АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Экономика және бизнес факультеті

 

 

Экономикалық теория кафедрасы

 

Диплом жұмысы

 

Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде

 

Орындаған

4 курс студенті                       _________________                 

 

Ғылыми жетекші,

э.ғ.к., доцент                            _________________                

(қолы, күні)

Норма бақылаушы

                                                  _________________               

(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді

кафедра меңгерушісі,              ________________                  

э.ғ.д., профессор                              (қолы, күні)

 

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………3

 

1 БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Білім беру – әлуметтік институт ретінде…………………………………………………..6

1.2 Білім беру – адам дамуының маңызды факторы ретінде…………………………..12

1.3 Ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастырудағы білім берудің маңыздылығы………………………………………………………………………….16

 

2 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Білім беру саласының заңнамалық базасының негіздерін талдау………………21

2.2 Қазақстан Республикасындағы ЖОО-ғы сапа менеджментінің жүйесі………27

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢАШЫЛДАНДЫРУ БАҒЫТТАРЫ

3.1 Отандық білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы………………………………………..33

3.2 Білім берудегі инновациялар……………………………………………………………………37

3.3 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің білім беруді жаңашылдандыру стратегиясы……………………………………………………………………..48

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………..59

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………………61

 

КІРІСПЕ

 

 

Зертттеу тақырыбының өзектілігі. Білім мемлекеттің интелектуалдық және рухани ресурстарының сарқылмас бұлағы ретінде адамзат капиталының сапасын арттыруда басты роль атқаратын белгілі. Мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады.                                             Бүгін еліміздің өзінің даму барысындағы басты ұстанымы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлемдегі бәсеке мейлінше қабілетті озық елу ел елдің қатарына қосылу. Жаһандану жағдайында барлық индустриалды дамыған елдер білімге, интеллектуалды және білім әлеуетіне, инновацияларға, озық технологияларға, негізделген экономиканы дамытуға бетбұрыс жасады.      

Бүгінгі жаһандану дәуірі — заман шындығы. Сондықтан Қазақстан  ғаламдану кезеңіне қалай ілесе алады, елдік  ұлттық бет-бейнемізді қайтіп сақтаймыз, ең бастысы  біз ғаламдануға не қоса аламыз — осы сұрақтар төңірегінде ойланып — толғанған абзал. Ал мұны білім мәселесімен сабақтастыра айтсақ, әлемдік білімнің ғаламдануы Қазақстанның алдына көптеген сынақтарды көлденең тартады.

ХХІ ғасыр – жаһандық жаңалықтар ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ  әлемдік рыноктағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруде айрықша маңызды роль атқарады. Әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім —  пайдалы инвестиция саласы ретінде елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде  жоғары білікті мамандардың (ғалымдардың, мамандардың, жұмысшылардың, менеджерлердің, т.б.) бәсекеге қабілетілігімен анықталады.

Мемлекет басшысының «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт» атты Жолдауында ғаламдану жағдайындағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні жан-жақты түсіндіріліп, ел алдында тұрған міндеттер тұжырымдалған болатын. Солардың ішінде білім беру саласындағы бәсекеге қабілеттілік мәселесіне айрықша назар аударылып, «ұлттық бәсекелестік қабілеттілік» бірінші кезекте ұлттың білімділік деңгейімен айқындалатындығы белгіленді. [1]

Бәсекелестік жоғары білікті мамандардың тікелей белсенді қатысуы арқылы жүзеге асып, жаңару бағытындағы  қоғам өз әлеуетін мейлінше жаңа күшпен толықтыруға мүдделі болса, бұл орайда ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан-ақ білім бәсекелестігінің міндеті қойылған. Ел білімінің қандай

болашағы, әлбетте, мемлекет таңдаған жолы — «осы заманғы әрі ұтымды технологиялардың негізінде өзінің ғылыми-техникалық әлеуетін жедел қалпына келтіру мен дамыту, өндіріс пен инвестицияның өсімін арттыру» деп көрсетілген болатын.

Ғылыми зерттелу деңгейі. Адам капиталы теориясының бөлігі ретінде білім беру экономикасын ХХ ғасырда америкалық Т. Щульц, Г. Беккер, П. Друкер зерттеді. Одан өзге ұлттық білім беру саласын модернизациялау бағытындағы оқыту мен экономикалық тәрбие мәселелері,   отандық экономист-ғалымдар Я.Ә. Әубәкіровтың,  Н.К. Мамыровтың, К.И. Нәрібаевтың, Ө.Қ. Шеденовтың, М.Д. Есқалиевтің, Т.С. Сарбасованың, С.К. Жұмабаевтің, Ғ.Р. Дәулиеваның, Л.А. Бимендиеваның және Ж.А. Тайжанованың еңбектерінде зерттелініп келеді.

 Диплом жұмысының мақсатты: Білім беру жүйесінің бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын, бағыттарын анықтау және ұсыну.

 Диплом жұмысының міндеттері. Алға қойылған мақсатқа сәйкес келесідей  міндеттер орындалады:

  • білім берудің теориялық тұрғыда әлеуметтік институт ретінде мәннің ашу;
  • ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастырудағы білім берудің маңыздылығын көрсету;
  • білім беру саласының заңнамалық негіздерін талдау;
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің білім берудегі инновациялардың дамуын бағалау;
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың даму стратегиясын талдау.

         Ғылыми методикалық базаның зерттелуі. Білім беру экономикасы тақырыбына жазылған шетелдік және отандық монографиялық еңбектер мен оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, шетелдік және отандық ғалымдардың диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасының Конституциясы және соған сәйкес Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР Ұлттық Статистика Агентінің статистикалық деректері, ҚР БҒМ материалдары, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, мерзімді басылым мақалалары зерттеудің әдіснамалық, теориялық сондай-ақ іс-тәжірибелік негізін құрайды. Зерттеу жұмысында дәстүрлі салыстыру, статистика-экономикалық талдау және логикалық талдау әдісі қолданылады.

          Зерттеу обьектісі: Білім берудегі ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.

  Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасындағы білім берудің дамуы және оның бәсекелестігін арттырудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік мәселелері

 Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Жұмыстың бірнші бөлімінде білім беру мәні ашылып, адам дамуының маңызды факторы қарастырылып, ұлттық  экономиканың бәсекелік қабілеттілігн арттыру көрсетілген.

Екінші бөлімде білім берудің сапасын жаңашылдандыру, ЖОО-ғы оқу үрдісін арттыру мәселелері, сапа менеджмент жүйесінің басты түйін ретінде негіздеуге талпыныс жасап, осы мәселе ұсынылған. Үшінші бөлімде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің инновациялық даму стратегиясы талданып, статистикалық көрсеткіштер көрсетілген.

Елдің экономикалық деңгейі мен оның әлемдегі бәсекелестік ұстанымы бірінші кезекте оның адамдарының сапасына-адамдық капиталға байланысты екенін көрсетеді. Сол cебепті білімді, сауатты адамдар — бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер» деп өсиет қалдырған.

 

1 БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

 1.1 Білім беру — әлеуметтік институт ретінде

 

 

  Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Сансыз көп теорияларда білім не еңбек тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы ретінде қаралып келді, бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы, көмекші рол берілетін еді. Қоғамға білімді шындап бағалауға оған тек капитал ретінде қарау ғана көмектесті.

Осындай ұғымды біз сонау ХVІІІ ғасырдан кездестіреміз. Әйгілі Ағарту заманында Вольтер, Руссо, Дидро және Гельвеций білім мен ғылымның қоғам дамуындағы нағыз құдіретті күші туралы айтты.[2]

Соңғы екі жүзжылдықта классикалық саяси экономиканың көп экономистері білімнің қоғам дамуындағы орны, білімнің экономикалық аспектілері және оның әсер етуі жөнінде пікір білдіріп келеді.

Адам Смит білім негізін адам мінез-құлқын қалыптастырушы фактор ретінде алды. Ол білімді түрлі дарындарды дамытушы, сан алуан мамандықтарды өмірге әкелуші, сол мамандықтарға сәйкес тауар түрлерінің өсіміне әкеледі деп санады. Білім қоғамдық капиталдың қайнар көзі ретінде саналып, ал оқу, үйрену негізінде қорланған білім мен әдет – ұлттық байлық құрамына енеді.

Смит білім саласындағы маңызды орынды мемлекет алдындағы жеке секторларға беріп, білім сапасын жақсарту тиімді бәсекеде орын алатынын білдірді. Мемлекеттік оқу орындарының тиімді қызмет көрсетуімен қатар, жаңалықтар ашу деңгейін де сынға алды. Мемлекеттік және жеке оқу орындарына деген пікірінде біріншісінің тиімсіз қызмет етуі соңғысының қызметін қиындататынын ескертті. Дегенмен сол кездің өзінде Смит мемлекеттің білім өндірісіне анықталған шекте ықпал ету қажеттігін көрсетіп берді. Бұл өз кезегінде еңбек бөлінісінің экстенсивті дамуындағы теріс  әсерлердің нейтралдануына байланысты. Мемлекет еңбекке қабілетті адамдар арасында оқу үрдісін жылдамдатуды, яғни қарапайым халық ұйымдастыра алмайтын уақыт пен қажетті негіздерді қолына алуын атап көрсетті. Мемлекет арқасында бастауыш мектеп жүйесінің құрылымын құру мен азаматтар арасында білім алу үшін шығындарды бөлу іске асады. Бұл тек жұмыскерлер тобын біліммен қамтамасыз етуде айтылған пікірлер. А. Смиттің пікірінше мемлекет мектептерді ғимараттармен, сондай-ақ оқытушыларды жалақымен қамтамасыз етуге ықпал етсе, ата-аналар оқу орнының ағымдық шығындары мен олардың да оқытушылар еңбегіне ақы төлеуге қатысу мәселесін көтерді. Осылайша А.Смит шығындарды бөлуді білім беруден пайда көретін екі жаққа да тиімді жол деп осыны ұсынады. А. Смит білім беру жүйесіне сырттан келетін қосымша қаржы көздерін (қайырымдылық секілді) қарастырмаған. Жалпыға бірдей бастауыш білім идеясын көтермесе де, қосалқы бастауыш біліммен жаппай қарулану қажеттігін айтады. Өз ісін бастамашыларға, болмаса ұйымдарға жұмыс іздеп келушілердің дағдылары мен білімін тексеру жүйесін ұйымдастыруды ұсынады.

Джон Стюарт Милль білімді ұлттық, жекелік, әлеуметтік, моральдік, саяси және экономикалық дамудың маңызды факторы деп қарастырады. Білім алудан келетін пайда экономикалық терминдерде қолданылатын болғандықтан, білім үшін шығын капитал салумен теңестіріледі. Сол кездің өзінде білімнен келетін пайданың өндіруден артық, сол өндірудің көзі болатындығын түсіндіреді. “Жұмыскерлер меңгерген білім, бұл табиғи монополия” деп көрсетеді. Негізінде неғұрлым оқыған, білімді барынша меңгерген жұмыскерлердің жоғары жалақылы жұмыс орындарына жол табатыны жатыр. Осымен байланысты қоғамның барлық топтарына білім алуға тиімді жол ашу қажеттігін маңызды деп көрсетеді. Көрсетілген мәселенің шешімін білімнің қанағаттанарлық сапасы мен көлемінен іздеді. Іс-әрекетінің сапасы мемлекеттің қатысуымен бақылауда болатын көп емес ірі оқу орындарын құруды ұсынған Милль А.Смит секілді мемлекеттік оқу орындарының іс-әрекетіне қарсы болды. Дегенмен, мемлекеттік және жеке оқу орындарына мемлекеттік бақылаудың болуын талап етті. Бұл бақылау жеке тұлғаның еркіндігіне нұқсан келтіретін іргелі қағидаға қарсы келгенімен, білім жүйесі рыноктық механизмдер арқылы реттеле алмайтынын, яғни тұтынушы білім беру қызметтеріне төлем қабілетсіздігін, сондай-ақ ол қызметті бағалауға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауымен түсіндіреді. Сондай-ақ ол “білімсіз адам білім беру үрдісін бағалай алмайтындығын” атап көрсетті. Осымен байланысты Дж.С. Милль мемлекеттің білім жүйесіне әсерін нақтылап береді. Бірақ Дж.С. Милль білім беру қызметін тек мемлекеттің көрсетуіне қарсы болып, сол қызметтің тек бастапқы сатылары ғана емес, неғұрлым тереңдеген сайын тегін көрсетілуі тиіс, ал тегін бастауыш білім қызметін мемлекет тек аз қамтылған азаматтарға көрсетуі тиіс деген пікір айтады.

Жалпы автор білім беру жүйесін мемлекеттің қолдауы туралы политэкономия классиктерінің пікірін, білім беру жүйесін толықтай мемлекеттендіру туралы ұсыныс секілді түсінуге жатпайтынын айтады.

1832 жылдан бастап бастауыш мектептерді қолдау мақсатында мемлекеттен бөлінетін жыл сайынғы субсидияны енгізу экономисттер арасында тегін білім беру жүйесін құру секілді ойлар туғызды. Сол уақытта Дж.С. Миллдің білім беру жүйесіне жеке секторларды енгізу және сол салада бәсекелестікті дамыту туралы ашық пікір білдірді. Оқытушылардың еңбегін бағалау, олардың іс-әрекеттерінің нәтижесіне байланысты болуын және бұл сонымен қатар мемлекеттік оқу орындарында қызмет еттіндерден тыс қалмауы тиіс екенін айтты.

Альфред Маршалл – ХІХғ аяғы — ХХ ғ.І жарты жылдығындағы танымал экономисттердің бірі — білім экономикасына байланысты коптеген пікірлердің иесі. Білімнің жеке тұлға үшін маңызын қарастыра отырып, қоғамда жалпы білім беру ісін дамытуға зор көмегін тигізді.

ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында техникалық білімге көп көңіл бөлінгеніне қарамастан, А.Маршалл білім беруді шектен тыс мамандандыруға қарсы болды. Себеп жұмыс берушілердің уақыт ағымына байланысты өзгерістерге бейімделу мүмкіндіктерінің төмендігінде еді. Ал қоғамдық білімнің маңызы жеке тұлғаның интелектуалдық мүмкіндіктерін шыңдап қана қоймай, жұмыс күшінің әлеуметтенуіне, жағымды мінез-құлқының қалыптасуына көмектесетінін айтты.

“Сауда және өндіріс” атты еңбегінде белгілі өндіріс ошақтарының экономикалық үрдісіндегі білімнің орны туралы айтады. Индустрияланудың жаңа талаптары жалпы моралдік, интелектуалдық біліктіліктерді, күрделі өндіргіш іс-әрекеттерді дамытуға бағытталған, ал тек элиталы қоғамда өмір сүру маңызын жойғанын айтады.

Жұмыс күшін даярлауға, оларға арнайы білім беруді қоса алғанда, кететін шығынды тікелей өндірістік инвестициялаумен байланыстырмаса да, білім беру үрдісін қаржыландыруды сол салаға салынған ұзақ мерзімді инвестиция деп санады. А. Маршалл білімге деген қызығушылық түрлі құштар түрткілерден бастау алады, ол жерде ешқандай экономикалық мақсат алғашында көрінбейтіндігін айтады.

Классикалық политэкономияның интелектуалдық дәстүрін жаңартып, рыноктық тақырыпта білім экономикасын талқылаған америкалық экономист Милтон Фридман болды. Ол білім беру жүйесіне мемлекеттің қатысуын шектеу қажеттігін дәлелдеуге ұмтылды. Ол ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы білім беру жүйесіндегі мемлекет рөлінің басыңқылығы білімді нақты ұлттандыруға әкелетінін айтты. АҚШ-та, өзінің “Капитализм және еркіндік” атты еңбегінде білім беру жүйесіндегі мемлекет рөлі жалпы құндылықтарды жандандыратын құрал және жалпыға міндетті білімді дамыту үшін азаматтық құқықты іске асырушы ретінде көрінуі тиіс деп жазды. Сөз жеке тұлғаның өнімділігін жоғарлатуға байланысты арнайы білім беру жайында болса, онда мемлекет рөлінің қажетсіздігі байқалады. Егер жеке тұлға осындай арнайы білім негізінде әл-әуқатын жақсартса, ол осы жолда негізгі шығынды көтеруі тиіс.[3]

АҚШ-тағы мемлекет рөлінің мектеп деңгейіндегі әсерінен жоғары білімдегі ықпалы төмен болғандықтан, Фридман студенттерге ваучерлік көмекпен қаржылық қолдау көрсетуді ұсынады. Ваучерлік жүйе оқу орындарының арасында бәсекелестікті арттырады, мемлекеттен бөлінген қаржыны неғұрлым тиімді пайдалануға әкеледі делінген. Бұл негіздер соңғы екі онжылдықта рыноктық бәсекеге және жоғары білімнің заңдастырылуына үлес қосып жүрген саясаткерлер мен оқымыстылардың зерттеу нысаны болып келеді.

Осындай салыстырмалы ой пікірлер нәтижесінде экономикалық қатынастардағы білім ролін экономикалық теорияның екі маңызды бағыты А. Смит (классикалық экономикалық теория) пен К. Маркс (өндіріс шығындарының теориясы) арқылы нақтыланды.

Карл Маркс берілген салада экономикалық қатынастарды бағалаудың тиімділігін жұмысшылардың біліміне шығынды өндірістік сипаттан бөлек қарастыра отырып, жұмысшылардың екі ірі тобын бөліп көрсетті: оқыған (күрделі квалификациялық еңбекке жарамды) және оқымаған (қарапайым, квалификацияланбаған).

Соңында өндіріс шығындарының маркстік теориясы білімдегі экономикалық қатынасқа байланысты екі теориялық бағыттың негізі болды: білімді капитализмнің эволюциялық даму этапындағы мәселелермен теңестіре бағалаған кейнсиандық және жоспарлы топтық-ұйымдық теория концепциясын дамыту мақсатындағы кеңес экономикалық теориясы.

Адам капиталы тұжырымдамасының кейбір алғы шарттары классикалық саяси экономиядан, марксизмде, әлемдік экономикалық пікірдің өзге де ағымдарында қаланған еді, бірақ ол үйлесімді және тиянақты теория болып тек ХХ ғасырда ғана рәсімделді. Адам капиталының теориясы өзінің қазіргі заманғы қалпында алғаш рет “чикаголық мектептің” өкілдері, америкардық екі ғалым Т. Шульц пен Г. Беккердің еңбектерінде жүйелі түрде мазмұндалды.                                  Т. Шульц 1960-1961жж. “Білім капиталын жасау” және “Адам капиталына инвестициялар” мақалаларын жасады, мақалаларда жаңа теорияның негіз қалаушы қағидалары тұжырымдалды. Т. Щульцтің айтуынша, “егер білім өндіріске әсер етсе, мұның өзі экономика үшін өте маңызды, демек ол капитал формасы”, ал білім капиталдың бір формасы болса, оны біз адам капиталы деп айтамыз, өйткені, бұл форма адамның ажырамас бөлігіне айналады, оның капитал болып табылатын себебі, ол – болашақ табыстар немесе болашақ қанағаттардың немесе қоса алғанда екеуінің де көзі.

Келесі американдық экономист, адам капиталы теориясының классигі Г. Беккер бұл ұғымды кең мағынада қарастырады. Оның пікірінше “адам капиталы адамға инвестиция жұмсау, оның ішінде өндірістегі дайындық, денсаулық сақтауға жұмсалған қаржы, миграция және баға мен табыс туралы ақпарат іздестіру арқылы қалыптасады”. Г. Беккер 1964 жылы “Адам капиталы: теориялық және эмпирикалық талдау” іргелі еңбегін шығарды.

Адам капиталы теориясының ғылыми және қоғамдық тұрғыдан танылуына, осы теорияны әзірлеуге ХХ ғасырдағы экономикалық, басқарушылық және әлеуметтік ілімнің аса көрнекті өкілі Питер Друкердің қатысуы өз септігін тигізді. Оның “Білім революциясы” мақаласы ғылыми және саяси тұрғыда кең резонанс туғызды. Автор осы мақаласында былай жазды: “Білім — бүгінгі таңдағы жеке дара нақты капитал. Халық білімін дамыту – капитал жасаудың ең маңызды құралы, ал білімді адамдардың саны, олардың білім сапалары мен осы білімдерді пайдалану – байлық өндірудегі ел қабілетінің ең маңызды көрсеткіші”.

Адам капиталы теориясы пайда болғанға дейін білім экономикалық тұрғыда тек жұмыс күшін құрау, кадрларды даярлау мен біліктіліктерін көтеру ретінде ғана қарастырылып келді. Адам капиталы теориясы тұңғыш рет білімнің жалпы экономикалық қайтарымы туралы мәселені қойды. Теорияның авторлары білім мен экономикалық өсудің байланыстылығын белгілейтін математикалық есептеулердің бірқатар әдістемелерін әзірледі.

Адам капиталы теориясының құндылығын озық елдердің үкіметтері тез арада мойындады.

Адам капиталы теориясын қолдануда посттоталитарлық елдердің транзиттік экономикасында проблемалар бар. Соның ішінде жаңа әлеуметтік жүйеге өту кезінде қорланған адам капиталы құнсызданатыны анықталды. Бұл жалақының, ал одан кеңірек тұрғыда адамдар мәртебесінің білімге байланыстылығын бұзады.

Дегенмен, адам капиталы теориясына қиыспайтын осындай үйлесімсіздік (баланссыздық) кеңес қоғамында да орын алды. Мұнда ол еңбек рыногының жоқтығымен, көбіне “қоймаға” жұмыс істейтін кәсіпорындардағы қоғамға керек емес қыруар жұмыс орындарының болуымен, сондай-ақ жұмысшы табын идеологиялық тұрғыда асыра дәріптеумен байланысты болды.[2]

Адам капиталы теориясына тән білімнің экономикаға ықпалын өлшеу және математикалық сипаттау әрекеттері әр елдердегі білімділік деңгейін формалистік бағалауға апарып соқтырды. Өлшеулер шегінің сыртында американдық мектептер түлектерінің арасында кең тараған функционалды сауатсыздық, бұрынғы КСРО жоғары оқу орындарында шын оқу емес, ал “дипломға кезекке тұру” және қазіргі Қазақстандағы көптеген жеке оқу орындарының кадрлар даярлаудың орнына дипломмен нақты сауда жасауы сияқты құбылыстар болды.

Экономикалық тәсілдер жиынтығында білім сапасын өлшеудің тиімді тәсілдері осы уақыттқа дейін табылған жоқ.

Адам капиталы теориясы шектеулілігінің басты факторларының мәні: осы теория даму логикасы мен постиндустриалық өркениеттің іргелі әлеуметтік мақсаттарына сәйкес келе бермейді. Күн тәртібіне білімнің тар экономикалық мәселелері ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік кең тиімділігі, қоғам және адам үшін өзіндік құндылығы, адам құқықтарының қамтамасыздығы контексіндегі білім туралы мәселелер көбірек ұсынылатын болды.

Жаңа үрдістер мен талаптарға адам дамуы тұжытымдамасының контексіндегі білімге арналған тәсіл жауап қайтарды.

Эдвин Дж.Долан адам капиталын “формальды оқу, білім беру немесе іс-тәжірибе арқылы келген ақыл-ой қабілеттері түріндегі капитал ” ретінде түсінеді.

 Білім беру мәселесі, оның тиімділдігі сияқты бірқатар мәселелер кеңестік экономика ғылымында да терең зерделеніп, салмақты теориялық – методологиялық база қалыптасты. Ол зерттеулерді шартты түрде екі бағытқа біріктіреміз: бірінші бағыттағы еңбектер негізінен білім берудің экономикалық тиімділігін оның ұлттық табыс және еңбек өнімділігінің өсуіндегі үлесін анықтау арқылы есептеуге бағытталса, екінші бағыттағы еңбектерде осы саланың халық шаруашылығы құрылымындағы инвестициялық салаға айналуы, материалды емес қорланудың концептуалды мәселелері, “білім қорының” біліктілікке әсер ету сипаты, еңбектің күрделену мәселелері саяси экономиялық аспектіде негізделеді.

 Р. Солоудың, Э. Дениссонның үлгілерінен бастау алатын экономикалық өсудің қазіргі заманғы үлгілерінде ( Барро, Мэнкью-Ромер-Уэйл, Левин-Ренелт, т.с.с. ) білім беру макро-экономикалық өсудің аса маңызды факторы ретінде танылып, жинақ, инвестиция, халықтың өсуі сияқты елеулі факторларды кейінге ығыстырып отыр. Білім беру саласындағы іс-әрекет технологиялық өркендеуді қамтамасыз етеді, өйткені білімге жұмсалған шығындар адам капиталын қалыптастыру, жетілдіру және жинақтау арқылы экономиканың жаңа идеяларды өндіру қабілетін, оның ғылым сіңіргіш өндірістердегі салыстырмалы артықшылықтарын арттырады. Бұл жағдайды, біз, қазіргі экономикалық даму алгоритмі ретінде бағалаймыз.

Ресейлік экономика ғылымындағы адам капиталының алғашқы анықтамаларының бірі М. Критскийдің еңбегінде берілген. Ол “ адам капиталының негізінде экономикалық тұлғаның қоғамдық прогресс және интелектуалды іс-әрекетінің жаңа күші ретіндегі қозғалысы жатыр”, – деп есептейді.

Отандық экономистерден академик Я.Ә. Әубәкіровтің, Ө.Қ. Шеденовтың, М.Д. Есқалиевтің, К.Н. Нәрібаевтің, С.К. Жұмамбаевтың, Т.С. Сарбасованың, ғылыми жетекшім Ғ.Р. Дәулиеваның көзқарастарына тоқталған жөн.

Академик Я.Ә.Әубәкіров адам капиталын әр түрлі ғылымдардың барлық жетістіктерін, білімді, дағдыны, жинақталған тәжірибиені және олардың әлеуметтік-экономикалық прогресте қолданылуын біріктіретін кең масштабты ұғым ретінде түсінеді. Оның пікірінше, адам капиталы білім беру және ғылым салаларына, денсаулық сақтауға, білікті мамандарды ұдайы өндіруге мақсатты бағытталған инвестициялар нәтижесінде қалыптасады және ұлғаяды. Академик Я.Ә.Әубәкіров адам капиталын қоғамдық еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз ететін шешуші күш ретінде қарастырады.

Ал профессор Ө.Қ. Шеденов пен М.Д. Есқалиевтар “Жастарға экономикалық тәрбие беру” атты еңбектерінде “экономикалық жағынан білімді болу – еліміздің материалдық, еңбек және табиғи ресурстарын ұқыпты жұмсау, жұмыс уақытын тиімді де жемісті пайдалану, өнімді арттырып, оның сапасын барған сайын жақсарту, өнім өндіруге кететін шығынды азайту. Қоғамдық өндірістің тиімділігі олардың экономикалық жағынан қаншалық сауатты болуына тікелей тәуелді” екенін атап көрсетті.

Келесі авторлар адам капиталын “индивиттердің өзінің оқуына, білім алуына және басқа да өнімділікті арттыратын іс-әрекет түрлеріне уақытты инвестициялау арқылы қалыптасатын іскерлік пен дағдылар” ретінде анықтайды.

Профессор С.К. Жұмабаевтің пікірінше, “білім, дағды, іскерлік және жинақталған тәжірибе адам капиталын құрайды” және “жалдамалы жұмысшы кәсіпкерлік іс-әрекетке өзінің адамдық капиталын қосады”.

Профессор Т.С. Сарбасованың пікірінше, “білім әлеуеті – бұл жұмыс күші мен жинақталған білім, дағды және тәжірибе. Адамдардың дағдысы және қабілеттілігі қор, яғни жинақ бола алатынын білуіміз қажет” деп көрсетті.[5]

Ғ.Р.Дәулиева “адамның сапалық параметрлерін қалыптастырушы және жетілдіруші рухани өндірістің маңызды салаларының бірі – білім беру саласы ” екендігін өз еңбектерінде атап көрсетті.[4]

 

 

 

 1.2 Білім беру – адам дамуының маңызды факторы ретінде

 

 

Білімнің адам дамуындағы айқындаушы рөлін тану адам капиталының теориясына негізделеді, ол теория бір мезгілде адам дамуы тұжырымдамасының пайда болуының теориялық алғышарты және аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және ол тұтастық қалпында ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында қалыптасты. [2]

Адам дамуы тұжырымдамасының мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті элементтерінің бірі мемлекет, қоғам және тұлға үшін білімді жоғары басымдық дәрежесіне көтеру болып табылады. Адам дамуы тұжырымдамасының мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті мәліметтерінің бірі мемлекет, қоғам және тұлға үшін білімді жоғары басымдық дәрежесіне көтеру болып табылады.

Адам дамуының аса маңызды факторы ретінде білім экономикалық, саяси, әлеуметтік және гуманитарлық проблемалардың тұтас жиынтығын шешуге айқындаушы немесе біршама елеулі ықпал көрсетуге лайықты. Ондай проблемаларға мыналар жатады: әр елдегі халықтың қазіргі заманғы өркениет деңгейі мен тұрмыс сапасына қол жеткізу, кедейшілікті бағындыру мүмкіндігі, тиімді жұмыспен қамтылуды қамтамасыздандыру, әлеуметтік теңсіздіктің деңгейін төмендету, гендерлік және этникалық теңсіздіктен арылу, қылмыстықты азайту, АИВ/ЖИТС ауруының таралуына қарсы күрес жүргізу, саяси және ұлысаралық жанжалдардан арылу және сақтандыру, орнықты дамуды қамтамасыз ету, азаматтық қоғамның құрылымдарын күшейту, адам құқықтарын сақтау және тиімді іске асыру, тұлғаның өз мүмкіндіктерін толық және жан-жақты іске асыруы үшін жағдайлар жасау қажет. Сондай-ақ, білімді аса маңызды адам капиталы ретінде қарай отырып, адам дамуының тұжырымдамасы білімнің кең ауқымды және көп қырлы әлеуметтік қызметтерін бекітіп, оған осы заманғы социумның іргелі проблемаларын шешуде басты рөл атқаратынын айта кеткен жөн.

Қазіргі уақытқа қарай қалыптасқан қазақстандық ұлттық білім жүйесі жүйелі сипат алған реформалардың нәтижесі болып табылады. Бұл орайда мемлекеттік тәуелсіздік алған Қазақстандағы білім реформаларының себептері экономикалық және саяси өзгерістердің алғышарттарынан мүлде бөлек. Экономикалық және саяси өзгерістер экономиканың терең дағдарысымен, саяси қатынастардың тарихи баламасыздығымен, өндірістің құрылымымен және нәтижелерімен озық елдерден едәуір артта қалуымен, халықтың тұрмыс деңгейімен және сапасымен, мемлекеттік басқарудың тиімділігімен сабақтас болды.

Білім беру жүйесіне тікелей және жанама түрде бүкіл қоғамның қатысы бар. Білім жүйесін өзгерту қоғамның және жеке тұлғаның көзқарасын, ой-санасын, психолгиясын, мүдделерін, қарым-қатынасын кешенді түрде өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Осындай кең ауқымды, күрделі реформаны жасау мол қаржылық, кадрлық ресурстарға қосымша реформа бағыттары мен мазмұнын әдіснамалық негіздеуді, жан-жақты байыпты даярлық жасауды, ғылыми-теориялық зерттеулер мен практикалық сынақтар өткізуді, білім жүйесінің басшыларының, мұғалімдердің, оқушылардың, жалпы қоғамның арасында психологиялық даярлық, бейімдеу, ынталандыру жұмыстарын өткізуді қажет етеді. Сондықтан да жаңа білім моделін ғылыми-зерттеу зертханаларында ғана әзірлемей, озат мектептердің тәжірибелерін саралау, жаңашыл педагог-мамандарды, ата-аналарды, қоғам қайраткерлерін, білім саласынақатысы бар барлық мекемелер мен ұйымдарды кеңінен қатыстыру, олардың қызметтерін өзара үйлестіру арқылы жасауға тиіспіз. Осындай аса маңызды да ауқымды жұмыстарды кешенді және іргелі түрде жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен Қазақ Білім академиясының жанында тұрақты және кешенді жұмыс істейтін. Ғылыми-қоғамдық үйлестіру кеңесінің құрылғаны барынша тиімді болар еді.

Сонымен, адам капиталы адамның сапалық және сандық көрсеткіштерімен анықталатын, табиғи болмысы мен әлеуметтік мәні бар зор қабілеті, білімі, білігі, дағдысы. Бұл әлеуметтік құндылығы жоғары сипаттардың қалыптасуы индивидтің өзінің уақыты  мен материалдық мүмкіншіліктеріне және де мемлекет тарапынан жұмсалатын тікелей және жаңа шығындарға байланысты. Адам капиталының бұл қасиеттері біріншіден, субъектінің әлеуметтік статусын көтеруге, екінші жағынан еңбектің тиімділігін арттыруға, жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталады.

  Американдық жоғары білім беру жүйесінің ерекшелігі: жоғары оқу орындарының едәуір еркіндігі және автономиялылығы. Ал мұндай менталитет Қазақстан сияқты дәстүрлі қоғамда қалай көрініс табады? Білім беруде әлемдік стандарттың ұлттық санаға ықпалы қалай болады? Мәселен, ұлттық патриотизмге, ұлттық этикалық санаға, жеке тұлғаның өзіне өзінің тең келу мәселесіне, ұлттық мифтік санаға, ұлттық идентификация мәселесіне ықпалы қандай болмақ дейтін әртүрлі сұрақтар туындайды.

  Болонь Декларациясы, әлемдік бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру үрдісі бүгінгі глобализация феноменінің құрамдас бөлігі, оның іске асырылу формасы десек болады. осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда көрсетілгендей, білім берудегі бұл инновацияның түбірлі мәні мен сипатын әмбебап нарықтық-экономикалық рационализм, ал ол тікелей өндіріс қажеттілігі мен пайда іздеу мүддесімен байланысты болатынын мемлекет жасырмайды. Осының өзін методологиялық тұрғыдан пайымдайтын болсақ, кредиттік жүйенің идеологиялық мәндік болмысын білдірмек.

Неоклассик-экономист А.Маршаллдың пікірінше табиғат қайтарымы төмендеу тенденциясында болса, адам осы  қайтарымды арттыру тенденциясына ие. «Білім біз үшін өндірістің ең қуатты қозғаушысы, табиғатты бағындырып, оның күштерін қажеттілігімізді қанағаттандыруға, пайдалануға мүмкіндік береді».

Адамның сапалық параметрлерін қалыптастырушы және жетілдіруші рухани өндірістің маңызды салаларының бірі-білім беру саласы. Білім беру бір жағынан, тұтас ұлттың интеллектуалды потенциалының дамуы және тереңдеуінің факторы болса, екінші жағынан-адам мүмкіндіктерінің барынша жүзеге асуының іргелі алғышарты. Білім беру экономикалық өсудің маңызды факторы, әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетудің және жұмыссыздыққа қарсы құрал ретінде қарастырыла басталды. Әсіресе білімі және біліктілігі жоғары адам прогрессивті қоғамдық өзгерістердің көзі және қуатты қозғаушы күші ретіндегі өзекті мәселеге айналды.

Білім беру қоғамның әлеуметтік кәсіптік құрылымын қалыптасырушы, мәдениетті ұдайы өндіруші, жинақталған әлеуметтік тәжірибені, адамгершілік, мораль қағидаларын жалғастырушы, индивидтердің әлеументтендірілуін қамтамасыз етуші институт болып табылады. Сондай-ақ, білім беру индивидтердің, қоғамның интеллектуалды және әлеуметтік-психологиялық потенциялын қалыптастырады; жанама түрде, білім беру индивидтің дене және психофизиолгиялық жағдайына әсер етеді; адам капиталының моральдық тозуының орнын толтырады, адам капиталы потенциалының жойылуының алдын алады. (жұмыссыздар, зейнеткерлер), ұлттық қауыпсіздікті және қоғамда демократияның сақталуын, оның күшеюін қамтамасыз етеді.

Адам капиталының анықтаушы элементі-білім беру экономикалық өсудің, әлеуметтік тұрақтылықтың және өркениеттіліктің факторы; оның қалыптасуы елеулі экономикалық ресурстарды қажет етеді. Оның үстіне, білім беруді өндіруде «рынок шарасызығының» орын алуы да мемлекеттің білім беру қызметі рыногындағы мінез-құлқын анықтайды. Сондай-ақ, мемлекеттің білім беру қызметіне сұранысты осы қызметтің адам құқықтарының бірі екендігімен анықталады.

Адам капиталы теориясы шектеулілігінің басты факторының мәні былай, осы теория даму логикасы мен постиндустриялық өркениеттің іргелі әлеуметтік мақсаттарына сәйкес келе бермейді. Күн тәртібіне білімнің тар экономикалық мәселелері ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік кең тиімділігі, қоғам және адам үшін өзіндік құндылығы, адам құқықтарының қамтамасыздығы контексіндегі білім туралы мәселелер көбірек ұсынылатын болды.

Адам капиталы адамның сапалық және сандық көрсеткіштерімен анықталатын, табиғи болмысы мен әлеуметтік мәні бар зор қабілеті, білімі, білігі, дағдысы. Бұл әлеуметтік құндылығы жоғары сипаттардың қалыптасуы индивидтің өзінің уақыты  мен маериалдық мүмкіншіліктеріне және де мемлекет тарапынан жұмсалатын тікелей және жаңа шығындарға байланысты. Адам капиталының бұл қасиеттері біріншіден, субъектінің әлеуметтік статусын көтеруге, екінші жағынан еңбектің тиімділігін арттыруға, жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталады. Сондықтан да,адам капиталына инвестиция салу оның әлеументтендіру тәжірбиесіне терең өзгерістер енгізіп жалпы адам капиталының жиынтық қорының мазмұнына, құрамына, қалыптасуына оң әсер етеді.адам капиталын қалыптастырудың қоғамдық сипаты басымырақ, бұған қоғамды әлеуметтік ұйымдастыру деңгейі әсер етеді. Адам капиталын ұдайы өндіру тұрғындарды, жалпы халықтың сандық және сапалық мәнінің дамып, қоғамның рухани және материалдық жүйесіне жинақталуымен байланысты. Адам капиталын қалыптастырудың және ұдайы өндірудің ішкі және сыртқы факторларына мыналарды жатқызуға болады.

Сыртқы факторлар:

  • Білім, ғылым, тәрбие, ақпарат, денсаулық, тұрмыстық қызмет көрсету, әлеуметтік институттарының дамуы. Олардың даму деңгейінің көтерілуіне инвестициялар жұмсау, адам капиталының сандық, сапалық көрсеткіштерінің қалыптасып жатқан құрылымдарының өзгеруіне терең әсер етеді.
  • Адам капиталын құрушылардың өмір сүру әрекетінің сыртқы ортасына еңбек ету жағдайы, үй-тұрмысы, өмірлік тұрағының инфрақұрылымы жатады. Бұл саланы жетілдіру, инвестиция құю, аймақтардың, әр түрлі ұйымдардың әлеуметтік саласын дамытып, жалпы қоғамдық инфрақұрылымының дұрыс бағытта өзгеруіне әкеледі.

Адам капиталына ұдайы өндірудің ішкі алғы шарттарына адамның жанұясының материалдық жетістігі, оның жеке байланыстары, мәдени деңгейі жатады. Егер де қоғам жанұяны қолдап, оның өзіндік саясатының іске асуына инвестициялар салса, ол осы жанұяның материалдық байлығын өсіріп қана қоймай, білімді, дәстүрді, біліктілікті, құндылық бағыттарын, жалпы әлеуметтік тәжірбиені ұрпаққа қалдыру үрдісін жетілдіруге де жағдай  жасайды. Индивид әлеуметтік тұлға ретінде тек жанұяда ғана қалыптасатындықтан, қоғамның рухани игіліктерін-білімді, мамандық статусын, қызметін дұрыс пайдалануды, тұрмыстық-тұтыну мәдениетін игеруде жанұяның орны ерекше.

Егер жекелеген өлшемдерді алатын болсақ, Қазақстан халықтың «тапқырлық» деңгейі (яғни, технологиялық идеялардың дамуы), ғылыми-зерттеу базасының, дәл ғылымдағы білімнің сапасы бойынша, сондай-ақ базалық инфрақұрылымның жаман емес жағдайына қатысты айтарлықтай жоғары бағаланады.

Алайда біздің еліміз бұл артықшылықтарды нақтылы «капиталдандыру» мүмкіндігін қамтамасыз ететін факторлар бойынша төмен бағаланады.ал мұнда «ақыл-ойдың сыртқа кетуінің» жоғары деңгейі де, жаңа технологиялар мен қызметтерді лицензиялаудың күрделі ресімдері де, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғаудың төменгі деңгейі де, білім беру мен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды инвестициялау жөніндегі аз әулет те бар.

Міне, содан келеді де, мысалы, ересек халықтың сауаттылық деңгейі бойынша біз әлемдегі алғашқы 3 пайыздың қатарындамыз, ал әл-ауқат деңгейі бойынша соңғы 40 пайыз елдердің қатарындамыз. Инженерлер мен ғалымдардың саны бойынша біз тізімнің үштен бірінің алғашқысындамыз, ал жоғары технологияларға келетін экспорттың үлесі жөнінен-артта қалушылар қатарындамыз. Сәйкесінше, білім беру экономикасы ұлттық бәсекелестік қалыптастырудағы маңызды мәселе болып  табылады.

 

 

 

 

 

 

 

  • Ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастырудағы білім берудің маңыздылығы

 

 

Ұлттық жағдайындағы соңғы он жылдықта ұлттық экономиканың әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі мәселесі одан әрі күшейе түсуде. Шектелген ресурстарды тиімді пайдалануға деген қажеттіліктің артуы, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, жаһанды бәсеке қысымының үдеуі жағдайында мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі ең алдымен оның технологиялық бәсекеге, басқаша айтқанда жаңа білімді жедел өндіру, ендіру және бейімдеуге қабілеттілігімен анықталады.

Қазіргі әлемдік экономикада технологиялық инновациялар шын мәнінде «жетекші өндіргіш күшке», экономикалық өсу қарқындарын және мемлекеттің салыстырмалы экономикалық қуатттылығын анықтаушы негізгі бәсекелестік құралға айналды.

БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму Ұйымының 2002 жылғы баяндамасына дамыған және дамушы елдер арасындағы өнеркәсіптік және бәсеке қабілеттілік деңгейлерінің тұрақты ұлғаймалы алшақтығы, оның тудыратын қауіптері қарастырылып, экономикалық либерализм және жаһандану өздігінше бұл мәселені шеше алмайтыны айтылады. Аталған мәселенің өткірлігін жеңілдету үшін БҰҰ сарапшылары дамушы елдерге «бәсеке қабілеттіліктің жоғары жолымен» дамуды, яғни әлемдегі жаңашыл білім мен технологияларды жедел меңгеру, өзіндік ҒЗТКЖ және инновациялық өндірісті дамыту арқылы бәсекелестік артықшылыққа және экономикалық өсуге жетуді ұсынады. Мұндай перспективалы стратегия кең тараған «бәсекеге қабілеттіліктің төменгі жолына», яғни дамушы елдердің әлемдік рынокқа арзан еңбектік және табиғи ресурстарды беру арқылы шетелдік инвестицияларды тарту арқылы шығуына қарама қарсы қойылады.

Белгілі американдық экономист М. Портердің пікірінше, дамушы елдер өз дамуында бәсеке тәсілдермен ерекшеленетін үш сатыдан өтетін. «Өндіріс факторларымен жүргізілетін экономикада» бәсекелестік артықшылық негізінен өндіріс шығындары элементтерінің құнына тәуелді. «Инвестициялармен жүргізілетін экономикада» бәсеке ең алдымен өндірістің техникалық тиімділігін арттыруға негізделеді. «Инновациялармен жүргізілетін экономикада» тұтынушылар үшін неғұрлым жаңа, жоғары құндылықтарды, яғни тұтынушылар анағұрлым жоғары ақыны төлеуге дайын жаңа өнімдер мен қызметтерді жасау маңызды. Инновациялық өнімнің бағасын төмендету міндетті емес, оны бәсекелес кәсіпорынның шығындарымен пара пар ұстауға болады.

Дамушы елдердің көпшілігі алғашқы екі сатыда қалып отыр, бәсекеде тек «төменгі жолмен» ғана ұтымға жете алады. Қазақстанның да экспортты өнімдері қазірге дейін әледік рынокта негізінен төмен шығындарымен ғана ұтады.

Әлемдік экономикалық форумның сарапшылары алғаш рет елдердің бәсеке қабілеттіліктеріне талдау жүргізіледі. Зерттелген 117 мемлекеттердің қатарына алғаш рет Қазақстан қамтылып, аталған көрсеткіш  бойынша Қазақстан Республикасы ТМД-ның барлық мемлекеттерінен озық 61-ші орында болды (Ресей-74 орында). Елдің бәсекеге қабілеттілік потенциалын анықтауда негізгі үш фактор қарастырылды: технологиялық бәсеке қабілеттілік, макроэкономикалық орта, қоғамдық институттар. Басқалармен салыстырғанда, технологиялық бәсеке қабілеттілік деңгейі қазіргі уақытта ұлттық экономиканың неғұрлым әлсіздеу тұсы болғандықтан оның өзектілігі артуда.

Осы ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыруға бағытталған жаңа экономикалық саясаты белгіленіп, 2003-2015 ж.ж. индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының басты мақсаты шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу ретінде айқындалады. Қазақстанның дәстүрлі шикізат өндірісін есептемегенде,кемінде тоғыз салалық сегментте бәсекеге қабілетті екендігі әлемдік деңгейдегі сарапшылар жүргізген жұмыстар нәтижесінде анықталып, құрылыс материалдарын өндіруші, туристік, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі үшін құралдар өндіруші сала, металлургия  салаларын кластерлік үлгіде дамыту бағыттары белгіленеді.

Жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің Давос индексіне сәйкес Қазақстан бәсекеқабілеттілік факторларының үш тобы бойынша (макроэкономикалық көрсеткіш бойынша – 10-шы; нарықтың тиімділігі көрсеткіші бойынша – 44-ші; жоғары білімнің сапасы бойынша – 51-ші орын) әлемнің озық елдерінің қатарына енген. Алайда қалған алты топ бойынша біздің ел әжептәуір артта. Айталық, технологиялық даму деңгейі бойынша  Қазақстан 66-шы, инфрақұрылымның дамуы бойынша – 68-ші, инновация саласында – 70-ші, бизнесті жетілдіру бойынша – 72-ші, мемлекеттік институттардың дамуы бойынша – 75-ші, денсаулық сақтау және бастауыш білім беру бойынша 86-шы орында.

       Басқалармен салыстырғанда, технологиялық бәсекеге қабілеттілік деңгейі қазіргі уақытта ұлттық экономиканың неғұрлым әлсіздеу тұсы болғандықтан оның өзектілігі артуда. Осы ретте, ҚР Үкіметінің ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыруға бағытталған жаңа экономикалық саясаты белгіленіп, 2003-2015 ж.ж. индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының басты мақсаты шикізаттық бағыттан сервистік – технологиялық экономикаға көшу ретінде айқындалды. Қазақстанның дәстүрлі шикізат өндірісін есептемегенде, кемінде тоғыз салалық сегментте бәсекеге қабілетті екендігі әлемдік деңгейдегі сарапшылар жүргізген жұмыстар нәтижесінде анықталып, құрылыс материалдарын өндіруші, туристік, жеңіл өнеркәсіп, жиhаз өндірісі, тамақ өнеркәсібі, инвестициялық банк қызметтері, жүк тасымалдау,тау-кен өндірісі үшін құралдар өндіруші сала,  металлургия салаларын кластерлік үлгіде дамыту бағыттары белгіленді.

Стратегияның шеңберінде Қазақстанда технопарктер жасақталып, іске қосылуда. Мысалы, «Ақпараттық технологиялар паркі» («Alatau IT Sity») арнайы экономикалық аймағында сұйық кристаллды және плазмалық телевизорлар мен мониторлар өндірісі жолға қойылмақ, атап өтерлік ерекшелігі– бұл жаңа өндіріс «тетіктерді жинауға» ғана бағытталмайды, керісінше арнайы зертханасы және өндірістік аудандарында қажетті бөлшектері өндіріледі, шетелден тек матрица ғана әкелінбек. «Alatau IT Sity» технопаркін құруда Microsoft, Hewlett Packard, Samsung, Cisco Sistems сияқты басқа да әлемде әйгілі компаниялармен келіссөздер жасалынған.

Тағы да төрт технопарк Өскемен, Шымкент, Петропавл және Астанада құрылады. ШҚО-дағы технопарк тау-кен металлургиясы, жаңа металдар өндірісіне, СҚО-дағы – машина жасау және ауыл шаруашылығы өндірісін қайта өңдеуге маманданса, ОҚО-дағы технопарк мұнай өңдеуші және металлургиялық өнеркәсіппен, ал Астанадағы парк аграрлық сектор, құрылыс және тамақ өнеркәсібімен айналысады.

Қазір Қазақстанда үш пилотты аумақтық технопарктер қызмет етеді: Оралдағы ЖШС «Алгоритм» паркі (мұнай өндіруші салалар үшін машина жасау, металл өңдеу), Қарағанды облысындағы ЖШС «UniScien Tech» паркі (тау-кен металлургиясы, химия, экология) және «Алматы аумақтық технопаркі» ЖШС (құрылыс, жаңа материалдар, энергетика).

Алайда, осындай технопарктерді құруда ұлттық экономика үшін технологиялық тәуелділіктен гөрі экономикалық тұрғыда тиімдірек технологиялық өзара тәуелділікті қалыптастыруға ұмтылу қажет. Себебі, ТҰК кең қолданатын экономикалық бәсекелестіктің қазіргі стратегиясы  — халықаралық өндірістік тізбекті жасау. Демек, қазіргі әлемдік рыноктағы қалыптасқан бәсекелестік жағдай аса бай елдер және барлық басқа елдер арасындағы ғылым мен технология деңгейіндегі үлкен алшақтықтың үдемелі сипатымен қауіпті.

БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму Ұйымының 2002 жылғы баяндамасына дамыған және дамушы елдер арасындағы өнеркәсіптік және бәсекеге қабілеттілік деңгейлерінің тұрақты ұлғаймалы алшақтығы, оның тудыратын қауіптері қарастырылып, экономикалық либерализм және жаhандану өздігінше бұл мәселені шеше алмайтыны айтылады. Аталған мәселенің өткірлігін жеңілдету үшін БҰҰ сарапшылары дамушы елдерге «бәсекеге қабілеттіліктің жоғары жолымен» дамуды, яғни әлемдегі жаңашыл білім мен технологияларды жедел меңгеру, өзіндік ҒЗТКЖ және инновациялық өндірісті дамыту арқылы бәсекелестік артықшылыққа және экономикалық өсуге жетуді ұсынады. Мұндай перспективалы стратегия кең тараған «бәсекеге қабілеттіліктің төменгі жолына», яғни дамушы елдердің әлемдік рынокка арзан еңбектік және табиғи ресурстарды беру арқылы шетелдік инвестицияларды тарту арқылы шығуына қарама қарсы қойылады.[6]

Белгілі американдық экономист М. Портердің пікірінше, дамушы елдер өз дамуында бәсеке тәсілдерімен ерекшеленетін үш сатыдан өтеді. «Өндіріс факторларымен жүргізілетін экономикада» бәсекелестік артықшылық негізінен өндіріс шығындары элементтерінің құнына тәуелді. «Инвестициялармен жүргізілетін экономикада» бәсеке ең алдымен өндірістің техникалық тиімділігін арттыруға негізделеді. «Инновациялармен жүргізілетін экономикада» тұтынушылар үшін неғұрлым жаңа, жоғары құндылықтарды, яғни тұтынушылар анағұрлым жоғары ақыны төлеуге дайын жаңа өнімдер мен қызметтерді жасау маңызды. Инновациялық өнімнің бағасын төмендету міндетті емес, оны бәсекелес кәсіпорынның шығындарымен пара пар ұстауға болады.

Дамушы елдердің көпшілігі алғашқы екі сатыда қалып отыр, бәсекеде тек «төменгі жолмен» ғана ұтымға жете алады. Қазақстанның да экспортты өнімдері қазірге дейін әлемдік рынокта негізінен төмен шығындарымен  ғана ұтады.

Демек, қазіргі әлемдік рыноктағы қалыптасқан бәсекелестік жағдай аса бай елдер және барлық басқа елдер арасындағы ғылым мен технология деңгейіндегі үлкен алшақтықтың үдемелі сипатымен қауіпті. Себебі, бұл алшақтық интеллектуалды және қаржылық ресурстардың дамушы елдерден «қашуындағы» себептердің бірі.

Қорыта айтқанда, біздің республикамызда өткізіліп жатқан нарыққа көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы туралы мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгінгі емес, ол ертең бесекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық даму серпінін және деңгейін арттыруда еріксіз көндіретін болады.

Бәсеке нарығында рынокқа кіріс ашық болғандықтан кезең ұзақтығының мәні зор болып табылады. Сондықтан, фирмалардың бәсеке рыногындағы іс-әрекет зерттеу үшін оларды қысқа және ұзақ мерзімде жеке-жеке қарастырылады.

Бәсекеге қабілеттілік ғылым ретінде танылған, оның негізін қалаушы ғалым, Қазақстанда болған Гарвард университетінің профессоры Майкл Портер қазіргі заманғы елдерді үш топқа бөліп қарайды. Бірінші топ өндірісте арзан жұмыс қолын пайдаланатын, өз елінің қазба байлықтарын аяусыз пайда­ланатын елдер. Бұл топқа жан басына шақ­қандағы ІЖӨ 3000 долларға дейінгі елдер жатады. Екінші топтағы елдерге экономи­ка­ны тиімді жүргізуді үйренген, тиімді материал және энергия үнемділігі бар, жұмсалған қаржының қайтарымы жақсы елдер кіреді. Бұл елдерге жан басына шаққандағы ІЖӨ 9000 долларға дейін болатын елдер кіреді. Үшінші топ – инновациялық экономика елдері, оларда бүкіл экономика білімге, жаңа­шылдыққа негізделген. Олардағы жан басына шаққандағы ІЖӨ 17 мың доллар немесе одан да көбірек. Майкл Портер біздің елді алдыңғы екі топтың ортасында тұрған ел деп санайды. Бізде табиғи ресурстар тез сатылып жатыр және жұмыс күші арзан, бірақ сонымен бірге бізде тиімді экономика құруға ұмтылыс бар. Еңбек өнімділігіне, энерго­сыйым­дылықты азайту мен жаңа техноло­гияларға көңіл бөліне бастады.

Егер біз қазірден бастап алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарында жүрмесек, онда өмір сапасының жоғарғы стандарттарына ұмтыла алмаймыз да артта қалып қоямыз.

Дегенмен, біздің еліміз бәсекеге қабілетті болып жетілу үшін жүйелі түрде еңбектеніп келе жатқанын атап өтуге тиіспіз. Қазір біздің экономика тоқырау мерзімінен өтті, тұрақ­тылық мерзімі жүріп жатыр. 1999 жылдан бастап ел экономикасында тұрақты даму үрдістері орнығып келеді. Бізде білім беру, денсаулық сақтау, индустриалдық-инновациялық бағдарламалар жасалды.

Дамыған елдерде инновациялық техноло­гияның үлесіне ІЖӨ-нің 70 пайыздайы келетін болса, бізде бұл көрсеткіш әлі 0,8 пайыз ғана. Сарапшылар бұл көрсеткіш 2015 жылға қарай 1,7 пайызды құрайды деп болжайды. Бұл өте төмен көрсеткіш. Өндіріс­ке жаңа идеяларды енгізетін ғылыми-зерттеу мен конструкторлық істерге бірінші кезекте қолдау жасау керек. Бізде қазір ғылымды дамытуға ішкі жалпы өнімнің 0,23 пайызы жұмсалуда, озық шет елдерде бұл көрсеткіш 4 пайыздан кем емес, демек бізден 17 еседен астам көп. Кейбір критерийлерді жеке алып қарасақ, Қазақстанда халықтың технология­лық идеяларды дамыту саласы, ғылыми-зерттеу базасы, нақты ғылымдардағы білім, базалық инфрақұрылымның жағдайы жоғары саналады. Бірақ бұл істе де бәрі ойдағыдай емес, “озық ойлардың” сыртқа кетіп жат­қаны, жаңа технологиялар мен қызметтерді лицензиялау ережелерінің күрделілігі, санат­кер­лік меншіктің нашар қорғалуы, білім мен ғылыми-зерттеу ісіне, тәжірибелік-конс­трукторлық жұмысқа салынатын инвести­ция­ның төмендігі байқалады.

Профессор Портердің айтуынша, бәсекеге қабілеттілік факторлар тобымен анықтал­майды, ол факторларды тиімді пайдаланумен айқындалады және оны жетілдіріп және дамыту керек. Сондықтан да бәсекеге қабілеттіліктің өсуінде елдің адамдарының сапасы, яғни, адам капиталы ең маңызды рөлге ие.

Қазақстанның 50 озық елдің қатарына қосылу стратегиясында білім берудің жаңа  философиясы, яғни білім беру ұлттық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі, инновациялық дамудың интеллектуалды негізі ретінде белгіленуінің негізгі себебі де осы. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев «білім берудің ұлттық басымдықтар санатынан халықаралық санатқа ауысқанын» баса атап көрсетті.[7]

Білім беру технологиялық өркендеуді қамтамасыз етеді, өйткені білім беруге жұмсалған шығындар адам капиталының қорын ұлғайу арқылы экономиканың жаңа идеяларды өндіру қабілеттілігін арттырып, оның ғылым сыйымдылығы жоғары өндірістердегі бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастырады. Республикамыздың индустриалды-инновациялық даму, ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру қажеттіліктері білім беру саласын заман талабына сай, пара пар дамытудың өзектілігін арттыра түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

2.1 Білім беру саласының заңнамалық базасының негіздерін талдау

 

 

Білім беру саласын талдау барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген.

Қазақстандағы жоғары білім екі сатымен дамыды: 1) Жоғары білім жүйесінің жаңа құрылымыныың қалыптасуы мен реформаларының басталу және білім саясатының қалыптасу кезеңі (1991-1999 жылдар); 2) жоғары білім жүйесін жаңашылдандыру үрдістерінің реалды бастамасы кезеңі (1999 жылдан бүгінге дейін).[8]

Реформалар нәтижесінде Қазақстан Республикасының білім жүйесінің қалыптасуы мен қызмет атқаруының саяси-құқықтық негіздері қаланды. 1992-1993 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» (1992жыл), «Жоғары білім туралы заң» (1993жыл) қабылданды. Бұл құжаттар заңды түрде жаңа ұлттық білім үлгісін қамтамасыз етіп, сонымен қатар ұлттық-мәдени ерекшеліктерді ескере отырып білім саласында мемлекеттік саясат жүргізілді.

1993 жылы республикада білімді мемлекет тарапынан  қолдау бағдарламасы, білім саласындағы мемлекеттік саясат Концепциясы Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім туралы концепциясы жүргізілді.[9]      

1995 жылы жаңа Конститиция қабылданғанмен, Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңына» бірнеше түзетулер енгізілді. Демократияға өту кезеңіндегі басқа да мемлекеттер сияқты Қазақстан да әрбір адамның өз қабілетіне қарай білім алуына еркі бар екенін жариялайтын. Сондықтан адам құқықтары туралы декларациясын орындайтын.

1995 жылғы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда қабылданды. (Қазақстан Республикасының Жаршысы 1996ж, №4, 217 құжат).  Бұл заңда мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Сәйкесінше оқу орының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек. Отандық білім беру саласының институционалды негіздерінің жаңашылдандырылуы осы саладағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары, саланың даму басымдылықтары айқындалған  Қазақстан Республикасы «Білім туралы» (1999ж.) заңының қабылдануымен байланысты болады.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар. (Қазақстан 2007 №10, 68 құжат). Сондықтан Қазақстан Республикасы «Білім туралы» (2007ж.) заңның негізі  қайта толықтырылып және жетілдірілді. Білім беру саласын  стандарттарға сай жаңылдандырылды. Қазіргі таңда, заңның қабылдануына сәйкес білім беру саласы жоғары жетістіктерге жеттіп жатыр. [10]

Білім саласындағы заң Қазақстан Республикасына сүйенеді. Ол мемлекеттік саясат принциптерін анықтайды, азаматтардың білім алу конституциялық құқықтарын қамтамасыз етеді, білім алу үрдісіндегі субьектілердің арасындағы қатынастарды реттейді.

Білім беру саласында реформалар жүргізудің екінші кезеңінде, яғни 1999 жылы жаңадан Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» қабылданды. Ол заңды түрде білім жүйесінің жаңа ұлттық жүйесінің жаңа ұлттық үлгісін бекітті.

Ол заңды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27 қаулысы қабылданды, оның ішінде  13-і жоғары кәсіби білімге арналған. Олардың негізгілерін атап айтсақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы  20 шілдедегі «Қазақстан Республикасы жоғары оқу мекемелерінде ақылы білім беру тәртібі»   Халықтың барлығын білім алуға талпындыру. Бірақ соның салынан мемлекетте сапасыз оқу орындары көбейіп кетті. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарын аттестациялау мен акредетациядан өткізіп жатыр.

Қазақстан Президентінің жарлығымен 2000 жылы  30 қыркүйектегі «Білім» атты мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Бұл құжат білім саласында ұйымдастырушылық-экономикалық, методикалық, құқықтық және және әлеуметтік-психологиялық өзгерістердің талабына сай құрылды. Осы бағдарламаның қазіргі кезде міндеттері іске асып жатыр.

Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ереже. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы №849 қаулысымен бекітілген. Ұйымдарда білім беру қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге және Ұйымның Жарғысына сәйкес жүзеге асырады

Қазақстан Республикасы Жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережелер. Білім және ғылым Министрлігінің 2000 жылғы  10 шілдедегі №595 Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар. Бағдарламаның мақсаты жалпы білім беретін мектептерді сапасын,стандартқа сай қалыптастыру. Білім беруге инновациялар енгізді.

        1) 2005-2010 жылдарға Қазақстан Республикасында білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы  (Презиленттің 11.10.1998ж. № 1459 жарлығымен бекітілген).

2010 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық жоспары негізінде дайындалған.

            Мақсаты – адам ресурстарының сапасын арттыру, тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін стратегиялық жоспар басымдықтары негізінде көп деңгейлі білімнің ұлттық жүйесінің модернизациясы.

Міндеттері:

  • Сапалы білімді көрсетуді қамтамасыз ету тұлғаны жоғары мәдениетке тәрбиелеу, мемлекеттік тілді басым дамыту;
  • Тұрақты дамытудың әлемдік тәжірибесі мен қағидалары негізінде білімнің мазмұны мен құрылымын жаңарту;
  • 12-жылдық жалпы орта білім беруге өту, БХСЖ (Білімнің Халықаралық Стандарттық Жіктемесі) ұсыныстарына сәйкес кадрларды дайындау мен кәсіптік білім беру жүйесін қайта құрылымдау;
  • Әлемдік білім беру кеңістігімен бірігу.

Күтілетін нәтижелер:

  • 6 жастан оқыта отырып, 12 жылдық орта жалпы білім беруге өтуді жүзеге асыру;
  • Білімнің барлық деңгейіне қол жеткізу мүмкіндігі және жалғасымдылығы;
  • «Өмір бойына барлығы үшін — білім» қағидасын жүзеге асыру;
  • Басқа салаларға қарағанда білімді дамыту алға озды.

   Бағдарламаның қажеттілігі неден туындады? Адамның жинақтаған білімін жәй игеруден шығу қажеттігін сезіну. Барлық елде осындай қажеттілікті сезіну білім саласындағы келесі шараларға әкелді:

  • Білімнің құрылымы, мақсаты, мазмұны және технологиясы түбірімен өзгерді;
  • Білімді дағдыны механикалық беру басымдылық болып табылмайды. Өзгерісті жағдайларда жетістікті өзіндік табысқа жететін және дамытатын, идеяларды ұсынатын, ақпараттық – интеллектуалды ресурстарды өзі табатын, пайдаланатын және талдайтын тұлғаның қалыптасуы басымдылық болып табылады.

 2) Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен жасақталған «2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының білімді дамыту  концепсиясында» білім саласындағы мемлекттік саясаттың міндеттері, басымдылықтары, негізгі бағыттары, жалпы стратегиясы анықталған.

Білім жалпы ұлттық басымдық болып табылатындығы айтылған; ұзақ уақыт кезеңіне білім беру саясатының негізі анықталған. Маңызды міндет білім мазмұнының орталықтанған білімнен нәтижеге бағытталған білімге өзгеруі.

Білім беру жүйесі рыноктық экономика мен ашық азаматтық қоғам қажеттіліктерінен артта қалып отыр деп есептеледі. Мұндай жағдайдың себебі ретінде төмендегілер аталады:

  • Білім сапасын соңғы бағалауда субьективтіліктің басым болуы;
  • Жаңалық енгізуде білім жүйесінің жеткілікті қабылдамуы және оқытудың сапалық жүйесін енгізуге қажетті ынтаның болмауы;
  • Негізінде мемлекет тарихын, мемлекеттік тілді, халықтардың ұлттық-мәдени құндылықтарын білу болатын этномәдени және азаматтық бірыңғайлықтың қалыптасу механизмінің тиімділігінің жеткіліксіздігі;
  • Білімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуде ынтаның жоқтығы, кадрлардың кетуі;
  • Жаңа талаптарға материалды – техникалық, оқу – лабораториялық жабдықтардың, оқу және әдістемелік әдебиеттердің сәйкессіздігі және тағы басқа.
  • Келесідей білім деңгейлері анықталған:
  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту – үзіліссіз білімнің бірінші деңгейі. Мақсаты – мектепке дейінгі сауықтыру және бағыттау бағдарламаларын балалардың қамтылуын көтеру жолымен білім алуда тең бастапқы мүмкіндіктер беру;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары:                                                                                                                      1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іс-әрекет түрлерінің мектеп жасына дейінгі балалар үшін ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту­дың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде әзірленеді.                               2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары:                                                                                                 1) балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді;                                                  2) әр баланың талабын, бейімділігін, қабілет­тілігін, дарындылығын іске асыруға және оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара әдіс негізінде оны бастауыш білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеруге даярлауғa бағдарланады;                                                                             3) Мектепке дейінгі оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары оқудың, жазудың, есептеудің және тілдік қатынас тәжірибесінің қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш білім беруді меңгеру үшін бірдей бастапқы жағдайларды жасауды көздейді.

Орта білім – үзіліссіз білім берудегі базалық буын (мектептер, лицейлер, гимназиялар және техникалық және кәсіби білімнің оқу орындары). Мақсаты – білім бере отырып тұлғаны қалыптастыру, адамгершілікті – жауапты шешімдерді пайдалану. Міндет – нәтижеге бағыттау.

          Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағ­дарламалары:                                                                                               1. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – төрт жыл.

Жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру білім алушылар біліміне аралық бақылаумен және білім алушылардың оқу жетістіктерін іріктемелі мониторингтік бағалаумен аяқталады.

  1. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады. Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды. Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – алты жыл.
  2. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың бағдарланатын кәсіпке дейінгі даярлығын жүзеге асыру үшін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыс­тану-ғылыми, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – екі жыл.

1-саты

Жалпы орта білім беру (1-4 сыныптар)

Оқытудың бастау жасы – 6 жас

Оқытудың ұзақтығы – 4 жыл

1-4 сыныптар –жалпы бастауыш білім   

2-cаты

Жалпы орта білім беру – (5-10 cыныптар)

Оқыту ұзақтығы – 6 жыл

5-10 сыныптар – жалпы негізгі білім

3-cаты

Жалпы орта білім беру – (11-12 cыныптар)

Оқытудың ұзақтығы – 2 жыл

11-12 сыныптар – жалпы орта білім

Әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану – ғылыми, техникалық бағыттар бойынша ортадан кейінгі кәсіптік білім: оқу мерзімі болатын қызмет көрсетуші және басқару еңбегінің орта буынын дайындау, (арнайы білім және медицинадан басқа); Техникалық және кәсіби білім негізінде  — 1 жылдан кем емес;

  Орта білім беруден кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары:                                 1. Орта білім беруден кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары орта білімі бар (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) азаматтар қатарынан гуманитарлық мамандықтар бойынша қызмет көрсету және басқару еңбегінің кіші мамандарын даярлауға бағытталған. Жалпы орта білімі бар азаматтардың орта білім беруден кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын (медицина мамандықтарынан басқа) игеру мерзімі кемінде екі жыл, ал техникалық және кәсіптік білімі бар адамдар үшін — кемінде бір жыл.                                                                                                                                    2. Орта білім беруден кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны:  1) кәсіптік пәндермен қатар жоғары білім беру­дің 1-2 курстарының кәсіптік оқу бағдарламаларымен интеграцияланған, әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми жаратылыстану пәндерін оқуды; 2) оқыту аяқталғаннан кейін қызмет көрсету және басқару еңбегінің кіші маманы біліктілігін беруді көздейді.

Жоғары білім — өзгерісті жағдайларда жылдам бейімделетін фундаменталды білімімен, ынталы жоғары сапалы мамандардың жаңа тобын оза отырып дайындау;

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары:

  1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдар­ламалары біліктілікті және (немесе) “бакалавр” академиялық дәрежесін бере отырып мамандар даярлауға, олардың кәсіптік даярлығының деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша оқуды аяқтап, “бакалавр” академиялық дәрежесі берілген адамдар біліктілік талаптары жоғары білімі болуды көздейтін лауазымдарды атқара алады.
  2. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдар­ламаларының мазмұны жалпы білім беретін пәндер циклін, базалық пәндердің циклін, бейіндеуші пәндердің циклін зерделеуді, сондай-ақ тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді. Пәндердің әрбір циклі міндетті құрамдас бөлікті пәндерден және таңдау бойынша құрамдас бөлікті пәндерден тұрады. Білім алушылардың таңдауы бойынша құрамдас бөліктен тұратын пәндер әрбір циклде міндетті құрамдас бөлікті пәндерді мазмұндық толықтыруы тиіс.Университеттер конкурстық негізде оқытудың жаңа сапалық жетілдірілген технологиялары, әдістері мен нысандары бар инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге құқылы.
  3. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдар­ламаларын игеру мерзімі мемлекеттік жалпыға мін­детті жоғары білім беру стандартымен айқындалады және кемінде 4 жыл болуға тиіс.
  4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматтар үшін жоғары оқу орындары оқыту мерзімін қысқартуды көздейтін кәсіптік оқу бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.

        Жоғары оқу орнынан кейінгі білім – Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің аяқтаушы білім беру деңгейлері ретіндегі – магистратура және докторантура Phd.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру:                                         

  1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады.  2. Ғылыми және педагог кадрларды даярлау жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың магистратурасы мен докторантурасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтар тізбесіне сәйкес күндізгі оқыту нысаны бойынша шет елдердің жоғары оқу орындарына “Болашақ” халықаралық стипендиясының стипен­диаттарын оқуға жіберу арқылы жүзеге асырылады                                       3. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары негізінде:                                                                          

1) екі жылдық оқу мерзімімен ғылыми және педагогтік;                         

2) кемінде бір жыл оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.                                                                                    

3) Мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан табысты өткен және магистрлік диссертациясын көпшілік алдында қорғаған білім алушыға тиісті мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі беріледі.                                                                                                                     

4)Докторантурада магистратураның кәсіптік оқу бағдарламалары негізінде кемінде үш жыл оқу мерзімімен философия докторлары (PhD) мен бейіні бойынша докторлар даярлау жүзеге асырылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру:                                         

  1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады.
  2. Ғылыми және педагог кадрларды даярлау жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың магистратурасы мен докторантурасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтар тізбесіне сәйкес күндізгі оқыту нысаны бойынша шет елдердің жоғары оқу орындарына “Болашақ” халықаралық стипендиясының стипен­диаттарын оқуға жіберу арқылы жүзеге асырылады;
  3. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары негізінде:                   

1) екі жылдық оқу мерзімімен ғылыми және педагогтік;                         

2) кемінде бір жыл оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады;                                                                                                               

3) Мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан табысты өткен және магистрлік диссертациясын көпшілік алдында қорғаған білім алушыға тиісті мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі беріледі;                                                             

4) Докторантурада магистратураның кәсіптік оқу бағдарламалары негізінде кемінде үш жыл оқу мерзімімен философия докторлары (PhD) мен бейіні бойынша докторлар даярлау жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылған бағдарламалардың негізгі мақсаты – сапалы білімге кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін тиімді дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.[11]

 

 

 2.2 Қазақстан Республикасындағы ЖОО-ғы сапа менеджментінің жүйесі

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауында білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.[12] Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет деген болатын.

Сондықтан заман талабына сай университеттің мақсаты – білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны еңбек нарығы мен қоғам сұранысына сәйкестендіру болып табылады. Өйткені білім беру қызметінің сапасын жоғарылату арқылы ғана жоғары дәрежедегі бәсекелестікке қол жеткізуге болады.

Жоғары оқу орындарындағы (ЖОО) білім беру қызметінің сапасын арттыру мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық мақсат және нарықтық қатынас жағдайында ЖОО-ның дамуы мен одан әрі жетілуін қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылады. Елбасы: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. [1] Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі көбінесе кәсіпорындарымыздың халықаралық стандарттарға шұғыл түрде көшуімен айқындалатын болады.

Дамыған шет елдер тәжірибесіне көз салсақ, олардың барлығында дерлік білім беру сапасының қоғам қажеттілігіне сәйкестігі және мамандарды дайындаудағы жүйелі қызметтің нәтижелілігі мен тиіділігін арттыру саласында күрделі мәселелердің бар екендігі байқалады. Көшбасшы ұйымдардың жетістіктері ISO 9001:2000 стандарттарының негізінде жасалған сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) арқылы жоғары сапаға бейімделуді өз стратегияларының негізгі мақсаты етіп алуының бірден-бір нәтижесі болып табылады, яғни халықаралық ISO 9001:2000 стандарттары қазіргі таңда білімнің сапасын көтеру мәселелерін жан-жақты шешетін негізгі фактордың бірі болып отыр.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету және жоғары білім беру жүйесінің әлемдік білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де көптеген аумақты жұмыстар атқарылуда. Университетте білім беру бағдарламаларының көп сатылы (бакалавриат,магистратура, PhD докторантура) құрылым ойдағыдай жұмыс істеуде. Білім беру процесіне кредиттік жүйе мен отандық және халықаралық ISO 9001:2000 стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі енгізілген.

 ISO 9001:2000 стандарттарының артықшылығы – олардың нарықтық сипатамасының болуында. Сонымен қатар оларда тұтынушыға бағдарлау, жетекшінің басшылығы, қызметкерлерді іске тарту, процесті көзқарас, менеджментке жүйелі көзқарас, тұрақты жақсарту, фактілерге негізделген шешімдер қабылдау және жеткізушілермен өзара қолайлы қатынастар принциптері қолданылады. [13] Бұл кезде соңғы нәтиже қызметкерлердің процестің мәнін қаншалықты түсінгендігі мен олардың қабылдаған шешімдерінің дұрыстығына және олардың кәсібилік деңгейі мен менеджменттің инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдануына да байланысты болады.

Білім сапасын көтеру мен сапаны басқаруға деген үлкен қызығушылықтың болуына қарамастан, бұл мәселелер төңірегінде кейбір сұрақтардың жауабы әлі күнге дейін жоқ. Бұның себебі ISO 9001:2000 стандарттары ЖОО-ның өзіндік ерекшеліктерін ескермендігі мен оларға өз дәрежесінде көңіл бөлінбегендігі болып отыр.

СМЖ-сі – сапаны жоспарлау, басқару, арттыру және сапамен қамтамасыз ету саласындағы саясатты жүзеге асыру мақсатында қолданылатын іс-әрекет және бір-бірімен тығыз байланыстағы процестер мен ресурстар жиынтығы. Сапа саласындағы саясат – СМЖ-нің негізгі құжаты және ол СМЖ-нің жасалуы мен қызмет етудегі мақсатын және жоғарғы басшылықтың стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудегі негізгі міндеттерін айқындайды. СМЖ-нің қызмет етуі университеттің әрбір қызметкері мен бүкіл ұжымды белсенді іске тарту арқылы жүзеге аспақ.

Кез келген өнімнің және қызмет көрсетудің сапасы мен нәтижесін обьективті түрде бағалау үшін ең алдымен білім беру процесінің қойылатын талаптарға сәйкестігі деңгейін бағалаудан бөлек, бұл қызмет көрсетулер процестің өзіндік сапасын, яғни оның қаншалықты ұйымдастырылғандығын, қамтамасыз етілгендігін және сәйкессіздіктердің пайда болуының алдын алуға қаншалықты бағытталғандығын зерттеу және зерделеу қажет. Осылайша, ЖОО-ы қызметі нәтижелерінің сапасы маман дайындаудың өмірлік циклі үрдістерінің және жалпы ЖОО-ның сапасын басқару арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.

Білім беру қызметінің тұтынушысы ретінде мемлекеттік институционалдық құрылымдар, студенттер мен олардың ата-аналары және жұмыс берушілер қарастырылады. Мемлекет тұрғысынан алғанда білім сапасы, бұл – ең алдымен білім беру бағдарламасын табысты меңгерген, өзінің мамандану іс-әрекетіндегі дағдыларға ие білікті маман, сондай-ақ, мемлекет немесе жеке тұлғалар мен ұйымдар ұсынған ресурстардың, әсіресе қаржы ресурстарының орынды жұмсалуы және толық игерілуі нәтижесінде шығарылатын «өнім». Студенттер мен олардың ата-аналары үшін білім сапасы– түлектердің университет қабырғасында алған білімдерін, дағдылары мен біліктіліктерін тәжірибе жүзінде тиімді қолдана білуі, яғни олар өз ісіне оң көзқарастағы, кәсіби тұрғыдан тиянақты, коммуникативті мамандарды күтеді. Тікелей тұтынушылардан басқа білім беру сапасын бағалауға университет оқытушылары да қатысады. Біріншіден, олар білімгерлердің келесі кезеңге дайындығына және олардың университет қабырғасында өздерінің мүмкіндіктерін іске асыру қабілеттеріне баға береді. Осылайша, сапа мәселесі барлық қызығушылық білдірген жақтардың пікір таласын туғызуы керек. Әрбір қызығушылық танытқан жақтан білім беру жүйесіне нақты қалыптасқан талаптар, білім берудің мақсаты мен міндеттерін анықтау қажет. Білім берудегі университеттің жоғары деңгейде орындалуы – бұл дегеніміз мамандарды дайындауда жоғары сапаға қол жеткізу.

СМЖ әр жеке ұйым үшін сапа мақсаты мен саясаты, әр қызметкердің жауапкершілігі мен атқаратын қызмет түрлері айқын анықталған кезде ғана тиіміді және гәтижелі жұмыс істейді. СМЖ оқу прцесінің барлық кезеңін, яғни мамандыққа алдын ала дайындау жұмысын бастап дайын маман болғанға дейінгі аралықты түгел қамтиды. Ең алдымен СМЖ сапаның эталонын қалыптастыруды, дайындау нәтижесінде жеткен деңгейді сапаның эталонымен салыстыруды, сапаны бағалау механизмін қалыптастыруды, сапаны анықтаушы түрлі жағдайлар мен факторлардың алдын алу мен оларға түзету енгізуді талап етеді.

СМЖ жасау мен халықаралық және отандық ISO 9001:2000 стандарттарын білім беруді жоспарлау мен басқару ісіне енгізу кезінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де бірқатар құжаттар жасалды: сапа саласындағы саясат, сапаны басқару ісі және ішкі аудит бойынша нұсқаушы құжаттар, СМЖ үлгілері, университеттің білім беру сапасын анықтаушы көрсеткіштер жүйесі.

ЖОО-ы қызметтерінің бірнеше түрін ажыратуға болады: 1) білім беру қызметі, 2) ғылыми-зерттеу қызметі, 3) оқу-әдістемелік қызметі. ISO стандарттары бойынша жасалған СМЖ үлгісінің салық бағыты жоқ және оны әр алуан қызмет түрлерін көрсететін немесе өнім шығаратын кәсіпорындар мен өндіріс орындарында қолдануға болады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің СМЖ үлгісі жасалып, университет бойынша негізгі процестер, басқару және қамтамасыз ету процестердің бір-бірімен жүйелі байланысын көрсететін үш элемент (басшылықтың жауапкершілігі; бақылау, талдау, бағалау; түзету) анықталады. [14]

Басқару нарық талабы мен сұранысты талдауға, жаңа технологияларды жасауға, ресурстарды басқару мен ішкі ақпараттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Негізгі процестердің нәтижелігі ресурстарды тиімді пайдалануға тікелей байланысты болады. Қызығушылық танытушы тарапынан туыындайтын талаптар, мақсаттар мен тапсырмалар кіріс кезінде ескеріліп, нәтижесінде жоғары білімді маман, бәсекеге қабілетті түлектер, заман талбына сай оқулықтар, инновациялық ғылыми өнімдер шығарылады.

Процестерді анықтау кезіндегі басты қиындық ол ЖОО білім беру қызметін атқара отырып, материалды емес «өнім» дайындайды деуге болады, өйткені оның дайындаған «өнімі» өзінің өмірлік циклы кезінде ең белсенді рөл атқарады. Осылайша, білім алушылыр тек сыртқы шикізат ретінде емес, ең әуелі білім беру процесінде өңделген өнім, яғни соңғы нәтиже ретінде қарастырылуы тиіс. Білім беру процесі аясында білім алушылар сонымен бірге ЖОО көрсететін ақпараттық, қоғамдық және басқа да қызмет түрлерінің ішкі тұтынушылары ретінде де қарастырылады. Сонымен қатар ЖОО-ның тағы да бір  басты ерекшелігі ретінде олар шығаратын «өнім» мен «өндіріс процесінің» ұзақтығын да айтуға болады. ЖОО-да маман даярлау белгілі бір кезеңдерден: талапкерлер контингентінің құрылуы, студенттерді жалпы пәндер бойынша оқыту, маманды жалпы кәсіби және арнайы цикл тағы басқа оқытудан тұрады. Талапкерлерді қабылдау ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізетін ұлттық бірыңғай тестілеу негізінде жүзеге асырылады. Әрбір оқу кезеңінен кейін аралық мемлекеттік бақылау, мемлекеттік аттестация аясында студенттің білім деңгейінің сақталу дәрежесін аттестациялау және мемлекеттік қорытынды аттестация сияқты білім деңгейін бақылау түрлері қарастырылған. Алайда бұлар арқылы мемлекттік жалпыға міндетті білім стандартында қалыптастырылған минимальды талаптарға ған баға беруге болады. Олай болса, студенттің интеллекетуалды деңгейін қалайша бағалауға болады? Білім берудегі сапаны басқару тұтынушының өзіне тікелей байланысты емес өнім сапасын басқарудан маңызды ерекшелігі міне нақ осы жерде болып тұр. Өйткені білім алушының білім сапасы көп жағдайда оның өзіне және оның жек қабілет-қасиеттеріне тікелей байланысты болады. Сондықтан бітірушілердің біліктілігі мен білім сапасын анықтау және жалпы маман дайындаудың сапасын бағалау – күрделі мәселелердің бірі. Сонымен бірге жұмыс берушілер ЖОО-да студенттерге тек қана білім беріп, біліктілік пен дағдыны қалыптастырып қоймай, тұлғаның шығармашылық қабілеттерін, қабылдау қасиеті мен проблемаларға деген сезімталдылықтарын, жаңа идеяларға бейімділігін, қатып қалған стереотипті қағидаларды бұзу немесе өзгерту мақсатында жаңару арқылы тривиальды емес, күтпеген және өзгеше өмірлік проблемаларды шешу, тұлғалық ерекшеліктердің сәйкестігін, шығармашылықтың және логикалық ойлаудың қалыптасуына себеп болатын қосымша қасиеттерді де дамытуды талап етеді.

  Білім беру процесінде «кіріс» ретінде талапкерлердің талаптары ескеріліп, білім беру процесі сол мақсаттарға қол жеткізуге бейімделеді. Бұл жерде СМЖ-ның талаптарына сәйкес білім беру процесін құрайтын басқа барлық процестер тек сапа жағынан қарстырылуы тиіс. Өйткені білім берудегі сапа менеджменті жүйесі бойынша басқару барлық қызметтердібелсенділікке ынталандыруға бағытталған іс-әрекет.

  Бәсеке қабілетті маман даярлау және білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін университет білім алушыларға мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары талаптарынан жоғары өз талаптарын бекітуі және бағалаудың критерийлердің ұсынуы тиіс, бұны «шығыс» деп белгілеуге болады.

Білім беру процесін жоспарлау мен жобалау туралы бірер сөз. Әр ЖОО-да оқу процесін ұйымдастырудың өз реті бар. Білім беру процесінің құрылуы әр ЖОО-дағы ғылыми-әдістемелік жұмыс бағытының ерекшеліктерімен, оқытушылар құрамының біліктілігімен, ғылыми мектептердің болуымен, кәсіпорындар мен ғылыми мекемелермен бұрыннан қалыптасқан байланыстардың болуымен, студенттерді өзіндік және ғылыми жұмыстармен қамтамасыз етумен және басқа да көптеген факторлармен тікелей байланысты болады. Оқу процесін жоспарлау мен жобалау кезінде мониторинг және талдау нәтижесінде жасалатын барлық ұсыныстар толық ескеріледі. Білім беру процесінің әр этапында «сәйкессіздіктің» орын алуы және жөндеу мен жетілдіру мәселелері қарастырылуы тиіс. Ол үшін мониторинг жүйесі ұйымдастырылады. Мониторинг жүйесі жұмыс барысының құрылымы мен орындалуын талдап, сапаны арттыруға қызмет етеді.

  Әр ұйым өзінің жеке СМЖ-сін құрайды, сондай-ақ, әлемдік тәжірибеде осы жүйенің ортақ принциптері қалыптастырылған. ISO 9001:2000 стандарттарының талаптарына сәйкес ҚазҰУ СМЖ-сі сегіз принципті негізге алады:

  Бірінші принцип – тұтынушыға бағытталу. Бұл – ішкі және сыртқы тұтынушыларды, олрдың қажеттілігі мен сұраныстарын, сапаға қоятын талаптарын анықтау, тұтынушылардың өтініш-пікірлері мен сапаны басқарудағы мақсат-міндеттердің сәйкес келуін қамтамасыз ету деген  сөз.

  Екінші принцип – жетекші басшылығы. Бұл жерде тек қана бірінші жеткешінің басшылығы жайында ғана емес, сондай-ақ әрбір қызметкердің өз деңгейінде ерекшеленуі айтылады.

  Үшінші принципқызметкерлерді іске тарту. Бұл түсінік — әр қызметкердің жалпы университет қызметіне қосатын жеке үлесін, сондай-ақ олардың жауапкершілігін анықтау.

  Төртінші принцип —  процестік көзқарас. Бұл процестерді анықтау, жоспарлау және басқару, олардың қарым-қатынасын белгілеу болып табылады.

  Бесінші принцип – жүйелі көзқарас. Барлық процестер бір-бірін толықтыруы және өзар тығыз байланыста болуы қажет.

  Алтыншы принцип – үнемі жақсарту. Бұл – сапаның әрдайым жақсарып, артып отыруына деген ортақ сұраныстың қалыптасуы.

  Жетінші принцип – фактілерге негізделген шешім қабылдау. Бұл – ақпараттар мен мәліметтердің қол жетерлік және нақты болуы, олардың инновациялық әдіс-тәсілдердің негізінде сарапталуы, нақты мәліметтерге сәйкес шешімдер қабылдау.

Сегізінші принцип – дайындаушылармен өзара тиімді қарым-қатынас. Бұл негізгі дайындаушыларды анықтау және олармен жоғары дәрежелі нәтижеге жету мақсатында өзара тиімді қарым-қатынас қалыптастыру деген сөз.

Қорыта келе, ISO 9001:2000 халықаралық стандарттарының талаптарын ескере отырып жасалған және толық қанды жұмыс жасайтын СМЖ ғана өз нәтижесін береді демекпіз.                                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢАШЫЛДАНДЫРУ БАҒЫТТАРЫ

 

3.1 Отандық білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы

 

 

«Қазақстан- 2030» Стратегиясында: «Біздің басты игіліктеріміздің ішінде халқымыздың немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары, білім өресі биік халқымыз бар. Біздің қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан – жақты  дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз» делінген болатын. Старатегиялық бағдарламасының алғашқы қорытындысының нәтижелі болғанын білдіреді. Осылайша, Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың саясатының дұрыстығына көз жеткізіп, алдағы жылда да Отанымыздың даму қарқыны еселеп артатынына толық сеніммен қарауға болады. Мұндай игілікті іс, батыл қадамдар білім мен ғылым саласының да дамуына кең жол ашты. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырыстарында Елбасы ұсынған  елімізді демократияландыру үдерісі кімнің де мерейін өсірмей қоймайды.[15]

«Парасат экономикасын» қалыптастыруда білім мен ғылымның, білікті кадрлардың атқарар рөлі қашанда ерекше десек, соны жүйелікпен жүзеге асыру жолында жұмыстар жүргізіліп жатыр деп батыл айтуға болады. Бүгінгі таңда Атырау қаласында мұнай-газ, Павлодар облысының Екібастұз қаласында отын – энергетикалық салалар бойынша жоғары білікті мамандар даярлау мен қайта даярлау үшін аймақаралық оқу орындарын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ республикалық деңгейдегі оқу орталықтары Өскеменде мәшіне жасау құрылысы, Шымкентте мақта өнімдерін және ауылшаруашылық дақылдарын өңдеу бойынша да ашылады. Аталған өмірлік істі жүзеге асыру Үкімет қаулысымен бекітілген 2010 жылға дейін елімізде кәсіптік мамандар әзірлейтін 27 кәсіптік оқу орнын құру жоспарланып отыр.

Мұның бәрі ел экономикасына керекті білікті жұмысшы мамандарға деген сұранысты қанағаттандыруға бағытталған шаралар. Шағын бизнесті, орта кәсіпкерлікті өрістетуге қысқа мерзімде маман дайындайтын техникалық және кәсіптік мектептердің қай заманда да алатын орны ерекше болған.

Сәйкесінше, елімізде бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын әлемдік стандартқа сай жаңарту, жақсарту ісі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005- 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Ол бойынша 2005-2008 жылдары республикалық бюджеттен кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық-техникалық нығайту үшін 17.881 млн. теңге қаржы бөлінді. Сол себепті, бұл бүгінгі сұранысты толығымен қанағаттандыра алмайтыны бәрімізге түсінікті. Отанымыз Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруге ұмтылып отыр. Ендеше, Бүкіләлемдік сауда ұйымы талаптарына сай өнім өндіретін кәсіп иелері ауадай қажет болары сөзсіз. Олай болса, кәсіптік білімге үлкен мән беретін уақыт жетті.

Жоғарыда айтқан мәселелерді шешу үшін қазіргі таңда инженер кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында Корея, Германия, Норвегия сияқты елдермен келісім — шарт жасалды. Еліміз бойынша бүгінгі таңда         6 инженер кадр шетелде, атап айтсақ, Германияда біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша оқып жатыр. Алдағы уақытта жылына жүздеген мамандарды дамыған елдерде әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Кәсіптік мектептердегі оқу — өндірістік шеберлерінің жалақысын 4 есеге көбейту жолдары қарастырылуда. Президенттің «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде  кәсіптік білім беру саласына қажетті инженер-педагог мамандар дайындауда да басты нысанда тұр. Осы шаралар ұлттың жұмысшы кадрларды даярлауда кәсіби біліктілігі жоғары инженер-педагогтардың білім ошақтарында тұрақты қызмет етуіне мүмкіндік береді деп ашық айтуға болады.

Елбасы  Жолдауында айтылған 100 жаңа мектеп салу жүзеге аса бастады. Қазірдің өзінде халық жиі қоныстанған елді мекендерде,облыс орталықтарында, ірі қалаларда ондаған білім ұяларының іргетасы қаланып, керегесі көтерілуде. Бұл осы кезеңге дейін орын алып келгені үш аусымды оқуды қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі күнде білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына «Білім туралы»  Қазақстан Республикасының жаңа заң қабылданды. Аталған заның жобасын әзірлеу ісі арқылы республиканың білім беру жүйесін халықаралық талаптарға сәйкестендіру қажеттігі туындап отыр.

Жаңа заң білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы түйіндерді шешуді заңнамалық тұрғыдан бекітеді.[16] Атап айтқанда: 

  • 6 жастан бастап оқытумен 12 жылдық жалпы орта білім беруге және 11-12 сынып оқушыларын кәсіптік және кәсіби бағдарлап оқыту жүйесін енгізуге көшіру;
  • жоғары техникалық мектеп жүйесін дамытумен кәсіптік орта білімнен кейінгі білім деңгейін өз алдына бөлек сатысынан кәсіптік орта білім беруді өз алдына бөліп шығару;
  • дәстүрлі сырттай оқытуды біртіндеп қашықтықтан оқыту технологиясына көшіру және академиялық кредит жүйесіне негізделген кәсіптік кадрлар – бакалавриат — магистратура – докторантура, яғни бұл мамандықтарды дайындаудың үш сатылы тұтас моделін жасап, оны орнықтыру;
  • білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру тәрізді ауқымды істер заңнан көрініс табады.

Мұғалімдердің беделін көтеру, мәртебесін анықтау, олардың құқықтары міндеттерін, сондай-ақ әлеуметтік жағдайлары туралы мәселелерін реттейтін нормалар да енгізіледі. Сол себепті білім берудің сапасын арттыру, талапты күшейту жолдары, мазмұнын заман ағымына қарай жаңарту, білім берудің барлық деңгейлеріндегі білім беру процесін ұйымдастыру нормалары қайта қаралау үстінде. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялаудың, аккредитациялаудың бүкіл әлем жобасының жаңа редакциясынан көрініс табатын болады және мемлекеттік құрылымдармен бірлесе отырып жүзеге асырылатын аккредитациядан қоғамдық аккредитацияға көшіру шешіледі.

Жоғары білім сапасын көтеру мақсатында министрлік тарапынан жұмыстар атқарылуда. Ең бірінші, білім беру ұйымдарын лицензиялау және мемлекеттік аттестаттау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Сәйкесінше, жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық жабдықталуына қойылатын талап күшейтілді. ЖОО білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін уақыт талабына сай келетін оқу-зертханалары болуы тиіс. Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен жабдықталуы тек есеп беру үшін емес, сапалық көрсеткіштермен өлшеу жолға қойылады. Оқу процесінде инновациялық ақпараттың және білім беру технологиялардан тиімді пайдалану, магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыратын ЖОО қызметіне жаңа біліктілік талаптары белгіленеді.

Қазір эксперимент ретінде кредиттік жүйе бойынша 40-тан аса жоғары оқу орынында жұмыс жүргізілуде. Олардың ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы жақсы жетістіктерге жетуде. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті, тағы басқа білім орындары жақсы жұмыстар жүргізуде. Кредиттік технология бойынша сапалы білім алуға болатынына студенттердің де көзі жетті. Өз еркімен жұмыс істеуге үйреніп, жауапкершілікті сезіне бастады. Ең бастысы, студенттер мен оқытушылардың қарым- қатынасы өзгерді. Ескі сарын артта қалып, бәсекелестік бел алды. Бұл білікті маман дайындауға қол жеткізіп жол деп білемін. Қазір Қазақстанның 2010 жылға дейінгі ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау мен аттестаттау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасы жасалды. Тұжырымдама ғылыми және ғылыми- педагогикалық кадрларды аттестаттау және даярлау жүйесін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарын анықтайды. Нақтырақ айтсақ, ол — ғылыми кадрларды жаңа  PhD докторлық бағдарламасы бойынша дайындауға негізделген Отандық білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы.

 Сонымен соңғы жылдардағы білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтсек. ҚР-ң өткен жылдармен 2006 жылды салыстыра алғандағы қазіргі демократиялық және әлеуметтік-экономикалық қиын жағдайдағы білім беру ұйымдарының масштабы мен көрсеткіштері  кестеде көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-кесте

Білім беру жүйесіндегі ұйымдардың негізгі көрсеткіштері

 

Жылдар

2002

2003

2004

2005

2006

Күндізгі жалпы білім беретін мектептер

8575

8732

8319

8057

8055

Оларда оқитындар, мың адам

3047,4

3059,8

3247,4

2824,6

2715,9

Арнайы білім беретін ұйымдар

471

414

282

317

312

Оларда оқитындар, мың адам

225,6

154,3

86,1

114,2

106,1

Колледждер

244

262

293

415

442

Оларда оқитындар, мың адам

238,3

200,4

168,2

397,6

452,2

ЖОО-ры

71

112

170

181

176

Оларда оқитындар, мың адам

260,6

272,7

440,7

775,8

768,4

*Дерек көзі: http://www.stat.kz. ақпарат негізінде автормен құрастырылды  

 

 Білім беру жүйесінің әр деңгейіндегі қызметкерлердің арақатынасы: бала бақшада – 21,5; мектеп алды даярлық топтарында – 15,4; мектептерде – 292,6; кәсіптік мектептерде- 11,8; колледждерде – 29,2; ЖОО-да 42,8 мың адам қызмет етеді. [19]

  2009 жылдың 14-қаңтарында мәжіліс депутаттары ҚР-ның атқарушы билігіне 200мың студенттің төлем қабілетсіздігі себебінен ЖОО-ның қабырғасынан қысқартуға ұшырағанын баяндады. Оның ішінде тек Алматы қаласында 85мың студенттің емтихан тапсыру үрдісіне қатыса алмады. Егер бұл мәселе өз шешімін жеделдете таппаса көктемгі емтиханды тапсырудан тағы да студенттердің 40 пайызбен алшақтатылатынын қоса айтты. [20]

  Әлемдік дағдарыс кәсіпкерлік қызметтің барлық түріне өз әсерін тигізіп келеді, оның ішінде білім беру қызметтеріне де. Осындай қаржылық қиын кезеңде көптеген отбасылар қымбат білім үшін төлем жасауға шамалары келмей жатыр. Ал ЖОО-ры рыноктық экономиканың ережелеріне сәйкес өз “тұтынушыларын” жоғалтып алмау үшін түрлі шаралар ойластыруда. Ал білім және ғылым министірлігі баяндамасы бойынша 2008 оқу жылы ЖОО-нан шамамен 7 мың адам қысқартуға ұшыраған, оның ішінде 3 мыңы үлгерімділігінің төменділігі мен университеттен байланысын үзгендіктен. Қазір барлық ЖОО-ның ректорларына ондағы ақылы білім алатын студенттерге оқуға төлем жасауына ең тиімді талаптарын жасау тапсырылуда. Ал 2009 жылы үздіктерге мемлекеттен бөлінетін грант саны 700-ге ұлғайтылды.[21] Ең бастысы ҚР білім және ғылым министірлігінің жанындағы қаржылық орталық банктермен келісімге келе отырып студенттерге несие беру жүйесін қолға алып отыр. Мемлекетімізде оқитын барлық студенттердің 83%-ы ақылы білім алып келеді, егер студенттердің жалпы саны 717053 мың болса. Ал орташа жылдық оқуға төлем 2000 долларды құрайды, яғни ЖОО-ның рыногы шамамен жылына 1 млрд. 190 млн. долларды құрайды. Ал қазіргі ЖОО-дағы кредиттік білім беру жүйесіне байланысты әрбір академиялық курс “кредиттермен ” есептеледі. Егер де студент бір пән бойынша емтихан тапсыра алмай қалса, оны қайта тапсыру құны сол пәнге бөлінген кредиттер санымен анықталып, ақылы түрде қайта тапсыруға мүмкіндік алады.

 Егер де кеңес дәуірінде мектеп бітірушілердің 40%-ы ғана ЖОО-на тапсыруға мүмкіндік алса, қазір ол жағдай түбегейлі өзгеріске ұшырап, 2007 жылы 142 707 оқушы мектеп бітірсе , сәйкес 2007-2008 оқу жылында ЖОО-на 182 356 оқушы түсіп студент атанды.[22]

 Отандық білім беру жүйесінің қазіргі даму бағдары ұлттық жаңашылдандыру, әртараптандыру және инновациялық даму қажеттіліктерін айқындайды. Білім беру саласы инновациялық дамудың маңызды факторына жатады. Сондықтан, бұл мәселелер жұмыстың келесі бөлімшесінде қарастырылады. 

 

 

            3.2 Білім берудегі инновациялар

 

 

  «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңашылдық» «жаңалық енгізу» деген ұғымды білдіреді. Инновациялық процестің толық түсінігін ?? ғасырдың басында экономист И.Шумпетер экономикалық жүйенің дамуындағы өзгерудің «жаңа комбинациясын» талдады. 30 жылдары И.Шумпетер, Г.Менш «инновация» терминін ғылымға енгізді. Себебі жаңа технологияның және заттың ғылыми тұтас жаңалығын ашты. Осы кезден бастап «инновация», «инновациялық процесс», «инновациялық потенциал» терминдері жалпы ғылымдардың терминологиялық жүйесін байытты. Инновацияның жалпы ғылыми түсінігі жүйе қызметінің тұтастай өзгеруін анықтайды. Ол – жүйе элементтерінің және әртүрлі сфералардың сапалық пен сандық өзгеруі.[23]

Ал, сөздікте “новация – бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі” делінсе, “инновация – мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық” ретінде пайымдалады.                                                              Қазақстанда   “инновация” ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н.Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет” деп көрсетеді.

Ал, К.Құдайбергенова “инновацияны” – нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: “инновация” — жаңарту, “нововедение” – енген жаңалық, “новое” – жаңа, “новшество” – жаңалық, “инновационный процесс” – жаңарту үдерісі.

Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне экономика, техника, агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді. Мұның басты себептерінің бірі – олардың мағынасының түрліше түсінілуінде.[24]

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында былай дейді: «Тұтас алғанда әлемдік технологиялық даму деңгейіне сәйкес өзіміздің жаңа экономикамызға қажетті білімнің баршаға ортақ базасын ұдайы жаңартып отыру үшін ілгері талаптар қойып, тиісті инфрақұрылым қалыптастыруымыз қажет. Білім беру бағдарламаларын іске асыру мен ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін инновациялық білім беру консорциумдарын құруға тікелей қолдау көрсетуге басты назар аударуымыз керек» . Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы – тез өсіп бара жатқан жаңа білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында.

Бұл қарама-қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің жан-жақты дамыған тұлғасынан бас тартып (абсолютті идеалынан), жаңа идеалға – адамның өзін-өзі реттеуі мен өздігінен білім алу қабілеттерін, икемдіктерін дамыту және жетілдіру.

Инновациялық білім беру өз құрамына — жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың басты негіздерін, мәндік көзқарастарды, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің техникалық және гуманитарлық синтезін және жаңа ақпараттық технологияларды технологияларды қолдануды біріктіруі.

Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында білім беру ісін ақпараттандыру технологиясы іс-тәжірибеге енгізілді. Әрбір пән оқытушысы оқытудың жаңа технологиясын жан-жақты зерттеп, меңгеруі тиіс. Жаңаша жаңғыртып оқыту, жоғары белсенділікті дамыту және деңгейлік оқыту әдістемелерін жоғары дәрежеде дамыту оқыту әдістемелерін жоғары дәрежеде дамыту оқытудың техникалық және электрондық құралдарын жан-жақты пайдаланғанда ғана толық толық орындалады. Оқытудың техникалық құралдары – тіл үйретуде бұрыннан қолданып келе жатқан көмекші әдістемелік амалдардың бірі.

Оның негізі мақсаты – оқу ақпаратын сақтау, қабылдап алу, меңгеру кезеңіндегі бақылауды жүргізу ең басты – үйренушінің тілді меңгеруіне, үйрену дағдысына, білімін қалыптастыруға көмек көрсету. Білім беру жүйесіне инновация енгізу жағдайында оның ішінде тілді оқытуда оқытудың техникалық құралдарын пайдалану ерекше қажет болып отыр. Бүгінде жоғары белсенділікті дамыту әдістемесі негізінде оқытудың техникалық құралдары үшін компьютер, электронды оқулықтар, интернет көмегі пайдаланылады.

Студенттің сабақ барысында алған білімін бағдарлама тікелей тексеріп, оқу процесі екі жақты яғни, студенттің өз бетінше жұмыс істеу дағдысын және олардың танымдық белсенділігін арттырады.

Электрондық оқулықтардың ерекшелігі үлгіге сәйкестігі, жоғары мобильділігі мен оқуға, үйренуге икемділігі. Электрондық оқулықтар оқу және зерттеу материалдарын толықтыратын және қосымша қолдануға болатын қажетті құрал болып есептеледі. Электронды оқулықтардың жасалуы, модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып есептеледі. Оқулықтар мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жасалады. Электрондық оқулықтар әртүрлі хабарлар жиынтығын немесе ерекше бір арнайы хабар түрлерін қамти отырып, студенттерге білім берудің негізгі пайда болу орталықтарын, оның таралуын, ғылымның алғашқы даму мәліметтерін толық бере алады.

Практика жүзінде электрондық оқулықтарды оқыту процесінде пайдаланудың ерекшеліктері сапалы өзгерістер әкеле отырып, бірқатар мәселелерді шешуге жағдай жасайды:

  • студенттің ой-өрісін кеңейтіп, жүйелі ойлау қабілетін күшейтеді;
  • танымдық, тапқырлық, шапшандық қасиеттерін қалыптастырады;
  • шығармашылыққа жол береді;
  • өз бетімен жұмыс істеуге жоспарлар жасай білуге үйретеді;
  • өз ісін бақылауға, жауапкершілікпен қарауға машықтайды;
  • пәнді меңгеруде, студенттердің пәнге деген ынтасын, қызығушылықтарын арттырады;
  • сабақты көрнекті, тартымды, қызықты етіп өткізуге мүмкіндік береді;
  • оқу процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді, уақытты үнемдейді және қарым-қатынасты реттеуде ортақ нәтижеге қол жеткізу үшін күш жұмылдыру мақсатында ақпаратпен бөліседі;
  • оқу процесінің қарқынын жақсартады.

Л.П.Буев қарым-қатынас жасау кезінде сезімдік және ерікті өзар әсері іске асады, көңіл-күйдің, ойдың, көзқарастың, өзара түсінушіліктің түйісуі қалыптасатынын, адамның өзін-өзі ұстауы, әдеті, мінез-құлық ерекшелігі екінші адамға ауысып, игерілетінін; топтық және ұжымдық қызметті сипаттайтын бірігу және ынтымақтастық қалыптасатынын тұжырымдайды .

Кейбір ғалымдар инновациялардың анықтамасын берер кезде оның түрлеріне де ерекше тоқталып өтеді. Кейбіреулері білім берудің мақсаты мен міндеттеріне негізделетін жаңалықтарды: материалдық және рухани,  құрылымдық және технологиялық, негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар деп бөлсе; ал біреулері білім беру саласы мен ұйымдарындағы жаңалықтарды: жаһандық, жекелеген, ұйымдық және спонтандық, ірі және ұсақ, сырттан әкелінген және спонтандық, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге ажыратады.

Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, оларды бір құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады. Сондықтан, білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады.

Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі:

1) Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі, мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды.

2) Ойлап табу кезеңі, яғни қандай да бір нысанға, материалдық немесе рухани өнім-үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу  кезеңі.

3) Жаңалықты енгізу кезеңі, мұнда ойлап табылған жаңалық іс-жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже  алынады.

Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады.

Жаңалықты пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орын алады: 

1) Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді.

2) Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі, мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады.

3) Жаңалықтың қолданылу аясын қысқарту кезеңі, мұнда жаңалық жаңа өніммен алмастырылады.

Инновациялық білім беру үдерісінің мән-маңызы, біздің пікірімізше, оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды нарықта сату және одан әрі қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер тізбегін қамтитындығынан көрінеді.

Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігін бағалау критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі), басқарылғыштығы, инновациялық деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі және таралу мүмкіндігі жатады.

Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың ұйымдық-педагогикалық шарттар жүйесі:

  • инновациялық білім беру үдерістері жұмыс істейтін оқу және білім беру ортасының ғылыми әрі оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін;
  • жоғары оқу орындарының инновациялық құрылымын құру кезінде білім беру, ғылыми-зерттеу және коммерциялық (инновациялық білім беру үдерістеріне кететін шығынды өтеу және келешектегі инновациялық білім беру үдерістерін қаржыландыру әлеуетін қалыптастыру мақсатында) іс-әрекеттердің үйлесімділігінің орнатылуын;
  • жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқару құрылымының инновациялық білім беру үдерісінің кезеңдерін жүзеге асыратын функциялармен сәйкестігін;
  • оқу материалдарының көлемін және пәндік дайындықтың қысқартылған мерзімін ескере отырып, оқыту әдістері мен түрлерінің ең оңтайлы үйлесімділігін;
  • оқу материалының кәсіптік бағдарлану, өзекті мәселеге бағытталу және мәселені ашып көрсету деңгейінің қамтамасыз етілуін еңбек нарығы мен білім беру қызметтері нарығының маркетингтік зерттелуін қамтиды.

Қазіргі кездегі жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары — өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, инновациялық ілімімен қаруланған адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.

Ал енді, жоғары кәсіби білім берудің алдында тұрған неғұрлым маңызды, мәнді міндеттерге келсек, мыналарды бөле-жара атаған жөн:

  • біріншіден, білім жүйесін жетілдіру;
  • екіншіден, оны үздіксіз әрі көпсатылы құрылым ретінде енгізу;
  • үшіншіден, халықаралық біліми кеңестікке кіру.

Бүгінгі таңда бұрынғы жоғары білім беру жүйелерін осы заманғы әлеуметтік, экономикалық даму тұрғысынан жетілдіру талап етіледі. Ең басты мәселе – білімді жетілдіру, жаңа жүйеге көшу болып табылады.

Еліміздегі жоғары оқу орындарында білім мен ғылымдағы ең алуан түрлі және болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары ендірілуде. Оқытудың кредиттік жүйесін, қашықтан оқыту формасын енгізуді, маман даярлаудың көпсатылы құрылымына көшуді, оқу үдерісінде қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен сабақ берудің озық әдістерін қолдануды атап айтуға болады.

Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны халықаралық стандарттар деңгейіне шығару қажет, бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

Қазақстанның жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы және жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Болашақ мамандардың шығармашылық  мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім беруде кредиттік жүйені енгізу жағдайларында кәсіби хабардарлығының бейімделуі жоғары оқу орындарында оқу үдерістерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді.

ҚР Білім жєне Ғылым министрлігі “Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасын” дайындап, көрсетілген кезеңдердегі білім ќызметкерлері мен білім беру мекемелерінің міндеттерін аныќтаған болатын.

Ал, Елбасымыз 2004 жылы білім беруде атқаруға тиісті нақты істер белгіленген 2005-2010 жылдарға арналѓан отандық мемлекеттік бағдарламаны бекітті. Ендігі жерде біз білім берудегі басты құжат осы деп есептейміз.

Әлемдік білім кеңістігіне ену Қазақстанның жоғары оқу орындары Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO – International Standard Organisation)  дайындаған 2000 жылғы нұсқаудағы ISO 9000 стандарттар сериясының талаптарынан кем түспейтін, ұлттық ерекшеліктеріміз ескерілген сапалы білім беру қызметін ұсынғанда ғана мүмкін болады. Себебі, біздің ғасыр – білім, ғылым және сапа ғасыры. Осы үшеуі элитарлыќ білімнің негізі болып табылады. Біз жоғары оќу орындарын тек білім беруші мекеме деп ќарайтын біржаќты түсініктен арылып, оның ғылымның бастауы және орталығы екенін ұғынғанымыз абзал. Өйткені, элитарлық білімді ғылым жетістігінсіз беру мүмкін емес, ал оның деңгейін аныќтайтын өлшем — сапа. Ендеше, жалпыға бірдей жоғары білім беруден элитарлық жоғары білім беруге біртіндеп көшуіміз қажет.

Жоғары білім беру жүйесін дәстүрлі принциптермен басқару, жоғары білім беру саласындағы елеулі өзгерістердің қажеттілігінің арасындағы қайшылықтарды шешу қажеттілігі жаңа әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайлармен байланыстырылады, жоғары білім берудің басты мақсаттары және құндылықтарының өзгертілуі барлық жоғары білім беру жүйесіндегі даму тенденциясын анықтайды. Жоғары білім беру қызметі саласында Сапа менеджмент жүйесін қалыптастырғанда ғана жоғары оқу орны қарқынды дамуы мүмкін.

Кәісіби қалыптастырудың немесе кәсіби мамандарды қайта қалыптастырудың теориялық негізін жетілдіру, олардың саласын кеңейту және педагогикалық зерттеулердің фундаменталдық және қолданбалы ғылыми жаңа бағыттарын дамыту, университеттің жоғары білім беру үдерісіне Сапа менеджменті жүйесін енгізу, оқытудың кредиттік технологиясын енгізу негізінде білім беру және білім алу қызметтерінің саласын арттыру, ғылыми-педагогикалық кадрлардың, соның ішінде дарынды жастардың потенциалдарының өсуіне инновациялық демеу жасалынатындай университеттің материалдық-техникалық базасын дамыту болып табылады.

Жоғары оқу орындарындағы инновацияларды басқару мақсаттарына қол жеткізуге және міндеттерін шешуге арналған маңызды құралдарға басқару қызметтерінің жиынтығымен анықталатын басқарушылық іс-әрекеттің мазмұны, басқарушы жүйенің ұйымдық құрылымы, басқарушы субъектілер қолданатын басқару технологиялары және олардың қарамағындағы ресурстар кіреді.

Басқарушы жүйенің инновациялық үдеріске ықпалы нәтижесінде жоғары оқу орнындағы инновациялық іс-әрекеттің сәтті орындалуына қажетті мынадай алғы  шарттар қалыптасу қажет:

  • ұжым мүшелеріне жоғары оқу орнын дамытудың қажетті әрі ортақ құндылық екендігін ұғындыру;
  • инновациялық өзгерістерге қатысушыларға жоғары оқу орнын дамытуға мұқтаж әрі қажетті екендіктерін сезіндіру;
  • жоғары оқу орнын дамыту жөніндегі іс-әрекетті негізгі құндылықтарымен қамтамасыз ету;
  • инновациялық іс-әрекетке қатысушыларды жаңалық жасауға және өзгерістер енгізуге ынталандыру;
  • қатысушылардың бойына инновацияларды жүзеге асыруға қажетті білім мен қабілетті сіңдіру;
  • жаңалықтарды сәтті игеруге қажетті барлық ресурстарды дайындау.

Ал, нақты жоғары оқу орнында жүзеге асырылатын инновациялық үдерістерді басқаруды кәсіби қалыптастыру міндеттерінің жиынтығын айқындау үшін келесі шарттарды орындау қажет:

  • жекелеген жаңалықтар арасындағы байланыстарды ескере отырып, оның жалпы құрылымын құру (осы құрылым жалпы даму бағдарламасының құрылымын сипаттайды);
  • әр бір жаңалық енгізілген сайын оның пәндік ерекшеліктерін және алдағы өзгерістердің ауқымы мен тәсілдерін ескере отырып, басқару міндеттерін қайта анықтау;
  • осы міндеттерді жоғары оқу орны ішіндегі инновациялық үдерістерді басқарудың әр түрлі деңгейлеріне тән мақсаттар иерархиясын игеруге бағытталған және мақсаттар бойынша ойластырылған басқару қисынына сай құрастыру;
  • жоғары оқу орнының мүмкіншіліктерін бағалау және осы міндеттерді шешу.

Жоғары оқу орнының инновациялық үдерістерді басқарудың нақты міндеттерін шешу мүмкіншілігін бағалау үшін, біріншіден, осы міндеттерді шешуге арналған құралдарды дайындау қажет. Екіншіден, осы құралдардың қолданысына кедергі келтіретін жоғары оқу орны ішіндегі басқару мәселелерін айқындап алу керек. Үшіншіден, анықталған мәселелерді шешу жолдары мен тәсілдерін тауып, олардың шешілу деңгейін болжамдау қажет. Сонымен, басшылардың жоба құрушылық іс-әрекетінің сапасы мен тиімділігі даму үдерісін интенсивтендірудің маңызды факторы болып табылады.

Зерттеу жұмысымызда инновациялық білім берудің өзекті мәселелерін зерттеген шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерін, білім берудегі жаңалықтардың түрлерін, инновациялық үдерістің кезеңдерінің мазмұнын негіздей отырып, жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың анықтамасын беруге мүмкіндік берді.

Сонымен, жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру дегеніміз —  қазіргі талаптарға сай білім беру саласына жаңа оқу әдістерін ендіру арқылы, жеке тұлғаның кәсіби білімі мен біліктілігін жетілдіре отырып, кәсіби қызметке қажетті білімдерін, іскерліктерін  және дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерісін және оның құрамдас бөліктері саналатын оқу-тәрбие үдерісінің мазмұны мен ұйымдастырылуын жобалау, қадағалау, реттеу, түзету және ғылыми пайдалылығын анықтау мен сыналған тәжірибені тарату мәселелерін жан-жақты зерттеуге қажеттілік туындайды. Міне, сол себептен, инновациялық білім беру іс-әрекетімен қатар, оған тиесілі эксперттік жұмысты да атқарудың маңызы зор деп есептеледі.

Экспертиза (сараптама) – инновациялық бастаманың қоғамдық маңызын, жүзеге асу әлеуетін және жергілікті білім беру ортасына ену ерекшелігін сипаттайтын жағдайды бағалау болып табылады. Экспертизаның мақсаты осы бастаманың ықтимал қозғалу бағыттарын, оның өмір сүру түрлері мен жергілікті жағдайға ену формаларын анықтауға бағытталады.

Білім беру саласындағы инновациялық өңдеулердің экспертизасы, ең кемінде, мынадай үш мақсатты ұстанады:

  1. Қарастырылатын материалдардың бұрыннан бар дәстүрлерге немесе кейбір үлгілерге сәйкестік деңгейін бағалау.
  2. Автордың түпкі ойы мен бастапқы жобалық идеяны түсіну; оның дүниетанымдық маңызын, жобаның мақсатты бағыт-бағдарын және аса құнды мағыналық негіздерін анықтау.
  3. Жоба жасаушылардың инновациялық жобаны әзірлеу мен кәсіби шеберліктерін көтеру жөніндегі іс-әрекеті мен жобаны жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекетті бағалау.

Осыған байланысты, тек құжаттар мен нәтижелердің сипаттамасын сараптап қана қоймай, тікелей практикалық іс-әрекетті де саралау қажет. Эксперименттік ізденіс кезінде мұндай сараптама инновациялық білім беру іс-әрекетінің нәтижелері мен мәселелерін анықтаумен қатар, оның даму бағыттарын да белгілеуге мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары педагогика ғылымында үлгілеу (модельдеу) әдісін кеңінен қолдануда, бұл әдіс білімнің басқа да салаларында көптеп қарастырылып келеді. Себебі, үлгілеу алғашқы ұғымдар мен болжамдар арқылы құрылатын іргетас негіздерін тексеріп алуға мүмкіндік береді. Үлгі бойынша алынған мәліметтер оқу-тәрбие үдерісінің теориялық негіздерін құру үшін мәнді мазмұнға ие болады.

Үлгі (лат. тілінен Modulus – модель – өлшем, үлгі, мөлшер) кең мағынада «түпнұсқаның орынбасушысы» деген ұғымды білдіреді. Біздің пікірімізше, үлгілеу бұл зерттеушінің меңгеруіне қолайлы түрде жинақтап қорытындыланған, дерексіз – қонымды бейнені жасау үдерісі деп түсіну керек.

Біздің зерттеу жұмысымыз өзінің оң нәтижесін беруі мақсатында, жалпы психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми тұжырымдарға талдау жасау негізінде, зерттеу барысындағы жетекші теориядан туындайтын талаптарға сәйкес бір жүйеге келтірілген жоғары оқу орындарындағы инновациялық  білім беру үдерістерін  басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісін жасауға мүмкіндік берді. Жоғары оқу орындарындағы инновациялық  білім беру үдерістерін  басқаруды кәсіби қалыптастырудың  құрылымдық-мазмұндық үлгісін кесте 2-де ұсынамыз.

 

 

 

2-кесте

Жоғары оқу орындарындағы инновациялық  білім беру үдерістерін  басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі*

Компоненттер

Өлшемдер

Көрсеткіштер

 

      Мотивациялық

 

Инновациялық білім мен іс-әрекетке оң көзқараспен қарауы

— басқарушылардың инновациялық үдерістің немесе жобаның қаншалықты шынайы өмір сүре алатындығын анықтауға ұмтылуы;

— басқарушылардың жобаның құрылымдық бөліктерінің үйлесімділігін ұйымдық, технологиялық, кәсіптік, қаржылық, материалды-техникалық ресурстарды бір-бірімен байланыстыра отырып, сауалға жауап іздеуге талпынуы;

-басқарушылардың инновациялық іс-әрекетке тартылатын адамдар тобын анықтауға ұмтылуы;

-басқарушылардың жобаны жүзеге асыратын тәсілдерді таба білуге ынталануы;

 

 

 

      Танымдық

 

 

 

 

Инновациялық білім беру үдерісі туралы сауаттылығы

 

-басқарушылардың инновациялық білім беру үдерісінің іске асушылығын білуі;

— басқарушылардың инновациялық жобаның жаңашылдық деңгейін және оның қаншалықты жаңалық әкелетіндігін анықтау сауаттылығы;

-ұжым мүшелеріне жоғары оқу орнын дамытудың қажетті құндылық екенін ұғындыру білімі;

-инновациялық іс-әрекетті басқарушылардың жаңалық жасау және өзгерістер енгізу білімі;

— инновациялық іс-әрекетті басқарушыларда инновацияларды жүзеге асыруға қажетті білім мен қабілетті меңгерту білімінің болуы.

 

      Іс-әрекеттік

Инновациялық білім беру үдерістерін пайдаланудағы кәсіби іскерліктің болуы

— басқарушылардың инновациялық жобаның тиімділігін жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар қоя білу және оны орындау іс-әрекеттері;

басқарушылардың инновациялық білім беру

*Дерек көзі: http://www.stat.kz ақпарат негізінде автормен құрастырылды

 

Бүгінде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. Білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре отырып, білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Сондықтан оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологияларды ендіруді міндеттейді. Білім мазмұнын ұлтық негізде жетілдіре отырып, білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Сондықтан оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологияларды кең көлемде енгізу талап етіледі. «Технология» ұғымы жалпы үлкен екі бағытқа жіктеледі.

Бірі — өндірістік технология туралы пікірлерін жинақтасақ: нәтижеге жету, шеберлікпен өнім алу, белгілі бір жоба, модельмен оқыту сияқты қағидалардың төңірегіне жинақталып, түрлі анықтамалар берілген. Атап айтсақ, педагогикалық технология оқытуда дайындықсыз әрекеттерді болдырмауы керек. Яғни, кез-келген технологияны білім тәжірибесіне енгізуде оған қажетті техникалық құралдардың жеткілікті болуы; оқу кешендерінің (оқулық, әдістемелік құрал, көрнекілік) технологиялық нұсқалары, білім беру жүйесінде технологияны жүзеге асыруға жағдай жасауы. Екіншіден, технология студенттің оқу-танымдық қызметінің құрылы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет. Үшіншіден, оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап, оның меңгерілу сапасы дәл тексеріліп, бағалануы қажет. Осы орайда оқытушы көбінесе оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін (проблемалық оқыту, ойын арқылы оқыту, инновациялық оқыту, саралап оқыту, компьютерлік оқыту және жаңа технологиялар бойынша оқыту, электонды оқыту, таға сол сияқты) қолданған жөн.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың дамуы электрондық түп нұсқалары аса сенімді электронды-оптикалық ақпараттар жеткізуші компьютерлер мен көпшілік тұтынушыларға жүйелі тәртіппен пайдалану мүмкіндігіндегі электрондық энциклопедиялардың, анықтамалардың және мәдениет шығармаларының мұрағаттары негізінде жасалған қазіргі мәдениеттің бірқатар жаңа көкейкесті мәселелерін шешудің нақты мүмкіндіктеріне жол ашып отыр.

Сондықтан да қазіргі білім жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – мәдениет мекемелерінің қызметкерлерін бізге жақындап келе жатқан, оған тиісті түрде дайындалуымызға уақыт қалдырмаған болашақтың осы негізгі мүмкіндіктеріне, мәселелері мен ерекшеліктеріне дұрыс бағытту болып табылады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, кадрларды ақпаратты қоғам және әлеуметтік үрдістер жағдайында жұмыс жасауға дайындау мәселесі қалыптасқан жағдайдағы көптеген факторлардың жетекшісі ретінде үлкен роль атқарады. Жоғары оқу орындарында жаңа технологияларды биік деңгейде игерген мамандарды даярлау жүзеге асырылуда, сол үшін, біздер мамандардың жұмыс істейтін бөлігінің қазіргі бағыттарға бұрылуының маңыздылығын дұрыс санаймыз. Осыған орай қоғамдағы жаңа ақпараттық-коммуникациялық қорлардың есебінен жүйелі енгізіліп жатқан ақпарттандыру процесі мәдениет мәселелері қызметкерлерінің оқырмандарға жаңа жағдайда қызмет көрсетуін талап етеді.

Ол үшін мәдениет саласы қызметкерлерін жоғары және арнайы орта оқу орындарында кәсіби даярлау мәселелері жүйелі жолға қойылуы қажет.

Маманды кәсіби даярлау ол – ұзақ даму жолынан өткен күрделі де маңызды мәселелердің бірі. Мамандарды кәсіби даярлаудың даму жағдайын талдау жалпы біршама мамандықтарды даярлау мәселелерінің жүйелі жолға қойылып отырғанын дәлелдейді. Тек ғылыми зерттеулер кәсіби даярлаудың (инженерлер, дәрігерлер, әскери қызмет т.б.) жекелеген аспектілері бойынша көрініс тапқаны белгілі. Еліміздің оқу орындарында оқытылып жүрген мамандықтар – экономистерді, саясаттанушыларды, аудармашыларды, мәдениет қызметкерлерін кәсіби даярлау мәселелері бойынша зерттеу жұмыстары өте сирек.

Кәсіби білім беру түрлі деңгейдегі, буындағы және бағытты кешенді білімнің өзгеше ерекшеліктерін ескерумен болашақ маманның жеке басының маңызды сапаларын қалыптастырады.

Жеке тұлғаның кәсіптік сапалары талап ететін психологиялық-педагогикалық процесті қалыптастыру және оның қалыптасуына мақсатты, мазмұнды және технологиялық құрамдарын толық беруші дидактикалық-әдістемелік жүйе болып табылады.

Ғылыми әдебиеттерде «кәсіп» функционалды міндетпен қатаң шектелген еңбек әрекетінің жалпыға бірдей типін білдіретін және кең мағыналы мазмұны бар деп аталып көрсетіледі.

Педагогика ғылымы мен практикасында кәсіби қызметтің мәні мен амалдарының сипаттамасы оның сапасын талдаумен шамаланады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кәсіби қызметке сипаттама беру үшін көптеген түсініктер қолданылады. Бұл – «кәсіби біліктілік», «кәсіпшілдік». Олар көптеген авторлардың әртүрлі ойлары мен пайымдауларында берілген.

Кәсіптік білімнің мәнін түсінуде жалпы білімнің жаңа түсінігіне сәйкес келетін көзқарастар эволюциясы болып жатыр: егер ол жақында ғана жүйелеген білімдер, біліктер және дағдыларды қалыптастыруға жинақталса, қазір ол тәрбие және кәсіптік оқытудың нәтижесі мен процесі, адамның тұлғалық дамуы және кәсіби қалыптасуы деп түсіндіріледі.

Болашақ мамандарды кәсіби даярлауда оқыту мазмұнын жасағанда мынадай принциптерді жетекшілікке алу қажет.

  • білім беру және оқыту мазмұнының маман даярлау мақсатына сай келуі;
  • білім және оқыту мазмұнын маманның кәсіби іс-әрекетін талдауы негізінде қалыптастыру;
  • оқыту мазмұнын қалыптастырудың болжамдық оқыту құралдарының, түрлерінің және әдістерінің өзара байланысы есебін;
  • тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуы заңдылықтарының есебін.

Болашақ маманға кәсіби білім беру мен оқыту принциптері жалпыланған формада әрібір прцестің заңдылықтарын көрсетеді, олардың интеграциясы бастапқы жайларын анықтауға мүмкіндік береді және әрбір маман өзінің кәсіби іс-әрекетінде оларды принципиалды түрде басшылыққа ала отырып жұмыс жасауы керек.

Кәсіби білім беру мен оқыту мазмұнын қалыптастыру мынадай көкейкесті теориялық және практикалық мәселелердің шешімімен байланысты: кәсіби іс-әрекетті жемісті атқаруға қажетті білімнің мазмұны мен құрамын мақсатқа сәйкес таңдау; іргелі және қолданбалы, теориялық және практикалық даярлық көлемі мен құрамының сәйкестігі және мақсатқа сай үйлесімділігінің анықтамасы.

Бұл мәселелерді қарастырып шешудің ең басты жағдайы – оларға мақсаттылық және қызметтік іс-әрекет тұрғысынан қарау: мақсаттылық – соңғы нәтижеге жетуге бағытталады, мамандықтың атауында берілген және маманданудан өтілген белгілі бір бағыттың маманын даярлау; қызметтік іс-әрекет – бастапқы мақсаттан еңбек нәтижесінің талдауына дейінгі белгілі бір тұтастықты танытатын кәсіби қызметке даярлықты жүзеге асыруға бағытталды.

Ғылыми – техникалық революцияның қазіргі кезеңі орасан зор маңызды мәселелерді белсенді көтеруде. Бұл тек қана өмір қажеттілігі, әрі қазіргі техникалық және өркениетті тиімді қолданудың міндетті шарты ғана емес, сонымен бірге мәдени білім берудің мақсаттарын қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі өтпелі дәуірдің қиындығына төтеп беруге, жаңа өзгерістерді қолдауға көмектесетін, кез келген техникалық жаңалықтарға беретін мәдениет.[26]

 

 

3.3 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жаңашылдандыру стратегиясы

 

 

Стратегияны жасау мен оны жүзеге асыру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның ұлттық университтеріне жүктеген тапсырмаларының жаңа деңгейіне негізделіп отыр. 2008 жылдың 21 сәуірінде Еліміздің Президенті ұлттық университеттер мен академиялардың ректорларымен кездесуінде төмендегідей мәселелерді шешу қажеттігіне баса назар аударды. Ең алдымен, білім беру сапасы, оны бағалау үшін халықаралық талаптарды ұстану, бұл ЖОО менеджментінің жаңа деңгейін және ұжымды басқаруда заманауи тәсілдерді пайдалану, дипломдардың халықаралық деңгейде танылуы мен білім беру бағдарламаларының шетелдік жетекші ЖОО-лардың бағдарламаларымен сәйкестілігін қамтамасыз ету, шетелдерде, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік және бірлескен компанияларда біздің мамандарымыздың біліктілігін тануға қажетті жағдай жасайды. Бұл саладағы маңызды тетік шетелдік ЖОО-лармен ынтымақтастық және оқытушы-профессорлар құрамымен өзара алмасу, батыстық білім беру жүйесі жетістігінің тиімді импорты болуы қажет. Аталған кезеңдегі маңызды міндеттердің бірі – бітіруші түлектерінің сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету қажеттігі және  мұндай сұранысқа ие болудың деңгейін Н.Ә. Назарбаев қазақстандық ЖОО-лар жұмысы сапасының үздік аттестатталуы деп атады. ЖОО-лардағы ғылымның деңгейін, оның өндіріспен байланысын көтеру, зерттеулердің нәтижелерін қоғам мен экономикаға ұтымды меңгерту талап етіліп отырды.Еліміздің Президенті маңызды бағыттардың бірі ретінде пара алушылықпен күресті атап өтті. Ол ЖОО-лардағы  сыбайлас жемқорлықты оғаш, жат құбылыс деп атап, оны жою үшін  жаңа әрі жүйелі шараларды қабылдау қажеттігіне баса назар аударды. Студент жастармен жұмыс істеу, оларға патриоттық және мәдени тәрбие беру, студенттердің тілдік даярлығы аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық мәселе болып табылады.                     Қазіргі таңда Қазақстанның дүниежүзінде, сондай-ақ әлемдік аренада бәсекеге қабілетті мамандар даярлау саласында  лайықты орын алуы үшін барлық мүмкіндіктері бар. Осындай стратегиялық міндетті шешу барысында қазіргі таңдағы халықаралық талаптарға сәйкес елімізде жоғары білім беру жүйесін дамытудың көшбастаушысы ғана емес, сондай-ақ қоғамның, білімнің, мәдениеттің, әлеуметтік саланың, экономикалық инновациялардың дамуына елеулі үлес қосатын республикадағы жетекші әрі ірі ЖОО – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті маңызды орын алады. Университеттің жоғары білікті мамандар даярлау үшін қолданылатын ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік қарымы жеткілікті. Олар қазіргі таңдағы талаптарға сәйкес әрі тиімді. Сонымен қатар, олар әлемдік білім беру кеңістігіне ену, әлемдік деңгейдегі қолданбалы және іргелі зерттеулерді дамыту мақсатында еліміздің экономикасы мен қоғамдық өміріне ендіруге жұмсалады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2009-2011 жылдарға арналған Даму стратегиясы Мемлекет басшысы тапсырмаларын жетілдірудің негізгі бағыттарынан, Университеттің мақсаты мен міндетінен, тапсырмасынан және бағдарынан тұрады. Стратегия көрсетілген мерзім ішінде  Университет пен оның еншілес-тәуелді ұйымдарының (ЕТҰ) стратегиялық басқару жүйесінің негізін қалаушы құжат болып табылады.

  Стратегияның негізгі векторлары:

  • Университеттің топ-менеджментін ұжымды басқарудың негізгі тәсілдерін ендіру арқылы қазіргі таңдағы халықаралық талаптарға сәйкес жетілдіру;
  • Оқу үдерісін жүйелі жетілдіру және дамыту;
  • Инновация мен ғылым менеджменті жүйесін жетілдіру.

Университеттің стратегиялық мақсаты:

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды тек республикалық ғана емес, сондай-ақ әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орынға ие Орта Азия аймағындағы халықаралық білім беру орталығы ретінде дамыту;
  • Қазақстан мен шетел азаматтарына білім берудің технологиясы мен коммуникациялық, электронды құралдар, сондай-ақ қашықтықтан оқыту арқылы сапалы білім қызметтерін ұстану;
  • Университеттің ЖОО секторындағы қолданбалы және іргелі ғылымдарға көшбасшылық бағытын одан әрі бекіту және ұстау;
  • Инновациялық әдістемелерді жүзеге асыру мен өткізу үшін  қолайлы жағдай жасау.

Университеттің міндеті:

  • Университеттің әлемдік білім беру кеңістігіне түбегейлі енуін қамтамасыз ететін және жоғары ғылым мен білімнің отандық қарымымен, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибемен тығыз үйлескен жаңа инновациялық үлгісін жүзеге асыру;
  • Қазіргі таңдағы білім берудің технологияларын дамыту, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің жетекші ғылыми және оқу-әдістемелік орталығы мәртебесін бекіту мақсатында оқытудың шетелдік технологияларына бейімделу және шеттен алу;
  • Бітіруші түлектердің сұранысқа ие болуын және бәсекеге қабілеттілігін, дипломдардың халық-аралық деңгейде танылуын қамтамасыз ету, оқытушы-профессорлар құрамының мәртебесін  қоғамдық және экономикалық тұрғыдан көтеру;
  • Қазіргі таңдағы ЖОО менеджменті техноло-гиясының трансферті және оны дамыту;
  • Іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерінің әлемдік және республи-калық деңгейде көрінуін, экономика мен қоғамда жүзеге асырылуын, ғылымның білім беру үдерісі-мен іс жүзіндегі байланысын қамтамасыз ету;
  • Университет қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін білім беру, ғылыми және инновациялық инфрақұрылымдарды дамыту;
  • Жоғары білім беруді, ЖОО-дан кейінгі даярлық саласында профессорлар құрамымен тәжірибе алмасуды, ОПҚ біліктілігін көтеруді, инновациялық әдістемелер мен ғылыми зерттеулер жүргізуді дамыту. 1962 жылы менеджмент бойынша танымал халықаралық маман Альфред Чандлер стратегиялық менеджменттің маңызды қағидаларын қалыптастырған. Ол  жаңа стратегия  міндетті түрде мекемені басқару жүйесінің жаңа құрылымы мен мазмұнын талап ететінін айтқан.  Аталған қағида мекеменің стратегиясын ауыстыру барысында жаңа сапалы мәселелер пайда болады, оларды менеджмент жүйесін өзгертпей шешу мүмкін емес деген қорытынды негізінде жасалған. Осыған байланысты қазіргі заманғы менеджмент құрылымының аралас функционалды-дивизиондық үлгісі негізінде  Университетті басқару құрылымын құрудың жалпы қағидасын жетілдіру қажет, бұл бүкіл мекемеде тұтас  жұмыс істейтін жоғары деңгейдегі  таза функционалды бөлімшелер мен төменгі деңгейлі белгілі дәрежедегі  институттар мен факультеттер, олардың автономиясы мен соған сәйкес жауапкершілік негізінде жүзеге асатын дивизиондық құрылым. Бүгінгі таңда ҚазҰУ жалпы көзқарас бойынша, нақты осы сызба негізінде жұмыс істейді. Бірақ талдаулардың нәтижесі бойынша ол ескі әдістемеге құрылған, жауапкершілік пен негізгі қарым-қатынас ережелер саласы өз дәрежесінде нақты қалыптастырылмаған, басқару аппараты оңтайлы да берік емес. Аталған мәселе қазіргі таңдағы алдыңғы қатарлы әдістер мен тәсілдерді  пайдалана отырып шешуді талап етеді. Сонымен қатар әлемдік тәжірибені ескере отырып, Университеттің автономия дәрежесіне біртіндеп көшуі, сондай-ақ оның негізгі бөлімшелерін автономия дәрежесіне көтеру ұжымды басқарудың қазіргі заманғы  үлгісі аясында жүзеге асырылуы тиіс.    Соңғы жылдары ҚазҰУ қызметін қаржыландыру ұдайы өсуде. Аталған өсімнің көрсеткіштері суретте келтірілген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қаржылық қызметінің жалпы көрсеткіші.

 

              

 1- сурет. Студенттерді оқытудың мемлекеттік қаржыландыру

 

*Дерек  көзі:  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмалары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2009-2011 жылдарға арналған даму стратегиясы.-Алматы, 2008           

 

Алайда іс жүзіндегі жоғары кәсіби білім берудегі мемлекеттік қаржыландыру студенттерді оқытудың нақты шығынына сәйкес келмейді.

 

 

                                                                                   3-кесте

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да студенттің білім алуының жылдық құны*

            *Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмалары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2009-2011 жылдарға арналған даму стратегиясы.-Алматы, 2008

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі оқытудың өз құны мен Қазақстан Республикасындағы бірегей Университеттік кампус мазмұнының  жоғарғы құны жыл сайынғы бекітілген білім беру гранты құнынан асып түседі.         Төмендегі мәселелер туындайды:

  • Шетелдік менеджмент тәжірибесін қолданудың төмендігі.
  • Қорларды басқару жүйесінің жеткілікті деңгейде құрылмағандығы — қызметкерлер, қаржыландыру, материалды және материалды емес активтер. Әсіресе, екінші кезектегі ҚазҰУ нысандарын тиімді жолмен салу мәселелері шешілмеген,  Университет нақты нысандар мен жер телімдеріне иелік ету құқынан айрылған, оларды өзге мекемелерге тапсыру өз дәрежесінде негізделмеген, табыс көзі болуы тиіс және мүмкіндігі бар бірнеше ғимараттар шығын келтіруде. Қызметкерлерді басқару стратегиясы жоқ, кадрлық саясат мәселесі реттелмеген және ғылыми негізделмеген; ОПҚ штатын қалыптастыру, еңбекақы төлеу жүйесі, қызметкерлер еңбегінің нәтижесі мен сапасын көтеруге бағытталған материалдық мүдденің қосымша мүмкіндіктері қарастырылмай, мемлекет-тік органдар актілері арқылы жасалған, осыған байланысты қызметкерлер еңбектің сапасын көтеруге мүдделі емес. Тексеруші органдар тарапынан Университеттің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруына байланысты көптеген ескертулері бар. Материалдық емес активтермен, патенттермен, лицензиялармен, авторлық және аралас құқықтармен жұмыс нашар жүргізіледі.
  • Университеттің заң шығару және нормативті қамтамасыз ету қызметі қазіргі таңдағы сұранысқа сай қарастырылмаған.
  • Университеттің ашық жүйе ретіндегі жұмысы институционалды қамсыздандырылмаған және реттелмеген, оның имидждік қызметі және Университетке қоғам мен бизнес тарапынан қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін, дамыған елдердің барлық ЖОО-ларында қабылданған сыртқы ортамен өзара байланысы жетілдірілмеген.                                                                                                                                                                                                                

                                                                           

2-сурет. Стратегияны шешудің міндеттері мен тетіктері

*Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмалары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2009-2011 жылдарға арналған даму стратегиясы.-Алматы, 2008

 

Осы Стратегия Университеттің менеджментін жетілдіру саласында келесі жүйеліміндеттерікөрсетіледі.

Біріншісі Университетті басқарудың ұжымдық құрылымын жетілдіру, оны оңтайландыру, қазіргі таңдағы талаптарға сәйкес толықтыру. Университеттің құқықтық үлгісін, нарықтық жағдайға және жетекші Университеттер қызметіндегі әлемдік тәжірибеге сәйкес жақсы бейімделген заңдық үлгісін еліміздің жоғары басшылығымен келісу және оңтайландыру мәселелерін жасау орынды.     

Екіншісі ең жоғарғы деңгейдегі басқару қызметін жетілдіру үшін шетелдік тәжірибе мен мамандарды тиімді пайдалану. Бұл үшін Университетке жоғары білікті және соған сәйкес тәжірибесі бар бір немесе бірнеше топ-менеджерлерді  (проректор, басқарма жетекшілері  дәрежесінде) жұмысқа тарту қажет.

Үшіншісіқорларды басқаруды жетілдіру — қызметкерлер, қаржыландыру, материалды және материалды емес активтер.

ТөртіншіУниверситет қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру.

 Бесіншісі  ҚазҰУ қызметкерлері мен оқытушы-профессорлар құрамының  еңбек ақысын жүйелі түрде көтеру, студенттер мен қызметкерлерге, оқытушыларға қолдау көрсету үшін әлеуметтік қорды кеңейту.

Алтыншы — сыбайлас жемқорлықпен күрес деңгейін түбегейлі көтеру және қадағалау жүйесін жетілдіру.

Жетінші — қазіргі таңдағы Университеттің имидждік қызметінің халықаралық деңгейде танылуын сыртқы жүйе негізінде қалыптастыру.

ҚазҰУ-дың білім беру қызметінің аясында студенттер контингенті мен мемлекеттік білім беру тапсырысы күннен күнге артып келеді. Университеттегі студенттер саны Қазақстан бойынша ең жоғары болып саналады және олардың саны 2000-2001 оқу жылында 11470-тен 2006-2007 оқу жылында 16241-ге дейін өсті, соның ішінде 714 шетелдік студент бар. Білім алушылардың құрамында 980 магистрант, 1400-ден аса аспирант, докторант пен ізденуші, 158 PhD докторанты бар.Университетте еліміздің ең мықты интеллектуалдық қарымы шоғырланған, оқу үдерісіне 1000 ғылым докторы мен кандидатын қосқанда 1646 оқытушы-профессорлар құрамы тартылған. Білім беру 14 факультет пен 102 кафедрада жүргізіледі. 183 мамандық бойынша мамандарды даярлау білім берудің үш сатылы құрылымы: бакалавр, магистр, PhD-да жүзеге асырылады.

 

3-сурет. Мамандықтар саны

*Дерек көзі:  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмалары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2009-2011 жылдарға арналған даму стратегиясы.-Алматы, 2008

Университет оқу жетістіктерін тәуелсіз сырттай бағалау жүйесі — мемлекетаралық бақылауда  (МАБ), ішкі бағалау жүйесі — ішкі аралық бақылауда (ІАБ) және бітіруші курс студенттерінің білімін аттестаттауда жоғары көрсеткішке ие. ТQМ қағидаларының негізінде жасалған білім берудің сапа менеджмент жүйесі жұмыс істейді. Университеттің халықаралық байланысы тұрақты түрде өсіп келеді, таяу және алыс шетел мемлекеттерінің білім беру және ғылым мекемелерімен 100-ден аса шарттар мен келісімдер жасалды, түрлі елдердің 418 университетімен серіктестік қарым-қатынастар орнатылды. 2005 жылдан бастап Университетте 020-111 «Қазақстанның жоғары оқу орындарында жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды даярлау үшін шетелдік мамандарды тарту» бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Әлемнің (Ұлыбритания, АҚШ, Түркия, Польша, Жапония, Франция, Германия, Дания, Голландия, Ирландия, Үндістан, Израиль, Австрия, Швеция, Испания, Ресей, Финляндия, ҚХР, Корея Республикасы, Норвегия, Пәкістан, Словения, Беларусия, Литва) жетекші жоғары оқу орындарының 150-ден аса ғалымы PhD докторанттарын даярлауда олардың ғылыми жетекшісі ретінде қатысты. Шетелдік серіктес жоғары оқу орындары — Кангам университетінде және Шет тілдер университетінде (Оңтүстік Корея), Джамия Миллия Исламияда (Үндістан), А. Мицкевич атындағы университетте (Польша), Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде (Ресей) — Университеттің белсенді ықпалымен осы университеттердің білім беру үдерісінде сұранысқа ие қазақ тілі кафедралары, орталықтары құрылған.  Шетелдік серіктестердің қолдауымен Университетте:

  • Қытай тілінің орталығы – Конфуций институты (Ланьчжоу университетімен бірлескен, ҚХР);
  • Қазақ-Үнді ақпараттық технологиялар орталығы (ұлттық ақпараттық технологиялар институты, Үндістан);
  • Қазақ-Француз электронды білім беру институты (Р. Шуман атындағы университетпен серіктес, Франция) құрылды. Дегенмен аталған орталықтардың жұмыс тиімділігі әлі де жақсартуды қажет етеді, олардың қызметі мен даму келешегінің мақсаты толық жүзеге аспаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТМД бойынша білім берудің сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) алғашқылардың бірі болып игерді. ИСО 9001:2000 стандарттарының негізінде оның халықаралық сертификациясына қол жеткізді. Алайда осы жүйенің практикалық қолданыс тиімділігі ең төмен деңгейде қалып тұр, қазіргі таңда Университетте СМЖ-нің көптеген функциялары жұмыс істемейді және сапаны басқарудың атқарушы тетігі болып табылмайды. Қазіргі жағдайда білім алушылардың өзіндік жұмыс дағдысын дамыту сапалы білім берудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Бұл жердегі басты мәселе — электронды және қашықтықтан оқыту құралдарын дамыту. Университетте осы жұмыстың  қажеттелігі ескеріледі, бірақ ол әлі нақты нәтижелермен бекітілмеген. Білім алушылардың контингентін қалыптастыру мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді — қолданыстағы тетіктер ҚазҰУ-да білім алу үшін ең қабілетті және талантты жастарды іріктеу деңгейін қамтамасыз етпейді. Ғылыми-әдістемелік негіздеме және эконо-миканың, қоғамның нақты саласы мен мамандық-тарына қажеттілігін болжау қамтамасыз етілмеген. Оқытушы-профессорлар құрамын даярлау мен қайта даярлау білім беруді басқару жүйесінің маңызды бөлігін құрайды. ҚазұУ-да ОПҚ біліктілігін арттыру жүйесі жұмыс істейді, бірақ ол 90-жылдары-ақ өзінің тиімділігін жоғалтқан және осы күнге дейін формальді түрде іске асырылады. ҚазҰУ-да шетелдік университеттермен бірлесіп жүргізілетін PhD докторанттарын даярлау тәжірибесі жинақталған. Келешекте Университеттің осы бағдарламалары бойынша  әлемдік білім беру кеңістігіне толыққанды кіруі үшін PhD даярлау бағдарламаларын халықаралық аккредитациялауды қамтамасыз ету талап етіледі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанда өзінің жоғары ғылыми қарымы арқасында PhD даярлауға арналған негізгі база болып табылады және осы базаны тиімді түрде пайдаланып, дамыту қажет. Бұл жағдайда PhD докторанттарының ғылыми зерттеулерге белсенді қатысуы негізгі талаптардың бірі болуы тиіс. Осыған сәйкес магистратурада да білім беруді шетелдік серіктестермен бірлесіп ұйымдастыру қажет. Қазіргі таңда магистранттарға білім беру осы деңгейдегі мамандар даярлаудың талаптарына сәйкес келмейді, оларды оқу үдерісінен алшақ-татудың көптеген дәйектері бар, оқу талаптары нашар, оқу бағдарламалары бакалавриат бағдар-ламаларымен келісілмеген. Университеттің білім беру әдіснамасында көп жылдық дәстүрі мен бай интеллектуалдық қарымы бар, ҚазҰУ бастапқы кезде Қазақстанның жоғары білім беру әдіснамасын дамытуда басты үйлестіруші болған. Мұндай мәртебені қайта жаңғырту мен нығайтуға барлық қажетті жағдайлар жасалған, Университет жанында Республикалық оқу-әдістемелік кеңес секциясы жұмыс істейді, Университет білім беру стандарттарының, әдістемесі мен технологиясының едәуір бөлігін даярлайды. Болон үдерісіне қосылу Университетті Батыстың білім беру жүйесінің көптеген талаптарын қабылдауға міндеттейді. Бұл жерде оқытудың кредиттік жүйесі мен мамандарды үш сатылы (бакалавриат, магистратура мен PhD докторантурасы) даярлаумен қатар халықаралық талаптарға және оған жетудің әдіснамасына сәйкес білім беру сапасын қамтамасыз етуде батыл қадамдар жасау қажет.                                                       Университетте оқытудың кредиттік жүйесі көптен бері енгізіліп келеді, бірақ оны толық меңгеру үшін формалды іс-әрекетке жол бермей (мысалы, сағаттардың кредитке механикалық түрде ауысуы), сондай-ақ осы технологияның негізгі мазмұнын — әрбір студент үшін оқытудың жеке траекториясы мен академиялық бағдарламалардың икемділігін қамта-масыз ете отырып, қыруар жұмыстар атқару қажет. Осыған байланысты осы технологияны қажетті қор-лармен қамтамасыз ету, атап айтқанда, студент-тердің өзіндік жұмысы үшін бірқатар нақты жұмыстар атқару керек. Сонымен қатар нормативті-құқықтық базаны оқытудың кредиттік технологиясымен сәйкестендіру, біздің жоғары білім туралы дипломдарымызды халықаралық деңгейде мойындалуын қамтамасыз ету. Университетті бітіруші мамандардың экономика мен қоғамдағы сұранысын қамтамасыз ету жұмыстары төмен деңгейде қалып отыр.                                                                                  

  

4-сурет. Стратегияны шешудің міндеттері мен тетіктері

*Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмалары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2009-2011 жылдарға арналған даму стратегиясы.-Алматы, 2008 

 

Осы Стратегия оқу үдерісін жетілдіру аясында келесі жүйелі міндеттерді анықтайды:

Біріншісібілім берудің сапа менеджменті жүйесін дамыту және оның Университеттің барлық оқу бөлімшелерінде қолданылуы.                    

ЕкіншісіМемлекет басшысы қойған ҚазұУ-дың міндеттері мен мәртебесіне сәйкес ең қабілетті студенттерді іріктеуді қамтамасыз ететін білім алушылардың контингентін қалыптастыру тетігін құру.                         

Үшіншісі — біздің бакалавр, магистр, PhD дипломдарымызды халықаралық деңгейде мойындалуы үшін қажетті жағдайлар жасайтын бағдарламаларды, мамандықтарды, факультеттерді және жалпы Университетті халықаралық стандарттау, сертификациялау, аккредитациялау.                      

Төртіншісіоқытудың электронды және қашықтықтан білім беру құралдары мен қызмет көрсетуін жүйелі дамыту.                                                                Бесіншісі — оқытушы-профессорлар құрамын даярлау мен қайта даярлауды түбегейлі жетілдіру, талантты және жоғары білікті жастарды тартуды қамтамасыз ету.                                                                                              Алтыншысы — оқытудың кредиттік технологиясын толыққанды енгізу,  білім беру бағдарламалары мен академиялық тиімділікті дамыту.                       Жетіншісі — студент жастардың бойында елжандылықты, мәдениет пен әлеуметтік біліктілікті тәрбиелеу.                                                              Сегізіншісі — мамандар қажеттілігінің қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру.[27]

Алға қойылған міндеттерді шешу үшін келесі әдістер мен тетіктер қолданылады:

  • Факультеттердің жұмысын стратегиялық жоспарлау;
  • Оқытудың сапа менеджменті жүйесін халықаралық сертификациялаудан жаңадан өткізу немесе ұзарту үшін қажетті шаралар қабылдау, оның іс жүзінде толық қолданылуы үшін Уни-верситеттің барлық оқу бөлімшелерін міндеттейтін талаптар жасау және оларды жүзеге асыру;
  • Университетте білім алушыларды іріктеуде талаптардың күшеюі тарапынан нормативті-құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау, бұл үшін қажетті әдістемелік және ұйымдастырушылық база құру;
  • ҚазҰУ дипломдарының халықаралық деңгейде танылуын ғана емес, сондай-ақ Университеттің жоғары оқу орындарының беделді халықаралық рейтингісіне кіру мақсатында осы талаптарды жүйелі түрде қанағаттандыруды қамтамасыз ететін шаралар жасау және мамандар даярлау сапасының көрсеткіштерін халықаралық ұйым-дардың талаптарына сәйкестендіру;
  • Университеттегі үміткердің нақты курсты оқу қабілетін толық дәлелдейтін базасын ұсыну негізінде оқытушы-профессорлар құрамын бай-қауда іріктеу жүйесін жетілдіру (ғылыми жетістіктері, белгілі ғалымдардың ұсынысы, курсты жүргізуге арналған нақты материал, дәріс конспектілері, электронды тұсаукесерлер және т.с.с.);
  • Ең үздік әлемдік тәжірибеге, оқытудың осындай әдістемелік негізін қамтамасыз ететін электронды және қашықтықтан оқыту технологиясы мен оқытушы міндеттеріне сәйкес келетін біртұтас ішінара талаптар жасау және жүзеге асыру;
  • Қазіргі заманғы IT технологиясын қолдану арқылы біртұтас ақпараттық білім беру ортасын дамыту («электронды университет»);
  • ОПҚ біліктілігін үш негізгі бағыт бойынша: оқытушылардың беделді шетелдік жоғары оқу орындарында машықтануы, шетелдік жоғары оқу орындарымен ОПҚ тиімді өзара алмасуы, магистр мен докторларын Университетте олардың ғылыми зерттеулерде белсенді қатысуын қамтамасыз ету арқылы даярлау және даярлау жүйесін PhD бағдарлау;
  • Базаны, соның ішінде оқытушылар еңбекақысын төлеуді осы технологияға сәйкестендіру, оқытушылардың еңбегін  бағалаудың жаңа көрсеткіштерін жасау, студенттің өзіндік жұмысына арналған балама оқу-материалдық базасын құру бойынша ұсыныстар жасауды және оларға мемлекеттік органдар тарапынан  нормативті-құқықтық негіз беруді қамтитын оқытудың кредиттік технологиясын толыққанды енгізу бойынша жүйелі шаралар қабылдау;
  • ҚазҰУ-дың халықаралық қызметін және оның жанында құрылған халықаралық орталықтардың жұмысын жетілдіру;
  • Студенттік өзін өзі басқаруды дамыту және оның Университет әкімшілігімен өзара қарым-қатынасын нығайту, елжандылыққа тәрбиелеу, студенттердің мәдениетін көтеру, оны әлеуметтік қамсыздандыру, мәдени демалыс пен спорттың материалдық және әдіснамалық базасын жетілдіру; бітірушілердің ең танымал ұйымдар мен фирмаларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңінен қарастыру, бұл үшін жұмыс берушілердің күн сайынғы өзгеруші талаптарына сәйкестендіруге, нақты студенттердің білім алу траекториясын анықтауға болатын оқытудың әдіснамасымен тиімді байланысы бар еңбек нарығын ғылыми түрде болжау мен талдаудың жаңа деңгейін қамтамасыз ету қажет.  ҚазҰУ ғылым саласындағы білім беру жүйесін ұйымдастыруда сөзсіз көшбасшы болып табылады, Азиялық Даму Банкінің мәліметі бойынша, республика жоғары оқу орындарында жүргізілетін барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарының 50 пайызынан көбі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың еншісінде. 7 ҒЗИ, 15 ғылыми орталық пен Ғылыми-технологиялық парк жұмыс істейді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда 15 ұлттық зертхана құрылуда, оның бірі — нанотехнологиясы бойынша біздің Университетте құрылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Қорыта келе, жалпы әлемдік даму  бәсекелестікке негізделген. Шынайы жарыс, адал бәсеке — әлемнің бейбіт дамуының кепілі. Бәсекелестік құбылысы  ой мен істің бірлігінен туындайды. Білімнің бәсекеге қабіліеттілігін көтеруге айрықша маңыз берілуі біздің алдымыздағы үлкен міндеттер қояды. Білім алуға жан – жақты қамқорлық туғыза отырып, мемлекет алдағы кезде ел тұтқасын біліктілікпен ұстауын көздеп отырғаны сөзсіз. Мұның өзі бүкіл елдің, білім саласы қызметкерлерінің зор ризашылығын туғызуда. Әрине, бұл жарыстың уақыт пен жағдай анықтайтын өз межесі, өз бағамы бар. Сондықтан әлем айдынындағы тәуелсіз Қазақстан саясатта болсын, білім – ғылым ізденісінде болсын осы меже мен бағамның үдерісінен шығуға бағыт ұстанғаны қажет.

Диплом жұмысында бірінші бөлімде білім берудің экономикалық теориялық негідері қарастырылды. Соңғы екі жүз жылдықта классикалық саяси экономиканың көп экономистері білімнің қоғам дамуындағы орны, білімнің экономикалық аспектілері және оның әсер етуі жөнінде пікір білдіріп келеді. Келесі бөлімшедіе білім беру тікелей және жанама түрде бүкіл қоғамның дамуына қатысы бар. Қазіргі кезде  білім беру әлемдік экономикада технологиялық инновациялар шын мәніде «жетекші өндіргіш күшке», экономикалық өсу қарқындарын және мемлекеттің салыстырмалы экономикалық қуаттылығын анықтаушы негізгі бәсекелестік құралға айналды.

Екінші бөлімде білім беру саласындағы басқару және оның құқықтық негіздері қаралды. Бөлімшеде білім беру саласының заңнамалық базасының негіздерін талданды. Сапалы білімге қол жеткізу үшін қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін тиімді дамыту үшін жағдайлар жасалынып жатыр. Ел тәуелсіздігінің бүгінгі талабы мен талғамы қоғамның сан саласына өз ықпалын тигізіп келеді. Қазақстан ЖОО-ның міндеті — әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлемде танылуға тиіс. Сондықтан отандық ЖОО жүйесін бәсекелестік пен біліктілікті даярлау қажеттігін міндеттейді. Бұл тапсырма жалпы жоғары мектеп үшін үлкен жауапкершілік жүктейді. «Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз» деген талаптың мән – мағынасы, сөз жоқ, мемлекеттік бағыттың негізгі арнасымен ұштасады. Елдің экономикалық деңгейі, әлемдегі бәсекелестік орны оның адам капиталына байланысты деген еді Президент. Ол бәсекеге қабілеттіліктің шешуші факторлары ретінде ғылым мен білімді, жаңа технологияларды  атады, олардың әлемдік даму барысын назарда ұстауды ұсынды. Әлемде ғылыми өнім рыногының маңызы артып келеді.

  Үшінші бөлімде отандық білім беру жүйесінің қазіргі жағдайын статистикалық көрсеткіштер арқылы талданды. Қазіргі қаржылық дағдарысқа байланысты республикалық бюджет жобасында 140 млрд. теңгенің жұмысыздықтың алдын алуға жұмсалатынын көрсетіп өтті. Соның ішінде 14.4 млрд. теңге кадрларды қайта даярлауға, 8.6 теңге әлеуметтік жұмыс орындарына кететінін нақтылап өтті. 260 мың жаңа жұмыс орыны пайда болып, 95 мың адам әлеуметтік бағдарламаға кірді. Алдыңғы жылы еліміздегі гуманитарлық саладағы ЖОО-н бітіріп шығатын 165000 жаңа түлектер қайда жұмысқа орналасды. Соның кері әсері Парламент Мәжілісінің жалпы  отырысында «2009-2011 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.        

Ел білімінің қандай болмағы, әлбетте, мемлекет таңдаған мамандықтардың негізіне байланысты. Қазақстанның таңдаған жолы — «осы заманғы әрі ұтымды технологиялардың негізінде өзінің ғылыми-техникалық әлеуетін жедел қалпына келтіру  мен дамыту, өндіріс пен инвестицияның өсімін арттыру» деп көрсетілген болатын. Ендеше еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің бір тағаны оның ғылымның әлем елдері арасында сұранысқа ие болуы екені түсінікті.                

Қазіргі әлемдік экономикада білім беру ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі, ұлттық экономиканың «сақталынатын» бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ететін инновациялық дамудың интеллектуалды негізі болып табылады. Сондықтан, білім беру саласының жаңашылдандырылуы білім сапасын арттыру арқылы білім беру саласының бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыруға бағытталуда.

Қорыта келгенде, білім беру саласындағы іс-әрекет технологиялық өркендеуді қамтамасыз  етеді, себебі білімге жұмсалған шығындар адам капиталын қалыптастыру, жетілдіру және жинақтау арқылы экономиканың жаңа идеяларды өндіру қабілетін, оның ғылым сыйымдылығы жоғары өндірістердегі салыстырмалы артықшылықтарын арттырады. Демек, ҚР-дың индустриалды-инновациялық даму стратегиясы мақсатының орындалуы, ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарының мүмкіндіктері мен бағыттары түптеп келгенде осы саланың даму деңгейіне тәуелді деуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, Бәсекеге қабілетті экономика үшін, Бәсекеге қабілетті халық үшін. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. –Астана: Елорда, 2004 жыл, 19 наурыз.
  2. Мамыров Н.К. Қазақстандағы адам дамуы. – Алматы: «Экономика». 2003–436б
  3. Тейхейра П. Рынки в сфере высшего образования: можем ли мы по-прежнему учиться у классиков? // Экономика образования. – 2008.- № 2.
  4. Дәулиева Ғ.Р. Білім беру саласының экономикасы. – Алматы: «Қазақ университеті» — 2004.
  5. Сарбасова Т.С., Сарбасова А.Қ., Бимендиева Л.Ә. Білім беру саласының әлеуметтік-экономикалық мәселелері. – Алматы: «Қазақ университеті» — 2007.
  6. Портер М.Е. Конкурентная стратегия: Методика анализа отраслей и конкурентов / Пер с анг. – М.: Альпина Бизнес Букс, 2005.-454с.
  7. Даулиева Г.Р. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. № 1(65) 2008
  8. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл. – Алматы: ЮРИСТ, 2008.
  9. Республика Казахстан. Закон от 1 апреля 1999 года, № 358 – 1 3РК. О бюджетной системе. – Астана.: Ақорда, 1999
  10. 10. Республика Казахстан. Закон от 27 июля 2007 года, № 319 – III Об образовании // Казахстанская правда от 15 августа 2007 года.   
  11. Нарибаев К.Н. Проблемы реформирования высшего образования в Казакстане в условиях глобализации / Под. Ред. О. Сабдена. – Алматы: Институт экономики МОН РК, 2007. – 30 б
  12. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. –Астана: Елорда, 2006.
  13. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты. Жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер. ҚР СТ 1157-2002. Астана 2002/
  14. КожамкуловТ.А., Мансуров З.А., Дадебаев Ж.Д., Минжаева Г.С. Система менеджмента качества (СМК). –Алматы: Қазақ университеті 2004 г.
  15. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030 стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы».          –Алматы, 2007
  16. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында / Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. –Астана, 2005 жылғы 18 ақпан.
  17. Дүйсебек Ә. Ұлттық тәрбие тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан, 2005.
  18. http://www.stat.kz
  19. 19. Тайжанова Ж.А. Исследование влияния образования на человеческое развитие в РК. // Диссертация на соискание ученой степени канд. Экон. Наук. – Алматы — – 186 б.б
  20. Финансы за неделю // «Деловой Казахстан» – № 12 от 27 марта 2009 года
  21. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасы Президентінің “Дағдарыстан — дамуға” атты халыққа Жолдауы.// «Жетісу» – 7 наурыз 2009 жыл
  22. Тихомиров А.В. Пути реформы организации образования // Экономика образования. – 2008.- № 3. 4-10 б.б
  23. Бейсенбаев А. А. Тілебаев М.Б. Педагогика. /Дәріс құралы/ — Алматы- «Нұралы әлем». — 2003
  24. Құсайынов А. Сапалы білім – заман талабы // Егемен Қазақстан 2007жыл. 7 ақпан
  25. . http://www.google.kz
  26. Багишев З.Я. Приоритеты современного образования и стратегия его развития. М: Педагогика, 2003, №9, с-10-14.
  27. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмалары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2009-2011 жылдарға арналған даму стратегиясы.-Алматы, 2008