АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдык жумыс: Бастауыш мектепте бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру

Мазмұны

 

Кіріспе

 

І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларында көркемдік-эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың теориялық негіздері.

  • Бастауыш мектепте оқушыларға білім берудегі эстетикалық тәрбие беру мәселелері.
  • Кіші мектеп жасындағы балаларда бейнелеу өнерін оқыту арқылы эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың ерекшеліктері.

 

ІІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері арқылы көркемдік-эстетикалық тәрбие берудің әдістемелік негіздері.

2.1. Бейнелеу өнері пәні – балаларға көркемдік эстетикалық тәрбие беру көздерінің бірі.

2.2. Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие берудің жолдары.

2.3. Сабақ жоспарларының үлгілері

 

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

          Қазіргі кезедегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың творчествосымен, сурет және мүсін  өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектаклдерімен, мультфильмдерімен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді.

          Совет жазушылары – В.Маяковский, С.Маршак, К.Чуковский, С.Михалков, А.Барто, композиторлары – Д.Шостакович, С.Прокофьев, АН.Александров, Д.Кобалевский, М.Красев, М.Раухвергер, Е.Тиличеева, Т.Потапенко, суретшілері – Н.Жуков, А.Пластов, А.Каневский, Е.Чарушин балаларға арналған көптеген тамаша шығармалар тудырды.

          Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның барлық жақтарымен өзара әрекеттес.

          Ақыл-ой және дене жағынан толық даму, моральдік пәктік және өмір мен өнерге деген белсенді қарым-қатынас адамгершілік жағынан жетілуі көбінесе эстетикалық тәрбиеге тәуелді болып келетін кесек тұлғалы, жан-жақты дамыған адамның жеке басын сипаттайды.

          Сәбилік шақтағы көркем әсерлер күшті және есте ұзақ уақытқа, кейде бүкіл өмір бойына сақталады. Баланың көркемдік дамуының ойдағыдай болуы үшін педагог оның жасына сай балалар іс-әрекеттері мен көңіл көтерулерінің түрліше формалары мен түрлерін пайдалану қажет.

          Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен анықталады. Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмен етене болуды, қоршаған дүниені, қоғамды, табиғатты, заттық ортаны жасампаздықпен өзгертуге талпынтады.

          Сондықтан тақырыптың өзгешелігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындайды.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектепте бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Зерттеудің міндеттері:

  • Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық сезімін, қиялын дамыту арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу;
  • Оқушының өмірге, қоғамға көзқарасының қалыптасуының негізі – оның дүниетанымы жайлы түсінік беру және эстетикалық талғамын дамытуда жүзеге асыру жолдарын анықтау.

Зерттеудің объектісі: 2-сыныпта бейнелеу өнері пәнін оқыту барысында эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Зерттеу пәні: 2-сынып бейнелеу өнері.

Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, өзіндік жұмыстың түрлерін ұсынып, нәтижесін көрсету.

Диплом жұмысы: кіріспеден, екі бөлім, қортынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларында көркемдік-эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың теориялық негіздері.

 

  • Бастауыш мектепте оқушыларға білім берудегі эстетикалық тәрбие беру мәселелері.

 

Эстетикалық тәрбие өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына әсерін тигізетіні қабылдаудың, қиялдаудың, естің қалыптасуына және ынтаның, сезімнің, бейімділік пен қабілеттің дамуына бағытталған.

          Эстетикалық тәрбие – күрделі процесс. Сондықтан біз кейде «балаларды эмоциялы қабылдауға үйрету», «рахаттана білу», «сүю және ұмтылу», «қабілеттілік көрсету» деген сияқты тұжырымды сөздерді жадымызда ұстаймыз да оның қалай көрініс беретінін нақтылап отырамыз.

          Эстетикалық тәрбие жалпы педагогикалық процестен оқшауланып алынбайды. Бала өмірінің көп жақтарына бойлай енумен бірге ол балалардың адамгершілік, ақыл-ой дене дамуымен тығыз байланысты және олардың іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі формаларында, ойын сабақ, тұрмыс, еңбек, мерекелер және көңіл көтерулер үстінде жүзеге асырылады. Эстетикалық қылықтардың табиғи үйлесімділігі еңбекке қоғамдық өмірге деген қарым-қатынаста әсіресе көрнекі байқалады.

          Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға мәнерлеп оқуға және айтуға үйретеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға қиялын дамытуға игі әсер етеді.

          Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін талғамын қажеттігін білдіреді.

          Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз керек.

          Жеке оқушының сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда: бет, киім, жан, ой — бәрі сұлу болу керек.

          Сонымен бастауыш мектеп оқушылыраның эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудің басты сүйеніші мұғалімдер мен ата-аналар. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, формаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп іске асырады.

          Эстетикалық тәрбиенің жеке жақтары арасындағы байланыстар зерттелінді және теориялық негізде негізделеді. Өнер және өмірдегі әсемділікті түсінуді үйрену үшін қарапайым эстетикалық әсерлердің, көру мен есту түйсіктерін жинақтаудың ұзақ жолынан өту қажет. Эмоциялық және танымдық процестердің белгілі бір шамада даму қажет.

          Ұсынылып отырған осы процестің өзіндік ерекшелігін – эстетикалық тәрбиенің тәрбиелеудің басқа жақтарымен тығыз бірлікте екендігін, баланың жеке адам ретіндегі адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуының динамикасын ашып көрсетеді.

          Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен анықталады. Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмен етене болуды, қоршаған дүниені, қоғамды, табиғатты, заттық ортаны жасампаздықпен өзгертуге талпынады.

          Эмоция, қиял сезінуге жанасты шешілмеген проблемалар әлі де көп болғанымен эстетикалық әсерлену түрінде қоршаған дүние өзіндік реакцияның материалдық негізі болуы сөзсіз. Әр баланың қабілеттерінің дамуына әсерін тигізетін өзінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері бар. Орыс педагогтары өз жұмысында академик И.П.Павловтың нерв жүйесінің икемділігі туралы іліміне сүйене отырып, табиғи қасиеттердің бағытталған қалыптасу мүмкіндігін қолдайды.

          Дүниежүзілік педагогикада осы проблема жөнінде пікір таластары жүріп жатыр. Көптеген шетел психологтары мен педагогтары мақсатты бағытталған жетекшілік стандарттық дамуға қайшы келеді деп есептеді.

          Баланың жеке тәжірибесі өз заңы бойынша мұғалімнің ықпалына тәуелді емес бағытта қалыптасатын сияқты. Әрине тікелей әсер ету барлық балаларды біркелкі дамытады деп ойлау аңғалдық болар еді.

          Адамның жеке басының даралығы әр балаға өз қабілеттелегін неғұрлым толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көркем творчествода көрінеді. Алайда егер барлық балалар үшін жақсы жағдай жасаса онда, олардың әрқайсысы әлі келерлік эстетикалық іс-әрекет тәжірибесін ойдағыдай өзгертеді. Сондақ-ақ жалпы педагогика, технология, физиология қайраткерлері де С.Шацкий, П.Блонский, Е.Аркин, К.Корнилов, В.Гориневский өздерінің сөйлеген сөздерінде жаңа жүйенің бағалы тәжірибесін және творчестволық ізденулерунің бетін ашты.

          Бұрынғы педагогикалық теориялардың негізсіздігі дәлелденді. Бірақ тәрбиенің нақты формаларында, әсіресе көркем тәрбиеде олардың әсерлерінің зардабынан туған кедергіден өту оңай болған жоқ. Жекелеп айтқанда, баланың эстетикалық әсерленуі басқарылатын және қалыптасатын құбылыс дейтін оймен келісу қиын болды.

Ғылыми зерттеулер мен озат тәжірибені қорыту негізінде мектептегі балаларға эстетикалық тәрбие беру жүйесі қалыптасып бітті, тәрбиенің барлық процесін баланың дүниеге келген алғашқы айларынан жеті жастан кейінгі психикалық және дене дамуының бірлігін көрсетуге, бала әрекетін ойын кезінде және сабақта, тұрмыста, еңбекте, әр түрлі қабілеттері байқала бастады.

          Педагогика эстетикалық тәрбиені өмірдегі және өнердегі әсемдікті қабылдау, сезіну, түйсіну қабілеттерін дамыту ретінде әсемдің заңы бойынша қоршаған дүниені жасандыруға өзі қатысуға ұмтылуын тәрбиелеу іс-әрекетке араласу және творчестволық қабілеттерді дамыту ретінде анықтап береді.

          Баланы қарым-қатынастағы жақсылық пен зұлымдықты ажырата білуге, формалар, сызықтар, үндер, бояулар әдемілігін қабылдауға үйрету дегеніміз – оның жанын жақсартып, тазартып, мазмұндандыра түсу деген сөз.

          Психологтар мен педагогикалық бірлесіп атқаратын зерттеулері соңғы жылдары балалардың ақыл-ой және эстетикалық іс-әрекетінің, адамгершілік ерік қасиеттерінің деңгейі неғұрлым жоғарыланғанын көрсетті. Бұл сәби кезден – ақ байқала бастайды.

          Эстетикалық тәрбие жөніндегі баяндамалардың қызметі жалпы методикалық ізденістермен шектелмеген, мамандар жасады. Көбісі өнер табиғатынтамаша білетін және балалармен жұмыс жүргізу тәжірибесі бар адамдар еді: Г.Гошаль, В.Шацкая, М.Гумер, Н.Преображенский, Н.Даламонова және басқалар.

          Бала бармақтайынан-ақ айналадғы әсемдікке әсерлене қызығады. Талғау мен таңдауына дұрыс бағыт-бағдар  бері алсақ онда оның талғамы да жоғары болып қалыптасады. Сезіну, түйсіну, қабылдау, дағдылану сияқты психологиялық процестер арқылы оның дарыны дамып жетіледі.

          Әсіресе, баланың табиғатқа қызыға құштарлануын қуаттап, эстетикалық бағдар бере білсек бала игілікті еңбек арқылы қалаған мақсатына жете алады.

           «Өнерді түсінбейтін инженер-жаман инженер, қиялдауды білмейтін конструктор, конструктор емес, музыканы сезбейтін және поэзияның көркемдігін түсінбейтін ғалым дүниеден бос қалған адам. Сен кім болсаң да сенің өмірің рухани бай болуға тиіс, сен тамашаны көруге және оған сүйсіне білуге тиіссің».

          Әдемілікті сезіне жасай білуге – адам өмірін маңызды, бай және жарқын етеді. Жақсы кітаптарды, музыканы, сурет, көркемөнер, шығармаларын оқып шығуға, естуге, көруге қол жетті, апталар, айлар, жылдар бойы қуаныштарына бөлейді.

          Табиғаттың тамашаларына, тұрмыста адамдар арасындағы қарым-қатынасқа тырысу – зор пейілді, жақсы талғамды адамға тән творчестволық еңбектің әдемілігін түсіну. Асқан сұлулық тек қана ләззаттындырып, қуантып, әбден шаттындырып қоймайды. Ол адамның адамгершілік қасиетін арттырады және оны жоғарғы сезім мен ойларға және зор іске батылдыққа шабыттандырады. Тамаша әріптер мен бояулар дүниесі, поэзияның әсерлігі табиғаттың сұлудығы адам мінезі мен  ісәнәң әдемілігі кімнің талабы, білімге деген құмарлығы, ақылы мен өткір сезімі бар, кім көп оқиды, байқайды, ойлайды, шыдамды – осы балалардың алдында жайнап тұрады.

          Алғашқы балалық кезден бастап әдемілікті сезіне, түсіне және бағалай білуі дамиды. «Әрбір адамның болашағы көп жағдайда балалық кезедгі есте қалғандарымен анықталады. Бұл біздің ең біркелкі және жандандыратын сусын бар табақ. Балалық шақтың елестері, сондай-ақ оқу жылдарындағы елестер – санылы өмірдің фундаменті, ол осы таза және жарқын күндер жөніндегі есте қалғандар — ұмытылмайтын барлық нәрселер сақталатын қойма сияқты», — дейді. Өзінің «Слово о молодым» деген кітабында асқан орыс мүсіншісі С.Т.Коненков. Өзінің балалық шағы жөнінде әңгімелей отырып: «Мен ешуақытта көркемөнер жолана түспес едім, егер бала кезде музыканы сүймесем», деп атап айтады. Баланың алғашқы кездестіретін адамы – оның анасы. Оның мейірімділігі мен жылы шырайлылығы, аналық жарқын сезімі, сыртқы ұқыптылығы мен жинақтылығы, оның бесік жыры адам сұлулығының ұмтылмайтын әсері қалдырады.

          Әрбір оқушының өзіне тән қасиеттерін қалыптастыру мен дербес ерекшеліктерін дамытады, жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Тәрбие баланың дамуына ғана ықпал жасап қана қоймай, ол үшін даму дәрежесіне сүйенеді. Тәрбиенің міндеті «ең таяу даму зонасы» жасап, оның келешекте «көкейтесті даму зонасына» айналуын қамтамасыз ету. Балалардың жеке ерекшеліктерін типтік сипатын мінез-құлқына сәйкес жете білуі психологиялық негізде ұйымдастырып іс жүзінде іске асыру мүмкін емес.

          Қазіргі педагогикалық және психологиялық зерттеулерде, эстетикалық білім беру мен оны дамытудың әдіснамалық принципі оқу-танымдық әрекетті басымдықта игере отырып, тек соның негізінде ғана ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі деп дәлелденеді. Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыруда таныту, білгізу, оқыту, өмірдің өзі сияқты толассыз, тоқтаусыз құбылыс және солай болуға тиіс те. Өйткені мәселеге шыдап, бүгінгі интеллектуалды оқушының көзімен қарасақ, олардың ұлттық көркемдік түсінігін тәрбиелеумен өсірудің бірден-бір құралы.

          Оқушының рухани тілектеріне жауап табады, нәр алады, эстетикалық талабы мен талғамын есейтеді, өмір мен өнердің үйлесу, үндесу үлгісін тауып, тағылым сабақ алады.

          «Баланы жан-жақты  етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек» деген белгілі педагог К.Д.Ушинский көрегендігі педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық, эстетикалық талғамын тығыз қарым — қатынасты  екендігі дәлелді.

          Жеке оқушыға жан-жақты тәрбие берудегі маңызды салының бірі эстетикалық тәрбие, мектептің эксперимент жұмысының негізгі міндеті, эстетикалық тәрбие оқушының рухани бейнесін қалыптастырады.

         

1.2. Кіші мектеп жасындағы балаларда бейнелеу өнерін оқыту арқылы эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың ерекшеліктері.

 

          Қазақстан Республикасында балаларға тәрбие беруге көп назар аударуда. Соның ішінде эстетикалық тәрбие оқушылардың көркемдік талғамдарын, алуан түрлі творчествалық қабілеттерін жетілдіруге себепкер болады. Балалар эстетикалық тәрбие процесніде табиғат пен өнердегі әсемдікті ғана емес, адамдардың әркет қылықтарындағы, өзара қарым-қатынастардағы әсемдікті ұғына білуге үйренеді. Эстетикалық тәрбие адам өмірінде үлкен рол атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады. Эстетикалық көзқарасты дамыту, тәрбиелеу күн санап өсіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар эстетикалық көзқарас адамның шындыққа қатынасын бейнелейді. Эстетикалық тәрбиенің барысында оқушының икемділік, іскерлігі артады. Өмірге талпынысы, көзқарасы өзгереді. Сонымен бірге балаға эстетикалық тәрбиенің берері мол. Оқушы қоғамды, үйде, мектепте өзін-өзі ұстауға эстетикаға үйнренеді. Оқушы бойында жаңа бір үрдіс пайда болады. Бала өзін жаңаша сезінеді, өмірге деген көзқарасы өзгереді.

Бастауыш мектептің қойған басты мақсаты балаларға эстетикалық тәрбие беру. Болашақ ұрпақтың саналы болып өсуіне әрбір педагог үлес қосқаны абзал. Мектептегі оқушыларды эстетикаға тәрбиелеу әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастыру басты мақсатта іске асырылады. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру барысында іскерлікпен, икемділікті қалыптастыру жолында көптеген шаралар қолданып, оқушыларды эстетикалық  талғамға тәрбиелеу мұғалімнің басты мақсаты. Қандай да бір адам жұмысқа кіріспес бұрын бір міндетті көздейді. Болашақ педагогтың міндеті жас өскелең саналы, іскерлі, эстетикалық талғамы бар ұрпақ тәрбиелеу. Бастауыш сыныпта эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері.

 Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқытудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді, практика жүзінде мұғалім түсіндіруге міндетті. Сонымен қатар болашақ педагог жастарға эстетикалық тәрбие беру барысында сабақты қызықты өтікізуге міндетті. Оқушы қоғамда, үйде, мектепте өзін-өзі қалай ұстауға, саналы эстетикалық талғамға толы ұрпақтың өсуіне мұғалім әсер етуге міндетті.

Педагогика ғылымында оқушыны тәрбиелеуде көптеген әдіс-тәсілдер қолдануға болады. Бұл әдістердің арқасында сабақ қызықты болып өтеді.  Мұғалім сабақты жүргізе отырып балаларға эстетикалық тәрбие береді. Эстетикалық тәрбие тек мектепте ғана емес үйде, қандай да бір қоғамда яғни тірі жан бар жерде эстетика керек. Өйткені эстетикасыз адам болашығы жоқ. Эстетикалық көзқарасы, талғамы, сана-сезімі жоқ адам болашағын елестету мүмкін емес. Ал оған мұғалімдер яғни педагогтардың тікелей әсері бар. Бала психикасы мектепке жаңа келісімен ояна бастайды. Ал оған тек қана, ең алғаш болып мұғалім эстетикалық талғамға, тән сұлулығына, сезіміне әсер етеді. Бұдан кіші мектеп жасындағы бала психикасының эстетикалық талғамы қалыптаса бастайды. Әрбір педагогикалық әдісті практикада жүзеге асыру үшін ең алғаш бағыт-бағдар беретін біз болашақ мұғалімдер.

Эстетикалық тәрбиенің арқасында саналы, болашақ Қазақстан Республикасының эстетикалық талғамға толы азаматының ең басты қадамы осы кіші мектеп жасында қалыптасады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес, сондықтан «тәрбиені жалпы және мәңгілік категория», — деп дәлелдеген. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болды, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды.

Қазіргі педагогика ғылымында эстетикалық тәрбиенің алатын орны зор.

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті, жексұрындықты, сәулеттілікті және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу – тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнер де емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.

Балаларға қазіргі таңда эстетикалық тәрбие беру көзқарасы мектепте тәрбие жұмысымен тығыз байланысты. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңінен бастап, әсемдікке ұмтылу тән нәрсен. Ол әрдайым  бойларында әсемдік құндылықтары   бар қатар — құрбыларына, ересектерге еліктіреді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толасып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.

Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемдігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге, әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі тұтынылу жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.

Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы сана өте күшті әсер ету жүзеге асады.

Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуі дамыған әсемдік сана мен талғамда, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыларды жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесіндегі ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарысының дамуы, білім алуы, қалыптасу құралына айналдырады.

Кең өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнын сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін,  шындықтың объективтік жақтарын, көркем, сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекеттерінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы еекше көрсетіледі. Құқықтың іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы , дамуындағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады.

Дене тәрбиесі мәдениеті мен және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән  жән жан сұлулығын таниды.

Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйле сімді дамытудың  жалпы жүйесіндегі жанама қыземті де бар.

Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге  оның іс-әркетінің  белсенді жэәне тиімі деп берушісіә де болады. Оқушы өнегелгінің  әсемдігі , оның жан-дүниесінің байлағы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді.

Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқық әрекеттерін орнатуға жетелейді.

Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалы мен жүзеге асырылады.  Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы — өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады.

Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттеген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек.

Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмдерді , теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады. Әр түрлі әдеби, музыкалық шығамлардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.

 Баланың эстетикалық мәдентеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Соныдықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.

Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті — өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасы және бейімділігін дамыту. Осған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек.

Эстетикалық тәрбиенің негізі құралдары әдебиет және өнер. Ола зор идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігірлендіреді. Олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы (әдебиетте проза, кескіндемеде – жанр, баталия, пейзеж, мүсінде – бюс, музыкада симфония, оратория, ән енгізіледі).

Белгігі орыс суретшілері П.А.Федотовтың, В.Г.Перовтың, И.С.Репиннің, В.В.Верещогиннің, И.И.Шишкиннің, И.Н.Левитонның және қазақ суретшілері Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың, Қ.Шаяхметовтың шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.

М.Горький, Н.А.Островский, А.А.Фадеев, М.А.Шолохов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов – еңбектеріндегі адам баласының бақытты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады.

Сонымен бейнелеу өнері  және әдебиет шындықты игерудің және танудың құралы. Өнер мен әдебиет шындықты және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.

Басатауыш мектеп оқу тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру барысында іскерлік пен икемділікті қалыптастыру өзделеді.

Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарасты қалыптастыралы. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашалық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бағыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсалуы керек. Мысалы, қала мен селоны, тұрған жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекелейлеу – бұл зор эстетикалық қамқорлық.

Бейнелеу өнері сабағында оқушылдың эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін көрсетеді. Мәселені, өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның әрі мінез-құлықтық, әрі әсемдік көңіл-күйін жай табады, тояттайды. Жемісті еңбекпен қнағаттануы, көңілдің жай табуы, эстетикалық сезімі бала үшін көпжағдайда бір нәрсе.

Оқушылардың оқу еңбегінде талғампаздық қатынасын дамыту, оның оқудың қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркедік ләззат және құқықтық әсер алуды  қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет.  Бақылау және балалар мен әңгіме олардың әрқайсысы өте әсем зат жасағысы келетінін көрсетеді. Бала өзі жасаған затты ең тәуірлердің қатарына жатпаса да қуанады. Мұндай жағдайда мұғалім оқушылар жұмыстарына көрме ұйымдастырып олардың нәтижесін бағалауға көмектеседі.

Оқушыларға бірлесе орындалатын қоғамдық пайдалы еңбек әсемдік жағынан қатты қызықтырады. Оларға бірлесіп, аула тазарту, жер дайындап гүл отырғызу, металл сынықтарымен, қағаз қалдықтарын жинау, кітап түптеу, сынып бөлмесін тазарту, безендіру т.б. ұнайды. Оларды жақсы жұмыс үшін мадақтау, жарыста озып шығу, әсер алу да еліктіреді. Осы тұрғыдан қарағанда еңбек және эстетикалық тәрбие өзара қабысып бірін-бірі толықтырады.

Көп жағдайда оқушылар тәртіпінің дұрыстығына сыртқы, кейде үстірт беліглер арқылы баға беріледі. Тәртіп шеңберіндегі олардың мұраттары мұғалімнің, жақын адамдардың тәртібі мен іс-әрекеті, қоғамдық өмір және өнер ықпалымен қалыптасады. Бұл тұрғыда әдебиеттің, олардың оқушылар есінде ұзақ сақталатын кейіпкерлерінің бейнелері үлкен орын алады.

Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық санысының және шындыққа қатынасының ерекшеліктерін білу оқушылар өмірін эстетикалық көзқарас тұрғысында дұрыс ұйымдасытуға көмектеседі.

Оқушылардың бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.

Эстетикалық білімінің негізі – оқу пәндері. Бастауыш сыеып оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді.

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған уақиғаларды айтып беруді, қиялына жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды.

Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртәбіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді, және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтық тәрбиені күшейту үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген.

Музыка пәнінің бағдарламасы ән салу және жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабілетін дамытуды көздейді. Бастауыш мектеп мұғалімі музыка сабағын өзі жүргізетіндей даярлығы болуы керек немесе музыка сабақтарына тікіелей қатынасып, ол пәнді жүргізушмен тығыз байланысты, басқа сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда музыканың адам өміріндегі алатын орны туралы әңгімелер өткізуі керек.

Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқрасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұратына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.

Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.

Мұғалім басқа сабақтарда өз тапсырмаларын бейнелеу өнерін, өнер сабағындағы тапсырмамен үйлестіреді.

Жеке адамның жалпы мәдениеті үйелменде, ұжымда, жұртшылық арасында байқалады. Сондықтан күнделікті өмірдегі оқушының жеке басының эстетикасына ерекше көңіл аудару мұғалімдер мен ата-аналар алдындағы кезек күттірмейтін басты мәселелердің бірі болып саналады.

Үйелменде ата-аналармен, мектепте оқушылар және мұғалімдермен, басқа адамдармен қатынас жасау эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде іс-әрекетінде қалыптасады, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді. А.С.Макаренконың айтуы бойынша адамдармен жылы шырайлы қарым-қатынас, көршілерге қайырымды, сенімді дос және өнегелі болу – осының бәрі моральдық эстетиканың басты салалары.

Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жамъсауға тырысады. Әр түрлі үй дүниемүліктерінің өз орында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады.

Жұмыс істейтін және демалатын бөлемелерді өте қолайдлы етіп жабдықтайды. Үйелменде балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нәрселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалықты сақтауға үйретеді. Оқушылардың үй жағдайын өзгертуге байланысты жұмыстарға қатыстарып отыруы керек.

Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы, оның эстетикалық мәдениетіне байланысты. Киім эстетикасы сән (мода) қазіргі өмір талабына сәйкес болуды қажет етеді. Ескірген сән бойынша киіну адамды сұрықсыз етеді, оның сүйкімділігін жояды. Сәнді дұрыс пайдалану – бұл әдемілікті сезу, өмірге, адамның бейнесіне сергітуші жаңалықтар енгізу.

Артық сәндену, түрлі формаларға, түстергееліктеу адамға абырой әпермейді. Киім-кешек эстетикасында сұлулықтың өлшемін есепке алу керек.

Манера, жест дене қимылы – бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгсі және дене қимылы жөніндегі ұғымды білдіреді.

Жеке адамның  сыртқы мәдениеті  мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: келбет, киім, жан дүниесі, ойы бәрі сұлу болу керек.

Сонымен оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтеруге ең басты сүйеніш мұғалімдер мен ата-аналар.

Атақты француз жазушысы, ағартушы философ және педагог Жан-Жак Руссо дене қимылын бір қалыптылықта ұстауға, мейірімді дауыспен сөйдеуге, өзін ұстай білуге, мейірімділік пен қайырымдылыққа жетелейді – деді.

Олар өздері үшін болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, формаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын ізедстіріп іске асырады.

Эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тыныс-тіршілігімен, тұрмыс-салтымен және мәдениетімен тығыз байланысты екені мәлім.

 Басқа халықтар сияқты қазақ халқының да өзіндік әлеуметтік – экономикалық тарихы және географиялық тұрмыс-тіршілік жағдайлары, көшпелі тұрмыс-салт, саяси және территориялық бытыраңқылығы, басқа халықтармен кең сауда байланыстарының болмауы қазақтардың материалдық, рухани мәдениетіне, тұрмысы мен діни көзқарасына өз әсерін тигізіп, өзіне тән тіршілік салтын,халықтың қолданбалы өнерді, ән-күйлерді, аңыз-ертегілерді, мақал-мәтелдерді, жыр-дастандары, әдет-ғұрыптарды, ұлттық салт-сана мен тәрбиенің халықтық дәстүрлерін өмірге әкелді.

Өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихының ішінде қазақ халқы тәрбиенің өзіне тән эмпиризмдік (сезімдік қабылдау) тәрбиесін, тәжірибесін өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін жинақтады. Оларға бұқараның жасампаз,творчествалық тәжірибесі, азды-көпті орнықты қағидалар, қоғамдық мінез-құлық нормалары мен принциптері топтастырылған.

 Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, тарихи, географиялық жағдайларының, халықтың көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес өскелең ұрпақты үйретуге және тәрбиелеуге, атап айтқанда, эстетикалық тәрбие беруге деген өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.

Тарихи, этнографиялық материалдар мен халықтың ауызекі творчествасын зерттеу, осы проблема жөніндегі педагогикалық зерттеулермен танысу және қазақ жанұясындағы тәрбиенің халықтық дәстүрлерін талдау, балаларды еңбекке, ән-күйге, өлең-жырға, халықтың қолданбалы өнер бұйымдарын жасауға ерте бстан баулитытын аңғартады.

Халық педагогикасында жанұя ішіндегі қатынастардың өзіндік ерекшелігі ретінде, біріншіден, балаларға деген мейірімділік; екіншіден, белгілі бір дәрежеде өктемдік орын алады. Ата-аналарды, үлкендерді, туыстық байланыстарды терең құрметтейтін ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер үлкендердің беделін қамтамасыз етті. Сондықтан тәрбиедегі қаталдық пен талап етушілік халық педагогикасының негізін қалады.

Қазақтың халақ педагогикасында эстетикалық тәрбие үлкендердің, ата-аналардың жеке басының жақсы істерін үлгі ету, тәрбиеге «ұят, намыс, ар», — ұғымдарын кең пайдалана отырып сендіру, үйрету, жаттықтыру, көтермелеу, мадақтау, жазалау, мақұлдау әдістері мен жүзеге асырылып отырды.

Балаларды ерте бастан еңбекке, мысалы алуан түрлі өнер бұйымдарын жасауға тарту, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ой-өрісіне шеберлігі мен дағдысына талапты күшейту қазақ халқы педагогикасының өскелең ұрпаққа еңбек тәрбиесін беру жөніндегі негізгі міндетіне айналды.

 Балаларды еңбекке тәрбиелей отырып, ата-аналар оларды тек өзі үшін ғана емес, жалпы игілік үшін еңбек етуге, еңбекке құрметпен қарауға, еңбек процесінің әсемдігін, эстетикалық қуаныш-ләззатын сезініп, түсіне білуге үйретті. Сонымен бірге, еңбекке бұлай араластыру көркемдік және эстетикалық талғамдарды, көзқарастарды, нанымдарды ерте сіңіруге, халықтың мәдени және адамгершілік мұрасына қамқор көзқарасты қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Қазақ халықының педагогикасында және балалар мен жастаға эстетикалық тәрбие берудің күнделікті практикасында педагогикалық ықпал етудің толып жатқан тәсілдері  бейнелеу өнері сабағында қолданылады.

Эстетикалық тәрбие адам өмірінде үлкен роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады. Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу күн санап өсіруді талап ететін мәселе.

 Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды. Оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуі дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырады. Сонымен қатар эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы бейнелеу өнері сабағы. Пеадагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты.

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады. Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері . Бастауыш сынып оқушылары оқудың нәтижесінде табиғаттың еңбек сұлулығын оқу арқылы бағалай білуді түсінеді. Эстетика — әдемілік, сұлулық негізі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері арқылы көркемдік-эстетикалық тәрбие берудің әдістемелік негіздері.

 

2.1. Бейнелеу өнері пәні – балаларға көркемдік эстетикалық тәрбие беру көздерінің бірі.

 

Эстетикалық тәрбие әдісінің негізіне оқушы мен педагогтың көркем құндылықты қабылдауға, өнімді іс-әрекетке деген творчествалық қабілеттерді, әлеуметтік, табиғи, затты ортаға деген саналы қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекеті жатады.

Өмір құыбылыстарын эстетикалық қабылдау әрқашан да дара әрі таңдамалы. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Оқушы әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзінде оқушының бастан кешірген қуанышының, талпынысының, толғануының маңызы зор.

Эстетикалық тәрбие әдістері тіпті алуан түрлі. Олар көп жағдайға: көркем информацияның көлемі мен сапасына, ұйымдастыру формалары мен іс-әрекет түрлеріне, баланың жас мөлшеріне бағынышты. Педагогтың даярлық деңгейі, шеберлігі мен қабылетінің атқаратын ролі аз емес.

Эстетикалық информацияны  оқушы көптеген каналдар бойынша (әлеуметтіе орта, заттық дүние, табиғи құбылыстар, көркем шығармалар) алады. Сондықтан да картинаның, ертегінің, фортепианолық пьесаның музыкалық-бейнелік  құрылу сюжетін тұтастай қабылдау өте маңызды.

Бұдан әрі педагог балаға дыбыстарды беріле тыңдауға, заттың бояуы мен формасын зер сала қарауға көмектесу үшін оның назарын детальдарды қабылдауға, мақсатты бақылауға аударады. Мәселен, телевизиялық хабарды көруде ересек адам балаға жеке кейіпкерлерге, олардың мінез-құлықтарына, әдеттеріне ерекше назар аударуды ұсынады.

Кіші мектеп жасындағы оқушылар эстетикалық информацияны қалай алатындығына қарай (өнер туындысымен музыкалық пьесаны, әнді, ертегіні тыңдай, картиналарды көре отырып тікелей немесе әңгімелеп, түсіндіріп, сұрақтар қойып отырған тәрбиеші арқылы танысады) эстетикалық тәрбие әдістері мен тәсілдерін көрнекі және ауызша деп бөлуге болады. Оларға белгілі бір талаптар қойылады.

Әдеби және музыкалық шығарманы орындау көркем мәнді, эмоциялы болуы тиіс, әйтпесе өнермен кезігу әсерсіз болады. Сөйлесу әдісінде де оқушылар картинаның , өлеңнің, әнннің мазмұнын немесе тапсыпманың мәнін ғана түсінбей, кейіпкерлердің көңіл күйлеріне сәйкес жайды өз бастарынан кешіру үшін де жарқын образдылыққа жетулері қажет.

Әдістер іс-әрекеттің ұйымдастырылу формасына байланысты өзгеріп отырады. Көркем сабақтарда педагог дәл нұсқаулар береді, балаларға орындау тәсілдерін өздері табуын ұсынады т.б. Мәселен, өлең мен әндерді жаттап үйрену оларды үлкендердің алдын ала орындауын, шығарманың мазмұны мен күйін білдіретін көркемдік қасиеттері туралы әңгімелесуді, көрнекі құралдарды пайдалануды, балалардың тексті бірнеше рет қайталауын т.б. талап етеді. Көркем жапсыру сабақтарында балалардың өздері жеке бөлшектерден зат құрастыруға немесе тұтас материалдан (балшықтан, пластилиннен) жеке детальдар жапсыруға мүмкіндік беретін тәсілдерге үйретіледі. Демек, үйрету жеткілікті түрде тікелей өтеді. Баланың дербес іс-әрекет етуінде үлкендердің жетекшілігі жанама ықпалмен шектеледі, ол тек іс-әрекетке итермелеп, еске түсіреді немесе қателерді түзетеді.

Эстетикалық тәрбие әдістерінің мәні балалардың жас мөлшеріне де тәуелді. Кіші мектеп жасындағы балаларды әсемдік әлеміне тарта отырып, мұғалім оның назарын жапырақтардың күзде қандай болатындығына, бөлмеде реттілік, тазалық болудың қандай тамаша екендігіне аударады.

Балалардың алдына басты міндет – ересек адамның жетекшілігімен қоршаған дүниені активті «жасампаздықпен», бірақ олардың шама-шарқы жететіндей етіп өзгерту міндеті қойылады.

Бейнелеу өнері пәні бойынша оқу материалдарын жүйелі, бірізді және толық меңгеру мұғалімнің дұрыс іріктелген, ғылыми негізделген сабақ материалына байланысты.

Бейнелеу өнері пәні бойынша мұғалімдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, әрбір сабақтың мазмұнына көңіл бөліп қана қоймай, сонымен қатар оқу жылына толық сабақ жоспары жасалғаны жөн.

Бастауыш сыныптардағы тақырыптық сурет салу алдын ала байқау жүргізілгеннен кейін, көз алдына елестету арқылы сурет салудан тұрады.

Тақырыптық сурет салу үрдісінде балалардың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс орналастыру, сәуле түсіру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы, оқушылардың сурет салуда алғашқы біліктілігі қалыптасады. Мұғалім балалардың тақырып бойынша сурет салуда, тақырыпты дұрыс таңдағанына көңіл қойып, олардың сурет арқылы өздерінің ойларының құрылымдық, эмоциялық, көркемдік жағынан дұрыс немесе бұрыс шешілгендігіне назар аудару қажет.

Баланы тақырыптық сурет салуда шығармашылық ой-өрісін, оның қиялдауын асыра бағалаудан да сақ болу қажет.

Ойлау үрдісінде сурет салушы заттар мен құбылыстардың жалпы заңдылық байланыстарын байқайды, ой абстрактілі үрдіс болғандықтан, тікелей сезім мен қабылдауға аталған байланыстар көрінбейді. Ойлаған затты көз алдына елестету сурет салуға дейінгі үрдіс.

Сурет салу барысында салыстыру, жалпылау, абстракциялау, т.б. үрдістер қатар жүріп жатады. Сонымен, бейнелеу өнері ойлаудың, байқаудың сенсорлық сезгіштігін дамытып қалыптастырады. Аталған қабілеттерді көз алдына елестете білу мен біріктіру көркем ойлаудың негізін құрайды.

В.В.Алексеева «Баланың бойында суретші қасиетінің жоғалуына тек қана өкіну керек. Егер адамда дер кезінде ойлау дамытылмаған, қалыптастырылмаған болса, онда дабыл қағу керек, Өйткені ол бала маңызды жалпы адамдық негізден құр қалады», — дейді.

Бейнелеу өнерінің әр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары болады. Оның осындай болуына тек болмыс туралы әсерлер ғана емес, сонымен бірге эмоциялық ойлау әсер етеді. Эмоциялық бастауды дамытпай, адамға нағыз қажет талғампаздықты, қиялдауды, көз алдына елестетуді, армандай білуді, шығармашылықты қалыптастыру мүмкін емес.

Бұдан басқа «Көркемөнерсіз өскен баланың мүмкіншілігі шектеледі, ал мүмкіншілік шектелуі қиялдау үрдісінің тоқтауына әкеледі, «- дейді Б.Т.Лихачев. Оның тұжырымдауынша, көз алдына елестету сөйлем дамуына тәуелді, яғни баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасының негізі болып саналады.

Қоршаған ортаға денен байқағыштықты, зеректілікті қалыптастыру көркемөнерлік материалдарды жылдам қабылдауға үйретеді. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынатыны мәлім.

 Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын адамдар арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен не болмаса сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мұғалім өз сабақтарын құрғанда, оқушыларды қоршаған ортаның әсемдігінің, пішіні мен түсінің қарапайымдылығын, заттардың әдемілігін бағалау қабілеттерін арттыруға бағыштайтын тәсілдерді қолданғаны жөн.

Туған жердің әсемдігін көру, түстердің ғажап әлемін ашу, суретші құралдарымен (графикалық, кескіндемелік) беру, әрбір қимылды мұғалімнің тыңдатқан музыкалық үзінділерінен есту – бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Тек қана қоршаған табиғатты қабылдау үрдісінде емес, сонымен қатар шығармашылық жұмыстарды талқылағанда да қатарласып жүріп жатуы керек.

Сондай-ақ, мұғалім әуездік-қолданбалы өнермен таныстырса әдемілік, әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін қолдануы қажет.

Эстетикалық танымпаздық саласындағы балалардың алғашқы қадамы олардың суретке түсіретін бұйымдарды эстетикалық қабылдауымен, есінде қалғанын елестете сурет салумен, графиканы эмоциялық түсінгіштігімен тығыз байланысты.

Оқушылардың көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттері әдеби әуездік шығармаларымен көркемделеді. Ол республика өмірінен көріністерді тақырыптық құрылым арқылы көрсеткен кезде анық көрінеді.

Олар туған жерінің халық өнері, тарихи ескерткіштері, сәулет өнері туралы алғашқы білім алады. Бейнелеу өнері пәнінің мазмұндық ерекшеліктері оның елестету, қиялдау, көру, кеңістікке, түске, пішінге деген сезгіштік сезімді дамытуға бағытталуында.

Әрбір мұғалімнің алдына қойған мақсаты болады. Ал менің басты мақсатым болашақ өскелең ұрпақ бойына эстетикалық тәрбие беру. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамуына әсер ету мұғалімнің негізгі мақсаты. Мектепте эстетикалық тәрбие оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу, бала сезіміне әсер ету, сабақты қызықты өткізу әрбір педагогтың мақсаты.

Педагог сабақ беру кезінде үнемі ізденіс үстінде болады. Ол белгілі бір міндетті көздейді. Болашақ педагогтың міндеті кіші мектеп жасындағы бала бойында эстетикалық тәрбиені қалыптастыру. Сонымен қатар оқушыларға сыныптан тыс оқу жұмыстарын ұйымдастырып оқушы қабілетін, сана-сезімін, эстетикалық сезіміне, ой-өрісіне, талғамына әсер етіп, оның сезімін ояту менің міндетім.

Бастауыш мектептегі эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдауға және одан ләззат алуға үйретеді. Ал оған болашақ ұрпақты жетелейтін біз болашақ мұғалімдер. Оқушы бойында эстетикалық көзқарас қалыптастыру сонымен қатар өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезінуге мұғалімдер жетелеуге міндетті. Өйткені, педагогтар кіші мектеп жасындағы бала сезіміне алғашқы қадам, бағыт-бағдар береді.

Мұғалімдер бала тәрбиелеуде көптеген педагогтардың пікіріне, әдісіне жүгіне отырып жұмыс жүргізеді. Баладарды тәрбиелеуде көптеген келеңсіздіктерге кездеседі, сондықтан мұғалім оқушы тәрбиесіне көп көңіл бөлген жөн. Әрбір өмір сүрген адамға әрқашан эстетика қажет.

 Эстетикалық тәрбиесіз адам өмір сүре алмайды. Эстетикалық тәрбие балаға тек мектепте ғана емес, үйде, қоғамда, сабақтан тыс жұмыста, көшеде жүрсе де керек. Сол үшін біз мұғалімдер әрқашан көптеген педагогтармен пікір алмасып белгілі бір тиімді әдіске сүйене отырып жұмыс жүргізуіміз керек.    Сонда ғана біз ойы кең, талғамы биік, ынтасы зор, қызығушылық қабілеті мол болашақ Қазақстан Республикасының эстетикалық тәрбиесі бар өскелең ұрпақ тәрбиелейміз.

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рол атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілік тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені үйренетін етіп дамытуымыз керек.

 Адамның әсемдікті және сәулеттілік, ұждансыздықты, қуаныш пен оның сапалы тәртібімен айқындалады. Осыдан келіп адамының әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу – тәрбие оқушының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселелердің қоғам дамуына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық көзқарастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсерлі жақтары ықпал етеді.

Эстетикалық көзқарастар адамның арақатынасын айқындайды. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектің кезеңінен бастап әдемілікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында аса құмарлықтары бар қатар-құрбыларына, ересектерге және балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болғаны оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балада сонымен қатар әсемдігі ашылады.

Ерік әсемдігін үйретіп, қоғамдық іс-әрекеттер әсемдігіне сезімталдығына тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбекке белсенділігін кеңейтуге дем береді.

Эстетикалық көзқарасқа тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жаңаша мағынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдарын өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін нығайтудағы бағытталғандығынан туындайды. Әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап теді.

Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы сол арқылы санаға өте күшті әсер етуі жүзеге асады.

Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасы тәрбиелеу дамыған сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушының жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол –іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының эстетикалық көзқарысының дамуы, білім алуы, қалыптасу құралдарына айналды.

 Кең ой-өрістік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнын және ақыл-ой еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, жан сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде оның нәтижелі, сұлулығы ерекше көрсетіледі.

Бейнелеу іс-әрекетінің барысында балаларға көп көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және эстетикалық тәрбие арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулықтары т.б. әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты дамытуы. Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дәлел беруінде болады.

Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол еңбекті тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді.

Ерлік пен шын азаматтың әсемдігі адамдарды қоғамдық тәрбие және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді. Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болған нәрсе- оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі  құралы -өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салалармен тығыз байланысты қаралады.

 Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдегін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу – адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.

Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесін көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен  іскерлігін тәрбиелейді.

 Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбекті, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырлы өнерін білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қандай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну және оны түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән баласында бәрі бір, әрбір адамда білім болуы қажет.

Білім адамды тәрбиелік объективтік критерилерімен қаруландырады. Білім – адамды сұлулықты бағалай біледі, түсінеді.

Айналадағы дүние сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыласы, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады. Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру – эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті.

Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.

Көркемдікке және сұлулыққа баға бері үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным – бұл өмірдегі, еңбектегі  және табиғаттағы сыртқы дәемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларында жоғары талап қою.

Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу жарысы өтікізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға – көркемдігін келістіре орындағаны үшін, екінші бағасы мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады.

Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.

Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдауымен, немесе шығармашылықпен байланысты іс-әрекетке мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда біздің қоғам өміріндегі қажетті мәселелердің бірі – баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.

Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек.

Қазіргі педагогикалық практикада  кіші мектеп жасындағы оқушылардың творчествалық қабілеттерін дамытудағы неғұрлым тиімді әдіс блып табылатын творчестволық тапсырмалар беру кең қолданылады. Мысалы, өздерінше жұмбақ, ұйқас, синонимдер ойлап табу балалардың белсенділігін дамытады. Мұғалім балалардың өлең қиыстыруға, ойында ерекше қимыл табуға, биде жаңа композиция жасауға ықыласын тудырады.

Бейнелеу іс-әрекетінде ойлағандарын жақсылап жүзеге асырулары үшін мұғалім балаларға материалдарды, түс үйлесімдігін, формаларды т.б. таңдағанда өздігінен қызықты шешім табуды ұсынады. Осы шарттарды орындау үйретуді творчестволық процесті көтермелейтін мәнді факторға айландыруға мүмкіндік береді.

Кіші мектеп жасындағы балаларды көркем іс-әрекетінің маңызды шарты олардың өзіндік іс-әрекеті болып табылады, ол үлкендердің іс-әрекеттерімен өзара байланыста болады. Тапсырманы балының өзі жасай алатындай тәсілдер жүйесін қамтымасыз ету керек. Қабылдау, елестету, орындауды қалыптастыруға ықпал ету тәсілдерінің екі түрі бар.

Бірінші. Педагог балаларды шығармының мазмұны, сипаты, бейнелеу құралдары жөнінде өздігінен ой айтуға, өзінің  және өз құрбыларының тапсырманы орындауларын бағалауға, балалардың өздері өткізетін түрлі теңестіруге, салыстаруларға жетелейді.

Екінші. Балалар неғұрлым күрделірек жағдайларда тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды, мысалы, фортепианоның сүйемелдеуінсіз ән айтады, алдын ала ескертпей ақ қимылдар жасайды, өз ойлары бойынша сурет салады. Өзіндік іс-әрекет неғұрлым жеңіл жағдайда да мұғалім не істеу керек екенін айтып, бала өзін-өзі бақылай отырып, өз орындауындағы кемшіліктерді өзі түзетуге тапсырма алады.

Бала сабақта өзіндік іс-әрекет жолдарын меңгеріп алып, оларды өзгенің көмегінсіз басқа жағдайларда қолданады.

Эстетикалық тәрбие творчестволық қабілеттерді дамыту үшін құрамына қабылдау мен елестету сапасы енетін арнайы тәсілдерді қарастырады: түстің, форманың, көлемнің үйлесімділігін, музыкалық дыбыстардың жоғары-төменділігі, созылыңқылығы, ырғағы, динамикасы бойынша арақатынасын, музыкалық, поэтикалық есту қабілетін, көркем талғамын тағы басқа ажырату.

Методикалық тәсілдер эмоциялық бастау, оқу мақсатын түсіну, машықтандыру сипатындағы және өзіндік іс-әрекет жаттығуларын қарастыру керек. Бұл жұмыс сәбилік шақтан басталады да жас сатыларына қарай бірте-бірте тереңдей түседі.

Әдістер мен тәсілдерді практикалық қолдану балалардың жас шағына және дара ерекшеліктеріне тура байланыста болады да бүкіл коллективтің және әр баланың жеке бет алысын есепке ала отырып, бөлек-бөлек құрылады.

 Балалардың әнге, биге, өлең оқуға, сурет салуға, жапсыруға деген қабілеті ерте көзге түседі. Олардың бейімділігін зерттей отырып, қиындығы түрліше тапсырмаларды орындауды ескеретін методика жасап шығу қажет.

Мектепке дейінгі балалық шақта ойын методикалық тәсілдері кеңінен қолданылады. Егер мұғалім ойын жағдайларын туғызса, егер көркем материалдар тартымды формада берілсе, егер балалар арасында ойын жарыстары пайда болса, бала әр түрлі іс-әрекеттерді табысты игереді.

Кейбір әдістер қарама-қайшы сипатта болады. Бірақ оларды құрайтын тәсілдер бір-бірін толықтырып тұратындай болады. Міне, солардың кейбіреулері:

  • өнер шығармаларын, орындау тәсілдерін көрсету барысында айтатын мұғалім сөзі (түсіндіру, нұсқау) және көрнекілік әдістер;
  • саналы қатынасты талдай, салыстыра білуді дамытатын және эмоциялы толғануларды оятатын тәсілдер;
  • дәл атқарылуға тиісті іс-әрекеттерді көрсету және өзіндік іс-әрекет жолдарын қалыптастыру тәсілдері;
  • жаттығуға, дағдыларды жаттықтыруға бағытталған тәсілдер және өзіндік ерекшелікті, өзіндік орындалуды, тапқырлықты, құбылмалылықты қалайтын творчестволық тапсырмалар.

Тұтас алғанда мүмкіндігінше әртүрлі әдістер кешені ғана баланың толық құнды көркемдік дамуын қамтамасыз ете алады.

 

       2.2. Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие берудің жолдары.

 

Педагогикалық ғылым мен практика балалардың эстетикалық сезімдердің, қарым-қатынастардың , ой қорытындылаудың, бағалаудың практикалық іс-әрекеттердің қалыптасуына көмектесетін неғұрлым тиімді әдістерді анықтайды:

  • эстетикалық қабылдауын, бағалауын, талғамының бастапқы көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдісі;
  • қоршаған ортаны жасампаздандыруға және мінез-құлық мәдениеті дағыларын қалыптастыруға арналған практикалық іс-әрекеттерге үйрету, жаттықтыру әдісі;
  • творчестволық және практикалық іс-әрекеттерге итермелейтін проблемалық ситуациялар әдісі;
  • әсемдікке бірге толғанып, эмоциялық жағымды ықылас тудыруға және қоршаған дүниедегі сұрықсыздыққа жеке көре қарауға ояту әдісі.

          Эстетикалық тәрбиеде қолданылатын сендіру әдісінің ерекшелігі оны қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдайда ғана пайдалану керек екендігі. Балада эмоциялық үн қосу өнер шығармаларымен тікелей ұшырасқанда, оның қоғамдық мерекелерге қатысқан т.б. кездерінде пайда болады.

          Бұл әдісті көрнекілік, сондай-ақ сөйлесу әдісі деп санауға болады, өйткені балалардың бақылауларының кез-келгені баланың сезімі мен ойын оятарлық мұғалімнің сол сәттегі немесе кейініректегі түсініктемесімен қосарланып отырады. Неғұрлым жарқын да әсерлі көркем шығармаларды таңдап, тиісті ситуация мен жан толқынысын тудыра білу маңызды.

          Педагог балаларға ұсынылатын материалды жақсы меңгеруі қажет. Оның сөзі нақты, мәнерлі болуы тиіс. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың назарын түрлі формадағы әсемдік көріністеріне аударып, тәрбиеші нақты мысалдар арқылы оны «ненің жақсы, ненің жаман» екенідігіне сендіреді.

          Үйрету, жаттықтыру әдісінің мәні – баланы тыңдай, көре, бағалай білуге және соған сәйкес белсенді іс-әрекететуге үйрету. Жүйелі түрде көркем іс-әрекетке жаттығу, шамасы келгенше таяу маңды өзгертуге араласу балалардың белсенділігін тереңдетеді.

          Үйрету, жаттықтыру әдісі көп қайталауды талап етеді. Ол түрлі жағдайларда қолданылады. Ситуацияны өзгерту балаға меңгергендағдыны пайдалануға, одан әрі жетіле түсуге көмектеседі.

          Қазіргі кезедегі педагогика ғылымында сабақтарда «проблемалық» ізденіс ситуацияларын тудыру, әр балаға әр түрлі және жеке-жеке қатынас жасау жолымен қарау қажеттігін қарастыратын көркем білім беру шығармашылығына ерекше мән беріледі.

Белгілі дидактиктер М.Н.Скаткин және И.Я.Лернер бұл жайында: «… кез келген әдіс қойылған мақсатты, соған сәйкес іс-әрекетті, қажетті құралдарды, объектінің өзгерту процесін, қол жеткен мақсатты (әдісті қолдану нәтижесі) бағдар тұтады» – деп жазады.

          Эстетикалық тәрбиенің мақсаты және оның міндеттері бағдарламада тұжырымдалған. Көркем іс-әрекет өнердің, әдебиеттің түрлі түрлеріне сәйкестендіріледі және балаларды сурет салуға, билеуге, театр ойындарына т.б. тартуға бағытталған.

Мұнда пайдаланылатын құралдарға әдеби, музыкалық шығармаларды, иллюстрацияларды, шағын мүсіндерді, қуыршақ, көлеңке театрларының заттарын, құраққа арналған көркем амтериалдарды және басқаларды жатқызуға болады. Олар іс-әрекеттің әр түрлі тәсілдерін игеруге көмектеседі.

          Қазіргі жағдайда мектепте эстетикалық тәрбие беруде мына міндеттер алға қойылып отыр:

  1. Балалардың әсемдікті қабылдаудын, эстетикалық сезімін, елес-қиялын жүйелі дамыту. Өнердің барлық түрлері, табиғат пен тұрмыс бұған көмектеседі, тікелей эмоциялық ықыластылық, қуаныш, толқу, таңдану қызығу тудырады.
  2. Балалардың тұрмысқа, табиғатқа, қоғамдық қарым-қатынасқа әлі келгенше әсемдік элементтерін енгізу қажеттігі мен әдетін баули отырып, оларды өнер саласындағы іс-әрекетке тарту.
  3. Балалардың эстетикалық талғамының негізін және өнер туындылары мен өмір құбылыстарын өздігінен бағалай білу қабілетін қалыптастыру.
  4. Балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олардың өнермен байланыстағы іс-әрекеттері әрқашанда ешқандай зорлықсыз, қуанышты талпыныспен, шығармашылық қиялмен, ынтамен суарылған болуы керек. Бала эстетикалық жағынан неғұрлым дамыған болса, оның көркемдік іскерлігі соғұрлым кеңірек болады.

Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие жөніндегі жұмыс тәрбие процесінің барлық жақтарымен тығыз байланысты, ұйымдастыру формалары тым сан алуан және оның нәтижелері іс-әрекеттің әр алуан түрінде көрініс табады. Бұл жұмыс мыналарды қарастырады:

  • тұрмыста, еңбек, ойын процесінде қоғамдық және табиғи құбылыстармен таныстыру арқылы қоршаған болмысқа деген эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу;
  • өнер құралдарымен эстетикалық тәрбие беру (көркем тәрбие, шығармашылық қабілеттерді дамыту).

Айналадағыларға деген эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу баланың жеке басының көптеген қасиеттері қалыптасуына көмектеседі. Бұл – жас кезеңдерңн айқын ажырату қиын соғатын күрделі де ұзақ процесс.

          Бастауыш мектеп тәрбиенің ең маңызды міндеттерінің бірі – баланы мектепте өнерге даярлау. Сондықтан мектептеге жұмыс мазмұны, онда қазіргі мектеп талаптары және оның даму перспективалары ескерілетіндей болып құрылады.

           Баланың мектепке даярлығы оның қажетті білім және дағдылары бойынша жинақтауымен ғана емес, жаңа жағдайда еркін бағдарлау және әркекет ете білунен де көрінеді. Егер педагог оқыту мен тәрбиелеудің әр кезеңінде балалардың бұрын игергендеріне сүйенсе және балаларды бұдан әлдеқайда жоғарырақ сатыларда күтіп тұрған жаңалықтарды бағдар тұтса, бұл жағдайда оның жақсы нәтижелерге қолы жетеді.

          Эстетикалық тәрбие жөніндегі жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оның әр түрлі жас топтарындағы балалар тәрбиесінің жалпы міндеттеріне сәйкес үлгі тұтарлықтай мазмұнын белгілеу, нақтылы таланттарын анықтаған жөн.

          Бұл эстетикалық тәрбие құралдары мен әдістерін іріктеуде кездейсоқтыққа, жүйесіздікке, біржақтылыққа, ұшырамауға мүмкіндік береді, практик-педагогтарға жұмыс жоспарлауға, материалды белгілі бір ізге қоюға, оның түп мақсатын көруге көмектеседі.

          Эстетикалық тәрбие баланың өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына әсерін тигізетін қабылдаудың, қиялдаудың, естің қалыптасуына және ынтаның, сезімнің, бейімділік пен қабілеттің дамуына бағытталған. Бұл қасиеттердің көрініс беруін және олардың дамуын қадағалау білім және дағдыны үйретудің нақты нәтижелерінен қиындау.

          Эстетикалық тәрбие жалпы педагогикалық процестен оқшауланып алынбайды. Бала өмірінің көп жақтарына бойлай енумен бірге ол балалардың адамгершілік, ақыл-ой, дене дамуымен тығыз байланысты және олардың іс-әрекетін ұымдастырудың негізгі формаларында: ойын, сабақ, тұрмыс, еңбек, мерекелер және көңіл көтерулер үстінде жүзеге асырылады.

          Эстетикалық тәрбие адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады. Эстетикалық тәрбиесіз – адам болашағы жоқ. Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды. Күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасымен әсемдігінен тәрбиелейді. Оқушылардың эстетикалық тәрбие оқу және сыныптан тыс тәрбие іске асырылады.

          Эстетикалық білімнің негізі оқу пәндері. Мектепте эстетикалық тәрбие оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізінде пайдаланады.  Эстетикалық тәрбиенің өмір елегінен өткен көптеген факторлары бар.  Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектің кезеңінен бастап әдемілікке ұмтылу тән нәрсе. Адамның әсемдікті – жексұрындықты саралай білуіне эстетикалық тәрбие әсер етеді.

          Қазақстан Республикасында мектепте оқушыларға тәрбие беруге көп назар аударуда. Соның ішінде мектеп жасында балаларға эстетикалық тәрбие берудің алатын орны зор. Алғаш оқушы мектепке келісімен бала өмірінде, психикасында жаңа өзгерістер болады. Оған алғаш әсер ететін яғни сезімін оятатын, ой-өрісін кеңейтетін сонымен қатар эстетикалық тәрбие беретін біз болашақ мұғалімдер.

          Эстетикалық  тәрбиенің барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады. Көп түрлі эстетикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, оқушылардың эстетикалық дүниетанымының негізгі көзі болады. Эстетикалық тәрбиесіз өскен бала болашағын көз алдымызға елестету мүмкін емес. Эстетика оқушыға қоғамда, үйде, сыныпта яғни адам өмір сүрген ортада қажет.   

          Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады. Эстетикалық білімнің негізгі – оқу пәндері. Бастауыш сыныптан тыс оқушыларды әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулылығын және адам іс-әрекетімен әдемілігін бағалай білуді түсінеді.

          Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемділігін танытып, қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді. Мектепте бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып мұғалім суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған уақиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды.

          Сыныптан тыс сабақтарда өте әсерлі сезініп, сезімдерді оятып, музыкада тәрбиелік ынта қалыптастырып, бала тәрбиесіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортақ әсер алып, оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтың тәрбиені күшейту үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге  үлкен мән берілген.

          Бейнелеу өнері сабақтарында да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдары мен өнер, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі.

          Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әерін бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықты сурет салу сыныптан тыс меңгеру. Жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.

          Мұғалім басқа сабақтарда өз тапсырмаларын бейнелу өнері сабағындағы тапсырмамен үйлестіреді. Бейнелеу өнері пәндері оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Олар қоғамдық өмірдің, адамдар қатынасының еңбектің эстетикасын тануға үміттенеді.  Әсіресе бейнелеу өнері сабақтары оқушыларды әдемілікке баулиды, таным ынтасының, бейімділігінің, қабілетінің дамуына ықпал жасайды.

          Кейбір оқушылар жас кезінен-ақ сурет салуға талпынады. Олардың мұндай әдебиеттердің дамуына бейнелеу өнері жасайды. Табиғаттың ұлылығы, көркемдігі, сыры бейнелеу өнері сабағында ашылады. Оқушылар табиғи құбылыатардың бай эстетикалық сымбатты жөнінде мәліметтер алады.

          Бейнелеу өнері сабағында пейзаждың кесіндеме шығармалары, суреттік шығармалар оқушылардың эстетикалық дүниетанымын байытады.

          Сонымен, бейнелну өнері пәндерінің оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде ролі орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді. Мектепгегі эстетикалық тәрбие оқушылардың сабақтағы жұмыс жүйесінде кеңінен пайдаланылады. Эстетикалық өмір елегінен өткен көптеген формалары бар.

Шығармашылық үйірмелер – олар әдебиет, музыка, хореогарфия, бейнелеу өнері т.б. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі – көрмелер, сайыстар.

           Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімлер орындалады. Сайыс оқушыларды    қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады.

          Мектепте бейнелеу өнері пәні негізінде музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармаларымен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстар айтылады. Шығармашылық конференциялырда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы баяндамалар, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары туралы құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі.

           Мектепте бейнелеу өнері сабағында алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес эстетикалық саяхат өтікізіледі Саяхаттын негізгі объектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер. Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен роль атқарады.

          Көркемөнерпаздар үйірмесі сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Үйірмеге, ән салуға, билеуге машық, музыка аспаптарында ойнай білетін қабілетті оқушылар қабылданады.

          Эстетикалық тәрбие жұмысында көмектесуде мектеп кітапханасының  көп мүмкіншіліктері бар. Кітапхана бейнелеу өнері кескіндеме, музыка және өнердің басқа түрлеріне байланысты кітаптар көремсін ұйымдастырады, әдебиет тізімдерін дайындайды, әңгімелер өткізеді, оқырмандар конференциясын өткізеді, басшылық жасайды.

          Эстетикалық тәрбиенің түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады. Мектепте оқушылардың эстетикалық мәдениетіне басқа факторлар әсер етеді. Мысалы, жарық сынып бөлмесі, әдемілік мектеп мебельдері, демалыс бөлмелері, қолайлы жұмыс орында оқушылардың эстетикалық танымын, белсенділігін көтереді. Көп түрлі эстетикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастырумен оқушылардың эстетикалық дүниетанымының негізгі көзі болады. Басты мәселе, күнделікті өмірдегі әсемдіктен адам мен табиғаттың бірлескен әрекетінің күресі, күшімен пайда болғанын ұғындыру. Осының негізінде ғана оқушы өз еңбегінің пайдалы екенін және оның сұлулығын көре білетін, осыдан өмір сұлулығын жасайтын адам екенін түсінеді. Мұны жүзеге асыруда көпшілікке хабар тарату құралдарын және баспасөз материалдарын кең пайдалануға болады.

          Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет. Мәдени құндылықтарын жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, қазақ халқына көшпенділік өмір жағдайында табиғи өзгерістерге байланысты өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардың күйін анықтау, ауа райының өзгеруін алдын ала болжау, өсімдіктердің өте дәл тауып қою жатады.

           Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік тұрмыстың, әдет-ғұрыптың, еңбектің, әндері мен өлеңдері ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралы ретінде қызмет етті.  Халқымыздың әндері, жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытылады.

          Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таң қаларлықтай. Олар бос уақытта пайдаланылып жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ісінде қызмет етті. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеу өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын, қажеттілігін білдіреді. Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.

          Жеке адамның жалпы мәдениеті үйелменде, ұжымда, жұртшылық арасында байқалады. Сондықтан күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикалық тәрбиесіне ерекше көңіл аудару мұраттары мен ата-аналар алдындағы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып саналады.

          Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің мақсаты, жақтары, ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жай эстетикасы, өзін ұстай білу үлгісі, дене қимылы. С. Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берген.

          Үйелменде ата-аналармен, мектептен тыс оқушылар және мұғалімдермен, басқа адамдармен қатынас эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас баланың күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде қалыптасады, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді. С. Макаренконың айтуы бойынша адамдармен жылы, шынай қарым-қатынас, көршілерге қайырымды, сенімді дос және өнегелі болу – осының бәрі моральдық эстетиканың басты салалары. Әр үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Мысалы, бөлме қабырғаларына жапсырылатын түс қағаздарын, терезе перделеріне қалай таңдап алуын, бөлмелерде мебельді қалай әдемі етіп орналастыруға болады, бөлме өсімдіктерін өсіру, оларды күту, яғни осы сияқты жұмыстарды өз бетімен орындауға үйрету, дағдыландыру балалардың эстетикалық сезімін, танымын тәрбиелейді және эстетикалық ұғымын қалыптастырады.          

 

2.3. Сабақ жоспарларының үлгілері

 

Эстетикалық тәрбиенің маңызды әдісі эстетикалық сипаттағы әркет іспетті ойын болып табылады. Фребель баланы эстетикалық тәрбиелеуде өнер түрлерінің барлығының да маңызды екендігін атап көрсетті. Оның көзқарасы өзі ашқан бала бақашаларда көрініс тапты.

Көркем эстетикалық жағынан дамыған оқушы бейнелеу шығармашылығында сабақтан сабаққа өткен сайын нақты, айқын, мәнерлі жұмыстар жасаса, керісінше, дамымаған балалар теледидардан көрген кейіпкерлерді: ұлдар «машина», қыздар ертегі мазмұна баяндалатын «ханшаларды» салып, салған суреттері кішкене сәбидің деңгейінде қалып отырады.

Балалар салған суреттерден сызықтар мен штрихтарды, жиектеме мен түсті дақтардың ерекше бай әлемін кезедестіруге болады. Сонымен қатар ондағы таңдаған мазмұнның тікелей қатысы мен болған оқиғаны қабылдаудың өзгешілігі және оны қағаз бетіне бейнелеу тәсілі де адамды қуантпай, таң қалдырмай қоймайды.

 Бейнелеу әрекеті — жас суретшінің көңіл-күйі мен сезімін беру үшін үлкен қызмет теді. Бала қолына қарындаш немесе қылқалам мен бояу алған кезде ол өзін және өзгелерді толғандыратын   оқиға мен көріністерді қағаз бетіне түсіруге ұмтылады. Бейнелеу әрекетінің нәтижелері баланың сурет салу шығармашылығының мәселелерімен айналысып зерттеушілердің қызығушылығын осы кезге дейін толғандырып келді және әлі де толғандыру үстінде.

Бейнелеу әрекетінде қабілеттілік психологтардың айтуынша туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Бейнелеу әрекетін жақсы меңгерген бала сурет салу үшін мазмұн таңдауда кең еркіндік алып, оның бастыпқы кезеңдегі ойы үлкен бір тұтастыққа ие болуына ықпал етеді.

Төменгі сынып оқушыларымен жұмыс жасауда теориялық талдау қортындылары мен өзіндік бақылауларды пайдалана отырып, оқушының білім, білік, дағдыларын арттыратын бейнелеу әрекетіндегі, яғни сурет салудағы әдіс-тәсілдерді ұсынуды жөн көрдік.

Бірінші сыныпқа келген оқушылардың бейнелеу әрекетіндегі біліктілік пен дағдылар деңгейінің арасында алшақтық өскені байқалады. Алғашқы жұмыстардың арасынан – ақ сурет салумен жүйелі түрде айналысатын оқушының биік деңгейі мен енді ғана сурет салуды бастаған оқушы арасындағы әлсіз дамыған деңгейді айқындау қиынға соқпайды.

 Сол себепті, оқушылардың әртүрлі даму деңгейлерін бірдей ұстау, яғни сурет салу деңгейі төмен оқушының қарапайым көркемдік қабілеттерін дамыту мен көркемдік әрекет деңгейі биік оқушының қабілеттілігін әрі қарай жетілдіруге жағдай жасайтын сбақ ұйымдастырушы педагог үшін қиынға соғатын мәлім.

Бұл міндетті жүзеге асыру үшін, сынып оқушыларын бірнеше топтарға бөлу арқылы, яғни жақсы сурет салатын оқушы мен бейнелеу дағдысы нашар дамыған оқушылармен біріктіре отырыпөткізу тиімді болмақ. Себебі, жақсы сурет салатын оқушы дайындығы нашар оқушыға оның жанында немесе алдында отырып, сурет салудың қарапайым орындаушылық амалдарын еріксіз көрсетеді.

Бұл жерде сурет салмас бұрын салынатын суреттің ой-түйінін, құрылыстық шешімін айтып, талқылып алған жөн, сонда дайындығы нашар оқушы, жақсы сурет салатын оқушының суретіне қарап көшірсе де өзінің жеке ой-түйінін сақтап қала алады. Ал, суретті жақсы салатын оқушыға көркем бейнені айқындау, анығырақ етіп көрсетуге мүмкіндік беретін бір емес, бірнеше амалдарды қолданыумен байланысты күрделенген тапсырмалар беру қарастырылады. Мысалы, салынған суреттегі бұйымға сәндік өнердегі өрнек түзгіштерін ендіру арқылы безендіріп, суреттегі объектілерге қозғалыс беретіндей етіп, олардың бір-бірімен байланысын көрсетуді ұсынған жөн. Осылайша жұмыс жасағанда мұғалімнің де әрбір балаға жеке тәппіштеп, айтып жптпай-ақ уақытын үнемдеуге мүмкіндігі артады.

Осындай іс-жүзіндегі жұмыстар кезінде сыныпта сурет салу барысында төменгі сынып оқушыларының ойын дамытудың жолы болып табылатын бір-бірімен сөйлесіп, ой бөлісіп қарым-қатынас жасауы да пайдалы. Сол себепті өзімен парталас достарының дер кезінде айтқан кеңесі бейнелеудің кейбір өзіне тән бөлшектермен толықтырылып, байытылып отыруына септігін тиігізеді.

Ойын төменгі сынып оқушыларының назарын белсендіруге, бейнелерді дұрыс салуға деген қызығушылығын арттыруға, эмоциялық көңіл-күйін келтіріп көркемдік шығармашлығын дамытуға өз кезегінде жақсы нәтижелер береді.  Кескіндеме түрін зерделеуде, оқушыны шеберлік орындау тәсілдерінің атауларымен таныстыруда ойын түрлерін пайдалануға болады.

 Мысалы, суретші сурет салу барысында қандай көркемдік нәрсе-құралдарды пайдаланатындығын көрнекі түрде көрсету үшін, бір оқушыны суретші ролінде ойнатып, қалған оқушылар көрермен ретінде қатысады. Оның шеберханасында сурет салған әртүрлі жанрдағы шығармалар, мольберт, кенеп, түрлі-түсті, әртүрлі химиялық құрамдағы бояулар (акварель, майлы бояу, гуашь, сангина, тушь, пастель, көмір және т.б.) қылқаламның бірнеше түрі, қағаз, қатты қағаз. Көрермен суретшімен сұрақ-жауап арқылы қатынаста шығармамен және ол пайдаланған әр түрлі көрнекі нәрселермен таныс бола алады.

Бейнелеу өнері сабақтарында шығармашылық жұмыстардың әртүрлі тұрпаттары мен әдіс-тәсілдер түрін пайдалану, оқушының сурет салудағы шығармашылық үрдіске енуін белсендіріп, әртүрлі тұрпатта орындау әдіс-тәсілдерін игеруде жаңа шешім қабылдауына көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен бастауыш мектеп оқушыларын эстетикалық тәрбие арқылы көркемдік өнерін қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Эстетикалық тәрбие арқылы оқушының адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы, дұрыс көзқарастарды тереңдету мен беіту оқушыны қоршаған орта, өз бетінше іс-әрекетке және жауапкершілікке итермелейтіндей жағдайға қоюды талап етеді.

Мұғалім дүниетану иесі және оны жүзеге асырушы. Жалпы оқушының рухани жан дүниесі бай идеялық психологиялық және әәдістемелік даярлығы бар, ой-өрісі кең және берік көзқарасты адам болу керек.

Жаңа адамды, болашақ қоғам адамын рухани, интеллектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу ісі бүгінгі күннің күн тәртібіне айрықша қойылған мәселе. Олардың барлық жағынан сұлу, жайдарлы әрі кішіпейіл,ақылды, батыл, ержүрек боп өсуын қалаймыз.

Қазақстан Республикасының азаматтарының жаңа әлеуметтік–экономикалық мінез-құлық қалыптастыру тұжырымдамасы (1995) эстетикалық мәдени білім беру тұжырымдамасы (1996) сияқты тарихи ұжаттарда және елбасы Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми-теориялық еңбегінде жаңа қоғамды құрушылар қандай болу керек, қандай азаматты тәрбиелеу керек деген мәселеге зор көңіл бөлініп, оған ғылыми дәйекті жауап іздестірілген. Ол өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып кіретін азаматты дайындау.

Адам баласы дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеуді керек етеді. «Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» дейді халқымыз. Жерге отырғызған көшетте қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып өскенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Дамуда сол тәрізді, олай болса, ұстамды, көрегенді, түп-түзу, жып-жинақы, әсем бейнелі оқушыға  қараудың өзі тым жарасымды.

Жастарымыздың үлгі алатын ең таңдаулы ішкі, сыртқы адамгершілік-эстетикалық сапаларын үйренетін адамы міне осындай болуы анық.

Нұрсұлтан Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» еңбегінде «Тәрбиенің түпкі мақсаты — қоғамдық нарықтың қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шығыа алатындай ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениеті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деген тұжырымдама жасаған. Осы орайда халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, өнерін сүю арқылы нағыз мәдениетті маман даярлау да бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі.

Оқушыларды жақсылыққа, әдемілікке, машықтандыру оны тұрақты әдетке айналдырудың өзін-өзі тамаша тартымды ұстай білудің, сонымен бірге өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі болмақ. Егер оқушы бойында қандай да бір жағымсыз мінез-құлық болса, одан арылып тазару, өзін-өзі тәрбиелеу ешқашан  да кеш болмақ емес.

Бұл жерде үстелде отыру, тазалық сақтау, денені шынықтыру, өз ортаңмен жақсы қарым-қатынас жасау барлығыда әдемі, тартымды, маңызды және ең бастысы осы.

Қазіргі кезде барлығымыздың мүддеміз рухани-эстетикалық, рухани адамгершілік сана-сезім мен нормаларды қалыптастыру.

Табиғат адамға әдемілікті берсе де адамның өз қолымен қосатын бояулардың да мәні зор. Өйткені «оқушының мәдениеті мен тәрбие деңгейі оның сырт бейнесінен, киіне білуінен де көрінеді. Олай болатын себебі біздің эстетикалық, эстетикалық мұратымыз сырт көріністің әдемілігі мен рухани кемелдіктің табиғи біте қайнасуы».

«Сырт пішіннің адам өміріндегі мәні зор» деп жазды А.С.Макаренко. Ұқыпсыз, салақ адамды өз ісі мен қылығына есеп бере алады деп ойлау көбіне қиын.

Киіне білу әдемілігінің  де жүріс-тұрыс әдемілігінен маңызды.

Қазіргі жаңа дәуірдің, егеменді еліміздің адамдары, жастары қай жағынан болмасын эстетикалық талғамға сай болу керек. Олар әр-жақты келісті оқушы болу мен қатар көркем мінез-құлқы тамаша, сымбатты, әдепті, мейірманды болуға міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

 

Сабақтың жоспары

 

Пәні: Бейнелеу өнері.

Сабақтың тақырыбы: Досымның келбетін бейнелеймін.

Сабақтың мақсаты: Тақырыппен таныстырып, түсінік беру. Оқушылардың қол өнерін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық. Адамдар бейнесі. Хаттама.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын сұрау: Оқушылардан үйтапсырмасын сұрап, тексеремін, сабаққа даярлығын көріп жаңа сабақты бастаймын.

Жаңа сабақ.

Балалар бүгін біз «Досымның келбетін бейнелеймін» деген тақырыпты өтеміз.

  • Қане, барлығымыз тынышталып сабақты тыңдаймыз.

Бүгінгі біз сурет сабағында досымның бейнесін салуды үйренеміз. Яғни, адам бейнесін бейнелейміз.

Кітаппен жұмыс.

Балалар, қараңдаршы кітапта адам бейнесін салу жолдарын және «Менің әкем», «Менің шешем» деген тақырыпта суреттер беріліпті. Бұл суреттерді өздерің сияқты балалар салу үшін берілген және Ә.Қастеев суреттегі аталарыңның көптеген суреттері бар. Соның ішінде «Жас Абай» суретіне қараймыз. Мұнда суретші Абай аталарыңның бейнесін бейнелеген.

  • Абай кім, белесіңдер ме?
  • Ия, Абай ақын, ұлы ақын атамыз.
  • Балалар, Абай аталарыңның қандай өлеңін білесіңдер?
  • Ия, дұрыс. (Қыс, Әсемпаз болма әрнеге).

Сергіту сәті.

          Айгөлек-ау, айгөлек,

          Айдың жүзі дөңгелек.

          Айдай толған кезімде

          Би билеймін дөңгелеп.

          -Ал, балалар, енді сурет салу жолдарымен танысып, сурет саламыз. Сурет салмас бұрын мен сендерге өлең оқып берейін. Тыңдап отырыңдар.

 

 

Сурет салдым.

          Мен досыма қарап алдым

Қолға қағаз, қалам алдым.

          Дөңгелетіп бетін салдым.

          Екі сызып шашын салдым.

          Ұқсатқан жөн түрін енді

          Міне мұрын мынау енді.

          Салынды езу, құлағы енді,

Күлімсіреп шыға келді.

          Ең соңынан көзін салдым,

          Айнымаған өзін салдым.

          -Балалар, өлеңді тыңдадыңдар ма? Өлеңге қарап барлығымыз сурет саламыз. Адам бейнесін салу жолдары бірнеше кезеңнен тұрады. Қазір сол кезеңдерге қарап сурет саламыз.

Сабақты қорытындылау.

  • Балалар, бүгін қандай тақырыпта сабақ өттік.
  • Ия, өте дұрыс.
  • Адам бейнесін салу жолдарын түсіндіңдер ме?

Қосымша материалдарды айта отырып, балаларға сұрақ қоя отырып, сабақты қорытындылаймын.

Үйге тапсырма.

Досыңның келбетін бейнеле.

Бағалау.

Оқушылардың сабаққа қатысуын бағалаймын.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Анамызға сыйлық жасаймыз.

Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру. Ана туралы әңгімелеу. Ашық хат жасау жолдарымен таныстыру. Ананың бала үшін ең асыл жан екенін ұғындыру. Аананы құрметтеуге, сыйлай білуге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық суреттер, дайын материалдар, ашық хаттар түрі, сөзжұмбақ, таблицалар.

Сабақ барысы.

I.                  Ұйымдастыру

Оқушыларды жинақтап, сабаққа назарын аудару.

II.               Үй тапсырмасын сұрау.

III.           Жаңа сабақ.

Балалар, алда қандай мейрам келе жатыр?

Ия, өте дұрыс. Аналар мейрамы.

Ендеше, бүгін біз «Анаға сыйлық жасаймыз» деген тақырыпта өтеміз.

Ауызша Ана туралы әңгімелеймін. Сұрақтар қоямын.

Ашық хат түрлерімен таныстырып, дайын ашық хатты көрсетіп істетіп, сыртына «Ана» сөзін жазу жолдары мен жұмыс жүргіземін.

Сөзжұмбақ.

  1. Қазақтың күйші қызы.
  2. Қазақтың ержүрек қызы.
  3. Қазақтың айтыскер қызы.

д

и

н

а

 

 

м

ә

н

ш

ү

к

 

 

с

а

р

а

 

Сергіту сәтін өткіземін.

Қорытынды: Оқушылардың өздері білетін өлең-тақпақтарын сұрап, мақал-мәтелдермен қорытындылаймын.

Ананы ардақтамағанды, ешкім мадақтамайды.

Ағайын – алтау.                         Баланың тілі – бал.

Ана – біреу.                               Ананың сүті – бал.

Үйге тапсырма: Балалар, үйде ашық хат жасап келеміз.

Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысуын бағалаймын.