АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Апелляциялық шағымдар және наразылықтар бойынша іс жүргізу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

ОРТА АЗИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

Алматы — 2010

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………..……………3

 

I — тарау. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІ МЕН ҮКІМДЕРІНЕ НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ, ШАҒЫМДАНУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ………………………………………………………………………………………..5

1.1. Аппеляциялық өндірісітің тарихи және салыстыру-құкықтық талдаулары…………………………………………………………………………………………..5

1.2. Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы……………………………………………….20

1.3. Аппеляциялык шағым беру, наразылык білдіру кұқығы және тәртібі………………………………………………………………………………………………..23

 

II — тарау.   АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ…………………………………………………………………29

2.1.   Аппеляциялық өндірістің түсінігі, козғау негіздері, пәні және шектері………………………………………………………………………………………………29

2.2.   Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі…………………………………………………………………………………………………37

 

Ш-тарау. ҮКІМНІҢ КҮШІН ЖОЮ НЕМЕСЕ ОНЫ ӨЗГЕРТУ НЕГІЗДЕРІ………………………………………………………………………………………..42

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………53

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.

Қылмыстық істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында қылмыстылықты және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза колдану дәрежесін анықтайтын заңдардың еш бұрмаланбай, катаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару,  сол сияқты істі қысқарту жағдайлары  да бағынады.

Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқарту жөніндегі қаулы — бұл соттың каралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау қүкық бүзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, кылмыстық іс жургізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялык сот өндірісіне жүктеліп отыр.

Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ кателесуден қорғау міндетгерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін кайта қарау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі сотгыкқ тексеруге жатқызылады. Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады.

Қазакстан Республикасының Конституциясы әрбір адамға өзінің құқыктары мен бостандықтарының соттық корғалуына кепілдік береді. Қылмыстық сот өндірісі және бас сот талқылауы барысында азаматтардың қуқықтары шектелуі мүмкін болғандықтан, Қазакстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі[1] қылмыстық істерді объективті және әділ шешілуінің маңызды тәсілдерінің бірі ретінде сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану. наразылық білдіру және сот шешімін қайта қарауды тиянақты түрде  көрсеткен.

Апелляциялық[2] сатыдағы (инстанциядағы)[3] өндіріс — күшіндегі заңның новелласы болып табылады. Алайда, кылмыстық іс жүргізудің бірде-бір сатысы жана ҚІЖК-сі қабылданған уакыттан бері мұндай өзгертулерге ұшыраған жоқ.

Апелляциялық өндірістің алғашқы варианты заңшығарушымен істердің сотта қаралу нәтижелерін тексеру нысанында болды. Істердің апелляциялық тәртіппен кайта каралу тәртібі, ол кұрылған сәттен бастап көптеген сенімсіздіктер туғызғандығын айта кету керек. ҚІЖК-нін тиісті ережелерінің күшіне енгізілуінің кейінге қалдырылуының себептерінің бірі осы болса керек.

Қазақстан Республикасының 2001 жыл 11 шілдедегі Заңымен бекітілген сот шешімдерін шағымдану және наразылык білдіру тәртібі бұрынғы кассациялық және апелляциялық өндірістің жеке элементтерін біріктірді. Яғни, бұл жерде бұл шағымдану, наразылық білдіру тәртібінің жаңадан туылғандығы жөнінде айтуға болады.

Апелляция институты Қазақстанның қүқықтық жүйесі үшін бейтаныс болғандыктан, апелляциялық өндіріс туралы ережелердің іс жүзінде қолданылу проблемалары  кім-кімді де қызықтырары анық.  Бұл жерде қылмыстық іс жүргізу қызметі субъектілерінің алдында тұрған міндеттердің үлкен маңыздылығын, күрделілігін және айрықшалығын ескере отырып, апелляциялық өндіріске арналған отандық құкықтық әдебиеттердің жоқтың қасы екендігін, ал қазақ тіліндегі ондай әдебиеттердің жоқ екендігін айта кету керек.

Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі мен ғылыми жаңалылығы. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығында алғаш рет қылмыстық іс жүргізудің жаңа сатысы, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру, яғни апелляциялық сатысын кешенді түрде талдау жасауға талпынысымен анықталады. Жүргізілген зерттеу қылмыстық сот өндірісіндегі жаңа саты, апелляциялық сатының мәнін, мазмұнын ашуға, тәжірибеде қолданылуын зерттеуге, тарихи және салыстыру-қүқықтық талдаулар жасауға және қылмыстық іс жүргізу сатыларының ішінде алатын маңызды орнын ашуға мүмкіндік береді.

Осы жоғарыда айтылғандарды ашу, зерттеу және талдау жасау бітіру жұмысының мақсаты болып табылады және ол мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

—        заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық
келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы, апелляциялық өндірістің
мазмұнын анықтау;

  • апелляциялық шағымдануға қүқықты тұлғаларды, олардың тәжіри-
    беде қалыптасқан шағымдану, наразылық білдіру әрекеттерін зерттеу;
  • апелляциялық сатыда істі  қарау  тәртібін  және  оның  бұрынғы кассациялық, апелляциялық сатылардан айырмашылығын ашу;
  • апелляциялық өндірісітің тарихи және салыстыру-құқықтық талдау-
    ларын шығару.

 

 

І-ТАРАУ. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІ МЕН ҮКІМДЕРІНЕ НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ, ШАҒЫМДАНУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ.

 

1.1. Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық талдаулары.

 

Апелляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-қүқықтық талдауларын  мен үш бөліммен қарастырдым:   1) қазақтардың дәстүрлі  қүқығы бойынша шешімдерін қайта қарау институты; 2) кеңестік дәуірде Қазақстан соттарының шешімдерін қайта карау институттары және 3) кассациялық өндірістен апелляциялық өндіріске өту.

  1. Қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерді қайта қарау институты

Қазақстанның сот өндірісі кез келген ұлттық құрылым сияқты дәстүрлі құқық негізінде дүниеге келген еді. Қоғамның және оның институттарының дамуына байланысты қазақтардың дәстүрлі кұкығы да дамып, жетілдіріліп отырды. Қазақстан Ресейге косылғаннан кейін оның аумағында қылмыстык іс жүргізудің екі түрі колданылды: біріншісі, қазақтардың дауларды, қүқық бұзушылықтарды және қабылданған шешімдерге шағымдануды шешуде ұлттық салт-дәстүрге негізделген дәстүрлі құқық бойынша сот өндірісін жүргізу, екіншісі, Қазақстанда тұратын орыстардың мүддесіне қатысты істер бойынша сот өндірісін жүргізу. Сот өндірісінің екінші түрі бойынша іс орыс тілінде және Ресей заңдары негізінде жүргізілді. 1917 жылғы Қазан төңкерісі елдегі биліктің еңбекші тап кеңестерінің қолына көшкендігін әйгілеп берді. Революция жасақтаған кеңестік өкімет органдары Қазақстандағы бұрынғы сотгарды жойып, олардың орнына жаңасын құра бастады. Қазакстандағы сот жүйесінің кұрылуы және оның дамуы Қазақстан заңнамасының өркендеуіне және мемлекеттік мәртебесінің өзгеруіне байланысты бірнеше кезеңдерді қамтыды.

Қазақтардың ежелгі дәстүрлі қүқық нормаларын жан-жақты зерттеп алмайынша, Қазақстан Республикасындағы апелляциялық өндіріс жайлы толықкқанды әңгіме айту тіпті де мүмкін емес. Өкінішке орай, отандық қылмыстық процесс жүйесінде соттың үкімдері мен шешімдерін апелляииялық кайта карау институты соңғы уақыттарда ғана пайда болғандыктан, Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ құқықнамасынан бұл тақырыпты дөп басып тауып алудың қиын екені де рас.

Дәстүрлі кұқық туралы сөз қозғау үшін, біріншіден, оның құрамы жағынан біркелкі болмағанын атап өткеніміз жөн. Ол сипаты жағынан әр гүрлі нормалар мен институттардың басын біріктірді. Әйтсе де, бұлар өмірде бір-бірінен тым алшақ емес, қайта іштей өзара астасып, біте кайнасып жатқандай еді. Түп тамыры сонау тереңде жатқан кейбір нормалар мен институттардың күні кешегі- XIX ғасырға дейін сақталып келгеніне тарих куә. Бәлкім, сондықтан да болар, казақтың дәстүрлі құқығындағы қайсы бір нормалардың қашан пайда болғанын тап басып айту оңай емес.

Қазан төңкерісіне дейін қазақтардың дәстүрлі қүқығында қылмыстық және азаматтык құқық бұзушылық ұғымдарының арасындағы шектеулер білінер-білінбес кана болды. Қазақтардың құқықтық пікірінің дамуы жөнінде XIX ғасырдағы әйгілі казақ ғалымы, Шығыстың ғаламат зерттеушісі Ш.Уәлиханов былай дейді; «Қылмыс пен тәртіпсіздік жөнінде жан дүниесі бөлек, тұрмыс-салты басқаша дамыған қырғыздардан (қазақтардан) орыстармен немесе басқа еуропалықтармен бірдей көзқарасты талап ету дұрыс емес».[4]

Қазактың белгілі ғалымы, заңгер Т.Культелеев те өз кезегінде: «Қазақ құқығында арнайы «қылмыс» деген термин болмаған, оның орнына «жаман іс» немесе «жаман қылық» деген сөздер қолданылған»[5] деп ой түйеді. Шын мәнінде. «қылмыс» ұғымы жаман іс-әрекет пен астасып, ол қоғамға келтірілген шығын ретінде емес, жәбірленушінің немесе онын туыстарының наразылығы ретінде бағаланды, Ал, мұндай жағдай, әрине, жәбірленушінің немесе оның туыстарының қарсы жақтан сыйақы төлеуді талап етуімен аяқталатын. Сондықтан, тіпті адам өліміне байланысты іс те екі жақтың келісімімен, құн төлеу арқылы шешімін табатын. Бұл кісі қазасының орнына жатыстырылатын материалдық өтем деп қабылданды. Осы жөнінде А.Крохалев былай дейді: «Қырғыздарда «кұн» деп өлген адамның қаны үшін немесе руластың мезгілсіз киылған өмірі үшін төленетін өтемді айтады. Сондай-ак, дәстүр бойынша құн мүліктік сыйақы ретінде дене жарақаты жәбірленушінің туған-туыстарына да төленеді».[6] Мұны сөз жоқ, қоғамның даму ерекшелігімен, әсіресе, алғашқы қауымдастық пен феодалдық құрылым элементтерінің қатар өрілуімен түсіндіруге болар еді. Феодализм тұсында қоғамдық қатынас жеке меншікке негізделгендіктен, құқық та көбіне осыған ыңғайланды. Сол үшін де, жауаптылық жасалынған іс-әрекеттің ауыр, жеңілдігімен емес, ашығын айтқанда, жәбірленуші мен кінәлінің қай қоғамдық топқа жататындықтарымен өлшенді. Ол (уақыттарда қазақ қоғамында қылмыс пен азаматтық тәртіп бұзушылық ұғымдарының арасында нақтылы шектеулер болған жоқ. «Жәбірленуші – талапкер, ал қылмыскер — жауапкер деп аталды. Қылмыстық іс-әрекеттің де, азаматтық құқық бұзушылықтың да нәтижесі келтірілген зиян деп бағаланды».

Академик С.Зиманов атап өткендей, қазақтың дәстүрлі қүқығы бірнеше жүздеген жылдар бойына кешеуілдеп қалған, тұйық шаруашылық негізінде дамып келді. Бұл әрине, дәстүрлі қүқықтың қайсыбір жекелеген қүқықтық нормаларына өзіндік салқынын тигізді. Мәселен, XIX ғасырдың ортасына дейін дәстүрлі құқық жөніндегі жазбалардан тауар-ақша қатынастарын реттейтін нормаларды кездестіре алмайсыз; сот өндірісін жүргізу ешқандай жазбаша дәлелдемелерді талап етпеді.[7] Кінәлі адамнан кек алу, тергеусіз сот жүргізу сияқты көне әдет-ғұрыптар көп уақытқа дейін бұзылған қүқықты қалпына келтіру тәсілі ретінде колданылып келді. Қазақ құқығының тарихында Тәуке хан мен «Жеті жарғы» заңының орны бөлек. Бұл жөнінде ХІХ ғасырдың басында аса  кұнды  еңбектері  үшін  көзінің тірісінде мойындалған орыстың шығыстанушы ғалымы А.Левшин былай деп жазды: “Кіші Орданың зерделі қырғыздары, біздің халық тыныштықта өмір сүрген кезде болған, бізде тәртіп те орнықты болған, бізде заң мен әділ сот та болған дегенді айтады».[8]

Тәуке ханның заңдар жинағында көптеген қылмыстық және азаматтық-құқықтық нормалар және дәстүрлі құқық нормалары болды.  Қазақтың дәстүрлі құқық жүйесін зерделей отырып, онда мынадай элементтердің бар екендігін байқаймыз: а) әдет-ғұрып; ә)билер сотының  іс-тәжірибесі; б) билер құрылтайының ережесі. Бұл үш белгі өзара тығыз байланысты. Билер сотының іс-тәжірибесі немесе сот өнегесі, сондай-ақ, билер құрылтайының ережесі қолданыстағы қүқықтық  дәстүрлерді тұрақты түрде толықтырып, өзгертіп отырды.

Заңдық күші бар әдет-ғұрыптар негізінен арнайы еш жерде жазылмаған, олар қысқа  қайырылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер ретінде ұрпақтан-ұрпаққа ауыз екі жолмен жеткізіліп келген. Міне, хан Тәуке осылардың бәрін  жинап, бір зандар жинағының — «Жеті  жарғының» аясына жүйелеп топтастырған.

Билер  сотының іс-тәжірибесі қазақтың дәстүрлі кұқығын дамытуда маңызды рөл атқарды. Атақты билердің жекелеген нақыл сөздері немесе үкімдері сондай ұқсас істерді қараған кезде үлгі ретінде қолданылды. Сөйтіп, келе-келе олар заңдық күшке ие болды.

XIX ғасырдың екінші жартысына дейін билердің шешімдері еш жерде қағазға түсірілмеген. Олар калайда ауыздан-ауызға таратылып отырған. Тек XIX ғасырдың екінші жартысынан кейін ғана билер кітабы енгізілді. Онда билер шығарған   үкімдердің   немесе   шешімдердің   қысқаша   мазмұны жазылды. Кейбір жағдайларда билер сотының үкімдері жазба кұжат ретінде жеке рәсімделді.

Қазақтардың қылмыстық дәстүрлі құқығы тарихын зерттеу барысында Қазақстанның Қазан төңкерісіне дейінгі саяси жағдайына назар аударудың мәні зор. Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін мұндағы ең жоғары мемлекеттік билік ханның қолында болды. Ханның билігін қорғау тек сұлтанға тапсырылды. Сот және заң шығару міндеттерін хан билер кеңесімен бірлесе отырып, қазақтардың дәстүрлі құқығы негізінде жүзеге асырды. Егер дәстүрлі құқықта қайсыбір құқықтық жағдайды реттейтін норма жоқ болса, хан сол кемшіліктің орнын өзінің заң шығарушылық қызметімен ыңғайластырды. Мұндай кезде ханның соттық шешімі дәстүрлі құқыққа енгізілген маңызды толықтырылу деп есептеліп, соның негізінде жаңа құқықтық норма жасалынды. Хан жүргізген соттық талқылау ең соңғы сот инстанциясы деп саналды. Хандар мен сұлтандар ықпалды билерді қатыстыра отырып, аса маңызды істерді қарады.

Қылмыстық және азаматтық істерді талқылайтын арнайы орган-билер соты болды. Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін билер сот билігінен басқа жергілікті әкімшілік органдардың міндетін атқарды. Академик С.Зиманов билердің әлеуметтік рөлі мен қызметін үш бағытта сипаттайды: біріншіден, олар ірі феодалдық ақ сүйек өкілдері; екіншіден, билер көшпелі халыққа басшылық жасап, олардың іс-әрекеттерінен хабардар болып отырды; үшіншіден, олар судья еді (Зиманов С. Общественный строй казахов первой половины XIX века. Алма-Ата, 1958. 194-195-беттер).

         Ежелгі дәстүрлі құқық нормалары бойынша билерді ақсақалдар сайлаған. Олар би болуға дәулетті және халықтың заңдық әдет-ғұрпын жақсы білетін тәжірибелі, білімдар адамдарды таңдады. Бұл жөнінде 1864 жылы жазылған  “Сібір ведомствасына қарасты қырғыздардағы сот реформасы туралы жазбалар” деген еңбегінде (Уәлиханов Ш. Көрсетілген шығарма. 151-бет) Ш.Уәлиханов былай дейді: “Тек сот әдет-ғұрпы жөніндегі терең білімін шешендік өнермен ұштастыра білген қазақтарға ғана би деген құрметті атақ берілді.

Билер сотында қаралатын істердің бір ерекшелігі сол, мұнда, әдетте, қылмыстық істер тараптардың бастамашылығымен козғалады. Ал, дауды қарау процесі қарапайым және жұрттың бәріне түсінікті жүргізілді. Істі қарау барысында билер негізінен екі жақты татуластыруға тырысты. Шығарған шешімдерінің түпкілікті, әрі талапкерді де, жауапкерді де қанағаттандыруын көздеді.

Билер соты процестің бәсекелестігіне негізделді. Екі жақ дауды шешу үшін өздерінің қалаулары бойынша сөздерін бір биге немесе бірнеше биге арнады.  Талапкерге шағымға қатысты дәлелдемелерді тапсыру міндетғелді. Жауапкерге өзін ақтайтын барлық дәлелдемелерін ұсынуға мүмкіндік берілді. Бұдан басқа, егер тараптар арасында келісім орнаса, қылмыстық процесті  кез келген сатыда токтатуға рүқсат етілді. Соттық тергеу ісі   басынан аяғына дейін ешқандай жазбасыз, ауызша жүргізілді.

Қазактардың дәстүрлі қүқығы билер соты шығарған шешімдерге тарптардың шағымдану мүмкіндігін қарастырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл институттың өзіне тән ерекшеліктері де болды.

Шағымдану қүқығына ешқандай шек койылмады. Билер сотының шешімі жөнінде басқа бір биге немесе хан сотына шағымдануға ерік берілді. Шешім жарияланғаннан кейінгі шағымдану мерзіміне де шек белгіленбеді. Шағымданушы өзінің қалауы бойынша, өзі сенім білдІрген кез келген биге өтініш білдіруге  құқылы болды. Би талапкердің, сондай-ақ, екі жақтың тілегіне сүйеніп, істІ өндірісіне қабылдады. Істі қараған хан (би) шығарылған шешімнің әділдігіне көзін жеткізсе, бұл жөнінде арызданушыны хабардар  етті. Егер хан (би) алдыңғы шешімді костап бекітсе, шағымданушы судьяға жабушы ретінде айыпталып, тиісінше жазаланды. Ал, егер шағым орынды деп табылса, хан (би) шешіміне шағым түскен биге келіп, екеуі кінәлаушымен жәбірленушінің көз алдында істі қайтадан қарады. Шешімнің әділетсіздігі дәлелденген жағдайда, хан (би) жаңадан шешу үшін істі әлгі биге кері тапсырды. Сол жерде, егер шешім қабылдаған бидің біржақгылығы әшкереленсе. онда хан (би) істі басқа биге өткізді

  1. Кеңестік дәуірде Қазақстан соттарының шешімдерін қайта қарау институттары.

         1917  жылдың 25 қазанында Ресейде жаңа өкімет — Кеңестер өкіметі
жарияланды. Осы  кезеңде сот жүйесіндегі  институттар,  сондай-ақ сот
шешімдерін қайта карау мәселелері шешімін қалай тапты дегенге келер
болсақ, Кенес өкіметі өзінің сот құрылысы және сот өндірісі саласындағы
жұмысын, ең алдымен ескі сот аппаратын жойып, жаңа өкіметтің талабы мен
мұратына сай келетін жаңа сот жүйесін кұруға бағыттағанын атап өткеніміз жөн. Осы бағытга жасалған алғашқы қадам 1917 жылы «Сот туралы» №1
декреттің кабылдануымен басталды. Міне, осы декрет арқылы революцияға
дейінгі қолданыста болған ескі сот жүйесін таратудың негізі қаланған еді.
Сондай-ақ, осы және кейін қабылданған сот туралы №2 және №3 декреттер арқылы сот шешімдерін  қайта  қараудың жалғыз нысаны  — кассация белгіленді.

«Сот туралы» № 1 декрет революцияға дейінгі сот институттарын, соның ішінде апелляцияны да жоюмен қатар жаңа сот жүйесІн бекітті. Ол жергілікті соттар және революциялық трибуналдардан қүралды.

1918 жылдың 7 наурызында жарияланған «Сот туралы» №2 декретте
аппеляциялық өндіріске рұксат етілмейтіндігі және сот шешімдерін қайта
қараудың жалғыз нысаны кассация екендігі нақтылана түсіп, бірінші рет
үкімнің күшін жоюға негіз болатын жайт-таратып көрсетілді.

1918 жылдың 20 шілдесінде қабылданған «Сот туралы» №3 декрет негізінен «Сот туралы» № 1 және №2 декреттердің ережелерін толықтырып, кассациялық өндіріске қатысты нормаларды нактылап берді. Осы декретке сәйкес сот шешімінде 500 рубльге дейін ақшалай өтем алуға және 7 күнге дейін бостандығынан айыруға жаза тағайындалған істер бойынша кассацияға рұқсат етілмеді.

1922  жылы   сот реформасын жүргізудің нәтижесінде «РСФСР-дың сот құрылысы туралы ереже» қабылданды. Осы ережеге байланысты РСФСР аумағындағы екі тармақты сот жүйесі (халық соттары және революциялық трибуналдар) қолданылуын тоқтатты. Кассациялық инстанция ретіндегі алты халық судьясы қатыстырылатын халык соттары, губерниялық революциялық трибуналдар. Халық судьяларының кеңесі таратылып, олардың уәкілеттігі губерниялық сотқа берілді. Ол бірінші инстанциядағы сот ретінде аса маңызды кылмыстык және азаматгык істерді қарады және халық соттары қарайтын істер үшін кассациялық соттың міндетін атқарды.

Қылмыстық  істер жөніндегі кассациялық алқа Қазақстанның губерниялық  (облыстық) соттары үшін қылмыстық істер бойынша кассациялық инстанция болып танылды. Кассациялық алқаның сот мәжілісі құрамына төрағалық етуші және екі мүшесі енгізілді.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы сот ретінде мемлекеттік  маңызы  бар  істерді  карады.  Оның  кұрамына  да төрағалық етуші және екі мүшесі енгізілді.

 РСФСР Жоғарғы сотының қазақ бөлімін ашу нәтижесінде Қазақстанда үш тармақты  сот жүйесін (халық соты, губерниялық /облыстық/ сот, РСФСР Жоғарғы сотының қазақ бөлімі) құру аяқталған еді. Осы уақыттарда сот шешімдерін қайта қарау институтын әрмен қарай дамыту ушін 1922 жылдың 28 мамырында  РСФСР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің қабылдануы, сосын 1923 жылдың 15 ақпанында БОАҚ-тың қаулысымен РСФСР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің жаңа редакциядағы нұсқасының бекітілуі үлкен рөл атқарды.  Осы ҚІЖК бойынша сот шешімдерін қайта қарау институтының жалғыз нысаны ретінде кассация алынды. Бұл жөнінде 1923 жылғы ҚІЖК-нің 349-бабында былай деп жазылды: «Халық сотының үкімдеріне шағымдану мүдделі жақтардың кез келгені тарапынан тек іс өңдірісінде немесе істі сотта қарау барысында жіберілген тиісті тараптың құқығы мен мүдделерінің формальдық бүзылуы жөнінде жасалуы мүмкін. Бұл кассациялық шағым деп аталады және ол үкімнің мәніне ешқандай қатысты болмауы тиіс».

Кассациялық шағым, наразылық жасау құқығын процесс барысында айыптаушының міндетін атқаратын прокурор, азаматтық талапкер және оның мүддесін қолдаушы өкілдері, айыптаушы, оның заңды өкілдері және қорғаушылары иеленеді.

ҚІЖК-нің 344-бабына сәйкес сотгың үкімдеріне, яки. ұйғарымдарына жасалатын шағымдар соларды қабылдаған халык соты орналасқан аймақтағы губерниялық соттың кассациялық бөліміне ұсынылды.

Қазақ КСР-нің сот кұрылысы туралы жаңа заңы, Қылмыстык және қылмыстық іс жүргізу кодекстері 1958 жылдын 25 желтоқсанында КСРО Жоғарғы Кеңесі   қабылдаған   «КСРО,   одақтас   және   автономиялық республикалардың сот құрылысы туралы заңнамаларының негіздеріне», жоне одактас  республикалардың  қылмыстық  заннамаларының сріне». «КСРО және  одақтас   республикалардың  қылмыстық сот өндірістерінің  негіздеріне» сәйкестендіріліп жасалынған еді.

 Сонымен, 1959 жылғы сот қүрылысы туралы заң бойынша Қазақ КСР-інде сот әділдігі республиканың Жогареы соты,  облыстық соттары, аудандық (қалалық) халық соттары арқылы жүзсге асырылды.

Осы Қылмыстық іс жүргізу кодексі (1959 жыл) Қазақ КСР аумағында еліміз тәуелсіздік алып, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі  қабылданғанға  дейін  (І997  жылдың   13  желтоксаны) қолданыста болды.

Міне. сол уақыттан бастап,  біздің  мемлекетіміздің  қылмыстық іс жүргіэуінде сот шешімдерін қайта қарау институтының мүлдем жаңа тарихы басталды.

  1. Кассациялық өндірістен апелляциялық өндіріске өту

 Қазақстан Республикасының Конституциясы  мемлекеттің ең тиімді құрылысы билікті үш тармаққа бөлу қағидасын бекітті. Олар — заң шығарушылық атқарушылық және сот билігі. Осылардың ішіндегі сот билігін жүргізу тек бірыңғай сотгарға жүктелген.

Апелляция институты Қазақстанның құқықтық жүйесі үшін бейтаныс болғандықтан, апелляциялық  өндіріс  туралы  ережелердің   іс  жүзінде қолданылу проблемалары кім-кімді де қызықтырары анық. Бұл мәселені зерттеуді ең алдымен апелляциялық өндіріс туралы заңнамаларды талдаудан бастағанымыз жөн сияқты.

1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі сот шешімдерін қайта қараудың төрт сатысын қарастырады:

-соттың әлі заңдық күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қараудың екі сатысы (апелляциялық және кассациялық шағымдану, наразылық);

-соттың күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қайта қараудың екі сатысы (қадағалау инстанциясындағы өндіріс және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндірісті қайта бастау сатыларын қолданысқа жіберді. Ал, ҚІЖК-нің соттардың қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау туралы ережесін қолдануды алдымен 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін, сосын 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін кейінге қалдырды.

2001 жылдың 11 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасының “Сот ісін жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертілер мен толықтырулар енгізу туралы” заңы соттың заңдық күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау үшін апелляциялық инстанция енгізді. Осы заң республиканың сот өндірісінен кассациялық шағымдануды, наразылықты алып тастады.

Жаңа ереже 46 және 47 тарауларға топтастырылып, ҚІЖК-нің 8 бөлімінен орын алды (“Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау”).

Осындағы 46-тарау “Заңдық күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық, кассациялық шағымдану және наразылық білдіру” ҚІЖК қолданысқа енгізілгеннен кейін 1998 жылдың I каңтарынан бастап өмірге жолдама алды. 9 баптан тұратын бұл тарау кассациялық өндірістің негізгі ережелерін реттейтін мынадай жайттарды қарастырды: сот үкімдеріне шағымдану және наразылық білдіру субъектілері (396-бап), және шағымдарды, наразылықтарды өзгерту, толықтыру, кері қайтару жөніндегі олардың құқықтары туралы (402- баптың 3, 4-тармақтары), шағымдану және наразылық білдірудің тәртібі мен  мерзІмдері туралы (398,399-баптар), шағым беруге, наразылық білдіруге арналған мерзімді қалпына келтіру тәртібі туралы (400-бап), шағымның берілгендігі, наразылыктың білдірілгендігі жөнінде тараптарды  хабардар ету (401-бап) және істің қаралатын уақыты мен орны жайлы тараптарды құлақгандыра отырып, істі апелляциялық инстакциядағы сотқа  жіберу туралы  (402-бап), бірінші сатыдағы соттың қаулысьша шагымдану, наразылық білдіру туралы  (403-бап).

2001 жылдың  11 шілдесіндегі   «Заң  тараудьтң   тақырыбынан   және  көрсетілген баптардың мазмұнынан «кассациялық» деген сөзді алып тастап, аталмыш тарауға мынадай өзгертулер  мен толықтырулар енгізді:

-396 бап (Үкімге апелляциялық және кассациялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы) апелляциялық шағымдануға және наразылық білдіруге жататын үкімдердің қатарынан Қазакстан Республикасы Жоғаргы сотының
үкімдері алып тасталды;

 -397-бап (Заңды күшіне енбеген үкімдерге берілген шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар) а) үкімдерге байланысты шағымдар, наразылықтар ұсынылатын         алқалардың атаулары өзгертілді: «сот алқасы» ендігі жерде “қылмыстық істер жөніндегі алқа” деп аталады, яғни тиісінше “облыстық және оларға теңестірілген соттардың…” және “Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының…” деген тіркестерге жалғасып жазылады; ә) сот органдарының қатарынан “Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Президиумы” алып тасталынды; б) бап бір бөлікті үш тармақтың орнына екі бөлікке бөлінген;

-398 – бап  (Үкімге шағымдар, наразылықтар беру тәртібі) -өзгеріссіз қалдырылды.

-399-бап (Үкімге шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері) — «он күннің ішінде» деген сөздер «он тәулік ішінде» деп өзгертілді;

-40О-бап (Шағым беруге, наразылық білдіруге арналған мерзімді қалпына келтіру тәртібі) — төрағалық етуші ұзақ уақытқа жоқ болып, оны сол соттың басқа судьясына ауыстыруға  байланысты  өткізілген  уакытты  қалпына келтіру жөніндегі өтініш кұкығы туралы толықтыру сақталынды (2000 жылдың 5 мамырындағы заң);

 -401-бап (Шағым беру және наразылық білдіру туралы хабардар ету) —өзгеріссіз қалдырылды;

-403-бап (Бірінші сатыдағы соттың қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру) — қаулыларға шағымдануға және наразылық бІлдіруге шектеу қоятын 2-бөлік «осы кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер» деген сөздермен топтастырылды, сонымен қатар, шағымдануға және наразылық білдіруге жататын қаулылардың қатарынан «таңдауға, өзгертуге немесе алдын алу шараларын жоюға» байланысты қаулылар алып тасталды,  көрсетілген ережелермен 2000 жылдың 5 мамырындағы заң арқылы толықтырылды.

1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін күшіне енгізу туралы» заңның 5-бабы  апелляциялық,   өндіріс   нормаларын   енгізудің   мынадай тәртібін белгіледі: «Осы Кодекстің қылмыстық істерді соттың апелляциялық тәртіппен қарауы туралы ережелері олардың іске асырылуы үшін қажетгі жағдайлар жасалуына қарай, бірақ 2000 жылғы ! қаңтардан кешіктірілмей күшіне енгізіледі. Аталған нормалар күшіне енгізілгенге дейін апелляциялық тәртіппен қарауға жататын істердІ кассациялық шағым жасау, наразылық білдіру тәртібімен тиісті сотгар қарайды».

Сонымен, қазіргі уакытта ҚІЖК-нің 404-бабы мынадай редакцияда жұмыс істейді;

«I. Апелляциялык тәртіпте істі қарайтын сот үкімнің заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек үкімге шағым берілген немес наразылық білдірілген бөлігінде және тек шағым немесе наразылық білдірілген сотталушыларға қатысты ғана тексереді.

  1. Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген бөлігінде және тек шагым немесе наразылық бІлдірілген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бүзылуы белгілі болса, сот осы Кодексте көзделген ережелердІ сақтай отырып, үкімді, сондай-ақ, шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылық білдІрмеген адамдарға катысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы».

Келтірілген нормалардан байқағанымыздай, заң шығарушылар 1997 жылғы ҚІЖК қолданысқа енгізілген кезден, яғни 1998 жылдын қаңтарынан 2000 жьтлдың 5 мамырына дейін кассациялык инстанцияға істі тексеру жөнінде және шағым берілмеген, наразылык білдірілмеген бөлігіне шағым берілмеген, наразылык білдірілмеген адамдарға катысты шешім кабылдауға уәкілеттік бермеген. ҚІЖК-нің 402-бабының екінші тармағын үкімге (каулыға) шағымдану, наразылық білдіру үшІн белгіленген мерзім өткеннен кейін бір күннен кешікпей аталмыш Кодекстің 401-бабының талаптарын орындауды бірінші инстанциядағы сотқа міндеттейтін нақты нормалармен толықтырды, сондай-ақ, апелляциялық инстанциядағы соттар қарайтын объектілердің қатарынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты үкімдерінің алынуына байланысты ҚІЖК 397-бабының үшІнші бөлігін тізімнен шығарып тастады.

Сонымен, кассациялық өндірісті қозғау тәртібін және кассациялық шағым жасауға, наразылық білдіруге байланысты тараптар мен сот арасында туындайтын құқықтық катынастарды реттеп келген ҚІЖК-нің 46-тарауы толығымен апелляциялық инстанцияның іс-әрекетІне қалдырылды (жоғарыда аталған өзгертулер мен толықтырулардан басқасы). ҚІЖК-нің 400,402,403,404-баптарына қосылған бұл өзгертулер мен толықтырулар 2000 жылдың 5 мамырында қабылданған заң арқылы енгізілген болатын.

47-тарау  өзінін  бұрынғы  «Апелляциялық  шағымдар,  наразылықтар

бойынша істі қарау» деген тақырыбын сақтай отырып, кассациялық инстанциядағы атауларымен 23-баптың 22-ін кабылдады. Мұндағы бір ғана өзгеріс, «кассациялық инстанция» сөзі «апелляциялық» деп ауыстырылды.

2001 жылдың 11 шілдесіндегі заң ҚІЖК-де калдырылған 47-тараудың 22 –бабына мынадай өзгерістер мен толыктырулар енгізді:

-Апелляциялық караудың мәні (405-бал). Апелляциялық сатыдағы сот апеляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істің нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық занды қолданудың дұрыстығын, іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын,  істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша бірінші сатыдағы сот үкІмІнің немесе каулысының заңдылығы мен негіздІлігін толық көлемінде тексереді.

-Істі қарау мерзімдері туралы 406-бап апелляциялық сатыдағы сотқа, қылмыстық істер жөніндегі тиісті сот алқасының төрағасына немесе тиісті сот төрағасына қажет болған жағдайда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін одан әрі ұзарту кұкығын беру ережесімен толықтырылды. Біздің ойымызша. бүл толықтыру сот өндірісіндегі нақты жағдайларға өте үйлесімді-сияқты. Себебі, қылмыстық істерді карау барысында көбіне ондаған, ал қайсыбір кездері жүздеген томдық тергеу құжаттарын сараптан өткізуге тура келеді. Мұндай істерді қараудың ен басты қиындығы сол, процеске қатыстырылатын адамдардың саны өте көп болғандықтан, олардың бәрін бірдей уақытылы келтіру кейде тіпті мүмкін болмай жатады.

Сонымен қатар, заңда қарастырылған істі қарау мерзімін ұзарту тәртібі де біршама киындатылып жіберген сияқты. Заң шығарушылар мерзімді дәлелдІ себептер негізінде іс өндірісінде жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы арқылы ұзартуды ұсынады. Ал, мерзімді әрмен қарай қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысы бойынша ұзартқанды жөн көреді. Біздіңше, істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін ұзартуды тиісті сот алқасының төрағасына тапсырған дұрыс болар еді. Өйткені, оған Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңы бойынша алқа судьяларының арасында істі карауды ұйымдастыру және алқа мәжілістерінде төрағалық ету міндеті жүктелген (15, 21 -баптар). Яғни, істі қарау мерзімін ұзарту мәселесін, ен алдымен сол істі зерттеген  адам алқа төрағасының алдына кояды да, кейінгісі мән-жайды сатптай отырып, істің қарау мерзімін ауыстыру жөнінде тиісті шешім қабылдайды. Ал, заң шығарушылар ұсынғандай, үшінші судьяны іске араластыру, алқа төрағасының қабылдаған шешімі бойынша сот мәжілісін өткізу, біздіңше, тек соттың жұмысын қиындатып жібермек. Оның үстіне,мерзімді әрмен қарай ұзартуды қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы немесе тиісті сот төрағасы жүзеге асырады ғой.

  1. 407-бап. Апелляциялық  шағымның,   наразылыктың   мазмұнына

байланысты қойылатын бұған дейінгі алты талапқа және екеуі қосылды.

Олар:

-үкімге, қаулыға толық немесе оның бір бөлігіне шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырғанын көрсету (4-тармақ);

-арыз беруші өз талаптарына негіз ететін, соның ішінде бірінші сатыдағы сот зерттелмеген дәлелдемелерді ұсыну (6-тармақ).

Сондай-ақ, апелляциялық шағымданушы және наразылық білдіруші субъектілерге шағым және наразылық келтірілген күнді көрсету жөнінде қосымша міндет жүктелді (8-тармақ).

ҚІЖК-нің 427-бабында шағымдану, наразылық білдіру объектісі ретінде айтылған «өзге де шешім» деген ұғым, сот шешім  қабылдаған кезде қолданылатын «каулы» деген процессуалдық ұғыммен ауыстырылды. Заң шығарушылар  қарастырылып  отырған  нормалардың  қатарына: «Егер берілген шағым немесе наразылық… кассациялық қараудың мәніне қатысты мән-жайларды қамтымаса…» деген берілген шағымды, наразылықты бағалауға қатысты ережені енгізуден негізді түрде бас тартты.

«Егер кайта жасалғаннан кейін апелляциялык шағым, наразылык аталған мерзім ішінде  сотқа  табыс   етілмесе,   олар   берілмеген   болып есептеледі” деген толықтыру шағым, наразылық айтушыларды процессуалдық мерзімді сақтауға міндеттейді, ал сотқа шағым, наразылық түспеген жағдайдағы заңмен белгілеген міндеттерін жүзеге асыру құқығын береді.

  1. 408-бап. Апелляциялык сатыдағы сот отырысын белгілеу. Заң шығарушылар істі қараудың уақыты мен орнын «жоғары тұрған сотпен келісе отырып» белгілеуді бірінші сатыдағы сотқа жүктеді. Сондай-ақ, істің қаралатын уақыты мен орны туралы тараптарға хабарлау үкім (қаулы) шығарған сотқа міндеттелді.

428-баптың, екінші бөлігінде көрсетілген «Өзінің шағымын немесе сотталушының пайдасына шығарылмаған прокурордың наразылығын карау; кезінде қатысуға өзінің тілегін білдірген сотталушы кассациялық сатыдағы сот отырысына жеткізілуге тиіс» деген қатаң ереже апелляциялық истанциядағы сот үшін мынадай жалпы ережемен өзгертілді: «Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған адам жағдайының нашарлауы туралы мәселе қойылса, онын апелляциялык сатыға қатысу туралы өтініші канағаттандырылуға тиіс.

Бұл өзғерту ҚІЖК-нің 69-бабының екінші бөлігінде көрсетілген сотталушының келтірілген шағымдар мен наразылықтарға байланысты сот қарауына катысу кұқығы туралы ережеғе сәйкес келеді. Сотталушының қатысу негізІне оның өтініші алынады. Сотталушыны оның жағдайын нашарлату жөнінде мәселе көтерген прокурордың наразылығымен, яки жәбірленушінің шағымымен таныстыру, сондай-ақ оған апелляциялық инстанциядағы сотқа қатысу құкығын тусіндіру және соттың қай жерде, қай уақытта өтетінін ескерту процесті бастауға ерік береді. Қамауда отырмаған сотталушыны жеткізу апелляциялық инстанциядағы соттың міндетіне жатпайды. 2000 жылдың 5 мамырында қабылданған заң ҚІЖК-нің 428-бабының үшінші бөлігін «Прокурордың кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысуға міндетгі» деген ережемен толыктырды. Бұл ереже ҚІЖК-нің 408-бабында сакталынды.

ҚІЖК-нің 428-бабының бірінші бөлігіндегі іс кассациялық шағыммен немесе наразылықпен келіп түскен кезде қарау күнін белгілеп, оны судьяларға  бөліп беруді сот төрағасьна немесе оның тапсырмасы бойынша алкасының төрағасына міндеттейтін ереже дәлелді түрде ҚІЖК-нің 408-бабына енгізілмеді.

  1. Апелляциялық сатыда істі карау тәртібі (409-бап) іс жүргізудің кейбір жарыспалылық элементтеріне және апелляциялық инстанциядағы сотқа ережелермен толықтырылды. Апелляциялық    наразылыктың себептері мен дәлелдерін баяндап беру, айыптау өкілі ретінде прокурорға міндеттелді.

Кассациялық сатыдағы сотқа карағанда апелляциялық сатыдағы соттың бір өзгешелігі — сотталушы туралы мәліметтердің толык аныкталмағандығына байланысты (егер ол істі қарау барысында осы жайттарды анықтауға мүмкіндігі болса) сот тергеуін толык емес деп айта алмайды (414-бап). Бұл норманың бұрынғы мәтінінде әлгіндегі соңғы жағдай көрсетІлмеген болатын.

Жоғарыда айтылған талдаулардан байқағанымыздай, апелляциялық өндіріс туралы ұлттық заңнамамыз республикамызда қолданыста болған кассациялық өндіріс негізінде кұрылған. Апелляциялық сот өндірісі туралы заңнама кассациялық өндірістің барлық негізгі ережелерін қабылдай отырып, жоғарыда аталған өзгертулер мен толықтыруларды енгізді.

 Егер, 200І жылдың 11 шілдесінде кабылданған заңды қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот өндірісі туралы ережелер тұрғысынан алып, ҚІЖК-нің І997 жылғы редакциясында көзделген нормалармен салыстырсак, оның өмірлік шындыққа әлдеқайда жакын шыкканын байқауға болады. Бұрын карастырылғандай, сот үкімдері мен шешімдерін қайта қараудың классикалық үлгісі немесе былайша айтқанда, «толык апелляция» процеске қатысушылардың облыс орталықтарына, астанаға баруға әрдайым мүмкіндіктерінің бола бермейтінін ескерсек (елді мекендердің бір-бірінен шалғай орналасқаны, көлік катынастарының қиындығы, т.б.), жай болжам күйінде қалатынын аңғару қиын болмаса керекті. Яғни, бұл процеске қатысушыларға — қатардағы қарапайым тұрғындарға орындалуы мүмкін емес іс-жүргізу құқығын беру деген сөз ғой.

Іс жүргізу әрекеттеріне, сот шешіміне, сот өндірісіне шағымдану еркіндігінің конституциялық ұстанымын орындау мақсатында заң тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде айыптауға және қорғауға шағымдану, наразылық білдіру үшін бірдей құкық береді. Тараптар жасалынған шағымдарға, наразылыктарға қатысты өз ойларын айтуға, өздерінің қарсылыктарын білдіруге, іс кұжатгарын бірінші сатыдағы сотта қаралмаған қосымша материалдармен толықтыруға мүмкіңдік алды. Егер шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері дәлелді себептермен өтіп кетсе, оларды қалпына келтіруге кепілдік берілді.

Жаңа заңнаманың жағымды жетістігі ретінде істі қайта қараудағы тексеру тәртібінІң сақталып қалғандығын айтуға болар едІ. Қылмыстык істер бойынша кандай да бір даулы мәселелер туындай қалған жағдайда, соттарға өз бастамасымен бұл жөнінде баяндама жасауды міндеттейтІн осынау көне римдік тәртіп кезінде Еуропа елдерінің заңнамаларынан еркін орын алса, кейін КСРО мемлекеттерінің кодекстеріне еніп, Қазақстанның аумағында да кеңінен қолданылды.

Істерді кассациялық қайта караудың көп жылдық тәжірибесі шағым мен наразылық, әдетте, сот шешімінің тек қайсыбір бөлігін ғана қозғайтындығы жөнінде сот өндірісіне қатысушылардың көздерін әбден жеткізді. Айталык, сотталушылардың барлығы бірдей үкімге шағымдана бермейтіндігі  туралы қаншама мысалдар бар немесе сотталушылардың тек кейбіреулеріне ғана байланысты наразылықтар жасалады, яки шағымдар мен наразылықтар көбіне үкімнің тек белгілі бір бөлігіне ғана қатысты болады. Міне, осындай шағымдар мен наразылыктарды қараған соттың кейбір шешімдері басқа сотталушылардың мүддесіне кері әсерін тигізуі мүмкін ғой. Сондыктан да, (ҚІЖК 404-баптың 2-бөлігі) үкімнің шағым берілмеген,  наразылық білдірілмеген бөлігіне де және шағым бермеген, наразылык білдірмеген адамдарға  қатысты да төрелік айтуды соттьң құзырына қалдыра отырып, мынадай норманы бекітті:   «Егер   істі   қараған   кезде   заңсыз   үкімнің қабылдануына алып келген   сотталушылардың   құқықтары   мен   заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот осы кодексте көзделген ережелерді сақтай   отырып,  үкімді, сондай-ақ шағым  берілмеген,    наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылык білдірмеген адамдарға катысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы. Яғни, үкімнің шағым және наразылық жасалмаған бөлігіне қатысты шешім қабылдау мәселесі белгіленді.

Апелляциялық сатыдағы сот жоғары соттардың — облыстык және соған теңестірілген соттардың, республикалык Жоғарғы соттың кұрамында қалдырылды. Мұнда қаралатын істі үш судья алқалы түрде жүргізеді.

Заңның апелляциялық инстанцияны жоғары тұрған соттың алқа құрамында қалдыруы да өмірлік тәжірибеге негізделген еді. Шын мәнінде, апелляциялық сатыдағы сот қабылдаған алқалы шешім, бүкіл республикадағы сот саласының бай тәжірибесіне сүйенген тәжірибелі заңгерлердің еңбектерінің жемісі іспетті. Сондықтан да, істің нактылы жағдайына және құқықтық бағалануына байланысты жоғары тұрған соттың пікірі төменгі сатыдағы соттар үшін заңдық ережелерді қолдануда және оларды  түсіндіруде үлгі болып саналады. Сондай-ак, оның психологиялық мәні де өте зор: процеске қатысушылар және жалпы қоғам тарапынан ең жетік соттың шешімі ретінде қабылданады.ретінде қабылданады.

2001 жылдың 11 шілдесіндегі заңның ережелері сот шешімдерін қайта қараудың республикада қалыптасқан жүйесіне сәйкес келеді. Атап айтқанда:      

  • заңдық күшіне енбеген үкімдер мөн қаулыларды кайта қарау
    (апелляциялық);
  • күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарау (қадағалау);

—        жаңадан    ашылған    мән-жайларға байланысты іс бойынша өндіріс-
ті қайта бастау.

Бұл сот инстанциялары, сот қаулыларын қайта қараудың тәртібі ретінде де біздің құқықтық жүйемізге әбден «сіңісіп» алды, заңгерлер де өте жақсы меңгерген. Олардың іс жүргізу ережелерінде пәлендей қиындықтар жоқ, азаматтарға да қолайлы. Шешімдерді қайта қараудың бір сатыдан келесі бір сатыға, яғни аудандық соттан облыстық сотқа, облыстық соттан Жоғарғы  сотқа өтуін қарастыратын апелляциялық инстанциямен қатар, қадағалау өндірісінің екі деңгейінің ойластырылуы, көп жылғы іс-тәжірибеміз көрсетіп жүргендей, сот қателіктерін фактілік жағынан да, құқықтық жағынан да дер кезінде жойып отыруға үлкен септігін тигізуде.

Апелляциялық инстанция — тараптар үкім туралы, оның негізіне алынған дәлелдемелер туралы өзінің ой-пікірін жеткізетін сот. Әрі бұл жөнінде сот өз шешімін шығаруға міндетті. Қабылданған шешімнің жариялануы тараптардың іске байланысты дауларын, өзіндік пікірлерін токтатып, олардың шығарылған шешімге бағынуын міндеттейді. Сөйтіп, сот та өзінің өкілеттігін тоқтатады. Ал, тараптардың шешімге қатысты бұдан кейінгі дауласуы баска «жазыктыкқа» ауысады; тараптардың шағымдарын келесі сатыдағы соттың судьялары мен лауазымды тұлғалары қарайды, әрі мәселенің каншалықты шешілетіндігі солардың еркіне байланысты. Тек, прокурордың наразылығы ғана ешбір бұлтарыссыз келесі сатыдағы соттың есігін аша алады.

Істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында қылмыстылықты және кылмыстық жауаптылыққа тартылған адамнын кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс-жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза қолдану дәрежесін аныктайтын заңдардың еш бұрмаланбай, қатаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі кысқарту жағдайлары да бағынады.

Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқарту жөніндегі қаулы — бұл соттың қаралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым  тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау құқық бұзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, қылмыстық іс жүргізудегі  әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялық сот өндірісіне жүктеліп отыр.

Біз Л.Берсугурованың апелляциялық сатыдағы соттың соңғы шешімді қабылдауы бірінші   инстанциядағы  соттың  беделін  түсіреді-міс  деген пікірімен  келісе алмаймыз.

«Апелляциялық сот, — дейді ол, — істі мәні бойынша қарайды және іс бойынша жаңа шешім қабылдауға құқылы. Ал, бұл бірінші сатыдағы сот беделінің түскендігін көрсетсе керек».[9]

Істі тексеру барысында апелляциялық сатыдағы сот тиІсІнше мынадай шешімдерді (соның ішінде түбегейлі  шешімдерді) қабылдауға құқылы: бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жою; іс бойынша сот өндірісін тоқтату; бұрынғы  шешімді  сотталушының  жағдайын  жақсарту  немесе нашарлату жағына қарай өзгерту. Әрине, заңда көрсетілген жағдайлар орын алған жағдайда, осынау шешімдерді қабылдау құқығы бірінші сатыдағы сот беделінің төмендеуімен немесе жоғарылауымен өлшенбесе керекті. Мұндай құқык негізінен  сот әділдігі  мүддесінен  туындайды.  Оны  іс  жүзінде апелляциялық сатыдағы сот қорғайды. Апелляциялық сот істі адамның негізсіз сотталғанын анықтаған жағдайда, бірінші сатыдағы соттың беделі қаншалық түсетіндігіне қарамастан, істі міндетті түрде тоқтатуы тиіс. Бұл жерде апелляциялы сатыдағы сот, айыптау үкімі сотта жан-жакты зерттеліп, сарапталған дәлелдемелердІң негізінде ғана шығарылады деген қағиданы басшылықкқа алады. Ал, осы талаптарды орындамау, шын мәнінде, заңға қайшы келетін, негізсіз үкімнің қабылдануына әкеліп соғады. Міне, бұл расында да, сол үкімді шығарған соттың беделіне нұқсан келтіріп, абыройын, түсірмек және түсіруі тиіс. Сондықтан, әрбір сот қандай деңгейде тұрғанына қарамастан, өз беделінің кіршік шалмау жағын өзі ойластырғаны абзал.

 

1.2. Занды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудыц түсінігі, мәні және маңызы.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заң шығарушы, аткарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін кұрайды.

Қазакстандық сот жүйесінің негізін, мәнін анықтайтын құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы және «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң болып табылады. Бүл құқықтық актілерге сәйкес, соттар инстанцияларға бөлінеді. Бірінші инстанциялы сот — істі мәні бойынша қарайтын сот. Екінші инстанциядағы сот — заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық және шағым негізінде істерді аппеляциялық тәртіпте қайта қарайтын сот. Үшінші инстанция — занды күшіне енген сот шешімдері мен үкімдерін қадағалау тәртібінде кайта қарайтын сот.

Жоғарыда аталған соңғы екі инстанциядағы соттар өздеріне заң  жүктеген тәртіпте I инстанциялы және одан кейінгі соттардың үкімдерінін, шешімдерінің, қаулыларының негізділігін және заңдылығын тексереді. Тексеру сатысының ең басында аппеляциялык тұрады.[10]

Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ қателесуден корғау міндеттерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін қайта карау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі соттық тексеруге жатқызылады.

Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады. Оның шығу тарихы сонау көне римдік құқықтан бастау алады. Ол заңды күшіне енбеген сот шешімдерін айта қарау сатысы ретінде жақсы таныс.[11] С.И. Ожегов орыс тілді сөздігінде бұл терминге мынадай анықтама береді: Аппеляция  — істі қайта қарау максатымен жоғары сатыдағы сотқа сот шешімі жөнінде шағымдану»[12] деп түсіндіріледі. И.Фойницкий өзінің “Қылмыстық сот өндірісінің курсы» деген енбегінде аппеляцияны толық күшіне енбеген төменгі сатыдағы соттың шағым түскен үкімін нақты және заңдық негізде (арызда көрсетілген көлемде) жоғары инстанцияның қайта қарауы деп түсіндіреді (Фойницкий И.Я. Курс уголовного судопроизводства. (533-бет). Аппеляция сот өндірісінің басқа да нысандары сиякты әр уақытга дұрыс көзқараспен қабылданып, түрлі жолдармен дамытылып отырған.

Қылмыстық істің мәні бойынша қабылданған сот шешімі әрқашанда қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаға, іс жүргізуге қатысқан азаматтарға, қоғамға және мемлекетке өте маңызды болып табылады. Сот шешімдері көбінесе сол іспен байланысты адамдардың тағдырын, құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін түбегейлІ түрде өзгертеді. Мемлекет сот төрелігін жүргізу өкілеттігін өзіне ала отырып, бүкіл халык атынан әрекет етеді және қоғам алдында қылмыстық істердің әділ, ізгілікті, жылдам және уакытылы шешілуіне жауапты болады. Үкім шығаруда заңды және фактілік қателерге бой алдыруға, заң бекіткен тәртіптен ауытқуға болмайды.

Алайда, сот қателерін және іс жүргізушілік нысан нормаларының бұзылуын толық жою өкінішіке орай мүмкін болмай отыр. Мұның себептері әр түрлі болуы мүмкін: субъективизм, біліктілігінің төмен болуы немесе судьялардың шатасуы. коррупция, қылмыстық қудалау органдарының заңсыз әрекеттері және т.б. Мұндай кереғар жағдайларды жою үшін заң  истанциялы сот шешімдерінің және үкіметінің түпкілікті емес екендігін және оларды қайта қарау үшін шағымдану және наразылық келтіру тәртібін көрсетеді.

ҚР  ҚІЖК-сі   аппеляциялық   өндірісті   заңды   күшіне   енбеген   сот шешмдері мен үкімдерін қайта қарау деп түсінеді. ҮкімнІң заңды күшіне енуі сот шешімінің атқарылуға жіберілгендігін білдіреді. Баскаша айтқанда, осы уақыттан бастап сот мемлекеттің еркі, Қазақстан Республикасының  территориясындағы  барлық азаматтарға,  заңды  тұлғаларға,  мемлекеттік органдарға   міндетті   болып   саналады   және   өзінің   құқықтық   күшіне байланысты заң актісіне  тең болып табылады.

Заң шығарушы сот қателерін анықтау және оны жою мақсатында ҚР ҚІЖК-нің кез-келген уәкілетті субъектілері шағымдануға және наразылық білдіруге құқықты он тәуліктік мерзім белгілейді. Осыған сәйкес, сот үкімдері   мен   шешімдеріне   аппеляциялық   наразылық   келтіру   және шағымдану институты сот шешімдерін тексерудің тиімді тәсілі болып табылады, елдегі сот билігін жүзеге асырудың заңдылығын және әділдігін қам тамасыз етеді.

Сонымен, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау дегеніміз — басты мақсаты азамат пен қоғамды сот қателерінен қорғау, қылмыстық-құқықтық қатынастардың барлық қатысушылардың заң нормаларын сақтауды камтамасыз ету, сот төрелігін әділ, ізгіліктІ және демократиялы жүргізілуіне кепілдІк туғызу болып табылатын кылмыстық процестің ерекше сатысы.[13]

Іс жүргізу әрекеттеріне,  сот шешіміне,  сот өндірісіне  шағымдану еркіндігінің конституциялық ұстанымын орындау мақсатында заң тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде айыптауға және қорғауға шағымдану,   наразылық  білдіру   үшін   бірдей   қүқық  береді.   Тараптар жасалынған  шағымдарға,  наразылықтарға  қатысты  өз ойларын  айтуға, өздерінің қарсылықтарын білдіруге, іс кұжаттарын бірінші сатыдағы сотта қаралмаған қосымша материалдармен толықтыруға мүмкіндік алды. Егер шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері дәлелді себептермен өтіп кетсе, оларды қалпына келтіруге кепілдік берілді.

Апелляциялық инстанция — тараптар үкІм  туралы,  оның негізіне алынған  дәлелдемелер туралы өзінің ой-пікірін жеткізетін сот.

 

  1. Аппеляциялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы және тәртібі.

 

Еліміздің    ұлттық заңы аппеляциялық өндірісті қозғауды тараптардың еркіне жүктейді. ҚР ҚІЖК-нің 396-бабына сәйкес, заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне   Қазақстан   Республикасының   Жоғарғы   Сотының   үкімдерін қоспағанда. тараптар аппеляциялық тәртіппен шағымдануы және наразылық білдіруі мүмкін.  Үкімге шағымдану құқығы сотталушыға. ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, жәбірленушіге және онын өкіліне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері үкімге, оның азаматтық талапқа қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.

Наразылық білдіру құқығы істі қарауға мемлекетгік айыптаушы ретінде қатысушы прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, обылыс прокурорлары мен оның орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары істі қарауға қатысуына қарамастан өз құзыреті шегінде наразылық білдіруге құқылы.

Аппеляциялық шағымның немесе наразылықтың болмауы, заңды күшіне енбеген сот каулыларың, үкімдерін қарайтын алпелядиялық өндірістің жоқ болуына  әкеп соғады.[14]

Шағымдау  және   наразылық  келтіру  —  аппеляциялық  қайта  қарау сатысының   бастамасының    жалғыз    ғана    шарты    болып    табылады.

Аппеляциялық өндіріс соттың бастамасымен басталуына заңмен тыйым салынған. Тараптардың аппеляциялық өндірісті қозғау құқығын түсіндіру үкім шығарған сотқа жүктелген. Заңшығарушы I инстанциялы соттағы төрағалық етушіге сотталушыға және басқа да қатысушыларға мынаны түсіндіруді міндеттейді:

  • төрағалық етуші сотталушыға (ақталушыға), процестің басқа да .
    қатысушыларына үкімге шағым  жасаудың  тәртібі  мен  мерзімІн, сот отыры
    сының хаттмасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын,
    сондай-ақ істі аппеляциялық қарауға қатысу туралы өтініш беру кұкығын түсіндіреді;
  • ақталушыға оның заңсыз ұсталумен, айыпкер ретінде тартумен,
    бұлтратпау шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тартумен келтірілген
    зиянның орнын толтыруға деген қүқығы, сондай-ақ осы кұкықты жүзеге
    асыру тәртібі түсіндірілуге тиіс;

—        егер сотталушы ерекше жаза турі — өлім жазасына кесілген болса
төрағалық  етуші  оған  кешірім  жасау  туралы  өтініш  беру  куқығьн түсіндіреді.

Заң аппеляциялық шағымға, наразылыққа ерекше талаптар қояды. ҚР ҚІЖК-нің 407-бабына сәйкес, аппеляциялық шағымда:

  • шағым. наразылық жолдап отырған согтың атауы;
  • Іс жүргізілгендегі жағдайы, тұрғылықты жері немесе жүрген жері
    көрсетіле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтірген адам
    туралы деректер;

4) шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырған үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы;

5) үкімге, қаулыға толық немесе оның бір бөлігіне шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырғанын көрсету;

6) шағым,  наразылық  келтірген  адамның  пікірінше сот     үкімнің, қаулысының дұрыс емесгігі неде екендігі жөнінде дәлелдері және оның өтінішінің мәні;

7) арыз беруші  өз талаптарына  негіз ететін,  соның  ішінде бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;

8) шағымға, наразылыкқа қоса тіркеліп отырған материалдардың тізбесі;

9) шағым, наразылық келтірген күн және шағым, наразылық келтірген

адамның қолы болуға тиіс.

Жасалған   шағым,   келтірілген   наразылық   осы   талаптарға   сәйкес келмеген жағдайда,  олар берілген деп есептеледі, бірақ аяғына дейін рәсімдеу үшІн мерзімі көрсетіліп қайтарылады. Егер қайта жасалғаннан кейін аппеляциялық  шағым,   наразылық  аталған   мерзім   ішінде  сотқа  табыс

етілмесе олар берілмеген болып есептеледі.

Аппеляциялық шағымды, оның нысаны мен мазмұны ерекше құқыктық табиғатына  байланысты   қисындалған  арнайы   шағым   ретінде  түсінуге  болады. Аппеляциялык шағым мазмұнының құрылымы бұлай регламенттелуі, бұл  құжатта  ең  маңызды   кұжаттардың  бірі  —  мемлекет  атынан шығарылған

сот үкімінің күмандандырылуымен түсіндіріледі. Шағым  арқылы  заң  негізінде  қабылданған  сот  төрелігінің  актісі дауланады және сотталушыға, жәбірленушіге, қоғамға тиісті салдар әкеледі. Сот шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге бағытталған әрекеттер тек заңда  бекітілген  жағдайда және тәртіпте, тиісті  құқықтары  мен шағымдануға жеткілікті заңдық және фактілік негіздері бар субъектілермен берілуі тиІс.

Сот үкімдерін және шешімдерін қайта қарау тек қана моральдық және құкықтық жағынан ғана емес, материалдық жағынан да шығынды болып табылады. Істі аппеляциялық қайта қарау істің материалдарын жаңадан (толық немесе ішінара) зерттеумен, куәларды шақырумен, дәлелдемелерді қайта зерттеумен және басқа да күрделі әрекеттерді орындаумен байланысты болады. Осыған байланысты, заңшығарушы аппеляциялық шағым мәнінің талаптарын нақтылай отырып, сот қателерін және онын салдарын тиімді, рационалды және толық жоюға мүмкіндіктер беретін кажетті кепілдіктер туғызады. Шағымданушыны өзінің позициясын нақты және аргументті түрде көрсетуге,   оның   берген қорытындыларының дұрыстығын дәлелдейтін материалдар  беруге міндеттейді.

Наразылық заңмен прокурордың заңбұзушылыққа шара көру актісі ретінде анықтайды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазакстан Республикасының Прокуратурасы туралы» күші бар Жарлығының 19-бабына сәйкес: прокурор Конституцияға, заңдарға және Республика Президентінің актілеріне қайшы келетін нормативтік және өзге де құқықтық актілерге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне наразылық жасайды. Наразылық оны шығарған органға немесе жоғары тұрған органға беріледі.

Аппеляциялық наразылық білдіру құкығы істі қарауға мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысушы Қазакстан Республикасының Бас Прокуроры мен онын орынбасарларына, облыс прокурорлары мен олардың орынбасарларына, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар «мен олардың орынбасарларына тиесілі. (ҚР ҚІЖК-нің 396 б. 3 б.)

ҚР ҚІЖК-де немесе жоғарыда аталған Жарлықта прокурордың наразылығының аныктамасын толық түрде ашып көрсетпейді. Алайда. заңның мағынасынан мынаны анықтауға болады, яғни, сот шешіміне прокурордың наразылығы — бұл прокурордың ҚР Конституциясына, ҚІЖК-не немесе басқа нормативтік актісіне кайшы келетін сот шешімін толык немесе ішінара күшін жою туралы талабы көрсетілетін, үкім шығарған сот арқылы жоғарғы тұрған сотқа берілетін бекітілген нысандағы жазбаша өтініші.

Прокурорлық наразылыктың іс жүргізшілік нысаны заңда көрсетілмеген, алайда, жалпы ережелерге сәйкес, бұл құжатта прокурордың, сыныбы (шені), тегі — наразылықтың бастамашысы, істің қысқаша фабуласы және наразылық келтірілетін шешімнің мәні, күшіндегі заңға сілтемемен көрсетілетін прокурордың позициясы, үкімді жою немесе өзгерту туралы және шара көру туралы талабы, сондай-ақ ҚР ҚІЖК-нің 407-бабында көрсетілген басқа да жагдайлар болуы тиіс.

Шағымның наразылықтан негізгі айырмашылығы. шағымның авторы сотталушы , ақталушы, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтык жауапкер немесе олардың өкілдері болса, ал наразылықтың авторы тек мемлекттің арнайы  лауазымды тұлғасы — прокурор болады. Шағымаданушылар көбінесе жеке мүдделерін қорғаса, прокурор өзінің ерекше құқықтық мәртебесіне байланысты қоғамның мүдделерін қорғауды қамтамсыз етеді. Сонымен қатар, Қазакстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» күші бар Жарлығының мазмұнын талдауда, прокурордың наразылық білдіруге фактілік негізі заңның бұзылуы болса, шағымның пәні ҚІЖК-де нақты түрде шектелмеген. Яғни, шағымданушы тек қана заңға қайшы әрекеттерді ғана емес, оның ойынша құқыққа қайшы әрекеттерді мысалы, олардың моральға немесе этикаға жат әректтерді де даулай алады. ҚІЖК-нің 398-бабына сәйкес, шағымдар, наразылықтар үкім қабылдаған сот аркылы беріледі. Аппеляциялық сатыларға тікелей келіп тускен шағымдар, нарзылықтар сотталушыны немесе ақталушыны, қоғаушыны. айыптаушыны, жәбірленушіні және оның өкілін, сондай-ак егер шағым, наразылық олардың мүдделерін қозғайтын болса, шағымды немесе наразылықты хабарлау үшін үкім қабылдаған сотқа жіберілуге жатады. Шағымның, наразылықтың көшірмесі бұл тұлғаларға жазбаша түрде және келсіпеушіліктерін  білдіру  мүмкіндігі,  оның  мерзімі  түсіндіріліп жіберіледі.

Шағым бірнеше нұсқада сот кеңсесі арқылы беріледі. Бір нұсқасы сот кеңсесінде қалады және кейін судьяға жіберіледі. Екіншісінде штамп қойылып, құжаттың кіріс номері және мерзімі қойылады. Бүл нұсқа шағымданушыда қалады және тіркеуде шағым беру фактісін куәландырады. Үшінші нұсқасы немесе көшірмесі осы актімен мүддесі қозғалатын тұлғаға жіберіледі. Прокурордың наразылығы секратариатта (кенседе) тіркеледі және сотқа курьер немесе пошта арқылы жіберіледі. Заң аппеляциялық шағымның басқа әліспен жіберілуіне тыйым салмайды. Шағымдарды заказда хатпен немесе экспресс-поштамен де жіберуге болады.

ҚР ҚІЖК-нің 399-бабына сәйкес, бірінші сатыдағы соттың үкіміне шағымдар, наразылық білдірулер аппеляциялық тәртіпте үкім жарияланған күннен бастап он тәулік ішінде, ал қамауда ұсталған сотталушыларға оған үкім көшірмесі табыс етілген күннен бастап нақ сол мерзімде жасалуы мүмкін. Заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне шағымданудың бірегей мерзімін орнатудың мақсаты: бірінші инстанциялы сотпен қаралған қылмыстық іс материалдарын жылдам рәсімдеу; процеске қатысушыларға қылмыстық істің материалдарымен танысуға және сот шешіміне шағымдану құкығын беру; шағымдарды. наразылыктарды аппеляциялық инстанциямен үкімнің занды күшіне енуін немесе күшін жою, өзгерту максатында жылдам қарау болып табылады.

Үкімге шағым жасау белгіленген мерзім ішінде іс соттан талап етіле алмайды. Мерзім өткеннен кейін берілген шағым, қарсылы қараусыз қалдырылады. Аппеляциялық шағым немесе наразылық беру мерзімін (есептеу ҚР ҚІЖК-нің 54-бабында бекітілген жалпы ережелерге сәйкес жүргізіледі. ҚР ҚІЖК-нің 399-бабы бекіткен он туәлік үкім шығарғаннан кейінгі күннен бастап немесе қамауда ұсталған сотталушыға үкімді бергеннен күннен бастап есептеледі.

ҚР ҚІЖК-нін 403-бабында бірінші сатыдағы соттың қаулысына шағымдану, наразылық білдіру тәртібі көрсетілген. Оған сәйкес, сот қаулысына шағым, наразылық білдіруге тараптар құқылы.

Дәлелдерді тексеру тәртібіне, процеске қатысушылардың өтініштеріне, сондай-ақ сот мәжілісі залында тәртіп сақтауға, ҚР Конституциялық Кеңесіне адамның құқықтары мен бостандыктарының мәселесін қозғайтын нормативтік актінің конституциялылығын анықтауға қатысты өтініші, ақшалай айып салу туралы қаулыны коспағанда, сот талқылауы барысында шығарылған   қаулылар   шағымдануға,   наразылық   білдіруге   жатпайды.

Жоғарыда аталған шешімдерге қарсылық білдіру үкімге аппеляцнялық тәртіпте шағымдану немесе наразылық білдіру кезінде жасалуы мүмкін.

Бірінші сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағымданатын шешім шығарылған күннен бастап он тәулік ішінде беріледі және аппеляциялық іс жүргізу ережелері бойынша қаралады.

Үкім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған қаулыға шағым берілген, наразылық білдірілген жағдайда, іс жоғары тұрған сот сатысына үкімге шағымдану үшін белгіленген мерзім өткен соң ғана жіберіледі. Бұл ретте, егер үкімге аппеляциялық шағым берілген, наразылық білдірілген болса, жеке шағымды, наразылықты тексеру істі аппеляциялық тәртіпте қарайтын сол сот сатысы жүргізеді. Сот қаулысына шағымдануға сондай-ақ егер қаулы олардың мүдделеріне қатысты болса, бұл істе тараптар болып табылмайтын адамдар да құқылы.

Бірінші инстанциялы соттың шағымды мерзімінің бұзылуымен қабылдаған жағдайда, аппеляциялық инстанция шағымды өткен мерзімнің (қалпына келтірілу мүмкіндігін шешу мақсатында бірінші инстанциялы сотқа жібереді. ҚР ҚІЖК-нің 400-бабына сәйкес, шағым беруге, наразылык білдіруге арналған мерзім дәлелді себептермен өтіп кеткен жағдайда шағым беруге, наразылық білдіруге құкығы бар адамдар үкімді қабылдаған сотқа өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш жасай алады. Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш қарапайым нысанда толтырылады, онда шағымданушы туралы мәліметтер, істің қысқаша фабуласы, өтініш білдірушінің шағымдану немесе наразылық білдіру мерзімін өткізіп алуының дәлелді себептермен өткізіп алуының жағдайлары және оны дәлелдейтін қүжаттар келтірілуі тиіс. шағымдану мерзімін өткізіп алудың (дәлелді себептеріне ауруға шалдығу, жақын туысының өлімі,  үкімнің көшірмесін уакытылы алмауы, қызметтік іс сапар, табиғи апаттар және соттың ойынша шағымдануға мүмкіндік бермеген баска да объективті себептердің болуы.

Мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішті істі сот талқылауы кезінде төрағалық етуші судья, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы сот мәжілісінде қарайды, ол өтінішті қозғаған адамды түсінік беру үшІн шақыртуға құқылы. Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіруден бас тарту туралы судьяның қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берілуі, наразылық білдірілуі мүмкін.

Заңның бұл ережесі менің ойымша мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішті әділ түрде шешуге тиісті жағдайлар туғызбайды.  Яғни, үкім шығарған судья өзінің қол қойған үкімінің жоғарғы сотта қаралуына мүдделі болмайды.  Біріншіден, егер шағымданушының әрекеттері нәтиже беріп жатса, бұл оның қызметінде, оның жүмысының нәтижесіне әсер етуі мүмкін. Екіншіден, адамдық факторға келетін болсақ, адамдар өздерінің пікірлерін даулағанды ұнатпайды. Сондықтан, мерзімді ұзарту туралы өтінішті осы істі қарауға қатыспаған  судьяның  уәкілеттігіне  берген  дүрыс  болады  деп ойлаймын. Сонымен қатар, заң өкінішке орай  мерзімді ұзарту туралы өтінішті қараудың мерзімін бекітпейді.

ҚР ҚІЖК-нің 402-бабында шағым берудің және наразылық білдірудің салдары көрсетілген:

  1. Уақытылы берілген шағым немесе нарзылық үкімнің орындалуын тоқтата тұрады. Мерзімі кешіктіріліп, бірақ мерзімнің сотпен қалпына келтіріліп берілген шағым мен наразылық та үкімнІң орындалуын тоқтата тұрады. Үкімнің орындалуы тоқтатылған қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған сотталушыны және камауда отырған тұлғаны жазасын өтеуге жіберуге, басқа да негізгі және қосымша жазаларды атқаруға жіберуге, сондай-ақ үкімнің азаматтық талап бөлігін және сот шығындарын өтеттіруге болмайды.  Үкімнің орындалуының тоқтатылуы шағым берілмеген сотталушыларға да қатысты, барлық сотталушыларға қатысты жүргізіледі.
  2. Бірінші сатыдағы сот үкімге (қаулыға) шағымдану, наразылық келтіру үшін белгіленген мерзім біткеннен кейін кешіктірмей, мүдделі тұлғаларға шағым беру және наразылық білдіру туралы хабардар етеді, содан кейін істі келіп түскен шағымдармен, наразылықпен және оларға қарсылықтармен қоса аппеляциялық сатыға жібереді және процеске қатысушыларға істің аппеляциялық сатыда каралатын уакыты мен орнын хабарлайды.
  3. Үкімге шағымданған, наразылық білдірген адам өзінің шағымын, наразылығын аппеляциялық сатыларда   сот   отырысы   басталғанға  дейін
    қайтарып   алуға   кұқылы.   Прокурордың   наразылығын   жоғары   тұрған
    прокурор да кері қайтарып алуы мүмкін.
  • Үкімге шағымданған, наразылық білдірген адам сот отырысы басталғанға
    дейін өзінің шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдемелермен толықтыруға құкылы. Бұл ретте прокурордың қосымша наразылығында
    немесе   оның    наразылықты   туралы    мәлімдемесінде,    сол   сияқты
    жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе олардың өкілдерінің үкімге
    шағымдану және наразылық білдіру мерзімі өткеннен соң берілген қосымша
    шағымында, егер мұндай талап бастапкы наразылықта немесе шағымда
    болмаса, сотталушының жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылмауға тиіс.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе мынаны анықтауға болады. Заңшығарушы бірінші инстанциялы соттың үкімімен мүдделері қозғалған барлық субъектілерге ол шешімді еркін шағымдану құқығын береді. Бұл құқықты жүзеге асыру барлығына, қорғау және айыптау тарабына да теңдей берілген. Сот өндірісінің барлық субъектілерінің өзінің позициясын негіздеуге қосымша фактілік мәліметтерді, кұжатгарды және материалдарды беру мүмкіндігі бар. Шағым беру немесе наразылық келтіру қарсы тарапқа құқықтық шектеулер туындатпайды және қылмыстық іс жүргізудің қағидаларына, тұлғаның құқықтарына және бостандықтарына қайшы  келмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II — ТАРАУ. АППЕЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІСТЕРДІ КАРАУ.

 

2.1.   Аппеляциялық өндірістің түсінігі, козғау негіздері, пәні және шектері.

 

Аппеляциялық өндіріс — басты мақсаттары бірінші инстанциялы соттың үкімдері мен қаулыларына келіп шағымдар мен наразылықтарды қарау, сот қателерін және күшіндегі зан нормаларының бұзылуын аныктау, жою, заңдылықты қалпына келтіру, сондай-ақ азаматты, қоғамды және мемлекеттІ қылмыстык іс бойынша өндірістің қатысушыларының құкыққа кайшы әрекеттерінен сақтау болып табылатын қылмыстық іс жүргізудің жеке сатысы

Аппеляциялық өндірістің негізгі белгілері:

  • шағымдану бостандығы — сотталушы, ақталушы, сотталушының және
    ақталушының корғаушысы, олардың заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілдері, сондай-ақ азаматтық талапкер, азаматгық жауапкер немесе олардың
    өкілдері азаматтық талапқа қатысты бөлігінде заңды күшіне енбеген сот
    үкіміне шектеусіз заңмен белгіленген мерзімде аппеляциялық шағым беруге
    құкылы;
  • істің фактілік және заңдық жағы да аппеляциялық өндірістің пәні
    болып табылады;
  • аппеляциялық сатыда істі қарау аппеляциялық шағымның немесе
    наразылықтың шегімен шектелген;
  • аппеляциялық өндіріс барысында істі жаңадан қарау болмайды,
    соттың жаңа дәлелдемелер жинау мүмкіндігі шектелген;
  • аппеляциялық саты алғашқы үкімді жақсы жағына да, ауырлататын
    жағына да өзгертуі мүмкін;

6)      аппеляциялық сатының шешімдері жоғарғы тұрған инстанцияға
шағымдалуы (наразылық білдірілуі) мүмкін.

Аппеляциялық шағым немесе наразылық білдірудің фактілік негізі ретінде мына жағдайларды санауға болады: бас сот талқылауында сот тергеуінің бір бағытты және толық емес болуы; бірінші инстанциялы соттың үкімдегі қортындылары істің мән-жайларына сәйкес келмеуі; өндіріс барысында қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі бұзылуы орын алса; қылмыстық заң дұрыс қолданылмаса; сотталушыға тағайындалған жаза қылмыстың ауырлығына және сотталушының тұлғасына сәйкес келмеуі.

Аппеляциялық  өндірісті   қозғаудың  құқыктық  негізі  аппеляциялық шағым немесе наразылық болып табылады.  Осыған сәйкес, өндірістің басталу уақыты шағым берген уақыт деп санауға болады.

Аппеляциялық шағымның немесе наразылыктың мазмұны ҚР ҚІЖК-нің 407-бабында  көрсетілген. Бұл кұкьқтық кұжатта міндетті түрде келесІ бөлімдер болуы тиіс.

  1. Шағым, наразылық жолданып отырған соттың атауы.

Істі екінші инстанцияда қарауға уәкілетті    сот соттылықтың жалпы

ережелерімен және ҚР ҚІЖК-нің 397-бабымен анықталады.

Аудандық және оларға теңестірілген соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне аппеляциялық шағымдарды, наразылықтарды облыстық және соларға теңестірілген соттардың кылмыстық істер жөніндегі алқасы карайды.

Облыстық және оларға теңестірілген соттардың қылмыстық заңды күшіне енбеген үкімдеріне   аппеляциялық    шағымдарды,    наразылықтарды    Қазақстан Республикасы  Жоғарғы   Сотының   кылмыстық   істер  жөніндегі   алқасы қарайды.

Осыған сәйкес, аппеляциялық шағымда жіберілетін соттың толық және нақты атауы  көрсетілуі  тиіс  (мысалы,  «Онтүстік  Қазақстан  облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы»).

2.Іс жүргізілгендегі жағдайы, түрғылыкты жері немесе жүрген жері
көрсетіле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтірген адам туралы деректер.

Деректер анык, нақты және дұрыс көрсетілуі тиіс. Шағымданушының тегі, аты-жөні, құқықтық мәртебесі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы, тіркелген тұрғылықты жерінің мекен-жайы, егер прокурордың наразылығы болса, оның қызметі және шені, сыныбы міндетті түрде көрсетІлуі тиіс.

Сонымен қатар, байланыс (үй немесе қызметтік) телефонын көрсеткен дұрыс болады. Бұл мәліметтерді келтіру шағымның, наразылықтың мазмұнын тексеруге. шағымданушы туралы қосымша мәліметтер алуға. істің материалдарына қажетті толықтырулар енгізуге, сондай-ақ шағымданушыға немес прокурорға шағымның, наразылықтың мәні бойынша іс жүргізушіік әрекеттер туралы хабарлау үшІң кажетті.

3.Шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырған үкім немесе қаулы және
осы шешімді шығарған соттың атауы.

Шағымдалып отырған үкімді ғана емес, істің кысқаша фабуласын :еткен көрсеткен дұрыс болады. Бұл аппеляциялық сатыдағы соттың бағдарландырылуына, жасалған әрекеттің жағдайлары туралы алғашқы көзқарас тудыруға, қажетті мәліметтерді толық ашуға көмектеседі.

4.Үкімге, қаулыға толық немесе онын бір бөлігіне шағым жасалып,
наразылық келтіріліп отырғанын көрсету.

Бұл бөлім осы іс бойынша аппеляциялық өндірістің пәнін және шегін дәл анықтауға мүмкіндік береді, үкімнің орындалуын токтату мәселесін дұрыс  шешуге,   бұлтартпау   шарасына,   қосымша   куәларды   шақыруда, сараптама тағайындауда және іс бойынша объективтік шындықты орнатуға көмектеседі.

  1. Шағым, наразылық келтірген адамның пікірінше сот үкімінің,
    қаулысьның дүрыс еместігі неде екендігі жөнінде дәлелдері және оның өтінішінің мәні.

Шағымның   бұл   бөлімі   шағымданушының   (наразылық   білдірген прокурордың) позициясын келтіруге арналған. Бастамашы шағымданушының  қортындылары анық, кезектілікпен, және логиялық тұрғыдан дұрыс келтірілуі  тиіс. Автор бірінші инстанциялы соттың үкімінің қай бөлмдерімен және қандай себептермен келіспейтіндігін нақты және аргументті көрсетуі тиіс және ол заң бүзушылыктық немесе фактілік қатені жоюда не ұсынатын өтінішін нақты көрсетуі тиіс. Өтініш құқықты, орындалатын және негізді болуы тиіс.

  1. Арыз беруші өз талаптарына негіз ететін, соның ішінде бірінші
    сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер. Шағымның (наразылықтың) бұл
    бөлімінде шағымданушының   қорытындыларын   куәландыратын   барлық
    фактілік мәліметтерді, материалдарды және кұжаттарды келтіру керек.
  2. Шағымға, наразылыққа қоса тіркеліп отырған материалдардың тізбесі. Аппеляциялық шағымды,  наразылықты  тізбелеу тәртібінде  барлық құжаттар және материалдар шағын мәтінінде көрсетіледі. Тізбеде шағымның наразылыктың) нұсқаларының саны, анықтамалар, мінездемелер, тексеру немесе ревизия актілері, сараптама қорытындысы. бұрын жауап алынбаған тұлғалардың арыздары немесе түсініктемелері және т.б. шағымданушыда бар құжаттар көрсетіледі. Аппеляциялық шағымға немесе наразылыққа белгілі бір құжаттың көшірмесІн қосуға болады, бірақ істі аппеляциялық өндірісте қарау барысында шағымданушы құжаттың түпнұсқасы көрсетілуі қажет немесе басқа әдіспен көшірменің дұрыстығы фактісін дәлелдеу қажет.
  3. Шағымдану, наразылық келтірген күн және шағым, наразылық келтірген адамның қолы болуға тиіс.

Шағымдану уақтысы аппеляциялық өндіріс сатысында іс жүргізушілік мерзіімдерді санау үшін қажет болғандықтан, үлкен маңызға ие болады. Шағым немесе наразылық берген тұлғаның қолы міндетті болып табылады. Өйткені, арыздың бұл түрі нақты персонифицирленген және ол тұлғаға іс жүргізушілік құқықтар мен міндеттердің толық кешені жүктеледі.

Егер шағым немесе наразылық жоғарыда келтірілген талаптарға сай болмаса. істің каралуына кедергі туғызады, шағымдар белгілі бір тәртіппен тіркеуге алынуы тиіс. Шағым, наразылық берілген болып саналады. бірак судья оны шағымданушыға, наразылық берілген болып саналады, бірак судья оны шағымданушыға немесе прокурорға белгілі бір мерзім ішінде қайта рәсімдеуге жібереді. Егер, көрсетілген мерзім ішінде аппеляциялық шағым немесе наразылық түзетілген түрде берілмесе, шағым, наразылық берілмеген болып саналады.

Аппеляциялық өндірістің мәні ҚР ҚІЖК-нің 405-бабында көрсетілген. Оған сәйкес, аппеляциялық сатыдағы сот аппеляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істің нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын, істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша бірінші сатыдағы сот үкімінің немесе қаулысының заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді. Яғни, аппеляциялық сатыға мыналарды толық тексеру міндеті жүктелген:

-іс бойынша фактілік жағдайларды бекітудің дұрыстығын. Қылмыстық істербойынша дәлелдеу пәні ҚІЖК-нің 117,481 баптарында көрсетілген;

— материалдық құық нормаларының қолданылуының дұрыстығын (ҚІЖК-нің 416,417 баптары). Бұл жерде қылмыстық құқық нормаларымен қатар, әкімшілік және азаматтық құқық нормалары да ескерілуі тиіс, өйткені, ҚР ҚІЖК-нің 1-бабының 3 бөліміне сәйкес, егер кылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында азаматтық немесе әкімшілік құқықтарға сәйкес шешілуі тиіс мәселені қарау кажеттігі туындаса, ол азаматтық немесе әкімшілік іс жүргізу тәртібімен шешіледі. Сонымен қатар, әңгіме кьілмыстық сот өндірісі барысындағы азаматтық талап (ҚІЖК-нің 20-тарауы) және әкімшілік шара қолдану (ҚІЖК-нің 160-бабы) мәселелері жөнінде де болуы тиіс;

-қылмыстық іс бойынша өндірісті жүргізу барысында қылмыстық іс жүргізу нормаларының сақталуын. Қылмыстық сот өндірісінің тәртібін анықтайтын заң ҚІЖК-нің 1-бабында көрсетілген.

-бірінші инстанциялы соттың үкімінің немесе қаулысының заңдылығын және негізділігін. ҚІЖК-нің 369-бабына сәйкес, егер үкім заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негізінде шығарылса, ол заңды болып танылады. Егер үкім сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелерді жан-жақты және объективті зерттеу негізінде шығарылса, ол негізді деп танылады.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, аппеляциялық сатыда істі қараудың пәні істің фактілік жағдайларын   бекітудің дұрыстығын және қылмыстық заңның колданылуының, сондай-ақ өндіріс барысында қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сакталуының дұрыстығын, бірінші инстанциялы соттың  үкім немесе каулысының заңдылығын және негізділігін бекіту болып табылады. Яғни, аппеляциялық өндіріс сатысындағы тексеру объектісі шағымдалып немесе наразылық келтіріліп отырған сот шешімінің фактілік жағы ғана емес, занды жағы да тексеру объектісі болып табылады. Сонымен жоғарыда келтірілген негіздерге сүйене отырып, аппеляциялық өндіріс туралы мен өз ұғымымды ұсынамын. Аппеляциялык өндіріс дегеніміз — заңды күшіне енбеген сот шешімдерін шағымдануға (наразылық білдіруге) құқықты субъектілердің, сондай-ақ екінші инстанциялы соттың шағымдалған (наразылық білдірілген) сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарауға қатысты қызметінің іс жүргізушілік әрекеттердің жиынтығы.

Заңда аппеляциялық  сатыда  істі  қараудың  шектері   нақты  түрде көрсетілген. ҚР ҚІЖК-нің 404-бабына сәйкес, аппеляциялық тәртіпте істі қарайтын сот үкімнің заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек үкімге шағым берілген немесе наразылық білдірілген бөлігінде және шағым немесе наразылық білдірілген сотталушыларға қатысты ғана тексереді. Егер, істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот осы ҚР ҚІЖК-де көзделген ережелерді сақтай отырып, үкімді сондай-ак шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылык білдірілмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы.

Бұл көрстілген ереже мына талаптармен негізделеді: — соттың бастамасымен сотталушының жағдайын нашарлатуға жол бермеу, өйткені,  біріншіден,  сотталушыға тағылған  айыпты дәлелдеу айыптаушыға жүктелген; екіншіден, сот қылмыстық қудалау органы болып табылмайды, айыптау тарабының жағында болмайды (ҚР ҚІЖК-нің 23-бабының З,5 бөлімдері); -сот шешімдерінің атқарылуының созылуына жол бермеу.

Басқаша сөзбен айтқанда, аппеляциялық сатыдағы өндірісте сот төменгі тұрған соттың үкімін толық қарауға, қылмыстық істі қайтадан зерттеуге міндетті емес. Заң, бойынша ол шағымдалған бөлігінде ғана материалдарды зерттеумен  (фактілік  жағын)  және  наразылық  білдірілген  бөлігіндегі тұлғаларға ғана қатысты зерттеумен шектелуі мүмкін. Толық тексеруге іс бойынша өндіріс барысында заңдылықтың сақталуы ғана жатады. Алайда, апеляциялық   сатыдағы   қарау   шектерін   жеткілікті   түрде   аныктау, қылмыстық    жауапкершілікке тартылған азаматтардың құқықтары  мен .бостандықтарын қорғауға соттың өкілеттіктерін шектеуді білдірмейді. Егер сотпен сотталушының құқыктары мен бостандыктарының заңсыз шектелгені және  заңсыз үкім шығарылғаны анықталса, аппеляциялық сот шағымның немесе наразылықтың шегінен шығып және өзінің өкілеттіктерін үкімді өзгертуге немесе жоюға қатысты жүзеге асыруға құқылы. Сонымен қатар, заңда құқыктары мен заңды мүдделері бұзылған сотталушылардың ғана көрсетілуі және қылмыстық процестің басқа қатысушыларының ескерілмеуі (жәбірленуші, азаматтық талапкер, жауапкер және т.б.) заң мен сот алдындағы барлығының теңдігі қағидасынан ауытқығанды білдіреді.  Мүны әділ деп санауға болмайды және біздің ойымызша күшіндегі заңға тиісті өзгертулер енгізілуі тиіс.

 Іс аппеляциялық тәртіппен ол келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс. Дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзім іс жүргізіліп жатқан аппеляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бір айға ұзартылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда істі аппеляциялық сатыда қарау мерзімін одан әрі ұзарту қылмыстық істер жөніндегі тиісті сот алқасы төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысымен жүргізілуі мүмкін |(ҚРКІЖК-нің 406-бабы).

Бірінші инстанциялы соттың үкімдерінің және қаулыларының атқарылуының созылуын болдырмау максатында аппеляциялық тәртіпте істі қарау мерзімі бір ай болып орнатылған. Бұл мерзім дәлелді себептермен бір айға ұзартылуы мүмкін. Дәлелді себептер: қаралатын істің күрделілігі; судьяны ауыстыру қажеттілігі; қосымша шағымдарды, наразылықтарды қарау қажеттілігі болуы мүмкін.

Енді істі аппеляциялық сатыда қарау шектерінің даулы құқықтық мәселелеріне токталсақ. ҚІЖК-нің 404-бабына сәйкес, «аппеляциялық тәртіпте істі қарайтын сот үкімнің заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек үкімге шағым берілген немесе наразылық білдірілген бөлігінде және шағым немесе наразылық білдірілген сотгалушыларға қатысты ғана тексереді». Бұл баптың екінші бөлімі істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот ҚР ҚІЖК-де көзделген ережелерді сақтай отырып, үкімді сондай-ақ шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылық білдірілмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы екендігін көрсетеді. Сонымен катар, ҚІЖК-нің 405-бабы аппеляциялық сатыдағы сотқа үкімнің заңдылығы мен негізділігін “толық көлемде» тексеруді жүктейді. ҚІЖК-нің 405-бабы аппеляциялық қараудың пәнін анықтаса да, ол аппеляциялық қараудың шектерін де көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілген ҚІЖК-нін 404-бабы мен істі «толык көлемде» тексеру ережесі және ҚІЖК-нің аппеляциялық қаулының мазмұнына қатысты 422-бабы тәжірибеде қалай байланысады екен? Бұл сұраққа жауап біздің ойымызша, әрбір норманың мазмұнын түсінумен анықталады.

Толық тексеруге: шағым. берілмегеніне қарамастан барлық сотталушыларға қатысты қылмыстық істің толық тексерілуі; істің фактілік жағдайларын анықтаудың және қылмыстық заңның колданылуының дұрыстығы, қылмыстық іс жүргізу заңы номаларының сакталуы, сондай-ақ үкімнің заңдылығы мен негізділігі жатады. Мұндай тексеру бірінші инстанциялы сотпен  бағаланған және аппеляциялық сатыға жіберілген материалдарға жүргізіледі.

Кейбір жағдайларда шағым, наразылықта құқық бұзушылық туралы мәлімет болмайды, бірақ аппеляциялық өндіріс барысында олар анықталады. Істің қателіктері шағым берілмеген немесе наразылық білдірілмеген сотталушыларға да қатысты болуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, сотталушылар жоғарғы тұрған соттарға жазалау шарасы туралы шағымданады. Шағым, наразылықтың үкімінің әділдігі немесе әділ еместігі туралы қорытындыларына істің фактілік жағдайларына талдау жасамастан бұрын және материалдық құқық нормаларының колданылуының дұрыстығын анықтамастан бұрын жауап беру мүмкін емес. Тараптар әрекеттің саралану мәселелеріне әрқашан дұрыс мән бере бермейді, олардың шағымдарында заңға сілтеме көп бола бермейді, көбінесе істің фактілік жағдайларына көңіл бөлінеді. Сотталушылардың шағымының қорытындылары көбінесе кінәлі немесе кінәсіздігі туралы мәселелерге байланысты болады.

ҚІЖК-сі нормаларының сотқа дейінгі және сот отырысында сакталуын тексеру аппеляциялық сатының негізгі мақсаттарының бірі. Аппеляциялық сатыдағы сот шағымда, наразылықта олар туралы көрсетілмегеніне қарамастан, істің фактілік жағдайларын тексеруі міндетті. Кассациялық соттардың қателіктерін сынай отырып, А.М.Ларин, мынаны көрсететін: «Шағымда дәлелдемелерге сілтеменің жоқтығы, соттың дәлелдемелерді зерттеу және өзінің қаулысында сотталушының кінәлілігін анықтайтын дәлелдемелерді көрсету міндетінен босатпайды».[15] Қолданыстағы ҚІЖК-сі заңның бұл бөлімдегі қателігінің орнын толықтырды және шағымдану, наразылық білдіру субъектілерін «олардың ойынша үкімнің, қаулының дұрыс еместігі неде екендігін» және «арызданушының өзінің талаптарын негіздейтін дәлелдерін» келтіруді міндеттеді (ҚІЖК-нің 407-бабының 1 б. 5,6 тармақтары). Алайда шағымның, наразылыктың бұл міндетті элементерінің жоқ болуы сотты істі толық көлемде тексеру міндетінен босатпайды.

Үкімнің дұрыстығын тексерудің ревизиялық тәртібі барлық сотталушыларға қатысты нысаны және мәні бойынша шағымданбаған сотталушыларға да қатысты тексеруді білдіреді. Мұндай тексеру аппеляциялық негіздер бойынша жүргізіледі, бірақ шағымдалмаған, наразылық білдірілмеген және құқықтары мен мүдделері қозғалмаған шағымдар бойынша шешім заң бұзушылықтың сипатына байланысты болады. Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің кабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот үкімді сондай-ақ шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылық білдірілмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы. Осыған сәйкес, заңшығарушы аппеляциялық сатының үкімнің күшін жою немесе өзгерту мүмкіндігін жоғарыда келтірілген талаптарға сәйкес болу керектігін бекітіп, нақты және біржақты шектеп қойды. Көрсетілген тәртіптен басқа, аппеляциялық сатының өкілетгіктері жок.

Өкінішке орай, аппеляциялық соттың істі толық көлемде және ревизиялық тәртіпте тексеру міндетін тәжірибе өте кең қабылдады. Мысал келтірейік. Л және А ҚР ҚК-нің 178 б. 2 б. «а», «в», «г» тармақтары бойынша «өмірге немесе денсаулыққа зиян емес күш қолдану арқылы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен және тұрғын үйге заңсыз кірумен тонау қылмысы үшін сотқа берілген. Аудандық соттың үкімімен олар кінәлі деп табылып, II-ға қатысты адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, елеулі зиян келтіріп, қорқытумен және күш қолданып, озбырлық жасағандығы үшін ҚР ҚК-нің 327-бабының 3 бөлімімен сотталған. Іс Л-дың бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындау туралы шағымымен аппеляциялық тәртіппен қайта қаралды. А-ға қатысты үкім шағымдалмаған және наразылық білдірілмеген. Аппеляциялық саты соттың үкімінің күшін жойып, соттың корытындыларының істің фактілік жағдайларына сәйкес еместігін негізге ала отырып, істі сот отырысының жаңадан қарауына жіберген және өзінің қаулысында төмендегілерді көрсеткен:

«Сот айыптау үкімінің сипаттау бөлімінде Л және А біреудің мүлкін өмірге және денсаулыққа зиян емес күш қолдану арқылы П-ға катысты адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, түрғын үйге заңсыз кіріп тонау жасағандығын көрсетеді. Алайда, айыптау үкімінің қорытынды бөлімінде сот Л жене А-ны ҚР ҚК-нің 327 б. 3 б. көзделген қылмыс үшін кінәлі деп тапқан. Бұл ҚІЖК-нің 414-бабына мүлдем сәйкес келмейді. Мұндай жағдайларда үкімнің күші жойылуы және іс жаңадан қаралуға жіберілуі тиіс. Істі жаңадан қарауда іске маңызды жағдайларды толық, жан-жақты және объективті зерттеу керек және заңның барлық талаптарын сақтай отырып дұрыс үкім шығару қажет».[16]

Бірақ, шағымданушының берген шағымының бөлігінде ғана бұл іс қайта қаралуы тиіс болатын. Аппеляциялық саты шағымданбаған тұлғаға да қатысты істі толық көлемде карауға кірісіп кеткен. Менің ойымша аппеляциялық инстанциядағы сот өз өкілеттіктерінен асып кеткен. Аппеляциялық сатыға берілген шағымда үкімнің күшін жоятын немесе өзгертетін негіздер болмаған. Істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болған жағдайда ғана заң соттың үкімнің күшін жоюға және үкімді өзгертуге құқылы екендігін көрсетеді. Жоғарыда келтірілген үкімнің қателіктеріне берілген шағымның өзінде аппеляциялық сатыдағы сот үкімнің күшін жоюға немесе өзгертуге құқығы болмаған.

Аппеляциялық сатыдағы қылмыстық істер бойынша соттардың қаулыларының мазмұнының талдаулары көрсетіп отырғандай, тәжірибеде шағымдар мен наразылықтардың қорытындыларына тиіссіз тексеру нәтижелерін аппеляциялық каулы мөтіндерінде «толық көлемде» деп көрсету орын алған. Мысал келтірейік. К және Т-ға қатысты сот кылмыстың рецидивін дұрыс көрсетпеген. К бұрын ауыр қылмысы үшін екі рет сотталған жене қайтадан ауыр қылмысы үшін сотталған. Сондықтан да оның әрекетінде аса қауіпті рецидив бар (ҚК-тін 13 б. 3 б. «б» т.).

Т бұрын бас бостандығынан айыруға үш рет сотталған, соңғы рет ауыр қылмысы үшін, және қайтадан ауыр қылмыс үшін сотталып отыр. ҚК-тің 13-бабының 2 б. «а,б» тармақтарына сәйкес, оны ҚК-тің 13 б. 1 б. көрсетілген рецидив ретінде емес, ауыр рецидиы ретінде тану қажет болатын. Бұл көрсетілген қателіктерді К және Т-ға қатысты аппеляциялық сот прокурордың наразылығының жоқтығына қатысты жоюға құқықты емес.[17]

 

2.2.   Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі.

 

Бірінші сатыдағы сот аппеляциялық шағым мен наразылық келтіруге арналған мерзім біткен соң және мүдделі тұлғаларды шағым беру туралы және оған қарсылық білдіру мүмкіндігін түсіндіргендігі хабарландыру талабы орындалған соң, істі қараудың жоғары тұрған сотпен келісе отырып белгіленетін уақыты мен орнын көрсетіп, істі тиісті аппеляциялық сатыға жібереді (ҚР ҚІЖК-нің 408-бабының 1 б.).

Істің қаралу орны мен уақытын бірінші саты сот тараптарға хабарлайды. Хабарлау тәсілі қарапайым — барлық іске қатысушыларға шақыру қағаздары жіберіледі. Сот отырысына қамауда ұсталып отырған сотталушыны шақыруды заңда бектілген тәртіппен аппеляциялық сатыдағы сот шешеді.

Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған адам жағдайының нашарлауы туралы мәселе қойылса, оның аппеляциялық сатыға қатысу туралы өтініші қанағаттандырылуға тиіс.

Аппеляциялық  отырыстың  орны   мен   уақыты   туралы   уакытылы хабарланған адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Аппеляциялық сатыға прокурордың қатысуы міндетті.

Үкіме шағымдану құкығы берілген сотталушы, ақталушы, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілі, сондай-ақ үкім шығарылғаннан кейін тапсырма алушы сотталған (ақталган) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі соттың аппеляциялық отырысына барлық жағдайда жіберіледі. Оларға өздерінің өтініштері бойынша келтірілген шағымдарды немесе наразылыктарды не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.

Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау өндірісі соттың қалыпты жұмыс істеуін және процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізіледі. Аппеляциялық соттың сырткы нысаны (ритуалдық жағы) бас сот отырысының тәртібін қайталайды. Бірінші сатыдағы соттағы секілді сот приставы немесе сот отырысынң хатшысы «Сот келеді» деп хабарлайды. Залдағылардың барлығы тұрады, одан соң төрағалық етушінің ұсынысымен отырады. Сот отырысына қатысушылар сотқа тұрып жауап береді. Бұл ережелерден ауытқуға тек төрағалық етушінің рүксатымен рұксат етіледі. Сот отырысында отырып жауап беру мүмкіндігі қарт кісілерге, науқастарға, мүгедектерге беріледі.

Сот отырысына қатысушы барлық тұлғалар сот отырысының төрағалық етушісінің сот отырысының тәртібін сақтау туралы нұсқауына мойын сұнуы міндетті.

Он алты жастан кіші тұлғалар, егер олар тарап немесе куә болып табылмаса сот отырысына жіберілмейді. Қажет болған жағдайда сот приставы азаматтан оның жасын куәландыратын құжат талап етуге құқылы. Сот залына сонымен қатар, мас күйіндегі адамдарға кіруге тыйым салынады.

Енді аппеляциялық сатыда істі қарау тәртібіне тоқталайық. Оның тәртібі ҚР ҚІЖК-нің 409-бабында керсетілген.

Төрағалық етушІ сот отырысын ашады, қандай іс және кімнің апеляциялық шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын хабарлайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамадардың фамилиясын, сондай-ақ аудармашылардың фамилиясын хабарлайды.

Төрағалық етуші отырысқа қатысушы адамдарға олардың аппеляциялық сатыда істі қараған кездегі іс жүргізу құқықтарын түсіндіреді. Төрағалық етуші тараптардан олардың бас тартуы мен өтінімдерінің бар-жоғын сұрайды, ал егер олар мәлімделсе, оларды қараудың нәтижелері бойынша қаулы шығарады.

Істі қарау баяндамашының судьяның істің мәнін, аппеляциялық шағымдардың мазмұнын баяндаумен басталады. Аппеляциялық наразылықтың себептері мен дәлелдерін прокурор баяндап береді. Осыдан кейін сот тараптардың шағымдарда келтірілген өз дәлелдерін негіздеп, қарсы тараптың оларға қарсылықтарын айтып сөйлеген сөздерін тыңдайды. Сөз сөйлеу ретін іске қатысушы тараптардың пікірлерін ескере отырып, сот белгілейді.

Аппеляциялық шағымда немесе наразылықта келтірілген дәлелдерді растау немесе теріске шығару үшін сөз сөйлеушілер істі қарау басталғанға дейін аппеляциялық сатыға қосымша материалдар беруге құқылы. Қосымша материалдарды тергеу іс-әректтерін жүргізу жолымен алуға болмайды. Сотқа қосымша материалдар берген адам олардың кандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету кажеттігіне байланысты туындағанын көрсетуге міндетті. Қосымша метериалдардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы сот қаулы шығарады. Істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар қосымша тапсырылған материалдар, егер олардағы мәліметтер бірінші сатыдағы соттың қосымша тексеруі мен бағалауын керек етпесе, үкімді, қаулыны өзгеруге негіз болуы мүмкін. Өзге жағдайларды қосымша материалдар сот үкімінің, қаулысының күшін жойып, істі бірінші саты бойынша жаңадан қарауға жіберуге негіз бола алады.

Аппеляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы сотқа қарағанда істің фактілік жағын орнату бойынша өкілеттіктері тарлау. ҚР ҚІЖК-нің 410-бабына сәйкес, аппеляциялық шағыммен немесе наразылықпен келіп түскен істі қарау кезінде сот тараптардың өтініш жасауы бойынша немесе өз бастамасымен:

  • сот психиатриялық сараптама тағайындауға;
  • егер істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша
    жүргізу мүмкін болса, өзге де сараптама тағайындауға;
  • сотталғанның, жәбірленушінің және  іске   қатысушы   басқа  да
    адамдардың денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы
    соттылығы туралы деректерге байланысты кұжаттарды талап етіп
    алуға құқылы.

Сот отырысының хаттамасында ашылмаған  жайлар  болған  және куәлардың  (жәбірленушілердің)   әртүрлі   түсінуге   мүмкіндік   беретін айғақтары  баяндалған жағдайда, сот өз бастамасымен немесе тараптардың өтініш жасауы бойынша ол адамдардан жауап алуға құқылы. Бұл жағдайда, сотталғанның сот отырысына катысуы міндетті. Жауап алудың алдында куәға,  жәбірленушіге  жалған айғақтар бергені және айғақтар беруден бас тартқаны үшін ҚР ҚІЖК-нің 351 -бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жауапты болатыны ескертіледі, олардың айғақтары хаттамаға түсіріліп, одан әрі дәлелдеме ретінде қарастырылады.

ҚІЖК-нің  411-бабына сәйкес, істі апелляциялық тәртіппен қараудың нәтижесінде сот өз қаулысымен апелляциялық шағымдарды, наразылықты қарау кезінде зерттелген қосымша материалдармен бірге бірінші сатыдағы сот зерттеген дәлелдемелерге негізделген мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

  • үкімді, қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықгы канағаттандырусыз қалдырады;
  • үкімнің күшін жойып, істі қысқартады;
  • үкімді (қаулыны) өзгертеді;

4) үкімнің (каулының) күшін жойып, істі бірінші сатыдағы сотқа соттың

жаңадан қарауына жібереді;

5)  үкімнің (қаулының) күшін жойып, істі ҚІЖК-нің 303-бабында керсетілген негіздер бойынша косымша тергеуге жібереді;

6) ҚІЖК-нің 387-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталғанда жеке қаулы шығарады.

Жоғарыда келтірілген сот шешімдерінің кез-келгені қорытынды кұжат, соттың қаулысымен рәсімделеді. Енді апелляциялық қаулының мазмұнына тоқталайық. Апелляциялық   қаулы   кіріспе,   сипаттамалы-дәлелді   және   қарар бөлімдерінен тұрады. Қаулының кіріспе бөлімінде:

— қаулы шығарылған уақыт пен орын;

  • қаулыны шығарған соттың атауы және апелляциялық алқаның құрамы;
  • апелляциялық наразылық немесе апелляциялық шағым жасаған адамдар;
  • істі апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетілуге тиіс.

Қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлігінде берілген апеляциялық шағымдардың, наразылықтың, оларға қарсылықтардың дәлелдері, апелляциялық сатыдағы сотқа қатыскан адамдардың пікірлері, сондай-ақ қабылданған шешімнің себептері қысаша баяндалуға тиіс. Егер шағьмдар, наразылық қанағаттандырылмай қалдырылса, қаулының сипаттамалы дәлелді бөлігінде шағымдардың, наразылықтың дәлелдері негізсіз немесе елеулі емес деп танылған негіздеме көрсетілуге тиіс. Үкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда, қаулыда қылмыстық немесе қылмыстық іс жүргізу заңының қандай баптарының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылық неден көрінетіні, бірінші сатыдағы соттың үкіміне өзгерістер енгізгендегі негіздер көрсетілуге тиіс.

Егер апелляциялық сатыдағы сот ҚІЖК-нің 421 -бабының бірінші бөлігінде көзделген шешімдерді қабылдаса, қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешімі дұрыс емес деп танылған себептер, сондай-ақ сотталған адам жағдайының нашарлауы негіздері келтірілуге тиіс. Іс соттың жаңадан талқылауына жіберілген жағдайда қаулыда іс жаңадан қаралған кезде қаңдай заң бүзушылық жойылуы керек екені көрсетілуге тиіс. Бұл ретте апелляциялық сатының айыптаудың дәлелденгендігі немесе дәлелденбегендігі туралы, дәлелдемелер, кгығы туралы немесе бір дәлелдемелердің басқаларынан басымдығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қылмыстық заңды колдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешіп қоюға құқы жоқ.

Қаулының қарар бөлігінде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешімі көрсетіледі (ҚІЖК-нін 422 б.).

Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылады, оған судьялардың  бүкіл кұрамы қол қояды және судьялар кеңесу бөлмесінен қайтып  келгеннен кейін отырыс залында оқылады. Сот ҚІЖК-нің 423-бабының бірінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, қаулының қарар бөлімін шығара алады. Бұл жағдайда қаулының толық мәтіні іс қаралған күннен бастап жеті күн мерзімде жасалып, оған барлық  судьялар қол қояды  (ҚІЖК-нің 423 б.).

Апелляциялық сатының қаулысы ол шығарылған күннен бастап үш тәуліктен  кешіктірілмей,  ал  ҚІЖК-нің  423-бабының  екінші  бөлігінде көзделген жағдайда, оның толық мәтіні дайындалған күннен бастап іспен бірге үкім шығарған сотқа жіберіледі.

ҚІЖК-нің ЗОЗ-бабына сәйкес іс қосымша тергеуге қайтарылған жағдайда апелляциялық сатының қаулысы іспен бірге тиісті прокурорға жіберіледі. Бұл жағдайда бірінші сатыдағы сотқа апелляциялық саты қаулысың көшірмесі жіберіледі. Сотталған адам соған сәйкес қамаудан босатылуға тиіс болатын қаулы, егер сотталған адам апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысып отырса, бұл бөлігінде дереу орындалады. Өзге жағдайларда апелляциялық қаулының көшірмесі немесе оның қарар бөлігінен үзінді сотталған адамды қамаудаң босату туралы шешімді орындау үшін қамау орнының әкімшілігіне дереу жіберіледі.

Егер, кейбір сотталғандарға қатысты белгіленген мерзімде берілген апелляциялық  шағымдар, наразылық апелляциялық сатыдағы сотқа басқа сотталған адамдарға қатысты істер қаралғаннан кейін келіп түссе, шағымданудың,  наразылық келтірудің өтіп кеткен мерзімін басқа сотталған адамдарға қатысты іс қаралғаннан кейін ҚІЖК-де көзделген тәртіппен сот қалпына келтірсе, апелляциялық қаулының күші жойылмай-ақ істі апелляциялық сатыда қайта қарауға жол беріледі.

Апелляциялық  сатыдағы  сот  сотталғанның,   оның  қорғаушысының немесе өкілінің шағымдарын осы адамға қатысты іс процеске қатысушы басқа да адамдардың апелляциялық шағымдары, наразылығы бойынша қаралған жағдайда да қарауға міндетті. Егер қайтадан шығарылған қаулы апелляциялық сатыда бұрын шығарылған қаулыға қайшы келген жағдайда, тиісінше Жоғарғы Соттың немесе облыстық сот пен соған теңестірілген соттың төрағасы қадағалау сатысына апелляциялық қаулылардың бірінің күшін жою туралы ұсыным жасайды (ҚІЖК-нің 423-2 б.).

 Бастапқы үкімнің күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға тиіс. Егер айыптаушы тараптың апелляциялық шағымында, наразылығында шдай өтініш жасалса және оны апелляциялық сатыдағы сот бастапқы үкімнің күшін жоюдың негізі ретінде көрсетсе, істі жаңадан қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға жол беріледі.

Істі жаңадан қараған кезде бірінші сатыдағы соттың: егер айыптаушы тараптың шағымы, наразылығы бойынша үкімнің осы бөлігінің күші жойылмаған болса, сотталғанды айыптаудың бастапқы үкімде алып тасталған бөлігінде кінәлі деп тануға;

-егер бастапқы үкімнің күші осы негіздер бойынша емес, айыптаушы тараптың шағымы, наразылығы бойынша жойылған болса да, жазаны күшейтуге, бас бостандығынан айыру мерзімінің бір бөлігін түрмеде өткізуді немесе неғұрлым қатаң режимдегі колонияларда өткізуді тағайындауға, қосымша жаза тағайындауға немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ.

Істі жаңадан қараған кезде біріншІ сатыдағы сот шығарған үкімге жалпы тәртіппен шағымдануға, наразылық білдіруге болады. Бұл ретте, егер бірінші үкімнің күші сотталғанды қорғаған шағым, наразылық бойынша жойылса, ал екінші  үкімнің күші жазаның жеңілдігіне немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне орай жойылса, істі үшінші мәрте қарап жатқан сот  екінші үкімге қарағанда неғүрлым қатаң жаза тағайындауы немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануы мүмкін, бірақ оның бірінші үкіммен салыстырғанда жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ  (ҚІЖК-нің 423-3 б.).

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, апелляциялық өндіріс сот және тараптар шағымдануға (наразылық білдіруге) заңда белгіленген әрекеттер жасау істің материалдарын зерттеу, шешімді қайта қарау, негізді және әділ шешім шығару сияқты қылмыстық іс жүргізу қызметінің бірнеше сатысынан тұрады. Бірінші саты, бірінші сатылы соттың шешіміне шағымдану, наразылық білдіруден тұрады. Екінші саты, апелляциялық өндірістің құрылымынан тұрады. Яғни, соттың шағымды, наразылықты қабылдауынан, заңда көрсетілген әрекеттер жасауынан тұрады. Үшінші саты шағымның, наразылықтың мәні бойынша істі қарау және ол бойынша шешім шығару. Апелляциялық өндірістің бұл сатыдағы басты бағыты берілген шағымды, наразылықты толық, жан-жақты қарау, келтірілген дәлелдемелерді зерттеу, тараптардың пікірлерін тыңдау және солардың негізінде негізді, әділ, объективті шешім шығару болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ-ТАРАУ. ҮКІМНІҢ КҮШІН ЖОЮ НЕМЕСЕ ОНЫ ӨЗГЕРТУ НЕГІЗДЕРІ

 

Үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіздер мыналар:

1) сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі;

2) соттың үкімде (қаулыда) айтылған түжырымдарының істің нақты мән жайына сәйкес келмеуі;

          3) қылмыстық  іс жүргізу заңының  едәуір бұзылуы;

  • қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;

5) жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес келмеуі бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға не оны өзгертуге негіз болып табылады (ҚІЖК-нің 412 6.).

Анықталған жағдайда істің дұрыс шешілуі үшін елеулі мәні болуы мүмкін мән-жайларды ашылмаған күйі қалдырған сот тергеуі біржақты немесе толық емес деп танылады.

Іс бойынша:

—        айғақтарының іс үшін елеулі мәні бар адамдардан жауап алынбаған
немесе заң бойынша жүргізілуі міндетті болып табылатын сараптама жүргізілмеген,  сол  сияқты  елеулі  мәні бар құжаттар  немесе заттай дәлелдемелер сұратып алынбаған;

істі соттың жаңадан қарауына берген сот қаулысында аталған дәлелдемелер зерттелмеген;

-сотталғанның жеке басы туралы апелляциялық саты анықтай алмайтын
деректер жеткілікті дәрежеде толық аныкталмаған барлық жағдайда сот
тергеуі толық емес деп танылады (ҚІЖК-нің 413 б.).

Егер:

— сот тұжырымдары сот отырысында қаралған дәлелдемелермен расталмаса;

— сот өз тұжырымдарына едәуір ықпал ете алатын мән-жайларды ескермесе;

— сот тұжырымдары үшін елеулі мәні бар қарама-қайшы дәлелдемелер болған жағдайда, үкімде (қаулыда) соттың бұл дәлелдемелердің біреулерін қабылдап, екіншілерін қабылдамай тастауына қандай негіздер болғаны көрсетілмесе;

  • соттың үкімде (қаулыда) айтылған тұжырымдарында елеулі қайшылықтар болып, олар істің шешілуіне, соның ішінде сотталғанның, ақталғанның кінәлілігі

немесе кінәсіздігі туралы мәселені соттың шешуіне, қылмыстық заңды  қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін болса үкім (қаулы) істің нақты мән  жайына сәйкес келмейді деп танылады  (ҚІЖК-нің 414 6.).

Істі сот қарауы кезінде ҚІЖК-нің принциптері мен өзге де жалпы ережелері бұзылып, олар іске қатысушы адамдарды занда кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым көрсету, сот ісін жүргізу рәсімін сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен істің мән-жайын жан-жақты,  толық және объективті зерттеуге кедергі жасаса, соттың қаулысына әділ үкіміне немесе өзге де шешіміне ықпал етсе немесе ыкпал етуі мүмкін болса  қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзушылы болып танылады. Сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі істі талқылаудан жол берілетін дәлелдемелерді қателесіп алып тастаудың немесе бір тараптың іс үшін маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерін зерттеуден негізсіз бас тартудың не міндетті түрде зерттелуге тиіс дәлелдемелерді зерттемеудің салдарынан  болған кезде үкімнің күші жойылуға тиіс.

Егер:

  • сот ҚІЖК-нің 37-бабында көзделген негіздер болғанда қылмыстық істі қысқартпаса;

-үкімді соттың заңсыз кұрамы шығарған болса;

-ҚІЖК-нің 315-бабының екінші бөлігінде көзделген реттерді  қоспағанда іс сотталушы жоқта қаралса;

— заң   бойынша  қорғаушының   қатысуы   міндетті   болғанда, қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғаушыға ие болу құқығы өзгедей жолмен бұзылса;

-сотта сотталушының ана тілін немесе өзі білетін тілді не аудармашының қызметін пайдалану құқығы бұзылса;

— сотталушыға сот жарыссөзіне қатысу құқығы берілмесе;

— сотталушыға соңғы сөз берілмесе;

— үкім шығарылған кезде судьялар кеңесінің құпиясы бұзылса;

-үкімге судьялардың бірі қол қоймаса;

— істе сот отырысының хаттамасы болмаса, кез келген жәғдайда үкімнің күші жойылуға тиіс (ҚІЖК-нің 415 б.)-

Қазакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабының санкциясында көзделген шектен шықпағанымен, түрі мен мөлшері жағынан шектен тыс жұмсақ немесе шектен тыс қаталдығы салдарынан әділетсіз болып табылатын жаза қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейді деп танылады.

 Апелляциялық шағымдарды, наразылықты қараған кезде апелляциялық сатыдағы сот ҚІЖК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 1) -12) тармақтарында және 38-бабының бірінші бөлігінде кезделген негіздер болған үкімнің күшін жойып, істі қысқартады (ҚІЖК-нің 418 б.).

Апелляциялық саты тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбірленушінің немесе оның өкілінің, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негіздемелерімен келіспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін жоя алады.

Егер ақталған адамның кінәсіздігіне немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің мәніне дау айтылмаса, қылмыстық іс жүргізу заңды елеулі бұзылды деген себеппен ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін жоюға болмайды (ҚГЖК-нің 419 б.).

Егер апелляциялық саты;

1)  бірінші сатыдағы сот жол беріп, үкімнің заңдылығына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзуды;

2) соттергеуінің біржақтылығын немесе толық еместігін;

  • азаматтық талап қою шешілмегенін немесе дұрыс шешілмегенін анықтаса, іс үкім шығарған соттың жаңадан талқылауына, бірақ судьялардың өзге құрамының қарауына жіберіле отырып, үкімнің күші толық немесе бір бөлігінде жойылуға тиіс (ҚІЖК-нің 420 б.).

Заң дұрыс қолданылмаған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот:

  • сот белгілеген жазаны немесе түзеу мекемесінің түрін жеңілдетуге;
  • онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға және қылмыс дәрежесінің өзгеруіне сәйкес жаза белгілеуге, сондай-ақ түзеу мекемесінің неғұрлым жеңіл түріне ауыстыруға;

3) тағылған айыптау шегінен немесе соттың басты талкылауы кезінде мемлекеттік немесе жеке айыптаушы қолдаған айыптау шегінен шықпай, неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға және осыған байланысты неғұрлым қатаң жаза белгілеуге;

4) егер жаза мөлшерін ұлғайту арифметикалық қателерді немесе алдын ала қамауда ұстауды есептеу кезіндегі қателерді жоюға байланысты болса,  қылмыстар жиынтығы бойынша немесе үкімдер жиынтығы бойынша, сондай-ақ қылмыстардың кәнігілігі кезінде жаза белгілеуді реттейтін қылмыстық заңның дұрыс колданылмауын жоя отырып, жаза мөлшерін ұлғайтуға;

  • егер бірінші сатыдағы сот қолданбаған болса, қылмыстық заң бабының санкциясына сәйкес қосымша жаза қолдануға;
  • сотталған адамға түзеу мекемесінің заңда көзделгенінен неғұрлым жұмсақ түрін тағайындаудың күшін жоюға және түзеу мекемесінің түрін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес тағайындауға;

7) егер бірінші сатыдағы сот жасамаса немесе дұрыс жасамаса, тиісті қылмыстардың кәнігілігі бар екендігін тануға;

8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 64-бабының бесінші бөлігіне сәйкес бұрынғы үкІм бойынша шартты соттаудың күшін жоюға және осыған байланысты, егер бірінші сатыдағы сот жасамаған болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының ережелері бойынша жаза белгілеуге;

9) егер сот үкімімен тағайындалған жаза тым жұмсақ деп танылса, жаза мөлшерін ұлғайтуға немесе жазаның неғұрлым қатаң турін тағайындауға құқылы.

Апелляциялық сатыдағы сот осы баптың бірінші бөлігінің 3)-9) тармақтарында көрсетілген шешімді осы негіздер бойынша прокурор наразылық келтірген немесе жеке айыптаушы, жәбірленуші, олардың өкілдері шағым жасаған жағдайда ғана қабылдауға құқылы (ҚІЖК-нің 421 б.).

Енді үкімнің күшін жою немесе оны өзгертудің ҚР Жоғарғы Сотының Бюллетендерінен мысалдар келтірейік.

С.Сисенғалиев бұрын:

  • 110.1971 жылы Қазақ ССР ҚК-нің 200-бабының 3-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыруға;

— 1972 жылы Қазақ ССР ҚК-нің 93-бабының 2-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыруға;

— 1974 жылы Қазақ ССР ҚК-нің 200-бабының 2-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыруға;

— 1978 жылы Қазақ ССР ҚК-нің 200-бабының 2-бөлігімен 4 жылға бас бостандығынан айыруға;

— 1980 жылы Қазақ ССР ҚК-нің 200-бабының 3-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыруға;

— 16.06. 1987 жылы Қазақ ССР ҚК-нің 15,88-бабының 2-бөлігімен 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталып, ерекше қауіпті рецидивист деп танылған;

— 15.10.1996 жылы Қазақ ССР ҚК-нің 93-бабының 2-бөлігімен 6 жылға бас тандығынан айыруға сотталып, 10.11.1996 жылы Қазақ ССР ҚК-нің 38-бабына сай ҚК-нің 171-1- бабының 2-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 93-бабының 2-бөлігімен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі — 6 жыл толық қосылып, түпкілікті 9 жылға бас бостандығынан айырылған.

Қазакстан Республикасының ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «н» тармағымен 18 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 251 -бабының 1 –бөлігімен 6 айға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігімен I жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінің негізінде тағайындалған жазаларды толық қосу жолымен 19 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігіне сәйкес 1996 жылғы 20 қарашадағы үкім бойынша толық өтелмеген жазадан ішінара 1 жыл қосып, түпкіліктІ 20 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы беріліп ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған. Жазаның өтеу мерзімі 2002 жылдың 10 қарашасынан бастап есептелген. Іске тіркелген айғақты заттар туралы мәселе ҚР ҚК-нің 121-бабының талабына сәйкес шешілген.

Үкім бойынша С.Сисенғалиев бұрын адам өлтіруге оқталғаны үшін сотталғаны бола тұра 2002 жылы 9 қараша күні Индербор поселкісіндегі үйінде арақ ішіп мас болып, әйелін К-Сисенгалиеваны өзара келіспеушілік салдарынан қолымен ұрып; аяғымен тепкілеп өлтіріп, құқыққа қарсы қасақана қаза келтіргені үшін сотталған. Сондай-ақ, атыс қаруы ИЖ-54 маркалы   шолақ   мылтықты   сақтағаны  және   салмағы   166.22   грамм кептірілген марихуана есірткі затын сату мақсатынсыз көп мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін айыпталған.

Апелляциялық шағымында сотталушы С.Сисенғалиев әйелін ашу үстінде,   екеуінің   арасындағы   бас   араздықтың   салдарынан   өлтірген. Сондықтан оның әрекеті ҚР ҚК — нің 96 — бабының 1-бөлігімен дәрежеленуге жатады. Сонымсн қатар, ол атыс қаруы мен есірткіні үйінде заңсыз сақтады деген айыпты мүлдем мойындамайтынын, сан рет сотталып жүрсе де мұндай әрекеттермен еш уақытта айналыспағанын жазып, әділ шешім қабылдауды және жазасын жеңілдетуді сұраған.

Қазақстан   Республикасы   Жоғарғы   Сотының   қылмыстық   істер жөніндегі алқасы іс материалдарымен толық танысқан соң үкім төмендегі мән-жайларға байланысты өзгертілуге жатады деп шешті. Атап айтқанда, сот мәжілісінде С.Сисенғалиев өзіне тағылған айыптардың адам өлтіруге қатысты бөлігінен басқасын мойындамайтынын, үйінен табылған есірткі мен шолақ мылтық оныкі емес екендігін, колонияда болған кездерінде де, жалпы еш уакытга ондаймен айналыспағанын, үйінде ешқандай артық заттар болмағанын, үйін қарап, осы мылтық пен есірткі затты алған кезде полиция қыззметкерлері оны қатыстырмағанын өзінің жауабында көрсеткен.

 Істегі деректерге, хаттамаларға сәйкес окиға болған жерді қарау 2002 жылы 9 қараша күні 18 сағат 45 минутта басталып, 20 сағат 30 минутқа дейін жүргізілген. Оқиға болған жерден, яғни сотталушы С.Сисенғалиевтың үйінен  (Индер қаласы, Қонаев көшесі, 19 үй, 18 пәтер) іске қатысы бар айғақты заттар ретінде шөлмек, үш пышақ, шалбар, көйлек сияқты киімдер алынған. Басқа заттар, атап айтқанда, шолақ мылтық пен есірткі алынбаған. Ондай заттар үйді қарау кезінде табылғаны жөнінде хаттамада жазылмаған.

Осымен оқиға болған жерді қарау, бейнетаспаға (фото) түсіру толықтай аяқтап, оған қатысқан адамдардан ешқандай шағым-арыз, ескертпелер болмағаны жөнінде хатгамада көрсетілген. Осылай бола тұрса да, істегі хаттамаға қарағанда, ертсінше қарашаның 10 күні 13 сағат 15 минутган бастап 13 сағат 55 минутқа дейін оқиға болған жерді қосымша қарау жүргізіліп, мылтық пен есірткі алынған.

 Қылмыстық іс Сисенгалиевтің өз әйелін қасақана өлтіру фактісіне сәйкес қозғалынып, осыған байланысты жоғарыда аталған оқиға болған жерді қарау, бейнетаспаға түсіру, окиғаға қатысты деген заттарды айғақ ретінде — алу амалдары толық жүргізілген.

 Іске 11 қараша күні тіркелген аға тергеушінің рапортында оқиға болған жерді қосымша қарау, қосымша айғақ заттар табу мақсатында жүргізілді делінген.

Бірақ, адам өліміне байланысты қосымша қандай айғақ болу мүмкіндігі, жобамен қандай айғақ ізделінгені айтылмаған. Сондықтан да сотталушы С.Сисенғалиевтың атыс қаруы болып танылған шолақ мылтық пен есірткіге қатысы жоқ деген дәлелі нақты анықталған істің мән-жайларымен жоққа шығарылмағандықтан, сондай-ақ наркологиялық сот сараптамасының қорытындысы бойынша С.Сисенғалиев есірткіге байланысты дертпен ауырмайтындықтан және окиға болған жерді қосымша қарау барысында есірткіні қолданғанына дәлел бола алатын ине, шприц, тампон сияқты заттар табылмағандықтан, сот алқасы ол осы айыптардан ақталуға жатады деп санайды.

Сонымен катар, Сисенғалиевтың әйелін өлтіруге байланысты әрекеттерін ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-белігімен дәрежелеуді сұраған апелляциялық шағымы негізсіз. Себебі ол бұрын қасақана адам өлтіруге оқталғаны үшін сотталып, жазасын өтеп келген. Оның әрекеттерін 1-ші сатыдағы сот ҚР ІК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «н» тармағымен дұрыс дәрежелеген. Істеген қылмысының ауырлығын және осы кылмысты арақ ішкен мас күйінде жасағанын, жеке басының кім екенін ескеріп, заңның талабына сай дұрыс жаза  тағайындаған.

I Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде, ҚР КІЖК-нің 411-бабының 3-бөлігін басшылыққа алған Жоғарғы Соттың қылмыстық істер женіндегі алқасы Атырау облыстық сотының 2003 жылғы 10 акпандағы С.Сисенғалиев жөніндегі үкімін өзгертті. Оны ҚР ҚК-нің 251-бабының 1-бөлігі және 259-бабының 1-бөлігімен соттаған бөлігін айыбы дәлелденбегендіктен бұзып, істің осы бөлігін өндірістен қысқартты. Осы үкімдегі С.Сисенгалиевты ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «н» тармағымен соттаған бөлігін өзгеріссіз қалдырып, бұрынғы 1996 жылғы 20 қарашадағы сот үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінен ішінара 1 жыл қосып, оған түпкілікті өтеу үшін 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі, үкімнің басқа жағы өзгеріссіз қалды.

Сотталушының апелляциялық шағымы ішінара қаңағаттандырылды.[18] Ақтөбе облыстық сотының 2003 жылғы 23 маусымдағы үкімімен Ж.Қазизов (бұрын сотталып, соттылығы жойылған) ҚР ҚК-нің 363-бабымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 185-бабының 2-бөлігінің «а» тармағы мен 4 жылға бас бостаңдығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 3- бөлігіне сәйкес жазаларды сіңіру жолымен төрт жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

А.Қарабасов   ҚР   ҚК-нің   96-бабының   1-бөлігімен   9   жылға   бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 185-бабының 2-бөлігі «а» тармағымен 3 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 3 бөлігіне сай жазаларды сіңіру жолымен тоғыз жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Р.Орынбасаров ҚР ҚК-нің 363-бабымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға,

ҚК-нің 178-бабының 1-бөлігімен 3 жыл бас бостандығынан айыруға,

ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сай жазаларды сіңіру жолымен үш жылға бас

бостандығынан айыруға сотталған.

  А.Қарабасовқа тәрбиелеу  жазасы,  Р.Орынбасаровқа  жазаны  түзеу

колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленген.

   Сотталған А.Қарабасовтың заңды өкілі Н.Қарабасовадан жәбірленуші

Күзденбаевтың пайдасына 549046 теңге өндірілген.

Жасы   кәмелетке   толмаған   сотталған   А.Қарабасов   сот   үкімімен келіспеген  және  оның  заңды  өкілі  Н.Қарабасова баласы жәбірленуші өлтірмегенін, оны жасаған Қазизов екенін айтқан.

Осы тектес жауаптар берген Орынбасаров, Күзденбаевқа пышақ салған Қарабасов екенін айтқан. Оны автокөліктің жүк салғышына көтеріп салған кезде жәбірленуіші тірі болған. Рульге Қазизов отырып, көпір астына келген. Қарабасов екеуі тірі жатқан Күзденбаевты көтеріп, көпір астына апарған. Оның мойнындағы ақ түсті алқаны көріп, шешіп алғанын, ал Қарабасов Күзденбаевтың мойнынан бірнеше рет бауыздап жібергенін айтқан. Осындай жауаптарды ол бірнеше рет берген.Ол жауаптарды алғанда қорғаушы қатысқан. Бүл жауаптар істің объективті жағдайларымен бекітілген, сот-өрігерлік сараптама қорытындысына қайшы келмеген.

Сотталғандар өздері де жәбірленуші Күзденбаевтың өліміне басқа адамдардың қатысы бар деп айтпайды, Р.Орынбасаровтың біле тұра тірі жатқан жәбірлснушінің мойнынан құнды күміс алқаны шешіп алғаны, оның мойындау жауабымен қатар, куә Аманбаевтың оған алқа қалай келгені туралы жауаптарымен анықталып бекітілген.Оның бұл әрекеттері ҚР ҚК-нің 178-бабының 1-бөлігімен дұрыс дәрежеленген. Істің мән-жайына қарағанда Қарабасов Құрашасай мекеніне баруға ықпал жасап, бірақ ол жерден іздеген адамын таппағасын кері қайтқанда, көп мөлшерде арақ ішіп, мас болу салдарынан қайтадан аталған жерге бару үшін автокөлік иесі Күзденбаевқа ретсіз талап қойған. Ол бара алмайтындығын айтқанда, болмас нәрсені сылтау етіп, бұзақылық ниетпен пышақ жұмсаған. Оның бұл әрекеттерінде ҚР ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің “ж, и» тармақтарында көрсетілген белгілер бар. Сонымен қатар, сотталғандар Қарабасов, Орынбасаровтың айтуынша жәбірленуші Күзденбаев бірінші рет пышақтан жарақатталғанда жанын сауғалап, қаша жөнелген. Бірінші пышақ тигеннен кейін Орынбасаров Қарабасовтың заңсыз әрекеттеріне болысу мақсатында жәбірленушіні жерге итеріп құлатқан.

Қашқан Күзденбаевты Қарабасов қуып жетіп, бүзақылық ниетпен қасақана бірнеше рет пышақ салып, жерге құлатқанда қастарына автокөлікпен Қазизов пен Орынбасаров келген. Біріншісі жәбірленушінің тірі жатқанына көзі жете тұра оны автокөліктің жүк қорабына салдырған. Қайтадан көлікті Қазизов жүргізіп, оны көпір астына әкелген. Осындай нақты іспен көмек жасауыиа байланысты Қарабасов қылмысын одан әрі жалғастырып, олардың, көзінше тірі жатқан Күзденбаевты бауыздап, қасақана өлтірген.

Сотталғандар жазадан құтылу мақсатында бәрі бірдей Күзденбаевты өлтіргеніміз жоқ деп, айыпты бір-біріне жауып, ол қаза тапқанда ұйықтап жаттық, мас болып қалдық, арашалауға мүмкіншілігіміз болмады деп іс жағдайына сенімсіз, қайшы келетін, көңілге қонымсыз жауаптар берген.

Алқа бұл деректерді талқылай келе, алдын ала сот тергеуінде жинақталған дәлелдемелерді тексеріп, оған сын көзбен баға беріп, төмендегі шешімге келді.

Көп мөлшерде арақ ішкен сотталғандар Қарабасовтың орынсыз, ретсіз жәбірленушіге тиісіп, ақыры пышақ жұмсауына жол берген. Оның тірі жатқанын біле тұра, оның өмірін сақтап қалуға шара жасаудың орнына, адам көрмейтін жерге апарған. Р.Орынбасаров алқасын шешіп алып, екеуі де Қарабасовтың әрі қарай кылмыс жасауына тікелей жағдай тудырып, соған байланысты ол қылмысын одан әрі жалғастырып Күзденбаевтың өмірін қиған.

Сондықтан сотталғандар Р.Орынбасаров, Қазизовтың әрекеттері ҚК-нің 28 -бабы 5-бөлігінің, 96-баптың 2-бөлігінің «ж, и» тармақтарымен дәрежеленуге жатады.

Сотталған Қарабасов пен Қазизов әрекеттері ҚР ҚК-нің 185-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен дұрыс дәрежеленген. Себебі олар Күзденбаевтың көлігін алып, кейін бірнеше күн заңсыз пайдаланып жүргендерін теріске шығармайды.

Осы айтылғандардың нсгізінде және ҚР ҚІЖК-нің 411-бабының 3-бөлігін, 421-бабы 1-бөлігінің 2-тармағын басшылыққа алып Жоғарғы Соттың алқасы Ақтөбе облыстық сотының 2003 жылғы 23 маусымдағы үкіміне өзгерістер енгізіп, сотталғандар: А.Қарабасовтың әрекеттерін ҚК-нің 96-бабының І-бөлігінен сол баптың 2-бөлігінің «ж, п’1 тармақтарым қайта дәрежелеп, 11 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сай қылмыстардың жиынтығы бойынша 12 жыл бас бостаңдығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге соттады.

Ж.Қазизов, Р.Орынбасаровтың әрекеттерін ҚР ҚК-нің 363-бабынан ҚК-нің

28-бабының 5-бөлігі арқылы 96-баптың 2-бөлігінІң «ж, и» тармақтарына қайта дәрежелеп, 11 жылдан бас бостандықтарынан айыру жазасын белгілеп, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сай қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 12 жыл бас бостандықтарынан айыру жазасын тағайындап, түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді. Үкімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.[19]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, апелляциялық инстанция — тараптар үкім туралы, оның негізіне алынған дәлелдемелер туралы өзінің ой-пікірін жеткізетін сот. Әрі бұл жөнінде сот өз шешімін шығаруға міндетті. Қабылданған шешімнің жариялануы тараптардың іске байланысты дауларын, өзіндік пікірлерін тоқтатып, олардың шығарылған шешімге бағынуын міндеттейді. Сөйтіп, сот та өзінің өкілеттігін тоқтатады. Ал, тараптардың шешімге қатысты бұдан кейінгі дауласуы басқа «жазықтыққа» ауысады; тараптардың шағымдарын келесі сатыдағы соттың судьялары мен лауазымды тұлғалары қарайды, әрі мәселенің қаншалықты шешілетіндігі солардың еркіне байланысты. Тек, прокурордың наразылығы ғана ешбір бұлтарыссыз келесі сатыдағы соттың есігін аша алады.

Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқату жөніндегі қаулы — бұл соттың қаралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау құқық бұзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, қылмыстық іс жүргізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялық сот өндірісіне жүктеліп отыр.

Жоғарыда атап өткеніміздей, ҚР ҚІЖК-ге сәйкес апелляциялық саты істі мәні бойынша қарай алмайды, есесіне мұндай міндетті бірінші сатыдағы сот атқарады. Яғни, апелляциялық сотқа бақылау инстанциясының міндеті жүктеледі. Ол апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істің нақты мән-жайын аныктаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс жүргізуді жузеге асыру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын, істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша бірінші сатыдағы сот үкімінің немесе каулысының заңдылығы меи негізділігін толық көлемінде тексереді. Басқаша сөзбен айтқанда, аппеляциялық сатыдағы өндірісте сот төменгі тұрған соттың үкімін толық қарауға, қылмыстық істі қайтадан зерттеуге міндетті емес. Заң бойынша ол шағымдалған бөлігінде ғана материалдарды зерттеумен (фактілік жағын) және наразылық білдірілген бөлігіндегі тұлғаларға ғана қатысты зерттеумен шектелуі мүмкін. Толық тексеруге іс бойынша өндіріс барысында заңдылықтың сакталуы ғана жатады. Алайда, аппеляциялық сатыдағы қарау шектерін жеткілікті түрде анықтау, қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға соттың өкілеттіктерін шектеуді білдірмейді. Егер сотпен сотталушының құқықтары мен бостандықтарының заңсыз шектелгені және заңсыз үкім шығарылғаны анықталса, аппеляциялық сот шағымның немесе наразылықтың шегінен шығып және өзінің өкілеттіктерін үкімді өзгертуге немесе жоюға қатысты жүзеге асыруға құқылы.

Істі тексеру барысында апелляциялық сатыдағы сот тиісінше мынадай шешімдерді (соның ішінде түбегейлі шешімдерді) қабылдауға құқылы: бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жою; іс бойынша сот өндірісін тоқтату; бұрынғы шешімді сотгалушының жағдайын жаксарту немесе нашарлату жағына қарай өзгерту. Апелляциялық сот істі адамның негізсіз сотталғанын анықтаған жағдайда, бірінші сатыдағы соттың беделі қаншалық түсетіндігіне қарамастан, істі міндетті түрде тоқтатуы тиіс. Бұл жерде апелляциялық сатыдағы сот, айыптау үкімі сотта жан-жакты зерттеліп, сарапталған дәлелдемелердің негізінде ғана шығарылады деген қағиданы басшылыққа алады. Ал, осы талаптарды орындамау, шын мәнінде, заңға қайшы келетін, негізсіз үкімнің қабылдануына әкеліп соғады.

Зерттелгендерді қорытындылай келе мынаны анықтауға болады. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, апелляциялық өндіріс сот және тараптар шағымдануға (наразылық білдіруге) заңда белгіленген әркеттер жасау, істің материалдарын зерттеу, шешімді қайта қарау, негізді және әділ шешім шығару сияқты қылмыстық іс жүргізу кызметінің бірнеше сатысынан тұрады.

Бірінші саты, бірінші сатылы соттың шешіміне шағымдану, наразылық білдіруден тұрады. Екінші саты, апелляциялық өндірістің құрылымынан тұрады. Яғни, соттың шағымды, наразылықты қабылдауынан, заңда көрсетілген әрекеттер жасауынан тұрады. Үшінші саты шағымның, наразылықтың мәні бойынша істі қарау және ол бойынша шешім шығару. Апелляциялық өндірістің бұл сатыдағы басты бағыты берілген шағымды, наразылықты толық, жан-жақты қарау, келтірілген дәлелдемелерді зерттеу, тараптардың пікірлерін тыңдау және солардың негізінде негізді, әділ, объективті шешім шығару болып табылады.

Заңшығарушы бірінші инстанциялы соттың үкімімен мүдделері қозғалған барлық субъектілерге ол шешімді еркін шағымдану құқығын береді. Бұл құқықты жүзеге асыру барлығына, қорғау және айыптау тарабына да теңдей берілген. Сот өндірісінің барлық субъектілерінің өзінің позициясын негіздеуге қосымша фактілік мәліметгерді, құжаттарды және материалдарды беру мүмкіндігі бар. Шағым беру немесе наразылық келтіру қарсы тарапқа құқықтық шектеулер туындатпайды және қылмыстық іс жүргізудің қағидаларына, тұлғаның құқықтарына және бостандықтарына қайшы келмейді. Жалпы алғанда бірінші инстанциялы соттың үкімдеріне және шешімдеріне шағымдану, наразылық білдірудің мазмұны мен нысаны қылмыстық сот өндірісінің мақсаттары мен міндеттерін шешуде тиімді және қылмыстық істерді ізгілікті.әділ шешудің мәні бойынша қосымша кепілдіктер туғызады.

Жоғарыда айтылғандарды зерттеп және талдау жасай отырып, мынадай қортындылар шығаруға болды:

— Аппеляциялық өндіріс — басты мақсаттары бірінші инстанциялы соттың үкімдері мен қаулыларына келіп шағымдар мен наразылықтарды қарау, сот қателерін және күшіндегі заң нормаларының бүзылуын аныктау, жою, зандылықты қалпына келтіру, сондай-ақ азаматты, қоғамды және мемлекетті қылмыстық іс бойынша өндірістің қатысушыларының құқыққа қайшы әрекеттерінен сақтау болып табылатын қылмыстық іс жүргізудін жеке сатысы.

  • шағымдану бостандығы — сотталушы, ақталушы, сотталушының және
    ақталушының қорғаушысы, олардың заңды өкілдері, жәбірленуші және оның
    өкілдері, сондай-ақ азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың
    өкілдері азаматтық талапқа қатысты бөлігінде заңды күшіне енбеген сот
    үкіміне шектеусіз заңмен белгіленген мерзімде аппеляциялық шағым беруге
    құқылы;
  • істің фактілік және заңдық жағы да аппеляциялық өндірістің пәні
    болып табылады;
  • аппеляциялық сатыда істі қарау аппеляциялық шағымның немесе
    наразылықтың шегімен шектелген;
  • аппеляциялық өндіріс барысында істі жаңадан қарау болмайды, соттың
    жаңа дәлелдемелер жинау мүмкіндігі шектелген;
  • аппеляциялық саты алғашқы үкімді жақсы жағына да, ауырлататын
    жағына да өзгертуі мүмкін;

—        аппеляциялық сатының шешімдері жоғарғы тұрған инстанцияға
шағымдалуы (наразылық білдірілуі) мүмкін;

  • апелляциялық өндіріс туралы  отандық  құқықтық  әдебиеттерді
    (әсіресе казақ тіліндегі) жетілдіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. I. Қазакстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995.
  2. Қазакстан Республиксынық Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 1997 жылы қабылданған. 2003  жылдың   15  мамырына дейінгі толықтырулар мен
    өзгертулерімен.
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 1997 жыл.
  4. Қазакстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі
    туралы. ҚР 25.12.2000 жылғы №132-11 конституциялық заңы.
  5. ҚР Президентінің «Прокуратура туралы»  заң  күші  бар Жарлығы.
    12.1995. №2709 заңы.
  6. ҚР Жоғарғы Сотының Бюллетені №9/2003 жыл.
  7. Канафин Д.К. Апелляционное  производство  в  уголовном  процессе

Республики Казахстан. Учебное пособие. А.:2002 г.

  1. Фемида. Журнал, Алматы, № 12,2003, № 2,2004 жыл.
  2. Правовая реформа в Казахстане. Журнал, Алматы. №1 (23) 2004.
  3. Заң. Журнал, Алматы. № 3;9-12, 2004.
  4. Большой юридический     словарь.     А.Я.Сухарев,     В.Д.Зорькина,
    В.Е.Кургских. М: Инфра 1998 г.
  5. 11. Фойницкий И.Я. Курс уголовного судопроизводства. Санкт-Петербург, изд-во «Альфа», 1996 г.
  6. Берсугурова Л. Судебная реформа с точки зрения специалиста. «Континент», № 9. 71-бет.
  7. Древний мир права казахов. Материалы, документы и исследования. В 10 томах. Т. 1. Алматы, «Жеті жарғы», 2001.
  8. Проблемы казахского обычного права. С.Зиманов. Алматы, 1989 жыл. 15. Ш.Уәлиханов. 5 томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1961.
  9. 16. Культелеев Т. Уголовное обычноеправоказахов.Алма-Ата; 1955.
  10. 1 Ларин А.М. О недопустимости переложения обязанности доказывания на обвиняемого. «Советское государство и право», №3, 1965, с. 125.
  11. Ожегов С.И. Словарь русского языка. М, 1984. 24-бет.
  12. Рыжаков А.П. Возобновление уголовных дел по вновь открывшимся обстоятельствам. Москва, 1997г.
  13. Прокурорский надзор за законностью и обоснованностью принимаемых следователем процесс. Учебное пособие. Москва, 2000г.

 

[1] Одан әрі ӨР ҚІЖК

[2] Апелляция (латын сөзінен «appeltio»- жүгіну) – істі қараған  төменгі соттың шешімін қайта қарау мақсатында жоғарғы тұрған сотқа жүгіну. Қараңыз. Большой юридический словарь Подред А.Я.Сухарева, В.Д.Зорькина, В.Е.Кругских. М.:1998. С-25

[3] Инстанция (латын сөз «instatia»- тиісті жақындық) – мекеменің орналасқан жерін білдіретін термин (бұл жерде -сот) Қараңыз. Большой юридический словарь Подред А.Я.Сухарева, В.Д.Зорькина, В.Е.Кругских. М.:1998. С-254

[4] Ш.Уәлиханов 5 томдық шығармалар жинағы ,Алматы., 1961. 1т.513 бет

[5] Культеев Т.Уголовное обычное правоказахов. Алмат-Ата, КазССР,1955, 154 бет

[6] «Киргизская степная газета». Человек, общество, природа, 1988-1902. Составитель У.Суханбердина, Алматы, «Ғылым», 1994, 304 бет

[7] Проблемы казахского обычного права /Отв ред С.Зиманов/Алматы, 1989, 38 бет

[8] Древний мир права казахов Материалы, документы и исследования. В 10 томах Т1, Алматы, «Жеті жарғы», 2001, 80 бет

[9] Берсугурова Л., Судебная реформа с точки  зрения спеицалистов, «Контингент», №9, 71 бет

[10] Правовая реформа в Казахстане . Журнал, Апелляционное роизводство в национальном законодательстве, Алматы, №1(23)2004

[11] Заң, Журнал, Алматы, №3, 2004 жыл. Сот қаулыларына апелляицялық шағымдану институтының пайда болуы және дамуы 16-21 б

[12] Ожегов С.И. Словарь русского языка, М., 1984, 24 бет

[13] Канафин Д.К. Апелляционное производство в Уголовном процессе Республики Казахстан , А., 2002, с3

[14] Фемида, Журнал, Алматы, №12,2003 Право на апелляционное обжалование с 14-20

[15] Ларин А.М. О недоступности переложения обязанности и доказывания на обвиняемого «Советское госдуарство и право», №2, 1965, с125

[16] №22-573/02 2002 жыл 2 сәуірдегі Қаулы

[17] Фемида, Журнал, Пределы рассмотрения дела в суде апелляционной инстанции А., №2, 2004

[18] ҚР Жоғарғы Сотының Бюллетені, № 9, 2003

[19] ҚР Жоғарғы Сотының Бюллетені, №10, 2003