АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. А. Байтұрсынұлының сауат ашуға байланысты еңбектерінің маңызы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ — ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

 

Ахмет Байтұрсынұлының сауат ашуға байланысты еңбектерінің маңызы

 

Алматы — 2013

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………………….

 

 

1. А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ — ҰЛТЫНЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ……………………….

 

1.1. А.Байтұрсынұлы мұраларының зерттелу жайы…………………………………..

 

1.2 Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары………………………

 

 

2. А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ САУАТ АШУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ МӘНІ………………………………………………………………………….

 

2.1. А.Байтұрсынұлының ағартушылық қызметі………………………………………..

 

2.2. А.Байтұрсынұлы мұраларын бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары…………………………………………………………………………………….

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………………….

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………………………………………………………………

 

ҚОСЫМША …………………………………………………………………………………………..

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің Президенті Н.А.Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанында «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» атты халыққа Жолдауында «ХХ ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халқты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар «Алаштың ардақы азаматтары еді» — деп А.Байтұрсынұлының М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың тарихта алатын орнына әділ баға берді. Сол азаматтар ұстаздық етуде және тәлім тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлтының салт — санасын үңіле зерттеп, сан ғасырлық тарихы бар ата – бабаларының халықтық педагогикасы мен психологиясына терең ғылыми талдау жасады, сол мақсатта олар қазақ мектептерінің оқушылар мен мұғалімдерне арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды.

Миллиондаған адамы бар халықтың рухани жетекшісі болатын адам белгілі бір идеяларды алдына мақсат мұрат етіп қойып, оларды сол халақтың әлеуметтік – мәдени өміріне жарататын іс -әрекеттерге баруы керек екені белгілі. Әрине ондай адам қайтсем осы бағаға ие болам деп, атақ — лаузым үшін әрекетт етпейді, халқы үшін, халықтың мәдени рухани дүниесін көтеру үшін қызмет етеді. А.Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алдыңғы он жылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте  ұстаған бір – қаруы ағартушылық идеясы болды. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлы бүкіл өмір жолында қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс жағдайын жақсарту, ол халықты жаппай сауаттандыру оқыту керек екенін айтып, насихаттайды.

Оқу ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының да қоғамдық қызметінің арқауы, азматтық борышының негізі, идеологиялық плтформасының тіреуі болды. Бұл платформаны мықтап ұстауға алып келген – оның өз халқының тағдырын ойлаған қам — қарекеті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы – тәуелділік күн кешіп отырған, білім ғылымнан кенже қалаған, мал бағып, марғау жатқан отар ел болатын. Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көңілі ұйқылы», «еспесі жоқ қайығы қалтылдақ», болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Сол жұртқа «Оян қазақ!» деп, Міржақып Дулатов жар салса, «ұйықтап жатқан қазақты сары маса боп  ызыңдап оятуға» Ахмет Байтұрсынұлы шықты. Демек, қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, адамзаттық мәдениетке жеткізетін, жалпақ тілмен айтқанда, ел қатарына қосатын амал — әрекеттің бастысы – «түгел қазақты» саутты етіп, көзін ашып надандықтан арылту болды. Ахңның тілімен айтқанда «Өрге басқан өзге жұртың қатарынан қалыспау үшін» оқу ағартуға құр шақырып қою, ұлттық намысына тию де енді жеткіліксіз болды. Енді оқу – ағартуды жүзеге асыратын нақты іс — әрекеттерге көшу саясаты басталды.

Демек, мектеп керек болды. Сол мектепте ана тілінде оқыту үшін алдымен қазақша жазу таңбаларын, яғни алфавитін жасау қажеттігі туды. Ол таңбаларды қай жазудан алса да қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп өзіне тән ұлттық графика етіп ұсыну мақсаты тұрды. Міне, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін зерттеп, танып білуге қатысы осы тұстан басталады. Ахмет Байтұрсынұлыа еңбектері арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады. Ол жүйенің элементтері ұлттық жазу жүйесі, ұлттық негіздегі бағдарламалар оқу әдістемелік құралдар. Ахмет Байтұрсынұлы осы жүйенің барлық элементтерінде қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрлерін қазақ мектептерінде оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті.

«Ахмет Байтұрсынұлы — ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға», — деп Әбіш Кекілбаев атап көрсеткендей, ғалымның артына қалдырған мұрасын расында да ешкіммен салыстыруға болмайды. «Жаңа жазу, Жаңа әліппе. Тұңғыш емле. Тұңғыш фонетика. Тұңғыш грамматика. Тұңғыш синтаксис. Тұңғыш терминалогия мен әдістеме, Тілашарлар. Тіл танытқыштар. Тіл жұмсарлар». Ұлттық тіл біліміне темір қазық болар мәңгілік үлестер.

Зерттеу мақсаты: А.Байтұрсынұлының өмір жолынан бастап, артына қалдырған мұраларына мысалмен айтқан көп ойлары, қаламгердің көсем сөзі, тіл тағлымы, оның ғалымдығына, еңбектерінің өміршеңдігіне, пән сабақтарының тәрбие жұмыстарымен сабақтастыра жүргізу барысында бастауыш сынып оқушыларының тілін, ойын дамыта отырып адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Зерттеу нысанасы: Бастауыш мектептің оқу тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда ана тілі қазақ тілі сабақтарында, сыныптан тыс жұмыстарда А.Байтұрсынұлы мұраларын оқыту.

Зерттеудің болжамы: А.Байтұрсынұлы мұралары негізінен бастауыш мектепке және Қазақстандағы бастауыш мектеп жүйесін жандандыруға арналғандықтан ғұламаның еңбектерін барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мектепке дейінгі мекемелерде оқушылардың жас ерекшеліктерне негіздей отырып, бастауыш  мектептің оқу тәрбие үрдісіне енгізетін болсақ, егеменді еліміздің келешегін ойлайтын, мәдени – құндылық қасиеттері жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік бар екенін байқауға болады.Туған халқын сүю, оны өнер білімге шақыру, халақтық салт – дәстүрлерді қастерлеу, ана мейірімділік, бата тілектің маңызы қазақ халқының даналығы, оның тәрбиелік мәні туралы даналық сөздер, өлеңдері бастауыш мектеп оқу бағдарламаларына ендіріліп оқытылса, олардың оқушылырға ұлттық тәрбие берудегі маңызы ерекше болар еді.

Зерттеу міндеттері: 1. Ұлы ғалым, тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы туралы толық түсінік бере отырып олардың ойын дамыту.

  1. А.Байтұрсынұлы мұраларын зерттеу барысында мектептерге арналған әдіс тәсілдерді жан – жақты қарастыру.
  2. А.Байтұрсынұлының шығармаларын оқыта отырып оқушыны оқуға, адамгершілік қасиеттерге баулу, ұлтын сүюуге тәрбиелеу.

Зерттеу әдістері: Әңгімелесу, бақылау, пікірлесу, көрнекілік, оқушылардың құжаттары.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

Зерттеу орны: Алматы қаласы, № 12 мектеп-гимназия.

Жұмыстың құрылымы:

Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ — ҰЛТЫНЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ

 

  • А.Байтұрсынұлы мұраларының зерттелу жайы

 

Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беру ісіне өзіндік ықпал етіп отыр. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайларды негізге ала отырып, білім мен тәрбие берудің мазмұны жаңаша жасалу үстінде. Мұнда ұлттық салт –дәстүр, мәдениетімізді меңгеруге аса зор мән беріліп, жалпы білім берудің әлемдік стандартына сай келтіру мәселесі қарастырылуда. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына дейін ұлттық тарих, салт – дәстүрлерімізді еркін игеріп пайдалануға мүмкіндік болмады. Ұлы орыс империясының зұлмат өртінен зардап шеккендердің бірі – қазақ халқы еді. Халқымыздың бір туар перзенттері Ахмет Байтұрсынұлы.

М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, Жансүгіров, Т.Рұсқұлов т.б. осы зұлматтың құрбаны болды.

1997 жыл Қазақстан Республикасының халықтары үшін «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын – сүргін еске алу жылы» деп жарияланды. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына үндеу тастай отырып былай деген еді: «Тоталитаризм қапасында өмірі қиылған жандардың, сондай – ақ басынан кешкен қасіретті өле — өлгенше санасында жаңғыртып, сол қорқынышты шындықты бізге жеткізген, азап көрсе де, аман қалу бақытына ие болған  жандардың қай – қайсы да біз үшін ерекше қымбат, айрықша қастерлі. Олар ұрпақ санасында мәңгі өмір сүреді» [1].

Еліміз егемендік алғаннан бері ұлттық дүнитанымымызды кеңейтіп жеке тұлғалар өмірінің тәлімдік мәнін зерттеуге баса назар аударып келеміз. Мәселен, 1990-1999 жылдар аралығында М.Жұмабаевтың, Ш.Құдайбердиевтың, Д.Бабатайұлының, А.Құнанбаевтың, Ж.Жабаевтың және т.б. еңбектерінің тәлімдік мүмкіндіктері мен олардың ұлттық педагогикаға қосқан үлестері жан – жақты педагогикалық тұрғыда сөз болды.

Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері ең алғаш филология ғылымы тұрғысынан зерттелді. Оны ғылыми тұрғыда зерттеп, ғылымға қосқан үлесін айқындауда С.Сейфуллин мен М.Әуезов еңбектерін айрықша атаймыз.

М.Әуезов А.Байтұрсынұлының оқу ағарту саласына қосқан үлесін:

«Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған елшілдік ұраны – Қырық мысал, Маса, Қазақ газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмтпайтын істер болатын» [2] – деп бағалайды. Орталық мемлекеттік архив деректеріне сүйенсек, Ахмет Байтұрсынұлының көзі тірісі өзінде – ақ оның 50 жылдық мерей тойын атап өту шараларына екі тұрғыдан қарағандар болғанын көреміз.

1923 жылдың 18 қаңтарында Қырғыз Халық Ағарту комиссияратының мәжілісінде А.Байтұрсынұлының 50 жылдық мерей тойын тойлау туралы Мелков баяндама жасаған. Тойлану жоспары бойынша ғалымға арнап жинақ шығару, Орынбордағы Халық Ағарту институтына А.Байтұрсынұлы есімін беру, жергілікті баспасөзде ол туралы мақалалар жариялау, қаржылай сыйлық беру т.б. ұйымдастыру және оған жауапты алты адамнан тұратын комиссия ісі қамтылған еді, ал осы жылға 23 қаңтарда РКП-ның Қырғыз облыстық комитеті президиумының мәжілісінде осы мәселе қайта қаралып, кеңестік ұйымдардың мерейтойды өткізуге қарсы болғанын көреміз. Өйткені, «А.Байтұрсынұлының комиссарлықтан кетіп, партиядан шығуын даңғаза даурықпаға айналдырмаққа тырысқандар да аз болмады. Оған А.Байтұрсынұлының 1922 жылы қазақ жазушыларының сьезін өткізбек әректінен ештеңе өнбегеніне ашынып  жазған «Қазақ қаламгерлері жайынан» деген мақаласы себепші болып, осы біреулер ақтап, дәлелдеуге ұмтылса, екінші біреулер қаралап даттауға пайдаланды»[3].

Орынбор қаласындағы Свердлов атындағы клубта А.Байтұрсынұлының елуге толуының салтанатты жиналысының Қазақ ССР Халық комиссарларының төрағасы С.Сейфуллин кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырған.

С.Сейфуллин Ахаңның елу жылдық мерей тойына орай «А.Байтұрсынұлы елуге толды»[4] атты мақаласында А.Байтұрсынұлының қарапайым кісі емес, зиялы қауым ішіндегі патшаның зорлық – зомбылығна түскен халықтың ар ұятын тапталмауына, ұлтының намысының қорланбауын қалаған — қорғанышы, білімді, ұлт жанды, абзал жан екендігіне тоқталады.

Ал, Ахаңның замандас – інісі, ақын М.Дулатов өзінің «Ахмет Байтурсынович Байтурсынов»[5] атты орыс тілінде жазған зерттеу мақаласында А.Байтұрсынұлының туған өлкесіне, өміріне сипаттама береді. Оны халық ақыны, өзіндік ерекшелігі бар қаламымен күрескен, жалынды публицист, қырғыз (қазақ) көркем әдебиетінің негізін қалаушы, халқының жоғын жоқтаушы ретінде бағалайды.

Еліміз егемендік алғаннан кейін, А.Байтұрсынұлы мұрасын зерттеуге мол мүмкіндік туды. Ғалымның мұрасын терең зерттеушілердің бірі – Р.Сыздықова. Ол Ахмет Байтұрсынұлының ХХ ғасырдағы басындағы қазақ – оқу ағарту идеясын, ұлттық мәдениетіміздің дамуна қосқан үлестерін жан- жақты талдай келе: «А.Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, екінші, сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, үшінші қазақ тілінің грамматикалық құрылысын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, төртінші тілді дұрыс қолдана білу тәртібін көрсетуді көздеген; бесінші, сауат аштыру, қазақ әдістемесін жасауды міндетіне алған. Міне бұлар А.Байтұрсынұлының қазақ тілін зерттеудегі және оқу ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбектері, осы салалардағы орнын көрсететін үлесі, А.Байтұрсынұлы қазақтың білім ғылымының көшбастары дегізетін тарихи мұра» [6] — дейді. А.Байтұрсынұлының ақындық мұрасы белгілі ғалым С.Қирабаевтың еңбегінде негізгі орын алады. Ол Ахметтің алғашқы ақандығы «Қырық мысалдан» басталатынын жазады. «Бұл еңбек Ахметтің мектептегі мұғалімдік қызмет атқарып жүрген кезінде туындаған. Ол орыстың ағартушылық дәстүрі рухында тәрбиеленген жас ұстаздың балаларды оқытуға, оларды жаңа рухта тәрбиелеуге әдебиеттің қызметін пайдалану мақсатын көздегені көрінеді. Бұл ниетін ол мектеп көлемімен шектемейді, жалпы халықты ағарту, оларды қараңғылықпен қарсы күресіп, білім жолына үгіттеу ниетін ұстанады » [7], — деп жазады.

Ал белгілі ғалым К.Құсайынов «Тіл біліміндегі А.Байтұрсынұлы айтқан ойлар ол бастаған ғылыми дәстүр бір сәтке де үзілген емес, өзінің үйлесімді сабақтастығын тауып кейінгі маман қазақ лингвист – ғалымдарының еңбектерімен жалғасты. А.Байтұрсынұлы өз кезінде еш бір ғылыми дәреже, атаққа ие болмағанымен тіл білімі саласының іргетасын қалаушы ретінде танылғаны еш дау туғызбайды», — дейді.

Академик М.Қозыбаев ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлт –азаттық қозғалысының өзіндік ерекшеліктерін, соның ішінде сол қозғалыс көсемдерінің бірі – Ахмет Байтұрсынұлы өмірінің тарихи келбетін ашып «Ахмет Байтұрсынұлы  ХХ ғасырдың ірі құбылысы , феномені . Оның есімі осы дүбірлі ғасырдың түбірлі, түбегейлі құбылыстарымен тағдырлас. Сондықтан да, Байтұрсынұлытану шын мәнінде ғасыр тану десе де болады.

Ендеше, Ахаң болмысы жан – жақты ашылған да ғана ұлттың ұлы перзентінің қырлары мен сырлары ашылады. Сөз жоқ, бұл болашақтың ісі», — дейді.

Демек, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ еленің тәуелсіз дамуына алғаш талап еткен мемлекет және қоғам қайреткерлерінің бірі екен. Дегенмен де, Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі философиялық көзқарастар жан – жақты зерттелмей келеді. Белгілі филосов О.А.Сегізбаевтың «Казахская философия XV начало ХХ вв» атты еңбегінде А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш», «Маса» еңбектеріндегі философиялық көзқарастарына талдау жасай отырып: «А.Байтұрсынұлы сол кезеңде жарыққа шыққан философиялық еңбектерді жақсы меңгерген. Әйтпесе, тіл сөз өнерінің құдіретін философия ғылымын терең түсінбей соншалықты саралау мүмкін емес еді. Себебі, мұнда адамның табиғатқа қатынасы табиғат әлемімен адамның ішкі жан дүниесімен арақатынасы философиялық тұрғыда терең талданған» — деп бағалайды.

Белгілі ғалым С.Қалиев Қазақстандағы педагогикалық ой пікірдің дамып қалыптасу кезеңіне тоқталып жіктей келе педагогикалық ой пікірдің дамуын шартты түрде сегіз кезеңге бөліп қарастырады. Және автор біз қарастырып отырған кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасу кезеңіндегі педагогикалық ойдың ғылыми жүйесін жасаған, теориясын негіздеген педагогика ғылымының көш басшысы деп Байтұрсынұлыны ерекше атайды.

Ахмет Байтұрсынұлының психологиялық көзқарастары туралы Қ.Жарықпаев, Н.Іргебаева аз да болса құнды пікірлер ендірген. Мәселен, Қ.Жарықпаев: «Тек, әдебиет танытқыштың  өзінде ғана осы ғылымға қатысты толып жатқан ой пікірлер мен салиқалы түйіндер баршылық, оның жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс, толғау, терме, тақпақ, жоқтау, жарапазан, мақал, бата т.б. әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерінде халықтық психологияны теориялық қисындары үшін іздесе таптырмайтын әдістемелік қазық боларлықтай түйіндер мол», — дейді. Архив деректеріне сүйенсек, Ахмет Байтұрсынұлының ғұмырында 1920 жылдардан бастап ірі де елеулі өзгерістердің орын алғанына көз жеткіземіз. Қазақ Автономиясын құру, сауатсыздықты жою, қазақ мектептерінің негізін қалау, білім жүйесін реттеу, оқу ағарту мәселесін жандануына, төл оқулықтар жазу және тарату, тіл саясатын көтеру, қазақ жазуын реформалау, Қазақстанда зерттеу қоғамының негізін салу т.б. істерде көшбасшы , ірі тұлға болғанының куәсі боламыз.

Міне, осындай деректерді оқып үйрену, зерттеу арқылы Ахмет Байтұрсынұлының қысқа ғана өмірінде келер ұрпақ болашағының жарқын болуы үшін бар ғұмырын күреске арнаған жиырмасыншы ғасырдың ірі тұлғасы болғандығына көз жеткіземіз. Архив қорында Ахмет Байтұрсынұлының жетім балалар жайын жақсартып, олардың мүмкіндігінше білім алуына жағдай жасағандығы туралы көптеген мәліметтер бар.

Демек, Ахмет Байтұрсынұлы мұраларындағы ең негізгі мәселелер – оқу – ағарту ісін жандандыру, қазақ тілі алфавитін жасау еді. Ахметтің жаңа әріпті енгізуге байланысты идеясын замандасы – Т.Шонанов былай қуаттайды: «Ахметтің жаңа алфавитімен жаңа әліппесі біздің мәдени өркендеуімізге зор пайдасын тигізетін құбылыс еді. Жаңа алфавит тіліміздің таза сақталуына мүмкіндік туғызды. Жаңа алфавит әлемдік мәдениетпен араласа түсу жолын жеңілдете түсті. Жаңа алфавиттің халық мектептерінің өркендеуі жолында алып адым жасағаны анық» [8].

1920-1929 жылдар аралығында шарықтау шегі болған. Көптеген еңбектері жарыққа шықты. Олар туралы жақсы ойлар баспа сөз беттернде жарық көрді. 1937 жылы ғалымның жазықсыз жазаға ұшырауымен оның еңбектерімен жариялауға тиым салуына байланысты ол туралы жағымсыз көзқарастар туды.

Мәселен түрікшілер құрылтайында латын қарпін жақтап, араб қарпіне қарсы жеті баяндама жасалған оның екеуін профессорлар Жирков және Яковлев жасаған. Дегенмен, мұнда да ғылыми негізделген латын қарпінің артықшылығын дәлелдейтін нақты пікірлердің болмағанын, ал кемшілік деп негізге алған фактілердің барлығы А.Байтұрсынұлы түзген әріптерге емес, осыдан бұрынғы араб қарпінің кемшіліктері екені айтылған.

Біздің зерттеу нысанамыз болып отырған А.Байтұрсынұлы мұраларының қолданылуы қоғамның дамуына байланысты үш кезеңге жіктеліп:

Біріншіден, А.Байтұрсынұлының көзі тірі кезінде еңбектерінің жариялануы және оған деген сол кезеңдегі көзқарастар яғни ғалым мұрасын обьективті бағалауға тырысқын мақалалардың еңбектердің жарық көру кезеңі.

Екіншіден, А.Байтұрсынұлының репрессияға ұшыраған кезеңінен ақталғанға дейінгі уақытығы еңбектерінің насихатталуы; Ол 1937 — 1980 – жылдар аралығындағы уақытты қамтиды. Яғни, ғалымды қаралау негізсіз айыптау түріндегі еңбектердің жариялану кезеңі.

Үшіншіден, еліміз егемендік алғаннан кейінгі ағартушы еңбектерінің жарық көруі және оның еңбектерін ғылыми ақиқат тұрғысында зерттелу жайы қарастырылады. А.Байтұрсынұлының ағартушылық педагогикалық мұраларын зертеу барысында оның  филология, педагогика ғылымының негізін қалаушы темір қазықтарының бірі болып табылатынына көзіміз жетеді. Ахмет Байтұрсынұлы мұраларын зерттеудің осы үш кезеңі және оның туу себептері саяси — әлеуметтік жағдайлармен байланыстырыла сараланып дәлелденді.

 

 

 

 

1.2 Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары

 

А.Байтұрсынұлының ағартушылық-педагогикалық көзқарасының қалыптасып, ол жолды біржола ұстауына әсер еткен оқиғаның бірі 1913 — 1918 жылдар аралығында «Қазақ» газетінде редакторлық қызмет атқаруы. Бұл қызметті атқару барысында А.Байтұрсынұлы қоғамдық жөне саяси — әлеуметтік жағдайларға белсене араласып, өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оған ұлтгық кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақталған сол «Қазақ» газеті бетінде жарияланған мақалалары куә. Мәселен, А.Байтұрсынұлы осы газет бетінде 1913 жылы «5 мың десятина жер», «Жауап хат», «Қазақтың бас ақыны», «Алаш азаматтарына» (М.Дулатовпен бірге), 1914 жылы «Бастауыш мектеп», «Мектеп керектері», 1916 жылы «Қазаққа ашық хат», «Сібір депутаттарының мәжілісінде», «Қазақ жұртына» (Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірге), «Торғай һәм Ырғыз уезінің халқына» (М.Дулатов, Түнғаншин Кәдірбаевпен бірге), 1917 жылы «Шорай Ислам» (Ә.Бөкейхановпен бірге) [9] және т.б. жазған мақалаларында отаршылдыққа қарсылық, халық санасын ояту, білімін көтеру, сауатсыздықпен күрес, ұлттық баспасөз ісін жандандыру мәселелерін көтерді. А.Байтұрсынұлы «Революция және қырғыздар»атты мақаласында: «М.Тынышбаев тәрізді патша заманынан бастап, отарлық билікке қарсы күресіп, қазақтың ұлттық саясатына жетекшілік жасаған қазақ зиялылары өкілдерінің атынан, осы қозғалыстың пайда болу себебіне, қазақ халқының 1917 жылғы қос төңкеріске қатысына, елді болыневиктік анархиядан құтқару үшін құрылған уақытша Алашорда үкіметін, бүл үкіметтің азамат соғысы жылдарындағы қызметіне, бірін-бірі алмастырып билікке таласқан орыс үкіметтерімен (Уақытша Сібір үкіметі, Құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комуч), адмирал А.В.Колчак үкіметі және т.б.) байланысына жөне Кеңес үкіметі жағына өту себептеріне тоқталады». Мұндай мақалалар сол кездегі баспасөз беттерінде толассыз жарияланды. Саяси әлеуметтік жағдайларға байланысты көптеген қазақ зиялылары кейбір мақалаларды бүркеншік атпен де беріп отырды. Газет халықты қоғамда болып жатқан өзгерістерден құлағдар ету, санасын ояту, дұрыс жол сілтеп, өнер — білімге, оқуға шақырған бірден-бір үгітші — насихатшы болды.

А.Байтұрсынұлы: «… газета — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек… Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарыға қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», [10] — деп газеттің қазақ халқына тигізер пайдасын көрсетеді. Ұлттық баспасөздің негізі болатын 1911 жылы шыққан «Айқап» журналы мен Бөкей ордасында жарыққа шыққан «Қазақстан» және бірнеше қазақ тілінде газеттер болды. Осы газеттердің беттеріңде қазақтың қоғамдық, саяси-әлеумнттік жағдайлары туралы мақалалар үздіксіз жарияланып отырды. «Қазақ» газеті де дүниежүзіндегі жөне ішкі жағдайларда болып жатқан уақиғаларды жан-жақты түсіндіріп отырады. Яғни, «Қазақстанның Россия империясы жүйесіңдегі орны мен ролі; қоғамның даму жолдары мен түрлерін талдау; миграция мәселелеріне, бірінші кезекте патша үкіметінің қоныс аудару саясатына көзқарас, ұлттық мәдениетті дамыту шаралары мен қазақ-орыс мәдени қатынас мәселелері; дін мәселесі мен рухани қазыналарды бағалау мен дамыту мәселелері, т.с.с. «Қазақ» газеті бүкіл ұлтымыздың мәдениеті мен тарихын насихаттаумен қатар қазақтың зиялы қауымының саяси көзқарасын қалыптастырып, саяси партияларды құруға негіз болды. Жалпы газет 1913 жылдан 1918 жылға дейін шығып тұрды. Газеттің 265 саны жарық көрді». «Қазақ» атты газет шығаруда Ы.Алтынсарин мен А.Байтұрсынұлы мақсаттарының ортақтығын көреміз. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин де 1879 жылы Орынбордан бүкіл қазақ жұртына тарайтын қазақ тілінде газет шығаруды ойластырған болатын. Оны Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крижижановский мақұлдаған. Ы.Алтынсарин болашақ газеттің № 1 санының үлгісін өз қолымен жасап, 1880 жылы мамырдың жиырма сегізінде газетті шығаруға байланысты  ішкі істер министріне хат жазған. Газет қазақ және орыс тілдерінде форматы 45 х 35 см. көлемі 8 беттік болып жоспарланған. Алғашқы 4 беті қазақша, соңғы 4 беті орысша аудармасы. Газеттің аты — «Қазақ» (орысша — «Киргизская газета») деп аталады. Газнттің 4 бөлімнен тұруы көзделген:

бірінші бөлім: «бас әкімдер жағынан шыққан хабарлар»;

екінші бөлім: «ел ішіңдегі хабар»;

үшінші бөлім: «шет жұрттардан келген хабарлар»;

төртінші бөлім: «таңсық әңгімелер» [11].

Ы.Алтынсарин бар күш-жігерін салып, ашуға тырысқан «Қазақ» атты газеті сол кездегі Ресей чиновниктері саясатының кесірінен шықпай қалды. Оның ізбасар інісі А.Байтұрсынұлы газет ашу ісі патша үкіметінің қатаң бақылауында болса да, ойын орындап, мақсатына жеткен. «Қазақ» газетінің атын неге «Қазақ» деп қойғандығы туралы А.Байтұрсынұлы: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп қызмет ету қазақ баласына міндет. Жол  ұзақ, ғұмыр жеткенше істеп кетелік. Малша оттап, асап ішіп, халық үшін қам қылмай қарын тойғанша мәз болып, мал өліміндей өлмейік», — деу арқылы газеттің мақсаты халықтың рухани көсемі ретіңде қызмет ету, ағартушылық ісіне көшбасшы болу екендігін аңғартады.

Сондай-ақ, А.Байтұрсынұлы газетті аптасына екі рет шығару үшін генерал-губернатордың атына жазған арыз-өтінішінде газет бағдарламасының он бес бөлімнен тұратыңдығын және алғашқы үш бөлімінің алдына қойған міндеттерін төмендегідей көрсеткен:

«1)қазақтарға қатысты үкімет нұсқаулары мен зандарын жариялау;

2)мемлекеттік дума мен мемлекеттік совет жұмысын жариялау;

3)ішкі және сыртқы хабарларды басып жариялап отыру және т.б» [12] Осындай мәліметтер арқылы Ахметтің Ыбырай ісін жалғастырушы екеніне тағы да көз жеткіземіз.

XX ғасырдың басы Қазақстанды Ресей империясы отарына айналдыруды түгелдей аяқтап, аграрлық және ұлттық мәселелердің шиеленіскен шағы еді.

Тура осы кезеңде отарлап отырған Ресей империясының өзінде де көптеген тартыстар, саяси — қозғалыстар өрбіді, халықтың жаппай толқулары болды, оның ұшқыны қазақ еліне де әсер етпей қоймады. Осындай белең алған саяси толқуларға қазақтың зиялы қауымы белсене араласты. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың дамуын М.Қозыбаев өзінің «Ахмет Байтұрсынұлы — XX ғасырдың ұлы реформаторы» атты мақаласында Ресейдегі ұлт-азаттық қозғалыс қазақ жерінде Ресейлік жаңа реформаторлық буынның бір тармағы есебінде бой көтерді.

Ұлт — азаттық қозғалыстың бірден-бір көсемі болып Әлихан Бөкейханов шықты. Әлихан қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалысын еуропалық демократиялық, конституциялық, парламенттік күрес жолына салды. Ахмет болса, ұлт-азаттық қозғалысына гумманистік, ұлттық сипат берді. Еуропалық күрес рухын ұлттық сарын, әуенімен қабыстырды. Ата-баба аруағын аттамады, атой салып, жауға шапқан замананы даттамады, жаңа демократиялық күрес жолын сыннан (адаптациядан) өткізді. Әлихан Ресей реформаторларының көсемінің бірі болды.Уақыт өткізіп, Әлекең орыс реформаторларынан ұлттың өзін — өзі билеуіне қарсылығын көрді, қазақ жерін талауға бағытталған орыс қарашекпенділерін көшіру саясатын жүрізуге ынталы екенін түсінді, қазақты орыстандыру, шоқындыру, өз дінінен бездіру саясаты ендеп, бойлап бара жатқанын көрген Әлихан орыс зиялыларынан бөлініп, Алаш туын тікті. Алаш зиялыларының Әлихан, Ахмет бастаған тобына тән басты сарын отаршылдыққа қарсылық еді. Ал, бұл сарын барша халықтың мұңынан шыққанды»,- десе, С.Сейфуллин 1923 жылы 30-қаңтарда «Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды» деген мақаласында: «Байлардан бөліп жарлы табының ғана намыстарын жыртып, арын жоқтаған жоқ. Қазақ халқын байға, кедейге бөлмей, намысын бірге жыртты, арын бірге жоқтады» ,- деп әділ көрсетті.

«Бұл бүкіл ұлттың, бүкіл отарлы елге айналған Шығыстың азаттық майданы еді. Ахаңның өз тілімен айтсақ, Алаштың зиялылары жұртым деп халықтың арын арлады, зарын зарлады, халықтың сөзін сейлеп, пайдасын қорғады. Ол жалпы ұлттың зор-отаршыңцар тартып алған нулы, сулы ата қонысы, ана тілі, ұлттық ділі, ислам діні еді» [ 13], -дейді ғалым М.Қозыбаев. Ал, белгілі саяси қайраткер М.Шоқай 1917 жылғы Бүкіл  қазақтық съездің Орынбор қаласында өту себебін: «…темір жол үстінде жатқан Орынбор ең қолайлы жер. Бұған қоса ғұлама ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, дарыңды жазушы А.Байтұрсынұлы пен М.Дулатов Орынборда түратын. Бұл екі қоғам қайраткерлерінің қуатты қаламының арқасында қалың елді аузына қаратқан «Қазақ» газеті де осында шығарылып, таратылатын.

Міне, қазақ сирек қоныстанған Орынбордың көпке дейін қыр қазақтарының ұлттық қозғалысының орталығына айналып, мүнда Бірінші бүкілқазақ құрылтайы шақырылуының басты себебі осында еді» /54/, — деп А.Байтұрсынұлы тұлғасы мен оның «Қазақ» газетінің саяси салмағын әділ бағалаған.

Демек, А.Байтұрсынұлының энциклопедист-ғалым, ағартушы ғана емес, қоғам қайраткері, білгір саясаткер екенін байқаймыз.

Сонымен қатар, орталық мемлекеттік архив деректеріне жүгінсек, осы 1917 жылғы 12-26 шілдеде Орынборда өткен бірінші Бүкіл қазақтық съезде құрылған «Алаш» партиясының негізін салуға /55/, Қазан төңкерісінен кейін 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда болған Бүкіл қазақтық екінші съезде «Алаш» партиясының бағдарламасын талқылауға белсене ат салысып, өзіндік үлес қосқанына осы деректер арқылы көз жеткізуге болады . «Съездің күн төртібінде Алаш партиясының бағдарламасының жобасы талқыланды. Съезде талқыланған мәселелердің ең негізгісі қазақ жерлерін біріктіретін Алаш автономиясын құру еді. Қазақ зиялылары құрған Алаш партиясы бағдарламасының жобасы он бөлімнен тұрды.

Бірінші бөлім: «Мемлекет қалпы» деп аталды. Мұнда мемлекеттің басқару формасы қарастырылды. Алаш бағдарламасының жобасы жарияланған кезеңде Кеңес өкіметі Ресейдің мемлекеттік құрылымын ресми құжатпен анықтамаған еді. Тек 1918 жылы 16 қаңтарда III Бүкілресейлік Кеңестер съезі «Еңбекшілер мен қаналушы халықтар хұқығы Декларациясын» қабылдады, онда «Советтік Ресей республикасы ерікті ұлттар одағы негізінде, советтік ұлттық республика федерациясы ретінде құрылады», — делінген.

Сонымен, Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланған соң екі айдан кейін Кеңес үкіметі Ресейдің федеративтік құрылымы туралы идеясын жариялады. Демек, бұл Алашты құрушылардың Ресейдің саяси даму перспективасын дәл, дұрыс анықтағандығын көрсетеді. «Федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі», «Федеративті республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады, әр қайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді. Үкімет басында Учредительное собрание мен Госдума қалауынша келісімді жылға сайланатын президент болуы тиіс. Президент халықты министрлер арқылы басқару, ал министрлер учредительное собрание мен госдума алдында есепті болуы» туралы жазды.

Екінші бөлім: «Жергілікгі бостандық» — деп аталды. Мұнда «Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия республикасының федерациялық бір ағзасы болуы, реті келсе Қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлес болуы, Реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болуы», — айтылды. Бұл бөлімде халық қамы үшін әділ жұмыс істейтін мемлекет қызметкерлерін таңдау принципі қарастырылады. Осыдан келіп, жерді басқару, милицияда істеуге лайық адамдарды халық өзі қалауы керек дей келе, Алаш партиясының негізін құрушылардың мақсатын білдіреді. Оны: «Алаш партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады», — деп айқындайды.

Үшінші бөлім: «Негізгі құқық». Мұнда «Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу, жиналыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға – еркіншілік». Демек, адам құқығы мен еркінің негізгі идеялары туралы мәселелерді жан-жақты қамтылған.

Төртінші бөлім: «Дін ісі.» Мұнда: «Дін ісі мемлекет ісінен айырылуы айтылады. Дін біткенге тең құқық. Дін жолына ерік, кіру-шығу жағына бостандық», — дей келе «Муфтилік қазақта өз алдына болуы. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер моллада болуы, жесір дауы сотта қаралуы» сөз болған.

Бесінші бөлім:»Билік һәм сот»

Алтыншы бөлім: «Ел қорғау» Жетінші бөлім: «Салық» Сегізінші бөлім:» Жұмысшылар» Тоғызыншы бөлім: «Ғылым — білім үйрету» Оныншы бөлім: «Жер мәселесі» — деп аталды.

Алашорда мақсат-мүддесін жүзеге асыру жолындағы А.Байтұрсынұлының қажырлы еңбегі туралы белгілі ғалым К.Нүрпейіс: «Алашорда Кеңес өкіметін мойындамай, 1918 жылы жазда басталған азамат соғысы жағдайында оған қарсы ашық күреске шыққан күштермен (атаман Дутов басқарған Орынбор казачествосымен, адмирал Колчак басқарған Сібір үкіметімен, Орал казачествосымен т.б.) одақтасты.

Жауласушы күштердің (Қазақстаңдағы) ара салмағы 1919 жылдың басынан Кеңес өкіметі мен Қызыл Армия жағына ауысуы Алаш Орданың жағдайын қиындатып жіберді. Сондықтан 1919 жылы көктемде Алаш Орда, бір жағынан Колчак үкіметімен байланысты түгелдей үзбей отырып, екінші жағынан Кеңес өкіметімен байланысын жандандыруға мәжбүр болды. Бұл жолы Алаш басшылығы (1918 жылы көктемдегі жағдаймен салыстырғанда) Кеңес өкіметімен байланыс орнату бүкіл Алашорда атынан емес, оның Торғайлық тобының атынан жүргізілген жөн деп шешеді. Сондықтан да, А.Байтұрсынұлы алдымен Қазақстанның Далалық өлкесіндегі Кеңес өкіметінің комиссары Әліби Жангелдинмен байланыс орнатып, одан кейін Москваға барып, Ресей Федерациясының ұлт істері жөніндегі халық комиссары (министрі) И.Сталинмен келіссөздер жүргізеді.

1919 жылы сәуір айыңца Торғай қаласыңда азамат соғысы жағдайында қоғамның бір-біріне қарсы екіге бөлінуінің нәтижесінде А.Имановтың опат болуы Алашорданың торғайлық тобының Кеңес өкіметімен ымыраға келіп, жақындасуын күрделендіріп жіберді. Саяси хал-ахуалдың дамуындағы осындай өзгерістер келіссөз жүргізу үшін Москваға барған АБайтұрсынұлының жағдайын айтарлықтай қиындатты. Осыған қарамастан А.Байтұрсынұлы большевиктердің Алашордамен байланысқа барып, қазақ халқының тағдыры жөнінде келіссөздер жүргізу қажеттігін дәлелдеуге көп күш жұмсады. А.Байтұрсынұлының табандылығы аяқсыз қалған жоқ. Кеңес үкіметі Қазақ халқының Ресей Федерациясы құрамындағы автономиялық мемлекеттігін ұйымдастыру ісін басқаратын орган құру туралы шешімге келді. 1919 жылы шілденің 10 күні В.И.Ленин «Қырғыз (қазақ-С.Қ.) өлкесін басқаратын революциялық комитет» жөніндегі уақытша ережеге қол қойды»/, — деп А.Байтұрсынұлының білгір саясаткер екенін дәлелдейді. А.Байтұрсынұлы 1919 жылы құрылған Қазақ революциялық комитетінің мүшесі болды, 1920 жылы қазан айында құрылған Ресей құрамындағы автономиялы ҚАКСР-ның үкімет мүшесі, оқу ағарту комиссары болын сайланды.

«Қазревкомның 1919 жылы 41, ал 1920 жылы 50 мәжілісі өтті. Қолда бар қазревком мөжілістерінің құжаттарына жүгінсек, А.Байтұрсынұлының сол мәжілістердің басым көпшілігінде баяндамалар жасағанына, жарыссөздерге қатысқанына, ұсыныстар енгізгендігіне, қабылдайтын щешімдердің жобасын дайыңдағанына, жекелеген мәжілістерге төрағалық жасағандығына көзіміз жетеді, — дей келе белгілі тарихшы ғалым К.Нүрпейіс «Алаштың күрескер ұлы» атты зерттеу мақаласында, — «А.Байтұрсынұлы Қазревкомның мәжілістерінде, көбінесе, Ресей құрамында құрылуы тиісті Қазақ автономиялық КСР-ның шекараларын анықтауға, оның әкімшілік-территориялық құрылымын қалыптастыруға, жергілікті басқару жүйесін қажетті жетекші кадрлармен жасақтауға, оқу-ағарту жөне мерзімді баспасөз жүйесін реттеуге, ұлттық-демократиялық интеллигенция тағдырын шешуге арналған мәселелерді талқылау ісінде үлкен белсенділік көрсетіл, оларға байланысты ұлттық мақсат-мүлделерге сай келетін қарарлар мен зандылық мәні бар құжаттар қабылдануына ат салысты,» — деп оны қоғамдағы әлеуметтік жағдайлардан ешуақытта тыс қалмаған, белсенді қоғам қайраткері ретінде көрсетеді. Яғни, А.Байтұрсынұлы қай жүйеде, қай салада жұмыс істесе де, алдына қойған — туған ұлтын алдыңғы қатарлы ел ету мақсатынан ешбір айнымаған.

Осы пікірдің дәлелі ретінде, оның сол кездегі Сібір ревкомы құрамында болған Ақмола мең Семей облыстарын, Челябы губерниясына қараған Қостанай уезін, Түркістан автономиялы КСР-ның құрамында болған Сырдария мен Жетісу облыстарын құрылуы тиісті қазақ автономиялы КСР-ына қосу үшін жүргізген күресін айтуға болады [14]. Белгілі тарихшы ғалым М.Қозыбаев А.Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси қызметі жайлы: «…оның реформаторлығы 1917 жылғы Қазан төңкерісі азаматтық, қарама-қайшылық дауылды-дабылды жылдарда ол Алаш мемлекетін құрушылардың бірі болды, 1919 жылы 4 сәуірде Совет өкіметі, советтік платформаға көшкен Алашордаға кешірім жариялатып, ұлттық келісімге келді. Әрі В.И.Лениннің ұсынысымен Қазақ өлкесін басқаратын қазақ (қырғыз) революциялық комитеті төрағасының орынбасары болған А.Байтұрсынұлы болашақ қазақ автономиясы аясына барлық қазақ жерін біріктіруде ерекше қажырлылық танытты. Челябі губерниясына еніп кеткен Қостанай уезін Қазақ өлкесіне қайтару үшін М.Сералин мен бірге В.И.Ленин атына арнайы хат жазып қана қоймай, РКП(б) Орталық Комитетінде арнайы қаратып, қаулы қабылдатты»[15], — дейді. Архивтегі мәліметтерге сүйенсек, А.Байтұрсынұлының осы баяндамасындағы көтерілген мәселелер дұрыс, яғни Қостанай уезін Торғай облысының құрамында қалдыру тиіс деп есептелінді. М.Қозыбаев сөзімен айтсақ, Ахаң Совет заманында да ұлтқа қызмет етуді бір сәт тоқтатқан емес. Бұл жылдары Ахаңның Одақ көлеміндегі шет аймақтардағы халықтардың мұң-мұқтажын жоқтаған еңіреген ер екендігін, ұлт азаттық қозғалысы қайраткері екенін таныта білді.

Ал, 1922 жылы ол Халық Ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми орталықты басқарды , бүкіл россиялық Орталық Атқару комитеті мен Қазақ Республикасы Орталық Атқару комитетіне мүше болды. Бұдан шығатын қорытынды, А.Байтұрсынұлының Қазақстандағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға өзіндік үнін қосып, ықпалын тигізгенін көреміз. Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлы Алаш қозғалысының басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметі тарапынан амнистия жасатып, олардың одан кейінгі уақытта қудаланбауы үшін де аянбай күресті.

Париждегі шығыс тілдері мен өркениеттері институтының ректоры, шығыстанушы Реми Дор өзінің «Қазақ әдебиеті» атты мақаласында қазақ әдебиеті мәселесінің сан қырына тоқтала отырып, А.Байтұрсынұлы мұралары туралы: «Ол — қазақтың зиялы қауымы бойында ұлт бірлігі және мәдени даму идеясын қалыптастыруға ұмтылды.Ал, бұл идеялар Алашорда партиясының идеологиялық жұмысының өзекті мәселелері болатын .Колчак бастаған ақтарға да, Қызыл армияға да қарсы болып, екі майданда күрес жүргізген Алашорда ақырында тізе бүгуге мәжбүр болды, бірақ оның саяси және мәдени идеялары қазақ даласында ғана емес, бүкіл Орталық Азия аумағыңда айрықша мәнді роль атқарды,» — дейді.

Француз ғалымының А.Байтұрсынұлы еңбегін бұлай бағалауынан, ол тек Азия халықтарының ғана мақтанышы емес, сонымен қатар Евразия үшін де үлкен мақтаныш, зор тұлға екеніне көзіміз жетеді.

Ғалым қазақтың ұлт екенін танытатын өзіндік мәдениеті мен әлеуметтік жағдайын айқындайтын тіл екенін түсіндіре отырып, ұлттық тілді дамытуға барынша үлес қосты.

Белгілі тіл білімінің білгірі Р.Сыздық: «оқу-ағарту идеясы — А.Байтұрсынұлының да қоғамдық қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тірегі болды. Бұл платформаны мықтап ұстауға алып келген — оның өз халқының тағдырын ойлаған қам-қаракеті.

Ол қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Осымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізін қазақтың мәдени түркі халықтары да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипатын және араб таңбаларын алады. Сөйтіп 24 таңбадан түратын, өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынұлы жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын тұрғызады.

Осы жазуды үйрететін «Әліппе» жазады. Жоғарыда айттық, оқу-ағарту мұраты — үстіміздегі ғасырдың бас кезінен бастап, қазақ қоғамы үшін әлеуметтік мүдделердің ішіндегі ең бастысы бодды. Сондықтан оқу-ағарту идеясына сол кезендегі қазақ интеллигенциясы жаппай мойын бұрды, әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол себептен 1911 — 1912жылдардан бастап, бірнеше «Әліп-би» кітапшалары түзіліп, олар Уфа,Орынбор қалалары баспаханаларында жарық көрді,» — [16] деп тіл және оқулық мәселесіне сіңірген еңбектеріне жан-жақты тоқталады. А.Байтұрсынұлы қазақ елінің бостандығының негізгі көзі — Н. Төреқұлұлының «Үлкендер үшін жаңа әліппесі», Ж. Аймауытұлының » Комплекспен оқыту жолдары» аггы еңбектері жарық көрді .Ол өзінің ағартушылық қызметіңде сауат ашқызу, оқулықтар шығаруға қамқоршы ретінде ғана емес, әлеуметтік-саяси мәні бар жазу (алфавит) мәселесінің шын жанашыры болып, ұрпақ пен ұрпақтың рухани қазынасының ара жігі ажырап қалмау қамын ойлаған ұлттық мүдденің жоқтаушысы, күрескері ретінде де танылды.

АБайтұрсынұлының араб графикасынан латынға көшуге үзілді-кесілді қарсы болып: «Хат мәдениеті бар халыққа бір әріпті тастап, екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес, — деп бір алфавиттен екінші алфавитке көшуді Қазақстаңдағы қоғамдық-әлеуметтік жөне экономикалық жағдай көтермейтінін: — «Латын әрпін бірден алып, бірден соған түсіп кетуге, одан да көп қаржы мен қайрат керек. Ондай бірден табыла қоятын мол қаржы мен қайрат түркі жұртында тағы жоқ. Бірден мұғалімдердің бәрін латынша үйретіп, бірден баспаханалардағы әріптерді латынға айналдырып, адамдарын латынша үйретіп, оқу кітаптарын латынша бастырып, арабша сауаттыларды латынша сауаттандырып жіберу адамның керек қылуын былай қоя тұрғанда да, оншақты миллион қаржымен біте қоятын жұмыс емес»[17], — деп дәлелдеді, араб әрпі мен латын алфавитінің тиімділігін төмендегідей салыстыра Алматыылайды: «Араб әрпінің артықтығы жалғыз баспада ғана емес, жазбада да артық болып тұрады. Өйткені, араб әрпімен басылған сөз бен жазылған сөздің арасында айырма аз болады, онда оңай оқылса мұнда да оңай болады» сондықтан, жазу барысында тиімдісі адамның қолына күш түсірмейтіні, ал латын алфавитінде қолдың бұлшық еттеріне елеулі күш түсетінін де дәлелдеп береді. Хат мәдениетін әлемдік өркенинтті дамудың негізі деп түсініп, оны жетілдіруге зиялы қауым өзіндік үлесін қосуға міңдетті деп санады, ол мақсатты жүзеге асыру үшін қажырлы да табанды күрес жүргізді.

А.Байтұрсынұлының 50 жылдық мерей тойында М.Әуезов: «Ахаң еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі — артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахаң мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ өдебиеті Аханды өзінің басшысы деп санайды», — деп атап көрсеткендей бар ғұмырын қазақ ұлтының егемен ел болуына арнаған ағартушының мұралары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жастар тәрбиелеу ісінде өзіндік үлесін қосуда.

Сондай-ақ, А.Байтұрсынұлының бар өмірін сарп еткен ағартушылық еңбегімен саяси қайраткер ретінде танытатын лауазымды қызметтері қоғамдағы әлеуметтік жағдайлар әсерінен туындады. Оның педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуына сол кезеңдегі саяси хал-ахуал мен үкімет саясатының тікелей ықпалы болды.

Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлының тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің Шоқан, Абай, Ыбырай сынды ойшылдарымыздың артына қалдырған мол мұраларынан нәр алғаны аңғарылады.

XIX ғасырдың екінші жартысында ұлттық педагогиканың дамуына белгілі тұлғалар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және т.б. зор үлес қосты. Олар қазақ халқының жарқын болашағы — тек оқумен, біліммен ғана келмек екенін жастардың санасына құюға тырысты. Жас ұрпақты білімге, мәдениетке, өнерге, адамгершілікке шақырды.

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында аға ұрпақ идеясын жалғастырушы бір топ қазақ зиялыларының көш басшыларының бірі — А.Байтұрсынұлының Шоқан, Ыбырай, Абайлардың ағартушылық идеяларын  зерделей келе, аға ұрпақтың тәлім-тәрбиелік мұраларын жоғары бағалап қана қоймай, оларды таратушы, насихаттаушы болғанын көреміз. Соның ішінде, Абай шығармаларының таралуына А.Байтұрсынұлының өзіңдік үлес қосқанын ҚР Орталық мемлекеттік архивінде сақталған құжаттардан көруге болады. Өзі төрағалық еткен мемлекеттік баспа редакдиясының алқа жиналысында (4.03.1921 ж. мәжілісхат №5) Қазан қаласынан қырғыз тіліндегі оқулықтарды шығаруға қаулы қабылдады:

Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 39, 41, 43 сандарында жарияланған «Қазақтың бас ақыны» атгы мақаласында: «Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білуі керек. Абайды қолымыздан келгенше қадірлі жұртқа таныту үшін мұнан былай кейбір өнегелі, өрнекті сөздерін газетаға басып көпке көрсетпекшіміз» [18], — деп Абай мұраларын насихаттау, абайтану ғылымында келер ұрпаққа жол салу мақсатын білдіреді. А.Байтұрсынұлының бүл мақсаты туралы М.Дулатов өзінің «Абай» атты мақаласында: «1904 жылы июнь айының басында Омскіге барғанымда Абай өлеңдерінің жазбасын алғаш А.Байтұрсынұлытан көрдім. Сонда, А.Байтұрсынұлы айтты: «Естуімше, Абай өз өлеңдерінің басылып шығуын қаламайды һәм бастыруға ешкімге рұқсат бермейді екен, күз Қарқаралы қаласына барамын, сонда әдейі бұрылып Абайға сәлем беремін, танысамын һәм өлеңдерін бастыру жайын сөйлесемін деген Ахметке Абайды көруге нәсіп болмады. Абай өмірі күзге жетпей, сол июннің 23-інде опат болды», — деп Абайды Ахметтің көре алмағанын бірақ, Абай тағылымы алдында тағзым етіп, үлгі-өнеге еткенін дәлелдейді. Оған тағы бір дәлел, Т.Қожекеев өзінің «Халқымен қайта қауышты қайран ерлер»  атгы мақаласында: «Ахаңды саналы, арлы, намысты ортадан шығып, орысша білім алып, еліне қайырымдылық көрсеткен, ізгілік істеген азаматтардың бірі екенін атап айтқан. Оны өткен ғасырдағы үш ағартушы — Шоқан, Ыбырай, Абайлардың ісін XX ғасыр басында жалғастырушы деп көрсеткен», — дейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ САУАТ АШУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ МӘНІ

 

2.1. А.Байтұрсынұлының ағартушылық қызметі

 

Ахмет Байтұрсынұлы мұралары негізінен бастауыш мектепке және Қазақстандағы бастауыш мектеп жүйесін жандандыруға арналған. Әсіресе, оның «Әліп-биі», «Тіл құралы», «Ақ жол» және т.б. еңбектері ұлттық бастауыш мектепті дамытуға өз үлесін қосады.

Ахмет Байтұрсынұлы ұлт мектебінің бойына жүгіріп, өз аяғына тұрып кетуі үшін, ең алдымен, оның жазуы, яки түсінікті де сөздің айтылу жүйесін толық белгілей алатын әліпби қажеттігіне, әсіресе қатты деп қояды. Сөйтіп, 1910 жылдан бастап қазақ жазуын жаңадан түзумен айналыса бастайды.

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің оқулығын жазуы – қазақ тілінде қазақша жазылған оқулықтың алғашқы бастамасы болды. Автор 1912 жылы мектеп балаларына арнап қазақша сауаттандыратын әліппені «Оқу құралын»жазғаннан кейін, мектепте қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқу құралын жазуға кіріседі. «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу – ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сөйлегенде сөздің қисыны келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жаза білуге, қай сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып жалғасатын жүйесін білу керек», деп жазады ұлы ғалым (Тіл құрал, 173-бет).

1926 жылы Ахмет Байтұрсынұлы «Жаңа Әліп-би» еңбегін жазады. Бұл Мемлекеттік білім кеңесінің ұсынған бағдарламасына сәйкестендіріліп, суреттермен безендіріліп, толықтырылып шығарылады.

Ахмет Байтұрсынұлы көрнекті ғалым ретінде ғана емес, әдіскер ретінде де көп еңбек еткен. Алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазумен қатар, осы оқу құралдарын тәжірибе жүзінде қалай пайдалану қажеттігі жөнінде де ғылыми тұрғыдан терең талдаулар жасайды. Бұл тұрғыдан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдістемелік ғылымның да алғашқы бастаушысы бола алды. «Баяншы», «Әліппе астары», «Нұсқаушы», «Тіл жұмсар» әдістемелік еңбектері мен «Баулу мектебі», «Жалқылау», «Қай әдіс жақсы», «Дыбыстарды жіктеу» атты мақалалары осының айғағы болса керек.

Ғалым өзінің оқулықтарында әріптерді балаларға тез әрі үйрету үшін көптеген әдістерді пайдаланған. Ол өзі жасаған әліпбидегі әріптерді үйрету үшін, ең алдымен, оны жазып үйрену үшін, тілдегі дыбыстарды тани керектігіне назар аударады. «Әріптерді тани білуді» мақсат ету- таңбаның негізгі белгілерін бағамдауға үйрету. Таңбаныңнегізгі екі белгісі бар. Бірі – сыртқы тұлғасы да, екіншісі оның мағынасы. Ахмет Байтұрсынұлы осының екі жақтылық белгісін балаға дұрыс пайымдатуға көңіл бөлген. Дыбысты меңгертіп, оның әріптік таңбасын таңбалайды.

Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік бағытта жазылған «Тіл жұмсар» атты еңбегінің мәні зор. Тіл – құралдың жеке бөлшектерін түсіндіру жолын белгілеп берген бұл еңбектің қазақ тілінің әдістемесі пәнінде алатын рөлі мен маңызы ерекше болмақ.

«Тіл жұмсар» — қазақ тілін оқыту әдістемесінің басы. Ғалымның өзі көрсетіп бергендей, тіл туралы еңбек жазу бар да, оны балаға оқыту жүйесі бар: «Тіл құрал» қазақ тілі қандай құрал екендігін тұтас түрінде таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып көрсетіп танытады. «Тіл жұмсар» сол үлкен құралдың бөлшектерін, тетіктерін балаға шағындап бөлек- бөлек ойыншық сияқты құрал жасап, соларды танытып, соларды жұмсату арқылы барып үлкен құралды танытады» ( 1992, 336).

Әдіскер-ғалым оқытудың дұрыс жолға қойылуы үшін мынадай әдістемелік қағидаларды ұсынады:

1) Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;

2) Тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару;

3) Сабақты алдын-ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру;

4) Қажетсіз мағлұматтардан сақтану, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп, үйрету;

5) Баланың ішін пыстыртатын біркелкі мағлұматтардан сақтану, лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру, түрлі әдісті оңтаймен оқытуға, жандандыруға тырысу;

6) Алғашқы кездегі оқыту деректің көрнекі болуы. Оған сай жобаларды дұрыс қолдану;

7) Өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де жақсы көру, оқытушы сүйген нәрселерді оқушы да сүйеді.

Ғалым ұсынып отырған қағиданың қай-қайсысы болса да балаға дәріс беру жүйесінде ешқашан ескермек емес. Мектеп мұғалімі үшін үнемі есте болатын негізгі ұстанымдар деп бағамдаймыз.

Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімінің басты салалары туралы ең алғаш қалам тартқан ғалым еді. Алғашқы сауат ашу құралы ретінде жазылған «Оқу құралынан» бастап, «Әліп-би» мен «Тіл құралда» қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терминдерін жасады.

Еліміздің егемендік алуы ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы көрнекті қоғам қайраткерлерінің педагогика ғылымына қосқан үлестерін, тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерін көрсететін бай-мұраларын ғылыми тұрғыдан, жаңа қырынан бүгінгі заман талаптарына сай ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Солардың ішінде Байтұрсынұлы Ахмет ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушісі, ақын-аудармашы, публицист ғана емес, ағартушы педагог ретінде ерекше орын алды. Оған А.Байтұрсынұлының өз бетімен педагогикалық іс-әрекетке қатысқаны нақты дәлел бола алады. [11]

А.Байтұрсынұлының еңбек жолын ағартушылықтан бастауының үлкен мәні бар. Оның ағартушылық ісі сол кезеңдегі қазақтың әлеуметтік тіршілігінде ең қажетті, игілікті әрекет еді. Ол 1895-1909 жылдары Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде бала оқытып, екі сыныптық училищелерде сабақ берді және оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санады. Бұл мақсатын өз өлеңдерінде, публицистикалық мақалаларында бейнелі тілмен «Надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты» деп жеткізген.

А.Байтұрсынұлыты қазақтар үшін өз әліпбиін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істеріне араласуына да алып келген – осы ағартушылық мақсаты. Оның ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы мектептердің жайы, бала оқытудың жолдары туралы жиі мақалалар жазды. Соның бірі – 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Оқу жайы» мақаласы. Бұл еңбегінде ол «Қазақта балаларды оқытатын әзірге жосықтар /программалар/ мен кітаптар /оқулықтар/ жоқ» дей келіп, оларды жазу қажеттігін және арнаулы педагогтік білім алатын оқтушылар даярлау керектігін, «білімнің бас құралы — кітап» деп, «білім конкурсы» дегенді жариялау арқылы да оқу-ағартуды жандандыруға болатынын айтады.

А.Байтұрсынұлы ағартушылық қызметін Алашорда үкіметі кезінде де, Қазан төңкерісінен кейін де ешбір тоқтатпаған. Бұл айтылғандар А.Байтұрсынұлының халықты оқуға шақырған, білім-ғылымның қажеттігін түсіндірген жалаң үгітші емес, қазақ арасында ағартушылық жұмыстарын, жалпы мектеп ісін жолға қоюға күш салған, бала оқытқан, тәжірибелі ұстаз, ғалым-ағартушы екендігін дәлелдейді.

Сондықтан А.Байтұрсынұлы қалдырған мұралар да әр тектес. Мысалы, «Маса», «Қырық мысал» деп аталатын өлең жинақтары, «Тіл-құрал», «Әліп-би», «Оқ құралы» деген қазақ тілін оқытып-үйретуге арналған оқулықтары мен хрестоматиялары, оқыту әдісіне арналған әдістемелік құралдары, оқу-ағарту мәселелеріне арналған мақалалары, графика мен терминология мәселелерін әңгімелейтін мақалалары мен баяндамалары, саяси-әлеуметтік тақырыпты қамтитын публицистикалары. Ал оның педагогикалық идеялары «Қазақша оқыту туралы», «Мектептер қажет», «Бастауыш мектеп», «Баяншы», «Тіл жұмсар», «Қай әдіс жақсы», т.б. еңбектерінде де айқындалған.

«Сөйтіп, оқу-ағарту саласында өшпес із қалдырған А.Байтұрсынұлы әліппелері жеті рет басылым көрді. Осыншама таралыммен ағарту саласында ұзақ қолданысқа ие болған өзге бірде-бір әліппе, оқулық жоқ. Басқа авторлардың әліппелері құрылымдық, әдістемелік енгізілген жадығаттары жағынан олқы соғып, бір рет басылым көруден аспады. Ал, А.Байтұрсынұлы әліппе, оқулықтары сол тұстағы жинақталған алдыңғы қатарлы тәжірибелерге сүйене отырып, белгілі педагогикалық-дидактикалық ұстанымдарды сақтай білуімен, жас өспірімдердің психологиялық жас ерекшеліктерін, тіпті, ұлттық ерекшеліктерін ескере жазуымен құнды болды. А.Байтұрсынұлы әліппелерін қазақ жұртшылығы ана тілінде жазылған аса қажетті тың құрал ретінде қабылдады. Ұлт ұстазының әліппе, оқулықтарының үсті-үстіне мол таралыммен басылып, ұзақ қолданылуының бір астары осында деп білеміз».

А.Байтұрсынұлы хат таныту, сауаттандыру әдістемесін жетік білген. Бұған еңбекте талданған Ахаң әліппелерінің құрылымы, ондағы жадығаттар, қолданған әдіс-тәсілдері, сүйенген ұстанымдары дәлел бола алады. Жинақтай айтсақ, Абат Саттыбайұлының «А.Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы» зерттеу еңбегі арқылы қазақ ғұламасының әліппе, оқулықтарының сан алуан әдістемелік иірімдерге толы екенін байқаймыз. Байқаймыз да, қайран қаламыз. Көз алдымызда Ахмет ата бейнесі бұрынғыдан да биіктей, тереңдей түскендей. Оқу құралының авторы да: «Бұлардың бүгінгі оқыту ісімізде пайдасы шексіз. Оқу құралдарының өміршеңдігі де осында. Мұның бәрі, айналып келгенде, тілді оқыту әдістемесі тарихының бастау көзі осы іспеттес оқу құралдарында жатқанына, олардан бастау алатынына толық айғақ» деп түйіндейді. Иә, авторға сүйене айтсақ, А.Байтұрсынұлының әліппе, оқулықтары кейінгілерге үлгі болып қана қоймай, әдістемелік зерттеулерге ой салды, қорытынды теориялық тұжырым жасауға негіз болды. А.Байтұрсынұлынан кейінгі әдіскер ғалымдардың ешқайсысы да өз зерттеулерінде А.Байтұрсынұлының әліппелерінде, оқулықтарында көрінген, жүзеге асқан әдістемелік идеяларына соқпай өте алған жоқ. А.Байтұрсынұлы теориялық тұрғыда дәлелдемегенімен, тәжірибеде әліппе, оқулықтары арқылы іс жүзінде көрсеткен әдістемелік ойларын, пікірлерін қазіргі ғалымдар дамытып жатқанына ешбір күмән жоқ.

«А.Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің іргетасын қалаушы» тарауын автор өз тарапынан: »күні кешеге шейін сахараның сәби сезімді қазақ санасының шамшырағы А.Байтұрсынұлы талантының өзге қырлары секілді оның әдіскерлігі жөнінде де ештеңе білмей келдік. Білетіндер де бұл салада ауыз ашпаған. Әрине, бұған қытымыр заман кінәлі делік. Ал енді сөз бостандығы өзімізге еркін тиіп, ел тарихындағы «ақтаңдақтарды» қопара саралауға мүмкіндік туып, «халқым», «жұртым», «тілім», «ділім», «ұрпағым» деп еңіреп өткен ардақты біртуар арыстарымыздың көпшілікке беймәлім мұраларын елеп-екшеуге қолымыз жетіп отыр. Бұл орайда аса жауапкершіліктің де керектігіне дау жоқ» деп бастай отырып, Ахаң еңбектеріне терең үңіліп, қазіргі оқыту үрдісіне қатысты қилы әдістемелік қалтарыстарды, амал-тәсілдерді орынды Алматыылаймыз. А.Байтұрсынұлы әдістемелік еңбектерінің бүгінгі оқыту ісімізбен сабақтастығын дөп басып көрсетеді. Нәтижесінде автор: «… бүгінгі қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінде А.Байтұрсынұылының әліппелері, «Тіл-құрал», «Баяншы», «Тіл жұмсар» әдістемелік кітаптары өміршеңдігін, сабақтастығын, құндылығын жоймаған еңбектер. Ал оқыту ісінде әдіскер ғалым еңбектерін керекті тұсында жүйелі түрде орынды пайдалану — әр мұғалімнің ісі. Бұдан біз оқыту ісінде ұтпасақ, ұтылмасымыз сөзсіз».

1912 жылы Орынборда шыққан «Оқу құралында» дыбыс пен әріпті оқыту дидактиканың «жеңілден ауырға» ұстанымы бойынша бірте-бірте күрделендіріледі. Онда тақырып бойынша бала өмірде күнделікті қолданатын, кездесетін сөздермен таныстыру ұстанымы сақталған. Әрі қарай баланы қызықтыратын жаңылтпаш, жұмбақтар және мақал-мәтелдер берілген. Одан кейін ғана қысқа мәтіндер мен өлең шумақтарын береді.

«Әліп-би» деп аталатын оқулығында негізінен мәтінді қолданып, түрлі ойындарды ұсынады. Ол ойындар дыбыстық әдіс жолымен сөздерді түрлендіру арқылы сөздер, сөйлемдер жасауға арналған. Әрі қарай жаттығулар беріп, оларды өзгертіп, жаңылтпашқа айналдыру тапсырмалары күрделендіріліп беріледі. Мұның өзі А.Байтұрсынұлы әдістемесінде күрделендіру ерекше орын алатыны көрінеді. Сонымен қатар баланың тілін дамытуда, оқығанды есте сақтауда қайталаудың маңызды екені ескеріледі.

«Қай әдіс жақсы», «Жалқылау /айырыңқы/ әдіс», «Жалқылауды жалпылау әдісі» деген еңбектерінде «Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай» дейді. Мәселен, сауаттау әдісі дегеніміз – соны білдіруге жұмсалатын түрлі әдістердің шумағы. Жазу — әріптердің дыбыстарын айта сала тізу; оқу — әріптердің дыбыстарын айта тізу. Сондықтан да ғалым мынадай заңдылықтарды түсіндіреді: «Әдісін алғанша қай істе болса, қиын болады. Әдісін алған соң, қайсысы болса да оңайлайды. Істің шапшаң істеліп күйге жетуі, қайта-қайта істеліп, дағдыға айналған кезде болады… Әдісін алғаннан кейін… қиындығы жоғалады. Одан әрі тек жаттығу, төселу үшін істің қайта-қайта істелуі шарт». [15]

Қандай әдісті пайдалансақ та, ол әдіс оқыту үрдісінің алдында тұрған дидактикалық міндетті шешуі керек. Оқу іс-әрекетінің тиімді болуы үшін, мұғалім белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін өзі төселген бір әдіс болуы қажет. Бір әдістің өзін бірнеше мақсатқа пайдалануы мүмкін. Ол арқылы білімді де меңгертеміз, тексертеміз, дағдыны қалыптастырамыз, т.б. Бірақ, бір әдісті білу жұмыстың нәтижелігін аңғартпайды. Мұғалім қай әдісті таңдамасын, оқушы қабылдауына жеңіл, тиімділігі мол, нәтижелі, ең негізгісі дидактикалық мақсат пен міндеттерге сәйкестігі ескерілуі қажет. Сонымен қатар мұғалім жұмысқа төселу үшін істің тиянақты, жауапты түрде істелуін көздеп, оқушыға меңгертетін білім жан-жақты жетілдірілген, білімдік мағлұматтар мол болуымен бірге, оны игерудің әдістемелік жолдарына назар аударуы керек. Сондықтан «Оқу мектептерінен шыққандарында мәніс білім мол болғанымен, әдіс білім аз болады» дейді. Яғни сабақта берілетін білімнің мазмұны ғана емес, оны игертудің әдісін де білгізу керектігін баса айтады. Және де «… әдісті үйрету де, үйрену де қиын… істің істеу мәнісін білгенмен, істеу әдісін білмей, … істі дұрыстап істеуге болар ма?» деген пайымдау жасайды.

«Тіл жұмсар» кітабында оқытуға қойылатын талапты былай тұжырымдайды: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімнің ұзақ жолын қысқарту, қиналмай оңай оқу, керек білімін кешікпей, дер негізінде алып отыру үшін балаға жұмысты әліне шағындап беру және баланың бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру» деп есептейді. Қай пәнде болсын баланың алған білімін тәжірибеде қолдануы барлық сабақтарда нақты тапсырмалар, өздігінен байқау, зерттеу жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан оқушы ережелерді, теориялық мағлұматтарды тәжірибе жүзінде қолдана алса ғана білім сапалы, тиянақты болып, дағдыға айналады.

Сыныптағы оқушылардың қабілеті түрліше дамиды. Көп балалардың қабілеті бір деңгейде орташа қалыпта, кейбіреуінің арнайы мүмкіндігі мол, қабылдау қасиеті ерекше болады. Сондықтан мұғалімдер осыған қарап материалды меңгерту жұмысын түрлендіріп береді. Әр оқушының қабылдау, тапсырманы орындау қабілетіне қарап, белгілі бір мақсатты білімге ұмтылдырып отырады. Мұғалімдер әр оқушыға дербес тапсырма беріп, өз бетімен іздендіруге бағытталған жұмыс түрлерін жүргізеді.

А.Байтұрсынұлы тіл мен әдебиет пәні арқылы дидактикалық заңдылықтарға, өзі негізге алған оқыту ұстанымдарына /«жеңілден ауырға», «оңайдан қиынға», «қарапайымнан күрделіге», «білім мөлшерінің баланың жас және дара ерекшелігіне қарай берілу» ұстанымы/ сүйене отырып оқытудың мақсатын, білімнің мазмұнын, сабақ беру ісін ұйымдастыру және оның әдістері мен әдістемесін ашып көрсетеді. Ендеше А.Байтұрсынұлы мұраларындағы дидактикалық ұстанымдарды қоғам талаптарына сай қазіргі заманғы оқыту әдістемесінде қолдану оқушылардың ғылыми дүниетанымын, өмірлік көзқарастарын қалыптастыруда, белсенді, дербес тұлғаны тәрбиелеуде аса қажет деп санаймыз.

А.Байтұрсынұлының 125-жылдық мерей тойына байланысты қабылданған іс-шараларда ғұламаның еңбектерін бүгінгі оқу орындарында оқыту жан — жақты қамтылады: ұлы ғалым, тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының 125-жылдық мерейтойына арналған конференциялар, жиындар «Ахмет тағылымы» атты семинар сабақ, оқулар өткізу; барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейте түсіп, Мемлекеттік тілді оқытудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге, сөйтіп оны жеке адамдар арасындағы қарым-қатынаста, іскерлік байланыста және қазіргі кездегі іс жүргізуде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нақты іспен айналысу;

-әртүрлі этникалық және әлеуметтік топтардың пайдалануына жеңіл, әрі тиімді әдістемелерді, көпшілікке арналған өз бетінше оқып-үйрену құралдарын, сөздіктерді, тілашарларды көптеп шығаруға ат салысу, әрі оған қамқорлық жасау;

-мемлекеттік тілді қолдануды дамыту жөніндегі құрылған қалалық «Мемлекеттік тіл» қорының жұмысына қолдан келгенше үлес қосу мүмкіндіктерін іздестіру;

-Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мұражайда алдағы уақытта «Ахмет поэзиясы», «Ахмет өлеңдері», «Ахмет-тіл зергері», «Ахметтану ілімі», «Ахмет тағылымы» тәрізді тақырыптар бойынша кездесу, сұхбаттар өткізуді дәстүрлі түрде қамтамасыз ету;

-«Мемлекеттік тіл және А.Байтұрсынұлы» деген тақырыпта мектеп оқушыларының шығармашылық байқауларын ұйымдастыру;

-басқа ұлт өкілдерінің байқауларын өткізіп, тілдің шынайы жанашырларын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы сыйлықтармен марапаттау жайы;

-кітапханалар мен мұражайларда Ахмет Байтұрсынұлына және тіл саясаты мәселелеріне арналған көрмелер, сұхбаттар, семинарлар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

-ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туған күні халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының басшылығымен жыл сайын тіл мерекесі іспетті ерекше дайындықпен өткізілуі ойластырылсын.

Қазіргі кезде А.Байтұрсынұлы мұралары мектеп бағдарламасына жаппай енгізіліп, оқытылып жатыр. Бастауыш мектептерге арналған жаңа буын оқулықтарын зерделейтін болсақ XX ғасырдың басында өмір сүрген зиялы қауымның еңбектерін молынан енгізілген. Мәселен, 2-сынып «Ана тілі» оқулығының күнтізбесінде М.Дулатовтың «Ешкімге жауыздық қылма», «Наурыз», «Байлық», Ж.Аймауытовтың «Ыстық қой, шіркін, туған жер», А.Байтұрсынұлының «Ағаш» т.б., 3-сынып Қазақ тілі оқулығында М.Жұмабаевтың «Балалық шақ», М.Дулатовтың «Күлмеңіздер кәріге». 3-сынып Ана тілі оқулығында С.Сейфуллиннің «Туған ел», «Ақсақ киік», «Дала», М.Жұмабаевтың «Өзім күнмін, өзім от», «Ауылға келген мұғалім», «Қарағым», «Аққала», М.Дулатовтың «Қоян», «Қош келдің, Наурыз», Ж.Аймауытовтың «Торғай» және т.б. еңбектері, А.Байтұрсынұлы туралы «Әліппенің атасы» атты мақалада ғұламаның өмірі туралы мағлұмат берілген. 5-сыныпта А.С.Пушкиннен аударған «Балықшы мен балық» әдеби ертегісі (2 сағат); 6-сыныпта «Қара бұлт» өлеңі (1 сағат); 7-сыныпта «Ақын ініме» өлеңі (1 сағат); 8-сыныпта «Қазақтың бас ақыны» мақаласы (1 сағат), 10-сыныпта «Қырық мысал», «Маса», «Әдебиет танытқыш» монографиялық оқу (7 сағат), 11-сыныпта А.Байтұрсынұлы мұраларын жан-жақты оқытылу қарастырылады.

Расында да, XX ғасырдың басындағы жаңа дәуір әдебиетінің негізін салушылар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов және т.б. еңбектерінен қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу жолын және жас ұрпақты адамгершіліке тәрбиелеудің негізін көреміз.

XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бастаушысы болып Ахмет Байтұрсынұлы тұрды. Ахметтің өмір жолынан бастап, артына қалдырған мұраларына: мысалмен айтқан көп ойлары, қаламгердің көсем сөзі, тіл тағылымы, оның ғалымдығына, еңбектерінің өміршеңдігін, пән сабақтарында және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын сабақтастыра  жүргізу  барысында бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда мүмкіндігінің мол екендігіне көзіміз жетті. Ол мына төмендегі кесте түрінде жүйеленеді:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 1

 

Тақырыбы

Педагогикалық мүмкіндіктер

Әдіс-тәсілдер

Білімділік

Тәрбиелік

Дамыту

«Қырық мысал» еңбегі бойынша

И.А.Крылов аудармасы екендігі, көшпелі елдің стихиясы — жан-жануарлар өмірінен алынған мысалдың халықтың төл туындысындай болуы; аудармадағы жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөздің ақынның төл туындысы екендігі; әр түрлі аңдар кейпін хабар беруде ишара тұжырымның кейде жұмбақтап, тұспалдап, кейде ашық, дәл айтылуы М.Әуезовтың «алғашқы төңкеріс рухындағы сөзі» деу себебін түсініп білу

Жақсы, жаман қасиеттерді айыра білуге, ынтымақ, бірлік, тәккәпарлық, дұшпандық, табалаушылық, көре алмаушылық, өз мінін көре білушілікке, адамгершілік, еңбек сүйгіштік, кішіпейілділік, қайырымдылыққа

Тіл байлығын, мәнерлеп оқи білуін, әсерлеп айта білу, шығарманы орындауда эмоционалды сезіне және сөз үлесімділігін келтіре отырып орындай білуге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге

Алған әсерінен сурет, мүсіндеу; сахналау, театрлау, драмалау, алған әсерлерінен соны пікірді қажетіне қарай пайдалана білу

«Маса» еңбегі бойынша

Жеке бастың мұң-шері, тұрмыс- салт суреті емес, негізінен әлеуметтік-қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар екендігі; М.Әуезовтың «елшілдік ұраны» деу себебі; халқының ұлттық санасын оятуға ықпалы. Қазақ халқының басынан кешкен ауыр хал-       ахуалын суреттеген шыншыл көркем шығарма екендігі; қараңғылық, надандық, марғаулық шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулықтан ояту әрекеті

Туған елін сүюге, оның сол кездегі күйін түсінуге; Ел, Жер, Тілге сүйіспеншіліктің қамынан туған іс-әрекетті құрметтеу

Ақыл-ойын, қиялын талдай, қабылдай білуге; естігенін есте сақтай білуге; шығармашылығын эмоционалдықпен мәнерлілікпен пайдалана білу

«Қазақ» газетінде ойларын еркін көрсете білу, мәнерлеп оқу жарысын ұйымдастыру, жеңімпаздарды А.Байтұрсынов туған күнінде мәнерлеп оқу және марапаттау

«Әдебиет танытқыш» кітабындағы ауыз әдебиеті

Ермектеме — ертегі, ертегісымақ, ауыз әдебиеті, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш; заңықтама — ертегі жыр, тарихи жыр, айтыс, үгіт өлең, толғау, түрлі терме өлендер; салалардың, тармаққа, бұтаққа бөлініп, оларға тұжырымдама жасалуы; олардың тәрбиелік мәнін, өміршеңдігін білу, пайдалана білу. Сарындама бір тарауы салт сөзіне — мысалдар, мәселен, ділмәр (афоризм) сөз, тақпақтар, мақалдар, мәтелдер; сарындама екінші тарауы ғұрып сөзіне — той бастар, жар-жар, беташар, неке қияр, жарапазан; сарындама үшінші тарауына — бесік жыры, бал ашқанда, ауру баққанда, бақсылардың жынын шақырғанда, тісті емдегенде, құрт шағыру, мал бәдік болғанда танымдық іс- әрекетін қалыптастыру

Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы, ерекшеліктерін айыра білуі, ата-баба тәрбиесіндегі ролін бағалай білу, құрмет көрсету Салт-дәстүрді құрметтеуге,оны пайдалана білуде тапқырлыққа, табандылыққа, тез шешім қабылдауға, достыққа, мейірімділікке, инабаттылыққа, адалдыққа

Ой-ерісін, талғамын, шығарманы мазмұнына қарай таңдай білуге; оны орнымен пайдалана білу, тәжірибесінде пайдалана білу, көргенін талдай білу, мазмұндамалар жазу, әңгімелесу, алған әсерлерін әңгімелеп беру, айырмашылығын айта білу

Пән сабақтарында, мерекеліктерде, апталық-айлықтарда пайдалану; сурет, мүсіндеуде пайдалана білу Сұрақ-жауап, сауалдамалар, ажырата білу, айырмашылығын, тұжырымын білу, оны пайдалана білу, үйкендер салт-дәстүрін жадында сақтау, әсерлерін шығармашылықпен әңгімелей білу

 

                   

 

А. Байтұрсынұлының негізгі мұралары: көркем дүние өлең жинағы «Маса» мен «Қырық мысал» әдебиеттану саласынан жазылған ғылыми еңбегі — «Әдебиет танытқыш» еңбектерінің тәрбиелік маңызы ерекше. Адам өзінің адамгершілігімен ардақты. Адамгершілік адамның рухани арқауы. Күнделікті өмірде істеген ісімен, адамдармен қарым-қатынасымен т.б. көрініс береді. Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық Мысал» еңбегінің бастауыш сынып оқушылары адамгершілік қасиетін тәрбиелеудегі тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері мына төмендегі кестеде қамтылды.

 

 

Кесте 2

Тақырыбы

Педагогикалық мүмкіндіктер

Әдіс-тәсілдер

Білімділік

Тәрбиелік

Дамыту

Аққу, шортан мен шаян 1-сынып

Аққу — көкте, шортан — көлде, шаян – құрлықта өмір сүруі себебінен бір бағытты таңдап ала алмауы, түсінбеушілігі. Адамның жерде күнелткендігінен, бір мақсатқа — бірлік, ынтымақ етуге мүмкіндігінің болуы

Әр қайсының өзіне тән табиғатын түсіне білуге, оны қорғай білуге, сүйіспеншілікке

Талғамын, талдай білу шілігін, ерекшелігін түсіну

Әсерлеп драмалау, сахналау, шығармашылықпен әңгіме құрай білу

Ағаш 2-сынып

Жас ағаш пен кәрі ағаш арасындағы айырмашылықты білуі, жас ағаштың өсуіне қажетті нәрселерді аңғару. «Жалғыз ағаш орман болмас» деген тақырыпта әңгіме құру

Көре алмаушылықтан зиян жегуі, оның жаман қасиет екенін түсіну, табиғатгы аялай білу

Ізденушілікке, өз бетінше талдай білу

Оқиғаға байланысты мақал-мәтел, теңеулер пайдалану; шығармашылықпен әңгіме құруға

Қара бұлт Өзен мен Қарасу 3-сынып

Пайдасыз істен қайырымның жоқтығы, «Көрпеңе қарай көсіл» тақырыбына әңгіме құру, соған орай әр нәрсенің өз табиғатына сай ісінің болуы

Қайырымдылыққа, пайдалы іс істей білуге, мақтаншақтық тан сақтануға

Ізденушілікке,пайымдылыққа

Өз беттерінше ізденіп, тақырып ашу тәсілін қарастыру

Егін бастары 4-сынып

Бидайдың дәнді, дәнсіз болғандағы жағдайын айыра білу; адамның ақылды, ақылсының жағдайы, өзін көрсете білу жайы «Су ішкен құдығыңа түкірме»

Тәкәппарлықтан сақтануға, кішіпейілділікке

Көркем дүниені түсіне білуге, табиғатты аялай білу

«Қазақ» газетіне мақала беруге, әңгіме құруға

 

А.Байтұрсынұлы шығармаларындағы адамгершілік мәселелері оның аудармаларында негізгі орын алады. Ғұламаның аудармасының ерекшелігі: аударма тікелей тәржіма емес, оның өз пікірлері де қамтылды.

Әсіресе, А.Байтұрсынұлы мұраларын бастауыш сатыда жүргізілген сыныптан тыс тәрбие жұмыстары «Әліппе», «Қазақ тілі», «Ана тілі» пәндеріндегі берілген білім мазмұны және А.Байтұрсынұлының ұсақ әңгімелерін оқытып, түсіндіру арқылы жүргізілді. Сонымен қатар, әр түрлі пәндік үйірмелерде, тарихи-саяхаттарда іске асырылды.

А.Байтұрсынұлы бастауыш мектепте оқушыларға білім мен тәрбие беруді жан-жақты талдай келе, «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек» — деп атап өзі көрсеткендей ғұламаның еңбектері бастауыш саты оқушыларына сұрыпталып берілді.

Бастауыш саты оқушыларын дамыта отырып білім және тәрбие беруде Л.С.Выготскийдің, Л.В.Занковтың, Ш.А.Аманошвилидің т.б. еңбектеріндегі қарастырылған ұстанымдары басшылыққа алынды.

Сонымен қатар, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, Т.Сабировтың, С.Қирабаевтың бастауыш мектеп оқушыларының танымдық, шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыруға байланысты идеялары тәжірибелік — эксперименттік жұмыстарды жүргізгенде негізге алынды.

Жалпы, бастауыш сынып бойынша Н.Айғабыловтың «Бастауыш оқушыларының ақыл ой бірлігі», В.П.Стрезикозиннің «Бастауыш кластарда тәрбиелей оқыту тиімділігінің кейбір шарттары», М.Н.Сарыбековтың «Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориясы мен практикасы» еңбектеріндегі және «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмүнының тұжырымдамасы», [21]«Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламаларындағы» оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар ескерілсе отырылып қамтылады.

Оқушының жас және дара ерекшелігіне байланысты:

-коммуникативтік мәдениет (ана тілі)

-ақыл-ой мәдениеті (математика, адамтану, қоғамтану)

-эстетикалық және адамгершілік мәдениет

-еңбек мәдениеті

-дене мәдениеті

А.Байтұрсынұлының еңбектерін бастауыш сыныптағы үйірме жұмыстарында өткізу барысында М.Әуезовтың фольклорлық жанр бойынша жасаған типологиясын басшылыққа алдық.

  1. Сыршылдық салт өлендері.
  2. Әңгімелі өлеңдер (батырлар әңгімесі, ел поэмасы, тарихи өлендер).
  3. Айтыс-тақпақ.
  4. Ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ (75). А.Байтұрсыновтың мұраларын оқытуда үйірме жұмыстарының, әсіресе пәндік үйірмелердің ықпалы мол болғанын тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында айқын аңғардық.

Жаңа буын оқулықтарында танымдық дамытушылық бағыттағы ұстанымдарды басшылыққа алады. 2-сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығында ұлттық сана-сезімді көздеген шығармаларды 5-тарауға жүйелейді.

  1. Өз елімді сүйемін.
  2. Асыл сөз.

III. Адам болам десеңіз…

  1. Мейірімділік жүректен.
  2. Еңбек түбі — береке.
  3. Табиғат — өмір бесігі.
  4. Өнегелі өмір

V.Біздің тілегіміз — достық (100).

А.Байтұрсынұлы мұраларын зерттеу барысында бастауыш мектептерге арналған әдіс-тәсілдер жан-жақты қарастырылды.

-«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Одақтықтың белгісі — бір ғана әдісі болу; шеберліктің белгісі — түрлі әдісті болу; керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек; оларды өзіне сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек».

-«Әр әдіс өз орнында жақсы».

-«Әдіс — керекшіліктен шығатын нөрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттану ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттану ісіне қолайлы боларға тиіс деп айтуға болмайды».

-«Сөздің дыбыстары сондай өзгергіш болған соң, орыс тіліндегі сөздердің дыбыстарына сәйкестеп әріп алуға болмайды. Дыбысқа сәйкестеп әріп алынбаса, сөздің жазылуы мен айтылуы бөлектенбей қала алмайды».

-«…бізде сөздің ішіндегі дыбыстарын айыра білу ете керек. Сөздің дыбыстарын дұрыс айыра біліп, оларға арналған әріптерді қоя білудің өзімен де үйренуші емлеміздің аз болса 60-70 пайызын біліп қалады».

-«Біздің жазу жүйемізбен ағылшын, америка,  француз жазу жүйесінің арасы алыс. Олардікі қытайдың таңба жүйелі жазуына жақын».

-Сөздің жазылуы мен айтылуының арасы алыстаған сайын емле тәртібі таңба негізіне жақындамақшы. Сөздің айтылуы мен жазылуының арасындағы сәйкестік сайын емле тәртібі таңба негізінен алыстай бермекші.

-«Тұтас сөз» әдіс деген сол «таңбаша үйрету» әдісі болады: бұл әдісше әріппен жазылған сөз таңба мағынасында көрсетіліп, таңба есебінде үйретіледі».

-Сауаттылық негізгі оқу бола ма, жазу бола ма? — әрине, жазу болады… Сауаттылықты оқу мұқтаждығы тудырмаған, жазу мұқтажы тудырған».

-«Жазба білу үшін тілдегі дыбыстарды таный білу керек. Ол дыбыстарға арналған әріптерін тани білу керек. Таныған әріптерін жазу білу керек, жазған әріптерін дыбысымен атай білу керек. Сауаттау әдісі дегеніміз — соны білдіруте жұмсалатын түрлі әдістердің шумағы болады».

-«Жазу — әріптердің сүйретін сала тізу, оқу — әріптердің дыбыстарын айта тізу».

-«Әдісін алғанша қай істе болса қиын болады. Әдісін алған соң, қайсысы да болса оңайланады. Істің шапшаң істелу күйге жету, қайта-қайта істеліп дағдыға айналған кезде болады».

«Сауаттану жас балалардың жүруге үйренгені мысалы: бастапқы кезде балалар айағын бір басып, бір тұрады; онан апыл-тапыл жүруге жарайды. Онан кейін ақырын да болса кәдімгідей жүретін болады. Онан әрі жүгіруге жарайды. Жүгіруге жарағаннан әрі жарысқа түсіп, жүрісті өнер есебінде қолдану дәрежеге жетеді».

-«Әдісін алғаннан кейін батылырақ қимылдайтын болады, онан әрі батылырақ жүретін болады, онан соң қалай болса солай жүретін болып әбден төселеді, төселгеннен әрмен басқалармен жарысып өнер салыстырарлық дәрежеге жетеді».

-«Әдісін алғаннан кейін айырудың да қосудың да қыйындығы жоғалады. Онан әрі тек жаттығу, төселу ғана қалады. Жаттығу, төселу үшін істің қайта-қайта істелуі ғана шарт».

-«Дыбысты әдіспен үйрету жолы… үйретушіге сүйеніш арта, сүйеніш шала безіп үйрету жолы… Бұлай жылжыған уақыт әр қимылды мүшелері өзі істеп, өз басынан кешіріп сезіп, түйіп отырғандықтан, қимыл тетігін тез аңдап, әдісін тез алады».

-«Тұтас сөзді әдіспен үйрету жолына келсек, ол — арбаны өзіне беріп, соған сүйендіріп, өзі қозғалтып, өзін жүргізіп үйрету емес, арбаға тіркеп, біреу сырғытын жүргізіп жіберіп отырып  үйрету сияқты».(«Қай әдіс жақсы?» «Жаңа мектеп», 1928, №4, 3-11 бет).

-«Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды; оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады. Үйретушінің де жігері қүм болмай, ісі ілгері оңай жылжыған сайын, көңілденіп оқытуға жаһады зорайып, шыбыттанады. Оқу барысында қиын болса, балалар миға (ұйыққа) түскен мал сықылды, малтығып жылжи алмай қиналады, үйретуші сүйреп шығара алмай қиналады. Екі жағының да жігері кеміп, шабыты болмайды. Шабыттанып істелмеген іс оңды да болмайды».

«Сондықтан әліппе кітабы оңай болып, оқытқанда балаларды неғұрлым аз қинаса, соғұрлым жақсы болмақшы. Әліппені балалар қиналмай оқып шықса, онан әрі оқуға ықыластанып, талаптары қанат байлағандай көтеріліп, зораймақшы. Осыны ойлап, әліппе оңай болмағын көздеп, бірінші, әліппенің басынан аяғына шейін оңай һәм қысқа сөздерді алдым; қазақ харіптерді оқып шыққанша, балалардың жолында малтыққандай еш қиыншылық ұшырмас. Екінші, бұл әліппеде әр дыбысқа, өзіне деп анықтап, хәріп арналады; олай болғанда бұрынғыдай бір харіп әр түрлі орында оқылмай, қай орында да болса, бір харіп бір-ақ түрлі оқылады; бүл һәм оқуды жеңілдетеді».

-«Сөз ішіндегі дыбыстарды балаларға айырту үшін әуелі бір буынды сөздер алынады. Мұнан соң екі буынды сөздің ішіндегі дыбыстарды айыруды үйрету, бұл арада балаларды сөздің буынымен таныстыру керек. Ол үшін екі буынды, үш буынды сөздерді алып, созып айту. Созып айтқанда, сөз буын-буыннан бөлініп естіледі. Сөз ішінде неше буын бар екенін білу балаларға қиын болмайды».

-«Осындай бірнеше сөзді созып айтып, қай сөзде қанша буын бар екенін айыруды біледі. Сөзді буындап бөлуді білгеннен кейін, мүғалім екі буынды, үш буынды алып, әуелі әр сөзді буын-буынмен бөлдіріп, әр буындағы дыбыстарды айыртқызып, сонан соң, тұтас сөздің ішінде қанша һәм қандай дыбыс барлығын көрсетеді. Өзге екі буынды, үш буынды, төрт буынды сөздердің дыбыстарын айырту үшін осылай істеу (керек)».

-«Балалар сөзді буындап бөле білгеннен кейін, сөздің әр буынындағы дыбыстарды қосып сөз айтуды үйрету. Бұл үшін әуелі дыбыстарды емес, сөздің буындарын бөлек-бөлек айтып, оларды қосқызын сөз айтқызу».

-«Сөздің ішіндегі дыбыстарды айыра һәм қоса білуге аз болса жеті, көп болса екі жеті уақыт керек. Балалар  әбден  білгенше асығып харіп көрсетпеске керек. Балалар сөздің буындарын һәм дыбыстарын қосып үйренгеннен кейін, харіптерді көрсету».

-«Жазу дегеніміз — дыбыстың таңбасы. Әр дыбыстың әр елдің таңбасындай таңбасы болады. Таңбасына қарап қай дыбыс екенін танимыз».

-«Бірден қосып оқи алмаған жерлерде сөздерді буындап бөліп қосқызады. Мұнан арғы сабақтардағы харіптерді үйрету жөні һәм реті осылай болады. Яғни әр жаңа харіп әуелі сол жаңа харіп ішінде келетін қысқа-кысқа сөздерді айтып, дыбысын айырту. Екінші, үйрететін дыбыстың харіпін кеспе  әліппеден алып, яки тақтайға жазып көрсету; үшінші, ішінде сол харіп бар сөздерді оқыту, жазғызу; төртінші, жазғандағы қателерін балалардың көзінше түзету».

(«Баяншы», Қазан, 6-шы мемлекеттік баспа, 1920 ж.)

-«Жалқылау әдіс — жалпылау әдіске қарсы жөндегі әдіс. Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы — іріден ұсақтау».

-«Мұның тәсілі жеке балаларды оқытуға жараса да, мектепте көп баланы оқытуға жарамсыз болып шыққан. Негізгі кемшілігі сөзді жаттығу, сөз әріптен, буыннан мағыналы, балаларға түсінікті болғанмен, не үшін былай «ат» етіп сызған нәрсе ат болып оқылуға тиістілі, онысы балаларға түсініксіз, сондықтан бұл әдіс те іске асып жарымайды, бірақ жалқылау әдіс пікірі өшпейді».

-«Баулу мектеп Европа мен Американың мәдениеті мен байлығы бойлап өсіп, аспанға таласқан, басына қырағы зейін барын салған, қырын ұясы сияқты төрдегі».

-«Баулу мектеп бала тәрбиелеу жүзіндегі көсемдердің көңіліндегі іздеген мүддесі көздеген мұраты есебінде жүрген мектеп еді.

-«Баулу» деген сөз жаңа мектептің атына да, затына да дөп келеді. Баулу мектепте балалар «баулу» түрде үйретіледі. Қазақ тілінде «баулу» деген сөз үйретудің қай түрінде айтылады. Мұнда да «баулу» үйретудің сол түрінде айтылады».

-«Қазақ тәртіптеп мектеп ашып, тәрбиелеп бала үйреткен жұрт емес. Сондықтан қазақта бала үйрету тарихы да қысқа. Сол қысқа тарихында да бала үйрету түрін, жұрттың керек қылуына қарай, байқаймыз… мәдениет есігінде отырған шағында, олардың да бала үйрету «баулу» түрде болған. Олар да бала үйретудің «өлі оқу» түрін де бастарынан кешірген. Олар да «өлу оқуды» жандандыру үшін төте оқу түрінде түскен. Онан бері келе «төте оқуды» да жандандыру үшін көрнекті оқу түріне түскен. Ақырында қайтадан «баулу» түрге түсіп отыр».

-«Бұрынғы «баулу» мен бұл күндегі «баулудың» түрі бір болғанмен сыры бір емес, өйткені ол күндегі тұрмыс түрі бұл күндері тұрмыс түрі емес, тұрмыс түрі басқа соң, баланы баулығында үйрететін іс түрі басқа болады… Солай болған соң бұрынғы «баулу» мен бүгінгі «баулудың», тек түрінің бірлігі болмаса, істері басқа. Олай болса, қазіргі «бала үйрету» қайта жайылу емес. Табиғи жолынан лағып шығып кеткен, үйрету беттің ілгергі алдын түзету болады».

-«Өлі оқу», «төте оқу», «көрнекті оқу» бәрінің асылы — оқу. «Оқу» біткеннің бәрінен алатын білім — өлі білім. Өйткені оның бәрі де нәрсенің өзімен, затымен айналыстырып үйретпей, тек нәрсенің атымен, пернесімен ғана айналыстырып үйретеді. Бәрі де істің әдісін үйретпей, тек мәнісін үйретеді. Сондықтан «оқу мектептерінен» шыққандарда мәніс білім мол болғанмен, әдіс білім аз болады».

-«Әдіссіз тек мәніс білім — өлі білім. Тіршілік — тірлік шарасы. Тіршілік шарасына үйретілген білім тірі болу керек. Ондай білімді адам мен әдіс білімін қатар үйренгенде білмек».

-«Ұлы істердің әдісі де ұлы болады. Ұлы әдісті үйрету де, үйрену де қиын болады. Ұсақ істің істеу мәнісін білгенмен істеу әдісін білмей, дұрыстап істеуге болмаса, ұлы істі дұрыстап істеуге бола ма?».

-«Нәрсеге ісің түсіп қарағанда байқаудың түспей қарағандығы байқаудың екеуі бірдей болмайды… Тоғай толының жайын тамашалай аралағаннан құрықша іздеп аралағанда әлбетте жақсырақ білсек керек».

-«Өлі оқудан» көрі — «төте оқу» беретін білім жандырақ, «төте оқудан» көрі — «кернекті оқу» беретін білім жандырақ. «Баулу» беретін білім бәрінен де жандырақ. «Баулу» асылында дағдылы мағынадағы «бала оқыту» емес, тіршілік ісіне тікелей түсіру».

-«Баулу мектеп» нәрседен нәрсе жасап товар қылып шығаратын фабрика, завод сияқты да орын емес, өзінен өзі әсерлік жағдай жасап, бәрін даяр күйінде беріп, балапан шығаратын жұмыртқа сияқты да орын емес, ұйым түрінде іс қылып, іс жүзінде біліп алып, еңбекті сүйетін шын еңбекші болып, ұшқанда алатын нәрсесіне ұяда баулығын қыран баласы сияқты жастар шығаратын орын».

-«Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі — мұсылманша оқу, бірі -русша оқу. Осы күні алты-жеті жыл русша оқығандарымыз дұрыстап русша сөйлей  алмайды һәм жаза алмайды. Ондай  уақыт оқуға жалпақ жұрттың бәрінің қолы жете алмайды».

-«Мұсылманша оқуға, мұсылманша болғанда қазақша оқуға, оншама көп жыл керек емес. Не үшін десеңіз, русша оқығанда уақыттың көбі тіл үйренуге кетеді. Қазақша оқығанда тіл үйренуге кететұғын уақыттар басқа нәрселерді үйренуге керек уақытқа ауысады».

-«Сондықтан русша 6-7 жыл оқып білетұғын білімдерді қазақша үш жыл оқып білуге болады. Русша оқып дұрыстап хат жаза білуге аз болса 8-9 жыл керек. Қазақша дұрыстап хат жаза білуге бір-екі-ақ жылдық. Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген оқуды айтпаймын, қазақтың тілімен оқуды айтамын».

-«Бұл күнгі мұсылманша оқып жүрген жылдың бұлғалаң-жырғалағы көп, онымен жүріп хат жаза білуге жеткенше русша білуден уақыт кем кетпейді. Себебі қазақ тіліменен оқытпай, ноғай, түрік, фарсы, араб, тілінде жазылған кітаптар араласып бас қатып, ми ашып, балалар әуре-пәуре болады».

-«…оқу керектігі даусыз болса, оқуға керек құралдары сайлау керектігі де даусыз».

А.Байтұрсынұлының тіл танудағы еңбектерін бастауыш сынып оқушыларына таныстыруда төмендегідей тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері және оқыту барысында ғұламаның өзі негізін салған әдіс-тәсілдер пайдаланылды.

1 сынып

Әрбір әріп, белгілі бір дыбысты белгілеу керек, әріп пен дыбыс сәйкестігінің болуы керек деп араб алфавитіне өзгеріс жасап, жаңа алфавит қосып өзгерістер жасады. Бұл қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін толық және дәл таңбалауда істеген үлкен өзгеріс. Бұл қазақ тілінің дыбысына орай бейімделген өзгеріс. Осы, алфавит негізінде тұңғыш «Әліппе» жасап шығарды. Бұл қазақ тілінің әріптері мен дыбысын беретін алғашқы әліппесі еді. Сондықтан «Ахаң- әліппе атасы». Бұл сауатсыздықты жоюға, алфавит, әріп мәселесін шешуде ұлттық жазу таңбасының керектігі мен оқулық мәселесін шешу керектігіне байланысты — ісі.

2 сынып

Ахаң өзі түрлеген жазу үлгісі негізіндегі сауат ашуда тек оқушыларға ғана емес, үлкендер сауаттандыруда үлкендерге де арнап кітап шығарды. Ахаң — әліппенің атасы. Ахаң — қазақ тілінің реформаторы. Оның көптеген өзекті мәселелерінің ішінен бірінші кезекке қойғаны — жазу, оқу мәселесі. Оған себеп: халқының сауатсыздығы, қараңғылығы. Қайтсек оқу, жазу ісін алға қоямыз деп жұмыс істеді. Араб алфавитіне реформа жасады. Енгізген өзгерісі: оның араб графикасы негізінде жасаған алфавитінде 24 әріп бар. Осы 24 әріптің ішінен араб жазуынан 16 таңба дайын күйінде алынған. 8 таңбаны өзі қосқан. А.Байтұрсынұлы — графикасының таза араб жазуынан басты айырмашылығы — ондағы дыбыстар созылыңқы, қысқа деп бөлінбестен, әрқайсысы жеке әріп түрінде таңбаланды. Бұл өзгерістері алфавитті көп жеңілдетті, оқуға жазуға көп оңай болды. Бүл жазуды кезінде төте жазу деп атады. Оны халық 1929 жылға дейін қолданды. Сөйтіп Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық бере алатын алфавит жасады.

3 сынып

Сауатсыз халықтың болашағын ойлап, жаны күйзелуі сауатсыздықты жою үшін алдымен алфавит мәселесін, әріп мәселелсін дұрыс жолға қою керектігіне көз жетеді. Сөйтіп, қазақ балаларының өз ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсайды.

Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін толық және дәл таңбалау үшін араб әріптерін қазақ тілінің дыбыстарына бейімдеп қазақ тіл білімінің негізін салады. «Әрбір әріп белгілі бір дыбысты белгілеу керек, әр дыбыстың жеке өз таңбасы болуы керек» деп есептейді. Сондағы әріп пен дыбыс сәйкестігі дұрыс болады, жазуымыз, графикамыз жүйелі болады деп есептейді.

Ахаң — қазақ тілінің атасы. Төл грамматикалық терминдерді қалыптасырғанын. Зат есім, сын есім, сан есім, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, сөз таптары, сөйлем мүшелері, дыбыс, әріп, дауысты, дауыссыз т.б. теминдерді тілімізге орнықтырған — Ахаң. Мұндағы «Тіл — құрал» еңбегінің ролі зор болды.

4 сынып

Жас ұрпақтың сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбасының керектігін ұғады. Араб жазуы таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы еместігін байқап, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, (8 таңбаны алып тастап, қайта өз жанынан қосып) қайта түзетуді қолға алады. Пікірлерін 1910 ж. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті беттерінде білдіреді. Бұл пікірді барлық зиялы қауым бірдей қабылдамайды. Кейбіреулері: «Араб жазуын мүлдем алып тастап, басқа алфавитті алу керектігін айтады. Кейбір авторлар араб жазуының қазақ тіліне керек еместігі — онда дыбыстың аздығын, оны басқа алфавитпен ауыстыру керек, не жаңа алфавит жасау керек» дейді.

Кейбіреулері: Алфавиттің халық мұқтажын өтеп отырғандығын, қаншама ғасыр пайдаланып келе жатқан жазуды алып тастауға болмайтындығын, оған халықтың жағдайы да, жайы да келмейтіндігін, бұл жазуға тек өзгерістер енгізу керектігін сөз қылады. Міне, сөйтіп сол кездің өзінде халқының қамын ойлаған азаматтар болды. Барлығының арманы, мақсаты қайтсек елімізді түзейміз, қайтсек оқу, жазу ісін алға қоямыз деген ойлар еді. Бұл ойларынан, тілектерінен А.Байтұрсынұлы шықты. Байтұрсынұлы — араб жазуын мүлдем алып тастап, басқа алфавитті алуға қарсылығын білдіреді. Сөйтіп, 1912 жылы Орынборда «Әліппе» бастырып шығарды. Кейін А.Байтұрсынұлыны араб қолдауы — ислам дінін уағыздағандай болып көрінді, оны «ұлтшыл» деп, «халық жауы» деп айыптады. Ол ислам дінін уағыздауды көздеген жоқ. Керісінше А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің дербестігін, тазалығын сақтауды қатты қолдаған адам еді.

Кесте 3

А.Байтұрсынұлының тіл жөніндегі еңбектері бойынша адамгершілік тәрбие беру

 

Тақырыбы

Педагогикалық мүмкіндіктер

Әдіс-тәсілдер

 

білімділік

тәрбиелік

дамыту

1

Әрбір әріптін белгілі бір дыбысты белгілеуі, әріп пен дыбыс сәйкестігінің болуы керектігі, араб алфавитіне өзгеріс жасауы, мұның қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін толық және дәл таңбалауда істеген үлкен өзгерісі екендігі. Осы алфавит негізінде түңғыш —       «Әліппе» жасалуы, бұл  қазақ тілінің әріптері мен дыбысын беретін алғашқы әліппесі. Мұның сауатсыздықты жоюға, алфавит пен әріп мәселесін шешуге, үлттық жазу таңбасының керектігі мен оқулығы мәселесін шешудегі ісі.

өз ана тілінің дыбыстық, таңбалығық бейнелеудегі Байтұрсынов еңбегін құрметтеу, тілге құрмет көрсету, өз ана тілін сүю, жалпы азаматтық құндылықта рды бағалай білу және оған құштарлығын арттыру

дыбыстарды, таңбаларды ажырата білу, олардың қай жерде орналасқанъша қарамай ажырата білу, «Әліппе атасы» А.Байтұрсынов екендігі, оның қазақ тілін таңбалаған, негізін қалған ғалым екендігі.

қазақтың түрмыс-салтывда, түрмыс тіршілігінде, ауыз әдебиетінде пайдаланатын сөздердің ішінен, бейнелеу өнерінде; тіл мерекелігі, апталығында пайдалану; «Әліппемен қоштасу» мерекелігінде пайдалану

 

1 сынып

Ахаң өзі түрлеген жазу үлгісінде тек, оқушыларға ғана емес, үлкендерге де арнаған. Ахаң — әліппенің атасы, қазақ тілінің рефор-маторы. Араб алфавитін реформа жасауда 16 таңба-ны дайын күйінде, 8 таңба-ны езі қосқан. А.Байтұрсы-нов графикасының таза айырмашылығы — созылыңқы, қысқа деп бөлінбестен әрқайсысы жеке әріп тү-рінде таңбалануында. «Төте жазудың» қазақ тілінің ды-быстық жүйесін толық беруі

қендылық-тарды құр-меттеуге, оны бағалай білуге; тап-қырлыққа мейірімді-лікке, тез шешім қа-былдауға, көрсетуге, оны сүюге

ой-өрісін, тал-ғамын дамы-тады, таңбала-ну ерекшелік-терін түсінуге, салыстырмалы түрдегі «Төте жазу» мен «Қазіргі қазақ тілі» таңбала-рының айыр-машылығын білуге

Апталық ме-рекеліктерде, өз бетінше жұмыс істеу-де, Ахмет мүрасының қүндылық-тарын пайда-лана білуде, оны айта білу.

2 сынып

 

 

-машылығын білуге

 

3 сынып

Сауатсыз халықтың бола-шағын ойлап, сауатсыздық-ты жоюда алфавит мәселесін, әріп мәселесін дұрыс жолға қою керектігіне көз жетеді. Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін толық және дәл таңбалау үшін араб әріптерін қазақ тілінің ды-быстарына сай бейімдеуі. «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің — атасы», «Тіл-құрал» еңбегінің маңызы.

Еңбек сүй-гіштікке, ті-лін қорға-ған, оны жасаған Азамттарды құрметтеуге, сүюге, қас-терлеуге, өз ана тілін сүюге баулу

ой-өрісін, тал-ғамын. Ана тілі жөніндегі күрес тарихын білуге, қүш-тарлығын арттыру

ана тілі ап-талығында әңгімелей білуге, «Қа-зақ» газетін-де алған әсерлерін баяндай бі-луге, маз-мұңдама жазуда пай-далана білуге

4 сынып

«Қазақ тілінің реформато-ры», тіл жөніндегі пікірле-рін «Айқап», «Қазақ» газет-терінде білдіруі, А.Байтұр-сыновтың араб жазуын қолдауы, оған өзгеріс енгі-зуге ұсынысы және өзгеріс жасауы, «Ахмет Байтұрсы-нов қазақ тілінің негізін салушы».

Табандылық-қа, Отансүй-гіштікке, ана тілін қорғай білуге, тілге құрмет көр-сетуге

қиялын, есте сақтауын, ерекшеліктер ді түсіне білуін, білуге құштарлығын арттыру

пікірін «Қа-зақ» газетін-де білдіруге, әңгімелеуге, апталықта, мерекелікте А.Байтұрсы-новтың тіл жөніндегі мұрасын насихатгау

                   

3 сыныпта «Әліппенің атасы» атты тақырыпты өткенде А.Байтұрсынұлының бастауыш оқушылары үшін үлкен еңбек еткенін оқушылар түсіне білді.

2 сынып

Ахаң өзі түрлеген жазу үлгісінде тек, оқушыларға ғана емес, үлкендерге де арнаған. Ахаң — әліппенің атасы, қазақ тілінің реформаторы. Араб алфавитін реформа жасауда 16 таңбаны дайын күйінде, 8 таңбаны өзі қосқан. А.Байтұрсынұлы графикасының таза араб жазуынан басты айырмашылығы — созылыңқы, қысқа деп бөлінбестен әрқайсысы жеке әріп түрінде таңбалануында. «Төте жазудың» қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық беруі

құндылықтарды құрметтеуге, оны бағалай білуге; тапқырлыққа мейірімділікке, тез шешім қабылдауға, тілге құрмет көрсетуге, оны сүюге

ой-өрісін, талғамын дамытады, таңбалану ерекшеліктерін түсінуге, салыстырмалы түрдегі «Төте жазу» мен «Қазіргі қазақ тілі» таңбаларының айырмашылығын білуге

Апталық мерекеліктерде, өз бетінше жұмыс істеуде, Ахмет мұрасының құндылықтарын пайдалана білуде, оны айта білу.

3 сынып

Сауатсыз халықтың болашағын ойлап, сауатсыздықты жоюда алфавит мәселесін, әріп мәселесін дұрыс жолға қою керектігіне көз жетеді. Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін толық және дәл таңбалау үшін араб әріптерін қазақ тілінің дыбыстарына сай бейімдеуі. «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің — атасы», «Тіл-құрал» еңбегінің маңызы.

Еңбек сүйгіштікке, тілін қорғаған, оны жасаған Азамттарды құрметтеуге, сүюге, қастерлеуге, өз ана тілін сүюге баулу

ой-өрісін, талғамын. Ана тілі жөніндегі күрес тарихын білуге, құштарлығын арттыру

ана тілі апталығында әңгімелей білуге, «Қазақ» газетінде алған әсерлерін баяндай білуге, мазмұндама жазуда пайдалана білуге

4 сынып

«Қазақ тілінің реформаторы», тіл жөніндегі пікірлерін «Айқап», «Қазақ» газеттерінде білдіруі, А.Байтұрсынұлының араб жазуын қолдауы, оған өзгеріс енгізуге үсынысы және өзгеріс жасауы, «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің негізін салушы».

Табандылыққа, Отансүйгіштікке, ана тілін қорғай білуге, тілге құрмет көрсетуге

қиялын, есте сақтауын, ерекшеліктер ді түсіне білуін, білуге құштарлығын арттыру

пікірін «Қазақ» газетінде білдіруге, әңгімелеуге, апталықта, мерекелікте А.Байтұрсынұлының тіл жөніндегі мұрасын насихаттау

 

3 сыныпта «Әліппенің атасы» атты тақырыпты өткенде А.Байтұрсынұлының бастауыш оқушылары үшін үлкен еңбек еткенін оқушылар түсіне білді.

Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»

Сабақтың мақсаты: Бастауыш саты оқушылары үшін оқулықтар жазған А.Байтұрсынұлының еңбектерімен таныстыра отырып, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақтағы көрнекіліктер:

-А.Байтұрсынұлының суреті; ғұламаның «Әліппесі»;

Көрнекі сөздер: «Ахмет Байтұрсынұлы — Әліппенің атасы»

«Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көлі жоқ, көгалы жоқ, қырға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,

Көңілін көтеруге қүл халықтың.»

А.Байтұрсынұлы

«Әліппенің атасы» атты сабақты өтпес бұрын оқушынарға ата-аналарымен біріге отырып А.Байтұрсынұлы туралы мағлұматтарды оқып келу тапсырылды. Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылардың өздері оқып жүрген оқулықтарының авторларының аты-жөндерін жатқа білу тапсырылды. Аталған тапсырмалардан байқағанымыз оқушылар өздері күнде пайдаланып, оқып жүрген авторлардың аты-жөндерін білмейтіні айқындалды. Сондықтан, А.Байтұрсынұлы мұраларымен, оның «Әліппелерінің» мазмұнымен таныстыруда ата-аналарының да кемегі пайдаланылды.

Сабақ барысында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылды:

  1. «Қазақ хрестоматиясы » оқулығын кім жазды?
  2. Оқулықтың алғашқы беташары қалай басталады?
  3. А.Байтұрсынұлы алғашқы «Әліппені» қашан жазды?
  4. «Әліппедегі» алғашқы беташар сөз?
  5. Оқушыларды қандай өлеңмен оқу, білімге шақырады?
  6. А.Байтұрсынұлының «Әліппесі» қанша  рет  басылып  жарияланды?
  7. «Әліппенің» мазмұнында қандай тақырыптар берілген?
  8. А.Байтұрсынұлының өздеріңе арнаған оқулығы ұнайма?

Осы сұрақтарды қоя отырып және А.Байтұрсынұлының «Әліппесіндегі» аддын-ала бөлініп берілген тақырыптар бойынша түсініктері, білімдік және тәрбиелік дәрежелері айқындалды.

Әсіресе, мұғалім сабақты қорытындылау барысында А.Байтұрсынұлы «Әліппесіндегі» тақырыптар бойынша«Менің сүйікті құстарым», «Туған өлкем», «Біз тоғайға барғанда»,«Менің атам мен әжем», т.б. тақырыптар бойынша мазмұндама жазғызып, олардын дүниетанымдық іс-әрекетін дамытты.

Сонымен, А.Байтұрсынұлықа арналған «Әліппенің атасы» атты. сабақта оқушылар ғүламаның «Әліппесі», ондағы қаралған мәселелер, тақырыптар бойынша мағлұматы болды. «Әліппедегі» тақырып бойынша өздеріне берілген тапсырманы түсініп, еркін талдай білді.

Бастауыш мектепте А.Байтұрсынұлы мұраларымен қатар, оның замандастарының еңбектерінің оқытылу мүмкіндікгері қарастырылды. Мысалмен «Әліппе» оқулығында Ж.Аймауытовтың «Торғай мен қарлығаш» атгы әңгімесі біраз ықшамдалып енгізілген. Бұл материал шәкірттер өріптермен толық танысып болған соң, оқыту сауаттылығын меңгеру кезінде оқытылады.

Әңгімені оқыту үшін мүғалім жазушының шығармада алға қойған мақсатын, тақырыбы мен идеясын дұрыс түсініп сабақта қолданылатын оқытудың әдістемелік амал-тәсілдерін қарастырады. Жазушы шығармада ынтымақ, бірлік, ұйымшылдық секілді адам баласына қажетті ізгі қасиеттерді суреттейді. Мысалды балаға таныс күнделікті өмірден, айнала қоршаған ортада алған. Яғни, шағын әңгімеде құстар әлемі сөз етіледі. Торғай, қарлығаш сияқты қүстардың тіршілігін сипаттай отырып, жас буынның танымдық кез қарасын дамытумен бірге оларды ынтымақта ауызбірлікте болуға тәрбиелейді. Солай еткенде ғана, өзгеге кіріптар болмайтындығы айтылады.

Жазушы ойын жеткізу үшін сабақты төмендегідей етіп жүргізді.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды оқуға дағдыландыру, тілін, ойын дамыту. Оларды ынтымақ, бірлікке, үйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың кернекілігі: Ж.Аймауытовтың суреті, шығармалар жинағы, торғай, қарлығаш, оның ұясының суреттері, кесте, плакат, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысында мүғалім әңгімені мәнерлеп, сөзбен жайлап түсінікті етіп оқиды. Арада кездесетін оқушылардың үғымына ауыр, түсініксіз деген сөздердің мән-мағынасын ауыз екі тілде түсіндіреді.

Мысалы: сүрлеу — ұяның шеті, жиегі деген мағынада; баттау — бірінің үстіне бірі қатталып лайдың, балшықтың қалындап жағылуы».

1-сынып сабағында мүғалімнің әрбір сөзі қысқа, нақты болып дәлелді оқиғаға құрылу керек. Жеңілден қиынға, жекеден жалпыға деген педагогикалық қағиданы ұстап отырмаса, оқушы зерігіп тез шаршайды. Бірте-бірте білімге деген ынтасы мен қызығушылығы төмендейді. Мұны бастауыш сынып мұғалімі әрдайым есінде ұстауы керек.

Мазмұнымен қатар әңгімеге қатысушы кейіпкерлер мен оқиғалар баланың ойында тез сақталып, сабақты оңай меңгеруіне жағдаі. жасайды.

Әңгіменің мазмұны осындай әдіспен түсіндіріледі. Содан кейін мынадай сұрақтар жазылған плакат, кесте тақтаға ілініп, сабақтың мазмүны сұралады.

І. Ұя қай құстікі еді ?

  1. 0ны қай құс иемденіп алды ? Оныкі дұрыс па?
  2. Қарлығаштар басқыншы торғайдың қорлығына қандай амал-әрекет қолданды?
  3. Қарлығаштардың мұндай іс-әрекеттерімен қандай ой түюге болады?
  4. Автордың айтайын деген ойы не? Кестедегі сұрақтарға жауап алынады. Әрине, бірінші сынып оқушысы оған дәл,нақты жауап бере алмауы мүмкін. Ондай жағдайда мүғалім өзі толықтырын отырады. Осылайша бірте-бірте сөйлеу тілін жетілдіріп, ойын дамытуға дағдыландырады. Енді сабақтың екінші кезеңінде, яғни тәрбиелік мақсатын түсіндіруге көштік. Бұл үшін тақтаға мынадай кесте ілінді:

Әңгімедегі ынтымақ, бірлік, ұйымшылдық туралы.

Мақалдар: І. Ырыс алды-ынтымақ. 2. Бірлік болмай — тірлік болмас. Мұғалім сабақты қорытындылай келе: — Міне, сендер әлі -ақ өсіп ер жетесіндер, өмірге араласасындар. Алдарыңнан не бір қиыншылықтар, асу белестер кездесуі мүмкін. Ондайда достарыңмен тату, бірлікте болсаңдар, кездесетін қиыншылықты оңай жеңіп шығасыңдар, — деп, оқушылардың өмірде кездесетін қиыншылықтардан құтылу жолдарын көрсетіп,олардың белсенділік іс-әрекетін дамытады.

А.Байтұрсынұлы мұраларын пән сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарының негізінде іс-шараларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан жүйелеу барысында:

  1. XX ғасырдың басындағы ұлттық педагогиканың негізін салушы зиялы қауымның мұраларын бастауыш мектепте оқытудың әдіс-тәсілдері нақтыланды.
  2. Зиялы қауымның еңбектерінің өзара сабақтастығы керсетілді.
  3. А.Байтұрсынұлы мұраларын сыныпта және сыныптан тыс уақытта жүргізудің әдіс-тәсілдері қарастырылды.

 

 

 

 

2.2. А.Байтұрсынұлы мұраларын бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары

 

 

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың өз халқының тарихын, тегін, сат-дәстүрін, тілін білетін, жалпы адамзаттық мәдениетті терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы қоғам қажеттілігі.

Қазақстан Республикасы білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім беру мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар:

1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алуға тең құқылығы;

2) әр бір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психофизологиялық және жеке басының ерекшеліктері ескеріліп, халық үшін білімінің барлық деңгейіне кең жол ашылуы;

3) жеке тұлғаны білімділікке және дарындылыққа ынталандыру;

4) білім басқыштарының сабақтастықтарын қамтамасыз ететін білім беру үрдісінің үздіксіздігі;

5) білім беру мекемелерінің ұйымдастырылуы — құқықтық нысандар және меншік нысандары бойынша оқыту тәрбиелеу жане қызмет бағытының әр түрлілігі;

6) білім берудің ізгілікті және дамытушылық сипаты;

7) білім берудің құқықтық және экологиялық бағыттануы;

8) білімнің зиялылық сипаты;

9) Оқыту мен тәрбиенің тығыз байланыстылығы;

10) білімнің ғылымының және өндірістің өзара кірігуі;

11) білім жүйесін ақпараттандыру;

12) білімді басқарудың демокртиялық мемлекеттік қоғамдық сипаты және білім беру мекемелерінің дербестігін кеңейту.

Яғни, Білім заңында әр бір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдістерін жан-жақты қамтиды және мемлекеттік тілді дамытуға тарихи мұраларды жаңғыртуға аса зор мән береді. [17]

Осы орайда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы педагогикалық ой-пікірлер, оның ішінде біз зерттеу нысанамызға алып отырған бастауыш сатыдағы білім беру ісінің озық идеясын бүгінгі білім заңына сәкестендіре отырып пайдалану көзделеді.

Өткен дәуірде жағымсыз қылықтар болып есептелмегенімен ең қажетті қасиеттер қатарына жатқызылмаған, балалар бойында қалыптаспаған — өз есебіне мықтылық, іскерлік, ұқыптылық, шаруаға бейімділік сияқты қабілеттерді бүгін өзгерген нарықтық қатынастар кезеңі қажет етуде. Жариялық кезеңі әр адамнан өз ойын қандай да бір түрде толық, терең және сауатты жеткізе білуін талап етуде.

Егер, біз қазір қоғамымызда пайда болып келе жатқан жағымды өзгерістер мәңгілік орнықсын десек, онда баланы оқыту және тәрбиелеу жүйесін түбегейлі өзгертуді бүгіннен бастауымыз керек. Ендеше жоғарыда айтылып кеткен қабілеттердің барлығы бүгінгі колледж студенті, ертеңгі балабақша, бастауыш саты маманының бойында қалыптастырылуы аса қажет. Бүгін және болашақта қоғам талап етіп отырған шығармашыл дара тұлғаны тәрбиелеу үшін, қазіргі заман талабына сай тәуелсіздік, сауаттылық, құлшыныс, дербестік т.б. қасиеттермен тәрбиеші өзі қаруланған болуы тиіс.Сондай-ақ оны әрқашан жүйелі түрде дамытып отыруы қажет. Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өз қабілеттерін іске асыруғадеген жолын ашады. Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.

Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әр түрлі анықтамалар береді. Мысалы, И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, обьектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.

А.Н.Лук шығармашылық  әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке ,қырағыллыққа балайды,идеяларды іске асыру, болжай білу қабілеттерін атайды.

Қазіргі бастауыш білім беру бағдарламысында оқу мен тәрбие берудің төмендегідей ұстанымдары басшылыққа алынады:

-дүние туралы (көркем, мифтік, т.б. түсініктермен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);

-оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас);

-дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми білім, біліктіліктер.

XX ғасыр басындағы педагог — ғалымдардың  еңбектерінде де жоғарыда сөз болған ұстанымдар негізі орын алған дей аламыз.

Жадид ағымының белді көшбасшыларының бірі — А.Байтұрсынұлы болды. А.Байтұрсынұлының бастауыш саты үшін жазған негізі төл туындылардың бірі – «Әліпбиді» зерделесек, оның әліппелерінің негізгі ерекшеліктері :

-Сөз оңынан солға қарай жаылады және оқылады.

-Бас әріп болмайды.

-Әріптер «екі таңбалы» және «төрт таңбалы» болып бөлінеді. Екі таңбалы әріптер тек сөз соңында ғана өзге әріпке қосылып жазылады, сөз басы мен сөз ортасында жеке тұрғандағы қалпында таңбаланады.

-Кейбір әріптер жол үстіне ғана жазылса, кейбірі жолдан түсіріліп таңбаланады (бұл ерекшелік сабақ үлгілерінде көрсетіп отырылады)

-Жазу барысында әуелі сөз тұтас таңбаланады, сонан соң асты-үстіне ноқаттар қойылатынын байқаймыз.

        Оның 1913жылы Әліп-биінің алғашқы беті Ы.Алтынсариннің «Кел ,балалар, оқылық» өлеңіне ұқсас жырмен басталады.

        Балалар, бұл жол басы даналыққа

        Келіңдер, түсініп байқап қаралық-та

        Бұл жолмен бара жатқан өрендер көп

        Соларды көріп, — тұра қалалық па?

        Даналық жарық, кен, байлық

        Жүріңдер азық тауып алалық-та?

А.Байтұрсұновтың 1914 жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Әліппесенде» ұлттық тілім бен дініміздің бай мұралары оқушының жас ерекшелігіне байланысты айқын таңдалып берілген Онда мақал-мәтел, жаңылтпаш, жер-су, үй хайуанаттары, ыдыс-аяқ атулары өте қызықты әрі балаға түсінікті тілмен берлген .Осы «Әліппе» 1928 жылы Қызылорда қаласында толықтырылып, қайта өңделіп басылды. [18]

1992 жылы «Ана тілі» баспасы арқылы А.Байтұрсынұлының “Тіл тағлымы” атты еңбектер жинағында “Әліппе” оқулығы (араб жазуынан қазіргі жазуға көшіріскендер Ж.Нәлібаев, Ж.Есенелиева, А.Төлегенова), 1998 жылы “Рауан” баспасы арқылы жарық көрген. “Әліп-биі” жарық көрді.

Ал, 1928 жылы қайты шыққан әліппеге білдірген пікірінде Т.Шонанұлы: “Ахаңның жаңа әліпбиі оқы құралдығы жағынан бір қымбат болса, ішкі маңызымен екі есе қымбат. Жаңа әліп-би Ахаңның бұрынғы әліп-билеріне тіпті ұқсамайды. Ахаңның бұрынғы әліпбилері кезінде “Әліп — екі үсін әннен; “Абжет әуестен”, ескі молдалардың оқыту әдісінен, ескі “қытай” жазуынан қалдырса, бұл әліппе бізді бұл күні педагогиканың таныстырып отыр, жазу әдісі жағынан да педагогиканың үстіміздегі мақсаты мен бағытына үйлесіп отыр” — деп оқулықтың құндылығын дәлелдейді.

Сондай –ақ әліппенің безендірілуі туралы: “Кітапта 126 сүгірет бар Мұнан басқа диаграм, жаңа басқа түрлі сызықтар бар. Сүгіреттерді жақсы, басылуы әдемі, әріптері ірі, сырты қолайлы” — деп оқулықтың сапасын тиімділігін айқындай түседі. Осы пікірден және әр жылдары шыққан әліппелерін зерделей келе, А.Байтұрсынұлы оқулық жазуда білім мазмұнының теориялық деңгейін көтеруді, көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік өмірмен байланыстылық т.б. дидактикалық ұстанымдарды, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алғанын анық аңғарамыз. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы — олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ған емес, сонымен бірге оқу үрдісіндегі баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндей етіп, жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен пратикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.

Егер, ана тілі сабағын ізгілік сабағы дейтін болсақ, ондағы барлық материал жеке тұлғаның рухани құндылықтарын дамытуға бағытталып, оның бойындағы жағымды қасиеттерді қалыптастыратындай мазмұнда болуы шарт деп есептейміз.Сонда ғана жеке тұлғаның жан-жақты дамып, қалыптасып, парасатты азамат болып өсетіні даусыз.

А.Байтұрсынұлы оқулықтарындағы білім мазмұнын қамтитын мәтіндер мен әңгімелер бастауыш сынып баласының бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруды көздейді. Ондағы түрлі танымдық сұрақтар мен тапсырмалар қалыптан тыс ойлауға, өз бетінше жұмысқа ғылыми көрегендікке баулуға және жоғары қиындыққа негізделе құрылғанына көз жеткіземіз. “Әліп-биінің” 91-бетінде төмендегідей тапсырмалар бар :

а) Өз бөлмеңнің түгендеуішін жаса;

ә) “Ой, мерген-ақ” деген өлеңді жатқа жаз;

б) Мына сөздерді буындап, жатқа жаз:

Мұрнымызды жыбыршытып түшкіртті,

Тамағымызды жыбыршытып жөткіртті.

в) Мына сөздерден сөз туғыз;

Үлгі : Ұзын-Ұзаю                  Қысқа-қысқару

Аз-                                          Көп-

Суық-                                     Жылы-

Ашық-                                    Жабық-

Биік-                                       Жақын

Доғары-                                 Аласа-

Түзу-                                      Төмен-

 

 

1.Қата оқыған жоқ қайта оқиды.

Алты бала одақтасып атбақыл атты.

Дала балалары одақ болды.

Асандар атты, алты асық алды.

Назарлар асықсыз қалды.

Асандардан асық қарыз алды.

 

Жұмбақ — есептер

1.Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр,

Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр.

Барлығы неше мысық отыр?

 

2.Төлептің төрт ұлы бар,

Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар.

Төлептің барлық баласы нешеу болғаны?

 

3.Бір үйдің төрт атасы бар еді,

Еркек жаны екі әке, екі ұл еді.

Еркектер кісі басы бір аттан мінгенде,

Бір ат артық болып шықты. Бұл қалай?

 

  1. Мынау қобдишаның ішінде төрт қобдиша бар. Осыны төрт балаға үлестіріп беріңдер. Төрт бала бір — бірден алсын, бірақ бір қаламсап қобдишаның ішінде қалсын.

 

  1. Шырпыдан тоғыз тор жасаңдар. Онан сегіз шырпы алып тастап, басқасын қозғамай қойып, екі көз ғана қалдыру керек. Қай шырпыларды алып тастау керек. [18]

Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлы оқушыны мезі ететін орынсыз сұрақтар бере бергеннен гөрі мұғалімнің мәтінді өзі оқып ішіндегі түсініксіз атауларға сілтеме жасағаны орынды деп санайды. Демек, шәкірттің оқуға ұмтылысының алғашқы сатыларында басы тасқа тиіп, тауы шағылмауын ерекше ескерген. Ғалым сабақ үрдісінде кері байланыстың жүйелі жүзеге асуын қатаң талап еткен, жаңа материалды меңгертуде ауырлық, салмақ түсірмеу, жеңілден ауырға қарай жүру және жалқыдан жалпыға ұстанымдарын қатаң сақтауды ескерген. Оқушының «тоты» болудан сақтап, шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыруды көздеген.

Еліміз егемендік алғаннан кейін ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздың өзіндік ерекшеліктерін қамтыған жаңа буын оқулықтары дүниеге келді. Бастауыш сатыға арналған Ш. Әуелбаев, «Әліппе», «Ана тілі», Т. Оспанов «Математика», Қ. Болатбаев «Бейнелеу өнері», Г. Жүнісова «Дүниетану» т.б. оқулықтарымен қоса әдістемелік нұсқаулар, дидиктикалық материалдар, ата — аналарға арналған көмекші құралдар мектептің оқу — тәрбие үрдісіне енгізіліп, оң нәтиже беруде.

Осы оқулықтардың авторларының пікірлерінен А. Байтұрсынұлының идеяларының жалғасқанын аңғарамыз. Мәселен, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, т. б. әліппе оқулығының ерекшелігі туралы: «Оқулық мақмұны мектепке жаңа келген баланың жас және психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, интерграциялы – кешенді, дамыта оқыту идеяларына құрылған. Онда дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі туралы білім беруді көздей отырып, оқушылардың өзін қоршаған ортаны тануға, алғашқы тілдік ұғымдарды меңгеруге, тілін дамыта отырып сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, олардың бұрын меңгерген біліміне сүйене отырып жаңа материалды игерулеріне негіз салынған», — дейді. ()

Тәлім – тәрбиелік мәні зор, өмірлік асыл қазына Ахмет мұрасына жаңаша көзқараспен қарап, оқу тәрбие үрдісіне енгізудің бүгінгі күнде маңызымен мәні өте зор. Қазір А. Байтұрсынұлы мұралары барлық мектептерде оқу тәрбие үрдісіне енгізілуде. Сондықтан осындай жұмыстарды ғылыми негізде ұйымдастырып, бір ізге түсіріп зерттейтін оқу — әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ететін кез туды.

Мысалы:

Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлар. Аңдар.

Сабақтың мақсаты: 1. Жабайы жануарлар мен аңдар туралы түсінік беру.

  1. Жануарлар мен аңдарды қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
  2. Жабайы жануарлар дүниесі туралы танымдарын дамыту, кеңейту.

Сабақтың көрнекілігі:  Жабайы жануарлардың суреттері,

                            Олар туралы шыққан кітаптар.

Сабақты өтудегі пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Байтұрсынұлы А. «Әліппе» А. Рауан 1998.
  2. Әуелбаев . Ш. « Әліппе » А. Атамұра 1998.

Сабақтың әдістері: Сұрау, баяндау, түсіндіру, әңгіме, көрнекілік.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

                                     Ұйымдастыру кезең. « Қоян мен қасқыр» атты әңгімені айтып беріп, төмендегідей сұрақтар қою арқылы әңгіме мазмұны талданады.

  1. Үй жануары мен жабайы аңдардың бір-бірінен айырмашылығыне?
  2. Үй жануарларына не жатады?
  3. Жабайы аңдарға нелер жатады ?
  4. Олар қайда мекендейді?
  5. Олар немен қоректенеді ?

 

Сабақтың мазмұны:

Жабайы аңдардың тиін, арқар, елік, бұғы, керік, қосаяқ, қоян, қасқыр, түлкі, аю, арыстан, жолбарыс суреттерін көрсетіп, олардың тіршілігімен таныстыру. Жаңа сабақты меңгерту барысында А. Байтұрсынұлының 1998 жылы «Рауан» баспасынан жарық көрген «Әліппе» оқулығындағы «Үй жануарлары» мен «Жабайы аңдар» тақырыбы қосымша материал ретінде пайдаланылады.

Мұғалім жаңа сабақты бекіту кезеңінде оқушылардың сабаққа белсінді қатысуынан олардың қызуғышылықтарының артқанын байқайды. Сабақты қорытындылау барысында оқушылардың «Жабайы аңдар» туралы білім деңгейінің бастапқы кезеңге қарағанда бекіту кезеңінде біршама көтерілгенін төмендегі кестеден көруге болады.

 

 

 

 

Рет саны

Кезеңдер

Оқушы саны

Сұрақ саны

Дұрыс жауап.

Жартылай дұрыс

Дұрыс емес жауап.

1.

Бастапқы

кезеңі.

25

5

6.

5

14

2.

Дамыту

кезеңі.

25

5

12

6

7

3.

Бекіту

кезеңі.

25

5

15

8

2

 

 

Үшінші сыныпта қазақ тілінің оқу бағдарламасындағы «Сан есім», «Сөз табын» оқыту барысында оқушылардың А. Байтұрсынұлы сан есім, сөз табын меңгертудің мүмкіндіктерін қарастырамыз.

 

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты: 1. Сан есімдерді айыруға дағдыландыру һәм санау. «Сан есім» атты пән сөзін ғалым А. Байтұрсынұлының еңбегі арқылы таныту.

2.Оқушыларды еңбекқорлыққа, татулыққа тәрбиелеу.

  1. Оқушылардың тіл байлығын арттыру, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: ереже жазылған плакат, «Бәйге аттары», «Қыз қуу», «Көкпар» суреттері, үлестірмелі суреттер.

Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, баяндау, көрнекілік, тест.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика пәндерімен.

Сабақтың барысы :

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын сабаққа аудару.
  2. Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ- жауап әдісімен өткен сабақты қорытындылап өту.

  1. Жаңа материалды баяндау:
  • Балалар, біз 2 – сыныпта Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер нені білдіреді деп айтып едік?
  • Дұрыс. Енді мына суреттерге назар аударайық.
  • Суретке қарап сөйлем құрау.
  • Бәйге аттары қанша шақырымға жарысып кетті?
  • Бәйге аттры 15 шақырымға жарысып кетті.
  • Қыз — жігіттер қыз қууға нешеден дайындалып тұр?
  • Екі- екіден.
  • Көкпарға қанша аттылар таласуда?
  • Көкпарға жиырма – отыздай адам таласуда.
  • Нешінші жұптағы балуан күшті болды?
  • Беінші шыққан балуан күшіне жұрт риза болды.
  • Бүгін біз танысатын сөз табы – « Сан есім»

Кей сөздер нәрсенің санын атайды. Мәселен: бір, екі, үш, төрт, бес, он, он бес, жиырма, бір жүз, мың.

Нәрсенің санын сұрағанда неше? немесе қанша? деп сұраймыз.

Нәрсенің дәл санын білу үшін сұрағанда неше? деп сұраймыз.

Нәрсенің дәл санын білу үшін емес, шамасын ғана білу үшін сұрағанда қанша? деп сұраймыз. Мәселен: «қанша күн жүресің?» — «үш-төрт күн жүремін» нәрсенің ретін білуді сұрағанда нешінші деп сұраймыз. Мәселен, «ол нешінші қатарда отырады?» — «бірінші қатарда отырады».

  1. Сөйлем ішінен сан есімдерді табуға дағдыландыру.
  2. Жігітке жетпіс өнер де аз.
  3. Бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем.
  4. Мың қозшыға бір басшы.
  5. Елу жылда ел жаңа.
  6. Ер қаруы бес қару.
  7. Сергіту сәті:

Табақта он бес алма

Қолымда төрт алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма ?

  1. Жеке жұмыс:

Сонымен қатар, осы 3 — сыныптағы «Етістік» тақырыбын өту кезінде де бұл сөз табын А. Байтұрсынұлының «Тіл — құрал» еңбегін қосымша пайдалана отырып, таныту мақсаты алға қойылды.

Көру диктанты.

Қырға баттеп бара жатыр балалар,

Жетегінде бір — бір шағын шана бар.

  1. Тест.
  2. Сан есімнің астын сыз.

Бор, жеті, алма, он, алпыс, қызыл, отыз, қуанды, жетпіс.

  1. Төмендегі сөздерден сан есімнің астын сызып көрсет.

«Жеті атасын білмеген – жетімдіктің салдары», «Екі рудан би болса, төбедегіні алар», «Алтау ала болса, ауыздағы кетер».

  1. Сан есім сұрақтарының астын сыз.

Кім?, Қанша?, Қашан?, Нелер?, Нешінші?, Неғылды?, Нешеу?

  1. Қанша ? сұрағына жауап беретін сөздердің асытын сыз:

Екі торғай, бір кісі, үш — төрт күн, қызыл алма, жиырма шақты үй, көп орамал.

  1. Неше? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз:

Төрт түйе, бес ат, ақ орамал, он шақты кісі, он балық.

  1. Сабақты қорыту. Ережені бекіту.
  2. Үйге тапсырма. Бағалау.

Жаңа материалды пысықтау және қорытындылау барысындағы оқушылардың белсенділігінен олардың материалды толық меңгергенін байқадық.

 Сонымен қатар, осы 3 — сыныптағы «Етістік» тақырыбын өту кезінде де бұл сөз табын А. Байтұрсынұлының «Тіл — құрал» еңбегін қосымша пайдалана отырып таныту мақсаты алға қойылды.

Сабақтың тақырыбы. Етістік.

Сабақтың мақсаты. 1. Етістіктің іс — қимылды білдірітінін түсіндіру.

Алған білімі бойынша етістік сөздерді айыруға дағдыландыру. «Етістік» терминін қазақ тіліне ең алғаш енгізіп, түсінік берген Ахмет Байтұрсынұлы екенін оқушыларға ұғындыру.

  1. Оқушыларды А. Байтұрсынұлы еңбегін таныту арқылы халқын, жерін, тілін, сүюге тәрбиелеу.
  2. Оқушыларды сұраққа дәл, айқын жауап беруге дағдыландыру.

Әдісі: сұрақ — жауап, баяндау, индуктивтік, тест.

Түрі: аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: ана тілі, көркем әдебиет.

Көрнекілігі: Етістікке байланысты сурет, ереже жазылған плакат, А. Байтұрсынұлы портреті, жылжымалы тақта.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ — жауап әдісімен өткен сабақты қорытындылау.

  1. Жаңа материал.

Тақтаға суреттер ілінді.

  • Өздеріне сұрақ қойғызу.
  • Суретке байланысты сұрақ қойып, жауап іздеу.
  • Ережемен таныстыру.

Кей сөздер заттың істейтін ісін білдіреді. Мәселен, арт , тарт, ал, ұр, сал, жаз, жу. Мұндай сөздер етістік сөздер деп аталады. Етістік не етпек? не істемек? не қылмақ? қайтты? неғылды? сұрақтарына жауап береді. Яғни, етістік дегеніміз — заттардың еткен — етпеген істерін көрсететін сөздер.

Мысалы: Бұлт торлады, Күн жауды, Су тасыды. Бұлт торламады. Күн жаумады. Су тасымады дейміз.

Бұлт, күн, су – заттар.

«Торлады», «жауды», «тасыды», деген сөздер болған істерді көрсетеді. «Торламады», «жаумады», «тасымады», деген сөздер болмаған істерді білдіреді.

Балалар, бұл «етістік» деген пән сөзін ең алғаш тілімізге енгізген — А. Байтұрсынұлы. Ахмет ата «Тіл құрал» деген еңбегінде етістікті осылай түсіндіреді.

  1. Сөйлем ішінен етістікті табуға дағдыландыру (Жылжымалы тақтамен жұмыс)
  1. Ұялмаған әнші болар, ерінбеген етікші болар.
  2. Жер таусыз болмайды, ел даусыз болмайды.
  3. Бірлік болмай, тірлік болмас.
  4. Қылыш жарасы бітер, тіл жарасы бітпес.

 

  1. Кітаппен жұмыс.
  2. Сергіту сәті.
  3. Дәптермен жұмыс.
  4. Терме диктант.

 

«Етістік» тақырыбының алған білімдерін тест әдісі бойынша сынау.

  1. Етістіктің астын сыз:

Қызыл, тартты, ағаш, таста, төк, жапырақ, бес, секір, қуанды, жүгірді, қар, көктем, отырғызды.

Етістіктің сұрақтарын тауып, астын сыз:

Кім? қайтті? қанша? қандай? не? не істеді? неғылды? қай?

 

  1. Етістік сөздердің астын сыз:

Күн жазға айналды, ет азға айналды.

Шаруа жаз жазылады, қыс қысылады.

 

  1. Не істеді? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сыз.

Ораз кітап оқыды. Атай егін суарды. Жылқы кісінеді.

Сонымен А. Байтұрсынұлы мұраларын бүгінгі жаңа буын оқулықтары мазмұнымен байланыстыра отырып сабақ берудегі мақсатымыз – оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және бастауыш сыныптан бастап оларды ғылымның тіл ғылымындағы еңбегімен таныстыру.

Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе – бұл жан-жақты дамыған, көп мәдениетті шығармашыл тұлға қалыптастыру. Оқушы қабілеттерін жан-жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Демек, бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, ұлтшылықпен ынтымақтастық орнатуға икемді тұлға болуы тиіс. Ол үшін мұғалім оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, оны ғылыми негізде қүруы, яғни тұлғаны дамытудың қозғаушысы болатындай, өз ісінің хас шебері болуы шарт.

Жастарға жүйелі білім, саналы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарау қажет. Ол үшін оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсарту керек. Мұғалімдер сабақтың теориясы мен практикасьн үйлестіріп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп, соның бәрін әдіснамалық тұрғыда игеруі тиіс. Сондай-ақ, оқыту териясы мен жеке пән әдістемесінің, жаттығу мен машықтаңдырудың және тіл мен ой, сезім мен таным қабілеттерінің өзара тұтастығы мен бірлігіне терең бойлай білуі шарт.

Тіл білімінің атасы, энциклопедист-ғалым А.Байтұрсынұлы мұраларын игертуде мұғалімдер оқушы белсенділігі мен қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп, дамыта оқыту мақсатын көздейді, Өйткені, бұдан 2,5 мың жыл бұрын қытай, грек елері патша сарайларында балаларды тәрбиелегенде олардың көркемөнер түрлеріне жетік болуына ерекше мән берген. Ондағы мақсаттары олардан сарай ақындары, өнер иелері шықсын дегеңдік емес,ұлтжанды тұлға қалыптастыруды көздеген. Себебі, бала елінің, ұлтының мүддесін ойлайтын саналы да салиқалы азамат болу үшін ең алдымен ана тілін, туған тарихын сүюі қажет деп есептейді.

Ендеше, бүгінгі тандағы қазақ педагогикасының өзекті мәселесінің бірі-елжанды, шығармашыл тұлға тәрбиелеу екенін ескерсек, онда біз де ең алдымен туған тілін сүюге тәрбиелеуіміз қажет. Ол үшін оқушы санасында елім деп еңіреп өткен ұлттық мұра ұраншыларының өмірін өнеге етіп, солардың төл туындыларын, биік мақсат мүдделерін оқушы санасында берік қалыптастыруымыз керек.

Мұңдай мақсатгы жүзеге асыруда А.Байтұрсьнұлы сынды тұлғаның өмірі мен шығармаларының берері мол, таптырмас тәрбие құралы деп есептейміз.

«Әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суретген, біреудің поэзиядан. Искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмарланбайтын адам болмайды,» — деп М.Жұмабаев айтқандай жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуда қазақ тілі мен ана тілінің алатьн орны ерекше.

Оқушының шығармашылық әрекетке батыл, жылдам енуінің мәні-оның сол тақырыппен жақсы таныс болуында. Ол үшін көркемдік ойлауға баулитын  ана тілі сабақтарының мәні зор. Ұшқырлық, өткірлік, қиялға, ойға жүйріктік, ой жүйесіндегі дәлдік, философиялық пайым, кез-келген мәселенің шешімін шұғыл табу, сөзді сүю, оның мән-мағынасын терең түсіну, жүйелі сөйлеу мәдениетін игеруде қалыптан тыс сабақтардьң берері мол.

 

Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы – бастауышты зерттеуші ғалым

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға сабақ барысында бастауыш тақырыбын өту негізінде А.Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» атты еңбегіндегі бастауышқа берген анықтамасымен таныстыра, талдай отырып, оқушылардың теориялық ойлауын қалыптастыру.

ә) Оқушыларда бастауыш туралы ұғым қалыптасқаннан кейін, оны пысықтай түсіп дағдыландыру үшін А. Байтұрсынұлының еңбегінен мәтіндер алып талдау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б) Мәтіндердің тәрбиелік мәнін талдау арқылы Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    Жарыс сабақ

Сабақтың тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық сұрақ.

Көрнекіліктері:    А.Байтұрсынұлы портреті,мұрағат деректері.

 

Сабақтың барысы:

Суретті пайдалана отырып өткен шығармалар бойынша табиғат суреті берілген әңгімедегі мәтінмен байланыстыра әңгіме құрындар. Мысалы, оқушының берген нөтижиесі: М.Әуезовтың «Қараш-Қараш» оқиғасы шығармасында мына жолдар ұқсас келеді: «Күн екінді болғанда манағы қарағайдан өтіп, үлкен таудың ішінде, өзеннің жағасында отырған бай ауыл қыстауының үстінен өте шықты» деген сөйлемнің мағынасы келіп тұр.

Осы кезде оқушынарға бастауыш сыныпта алған білімдері бойынша бастауышты тапқызамын.

Бастауыштың сөйлем мүшесі ретіндегі қызметін анықтаған соң, Байтұрсынұлы «Бастауышқа» қандай анықтама бергенін айтамын. Оқушыларға тақтаға сызба арқылы көрсетемін.

                                      Бас мүше (бастауыш)

                                               ↓

Сөйлем ішіңде сөздер байланысатын қазық сөзін, сөйлем иесін айтады екенбіз.                                           ↓

Ойға қазық сөз болатын қандай сөз?

                                               ↓

Сөйлегенде бір нәрсе туралы сырын-сипатын, жайын, амалын, болмысын сөйлейміз. Сөйлем ішінде сол нәрсенің атын көрсететін сөз бас мүше болады.

А.Байтұрсынұлы

         Міне, балалар А. Байтұрсынұлының „Тіл тағылымы» атты еңбегінде бастауышқа осындай анықтама бере отырып, бас мүшені бастауыш деген екен.

         Енді А.Байтұрсынұлы шығармасынан мәтінін талдаймыз. Екі топқа бөлініп мынадай тапсырманы орындайды:

         1-топ. Сөйлемнің бастауышын алып өздері байланысына қарай отырып талдауы керек. Мысалы: Тіл ғылымы дегеніміз асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым.

Тіл қисыны, тіл, сөз зергері-?

Осылай сөйлемді талдауды жалғастырады.

2-тапсырма. Берілген өлеңді мағынасына, ұйқас түріне қарап дұрыс құр жөне осы сөздерді жеке алып сөйлем құрайды.

Қаз, қаңқылдаған, едік, қатар, ұшып,

Сахара-көлге, салқындаған, қонып.

Бір қаудан, өртке құшар, болып, шыққан,

Не тәнімізде қалды, шарпылмаған.

Дұрыс жауабы:             «Қазақ салты»

Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,

Сахара-көлге қонып салқындаған.

Бір өртке қаудан шыққан душар болып,

Не қалды тәнімізде шарпылмаған.

А. Байтұрсынұлы

Енді осы сөздерді пайдалана отырып сөйлем құр және бастауышын  тауып талда.

Соңында оқушыларға екі топтың бағасын беріп сабақты аяқтаймыз.

Сондай – ақ А.Байтұрсынұлының «сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге үйету» мақсатына зор мән берген. Ғалымның оқушыларды жазбаша шығармашылыққа үйрету негізінде тіл дамыту мақсатын көздегенін әдістемелік еңбектерінен, оқу құралдарында ұсынған жаттығу үлгілерінен де байқау қиын емес.Әсіресе, А.Байтұрсынұлының өзі пайдаланған «Қайсысын қайда қою» (берілген бірнеше сөйлемдерден дұрыс орналастыра отырып сөйлеу яғни мәтін құрау жұмысын беру), «Қолайына қарай қос сөйлеммен қою», «Ермек еңбек», «Сұраққа жауап», «Құрастыру» сияқты түрлі тапсырмалардың бәрін құрастыру кезінде оқушыны дамыта оқытуға төселтуді көздесе керек.

Сондықтан қазіргі заман талабына сай біз мұндай тапсырмаларды оқушы шығармашылығын ұштау мақсатында пайдалануға әбден лайық деп есептейміз. Осындай мақсатты көздеген төменде жоспары беріліп отырған сабақ п.ғ.д. Ж.Қараевтің мақсат қою технологиясы бойынша ойылған. Мұнда, оқушының ролі басымдық танытып мұғалім тек кеңесші сарапшы қызметін атқарады. Оқушылар өз беттерімен алдын – ала ізденіп келгендіктерін көрсетеді.

 

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдеріндегі ел тағдыры. «Қазағым, елім»

Сабақтьң мақсаты:

  1. Оқушының ақынға рухани жақындасуына көмектесу, ақын өлеңдерінің мағынасын, мазмұнын терең меңгерту. Ақын өлеңдерінің ішкі сырына үңілу.
  2. Ақын өлеңдері арқылы оқушы бойына адамгершілік асыл қасиеттерді егу. Эстетикалық талғамын арттыру, жаман, жағымсыз қылықтардан жирендіру. Ақынның халқы, туған жері үшін өмір сүріп, қызмет еткенін үлгі ету.
  3. Ой-өрісін, әдеби білімін дамыту, шығарманы творчестволықпен оқи білуге үйрету, сөйлеу, тындау мәдениетін жетілдіру.

 

Көрнекіліктері: Ахмет суреті, М.Әуезов, С.Сейфуллиннің сөздері, өлендерінен үзінді жазылған бүктеме.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ » Мақсат қою технологиясы» бойынша.

Әдісі: Эвристикалық, сұрақ-жауап әдісі.

Мақсат қою технологиясының құрылымы:

 

І

Білімділік деңгейі

«Маса», «Досыма хат», «Қазақ салты», «Қазақ қалпы» өлеңдерінің мазмұнын , идеясын,мағнасын өлең жолдарын оқи отырып, ақын өлеңдерінің ішкі сырына үңілу.

«Маса»өлеңіндегі сергектікті қозғалыс күйді серпіліс пен ізденісті астарлы ойды түсіну

ІІ

Түсінісу деңгейі

«Қазақ қалпы», «Қазақ салты» өлеңдеріндегі қазақ қоғамының жалпы қалпына ақынның салқын қарай алмайтындығын түсініп талдай жүргізу.

«Досыма хат» өлеңінің халақты ояту, оның санасына, жүрегіне сезіміне әсер ету екендігін түсіну.

III

Қолдану деңгейі

Эвристикалық сұрақ-жауап арқылы өлеңдерінің поэтикалық көркемдігін, айшықты ойын тану.

IV

Талдау деңгейі (анализ)

Өлендерінің көркемдік ерекшелігін, компонентгерін талдау. Мақал-мәтелдер мен фразалық сөз тіркестерін табу.

V

Жинақтау деңгейі (синтез)

Осы өлендердегі буын саны, шумақ, тармақ, ұйқас түрлеріне талдау жасау. Өлеңдеріндегі Абай үлгісін байқау.

VІ.

Бағалау деңгейі (сын)

Ақын өлендерінің төрбиелік мәні, ақынның азаматтық үнін өз деңгейінде дәлелдеу, баға беру.

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру. Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, ата тегі, ұшқан ұясы, қызметі, еңбектері жөнінде сұрақтар беру арқылы және карточка бойынша білімдерін тексеру.

III. Жаңа тақырыпқа кіріспе. Балалар, Ахмет өзінің саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның жоғары бағаланып, ағартушылық бағыт әбден қалыптасқан кезде бастады. Бұл жерде айтпағымыз — саналы өмірін қоғамдық, ағартушынық қызметке іштей дайыңдалып бастаған Ахметің халықтың көркем мұрасының мән-маңызына, эстетикалық қадір-қасиетіне бойлап, оны жинап бастыруда көп еңбек сіңірді. Өзі де шығармалар жазып («Маса» жинағы), басқа халықтар қазынасының үлгілерін туған халқына жеткізу мақсатында аудармалар жасады. («Қырық мысал» жинағы).

         А.Байтұрсынұлының ғылыми творчестволық мұрасын негізінен үш үлкен салаға бөліп қарауға болады.

  1. Ағартушылығы (тіл тану, әдебиет танудағы еңбегі).
  2. Ақындығы (ақын лиризмі, өлеңдері мен мысалдары).
  3. Аудармашылығы.

Бүгін біздер сол үш саладағы еңбектерінің бірі — ақындығына тоқталмақпыз. Міндеті:

  1. Әрбір өлеңнің шумақтары арқылы мазмұнның ішкі сырын талдау;
  2. Әрбір өлендегі ақын үнін, ақынның ішкі толғанысын, өлең жолдарыңдағы астарлы бейнені айқындау;
  3. Әрбір өлең мағынасын ашу, адамгершілік жөнінде ой-толғау.
  4. Жаңа сабақты пысықтау. Ахмет өлеңдерінің көркемдік сипатын ашу үшін берілген тапсырмаларды шешу.
  5. Жаңа сабақты бекіту. Ахмет өлендерінің тәрбиелік мәнін ашу. Ахмет өлендерінің негізгі идеясы жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани жетілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу.
  6. Қорытынды. Ахмет өлеңдеріндегі Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырып дамытқан өрісті ойды, дәстүрлерді, гуманистік әуендерді, демократтық бағыттарды жаңа жағдайға бейімдей көрсеткен ірі ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын аудармашы екендігін оқушы жүрегіне ұялату, қазіргі заманмен байланыстыру.

 

Оқушыларды ана тілі қазақ тілі пәндерінде Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерін пайдалана отырып оқыту барысында білім дәрежелерінің нәтижелері.

 

Қалыптасу деңгейі

Экспериментке дейін.

%

Экспериментен кейін.

%

Оқушылар деңгейі

Міндетті деңгей

30%

40%

Мүмкін  деңгей

50%

60%

Жалпы

80%

100%

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақ тілін ғылыми негізде, ғылыми әдіс тәсілдермен үлкен ғылым  саласы ретінде алдымен ұлтымызға, одан соң бүкіл әлемге өз тілімізде паш еткен қазақ халқының мақтанышы – Ахмет Байтұрсынұлы терең  ойлы оқымысты ғалым, жазушы, ұстаз, қоғам қайраткері.

Ғалым өз зерттеулерінде қазақ тілінің негізін құрайтын басты салаларды түгел қамтыған, оның ішінде — дыбыстық жүйесін, морфологиясымен синтаксисін өз тілімізде алғаш рет сипаттай отырып, көптеген ғылыми  теориялық мәселелердің басын ашып, терең де зерделі тұжырымдар айтқан .Бұл тұғыда қазақ тілінің, тіл білімінің негіздерін танытуға, оқып — үйретуге арналған  еңбектерін келтірсек те болады. Олар: «Тіл – құрал», «Тіл танытқыш», «Сауат ашқыш», «Оқу құралы» т.б.

Көптеген грамматикалық, жалпы тілдік категориялар мен құбылыстарды сөз еткенде, Ахмет Байтұрсынұлы өзі сол ұғым — түсініктерді арнайы қазақша терминдермен атап, анықтама берген. Тіл біліміне қатысты жәйттерді қазақ тілінің өз табиғатынан туындайтын заңдылық, ерекшеліктерге сүйене отырып, басқа тілдік қалыпқа салмай, жүйелі түрде баян еткен.

Ғалымның зерттеу обьектісі болған қазақ тілінің тіл білімінің кез — келген проблемасы өзінің ерек зәрулігін, өміршеңдігін әлі күнге жоймаған. Бұған мысал ретінде жазу, емле, орфография, терминалогия, т.б. мәселелерді атауға болады. Ахмет Байтұрсынұлы өзінің тіл туралы зерттеулері жайында «Өмірбаянында» былай дейді: біріншіден, қазақ тілі фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен, екіншіден, қазақ алфавитін, орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен, үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа  тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен, ақыры, ең соңында, төртіншіден, проза тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен  термин жасау арқылы халықтың жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым.

Жалпы, тіл білімінде, түріктануда үлкен орын алатын – типалогия, түбір мәселелері ыңғайында Ахмет Байтұрсынұлының өте нақты, ғылыми маңызын әлі күнге жоймаған ойларын келтіруге болады. Ол әлем тілдерінің типалогиялық ерекшеліктеріне қарай бөлінген терминді қазақша былай атайды: түбіршік тіл, жалғамалы қопармалы және осы топтарға қандай тілдер жататындығын көрсеткен. Сонымен қатар түрлі лингвистикалық тәсілдерді жіктеу, топтастыру, тапқа бөлу т.б. енгізіп, өз зерттеулерінде кеңінен қолданған.

Ұлттық теминалогияны қалыптастыруда ұлттық терминжасам рпинциптерінде қазіргі заман лингвист – ғалымдары өз зерттеулерінде ғалымның ойларын кеңінен сөз етіп, оған арқада сүйеп келеді.

Тіл біліміндегі Ахмет Байтұсынұлы айтқан ойлар, ол бастаған ғылыми дәстүр бір сәткеде үзілген емес, өз үйлесімді сабақтастығын тауып, кейінгі маман қазақ лингвист — ғалымдарының еңбектерімен жалғасты.

Жалпы орта білім беретін дәрежеге қол жеткен қазіргі кезеңде де Ахмет Байтұрсынұлы еңбегінің мәні бұрынғыдан да тереңдей бермек. Себебі, білімнің, дүниені танудың басты негізі бастауыш мектеп екендігіне ешбір талас жоқ.

Әр оқушының ары қарайғы таным әрекетінің тиімділігі – оның жеке басының қалыптасып, дамуына тигізер әсерінің мәнділігі – білім берудің бастауыш сатысында.

Ғылым мен техника дамып, адамзат қоғамы жаңа ғасырдың табалдырығынан аттағалы бері Ахмет Байтұсынұлының бірінші, білім – ана тілінде берілуі, екіншіден, халықтың сауатты болуы керектігі болуы туралы әлі де көкейкестілігімен құнды. Бастауыш сыныптарда білім беру туралы айтқан пікірлері 1996 жылдың қыркүйек айында Қазақстан үкіметінің «Қазақстан Республикасының Жалпы білім беретін мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін даярлаудың мақсатты бағдарламасымен» уақыт алшақтығына қарамай үндестік табуда.

Жалпы білім беру ісін зерттеу бір сәтте тоқтап көрген емес. Мұғалімдер мен ғалымдар білім саласында еңбек ететін азаматтардың барлығыныңда көздеген мақсаты – уақыт талабына сай қабілетті, дүние жүзілік білім кеңістігіне бойлай еніп, ұлттық негізін жоймаған жеке дара тұлғаларды тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Әуезов М. Байтұрсынұлы елуге толды. Ақ жол. — Алматы: Жалын, 1991.

2.Дулатов М. Ахмет Байтурсынович Байтұрсынұлы. Шығармалары. — Алматы: Жазушы, 1991.

3.Сыздықова Р.Ұлтты білім ғылымының көшбастары.//Қазақстан мектебі.

4.Қирабаев. С. Ахметтің ақындығы. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. — Алматы: Жалын, 1995.

5.Құсайынлов К. Дәстүр жалғастығы. //Қазақстан мектебі. №6. 1998.

6.Нурпейсов К. Алаштың күрескер ұлы. //Қазақстан мектебі. №5. 1998

7.Қозыбаев М. А.Байтұрсынұлы – XX ғасырдың ұлы реформаторы. // Егемен Қазақстан 24 қыркүйек. 1998 жыл.

8.Сегізбаев О. Казахская философия XVначало века. — Алматы: Ғылым, 1996.

9.Байтұрсынұлы А. Қазақша оқу жайынан. Тіл тағлымы. — Алматы: Ана тілі, 1991

10.Қасабеков А. Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. — Алматы: Ер дәулет, 1994.

11.Қазақстан Республикасының Президентінің халық бірлігі мен ұлттық тарих жылына арналған қаулысы. //Егемен Қазақстан 1999.

  1. Жұмабаев М. Бастауыш мектепте ана тілі. //Жұлдыз, 1993

13.А.Байтұрсынұлы. Қазаққша оқу жайынан Тіл тағлымы. — Алматы: Ана тілі, 1991.

14.Шонанов Т. А. Байтұрсынұлы халық ағарту және әдебиет саласында //Жұлдыз. №2. 1992

15.А.Байтұрсынұлы. Ақ жол. Шығармалары, өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. Алматы: Жазушы, 1989.

16.Сыдықов Ә Ы.Алтынсариннің педагогикалық пікірлері және ағартушылық қызметі. — Алматы: Мектеп, 1971.

17.Қазақстан Республикасы мәдени – этникалық білім – беру тұжырымдамасы. //Егемен Қазақстан, 7 тамыз.

18.А.Байтұрсынұлы Ахметтің араб әліпбиін жақтаған баяндамасы. Тіл тағлымы. — Алматы: Ана тілі, 1991

19.А.Байтұрсынұлы Қазақтың бас ақыны //Қазақ 1970

20.Қалиев С., Иманбекова Б. А.Байтұрсынұлының педагогикалық мұраларын оқу тәрбие жүйесіне  пайдалану. — Алматы: «Өлке», 2002.

21.Қалиев С., Иманбекова Б.И. А.Байтұрсынұлының ағартушылық мұраларының зерттелу жайы. //Ізденіс №1-2 2000

22.А.Байтұрсынұлы Тіл тағлымы. — Алматы: Ана тілі, 1992.

23.Бастауыш мектеп. №4 2004 жыл.

24.Қазақстан мектебі. №8 2001 жыл.

25.Қазақстан мектебі. №6 1998 жыл.

 

 

 

Қосымша

 

 

А. Байтұрсынұлы мұраларындағы афоризмдер

 

Атадан бала туса игі,

Ата жолын қуса игі.

Бетіне келер ұятын,

Өзі біліп жуса игі.

 

Берген алар,

Еккен орар.

Дауыл болмай, жауын болмас.

 

Қас жорғадан жортақ туар,

Қас батырдан қорқақ туар,

Қас шеберден шорқақ туар.

 

Еділ бойы тоғай бар,

Торғай толы ноғай бар.

Бурыл атта бұғау бар,

Оны да кесер егеу бар.

 

Атаң жаман кісі еді,

Ат бергеннің құлы еді.

Енең жаман кісі еді,

Мәскеудің қара күңі еді.

 

Жер жұтуға тоймайды,

От отынға тоймайды,

Құлақ естуге тоймайды,

Кісі ойға тоймайды,

Бөрі қойға тоймайды.

 

Жақсы келсе құт,

Жаман келсе жұт.

 

Өз ақылын шамалаған қор болмас.

 

Бақыр қазан піскені

Баршамызға пайдалы.

 

Өлген келмес,

Өшкен жанбас.

 

Күркіреген күннің жауыны аз.

 

Ауру күлкі сүймес,

Жүйрік итті түлкі сүймес.

 

Жоғарыда орын барда,

Төмен отырма.

 

Бар мақтанса, табылар,

Жоқ мақтанса, шабылар.

 

Қараңғы үйде қабан күркіреді.

 

Ақыл – жас ұланнан,

Жүйрік тай — құланнан.

 

Аз асқа жасауыл болма,

Көп асқа бөгеуіл болма.

 

Айбар керек, әл керек,

Әлсіз айбар не керек?

 

Сіз деген — әдеп, біз деген – көмек.

 

Қуда сүт жоқ,

Жылқыда өт жоқ.

 

Ит семірсе иесін қабар.

 

Жақын жолдың алысы жаман.

 

Екі рудан би болса, ел байсал таппайды.

 

Жақсы жатырқамайды.

 

Жомарт ер жоқтығын білмейді,

Жүйрік ат тоқтығын білмейді.

 

Ордалы құлан ақсағын білдірмес.

 

Аңқау аңдамайды, әңгі тыңдамайды.

 

Қайырымсыз болса, ханнан без;

Өткелсіз болса, судан без.

 

Асусыз болса, таудан без.

 

Жақсыдан жаман туады,

Жүйріктен шабан туады.

 

Сенікі, менікі деген – көңіл тарлығы,

Әрі жат, бері жат деген төсек тарлығы.

Батыр ортақ, бай ортақ,

Төресі әділ би ортақ.

 

Бұйдалаған тайлақтай,

Жетелеген мойнақтай.

 

Жаман еркек той бұзар,

Тентек әйел үй бұзар.

 

Оңқа ойын бұзар,

Тентек жиын бұзар.

 

Атқанның құсын жатқан байланар.

 

Ас қадірін ашыққан білер,

Ат қадірін асыққан білер.

 

Ат ұстаған азабынан құтылар.

 

Ел біледі деген көндірер,

Өзім білем деген бүлдірер.

 

Жорға жүрісінен пұл болады,

Жаман жүрісінен құл болады.

 

Өгізді өрге салма, қанатың талар,

Жаманға жүзің салма, сағың сынар.

 

Адасқанның атындағысы білер,

Жеңілгеннің жанындағысы білер.

 

Тойға барсаң, тойып бар,

Жұмысыңды қойып бар.

 

Шірікке шыбын айналар.

 

Арлы арына қараса,

Арсыз «жеңдім» дейді.

 

Мал бітпес деп ерден түңілме,

Шөп бітпес деп жерден түңілме.

 

Жарлылық сені қайтейін,

Жандай досты жат еттің.

Кәрілік сені қайтейін,

Сөйлер сөзге қат еттің.

 

Өткел өтсең бұрын өт,

Арттан өтсең жол тайғақ.

 

Қызығы аз өмірден

Ұйқыда көрген түс артық.

Тар жерде тайғақ кешуде,

Ерлердің қылған күші артық.

 

Береке кеткен елдерде,

Күн қысқарса керекті.

Алатаудай атаға

Ұл қышқырса керекті.

 

Кісі қандай болса асы сондай.

 

Қонақ келсе, ет пісер,

Ет піспесе, бет пісер.

 

Еңкейгенге еңкей, басың жерге жеткенше;

Шалқайғанға шалқай, төбең көкке жеткенше.

 

Биік таудың төбесін көріп, түбіне барма,

Жақсының атын естіп үйіне барма.

 

Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді,

Осылай шежіреден көрінеді.

Болмайды кемшіліксіз ешбір халық,

Бәрінен кейін қалған қазақ анық.

Басқа жұрт біз секілді жалқау емес,

Ғылыммен қараңғыны етер жарық.

 

Айдарға малы сай,

Артарға атаны сай.

 

Құлдан көрдім қорлықты,

Жалшыдан көрдім зорлықты.

 

Сөйлемде бөтен қазақ мен тұрғанда,

Аузымда тәңірі берген жел тұрғанда.

 

Тау белгісі тасында,

Бай белгісі асында.

 

Шоқпарды сала алмаған өзіне тигізеді,

Сөзді айта алмаған өзіне келтіреді.

 

Жанын аямаған жау алады,

Малын аямаған дау алады.

 

Халқы жаманның биі азады,

Қатыны жаманның үйі азады.

 

Жаман ерден жайдағым жақсы,

Жаман қатыннан бойдағым жақсы.

 

Көп жортқан түлкі терісін алдырады.

 

Кіммен ауылдас болсаң, сонымен қауымдас боларсың.

 

Егін қайда болса,

Береке сонда болады.

 

Халыққа жағайын десең, қазаның болсын.

 

Жер таусыз болмайды,

Ел даусыз болмайды.

 

Тай жаманы жорға болады,

Адам жаманы молда болады.

 

Бұрынғының кісісі – бүгінгінің кішісі.

 

Ер өтірік айтпайды, еп өтірік айтады.

 

Ердің атын жә аты шығарар,

Жә қатыны шығарар.

 

Жаңбыр жауса, жердің ырысы,

Жақсы туса, елдің ырысы.

 

Атадан алтау туғанша, жалғыз туса не етеді.