АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Алматы қаласында қысқы олимпияда өткізу мүмкіндігі

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЫ

1.1. Жер бедері мен орографиясы

1.2  Климат жағдайлары

1.3  Жер бетінің су қоры

1.4  Топырағы, өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі

 

2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚЫСҚЫ ОЛИМПИЯДА ӨТКІЗУ МҮМКІНДІГІ

2.1 Олимпиядалық ойындар туралы жалпы мәлімет

2.2 Алматы қаласының қысқы олимпиада өткізу мүмкіндігі

2.3 Алматы қаласындағы қысқы олимпияда өткізуге дайындығы

 

3 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АЗИЯЛЫҚ ОЛИМПИЯДА ОЙЫНДАРЫН ӨТКІЗУІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ,ТУРИСТТІК ОРТАЛЫҚ РЕТІНДЕ ИМИДЖІНЕ ӘСЕРІ

3.1 Алматы қаласының 2014 жылғы  халықаралық Олимпияданы өткізуге  үміткер

3.2 Азиялық қысқы олимпияда  ойындарының Алматының туристік имиджіне әсері

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

          Еліміздің «Оңтүстік астанасы» болып саналатын Алматы қаласы Іле Алатауының етегінде орналасқан. Ол еліміздің қаржы- экономикалық, әлеуметтік — мәдени, ғылыми және саяси орталығы болып табылады.

Алматы,  Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь — Шань  тау сілемдерінің  солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік — шығыс бөлігіндегі  Іле Алатауының солтүстік беткей  баурайында, теңіз деңгейінен 700- 900  метр жоғары,  Үлкен  және Кіші Алматы өзендері аңғарларында  орналасқан. Солтүстік  жағында қала  территориясы  сәл еңістеу жазыққа  ұласады.  Атырабының  600 метрден жоғары орналасқан  өңірі — қалың ағаш өскен  шұрайлы алқап.

          Алматы қала маңының әсем табиғаты дүниежүзіндегі кез- келген аймақпен теңдесе алады. Ондағы Медеу спорттық кешені, Түрген шатқалы, Шымбұлақ тау — шаңғы курорты, Алма — Арасан шатқалы, Шарын, Алтын Емел, Көлсай, Алматы мемлекеттік қорығы, Іле Алатауы ұлттық саябақтары бұлар табиғаттың баға жетпес байлықтары.

          Мұнда туризмнің көптеген түрлері — тау туризмі, экотуризм, сутуризмі, альпинизм және спорттық көптеген туризм түрлері, ат туризмі, сноуборд, сноутюбинг; шым – шытырық туризм түрлері дамыған.

Ал танымдық мәдени туризмге  Тамғалы тас тау шатқалында Аңырақай күмбезі, Бесшатыр мазары, Жібек жолы бойындағы көне қала Тальхиз, Сақ қорғаны ескерткіштері арқылы еліміздің этнографиялық, тарихи және мәдени мұраларымен таныса аламыз.

Алматы қаласы 2011 жылы олимпиядалық ойындар өткізудің экономикамыз және саяси жағынан тиімді әсері мен пайда, көмегі бар. Біз біріншіден, осы олимпиядалық ойындар өткізу арқылы елімізді дүниежүзіне таныта аламыз. Сонымен қатар осы олимпиядаға жұмсаған қаржынының 80% телеарналарға көрсету құқығы бергенінен және жанкүйерлерге сатылған биленттер арқылы кіріс түседі. Салынған объектілер халықаралық стандартқа сай болуына байланысты еліміздің спортын  дамытып, болашақта елімізді танытарлық жас спортшыларды дайындауға мүмкіндік туады.

          Сонымен, әсем қаламыз Алматы 2011 жылы қысқы Азия олимпиядалық ойындарын өткізуге мүмкіндік алды және 2014 жылы халықаралық Олимпияда өткізуге үміткер болды.

          Олимпияда өтетін жерлер деп  Талғар,Түрген шатқалы таулар жобаланып отыр.

Олимпиядаға келетін қонақтар мен жанкүйерлерге арналған, дүниежүзілік стандартқа сай халықаралық қонақ үй желісінің  (Hyatt Regency Almaty, The Regent Almaty)  36 — қабатты американдық  5 жұлдызды «Mariot – Esentai» қонақ үйінің құрылысы жүргізіліп жатыр және қала  орталығындағы бұрынғы пионерлердің орнына бес этажды отель салынып  жатыр.

1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЫ

 

1.1. Жер бедері мен орографиясы

 

Жер бедері (рельефі). Алматы төңірегі негізінен таулы келеді.  Оңтүстігіндегі Тянь- Шань тау жүйесінің бір сілемі — Іле Алатауы жатыр. Тау етегінде шайынды жыныс қабаттарынан түзілген ысырынды конус  элементтері  көп  кездеседі.  Үлкен  және Кіші Алматы өзенінің  аралығы дөңбектасты- малтатасты  шөгінділерден  түзілген.  Қала негізінен  осы ысырынды  конуспен  лайлы тасқындар әрекетінен  жиналған жыныстар қабатының үстінде орналасқан.  Алматы территориясының  оңтүстік бөлігі,  оның орталық, әсіресе солтүстік бөлігіне қарағанда  қатты тілімденген.

Альпілік тектоникалық қозғалыстар Іле Алатауына күрделі кейіп берді. Биік таулық ярус  (3000- 5000 м) бедері альпілік сипатта,  тік жартасты,  терең құзды,  құлама беткейлі,  шыңырау сайлы болып келеді. Гляциалдық белдеуінің  біраз бөлігін мұз  басып жатады.  Бұл аймақта тау жыныстарының үгілу және тік беткейлермен  төмен қарай сусу қарқынды күшті болғаны байқалады. Бұған шектес төменгі ярустың (3000-1500 м) бедері терең сайлар мен  жосықтарға толы,  өзен аңғарының  беткейі тік құлама болып келеді.  Алматы төңірегінің ең биік жері- Іле Алатауының  Талғар шыңы (4973 м) /1/.

Қала маңындағы Іле Алатауының солтүстік сілемі аласа төбе, адырлы келеді, мұнда бөктерлік биік шоқылар көп ( қазіргі Боралдай қыраты, Көктөбе, Қотырбұлақ, Шаналысай). Тау етегіне ұштасып жатқан жазық өңір негізінен  борпылдақ жыныстардан және малтатасты- дөңбектасты шөгінділерден түзілген,  беті лесті, құмды- сазды қабаттан тұрады. Солтүстікке қарайғы атырап бедері едәуір  еңіс келеді де,  бірте- бірте тегістеле бастайды. Бұл өңірде Үлкен және Кіші Алматы, Есентай (Весновка), Ремизовка өзендері бар. Солтүстік батысқа қарай сай-жыралар мен құрғақ аңғарлар көп, жер беті сәл еңістеу, антропоген кезеңінің аллювий және эол шөгінділерінен түзілген жазық дала. Мұнда биіктіктері 60-80 метр шамалы қырқалар мен төбелер жиі ұшырайды. Құмды қырқалардың беткейлерінде қуаң  далаға бейімделген ксерофитті өсімдік өседі. Табиғи жер бедері қала жағдайына сәйкес айтарлықтай өзгеріп келеді. Мысалы, Үлкен Алматы өзені аңғарындағы дөңбектасты- малтатасты аумақты төбе алғашында құм, қиыршықтас  өндірілетін карьерге , кейін  қала тұрғындары тынығатын  Сайран  бөгеніне  айналдырылды.

Геологиялық құрылысы. Алматы альпілік сипаттағы тау массиві – Іле Алатауы антиклинориінің солтүстік қанаты етегінде. Ендікке  жуық бағытта созылған географиялық құрылымдар мен тектоникалық жануарлар зоналарының жалпы бағытына  сәйкес келеді. Бұл жота граниттен, габбродан, эффузиялар мен олардың туфтарынан, эффузиялық шөгінді жыныстардан, аздап құмдастардан, мәрмәрдән  түзілген. Іле Алатауының қазіргі сипаты палеогеннің ақырында басталған тектоник, процестердің нәтижесінде қалыптасқан /2/.

Бүкіл антропоген кезінде таулардың  биіктеуіне  байланысты Іле Алатауының солтүстік  беткейлеріндегі өзен аңғарлары мен  шатқалдарында дөбектас, қиыршықтас – малтатас, құм – саз  құрамды кесек жыныстар мол жиылды. Бұл тау етектерінде ысырында конустарды түзіп, төменіректе ені 10 – 15 км қалыңдықта. 2000 – 3000 метрлік  тұнба жыныстар қатарына ұласады.

Ысырынды конустардың жазыққа қарай  ылдилау анық байқалады. Көлденең қимасы линза пішінді. Мұнда тау жақтан келген жер беті мен жер асты ағындарының сүзілуі нәтижесінде артезиан суының мол қоры  жинақталады. Қала үшін бұл судың маңызы күшті.

Қала атырабының жоғарығы сейсмикалылығымен, көне және жас терең жарылыстары мен байланысты. Мұнда  үлкен апат болған.  Верный (23 май (9-июнь) 1987) және Кемин 22 желтоқсан  1910 (4 қаңтар) 1911) жер сілкініулері болды. Соңғысы СССР – ның континенттік   бөлігіндегі ең  күшті жер сілкіну болып табылады /3/.

Сейсмологиялық және геофизиологиялық комплексті зерттеулер жер сілкінуінің  қалыпты 9* балдық зонасын және  одан жоғарғы сейсмикалық аймақтарды анықтауға мүмкіні береді, ірі ғимараттар тұрғызуға  қажетті антисесмикалық шараларды анықтады.

Алаты күшті лайлы тасқындардың бар аймақта  орналасқан. Анатты тасқындар Кіші Алматы  өзенінің арасында 1921 және 1973  жылдары болды. 1921 жылы қалаға 3 млн м3 – ден астам балшық пен тас қаптады.  Мореналық  Тұйықсу көлінен басталған 1973 жлы лайлы тасқынды  Медеу   плотинасы  бөгеп тоқтатты.  1977 жылы тамызда Үлкен Алматы  өзенінің аңғарында 6 млн— дй көлемдегі сел тасқыны болды Үлкен Алматы плотинасы). Қазіргі кезде  елді – мекендер мен халық шаруашылық объектілерінен лайлы тасқындар мен қар көкіндерінен сақтандыру жобаларының жүйесі іске  қосылды ( Селден қорғау басқармасы). Алдын ала сақтандыру шаралары кеңінен жүргізілуде (Сел, Сел тасқыны станциясы).

Қаланы кеңейту  үшін жер бедері қолайсыз, ылғалды мол босаң топырақты алаңдар кеңінен игерілуде. Мұндай жерлерді пайдалану  үшін әуелі әр түрлі техникалық шаралар жүргізіледі (сай  — жыралады тоыпыраққа толтырып  текістеу, дренеждау, ағынды реттеу, т.б.). Қала шетіндегі антропогендік қабаттардың  іргетасы осы тереңдікте орнатылады.  Қала іші мен оның төңірегінен табылған, құм, қиыршықты тас, малтатас, құрылыстық және  беттеме  тас, ізбестас және  тағы да  басқакеңдері кеңінен қолданылады /6/.

Гидрогеологиялық жағдайы.  Алматы өзінің гидрогеологиялық жағдайы  жөнінен Іле артезиан алабына, Іле Алатауының солтүстік бөктерлік терең ойпаты аймағына жатады. Қалыңдығ 3200 метрден астам палеоген – неогендік, антропоген шөгінділер жаралу тегі мен құрамы  әр түрлі жер асты  суы  жмылған.

Палеоген мен төменгі неогеннің құм қабаттарында тұзды (37 – 54г/л), хлоридті, натрийлі, ыстық (70 – 800 С), арыны күшті (250 – 300 атм) жер асты суы бар. Суының құрамы (г/кг): йдо – 0,007, бром – 0,060, бор – 0,006 – 0,018, кремний қышқылы – 0,017.

Жоғарғы неоген жыныстары қабатының 1750 м тереңдігінен ыссы (скважина забойында  810С), сәл тұздылау  тұз шағыда. Құрамы (г/кг): йод – 0,001 – 0,002, бор – 0,020, бром – 0,012 – 0,017, кремний қышқылы – 0,036, фтор – 0,003; Газдары (%): азот пен сирек газдар – 85, оттегі – 13, метан – 2. Судың бальнеологиялық қасиеті анықталды. Мұнда қол – аяқ, жүйке, ішек – қарын ауруларын емдейтін санаторий салынуда (1982).

Анторпогеннің  дөңбектасты – малтатасты, құмды – саздақты шөгінділерінде (қалыңдығы 500 метрлен астам) жер асты суының ағыны бар. Үлкен және Кіші Алматы, Қарғалы өзендерінің ысырынды конустарында бұл су ағынсыз келеді, ал таудан 16 – 20 км қашықтықтағы сазды қабаттарды арынды судың бірнеше горизонттары қалаптасқан, суы тұщы (0,2–0,3 г/л), гидрокорбанатты, кальцилі және салқын. Бұл горизонттарда 50 – 60%  өзен суы, 20 — 25% ирригациялық су, 10 % атмосфера ылғалы, 1 – 2% таулық жер асты суының үлесі бар. Анторпоген жынысының сулары қаланы сумен қамтамасыз ету үшін пайдалануда /8/.

Тауда жарықшақтық және өте  тұщы (0,1 – 0,3 г/л), гидрокорбанатты – кальцилі магнилі су көздері көп. Неогеннің тұзды шөгінділерінің жапсарларындағы су сәл ащы (1 – 3 г/л), сульфатты, натрилы болады.

Тектоникалық жарылыстар мен минералды жылы су зоналары байланысты. Бұл сулардың шипалық қасеттрі бар. Алма Арасан санаторий» осындай судың негізінде жұмыс істейді.

 

1.2  Климат жағдайлары

 

Климаты. Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы- желсіз тымық ауа райымен және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен  қарай ығысуымен ерекшеленеді. Ауаның көп жылдық орташа температурасы 90 С, ең жоғары температурасы  420 С, ең төменгісі- 380 С.

 

1- кесте. Ауаның көпжылдық орташа және экстремальдық температурасы

 

Айлар

I

I I

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Жылдық

 

Орт.темп (0С)

-7

-6

2

10

16

21

23

22

17

10

0,1

-5

9

Абс.макс (0С)

17

18

26

33

37

39

42

40

36

31

25

18

42

Абс.мин (0С)

-36

-38

-27

-10

-7

-2

-7

-6

-2

-15

-34

-32

-38

 

Алыну көзі «Алматы  энциклопедиясы»

 

Бозқырау шамамен 14 қазан мен 18 сәуір аралығында байқалады, ерте түсетін кезі- 28 қыркүйек, кешіккенде 30 мамырға дейін созылады. Ауаның 00С- тан жылы кезі жылына орташа есеппен 176 тәулікке (жалпы 118-214 тәулікке) дейін жетеді. Вегетациялық кезеңнің орташа ұзақтығы 252 тәулік, 1-шы наурыздан 18- ші қарашаға дейін созылады. Тұрақты аяз, яғни ауаның 00С- тан төмен мәні орташа есеппен 67 тәуліктей шамамен 19  желтоқсаннан 23 ақпанға дейінгі кезеңді қамтиды. Кейбір жылдары қыста 60-70 тәуліктей күннің тым жылынатын кездері болады (1940-1941, 1951-1952, 1962-1963 жылдары). Ауа температурасы 300С-тан жоғары ыссы күндердің саны орташа есеппен жылына 36 күндей, ал 1944 жылы- 58 күнге созылса, 1972 жылы — 8-ақ күн болғаны байқалады /5/.

Қуаңшылығы басым кез тамыз айы, бұл айда қалаға орта есеппен 24 мм ғана жауын-шашын түседі, ал ылғалы мол ай -мамыр, 93 мм. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 550-600 мм (2-кесте). Жауын-шашынды кезең сәуір-мамыр айлары, бұл құбылыс кейде қазан-қараша айларында да байқалады. Жылдың салқын кезі негізінен тұманды келеді. Тұманды күндер саны қала және оның төңірегінде орта есеппен жылына 50-70 тей, жылдық орта мөлшерден ауытқуы кейбір жылдары 40 тәуліктей. Күн күркіреу, найзағай жарқылдау (жылына орташа есеппен 23-45 күндей) болады. Әсіресе мамыр-шілде айларында өте жиі байқалады. Алматы климатының ерекшеліктерінің бірі — кейде наурыздың 2-ші жартысында-ақ күн күркіреп, найзағай ойнайды. Соңғы рет бұл құбылыс 1982 жылы 17 наурызда, қала үстіндегі жылы ауа мен солтүстік-батыстан ағылған салқын ауаның шұғыл араласуы нәтижесііндегі күшті қар жауу кезінде болды.      

Қардың тұрақты жатуы шамамен 30 қазаннан (кейде 5 қазаннан 21 қарашаға дейінгі аралықта) басталады. Толық еру мезгілі 2 сәуір (өте ерте кету мерзімі 26 ақпан, ең кеші -12 мамыр) шамасы, Қар шамамен 114 тәулік бойы жатады. Наурыздың соңғы он күндігіндегі қардың қалыңдығы 4 см мөлшерінде.Аспанды негізінен көбіне орта және жоғарғы ярусты жұқа шарбы бұлт басады. Бұл күн радиациясын онша тежемейді. Сондықтан бұлттылықты төмендегідей сипаттауға болады. Жазда бұлттылықтың қайталануы 12%, жылдың қалған маусымдарында 20-30%, күн ашықтығының (0-2 балға дейін) қайталануы жыл бойына 70%-ке жуықтайды. Сібір антициклонының қалыптасуына байланысты қала үстіндегі атмосфералық қысым артады.(2-кесте)

 

 

 

2-кесте. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері, салыстырмалы ылғалдылық және ашық күн ұзақтығы

 

Айлар

I

II 

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Жыл-дық

Жауын-шашын

мм

28

29

62

92

93

57

36

24

26

49

47

32

575

Салыстыр. ылғалдыл.

(сағ. 13- тегісі)

68

67

65

50

48

42

35

33

34

45

65

68

52

Ашық күн ұзақтығы

(сағ.  есебімен)

116

120

146

194

239

280

308

295

248

193

128

102

2365

 

 

          Алыну көзі «Алматы энциклопедиясы» мәліметтері бойынша

 

Гидрометеорологиялық обсерваторияның Алматы станциясында оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел басым байқалады (30%), жазда мұның  тұрақтылығы артады (37 %), қыста кемиді (19%). Қаланың солтүстік жазық бөлігінде (Боралдай және аэропорт маңын.да) жел көбіне солтүстік-батыс бағытта соғады.Жылдамдығы 15 м с не бұдан да күшті жел жыл бойына 15 тәуліктей соғады.Мұндай күшті жел 1933 жылы (60 жылда 1 рет байқалады) 40 тәуліктей болды. Күшті жел қыс маусымында өте сирек (10 жыл ішінде 1-3 тәуліктей) ,жазда жылына 2-3 тәуліктей, көбіне түстен кейін соғады. Басқа ірі қалалардағыдай Алматы қаласының орталығында да “жылы арал”бар екені анықталды, картада бейнеленді.Қаланың солтүстік және оңтүстік шетіне қарағанда“жылы аралда” ауа қыста 0,80-3,80С, жазда 2,20-2,60-тай жылы, Қаланың солтүстік шетіне қарағанда орталық бөлігінде аяз 7 тәулік кеш түсіп, 3 тәулік ерте шығады /6/.

Бұл аймақтың климаты айқын көрсетілген континентальдылығымен ерекшеленеді. Тау етегі зонасында жаз өте ыстық, ал қысы жиі жылылқты қоңыржай жылы болып келеді. Тауға жоғарылаған сайын ауаның температурасы да төмендейді, қар мөлшері де көбейеді, ал биік таулы зонада қарлар қатты түрде түседі және тұрақты қарлар мен мұздықтарды құрайды. Ауа температурасының күрт тербелуі, нивальді белдеуде қарқынды үгілудің пайда болуына себеп болады. Сонымен қатар, солифлюкциялық құбылыстар  тау беткейлерімен қиыршық тастардың жаппай жылжуы тән. Тау етегі жазығында да, үгілу процестері белсенді байқалады: шаңды дауылдар, топырақ құрғақшылығы, құмдардың үрленуі мезгілімен болып тұрады, қой тасты-малтатасты материал біртіндеп бұзылуға ұшырайды. Геоморфологиялық жағынан алсақ та, қысқы теріс мағыналы температура су ағындары эрозиясының, беткейлік процестердің, материалдың өзендер арқылы тасмалдануын бәсендете отырып, грунттық және өзеннің қатуына, қар жамылғысының пайда болуына алып келеді

 

1.3  Жер бетінің су қоры

 

Жер бетінің су қоры. Қала және оның төңірегіндегі өзендер Іле алабына жатады. Негізінен бұлар ағыны қатты, арналары енсіз (10-15 м) және терең шатқалды (800-1000 м) келеді. Бастауларының орналасу және су жинау сипатына қарай бұлар екі топқа бөлінеді: бастаулары қар жиегінен төменде жатқан бөктерлік өзендер және мұздықтардан шығатын биік таулық өзендер. Негізінен атмосфералық жауын-шашын суымен толысатын болғандықтан, су көздерінің ең жоғарғы деңгейлері көктемгі қар еруге және шілде айларында таудағы қар мен мұздықтардың еруіне байланысты байқалады. Өзен суы шілденің басында, яғни ауа температурасының шұғыл жоғарылауына байланысты мұздықтардың көп еритін уақытында молыға түседі.Осы кезде сел тасқындары да жиі болады.Таңертеңгілікте су деңгейлерінің тәуліктік ауытқуы аз, ал кешкілікте мұздықтардың күндіз еруінен су деңгейі 15-20 см-ге дейін көтеріледі.

Өзендері. Қала арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және бұлардың салалары —Есентай (Весновка), Ремизовка,Казачка, Қарасу өзендері ағады.   Бұлар 3000 метрден жоғары беткейлерден басталады, негізінен мұздық суымен толысады, деңгейінің төмендеуіне не көтерілуіне жауын-шашын мен жер асты суы әсер етеді. Үлкен Алматы өзені Іле Алатауының 3500 м биіктіктегі беткейлік мұздықтан басталады. Орта биіктік зонасында мұның бір тармағының жоғары антропоген мұздық моренасының көмкерілуімен Үлкен Алматы көлі пайда болған. Оның төменгі жолында өзен суы құбырымен СЭС тізбегіне беріледі. Одан біраз төменіректе өзен аңғарында Үлкен Алматы плотинасы салынған. Өзен қаланың батыс бөлігімен ағып, қаладан 52 км қашықтықта Қаскелең өзеніне құяды. Жылдық орташа су шығыны 4м3 с. Қаланы электр энергисы және сумен қамтамасыз етуде маңызы зор.

Кіші Алматы өзені Тұйықсу мұздығынан басталады.Аңғарында лайлы тасқынға тосқауыл ретінде Медеу плотинасы бой көтерген. Қалаға жеткенше Кіші Алматыға Кімасар және шағын Бұтақты (Бутаковка) салалары құяды. Қаладан үш тармақ — Кіші Алматы, Есентай (Весновка), Казачка өзендері ағып өтеді. Кіші Алматы, Есентай (Весновка) арналары қала ішінде жеке-жеке тосқауыл бөгеттерге бөлініп, жағасы бетондалған. Кіші Алматы қаланың солтүстігінде Қапшағай бөгеніне құяды.

Көлдері және бөгендері. Қала өміріне байланысты көлдер негізінен гляциалдық зонада орналасқан. Олар шапшаң еритін мұздықпен көмкерілген көл және мореналық немесе ерімейтін мұздықпен байланысқан көлдер болып екі топқа бөлінеді. Іле Алатауы сілемдерінде зерттелген 128 мореналық шағын көл бар. Бұлар -тұщы су көзі, сондай-ақ таулық көлдер лай тасқындарының қалыптасу процесінде үлкен роль атқарады. Тұйықсу мұздығының етегінде, Кіші Алматы аңғарында осындай үш көл бар. Олардың аумағы жиі өзгереді, кейде мүлдем тартылып қалады, соңынан қайта пайда болады/35/.

Қала өмірі үшін Ақсай бөгені, Ащыбұқлақ бөгені, Қапшағай бөгені, Мыңжылқы бөгені, Сайран бөгені сияқты жасанды айдындардың маңызы зор. Алматының батыс бөлігінде, Үлкен Алматы өзенінің аңғарындағы Сайран бөгені жағасында жаз айларында Алатау, Әуезов ауданының тұрғындары демалады. Сол сияқты Үлкен және Кіші өзендерінің аңғарларындағы, Іле бойындағы Қапшағай тағы басқа бөгендер қала халқының демалыс орындарына айналып отыр.отыр.

Мұздықтары.    Қала табиғатына тікелей әсер етуші Іле Алатауы жотасының  солтүстік беткейі шыңдарында жалпы ауданы 308,03 км307 мұздық қалыптасқан. Солтүстік беткейлік мұздану аумағы батыста, Ұзынқарғалы өзенінің жоғарғы бөлігінен, шығыста Түрген өзенінің бастауына дейін созылған.  Мұндағы қар жиегі 3800- 3900 м биіктік шегінде өтеді.  Аумақты мұздықтар жотаның орталық бөлігіндегі биіктігі 4700 -4900 м тауда шоғырланған. Мұздықтарына тән сипат- көпшілігінің ауданы шағын (2 км2 шамасында) болып келеді (бұлар жалпы мұздықтардың 87%-і). Мұздықтар ұшының ашық бөлігі шамамен 3 530 м биіктікке, көмулі бөлігі 3 440 метрге дейінгі деңгейге төмендейді, ал фирн сызығының ең биік деңгейі аңғарлық мұздықта (3 780 м) байқалады. Шлейфте бұл 3840  метрге, қар мен аспалы мұздықта 3820 метрге дейінгі деңгейге төмендейді. Іле Алатауының қазіргі  мұзданудың пайда болуы көбінесе жер бедерінің сипатына байланысты да, өңірінің климат жағдайына біршама тәуелді. Қала атырабын және оның өнеркәсіп орындарын тұщы сумен қамтамасыз етуде, маңайдағы егістік пен бау- бақшаны суаруда мұздықтардың рөлі өте зор /14/.

 

1.4  Топырағы, өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі

 

Топырағы. Алматы және  оның төңірегінің топырақ қабаттарының құрылымы Іле Алатауы жотасының солтүстік беткейіндегі биіктік белдеуліктердің ерекшелігімен сипатталады. Табиға климаттық жағдайының құбылып отыруына биіктіктің 3400 – 3500 метр аралығында  және  бұдан да  жоғары өзгеруіне  байланысты. Мұнда  өзіндік топырағы мен өсімдігі бар биіктік белдеулер мен зоналар қалыптасқан. Ең төменгі зонаның қаланың солтүстік бөлігіндегі  шөлді дала алып жатыр.  Бұл қалың қабатты лесті, құиды саздан түзілген,оның астында едәуір тереңдікке дейін құмтасты, малтасты шөгінділер кездеседі.  Бірінші Алматы мен аэропорт маңында, одан да  солтүстікке қарай сұр топырақ тараған және  мұның жғары қабаындағы гуміс мөлшері 2 — 3%, азот пен фосфор мардымсыз. Көгалдандыру және ауылшаруашылық дақылдары өсіру тек қолдан суарғанда ғана мүмкін. Ысырынды конустан тау етегіндегі жазыққа ұштасар аралықта  жер асты суы жер бетіне жақын, жіңішке сазды өңір ерекшеленіп бөлінеді. Оның оңтүстік солтүстік шекарасыОктябрьдің 50 жылдығы атында проспектге жетеді. Мұнада  шалғынды қызыл топырақ тараған, көптеген дақылдар үшін мұның құнарлылығ  жеткілікті болып есептелінеді.

Сазыды топырақ әсіресе, ағаш өсіруге қолайлы, қосыиша суландыруды керек етпейді. Өйткені ағаш тамырлары грунт суымен қоректенеді. Одан оңтүстікте Әль – Фараби проспектіне дейінге аралықта қойтас, малтатас шөгінділерінің қабаты бар. Оның бетін лесты құмды саз қабат жапқан, құрамында қоректік заттар (азот,  фосфор, калий) жеткілікті, шірінді мөлшері 4 – 6%. Қарақоңыр топырақ түрері өзіне тін қабаттарының ерекшеліктері бойынша бірнеше топқа ажыратылады. Бұдан жоғары жатқан таулық қара топырақты белдеулік зона (1000 – 1400 метр) Каменское плато үстіртіне  дейінгі аралықты қамтиды. Бұл қалың лесты жыныстардың құнарлы  зонасының бірі болып саналады. Құрамындағы шіріндісі 8 -13% — ке  дейін жетеді және басқа  да  нәрлі заттары мол. Бұл зона ертеден игерілген. Алматы апортының ең жақсы өсетін жері болып саналады. Медеу шатқалында одан төменгі белдеуде және жоғары жатқан биіктігі орта  таулы белдеуде шалғынды орманды даланың сілтісіз қара, тау орманының қоңыр сұр және таудың орманды, шалғынды топырағы орын алған. Бұладың да  құнарлылығы  жоғары. Ылғалы жеткілікті болады.

Өсімдік жамылғысы. Қала мен оның  төңірегінденгі флорасы мыңнан астам өсімдік түрінен тұрады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай жусанды- сораңды, кейде қамыс айрауықты шалғын, шие өскен шөл дала, одан жоғары альпілік шалғын, қаралы шың белдеулері жақсы байқалады. Шөлді дала белдеуі негізінен жазықты (теңіз деңгейінен 600-  1200 метр биіктікті қамтиды). Мұнда мол эфемерлер мен аралас жусан, бетеге, тобылғы мен ит мұрын өскен. Қазір бұл аймақ  толығымен игеріліп мәдени- ландшафтыға айналған. Бүктерлі өңірде ғана эфемерлік қызғалдақ, жауқазын, құртқашаш, т.б. жусанды шөл және боз шалғынды дала табиғи өсімдіктері кездеседі /19/.

Орман белдеуінің төменгі жағында үйеңкі. Долана, сарыағаш, итмұрын, сарыағаш, қарақат т.б. аралас орман өсімдіктері өседі. Тау беткейлерін әртүрлі шөпті шалғын алып жатады. Бұл белдеуліктің өсімдіктері ара тұра қала ішінде де кездеседі. Жапырақта орман ,  шырша басым өсетін қылқанды орманға (1200-1800 ) ұласады. Тянь- Шань шетені, сарыағаш, мойыл, тал, таңқурай т.б. ағаш пен бұталар орман белдеуінің негізгі түрлерімен  аралас өседі.

Бұдан жоғары яғни 2800-3200 метр биіктікте субальпілік және альпілік белдеуде жатады; өсімдігі таулық шалғыннан аршалы, бетегелі, күйген басты, далалық және альпілік аласа өсімдіктерден тұрады. Бұл өңірді жазда жайлау ретінде пайдалануға болады.

Қала шегіндегі жасыл желек шамамен 8000 гектар ауданды алып жатыр. Мұның 2,5 мың гектарға жуығы жеміс ағаштары. Қала маңында 4000 гектарда бақ өседі. Қаланың әрбір тұрғынының үлесіне 90 м2 жуық жасыл желектен келеді. Жыл сайын қалада 250 мың түп ағаш миллионға жуық бұта өсімдіктері отырғызылады. Алматы көшелерінің бойында парк аллеяларына ұқсас терек, емен, қараағаш, қайың және қарағай аралас өседі. Қаланы көгалдандыру үшін ұсақ жапырақты жөке ағаш, қараағаш, ақтал, кәдімгі және қырым қарағайы, Тянь- Шань шыршасы , виргин ағашы, аршасы т.б. ағаш түрлері, қанқызыл, жұмсақ долана, Тянь –Шань шетені, әсем жыңғыл, аласа бадам, қалмақ бадамы, жылтыр және қаражеміс ырғай, қаражеміс, тобылғы, сирень т.б. бұта өсімдіктері отырғызылады. Қаланы безендіру үшін аумақты гүлзарлар (үкімет үйі жанында, М.Горкий атындағы демалыс саябағында, Республика алаңдарында) егілген.

Біраз жерді көгал алаңдар алып жатыр: мұнда жаз айларында раушан, нарғызгүл, қызғалдақ, нарцисс, флокс, хризонтема, лалагүл, ландыш т.б. гүлдер көптеп отырғызылады. Қаланы көгалдандыруда парктердің, скверлердің, бақтардың (жалпы ауданы 1000 гектардан астам  60- тай парк, бақ және сквер бар) т.б. жасыл аралдардың маңызы зор. Қалада ботаника бағы, 28 гвардияшы Панфиловшылар атындағы парк, Сейфуллин атындағы парк, Орталық мәдениет және демалыс парктері бар.

 Аэропорт жаңындағы жасанды көл жағасында 60 гектарлық орман паркі жасалды, мұнда 80 мың түп ірі ағаш отырғызылған. Жаңа жасыл желекті алқап жасалумен бірге Баум тоғайы сияқты бұрынғы алқартар жаңартылуда /18/.

Жануарлар дүниесі. Алматы мен оның төңірегінде 141 түрі байқалған. Бұлардың 34 түрі осы маңда ұялайды, 57 – сі қыстайды, 88 түрі ұшып өтеді. Ұя салатын құстардың көбі негізінен тау бөктеріндегі ғаш – бұталы  тоғайлы жерге тән түрлер (дала жау торғайы, кәдімгі қара торғай, сарғалдақ, тағанақ, түркістан жуланы, тұйғын, қара шымшық, оңтүстік бұлбұлы т.б.). Ұя салатындардың 8 түрі осы  өңірді тұрақты мекенейтін – дала жау торғайы, үй торғайы, князь құс, қарашымшық, сақиналы кептер, египет кептері, майна, сарышымшық. Соңғы  үшеуі осында 60 – жылдары жерсіндірілген.

Ұшып өтетін құстардың тобы осында мекендеушілерге қарағанда басым келеді. Бұлардың ішіндегі басты түрлері – қара  кезқұйрық, қарала торғай, шабыншы торғай. Сонымен қала үстінен, «Қазақ ССР – інің Қызыл кітабына» енгізілген ақбас тырна ұшып өтеді.

Құстардың келуі мен қайтуы кезінде қалаға және  оның маңында мүлдем тән емес суқұзғын, қаз, үйрек, сутартар, кіші әупілдек, бұлдырық т.б. құстар кездеседі. Кішкене жабайы құстарды, сондай – ақ тышқан тәпізді кемірушілерді аулау үшін қалаға жыртқыш құстар (тұйған, қаршыға, қырғи, ителгі, кәдімгі бөктергі, жапалақ, үкілер) ұшып келеді. Әр түрлі  құстардың қаладағы ең көп жиналатын орны – КазССР – «Ғылым Академиясының Ботаника бағы».

Қала және  оның маңында сүтқоректілердің 50 – ге  тарта түрі кездеседі. Қалада 3 — 5 км маңайда жыртқыш сүт қоректілер  ( дала күзені, аққұлақ, ақкіс, қарсақ), кемірушілер (ақ тиын, тараққұйрық, ондатра, у тышқан, соқыр тышқан, орман және  дала тышқандары),  кейде орман қарақас тышқандары, сұр  аламан, ұшатын майтабан жарқанат, маймұрын жарқанат т.б. ұшырайды. Қаланың 20 км таулық төңірігенде аю, қасқар, түлкі, тас сусары, елік, таутеке, сұр суыр, қызыл шақылдық, биік таулық күмыс сұртышқан, Тянь – Шяньдық орман сұртышқаны т.б. кездесуі мүмкін. Ала төңірегінде қосиекенділердің екі түрі, яғни  жасыл құрбақа, көл бақа тіршілік етеді. Бұлар қоңыздарды шегірткені, жұлдыз құртты, жандалаларды жеп, бау – бақшаларға үлкен пайда келтіреді.

Жасанды су айдыны суару  жүйелерінің кеңейуіне байланысты көлбақа көбеюде. Қалалық су айдындар балыққа кедей. Тау өзендерінде көкбас, таумабалық, жылылау төменгі ағыстарында және  бөгендер мен то,ғандарда теңге балық, амур шабағы мекендейді. Бірінші май тоғандарында ұсақ сазандар кездеседі. Су айдындары ихтиофаунасын молайтумен, Алматы тоған шаруашылығы, Алматы балық балық питомнигі шұғылданады. Қаланың ағашты бұталы жерлерінде насекомдардың 244 түрі (шегіршін, жасыл шегіршін бітесі, Ортаазиялық қалқаншалы және дөңесті терек сымыры, терек күйесі т.б ) кездеседі. Емен және бедә бітелері, жапырақ және гүлжегіштер, жапырақ ширатқыштар, дара жібек көбелектерінің кейде көбейіп кететін мезгілдері болады.

Алматының жануарлар дүниесін қорғау және оларджы байыту үшін жасыл желек аумағын кеңейту көзднліп отыр.  Насеком жегіш құстардың ұя салуына қолайлы жағдай туғызылуда. Қала орманын қорғаудың қатаң тәртібі сақталуда мысалы, Алматы қорығы, Алматы заказнигі, зоопарк.

Табиғи аудандары. Алматы аймағы қоңыржай белдеу зонасында Алматы Солтүстік Тянь- Шань провинциясының Шу-Іле-Іле сырты округы ойысында жатыр. Қала аймақтың оңтүстік жағы – Орталық Іле Алатауы табиғи ауданына енеді. Шалғынды және орманды ландшафт басым бұл ауданда жекеленген 5 ландшафтылық биіктік белдеу анық байқалады. Бұлар- астық тұқымдасты далалық белдеу (биіктігі 900-1400 метр, гумусы- орташа не шамалы қаратопырақты, әртүрлі шөп өседі), биіктігі орташа жапырақты орман белдеуі, (биіктігі 1300-1800 метр , шайылған қаратопырақты, жабайы алмалы, өрнекті және әртүрлі бұталар), биіктігі орташа қылқан жапырақты орман белдеуі (биіктігі 1500-2800 ормандық қоңыр топырақты, дымқыл шалғынды шырмалы орман басым), биік таулық субальпілік және шалғынды далалы белдеу ( биіктігі 2500-3100 метр, субальпілік таулық- шалғындық топырақты арша аралас субальпілік шалғын басым өседі), мұнан жоғары яғни 3400-3800 метр биіктік аралығы жартасты, қорымтасты , мұздықты , шоғыр қарлы белдеуде дрияда, мүк, қыналар өседі. Алматы және оның төңірегінің табиғатын қорғау жөнінде қалада Қоршаған ортаны қорғау, Қалалық өсімдік орғау станциялары бар /23/.    

 

 

 

 

 

 

 

2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚЫСҚЫ ОЛИМПИЯДА ӨТКІЗУ МҮМКІНДІГІ

 

             2.1 Олимпиядалық ойындар туралы жалпы мәлімет

 

     Олимпиядалық ойындар (грек. Olympia) – халықтар комплексті спорттық жарысы. Олимпиядалық ойындар  ертедегі грек және қазіргі заман Олимпиядалық  ойындар болып екіге бөлінеді. Алғашқы ойындар біздің заманнан бұрынғы 776 жылы өткізіген, 394 жылы Византия императоры  Федоспянның бұйрығы бойынша тоқталған. Олимпиядалық ойындар Пелопоннес түбегінің теріскей  батысындағы Олимпия деген қалада әр бір төрт жылда бір рет өткізіліп отырған. Мұнда олимпиядалық жарыстар өтетін стадиондар мен ипподром болған. Бұл ойындар әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсетуге байқау болып есептелген. Үлкен той, дәстүрге айналған, ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиядалық ойындар өткізілетін кезде барлық Грецияда ұрыс-соғыс тоқталып, ”Қасиетті тыныштық” орнатылатын болған. Осы кезде(бір айдан үш айға дейін) бүкіл  Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынға келушілерге қару-жарақпен  келуге тыйым салынған. Ол кездегі Олимпиядалық ойындар бес күн өткізілген, программасына спорттың жүгіру, күрес, жұдырықтасу, ат жарысы, қос сайыс сияқты түрлері кірген. Чемпиондарға зәйтүн ағашының жапырағынан  өрілген  алқа тапсырылып, ескерткіш қойылған /38/.

     Парижде 1894 жылы өткен  халықаралық конгресте 34 ел өкілдері қатысқан. Қазіргі заман Олимпиядалық ойындар бұрынғыдай төрт жылда бір рет, келісіп өткізілетін болып шешім қабылдады. Осы конгресте  халықаралық олимпиядалық комитет  құрылды. Бірінші Олимпиядалық ойындар 1896 жылы Грецияның астанасы Афины қаласында спорттың сегіз түрінен өткізілді. Бұл Европа мен Американың 13 елінен 285 спортшы қатысты. Содан бері  көптеген  Олимпиядалық  ойындар  өткізілді.

      Бірінші қысқы Олимпиядалық ойындар 1924 жылы Францияның Шомани қаласында спорттың  бес түрінен  өткізілді. Оған он алты елден екі  жүз тоқсан  үш  спортшы  қатысты.

     Бұрынғы  Совет спортшылары тұңғыш рет 1908 жылы 4-Лондонда, 5-Стокгольмде өткізілген ойындарға қатысты.  Совет спортшылары 1952 жылы Хельсиниде өткізілген он бесінші  жазғы және 1956 жылы Италияның Кортинда д’Ампецпо қаласында өткізілген жетінші қысқы Олимпиядалық ойындардан бастап барлық олимпиядаға қатысып келеді. Совет командасының құрамында әр олимпияда санында Қазақстан спортшыларының саны көбейіп, жарыс нәтижелері өсіп отыр.

     Тұңғыш рет республикада 1956 жылы Мельбурн ойындарына жеңіл атлет Евгени Кодяйкин қатысты. Римде өткен ойындарда орта дистанцияға жүгіруші Василий Свинкоп, штангист Степань Улиянов, ал Ғұсман Қосанов 4Х100 метр эстафетаға жүгіруде эстафетаны жеңіп алды. Ол Токиода бесінші орынға ие болды, Әмен Тұяқовта қатысты. Анатолий Колосов классикалық  күрестен  алтын медальды жеңіп алды /18/.

     Ал Азия спорт ойындары төрт жылда бір рет өтетін спорт жарыстары. Жарғысы 1949 жылы қабылданған. Бірінші Азия ойындары 1951 жылы Дели қаласында өтті, оған 11 елдің өкілдері қатысты. Алғашқы ойындар бағдарламасына  жеңіл атлетика,  велосопед, васкетбол және салмақ көтеру енгізілді. Азия ойындарына қазақстандықтар  1994 жылдан бастап қатысты.  Жапонияның  Хирасима қаласында өткен 12 Азия ойындарына Қ Шағатаев, Н Саманов,  Мамыров, Ю Мельниченко, Д Тұрлықанов, А Парыгин, О Ребров, Д Тюрин  қатысып, алтын медаль жеңіп алды.

     Қысқы  Азия ойындары ең алғаш рет 1986 жылы  Жапияның Саппоро қаласнда өтті. Алғашында мұнда жеті елден келіп, жеті ойын түрлерінен өткізілді. Жарыс иегерлері жиырма тоғыз алтынды өздері иеленді, бұл рекортты әлі ешкім жеңген жоқ.  1990 жылы осы жерде қысқы Азия олимпиядалық ойындар, 10 ойын түрінен қайта өткізілді. Осы жолы тағыда 18 алтын медальмен жапондықтар қайта жеңіске жетті.  Одан 1996 жылы Қытайдың  Харбин қаласында өтті. Бұл жолы Қазақстан,  Өзбекстан қатысты. Осы жолы біздің жерлестер Қытайдан  кейінгі екінші орынды, жеңіп алды.  Келесі кездесу 1999 жылы Оңтүстік  Кореяның  Кангвонг провинциясында  өтті. Осы кездесулерде жерлестеріміз  үшінші орынға ие болды.  Ал 2003 жылы Олимпияда қайта Жапонияның  Амори қасында өтті.

    Қысқы Азияылқ Олимпияда ойндарын өткізуші әр ел, өз бағдарламасын ұсынады. Мысалы: Жапонияда шаңғы және  бобслей танымалы емес . Соған байланысты әр жарыс өтуізуші мемлекет негізгі бес ойыннан басқа ойын түрлерін өздері енгізеді.

     Алдымыздағы Олимпияда ойындары 2007 жылы Қытайдың Чаньчунь қалсында өтеді. Мұнда 50 комплекті медаль болады деп жоспарланып отыр /34/.

 

2.2 Алматы қаласының қысқы олимпиада өткізу мүмкіндігі

 

     Алматы қаласы 2011 жылы қысқы Азия олимпиядалық ойындарын өткізуге мүмкіндік алды және 2014 жылы халықаралық Олимпияда өткізуге үміткер болды.

     Енді нағыз кандидат болу үшін сұрақ анкетасын толтырып, Халықаралық Олимпияда Комитетіне кепілдік хатын  үкімет, қала  әкімшілігі  және Ұлттық Олимпиядалық Комитет және Ұлттық туристік агенттіктің атынан жолдауы керек.

     Осы кепілдік хатты толтыру жөнінен көп қиындықтар болмайды, ал анкетаға келсек, біраз қиындықтар пайда болады. ХОК бірнеше әр түрлі сұрақтарға жауап беруді талап етеді. Мысалы:

  • Бұл жөнінде Қазақстандықтардаң ойы?
  • Проектіні кімдер қаржыландырады?
  • Алматы қаласының инфрақұрлымы қандай жағдайда?

     Басқа жағдай бәрі дұрыс, ал спорттық кешендерге келетін болсақ Алматының жағдайы өте нашар .     

      Алматы қаласында қысқы спорт түрлеріне арналған негізгі үш спорт кешені  бар-Спорт сарайы,  тау шаңғы курорты Шымбұлақ және тау айдыны Медеу. Бұлардың  ешқайсысы халықаралық стандартқа сай келмейді. Сондай-ақ қазір біздің қала қаншама туристерді орналастыруға (тіпті он шақты қонақ үйдің өзі жетпейді) және қарсы алуға мүмкіндік жоқ, өйткені Алматы әуежайы алыс шетелдерден он  шақты рейстерін  қабылдайды.

      Алматы қалысында Олимпияда өткізу үшін, келген  қонақтарды қабылдауға қонақ үйлерінің маңызы өте зор. Енді Алматы қонақ үйлерін қарастырайық.     

     Қазақстан қонақ үй шаруашылығы 1903 жылы Алматы қаласында алғашқы “Европа” қонақ үйінің салынуынан басталады деседе болады. Дегенмен де бірнеше тарихы артқа тастаған Қазақстанда 2004 жылғы санақ бойынша 273 қонақ үй жұмыс істесе Алматы қаласында 40 қонақ үй өз қызметін қонақтарға көрсетіп отыр. Алматы қаласының қонақ үйлерінің 2005 жылғы қабылдаған  қонақтар  саны 249223 адам /28/.

Алматы қаласында бір қатар жұмыстар атқарып, оның ішінде қонақ үй инфрақұрылымын қолға алу керек. Еліміз дамудың нарықтық жолына түскендіктен көптеген шетелдік әріптестестерімен жұмыс жасап, Алматы қаласындағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қатар, қонақ үй өмірі біршама көтерілді. Қазіргі таңда қонақ үйлер  пайда болып, ескілері   жаңартылу үстінде.

 Қалада көптеген саммиттер, халықаралық конференциялар, семинарлар, кермелер, яғни іскер туризмді дамытуға әсерін тигізетін бір  қатар  отырыстар өткізіледі. Осы  іскер туризм  мақсатында  келетін қонақтардың қонақ үй мен отельге деген талаптары бар-ол қазіргі заманға сай әрі комфортабельді орналастыру орындары болу керек. Олар көбінесе Алматыдағы бес  жұлдызды қонақ үйлер The Regent Ankara және Hyatt Regency сияқты комфортты  қонақ  үйлер бар.

    Алматы  қаласының  аумағында, санақ бойынша қырық  қонақ үй бар. Оларды меншік түрлеріне байланысты бөлетін болсақ, мемлекеттік меншік есебінде небәрі үш қана қонақ үй бар екен. Ал, жеке меншік есебінде 35 қонақ үй тіркелген, осының ішіндегі жетуі шетелдермен біріккен кәсіпорын  меншігінде. Қалған екі қонақ үй басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғаларымен сол елдердің азматырының меншігінде. Ендігі кезекте осы қонақ үйлер ішінен бір қонақ үйді таңдап, басқа бір шетелдік қонақ үйді алып екеуін салыстырып, қандай ерекшеліктері бар екенін білуге қызығушылық туындап тұр. Осы мақсатқа жету үшін біздің қаламыздан “Алматы” қонақ үйін, Түркия мемлекетінің “Papіllіon” отельдер жүйесіндегі, Анталия  қаласнда орналасқан “Muna” қонақ үйімен салыстырсақ. Бұл екі қонақ үйдің де дәрежелері бірдей, екеуі  де 3 жұлдызды.

Бірінші кезекте Алматы қонақ үйінен  бастаймыз. Алматы  қонақ үй комплексі оңтүстік астанамыз Алматы қаласының дәл ортасында орналасқан. Қаланың  бұл бөлігі парктік аймақ болып табылады, және де бұл  жерде көптеген мәдени  және сауда орталықтары, сонымен қатар әкімшілік  мекемелер мен қаржы институттары орналасқан. Қонақ үй қызмет бабындағы адамдар мен туристерге тең дәрежеде ыңғайлы. Нөмірлердің терезелерінен Іле Алатауының таулы шыңдары керемет көрініс береді. Қонақ үй комплексі 252 комфортабельді, әр түрлі категориядағы нөмірлерді ұсынады: стандартты бір бөлмеліден, үш бөлмелі люксқа дейін. 60 жылдардың аяғында құрылған “Алматы” қонақ  үйі бүгінгі күнге дейін оңтүстік астанамыздың көрікті жерлерінің бірі болып табылады.

1996 жылы ғимаратқа кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осының нәтижесінде “Алматы” қонақ үйі біздің қаламыздың  қонақтар көп келетін танымал орындардың біріне айналды. Бұл қонақ үйде тоқтаған қонақтар қажетті кешенді қызметтердің барлығын алады.

Қонақтарға толық комфорт үшін мыналар ұсынылады:

1)Ресторан,бар, экспресс-кафе;

2)Бизнес-центр;

 3)Конференц-зал;

 4)Шаштараз;

 5)Ескерткіш дүкені;

 6)Сауна;

 7)Кір жуу және химиялық тазарту;

 8)Әуе кассалары;

 9)Ақша айырбастау;

 10)Ойын автоматтары;

 11)Газет сату бөлімшесі;

Өзінің қонақтанына “Алматы” қонақ үйі мынадай қызмет түрлерін ұсынады:

         1)Шаштараз, маникюр, педикюр;

2)Сауна;

3)Мүліктерін сақтандыру;

4)Гид-аудармашы қызметі;

5)Көлік қызметі;

6)Факс;

7)Интернет (нөмірлер мен бизнес орталықта);

8)Қаларалық, мемлекетаралық сөйлесулер және тағы басқа қызметтер. Бизнес үшін Бизнес орталық пен Конференц зал бар.

Қонақтар  кафеден  немесе рестораннан тамақтана алады. Бұл үшін Алматы қонақ үйінде:

“Алматы” рестораны, экспресс-кафе және бар ұйымдастырылған. Сонымен қатар стандартты, жартылай люкс және полклюкс бөлмелерді ұсынады. Қонақ үйдегі әр бөлмеде халықаралық байланыстағы телефон, кабельді телевидение, бірнеше шетел тілдеріндегі каналадар және сусындар сақталатын шағын барлармен қамдылған. Өте комфортты бөлмелерде кондиционерлер орнатылған. /14/

Бөлмелерді өңдеуде қазіргі заманға сай аса көрікті және экологиялық таза материалдар қолданылған, соның арқасында бұл нөмірлер жоғарғы халықаралық нормаларға толық сай келеді.

Осымен Алматы қаласындағы “Алматы” қонақ үй туралы жоғарыдағы мәліметтер берілді. Енді келесі бір екінші қонақ үйіміз Түркия еліндегі Papіllіon қонақ үйлер желісіндегі Muna қонақ үйі туралы айтылатын болады.

Papіllіon Muna қонақ үйінде сізді әрқашан жылыы қарсы алады. Бұл қонақ үй тарихи маңызы зор Сиде қаласына жақын жерде, керемет майдақмды жағажайда орналасқан.

Papіllіon Muna қонақ үйі теңіз, кең ауқымды жағажай, қолайлы нөмірлер, өте жоғарғы сападағы қызметтерді, жылы жүздзі қызметкерлерді және дәмді астарды, осының барлығын қонақтарға ұсынады. Сиде қаласының орталығына дейін 6 шақырым, ал Анталья әуежайына дейінгі аралық – 65 шақырым. Аталмыш қонақ үйде 294 нөмір, оның 156-сы қонақ үй ғимаратында және 168 нөмірі бунгалоларда. Нөмірлер негізінен едендеріне кілем төселген, ал бунгалоларда керамикалық плиталар төселген. Барлық нөмірлерде кондиционер, туалет және ванна, спутникалық телевидение музыкалық арнасымен, шағын бар, телефон, фен және балкон немесе террасамен қамтылған.

Сондай-ақ ашық жүзу бассейні, балалар бассейні, жабық бассейн, су төбешіктері, кең ауқымды жағажай, осының бәрі қонақтарға қызмет етеді. Спортқа да көп көңіл бөлінген спорттың бірнеше түріне арналған алаңдар салынған.

Тамақтану саласына келетін болсақ мұнда үлкен ресторан және кафе-ресторандары тәулігіне 24 сағат бойы қызмет етеді. Дискотека, түрік моншасы, фитнес орталық сауна мен массаж, телевизор көру және ойын залы, сауда орталығы және екі конференц-залы бар /30/.

Ал енді осы екі қонақ үйді салыстырайық, қарап отырсақ, түрік қонақ үйі әрине басым. Өйткені біріншіден ол елде туризм оның ішінде, қонақ үй бизнесі ерекше дамыған және көбінесе теңіз жағалауында. Ал бізде туризм дамуы өте төмен, сол үшінде қонақ үйлер дамуының көрсеткіші көтерілмей тұр. Түркия қонақ үйі өте жоғары  дәрежеде  дамыған  жоғарғы стандарттарға сай. Бұл  қонақ  үй мен  біздің “Алматы” қонақ үйінің  жұлдыздық дәрежесі  бірдей.   Бірақ өздеріңіз көріп отырғандай біздің қонақ үйдің жағдайы мәз емес, осыдан келіп  біздің  қонақ  үйлердің  жұлдыздары өзінің дәрежесіне сай емес деген ой туындайды. Жібек Жолы компаниясының қарамағындағы “Жетісу” қонақ үйінің  басшылары  Қазақстанға, әсіресе Алматы қаласына комфортабельді, әрі қазіргі заманға сай 4 жұлдызды отель жетіспейді деп есептеуде. Дегенмен қонақ үйлердің көптеп жұмыс жасай бастауы қуандырарлық жайт, бірақ осы саладағы ғимараттар өз жұлдызына сай қызмет көрсетсе нұр үстіне нұр болар еді.

       Қазақстан бойынша 273 қонақ үй бар, соның ішінде 40 қонақ үй Алматы қаласында  орналасқаны  туралы  алдыңғы тарауда айтылып өтті. Осы қаладағы қонақ үйлердің 2004 жылғы қабылдап, қызмет көрсеткен қонақтар  саны 54578  адамды  көрсетіп отыр. Бұл 2003 жылға қарағанда жоғары көрсеткіш. Ал енді біз осы бөлімде Алматыдағы  қонақ үйлердің  ұйымдастыру  тәсілдері және көбінесе қай салада, қандай қонақтарды қабылдайтыны туралы және сол қонақ үйлерге қысқаша мәлімет беріледі. Бірінші алатынымыз ол 3 жұлдызды Отырар қонақ үйі. Бұл қонақ үй қала ортасында, демалыс зонасына, супермаркеттерге, бизнес орталықтарға және мемлекеттік мекемелерге жақын жерде орналасқан. Оның орналасқан жері көбінесе бизнес мақсатымен келген қонақтарға ыңғайлы. Іле Алатауының керемет көрінісі, музыкалық аспаптар музейі және Зенков шіркеуі терезеден қараған адамға сергітерлік әсер беріп тұрады. Бұл қонақ үйде комфортабельді 163 нөмір бар. Ол нөмірдің әрқайсысында шағын бар, тоңазытқыш, жуынатын бөлме және кондиционер бар. Халықаралық телефон байланысы, көп каналды телевизормен қамтамасыз етілген.

Бір бөлмелі және екі бөлмелі нөмірлер және президенттік номер қызмет етеді. Мұнда бизнесмендерге арналған кең ауқымды қызмет ететін Бизнес-Орталық бар. Соның ішінде факстық байланыс, интернет жүйесіне қосылған компьютер, электронды почта және текстті құжаттарды компьютерде теру сияқты қызметтер ұсынылады. Шаршағанда сергітетін сауна, массаж қызметі, шағын бассейн қонақтарға қызмет етеді. Қонақ үйде арнайы бизнес-қабаттары қосымша қызметтер жиынтығын, тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейтін арнайы администраторлар тобының қызметін ұсынады /34/.

Жиналыс өткізу мен 200 адамдық банкет өткізуге арналған кең залдары бар. Бөлмелерге 24 сағат бойы қызмет көрсетіледі. Әрине бұл қонақ үйдің ұйымдастыру тәсілі мен атқаратын жұмысы көбінесе бизнесмендерді қабылдауға бағытталған. Өйткені бұл отель орналасқан орнымен, көрсететін қызметтерімен және өзінің қызмет көрсету сапасымен бизнесмендерге ең қолайлы деп айтуға болады.

Келесі кезекте Алматы қаласындағы Достық қонақ үйінің ұйымдастыру тәсілі туралы айтылады. Бұл қонақ үйдің ғимараты басқалардан архитектуралық ерекшеленеді. Оның архитектурасы ескі заманғы стильмен комфортабельді дизайнның жиынтығы болып табылады және кез-келген талғамды қанағаттандыра алады. Бұл қонақ үй шетел азаматтарына, елшілік қызметкерлеріне өте ыңғайлы. Өйткені ол қала орталығында, Франция, Германия, Ұлыбритания, АҚШ және басқа да елдердің елшіліктеріне жақын орналасқан. Таксимен әуежайға жету үшін, небары жиырма минут қажет. Комфортабельді, бір орынды 42 номер бар. Олар кабельді телевидениемен, тікелей телефон байланысымен, шағын бармен және желдеткішпен жабдықталған. Екі төсегі бар комфортабельді екі адамдық 40 номер бар. Мұнда желдеткіш, халықаралық байланыстағы телефон және кабельді телевидение орнатылған. Бұл бөлмелер жанұялы жұптарға өте кең, өте ыңғайлы. Қызмет бабындағы адамдарға арналған “Standart” Люкс екі бөлмелі он номер бар. Бұл жұмысқа және демалысқа қажетті заттармен қамтылған комфортабельді номер. Жұмыстан шаршап келгенде демалуға ыңғайлы екі бөлмелі комфортабельді Люкс-сениор номері. Мұндай номер екеу. Аса талғампаз адамдар үшін бірнеше жинақы бөлмеден тұратын кремет бес люкс-экзекьютив аппартаменттері бар. Мұнда джакузи,  екі дәретханасы бар. Бұл номерлердің құнына күтіп алу және шығарып салу құны кіреді. Бағасы аса қымбат емес, қызмет бабындағы адамдарға өте ыңғайлы. /15/

Достық қонақ үйінің ұйымдастыру тәсілі басқалардан ерекше. Өйткені оның орналасқан жері, ғимаратының архитектуралық ерекшелігі және ішіндегі номерлер мен қызметтер бұл қонақ үйді жарнамалауда ерекше рөл атқарады.

Қазақстан қонақ үйі Алматы қаласының әкімшілік орталығында орталасқан төрт жұлдызды қонақ үй. Бұл қонақ үй жер сілкінісінен қауіпсіз, Іле Алатауының етегінде орналасқан 16 қабатты ғимарат. Бұл қонақ үйден бүкіл қаланы тамашалуға болады. Номер қоры 364, әр номер жуынатын бөлме, шағын бар, тоңазытқыш, телевизор, жұмсақ жиһаз және қаларалық, халықаралық телефонмен жабдықталған. 100 номерде шағын сейф бар. Ғимаратта ресторан, кафе, түнгі клуб және ойынхана ұйымдастырылған. Бөлме қызметі тәулігіне 24 сағат бойы қызмет етеді. Мұнда жанұямен келу өте ыңғайлы, өйткені балаларға арнайы ойын бөлмесі де ұйымдастырылған.

Қонақ үйде массаж және медициналық кабинет, шаштараз, ескерткіш дүкендері, автотұрақ, ақша айырбас орны, портье және сақтау камерасы бар. Қала ішінде және әуежайға трансфер ұйымдастырылады. Бұл қонақ үй одақ кезінде ұйымдастырылған, ғимараты сол заманғы стандарттарға сай тұрғызылған.

Қазжол қонақ үйі де қаланың орталық аудандарында орналасқан екі жұлдызды қонақ үй. Бұл қонақ үй 107 орынға есептелген. Кафетерий, кір жуу, шаштараз, солярий, 30 орындық екі оқу класы, факс, ксерокс және интернет бар. Бүкіл бөлме телефонмен және спутникалық телевидениемен жабдықталған. Үтіктеу бөлмесі, сақтау камерасы тегін қызмет етеді /16/.

Қонақ үйде біріңғай төлеу уақыты 12.00. белгіленген.

Төлемдер пластикалық карточкамен, нақты ақшамен немесе ақша аудару арқылы жүргізіледі. Қонақ үй қызметтері үшін төлем сол күнгі ұлттық банктың ақша құны бойынша теңгемен төленеді. Бөлмелер құнына таңғы ас кіреді, сонымен қатар номер бағасына үш мезгіл тамағы қосылған нұсқа да қарастырылған.

Енді біз Қазақстан қонақ үйін алып қарастырайық . Қазақстан қонақ ұйі 26 қабатты, алыстан қарағанда 102 метрлік, қаладағы ең биік ғимарат болып келеді. Ғимарат 1977 жылы салынды, оның сейсмикалық белсенділігі өте жоғары, себебі көптеген жер сілкіністерге төзімді. Қонақ үиде 376 нөмір бар:президенттік апартаменттер, 2 үкіменттік апортаменттер, 27 өкіметтік нөмірлер және қалғандары 1-2 және оданда көп орынды болып келеді.

Мұнда: бизнесорталық, конференцяға арналған залдар, көліктік, медициналық, шаштараз қызметтері, жәдігерлік бұйымдар мен газет-журнал сататын дүкендер, барлар, кафелер, мейрамханалар бар. Нөмір бағасына қарамастан. Әр бір нөмірде ванна бөлмесі, телефон, теледидар, тоңазытқыш және барлар болады. әр бір нөмірге тәуліктік қызмет көрсетіледі.

Қызметтер:

  • тамақтану;
  • жабық бассейн;
  • шаштараз;
  • мейрамхана;
  • кафе;
  • сейф;
  •   сауна;
  • фитнес орталығы;
  • дискотека;
  • массаж;
  • бильярд, баскетбол, волейбол;
  • интернет;
  • автокөлік жасау.

  Балаларға:

  •   балалар алаңы;
  • тәрбиеші.    

Міне, осындай бірнеше қонақ үйді қарастырып шықтық. Осы мәліметтерден әр қонақ үйдің жұмыс істеу және ұйымдастыру тәсілдері көбінесе бір-біріне ұқсас келетіні анық байқалып тұр. Қонақ үйлер көбінесе қаланың ыңғайлы, орталық бөлігінде орналасқан. Бұл олардың ары қарай дамып кетуіне кепіл болып тұрғандай.

Енді осы мәліметтерді қорытындылайтын болсақ Алматы қаласының қонақ ұй бизнесі аса дамымағандығы байқалады. Халықаралық дәрежеге әлі де жете қойған жоқпыз деп айта аламыз. Басқа қонақ үйлерге қарағанда үш жұлдызды қонақ үйлерге сүраныс көп болып отыр.Бұған келесі статистикалық мәліметтер дәлел (2-3 суреттер).

Осы орайда біздің ұсынатынымыз Алматы қаласында үш жұлдызды, халықаралық дәрежеге сай қонақ үйлерді көбейту және оларды дамыту, спнымен қатар білікті мамандармен қамту керек деген ойымызды айта кетуді жөн көрдік. Қолайлы, халықаралық денгейде салынған үш жұлдызды қонақ үй тек бизнес туристерге ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның табиғатын тамашалауға келген қарапайым шетел қонақтарына ұнайтыны сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

сурет – 1

 

 

 

 

 

сурет – 2

Ескерту: суреттер статистикалық мәліметтер бойынша құрастырылған.

 

 

 

 

 

 

        Енді Алматы қаласының Олимпияда жарыстарын өткізуге арналған спорт кешендерін қарастырайық. 

      Медеу — дүние жүзіндегі  ірі  қысқы спорт  түрлеріне арналған  биік таулы спорт кешені. Каток теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан. Бір есімдес  Медеу шатқалы теңіз деңгейінен 1520-1750 метр биіктікте,Кіші Алматы өзенінің жазықтығында орналасқан және жан-жағын тау жоталаы қоршап жатыр. Батысында-Кимасарский, шығысында-Қабырғатау және оңтүстік шығысында-Күмбелі. Мұнда олимпияда көлеміндегі сырғанақ тебуге болды және пониге,атқа мініп жүруге арналған алаңдар,аттракцион саябағы, «Премьер Медеу» қонақ үйі,жазғы бассейін және кәуәб млшылығы бар. Бұл қонақтардың және қалалықтардың ең сүйікті орындарының бірі /39/.

 Сырғанақ 1972 жылы Алматы қаласынан 16 км қашықтықта әдемі шатқалда орналасқан. Жұмсақ климат, күн радиациясының қолайлы мөлшері, төменгі қысым, желсіз ауа-райы және таза судан жасалынған жылтыр мұз Медеуді дүние жүзіндегі алғашқы қатардағы сырғанақтарға жатқызуға болады, ол орналасуына байланысты ең әдемісіне жатқызуға боады. Мұз алаңның көлемі 10500 км мұнда конькиден, хоккейден, мұзда мәнерлеп билеуден ашық халықаралық жарыстар өткізуге өте жақсы орын. Сондай-ақмұнда дүние жүзіндегі ең мықты коньки тебушілер 120 халқаралық рекордтар жаңартқан. Сырғанақты еркін келіп тебу уақыты қараша айынан, наурызға дейін.

     Туристерді тағы бір қызықтыратын, Алматы қаласын селден қорғау үшін Кіші Алмата аңғарында салынған платина. Дамбаға 830 баспалдақ арқылы көтерілуге болады. Осы жерден Іле Алатау шыңдарының ғажайып көріністерін көруг болады.

      Шымбұлақ — тау шаңғы курорты, табиғаты тамаша, теңіз деңгеиінен 2200 м биіктікте орналасқан Іле Алатау шатқалында қаладан 25 км жерде орналасқан. Ол өзінің жұмсақ климаты, көптеген шуақты күндерімен, қараша мамыр айларындағы тұрақты қар жамылғысы, тамаша тау шыңдары және жоталарымен  танымал. Таушаңғы трассасында үш өрілген буксировочными аспалы арқан жолдары қызмет көрсетеді. Осы жолдың көмегімен 20 минутта Талғар асуына (3200м) жетуге болады. Бірінші биіктік «Пересечение» станцияға дейін (2260-2630м),ұзақтығы 1243м, көтерілу уақыты-9 минут. Екінші «20-шы апора» станциясына деиін(2630-2930м), ұзақтығы-8 минут. Жалпы трастың ұзақтығы-3620 м, құлама биіктігі 1000-ге шейін. Бұл жерде  сноубортқа қызығушыларға сноупарк бар және балаларға арналған(multi-life) бар, балонкамен сырғанауға арналған.

Жаңа үйреніп жүргендерге инструкторлардың көмегі арқылы тау шаңгысымен және сноуботпен сырғанауды үйрене алады. Сондай-ақ әр түрлі сырғанауға арналған құрал-жабдықтарды жалға алуға болады. Кешті тауда өткізгісі келетіндерге арналған төрт жұлдызды қонақ үй бар. Ауаның орташа температурасы жазда +20°С, қыста-7°С. Қар жамылғсының қалыңдығы 1,5-1,8 мм. Бұлардың ешқайсысы халықаралық стандартқа сай келмейді.

Алматылықтар таушаңғы базасы Шымбұлақты мақтан тұтады. Бұрын ол Совет Одағындағы бірден-бір мықты база болған. Шуақты күндер жылына 320-330 күн.

Қысқы маусымдағы жексенбі күндері Шымбұлақты құлайтын жер болмайды. Аспалы арқан жолдарында көптеген кісілер кезектерде тұрады, кафелерде столдардың бәрі бос емес. Қызығы жаздың күні адамдар мұнда аспалы арқан жолдары арқылы Шымбұлақтың ең биік нүктесі 3163 метірлік Талғар асыуының ғажайып көрінісін тамашалауға келеді. Бірақ Шымбұлақта таушаңғы жарыстарын  өткізу мүмкін емес, олар: салолом, салаломгигант, супергигант, комбинация, таудан жылдам түсу. Өйткені трассалатдың ұзындығы қысқа. Негізінен практикаларда көрсетіліп жүргендей Олимпияда оиындарының таушаңғы жарыстарын өткізгенге қазіргі заманғы база керек. Әр қайсына, бәрін ескере келе 8000 мың көрерменге орын болуы керек. Бізде қазір ондай бірде-бір база жоқ /17/   

 Трамплиннен секіру — қысқы ойын түрлерінің ішіндегі ең танымалысының бірі. Европада ұшқыш шаңғышылардың жарысына он мыңдаған жанкүйерлері жиналады. Кейбір атақтылардың мысалы: поляк Адам Малыш сияқтылардың жанкүйерлері соңынан бір қаладан, бір қалаға көшіп жүреді.

     Трамплинға және жарыс кезіндегі көрермендерге көрсетілетін қызымет талаптары өте жоғары. Қазақстандық трамплиндер әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан және көрінісі өте аянышты. Біздің трамплиндердің бетін әлі күнге дейін ГДР-дін шыққан өніммен қапталған. Олар тіпті халқаралық стандартқа маңайлай алмайды да. Алматы трамплиннің қуаттылығы К-80. Ал олимпияда ойындарында жарыстар К-90 және К-120 трамплиндерінде өткізіледі.

     Цифрлар жағдайдың өте ауыр күйде екенін көрсетеді, бұдан секіру өте қиын, 90-120 метрден кейін барып жердің беті түзу, сондықтан жерге түскен кезде жарақат алу қаупі өте жоғары.

     Егер нақтылап қарағанда біздің атлеттер айлап жоғалып Европада стандартқа сай трамплиндерде дайындалады.

     Жалпы трамплиндерді жөндегеннен қарағанда жаңа трамплин салу арзанға түседі. Алматыға аспалы арқан жолдары, трибунасы бар екі трамплин қажет. Негізінен Алматының тау пішіні трамплинға өте қолайлы. Қазіргі заманға лайық әр трамплиннің бағасы екі миллион доллардан кем емес /7/.

     Спорт сарайы 1996 жылы салынып, 2001 жылы толық реканструкция жүргізілсе де, объекті олимпияда өткізуге жарамайды. Салынып жаткан кезінде олимпияда өткізу туралы ешқандай сөз болған жоқ, ол қалалық мұз айдыны ретінде Спорт сарайы жақсы жұмыс жасап жатыр.

Қазақстандаға хоккей Федкрациясының вице-президентінің айтуы бойынша мұз айдын бағдарламасына Одимпиядалық ойындардан коньки тебуден басқа мұзда мәнерлеп билеу, шорт-трек, керлинг және хоккей кіреді. Жалпы хоккей турнирлерін ұйымдастырудың өзіне ғана екі немесе үш жаңа спорт сарайы керек. Былай алып қарасақ мысалы: Туринде 12 ерлер және 8 қыздар коммандасы қатысты.Күніне 6 мастан өтеді, қосымша дайындықтарға 2-3 жабық хоккей алақы керек.

Жалпы Олимпиядарының сиымдылығы он мың көрермен болатын ірі спорт сарайларында болады. Ал Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының сиымдылығы 3,8 мың адам.Бұл орын қонақтарға жетпейді, қызмет көрсетуші персоналға және журналистерді, көрерді айтпағанда. Алматы спорт сарайында прес-лож жоқ. Сонымен қатар бүкіл дүние жүзіне тікелей эфирдан хабар тарату үшін жағдайлар жасау керек.

Спорт кешеніне қойылатын көптеген бір қатар талаптар бар. Олар: кешеннің іші конфортты және жайлы болуы керек. Жаттықтырушыларға бөлме, бағалы заттарды сақтауға бөлмелер керек. Қосымша медицина қызметкерлеріне, допингке қарсы тексеруге, пресс-конференция өткізуге бөлмелер керек, бұның өзі жеткіліксіз.

Біздің спорт сарайда халықаралық стандартқа сай келетін тек қана поле, ол барлық жерде стандартқа сай, бірақ мұнда жаңа электронды табло керек.

Енді осыны жинақтай келе, хоккей турнирн өткізу үшін спор сарайы керек. Спорттың тағы бір түрі керлингке 10 қыздар және 10 ұлдар командасы қатысады. Жалпы екі топ тоқсан кезтесу өткізеді. Әр ойын 10 эндтан тұрады, бір эндқа 15 минут кетеді. Сонымен бір мач ойынға екі жарым сағат уақыт жұмсалады және дайындыққа алаң керек. Сонымен керлингтан жарыс өткізу үшін жеке бір спорт сарайы керек /12/. 

Ал, қыздар және ұлдар арасында шорт-трек өткізгенге және фигурни катаниядан жарыстар өткізгенге таңертеннен кешке дейін жеке мұзы бар алаң керек.

Осы төрт қысқы Олимпияда ойындарының өткізілуін есептей келе кемдегенде бес талаптарға сай алаң керек. Сондай-ақ 2014 жылы Олимпияданы өткізуге үміткерлену үшін 2007 жылғы шілдедегі сайлауға дейін кем дегенде екі-үш алаң болу керек. Оғанға дейін бір-ақ жыл уақыт бар.

          Медеу дүние жүзіндегі ең жылдам сырғанақ, қала маржаны, рекорттар дүкені тағы басқа көптеген есімдермен атаған. Медеуде коньки жарысынан әлем чемпианаттары өткізілді және бұнда коньки жарысынан 120-дан астам әлемдік рекорттар жаңартылды. Теңіз деңгейінен 1700-метр биіктікте орналасқан дүние жүзіндегі бірден-бір орналасқан биік таулы сырғанақ. Қазіргі кезде Медеудің кереметтей атағынан, күштілігінен тек қана көлеңкесі қалды.

          Қазақстан коньки жарысы спортының мүшесі Анжелика Гаврилованың айтуы бойынша Медеуде Олимпиядалық ойындардан бұрын, қатардағы халықаралық жарыстарды өткізуге болмайды. өйткені соңғы жылдары биік деңгейдегі жарыстар жабық сырғанақтарда өткізіледі және Медеудің мұзының сапасы төмен дәрежеде.

          Осыдан төрт жыл бұрын мұнда Финляндиядан төрт жаңа холодильник және он мың пластикалық орындықтар әкелініп орнатылды. Барлық жөндеу жұмыстарға үш миллион доллар жұмсалынды. Ал енді қысты күні жылынса, мұз ери бастайды және стадионның өзі де маралдық жағынан ескірген.

          Медеу соңғы рет коньки жарысынан әлемдік кубкын 1996 жылы өткізді. Медеу стадионның төбесін жабуға келмейді, өйткені ол сейсмикалық ауданда орналасқан және қысты күнгі жауын-шашын мөлшері 50 сантиметірге дейін жетеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын жұмысшы тобы біріктіріліп Медеуге ашпалы-жаппалы шатыр орнатпақшы болған, оны Москвалық архитектор «Трансвалия» проектісінің жетекшісі басқарды. Одан кейін қайғылы жағдай болып, жоба тоқтатылды /29/.

          Олимпияда өткізудегі тағы бір ең бастысы ол сол аймақтың жарыстар өткізуге және объектілер салуға мүмкіндігі. Олар Алматы қаласының айналасындағы көрікті жерлер.

          Медеу және Түрген. Адам жасанды тау массивтерін жасай алмайды. Олимпиядалық шаңғы программасының көптеген түрлеріне тек тау ғана керек емес, сонымен қатар, белгілі бір параметр және сипаттағы таудың тік-құламалары керек. Танымал таушаңғылары спорт түрлері супергигант және комбинация үшін таудың тік құламалары өте қажет. Олар үшін үлкен биіктерден құлайтын ең ұзын таулышаңғы трассалар керек. Бұл трассаларда стандарттыр болмайды, болмаиды емес. Дүние жүзінің ең жақсы таулы шаңғылы трассалары Халықаралық шаңғы спорты федерациясында (FIS)тіркелген. FIS-тіңтізіміне кіретін трассалардың ұзындығы 2800 метр және шамамен 850 метр биіктен құлайды. Бұл трассалардың бағасы жоғарыда аталған параметрлерден асып, спортсменнің өміріне қауіп тудырмайтындай жағдай болса арта береді.

          Алматыда бәрі бар-таулар, қар,  мұз, көк аспан, шуақты күн, жұмсақ климат.

          Алматыда алғаш рет 1988 жылы Қазақстан Үкіметі француз консор циумының Алматы тауларында ірі спорттық және туристік кешенді құру жөніндегі ұсынысын қабыл алумен басталды.

          Бұл ұсыныстың жүзеге асуы үшін қуатты халықаралық топ құрылды. Бұл құрылысты ірі шетелдік француз құрлыс компаниясы SAE 1ске асырды(оған Францияның, Испанияның және Андораның мамандары кірді). Әдетте мұндай кешендерді құру кезінде әр түрді мамандықтағы және ұйымдағы мамандар шақырылады. Бірақ негізгі салмақ әрине, құрлысшыларда. Сондықтан француздар өз консорцумның басына өздерінің қуатты құрлыс компаниясы SAE қойды. Қазақстан жағынан «Промдорстрой» жұмыс жасайтын болды.»Промдорстрой» Алматы және оған жақын жатқан объектілердің құрлысын жүргізген сол кездегі Қазақстанның ірі құрылыс ұйымы болған еді. Ол салған құрлыстарға-Республика сарайы, Алматының аэрадром кешені, «Медеу» спорткешені, Шымбұлақ, елдің қорғаныс кешендері.

          Кешен екі талапқа сай болуы керек. Бірінші-кешен тек жергілікті клиенттерге ғана емес,сонымен қатар, шетелдік туристерді де қызықтыру керек; екінші-жоғары деңгейдегі спорттық жарыстарды, соның ішінде қыстық олимпияда ойындарын өткізуге мүмкіндігі болу керек.

          Алғашқы жоспарлар одан да ерте басталған,бірақ 1988 жылы ол шындыққа айнала бастады. Олимпияда деңгейінде ірі туристік-спорттық кешеннің құрлысы жүргізіле бастады. Ең  маңыздысы-сол құрлысты жүргізетін жерді іздеу басталынып кетті /29/

          Осындай мақсатта Алматы, Франция, Испания және Андорраның мамандарынан тұратын интер бригада құрылды, олар Қаскелең өзенінің бойынан Талғарға дейін таулы массивті зерттеуді бастады. Осы зерттеудің нәтижесінде Шымбұлақ, Бутаковка, Кимасар, Алматау, Көкжайлау, Алмарасан сияқты кешендердің құрлысы басталды. Бұл аудандардың барлығы шатқалдарда орналасқан,олар таудың таза ауасы және суымен қамтамасыз етеді. Алматы қаласы түтінді тұманның астында қалмас үшін, бұл құрлыс нысардары әбден керек еді. Бұдан басқа, аталған аудандар жоғары  халықаралық деңгейдегі туристік-спорттық құрлыстарды релефтің және басқа да себептеріне байланысты бұл жер жарамсыз деп есептелінген.

          Шымбұлақтың өз жарамсыз деп есептелінген,себебі оның ауданының аздығы, қабылдау территориясының жоқтығы,белгілі бір сандағы туристер мен спортсмендерді орналастыру және қызмет керсету жоқ деп, Шымбұлақтан Алматы қаласына төніп тұрған түтін тұманның  көрініп тұруы, Ақ Олимпияда астанасының көркін бұзады деп есептеді.

          Қазірдің өзінде Шымбұлақ пен Медеуде сенбі және жексенбі күндері үлкен экологиялық және транспорттық проблемалар туындайды.

          Олимпияда ойындары-бұл қала өміріндегі жарық эпизод, үлкен мейрам және ірі бизнес. Бірақ мейрамнан соң жай күндер келетіні сияқты, олимпияда ойындарынан соң сол объектілер қандай жағдайда болатынын ойлау керек.

          Француз инвесторларымен әріптестері өткен жүз жылдықтың тоқсаншы жылдардың өзінде бұл сұраққа бір ауыздан кері жауабын берді. Дүние жүзілік тәжірибеге сүиене отырып, олар былай деді:»Батыс клиенттері демалыс уақытында түтінді тұмандармен жабылып тұратын үлкен қалаларды ұмытқысы келеді».Сондықтан ол жерлерде дүние жүзілік деңгейде кешен құру бекер сөз еді. Олардың сараптамалары бойынша, Шымбұлақ және басқа да далаға жақын жатқан ғимараттар жергілікті туристтермен, демалушылардың демалыс күні тынығатын орындары болып қана қала береді. Өткен жылдары осы сараптаманың дұрыс екені мәлім болды /34/.                                

          Интербригада назарындағы екінші-аудан Талғар және оның керемет шатқалы еді. Шаңғы жарыстары,биатлон және тағы басқа спорт түрлері тау шаңғысымен айналысатын туристер үшін таңғажайып және таптырмайтын жер. Жылдамдықты түсім, супергигант,комбинация ойындары үшін тау массивтері сәйкес келмейді.

          Сонымен интербригада әрі қарай шығысқа зерттеумен айналыса береді. Түрген шатқалындағы Одарағай үстіртін таппайынша жылжи береді.

          Табиғаттың бұл жаратылысын көрген интербригаданың әсері керемет болды. Содан соң аймақты аэрофото суретке түсіріп алды, одан топографиялық және кортографиялық материалдар алынды.                                                      

          Түргенде құрлыс үшін таңдалып алынған «Түрген» кешені-бұл жіңішке шатқал емес, ал биік таулы үстірт, дәлірек айтсақ, үлкен «цирк»,оның мөлшері жеті де жеті шаршы шақырым, ал құлау биіктігі 1500 метрден асады. Жергілікті жер бедері әртүрлі қиындықтағы таушаңғылы трассаларды салуға мүмкіндік береді: өте оңайдан бастап(балалар және бастаушылар үшін) жоғары категориялы спорт трассаларына дейін. Мысалы:бір трассаның негізгі параметірілері(№27): ұзындығы-4000 метр, құлау биіктігі-27.43%, максимальды-50% №27 трассаға жақын жерде тағы ондаған трассаларды салуға болады. Ол трассалар жоғарғы дүниежүзілік деңгей параметрлерін талап ететін-супергигант және комбинация ойындары үшін Ойқарағай үстіртінде шаңғы жырыстары және көптеген жаздық спорт түрлеріне, соның ішінде гольфқа да орын бар. Ал ол жердің табиғаты керемет.

          Сонымен, экологиялық таза аудан-Түрген, Шымбұлақ және басқа аудандарда кездеспейтін өзінің кереметтілігімен ерекшеленеді /39/.

          Түргенде бәрі идеал емес шығар, онда да өзінің кемшіліктері бар шығар.

          Әрине, кемшіліксіз ешнәрсе болмайды. Ойқарағай үстіртінің күрделі геологиялық құрылымы бар. Онда көптеген таулы аудандар сияқты топырақ бұзылуы және сырғыма құбылыстары проблемалары бар.

          2014 жылғы Олимпиададағы бізге бақталас Сочи қаласы жоғары сырғымалы қаупі бар зонада орналасқан.

          80-ші жылдардың ортасында Промдомстрой құрылыс компаниясына Алматымен қатар Мәскеуде, Ессентукада және Сочиде құрылыс жұмыстарын жүргізуді бұйырды. Алдыңғы екі обьектіні біз бітірдік, ал үшіншісі (Сочи қаласындағы «Қазақстан» санаториінің құрылысы) күн тәртібінен алынып тасталды.

          Сочи қаласының сырғымаларының қауіптілігі бізді таң қалдырды. Егер де Алматы мен Сочиді 2014-ойындарының астанасын таңдауда емес, ал ең қауіпті қаланы таңдау керек болса, онда Сочи қаласы сөзсіз жеңіске жетер еді. Егер зерттеулер Ойқарағай Үстіртінде сырғымалар бар екенін дәлелдесе, онда қазақстандық мамандар шетелдің тәжірибесіне сүйене отырып, бұл жерді қорғауға алады. Әдемі үстірт мұндай қорғауға тиісті.

          Ал қар болса барлық уақытта да бірдей емес, кейде аз қарлы қыстар да болады.

          Ойқарағай үстіртінде су көздерінің бар болуы және батыс елдерінің жаңа технологиялары (жасанды қар өнеркәсібі) мұндай проблемалардан құтқарады. Айтпақшы, қазір де барлық таулышаңғылы трассалар мұндай әдісті қолданады.

          Түргеннің кемшіліктеріне — Алматыдан жүз шақырым қашықтықта жатқанын айтуға болады. Ал менің көзқарасымша керісінше бұл оның артықшылығы. Дүние жүзінің жалпы қабылданған тәжірибесі бойынша мұндай кешендердің құрылысы ірі мегаполистерден автомобильмен 2 сағаттық жол қашықтығында болуы керек делінген. Осындай қашықтықта үлкен қалалардың «тынысы» сезілмейді деп есептеледі. Экологиялық ластанған Алматыға бұл негізгі тапсырма болып есептплінеді.

          Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің бір сөзінде «Түрген – таза ойлар мен дүниежүзі өркениетінің жаңа жетістеріне жету керек» – делінген (журнал «Didor»1998г).

          Осы мәселе бойынша жобаның шетелдік қатысушысы былай деген: «Түрген – бұл құдайдың сыйы, оны қолданбау — ақылсыздық».

          Және тағы басқа мамандар да көптеген жақсы пікірлер айтқан.

     «Түрген» программасында осы бағалар мен ойларды біріктіру жоспарланған. Оны девиз түрінде былай деуге болады: «Түрген – шығыс даналығы, батыс тәжірибесі мен дүниежүзілік прогрестің алға басуы».

     Қазір Ойқарағай үстіртінде 15-20 жеке құрылыс зоналары бар.Екі жақтық түсінінушілік жағдайда зоналарды фирмаларға берді – ол фирмалар жобалайды, өздерінің салыстырмалы шағын мейрамханаларын (300-400 орындық), ресторандарын, және тағы басқа қызмет көрсету обьектілерін салады. Оларға қазақстандық әріптестерде белсенді көмектесіп отыр. Құрылысты жүргізген кезде елдің ұлттық ерекшеліктері – архитектуралық стилі, дизайны,технологиясы, құрал-жабдықтары, ыдыс-аяғы, асханасы, сусындары қызмет көрсетуі есептеледі. Осыған байланысты, кішкене территорияда 15-20 әр түрлі елдердің кішігірім мейрамхана кешендері пайда болады. Осы мейрамханада сол елдің жетістік нәтижелері көрінеді.

     Талғар-Қазақстанның оңтүстік шығысында Алматыдан 20 шақырым қашықтықта орналасқан.      

     Алматы қаласында өтетін Азия ойындары 2011-ге дайындық шаралары ретінде жаңа спорттық обьектілер ретінде салуға шамамен 58590 млн теңге жұмсамақ.

     20 мың көрермен сиятын әмбебап мұз айдыны спорт сарайына 32500 млн теңге, 400 метрлік жаңа мұздықты сырғанайтын жолдары бар сырғанаққа-2700млн, шаңғы стадионы-1350 млн биатлонды стадион-1755 млн жаңа таушаңғы базасы-27000 млн, трамплин К-120 және К-90 трибунасымен 4725 млн, шаңғы-бобслей трассасы-7560 млн теңгені қажет етеді.

     Алматы қаласында салынатын спортты обьектілердің құрылысы Италиядағы Турин қаласында салынған құрылыстың бағасымен тең келеді.

     Алматыда Азия ойындары-2011ж 30-шы қаңтар мен 6-шы ақпан арасында өтеді деп жоспарланып отыр /24/.  

      

    

2.3 Алматы қаласындағы қысқы олимпияда өткізуге дайындығы

 

     Қазақстанда 2011 жылы болатын жетінші қысқы Азия ойындарына дайындық басталды дейді «Интерфакс-Казахстан» Ұлттық Олимпияда Комитетінің председателі Тимур Досымбетов Алматыда өткен пресс-конференцияда 2011 жылы қысқы Азия ойындары 14 спорт түрінен өтеді деп хабарлады. Сондай-ақ жаңадан салынатын спор кешендері 2014 жылы өтетін жиырма екінші қысқы олимпиядаға берген өтінішке байланысты іске асырылуы керек. Департамент архитектуралары және қала әкімшілігі бірігіпАзия ойындары 2011жылға арналған оъбектілер болашақта халықаралық олимпияда оиындарын өткізуге болатындай таңдау керек,- деді  Т.Досымбетов.

 Алматы қаласы 2011 жылы Азия қысқы ойындарын өткізуші болып таңдалды. Мұндай шешімді Азия Олимпияда Кеңесі қабылдады. Сонымен қоса 2006 жылы 4-ші науырыз айында Кувейтте Азия Олимпияда Кеңесі, Қазақстан және Алматы қала әкімшілігі үш жақты келісім шартқа қол қойды.

     Алматы әкімшілігі пресс-конференция, пресс служба хабарлағандай жетінші қысқы Олимияда ойындарын отызыншы қаңтардан алтыншы ақпан аралығында 2011 жылы өткізетін болып жоспарлап отыр. Жетінші қысқы Азия ойындарына 800 спортшылар, 700 жаттықтырушы, 1000 жалпы баспасөз және телеарна қызметкерлері, 700 волонтеров, 1500 қызмет көрсету қызметкерлері, 500 мелиця қызметкерлері қатыады деп,жоспарланып отыр. Оларға арнайы жағдайлар жасалынып, орналастырады.

     Алматы қаласының әкімшілігі 2011 және 2014 жылы Олимпияда өткізу туралы жоспарға байланысты, Қазақстанның мәжіліс депдаттарына Олимпияда қалашығының орналасу жоспарын және салыну, сондай-ақ басқада спорт кешендерін салу туралы жоспарларымен бөлісті /35/.

     Осы проектіге, кездеуге қатысқан ҰОК-нің президенті Тимур Досымбетов: «Бізге ұсынылған проект негізінен қалаға жемісін әкелуі керек. әр елдегі қысқы Олимпияда ойындарын ұйымдастыру кезіндегі ең басты қателіктері ол спорт кешендерінің әр жерлерде болуы. Ал бізге орналасуына байланысты өте жинақы жоспар ұсынылып отыр.» Негізінен Олимпиядалық саябақта 15-20 мың орындық ірі спорт сарайы салынбақшы, мұнда хоккейден жарыс мәнерлеп билеуден жарыс, жаз кезінде баскетбол ойындарын және мәдени көркем шаралар өткізуге болады. Осыдан қашық емес жерде спортшыларға арналған Олимпяда қалашығын салуды жоспарлап отыр. Осы қалашықтарға бірнеше құрылыс объектілері жоспарланып отыр, оның ішінде 20 мың көрермен сиятынмұз айдыны, 400 метірлік мұз жолы бар стадион, шаңғы және биатлон стадионы, жаңа тау шаңғы базасы, К-90 және К-120 трамплин, 20 мың көрермендік трибунасы бар шаңғы-бобслей трассасы.

          Алматы қаласында  қысқы Азия ойындарын 2011 жылы өткізітенідігіне баланысты атақты жапондық архитектор және  жобалаушы спорттық объектілердің  салуға  және жобаларды жаңалауға қатысуға өз қызығушылығын таныттып отыр.

          К.Ванабэ Алматы қаласының әкіміне таушанғы зонасы  Шыңбұлақты дамытуға және халықаралық олимпиядалық стандартқа сай келтіру туралы өз ойларын баяндады. Бұл презентацияда ұлттық олимпияда комитетінің председалелі Тимур Досымбетов және «Алматы – 2014» Тапсырыс комитетінің атқарушы директоры Владимир Смернов басқа  да қалалық администрация басшылары қатысты.

          Бұл жобада қонақ үй және спортшыларға туристерге арналған қоғамдық комплекс, сонымен қоса Шыңбұлаққа бір күнге баратын халыққа арналған объектілерді салу жобаларын ұсынды. Жобаны талқылау кезінде Имағали Тасмағанбетов жапондық жобалаушыны Алматы қаласын дамыту туралы мәліметтер берді.  

     Алматы қаласында осы олимпияларды өткізуге байланысты қалада көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Осыларға байланысты қала әкімі Иманғали Тасмағанбетов парламенттегілерге Қала құрлыс кеңесіне енгізілген 2020 жылға дейінгі Алматы қаласын түпкілікті дамыту жоспарымен таныстырды.

     Біздің қаламыз 32 мың гектар жерді алып жатыр.Өткен жылы қала құрлыс кеңесімен бірге жұмыс жасалынды. Осы кезде қала бес жоспарлы зонаға бөлінді: орталық, батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс. Әр осы зонаға арнайы құрылыс түрі белгіленген. Мысалы: орталық бөлікте салынатын ғимараттардың биіктігі тоғыз қабаттан биік болмайды және осы аудандағы ғимараттар класикалық үлгіде салынады, нәтижесінде қаланың дәстүрі мен аурасы сақталып қалады.

     Қаланың Олимпиядаға дайындығының негізгі шарты халықаралық стандартқа сай инженерлік инфрақұрылым жасау. Осыған байланысты қалада Үлкен Алматы айналым жолын 2007-ші жылдан бастап салады да, 2011-ші жылдан бастап пайдалануға беріледі. Бұл жобаға жұмсалған қаржы мөлшері сносты қоспағанда 250 миллион долларды құрайды, ал егер сносты қосқанда бұл жоба бірнеше есе арта түседі.

     Сонымен қоса қаланың 60-шы жылдары салынған 12 микро ауданға жөндеу жұмыстары жүргізіледі: ол шамамен 2-3 жыл мөлшерінде. Оған шамамен 9 млрд. АҚШ доллары жұмсалынбақшы. Мұндағы құрылыстар сейсмологиялық, экологиялық және археологиялық ерекшеліктеріне сонымен қоса инженерлік-коммуникациялық өткізу ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі /36/.

      Алматы қаласының  инфрақұрлымын   жақсартуға байланысты  қала әкімшілігі қаржы блуді жоспарлап отыр.  Жалпы жол жөндеуге 1056.323 млн. теңге;  Өтепова көшесінің трамвай желілерін жөндеуге 16.957млн теңге; Рыскұлова-Күдерина-Розыбакиева және Рысқұлово- Сейфуллина-Жансүгүрова көшелерінде жол байланыстарын салуға байланысты жер сатып алуға 32.017 млн. теңге; 20 млн. теңге жеке және жаппай құрлыстардағы канализация және су құбырларын жөндеуге;  мемлекеттік органдардың ғимараттарын жөндеуге 400 млн. теңге;  77.946 млн.теңге синхрондық аударма құралдарын сатып алуға және орнатуға.              

       Осы Олимпиядалық шараларға байланысты Республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы әкімшілігіне қаланы қаржы аймағы және туристік орталық ретінде дамыту туралы тапсырма қойды. “қаржы орталығы қаланың осы мақсатта дамыту үшін ең алдымен жақсы қауіпсіз болуы керек және тәртіп, таза көшелер мен жақсы қарым-қатынас болуы керек”,-деді.

     Нұсұлтан Назарбаев қаланың көлігі инфрақұрылымын дамыту туралы сұрақты қозғай келіп, қалада релісті транспортты егнгізу. Алматыда ең бірінші кезекте метрополитенді құрлысты аяқтап барып, жер асты релесті инфрақұрлымды дамытуға көңіл бөлу керек.

     Алматы әкімшілігінің алдындағы екінші тапсырма-ол  туризм индустриясын дамыту. Ол бізде дами бастаған кезде және туризм индустриясының даму бастамасы Алматы қаласында болу керек. Қазақстанға келетін туристтердің 60%-ы осында келіп көреді. Сондай-ақ туризмды дамыту үшін экологияға көңіл бөлу керек екендігін атап айтты. Соған байланысты үкімет қала басшылығына осы бір жыл ішінде таушаңы курорты Шымбұлаққа тек экалогиялық таза көлікпен қатынасуды қамтамасыз ету керектігіне тапсырма берді. Егер біз көлікпен толассыз баратын болсақ, онда біз плотинаны және тамаша экологияны бұзамыз. Президент қатаң талап қойды. Егер трамвай құрлысының амалын таппасаңыздар, онда келесі маусымда Шыңбұлаққа баруға шек қоямын, — деді. Мұндай көліктік құрылыс жүйесі шамамен 10-15 миллион долларды құрайды. Негізінен Шымбұлаққа көп пайда түседі. Бірақ оның бәрі көптеген коттедждер салуға жұмсалған. Соған байланысты Шымбұлаққа жақын маңдағы тауға үй салуға тыйым салынған, -деген құжатқа қол қойды. Экологиясын сақтау керек, туристер сол үшін де осында барады.

Экологиясы. Олимпияда өткізудегі маңызды мәселердің бірі қаланың экологиялық жағдайы. Эксперттердің айтуы бойынша Алматы қаласының ауа бассейні қатты ластанған  дейді. АО «Казгеоккосмос» мамандары геологиялық, инженерлік-техникалық, экологиялық және тағы басқа саладағы мәселелерді шешу үшін аэрокосмостық тәсілдерді қолдануға мамандануда.

Қала өте ауыр жағдайда орналасқан: жазық далалық және биік таулы аудан шекарасында. Бұл жерде төмен жел циркуляциясы болғандықтан әр түрлі антропогендік және табиғи құбылыстар жиналады. Автокөлікпен ластану, орталық жылу электро станциясының жұмысы жеке меншік секторлар жоспарланған құрлыстар ситуацияны шиеленістіріп, ауа айналымына бөгет жасайды. Егер 1980 жылы таудан келетін ауа Абай даңғылына дейін жетсе қазіргі күні олай айту қиын. Космостық зерттеулер бойыша 2005 жылы орта есеппен Алматыда формальдегида концентрациясы белгілі бір мөлшерден алты есе, азотдиоксиді-1,9 есе, сондай-ақ ауадағы шаң бірнеше есе көбейіп кеткен. Ең ауасы лас аудан Райымбек даңғылының бойы: мұнда формальдегид-7,1 есе, азотдиоксиді-2,4 есе, шаң-1,9 есе көп.

      Атмосфера ластану индексі өте жоғары, өйткені әртүрлі газдың мөлшері белгілі бір нормадан жоғары. Өткен жылы негізгі ауа бассейінін ластаған автокөлік. Қазіргі кезде авто көліктер ауаны қатты ластайды. Алматы қаласының атмосферасының ластануының 80%-і автокөліктен. Сондықтан қатаң тәртіптер енгізу керек. Сондықтан жанармай бекетінің жанармайының халықаралық стандартқа  сай болуын қадағалау, сонай-ақ қазіргі сатып алынып жатқан автокөліктер стандартқа сай келмейтініне байланысты атмосфераны қатты ластайды Алматы өндірісі онша көп зиян келтірмейді. Тек екі жылу электро станциясы бар.»Козгеокосмос» мамандарының айтуы бойынша экологиялық жағдайды дамытудың екі жолы бар. Қазіргі жағдай санитарлық мөлшерден он есе көп. Егер біз Европалық стандартқа көшетін болсақ, онда ауаның ластану мөлшері 1980-ші жылдардағыдай болады,-дейді.

     Сонымен қоса маман дәрігерлердің зерттеулері бойынша автомобилден қалған қалдықтары – көмірқышқыл газы және азот қышқылы адам организіміне өте зиян. Бұл зиянды токсикалық заттар адам психикасына әсер етеді және жұмыс қабілетін төендетеді, бастары ауырып, ұйқысыздық пайда болады.. Осы жасалынып жатқан шаралар олимпиядаға ғана емес бүкіл Алматы халқының денсаулығына пайдалы.                      

     Қауіпсіздік шаралары. Алматы 2014 жылы олимияда ойындарының астанасы болатын болмаитыны әлі белгісіз, бірақ 2011 жылығы қысқы Азия ойындарынына дайындық жүріп жатқаны шындық. Қандайда болмасын шараларды өткізу үшін ең алдымен қауіпсіздік керек. Келешекте болатын іс-шараларды өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және спорт министірлігінің 2005 жылы 25 қарашадағы №297 бұйрығында»қоғамның ретсіздігі мен қауіпсіздігін, сонымен қатар эвакутцияны, сол спорттық іс-шараларға қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қаитамасыз ету»- делінген.

     Ережеге сәйкес, жаппай спорттық іс-шаралар тек ғимараттарында және арнайы эксплуатацияға арналған жерлерде мемлекеттік коммиссия және сот әріптестерімен, онда қатысатын барлық ұйымдар мен инженерлік жүйелер спорттық-техналогиялық құралдар мен басқа да нормативті актілерді сақтағанда ғана өте алады. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) және аудандық (облыстық маңызы бар) денешынықтыру және спорт сұрақтары бойынша атқарушы оргондар жергілікті атқарушы оргондарымен қатар инженерлік қызметпен жобалау және құрылыс ұйымдарымен бірігіп, жаппай спорттық іс шараларды өткізуге арналған спорттық кешендерді жыл сайын техникалық тексеруден өткізіп тұру қажет. Оларды өткізудегң мақсат-өрт қауіпсіздігін, құрылыс конструкцияларының тұрақтылығының тексерудегі нәтижнсі бойынша (қаланың, ауданныі) техникалық тексеру туралы акт құрастырылады.

     Жаппай спорттық шараларды өткізуде қауымдық қауіпсіздікті сақтау және жергілікті атқарушы қала органдарының жаппай спорттық шаралардың тыныш өткізілуін қадағалау үшін, әкім орынбасарларының қадағалауымен коммиссия құрылады. Сондай-ақ осы коммиссия құрамына үкімет органдарынан өкілет және басқада қызығушылығы бар үйымдардан қатысады.

     Жаппай спорт шараларды өткізу кезінде ережеге сай, спорт кешендерінде спирттік ішімдіктерді сатуға тиым салады және шыны ыдыстағы сусындарды сату шектеулі болады. Билет сатылғанда және рұқсат қағаздар берілгенде отыратын орны көрсетіліп және мөлшерден артық берілмейді. Осындай шараларды өткізілетін спорттық кешендерді ішкі және сыртқы өрт, су құбырларының үнемі істеп тұруын инженерлік қызметкерлер қадағалап отыру керек және ғимарат кешендердің беріктігі, дұрыс құрастырылғандығы, эвкуация бола қалған жағдайда трибуналардың дайындығы, кіру және шығу есіктерінің жылдам ашылатындай болып, шара өткізіп жатқан кезде ілінбелі құлыптардың болуын қадағалауы керек, қызмет көрсетуші персоналдар жүріп жатқан қызметтер және сатылған билеттер мен рұқсат қағаздардың  саны жөніде, сондай-ақ шараларға қатысушыларға арналған автокөліктің саны, қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету қызметі, қызмет көрсетуші персонал, жаппай пайдалану орындары, кешенді санитарлық-гигеналық тертіп, арена және территория, өрт сөндіруге дайындығы жөнінде мерекелік шара басталардан екі күн бұрын ішкі істер қызметіне, өрт қызметкерлеріне дайындығы жөнінде хабарлар берілуі керек /40/.

     Сонымен қатар келер көрермендерге және жасөспірімдерді сақтардыру шараларына байланысты үгіт-насихаттар жүгізу, ғимараттардың қабырғаларына тәртәп және өрттен сақтау ережелерін, міндеттері туралы плакаттар ілінуі керек. Қызмет көрсету шараларына байланысты билет және рұхсатнама тәртібіне байланысты тексеру, тамақтандыру қызметі, дәрігерлік қызмет, қозғалыс және автотұрақ қызметі, гардероб,  сақтау қоймасы қызметі және тағы басқа да қызмет көрсету орындарының дайын болуын қадағалау.

     Ішкі істер қызметтерінде заң түрінде басқарылады; керекті күштер, техникалық құралдар ортаның тәртіп сақтығын, спорттық мерекелерді өткізгенде дайындықтар жасау, сонымен қатар көрермендер мен қатысушылардың қауіпсіздігін сақтау, әкімшіліктің жауапкершілігі бойынша ішімдік ішкен, портфель және де соған ұқсаған спирттік заттарды, шыны ыдыстағы сусындарды жарылғыш заттар қару жарақтар әкелуге болатындай заттарды тексеріліп кіруге рұқсат бермейді.

     Мемлекеттік өрт сөндіру қызметкерлері споттық мереке шаралары өткізілетін кезде кезекші топтар қойылып, егер өрт болатын жағдайға байланысты алдын-ала шара ретінде барлық техникалық жабдықтарды дайындап, басқа да өрттен сақтау шараларды қарастырады. Осы шарларға байланысты эвкуация жасауға байланысты үгіт нәсихат шалалары жүргізіледі. Ойындарға билетсіз және рұқсатнамасы  жоқ адамдар, кешкі уақытта жасы он алтыға толмаған бала ата-анасынсыз ойынға кіре алмайды. Сонымен қатар медициналық көмекке қызметкерлер келіп тұрады.

     Осы шаралардың бәріне дайындықтар жасалып, спорт кешеннің толық техникалық, өрт қауіпсіздігіне барлығына дайын екендігі және спорттық шараларды өткізуге болатындығы жөніне байланысты коммиссия мүшелері тексеріп жарыс өткізуге рұқсат беретін құжатқа қол қояды.

     Жалпы 2006 жылы Италияның Турин қаласындағы өткізілген олимпияда  ойындарында барлық шығындарды италияндықтар өздері көтеріп алды, оған шамамен 100 миллион евро жұмсалды. НАТО-дан болған көмек шарасы ретінде, екі барлау ұшағы ойын өткізіліп жатқан қала, ауылдарды күні-түні барлап отырды. Сонымен қатар ойын өткізілген жақын аймақтардағы барлық люктер және қоқыс қорапшалары мөр басылып жабылды. Соған қарамастан бірнеше жерлерде ұрлық шаралары орын алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АЗИЯЛЫҚ ОЛИМПИЯДА ОЙЫНДАРЫН ӨТКІЗУІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ,ТУРИСТТІК ОРТАЛЫҚ РЕТІНДЕ ИМИДЖІНЕ ӘСЕРІ

 

3.1 Алматы қаласының 2014 жылғы  халықаралық Олимпияданы өткізуге  үміткер

 

      Алматы қаласы 2005 жылдың тамыз айында үміткер ретінде Халықаралық Олимпиядалық комитетке қайтарысыз 150 мың американдық доллар төлеп келісім шартқа отырды. Үміткер қалалардың арнайы семинарын да қойылатын талаптармен тансып, 2006 жылы шілде айында Халықаралық Олимпияда комитетіне келісім шарта келісілгендей қайтарымсыз, бірақ 500 мың доллар қаржы төлейді.

          2005 жылы 17 қарашада Қазақстандық стратегиялық зерттеу институтында «Алматы- 2004 Олимпиядалық ойындар» қорының делегациясының директоры Юрия Макогона және Швейцариядағы «Тұрақты спорттық даму» қорының маманы Андрей Симановпен кездесу болды.

          Швейцариялық «Тұрақты спорттық даму» қорының мүшелері Алматы қаласы әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпияда комитеті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Алматы қаласының 2014 жылғы олимпияда ойындары өткізуге үміткерлігін қолдады.

          Осы шараларға байланысты, ең басты талаптардың бірі- Өтініш кітабын жасау, мұнда қаланың: экологиясы, автокөлікпен қамтамасыздығы, автокөлік жолдарының құрылымы және жылдамдық көрсеткіші, гидромет орталықтың көрсеткіші, визалық оформление тәртібі, қонақ үй жағдайы, қауіпсіздік шаралары және т.б. Швейцариялық топ «Тұрақты спорттық даму» делегациясы осы сұрақты қарастырып, Өтініш кітабын жасауға көмектесті.

          КИСИ кездесуінде қазіргі әлеуметтік саяси жағдайларды және болжамдарды мүмкіндігінше Алматы қаласында олимпиядалық ойындар өту күніне дейін дамыту. Андрей Смирновтың мәлімдеуі бойынша, 2014 Қысқы Олимпияда ойындарын өткізуге үміткер болу қалаға жағымды жақтармен әсер етеді.   

     Келесі талап ол тапсырыс беру комитеті “Алматы-2014-тің председатель қала әкімі Иманғали Тасмағанбетов хабарлағандай, Лозанудағы Халықаралық Олимпияда комитетінің штаб-квапртирасында 80 дана Тапсырыс кітабы және 110 компактдискі берілді. Халықаралық олимпияда комитетінің талаптарына сай Тапсырыс кітабында осындай үлкен маштабты спорттық мерекені  өткзуге байланысты  көз қарастары, ойлары  осыны шешудің жолдары туралы 25 сұраққа жауап жазылған –деді әкім /40/.

     Сонымен қатар Қазақстанның Ұлттық Олимпияда комитетнің президенті Тимур Досымбетов айта кеткендей Алматы үлкен Евразиялық қала болып есептелінеді, 1,3 милионнан астам халқымен және ол Тянь –Шань тау массивтің солтүстік бөлігі болып келетін Іле Алатауының етегінде орналасқан. Сондай-ақ Қазақстан ОРтаазия елдері ішінде және ТМД мемлекеттер ішінде қысқы спорт түрлерін дамытуда белсенділік көрсетіп отыр. Ал студенттер    қаласы      болып        келетін            Алматыдағы жастарға жаңа мүмкіндіктер ашар еді, тағы бір жағынан Қазақстанның ірі мегаполистің инфрақұрлымын дамыту,  экологиялық жағдайын жақсарту, туралы маңызды сұрақтарды  шешуге көмектесер еді .

Халықаралық Олимпияда комитетіне Қазақстан үкіметі ертерек хат жіберді, мұнда Алматыда өткізілетін ойындарды қаржыландыруға кепілдеме беретіні жазылған.2014 жылы қысқы Олимпияда ойындарын өткізуге өтінішті Қазақстан Ұлыттық олимпиядалық комитеті 2005 жылы шілде айында Гватемаледе өтетін сессиясын да белгілі болды. Халықаралық Олимпияда комитетінің мәліметтері бойынша Өтініш кітабын басқада үміткер алты қала тапсырды: Зальцбург(Австрия), София(Болгария), Хака(Испания), Боржоми(Грузия), Пьхенчонг(Корея) және Сочи(Россия).                                                                                      Қазақстанның бұрынғы астанасы-Алматы 1,5 млн. халқы бар. Саяси элитасы Астанаға көшсе де ешқандай имиджі және статусын жоғалтпады. Алматы әрқашан Қазақстанның ресми карточкасы болып қала береді. Алматы қаласына – қаржы-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми және саяси орталығы деген статус берілген. ”Оңтүстік астана” деген қаланың екінші есімі.

     Алматы қаласының 2014 жылы Олимпиядалық ойындарды өткізуге үміткер болғандықтан, басқада үміткер  қалалармен   салыстыра, мүмкіндігін қарастыра кетейік.    

     Алматы қаласының 2014 жылы олимпиядаға байланысты мықты бірнеше қалалар бар. Әсіресе 2003 жылы Халқаралық олимпиядалық комитет 2010 жылы Олимпияда өткізу иегері ретінде кореялық Пьянгчонга,канадалық Ванкубер және австриялық Зальцбуртың ішінен таңдап алды. Ең бірінші мықты үштіктің ішінен Зальцбург бірінші шығып қалды. Одан кейін екеуі қалғанда көп дауысты Ванкубер жинады /3/.

     2003 жылы өзне ертерек ірі жарыстар өткізіп тәжірибе жинауына байанысты, көп козыр жинады. мысалы: қысқы Азия олимпияда ойындарын 1999 жылы өткізген. Тіпті Халықаралық Олимпияда Коммитетінің вице-президентітерінің бірі Корея елінің предцедателі.

     Жаңа олимпиядалық жарысқа Корея бірінші болып барлық керек документтерді өткізді. Осының өзі Пьянчонганың сенімді түрде екендігін көрсетеді.

     Ал енді Зальцбург қаласын қарастыра кетейік.

     Театр ілгіштен басталады дегендей қалаға кіреберіс әуежайдан бастап қалыптасады. Зальцбург әуежайы Алматы қаласының әуежайынан еш үлкен емес, бірақ шетелге үнемі ұшу рейстері көп. Бұның өзі Алматыға минус. Қысқы спорт ойндарына келушілердің көбі Европада тұрады,олар Қазақстаннан қарағанда Австралияға жету әлде қайда жеңіл. Егер Зальцбургке басқа Европа елдерінен пойзбен, автобус және машинамен жетуге болады. Ал біздің елге тек ұшақпен ғана жете алады.

     Егер бізге келетін әуе қатнастары көбейсе әуежай қабылдай   алмай қалады. Әуежай олимпиядамен өте тығыз байланысты. Және Зальцбургте әуежайдың айналасында автотұрақтарды көруге болады, ал бізде жай күндердің өзінде автотұрақтар толы болып тұрады.

     Олимпиада кезінде қалаға бірнеше мың туристер, спортсмендр, жаттықтырушылар, жанкүйерлер келеді. Осынша адамға қаншама орын керек. Ол үшін маңайындағы бірнеше ғимараттарды алып тастау керек. Олимпияда үшін ол түк емес, біраз қала туралы ойлар осындай ұсақ-түйектен барып құралады.

     Зальцбург Австриядағы екінші үлкен қала, бір жарым миллионнан астам тұрғыны бар. Мұнда дамыған өндірісімен қатар, қызмет көрсету саласы өте жақсы дамыған. Зальцбург бәріне қызықты, өйткені ол-тарихи орталық ретінде танымал. Мұнда Моцарт, Фон Караян, тағыда басқа көптеген дүние жүзіне танымал адамдар өмір сүрген. Иә, тіпті қала іскерлік және мәдениеті жағынан танымал, қалалық инфрақұрылымы, қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру жағынанда Зальцбург мықты.

     Сонымен қатар Халықаралық Олимпиадалық Комитет олимпиада өткізу орнын таңдаған кезде де 1992 жылы Франция-Альбервиллг, 1994 жылы Норвегия-Лиллехаммерде кезекті ұсынды. Бұл Европа. Келесі олимпияданы Азия-Японияға берді. Одан кейін 2002 жылы АҚШ Солт-Лейк-Сити. Биыл 2006-шы жылы олимпияда Италия-Туринде өткізуді Европаға берулері мүмкін.

     Алматыда жас, әдемі қала, инфрақұрылымы жаңарып келеді, бірақ қонақ үй жағын алып қарағанда соңында қаламыз.

      Зальцбургтың тағы бір керемет жағы, мұнда бірнеше Европалық шааңғы және таушаңғы курорттары бар, ол дегеніміз халықаралық стандартқа сай келеді деген сөз. Егер біз осыншама спорттық кешендерді салсақ та оларда үлкен жарыстар ұйымдастырып, оны қалпында сақтап тұру өте қиын және Алматыда объектілерді салу Зальцбургтен қарағанда бірнеше есе көп шығын болады. Осы кешендерде жарыстарды, кездесулерд, дайындықтарды өткізуге қалыптасуға да бірнеше жылдар керек.

     Авсирияда іскерлік жағынан алғанда мұнда халықаралық биатлонның штаб-пәтері орналасқан. Спорт ойындары ішіндегі бірден-бір беделді федерациясы болып келеді.

     Әрине, Зальцбургте барлық жағдайды пайдалана отырып алға ұмтылады. Тағы жарысқа түсе отырып,мұнда көптеген жарыстар өткізілген.  

          Егер де Алматы қаласында 2014 жылы Қысқы Халақаралық Олимпияда өткізуге мүмкіндік туса, онда оның шығыны 2006 жылы өткізілген Турин қаласындағы шығын  мөлшерімен сәйкес келеді. Өйткені, Туринде спорт кешендері және инфрақұрылымы Алматы қаласынан әлдеқайда жақсы болса да, Алматыда қызмет көрсету, құрылыстық  жабдықтар, жер бағасы арзан /27/.   

 Кесте 3 Құрылыс және жөндеу жұмыстары

 

Инфрақұрылым

Шығыстар (евро)

«Палавела» мұз сарайы

 

 

47 000 000

«Чезана Париол», бобслей, шаңғы спорты және скелетон үшін террасса

 

 

60 000 000

«Паласпорт Олимпико» хоккей сарайы

 

 

85 000 000

 «Овал Линготто» мұз сарайы

 

 

60 000 000

 «Палагьяччо на Корсо Таццоли»

 

 

11 000 000

«Палагьяччо ди Торре Пелличе» кешені

 

 

12 000 000

«Паласпорт ли Пинероло» кешені

 

 

12 000 000

«Праджелето олимпиядалық трамплині

 

 

34 000 000

Олимпиядалық ауылдар

 

 

137 000 000

 

Журналистикалық ауылдар

 

 

80 000 000

Құрылысқа кететін шығындар

538 000 000

         Кесте 4 Туриндегі олимпиядалық ойындарды өткізуге кеткен шығындар.

 

Атаулары

Шығыстардың дәл статьялары

Евро

Тамақтану

тамақ

сусындар

7 837 000

2 789 000

Транспорт

Транспорттардың эксплуатациясы( автобустар, жүк машиналары, самолеттер, моторлы шаңғы, сигналды жалаулар, жол белгілері)

Жанармай

59 547 00

 

 

 

10 000 000

Ойындарды өткізу

Спорттық объектілер

60 000

Құрал- жабдық, қызмет көрсету, жарыстарға арналған құрылғылар(столбтар, сеткалар, палаталар) 

39 418 000

Алау+медаль+ойыншықтар. Киімдер(спорттық,үй, әншейін)

5 766 000

9 678 000

Орналастыру

 

2 121 000

Шоу

СМИ (жарнама, типографиялық, баспа жұмыстары, мультимедия)

3 358 000

Коммуникация және технологиялар (LAN, кабельдеу,TELEKOM сеттері және инфрақұрылымдар, компьютерлер, интернет- хостинг, CRM-технологиялары)

65 485 000

Қызмет көрсету

Интерьер + құрал — жабдық (офистер, асханалар)

36 088 000

Консультациялар (стратегиялық, құрылыстық, инженерлік)

4 950 000

Қызмет көрсету+қауіпсіздік(жеке қорғау, кассалық билеттер, канцелярия, сақтандыру, жуғыш заттар, пошта, қоқыстан тазалау)

46 497 000

Дәрі — дәрмек

 

1 421 000

Барлығы

 

298 150 000

 

 

3.2 Азиялық қысқы олимпияда  ойындарының Алматының туристік имиджіне әсері

 

     Қала өзінің туристік потенциалы немесе оның айналасы дүние жүзіндегі көрікті жерлерден кем түспейді.

     Қазақстан қазіргі кезге дейін туристік жоспарда Европа, Оңтүстік шығыс Азия, Жапония, Түркияға дейін алдынғы эканомикалық қатнастарға жеткен, халықаралық сауда қызметі және ұлттық эканомикалық даму стратегиясына жеткен жоқ. Қазіргі кезе туризмге деген қарым-қатынас түрі тамырымен өсіп келеді.Ол еліміздің экономикасындағы жақсы бағытта дамып келе жатқан сала. 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық туристік админстрациясы Сыртқы істер министрлігімен және Алматы қаласының әкімшілігімен бірігіп Қазақстан Республикасын Европаға арналған ВТО компаниясының отырысын өткізуге арналғанға кандидатурасын ұсынды. Кезектегі отырысты өткізуге ұсыныс жасаған елдер Әзірбайжан, Қазақстан, Сербия және Черногория. Европалық комиссия ВТО-ның құрамында болған сайлауда Европаға арналған ВТО компаниясының отырысын Қазақстанда өткізуге шешті. 2006 жылы сәуір айының 23-27 Алматы қаласында Европалық комиссияның 45-ші отырысы өтті.

Туризмнің алғаш қарқынды дамуын 2006 жылы Туризм Министрлігі және Қазақстан Республикасы Спорт Министрлігінің бөлінуі, туризм кластерін дамытуы жөнінде шешім, туризм дамуының алғашқы қадамы. Мереке жоспары, жалпы системалық сұрақ Алматы қаласында және Алматы облысында туристік кластерді дамыту жөніндегі сұрақты қамтиды. Осы аймақ инфрақұрылымы жағынан (қонақ үйлерді көңіл көтеру объектілерін,  қорықтар таулы территориялар және тағы басқалары ) және сондай-ақ жеке бизнестің дамуына байланысты, туристтерге ауданның жалпы тартымдылығын көрсету.

Зерттеу жүргізген кезде Алматы және Алматы облысында келесідегі сегменттер байқалды және осы аймақ туристік кластерді  дамытуға жағдай жасалынған:

-Экогиялық туризм, аймақтың табиғи ландшафтын пайдаланушы;

  • Мәдени-танымдық туризм, елдің тарихи археологиялық және мәдениетін ашып көрсетуге бағытталған;
  • Іскерлік туризм, Алматы қаласының әрі қарай дамуына бағытталған » Орталық Азиядағы танымал қаржы және бизнес орталығы» ретінде. 

     Әр сегменттің шынайы базасы бар. Таулы аймақ табиғи ескерткіш: Кіші Алматы шатқалы спорттық кешен «Медеумен» 1605м биіктікте орналасқан және таушаңғы курорты «Шымбұлақ»–2800м, Алма-Арасан шатқалы биологиялық курорт және Үлкен Алматы көлімен (2510м), Бутаковка және Түрген шатқалы сарқырама және тағы басқа ерекшеліктерімен. Қаладан алыс емес қашықтықта үш ұлттық парк орналасқан. Іле-Алатау, Алтын-Емел және Шарын, төртінші жоба дайындалып жатыр (Көлсай және Қазақстандағы ең ескі Алматы мемлекеттік қорығы).

     Мұнда көптеген туризм түрлері дамыған және дамып келеді. Олар: тау туризм, экологиялық туризм, әр трлі қиындық категориядағы су туризм түрлері. Қысқы туризм түрлері өте көп және әр түрлі: таушаңғысында сырғанау, споуборд, споутюбинт-қарда сырғанау. Шым-шытырық демалыс түрлері хеллиски және альпиниз-мальпийски ол тік ұшақтьық транспортқа пайдаланатын  мұздыққан  және биік  таудан  сырғанау /34/.

     Мәдени-танымдық туризмді ұнататындарға, Таңьалы шатқалындағы тастағы суреттер галереясы, тау баурайындағы- күмбез тәрізді Апрахай тауы және Бес –шатыр мазары және тарихи обьектілер, аохеологиялық ескерткіштер және Қазақстандағы Жібек жолы бойындағы:ескі қалашық «Тальхиз» (Талғар қаласы), сақ қорғаны (Есік қаласы). Бұрынғы Верный (Алматы қаласы) қаласының этнографиялық ескерткіштері, тарихы және мәдениеті. Материалдық мәдениеттің негізгі көзі сақ тайпасының археологиялық ескерткіштер — мазарлар, тастағы суреттер,  сақтардың көмулі   жатқан заттары. Ең бір ғажайып ескерткіштердің бірі Есік қорғаны, бұл жерден «Алтын Адам» табылған, Іле Алатауының  етегінде Алматы  қаласынан 50км қашықтықта. 

     Алматы әкімі Иманғали Тасмағанбетовтың ойы бойынша, Олимпиядалық ойындар – бұл тек спорттық шоу елге қалаға саяси ұран ретіндегі, және де бұл үлкен экономикалық пайда. Мысалы: Туринді қазіргі кезде «Олимпияданың экономикасы» деп айтуға болады. Әкімнің айтуы бойынша биылғы қысқы  ойындар Италияға 17млрд. евродан астам қаржы әкеледі. Егер  Италияның жыл сайын ВВП 1,2 есеге өссе, Олимпияда ойыны 0,2%-ға өссіреді. Иә, үкімет инженерлік және инфрақұрылымдық құрылыстарға 2,3 млрд евро  жұмсады. Бірақ бұл жанама 13 млрд жеке меншік инвестиция тартты, соның   арқасында 57000  қосымша  жұмыс орындары ашылды.

     Иманғали Тасмағанбатовтың айтуы бойынша біз Олимпияда ойындарын өткізуге барлық күш жігерімізді саламыз дейді. Өйтені осы шараларды өткізуге арналған қаржының көмегімен, қаламыз энерго, газ, жылу, cу  құбырларын, жолдар, транспорттық және тағы басқа проблемаларды  шешуге көмектеседі.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

          Сонымен, 2011 жылғы Қысқы Олимпияда ойындарын еліміздің әсем қаласы Алматыда өткізу туралы 2006 жылы 4 наурыз айында Кувейтте Қазақстан және Алматы қала әкімшілігі үш жақты келісім шартқа қол қойды. Ол келісім шарт бойынша, Қысқы Азия Олимпиядалық ойындары 2011 жылы 30 қаңтар және 6 ақпан аралығында өтіледі делінген.

          Бұған VІІ Қысқы олимпияда ойындарына 800 спортшы, 700  жаттықтырушы, 1000 жалпы баспасөз және телеарна қызметкерлері, 700 волонтер, 1500 қызмет көрсету қызметкерлері, 500 милиция қызметкерлері қатысады.

          Қорытындылай келе,  ең бірінші елімізді дүниежүзіне танытып, шетелдік туристерге жарнама жасайды, екіншіден, халықаралық стандартқа сай деңгейдегі спорт кешендеріне ие болып  қаламыз. Осының нәтижесінде өзіміздің спортшылар айлар бойы Еуропаға жоғалмай, өзімізде дайындық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктері туады. Сонымен қатар, Қазақстанның болашағы болатын жасөспірім спортшыларды дайындауға мүмкіндіктер туады. Үшіншіден, олимпиялық ойындар елге саяси ұран ретінде  және экономикалық үлкен пайда әкеледі.

          Еліміздің ұлттық табысы өсуге және экологиялық жағдайын, энергия, газ, жылу, су құбырларын, транспорттық жолдарды және т.б. проблемаларды шешуге көмектеседі.

          Осы олимпияданы өткізу нәтижесінде 2014 жылы Халықаралық  Олимпияда ойындарын өткізуге иегерлік етуге мүмкіндіктері туады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

         

  1. Жандаев М.Ж. Природа Зайлийский Алатау. Алма- Ата, 1978
  2. Гуриков Д.Е. Зайлийский Алатау. Алма- Ата, 1981
  3. Ковалев Ю, Маркович М. По горным окресностям Алма- Ата, 1963
  4. Совет энциклопедиясы. 7 том. 467б
  5. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. 1 том. 56б
  6. Олимпийская энциклопедия./ гл. ред. С.П.Повлов. Москва, 1980
  7. Толковый словарь спортивных терминов/ сост. Ф.П.Суслов, Д.А.Тышлер. Москва, 2001
  8. Словарь – справочник по истории и культуре Древней Греции и Рима. Мн., 1996
  9. Гуриков Д. Е. Іле алатауы. Алматы, «Қайнар». 985.
  10. Жандаев М. Ж. Геоморфология Заийлиского Алатау проблемы формирование речных долин. Алма-Ата: Наука, 1972, 32-39с.
  11. Мошляк А. Ф. Геоморфологические и действительные поверхности границы дождевого водосбора // Методы изуч. Свойств и состаяния геол. среды ВНИИ-гидро-геол. и инж. геол. М.,1987.с. 210-1-216.
  12. Науменко А.А. Почвы Зайлиского Алатау. Алма-Ата 1981.
  13. Науменко А.А. Джунисбеков Д.А. Повышение плодородия и охрана почв. Алма-Ата, КазНИИНТИ, 1983, с 52.
  14. Казахстанская правда// автор Ольга Малахова. 21.01.06.стр 3
  15. Караван.// автор И.Федоренко. 11.10.05 №42 34 стр.
  16. Караван // автор И.Федоренко. 13.01.06. №2 6 стр.
  17. www zakon. kz
  18. www. kz/ спорт
  19. www. Caravan. Kz
  20. www. Aport. Kz
  21. www. Almaty. com.
  22. www. Google. Com
  23. www. 2014 Almaty. Com
  24. www. ru
  25. Брякин М.И. Справочник по курортам Казахстана.-

        Алма- Ата: Казгосиздат,1959

  1. Егемен Қазақстан//автор О.Елубай 06.04.06
  2. Казахстанская правда// автор Ю.Лифинцев. 20.01.06. стр

 

  1. Сборник нормативных правовых актоы и информационных материалов по вопросам туризма. Астана, 2005
  2. Голощапов Б.Р. История физической культуры и спорта. Москва, 2001
  3. Шабельникова С.В. Оценка рекреационных ресурсов Республики Казахстан для целей развития отдыха и туризма.Алматы ,2000
  4. Байтанов С.А Аты әлемге танылған Алматы санаторийі. Түркістан, 1998
  5. Мазбаев О.Б., Омаров К.М. Қонақ үй шаруашылығы және туристік бизнес. Астана, 2003
  6. Под.ред проф. Чудновского Гостиничный и туристический бизнес. Москва, 1998
  7. Ердавлетов С.Р. География туризма. Алматы, 1992
  8. Плотонов В.Н., Гуськов С.И. Олимпийский спорт. Киев,1994
  9. Хавин Б. Все об олимпийских играх. Москва, 1979
  10. Караван// автор Сайн Ермагамбетов. №33 19.08.05.8-9б
  11. Караван// автор Игорь Федорянко. № 41 14.10.05. 4 б
  12. Hotel- almaty. Kz
  13. coral. ru