АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметі

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

  1. Б. ҚАРАТАЕВТЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1 Б. Қаратаевтың өскен ортасы, саяси көзқарасының қалыптасуы  

1.2  Бақытжан Қаратаев – II Мемлекеттік Дума депутаты

 

  1. Б. ҚАРАТАЕВТЫҢ КЕҢЕСТІК ЖҮЙЕ ТҰСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

2.1 Б. Қаратаев Азамат соғысы жылдарында

2.2 Б.Қаратаев -Қырғыз (Қазақ) Революциялық Комитетінің мүшесі

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Кеңес Одағының күйреуі, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуы  қоғамдық ғылымдарда назардан тыс қалып келген мәселелердің шешімін табуға, соның ішінде тарих ғылымында бұрын сыңаржақ қаралып келген, идеологиялық себептермен айтыла бермейтін жабық тақырыптарды зерттеп, ғылыми талдаудан өткізу үшін жаңа міндеттер жүктеп отыр. Бүгінгі таңда осы проблемаларды пайымдылықпен зерттеудің нәтижесінде тарихымыздың көмескі беттерінің шындығы ашылып, оларға шынайы баға берудің ғылыми деңгейі жаңа сатыға көтерілді.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, еліміздің тарихына жаңаша ой-пікірлердің қалыптаса бастаған шағында халқымыздың азаттық жолында қызмет атқарған тарихи тұлғалардың өмірі мен қоғамдық- саяси қызметі туралы мағлұматтарды ғылыми арнада жүйелеп, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік туды.

Халқымыздың шынайы тарихын қалпына келтіру, Қазақстан тұрғындарына тарихи сананы қалыптастырудың мемлекеттттік концепциясында маңызды мәселе ретінде қойылды. “Отан тарихының тағылымдары және Қазақстан қоғамының қайта жаңғыруы” атты Халық бірлігі және Ұлттық тарих жылына арналған ғылыми сессияда да: “Мыңжылдыққа аяқ басарда бізге өткен-кеткенімізді қайтадан сараптамасқа жағдай жоқ. Өйткені тарихи жадымызды қалпына келтіріп, тағдырымызды қайта таразылау тәуелсіздігіміздің де мән-маңызын тереңірек ұғындыра түседі”,- деп көрсетілді.[1. 9б]

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы қазақ қоғамы үшін күреске толы кезең. Өйткені, Ресей үкіметінің қол астында болып, патша мен оның шенеуніктерінің езгісі мен тепкісін көрген қазақ халқы басқа бұратана халықтармен қатар өз азаттығы үшін күреске шықты. Бұл кезде қазақ қоғамында ұлттың еңсесін көтеріп, патша саясатына ашық түрде қарсы шыққан қазақ интеллигенциясының қатары қалыптаса бастаған болатын. XIX ғасырдың екінші жартысы мен  XX ғасырдың басында қазақ интеллигенциясының жаңа легінің пайда болуы  азаттық күресін сапалы жаңа сатыға көтеріп, елдің мәдени-рухани өсуіне үлкен жол ашып берді.

Осы зиялы топ қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, ұлт-азаттық жолындағы күресте көш бастаушы болды. Қазақ интеллигенттерінің бұрыннан алдына қойған мақсаттарының бірі- жер мәселесі еді. Жер мәселесін шешуде қазақ интеллигенттері Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты. Осы кезеңде қазақ мүддесі үшін күрес жүргізген нар тұлғалы тұлғалардың бірі, II Мемлекеттік Думаның депутаты   — Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев болды.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы  кәсіби парламентінің 10 жылдығына жасаған баяндамасында Мәжіліс Төрағасы  Орал Мұхамеджанов Думаға сайланған депутаттар туралы айта келіп олардың еңбегін: “… тіпті баршамызға үлгі болар қазақ парламентарийінің алғашқы тарихи келбетін қалыптастырды”- деп жоғары бағалаған еді.

XX ғасырдың басындағы журналист, заңгер Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметі, “Айқап” журналы мен “Қазақстан” “Орал” газеттерінің беттерінде жарияланған қазақ қоғамының келешегі, қазақ шаруаларының тағдыры, жер мәселесіне қатысты көзқарасы  бүгінгі күнге дейін  маңызын жойған жоқ.

Жеке тұлғалар тарихы ешқашан халқынан бөлінген емес, керісінше ұлтымыздың әйгілі қайраткерлерін тану арқылы тұтастай еліміздің тарихы жазылады.Сондықтан бүгінгі қазақ тарихнамасына ғасыр басында қазақ қоғамының көкейкесті мәселелерін шешуге тырысқан Бақытжан Қаратаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін зерттеу ғылыми зерттеу обьектісі болуға лайықты, тарих ғылымындағы өзекті мәселердің бірі болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бақытжан Қаратаевқа арналған зерттеулер біраз болғанмен, оның өмірбаянын ғылыми тұрғыда неғұрлым толық әрі жүйелі тұрғыдан талдауға алған зерттеу еңбектер әлі жазыла қойған жоқ.   Бақытжан Қаратаевтың Қазақ төңкерісіне дейінгі кезеңде қалыптасқан көзқарасы  туралы әр кезеңде әр түрлі жазылып келді.

XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің саясатына қарсы мақсаттағы азаттық қозғалыстар мен көкейкесті мәселелерді шешуде жол сілтеп, жол көрсеткен Бақытжан Қаратаевтың саяси мақсатын Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов еңбектері айқындайды. Сонымен қатар, 1923 жылы Орынборда жазылып, 1995 жылы профессор Ә.Тәкенов пен архивист-ғалым Б.Байғалиев, жас ғалым Г.Жүгенбаеваның құрастыруымен жарық көрген Телжан Шонанұлының “Жер тағдыры – ел тағдыры” еңбегінде  қазақ жерін талан-таражға салып, қоныстандыру саясатын жүргізіп келген патша үкіметінің заңсыз әрекеттері батыл әшкерелеген. Ол қазақ жеріндегі отарлауын кезеңдерге бөліп, тигізген зиянын, осының нәтижесінде қазақ — орыс арасында туындаған қақтығыстарды баса көрсетеді. [ 2 ]

Бірінші орыс революциясынан кейінгі Б.Қаратаевтың көзқарасы туралы зерттеуші- ғалым А.Ф. Якунин “Қазақстанда 1905-1907 жж революция” атты еңбегінде 1905-1907 жылдар аралығында Қазақстанда екі түрлі бағыттағы  зиялы қауым тобының болғандығын атап өтеді. Ол буржуазияшыл-ұлтшыл бағыттың өзін екіге: “батысшылдар”(Ә.Бөкейханов басқарған), “мұсылмандық” (Б.Қаратаев басқарған) деп екіге бөліп, олардың патша шенеуніктеріне қарсы жүргізген күрес барысын айқындап беруге тырысты. [3]

Ұлттық интеллигенция тарихы  мен қызметі 20-40 жылдары сол заман ағымымен зерттелгені белгілі. Қазақ интеллигенциясының саяси қызметін шынайы түрде көрсетуге тырысқан ғалымдар Т.Рысқұлов пен С.Асфендияровтар үкімет тарапынан қудалануға түсті. Т.Рысқұлов  қазақ интеллигенциясының пайда болуы мен қалыптасуына зор көңіл бөліп, олардың саяси қызметін саралап көрсетуге ұмтылса, ал С.Асфендияров қазақ интеллигенциясының пайда болуын XIX ғасырдың аяғына жатқызып, олардың іс- әрекеттерін дәйекті түрде көрсетуге тырысты. [4.] Кеңестік кезеңдегі әміршіл-әкәімшіл жүйенің салдарынан көптеген зерттеушілер Бақытжан Қаратаевты бай- феодалдар мүддесінің қорғаушысы ретінде танып, таптық көзқарастың шырмауына маталған пікірден алшақ кете алмады. Ғылыми тұрғыда әділетті баға беруге цензорлық тосқауылдар қойылды. Мысалы, танымал, ірі тарихшымыз Е.Бекмахановтың 1957 жылы жарық көрген еңбегінде Бақытжан Қаратаевтың есімі тікелей аталмаса да , II Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттарының бәрі “Ұлтшыл көзқарастағы қазақ зиялыларының өкілдері және бай феодалдардың мүддесін қорғаудағылар”-деп бағаланған еді. [5.317 б]

Сонымен қатар, Бақытжан Қаратаевтың Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі көзқарастарын зерттеген ғалымдардың бірі — К.Бейсембиев болды. Ол өзінің еңбегінде Бақытжан Қаратаевтың атқарған мен қоғамдық — саяси көзқарастарына коммунистік-тоталитарлық идеология талаптарына тән талдау жасады. Бақытжан Қаратаевтың жар құлағы жастыққа тимей өз халқының саяси құқын, бар байлығы- жерін қорғап, өз елін әлеуметтік дамуға қоса толыққанды мұсылмандылық пен имандылыққа шақырған еңбектерін К.Бейсембиев: “панисламизм мен пантюркизм реакциялық қозғалысының диірменіне су құйды” – деп бағалады. [6.116б]

Осындай тұжырымдарды С.Бейсенбаевтың, [7.] П.Пахмурныйдың  да еңбектерінен аңғаруға болады. Пахмурный Бақытжан Қаратаевтың Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі жан-жақты қызметін жоққа шығарып, оны монархияны жақтаған, бай-феодалдардың сойылын соққан, ұлт азаттық қозғалыс пен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған әрекеттерін еш уақытта жақтамаған мағынада суреттейді: “ … националистическая интеллигенция оказалась не в состоянии возглавить  национально-освободительное движение …Б.Б.Каратаев …будучи членом кадетской партии, оставался сторонником монархии и всячески это засвидетельствовать”[8.161-164б]

70-жылдары Б.Қаратаевтың және XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының экономикалық көзқарастарын зерттеген М.Жақсалиев болды. Коммунистік идеологияның таптық талаптарынан еркін шыға алмаған зерттеуші қазақ зиялыларының көзқарастарын бағалауда көптеген тосқауылдарға тап болды. Соның салдарынан, мысалы, Бақытжан Қаратаев прогрессивтік-демократиялық бағыт ұстанған, қазақ халқының әлеуметтік прогресін жақтаған ағартушы — демократ және ірі қоғам қайраткері ретінде танылса, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Досмұхамедовтар сияқты қайраткерлер діни-ұлтшыл ағымның өкілдері ретінде сипатталады. [9. ]

80 жылдары  Бақытжан Қаратаевтың II Мемлекеттік Думада сөйлеген сөздеріне ғылыми тұрғыда талдау жасаған академик С.З.Зиманов [10.55-75б] пен Бақытжан Қаратаевтың мол мұрасына біршама көңіл бөлген М.Ш.Ысмағұлов болды. [11.]

Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі өзгерістер Алаш қозғалысы мен Алашорда тарихын қайта қарап, ақиқат тұрғысынан зерттеуге мүмкіндік берді. Қазақ интеллигенциясы тарихын, олардың ұлттық ерекшеліктері мен өзіндік қадір-қасиетін анықтауда жаңа тарихи таныммен күрделі зерттеулер басылып шықты. Бұған М.Қозыбаевтың (Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992) [12.], К.Нұрпейісовтің (Алаш һәм Алашорда А., 1995) [13], М.Қойгелдиевтің (Алаш қозғалысы.А.,1995) [14], Д.Аманжолованың (Партия Алаш; история иисториография.Семей., 1993; Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М.,1994) [15], М.Құл-Мұхаметтің (Алаш ардагері Жақып Ақбаев . А., 1996;) [16], С.Өзбекұлының (Барлыбек Сыртанов.А.,1996; Арыстары Алаштың. Тарихи очерктер. А.,1998; ) [17], [18] Б.Қойшыбаевтың (Бақытжан Қаратаев.А.,1993) [19] еңбектері айқын дәлел.

XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы  қазақ  депутаттарының Ресей Мемлекеттік Думасындағы қызметі, қазақ зиялы қауымының Ресей Мұсылмандық қозғалысына қатынасуы С.Малтусыновтың,[20] С.Смагулованың кандидаттық диссертациясында қаралған.[21] Ғалым Ө.Озғанбайдың докторлық диссертациясы мен сол негізде шыққан монографиясы Мемлекеттік Дума мәселесін, оған қазақтардың қатысу барысын қарастырады. [22]

2006 жылы  Б.С.Әбенованың құрастыруымен Бақытжан Қаратаевтың “Обзор материалов из истории колонизации Казахского края  в связи с восстанием казахов Оренбургского края в 1869 году и в начале 1870-х годов” атты қолжазбасын басып шығарды. [23]

Жұмыстың деректік негізі. Тақырыптың  деректік негізіне келсек, Бақытжан Қаратаевтың II Мемлекеттік Думадағы қызметі туралы II Мемлекеттік Думаның стенографиялық есептерінен толық мәліметтер алуға болады [24],[25]

Құжаттар мен материалдар жинақтарында Б.Қаратаевтың Қырғыз (Қазақ) Революциялық Комитетінің құрамындағы қызметі туралы деректер келтіріледі. [6]

Соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары сол кездегі ұлттық басылымдарды дерек көзі ретінде зерттеп, оның нәтижелерін ғылыми айналымға енгізуде. Мұның жарқын мысалы ретінде Үшкілтай Субханбердинаның «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» атты мазмұндалған    библиографиялық   көрсеткіші мен Мәмбет Қойгельдиевтің  1994 ж  «Қазақ» газетінде жарияланған  ұлт  зиялыларының  мақалаларын   атаған жөн. [27]

Қазақстан  Республикасының Орталық  Мемлекеттік  архивінің (ҚРОМА) 1227 қорында  Бақытжан Қаратаевтың жеке қоры сақталған. Бұл қорда Бақытжан Қаратаевтың өмірбаяны туралы мәліметтер беретін құжаттар, фотосуреттер, Азамат соғысы жылдарында Орал түрмесінде жазған күнделігі мен кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі туралы мәлімет беретін естелігі сақталған.  [28]

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті. Бітіру жұмысын жазудағы басты мақсаты- Б.Қаратаевтың өмірбаянын толық қамтып баяндап, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметін, ғылыми айналымға енген жаңа тың деректер негізінде тарихи шындық тұрғысынан талдауға алу. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер койылды:

—   Б.Қаратаевтың өскен және білім алған ортасы, оның қоғамдық көзқарасына   әсер еткен жағдайларды;

—   Б.Қаратаевтың II Мемлекеттік Думадағы депутаттық қызметін;

—  Белсенді публицист-журналист ретінде Бақытжан Бисәліұлының 1911-1914 жылдардағы “Айқап” журналы мен “Қазақстан” газетіндегі атқарған қоғамдық-саяси қызметі мен ағартушылық жұмысын;

— Азамат соғысы жылдарындағы Бақытжан Қаратаевтың өмірі мен сол жылдардағы қоғамдық-саяси қызметін;

— Бақытжан Қаратаевтың кеңестік жүйе тұсындағы Қырғыз (Қазақ) Революциялық Комитетіндегі қызметін;

—  Бақытжан Қаратаевтың тарихшы-ғалым ретінде Қазақ тарихын дамытуға қосқан үлесін,осы уақытқа дейін ғылыми айналымға тартылмаған сондай-ақ, осы уақытқа дейін жарияланған деректік материалдар негізінде талдауға алу көзделінді.

  Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі  тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Б. ҚАРАТАЕВТЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ РЕТІНДЕ           ҚАЛЫПТАСУЫ

 

1.1 Б. Қаратаевтың өскен ортасы, саяси көзқарасының                      қалыптасуы  

 

Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев — қазақ тарихындағы ірі тұлғалардың бірі. Туған халқын құлдық бұғаудан құтқару мақсатында патша үкіметімен ымырасыз күрес жүргізген көрнекті қоғам қайраткері, алғашқы қазақ заңгері болған Бақытжан Қаратаевтың есімі 20 жылдай бойы Ресей мен қазақ баспасөзі беттерінен түспей, қаламы “Айқап”, “Қазақстан”, “Орал” сияқты т.б. көптеген басылымдардың бағыт-бағдарына үлкен әсерін тигізген еді. Терең публицистикалық мақалалары болса қазақ қоғамының көкейкесті мәселелеріне арналып, Ресей мұсылмандарының назарын аударған-ды. Өткір сынды, ашын жазылған мақалалары халықты азаттық пен бостандық идеяларына баулумен қатар, қазақ халқының рухани өсіп, шыңдалуына да өлшеусіз үлес қосты.

Бақытжан Қаратаевтың табиғатынан ұшқыр ойы, отты жүрек дара тұлғасы, асқан білімділігі, халықтың жарқын болашағы үшін әр салада атқарған қызметі мен заңдылықтарды басқару процесін ауадай қажетті талап ретінде енгізу мәселесін көтеруі-оны даланың дарынды перзенттеріне жатқызады. Энциклопедиялық білім иесі, ірі гуманист, реформатор, публицист, ағартушы демократ, қазақ қоғамының демократиялық жолмен дамуын көксеген қайраткер сонымен қатар, қарама-қайшылықтар мен аумалы-төкпелі өзгерістерге толы өз заманының да ұлы еді.         

Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев — Орал облысының Қаратөбе аумағының Ақбақай ауылында 1860 жылы мамырдың 10 жұлдызында Дәулетжан сұлтанның шаңырағында дүниеге келген. Жарық дүниеге енді есік ашқан кішкене Бақытжанды үлкен әкесі Бисәлі Қаратайұлы  бауырына басқан екен. Бақытжан Қаратаев сұлтан тұқымы әулетінен тарайды және Кіші Жүздің ханы Әбілхайыр ханның шөбересі болып келеді. Оның атасы Қаратайдың анасы   Ырысқа тоқталар болсақ, ол 1771 жылы тарихтағы “қалмақ көшу” немесе “шаңды жорық” кезінде қазақтардың қалмақтармен шайқасында қолға түсіп, Нұралы ханның күңі болған. Өз шежіресінде Бақытжан Қаратаев: “ Нұралы хан осы күңге үйленіп, одан: Есім, Қаратай, Орман, Шотқара және Елтай атты бес бала көреді. Ел арасында оларды “бес қалмақ” деп атап кеткен”,-деп көрсетеді..[23.22б] Одан тараған Нұралы ұлдарының бесеуі де мүмкіндігінше орыс отарлауына ашық қарсылық танытты. Солардың ішінде 1805-1815 жылдары патша әкімшілігіне қарсы табанды күрес жүргізген — Қаратай Нұралыұлы еді. [29.107б]

Бақытжанның әкесі Бейсәлі ауқатты адам болған және өзінің сұлтан тұқымынан шыққандығына қарамастан өте қарапайым, жағымды мінездерімен жұртшылыққа сыйлы адам болған. Қайсыбір адамды болмасын біліміне, ақыл-ойына қарап баға беріп отырған. [17.69б]

Бақытжан Бисәліұлының тәрбиелік болмысы  бала жастан ел арасындағы ғасырлар бойғы көшпелі өмір салты мен кең даланың әдет-ғұрпы ықпалында қалыптасады. Әбілхайыр ханның шөбересі, атасы Қаратайдың тәрбиесінде болып, қазақ дәстүрі бойынша оның есімін өзінің тегі етіп алады. Жасынан зерек болып өскен жас сұлтан алғаш ауыл мектебінен сауат ашады. Білімге деген ынтасын байқаған әкесі оны Орынбор қаласының азаматтық гимназиясына оқуға береді. Бақытжан Қаратаев гимназияны ойдағыдай аяқтап, тәртібі “өте жақсы” деген дәрежемен аяқтап шығады. Өз біліміне сенген Бақытжан Қаратаев Ресей империясының астанасы Санкт-Петербургте, университет қабырғасында білім алуды көксейді. Оның мұндай жауапты шешім қабылдауына Орынбор қаласының өзі дәріс алған гимназиясындағы Нева жағалауынан арнайы жолдамамен немесе саяси қуғынға ұшырап, қудаланып келген озық-ойлы, демократиялық бағыт ұстанған орыс зиялылары зор ықпал етті. Олардың бірсыпырасы гимназияда тек ғана бағдарлама бойынша оқытылатын пән көлемінде дәріс беріп ғана қоймай, сонымен қатар оқулық шеңберінен шығып, гимназистерге сабақ арасында оларға саясаттан, дүниежүзілік азаттық қозғалысынан, Санкт-Петербургте болып жатқан саяси жағдайлардан мәліметтер беріп отырды. Кеудесінде сәулесі бар зерделі шәкірттер, әрине, олардың бәрін саналарына сіңіріп отырды. [17.69б]

“Ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы сан жағынан көп болған жоқ”- дейді М.Қойгелдиев. Оның себебі түсінікті де. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищелер болмаса, арнайы оқу орындары ашылған емес. Түрлі мекемелерде, әкімшілік орындарда қызмет жасаған қазақ мамандары негізінен Ресейлік оқу орындарынан білім алды. Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше қараңғылыққа ұстау оған пайдалырақ көрінді. Ал XIX  ғасырдың соңғы ширегінен бастап қазақ даласында азын-аулақ ашыла бастаған орыс-қазақ мектептері мен гимназиялары жергілікті жұртты “Мұхаммед дінін уағыздаушы моллалардың зиянды ықпалынан” сақтау үшін және сонымен бірге “далада орыс ықпалын” жүргізу үшін керек болды.

Сонымен бірге отаршыл әкімшілік ресейлік оқу орындарынан бірлі-жарым орынды қазақ жастарына да бөлуге мәжбүр болған. Мұндай шараға ол жыл өткен сайын өсе түскен басқару жүйесінің ұлттық кадрларға мұқтажын қанағаттандыру үшін барды. Осы мақсатта генерал-губернаторлықтар кеңсесі жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4 стипендия белгіленіп отырды. Міне, осы белгіленген қаржыға сүйеніп, қазақ жастары Мәскеу, Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Варшава сияқты қалаларда түрлі мамандықтар бойынша білім алды. Ресей империясына ғана емес, бүкіл Еуропа мәдениеті мен ғылымында өзіне лайық орны бар бұл оқу орнында өткен ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде (1917 жылға дейін) 20 жуық қазақ студенті оқып, жоғары білім дипломын иеленді. Олардың қатарында Бақытжан Қаратаев, Бақыткерей Құлманов, Барлыбек Сыртанов, Жаһанша Сейдалин, Айдархан Тұрлыбаев, Жаһанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқаев, Жақып Ақбаев, Райымжан Мәрсеков сияқты XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси өміріне белсене араласқан қайраткерлер болды. [14.88б]

Сол кезеңдегі қазақ жастары үшін  нағыз білім шаңырағына айналған орта Петербург университеті еді. Орынбордағы азаматтық гимназиядан рухани нәр алған Бақытжан Қаратаев 1886 жылы қазан айының 7 жұлдызында Санкт-Петербургке келіп, университеттің заң факультетіне түседі. Сол жылы Бақытжан Қаратаевпен бірге Ресей империясының астанасына білім іздеп Жетісудан Барлыбек Сыртанов, қырғыздан Абдолла Теміров, Көкшетаудан Мәмбетәлі Сердалин сияқты жастар да келген еді.[17.69б] Университетінің қабырғасында  қазақ жастары бір-бірімен тығыз, туысқандық қатынаста болуымен қатар, Санкт-Петербургтің қайнаған саяси, рухани өмірі мен мәдениетінің тыныс-тіршілігімен де жан-жақты танысып, бойларына сіңіреді. Ресей империясының түпкір-түпкірінен келген басқа жастар сияқты қазақ жігіттері де сол мүдделеріне сай “Жерлестер ұйымын” құрады.

80 жылдары Санкт-Петербургтың барлық жоғарғы оқу орындарында “Жерлестер” деп аталатын астыртын ұйымдар кең қанат жайған болатын. Олардың құрылуының негізгі себебі-бір өлкеден, бір топырақтан шыққан студенттердің қоян-қолтық араласуы және бір-біріне қамқор болуы еді. Алғашында “Жерлестер” ұйымының мүшелерінің мақсаты бір ұлттан немесе бір өлкеден келген мұқтаж студенттерге көмек көрсету болды. Бірақ, бұл ұйымдардың өсіп-жетілуі барысында алдарына қойған мақсаттары саясатқа ұштасып отырды. Бірте-бірте “Жерлестер” үйірмелері ұлғая келе көп студенттерді қамтыған  “Жерлестер одағына” айналып отырды. Олардың арнайы уставтары, мүшелік жарналары болды. 80 жылдары бір ғана Санкт-Петербургте студенттер арасында 20 жуық “Жерлестер” үйірмелері болған және олардың мүшелігіне 1500-ге тарта студенттер кірген. Атап айтсақ, студенттердің Сібір, Поволжье, Кубань, Дон, Грузия, Армения сияқты “Жерлестер”  үйірмелері мен одақтары тұрақты түрде қалыптасты.

 Бақытжан Қаратаев  Барлыбек Сыртанов, Абдолла Теміров,  Мәмбетәлі Сердалин және шығыстану факультетінде бұлардан бұрын келіп дәріс алып жүрген Бақтыгерей Құлманов сияқты жігіттермен “Жерлестер” үйірмесін құрады. Қазақ жастары үйірмеге мүше болған студенттерге қаражатпен көмектесу, ауырған жағдайда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты мәселелерді шешіп қоймай, сонымен қатар, оның жиылыстарында революциялық мазмұндағы прокламацияларды оқып талқылау, теңсіздік пен әділетсіздік, қазақ даласында мәдени-ағартушылық ісін тарату туралы пікірлер жиі айтылып тұрды.

“Землячество как бы собирали и сортировали материал, и не только для себя , но и для дальнейших, более широких политических организации”,- деп атап көрсетті сол кездегі оқиғалардың куәгері. [18.25б] 

 Университет әр уақытта Ресейдің рухани өмірінің барометрі болып қалыптасқандықтан, саяси мәні бар барлық оқиғаларға студенттер митинг, шеру, акция арқылы өз пікірлерін білдіріп отыратын еді, яғни, әр топтағы студент жастар “Жерлестер ұйымы” арқылы қайсыбір шекесіне батқан көкейкесті мәселелерді үндеулер, прокламациялар тарату әрекеттерімен өз пікірлерін білдіру дәстүрге айналдырғанды.[ 30.31б ]

Бақытжан Қаратаев — өзінің университеттік әріптестерімен бірге жалпы саяси ағымның алғы шебінде болып, отарлық саясаттың езгісінен тепкі көрген қазақ халқының ауыр жағдайларына назар аударады. Қазақ жастарымен бірге ол, тек қана дүниежүзіне әйгілі университеттің білімімен шектеліп қалмай, мүмкіндігінше барлық азаттық, демократиялық озық ойлы идеяларды бойына сіңіреді [ 31.26б ]

Патша өкіметі әр уақытта студенттік ортаны ерекше бақылауды көзден таса қылмады. 1886 жылы Ресейдің барлық университеттерінде 1884 жылы бекітілген жаңа Устав енгізіледі. Жаңа Уставтың талаптары студенттер мен оқытушы-профессорларға қатал тәртіптер енгізіп, университетте дәстүрлі болып жалғасып келе жатқан демократиялық дәстүрлер қыспаққа алынды. Жаңа Устав студенттердің ұйымдар мен үйірмелер құруларына, ақшалай қор ұйымдастыруға, тіпті, жиылып концерт қоюларына тыйым салынды. Университет басшылары әрбір студенттен  ешқандай қоғамға кірмеуді, студенттік қозғалыс, ұйымдарға қатыспауды талап ететін қолхат алды. Айталық, Бақытжан Қаратаевтың студенттік өзіндік ісіндегі қолхаттың сипаты мынандай: “1887 г. сентября 29 дня, я ниже подписавшиеся, даю сию подписку в том, что во время своего пребывания в числе студентов или слушателей Императорского Санкт-Петербургского университета, обязуюсь не только не принадлежать ни к какому тайному сообществу, но даже без разрешения на то, в каждом отдельным случае, ближайшего начальства, не вступать и в дозволенные законом общества, а так же не участвовать ни в каком денежном сборе; в случае же нарушения мною сего обещания, подвергаюсь немедленному удалению из заведения и лишаюсь всякого права на внесение мною, в пользу недозволенного сбора, деньги.

Студент 3 семестра юридического факультета султан Бахиджан Бисалиевич Каратаев”.[17.71б]

Бекітілген тәртіптерге қарсылық білдірген студенттерге Устав бойынша сөгіс жариялау, 24 сағаттан 4 аптаға дейін карцерге қамау, университеттен уақытша куу және оқудан шығару сияқты жазаларды қолдану іс жүзіне асырылды. Студенттердің қайсыбір қалаған жеріне бару үшін университет инспекциясынан міндетті түрде рұқсат куәлігін алу заңдастырылды және оны полицияның талабы бойынша көрсетуге міндетті болды. Сонымен қатар, университетті тәмамдағаннан кейін де қызметке орналасу үшін университет басшыларының “сенімді” деген куәлік қағазын барлық жерде талап етіп отырған. Мұндай әрекеттер адам құқығын аяққа таптаудың айқын көрінісі болуымен қатар, патша өкіметінің  жантүршігерлік саясатының полициялық сипатын анық көрсеткендей еді.

Бірақ зерек жігіт терең білімімен университет профессорларының ілтипатына бөленген еді. Осындай саясаттың ызғарынан Бақытжан Қаратаев сүрінбей өтіп, 1860 жылы университетті “ИСПУ. 1890. Қаратаев.” деп жазылған алтын медальмен (II степень) аяқтап шығады. [11.69б] Ол туралы “Дала уәлаятының газеті” былай деп жазды: “Император хазіретінің есіміне ашылған Петербург қаласындағы университет курсын екінші дәрежелі дипломмен үздік аяқтаған Торғай облысы, Іле оязы, Бурта елінің сұлтаны Бақытжан Қаратай ұлы Юстиция министрлігінің қарауына кіргізіліп, департаменттік басқару сенатындағы екінші мекемесіне қызметке қалдырылды”[17.71б]

Байқап қарасақ, Бақытжан Қаратаевтың біліміне, оның туа біткен дарынды тұлғасына патша өкіметінің чиновниктері назар аударып, оны Санкт-Петербургте қызметке қалдырған. Ондағы басты мақсаттары оның біліміне, жеке басын отарлық саясатты жүргізуге пайдалану болған. Бірақ Ресей астанасында үлкен қызмет атқара жүріп, Бақытжан Қаратаев “халықтар түрмесі” атанған Ресейдің шет аймақтарында жүргізіп отырған отарлық саясаты, зорлық-зомбылығымен, жерді талан-таражға салып жатқан әрекеттерімен ымыраға келе қоймайды. Бұл мәселелер хақында патша чиновниктерімен айтысқа түсіп, өз пікірін батыл түрде ортаға салып, терең білімін көрсете біледі. Әрине, патша өкіметіне Бақытжан Қаратаевтың мұндай “батырлық” іс-әрекеттері жаға қоймайды. Оларға аймақтағы өз ұлтының құқығын қорғап, мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын қайраткер қажетсіз еді. Демек, одан тез арада құтылудың амалын ойластырған патша чиновниктері оны арнайы тағайындаумен Санкт-Петербургтен алысырақ аймаққа — Грузияның Кутаиси қаласына тергеу жүргізу қызметіне ығыстырып тастайды. Өйткені, 1891 жылы патша үкіметі қазақ даласын басқарудың жаңа Далалық Ережесін даярлап жатқан еді. Сондықтан да олар үшін әкімшілік Сенатында көзі ашық қазақтың жүргені қауіпті болып көрінсе керек. [19.178б]

Грузия жерінде Бақытжан Қаратаев 1897 жылға дейін тергеу жұмысында болып, тау халықтарының тұрмыс-тіршілігімен жақсы танысады. Ержүрек, қайсар, елдің жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп, достық қатынасын нығайтады.Табиғатынан дарынды, ойына келген пікірін тіке айтатын Бақытжан Бисәліұлы тау халықтарының арасында да үлкен абырой мен беделге ие болып “князь” атанды. Жеті жылдай Қазақстаннан тыс жүрген Бақытжан Қаратаев 1897 жылы  өзінің кіндік кескен Орал топырағына оралады. [22.222б] Өз мамандығы бойынша, халық құқығын сақтау мақсатында, адвокат болып орналасады. Патша чиновниктерінің қазақ даласында жергілікті халыққа қарсы жүргізіліп отырған озбырлық саясатына, адамдық құқықтарын аяққа таптаған әрекеттеріне қарсы үн көтереді. Ел ішіндегі дау-жанжалдарды әділдікпен шешіп, жұртшылықтың ризашылығына бөленіп, үлкен саяси беделге ие болады. Қарапайым халық мүддесін патша өкіметі чиновниктерінің заңсыз әрекеттерінен қорғап, орнатылған тәртіпке наразылық білдірген Бақытжан Қаратаев енді “сенімсіз” адам ретінде таныла бастайды.

Бақытжан Бисәліұлының  қазақ халқын, оның жері мен суын, азаматтарының құқығын қорғауға бағытталған іс-әрекеті, қызметі Бірінші Орыс революциясы жылдарында ерекше байқалады. Ендігі жерде Бақытжан Қаратаев халықтың шекесіне батқан жер мәселесіне ерекше көңіл бөледі. 1905 жылы шілде айында орыс қоныс аударушылары мен казактарының қазақ жерін талан-таражға салып жатқан әрекеттерін тоқтату мақсатында Санкт-Петербургке барып, Орал, Орынбор облыстарынан арнайы келген делегацияны патшаның тікелей қабылдауында болатындай етіп ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Бұл делегацияның құрамында С.Б.Кейкин, М.Қайдаров, Д.Тоқбаев, С.Алдияров, ишан Д.Мусин, хазірет Ғ.Есмұхамбетов, молда М.Меңдіқұлов, судья А.Бірімжанов, сот мүшесі Ж.Сейдалин сияқты аймаққа танымал болғандар кіреді.[17.72б] Ол бұл жөнінде 1911 жылы “Айқап”журналына: “1905-інші жылы Орал һәм Торғай облыстарынан көп адамдар Петерборға барып, патша ағзамды һәм министрлерді көріп, жер тұрғысында, жер қазақтардың өзіне де жеткіліксіз деп; Қазақ адамдарының ішінде мен де бар едім ”,-деп жазады. [21.70б]                                                                                     

Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отарлық езгіге, әлеуметтік теңсіздік  пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-1907 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық,және саяси дамуы дәрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді. Екіншіден, оған өнеркәсіп пен қала жұмысшылары қатысты. Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-әрекетінен көрінді. Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.

Сөйтіп, 1905-1907 жылдарда өткен Қазақстанда жұмысшы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақ даласында осы жылдары Ресейдегі революциялық процестердің жалпы барысымен тығыз байланысты жұмысшылардың бірқатар саяси жөне экономикалық толқулары болып өтті. Оларға 1905 жылдың желтоқсанында Успенск мыс руднигіндегі, 1907 жылдың маусым айында Спасск мыс қорыту зауытындағы, Қарағанды кендері мен Успенск руднигіндегі, сондай-ақ , Семей, Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай және басқа да қалалардың кәсіпорындарындағы өткен ереуілдерді жатқызуға болады. [32.89б] Төніп келе жатқан халықтық толқуларды болдырмау үшін және солшыл күштердің тегеурінін бәсеңдету мақсатында Николай II 18 ақпан күні Ішкі істер министрлігі А.Булыгин дайындаған рескриптке қол қойды. [14.94б]

“Руссияның барлық адал ұлдарына Отан алдындағы борыштарын орындауға мынадай құлақ естіп, көз көрмеген бүлікті тоқтатуға, бізбен бірге туған жерімізге тыныштық пен бейбітшілік орнатуға барлық күштерін салуға шақырамыз”,-деп көрсетілді. [21.103б] Міне, осылай дүниеге келтірілген Мемлекеттік Думаның мақсаты елдегі революциялық күштерді жойып, олардың көңілін конституциялық жолға бұру еді. Онда “халықтан сайланған” адамдарды заңдық жобаларды дайындауға және талқылауға қатыстыру туралы айтылған еді. Сол күні  жеке адамдар мен ұжымдарды мемлекет қызметімен халықтың әл-ауқатын, жетілдіре түсуге байланысты өз ұсыныстарын орталық билікке жеткізуге шақырған құжатта өмірге келді. Бұл қаулының әрбір әрпіне сенген қауымдар, муниципалитеттер, думалар, Земство жиналыстары, жеке азаматтар үкіметке түрлі қарарларын, өтініштерін, ұсыныстарын, қардай боратты. Олардың біразы күн өткен сайын батылдық танытқан баспасөз беттерінде жарық көріп жатты. Бұл мемлекет тарихында сөз еркіндігіне жол берілген алғашқы оқиға еді. [14.95б]

Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді. Сол кезеңдегі әкімшілік орындарына түскен мәліметтердің бірінде: “Патша үкімдерінің жариялануынан бері қарай қырғыз жұрты мерзімді басылымдарға қызығушылықпен зер сала қарай бастады. Сауаты барларының көпшілігі астаналық газеттерді жаздырып алуда. Қырғыздар арасында бұрын-соңды болмаған құбылыстар байқалуда”-делінген. [32 .89б]

18 ақпан қаулысы тудырған көңіл-күй туралы Әлихан Бөкейханов өзінің “Қазақтар” атты мақаласында былай деп жазды: “… халық  сеніміне ие болған адамдарды ” жинауға және халық мұқтаждығын білдіретін петицияларды беруге рұқсат еткен 18 ақпан рескриптін дала үлкен құлшыныспен қарсы алды. Бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны  құрсауына енді. Қазақ халқының мұқтаждықтары жөнінде хат арқылы пікір алысу басталып кетті. 17 сәуірдегі дін сыйластығына қатысты қаулы көңіл күйді одан бетер көтере түсті. 1905 жылдың жазғытұры кеңшілік өмір келісімен далада, жайлауда жергілікті мәселелерді және барлық қазақ жұртының мұқтаждықтарын талқылаған съездер өте бастады. Осы жылғы барлық ірі дала жәрмеңкелері қазақтардың саяси съездерінде қазақтар артынша Жоғары мәртебеліге жолданған петицияларды талқылап, оларға қолдарын қойды.” Осылайша қазақ даласында саяси күрес патшаға, орталық билікке  петиция жазып тапсыру түрінде көрініс бере бастады. [14.95б]

Отарлық тәуелділіктегі қазақ елінің мұқтажын білдірген арыз-тілектер батыста Оралда, орталықта Қарқаралыда, оңтүстік-шығыста Жетісуда, басқаша айтқанда, кең қазақ даласының барлық аймақтарында жазылды. Жетісу облысы Лепсі уезінің қазақтары дайындаған петицияға 1000 адам, арнайы делегация арқылы Петербургтегі үкімет орындарына тапсырылған Орал және Торғай облыстары қазақтары жазған петицияға 44 адам, ал белгілі Қоянды жәрмеңкесінде өмірге келген  Қарқаралы петициясына 14,5 мың адам қол қойған еді. [14.96б] Қазақ халқының атынан жазылған петицияларында жерді тартып алуға, салықтың ауырлығына, төменгі басқару органдары мен патша чиновниктерінің тарапынан озбырлық, қиянат, қоқан-лоққы жасалуына наразылық білдірді. Сонымен бірге өздерінің діни істерін Орынбор муфтилігіне қарату, қазақ арасында оқу-ағарту ісін ретке келтіру және өлкеге земство енгізу сұралды. [32.89б]

Бұл петициялардың мазмұны жөнінде нақты түсінікті Орал және Торғай облыстары жолдаған петициямен танысу арқылы алуға болады. Ол қазақ тілінде жазылып, 1905 жылы Орал қаласындағы К.М.Тухватуллин баспасында жарық көреді. Екі бөлімнен тұратын бұл құжатта қазақ елінің дін және жер мәселелеріне байланысты талаптары жан-жақты және дәл баяндалған. Қазақ жерін  талан-таражға салуды тоқтату мәселесін назарынан ешқашан тыс қалдырмаған Бақытжан Бисәліұлы бұл петицияны дайындауға да ат салысты және онда жер мәселесіне байланысты мынандай талаптар қойылды:

“1)     Қазақ жерінде  бұл күнге дейін қала салып алып, бейбіт өмір сүріп отырған орыстар отыра берсін және олар алған жерге талабымыз жоқ. Бірақ қалған жеріміз  қырғыз-қазақ халқының өз пайдасына мәңгі ұрпақ мұрасы ретінде ешкімнің ортағынсыз берілсін, сондай-ақ, бұл жерді қырғыз-қазақ халқы императрица Анна Иоановнаның грамотасына сәйкес ықтиярлы, тығыздық көрмей пайдалансын;

2)      Мұнан былай орыс шаруаларына қазақ жерінен жер берілмесін және қазақ жерінен қоныс аудару учаскелері ашылмасын ;

3)      Далалық Ереженің 119-136, яғни барлық он жеті баптары негізсіз деп танылып, жойылсын;

4)      Қырғыз-қазақ халқының қолына жер мәңгілік өзіңдікі деген құжат берілсін; [33.50б]

Ресейдегі  азаттық қозғалыстың өрлеу барысында қазақ қоғамына да жеткен үлкен тарихи жаңалықтың бірі -1905 жылы 6 тамызда шыққан манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға  депутат сайлау  құқығының берілуі еді. 1905 жылдың соңына қарай қазақ интеллигенциясы бірінші Мемлекеттік Думаға депутаттар сайлау науқанына қызу араласып  та кетті. Осы арада олар сайлау науқаны сияқты күрделі саяси шараға араласа отырып ірі мәселеге кезікті. Қазақ қоғамында бұл уақытта белгілі бір қоғамдық айқындамадан үгіт-насихат жұмысын жүргізе алатын саяси ұйымдар жоқ еді. Міне, осындай жағдайда Думаға даярлық мерзімінің тар қыспағына іліккен ұлттық интеллигенция тұңғыш рет саяси партия құру әрекетін қолға алды. [14 105б]

1905 жылдың соңына қарай Орал қаласында өткен бес облыстың (Ақмола, Семей, Торғай, Орал және Жетісу) делегаттық съезі “Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын” құру туралы шешім қабылдады. Оралда шығып тұрған “Фикер” газеті (редакторы К.М. Тухватуллин) оның 9 адамнан тұрған Орталық Комитетінің құрамын жариялады. Олар Б.Қаратаев, Т.Бердиев, М.Бақыткереев, И.Тоқтамбердиев, Х.Досмұхамедов, Н.Айтмұхамедов, М.Мұқанов, Т.Рахымбердиев және И. Дүйсембин еді. Бұл съезде қазақ кадеттерінің бағдарламасы 1905-1906 жылдары Орал қаласында Камиль Тухватуллиннің “Фикер” (Пікір) атты газетінде жарық көрген. Онда қазақ жерінің бүтіндей сол елдің меншігі етіп жариялайтын заң қабылдау қажеттілігі, ішкі Ресейден көшіп келіп қоныстану толқынын тежеу, қазақ жұмысшыларына еркіндік, теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу, тағы сол сияқты осы жылы түрлі облыстарда жазылған петицияларда көтерілген түрлі талап-тілектер айтылған. [14.106б].

Думаға дайындық барысында қазақ интеллигенциясының кадеттер партиясы тұғырнамасына жақын болуының бір себебі — 1905 жылы Ресейдің мұсылман дініндегі халықтар арасында отарлық езгіге қарсы саяси одақ қалыптасып және ол діни сипат ала бастайды. 1905-1906 жылдары мұсылмандардың бүкіл ресейлік үш съезі өтеді. Үкімет орындарының келісім бермеуіне қарамастан, Петербургте 15-23 қаңтар аралығында өткен екінші бүкіл ресейлік мұсылмандар съезі “Ресей империясының мұсылмандарын жалпы мемлекеттік мүддеге сай, сондай-ақ Ресей өмірі мен жағдайында бүгін және болашақта  бірігіп қимыл жасау үшін бір саяси партияға  бірігуге үндейтін” жарғы қабылдап, қаулысында “Мемлекеттік Думаға депутат сайлау мерзіміне дейін тым аз уақыт қалуына байланысты ішкі губерния мұсылмандарының осы сайлау науқанында “Конституциялық-демократиялық партиямен” ынтымақтаса әрекет  жасауға шақырған” ұсынысын қуаттайды. Енді ғана күрес жолына түсе бастаған қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басқа халықтармен ынтымақтастықтан бас тартуы, әрине мүмкін емес еді. Сол кезеңдегі Кадет партиясының мүшесі болған Бақытжан Қаратаев, Әлихан Бөкейханов сияқты қазақ интеллигенттері саяси күресте діни фактордың маңызын жақсы түсінді. Отаршыл күресте өз мүмкіншілігін терең ұғынған қазақ зиялылары орыс және басқа халықтардың демократиялық күштермен бір болу  қажеттілігін жақсы түсіне отырып, бұл шараларға белсенді түрде араласты, сол арқылы қазақ қоғамының негізгі мәселелерін шешуді мақсат етті. Алайда, қазақ интелигенттерінің 1905-1906 жылдары саяси партия құру әрекеті сәтсіз аяқталады. Тарихшы М.Қойгелдиев оның екі себебін көрсетеді: “Біріншіден қазақ қоғамында жалпы ұлттық негізде саяси партияның құрылуына қажет алғышарттар әлі пісіп жетіле қойған жоқтын. Екіншіден, ұлыдержавалық, шовинисттік бағыт ұстанған кадеттер партиясының басшылығы үшін Қазақстан сияқты аймақта ұлттық еркіндік пен теңдікті мұрат тұтқан саяси ұйымның пайда болуы соншалықты тиімді емес-тін. Сондықтан да олар қазақ кадеттеріне қолдау жасап, ыңғай таныта қоймады.”- деп көрсетеді. [14.109б]

Міне, осындай даярлықпен қазақ интеллигенциясы  Мемлекеттік Думаға сайлау да келіп жетті. 1906 жылғы 22 ақпанда Николай II “Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарында Мемлекеттік Думаға сайлау жағдайын қолдану ережесі мен оған қосымша енгізулер” деген арнайы жиналыста қаралған заң жобасын бекітті. Түркістан өлкесіндегі Думаға сайлау Дурнов жобасы бойынша жүргізілді. Дума заңы бойынша орыс тілін білмейтін адамдар сайлауға қатыстырылмады. Бұл ереже қазақтарға ауыр тиген болатын.

Қазақ халқынан Думаға сайлау 1906 жылғы 22 ақпандағы заң бойынша Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарындағы бұратаналардан Мемлекеттік Думаға бір-бір мүшеден, ал қалалық жерлерде және отырықшы өмір сүретін халық арасынан әр облыстан Мемлекеттік Думаға I мүше сайлауға тиіс болды. 

Мемлекеттік Думаға сайлау құрылымы бірнеше сатыға бөлінді. Мәселен, Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарындағы қазақтарды сайлау үш сатылы, ал Сырдария облысы қазақтары үшін төрт сатылы болды. Жетісу облысының тұрғылықты халықтары, соның ішінде ұйғыр, дұнғандар да үш сатылы құрылыммен сайланатын болды. Сібір, Орал, Жетісу әскери бөлімшелерінің казактарын Думаға сайлауда көптеген жеңілдіктер жасалды. Олар үшін сайлау екі сатылы болды. [20.12б]

Сонымен Мемлекеттік Думаға 30 млн мұсылман халқының атынан 14-ақ адам қатысты. Бұл Мемлекеттік Дума құрамының 3,1% ғана еді. Мемлекеттік Дума қарсаңында қазақ халқының саны 4 млн 800 мың болды. [21.337б]

Газет беттерінде Думаға сайлау басталғаны жайлы хабарлар жариялана бастады. Қазақ халқы сайлауға қатысу құқығын 1906 жылдың ақпан айының соңына қарай алды. Егер сайлау метрополияда үш жетінің ішінде (1906 жылдың 26 наурызынан 20 сәуіріне дейін) аяқталса, бірінші Мемлекеттік Дума таратылған күні Жетісуда әлі сайлау өтіп те үлгерген жоқ еді. 1906 жылы Мемлекеттік Дума өз жұмысын бастап кеткенде, Семей облысында болыстар өз сайлаушыларын (выборщик) енді ғана анықтаған еді.  Бұл кезде I Мемлекеттік Дума өз жұмысын бастап қойған еді.

“Семипалатинский листок”, “Фікір”, “Степной голос” газеттерінде I Дума жұмысының барысы жайында күнделікті хабарлар басылып жатты. Қазақ интеллигенциясы Мемлекеттік Думаны жер мәселесін шешетін бірден-бір құрал деп есептеді. Сондықтан да, Думаға депутат сайлау барысында Дума ісіне толық араласа алатын, қазақ мұңын үкімет басшыларына жеткізетін адамды сайлауға тырысты. Ә.Бөкейхановтың сайлауына үлкен үлес қосқан “Семипалатинский листок” газеті ол жөнінде : “15 маусым күні Семейде…  Семей облысының қырғыз жұртының атынан  Мемлекеттік думаға мүше сайлау болып өтті. Оған бірауыздан Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының қазағы, орманшы-ғалым, қырғыз Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов сайланды.

Редакция қырғыз халқын нәтижелі сайлау қорытындысымен құттықтайды, өйткені Бөкейханов арқылы қырғыздар Мемлекеттік Думада өз мүддесі үшін күресе алатын нағыз күрескерді иемденіп отыр” деп жазды. [14 112б]

Сонымен, бірінші Мемлекеттік Дума жұмысына қазақ елінің атынан үш депутат қатысты. Олар Орал облысынан-Алпысбай Қалменов, Торғай облысынан-Ахмет Бірімжанов және Семей облысынан-Әлихан Бөкейханов болатын.

1906 жылы Санкт-Петербургтан шыққан “Ресейдің бірінші Мемлекеттік Думасы” атты кітапта Думаға қатысқан қазақ депутаттары жайлы жайлы мәліметтер берді. Осы басылымда Ахмет Бірімжанов, Сәлімгерей Жантөрин, Дәуіт-Ноян Тұндытовтың, Алпысбай Қалменовтың , Сақыпзада Мақсұтовтың суреттері беріліп, бірсыпыра мәліметтер келтірілген. Депутат кітапшасында Шәймерден Қосшығұлов пен Әлихан Бөкейханов сайлау науқанының кеш жүргізілуіне байланысты кірмей қалған.

I  Мемлекеттік Дума жұмысы 1906 жылдың 27 сәуірінде Таврия сарайында ашылды. Мемлекеттік Дума ашылар қарсаңында Ресей империясының 87 губерниясы мен облыстарының 82-сіне төтенше әскери жағдай енгізілді. [21.107б]

Қазақ депутаттары А.Бірімжанов және А.Қалменов Петербургке Дума ашылғаннан кейін бір жарым ай өткен соң, яғни 10-17 маусым аралығында келіп, Дума жұмысына қатынаса бастағанда аграрлық, азаматтық теңдік туралы және басқа мәселелер алғашқы талқылаудан өтіп, олар бойынша тиесілі комиссиялар құрылып қойған болатын. Сондықтан Бірімжанов пен Қалменов ең әуелі өздері қатынаса алмаған 20-жуық отырыстарының есебімен және соған дейін жұмыс атқарған комиссиялардың ісімен танысуға кірісті. Ал Ә.Бөкейханов болса,  Дума жабылуға 1-2 күн қалғанда жеткен. Міне, осыған қарағанда қазақ депутаттарына Дума жұмысына араласуға берілген уақыт тым өлшеулі еді. Соған қарамастан 2 шілде күнгі Дума отырысында А.Бірімжанов сөз сөйлеп, қазақ елінің жерге байланысты шешілмей жатқан көп мәселелері бар екендігін айтып, аграрлық мәселе бойынша құрылған комиссияның қазақ депутаттарының өкілін енгізуді ұсынады.

Қазақ депутаттары Дума жұмысына мұсылман депутаттары фракциясы құрамында қатынасты. Бұл фракцияның заң жобасы ретінде дайындаған ең басты құжаты аграрлық мәселеге байланысты болды. Мұсылмандар фракциясы аграрлық тұжырымдамасына  мұсылмандар партиясының бағдарламасын ала отырып, біріншіден жерді облыстық меншікке айналдырып, сол арқылы  облыс қарауындағы жерді оның тұрақты жұрты арасында бөлуді, екіншіден, жер үлесі көлемі оны игеруші егіншілер үшін ғана емес, сондай-ақ малшылар үшін де өсуін, үшіншіден, жер мәселесі шешілгенде сырттан келіп, қоныс тебу біржола тоқтатылуын, төртіншіден, жеке мүшелері арасында берілуін талап етті. Думаның аграрлық комиссиясының назарына ұсынылған бұл құжатпен бір мезгілде Бірімжанов, Қалменов және басқа депутаттар тиісті үкімет орындарына қоныс аударушыларды жерге орналастыру комиссияларының қазақ облыстарында жасап жатқан заңсыз әрекеттері жөнінде сұрау салады.

Айта кетуге лайық елеулі жағдай, бірінші және екінші думалардың құрамында қазақ елінің жерге байланысты отарлық жағдайын тура және жанашырлықпен түсінген орыс депутаттары да баршылық еді. Мәселен, бірінші Дума жұмысы барысында орынборлық депутат Тимофей Иванович Седельников және басқа Сібірлік депутаттардың ұйымдастыруымен Ақмола, Семей сияқты облыстардағы жергілікті халықтың жер тапшылығына байланысты ауыр жағдайын баяндаған  53 депутаттардың қолы қойылған мәлімдеме дума төрағасына тапсырылды. Мәлімдемеде депутаттар переселен учаскілерін жасаушы чиновниктердің жергілікті халықтың құқығын аяқасты етіп жататын айта келіп: “қазақтардың артық-мыс деген жерін мемлекет қажетіне алу үшін жүргізіліп жатқан жұмыстардың ешқандай да заңдық негізі жоқ”,-деп көрсетеді. [14.114б]

Сонымен, 1906 жылдың 27 сәуірінен 7 шілдеге дейін бар болғаны бір сессия, 40 отырыс өткізіп, 72 күн жұмыс жасаған I Мемлекеттік Дума 1906 жылы 9 шілдеде үкімет шешімімен таратылады. Нақ сол күннің кешінде Думадағы оппозизияның  182 өкілі  (кадеттер, трудовиктер, меньшевиктер) Финляндияның  Выборг қаласына келіп, әйгілі “Выборг үндеуіне” қол қояды.

Қол қойған депутаттардың арасында 6 мұсылман депутаттары Әлихан Бөкейханов, Сәлімгерей Жантөрин, Сейітгерей  Алкин, Ахмутов, Зиятханов (бір депутаттың аты-жөні көрсетілмеген) бар еді. Дума депутаты Ахмет Бірімжанов та Выборгқа баруға вокзалға  келген кезде бір себепке килігіп бара алмай қалады. Үкімет бұл “Воззваниені” заңға қарсы деп тауып, “Выборг үндеуіне” қатысқандардың үстінен 22 тамызда іс қаралады. [21.111б] Сол үшін Әлихан Бөкейханов келесі Думаға сайлану құқығынан айырылып қана қойған жоқ, сонымен бірге жауапқа тартылып, абақтыда отырып шығады.

         Сонымен, XIX ғасырдың екінші жартысы мен  XX ғасырдың басында қалыптасқан қазақ зиялыларының бірі- Бақытжан Қаратаев болды. Оның алғаш ауыл мектебінен білім алып, 1886-1890 жылдар аралығында Санкт-Петербург университетінде білім алуы оның саяси көзқарастарының қалыптасуына үлкен әсерін  тигізді. Алайда, 1891жылы  патша әкімшілігінің Сенатына қызметке тағайындалған Б.Қаратаевты патша чиновниктері Санкт-Петербургтан алысырақ аймаққа — Грузияның Кутаиси қаласына тергеу жүргізу қызметіне ығыстырып тастауға тырысты. Өйткені, 1891 жылы патша үкіметі қазақ даласын басқарудың жаңа Далалық Ережесін даярлап жатқан еді, сондықтан да олар үшін әкімшілік сенатында көзі ашық қазақтың жүргені қауіпті болып көрінді. Жеті жылдай Қазақстаннан тыс жүрген Бақытжан Қаратаев 1897 жылы  өзінің кіндік кескен Орал топырағына оралып, өз мамандығы бойынша халық құқығын сақтау мақсатында, адвокат болып орналасады. Патша чиновниктерінің қазақ даласында жергілікті халыққа қарсы жүргізіліп отырған озбырлық саясатына, адамдық құқықтарын аяққа таптаған әрекеттеріне қарсы үн көтереді.

Бақытжан Бисәліұлының  қазақ халқын, оның жері мен суын, азаматтарының құқығын қорғауға бағытталған іс-әрекеті, қызметі Бірінші Орыс революциясы жылдарында ерекше байқалады. Оның Орал және Торғай қазақтарының атынан жолданған петицияны даярлауға қатысуы, 1905 жылы Орал қаласында өткен бес облыстың делегаттық сьезінде “Қазақ конституциялық демократиялық партиясын” құрудағы әрекеті оның қоғам қайраткері ретінде қалыптасқанын көрсетеді.

Ресейдегі  азаттық қозғалыстың өрлеу барысында қазақ қоғамына да жеткен үлкен тарихи жаңалықтың бірі — 1905 жылы 6 тамызда шыққан манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға  депутат сайлау  құқығының берілуі еді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1906 жылғы 22 ақпандағы заң бойынша жүргізілді. Бұл заң бойынша қазақ  жерінде сайлаудың кештетіліп жүргізілуі, патшаның 1906 жылғы 9 шілдедегі шешімімен Думаның таратылуы  нәтижесінде, қазақ халқынан депутат болып тағайындалған  қазақ депутаттары Дума жұмысына толық араласа алмаған болатын.

Сондықтан да қазақ халқының мүддесін білдіретін ендігі  бар үміт- II Мемлекеттік Думаға жүктелген болатын.

 

1.2  Бақытжан Қаратаев – II Мемлекеттік Дума депутаты

 

Бақытжан Қаратаев – патша өкіметінің саясаты салдарынан туған  жеріндегі қиындықтарды көзімен көріп, жан дүниесімен сезініп, халқының азаттығы үшін бар ғұмырын сарп еткен батыл күрескер. Ол империяның қазақ өлкесін отарлауы жөніндегі еңбегінде: “Вдруг Временное положение обьявило казахам, что земли занимаемые казахскими кочевьями, признаются государственным и предоставляются в общественное пользование казахов. Это было для них ударом молнии в ясный день… Сразу же почувствовалась, что они тепер как будто бы на чужой земле ”-деп Уақытша Ереженің қазақ даласына әкелген зардаптары мен жерінен  айырылған қазақтардың басына төнген ауыр жағдай мен шеккен ауыр қайғы-қасіретін ашық жазады.[23.29б] Өз халқының қабырғасына ерекше батқан жер мәселесіне ерекше көңіл бөліп, оны шешу үшін белсенді әрекеттер жасаған II Мемлекеттік Дума депутатының бірі- Бақытжан Қаратаев болды. 

II Мемлекеттік Думаға сайлау 1907 жылдың қаңтар-ақпан айларында болды. Оған дайындық жұмыстары үйездік, қалалық сайлау комиссияларының құрылған кезінен бастап-ақ, яғни 1906 жылдың қараша айынан соң басталды.

Сайлауға сайланушылар мерзімі қалаларда 1906 жылдың желтоқсанынан 1907 жылдың ақпаны аралығында өтуге тиіс болса, ауылдық жерлерде 1906 жылдың желтоқсаны деп белгіленді. [22.107б]

II Мемлекеттік Думаға депутат сайлау қазақ даласында негізінен ескі жүйе бойынша өтті. Ешқандай да ілгерілеудің нышаны байқалған жоқ. Керісінше сенаттан өткен заң, ережелердің түсіндірмелерімен танысудан соң үкімет сайланушылар санын қысқартуға тырысты. 1906 жылы 19 желтоқсанда Ішкі Істер Министрі “қалалық сайлауға өз атынан үй жалдап, бірақ біршама уақыт онда тұрмаса” және “пәтер ақысын төлей алмаса”, сондай-ақ баспанасы жоқтар сайлауға қатыса алмайтындығын білдіріп жарлық шығарды. Сонымен қатар курьер, вахтер және от жағу жұмыстарын атқарушы адамдар сайлаушылар қатарына енгізілмеді. Сайлау құқығынан темір жол қызметкерлері, бу машинасын жүргізушілер, вагон тексерушілер, құрылысшылар және жол айрығында жұмыс істеушілер айырылды.

Сайлау науқаны қарсаңында елде тыныштық сақтауды талап еткен, Ресей мен оның құрамындағы елдерде жиын, митингілер өткізуге, әсіресе халық арасында революциялық ықпалда үгіт-насихат жүргізүге тыйым салған, ал бола қойған жағдайда оны бастаған адамдарды “қылмысты” деп сотқа тарту жөнінде Столыпиннің арнайы бұйрығы шығады. [21.112б]

Бұл Дума 1907 жылы 20 ақпанда ашылып, өзінің 103 жұмыс күнінде  2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс жасады.

1907 жылы Бақытжан Қаратаев кадет партиясының мүшесі болды. [34-26 б] Ол 1907 жылы II Мемлекеттік Думаға қатысу үшін Петербургке жүрер алдында Орынборда шығып тұрған татар-социал демократтарының “Орал” газетінің 7 ақпандағы  санында орыс жұмысшыларына бағыштап “Орыс халқына ашық хат” деген тақырыпта өзінің болашақ депутаттық жұмысын неден бастайтынын көрсететін бағдарлама іспетті болған мақаласын жариялайды. Бұл мақала оның қазақ халқын отарлық саясаттан, жерді талан-таражға  салуға қарсы бағытталған жан айқайынан туындаған еді. Патша үкіметінің  жаулап алу саясатын батыл түрде әшкерелеп, былай деп жазды: “Руссия граждандары! Біз қырғыздар үкіметтен біздің жерімізге Руссия ішіндегі крестьяндарды көшіріп, бізді талауда… Бұл үшін бізге  зорлық болған секілді бүтін Руссия халықтарына да бек көп ақшаларымызды өтіне-өтіне биік күн… бітірдік. Біздің ықтиярымызға үкімет бірде илтифат етпеді… Енді біз үкіметке ышанмайынша бүтін Руссия халқына жалбарынамыз. Туғандар! Үкімет біздің надандылықпен, біздің оқымағандығымызды пайдаланып, біздің бүтін облыстардағы жақсы жерлерімізді талап алып, көшіп келген адамдарға беріп тура. Бізге құмнан, әм шағыр, әрім өсетін жерлерден басқа бір нәрсе де қалмады ”- дей келе соның салдарынан қан-төгіске апаратын қақтығыстардың болып жатқандығын көрсетеді. “Біз бұларды орыс халқына жаулық қарым-қатынаста болғандықтан емес, біздің онымен ортақ дұшпанымыз бар, ол патшалық самодержавие- дүр… біз былай ойлаймыз: ең алдымен Россияның өз ішінде жеке адамдарға, кабинетке, монастрларға бөлінген және басқа да жерлер – жерсіз шаруалар қолына берілу керек, ал күллі ел бойынша жер біткен халық меншігі ретінде танылуы тиіс. Бұл үшін елдің барша жоғары өкіметі халықтың өз қолына өтсін. Самодержавие құламайынша, жер мәселесі оң шешілмейді, сондықтан да біз жер үшін күресті Россияның барлық халқымен бірлесіп жүргізу ниетіндеміз.” [19.179б] Осы сөздерінен Бақытжан Қаратаевтың революцияға дейінгі де, одан кейінгі де іс- әрекеттерін айқындаған мақсатын аңғаруға болатындай.

Зерттеушілердің бірі М.Жақсалиев 1905-1907 жылдардағы революция кезінде аграрлық мәселе бойынша Б.Б.Қаратаевты “революциялық-демократиялық бағытты ұстады, шын мәнінде бұл сол кездегі большевиктердің  жерді национализациялау талабынан еш айырмашылығы жоқ” деп есептеді. [9. 9б]

Орал қаласының қазақтары мен орыс шаруалары 15 ақпанда II Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған Б. Қаратаев пен Ф.Ереминді шығарып салуға вокзал басына келіп, олардың Думада мұң-мұқтаждарын шешуге күш салатындықтарына сенімдерін білдіреді. Қазақ халқының атынан сайланған депутат Бақытжан Қаратаев өз сөзінде сенімдерін толық ақтайтындығына уәде береді. 1907 жылғы “Уральский листок” газетінің 38 санында: “Депутат из инородцев Б.Б. Каратаев в своей речи, обращенной к провожающим, указал, что при настоящем трудном положении родины, осуществление начал манифеста 17-го октября возможно только при хладнокровном усидчивом труде Б.Б. Каратаев сказал, что в Думе всем депутатам, желающим умиротворить Родину, придется работать совместно и т.к. в Уральской области живут иногородцы, инородцы и казаки, то они тоже дожны действовать совместно и идти рука об руку”,-деп жазылды. [21.112б]

Патша үкіметі патша әкімшілігіне қарсы шыққан адамдарды сайлауға қатыстырмауға тырысты. Осыған орай 1906 жылы 23 желтоқсанда Заң министрі Ішкі Істер министрімен кеңесе отырып, Дала генерал-губернатолығына Омбы қаласының қалалық сайлау тізімінен Ә.Бөкейхановты “Выборг үндеуіне ”  қол  қойып, сотқа тартылғаны үшін тез арада шығару турасында нұсқау жібереді. Нұсқау тиісімен Омбы қалалық сотының басқарушысы бұрынғы Мемлекеттік Дума мүшесі Ә.Бөкейхановтың кандидатурасын сайлаушылар тізімінен алынып тасталғаны жөнінде мәлімет түсіреді.

Қазақ халқынан депутаттыққа Орал облысынан Бақытжан Қаратаев, Ақмола облысынан Ш. Қосшығұлов, Торғай облысынан А.Бірімжанов, Семей облысынан Т.Нұрекенов, Жетісу облысынан М.Тынышбаев, Сырдария облысынан Т.Алдабергенов, Астрахан губерниясынан Б.Құлманов сайланады.

II Мемлекеттік Думаға Дала өлкесінен Ақмола облысынан Виноградов (соц-дем. партия), Орал облысынан И.И. Космодамианский (соц-дем. партия), Торғай облысынан И.В. Голованов (соц-дем. партия), Семей облысынан Мемлекеттік Думада Сібір автономияшыларын құрған Н.Я. Коншин (соц-дем. партия), Орал казактарынан атынан Ф.А. Еремин, Ақмола облысының Сібір казактарынан И.П. Лаптев сайланады. [21.112б]

Бұл II  Дума да үкіметтің аграрлық және отаршыл  саясатын сынға алады. II Мемлекеттік Дума депутаттарының құрамы жағынан да, күн тәртібіне қойылған мәселерді  талқылау жағынан да бірінші Думаға қарағанда солшыл болып шықты. [35.115б]

II Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясына 36 депутат кірді. Бұл фракцияның өзі “Мұсылман фракциясына” және “Мұсылман қызмет фракциясы” (кей деректе “Мұсылман қызмет тайпасы”) болып екіге бөлінді. Бұл фракция өз бағдарламасын жасап, Дума барысында бірнеше отырыстар өткізген еді. [21.112б]

Б.Қаратаев Думаның ашылуы қарсаңында тіркеу тізімі бойынша кадет партиясының құрамына енген болатын. Алайда, Дума жұмысы барысында партиялық фракция мен топтарды толықтай қайта құрған кезде мұсылман фракциясының тізіміне кіреді. [34.26б] Қазақ депутаттары Т.Нұрекенов, Т.Алдабергенов,   Ш. Қосшығұлов, А.Бірімжанов және Б.Құлмановтар мұсылман фракциясының бөліміне, ал Жетісу облысынан сайланған  М.Тынышбаев конституциялық-демократиялық фракцияның тізіміне кірді. [24 .27б-33б]

Дума барысында оның мүшесі Ахмет Бірімжанов Далалық сот пен жергілікті сот комиссиясының құрамында, ал М.Тынышбаев пен Б.Қаратаев 1907 жылы 3 сәуірде құрылған аграрлық комиссияның құрамында болды.[24 39б ].

Дума отырыстарының арасында Бақытжан Қаратаев  Егіншілік пен Жерге орналастыру  Бас басқарамасына барып, қазақ өлкесіндегі үкіметтің жүргізіп отырған жер саясатының көшпелі қазақтарға үлкен зиянын тигізіп отырғанын, Дала өлкесіне орыс шаруаларын қоныстандыруды тоқтату қажеттігін айтқан болатын. Осы жылдың 24 наурызында Ресей өкіметінің төрағасы П.Столыпин Думаға қазақ даласынан сайланған депутаттармен жер мәселесі туралы кеңес өткізеді. Мұндай мәжбүрлік әрекетке көп ықпал еткен Бақытжан Қаратаев болды. Ол өзінің жан-жақты білімділігі нәтижесінде бар мүмкіндігін пайдалана отырып, патша үкіметіне батыл түрде, тайсалмай мәселе қоя білді. “Тургайская газета” деп аталатын басылым осы оқиға туралы кезінде былай деп жазды: “24 марта состоялась первое заседание образованного председателем Совета министров П.А. Столыпиным совещание приглашены так же члены Государственной Думы – киргизы. При обсуждении земельных нужд населения степных областей депутаты, между прочим, указали на урегулирование переселенческого вопроса. Во избежания возможных недорозумений и даже кровавых столкновений, на местах, по мнению депутатов необходимо, чтобы правительство приостановило переселение и выждало разрешение аграрного вопроса  Государственной Думы”.[17.74б] Ал осы кеңеске байланысты қазақ баспасөзі  “Айқаптың”  “Қазақ жерінің хақында” деген мақаласында: 1907 –інші жылда март ішінде 2-інші государственный думаның депутаттары сұлтан Қаратаев, Бірімжанов, Қосшығұлов һәм Нұрекенов бас министр Столыпин мен Жер министрі дәрежесіндегі князь Васильчиковқа жолығып, жер мұқтажын айтып сөйлесті деп жазды.

“Қазақ дапутаттары сұлтан Қаратаевқа сөз беріп еді, ол айта –айта келіп, байлауында былай деді: “Қара шекпенділерді  переселениеден тоқтату керек. Азиатск облыстарындағы  қазақ жерлерін өлшеп жақсысы қанша, жаманы қанша білу керек, көшпелі һәм отырықшы қазақтарды жақсы деген жерлерге  орналастыру керек, одан соң артық жақсы жерлер болса переселение пайдасына шығару керек; Жаман жерлерін ешкімнен қызғанбайды.”

Оған Бас басқарма Дала өлкесіндегі қоныстандыру саясатын жақтап былайша жауап береді: “XX ғасырда қазақтардың көшпелі өмір сүруін тоқтату керек, сол үшін қоныстандыру өте қажет деп есептеймін” [21.114б]

Бақытжан Қаратаев Думаның аграрлық комиссияның құрамына еніп, аграрлық заң жобасын жасауға қатынасты. Сондай-ақ бірнеше рет қазақ өлкесіндегі жер саясатына байланысты отырыстарға  қатысып сөз сөйлейді. Думаның 39 пленарлық отырысында аграрлық мәселені талқылауға қатысып (16 мамыр) мінбеге көтеріліп сөз сөйлейді.

В.И. Ленин “Социал-демократияның 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясындағы аграрлық программасы” деген еңбегінде: “Қырғыз-қайсақ халқының атынан II Думада депутат Қаратаев (Орал облысынан) сөйледі” -деп жазған еді. [36 673 б]

Б.Қаратаев II Мемлекеттік Думадағы сөзін былай бастайды: “Қырғыз-қайсақ халқының атынан бұл мінбеде ешкім сөйлеген жоқ; соған қарамастан мемлекетімізде шиеленісіп отырған аграрлық мәселені шаруаларды Далалық облыстар территориясына, атап айтқанда, Орал, Торғай, Ақмола, Семей және Жетісу облысының территориясына қоныс аудару арқылы шешкісі келетіндер бар. Әсіресе, оң жақ қатарда отырған ағайындарымыз аграрлық дағдарысты Орта Азияға шаруаларды көшіру жолымен жоюға құштар. Олардың көзқарастарын парламентке егіншілік пен орналастыру ісінің бас басқарушысы князь Васильчиков, сондай-ақ, Министрлер Кеңесінің төрағасы Столыпин  таратып отыр. Алайда осы уақытқа дейін Мемлекеттік Дума делегаттарының бірде-бірі қазір азиялық облыстар ішінде шаруаларды қоныстандыратын басы артық жер бар ма, басымызды қатыра-қатыра шаруаларды қоныс аударуға тәуекел ете алатындай Далалық облыстардың барлық бөліктері жаратылыстық-тарихи, шаруашылық-статистика, топырағы мен ауа райы жағдайлары тұрғысынан зерттеліп болды ма деп сұраған жоқ, ол туралы біле де қоймас. Осынау қоныстандыру шаруалардың өздерін де, сонымен бірге қырғыздарды да қатты қыспаққа түсірмейді ме, бұл қоныстандыру шет жерлік қырғыздар шаруашылықтарының күйзеліске ұшырап, ыдырауына кеп соқпай ма ешкім сұраған емес. Жергілікті халықтың мүдделерімен есептеспей, келген қоныстандыру қалай дегенмен де әділетсіздік болып табылуға тиіс. Ол қашан да күштінің әлсізді қанауы деп қабылданбақ…. оларға зорлық көрсетудің ешқандай жөні жоқ”,-дейді. Ол депутат Темеренковтың “Азияда ұшы-қиырсыз жер бар, шаруаларды сонда қоныс аудартып, солайша жер жетімсіздігін жоюға болады.” деген сөзіне қарсы дау айтады және “шын мәнінде, белгілі ғалым Щербина  Далалық облыстардың солтүстік уездерін, атап айтқанда, Торғай, Ақмола және Семей облыстарының жері құнарлы уездерін ғана зерттеген, бірақ Щербина олардың оңтүстігіндегі уездерін барлай алмады. Егер ауа райы мен топырақ жағдайларының барлығы тұтастай зерттелген болса, онда Далалық облыстардың оңтүстік уездерінде топырақ сорлы, құмды, кеуіп қалған сор дала болғандықтан басы артық жердің аз екені жайында ешқандай күмәнсіз қорытынды жасаған болар едік”-деп басып көрсетеді. [25.673б] Бақытжан Қаратаев қоныстанушылар қазақтарды ата қонысынан айырып қана қоймай, жеке меншік малдарын да тартып алып, соның салдарынан қан төгіске апаратын қақтығыстардың болып жатқандығын жеткізеді: “Бүгінде Россиядағы аграрлық мәселенің қиындығына орай егіншілік пен жерге орналастыру ведомоствосы қазірдің өзінде ол жақтарға шаруаларды көшіріп, оларды Далалық облыстарға еліктіре шақырумен қатар, қырғыздарды орныққан орындарынан, поселке, деревня құрап отырған  үйлерінен жаппай қуып шығумен айналысып отыр, көріп тұрсыздар қоныс аудару бүгінде  топырағы құнарлы  уездерді жайлаған, яғни отырықшылыққа көңіл бұрып, егін салумен айналысып жатқан қырғыз-қайсақ халқын ығыстырумен, халыққа өздері тұрған үйлері мен деревняларынан қуып шығумен қосарлана жүріп жатыр. Мен бұны ресми деректермен дәлелдей аламын. Осы кезге дейін бәрі, қырғыздар көшіп-қонып жүреді-мыс деген түсінікте келеді. Жоқ, мырзалар, қырғыздардың көшпенділері де, отырықшылары да бар. Далалық облыстардың солтүстіктегі  құнарлы уездерін, міне, ондаған жылдардан бері отырықшы қырғыздар жайлап, егін егіп келеді. Осынау қырғыздар үшін егін егу-тұрмыс тузеудің негізгі көзі, ал олар мал өсірумен де айналысады десек, ол тұрмыс түзеудің қосымша көзі болып табылады”-дей келе “Егіншілік ведомствосы немесе егіншілік пен жерге орналастыру басқармасының әкімдері шаруаларды Далалық облыстарға қоныс аудара отырып, іс жүзінде осы қырғыздарды өздері мекендеген жақсы жерлерінен, жылы ұяларынан қуып шығарумен айналысуда”-деп дәлелдер келтіреді. Бақытжан қазақ депутаттарының орыс жағдайын жақсы түсінетінін, оларға жандарының ашитынын, алайда орыс шаруаларының бұл мәселелерін қазақ жерін тартып алу арқылы шешуге болмайтынын айтып өтеді. Сөзінің соңында: “… Мемлекеттік Дума өздері Россия ішіндегі помещиктер мүдделерін, осынау 130 000 помещиктің мүддесін қорғау үшін шаруаларды қоныстандыру арқылы қорлап отырған қырғыз-қайсақтардың, әрдайым шаруалардың жерге мұқтажын қанағаттандыру мақсатында жеке иеліктегі жерлерді күштеп тартып алу ниетіндегі  барлық оппозициялық фракцияларға аянышпен қарайтынын есте ұстайтын болсын. Дегенмен, бүгінгі таңда шаруаларға  орын босату үшін, әлгі помещиктерді аман алып қалу үшін қырғыздарды жерінен ғана емес, тұрған үйінен қуып шығып жатқанын түсініңіздер. Орыстың еңбекші бұқарасы мен зиялылар қауымы жерімен қоса үйінен, қора-қопсысынан қуылып жатқан сорлы қырғыз-қайсақтардың мұңына құлақ асады деп сенемін. Менің қолымда мұны дәлелдейтін қыруар деректер тұр, бірақ өкінішке орай, сөзімді аяқтай     алмадым”,- деп аяқтайды. [25.674б]

Бақытжан Қаратаев орыстың зиялы қауымы мен еңбекші бұқарасын қазақ халқының осындай ауыр жағдайларына көңіл аударуға шақырады. Ол басқа депутаттар сияқты қазақ халқының әлеуметтік және экономикалық мұқтаждықтары шешіледі деп үміттенді. Алайда, оның Думаның алдына қойған жер мәселесіне қатысты істер ешқандай қолдау таппады. Сондықтан да Бақытжан Қаратаев елге құр қайтпас үшін дала Ережесіне қатысты әр түрлі циркулярларды жинады. Дума қарастырар деген үмітпен талабын хат түрінде  Думаның мұсылман фракцмиясына тапсырады. “Вақыт” газетінің 1908 жылғы 9 қарашадағы санында: “Составив исправленный список них, он написал на трех страницах письмо и выручал представителю Думы 12 июня через мусульманскую фракцию, надеясь, что его рассмотрят, когда подойдет очередь”,-деп жазылды. [6.24б]

Б.Қаратаев, Шахтахтинский, Алкин бастаған мұсылман-депутаттары 28 наурызда “Халық еркі” фракциясының отырысына қатысады. Бұл депутаттар фракция комиссиясының алдына патша үкіметінің жүргізіп отырған бірнеше заңсыз, жүгенсіз әрекеттерін ашық түрде жайып салады. Б.Қаратаев патша үкіметінің қазақ жерін меншіктеп, дінін басқаруды әкімшілік қолына топтастырған 1868 жылғы және қазақ жазбасын орыс алфавитіне көшірген 1876 жылғы заңдарды сынға ала сөйлейді. [21.115б]

Мұсылман фракциясының дапутаттары 21 сәуірде “Дума” атты газетін шығарып, Думадағы қаралған мәселерді жариялап отырды. Бұл газеттің II Дума таратылғанша 6 номері шықты. Газет Петербургтің қалалық төрағасының әмірі бойынша тоқтатылады.

Бұл II Дума да патшаға ұнамайды. 1907 жылғы 3 маусым күнгі заңы бойынша бұл Дума да таратылады. Думаның таратылуының себебін Николай II  өз бұйрығында былайша көрсетті: “В среду самой Думы внесен был дух вражды, помешавший сплотиться достаточному числу членов ее, желавших работать на пользу родной земли”. Осыдан кейін Столыпиннің бұйрығы бойынша 65 социал-демократтардың 16-сы “бүлік” ұйымдастыруға  дайындалып жатыр деген желеумен қамауға алынуға тиіс болды. [21.116]

II Мемлекеттік Дума таратып жібергеннен соң Бақытжан Қаратаев Орал облысына қайта оралады.

Жерге орналастыру және Егіншілік Бас Басқармасының бұрынғы іс жүргізушісі, колледж Кеңесшісі Ф.Умов Дала генерал-губернаторлығына жазған бір хатында II Дума жөнінде былай деп тұжырым келтірген еді: “Жоғары мәртебелінің бұйрығымен екі рет шақырылып, екі рет таратылған Мемлекеттік Думаның өткізілген сессияларында екі мәселе: Ресей империясының кейбір шет аймақтарындағы автономиялық басқару мен аграрлық мәселе бойынша қызу айтыс-тартыспен қаралады.” Аграрлық мәселе ең маңызды болса да әлі шешімін таппағанын айтады.

Үкіметтің 1907 жылғы 3 маусымда шығарған заңы Думаны таратуымен қатар, сайлау заңына да өзгерістер енгізді. Оның бірінші тарауында мынадай сөздер бар еді: “Ст. 9. В выборах не участвуют:  5. Бродячие инородцы и 6. Иностранные подданные…” “Ереженің” III тарауының Мемлекетік Думаға  сайлау өткізілетін губерниялар мен облыстардың тізімі берілген 2-4 баптарында Түркістан мен қазақ облыстары аталмаған болатын, өйткені мұнда тұратын қазақ, қырғыз, өзбек және басқа халықтар сайлау құқықтарынан айырылған еді. Патша үкіметі Қазақстан мен Түркістанда пәрменді отарлау саясатын жүргізе отырып, Думада бұл аймақтардан депутаттардың болмағанын өзіне қолайлы деп тапты. [14.116б]

Бұл III Мемлекеттік Дума 1907 жылдың 1 қарашасынан бастап 1912 жылдың 9 маусымына дейін жұмыс істеді.  Бұл Думаның да алдына қойған негізгі жұмысы аграрлық мәселе болды. Қазақ халқы Думадағы депутаттық орыннан айырылса да мұсылман фракциясына үлкен үміт артты, сондай-ақ Сібір депутатары жер мәселесіне көмек береді деп сенді.

Ә.Бөкейханов: “…өткен бес жылда Думада қазақ ісі бөтен халық сайлаған депутаттар қолында қалды”-деп жазды “Үшінші Дума һәм қазақ” мақаласында.

III Мемлекеттік Дума мүшелерінің арасында қазақ елінің ауыр жағдайына іштарта қараған адамдар да бар еді. Қазақ қайраткерлерінің өтініші бойынша Сібір депутаттары Волков 2-нің, Скалозубов, Дзюбинскийдің, Виноградовтың, мұсылман фракциясының депутаттарынан  Мақсұтов, Жағыпаровтың және басқа демократиялық бағыттағы депутаттардың патша үкіметінен әділетсіз аграрлық және ұлт саясатын өзгертуді талап етуі, сол жүйе шеңберінде кішкене де болса атқарылған іс емес, сонымен бірге империя халықтарының шовинистік, кертартпа ұлтшылдық пиғылдан ада бөлігінің өзара достық ниетінің шынайы көрінісі болатын.

Дегенмен, “3 маусым заңы” қазақ интеллигенциясын Дума арқылы жүргізуді көздеген саяси күрестен біржола ығыстыра алған жоқ. Олар Думадан тыс қала отырып, құрамы жағынан алғашқы екі Думадан анағұрлым консервативті, ұлыдержавалық бағыттағы III  Дума шеңберінде де мұсылман фракциясы, сібірлік депутаттар, солшыл кадеттер және басқа одақтастары арқылы үкіметтің қазақ жерінде отарлау саясатына, “3 маусым заңына” қарсы әрекетін тоқтатпады. Мәселен, Қостанай уезд басшысының Торғай губернаторына жіберген 1908 жылдың ақпанындағы №25 құпия құжатында Қостанай уезінің қазағы Баймұхамет Наурызбаевтың Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясынан хат алғандығын, ол хатта таяу арада қазақтардың жер мәселесі сөз болатындығын, сондықтан тез арада қазақтың қайғы-қасіретін, қажетін білетін бір өкілді жіберулерін өтінгені айтылады. Осыған орай осы жылдың қаңтар айында Троицк қаласында Қостанай уезінің Кеңарал, Сарай, Шұбар, Қарабалық болыстарының құрметті адамдары жиналып, кеңесіп, Санкт-Петербургке Қызыларал болысының қазағы Елжан Оразовты жіберуді жөн көріп, жолына 1500 сом ақша жинап береді. Сондай-ақ басқа да Арақарағай, Аманқарағай, Дамбар, Аят, Обаған болыстарының қазақтары Елжан Оразовқа көмекші ретінде деп, оған әр болыстан деп 300 сомнан жинап беруді жөн көреді.

Полиция Департаментіне түскен бір құжатта Петербургке Елжан Оразовпен бірге  Арақарағай болысының №5 ауылының қазағы Аймұхамет Өтегенов пен бұрынғы II Мемлекеттік Дума мүшесі Б.Қаратаев аттанбақ екені айтылады. “Бұл депутаттар Щербина партиясының бекіткен статистикалық мөлшері бойынша қазақ жерін өздеріне бекітуді өтінбекші”,-деп көрсетілді құжатта [21.118б]

Торғай облысының қазақтары Мемлекеттік Думада қарастырар деген үмітпен өздерінің өтініш-талаптарын білдірген хаттарында: “Думада Руссияның шет аймақтарындағы халықтарының өкілдері жоқ, соған біз қырғыздар да жатамыз. Біздің жәйімізді Думада ешкім ойламайды. Басқа елдермен салыстырғанда , қырғыз халқының пайдасы көп.

…Осы жылдың қаңтар айында Қостанай уезінің 5-6 болысының қадірлі адамдары біз, өзіміздің азшылығымызға қарамастан, біріге отырып, жеріміз бен дінімізді шешу үшін Санкт-Петербургке 2 адамды жіберуді жөн көрді. Бұл адамдар Петербургке келгеннен кейін Орал облысынан сұлтан Бақытжан Қаратаевты басшылық жасауға шақырды, онымен бірге Сырдария облысынан Сералы Лапин осы жылдың 15 маусымында Петербургке келді”-дейді. Сондай-ақ, өздерінің бір жиналыстарында Петербургке депутат жіберумен қатар осы қалада “Алаш” деген атпен қазақша газет шығару мәселесі қойылды. Бұл газеттің қазақтарға үлкен пайда әкелетіні, әсіресе барлық облыстардағы қазақтар өздерінің мұң-мұқтаждарын жазуға мүмкіншілік беретіндігі баса көрсетіледі. [21.118б]

Бақытжан Қаратаев III және IY Мемлекеттік Думаға сайланбаса да, Думадағы  мұсылман фракциясы арқылы жерге қатысты мәселерді шешуге тырысты. Мұсылман фракциясының мүшелері оны аграрлық мәселе бойынша қабылданатын ереженің жобасын жасауға көмектесу үшін Петербургқа арнайы шақырған. Б.Қаратаев, Торғай облысынан  Елжан Оразов, Сырдария облысынан Сералы Лапин  бастаған қазақ өкілдері Петербургке  атанып, III Дума қазақ жер тұрғысынан жоба жасап, кадет пен октябристер партиясы арқылы өткізуге тырысты. Бақытжан Қаратаев өз беделі арқылы Дума фракцияларының 60 мүшесінің қолдарын қойғызып, тақылауға ұсынуға әрекеттер жасайды. Қол қойғандардың ішінде Ресей империясының сол кезде ел аузында жүрген П.Н. Милюков, А.И.Гучков сияқты ірі мемлекет қайраткерлері де бар еді. [17. 77б] Қазақ зиялылары ең басында Щербина нормасын қазаққа жеткілікті деп, сол жерді қазақтарға мәңгілік деп бекітіп берсе екен деп, бұл жобаны октябристер партиясына Думадан өткізіп беруін өтінген еді. Алайда  октябристер  жобаны “мұндай көп жерлерді мәңгілікке беруге болмайды” деген желеумен қабылдамай тастады. Бұл жобаны кадет партиясы да мақұлдады.

“Мұнан кейін тағы бір проект түзедік. Бұл проектіміз кадетский партиясының фракциясына көрсетіліп, доклад қылдық; Кадет партиясының депутаттары бірі қалмай қабыл етті; Октябристер депутаттары  “переселение тоқтатылсын” деген жерді қабыл етпеді, “сол жер алынып тасталынсын, проектіге қол қоямыз, болмаса қоймаймыз” деді. Кадет депутаттарымен октябрист депутаттарының бастарын қосып та қарадық, кадеттер көнсе октябристер  “переселение тоқтатылсын” деген сөзге аса көнбеді. Амал жоқ, бұл сөзді проектімізден алып тастадық. Нағыз керекті жерін алып тастаған соң проектіміздің өзімізге қадірі онша лайық болмады.”,- деп жазды “Айқап”-қа Б.Қаратаев. Бұл жоба Дума мінбесінде қабылданбаған болатын. Осылайша, Бақытжан Қаратаевтың қазақ халқының талан-таражға салынып жатқан жерін қорғауда жасаған қызметі ешқандай нәтиже бермейді, қағаз жүзінде ескерусіз қалады. Патша чиновниктерінің есігін әбден қағудан әбден жалыққан, қажыған Бақытжан Бисәліұлы  былай деп жазды: “Не үшін кеңеске алынбай тұрғанын, бұл күнде білдік: министр дәрежесіндегі жер хәкімі статс-секретарь Кривошеин Дала облыстарының губернаторына хабар берді: “Қазақтардың бұл жобасы хәкімдердің көңіліне биік қарсы, сол себепті қабыл етілмейді.”[17.76] Негізінде статус-хатшы Кривошеин қазақтардың отырықшылыққа көшуін қолдаса да оларға жақсы жерлерді беру қажетті емес, ауыл шаруашылығына  жарамды жерлер берілсе болғаны деп есептеді. [38.254б] 

Әрине,  Бақытжан Қаратаевтың қазақ жерін қорғаудағы белсенді іс-әрекеті отарлық саясат жүргізу психологиясымен уланған патша үкіметінің мүддесін қанағаттандырмаған еді. Мемлекеттік Думадағы қызметі осымен ғана шектелген Бақытжан Қаратаев империя жағдайындағы Дума сияқты “өкілетті” орынның, ең алдымен, орыс помещиктерінің мүддесіне, империялық мүдделерге қызмет жасайтындығына көздері жетті. Осыған байланысты, тарихшы М.Қойгелдиев: “Қазақ зиялылары Думаға қатысты шараларға араласа отырып, негізгі мақсатқа жету үшін жалпы халықтың белсенді, мақсатты қимылы және саяси тұтастығы қажет екендігіне көздері жетті. Олардың “Айқап” сияқты журнал, “Қазақ” сияқты газет шығарып, саяси ағарту жұмысына ден қоюы сондықтан еді”- деді. [14.123б]

“Айқап” журналы мен “Қазақ” газетінде қазақ халқының әлеуметтік-саяси, мәдени-шаруашылық басылымы болғандықтан елдің ішінде болып жатқан саяси жағдайларды, Мемлекеттік Дума, Дума депутаттарының жүргізіп жатқан істері жөнінде хабарлап отырды, әр мәселенің шешуін, жауабын табуға тырысты.

“Айқап” пен “Қазақтың” ұстанған позициясы сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының обьективті жағдайынан туындап, қазақ ұлтының ең зәру талап-тілектері, мақсат-мүделерін білдірді. Қазақ қауымы “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетін қазақ даласында екі жақты қанауда жатқан елдің мақсат-мүддесін қорғайтын басылым деп есептеді, әрі одан үміт күтті. Сондықтан да олар хат жазып өздерінің мұң-мұқтаждарына көмектесер деп сенді. Осы басылымдар қазақ арасындағы феодалдық қоғам қалдықтарына: жалқаулыққа, надандыққа, жікшілдікке қарсы күресті; жаңаны, жақсыны дәріптеді, мәдениетті халықтарды үлгі етті.

Кезінде қазақ қоғамында ұлттық сананың оянуына әсер етіп, “… қалың орманға кіріп, адасқан адам секілді, қалай жүрсе жөн боларын білмей дағдарған кезінде” қазағына жол сілтеген “Айқап” журналы М Сералиннің бастамасымен соның ерлікке тең еңбегінің арқасында және соның қаражатына 1911 жылдың 10 қаңтарынан бастап Троицкі қаласында Х.Сосновскийдің “Энергия” баспаханасында шыға бастаған. Көлемі 4-5 табақ, таралымы 900-1000 дана. 1915 жылдың қыркүйегіне дейін барлығы 88 саны жарық көрген. Кей жылдары 12-14, кей жылдары 24 нөмірге дейін шыққан. Тұңғыш журналдың неліктен “Айқап” атануы туралы М.Сералин: “Біздің қазақтың неше жерде “қап” деп капы қалған істері көп. “Қап” дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге лайықтап “Айқап”  болды”-дейді.[39.166б]

Осы кезде 1907-1916 жылдар аралығында Б.Қаратаев ел аралап, үгіт-насихат жұмысымен айналысады. Патша үкіметінің қоныстандыру саясатына қарсы “Айқап” журналы мен “Қазақстан” газеттеріне мақалалар жазды. Бақытжан Бисәліұлы жаңа шыққан “Айқап” журналы туралы “Айқаптың” 1911 санындағы  “Тұла бойым тұңғышым” атты мақаласында: “Тұла бойым тұңғышым” деп үлкен баласын… балаларынан абзалырақ көретін қазақтың ғадеті бар, егер бала жалғыз болса, басқа тапшы адам “жалғызым” деп бегірек ардақтайды. Қазақ халқында журнал яки газет бұл күнге дейін жоқ еді. Бөтен жұрттар журнал һәм газет шығарып, мұндарын да мұқтаждарын да жазып, кеңес уа мәслихат айтып жатқанда қазақ бейшара кеңестен махрұм болушы еді. Қазір де Троицк шәһәрінде осы жылғы ғинуардан бері қарай, қазақ халқын оятып, қызмет етпек үшін “Айқап” есімді журнал шықты. Қай жолмен жүрер екен деп біз байқап тұр едік, жолы бізге ұнамды болып шықты. Бұ күнге дейін он бір нөмірі шықты, бәрін де оқыдық, қарындағы сары май секілді қазақ иісі аңқып тұр. Тілі қазақ тілі һәм пайдасы әңгімесі қазақ пайдасы! Қуанышымыз көп болып қойынға толды, көзімізге жас келді, шылбырды түзу тартып қазақты дұрыс жолға  айдайтұғын қазақ журналын көретұғын күн бар екен –ау деп. Қош келдің “Айқап!”. Сапарың қайырлы, маңдайың ашық, жолың құтты, ғұмырың ұзақ болсын!-деп тілегіңді тілеп Аллаға мүнәжат еттік. Алты миллиондай “Алаш” ұранды қазаққа көшпелі уа күтуші болған соң біріміздің халымызды біріміз білмедік. Енді, “Айқап” заман ахуалатына қарай сыңқылдап даусын шығара берсе, бейшара  қазақта оянар һәм “Айқаптың” ізгі жолына түсер.”- деп “Айқапты” адастырмайтын қазақтың жарық жұлдызы деп бағалай келе: “Енді ау, қазақ, дін исламның құрметі үшін, атамыз түркі қазақтың хақы үшін, қара қазан, сары баланың қамы үшін “Айқап” журналымыздан айырылмайық. Бәйге атындай көтермелеп жыл сайын подписчик болып, бізде елшілік етіп алдымызға ұмтылайық ”-деп халықты қолдауға шақырады.[27.86 б]

Қазақ қоғамындағы ең негізгі мәселе жер мәселесі еді. “Қазақ” пен “Айқап” оқушылары өмірде толып жатқан күнделікті жағдайларды жіпке тізгендей бақылап отырды. Орыс шаруалары құнарлы, егістікке жарамды, шөбі мол жерлерге қарай ағылды. “Қазіргі  уақытта үкіметтің рұқсатымен қазақ халқының иеленген жеріне қара шыбындай болып хахолдар келіп жатыр. Ол келудің ешбір тоқтатылатұғын уақыты болмаса керек”-деп қынжыла жазды.

Жалпы Қазақстан тарихында патшалық Ресейдің қазақ жерлеріне орыстардың қоныс аударуы 3 кезең бойынша жүргізілді: 1-кезең – 1861-1890 жылдар – Ресей шаруалары еркін түрде қазақ даласына көшіп келе бастаса, 2- кезең – 1891-1905 жылдар – қоныстандырудың  “заңды” түрде жүруі. 3-кезең – 1906-1917 жылдар қоныстандырудың бұрын-соңды болмаған деңгейде күшеюімен ерекшеленген болатын.[40.225б]

Патша үкіметінің қоныстандыру саясатында үлкен мән бар еді. Ол бір жағынан шиеленіскен жер мәселесін отар аймақтарға қоныс аудару арқылы шешуге тырысса, екінші жағынан қоныс аударушы шаруаларды Қазақстан сияқты отар елдерінде әлеуметтік-саяси тірегіне айналдыруға ұмтылды. Шаруашылық отарлау барысында патша үкіметі “жер нормасы” арқылы  қазақтарды “жерге орналастыру” сияқты құйтырқы саясатын өрістетті.   Отаршылар қазақтарға жер үлесін беріп, көшпенді мал шаруашылығынан отырықшылыққа ынталандырмақшы болды. Осы саясатын іске асыру үшін, яғни “артық жерлерді” көбірек алу мақсатында патша үкіметі 1909 жылғы 9 маусымдағы нұсқауын шығарды. [41.84б]

1909 жылғы 9 маусымдағы Столыпиннің заңы бойынша қазақтардың алдында екі жол тұрды: яғни біреуі, “көшпелі норма” деп аталған жан басына 12 десятина жер беру, екіншісі “отырықшы норма”, жан басына 15 десятинадан жер беру. Қазақ жұрты халі нашарлап, екі жолдың айрығына келіп тоқтап, қай жолға түсерін анық білмей жолаушы сияқты дағдарып, есі кеткен кезге тап болды.

Осыған орай, қазақ жер мәселесінің төңірегінде  төл мерзімді баспасөз бетінде ұдайы екі түрлі пікір жарыса айтылды. “Айқаптың” редакторы М.Сералин мен Б.Қаратаев бастаған топ жер мәселесін орыс шаруалары сияқты 15 десятинадан жер алып отырықшы өмірге көшу арқылы шешу қажеттігін уағыздаса, ал “Қазақ” айналасындағы Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов бастаған топ қазақ жерін көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын бұзбай, сақтауға болатындығын жақтап, дәлелдеп көрсетуге тырысты. Бұл жөнінде “Айқапта”: “Қазақ” пен “Айқаптың” нөмірлері келген сайын екі түрлі сөз, екі түрлі кеңес келеді”-деп жазылды. [21.90б]

Отырықшылықты жақтайтындардың дәлелі –қазақ жері патшалықтың меншігіне айналуы, қара бұлттай көшіп келе жатқан мұжықтардан еншімізді бермей, басқаға жем болудан алдын ала  қам жасасақ, шұрайлы жер-суымызды иемденіп, 15 десятинадан болса да өз үлесімізді алып қалуымызды ойлауымыз керек. Егер халық жиылып қала болса, “бірлік бар жерде, тірлік бар” мешіт, медресе, мектеп ашуға мүмкіндігіміз туып, мәдениетті елдердей өнер-білімге қолымыз жетер еді дегенге саяды.[22-83б] Бұл туралы “Айқаптың” “Отырықшы өмірді жақтаушылардың мақсаттары” деген мақаласында: “…бұлардың ең керектісі деп көрсеткендерінің біріншісі- жиналып қала салу. Екіншісі – ғылым мен білімге жабысу. Үшіншісі – Думаға депутат кіргізуді өтіну.Төртіншісі – народный сот хақында кеңесіп бір маслихатқа қарар беру. Бесіншісі — дін турасында законымызды бір тірнекке салып, муфти қарауына кіру, болмаса өз алдымызға қазақ болып бір муфти сайлауға маслихат ету. Алтыншысы – мектеп, медреселеріміздің тәртібін дұрыстап бір белгілі нұсқауға муафық ету. Сегізінші – ортамыздағы жалғыз журналымыз  “Айқаптың” айына екі, жұмасына бір шығуына жәрдем ету”-деп жазылды. [21.95б]

Белгілі тарихшымыз Санжар Асфендияров “Айқап” жөнінде: “Жәдидшіл болып, пантүркизм қозғаласымен байланысып жүрген қазақтың интеллигенттері “Айқаптың”  айналасына жиналады (мысалы, М.Сералин, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин), бұл топқа татар зиялы интеллигенттерінің әсері болды. Айқапшылар Ресейдегі түрік елдерін біріктіру керек деген пікірде де болды. Ауыр мәселенің бірі жер мәселесінде   “Айқап” қазақтардың отырықшылыққа айналуын, егін салудың қажеттілігіне үгіттеді, патша өкіметінің заңы бөрі болса да соған көну керек деді. Патша өкіметі қазақтан жер табу мақсатымен қазақтар отырықшылыққа айналсын, келімсектермен бірдей жер алсын деп бұрыннан айтып келе жатқандықтан “Айқаптың” жер мәселесі туралы пікіріне ұнатпастық білдіреді.”,- дей келе , осы топқа қарсы Ә.Бөкейханов бастаған екінші топ “күштірек” топ пайда болғанын көрсетеді.[4.102б]

Ауыл тұрғындарының арасында “Отырықшы” өмір сүру керек пе, жоқ па осы төңіректе қызу тартыстар болып жатты. “Айқаптың” редакторы М.Сералин: “Біздің түсінігімізше, шаруа болып, мал бағып, көшпелі қалыпта тұрамыз дейтұғын заманымыз өтті, қайта келмейді. Енді мұнан былай бізге ең пайдалы болған іс тезірек қала салып, егін пайдасына қарайтұғын жерлерді сақтап қалу”- деп жазды.

Осы отырықшы өмірді жақтаушылырдың бірі — Бақытжан Қаратаев та болды. Ол “Айқап” бетіне жариялаған мақаласы бойынша “Қала болайық па, жоқ па!”деген сауалды мәселеге “Қала болған жөн. Аз ғана жараулы жерімізді бөтен алмай, өзіміз алған жөн”,- деп жауап беріп, болашақ ұрпақ қамын ойлауға шақырады. [21.96б]

Осы көзқарасқа қарсы пікірді “Қазақ” газеті төңірегіне жиналған қазақ зиялыларының бірі Ә.Бөкейханов білдіреді. “Мал бағып шаруа кылып келе жатқан жұрт, орыс 15 –ден жер берді деп егінші бола қоймайды. Мал шаруасы тамақ емес, түрекел деп жатыр деп қолға жұлып алатын. Мал шаруасын тіршілік үшін ұстап жүрген жұрт 15-ден жер алса, үлкен аяққа тар етік киген болады… 15- ден жер алмай тұрып жан-жағыңа қара дейтініміз,15-ті алып, осы алақандай жерге мал бақпақ, бұған мал бағылмайды. … Мал һәм егін шаруасы отырған, көшкеннен болмайды, жеріне, жерінің ауасына қарай болады, тағы өзге неше көш себеппен шаруа өзгереді”- деп қарсы болады. [42.303б] Осыған орай Ахмет Байтұрсынұлы: “Отырықшы норма – қазақ сонымен күн көреді деп көзі жеткендіктен шығарған норма емес, қазақтың жерін көбірек алу үшін шығарған  һәм көбірек  алғанда, қазақтың ризалығымен алдық деп көрсету үшін шығарған норма”- дейді. Бұл саяси астары қырық қабат әдістің растығына айғақ ретінде мынадай дәйексөзді алға тартады: “Өткен 11 июльде Думада айтылған сөздерден мағлұм болды: қай пікірдің дұрыс-бұрысы. Депутаттар қазақ жерлері жолсыз алынып жатыр дегенде, переселен управлениесінің бастығы Глинка қазақ жерін жолмен алып жатқандығын көрсетуге  отырықшы норманы қазаққа не үшін шығарғандарын жасырмай, ашып айтып берді: “Қазақ жері қазақтан көп артып қалу үшін, яғни переселендерге  қазақтан жер көбірек алу үшін біз әдіс істеп отырмыз. Әдіс қылу жолсыздық емес, ептілік. Ол істегеніміз мынау еді: қазаққа отырықшы болып, жер алуға риза болсаңдар, сендерге де мұжықпен қатар 15 десятинадан еркек басына жер береміз дедік. Айтуымыз-ақ мұң екен, қазақтар отырықшы нормамен жер бер деп жабыла сұрап жатыр. Өткен жылда отырықшы нормамен қазақтарға  700 мың десятина жер бердік…”

Міне, переселен управлениесінің министрден соңғы бастығының сөзі. Бұл құпиялап қана досына айтқан сөзі емес, Государственный Думада күллі депутаттардың алдында айтқан сөзі…” деп түсіндірген Ахмет Байтұрсынұлының көшпелі норманы не үшін қуаттайтындығын байқау қиын емес.Ол өзі де : “Тісі шыққан балаға  шайнап берген ас болмас” деген. Тісі шыққан адамдарға айтылып отырған сөз ғой. Переселен чиновниктері — алушы, қазақтар – беруші. Алушыға көп алғаны жағымды, берушіге аз бергені жағымды. Қазақ әуелден осыны ойлау керек еді. Олар өзіне жағымды жағын көздегенде, қазақтар да өзіне жағымды жағын көздеуі тиіс. Құр пәленше пәлен етіп жатыр деген дақпыртқа жүгірмей, істің түбінен ойлау керек”,- деп түйіндеді.  [43.233б]

Алайда қазақ халқы қолдан кетіп бара жатқан жерден алып қалуға тырысты. “Отырықшы болу” мәселесіне қатысты қазақ даласының әр өлкелерінде халық жиналып маслихаттар өткізіп жатты. Мәселен, 1913 жылдың 4 қаңтарында Шымкент өңірінде 30 болыс елдің жиналысы болып, онда екі мәселе төңірегінде, I-ші, жерімізге қала салу, яғни отырықшылыққа көшу, 2-ші әскер алдырмау есебіне 3 тиыннан төлеу ісі қаралады. [21.97б]

Қоныстандыру мекемелеріне “Отырықшы нормамен” жер кесіп беруін өтінген арыздар күннен-күнге түсіп жатты. “Отырықшылыққа көшемін” деп арыз берген шаруаларға көлемі 4 000 000 десятина жер беру жоспарланды.  “Отырықшы өмірге” көшуге көмектесер деген мақсаттағы хаттар “Айқапқа” да келіп жатты. “Отырықшылыққа көшкен” ауылдар жайында хабарлар журнал беттерінде жариялана бастады. Отырықшылыққа көшуде “Айқап”  басшысы  М. Сералин үлкен үлгі көрсетті. Ол өз ауылымен отырықшылыққа көшкендердің алды болды.

Шідерті болысының да елі отырықшы өмірге көшіп, жер өлшетіп алғаны жөнінде хабар түседі. 1909 жылдың ақырына дейін қара шекпен пайдасына 49 переселен учаскелері ашылып, осы жерге 49 поселке салынды.1910 жылға қарай қоныстандыру мекемесі енді Шідерті болысының бай ауылдарының жерлерін қара шекпенділерге учаске ретінде бөліп беруге ниет қылды. Мұны естіген  Шідерті болысының қазақтары мәслихат жасап, “жақсы жерімізді аман алып қаламыз” деп “отырықшылыққа көшу” туралы шешім қабылдады. Патша үкіметінің әріден ойластырған, жүргізілуге тиіс саясатынан сақтанудың жолын Бақытжан Қаратаев көрсетеді. Бақытжан Қаратаев  ауылнай Әндіжан Жұманәліұлы екеуі 1910 жылы Орал облысындағы  Жымпиты уезінің Шідерті болысындағы қазақтардың мәслихатынан кейін Егіншілік пен Жерге орналастыру Бас басқармасына арыз ұсынады. Бақытжан Қаратаев: “Қайткенде де егістік жерімізді переселениеден аман алып қалу үшін, қала салып отырықшы боламыз. Үшінші дәрежелі қарауыт жерімізге қара шекпен өзі де келмейді.”,-деп қазақтарға ой салады. Осылайша, Шідерті болысында сегіз көшпенді ауыл үшін жер кестіріп алып, әрі диқан, әрі малшы тірлігін үйлестіре жолға қойған отырықшылар поселкесін салды. Сөйтіп, халықты отырықшы өмірге көшіп, жерді осы жолмен аман сақтап қалуға шақырады. [21.98б]

Айқаптықтар патша үкіметінің “отырықшы жұрт нормасына” байланысты құйтырқы саясатының мәні мен астарын түсінді. Осы норма арқылы үкімет өзіне жерді көбірек босатып алуды көздеп отырғанын “Айқап” зиялылары халыққа ұқтырғылары келді. “Отырықшы норманы” алу қажеттілігі жайындағы зиялылардың бағытын отарлау саясатының негізінде қарастырсақ, оның сол кезең үшін дұрыс екендігін айтар едік.

Ресей шаруаларының қазақ жерлеріне шұбыруын, қазақ халқының шұрайлы жерлерден зорлап ығыстырылып, ақыры құмға, шөлейтке шегінуін көрсетуде ой-пікірлері ортақтасып, бір жерден шығады. Бірі осыған орай “қазақ   өзі бөтен жаққа переселен болып көше бастады” десе, екіншісі, “…халықтың өсіп, жердің өспеуі һәм тозуы , қазақ жері патша мүлкі саналып, сол себепті миллиондап жерсіз мұжықты хүкіметтің қазақ жеріне қондыруы, бұл тілеусіз қонақтар келе бастағаннан бері жер тарылып, ата-мекеннен ірге қозғалып, қазақтың шаруасының күйзелуі”,- деп шындықты бұлтарытпай көрсетті. [41.84б]

Осы кезеңдегі отырықшылыққа көшуді жақтаған алғашқы ұлттық бейресми басылымдардың бірі — “Қазақстан” газеті болды. 1911-1913 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметінде Бақытжан Қаратаев Елеусін Бұйрын, Ғұмар Қарашевтармен бірігіп “Қазақстан” газетін шығаруға мол үлесін қосады. Газеттің идеологиялық бағыт-бағдары мен мазмұнын белгілеуде Бақытжан Қаратаев өлшеусіз үлес қосты. Соның нәтижесінде “Қазақстан” газеті ағартушылықтың жаршысы, әлеуметтік даму мен жаңару идеясын аңа заман ағымына сай уағыздаған демократиялық мазмұндағы басылымдардың біріне айналды. Оның газет идеологы  болғанын мынадан байқаймыз: 1912 жылы Бақытжан Қаратаев “Қазақстан” газетінің редакциясына келген хаттарға шолу жасай отырып, Ғ.Жүсіпов деген азаматтың газетке ақшалай көмек бере алатынын жоғары бағалап, жауап ретінде былай жазады: “Сіз ақшалай көмектессеңіз де болды. Қаламмен газетке рухани көмекті көрсетушілердің бірі біз боламыз” [17.76б] “Қазақстан” газетінің алғашқы екі номері 1911 жылдың наурыз мамыр айларында  Орда қаласында жарық көрген. Мұнда қуғынға ұшыраған редакция кейін Орал қаласына көшіріледі. [44.20б] “Қазақстан” газетінің барлық шыққан саны-16. Газет қаражат жетіспеуіне байланысты біраз уақыт шығуын тоқтатып, тек 1913 жылдың  27 қаңтарында ғана қайта шыға алды. Ол туралы жаңа шыға бастаған “Қазақ” газеті: “Оралский қаласында он шақты нөмірі шығып тоқтаған “Қазақстан” жаңадан шыға бастады…  “Қазақстанның” 27 қаңтарда шыққан бірінші нөмірі басқармамызға келді”,-деп жазды. Бірақ газетің қайта шыға бастауы ұзаққа бара алмады. Сол жылдың 16 ақпанында шыққан екінші нөмірінен кейін газет өзінің шығуын біржола тоқтатты.[39.171б] “Қазақстан” өз мақалаларында феодалдық заманның күні өтіп,  қоғамдық жаңа қатынастар туа бастағанын, ендігі жерде қазақтардың жалғыз мал шаруашылығымен күнелте алмайтынын, отырықшылыққа көшіп, егіншілік, сауда кәсіптерімен айналысу керектігін насихаттады.

Бақытжан Қаратаев сонымен қатар, 1911-1914 жылдар аралығында “Айқап” журналында М.Сералин, Б.Сыртанов, Ж.Сейдалин, Р.Мәрсеков сияқты қайраткерлердің тез арада жалпы қазақ сьезін шақыру туралы идеяларын қолдап, белгіленген тәртіп бойынша, патша үкіметінен арнайы рұқсат алу арқылы жүзеге асыруды талап етеді. Ондағы мақсаты – ат төбеліндей қазақ зиялыларын қуғыннан, жазалаудан сақтап қалу еді.

1916 жылы қазақ даласынының аспанын қара бұлт қаптады. Маусымның 25 жұлдызындағы патша өкіметінің 19 бен 31 жас аралығындағы қазақ жастарын соғыстың қара жұмысына алу туралы жарлығы ел арасында наразылық тудырды. Пара мен ақшаға белшесінен батқан орыс чиновниктері мен болыстар бір-бірімен ауыз жаласып, жастары 19- ға толмаған немесе 40-тан асқан ауру-сырқау немесе пара бере алмаған қазақтарды қосақтап байлап, Ресей майданының қара жұмыстарына жіберіп жатты. Мұндай озбырлық әрекеттерді өз көзімен көрген Бақытжан Қаратаев баяғы университет қабырғасынан ажырамас досы көкшетаулық юрист  Жанша Сейдалинмен бірге Петроградқа арнайы сапар шегіп, IV Мемлекеттік Думаның өкіліне қырғыздар туралы түсінік хатын тапсырады. Бұл хатта олар қазақтарды қара жұмысқа алу жөнінде  1916 жылғы 25 маусымдағы Жарлықты қайта қарауды талап етеді. Жарлық шыққаннан бері жергілікті билеушілер мен әскери әкімшілік 19 бен 30 жастағыларды ғана емес, пара бергендердің айтуымен жасы 19-ға жетпеген  бозбалаларды, 31-ден асып кеткен адамдарды қойдай көгендеп әкетіп жатқандарын ашына айта келіп, бұл Жарлық Мемлекеттік Сенатта  арнайы қаралмаған кейін заңсыз деп батыл тұжырым айтады. Сонымен бірге жергілікті билеушілер мен әскери әкімшілік ойына келген істеп қарапайым халыққа зорлық-зомбылық көрсетіп, жаппай қамауға алып, тергеусіз соттап жатқаны туралы Мемлекеттік Думаға хабарлап, тиісті шара қолдануларын талап етті. [11.72б]

Б.Қаратаев Ресейдегі  1917 жылғы Ақпан революциясын патшаның тақтан құлауын қуанышты оқиға ретінде қабылдайды. 1917 сәуір айында уақытша үкімет соғысты жалғастыра беру мәселесін талқылау үшін Ресей мұсылмандарының съезін өткізеді. Осы съезде оның  қазақ зиялыларымен көзқарастарының қарама-қайшы келуі туралы Бақытжан Қаратаев өзінің естелігінде: “Я возрожал и против образования особого автономного казахского королевства  в составе и под протекторатом Российской Империи. Я был на съезде против образования такого королевства потому, что казахи еще не вылупились  из скорлупы родового начала. Поэтому я предлагал съезду вынести резолюцию о прекращении безумной войны с роспуском солдата по делам, а своим казахам – интеллигентам предлагал в своей политике руководствоваться  программой Российской  рабочей социал-демократической партии большевиков. Мое предложение не было одобрено ни съездом и ни казахскими интеллигентами. С этого съезда начался разрыв между мной и казахами интеллигентами ”- деп көрсетіп, мамыр айында большевиктер партиясының қатарына кіреді. [28.5п] Мұны Б.Қаратаевтың большевиктер партиясының қатарына өтуін, екі революция аралығындағы Ресейдегі саяси шиеленіс пен идеялық күрестің жемісі деп қарауға тиіспіз. Ол большевиктердің “жер шаруаларға берілсін”, “зауыттар жұмысшыларға”, “билік Кеңестерге” сияқты тартымды ұрандардың арбауына түсіп, Кеңес үкіметі жағына өтеді.[17.77б]

Сонымен, II Мемлекеттік Дума депутаты болған Б.Қаратаев сол кездегі ең өзекті мәселе болған  жер мәселесін шешу үшін басқа да қазақ депутатарымен бірлесе белсенді әрекет етті. Ол сондай-ақ Дума жұмысында аграрлық, ар-ождан, ұсыныс білдіру комиссияларының  құрамында жұмыс жүргізген болатын. 1907 жылғы Думаның 16 мамырдағы 39 пленарлық отырысында Бақытжан Қаратаев сөз сөйлеп, сөзінде ол бұл жүргізіліп жатқан саясаттың түпкі мақсаты Ресей ішіндегі 130000 помещиктің мүддесін қорғау үшін, жерсіз орыс шаруаларына қазақ жерлерін тартып беріп отырғандығын ашық айтады. Бұл сөз іс жүзінде патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау саясатын жергілікті халықтың атынан әшкерелеу еді. Алайда, патшаның 1907 жылғы 3 маусымдағы заңы бойынша Дума таратылып, қазақ сияқты шет аймақтағы халықтар келесі Мемлекеттік Думаға сайлау құқығынан айырғанына қарамастан, Б.Қаратаев Мұсылмандар фракциясы арқылы қазақтың мүддесін көздейтін ұсыныстарын жіберіп отырды. 1907-1916 жылдар аралығында Б.Қаратаев “Айқап” журналы мен “Қазақстан” газеттері арқылы феодалдық заманның күні өтіп,  қоғамдық жаңа қатынастар туа бастағанын, ендігі жерде қазақтардың жалғыз мал шаруашылығымен күнелте алмайтынын, отырықшылыққа көшіп, қала болып егіншілік, сауда, білім-ғылымға көңіл бөлу керектігін насихаттады. Қазіргі күнгі көзқараспен қарағанда сол кезең үшін бұл екі  пікірдің де дұрыс екендігіне көз жеткізіміз.

Бақытжан Қаратаев – патша өкіметінің саясаты салдарынан туған  жеріндегі қиындықтарды көзімен көріп, жан дүниесімен сезініп, халқының азаттығы үшін бар ғұмырын сарп еткен батыл күрескер. Бақытжан Қаратаевтың саяси көзқарасының қалыптасуы Санкт-Петербургтағы студенттік жылдарынан бастау алып, қоғамдық-саяси қызметінің басталуын 1905-1907 жылдардағы революцияда  Орал және Торғай қазақтарының атынан жолданған петицияны даярлауға қатысуынан, 1905 жылы Орал қаласында өткен бес облыстың делегаттық сьезінде “Қазақ конституциялық демократиялық партиясын” құрудағы әрекетінен көруге болады. II Мемлекеттік Дума депутаты болған Б.Қаратаев сол кездегі қазақ қоғамы үшін ең өзекті мәселе болған  жер мәселесіне ерекше көңіл бөлді. 1907 жылғы Думаның 16 мамырдағы 39 пленарлық отырысында Бақытжан Қаратаев сөз сөйлеп, сөзінде ол бұл жүргізіліп жатқан саясаттың түпкі мақсаты Ресей ішіндегі 130000 помещиктің мүддесін қорғау үшін, жерсіз орыс шаруаларына қазақ жерлерін тартып беріп отырғандығын ашық айтып, патша әкімшілігінің отарлау саясатын сынады. Б.Қаратаев “Айқап” журналы мен “Қазақстан” газеттері арқылы феодалдық заманның күні өтіп,  қоғамдық жаңа қатынастар туа бастағанын, отырықшылыққа көшіп, қала салып, егіншілік, сауда, білім-ғылымға көңіл бөлу керектігін насихаттады.

Б.Қаратаев Ақпан төңкерісін қуанышпен қарсы алды. Алайда, 1917 сәуір айында Ресей мұсылмандарының съезінде Б.Қаратаевтың большевиктер партиясын қолдайтын пікірінен оның қазақ зиялыларымен көзқарастарының қарама-қайшы келгендігін аңғаруға болады. Біз Б.Қаратаевтың большевиктер партиясының қатарына өтуін, екі революция аралығындағы Ресейдегі саяси шиеленіс пен идеялық күрестің жемісі деп қарауға тиіспіз. Ол большевиктердің “жер шаруаларға берілсін”, “зауыттар жұмысшыларға”, “билік Кеңестерге” сияқты тартымды ұрандардың арбауына түсіп, Кеңес үкіметі жағына өткен болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

         2       Б. ҚАРАТАЕВТЫҢ КЕҢЕСТІК ЖҮЙЕ ТҰСЫНДАҒЫ                                     ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

 

         2.1     Б. Қаратаев Азамат соғысы жылдарында

 

Азамат соғысы Қазан төңкерісінен кейін үкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір шекара болған емес.

Қазақстан жағдайында азамат соғысының алғашқы ошағы 1917 жылғы қарашада Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынбор қаласында пайда болды. Мұнда Орынбор қаласының  казак әскерлерінің атаманы Дутов жергілікті совет үкіметін күшпен құлатып, Россияда Совет үкіметінің орнағандығын жария еткен советтердің Бүкілроссиялық екінші съезінің делегаты С. Цвиллинг басқарған революциялық комитетінің мүшелерін тұтқындады. Совет үкіметіне қарсы қарулы күрестің  екінші орталығы Жетісуда құрылды. 1917 жылғы 1 (14) қарашада Верный қаласында Жетісу казак әскерлерінің басшылығы “әскери үкімет” дегенді құрып, большевиктер бастаған жергілікті күштерге қарсы қарулы көтеріліс жариялады.

Орталықта жеңіске жеткен   социалистік революция мен оның жергілікті жақтастарына қарсы үшінші қарулы орталық 1917 жылғы қарашада Оралда дүниеге келді. Осында да құрылған “облыстық әскери үкімет” көп кешікпей жергілікті советті таратып, бүкіл  өкімет билігін қолына алды.

Ақ гвардияшыл офицерлерге, казак станциялары мен переселендер селоларының атаманшыл және кулак элементтеріне сүйенген және совет үкіметін қабылдамаған, қолдамаған саяси партиялар мен ұйымдардан (соңғыларының ішінде кадеттер, оншыл эсерлер,  меншевиктер, Алаш партиясы да болды.) қолдау тапқан осы үш “әскери үкімет”  Қазақстандағы советтерге қарсы күрестің негізгі күштерін құрды.

1917 жылдың соңында құрылған Қазақ және Қоқан автономияларының жетекшілері советтерге қарсы позицияда болды және соған сай әрекеттер жасады.

Азамат соғысы 1918 жылдың жазына қарай кең етек жайды. Оған шетелдік империялистік елдердің Совет үкіметін құлату мақсатымен ішкі революцияға қарсы күштер мен  одақтасуы себеп болды. Советке қарсы біріккен осы екі күштің екпінді тобының ролін Чехославак корпусы атқарды. Бірінші Дүние жүзілік соғыстың барысында Россия армиясының қолына түскен тұтқындар – Австро-Венгрия қарулы күштерінің құрамында болған чех, словак және де басқа словян тектес халықтары өкілдерінен тұратын 50 мың адамдық бұл корпус 1917 жылғы көктемнің соңы мен жаздың басында Еділ бойы мен Сібірде (Транссібір темір жолының бойында) бір мезгілде совет үкіметіне қарсы қарулы бүлік шығарды. Бұл бүлік Қазақстанның солтүстігінде және шығыс аудандарының да біраз бөлігін қамтыды. Бүлікшіл корпустың бөлімдері ішкі контрреволюциялық күштеріне сүйене отырып Ақмола, Пертропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды. 1918 жылы маусымның 11-де Семейде де совет үкіметі құлатылды.

1918 жылдың жазында Орал, Ақмола, Семей облыстары мен Торғай облысының көпшілік бөлігін  ақ  гвардияшылыр жаулап алды. Семей облысынан оңтүстікке қарай жылжыған контрреволюция күштері Жетісуға да баса көктеп кірді. Сонымен 1918 жылдың ортасына қарай Совет үкіметі Түркістан өлкесіне қарайтын Жетісу және Сырдария облыстарының айтарлықтай бөлігінде, Торғай болысының оңтүстік аудандары мен Бөкей ордасының жекелеген аудандарында ғана сақталып қалды. Ақтөбе және Жетісу майдандары пайда болды. Жетісудың Лепсі уезінің территориясында кейін Черкасс қорғаны аталған шаруалардың өздерін — өздері қорғайтын ауданы құрылды.

Көп кешікпей совет үкіметі құлатылған Россияның Қазақстанға жақын кейбір қалаларында советтік билікке қарсы бағытталған және Антанта елдерінің қолдауына сүйенген үкіметтер құрылды. Олардың қатарында 1918 жылғы маусымда Самара қаласында құрылған Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті (комитет членов учередительного собрание – Комуч), Омбыда құрылған уақытша Сібір үкіметі, өзін “Уақытша бүкілроссиялық үкімет” деп санаған және 1918 жылғы қыркүйекте құрылған “Уфа директориясы” (“Уфимская директория”) болды.  [13.116б]

1918 жылғы қаңтарда Орынбордан қуылған атаман Дутов елде орын алған өзгерістерді пайдаланып, қайтадан бүлік шығарып, 1918 жылы шілденің 3-нде Орынборды басып алды. Сонымен қатар,  Орал мен Жетісу казак әскерлерінің билеуші топтары да совет үкіметіне қарсы күресу үшін іс-қимылдар жүргізді.

     Россия контрреволюциясын Чехославак корпусын бүлігі нәтижесінде Сібірде, Қазақстанның солтүстік – шығыс облыстарында совет үкіметінің құлатылуын басқа да пролетарлық емес партиялар сияқты Алаш партиясы да қанағаттанарлық сезіммен қарсы алды. Алаш көсемдері бүкілқазақстандық екінші қазақ съезінде құрылғандығын жариялаған Алашордаға шын мәніндегі орталық үкімет етіп құру және оның жергілікті органдар жүйесін қалыптастыру ісіне белсенді түрде күресті. Осыған дейін Қазақ мемлекеттігі (Алаш автономиясы) мәселесі жөнінде совет үкіметі тарапынан  түсіністік таппаған. Алаш партиясының жетекшілері енді Самарадағы эсерлер басшылық жасаған Комучке, Омбыдағы Сібірдің ақ гвардияшыл уақытша үкіметіне, Уфа директориясына сенім артып, олар Алаш автономиясын біртұтас ұлттық мемлекет ретінде мойындайды деп дәмеленді.

Сондықтанда осындай, кең көлемді азамат соғысы басталған және Қазақстанның көпшілік аудандарында совет үкіметі құлатылған жағдайда, Алаш орда жоғарыда аталған советтерге қарсы үкіметтермен жақындасып, Орал, Сібір және Жетісу казачествосымен тығыз байланыстар орнатты.

     Алашорда Самарадағы және Омбыдағы, үкіметтерге, одан соң Уфа директориясына үміт артып, кейін осы үкіметтік құрылымды алмастырған Колчак диктатурасына Алаш автономиясын ресми тану жөнінде өтініштер жасап, Алаш автономиясына әр түрлі деңгейде көмек көрсетуді сұрады. Алайда, бұл өтініштер ойлағандай нәтиже берген жоқ еді. [13.117б]

     Орал қаласындағы  облыстық әскери үкіметтің қарулы көтеріліспен қаланы  алу қарсаңындағы саяси жағдай туралы Б.Қаратаев өзінің күнделігінде: “Я безвыездно оставался в Каратаевском поселке вплоть до Уральского Областного съезда рабочих, крестянских, солдатских, казакских и казачьих депутатов, начавшегося в г. Уральске 6 марта и оконшившегося, кажется 12 или 13 марта 1918 года, где разрешался вопрос признать или нет октябрьский переворот, провозгласивший для всей России Советское правительство. Я самовольно вышел из своего поднадзорного положения и без разрешения властей прибыл на съезд в г. Уральск. 6 марта за заседании нашего съезда прибывший из Москвы  большевик  тов. Петр Иосифович  Дмитриев по поручению СНК сделал доклад о состоявшемся между Германией и Советской властью Брестском мирном договоре и съезд вынес резолюция с одобрением этого договора единогласно  без критики ”- деп көрсетеді. Осы съезде  Б.Қаратаев облыстық Совдептің мүшелігіне сайланып, юстиция комиссары болып тағайындалады. [45.7п]

Батыл қимылға көшкен “облыстық әскери үкімет” көп кешікпей жергілікті советті таратып, бүкіл  өкімет билігін қолына ала бастағанын туралы: “15 наурыздан бастап әскери үкімет біртіндеп Совдеп мүшелерін тұтқындауды бастады. Олардың көп бөлігі кездейсоқ ұсталып тұтқындалса, ал аз ғана бөлігі Саратов жаққа (Николай Колостов , Нұрғали Ипмағамбетов, Абдрахман Әйтиев) қашып шықты.

Мен де басында 15 наурызда Бұхар жаққа қашып шыққандардың бірі болдым және Орал қаласынан 100 версттей қашықтықта орналасқан Орал уезі, Шідерті болысының Қаратаев ауылындағы үйіме келдім.”-дей келе одан кейінгі орын алған оқиға туралы: “Ранней зарею 15 апреля 1918 года когда я спал дома, нервный лай моей дворовой собаки разбудил меня  и я вставший  с постели, посмотрел в окно, другое и третье  окно и увидел направленные против окон винтовки милиционеров. Я понял, что мой дом окружен врагами и сообщил об этом жене Саржан.

Я открыл дверь  и увидел перед собой целый лес винтовок,  направленных офицерами. Я крикнул уж, прося войти в дом и не бояться вооруженного сопротивления. Офицеры же крикнули мне: “Мы не верим, выходи- руки вверх!” Я вышел с руками вверх. Ко мне вошли давно знакомый начальник Уральской уездной милиции Голоунин, два офицера один из коих назвался Семенов,  другой Белов и оба они оказались из Оренбургского казачьего отряда генерала Дутова. Они обьявили мне, что я арестован и подлежу отправке в Уральск к следователю военно- полевого суда.

18 апреля я был посажен в крытую коляску за  мой счет и в сопровождении милиционера Зеленцова  был доставлен в камеру следователя военно-полевого суда, сам же Зеленцов по моей просьбе оставался в приемной в ожидании окончание  допроса меня следователем, каковым оказался мировой судья 3 участка Лбищенского уезда Радищев.

Следователь Радищев вынес постановление: Взять меня под стражу и заключить в одиночную камеру Уральской тюрьмы. Это было как сказано выше, 18 апреля 1918 года. Я был посажен  в одиночную камеру №3. Оказалось, что в Уральской тюрьме находятся под стражей в одиночных камерах  и общих камерах всего около 400 политических заключенных. Из коих оказались только двое киргиз – большевиков: Нигматжан Гумаров и Андирокан Галиев – оба они из Нижнее Барабановской волости Уральского уезда, а остальные состояли из русских рабочих и крестьян.”

Орал түрмесіндегі  қиын сәттер туралы: “Арестовенные содержались прескверно, обхождение с ними было грубейшее со стороны  надзирателей казачьего происхождения смотревших на нас, как на зверей. В числе надзирателей отыскался и такой глубокого и прескворного преданный и сочувствующий большевикам как тов. Дмитрий Васильевич Трофимович с которым я снюхался и сошелся. Через тов. Дмитриевым я ежедневно стал получать самым секретным образом газету “Яицкую волю”, бюллетени и телеграммы. Прочитавший их, я в том же секретном порядке распространял  их среди других политических заключенных- через обслуживающих нас уголовных арестантов- киргизов Имангалия и Темиргалия . таким образом мы, сидя в тюрьме бывали осведомлены где, когда и как происходили бои между казачеством и красными частями и жили с надеждой что красные придут и освободят нас. Кроме того о боях нам сообщали родственники, жены и друзья заключенных при свиданиях. Я вел дневник, вносил в него сокращенно содержание “Яицкую воли”, бюллетени, телеграмм. В него же вносил все события , которые внутри тюрьмы происходили.

Дневник мой каждый день вечером выдавался мной  надзирателю Дмитрию Трофимовичу для передачи моей жене Саржан, которая сбывала его в степь к сыну моему Аббасу, чтобы спрятать. [45.15п]

Апрельское наступление советских войск со стороны Саратова оказалось неудачной и это подействовало на многих политических заключенных удручающим образом .

В конце апреля я был переведен   в одиночную камеру №12. В следующей      в одиночную камеру №13 содержался тот самый. Петр Иосифович  Дмитриев, который по поручению СНК сделал доклад на Мартовском съезде о Брестском мире между Германией и Советским Правительством. Однако в результате неудачного наступления большевиков на Уральск и грубейших действии Солодовникова  случилось то, что Петр Иосифович  Дмитриев оказался столь раздраженным и угнетенным бессильной злобой против казачества, что он предпочел смерть , чем жизнь в такой удушливой и затхлой атмосфере  контрреволюции и принял смертельную дозу яда и отравился ”- деп баяндай келе, 22 мамырдан бастап әскери-далалық соттың шешімімен ату жазасына кесілген 5 большевиктің атылғанын, 12-13 маусым аралығында  тура осы әскери-далалық соттың шешімімен 15 большевиктің атылғанын туралы мәлімет келтіреді.

Азамат соғысы жылдарындағы  Орал түрмесінің тұтқындарының түрмеде көрген зорлық-зомбылығы, басынан кешірген қиындықтары туралы: “Вдруг с начала глухо, затем явственно стал распростронятся слух, что советские войска начали второе наступление со стороны Саратова на Уральск, но никто  из нас не ожидал, что войсковое правительство пожелает эвакуировать нас из тюрьмы куда-нибудь по дальше. Однако случилось то, что рано утром  26 июня начальник тюрьмы Рожков объявил арестованным, чтобы они немедленно приготовились к эвакуации .70 человек по списку в Лбищенскую тюрьму и 206 человек по списку в тюрьму и Илекского города, а остальные неизвестно сколько человек освобождаются за непричастностью к большевизму. Я оказался в списке 70 человек. Уже кавалерийный конвой из 17 человек ожидал нас во дворе тюрьмы.

Испытав по дороге все ужасы пещей ходьбы, от которой у меня отпали ногти от всех пальцев обеих ног, украсивших кровью, истекавший  из ран пальцев мы прибыли в Лбищенскую тюрьму.  29 июня где при худшем режиме, чем в  Уральской тюрьме мы оставались вплоть до 13 августа. Оказалось, что цель эвакуации заключалась не в то  желании войскового правительства иметь нас заложниками в случае занятия большевиками г. Уральска не то расправиться с нами самосудом при том же случае.

12 августа сын мой Шамиль отдал в распоряжение заключенных Лбищенской тюрьме одного жирного барана и большой турсук кумысу и товарищи среди которых оказался и хороший повар, зарезав барана откушав его и выпив кумыс, 13 августа выступили из  Лбищенской тюрьмы в Уральскую по распоряжению Войскового Правительства. До самого Уральска  я не шел пешком, а ехал на лошади сына моего Шамиля.

     В Уральске мы расстались с сыном Шамилем  и я уже был посажен в одиночную камеру №16 находящуюся в верхнем 3-ем этаже  тюремного здания. [45.21п]1918 жылы 19 қыркүйекте  жазған күнделігінде Бақытжан Қаратаев: “Саржан принесла хлеб, табак с бумагой. Сегодня наступают сведения падения Самары и Сламихина, но об этом сообщении в бюллетенях, телеграммах и в “Яицкой воле” нет. Слухи о падении Самары и Сламихина  были за последние 3-4 дня на за отсутствуем официальных подтверждении, слухи оставались только слухами. Надо ждать подтверждении в местном прессе.

Уфа. 13 сентября. По вопросу о заложниках президиум комитета постановил предложить миссии международного  Красного Креста организовать обмен заложниками на нейтральной территории. В момент освобождении Советской властью заложников будут освобождены большевистские  заложники и заложницы. / Яицкая воля  за 19-ое сентября/ 

Тов. Александр Андреевич Кулаков, зашедший ко мне в камеру №16 , очень обрадовался этому обстоятельству. Обрадовались все те, которые сидят в одиночных камерах. Обрадовались и те которые сидят в общих камерах. Но у меня появились сомнения согласятся ли большевики на такой обмен, так как у Советской власти в в заложниках находятся люди меньшего ранга по уму, образованию и благосостоянию. Подождем и увидим.

Так или иначе сегодня 19 сентября в тюрьме большой день по этому случаю. Все благодарят заочно мою жену Саржан за Яицкую волю, а она вероятно, не подозревает того, что было ценного в этой газете.

С тех пор как я сижу одиночной камере №16, после возвращения из Лбищенка, у меня каждый день собираются товарищи одиночки и из общих камер, делясь со  мной сведениями и обсуждая вопросы текущего момента. У всех озлобленность против него и со стороны населения города, так что с появлением советских войск нельзя  войсковому  правительству ожидать добра ни от казаков  и ни от иногороднего населения, страшно облаженного денежными и натуральными повинностями в пользу войны истощенного реквизицией и чрезвычайной дороговизной  предметов  первой необходимости.” -деп көрсетіп, 26 қыркүйекте жазылған күнделігінде:

“В.Трофимович  через Дм. М. Буторова сообщил, что вчера 25- сентября войсковой съезд постановил не эвакуировать арестантов.

Сегодня политические арестанты все чувствуют себя не в тарелке за неимением свежих сведений с фронта. Как то всем скучно. Все наиболее сознательные товарищи являются в одиночную камеру №16, где я сижу , которую они сделали для себя штаб-квартирой для обсуждения разных вопросов. Успехи Красной Армии радует их, а малейшая заминка в военных делах, операциях нервирует их. Я сделался центром внимания всех политических просто потому, что мне неприятна эта братоубийственная война и хладнокровно отношусь к своему положению узника, являющемуся последствием узости кругозора войскового правительства, совершенно излишне ”[46.30п]

“В октябре войсковое правительство 2-ой раз эвакуировало всех арестантов из Уральской тюрьмы в сторону Лбищенка, боясь  что 3-е октябрьское наступление Советских войск  на Уральск окажется успешным и Уральск будет взят ими на этот раз жена моя Саржан запаслась своим тарантасом  и лошадью, так что я уже не шел уже не пешком,  а на тарантасе с женой с разрешения конвойного офицера Сорокина. У кучера же  мы взяли с разрешение того уже офицера Сорокина одного арестованного мальчика Мишу 13 лет, содержавшегося в Уральской тюрьме  вместе с другими, как политический заключенный. Конвой не торопил арестантов, которые поэтому двигались к месту назначения (Лбищенск) медленно делая продолжительные остановки в одних поселках на дневки, в других поселках на ранний ночлег даже  в частных домах у своих знакомых  с одобрения того же офицера Сорокина , когда же нам оставалось  ехать до Бударинской станицы не больше одной версты, конвойный офицер Сорокин с нарочным получил предписания войскового правительства возвратить арестантов назад на в Уральскую тюрьму и мы опять стали двигаться медлен назад в Уральск.

В первой половине января 1919 года упорно стал распространятся слух что в результате разработанного в широком масштабе обширного плана наступления советских войск не только на Уральск, но и на Оренбург и Илекский  городок войсковое правительство готовится эвакуировать из тюрьмы 75 человек  политических заключенных в Гурьев, если только нельзя эвакуировать этот слух оказался действительным фактом, в списке 75  арестантов подлежащих эвакуации оказался и я. Однако упорно носился слух в тюрьме, что все равно будет произведен самосуд над арестантами, безразлично останутся они в тюрьме или будут эвакуированы.

Доктор Генке, обслуживавший тюрьму в медицинском отношении доложил войсковому правительству, что я по возрасту и состоянию здоровья в ту январскую зимнюю пору непригоден для эвакуации и потому должен быть оставлен в тюрьме. С доктором согласилось войсковое правительство. Равным образом многие товарищи за неимением теплой одежды  и обуви были освобождены от эвакуации  и также были оставлены в тюрьме только 37 человек, на печальной и горькой судьбе которых мне приходится остановиться здесь”, –деп көрсетіп, жолай эвакуацияланған тұткындардың бәрі атылып кеткенін баяндайды. [45.25п]  

Орал түрмесінен шығатын аңсаған  азаттық күні туралы: “Наконец наступает 24 января  1919 года и недалеко  от гор.Уральска гремят орудиные выстрелы, взрываются артиллерические и шрапнильные  снаряды , трещят пулеметы в унисон с винтовочными выстрелами. Я наблюдаю и смотря на происходящие боя из своей одиночной камеры №16  находящейся в 3-ем этаже тюрьмы. Вижу как казаки расставляют пушки и пулеметы на ближайших к тюрьме .улицах и возле самой тюрьмы.  Вижу, как казаки оставляют свои окопы за городом и как казачья кавалерия и пехота  в полном беспорядке отступают по по западной стороне города на юг, а расставленные в городке пушки и пулеметы снялись моментально и в беспорядке же уходят за отступавшими частями казачьей армии. Вижу, как Красные части Чапаевской дивизий, как выяснилось после, над командой тов.Плесункова, преследуя бегущих и удирающих вскачь казаков, уже на плечах их  вступают как стремительно  в город, а эскадрон Красной кавалерии под командой другого красного героя Чапаевской дивизии  тов. Гаврилова Афанасьевича Горбачева, отделившись от остальных опасных частей, вскачь направляется к нам в сторону тюрьмы. Ясна было, что красные товарищи под командой тов. Горбачева хотят освободить нас из тюрьмы. [45.55п]  

Казачьи части не хотели остаться с родным Яиком (Уральском) так дешево и 28 января вновь произвели наступления на Уральск  и напрягли отчаянные усилия, чтобы завладеть городом. Это второе наступление также оказались неудачным со стороны казаков и наши красные части опрокинули их, что им долго не пришлось предпринять третье наступления  в Уральск .

Поэтому красные или большевики учредили в городе Ревком. Я был назначен председателем Национальной Коллегии при Ревкоме и приступил к организации красногвардейцев из казахских джигитов, а также из русских переселенцев, формируясь в городе Аткарске Саратовской губернии, влилась в 4-ю армию Восточного фронта под названием “особой киргизской конной бригады” под командой тов. Скорохода, с бригадным военным комиссаром тов. Счетчиковым и с заведываюшим политическим отделом тов. Каратаевым и участвовали в разных боях против контрреволюции на Астраханском и Саратовском, Уральском фронтах совместно с красными частями 4-ой армии вплоть до ликвидации фронтов гражданской войны.

Следовательно  я содержался в Уральской тюрьме под стражей более 9 ½ месяцев и приходится благодарить судьбу, что не осуществлялся  самосуд, предположенный казаками к учинению над всеми политическими заключенными  в случае успешного наступления красных на Уральск”-дейді. Сондай-ақ  естелігінің соңында өзінің әскери –далалық соттың шешімімен 20 жылға бас бостандығынан айырылғанын және осы Орал түрмесінде ұсталған 400 саяси тұтқындардың тізімін келтіреді.[45.57п]

Қазан төңкерісі орнағаннан кейін елде кеңес үкіметін орнатуға қатысқан қазақ азаматтарының  бірі- Б.Қаратаев та болды. 1918 жылы 13 наурызда Орал қаласында өткен Облыстық жұмысшы, шаруа, солдат депутатарының съезінде Б.Қаратаев облыстық Совдептің мүшелігіне сайланып, юстиция комиссары болып тағайындалады. Алайда елдегі орын алған саяси билік үшін күресте  Орал қаласындағы “облыстық әскери үкімет” көп кешікпей жергілікті советті таратып, бүкіл  өкімет билігін қолына ала бастайды. Саяси тұтқын ретінде ұсталған Б.Қаратаев Орал түрмесінде өмірінің ең қиын сәттерін басынан өткізеді. Соғыс жылдарындағы қиын сәттерге қарамастан, Б.Қаратаев түрмедегі саяси тұтқындардың басын біріктіру арқылы өздерінің күресін тоқтатпаған еді. Орал қаласының 1919 жылы 24 қаңтарда Чапаев бастаған  дивизияның қаланы азат етуі арқасында  босатылып, өлім жазасынан құтқарылады. Сол жылы 4-армияның революциялық әскери кеңесінің ұйғарымымен Орал облыстық революциялық комитет құрылып, мүшелерінің бірі ретінде Бақытжан Қаратаев кірді.

 

2.2 Б.Қаратаев -Қырғыз (Қазақ) Революциялық Комитетінің          мүшесі

 

1919-жылдың көктемінен бастап қазақ өлкесінде жағдай қиындай түсті. Істің барысында одан сайын күрделене түсетіндігі аңғарылды. Наурыз айында Шығыс майданда Колчак әскерінің жалпы шабуылы басталды. Олар аз уақыт ішінде Омбы, Петропавл, Ақмола, Семей, Көкшетау қалаларын басып алды. Осындай жағдай шұғыл шешім қабылдауды қажет етті. Мұндай шешім қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру болатын.

1919-жылдың мамыр-маусым айларында Москвада қазақ революциялық комитетінің құрылуының әртүрлі аспектілерін қарау үшін комиссия жұмыс істеді. Бұл мәселеге үлкен мән берілді. Ұлттар Халық Комиссариаты құрған комиссия мүшелері арасындағы талқылау барысында, күрделі және шатасқан мәселелер қатары пайда болды, талқылау үстіндегі пікірлер бірауызды болмады. Бұл әсіресе ревкомның территориялық шекарасын анықтауға және оның қүқығын белгілеуге байланысты өрши түсті.

Қырғыз (қазақ) революциялық комитеті туралы мәселе кейіннен 1919-жылғы маусымның 12-сінде болатын Халық Комиссарлар кеңесінің талқылауына ауыстырылды.

Кеңес өкіметі қазақ халқының ұлттық мемлекеттігін ұйымдастыру ісін басқаратын орган құру туралы шешімге келді. 1919-жылғы шілденің 10-ы күні В.И.Ленин «Қырғыз (казақ) өлкесін басқаратын революциялық комитет жөніндегі уақытша ережеге» қол қойды.

1919-жылғы маусымның 28-інде Қазақстан, Түркістан халықтары өкілдері мен бұхар халықтары, ауған халықтарының өкілдері қатысқан жиналыс өтті. Онда Қазақстан мен Түркістанның  өзара қатынастары жайында мәселе қарастырылды. Ол ұлттар халық комиссариатының басшылығымен өтті.

Қазақ революциялық комитетінің құрылуы өлкеде кеңестік автономияның бастамасы ретінде, ал кейде автономиялық орган ретінде қабылданды. [47. 26б]

Қазақ революциялық комитетінің саяси-құқықтық мәртебесі 1919-жылғы маусымның 10-ынды РКФСР Халық комирсарлар кеңесінің Декретімен белгіленді. Онда – бұл орган өлкені билейтін жоғарғы әскери-азаматтық революциялық комитет деп бекітілді. Яғни, Қазақ революциялық комитеті жоғарғы мемлекеттік орган және қазақ өлкесінің территориясында төтенше өкілеттілігімен мемлекеттік билікке ие болады.

Бұл органның қызметі қазақ халқының мемлекеттігін кеңестік тұрғыда орнатуға бағытталды. Бұл жайлы мәліметті біз мына құжаттан біле аламыз: «Жалпы Қырғыз (қазақ) съезін шақыруға дейін, Қырғыз автономиялық аймағы аталған соң, бұл аймақты революциялық комитет болу керек, олар жоғарғы әскери азаматтардан тұру керек. Революциялық комитет тұрғылықты барлық кеңестік қарайды. Революциялық органы негізінде қырғыз (қазақ) әскери комисариат мекемесі ретінде болады. Ол әскери – оперативті қатынастарға байланысты негізгі Бүкілроссиялық штабына бағынады және оның ісі бойынша олар тікелей Республикалық революциялық әскери кеңеске бағынады.

  Әдебиеттерде Қазақ революциялық комитетінің мәртебесі мен саяси әкімшілік билігіне баға бергенде ол өкіметпен «теңдестіріле» қарастырылады. Осындай пікірді XX ғасырдың 40-жылдары М. С. Сапарғалиев айтты «Қазақ өлкесін билеген революциялық комитет,- деп жазды ол,- Кеңестік социалистік Қазақстанның ең алғашқы өкіметі болып табылады» [47.89бб ]

 Ол Қазақ революциялық комитеті кеңестік Қазақстанның алғашқы өкіметі болғандығын шегелей түседі. Осыған ұқсас пікір иесінің бірі С.Бейсембаев.

Ал, белгілі зерттеуші С.Сартаевтың пікірі бойынша Қазақ революциялық комитетінің құрылуы Қазақ кеңестік социалистік автономиялық республикасының іргетасы, тұғыры ретінде бағаланады  [48.52б]

         Қазақ революциялық комитетінің жағдайы мен  ролін 1919-жылғы шілденің 10-ындағы РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің Декретінде көрсетілген «Өлкені жоғары әскери-азаматтық билеу» деген анықтамасынан-ақ толық көруге болады.[48.45-46б]

Қазақ революциялық комитеті РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің уақытша ережесіне сәйкес аз уақыт ішінде жалпы қазақ съезі даярланғанға дейін және қырғыз өлкесін басқаратын автономия жарияланғанша өлкені басқаратын уақытша орган еді. Кеңес өкіметі жалпы қазақ съезіне Қазақ кеңестік автономиясын құру туралы заң жобасын дайындау Қазақ революциялық комитетінің негізгі міндеті деп белгіледі. Декретте көрсетілгендей Қазақ революциялық комитетке қазақ өлкесіндегі жергілікті кеңестік органдардың барлығы бағынуға тиіс еді. Қазақ революциялық комитеті жергілікті кеңестік органдардың қызметін бақылауға құқылы болды. Архив құжаттарына сүйенсек, Қазақ революциялық комитеті жоғарғы саяси өлкелік партия органы құрылғанға дейін партиялық орган есебінде де жұмыс істеген.

Қазақ революциялық комитеті облыстық халық шаруашылығы, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-саяси өміріне, олардың қызметтеріне тікелей араласты және облыстық революциялық комитеті арқылы, облыстық атқару комитеттеріне басшылық жасады. Өзінің қызметін атқара отырып революциялық комитет орталық кеңестік биліктің зандарын бұзып, халықтың ықыласына нұқсан келтірілгені үшін губерниялық, облыстық, уездік, болыстық және ауылдық революциялық комитет шешімдерін жоюға құқылы болды.

Қазақ революциялық комитеті 1919-жылғы маусымның 10-ындағы бекітілген РКФСР халық комиссарлар кеңесінің Декреті арқылы және басқа да орталық органдардың нұсқаулары мен ұсыныстары бойынша негізінен қазақ халқы қоныс тепкен жерлерге көп көңіл бөлді.

Жұмыс барысында өзіндік әдет-ғұрпы, салт-дәстүр ерекшелігі бар көшпелі және жартылай көшпелі халықтың арасында жаңа саясатты жүргізу, оны түсіндіру көптеген қиыншылықтар туғызды.

Қазақ революциялық комитеті өзінің алғашқы құрылған күнінен бастап қазақтарды жаңа саяси қоғамдық өмірге тарту жөніндегі пікір- таластарды тоқтатпады. Сонымен қатар, Қазақ өлкесінде жұмыс атқарып жүрген белгілі қайраткерлер мен жұмысшылардың пікірлері ортаға салынды. Қазақ революциялық комитеті құлаған ескі аппараттың орнына немесе бұрыннан бар кеңес органының орнына құрыла  салған жоқ. Бұл орган қазақ өлкесін басқару, негізгі заңын даярлау мақсатында құрылды.

Ереженің 3-ші бабына сәйкес, Қазақ автономиялы Республикасының территориясы  Түркістан Республикасымен, Қырғыз съезі және Орталық Кеңес үкіметімен келісіп анықталғанға дейін Казревком құзырына “… Астрахань губерниясы мен  Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарының территориялары қарайды”- делінген. [32.130б]

         Революциялық комитетке барлық жергілікті кеңестік құрылымдар мен атқарушы комитеттер тікелей бағынды. Революциялық комитеттің құрылуына байланысты Қырғыз Әскери Комиссариаты ретінде құрылған бөлім әскери-оперативтік қатынастағы Бүкілресейлік Бас Штаб қарамағына енеді  және Сталин басқарған Ұлттар Халық  Комиссариатындағы Ұлттар ісі жөніндегі қырғыз бөлімі қысқартылды, сонымен бірге Бөкей ордасындағы құрылым да жойылды, оның орнына революциялық комитет жұмыс істейтін болды.

Уақытша ереже Қазақ революциялық комитетінің, міндеттері мен мақсаттарын белгілеп берді. Олар:

  1. Бүкіл Қырғыз өлкесінде  кеңес  қызметтерін ұйымдастырып, біріктіру және кеңес өкіметін орнату.
  2. Кеңес өкіметінің орталығы шығарған барлық шешімдерді жергілікті халықтың тұрмыс-салт ерекшеліктерін ескере отырып өмірге енгізу.

3  Жергілікті кеңестердің қызметіне бақылау жасау.

  1. Қырғыз өлкесінің шаруашылығын,  мәдени   деңгейін көтеруге қажет барлық шараларды жүзеге асыру.

5  Жергілікті маңызы бар барлық мәселелерді шешу.

  1. Бүкілресейлік съезде    Қырғыз   автономиясын   құруға байланысты оның жобасын  ұсынуға және бекітуге даярлау.
  2. Ресей кеңестік федератавтік социалистік республикасы жөне Түркістан кеңестік республикасы мен Қырғыз өлкесі арасындағы қатынастарды реттеу. [48.133-134б]

Революциялық комитеттің құрылымы осы мақсаттар мен міндеттерге сәйкес қалыптасты. «Қазақ өлкесін басқаратын революциялық комитет туралы» деген Декрет қабылданысымен Қазақ революциялық комитетінің түрақты орны Орынбор деп бекітілді.

Бұл кезде өлке азамат соғысының құрсауында еді. Кейбір жерлерде аштық бел алды, бөрте сүзек ауруы өршіді, халық шаруашылығы құлдырай түсті. Кеңестік және шаруашылық органдар үшін мамандар мен жұмысшылар жетіспеді. Осы қиыншылықтармен қоса, өлкеде саяси бағыт таңдауда Қазақ революциялық комитетінің  алғашқы   құрамының ауызбіршілігі болмады. Қазақ Революциялық комитетінің өз ішіндегі топтың өзіндік дифференциациясы, халықаралық алауыздықтың халық үшін жайсыздығы, күйзеліс пен аштық халық шаруашылығының дамуын одан әрі тығырыққа тіреді. [10.82б]

Революциялық комитет құрамындағы бөлімдердің ұйымдастырылуы 1919-жылы қыркүйектің басында өтті. Қыркүйектің 12-сінде Қазақ революциялық комитетінің отырысында аумақтық аппараттың бөлімдері мен мекеме басшыларын сайлауға ашық дауыс берілді. Көпшілік дауыспен ревком төрағасының орынбасары, әскери комиссар, ішкі істер бөлімінің меңгерушісі, финанстық-шаруашылық, халық ағарту, азық-түлік және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің меңгерушілері сайланды.

Қазақ революциялық комитетінің арнайы құрамы туралы мәселе Қазақ революциялық комитеті туралы заң жобасын дайындау кезінде көтерілді. Кейіннен халық комиссарлар кеңесінің отырысынан кейін Ұлттар Халық Комиссариатында бірнеше рет талқыға түсті.

Декрет бойынша «революциялық комитет 7 адамнан тұрады, оларды Ресей республикасының орталық билігі белгілейді, олар халық арасында белсенді қызметкерлерді сайлаусыз толықтыру құқына (кооптация) ие болды». [49-156б]

Қазақ революциялық комитетінің алғашқы қүрамына: төрағалыққа            С.Пестковский, мүшелері В.Лукашев, А.Жангельдин, М.Тұңғаншин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев және А.Айтиев кірді.  

Қазақ революциялық комитетінің төрағалығына С.Пестковский, төрағасының орынбасары болып Байтұрсынов сайланды (4 дауыс жақтап, біреуі қалыс қалады). Қазақ революциялық комитеті хатшысы болып Қаралдин бірауыздан сайланды. Әскери комиссар міндетіне Тұңғаншин мен Пестковский дауысқа түседі. Тұңғаншинді екі дауыс жақтап, екі дауыс қолдамады. Пестковскийді бір дауыс жақтап, үш дауыс қарсы берілді, ал бір дауыс қалыс қалып, нәтижесінде Тұңғаншин сайланады.

Ішкі  істер   бөлімінің  меңгерушілігіне   Байтұрсынов   (4 дауыс жақтап, біреуі қалыс қалды); қаражат бөлімінің меңгерушісі болып Алексеев (бірауыздан сайланады); халық ағарту бөлімінің меңгерушілігіне Мендешев (төртеуі жақтап, біреуі қалыс қалды); сауда бөлімінің меңгерушілігіне Петров демалыстан қайтып келгенше Лукашев уақытша тағайындалды «. Сонымен бірге, заң (юстиция) бөлімінің меңгерушілігіне Қаратаев Б. Кеңестік халық шаруашылығы, еңбек, денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушілігіне Бөкейханов тағайындалды. Бөлімдердің қызметіне басшылық жасап, бақылау жүргізуші Қазақ революциялық комитетінің Президиумы болды. Революциялық комитеті Президиумы барлық  бөлімдердің жұмысына бағыт беріп, жұмыс барысын бір қисынға келістіріп, үйлестіріп, бақылау жасады. Сонымен бірге, күнделікті мәселелерді шешіп отырды. [50.65-66б]

Қазақ революциялық комитетінің қызметі Азамат соғысының өршіген, өлкенің ішкі жағдайы өте қиын кезенде жүрді. Ақ гвардияшыларды Қазақстанның Орталық, Солтүстік батыс бөлігінен қуу, жергілікті халықтың бір бөлігінің аштыққа үшырауы Қазақ революциялық комитет қызметінің алға басуына көп кедергі жасады.

Іс жүзінде қазақ революциялық комитеті мүшелерінің бір қызметтен екінші қызметке ауысуы кеңінен етек алды. Революциялық комитет мүшелері бірнеше міндеткерлікті қатар атқарды. Көптеген бөлім меңгерушілері мен мекеме меңгерушілері жиі-жиі орын ауыстырып тұрды. Осылайша, бір жыл ішінде (1919 -жылдың қыркүйегінен  1920 – жылдың қыркүйегіне дейін) азық-түлік бөлімінің меңгерушілері — бес рет, заң бөлімі меңгерушілері үш рет, әскери бөлім меңгерушілері үш рет алмастырылды. Білікті мамандардың жетіспеуінен Қазақ революциялық комитет кейбір қызметкерлерді бір қызметтен екінші қызметке ауыстырып отырды. Революциялық комитет билігінің кеңінен қанат жаюы, оның орындайтын қызметінің күрделене түсуі, кейбір бөлімдер мен өлкелік мекемелердің қатты өзгеруіне әкеп соқты. Қазак революциялық комитет мүшелерінің құрамы жөніндегі мәселенің күрделілігі сонша, осы мәселе саяси бюро мен РКП(б) Орталық комитетінің ұйымдастыру бюросында, Жоғарғы Орталық атқару комитетінде, РКФСР Ұлттар Халық комиссариатында бірнеше рет қаралды.

Қиындық туғызып отырған себептер:

а)  Бұл орган кеңестік Қазақстанның ең күрделі, бастапқы кезеңінде құрылды;

ә)   Қазақ өлкесін басқаруда ең алғашқы толық билік жүргізуші орган болды;

  б)   Қазақ  революциялық  комитетінің  құрамы да  біртекті емес   еді.   Оның   мүшелерінің   сапына   идеялық-саяси   жетілу деңгейі жағынан,  мінез-құлқы мен тәрбиесі,  шығу тегі,  білім деңгейі әртүрлі адамдар жиналды. Б.Қаратаев сияқты Петербург университетінің заң факультетін бітірген жоғары білімді, Ахмет Байтұрсынов   секілді  халық арасында беделі   бар   қайраткерлер де, халық  арасында  беймәлім адамдар да болған. Олардың қазақ қоғамына деген пікірі әртүрлі болды.[49.45-46б]

Қырғыз (қазақ) революциялық комитеті өзінің іскерлік жұмысында қазақтың демократиялық интилигенциясына көңіл аударды. Оларды Кеңес үкіметіне шақырды, бұл бағыт өзінің белесіне 1920 жылдары жетті. Бұл бетбұрысқа әсер еткен Лениннің ұлттық саясатын, Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасын құру болып табылады. Алаш Орда контрреволюциялық құрамында болған интилигенция өз бағытынан бастартты. Сонымен, қазақ интилигенциясы еліміздің түпкір – түпкіріне жұмыстарға, яғни Совет үкіметінің үкімін орындауға жіберілді.

Алашорда жетекшілері бір жағынан Колчак үкіметімен келіссөз жүргізе отырып, екінші жағынан Кеңес өкіметімен өз байланыстарын қалпына келтіру арқылы қазақ халқының өзін-өзі билеу мәселесін шешудің жаңа әдістері мен жолдарын іздеуге мәжбүр болғанын байқау қиын емес.

Қазақ революциялық          комитетінің      құрамындағы     Б.Қаратаев,

 Ғ.Әлібеков, А.Кенжин, Б.Қаралдин сияқты Алашорда қайраткерлері коммунистік партия қызметкерлерімен ғана емес, революциялық комитет қызметкері В.Лежава-Мюратпен де жиі-жиі кездесіп, келіссөздер жүргізіп отырды. Жаһанша және Халел Досмүхамедовтер өлкедеге саяси және әскери жағдайдың тұрақсыздығын, оның аса қысқа мерзім ішінде жиі-жиі күрт өзгерістерге ұшырап отыратындығын өз көзімен көріп, ой елегінен өткізіп отырды.

Ахмет Байтұрсынов РКП(б)-ның мүшелігіне 1920-жылғы сәуірде қабылданды. Ахмет Байтұрсыновтың Кеңес өкіметі жағына шығуын және оның Қазақ революциялық комитетінің мүшелігіне тағайындалуын большевиктер үлкен саяси науқанға айналдырып жіберді.

1920 жылы қаңтар және науырыз айларында, дәлірек айтқанда, 9 наурызда Қырғыз (қазақ) революциялық комитеті, яғни онда қызмет еткен қазақ зиялылары өздерімен қатар өмір сүрген қазақ халқының  зиялылары құрған “Алаш Орда” буржуазиялық үкіметін және оның аймақтық бөлімшелерін толығымен жою туралы бұйрық шығарды. Атаулы шешімге бірқатар оқиғалар себеп болды. Ол 1918 жылы 11 наурызда Жетісу ХКС және ұлттық қатынастарды реттеу жөніндегі Комисарияттың: “Алаш” қырғыз комитетін жоюға кірісіңдер”, — деген қаулысынан басталады.

         Кең аймақты қамтыған азамат соғысы жағдайында “Алаш Орда” Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды, Омскідегі Бүкілроссиялық Уақытша үкіметпен Самарадағы құрылтай жиналысының комитетімен тығыз байланыс орнатты, Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен байланысын нығайтты, соның барлығы Советтермен күресу мақсатын көздеуден туындады. Осыған қарамастан 1918 жылы 4 қарашада Бүкілроссиялық үкіметтің Уфа директориясының шешімімен “Алаш Орда үкіметі таратылған болатын. Бұл Алаш автаномиясын жақтаушылардың Совет үкіметін мойындауға бас июінің негізгі себебі болды.

  Қызыл Армияның Фрунзе басқарған әскери бөлімдерінің ақгвардияшылар шебіне шабуылы кең етек алуына қарай, алашордалықтарға қарсы күресте күшейе түсті. РСФСР БОАК – (ВЦИК) “Алаш Ордаға кешірім жасағаннан соң, “Алаш Орда басшыларының бірі Ахмет Байтұрсыновтың  және алашордалықтардың ірі Орск тобының Совет үкіметі жағына өтуі бұл процеске қайтымсыз сипат берді. Бұл “Алаш Орданың” Торғай облыстық бөлімінің толығымен тарауында мәні зор болды. [13. 64б]

“Алаш Орда” өкілдері және Совет үкіметі атынан Қырғыз (қазақ) революциялық комитеті арасындағы бірнеше келіссөз нәтижесінде 1919 жылы “Алаш Орданың” батыс бөлімі жойылды. 1919 жылы 10 желтоқсанда алашордалықтардың Қызылқоғада өткен мәжілісінде ашық түрде Совет үкіметі жағына өту және Орал ақ казактарына қарсы әскери қимылдар жасауға және бастауға шешім қабылдады. 1919 жылы желтоқсанның соңына дейін “Алаш Орданың” батыс бөлімінің басшылары толық тізе бүгу туралы барлық талаптарды орындауға мәжбүр болды, ал олардың бөлімдері Совет басшылығына бағынды. 1920 жылы 5 наурызда Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі Әскери – революциялық Комитетінің мәжілісінде “Алаш Орданың” батыс бөлімі жойылды.

   “Алаш Орданың” Торғай және Батыс бөлімдері жойылғаннан кейін, Қазақстанның ұлттық – демократиялық күштерінің соңғы қамалы – Семей бөлімі де құлады.

«В.М.Жолдас» деген бүркеншік атпен жарияланған мақалада А.Байтұрсынов сияқты ірі тұлғаның кеңес үкіметі жағына шығып, коммунистік партияға мүше болу үшін өтініш беруін «партияның ірі жеңісі» әрі қазақтар арасындағы «ықпалымыздың ең жақсы көрінісі» деп жоғары бағалаған. Мақала А.Байтұрсыновтың өнегесі «толқып жүргендерге, әсіресе, коммунистердің қырғыздар арасындағы ықпалының өсуін халыққа қауіп деп түсінгендер үшін өнеге болсын. Қазақтар арасындағы идеялық жеңістердің бірінен саналады»,- деген сөздермен аяқталған. .[13.66б]

Орынборда шығып тұрган «Известия Киргизского края» деген газеттің 1920 жылғы 15 сәуірдегі санында «Ахмет Байтұрсыновтың арызы» деген мақала жарияланып, оның РКП(б) Орынбор комитетінің атына партаяға алу туралы жазылған өтінішінің тексті берілген.

Алайда, көп кешікпей, ол коммунистік партияға мүшеліктен шығып кетті. «Мен, — дейді Ахмет Байтұрсынов жоғарыда айтылған құжатта,            партиядан 1921-жылғы тазалау барысында енжарлығым үшін шығып қалдым. Менің енжарлығым (пассивность) ғылыми жұмысқа терендей берілгендіктен, партия жиналыстарына бармайтындығымнан және жалпы алғанда саясатқа аз көңіл аударатындығымнан көрінді»[51.16б]

Ахмет Байтұрсынов Қазақ революциялық комитетке мүше болып сайланған соң, әсіресе 1919-жылдың екінші жартысынан 1920-жылдың басына дейін, оның мәжілістерінде А.Байтұрсыновтың ұсыныстары бойынша Алашорда жетекшілеріне көзқарас туралы және осы Алашорданың батыс бөлімінің ақтармен одақтасы болғаны үшін кешірім жасау жөнінде мәселе бірнеше рет талқыланды. Бұл мәселе кездейсоқ, тегіннен-тегін көтерілген жоқ еді, керісінше, оның салмақты әлеуметтік және саяси себептері болды. Біріншіден, жаңа қоғам ат төбеліндей аз қазақ зиялыларының білімі мен талантына зәру болды. Әсіресе, олар кең көлемді және терең мағыналы мәдени құрылысты қарқынды жүргізу үшін қажет еді. Екіншіден, Алаш қозғалысына қатынасқан қазақтың зиялы қайраткерлерінің кеңес өкіметіне қарсы іс-әрекетіне кешірім жасау бейбіт құрылыстың ең басты айқындаушы негіздері ұлтгық келісімді, азаматтық түсінушілікті қалыптастырып, нығайтуға мүмкіндік берер еді.

Міне, осыдан келіп  1920 жылы 27 мамырда Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің қазақ интелегенциясын кеңестік органдарға жұмысқа тарту туралы үкімі шығады. Яғни онда былай делінген:

1.Қырғыз (қазақ) аймағын әскери революциялық комитетінің біреуі қырғыз интилигенттерін әскерилендіру, барлығын әскери – революциялық комитет мекемелерінде және әскери бөлімдерге орналастыру керек. Жұмыс орындарында тіркеліп және сол жерден тиісті куәлік алу керек.

  1. Барлық интилигентті қырғыздар (қазақтар) (екі сыныпты және одан жоғарғы білімді) барлығы тіркеуде тұру керек және әскери революциялық комитеттің қол астында жұмыс істеу керек.[52.209-210б]

Кеңес өкіметі жағына шыққан немесе шығуға бет бұрған Алашорда жетекшілері туралы осындай көзқарасты қалыптастыру, кешірім жасағанына қарамастан, оның басшыларына деген сенімсіздіктің ұзақ уақыт сақталуына негіз жасаумен бірдей болды. Ал кейбір белгілі кеңес қайраткерлері келіссөздер жүргізуде Алашорда басшыларын өздеріне тең санамады, оларды менсінбеді, тіпті өздеріне жау элеметтер деп қарауларын қоймады. Ал Алашорда қайраткерлеріне кешірім жасағанына қарамастан, оның жетекшілері саяси тұрғыдан оқшауландырылды.

Алашорда мен оның басшылығына осындай көзқарас Қазақ революциялық комитетінің 1920-жылғы наурыздың 5-інде қабылданған «Алашорданың батыс бөлімін тарату туралы» қаулысында аса анық көрінді. Онда атап айтқанда былай делінді:

«Ұлттық Алашорда үкіметінің батыс бөлімінің жауапты жетекшілері қырғыз (қазақ) өлкесінде кеңес өкіметі мықты орныққанша халық бұқарасынан оқшауландырылсын… Алашорда үкіметінің толық таратылуына байланысты мәселелердің нақтылы шешілуі революциялық комитеттің алдағы мәжілістерінде қаралсын….

Қырғыз (қазақ) халқының кеңес өкіметіне іш тартатын бөлігі мен қоныс аударушылардың (орыс селоларының тұрғындары) Алашорданың белсенді қызметкерлеріне өшпенділікпен қарайтындықтары ескеріле отырып, олар ревком мүшелігіне және басқа да жауапты кеңес қызметіне ұсынылмайтын болсын«. [32.130б]

  Қазақ революциялық комитетінің осы қаулысының мазмұны мен мәні 1918-жылдың көктеміндегі Совет өкіметі мен Алашорданың арасында болған келісімдерге түбірімен қарама-қайшы. Егер 1918-жылы келіссөздер нәтижесінде Алаш үкіметі мен Кеңес өкіметі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің кейбір өзекті мәселелері бойынша белгілі дәрежеде ымыраға (компромиске) келген болса, 1919-жылдың соңы мен 1920-жылдың басында басқа да ұлттық қоғамдық-саяси қозғалыстар сияқты  Қырғыз (қазақ) революциялық комитеті өзінің саяси және ұйымдық әлсіздігімен түбегейлі өзгерістерге бара алмады.

Кадр мәселесі Қазақ революциялық комитетінің алғашқы жұмыс күнінен бастап қиын да, күрделі мәселе еді. Біріншіден, аз уақыт ішінде революциялық комитет аппаратында көп салалы бөлімдер мен мекемелерге іс білетін арнайы мамандар жинастыру қажет болды. Екіншіден, мүмкіндігінше жергілікті мамандарда қызметке тарту және қызметке міндеггі түрде қазақ тілін білетін, қазақ халқының мүддесі мен ерекшелігін ескеретін ұлтжанды адамдарды тарту қажет еді. Ал ең бастысы — бұл адамдар саяси сауатты, білімді болуы қажет еді.

1919-жылғы шілденің 24-інде В.И.Ленин ІІ-мемлекеттік Думаның депутаты Б.Қаратаевты бүкіл қазақ елін басқаратын революциялық комитеттің мүшесі етіп тағайындайтын мандатқа қол қойды [53.7п]

         Б.Қаратаев жалпы, саяси тұлға ретінде өте жұмбақ адам. Ол өзінің ақыл парасатына, әділеттілігіне сүйеніп, Орал даласындағы өз орнын жақсы білген.

Әрине, Б.Қаратаевтың басында қарама-қайшылықтар да мол екендігі даусыз. Алайда, мұндай құбылыс сол кезде Кеңес өкіметін амалсыздан мойындаған бүкіл зиялылардың күрделі көңіл-күйін, шиеленіскен ішкі қайшылықтарын шынайы сездіргені көпшілікке белгілі.

     Қаратаевтың революциялық  комитет жүргізген саясатка күмәнданған кездерде аз болмады. Өмірінің соңында бұл күдіктері күшейе түсті. Мысалы, шен құмарлардың табиғатын зерттей отырып, кезінде ол орыс революционерлері жөнінде мынадай тұжырымға келеді: «Олар құлдық пен крепостниктік тәрбиеде өскен құлдар. Қолдарына билік тие қалса, қарамағындағыларды бұрынғы қожаларынан өткен қаталдықпен, жауыздықпен қанайды. Күнделікті өмір соны дәлелдеуде. Егер революциялық идеялары жеңе қалса, халық ертеңіне-ақ өзіне ең озбыр, ең қаныпезер басшыны тандап алады« [52.10б]

Дегенмен, анығырақ айтатын болсақ,  Бақытжан Қаратаев Кеңес өкіметін қазақ сахарасында орнатуға небәрі екі-ақ жыл араласқаны аңғарылады. “Неге былай болды? ”-деген сауалға біржақты себеп, жауап іздеу киын–ақ.  Дегенмен, бір мәселе анық: Большевиктердің Кеңес өкіметін орнатуда  қазақ халқына жасаған зорлық-зомбылығы, қырып-жоюға бағытталған саясаты, социализм идеясын күшпен енгізумен дінінен, әдет-ғұрпынан, тілінен безіндіретін ілімінің астарын, мақсатын дер кезінде түсіне білгені айқын. Мұндай тұжырым Бақытжан Қаратаевтың мына сөздеріне байланысты туындайды: “Большевизм өкімет басында қала ма? Ол меніңше өздерін өздері өкімет еткендердің тіршілігі тоқтағанға дейін биікте тұра алады…Әзірге, большевизм күллі ескі, әрі іріп-шіріген дүниені күйретуші мәніне ие. Ал жасампаздар басқа адамдар болады…”

Большевиктердің  құйтырқы саясатына әбден қанық болған Бақытжан Қаратаев 1927 жылы партия қатарынан өз еркімен шығады. 1921-1924 жылдары ол Ақтөбе қасында адвокаттардың губерниялық коллегиясының төраасы қызметін атқарады.

Өмірінің соңғы жылдарында Бақытжан Қаратаев Ақтөбе қаласында тұрып, бірыңғай  ғылыми-шығармашылық  жолға бет бұрғанын көруге болады. Ел аралап, көне құнды кітаптар, шежіре материалдар жинастырды. Мұны мұрағат материалдары да дәлелдей түседі: “Справка. Дана Каратаеву Бахиджану Бисалиевичу в том, что он действительно работает В Центральном Архивном Управлении КАССР  с 16 августа с.г в качестве научного сотрудника, что и удостоверяется.” (Центральное Архивное Управление . №011 22 августа 1931 года)  

Сондай – ақ, мұрағат қорларынан Бақытжан Бисәліұлының Орал қаласының мұрағаттарынан  1916 жылғы және Қазақстандағы Азамат соғысына қатысты мәліметтер қарастыру үшін рұқсат сұрағанын көруге болады. Соның нәтижесінде қазақ халқының шығу тарихын жоспарлап, 62 пункттан тұратын программа және кітап жазуға пайдаланатын түпнұсқаларының тізімін жасады. Осы еңбегінің нәтижесінде 1934 жылы 14 сәуірде КАЗИЗДАТ-қа өзінің патша әкімшілігінің Уақытша Ереже енгізгеннен кейінгі қазақ даласында орын алған оқиғаларды баяндайтын: “Обзор материалов из истории колонизации Казахского края  в связи с восстанием казахов Оренбургского края в 1869 году и в начале 1870-х годов” атты қолжазбасын тапсырады. [53.65п]

Халқының ардақты ұлы, ғалым, тарихшы, журналист Бақытжан Қаратаев 1934 жылы 26- тамызда 74 жасқа қараған шағында дүние салды.

Сонымен, елдегі қалыптасқан саяси жағдайға байланысты 1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ елін басқаратын Революциялық Комитет құру туралы декрет жариялайды. 1919 жылдың 24 шілдесінде Ленин қол қойған мандат бойынша  Б.Қаратаев  Қазақ революциялық комитетінің мүшесі ретінде тағайындалып, Б.Қаратаев заң (юстиция) бөлімінің меңгеруші қызметін атқарады. Қаратаевтың революциялық  комитет жүргізген саясатка күмәнданған кездерде аз болмады. Өмірінің соңында бұл күдіктері күшейе түскен болатын. Себебі, Б.Қаратаев  большевиктердің Кеңес өкіметін орнатуда  қазақ халқына жасаған зорлық-зомбылығы, қырып-жоюға бағытталған саясаты, социализм идеясын күшпен енгізумен дінінен, әдет-ғұрпынан, тілінен безіндіретін ілімінің астарын, мақсатын дер кезінде түсіне білді. Большевиктердің  құйтырқы саясатына әбден қанық болған Бақытжан Қаратаев 1927 жылы партия қатарынан өз еркімен шығады. 1921-1924 жылдары ол Ақтөбе қасында адвокаттардың губерниялық коллегиясының төрағасы қызметін, өмірінің соңында ғылыми-шығармашылық жолға бет бұрған болатын.

Қорыта келе, Қазан төңкерісі орнағаннан кейін елде кеңес үкіметін орнатуға қатысқан қазақ азаматтарының  бірі- Б.Қаратаев  болды.  1918 жылы 13 наурызда Орал қаласында өткен Облыстық жұмысшы, шаруа, солдат депутатарының съезінде Б.Қаратаев облыстық Совдептің мүшелігіне сайланып, юстиция комиссары болып тағайындалады. Алайда елдегі орын алған саяси билік үшін күресте  Орал қаласындағы “облыстық әскери үкімет” көп кешікпей жергілікті советті таратып, бүкіл  өкімет билігін қолына ала бастайды. Саяси тұтқын ретінде ұсталған Б.Қаратаев Орал түрмесінде өмірінің ең қиын сәттерін басынан өткізеді. Соғыс жылдарындағы қиын сәттерге қарамастан, Б.Қаратаев түрмедегі саяси тұтқындардың басын біріктіру арқылы өздерінің күресін тоқтатпаған еді. Орал қаласының 1919 жылы 24 қаңтарда Чапаев бастаған  дивизияның қаланы азат етуі арқасында  босатылып, өлім жазасынан құтқарылады. Сол жылы 4-армияның революциялық әскери кеңесінің ұйғарымымен Орал облыстық революциялық комитет құрылып, мүшелерінің бірі ретінде Бақытжан Қаратаев кірді. Азамат соғысынан  елдегі қалыптасқан саяси жағдайға байланысты 1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ елін басқаратын Революциялық Комитет құру туралы декрет жариялайды. 1919 жылдың 24 шілдесінде Ленин қол қойған мандат бойынша  Б.Қаратаев  Қазақ революциялық комитетінің мүшесі ретінде тағайындалып, заң (юстиция) бөлімінің меңгеруші қызметін атқарады. Қаратаевтың революциялық  комитет жүргізген саясатка күмәнданған кездерде аз болмады. Өмірінің соңында бұл күдіктері күшейе түскен болатын. Себебі, Б.Қаратаев  большевиктердің Кеңес өкіметін орнатуда  қазақ халқына жасаған зорлық-зомбылығы, қырып-жоюға бағытталған саясаты, социализм идеясын күшпен енгізумен дінінен, әдет-ғұрпынан, тілінен безіндіретін ілімінің астарын, мақсатын дер кезінде түсіне білді. Большевиктердің  құйтырқы саясатына әбден қанық болған Бақытжан Қаратаев 1927 жылы партия қатарынан өз еркімен шығып, 1921-1924 жылдары ол Ақтөбе қасында адвокаттардың губерниялық коллегиясының төрағасы қызметін, өмірінің соңында ғылыми-шығармашылық жолға бет бұрған болатын.

 

 

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

        

XX ғасырдың басында патша өкіметінің өлкеге  жүргізіп отырған отарлық саясаты, ұлттық езгісі мен қанауы сол кездегі халықтың қамын ойлай бастаған көздері ашық, көкірегі ояу қазақ зиялыларына  қозғау салды. Олар империяның “солақай” саясатын ашық сынға алып, ұлт болашағы үшін туған елінің, халқының азаттығы үшін туған елінің, халқының азаттығы мен бостандығы үшін күреске шықты. Солардың бірі- Орал өңірінде дүниеге келген  Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев болды.

Бақытжан Қаратаев шыңғыс ұрпақтарынан тараған Әбілхайыр ханның шөбересі болып келеді. Ол 74 жыл өмір сүрді. (1860-1934) 1860 жылы дүниеге келген Б.Қаратаевтың тәрбиелік болмысы бала жастан ел арасындағы ғасырлар бойғы көшпелі өмір салты мен кең даланың әдет-ғұрпы ықпалында қалыптасады. Оның алғаш ауыл мектебінен білім алып, 1886-1890 жылдар аралығында Санкт-Петербург университетінде білім алуы оның саяси көзқарастарының қалыптасуына үлкен әсерін  тигізді. Алайда, 1891жылы  патша әкімшілігінің Сенатына қызметке тағайындалған  Б.Қаратаевты патша чиновниктері Санкт-Петербургтан алысырақ аймаққа — Грузияның Кутаиси қаласына тергеу жүргізу қызметіне ығыстырып тастауға тырысты. Өйткені, 1891 жылы патша үкіметі қазақ даласын басқарудың жаңа Далалық Ережесін даярлап жатқан еді, сондықтан да олар үшін әкімшілік сенатында көзі ашық қазақтың жүргені қауіпті болып көрінді. Жеті жылдай Қазақстаннан тыс жүрген Бақытжан Қаратаев 1897 жылы  өзінің кіндік кескен Орал топырағына оралып, өз мамандығы бойынша халық құқығын сақтау мақсатында, адвокат болып орналасады. Патша чиновниктерінің қазақ даласында жергілікті халыққа қарсы жүргізіліп отырған озбырлық саясатына, адамдық құқықтарын аяққа таптаған әрекеттеріне қарсы үн көтереді.

Бақытжан Бисәліұлының  қазақ халқын, оның жері мен суын, азаматтарының құқығын қорғауға бағытталған іс-әрекеті, қызметі Бірінші Орыс революциясы жылдарында ерекше байқалады. Оның Орал және Торғай қазақтарының атынан жолданған петицияны даярлауға қатысуы, 1905 жылы Орал қаласында өткен бес облыстың делегаттық сьезінде “Қазақ конституциялық демократиялық партиясын” құрудағы әрекеті оның қоғам қайраткері ретінде қалыптасқанын көрсетеді.

1905-1907 жылдардағы Бірінші Орыс революциясы жаңа басталған кезде Бақытжан Қаратаев кадет партиясының мүшесі еді. Алайда Орал қазақтарының атынан II Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған Бақытжан Қаратаев Мұсылман фракциясының құрамына енді.  1907 жылғы Думаның 16 мамырдағы 39 пленарлық отырысында Бақытжан Қаратаев сөз сөйледі. Ол өзінің сөзінде қазақ халқы үшін ең маңызды іске айналған жер мәселесін қозғап, сөзінде: “Үкімет , біріншіден, Ресей ішіндегі помещиктер мүддесін, яғни, 130000 помещиктің мүддесін қорғау үшін ”жерсіз орыс шаруаларына қазақ жерлерін тартып беріп отырғандығын ашық айтады. Бұл сөз іс жүзінде патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау саясатын жергілікті халықтың атынан әшкерелеу еді.

Осы кезде 1907-1916 жылдар аралығында Б.Қаратаев ел аралап, үгіт-насихат жұмысымен айналысады. Патша үкіметінің қоныстандыру саясатына қарсы “Айқап” журналы мен “Қазақстан” газеттеріне мақалалар жазды. Б.Қаратаев мақалаларында феодалдық заманның күні өтіп,  қоғамдық жаңа қатынастар туа бастағанын, ендігі жерде қазақтардың жалғыз мал шаруашылығымен күнелте алмайтынын, отырықшылыққа көшіп, қала болып егіншілік, сауда, білім-ғылымға көңіл бөлу керектігін насихаттады.

Б.Қаратаев Ақпан төңкерісін қуанышпен қарсы алды. Алайда, 1917 жылы сәуір айында уақытша үкімет соғысты жалғастыра беру мәселесін талқылау үшін Ресей мұсылмандарының съезінде Б.Қаратаевтың большевиктер партиясын қолдайтын пікірінен оның қазақ зиялыларымен көзқарастарының қарама-қайшы келгендігін аңғаруға болады. Біз Б.Қаратаевтың большевиктер партиясының қатарына өтуін, екі революция аралығындағы Ресейдегі саяси шиеленіс пен идеялық күрестің жемісі деп қарауға тиіспіз. Ол большевиктердің “жер шаруаларға берілсін”, “зауыттар жұмысшыларға”, “билік Кеңестерге” сияқты тартымды ұрандардың арбауына түсіп, Кеңес үкіметі жағына өткен болатын.

Азамат соғысы қарсаңында 1918 жылы 13 наурызда Орал қаласында өткен Облыстық жұмысшы, шаруа, солдат депутатарының съезінде Б.Қаратаев облыстық Совдептің мүшелігіне сайланып, юстиция комиссары болып тағайындалады. Алайда елдегі орын алған саяси билік үшін күресте Орал қаласындағы “облыстық әскери үкімет” көп кешікпей жергілікті советті таратып, бүкіл  өкімет билігін қолына ала бастайды. Саяси тұтқын ретінде ұсталған Б.Қаратаев Орал түрмесінде өмірінің ең қиын сәттерін басынан өткізеді. Соғыс жылдарындағы қиын сәттерге қарамастан, Б.Қаратаев түрмедегі саяси тұтқындардың басын біріктіру арқылы өздерінің күресін тоқтатпаған еді. Орал қаласының 1919 жылы 24 қаңтарда Чапаев бастаған  дивизияның қаланы азат етуі арқасында  босатылып, өлім жазасынан құтқарылады. Сол жылы 4-армияның революциялық әскери кеңесінің ұйғарымымен Орал облыстық революциялық комитет құрылып, мүшелерінің бірі ретінде Бақытжан Қаратаев кірді.

 Азамат соғысынан  елдегі қалыптасқан саяси жағдайға байланысты 1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ елін басқаратын Революциялық Комитет құру туралы декрет жариялайды. 1919 жылдың 24 шілдесінде Ленин қол қойған мандат бойынша  Б.Қаратаев  Қазақ революциялық комитетінің мүшесі ретінде тағайындалып, заң (юстиция) бөлімінің меңгеруші қызметін атқарды. Қаратаевтың революциялық  комитет жүргізген саясатқа күмәнданған кездерде аз болмады. Өмірінің соңында бұл күдіктері күшейе түскен болатын. Себебі, Б.Қаратаев  большевиктердің Кеңес өкіметін орнатуда  қазақ халқына жасаған зорлық-зомбылығы, қырып-жоюға бағытталған саясаты, социализм идеясын күшпен енгізумен дінінен, әдет-ғұрпынан, тілінен безіндіретін ілімінің астарын, мақсатын дер кезінде түсіне білді. Большевиктердің  құйтырқы саясатына әбден қанық болған Бақытжан Қаратаев 1927 жылы партия қатарынан өз еркімен шығады. 1921-1924 жылдары ол Ақтөбе қасында адвокаттардың губерниялық коллегиясының төрағасы қызметін атқарады.

Өмірінің соңғы жылдарында Бақытжан Қаратаев бірыңғай  ғылыми-шығармашылық  жолға бет бұрып, осының нәтижесінде 1934 жылы “Обзор материалов из истории колонизации Казахского края  в связи с восстанием казахов Оренбургского края в 1869 году и в начале 1870-х годов” атты қолжазбасын дайындап шығарады.

Халқының ардақты ұлы, ғалым, тарихшы, журналист Бақытжан Қаратаев 1934 жылы 26- тамызда 74 жасқа қараған шағында дүние салды. Бүкіл қазақ даласы тағы бір арысынана айырылған. Бірақ, оның халқының жарқын болашағы үшін атқарған қызметі ешқашан ұмытылмақ емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. Отан тарихының тағылымдары және Қазақстан қоғамының қайта жаңғыруы. Халық бірлігі және ұлттық тарих жылына арналған ғылыми сессияның материалдары. Алматы.,1999.
  2. Шонанұлы Т.Ш. Жер тағдыры – ел тағдыры. Алматы., 1995
  3. Якунин Я.Ф. Революция 1905-1907гг в Казахстане / Революция 1905-1907 годов в национальных районах России М.,1949
  4. Асфендияров С.Д. Қазақ тарихының очерктері. Алматы., 1994
  5. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. М.,1957
  6. Бейсембиев К.Б. Прогрессивно-демократическая и марксисткая мысль в Казахстане в начале XX века. А.,1965
  7. Бейсенбаев К.Б. Ленин и Казахстан. А.,1968
  8. Пахмурный П.В. Большевики Казахстана в революции 1905-1907 годов. А., 1976
  9. Джаксалиев М.Д. Экономические и социально- политические взгляды казахских общественных деятелей конца XIX начале XX веков. Автореферат. дисс. М.,1973
  10. Зиманов С.З. В.И.Ленин и советская национальная государственность в Казахстане. А.,1970
  11. Ысмағұлов М.Ш. Революция сарбазы // Жалын. 1989., №1
  12. Қозыбаев М.К. Ақтаңдақтар ақиқаты. А.,1992
  13. Нұрпейісов К.Н. Алаш һәм Алашорда. А.,1995
  14. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. А.,1995
  15. Аманжолова Д.А. Казахская автономизм и Россия. История джижения Алаш.М.,1994
  16. Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері Жақып Ақбаев. А.,1996
  17. Өзбекұлы С.Ө.Арыстары Алаштың. Тарихи очерктер.А.,1998
  18. Өзбекұлы С.Ө. Барлыбек Сыртанов. А.,1996
  19. Қойшыбаев Б.О. Бақытжан Қаратаев. А.,1993
  20. Малтусынов С.М. Социально-экономическое и политическое положение Казахстана и Государственная Дума (1905-1907гг). Автореферат.канд.дисс.А.,1981
  21. Смагулова С.О. Ұлттық интеллигенция және XIX ғасырдың соңы-XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе. Т.ғ.к.дисс.А.,1999
  22. Озғанбай Ө.О. Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан (1905-1907жж) А.,1997
  23. Каратаев Б.Б. Обзор материалов из истории колонизации Казахского края в связи с восстанием казахов Оренбургского края в 1869 году и в начале 1870-х годов. Сост.А.Б.Абенова А.,2006.
  24. Государственная Дума. Указатель к стенографическим отчетам. Второй созыв. 1907год. С-Пб.,1907
  25. Государственная Дума. Стенографические отчеты. 1907 год. Сессия вторая. Т-1.С-Пб.,1907
  26. Хрестоматия по новейшей истории Казахстана.(1917-1934гг) Под.ред. К.С.Каражанова А.,2002
  27. Субханбердина Ү. Дәуітов С. Айқап. А.,1995
  28. ҚРОММ.1227 қ, 1т, 1 іс.
  29. Қабижанұлы А.А. Қаратай Нұралыұлының қоғамдық-саяси қызметі (1771-1826жж) Т.ғ.к.дисс. Атырау.,2003
  30. Щетинина Г.И. Университеты в России и Устав 1884 года. М.,1976
  31. Созақбаев С.С. Қарлығаштар / Білім және Еңбек.1983., №3
  32. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. Ред.басқ. Қ.С.Қаражан. А.,2005
  33. Хамиқызы Ү.Б. Бақытжан Қаратаев және патша үкіметінің жер саясаты./ Қазақ тарихы. 2006, №5
  34. Зиманов С.З. Исмагулов М.Ш. Б.Б.Каратаев во второй Государственной Думе/ Известия АН КазССР, серия общественных наук, 1974, №1.
  35. Верт Н. История советского государства.(1900-1991гг) М.,1997
  36. Ленин В.И. Толық шығармалар жинағы. Т.16. А.,1976
  37. Б.Қаратаевтың 1907жылы II Думада сөйлеген сөзі./ Жалын, 1989., №1
  38. Сидельников С.М. Аграрная политика самодержавия в период империализма. М.,1980
  39. Атабаев Қ.М. Қазақ баспасөзі. Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918) А.,2000
  40. Омарбеков Т.О. Омарбеков Ш.Т. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. А.,2004
  41. Мухатова О.Х. “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті XX ғасырдың басындағы қоныстандыру, жер мәселесі туралы./Ақиқат, 1998., №3.
  42. Бөкейхан Ә. Таңдамалы. А.,1995
  43. Байтұрсынов А. Ақ жол . А.,1991
  44. Алдабергенов Қ.М. Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатының бағыттары мен нәтижелері (1860-1918) Автореферат т.ғ.д А.,2000
  45. ҚРОММ.1227 қ, 1т, 4 іс.
  46. ҚРОММ.1227қ, 1т, 3 іс.
  47. Сапаргалиев.М.С.Возникновения казахской советской государственности (1917-1920гг.). Алматы, 1948.

48.Сартаев С.С. Образование и становление Казахской Советской              государственности. Алматы, 1960

     49.Образование Казахской АССР. Сборник документов и материалов.      Алматы, 1957.  

     50.Советы и ревкомы в Казахстане (октябрь І917-1920гг). Документы и    материалы. Алматы, 1971.

     51.»Известия киргизского края» 1920. 15 апрель

  1. Шапоров Ю. «Ревкомдағы жанжал» \\ Арай, 1997,

     53.ҚРОММ, 1227қ, 1т, 2 іс.