АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс.Алматы қаласы тарихының музейі

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

 

Алматы қаласы тарихының музейі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы — 2013

Мазмұны

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………3

 

1  Алматы қаласының тарихы

1.1   Алматы қаласының Ұлы Отан соғысына дейінгі тарихы……………5

1.2   Алматы қаласының 1945 жылдан бүгінгі күнге дейінгі тарихы….17

         1.3 1946-1991 жылдар аралығындағы Алматы қаласы……………………..28

                2  Алматы қаласы тарихының музейі

         2.1 Қазақстанда музей ісінің даму тарихы……………………………………….34

         2.2 Алматы қаласы музейінің ғылыми-қор жұмысы…………………………41

 

         ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………….54

Падаланылған әдебиеттер тізімі………………………………..55

         Қосымша…………………………………………………………………………………57

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Музей халықтың есі іспетті ештеңеге теңгеруге келмейтіндей керемет қазына. Туған ата-анасына, туыстары мен достарына, туған Отанына деген әсте бір айнымас, ыстық жүрегі бар, зерделі азамат мұрағат қазыналарына әсте көзжұмбайлық жасай алмайды, оны ескерусіз қалдырмайды. Қайта ең асыл қанына ескерткішіне балап, ерекше қастерлейді.

Музей — жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен роль атқарады. Әсіресе, ұлттық. мәдени, азаматтық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктерін оқып-үйренуге оның көмегі зор.

Музей дегеніміз тарихи материал, өткен өмірдің деректі ескерткіш. Ол өткен өмірдің деректі ескерткіші. Ол өткен өмір құбылыстарын, бастан кешкен тарихты, дипломатиялық қарым – қатынастарды, саяси- қоғамдық, экономикалық өмірдің алуан – алуан құбылыстарын зерттеу үшін сақталады. Бір қарағанда музей – жанды тірліктің жансыз дерегі сынды көрінері де бекер емес. Бірақ та бұл сырт көзге ғана. Асылында, музей әлемі тереңіне бойлап, жіті үңілетін зерделі иесіне кезіксе, бір кереметі оған да тіл бітіп сөйлейді, жан дірілі мен айғақты сырын айқара ашып тілдеседі. Музей шежіре – кеніш, шежіре – сыр дейтініміз содан.

Олай болса, ел тарихының тамыры болатын музей ісі туралы ойлар, мәліметтер іздеу бойында рухани қазынасы бар әрбір адамды қызықтырары сөзсіз. Осы бағытта оқып, көңіл бөліп, зерттей келе тікелей қазақстандағы музей ісінің өткен жолы мен қазіргі деңгейі жайында жүйелі пікір қозғайтын еңбектердің аз екенін байқаймыз. Сондықтан да өз өлкеміздің шежірісін білу жолында Алматы қаласының тарихы музейіне қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да баға беріп, ой елегінен өткізіп көрейік деп отырмыз.

Алматы қаласының тарихы музейінің тарихының беттері аса да қалың емес. Дегенмен, соны жан-жақты зерттеуге тырыстық.

Тақырыптың өзектілігі. Ел басының «мәдени мұра» бағдарламасын негізге ала отырып өткенімізден мол мәліметі баяндайтын музей және оның жәдігілерінің болашақ ұрпаққа отансүйгіштікті жеткізудегі орасан зор рөлін ашып көрсету.

Музей алғашқыда аса бағалы бұйымдар мен заттар және мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Уақыт өте келе ол әдістемелік қызметі жетілген функционалдық институттарға дейін дамып жетті. Жаңа мыңжылдықта адамзаттың глобализация дәуіріне аяқ басу кезеңінде мұражай қызметіне жаңа ақпараттық құрал-жабдықтар мен интеграциялық үрдістер дендеп енуде.

Еліміз музейлері кеңес үкіметі тұсында ғылыми-зерттеу және ғылыми-ағартушылық бағытында қызмет атқарды. Бірақ олардың жұмысы идеологияға негізделген, көбінесе кеңес үкіметінің жетістіктері мен жеңістерін насихаттуға арналды. Қазақстандағы музейлер еліміздің тәуелсіздігін алуына байланысты көп өзгерді. Музей — арнайы жабдықталған, қоғамдық қажеттіліктерді өтеуге арналған, тарихи-ғылыми дерек ретінде жәдігерлерді сақтап, ұрпақтан-ұрпакқа жеткізетін, әлеуметтік ақпарат құжаттарын жинайтын, эстетикалық құндылықтары бар мекеме болып табылатын себепті музейлерге қойылатын талаптар да күшейді.

Осы уақытқа дейін Қазақстандағы музейлер көбінесе тарихи бағытта жұмыс істеп келді. Кеңес дәуірі кезеңінде жалпы тарихи, тарихи-революциялық, әскери-тарихи, этнографиялық, өлкетану музейі болып бөлінді де, олар жалпы музейлердің 63 процентін кұрады. Қазақстанда қазірде тарихи, өлкетану музейі басым. Соңғы кезде қолданбалы музейлердің мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Себебі, музей жұмысында ғылыми жинақтау, ғылыми қор, экспозициялық, көрмелік, білімдік, тәрбиелік, насихаттау бағыттары жұмыс істеп, жас ұрпакты тәрбиелеу жұмысында маңызды роль атқаруда.

Сонымен қатар, елімізде ашық аспан асты музейлерін ашу ісіне де көп көңіл бөлінуде. Сондай музейлердің бірі Алматы қаласы тарихының музейі болып табылады. Музей қазіргі күні Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлерімен бірігіп, Боралдай сақ қорғандары атты ғылыми жоба бойынша жұмыс істеуде. Бұл жоба бойынша Боралдайда ұл жоба бойынша Боралдайда 430 га жерді алып жатқан аспан асты музейін салу болып табылады. Және де архео-этнопарк салу жоспарлануда. Біздің мақсатымыз Алматы қаласы тарихы музейінің осындай ғылыми жұмыстарын ашып көрсету қажеттілігі туындайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Алматы қаласы тарихының музейі 2002 жылы ғана ашылғандықтан осы музей жайлы деректердің аздығы, аз зерттелгендігі қиындық тудырады. Сол себепті Алматы қаласы тарихының музейі туралы жазуда музей деректерін, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін пайдалануға тура келді. Және де осы музейдің ғаламтордағы жеке сайтындағы пайдаландым. Сайтта музейдің ашылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы, ғылыми-қор жұмысы, сөреге қойылған музей экспонаттарына сипаттама берілген.

Алматы қаласының тарихы туралы К.М.Байпақовтың «Алматы қаласының тарихы» атты еңбек негізгі дерек көздерінің бірі болып табылады. Бұл еңбекте Алматы қаласының ежелгі тарихынан бүгінгі күнге дейінгі тарихы баяндалған.

Жұмыстың мақсаты. Тарих тәжірибесінде ұрпақтардың кешегісімен бүгінгісін байланыстыратын, тұнып тұрған қайнар көз музей деректерінің маңызын баяндау. Сол арқылы Қазақстандағы музейлердің бүгінгі күнде ғылымның дамуына қосатын үлесін, оқушыларға, студенттерге Қазақстан тарихын оқытудағы музейлердің алатын орнын ашып көрсету.

Алматы қаласының тарихы музейінің тарихын жан – жақты жеткізу, жәдігерлердің құжаттарын белгілі бір хронологиялық ретке келтіру.

Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Тарихи ғылыми деректер мен материалдарға тарихи-салыстырмалы және тарихи-әдістемелік анализ жасау негізінде жазылды.

Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі, зерттелу деңгейі мен деректік негізі қарастырылады.

Негізгі бөлімнің бірінші тарауында Алматы қаласының Верный қаласы болып құрылған күнінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарихы баяндалады.

Екінші тарауда Қазақстанда музей ісінің даму тарихы мен Алматы қаласы тарихы музейінің ғылыми-қор жұмысы жазылды. Сонымен қатар музейдің ғылыми жобалары, ашық аспан астындағы «Боралдай сақ қорғандары» атты архео-этнопарктың салуы жайлы айтылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

 

1.1 Алматы қаласының Ұлы Отан соғысына дейінгі тарихы

 

Алматы қаласының тарихы сонау ежелгі кезеңдерден бастау алады. Әр түрлі кезеңдерді бастан кешкен бұл қала бүгінгі күні үлкен мегаполистердің біріне айналып отыр. Алматы қаласының тарихына тоқталғанда Верный қаласынан бастауды жөн көрдік.

Географ, солтүстік және дала халқының тұрмысын жазушы, Қазақстан қалалары тарихын жазушы орыс тарихнамашыларының бірі — Н.А. Абрамов Верныйға 1860 жылғы қазанда келеді. Верныйда бұрын болғандар сияқты, оны да қазақ даласының осы керемет өңіріндегі тірі табиғаттың көз тартарлық әсемдігі қайран қалдырады. Ол: «Верный бекінісінің негізі орта ғасырлардағы Алмату, яғни «алмалы» қала орналасқан жерде 1854 жылы қаланды. Алматы немесе Верный бекінісі Іле Алатауының бөктерінде, жемістері өте дәмді алма мен өрік ағаштары жайқалған, тегіс жерде орналасқан» [1,205 б], — деп жазады. Верный бекінісі өзінің іргесі қаланған күннен бастап саяхатшыларға естен кетпестей тамаша әсер қалдырады.

Верный қаласын қоса есептегенде, Верный уезінің халқы 1911 жылы 259370 адам болды. Оның 157357 немесе 60,8%-ы қазақтардан тұрады. Ұлы жүз қазақтары дәстүрлі түрде Жетісу аумағын, оның ішінде Іле өзені бассейні мен оның салаларын, Жоңғар және Іле Алатауы бөктерін, Шу және Талас өзендері аралығын қоныстанатын. ХІХ-ХХ ғасырларда Ұлы жүз қазақтарының саны 700 мың адамнан тұрды және оған дулат, үйсін, жалайыр, шапырашты, албан, суан тайпалары енді.

Уездегі орыстар 67449 адам (26,0%), тараншылар (ұйғырлар) мен дүнгендер — 25575 адам немесе 9,8% болды. 1871 жылы 17 қарашада қаланың бірінші басшысы П.М. Зенковтың басшылығымен қалалық дума өзінің бірінші отырысын бастады. «Жетісу облыстық ведомстволары» газетінің бірінші номері жарық көреді.

1877 жылы Верный қаласының жоғарғы қалалық өзін-өзі басқару органдары — қалалық дума және басқарма сайланды. Қалалық дума нұсқау беруші мекеме болды және қала басшысы мен оның жолдастарын, басқарма мен әр түрлі комиссия мүшелерін 4 жыл мерзімге сайлап отырды. Қалалық думаға өнеркәсіпшілердің, көпестердің, шенеуніктердің өкілдері сайланып, шешімдер қабылдап отырды. Ол шешімдерді генерал-губернатор бекітті. Қаладағы атқарушы үкіметтің жетекшісі қала басшысы болды. Әр жылдары қала басшылығына П.М. Зенков, С.М. Быков, И.Д. Лукманов, А.И. Путолов, Я.С. Шепкин, И.Д. Брызгалов, С.И. Петухов сайланды. Басқарма қаланы абаттандыру, құрылыс, білім, медицина, сауда т.б. мәселелерімен айналысты.

1883 жылы қала тұрғындарының саны 18040 адам еді, ал 1885 жылы — 21521 адамға жетті. Содан бергі уақытта, XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарына дейін қала тұрғындарының саны өте баяу өсті. Ұлттық құрамы бойынша қалада: орыстар — 67,5%, тараншылар (ұйғырлар) — 9,8%, қазақтар — 5,3%, сарттар (Орталық Азиядан шыққандар) — 4,9%, татарлар — 4,9%, дүнгендер — 4,9 %, шетелдік- кірмелер — 1,3%, еврейлер 0,4% болды. Шыққан тегі бойынша: дворяндар, өсіп-өнген азаматтар, дін басылары 4,7%, көпестер 0,7%, мещандар 52,5 %, казактар 1,4%, әскерилер 5,1%, отставкадағы және запастағы әскери шенділер 6,4 %, ауылтұрғындары 26,9% жәнебасқалар 2,4 пайызды құрады. Шын мәнінде Верныйдың тұрғындары негізінен орта шаруа деңгейіндегі қалалықтар еді, олардың негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болды. Құнарлы жер, қолайлы табиғи жағдайлар орыс шаруаларының назарын аударып, Жетісу жеріне, соның ішінде Верный қаласына да жаппай қоныс аудара бастады. 1890 жылдардың соңына қарай қала тұрғындарының саны 20 мың адамға дейін өскенін айтып өтуіміз керек. Бұл негізінен Жетісу өлкесіне қоныс аударушылардың ағылып келе бастағандығына байланысты еді. Олардың біразы қалаға қоныстанды. Шын мәнінде, тұрғындардың саны қоныстанушыларға ресми түрде қоныс аударуға рұқсат етілгеннен кейін көбейе бастады. Қаланың дамуы, әрине, тұрғындар санының артуына ықпал етті. 1863 жылы Верныйда 6104 адам тұратын, олардың 4322-і — еркектер, 1842-сі ғана әйелдер еді. Мұның мәнісі тұрғындардың негізгі бөлігінің әскерилер мен олардың отбасылары болғандығында жатыр. Сол кездегі Қазақстандағы көптеген қалалардың жағдайы осындай болғандығын айта кеткеніміз жөн. 1870 жылы қала тұрғындарының саны 12673 адамға дейін өсті. Қалада 17 түрлі халық пен әр түрлі дін өкілдерінің тұрғандығына қарамастан, тұрғындардың 60 пайызы орыстар еді. Тұрғындардың өсуі сол баяғы әскерилердің есебінен болатын. Айталық, сол уақытта қаладағы 192 адам төменгі әскери шенділер еді, олардың 88-і-отставкадағылар және 104-і демалыстағы солдаттар болатын. Жаңа өлкеде саудамен айналысуға және басқа да пайдалы істерді бастауға мүмкіндік болғандықтан, олар осында тұрақтап қалды. Статистикалық мекемелердің  жазбаларындағы айтылған, азық-түлік дүкендерінің, қоғамдық моншалардың, трактирлердің, көптеген шеберханалардың иелері, үйлерінде қызметшілер ұстайтын да осылар еді. 1904 жылы Верныйда 26943 адам тұрды, олардың: 14880-і — еркектер, 12063-і әйелдер болатын. Ал 1911 жылдың 1 қаңтарында қала тұрғындарының саны 35458 адамға жетті [2, 8 б].

1867 жылы қала мәртебесіне ие болуы Верныйдың дамуына зор ықпал етті. XIX ғасырдың  60-шы жылдары және 70-ші жылдарының басында батыс бөлігінде, Үлкен Алматы станицасынан ары қарай, нақтырақ айтқанда, оңтүстігінде Құлжа көшесімен (Мақатаев көшесі), ал батысында Солдатская көшесімен (Интернационал көшесімен) шектелетін аумаққа қоныстану басталды. Болашақ қаланың қалыптасуына сол кездегі күре жолдар, атап айтқанда, Ташкент жолы үлкен ықпал етті, өйткені сол жолдың бойына тұрғын үйлер салына бастады. Оңтүстік бағытта, Покровский алаңы мен Қарғалы жолынан Үлкен Алматы шатқалына қарай созылған жолдың бойында әскери алаңдар бой түзеді. Осы жолдың Қапал жолымен (Д.Қонаев көшесі) қиылысатын тұсында зират ашылды. Бұл бағыт қаланың даму жобасына үлкен ықпал етті.

Лепсі көшесінің (Фурманов көшесі) бойынан шөп және ет сататын базарлар орын тепті. Осы екі базардың шығыс жақ беті — Сергиопольская көшесі (Төлебаев көшесі) Верныйдың негізгі көлік жолына айналды.

Осыдан біраз уақыт өткеннен кейін зират пен Үлкен Алматы станицасының арасындағы алқап үш көше арқылы төрт кварталға бөлінеді. Сол кварталдардың шеткі екі қатары көп ұзамай-ақ Верныйдың өте ірі аумағы болып бірігіп кетеді.

Верный қаласының әр жылдары, атап айтқанда 1885, 1908, 1912 жылдары, жасалған бірқатар жоспар-карталары бүгінгі күнге дейін жеткен. 1908 жылғы жоспарда Верныйдың 48 көшесі және Үлкен Алматының 8 станицасы белгіленген. Верныйдың жоспарында қаланың солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан батысқа қарай тегіс үшбұрыш түрінде созылғаны көрінеді. Оның шығыс шеті Кіші Алматы бойымен өтетін Побережная көшесі (Бұзұрбаев к.) болатын. Батысында қала Гончарная көшесімен (Мұратбаев к.) тұйықталатын. Оңтүстігінде Магистральдық арық (Абай даңғ.) салынған. Қала аумағы солтүстігінде Ташкент аллеясымен (Райымбек даңғ.) тұйықталады.

Верныйдың алғашқы басжоспарын әскери инженер Н. Криштановский мен ерікті инженер П. Зенков жетілдірді. Жоспар 1876 жылы бекітілді; құрылыс 1869 жылдан бері жүріп жатқан болатын. Бұл жоспар бойынша бекініс пен станицалардан оңтүстік батысқа қарай, казактардың жер үлесінен қосалқы орындар мен қала жайылымына алты мың десятина жер — қаланы барлық жағынан қоршап жатқан және шығысында казактар орналасқан Кіші Алматы мекенінен батысында Үлкен Алматы өзеніне дейін созылып жатқан аумақ бөлініп берілді. Оңтүстік батысында жайылым тауға дейін, аңғарларға, қолайлы жердің шекарасына дейін жететін; солтүстік шекара Ташкент жолынан 2 шақырым төменнен өтетін. Қала құрылысымен әскери ведомство айналысты.

1887 жылы жер сілкінісінен Верный толығымен қирады. Қала үшін жер сілкінісінің зардаптары ауыр болды. Келген саяхатшыларды өзінің көркемдігімен тамсантқан Верный шарасыздан, өрт қаупінен бір-бірінен айтарлықтай қашық орналасқан, ағаштан, каркас-қамыстан салынған жалпақ әрі жатаған бір қабатты құрылыстан тұратын, қатардағы провинциялық қалаға айнала бастады. Енді ғимараттар салуда жалғыз ғана талап — орнықтылық басшылыққа алынды. Верныйлық табиғат зерттеуші В.Н.Шитников 1887 жылғы Верныйда болған жер сілкінісінен соң былай деп еске алады: «Қаланы болашақта сақтап қалу үшін ерекше шаралар қолданылды. Тас үйлер тіпті де салынбады, аласа, бір қабатты тас үйлер қала бойынша саусақпен санарлық еді. Биік емес ағаш үйлер салынды, онда да екі қабаттан артық салуға рұқсат етілмеді. Екі қабатты үйлердің өзі аз ғана еді, оның үстіне қабаты аласа болғандықтан, қандай да бір үлкен қаладағы бір қабатты үйлерден олардың айырмашылығы болмайтын. Сонымен қатар көп үйлердің бөренелер біріктірілетін бұрыштары жоғарыдан төменге дейін жуан темір шыбықтармен тігілген, ал пештері темір жолақтармен қабырғаларға бекітілген еді» [3, 120-122 бб].

1879 жылы Верныйдың қырық үш көшесіне атау берілді. Оларда патшалық Ресейдің алыс түкпірінде әкімшілік-сауда орталығының бүкіл әлеуметтік портреті бейнеленді. Бір кезде әскерилер негізін қалаған бекініс Командир және Солдат, Штаб және Артиллерия, Лагерь және Казарма және т.б. көшелерден басталатын. Кейінірек Губернаторская, Гостинодворская, Первогильдейская, Казначейская, Торговая және т.б. көшелер пайда болды. Көптеген көшелер Жетісу маңайындағы елді мекендер атауымен аталды: Құлжа, Қаракөл, Қастек, Талғар, Нарынқол, Қапал, Сергиополь, Пішпек, Ыстықкөл, Қаскелең, Ұзынағаш және т.б.

Шенеуніктердің білімінің төмендігіне және жергілікті мамандардың жетіспеуіне қарамастан, Жетісудың тарихын зерттеуде үлкен жұмыстар атқарған Жетісу облыстық статистикалық комитеті мүшелерінің еңбегінің тиісті бағасын алуы керек. 1896 жылдың наурызынан бастап ЖОСК қызметіне қазына облыстық земство қаржысынан жылына 2000 рубльден бөліп отыруды бастайды, сол арқылы ол Жетісу облыстық басқармасының құрылымдық бөлігі емес, дербес мекеме ретінде тіршілік ете бастады. Өлкенің тарихы мен статистикасы бойынша жинақталған үлкен материал 1898, 1900, 1901, 1905 жылдардағы «Естелік кітапша немесе Жетісу облысының мекенжай күнтізбесінде» («Памятная книжка или адрес-календарь Семиреченской области») жарияланған. Әрине, бұл «Естелік кітапшаға» бүкіл ғылыми материал енген жоқ, сондықтан да іргелі еңбектердің көптеген авторлары «Записки» немесе «Известия Русского географического общества», «Ученые записки Казанского университета» және тағы басқа басылымдарда жариялануға мәжбүр болады.

1901 жылы Жетісу облыстық статистикалық комитетінің хатшылығына В.Е. Недзвецкий тағайындалады. Қазан университетінің заң факультетін бітірген ол Батыс Сібір өлкесін ғылыми зерттеумен айналысады. В.Е.Недзвецкий 1884 жылы өзінің тағдыры 30 жылдан астам байланысты болатын Верныйға келеді. Ол Лепсі, Қапал, Верный уездеріне экспедиция жасайды. 1901 жылы 28 наурызда В.Е. Недзвецкий Верный уезінің Батыс бөлігіне, сонан соң Пішпек және Пржевальск уездеріне ауыл шаруашылығы, бау-бақша дақылдарын зерттеуге және статистикалық мәлімет жинауға іссапармен барады.

В.Е. Недзвецкий әр түрлі тақырыпқа көптеген ғылыми еңбектер жазған. 1896 жылы «Семиреченские областные ведомости» басылымында оның «Об опасности, грозящей Верненскому плодоводству» атты мақаласы жарияланды; «Очерки культуры риса в Семиречье» Түркістан өлкесіндегі егіншілік және мемлекеттік мүлік басқармасының жинағында басылған; «Краткий обзор Семиреченской области, за время состояния ее в составе Степного генерал-губернаторства» аталған кітапшасы 1899 жылы жарық көрген; «Памятная книжка Семиреченской области на 1905 год» Верныйда 1905 жылы басылып шағады. В.Е. Недзвецкийдің тарих, ауыл шаруашылығы, статистика және өлкенің басқа келелі мәселелері жөніндегі көптеген зерттеулері Жетісудың әр түрлі басылымдарында ғана емес, одан сырт жерлерде де жарияланған.

Жетісу облыстық статистикалық комитеті және оның мүшелері мұражай мен кітапханалар арқылы үлкен қоғамдық-ағарту қызметін атқарды, оның 1898 жылы ашылуы Верный мен Жетісудың мәдени өмірі тарихының маңызды беттерінен саналады. 1902 жылы күзде осында Өлкенің ауыл шаруашылығы және өнеркәсібінің бірінші көрмесі өткізіледі. Оның ұйымдастырылуы мен өткізілуіне В.Е. Недзвецкий белсене ат салысады. Облыс губернаторының рұқсатымен, ол бау-бақ құрал-саймандары коллекциясының көрсетілімін ұйымдастырады, бау-бақ зиянкестерімен күрес бойынша бірқатар өзекті дәрістер оқиды, сондай-ақ соқалардың және қазақтар, ұйғырлар, жергілікті шаруалар мен қазақтар қолданатын топырақ өңдеу тәсілдерінің конкурсын өткізеді. «1897 жылы Жетісу облыстық статистикалық комитеті мүшелерінің арасында оның жанынан облыстық мұражай ашу туралы ой пайда болды» деп хабарланады 1902 жылғы 18 қарашада Верный қалалық басқармасына жазылған хатта [4,267-269 бб]. Жетісу мұражайының белсенді ұйымдастырушылары арнайы үндеу-хаттарда облыстық мұражай құрамына «Жетісудың флорасы мен фаунасының өкілдері, сондай-ақ тау жыныстарының үлгілері енетінін…» хабарлайды. Бұл үндеу-хаттар Жетісуды зерттеуге байланысты мәселелермен ерікті шұғылданатын адамдарға таратылды. Сонымен қатар, коллекция жинауға көмек сұраған өтініштер Санкт-Петербург университетіне, Санкт-Петербург тау институтына, Орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөліміне және басқа мекемелерге бағытталады. Бұл үндеулер кеңінен қолдау тауып, мұражайға бағалы көрме қойылымдары түсе бастады. «1898 жылдың өзінде облыстық мұражай қорына бұйымдардың айтарлықтай сыйланғаны соншалықты, мұражай үшін сәйкес келетін баспана жалдау қажеттігі туындайды», ал бұл мұражайды құрушылар үшін қарапайым мәселе емес болатын.

Өлкені ғылыми зерттеуде облыстық мұражайдың негізгі белсенділерінің бірі Н.Н. Пантусов үлкен роль атқарды. 1874 жылы, Петербург университетін бітірген соң, Н.Н. Пантусовты Верныйға қызметке жібереді. Ол мұнда Жетісу облыстық басқармасында жауапты лауазымдарды атқара жүріп, әкімшілік комиссиялары жұмысына, қазақ билерінің съездеріне, оқу мекемелеріне, кітапханаларға, типографияларға, литографияларға, кітап саудасына жетекшілік етеді, сондай-ақ Түркістан және Жетісу статистика комитеттерінің, Орыс археологиялық қоғамының, Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамының археологиялық комиссиясының мүшесі бола жүріп, 30 жылдан астам қызмет етеді. Ол қазақтың мақал-мәтелдері, батырлар жырлары, ертегілері мен өсиет өлеңдері енген «Материалы к изучению казах-киргизского наречия» (1899-1903 жж.) еңбегінің жеті басылымын жариялайды. Оның «Образцы киргизской народной литературы» (1909 ж.) аталатын екінші жинағына өзі жинаған қазақтың басқа ертегілері, ырымдары, сенімдері, арнау сөздері, өлеңдері енген. Ол «Қозы Көрпеш және Баян сұлу» аңызының мәтінін жарыққа шығарады, аңыз кейіпкерлерінің зиратына, сондай-ақ Ш.Ш. Уәлихановтың зиратына сипаттама береді. Сонымен қатар оның «Киргизская [казахская] игра тогуз кумалак» атты мақаласы мен этнографиялық тұрғыдан өте қызықты қазақ билерінің съездері туралы есептері белгілі. Н.Н. Пантусов мұражайға жеке меншік археологиялық-этнографиялық коллекциясын, несториандық қабір үсті тастарының 151 таңбасын, өзінің ғылыми жұмыстарының қолжазбалары мен жеке кітапханасынан кітаптар сыйлайды /5/. 1898 жылдан бастап және одан кейінгіжылдары мұражайқойылымдары, негізінен Жеке тұлғалардың, уезд бастықтарының, оқу мекемелерінің, жергілікті және орталық мекемелердің қайырымдылығы есебінен толықтырылады. Мұражайға өздерінің жеке коллекцияларын бірінші болып сыйлағандар Э.О. Баум мен К.А. Ларионов болатын. «Мұражайға алғаш болып сыйға тартылған 71 данадан тұратын дендрологиялық коллекция, екінші — өздері бұрынғы Құлжа ауданынан жинаған 140 дана құс, 600 дана жәндік, олардың 200-і түйрелген және 200-і мақтада». Дәл осы кезде «Мұражайға Верный ерлер гимназиясы жанындағы жаратылыстану-тарих кабинетінен құстың 50 тұлып коллекциясы беріледі» /6,101 б/. Мұражайға Верный қаласында 1902 жылы ашылған тұңғыш ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп көрмесінен де бірталай қойылымдар түседі.

Мұражайды ұстауға жылына 200 рубль шамасында бөлінген. 1902 жылы сәуір, мамыр, маусым және қазан айларында жеті экспедицияға әрекет жасалды. Алматы өзенінің аңғарына оның бастауынан Қаскелең өзеніне құйылысына дейін ботаникалық, зоологиялық және орнитологиялық тұрғыдан зерттеу жүргізілді. Маусым айында экспедицияға өлкеге танымал фотограф П.А. Лейбин қатысады, ол мұражайға Үлкен Алматы және Проходной шатқалдарындағы тау көріністерінің 16 фотосуретін сыйға тартады. 1903 жылы екі экспедиция ұйымдастырылады. Біріншісі — Ақсай өзенінің оң саласы, Тастыбұлақ жылғасының бастауына ботаникалық мақсатта. Екіншісі — Санкт-Петербург Ботаника бағының бас ботанигі В.И. Липскиймен бірлесіп, Іле елді мекеніне коллекция жинау үшін. Дәл осы уақытта мұражай қаржысына Верный ерлер гимназиясының тәрбиеленушілерінен өсімдік жинауға Есік көліне экспедиция жарақтандырылады. 1907 жылы энтомологиялық коллекцияны толықтыру бірінші кезекке қойылады. Осы мақсатта, Верный төңірегіне сапарлардан басқа, Санкт-Петербург энтомология қоғамының қызметкері А.Г. Якобсонмен бірлесіп, Верный уезінің шығыс бөлігіне ұзаққа созылатын экспедицияға қам жасалады. Экспедиция кезінде қоңыздар мен көбелектер жинау басты назарда болады. 12 қорап қоңыз және мың данаға дейін көбелек жиналған. Жол бойы өсімдіктердің үлгілері, аздаған құс түрлері және сүтқоректілер жиналған, сондай-ақ метеорологиялық бақылаулар жүргізілген.

Табиғи жағынан бай Жетісу өлкесі Ресейдің көптеген ғалымдарының назарында болатын. Тек 1905 жылы өңір аумағында ғылыми мақсатпен Томск университетінің профессоры В.В. Сапожниковтың экспедициясы, Императорлық Орыс география қоғамының нағыз мүшесі Л.С. Бергтің және Императорлық Санкт-Петербург Ботаника бағының бас ботанигі В.И. Липскийдің Балқаш экспедициясы жұмыс істейді /7,60-61 бб/. Бұл экспедицияларға облыстық мұражайдың белсенділері — верныйлық мал дәрігері М.В. Куткин мен музей қорғаушысы В.Е. Недзвецкий үлкен көмек көрсетеді, олар сапалы ғылыми қызмет еткендері үшін кіші күміс медальмен марапатталған. Мұражайды бағалы материалдармен толықтыруда, кейбір қойылымдарды ресімдеуде қазақ халқының өкілдері қатыстырылғанын атап кету керек. Осылайша, Жетісу облыстық статистикалық комитеті жанынан құрылған мұражай өлкенің табиғи, тарихи-археологиялық және мәдени-рухани байлығын зерттеуде және оны насихаттауда аз роль атқарған жоқ.

Жетісу облыстық мұражайының (ЖОМ) коллекциясы қазіргі Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұражайының негізгі қорын құрады және көп жағдайда сол кездегі ғылыми ағартушылық мекемесін (ЖОМ) революцияға дейінгі Қазақстанның маңызды мәдени орталықтарының біріне айналдыруға ықпал етті. Алматы қаласы республика астанасы 1921 жылы 28 наурыз — 3 сәуір аралығында өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық VI съезінде «Республика еңбекшілерінің еркі мен тілегін білдіріп», Кеңестік Қазақстан астанасын Қызылорда қаласынан Алматы қаласына көшіру туралы ҚазОАК (Қазақ Орталық Атқару Комитеті) және ҚазХКК (Қазақ Халық Комиссарлары Кеңесі) қаулысы бекітілді. Қазақстан астанасын Алматыға көшіру мәселесін РКФСР үкіметі мен БК(б)П ОК ұйымдастырып бақылады. РКФСР ХКК 1927 жылғы 29 сәуірдегі отырысында «Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының астанасын Қызылордадан Алматыға көшіру» туралы қаулы қабылдады.

Сонымен қысқа тарихи уақыт ішінде Алматы кеңестік Қазақстанның үшінші астанасы болды: 1920 жылы 4 қазаннан Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы — Орынбор қаласы болды; 1925 жылы 6 шілдеде РКФСР БОАК Қазақ республикасының құрамынан Орынбор қаласын әрі оған іргелес аудандарды алу және оларды Ресей құрамына беру туралы қаулы қабылдады. 1925 жылы сәуірдегі ҚазАКСР Кеңесінің V съезі жаңа астанада — Қызылордада (бұрын — Перовск, кейін Ақмешіт деп аталды) өтті. Мұндай феномен — ресми астананы 7-9 жылда үш рет ауыстыру — кеңестік мемлекет тарихында да, әлемдік тарихта да өте сирек кездесетін құбылыс.

Кеңестік Қазақстан астанасын осылай жиі әрі тез ауыстыру себебі, біздің ойымызша, ОрталықАзиядағы кеңес өкіметінің жағдайына, Кремльдің геосаяси және макроэкономикалық мақсаттағы кеудемсоқ жоспарларына, далалық өлкеде қанағат етерліктей көлік инфрақұрылымының жоқтығына байланысты болса керек. Қазақстан құрамынан алынған Орынбордан астана республиканың орталығына, оңтүстігі мен батысына, сондай-ақ Орта Азия өңіріне жақындау Қызылордаға көшірілді. Бұндағы мақсат — мұндағы коммунистік Кеңестік құрылысты жеделдетіп, экономиканы, жалпы халық шаруашылығын нығайтып, көлік мәселесін шешіп болған соң, бұрын патша заманында «Верный» деп аталған, Орталық Азиядағы бұрынғы әскери-отарлық тірек болған, экономикалық потенциалы мол Алматыға көшіру еді. Сонымен Түрксібті салу және Ташкент — Орынбор теміржолына шығу Алматыны республиканың маңызды стратегиялық әрі экономикалық орталығына айналдырды, бұл астананы көшіруге себеп болды.

Жаңа астана — Алматының қолайлы табиғи-ландшафтылық жағдайы мен әдемілігі, Іле Алатауының көркем сілемдерімен айнала қоршалуы жаңа республикалық әкімшілік орталықтың құрылысы мен қайта жаңғыртудың шығармашылық жоспарлары үшін мол мүмкіндіктер берді. Қазақстанның жаңа астанасының абаттандырылуының басталуы Кеңес мемлекетінің кезеңдік саяси-экономикалық реформасымен: әкімшілік-бюрократтық жүйелерді машиналарды жетілдірумен, ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға (және ауыл тұрғындарының ауылдан кетуі, жұмыс қолы армиясының пайда болуы), ауқымды индустрияландыруға, теміржол инфрақұрылымыныңтипті орталықтандырылған-отарлықжелісін орнатуға сәйкес келді. Қазақстанның табиғат ресурстарын экономикалық тұрғыда игеру Кеңес елінің саяси-стратегиялық доктринасымен, жаңа адам және жаңа коммунистік қоғам құру идеологиялық мәселелерімен бірлікте шешілді және жүзеге асырылды.

1930 жылдары бүкіл республика мен ел ауқымындағы қызу саяси және аса қарқынды саясаттандырылған өмірді көрсете отырып, Алматыда Коммунистік партия, Кеңес, кәсіподақ, комсомол, басқа да қоғамдық ұйымдардың әртүрлі съездері, сессиялар, кеңестер, мәжілістер және т.б. салтанатты түрде өткізілді. 1936 жылы 5 желтоқсанда ҚазАКСР Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып өзгертілді. 1937 жылы 21-26 наурызда Қазақ КСР Кеңестерінің төтенше X съезі болып, Қазақ КСР-нің Конституциясы қабылданды.

Ұлы Отан соғысының басталуымен қаланың    бейбіт кескіні бірден-ақ өзгере бастады. Оның төңірегінде жас жауынгерлерді соғыс өнері мен атуға үйретуге арналған полигондар мен тирлер салынды. 1941 жылы қыркүйекте Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті әскери іске жалпыға ортақ және міндетті оқыту туралы қаулы қабылдады. Астана кәсіпорындарында жаппай құрылған жалпыға бірдей міндетті оқу бөлімшелері 1941 жылы автоматшы, пулеметші, мерген, граната лақтырушы,   байланысшы, радиошы, телефонист әскери мамандықтары бойынша 134083 адам даярлап шығарды. Халықты әскерге даярлауда армияға, авиацияға және химиялық қорғанысқа көмектесу ерікті қоғамы — ОСОАВИАХИМ маңызды рөл атқарды. Соғыстың алғашқы айларының өзінде ол қоғам Алматыда әуе және химия шабуылына қарсы тұратын 1015 үйірмесі мен өзін-өзі қорғаушылардың 660 тобын құрды. Алматы аэроклубы ұшқыштарға алғашқы білім беретін 22-бастауыш авиациялық мектебі болып қайта құрылды. Горельник шатқалында жауынгерлерді таулы жерлерге даярлайтын Бүкілодақтық әскери мектебі әрекет ете бастады. «Қызыл Крест» курстарында медбикелер мен санитарлық жасақшылар даярланды. Қалада 11 мектеп, 26 қысқа мерзімді медицина курстары ашылып, 37 санитарлық пост ұйымдастырылды. Халық донорлар қозғалысына белсене қатысты.

Фашизммен соғыс тыл мен майданның орасан зор күш салуын талап етті. Бүкіл елдегі сияқты Қазақстан астанасында да әскери бөлімдерді құру, оқыту, майданға жіберу жұмыстары белсенді өріс алды. Соғыстың алғашқы айларында Алматыда бірнеше атқыштар дивизиясы мен бригадалары, сондай-ақ басқа да арнайы бөлімдері құрылды. 1941 жылы шілдеде бірінші болып 316-ші атқыштар дивизиясы ұйымдастырылды. Қазіргі кездегі Ш.Қалдаяқов және Гоголь көшелерінің қиылысында орналасқан бұрынғы №19 мектеп ғимаратынан мынадай мемориалдық тақтаны көруге болады: «Бұл ғимаратқа 1941 жылы жазда Кеңес Одағының батыры генерал-майор И.В. Панфилов атындағы 8(316)-гвардиялық атқыштар дивизиясының штабы мен саяси бөлімі орналасты». Байланыс техникумында — дивизияның 1075-полкі, медицина институтында — 1077-полкі және медициналық-санитарлық батальон, Тастақта — 857-артиллерия полкі, Комсомол көлінде — сапёрлар батальоны, Офицерлер үйінде — байланыс батальоны жасақталды. Күзде Алматыдан 39-ерекше курсанттар атқыштар бригадасы мен 391-атқыштар дивизиясы майданға аттанды. 1942 жылдың ішінде Алматыдан ұрыс қимылдары ауданына 100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасы, 38-атқыштар дивизиясы, 405-атқыштар дивизиясы мен 173-гаубицалық артиллерия полкі жіберілді. 1942 жылы желтоқсанда Алматы аэроклубы кадрларынан жасақталған және соның материалдық базасында құрылған 662-ші, 991 -ші және 992-авиаполктер майданға аттанды. Мыңдаған алматылықтар Ұлы Отан соғысының майдандарында елдің тәуепсіздігі мен бостандығы үшін жан аямай шайқасты.

485 застава шекарашыларының ішінде батыс шекарада қызмет еткен алматылықтар да алғашқылардың бірі болып жау соққысына қарсы тұрды. Негізінен жеңіл атыс қарулары болса да, заставалардың ешқайсысы да қорғаныс шебін тастап кеткен жоқ. Мысалы, Брест шекарашылар отрядтарының 6-заставасында бөлімше командирі сержант А. Королев қызмет етті. Ол қаза тапқан командирдің орнына заставаға басшылық етуді мойнына алды. Ауыр жараланып, тұтқынға түсті, одан қашып, Қызыл Армия бөлімдерімен қосылғанша қатардағы жауынгер, кейін партизан жасағында бөлімше командирі болып соғысты.

Брест қамалын қорғау аңызға айналды. Оны қорғаушылардың ішінде алматылық көп ұлт өкілдері: Ғ. Жұматов, Е. Качанов, Ш. Чултуров, С. Лебедев, Н. Сыдықов және басқалар болды. Қамал қабырғасының іргесінде ҚазМУ аспиранты Г.Д. Деревянко, Д. Тищенко, Аргамасов, Байғаскин, Ш. Сүлейменовтер қаза тапты. Зенит тобының командирі Петр Карболиннің 1941 жылғы 25 маусымдағы Кобрин бекінісінің батыс бөлігіндегі ауыр соғыстуралы естелігінен: «Фашистердің жаяу әскерлеріне қарсы біздің кезекті шабуыл кезінде қатардағы жауынгер Шотабай Сүлейменов қаза тапты. Ол пулеметтің екінші атқышы еді, пулеметші Иван Шевцов ауыр жараланған кезде, соның орнына түрып, фашистерге дәлдеп оқ жаудырды. Оның тасасында біздің жауынгерлеріміз сүңгісіз карабиндерімен, винтовкаларымен және автоматтарымен жауға қарсы атойлап ұмтылды. Шотабай оқтары таусылғанша атты. Оқ таусылған кезде, ол көтеріліп жауға граната лақтырған сәтте оққа ұшты» [8,17 б].

Қамалды қорғаушылардың көбісі қаза тапты, аман қалғандары жаумен шайқасты. Біреулері қоршауды бұзып өтіп, Қызыл Армия бөлімдеріне қосылды. Басқалары, мысалы пулеметші Нұрым Сыдықов сияқты жауынгерлер партизан жасақтарында жау басып алған аумақта соғысты. Халық кек алушылары ротасының командирі болған бұрынғы мұғалім «рельс соғысы» кезеңінің өзінде қарсыластарының эшелонда-рын 14 рет жолдан тайдырып апатқа ұшыратты. Жаумен соғысу кезіндегі ерлігі мен тапқырлығы үшін Нұрым Сыдықов Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, 2 рет Қызыл Жұлдыз ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды.

Басқа жауынгерлер тұтқынның барлық ауыртпалығын көрді. Қамал қорғаушысы — 6-дивизияның 75-дербес барлау батальонының механик-жүргізушісі Қасым Ілиясұлы Жарменов 1941 жылы 29 маусымда жау бомбалауы кезінде ауыр контузия алып, тұтқынға түседі. Соғыс тұтқындарына арналған фашист лагерлері мен түрмелерінің барлық азабын тартса да, Берг қаласындағы концлагерь және Бухенвальд тұтқыны жасымады. 1944 жылы күзде бір топ жолдастарымен бірге тұтқыннан қашып, чехтардың Дольна-Бяла деревнясына барады. Жергілікті патриоттар қашқынға көмектесіп, оны партизандаға жібереді.

1961 жылы Брест қамалын қорғаушылармен кездесуде түсірген Михаил Ананьиннің «Бұл енді қайталанбауы тиіс» деген фотографиясы бүкіл әлемге таралды. Суретке қамалдың жартылай бұзылған қабырғасына тізерлеп жығылған ҚазМУ-дың бұрынғы студенті В.И. Фурсов түсірілген. Ол 1941 жылы маусымда миномет тобының құрамында Брест қамалының Оңтүстік қақпасын қорғады, ауыр жараланды, фашистердің концлагерінің қапасында азап көрді, азат етілген соң 1945 жылы Алматыға келеді. Бір аяғынан айырылған ол кейін биология ғылымдарының докторы, профессор болды, 2-дәрежелі Отан соғысы және Ленин ордендерімен марапатталды.

1941 жылы тамызда 316-атқыштар дивизиясы әскерінің эшелондары майданға аттанды. 1941 жылы қыркүйекте олар Ленинград майданында алғаш рет ұрысқа шықты. 1941 жылы қазан айының басында Жоғарғы Бас Қолбасшы Ставкасының бұйрығы бойынша дивизия генерал К.К. Рокоссовскийдің басшылығындағы 16-армия қарамағында Батыс майданға жіберілді. Мәскеуді қорғау үшін дивизия Волоколамск бағытындағы ені 40 шақырымнан астам қорғаныс шебіне орналасты. 15 қазанда жаумен қантөгіс ұрыс басталды. «Сүйікті Алматы қаласы сияқты, Мәскеу үшін де соғысыңцар» [9,48 б]. Осындай сөздермен алматылықтар — Мәскеудің батыр қорғаушылары соғысқа аттанды. Жауға төтеп беріп, кейін желтоқсанның бұлыңғыр таңында өздері де шабуылға шығып, қарсыластарын кері қуды.

1941 жылғы 16 қараша дивизия жауынгерлерінің жаппай ерлік көрсеткен күні болды. Танкілерді жоюшы взводтың 28 жауынгері (олардың ішіндегі алматылықтар: П.К. Емцов, Н. Есболатов, А. Қосаев, А.И. Крючков, Н.Г. Максимов, Г.С. Митин, Д.Ф. Тимофеев, Н.С. Трофимов, И.А. Шепетков) саяси жетекші Василий Клочковтың басшылығымен Дубосеково темір жол айрығы түбінде 50 неміс танкісінің шабуылын тойтарып, оның 18-ін жойды. Кіші лейтенант П. Фирстовтың басшылығымен 11 сапер Строково деревнясының түбінде немістің 20 танкісіне тосқауыл болды. Олардың барлығы қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Танкілерді жоюшы 17 жауынгер саяси жетекші А. Георгиевтің басшылығымен Мыканино деревнясының түбінде 12 танкіні тоқтатып, екі жүзден астам гитлершілерді жойып жіберді. 17 кеңестік солдаттың 14-і қаза тапты, бірақ жау өте алмады. Сол сияқты саяси жетекші П. Вихрев Петелино деревня-сында 14 жауынгермен бірге фашистердің взводы мен 7 танкісін жойды. П. Вихревтің өзі екі танкіні жойып, гитлершілердің қоршауында жалғыз қалып қойды, сөйтіп соңғы оғымен өзін-өзі атты.

1942 жылы сәуір-мамыр айларында бұрын Алматыда жасақталған 39-ерекше курсанттар бригадасы 88-атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды. Смоленск облысын, Белоруссия мен Литваны азатетуге қатысты, Шығыс Пруссия мен Жоғарғы Силезияда жауды талқандауда табандылық пен ерлік, жоғары деңгейдегі ұйымшылдық пен әскери шеберлік көрсетті.

Ұлы Отан соғысы тарихында Ленинградты қорғау айрықша орын алады. Ленинград түбінде қазақстандық құрамалар ішінде 100-ұлттық бригада соғысты, ол Белый қаласындағы, Великие Луки, Демьянск және Ржев аудандарындағы соғысқа қатысты. 4,5 мыңнан астам басқыншыны жойды. 1943 жылы желтоқсанда бригада 31-атқыштар бригадасымен 1-атқыштар дивизиясына қосылды, сөйтіп, Белоруссияда, Польшада және Батыс Померанияда соғысты [10].

1943 жылы 16 қазанда 100-атқыштар бригадасының пулеметшісі, аға сержант Мәншүк Мәметова ежелгі орыс қаласы Невель түбінде болған ұрыста өзінің өшпес ерлігін көрсетті. Кеңестік Шығыс әйелдерінің ішінде ең бірінші болып оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (қайтыс болғаннан кейін берілді). Қазір Псков облысының (Ресей Федерациясы) Невель қаласындағы бір көше оның есімімен аталады. Алматыда оның есімімен көше және №28 орта мектеп аталды, ал Алматы Медицина институты әрқашан өзінің студентін мақтан тұтады.

Батыр қала Ленинград блокадасын бұзып өту операцияларының табысты болуына инженер және автожол әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері де көмектесті. 2-екпінді армияның шабуылын қамтамасыз еткен бөлімдердің ішінде 1942 жылдың басында Алматыда жол ұйымдары мен Түрксіб жұмысшыларынан құрылып, сол жылы көктемде майдандағы өмірін бастаған 191-дербесжол құрылысы батальоны да болды [11, 63 б].

Алматылықтар Сталинград үшін шайқаста да ерлік жасады. 1942 жылы көктемде Харьков түбіндегі соғысқа қатысқан 38-атқыштар диви-зиясы ерлікпен шайқасты. Дивизия Донда және Сталинград түбінде де соғысты. Дивизия 64-армия құрамында 62-армиямен қатар соғысып, ұрыстарда шынығып, жеңімпаз атанды. 1943 жылғы наурызда Сталинград түбіндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін 38-атқыштар дивизиясы 73-гвардиялық дивизия болып аталды. Курск доғасындағы, Днепрден соғысып өту кезіндегі, Румынияны, Венгрияны, Югославия мен Австрияны азат етудегі ұрыстарда өзінің атағын арттырды [12, 204 б].

Сталинград аспанында Нүркен Әбдіровтың досы әрі полктесі, оның соңғы ерлігін көзімен көрген алматылық ұшқыш-штурмовик Алексей Писанко соғысты. 70-дербес барлау ротасының командирі, 3-дәрежелі әскери инженер, алматылық В.И. Пашков жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Майдан даласында алғашқы көмек көрсеткені үшін және жараланған солдаттар мен офицерлерді медсанбатқа жіберуді ұйымдастырғаны үшін алматылық дәрігер В.Ш. Турецкий мен медициналық жабдықтау бастығы Д.А. Пейсахович «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Жоюшы, шабуылшы және бомбалаушы авиацияда көптеген алматылық ұшқыштар соғысты. Ауыр бомбалаушы ұшақ экипажының командирі аэроклуб түлегі Б. Есіркепов болды. Лейтенант И. Даурановтың Ил-2 ұшағы Жеңіс күніне дейін шабуыл жасады; ұшқыш А. Долгов Гастеллоның ерлігін қайталады. Алматы аэроклубының түлектері ішінен 9 ұшқыш Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Көктөбеден (Веригин тауы) планермен ұшқан алғашқы курсанттардың ішінен Сергей Дани-лович Луганский 1938 жылы Алматы аэроклубында бастапқы жазғы дайындықтан өтіп, Орынбордағы ұшқыштар мектебін, Әскери-әуе академиясын бітіріп, жоюшы ұшқыш болды. 1939-1940 жылдардағы кеңес-фин соғысы кезінде С.Д. Луганский өзінің бірінші орденін алды, содан кейін Ұлы Отан соғысында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағымен марапатталды. С.Д. Луганский 417 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып шығып, жаудың 43 ұшағын атып түсірді, 2 рет таранға шықты. 1943 жылы Алматының комсомолдары мен жастары С.Д. Луганскийге жаңа истребитель сыйлады, онымен батыр жаудың 7 ұшағын атып түсірді. С.Д. Луганскийге Абылай хан даңғылында қола ескерткіш орнатылған.

50-ден астам алматылық, Кеңес Одағының Батырларының есімдері тарихқа алтын әріппен жазылды. Мыңдаған қала тұрғындары КСРО-ның жауынгерлік ордендерімен және медальдарымен марапатталды.

 

1.2 1946-1991 жылдар аралығындағы Алматы қаласы

 

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң республика астанасы — Алматыда құрылыс қайтадан кең құлаш жайып өрістеді. Осы жылдары Түркістан-Сібір теміржолы ауруханасы, ғалымдардың тұрғын үйі сияқты және басқа да бірқатар ірі ғимараттар ірге көтерді. 1946-1958 жылдары қала мен Алматы облысының күрделі құрылысында күрделі салымның 770 млн сомынан көп қаржы, немесе осыдан 29 жыл бұрынғымен салыстырғанда 12 есе көп қаржы игерілді. Көз алдында бүкіл қаланың құрылысын қарқындатып үйлер мен ғимараттар бой көтере бастады. Республикада салыстырмалы түрде арзан жобалар бойынша көпшілікке арналған тұрғын үй салу жүзеге асырылды. Егер 1950 жылдары Қазақстанда жалпы ауданы 2103 мың м2 тұрғын үй салынса, 1960 жылы — 7447 мың м2 тұрғын үй салынды. Бұл тұрғын үй «шуы» болды.

Өнер зерттеуші Н. Полонская былай еске алады: «Мен Алматыда 1946 жылдан бастап тұрамын. Бұл жерге келгенде біз Арық және Дүнген көшелерінің қиылысындағы жер үйде қоныстандық. Қазір бұл — Абай даңғылы мен Масанчи көшелерінің қиылысы. Біз қаланың шетінде тұрдық деп айтсам болады, өйткені әрі қарай бақшалар мен жүгері алқабы орналасты. Қазіргі Орталық стадионнан жоғары сол уақытта жапон тұтқындарына арналған лагерь болды. Сол жақта солар үшін кірпіш зауыты салынса керек. Мен мектепке барған жылы ол жерде жапондар болмады. Олар тұрған барақтарға біздің отандастарымыз қоныстанды. Сол кезде Алматыда екі және үш қабатты үйлер салынды. Біз оларға бүгінгі көп қабатты биік үйлерге қарағанда сүйсініп қарайтын едік. Мысалы, Шетел тілдері институты, Жедел жәрдем станциясы және Медицина институтының ғимараттары.

Дүнген көшесі үйілген екі төбеге тірелді. Біріншісі Басарықтан төмен, екіншісі көше арқылы қарама-қарсы орналасты. Екінші қорғанның беткейіне баспалдақ қазып тасталды, сол арқылы жер үйлер салынды. Оларды Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде босқындар салды. Олар өз үйлеріне қайтуға мүмкіндік алғанда жер үйлерді мұқтаж алматылықтарға сатып кетті» [13,304-306 бб].

Соғыстан кейінгі жылдары көбінесе тұрғын үйлер салынды, қаланы одан әрі абаттандыру жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Төртінші бесжылдық кезінде 80 мың м2-ден артық тұрғын үй ауданын пайдалануға беру қарастырылды. 1950 жылдарға қарай қаланың негізгі тораптары және маңызды архитектуралық-жоспарлық тораптары қал ыптасты. Қаланың орталығы Гоголь көшесі, Ленин (Достық) даңғылы, Калинин (Қабанбай батыр) және Дзержин-ский (Наурызбай батыр) көшелері ауданында қалыптаса бастады. Сол кездегі сейсмикалық нормаға сәйкес, негізінен, 2-3 қабатты үйлер салынды. Осы жылдары ҚР Ғылым академиясының бас ғимараты, Үкімет үйінің жаңа ғимараты, Орталық стадионның бас Спорт алаңы, Саяси оқу үйінің, Орталық әмбебап дүкенінің (ЦУМ; қазір «Заңғар») және т.б. ғимараттардың құрылысы аяқталды. Қоғамдық көгалдандыру жүйесі қайтадан құрылды, ескі көше тармағы қалпына келтірілді, Алматыға сырттай абаттандыру шаралары жүзеге асырылды.

Соғыстан кейінгі жылдары Алматы құрылысы мен абаттандыруға күрделі салымның жалпы мөлшері шамамен 500 млн сом құрады, бұл екінші және үшінші бесжылдықтың үш жылына қарағанда едәуір көп еді.

Алға өнеркәсіптік және азаматтық құрылысты қатар жүргізу мақсаты қойылды. Алматының сейсмикалық қауіпті аймақта орналасу ерекшелігі де ескерілді. Бұл фактор архитекторлар мен жобалаушылардың жұмысын тездетті. Олардың тілегі бойынша ықшамаудандар салу қолға алынды. Қаланың орталық көшелерінің бірі — Комсомол көшесі қаланың ендік бағытта ұлғаюының бас жоспарының композициялық негізі болды.

Жоспар бойынша қаланың орталық шекарасы солтүстікте — Ташкент саяжолымен (қазір Райымбек даңғылы), шығысында — Кіші Алматы өзенімен, оңтүстікте — Басарықпен (Абай даңғылы), батыста — Есентай өзенімен аяқталды. Осылай 1950 жылдардың басында орталықтың негізгі бөліктерінің архитектуралық-жоспарлау сұлбасы мен анық кескіні, яғни қазіргі Алмалы ауданы пайда болды. Көгалдандыру жоспары жүйеге келтірілді, ал ескі көшелер бірқатар өзгерістерге ұшырады. Гоголь, Калинин, Дзержинский сияқты көшелер, дұрысында олардың периметрі Алматының орталығы болып саналады. 1950 жылдардың соңына қарай Алматы қала құрылысын жобалау мемлекеттік институты сейсмикалық қауіпті зона үшін типтік үйлердің жобасын жасай бастады. Төрт жылдан кейін жүгері алқабына Үкімет үйі салынды. Кейінірек «Балалар әлемі» дүкені, Жазушылар одағының ғимараты, Қалалық кеңестің Атқару комитетінің ғимараты, сондай-ақ В. И. Лениннің ескерткіші бар үлкен сквер орталықтың біртұтас архитектуралық композициясын қүрады.

Тұрғын үй құрылысы орталық көшелерде ғана емес, қаланың шетінде де жүргізілді. Зауыт ауданы салынды. Астананың оңтүстік-батыс және солтүстік шетінде жаңа тұрғын үй ауданы пайда бола бастады. Сол кездің өзінде «шет» деген түсінік ескірді. Бұл жерде электр, су құбыры және радио пайда болды, мектептер мен емдеу мекемелері, дүкендер мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары іске қосылды, пошта бөлімдері жұмыс істеді. Санаулы айлар ішінде Түрксіб құрылысшыларына арналған аурухана, теміржол техникумы (кейін М. Тынышпаев атындағы Көлік және коммуникация академиясы болды) ірге көтерді. 1951-1953 жылдары жаңадан 4 мектеп, 15-тен көп дүкен, 2 монша салынды. Су құбыры және канализация жүйесі ұлғайтылды, шамамен 100 су алатын колонка қазылды. Жалпы алғанда, 1950 жылдардың басында Алматы архитектурасында өңірлік архитектураның таныс, функциялық жағынан жақын типтерін пайдалану үрдісі басым болды.

Қала орталығының қалыптасуында Үкімет үйі ғимаратының (Төле би көшесі, Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесі аралығында) маңызы зор болды. Ғимарат ансамблі 1990 жылдардың басына дейін Алматының қала құрылысы жағдайында маңызды рөл атқарды, оның стилистикасы кейінгі көптеген үкімет объектілері үшін үлгі болды. Ғимарат 1946-1957 жылдары архитекторлар Б. Рубаненко және Г. Симонова жобасы бойынша салынды. Бұл — кең өтетін жері арқылы байланысқан бес корпустан тұратын композиция. Олардың ортасын-да — ғимараттың бас бойлық осі бойынша орналасқан Жоғарғы Кеңес Мәжілісінің залы тікбұрышты екі ішкі ауланы құрайды. Залдың көлемді композициясы халықтың «қошқар мүйіз» оюымен безендірілген капителі бар ұстындардың (колонна) ордерлік жүйесі түрінде орындалған. Бас фасадтың архитектуралық шешімі — жарық пен көлеңкенің көзтартарлық құбылуын жасайтын алып 8 ұстынды кеңістіктік діңмаңдайша (портик). Жоғарғы Кеңес Мәжіліс залына кіре беріс те 8 ұстынды діңмаңдайша түрінде орындалған, ал бүйір жағындағы кіре беріс П-тәрізді аркалармен көмкерілген сәндік порталмен безендірілген. Интерьері ғимараттың ішкі кеңістігін айқын жоспарлаумен ерекшеленеді4. 1972 жылы ғимарат жаңғыртылды, бүйір жақ корпустары кеңейтілді. «Үкімет үйі» XX ғасырдың 50-жылдарындағы азаматтық архитектураның үлгісі болып табылады, Қазақстанның осы заманғы архитектурасының әрі қарай дамуында маңызды бағдар болды. 1998 жылдың ортасынан бастап 2001 жылдың қазаны аралығында ғимаратқа Алматы облысының әкімдігі орналасты. Қазіргі уақытта Қазақ-Британ техникалық университетінің оқу корпусы болып табылады [14,156-158 бб].

Қала архитектурасында А.В. Щусев пен Н.А. Простаков жобасы бойынша салынған ҚазКСР Ғылым академиясының бас ғимараты маңызды оқиға болды. Ғимарат кешені Пушкин, Шевченко, Қонаев, Құрманғазы көшелерінің квадратын, Уәлиханов көшелерінің екі жағын алып жатыр. 1954 жылы салынған ғимарат азаматтық архитектураның үлгісі болып табылады. Архитектурада классикалық сарын мен ұлттық сәулетшілік элементтері пайдаланылған. Уәлиханов (Красина) және Шевченко көшелерінің қиылысында қалыптасқан архитектуралық ан-самбльдегі ең биік ғимарат үш осьтік композицияға ие: алып портал, оған қабысып тұратын екі корпустан тұрады. Ортадағы корпустардың қабырғасының жазықтығы мен бүйір жақтағы қасбет (фасад) капителі мен пилястралары бар үлкен ордерлер түрінде орындалған. Ордерлерді безендіруде өсімдіктәрізді пішіндер мен халық оюларының стильге салынған сарыны пайдаланылған. Карниздің сүйір және сталактитті пішіндерінің қолданылуы, сондай-ақ бас порталды осы заманғы геральдикамен безендірудегі декор ғимаратқа салтанатты және ұлттық сәулетшілікке тән сипат береді. Интерьерді жоспарлауда ғимараттың функциялық міндеті мен кеңістіктік қалыптасқан (бас вестибюль, үлкен конференц-зал, басқа бөлмелер, Академия аппаратының қызмет бөлмелері, кіші конференц-зал, аудиториялар, ғылыми кітапхана және т.б.)5.

Қонаев көшесінің ансамблі үшін маңызы зор, оның бас осінде орналасқан, «Ұлттық стильдегі» ғимараттың өзгеше мысалына Қазақ Ауыл шаруашылығы институтының (Ұлттық аграрлық академия) ғимараты жатады. Ғимарат 1954 жылы салынды, архитекторы В.В. Бирюков болды. Абай даңғылына қатысты бедерінің едәуір деңгей айырмасы көп маршты сатымен ерекшеленетін қайталанбас ландшафт құрайды. Институт ғимараты соғыстан кейінгі уақыттағы қоғамдықжәне азаматтық архитектураның үлгісі болып табылады. 1955-1956 жылдары архитекторлар А.К. Капанов, А. А. Леппик, А. Я. Косов жобасы бойынша Абай даңғылының бойына салынған Орталық стадионның ашылуы елеулі оқиға болды. Н. Полонскаяның естелігіне оралайық: «Қазіргі Орталық стадионға келетін болсақ, жарты ғасырдан астам уақыт бұрын ол болған жоқ. Оның орнында жайма базар болды. Стадионның қалай салынғаны есімде. Мен ол кезде 9-сыныпта оқитын едім, бізді футбол алаңындағы шөпті отауға жіберетін еді. Шөп жамылғысы жұмсақ болуы үшін керек емес тамырлардың бәрін жұлатын едік. Сонымен қатар сол кезде кейін «Қайрат» деп өзгертілген «Урожай» футбол командасы болды. Қаладағы едәуір ұзын көшелердің бірі (ұзындығы 7 км-ден көп) Комсомол (қазір Төле би) көшесі болды. Қайта құрудың алғашқы жобасынан бастап қазіргі кезге дейін маңызын жоймаған қала құрылысы торабы қалыптасты.

Коммунистік (қазір Абылай хан) даңғылының маңызы астананың Қызылордадан көшіп келу сәтінен бастап анықталды. Қала құрылысының композициялық өзегі бола отырып, даңғыл вокзалға апаратын меридиандық көшесі болды. Үкімет үйінен бастап ось бойынша декор және түрлі түсті арақатынасқа сәйкес Саяси оқу үйі (қазір — Қазақконцерт) салынды. 1955 жылы салынған ғимарат жобасының авторлары А. Леппик пен Ю. Скринский болды. Құрылыс кезінде алғаш рет жоба авторларының технологиясы бойынша қаптайтын тақталар пайдаланылды. 1982 жылдан бастап 1992 жылдар аралығында ғимаратқа Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы орналасты.

ҚР Жазушылар Одағы басқармасының ғимараты 1955 жылы Абылай хан даңғылының бойына архитекторлар А.А. Леппик, А.Ф. Иванов жобасы бойынша салынды. Ғимарат ҚазКСР Сыртқы істер министрлігіне арналды. Үш қабатты, жоспарда — тікбұрышты ғимарат, бас есік фронты бар 4 ұстынды дің маңдайшамен безендірілген. 1972 жылы ғимаратқа осы заманғы техникалық жабдықталған 400 орынды конференц-зал жалғастыра салынды (бұл жерде пленумдар, шығармашылық симпозиумдар, конференциялар өткізіледі; «Қаламгер» кафесі орналасқан).

Архитекторлардың осы заманғы ұлттық мектебінің «өнімі» -«Қазақстан» қонақ үйі (1977 ж. бастап «Жетісу» болып өзгертілді) 1960 жылы архитекторлар Е. П. Дятлов, Ким До Сен, В. П. Ищенко және ин-женерлер Ю. Скринский, А. Тамбулиди жобасы бойынша салынды. Бұл қаладағы алғашқы ірі панельді қоғамдық ғимараттардың бірі болды.

1957-1962 жылдары М. О. Әуезов атындағы Қазақ драма театрының ғимараты салынды (1980 жылдан бастап Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақстанның Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры орналасты). Жоба авторлары архитекторлар В.3. Кацев, А.А. Леппик, Н.И. Рипинский, Б.Н. Тютин әртүрлі жоспарлы топтасты-рудан бастап функционалдыққа дейінгі стильдік сипаттамаларды пай-даланды. Суретшілер Е.М. Сидоркин мен О.Богомолов қазақ эпосы тақырыбында панно орындады, ол 1960 жылдардағы архитектура тәсілдерімен байланысты болды. 1950 жылдардың соңындағы ең «қараусыз қалған» көше Ленин көшесі (қазір Достық даңғылы) болды. Алматылық Е. Назарова былай деп жазады: «1950 жылы күзде күйеуіміз екеуіміз Алматыға келдік. Ол шекаралық әскерлер капитаны еді. Алматы шекаралық әскери училищесіне қызметін өтеуге келді. Біз бірнеше барақ пен қасбеті Ленин көшесіне қарайтын жалғыз ғана 2 қабатты камышит үй бар әскери қалашықта тұрдық. Сол үйдің 2-қабатына орналастық.

Ленин көшесін алғаш көрген кездегі әсерім: биік теректердің аясында бір қабатты, әдемі, күтілген үй алдындағы қоршалған шағын бау-бақшасы бар, жерге отырып қалған үйлер. Сол кезде мен ішімнен «үлкен деревня» деп ойладым. Көлік мәселесі де қиын болды. Біздің көшемізбен сол уақыттажолаушыларға арналған көлденең орындықтары барашық (кейде брезент жабылған) жүк автомобилі жүретін. Барлық аялдамада оны көп халық тобыры күтіп тұрды. Олар көбінесе тоқтамай кететін. Себебі себет-себет алма, қап-қап көкөніс толтыра тиелген болатын. Қаладан қайтқанда да осылай болды. Ол уақытта қала шегі Арық көшесіндегі Басарықпен аяқталатын. Біз тауға жақын тұрдық, сондықтан менің сөз қорымда өмір бойы «қалаға кеттім» деген сөз тіркесі қалып қойды. Кішкентай жартылай ашық автобустар сирек келетін» [15,309-311 бб].

1960 жылдары қаланың батыс бөлігіндегі бос жерлерге типтік жоба бойынша индустриялықәдістермен тұрғын үйлер мен мәдени-тұрмыстық объектілердің кешенді құрылысы басталды. Бұл ең алдымен қысқа мерзімде тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған тұрғын үй-азаматтық құрылыс практикасындағы ірі шара болды. Осы жылдары Алматының маңызды архитектуралық ансамблі қалыптаса бастады, Желтоқсан және Фурманов көшелерінің арасында қаланың орталық бөлігінің ядросы түзілді, ол жерде негізгі қоғамдық ғимараттар: «Жетісу» қонақ үйі, «Балаларәлемі» (1960ж.), «Алматы» мейрамханасы (1964ж.), «Алматы» қонақ үйі, М. Ю. Лермонтов атындағы Драма театры орналасты. Қаланың басқа бөліктерінде де бірқатар қоғамдық ғимараттар: «Алатау» (1960 ж.) және «Целинный» (1964 ж.) кинотеатрлары салынды.

1962 жылы Алматы қалалық Оқушылар сарайы салынды (Қабанбай батыр көшесінде, қарағай саябағында), бұрын ол — қалалық Пионерлер сарайы болды (тарихы 1936 жылдан басталады). Сарай архитектор Ким До Сен жобасы бойынша салынды, суретшілер мен мүсіншілер: Т. Досмағамбетов, X. Рахимов, А. Тищенко, В. Шептанов, Ш. Уәлиханов. Ғимарат түрлі түсті витражы бар әйнектелген екі верандамен безендірілген, үстінде обсерватория мұнарасы бар. Оқушылар сарайында үйірмелердің, клубтардың, студиялардың жұмысына арналған 24 оқу кабинеті,  100 орындық оқу залы, 350 орындық акт залы, спорт залы, бассейн, тир бар. 4 мыңнан астам оқушылар қатысатын 230-дай үйірме жұмыс істеді.

Бас жоспар бойынша қаланың көше торабы қарқынды дамыды. Соғыстан кейінгі уақытта қаланың оңтүстік шекарасы ретінде Водозабор-ная (1975 ж. бастап — әл-Фараби даңғылы) көшесі қалыптаса бастады.

1940-1950 жылдары қазіргі Айтықов, Ақынов, Демьян Бедный, Бондаренко, Астрономическая (Тимирязев және Бұқар жырау көшелері аралығында орналасты; 1973 ж. бастап — М. Ғабдуллин атындағы көше), Есенжанов, Өтепов және Бәсенов көшелері қалыптасты. Соғыстан кейінгі жылдары, негізінен, үй жанындағы телімі бар бір қабатты үйлер салынды. Өтепов көшесімен қаланың орталық бөлігін «Орбита» ықшамауданымен жалғастыратын трамвай жолы жүргізілді.

1948 жылы Талғар даңғыл жолына асфальт төселді және Сүйінбай даңғылына асфальт төселе бастады. Асфендияров (1962 ж. дейін Набережная; 1950 жылдары «Маяк» кенті мен «Луч Востока» ұжымшарының қосылу процесінде қалыптасты); Ахременко (Әуезов ауданында, Шишков және Карпат көшелерінің аралығында) және т.б. көшелер қалыптасып, солтүстікке қарай бұрынғы АДК (Үй құрылысы комбинаты) кентіндегі Подвойский көшесінен бастап одан әрі дамыды. 1950 жылдары Бұқар жырау бульвары Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін, Сәтбаев және Ғабдуллин көшелерінің аралығында, Қазақстан ҒА-ның Бас ботаника бағына апаратын жол ретінде түзілді де, оңтүстік-батыс бағытта Алматы құрылысының барысында Қазақ егін шаруашылығы институтының бұрынғы тәжірибелік егістігінде қалыптасты.

1950 жылдар туралы «Алматы және алматылықтар» деген кітаптың авторы Н.А. Букетов былай деп еске алады: «…Менің балалық шағымдағы көше — 8 Март (бұрынғы Казначей) көшесі. 8 март көшесімен, Кіші Алматы өзенінің бойымен Виноградов және Киров көшелерінің аралығында орналасқан Крылов атындағы балалар кітапханасына баратын едім. Қазір кітапхананың орнында «Никита Пугасов» дейтін кафе орналасқан. Кітапханаға қарама-қарсы, өзеннің арғы бетіндегі жер «Пугасов» деп аталатын. Ол жерде кішкентай базар болды. Дүкеннің жерге отырып қалған ұзын ғимараты (қазір де бар), өзенге жақын жерде анамыз екеуміз керогазға керосин сатып алатын керосин дүңгіршегі тұрды. «Пугасовпен» тағы да бір «Пугасов көпірі» деген атау байланысты [16,206-208 бб].

Қазіргі Ы. Алтынсарин атындағы көше ықшамаудандардың «бас даңғылы» деп аталды. 1962 жылы 5 мамырда ашылған, сол кезде әлі толық қалыптасып, салынып бітпеген даңғыл Кеңес Одағы коммунистерінің бас газеті — «Правданың» 50 жылдық құрметіне орай «Правда» деп аталды. Бас жоспар бойынша сол кезеңце даңғыл Алматының батыс бөлігінің орталық көшесі ретінде ойластырылып салынды. Оны алма бағы бар жерге салды.

1961 жылы 5 қарашада қаладағы Сталин ауданы Совет ауданы болып өзгертілді. Ленинград архитекторларының қатысуымен Алматы-ның дамуының кезекті Бас жоспары қабылданды. Жоба жетекшілері: Г. А. Бабичев пен Т. Қ. Бәсенов болды. Даму жоспарында экономикалық, әлеуметтік және мәдени өсу болашағы қатаң ескерілді. Жуық арада 20-25 жыл ішінде Алматыдағы тұрғындар санының 750 мың адамға өсетіні де болжанды. Алматының архитектуралық құрылысының дамуы қала өмірнамасыныңжылнамасы болып табылады, себебі бұл жерде салынған әрбір үй, ғимарат астана қала құрылысы тарихына жазылып қалды.

Өсіп келе жатқан өнеркәсіптік, тұрғын үй-коммуналдық және мәдени-тұрмыстық құрылысты қамтамасыз ету үшін қуатты құрылыс базасы құрылды. 1956 жылы қаладағы ірі құрылыс ұйымы-Алматы құрылыс Бас Басқармасы («Главалматыстрой») тресі өз жұмысын бастады. Концерн бөлімшелерінің қатарында мамандандырылған және жалпы құрылыс трестері, үй құрылысы комбинаты, автокөліктің өндірістік басқармасы болды. 25 жыл ішінде Алматы құрылыс Бас Басқармасы Алматы орталығы мен оңтүстік-батысындағы ірі тұрғын үй массивтерін (6860 мың м2), 117126 орынды мектеп ғимараттарын, 46 873 орынды мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін, 8200 кісілік емханаларды, ауыр машина жасау, «Поршень», Киров атындағы зауыттарының (станок жасайтын, машина жасайтын) жеке цехтарын, үй құрылысы, мақта-мата және темекі комбинаттарын, кондитер фабрикасын, «Алматы» сауда орталығын пайдалануға берді. 1970-1980 жылдары ерекше архитектуралық шешімін тапқан бірқатар ғимараттар: «Қазақстан» қонақ үйі, Республика алаңының кешені, М. О. Әуезов атындағы Қазақ драма театры, Аэровокзал, Әмбебап дүкен, «Алатау», «Алматы», «Отырар» қонақүйлері, «ҚазМУ қалашығы» кешені салынды. Бас басқарма бөлімшесі биіктаулы «Медеу» спорт кешенінің объ-ектілерін салуға қатысты.

Индустриялық үй құры-лысы технологиясында үй құрылысы комбинаттары пайда болды. Бұл кезде Қазақстанның ірі құрылыс ұйымдарының бірі — «Алматы үй құрылысы комбинаты» (АДК) жобалау-құрылыстық бірлестігі құрылды. Комбинат Кеңес Одағында бірінші болып бас мердігер функциясын атқарды, ал 1964 жылы еліміздің басты төрт үй құрылысы кәсіпорнының құрамына кірді. Кәсіпорын құрамында 10 шаруашылық есептегі құрылыс-жөндеу басқармасы  (соның ішінде құрылыс-монтаж конвейерінің 2 басқармасы), жылына қуаты 240 мың м3 темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт, кенсіз материалдарды өңдейтін зауыт, автобаза және т.б. болды. Жыл сайын комбинат құрылыс қарқынын арттырды: 1961 жылы 58278 м2 тұрғын үйді пайдалануға берді. Комбинат ұжымы Ташкент, Чарджоу және басқа қалаларды салуға белсене қатысты.

1950-1960 жылдары қарқынды салынып жатқан қала мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін темірбетон бұйымдарын шығаратын шамамен 20 зауыт және құрылыс материалдары мен құрылымдарын шығаратын комбинаттардың жұмысын үйлестіретін, «Темірбетон» акционерлік қоғамына біріктірілген, қажетті құрылыс материалдарын шығаратын бірқатар зауыттар мен комбинаттар салынды. Шығарылатын өнімнің шамамен 30%-ы (көпірлік темірбетонды құрылым, темірбетонды құры-лым, жолды жабдықтайтын темірбетон элементтер және т.б.) астананың жол құрылысы объектілеріне жұмсалды.

1950 жылдардың соңында Алматы қаласы мен төңірегіндегі аумақты сейсмикалық жеке шағын аудандардағы бөлу жөнінде ауқымды, мақсатты зерттеулер басталды; мақсаты сейсмикалық әсерді жете зерттеу және анықтау, құрылыс жүргізіле басталған аумақтардың сейсмикалық қауіптілік дәрежесі туралы нақты деректерді алу болды. Әдістің негізіне жергілікті тектоникалық және геоморфологиялық жағдайларды, топырақ қасиетін және оның суландыру дәрежесін талдау, сондай-ақ шолу және толық сейсмикалық жеке шағын аудандарға бөлу картасындағы белгілі бір ая үстіңцегі балл туралы мәліметтер алынды. Алматы аумағын сейсмикалық жеке шағын аудандарға бөлудің бірінші схемасы 1962 жылы инженерлік-геологиялық деректер бойынша жасалды.

1964 жылы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 15 км қашықтықта орналасқан, Кіші Алматы өзенінің таулы аңғарында, Медеу шатқалында селден қорғайтын арнайы құрылыс — «Медеу» бөгетінің құрылысы басталды (теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте орналасқан). Алматы қаласын кешенді түрде селден қорғау шараларына сәйкес салынды. Жобасын «Гидропроект» жасады. Жұмыстың едәуір көлемі қуатты бағытталған қопарылысарқылы орындалды. Әлемдік практикадағы лай-тас ағынынан инженерлік қорғайтын ірі масштабты, ерекше құрылысты салу кең талқыланды. Бөгет құрылысының кеңесшісі академик М. А. Лавреньтев және т.б. болды. Құрылыс қопарылыс жұмыстары арқылы жүзеге асырылды. 1-қопарылыс 1966 жылы, 2-қопарылыс — 1967 жылы болды. Бөгеттің биіктігі 107 м, бөгенінің көлемі 5 млн м3 бірінші кезегі сыйымдылығы 6,2 млн м3 бөген түзді және 1972 жылы іске қосылды. 1973 жылы массасының көлемі 5,3 млн м3 қуатты апатты селді тоқтатты, бөгеннің 2/3 сыйымдылығынан едәуір асып кетті. Бөгет балшықты-тасты масса мен тасқын су қысымына төтеп берді, олардың бір бөлігі жасанды құрылыс жүйесі арқылы бұрып жіберілді. 1980 жылы пайдалануға берілген құрылыстың екінші кезегі бөген сыйымдылығын (12,6 млн м3-ге дейін) едәуір арттырды, бөгет биіктігі 150 м-ге дейін жеткізілді, ернеуінің ұзындығы 530 м, табанының ені 800 м болды. Есеп бойынша ол 1973 жылғы селдің көлемінен 3 есе артық тасқынға тосқауыл бола алады. Кіші Алматы өзенінің алабында сел тасқыны қаупі бар морена көлінен су тасқынының алдын алатын селден қорғау, өзен жағасын нығайту және арнасын тұрақтандыру, сел түзілу ошағын жою шараларының кешені жүргізілуде. «Қазақфильм» киностудиясы бөгеттің салынуы мен қаланы апатты селден сақтауға арналған «Жасампаз қопарылыс» (1970 ж.) және «Ерлікке толы күндер мен түндер» (1976 ж.) деп аталатын ғылыми деректі фильмдерді шығарды. Ақын Жұбан Молдағалиев «Сел» поэмасын жазды (1975 ж.)

1950 жылы Абылай хан даңғылындағы скверде (Мәметова және Мақатаев көшелерініңаралығындағы) қаладағы алғашқы монументтердің бірі — 1916 жылғы Торғай облысындағы ұлт-азаттық көтерілістің басшыларының бірі Амангелді Имановқа ескерткіш қойылды. Мүсінші X.Б.Асқар-Сарыджа моделі бойынша мүсін қоладан құйылған. Ескерткіштің биіктігі — 6,3 м; көлемді бөлшектері ескерткіштің қимыл-қозғалыс ырғағын бейнелейді [17, 315 б].

1951 жылы Сталин (Абылай хан) даңғылына Гоголь және Октябрь (Әйтеке би) көшелерінің аралығында екі мәрте Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-лейтенанты Сергей Данилович Луганскийге ескерткіш-кеуіт (бюст) орнатылған. Қола кеуіт мүсінші Б. А. Павлов моделі бойынша жасалған. Ескерткіштің биіктігі — 4 м. 1956 жылы Виноградов (Қарасай батыр) және Дзержинский (Наурызбай батыр) көшелерінің қиылысына Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске қатысқан, Верный қаласындағы партия ұйымының жетекшісі Павел Михайлович Виноградовқа ескерткіш-кеуіт қойылды. Қола мүсін мүсінші Б. Урманче моделі бойынша жасалды. 1957жылы Үкімет үйінің алдындағы скверге (Төле би көшесі) Кеңестік социалистік мемлекеттің негізін қалаушы Владимир Ильич Ленинге (Ульянов) ескерткіш қойылды (кейін Әуезов ауданындағы мәдениет және демалыс саябағына көшірілді). В. И. Лениннің қола мүсіні мүсінші Е. В. Вучетич моделі бойынша жасалды.

1961 жылы Ленин және Абай даңғылдарының қиылысына қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай (Ибраһим) Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды. Абайдың қола мүсіні мүсінші X. Е. Наурызбаевтың моделі бойынша жасалды. Архитектор И. И. Белоцерковский жобасы бойынша трапеция пішінді тұғыры қызыл граниттен қаланған. Монументтің биіктігі — 14 м. Бүйіріне тақай ұстаған сол қолында кітап, оң қолы желбегей жамылған шапанының шалғайында, мүсін алға қарай жүріп келе жатқан қалпында құйыла салғандай әсер тудырады. Ойшылдың кескін-келбеті байыпты да байсалды, келешекке қарап тұрған сияқты. Ақынның философиялық рухтылығын, тұлғасының ерекшелігін мүсіннің алыптығы, ескерткіштің әсем тұтастығы көрсетеді.

1950 жылдары Алматыда қала-астананың «тарих субъектісі» ретіндегі жетілген «сана-сезімін» көрсететін, кенттенудің мәдени типінің динамикалық қалыптасуының жаңа кезеңі — дүниежүзі, КСРО, Қазақстан Республикасы және Жетісу өңірінің, қаланың тарих жылнамасына ерекше үлес қосқан, қандай да бір оқиғаны немесе жеке тұлғаны мәңгі есте сақтау үшін жазуы немесе бейнесі бар мемориалдық тақталардың орнатылып, салтанатты түрде ашылуы жақсы дәстүрге айналды. Олардың алғашқылары Верныйда Кеңес өкіметін орнату әрі нығайту, Жетісудағы Азамат соғысының оқиғаларын бейнеледі: 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта (1918 жылы қаңтарда Кеңес өкіметін мойындаған Жетісу облысы Шаруа депутаттары кеңесінің съезі өткен Халық үйінің орнында); Үкімет үйінің алдындағы скверде (Әскери-революциялық комитет штабы құрылған бұрынғы казарма орнында; штаб басшылығымен 1918 жылы 3 наурызда Верныйда кеңес өкіметі орнаған); бұрынғы Офи-церлер жиналысы ғимаратында (Зенков көшесі, 24) және басқа да ес-керткіш орындары. Партия, кеңес, шаруашылық, әскери басшыларының, ғылым, мәдениет, өнер қайраткерлерінің құрметіне, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлер мен әскери құрамаларды есте сақтау үшін мемориалдық тақталар орнатылды.

 

1.3 Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Алматы қаласының тарихы

 

Алматы қаласының қазіргі заманғы саяси тарихы Қазақстанның тәуелсіз даму жолына түсіп, егемендік алған жылдарындағы тарихи процестердің жалпы арқауына сәйкес келеді. «1991 жылы 16 желтоқсанда қазақстандықтардың көптеген ұрпақтарының арманы орындалды. Біз дүниежүзіне жаңа мемлекет — Қазақстан Республикасының пайда болуы туралы жарияладық. Қазақстан тәуелсіздігінің формуласы — шамалас (мәні мен маңызы бірдей) екі ұғымның — бостандық пен жауапкершіліктің қосындысы. Жауапкершілікке байланысты дамудың дұрыс жолын таңдап, мемлекет құрдық, бейбітшілік пен татулықты сақтадық. Әлемдік қауымдастықта Қазақстан лайықты әрі сенімді серіктес болды» [18]. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап-ақ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мем-лекетті нығайтуға кірісті. Егемен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы бірнеше кезеңнен өтті. 1991-1993 жылдары тәуелсіз Қазақстанныңсаяси жүйесінің негіздері жасалды. 1993-1995 жылдар басқарудың президенттік формасына өтумен сипатталады. 1995-2007 жылдар Қазақстанда біртұтас президенттік республика нығайтылған кез болды. 2007 жылы жазда Қазақстан Республикасының Президенті басқарудың президенттік-парламенттік формасына өтуге байланысты жаңа саяси реформа жүргізу жөніндегі бастамамен сөз сөйледі [19,12-19 бб]. Республикамыздың аталған саяси өмірінің әрбір кезеңі Алматы қаласына тығыз байланысты болды.

1993 жылы қарашада Алматы халық депутаттарының Алатау аудандық Кеңесі атқаратын қызметін тоқтату туралы теңдессіз шешім қабылдады. Ізінше бірнеше күн ішінде Алматыдағы басқа аудан депутаттары да өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. 1993 жылы 25 қарашада 21-шақырылымның халық депутаттарының қалалық Кеңесінің 15-сессиясы «Алматы қалалық халық депутаттары кеңесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» қаулы қабылдады да, қалалық Кеңес өз қызметін тоқтатты [20,75 б]. Бір жарым айдан аз уақыт ішінде еліміздегі Кеңестер жүйесі өздігінен таратылды — 25%-дан көп депутаттар Кеңесі өз өкілеттігін тоқтатты.

1993 жылы 10 желтоқсанда XII шақырылымның Жоғарғы Кеңесінің сессиясында оның атқаратын қызметін тоқтатып, барлық өкілеттігін жаңа сайлауға дейін президентке беру туралы шешім қабылданды. «Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімшілік басшыларына уақытша қосымша өкілеттік беру туралы» Заң қабылданды. Осы актіге сәйкес Президент Заң жүзінде күші бар Жарлық шығару құқығына ие болды. Жергілікті атқарушы және сайланып қойылған өкімет органдарының жаңа жүйесі енгізілді. Облыстық, аудандық, қалалық Кеңестер мен атқарушы комитеттер орнына мәслихаттар (депутаттар жиналысы) мен әкімшіліктер құрылды. 1994 жылғы наурыздан бастап мәслихат Алматы қаласының сайланып қойылған өкімет органы болды.

Жоғарғы Кеңес атқаратын қызметін тоқтатқаннан кейін бір аптадан соң 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының сайлаудың мажоритарлық жүйесін белгілеген «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» Кодексі жарияланды. Парламенттің бұрынғы үлкен құрамы (360 депутат) 5 жылға сайланатын 177 депутатқа дейін қысқартылды.

1994 жылы 7 наурызда жаңа парламенттің — Жоғарғы Кеңестің XIII шақырылымының сайлауы болды да, сәуірде жұмысын бастады. 1995 жылы 11 наурызда Президент Н. Ә. Назарбаев «Конституциялық сот қаулысының шаралары туралы» жарлыққа қол қойды. Осы жарлықтың негізінде XIII шақырылымыға сайланған Жоғарғы Кеңес таратылды деп жарияланды.

Осы жағдайда, Қазақстан Республикасының полиэтностық құрамы ескеріліп, еліміздің ұлттық-мәдени орталықтарының органы — 1995 жылы 1 наурызда құрылған Қазақстан халықтарының Ассамблеясы зор рөл атқарды. Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру идеясын ең алғаш 1992 жылы еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев тәуелсіздіктің бір жылдық мерекесіне арналған Қазақстан халықтарының Бірінші Форумында айтқан болатын.

Осы уақытта еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының саяси және экономикалық тәуелсіздігінің нығаюына себепші болған, еліміздің алға жылжуына, реформаға қуатты құлшыныс берген экономикалық, қаржы, саяси блок бойынша заң күші бар, еліміз үшін негізгі болып табылатын шешуші тағдыры бар бірқатар жарлық шығарды. 1995 жылы наурыздан желтоқсанға дейін Президент заң күші бар 134 жарлық және халықаралық шарттарды бекітетін 60-тан астам жарлықтар шығарды [21].

1995 жылы наурыздың соңында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы Президент өкілеттігінің мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту туралы референдум өткізуге бастама жасады. 1995 жылы 29 сәуірде Президент өкілеттігінің мерзімін ұзартуға референдумға қатысқан азаматтардың 95%-ы дауыс берді. Президент Н. Ә. Назарбаев басымды қолдауға ие болып, жаңа Конституцияны қабылдау туралы жаңа референдумды белгіледі.

1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы үшін сайлаушылар учаскесіне келгендердің 89,14%-ы дауыс берді. 1995 жылғы Конституция заман талабын ескеріп, азаматтардың құқығы мен бостандығын, меншікті, мемлекетті басқаруды ұйымдастыру мәселелерін жаңаша қарастырды, Президент мәртебесін едәуір жоғарылатты, Қазақстан Республикасында басқарудың президенттік формасын құру туралы конституциялық ережені бекітті. Президентке мемлекеттік өкіметтің барлық тармақтарының үйлесімді қызметін және олардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын конституциялық төреші (арбитр) өкілеттігі берілді.

Қос палаталы Парламент туралы идея да 1995 жылғы Конституцияда өз көрінісін тапты. Қолданыстағы Конституция — біздің қоғамымыздың негізгі жетістіктерінің бірі, ол реформа кезінде басты тұрақтандарушы факторлардың бірі болып табылады. 1995 жылғы 9 желтоқсанда жаңа Конституция негізінде Қазақстан Республикасы тарихында бірінші қос палаталы Парламент сайлауы өткізілді. Жоғарғы палата — Сенат, төменгі палата — Мәжіліс. Парламент 1996 жылы қаңтардың соңында жүмысқа кірісті. Конституцияға сәйкес еліміздің Президенті тағайындаған әкімдер басқаратын әкімдіктер мемлекеттік өкіметтің жергілікті атқарушы органдары болды [22].

1997 жылы қазанда Алматыда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет «Қазақстан — 2030» Стратегиясын жариялады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының, оны жүзеге асырудың мақсаты мен жолдары нақты белгіленген ұзақ мерзімді бағдарламасы қабылданды. Қазақстанда саяси реформа процестерін күшейту заңнамаларды түбегейлі өзгерту қажеттігіне себепші болды. 1998 жылғы 7 қазандағы және 2007 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ҚР Конституциясына қазақстандық қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық жүйелерінің дамуындағы жаңа үрдістерді көрсететін өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қазақстандықтар маңызды үш міндетті атқара білді: өз мемлекеттілігін құрды, дүниежүзінде табысты дамыған экономиканы қалыптастырды, халықтың жақсы тұрмысын көтерді. Бірінші кезекте ұлттық қауіпсіздікті нығайтып, Қазақстан қоғамның ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге күш салды. Тәуелсіздік жылдары қолжеткен нәтижелер таңдалған жолдың дұрыстығына айқын дәлел. Қазақстан Республикасындағы экономикалық және саяси түбегейлі өзгерістердің нақты ойластырылған жоспары айқын көрінуде. Барлық соңғы реформалар (конституциялық, партия және сайлау заңнамасы саласындағы) Қазақстанның дамудың ұзақ мерзімді болжамы бар қалыптасқан мемлекет екендігін көрсетеді.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдары экономика саласындағы қолжеткен жетістіктерін бүгінгі күні бүкіл әлем танып білді, бұл ең алдымен этностар мен конфессиялар арасындағы бірлік, достық және келісім нәтижесі болып табылады. Қазақстан қоғамының қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігіне біздің еліміздегі барлық халықтың ұлттық сана-сезімі мен мәдениетінің, тілінің еркін жандануы мен дамуының қарқынды процесі жатады. Рухани сәйкестік (ұқсастық) біздің отандастарымыздың азаматтық және саяси бірлігін толықтырады, әрі XXI ғасырда мемлекет тәуелсіздігі мен қоғамның тығыз топтасуын нығайтудың тағы бір негізін қалаушыға айналуда. Қазақстан тарихи тұрғыда өркениеттердің өзара баюының, мәдени үлгілердің өзара сіңісуінің орнына айналды.

2008 жылы 20 қазанда «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Қазақстан Республикасының Заңы» қабылданды. Заңның 3-бабында айтылғандай, Ассамблеяның мақсаты қазақстандық азаматтық сәйкестіліктің және бәсекеге қабілетті ұлттың қалыптасуы барысында Қазақстан халқының қазақстандық патриотизмі, азаматтық және рухани-мәдени біртектілігі негізінде қазақ халқының топтастырушы рөлі арқылы этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.

1998 жылы 6 мамырдан Астана болып өзгертілген Ақмола қаласы 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының ресми астанасы болды. Қазақстан Республикасының 1998 жылы 1 шілдедегі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржы, экономикалық және өндіріс орталығы ретіндегі мәртебесіне негізделіп, оның ерекше дәрежесін анықтайтын құқықтық негіздері белгіленді; республикалық маңызы бар қала ретінде қаржы, экономикалық және әлеуметтік жағдайын жасау шараларын анықтау арқылы оның одан арғы дамуының кепілдіктері жасалды.

Алматы — тәуелсіз Қазақстанның бірінші астанасы, қоғамдағы демократияның алғашқы өскіні өрбіген жер — еліміздің қоғамдық-саяси және мәдени өмірінің орталығы болды әрі болып қалады. 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қаланың бұрмаланған орысша атауын (Алма-Ата) Алматы деген тарихи дұрыс жазылуына сәйкестендірді /23,75 б/. 1993 жылы шілдеде мемлекеттік рәміздің белгілі орындаушысы Шота Уәлиханов жасаған Алматының жаңа гербі бекітілді. Ол дөңгелек пішінді, ортасында тау аясында гүлі бар бұтақшаны тістеп тұрған барыс бейнеленген. Осы уақытта, 1995 жылы архитектуралық кешен — «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Резиденциясы» салынды.

Қазіргі уақытта қала экономикасы даму үстінде, өнеркәсіптік өндіріс, күрделі құрылысқа инвестиция беру, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының, тұрғын үйді пайдалануға беру, салықжинау және бюджет төлемінің көлемдері артуда. 2003 жылы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, 2003-2010 жылдарға есептелген, Алматыны дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жасалған жоспарда қала тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің қызметіне, көлік инфрақұрылымын дамытуға, қала түзу сипатына және басқа мәселелерге қатысты бірқатар проблемаларды шешу ғана қарастырылмайды, онда өмір сапасы мен экономикалық даму деңгейін жоғарылатуға бағытталған экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастыру және техникалық шаралардың жиынтығы да, қалада іскерлік, ғылыми, мәдени және туристік орта жасау да анықталған. Бұрынырақ Алматы қаласын Аймақтық қаржы орталығы ретінде дамыту шаралары қабылданған болатын (Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 27 шілдедегі №1014 Қаулысы).

Экономиканы елеулі тұрақтандыруға, банк жүйесінің тығыз топтасуына және салық жинаудың жақсаруына байланысты Алматының халықаралық рейтингі өсті. Ол Орталық Азиялық өңірде жетекші рөл атқарды. Республикамыздағы сәтті экономикалық және саяси жағдай қала экономикасындағы шетел инвестициясының үлесін арттыруға мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдары қазіргі Алматының архитектуралық және мәдени-тарихи жағдайы өзгерді.

1991 жылы жасалған Алматыны өркеңцетудің бас жоспары азаматтық-тұрғын үй және өнеркәсіптік кешен нысандарын орналастырып, аумақ бойынша негізгі қала құрылысы параметрлерін анықтады. Бас жоспарды жасаған авторлар: О.Ж. Баймырзаев, А.А. Маметов, Л.В. Нысанбаев және т.б. 1990 жылдардың ортасына қарай «Ақсай», «Жетісу» тұрғын аудандарын салу аяқталды да, «Мамыр» және «Самал» ықшам аудандарын салу жалғастырылды. Жаңа тұрғын аудандарда қаланың тарихи бөлігіне сәйкес жоспарлаудың кешенді тікбұрышты құрылымы идеясының дамуы жалғасты. Жобалау жұмыстары қаладағы жетекші жобалау мекемелеріне — «Алматыгипрогор» (Алматы қала құрылысын жобалау мемлекетік институты), «Алматыгенплан» және т.б. тапсырылды.
          ІІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТАРИХЫНЫҢ МУЗЕЙІ

 

2.1 Қазақстанда музей ісінің даму тарихы

 

Музей — жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен роль атқарады. Әсіресе, ұлттық. мәдени, азаматтық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктерін оқып-үйренуге оның көмегі зор. Музей ісі — ғылымның, білім беру ісінің маңызды бір саласы. Осы уақытқа дейін Қазақстандағы музейлер көбінесе тарихи бағытта жұмыс істеп келді. Кеңес дәуірі кезеңінде жалпы тарихи, тарихи-революциялық, әскери-тарихи, этнографиялық, өлкетану музейі болып бөлінді де, олар жалпы музейлердің 63 процентін кұрады. Қазақстанда қазірде тарихи, өлкетану музейі басым. Соңғы кезде қолданбалы музейлердің мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Себебі, музей жұмысында ғылыми жинақтау, ғылыми қор, экспозициялық, көрмелік, білімдік, тәрбиелік, насихаттау бағыттары жұмыс істеп, жас ұрпакты тәрбиелеу жұмысында маңызды роль атқаруда.

Музей алғашқыда аса бағалы бұйымдар мен заттар және мәдени жөдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Уақыт өте келе ол әдістемелік қызметі жетілген функционалдық институттарға дейін дамып жетті. Жаңа мыңжылдықта адамзаттың глобализация дәуіріне аяқ басу кезеңінде мұражай кьізметіне жаңа ақпараттық құрал-жабдықтар мен интеграциялық үрдістер дендеп енуде.

Музей табиғат пен адам қолымен жасалған өнер туындыларын және көне заман ескерткіштерін, үлгі нұсқаларын жинақтаушы, сақтаушы, насихаттаушы және бұл мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде қоғам мүшелеріне тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме. Сондықтан да бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасынан музейі жоқ мемлекет ке де кем.

Музей қоғамдық институт ретінде атқаратын әлеуметтік функцияларды қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жүргізеді. Арнайы пән ретінде, музейтану теориялық және әдістемелік бағытта музей ісін дамытып, оның тарихи тәжірибесін жинақтайды.

Еліміз музейлері кеңес үкіметі тұсында ғылыми-зерттеу және ғылыми-ағартушылық бағытында қызмет атқарды. Бірақ олардың жұмысы идеологияға негізделген, көбінесе кеңес үкіметінің жетістіктері мен жеңістерін насихаттуға арналды. Қазақстандағы музейлер еліміздің тәуелсіздігін алуына байланысты көп өзгерді. Музей — арнайы жабдықталған, қоғамдық қажеттіліктерді өтеуге арналған, тарихи-ғылыми дерек ретінде жәдігерлерді сақтап, ұрпақтан-ұрпакқа жеткізетін, әлеуметтік ақпарат құжаттарын жинайтын, эстетикалық құндылықтары бар мекеме болып табылатын себепті музейлерге қойылатын талаптар да күшейді.

Музей ісі-қоғамдағы өзгерістермен, қоғам дамуымен тығыз байланыстағы ерекше сала. Ол -ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына тікелей әсер ететін ғылыми мекеме. Барлық музей ісіне байланысты жинақталған тәжірибе мен музей ісінің мәселелерін көтеретін арнайы әдебиеттерде жарық көрген ғылыми білімдер жиынтығын «музейтану» деп атайды. Бұл термин XIX ғасырдың екінші жартысында ғана пайда болғанымен, көптеген тілдерде ертерек орнығып қалды. Ғылымда бұрынғы қолданылған «музеография» деген термин музейге қатысты барлық шығармаларда қолданылып келді, ал XX ғасырдың ортасынан бастап тек музейді сипаттауға ғана пайдаланылды. «Музейтану» терминін көбінесе «Музей ісіндегі ғылыми ілім» немесе «Музей теориясы» деп қарастырады. Бұл ұғымдардың барлығы музей мен ғылым арасындағы байланысты терең көрсете алмайды. Музейтану өзінің теориялық жүйесін, үғымдарын, әдістерін және басқа ғылыми салалар арасындағы орнын (XVI ғасырдан бастап) тәжірибені теориямен біріктіріп, қорытындылау арқылы, материаддарды жүйелеу арқылы ұзақ мерзімнен соң тапты. Соңғы жылдары ғана музейтану жалпы ілімдік пән ретінде негізгі ұғымдарды қалыптастырып, бағытын айқындай бастады. Музейлердің Халықаралық кеңесінде музейтану ғылыми сала ретінде толық қабылданды. 1977 жылы Кеңес Одағында өткен музей ісіне байланысты Халықаралық XI шешуші басты конференциясында Халықаралық музеология комитеті кұрылады. Онда іргелі ғылыми-зерттеу еңбектерді жазуға бағдарламалар қабылданып, музейтануды университеттерде оқытуға ұсыныс жасалды [24,3-9 бб.].

Музей ісінің негізгі белгілері — музей жәдігерлерін жинау, есепке алу, сақтау, консервациялау, зерттеу. Музей арқылы ақпарат тарату қоғамдағы байланыстын айрықша жүйесі болып табылады. Жұмысты ұйымдастыру формалары әртүрлі. Оған заттық көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, дәрістер оқуды ұйымдастыру т.б. жатады. Музейтану — қоғамдық ғылым, әлеуметтік ақпараттың сақталу процестерін, музей жәдігерлері арқылы танымдық білім беріп, эмоциялық әсер калдыратын және әртүрлі қоғамдық-экономикалық жағдайдағы әлеуметтік зандылықтардың формалық қызметін музей жәдігері, музей ісі арқылы зерттеп, жүзеге асырады.

Музейтанудың зерттеу нысанасы-музей, музей ісі, музей жәдігері. Музей және музей ісі тарих, мәдениет, өнертану, социология және басқа ғылыми салаларда зерттеу нысанасы ретінде қарастырылады. Сондықтан зерттеу пәні үнемі өзіндік, арнайы зандылықтарды анықтайтын ғылыми жүйе ретінде қарастырылуы қажет. Зерттеу пәні арқылы белгілі бір саланы зерттеуге қызығушылық тудырып, гносеологиялық міңдеттерді шешуге болады. Музейтану пәні негізінен «Музей жөдігері», «Музей», «Музей .ісі» сияқты терминдердің төңірігінде оқытылып, зерттеледі.

Музей ісінің теориясы мен практикасын тарих, мәдениет тарихы, өнертану, социология, этнография, археология т.б. ғылыми салалары да зерттейді. Зерттеу нысанасына қарағанда зерттеу пәні ерекше белгілі бір зандылықгар аясында қарастырылатын жеке-дара ғылыми пән болып келеді. Зерттеу пөні ғылымның гносеологиялық міндетін, бағытын, қызығушылығын, шеңберін көрсете алуы қажет. Егер зертгеу нысанасын тез, қарапайым жолмен анықтауға болатын болса, зертеу пөнін анықтау оңай емес. Зерттеу пәнін анықтау — ғылымның негізгі теориялық міндеттерінің бірі. Ол зерттеудің әдістемелік жағымен тығыз байланысты және арнайы зертеудің нәтижесі болып табылады.

Музейтанудың теориялық зерттелуі көбінесе бұрынғы социалистік мемлекеттердің ғалымдарының үлесінде болды. Чехославакия ғалымы И.Неуступный 50-жылдары музейтануды зерттеу пәніне жатқызу туралы мәселені көтерді. 1964 жылы Германияда (ГДР) өткен пікірталас кезінде талқыланған «Тезистер жобасында» алғашқы анықтама берідді. Авторлар музейтануды деректік пән ретінде қарап, оның «зерттеу пәніне бүкіл музей ісінің жұмысы жатады» деп қарастырды. Оларға: музей материалдарын саралау, таңдау, қорларды жүйелеу, жәдігерлердің деректік бағасын, дәрежесін анықтау, қайта қалпына келтіру, консервациялау әдістері, музей жәдігерлерін қорғау, сақтау, музейге келетін адамды байқап-білу, тану, музей заттарын экспонат ретінде зерттеу. Бұл жерде қойылған негізгі міндет — музей жәдігерлерін тану болды.

Чехославакия ғалымы И.Бенеш «музейтану — арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттің жиынтығы және сол арқылы музейдің әлеуметтік функцияларын атқаруы» деп анықтама беріп, музей жәдігерін жұмыстың негізгі қозғаушы күші ретінде қарастырды. З.Странский (Чехославакия) жұмыстары музейтану мен оның зерттеу пәніне теориялық негіздеу жағынан анықтама берген. 60-жылдары музейтануды дербес ғылыми сала дегенді қостап, ол музейтану пәні музейлік мекеме ретінде емес, «музей ісінің саласы» деп қорытындылады. Ол құжаттарды жинау мен музей жәдігерлерін, түп деректерді зерттеуге көңіл бөліп, кейіннен адамның музей ісіне деген арнайы қатынасының, көзқарасының, ерекшелігіне тоқталды.

Қазіргі зерттеу барысында жоғарыда айтылған әлеуметтік, заттық, комплекстік концепциялар даму үстінде. В.Глузинский (Польша) — музей функцияларының құрылымын музейді зерттеудің негізі деп санайды. [25,10-11 бб.]

Сонымен, музейтану пәні деп — әлеуметтік информацияны жинайтын және сақгайтын процестерге музей заттары арқылы танымдық білім беретін, дәстүрді, эмоцияны, көріністерді жеткізетін. Музей ісінің шығу, даму және қоғамдьгқ қызмет ету функцияларына қатысты объективті зандылықтардың ауқымын айтамыз. 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің XI конференциясында 18 мамыр музей күні болып қабылданды. Өткен заманның көптеген ұлы ғалымдары әуесқой ынтық коллекционерлер болды. «Коллекциялау» деген ұғымды осыдан 2000 жыл бұрын көне Рим шешені Марк Туллий Цицерон енгізді деп есептеледі. Ол өзінің атақты шешендік сөзінде бұл ұғымды «коллекция — шашыраған заттарды бір топқа біріктіру» деп атады.

Музейлер ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. ғана пайда бола бастады. Музейдің өнерлік мәнін алғаш ашқан француз суретшісі Жан Луи Дэвид бодды.

Египет патшайымы Клеопатраның күйеуі Рим қолбасшысы Марк Антоний «Гемма», яғни ойып жазылған жазуы бар, бедерлеп салынған суреті бар қима тасты қияли адамша жинағаны соншалық, сенатор Нонния сұраған өте бір әдемі асыл тасты бермегені үшін сотталып, Римнен қуылды [26].

Ал, Қазақстандағы музей ісінің тарихы ХІХ ғасырлардан бастау алады. Музейлердің алғашқы экспонаттарының негізін орыс географиялық қоғамының Қазақстанда жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде жиналған заттар құрады. Әрбір аймақта облыстық өлкетану мұражайлары ашыла бастады. Алматы қаласының тарихы музейі 2002 жылдың қыркүйек айында ашылды. 200 м2-ге орналасқан экспозиция Алматы қаласы тарихының палеолит дәуіріндегі алғашқы тұрақтардан бастап, бүгінгі күнге дейінгі барлық тарихын қамтиды. Бүгінгі күні музейге тарихшы-ғалым, ҚР еңбек сіңірген қайраткері — Әуезов Ерболат Кудрянович (1952 ж.т.) басшылық жасайды.

Музей экспозициясын археология бөлімі ашады. Мұнда Алматы туралы нақыт нумизматикалық деректер бар. 1979 жылы бұрынғы әскери училище маңындағы қазбалар орнынан күміс теңгелер табылған.Бұл теңгеде бейнеленген таңба баршаның назарын аудартты. Осы табыстың негізінде шығыстанушы әрі нумизмат ғалым В.Н.Растичев теңгенің Жетісу жерінде жасалғаны, бұл жерде XIII ғасырда теңге жасайтын сарай болғандығы туралы болжам айтқан болатын. Осы бөлімде ашық аспан астындағы музей – «Боралдай сақ қорғандары» — археологиялық паркінің жобасы қойылған.

Алматы қаласының аумағы, табиғи климаттық жағдайының аса қолайлығына байланысты бұл аймақ ерекше маңызға ие. Мыңдаған жылдар бұрын бұл аймақта көшпелі халықтардың рухани және діни орталықтары қалыптасқандығын археологтар дәлелдеп отыр. Қазба жұмыстарының нәтижесінде алғашқы діни орталықтарын, храмдарды тапты. Өкінішке орай, олардың көпшілігі уақыт сынынан өтпеді. Дегенменде кейбір ескерткіштер бізге дейін сақталған. Олардың ішінде көшпелі элитаның ең үлкен қорығы — Боралдай. Боралдай сақ қоғандары Алматы қаласының солтүстік батыс аймағында, Үлкен Алматы өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Солтүстігінде қалалық типті Боралдай ауылымен, оңтүстігінде Үлкен Алматы каналымен шектесіп жатыр.

430 га аумақты алып жатқан қорғанның аймағында ерте темір дәуірі кезеңінің 47 үлкен сақ және 200 ден астам үйсін қорғандары орналасқан. Аса үлкен қорғандардың биіктігі 10-14 м. дейін жетеді, ал диаметрі 80 — 150 м. алып жатыр. Сақ обалары Жетісудің, әсіресе тау бөктері аймақтары бедерінің ерекше белгілері болып табылады. Бүл дәуірдің ең белгілі ескерткіштері Алматы, Талғар, Боралдай, Түрген, Кегендегі обалар, ал Есік пен Бесшатыр обалары әлемдік атаққа ие. Соның ішіндегі Боралдай қорғандарының орны ерекше. Ескерткіштің өзіндік мәдени және табиғи ландшафтысы сақталған, қосымша құрылыс салу мен бұзылу жағдайлары орын алмаған. Бұл, Алматы секілді ірі мегаполистің жанында бұзылмаған түрінде жеткен жалғыз археологиялық ескерткіш болып саналады. Әлемдік мәдениетте археологиялық қазба жүмыстарының орнында ашық аспан астындағы музейлік — мемориалды кешен құруда үлкен тәжірибе бар. Соның ішінде Оңтүстік Кореядағы Силла дәуіріне жататын қорғандармен Венгриядағы Будапешт қаласының маңындағы қола дәуірінің қорғаны мен қонысының орнында салынған археологиялық паркті атап айтсақ болады.

Жетісу өңірінің табиғат жағдайының байлығы мен көркемділігі туристердің назарынан тыс қалмаған. Боралдай қорығы туризмді дамытудағы перспективті жоба. Бұл жерде туристік ифрақұрылымның құрылуы мен дамуы, ауданның мәдени-экономикалық дамуын, тұрғындарды жұмыс орнымен қамтамасыз етуін, қызмет көрсету арқылы шаруашылық деңгейін көтеруге және аймақтың табиғи байлығын, тарихи — мәдениетін ғылыми-зерттеуге үлкен үлес қосады. Сондай ақ «Археологиялық парк» құру табиғи және тарихи мәдени мұраны сақтап қалудың тиімді жолы [27].

Боралдай сақ қорғандарын музейфикациялау, сөзсіз, Мәдени — мұра аймақтық бағдарламалары арасындағы ең ірі нысаны. Көп жылдар бойы Боралдай қорғандарына ескеркіш статусын беріп, оның негізінде ашық аспан астында орналасқан мүражай ашу мәселесі Алматы қаласы тарихының музейінің өтінішімен жиі қарастырылып отырған. Соның негізінде 2006 жылы қала әкімінің қаулысымен (№1/185 — 390 от 28.03.2006г.) тұрғын үй қорынан 430 га жер аймағы музей құрылысына заңды түрде «Алматы қаласы тарихының музейі» қарамағына, тұрақты жер пайдалану қүқығы берілген болатын. Жобаның іске асуы еліміздегі тарихи туризм инфрақұрылымын дамыту идеясымен байланысты.

ҰҒА академигі К.М.Байпақовпен Алматы қаласы тарихының музейі директоры Е.К. Әуезовтың жасаған ғылыми концепциясының нәтижесінде 2007 жылдан бері Ашық аспан музейін жасау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Археологиялық қорық құруға отандық мамандармен бірге Корей Республикасы мен Германиядан келген мамандардың да қатысуы көзделіп отыр. «Алматы қаласының 2007-2009 ж.ж. мәдени — мұра» бағдарламасы аясында жасалып жатқан жобаларын жүзеге асыру, алматылықтардың қала тарихын білуге, рухани байлығын жетілдіруге қызығушылығын тудырады. Бұл жобаларды біздің қаланың сыртқы бағамдау бағыттарының негізі ретінде және де 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындық шаралары ретінде қарастыру қажет.

Қазіргі кезде Археологиялық паркте Алматы қаласы тарихының музейі мен Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде [28]. Археологиялық парктың даму концепциясы, үш аймақты ұйымдастыруға байланысты.

— Бірінші — аймақ қорықтың өзінен, сонымен қатар зерттеу және толық қайта қалпына келтіру шараларын қажет ететін үш қорғаннан құралады, яғни қорғандарға толықтай археологиялық қазба жүмыстары жүргізіледі, содан соң музеефикацияланып, онда қорғандардың сыртқы бейнесі мен мәдени ландшафтысы, жерлеу кешенінің ішкі құрылымы толық қайта қалпына келтіріледі. Қайта қалпына келтірілген археологиялық нысан табиғи ортаға үйлесімді көрініс береді және де келушілермен қала қонақтары археологиялық нысанды тамашалай алады. Болашақ парктың қалған басқа да қорғандары өзіндік табиғи қалпында сақталуы тиіс.

— Екінші — аймақта әртүрлі дәуірдің археологиялық нысандарының өзінің таза қалпындағы макетін жасау мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен қатар осы аймақта «Көшпелі архитектура ескерткіштері және қазақ халқының тұрмысы» — этнопаркінде қазақтың дәстүрлі көшпелі мәдениеті бойынша экспозицияларды орналастыру қарастырылып отыр.

— Үшінші — аймақта туристік қызмет көрсетудегі негізгі обьектілері орналасқан — саябақ аймақтарын салу көзделіп отыр. Жалпы мұнда тек табиғи және мәдени ландшафтысы қалпына келтіріліп, археологиялық қазба орнында жер үсті және қорғанның ішкі бөліктерін толық қалпына келтірілген археологиялық саябақ құру ғана емес, сонымен қатар мұражайлық-туристік инфрақұрылымды ұйымдастыру көзделіп отыр. Бүгінгі таңда Археологиялық паркте төмендегідей жұмыстар атқарылды:

— Жер телімдерін тұрақты пайдалану үшін құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жасалынды.

— әкімшілік ғимараттының құрылысы аяқталды, нысандарды қоршау құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

  • «Боралдай сақ қорғандары» паркінің ғылыми концепциясы жасалынды.
  • Ескерткішті кешенді археолгиялық зерттеу:

а) геодезиялық суреттер түсіру

б) кешенді геолого — геофизикалық зерттеу

в) саябақтың шекарасын дәл анықтау

г) музеефикацияға нысандарды зерттеу және талдау жұмыстары жүргізілді.

  • «Қазақтың дәстүрлі тұрмыс — жайларының генезисі» — атты этноаймақ нысандарының концепциясы жасалып отыр.
  • Кешенді археологиялық зерттеу, музеефикацияны жоспарлауға арналған археологиялық нысандарды концервациялау және қалпына келтіру жұмыстары алдағы уақытта жоспарлануда [29].

Музейдің келесі бөлімдері тарих беттерінен, дәлірек айтсақ, XV ғасырларда Керей мен Жәнібек сұлтан бастаған қазақ хандығын құрумен байланысты Алматы аумағында болған тарихи оқиғалардан көрініс береді. Бөлімдердің бірі қала тарихының Верный кезеңіне арналады. Мұнда суреттер салынған альбомдар, фотодокументтердің түпнұсқасы сақталған. Сонымен қатар А.Зенковтың столының үстінде сол кезде пайдаланған заттары, жиһаз бұйымдары, жазбалары қойылған. Верный баугері Жарқымбаевтың грамоталары, сол кездегі оқу құралдары, баспа әдебиеті, қолжазбалар да көңіл аударарлық. Түркістан-Сібір темір жолын салуға, 1921 жылы астананы Қызылордадан Алматыға көшіруге  қатысты материалдар да өте қызықты. Қала құрылысымен байланысты экспонаттар ерекше орынға ие. Алматы қаласы құрылысының дамуы мысалында Қазақстандық архитектурадағы стильдік өзгерістерді байқауға болады. Алматы қаласы тарихының музейіндегі суреттер коллекциясын, халықаралық фотоконкурстардың лауреаттары, танымал шеберлер: В.Лихановтың, Ю.Айбасовтың, А.Мухамеджановтың, А.Хайдаровтың, А.Ионовтың, М.Етекбаевтың, Р.Кругованың, Ж.Ысқақбайдың, В.Симаковтың В.Пронинның және т.б. еңбектері құрайды. Суреттерге қарап сол кездегі оңтүстік астананы жан-жағынан көруге болады. Тәуелсіздік жылдарындағы қалада болған өзгерістерді көзбен көруге болады [30].

Қазақстандағы саяси қуғын сүргін жеке блок болып қойылған. Еліміздің, сонымен қатар бұрынғы КСРО тарихындағы қоғамдық және мемлекеттік өмірінде барлық жағынан өшпес із қалдырған қайғыылы оқиғалардың бірі – саяси қуғын сүргін болып табылады. Экспозицияда Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, С.Сейфулиннің, Т.Рысқұловтың, М.Жұмабаевтың пайдаланған жеке заттары, құжаттары, және т.б. құнды материалдар қойылған [31].

Келесі бөлімде шыны сөреде былғарыдан жасалған қорап жатыр. Қораптың сыртында «В дар семье Костюковых от генерал-губернатора Г.А.Колпаковского за достижения в развитии садоводства» деген жазуы бар. Сұрастырғанымда ішінде 12 күміс қасық болған екен. Ішіндегі қасықтар жоғалып кеткен екен, бірақ қорабы аман қалған екен. Сол сөреде сол кезде шыққан «Садовая библіотека». П.Штейнберг. «Как вырастить крупныя арбузы, дыни, тыквы и огурцы въ северных местностяхъ».

Музей қабырғаларында Алматы қаласының әр кезеңдердегі суреттері ілінген. Ескі бір суретте – сол кездегі ірі саудагер, қайырымдылық иесі Медеу Пұсырмановтың (1850-1908) киіз үйдің жанында үлкен әулиеті, 12 ұлы, 8 қызы бейнеленген. Медеу Пұсырмановтың атымен кезіндегі әлемге танымал, қазір жөндеу жұмысындағы мұз айдыны аталған болатын. М.Пұсырмановтың баласы Рахым кеңес үкіметі кезінде өзінің барлық байлығын кәмпескеге дейін өз еркімен өткізген делінеді. Келесі бір суретте 80жылдардыңжылдардың сән үлгісі бойынша киінген екі бойжеткен аққуларға жем шашуда. Ресторанның маңдайшасы да бірден көзге түседі. Маңдайшада: Завтраки, обеды, ужины. Всегда в большом выборе холодные закуски. Имеются всевозможные вина, (интересно, было «Киндзмараули»?), пиво, прохладительные напитки и разные высокосортные кондитерские изделия и мороженое.

Играет джаз, танцы.

Завтраки с 8 до 12 ч. Обеды с 3 ч. до 8 часов (очевидно, имеется в виду 20 часов.)

Ресторан открыт с 8 часов утра до 3 часов ночи – деген жазуы бар.

Онан әрі бұрышта ұзыннан ұзақ созылып жатқан Түрксіб темір жолының релсінің бір бөлігі қойылған.

Одан ары келесі бөлімде қазақ халқының ұлттық киім үлгілері көрсетілген. Мұнда Алматыда тұратын қазақтардың, орыстардың, кәрістердің, дұнғандардың және т.б. халықтардың тұрмысы мен киімі, құжаттары мен суреттері, сонымен қатар қазақ халқының қару жарақтары мен қазақ этнографиясына қатысты заттар, нумизматика мен зергерлік бұйымдар кездеседі.

Музей коллекцияларында 30 мыңға жуық экспонаттар сақталған. Көркемсурет өнері коллекциясында С.Калмыковтың, Н.Соловьеваның, М.Ержановтың, М.Нұрлыбаевтың, А.Уткиннің еңбектері бар.

 

2.2 Алматы қаласының тарихы музейінің ғылыми қор жұмысы

 

Қорларды жинақтау музей қызметінің ең негізгі бөлігі болып табылады. Ол музейдің өмір сүрген уақытынан бастап, барлық кезеңдерінде жүргізіліп отырады.

Қазіргі таңдағы музейтану қорды жинақтауға музейдің әлеуметтік мәліметтерді жинау, қоғамдық дамуларды деректендіру сияқты қызметтерді іске асыратын мүмкіншіліктің бір түрі ретінде қарайды. Бұл өмір сүріп отырған өлеуметтік ортадан әр мезгілде, әр түрлі мақсатта қолданылатын заттарды іріктеп, таңдап ала отыръш, оны музей жинақтарына музей заты ретінде қосу сияқты жұмыстар арқылы іске асады. Ал, музей заты өз уақытының деректері мен құжаттарының деректік қайнар көзі.

Бұл жиналған музей заттары музей жинақтарының өзегі музей заттарының қорын құрайды да, ол барлық музей қызметтерінің ірге тасы (фундаменті) болып табылады. Бұл қорлардың негізгі бөлігі мәңгілік сақтау есебімен құрылады. Жинақтау жұмысы барысында заттардың музейлік құндылығын анықтау процесі басталады. Бұл үшін оның өзіндік деректері және заттардың алынған ортасы туралы мәліметтер зерттеледі. Бұл заттардың ілеспелі деректері олардың өмірлік байланыстарын, яғни адамдармен қарым-қатынасын толығымен ашып қорғауға көмектеседі.

Мысалы, мыстан жасалынған самаурын өзінің түрімен атқаратын қызметі мен жасалынған орны және мезгілі туралы ғана мәлімет бере алады, ол оның мекен еткен орны, белгілі бір отбасына жатқаны туралы тарихын арнайы алынған қосымша деректер ғана хабарлай алады.

Мұндай ілеспелі деректер әр түрлі жағдайда ол алдын ала жазылынып қойылуы мүмкін (өмірбаяндық анықтамалар, газеттердің қиындылары); жинақтау жұмысының кезінде алынуы мүмкін (мысалы, алынған ұлттық киімдер кию әдістерін анықтау мақсатында түсірілген суреттер) немесе алынған материалдарды зерттеу процесінде алынуы мүмкін. Ілеспелі деректер беретін, бірақ музейлік зат ретінде құндылығы төмен заттар ғылыми — қосалқы материалдар корын құрайды. (Уақыт өткен сайын кейбір ғылыми қосалқы материалдардың өзіндік музейлік маңыздылығы анықталуы мүмкін, мұндай жағдайда олар музей заттарының қорына ауыстырылады). Ілеспелі деректердің кейбір бөлігі ауызша түрде (заттың иесінің, көз көрген адамдардың, ұрпақтарының мәліметтері) алынып, сол арада музей ісінде қолданып жүрген ерекше түрдегі құжаттарға (оқиғаға қатысқан адамдардың әңгімелерінің жазбасы, зат туралы аңыз, коллекциялық тізім және т.б. құжаттар) жазылынып алынады.

Музейлік зерттеулердің барысында және басқадай жағдайда алынған заттың және зат туралы мәліметтердің барлығы музей ішіндегі арнайы есептік-сақтау және ғылыми құжаттарға жазылады. Дәуірлік дерек ретіндегі музей заттары және оған жататын музей ішіндегі құжаттар (ғылыми карточкалар, инвентарлық кітаптардағы әр түрлі жазбалар, ғылыми пасторттар және т.б.) музейдің деректендіру қызметінің екі сатысын көрсетеді. Олар бір-бірінен ажырамай біртұтасып, музейдің алдына қойған міндеттерін орындау үшін қажет. Қоғамның дамуын деректендіру саласындағы музей қызметі музей заттарының санын ғана көбейтіп қоймайды, ол ғылыми ұйымдастырылған коллекциялық жүйені құруға алып келеді. Мұндай жүйенің құрылуы қорларды жинақтауға тікелей қатысы жоқ, ол негізінен кордың ішкі жұмысының міндетіне жатады.

Қорларды жинақтау музей заттарын анықтау, топқа бөлу, жүйелеу сияқты қордың ішкі жұмыстарымен бірге музейлік коллекциялендіру деген түсінікпен қосылып кетеді. Оның негізгі мәні мағынасы заттардың музейлік құндылығын қазіргі заман талабына сай білімдердің негізінде анықтап және есепке алу.

Сонымен, осы айтылған ойларды қорыта келе, «қорларды жинақтау» деген түсінікке мынандай қысқаша анықтама беруге болады.

Қорларды жинақтау — музей қызметінің негізгі бөліктерінің бірі және қоғам, қоғам дамуының деректендіру процесінің маңызды бөлімі. Ол өткен мен қазіргі заманға жататын өмірлік шынайы заттарды жинап, оны құнды музейлік затқа айналдыру және өз заманының деректерін музейлік ескерткішке айналдырып, оларды мәңгілікке сақтау сияқты жұмыстардың нәтижесінде жүзеге асады. Музейлік деректік жинаудың көзі-музей заттарының қорын жинақтаумен бір мезгілде заттарды зерттеуғе қажет болатын қосымша деректердің қосалқы-ғылыми қоры да құрылады.

Қорларды жинақтау музейдің ғылыми қызметінің бір бағыты болып табылады. Музей осы бағытты дамыта отырып, қоғам дамуының әр түрлі салалары мен оның әр түрлі кезеңдерін зерттейтін ғылыми пәндердің толық жиынтығы негізінде алынған зерттеулер мен білімдерге сүйенеді. Осы зерттеулермен қатар кейбір қоғамдық ғылымдар саласында музей өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Және де әлеуметтік шынайылықты деректендіру де, танып білуде өзіндік қадам жасайды.

Қорларды жинақтаудың жалпы дәрежесі музейтанулық білімдердің дәрежесін және жинақтаудың әдіс-тәсіліне байланысты.

Қазіргі уақытта музей практикасында негізінен екі түсінік бар: бұрыннан келе жатқан ескі «жинау жұмысы» және жаңа «қорларды ғылыми жинақтау».

Олар бір-бірінен қорларды жинақтаудың ғылыми дөрежесіне байланысты емес, оны жүзеге асырудың тәсілдеріне байланысты ерекшеленеді.

Музейлердегі шынайылықты деректендіру іріктелініп жүргізіледі. Мұндай іріктеу музейдің бағытына байланысты.

Қорды  жинақтау  тар  ұғымдағы,   қарапайым  моселе   емес,   ол  музей жұмысының барлық негізгі аспектілерін қамтиды.

Ғылыми жинақтау-маңызды түрде музейдің зерттеу, экспозициялык, ғылыми ағарту жұмыстарының дөрежесін анықтайтын музей қызметінің негізгі сферасы болып табылады. «Қорды ғылыми жинақтау» және «жинау жұмысы» деген ұғымдарды.

«Жинау жұмысы» термині музей ісінде ұзақ уақыт қолданылып келеді де, негізінен материалды жинаудың практикалық қызметін сипаттайды. Соңғы уақытта музейтану пәнінің жетілуіне байланысты, бұл қызмет саласында күрделі талаптар қойылуда. Музей материалдарын жинаудың түпкілікті бағдарламасы мен ғылыми негізделу тенденциясы талап етіле бастады. Бұл тенденцияны арнайы термин бойынша бекіту қажеттілігі туды. Қазір, көбінесе «қорды» ғылыми жинақтау термині қолданылып жүр. Міне, осы термин бүгінгі таңда жинақтау мәселесіне арнайы бағытта келуді сипаттай алады. Ал, «жинау жұмысы» термині материалдарды жинау барысындағы барлық практикалық (экспедициялық және т.б.) қимылдарды көрсетеді.

Сонымен, қорларды ғылыми жинақтау бұл, ең алдымен, ғылыми концепция (музей үшін бөлігі бізге бағытын анықтайтын) музей коллективінің көзқарастар жүйесі. Жинақтаудың негізгі пәніне саяси, ғылыми және көркемдік маңызы бар, материалды және рухани мәдениет ескерткіштерін сақтау, зерттеу және насихаттау мақсатында музей жинақтарын қалыптастыру және толықтыру жатады. Музей қорларын жинақтау музейдің бағытына сай музейлік заттарды анықтау барысындағы жоспарлы, мақсатты түрдегі музей қызметі және оларды музей қорларына қабылдап алу және оны жүйелендіру болып табылады.

Ал, жинау жұмысы-жинақтау бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы істердің жиынтығы, яғни, музей ғылыми қызметкерлердің мекемелерде, өндірістерде, коллекционерлердің араларында және экспедициялар мен командировкаларда материалдарды жинақтау барысында атқарған жұмыстары.

Қорларды ғылыми жинақтау өте күрделі зерттеулік процесс болып табылады. Сондықтан, оның оперативті және перспективті жоспарлау процесстерін көрсететін бағдарламасын жасау оның ас қажетті шарты болып табылады. Музей практикасын зерттеу көрсеткендей оперативті (жылдық, кварталды) жөне перспективалық жоспарларды (5,10,15 жылға) жасағанда мыналарды ескерген жөн.

  • музей дамуының белгілі кезеңдегі қызметінің бас, негізгі жоспары.
  • қазіргі кездегі қоғамның дамуын көрсететін коллекциялармен міндетті, жүйелі түрде толтырылып тұру.
  • жоспарлауға комплексті түрде келу қазіргі кезеңде ғылыми жинақтауды ұйымдастырудың ең маңызды, бірақ бірден-бір ғана (условиесі) емес сонымен қатар, ғылыми жинақтаудың оперативті және перспективті жоспары мынандай бірқатар талаптарға жауап беруі қажет.

а)      нақты жоспарда жинақтаудың негізгі тақырыптары нақты анықталуы керек, экспедициялық зерттеудің нақты ауданы, жұмыс жүретін мекеме мен өндірістің атауы жазылуы тиіс, әрбір бөлімнің, қызметкердің негізгі міндеттері, жинау жұмысының белгілі бір формасы көрсетілуі қажет.

б)      шынайы жоспарда музей қызметінің нақты жағдайын, оның тек материалды-техникалық базасын, музей қызметкерлерінің шынайы мүмкіндіктерін ескере отырып, орындауға жағдай бар, шынайы міндеттерді кіргізу керек.

в)      тұрақтылық (стабильности) перспективалық жоспарларды жылда қарастырған жағдайда музейдің дамуының бас жоспары анықтайтын негізгі, принципті позициясына тұрақтылық көрсету керек.

Ғылыми жинақтау уақыт жағынан шектеулі процесс емес, өйткені бұл еш уақытта тоқтамайтын процесс. Өз қорларын жинақтай отырып, музей өзінің ең маңызды әлеуметтік міндеті — табиғат пен қоғамдық өмірдің обьективті процестерін деректендіруді жүзеге асырады және ғылыми пәндердің дамуы үшін деректерді жинау міндетін орындайды. Бұл жағдай қазіргі кезең бойынша тақырыптық және жүйелі материалдар жинау үшін маңызы зор. Жоғарыда аталып өткен негізгі факторларды ескере отырып, Алматы қаласы тарихының музейі өз қорларын жинақтауды жоспарлайды. Мұнда қорды жинақтау жоспары музейдің жалпы жылдық жоспарының негізгі бөлігі болып табылады. Жоспарда әр бөлімдердің нақты тапсырмалары, міндеттері, ұйымдастыру бағыттары қарастырылады. Белгілі бір аймақтар, нақты өндірістер мен мекемелермен, жеке адамдардан елімізге белгілі, атақты тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін бейнелейтін материалдарды жинақтау жоспараланады. Бұл жоспарда қорды жүйелі, тұрақты түрде мерзімдік басылымдармен, медаль, орден, плакат және кітаптармен жинақтау да қарастырылады.

Музейдің ғылыми қызметкерлері қазіргі кезең еліміздің егемендік алуына байланысты ашылып жатқан жаңа деректерді айқындап көрсету барысында, елімізде осыған сай болып жатқан оқиғаларды соңғы уақыттағьт жеткен табыстарды деректендіруге күш салу қажет.

Қорды жинақтауды жоспарлау барысында тарихи, өлкетану музейлер қазіргі кезеңің әлеуметтік еспектіні ескеруі қажет. Қазіргі кезеңдегі адамдардың әл-ауқатын, мәдени, танымдық дәрежесін көрсететін материалдар жинақтау қажет. Тарихи бағыттағы музейлерге негізінен дәуірдің оқиғалары мен адамдарды бейнелейтін, сипаттайтын материалдар жинақтауы қажет. Қазіргі уақыттағы өндірістік, техникалық жетістіктерді белгілі бір оқиғаға, адамдармен тығыз байланыста көрсететін материалдар жинақтау керек. Қазіргі кезең бойынша материалдарды жинақтаудың ең маңызды мәселесі күнделікті өмір-тұрмыс болып табылады. Өйткені, күнделікті тұрмыста өмірдің терең әлеуметтік тарихи процестері ашылады. Қазіргі кезде бұл мәселені ғылыми негізде шешуге көптеген музейлер көңіл қойып отыр.

Музей алдында тұрған қазіргі кезеңдік маңызды әлеуметтік-тарихи процестерді айқындау мен деректендіру міндеті материалдарды іріктеу белгісі сияқты мәселені көтеріп отыр. Музейтанудағы бұл күрделі мәселе, өкінішке орай, олі де болса толық зерттелмей отыр. Бұл мәселе музей ісінің теоретиктері мен практиктерінен болашақта терең зерттеуді қажет етеді. Бірақ та, алдыңғы қатарлы музейлердің тәжірибесіне соңғы уақыттағы зерттеулерге сүйене отырып, жинақтаудың белгілері туралы біраз түсініктерді айтуға болады.

Қазіргі кезеңдік іріктеу барысында соңғы уақыттағы маңызды зерттеулерді, әдебиеттерді, басылымдарды зерттеудің, қарастырудың, жергілікті үкімет орындарымен, шаруашылык пен өндірістің жетекшілерімен тұрақты байланыста болу және олар туралы деректер жинақтаудың маңызы зор. Бұл қазіргі уақыттағы маңызды оқиғаларды анықтауға мүмкіндік береді, олардың даму бағытын, перспективасын түсінуге, тұрақты зерттеу нысанын белгілеуге, материалды жүйелі жинау көздерін анықтауға көмектеседі. Музейлердің жергілікті радио, теледидар, баспасез және творчестволық одақ пен қоғамдармен байланысы ерекше тиімді. Музей материалдарын іріктеу белгілерін айқындауға музейдің жүргізген социологиялық зерттеулері маңызды роль атқарады. Ресейдің өлкетану музейлерінде мәдениет ғылыми зерттеу институты жүргізген «Музей және келермен» атты комплексті зерттеулерінің тәжірибесі көрсеткендей, социологиялық әдістің көмегімен алынған қоғамдық ойларды зерттеу қорды жинақтаудың бағдарламасын жасау үшін де құнды деректер береді.

Келермендер мен музей қызметкерлердің арасында анкет жүргізу, экспозицияны қабылдау барысын анықтау, келермендерден интервью алу мынандай мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.

  • қазіргі замандық тарих бойынша жұмыс істеп тұрған экспозицияларды бағалауға;
  • әр түрлі әлеуметтік-демографиялық топтағы келермендердің, өлкенің атақты адамдарының көзқарастарының барысында экспозицияның кейбір кемшіліктерін айқындауға;
  • өлкенің, облыс, республиканың қоғамдық-саяси, шаруашылық және мәдени ерекшеліктері туралы нақты түсініктерді кұруға;

—  қоғамның ерекше қызығушылығын тударытан экспозициядағы нақты белімдер мен комплекстерді айқындауға және экспозицияда берілген әр түрлі топтағы деректерге келермендердің қарым-қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.

Социологиялық зерттеулердің нәтижелері белгілі бір құжаттарда (анкет, интервью бланктерінде) өлкенің даму ерекшеліктерін анықтайтын алдыңғы қатарлы, жаңа қоғамдық ойларды жазып алуға мүмкіндік береді. Мұндай материалдар музейге жинақтау жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлау туралы іс жүзінде біраз корытынды жасауға жағдай жасайды.

Музейде жинақтау жұмысының әртүрлі формасы мен әдістерінің күрделі және әр тармақты жүйесі қалыптасқан. Бұл жинақтау процесіне болымды нәтиже беріп отыр. Сонымен қатар, жинақтау формасын түпкілікті дамытудың қажеттілігін ерекше атап өткен жөн. Жинақтардың дәстүрлі формасын (экспозиция, ғылыми командировка және т.б.) жан-жақты қолдана отырып, музейлер «оқиғаның ізі» бойынша материалдарды жинақтаудың тәсілдерін одан әрі жетілдіруге түсуі кажет. Қазіргі кезеңдік, жалпы тарихи кезеңдер бойынша қорды коллекциялармен жинақтауды жоспарлау барысында музейлер есте қаларлық күндерді, торқалы даталарды, казіргі замандағы ірі қоғамдық-саяси оқиғаларды міндетті түрде ескеруі қажет.

Қазіргі кезеңде қорларды жинақтаудың сипатты ерекшелігінің бірі музейлердің жергілікті жұртшылықпен өзара тұрақты қарым-қатынасы болып табылады. Музей әр түрлі белсенділер ұйымдық топтарымен (ардагерлер кеңесі, музей достарының кеңесі, музей жанындағы кружоктар) сәтті жұмыс жасайды. Олардың көмегімен құнды материалдар және бір қатар сәтті экспедициялар жүргізілді. Музейдің жергілікті халықпен жұмыс жасау ең бір күрделі міндеттерінің бірі болып табылады.

Бұнда музей қызметін радио, теледидар, баспасөз арқылы кеңінен насихаттау арқылы жетістіктерге жетуге болады.

Музейлердегі қорларды ғылыми жинақтауды негіздеудің маңызды аспектілерінің бірі осы жұмысты басқа да республиканың, өлкенің, басты бағытты музейлердің жұмыстарын байланыстыру, үйлестіру. Жинақтаудың перспективті және жылдық жоспарлары, әр түрлі экспедициялары барысында үйлестіру, байыту жұмыстары жүргізілуі мүмкін.

Қорларды жинақтаудың жоспары жинақтаудың ғылыми концепциясын негізінен шығады да, деректанулық зерттеулер мен музейлік заттар коллекциялары жүмыстар және экспозиция мен көрмелерді жасау барысында пайда болған нақтылы міндеттермен келісіліп жасалады. Жоспарда тарихқа айналған дәуір заттарын қабылдап алу, археология, этнолоғия, материалды мәдениет тарихы, жалпы тарих бойынша далалық зерттеулер жүргізу,белсенді түрде шынайылықты деректендіру сияқты жүмыстар орын алған.

Қорларды жинақтаудың жалпы музейлік жоспары қор мен экспозиция қызметкерлерінің жоспарлы түрдегі мәмілелерінен қалыптасады. Бұл кейінге қалдыруға болмайтын, анағұрлым жинақтаудың өзекті міндеттерінің төңірегінде негізгі күшті жұмсауды қажет ететін қызметкердердің алдын ала өзара келісіліп мәлімдемелері.

Перспективалық жоспар тақырыптық және жүйелі жинақтауды қамтиды. Онда белгілі бір музейге түсіп тұратын тұрақты дерек көздерін ұйымдастыру: қажетті музей заттарының иелері және оның авторлары мен болашақта байланыс жасап түру: музейлік далалық зерттеулердің тақырыбы мен географиясын: қазіргі замандық өзекті мәселелер төңірегінде жинақтаулар жазылған. Бұл жоспар тек қана ұйымдастыру жұмыстарын ғана емес, сонымен қатар музейлік зерттеу міндеттерін де қамтиды. Сондықтан да ол музейдің ғылыми кеңесінде бекітіледі. Перспективалық жоспар негізінде қорды жинақтаудың жылдық жоспары жасалады. Мұнда перспективті жоспардың белгілі бір жылға арналған нақты міндеттері көрсетіледі. Сонымен қатар, жылдық жоспарда музейдің мүмкіндіктері, жүмыс уақыты, қажетті мамандардың барлығы ескеріледі. Жылдық жоспар музейдің жалпы жүмыстық жоспарының қүрамында музей коллективі талқылар қабылдайды.

Тарихи және өлкетану музейлерінде қазіргі заманды деректендіру және ғылыми жинақтау. Қорға қазіргі замандық заттарды жинақтаудың негізгі мақсаты қоғамның жаңа жетістіктерін белсенді түрде насихаттау, деректендіру. Қазіргі замандық материалдарды жинауды экспозициялық міндеттерді шешуге ғана тіреу дүрыс емес. Бүгінгі уақытты сипаттайтын қорды қүру белгілі бағытта музей жинақтарын алдын ала бағытты түрде қалыптастырғанда және қазіргі заман мен болашақ ғылым үшін деректік, бүгінгі мәдени қүндылықтарды сақтау базасын құрғанда ғана ғылыми жинақтау болып саналады.

Қазіргі кездегі музейлердің алдында елімізде болып жатқан ірі оқиғалардың, құбылыстардың, жаңалықтардың, ашылымдардың материалдарын қорға жинақтау мәселесі, міндеті түр. Қазіргі заманды сипаттайтын музей коллекциясын кұру жұмысының бірқатар ерекшеліктері бар. Бұндай жинақтау қазіргі өмірді зерттеумен байланысты және арнайы ғылыми дайындыққа негізделеді. Жалпы қазіргі заман тарихи ғылымның зерттеу пәні болып табылмайды. Сондықтан, қазіргі заманды зерттеу, музей коллекциясын күру өткен дәуірді зерттеуден мүлдем ерекше. Жинақтау тарихи фактілерді зерттеумен қатар, экономика, социология және этнология пәндерінің деректерінде есепке алуды талап етеді. Әдебиеттер мен жинақталынған деректерді зерттеумен қатар, казіргі кездегі ақпараттық деректер де қолдану қажет. Мұндай ақпараттарды жинау музейлерде жалпы республикалық, облыстық, аймақтық көлемде жүргізіледі.

Жаңа периодтық басылымдар мен алынған мекеме,ұйымдардан ауызша деректер тұрақты есепке алынып отырады. Бұл жұмыстың қорытындысы музейде құрылған жаңа оқиғалар материалдарының арнайы картотекаларында өз сипатын табады.

Міне осылай, әр музей қазіргі замандық құбылыс, оқиғаларды бүгінгі таңдық көзқараспен бағалай отырып, әр түрлі аралас ғылыми пәндердің деректері мен қазіргі ақпараттарды қолдана отырып, оларды зерттеудің өзіндік бағдарламасын жасайды, осының нәтижесінде қазіргі замандық өмірдің куәсі болатын коллекциялар құрылады. Бұл бағдарламаның міндетіне маңызды оқиғаларды, мәдени, қоғамдық, өндірістік өмірдің сипатын, жетістіктерді анықтау кіреді.

Ол арықарай музейлік зерттеудің жеке объектілерін, ұйымдарды, өндірістік коллективті, жеке адамдарды анықтау барысында жұмыс жасайды. Таңдап алынған объектілерді тікелей зерттеу жинақтаудың, қазіргі замандық заттарды іріктеудің бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді. Музейге қазіргі замандық заттар кейде жеке зат түрінде, бірақ, көбінесе-арнайы жинақтық коллекция түрінде түседі. Бұл коллекциялар тарихи, тарихи-тұрмыстық және мемориалдық маңызды комплекс ретінде, тақырыпты сипатта ьолады. Бұндай комплекстерге бұйымдық, бейнелеу, жазба деректер кіреді. Әр түрлі (мата үлгілері, өндірістік киімдер, плакаттар) жинақталған заттардан музейдің жүйелі коллекциясы қалыптасады. Олар да жаңа материалдармен толықтырып отырады. Қорды қазіргі заман материалдармен жинақтау музей жұмысында маңызды орын алады, сондықтан музей кызметінің жалпы жоспарында көрсету керек.

Музей практикасы музей қорына қазірғі заман заттарын жинақтаудың үш (тәсілін) әдісін анықтады:

  1. Арнайы экспедициялардың барысында тақырыптық коллекцияларды құру.
  2. Музейді қызықтыратын оқиғалар болған жерінен немесе болып жатқан мезгілде деректерді оперативті жинау.
  3. Тұрақты түсіп тұратын дерек көздерін пайдаланып жүйелі коллекциялар құру. Жинақтаудың осы әдістеріне жеке тоқталайық.

Музейлерде таңдап алынған объектілерге экспедициялық зерттеу жүргізу анағұрлым кеңінен қолданылады. Белгілі бір тақырып бойынша бір ғана мезгілді немесе тұрақты жұмыс істейтін экспедициялар ұйымдастырылады. Оның нәтижесінде тақырыптық коллекциялар жинақталады. Мұндай коллекциялар өндірістік құрылысының барысы, дамуы туралы, өндірістік коллективтің еңбегі, тұрмысы, мәдениеті туралы түпкілікті деректер береді. Егер экспедиция бірнеше жылға созылса, құрылған коллекция экономика мен мәдениеттің даму динамикасын ипаттай алады. Мұндай коллекцияларды құру мақсатындағы объектілерді таңдау қазіргі замандық өзекті мәселелермен байланысты және өзіндік ғылыми міндеттерді көрсетеді. Музей әрбір жеке бір жағдайда музей зерттейтін арнайы объектілерді қандай негіз бойынша таңдап алу керек деген мәселені шешуге тура келеді.

Музей қоғамдық өндірістің, қоғамдық қарым-қатынастың, мәдениеттің даму дәрежелерін өз қорларында сипаттай көрсетуге тырысады. Әрине, әрбір музей бүгінгі күнге тән объектілерді анықтауға тырысады. Бұл объектілерге қоғамның даму процеін көрсететін, алдыңғы қатарлы өндірістер, оқу орындары және еліміздегі жетекші жүріп жатқан алдыңғы қатарлы ірі жаңа құрылыстар жатады. Жеке адамдар коллекциясын құрғанда өндіріс, ғылыми, көркемдік творчестволық салада қазіргі замандық міндеттерді шешуде белсенді роль атқарған адамдардың өмірі мен қызметіне байланысты заттарды жинақтауға бағытталады. Сондықтан, ұлы ғалым, суретші, жазушы, артистердің жеке жинақтарын жинау осы музейлердің міндеті.

Қазіргі заманды деректендіретін материалдарды жинақтаудьщ оперативті формасы музейге қажетті күнделікті өмірдің кейбір сәттерін, жеке бір оқиғаларды (фиксировать) етуге мүмкіндік береді. Мұндай деректендіруді қажет ететін оқиғалардың тақырып көлемі өте кең: мұнда өндіріс тарихында оның ашылу сәті, қоғамдық-саяси оқиғалар, ғылыми және көркемдік өмір жататын оқиғалар-конференция , фестиваль,кездесу, саясатты жиналыстар; атақты адамдар өміріндегі салтанатты даталар, яғни мерей тойлар және т.б.

Бұл жерде, музей қызметкерлерінің жұмысы журналист репортерлардың жұмысын еске түсіреді, бірақ, олардың арасында үлкен ерекшеліктер бар. Оқиға туралы дерек алуды, көздейтін журналистерге қарағанда, музей қызметкері ұзақ уақыт сақталып тура алатын, қазіргі замандастар үшін ғана емес, болашақ ұрпақ үшін де дерек көзі ретінде қызмет ете алатын нақты шынайы осы оқиға туралы куәлік зат алуы керек. Онда заттарға сол жерде түсірілген фотосурет, кинолента, фотожазба, және осы оқиғаға тікелей қатысты әр түрлі бұйымдар мен жазба құжаттар жатады. Міне, осылай қалыптасқан коллекциялар белгілі бір дәрежеде мемориалды сипатқа ие болды, ол оған ерекше музейлік құндылық береді.

Музейге түрақты түсіп түратын дерек көздерінен өздерінің қорларын плакаттармен, өнеркәсіптік бүйымдардың, халық шеберлерінің заттар үлгілерімен және басқа да материалдармен толықтырып тұруға мүмкіндік алады. Әр түрлі ұйымдар мен мекемелермен тұрақты байланыс жасау жүйелі коллекцияларды қалыптастыруға жағдай жасайды. Қазіргі заман материалдарымен қорларды жинақтаудың тұрақты көздерінің кұрамы қалыптасатын коллекциялардың музейлік құндылығы болуы мен музейдің бағытына сай клеуін есептей отырып қатаң талаптардың негізінде анықталады.

Сонымен, қорға қазіргі замандық материалдар әр түрлі әдістермен жинақталады. Олар тарихи тақырыптарды, оқиға мен жеке адамдардың қызметін ашып көрсете алатын немесе қазіргі замандық өмірге тиісті заттарды жүйелі жинақтайтын коллекциялармен толықтырылады.

Іс жүзінде қазіргі заманды деректендіретін коллекцияларды жинақтау барысында ең күрделі мәселе, ол деректерді іріктеу, оларды музейлік маңызы бар зат ретінде бағалаудың критериін анықтау болып отыр. Қорларды қазіргі замандық материалдармен жинақтауға музей мақсатты түрде қоғам дамуын деректендіру ретінде қарап отыр. Өзінің бұл міндетін жүзеге асыруда музей басқа да мекемелермен-архив, кітапхана және әртүрлі фотофонокинотекалармен бірігіп жұмыс істеуде.

Музей үшін қазіргі замандық заттарды іріктеуде негізгі, бірінші талап –оның ойдағы ақпараттың мазмұндылығы және анық көрсетілуі. Екінші талап- музей жинағының құрамында оның дерек көзі ретінде болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында ұзақ уақытқа сақталына алатындығы. Заттың деректілігін әр түрлі көзқараста қарауға болады: ғылыми, саяси, эстетикалық, тәлім-тәрбиелік. Осыған сай әрбір зат тарихи деректік, сиректік және көркемдік құндылығы жағынан жан-жақты қарастырылып, бағаланады.

Мәселен, президент сайлауына қатысты плакаттар көрсете алатын, одан дерек беретін ақпараттың мазмұны жағынан маңызды және т.б.

Сонымен, әрбір затты қарастыра отырып, оның әр түрлі деректік сипатын (анықтауда), бағалауда ғылыми, тәлімдік, көркемдік критерилерді қолдана аламыз. Міне, бұл музей затын іріктеудің, бағалаудың үшінші талабы болып табылады. Қазіргі уақытта сериялық белгілері бар заттар көптеп шығады. Осындай типтегі музей заттарына ең алдымен материалы, формасы, отделкасы осы уақытты анық көрсететін, сол мезгілде қатысты тиісті зат болу керек сияқты талаптар қойылады. Оған-заттың сапа белгісі, шығарылған сериялық белгісі,арнау жазбалары, лозунг жатады. Бұл белгілер заттарды уақыт құбылыстарымен, дәуірдің атақты қызметкерлермен, яғни осы заттың соларға арнап шығарғаны туралы жазбалар нақты байланыстырады.

Әр түрлі белгілер әр бір заттың өмірбаяны ретінде оқылады. Мысалы, плакат, туға, өндірістік киімге күннің, ылғалдың, желдің әсері, іздері барлау жүмысының, жүбылыстың жұмыстық атмосферасына алып келеді. Кітап, афиша, бағдарламадағы авторефераттар (колтаңбалар) олардың мәдени өмірдегі оқиғаларға белғілі адамдарға байланысын көрсетеді. Кітаптар мен басылымдарға ескертпелер бұл заттарды зиялы адамдардың рухани өмірінің куәсіне айналдырады. Заттардағы белгілер, олардың «өмірлерінің» куәсі қазіргі замандық материалдарды тарихи, өлкелік музейлердің белгі, ерекшеліктеріне байланысты іріктеуге көмектеседі.

Қазіргі кезеңдегі музейлер өзінің деректендіру қызметінің барысында қоғам өміріне әр түрлі бағытта қызығушылық туады. Тарихи бағыттағы музейлердегі жинақтау жұмысы экономикасы, қоғамдық қарым-қатынастарды, саясат пен мәдениетті де қамтиды. Ол тарихқа да, қазіргі кезеңге де бағытталады. Музей өмірдің әр саласындағы қолданылатын заттардың коллекциясын жинай отырып, әлеуметтік шынайылықты зерттеу барысында, ол заттың әлемді танып-біле отырып, адамдардың өмірі мен қызметіне: олардың еңбектерімен, ғылыми, техникалық, өнерлік творчествосымен, өмір-тіршілігімен, қоғамдық тұрмысымен, өз заманындағы оқиғаларға қатысқан адамдардың қимыл-әрекеттерімен тікелей жанасады.

Тарихи бағыттағы музейлерге қорларды жинақтау екі бағытта жүргізіледі. Олар: 1) түп-сипатына байланысты коллекциялар (типологических), 2) тақырыпты коллекциялар.

Түр-сипаттық коллекциялардың қалыптасуы қор бөлімдерінің музей заттарын жүйелеуде оның түрлік белгілеріне қарап жіктейді. Мысалы, ОММ қорлары ағаш пен сүйектен жасалған заттар қоры, қару-жарақ, құнды материалдармен нупизматика, фото-құжаттық-негативтік қор болып табылады. Ал, тақырыптық коллекциялар әр түрлі заттарды белгілі бір маңызды қоғамдық оқиғалар, өмірбаянға, мәдени өмірдің құбылыстарына байланысты топтастыра отырып құрылады. Бұл музейдің тарихи мәселелер саласындағы талаптарын сипаттауға және заттарды тарихи — хронологиялық принцип бойынша топтастыруға көмектеседі. Тақырыптық жинақтау жұмысы ең алдымен музейдің экспозициялық қызметінде маңызды орын алады. Бұл екі бағытта, түр-сипатына байланысты (типологический) және тақырыптық жинақтау да жалпы жинақтау қызметін ұйымдастыруда тікелей маңызды роль атқарады.

Музей қоғам өмірін зерттеу барысында әр түрлі дәуірге жататын заттардың уақыттың көпқабаттылығын анықтайды. Сондықтан қарапайым және күрделі әлеуметтік комплекстер болады. Міне, осы комплекстер музей практикасында «әлеуметтік шындық аймақтары» деп аталады. Мұнда, заттар оны жасаған және оны қолданатын адамдармен тікелей қарым-қатынасқа, байланысқа түседі. Қорларда жинақтау мақсатында жеке заттарда, жалпы әлеуметтік комплекстер де музейлік зерттеу объектісіне айналады.

Қазіргі заманға қоғам мен жақын арада болған тарихи оқиғаға келетін болсақ, бұл мезгілдегі жинақтау мен зерттеу жұмысы шындықтың объектісінен басталып заттарды іріктеумен аяқталады. Ал, өтіп кеткен көне тарихи шынайылықты зерттеу болса, ол затты зерттеуден басталып, осының негізінде әлеуметтік қарым-қатынас, оқиға және әлеуметтік объектіне қалыптастырады.

  1. Тарихи және мәдени құндылығы бар заттарды өмірлік қоршаған ортадан іріктеп алу.

Қорларды жинақтау процесі барысында заттарды заттың әлемнің бір бөлшегі ретінде, өз дәуірінің дерек көзі ретінде зерттеу жұмысы басталады. Зерттеудің бұл кезеңі маңызды болып табылып, ол заттың музейлік маңыздылығы бар ма деген сұраққа жауап береді. Зерттеудің негізгі міндеті заттың құндылығын анықтау. Музейлік маңызды затты іріктеу көбнесе оның жасына тікелей байланысты. Қолданудан қалған көне заттардың пайда болған мезгілі мен оның түпнұсқалығын анықтаудың маңызы зор. Одан заттың қаншалықты сирек кездесетін байқауға болады. Бұл заттың түрінің тарихын, материалдарды қолдану тарихын біледі жөне т.б. оның түпнұсқалығын куәлендіретін басқа да белгілерін таңбаларын, фабрикалық белгілерін, эмблемаларын даталарын заттар мен өнер туындыларындағы авторлар қойған қолдарын, жазба деректердегі мөрлерді, қолжазбаларды штамптарды анықтауды, олар туралы терең білімді талап етеді. Бұл заттардың маңызды белгілері қор ішіндегі жұмыстардың барысында анағұрлым кең түрде зерттеліп, анықтала түседі. Міне, осы мағлұматтар жүйелі және тақырыптық коллекцияларды толықтыратын заттардың маңыздылығы, құндылығы туралы мәселелерді шешуге жағдай жасайды. Өткен дәуірлердің көне заттарының маңыздылығын оның негізгі басты-басты белгілеріне қарап қорытынды жасауға болады. Ал, жаңа кезең мен қазіргі заман заттарын іріктеу мүлдем басқа жағдайда өтеді. Таңдайтын заттардың мөлшерінің көптігі әр бір затты мұқият қарауға, солардың ішінде құнды заттарды іріктеп алуды талап етеді.

Осы жұмыстың барысында музей қорында ұзақ уақыт сақталу туралы мәселесін шешу үшін. Заттың қандай материалдан жасалғанын анықтау қажет. Бұл материал, бояу және оның құрамы туралы, сонымен қатар жаңғырту мен сақтаудың қазіргі замандық мүмкіндіктері туралы білімді талап етеді. Қазіргі замандық заттарды жинау бүгінгі таңдағы қоғамдық қарым-қатынастың жылдам дамуы, музей қорларын көптеген жазбалык және суреттік материалдардың толып кетуі сияқты қиындықтар туғызады.

Мәселен, қазіргі замандық экономиканың дамуын деректендіруді алайық. Бұнда музей құнды музей заттарын іріктеуде көп қиындықтарға кездеседі. Олардың көбі-еңбек құралы, өндіріске және жеке қолданатын заттар-көлемі жағынан үлкен және техникалық күрделі болғандықтан, олар тарихи бағыттағы музейдін коллекциялық құрамына ене алмайды. Сондықтан да, осы қарым-қатынасты, өндірісті ұйымдастыруды айқын көрсете алатын көптеген құжаттарды: іоқағаздарын, наградалық сипаттағы құжаттар грамоталар, әкімшілік бұйрықтар, жиналыстық хаттамалар және т.б. музей өз қорына жинайды.

Музей іріктеу жұмысынын барысында заттың деректік жағына көп көңіл бөледі. Заттардың мазмұнды мағлұматтары ғылыми жағынан құнды юолуы мүмкін. Бірақта оның бұл құндылығы іріктеу кезінде бірден ашылмауы мүмкін, ал оның тарихи жағынан құндылығы оны келешекте ары карай зерттеудің нәтижесінде қорытылады. Алматы қаласы тарихының музейі бүгінгі күні зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөлінуде. «Алматы тарихы» атты 2 томдық А. 2006-2008 жж., «Алматы – мыңжылдық тарихы» атты ғылыми мақалалар жинағы А. 2007 ж., «Алматы» энциклопедисы 2008 ж. жарық көрді.

Музей әрқашан көрмелер, халықаралық конференциялар, тарихи-мәдени мұраларға қатысты «дөңгелек столдар» ұйымдастырады, тек республика көлемінде емес, сонымен қатар, Ресей Федерациясында, Украйнада, Қытай Халық Республикасында, Корей Республикасында және т.б. елдерде.

Атап айтсақ Мәскеу қаласында «Алматы – тәуелсіздік жылдарында. 1991-2008 жж.» атты фотокөрме ұйымдастырған. Мәскеу қаласының «Кіші манеж» көрме залында шілде айында көрме қойылған. Көрме «Алматы қаласының тарихының музейі» мен «Мәскеу қаласының тарихының» музейі музейлер бірлестігі арасындағы іскерлік байланыс пен тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Бұл – КСРО тарап, тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейінгі мемлекеттік музейлердің өзара байланыстары шеңберінде, Қазақстан мен Ресей мемлекеттері арасында өткізіліп отырған тұңғыш көрме. Алматы қаласының шежіресінен сыр шерткен бұл көрмеге 138 фотосурет, Халықаралық фотобайқаулардың лауреттары мен белгілі фотосуретшілердің еңбектері қойылды. В.Лихановтың, Ю.Айбасовтың, А.Мухамеджановтың, А.Хайдаровтың, А.Ионовтың, М.Етекбаевтың, Р.Кругованың, Ж.Ысқақбайдың, В.Симаковтың В.Пронинның және т.б. суретшілердің қырағы назарына ілінген алуан сәттер оңтүстік астанамыздың сан қырынан көруге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, көрмеден тәуелсіздік жылдарындағы тарихи өзгерістердің куәгері – Алматы мен қала тұрғындарының мақтанышын, олардың достығы мен қонақжай мінезін, ұлттық дәстүрге деген әлтипаты мен жаңашыл рухты айқын аңғаруға болады.

Сонымен бірге мұнда негізінен Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы Алматының мәдени, рухани, экономикалық жетістіктері, өнері, мәдениеті, қала адамдарының тыныс-тіршілігі көрсетілді. «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ», «Көктөбе» секілді қаланың көрікті жерлері мен шаһардың әсем ғимараттарының фотосуреттері келушілердің назарына ұсынылды. Бұл көрменің мақсаты: бүгінгі гүлденген, өркендеген Алматыны мәскеуліктерге таныстыру, қала құндылықтарын көрсету болды [32].

Келесі бір көрме Кореяның Тэгу қаласында өткен «Бауырлас қалалар» фестивалінде Алматы қаласы тарихының музейі ұйымдастырған көрме болды. Бұл көрмеде жүздеген суреттерде қазіргі Алматының кескін-келбеті, адамдары, тамаша табиғаты, және де Медеу мен Шымбұлақ бейнеленді. Көрмені он мыңдай адам тамашалады [33].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Музей – тұнып тұрған тарих. Тарих тәжірибесі – ұрпақтардың өткені мен бүгінгісінің ең асыл, ең сүбелі, нағыз прогесшіл қасиеттерін бір — біріне жалғастырып отыратын өмір эстафетасы.

Алматы қаласының тарихы музейінде XV ғасырларда Керей мен Жәнібек сұлтан бастаған қазақ хандығын құрумен байланысты Алматы аумағында болған тарихи оқиғалардан көрініс береді. Бөлімдердің бірі қала тарихының Верный кезеңіне арналады. Мұнда А.Зенковтың пайдаланған заттары, жиһаз бұйымдары, жазбалары қойылған. Түркістан-Сібір темір жолын салуға, 1921 жылы астананы Қызылордадан Алматыға көшіруге қатысты материалдар да өте қызықты.

Музей экспонаттары қала тарихының сонау ежелден бүгінге дейінгі тарихынан сыр шертеді.

Музей тек ғылыми зерттеу мекемесі болып қана қоймай, соңымен қоса этнотуризм мәселесін қазіргі таңда болшақ  ұрпақ  үшін жан – жақты дәріптейтін ғылым ордасы ретінде де күрделі жұмыстар атқаруда. Әсіресе ашық аспан астындағы арнайы жасалынған археологиялық музейдің берері мол.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болған жағдайында тарихты білу, адамзат баласы жинақтаған бай тәжірибені игеру – жаңа ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуде, олардың белсенді өмірлік айқындамасын қалыптастыруда мейлінше маңызды. Тарихқа, тарихи бастауларға, тәжірибеге біз қаншама терең үңілсек, боламыз. Мұның өзі өткеннен тағылым алғызады, тарихи шындықты бұрмалаудан сақтандырады. Сондықтан да “Тарихты білмей — өткенді, Қазіргі жағдайы білу, келешекті болжау қиын” деп Насыр әл- Фараби  бабамыз айқандай өткенге бойлап, бүгінді ақыл таразысына салып баға беру біздің мақсатымыз. Бұл мақсатқа жету үшін бізге көмек беретін тарихымыздың қайнар көзі, әрине, музей ісі!

Сонымен қатар ширек ғасырға астам уақыт еліміздің астанасы болған Алматы қаласының мұражайын келешекте ашық аспан астындағы үлкен мұражайға айналдыру, қаланың сонау ежелден бергі тарихын дәлелдейтін экспонаттарды орналастыру келешек ұрпақты Отансүйгүштікке, патриоттыққа тәрбиелеудің алғышарты болады.

Қорларды жинақтау музей қызметінің ең негізгі бөлігі болып табылады. Ол музейдің өмір сүрген уақытынан бастап, барлық кезеңдерінде жүргізіліп отырады.

Бұл жиналған музей заттары музей жинақтарының өзегі музей заттарының қорын құрайды да, ол барлық музей қызметтерінің ірге тасы (фундаменті) болып табылады. Бұл қорлардың негізгі бөлігі мәңгілік сақтау есебімен құрылады.

Осындай жәдігерлерді сақтап тұрған Алматы қаласының музейі болашағы алда. «Боралдайдағы ашық аспан астындағы музей» салу алдағы жылдар еншісінде. Бұл тақырып өзекті болғандықтан алдағы жылдары да зерттеледі деген ойдамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі

 

  1. Семенов-Тянь-Шаньский П.П. От Петербурга до Семипалатинска //Из истории казахов. Алматы, 1999. 250 б.
  2. Алма-Ата /автор-составитель И.И.Маляр. Алма-Ата, 1989. 174-б.
  3. Алматы тарихы. Екі томдық. 1 том – Алматы, 2006. 230 б.
  4. Масанов Э.А. Очерки истории этнографияческого изучения казахского народа в СССР. Алма-Ата, 1966. 357 б.
  5. Урашев С.А. «Хождение по мукам» купца Пугасова //«Наше время». – Алматы, 1995. № 5.
  6. Горячева А.А. Политические предпосылки основания Верного //Уч. записки КазГУ. Т. 20 (история). Алма-Ата, 1956.
  7. Разработка исторического опорного плана и зон охраны памятников
    города Алма-Аты. Т. 1. Кн. 1. Алма-Ата, 1985. 187 б.
  8. Жуматов Г. Ж.На огненных рубежах //Живая память истории: Воспоминания ветеранов войны и труда Казахского Государственного университета о годах Великой Отечественной войны. Алма-Ата, 1992.
  9. Панфиловцы: Сборник воспоминаний. Алма-Ата, 1985. 267 б.
  10. Шарипов К.Подмосковная битва. Алма-Ата, 1990. 186 б.
  11. Белан П.С.Казахстанцы в боях за Ленинград. Алма-Ата, 1978. 150 б.
  12. Козыбаев М.Казахстан — арсенал фронта. Алма-Ата, 1970. 304-6.
  13. История Алматы в документах / Гл. ред. Б. Г. Аяган. Т. 2. Алматы, 2008. 290 б.
  14. Алматы тарихы. Екі томдық. 1 том – Алматы, 2006. 350 б.
  15. История Алматы в документах / Гл. ред. Б. Г. Аяган. Т. 2. Алматы, 2008. 315 б.
  16. Алматы тарихы. Екі томдық. 2 том – Алматы, 2006. 350 б.
  17. Назарбаев Н.А.Путь свободы и ответственности //Казахстанская правда, 16.12.2008 г.
  18. Мажитов С.Ф.Независимый Казахстан: тернии транзитного периода //Власть и общество в истории: Геополитические изменения на постсоветском пространстве в конце XX — начале XXI вв.: Материалы дпя участников ІІІ-й Международной летней школы молодых ученых стран СНГ 11-18 июня 2008 г. Кишинев, Вадул-Водэ, 2008.
  19. Алматы: территориально-административное деление, 1918-1999 гг. Алматы: ЦГА г. Алматы, 2000.
  20. «Казахстанская правда», 31.01.1996 г.
  21. Бурханов К.Н., Мажитов С.Ф. Упрочить позицию лидера: по Посланию Президента РК Н.А. Назарбаева «Новый Казахстан в новом мире» //Казахстанская правда, 24.04.2007 г.
  22. Алматы: территориально-административное деление, 1918-1999 гг. Алматы: ЦГА г. Алматы, 2000.
  23. Музееведение. Под ред.проф. К.Г. Левыкина и проф. В.Хербста. М.,
  24. Музееведение . Под ред. проф. К.Г. Левыкина и проф. В.Хербста. М., 1988. 287 б.
  25. 100 великих музеев мира. Автор-составитель МА.Ионина. М., 1999
  26. Раушан Шулембаева, Музей которому не нужны стены, Казахстанская правда, 18.01.2008 ж.
  27. Сергей Исаев, Музей под открытым небом, Вечерний Алматы, 28.06.2007 ж.
  28. Азамат Қасым. «Ұлжандағы» ұлы қорғандар. Алматы ақшамы, 21.07.2007 ж.
  29. Ольга Малахова, Увидеть Алматы и полюбить, Казахстанская правда, 11.07.2008 ж.
  30. Василий Шупейкин, Есть история Алматы, Вечерний Алматы, 24.09.2009 ж.
  31. Ермек Жұмахметұлы, Кіндігі мен түндігі бір, Алматы ақшамы, 24.10.2008 ж.
  32. Оксана Бондаренко, Праздник в далеком Тэгу, Вечерний Алматы, 11.10.2008 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

 

 

 

Зенковтың жұмыс столы және этнографияға арналған сөрелер

 

 

 

 

Қазақ хандығының тарихына байланысты сурет

 

 

Көне жиһаздар

 

 

 

Дос-Мұқасан ансамблінің жарнамасы және Кеңестік кезеңдегі Қазақстанға арналған бөлім

Түрксіб темір жолының ашылуы

 

 

Бойжеткеннің столы

 

 

 

 

 

 

                                 Сән ательесінің жарнамасы

 

 

Қөл өнер бұйымдары

 

 

 

Этнография бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ халқының тұрмыста пайдаланған бұйымдары

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ қолөнершілерінің бұйымдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Боралдай сақ қорғандары» этно-археологиялық бағының жобасы

 

 

 

 

Археологиялық қазба барысында табылған алтын бұйымдар

 

 

 

Қола бұйымдар