АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Адамның әлеуметтік болмысы жағдайы, қажеттілігі, сезімі мәселесі

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………….

 

1 АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БОЛМЫСЫ: ЖАҒДАЙЫ, ҚАЖЕТТІЛІГІ, СЕЗІМІ  МӘСЕЛЕСІ

1.1Э. Фромның «Еркіндіктен қашу» еңбегіндегі адамның еркіндігі мәселесі………………………………………………………………………………………

1.2   Эрих Фромм: жеке адамның гуманистік  теориясы       ………….

 

2   ЭРИХ ФРОММНЫҢ «ЕРКІНДІКТЕН ҚАШУ» ЕҢБЕГІ

1.1   Еркіндік дегеніміз психологиялық мәселе

болып табылады ма?…………………………………………………………………. …….

1.2 Жеке адам, оның жекешеленуі және

еркіндіктің екі үштылық сипаты………………………………………………….. ……

 

ТҰЖЫРЫМДАР………………………………………………………………………. ……

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………..

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Эрих Фромм неміс-американдық философ, социолог және
психолог, неофрейдизмнің негізгі өкілі. Ол 1900 жылы
Франкфуртте, Германияда дүниеге келген. Фромм отбасының жалғыз ұлы болды. Ол екі түрлі дүниені – ортодоксалды еврейлік және християндықты біліп өсті. 1922 жылы Гейдельберг Университетінде философия докторы атағыналды, 1923-1924жылдар Берлиндегі Психоаналитикалық      институтта

психоанализ курсын өтеді, 1929-1932 жылдары — Франкфуртта әлеуметтік зерттеу Институтының қызметшісі болды. Кейіннен 1933 жылы АҚШ-қа келіп У.Уайт атындағы психиатрия институнда жұмыс істейді. Колумбиялық және Йельдік университеттерінде сабақ береді. 1951-1967 жылдары Мексикада тұрады, Мехикадағы Ұлттық университетте психоанализ Институтын басқарады. 1974 жылы Швейцарияға келеді.

Европада бірінші дүние жүзілік соғыс басталған кезде Фромм
14      жаста      болатын.      Ол      осы                     соғыстың      адамдық

иррационалдылығы мен қиратушы бейімділігіне қайран болды. Кейіннен ол, «Мен бұл соғыс қалай пайда болды, және адамдар табының мінез-құлығының иррационалдылығын қалай түсінуге болады, деген сұрақтар ойландыратын өте терең қамданған бала едім» деп жазды.

Осы сұрақтарға жауабында оған З.Фрейд пен К.Маркстің үлкен әсер еткені көрінеді. Фрейд еңбектері, оған, адамдар өз жүріс-тұрысының себебін түсінбейтінін ұғынуға көмектесті. Марксті оқи отырып, ол әлеуметтік-саяси күштер адамдар өміріне маңызды әсер еткенін түсінді.

Фромм Фрейд пен Маркстің ойларын салыстырады, олардың көзқарастарының қайшылықтарын көрсетіп синтез жасауға тырысады. Фромм Марксті Фрейдке қарағанда өте терең ойшыл деп есептейді; және психоанализді негізінен Маркстегі кемшіліктерді толықтыру үшін қолданады. Фроммға сонымен бірге Спиноза мен М.Экхарттың ойлары үлкен әсер етті.

Фроммның негізгі еңбектері: «Еркіндіктен қашу» 1941 ж., «Адам өзі үшін» 1947 ж., «Салауатты қоғам» 1995 ж., «Махаббат өнері» 1956 ж., «Зигмунд Фрейд миссиясы» 1959 ж., «Карл Маркстегі адам концепциясы» 1961 ж., «Адам жүрегі» 1964 ж., «Үміт революциясы» 1968 ж., «Адам деструктивтілігінің анатомиясы» 1973 ж., «Иелену немесе болу» 1976 ж.

Фромм Маркстік, философиялық-антропологиялық, экзистенциалдық және психоаналитикалық идеялардың жалпылығын білдіретін ілімді жасай отырып адам тіршілігінің дихотомиясын   шешудің      тәсілін   табуға,   адам   жатсынуының

 

түрлі формаларының жойылыуын шешу тәсілін, батыс өркениетінің дұрысталу жолын анықтау тәсілін табуға және тұлғаның еркін және творчествалық даму болашағын көрсетуге тырысады. Фрейд биологизмнен бас тартып, Фромм әлеуметтік мәдени себептермен қамтамасыз етілген, басылған сексуалдыққа жанжалды жағдайды араластыра отырып бейсаналық символикасын қайта қарайды, адам психикасы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы арасындағы байланыстырыушы түйіні ретінде «әлеуметтік сипат» ұғымын еңгізеді, батыс мәдениетінің даму тенденцияларын зерттейді. Экзистенденциялды лихотомияның жеке шешіміне Фромм адамның махаббатқа, сенімге, және ойлауға адамның ішкі қабілеттерін байланыстырады. Ақыр соңында адамның жаппай жатсынуы қоғамда өзінің шынайы емес тіршілігін сезіну, өзінің «сыни Менін» иелену орнына «өзіндігін» иелену және өзінің мәнін жүзеге асыруын сезіну, өмірді гүлдендіретін көзқарастың және ішкі моральдық жаңарудың пайда болуы, жеке адам мен табиғат арасында, тұлға мен қоғам арасында үйлесімділікті орнату -мұның барлығы адамдарды олардың болмысының қиялынан босатудың әлеуметтік тиімді құралы ретінде Фроммен ұсынылған «гуманистік психоанализді» қолдану негізінде мүмкін болады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Фромм көзқарасындағы қазіргі заман адамының психикасын жан жақты зерттеуге, және сондай-ақ, қоғамдық дамудың психологиялық және әлеуметтік факторлар арасындағы байланыс проблемаларын қарастыру. Қазіргі саяси дамудың сыртқы тенденцияларының әсері, біздің мәдениетіміздің ең маңызды жетістіктерінің бірі, жеке адамның өзіндік қасиеті мен жекелігіне қауіп төндіреді. Оның мәнін былай қарастыруға болады: «қазіргі заман адамы «еркіндік» ұғымын қалай түсінеді.

«Еркіндіктен қашу» — бұл үрей сияқты адам психкасының көрінісінің мұқият талдауы. Көп жылдық күрестен кейін адам өзін материалдық ізгіліктің молшылығына бөлей алды: ол демократия принципіне негізделген қоғамды құрды және оны тоталитаризм шарттылығынан қорғай алды.

Осы еңбектің негізгі идеясы, индивидуалистікке дейінгі коғам бүғауларынан азат болған қазіргі адам, оның жекелігін жүзеге асыру негізінде, яғни оның әсерлі, сезгіш және ойлау қабілеттерін жүзеге асыру негізінде еркіндікке қол жетпегендігі. Еркіндік адамға оның өмір сүруінің тәуелсіздігін және рационалдылығын алып келді, бірақ сонымен қатар оны жекелеп, оның бойында әлсіздік пен үрей сезімін оятты. Бұл жекелеу   төзгісіз,   және   адам   таңдау   алдында   болады:   жаңа

 

бағынушылық, жаңа тәуелділік көмегімен еркіндіктен құтылу керек, немесе әрқайсысынын өзіндік қасиетіне және ерекшелігіне негізделген позитивті еркіндікті толық жүзеге асыру керек.

25-ші басылымның алғы сөзінде Фромм өзінен, оның кітабында 25 жыл бұрын қозғалған, әлеуметтік және психологиялық тенденциялар сақталды ма деп сұрап, оған, еркіндік алдында адамдарда үрей тудыратын жаңа себептердің пайда болуымен түсіндіріп нақты жауап береді. Бұл атомдық энергиянық ашылуы және оны деструктивті мақсатта қолдану мүмкіндігі.

Эрих Фроммның «Еркіндіктен қашу» еңбегінде көрсетілген анализ бойынша — қазіргі заман адамы әлі де қандай да бір алаңдаушылыққа бөленген және кез-келген уақытта әлде бір диктатордың туы астына түру қызығушылығына душар болған, сондай-ақ, толығымен еркіндігін жоғалтып, алып машинаның кішкене бөлшегіне айналып, еркін адам емес, тоқ және жақсы киінген роботқа айналуы мүмкін.

Диплом жұмысымның негізгі мақсаты, адамның қоғамда өзін-өзі жүзеге асыру перспективасының мәнін ашу және Э.Фроммның философиялық мұраларының гуманистік аспектісін көрсету деп алдым. Негізгі қолданған зерттеу әдістерін: тарихилық, салыстырмалылық талдау, анализ, синтез, талдау.

 

1 АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТГІК БОЛМЫСЫ. ЖАҒДАЙЫ, ҚАЖЕТТІЛІГІ, СЕЗІМІ, МӘСЕЛЕСІ

1.1. Эрих Фраммның «Еркіндіктен қашу» еңбегіндегі адамның еркіндігі мәселесі

Еркіндік, объективті қажеттіліктерді тануға сүйеніп адамның өз қызығушылықтары мен мақсаттарына сәйкес әрекет ету қабілеті.

Қоғамдық ойлау тарихында еркіндік мәселесі дәстүрлі түрде, адамның ерік бостандығы бар ма, және басқаша айтсақ, оның барлық ойы мен ісі сыртқы жағдайлармен қамтамасыз етілген бе әлде жоқ па, деген сұраққа саяды. Тарихты материалистік тұрғыда түсіну тұлғаның еркіндігін оның объективті жағдайдан санасының тәуелсіздігі ретінде субъективті-идеалистік түсінігін терістейді. Марксизм-ленинизм сондай-ақ 17-19 ғ.ғ. философтар мен табиғаттанушылар (Т.Гоббс, П.Гольбах, Ж.Ламетри, Н.Лаплас, Е.Дюринг және т.б.) арасында кең тараған еркіндік пен қажеттіліктің қарама-қарсы қойылуына қарсы шығады. Еркіндік мәселесін сана сферасымен шектейтін идеалистерге қарағанда (Гегель, экзистенциализм), марксизм-ленинизмнің түсінігінше, әрекеттегі оның практикалық іске асу мүмкіндігінсіз еркіндіктің бір түсінігі — бұл ақиқат еркіндіктің қиялы ғана.

Адамдар өз іс-әрекеттерінің объективті шарттарын таңдауға еріксіз, бірақ та мақсатты таңдауда белгілі еркіндікке ие, өйткені әрбір кезде негізінде бір емес, бірнеше нақты мүмкіндіктер бар, бірақ та түрлі мүмкіндіктермен; тіпті альтернатива жоқ болған кезде де, олар өздеріне жағымсыз құбылыстарды бәсеңдетуге мүмкіншілігі бар немесе жағымды құбылыстардың жақындауын тездете алады. Сайып келгенде, олар мақсатқа жету тәсілін таңдауда да азды-көпті ерікті. Демек еркіндік абсолютті емес, салыстырмалы және белгілі әрекеттің жоспарын таңдау жолымен жүзеге асады. Ол көп болған сайын, адамдар өздерінің нақты мүмкіндіктерін дұрыс түсінеді, алға қойған мақсатқа жетуге арналған тәсілдер олардың қарамағында көбірек болады, олардың қызығушылықтары қоғамдық процестердің объективті тенденцияларымен, қоғамдық таптардың, көптеген адамдардың ұмтылыстарымен сай келеді. /2/

Осы жерден еркіндік «танылған қажеттілік» ретінде марксистік түсінік шығады, осыған сәйкес тұлғаның, ұжымның, топтың, қоғамның еркіндігі негізінен объективті заңдардан «қиялдағы тәуелсіздікке емес», таңдау қабілетінде, «істі білу арқылы шешім қабылдауға» негізделген.

 

 

Еркіндік зорлық-зомбылыққа тең емес. Адам өз ойы мен әрекетінде тек олар ештеңемен себепті қамтамасыз етілмегені үшін ғана еркін емес. Өздерінің мақсаттары мен ниеттерінің шығуынан бөлек адамдар еркіндігі бар, олар өздерінің қызығушылықтарына объективті лайық болатын таңдау мүмкіндігін сақтайды. Абстрактылы еркіндік жоқ. Еркіндік әрқашан нақты және салыстырмалы. Объективті шарттар мен нақты жағдайларға байланысты адамдардың еркіндігі болуы мүмкін немесе одан айырылған болуы мүмкін; оларда әрекеттің бір түрінде еркіндігі болып, басқа әрекетте одан айырылған болуы мүмкін.

Еркін саналы әрекет, К.Маркстің пікірінше, адамды жануарлар арасынан ерекшелендіретін тектік белгісін құрайды, ал әрбір берілген дәуірде адамдар иеленетін еркіндік тарихи дамудың қажетті азығы болып табылады. /2/

Еркіндіктен қашу — адамды еркіндіктен және өз өзінен өз еркімен бас тартуына итермелейтін адам психикасының динамикалық факторларының әрекетінің механизмдерін және себептерін түсіндіретін Фроммның гуманистік психоанализінің концепциясы және түсінігі. Фроммның аттас,осы еңбегінде жете зерттелген. Берілген анализ Фроммның адам табиғатын және мәніні түсінудің дәстүрлі емес фактін зерттеуімен негізделген. Фрейдке қарама-қарсы, Фромм физиологиялық қамтамасыз етілген қажеттіліктен басқа (мысалы, «өзін-өзі сақтау кажеттілігі») адамға рухани тәртіп қажеттіліктері, қоршаған ортамен байланыс құру және жалғыздықтан құтылу кажеттіліктері тән екендігін айтады. Бұл қажеттіліктер тірі қалу мақсатында басқа адамдармен қарым-қатынастың қажеттілігінен және өзін-өзі танудың болуы — өзін басқа адамдардан және табиғаттан жеке, дербес ретінде сезінуден шыққан. Берілген қажеттіліктерді іске асыру, Фроммның ойынша, қарапайым физикалық байланысты құрумен түйіспейді, ол адамның өзін қандай да бір идеяға, құндылыққа, оның өміріне мән беріп оны бағыттайтын әлеуметтік стандарттарға жатқызуын түсіндіреді. Сонымен қатар, өзін-өзі сақтау қажеттілігін қанағаттандыру — адамның жүріс-тұрысының алғашқы себебі — Фромм бойынша, әлеуметтік ортада болады. Сонымен бірге, жеке адам берілген қоғамға тән өндіріс жүйесінде негізделетін тұрмыс қалпын қабылдауға мәжбүр болып қалады. Сөйтіп, адамның мінезі, Фромм бойынша, туа біткен, биологиялық тоқтатылған сезімнің сомасы да, әлеуметтік жағдайлар қалпының жайсыз көшірмесі де емес; «бұл белгілі туа біткен механизмдер мен заңдардың жинақталуындағы тарихи дамудың азығы». Фромм адамның өмір сүруі мен еркіндіктің негативті «еркіндіктен»  мағынасында —

 

 

әрекеттің сезікті төмендеуімен еркін болудан о бастан ажыратылмайды. Адам түрінің биологиялық жетілмегендігі, Фроммның көзқарасы бойынша, өркениеттің пайда болуының негізі болды. Адам тарихы — антогенезде сияқты, филогенезде де— автормен жекешелену мен азат болудың өсу процесі ретінде қарастырылады. Сөйтіп, бір жағынан, адамның дамуы, табиғатты меңгеру, ақылдылық маңызының өсуі, адамның ынтымақтастығын нығайту пайда болады. Екінші жағынан, жеке адамның жекелену және өзінің жекелігін түсінуі жалғыздық сезіміне, дәрменсіздікке, мүсәпірлікке алып келеді.

Жекеленген адамның әлеммен байланысының жалғыз
үйлесімді жолы, Фроммның ойынша, басқа адамдармен белсенді
ынтымақтастық, оны әлеммен еркін және тәуелсіз жеке адам
ретінде біріктіретін спонтандық әрекет болып табылады. Бірақ
та, егер экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайлар
тұлғаның мұндай позитивті жүзеге асуына мүмкіндік туғызбаса,
онда еркіндік, Фромм бойынша шыдауға болмайтын
ауыртпалыққа, күдіктенудің негізіне айналады, өмірдің мақсаты
мен мәнінен айырады. Нәтижесінде еркіндіктен және өзіндік
жекеленуінен бас тарту арқылы сенімсіздік пен жекелену сезімін
жеңу үшін ұмтылыс пайда болады. Қазіргі қоғамдағы адамның
жағдайын Фромм негативті еркіндік пен позитивті еркіндік
арасындағы қарама-қарсылықтың одан ары шиеленісуімен
сипаттайды. Капитализм белсенді, сыншыл, жауапты тұлғаның
дамуын ынталандырады, бірақ сонымен бірге, өнеркәсіптік
жүйенің қуаты және адамдық өзара қарым-қатынастың белгісіз
түрі     жекелену     және     дәрменсіздік     сезімін                      күшейтеді.

«Еркіндіктің» ауырпалығын «еркіндіктен қашу» ұмтылысы тудырады, яғни еркіндіктен құтылу арқылы пайда болады. /3/

Әлеуметтік психологияның теоретикалық ашылуының
тиімділігі туралы сұрақты қоя отырып, Фромм оған бір
мағыналы және дәлелді жауап беру қиын екенін мойындайды.
Психологияның теориясы негізіндегі автордың торығуы оның
индивидуалды және әлеуметтік реалияларды түсінудің
маңыздылығына сенімділігінен шыққан. Фромм бойынша,
адамның миы жиырмасыншы ғасырмен өмір сүреді, ал көптеген
адамдардың жүрегі — тас дәуірінде. Бұл жередегі адамдардың
жеткіліксіз жетілу тәуелсіз, ақылды және объективті болуында;
адамның өз күшіне берілгендігін және өз өмірін өзі мәнді ету
керектігін             орындауға            қабілетсіздігі;             иррационалды

құмарлықтарын басу — күйзеліске, өшпенділікке, кек алуға және қызғанышқа әуестену, осының орнына билік алдында, ақша, суверенді мемлекет, ұлт алдында бас ию    бақыланады;

 

адамзаттың рухани көсемдер ілімінің пұтқа табынушылық пен ескі нанымға айналуы.

Кітаптың бірінші тарауында Э.Фромм еркіндік психологиялық мәселе болып табылады ма, деген сұрақты қояды. Фашистік ережелерді қарастыра отырып және Германиядағы миллиондаған адамдардың өз еркіндіктері үшін күресіп сондай албырттықпен одан бас тартқандығы» фактін ескере отырып, Фромм мынандай нәтиже шығарады: «егер еркіндікке антифашизм үшін шабуыл жасаса, Фашизмнің өзінің шабуылына қарағанда қауіп азаяды», Фашизмнің негізінде итальяндық және германдық түрдегі диктатураны түсінеді. Фашизммен нәтижелі күрес үшін оның мәнін түсінуі керек, түсінусіз күрес тең емес әрі пайдасыз. Ойды дамыта отырып, Фромм билікке фашизмнің келу сәтінде адамдар бұған — практикалық та, теоретикалық та дайын емес еді, деген фактіні айтады. «Он тоғызыншы ғасырдың игілікті оптимизімін мазалауға батылы барғандардан» автор Ницше, Маркс және Фрейдті атайды. Фрейдті Фромм оның тұрғызған теориясының шектілігі үшін, әлеуметтік проблеманы шешуге Фрейдтік психоанализдің өнімсіздігін сынға алады. Фрейдтің басқа да адасуына Фромм адам табиғатының антиәлеуметтілігін, қоғамға адамның статикалық қатынасын, адамның өзара қатынасы мен шектер арасындағы алаңның тығыз байланысын өткізуін жатқызады.

Дегенмен де, Фромм өз анализінің негізіне Фрейдтің негізгі ашуларын — адам мінезіндегі бейсаналы күш ролін және бұл күштердің сыртқы ықпалға тәуелділігін, оның анализі индивидтің сыртқы әлеммен байланысы және адам мен қоғам арасындағы байланыстың динамикалығы туралы болжамға негізделген.

Бұдан ары Фромм адаптация ұғымын ендіреді. Статикалық адаптация жаңа әдеттің шығуы болса, адам мінезі өзгермейтін болып қалады. Динамикалық адаптацияны Фромм қатаң әкеге бағынушы бала мысалымен түсіндіреді. Әкеге қатысты өсетін, басылып қалған жаулық мінездің динамикалық факторы болып табылады.

Ол баланың әке алдындағы қорқынышын күшейтуі;
бұнымен одан да үлкен бағынуға әкеледі. Фромм неврозды
индивид үшін иррационалды болып табылатын жағдайларға
динамикалық адаптация мысалы ретінде анықтайды. Дегенмен,
жалпы айтқанда дұрыс емес: «…Жалпы қоғамдық топтарда
көрінетін                 әлеуметтік-психологиялық                      құбылыстар,

невротикалықпен салыстырмалылар, мысалы ашық көрінетін бұзылушы немесе   садистік импульстер, барлығы үлкен адамдар

 

үшін зиянды және иррационалды әлеуметтік жағдайға динамикалық адаптацияны мысал ретінде келтіреді. Неге мұндай құбылыстарды невротикалық деп санауға болмайтынын кейінірек айтамыз».

Ары қарай Фромм адамдарды өмірдің кез-келген өмір
шартына бейімделуге және осы бейімділіктің шегіне не
мәжбүрлейтіні туралы мәселені қояды. Оған жауап бере тұрып,
ол     иеленілген қажеттіліктер     мен                                 физиологиялық

кажеттіліктерді айнықтайды. Қажеттілікті қанағаттандыру үшін
адам еңбектенуі керек, оның жұмыс шарты ол туылған
коғаммен анықталады. Өмір сүру қажеттілігі мен әлеуметтік
жүйе — екі фактор да — жеке индивидпен өзгере алмайды, олар
үлкен мәнерлілігі бар оның сипатының дамуын анықтайды.
Физиологиялық                  қажеттіліктерден      басқа,      физикалық

байланыспен байланыспаған қанағаттанбауы психикалық бұзылуға әкелетін, қоршаған әлеммен байланыс қажеттілігі бар.

Фромм бойынша, қоғамға қатыстылықтың тағы бір себебі бар: субъективті өзіндік тану. Ойлау қабілеті адамға өзін өзінің жекелігін сезіне отырып, индивидуалды тіршілік иесі ретінде тануға мүмкіндік береді, адам қоршаған әлеммен салыстырғанда өзінің мәнсіздігін сезінбеуі мүмкін емес. Егер адам оның өміріне бағыттайтын және оған мән беретін өзін әлдебір жүйеге жатқыза алмаса, онда оны күдік қоршап алады, әрекеттенуге қабілетін тоқтатып, яғни өмір сүруге ынтасы тоқтайды. Фроммның әлеуметтік психологиясының негізгі жағдайлары, а) тума заңдар синтезімен бірге тарихи эволюция өнімі; б) адамда физиологиялық қажеттіліктер бар, моральды жалғыздықтан қашу оған тән; в) динамикалық адаптация процесінде индивидтің сезімі мен әрекетін мотивацияландыратын стимул дамиды; г) бұл жаңа қажеттілікті жүзеге асыру қоғамдық даму процесіне әсер етуші күш.

Фромм бойынша, кітаптың негізгі идеясы мынада «адам өзінің алғашқы табиғатпен және басқа адамдармен бірлігін өсіреді, адам — «индивид» болып қалыптасады — бұл процесс созылған сайын адам алдында тұрған альтернатива тиянақты болады. Ол әлеммен махаббат және шығармашылық еңбек спонтандылығымен қосыла білуі керек немесе өзіне оның табиғаты мен даралығын жоятын әлемнен сүйеніш табуы тиіс».

Екінші тарауда Фромм қазіргі адам үшін еркіндік дегеніміз не деген сұрақтың анализі үшін қажетті концепцияны талқылайды. Бұл концепция еркіндік адам тіршілігін анықтайтыны туралы пікірді білдіреді, еркіндік ұғымы адам өзін тәуелсіз және жеке тіршілік иесі ретінде сезінумен байланысты.  Индивидпен сол кезге   дейін   жекелену   процесі   ретінде   болған   сыртқы   әлем

 

арасындағы байланысты индивидтің толық жекеленуіне алып келеді, Фромм «алғашқы бұғаулар» деп атайды, оларды алғашқы бұғаудан босанудан кейін шығатын жаңа байланысқа қарама-қарсы қояды. Мысал ретінде ол алғашқы жылдары анасымен байланысты сәбиді, алғашқы қауым адамның тайпамен, және ортағасырды — шіркеумен байланысын келтіреді.

Алғаушы бұғаулардан босану баланың өз даралығын сезіну процесіне және өтуді жылдамдататын фрустрацияның шығуына ықпал етеді. Фромм бұл эффектіні мысалмен түсіндіру үшін Р.Хьюздің «Ямайкадағы күшті жел» романынан үзінді келтіреді. Фромм бойынша басқалармен байланыстан басқа, балада өз өлшемі бойынша еркіндік пен тәуелсіздікке ұмтылысы артады. Бұл ұмтылысты түсіну үшін автор өсуші даралық процесінің екі аспектісін қарастырады: физикалық, эмоцианалды және интеллектуалды сфера интеграциясы мен дамуы — әлеуметтік шартпен негізделген тұлға дамуы туралы қарастырады. Екінші аспект — алғашқы бұғаулардан босанумен қатар жүретін өсуші жалғыздық. Жалғызыдық сезімін жеңу үшін пайда болған ұмтылыс, шамасы алғашқыдан ерекше жаңа байланысты құруға алып келеді: адамдармен және табиғатпен спонтандық байланыс. Дегенмен қауіпті ауытқулар бар, индивид жаңа байланысты құруды белсенді түрде қаламай бұрынғыларға оралғысы келеді, бұл физикалық мүмкін болмағандықтан бұндай бағыну балада адамдарға қарсы бағытталған жаулықты дамытуға әкеледі.

Психоәлеуметтік себеппен жүретін автоматты түрде және тұлғаның даму процесімен өтетін даралық процесі арасындағы қарама-қарсылық, Фромм бойынша, жекелену сезіміне әкеледі, оны автор қашу механизімі деп атаған психикалық механизмге әкеледі. Адам мен жануар инстиктінің даму деңгейін салыстыра отырып Фромм негативті еркіндік негізінде әрекеттің алдын ала сезікті анықталған еркіндігін түсіне отырып адам тіршілігі мен еркіндік о бастан ажыратылмайды деген қорытындыға келеді. Фромм бойынша, адамның биологиялық жетілмегендігі өркениеттің пайда болуына әкеледі. Адам мен еркіндік арасындағы байланыс библиялық жұмақтан қуылу аңызымен бейнеленген. Қалыптасқан тәртіпті бұзу негізінен адамның ең бірінші актісі — еркіндік актісі болып табылады. Осылайша, еркіндік актісі адам ойы бастамасымен тура байланысады. Еркіндіктің даму процесі, Фромм бойынша, диалектикалық сипатта: бір жағынан — бұл адам дамуы, екіншіден — әлсіздік сезімінің  өсуіне әкелетін жекеленудің күшеюі.

Қазіргі қоғамдағы еркіндік ролін зерттеуді Фромм ортағасырда Европада және Жаңа дәуір басында болған жағдайды талдаудан бастайды. Экономикадағы өзгеріс адамдар

 

 

психикасына күшті ықпал еткен. Осы кезеңде еркіндіктің діни доктринада айтылған жаңа концепциясы пайда болады. /4/

Ортағасыр қоғамы жеке еркіндіктің жоқтығымен сипатталады. Реформациядан бұрынғы ұзақ кезең католиктік дін ілімі адамның жақсылыққа ұмтылысындағы ерік бостандығы принципін ұстанды. Бұл тенденция Августин, Фома Аквинский, Скотт, Оккам, Биль еңбектерінде көрініс тапты. Олардың бәрі ерік мәнін және адамның құтылуы үшін өзінің сіңірген еңбегін айтады. Кең таралған индульгенцияны сатып алу практикасы, айтылған философтар еңбегі сияқты Лютердің ашулы орынсыз шабуылын тудырды, дәрменсіздік және мардымсыздық сезіміне биленген орталық таптың сезімін білдіретін теория өсімі капитализм жағынан қауіпті сезінді. Фромм пікірінше, Лютеранды ілім, 2 аспектіден тұрады: бір жағынан ел адамға дін мәселесінде тәуелсіздік берсе, екіншіден — ол индивидке әлсіздік пен жекеленуге алып келді. Лютердің бүкіл ойының негізгі концепциясы Фромм бойынша — адамның өз еркі бойынша жақсылық таңдауға толық қабілетсіздігі. 1518 жылы Лютер оған сенім беретін жауап табады: адам сенім қобалжуын басынан өткізгенде ғана құтыла алады, өз адамгершілігімен құтылу мүмкін емес. Фромм бұл өтуді себепті қамтамасыз етілген деп санайды, себебі Лютердің ирационалды күдіктері оның дәрменсіздігі мен жекеленуінен шығады, кейбір форум көмегімен оларды басу жолына ирационалды жауаппен шеттетіледі. Осылайша, сенімге деген лютерлік тырысу күдікті басу қажеттілігі сияқты нәрсе.

Бүл ойды дамыта отырып, Фромм күдік қазіргі философияның бастапқы нүктесі дейді. Егер рационалды күдіктер рационалды жауаппен шешілсе, ирационалды күдіктер негативті еркіндіктен позитивті еркіндікке өтуден жоғалуы мүмкін. Лютер адамдарды шіркеу билігінен босатып, оларды одан да күшті билік, адамның толық бағынуын талап ететін және шын тұлғасын құтылудың негізгі шарты ретінде жоюын, яғни, құдай билігіне бағындырады. Оның сенімі, махаббат өз еркінен бас тарту бағасымен беріледі дегенге негізделеді ал бұл болса, Фроммның пікірінше индивидтің мемлекетке немесе көсемге «бағыну» принципімен көп ортақтығы бар.

Сонымен, ортағасырлық феодалды жүйе құлауымен индивид

еркін   болды.   Дегенмен   индивид   әрекет       еркіндігіне   қоса

сенімділік   сезімінен     арылды.   Жаңа  еркіндік   аса     позитивті

 ықпалды жоғары топқа тигізді.  Төмен топта жаңа еркін іздеу

өсуші қысымды жою тілегін тудырады.

Ортаңғы топқа жаңа еркіндік негативті әсер берді. Тек жаңа діни ілімдер индивидке күдікті жеңу жолын көрсетті. Дегенмен

 

 

бұл емдеу уақытша, және ауруды шиеленістірді — ілімдердің
ирационалдығы күдік пен қобалжуды толық жоя алмады,
нәтижесінде,       басу                   арқылы      индивидтің       өзі       мен

айналасындағыларға жасырын жаулық пайда болды.

Үшінші тарауға Фромм жасаған тұжырым келесіге негізделеді. Тұрмыс қалпын анықтаушы әлеуметтік процесс, индивид мінезін қалыптастырады, өз кезегінде бұл қоғамдық даму процесіне ықпал етеді; жаңа экономикалық күш жағынан қауіпке әсер ретінде пайда болып дами отырып жаңа сипат, жаңа сипат, жаңа экономикалық құрылымды дамытуға көмектесетін өндіргіш күш болып табылады.

Қазіргі қоғамда, Фромм пікірінше, еркіндік проблемасына мынадай көзқарас қалыптасқан, жеңіп алынған еркіндікті қорғау — жалғыз қажетті зат, тұлғаны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, өзіне және өмірге сендіретін еркіндікке жету қажет. Капитализм адамды тек дәстүрлі бұғаулардан ажыратып қана қоймай, позитивті еркіндік дамуына үлкен үлес қосты, екіншіден, капитализм адамды одан әрі жалғыз, түкке тұрғысыз және  әлсіздік сезімін сезінуге сай қылды.

Лютер мен Кальвиннің ойлары, эгоизм мен өзіңе деген махаббат тең ұғымдар, бұл басқа махабатты жоққа шығарады деген болжамға негізделген. Дегенмен, Фромм бойынша, мұнда қате бар «Махаббат арнайы объектен жасалмайды, тұлғаның өз ішіндегі бар фактор болып, белгілі объектпен «әрекетке келеді». Жеккөру — жоюға құмарту тілегі сияқты, махаббат та -«объекттің» құмар нанымы, бұл аффект емес, махаббат объектісіінң бақытқа еркіндігін және дамуына белсенді ұмтылысы Эгоизм Фромм бойынша, өзіңе махаббат емес, оған қарама-қарсы: сараңдық түрі. Бұндай типтегі адамдар өзін жақсы  көрмейді,  жан түкпірінде өздерін жек көреді.

«Өз әлсіздігі сезімін сезіну күрделі, сондықтан адам оны
өзінің күнделікті ісімен жасырады. Бірақ жалғыздық, үрей және
адасушылық қалып қояды. Оларға мәңгі шыдау мүмкін емес,
сондықтан егер адамдар негативті еркіндіктен позитивтіге өтуге
шамасы болмаса, олар одан құтылуға тырысады. Еркіндіктен
қашуды болдыратын негізгі жолдар — бұл фашистік елдердегідей
басшыға бағыну және біздің демократиямызда басым болатын
мәжбүрлік              конформизация.              Фромм            қарастыратын

психологиялық механизмдер бұл индивидтің жекеленуінің сенімсіздігінен шығатын еркіндіктен қашу механизмдері. Бұндай жағдайлар негізінен адам бақыты мен өзін жүзеге асыру үшін қолайсыз қоғамда қалыптасады.

Сенімділікті қамтамасыз ететін байланыстардың бұзылуында индивидте екі    жол бар. Біріншісі — өзіңді қоршаған әлеммен

 

спонтанды, махабат, еңбек және өз қабілетіңді көрсету арқылы байланыстыру. Сөйтіп өз «меніңнің!» тәуелсіздігінен бас тартпай өз өзіңмен, әлеммен және адамдармен бірлікті табу керек.

Фромм терминінде бұл позитивті еркіндікке әкелетін жол. Екіншісі— жалғыздықты жеңу үшін еріктен бас тарту. Бұл жол негативті еркіндікке әкелетін жол, индивидке жалғыздық пен тыныштықты қамтамасыз ете алмайды, өйткені, бұрынғыдан жекелену қашып құтыла алмайтын нәрсе; бұл жол өз даралығымен бас тартумен байланысты, ол үрейді төмендетеді, өмірді шыдамды етеді бірақ проблеманы шешпейді. Соңғы жолды таңдағанда өмір мақсаты жоқ, нәтиже бере алмайтын автоматтық әрекетке айналады.

Еркіндіктен қашу механизмнің бірі — өз тұлғасынан бас тарту оның әлдебір сыртқы күшпен байланысты. Бұл механизмдер невротиктерде сияқты қарапайым адамдарда да орын алатын мазохистік және садистік тенденцияларда көрініс тапты.

Мазохистік тенденцияның жиі көрінісі — өзіндік дәрменсіздігі мен толықсыздығы сезімі. Бұл адамдарда осы сезімдерден айырылуға ашық ұмтылыс бар, бірақ бағыну тілегімен түсініксіз байланыс оларда күшті. Олар ылғи да сыртқы күшке бағынуға тәуелділік көрсетті. Олар өмірді өздері басқара алмайтын үлкен машина ретінде қабылдайды.

Бұндай тип сипатында садистік тенденция да бар. Шартты түрде оларды үш типке бөлуге болады:

  • адамдар үстінен билікке ұмтылу;
  • адамдардың материалды   және   моральды      байлықтарын
    сіңіруге ұмтылыс;
  • басқаларға қайғы әкелуге ұмтылу.

Садистік тенденциялар рационалданады себебі олар мазахизм сияқты ренішсіз емес. Мазохистерді бақылау Фроммға олардың бәрі жалғыздық қорқынышына толы екендігін анықтауға көмектесті, бұл қорқыныш жасырылған болуы мүмкін, бірақ ол бар және негативті еркіндікпен негізделген. Мазохизм бұл корқыныштан өзінен еркіндік ауыртпалығын алу арқылы құтылу жолы — өз тұлғасынан бас тарту. Белгілі жағдайларда мазохистік тырысулардың жүзеге асуы жеңілдік әкеледі.

Авторитарлы мінез туралы айта отырып Фромм оның арнаулы ерекше сипаты билік пен күшке қатынас дейді. Авторитарлы сипат үшін адамдар күшті мен әлсіздерге бөлінеді. Күш бағынуға дайындықты шақырады әлсіздік адамды төмендету, таптау тілегі мен ашуды шақырады. Басқаша сипатты ерекшелігі — билікке қарсыласу тенденциясын тіпті егер билік мейірімді,    репрессивті    болса    да    авторитарлы    мінез    адам

 

өз мәнін жоғалту конформизмді императивке айналдырады: адам басқаларды күтумен сәйкес өмір сүрсе ғана өзіне сенімді болуы мүмкін, кері жағдайда, психикалық денсаулықты жоғалту тәуекелі бар. Қоғамдық үлгіге бейімделе отырып, өз мәні бойынша күдікті басып, сенімді иеленуге болады, бірақ бағасы биік: өз спонтандығынан, даралығынан, еркіндігінен бас тарту. Эмоционалды өлі биологиялық робот қалады.

Қазіргі адам үшін еркіндік нені білдіреді? Адам сыртқы байланыстан еркін болды. Ол егер нені қалайтынын білсе өз еркімен әрекеттенеді. Бұның орнына ол анонимді билікке бейімделеді және оның жеке мәнін мүлдем білдірмейтін «Менді» меңгереді.

Жекеленбеген, керісінше әлеммен, басқа адамдармен және табиғатпен бірікке тәуелсіз тұлға ретінде, адамның өмір сүретін позитивті еркіндік жағдайы мүмкін бе? Бұндай еркіндікті иелену Фром бойынша, өз тұлғасын жүзеге асыру арқылы мүмкін. Идеалистер көзқарасынша тұлға интелект арқылы жүзеге асады.

Фроммның пікірінше, өзін жүзеге асыруға барлық эмоционалды мүмкіндіктердің белсенді көрінуі жолымен қол жеткізіледі. Басқаша айтсақ, позитивті еркіндік адам тұлғасының спонтанды белсенділігіне негізделеді. Спонтанды белсенділік — бүл тұлғаның еркін әрекеті. Спонтандылық алғы шарты ақыл мен мінез арасындағы бөлінісінің жойылуы болып табылады. Фроммның пікірінше, спонтандық әрекеттің мысалына суретшілер және балалар жатады.

Еркіндік проблемасын спонтандық әрекет шешеді деген пікірдің құпиясы, Фромм бойынша, махаббат пен еңбекте. Өз тұлғасын сақтау негізінде еркін одақ болып табылатын махаббатта. Спонтандылықтың басқа құрама бөлігі — еңбек, шығармашылық болуы керек, жалғыздықтан қашу үшін мәжбүрлі әрекет болмауы тиіс. Еркіндікке тән негізгі қайшылық — даралықтың тууы және жалғыздықтың ауыртпалығы — адамның барлық өмірінің спонтандылығымен шешіледі.

Позитивті еркіндік тұлғаның жүзеге асуы ретінде, индивидтің
қайталанбастығын     мойындауды                       білдіреді.      Индивидтің

органикалық дамуы тұлғаның ерекшелігін силау жағдайында мүмкін. Позитивті еркіндік — адам өз өмірінің орталығы, мақсаты дейді; оның даралығының, тұлғалығының дамуы — жоғарғы мақсат. Фромм, адам жоғарғыға бағынбауы керек дегенде, ол идеал мәнін терістемей, керісінше, нақтылайды. Мақсат ретінде кең таралған идеал түсінігі психологияға жатады,    сондықтан да    релятивистік    концепция; бұл мәнде

 

еркіндік үшін фашист пен күресші — бір. Фромм бойынша, әлі қол жетпеген нәрсеге ұмтылуды білдіретін, бірақ индивидтің дамуы мен бақыты үшін қажетті шынайы идеалдар бар.

Фромм бойынша шынайы идеал — бұл тұлғаның бақыты мен еркіндігінің дамуына мүмкіндік беретін жетістік пен мақсат. Өмірге қауіпті иррационалды жетістіктер мен мақсаттар жалған идеялар болып табылады.

Фромм кітабының негізгі ойы қазіргі заман адамы үшін еркіндіктің екі ұштылығына негізделген: ол бұрынғы биліктен азат етіліп «индивидке» айналады, бірақ сонымен бірге жекеленеді және әлсіз болып, сыртқы мақсаттардың құралына айналады.

Позитивті еркіндік индивид қабілетінің толық жүзеге асуын білдіреді, оған спонтанды және белсенді өмір сүруге мүмкіндік береді. Еркіндік өзінің қарама-қарсылығына айналдыра алатын сыни нүктеге қол жеткізді. Демократиянық болашағы жекеленудің жүзеге асуына байланысты. Индивидтің бақыты және оның дамуы, оның мақсаты мен мәні болған қоғамда демократия пайда болған жағдайда ғана еркіндік жеңіп шығады. Қоғамның бүгінгі соқтығысқан проблемасы — адам олардың қожайыны болсын, деген әлеуметтік және экономикалық күштердің ұйымы. Оны шешу жолы, Фроммның пікірінше, қазіргі заманғы демократия жетістіктерін және еркіндік, ынтаны және индивидтің спонтандылығын дамуы бағытында оның прогресін сақтап қалуды; және де тек жеке мақсатта ғана емес, ең алдымен оның еңбегінде. Бұл үшін қажетті шарт, барлық қоғамның күштерін біріктіруге мүмкіндік беретін, жоспарлы экономикасы бар қоғам болып табылады.

Еркіндік ісіне қандай да бір экономикалық немесе саяси жүйе мүмкіндік бере ме, деген сұраққа тек бір ғана саясат немесе экономика көзқарасы бойынша жауап беруге болмайды. Еркіндікті жүзеге асырудың жалғыз жолы — индивидтің жеке өзінің тағдырын және қоғам өмірін тек сөз беру актімен ғана емес, барлық күнделікті жұмыспен басқа адамдармен қарым-қатынасын анықтауда белсенді қатысуы. Фроммның пікірінше, демократия мен фашизм арасындағы негізгі айырмашылық осыдан шығады.

Демократия — бұл индивидтің толық дамуы үшін экономикалық, саяси және мәдени жағдай жасайтын жүйе. Фашизм — бұл индивидті сыртқы мақсаттарға бағынуға мәжбүр ететін және оның шынайы жекелігінің дамуын әлсірететін жүйе.

Шынайы демократияны құру жолындағы негізгі проблема, Фромм бойынша, жоспарлы    экономиканың әрбір индивидтін

 

белсенді     қатысуымен                қосарлануының               қиындығында.

Жоспарлы экономика бір орталыққа бағындыруды және осы машинаны басқаруға қабілетті бюрократиялық аппаратты кұруды көздейді.

«Адам қоғамды меңгеріп және адамның бақыты мақсатында экономикалық машинаны бағындырғанда ғана, ол әлеуметтік прогрессте белсенді қатысқан кезде, сонда ғана ол өзінің бұрынғы өжеттілігінің себебін жеңе алады: жалғыздық және әлсіздік сезімін. Бүгінде адам тек кедейліктен ғана емес, сонымен бірге ол алып машинаның винтіне, роботқа айналғанынан, оның өмірі мәнін жоғалтқаннан да жапа шегеді. Авторитарлы жүйенің барлық түрін жеңу тек егер демократия шегінбей, керісінше, соңғы жылдарда еркіндікке ұмтылған күресшілер мақсатын жүзеге асырып, алға жылжыған жағдайда ғана мүмкін болады. Демократия адамдарға ең күшті сенімді, адамның қабілеті бар — өмірге, шындыққа және еркіндікке — адамның тұлғалығының белсенді және спонтандық жүзеге асыру еркіндігіне сенімді бере алған жағдайда ғана нигилизм күштерін жеңеді». Міне осындай оптимистік — өнеге көрсетерлік сөзбен Эрих Фромм «Еркіндіктен қашу»еңбегін -аяқтайды.

 

     .2 Эрих Фромм: жеке адамның гуманистік теориясы

Бірде бір теоретик Эрих Фромм сияқты жеке адамның
әлеуметтік детерминантын соншалықты айқын бейнелеп бере
алмады. Гуманистік бағыттың өкілі ретінде, Фромм адамның
мінез-құлқы нақты қазіргі тарихтағы мәдениеттің әсерімен ғана
түсінілуі мүмкін екенін айтады. Ол, тек адамға ғана тән
кажеттіліктер адамзаттың тарихы барысында эволюция жолымен
дамыды, ал түрлі әлеуметтік жүйелер, өз кезегінде, осы
кажеттіліктердің көрінісіне әсер етті. Фромм көзқарасы
бойынша, жеке адам — туа біткен қажеттіліктердің және
әлеуметтік нормалар мен бұйрықтың қысымы арасындағы
динамикалық өзара әрекеттің нәтижесі болып табылады. Ол
алғашқы болып, адамдар қоғамда әлеуметтік процесс пен
мәдениетті қалай белсенді жасауындағы әлеуметтік талдауға
негізделген               мінез-құлық                типтерінің               теориясын

қалыптастырды./5/

Эрих Фромм қалыптастырған теория психологтарды ең
алдымен     ондағы     адамның                   тұлғалығының     әлеуметтік

детерминанттары толық сипатталғандығымен қызықтырады. Фромм өзінің психологиялық зерттеулерінде қоғамның топтық құрылыммен бірге, адам дамуындағы биологиялық факторларын ескере отырып тарих пен экономиканы біріктіруге тырысты. Марксизм мен фрейдтік психоанализдің әлеуметтік-экономикалық теориясына сыни қарап, Фромм өзінің теориясында олардың шынайы жетістіктерін біріктіреді. Оның «гуманнистік психоанализ» деп аталған тәсілі, қорқыныш, үрей, жалғыздық пен жекелену стихия әлемінен бөлінуі болып табылатынын түсіндіреді.

Фромм ойларының тағы бір кең таралған түрі, бұл ол жете
зерттеген концепция, адамның еркіндікке қатынасы.
Капитализмнің шарықтауы, бір жағынан адамдарға жеке
еркіндік пен бос уақытты береді, ал екінші жағынан — оларға
үрей, жекелену және әлсіздік сезімін тудырды. Еркіндік бағасы,
Фроммның пікірінше, оның артықшылығын жоғарылатады.
Капитализммен пайда болған жекелеу сезімі, адамдарға екі
альтернативаны     қалдырады:     тұлға   аралық                   тәуелділікпен

еркіндіктен жасырыну немесе махаббат, шығрамашылық және еңбек арқылы өзін жүзеге асыруға әрекеттену.

Еркіндікпен     бірге    жүретін    жалғыздық     сезімін,     өзінің

маңызсыздығы мен жатсыну сезімін   адамдар қалай жеңеді?. Бір

жолы — өзінің    жекелігін басып еркіндіктен бас тарту. Фромм

 еркіндіктен   қашу»    үшін   адамдардың    қолданатын    бірнеше  стратегиясын көрсетеді.  Олардың     бірі    —    «жеке    «менімен» жоғалтқан   күшке   жету   үшін   өзін   сыртқы   біреумен   немесе

бірдемемен     біріктіру     тенденциясы»     ретінде     анықталатын

авториторизм.     Авторитаризм         мазохистік    және     садистік

тенденцияларда      көрінеді.      Қашудың      екінші      тәсілі      —

деструктивтілік.   Осы   тенденцияға   сүйеніп,   адам   басқаларды

қойып   немесе көндіріп, құнсыздық сезімін жеңуге тырысады.

Э Фромм   бойынша,    борыш,   патриотизм   және       махаббат   —

деструктивті әрекеттердің   рационализациялаудың кең таралған

түрлері.

Сайып     келгенде     адамдар                       мінез-қүлықты     реттейтін

әлеуметтік нормаларға бағыну арқылы жалғыздық пен жатсынудан құтыла алады. Фромм бойынша, еркіндіктен қашудың осы механизмдеріне қарама-қарсы позитивті еркіндік тәжірибесі де бар, ол арқылы жалғыздық пен жатсыну сезімінен  құтылуға болады.

Фромм пікірінше, адамдар басқа адамдармен және қоғаммен бірлік сезімін жоғалтпай автономды және уникалды бола алады. Ал позитивті еркіндік түрін атайды, онда адам өзін әлемнің бір «әлігі ретінде сезінеді және сонымен бірге  оған тәуелді емес.

Позитивті еркіндік жетістіктері адамдардан өмірде спонтанды белсенділікті талап етеді. Фромм өзінің «махаббат өнері» атты : әйгілі еңбектерінің бірінде, махабатт және еңбек — бұл .спонтанды белсенділіктің көрінісі арқылы позитивті еркіндіктің дамуын жүзеге асыратын негізгі компоненттер. Махаббат пен еңбек  арқылы адамдар басқалармен қайта бірігеді./б/

Фроммның негізгі тезисі мынандай: даму процесінде адамдар

өздерінің    табиғатпен және бір-бірімен тарихқа дейінгі бірлігін

«жоғалтып   алды.   Өзін   түсіну   жалғыздық,   жекелену   сезімін

тудырады.   Бұл  сезімдерден  арылу  үшін  адамдар     табиғатпен

және өзіне ұқсастармен қайтадан бірігуге ұмтылады.

Бұл бірігуге ұмтылысты ынтыландыратын факторлар ретінде төрт экзистенциалды қажеттіліктер шығады: байланысты құруда басқалармен бағыну, билік немесе махаббат арқылы жақындасу), өзін жеңуде (өз өмірін құру немесе қирату арқылы, өзінің пассивті тіршілігінен жоғарылау қажеттілігі), нығаю сезімінде (әлемінің тұрақтылығы сезімен тудыру), өзін ұқсастыруда («Мен» — бұл «Мен», және басқа ешкім «емес»), көзқарас жүйесінде.

Фромм адамның бір тиімді және төрт тиімсіз бағыттарын ажыратты. Тиімді бағыт махаббат, еңбек және ой негізінде құрылады. Тиімсіз бағыттағы адамдар төрт типке бөлінеді: рецептивті, пайдаланушы, жинақтаушы және рынок.

Тарихи     даму     барысында     адамдардың     жеңіп     алған

экономикалық және саяси еркіндік көптеген ауыртпашылықтың

себебіне     айналды.     Адамның     басына    түскен     еркіндіктің

ауыртпалығы осы әлемдегі жалғыздық    сезімі мен    глобальды

үрейдің  себебі  болды.   Осы  сезімдерден құтылу  үшін  кейбір

адамдар    қашу    механизмдерін    пайдаланады:    авторитарлық,

деструтивтілік,    бағыну.    Басқалары   әлеммен   бірлікке   және

шынайы еркіндікке қол жеткізеді.

Фроммның концепциясы социолог-теоретиктермен сондай-ақ кейбір философиялық ағымдармен жоғары бағаланады. /5/

 

2  ЭРИХ ФРОММНЫҢ «ЕРКІНДІКТЕН ҚАШУ» ЕҢБГІ

2.1 Еркіндік дегеніміз психологиялық мәселе болып табылады ма?

Европа және Америка тарихында жаңа тарих деп аталатын кезеңде, адамның аяқ қолын байлап тұрған саяси, экономикалық және рухани бұғаулардан еркіндігі үшін күреске бағытталған күштермен қамтамасыз етілген еді. Қаналушылар өздерінің еркіндігі үшін артықшылығын және жеңілдіктерін жоғалтқысы келмегендерге қарсы күресті, және жаңа құқық туралы ойлады. Бірақ та бір ескеретін жай, белгілі әлеуметтік тап өзінің бостандығына ұмтыла отырып, өзінің жеке еркіндігі үшін күрестің жалпы еркіндік үшін күрес екендігіне берік сенді, және осы сенімнің дұрыстығына сенімділігі күресушілер табының мақсатының дәріптелуіне алып келді, ал таптың өзі отарлық жәбірленушілерді, өз еркіндігін алу туралы және бостандық туралы арманмен өмір сүргендердің барлығын өз жағына тартты. Осы қиыншылық жағдайларға қарамастан, шынымен де осы үдайы және үзақ күресте, оның «отын» жаққан таптар біршама табысқа және жеңіске жетіп жеңімпаздармен бірікті және кейіннен өздері қорғаған жеңілдіктердің иелері болды.

Бірақ та, жеңілудің жиілігіне қарамастан, көп жағдайда сонда да еркіндік жеңіп шығатын. Бұл жеңістер көптеген адамдардың өмірінен тұрды, олар зорлықпен өмір сүргенше еркіндік үшін өлу дұрыс екендігіне сенімді болды. Еркіндік үшін өлу, олардың пікірінше, өмірдің лайықты ақыры, жекеліктің ең жоғарғы жетістігі болды. Тарихи даму процесінде бірнеше рет адамның өзін басқару қабілеті, өз бетімен шешім қабылдау қабілеті, өзінің жеке көзқарасы бойынша сезіну және ойлау қабілеті дәлелденгені туралы пікірлер пайда болды.

Адамның барлық қабілеттерінің ашылуы және дамуы — міне, қоғамның даму процесінде адамзаттың қарқынды ұмтылған мақсаты қалай көрінді. Адамзаттың еркіндікке ұмтылысы демократия принциптерінде, экономикалық либерализмнің негізгі жағдайларында көрінді. Шіркеудің мемлекеттен бөлінуі және өзге өміріне жеке қарау, сондай-ақ адамның еркіндікке және тәуелсіздікке жету ықыласын көрсетеді. Және, шынында да, бұғаулар бірінен соң бірі жойылды. Адам шамамен айтқанда оны басқаратын табиғатты жеңді және оның өміршісі болды; ол шіркеу бұғауларынан және мемлекеттің абсолютті және даусыз билігінен азат етілді. Сыртқы қысымнан құтылу тек қажеттілік ретінде ғана емес, сондай — ақ алға қойған мақсатқа жету үшін

 

 

жеткілікті шарт ретінде де қарастырылады: әрбір адамның еркіндікке қол жеткізуі үшін.

Көпшілік бірінші дүние жүзілік соғыстың соңғы қанды осы соғыстың аяқталуы тұрақты болғандығын, ал бұрыңғы монорхияның орнына жаңа демократиялық жүйелердің келгенін білдіретін еркіндіктің соңғы және даусыз жеңісі ретінде көрінді. Бірақ та осы мәнді оқиғалардан кейін бірнеше жыл өткеннен соң әлем осы көп ғасырлық күрес барсында жеңіп алынған нәрсенің барлығын сызып тастаған (жауып қойған) жаңа жүйелердің пайда болуын күтті. Пайда болған жүйелерге байланысты мұндай түңілушілік олардың адамның қоғамдық, сондай-ақ жеке өмірін толық айқын анықтағандығымен оңай түсіндіріледі, және бұл жүйелердің мәні азғана адамдар тобының барлығының шексіз билікке сөзсіз бағыныуынан тұрды.

Алдын көбісі өздеріне өктемдік жүйелердің пайда болуының жұбандыратын түсінігін тапты, ол кейбір жеке адамдардың психикалық сырқаттануы туралы болжам жасаудан тұрды. Басқаларының ойынша, бұған себеп итальяндық және германия халықтарының демократиялық қоғам жағдайында өмір сүруге жеткілікті тәжірибесінің жоқтығы, және сондықтан бұл халықтар саяси түрде жетілгенше күту қажет. Тағы бір кең таралған және мүмкін ең қауіпті қате пікір, — Гитлер сияқты адамдардың алаяқтықпен және күштеу арқылы мемлекеттік жүйенің басына тұратынына және өкіметті тартып алатынына көзі жеткендігінде, олар және олардың көмекшілері дөрекілікке және мейірімсіздікке ғана сүйеніп опасыз басқарады, ал оған бағынған халық надандықтың, опасыздықтың және террорлық актінің әлсіз құрбаны болады.

Фашистік ережелерді жеңгеннен кейінгі жылдар жоғарыда көрсетілген көзқарастардың дұрыс еместігін анықтады. Германиядағы өз еркіндіктерінен бас тартып, басқа адамдардың еркіндігі үшін өз өмірін қиған аталар мен әкелерді, миллиондаған адамдарды мойындамауға болмайды. Миллиондаған адамдар сол еркіндікке жетуге ұмтылмағандарын, керісінше, одан құтылғысы келгендігін паш етіп көрсетеді. Басқа адамдар парықсыз және немқұрайлы болды, еркіндік үшін күресудің және сондай — ақ ол үшін өз өмірін қиюдың қажеті жоқ деп есептеді. Сондай —ақ біздің түсінгеніміз, демократия дағдарысы тек Италия немесе Германияға қатысты емес, ол өте қарқынды және қазіргі әрбір мемлекетке қауіп келтіреді. Сонымен бірге, адам еркіндігінің қарсыластары шығатын белгінің түсінің мүлдем мәні жоқ. Егер антифашистік ұранмен жасырынып еркіндікке қастық жасаса, онда бұл фашизмге тиісті

 

 

ұранға қарағанда, мұнда қауіп-қатер азаймайды. Бұл ойды Джон Дьюи жақсылап тұжырымдаған, менің ойымша, оның сөздерін келтіруге болады: «Біздің демократиямыз үшін маңызды қауіп басқа тоталитарлы мемлекеттердің бар болуында емес. Нағыз қауіп-қатер, ол біздің жеке құрылымызда, біздің жеке институттарымызда, біздің жүйемізде осы тоталитарлы мемлекетте сыртқы өкіметті жеңуге алып келген, қатаң, міндетті тәртіпке және бағынуға, ой мен идеяның біркелкілігі мен көсемдерге тәуелді болуға алып келген алғы шарттар орын алады. Сөйтіп, шайқас орны осы жерде, біздің өзімізде, біздің қоғамдық жүйемізде болуы мүмкін.»

Фашизммен күресуге және жеңемін деп сену тек оны түсінгенде ғана мүмкін деген пікірге ешкім қарсы болмас деп ойлаймын. Шынымен де, күресті жетістікпен аяқтау тек қарсыласының көзқарасын түсінген жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл жағдайда жорамалдау пайдасыз, ал оптимистік пікірді қайталау үндістердің отты айнала билейтін салттық биі сияқты нәтижесіз.

Фашизмнің пайда болуына, дамуына және соңында жеңуге мүмкіндік беретін проблемалық экономикалық және әлеуметтік шарттардан басқа сондай — ақ тағы ескерілетін нәрсе адамның өзінде, оның жеке проблемасында болатын алғы шарттар бар. Берілген кітаптың мақсаты, фашистік мемлекеттерде бақыланатын және біздің еліміздегі көптеген миллиондаған адамдарға қатысты, оның өз еркімен еркіндіктен бас тартуына мүмкіндік тудыратын қазіргі заманғы адамның психикасының әсерлі, күші бар элементтерін талдауға негізделген.

Еркіндік мәселесін адамдық аспектіні ескере отырып қарастыру, бағынушылыққа немесе билікке ұмтылысты қарастыру сансыз көп сұрақтардың пайда болуына алып келеді. Адамдық қасірет ретіндегі еркіндік дегеніміз не? Еркіндікке ұмтылу — адамның негізгі тартып алынбайтын қасиеті деген, шынымен де дұрыс па? Осы ұмтылыстың жеке адамның белгілі бір қоғамның мәдениет деңгейі негізінде даму нәтижесінде қол жеткізген даму дәрежесіне, адамның өмір сүру шарттарына қандай да бір тәуелділігі бар ма? Еркіндік тек сыртқы қысымның және күштеудің жоқтығымен ғана анықталады ма немесе ол басқа бірдеменің болуын жобалап түсінеді ме, егер солай болса, ол не? Қоғамдық құрылымда болатын қандай экономикалық және әлеуметтік факторлар еркіндікке ұмтылудың дамуына әсер етеді? Адамның өзі алып жүре алмайтын ауыртпалық келтіретін (шамадан тыс) еркіндіктің болуы мүмкін бе, және ол неден құтылуға тырысады? Неліктен

 

 

кейбіреулер   еркіндікте   өмірдің   ежелгі   мақсатын   көреді,   ал басқалары еркіндікті қауіп ретінде қарастырады?

Мүмкін, еркіндікке органикалық тән ұмтылыстан басқа, адамда бағынушылыққа сезікті ықыласы бар шығар? Және егер бұндай ықылас жоқ болса, онда мұндай жағдайда адамдар үшін көсемге бағынудың жағымды екенін қалай түсіндіруге болады? Әрдайым реальды сыртқы билікке бағыну орын алады ма, немесе, мысалы, ар — ұждан және борыш сияқты беделге бағыну да мүмкін бе ? Бағыныушылық қанағаттанудың ерекше түрінің негізі бола ала ма, егер — олай болса, онда бұл қанағаттанудың мәні неде? Қарсы тұруға болмайтын басқару, бұйыру, үстемдік ету ықыласы не арқылы шығады? Бұл ықыласта адамдардың күші немесе, керісінше, әлсіздігі байқалады ма? Билікке немесе бағынушылыққа ұмтылу қандай жағдайларда күштірек немесе әлсіздеу болады? Қандай әлеуметтік жағдайлар психологиялық жағдайлардың пайда болуына мүмкіндік туғызады?

Еркіндік пен авторитаризмнің адамдық аспектілерін талдау үшін психологиялық факторлардың маңызын, бізді психологиялық, экономикалық және идеологиялық факторлардың өзара әрекет және өзара қарым-қатынас мәселесіне алып келетін, қоғамдық даму процесінің қазіргі күші ретінде қарастыру қажет. Адамдардың, сондай-ақ бүкіл ұлтты фашизмге тартатын себепті түсіну үшін кез-келген әркет біздің психологиялық факторлардың маңызды ролін мойындатуға алып келеді. Тап осы жағдайда біз адамның жеке қызығушылығына негізделмеген саяси жүйелерді қолданамыз. Бұл жүйе адамда баяғыда жойылып кеткен деп ойлаған, сондай ауыр күшті оятады.

Соңғы жүз жылдықтар бойында, адам- ақылмен үлестірілген тірі организм деп негізделген, адам туралы концепция кең таралды. Гоббс сияқты және оған ұқсас авторлардың өзі, билікті көксеу және дұшпандық мақсат адамдық мінез-құлықтың қозғаушы күштері болып табылады деп есептеп, бұл күштердің болуын жеке қызығушылықтардың логикалық салдары ретінде түсіндірген. Олардың пікірінше, адамдар өзара тең болғандықтан, оларда барлығына жеткіліксіз «бақытқа» деген ұмтылыс бірдей көрінеді, әйтпесе күрес шарасыз болады. Сөйтіп, адамдар өздеріне ең болмағанда қазіргісінен жаман емес болашақты қамтамасыз ету мақсатында билікке ұмтылады. Бірақ Гоббстың бұл схемасы әледқашан маңызын жойғанын ескеру керек. Ортаңғы топ саяси жүйедегі және діни күштердегі билікпен күресте көптеген жетістіктерге жетті адамзат толығымен табиғатты өте қатты жаншыды. Миллиондаған адамдардың экономикалық жағдайлары жақсарып келді және

 

тұрақты бола бастады, және сонымен қатар әлемнің парасаттылығына және адамның саналы мәніне сену кең таралды. Адамдық мінездің ашулы және мейірімсіз күштері естен шығарылды және тек ортағасырмен немесе адамзат тарихының ерте кезеңдерімен ассоциацияланды және олардың болуы сол кездердегі білімнің жетіспеушілігі деп, немесе жауыз кардиналдардың және корольдердің қастығы деп түсіндірілді, және адамзат тарихының сол кезеңдері адамдар үшін енді ешқандай қауіп төндірмейтін, тасқыны баяғыда суып және тасқа айналған жанар тау ретінде болды. Қазіргі демократияға қол жеткізудің арқасында сол зұлым күштердің толығымен жойылғанына бәрі сенімді болды; әлем ашық және айқын бейне ретінде, қазіргі қалалардағы ашық жылы күндегі таза қауіпсіз көшелер ретінде көрінді. Соғыстар ежелгі кезеңдердегі соңғы қалдықтары сияқты көрінді; осы құбылысты мәңгі жою үшін ең соңғы біреу ғана жетпей тұрды. Экономикалық дағдарыстар үнемі және тіпті жиі орын алғанына қарамастан, кездейсоқ құбылыс ретінде қарастырылды.

Сондықтан да өкіметке фашизмнің келуі адамзатты қапыда басуы таң қалатындай жағдай емес, адамдар бұған мүлдем дайын емес еді. Олар тіпті адамның мұндай зұлымдыққа және күштеуге ұмтылатынына билікке мұндай ықыластанатынына, адамның әлсіздер мен дәрменсіздердің құқықтарына қалай болса солай қарай алатынына сене алмады. Тек кейбіреулері ғана баяғыда сөнді деп ойлаған жанар таудың қалай сарқырағанын есіте алды. Тек кейбіреулері ғана оның жойқын салып атылуын күні бұрын білген. Бұлардың ішіне Ницще мен Маркс кіреді, олар оптимистік көңілге икемделген XIX ғасырды вулканның атқылауына дейін кішкене алдын дүрліктірді, кішкене кейінірек Фрейдтің ескертпе үні естілді. Шын мәнінде , Фрейд және оның шәкірттері қоғамда болып жатқан процесстер туралы тек қарапайым түсінікте болды; Фрейдтің психологияны әлеуметтік проблемалармен байланыстырудағы көптеген әрекеті дұрыс емес нәтижелерімен аяқталды. Осыған қарамастан, жеке адамның психикалық және ақыл-ойының бұзылуын зерттеуге қызығушылық тудыра отырып, Фрейд адамзатты ұмытылған жанар тауды еске түсіруге және оның шұңқырында лава бұрқылдап жатқанына үңіліп қарауға шақырды.

Фрейдке дейін адамның жүріс-тұрысын анықтауда елеулі
маңызы бар ішкі сана-сезімінің иррационалды күштерін
бақылауға және зерттеуге аса көңіл бөлмеген. Фрейд және оның
ізбасарлары             қазіргі            психологияда,              рационализмді

жақтаушылармен теріске шығарылған, адам психикасының парықсыз   деңгейін    ғана    көрсеткен   жоқ;    сонымен    бірге,

 

Фрейдистер осы иррационалды құбылыстардың белгілі заңдарға сәйкес әрекет ететінін және сондықтан да олар жеткілікті түрде ұтымды ұғындырыла алатынын дәлелдеп берді. Фрейд бізге соматикалық симптомдарға және түске түсіндірме беруді үйретті, ол адамның жүріс-тұрысындағы үйлеспеушілік тіліне қорытынды берді. Ол осы үйлеспеушіліктер дегенмен, адамның мінез-құлығының барлық құрылымы сияқты сыртқы әлемнің әсеріне, әсіресе адамның жас балалық шағындағы дамуына тиген әсеріне кері реакцияны білдіретінін анықтады.

Бірақ та Фрейдтің тек қана өзінің теориясына және өзінің мәдениетіне қатты берілуі, оны осымен белгіленген шекарадан шыға алмай қалуына алып келді. Осының нәтижесінде Фрейд өзінің пациенттерінің кейбір сырқаттарын түсіндіре алмады, және ең өкініштісі, қарапайым адамға тән табиғатты, сондай — ақ қоғам өміріндегі иррационалды құбылыстарды түсіне алмады.

Берілген кітап, жалпы қоғамның даму процесіндегі психологиялық факторлардың ролін бағалауға негізделгенін және кітапта келтірілген осы факторлардың анализі Фрейдтің, адамның мінез құлығындағы парықсыз күштердің ролін зерттеуі, сондай — ақ осы күштердің сыртқы әсерге тәуелділігі сияқты кейбір маңызды жаңалықтарына негізделгенін ескере отырып, оқырмандарға біріншіден осы кітаптағы мәселенің бабын табудағы негізгі принциптермен және баптардың арасындағы, және Фрейдтің нақты есептерінің арасындағы айырмашылықтармен танысу қызықты және сонымен бірге пайдалы болады деп ойлаймын.

Өзінің теориясында Фрейд адамды қоғамға қарсы қоятын дәстүрлі мақсатты ұстанды және сонымен қатар адам табиғатының бастан әдепсіздігі туралы көпшілік мақұлдаған пікірді теріске шығармады. Фрейдтің көзқарасы бойынша, адам шын мәнінде антисоциалды қоғамға қарсы тірі организм (жан) болып табылады. Қоғам адамды өзінің биологиялық — сонымен қатар, қарсы тұра алмайтын — қажеттіліктерін қанағаттандыруға үйрету керек. Ал қоғамның ең маңызды міндеті адамның негізгі, тұрақты күшін тазартуға және шектеуге негізделген. Нәтижесінде, күштердің мұндай басылуы сөзсіз төтенше құбылысқа алып келеді: басылыңқы әдеттер кейіннен мәдени құндылықтармен сипатталатын ұмтылысқа ауысады және осының салдарынан мәдени негізге айналады. Осы басылыңқы жағдайдың мәдениетті жүріс-тұрысқа «сиқырлы» айналуын Фрейд «сублимация» терминімен атады. Егер басылым дәрежесі сублимация қабілетінен басым болса, онда жеке адам (индивидуум) жүйке ауруына шалдығады, және мұндай жағдайда басылым әлсіреу керек. Әрине, адам ұмтылысын қанағаттандыру

 

мен мәдениет элементтерінің арасында кері байланыс та бар: басылым мен қысым көп болған сайын, мәдениет жетістіктері де көп болады (және, әрине невротикалық бұзылуы да көбейеді). Фрейд өзінің теориясында жеке адамның қоғамға қозғалмайтын құбылыс сияқты қатынасын қарастырады; жеке адам негізінде, қоғамның оның табиғи бейімділігіне әсерін күшейткендігінен шыққан өзгерістерге шыдай отырып аз қалпында қала береді.

болған жеке адам, үшін, басқа оны түседі.     Фрейдтің

Фрейд адамның негізгі түйсіктері деп аталатын теорияны тұжырымдаған өзінің бастаушыларының қателіктерінен құтыла алмады. Оның адам табиғаты туралы концепциясы негізінде қазіргі адамда көрінетін маңызды ұмтылыстардың көрінісін білдіреді. Фрейдтік концепция бойынша адам табиғаты негізінен қазіргі адамда көрінетін маңызды ұмтылыстардың көрінісі болып табылады. Оның концепциясында мәдениетке лайықты жеке адам, жалпы айтқанда «адамды» білдіреді; ал біздің қоғамымыздағы адамға тән құмарлық пен әсерленушілік, қорқыныш пен тынышсыздық, адамның биологиялық табиғатынан бастау алатын шарасыз және тұрақты күштер рангісіне көтеріледі. Осының бәрін айтып жеткізу үшін көптеген мысалдар келтіруге болады (мысалы, Эдипов комплекс немесе дұшпандықтың әлеуметтік негізі сияқты құбылыстарды қарастыру), бірақ мен тек бір ғана, барлық адам табиғаты концепциясына және әлеуметтік организм ретінде адамға өте маңызды мысалды толық қарастырғым келді. Әдетте Фрейд әрқашан адамның басқа адамдармен қатынасын қарастырады, бірақ та бұл қатынастар оған капиталистік қоғамда үстем болған экономикалық қатынастарға ұқсас болып көрінеді. Әрбір адам өзі үшін, өздігінше, тек өзінің күшіне сеніп жұмыс істейді, және алдымен басқалармен қарым-қатынаста болмайды. Бірақ та, адам — бұл Робинзон Крузо еместігін, ол елсіз аралда жалғыз еместігін ұмытпау керек. Адамға сатып алушы, жұмысшы немесе жұмыс беруші ретінде басқа адамдар қажет, адам сату және сатып алу, беру немесе алу жағдайларына мұқтаж. Мұндай қатынастар рынок заңдарымен реттеледі. Сонымен, әуелден жалғыздыққа және жатсыну мақсатына ие сату немесе сатып алу мақсатына жету қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа адамдық қарым-қатынас туралы концепциясы, шын мәнінде, экономикалық қарым-қатынас жүйесіне еліктейді. Жеке адам қоғамда биологиялық жағынан қамтамасыз еткен толық қажеттілік жиынтығымен көрінеді, және бұл қажеттіліктер міндетті түрде қамтамасыз етілу керек. Оларды қамтамасыз ету үшін адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Сөйтіп, айналасындағылармен қарым-қатынасқа түскенге дейінгі орын

 

алған жеке адамның қандай да бір ұмтылыстарын қамтамасыз ету үшін, басқалар мақсатқа жету құралы ретінде болатын «объектке» айналады. Фрейд адамдық қарым-қатынас ортасы мен рынок арасында аналогия келтірді (ұқсастығын жүргізді). Бұл ұқсастық адамдардың өзара қатынас ортасы биологиялық қажеттіліктердің қамтамасыздығының алмасуымен анықталады деген фактіде негізделген. Сонымен, басқа адаммен қатынас тікелей мақсаттың өзі емес, мақсатқа жету тәсілі ретінде қалады.

Берілген кітаптағы Фрейдтің пікіріне қарама-қарсы жазылған көзқарас, психологияның негізгі проблемасы, адамның сезікті қажеттіліктерін қанағаттандыру емес, жеке адамның сыртқы әлеммен ерекше байланысы болып табылады, деген болжамға негізделген. Сондай-ақ, біздің ойымызша, адам мен қоғамның арасындағы байланыс өзінің көрінісі бойынша жылжымайтын емес, ол орнықпаған. Біз жеке адамды оның белгілі табиғи қажеттіліктерінің жиынымен, ал қоғам бір жағынан осы қажеттіліктерді қанағаттандырады немесе басады деген ойда болсақ, екінші жағынан, дұрыс емес және жарамайды. Әрине, барлығына тән және табиғатпен байланыстырылған белгілі қажеттіліктер бар, мысалы: аштық, секс, аңсау — бірақ адамның мінез-құлығын ерекшелейтін ұмтылыстар-махаббат, өшпенділік, билікке немесе бағынушылыққа ұмтылыс, сезімдік құштарлық немесе қорқыныш сияқтылар-бұлардың барлығы әлеуметтік процестің азығы болып табылады. Адамның ең керемет және маңызды бейімділігі, және сондай-ақ, ең жаман және ұсқынсыз бейімділіктері тұлғаның қалыптасуына бағытталған әлеуметтік процестер нәтижесінде нығаяды және дамиды.

Басқаша айтатын болсақ, қоғам қандай да бір тұлғалық факторлардың басу әрекетін ғана емес, сонымен қатар, тұлғаның қалыптасуының жасампаздық әрекетін де орындайды. Адам табиғаты, оның қорқынышы және үрейі — мұның барлығы қоғамның мәдени дамуының азығы, шын мәнінде, адамның өзі -бұл жиынтығында тарихи бейнені беретін адамзаттың көптеген үзіліссіз күштерінің ең маңызды жетістіктері, және дәл осыны тарих деп атауға болады.

Әлеуметтік психологияның негізгі міндеті тарих барысында адамның қалыптасу және даму процесінің қалай өткенін зерттеу және оқып білу. Бұл ғылым мәні көптеген сұрақтардың жауабына негізделген мақсаттты көздейді. Неліктен бір тарихи кезеңнен басқаға өткенде адамның мінезінде өзгерістер болады? Неге қайта өрлеу дәуірі өзінің көңіл-күйі мен қарым-қатынасымен орта ғасыр дәуірінен ерекшеленеді? Неге монополистік капитализм шарттарында адамның мінез-құлқы, XIX   ғасырдағы   адамның   мінез   құлқына   қарағанда   мүлдем

 

басқаша? Әлеуметтік психология адамның жақсы және жаман жаңа қабілеттері мен жаңа құмарлықтары неліктен және қалай пайда болатынын түсіндіруге негізделген. Мысалы; Қайта өрлеу дәуірінен бастап біздің бүгінгі күнге дейін адамдар даңқ үшін ұмтылуда. Бұл орынды болып көрінетін ұмтылыс орта ғасыр дәуірінде адам табиғатына мүлдем қайшы болды. Сол уақыт бойына адамдарда бұған дейін болмаған табиғат әсемдігін түсінді. Дәл осы кезеңде, Солтүстік Европа елдерінің тұрғындарында бұған дейін еркін адамдар үшін тән болмаған еңбекке деген құштарлық нығайды және дамыды.

Бірақ та тек тарих адамдарды тудырмайды, бір уақытта, адамдар тарихты жасайды. Осы қарама-қарсылықты шешу әлеуметтік психологияның негізгі тапсырмасы болып табылады. Бұл ғылым тек әлеуметтік процестер нәтижесінде адамның жаңа құштарлықтарының, ықыласының және әуестігінің пайда болуын ғана емес, сонымен бірге, қалай адамдық жігерлік өзінің спецификалық, ерекше көрініс формасында, өз кезегінде әлеуметтік процестерде алатын орынды жысайтын белсенді күш болатынын паш етіп көрсету керек.

Мысалыға адамның даңққа және табысқа ұмтылысы, сондай-ақ адамның еңбектегі мұқтаждығы қазіргі капитализмнің дамуына мүмкіндік тудырған ең негізгі күштер болады. Осы ынталандырылған жағдайсыз бірде-бір адам өзін-өзі сауда-өнеркәсіптік қатынаста қазіргі жүйедегі экономикалық және әлеуметтік талаптарға сөйкес ұстай алмас еді.

Фрейдтің көзқарасы бойынша, тарих әлеуметтік орта әсеріне салынбайтын психикалық күштер әрекетінің нәтижесі болып табылады. Жоғарыда айтылғандармен таныса отырып, оқырман, осы кітапта көрсетілген көзқарастың Фрейдтің көзқарасынан ерекшеленетінін түсінген болар, себебі мен бұл жұмыста Фрейдтік түсіндірмеге өзімнің келіспеушілігімді білдіруге ниеттендім. Бірақ та бұл қоғамның даму процесінде адамдық фактордың ролін терістеу ниетін ашық айтқан теориялармен менің келісетінімді білдірмейді, керісінше, берілген кітаптағы айтылған көзқарас мұндай теорияларға айқын қарама-қайшы болады. Бұл тек әлеуметтанудан кез-келген психологиялық проблемаларды (мысалы Дюрнгейм мен оның ізбасарларының теориясы) ашық түрде алып тастауға тырысатын әлеуметтік теорияларға ғана қатысты емес, сонымен қатар бихевиористік психологиямен байланыстыларға да қатысты. Барлық осы теориялар өздерінің адамдық табиғат әсерлі құбылыстар бола алмайды деген, психикалық өзгерістерді тек өзгермелі сыртқы шарттарға     бейімделу     барысында     пайда     болатын     жаңа

 

 

түсіндіруге болады деген сенімдерінде қателескен.

Осыған ұқсас барлық теориялар, психологиялық факторларды мойындаушы сияқты теориялар жеке алынған қоғамдағы белгілі үлгілердің қарапайым көріну деңгейіне дейін түсіріп жібереді. Негізін Фрейд салған, адам табиғатының әсерлілігін мойындайтын психология ғана бізге тек адамдық фактордың бар болатынына ғана сендіре алмайды, сонымен қатар осы құбылысты түсіну үшін қажетті деңгейде түсінуге көмектеседі.

Қатып қалған және әбден айқындалған адам табиғатының болмайтынына біз сенеміз, дегенмен, бұл бізге адам табиғаты өзінің психикалық өзгермелелігін дамытпай кез-келген шарттарға бейімделуге дайын нәрсе сияқты шексіз өзгермелі және бір қалыпты деп айтуға мүмкіндік бермейді. Адам табиғаты тарихи эволюция азығы, толығымен адамзаттың дамуы болып табылатыны белгілі, бірақ та белгілі мұралық механизмдердің болуын, әрбір жеке жағдайда дамитын сондағы әрекет ететін заңдардың болуын терістеуге болмайды. Және психологияның маңызды тапсырмасы осы механизмдердің және адам табиғатының заңдарын зерттеу және  ашу болып табылады.

Жоғарыда берілгенді және кейіннен жалғасатынды жақсы түсіну мақсатында «адаптация» (бейімделу) түсінігіне анықтама беру қажет. Бір мезгілде мен; психикалық механизмдер және заңдар деген сөздердің негізінде не түсінілетінін түсіндіріп беремін. Ең біріншіден «статикалық» және «динамикалық» («орныққан» және «қозғалысты») адаптацияны ажырату қажет. Статикалық адаптация — бұл адамның мінезі өзгермелі және тұрақты болып қалатын бейімделу, және тек қандай да бір жаңа әдеттер пайда болуы мүмкін. Статикалық адаптацияның мысалы ретінде, қытайша тамақты таяқтардың көмегімен жеу тәсілінен европалық тәсілге, пышақ және шанышқы көмегімен жеу тәсіліне өтуді айтуға болады. Қытайлық Америкаға көшкенде, сонда жалпыға түсінікті тамақ жеу тәсіліне бейімделе бастайды, бірақ мұндай адаптация оның өзін өзгертпеуі мүмкін: оның бойында жаңа ұмтылыстар, мінез-құлық ерекшеліктері пайда болмайды.

Динамикалық адаптацияның мысалы ретінде мына жағдайды-баланың қатал әкеге бағынуын айтуға болады; ол әкесінен өте қатты қорқады және басқаша істеуге қорқады, бала «тіл алғыш» болады. Мұндай шарасыз жағдайға бейімделу кезінде оның өзінде ешқандай өзгерістер бола алмайды. Рақымсыз-әкеге деген өшпенділік пайда болуы мүмкін, оны бала өзінде басады және жасыруға  тырысады,   өйткені  осы  өшпенділіктің  көрінуі  ғана

 

емес  сонымен қатар оны түсінудің өзі оған қауіпті. Осы басым болған жек  көрушілік және  өшпенділік  оның  көрінбейтініне қарамастан   баланың   мінез-құлқының  динамикалық   факторы болады. Осында басымдылықтың нәтижесінде қатал әкеден одан да қатты қорқыныш пайда болуы мүмкін, бұдан кейін одан да өте   терең   басымдылық   немесе   өмірге   қарсы   бағытталатын «себепсіз» қарсылық пайда болады. Мұндай жағдайда, алдыңғы жағдайдағы сияқты, жеке адам сыртқы жағдайларға бейімделеді, бірақ та бұл жерде бейімделу жаңа ұмтылыстар, жаңа үрейлер пайда болдыратын адамның мінезінің   өзгеру      процесін ынталандырады. Кез-келген невроз жеке адамға иррационалды (әсіресе   балалық   шақта)   болып   табылатын,   және,   баланың психикалық  және   физикалық  дамуына,   сөз  жоқ,   жағымсыз болып табылатын жағдайларға динамикалық бейімделуден басқа нәрсені білдіреді. Бүтіндей қоғамдық топтарда көрінетін және невротикалықпен салыстырылатын, мысалы қиратушы немесе садистік     күштің      айқын     көрінісіне      ұқсас      әлеуметтік-пихологиялық     құбылыстар  есейген  адамдардың  тұлғасының дамуына   иррационалды   және   қиратушы   болып   табылатын әлеуметтік жағдайда динамикалық бейімделуді көрсетеді.

         Сол немесе басқа жағдайда қай бейімделу орын алады деген сұрақтан басқа, басқа да сұрақтарға жауап беру қажет: адамдарды өмірдің қандай да бір, тіпті кез-келген қолайлы жағдайларына бейімделуге нақты не мәжбүр етеді, және осы бейімделудің шегі қайда? Ең алдымен ескертетін нәрсе, ол адам мінезінің бір ерекшеліктері тым бейімделгіш, ал басқалары бір қалыпты болып келеді. Адамда көруге болатын және адамдарды бір-бірінен ерекшелендіретін мінез ерекшеліктері және ұмтылыстар аса бейімділікті және бір қалыптылықты көрсетеді. Достық қалып немесе өшпенділік және бұзылушылық, билікті көксеу немесе бағынушылыққа ұмтылу, мақтануға ұмтылу, жатырқаушылық, сараңдық, сезімдік ләззатқа құштарлық немесе олардан қорқу — осының барлығы, және сондай-ақ адам табиғатында орын алатын басқа да көптеген ұмтылыстар мен қауіп-қатерлер өмірдің белгілі бір жағдайларына жауап ретінде дамиды. Бұл ұмтылыстар айтарылқтай тұрақты, және адамның мінез-құлық ерекшеліктеріне айналып, олар жойылады және басқа талаптарға аса қиындықпен ауысады. Бірақ бұл мінез-құлық ерекшеліктері, жеке адам әсіресе өзінің дамуының алғашқы кезеңдерінде, балалық шақта, олардың өмір сүруге мәжбүр болған жағдайға сәйкес, сол немесе басқа бейімділікті дамытқандығынан бейімделгіш болып табылады. Мұндай бейімділіктің ешқайсысы адамға бастан тән болмаған. Осы иемденген    ұмтылыстар    мен    қажеттіліктермен    бірге    басқа

 

 адамның физиологиялық денесімен қамтамасыз етілгендері де

бар. Мысалы, аштықты, шөлді қандыру, түстегі қажеттілік және

тағы сол сияқты — барлық осы қажеттіліктер адам табиғатының

биологиялық жағынан  түсініледі,  және  ештеңеге  қарамастан,

өктем    түрде    қанағаттандыруды    талап    етеді.     Әрбір    осы

қажеттіліктердің өзінің шегі бар,және одан кейін қажеттіліктің

қанағаттанбауынан шыдамсыз болады. Осы шекке жеткен кезде,

қажеттілікті    қанағаттандыру    ынтасы    бәрін    сіңіретін    және

шыдамсыз       болады.      Адамның      барлық      физиологиялық

қажеттіліктерін     өзін-өзі     сақтау     қажеттіліктерінің     тобына

біріктіруге болады. Осы топтағы қажеттіліктер адам табиғатының

кез-келген  жағдайда   қанағаттандыруды   талап   ететін   бөлігін

қалыптастырады,  және  сондықтан  да  қажеттіліктің  осы  тобы

адам  мінез-құлығындағы  аса  маңызды  дәлел  рөлін  ойнайды.

басқа сөзбен айтқанда, адамның ұйықтау, ішу, тамақтану, өзін

жаудан қорғау және тағы басқа мүмкіндігі болу керек. Мұндай

мүмкіндікке ие болу үшін, адамға еңбектену керек, және осы

мүмкіндіктің болуын қамтамасыз ету  үшін барлық жағдайды

жасау керек. Бірақ та «еңбек» — бұл абстактылы категория емес

еңбектің нақты көрінісі бар, бұл белгілі экономикалық жүйедегі

нақты     белгіленген    жұмыс.     Феодалдық     шаруашылықтағы

басыбайлы шаруа, үнді тайпасындағы жер иесі,  капиталистік

қарым-қатынас         жағдайындағы         тәуелсіз                       бизнесмен,

супермаркеттегі саудагер, заводтағы станокта істейтін жұмысшы-

мұның барлығы    мүлдем түрлі мінез-құлықты болатын және

қоршаған   адамдармен   түрлі   қарым-қатынасты   талап   ететін

түсінікті білдіретін іс-әрекет түрлерін жасайды. Адам өмірге келе

салысымен ол сахнада                  болады, онда оған өзін-өзі сақтау

қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  шексіз  аянбай  еңбек   етуді

 білдіретін роль дайындалып  қойылған.Адамның  еңбектерінің шарттары,   оның   туылған   қоғамымен анықталады. Осы екі

фактор,  оның өмір  сүретін әлеуметтік  жүйесі және адамның    физиологиялық қажеттіліктері — тек бір жеке адамның күшінің

нәтижесінде ғана өзгеріске ұшырай алмайды, өйткені дәл осы

факторлар   жеке   адамның   өзгеріске   ең   үлкен   қабілеті   бар

ерекшелігінің дамуын анықтайды.

Экономикалық жүйе ерекшеліктерімен қамтамасыз  етілген

тұрмыс   қалпы   адамның   мінез-құлқын   анықтайтын,   негізге

алынатын   факторға   айналады,   өйткені   өзін   —   өзі   сақтаудың

өктем  қажеттілігі оның  өмір  сүруіне тура келетін шарттарды

қабылдауға    мәжбүр    етеді.     Бұған    қарамастан,     бұл    адам

басқалармен   қандай — да   бір   экономикалық   және   саяси

өзгерістерге   ұмтыла  алмайтынын   білдірмейді,   бірақ   та   әуелі

оның өзібелгілі бір тұрмыс қалпы нәтижесінде қалыптасады,

 

 

 

 

 

 

 

себебі кез-келген жеке алынған отбасында өзінің қоғамының немесе тобының ерекше белгілері болады, және осының барлығының нәтижесінде бала міндетті түрде олармен танысады.

Физиологиялық қажеттіліктер адам табиғатының жалғыз бұйрықты бөлігін құрайтын және міндетті түрде болатын ғана емес. Физиологиялық процестер нәтижесінде құрылмайтын, бірақ адам болмысының нағыз мәнін құрайтын адам табиғатының тағы бір, дәл сондай жеңе алмайтын жағы да бар -ол адамның қоршаған ортамен байланысқа және өзара қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі, басты міндеті жалғыздықтан құтылуға негізделген қажеттілік. Бүтіндей жалғыздық сезімі қажеттілік бойынша психикалық бұзылуларға алып келеді, берілген жағдайда физикалық аштық адамның өліміне алып келетін сияқты аналогияны айтуға болады. Бірақ мұндай түрдің байланысы физикалық жалғасуға ұқсас емес. Жеке адам физикалық түрде жалғыз болуы мүмкін, бірақ сонымен бірге оны қоғаммен қандай да бір идеялар, моральдық құндылықтар немесе ең болмағанда әлеументтік стандарт байланыстырады — және осының өзі оған барлық қалған адамдармен «тиістілігін» және «ортақтығын» сезінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жеке адам көптеген адамдардың ортасында өмір сүре отырып өзін бүтіндей жеке сезінуі мүмкін, және бұл сезім белгілі шекке жеткенде шизофрениялық типтегі ақыл-ойдың бұзылуына алып келуі мүмкін. Құндылықтармен, символдармен, тәртіппен қандай-да бір байланыстың болмауын рухани жалғыздық деп атауға болады. Және сондай-ақ рухани жалғыздық, физикалық жалғыздық сияқты жанға батарлықтай деп сендіруге болады; сондай-ақ, физикалық жалғыздық рухани жалғыздықпен бірге кездескен кезде ғана жанға батарлықтай болады.

Әлеммен рухани — тез өзара байланыс түрлі формада көрінуі мүмкін: Құдайға сенетін және әрқашан сиынатын «^льядайі тақуа, немесе өзінің жолдастарының күресіне өзінің қажеттілігін сезінетін оңаша камерадағы саяси тұтқыншы — олар рухани көзқарас бойынша жалғыз емес. Осы киімі сай келмейтін жағдайда өзінің фракын ауыстырмайтын ағылшын джентльмені, немесе ақсүйектер балына тап болған ұсақ буржуа, — олар өздерін өзінің әлеуметтік тобының мүшесі ретінде сезінеді. Айналадағы дүниемен өзара байланыс түрлі-түрлі әдістермен көрінуі мүмкін, көтеріңкі немесе мылжың мінезді болуы мүмкін, бірақ, ол ең тұрақты дәрежеге негізделген жағдайда да әрқашан жалғыздықтан жоғары болады. Кез-келген әдет-ғұрып, кез-келген наным сияқты, дін және ұлтшылдық — тіпті намысқа тиетін және ең ерсілері де — олар адамда болатын ең қорқынышты  нәрседен,   жалғыздық  пен  жекелеуден   құтқара

 

отырып қоршаған адамдармен оның байланысуын қамтамасыз еткен жағдайда, адамға құтқарушы орта болып табылады. Адам үшін рухани жалғыздықтың жанға батуы және оның бұдан құтылу қажеттілігі Бальзакпен «Өнертапқыштың жапа шегуі» атты еңбегінде тамаша бейнеленген. «Сонымен есіңде сақта, өзіңнің соншалықты алғыр миыңда сақтап қал: адам жалғыздықтан қорқады. Ал жалғыздықтың барлық түрінен рухани жалғыздық ең қорқынышты. Ежелдегі тақуалар (дуана) Құдаймен қатынаста өмір сүрді, олар ең халқы көп рухани әлемде болды… Адамның, ол тіпті айдалған адам немесе алапес, сырқаттанған немесе итермеленген болса да, ең алғашқы қажеттілігі — тағдыры бойынша жолдас табу. Осы сезімді қандыруды көксеу адамды барлық өзінің күшін, барлық өзінің қуатын, өзінің жанының барлық жалынын босқа жоюға мәжбүр етеді. Осы бәрін жалмайтын ықылас болмаса, шынымен де ібіліс өзіне сыбайласты тауып алар ма еді? Бұл жерде «жоғалған жұмаққа» ену сияқты, көтерілістің поэзиялық сылтауына» бүтіндей дастан жазуға болады.

Егер біз жалғыздық алдындағы адам қорқынышының күшін түсіндіруге тырыссақ, онда біз осы кітапта зерттелген тақырыптан мүлдем алшақ кетіп қаламыз. Бірақ та, адамның басқалармен бірге болу ұмтылысының түсініксіз дәлелі туралы оқырманның ойын ескерту үшін, мен оқырманды жалғыздықтан қорқу табиғаты туралы сұрақтың жауабына алып келетін жолға бағыттағым келді.

Маңызды себеп — бұл адам басқа адамдармен қандай — да бір қарым-қатынассыз өмір сүре алмайтыны. Кез-келген қолайлы қоғамда адам егер ол не жаудан және табиғат қауіптілігінен қорғау үшін, немесе өмірге қажетті нәрселердің барлығын жасауға және еңбектенуге мүмкіндік алу үшін басқа адамдармен бірігуі қажет. Тіпті Робинзонның Жұмабайы болды. Олсыз мүмкін Робинзон алдымен есінен ауар еді, сосын өлер еді. Адамға айналасындағылардың көмегінің қажеттілігі оның өзіне және сірә айналасындағылар үшін, оның жастық шағында ерекше сезіледі. Нәресте ең маңызды өмірлік әрекеттерді орындай алмайды, сондықтан ол үшін басқа адамдармен байланыс — бұл өмір мен өлім мәселесі. Егер ол жалғыздықта қалса, онда оның өмір сүруі қауіп-қатерде болады.

Бірақ та, жалпылықтың құрамында болу аса қажетті болатын, тағы бір себеп бар: бұл субъективтік сана-сезім. Адамның ойлау қабілеті өзін табиғаттан және барлық қалған адамдардан жеке бірегей тірі жан ретінде тануға мүмкіндік береді және сонымен бірге мәжбүр етеді. Келесі тарауда мен осы танудың       дәрежесі   түрлі   болуы   мүмкін   екенін   паш   етіп көрсетемін, бірақ ол әрқашан бар болады. Нәтижесінде өте-мөте адамдық проблема пайда болады, өзінің әрекетін түсіне отырып, ауырудан, кәріліктен және өлімнен қашып құтыла алмайтынын кейде көмескі түсіне отырып, адам өзінің қоршаған ортасымен салыстырғанда, оның «меніне» жатпайтынның барлығымен салыстырғанда мәні аз болғандығынан өзінің маңызсыздығын және болмашылығын сезбеуі мүмкін емес. Егер адам қандай да бір мәнін және бағыттылығын таппаса, онда ол өзін шаң ретінде түсінеді, оны өзіндік мардымсыздық сезімі билейді. Адамда оның өміріне мән беретін және оның өмірін бағыттайтын қандай да бір жүйеге өзін жатқызу мүмкіндігі болу керек; олай болмаған жағдайда   оны   ақыр   соңында   оның   әрекеттену   қабілетінің айыратын күдік билейді.

Біз өзіміздің зерттеуімізді бастардан алдын, әлеуметтік психология мәселесіндегі біздің жалпы тәсілімізге қорытынды жасағанымыз тиімді. Адам табиғаты — бұл табиғи, биологиялық негізделген ізденістердің жиынтығы емесі, бірақ, сонымен қатар әлеуметтік жағдайлардың қалпынан бейнесіз көшірме де емес, бұл заңдар мен табиғи механизмдермен жинақтауда өркендеген тарихи даму азығы. Адам табиғатына кейбір тұрақты және өзгермейтін факторлар тән, мысалы, физиологиялық мұқтаждықтарды қанағаттандыру қажеттілігі және рухани жалғыздықтан қашу қажеттілігі сияқты факторлар тән. Енді біз жеке адамның әрбір берілген қоғамға тән бөлуді және өндіріс жүйесінде негізделетін тұрмыс қалпына үйлесуіне тура келетінін көріп тұрмыз. Осындай тұрмыс қалпына динамикалық бейімделу процесінде жеке адамда оның сезімі мен әрекетін дәлелдейтін бірқатар күшті стимулдар дамиды. Бұл стимулдар адаммен саналы түрде меңгерілуі мүмкін, және санасыз болуы да мүмкін, бірақ та екі жағдайда да психиканың күшті факторлары болып табылады, және бір күні пайда болып қанағаттануды талап етеді. Осы жаңа, тоқтаусыз пайда болатын мұқтаждықтарды қанағаттандыруға ұмтылу адамдарды белгілі іс-әрекетті жасауға ынталандырады, сөйтіп, өз кезегінде қоғамдық даму процесіне әсер ететін белсенді күшке айналады. Реформация кезеңін және фашизмнің пайда болуы мен дамуын талдай отырып кейіннен біз экономикалық, психологиялық және идеологиялық факторлардың өзара әрекетін тым нақтылап қарастырамыз, және сондай — ақ осы өзара әрекетке қатысты қорытынды жасаймыз.

Бұл салада біздің зерттеуіміз берілген кітаптағы ең маңызды идеяға негізделген, оның мәні адам табиғатпен және басқа, қалған   адамдармен   өзінің   алғашқы   бірлігіне   ұласады,   адам

 

 

«индивидуум» болады — және бұл процесс тым ары асқан сайын, адамның алдында альтернатива анығырақ тұрады. Адам оны қоршаған ортамен махаббат пен творчествалық еңбектің спонтандылығында қайта бірігу керек, не болмаса тіректі тауып алу керек, бүл ізденіс өзінің өзіндігін жоюымен және адам еркіндігімен қоса беріледі.

 

2.2 Жеке адам, оның жекешеленуі және еркіндіктің екі ұштылык, сипаты

Қазіргі заманғы адамға еркіндік деген нені білдіреді және неліктен ол одан құтылуға тырысады деген сұраққа байланысты негізгі тақырыпты қарастырудан алдын — бір қарағанда кішкене бұрмаланған болып көрінетін концепцияны талқылаудың маңызы бар. Дегенмен бұл концепцияны түсінудің қазіргі қоғамдағы еркіндікті толық талдау үшін елеулі маңызы бар. Мен бұл жерде еркіндік адамның өмір сүруін анықтайды деген тап осындай пікірді, және сондай — ақ еркіндік түсінігі адамның өзін өзі тәуелсіз және жеке тірі жан ретінде сезіну дәрежесіне байланысты өзгереді деген пікірді еске алып отырмын.

Адам тарихы әлеуметтік жан ретінде, адам өзін қоршаған әлемнен және басқа адамдардан жеке жан деп түсініп, табиғатпен бірлігі жағдайынан биік өскен кезден басталды. Көптеген уақыт өткен сайын бұл түсінік тым күңгірт болды. Жеке адам табиғи және әлеуметтік әлеммен тығыз байланысын жоғалтпады өзін жеке жан ретінде түсініп, адам сонымен бірге өзін қоршаған әлемнің бір бөлігі ретінде сезінді. Жеке адамның алғашқы байланыстардан жекешеленуінің өсу процесі (бүл процесті «индивидуализация» деп атауға болады), сірә, жаңа заманда яғни қайта өрлеу дәуірінен басталып біздің күнмен бітетін кезеңде жоғарғы сатыға көтерілді.

Әрбір жеке алынған адамның өмір тарихы тап сол процесті
білдіреді. Туылғаннан кейін, нәресте енді анасымен бір
тұтастықты білдірмейді, және одан жеке биологиялық жан
болады. Бірақ та, мұндай биологиялық бөліну адамның жеке
өмір сүруінің бастамасы болса да, үзақ уақыт бойы нәресте
анасымен функционалдық бірлігін сақтайды. Әзірше және
тікелей     айтқанда    жеке     адам                   оны     сыртқы     әлеммен

байланыстыратын кіндігін үзбегенше ол еркін; бірақ есебінен қауіпсіздіктің болуын кепілдейтіні сияқты бір нәрсеге тиістілігін сезіндіреді. Мен бұл жеке адамның жекешелену процесінде толық жекеленуіне алып келгенге дейінгі орын алатын бұғауларды «бастапқы мінездің» бұғаулары немесе жай «бастапқы бұғаулар» деп атауды ұсынамын. Олар әдеттегідей адамның дамуының қарапайым факторы болғандықтан — негізгі. Олар өзіндік қасиеттің жоқтығын болжайды, бірақ адамға сенімділікті және өмірлік бағытты береді. Осы бұғаулар нәрестені анасымен, алғашқы қауым адамын оның тайпасымен және табиғатымен, ал ортағасырлықты — дінмен және шіркеумен және оның сословиесімен байланыстырады. Толық жекешеленуге жеткенде, адам осы алғашқы бұғаулардан құтылған кезде; оның алдында жаңа тапсырма тұрады; әлемде

 

қалыптасу және бағытталу, бұған дейін оның өмірінде тіпті болмаған қандай-да жаңа шарттарды өзіне табу. Сол кезде еркіндік ол үшін жаңа мазмұнға ие болады, басқа мәнмен толықтырылады. Бұл жерде біз еркіндіктің қоғамдық және жеке дамумен байланысының барлық ерекшеліктерін анықтап осы түсініктерді толық қарап өтуіміз керек. Құрсақ ішінен жеке және тәуелсіз өмір сүруге біршама жылдам өту, кіндіктің үзілуі нәрестенің анасының денесінен тәуелсіздігінің бастамасын білдіреді. Бірақ бұл тәуелсіздік — дөрекі мағнада, екі дененің бөліну тәуелсіздігі. Функционалды көзқарас бойынша нәресте анасына тәуелді болып қала береді және әлі де оның денесінің бір бөлігі болып табылады. Біртіндеп нәресте оның анасы және басқа объектілер — бұл одан жеке нәрсе екенін түсінуге дейін өседі. Осы процесте сипатталған факторларының бірі нәрестенің физикалық және психикалық дамуы, оның объектілерді физикалық және тез ұғыну және оларды меңгеру болып табылады. Жеке іс — әрекеті арқылы нәресте қоршаған әлемді ұғынады. Әрине, тәрбие жекешелену процесін тездетеді және оған жағдай жасайды. Сонымен бірқатар тыйымдар және фрустрациялар пайда болады және ананың ролі өзгереді: ананың мақсаты әрқашан баланың тілегімен сәйкес келмейтіні анықталады, ана дұшпандық және қауіпті күшке айналатын кез де кездеседі. Тәрбие процесінің шарасыз бөлігі болып табылатын осы антагонизм, «мен» мен «сен» арасындағы айырмашылықты шиеленістіретін маңызды факторға айналады.

Бала туылғаннан кейін ол басқа адамдарды басқа ретінде
қабылдай бастаудан алдын бірнеше ай өтеді және оларға
күлімсіреп жауап қайтару қабілетін таба бастайды, бірақ
бірнеше жылдан кейін ғана ол өзін қоршаған ортамен
араластыруын тоқтатады. Ал бұл уақытқа дейін нәресте басқа
адамдарға     деген     мейірімділікті     және                    қызығушылықты

жоймайтын               балаларға     тән     ерекше                    эгоцентризмді

(дарашылдықты) көрсетеді, бірақ «басқалар» шынында да одан жеке өмір сүретінін әлі толық түсінбеген. Сол себеппен алғашқы жылдары және кейінгі уақытта билікке деген қарым-қатынас негізінде өзінің мазмұнымен ерекшеленеді. Өз жағында билікті көрсететін ата-аналар, немесе басқа біреу әлі бүтіндей жеке жан ретінде түсінілмейді: олар нәресте әлемінің бір бөлігі болып табылады, ал бүкіл әлем оның өзінің бөлігі болып табылады. Міне сондықтан ата-анаға бағыну — бүл нәресте жеке өмір сүретін адам деңгейіне дейін өсіп жетілгенде орын алатын  бағынушылық емес.

Р.Хьюз «Ямайкадағы күшті жел» атты романында он жасар баланың кенеттен өзіндік    қасиетін   түсінуінің өте анық және

 

нақты бейнесін   көрсетеді. «Кенет Эмилимен өте маңызды бір жағдай болды.   Бір   секундта  ол   өзінің  кім     екенін  түсінді. Неліктен   бұл   бес   жыл   алдын   немесе   бес   жылдан   кейін болмағанын  түсіндіру  қиын;     және   бұл  неліктен  осы  күні болғаны да мүлдем түсініксіз. Жаңа ғана ол кеменің шетінде, брашпильдің арғы жағындағы оңаша    бұрышта бейғам ойнап жүрген. Кейін бұл ойын   оған   қызықсыз болып, ол жай ғана кеменің   артқы жағына қарай кетті. Жол жөнекей ара туралы және ертегідегі принцесса туралы ойлап келе жатты,кенеттен оның   миына бір ой келді, ол — бұл «өзі» екені туралы. Эмили бірден     қозғалмай тоқтап  қалды және  бастан-аяқ,   өзі көре алатынның барлығын    қарай бастады. Көп нәрсе көрінбейді -көйлегінің алдыңғы жағы және қолдары, ол қолдарын дұрыстап қарап   шығу үшін жоғары көтерген кезде, бұл   ол өзі кенеттен өзінің денесі екенін  түсінген, өзінің кішкене денесі    туралы оған әсер  тудыруға жеткілікті болды.

Ол күліп жіберді. Және оның күлкісі сірә келемеждеген болды. Ойланды: «Міне ғажайып! Міне, сені — барлық адамдардың ішінен біреузіңді — осылай байқады! Және енді ешқайда жасырына алмайсың, шыға алмайсың. Кез-келген жағдайда, кейіннен: өсіп жетілу керек, өмір сүріп, қартаю керек, тек сонда ғана осы есерлік міндеттен құтылуға болады! «

Бұл жерде ерекше маңыздылық туралы іс көрінді; ол болатын бөгеттерден сақтануды ұйғарып, ол өзінің ең сүйікті байқау алаңы, діңгектің ең биігіне шықты. Шығу өте оңай болды, бірақ ол аяғын немесе қолын әрбір қозғаған кезінде, ол оны таңдану жағдайына келтіретін ойға қайта-қайта оралды, ол оның аяғы мен қолы қалай жақсы қозғалып жатқаны туралы ойлады. Әрқашан осылай болғанын еске алды, бірақ бұрын ол оның қандай ғажап екенін байқамаған. Байқау алаңына орналасып ол қолының терісін қарауға кірісті, оған ерекше көңіл аударды, өйткені бұл оның өзінің терісі еді. Кейін ол көйлегінің ішінен өзінің иығын босатып, өзінің қойнына қарады — киімінің ішінде де ол өзі екеніне сенді, және сонымен иығын бетіне тигізді. Жалаңаш иығының шұңқыры бетке тиген кезде оған қандайда бір мейірімді біреу еркелетіп сипағандай сезілді. Бірақ бұл сезім қайдан пайда болды — бетінен бе?, әлде иығынан ба? — және кім-кімді сипады — бет иықты ма? -әлде иық бетті ме? — мұны Эмили еш түсіне алмады. Біржолата ол енді өзін-Эмили Бас-Торнтон екеніне көзі жеткенде («енді» деген қайдан шыққаны Эмили үшін түсініксіз болды), ол енді не болатыны туралы ойға шомды».

Баланың өсуімен қатар, қалайда мүмкіндігінше алғашқы бұғаулардың ұмтылуына байланысты, оның бойында  еркіндікке

 

 

және тәуелсіздікке ұмтылыс дамиды. Бірақ та бұл ұмтылыстар қандай өзгеріске тап болатынын тек егер жекешеленудің даму процесінің диалектикалық өзгешелігіне көңіл бөлген жағдайда ғана түсінуге болады. Бұл процеске екі аспект тән екені жұртқа мәлім.

Бірінші кезекте бала физикалық жағынан, сезіну жағынан және ойлау жағынан күшті болады; белсенділік және жігерлік осы әрбір өрісте дамиды. Сонымен бірге бұл өрістер көбірек интегралданады және өзара байланысады; жеке адамның еркімен және ақылмен басқарылатын белгілі құрылым дамиды. Егер біз бұл құрылымды — мінез-құлық ерекшелігінің жиынтығын; адамның ұмтылысы, еркі мен ақылын — жеке адам деп атасақ, онда жеке адамның өзі жекеліктің дамуының алғашқы аспектісі болып табылды деп айтуға болады. Жекеліктің дамуының және жеке адамның дамуының шегі шамамен жеке шарттармен, әсіресе әлеуметтік шарттармен анықталады. Әрбір қоғамда жеке адам бір-бірінен өте ерекшеленеді, бірақ кез-келген қоғамда еш бір адам шыға алмайтын жекелеу шегі бар.

Жекешелену процесінің екінші аспектісі — үдеме жалғыздық. Алғашқы байланыстар қоршаған ортамен маңызды бірлікке және қауіпсіздік сезіміне кепіл береді. Нәрестенің қоршаған әлемнен жекешеленуінің қалай өсуіне байланысты, ол өзінің жалғыздығын, басқа адамдарда жекелігін сезіне бастайды. Бұл, алдаммен салыстырғанда сәйкессіз өте үлкен, күшті құдіретті, ал кейде өте қауіпті, қатерлі болып көрінетін әлемнен жекелену адамзатқа қорқынышты және үрейлік сезімді және қорғансыздықты алып келеді. Адам әлемнің ажыратылмайтын бөлігі болғанша, жеке өзіндік әрекеттің салдарын және мүмкіншіліктерін түсінбегенше, ол еш қорықпады. Ал адам тәуелсіз жеке адам болғаннан кейін ол таң қалдырарлық үлкен әлеммен бірге-бір қалуға мәжбүр.

Нәтижесінде адамда жалғыздық сезімі мен мазасыздықты жеңу үшін өзінің жекелігінен бас тартуға ыстық ықыласы мен ұмтылысы пайда болады, ал ол үшін оған қоршаған ортамен бірлесу, толығымен ашылу қажет. Бірақ ескеретін жай, осы ұмтылыстың салдары ретінде пайда болатын жаңа байланыстары адамның даму процесінде үзілген алғашқы бұғауларға ұқсамайды. Нәресте физикалық түрде ананың құрсағына қайта орала алмайды; дәл осы сияқты жекешеленудің психикалық процесін артқа қайтару мүмкін емес. Барлық істеуге мүмкін талпыныстар бұл билік пен бала арасындағы қарама-қайшылықты жоюға алып келмейтін бағынушылық түрін міндетті түрде қабылдайды. Бала саналы түрде өзін қанағаттанған     деп     сезінуі     мүмкін,     бірақ     аңдаусыз     ол

 

қауіпсіздікті және сенімділікті сезіну үшін төлем ретінде оның жекелігінің құндылығы, оның құнарлығы қызмет атқарады деп сезінеді. Ақыр аяғында бағыну кері нәтижеге алып келеді: баланың сенімсіздігі артады, және сонымен қатар оның бойында өте қауіпті адамдарға қарсы бағытталған, және ол әлі де тәуелді болып келетін бүлікші қарым-қатынас және өшпенділік дамиды.

Бағынушылық — бұл мазасыздық сезімінен және жалғыздықтан құтылудың жалғыз ғана тәсілі емес. Ешқандай күрделі дау тудырмайтын жалғыз пайдалы және тиімді басқа жол — ол адамдармен және табиғатпен спонтандық байланыс жолы, яғни адамды оның жекелігіне ешқандай зиян келтірмей оны әлеммен біріктіретін байланыстар. Өзінің жоғарғы көрінісінде махаббат және пайдалы еңбек болып табылатын сияқты байланыстар біртұтас жеке адамның ішінен және толықтығынан шығатын шөлмен пайдаланады, және сондықтан да туылғаның дамуын шектемей, өзінің мүмкіндігінше оның толық дамуына мүмкіндік береді.

Сөйтіп, дамып жатқан жекелену адамды бағынушылыққа, не болмаса осы байланыстарды жөндеудегі белсенділіктің және спонтандық байланыстардың пайда болуына алып келеді. Кейін біз бұл мәселені талдап талқылаймыз, ал қазір жалпы принципті көрсеткім келіп тұр: жеке адамның еркіндігінің артуы мен жекешеленуінің өсуі негізінде дамитын процестің диалектикалық ерекшелігі бар. Бала еркіндеу болады, ол оның алдын өмір сүруін шектеген бұғаулармен енді қиындатылмаған өзінің мәнін көрсетіп және дамыта алады. Бірақ сонымен балаға тыныш және қауіпсіз болған әлемнен босатылуына тура келеді. Жекешелену процесі — бұл адамның жекелігі, оның өзіндік «менін» арттыру және дамыту процесі, бірақ бұл процесс басқа адамдармен ұқсастығын және баланың осы адамдардан алыстауын жоюын түсіндіреді. Ұлғаятын алыстатылу нәтижесінде адасушылыққа өсетін және күшейтілген үрейді және сенімсіздікті тудыратын жекелеуге алып келуі мүмкін; бұл алыстату принципті жаңа жақындықтың пайда болуына алып келмейді: егер бала қоршаған әлеммен қарым-қатынастың осы жаңа түрінің алғы шарттары болып табылатын творчестволық белсенділікті және ішкі күшті өзінде дамыта алатын жағдайда болса адамдар арасындағы ортақ қарым-қатынасқа алып келмейді.

Баланың дамуы жеке адамның жекеленуі мен алыстауына бағытталған әрбір қадам жекеліктің тиісті шегімен қоса берілген жағдайда ғана үйлесімді болуы мүмкін. Бірақ бұндай болмайды. Жекелеу процесі өзінен-өзі болған кезде жеке адамның дамуы толық   бірқатар  психологиялық  және   әлеуметтік   себептермен

 

тоқтатылады. Осы тенденциялар арасында пайда болатын алшақтық әлсіздік пен жекелеудің төзуге болмайтынын сезімінің пайда болуына алып келеді, ал бұл өз кезегінде психикалық механизмдердің әрекетіне алып келеді, біз оны кейіннен еркіндіктен, қашудан кету механизмдері ретінде қарастырамыз.

Филогенетикалық түрғыда тарихты сондай-ақ жекешеленудің

даму процесі және азат етілудің өсу процесі ретінде қарастыруға

болады. Мәжбүр ететін сезіктен құтылуға алып келетін жолдағы

алғашқы    қадамдар    адамды    адамзатқа    дейінгі    тіршіліктегі

шытырманнан алып шықты. Сезіктің негізінде, шын мәнінде тек       жануар   әлемінде   бақыланатын,   мұралық  нерв  құрылымымен

қамтамасыз етілген іс-әрекеттің ерекше үлгілерін түсіну тиіс.

Жануар дамуының деңгейі төмен болған сайын,  оның табиғи

жағдайларға бейімделуі жоғары дәрежеде болады, және жалпы

айтқанда барлық оның  іс-әрекеті сезікті және рефлекторлық

әрекет механизмдерімен анықталады. Тәртіпке салынғандығымен

таң қалдыратын кейбір құрт-құмырсқалардың өмірінің күрделі

ұйымы тек қана сезікке негізделеді. Жануарлардың даму деңгейі

жоғары  болған  сайын,   соғұрлым,   соған  сәйкес  оның  жүріс-

тұрысы өте икемді болып келеді.Сонда да барлығын     қамтушы оның  өмірге     келгеннен кейінгі туа  біткен  бейімділігі  болып  табылады.  Бұл тенденция адамның кезінде  өз  шегіне жетеді.Адам туылған кезде барлық жануарлардың ішіндегі ең дәрменсізі  болып    табылады;    оның    табиғи    жағдайларға    үйренуі    ең     біріншіден сезікті тағдырға емес, үйрену процесінде негізделеді.»Сезік…  бұл егер жойылмайтын болса, жоғарғы жануарларда, әсіресе адамдардағы әлсіз категория.

Шынында адамның тіршілігі туа біткен механизмдермен ортақ ештеңесі жоқ іс-әрекеттің дамуының белгілі бір деңгейіне жеткен кезде басталады: табиғатқа бейімделу мәжбүрлік мінезін жоғалтады, және әрекет тәсілдері енді мұралықпен немесе сезікпен анықталмайды. Басқаша айтатын болсақ, адамның тіршілік етуі және еркіндік о бастан ажыратылмайды. Бұл жерде мен «бірдеменің позитивті еркіндігін» емес, «бір нәрседен негативті еркіндігін», сондай-ақ адам іс-әрекетінің сезіктік дәлелдігінен азат етілуі туралы ескеріп отырмын.

Еркіндіктің мұндай түрі едәуір күдікті артықшылығы болып табылады. Адам жануарларға тән қажетті әрекеттерге біткеннен қабілетсіз болады; адам кез-келген жануарларға қарағанда көп уақыт бойына ата-анасына тәуелді болады; адамның айналадағы жағдайға әсері өзінен-өзі орындалатын сезіктік әрекеттер сияқты сондай жылдам, барабар және нәтижелі емес. Адам барлық қауіпті   бастан  кешіреді  және   оның     туа  біткен   сезіктерінің

 

жетіспеушілігінен шыққан барлық қауіп-қатерге тап болады. Бірақ та адамның дәл осы дәрменсіздігі ол қол жеткізген нәрсенің бәрінің негізінде жатыр. Адамның биологиялық жетілмегендігі өркениеттің пайда болуының негізге алынатын факторы болды.

Адам дүниеге келген кезден бастап әрекеттің түрлі тәсілдерінің арасындағы түрлерімен соқтығысады. Жануарларда стимулдан мысалға, аштық сезімінен басталатын рефлективтік реакцияның үздіксіз бұғаулары бар, және мұқтаждықтың қанағаттанбауынан шыққан ынтадан құтылуға кепіл беретін азды-көпті бір мінез-құлыққа алып келеді. Адамдағы осыған үқсас бұғаулар — үзілген. Стимулдар қатысады, бірақ қанағаттандыру тәсілдері «ашық» болады, яғни адам түрлі әрекеттер арасынан таңдауға құқылы және сондақ-ақ таңдау керек. Бұл таңдау ойлағыштық процесін жобалайды, адам ойлай бастайды. Оның табиғи жүйедегі рөлі ауысады: сезіктік болжам негізінде әрекет етудің орнына, адамға әрекеттің әрбір тәсілдерінің барлық кемшіліктері мен құндылықтарын қарап шығуға тура келеді. Сөйтіп адам пассивті адаптациядан белсенді бейімделуге өтеді, яғни еңбектене бастайды. Ол түрлі еңбек құралдарын ойлап табуға мәжбүр, және осының нәтижесінде табиғатты меңгеріп одан ары қарай тағы да алыстайды.

Адам, ол — немесе, анықтап айтсақ, ол өзі жататын топ — бұл оның айналасындағы табиғат еместігін күңгірт түсінеді. Ода оның жағдайының трагедиялылық түсінігі оянады: табиғаттың бір бөлігі болып, бірақ оның механизмдері мен заңдарының шеңберіне кірмейді. Адам ақыр соңында оны алдында өлім күтіп тұрғанын түсінеді, бірақ ол өзінің қиялында өлімді терістеп, осы ауыр жағдайға ұшыраудан құтылудың қандай да бір жолын табуға тырысады.

Адам мен еркіндік арасындағы маңызды байланысының аса көрінекті бейнесі, жаннаттан қуып жіберу туралы таурат мифі болып табылады. Миф адамзат тарихын таңдау актімен теңестіреді, бірақ сонымен қатар еркіндіктің бірінші акті мен оның салдары болған қайғы-қасіреттің күнәлығы көрсетіледі. Әйел мен еркек Эдем бағында табиғатпен және бір-бірімен толық гармонияда өмір сүреді. Ол жерде бейбітшілік және тыныштық; олардың еңбекке мұқтаждығы жоқ: оларда таңдау, ерік жоқ, тіпті оларда ой да жоқ. Адамға жақсылық пен жамандықты танудың ағашының жемісін жеуге тыйым салынған. Бірақ адам бұл тыйымды бұзады және өзін сол уақытқа дейін, оның шегінен шыққанға дейін оның бір бөлігі болған табиғатпен үндестігінен айырылады. Өзін биліктің белгілі формасы   етіп   көрсететін  шіркеудің   көзқарасы   бойынша   бұл

 

әрекет сөзсіз күнә болып табылады. Бірақ адамның көзқарасы бойынша бұл әрекет адамзат еркіндігінің бастамасы болып табылады. Құдаймен мәлімделген тыйымды бұзып, адам күштеуден азат болып адамзатқа дейінгі тіршіліктен адамдық тіршілікке дейін жоғарылады. Тыйымды бұзу, күнәһарлану, позитивті адамдық мағынада бірінші актті, еркіндік актін, яғни жалпы айтқанда бірінші адамзаттық актті білдіреді. Осы миф бойынша, күнәнің негізгі мәні — ол адам таным ағашынан жегендігі. Сөйтіп, бағынбау акті, еркіндік акті тікелей адамның ойлауының бастамасымен байланыстырылады.

Миф сондай-ақ бізге осы бірінші еркін әрекеттің басқа да салдары туралы айтады. Адам мен табиғат арасындағы үндестік бұзылады. Құдай еркек пен әйелдің, адам мен табиғаттың байланысын үзеді. Адам табиғаттан бөлінді, және «индивидуум» болып, ол адам болу жолындағы алғашқы қадамын жасайды. Ол еркіндік актін жасайды, сөйтіп миф осы акттің нәтижесінде пайда болған қайғы-қасіреттер туралы баяндайды. Табиғаттан және басқа адамдардан бөлініп адам өзін жалаңаш көріп үялады. Ол жалғыз және еркін, бірақ қорыққан және дәрменсіз. Жаңа ғана тапқан еркіндік сәтсіздікпен қайта айналып келіп жатыр: адам жаннаттың жағымды бұғауларынан еркін, бірақ өзін өзі басқаруға құқы жоқ, ол толығымен жеке адам ретінде ашылуын, өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. «Негативті еркіндік… » позитивті еркіндік тең емес. Адамның табиғаттан бөлінуі — бұл ұзақ процесс: адам өзі шыққан әлемге әлі де дағдыланған болып қалады; ол табиғаттың бір бөлігі болып қалады. Бұл жерде ол өмір сүріп жатқан жер, күн, ай және жұлдыздар; ағаштар, гүлдер, жануарлар, және ол туыс қандастығымен байланысты адамдар. Пұтқа табынушы діндер адамның табиғатпен бірлігі сезімі туралы дәлелдейді. Тірі және тіпті өлі табиғат осы діндерге сәйкес адам әлемінің бір бөлігі болып табылады; қысқаша айтқанда-адам әлі де табиғаттың бір бөлігі болып қала береді.

Алғашқы байланыстар адамдық дамуды тежейді. Олар ақылдың дамуын және талдау қабілеттерін қоршайды; олар адамға өзін тәуелсіз, дербес адам ретінде емес, тайпаның, әлеуметтік топтың немесе діни қауымның мүшесі ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Басқаша айтсақ, алғашқы бұғаулар адамға, өзінің жеке өмірін өздігінше белгілеуге құқы бар, еркін игілікті жеке адам болуға кедергі жасайды. Бірақ бұл медальдың бір ғана беті. Оның екінші жағы да бар. Сол табиғатпен, тайпамен, дінмен ұқсастық өзіне сенімділік сезімін береді. Жеке адам қандай да біртұтас құрылымға жатады, ол осы құрылымның бір бөлігі болып табылады және онда басқа ешкім

 

таласпайтын белгілі орынға ие. Ол аштықтан немесе қысымнан азапты, қайғы-қасіретті бастан кешіруі мүмкін, бірақ оған адам бастан кешіретін ең жаманынан, бүтіндей жалғыздақтан және азапты күдіктен азаптанбайды.

Енді адам еркіндігінің даму процесі, біз адамзаттың жеке даму процесінде байқаған, диалектикалық түрге ие болады деген факті айқын болып табылады. Бір жағынан, бұл адамның даму процесі, табиғатты меңгеру процесі, ойлау функциясының жүзеге асуы, адамдық ынтымақтастықты нығайту. Бірақ екінші жағынан, жекешеленудің дамуы сенбеушіліктіктің, оқшауланудың күшеюіне алып келеді; сондықтан, адамның әлемдегі орны және оның өмірінің мәні өте сенімсіз болады. Сонымен бірге адамның таяздығы және әлсіздік сезімі де артады. Егер адамның даму процесі үйлесімді болғанда, егер ол белгілі бір схеманы қолданған жағдайда; осы дамудың екі жағы да -артушы күш және дамитын жекелену — салмақты және балансталған болуы мүмкін еді. Бірақ шын мәнінде адамзаттың даму тарихы  —  бұл қарсылықтың және даудың бітпейтін тізбегі.

Жекеленудің даму жолындағы әрбір қадам, тіпті ең кішкентайы болсын, адамзатты жаңа қауіп-қатерлерге алып келеді. Үзіліп тасталған алғашқы бұғауларды орнына келтіру мүмкін емес: адам бір кезде жоғалтқан жаннатқа қайта орала алмайды. Жекеленген адамның әлеммен байланысын сақтап қалуға тек жалғыз мүмкіншілік жолы бар: басқа адамдармен белсенді ынтымақтастық, спонтандық іс-әрекет, еңбекке деген сүйіспеншілік — барлық осы факторлар бірігіп адамның әлеммен байланысын қайта қосып, оны бекіте алады, бірақ алғашқы бұғаулармен емес, адамды тәуелсіз және еркін индивид ретінде көрсететін бұғаулармен қайта қосады.

Бірақ, егер жекешелену процесі жүретін экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларда жеке адамның позитивті дамуын кепілдей алмаса, ал тыныштық пен қауіпсіздік сезімін беретін алғашқы бұғаулар үзілген болса, онда мұндай жағдайда ажырау еркіндікті төзуге болмайтын азапқа айналдырады, өйткені ол күдіктің көзіне айналады, мақсаты мен мәнінен айырылған өмірді өзінің артынан тартады. Сол кезде адамда мұндай еркіндіктен құтылудың күшті ынтасы пайда болады: еркіндігінен айырылса да сенімсіздіктен қашу үшін әлеммен және адамдармен байланысының қандай да бір басқа тәсілін табу немесе бағыну ынтасы пайда болады.

Орта ғасырдың соңғы кезеңдерінен бастап Европа және Америка тарихы жеке адамның жекелену тарихын көрсетеді. Бұл процесс Италияда қайта өрлеу дәуірінен басталады, және шамасы,    қазіргі    кезеңде    кемеліне    жетті.    Орта    ғасырмен

 

қалыптасқан көзқарасты жою үшін және адамдарды ең айқын кедергілерден босату үшін төрт жүз жылдық қажет болды. Көптеген жағдайда жеке адам ақыл-ой жағынан және сезім жағынан дамыды; оның мәдени орталарға қатысу дәрежесі бұрын соңды болып көрмеген қарқынға ие болды. Бірақ сонымен қатар, қандай да бір байланыстардан азат болу мен, еркіндік пен тұлғаның жекеленуінің позитивті орындалуы үшін, шектелген мүмкіндіктер арасындағы үйлеспеушілік, нәтижесінде Европада адамдар өздерін жаңа бұғаулармен алдап немесе толық парықсыздық және немқұрайлылық позициясына сүйеніп еркіндіктен үрейленіп құтыла бастайтын жағдайға алып келді.

Қазіргі заман адамы үшін еркіндіктің маңызын зерттеуді мен Европада орта ғасыр дәуірінде және жаңа заманның алғашқы кезеңдерінде орын алған жағдайды талдаудан бастағым келді. Осы кезеңде батыстық қоғамның экономикалық жағдайы, адамдардың психикасында да сондай күрделі өзгеріс тудырған, күрделі өзгерістерге ұшырады. Дәл сол кезде Реформациядағы жаңа діни доктриналарда көрініс тапқан еркіндіктің жаңа концепциясы пайда болды. Қазіргі мәдениеттің ең негізгі идеясы қаланған кезеңді қарастырмай қазіргі қоғамда еркіндікті түсіну мүмкін емес. Дәл сол кезде, қазіргі заманғы адамның қалыптасуы басталған кезде, қазір біздің айтып отырған еркіндіктің екі жақты сипаты көрінді. Бір жағынан, адамның сыртқы биліктен үдеме тәуелсіздігі, екінші жағынан — оның жекеленуі бақыланды, ал осы қарсылықтың нәтижесінде -таяздық пен әлсіздік сезімі дамыды. Қазіргі заман адамының мінез-құлқындағы жаңа элементтерді өзіңе өте айқын көрсету үшін, олардың шығуын бақылап отыру қажет. Капитализм мен жекешеленудің пайда болуының бас кезіндегі ең негізгі ерекшеліктерін зерттей отырып, біз олардың экономикалық жүйелерін, біздікінен ерекшеленетін тұлғаның мінез-құлқының түрлерімен салыстыра аламыз. Дәл осы қарама-қарсылық қазіргі заманғы әлеуметтік жүйелердің негізгі ерекшеліктерін, және ода өмір сүріп жатқан адамның мінез-құлқына бұл жүйе қандай әсер беретінін жақсылап ашуға бізге мүмкідік береді. Және осы жерден адамның психикасындағы осы өзгерістердің нәтижесінде пайда болған жаңа рухтардың ерекшеліктері де ашылады.

Келесі тарау Реформация дәуірінде болған шарттар қазіргі шарттарға ұқсас екендігін және олардың ұқсастығы әлдеқайда көп аспектілерде көрінетінін бейнелеуге арналған. Осы дәуірлердің арасындағы барлық айқын айырмашылықтарға қарамастан, XVI ғасырдан бастап, сірә, реформация кезеңі сияқты екі жақты мән көзқарасы бойынша, қазіргі заманға соншалықты   ұқсайтын   басқа   кезең    болмады.    Реформация

 

адамның автономиясы мен еркіндік идеясының қайнар көзінің бірін көрсетеді, бұл идея қазіргі демократиялық жүйелерде берілген. Католиктік емес елдерде әрқашан Реформацияның дәл осы аспектісіне ерекше көңіл аударылады. Бірақ сонымен бірге Реформацияның тағы бір аспектісі ұмтылып жатыр, оның мәні адам табиғатының терістілігіне, жеке адамның дәрменсіздігі мен таяздығына, жеке адамның сыртқы күшке бағынуының қажеттілігіне екпін қою. Жеке тұлғаның таяздығының сол идеясы, тұлғаның өзіне және өзінің пікіріне сүйенуінің негізгі қабілетсіздігі, бағынудағы қажеттілік Гитлер идеологиясының негізгі тезисін құрады, бірақ бұл идеологияда протестанттар өздерінің идеяларында ұмытпаған моральдық принциптер мен еркіндік түсінігі үшін орын табылмады.

Идеологиялық деңгейдегі дәуірлердің осы ұқсастығы қазіргі жағдайды түсіну үшін XV және XVI ғасырлар кезеңін зерттеуді пайдалы ететіндердің бірі ғана емес. Ұқсастық сондай-ақ әлеуметтік жағдайда да бақыланады. Бұл кітапта мен осы ұқсастықтың идеологиялық және психологиялық ұқсастықпен байланысын көрсетуге тырысамын. Сол кезеңдерде халықтың бірқатар бөлігінің дәстүрлік өмір бастаулары, экономикалық және әлеуметтік орталардағы революциялық өзгерістердің салдарынан қауіп-қатерде болды. Ортаңғы топ, қазіргідегідей, қауіпсіздігі қауіп төндірген және, өз кезегінде жеке адамдарға тән әлсіздік пен жалғыздық сезімін күшейткен, қоғамның бір бөлігінің идеологиясына және көңіл-күйіне елеулі әсерін тигізген ірі капиталдар мен монополиялар алдында қауіптенді.

 

Қорытынды

Адам табиғаттың тіршілік иесі ретінде жануарлар әлемінен бөлініп шықты. Жануар өмір әрекетін қадағалайтын инстинкттің көп бөлігін жоғалтып ол көптеген жануарларға қарағанда тіршілік үшін күресте бейімділігі азайып, дәрменсіздігі артады. Бірақ та оның бойында, табиғатты және оның өзін қайта жасауының негізіне қажетті өзін тану, ойлау қабілеті дамыды.

Адам шіркеулік және зайырлы биліктен азат болды, оның жалғыз кепілі ар мен ақыл болды. Бірақ ол онымен жеңіп алынған еркіндіктен үрейленді. Ол «негативті еркіндікке» қол жеткізді, бірақ «позитивті еркіндікке», яғни өзі болу еркіндігіне қол жеткізе алмады. Сондықтан адам еркіндіктен қашуға тырысты. Ал оның өзінің жетістіктері, оның табиғат үстінен билігі оған осы қашу жолдарын көрсетті.

Бүгінде адам ең маңызды таңдау алдында тұр: бұл капитализм мен социолизмнің арасында емес, роботизм мен гуманистік коммунитарлы социализм арасындағы таңдау. Көптеген фаткорлар адамның роботизмді таңдағанын көрсетеді, ал ол түбінде қиратушылыққа алып келетінін білдіреді.

Диплом жұмысымда мен Э.Фроммның жағдай және қажеттілік, еркіндік және адам болмысының экзистенциалы ретіндегі махаббат ұғымдарын қарастырдым. Осы диплом жұмысында Фромм зерттеген, адамның еркіндікке қатынасы концепциясы қарастырылған. Еркіндік бағасы, Фроммның пікірінше, оның артықшылығын жоғарлатады. Капитализммен пайда болған жекелеу сезімі адамдарға екі альтернативаны қалдырады; тұлға аралық тәуелділікпен еркіндіктен жасырыну немесе махаббат, шығармашылық және еңбек арқылы өзін жүзеге асыруға әрекеттену.

Өзінің ең алғашқы «Еркіндіктен қашу» еңбегінде Фромм еркіндік мәселесі шеңберінде тоталитаризм феноменін қарастырды. Ол «негативті еркіндік» пен «позитивті еркіндікті» ажыратады.

Негативті еркіндіктің екінші жағы жалғыздық пен жатсыну. Мұндай еркіндік — адам үшін ауыр.

Сайып келгенде адамдар мінез-құлықты реттейтін әлеуметтік нормаларға бағыну арқылы жалғыздық пен жатсынудан құтыла алады. Фромм бойынша, еркіндіктен қашудық осы механизіміне қарама-қарсы позитивті еркіндік тәжірибесі де бар, ол арқылы жалғыздық пен жатсыну сезімініен құтылуға болады.

Фроммның теориясы кең әлеуметтік-мәдени әсері тұлғаның қалыптасу процесіндегі адамның уникалды қажеттіліктерімен қалай    өзара    әрекет    ететінін    көрсетуге    тырысады.    Оның

 

принципті тезисі мінез-құлық құрылымының белгілі әлеуметтік құрылымдармен байланыстылығына негізделген.

Гуманистік дәстүрге сүйене отырып, ол сондай-ақ радикалды әлеуметтік және экономикалық өзгерістер нәтижесінде шарттарында индивидуалды және жалпы қажеттіліктер қанағаттанатын қоғамды құруға болатынын айтады.

Сонымен даму барысында адамдардың жеңіп алған экономикалық және саяси еркіндік көптеген ауыртпалықтың себебіне айналды. Адамның басына түскен еркіндіктің ауыртпалығы осы әлемдегі жалғыздық сезімі мен глобальді үрейдің себебі болды. Осы сезімдерден құтылу үшін кейбір адамдар қашу механизмдерін пайдаланады; авторитарлдық, деструвтивтілік, бағыну. Басқалары әлемнен бірлікке және шынайы еркіндікке қол жеткізеді.

Фроммның концепциясы социолог-теоретиктермен сондай-ақ кейбір философиялық ағымдармен жоғары бағаланады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Современная западная философия. Словарь, м. 1991 г.
  2. Фромм Э. Бегство от свободы; Человек для себя/ Пер. с
                 англ. Д.Н.Дудинский; Худ.обл.  М.В.Драко.  — Мн.; 2000-
                 672с.
  3. Л.Хьелл, Д.Зиглер. Теории личности. 2-е изд. СПб., 1999 С
                 246-254.
  4. Холл Кэлвин С, Линдсей Гарднер. Теория личности. М.,
                1997 С 151-157.
  5. Роберт Фрейджер, Джеймс Фейдимен.  Личность. Теории,
                 Упражнения, Эксперименты. /Пер.с англ. — СПб., 2004. С
                 462-471.
  6. Философский энциклопедический словарь.
  7. Большой      энциклопедический      словарь:      философия,
                 социология, религия, эзотеризм, политэкономия. Мн., 2002.
  8. Краткая философия энциклопедия. М., 1994.
  9. Проблема   человека   в   западной   философии.    /под.ред.
                 П.С.Гуревича (отв. ред.). М., 1988.

 

  1. П.С.Гуревич. Философская антропология. М., 1997.
  2. В.Губин,     Е.Некрасова.     Философская     антропология:
                  Учебное пособие для вузов. М., 2000.
  3. Это человек: Антология /Сост.,  вступ.ст.  П.С.Гуревича.
                 М., 1995 С.49-52.
  4. Буржуазная философская антропология XX века отв.ред.
                  Б.Т.Григорьян — М., 1986 С 259-262
  5. Тарнас Р. История западного мышления — М., 1995-360 с.
  6. Гуревич П.С., Шалуев К.Б. Философская антропология —
                  Начальник, 1996-250 с.
  7. Гуревич П.С. Философия человека — М, 1999.
  8. Фромм Э. Анатомия человеческой деструктивности.
  9.  Барулин В.С. Социально — философская антропология. —
                   М., 1994.
  10. Любутин         К.И.,         Сарангин         Ю.К.         История
                  западноевропейской      философии.      Курс      лекции      —
                  Екатеринбург, 2000.
  11. Хрестоматия по истории философии от Шопенгауэра до
                 Дерриды. М, 2001.