АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары 

 

 

Алматы — 2009

Мазмұны

 

Кіріспе

 

1тарау. Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары.

1.1. Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық  

       тағылымдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1.2. XI-XIV ғ.ғ. түркі ғұламаларының психологиялық     

       идеялары.                                                                                   

       (Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Жүйнеки, К. Иассауи, 

       Р. Хорезми, Ж. Қоршы, С. Сараи). . . . . . . . . . . . . . . . .  

 

ІІ тарау. Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми көзқарастары.

2.1. Әл-Фарабидің психологиялық ой-пікірлері. . . . . . . . .

«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» ның маңызды проблемалары (әлеуметтік психология). . . . . . . . . . . . .

Әл-Фарабидің музыка жайлы толғаныстары. . . . . . . . . . .

Әл-Фарабидің медецина саласындағы көзқарастары. . . .

Әл-Фарабидің педагогикалық көзқарастары. . . . . . . . . . .

2.2. Әл-Фарабидің ғылыми салалары туралы ой-пікірлері.

       Фараби ғылымдарының шығу төркіні туралы. . . . . . .

Әл-Фарабидің таным процесстеріне көңіл аударуы. . . . .

Әбу Насыр Әл-Фарабидің интелекті сөзінің мағынасы

жайындағы пайымдамасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

2.3. Фараби шәкірттері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

 

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . …………. .

Қорытындылаған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . …………. . .

 

   

 

Кіріспе.

 

      Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар.

      Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихында маңызды орын алады.

      Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі баршаға ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті.

      Осы кездегі өрені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың талдау өкілдері қатысты. Орта ғасырда азамат білімінің молайып, ақыл парасатының жетіліуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі-Қазақстан топырағынан шыққан данышпан перзент Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) болды.

      Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орынын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайды білімпаздар өте ертеден – ақ аңғарған сияқты. Сондықтан болуы керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан зерттеп келеді. Олардың ішінде араб-парсы тілінде жажылған:

 

  1. Ибн Әл-Надим 995 ж.
  2. Әль-Байхаки 1169 ж.
  3. Ибн Әл-Кифти 1248
  4. Хаджи Халифа 1667
  5. Латын тілінде жазылған Венике 1448
  6. Камерариус 1638
  7. Француз тілінде жазған Козегартен 1844
  8. Генрих Зутер 4902 ж.
  9. А.Сайылы мен Члкен 1950
  10. С.Н. Григорян.12. Хайруллаев 1963 ж.

 

Қуанрлық бір жай, кейінгі кезде Москваның шығыс зерттеушілері Фараби еңбектерін зерттеу, орыс тілінде аудару жұмыстарын тиянақты түрде қолға алып отыр. Фарабидің Евклид «Негіздерінің» бірінші және бесінші кітіаптарына түсініктеме, «Ғылымдардың шығуы», «Зиялы қаланың тұрғындары туралы кітап», «Мәселелердің түпкі мәні» деген тәрізді бірсыпыра шығармалары орыс тілінде жарық көрді. Фараби мұраларына басқа шет елдерде де көп мән берілуде. Бұл тұрғыда Америкалық ғалым Николас Решер көзқарастары айтуға тұрарлық еңбек. Николас Решер АҚШ-тың Питтсбург университетінің профессоры. Ол көптен бері Фараби және оның шәкірттерінің ғылыми мұраларын зерттеумен айналысып келеді. Николас Решер ұзақ іздеудің нәтижесінде 1962 жылы ағылшын тілінде «Фарабидің аннотацияланған библиографиясы» деп аталатын Фарабиді зерттеушілер үшін құнды еңбегін жариялады. Мұнда 1000 жыл бойында Фараби жөнінде кім не жазды, Фараби шығармалары қай тілге аударылды, оның мұрасы жайындағы алдағы уақыттарда қолға алынбақ жұмыстар жөнінде айтылып, мәселелер қойылды. Николас Решер кітаптың кіріспесінде былай дейді (ағылшын тілінен аударылды):

«Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Махамед Ибн Тархан Ибн Ұзлақ

Әл – Фараби » Түркістандағы Фараб (Отырар) қаласында 870 жылдары туған.

      Медицина мен фиолософиядан Бағдатта білім алған, ғалымдар Несториан мен Әбу-Бишер Матта Ибн Юниске шәкірт болған, сонан кейін ғалам және сопы (мұсылман мистігі) ретінде өмір сүрген, көбінесе Алепподада тұрған. Әл-Фараби, әсіресе, Аристотельдің (комментаторы) түсіруші ретінде әйгілі, арабтар оны «Екінші ұстаз», яғни бірінші ұзтаз – Аристотельдің ізбасары деп атайды. Ол Аристотельдің логикалық шығармасы «Органонға» және ішінде Птолемейдің «Алмагесі» бар әр түрлі гректің және философиялық еңбектеріне түсініктемелер жазған. Оның үстіне Әл-Фараби ғылымының сан-саласы бойынша өз тарапынан да дербес трактаттар жазды, оның музыка және саяси философия жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Фараби үлкен беделге және атаққа ие болып тұрып, 950 жылы Дамаскіде қайтыс болды.

      Фараби мұсылмандардың аса ірі бес – алты философтарының бірі. Маймонидің (Орта ғасырдағы еврей философы – А. К.) айтуынша Фараби еңбектерінің ортағасырдағы еврей ойының дамуы үшін үлкен маңызы болса керек. Оның үстіне бір топ еңбегі орта ғасырларда латын тіліне аударылды, осы арқылы Фараби ағартушыларының (француз ағартушылар А. К.) еңбектеріне тікелей және оның еңбектеріне цитаттар келтірілген басқа авторларға жанама түрде әсер етті.

      Фарабиді зерттеу ісіне неміс ғалымдарының еңбек сіңіргенін айтуымыз керек. Морис Штейншнейдер, Фридрих Диететичи, Генрих Зутер, Карл Броккельмандардың Фараби мұраларын игеруде айтарлықтай үлес қосқандығы белгілі.

      Республикадағы «Мәдини мұра» бағдарламасына сәйкес, қазіргі кезде шашырап жатқан рухани байлықтарымызды жинақтап алуымыз керек. Осы орайда Әл-Фараби бабамыздың қолда бар еңбектерңн талдап, таразылап игілікке жарату осы күннің өзекті мәселелерінің бірі екені күмәнсіз.

          Зерттеу мақсаты: Әл – Фарабидің психологиялық көзқарастарын талдау.

       Зерттеу міндеттері:

  1. Әл-Фарабиге дейінгі психологиялық ой-пікірлерді қарастыру:
  2. Әл-Фарабидің психолгиялық салаларына қосқан үлесін айқындау;
  3. Әбу Насыр Әл-Фарабидің әлемдік ғылымға қосқан үлесін нақтылау

           Зерттеу объектісі: Түрік ғалымдарының еңбектері.

      Зерттеу мәні: Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары.

      Зерттеу болжамы: Егерде әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің психологиялық пайымдаулары, жалпы ғылым туралы көзқарастарын ғылыми тұрғыда талдаса, ол психология ғылымының қалыптасу тарихына өзіндік үлес болып табылады.

      Біздің мақсатымыз, қолда бар материалдарға, мұраларға сүйене отырып, ұлы ғалымның ғылым мен өнердегі қол жеткен табыстарының, мұраларының кейбір қырларын көршілікке түсінікті түрде таныту. Сондықтан да біз көбінесе Фарабидің өзінің таза ғылыми еңбектерінде оның ішінде психологиялық көзқарастарында келтірілген деректерге сүйенеміз.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.ТАРАУ. ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ.

                                  

1.1. Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық

тағылымдары

 

  Қазақ халқына психологиялық ой-пікір мәдениеттің тарихы көне ғасырлар қойнауынан басталды. Халқымыздың жалпы даму тарихына сүйене отырып, біз психологиялық ой-пікірлердің қалыптасуына басты үш кезеңге бөліп қарастырамыз.

      Бірінші кезең – психологиялық ой – пікірлердің ішкі бастау, түп төркіндері, басы VII-VIII ғ. Басталатын түркі тектес халықтардың бәріне ортақ қоғамдық сананың алғаш дүниеге келу кезеңдері. Бұлар халықтық психология, Орхан Енисей жазба ескерткіштері, Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ж. Баласағұн т.б. ғұламалардың тағылымдары.          Екінші кезең – Қазақ хандығы басталып, Қазан төңкерісіне дейін психологиялық ой-пікірдің даму жағдайы. Үшінші кезең – психологиялық ғылымның Қазақстанда өкіметі жылдарында даму тарихы.

      VI ғ. Жетісу, Қытай, Орта Азияны мекен еткен ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деген үлкен мемлекет құрды. Солардың бірі «Күлтегін», «Білге қаған», Тоныкөк» дастандары, Құлпытасқа жазылған ескерткіштер. Орхан-Енисей жазбалары деп те аталады. Бұлардың ааторы Иоллығ-Тегін дейтін шежіренші екендігі мәләм болып отыр, бірақ қайда туып, қашан қайтыс болғандығы жөнінде еш мағұлмат жоқ. Шамамен VIII ғ. Орта шенінде өмір сүрген болуы керек. Жазба ескерткіштердің мазмұнын ақарағанда оның да өз заманында білімді адамдардың бірі болғаны байқалады. Білге қаған інісі Күлтегін қайтыс болғаннан кейін (731ж) оны өмірлік есте қалдыру үшін шет жұрттан шеберлер алдырып, Қожа Сайдан ойпатына үлкен ескерткіш орнатады да, мұндағы өсиет сөздері өз ағайыны Иоллығ – Тегінге жаздырады, кейіннен Білге қаған қайтыс болып, інісінің қасына жерленеді. Осы ескерткіштің мәтінін жазған да Иоллығ-Тегін.

      Тасқа жазылған дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен аралас рухани мұратының бірі Қорқыт ата тағылымдары. VII-IX ғ.ғ. төңірегінде Сырдарияның орта және төменгі бойын Жайлаған Оғыз – Қыпшақ тайпаларының мемлекеті болды. Оғыздар арасынан шыққан әйгілі күйші, музыкант, жыр алыбы, аңыз кейіпкері ұзақ өмір сүріп, жазмышқа қарсы күресіп, адамның мәңгі жасауын арман етіп өткен кемеңгер ғұлама Қорқыт еді. Өлім қатері, одан құтылу туралы өзінің асыл ойлары мен тебіреністерін қобыздың зарлы әуеніне қосқан Қорқыт туралы аңыз жырлар, бізге жеткен «Қорқыт ата кітабы». Қорқыт есімі көшпелі қазақ жұртының арасында ерте заманнан – ақ қастерленіп келеді.

Сондықтанда халқымыз:

          Жыраудың үлкен пікірі-Қорқыт ата,

          Бата алған барлық бақсы, ақын асқан ата.

          Таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен,

          Қобызбен Қорқыт ата күй тарқанда,-

деп тегін жырламаған.

      Қорқыт ата жеткіншек, жас өспірімдердің жанымен қоса тәннің шығуына, елі мен жерін жан – тәнімен сүйіп, оны қасықтай қаны қалғанша жаудан қорғайтын жау жүрек батыр болғанын аңсайды. Отбасы, ошақ қасының, үй іші тыныс тіршілігінің берекесі, ұрпақ тәрбиесінің әйел жұртының кескін қабілетімен қатар, әдепті көрегенді, адамгершілік, иманжүзділік қасиеттерімен де тікелеі байланысып жатады. Осыған орай Қорқыт ата әйелдердің төрт түріне берген сипаттамасы психология жағынан ерекше көңіл аударады. Мәселен әйелдердің бір тобы отбасының тірегі, үйдің құты, қонақжай, үрім бұтақтары өсіп — өнген жандар болса; екіншісі- ынсапсыз, қанғатсыз; үшіншісі-саудыр салақ, өсекшіл келеді дейді.

 

1.2.  XI-XIVғ.ғ. түрік ғұламаларының  психологиялық пікірлері     

  (Ж. Баласағұн,  М. Қашқари    А. Жүйнеки, К. Иассуи,  Ж. Хоршы,

С. Сараи).

                                                                    

      XI-XIV ғ.ғ. Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысыннан бастап, Шығысында Қашқарияға дейінгі кең өлкеде екі ғасыр бойында түрік тайпасының Қарахан мемлекеті өмір сүрді (астанасы Баласағұн қалас). Алғашқы – феодалдық түрік мемлектінде экономикалық, әлеуметтік, саяси-

мәдени, ғылым-білім мәселелері жақсы жолға қойылған еді. Мұндағы ақын жазушылар, ғұлама ғалымдар, сәулетші құрылысшылар, сол кездегі түрік мәдениетінің дамуына зор үлес қосты. Осылардың арасында бұрынғы Кеңес одағын мекендеген түркі тектес халықтардың тәлім – тәрбиелік пікірлерінің игі бастау, түп-төркіні болып табылатын рухани мұралардың ішіндегі қомақтысы Жүсіп Баласағұнидің (ХІ ғ.) «Құтты білік» атты шығармасы. Бұл дидактикалық және этикалық жанрда жазылған шығарма. «Құтты білік» түрік сөздері. Мұның біріншісі «Құтты» сөзі «құт», «бақыт», «құтты» деген мағынаны, екіншісі-«білік» яғни «білім», «кітап» деген мағынаны білдіреді. Дастанның мазмұнын ұғыну қиынға соқпайды, ол көркем қарапайым тілмен жазылған. Жазылу стилі жағынан ол араб-парсы поэзиясымен, әсіресе Фирдоусидің атақты «Шахнамасымен» үндес. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» түркі тілінде жазуы, сөйтіп оның өз ана тілін аса қадір тұтып, құрметтеуі ерекшк атап өтуді қажет ететін жайт. Осы еңбектің оқырман назарын ерекше аударатын тағы бір ерекшелігі мұнда адам психологиясының түрлі жақтарын көрсететін, қызықты деректердің (кісінің көңіл-күйі, қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші т.б.) молдығы.

      Баласағұндық Жүсіптің маральдік – этикалықпсихологиялық қағидалары Ибн Сина мен Әл-Фараби ілімімен сабақтасып жатды. Өйткені аталмыш дастанда адамдардың тәрбиелеу мемлекттік көздейтіннегізгі шығармалардың бірі, зұлымдық барып тұрған әлеуметтік ауру, оны оқу-тәрбие арқылы ғана жоюға болады, адамдардың жақсы қылықтары мен қасиеттерін жетілдіре берсе қоғамды да мемлекетті де жақсартуға болады деп көрсетіледі.

М. Қашқари

       Ілік орта ғасырлық Қазақстанда «Құтты білікке» тәлім тәрбиелікке мағынасы жағынан үндес басқа туындылар да болған. Олардың қатарына М. Қашқари, А. Жүйенеки, Қожа Ахмет Иассауилардың (ХІ-ХІІ ғ.ғ.) шығармаларын жатқызуға болады. М. Қашқари түріктер әлемінің ең биік қазыналы жеріне орналасқанын айта келіп, олардың психологиялық ерекшеліктерін былайша сипаттайды: олар көрікті, өңдері ұнамды, жүздері мейірімді, әдепті, үлкендерді құрметтей білетін кішіпейіл, уәделерінде берік тұратын мәрт, ашық, жарқын жандар.

М. Қашқари Түрік этносы жайында зор мақтаныш сезімімен айтады. Олардың ата мекнін, отанына өзінің шығу тегіне деген патриоттық сезімі, этностық сана-сезімі қаншалықты биік деңгейде болғанын жақсы байқауға болады. «Жақсы киімің болса өзің ки», «Ұлым менен үгіт үйрен, тәлім ал», «Ел ішінде білім тарт, ғалым бол», «Ата-анаңды тыңда, сөзін жерге тастама», т.б. іспеттес имандылық мазмұндығын тәліми сөздердің психологиялық астары терең, бұларда адамның ойлауы мен адамның жүріс тұрысы, қасиеттері жан жақты сөз болады.

      А. Жүйнеки қазіргі Түркістан маңындағы Жүйнек қыстағынан шыққан. Ахмет Жүйнекидің «Хибатул хакайық» атты еңбегі барлық түркі тілдес халықтарға отақ дүние болып табылатын осы шығарма бұрынғы дастандар мен салыстырғанда өзінің бұқаралық яғни кедей-кепшіктің мұң – мұқтажын көрсетумен ерекшеленді.

      Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының көне Испиджаб, қазіргі сайран жерінде дүниеге келген Қожа Ахмет Иассауи (ХІІ ғ.ғ.) алғашқы ғылым білімді жергілікті ғұлама шайқы Арыстан бабдан алады,есейе келе Бұхарадағы Жүсіп Хамадидің сопылық білімін тереңдетіп, сопы ретінде Иассы (Түркістан) қаласына келіп, Иассауишілік діни тақуалары ағымның негізін салады. Шыңғыс хан мұрагерлері осынау ұлан – ғайыр өлкеде Алтын Орда дейтін мемлекет құрды, астанасы Еділ сағасындағы Сарай қаласы болды. Бұл кезде мәдениет пен әдебиеттің, рухани өмірдің ірі өкілдері – Р.Хорезми. Сарай, Құбыт, Рабғұзи т.б. болды. Осы қала ғұламаларының бірі Реванда Хорезмидің Сырдария сағасында Сығанақ қаласында жазған «Махаббат нам» деген шығармасы бізге жеткен.

      Алтын Орда мемлекетінің XIV ғ. мәдениетінің көрнекі өкілдерінің біріне қазақ жерінің Қамысты деген мекенінде дүниеге келген Сайф Сариды жатқызуға болады. Шығармасында көптеген көркем бейнелі, тәліми сипаттағы нақыл ұлағат сөздер кездеседі.

Жамал Қарши (1230-1315)

      Орта Азия мен Қазақстандағы орта ғасырдағы ғұламалары туралы еңбек жажған, Жетісулық тарихшы. Ол сөз өнерінің білгірі. Осы кездегі ұлы ойшылдардың көзқарастарына қысқаша шолу жасай келіп түйіндейтініміз: барлық Шығыс сондай-ақ түркілі қоғамдық ой-пікір даму тарихында ежелден қалыптасқан дәстүр. Бұл адамның ішкі жан дүниесін зерттеуге үңілу оның психологиялық мінез-құлықтық, адамгершілік, имандылық, өнегелік қасиеттеріне ерекше назар аудару марольдік жағынан тазарту секілді түсініктердің негізгі құндылықтары деп есептелген, бұлардағы жұрттың руханилыққа жетелейтінін кезінде Шәкәрім қажы айтқан.

      Түркі ғұламаларының ішінде Әл-Фараби мұралары ерекше орын алатыны белгілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ.   ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ҒЫЛЫМИ КӨЗ  ҚАРАСТАРЫ .

 

2.1. Әл-Фарабидің психолгиялық ой-пікірлері.

 

      Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмір сүрген заман Шығыс әлемінде бүкіл араб халифатында ғылым мен білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді. Ұлы ғұламаның балалық, жігіттік шақтары өткен қазақ даласы, әсіресе Оңтүстік өлкесі сол кездері үлкен мәдени орталықтардың бірі болатын. Тарих бізге ІХ-Х ғ.ғ. арасында отырар қаласы (бұрынғы Фараб) Таяу және Орта Шығысқа баратын үлкен сауда жолы атақты Жібек жолының бойында орналасқан дейді. Ол сондай-ақ өнер-білімнің, мәдениет пен әдебиеттің өркендеп өскен кезінде көптеген ғұлама ғалымдар шыққан үлкен шаһар болғаны жайлы сыр шертеді. Фарабидің аты әлемге жайылған ғалым болуына осындай құнарлы ортаның себі тигендігіне күмандауға болмайды.

      VIII-XII ғ.ғ. философиядағы басты идеялар араб тілінде сөйлейтін халықтардың екіншісіне тиген еді. Осы кездері Плотон мен Аристотельдің Гален мен Архимедтің еңбектері Орта Азиядан Индияға, одан сонау Испаниядағы Переней түбегіне дейін араб тіліне сан рет аударылып, көшіріліп түсіндіріліп жатты. Бұл жайт Орта және Таяу Шығыс елдерінде физика, матиматика, медицина, химия, астрономия т.б. жаратылыстану ғылымдарының дами түсуіне, бұлар Шығыс философиясы мен мәдениеттің қалыптасуына зор әсер етті. Ғалымдар өз зерттеулерінде табиғат сырларының заңдылықтарын тәжірибе жүзінде ашуға талпынды, Платоннан гөрі Аристотель іліміне ден қойып оны әрмен қарай дамыта түсті. Орта ғасырлық Шығыс философиясында сол кезде басты үш бағыт болды. Мұның біріншісі ортодекстік Ислам (Халифатындағы үстем таптардың идеологиясы), екіншісі – неоплатондық ағым (суфизм), үшіншісі препатетизм немесе аристотелизм, яғни Аристотельдің жолын қуушылар. Соңғы қоғамның прогрессивтік топтарының көзқарасын бейнелейді. Осы ағымдағы ағылшын өкілдері философиялық мәселелерді зерттеуде алдымен табиғаттану заңдарына жүгінеді, прогреске қатысты мәселелердің бәрін табиғат заңдарынан іздейді. Осы ағымның көрнекті өкілдерінің бірі Әл-Фараби болды. Оның ғылыми – матаериалистік идеялары, әсіресе оның таным мәселесі мен логика ғылымы туралы айтқандарында, сондай-ақ адамның жан қуаттарының әр-қилы жақтарын түсіндіруде ерекше байқалды. Кезінде ол болжам жасап, айтпаған ғылым-білім саласы кемде-кем. Мәселен, тек психолгия саласында ғана жеті еңбек «Жанның мәні туралы», «Түс көру туралы сөз», «Жан туралы», «Ақыл және ұғым», «Жас өспірімдердің ақылы туралы кітап», «Ересектердің ақылы туралы кітап», «Темперамент туралы» жазған екен. Бірақ бұлардың біздің заманымызға жетпеген. Оның жан дүниесі туралы толғаныс тебіреністері бізге басқа еңбектерінде «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат», «Азаматтық саясат», «Даналық таңба тастар», «Бақыт жолын сілтеу», «Мәселелердің мәні» т.б. арқылы біршама мәлім болып отыр.

      Психология үшін іргелі мәселе болып табылатын жан мен тәннің ара қатынасы, бұл екеуінің бір бірімен жайлы мәселеде Фараби өзін ол кездегі ғылыми ой-пікірдің биігінен көрсете білді. Ол жанның мәңгі өлмейтіндігін уағыздаған грек ғалымы Платонға қарсы дау айтып, («Жан тәннен бұрын пайда болады, жан мәңгі бақи өлмейді деген қате түсінік») деп түйді. Оның пікірінше жан мен тән бірге дамиды, тәнсіз жан жоқ, жан тәннің тірлік қасиеті, адамда қатарынан екі жан болмайды, адамның тәні де, жаны да өткінші, уақытша.

      Жан тәннің дамуына, оның біртіндеп қалыптасып жетіліуіне әсер етіп отырады. Жанның дамуы үшін тәннің саулығы қажет. Тән саулығы жоқ жерде, жан саулығы жоқ. Шыққан жан еш уақытта қайтып келмейді, бір денеден екінші денеге көшіп те жүрмейді, бірақ көңілі мен рухы кіршіксіз таза, көзі ашық оқыған адамның жаны мәңгі бақи өмір сүреді де надан, залым, зымиян адамның жаны өшіп кетіп отырады. «Қасиетті Платон мен Аристотель сынды екі философтың көзқарастарының орталығы туралы» деген үшінші трактатта, Аристотель мен Платонның ғылыми көзқарастары бірдей болды деп есептеген жаңа платоншылардың ізінше Әл-Фараби осы екі философтың көзқарастарының бірдейлігін дәлелдеуге таныстырды. Бұл арада ол бір жағынан Платон кейбір көзқарастарын Аристотель арасына салуға тырысса, екінші жағынан Аристотельді, әсіресе «идеялар теориясы» туралы мәселеде, Платонның ізіне салады.Бірақ Әл-Фараби заманында Платон мен Аристотель арасындапікір алалығы жоқ дейтін тұжырыммен келіспеген ғалымдар да болды. «Екі философтың көзқарастарының ортақтығы туралы» трактат сол ғалымдарға берілген өзіндік бір жауап болатын.

      Фараби адам жанының табиғатын қазіргң термин бойынша (психикалыққұбылыстары – Қ. Жарықбаев) тәннің құбылысына орайлас түсіндіруге тырысады. Тәннің де жанның да иесі жүрек, бұған мидың да қатысы бар. Бірақ тәннің басқа мүшелері сияқты ми да жүрекке бағынышты. Жүрек тіршілік тірегі. Ол қан айналымы мен қимыл қозғалыстың орталығы. Жүрекпен байланыспайтын мүше жоқ. Ми да жүректен қорек алып сонан кейін ғана адамның жан дүниесін басқарады. Жан туралы ілімде Фараби ұстазы Аристотельдің ықпалында болды. Ұлы грек ойшыл сөзінің «Жан туралы» еңбегінде өсімдіктерде жануарларда, адамдарда үш түрлі жан болды десе, Фараби жанның адам мен жануарда болатын түрлеріне ғана ерекше мән берді. Мұның бірі қозғалатын қуат бүкіл тірі организмге ортақ.

      Ал танып-білу қуаты жануарлар мен адамдарға ғана тән, бұталар сияқты дүниені түйсіне, сезіне алуға қабілетті. Өсімдіктерде мұндай қабілет жоқ. Сондықтан да олар бұл топқа кірмейді.

      Адамда ең алдымен қоректену қуаты пайда болады. Бұл оның тәні, яғни өсіп-өнуге негіз болатын дене бітімі. Адамның танып білу қуаты да екіге бөлінеді. Мұның біріншісі сыртқы жан немесе түсініктену қуаты деп аталады.

      Мұндай қабілет сыртқы дүние заттарының сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болады. Сыртқы жан қуаты 5 бөлінеді

      Олар: көру, есту, дәм, иіс, тері, түйсіктер.

      Екіншісі ішкі жан қуаты. Бұларға еске түсіру, талпыну қабілеттері жатады. Адамды жануарлардан ерекше бөліп тұрған қуат – оның ақыл парасаты. Яғни ойлай, сөйлей алу қабілеті. Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат» дейтін еңбегінде жан құбылыстың әр түрлі көріністеріне қысқаша сипаттама береді. «Қиял-адамға аса қажетті жан қуаты». Ол екі түрлі міндет атқарады. Біріншіден, мұнда сыртқы дүние заттарының бейнелері өңделіп, сұрыпталады, бірі екіншісіне қосылып, одан жаңа бейнелер жасалады. Екіншіден ой ойлауға материал жинастырады, түсінік пен екеуі адам ойлауының терең, жан – жақты орманды болуға жәрдем береді. Ол түс көру құбылысын қиялмен байланысты түсіндіреді. Түс көру адамның ояу кезіндегі шындықты көрген, білген, естіген, нәрселердің мидағы бейнесі. Ұйқы кезінде мұндай бейнелер адам ырқынан тыс жүріп жатады, бұл қиялдың енжар көріністері. Фарабидің түс көру тұжырымдарының қазіргі ғылыми психологиясын айтқандарымен үндесіп жатқаны жақсы байқалады. Ғұлама ғалымның тану процестері екі басқыштан тұратындығын айтады.Оның біріншісі сезімдік кезең. Бұған тұсінік қабылдау, ес процестері жатады.

      Түсінік дүние танудың алғашқы көзі бірінші баспалдағы. Адамның есі мен елестің сапалы, әр нәтижелі болуы оның дұрыс түйсіктене алуына байланысты. Ойлау дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, бұл танымның екінші басқышы, оның ең жоғарғы сатысы. Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты, ол жалпы адамзатқа тән құбылыс, ал тіл болса әр ұлттың, халықтың өзіндік өрнегі.

      Фараби эмоция, сезім процестерін жан қуатының дербес көрінісі деп санамайды. Бұлар психиканың қолға түрлендіре бояу береді, оларды қозғалысқа итермелейді. Жан қуаттары туралы ілімдерде Фараби адамның ерік жігер, қажыр қайратында жеке процесс ретінде қарастырмайды. Бұларды этика ғылымына қатысты пікірлерін де жол жөнекей сөз етеді. Ол ізгі қала ондағы адамдардың күшті қажыр қайратын да жеке процесс ретінде қарастырмайды. Бұлардың этика ғылымына қатысты пікірлерінде жол жөнекей сөз етеді.

      Фараби танымының бірінші басқышы түйсіктер табиғатын дұрыс түсіндірмегенімен ойлауға келгендежаңсақ түсінікке жол береді.

      Ол ойлау материядан тыс тұрған ерекше рухани күштің әмірімен туып отырады дейді. Бірақ оның түйсік, қабылдау қиял, процестерін сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының денедегі түрлі бейнелеуі деуі-ғылыми тұрғыдан өте байсалды түсінік еді. Мысалы, көз айна тәріздес нәрсе, ол сырқы дүниенің сәулеті түсіп отырған ағаш саңылау.

      Көру түйсігі көзге зат әсер еткенде ғана пайда болады. Егер көзден зат кетсе, онда түйсік тумайды, құлақ ауадағы тербелістер әсер еткенде ғана естиді. Сезім мүшелерінің қай-қайсында, адамды сыртқы дүниемен байланысқа түсіретін аспап. Көру түйсігі көзден шыққан шырақтың нәтижесі, көзге зат әсер етпей-ақ түйсік пайда болады дейтін Платон пікірімен фараби келіспейді. Қараңқы зат та, оның бояуы да анық көрінбейді- деп, жаздыол, көзге сырттан күшті әсер түскенде ғана адамда түйсік пайда болады. Бұл жнрде ғұлама психологияның іргелі теориялық қисыны, бейнелеу теориясының төңірегінде сөз қозғап отыр. Ол психологиялық барыстардың бәрінде де дене мүшелерінде болып жататын белгілі бір материалдық физиологиялық құбылыстармен байланысты қарайды.

      Фараби жан қуаттарының басты түрлеріне сипаттама бере келіп, психологияның бұдан басқа да іргелі проблемалары жөнінде сөз қозғайды. Мәселен, ол психиканың қалайша дамып жетілгендігі жайлы мәселеге де ерекшк мән береді.

      Жан айрықша сапада тұрған қасиет. Жандар мен адамның тән құрылыстың өзгешелігіне қарай олардың жан қуаттары да өзгеше болады. Материалдық элементтердің қосындысынан жануар психикасы түзелген. Осы элементтердің ең жоғарғы қосындысынан барып адам психикасы пайда болған.

      Адам жанды дүниенің теңдесі жоқ туындысы. Оның жануарлардан негізгі айырмасы ақыл парасаты, сөйлей алу қабілеті, өнермен, белгілі кәсіппен айналысуы. Адам қоғамнан, түрлі топтардан тыс өмір сүре алмайды, оның бар тіршілігі адам қауымының арасында өтеді. Жеке адам тілек талпынысымен мұң-мұқтажымен жеке жүріп қанағаттандыра алмайды. Сондықтан ол басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі. өйткені, жекелеген адамның тәні де жаны да ойдағыдай дамымайды.

      Ұлы ойшылдың еңбектерінде бала психикасының қалайша дамып, жетілгендігі жөнінде де, қызғылықты пікірлер көп. Баланың жасы өскен сайын оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да, өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. 

      Мәселен балада ең алдымен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуына да үлкен роль атқарады.Ана құрсағында-ақ тән түйсігі, біртіндеп, дәм, иіс айыратын түйсіктер, заттың түрін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше әрекеттену, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым не ақниетті болып келмейді, мұның бәрі жүре пайда болады.

    Фрабидің адамның жан қуаттары, жеке дара өзгешеліктері  жайлы айтқан пікірлері де көңілге қонарлықтай. Бұлар адамның жеке өмірсүру тәжірибесінен, оның дене бітімінен, өзіндік белсенділігінен туындап жатады, яғни бір-бірінен тән жөнінен қандай өзгеше болса да, жан жөнінен де сондай өзгеше болады, яғни жан қуаты біреуде мол, біреуде аз мөлшерде келеді, бұл жағдай оның темпераментіне де байланысты, тәнді жетілдіруге болатыны сияқты жанды да жаттығулар арқылы жетілдіреді.

 

Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактатының маңызды  мәселелері.

 

      Фарабидің психологияның түрлі салалары жайлы айтқан салиқалы пікірлері, сондай-ақ психологиялық терминдерінің жүйесін жасағандығы жайлы мәселе өз алдына бір төбе. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы» трактатында қала адамдарыныңәр-түрлі топтарына жеке-жеке сипаттама беріп, бұларды қоғамдық психологияның негізгі категориялары ретінде ұсынып, талдау жасайды.

     Адам қоғамның ажырамас бөлігі. Ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, өйткені белгілі бір топтың мүшесі. Адам өмір сүру үшін көптеген нәрсеге мұқтаж болады. Мұның бәрін ол жалғыз өзі жасай алмайды, сондықтан да одл басқалармен қарым-қатынасқа түсуі қажет. Адам өсе келіп, түрлі топтарға, ұйымдарға бірігеді. Осы ұйымдардың бірі толық, екіншісі толымсыз, яғни толық емес қоғам деп атайды. Толық қоғам үшке бөлінеді. Олар: үлкен, орта, кіші. Үлкен қоғам- жер бетін мекендеуші барлық адамдардың қауымдастығы. Орта халыққа белгілі бір халық бірігеді. Ал, кіші қоғам шағын қоғамға жекеленген қалалардың тұрғындарыондағы көшелер мен жеке үй тұрғындары кіреді. Мұндай қоғамның ең шағын түріне отбасы, үйелмендер жатады.

      Ғұлама қайырымды, қайырымсыз қала тұрғындары, ондағы жекеленген топтардың әлеументтік жағдайын, атап айтқанда олардың нендей кәсіппен айналысатындығын, тұрмыс-салтын, өмір сүру ерекшеліктерін, оларға тиісті құдылықтарын көрсетпекші болады. Сөйтіп, Әл-Фараби әр алуан топтың өкілдері туралы сөз қозғап, қоғамдықпсихологияның іргелі мәселелерін күн тәртібінде тұңғыш қойған  Шығыс ғұламасы.

      Адамдар деп жазады Фараби — бақытты болу үшін біріне-бірі көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болады. Халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғам да ізгі қоғам болады. Қалалардың бәрі бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған халқы ізгі халық болады.

      Сол сияқты халықтардың бәрі бақытқа ұмтылып, бір-біріне көмектесіп отырса, бүкіл жер жүзі ізгі болар еді. Ол ізгі каланы ауру-сырқауы жоқ адаммен салыстырады. Тән мүшелерінің бірімен-бірі тығыз байланыста болатындығы және олардың белгілі тәртіппен денеден орын алатындығысияқты байланыта болады. Ізгі бақыт туралы білетін байлыққа рахаттандыру, құмарлыққа ерік беру , мансап пен сый-құрметке еліру. Бұлардың барлығы надан қалалар үшін бақыт болып есептелінеді. Фараби надан қала тұрғындарының дүниетанымын әлеументтік жағдайын, айналысатын кәсібіне, талғам-тілнгіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олар : қажеттілік, айырбас, опсыздық пен бақытсыздық, атаққұмар, билікқұмар және бетімен кеткендер. Мәселен, ол қажеттілік қаласы тұрғындарының, ондағы кедей шаруалар мен қала кедейлеріне жылы лебіз білдіріп, оларды адамдар мен қала әкімдерінің қанауына түсіп отыр дейді. Қажеттілік қаласының тұрғындары ауыл шаруашылығы жұмыстарының сан-саласымен, сондай-ақ аң аулаумен, қолөнері сияқты т.б. еңбек түрлерімен шұғылданады. Осындай қаланың тұрғындары аса еңбекқор келеді, олар тек өздеріне керекті, пайдалы нәрсені ғана өндіруге тырысады және еңбек үстінде олар бір-біріне көмектесіп ынтымақтасып отырады. Осы қаланың өкілдері кей кезде ұрлықпен айналысады. Бұған итермелеуші олардың күнкөріс тауқыметін тартуы , сондықтан да Фараби бұларды ұрлық жасады деп сөгіп, айыптамайды, өйткені тұрмыс адамның адамгершілік нормаларын, мінез-құлық сапаларын белгілейді. Қажеттілік қаласының тұрғындары жеке бастарының баюын көздемейді, байлықта бір-бірінен асыруды қажет деп те таппайды. Осыған орай қажеттілік қаласы адамдарының мінез-құлқы жақсы жағынан көрініп отырады.

      Айырбас қаласының тұрғындары байлыққа ерекше құмар келеді. Олар саудамен айналысады, сауда жүрген жерде ұрлық та, зорлық-зомбылық та кездеседі. Осы қаланың тұрғындары,-ауқатты, олар баю жолында бір-біріне көмектесуге тырысады. Олар ұрлықты күн көру үшін емес, тек жеке басын байыту үшін жасайды. Бұл өз күшімен еш нәрсе өндірмейді, адал еңбекті білмейді, тек алыпсатарлықпен айналысып баюды ғана көздейтін өсімқорлар мен саудагерлер көпестер.

      Опасыздық пен бақытсыздық қаласының тұрғындары да белгілі бір әлеуметтік топ болып табылады. Ождансыздар мен бейбақтар қауымының адамдары, — деп жазады ол, — жан рақатын ішіп жеуде азғындық қылықтарымен айналысуы деп түсінеді, қысқасы, олар тек көңіл көтеру мен түрлі еңбекке бой ұрып, сезімі мен ойын сонымен былғайтындар болып табылады. Бұлар өмірден тек рақат пен ермек іздейді де, пайдалы еңбекпен айналыспайды. Мұндай қала Ірі феодалдар, олардың бала – шағалары, бос белбеу ұлдары мен сыңылаңдаған бикештері өмір сүреді.

      Надан қалалардың әр түрлерін Фараби басқа еңбектерінде де жол-жөнекей айтып отырады. Мәселен, «Азаттық саясат» ол ұжымшыл, қайырымды қалалармен бірге бұзылып, сараң, қайырымсыз қалалардың да болатынын ескертеді. Бұл қалалардың тұрғындары туралы айтқанда ол түрлі әлеуметтік топтардың психологиясын көрсетеді. Мәселен ұжымшыл қаладағы адамдар бас бостандығын сүйеді, бір-бірімен тең өмір сүруді, бірі екіншісінен артық тұруды көздейтінін әңгімелейді. Осы қала оның басшысы тұрғындардың талап-тілегіне орай сайланып отырады, олар өз еркімен некелеседі. Адамдардың дүниеге келу, өсіп-жетілуі, яғни тәрбиелеуінің бәрі-бәрі де табиғи жағдай үйлесімімен жүріп жатады, түрлі топтардың өкілдері бір-бірімен ынтымақты өмір сүруді, мұндай ғалымдарға, өнер иелеріне, ақындарға т.б. зиялы қауымының өкілдеріне барлық жағдай жасалған.

      Ол қарапайм қала тұрғындарды пайдаланатын игіліктерге ғылым негіздерін меңгеру, әділдікке ұмтылу, әр түрлі әлеуметтік топтардың бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруді т.б. жатқызады.

      Қайырымды қала тұрғындарының басым көпшілігі әлеуметтік жағдайлары төмен төмен сатыда тұрған адамдар. Бұлар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның біріншісіне кедей – кепшіктер жатады. Олар ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдар. Олардың мұң-мұқтажын қанағаттандыруды үнемі естен шығармау керек. Егер ол құр босқа мүләйімсімей кедейлігін келсе оған көмектесіп, тауын шаппай ерекше ілтипат жасау керек. Қайырымды қала тұрғындарының қатарына ол мерідесе шәкірттерін де жатқызады. Кейбір шәкірттер-деп, жазды Фараби, білім алуды өздерінің қара басының қамы үшін пайдаланғысы келеді. Бұл өте жаман қылық. Мұндай шәкірттердің ісіне сын көзбен қарап, теріс мінездерін алдымен өздеріне түзеттіру қажет. Ал, мінезі түзу шәкірттерге білім ешбір қиындықсыз қонады, оларды оқытып тәрбиелеуге еш уақытта да жалықпау керек. Ұстаздың жәрдем беріп көмектесетіні де осындай шәкірттер. Қайырымды қала тұрғындарының келесі тобына әлеуметтік жағдайы барша жұрттан жоғарытұратындар (қала бастығы, оның әр түрлі жәрдемшілері мен серіктері т.б.) жатады. Бұлардың жақсы қылығы болса мадақтап, әділдігін жұртқа айтып отыру керек.

      Ал қала бастығының кемшілігін тікелей айтпай, жанамалап, өсиет, уағыз түрінде, мақал-мәтелдер арқылы салыстыра,  яғни астарлы  әсем сөздермен-ақ мінез-құлқындағы кемшіліктерін түзетуге болады.

Осылайша әр топтағы адамдардың психологиялық өзгешеліктері туралы айта келіп, Фараби былайша түйіндейд; адам өз өмірінің қожасы; сондықтан да ол өз бақытын өзі жасауы тиіс. Бұл үшін ло нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергендерін орынсыз шашпай кез-келген адамға кім көрінгенге сыр шашып сене бермей, өзінің мақсат мүдделерітуралы тек нағыз достарыменен ғана сырласып отырулары тиіс. Осылайша өмір сүрген адам ғана өзіне де, өзінің қаласына да қиянат етпей, ар-ожданы таза адам болып табылады.

      Қайырымды қала тұрғындарының әр түрлі әлеуметтік тобына осылайша баға беру арқылы Әл-Фараби қоғамдық психологияның іргелі проблемалары жайлы өз көзқарасын білдірген еді.ол адамзат қоғамның алдымен от басынан, соннан соң әр түрлі топтар мен қауымдастықтан тұратынын айтты. Фараби осы топтардың жақсы-жаман, бақытты-бақытсыз болу ондағылардың өздеріне байланысты екенін, топтану адамдардың жәй біріге салуынан емес, сайып келгенде, адамдардың өмір сүру қажеттілігінен туындайтындығын көрсетті. Ұлы ағартушы Фараби адамды тек оқу-білім арқылы жақсартуға, жетілдіретүсуге болады. Мұның өзі барша халықққа бірдей, ортақ нәрсе деп түсінеді. Ол өмір сүрген феодалдық қоғамның неше түрлі әділетсіздігіне күйіне келіп, баланың ізгі қоғам надандарсыз, маскүнемдерсіз, азғындарсыз, зорлықшыларсыз, қанаушыларсыз болатындығын, оны білімді, мәдениетті, әділ билеушілер басқаратынын, мұндай қоғам азаматтық жарқын, бақытты болашағы болатындығы, сөйтіп келешекте тең құқылы адамдардың қауымы орнайтындығын тебірене жырлап, армандады. Ол адамдардың бір-бірімен теңсіздігін, олардың білімінң жоқтығынан, осы жолда тіпті білім мен дінді үйлестіріп пайдаланса дұрыс болатынын айтты фарабидің әлеуметтік психологияға байланысты айтқан осынау пікірлері қазіргі ғылыми психологияның қағидаларымен үндесіп жатқандығы аталмыш мәселелерінің Шығыс әлемінде, күн тәртібіне алғаш қойылуы ғылыми жұртшылықты қайран қалдыратыны даусыз.

 

    Әл-Фарабидің музыка жайлы толғаныстар.

 

      Фараби шығармаларындағы психологиялық тұрғыдан маңызды ғылыми проблемалардың бірі – оның музыка жайлы толғаныстары. Ол өз еңбектерінде, әсіресе «Музыканың үлкен кітабында» музыка әуенінің адам сезімдеріне қалайша әсер ететіндігі, оның жағымды, жағымсыз көңіл-күйлерін қалайша туғызытындығы, адамның сұлулық талғамы яғни әсемдік пен ұсқынсыздықты, көріксіздікті

 бағалай алуы, музыканың адам ағзасын бір қалыпты күйге келтіруі жайлы сөз қозғайды, эстетикалық толғам мен этикалық түсініктің тығыз айналыстылығын айтады.

    Музыканың ең негізгі мақсаты адамның эстетикалық қажеттерін қанағаттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені поэтикалық тіл мен музыка тілі бір-біріне етене қабысқан кезде ғана музыканың әсерлігі арта түседі. Өзін қоршаған ортаның әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, нәзік сезімдерді образдар арқылы паш ету адамға ғана тән қасиет. ән адам жанының нәзік қырларын бейнелейтін тамаша, адамзатпен бірге жасасып келе жатқан жан серігі, өмір сырын бейнелейтін жанды тарих. Тән ауырғанда көңілдің күрт төмендеуі табиғи құбылыс.

     Музыка адамды қиындыққа шыңдауға, ауыр еңбекке төзуге көмек береді, шаршап-шалдығуды ұмыту үшін ән салу қажет, ал ән және оған қатысты нәрселер сезіммен, қиял мен санамен бірдей байланысты болады, — деп түйіндейді ойшыл. ән салудың түрлері осындай сан алуан. Мәселн, романсты, жоқтауды мұңды лирикалықшығарманы (элегияны) тудыруға қажетті қабілеттен төгілмелі, өлеңді термелеп, тақпақтап айту немесе өлеңнің басқа түріне бейімділік әр түрлі болады. Музыканың үлкен кітабында Фараби оның ерне түрі бар екенін айтады. Біріншісі адамда жай ғана рақат сезімін тудырады. Екіншісі құмарлық пен іңкәрлікті тудырады. Үшіншісі қиялды оятып,санада небір ғажайып бейнелердің тоғысуына жағдай жасайды. Осы үш жәйтке ие болған мүзыка кемеліне келген музыка болады, мұндайда ол бізге әсер етеді. Музыканы қабылдауда қатысатын түйсіктер табиғи және табиғи емес болып екіге бөлінеді. Табиғи жағдайда музыка адамға  рақат таптырады. Табиғи емес жағдайда музыкалық түйсік көңіл құмарлығын онша қондыра алмайды.

     Фараби түйсігінде, ғылым, өнер, музыка атауларының бәрі-бәрі зор дарын, арнаулы қабілет, өлшеусіз еңбек етудің жемісі. Дарындылық ақыл-парсат, қиял қиюлана келіп отырса ғана нағыз өнер туындайды. Ол адамды ақиқатқа жетелейді. ән мен музыка үшін туыстан болатын қасиеттер мен қатар оқып-үйрену, жаттығудың маңызы өте зор. Мәселен, шәкірт алдымен ұстазының әсерлі әуенді күйді тудырған қимылына еліктеуге тырысады. Ол сондай-ақ өзінің естіген-көргенін айнытпай қайталауы тиіс. Музыкалық әуенді жадында берік сақтап, қиялына берік қондыра алатындай, оны бұлжытпай қайталай алатындай қабілетке жеткеннен кейін, ол үлгіні қажет етпейтін болады. Музыка шығармашылық жан-жақты ізденіп жаттығу, оның түрлерін бір-бірімен салыстыра, әуендерді талдап ажыратып әрбір тонның (саздың, үннің) дыбыстың әсерін мұқият бағалай, зерттей білу қажет. Шәкірт өз бетінше жаңа әуен шығару дәрежесіне жеткенше мұндай жаттығуды үздіксіз жүргізе беруге тиіс.

     Ұлы ғұламаның музыка ғылымы туралы айтқандарына қысқа түрде психикалық талдау жасай келіп, төмендегенше түйін жасауға болады:

  1. Музыка – адамның жан дүниесіне көркемдік жағынан әсер етуді таптырмайтын құрал;
  2. музыкалық әуендер жақсы мінез-құлық нормаларын, адамның армандары мен мұраттарын қалыптастыруға елеулі роль атқарады;
  3. ән мен музыка адамда көркем, эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы, кісінің өзін-өзі тәрбиеленуіне бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді;
  4. музыкалық туыстан болатын қасиеттермен қатар, өлшеусіз еңбек пен үздіксіз жаттығу мен дайындықтың жемісі,
  5. музыка теориясының негізгі принциптерін танып-білуде адамның есту түйсіктерін дамыту елеулі роль атқарады.

 

Әл-Фарабидің медицина саласындағы    көзқарастары.

                                           

       Әл-Фараби медицина саласында да өз мәнін күні бүгінге дейін жоймаған көптеген еңбектер жазды. Оның: Адамның дене мүшелері хақында, Аристотель мен Галинге қарсы айтылған деу хақында, Аристотель мен Галеннің арасындағы дәнекер, Түс көру туралы сөз т.б. трактаттарында медициналық психологияның біраз мәселелері сөз болады. Фараби түйіндерінің бұл жердегі негізгі арқауы: адам нәтижелі еңбек етіп, дұрыс дем алып, жақсы өмір сүру үшін тән саулығына ерекше назар аудару қажет, яғни тәні саудың жаны сау дей келіп, тәнді емдеу Гиппократтың сөзімен айтқанда өмірді ұзартатын болса, жанды емдеу одан да жақсы нәтижеге жеткізуі тиіс, ғұлама адамның психологиялық, әсіресе физиологиялық әрекетіне тәннің, дененің жеке мүшелерінің  (аяқ, қол т.б.) атқарылатын қызметіне, әсіресе жүйке саласының әрекетіне жеке мән береді. Ол тән мен жанның әрекеті үшін аяқ пен қолдың бірлескен қызметін атай келе бүкіл организмді басқаруда жүрек басшылық етеді дейді. Ол аяқ пен қолдың организмдегі орнын дұрыс көрсеткенімен физиологиялық, психологиялық процесстердегі мидің ролі туралы дәйекті пікір айта аламын. Мұның себебі, әрине, сол кездегі ғылым дамуының, әсіресе физиологияның жеткіліксіз дамуы, яғни ми құрылымы туралы деректердің болмауыда екені анық. Оның пікірінше, жүрек тіршілік атаулының, денсаулықтың, өмір сүрудің негізгі арқауы.

      Ғұламаның науқастың көңіл-күйін арттыру, сөйтіп оның зардаптарын азайту жайлы айтқандарының яғни қазіргі ғылым тілімен айтқанда, оның психотеропевтік, психопрофилактикалықтұрғыдан жасаған түйіндерінің мәні ерекше. Ол адамды хирургиялық жолмен (сою, күйдіру т.б.) емдеуден кейінгі сөзбен сендіру, иландыру әдістерімен емдеуге ерекше мән береді, кейбір дәргерлердің адамның көңіл-күйін, психологиялық ерекшеліктеріне жете білмейтіндігін, тіпті мұнымен жөнді санаспайтындығына қынжылады. Ғылымның пікірінше дәрігердің медицина өнеріне жетілуі, біріншіден, адам ағзаларының ерекшеліктерін білуден, екіншіден денсаулық өлшемін (критерийін) анықтап, оны дұрыс сақтап, егер бұзыла қалса, қалпына келтіруге қолданылатын шараларды білуден, үшіншіден, аурудың түрлерін, оны тудыратын себептерді, кеселді жоятын тәсілдері дұрыс айырудан, төртіншіден, сау адам мен науқастың психологиясын салыстырып қараудан, бесіншіден, ауруға берілетін дәрі – дәрмектің режимін белгілі жүйеден түсіруден, алтыншыдан, науқаспен, оның жақындарымен байыппен тілдес, сөйлесе білу өнерне машықтана білуден көрінуі тиіс. Ғұлама-ғалым жаратылыстану ғалымдарының ішіндегі ең себеліліерінің бірі медицинаныадамның өмір сүру, тіршілік қасиеттеріне жақындата түсуді ойластырған. Сондықтанда оны Шығыс әлемінде медидциналық психологияның іргетасын алғаш қалаған әмбебап ғылым деп айтуымызға әбден болады.

 

                     Әл-Фарабидің педогогикалық   көзқарастары.

 

      Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан ұлы бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіздей мол дүние. Данышпан ойшыл өз еңбектерінің көпшілік ұстаздық тұрғыдан тәлім-тәрбиелік мақсатқа ойластыра жазған. Оның арифметика, геометрия, астрономия, музыка ғылымдарының педогогикалық, яғни тәрбиелік ғылымдар дейтін жүзеге жатқызуы да, сондай-ақ педогогика, әдістеме мәселелеріжөнінде арнаулы еңбектер жазуы да жоғарыда айтқанымыздың жақсы айғағы. Оның оқу-білім, тәлім-тәрби мәселелері жайлы айтқан пікірлерінің құятын үлкен бір арнасы адам атаулыны гуманистік, ізгілік қасиеттерге баулу мәселесіне келіп тіреледі. Адам деген ардақты атты лайықпен алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Нағыз бақыт осы дүниеде ғана, оны басқа жерден іздестірудің қажеті жоқ. Әлемдегі жаман мен жақсыны адамның ақылы ғана ажыратады. Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жетілу қажет. Осы жолда өмір бойы еңбектеніп, әрекеттенген абзал, мұның өзі адамға зор бақыт. Бірақ дүниеде жалғыз жүріп бақытқа жетуге болмайды. Ол үшін бірлесіп, қоғамдасып әрекет әту керек. Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойының жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлуі керек. Ол ұланғайыр еңбек етіп, ғылым-біліммен молынан сусындаған кісіге ғана қонады. Бақытты болу, кәмілетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту барлығы да білімділікке байланысты. Зиялылық адамның жақсы мінезінен, білім, дағдысынан, имандылық қасиеттерінен туындайды. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамға іскерілік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болады, адам біртіндеп логикалық ойлауға машықтанады, теориялық ғылымдарды өз бетінше меңгеруге әрекеттеннеді.

    Педагогикалық тұрғыдан оның адамдар арасынандағы достық, қастық қарым- қатынас жайлы айтқан пікірлері ерекше маңызды. Мәселен, адамда достықтың  екі түрі болады. Оның бірі адал дос, екіншісі-айнымалы алдамшы дос.Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қарап, одан айырылып қалмау жағын көздеген дұрыс,достар бір-біріне жақсылық өзара қамқорлық жасауы тиіс. Жақсы достың сенімін қастерлеп, ақтаған абзал. Осындай достар ащы-тұшыны бірдей татады, нені болса да бірдей көретін болады.

     Фараби нағыз шынайы достықты дәріптеп, жұртты осындай адамдардан үлгі алуға шақырады. Достықтың екінші бір түрі алдау-арбау негізінде құрылады. Мұндай досқа өзінің құпиясын, мінез-құлықындағы кемшіліктерін айта берудің қажеті жоқ. Бірақ, жалған достарды да тәрбилеуге болады, оларды адал жолға түсіру үшін қажымай, талмай жұмыс жүргізу керек. Бір-біріне қасадамдардың екі түрі болады. Бірі — өшпеншілігі мол, жаулығы басына асқан адамдар да, екіншісі – көре алмаушылықтан жауығатындар.

     Гуманист ғалым кей жағдайда жау адамдарды да түзеп, кемшілігін бетіне басып айтып отыру қажет, егер бұл шара іске аспаса олардың көзін құртқан жөн дейді. Бірақ мұндай іс-шараны асықпай ой-таразысына салып жүзеге асыру керек. Ал көре алмаушылықтан жауласқан адамдармен байыпты қарым-қатынас жасаған жөн болады. Мұндай адамдардың көзінше көре алмаушылықтың себебін ашып, бұлардың көзін шындыққа жеткізу жағын ойластырмаған абзал. Бейтарап адамдардың да достық жөніндегі ойы мардымсыз келеді. Бұлардың өшпенділікпен жұмысы жоқ, кейде дұрыс ақыл-кеңес беретіндері де кездеседі. Олардың адалдығына көз жеткізгенше олармен дос адамдай  бірігіп кетуге болмайды. Жақсы ой-тілектер араз адамдардың татуласып кетуіне жәрдем жасайды. Ақымақ адамдарды да асқан төзімділікпен тәрбиелеп, жақсы қарым-қатынас жасауға әбден болады. Ғұлама мақтаншақтармен аяусыз күрес жүргізудің қажеттілігін баса айтты. Соңғылар өзін жұрттан өзге, артық ұстағанды ұнатады. Бір өзім білемін деп даурығып, айтқанын елдің бұлжытпай жасағанын жақсы көреді. Бұлардың іс-әрекетіне қарсы тұрып, теріс қылықтарын бетіне басып отырған дұрыс. Мақтаншақты да жөнге салып, қарапайым ізгі жандар қатарына қосуға мүмкіндік бар.

     Фараби ғылым, білім жөнінде жастарға көптеген ақыл-кеңес береді. оқыған адамның моральдік бейнесі қандай болу керектігі жайында салиқалы пікір айтады. Осы жерде белгілі педагог Ы. Алтынсариннің:

          Өнер – білім бар жұрттар

          Тастан сарай салғызды,

          Айшылық алыс жерлерден

          Жылдам хабар алғызды, —

деген көзқарасы ұлы ғалымның айтылғандарымен үндестігін атай кетуді жөн көрдім.

     Ғылым- білім үйренемін деген жас адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек мақсаты шындық жолында ғана болуы керек дейді. Онда ғылымнан жәй ләззат алу, нәпсіқұмарлыққа ұқса әрекет болмауы керек. Адам көздеген мақсатына жету үшін,оған барар жолды анық білуі қажет. Шын қызыққан нәрсеғана адамды өзіне ие ете алады, бір кәсіпке, не өнерге талпыну үшін адамға бәрін де табынушылық керек. Осыны мотивация  (ниеттену) мәселесі туралы ой көрінісі деуге борады. Ғылымды уәж ету үшін үнемі сол ғылымның жолында болу керек. Одан басқа нәрсемен шұғылдануды азайту керек болады. Әр нәрсемен айналыса беруден тәртіпсіздік пайда болады. Арада мың жыл өткен соң дәл осы пікірді өзінің Отыз екінші сөзінде Абай айтқан еді. Көңілім әр нәрседе болса,- деп жазады ол, — білім, ғылым қонбайды. Адамның шын көңілі мейірленсе, білім, ғылымның өзі де мейірленіп, тезірек қолға түседі… Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Фараби нағыз ғылым қулық-сұмдықпен, өсек-аяңмен ісі жоқ, білімділік оның өнегелі мінез-құлықынан ерекше байқалып тұрмаса болмайды, — дейді. Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз … білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті арқылы, дарыны арқылы басқа да білгісіз нәрселерді ашады. Адамға білім қандай жағдайда орнайды, деген сұраққа Фараби былай деп жауап береді: қандай бір ғылым болсын көңілге дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы орнайды… Бізге осы ерекше мәндердің кейбіреуін ғана, ал кейде олардың көпшілігін сезінгендіктің өзі жеткілікті.

     Фараби еңбектерінде ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынасы жайында да сөз қозғалған. Ұстаз өз шәкірттерінен адалдық, сыпайылық, ізгілік сияқты қасиеттерді көргісі келсе, онда оның өзінде де осы аталған қасиеттер болуы керек. Пәлсапаны үйрену үшін алдын-ала нені білу керек деген еңбегінде ол былай дейді: мұғалімдік еткен адамның тым қатаң болса, оқушы мұғалімді жек көре бастайды, ал егер тым бос болса, мұғалімді оқушы кем санап, оның ғылымына жалқау қарайды.

     Фараби ұлық болуды да, олардың алдында иілуді де ұнатпаған адам. Бар саналы өмірін бір мақсатқа – ғылымға арнаған. Ол өзінің туған жерін, даласын қастерлеп, жанындай жақсы көрген нағыз отаншыл ғалым еді. Ғылым қуып, шетте жүргенде алыста қалған атамекеннін естен бір сәт шығармағанын мына шумақтардан көруге болады:

                    Қашықтасың туған жер, қалың елім,

                    Небір жүйрік болдырған жарау деген

                    Шаршадым мен, қанатым талды менің,

                    Шауыт жолға сарылып қарауменен.

     Әл-Фараби еңбектерінде оқу-тәрбие мәселелерінің жоғарыда айтылғанынан басқа да көптеген жақтары сөз болады.

 

Әл-Фарабидің ғылыми мұралары.

 

     Тарихшылар мен археологтардың түбегейлі зерттеулерінің нәтижесінде Қазақстан тарихының осы күнге дейін анық болмай келген көп нәрселері ғылыми жолмен айқындалып, өзінің дұрыс шешімін тауып отыр. Орта Азия және оған шектес Оңтүстік Қазақстан атырабынан орта ғасырларда жүздеген ғалымдар шыққан. Олардың ішінде Шығыс және Батыс ғылымына еңбектері арқылы үлкен шарапатын тигізген көптеген тамаша ғалымдар бар. бұл ғалымдарға ортақ тіл – араб тіліде жазылғанмен олардың ғылыми рухы, ойлау дәрежесі жергілікті халықтың аса бай мәдени – тарихи дәстүрлеріне негізделген.

     Орта Азия ғылымы және оның көрнекті өкілдері туралы соңғы кезде бірсыпыра күрделі зерттеулер жүргізілді. Бұл, әсіресе, матеметика асласында анық көрінеді. Фараби, Фергани, Омар Хайам, Ұлықбек т.б. жайлы едәуір мағлұматтар жинақталды. Алайда Орта Азиядан шыққан осы жүздеген ғалымдар ішінен Оңтүстік Қазақстан қалаларынан шыққандары да аз емес. Олардың еңбектері мынадай:Белгілі Кеңес археологы А. Ю. Якубовский өзінің Сығанақтың қалдықтары деген археологиялық мақаласында Сығанақтан шыққан орта ғасырлық ақынның бірауыз өлеңін келтірді. Ол өлеңді белгілі тарихшы А.Ю. Якубовскийге академик Бертольд Кайрдан жазып әкеліп берген көрінеді, өлең араб тілінде жазылған мәнісі мынадай:

Бұл ел бұрын қамсыз еркін ел еді,

Білімділер мекен еткен жер еді.

Мұнан Хидояны жеңілткен ғалым шыққан

Егер бізге қайта туу нәсіп болса,

Біз екінші рет осы сығанақта туар едік

     Бұлардың ішінде тек қана отырарлық, тіпті қала бері бүкіл Орта Азиялық ғалымдарарасында ғана емес, дүние жүзілік масштабта шоқтығы биік ғалым адамзат ойының сирек кездесетін інжу маржандарының бірі — Әбу-Насыр Фарабидің алатын орны ерекше. Әл- Фарабидің психологиялық көзқарастары 1 кестеде көрсетілген:

         1 кестеде Әл- Фарабидің психологиялық      

                           көзқарастары.

                     (870-950 ж.ж. Х-ХІ ғ.ғ.)

Жалпы психоло —

гия

Әлеумет-

тік психоло — гия

Медици –

налық

психоло —

гия

Музыка – лық

психоло – гия

Педогогика

дидактика

көзқараста-рының педогоги- лық психо- логияға

қатысты

ойлар

Аристотель,

Плотонның

түйсіктер,

қабылдау

туралы көз-қарастарын

салыстырып

құрастырып,

ары қарай

дамыту;

интеллекция

туралы (яғни ойлау

процестері )

туралы көз-қарастары

«Қайырым-ды қала

тұрғын-

дары» (не-месе «ізгі

қала») еңбегінде

адам-аралық қа-тынастар,

жетекші, басшының

жеке тұлға-лық қасиет-

терін қарас-тыруы; әлеуметтік

психология

саласының

алғашқы негізін қа-лаушы деп

айтуға болады

Шығыс әлемінде

медицина-лық пси-хология – ның ірге тасын ал-ғаш қала-ған; пси-хотерапев-

тік психо-профилак-тик ақыл

ой-пікірлер

айтқан

«Музыка-ның» ұлы

кітабы

еңбегі;

Музыка-ның үш

түрі:

 

1) рахат

сезімін

тудыру;

 

2) құмар-лық пен

іңкәрлікті

тудыру;

 

3) қиялды

ойятуы,

сапада ғажайып

бейнелерді

тудыруы

Адамды

гуманистік,

ізгілік қаси-еттерге

баулу; шын

қызықтыр – ған нәрсе

ғана (моти-вация)

өзіне ие ете-ді. Жастар – дың жаны мен  тәнін

тәрбиелеуді

бесігінен

бастаған

дұрыс ұсьаз бен шәкірт

арақатынасы.

 

 

2.2 Фарабидің ғылыми салары туралы ой-пікірлері.

 

Фарабидің ғылымдарының шығу төркіні.

 

     Бұл жерде Фарабидің көптеген философиялық түбегейлі, негізгі ұғымдарының шығуы жайлы әңгіме болады.

     Бұған Фараби өзінің әйгілі шығармаларының бірі «Ғалымдардың шығуы туралы» деп аталатын шығармасын аснаған. Еңбектің арабша, латынша нұсқасы да сақталған. Латын тілінен  А.И. Рубин орысшаға аударып, С.Н. Григорянның «Из историй философии Средней Азии и Ирана» деп аталатын 1960жылы Москвада шыққан кітабына енген. Осы аударма негізінде М.Д.Исқақова мұны қазақ тіліне аударып, 1967 жылы С.Н. Назаровпен бірігіп жазған «Математика мен математиктер» жайлы әңгімелер атты кітабында келтірілген.

     Фараби ғылымды діннен бөліп қарады, оның пікірі бойынша табиғат дербес өмір сүреді және оның заңдылықтары еш нәрсеге тәуелді болмайтыны табиғи заңдылықтар. Субстанция мен акциденцияны тану, білу ғылымдардың шығатын қайнар көзі.

     Фараби. Субстанция –заттың, нәрсенің өзгермейтін мәні, мазмұны, л қозғалыста, бірлікте, оны ақылмен тануға болады. Біздіңше субстанция материя ұғымына сай келетін сияқты, ал акциденция субстанцияның түрлінше көрінісі. Фараби былай дейді: субстанцияны тек ақыл ғана қабылдайды, акциденцияны сол екеуінің арасына дәнекер болады.ақыл боялған нәрсенің ар жағында бір нәрсе бар екенін біледі. Мәселе қалған сезімдер жөнінде де осылай.

     Субстанция табиғатында шексіз көп бола алады. Сан туралы ғылым субстанцияның бір бөліктерін басқа бөліктеріне көбейту. Оларды бір-бірлеріне қосу туралы, бір-бірінен алу туралы, түбір табуға болатын бөліктерден түбір табу туралы т. б. ғылым. Бұдан санның дүниеге қалай келгендігі, майдадан шығып, неліктен көбейіп кеткендігі, мүмкіндіктен шындықққа, жоқтан барға көшіп болмысқа айналуының себебі айқын көрінеді. Грек кемеңгерлері бұл ғылымды арифметика деп атайды.

     Фараби сан жөнінде Аристотелдің ойын дамытушы ғалым. Ол геометрияның шығу тегін былай түсіндіреді. Субстанция көп бөліккке бөлінгеннен кейін, оның әрбір фигурасына атақ беріліп, бір ретпен орналастырылады. Осылай дөңгелек фигуралар, үшбұрыштар, төртбұрыштар, бесбұрыштар т. б. фигуралар пайда болады. Сандар шексіз көп болғандықтан, фигуралар да шексіз көп болады. Бұл ғылым арқылы фигураларды бір –біріменсалыстыра аламыз, ортақ өлшемін табамыз т.б. осы ғылымды тек грек кемеңгерлері ғана геометрия деп атаған.

     Фараби геометрияның негізгі ұғымдары да өмірден , болмыстан алынған дүние деген дұрыс көзқарасты қуаттап отыр.

     Фарабидің пікірінше субстанция табиғатында қозғалмалы болғандықтан, ол қозғалысты зерттеу, білу қажеттігі туады. Мұнан аспан шырақтары жайлы ғылым шыққан. Фараби былай дейді: біз бұл ғылымарқылы планеталардың жолдары мен олардың өзаспандарында қарама-қарсы жаққа шығатын кездерін, қозғалыстарын, кейін қарай шегіністерін білеміз. Бірақ біз мұның барлығын тек жоғарыда аталған екі ғылым арқылы ғана біле аламыз. Бұларсыз аспан қозғалысын түсіну мүмкін емес. Гректер бұл ғылымды астрономия деп атайды.

     Фарабидің пікірінше қозғалмалы субстанциялар дыбыс шығарады,ендеше олдыбыстардың заңдылығыр зерттеп беретін ғылым керек, ал ол – музыка. Субстанция қозғалысқа келгенннен кейін дыбыс та шығарады, ол дыбыс үшке бөлінеді: БИІК, АЛАСА, және осы екеуінің арасындағы аралық.

    Дыбыстар жайындағы ғылым. Айтылып отырған ғылымның үш жағы бар олар:өлшем, ырғақ, сермеу. өлшем белгілі бір пропорцияларға келтіру үшін шығарылған, ол шығарылған биік дыбыстар келтіру үшін шығарылған, бұл екі жақты есту сезіміне бағындырылған. Ал сермеу көру сезіміне бағындырылған. Сермеу ғылымы осы екі негізгі сезімге, яғни көру мен есту сезіміне бағындырылған. Сонымен музыка ғылымының да қайдан шыққаны түсінікті болды. 

     Педогогикалық ғылымның мәні мынада дейді, —  өте нәзік сезімдерді, идеяларды ұшқырлайды, басқа ғылымдарды оқып-үйренуге төте жол салады.

     Жаратылыстану ғылымының шығу тегіне де тоқталды: субстанция кейде қызаратын, кейде бозаратын болады, кейде ұзаратын, қысқаратын, туатын, ұлгаятын, шіритін, өлетін болады. Осыларды түсіндіретін ғылым керек. Ғылым бізге осы өзгерістердің қалай болатынын бізге анық айтып береді.

     Фарабидің айтуынша бұл ғылым сегіз бөлімнен тұрады: прогнозтика, физика, грамматика ғылымы, навигация, алхимия және айналар жөніндігі ғылым.

     Бұдан кейін Фараби жоғарыда аталған ғылымдарды оқып-үйрену үшін қажет болатын ғылымдарға тоқталады. Мұнда ол тіл ғылымын жоғарыға қояды, содан кейін грамматика, логика, поэтика келеді. Фараби былай дейді : ғылымдардың алдыңғы қатарлы айтылған жүйесін біз, қалай оқу және қалай оқыту керек деген мәселелерді еске алмастан, ой талдамасы арқылы таптық. Оқыту, сұрақ қою, ойды білдіру мәселелері жөніндегі ғылым – тіл білімі.

     Одан кейінгісі, грамматика.

 Ол нәрсеге берілген есімдерді тәртіпке келтіру жолдарын және сөздер мен нақылдардың құрастырылуын үйретеді.

 

Үшінші ғылым – логика.

Ол хабарлы сөйлемдерді, білмегендіктерімізді білерлік, өтіріктен шындықты айырарлық қорытындылар шығару үшін жүйелі етіп құру жолдарын үйретеді.

 

Төртінші ғылым — поэтика .

 Ол сөздерді маңызы мен жүйесіне қарай, шамалары мен кідіру мезгілдеріне қарай орналастыру жолдарын үйретеді. Бұл сандар ойды айтуға мүмкіндік береді, осы мақсатта өте-мөте лайықты сандар.

 

     Фарабидің көзқарастары бойынша әр түрлі ғылымдардың шығу төркіні осындай. Бұл жерде заманнан озық айтылған бір идея ол – Фарабидің ғылымды тудырушы себепті табиғаттың өзінен іздеп отыр, мәселеге субстанция тұрғысынан қарап отыр.

     Қорыта келгенде, Фарабидің көзқарасы бойынша барлық ғылымдардың пәндері ақиқат болмыс, реалды субстанция болып табылады. Бұл көзқарас ғылымның шығу тегі, зерттейтін нәрсесі туралы қазіргі заманғы материалистік қағидаға жуық келеді, мұндай әдістемелік дұрыс түсінік Фарабиді ғылымда тамаша жетістіккке жеткізді. Алайда Фараби ғылымның шығу тегін түсіндіре отырып, ол себептерді адам қоғамның практикалық мұқтаждықтарынан бөліп қарайды.

Фарабидің ғылым жасау негіздері. Осы негізде баршамызға мәлім сан-саналы ғылым тарауларының әрқайсысының басып өткен жолы, ұзынды қысқалы жасалу тарихы бар. бұл тарихты білу біздің ой санамызды өсіріп, мәдениетті қалыптастырып, қазіргі ғылымның да пайда болуына көмектеседі. Қай ғылымды алсақ та, сайып келгенде оның түп тамыры ұзаққа созылған, халықтың, практикасына, қоғамның мұқтаждығын өтеу жөніндегі күрес — әрекетіне тіреледі. Астрономия, математика, география сияқты аса көне ғылымдар тарихы осыны растайды.

     Ғылым жасау мәселелері орта ғасырдың ғалымдарын да толғандырған. Алайда ғылым мен мәдениет тек Европада туып, өскен деген қате көзқарастағы ғылым тарихшылары кейінге дейін мәдениет тарихындағы бұл кезеңді менсінбей, сыңаржақ қарап келді.

      Фараби музыка теориясын қайта жасап шыққан. Айта кетерлік нәрсе, музыка негіздері ол тұста физика-матиматика ғылымдары қатарына қосылатын. Фараби көбінесе музыка ғылымы жайлы айқанымен, оның көптеген идеялары басқа теориялық ғылымдаға да тікелей қатысы бар.

      Фараби өзінің әдісін, ең әуелі музыка ғылымның алғашқы принциптерін, негіздерін ашуға жұмсайды. Оның пікірі бойынша бұл негіздер үш топқа бөлінеді.

      Олар: халықтық ұзаққа созылған музыкалық практикасының, дәстүрінің әсерінен адамның миына, сана сезіміне о бастан сіңіп кеткен принциптер: басқа ғалымдардан (әсіресе физика-матиматика т.б.) ауысатын принциптер; тікелей тәжірибеден алынатын принциптер.

      Бұл туралы ұлы ұстаздың өз сөзімен айтсақ, кейбір негіздері біздің инстинкте жататын, кейбіреулері басқа ғалымдарда түсіндіріліп, үшіншілері біз бұдан бұрын түсіндіріп кеткен тәсіл мен тәжірибеден шығатын өнер мен ғылымның түрлері бар. Бұл жағдай музыка теориясында орын алады.

      Фараби музыка теориясын тәжірибе арқылы алатын принциптеріне толығырақ тоқталады. Мұнда ол Аристотельдің екінші аналитика атты еңбегінде тұжырымдалған қағидалрға сүйене отырып, индукия әдісін қолданады. Алайда музыка теориясын негізгі принциптерін тек түйсік, тәжірибе арқылы білуге болады. Екінші жағынан, табиғат гармониялық мәндерді сезіну тәжірибеге сайма-сай болмайды: керісінше, жасанды жолмен шығарылған музыкалық мәндерді сезіну бізге тиянақты, толық кемел тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Қайда болса да, тәжірибе жүзеге асырылғаннан кейін ол мүмкін болады, сондықтан бұдан практикалық музыка тәжірибесі ой қорытындысына сүйенетін теориялық музыка тәжірибесінен міндетті түрде анағұрлым бұрын пайда болады деген қорытынды шығады.

      Мұнда Фараби жасанды жолмен шығарылатын музыкалық мәндерді сезіну деп әдейі жасалған тәжірибені, яғни экспериментті айтып отыр, ғылым фундаментін, негізін, практика, тәжірибе эксперимент арқылы шығару идеясын ашық айтуы Фарабидің ғылым тарихындағы үлкен табысы. Фарабиге дейінгі ғылым пайғамбарларының бұл мәселені шеше алмай кеткені мәлім.

     Фарабидің әдісі бойынша ғылыми теорияны жасаудағы екінші кезең тағайындалған ұстанымдардан дұрыс қорытындылар, аслдарлар, шығара білу, екінші сөзбен айтқанда, жасалған іргетасына сай теорияның зәулім сарайын құрастыру. Мұнда ол дедукция әдісін қолданады, логикалық және математикалық қатаң әдістерге сүйенеді Фараби былай дейді: Біз индуктивтік әдіспен барлап баратын нәрселер басқа емес, болмыстың ұстанымдары болады, олардан ұстанымға көшу болып шығады, міне нақ осыны кейбір логиктер индуктивтік жол деп атап жүр. Ал түп негізден салдарға көшуді олар дедуктивтік жол дейді. Мұндай көшулер қалай және қанша түрде болатынын айтатын жер, бұл еңбек емес. Кейбір нәрселердің алғашқы ұстанымы, яғни бастапқы элементтері мәлімсіз болған кезде біз индукция әдісін қолданамыз: сонан соң бұл ұстанымдарды анықтап алғаннан кейін олардан бірсыпыра қорытынды жасаймыз, яғни дедукция әдісі арқылы салдарлар шығарамыз.

     Фарабидің бұл тамаша пікірі де заманнан көп озық айтылған. Ертедегі грек ғалымдарының мұраларын аса жоғары бағалай отырып, Фараби егер олардың Ілімі ғылымның кейінгі жаңалықтарына қайшы келсе, беделге бас имей,  қарсы шығады.

     Фарабидің әдісіне үқсас ғылыми зерттеу әдісі, кейін Еуропада ұлы итальян ойшысы Леонардо да Винчи мен жаңа физмканы жасаушылардың бірі Галилео Галилейде (1564-1642) де кездеседі. Мәселен, Галилейдің динамика заңдарын ашудағы қолдаған ғылыми әдісінің қысқаша мәнісі мынау:ең әуелі бақылау мен тәжірибелерге сүйене отырып, белгілі бір болжамдар, қағидалар белгіленеді, срнан соң осылар негізінде математикалық және логикалық салдарлар, заңдылықтар тағайындайды; ең ақырында табылған фактілер зерттеу жасау жолымен тексеріледі. Ал Леонердода Винчи Фарабидің геометриялық тәжірибесінде қарастырылған көптеген салу есептерін қарастыруы да тегін емес.

     Қалай болғанда да Фарабидің ғылыми жасау әдісі орта ғасырлардағы ең үлкен ғылыми табыстардың қатарына жатады. Бұл Фарабидің кемеңгерлігінің, ойшыл-білімпаздығының тағы да бір соны қырын ашады.    

 Әл-Фарабидің таным әрекеттеріне  көңіл аударуы. Фарабидің пәлсапалық жүйесінде материяға көп көңіл бөледі. Ол ай астындағы дүниенің шын мәнінде бар екенін, оның айдан жоғары орналасқан дүниемен, яғни аспан әлемімен бірлікте болатынын мойындайды. Біздің, яғни айдан жер бетінде орналасқеа дүниеде материя мен формадан тұратын заттар, барлығы ақиқат.

     Олар негізгі бастапқы материя болп табылатын төрт элементтердің сан алуан, әр түрлі қосылыстардан тұрады, түзеледі. Фарабидің материямен форманың бөлінбес, ажырамас бірлігі туралы тезисі дұрыс материалистік сипаттағы қорытындысы болды.

     Таным мәселесін қарастырғанда, зерттегенде Фараби өз заманындағы жаратылыстану ғылым жетістіктеріне сүйенеді және математика, астрономия, медицина, физиология, музыка теориясы және басқа аслалар бойынша өзінің жан-жақты білім қорын мол, сарқа пайдаланады. Тану теориясы бірсыпыра психологиялық мәселелерін қамтып, оның шешімін табуға тырысады. Мысалы, табиғатты олардың сезім мүшелеріне байланысты; жан қуатының және адам қабілетінің жалпы үлгісін танудың екі негізгі формасы (түйсік арқылы , ойлау арқылы) т.б. қарастырады.

    Фарабидің таным туралы ілімінің негізгі көздеген нысанасы – ғылымның ролін көтеру.

    Пәлсапа мен діннің қызметін даралау, бөлу, ең бастысы өзі үлкен ат салысқан, қатысқан танудың ғылыми әдістерін ( зерттеу-тәжірибелік әдіс, табиғат туралы білімдерді математикаландыру) жасау және дамыту болып табылады.  

    әдістемелік дұрыс бағдарды басшылыққа алып, Фараби көптеген ңақты ғылымдар (математика, астрономия, акустика, музыка теориясы т.б.) бойынша және ғылымдарды оқыту дидактикасын жасау жөнінде айтулы табыстарға жетеді. Алайда Фарабидің таным теориясы тұтас алғанда өміршең ілгершіл бола тұра, онда ғылыми қайшылығы бар бірсыпыра даулы қағидалар мен ойдың да болғанаын айтыуымыз керек.

Тұлға туралы.  Бірінші тұлға барлық жан біткеннің өмір сүруінің бастапқы себебі, сол ғана кемшіліктен ада: басқа жан біткеннің бәрінде, одан басқасында да бір кемшілік немесе бірнеше кемшілік бар. ал бірінші тұлғаны алатын болсақ, ол мұндай кемшіліктерден ада. өйткені оның тіршілігі кәміл және болмысында басқанаың бәрінен озық кәміл жетілген  ешнәрсе жоқ және одан бұрын ешнәрседе болмақ емес. Бұл ретте оның тіршілігі ең мәртебелі дәрежеде әрі ізгі , әрі кәміл жетілген.

    Сондықтан оның тіршілігі мен парқына – мәртебелі де жетілген тіршілігі мен парқына – болмыс еместерден дақ түсуі әсте мүмкін емес, өйткені болмыс еместер мен қарама-қайшылықтар ай астындағы әлемде ғана болмақ, ал болмысы еместік дегеніміз өмір сүруге тиісті нәрсенің жоқтығы деген сөз. Бұл ретте оның болмысы әсте потенциалды болмыс бола алмайды және өмір сүрмеуі де әсте мүмкін емес.

    Осыған орай ол мәңгілік, оның субстанциясы мен парқындағы тіршілігі де мәңгілік, өзінің тіршілігін баянды ету үшін ол басқа ешнәрсені керек етпейді; өзінің мәңгілік болмысында олөз субстанциясына, өз болмысының мәңгілігіне дән риза, сондықтан оның болмысына ұқсас тіршілікте, оның болмысы мен тең түсерлік дәрежеде жоқ және әсте болмақшы емес. Мұны былай қойғанда, оның парқы сондай, тіршілік етерлік себептің қажеті жоқ, өйткені ол материя емес, оның болмысы материалдық деуге әсте келмейді, субьектілік атаулыдан да ада.

      Сонымен қатар ондағы форма жоқ, өйкені форма материяда ғана болады; егер онда форма болса, оның парқы материя мен формадан құралған болар еді, ал егер осылай болған болса, онда оның болмысы екі бөліктен құралған бәлкім осылардан келіп шыққан болар еді. Әдетте, бұлай болған күнде оның болмысының себебі болар еді де, оның әр бір бөлігі басқалармен қоса алғанда оның болмысының себебі болар еді.

      Ал біздің анықтағанымыз, ол – бірінші себеп. Сондай-ақ болмысында мақсат та ниет те жоқ, сондықтан тегінде ол осы мақсат пен ниетке талпынбайды, әйпесе мұның өзі оның өмір сүруінің себебі болар еді де, оның өзі бірінші себеп болудан қалар еді.

      Сонымен қатар оның болмысы өзінен бұрынғы ешқандай нәрсені пайдаланған жоқ, өйкені ол өзінен төмен нәрсені пайдаланудан әманда аулақ. Өзінің тіршілігі жағынан ол басқа тұлғалардың бәрінен өзгеше және өз парқынан басқаша өмір сүре алмайды сондықтан ол одан өзгенің бәрінен өзгеше ететін нәрсе оның парқының бірегейлігі болып табылады. Бірегейліктің бір мағынасы – айрықша болмыс. Әрбір болмыс басқа болмыс атаулыдан осы арқылы айрықшаланады: нақ осы мағына болмысты бірегей деуге болады, өйкені мұнда оның өзіне ғана тән бомыс бар деуге мүмкіндік береді. Сонымен, бұл мағына бірінші тұлғамен тең түседі. Осы тұрғыдан алғанда сонымен бірге бірінші тұлғада бірегей, сондықтан бірегей деген анықтама мен мағынаға мен мағынаға одан тысқары бірегей делінетін нәрсе біткеннің бәріне мұның себебі н гөрі лайық.

    Бірінші тұлғаның тіршілігі осындай. Демек мұның өзі-актуальді интелект. Парқы жағынан оның өзі де – интеллекциясының пайымдалғыш субьектіні, өйткені сонымен қатар ол – интеллекцияның пайымдалғыш актуальді обьектісін сақтап тұратын нәрсе және материя болып табылады. Ал бірінші тұлғаны алатын болсақ мұнда істің жайы басқаша, қайта интеллект, интеллекцияның интеллектендіруші және пайымдалғыш обьектісі – бәрі бір мағынаға бір субстанцияға келіп тоғысады және бұлар бір-бірінен айырғысыз.

      Бірінші тұлға екі түрлі жағдайда ақиқат деп есептеледі: бір жағынан, мұның себебі, оның болмысы – ең кәміл болмыс, ал екінші жағынан, мұның себебі оның пайымдалғыш нәрсе ретінде пайымдалатыны оның болмысын болмыс күйінде, яғни сол қалпында қабыл алады. Пайымдалғыш нәрсе ретіндегі ақиқат болу үшін де басқаша парықты қажет етпейді және оны интеллекция арқылы пайымдау үшін одан тысқары орналасқан басқа парықтың керегі жоқ. Екі жақты байланыс арасында, оған ақиқат деп есептелетін болмыс басқа нәрсе атаулыдан гөрі көбірек лайық.

    Ал оның ақиқаттығы тек қана сол, оның өзі    ақиқат. Әл Насыр. Әл-Фарабидің интеллект сөзінің  мағынасы жайында пайымдасы.

    Интеллект – деген сөзді түрлі мағынада қолдануға болады. Бірінші – қарапайым сөзде, адам жөнінде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданады. Екінші  — әркім оны өзінше түсініп, мутализмдердің

үнемі айтысқа түскенде айтатын мағынада. Олар былай дейді: «Бұл өзі парасат растанған кезде айтылады» немесе «Бұл  парасат теріске шығарған кезде айтылады». Интеллектің сөзінің үшінші мағынасы Аристотельдің «Дәлелдеме» деген трактатында айтылған. Төртінші мағынасы – тағы да сол Аристотельдің «Этика» деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған. Бесінші «Жан туралы» трактатта. Алтыншысы «Метафизикада» айтылған.

      Ал енді қарапайым сөзде де қолданылатын ол өзі парасатты адам дейтін кездегі мағына келсек, мұны интелекция актысы деп түсінеді. Әр қасысы өзінше түсініп, үнемі айтысуға құмар мутакалимдер интелект жөнінде былай дейді «Мұның өзі парасат нені құптаса, сол», немесе «Парасат нені қабылдаса сол», немесе «Нені қабылдамаса сол», дейді бұлай дегенде олар әуел бастан – ақ барша жұртта қалыптасқан пікірді айтады. Сөйтіп барша жұрт қабылдаған немесе көпшілік қабылдаған пікірді бұлар интелект деп атайды.

      «Дәлелдеме» деген кітабында Аристотель айтатын интеллектіге келетін болсақ, ол мұны жанның қабілеті ғана, — өзіне қалай және қайтадан келіп қалғанын білмесе де, — аналогия жасау немесе ой толғау арқылы емес, туа біткен – жаратылысынан немесе жастайынан біткен – қасиеті арқылы универсалды (әмбебап), ақиқат және қажетті сілтемелер жөнінде анық мағұлмат алу үшін адамға жағдай жасайтын жан қабілеті деп қана түсінеді. Бұл қабілет ешбір ойланбай-ақ, ой талқысына салмай-ақ алғашқы мағұлматты қабылдайтын жанның бір тарабы. Ал осы бірінші сілтемелерді жете білу қабілет арқылы келеді, мұның қасиеттері туралы біз жоғарыда айтып өткенбіз. Міне осы сілтемелер ақыл зердесімен келетін білімдердің негіздері болып табылады.

      «Этика» деген шығармасының алтыншы кітабында Аристотель интеллект деп өзіне сәйкес келетін тектегі объектілерге ұдайы қолданудан келіп туатын сол жанның бір бөлігін айтады.

      Интеллект ұғымын осы жөнінде өзара айтысқұмар мутакаллимдер Аристотельдің «Дәлелдеме» деген кітабында айқан интеллектісі деп, немесе қандай болған күнде де сол тәрізді бірдеңе деп ойлаған. Ал егер мукаллимдер келтіретін алғашқы сілтемелерді алып қарасақ, онда бұлардың бәрі де жалпы жұр қабылдаған сілтемелер болып шығады. Сондықтан олар өздерінің пікірлерін айтқанда бір нәрсеге сүйенгенде, ал іс жүзінде басқаша істеген.

  1. «Жан туралы» трактатында Аристотель айтатын интелектіге келетін болсақ, ол мұны төрт түрге бөледі:

а) потенциялды;

б) актуальді;

в) жүре келе дарыған және;

г) әрекетшіл интеллект;

 

а) Потенциалды интеллект – бұл өзі әлі де бір жан, жанның бір бөлшегі, жан қабілеттерінің бірі немесе материядан дүниеде бар заттардың парқы мен формасын абстракциялай алатын немесе соған даяр әлдеңе бірдеңе.

      Сөйтіп, потенциялды интеллект дегеніміз өзі, сонымен, формаларды жүзеге асыратын субстанция болып табылады.

б) Актуальді интеллект

      Егер субстанциядан астракцияланған интеллекцияның пайдаланғыш объектілері осы парықта жүзеге асатын болса, онда бұл объектілері интеллекцияның актуальді объектілеріне айналады. Субстанциядан абстракциялаудан бұрын бұлар интеллекцияның потенциялды объектілері болып еді ғой, ол субстанциясынан айрылып, олар актуольді обектілеріге айналады, өйткені сол парықтың формаларында жүзеге асты.

      Сонымен, бұл парық интеллекцияның актуальді обектілері арқылы актуальді интеллектіге айналады.

      Интеллекцияның актуальді объектілеріне айналғанға дейін тек потенцияда ғана пайдаланарлық интеллекцияның объектілері жаннан тыс жатқан материалдық субстанциядағы формалар болды: бұлар интеллекцияның пайымдалғыш актуальды объектілері ретінде жүзеге асқанда, оларды болмысының өзі, актуальды пайымдылық объектілері болғандықтан, материядағы қалпында қалмайды.

      Сөйтіп егер интеллект – оның парқы актуальді интеллект болғандықтан, өз парқын пайымдаса, онда ол сол парықты пайымдай отырып, сол парықта өмір сүретін өз болмысынан басқаша ештеңе де ие болмайды, өйкені өз болмысы актуальды пайымдалғыш объекті болып табылады.

 

в) Жүре келе дамыған интеллект.

      Актуальді интеллект, олар актуальды пайымдалғыш болғандықтан интеллектінің формалары болып табылатын интеллекцияның пайымдалғыш объектілерін пайымдағанда бұған дейін актуальды деп саналып келген. Интеллект жүре келе дарыған интеллектіге айналады. Актуальді интеллект біздің өзімізде болды дейтініміз сияқты, нақты сол сияқты, бұл формалар туралы айтқанда да олар дүние бар формалар деу керек. Бұл фолмалар осы формаларың бәрі немесе олардың көпшілігі интеллекцияның пайымдалғыш актуальді объектілері ретінде жүзеге асып, жүре келе дарыған интеллект пайда болғаннан кейін ғана интеллекция актысында толық пайымдалмақ. Осы кезде бұл формалар интеллекцияның пайымдалғыш объектісі ретінде жүзеге асады, және бәрі де интелектінің формасына айналады, өйткені бұл интеллект жүре келе дарыған интеллект үшін бейне бір осы формалар үшін бейне бір субстрат болып және жүре келе дарыған интеллект үшін бейне бір субстанйия болып табылады. Осы мүлдем материалдық емес формалар, тіпті еш уақытта да материалдық болмаған және болмайтын формалар, нерархия әбден жетілген және материядан бөлектенген күйінде бағынышты болады, олай боса, демек, бұлардың болмысында қандайда бір тәртіп бар және сөйтіп бұл иерархияда ең жетілмеген интеллектінің ең аяқталған формасы жүре келе дарыған интеллект болып табылады.

 

г) Әрекетшіл интеллект.

      «Жан туралы» трактатың үшінші кітабында Аристотель айқын әрекетшіл интеллект дегеніміз еш уақытта да материяда болмаған және онымен мүлдем байланысы жоқ абстракцияланған форма. Бұл интеллект қайсы бір жағынан қарағанда актуальді интеллек болып табылады және жүре келе дарыған интеллектіге өте жақын. Потенцияда болатын парықты актуальды интелектіге айналдыратын жеке интеллекцияның пайымдалғыш потенциялдыобъектілерін тиісті актуальді объектілерге айналдыратын да осы. Әрекетшіл интеллектінің бөлінбейтіні және оның бөлінбейтін нәрселерден тұратыны күмәнсіз.

      Материяға ол өзінің парқында бар сол бөлінбейтін нәрселерге ұқсас қасиет береді, бірақ материя оларды тек түрліше қабылдайды. Аристотель мұны да «Жан туралы» трактатында түсіндірген.

 

              2.3. Фараби шәкірттері.

 

  1. Әбу Әли Ибн – Сина
  2. Омар Хаям

      Фараби өз тұсында да, өзінен кейін де халық арасында кейіннен белгілі болған. Фарабиді Шығыс пен Батыстың көп ғалымдары өздеріне ұстаз тұтып, оның еңбектерінен үлкен өнеге, ғибрат, тәлім-тәрбие алған. Солардың кейбіреулерінің өмірі мен қызметіне тоқталып өтуді жөн көріп отырмын.

 

  1. Әбу Әли Ибн-Сина.

 

      ӘбуӘли Ибн-Сина (Авиценна) Орта Азия атырабынан шыққан, ғылым мен мәдениеттің дамуына үлкен ықпал еткен ірі тұлғалардың бірі. Ол өз көзінің тірісінде – ақ замандас философтармен ғалымдар арасында «Шайхар Райс» ғалымдар ағасы атанған. Әбу Әлиді кейде «Үшінші ұстаз» деп те атайды.

      Фараби Аристотель мұраларының мирасқоры болса, Ибн-Сина Фараби еңбектерінен тәлім алған кейбір толық емес деректерге қарағанда Әбу Әли ірілі – ұсақты 274 еңбек жазған. Бұлардың басым көпшілігі (182) философия мен теологияға, 50 еңбек медицинаға, 24 еңбек жаратылыстану, математика ғылымдарына 4 еңбек, поэзия т.с.с арналған.

      Әбу Әли ғылымның барлық тарауларын ой таразысына, парасат-білім сарабына сала келіп, бүкіл ғылымды дербес үш салаға бөледі: бірінші төменгі ғылым, бұған жаратылыстану ғылымдары жатады, екінші орта ғылым, бұған математикалық ғылымдар жатады, үшінші жоғары немесе бірінші ғылым, физика теология жатады.

      Әбу Әлидің философиялық жүйесінің құнды жақтарымен қатар, қайшылықтары да баршылық. Ол өзінің ұлы ұстаздары Аристотель, Фараби сияқты сияты екі жақты көзқараста болған. Ол физикалық қозғалыстар, музыкалық теория жайында да жаңа тұжырымдар айтады. Оның Фарабидің «Музыканың ұлы кітабын» қайта өңдеп жазғаны мәлім.

      Әбу Әли 1037 жылы 57 жасында Хамаданда қайтыс болады. Тарихшылардың айтуына қарағанда, ол өлер шағында өзіне ем қонбайтынын біліп, дәрі-дәрмек ішуден бас тартқан, өлімге қарсы әрекет жасамаған, барлық дүние-мүлкін кедей-кепшіктерге үлестіріп берген.

      Жан тапсырар сәтте: «Біз өлерде барлық біліп кететініміз — өткен өмірде ештеңе білмегендігіміз», деген екен.

      Фараби мен Ибн Синаның игеріп ілгері дамытушы ғұламалардың бірі әйгілі Омар Хайям.

 Омар Хайям. Ойшыл ақын, терең философ, асқан математик Омар Ибн Ибрахим Әл-Хайши (1048) Хорасанның басты қалаларының бірі болған. Нишапурдан шыққан Омар Хайям ең әуелі, сырға толы, парасатты пайымдаулар мен ойға негізделген рубяттардың авторы. Омар Хайямнан бізге 300-ге тарта осындай рубаяттар қалды. Омар Хайям бірнеше философиялық трактаттар жазған ғұлама.

      Ол Аристотель, Фараби, Ибн Синаның көзқарастарын қабыл алып, дамытушы. Негізінен алғанда Хайям философ ретінде идеалист бола тұра көп мәселелер жөнінде материалистік поэзия ұстанған.

      Омар Хаямның ғылыми еңбектерінің салмақты жағы оның математикалық жетістіктерінде жатыр. Жоғарыда айтылған жұмыстармен математикадағы күрделі табыстары Омар Хайямды орта ғасырдағы дүние жүзілік ғылымның ең көрнекті өкілдерінің бірі деп айтамыз.

      Омар Хайям Фарабидің көзқарасын ары қарай дамыта келіп, алгебраны дербес математикалық ғылым ретінде қарап математика тарихында алгебра пәнін алғаш анықтаған ғалымдар қатарына жатады. Оның тұжырымдамасы бойынша: алгебра және әлмукабаса өнер-ғылыми өнер. Мұның мәні белгісіз бола тұра басқа бір белгілі нәрсеге байланыстырып анықталатын абсолют сан немесе кескінді, алгебралық есептеулер, теңдеу арқылы шешіледі. Омар Хайям трактатының үшінші бөлімінде құранды қатынастарды қарастыра келіп, сан ұғым кеңейту керектігі туралы өте тамаша қорытындыға келеді. Омар Хайям бұл тұрғыда да Фарабиді тағы да тіклей дамытушы. Ол кез келген үздіксіз шамаларды өлшеуге жарайтындай, бүтін сандардан әлде қайда жалпы жаңа сандарды енгізуді ұсынады. Сөйтіп Фараби мен Омар Хайям жүздеген жылдар бойы алшақ келген арифметика мен геометрия арасын байланыстыруға теория жүзінде тұңғыш қадам жасады.

      Омар Хайям – үшінші дәрежелі теңдеулерді тұңғыш рет саралап, оларды шешуді белгілі бір жүйеге салуға талпынған математик.

 

 

Қорытынды

 

     Қорыта айтқанда «Жаратылыстанудың  жоғарғы негіздері» атты трактатында Фраби заманына сай ғылыми жағынан анайылау айтылған тұстарына қарамастан бүкіл әлемнің түп негізінде Алла тағаланың құдіретімен пайда болған нұр түріндегі материалдық субстанция жатыр деген дұрыс қорытындыға келдеді, бүкіл дүниені басынан бастап қозғалыста үздіксіз эволюциялық даму барысында қарастырады.

     Фарабидің бұл трактатта айтылған идеялары кейінгі замандарда шығыс философтары мен оқымыстылары арасында кеңінен тарағанын көрсететін деректер көп.

     Мысалы: ХХ ғасырдың бас кезінде өмірсүрген қазақтың көрнекті ақыны, Шығыс мәдениетінің білімпазы Шәдітөре Жәңгірханов өзінің «Алты бармақ» атты қисасында Фараби келтірген Нұрды дүниенің тұтқасы, негізі ретінде былай дейді:

                Осы Нұрдан жаратты,    

                Он сегіз мың ғаламды.

      Ғұламаның ғылыми-педогогикалық шығармаларында әлемдік, әсемдік пенүйлесімдік, гармаония сезімдерін тәрбиелеуге ерекше мән берген. Олар эстетикалық-этикамен, қылықтылықпен тығыз байланыста. Фараби жастарға эстетикалық тәрбие беруде яғни көркемдікке баулуда поэзия, бейнелеу мәнерлеп жазу өнерлерін де назардан тыс қалдырмайды.

      Ғұламаның педогогикасының салмақты бөлігі дидактикада жатыр. Дидактика – білім беру, оқыту, оқыту процессінде тәрбиелеу теориясына арналған педогогиканың басты бір бөлігі. Платон және басқа грек даналарының педогогикалық идеяларын жаңғыртып, дамытып Фараби шәкірттері ақыл және теориялық тәрбиені біріктіретін рухани тәрбиелеу проблемасына ерекше мән берген. Бұл тұрғыда толық қанды, пайдасы, берері мол шынайы ғылыми білімділерді игерудің шешуі мәні бар.

      Ғұлама өзінің педогогикалық іс-әрекеттерінде ойлаудың әр-түрлі әдістері мен формаларын кеңінен, белсенді түрде қолданғаны анықталып отыр. Фараби өзінің жинақтаған педогогикалық, дидактикалық, әдіснамалық идеяларын, қорытындылары мен қағидаларын көптеген ғылыми трактаттарын жазу барысында нақтылай түсіп, оларды жүзеге асырып отырған. Фарабидің бүкіл психологиялық педогогикалық жүйесін бір тарауда баяндап беру қиын нәрсе. Ғұламаның бұл барлық саладағы мұраларын сұрыптап қазіргі педогогика игілігіне айналдыру – аса зор міндеттердің бірі.

      Ғұлама ғалым жаратылыстану ғылымдарының ішінде ең сүбелілерінің бірі-медицина адамының өмір сүруі, тіршілік қажеттеріне жақындата түсуді ойластырған. Ұлы ойшылдың психология мәселелеріне қатысты ой пікірлері бұл айтылғандармен шектелмейді, бұлардың бәрі арнайы зерттеулі қажет етеді.

      Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Алғаш рет Әл-Фарабидің психологиялық ой пікірлері, психолгоия ғылымының әр түрлі салалары туралы пайымдаулары неғұрлым тоығырақ қарастырылып отыр.

      Зерттеудің практикалық құндылығы.

      Зерттеуде арналған қорытындыларды жалпы психология, әлеуметтік психология, медициналық психология, музыкалық психология сабақтарында пайдалануға болады.

      Әл-Фарабидің психолгиялық көзқарастары кең ауқымды мәселелерді қамтыған:

  1. Қазіргі кезде психология саласындағы жеті ірі еңбегі бар екендігі анықталып отыр.
  2. Психология ғылымының даму тарихына қомақты үлес қосқанын ескерсек; психологияның қалыптасу тарихы бірнеше кезеңдерге бөлуде:

      1) Жан туралы ілім;

(ежелгі грек ғалымдарының көзқарастары)

      Х-ХІ ғ. Түрік әлемінде, әсіресе Әл-Фарабидің психологиялық ой тұлғалары;

      2) XVII ғ. Жаратылыстану ғылымында алған жаңалықтары байланысты психологияның физиологияның негіздерінің қалануы;

      3) 1879 ж. В. Вундтың тұңғыш эксперементалды психологиялық лабораторияны ашуда соған байланысты психологияның дербес ғылымға (баяндауыш, сипаттаушы ғылымнан, түсіруші эксперименталды ғылымға) айналуы.

      Қорыта келгенде, Фарабидің көзқарасы бойынша барлық ғылымдардың пәндері ақиқат болмас, реалды субстанция (материя) болып табылады. Бұл көзқарастары ғылымның шығу тегі, зерттейтін нәрсесі (объектісі) туралы қазіргі заманғы материалистік қағидаға өте жуық келеді, мұндай әдіснамалық дұрыс түсінік Фарабиді ғылымда тамаша табыстарға жеткізуіне әкелгені даусыз. Фараби өзінің өмір сүрген дәуірінің тарихи жағдайына байланысты әр түрлі ғаламдардың шығуының барлық себептерін, алғы шарттарын түгел ашып бере алмайды. Фараби ғылымының шығу себептерін негізінен материалистік тұрғыдан түсіндіре отырып, ол себептерді адам қоғамының практикалық мұқтаждығын іс-әрекетінен бөліп қарайды.

      Фарабидің ғылым жасау әдісті орта ғасырдағы ең үлкен ғылыми табыстардың қатарына жатады. Бұл Фарабидің кемеңгерлігін, ойшыл білімпаздығын  тағы бір сырынан танытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

  1. Әл-Фараби А. Көбесов «Қазақстан» баспасы

                                              Алматы 1971    43-54 бет,   147-161 бет

  1. Көне түрік жазба мұралар тарихы. Нүсіпова О. Н

                                              Алматы 2004,  31-41 бет

  1. А. Манашов «Әл-Фараби және Абай»

                                              Алматы 1994,  39-53 бет

  1. Е. Жәнібеков «Әл-Фарабидің физикалық көзқарастары»

                                              Алматы 1993,   5-6-7 беттері

  1. Әдебиет теориясы жайлы материал Н. Келімбетов

     «Ежелгі дәуір әдебиеті»     Алматы 1991,   117-123 беттер

  1. Қ. Жарықбаев. Қазақ психологиясын тарихы

                                                 Алматы 1996,  21-46 беттер

  1. Әл-Фараби. Саяси трактаттар.

                                                  Алматы «Ғылым» 1975

  1. Ә. Дәрісәлиев. Қазақ даласының жұлдыздары

                                                  Алматы 1995,   «Рауан» 12-22 бет

  1. Әл-Фараби. Адам жанының бөлшектері мен күштері туралы «Бұл күштер менбөлшектер қалайша бірегей жанға айналады». Философиялық трактаттар Алматы 1973,     283-302 беттер
  2. Қазақ тәлім тәрбиесі. Алматы 1995 «Санат» Қ. Жарықбаев. С. Қалиев        87-144 беттер
  3. Философиялық трактаттар Алматы 1973

                                                      19-36 беттер,     219-222 беттер

  1. Фараби және ғылым. Қазақ совет энциклопедиясы, Алматы 1973
  2. А. Манашов. Фараби санаты. Білім және еңбек журналы, 1967, №2
  3. А. Манашов Өнер мен ғылымның тоғысқан шұғыласы.

                     (Фараби)-Жұлдыз, 1975, №9.

 

  1. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар Алматы. Ғылым, 1978 ж.
  2. Қ. Жарықбаев. Әл-Фараби (Библиографиялық көрсеткіш), Алматы 1977 ж.
  3. М. М. Хайруллаев. Әбу Насыр Әл-Фараби, 1982
  4. А. Көбесов Білім және еңбек. 1970, №5
  5. Әл-Фараби Әлеуметтік – этикалық трактаттар. Алматы 1975
  6. Педогогические наследие Әл-Фараби. Алматы, 1989 А. Кубесов.
  7. А Көбесов. Сөнбес жұлдыздар. Алматы, 1973
  8. Қазақ инциклопедиясы. Әл-Фараби 2 том, 1971.
  9. Әл-Фараби Историкр-философские трактаты, Алматы, 1985.
  10. Әл-Фараби Логическиетрактаты. Алматы 1975.
  11. Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) средневековый

       тюркский ученый-энциклопедист Кн.(1,3); 2(1,3,4)

       4(1-4); Кн. 4ч  11(1-5,7,8); 12(4).

  1. В.В. Чистов, Алматы 2001, Психология в афоризмах и

       народных изречениях.

  1. Қ. Жарықбаев Әл-Фараби Библиографиялық көрсеткіш

       (І-кітап) Алматы «Қазақстан» 1975

       екінші кітап. Алматы 1975

  1. Әл-Фараби Научное творчество сб. Статей М. 1975

 

 

 

  Әл – Фарабидің психология саласында жазған   еңбектері:

 

  1. Жанның мәні туралы.
  2. Түс көру туралы сөз.
  3. Жан туралы.
  4. Ақыл және ұғым.
  5. Жасөспірімнің ақыры туралы кітап.
  6. Ересектердің ақылы туралы кітап.
  7. Темперамент туралы.