АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Абай өлеңдері мен қара сөздерінің өзге тілдердегі тәржімасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

Филология       факультеті      
Әдеби шығармашылық және көркем аударма теория кафедрасы

                                     ДИПЛОМ   ЖҰМЫСЫ

 

 

 

Абай өлеңдері мен қара сөздерінің өзге тілдердегі тәржімасы

 

 

Алматы  2010

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  . . . 4

 

I ТАРАУ

Абай өлеңдерінің орыс және ағылшын тілдеріне тәржімелену

ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .7

 

II ТАРАУ

Абай қарасөздерінің орыс, ағылшын тілдеріне аударылу

сипаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .22

 

ҚорЫтынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  39

 

 

 Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . .  . . . . ..  . . . . .  42

 

 

Реферат

 

Жұмыстың тақырыбы: Абай өлеңдері мен қара сөздерінің өзге тілдердегі тәржімасы.

 

Жұмыстың көлемі: 43 бет

 

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 32

 

Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.

Жұмыстың әдістемесі: салыстырмалы талдау әдісі. 

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Абай өлеңдері мен қара сөздерінің орыс және ағылшын тілдеріне аударылған шығармаларды зерттеп, зерделеу. Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:

— ақынның қоғамдық, адамгершілік, әлеуметтік жағдай, өмір шындығы мен заман шындығын бейнелеудегі шығармашылық тұрғысы мен ұлттық ойлау даралығын тәржімеде берілу жолдары; 

— ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің аудармаларының сапасын саралау;

— аудармадағы жетістіктер мен қателіктерді көрсету; 

— түпнұсқа мәтінімен орысша және ағылшынша тәржімелерді қатар салыстыру.

Жұмыстың мазмұны: Абай өлеңдері мен қарасөздерінің және оның орыс, ағылшын тілдеріне аударылған шығармалар арасында ақын стилі мен өзіндік даралығы салыстырма талдау нәтижесінде бағаланды. Жұмыстың бірінші тарауы ақын поэзиясының өзге тілдерге тәржімелену ерекшеліктеріне арналған. Заман бейнесі мен сол заманның адамының бейнесін суреттейтін Абай өлеңдерін орыс және ағылшын тілдеріне аударылу сапасы туралы айтылады.

Жұмыстың екінші тарауы ақын Абайдың адамгершілік, өмір, дін, оқу, ғылым, өнер сияқты мәселелер жайында жазылған қарасөздерінің өзге тілдерге тәржімелену сипаты туралы айтылған. Аудармашылардың жеткен жетістіктері мен жіберген қателіктері мысалдар арқылы көрсетілген.

Ақынның шығармаларын өзге тілдерге аудару барысында тәржімеде қазақ ұлтына тән сөздерге дұрыс балама табылмай, транслитирация әдісімен аударылған сөздер де кездеседі. Түпнұсқа мәтіні мен тәржіме мәтінінің арасында көркемдік, эстетикалық жағынан сәйкестігі тәржімеде сақталуы қажет. Осы бітіру жұмысымызда Абай шығармаларын өзге тілдерге аудару барысында ақын тіліндегі ұлттық бояуды, түпнұсқаның ойын, мән-мағынасын тәржімеде дәлдікті, нақтылықты сақтап беру қажеттілігі туралы айтылған.

Жұмыстың қорытындысы: Абай өлеңдері мен қарасөздерін өзге тілдерге көптеген аудармашылар тәржімелеген. Осы аудармашылардың ішінен              К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаевтың тәржімелері жақсы деңгейде шыққан деуге болады. Алайда, ол аудармашылардың тәржімелері Абай деңгейінде жасалмаған. Абайдың ақындық даралығын, стилін еш аудармашы жеткізе алмаған.

 

Кіріспе

 

Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы осы күнгі Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі), Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау болысы) Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген руынан тарайды.

Абай әуелі ел ішіндегі дін мектебінде оқып, ауылдағы молдадан хат таниды. Он жасқа келгенде Семей қаласына келіп, оқуға түседі. Семейдегі алғашқы оқытқан молдасы — Ғабүлжаппар деген татар. Одан кейін Ахмет Риза медресесіне түседі. Абай осы медреседе үш жыл оқиды. Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан санағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Дін сабақтарымен қатар, шығыстың ұлы классиктері Науаи, Физули, Саади, Хафиз, Шамси, Сайхали, шығармаларын оқып танысады. Оларды араб, парсы, шағатай, түрік тілдерінде оқыған. Соларға еліктеп бала ақын “Изузи Раушан”,“Физули, Шамси, Сайхали” өлеңдерін жазып, алғашқы ақындық жолын бастайды.

Ахмет Риза медресесінде оқып жүрген кезінде Абай Семейдегі Приходская школада үш ай орысша оқиды. Жасы он үшке келгенде, мұсылманша үш жыл, орысша үш ай оқумен Абайға ары қарай оқудың есігі жабылады. Әкесі Құнанбай Абайды оқудан шығарып алып, ел басқару жұмысына қосады. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан ерте арылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік сөздерін бойына сіңіре береді. Кезі келгенде экспромотты өлең, қалжың сықақ, тіпті кейде ел жұмысына араласқан шешендердің өзін мүдіртіп кетуге тырысады.

Абай Құнанбайұлының жас кезіндегі алғаш өз жанынан суырып салып айтқан өлеңі — “Кім екен деп келіп ем түйе қуған” деп аталатын бір ауыз шумақтан тұрады. Оны ақын он жасында бір әйелге ауызша айтқан. 1864 жылы он тоғыз жасында “Әліп-би” өлеңін жазады. Мұнан кейінгі өлеңдерінің жазылу мерзімі 1870 жылдан басталады. 1884 жылдардан бергі өлеңдерінің жылдары үзілмейді. Әсіресе, көп жазған жылдары – 1886, 1889, 1895 жылдар. 1886 жылы 17 өлең, 1889 жылы 27 өлең (оның 8-ін орысшадан аударған), 1895 жылы 13 өлең жазған.

Абайдың ғылымға, өлең жазуға белсене кірісуі қырық жасынан бері қарай. Оған дейін білім іздеуден қол үзбегенмен, өлеңді тиіп-қашып ғана жазып  келсе, қырық жасынан бастап шығармашылыққа түгелдей берілді.                    Өз айналасындағы ру тартысынан, ескіліктен, надандықтан жеріне бастаған дана ақын өз елін ел етуді ойлайды да, осының жолын іздейді. Ақын солардың барлығына қаламмен күрес ашу деген қорытындыға келеді.

Қазақтың әлеуметтік өміріндегі ескі феодалдық көзқарасқа қарсы күрес ашып, бұл жөнінде көп өлеңдер жазған жылдары 1886 жылдардан басталады. “Ғылым таппай мақтанба”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”, “Интернатта оқып жүр” тәрізді, оқу, өнер, адамгершілікке үндеген, “Қалың елім, қазағым”, “Байлар жүр жиған малын қорғалатып”, “Адасқанның алды жөн” сықылды әлеумет өмірінің әр түрлі жақтарына өлеңдері де осы жылдары шығарылған.

Ел арасындағы дау-шар, әр түрлі ру тартысы тәрізді әңгімелерден аулақтап, орыс мәдениетін зерттеп, оны өз халқынын пайдасына асыруға күш салуы, шығармашылыққа берілу, халықтық ірі-ірі мәселелерді көтеріп, өзі айтқандай “Әкесінің ұлы болмай, адамның ұлы болуы” жұрт алдында оның беделін, даңқын бұрынғыдан да күшейте түседі.

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың зор еңбегінің бірі – жастарды, әсіресе, болашақ ел өмірімен байланысты ақын-жазушыларды тәрбилеу. Орыс, шығыс, батыс елдерінің мәдениетіне сүңгіп, түбінен керекті маржанын теріп ала білген ақын және елін өнер-білімге үндеп, жастарды оқуға сүйрейді. Балаларын орысша мектептерде оқытып, олардың жоғарғы дәрежелі білімі бар адам болуларын талап етті. Адамгершілік, жақсы мінез-құлыққа тәрбиеледі. Ақындарына өзі тақырып беріп, әр халықтың өмірінен поэмалар жаздырып, өзі олардың сыншысы болды.

Қазақ халқының жаңа әдебиетінің, әдеби тілінің негізін салушы, қазақтың өлең құрылысын бұрынғы қалпынан өзгертіп, әлденеше жаңа түр кіргізуші, өзінің даңқты ұлы еңбектерімен қазақ халқын басқа елдердің мәдениетімен қоян-қолтықтастыруға басшылық еткен, елін мәдениет, білім, өнерге шақырып, сол жолда бойындағы бар асылын аямай жұмсай біліп, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге қалдырған қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1904 жылы 23-інші маусымда дүниеден өткен.

     Кемеңгер ақын Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы мұралары туралы алғашқы жазба деректерді “Дала уалаяты” газетінен табамыз. “Дала уалаяты” газетінің 1889 жылғы жетінші және он екінші сандарында Абайдың “Жаз” және “Болыс болдым мінекей” атты екі өлеңі шықты. Бұл екі өлең Көкбай атымен жарияланды. Абай шығармашылығы жайындағы алғашқы ғылыми ой-пікірлер де XX ғасырдың басында туған. Бұл салада Ә. Бөкейхановтың “Киргизский край” (1903 ж.) атты кітаптағы мақаласында келтірілген деректер мен “Семипалатинский листок” газетіндегі (1905 ж.) өмірбаянын айтсақ та болады. Алайда, Абайтанудың бастаушысы болған бұл автордың еңбектері мен соған жалғас жазылған Қ. Ысқақовтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың мақалалары соңғы кезге дейін ғылыми айналымға кірмей жабық күйінде қалып келді. Ал, совет тұсында Абайтану ісін негіздеп, ғылыми жүйеге түсірген –     М. О. Әуезов. Осы кісінің ұзақ жылдық еңбегінде де бағаланған, бағаланбай сынға ұшыраған ой-пікірлері аз емес. Бұл салада Ы. Мұстанбаевтың,                 Ғ. Тоғжановтың,  С. Қабыловтың,  Қ. Жұбановтың, Б. Кенжебаевтың,                С. Мұқановтың, Қ. Жұмалиевтің, Е. Ысмайловтың, З. Ахметовтың,                    Қ. Мұхамеджановтың, тағы да басқа абайтанушылардың еңбектерін атап көрсетуге болады. [1, 17]

Абай шығармалары шетел оқырмандарына да таныс жеке өлеңдері көптеген елдердің тіліне аударылып, бірнеше рет жеке кітап болып басылған. Ақынның шығармалары орыс, чех, қырғыз, моңғол, қарақалпақ, түрікмен, молдован, азербайжан, украин, араб, белорус, латыш, ханжу, грузин, француз, неміс, ағылшын тілдеріне аударылған.

Ақын шығармаларын орыс тіліне аударған ақын-жазушылар: М. Петровых, Д. Бродский, П. Карабан, А. Жовтис, А. Гатов, В. Звягинцева,                           Вс. Рождественский, Ю. Нейман, Л. Озеров, П. Шубин, А. Штейнбергер,                М. Замаховская, М. Тарловский, К. Липескеров, А. Арго, О. Румер, Л. Руст,            Л. Шифферс, А. Глоба, Г. Пагирев, Л. Пеньковский, А. Старостин,                         С. Ботвинник, М. Зенкович, В. Бугаевский, М. Касаткин, А. Ничай,                         В. Державин, С. Липкин, Е. Винокуров, В. Шкловский, М. Луконин,                 Л. Кривощеков, А. Семенов, В. Антонов, Д. Рябуха, Роом, С. Санбаев,                     Р. Сейсенбаев, К. Серікбаева, Ә. Қодар, М. Сұлтанбеков; сондай-ақ                         В. Бугаевский “Әзім әңгімесін”, А. Глоба “Ескендір”, “Масғұт” дастандарын,   В. Шкловский қара сөздерін,    Л. Соболев “Отыз жетінші” сөзін аударған.       [2, 459]

Біздің ұсынылып отырған “Абай өлеңдері мен қара сөздерінің өзге тілдерге тәржімеленуі” атты бітіру жұмысымызда, негізінен, ақынның орыс және ағылшын тілдеріне аударылған өлеңдері мен қара сөздері салыстырыла талданды. Қолда бар материалдарды мүмкіндігімізше пайдалана отырып, өзіміздің хал-қадерімізше зерттеу жүргіздік, ой пікірімізді дәлелдеуге күш салдық.

Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I ТАРАУ

 

АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНЕ ТӘРЖІМЕЛЕНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Поэзия аудармасы — өте қиын да жауапкершілігі зор шығармашылық іс, әрі үлкен өнер. Поэзия аудармасында сөзді, тіркесті өлең жолдарын бастапқы мағынасын сақтау негізінде түрлі тәсілдермен аударуға болады. Поэзия тілі оқырманға түсінікті, айқын түрде жетуі тиіс. Поэзияны аудару үшін ақындық айрықша талант, шындалған шеберлік қажет. Ақынның ойлау жүйесін, бейнелеу үлгілерін, поэтикалық стильдік мәнерін дәл жеткізу үлкен талантты талап етеді. Егер проза аудармада бір сөзді артық қосып жіберу немесе мәтін мағынасына үйлеспейтін тіркестерді араластыру сөйлем құрылысын өзгертіп жіберуі мүмкін болса, поэзия аудармасында да артық қолданылған сөз немесе дұрыс аударылмаған өлең жолы поэзияның ішкі мағынасын, ырғағын, жалпы мазмұнын өзгертеді. Поэзияда ақынның болмыс бітімі бейнеленеді, өзінің ойы, жан дүниесі, сыры сипатталады. Ол өз туындысының лирикалық кейіпкерлеріне айналады. Ақынның поэтикалық образдармен, метафораның, халық тілінің бар байлылығымен, терең жан дүниелік толғаныспен, сұлу сезіммен, шалқар шабытпен жазған поэзиясының басқа елдің поэтикалық тілінде жеткізу үлкен шығармашылық іс. Аудармашы ақынның өлеңдегі айтар ойын, көңіл күй сезімін, әр сөзінің астарындағы мағынаны айқын аңғара білуі керек.

Поэзия аудармасын өзіне тән қатал заңы бар. Оған кез-келген аудармашы бара бермейді. Аудармашының іске әбден төселіп, соған құштарлықпен берілген талант қана қиындығына төзе біледі. Аудармашы талантты ақын болуымен бірге, аударма жасайтын тілді және өзінің ұлттық тілін шебер менгерген филолог маман болуы керек. Аудармашы аударылатын поэзиядағы ұлттық дәстүрге, оның тілі мен мәдениетіне тереңдеп енген сайын ақын өлеңдерінің құпия сырларын аша түседі. Аудармадағы ең қиын абыройлы міндеттің бірі-поэтикалық көркемдікті жеткізу. Талантты аудармашы поэзияның көркемдік құндылығын жан жүрегімен ұғынады, түпнұсқаның түрі мен мазмұнының бірлігін сақтап, поэтикалық қуатын толық дәрежеде жеткізеді. Поэзия аудармашысы сол ұлттың тілін білуімен қатар өлең құрылыстың ерекшелігін жақсы менгеруі тиіс. Кейде аудармашы аударма заңдары мен ережелерін жан-жақты білгенімен, тәржімеде айтарлықтай табысқа жете алмауы мүмкін.

Өлең сөзді аударуда аудармашы өз ойын автордың ойымен астастыра, жарыстыра отырып, өзінің ақындық қиялына мейлінше ерік береді. Бұл ерік, әрине, оның түпнұсқадан алшақтатпай, қайта, керісінше, оған мейлінше жақындата түсуге тиісті. Олай болмаған жағдайда аудармашы ақынның аудармасы түпнұсқадан алшақтап, мазмұн жағынан да, пішін жағынан да мүлде басқа туынды болып шығады.

Түпнұсқадағы жекелеген ерекше ұғымдарды, түсініктерді басқа тілде жеткізу аудармашыдан терең білімді, үлкен еңбекті және ақындық талант пен шығармашылық шеберлікті талап етеді. Түпнұсқада көрініс тапқан өмір шындығының мәнісін, ақынның ойлау даралығын, стилін, тіл ерекшелігін білу – аудармашы үшін ең басты шарт. Алайда, шынайы аудармашыға білім сенімді көмекші болғанмен, мандайдан тер ағызғандай адал да тиянақты еңбек, нағыз шығармашылық еңбек жоқ жерде айтрлықтай нәтиже болмайды. Терең білім тиянақты еңбекпен, ал білім мен еңбек ақындық талантпен, шығармашылық шеберлікпен ұштасқанда ғана аударма түпнұсқа деңгейінде, не соған жақын деңгейде көтеріледі.       

Абай Құнанбайұлының өлеңдері жанрлық ерекшеліктеріне қарай түрліше көркемдік бейнелеу құралдарының қызметімен ерекшеленеді. Қайсыбір жанрдағы өлеңдер тобында көркемдік бейнелеу құралдары күрделі, ұлттық реңі бай болып келсе, енді бір жанрлық топтағы өлеңдерінің тілі қарапайым, нақты. Алғашқы жанрлық топтағы өлеңдерді басқа тілге аудару аудармашыдан үлкен еңбекті, көп ізденісті талап етсе, кейінгі топтағы өлеңдерді аудару едәуір жеңіл. Алайда, аудармашылық шеберлігі кемел жетілген аудармашылар үшін де Абайдың өлеңдерін тәржімелеу, Абаймен ақындық жарыстыра отырып тәржімелеу оңай емес. Бұған Абай өлеңдерінің аудармалары толық негіз бола алады.

Абай Құнанбайұлының “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңін         М. Петровыхтың орыс тіліне және Ричард МакКейннің ағылшын тіліне тәржімелеген аудармаларымен салыстырып көрейік:

Түпнұсқа:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы – бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерелік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім. [3, 45]

 

Орысша аудармасы:

Я презрел познание, юноша пустой.

Видел пользу в нем, но шел стезей другой.

Возмужал — наука из-под рук ушла.

Поздно к ней ты устремился, разум мой!

Кто повинен, что остался я ни с чем?

Смолоду учась, я был бы не такой!

Из людских отрад одну зовут — дитя

Обучение детей — наш долг прямой.

Сына отдал в медресе: «Учись, родной!»

Цель не в том, чтобы достался чин большой.

Сам к высотам я стремился всей душой.

В красноречии мне уступал любой.

Но ведь некому здесь оценить мой труд…

Под конец я предпочел всему покой . [4, 38]

 

Ағылшынша мәтіні:

When I was young I didn’t give much thought to

knowledge,

I saw the use, but didn’t test it out.

When I grew up, I didn’t know how to latch onto it.

I stretched out my hand to it very late.

Who should I blame that I was left with nothing?

If I’d striven in time would I be like this now?

Children are one of the joys of life.

I’m not against teaching children.

I put my son in the madrasah, so that he could

acquire knowledge

and not so that he could gain favour and status.

I myself strove to better myself

In the field of rhetoric I was second to none among the Kazakhs.

But no one can value your works,

and so I preferred in everything the peace of solitude. [5, 21]

 

Аудармашы М. Петровых тәржімесінде Абайдың өлеңі едәуір өзгерістерге ұшыраған. Дегенмен, аудармашы ақын өлеңінің мазмұнын, оның сезім сырын, ақынның көңіл күйін жіті танып, толық және дұрыс жеткізген. Түпнұсқаның әр сөзін, әр тармағын терең түсіну, соның нәтижесінде өлеңнің мәнін, рухын ұғыну аудармашыны жалаң жадағай аударудан сақтандырып, тиісті шығармашылық табысқа жеткізген. Тәржімешінің басты жетістігі – өлеңнің мазмұнын, ішкі эмоциялық байлығын орыс тілінде белгілі дәрежеде дұрыс бере білуінде. Әйтсе де, аудармшы бұл жерде де өз тарапынан өзгертулер жасаған. Абай осы өлеңінде өзінің ғылым жолын жастай қумағанына, ержеткен соң іздегенде ғылым жеткізбей кеткеніне өкініш білдіріп, сол өкінішін сыр қылып толғайды.

Аудармада ақынның осы сыры қосымша желілермен толықтырылған. Түпнұсқада істің, құбылыстың иесі ақынның өзі болса, аудармада ғылымға кеш ұмтылған ақын емес, оның ақыл-ойы болып шыққан. Түпнұсқадағы “түспеді уысыма”, “қолымды мезгілінен кеш сермедім”, “қолымды дөп сермесем, өстер ме едім” деген сөз тіркестерін өзге тілдерге аудару қиын. Тұрақты тіркес дәржесінде пайдаланылған мұндай тілдік құралдардың мазмұнын тәржімеші орыс тіліне қарапайым, тура мағынадағы тілдік құралдардың тобы арқылы аударған. Өлеңнің мазмұндық желісі де осы бағытта тәржімеленген. Бірақ та, ол түпнұсқаның мағыналық құрылымына, тақырыбы мен идеясына, ондағы мінез табиғатына мүмкіндігінше терең бойлаған. Соның нәтижесінде аудармашы түпнұсқаны сөзбе-сөз немесе жолма-жол аударуға бармай, оның мазмұны мен мағынасын терең жеткізуге жол тапқан. Сонымен қатар, ол түпнұсқаның пішініне тән ерекшеліктерді де сақтауға күш салады. Аудармада жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің, кейбір аударылмай, өзгерістерге, толықтыруларға түскендігіне қарамастан, аудармашының шеберлігі, түпнұсқаның әлеуметтік эмоциялық мазмұнына адалдығы ойдағыдай деңгейде көрініс табады.

Абайдың бұл өлеңі ағылшын тілінде көркемдігін, әуезділігін жоғалтқан. Аудармашы осы өлеңді жай, қарапайым тілмен тәржімелеген. Және де түпнұсқадағы кей сөздерді өз мағынасынан бұрмалап, басқаша аударған. Түпнұсқадағы “Ержеткен соң түспеді уысыма, / Қолымды мезгілінен кеш сермедім” дегенді ағылшынша “When I grew up, I didn’t know how to latch onto it. / I stretched out my hand to it very late ” , яғни, “Мен өскенімде, оны қалай алуды білмедім. / Мен оған қолымды кеш создым” деп берген. Бұл жерде аудармашы “сермеу” дегеннің орнына “созып” деп қате жіберген. Осы бір ғана сөз өлеңнің сол екі тармағының мазмұнын бұзып, мәнін кетіріп тұр. Түпнұсқадағы “шен” сөзін аудармада “favour and status” деп берген, оны қазақшаласақ “ықыластық және мәртебе” болып шығады. Жалпы алғанда ол сөздер түпнұсқа мазмұнын ашып тұр. Әйтсе де, қазақша сөздің ағылшынша өз нақты  баламасымен, яғни, “rank” деп аударуы керек еді деп ойлаймын. Аудармашының тағы бір жіберген қателігі мынада: аудармашы ақынның “Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім” дегенін “and so I preferred in everything the peace of solitude” деп тәржімелеген. Аударманы қазақшаға қайтадан тәржімелесек “енді мен бәрінен де жалғыздықты тандадым” болып шығады. Ақын өлеңінде жалғыздық туралы әңгіме болып отырған жоқ, тек тыныштық туралы. Ал, аудармада бір өзінің жалғыз қалғанын тілеп отырғандай болып көрінеді. Ағылшын тілінде оқитын оқырман бұл өлеңнін осы тармағының мағынасын дұрыс түсінбей, және де осы өлеңді жазған ақынды ғылымнан да, айналасындағы адамдардан да айырылып қалған деп ойлауы әбден мүмкін. Дегенмен, аудармашы Абайдың бұл өлеңінің кей сөздерін дұрыс тәржімелемесе де, әуезділігін, ырғағын кетірсе де, жалпы мағынасын берген деп есептеймін.

Ақын Абай заманның, заманның адамының образын жасауда кейде қарама-қарсы сипаттағы істі, қарама-қарсы құлықтағы адамдардың ісін өзара қабаттастыра, жарыстыра суреттейді. Бұл тәсілдің ерекше жарқын көрініс тапқан үлгісі — “Күшік асырап, ит еттім” өлеңі.

 

Күшік асырап, ит еттім,

Ол балтырымды қанатты.

Біреуге мылтық үйреттім,

Ол мерген болды, мені атты. [6, 46]

 

Осы төрт жолды өлеңнің әр тармағында бай мазмұн, терең ой жатыр. Төрт тармақтың әрқайсысында белгілі бір нақты іс сипаты көрініс тапқан. Екіншіден, әр екі тармақтағы хабар белгілі бір тиянақталған, аяқталған ойды білдіреді. Абайдың осы өлеңіндегі әр тармақтың астарында үлкен мән, терең мағына бар. Ақын өз заманы мен сол заманның адамы жайлы негізгі шындықты осындай образды ой, ойлы сурет арқылы бейнелеп көрсетеді. Осы төрт тармақты өлеңді орыс тіліне бірнеше аудармашы тәржімелеген. Аудармшы А. Глоба бұл өлеңді былайша аударған:

 

Я вырастил пса из щенка, —

Он мне ногу раз прикусил.

Обучил я когда-то стрелка, —

Он меня чуть не подстрелил.  [4, 212]

 

Етектен тарту, балақтан ілу, балтырдан алу, балтырды қанату – бұлардың бәрі де мағынаға бай. Ақын өз өлеңінде белгілі заманның басты шындығын, басты әлеуметтік құқын ұлттық тілдің өрнектері арқылы танытады. Аудармада түпнұсқаның мұндай ерекшеліктері кең ашылмаған. Бірінші тармақ мағыналық жағынан түпнұсқаны дәл жеткізгенімен, екінші тармаққа келгенде, аудармашы өз тарапынан “раз” деген артық сөз қосқан. Келесі екі тармақ төмен деңгейде аударылған. Түпнұсқадағы әр сөз, әр ой нақты, болған іс болғандай тұжырымды, тиянқты айтылған. Аудармада ондай нақтылық пен айқындылық, тұжырымдылық пен тиянақтылық жоқ. Түпнұсқада “мені атты” деп нақты айтылса, аудармада “мені атып жібере жаздады” деген сияқты болымсыз ой ұсынылады. Түпнұсқаның көркемдік байлығы мәтіннің ішкі өзегіндегі, контекстегі мағына арқылы ашылады. Аудармада ондай ішкі мән, мәтіннің астарындағы мағына ашылмаған.

Бұл өлең Ә. Қодар аудармасында мынадай болып берілген:

 

Щенка, обучая, я вырастил  пса,

Меня укусил он мгновенно.

Кого-то стрелять научил я и сам

Стал первою жертвой мергена. [7, 54]

 

Тәржімеде ақын өлеңінің негізгі мазмұны сақталған. Бірақ та, аударма өзінің көркемдік табиғаты жағынан түпнұсқамен теңесе алмайды. Аударманың бірінші тармағындағы күшікке қатысты “обучая” сөзі артық қосылып, қате аударылған. Орыс тілді оқырман үшін бұл айтарлықтай кемшілік болмауы мүмкін. Бірақ, ақын “үйреттім”, “оқыттым” деп отырған жоқ, “асырадым” деген ойды айтып отырғанын естен шығармау керек. Бұл ретте А. Глоба түпнұсқаға Ә. Қодардан әлдеқайда жақын және оның осы аядағы мазмұнын дұрыс берген. Сондай олқылықтар Ә. Қодар аудармасының екінші тармағынан да көрінеді. Одан “ол мені әп-сәтте қауып алды” деген ой туады. Бұл, әрине, ақынның “Ол балтырымды қанатты” деген ойына балама бола алмайды. Түпнұсқадағы ой да, сөз де қанатты, бейнелі және нақты. Ал, аудармадағы ой мен тіл тұрмыстық қалыпта айтылған, нақты емес, жалпы сипатталған. Тәржімеде өлеңнің ұлттық бояуы мен нақышы сейіліп кеткен. Кейінгі екі тармақтың аударылу дәрежесі де осы секілді. Аударманың соңғы тармағындағы “мергеннің бірінші құрбаны болдым” немесе “мергеннің құрбандығына бірінші болып ұшырадым” дегендей ойлар да түпнұсқаның шырайын аша алатын аудармашылық ізденіс қатарына жатпайды.

Тәржімеші А. Жовтис Абайдың осы өлеңін орыс тілінде былай берген:

 

Собаку я выкормил из щенка, —

И зубы ее испытал.

Меткости я обучил стрелка, —

И сам мишенью стал. [8, 141]

 

Түпнұсқадағы “Ол балтырымды қанатты” деген тармақтың мағынасын аудармадағы “зубы ее испытал” деген жол дәл жеткізіп тұр деп айтуға болмайды. Өйткені бұл жерде лексикалық сәйкестік толық сақталып тұрған жоқ. Мұның үстіне аударма тармақты жеке алып пайымдағанда, онда түпнұсқадағы мазмұн да жоқ секілді көрінеді. Аударма тармақтан қазақша ойға қонатын ұғым “оның тісін байқадым, сынадым” сияқты болып шығады. Бұл тармақты өлеңнің мәтіні, контексін мағына мен тұтастыққа алып қарағанда, түпнұсқа мазмұнын жеткізудің аудармашы үшін оңтайлы, орайлы жолы осы екені аңғарылады. Өлеңнің келесі екі тармағының аударылу дәрежесі туралы да осыны айтуға болады.

А. Жовтис жасаған тәржіме ақынның поэтикалық ойлау даралығын, оның ұлттық ерекшелігін мүмкіндігінше дұрыс және көркем жеткізеді деп пікір түюге болады. Бұдан аудармашының түпнұсқаның мазмұнын, ол мазмұнды жеткізіп тұрған тілдік бенелеу құралдарының қызметін жете танығаны ғана емес, сонымен қатар оның талант тереңдігі, ақындық ойлау кемелдігі көзге түседі. Аудармашының еңбегін жоғары көркемдік деңгейге көтеріп тұрған факторлардың қатарында оның ақындық ойлау тереңдігімен бірге зерттеушілік зерделігі де бар. Аудармашының шығармашылық қиялына қанат бітірген де осы екі ерекшелік болса керек. Оның нәтижесінде ғана тәржімеші түпнұсқаға әрі қазақтың көзімен, әрі орыстың көзімен, танымымен қарай алған. Қазақ тілі мен орыс тілі арасындағы жақындық пен алшақтықты және поэтикалық ерекшеліктер сипатын жете білу ғана аударманы осындай биікке көтере алады.

Осы төрт шумақты Абай өлеңі ағылшын тіліне былай аударылған:

 

I brought him up from a puppy to a dog –

he bit me on the leg.

I taught someone how to shoot –

and he cunningly shot me down [5, 20]

 

Аударманың бірінші тармағы мынадай : “I brought him up from a puppy to a dog”. Ол тармақты қазақшаласақ, мынандай болып шыға келеді: “мен оны асырап, күшіктен ит еттім”. Бір көзбен қарағанда дұрыс аударылған тәржіме сияқты. Алайда, бұл жерде ырғақ “оны” деген сөзге түсіп, оқырман бұл өлеңді нақты біреу туралы екен деп ұғынуы мүмкін. Және де соңғы тармақты тәржімеші “ол қулықпен мені атты” деп берген. Ол да бір қателік. Себебі, түпнұсқада қулық туралы еш нәрсе жоқ, ол жерде ақын өзі біреуге мылтық атып үйреткендігі және сол үйренген адамы мерген болып, өзін атқандығы туралы ой жатыр. Ал, аудармада ол үйренуші адам өзінің үйретушісін әдейі, қулықпен атты деп берілген. Осы тәржіме өлеңнің мазмұнын, астарындағы ойын ашпай, бұрмалап жіберген, көркемдігінен айырған.

 Абайдың адам мен заман бейнесін жасаудағы шын шеберлігін танытатын өлеңдерінің бірі — “Байлар жүр жиған малын қорғалатып”. Бұл өлеңде ақын өз заманының терең шындығын, сол заман шындығынан туып жатқан адам сырын, адам құлқын үлкен шеберлікпен, шыншылдық таныммен суреттейді:

 

Байлар жүр жиған малын қорғалатып,

Өз жүзін, онын беріп, алар сатып,

Онын алып, тоқсанын дәме қылып,

Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?- [3, 50]

деген өлең жолдарында суреттелген өмір шындықтарында терең сыр бар. Берілген жолдардың сөзбе-сөз тәржімесін М. Сильченко мынадай түрде жасаған:

 

Баи живут, оберегая накопленный скот,

Сам /бай/ дает десят /голов/, наровит взять сто,

Добыв десят, надеется на девяносто

Уж не богом ли предназначено это народу? [9, 64]

 

Бай үшін осында көрсетілген сол құлық түгелдей лайықты екенінде сөз жоқ. Қалай болса да, мал тауып, байлығына байлық қосқысы келмейтін бай болған емес, болмақ та емес. Аудармадағы мұндай қасиеттер байдың қандайының бойына лайықты болғанмен, Абай суреттеп отырған байдың сипаты мүлде бөлек. Ақын өлеңінде екі тұлға қатар көзге түседі. Оның бірі — өз жүзін онын беріп, өзі сатып алып отырған бай. Өз малын өзімдікі дей алмай, өз малына өзі билік ете алмай, қу мен алаяққа он беріп, жүзді сақтап қалып отырған байдың бейнесі өлең жолдарынан анық елестейді. Өлеңдегі екінші тұлға – байдың жүзінің онын алып, енді қалған тоқсанынан дәме қылып отырған аларман. Мұның да бейнесі толық. М. Сильченко осы екі тұлғаның екі түрлі мақсаты мен ісін бір ғана адамның, байдың, бойына жинақтап, соның бейнесін нақтылайды да, одан алып отырған, алған үстіне ала беруге дәме етіп отырған қанағатсыз аларманның бейнесін ұмыт қалдырады. Бұл, сірә, аудармашының өлең мәтінін жете түсінбегендігінен болуы керек.

М. Зенкевич бұл өлең шумағын түпнұсқаға мейлінше жақын аударған:

 

Бай живет и охраняет свой скот,

Десят подари – сотню бережет.

А тот, кто добудет десят голов

И девяносто в придачу уврет. [8, 33]

 

Әр тармақ, әр сөз деңгейінде талдау жасағанда да аудармашының түпнұсқа мазмұнын еш өзгертпей, оның мазмұны мен пішініндегі келісімді де сақтай алғадығына көз жеткізе аламыз. Сөйтіп, өлеңдегі адам да, заман да аудармада өз сипаттарымен еркін және толық көрініс табады. Байдың ісі мен күйі қаншалықты анық берілсе, оның малынан дәме етіп жүрген алаяқ аларманның жағдайы да дұрыс ашылған. Түпнұсқаға адалдық аудармашылық өнердегі шынайылық пен шыншылдық ақын өлеңінің аудармасы түпнұсқамен етене жақындатып, ақынның талант табиғатын, ақындық ойлау даралығын мейлінше дәл тануға жол ашады. Өлеңнің бастапқы шумағын аударуда осындай ерекше зерде, үлкен ізденіс көрсеткен тәржімеші кей тұстарда мұнысынан жаңылып қалғандай, түпнұсқа мазмұнын сақтауды міндет етпей, еркіндікке жол береді:

 

У богатого исстраи сила вся,

Обманщик избит,но не перевелся.

Чтобы честного человека травить,

Наготове любой держит злого пса. [8, 33]

 

Аударманың алғашқы тармағы түпнұсқаның “Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан” деген тармағымен мағыналас бола алмайды. Түпнұсқада соншалықты анық, түсінікті айтылып тұрған ойдың аудармашының қалайша дұрыс түсіне алмағанына таң болмасқа шара жоқ. Ақын екі түрлі адамның тұлғасын көрсеткен. Оның бірі – күшті, екіншісі – бай. Бұл екі тұлғаның әрқайсысына тән іс нәтижесі бар: бірі жықпақ, екіншісі жеңбек. Екі түрлі тұлғаны және олардың әрқайсысына тән осындай іс нәтижесін көрсетпеген жағдайда, ақынның айтып отырған ойы сұйылып шыға береріне сөз жоқ. Бұларды көрсетуді аудармашы міндетті санамаған жағдайда, ол ақын ойына тең түсер, онымен тектес басқа ойды ұсынуға тиісті еді. Тәржімеші басқа ойды ұсынбады деуге болмайды, бірақ сол ұсынып отырған ойы түпнұсқа мазмұнымен еш үйлеспейді, түпнұсқа беретін мазмұннан әлдеқайда кедей, ажарсыз.

Шумақтың кейінгі екі тармағы түпнұсқа табиғатын біршама дұрыс жеткізеді. Онда да түпнұсқадағы эмоциялық реңкке ие болып тұрған “жаны аяулы жақсы” туралы ұғым түсіп қалған. Мұның өзі де аударманың эмоциялық мазмұнын сырт қалдарып, түпнұсқаның тек нақты мазмұнын ғана беріп отырғанын байқатады.

Ақын өлеңнінің бірінші шумағын Р. МакКейн былай аударған:

 

The beys live in worry, protecting their wealth.

They buy, knocking off ten percent.

Those whom heavenly retribution has hit,

having accepted the ten, hanker after the ninety percent. [5, 24]

 

Өлең мағынасы тәржімеде түпнұсқаға лайықты етіп берілген. Бірақ та, өлеңнің алғашқы тармағында аудармашы нақтылықты сақтамай, қате аударған. Онда аудармашы былай деген: “The beys live in worry, protecting their wealth”. Осы аударманы керісінше қазақшаға тәржімелеп көрейік: “Байлар өздерінің байлығын қорғап, мазасыз өмір сүруде” деген болып шығады. Түпнұсқада нақты мал туралы айтылса, аудармада жалпы байлық туралы айтқан. Және де өлеңдегі “байлар” деген сөзді аудармада “beys” деп тәржімелеп, кітаптың соңынан “Орталық Азияда, жер  және қара мал иеленуші бай” деп түсініктеме берген. Негізінен, “бай” сөзінің ағылшынша өз баламасы бар. Тәржімеде сол баламаны қолдану керек еді. Бұл шығарма да алдыңғылары сияқты аударма тілінде көркемдігін жоғалтқан. Бірақ та, түпнұсқа мазмұнын көрсеткен деуге болады.

Айтылған жайлардың бәрі аудармашының түпнұсқа табиғатын, әсіресе, шығармасы аударылып отырған ақынның талант даралығын, ақындық әлемін, поэтикасын жете тану немесе тани алмау жағдайымен тікелей байланысты. Ақынның айтып отырған ойын білу және оны аудармада жеткізу, негізінен, екі түрлі деңгейде жүзеге асырылады: түпнұсқаның негізгі мағынасын, онда тұжырымдалған нақты мәліметті, хабарлай айтылған ойды дұрыс жеткізу керек. Сонымен бірге, өлеңнің көркемдік мәні ақынның тек өзіне ғана тән поэтикалық машығы мен мәнері бар. Оны аудармада таныта білу, жеткізе білу тағы бар. Қайсыбір тұстарда ақынның поэтикасына тән нәзік белгіні немесе бір нәзік бояуды өзгертудің өзі түпнұсқаға тән қасиетті арзандатып, ақынның поэтикасын мүлде ажарсыздандырып жіберуі мүмкін. Түпнұсқаның жалпы мазмұнын аударып баяндау мен оның поэтикасын сақтап аудару, аудармада ақынның поэтикасын кестелей білудің екі басқа шығармашылық құбылыс екендігінде дау жоқ. Ал, бұл мәселе — өте күрделі, танымға да, талантқа да үлкен сын. Ақындығы келісті, талантты, білімі де, тәжірибесі де мол аудармашының өі түпнұсқа авторының поэтикасын, оның даралығын жете тани бермеуі, таныса да жете бағалай алмауы ғажап емес. Түпнұсқаның сыртқы сипатын, ондағы сөздің лексикалық мағынасын тану және оны дәл аудару бір басқа да, солардың бірлігі мен тұтастығы, келісімі мен жарасымынан және қызметінен туындайтын поэтикалық мән бір басқа.

 Ақынның адамдық қасиет, адамшылық іс туралы ойлары “Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап” өлеңінде бейнеленген.

 

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап [6, 13]             

 

Осы шумақтың алғашқы екі тармағында бір тақырыптық желі бар. Ол жұртқа сенбеу және оның себебі туралы. Соңғы екі тармақтағы тақырыптық желі — өзіне сену, оның нәтижесі туралы ой. Ақын өзіңе сен дегенде кісінің бойындағы үш қасиетті — “ыстық қайрат”, “нұрлы ақыл”, “жылы жүректі” негізге алып отыр. Сол үш қасиеттің біреуі – ақыл – өлеңде анық көрсетіліп тұр және оған еңбек қосылады. Еңбек – қайраттың қызметі. Олай болса, ақын ақыл мен қайратты қатар ала отырып, “өзің” деген ұғымның астарында “жүректі” мезгеп отырған болуы керек. Осындай іргелі, күрделі, терең ой желісіне құрылған өлеңнің орыс тілінде бірнеше аудармасы бар. Олар – А. Гатовтың,   Ә. Қодардың, М. Сұлтанбековтың тәржімелері. Үш аудармашының таным сипаты, шығармашылық ерекшеліктері, шеберлік үлгілері әр түрлі. А. Гатов өлеңнің бастапқы шумағын былай аударған:

 

Разным людям не верь, что тебя вознесут, —

Ведь они же коварно тебя предадут.

Верь себе! И опора и счастье твое –

Это лишь неразлучные разум и труд. [4, 196]

 

Түпнұсқадағы серпін, қимыл-қозғалыс, ойдың әрекетшілдігі аудармада біршама берілген. Жұртқа сенбеу, өзіңе сену туралы тақырыптық желі сақталған. Олардың себебі де, нәтижесі де ашылған. Алайда өлеңнің бір жолынан екінші жолына жалғасып, дамып жатқан желілі ойдың тұтастығы қатты әлсіреген. Өлеңде ақыл мен еңбектің қызметі нақты суреттелген болса, аудармада ол жоқ, еңбек пен ақыл сүйеніш пен бақытқа баланған. Осы өлең жолдарында еңбек пен ақылдың сипаты емес, нақты қызметі бағалы. Ақынның “алып шығар” деген қимыл-қозғалысқа, серпінге толы сөзін аудармашы қимыл-қозғалыссыз “опора и счастье” деп берген. Олай беруі ақын өлеңінің контексіндегі ақыл, қайрат, жүрек туралы ұғымды мүлде бүркеп тастаған. Ақынның дәл осы өлең арқылы айтайын деген ойы белгілі дәрежеде көркем түрге иеленіп, орыс тіліне бірсыдырғы аударылған.

Осы өлеңін алғашқы шумағын Ә. Қодар орыс тілінде былай берген:

 

Пусть хвалят люди, верить не резон.

Ты жди подвоха, если вознесен.

Поверь в себя, тебе помогут дружно

Твой труд и ум твой, взявшись с двух сторон [7, 37]

 

Аудармада алғашқы екі тармақ түпнұсқаның алғашқы екі тармағының мазмұнын жартылай берген. Екінші тармақтың мағынасы ашылмай, басқаша сипат алған. Кейінгі екі тармақтың мағынасы да өзгеріп, артық сөздерге орын берілген. Түпнұсқадағы “Өзіңе сен, өзінді алып шығар” деген ойға қосымша, үстеме мағына қосылып, екінші жағынан, ақынның өз ойы көмескілене түскен. Аудармашының “помогут дружно” дегені түпнұсқадағы нақты айтылған ойды өзгертіп, нақтылықтың орнын жалпылық  сипат басқан. “Помогут дружно” тіркесі түпнұсқадағы тікелей нәтижелі стиль көрсететін тіркестердің ұғымын жеткізе алмайды. Оның үстіне аударманың өлең сөз сияқты төгіліп тұрмағаны оны түпнұсқаның ырғақ, ұйқас жүйесімен салыстырғанда айқындала түседі.

М. Сұлтанбековтың тәржімесінде мазмұндық нақтылық, дәлдік басым. Әр тармақтың көтеріп тұрған мазмұны, атқаратын қызметі бұл жерде нақты сақталған. Шумақтың жалпы мазмұндық бітімінде де тұтастық бар:

 

     Сколько б тебя не хвалили – не верь,

Хитрость таится в хвалебной молве.

Веру в себя укрепляй, чтоб вдвоем

Разум и труд выводили на свет [10, 25]

 

Соңғы екі тармақтың синтаксистік құрылымы түпнұсқадан мүлде алшақ. Бұл алшақтық өз кезегінде түпнұсқадағы ой жүйесінің құрылымындағы алшақтыққа алып келген. Соған байланысты ақынның айтып отырған ойы да жүйелі қалпын сақтай алмаған. Аудармадағы мағынаны қазақ тілінде былай баяндауға болады: ақыл мен еңбек екеуі жарыққа алып шығу үшін өзіңе деген сенім арттыр. Бір ұғымды екінші бір ұғымның орындалуының шарты етіп көрсету түпнұсқа жүйесіндегі бірден бірге дами ұласып жатқан ой ағынының еріксіз үзік-үзік болып шығуына себепкер болған.

Өлеңнің түйінді мәні соңғы шумақта жинақталған:

 

Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме [6, 13]

 

Өлеңнің бастапқы шумағы секілді мұнда да қимылды, қозғалысты білдіретін сөздердің қатары көрініп тұр. Ақынның әр сөзінде бір әрекеттің сыры бар, бір қызметтің қыры бар. Бұл шумақта ақын жүрекке сүңгу, жүректің түбін көзде туралы ой тастайды. Бұл жерде ақын жүректің қасиеті мен қызметі, ондағы махаббат, мейір, рахым туралы айтып отыр. Өзге тілді оқырман үшін де, түпнұсқаның аудармадағы көркемдік қасиеті үшін де өлеңнің осындай мәнінің тәржімеші тарапынан ерекше көрсетілуі аса бағалы. Енді осы шумақтың          А. Гатов аудармасына назар аударайық:

 

Если горе придет, то спины не сгибай!

Если явится радость, достойно встречай!

Загляни в свое сердце и там, в глубине,

Отыскав жемчуга, береги, не бросай! [4, 196]

 

Түпнұсқа мен аударманы әр тармақ деңгейінде жеке-жеке және тұтас шумақ деңгейінде салыстырып қарағанда, тағы да көңіл қуантып, көзді сүінтетін көркемдік биігін көре қою қиын. Ақын келер қайғыға байланысты екі ғибрат айтады: біріншісі – қарсы тұру, екіншісі – құлай бермеу. Аудармада бұл екі әрекеттің кейінгісі бар да, бастапқысы жоқ. Ақын ойының серпіні, қуаты осылайша аудармада жойылып кеткен. Өлеңнің екінші тармағындағы ой да өзінің қуатынан, серпінінен ажырап, түпнұсқаның жалпы мазмұнын ғана жеткізе алған. Тармақтағы “қызықпа”, “оңғаққа ерме” екі түрлі мағынаға ие болғанымен екеуі қатарласа, бірін-бірі толықтыра, дамыта келіп, ақын ойының серпінін, қуатын танытады. Аудармада бұл екі түрлі мағынадан туып, “дұрыстап қарсы ал” (достойно встречай) деген сияқты қарапайым, поэтикалық қуат аз, әлжуаз ақылға айналып кеткен. “Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме” және “Если явится радость, достойно встречай” – бірі түпнұсқа, бірі аударма екі тармақ арасында басқа да мағыналық алшақтық бары байқалады.

Ақын өлеңінің түйіні соңғы екі тармақта. Түпнұсқаның түйінді ойы аудармада толық емес. “Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме” дегеннен ақынның шын тілегі, көңіл күйі аңғарылады. Мұндағы ақынның айтып отырған “асылы” – асыл тас емес. Мұндағы асыл – жүректің асыл қасиеттері. Аудармашы жүректің асыл қасеттерін білдіретін “шын асылды” “жемчуг” ретінде ұсынады. Бұл сөздің де аударма мәтіні арасында атқаратын тиісті көркемдік қызметі бар. Аударма мәтінінде дәл осы жүйеде бұл сөзді басқа сөзбен алмастыруға да, ауыстыруға болмайды. Оны басқа сөзбен ауыстыра қалған жағдайда, аударма мәтінінің сапасы, әсерлілігі күрт төмендеп кетеді.   М. Сұлтанбеков те бұл жолдарды “В сердце свое погрузись и на дне / Жемчуг найдешь – ты его не теряй” деп аударған. Бұл жерде де айтарлықтай көркемдік сапа көрініп тұрған жоқ, түпнұсқаның мазмұн тереңдігі де тиісті дәрежеде ашылмаған. Ә. Қодардың да аудармасы сол күйде:

 

Уйди в себя, достигни сути в сердце,

Там истина, которой нет вокруг [7, 37]

 

Осы жолдардың мағынасын қазақша беретін болсақ, онда ақын ойынын мүлде бозарып, әсерсіз болып қалатынын байқаймыз. А. Гатов пен                   М. Сұлтанбековтың аудармаларындағы “жемчужина”, Ә. Қодардың аударуындағы “истина” түпнұсқадағы жүректің түбінен табылатын “шын асыл” ұғымын және оның мәнін ашып таныта алмайды. Жүректің басты қасиеті рақым болса, жақсылық та мейірім де, әділет те, ар-ождан, ұят та —  бәрі содан тарайды, содан табылады. Ақынның айтып отырған “шын асылы” – осылар. Жақсылықпен, әділетпен, ұятпен, рақым, мейірбаншылықпен іздеп тапқан нәрсенің бәрі – шын асыл. Тәржімелердің мәтінінен бұл ұғым жүйесін тану да, табу да қиын.

Ақынның адамдық қасиет, адамшылық іс туралы осы өлеңін тәржімеші Ричард МакКейн ағылшынша былайша аударған:

Don’t believe the flatterers when they sing your praises,

people are perfidious—they lie for nothing!

Only your work and intelligence

protect you from a false opinion of yourself 

 

Don’t test yourself by being too trustworthy.

Don’t get entangled going after fame.

It’s not worthy of you, in the heat of deception,

to chase after a mirage.

 

If grief comes, resist, don’t give up!

If joy comes, don’t be overjoyful.

You must simply look deeper into the heart—

you will find there true treasure—don’t lose it. [5, 48]

Бұл өлеңнің алғашқы екі шумақтарына аудармашы артық сөздер қосып, астарындағы түпкі мағынасын дұрыс бермей қате аударған. Түпнұсқаның бірінші шумағындағы алғашқы екі тармағын аудармашы “Don’t believe the flatterers when they sing your praises, / people are perfidious—they lie for nothing!” деп, яғни “Жағымпаздарға сенбе, сені мақтап тұрса да, адамдар опасыз (вероломные) – олар еш нәрсеге де алдай береді” дегендей етіп аударған. Бұл аударма ақын өлеңінің түпкі мағынасын, яғни, жұртқа сенбеу және оның нәтижесі туралы ойын көрсетпей, және адамдар опасыз деп артық қосып жіберген. Түпнұсқада адамдардың опасыздығы емес, жалпы олардың қулығы туралы болып тұр. Соны аудармада дұрыс көрсетпеген. Осы шумақтың келесі екі тармағындағы тақырыптық желі — өзіңе сену және оның нәтижесі — аудармада мүлдем жоқ. Аудармашы ақыл мен еңбекті тек қорғаушы ретінде және оларды сені жалған мақтаулардан сақтайды деп артық қосып жіберген. Сол ақыл мен еңбектің негізгі қызметін тәржімеші аудармада көрсете алмаған. Келесі шумақттың бірінші тармағының мағынасын аудармашы керісінше етіп аударған. Түпнұсқада адамдарға көп сенбеу туралы ой болса, аудармада керісінше өзіңді сенімді адам етіп көрсетпе деген ой қозғайды. Бұл да аудармашының жіберген үлкен қателігі. Бұл шумақтың соңғы екі  тармағын аудармашы өз еркімен аударған. Бірақ та, түпнұсқаны сөзбе-сөз, жолма-жол тәржімелемесе де, ақын ойын дәл болмаса да, жеткізуге тырысқан. Сол тармақты тәржімеші “Бұл көп алдаудың ішіде елестің артынан қуу саған жараспайтын қылық” деп, әсерлі етіп берген.

Осы өлеңнің соңғы шумағының мағынасын, түпкі ойын тәржімеші сақтауға тырысқан. Түпнұсқада ақын жоғарыда айтылып өткендей келер қайғыға байланысты екі ғибрат айтады: біріншісі – қарсы тұру, екіншісі – құлай бермеу. Тәржімеде бұл екі әрекетті аудармшы өз тарапынан жақсы көрсеткен. Аудармашы өлеңнің екінші тармағындағы ойды, түпнұсқаның жалпы мазмұнын ғана жеткізіп, жай қарапайым тілмен аударған. Ақын өлеңінің соңғы екі тармағында жатқан түйінді ойын, яғни, жүректің асыл қасиеттерін білдіретін ақынның “шын асылын” тәржімеші “true treasure” деп берген. Оның қазақша баламасы “шын қазына”. Аудармашының осылайша тәржімелеуі бұл сөздің ағылшынша баламасы болмауынан. Аудармашы ақынның “шын асылын” “шын қазына” етіп беруі дұрыс.

Аудармашылардың Абай өлеңдерін өзге тілдерге тәржімелеу барысында жіберген басты кемшіліктерінің себебі олардың түпнұсқа мәтінін, ондағы мазмұн мен мәннің ашық, анық, нақты ұғынып, жалпы, қосалқы мағынасын түсінбеуінде. Ақынның ақындық тұрғысын, ұлттық ойлау ерекшелігін, адам мен заман бейнесін жасаудағы шығармашылық даралығын тәржімеде дұрыс жеткізу аудармашыдан түпнұсқаның нақты және жалпы мазмұнын білуді ғана емес, сонымен қатар оның мағыналық құрылымын, тілін, ақын өлеңдерінің табиғатын танып, білуді талап етеді. Түпнұсқа туындыға негіз болған өмір құбылыстарының сырын, оны ақынның қабылдау ерекшелігі мен бағалау тұрғысын, саралау, жинақтау, даралау машығын, шығармашылық ойлау және шығармашылық туынды жасау процесін терең пайымдау – аударма еңбек үшін, аудармашы үшін өте маңызды шығармашылық саты. Бұл сатыға мән бермей, түпнұсқа мәтінді аударуды тікелей бастап кету – үлкен қателік. Аудармашының шығармашылық тұлғасына тән басты ерекшелік оның қиялының қанаттылығында. Қанатты қиял жоқ жерде, аудармашы шығармашылығында шырай да болмайды. Бірақ, қиялдаудың да, қанатты қиялдың да орны болуға тиісті. Қиялда шек, қиялдауда шекара болмайынша, тәржіме мен түпнұсқа арасында бірлік пен тұтастық сақталмайды. Аудармашының қиялының шарықтап шығар биігі де, қайта оралар тұғыры да түпнұсқа, онағы ақындық нысана болып табылады. Түпнұсқадан, автордың ақындық нысанасынан көз жазып кеткен шығармашылық қиялдан жақсы аударма тумайды. Осы орайда чех ғалымы Иржи Левыйдың аудармашыларға қоятын мынадай талабын еске алған дұрыс. Ғалымның пікірінше, аудармашылардың көпшілігі “түпнұсқаның  мәтіні – аударманың мәтіні” жүйесі бойынша еңбектенеді. Мұны бұдан гөрі ұтымды мына жүйеге ауыстырған дұрыс: “түпнұсқа мәтіні – түпнұсқада суреттелген өмір құбылыстарының тобы – аударманың мәтіні” [11, 63]

Абай өлеңдерінің өзге тілдерге аудармасы жолма-жол аудармасы негізінде немесе түпнұсқа мәтінінің мазмұнын тақырыбы мен идеясын баяндаушы бөгде біреудің, түпнұсқа мен аудармашы арасындағы үшінші бір тұлғаның қатысуымен жасалған. Аудармашы ақын шығармаларын тікелей өзі оқып, өзі түсіне алмаған. Абай өлеңдерінің мәнін жете түсіну қазақ оқырманының өзіне де қиын. Әдебиет мамандары да ақын шығармаларын әр қайталап оқып, қайта пайымдағанда, олардың бұрын байқалмаған жаңа мәнін, ерекше қырын тауып жатады. Мазмұны бай, мәні терең, ұлттық бояуы қанық мұндай шығармаларды ақынның аудармашылары өздігінше танып, біле алмасы анық. Жолма-жол аударма немесе түпнұсқа мен аудармашы арасындағы түсінік беруші, жол көрсетуші шығармашылық тұлғаның қызметі осы ретте маңызды. Абай өеңдерінің аудармашылары алдындағы басты қиыншылық – түпнұсқаны тікелей өздері зерттей зерделеуге мүмкіншіліктерінің болмауы.

Абайдың ақындық тұрғысын, адам мен заман бейнесін жасаудағы шығармашылық даралығын аударманың болмыс-біліміне дарыту, оның басты эстетикалық қасиетіне айналдыруда мәтіннің мағыналық құрылым жүйесі мен ақын ойының логикалық негізін, даму сатыларын бұзбай жеткізу үлкен көркемдік қызмет атқарады. Ақын өлеңдерінің өзге тілдерге тәржімесінде  аудармашылар түпнұсқаның мағыналық құрылым жүйесін, ақын ойының логикалық негізі мен даму сатыларын бұзбай жеткізген тұстарда аударманың көркемдік сапасы да жоғары болып шығады. Ал, бұл тарап орындалмаған жағдайда автордың ойы, ақындық тұрғысы, сондай-ақ түпнұсқаның көркемдік кестесін мазмұн мен пішіннің келіскен сұлу жарастығы күңгірт тартып, аударма түпнұсқа табиғатындағы көркемдік деңгейге көтеріле алмайды. Қайсыбір тұстарда аудармашы автор ойының жүйесін өзінше өзгертіп түзеді, мәтіннің мағыналық құрылымын басқаша құрады, автор қосалқы қатарда айтқан ойды негізгі, басты ой дәрежесінде береді. Бұл тәсіл аудармашының еркіндігін танытқанмен, көп жағдайларда түпнұсқаның көркемдік-эстетикалық ерекшелігін, оны анық және толық жеткізу талабының үдесіне шығармайды.

 

Қорыта келгенде, Абайдың поэтикалық тілінде ұлттық бояуы қанық, тұрмысқа, салтқа байланысты қалыптасқан, орыс, ағылшын тілінің лексикалық қорында кездеспейтін сөздер ақынның ұлттық ойлау даралығымен тығыз байланысты. Оларды аудармада дәл беру қиын, олардың мағынасын ғана беруге болады. Ал, ақынның тіліндегі қайсыбір сөздердің мағынасын беру мүмкіншілігі де жоққа тән. Соған байланысты аудармашы бұл сөздерді түпнұсқадағы қалпында, транслитерациялық қалпында алып, соңынан түсінік береді. Соған байланысты түпнұсқада маңызды қызмет атқаратын мұндай сөздердің мағынасы аудармада осы жолмен сақталады, кейде аударма мәтінінің өзінде сипаттама, түсінік деңгейінде беріледі. Бұл бір жағынан ақын тілінің ұлттық мазмұнға байлығын танытса, аударма деңгейінде мұндай мазмұнды сақтау да, жеткізу де тәржімеші үшін өте қиынға түседі, аудара қалғанда, оның өзі тәржіменің мәтінінде жапсырма секілді көзге түсіп, аударма өлеңнің, Абайдың өзі айтқандай “өңкей келісіммен сылдырап”, келісті келуге тиісті түрі мен мазмұнының үйлесімін қашырады. Аударманың түпнұсқаға сәйкестігі, баламалылығы мен көркемдігі арасындағы қатынастың қайшылыққа ұласуының ең бір анық, мол көрінетін тұсы – осы арна: түпнұсқаға адал болуға, барынша балама аударма жасауға ұмтылған жағдайда, аударманың көркемдік деңгейіне кінарат түседі, ал аударманың көркемдік деңгейін жоғары көтеруге әрекет еткенде, аудармашы аударма мен түпнұсқа арасындағы сәйкестікті сақтай алмай қалады. Мұның өзі еркін, балама тәржіме мен дәлме-дәл тәржіме арасындағы дәстүрлі қайшылықтың басқа деңгейіндегі бір көрінісі болып табылады. Бұл қайшылық Абай өлеңдерінің көркем, балама аудармасы деңгейінде де сақталған. Аударманың өнер, биік өнер ретіндегі ерекшелігі осы қайшылықтың орнына “сылдыраған өңкей келісімнің” салтанат құруында. Бұған аударма өнерінің асқан маманы, саңлақ шебері, Абайдың өзіндей ақындық өнердің асқан таланты ғана қол жеткізе алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ТАРАУ

 

АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІНІҢ ОРЫС, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНЕ АУДАРЫЛУ СИПАТЫ

 

Он тоғызыншы ғасырдағы қазақ көсемсөзі тарихында өз жанынан соны қарасөз түрінде ғақлия, ақыл-өсиет жазып және дүниеге өзіндік бағасын беріп, прозалық  үлгіде мол мұра қалдырған оқымысты-ғұлама ақын – Абай Құнанбайұлы. Ұлы ақын өз елінің әлеуметтік жағдайы туралы, ғылым, білім, адамгершілік жайында терең пәлсапалық ойларын толғана отырып, қызғылықты баяндаған

Профессор Қажым Жұмалиев кемеңгер ақынның қарасөздері туралы: “Абайдың қарасөздері – көркем әңгіме емес, даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолулар. Сөйтіп ол өзінің көзқарасын, дүние тануын қара сөзбен де кейінгілерге қалдырып кетті.

Бірақ, Абайдың қарасөздерінің өзінше ерекшелігі бар. Оның сөйлем құрылысы да басқашалау болып келеді. Сөздердің көлемі аз болса да, мағынасы терең. Көпшілігі-ақ сұрау-жауап, не оқушылармен, не өзімен-өзі кеңесу болып құрылады. Бұл – батыс, орыс елдерінің ұлы адамдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер тағы басқа мәселелер туралы өз көзқарастарын айтқанда, олар осы әдісті пайдаланған. Түбі сонау ескі гректердің философтарында жатыр.

Абайдың қарасөздері  мен өлеңдеріндегі идеялар бір-біріне қабысып отырады. Әйтсе де, оның кейбір қарасөздерінде жоқ тақырып, тіпті кейбір қайшылықтар да кездеседі. Бұл еңбектердің көпшілігінде бұрын қозғалмаған тың, соны пікірлерді қозғайды. Өз кезегіндегі ақындардың ешқайсысының басына келмеген әлеуметтік зор мәні бар мәселелерді сөз қылады.

Абайдың қарасөзді, өлеңді қатар қолдануы таң қаларлық нәрсе емес. Өйткені ол өз заманының мәдениетті адамы болды. Сондықтан дүниеге өз көзқарасын кейінгілерге жазып қалдырып кетуді азаматтық борышым деп білген. Өз елін өзгелердің қатарына жеткізуге, дұрыс жолға салуға көңіл бөлген”. [12, 319] – деген пікір білдіреді. Осыған қоса Абайдың қарасөздері жайында Абай қарасөздерінің жанрлық және стильдік ерекшеліктері туралы арнайы зерттеген Х. Ж. Сүйіншәлиев өз ойын былай білдіреді: “Абайдың қарасөздері мен нақылдары – ақын творчествосының елеулі саласы, өлеңдерімен мазмұндас, идеялас, бірін-бірі толықтыра түсетін маңызды шығармалары. Сонымен бірге, әдеби жаңа түр, алғаш көрінген проза, публицистика. Ақынның тереңнен толғаған осы ойларының шынайы туындысы. Өлеңдерін туғызған тарихи әлеуметтік жағдайлар қарасөзінің тууына да себепкер. Ол өлеңдерінде де, қарасөздерінде де өмір шындығын, халықтың арманын, болашақ қамын көздеген жазушы”, [13, 346] — дей келе ақынның қарасөздерін алты топқа бөледі. Олар:

  1. Өсиет-ғақлия (поучение, рассуждение)
  2. Тастих (утверждение) ретінде келетін философиялық трактат
  3. Нақыл сөз (афоризм, изречение)
  4. Кеңес әңгіме (беседа), дидактикалық насихат (назидание)
  5. Сын мақала ретіндегі публицистика
  6. Көркем прозалық элементтер бар әңгіме” [13, 348]

Академик-жазушы Мұхтар Әуезов ақын Абайдың қарасөздерін “Жалпы саны 46 бөлек шығарма. Оның алты-жеті үлгісі қысқа келеді. Бұл қатарға қосылатындар “Он алтыншы”, “Он сегізінші”, “Он тоғызыншы”, “Жиырмасынщы”, “Жиырма төртінші”, “Отыз бірінші”, “Қырық бесінші” сөздері. Жалпы қарасөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын — “Қырық алтыншы” сөз. Ол тарихтық мақала-очерк тәрізді. Қазақ халқының қайдан шыққандығына арналған дәлелді, деректі қысқа зерттеу сияқты. Өзге қырық бес сөздің ішінде көлем жағынан ең мол шығарма бұрын Абайдың қолжазбаларында “Ғақлият-тасдиқат” деген атпен бөлекше көшіріліп жүретін дін, мораль мәселелеріндегі Абайдың бір үлкен ой-толғауы болады. Бұл — отыз сегізінші сөз.

Осыдан соң қарасөзбен жазылған мысал, өсиет есебіндегі – Сократ пен оның шәкірті Аристодим әңгімесі. Бұл — жиырма жетінші сөз.

Көпшілік қарасөздерден және де өзгешерек қалыптанған – Абайдың отыз жетінші сөзі. Бұл бөлімше өзге қара сөздерше тұтас құрылған бүтін шығарма емес. Шартты түрде “Отыз жетінші сөз” деп бір араға бастары құралған афоризмдер саналады,” — [14, 217] деп саралайды.

“Бұлар – дейді М. Әуезов – сюжетті шығармалар емес, стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше, адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді,”- [14, 218] деп тұжырымдайды.

Ақын Абайдың әр-түрлі адамдардың мінез-құлқына, іс әрекеттеріне қатысты жайлар нақтылы бейнеленген, аса маңызды қоғамдық, адамгершілік мәселелер қозғалып, түйінді ой-пікірлер айтылған, үлкен өмір шындығы, заман шындығы, қоғамдық қарым-қатынастар айқын көрініс тапқан қарасөздерін орыс тіліне тәржімелеген В. Шкловский, С. Санбаев және К. Серікбаева мен                        Р. Сейсенбаевтың және де ағылшын тіліне тәржімелеген Р. МакКейннің аудармаларын салыстырып көрелік.

Абайдың “Бірінші сөзі” кіріспе ретінде келеді. Бұл Сөзде Абай жазуға қалай кіріскендігі туралы айтады, өзінің жалпы шығармашылық еңбегіне ойлы түсінік береді. Бұл Сөзде өзі туралы айта отырып, Абай өзінің не үшін ел ісінен, ғылымнан бас тартқандығы туралы да баяндап береді.

Осы Сөзде ақын “Ел бағу?” деген сұрақ қояды да, сол сұрағына былай етіп жауап береді: “Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!” [6, 89].

Осы үзінді К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаевтың тәржімесінде былай берілген: “Править народом? Нет, народ неуправляем. Пусть этот груз взвалит на себя тот, кто пожелает обрести неисцелимый недуг, или пылкий юноша с неостывшим сердцем. А меня сохрани Аллах от непосильного бремени.”        [15, 139]

С. Санбаев тәржімесі: “Попытаться облегчить страдания народа? Невозможно. Народ неуправляем. На это идет только тот, кому судьбой уготованы людская неблагодарность и проклятия, или молодежь, чье сердце горячо и не изведало еще горечи поражений. Меня же, знающего эту истину, сохрани аллах от искушения.” [16, 135].

Ал, В. Шкловский аудармасы мынадай: “Править ли мне народом? Нет, управлять им нельзя. Если этого не хочет даже тот, кто призывает на свою голову любую беду, не хочет этого даже молодежь с неостывшим сердцем, то я старик, тем более не хочу. Нет, я не знаю, как им править. Так упаси меня бог то дела, которое мне не по силам.” [17, 319]

Р. МакКейннің ағылшын тіліне тәржімелегені: “Rule the people? No, the people are ungovernable. Let this burden be shouldered by someone who is willing to contract an incurable malady, or else by an ardent youth with a burning heart. But may Allah spare me this load which is beyond my powers!” [5, 78].

В. Шкловский тәржімесінде аудармашы елді тіптен бағуға болмайды деп түпнұсқа мағынасын бұрмалап жіберген. Сонымен қатар, түпнұсқада Абай өзін қарт деп атамаған және ол қалайша елді бағу керегін білмейтіндігі туралы еш сөз жазбаған. Ал, В. Шкловский аудармасында осындай артық қосылған қателіктер де бар. Бұл тәржіме аудармашының еркіндікке кеткенін көрсетеді.  К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев, С. Санбаевтің және Р. МакКейннің де тәржімелерінде да сондай еркін аударылып, артық қосылған сөздерді байқауға болады. Мысалы, С. Санбаев тәржімесінде “искушение”, яғни, “еліктіру” сөзін, К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев тәржімесінде “непосильное бремя”, яғни “шамадан тыс ауыртпалық” деген сөзді, ал Р. МакКейнде “beyond my powers”, яғни, “менің күшімнен жоғары” деген артық кеткен сөздерді көреміз. Бұл сөздер де түпнұсқада жоқ, артық сөздер қатарына жатады.

Осы ойынан кейін Абай былай дейді: “Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар.” [6, 89]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев тәржімесі: “Умножать ли стада? Нет, не стоит заниматься этим. Пусть дети растят скот, коль им надобно.”         [15, 139]

С. Санбаев былайша тәржімелеген: “Может быть, умножать стада? Не хочу? Пусть дети, если им надобно разводят скот сами.” [16, 135]

В. Шкловскийдің нұсқасы: “Умножать ли мне стада? Нет, я не хочу заниматься этим. Пусть дети разводят скот, сколько им вздумается.”            [17, 319]

Р. МакКейннің ағылшынша нұсқасы: “Shall I multiply the herds? No, I cannot do that. Let the young folk raise livestock if they need them.” [5, 78]

К. Серікбаева мен Р. Сесенбаев аудармасында түпнұсқадағы “Жоқ, баға алмаймын” дегенді “Нет, не стоит заниматься этим” деп, яғни, қазақшаласақ “Жоқ, бағудың қажеті жоқ” деген болып шығады. Осы жай сөйлемді                  В. Шкловский мен С. Санбаев автор ойын бұрмалап “не хочу”, яғни, “баққым келмейді” деп өзгертіп жіберген. Және де осы үзіндідегі келесі сөйлемде Абай малды балалар өздеріне керегінше бақсын десе, В. Шкловский тәржімесінде балалар ойларына келгенінше бақсын деп дұрыс емес берілген. Ал, ағылшынша тәржімеде аудармашы түпнұсқадағы “балалар” сөзін “young folk” деп, дәлме-дәл аударсақ “жас халық” деп сөзді бұрмалап жіберген. Оны ағылшын тілі оқырмандары дұрыс түсінбей, ақын “бүкіл халық” туралы айтып отыр деп ұғынуы әбден мүмкін.

Абай өз қарасөздерінде қазақтың мақалдарына үлкен мән беріп, солардың дұрыс, бұрысын айтқан. Мысалы, “Бесінші сөз” — қазақтың кейбір мақалдарын сынайды. Мұнда халық санасының надандық, қараңғылықтың салдарынан туатын мінді мінез, айыпты әрекеттерді айта өтеді. Мал үшін өмір кешетін адамдарды үлкен қиялменен сынап, айыптап түземек болады.

Осы бесінші сөзінде Абай: “Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады.”- деп жазады [6, 94]

Сол сөйлемді аудармашылар былай тәржімелеген:

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев тәржімесі: “Печаль омрачает нам душу, леденит тело, сковывает волю и, наконец, изливается словами из уст или слезами из глаз.” [15, 149]

С. Санбаев тәржімесі: “Человеку трудно владеть собой, когда грудь полна печали. Она изнуряет тело, иссушает душу, изливается слезами из глаз и словами из уст.” [16, 142]

В. Шкловский аудармасы: “Писал про смех – теперь напишу про горе.

Скорбь сжимает грудь, ослабляет все суставы тела, исторгает из человека слезы и потоки жалоб.” [17, 328]

Осы үзінді Р. МакКейн тәржімесінде: “Sorrow darkens the soul, chills the body, numbs the will, and then bursts forth in words or tears.” [5, 88]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаевтың және Р. МакКейннің аудармалары өзара ұқсас. Тек ағылшынша тәржімеде түпнұсқадағы “көзден”, “тілден” деген сөздер жоқ. Осы аудармалар түпнұсқаның мағынасын ашқанымен ақын стилін сақтамаған. Түпнұсқадағы сөздердің өз баламаларын жазбай, басқа сөздерді қолданған. Ал, В. Шкловский өз аудармасында “Писал про смех – теперь напишу про горе” деген түпнұсқада жоқ, артық сөйлем қосып жіберген. Аудармашы түпнұсқаның мағынасын ашпаған және ақын сөздерін еркіндікке жол беріп, дұрыс аудармаған. Тек С. Санбаев аудармасы түпнұсқаның мағынасын ашып, ақын сөздеріне балама тапқан деуге болады. Әйтсе де, өзінің аудармасына “иссушает душу” деген артық сөз қосып жіберген. Ақынның “көзден дас болып ағады, я (немесе) тілден сөз болып ағады” дегенін аудармашы “изливается слезами из глаз и словами из уст” деп, яғни екі іс бір уақытта болатындай етіп тәржімелеген.

Сонан соң түпнұсқада ақын қазақтың кей ақылсыз мақалдарын еске түсіреді: “Қазақтар: “Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!” деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы – жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі – “Түстік өмірің болса, күндік мал жи”, “Өзіңде жоқ болса, әкең де жат”, “Мал – адамның бауыр еті”, “Малдының беті – жарық, малсыздың беті – шарық”, “Ер азығы мен бөрі азығы жолда”, “Ердің малы елде, еріккенде қолда”, “Берген перде бұзар”, “Алаған қолым — береген”,    “Мал тапқан ердің жазығы жоқ”, “Байдан үмітсіз –құдайдан үмітсіз”, “Қарның ашса, қаралы үйге шап”, “Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без.” [6, 94]

Осы үзіндіні аудармашылар қалай тәржімелегенін салыстырып көрсек:

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев тәржімесі: “Я видел, как люди молились: “О, Аллах, сделай нас беспечными, как младенцев”. Мнят себя страдальцами, обремененными тяжкими заботами и несчасьтями, будто они разумнее детей. О заботах же их можно судить по пословицам: “Если жить осталось до полудня, делай запасы на день”, “Нищему и отец становится чужим”, “Скот для казаха – плоть от плоти его”, “У богатого лик светел, а у бедного – все равно, что точило”, “Джигит и волк добудут пищу в пути”, “Стада почитаемых мужей находятся в людях, заботятся они о своем добре от безделия”, “Рука, умеющая брать, умеет и давать”, “Кто сумел нажиться, тот и прав”, “Приносящий дары срывает завесу отчуждения”, “Если на бая надежда плоха, то и на Бога не адейся”, “Если голоден, скачи к дому, где поминки”, “Берегись озера с глубокими берегами, да народа немилосердного.” [15, 149]

С. Санбаев нұсқасы: “Я видел казахов, которые умоляли: “О аллах! Сделай нас беззаботными, как младенцев”. При этом хотят сказать, что они разумнее детей, что им дело до всего, что творится в мире, и они безмерно страдают от неустроенности жизни.

А горе их можно узнать всего лишь по нескольким пословицам. Вот они: “Если жить тебе полдня, запасись едой на день”, “Бедному и родной отец в тягость”, “Скот сидит в печени у человека”, “У имущего лик светел, темен он у нищего”, “Храбрец и волк сыты в пути”, “Добро удальца — в народе, когда хочет, тогда и возьмет”, “Умеющему дать взятку не страшен и ад”, “Рука берущая умеет и отдавать”, “Прав тот, кто владеет добычей”, “Если богач отвернется, то и аллах не поможет”, “Если голоден, торопись к дому, где дают поминки”, “Не живи у озера мертвого, избегай народа немилосердного” [16, 142]

В. Шкловский аудармасы: “Сколько раз я слышал, как говорили казахи: “Господи, сделай нас беззаботными, как младенцев”. Значить у казахов есть заботы, и они считают себя взрослыми.

Но если спросить у них: какие у них заботы, какое горе они знают, то они ответят пословицей: “Дана тебе жизнь на полдня, а средства имей на целый день”, “Бедному и отец не родня”, “Скот – печень человека”, “Богатому свет, а бедному тьма”, “Храбрец и волк найдет пищу на дороге”, “Берущая рука превыкает и отдавать”, “Тот, кто сумел нажиться, тот и прав”, “Избегай озер глубоких и людей скупых”, “Если проголодаешься, то скачик дому, в котором идут поминки.” [17, 328]

Р. МакКейннің тәржімесі: “I have seen people praying; Oh, Allah, make me as carefree as a babe! They imaging themselves to be sufferers, oppressed by cares and misfortunes, as though they had more sense than infants. As to their cares and concern, these can be judged from the proverbs: If you will live no longer than noon, make provision for the whole day; Even his father becomes a stranger to a beggar;Cattle for the Kazakh is flesh of his flesh;A rich man has a countenance full of light, a poor man – as hard as stone; The dzighit and the wolf will find their food along the way;The herds of exalted men are left to the care of others, except when such men have nothing better to do;The hand that takes also gives;He who has managed to get rich is always in the right;If you can’t rely on the bey, don’t count on God either;If you are famished, gallop to the place of a funeral feast;Beware of a lake with o shallows and of a people that knows no mercy. Such proverbs are legion.” [5, 87]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев түпнұсқаны жақсы, дұрыс тәржімелеген. Мақалдардың мағынасын ашып, оқырмандарға түсінікті етіп берген.                    Р. МакКейннің де аудармасы жақсы болып шыққан. Алайда, осы аудармашылар түпнұсқадағы “бай” сөзінің өз баламасын қолданбай, транслетирация әдісін қолданып, орысшасында “бай”, ағылшыншасында “bey” деп берген. “Бай” сөзінің орысша да, ағылшынша да өз баламалары бар. Аудармада сол баламаларды қолданулары керек еді. С. Санбаев та ақын ойын, стилін сақтауға тырысқан. Мақалдарды түсінікті етіп, мағынасын ашқан. Түпнұсқадағы “бай” сөзін “богач” деп өз баламасымен аударған. Сәтсіз аударма В. Шкловский тәржімесі. Аудармашы түпнұсқаны тәржімелегенде еркіндікке беріліп, өздігінен артық сөздер қосып, түпнұсқадағы кей мақалдарды тастап кеткен. Мысалы, ақынның “Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың” деген жай сөйлемін В. Шкловский “Но если спросить у них: какие у них заботы, какое горе они знают, то они ответят пословицей” деп бұрмалап, мағынасын бұзып, артық ой қосып жіберген. Сонан соң, түпнұсқадағы  “Ердің малы елде, еріккенде қолда”, “Берген перде бұзар”,“Байдан үмітсіз – құдайдан үмітсіз” деген мақалдарды тіптен аудармай, тастап кеткен.

Абай осы үзіндіден кейін “Бұл мақалдардан не шықты?” деген сұрақ қояды да, сонан соң сол мақалдарға қарап мынадай ой түйіндейді: “Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап алмақ яки мақтап алмақ екен, бермесе онымен жауласпақ екен. Малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен.” [6, 94]

Аудармашылардың тәржімелеріне назар аударайық:

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев нұсқасы: “О чем они говорят? Не о науеке и знаниях, не о мире и справедливости радеет казах, ему бы разбогатеь, да не знает – как? Вот и ловчит, хитрит, чтоб хоть лестью выманить богатство у других, не удастся – будет люто враждовать со всем светом. Отца родного не прочь обобрать и не сочтет это позором для себя. Не принято у людей осуждать тех, кто добывает себе скот обманом, подлостью, попрачайничеством, разбоем или другими ухищрениями…” [15, 149]

С. Санбаев нұсқасы: “О чем говорят эти пословицы? Разве говорится в них о мире, науке, знаниях и справедливости? Нет. Зато по ним можно получить представление о том, что казахи не умеют честным путем наживать богатство, стараются обвести вокруг пальца имущих, если же не получается, готовы рвать ворот друг другу. Кто уверен, что из-за скота подобные люди не обворуют даже родного отца?” [16, 143]

В. Шкловский нұсқасы: “Много у нас пословиц, но не говорится в них о науке, о знании, о справедливой и спокойной жизни.

Человек любит свой скот, как собственные свои потроха. Он хочет получить все обманом. Если ему не дадут, хочет ограбить. Человек не боится ограбить даже отца.” [17, 328]

Ағылшынша нұсқасы: “Now, what do they tell us? It is not learning and knowledge, nor peace and justice, that the Kazakh holds dear – his sole concern is how to get rich. So he will twist and turn to cajole some of their riches from other people, and if he does not succeed, he will see the whole world as his enemy. He will have no scruples about fleecing even his own father. It is not customary among us to censure those who gain possession of livestock by trickery, lies, pillage or other crimes.” [5, 88]

В. Шкловский және С. Санбаев бұл үзіндіні еркін, қарапайым жай тілмен аударған. В. Шкловский аудармасы түпнұсқа мағынасын барынша бұрмалап жіберген. С. Санбаев түпнұсқа мағынасын бергенмен, ақынның стилін сақтамай, еркін тәржімелеген. К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев тәржімесі ақын ойын ашып, түпнұсқадағы әр сөзді аударған. Бірақ та, бұл аудармашылар да тәржімеге түпнұсқада жоқ артық сөздер қосқан. “Мал” сөзін “богатство” деп берген. Р. МакКейннің аудармасы К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев аудармасына жақын аударылған. Ағылшын тілінің аудармашысы да “мал” сөзін “rich” деп, яғни “байлық” деп берген.

Абай өзінің көптеген қара сөздерінде қазақ мақалдарын көрсетуімен қатар өз ойларын да мақал ретінде бере білген. “Алтыншы сөзінде” Абай: “Қазақтың бір мақалы: “Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік” дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік аты – ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес.” — [6, 95] дейді.      

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев тәржімесінде бұл үзінді былай берілген: “Одна из казахских пословиц гласит: “Начало успеха – единство, основа достатка — жизнь”.

Но у каких людей бывает единство, и как они добиваются согласия между собой – казахи не знают. Полагают, что это – общность скота, имущества, еды. Если так, то какой прок от богатства, и какой вред от нищеты? Стоить ли трудиться ради богатства, не избавившись прежде от родственников? Нет, единство должно быть в умах, а не в общности добра.” [15, 151]

С. Санбаев былай етіп тәржімелеген: “У казахов бытует пословица: “Единение – это верх искусства, а существование – основа достатка”.

Но казахи не ведают, что такое единение и когда рожается согласие. Они полагают, что единство – это общность имени, пищи, одежды, достояния. Но если так, то какая польза от богатства и какой вред от бедности?…. Нет, людьми должна двигать общность мысли, направленная на благо, а не тяготение к общему добру.” [16, 143]

В. Шкловский нұсқасы: “Одна из казахских пословиц гласит: “Начало умения в обиденении. Начало достатков в труде”.

Но что такое единение и как его достичь – казахи не знают.

У казахов выходит так, что единение – это общность скота, еды, и одежды.

Но если это так, то какая же полза от богатства и какой убыток в бедности? Зачем искать богатства на стороне, если оно есть у тебя в роду и его можно выпросить?

Но это ли единение?

Нет, единение в общности мысли, в общих намерениях, а не в мнимой общности богатства, которое будто бы можно выпросить у своей родни.”   [17, 330]

Р. МакКейннің ағылшынша нұсқасы: “According to a Kazakh proverb: “The source of success is unity, and of well-being – life”.

Yet what kind of people are they who live in unity and how do they achieve such accord? The Kazakhs are quite ignorant on this score. They think that unity resides in the common ownership of livestock, chattels and food. If this where so, then what use wealth and what harm in poverty? Would it be worthwhile working hard to grow rich without first getting rid of one’s kith and kin? No, unity ought to be in peoples mind and not in communal wealth.” [5, 89]

С. Санбаев осы үзіндінің басты ойын сақтаған. Бірақ та, автор стилін сақтамаған. Сонан кейін, түпнұсқадағы “Ағайын құрымай мал іздеп не керек?” сөйлемін тастап кеткен. В. Шкловский де еркін аударған. Ақынның “Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді” дегеннін “Но что такое единение и как его достичь – казахи не знают”, яғни, “Бірлік деген не және оны қалай алуға болатынын қазақ білмейді” деп сөйлемнің мағынасын бұрмалап аударған. Және де келесіде “Зачем искать богатства на стороне, если оно есть у тебя в роду и его можно выпросить?”  деген артық сұраулы сөйлем қосып жіберген. К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев аудармасы және Р. МакКейн тәржімесі жақсы деңгейде шыққан.

Осы үзіндідегі “кедейліктен не залал?” деген ақынның сұрағын аудармашы В. Шкловский “какой убыток в бедности?” деп, С. Санбаев “какой вред в бедности?”, К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев “какой вред от нищеты?”, ал             Р. МакКейн “what harm in poverty?” деп аударған. Аудармашылар “кедейлік” сөзін әр түрлі берген —  В. Шкловский мен С. Санбаев “бедность” деп,                    К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев “нищета” деп берген. Ағылшын тіліндегі “poverty” сөзі орыс тіліндегі екі сөзге де балама болып келеді.

Бұл үзіндінің соңында Абай былай дейді: “Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес.” [6, 95]

Осы ойды аудармашылар қалай тәржімелегенін көрейік:

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев: “Нет, единство должно быть в умах, а не в общности добра.” [15, 151]

С. Санбаев: “Нет, людьми должна двигать общность мысли, направленная на благо, а не тяготение к общему добру.” [16, 144]

В. Шкловский: “Нет, единение в общности мысли, в общих намерениях, а не в мнимой общности богатства, которое будто бы можно выпросить у своей родни.” [17, 330]

Р. МакКейн: “No, unity ought to be in peoples mind and not in communal wealth.” [5, 89]

Жоғарыдағы тәржімелерге қарасақ, аудармашылардың “мал” сөзін әр түрлі етіп түсіндіретінін көреміз. К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев және С. Санбаев бұл сөзді “добро”, В. Шкловский “богатство” деп, Р. МакКейн де “wealth”, яғни, “байлық” деп аударған. В. Шкловский тәржімесінде “… которое будто бы можно выпросить у своей родни” деген артық ой қосып жіберген.

Абай “Сегізінші сөзі” жоғарғы ілім-білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтықтық мінездерді шенеуге арналады. Осы сөздің басында Абай: “Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?” [6, 96] деген сұрақ қояды да, ақылды тыңдайтын адамды іздейді. Болысты, биді, байларды, ұры-залымды айта келе, “Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын? ”-деп кедейлерді де айтады. [6, 97]

В. Шкловский: “А мирные люди, люди овечьей породы, не могут меня слушать, потому что они не обеспечены пропитанием. [17, 334]

Аудармашы “қоңыршалар” сөзін “мирные люди” деп, ал “қой жүнді” дегенді “люди овечьей породы” деп берген. Сосын, түпнұсқадағы “Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын?” деген сөйлемді түгелімн алып тастаған. 

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев аудармасы: “Бедняки, что смирнее овцы, озабочены своим пропитанием. Что им советы, знания, учения, когда все это не нужно богатым?” [15, 156]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев аудармасындағы бірінші сөйлем түпнұсқаға лайықты тәржімеленген. Түпнұсқадағы “Аналар” деген сөзді “богатые” деп нақтылап тәржімелеген.

С. Санбаев тәржімесі: “Остаются бедняки, которые еле сводят концы с концами. Но как будешь досаждать им необхадимостью овладевать знаниями и заняться наукой, когда они видят великий пример дурости волостных, биев и богачей?” [16, 146]

С. Санбаев еркін аударған. Түпнұсқада жоқ сөздер қосқан. “Би” сөзін қосқан, және сол сөзді транслетирациялаған.

Р. МакКейн былай аударған: “The poor, meek as sheep, are only concerned about getting their daily bread. What good is advice, wisdom and learning to them when even the rich do not want it?” [5, 94]

Аударма түпнұсқа мағынасын ашқан. Бірақ, тәржімеде артық сөздер қосылған. Олар: “daily bread”, қазақша “күндік нан” және “wisdom”, қазақша аудармасы “данагөйлік, даналық”. Ондай сөздер түпнұсқада кездеспейді.

“Жиырма тоғызыншы сөзінде” Абай тағы бір халық мақалын көрсетеді: “Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол.” [6, 115]

Аудармашылардың нұсқалары:

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев тәржімесі: “Лучше один день быть бурой, чем сто – выхолощенным верблюдом” [15, 196]

С. Санбаев нұсқасы: “Чем сто дней слоняться выхолощенным верблюдом, лучше один день безум­ствовать бурой!” [16, 179]

В. Шкловский нұсқасы: “Чем сто дней быть мерином, лучше один день быть жеребцом.” [17, 373]

В. Шкловский “атан” сөзін “мерин” деп аударған, ал “бура” сөзін “жеребец” — “айғыр” деп қате тәржімелеген.

Бұл жерде қазақтың жануардың жасын, түсін, тұқымын анықтауда шебер екендігін айтып кеткен жөн. Кез-келген ұлт сиыр етін қойдікінен немесе жылқыныкінен айыра алмас. Сондықтан да, В. Шкловский аудармасында қазақтың ұлттық бояуы жоғалған болар.

Әрине, бұндай тәржіме орыс тіліндегі оқырманға қазақтың сөзін жеңіл, түсінікті етіп береді. Алайда, оқырман аударма оқып отырғанын ұмытып,  орыстың өз мәтінін оқып отырғандай болады. Және сол үшін қазақтың мәдениетін ұғынбайды.

С. Санбаев та, К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев та “атан” сөзін “выхолощенный верблюд” деп аударып, “бура” сөзін транслетирациялаған. Бұл жағдайда аудармашылар транслетирация әдісі арқылы орыс тілін байытты деуге де болады. Әсіресе, С. Санбаев тәржімесі жақсы шыққан.

Ағылшынша нұсқасы: “Better one day a as a stallion than a hundred days as a gelding.” [5, 134]

Аудармашы Р. МакКейн “атан” сөзін “gelding” деп, “бура” сөзін В. Шкловский тәрізді “stalling”, яғни, “айғыр” деп қате аударған.

Абай қарасөздерінде кездесетін тағы бір тақырып – дін, тәрбие туралы болып келеді. Оның “Он екінші сөзінде” мынандай сөйлем оқимыз: “Әуелі – иманның иғтиқадын¹ махкемлемек² керек.” [6, 100]. Абай сөзінің астыңғы жағында араб сөздеріне түсінік берілген: 1 – сену, нану; 2 – берік, мықты, орнықты.

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев осы сөйлемді былай аударған: “Прежде всего, он должен утвердиться в своей вере…” [15, 164]

С. Санбаев аудармасы: “…первое – это убежденность в могуществе веры,..” [16, 152]

В. Шкловский тәржімесі: “…во-первых, надо понимать смысл веры,...”       [17, 343]

Р. МакКейн нұсқасы: “First of all, he must be certain in his faith;” [5, 102]

Тәржімелердің еш қайсысында да араб сөздері сақталмаған. Орыс тіліне тәржімелеген аудармашылар оларды орысша сөздермен, ағылшынша тілге аударған тәржімеші ағылшынша сөздермен берген. Бұл жерде де алалықтар байқалады. Әр аудармашы мағынасын әр түрлі етіп тәржімелеген.                     К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев, Р. МакКейн сенімге көз жеткізу керек деп,    С. Санбаев сенімнің қуаттылығына көз жеткізу керек деп, В. Шкловский сенімнің мәнін ұғыну қажет деп түсіндіреді. 

Әрі қарай осы Сөзде мынандай сөйлем оқимыз: “Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласыменен өзін өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды.” [6, 100]

В. Шкловский тәржімесі: “Если, кто не поняв истинного смысла веры, наденет чалму и начнет величаться, называя себя поборником поста и молитвы, то это будет подобно тому, как человек, не заплатив калым за невесту, поехал за ее приданым.” [17, 343]

Бұл сөйлемде Абайды көру мүмкін бе? Біздің көріп отырғанымыздай, бұл жерде В. Шкловский түпнұсқаны өз еркімен аударып, аудармаға “сәлдені” (“чалма”) және калың мал бермеген адамды артық қосып жіберген.

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев: “Кто небрежен, не соблюдает себя в строгости, не умеет сострадать, того нельзя считать верующим – без бережливости и внимания не удержать в душе иман – веру.” [15, 164]

С. Санбаев: “Нет истинной веры без усердия и воздержанности ее слуг, без постоянного переживании и борьбы за ее чистоту и возвышенность.” [16, 153]

Р. МакКейн аудармасы: “A person who s negligent, who is not strict in his ways and is not capable of compassion cannot be considered a believer: without self-discipline and consistency one can not keep iman, the faith, in one’s soul.”    [5, 102]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаевтың және Р. МакКейннің аудармалары өзара ұқсас. Бұл аудармашылар автор стилінен алшақтағанымен, ақынның айтайын деген ойын, түпнұсқаның мағынасын ашу үшін сөйлемдегі сөздерді нақтылап, түсінікті етіп аударған. Ал, С. Санбаев түпнұсқаны дұрыс аудармай, мағынасын дәл бермеген.

Абайдың “Отыз жетінші сөзін” бір араға бастары құрылған афоризмдер екенін бастапқыда айтқан болтынбыз. Сол афоризмдерді аудармашылар қалай тәржімелегенін салыстырып көрейік:

Түпнұсқа: “Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес” [6, 122]

В. Шкловский: “О качестве человека суди по его замыслам, а не по тому, что из них получилось.” [17, 387]

С. Санбаев: “Достоинство человека определяется его подхо­дом к делу, а не завершением.” [16, 189]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев тәржімесі: “О достоинствах человека суди по тому, как он начал дело, а не по тому, как ему удалось завершить его”     [15, 211]

Р. МакКейн аудармасы: “Judge a man’s qualities by the intentions of his action and not by its outcome.” [5, 149]

Аудармашылар түпнұсқадағы “адамшылық” сөзін әр түрлі аударған.             С. Санбаев және К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев ол сөзді тәржімеде “достоинство” ретінде берген. Ал,  В. Шкловский “качество”(сапа), Р. МакКейн де “qualities” (сапа) деп берген. Бұл жерде С. Санбаев және К. Серікбаева мен   Р. Сейсенбаевтардың баламасы дұрыс деп ойлаймын. Және де толық сол сөйлемнің аудармасына келетін болсақ, К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев тәржімесі басқаларына қарағанда жақсы аударылған деуге болады.

Түпнұсқа: “Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады” [6, 122]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев: “Как не прикрасна мысль, пройдя через человеческие уста, она тускнеет.” [15, 211]

С. Санбаев: “Самые прекрасные мысли тускнеют, пройдя через человеческие уста.” [16, 189]

В. Шкловский: “Как ни прекрасна мысль, но пройдя через уста, она бледнеет” [17, 387]

Р. МакКейн: “However good a thought, it is tarnished by passing through human lips” [5, 149]

Аудармашылар түпнұсқадағы “өңі қашады” дегенді әр қалай тәржімелеген. К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев, С. Санбаев ол сөзді “тускнеть” (күңгірттену) сөзімен берген және жай “ауыздан” деген сөздің орнына “человеческие уста” (адамның аузынан) деп артық сөз қосып аударған. Р. МакКейн де “human lips” (адамның аузы) деп артық жіберген. “Өңі қашады” дегенді В. Шкловский “бледнеть”, яғни, “нашарлау, төмендеу” деп берген.

Түпнұсқа: “Әкесінің баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы – бауырың.” [6, 123]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев: “Сын своего отца для других – враг. Сын человеческий – твой брат” [15, 211]

С. Санбаев: “Дорожи не тем, что сын отца; гордись тем, что — сын человека.” [16, 189]

В. Шкловский: “Сын своего отца – недруг народу, сын народа – твой друг” [17, 387]

Р. МакКейн: “A father’s son is an enemy to other people. But a son of mankind is your dear brother.” [5, 149]

Аудармашылар түпнұсқадағы “адам” сөзін мынадай етіп берген:                  К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев “другие” және “человечество”, С. Санбаев “человек”, В. Шкловский  “народ”, Р. МакКейн “other people” (басқа адамдар). Бұл жерде С. Санбаев пен В. Шкловскийдің баламалары дұрыс. Бірақ,              С. Санбаев бұл ойды еркіндікке беріліп, дұрыс аудармаған. Түпнұсқада жоқ сөздер қосқан, дәл тәржімелемеген. В. Шкловский автор стилін сақтап, түпнұсқаға жақын етіп аударған. К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев және             Р. МакКейн де түпнұсқаның мағынасын берген.

Түпнұсқа: “Ер артық сұраса да азға разы болады.

                    Ез аз сұрар, артылып берсең де разы болмас.” [6, 123]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев: “Достойный, попросив многого, довольствуется малым, ничтожный просит много, но останется не довольным, если дашь больше, чем он просит.” [15, 211]

С. Санбаев: “Достойный довольствуется малым, хотя и же­лал большего. Ничтожный недоволен, даже когда получает с избытком.” [16, 189]

В. Шкловский: “Достойный просит многого, довольствуется малым. Пустой просит мало, а дашь ему больше, он все равно будет недовольным.” [17, 387]

Р. МакКейн: “A good man may ask much, will be content with little; despicable one will ask much, but will be dissatisfied even if he gets more than he asked for.”   [5, 149]

Түпнұсқадағы “ер” сөзін орыс тіліне тәржімешілер “достойный” деп берген, ал, Р. МакКейн ағылшынша “good man” — “жақсы адам” деп тәржімелеген. Ақынның “ез” деген сөзін К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев және С. Санбаев “ничтожный” деп, В. Шкловский “пустой”, Р. МакКейн “despicable one” деп, әр аудармашы әр түрлі берген. Барлық аудармашылар да түпнұсқа мағынасын ашқан. Бірақ та, олар өздерінің тәржімелерінде түпнұсқаның әсерін, әуезділігін жоғалтқан. Сонымен қатар, К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев түпнұсқаның екінші жолындағы “аз” сөзін “много” деп, яғни, “көп” деп аударып, үлкен қате жіберген.

Түпнұсқа: “Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлыңның бірі боласың.” [6, 123]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев: “Тот, кто трудится для своего блага, уподобляется животному, которое пасется только для себя; того, кто трудится, выполняя человеческий долг, всевышний метит своей любовью.”  [15, 211]

С. Санбаев: “Тот, кто работает только на себя, превращается в животное, набивающее себе брюхо; тот, кто трудится на благо человечества, становится избранником все­вышнего.” [16, 189]

В. Шкловский: “Трудящийся только для себя – уподобляется скоту, набивающему брюхо. Достойный трудится для человечества.” [17, 387]

Р. МакКейн: “He who works for his own benefit alone is like an animal that grazes to fill its own stomach; but he who works to fulfill his human duty, the Most High will distinguish by His love.” [5, 149]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев мысалды жақсы аударған. Дегенмен, түпнұсқадағы “хайуан” сөзінің өз баламасын қолданбай, оның орнына “животное”, яғни, “жануар” деп берген. С. Санбаев та “животное” сөзін қолданған және де түпнұсқадағы “алланың сүйікті құлының бірі боласың” дегенді “становится избранником всевышнего” деп, түпнұсқа мағынасын бұрмалап жіберген. В. Шкловский болса, түпнұсқадан тіптен алшақтап, мән-мағынасын кетіріп, жай, қарапайым тілмен аударған. Бұл аударманы оқыған орыс тілі оқырманы Абайдың ұлылығын, кемеңгерлігін сезбейтін болады.         В. Шкловский тәржімесінде “алланың сүйікті құлының бірі боласың” деген сөйлем жоқ, ол сөйлемді аудармашы тәржімелемей, алып тастаған. Ағылшынша тәржімеде да аудармашы “хайуан” сөзінің өз баламасын қолданбай, “жануар” деп берген. Әйтсе де, түпнұсқа мағынасын аша түскен.

Түпнұсқа: “Адам баласын заман өстіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват.” [6, 123]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев: “Человек – дитя своего времени. Если он плох, в том виноваты и его современники.” [15, 211]

С. Санбаев: “Человек — дитя своего времени. Если он плох, в этом виновны его современники.” [16, 190]

В. Шкловский: “Человек – дитя своего времени. Но если ты дурен, не обвиняй в этом своих современников.” [17, 387]

Р. МакКейн: “Man is a child of his time. If he is a bad, contemporaries are to blame.” [5, 149]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев, С. Санбаев және Р. МакКейн тәржімелері дұрыс деңгейде аударылған. Алайда, аудармашылар өз тәржімелерінде түпнұсқадағыдай етіп “адам баласын заман өстіреді” демей “адам — өз заманының баласы” деп берген. Бірақ та, бұл сөйлемді осылайша аударғандары түпнұсқа мағынасын кетірмей, жақсы берген деуге болады. Ал, В. Шкловский осы мысалдың екінші жолын керісінше аударған. Ол былай деген: “Егер де сен жынды болсаң, сол үшін замандастарыңды кінәлама”.

Түпнұсқа: “Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.” [6, 123]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев: “Будь в моих руках власть, я бы отрезал язык тому, кто твердит, будто человек неисправим.” [15, 211]

С. Санбаев: “Будь моя власть, я бы отрезал язык любому, кто утверждает, что человек неисправим.” [16, 190]

В. Шкловский: “Если б в моих руках была власть, я отрезал бы язык всякому, кто говорит, что человек неисправим.” [17, 387]

Р. МакКейн: “Had I the power, I would cut out the tongue of anyone who asserts that man is incorrigible.” [5, 150]

Аудармалардың ішінен К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаевтың және Р. МакКейннің тәржімелері сәтті шыққан. Ал, С. Санбаев пен В. Шкловский өз тәржімелерінде “кез-келген” деген артық сөз қосқан. (С. Санбаевта “любой”, В. Шкловскийда “всякий”). Дегенмен, бұл аудармашылар да Абайдың осы ойын жақсы тәржімелеген.

Түпнұсқа: “Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны. Егер де аузынан қан ағызса, домбыт мақтаншақ, я қорқақ.” [6, 123]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев: “Если некто молчит в гневе, значит всю силу гнева он затаил в себе. Извергающий черную брань – обычно хвастун или трус.”  [15, 212]

С. Санбаев: “Безвреден — кто в гневе кричит. Бойся того, кто в гневе молчит.” [16, 190]

В. Шкловский: “Кричящий в гневе – смешон, молчащий в гневе – страшен.” [17, 388]

Р. МакКейн: “He who keeps silent in his anger contains his fury within himself. He who spits abuse is either a braggart or a coward.” [5, 150]

Ақын ойын, түпнұсқа мағынасын бере алған аудармашылар К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев және Р. МакКейн деуге болады. Бұл аудармашылардың нұсқалары өзара ұқсас. С. Санбаев түпнұсқа мағынасын берген, алайда автор стилін сақтамай, сөйлемді қысқартып аударған. В. Шкловский аудармасында түпнұсқаның әсерлілігін кемітіп, жай және қарапайым тілмен аударған. 

Түпнұсқа: “Егер ісім өнсін десең, ретін тап.” [6, 123]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев: “Если хочешь, чтоб дела твои ладились, берись за них разумно.” [15, 212]

С. Санбаев: “Дело ладится умением.” [16, 190]   

В. Шкловский: “Если хочешь, чтобы дело ладилось, — сумей за него взяться.” [17, 388]

Р. МакКейн: “If you want your labours to be successful, start the job in hand wisely.”  [5, 150]

Түпнұсқадағы “ретін тап” сөзіне К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев “берись за нх разумно” деген жақсы балама тапқан. В. Шкловский “сумей за него постоять” деп берген. Р. МакКейн “даналықпен баста” деген. С. Санбаев бұл ойды жай сөйлеммен аударған.  

Түпнұсқа: “Бақпен асқан патшадан

                   Мимен асқан қара артық;

                   Сақалын сатқан кәріден

                   Еңбегін сатқан бала артық.” [6, 123]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев: “Простолюдин, прославившийся умом – выше царя, вознесенного удачливой судьбой. Юноша, продающий свой труд, достойнее старца, торгуещего своей бородой.” [15, 212]

С. Санбаев: “Простолюдин, прославившийся умом, выше царя, вознесенного судьбой. Юноша, продающий плоды своего труда, достойней старца, торгующего своей бородой.” [16, 190]

В. Шкловский: “Простолюдин, прославленный за ум, выше царя, увенчанного счастьем. Юноша, продающий свой труд, достойнее старика, торгующего своей бородой.” [17, 388]

Р. МакКейн: “A common man renowned for his cleverness is greater than a king who has been raised up by good fortune. A youth who sells his handiwork is worthier than an old man selling his beard.” [5, 150]

Түпнұсқаның бірінші сөйлемін К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев және           С. Санбаев бірдей аударған. Сөйлемдегі “бақ” сөзін аудармашылар әр түрлі түсінген. К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев және С. Санбаев ол сөзді “судьба” (тағдыр) ретінде , В. Шкловский “счасье” (бақыт), Р. МакКейн де “fortune” (бақыт) ретінде берген. Және де түпнұсқадағы “патша” сөзін аудармашылардың бәрі де “царь”, “king” деп тәржімелеген. Түпнұсқаның екінші сөйлеміндегі “еңбек” сөзін әр аудармашы өзінше берген. К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев,  В. Шкловский және Р. МакКейн бұл сөздің өз нақты баламасын көрсеткен. Ал, С. Санбаев болса, ол сөзді “плоды своего труда” деп, яғни, “өз еңбегінің жемісін” деп аударған. Барлық тәржімешілер да ақын ойын жаұсы берген деуге әбден болады.

      Түпнұсқа: “Жаман дос – көлеңке:

                    Басыңды күн шалса,

                    Қашып құтыла алмайсың;

                    Басыңды бұлт алса,

                    Іздеп таба алмайсың.” [6, 124]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев: “Плохой друг – все равно что тень, когда солнце над головой, от нее не избавиться, когда тучи сгущаются, ее не сыщешь.” [15, 212]

С. Санбаев: “Плохой друг подобен тени. Когда светит солнце — от него не убежишь; сгустятся тучи над головой — его не найдешь.” [16, 190]

В. Шкловский: “Плохой друг, как тень: в солнечный день беги – не убежишь, в пасмурный день ищи – не сыщешь.” [17, 388]

Р. МакКейн: “A false friend is like a shadow: when the sun shines on you, you can’t get rid of him, but when clouds gather over you, he is nowhere to be seen.”     [5, 150]

Орысша аудармалардың бәрінде де түпнұсқадағы “жаман дос” сөзіне “плохой друг” деген дәл балама бар, ағылшынша аудармада “жаман дос” баламасы етіп “false friend” деген сөзді, яғни “өтірік дос” дегенді қолданған. Алайда, бұл сөз түпнұсқа мағынасын бұзып тұрған жоқ. Бұл жерде                     К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаевтың тәржімесі және Р. МакКейннің ағылшынша аудармасы жақсы шыққан. С. Санбаев пен В. Шкловский аудармалары да түпнұсқаға лайықты тәржімеленген, бірақ та алда аталып кеткен аудармашылардың тәржімелеріне жетпейді.

Түпнұсқа: “Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң — өзің ғана тілейсің.” [6, 124]

К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев: “Пока ты добиваешься счастья, добра тебе желают все, но как только ты дастигаешь цели, твой доброжелаталь – лишь ты сам.” [15, 212]

С. Санбаев: “Пока ты не достиг счастья, твои мечты разделяют все. Но вознесла тебя судьба, и твой доброжелатель — один ты сам.” [16, 190]

В. Шкловский: “Пока тебя не вознесло счастье, добра тебе желают все кругом. Но возвысило тебя счастье – доброжелатель твой лишь ты сам.”    [17, 388]

Р. МакКейн: “While you are seeking happiness, everybody wishes you well; but once you have attained it, your only well-wisher is yourself.” [5, 150]

Аудармашылар түпнұсқадағы “бақ” сөзін “бақыт” берген. “Тілеуінді ел де тілейді, өзің де тілейсің” дегенді К. Серікбаева мен Р. Сейснебаев “добра тебе желают все” деген, “өзің де тілейсін” деген ой жоқ. С. Санбаев ол ойды “твои мечты разделяют все” деген. С. Санбаев аудармасында да “өзің” деген жоқ, сонымен қатар, тәржімеші “тілеуіңді” деген сөзді “твои мечты” — “армандарыңды” деп сөз мағынын үлкейтіп жіберген. В. Шкловский да “тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің” деген ойды “добра тебе желают все кругом” деп жалпылап сөздің әсерлілігін кетіріп жіберген. Р. МакКейн “бағың өскенше” дегенді “While you are seeking happiness” (“Сен бақытыңды іздегенше”) деп аударған. Түпнұсқада бақты іздеу туралы емес, бағыңа жеткенше деген мағына болса, аудармада, керісінше. Р. МакКейнде де “өзің де тілейсін” деген ой жоқ.

Ақынның осы “Отыз жетінші сөзін” – афоризмдер қатарын әр аудармашы нақты, дәл жеткізуге тырысқан. Алайда, тәржімешілер өздерінің аудармаларында көптеген олқылықтар жіберген. Кей афоризмдердің ойын бұзып, ал, кейбіреулерін әсерлі, әуезді етіп берген. Мағына, мән жағына келгенде, дәлдікті сақтауға тырысқан.

Ақынның ақылға толы, адамгершілік, еңбек, ғылым, білім, әділдік жайында, үлкен өмір шындығын, заман шындығын, қоғамдық қарым —  қатынастарды, адамның ой өрісін, салт-санасын, мінез-қылығын көрсететін көркем шығармасы – “Қара сөздерін” өзге ел оқырмандарына көптеген   аудармашылар тәржімелеген. 

Қорыта келгенде, осы біздің жұмысымызда қаралған аудармашылардың ішінде К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаевтың тәржімелері жақсы деңгейде шыққан дей аламыз. Осы аудармашылар өздерінің жұмыстарында ақынның ойын, түпнұсқаның мазмұнын, шығарманын әуезділігін, әсерлілігін сақтауға тырысқан. Түпнұсқада кездесетін қиын сөздерге жақсы балама тауып, оны оқырманға түсінікті етіп беруге талпынған.

С. Санбаев Абайдың қарасөздерін аудармасы К. Серікбаева мен                   Р. Сейсенбаевтың тәржімелеріне қарағанда сәл төменгі деңгейде. Аудармашы түпнұсқаны аудару барысында, өз тәржімесінде дәлдікті сақтауға тырысқанымен, көптеген жерлерде еркіндікке беріліп, автор стилін сақтамай, өздігінен сөз қосып, кейбір сөздердің нақты өз баламасын қолданбай, басқа сөзбен аударған кездері де бар. Дегенмен, аудармашы Абай қарасөздеріндегі ақын ойын, түпнұсқаның мағынасын ашуға тырысқан.

Ең сәтсіз аударма В. Шкловский тәржімесі. Ол Абайдың қарасөздерін толық аудармаған. “Отыз сегізінші сөзді” тәржімелемей толығымен тастап кеткен. Әр Сөзді аудару барысында, түпнұсқада жоқ сөздерді, кей кездері тіптен түпнұсқада жоқ сөйлемдерді де қосып жіберген. Автор стилін сақтамай, өздігінен ой қосып, түпнұсқадағы кей сөйлемдерді аудармай тастап кеткен. Түпнұсқа сөздерінің орыс тіліндегі өз баламасын қолданбай, басқа сөздермен аударған.

Р. МакКейн аудармасы сәтті жасалған аударма. Бұл тәржіме                         К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаевтың аудармасына ұқсас. Ақын стилін сақтамағанымен, бұл аударма ағылшын тілінің оқырмандарына ақынның не айтқысы келгенін түсіріндіреді деуге де болады. Р. МакКейн аудармасын ақынның ойын, түпнұсқа мағынасын ашқан жақсы тәржіме қатарына жатқызуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Көркем аударма процесінде, көркем аударма ісінің нәтижесінде түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы бірлік пен тұтастықтың сақталуының маңызы жоғары. Түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы байланыс, келісім мен жарасым аудармада сақталмаған жағдайда әдеби шығарманың көркемдік табиғаты, автордың шғармашылық даралығы мүлде бұрмаланып, түпнұсқа бір басқа, аударма бір басқа – екеуі екі бөлек туынды болып шығады. Мұндай жағдайда аудармадан түпнұсқаның мазмұнын да, көркемдік бейнелеу ерекшеліктерін де табу қиынға түседі. Ал, көркем аудармада түпнұсқаның мазмұны мен пішінін дәл жеткізу, немесе, біршама дәл жеткізу аударма ісіндегі ең бір қиын, күрделі, әрі аудармашы шығармашылығының мағынасы мен мәнін анықтайтын айрықша маңызды көрсеткіш болып табылады. Бір ұлттық тілде жазылған көркем шығарманы екінші бір ұлттық тілдің көркемдік бейнелеу құралдары арқылы қайта жасау, аудару оңай емес. Ал, түпнұсқа белгілі бір ұлттың ұлы ақынының шығармасы болса, ұлттық сипаты барынша анық, бедерлі болса, онда оны өзге тілге аудару аудармашыдан үлкен жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар, үлкен талантты талап етеді. Аудармашылық таланты – үлкен талант. Ол өз тілінің айшығы мен ажарын, көркемдік бейнелеу мүмкіншілігін, бейнелілігін еркін менгерген талантты ақын болумен бірге, түпнұсқаның мазмұны мен мәнін, тілдік байлығын, ұлттық бояуын жете білетін шебер маман дәрежесіне көтерілуі шарт. Сонда ғана ол аудармашы ретінде түпнұсқаның мазмұны мен пішінін толық игеріп, өз аудармасында олардың арасындағы байланысты, келісім мен жарасымды, тұтастықты сақтауға мүмкіндік табады.

Осыған орай, профессор Ә. Тарақов өзінің  “Аударма психологиясы және мәдениеті” атты еңбегінде былай дейді: “Аудармашы – бұл суреткер, сөз зергері, үлкен тіл маманы, басқа халықтың әдеби құндылығын өз тіліне қайта жасап шығушы. Аудармашылық — өнер, ғылым, шығармашылық іс десек, аудармашы ең алдымен талант иесі. Таланттың да таланттысы аударманың шығармашылық азабына төзеді. Әлем әдебиетінің үздік үлгілерін, классиктер кітаптарын аудару – нағыз таланттылық. Классиктер шығармаларын аудару үшін олардың шығармашылық рухымен тыныстап, қаламгерлік қыр-сырын терең зерттеп, туындыларының көркемдік-мазмұндық және идеялық-эстетикалық құндылығын стильдік жүйесін бағалай біліп, суреткердің шығармашылық тағдырын айқын түйсініп, түсіне білу қажет.” [18, 32]

Сонан соң Ә. Тарақов аударма мен аудармашы мәдениеті жайында мынадай пікір білдіреді: “Аударма – мәдениетті, оның ішінде әдебиетті, ұлттық тілді байытудың бірден-бір құралы. Аудармашы шығармашылық адамы, ақын-жазушы, журналист болғандықтан да, сөз мәдениетін айрықша құрметтеп, сақтауы тиіс. Сөз мәдениеті – бұл белгілі бір тілге арналып бекітілген нормаға сәйкес сөйлеу қабілеттілігі. Сөз эмоциясы, сөз табиғаты, сөз этикасы, сөз мәдениеті – осылардың бәрі — аудармашының аударма шығармасымен айналысу ісінде ерекше көңіл бөлетін бірліктері.

Аударма жасау – ұлттық тіл байлығының көрсеткіші ғана емес, сол халықтың тілінің мәдениетімен, мәдени тілімен таныстыру үрдісі. Ал, мәдени тіл дегеніміз – мемлекеттік тіл мәртебесін алған, өркениеттің жоғары деңгейіне жеткен халық тілі.

Демек, аудармашы мәдениеті тіл мәдениетін, сөз мәдениетін айрықша құрметтеу сипатынан аңғарылады. Ол шығарма аударылатын тілдерге қандай қатысты болса, аударманы жүзеге асыратын өзінің ана тіліне де соншалықты қатысты.

Аудармашы мәдениеті түпнұсқалық шығарма авторының заңдылы құқықтарын құрметтеуге міндеттейді. Яғни, ол төлнұсқаны бұрмалап, өзгертіп, қысқартып, не болмаса өз ойынан мәтіндер қосып, түрлендіруге құқылы емес, жалпы оның көркемдік – идеялық құрылымына еш нұқсан келтірмей, мәтіндерін мүмкіндігінше толық әрі сәйкес, әдеби үлгіде аудару нәтижесінде шығармаға деген адалдығын, автор талантына, еңбегіне деген құрметін, сол арқылы ұлтқа деген сүйіспеншілік сезімін білдіре алады.” [18, 50]

Міне, осындай талаптарды ұстанып, аударма жасағанда ғана тәржіме мәтінінің сапасы дұрыс әрі жақсы шығады.

Абай Құнанбайұлы — өз дәуірінің биігінен алға озып шыққан ұлы ойшыл, дана ақын. Оның өлеңдері мен қарасөздерінде заман халі, өмір, дін, адамгершілік, болашақ, өнер, білім, ғылым, оқу секілді сан қилы мәселелер жайында әлеуметтік-этикалық, пәлсапалық, педагогикалық терең толғамдар мен тұжырымдар, қағидалар белгілі көзқарас, дүниетаным деңгейінде негізделеді. Ақынның дүниетанымы, көзқарасы, ақындық тұрғысы осы толғамдар, тұжырымдар мен қағидалар негізінде ашылады. Ақын шығармаларының түпнұсқа арнасында талдап, танығанда да тәржіме бойынша бағалағанда да бұл секілді терең толғамдар мен тұжырымдар, қағидалар, ұғымдар жүйесі әдебиет маманының, аударматанушының, тәржімешінің еңбегінің басты өзегі ретінде ашылуы үлкен қызмет атқарады. Абайдың ақындық даналығы мен даралығын танудың басты жолы да осы бағыттан табылады.

Түпнұсқа мәтінін, ондағы мазмұн мен мәнді ашық, анық, нақты ұғынып, жалпы, қосалқы мағынасын түсінбегендіктерінен тәржімешілер Абай өлеңдері мен қарасөздерін өзге тілдерге аудару барысында қателікер жіберген. Ақынның ақындық тұрғысын, ұлттық ойлау ерекшелігін, адам мен заман бейнесін жасаудағы шығармашылық даралығын аудармада дұрыс жеткізу аудармашыдан түпнұсқаның нақты және жалпы мазмұнын білуді ғана емес, сонымен қатар оның мағынасын, тілін, ақын өлеңдері мен қарасөздерінің табиғатын танып, білуді қажет етеді. Түпнұсқада айтылған өмір құбылыстарының сырын, оны ақынның қабылдау ерекшелігі мен бағалау тұрғысын, саралау, жинақтау, шығармашылық ойлау және шығармашылық туынды жасау процесін терең пайымдау – аударма еңбек үшін, аудармашы үшін өте маңызды шығармашылық саты. Бұл сатыға мән бермей, түпнұсқа мәтінді аударуды тікелей бастап кету – үлкен қателік.

Абай шығармаларының өзге тілдерге тәржімеленуі жолма-жол аудармасы негізінде немесе түпнұсқа мәтінінің мазмұнын тақырыбы мен идеясын баяндаушы бөгде біреудің, түпнұсқа мен аудармашы арасындағы үшінші бір тұлғаның қатысуымен жасалған. Аудармашы ақын шығармаларын тікелей өзі оқып, өзі түсіне алмағандығынан көптеген қателіктер жіберген. Ақынның қарасөздерін тәржімелеген аудармашы К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев аудармалары жақсы дәрежеде аударылғандығы туралы жоғарыда айтып кеткен болатынбыз. Осы аудармашылардың өз ана тілін, яғни, Абай тілін жоғары дәрежеде және аударылатын тілді, орыс тілін жақсы менгергендіктерінен тәржімелері сәтті шыққан. Ал, ағылшын тіліне тәржімелеген Р. МакКейннің аудармасының жақсы шығуының  себебі – түпнұсқа мәтінінің мазмұнын тақырыбы мен идеясын баяндаушы, түпнұсқа мен аудармашы арасындағы түсінік беруші, жол көрсетуші шығармашылық тұлға — Роллан Сейсенбаевтың жақсы қызмет көрсеткендігінен болар.

Абай тіліндегі ұлттық бояуы қанық, тұрмыс-салтқа байланысты қалыптасқан, орыс, ағылшын тілінің лексикалық қорында кездеспейтін сөздер ақынның ұлттық ойлау даралығымен тығыз байланысты. Оларды тәржімеде дәл беру қиын, олардың мағынасын ғана беруге болады. Ал, ақынның тіліндегі қайсыбір сөздердің мағынасын беру мүмкіншілігі де жоққа тән. Соған байланысты аудармашы бұл сөздерді түпнұсқадағы қалпында, транслитерациялық қалпында алып, соңынан түсінік береді. Соған байланысты түпнұсқада маңызды қызмет атқаратын мұндай сөздердің мағынасы аудармада осы жолмен сақталады, кейде тәржіме мәтінінің өзінде сипаттама, түсінік деңгейінде беріледі. Бұл бір жағынан ақын тілінің ұлттық мазмұнға байлығын танытса, аударма деңгейінде мұндай мазмұнды сақтау да, жеткізу де аудармашы үшін өте қиынға түседі.

Абай шығармашылығының өзге тілдерде сәтті жасалған тәржімелер бар болғанымен, ол аудармалар Абай деңгейінде жасалмаған. Абайдың ақындық даралығын, стилін еш аудармашы жеткізе алмаған деуге де болады. Абай шығармашылығын өзге тіл оқырмандарына Абайдай жеткізу үшін аударма өнерінің асқан маманы, саңлақ шебері, Абайдың өзіндей ақындық өнердің асқан майталманы болуы қажет. Сол кезде ғана тәржімешілер қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, данасы – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармасын өзге тілдерге Абайша жеткізе алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Абай және қазіргі заман: зерттеулер жинағы. – Алматы: Ғылым, 1994. – 336 бет.
  2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясы, Атамұра. – 1995. – 720 бет.
  3. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1 – том. – Алматы: Жазушы, 2003. – 296 бет.
  4. Абай (Ибрахим) Кунанбаев. Избранное / Перевод с каз., – Москва: Худ. лит., 1970. – 272 бет.
  5. Book of words. — Semei: Abai international club, 2005. – 184 p.
  6. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 2 – том. – Алматы: Жазушы, – 336 бет.
  7. Абай (Ибрахим) Кунанбаев. Избранное / Перевод с каз., комментарий А. Кодара. — Алматы: Ана тілі, 1996. – 224 с.
  8. Кунанбаев Абай. Избранное. Перевод с каз. / Сост М. Магауина, Вступит. статья М. Ауэзова; Послесл. М. Каратаева. – Москва: Худ. лит., 1981. – 223 с.
  9. Сильченко М. С. Творческая биография Абая. — Алма-Ата: Издательство Академий наук Казахской ССР., 1957 – 294 с.
  10. Абай Кунанбаев. Безветренной ночью луна… / Перевод с каз. М. Султанбекова. — Семипалатинск: Обл. типогр., 1992. – 28 с.
  11. Левый И. Искусство перевода / Перевод с чешского и предисловие Вс. Росселса. — Москва: Прогресс, 1974. – 398 с.
  12. Жұмалиев Қ. Абай Құнанбаев // Жұмалиев. Қ. XVIII – XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. — Алматы: Мектеп, 1967. – 436 бет.
  13. Сүйіншалиев Х. Ж. Абай Құнанбаев // Сүйіншалиев Х. Ж. XIX ғасыр әдебиеті / Қазақ әдебиетінің тарихы. — Алматы: Ана тілі, 1992. – 360 бет.
  14. Әуезов М. Абайдың қара сөздері // Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 20 – том. — Алматы: Жазушы, 1985 – 496 бет.
  15. Абай. Книга слов. Поэмы. / Перевод с каз. К. Серикбаевой, Р. Сейсенбаева. — Алма-Ата: ЕЛ, 1992. – 272 с.
  16. Абай. Стихи. Слова назидания. — Москва: Русская книга, 2003. – 240 с.
  17. Абай Кунанбаев. Собрание сочинений в одном томе / Вступит. слова Л. Соболева; Предисловие М. Ауэзова. – Москва: Гос. издат. лит., 1954. – 413 с.
  18. Тарақов Ә. С. Аударма психологиясы және мәдениеті: Оқу құралы. — Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 60 бет.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 272 бет.
  2. Абай тағылымы: Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер / Құраст. Н. Ғабдуллин. – Алматы: Жазушы, 1986. – 432 бет.
  3. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. – Алматы: Қазақ ССР-ң “Ғылым” баспасы, 1968. – 334 бет.
  4. Қабдолов З. Көзқарас: Талдаулар мен толғанстар. – Алматы: Рауан, 1996. – 256 бет.
  5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 581 бет.
  6. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп, – 212 бет.
  7. Мұқанов С. Абай Құнанбаев // Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар. Таңдамалы шығармалар; Он алтыншы том. – Алматы: Жазушы, 1980. – 416 бет.
  8. Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. — Алматы: Қазақ ССР-ң “Ғылым” баспасы, 1970. – 173 бет.
  9. Мырзахметов М. М. Абайтану тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 192 бет.
  10. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. Монография. – Алматы: Жазушы, 1966. – 348 бет.
  11. Сыдиықұлы Қ. Сарқылмас қазына: Зерттеулер мен толғаныстар. – Алматы: Жазушы, 1996. – 192 бет.
  12. Көркем аударманың кейбір мәселелері. Мақалалар жинағы / Құраст. Қ. Жармағамбетов. – Алматы: Қазмемкөркәдеббаспасы, 1957.- 172 бет.
  13. Жекеева К.О. Көркем аударма және әдеби байланыстың кейбір мәселелері // Парасат парызы. — Қарағанды, 2006. — 98 бет.
  14. Хайрулин Р. Аударма сипаты. – Алматы: Қазақстан, 1976. – 118 бет.