (Қазақстандық оқу комиссариатынан) бірауыздан А. Байтұрсынұлының пікірін қолдап, латын мәселесін тоқтату керек деген пікір білдірген. Сонымен, съезд талқылауына түскен әліпби мәселесінде қорытынды былай шығарылады: латынды қолдаушылар да, қарсы болушылар да тепе-тең түсіп, сегіз де сегіз дауықа ие болады. Бірақ съезді ашып, оған төрағалық еткен Қазақстан оқу комиссары Нұғыман Зәлиұлы сол күнгі мәжілісте болмағанымен, латынды қолдайтындығын қағазға жазып жібергендіктен, жағдай мүлде өзгеріп кетеді. Нәтижесінде: латынды қолдап – 9 дауыс, латынға қарсы –  8 дауыс беріледі.

     Бұл жөнінде «Еңбекші қазақ» газетінің бетінде «латыншылардың бірі» былай деп ақпар берді: Әліппе туралы күн жарым айтыс болды. Сьезд оны аса ықыласпен тыңдады. Ақырында латынға қарсылар: араб әліппесін латындікіндей даралап береміз; сөйтіп кемдігін жоямыз, мұнан былай латын ауызға алынбасын деп сьезге ұсыныс кіргізді. Латыншылар: латынның негізіне қарсы болмай, қалай бірте-бірте жүзеге асыру өңдеуге берілсін деп жұпыны ұсыныс кіргізді. Ең болмағанда латын әліппесін өңдеп, жүзеге саыру жағынан пікірін тиісті мекемеге тапсыру Қазақстан оқу комиссариатына тапсырылсын деді. Дауысқа салғанда латыншылар мен латынға қарсы дауыстар тең шықты. Қазақстан оқк комиссары жолдас Зәлиұлы сьезде бола алмай, қағаз арқылы дауысын латынға беріп жіберіпті. Сөйтіп, жолдас Зәлиұлының дауысымен сьезде латыншылар бір дауысты  артық алған болды. Латын мәселесін өңдеп, дұрыстап қарастыруды сьезд Қазақстан оқу комиссариатына тапсырды. Латын ауызға алынбасын деген сөздер далада қалды. Сьездегі тыңдаушы жастар латын жағында болды. Бұрын латынға қарсы болып жүргендердің біразы Нәзір мен Қазанғапұлы сөздерінен соң латынға қосылды. Латын іске асатыны сьезде анықталады.

     Латыншыл Ғ. Тоғжанұлы «Еңбекші қазақ» газетінің бетінде «Жаңа әріптің жауларымен аянбай күресулеріміз керек. Жаңа әліпке қарсы болғандарды еңбекшілердің жауы деп беттеріне жұртшылық алдында күйе жағу керек, дұшпан деп санау керек. Көріне қасастық істеп отырған ұлтшылдарды, отаршылдарды кеңес мекемелерінен аластау керек» — деп атой салады. Ал Сәрсен Аманжолұлы әліпби барысындағы тап тартысын «Қазақстан большевигі» журналында былайша толғайды: «1929 жылдан бастапКеңестік Күншығыста ұлы мәдениет төңкерісі болды. Бұл жаңа әліппе. Бұл жөнінде үнді – еуропашылар, біздегі Алашордашылар мейлінше қарсылық жасады. Мұның аты не? Мұның аты әріптің әлі тап құралы екендігін анықтады. Тіл білімінің негізі – әріп, дыбыс дейтін себеп осыдан. Байтұрсынұлдары жаңа әліппені алу жөнінен жеңілгенімен, тіл білімі жөнінен әбден жеңіле қойған жоқ. Өйткені Қазақстанда нағыз тіл білімі жөнінде әлі мықты күрес болмағанда есеп, Маркс – Ленин қисындары тап тартысы болмаған жерде салт-сананың, пікірдің, білімнің алға басуы өте шабан, өте болымсыз түрде болады дейді. Ал байшы – демократтар, алашордашылар тап тартысы – білімнің жолында кедергі жасайды, қол байлайды деп қынжылады. 1927 жылы алашордашылармен бірге Садуақасұлы, Қожанұлы, Жүргенұлы сияқты коммунистеріміз де Ташкендегі қазақ университетіндегі оқушыларға айтқан ақылында: «мектепке келген соңғы міндет – оқу ғана, тап күресі мектептен аулақ» деп таза білімнің құлы қылмақшы болған…

     Көмменес партиясының дұрыс жетегінің арқасында тап тартысы күн сайын жаңа күш алып, күн сайын үдеді. Ленин жолындағы жас, болашақ мамандар тап тартысын әрі әдіс, әрі құрал қылып, білімге жармасты. Кешегі артта қалған, ақсақал-рушылдардың дәуіріндегі қазақ еңбекшілері жүз жылда қол жете алмайтын білімге ие болып отыр. Бұл тап тартысының жемісі.

     Жаңа әліпбиді насихаттау ісі қарқынды жүріп, оған жастар көп тартылды. Жаңа іске білек сыбана, белсене кіріскен жастар жаңа әліпбидің «айрықша тұстарын» ғана насихаттады. Арнайы тапсырмамен жазылған мақалаларда  араб әліпбиінің кемшіліктері жіпке тізіліп, жаңа әліпбидің жетістіктері ғана айтылды. Себебі, Бүкілодақтық Лениншіл Комсомол Жастар Одағы өлкелік бюроларына: комсомолдар арасында жаңа әліпби жөнінде тек жағымды пікір қалыптастыруға тапсырма бергендігін растайтын деректер мұрағатта көптеп кездеседі. Қазақстан Жастар Одағының органы «Лениншіл жас» газетінің редакторына жаңа әліпбиді ұдайы насихаттау жүктеліп, газеттің «Жаңа әліпби» атты ерекше бөлімін ашу тапсырылды. БКП (б) Қазақ өлкелік комитеті баспасөз арқылы латын әліпбиін сырттай оқытуды қолға алды. Мерзімді басылымдарда үгіт-насихатпен қатар баяндама, дәріс түріндегі насихат жұмыстары бірге жүрді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 А. БАЙТҰРСЫНОВ БАСТАҒАН АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ӘЛІПБИДІ ӨЗГЕРТУГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСІ

 

2.1 А. Байтұрсыновтың қазақ емлесін дамытуға қосқан үлесі

 

     Латын алфавиті енгізілгенге дейін өзге түркі халықтары сияқты қазақ халқы да төрт-бес ғасыр бойы араб алфавитін қолданып келді. Сол кезде КСРО құрамындағы жиырмадан астам ұлттардың Х ғасырдан ХХ ғасырдың 30 жылдарына дейінгі бай мұраларының көпшілігі осы жазу арқылы жазылды. Дегенмен араб жазуын халықтың бір бөлігі ғана, тек ескіше хат танитындар пайдалана алды және дәстүрлі араб алфавиті арнайы араб тіліне ғана шығарылғандықтан, оны түркі тілдеріне қолдану біршама қиындықтар туғызды. Осылайша ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап қазақ оқығандары, оның ішінде Ы. Алтынсарин тәрізді ағартушылар қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін дұрыс бере алатын жаңа алфавит қабылдауды, не қолданып жүрген араб графикасын қазақ дыбыстарының ерекшелігіне сай жетілдіру мәселесін көтерді/20. 195/.

     Араб әліпбиі қазақ халқының рухани өміріне, мәдениетіне, зиялы қауымның қалыптасуына ықпал етті. Әліпби баспа жұмысының жандануына игілікті қызмет етті. 1912 ж. А. Байтұрсынов араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш реформа жасады/24. 678/.

     Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының 20 ғ-дың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы… Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады… Ол – қазақ ғылыми тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реорматор. Байтұрсынов әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ Білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), Түркітанушылардың бүкілодақтық 1-құрылтыйында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады/25. 72-75/.

     Байтұрсынов әліпбиі туралы Ж. Қ. Тойшыбекова: «1912 жылы А. Байтұрсынов қазақ тіліне қолайсыз таза араб әрпін спецификалық қазақ дыбыстарын білдіре алатын әріптермен алмастыру арқылы алфавит құрастырып, оны «Жаңа емле» деп атады/20. 195/ деп жазады. Профессор Е. Д. Поливанов өзінің «Основные формы графической революции в турецких письменностях СССР» атты мақаласында А. Байтұрсыновтың араб графикасына енгізген реформасын «ғажап» деп бағалады/26. 322-323/. Бұл жобада араб алфавитіндегі қазақ дыбыстарын білдірмейтін кейбір таңбаларды алып тастау, қазақ тіліндегі ы, е, и, о, у дыбыстарының әрқайсысына жеке таңбалар алу ұсынылды. Жобадағы тағы бір ерекшелік – түрік тіліне тән сингормонизм заңдылығын мейлінше пайдалану. Сөйтіп, Ақаң жөндеген жаңа қазақ алфавитінде бас-аяғы 24 әріп таңбасы болып шығады/20. 195/.

     А. Байтұрсынұлының қазақ жазуына икемдеген араб алфавиті мектеп оқытушылары және басқа да қазақтың, татардың зиялы азаматтары тарапынан қолдау тауып, күнделікті өмірде қолданыла бастады. Осы алфавитпен «Қазақ» газеті (1913-1919), көптеген көркем әдебиет шығармалары шығып тұрды. Алайда бұл алфавит ресми түрде тек 1924 жылы Орынбор қаласында өткен қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде ғана қабылданды/11. 17/.

      19-20 ғасырларда оқу-ағарту саласының 2 түрлі бағытта болуына байланысты (медреселер, орыс-қазақ мектептері) әліппелер де араб және орыс әліпбиімен жазылды. Қазақтың тұңғыш ағартушысы, педагог Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» (Орынбор, 1864), «Қазақтарға орыс тілді үйретудің бастауыш құралы» (Орынбор, 1871) оқулықтары тұңғыш рет орыс әліпбиімен жарық көрді. Алайда «Қазақ хрестоматиясы» сауат ашуға арналған әліппе емес, оқу мен жазуды меңгерген балалардың алған білімі мен дүниетанымын дамытуды көздейтін оқулық еді. Бұдан кейін А. Е. Алекторовтың, А. В. Васидьевтің әліппелері жарық көрді. Олар екі бөлімнен (қазақша және орысша) тұрды. Оның авторлары К. Д. Ушинскийдің басқа ұлт балалары орыс тілін саналы меңгеру үшін өзінің ана тілінде санат ашуы қажет деген қағидасын ұстанды. Бірақ қолданылған әліппелер қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктерін түгелдей бере алмады. 20 ғ. Басында халқының сол кездегі тарихына ой жіберіп, болашағын парасатпен бағдарлай алатын қазақ зиялылар қауымы өсіп-жетілді. Олар халықты сауаттандырып, өркениетті ел қатарына қосуға күш салды. Түркі зиялыларын біріктірген  «Жәдитшілер ұйымының» бір топ мүшелері де қазақ мектептері үшін жаңа оқулықтар жазды. Қазақ балаларын оқу мен жазуға төте жолмен үйретуді көздеді. М. Нұрбаевтың «Әліппесі» (Уфа, 1910), З. Ерғалиұлының «Қазақ әліппесі» (Қазан, 1910), М. Малдыбаев пен Ж. Аңдамасовтың «Қазақша ең жаңа әліппесі» (Қазан, 1912), К. Сырғалиннің «Қазақша әліппе кітабы» (Қазан, 1913), т.б. осындай серпілістен туған алғашқы оқулықтар еді. Алайда бұл аталған оқулықтар кең қолданыс таба алмады. Ал ғұлама ғалым А. Байтұрсыновтың жаңа әліпби үлгісімен жазылған «Оқу құралы» (Орынбор, 1912) қазақ мектептерінің әліппеге деген сұранысына толық жауап берді. Онда шәкірттердің сөздік қорын барынша сауат ашу жұмысына тиімді пайдалану мақсаты көзделді. Қазақ тіліндегі сөздердің дыбысталу ұқсастықтары мен ерекшеліктері ескерілген ұтымды әдіс қолданылды. Сондай-ақ бір дыбысы ғана өзгерген сөздердің мағыналарын ажырату арқылы сөздің мағынасын нақтылау, қолдану дағдысын жетілдіру қалыптастырылды./24. 678/.

     1925 ж. А. Байтұрсынов әдістемелік жаңалықтарды ескере отырып, қазақ бастауыш мектептеріне арналған «Жаңа Әліп-биді» ұсынды. Оқулық өз заманына лайық  «Әліппе» жасау ісінің озық үлгісі болды. Әліппеде сауат ашумен бірге балалардың ойы мен тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жоғары деңгейде қалыптастыру мәселелері дидактикалық және әдістемелік тұрғыдан жетік шешімін тапты. «Жаңа Әліп-биге»: а) баланың өз атынан баяндалатын мектеп өмірі жайлы әңгімелер; ә) балаларды адамгершілікке, ізгілікке, тазалыққа тәрбиелейтін әңгімелер мол енгізілді. Жалпы, А. Байтұрсынов отандық білім беру ісі тарихында оқушылардың ойы мен байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысына зор мән берген, осы мақсатқа жетудің жолын нақты тәжірибе жүзінде  дәлелдеген алғашқы қазақ ғалымы болды. Саяси себептердің салдарынан «Жаңа Әліп-би» 20-жылдардың аяғына дейін қолданылды. Мұнан кейін Т. Шонановтың «Жаңалық» (Әліппе, Қызылорда, 1929) және Т. Шонанов пен М. Жолдыбаевтың «Жаңа арна» (Қызылорда, 1927) әліппелері жарық көрді/24. 678-679/.

     Ахмет Байтұрсынұлының ұлылығы оның тек тұңғыш оқу құралын жазғанымен өлшенбесе керек, ең бастысы алғашқы оқулық тілінің терең халықтығында, сапалылығы мен біліктілігінде. «Біздің жасынан орысша  я ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды…Яғни қазақ сөзінің қисынын келтіріп, өз нақышында жазу үшін сол тілде сауатын ашып, дағдыланған абзал». Ғалым мұны көрегендікпен айтқан-ау. Қазіргі таңдағы тілдік жағдай бұған толық көзімізді жеткізіп отыр /8. 13/ деп баға береді А. Б. Салқынбай.

     Байтұрсынов халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Байтұрсыновтың «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. «Тіл құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 ж., морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл құрал» — қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл грамматикалық терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынов практикалық құрал ретінде «Тіл жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол – қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы.

     Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегң өз дәуірінде зор бағаға ие болды. 1923 ж. Байтұрсыновтың 50-жасқа толғаны Орынбор, Ташкент қалаларында салтанатты түрде аталды. С. Сәдуақасов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, М. Дулатов, Е. Омаров сияқты замандастары баспасөзде мақалалар жариялап, Байтұрсыновтың қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі мен қызметіне, шығармашылығына ғылыми пікір-тұжырымдар айтылды. Әуезов Байтұрсынов туралы «Ақаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «…Кешегі күндерге дейін бәріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі… әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді» деп жазды. 1929 ж. шыққан «Әдебиет энциклопедиясында» (Мәскеу) Байтұрсынов тұлғасына «аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогі. Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы» деген ғылыми әділ баға берілді. 1933 ж. шыққан М. Баталов пен М. Сильченконың «Қазақ фольклоры мен қазақ әдебиетінің очерктері» деген кітапшасында: «оның негізгі бағыты қазақ халқының қоғамдық-мәдени оянуына ықпал ету болды» деп Байтұрсыновтың қоғамдық қызметін қорытындылады. Кейінгі коммунистік идеология Байтұрсынов есімін ауызға алуға көп жылдар бойы тыйым салып, ол туралы сыңаржақ пікірлер айтылды. Саяси қысымның қаупіне қарамастан белгілі түркітанушы, академик А. Н. Кононов «Отандық түркітанушылардың библиографиялық сөздігі» деген еңбегінде (1974) Байтұрсыновтың толық өмірбаянын беріп, әлеуметтік-қоғамдық қызметін, басты еңбектерін нақты айтты. Оның қазақ әліппесінің авторы екендігі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазғандығы көрсетілді/25. 75-76/.

 

 

 

2.2 Алаш зиялыларының араб алфавитінің артықшылықтары туралы пікірлері

 

     Әліпби тартысы 1924-1926 жылдары Түркістан мен Қазақстанда толассыз жүрді. 1924 жылы маусым айында өткен Білімпаздардың тұңғыш съезінде латын харпі мәселесі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі ретінде айқындалды. Съездегі тартыстың жайы мынадай: «Ахмет Байтұрсынұлы: осы күні қазақ тұтынып отырған түрік әліппесін тастап, латын әліппесін аламыз деген пікірдің терістігін түсіндірді. Қазақ әліппенің баспа түрінің дара болып түзетілуі баспа істеріне де, үйрету жағына да қолайлы, өзге әліппені алудан оңай деп сыпаттады. Жазба түрін осы күйде қалдырып, баспасын дара түрінде алу керек деді. Латын әліппесін жалғыз-ақ даралау жағынан жеңілдігі бар деп, басқа жағынан кемшіліктері көп болып тұрғанда және латын әліппесін жүргізу жұмысы өте көп іс, көп күш керек болғанда, оны алудан пайда жоқ деді.

     Ахметті жақтап талай шешендер түрлі дәлелдер келтіріп, мысалға харіп белгілерін, сан белгілерін, харіп ұяларын, қаріпті жою, теру жеңілдігін алып, латын харпін қолдануға қазір ерте, орыс халқы алмағанда біз неге аламыз, харіпке қызығып мәдениетімізден айырыламыз деген түрде қарсылық білдірді/7. 11/.

     А. Байтұрсыновқа қарсы Н. Төреқұлов баяндама жасады. Латын әрпін ендіру қажеттілігін дәлелдеуде ол латын әрпін үйренудің жеңілдігі мен баспа ісіндегі тиімділігі туралы дәйектер келтірді. Мәжіліс нәтижесінде Ахметке – 8 дауыс, Нәзірге – 9 дауыс беріліпті.

     Осы мәжілісті сырттай бақылығын «латыншылардың бірі» былай деді. «Әліппе туралы күн жарым айтыс болды. Съезд аса ықыласпен тыңдалды. Ақырында латынға қарсылар: араб әліппесін латындікіндей даралап береміз, сөйтіп, кемдігін жоямыз, мұнан былай латын ауызға алынбасын деп, съезге ұсыныс кіргізді. Ең болмағанда латын әңгімесін өңдеп жүзеге асыру жағынан пікірін тиісті мекемеге тапсыруына  Қазақстан Оқу комиссариатына тапсырылсын деді. Дауысқа салынған да тең болып шықты. Қазақстан Оқу комиссары, съезд мүшесі Н. Зәлиұлы орнында болмай, қағаз арқылы дауысын латынға беріп жіберіпті. Сөйтіп латыншылар бір дауыс артық алған болды.

     Жоғарыдағы ұзақ дәйексөздерден Ахметтің де, Нәзірдің де позициясы нық болғанын көру қиынға соқпайды. Байтұрсынұлының қаупі – алаш зиялыларына ортақ қауіп еді. Бакуде өткен түрік Білімпаздары съезінің (1926, 25-ақпан) алды-артында Қазақстанда харіп мәселесіне байланысты бірнеше жиын болды. Осы жиынның бірінде сол кездегі Халық Ағарту комиссары және «Еңбекші қазақтың» редакторы С. Садуақасұлының бағдары қандай болғанын Ә. Бәйділдин былай сипаттайды: «Смағұл тіпті, жаман сөйледі.Соңғы жиындардың бірінде ол ең соңынан сөз алды. Ол Өлкелік Бюро, Үкімет, халық Ағарту комиссариаты мүшесі ретінде харіп тартысының  бір жағына шықпауы керек еді. Бірақ ол Алашордашылар жағында сөйледі. Ол А. Байтұрсынұлы сөзін толықтыратын үлкен баяндама жасады. Отырған Алашордашылар, шәкірттер Смағұл сөзінің құрметіне ұзақ қол шапалақтады/2. 32/.С. Сәдуақасов, сөз жоқ, зиялылардың үкіметтегі бірден-бір тірегі еді. Сондықтан олардың жанайқайын жақсы түсінді.

     Араб әліпбиін қорғаушылар тобында А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Қ. Кемеңгерұлы, М. Жұмабайұлы, Ж. Аймауытұлы, Е. Омарұлы, С. Садуақасұлы болды. Олардың дәлелдері:

  • Қазақтың осы уақытқа дейінгі тарихы, әлеуметтік-саяси жағдайы, әдебиеті мен мәдениетіне қатысты материалдар, жырлар араб әліпбиімен жазылды. Келешек ұрпақ осы бай мұраларды оқудан шет қалмауы керек;
  • Латыншылар желікке ерген демагогтер;
  • Латын – баланың ермегі;
  • Латын әрпін аламыз деу – бұрынғы миссионерлердің жолын қуу;
  • Мұсылман молдалар қарсы болады, елді молда басқарады, халық молданы қолдайды;
  • Латын әрпін алсақ жұрттың бәрі хат танымай надан болады;
  • Латын әрпін алуға әлі ерте;
  • Латын әрпін өмірге ендіруге көп қаржы кетеді;
  • Қазақтың өңделген араб әрпі – қазақтың тума әліпбиі, латын әліпбиі қазаққа жат;
  • Қазіргі араб әліпбиіндегі кемшілікті өзгертуге болады. Сөз басында, ортасында, аяғында және жеке жазылатын әріп таңбаларын есептегенде 100 таңба бар. Соның 58-ін алып тастасақ 42 таңба қалады.Онда жазуға да, баспаға да кемшілік келмейді/6. 2-3/.

     Алфавитті ауыстыру халықтың рухани және материалдық мәдениетіне, дәстүр болып қалыптасқан жүйеге үлкен нұқсан келтіретіндігін түсінген қазақ зиялылары өз қарсыластарының іс-әрекетін «еліктеушілік» деп сынға алды: «Латынның еліктен басқа түгі жоқ. Бұл әңгіме Европаның жалтыраған моншағына құмартып, асық болғандардың елігінен шыққан әңгіме. СМұның аты құр елік, әуестік, орыс әйелдеріне бетін бояғандарына қызыққандық сияқты еріккендік»/18. 42/ дейді А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Омаров. І. Ахметов секілді зиялылар мәдени саяси-экономикалық байланысқа түсуде араб әрпінің негізінде жасалған қазақ алфавитінің еш кедергісі жоқтығын дәлелдеп, көрші және шетелдермен қарым-қатынас жасау үшін дәстүрлі қазақ алфавитін өңдеуге шақырды. Олар 1924 жылғы қараларында «мәселе тексеріліп ашылсын» деген талап қойды. Алайда БК(б)П-ның Өлкелік комитеті «Жаңа қазақ алфавиті араб алфавитімен салыстырғанда барлық жағынан артық. Сауатсыздықты жою қарқынын жылдамдату, білім беру әдістерін жақсарту, полиграфиялық өндірісті дамытып, өз туған тілінде жазба машиналарын ойластыру, қазақ еңбекшілерінің Кеңес Одағы әрі Батыс халықтарымен мәдени қатынас орнату – бәрі де жаңа алфавитке көшу мәселесімен өте тығыз байланысты»/27. 44/  деп съезд шешіміне сәйкес латын алфавиті қадым жазуынан да, төте жазудан да артық деп табылды.

     Ахмет Байтұрсыновтың латыншылардың дәйектеріне қарсы ғылыми дәлелдері Президенттік мұрағат қорындағы Қазақ жазуын латындандыру мәселесі бойынша дискуссиялық кеңес құжаттарында кездеседі. Ол өзінің алдында сөйлеген Бәйділдиннің жаңа алфавитке көшу туралы баяндамасының ғылыми емес, агитациялық сипатта болғанын ашып көрсетеді. «Ең алдымен, араб шрифін латынмен ауыстыру өмірлік маңызы жоқ, тіпті, ешқандай қажеттілігі жоқ мәселе екендігін айту қажет. Біздің қолымызда басқа халықтардың жазуынан әлдеқайда барлық жағынан қанағаттандыратын жазу бар. Себебі алфавит адамзат ақыл-ойы жетпейтін зат емес. Алфавит мәдениетке жетелейтін қысқа жолды көрсететін ешқандай да құпия сапа мен қасиеттерге ие емес. Алфавит дегеніміз – белгілі бір тілдің негізгі дыбыстарын бейнелейтін шартты белгілердің жиынтығы. Алфавит тіл элементтерін толық әрі нақты берген сайын, оның оқу мен жазуға қолайлылығы, техникаға бейімділігі арта түседі…Біз, қазақтар, ертеден-ақ тіліміздің негізгі элементтерін анықтап, оларды тиісті таңбалармен белгілеп қойғанбыз, жақсы жазамыз, жақсы оқимыз, орыс, неміс, француз, ағылшындарға және басқаларға қарағанда тез әрі оңай сауаттана аламыз. Одан артық не керек? Жоқ біздің өз жазуымызды латынмен ауыстыру керек екен дейді. Себебі ол біздікі емес, арабтыкі екен, араб жазуы дұрыс жазу мен хаманауи техникаға бейімсіз екен. Әзірбайжандар мен біздің қазақ латыншылары да осылай ойлайды. Бірақ тәжірибе қарама-қарсы нәтиже көрсетіп отыр»/2. 32/ деп жазады.

     Түркі халықтарының 90 % ежелден араб шрифін қолданып келеді, және осы шрифт жүйесі негізіндегі жазу мәдениетін қалыптастырған. Жазба мәдениет ұғымына шрифт пен оны қолданумен байланыстының бәрі кіреді. Жазба мәдениеті қалыптасқан халықтарға шрифт жүйесін басқамен ауыстыру – оңай іс емес. Бір жүйеден екіншісіне сатылай өткеннің өзінде көп уақыт, құралдар мен күшті қажет етеді. Әсіресе, жазу мен оқуды параллельді екі жазу бойынша ұйымдастыру, параллельді баспаларды шығару қажет болады.

     Екі шрифті салыстыруда және оның қажеттілігі мен маңыздылығын айқындауда төмендегілер негізге алынуы керек:

  • Тілдің негізгі элементтерін бейнелеу дәрежесі;
  • Баспа және қолжазба мәтіннің оқылу тездігі;
  • Тез жазылуы және оқылуы;
  • Типографиялық техникаларға қолайлылығы;
  • Сауат ашу ісіндегі тиімділігі;
  • Баспа және қолжазба мәтіннің сыртқы әсемдігі мен көз гигиеналылығы// — деп, осы критерийлер бойынша жеке-жеке салыстырмалы талдау жасайды.

     Қазақ тілінің дыбыстарын белгілеуде араб жүйесінің 19 әрпін өзгеріссіз, 5 әрпі өзгертумен алынды. Латын алфавитінде 15 әріпті ғана өзгеріссіз алуға болады. Ал 7 әріптің дыбысталуы мен жазылуына өзгешеліктер енгізілуі тиіс болады. Қазақ тілінің екі дыбысын белгілеуде сәйкес клктін латын әріптері жоқ. Сондықтан оларды ойдан қосуға тура келеді… Сауатты адам әр әріпті жеке-жеке емес, сөздерді бірден оқиды. Латын жүйесінің негізгі элементтері – әр түрлі үйлесімдегі тік таяқша мен доға. Латын жүйесі бойынша баспа жолы екі параллельді сызықтардың ортасында орналасады. Араб әріптерінде параллельді сызық жоқ. Нүктелер мен қисық сызықтар жеке сөзге үлкен сипат беріп оның оқылуын тездетеді. Араб жүйесіндегі баспа және қолжазба әріптер бірдей. Латын әрпінде бас әріптердің болуы шрифт реестрінің көлемін үлкейту секілді баспа ісінде қиындықтар туғызады. Латын әріптерін жазғанда сағат бағытына қарсы қимыл жасалады. Блонский адамның қолы немесе саусағын сағат бағытында қозғауға әсер ететін ұсақ бұлшықеттердің жақсы дамығандығын айтады. Сонымен қатар, арб әрпін жазғанда латындыкіндей үлкен шеңберлер емес, ұсақ қимылдар жасалады. Нәтижесінде араб әріптері әлдеқайда тез жазылады.Араб алфавиті барлық нүктелерін қосқанның өзінде латын әрпімен салыстырғанда 25-30 % аз қозғалыс импульсін береді/2. 33/.

     Латын жүйесі типографиялық техникаға қолайландырылған. Бірақ мұндай техника тек Батыс Европада ғана бар. Батыстық латын жүйесі түркі тілдерінің дыбыстық құрамына 25-30 % дәрежеде сәйкес келмейді. Оны сәйкестендіру үшін реформа жасау қажет. Екіншіден, ешбір қалада, Қызылорданы айтпағанда, тіпті Қазан, Уфа, Ташкент, Самарқанд сынды ірі орталықтардағы баспаханалардан қажетті мөлшердегі реформаланбаған латын шрифтерін таба алмаймыз. Араб шрифінің терме кассасы латын шрифінікінен екі есе аз (араб әрпі – 24-25 ұяшық; латын әрпі – 45-47 ұяшық). Халықаралық тиімділігіне келсек, орыстардың өзі әріпті өзгертпеген жағдайда, біз неге өзгертуіміз қажет. Латын әріптері идеографиялық емес, оны үйренгенімен өз тіліміздегі жазуды ғана түсінетін боламыз. Араб шрифін жақсартуға шрифті өзгертуден әлдеқайда аз күш жұмсалады/2. 34/.

     Жоғарыдағыдай ғылыми нақты дәлелдерді келтіре отырып, А. Байтұрсынұлы бастаған зиялылар араб әліпбиінің маңыздылығын, және латыншылардың келтірген барлық аргументтеріне дәйекті жауаптар айта білді. Әрине тіл білімінің маманы Ахмет Байтұрсынұлының баяндамасының құнды болатыны сөзсіз еді.

     Құжат соңында, баяндаманың қорытындысы да берілген:

  1. Араб жазуы оқу және жазу үрдісіне тиімді.
  2. Латын әрпіне қарағанда объективті сапасына байланысты сауат ашу ісінде қоғамдық маңызы зор.
  3. Типографиялық техника және баспа өнімінің құны жағынан араб шрифінің венециялық формасы латын шрифінен тиімсіз болғанымен, реформаланған түрі әлдеқайда тиімді.
  4. Жазба және терме машиналарына бейімді.
  5. Алфавиттің әріп құрамы қазақ тілінің тәжірибелік орфографиясының қажеттіліктерін толық қанағаттандырады/2. 36/.

     Сонымен, А. Байтұрсынұлы бастаған алаш зиялыларының араб жазуын жақтаудағы негізгі дәлелдері – бұл алфавиттің 12-13 жыл бойы қолданылып, орнығып қалғандығы, қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықталып, өзгертіліп, қазақ мәдениеті мұқтаждығын толық өтеп отырғандығы және оның дыбыс әдісімен оқыту ісіне айтарлықтай қолайлы болып шыққандығы. Сондай-ақ, А. Байтұрсынұлы бұл алфавиттің полиграфиялық мүмкіндіктері мен экономикалық тиімділік жақтарын да баса көрсетеді, жаңа-жаңа сауаттанып келе жатқан халқымыздың қайтадан сауатсыз болып қалатындығына, араб графикасымен жазылған дүниелерімізден қағажу қалып, тарихи санамыздың  күңгірттенетініне  де көңіл аудартады/11. 18/.

 

2.3 Латын әліпбиінің ендірілуі

 

     1926 жылы Бакуде Білімпаздар съезі өтті. Оған А. Байтұрсынұлы, Н. Төреқұлұлы, Е. Омарұлы, Е. Сүлейұлы барды. Тіпті съезге келген делегаттарға қазақ әнін естірту үшін атақты әншіміз Әміре де кеткен. Съезд қаулысы жөнінде сол кездің мерзімді басылымдарында Қаныш Сәтбаевтың және Елдес Омаровтың материалдары жарық көрген. Қаныш Сәтбаев былай деп жазады: «Алқаға Түркия, Әзірбайжан, Татарстан, Қазақстан, Өзбекстан және басқа түрік нәсілдес республикалардан өкілдерден келген. Алқаның жұмысына көмектес болу, қорытындылармен таныс болу үшін жиналысқа Күнбатыс Еуропадан көп профессор келген көрінеді. СССР-дің Академия науктен және Мадияр университетінен өкілдер келген. Қонақтарды қоспағанда алқаға жиналған барлығы 131 өкіл болыпты/7. 11/.

     Съезде «Түркі тілдерін зерттеу және оның басқа тілдермен байланыстары туралы», «Түркі жаңа әліпбиі», «Түркі тілдерінің орфографиясы жөнінде», «Түркі тілдерінде ғылыми терминология жүйесінің мәселелері жөнінде», «Ана тілін оқытудың әдістемесі жөнінде», т.б. мәселелер қаралып, тиісті шешім алынды. Ол шешімдерде Әзірбайжан, Якутия, Қырғызстан, Ингушетия, Қарашай-Шеркеш, Балқар, Қабарда, Осетия, Шешен, Башқұрт, Түркменстан, Өзбекстан, Адыгей-Шеркештердегі латын әліпбиіне көшу қозғалыстарының жұмыстарын оңды деп тапты. КСРО-ның түркі тілдес басқа республикалары мен облыстары бұлардың тәжірибелерін зерттеп, өздеріне енгізсін деп шешті/6. 2/.

     Қ. Сәтбаев съездің үш мәселе бойынша:

  1. пән сөздері (термин) туралы;
  2. емле туралы;
  3. жазу таңбалары

туралы бір тоқтамға келгенін жазады.

     Осы жиынға барып, оқиғаның мән-жайын біліп қайтқан Елдес Омарұлы съезге татарлар жеңілдетілген араб харпінің жобасын апарғандығын жазады. Бірақ ол өтпеген. «Латынды қабылдап қол көтерген съезд мүшелері, профессор, академиктер емес, съездің латыншыл мүшелері, съезді шақырған комитеттің мүшелері бір-екеуінен басқаларының бәрі де латыншыл болған», – дейді Е. Омарұлы.

     Сөйтіп, Қаныш та, Елдес те съезде латынның қабылданғанын хабарлайды/6. 3/.

     1927 жылы Қызылорда  қаласында Жаңа әліпбишілер қоғамы (ЖАҚ) құрылды. Кейін Қазақстан Халық комиссарлары кеңесінің 1927 жылғы 19 қарашадағы қаулысымен қазақ жаңа әліпбиінің Орталық комитеті құрылды. Бұл комитетті Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы Н. Нұрмақов, мүшелері: К. Тоқтабаев, О. Жандосов, Ә. Байділдин, Ә. Ермеков, Ғ. Тоғжанов, Т. Шонанов, Орманбаев, Б. Малдыбаев басқарды.

     Арабшылар мен латыншылар арасындағы айтыс әбден қызған кезде бұл іске Қазақстан Компартиясы өлкелік комитеті араласып, билікті өз қолына алды. Жаңа әліпбиге көшу жөніндегі бейберекет жұмысты бір ізге салу мақсатында партия қызметкерлері А.Байділдин, К. Тоқтабаев, Ғ. Тоғжанов, Жүсіпбеков секілді азаматтардан топ құрды. Өлкелік партия комитеті 1928 жылдың соңғы айларында латын әрпіне көшу мәселесін бірнеше рет қарады. 12 қарашадағы бюро шешімінде «арабшылар қарсылығы негізінен тойтарылды» деп шешім қабылдады. Жаңа әліпті қолданбағандар  үкімет әліпбиін аяққа басқандар деп табылып жауапқа тартылсын, оны бақылау прокуратураға тапсырылсын» деген шешім мәселені шұғыл өзгертті./архив/

     Латыншылардың арабшыларды түпкілікті жеңіп шығуына 1928 жылғы Бүкілодақтық Орталық жаңа түркі алфавиті комитетінің ІІІ пленумының тигізген ықпалы зор болды. Пленум шешіміне сәйкес осы жылдың 19 желтоқсанында Республикалық Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ерназаров пен оның хатшысы Асылбеков қол қойған «Жаңа қазақ әрпін енгізу туралы» қаулы қабылданды. Қаулыға сәйкес іс-қағаздарды жаңа алфавитке көшіру 1929 жылдың бірінші қазанынан 1931 жылдың бірінші қазанына дейінгі мерзімде жүзеге асырылып, 1931-1932 оқу жылында барлық оқу орындарында ана тілінде оқыту тек жаңа әріппен жүргізілетін болды/27. 92/.

     (қд)Бүкілодақтық Жаңа Әліпби комитеті тарапынан өткізілген Пленумдарда (Ташкент, Қазан) республикадағы жағдайларға қатаң талдау жасалынып, шабандарын қамшылады, жетекке ермейтіндерін мұрнынан сүйреді. Комитет түйреуінен аман-есенөтуді көздеген республика делегаттарының кейбіреуі асыра ақпар беруді әдетке айналдырып алады. 1928 жылы қазанда өткен ІІІ Пленумға Қазақстаннан өкіл ретінде барған О. Жандосовтың: «Бір жылда латын әліпбиіне толық өтіп, Өзбекстан мен Татарстанды қуып жетеміз» — деген жалынды сөзіне біреу сеніп, біреу сенбесе-дағы, комитет тарапынан қолнаштау тапқаны шындық.

          1928 жылдың 18-23 желтоқсанында Қазанда өткен Пленум шешімімен Бүкілодақтық Жаңа Түрік Әліпби Орталық комитетіне мүшелікке Қазақстаннан: Асфендияров (Қазақ Университеті ректоры), Жандосов (Қазақ АКСР Оқу-ағарту ХК), Тоғжанов (Қазақстан БКП (б) Өлкелік Комитетінің баспасөз бөлімінің меңгерушісі), Шонанов (Қазақ АКСР Оқу-ағарту ХК академиялық орталығы), Нұрмақов (Қазақ АКСР ОАК төрағасы) сайланады. Бұлардың қатарында қазақ азаматтарынан РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов та бар еді.

          Латын әліпбиін қолданысқа енгізу жөнінде 1929 жылдың қаңтар айында өткен Қазақстан Орталық кеңес комитетінің IV сессиясы мынадай қаулы қабылдайды:

  1. Араб әліпбиімен қатар, латын әрпі негізіне құрылған жаңа қазақ әліпбиі Қазақстанда мемлекет әліппесі саналсын;
  2. 1931 жылдың 1-ші қазанынан әрі Қазақстандағы барлық мемлекет, кооператив мекемелері, түрлі кәсіп дүкендері мен ұйымдар істерін жаңа әліпбиге көшірсін;
  3. Осы қаулының жоғарғы 1-2 бабына сәйкес Қазақстандағы барлық мемлекет, кооператив мекемелері, түрлі кәсіп дүкендері, жұртшылық ұйымдар жаңа әліпбиді қолдануға әзірлік жасап, 1929 жылдың 1-ші қазанынан әрі қарай түгелінен жаңа әліпбиге көшуі міндетті болсын;
  4. 1930 жылғы қаңтардың бірінен бастап, газет-журналдардан басқа, қазақ тіліндегі шығатын кітаптар жаңа әліпбимен ғана басылсын;
  5. 1931-1932 оқу жылынан әрі қарай, Қазақстандағы барлық мектептерде оқылатын қазақ тілі тек жаңа әліпбимен ғана оқытылуы Қазақстан оқу комиссариатына тапсырылсын;
  6. Жоғарыда көрсетілген уақыттарда жаңа әліпбидің толық жүзеге асырылуына халық комиссарлар кеңесі, оқу комиссариаты, орталық шаруашылық кеңесі, баспа орындары қам істесін;
  7. Жаңа әліпбидің орталық комитеті тез күннің ішінде жаңа әліпби жобасын жасап, Қазақстан кеңес комитеті президиумына салсын, жоба жасау жұмысы 1929 жылы қаңтардан әрі қарай жаңа әліпбиді қолдану ісіне кедергі жасамайтын болсын;
  8. Қазақстан орталық жаңа әліпби комитеті мен оқу комиссариаты Қазақстандағы аз ұлттардың (өзбек, тараншы, дүнген, татар сияқты) жаңа әліпбиге көшуіне тиісті қолғабыстарын көрсетсін;
  9. Қазақстан орталық жаңа әліпби комитеті, оқу комиссариаты Қарақалпақ автономиялы облысының жаңа әліпбиге көшуіне өте назар салсын, тиісті оқу құралдарын бастыру шарасын істесін;
  10. Жаңа әліпбиді жүргізу ретінде жаңа әліпбидің орталық комитетіне мемлекет сілтеу орындарындай толық құқық берілсін;
  11. Жаңа әліпбиге көшу ісін жеделдетуге қалың еңбекшілерді тартып, бұлардың өздері ұмтылғандай халге жеткізу керек. Оларды бұл жұмысқа баулу керек. Қазақстан кеңес комитетінің сессиясы тиісті мекемелер мен ұйымдарға бұдан былай да жаңа әліпбиді алу жөнінде үгітін күшейтуді, алдымен, жаңа әліпбишілердің ерікті қоғамдарын, үйірмелерін көбейтуге, олардың жұмысын жандандыруға тапсырылады;
  12. Орталық кеңес комитетінің сессиясы Қазақстандағы барлық жұмысшыларды, еңбекшң шаруаларды, оқушы, оқытушыларды мәдениет төңкерісінің айбарлы құралы жаңа әліпбиді іске асыру жұмысына белсене қатысуға шақырады.

          1930 жылдың ақпан айында Қазақстанның он жылдығына орай жаңа әліпбиге толықтай өтуге және бірқаулы қабылданды. Дегенмен, шешім қабылдау бар да, оны жүзеге асыру оңай іс емес. Қанша дауылдатып, лапылдатқанымен, қаулап кеткен іс көрінбеді. Латынға көшуді қолдап белсеніп шыққан өлкелік басқару органдарының өзі 1932 жылы 60 %, ал аудандар 40 %-ға ғана жаңа әліпбиге көшіп үлгерді.

          КСРО-ны мекендеген түркі-татар халықтарының, Солтүстік Кавказ тау халықтарының латын әліпбиіне өтіп, ал орыстардың өз әліпбиінде қалуы зиялы қауымның көкейіне күдік тудырды. Жоғарыда баяндаған, кінәратты саясаттың бір түйткілі осы араға келіп тірелетін сияқты.

          1928 жылы Қазанда өткен Бүкілодақтық Жаңа Әліпби Комитетінің ІІІ Пленумында профессор Яковлевтің: «Арабшылар бізге неге орыстар латын әліпбиіне өтпейді деген сауалды жиі қояды. Түптің түбінде орыстар да латын әрпі негізінде әліпби дайындап, халықаралық жазу жүйесіне көшіріледі» — деген құрғақ уәдесіне сеніп, дуылдата қол соғып, айрықша қошемет көрсеткендер де болды. Бірақ уәде сол күйінде қалды. Профессор Яковлев бастаған комиссия латын әрпі негізінде орыс әліпбиінің үш жобасын дайындап, ұсынғанымен, бірде-біреуі жүзеге аспады. Болашақта қазақ ғалымдарының Ресей мұрағаттарында жұмыс істеуіне мүмкіншілік туса, «бұл түйткілдің» де ашылатыны сөзсіз.

          КСРО халықтарының көпшілігі латын әліпбиіне толықтай өтер-өтіп болмастан, биліктің шыдамы таусылып, тездетіп кирилл әліпбиіне өту ісін бастап та жібереді. Жоғарыда баяндаған «уақытша шегініс» тастикасы осы жерде аяқталады. Ресейдің демократ ғалымы В. М. Алпатовтың Н. Я. Марр шәкірті профессор И. В. Мегрелидзе деректеріне сүйене отырып, биліктің жоғарғы органы 1933 жылдың күзінде-ақ кирилл әліпбиіне өтуге шешім қабылдаған деген мәліметі осы ойға жетелейді.

            Жаңа алфавитке көшу дегеніміз – тек әріп таңбаларын ауыстыру ғана емес, сол жаңа алфавитке сәйкестендіріп жаңа емле ережелерін жасау деген сөз. Жаңа емле ережесінің жобасы 1929 ж. Қызылорда қаласында шақырылған конференцияда талқыланды. Емлені талқылау кезінде көбірек талас туғызған мәселе – емлені қай (фонетикалық не морфологиялық) принцип негізінде қабылдау және термин сөздердің жазылуы жөніндегі мәселе болды. Конференцияға қатысушылардың көбі фонетикалық принципті жақтай отырып, бірақ шеттен кірген сөздерді шама келгенше бұзбай жазуды ұсынды/11. 18/. И. Сталиннің, алдымен араб жазуын латын жазу таңбасымен ауыстыруға нұсқау беруінің сыры әлі де ашылмаған кінараты бар саясат екендігін сезінеміз. Алдымен, латын жазуына жармасудың сыры шет аймақтағы қолданылып келе жатқан араб жазуын кириллицаға алмастыруды көздеген патша үкіметінің миссионерлік саясатының тарихымен хабардар ұлт республикалардағы зиялылар тобының мол болуынан сескеніп, алдын-ала дайындықсыз бірден орыс жазуына  көшіріп жіберу  орысшылдық пиғылға қатты қарсылық тудыратыны сезініп, белгілі бір қолайлы жағдай туғанша қоғамдық пікірді адастырып жіберу үшін істелген айла-амал ғана. Бұл саясаттың мүлде із-түзін білдірмей жіберу үшін, әлдеқашан шоқынып, орыстанып кириллицаға түсіп кеткен Сібірдің якут тәрізді майда ұлттарын күштеп отырып латынша жазуды қабылдауға алып келді. Әрине, бұл басқа ұлттарды алаңдатпау үшін істелген уақытша тактикалық ұғымдағы айла-тәсілдің бірі ғана болатын-ды. Болмаса бүкіл дүниежүзіндегі түркі тілді халықтарды бір ғана жазу таңбасына әкелуді патша үкіметі де, кеңес үкіметі де ешқашан ойлаған емес, оған бару олар үшін аса қауіпті саясат болмақ. Себебі кеңес еліндегі түркі тілді туысқан халықтары мен Түркияны бір жазу негізінде сауат ашып, бірін-бірі оқып түсінісуі орталық үшін аса қатерлі жол болып саналатын-ды. Өйткені И. Сталин бастаған саяси бюро түркі тілді халықтардың бір емле негізінде оқып түсінісуінен өлердей қорқатын. Оларды бір-бірінен аулақ ұстап ажыратпаса, бір тұтастыққа ешқашан жібермейтін/5. 108/.

     Г. Р. Нұрымбетова 1927 жылы басталған араб алфавитінен латыншаға ауысу, терең ойластырылмаған партиялық науқандардың бірі болды/28. 51/ деп баға берсе, зерттеуші Н. Нұртазина « Ислам дініне қарсы большевиктердің саясатының табыстарының бірі латын алфавитін (содан кейін орыс алфавитін) енгізу болды. Алфавитті өзгерту Исламға қарсы күрес шараларының ішіндегі ең батыл (радикалды) және сандырақ (абсурд) шарасы болды деп жазады Ричард Пайпс. Араб алфавитін түбірімен жою халықты Құраннан, діннен, көп ғасырлар бойғы ұлттық мұрадан қол үздіру; сондайақ оның аса маңызды өркениеттік бірегейлік (идентичность) белгісін жоя отырып, христиан халықтары тарапынан жеңіл түрдегі ассимиляциялауға жол ашу болып табылады. Қазақ АКСРнің  ОАК латын графмкасы бойынша қолданылатын жаңа алфавитті енгізу жөніндегі қаулысында: «Қазақ еңбекшілеріне исламға байланысты күшпен таңылған араб алфавиті өзінің күрделілігі себепті жарамсыздық танытты» делінген… Араб тілді және араб графикасы негізінде жазылған қолжазбалар мен кітаптарды жаппай жою басталды. Жылдары Құран кітаптары өкімет тарапынан керексіз, іске жарамайтын шүберек, қағаз, ескіқұсқы заттармен бірге алынып, жойылып жатты. Осынша қорлаушылықты болдырмау үшін халық Құран кітаптарын өздерінің атабабаларының молаларына жасырын түрде көміп тастаған жәйттер де орын алған» /29. 15/  деп жазады.

          (нұрымб) 1927 жылы басталған араб алфавитінен латыншаға ауысу терең ойластырылмаған партиялық науқан болды. Қазақ жазуын арабшадан латыншаға көшіруге бірінші болып А. Байтұрсынов бастаған төңкеріске дейінқалыптасқан қазақ зиялыларының қарсы тұрғанын жоғарыда баяндадық. Олар бұл өзгеріс халықтың өткен мәдениетімен сабақтастығын үзуге алып келеді деді. Әрине, өлкелік партия комитеті бұл пікірмен санасқан жоқ. Себебі, голощекиншілдер бұл кезде өз қарсыластарын жеңудің әдіс-айласының шыңына жеткен еді. О. Жандосовтың бұл науқанды іске асыруға ешқандай күмәні болмағанын мақалалары мен сөйлеген сөздерінен, Бүкілодақтық жаңа түрік алфавитінің Орталық Комитетіне берген есебінен көреміз. Ол «Жаңа латын алфавиті үшін қозғалыс дүниежүзілік тарихи маңызы бар фактіге айналды. Жаңа алфавитке көшу тарихи саналы түрдегі қажеттілік. Мұсылман мәдени-идеологиялық дәстүрінің жойылуына көмектеседі» — деген сенімде болды. О. Жандосовтың басшылығымен барлық оқу орындары сауатсыздықты жоюға, жаңа алфавитке тездетіп көшуге тартылды. Оның қандай көлемде жүргізілгенін сандарды сөйлету арқылы көрейік.

2 Кесте

          Жаңа алфавитті үйренушілердің округтер бойынша көрсеткіші

 

Округтер

Орталық тапсырмасы бойынша жаңа алфавитті үйренушілер

Округтер қабылдаған жоспар

Қызылорда

Сырдария

Алматы

Семей

Қарқаралы

Петропавл

Ақмола

Қостанай

Орал

Павлодар

Гурьев

Ақтөбе

Қарақалпақ автономды облысы

6000

10000

9000

11000

7000

7000

9000

7000

7000

6000

6000

6000

 

9000

6825

193000

19000

16000

10000

11550

10000

6000

 

Барлығы:

 

100000

98675

 

          Жаңа қазақ алфавиті Орталық комитеті мен халық ағарту комиссариаты 1929 жылдың жазынан  1930 жылдың көлемінде жаңа алфавитте қайтадан оқытуды міндеттеді. Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей, ұйымдастырылған мәдени жорық арқылы орталық тапсырмасы бойынша үш айдың ішінде 100 000 тұрғынды жаңа алфавитке үйрету жоспарланды. Жергілікті орындар жаңа алфавитке 98 675 адамды үйретуге міндеттенгенмен, оның шындықтан алшақ жатқанын байқауға болады. Себебі, көрсетілген 13 округтің жоспар бойынша 39 000 адамды жаңа алфавитке үйретуге міндетті бесеуі жоспарды жауапсыз қалдырған. Ал, Алматы, Семей, Петропавл сияқты округтер шындыққа жуыспайтын міндетті қабылдағанын көреміз. Бұл науқанның мектептер бойынша қалай жүргізілгенін төмендегі үшінші кестеден көреміз.

 

 

3 Кесте

Қазақ мектептерінде жаңа латын әліпбиінің ендірілуі

 

Оқу аттары

Бірінші баспалдақтағы

қазақ мектептері

Олардың ішінен жаңа алфавитті енгізгендері

3 топта

2 топта

1 топта

 

Қызылорда

Сырдария

Алматы

Семей

Павлодар

Қарқаралы

Петропавл

Ақмола

Қостанай

Орал

Гурьев

Ақтөбе

ҚАО

 

73

142

161

210

152

82

109

117

170

173

59

189

64

 

50

70

Мәлімет жоқ

100

60

80

70

 

27

45

Мәлімет жоқ

 

72

43

50

54

 

15

18

Мәлімет жоқ

 

40

20

27

29

 

Барлығы:

 

 

1701

 

430

 

237

 

149

 

 

         Бұл сандар жетістік ретінде көрсетілген. Егер сандарды жүйелі түрде салыстырар болсақ, мынадай нәтиже аламыз: барлығы 1701 бірінші деңгейдегі қазақ мектептерінің қазақ мектептерінің үшінші топтағы – 430, екінші топтағы – 237, бірінші топтағы – 149, яғни бірінші деңгейдегі қазақ мектептерінің 816-сы ғана жаңа алфавитке көшкен. Өкінішке орай, он үш округтің жетеуі бойынша тағы да мәлімет жоқ. Бұл көрсетілген келеңсіздікті бір жағынан орталық органдардың жергілікті орындарымен есептеспей, негізсіз жұмыс істегені десек; екінші жағынан «орталықтан» қабылданған шешімдердің жергілікті органдардың қабылдамауы деп түсіндіруімізге болады. Осы көрсеткіштерден-ақ мектептерде жаңа алфавитке көшу жеңіл болмағаны байқалады. Себебі, оқу құралдары, әдебиет жоқтың қасы болды. Оны біз келесі кестеден көреміз.

4 Кесте

Оқу құралдарының жарық көруі

 

 

 

Баспалар аты

 

Жоспар бойынша

 

 

Жоспардың орындалуы

Оқулық саны

Баспа табақ саны

Тара-лымы

Орын-дал-

ғаны

Тара-лымы

Бас-па-да

Тара-

лымы

Қол-

жаз-

ба

Оқу-

лық

Жаңа алфавит Орталық Комитеті

 

 

40

 

 

126

 

 

507

 

 

6

 

 

247

 

 

5

 

 

 

155

 

 

7

 

 

6

Халық Ағарту Комиссари-

Аты

 

 

8

 

 

 

132

 

 

320

 

 

 

 

 

 

1

 

 

50

 

 

 

 

«Қазақ»

Баспасы

 

24

 

 

163

 

238

 

4

 

85

 

2

 

20

 

10

 

8

Орталық

Баспасы

 

Барлығы

 

 

72

 

421

 

1065

 

10

 

332

 

8

 

325

 

17

 

14

 

Енді мектептер оқу құралдарымен, әдебиетпен қалай қамтамасыз етілді деген мәселеге келер болсақ, кестеде көрсетілгендей, жоспар бойынша төрт баспадан жетпіс екі оқу құралы, әдебиет шығуға тиіс болса, жарық көргені жиырма төрт. Ал, жекежеке баспалар бойынша талдар болсақ, жоспар мен орындау арасындағы алшақтық бірден көзге түседі.

Орталық баспаныңбірдебір оқу құралын басып шығаруды жоспарламауы, сол кездегі туыстас республикаларға қатысты Орталықтан жүргізілген ресми саясаттың салдары деп қорытындылауымызға болады. Сонымен, екпіні қатты болғанымен жаңа алфавитке көшу жеңіл болған жоқ. Әсіресе, материалдық база тұрғысынан келгенде ешқандай дайындық жоқ еді. Әрі бұл қыруар шығынға ұшыратты. Тағы бір қызықты жайт қырық мың шала сауаттыны, алпыс мың сауаттыны, жүз мың жұмысшы батырақты жаңа алфавитке үйретуге халық ағарту комиссариаты мен жаңа қазақ алфавитінің орталық комитеті міндеттенді.

Мұндай негізделмеген міндеттер мен шаралар отызыншы жылдардағы мәдени өмірдегі парадокстерге әкелді. Мәселен, Қазақ өлкелік партия комитетінің алтыншы Пленумында (1933 жылы) мынадай мысал келтірілді: «Колхозшы қазақтар, тіптен басшылар да, біздің газеттерді оқымайды, сондықтан партия шешімдерін білмейді. Ол газеттерді латын алфавитін білмегендіктен оқымайды, орысшы сауатсыз, ал араб алфавитіне тыйым салған. Әр ұжымдық шаруашылықтан арабша он-отыз шақты сауатты адамды табуымызға болады, ал ересектердің арасынан латын алфавитін білетіндерді сирек кездестіреміз». Ұлттық республикаларды өзіне бағындыруда Орталықтың жүзеге асырған шараларының бірі – осылай, қазақ халқын қараңғылыққа батырып, одан әрі шырмау еді. Мұрағат құжаттары негізінде ресми саясат салдарынан қазақ халқының басым көпшілігі сауатсыздыққа душар болғандығын көреміз.

(қд)Сонымен, 1935 жылдың 1 маусымында ОАК Президиумы Солтүстік халықтарын кирилл әліпбиіне көшіру туралы қаулы қабылдайды. Солтүстік халықтары арасында латын әліпбиі кең қолданысқа түспегендіктен, жаңа саясатты бұлардан бастау жеңіл борлатынын билік бірден түснеді. Кирилл әліпбиіне алғашқы байқау тәжірибесі 1937 жылы Кабардино-Балкарияда жүргізіледі.

          Латын әліпбиіне көшу тұсында құрылып, белсенділік танытқан Бүкілодақтық Жаңа Әліпби комитеті кирилл әліпбиіне ауыстыру ісіне түбегейлі қарсы шығады. 1937 жылы ақпан айында өткен пленумдарында: «Әліпби ауысқан сайын уақытша болса да халықтың біраз бөлігі сауатсыздыққа ұшырайды. Әліпбиді жиі ауыстыру тиімсіз іс» — деп өз көзқарастарын ашық білдіреді. Бірақ шешім жоғарыдан шығарылып қойғандықтан, бұлардың пікіріне құлақ асқан ешкім бола қойған жоқ. Керісінше, өздерінің басына қара бұлт үйірді. Сонымен, Бүкілодақтық Жаңа Әліпби комитеті таратылып, әкімшілік аппаратындағылар тұтастай қамауға алынды.

          1937-1938 жылдары әліпби ауыстыру жеделдете жүргізілді. Латын әліпбиі тұсындағы талқылау да бола қойған жоқ, тек «бұйыру», «нұсқау» етек алды. Ұлт зиялыларынан қарсылық көрсетер қара көрінбеді. Кирилл әліпбиін ауыстыру қолға алынғанға дейін-ақ, асып, атып, қала берді түрмеге тоғытып, селдіретіп тастаған саяси элитаның бас көтеруге дәрмені болмады. Патша заманындағы орыс тілін «басқа ұлттарға таңу» және «мәжбүрлеп үйрету» ісі қайта жаңғыртылды. Орыс тілі өсудің, «пұшпаққа шығудың» тетігіне айналды. Бұл «жасанды» ұғым ел тәуелсіздігін алғанға дейін жалғасты.

     Құйтырқы саясат «Күншығыстағы мәдени революция» деген ұранмен және латын жазуын халықаралық, мәдени жетістіктің көзі ретінде дәріптеумен зиялылар арасына іріткі туғызып, екіге айырды. Мұрағат деректері латыншылардың негізінен большевиктік идеяны жақтаушылар болғанын дәлелдейді. А. Байтұрсынұлы бастаған алаш зиялылары жиналыстарда ғылыми негізделген және жан-жақты дәлелді баяндамалар жасады. А. Байтұрсыновтың араб жазуын жақтаудағы негізгі дәлелдері — алфавиттің орнығып қалуы, қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықталып, өзгертіліп, қазақ мәдениеті мұқтаждығын толық өтеп отырғандығы және оның дыбыс әдісімен оқыту ісіне айтарлықтай қолайлы болп шыққандығы. Сондай-ақ А. Байтұрсынұлы бұл алфавиттің полиграфиялық мүмкіндіктері мен экономикалық тиімді жақтарын да баса көрсетеді, жаңа сауаттанып келе жатқан халқымыздың қайтадан сауатсыз болып қалатындығына, араб графикасымен жазылған мұраларымыздан айрылып, тарихи санамыздың күңгірттенетініне де баса назар аудартады. Латыншылар келтірген араб жазуының қолайсыздығы, баспа ісіндегі материалдық және экономикалық тиімсіздігі, т.б. дәйектеріне А. Байтұрсынұлы нақты жауаптар беріп, реформаланған араб графикасының артықшылықтарын, латын әрпінің ешқандай өмірлік қажеттілігі жоқтығын дәлелдеп шығады. Дегенмен, әкімшіл-әміршіл жүйе қазақ халқын сан ғасырлар бойы тарихи жадын қорландырып келген жазу мәдениетінен айырды.

     Арабшылар мен латыншылар айтысы әбден қызған кезде бұл іске Қазақстан Компартиясы өлкелік комитеті араласып, билікті өз қолына алды. Жаңа әліпбиге көшу жөніндегі бейберекет жұмысты бір ізге салу мақсатында партия қызметкерлері А. Байділдин, К. Тоқтабаев, Ғ. Тоғжанов т.б. секілді азаматтардан топ құрды. Өлкелік партия комитеті 1928 жылдың соңғы айларында латын әрпіне көшу мәселесін бірнеше рет қарады. 12 қарашадағы бюро шешімінде «арабшылар қарсылығы негізінен тойтарылды» деп шешім қабылданды.  1929 жылдан бастап, 10 жыл өмір сүрген латын графикасы 1940 жылы орыс әліппесімен ауыстырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Қорыта келгенде дәстүрлі араб алфавитінен латын алфавитіне көшу туралы идея Қазақстанға сырттан әкелінген және саяси, мәдени, идеологиялық мақсаттарды көздеді. Қазақстанда ХХ ғ. басында көтерілген латын графикасына көшу туралы идеяға қатысты қазақ зиялылары екі топқа бөлінді. Біржола өзгертуді көздемегенімен араб жазундағы үйлесімсіздікті жоюға арналған алғашқы қадам мерзімді басылым беттерінде көтеріліп, кейінірек араб жазуын қазақ тіліне сәйкестендіру жолдарын баяндайтын оқу құралы да жазылды. Бірақ шешілмеген түйін сол шешілмеген қалпында қала берді. Ол бір жағынан ғасырлар бойына қолданылып келген араб жазуын қолдануға тырысушылық болса, екінші жағынан латын әліппесіне көшудің дайындықтары кең етек алды.

      Латын графикасына негізделген жазуға көшу немесе көшпеу жөніндегі айтыстар жай пікірлер таласы, ғылыми айтыс болған жоқ, ол идеологиялық айтысқа айналды. Араб әліпбиін қорғаушылар тобындағы А. Байтұрсынов бастаған  М. Дулатұлы, Қ. Кемеңгерұлы, М. Жұмабайұлы, Е. Омарұлы т. б. Алаш зиялылары бұл саясаттың түпкі астары қандай саяси идеологиялық мақсат көздейтінін жақсы білді. Латын жазуын алу уақытша көзбояушылық  шара екендігін, бәрібір түптің түбінде орыстандыру кілті болған орыс алфавитіне түсіретінін түсінді, «Латын әрпін алу — бұрынғы миссионерлердің жолын қуу» деген секілді дәлел келтірген арабшыларға байшыл, ұлтшыл, діншіл деген айдарлар тағылды.

Латын алфавитін ендіру кеңес өкіметінің орыстандыру мақсатында күштеп жүргізілген науқандарының бірі болды. Ол үшін батыс Европада қалыптаса бастаған осы идея пайдаланылып, «Күншығыстағы мәдени революция» ретінде дәріптелді. 1920 ж. басында латын әліпбиін насихаттау белең алып, оған өтуге дайындық жасалына бастайды. Егер төңкеріске дейін латын қарпінің негізінде якут әліпбиін жасаған С. А. Новгородов еңбегін есепке алмасақ, бұл жолға түсуді Әзірбайжан республикасы бастағанын жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Лениннің арқасынан қағып, қолпаштағанына қанағаттанған С. А. Ағамалы-оғлы сияқты ғалымдар жаңа әліпбиге өту жөніндегі комитет құрып, әрі ЖАК жұмысынан хабардар ету үшін «Яни-Юл» газетін шығаруды қолға алады. Сонымен, Баку жаңа әліпбидің орталығына айналады.

     Латыншылар Кеңестер одағындағы латын әліпбиіне өту ісі әзербайжан драматургы, ғалымы Ахундов Мырза Фатали бастамасымен дүниеге келген деген пікірді ұстанған. Латыншылар бұл істің көлеңкесінен гөрі, күнгейін басыңқырап айтып, Ахундов Мырза Фатали латынғы өту идеясын төңкеріске дейін көтергенімен, патша өкіметінің құлақ аспай, тек Ұлы Қазан төңкерісінің нәтижесінде ғана латын әліпбиіне өту жүзеге асқан деген пікірде болған. Яғни, латын қарпі – еуропалық мәдениетке жетудің төте жолы, латын қарпі – Күншығыстағы мәдени революция, латын қарпі негізіндегі әліпби – социализм әліпбиі деген ұғым санаға сіңіріледі.

 Жаңа әліпбиді насихаттау ісі қарқынды жүріп, оған жастар көп тартылды. Жаңа іске білек сыбана, белсене кіріскен жастар жаңа әліпбидің «айрықша тұстарын» ғана насихаттады. Арнайы тапсырмамен жазылған мақалаларда  араб әліпбиінің кемшіліктері жіпке тізіліп, жаңа әліпбидің жетістіктері ғана айтылды. Себебі, Бүкілодақтық Лениншіл Комсомол Жастар Одағы өлкелік бюроларына: комсомолдар арасында жаңа әліпби жөнінде тек жағымды пікір қалыптастыруға тапсырма бергендігін растайтын деректер мұрағатта көптеп кездеседі. Қазақстан Жастар Одағының органы «Лениншіл жас» газетінің редакторына жаңа әліпбиді ұдайы насихаттау жүктеліп, газеттің «Жаңа әліпби» атты ерекше бөлімін ашу тапсырылды. БКП (б) Қазақ өлкелік комитеті баспасөз арқылы латын әліпбиін сырттай оқытуды қолға алды. Мерзімді басылымдарда үгіт-насихатпен қатар баяндама, дәріс түріндегі насихат жұмыстары бірге жүрді. 

          А. Байтұрсынұлы өзінің бүкіл саналы өмірінде қазақ жазба тілін дамытумен айналысты. А. Байтұрсынұлы жасаған әліпби қазақ жазуы тарихындағы ұлы жаңалықтардың бірі болды. Оның көне араб жазуына жасаған реформасының өте сәтті шығуы әрі сауат ашудың ең жеңіл де қолайлы, жетілдірілген түрі болып шыққанын ғылыми қауым бір ауыздан мақұлдады. Әліпби айтысы тек баспасөз беттерінде емес, алфавитті өзгертуге байланысты ұйымдастырлған Орынбор, Баку съездері мен жиналыстарда қызу жүрді. Құйтырқы саясат «Күншығыстағы мәдени революция» деген ұранмен және латын жазуын халықаралық, мәдени жетістіктің көзі ретінде дәріптеумен зиялылар арасына іріткі туғызып, екіге айырды. Мұрағат деректері латыншылардың негізінен большевиктік идеяны жақтаушылар болғанын дәлелдейді. А. Байтұрсынұлы бастаған алаш зиялылары жиналыстарда ғылыми негізделген және жан-жақты дәлелді баяндамалар жасады. А. Байтұрсыновтың араб жазуын жақтаудағы негізгі дәлелдері — алфавиттің орнығып қалуы, қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықталып, өзгертіліп, қазақ мәдениеті мұқтаждығын толық өтеп отырғандығы және оның дыбыс әдісімен оқыту ісіне айтарлықтай қолайлы болп шыққандығы. Сондай-ақ А. Байтұрсынұлы бұл алфавиттің полиграфиялық мүмкіндіктері мен экономикалық тиімді жақтарын да баса көрсетеді, жаңа сауаттанып келе жатқан халқымыздың қайтадан сауатсыз болып қалатындығына, араб графикасымен жазылған мұраларымыздан айрылып, тарихи санамыздың күңгірттенетініне де баса назар аудартады. Латыншылар келтірген араб жазуының қолайсыздығы, баспа ісіндегі материалдық және экономикалық тиімсіздігі, т.б. дәйектеріне А. Байтұрсынұлы нақты жауаптар беріп, реформаланған араб графикасының артықшылықтарын, латын әрпінің ешқандай өмірлік қажеттілігі жоқтығын дәлелдеп шығады. Дегенмен, әкімшіл-әміршіл жүйе қазақ халқын сан ғасырлар бойы тарихи жадын қорландырып келген жазу мәдениетінен айырды.

     Арабшылар мен латыншылар айтысы әбден қызған кезде бұл іске Қазақстан Компартиясы өлкелік комитеті араласып, билікті өз қолына алды. Жаңа әліпбиге көшу жөніндегі бейберекет жұмысты бір ізге салу мақсатында партия қызметкерлері А. Байділдин, К. Тоқтабаев, Ғ. Тоғжанов т.б. секілді азаматтардан топ құрды. Өлкелік партия комитеті 1928 жылдың соңғы айларында латын әрпіне көшу мәселесін бірнеше рет қарады. 12 қарашадағы бюро шешімінде «арабшылар қарсылығы негізінен тойтарылды» деп шешім қабылданды.  1929 жылдан бастап, 10 жыл өмір сүрген латын графикасы 1940 жылы орыс әліппесімен ауыстырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. ҚР МОМ құжаттары, 81-қор, № 1,2-істер.
  2. ҚР Президенті мұрағаты, 141-қор,№1 тізімдеме, № 336- іс.
  3. Байтұрсынов А. Жазу мәселесі: Қазақ тілінің мәселелері //Қазақ. – 1913. 16 октяб. ( № 4)
  4. Байтұрсынов А. Ең жақсы әліпби біздікі //Алдаспан. – 2007. № 1-2,  6-8 бб.
  5. Мырзахметұлы М. Қазақ қалай орыстандырылды? Алматы – 1994.
  6. Ижанов З. Әліпби туралы архив не дейді? //Қазақ әдебиеті. № 7, 7.7.2000. 2-3 бб.
  7. Қамзабекұлы Д. Қазақ зиялыларының әліпби айтысы //Қазақ әдебиеті. 12. 2001. 11-б.
  8. Салқынбай А. Б. А. Байтұрсынов тағлымы
  9. Нұрманова Ш. Б. Қазақ әліпбиінің өзгертілу тархы туралы //А. Ясауи университетінің хабаршысы, № 2, 2007, 323-326 бб.
  10. Арықбаева Ж. А. Байтұрсынұлы әліпбиінің танымдық тағлымы// Қостанай мемлекеттік университетінің ғылыми хабаршысы. Қоғамдық гуманитарлық ғылымдар сериясы .– 2000. № 1. — 54-57 б.
  11. Әбілқасымов Б. Алфавитті өзгертудің тарихын зерделесек… //«Қайнар» университетінің хабаршысы. — 2001. № 1. 15-21-бб.
  12. Мусаев К. М. Языки и письменности народов Евразии. Алма-Ата, 1993.
  13. Әсембай Е. Қазақ хаткерлігінің рухани-мәдени негіздері //Қазақстан халықтарының мәдени мұрасы және ұлттық білім жүйесі, А., 2004 І.
  14. Гарипова З. Языковая политика в Республике Татарстан: Документы и материалы 80-90-е гаф Казань, 1992.
  15. Новый Восток 1924, № 25.
  16. Байтұрсынұлы А. Араб әліппесін жақтаған баяндамасы //Ақжол А., 1991.
  17. Мырза Фатима Ахундов и новый тюркский алфавит //Культура и письменность Востока кн. 2, Баку. 1928.
  18. Байдильдин А. О новом алфавите. Кзыл-Орда, 1928.
  19. Бакинский рабочий 1923 31-октябрь.
  20. Тойшыбекова Ж. Қ. ХХ ғ. басында Қазақстанда латын алфавитіне көшу идеясының қалыптасуы //ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы, № 1 (136). 2005
  21. Голощекин Ф. И. Отчет Краевого комитета VI Всеказахской партконференции. Кзыл-Орда, 1928.
  22. Байдильдин А. Введение нового алфавита в Казахстане //За партию. 1929 №1-2
  23. ҚР ОММ құжаттары, 81-қор, № 3-іс.
  24. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия/ Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақстан энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1 т. 1998. -720 бет
  25. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия/ Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақстан энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2 т. 1993. -720 бет
  26. Поливанов Е. Д. Основные формы графической революции в турецких письменностях СССР //Новый Восток, КН 23-24
  27. Систематическое собрание законов КАССР действующих на основе 1-ое января 1930 г. А. 1930.
  28. Нұрымбетова Г. Р. Әріп пен тіл мәселесі жөніндегі саясат// ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы, № 8.
  29. Нұртазина Н. Д. Исламға қарсы шабуыл. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жүргізген дінге қарсы саясаты (ХХ ғасырдың 20-40-шы жылдары). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 36 бет.