АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрылу

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

I БӨЛІМ. БІРІККЕН  ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ.

  • Ұлттар Лигасы.

1.2. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу мәселелері

 

II БӨЛІМ. БҰҰ-ның ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ.

2.1. Біріккен ұлттар ұйымының құрылымы

2.2. БҰҰ –ның мамандандырылған мекемелері және олардың халықаралық қоғамдастықтағы алатын орны

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

Кіріспе

 

        Қазіргі халықаралық қатынастарда халықаралық ұйымдар маңызды рөл атқарады. 19-ғасырдан бастап қоғамның халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылуы жаңа халықаралық ұйымдардың құрылуына әкелді.Олар — 1865 ж. құрылған бүкіләлемдік Телеграф Одағы және 1874 ж. құрылған бүкіләлемдік Почта Одағы болатын. Ал, қазіргі таңда әртүрлі құқықтық мәртебеге ие төрт мыңнан астам халықаралық ұйымдар бар. Осы халықаралық ұйымдар жүйесінің орталығы — Біріккен Ұлттар Ұйымы.

        Біріккен Ұлттар Ұйымы — дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды әмбебап халықаралық ұйым.Бұл ұйымның басты мақсаты — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасында ынтымақтастықты дамыту. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы 1945 ж. 26 қазан айында күшіне енді.Осыған сәйкес жыл сайын 26-қазан «Біріккен Ұлттар Ұйымының күні» деп аталып өтіледі.

          Жұмысты зерттеу барысында кейбір ғалымдардың өз ғылыми әдебиеттерінде Біріккен Ұлттар Ұйымының пайда болу тарихына байланысты, яғни кім және қандай құжат бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымын құру жөнінде бірінші болып ұсыныс жасағандығы жөнінде пікір таластарын анықтадым.Мысалы, Батыс елдерінің ғалымдары 1941 жылдың 14 тамызында Рузвельт пен Черчильдің  Атлантикалық Хартиясын осындай құжаттардың қатарына жатқызса, кеңестік зерттеушілер 1941 жылдың 4 желтоқсанында жарық көрген Кеңестік — Польшалық халықаралық саясат жөнінде бірігіп жасаған мәлімдемесіне сүйене отырып, сілтеме жасайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында гитлерлік Германия және оның одақтастарының сөзсіз жеңіліске ұшырайтындығы мәлім болған кезде, жаңа әлемдік тәртіп құру қажеттігіне байланысты туындаған.

        Жұмыстың мақсаты – ұйымға қатысты ұлтық, сондай-ақ шетелдік қайнар көздерден жан — жақты мағлұматтар жинап, олармен таныса отырып, ұйымның өткені мен бүгінгісіне талдау жасау болып табылады.

        Жұмыстың өзектілігі. Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің негізгі бағыттары — жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғап, халықаралық құқықты жүйелеу және оның прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты, Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және тағы да басқа тауқыметтерді шешу жолдарын, сондай — ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының пайда болу тарихын, оның жүйесін, әлемге, әсіресе Қазақстан Республикасына ықпалын зерттеу үшін осы тақырыпты таңдадым. Қазақстан Республикасы қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, сондай — ақ бүкіл әлем шеңберінде әртүрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысады, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін де шешуге жол ашады.

        Қазіргі кезде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен және оның мамандандырылған мекемелерінің қызметіне белсенді түрде қатысады.Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде Қазақстан көптеген саяси тауқыметтерін бірінші кезекте Орталық Азия аймағының қауіпсіздіне қатысты мәселелердің шешімін іздестіруге тартылып отыр. 1996 — жылдың басында Қазақстан бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға ықтимал түрде қатысуы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының келісімдер жүйесіне қосылған  51 — мемлекет болды.

 

 

I БӨЛІМ. БІРІККЕН  ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ.

 

  • Ұлттар Лигасы.

 

        Қазіргі заманда БҰҰ — ның құрылуына байланысты жағдайлар бүкіл дуние жүзі тарихының игіліне айналғанына қарамастан, бұл ұйымның жұмысын әділ де шынайы түрде баяндап, түсіндіру өзінің принципті мағынасын жоймаған. Алайда, Біріккен Ұлттар Ұйымын құруға байланысты Ұлттар Лигасының атқарған рөлін Батыс елдері зерттеушілерінің басым бөлігі белгілі бір бағыттылық тұрғысында баяндайтындықтарын ескере отырып, бұл мәселеге ерекше тоқтала кеткен жөн. Лиганың қызметіне байланысты ерекше мәселелер жөніндегі буржуазиялық әдебиеттердің: мемуарлық және монографиялық сипаттағы әдебиеттердің ауқымы өте кең.Ол жұмыстарға тән негізгі белгі — Біріккен Ұлттар Ұйымының және Ұлттар Лигасының бірегей ұқсастығы және сабақтастығы бар екендігінің дәлелді болып табылуында.

        Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын дайындау тарихына және оны талдауға арналған бірқатар көлемді зерттеулердің авторлары БҰҰ Жарғысы негізінен Ұлттар Лигасының және оның тәжірибелік істері Статутының (заңының) ережелерін еске түсіретіндігі жайлы ойларды алға тартады. БҰҰ-ның Жарғысы,- деп жазады Л.Гудрич пен А.Симмонс,- Ұлттар Лигасының тәжірибелік істерге байланысты қызметін құрған органдардың міндеттеме жүйелерін және қандай да бір істің орындалу тәртібін, соған ұқсас істерді қамтиды.

      «Табиғат және халықарлық ұйым» деген тақырыптағы кең ауқымды жұмыстың авторы, Калифорния Университетінің профессоры С. Гудспид Ұлттық Лиганың қызметін революциялық тәжірибе деп атай отырып, «бұл халықаралық ұйымның идеясына және атқарылып жатқан жұмыс тәртібіне қосқан елеулі үлес», — деп жазды.

        Осындай пайымдауларды жоққа шығара отырып, Жарғыға және Біріккен Ұлттар Ұйымына келелі баға беру үшін, өткен мерзімдерде жүзеге асқан жайларды, атап айтқанда, Ұлттар Лигасын еске түсірген абзал.Өйткені, бұл ұйым бейбітшілік пен қауіпсіздік жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы тырнақалды тәжірибе болып табылады. Бұл тәжірибенің сәтті болғандығы да көпшілікке аян.

         АҚШ-тың президенті В. Вильсонның пікірінше Ұлттар Лигасы Еуропалық және басқа да мемлекеттердегі ішкі саясатқа Америка тарапынан бақылау орнатудың маңызды құралы ретінде қызмет етуі керек болды. Басқа капиталистік ірі мемлекеттердің басқарушылары Ұлттар Лигасын құруды өздерінің империалистік мақсаттарымен тығыз байланыстырды.Осының бәрі Ұлттар Лигасын  «әркім өзі үшін керектісін жұлып әкете алатындай жыртқыштар» Одағы сияқты етіп көрсетті[1].

        Жоғарыда атап көрсетілген себептерге байланысты Кеңес Одағы бұл ұйым құрылған күннен бастап 14 жыл бойына осы ұйым аумағынан тысқары болды. Лигада Кеңес Одағы сияқты өз саясатындағы бейбітшілік жолында бір ізділік бағытты ұстанған бейбітшілік сүйгіш елдердің басқа болмауынан Лига қызметі жеміссіз болды. Сондай — ақ, ірі империалистік мемлекеттерге оны Лиганың Статутында көрсетілгеніндей, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жолындағы ресми түрде жарияланған мақсаттарына қарсы пайдалануына жол берді.Ұлттар Лигасының тарихында Кеңес үкіметіне қарсы саясат туралы масқара жолдар жазылып қалған. Өйткені, бұл саясаттың салдарынан империалистік бағыттағы жақтаушылары ең алдымен 1920-1921 жылдары Кеңес мемлекетіне қарсы қарулы интервенция ұйымдастырды. Ұлттар Лигасының қызметі тек осы тұрғыдан алғанда, версальдық келісімге келтірушілердің сөздері мен істері арасында адам төзуге болмайтындай қарама-қайшылық бар екендігіне айқын айғақ болады[2].

        Баршаға аян, Ұлттар Лигасында Америка Құрама Штаттары болған жоқ. Оның басты себебі Америкадағы Сенаттың изоляциялық көпшілігі Версальдық келісімді бекітіп, оған заңды күш беруден бас тартқан болатын.Алайда, Лиганың Статутын дайындау кезінде АҚШ -тың президенті Вильсон жоғарыда аталып өтілгеніндей, бұл іске белсене араласты.

        Лиганы құру жөніндегі пікірді Вильсон алғашында Құрама Штаттар соғысқа кіріспей тұрғанда және оның баршаға белгілі белгілі болған 14-тармағында қисындастырылып, баяндалған бағдарламасын ұсынған болатын[3].

        Ұлттар Лигасының кемшіліктері, атап айтқанда оның Статутының табиғи байланыстылық тұрғысындағы кемшіліктері туралы аз жазылған жоқ.Осындай кемшіліктердің өзі кейін келе Ұлттар Лигасының құлауына ықпалын тигізгені талассыз.Алайда, Лиганың Статутында тұрған ешнәрсе жоқ. Лиганың құлауына осы ұйымға билік жүргізген империалистік саясат негізгі себеп болды. Яғни, осы саясаттың салдарынан Лига бейбітшілікті нығайту жолындағы нағыз шынайы жолды таңдай алмады.

       Ұлттар Лигасының Статутында агрессияға бұлтарыссыз тыйым салу туралы атап көрсетілмеген. Сондай — ақ, 12 және 15 — баптарға сәйкес, бұл ұйымның мақсаты мен атқаратын ісінің сипатына қатысы болмаса да, соғысқа бет бұру ресмилендірілді.

       Ұлттар Лигасы тарапынан жіберілген түпкілікті кемшіліктердің бірі, шын мәнінде оның Статутына сай Кеңес пен Жиналыста қабылданған саяси шешімдердің барлығын Лига мүшелері бірауыздан қабылдауын талап ететін  (5-бап). Мұндай жалған демократиялық бағыт әртүрлі мемлекеттердің халықаралық бейбітшілікті қолдау ісіндегі дара биліктерінен, жауапкершіліктерінен айырды. Сөйтіп, бұл ұйымның дүние жүзінде бейбітшілікті сақтау, агрессияға тегеурінді тойтарыс беру ісінде тиімді қызмет атқаруына мүмкіндік болмады.   

              Ұлттар Лигасының Статуында қарусыздану шараларын жүргізу қажеттігі туралы айтылған болатын. Іс жүзінде Лигада қарусыздану проблемалары түкке тұрмайтын, нәтижесіз пікір таласқа айналды. Осындай пікір таластардың барысында Лиганың Статутындағы кейбір баптар жекелей алғанда қарусыздану жөніндегі кеңестік ұсыныстың іске асыру үшін пайдаланылады. Ұлттар Лигасы жаппай қарулану ісіне ешқандай кедергі келтіре алмады.

       Өйткені, бұл зұлымдық әрекеттерді жүзеге асырып жатқан империалистік мемлекеттердің державалардың мұндай ниеттері болған да жоқ[4].

                       1934 жылы 34 мемлекеттің шақыруымен Кеңес Одағы Ұлттар Лигасының құрамына кірген болатын. Кеңес Одағының Лиганың мүшелігіне шақырылуы, мақсат-мүдденің сәтсіздікке ұшырауын білдіру еді. Бұдан былайғы уақытта халықаралық проблемалар Кеңес елінің қатысуынсыз шешілмейтін болды.

        Кеңес елінің Ұлттар Лигасының құрамына кіруге келісім беруі бұл елдің бейбітшілікті сақтау жолындағы алдағы уақытта жүзеге асыратын барлық күш-мүмкіндіктерін жаңа қырынан таныта білуіне жол ашты.Ұлттық Лигаға мүше болмастан бұрын да Кеңес Одағы осы халықаралық Ұйымның шақырған бірқатар конференцияларының және форумдарының құрған комиссияларының жұмытарына қатысқан болатын. Осы ретте Кеңес өкіметі бұл ұйым жұмысындағы шаруашылық мақсатқа лайықтылық, пайдалылық, адамгершілік, шыншылдық, әділеттілік тұрғысында тартымды нәтижелерге көмектескен болар еді [5].Сөйтіп, Кеңес елінің өкілдері Лиганың Еуропаның экономикалық мәселелерімен айналысатын комитеттері мен конференцияларының жұмыстарына қатысып, онда маңызды да ұтымды ұсыныстары бойынша сөз сөйледі.Кеңес Одағы , сондай-ақ конференцияның қарусыздандыру жөніндегі дайындау комитетінің және конференцияның жұмысына белсене қатысты. Кеңес елі тарапынан осы конференцияның күн тәртібінде қаралған қарусыздандыру, ең алдымен агрессияға қарсы тұру деген ұғымға кеңестік тұрғыдан баға беру — күні бүгінге дейін өзінің өміршеңдік мағынасын жойған жоқ.

        Кеңес елінің өкілдері Ұлттар Лигасының есірткіні тарату және ақша белгілерін жалған тәсілмен жасау мәселелері бойынша шақырылған халықаралық коференцияларына, сондай -ақ шетелдіктердің режимі, халықаралық құқықтың жекелеген тарауларына жататын мемлекет заңдарын бірыңғай жүйегекелтіріп, бірітіру мәселелеріне арналып шақырылған халықаралық Конференцияларға бақылаушылар немесе қатысушылар ретінде қатысты.

       Кеңес Одағы Ұлттар Лигасына кіруіне байланысты Кеңес өкіметі маңызды мәлімдеме жасаған болатын. Мәселен, 1934 жылдың 18-қырқүйегінде Ұлттар Лигасы Ассамблеясының мінбесінде мәлімдеме жасаған М.М.Литвинов: «Біз бүгін бұл Лиганың жаңа әлеуметтік, экономикалық мемлекет жүйесінің өкілі ретінде кіріп отырмыз. Осы ретте біз осы ұйымға өкілеттілігі бар басқа да мемлекеттер өздерінің саяси келбеттерін қалай сақтайтын болса,біздер де мемлекетіміздің қандай да бір ерекшеліктерінен бас тартпайтындай қалыпты сақтайтын боламыз».     

        Кеңес Одағы тарапынан Ұлттар Лигасының бұдан бұрын қабылдаған бірқатар шешімдері тұрғысында теріс пікір білдірілуі де принципті түрде маңызды жай болды. Шын мәнінде, бұл Лига Статутының кейбір ережелеріне және белгілі саяси себептерге байланысты еріксіз қабылданған шешімдер еді. Осыған байланысты, Кеңес өкіметі Лига Статутының 12, 15-баптарында көрсетілгендей, соғысты ресмилендіру кешірілмейтін кемшілік екендігі туралы және колониалдық мандат жүйесі тұрғысында қарсы теріс пікір айтты. Сонымен қатар, Кеңес елінің өкілдері Лига Статутының 23-бабында көрсетілген барлық ұлттар мен  нәсілдер тең құқықты екендігі мойындалмағанын ауқымды мәселе деп есептейтіндіктерін білдірді. «Осы ұйымға мүше болып кірген елдер ,- деп мәлімдеді Кеңес өкіметі,- өздерінің қатысуымен талқыланып, қабылданған шешімдерге моральдық тұрғыда жауапкер болып есептелуі тиіс».

        Кеңес Одағы Ұлттар Лигасына мүше болып кіргенде, осы уақытқа дейін Ұлттар Лигасының жалбарыну және қағаз жүзіндегі декларациямен шұғылдану сияқты пайдасыз әрекеттерден тез арада үзілді-кесілді бас тарта отырып, дүние әлеміне төнгенсоғыс қаупін болдырмау жолында тиімді және батыл түрде әрекеттер жасауы керектігін ерекше атап өтті. «Қазіргі замандағы саяси және экономикалық мүдделердің шоғырында кез-келген соғыстың аяғы насырға шауып, қайғы — қасірет әкелмей қоймайды.Көп реттте бір соғыс екінші соғысты тудырады.Біз кез-келген соғыс  ерте ме, кеш пе соғысқа қатысатын елдерге де, қатыспайтын елдерге де бақытсыздық әкелетіндігін ұмытпағанымыз жөн». Бұл ескерту асқан көрегендік болды.

        Империалистік ірі мемлекеттер Кеңес Одағының талпынысын қолдаудан бас тарта отырып, іс жүзінде агрессорларды қолдады.Сөйтіп, тарих алдында ауыр жауапкершілікті өздерінің мойындарына алды.

        Ұлттар Лигасында мүше болған бес жылдың ішінде Кеңес Одағы белсенді түрде қызмет жүргізіп, ұжымдық қауіпсіздік және соғыс өртін болдырмау жолында талмай күрес жүргізді.Қарусыздану, агрессорларды(шабуылдаушы жақты) анықтау, Қиыр Шығыстағы дау-дамйды реттеп, жөнге салу, агрессорларға қарсы жаза шараларын(санкцияны) күшейту, тағы да басқа көптеген маңызды мәселелерді ұсынған болатын. Бұл мәселелер Ұлттар Лигасының көпшілігі тарапынан қолдау таппағанымен, бүкіл дүние жүзі халықтарының қоғамдық пікірін жұмылдыруда маңызды роль атқарды.

        Кеңес Одағы тарапынан ұжымдық қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету бағытында Лиганың Статутын қолдану ісін жақсарту жөнінде де нақтылы ұсыныстар берілген болатын. Кеңес Одағы агрессияға қарсы Лиганың көмегімен күрес жүргізу мүмкіндігін толығымен пайдалану мақсатымен осы бағыттағы арнайы жауапкершілікті Лига Кеңесіне жүктеп және оны бейбітшілік мүдделерін қорғау жолындағы әрекеттерге мәжбүр етуді ұсынды.Лига Кеңесіне мүше елдің бірінде соғыс болған жағдайда, осы ұсыныстарға сәйкес бұл жағдай туындаған күннен бастап, үш күн мерзім ішінде Бас Хатшыға хабарлануы керек болатын.

        Кеңес шақырылған сәттен бастап, дәл осындай үш күндік мерзім ішінде ол Лига Статутының 16-бабына сәйкес қолдануға мүмкіндік беретін шарттар бар екендігі жөнінде шешім қабылдауы керек болатын.Бұл жағдайда агрессияның құрбаны болып отырған және соғыс өртін тұтатқан елдерді есепке алмағанда, ең кем дегенде Лига Кеңесі мүшелерінің  3/4 бөлігі дауыс берген жағдайда, бұл шешім қабылданды деп есептеледі. Лига құрамындағы Совет еліне қарсы жақтардың бұл іске кедергі жасау мақсатымен астыртын түрде қарсы әрекет істеп, іріткі салудың салдарынан бұл ұсыныстар да қабылданбаған күйінде қалды.

        1939-жылдың желтоқсан айында Ұлттар Лигасының Кеңесі өзінің соңғы сессиясына жиналған сәтте, өзін өзі өлтірушілікпен тең болатындай масқара іске барып, Кеңес Одағын Лига мүшелерінен шығару жөнінде шешім қабылданды. Сөйтіп бейбітшілік жолында белсенді күрес жүргізген жалғыз ел ресми түрдегі міндеті бейбітшілікті сақтай ісі болып табылатын ұйымның мүшелігінен шығарылды.

        Осы актіден кейін Ұлттар Лигасы іс жүзінде қызметін тоқтатты, ал          1947 -жылдың шілде айында бұл ұйымның жұмысы ресми түрде доғарылды. Екінші дүниежүзілік соғыс Ұлттар Лигасының «бейбітшілікті сақтаушылар» деген бет пердесін түпкілікті түрде әшкереледі.

        Ұлттар Лигасының қайғылы «тәжірибесі» адамзат баласы үшін қымбатқа түсті.Сондықтан да, Біріккен Ұлттар Ұйымын құрушылардың алдында осындай өрескел кемшіліктерді қайталамайтын және жер бетінде баяянды бейбітшілік салтанат құруын қамтамасыз ете алатын халықаралық ұйым құру жөніндегі маңызды міндет туындады.

          Лиганың тәжірибесі сондай — ақ, тиімді түрдегі ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру және қарусыздандыру бағдарламасын іс жүзіне асыру қажет екендігіне айқын айғақ болды.

 

  • Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу мәселелері.

 

       Біріккен Ұлттар Ұйымы бүкіл дүниежүзілік ұйым болғандықтан, үлкенді-кішілі мемлекеттердің арман — мүдделерін өз мойнына алды.Бүкіл жер шарын қамтитын тұрақтылық пен тепе-теңдік қалыпты сақтап тұруда бұл ұйымның атқарған ролі ерекше.БҰҰ адамзат баласының  XX-ғасырдың бірінші жартысындағы қолы жеткен өрелі табыстарының бірі болып табылады.

       БҰҰ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында гитлерлік Германия және оның одақтастарының сөзсіз жеңіліске ұшырайтындығы мәлім болған кезде, жаңа әлемдік тәртіп құру қажеттігіне байланысты туындаған ұйым.

        1944-жылдың 21-тамызында Думбартон — Окс (Вашингтон маңайындағы елді мекен) қаласында АҚШ, Англия және КСРО-ның өкілдері, бұдан соң АҚШ, Англия және Қытай елдерінің өкілдерінің қатысуындағы конференция шақырылған болатын. Конференциядағы Совет делегациясын сол кездегі  КСРО-нің АҚШ-тағы елшісі Громыко басқарды. Конференция бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық ұйым туралы ұсынысты, Жарғының жобасын және бұл ұйымды құруға байланысты басқа да материалдарды дайындады. Бұдан былайғы уақытта ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымы деп аталатын болды.

      Думбартон — Окста (АҚШ-та) өткізілген конференцияда КСРО, АҚШ, Англия, Қытай сияқты Ұйымның тұрақты мүшелері бірауыздан шешім қабылдаған жағдайда ғана Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері күші бар болуы қажеттігі жөнінде ұсыныс жасалды. Сөйтіп, бес ірі мемлекеттердің бірауыздылық қалыпта тыйым салу құқығы жөнінде талап туындады.

       Бұл ретте АҚШ бір ерекше жайды ескеруді ұсынды. Бұл ерекшелік бойынша Кеңеске мүше болып саналатын мемлекеттердің бірі қандай да бір дау — дамай жағдайларға араласатын болса, онда Кеңес осы дау-дамайлы мәселелер бойынша туындаған мәселені айқындау кезінде жоғарыда аталған Кеңес мүшесінің дауысы есепке алынбауы тиіс. Американдықтардың тарапынан ұсынылған бұл ұсынысты қабылдаудың нәтижесінде , ірі мемлекеттер осы ұсыныстың негізін бір-біріне қарама-қарсы қалыпта қоюы мүмкін еді. Соның салдарынан олардың араларындағы өзара қарым-қатынасқа айтарлықтай нұсқан келеді. Ірі мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттестік жағдайдағы қарым-қатынас болмаған жағдайда БҰҰ жан-жақты әрі көп жағдайды қамти алатын ұйым ретінде бар болуы мүмкін емес еді. Осындай жағдайда Батыс мемлекеттердің өз мүдделері тұрғысында дауыс беруінің салдарынан қандай да бір мемлекет немесе мемлекеттік топтарға қатысты әскери және экономикалық тұрғыдан жазалау жөніндегі шешімдер қабылдануы мүмкін еді. Осылай болған күнде сол мемлекеттермен және мемлекеттік топтпрмен дипломатиялық қарым-қатынастың үзілуі мүмкін екендігінен қауіптенген Кеңестер Одағы Америка Құрама Штаттарының Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беру тәртібін қабылдаудан бас тартты. Бұл мәселе Думбартон-Окста өткен конференцияда шешілмеген күйінде қалды.

        1944 жылдың желтоқсан айында АҚШ президенті Ф.Рузвелд Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беруді айқындайтын жаңа тұжырымдаманы ұсынды:                 » 1. Қауіпсіздік Кеңесінің әрбір мүшесі бір-бір даусқа ие болады. 2. Ресми тәртіп мәселесі жөніндегі Қауіпсіздік Кеңесінің жеті мүшесі дауыс берген жағдайда қабылданады.» Осыған орай жұмысының ресми тәртібін анықтау кезінде Кеңестің тұрақты мүшелерінің бірауыздылық жағдайда болуы талап етілмейді. Американдықтардың ұсынған  3-тармақты ұсыныстарының маңызы ерекше болады: » 3. Қауіпсіздік Кеңесінің басқа да көптеген мәселелер бойынша», басқаша айтқанда процедуралық мәселелер бойынша барлық тұрақты мүшелердің бір — біріне үйлес келетін дау-дамайға қатысушы жақтар Жарғының бөлімдеріне сәйкес келетін дау-дамайды бейбіт түрдегі қалыпқа келтіріп, реттеу мәселесін қамтитын шешімдерді қабылдау кезінде тартынып отыруы тиіс. Сөйтіп, осы ұсынысқа сәйкес бір ауыздылық принципі екі жағдайда: Қауіпсіздік Кеңесіндегі қандай да бір ресми істі (процедураны) анықтау кезінде және Кеңестің мүшесінің  (тұрақты мүшелерін қоса алғанда) дау-дамайға қатысты болып, осы дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу жөнінде шешім қабылдаған жағдайда, егер мәжбүр ету құралдарын қолдану арқылы — экономикалық, теміржолдық, теңіздік және басқа да байланыс түрін тоқтату, ақыр аяғында , әскери күштерді пайдалану туралы сөз болып отырса, онда Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері қандай да бір дау-дамайға қатысушылар болуына қарамастан, шешім Кеңестің тұрақты мүшелерінің бір ауыздылық қалпын алдын ала қарастырады.

        Қырым конференциясында үш мемлекетттің басшылары біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын дайындауды аяқтау мақсатымен 1945 жылдың сәуір айында Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясын шақыру жөнінде келісімге келді. АҚШ пен Англия, Украина мен Белорусь елдері БҰҰ ұйымын құрын ұйымдастырушы мемлекеттер қатарынан саналуы қажет екендігі жөніндегі КСРО-дің Сан-Францискода жасалған мәлімдемесін қолдауға міндеттенді.

1945 жылдың 25 сәуірі әлемдік дипломатиядағы умытылмастай оқиға болды. Бұл күні Сан-Франциско қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясы ашылды. Жер бетінде бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтау жолында бейбітшілік сүйгіш мемлекеттердің ықпалды күшін біріктіруге ундеп шақыру міндетін атқаратын халықаралық ұйымды ұйымдастыру бұл конференцияның басты мақсаты болды.

Сан-Францискода өткен конференция жұмысының қорытындысында жаңа халықаралық ұйымның іргетасы қаланды,

Жер бетінде бейбітшіліктің салтанат құруына деген талпыныстың зор болғаны сондай, конференцияға өкілетті болған өкімет басшыларының түгелі дерлік БҰҰ-ның Жарғысын бірауздан қабылдауға деген тілек-ниеттері зор болды.
         Конференцияға қатысқан елуден астам елдер БҰҰ-ның Жарғысына қол қойды. Конференцияға қатысушы елдердің қатарында — Австралия, Аргентина, Белоруссия, Бельгия, Боливия, Бразилия, Ұлыбритания, Венесуэла, Гаити, Гватемала, Гондурас, Греция, Дания, Доминикан Республикасы, Египет, Ирак, Иран, Канада, Қытай, Колумбия, Коста-Рика, Либерия, Ливан, Люксембург, Мексика, Нидерланды, Никарагуа, Жаңа Зеландия, Норвегия, Панама, Парагвай, Перу, Сальвадор, Сауд Аравиясы, Сирия, КСРО, АҚШ, Туркия, Украина,   Уругвай,  Филиппины,  Франция,  Чехославакия,  Чили, Эквадор, Эфиопия,  Югославия,   Оңтүстік Африка  Республикасы болды. Ал Польша конференцияға қатысуға ұсынылмағанына қарамастан, КСРО-ның талап етуінің арқасында БҰҰ-ұйымының бастапқы мұшесі ретинде БҰҰ-ның Жарғысына қол қою құқығына ие болды.

         Жарғынаң өз күшіне енуіүшін КСРЩ, АҚШ, Англия, Франция, Қытай мемелекеттері беітін, оған заңды кұш беруі (ратификация) қажет болды. 1945 жылдың 24  қазанында БҰҰ-ның Жарғысы өз күшіне енуіне байланысты бұл күн БҰҰ күні ретінде еркше салтанатпен аталып өтіледі.

Қызу пікір талас жағдайында БҰҰ Бас Хатшысының ролі мен занды құқығы туралы шешім қабылданды. Ал, Думбартон-Окста өткен конференцияда пікірлер бөлініп кетті. АҚШ президенті Ф.Рузвельд Бас Хатшының атқаратын қызметі тек мемлекеттер арасындағы «келістірушілік» қызметін атқаруға байланысты қызметпен шектелуі керектігін айтты.

Соған қарамастан, конференцияның аяғында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы бүкіл дүние жүзілік ұымның негізгі әкімшілік қызметін атқаратын негізгі тұлға болатындығы жайлы шешім қабылданды.

 

БҰҰ-ның  жүйе ретінде құрылу негізі

 

        Біріккен Ұлттар Ұйымының Жүйесі өзінің қазіргі заманға сай түрінде ұзақ уақыттар бойында қалыптасты.

БҰҰ жүйесі осыдан жүз жыл бұрын дүниежүзілік қауымдастықты басқару механизмі ретінде туындаған болатын. Он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде алғашқы халықаралық үкіметаралық ұйымдар пайда болды. Бұл ұйымдардың пайда болуына бір бірін жоққа шығаратын екі себеп себепкер болды. Біріншіден, ұлттық тәуелсіздік алу және дербес мемлекет болуға талпынған буржуазиялық демократиялық революциялардың пайда болуының нәтижесінде және екіншіден, мемлекеттердің бір-бірімен өзара тәуелді және өзара байланысты болуы жөніндегі теңденцияны тудырған ғылыми техникалық революцияның жемістері себепкер болды.

          Алғашқы халықаралық ұйымның тууы жөніндегі күні бүгінге жиін талас тудырып келеді. Халықаралық аренадағы заңгерлер мұндайда    1815   жылы    Реин   өзені    бойында   туындаған    кеме қатынасы  жөніндегі орталық комиссияны атап көрсетеді. Қатаң түрдегі   арнайы   құзырлық   билікті   сипаттайтын   халықаралық өзендердің  бойымен  Еуропа және  американдық комиссиялардан басқа Батыс   Ириан  сияқты   «шын  мәнінде»   колониалдық  емес квазикониалды)    ұйымдар   он   тоғызыншы   ғасырда   құрыла  бастаған болатын. Мәселен, Батыс Иран және әкімшілік одақтар ұзақ уакыт өмір сүрген жоқ.

                 Әкімшілік одақтары ғана үкіметаралық ұйымдарды дамытудың анағұрлым ыңғайлы да қолайлы түрі екендігі мәлім болды.

               Үкіметаралық ұйымдар мемлекеттердің белгілі бір салалары арнасында өзара әрекеттестік жағдайында қызмет атқару ісін басты міндет етіп қойған әкімшілік одақтарына ұқсас түрінде тұтас бір ғасыр бойына өркендеді.

Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде көптеген мемлекетттердің жайбарақат қалыппен дамуы белгіленген.

Соғысты   болдырмау   және   бейбітшілікті   қолдау   жөніндегі бүкіл жер шарын қамтитын (глобальды) үкіметаралық ұйымдарды құру идеясы бұрынғы кездерден-ақ адамдардың ой-санасын билеп келді.

Ұлттар Лигасына негіз болған (1919 ж.) осындай жобалардың бірі Саяси және халықаралық өзара қарым-қатынас жағдайында бірлесіп қызмет істеудің тиімді құралы (инструменті) бола алмады.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан екінші дүниежүзілік соғыс болған аралықтардағы   уақыт   ішінде   халықаралық   бейбітшілік және кауіпсіздік    проблемаларын    жасау    ісі    өте    баяу    түрде  атқарылды.

Екінші дүниежүзілік соғыс өзінің ауқымы, фашистік армиялардың қолданған зорлық-зомбылық шаралары (террор) бейбітшілік және қауіпсіздік ісін ұйымдастыру жөніндегі өкіметтік және қоғамдық қызметке бастайтын мықты ықпалды күш болды.

Өкіметтік деңгейдегі халықаралық бейбітшілік ұйымын құру мәселесі   шын    мәнінде   соғыстың   алғашқы   күндерінен   бастап туындады. Ғылыми әдебиеттерде одақтастардың ішінде кім және қандай құжат бойынша Бірріккен Ұлттар Ұйымын құру жөнінде бірніші болып ұсыныс жасағандығы жөнінде ала ауыздық белгісі байқалады. Батыс елдерінің ғалымдары 1941-жылдың 14-тамызында Рузвельт пен Черчильдің Атлантикалық Хартиясын осындай құжаттардың қатарына жатқызды. Кеңес зерттеушілері 1941-жылдың 4-желтоқсанында жарық көрген Кеңестік-Польшалық халықаралық саясат жөніндегі бірігіп жасаған мәлімдемесіне (декларациясына) сүйене отырып, сілтеме жасайды.

1941 жылдың 14 тамызында Франклин Делано Рузвельт және Құрама Корольдіктің премьер-министрі Уинстон Черчилль «соғыс жағдайында да, бейбітшілік жағдайында да басқа да еркін елдермен бірге жұмыс істеуге деген ықыласы негізінде» міндеттеме қабылдайтыдықтары жөніндегі құжатқа қол қойған болатын. Кейін келе бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталған халықаралық жағдайда бірлесіп қызмет істеу принциптер жинағы Атлантикалық Хартия деген атты иеленді. Біріккен Ұлттар алғашқы нұсқалары 1944 жылдың қыркүйек-қазан айларында Вашингтон конференциясының мәжілісінде жасалған болатын. АҚШ, Құрама Корольдік, КСРО және Қытай қатысқан осы конференцияда болашақ ұйымның мақсаты, құрылымы және атқаратың қызметі жөнінде келісім жасады.

Бейбітшілік, қауіпсіздік және мемлекетаралық қарым-қатынас жағдайындағы қызметтестік ісінің барлық салаларында кең ауқымды құзыры бар саяси сипат, осы ұйымның ең көрнекті ерекшеліктері болып саналады.

Бейбітшілікті нығайту ісін қолға алумен айналысатын жаңа ұйым  құрылған күннен бастап барлық мемлекеттердің экономикалық және әеуметтік даму мәселелері тұрғысында өзара әрекеттестік жағдайында бірлесіп қызмет етулеріне деген сенім пайда болды.

Айта кететін жайт, алғашқы кезде жаңа өкіметаралық ұйымның құзырындағы қызметтер көлемі жөнінде одақтас мемлекеттердің түсініктері бір-бірімен сәйкес келмейтін еді.

Кеңес елінің өкілдері үлкенді-кішілі мемлекеттер араларындағы экономикалық қатынастарды оңды арнаға бағыттау қажеттігі және басқару ісі мемлекеттердің тікелей ішкі қызметтерінің құзырында болуы қажеттігі жөніндегі сара пікірлерін көпшіліктің назарына ұсынды. Экономикалық қатынастарды халықаралық-құқықтық тұрғыда басқарып, жөнге салу (регулирование) туралы ұсыныстар мемлекеттің дербестігін құрметтеу және мемлекеттің ішкі қызметіне араласпау жөніндегі қағидаларға қарама қайшы келді.

Экономика  саласында  өкіметаралық  ұйым  құру  нарықтық либерализм     принциптерімен     үйлеспейтіндігі     жөнінде өзінің ұстанатын позициясын  білдірді.  Бірінші кезекте жеке меншікке қол    сұқпаушылық    және    мемлекеттің    ішкі    экономикалық байланыстарына араласуға шектеу қою туралы сөз етті.

                 Сөйтіп,   әлеуметтік   экономикалық   салада   БҰҰ   Ұйымының құзырлығы жөнінде бірауыздылық байқалмады. Бір-біріне толық турле қарама-қарсы келетін екі жақтың өкілдері Ұйымның кен ауқымды   құзыры   мемлекет   аралық   әлеуметтік   экономикалық даму саласындағы өкілеттік құзыры заң жолына қайшы екіндігі  жөнінде екі жақтың өкілдері бір-біріне толық түрде қарама қарсы келетін ұсыныс пікірлерін білдірді.

Ақыр аяғында дипломатиялық шараларды қолданып болған соң,   Біріккен    Ұлттар   Ұйымының   үлесіне   мемлекет   аралық экономикалық  әләуметтік экономикалық салада өзара әрекеттестік жағдайында қызмет атқару ісін үйлестіру жөнінде өзара келісуден туатын келісім (компромисное) тұрғысындағы шешім қабылданды[6].

Үйлестірушілік және келісімге келтіру (координация) жөніндегі міндеттер жалпы түрде қисындалып, мазмұндалып, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңеске жүктелді.[7] Қауіпсіздік Кеңесіне қарағанда ЭӘК бастапқы кезде өз саласында мейлінше қысқартылған құзырларға ие болып жүрді.

Соңғы болған жағдайлар БҰ Ұйымына мемлекеттердің әлеуметтік экономикалық мәселелер тұрғысындағы өзара байланысты жағдайдағы қызметтестіктің байыпты орталығына айналуына жол ашпады.

БҰҰ-ның бұл процестер тұрғысындағы құрылымдық параметрлері тар болғандықтан, үкіметаралық институттар жүйесін құру қажет болды. Бұл институттар үшін БҰҰ үйлестіру орталығы ретінде қызмет етті. Бұл жүйеге бұрыннан бар және жаңадан құрылған, арнайы мамандандырылған үкіметаралық ұйымдар енді.

Ұлттар Лигасының бұл мәселе тұрғысындағы тәжірибесі БҰҰ Жарғысында ескерілді. Өйткені, бұл құжатта БҰҰ-ның ЭӘК арнайы келісімін жасау тәртібі жағдайында арнайы мамандандырылған мемлекет аралық мекеме Біріккен Ұлттар Ұйымымен байланыс жасайды.

Сөйтіп, арнайы мамандандырылған мемлекет аралық мекемелер үкіметаралық дербес ұйым күйінде қалды. Ал олардың БҰҰ мен байланысы өзара әрекеттестік жағдайында қызмет ету және іс-әрекеттерді үйлесімге келтіру сипатына ие болды.

 

1.3. БҰҰ-ның қызметін реттеудің құқықтық жағдайы

 

Жарғыны бекіту

БҰҰ-ның Жарғысын жасау кезінде Қауіпсіздік Кеңесінде қабылданатын мәселелердің тәртібі жайлы ұйғарым жасап, келісім қабылдауға байланысты мәселелерді қабылдау кезінде өте көп қиындықтар туды. Ұйым барлық мемлекеттердің, атап айтқанда бейбітшілікті қамтамасыз ету барысында анағұрлым көп дәрежедегі ықпалды күші бар ұлы мемлекеттердің өзара ынтымақтастық, қарым-қатынас жағдайында қызмет етуінің манызды құралы болуы қажеттігі ескерілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын бекіту тәртібі оның — 110 бабында белгіленген. Жарғының баптың мәтіні Сан-Францискода өткен IV-2 Комитет 4 ірі мемлекеттердің ұсыныстары бойынша дайындап, жасаған болатын. Осы   баптың   1   тармағына   сәйкес   «Жарғыға   қол   қоятын мемлекеттердің конституциялық тұрғыда қандай да бір істі атқару тәртібіне сәйкес бекітіледі», — деп көрсетілген.

                 Бұл конституциялық іс атқару тәртібі әртүрлі мемлекеттерде бір бірімен   ұқсамайтын  қалыпта  болып  келеді:   бір  мемлекетте халықаралық келісімді бекіту үшін бұл ресми іске парламенттің немесе оның   палаталарының   бірі   қатысуы   талап   етілсе,   басқа мемлекеттерде шартты бекіту ісі мемлекет басшысының төтенше билігіне жатады.  Халықаралық келісімдерді бекіту ісі әсіресе Америка Құрама Штаттарында өте күрделі болып келеді. Бұл істі   жүзеге   асыру   үшін   сенаттар   мәжілісіне   қатысушы сенаторлардың   кәсіби   жағынан   әбден   ысылған   сенаторлардың көпшілік  бөлігінің (2/3) келісім беруі талап етіледі.    

Сонымен, 1945 жылдың 27 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының бастапқыда сайланған мүшелерінің барлығы — 51 мемлекет Біріккен Ұлтар Ұйымының Жарғысын бекітуге қатысты.

         Әдетте, бекітілген грамоталар халықаралық келісім қай елдің территориясында    қабылданса, сол мемлекетке сақтауын сол мемлекетке сақтауна өткізу дәстүрге айналған болатын. Осыған орай БҰҰ Жарғысының 210 бабының   2-тармағына   сәйкес:   «Бекітілген   грамоталар   Америка Құрама   Штаттарының   Өкіметіне   сақтауға   өткізілуі   тиіс»    депжазылған    болатын.    Жарғыға    кол    қойған    үлкенді-    кішілі мемлекеттердің барлығы өзддерінің грамоталарының сақтауға тапсырылғандығы жөнінде хабарлама жасап тұруға міндетті болатын» (ол тағайындалған жағдайда).

Жарғының 110 бабындағы 3-тармаққа сәйкес: Қытай Халық республикасының, Францияның, Советтік Социалистік республикалар Одағының, Ұлыбритания құрама корольдігінің және Солтүстік Ирландия мен Америка Құрама Штаттарының және Жарғыға қол қойған басқа да мемлекеттердің бекіту грамоталары сақтауға өткізілген күннен бастап Жарғы өз күшіне енеді (мемлекеттер бұл ретте ағылшын тілінде жазылған атаулары бойынша алфавиттік тәртіппен аталып өтіледі. С. К.) Америка Құрама Штаттары халықаралық шарттың бекітілуі жөніндегі грамоталардың сақтауға өткізілгендігі туралы хаттама жасап, оның көшірмесін Жарғыға қол қойған мемлекеттерге жеке-жеке салып жіберді.

Сөйтіп, Жарғы ол 5 ірі мемлекет және басқа да мемлекеттер қол қоюымен өз күшіне енді.

Яғни, Жарғы өз күшіне ену үшін 29 бекіту (5+24) болып және бұл мемлекеттердің қол қойған бекіту грамоталары АҚШ өкіметіне сақтауға өткізілуі тиіс болатын. Сақтауға 29-грамота тапсырылғанда, Жарғының өз күшіне енуі айқындалады. Осыдан кейін АҚШ өкіметі жоғарыда аталып өтілген хаттаманы жасап, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдерге осы құжаттың көшірмесін салып жіберуі керек.

 

 

II БӨЛІМ. БҰҰ-ның ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ.

 

2.1. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес жаңа дүниежүзілік ұйымның алты негізгі
органы құрылған, олар: БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі, Бас Ассамблея,
Хатшылық, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Қамқоршылық кеңесі,
Халықаралық соты. Сонымен бірге, Жарғыда Бас Ассамблеяның келісімімен
ББҰ-ның мамандандырылған мекемелері ретінде басқа да өзін-өзі басқаратын ұйыдарын құруға жол беріледі; атап айтқанда  осы ереже Қауіпсіздік Кеңесіне бітімгершілік күштерін құруға мүмкіндік берді.

 

ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ

Мүшелік. Қауіпсіздік Кеңесін 5 тұрақты мүше — Ұлыбритания, Қытай, Ресей (іс жүзінде КСРО-ның мұрагері), АҚШ, пен Франция және Бас Ассамблея екі жыл мерзімге сайлайтын 10 мүше кіреді; қайта сайлауға жол берілмейді. Тұрақты емес мүшелер мына аймақтардан: Африка мен Азиядан, Шығыс Еуропадан -1, Латын Америкасынан -2 жэне Батыс Еуропадан -2, сондай-ақ, Австралия мен Канаданы қоса алғанда, басқа аймақтардан да сайланады. Қауіпсіздік Кеңесі оның үздіксіз қызмет атқаруы, ал оның мұшелері әрбір өкілінің БҰҰ-ның штаб-пәтерінде тұрақты болуы көзделіп құрылады. Кеңесте төрағалық ету әрбір мүшеге бір ай бойы беріледі, төрағаларды белгілеу олардың есімдерінің ағылшын әліпбиі бойынша орналасуына сэйкес жүргізіледі.[8]

Өкілеттігі. Жарғыны жасаушылар Қауіпсіздік Кеңесін (ҚК) ұйымның шешуші элементі ретінде қарастырған. Соғыс кезінде Үлкен бестік БҰҰ топтарында үлкен бестік ретінде белгілі Тұрақты мүшелер кеңесіне

біріктіріледі, оның бейбітшілік пен қауіпісіздік жөнінде кең өкілеттіктері болады. Жарғының басқа ережелерінде тек ҚК-нің қарарлары ғана міндетті болады деп пайымдалады; БҰҰ-ның барлық басқа органдар шешімінің тек ұсынымдық сипаты бар. Бұл Кеңес пікірсайыстар ұйымдастыруы және оны бейбіт жолмен шешуді қамтамсыз етудің құралдарын ұсынуы мүмкін немесе оның әр алуан санкцияларды — дипломатиялық қатынастарды үзуден бастап ұжымдық әскери шараларды қолдануға дейін құқығы болады. Жарғы бойынша Әскери-штаб комитеті құрылған, ол БҰҰ-ның бітімгершілік күштерінің әскери операцияларының «стратегиялық бағытын» анықтайды (бұл орган ешқашан да қызмет атқарған емес).

Бітімгершілік күштеріне бақылау жасаудан басқа, Қауіпсіздік Кеңесі Бас Ассамблеяға жаңа Бас Хатшыны тағайындауға қатысты ұсыным береді[9].

Міндеттері.     Қауіпсізідік  Кеңесі     құрамының     аз   болуы оның

отырыстары мен акцияларын жедел өткізуіне жәрдемдесетін маңызды фактор. Сонымен бірге, оның тұрақты мүшелерінің бірауызды шешімі қажет болған кезде елеулі рәсімдік проблемалар туындайды.

Қырғи-қабақ соғыстың нәтижесінде қалыптасқан батыс пен шығыс саяси блоктарының арасындағы бөліну бағыты Кеңес тарихының үлкен бөлігі бойында оның қызметіне кеселін тигізді. Кеңестік блоктың ыдырауымен бірінші кезекке бай және кедей елдер арасындағы қайшылықтар қойылды. Қаржы және саяси ынталандыруларды пайдалану немесе Кеңеске кіретін дамушы елдердің үкіметтеріне қоқан-лоққы жасау, оларды ықтимал пайдалану мүмкіндіктеріне ие бола отырып, АҚШ осы алауыздықтарды жойып, ортақ шешімдер қабылдауға қол жеткізді.

Отырыстары. Ресми түрде Қауіпсіздік Кеңесі ұдайы отырыс өткізеді, сонымен бірге жалпыға бірдей бейбітшілікке елеулі қатер төндіретін мәселелерді жедел қарау үшін де жиналуы да мүмкін. БҰҰ-ның бас хатшысы, кез келген органы, немесе БҰҰ-ның кез келген мүше мемлекеттері Қауіпсіздік Кеңес отырысын шақыруды талап етуі мүмкін. Кеңесте төрағалық ету әр өкілге бір ай бойы беріледі, оларды белгілеу елдер атауларының ағылшын әліпбиінде берілуі тәртбінде жүргізіледі.

Дауыс беру. Бейбітшілікті қолдау үшін жауапкершілікті өзінің міндетіне алған Үлкен бестік елдері Қауіпісіздік Кеңесіне тұрақты мүше болуды және оның өздері үшін кез келген елеулі мәселе бойынша тыйым салу құқығын қоса алғанда, белгілі бір артықшылықтарды талап етті. Жарғыда тыйым салу «Кеңестің тұрақты мүшелерінің бірауыздылығы принципі» ретінде белгілене тұрса да, іс жүзінде ол шешіммен келіспеуді білдіреді. Тыйым салу құқығы БҰҰ-ның жаңа мүшелерін қабылдау кезінде, бейбітшілікке қатер төндіретін қадамдарға қарсы әрекеттер кезінде, жанжалдарды бітімгершілікпен шешу туралы ұсыныстар бойынша, Жарғыға толықтырулар ензізуді талқылау кезінде және бас хатшыны сайлау кезінде қолданылады. Ол ол ма, Үлкен бестік дауыс беру рәсімдерінің принципті сипаты болады және осының нәтижесінде ол тыйым салу құқығына жатады деп тұжырымдады. Сөйтіп, алғашқы сәттен-ақ тыйым салу құқығын дерліктей шектеусіз қолдану осы органның тиімді жұмыс істеуіне күмән келтірді.

Алайда, бұл құқық мейлінше сирек қолданылды, өйткені Қауіпсіздік Кеңес бірауыздылықты қамтамасыз ете отырып, тыйым салу құқығын қолдануға қатерлі қарарды жұмсартуды көздеді. КСРО тыйым салуды, әдетте, батыстық бағдар ұстаған мемлекеттердің БҰҰ-на қабылдауға кедергі келтірді. Бұндай кедергілерді алғашқы жылы жиі пайдаланды. АҚШ тыйым салу құқығын 1970 жылы алғаш рет қолданды және содан бері қарай оны көбінесе адам құқығына қатысты Израиль саясатын сынайтын мазмұндағы қарарлардың тармақтарын талқылау немесе олардың араб жерлерін басып алуын айыптау жағдайларында қолдануда.

Тарихы. 1950-ші жылдардың бас кезінде қырғи-қабақ соғыстың күшеюі салдарынан ҚК-нің маңызы нашарлай бастады. Осыған сәйкес халықаралық бейбітшілік пен кауіпсіздік проблемасы барған сайын Бас Ассамблеяның талқылауына шығарылып жүрді. Кеңес отырысы сирек ретте: мысалы, егер 1948 жылы ол 168 рет жиналса, 1955 жылы тек 23 қана отырыс өткізді.

1960-шы жылдары Кеңестің бұрынғы маңызы қайтадан жандана түсті. КСРО мынадай қорытындығы келді: өмірлік маңызы бар мәселелер жөніндегі шешімдерді мүмкіндігі аз Ассамблеядан гөрі Қауіпсіздік Кеңесінде қабылдау жақсы болар еді деген пікірді ұстанды. Бұл көзқарасты Вашингтон қостады.

Көкейтесті проблемаларды шешуге ұмтылыс жасай отырып, Қауіпсіздік Кеңесі барлық уақытта да тиімді іс-қимыл жасай қоймады. 1946 жылы оған Иран мен КСРО-ны келісімдер столына отырғызудың сәті түсті. 1947-1949 жылдары    БҰҰ    Индонезияның       Құрама    Штаттары    мемлекетін   құруға жәрдемдесті. ҚК-нің   1946-1955 жылдарға дейін созылған   Грек және КСРО  арасындағы дау тұрғысындағы айқындамасы  онша  сенімді бола қойған жоқ.

         1947 жылы басталған Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир үшін күресте ҚК делдалдық тактикасын ұстанды, бірақ ол ұзақ мерзімді келісімге қол жеткізе алмады.1967 жылы Кеңес алты күндік араб-израиль соғысының қызу атыстарын тоқтатуға қол жеткізді. Израиль № 242 қарарға сәйкес соғыс кезінде басып алған аумақты босатуға тиіс бола тұрса да, АҚШ-тың тыйым салуы Израиль эскерлерін мәжбүрлі түрде шығаруға жасаған әрекеттерін тежеді. 1968 жылы Батыстың бастамашылығы бойынша КСРО-ның Чехославакияға баса-көктеп енуі айыпталды, бірақ тиісті шешім КСРО-ның тыйым салуымен тұйыққа тірелді. АҚШ Кеңесте өзінің көпшілік дауысынан айырылғандықтан, ол жиі ретте тыйым салу құқығына жүгінді. 1970 жылғы наурыз айында АҚШ алғаш рет Оңтүстік Родезиядағы (қазіргі Зимбабведегі) ақ азшылықтың билеуші режиміне қарсы күш қолдануының жолын кесу үшін тыйым салу құқығын пайдаланды. 1977 жылы АҚШ ОАР-на қару-жарақ жеткізуге тыйым салуды санкциялады, сонымен бірге, оңтүстік африкалық үкіметке қарсы толық көлемде экономикалық санкциялар енгізуді көздеген қарарына тыйым салған Ұлыбритания мен Францияға қосылды.

1978 жылғы желтоқсан айында, Вьетнам Кампучияға баса-көктеп енген кезде қызылдар тобырлары тарапынан зұлматты тоқтату үшін басқыншылық шабуылды айыптаған Кеңес қарарына КСРО тыйым салды. Қарарды Демократиялық Кампучияның БҰҰ-дағы өкілі қызылдар тобырларының үкіметі атынан ұсынды. Осыдан 12 жыл өткен соң Кеңес Кампучияға БҰҰ-ның ең ірі бітімгершілік адамдар тобын кіргізді, оның құрамында 22 мың әскерилер мен азаматтар болды, олар барлық үкіметтік қызметтерді және 1993 жылы өтетін сайлауға дайындықты бақылауды жүзеге асыру үшін жіберілді.

1980 жылы Кеңес әскерлері Ауғанстанға басқыншылықпен кірді. КСРО агрессияны айыптауымен байланысты Кеңестің қарарына тыйым салды. Он жыл дипломатиялық күш-жігер жұмсаудан және кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығарғаннан кейін Қауіпсіздік Кеңес бейбітшілік процесін қолдап, сайлауға БҰҰ-ның байқаушыларын жіберді.

Сондай-ақ, осы жылдары Қауіпсіздік Кеңес Никарагуадағы жанжалдармен де айналысты. 1983 жылдан бастап Никарагуадағы соғысты болдырмау жөнінде шаралар қолданылды, ал, 1985 жылы Кеңес Никарагуаның саяси, экономикалық және әлеуметтік проблемаларын сырттан араласуынсыз шешу құқығын растады. 1979 жылғы Иран революциясынан кейін Кеңес АҚШ-тың кепілге алынған адамдарын босатуға бірауыздан шақырды, бірақ, бұл ұмтылыс табысқа жетпеді. Кеңестің Иран-Ирак соғысын аяқтауға жұмсаған күш-жігері көптеген қарарлар қабылдауға келіп сайды: 1987 жылғы № 598 шілдедегі қарарда атысты тоқтатудың негізгі шарттары анықталды. Кеңес, сонымен бірге атысты тоқтатау жөніндегі келісімді бұзған жағдайда оны қадағалу үшін байқаушылар тобын құрды.

1987 жылы Таяу Шығыста Палестина шырғалаңы  басталды. АҚШ Кеңестің басқа мүшелерінің қысым жасауымен жаулап алған аумақтарда палестиндіктердің тұруы жағдайларын зерттеу үшін Бас хатшының өкілін жіберумен келісті. Бірақ бұл қадам да жағдайды онша-мұнша өзгерте алмады. 1990-1991 жылдардағы Парсы шығанағындағы дағдарыс салдарынан Таяу Щығыстағы жағдай мейлінше қиындап кетті. Кеңес израилдықтардың, Палестинаның бейбіт халқына қарсы әскери қимылдарына қалайша жауап қайтару туралы пікірсайысқа кірісті. 1990жылы Омар мешітіндегі кемінде 18 палестиндіктің өлтірілуін айыптаған қарар қабылдауы 7 апта кейінге  қалдырылды, өйткені АҚШ-тың дипломаттары оның тұжырымдамаларын жұмсарту бағытында жұмыс істеген еді.

Кеңес елі белсенділігінің арта түсуі 1990-1991 жылдардағы Парсы шығанағындағы дағдарыстың шиеленіскен кезіне жатады. 1990 жылғы 2 тамызда Ирактың Кувейтке шабуыл жасауынан кейін бірнеше сағат өткен соң, АҚШ елшісі Томас Пикеринг Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше отырысын шақыруын талап етті. № 660 қарар бұл шабуылды айыптады, ал 1990 жылғы 29 қарашадағы № 678 қарар жекелеген елдерге Иракка қарсы тұруға рұқсат етті. Оны қабылдау үшін Кеңестің 12 мүшесі дауыс беріп, 2 мүшесі (Куба мен Иемен) қарсы болды және біреуі (Қытай) қалыс қалды. Мүше мемлекеттердің қолдауына қол жеткізген АҚШ бұрын-соңды болып көрмеген экономикалық және саяси әрекеттерге барды. Дауыс беру сонымен бірге кеңестік блоктың құлауымен және одан кейінгі КСРО-ның ыдырауымен байланысты Қауіпсіздік Кеңес ендігі жерде екі өктем державаның қарсы тайталасының қисынына бағынбайтынын білдірді. Қауіпсіздік Кеңес талқыламастан тұрақгы мүше ретінде Ресей Федерациясын КСРО-ның орынымен ауыстыру туралы шешім кабылдады.

1992 жылы Кампучия жөніндегі келісімге БҰҰ-ның мандаты талабын -қарусыздану талабын орындаудан қызылдар тобырларының бас тартуы қауіп төндірді. Әрбір үш ай сайын Иракка қарсы санкция қайта қалпына келтірілді, мұның өзі Саадам Хұсейнді өкімет басынан кетіре алмады. Сомалидегі азаматтық соғыс мыңдаған адамдардың ашықтыққа ұшырауына әкеп соқты, бірақ Қауіпсіздік Кеңес соғыс жеткізілімдерін тоқтатуды енгізуден басқа ештеңе де істей алмады.

КСРО-да және Шығыс Еуропада коммунистік режимнің құлауынан кейін Грузия және Молдово сияқты жаңа, тәуелсіз мемлекеттерде, сондай-ақ Таулы Карабахта этникалық күш қолдану әрекеттері өрши түсті. Қауіпсіздік Кеңес өзінің қызметін жаңа жанжалдарды, бірінші кезекте Босния мен Герцеговинадағы жанжалдарды шешуге шоғырландырды.

 

БАС   АССАМБЛЕЯ

 

Мүшелік. БҰҰ-ның барлық мүше елдері Бас Ассамблеяда бір дауыспен өкілдік етеді.[10]

Өкілеттігі. Бас Ассамблея форум ретінде онда дүниежүзінің ұлттарына «кез келген мәселелерді немесе істерді Жарғының шектерінде талқылаудың»

кең мүмкіндіктер берілуі тиістігіне ден қойды. Бұл БҰҰ-ның ең толық билікті органы емес, қайта аса ірі және барынша өкілді органы, өйткені Ассамблея өзінің шешімдерін іске асыруға мәжбүрлеу өкілдіктері жоқ. ҚК-нің шешімдерінен өзгешелігі Ассамблеяның қабылдаған қарарлардың міндетті күші болмайды, бұл орайда ұлттардың бірде-бірі оның шешімдеріне тыйым алмайды.

Бас Ассамблея Экономикалық және Әлеуметтік кеңестің, Қамқоршылық кенесінің, сондай-ақ арнаулы мекемелердің қызметін бақылайды; оған сондай-ақ шешуші, сайлау міндеттері жүктеледі. Қауіпсіздік Кеңесімен бірлесіп Ассамблея бас хатшы мен халықаралык соттың судьяларын сайлайды; ол БҰҰ-на жаңа мүшелер қабылдау туралы шешім қабылдайды. Ассамблея, сонымен бірге, тұрақты мүшелерді сайлайды. Ақыр соңында, ол БҰҰ-на мүше мемлекеттердің әрқайсы жарнасының мөлшері мен Ұйымның бюджетін анықтайды.[11]

Міндеттері. Тұрақты өткізілетін сессияларынан басқа, Бас Ассамблея комитеттер мен аймақтық топтардың ықтимал құрылымдарын пайдалану арқылы жұмыс жүргізеді; бұл әр түрлі мемлекеттерге олардың аймақтарының мүдделері мен артықшылықтарының БҰҰ-дағы өкілдіктерінің барабар болуы мүмкіндіктеріне сенімін арттырады. Бұл топтар, сонымен бірге, мемлекеттерді іріктеп алуға қатысады, олар айналым рәсіміне сәйкес Қауіпсіздік Кеңесіне кіруге тиіс.

Сессиялары. Ассамблея кезекті сессияларын жыл сайын, қыркүйек айының үшінші сейсенбісінен бастап өткізеді; сессия әдетте үш айға жуық өтеді. Кезекті сессиялардан басқа Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің немесе БҰҰ-ы мүшелері көпшілігінің талап етуі бойынша арнаулы сессиялар өткізеді. «Бейбітшілік пайдасы үшін бірлік» қарарының (1950) шарттары бойынша бейбітшілікке қатер төнген жағдайда Ассамблея 24 сағат ішінде төтенше сессияға жиналуы мүмкін.

Ассамблея жыл сайын жаңадан төраға, төрағаның 21 орынбасарын және жеті негізгі тұрақты коиттеттердің төрағаларын сайлайды. Ассамблея

төрағасы оның жұмысын Бас комитет арқылы басқарады.

        Дауыс беру. Бас Ассамблеяда шешімдер негізінен жай көпшілік дауыспен қабылданады. Алайда Жарғыға сәйкес шешуші мәселелерге қатысты қарарлар (бітімгершілік қарарлары мен жаңадан мүшелерді сайлау) үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылдануға тиіс.

        Комитеттер. Ұлттық заң шығарушы жналыстар секілді Ассамблея комитеттерге бөлінеді. Оның құрамына 7 тұрақты комитет; Арнаулы саяси комитет; Бірінші комитет (қарусыздану және қауіпсіздік мәселелері); Екінші комитет (экономикалық және қаржы мәселелері); Үшінші комитет (әлеуметтік, ізгілікшілдік мәселелері мен мәдениет мәселелері); Төртінші комитет (қамқоршылыққа алынған аумақтар және отарсыздандыру мәселелері); Бесінші комитет (әкімшілік және бюджет мәселелері) және Алтыншы комитет (құқықтық мәселелер). БҰҰ-ның әрбір мүше мемлекетінің осы комитеттердіңғ кез келгенінде өкілдік ету құқығы болады.

        Тарихы. Қырғи-қабақ соғыс жылдарында АҚШ әдетте алға қойған мақсаттарына жету үшін Бас Ассамблеяға қысым көрсетудің өз әдістерін пайдаланды. 1945 жылы БҰҰ-на алғаш болып енген 51 мемлекеттің кемінде 35-і АҚШ-пен тікелей байланысты болды. КСРО-ның екі республикасы – БҰҰ-на өкілдік еткен тек 5 мемлекет қана КСРО жағында болды және барлығы 10 мемлекет блокқа қосылмағандар деп есептелді. Азияның, Африканың және Латын Америкасының жуықта бостандық алған және отар елдерінің сол кезде іс жүзінде өкілдіктері болмады. АҚШ делегациясы сол жылдары көпшілік дауысқа жеңіл ие болды. Ал, қажет болғанда үштен екі көпщілік дауысына ие болды.

Белоруссия мен Украина Жарғыға жеке мүшелер ретінде қол қойды. 1945 жылы Жарғыға қол қойған 51 мемлекет үшін қабылданған уақыты келтірілмейді. 1990-1991 жылдары осы құрамдағы екі мемлекет КСРО мен Югославия – ыдырады. 1992 жылы Ресей БҰҰ-ның барлық органдарында КСРО-ның мирасқоры деп танылды. 1973 жылы Шығыс және Батыс Германия БҰҰ-ның мүшелері болды. 1990 жылы елді біріктіру жүргізілді.

1947 жылғы 9 қарашада Бас Ассамблея араб және еврей мемлекеттерін құру арқылы Палестинаның бұрынғы қосымша мандатты аумағын бөлуге қатысып № 181 қарарды қабылдады. Бірнеше ай өткен соң Израиль мемлекеті жарияланды, алайда араб мемлекеті пайда болмай қалды.

         БҰҰ-ның алғашқы кезеңінде Қауіпсіздік Кеңесі Шығыс пен Батыс арасындағы күрестің боданы болған кезде, Бас Ассамблеяның бас комитеті немесе Кіші Ассамблеяны құру жөнінде дауыс беруді жүргізді, ол қажет болған жағдайда Ассамблея сессиялары аралығындағы үзілістерде жинала алатын болды. 1950 жылы қабылданған «Бейбітшілік пайдасы үшін бірлік» қарарының қабылдануы Бас Ассамблеяның рөлін анағұрлым арттырды. Маусым айында кеңестің өкілінің болмауы жағдайында Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяның Оңтүстік Кореяға шабуылына қарсышаралар қолданды. Алайда, бірнеше күн өткен соң КСРО  өкілі Қауіпсіздік Кеңесіне қайтып оралып, бұдан былайғы ерекше әрекеттерге тыйым салынды.  «Бейбітшілік пайдасы үшін бірлік» қарары Қауіпсіздік Кеңесі әрекет жасай алмаған кезде Ассамблеяның төтенше мән-жайлар жағдайында дереу жиналу құқығын және қарулы күщтерді пайдалануды қоса алғанда, тиісті ұжымдық шараларды ұсыну құқығын баянды етті. Қарар әр түрлі мемлекеттердің 14 өкілінен тұратын әлемнің кез келген бөлігіндегі қауіпті жағдайлардың дамуын байқау үшін бітім жөніндегі Әскери комиссияны құрды және БҰҰ-ның мүше мемлекеттерін ҚК-нің ненмесе Бас Ассамблеяның талап етуі бойынша пайдалануға арналған қарулы күштердің арнаулы адам топтарын құруға шақырды. Өзінің өкілеттігін кеңейте отырып, Ассамблея бірнеше дағдарысты жағдайларды: 1950 жылғы Қытайдың Кореяға баса-көктеп кіруін, 1956 жылғы Суэц дағдарысын және сол жылғы кеңестің Венгрияға баса-көктепкіруін, 1958 жылғы Ливан дағдарысын, 1960 жылғы Конго дағдарысын өзінің бақылауында ұстау жағдайында болды. Отарсыздандыру Ассамблеяның саяси негізін ұлғайтуға әкеліп соққандықтан, қауіпсіздік мәселелерімен негізінен Қауіпсіздік Кеңесі айналыса бастады.

АҚШ, әдеттегісінше, өмірлік маңызды мәселелер бойынша дауыс беру кезінде Бас Ассамблеяда көпшілік дауысқа ие болды. 1960және 1970-ші жылдары африка-азия-араб блогының күшеюімен байланысты АҚШ-тың қажетті көпшілік дауысқа ие болуы қиындай түсті, сондықтан, олар үшінші дүниенің елдеріне саяси, экономикалық және дипломатиялық қысым жасауды күшейте түсуіне тура келді. 1971 жылы Қытай Халық Республикасын қабылдау туралы дауыс беру болды: бұған қарсы болған АҚШ іс жүзінде азшылықта қалды. Тіпті 1974 жылы, африка-азия-араб блогы дауыс берудің шешуші санына ие болған кездің өзінде, АҚШ-қа БҰҰ-ның жалауы астында Кореядағы солтүстік америкалық қарулы күштерінің қатысуы туралы мәселені шешудің сәті түсті. Қауіпсіздік Кеңесінің  шешімі секілді Ассамблеяның шешімі белгілі бір дәрежеде БҰҰ ауқымында қалыптасқан күштердің ара қатынасын көрсетеді. Тіпті, Ассамблеяда қабылданған «бір мемлекет — бір дауыс» деген саяси принцип әр түрлі елдердің саяси, әскери және экономикалық мүдделеріне өкілдік етуде теңсіздікті жеңуге қабілетті болмады. Берік көпшілік дауысқа қол жеткізуге жиі ретте кейде паралар мен қоқан-лоққылар нысанындағы құпия өзара мүдделілік жәрдемдесті.

Бас Ассамблеяның жетістіктері де аз болған жоқ, алайда көзге түсерлік олқылықтары да болды. 1956 жылы Ассамблея Суэц дағдарысынан кейін Таяу Шығыста өзінің жағдайын қалпына келтірудің және оны шешу барысында бейбітшілікті сақтау үшін жаңа тиімді құралды – БҰҰ-ның төтенше қарулы күштерін құрудың орайы келді.

Алайда, ол ҚСРО-ның 1956 жылы Венгрияға және 1968 жылы Чехословакияға баса-көктеп кіруін тоқтату үшін тиімді іс-әрекеттер қолдана алмады. Ол Вьетнамдағы соғыстың барысында да ықпал жасай алмады. Тіпті, 1967 жылғы соғыстан кейін Таяу Шығыстағы Ассамблеяның арабтық көңіл-күйі Израиль мен көршілес мемлекеттердің арасындағы келіссөздерге де септігін тигізбеді.

Бірақ, Ассамблеяның қызметі пікірсайыстар жүргізумен шектеліп қалмады. Мысалы, халықаралық құқық саласында Бас Ассамблеяның аясында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) құрылды. Ассамблеяның 1948 жылғы келелі үлесі Адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясы  мен зұлмат  (Геноцид) туралы конвенцияны қабылдау болды. Жалпыға бірдей декларация заңдық тұрғыда міндетті құжат болмаса да, Зұлмат туралы конвенция міндетті құжат мәртебесіне ие болды, өйткені, оны БҰҰ-на мүше мемлекеттер бекітті. Бас Ассамблея сонымен бірге, қару-жараққа бақылау жасау жөніндегі үш ерекшк маңызы бар келісімді: 1966 жылы Ғарыш кеңістігі туралы шартты, 1968 жылы Ядролық қаруды таратпау туралы шартты және 1971 жылы теңіз тұңғиығын пайдалану туралы шартты қабылдады. 1974 жылы ол штаб-пәтер Токиода орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының университетін (УООН) ұйымдастырудың бастамашысы болды және бүкіл дүниежүзінде оның аймақтық бөлімшелерін құрды.

1970 жылдары «үщінші дүниенің» көптегшен елдері Бас Ассамблеяны дүниежүзілік экономикалық қалыптасқан құрылымын өзгерту мақсатында пайдалануға ұмтылып бақты[12]. 1974 жылға таман «үщінші дүние» елдерінің экономиккалық дамуын жеделдету жолдарын қарастыру және бай және кедей мемлекеттер арасындағы алшақтықты азайту үшін Алжир Ассамблеяның арнаулы сессиясын шақырды. 1980-ші жылдары соңғы мемлекеттер Бас Ассамблеяны материалдық игіліктер мен ресурстарды неғұрлым әділ бөлуді көздеген Жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті (НМЭП) талқылауғаарналған форумға айналдырды. Солтүстіктің бай елдері бұл мәселелер бойынша Оңтүстіктің кедей және аштықтың зардабын тартып отырған елдермен болатын бұл сұхбаттың жалпыға бірдей өмір сүруге қатысты мәселе бола қоюына селқостық танытты.

Ассамблеядағы байлар мен кедейлер арасындағы келіспеушілік аса өткір екі проблемадан бұдан да айқын көрінді: ол проблемалар Оңтүстік Африкадағы нәсілдік кемсітушілік пен Израильдің палестиндықтар мен араб мемлекеттері арасындағы жанжал болды. Екі жағдайда да батыстың көптеген бай елдері реформаларды біртіндеп жүргізуді және сұхбатты одан әрі соза түсуді жақтады, немесе мұны АҚШ-та атап отырғандай, «өткір сынды айқындама ұстанып отырған үшінші дүние елдерінің көпшілігі байыпты дипломатияны» жақтады, экономикалық және саяси санкцияларды, нәсілдік кемсіттушілікті және Израильдің басқыншылығын жоюға қабілетті БҰҰ-ның тиісті қарарларын қолайлы көрді. 1980-ші жылдары Хатшылық мүшелерінің кейбір батыс одақтастарының қысым жасауы олардың адалдығын АҚШ үкіметінің тексеруіне тап болды және коммунизмге іштартуларыайыпталып, бас хатшы Трюгве Ли оларды АҚШ-тың қысым көрсетуімен лауазымдарынан босатты.

КСРО мемлекеттердің негізгі үш тобынан: батыс, коммунистік және блокқа қосылмайтын мемлекеттердің әрқайсысынан тең өкілдік негізінде Хатшылықты қайта талап еткен. Бұл проблема 1961 жылы тағы қойылды. Кеңестің премьері Н.С.Хрущев бірде-бір адам бейтарап болмауы тиіс деп дәлелдеп бақты. Бұған жауап ретінде бас хатшы Даг Хаммаршельдтің айтқан сөзі, бәлкім, халықаралық азаматтық қызмет философиясының ең жақсы әрі қысқа да нұсқа пайымы болса кепек: ол «Әлбетте, адам өзінің жан дүниесімен бейтарап болып қала қоймас, егер де ол өзін адал деп санайтын болса, ондаоның өзінің идеялары мен мұраттары болуға тиіс… Бірақ мен мынаған кәміл сенімдімін: егер де адам бұл мағынада бейтарап болмаса, ол бейтарап іс-әрекеттерді мейлінше байыпты салмақтап жүзеге асыра алады, өйткені, бұл іс-әрекеттері оның адалдығын білдіреді».

Тарихы. БҰҰ-ның бас шенеунігі Жарғыға сәйкес кең ауқымды саяси және әкімшілік өкілеттіктерге ие болады. Ол ол ма, әрбір келесі бас хатшы өзінің өкілеттіктерін біртіндеп ұлғайтуы керек.

Трюгве Ли. Алғашқы бас хатшы норвегиялық Трюгве Ли болды. Өз қызметінің бастапқы кезеңінде Ли Шығыс пен Батыс арасындағы күреспен байланысты аса зардапты қауіпті мәселелерден бойын аулақ салып бақты, дегенмен де, 1947 жылы Еуропаны Қалпына келтіру бағдарламасын қолдады, ал 1948 жылы Палестинаны бөлуге араласты. Алайда, осыдан көп ұзамай ол

саяси тайталас көшіне ілесті. 1950-жылдардың бас кезінде Ли БҰҰ-ның Ассамблеясында коммунистік Қытайдың болуын жақтады, бұған АҚШ оң қабақ таныта қоймады. Бірнеше аптадан кейін ол солтүстік корейліктердің Оңтүстік Кореяға кіруін болдырмау жөніндегі полицейлік әрекеттердің барысында батыл түрде АҚШ бастамасын қолдап шықты, тіпті Солтүстік Кореяныагрессор деп атады. Корея мәселесі жөніндегі айқындама оны АҚШ-пентатуластырды, бұл ретте оған КСРО тарапынан ашық жауыздық туды. 1950 жылдың аяқ шенінде оны қайтадан сайлау туралы мәселе қойылған кезде кез келген басқа кандидатқа қарсы тыйым салу құқығын қолданумен қорқытты. КСРО мейлінше үзілді-кесілді мәлімдеме жасап, өзінің Лидің қайта сайлануына жол бермейтінін айтты. АҚШ болса. Бас Ассамблеяны Лидің кандидатурасын екінші мерзімге ұсынуға көндіріп бақты, алайда Шығыс пен Батыс арасындағы бітімгершіл ретіндегі мәртебесіне үлкен ақау түсірді. Ли 1953 жылғы сәуірде бас хатшының қызметінен өз еркімен кетті.

Даг Хаммершельд. Лидің сабақтары оның мирасқоры швед Даг Хаммаршельд үшін оңай бола қойған жоқ. Экономист және Швецияның Ұлттық банкісінің төрағасы, Швеция үкіметіндегі Сыртқы істер министрінің орынбасары Хаммаршельд — өзін саясаткер емес, азаматтық қызметші деп санайтын ол қандай да бір саяси партияның мүшесі болған емес. Сондықтан, Трюгве Лиден өзгешелігі ол ашық саяси бастамалар жасауға бекінген де емес. Оның орнына ол әр уақытта да өзінің іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін Қауіпсіздік Кеңесінен немесе Бас Ассамблеядан өкілдік аоуға ұмтылды, ал өзінің көптеген саяси икемділігін жасырын жүзеге асырды. Соның нәтижесінде Хаммаршельд ірі державалардың қолдауына ие болды, өйткені, оларға жүгінген елдердің беделі үшін дауларды айтарлықтай зиян келтірмей шешіп отырған еді.

Хаммаршельд 1954 жылы Пекинге БҰҰ-ның қызметкерлері құрамындағы тұтқындалған 11 америкалық ұшқышты босату жөніндегі келіссөздерге ұшып келді. Бұл сапар толығымен жартылай құпия сипат алды,

ақыры бір жылдан кейін ұщқыштар босатылды. 1956 жылы, Суэц дағдарысы кезінде бас хатшы жасырын болса да, батыл әрекеттер жасады. Тұрақты екі мүше-Франция мен Ұлыбритания – агрессиясы үшін айыпталды, ал КСРО тіпті оларды зымырандармен соққы берумен үрейлендірді. Бұдан басқа, араб мемлекеттері мен Израиль өліспей беріспейтін шайқасқа түсті. Бас Ассамблеяның атынан әрекет жасай отырып, Хаммаршельд жаңа әскери бөлімшені – БҰҰ-ның төтенше қарулы күштерін құрды, ол аймақта тәртіпті қалпына келтіруге жәрдемдесті.

Хаммаршельдтің екінші мерзімі кезінде Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі бас хатшыға оның «құпия дипломатиясын» жүзеге асыру үшін бұдан да кең өкілеттіктер беруге ұмтылды. 1958 жылы, Ливан дағдарысы кезінде Ассамблея Хаммаршельдке осы елдің америкалық әскери қызметшілерді қоса алғанда, шетелдік әскери қызметкерлер тобын шығаруды жеделдету жөнінде өтініш жасады. 1960 жылы Оңтүстік Африканың қара нәсілді халқына қатысты күш қолдану кезінде Қауіпсіздік Кеңесін төтенше сессия шақыруға итермеледі, жағдай тұйыққа тірелген еді; батыл қарар Вашингтонды АҚШ-тың Преторийға қарсы санкциясын қолдауына әкеп соқтырды. Онжылдықтың аяғына таман Оңтүстік Африкадағы нәсілдік кемсітушілік режимі аяқталуының белгісі болған ірі реформалар жүзеге асырыла бастады. 1990 жылы Африка ұлттық конгресінің көшбасшысы Нельсон Манделла босатылды.

Алайда израиль-Палестина қатынастары туралы мәселеде Ассамблеяның айқындамасы тек қоғамдық пікірге ғана ықпал етті. БҰҰ-ның көптеген қарарлары орындалмай қалды, ал Ассамблеяның Қауіпсіздік Кеңесіне өзінің шешімдерін іске асыру мақсатында ықпал ету бағытындағы ұмтылыстары табысқа жете қоймады. 1988 жылы Палестинаны азат ету ұйымы (ПАУ) Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп жариялағаннан кейін ғана Израиль мемлекетін таныды, Ассамблея ПАУ-ның көшбасшысы Ясир Арафатты сөз сөйлеуге шақырды. Бірақ, АҚШ оған рұқсат беруден бас

тартты, мұның өзін көптеген мемлекеттер АҚШ-тың БҰҰ алдындағы міндеттемесін бұзу деп бағалады. Осыған жауап ретінде Бас Ассамблея дипломаттар мен қызметшілерін қоса алғанда, бүкіл құрамымен Палестинаның көшбасшысын тыңдау үшін Женеваға арнаулы сессияға аттанды. Ассамблея көптеген жылдар бойы Кеңестің бес тұрақты мүщесі аясында Таяу Шығыс жөніндегі халықаралық бейбітшілік конференциясын өткізу қажеттігін атап көрсетті.

 

ХАТШЫЛЫҚ.

БҰҰ әшейін қатардағы өкілдер тобы болудан гөрі өз ұлтының мүдделерін қорғайтын белгілі бір үлкен орган болуға ұмтылғандықтан, БҰҰ ауқымында қызметшілердің ерекше штаты-бас хатшы басқаратын Хатшылық құрылды, бұл қызметшілер, ойластырғандай, дүниежүзілік қауымдастықтың проблемаларына өзінің ұлттық проблемалары тұрғысындағы жауапкершілікпен қарайтын болды.

Бас Хатшы. Хатшылықты БҰҰ-ның ең лауазымды адамы – Бас Хатшы басқарады. Бас Хатшыны ҚК-нің ұсынуы бойынша Бас Ассамблея бес жыл мерзімге қайтадан сайлану құқығымен сайлайды. Оны тағайындауды Бас Ассамблеяның барлық бес тұрақты мүшесі мен Бас Ассамблея мүшелерінің үштен екісінің көпшілік дауысымен мақұлдауы керек. Бас Хатшы Бас Ассамблеяның, сондай-ақ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің және Қамқоршылық жөніндегі Кеңестің отырыстарында әкімшілік лауазымды адам ретінде іс қимыл жасайды. БҰҰ-ының негізін салушылар Бас Хатшыға саяси, сонымен бірге әкімшілік өкілеттіктер берген. Ол өзгелерден гөрі БҰҰ ұйымының анағұрлым біртұтас өкілі болып есептеледі. Бас Хатшыға жарғымен Қауіпсіздік Кеңесінің назарын халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін кез келген құбылыстарға аударту құқығы берілген. Осындай міндеттерді орындау үшін Бас Хатшыға бірқатар реттерде он екінші мүше ретінде қатыса отырып, елеулі шешімдер қабылдау өкілеттігі берілген. Оның мәртебесі мен ықпалы жоғары болған сайын Бас Хатшыны сайлау мәртебесі қиындай түседі және барған сайын Қауіпсіздік Кеңесіндегі күштердің орналасуын дәме-дәл көрсетеді[13].

        Қызметшілер штаты. Бас хатшы тұрақты қызметшілер штатын немесе Хатшылықты тағайындайды. БҰҰ-ның ауқымындағы әрбір дербес мамандандырылған мекемелердің өздерінің бас директоры және өздерінің хатшылығы болады. БҰҰ штатының маңызды топтары Римде, Парижде, Женева мен Венада, сондай-ақ Б¥¥-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде орналасқан. 1922 жылы Хатшылықтың 25 мыңға жуық мүшелері болды, оның бөлімшелері дүние жүзінің бәрінде де құрылған.

Хатшылық конференциялар ұйымдастыруды, талдама хабарламалар жинастыруды, сондай-ақ, жылнама жарияланымын қоса алғанда, көптеген міндеттерді жүзеге асырады. Осы қызметтердің барлық түрлерінде оның қызметкерлері Б¥¥-на мүше мемлекеттері үкіметтерінің кез келгенінің тарапынан наразылық тумас үшін салмақтылық пен уэжділік көрсетуге тиіс. Хатшылық мүшесінің лауазымдық мэртебесі Жарғының 101-бабымен анықгалады, онда қызметкерлерге қойылатын талаптар — тиімділік, құзыреттілік пен адалдық қасиеттері айтылған. Тағы бір бұлжымас талап -штат қызметкерлерін анағұрлым ауқымды географиялық негізде іріктеу талабы. Қайсыбір Б¥¥-на мүше мемлекеттердің өкілі хатшылық құрамына енген бойда ол БҮ¥-на адалдыққа жэне қайсыбір үкіметтің мүдделерін қорғамауға ант беруге тиіс.

Бас хатшының бітімгершілік таланттары 1960-шы жылдардың орта шенінде белгиялықтар іс жүзінде саяси бәсекелестікпен бөлшектелген елді ірі Державалар интервенциясының қатері жағдайында қалдырған кезде Конгодан кетті. Б¥¥ атынан іс-әрекет жасаған Хаммаршельд оның құрамына ірі державалардың әскери қызметшілер топтарын енгізбестен тәртіпті қалпына келтіру үшін Конгоға Б¥¥-ның қарулы күштерін жіберді. Катанга провинциясын бөлу Конгоны азаматтық соғыс катеріне душар еткен кезде Хаммаршельд алапатты соғыстың өртін тұншықтыру үшін Б¥¥-ның қарулы күштерін басқарып Катангаға келді. Дағдарыстың өріс алуына қарай бас хатшы барған сайын үлкен қиыншылықтарға ұшырасты. Орнынан тайдырылған Конгоның Премьер-Министрі Патрис Лумумбаның Б¥Ү-ның қарулы күштерін шығаруды талап етуіне қарамастан, ол күштерді шығарудан бас тартты. Мұлдай айқындама Конгодағы билік үшін күресінде Лумумбаны қолдаған КСРО тарапынан Хаммаршельдке тегеурінді шабуыл жасауын туындатты.. Бас Ассамблеяда Кеңестің көшбасшысы Н.С.Хрущев бас хатшының лауазымын жоюды талап етті. Хаммаршельд өз еркімен орнынан түсуден бас тартты, сөйтіп Ассамблея 70 көпшілік дауыспен, 1 дауыс қарсы болуы, Шығыс блок, Оңтүстік Африка мен Франция елдерінің 9 мүшесінің қалыс қалуы жағдайында оны жақтап шықты.

Даг Хаммаршельдтің 1961 жылы Солтүстік Родезияда авиаапатынан опат болуы Б¥¥-да үлкен абыржушылық туғызды, өйткені, КСРО оның ізбасарын сайлауға тыйым салған еді. Кеңес басшылығы елдердің үш тобының Хатшылықтағы Өкілдігінің қатысушысын Ассемблея арқылы өткізу жөніндегі өзінің жобасын іске асыра алмайтынын түсінді, бірақ Бас Хатшының өкілеттігін қатал шектей алуьнан үміт етті. АҚШ Бас Ассамблеядан сайлау мерзіміне дейін бас хатшының міндетін атқару үшін кандидаттың атын атауды талап етті. КСРО-ның хатшының орынбасары деңгейінде Қатысушының жобасын қолдауға ұмтылыс жасауы да табысты бола қоймады. 1961 жылғы 3 қарашада Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынымы бойынша Бирмадағы У Танның есімін Даг Хаммаршельд қайтыс болғаннан кейінгі мерзіміне бас хатшының міндетін атқарушы ретінде атады.

Тан. Бұл шешім Хаммаршельдтің осы қызметтгегі мерзімі өткен 1963 жылғы 10 сәуірге дейін қатысушы туралы мәселені күн тэртібінен алып тастады. Алайда осы уақытта КСРО-ның У Танға 1962 жылғы Кариб дағдарысы кезіндегі оның делдалдық күш-жігер салуы тұрғысындағы сенімсіздігі сейілгендіктен, ол ендігі жерде толық мерзімге қайтадан сайланды.

У. Танның өзінің ізашарларынан шығу тегі мен дайындығы жағынан өзгешілігі бола тұрса да, оның қызметте болуы кезіндегі саяси бағытында елеулі өзгерістер болған жоқ. У.Тан өзінің негізгі күш-жігерін әлі де болса жалғасып отырған Конгодағы дағдарысты жеңуге, сондай-ақ БҰҰ-ның көптеген ірі бітімгершілік операцияларына жұмсаған шығындарынан кейін оған төнген банкроттық қатерін болғызбауға бағыттады. Ол әзірге міндетті атқарушы ретінде қимыл жасай отырып, 1963 жылы Иран-Джаидың (Батыс Жаңа Гвинеяның) Голландиядан Индонезияға көшуін бақылайтын Б¥¥-ның Уақытша атқарушы билігін кздруда маңызды рөл атқарды.

        1966 жылы У.Тан екінші рет бес жыл мерзімге бірауыздан сайланды. Ол жаңа мерзімге сайлануға онша ниеттенбей, соның өзінде, Б¥¥-на мүше мемлекеттердің қысым жасауымен келісімін берді. ¥заққа созылған Вьетнамдағы соғыстың өршуі мен жауласқан тараптарды келіссөздер столына отырғыза аламауьша ол қынжылыс білдірді. Сонымен бірге ол Б¥¥-ның қаржы жағдайын елеулі түрде жақсарта алмады. Египет президенті Гамал Абдель Насердің талабына жауап ретінде ол 1967 жылы осында 10 жылдан астам болған Б¥¥-ның төтенше күштерін Египеттен шығарды. У.Тан 1971 жылы өзінің қызметінен кеткенге дейін Б¥¥-ға мүше мемлекеттердің көпшілігіне ұдайы қолдау көрсетті. Австриялық Курт Вальдхайм оның мирасқоры болды.

Курт Вальдхайм. Төртінші бас хатшыны сайлау ерекше мәнге ие болды, өйткені бұл кез Б¥¥-да ҚХР-ның өкілдігінің пайда болуымен тұспа-тұс келген еді. Вальдхайм өзін бірауыздан сайлаған тұрақты бес мүшенің қолдауына ие болды. Осы қызметтегі алғашқы мерзімі кезінде ол Вьетнамдағы соғысты аяқтау үшін көп күш-жігер жұмсады, әр түрлі миссиялармен көптеген елдерде болды, Б¥¥-ның қаржысын тәртіпке келтіру үшін көп жұмыс істеді. 1972 жылы палестиндік лаңкестердің Мюнхендегі олимпиадада 11 Израиль спортшыларын өлтіргеннен кейін, Вальдхайм Бас Ассамблеяға лаңкестік проблемасын халықаралық деңгейде қарау туралы өтініш жасады.

        1981 жылы үшінші мерзімге оның кандидитурасын АҚШ пен КСРО қолдағанмен, оған Қытайдың тыйым салу құқығымен қолдау көрсетілген үшінші дүние елдері қарсы шықты, сондықтан, ол өзінің кандидатурасын алып тастады. Оның ізбасары Перуден Хавьер Перес де Кульяр болды.

Хавьер Перес де Кульяр. Б¥¥-ның бесінші Бас Хатшысының ББ¥-мен байланыстары 1946 жылы, ол Перу делегациясының мүшесі болған кезде Бас Ассамблеяның бірінші сессиясында басталды. Хавьер Перес де Кульяр БҰҰ-дағы қызметке 1970-ші жылдары Перу делегациясының мүшесі ретінде және Кипр мен Ауғанстандағы Бас Хатшының арнаулы өкілі ретінде белсене кірісті.

Перес де Кульяр Бас Хатшы ретінде келісімпаз тұлға болды, ол
ешқандай да фракцияға қосылмады, сондықтан да, Қауіпсіздік Кеңесіндегі қай-қайсысының да, КСРО-ның да, АҚШ-тың да, сондай-ақ олардың одақтастары үшін де бірден-бір қолайлы кандидаты болды. Екі бесжылдық мерзімнің алғашқы мерзімінде Перес де Кульяр Бас Хатшының қызметінде болған кезде Вашингтон тарапынан Б¥¥-ын саяси және экономикалық жағынан қолдауының төмен болуымен, сондай-ақ Рейган әкімшілігінің тарапынан ұйымға жасалған шабуылдармен сипатталады, ол іс-әрекеттерін Б¥¥-дағы АҚШ елшісі арқылы жүргізді. Осы кезеңде блоктарға қосылмаған елдер, сондай-ақ үшінші дүние елдері Б¥¥-на, әсіресе Ассамблеяға қысым жасауға ұмтылды. Перес де Кульяр барлық фракцияларды ымыраластыруға ұмтылып, ірі жанжалдардан мұқият бойын аулақ салды. 1980-ші жылдардың орта
шенінде, оның екінші мерзімі кезінде, М. С. Горбачевтің бастамасымен
жүргізілген реформалардың нәтижесінде АҚШ пен КСРО арасындағы
қатынастар жақсара түсті. Б¥¥ халықаралық қатынастарда жедел жүрген
өзгерістер көшіне ілесе алмай, өзінің ықпалынан айырыла бастады.          1980 — жылдардың аяғында  Перес  де  Кульяр Ауғанстан мен Пәкістанды келіссөздерге келуге көздерін жеткізді. Оның бітімгершілік белсенділігі 1988-жылы Иран мен Ирак арасындағы есоғыстың аяқталуына жәрдемдесті.

        Бірқатар жағдайларда Перес де Кульяр Таяу Шығыстағы Израиль басып алған аумақтарда палестиндіктердің өмір сүруі жағдайын зерттеген эмиссарларды жібере отырып, Қауіпсіздік Кеңесінің талабы бойьшша іс-әрекет жасады. Перес де Кульяр 1990 жылы ОАР-нан тәуелсіз болған Намибия Б¥¥-на мүшелікке кірген кезде жеңіске жетті.

Перес де Кульярдің қызметте болуы Сальводордағы азаматтық соғыстың аяқталуы жөніндегі ең көлемді келіссөздер мен келісімдердің табысқа жетуімен аяқталды. Бас Хатшының қызметінен кетер сәтте келіссөздерді аяқтау үшін өзінің өкілеттіктерін бірнеше сағатқа ғана созуына тура келді.

1992 жылғы 1 қаңтардағы ертеңгісін Сальводар үкіметі мен бүлікшілер арасында келісімге қол жетті. 16-қаңтарда атысты тоқтату туралы келісімге қол қойылып, азаматтық соғыс аяқталды.

 Бутрос-Гали. Бас Хатшыны ресми сайлау ең алдымен кандидаттың жеке басының қасиеттеріне негізделді. Алайда, сонымен бірге оның аймақтық қатыстылығы да назарға алынды. Жазылмаған ереже бойынша тұрақты бестік елдерінің өкілі хатшы бола алмайды. 1991 жылы, Перес де Кульярдың қызметінде болу мерзімі аяқталған кезде өкілі осы жоғары қызметті бұрын атқармаған бірден — бір аймақ Африка болатын. Құрлық 5 кандидат ұсынды, олардың көпшілігі Орталық Африка елдерінің өкілдері еді, алайда олардан ең тәуір деп саналғаны Египеттің сыртқы істер министрі, христиан -копт Бутрос Бутрос-Гали болып шықты.

Бутрос-Гали Бас Хатшының қызметіне әлемде Қарулы Күштерді ұдайы пайдалануды қажет ететін төтенше, ерекше жағдайлар туындап тұрған кезде келді. КСРО-ның ыдырауы Кавказ бен Орта Азияда азаматтық соғыстарға әкеп соқты; сонымен қатар бір мезгілде Африкада жанжалдар өрши тұсті. Көптеген елдер Б¥¥-на бейбітшілік орнату немесе оны сақтап тұруға көмек сұрап өтініш жасап жатты, дегенмен Перес де Кульярмен уағдаластық шарттары бойынша 1991 жылдан бастап Кампучияда 20 мыңға жуық әскери қызметшілер бола тұрса да, Бутрос-Гали әскери қызметшілер топтарын осы тұста Боснияның сербтері елден мұсылмандарды қуғындауға әрекет еткен Босния мен Герцеговинаға, сондай-ақ өктемшіл Мохамед Саид Барреге америкалық, ал осыған дейін кеңестік әскери көмек жойқын азаматтық соғыс пен аштыққа әкеп соққан Сомалиге жіберу қажеттілігімен ұшырасты. Іс жүзінде, өзін-өзі басқаратын және тәуелсіз бұрынғы Британиялық Сомалилендтің солтүстік бөлігін қоспағанда, Сомалидің қалған аумағы әртүрлі рулық тобырлардың әскери топтары көсемдері арасында бөліске түсті. Осы жаулас топтар жаппай ашаршылықты болдырмауға кедергі келтіре отырып, Б¥¥-ның азық-түлік көмегіне бақылау үшін күресті өршіте түсті. 1992 жылы АҚШ президенті Джордж Буш баса-көктеп кірудің көпұлтты күшін басқарған америкалық әскери қызметшілердің ірі тобын Сомалиге жіберу үшін бүркеніш ретінде Б¥Ү-н пайдаланды. Алайда, бұл әрекет бей-берекеттік пен күш қолдану желісінің тасасында тұншығып қалды.

Бутрос-Гали — осы қызметті қайтадан атқару сәті түспеген тұңғыш Бас Хатшы болды, өйткені АҚШ оның кандидатурасына тыйым салған болатын.

1996 жылғы 17 желтоқсанда Б¥¥-на мүше мемлекеттер Коффи Аннанды жетінші Бас Хатшы етіп сайлап, алғаш рет осы қызметке бұрын 30 жыл бойы Б¥¥ хатшылығының мүшесі болған Гананың түлегіне сенім білдірілді.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КЕҢЕС

        Мүшелік және міндеттері. 1966 жылы Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭӘК) құрамының саны 27-ге дейін, ал кейінірек 54-ке дейін жетті. Кеңестің мүшелерін Бас Ассамблея үш жыл мерзімге сайлайды. Жыл сайын оның құрамының үштен бірі жаңарып отырады. Жарғыда осы мәселе айтылмаса да, іс жүзінде ҚК-нің тұрақты мүшелері ЭӘК-та да тұрақты мүшелігін сақтайды. Қалған мүшелері Бас Ассамблеядағы күштердің орналасуын ескере отырып сайланады.[14]

        ЭӘК әдетте жылына екі сессия өткізеді. Оның’ шешімі көпшіліктің жай дауысымен кдбылданады. ЭӘК Бас Ассамблея алдында жауапты болады және жиі ретте арнаулы міндеттерімен Ассамблеяның комитеті ретінде қатысады. Осы мақсатта ол Ассамблеяға үсыну үшін келісімдердің жобаларын береді және халықаралық конференцияларды әзірлейді. ЭӘК сондай-ақ, Ассамблеяға БҰҰ-ның қарауына жататын экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар бойынша ұсынымдар береді.

        Көмекші органдары. ЭӘК жедел қимыл жасайтын орган болмағандықтан, жұмысының көп бөлігі оның бақылауында болатын көптеген комиссиялары мен комитеттері қызметін үйлестіру болып табылады. Олар статистика, халықтың өсімі, элеуметтік даму, адам құқықтары мен азшылық халықтың құқықтарын қорғау, эйелдердің жағдайы мен есірткі заттарына бақылау мэселелерімен айналысады. Бұдан басқа, ЭӘК Еуропа, Азия мен Тынық мұхит алабы, Латын Америкасы, Африка мен Таяу Шығыс үшін аймақтық экономикалық комиссиялар құрған. Сондай-ақ, төрт арнаулы қайырымдылық бағдарламасы бар, олар тек мемлекеттер мен жеке демеушілер тарапынан қолдау жасауға ғана байланысты болады: олар — Б¥¥-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ — UNIСЕҒ); Б¥¥-ның Даму бағдарламасы (ПРООН -UNDP), Б¥¥-ның Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары (УВКБ — UNHCR), Палестина босқындарына көмекке жэне жріыстарды орындауға арналған Таяу Шығыс агенттігі (БАПОР — NRWA). ЭӘК-тың заңдық ауқымында сондай-ақ табиғи нэубеттер жағдайында көмек көрсету жөніндегі Б¥¥ Үйлестірушілер бюросы (ЮНДРО — UNDRO); Халықтың өсімі саласындағы қызметке арналған Б¥¥-ның қоры (ЮНФПА — UNFPA); БҰҰ жанындағы элеуметтік даму ғылыми-зерттеу институты (НИИСР — UNRISD); Дүниежүзілік азық -түлік бағдарламасы (МПП — WFR).

        ЭӘК Б¥¥ жэне онымен ынтыматастықта болатЪш көптеген үкіметтік емес ұйымдар (НПО — NGO) арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқарады, олар қоршаған ортаны, әйелдердің жағдайы мен босқындар құқықтарын қорғау сияқты салаларда ерекше белсенді қызмет жүргізеді.

        ЭӘК және Даму бағдарламасы. «Қырғи-қабақ» соғыстың барысында Б¥¥-ның экономикалық даму бағдарламасы жиі ретте екі өктем державаның бэсекелестігі салдарынан іске асырылмады.

«Қырғи-қабақ соғыстың» қиын-қыстау жағдайларына қарамастан, Б¥¥ даму саласындағы өзінің қызметін айтарлықтай қарқынды жүргізді. 1961 жылы Бас Ассамблея өзінің 16-шы сессиясында жер бетіндегі ең кедей халықтарға көмек көрсету үшін ресурстарды жұмылдыру мақсатында Б¥¥ Дамудың онжылдығын жариялады. 1971 жылы Б¥¥ Дамудың екінші онжылдығы жарияланды.

        1980 жылдың желтоқсан айында Б¥¥-ның Дамудың үшінші онжылдығын жариялады. Оның стратегиясының негізіне дүние жүзілік экономикада бәрі де өзара байланысты, сондықтан дамушы елдердегі ақшаның құнсыздануы мен жұмыссыздық проблемасының көкейтесті проблемаларын шеіпу көбінде жалпыға бірдей бейбітшілікті сақтауға байланысты деген сенім арқау болды. Бұл тұрғысында Африка мейлінше алаңдаушылық туғызды. БҰҮ-ның Африкаға көмек көрсету жөніндегі экономикалық саясатының сэтсіздікке ұшырауын өкінішпен мойындай отырып, Перес де Кульяр Африканы экономикалық жағынан өркендету мен дамытуды қамтамсыз ету жөніндегі Б¥¥-ның бесжылдық іс-қимылдар бағдарламасы (ПДЭПРА-РААЕRD) бойынша сессимитикалық есебін әзірледі. Б¥¥-ның осы арнаулы экономикалық бағдарламасы жұмыс істеген бес жыл ішінде,- деп атап көрсетілді баяндамада,-«Африка елдеріндегі экономикалық және әлеуметтік тұрмыс жағдайларын демократияландыру ісіндегі айтарлықтай ілгерілеуді қоса алғанда, оған қарамастан шындығында нашарлап кетті, құлдырады, бірқатар күш-жігер жұмсау мен реформаларға қарамастан шындығында нашарлап кетті. Тұрмыс жағдайы айтарлықтай құлдырады, білім беру, денсаулық сақтау, азық-түлікпен жабдықтау салаларында бұзылу процестері жүрді, жұмыссыздық артып, табыс төмендеді, мұның өзі балаларға, жастар мен әйеледерге ерекше елеулі түрде ықпал етті». Бас хатшы демеуші елдерді Африка елдерінің барлық борыштарын жоюға шақыра отырып, оларға ойдағыдай жүгіне білді.

        1990 жылы 1991-2000 жылдарға арналған Б¥¥-ның Дамудың төртінші онжылдығының жоспары қабылданды.

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС

Мүшелік және міндеттері. Б¥¥-ның негізін қалаушылар қамқоршылық тұжырымдамасын бірінші кезекте бұрынғы мандатпен басқарылатын аумақтарды, сондай-ақ, белдік державаларының бұрынғы отарларын күштеп тартып алумен байланысты соғыстан кейінгі қақгығыстарды болдырмау үшін ойластырған болатын. Бұл аумақтар түбегейлі отарсыздандыруға дейін халықаралық бақылау органдарының басқаруына көшуге тиіс еді. Алғашында Қамқоршылық жөніндегі Кеңес 14 державаның өкілдерінен тұрды және де оның мүшелерінің жалпы саны қамқорлыққа алынған аумақтарды басқаратын және басқармайтын елдердің арасында тең бөлінуге тиіс болды. 1980 жылдан кейін Қамқоршылық жөніндегі Кеңеске тек бес түрақты мүше ғана енді, олардан АҚШ отарлары бар бірден-бір мемлекет болып қалды.

Б¥¥-ның Жарғысына Отарлар туралы декларация кірген елдер өзін-өзі басқармайтын аумақтар деп аталды. Декларцияның ережелеріне сәйкес отарлық билік орындарына Қамқоршьщық жөніндегі Кеңеске экономикалық және әлеуметтік, сондай-ақ олардың басқаруына жататын аумақтардағы білім берудің жай – күйі туралы хабарламалар беру міндеттелді. Сөйтіп, қамқоршылықтың жаңа жүйесінің Ұлттар Лигасының мандатпен басқарылатын жүйесінен өзгешелігі жалпы жұрт таныған отарлардың барлығына халықаралық бақылаудың ең аз деңгейін енгізуде болды. Қамқоршылық жөніндегі Кеңестің отарлық қатынастардың барлық нысандарын бақылау өкілеттіктері болмады. Британияның Гонгконгте бақылауы жалпы БҰҰ-ның құзіретіне жатпады, ал АҚШ –тың Пуэрто- Рикоға бақылау мәселесін Вашингтон тұрақты түрде тұйыққа тіреп отырды.                                       

        Қамқоршылық жөніндегі Кеңестің, сонымен бірге, тұрғындардың ұжымдық тілек-хаттар мен шағымдарды қоса алғанда, қамқорлыққа алынған аумақтармен тікелей байланыс жасау мүмкіндігі болды. Бұл тұрғысында Кеңестің мандатпен басқарылатын аумақпен байланысты тек делдал мандатпен басқаушы ел арқылы жүзеге асыратын бұрынғы Ұлттар Лигасынан түбегейлі өзгешілігі болды. Әлбетте, Кеңес батыстың отарлаушы державаларының билік өкілдіктеріне ешқандай да қол сұқпады. Әрбір үш жылда қамқорлыққа алынған аумақтарға инспекциялық комиссиялар жіберіліп тұрады. Бұрынғы кезде олардың қатарына «үшінші дүние» елдерінің өкілдері де кірді, олар отарлаушы билік орындарын осы аумақтарды өзін-өзі бақару үшін тым баяу дайындайтыны үшін жиі сынға алды[15].

 

Тарихы. Қамқоршылық жөніндегі кеңес — Ұлттар лигасы шеңберіндегі мандатпен басқарылатын жүйенің мирасқоры. 1945 жылы БҰҰ іле-шала мандатпен басқаратын аумақтардың көпшілігіне қамқорлыққа алынған аумақтар мәртебесін берді. Таяу Шығыстың мандатпен басқарылатын аумақтары үшін ерекшелік болды: Сирия, Ливан, Иордания мен Палестина, көзделгендей, тез арада тәуелсіздік алуға тиіс болды. Бұдан басқа, Оңтүстік Африка Оңтүстік-Батыс Африканы мандатпен басқарылатын аумақтан қамқорлыққа алынатын аумаққа айналдыруға рұқсат етпей қойды. АҚШ өзінің қамқорлығына Тынық мұхиттағы Жапонияның бұрынғы иеліктерін алды. 1950 жылы Ұлттар лигасының мандатпен басқарылатын аумағы мәртебесі Қолданылмайтын Сомалиленд Италияның қамқорлыққа алынатын аумағына айналды. Ұлыбритания Тоголенд пен Камерун (Шығыс пен Батыс) аумақтарын одан әрі басқара берді. Тоголенд пен екі Камерунның қалған бөліктері Францияның бақылауында болды. Қамқорлыққа алынған аумақ Ретінде Руанда-Урунди Бельгияның басқаруында қалды. Науру мен Жаңа Гвинея Австралияның қарауына берілді, ал Жаңа Зеландия Батыс Гамоаны баскаруға қабылдаумен келісті. Тұстай алғанда Қамқоршылық жөніндегі кеңес қамқорлыққа алынған аумаққа бақылау орнатты, оның ішінде 7 аумақ Африкада болды; олардың халқы 15 млн. адам болды. Сөйтіп, БҰҰ-ның қамқоршылық жүйесі Ұлттар лигасы саясатының көптеген сабақтастық белгілерін сақтап қалды.

1975 жылы бастапқы 11 қамқорлыққа алынған аумақтан 10 аумақ тәуелсіздік алды. Тынық мұхит аралдары (Микронезия) әлі де болса АҚШ-тың бақылауында қалып отыр. 1957 жылы Алтын Жағалаумен бірге басқарылан Британ Тоголенді құрамдас бөлігі ретінде тәуелсіздік алған Гананың  құрамына кірді. 1960 жылы Франция Тоголенді тәуелсіз Того, Франция Камеруны — тәуелсіз Камерун, Италия Сомалиленді — тәуелсіз Сомали болды. Нигериямен бірге басқарылатын Британ Камеруны Нигарамен бірікті, ал Оңтүстік Камерун 1961 жылы өз алдына Камерун болды. 1961 жылы Танганьика, ал 1962 жылы Батыс Самоа тәуелсізідк алды. 1962 жылы Руанда-урунди екі тәуелсіз елге айналды, Руанда мен Бурунди 1968 жылы Наурудың тәуелсіздік алуына қол жеткізді; 1975 жылы Жаңа Гвинеямен бірге басқарылған көршілес Папуамен бірге тәуелсіз Папуа-Жаңа Гвинея мемлекеті деп жариялады, 1990 жылы Микронезия және Маршалл Аралдары Федеративтік мемлекеттері тәуелсіздік алды. Сол жылы Солтүстік Мариан аралдары «АҚШ-қа өз еркімен қосылған» мемлекет болды. 1994 жылы Палау аралдары тәуелсіздік алды.

 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТ

Халықаралық Сот 1945 жылы БҰҰ жүйесінің бір бөлігі ретінде құрылды. Сот Ұлттар Лигасының Халықаралық Сот әділдігінің Тұрақты палатасының орнын басты. Бұрынғы Дүниежүзілік сот Лиганың мейлінше табысты жұмыс істеген институттарының бірі болды. Өзі жұмыс істеген  18 жыл ішінде  32 ірі істер бойынша үкім шығарды және 27 консультативтік қорытындылар берді. Оның мирасқоры ретінде Жаңа Халықаралық сот Гаагада (Нидерланды) кұрылды.

Құрамы. Халықаралық Соттың құрамында Бас Ассамблея мен Қауіпсізідк Кеңесі тоғыз жыл мерзімге сайлайтын 15 судья болады. Үлкен бестіктің тыйым салу құқығы көзделмеген. Соттың мәртебесінде былай делінген: судьялар «жоғары моралдык-әдептік сипаттамалары бар, халықаралық құқықта жалпы жұрт таныған біліктілікке… ие болған адамдардың қатарынан» сайланады және «өркениеттің негізгі нормаларымен дүние жүзінің негізге алатын заң жүйелері» болып табылады. Судьялар әр түрлі географиялық аймақтардың өкілдері болуға тиіс, соттың құрамында бір мемлекеттің азаматтары бола алмайды. Бұл ережелермен Сот адалдығының кепілі және оны объективті халықаралық трибуналға айналдарады деп көзделген. Сонымен бірге талапкер — елдің нақты істі қарауы кезінде соттың құрамына, егер тұрақты Соттың тұрақты мүшелері арасында мұндай адамдар болмаса, қосымша судьяны, өзінің өкілін енгізуге құқығы болады[16].

Өкілеттіктері мен рәсімдері. Бірде-бір елді басқа елдің дауын Халықаралық соттың тыңдауына шығаруға көндіруге болмайды, бірақ Сотқа өтінішпен жүгінген кез келген ел Соттың шешімін қабылдауға әзір болуға тиіс. Мәжбүрлеу тетіктері көзделмеген. Жекелеген азамат оны үкімет ұсынған жағдайда ғана Сотқа жүгіне алады. Сот шешімді көпшілік дауыспен қабылдайды. Соттың өкілеттігін Қауіпсіздік Кеңесі қамтамасыз етеді[17].

Тарихы. Халықаралық сот істердің әр алуан төрт түрін жүргізеді: Шығыс пен Батыс арасындағы жанжалдар; отаршылдыққа қарсы күрес; ішкі аймақтық даулар; БҰҰ-ның заңдық құзыретін қорғау. 1980-шы жылдардан бастап істердің жаңа санаттары пайда болды: Солтүстік пен Оңтүстік, әдетте, АҚШ пен оған қарсы тұратын елдердің арасындағы жанжалдар.

Сот қараумен айналысқан коммунистік және коммунистік емес елдердің арасындағы бірден-бір елеулі дау, Корфу бұғазы бойынша тыңдалған Албания мен Ұлыбритания арасындағы жанжалдар болды. 1946 жылғы қазан айында ағылшынның екі соғыс кемесі Албанияның аумақтық суларының Корфу бұғазынан өткен кезде минаға соғылған; 44 ағылшын теңізшісі мерт болды. Істі екі тарап та Халықаралық сотта тыңдау үшін берген. Ұлыбритания Албания үкіметі мина қоюға бұйрық берген немесе ол туралы білуге тиіс еді, сондықтан да қылмыстық салақтығы үшін жауапты болуға тиіс деп пайымдайды. Албания Британия кемелері оның егемендігін бұзды деп мәлімдейді. Сот істі 5 дауыс қарсы болып, 11 дауыспен ағылшындардың пайдасына шешіп, Албания 2,4 млн. доллар сомасында өтемақы төлеуге тиіс деген шешім шығарды. Алайда Албания шешімді орындаудан бас тартты және Сот та, британ үкіметі де оны бұған мәжбүрлеп көндіре алмады.

Сотқа берілген отаршылдық сипатындағы бірден-бір іс Ұлттар лигасының бұрынғы мандатпен басқарылатын Оңтүстік-Батыс Африкаға (қазіргі Намибияға) қатысты болды. Сот бұл проблеманы 1950 жылы, Бас Ассамблея осы аумақ Оңтүстік Африканың құрамдас бөлігі ретінде басқарыла ала ма деген сұрақ бойынша консультативтік сұрау салу кезінде көтерген еді. Соңғысы халықаралық бақылаудың кез келген нысанын қабылдаудан бас тартты. Сот бірауыздан былай деп таныды: БҰҰ-ның бұрынғы мандатпен басқарылатын аумақтарды басқаруға өкілдігі бар, ал Оңтүстік Африканың осы аумақтың халықаралық мэртебесін өзгертуге құқығы жоқ. 1962 жылы Эфиопия мен Либерия Сотқа Оңтүстік Африкаға қарсы талап арызын қойды, оны соңғысы аздаған көпшілік дауыспен қабылдамай тастады. Сол кезде Африка-Азия көпшілігінің қысым жасауымен Бас Ассамблея Оңтүстік-Батыс Африканы ОАР-нан алып, алдыңғысын басқаруға Ассамблеяға құқық беру туралы қарар шығарды.

1962 жылғы шілде айында Бас Ассамблеяның БҰҰ-ның төтенше қарулы күштерін (ЧВС) жэне БҰҰ-ның Конгодағы күштерін (ОНУК-ONUC) қолдау көрсетуге жұмсалған шығындары Жарғымен қалай анықталады деген сұрау салуына сот бұл БҰҰ-ның заңды шығындарының бір бөлігі деп таниды деп жауап берді, онда былай делінген: «Ұйымның шығындарын Бас Ассамблея анықтайтын мөлшеріне қарай оның мүшелері өтеуге тиіс». Сонымен Сот Ассамблеяның өзінің мүшелеріне заң жүзінде негізделген міндеттемелерді жүктей алатын өкілеттігін растады. Ендігі жерде үштен екі көпшілік дауыспен, қандай да бір әрекетке қарсы дауыс берген мемлекетгі қоса алғанда, БҰҰ-ның қалған мүшелеріне оның шығындарын қаржыландыруды міндеттей алатын болды. Бұл шешім БҰҰ-ын халықаралық қаржыландыру жүйесін жасауға жасалған байқау қадамы болды, сонымен бірге, бұл шешім халықаралық қатынастар саласындағы азшылықтың көпшіліке бағынуы принципін қамтамасыз етті. Алайда, осы шешімнің болашақтағы маңызы жағдайында оның практикалық тиімділігі онша көп бола қоймады. Төтенше қарулы күштер шығыстарын төлегісі келмеген екі ірі держава — Кеңес Одағы мен Франция төлемдерден бұдан былай бас тартты, Бірақ экономикалық киындықтарға сілтеме жасаған 32 кіші-гірім борышкер-мемлекет борыштарын төлеуге шешті. АҚШ-тың 1980 жылы тағы да өсе түскен көп миллиондық борышына келетін болсақ, ол жөніндегі сот тыңдаулары болмады.

Соттың шешімдері халықаралық құқықтың жалпы принциптерін көрсетеді. Соттың әдетте Шығыс пен Батыс арасындағы қатынастар немесе отаршылдыққа қарсы күрес секілді ірі халықаралық проблемлармен байланысты істерге қатысы болмайды. Сотқа тартудың мәжбүрлік сипаты болмағандықтан, мемлекеттердің беделі мен билік мәселелер қойылған кезде олар эманда істі қараудан бойын аулақ салады. Ірі елдер өздерінің орасан зор эконономикалық және диплоатиялық мүмкіндіктерін ойлап жиі ретте шешімдерді елемейді.

 

2.2. БҰҰ –ның мамандандырылған мекемелері және олардың халықаралық қоғамдастықтағы алатын орны

 

БҰҰ өзінің мақсаттарына сәйкес келетін кең ауқымды қызметті жүзеге асыратын бірқатар үкіметаралық мамандандырылған мекемелермен және халықаралық үкіметтік емес агенттіктермен келісімдер жасасқан. Осы мамандандырылған мекемелер өзін-өзі басқаратын мекемелер болып табылады.

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ). ХЭҰ 1919 жылы Ұлттар лигасымен байланысты дербес мекеме ретінде құрылған. 1946 жылы БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі болды. ХЭҰ лайықты тұрмыс деңгейімен, еңбек жағдайларымен, жұмыспен қамтумен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. 1994 жылы оның қатарында 167 мүше болды. ХЭҰ-тың штаб – пәтері Женевада орналасқан.

БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (АТАШҰ).

ФАО — БҰҰ-ның алғашқы мамандандырылған мекемесі, оның негізі 1945 жылғы 16 қазанда қаланған, қатарында 159 мүше бар. Ауыл шаруашылығы, азық-түлік тауарларын, орман және балық өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндіру саласында техникалық көмекті қамтамасыз етеді. Ұйымның штаб-пәтері Римде орналасқан.

БҰҰ-ның білім, ғылым мен мәдениет жөніндегі ұйымы (БҒМҰ.) 1946 ясылғы 4 қарашада құрылған. 1994 жылы оның құрамында 177 толық 1 қауымдасқан мүше болды. ЮНЕСКО өзінің алдына елдердің арасында білімді, ғылыми және мәдени байланыстарды дамыту міндеттерін қойған. штаб-пәтері Парижде орналасқан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ). ВОЗ 1948 жылғы 7 сәуірден бастап қызмет атқара бастады. 1994 жылы қатарында 187 мүше болды. Штаб — пәтері Женевада орналасқан.

Халықаралық қайта құру және дамыту банкі (Дүниежүзілік банк). Дүниежүзілік банк 1945 жылғы 27 желтоқсанда құрылған. Банктің мақсаты -қолайлы шарттармен жеке капитал тарта алмайтын елдерге кредиттер беру арқылы мүше мемлекеттерді дамытуға көмек көрсету.

Дүнежүзілік даму қауымдастығы (ДДҚ). МАР 1960 жылы ұйымдасқан. Дүниежүзілік банк атқаратын міндеттерді атқарады, бірақ кредиттерді біршама жеңілдіктермен береді. МАР-дың штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан.

Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚҚ). МФК 1956 жылы Дүниежүзілік банктің филиалы ретінде біршама кенже дамыған мемлекеттердің жеке кәсіпкерлеріне көмек көрсету мақсатында құрылған. 1994 жылы 160 мүшесі болды. Штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ). МВФ 1945 жылғы 27 желтоқсанда құрылған. 1994 жылы оған 178 мүше кірген. Оның мақсаты шетел валюталарының тұрақтылығына жәрдемдесу, қаржы және халықаралық сауда саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру. Штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан.

Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту   қоры (ХАДҚ). МФСР 1977 жылы 1994 жылы саны 150-ге жеткен мейлінше кенже дамыған мүше елдерде азық-түлік өнімдерін өндіруді арттыру жөніндегі жобаларды қаржыландыру үшін ұйымдастырылған. Қордың қаражатын өнеркәсібі дамыған 20 және мұнай өндіруші 12 елдің жарналары құрайды. Штаб-пәтері Римде орналасқан.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ХААУ). ИКАО орталығы Монреалда орналасөқан, 1974 жылғы 4 сәуірде құрылған. ИКАО-ның мақсаты-әуе қатынастары техникасын дамыту және халықаралық әуе қатынасы көлігі жұмысын жақсартуға көмектесу. 1994 жылы оның қатарында 180 мүше болды.

Дүниежүзілік почта одағы (ДПО). Жалпы почта одағы деген атаумен 1974 жылы құрылған. 1948жылыДПО БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі болды. Одақтың міндеті — дүние жүзілік бірыңғай почта қызметін қалыптастыру. 1994 жылы оның құрамында 188 мүше елдер болды. Штаб-пәтері — Бернде (Швейцария).

Халықаралық телекоммуникациялық одақ (ХТО) Женевада 1865 жылы халықаралық телеграфтық одақ ретінде ұйымдастырылған, 1947 жьшдан бастап БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі. Оның міндеті — телекоммуникацияларды пайдалануда халықаралық ынтымақтастықты дамыту және осы саладағы техникалық ілгерілеуге көмектесу. 1994 жылы қатарында 182 мүшесі болды. Орналасқан жері — Женева.

 

БҰҰ-ның даму он жылдықтары. Дамыған және дамушы елдер арасындағы орасан зор алшақтықтардың сақталуы жағдайында Б¥¥ олар бүкіл дүниежүзінде тұрмыс деңгейін арттыру үшін ынтымақтасуға тиіс деген айқындаманы ұстанып отыр. Осы мақсатын дәлелдеу үшін 1961 жылы Бас Ассамблея 1960-шы жылдарды БҰҰ-ның дамыту он жылдығы деп жариялады және барлық мемлекеттерді жер жүзі халқын көп бөлігі ауыртпалық ч қамытынан шыға алмай отырған кедейліктің, надандықтың, аштық пен аурулардың ауыр зардаптарынан арылу үшін күш-жігерді біріктіруге шақырды. Осы Онжылдықтың барысында дамушы елдер бірқатар кейбір экономикалық жағынан өсуге қол жеткізді, бірақ бұл жетістіктер еңбектің ауыр жағдайлары мен сыртқы борыштардың ауыртпалығымен құмға сіңген тамшыдай болды.

1966 жылы Бас Ассамблея Онжылдықта алға қойған мақсатқа жетудегі баяу ілгерілеу себептерінің бірі дамытудың стратегиялық жоспарының болмауы деген қорытындыға келді.

БҰҰ дамытудьщ екінші он жылдығын жариялай отырып, Ассамблея 1970 жылғы қазан айында келесі онжылдықгың бәріне арналған Халықаралық дамыту стратегиясын қабылдады. Мүше мемлекеттер бай және кедей ұлттар арасындағы терең алшақтықгы азайтуға және бүкіл дүние жүзінде экононмикалық жэне элеуметтік тэртіп жасауға тиіс саясатты жүгізуге және шараларды жүзеге асыруға салтанатты түрде уэде берді. Дамытудың барлық төрт Онжылдықтары бойында БҮҮ-ның басты мақсаты кедейліктен құтылу және дамыту бағдарламаларының көмегімен жаьандық көлемде ауқаттылыққа Қол жеткізу болды. Бұл үшін «үшінші дүние» елдерінің экономикалық проблемаларьш — индустрияландырудан және сауданы жолға қоюдан бастап, ІЖӨ (ішкі жалпы өнімді) теңгерімді бөлуге дейінгі проблемаларын шешу

ажет болды. Бұл басқа қосымша проблемаларға тиісінше көңіл бөлінбейді дегенді білдірмейді. Олардың ең маңыздысы — халық санының өсімі. 1970-ші жылдарға дейін БҰҰ дамушы елдердегі демографиялық үрдістерге көңіл бөле тұрса да, ол негізінен проблеманың ғылыми жағына ынта қойды жэне халық санағын жүргізу, бала тууы мен өлім-жітімнің сенімді статистикасын беру, халық өсімінің егжей-тегжейлі болжамын жасау қажеттігін көрсетумен шектелді. Осының бэрі Б¥Ү-на мүше мемлекеттер туралы ақпараттың қажетті негізін жасады. 1960-шы жылдың аяғында дүниежүзі халқының жедел өсуі халықаралық дамыту стратегиясы мен экономикалық өсу саясатыньщ аса манызды проблемасына айналды.

Халықтың  шапшаң  қарқынмен өсуімен байланысты проблеманы ұғыну 1970 жылы ЭӘК-тың- Б¥Ү — ның   Халықгың өсуі саласындағы қызметі үшін қорының (ЮНФПА-ІЮТРА) заңдық құқығымен ерікті бағдарламасын құруға экеп  соқтырды.  Бұл мекеме     отбасын    жоспарлау бағдарламасы арқылы демографиялық үрдістерге бақылауды қамтамасыз етуге арналған.

Дамытудың Төртінші Онжылдығы уақытынан бері (1991-2000 ж.ж.) бірінші кезекке қоршаған ортаның проблемалары шықты. Оның міндеті, бірінші кезекте дүниежүзіндегі ең кедей елдердегі тұрмыс деңгейін тұрақты дамыту, жақсарту. Жерді халық өсімін бақылаудан тыс халық өсімінің күйреу салдарларынан қорғау болды.

Жаңа халықаралық экономикалық тәртіп. 1974-1975 жж. Бас Ассамблеяның екі арнаулы жэне тұрақты сессияларында Жаңа халықаралық экономкалық тэртіптің тұжырымдамасы анықталып, іске асырыла бастады. Бұл бастамалар халықаралық экономикалық қатынастардың тұрақтылығына төнген қатер болып табылатын дағдарыс жағдайларында қабылданды. 1944 жылы құрылған, Бреттон-Вудстің жүйесі ретінде белгілі монитаристік жүйе 1970-ші жылдары жаңа проблемаларға тап болды. 1973 жылғы қазан айында, Таяу Шығыстағы соғыс басталысымен іле-шала мұнай бағасы күрт өсіп кетгі. Осымен қоса жүрген қызмет көрсетулер мен өнеркәсіп өнімі бағаларының өсуі мен азық-түлік тапшылығы және қосалқы қорлардың сарқылуы, сауда тепе-теңсіздігі мен борыш ауырпалығының артуы тұрақсыздандырушылық әсерін тигізді. 1973 жылғы қыркүйек айында Алжирде өткен блоктарға қосылмайтын елдер өкілдерінің кездесуінде Дамытудың Екінші онжылдығының күйреумен аяқгалғанын анықтады, ал 1974 жылы Блоктарға қосылмайтын елдер тобының

төрағасы, Алжир президенті Хуари Бумедьен шикізат ресурстары мен дамыту проблемаларын талқылау үшін Ассамблеяның арнаулы сессиясын шақырды .

1975 жылы Б¥¥ «Париж келіссөздері» немесе «Солтүстік-Оңтүстік сұхбаты» деп аталған Халықаралық экономикалық кооперация жөніндегі Конференциямен байланыс орнатты. Францияның президенті Валери Жискар д’Эстеннің бастамшылығымен болған Париж келіссөздері үзілістер жасай отырып, 1975 жылғы желтоқсан айы мен 1977 жылғы маусым айы аралығына дейін созылды, оған 27 дамушы елдер мен нарықтық экономикасы бар дамыған мемлекеттер қатысты, олар энергетика, табиғи ресурстар, қаржы, сауда мен дамыту проблемаларын талқылады. 1977 жылы қыркүйек айында Ассамблея конференцияның нәтижелерін талқылады, бірақ келісілген шешімге келе алмады. Көптеген дамушы елдер келісссөздер ясаңа халықаралық экономикалық тәртіп орнатқай мақсаттарға жетуге жәрдемдесе алмады деген көзқарасты ұстанды. Дамыған елдердің көпшілігі келіссөздері оларға негізінен бай мемлекеттердің құқықтарын шектеудің сәті түспегендіктен белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізумен аяқталды деп ойлады.

Б¥¥-ның дамыту бағдарламасының (ПРООН-ІШВР) 150 елде жұмыс істейтін өкілдіктері бар, штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан; 1965 жылы, Бас Ассамблея Б¥¥-ның екі ұйымын: 1949 жылы ұйымдасқан Техникалық көмектің ұлғайтылған бағдарламасына (РПТП), сондай-ақ дамытудың ірі жобаларына қатысты дайындық жөніндегі инвестициялық консультацияларды жүргізу үшін 1958 жылы құрылған Арнаулы қорды біріктіру туралы шешім қабылдаған кезде ұйымдастырылды.

ПРООН-ньщ — дүние жүзіндегі аса ірі жан-жақты техникалық көмек бағдарламасының қызметі, Б¥Ү-ның бұдан бздэынғы ұйымдарында болғанындай, Б¥Ү-на мүше мемлекеттер үкіметтерінің немесе тиісті мекемелерінің ерікті жыл сайынғы жарналары есебінен қаржыландырылады. Оны дамыту процестерін қамтамасыз ету жөніндегі БҮҮ-ның орталық үйлестіруші ұйымы деп есептеуге болады.

1991 жылы тұтастай алғанда 6189 жоба іске асырыла бастады, мұның өзі 1980 жылға қарағанда кем болды, бұл кезде 8450 жоба жүзеге асқан еді. Олардың жиынтық құны ПРООН мен алушы елдер үшін 14 млрд. доллар болды. Бұл бағдарламалар экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық салаларын — ауыл шаруашылығынан, өнеркәсіптен, энергетикадан, көліктен, коммуникациялардан, саудадан бастап денсаулық сақтауға, тұрғьш үй Қ^рылысына, білім беруге, кәсіби даярлауға, коммуналдық қызметтер

экұмысына жэне қоғамдық басқаруға дейінгі салаларды қамтыды. Бөлінген сомалардың 80 %-ы жылдық табысы халықтың жан басына есетегенде 750 немесе одан да аз елдерге жұмсалады.

Б¥¥-ның сауда және дамыту жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД-ЩЧ8ТАВ). 1964 жылғы 23 наурыз — 1 маусым аралығында Женевада өткен кездесуде ЮНКТАД дамыту пробемаларына сэйкес сауда саясатындағы міндеттерді талдап шешу үшін Б¥¥-ның тұрақты органының қажеттігін атап көрсетті. Сол жылдың 30 желтоқсанында Бас Ассамблея өзінің тұрақты органдарының бірі ретінде ЮНКТАД-ты ұйымдастыруға шешім етті. Ассамблея өзінің қарарында халықаралық сауда экономикалық дамудың маңызды құралы болып табылатынын атап көрсетіп, дамушы елдердің тиісінше сауда ұйымын құруға ортақ ұмтылысын атап көрсетті. ЮНКТАД-тың басты міндеті — әсіресе дамушы елдерді экономикалық жағынан дамуын шапшаңдату мақсатында халықаралық саудаға жәрдемдесудің принциптері мен саяси бағытын жасау, көп жақты сауда келісімдерін жасауды көздеген шараларды қолдау, жекелеген мемлекеттер мен аймақгық экономикалық топтар үшін сауда мен дамыту саясатының үйлестіруші орталық ретіндегі қызмет.

1987 жылы ЮНКТАД-тың сессиясында барлық елдер, оның ішінде бай елдер шапшаң және тұрақты дамытуға жэрмемдесу үшін бірдей жауапты болуға тиіс деген қарар қабылданды. ЮНКТАД БҮҮ-ның Мешеу дамыған елдер жөніндегі конфернцияларының (ЮНЛДК-ЦМЛЗС) жұмысына көмектесті, олар 1981 және 1990 жылдары Парижде болып өтті. Конференцияның міндеттерін орындау үшін Ассамблея сессиялары аралығында Сауда және дамыту жөніндегі кеңесті құрды, ол Конференцияның Шешімдерін жүзеге асырады, сауда мен дамыту проблемалары бойынша зерттеулер жүргізеді. Кеңес жыл сайын екі сессияға жиналады, сауда

Мэселелерін экономикалық дамыту мәселесімен өзара байланыстыра отырып талқылайды. Онда бірқатар комитеттер мен бағыныштьі бөлімдері бар. Осы Ісомитеттердің кейбіреулері кеме қатынасымен, технологияларды берумен, дамупіьі елдер арасындағы ынтымақстастық мэселелерімен айналысады.

Б¥¥-ның өнеркәсіп жөніндегі ұйымы (ЮНИДО — ШГОО) 1967 жылы дамушы елдердегі индустрияландыру процестерін қолдау мақсатында негізі қаланған. 1993 жылы оның қатарында 159 мүше болды. Басшылықты үш жыл мерзімге Бас Ассамблея сайлайды.

ЮНИДО дамушы елдерге, атап айтқанда экспорттық қызмет көрсету, жабдықтар жеткізу, қызметкерлерді кэсіби даярлау нысанында техникалық көмек көрсетеді. ¥йым зерттеу жұмысын жүргізеді, семинарлар мен конференциялар өткізеді.

БҰ¥-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы. Қоршаған орта проблемалары жөніндегі Б¥¥-ның бірінші конференциясы 1972 жылы Стокгольмде болды. Ол саяси сарындағы конференция болды, осы тұста Швецияның премьер-министрі Улоф Пальме Вьетнамда дефолианттарды пайдаланғаны жөнінде АҚШ-ты айыптап, экологиялық соғыстың дереу тоқтатылуын талап еткен еді. Сол жылы қоршаған ортаны қорғауды бақылау мен экологиялық қорғаудың қолайлы шараларын үйлестіру үшін Б¥¥-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП- ІІМЕР) жасалды. 1987 жылы кейін Б¥¥-ның қоршаған ортаны қорғау мен дамыту жөніндегі Конференциясы (ЮНКЕД-ІЖСЕВ) деп аталған «Жерді мекендеушілер кездесуі» конференциясына эзірлік басталды.

ЮНКЕД конференциясы 1992 жылғы 3-14 маусымда Рио-де -Жанейрода (Бразилия) өткізілді. Осы форумда Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлары

елдерінің арасындағы қайшылықтар қаралды. Оңтүстіктің дамушы елдері қала тіршілігіне енген Солтүстіктің жер ресурстарын сақтауға жэне өнеркәсіп ясағынан нашар дамыған элсіз елдердің егемендігій қорғауға бағытталған дамыту стратегиясының қажеттігіне көзін жеткізіп бақты. Табиғатты қорғау мен элеуметтік проблемалар және дамыту проблемалары арасындағы шешуші байланыс түбегейлі қарарда да көзделді. Рио декларациясының төртінші принципінде былай делінген: «қоршаған ортаны қорғау тұтастай алғанда дамыту процесінің құрамды бөлігі ретінде қатысатын болады».

Конференция барлық мемлекеттер мен халықтарды кедейлікті жою, тұрмыс деңгейіндегі айырмашылықты азайту және Жер бетіндегі халықтың көпшілігінің қажеттеріне баса назар аудару үшін ынтымақтастыққа шақырды».

«Жасылдар» қозғалысының ықпалында болған Еуропа елдері мен Жапония мемлекеттері өнеркэсіпті мемлекеттер үшін қоршаған ортаға зиян келтіретін, бірінші кезекте жаьандық жылынуға экеп соқтыратын химиялық өндірістерді қысқарту қажеттілігін таныды. Алайда, АҚШ жаьандық жылыну процесіне қатысты келісімді оның негізгі ережелерін жұмсарту қажеттілігі туралы мәлімдёп, қабылдамай тастады; олар жануарлардың жойылып бара жатқан түрлерін қорғау жөніндегі келісімге қол қоюдан да бас тартты.

 

БОСҚЫНДАРМЕН ЖӘНЕ ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕРМЕН

ЖҰМЫС ІСТЕУ

 

ЮНРРА (ШККА) және ИРО (ІКО). Босқындарға көмек алғаш рет 1921 ясылы Үлттар лигасының босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссариатының халықаралық сүйелдемеуімен ұйымдастырылды. ЮНРРА — 1943 жылғы 9 Қарашада құрылған Б¥¥-ның көмек көрсету жэне оңалту жөніндегі әкімшілігі, ол қоныс аударған адамдармен және босқындармен айналысатын  халықаралық орган болды. Оның мақсатына қайырымдылық, адамдарға қарсы күрес жүргізген елдердің мекенін ауыстырған халықтарды алдау жэне сайып келгенде олардың отанына оралуы жатады. 1946 жылы щамамен 1675 мың адам — қоныс аударған адамдар, эскери босқындар мен соғыс кезіндегі босқындар, не өзінің барлық байланыстарын үзудің, не өздерінің елдеріндегі саяси жағдайлардың өзгеруі салдарларынан отандарына қайтып орала алмады немес қайтқылары келмеді. Мұндай адамдарды боскындар деп есептеуге тура келді, оларға жаңа түрғылықты жерлерін табу қажет болды. Жарғысын 1946 жылғы 15 желтоқсанда Бас Ассамблея макұлдаған Босқындар жөніндегі халықаралық ұйым (ИРО -ІКО) өзіне ЮНРРА-ның міндетін алды. 1952 жылдың ақпан айына таман ИРО өзінің қызметін тоқгатқан кезде, ол мекенін ауыстырған миллионнан астам адамның қоныс аударуына және мың адамның отанына оралуына жәрдемдесті.

Б¥¥-ның Жоғарғы комиссарының босқындар жөніндегі басқармасы (УВКБ-ІІКНСК). Б¥Ү-ның босқындар істері үшін одан әрі жауапты болып отырғанын мойындай келіп, Бас Ассамблея 1950 жылы Б¥Ү-ның Жоғарғы комиссарының босқындар жөніндегі басқармасын құрды. Басқарма өзінің жұмысын 1951 жылдың 1 қаңтарынан бастады. ЖКББ-нің екі міндеті -босқындарды халықаралық қорғау жэне босқындардың проблемаларын сенімді түрде шешу міндеті болды. Бірінші міндетіне келетін болсақ, ол жұмыспен, білім берумен, тұрғын үймен, еркін жүріп-тұрумен қамтамасыз ету сияқты салаларда босқындарға көмек көрсету үшін халықаралық   деңгейде қабылданған ең төменгі стандарттарды белгілеуге ұмтылып отыр. ЖКББ  сондай-ақ, босқьшдарды отанына қайтып оралғанда олардың қуғындауға ұшыратуы мүмкін зорлық-зомбылықгардан қорғауға ұмтылыс жасап келеді. 1951 жылы, ЖКББ өзінің қызметін бастағанда, Еуропадағы шамамен 350 мың босқынды қоса алғанда, бүкіл дүние жүзінде шамамен 1.250 мың босқын  халықаралық көмек көрсетуді қажет етті. 1950-ші жылдардың аяғынатаман босқындардың негізгі проблемасының түйінді мәселелері басқа құрлықтарға, бірінші кезекте Африкаға көшті.

1970-ші жылдары ЖКББ қорларының негізгі қаражаттары бұрынғыша босқындардың Африкадағы селолық жерлерде қоныс тебуіне жұмсалды. Бұдан басқа, 1972-1973-ші жылдары ЖКББ Суданнан шамамен 180мыңғажуық босқындардың отанына қайтып оралуын ұйымдастыруға көмектесті. Осындай көмек Гвинея-Бисауға, Мозамбик пен Анголаға осы елдер тэуелсіздік алғаннан кейін қайтып оралған босқындарға да көрсетілді. ЖКББ дереу Уганданы тастап Шығуға тура келген Азиядан шыққан адамдардың қоныс аударуларына исәрдемдесті. Жаңадан тәуелсіздік ал?ан Африка елдеріне кең көлемдеотанына қайтып оралуына байланысты босқындар санының жалпы азаюына қарамастан, ЖКББ 1980 жылы шамамен 1,5 миллион босқындардың Африкада орналасуымен айналысты. Бұл бірінші кезекте ОАР-*нан шығып, Оңтүстік Дфрикаға барған босқын студенттер, сондай-ақ, Замбиядан, Зимбабведен, Заир мен Эфиопиядан шыққан босқындар еді.

Ауғанстандағы азаматтық соғыс дағдарыстың тағы бір ошағының туындауына әкеп соқты. 1980-ші жылдардың басынан 3 млн.-ға жуық ауғандықтар Пәкістанда, ал 1 млн.-нан 2 млн.-ға дейін ауғандықтар Иранда баспана тапты. УВКБ 1991 жылы соғыс аяқгалғаннан кейін отанына қайтып оралу басталғанға дейін босқындар үшін лагерлерді кздэып, сақтап қалды. Сальвадордағы азаматтық соғыс пен Никарагуадағы «контраспен» байланысты соғыс бүкіл Орталық Америкадағы мыңдаған босқындардың пайда болуының себебіне айналды, олардың көпшілігі өздерінің елдері ішіндегі босқындар болып шықгы. УВКБ және басқа да мекемелер 1980-жылдардың аяқ кезінде 1991 жылы азаматтық соғыстың аяқталуына байланысты басталған сальвадорлықтарды кенеттен отанына қайтаруды ұйымдастырып, тәртіпке халықаралық көмек көрсетуді қажет етті.    1950-ші жылдардың аяғына таман босқындардың негізгі проблемасының түйінді мэселелері басқа құрлықтарға,  бірінші кезекте Африкаға көшті.

1970-ші жылдары ЖКББ қорларының негізгі қаражаттары бұрынғыша босқындардың Африкадағы селолық жерлерде қоныс тебуіне жұмсалды. Бұдан басқа, 1972-1973-ші жылдары ЖКББ Суданнан шамамен ІВОмыңғажуық босқындардың отанына қайтып оралуын ұйымдастыруға көмектесті. Осындай көмек Гвинея-Бисауға, Мозамбик пен Анголаға осы елдер тэуелсіздік алғаннан кейін қайтып оралған босқындарға да көрсетілді. ЖКББ дереу Уганданы тастап Шығуға тура келген Азиядан шыққан адамдардың қоныс аударуларына Жәрдемдесті. Жаңадан тәуелсіздік алған Африка елдеріне кең көлемде келтірді. Гондурастан Никарагуа «контрастарын» отанына қоныс аудару бітімі ясақындата түскен саяси келісімнің шешуші кезеңі болды.

ЖКББ БҮҮ бас хатшысының талап етуімен 1991 жылғы Парсы шығанағындағы соғыстан кейін іле-шеле күрттердің көтерілісі жеңіліс тапқан соң, Ирактан Түркияға ауған жүз мыңдаған күрттерді лагерлер ұйымдастырып, оларды тағаммен, тұрғын үймен, медициналық көмекпен қамтамасыз етті (Иранға келген Оңтүстік Ираістың шейіттеріне тым шектеулі қолдау көретілді). Жыл аяғына таман лагерлердің көбісі жабылып қалды, ал отанына қайтып оралу жалғаса берді.

1992 жылы Балқандағы этникалық дағдарыс Хорватиядан, Сербиядан, Босния мен Герцеговинадан кетуге ұмтылған мыңдаған босқындардың пайда болу себебіне айналды. УВКБ бейбітшілік орнаған аудандарда оларды орналастыруға көмектесе отырып, босқындарға азық-түлік, баспана мен медициналық көмек берді, немесе оларды орналастырудың баламалы аудандарын табуға ұмтылды.

1954 жылы ЖКББ ¥лттар лигасының босқындар істері жөніндегі комиссариатының жоғарғы тұңғыш комиссары — норвегиялық Фритьофе Нансенді ееке алу құрметіне Нансен медалі мен сыйлығын тағайындады. Медаль жыл сайын босқындарға көмек көрсету жөнінде көбірек жұмыс жүргізген адамдарға тапсырылды. 1954 жылы ЖКББ — ға Нобель сыйлығы тапсырылды.

БАПОР-ІІ]ЧК\¥А. БҮҮ-ның палестиндік босқындарға көмек беруге
жэне жұмыстарды ұйымдастыруға арналған Таяу Шығыс агенттігі (БАПОР)
1949 жылы құрылды. Агенттік өзінің қызметін 1950 жылы бастады, ол
Палестинаның Ливанда, Сирияда, Иорданияда, Газа секторында тұратын
көмекке мұқтаж босқындарына өмірлік аса маңызды көмек көрсетті. 1967
жылдан бастап Бас Ассамблея             БАПОР-ға «1967 жылғы маусымдағы жанжалдар салдарларынан босқындарға айналып, кедейшілік жағдайына ұшырағандарға және аймақгың басқа адамдарына төтенше жағдайларды және қажетті уақытша шараларды негізге ала отырып практикалық ізгілікшілік көмегін көрсетуге» өкілеттік берді. 1967 жылғы соғыстан кейін БАПОР Батыс жағалаудағы және Газа секторындағы палестиндік босқындарға Израилдің оккупациялық билік орындарымен келісім бойынша көмекті одан әрі көрсете берді. Газа секторында, Батыс жағалауда жэне Кунейтра (Сирия) округінде 500 000-ға жуық адамның, шамамен босқындар ретінде тіркелгендердің ясартысының өздерінің тұрғын үйлері болмады. Адамдардың жаппай легі босқындарды қабылдау орындарында төтенше жағдайлар туғызды. Сирия, Иордания және БАПОР-дың ерікті қызметтері тттүғыл шаралар қолдануға Мәжбүр болды. Осыдан кейін төртеуін Сирияда жэне алтауын Иорданияда Орналастыра отырып, он шатырлы лагерлер қүру, оларға еңбек құралдарын жеткізу мен білім беру, медициналық және санитариялық қызмет көрсетулерді жолға қою қажет болды. БАПОР құрған жэне жабдықта^ан Батыс жағалаудағы лагерлер бос қалды, өйткені бұл аумақтарды израилдықтар басып алған еді. Уақыт өте келе, БАПОР шатырларды уақытша лагерлердегі бір отбасына арналған бір болмелі тұрғын жайлармен ауыстырды. 1970 жылдардағы кезекті мезгіл-мезгіл қайталанып тұратын қаржы дағдарысы БАПОР-ға да соққы болып тиді жэне 1975-1976 жылдары Агенттік’ өзінің қызметін бүтіндей тоқтатты. Тек үкіметтердің, үкімет аралық және үкіметтік емес ұйымдардың, жеке адамдардың және компаниялардың ғана тарапынан көрсетілген ерікті қайырымдылық көмекке өмір сүрген Агенттік тиісті қызметтерін қолдау бағдарламаларын қаржыландыру тұрғысында барған сайын елеулі қиындықтарды бастан кешірді. 1980 жылға таман БАПОР-дың қаржы жағдайы тұрақтанды, осы кезде Агенттік Батыс жағалауы жэне Газа секторы мен Ливанның тұрғындарының мұқгаждарына арналған арнаулы жарналармен бірге Б¥¥ тарапынан ұдайы жарналар ала бастады. 1992 жылдың басында БАПОР -ға 2615 мың палестиндіктер қолдау көрсетті, олардың 452 мыңы батыс жағалауда, 550 мыңы Газада; 1000 мыңы Иорданияда; 317 мыңы Ливанда; 296 мыңы Сирияда болды. Иорданияда босқындар саны күрт өсіп, ресми болмаса да, 1991 жылы, Парсы шығанағындағы соғыс кезінде 300 мың палестиндік Кувейттен кетіп қалды. БАПОР 15 мың палестиндіктерді жұмыспен қамтамасыз етті. Қамауға алынған мен түрмеге жабылған БАПОР қызметерлері саны жағынан БҮҮ-ның бөлімшелері арасында бірінші орын алды. 1992 жылдың наурыз айында БАПОР штабының 85 өкілі түрмеге жабылды, ал олардың 78-ін Израилдің әскери өкімет орындары ұстаған.

 

БҮ¥-НЫҢ БАЛАЛАР ҚОРЫ (ЮНИСЕФ)

 

1946 жылғы—- желтоқсанда Бас Ассамблеяның  бірауызды шешімімен

БҮ¥-ның балаларға көмек көрсетудің Халықаралық қоры ЮНИСЕФ  құрылды. Алғашында қор екінші дүние жүзілік соғыста бақытсыздыққа ұшыраған кішкене жастағы құрбандарына арналды. 1953 жылы Ассамблея оның мандатын белгісіз мерзімге дейін ұлғайтып, Б¥¥-ның балалар қоры деп (ЮНИСЕФ атауын сақтап қала отырып) қайтадан атады. Қордың басты қамқорлық объектісі ашқұрсақтықтан, аурулар мен сауатсыздықтан зардап шеккен дамушы елдердің миллиондаған балалары болды. 1965 жылы ЮНИСЕФ-ке Нобель сыйлығы берілді.

ЮНИСЕФ-тің оның БҮҮ -ның ауқымында жартылай дербес мэртебесі бар, ол ЭКОСОС пен Бас Ассамблеяға есеп береді. ЭКОСОС 30 мемлекеттің өкілдерінен сайланған Атқарушы орган ЮНИСЕФ-тің саясатьш анықгайды және жыл сайын Қордың бағдарламаларын қарау үшін жиналады.

ЮНИСЕФ-ті қаржыландыру тек ерікті қайырырымдылыққа ғана байланысты болады: оның табысының төрттен үш бөлігі дерлік үкіметтерден; қалған бөлігі — құттықтау ашық хаттарын сату және қаражат жинау жөніндегі әр алуан науқандарды өткізу арқылы қалың жұршылықтан түседі.

ЮНИСЕФ-тің басты міндеті — ұлттық қатыстылығына, діни сеніміне, жынысы мен саяси бағдарларына қарамастан балалардың өмірін жақсартуда дамушы елдердің үкіметтеріне көмектесу. ЮНИСЕФ балалар қызметтерін ¥йымдастыру, тағам өнімдері мен жабдықтар жеткізу, қорларды қамтамасыз ету, балалармен жұмыс жүргізу үшін әлеуметтік қызметкерлер құрамын -Денсаулық сақтау мен тазалық қызметкерлерін, әлеуметтік қызметкерлер мен балалар үйлерінің басшыларын даярлау үшін белсенді күш-жігер жұмсап келеді. ЮНИСЕФ сондай-ақ табиғи нәубеттермен, азаматтық соғыстармен жэне індеттермен байланысты төтенше жағдайларда аналар мен балаларға өмек көрсетеді.

1979 жылы Бас Ассамблея Халықаралық балалар’ күнін жариялады, оны барлық елдердегі балалардың тұрмысын жақсартуға арнады. ЮНИСЕФ Балалар жылында Б¥Ү-ның қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыстарды басқаруға өкілетті калған.                                                                                                                                                                                                            

 

 

[1] Протопопов А.С. Кенес Одагы, Улттар Лигасы жэне БУУ., «Мысль», 1978 ж.

[2] Кожевников Ф.И., «Советское государство и междунаролдное право», 1917-1947 ж.ж.(«Опыт истолрико-правового исследования»), Юр. Издат-во,1948г., стр.293.

[3] Иноземцев Н.Н. Внешняя  политика США в эпоху империализма.,Госполтиздат.,1970 г., стр. 138-169.

[4] В.М.Хайцман. СССР и проблема разоружения. Изд. АН СССР, 1959, бет 138.

[5] «Внешняя политика СССР. (1917-1944). Сборник документов», т.II, М., 1944, бет 941.

[6] БҰҰ-ның Жарғысы, 1-бап, 3-тармақ

[7] 62-бап ЭӘК

[8] БҰҰ-ның Жарғысы. V бөлім, 23 бап.

[9] БҰҰ-ның Жарғысы.24 бап

[10] БҰҰ-ның Жарғысы. 9 бап.

[11] БҰҰ-ның Жарғысы. 10,11,12 б.б.

[12] Г.И. Морозов.ООН. Основные международно-правовые аспекты структуры и деятельности.ИЗД.ИМО М.,1986г.

[13] БҰҰ-ның Жарғысы. 98 бап.

 

 

 

 

[14] ЭӘК Жарғысы, 61 бап. 

[15] Майков.С.Г.Главные органы ООН. М.,1987 г.стр.90-91.

 

[16] 93 бап..

[17] 94 бап