АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Болашақ спортшылардың кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы, 2015 — 65

 

«Болашақ спортшылардың кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

2015

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………….

7

1

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ……………………………………………….

 

9

1.1

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары және мінез-құлықтың ерік-күшін дамыту…………………………………………………………………………………………………

 

9

1.2

Көңіл-күй аясына ықпал ететін құрал ретіндегі дене тәрбиесі мен спортпен шұғылдану…………………………………………………………………………….

 

10

1.3

Эстетикалық тәрбие құралы ретінде дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану…………………………………………………………………………………………..

 

11

1.4

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жеке тұлғаның оң мінез-құлқын қалыпастыру шарттары…………………………………………………………….

 

12

 

2

 

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ САБАҚТАРЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРУ………………………………………………………………………………………………….

 

16

2.1

Дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі жоспар түрлері……………………………….

16

2.2

Дене тәрбиесі мен спорт бойынша оқу жұмыстарын ұйымдастыру түрлері…………………………………………………………………………………………………

 

16

2.3

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құрылымдары………………………….

17

2.4

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын жүргізу әдістемесінің бірнеше мәселелері……………………………………………………………………………………………

 

20

2.5

Дене мәдениеті мен спорт сабақтары нәтижесінің есебі және процесті бақылау………………………………………………….. …………………………………………..

 

40

2.6

Дене тәрбиесі мен спорт мұғалімі – сабақтың басқарушысы мен ұйымдастырушысы………………………………………………………………………………

 

45

 

3

 

СПОРТ ЖАРЫСТАРЫ………………………………………………………………………..

 

51

3.1

Спорт жарыстарының мәні…………………………………………………………………..

51

3.2

Спорт жарыстарының пәні ретіндегі спорт түрі……………………………………

52

3.3

Спорт жарыстарын ұйымдастырудың негізгі мәселелері………………………

53

3.4

Бұлшықетті өнімді босаңсыту қабілеттілігі……………………. ……………………

59

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………….

65

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………..

66

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары адамның ақыл – ой, ерік және көңіл-күй аясын, оның эстетикалық ұғымдары мен қажеттіліктерін қалыптастыруға әсер етеді.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының ақыл – ойға нысандық әсер ету жақтары, оның ақыл – ой және дене еңбегі бір-бірімен бірлікте және өзара байланыста болады.

Бізді қоршаған ортада және біздің ағзамызда болып жатқан көптеген құбылыстар тек қимыл әрекетінің нәтижесінде танылуы мүмкін. Бұл ең алдымен қимылдың кинематикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттарына қатысты болып табылады, яғни уақыт, кеңістік, қимыл ұзақтығы, жылдамдық, ырғақ, сол сияқты дененің беткі қабаты мен салмағы және оның өзіндік мүмкіндіктері туралы ұғымға қатысты болады.

П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесі ілімінде бұл ережені толық әрі ғылыми дәлелмен көрсетті. Адамның дене және психикалық бірлігі идеясына сүйене отырып және қимыл әрекетін тұлғаны дамыту ықпалы ретінде қарастыра келе, ол тәрбиедегі жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін (немесе оның өзі айтқандай жеке тұлғаны қалыптастыруда) сондай дене жаттығуларын пайдаланып, сабақты да соған сәйкес ұйымдастыру керек деп көрсетті.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары ақыл – ойдың мынадай жақтарын дамытуға ықпал етеді: зейін (күрделі дәлдіктегі дене жаттығуларын меңгеру оның орындалатын жаттығуларға, туындаған қимыл сезімдері мен жағдайларына, сәйкес қимылдарға шоғырлануын талап етеді), байқампаздық (сезім мүшелерінің даму әсері), тапқырлық пен ойлау шапшаңдығы (өзгермелі жағдайда қимылдың шапшаң әрі адекваттық бағдарлау қабілетіне жоғары талаптар қойылады) және ойлау (табысты немесе сәтті емес қимылдардың себебін тауып, оның мақсатын, құрылымы мен нәтижесін, т.б. ой елегінен өткізу).

Қимыл және ақыл – ой дарындылығы арасында байланыс орнаған. Белсенді қимыл тәртібіндегі балалар әдетте жоғары және тұрақты ақыл – ой үлгерімінде болады. Ақыл – ойы кеш дамыған балалар нашар біліктеледі және қимыл дағдыларын үлкен қиындықпен меңгереді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі шұғылдану ағзаның барлық мүшелері мен жүйелеріне жан-жақты әсер етеді. Олар тірек-қимыл аппаратын нығайтып, дамытуға көмектеседі: қуыс сүйектер диафазасының көлденең мөлшері ұлғаяды; олардың қыртыс қабаты қалыңдайды, т.б. Бұл өзгеріс қаңқаны нығайтып, жұмысшы гипертрофиясының сипаты болады.

Бұндай өзгерістер үлкен жүктеме арқалайтын сүйек – буын аппараттары тобында көрінеді. Мысалы, теннисшілерде, лақтырушылар мен семесерлесушілерде қол сүйегі үлкен жүктемеге лайық болса, ал секірушілердің аяғы жүктеме есебінен ұлғаяды. А.И.Кураченовтың айтуынша, лақтырушы-спортшыларда бір жыл ішінде жаттығатын аяқ қыртыс қабаттың 1,5-2 мм, ал үш жыл тәжірибесі болса-2,5-3мм, он жыл жүйелі жаттықғу онда иық сүйгенің диафазасының көлденең өлшемі 8 мм-ге ұлғаяды. Жаттығулар бой ұзындығына, иық ендігіне және денені түгелдей атлетикалық жаққа өзгертеді. Олар буын мен омыртқа қозғалмалылығын арттырып, дәнекердің сырғымалылығын жақсартады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары ақыл – ой жұмыс қабілетін жақсартуға жәрдемдеседі. Бұл ереже көптеген зерттеулерде дәлелденген. Мысалы, В.М. Коврыгин мен А.П. Гемба 1600 студенттің үлгерімін зерттеп, өте-жақсы және жақсы бағалардың спортпен айналыспайтындарда 11,9% көп екенін, ал қанағаттанарлық және қанағаттандырмайтын бағалар 7,5 және 4,4%-ға аз екенін көрсетті. К.В. Волков, Г.Д. Горбунов, Е.Е. Шецольд, Л.И. Александрова, Г.М. Краковяк, және басқалар да осындай мәліметтер алды.

Зерттеудің мақсаты м ен міндеті. Дене жаттығуларымен айналысу әсерінен ақыл – ой жұмыс қабілетін жақсарту іс-әрекет сипатын кезектестіру, ақыл – ой мен дене жұмысын ауыстыру, сол сияқты әдеттегіден тыс болса да психикалық процестің жүруіне жақсы әсер ететін қысқа мерзімді дене жүктемелерін қолданудың жақсы әсерлері нәтижесінде жүргізіледі. Қимыл әрекетін шектеу, керісінше, ақыл-ой қабілетін төмендетуге әкеледі.

Одан бөлек спортпен шұғылданатын оқушылардың үлгерімін жақсартуға дұрыс ықпал ету күн тәртібін дәл сақтауға әсер етеді. Спортпен шұғылдану аталғанғ спорт түрінің тәсілі мен әдістемесі мәселелері бойынша, спорт педагогикасы, спорт физиологиясы, жеке гигиена бойынша білімді меңгеруді реттейді.

Зерттеудің объектісі. Спортшылардың басқа елдерге, қалаларға жарысқа баруы, барлық саяхаттар тәрізді білім беру міндеттерін орындауға көмектеседі.

Алайда, дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының ақыл –ойға кері әсер етуі де мүмкін. Спортпен айналысатын оқушылар мен студенттердің нашар үлгерімі жайлы мәліметтер де жетерлік. Бұл негізінен спортпен бір жақты қатты қызығуға (оқудағы басқа пәндерге зиян) немесе үлкен жүктемесі бар машықтану сабақтарының салдарынан шаршауға байланысты. Спортшы ақыл – ойын басуға әсер ету ықпалы аталған спортшының әдеттегі ақыл–ой және дене еңбегінен тыс ұзақ оқу- машықтану жиынының да салдары болуы мүмкін.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

 

 

 

 

 

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАРДЫҢ  ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

1.1 Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары және мінез-құлықтың ерік-күшін дамыту

 

Ерік-жігер күші мен жүйке-бұлшықет қысымының деңгейі арасында тікелей байланыс бар. Қимыл әрекетіне туындайтын күш, шапшаңдық, төзімділік және басқа сапалардың көрінуі жоғары болған сайын ерік қысымы да соған лайық болуы тиіс. Сонымен, дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының мінез-құлықтың ерік-күшін дамытуға оң әсер ету жақтары олардың ерік-күшін тудыру қажеттігімен байланысынан құралады. Ерік-күш бұлшықет тәрізді қимыл барысы мен нәтижесінде, нысанды және субъективті қиындықтарды бағындыруда дамиды.

Мінездің ерік-жігерін дамытуға көмектесетін спорттағы қиындықтар спорт жаттығуларының күрделі тәсілін меңгеру, ерік күшін тудыру, шаршау мен ауруды бағындыру, өзін-өзі басқаруды сақтау, көңіл күй жағдайын реттеу, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайдағы жұмыс қабілетін сақтау және орнатылған күн тәртібін сақтау қажеттігіне құрылған. Көп жағдайда бұл қиындықтардың барлығы спорт жарыстарында байқалады. Олар спортшының ерік сапасын негізгі дамыту құралдарының бірі болып табылады.

Оқу-машықтану сабақтары кезінде мінездің ерік сипатын қалыптастырудың басты құралы жүктеме болып табылады. Жаттығуды аталған спорт түрінен тәсіл мен тактиканы жетілдіруге бағытталған әдіс ретінде қарамай дене дайындығын қамтамасыз ететін және ерікті дамытатын әдіс ретінде қарау керек.

Ерік сапасы адамның басқа да психикалық және қимыл туындысы сияқты арнайы және басқарушы сипатқа ие болады. Ерік сапасының арнайылығы оны дамытатын әрекет түрінде үлкен көлемде көрінеді. Жеңіске жету үшін, мысалы, бокста, семсерлесу де, балға лақтыруда, конькимен жүгіруде түрлі қимыл сапаларын дамыту қажет, яғни спорттың алуан түрі спортшыдан даму түрі мен ерікті тудыру түрлерін талап етеді. Ұзақ және орта қашықтыққа жүгіретін, жүзу, шаңғымен жүру, ескек есу, коньки тебу және велосипед спортында маманданатын спортшылар машықтану сабақтары мен жарыстарда машықтанбаған адамдардан да көп шаршайды, себебі машықтанбаған адамдар өзінің шамасы келетін қарқынмен жаттығуды орындайды. Жоғары нәтижеге жетпес бұрын, соған жету үшін спортшылар көптеген айлар шаршауға мойымай, онымен күресті. Спорттың басқа түрлерінде ерік дамыту басқа бағыт алады. Ауыр атлеттер, лақтырушылар, секірушілер мен қысқа қашықтыққа жүгіретін желаяқтар ерік пен зейінді қысқа мерзімді әрі қысым күші жоғары жаттығуларды орындауға жұмылдырады. Жекпе-жек пен спорт ойындарында, боксшылар, палуандар мен хоккейшілер өз еркін шаршаумен күресу үшін және бірқалыптылығын сақтау үшін, туындаған жағдайды мезетте бағалап, адекватты әрекеттерді таразылау қабілетін машықтандырады.

Ерікті басқару спорт сабақтарында дамыған, ол өмірдің басқа да жағдайларында, яғни еңбекке, оқуда т.б. көрінуден тұрады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында басқа да өмірдегі жағдайларындағыдай ерік сапалары өзара қарама-қарсы оң және теріс құбылыстар түрінде бейнеленеді: батылдық пен қорқақтық, еріктің табандылығы мен әлсіздігі сенім мен күдік, шешімталдық пен шешімге келе алмау, ұстамдылық пен асығыстық, т.б. шұғылданушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, мінездің күшті жақтарын туындатып, бекітеді. Олай болмаған жағдайда дене тәрбиесі мен спорт еріктің әлсіз жақтарын анықтап, бекіту құралы болады, сол арқылы мінез-құлықтың ерік сипатын қалыптастыруға кері әсер ететін ықпал болуы мүмкін.

 

 

1.2 Көңіл-күй аясына ықпал ететін құрал ретіндегі дене тәрбиесі мен спортпен шұғылдану

 

Дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйінің қалыптасуына әсер етеді. Бұл құбылыстың себептері мыналар: белгілі бір қарқындылық шегінде болған бұлшықет қысымы дені сау адамдарда жақсы сезімдердің туындауымен байланысты. Бұны бір таңертең ұйқыдан тұрып керілген кездегі бұлшықеттің бірінші қысымынан рахаттанғанда білеміз. И.П.Павлов «Дене еңбегінен сезген қанағатпен ақыл-ой еңбегінен алған қанағатты салыстыруға келмейді деді», бірақ біз ақыл-ой еңбегімен өмір сүреміз.

Қойылған мақсатқа жету тіпті оған санамен жақындаудың өзі адамның өз әрекетіне қанағаттанатынын білдіретін басты ықпал болып табылады. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында – бұл кемшілік спорт жаттығуларының тәсілін меңгерудегі ілгерілеушілікті тану салдарынан, қимыл және психикалық сапалар дамуымен, спорт дәрежесін және атағын алу, жарыстағы жеңіс салдарынан болады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында адам өзін бұрын таныс емес, жаңа жағынан танып, өзін өзінің санасында бекітеді. Спорт адамға қоршаған адамдар мен айналасының зейін қоятын нысанға айналуына мүмкіндік береді. Ірі халықаралық жарыстарда жеңіске, жоғары нәтижеге қол жеткізген спортшылардың танымалдығы оқымыстылардың, актерлар мен сазгерлердің танымалдығынан кем емес.

Спортта адам сабақ пәнін таңдауға, ауыстыруға еркін болады. Көп жағдайларда ол туындаған қимыл міндеттерін шешу үшін қимыл мен әрекет түрлерін таңдауға да ерікті болады. Спортшы неғұрлым жоғары дәрежелі болған сайын, онда көптеген спорт әрекетінде қимыл еркіндігін сезіну пайда болады. Таңдау еркіндігі мен қимыл еркіндігін тану дұрыс көңіл күй тудырады. Қандай жағдайда да спорт кәдімгі әрекеттер мен қызығушылық шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Бұл спорт сабақтары мен спорт жарыстарына тән жоғары қысым мен драмалық жағдайларда қол жеткізіледі. Қимыл сипатының ауысуы, оның ырғағы, жаңа қоздырғыштардың пайда болуы, олардың күнделіктілігі көтеріңкі күй береді.

Белсенді қимыл әрекеттері аралық жүйке жүйесінің қоздыру және тежеу қызметін реттейді. Жаттықтыру сабақтары, спорт ойындары мен спорт жарыстарына қатысу ағзаға барынша жоғары талаптар қойып, бұның алдында туындаған кері әсерлі көңіл-күй жағдайын төмендетіп, кейде жойып жібереді.

Алайда, спортпен шұғылдану көтеріңкі көңіл күйге кепіл болатын ықпал. Олар өткір кері әсерлердің қайнар көздері болуы мүмкін. Спортпен шұғылданғанда адам өз күшінің әлсіздігін көруі мүмкін. Ол талап етілгенді дереу орындауға, жоспарланған қимыл түріне жетуге, қалаған спорт нәтижесіне жетуге үнемі қабілетті бола бермейді. Көңіл-күй аясына спорт жарыстарында нашар өнер көрсету кері әсер етеді. Спортшы өзінің азған жолдастарын көріп, өзінің қойылған талапқа сай емес екенін туралы ой қорытады. Спортшының дәрежесі жоғарылаған сайын команда алдындағы оның жауапкершілігі артқан сайын, ол өз сәтсіздігіне қатты қайғырады. Бұндай спортшы өзін ұжымда өзінен үміт күткен адамдардың сенімін ақтамаған адам деп сезінеді. Кері көңіл-күй жарақаттың ұзақ және қысымды дайындық жүргізілген спорт сабақтарында, жарыстарына қатыса алмаудан туындайды. Нәтижесі ойша бейнелермен негізделіп, бағаланатын спорт түрлерінде немесе спорт жекпе-жегінің нәтижелерінің көрсеткіштерін жасанды жолмен орнатуда (спорт ойындары, күрес) спортшы санасында кейде толық нысанды емес сараптау кері әсер етуі мүмкін.

 

 

1.3 Эстетикалық тәрбие құралы ретінде дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану

 

Эстетикалық тәрбие міндеттерін шешуде дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының мәнінің екі жағы бар. Біріншісі оқушылардағы қимыл әсемдігін мінез-құлқы мен дене тұлғасын қалыптастыруға әсер етеді.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары ең алдымен адамның өз қозғалыс аясын меңгеруге, қимыл, ұғымдарын байытуға, қимыл қабілеттерін дамытуға бағытталған. «Дене мәдениеті» ұғымының мәндік мазмұны қимылды ұлағаттау, олардың үнемділігін, тиімділігін, орындылығын арттыру, яғни олардың жетілуі мен әсемдігін сипаттайтын қимылдың жақтарын меңгеру ретінде ашылуы мүмкін. Сонымен дене тәрбиесі мен спорт сабақтары қимыл көркемдігін қалыптастыру ықпалы болып табылады.

Психикалық процестер, атап айтқанда көңіл-күй мазасындануы қимыл жасағанда көрініс табатыны белгілі және керісінше қимыл әрекетінің сіттілігі, оның ішінде дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану адамның өз көңіл-күйін игеруіне сенімсіз және орынсыз қимылдан алшақтану қабілетіне байланысты. Өзінің сәтсіздігіне, төрешінің шешілетіне, көрермендердің кері көзқарастарына өзінің ашуын ұстай алмайтын спортшы тәрбиесіздік белгілерін көрсетіп, өзі туралы кері тартпа пікір қалдырады. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары осындай талаптар қоя отырып, осы арқылы мінез-құлық әсемдігін қалыптастыруға да әсер етеді.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының маңызды сілтемелерінің бірі дене пішіні болып табылады. Бұлшықет салмағын ұлғайтып, май бөлінуді реттеп, сымбатты көркемдеп, теріні сауықтырып, олар адамның сыртқы келбетін сымбаттандыруға, ең алдымен тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі.

Эстетикалық тәрбие міндеттерін шешуде дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының мәнінің екінші жағы оқушылар мен спорт жарыстарының көрермендерінде адамның әсем қимылы олардың мінез-құлқы мен дене дамуы туралы эстетикалық сенімнен шыққан ұғымдарды қалыптастыруға құрылған.

Қимыл қатынасы бойынша аз оқыған адамды спорт жарыстарында ең алдымен сыртқы жақтары ғана қызықтырады. Соғылған голдар, драматикалық немесе күлкілі жағдайлар жасалған рекордтардың сенсациялылығы. Спорт мәдениетінің белгілі бір деңгейі спортшы қимылындағы барлық әділілікті, олардың нақты жағдай мен шешілетін міндеттерге сәйкес тиімділігін ондағы ақыл мен қуаттың көрініс табуын қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен, дене тәрбиесі мен спорт ұғымы адамның қимыл көркемдігі туралы эстетикалық тұрғыдан ақталған ұғымды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Дене тәрбиесі мен спорттағы өзіндік мән күшінде ондағы қорқақтықтың еріксіздіктің, дөрекілікпен тәртіпсіздіктің пайда болуы сүйкімсіз, керітартпа мінез құлық ретінде қабылданса, ал батылдық, шешімталдық, ерлік қолдауға тұратын идеал ретінде қабылданады. Осы арқылы дене мәдениеті мен спорт сабақтары адамның дұрыс мінез-құлқы жөніндегі сенімді ұғымдарды қалыптастыруға көмектеседі.

Жақсы дене дамуы мен денсаулық бірлікте көрінеді. Бұл көзқарасты Н.Г. Черышевский дамытып, қорғады. Өзінің «Ақиқатқа эстетикалық көзқарас өнері» атты диссертациясын да «Өмірдің өзі тамаша. Адамдағы тамаша мен әдемілікті адам денсаулығы мен ағзасы үйлесімді дамуы туралы ұғымсыз түсіну мәнсіз», деді.

Спортпен шұғылданатын адам мен спорттық жекпе-жектерді бақылаушы көрермен адам денесіндегі әсемдікті, күшті дамыған денсаулықты бағалауға үйренеді. Әрине, дене тәрбиесі мен спорт сабақтары нәтижесінде адамның сыртқы сымбат, оның тұлғасы туралы нағыз эстетикалық ұғым қалыптасады.

 

 

1.4 Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жеке тұлғаның оң

мінез-құлқын қалыпастыру шарттары

 

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жеке тұлғаны қалыптастыруда жететін нәтижелер бірнеше шарттарды сақтауға тәуелді болады. Олардың бірі жанұяда, оқу орындарында, жұмыста, ұжымдарда, өнер, баспасөз, радио теледидар және т.б.-да іске асырылатын, яғни адам тәрбиесіне бағытталған басқа да әрекет түрлеріне спорт сабақтарының үйлесуі болып табылады.

Спорт сабақтарын еңбектен, оқудан, қоғамдық-саяси жұмыстардан бөліп тастасаң, олар кері тәрбие ықпалын беруі мүмкін.

Екінші маңызды шарт мінез-құлықтың айқын рухани-эстетикалық негіздерін үнемі басшылыққа алу болып табылады. Мұнда үш жақын, бірақ бір-біріне ұқсамайтын көзқарастар бар: а) белгілі бір әлеуметтік-эстетикалық жағдайларда тұратын адамдарға арналған рухани-эстетикалық ережелер; ә) спортпен шұғылдануға итермелейтін жағдайлар; б) спортшы мінез-құлқының этикалық негіздері.

Спортпен шұғылдану барысында және оның нәтижесінде тұлғаны қалыптастыруға арналған сарынның мәні адамды орнықтыру, оның әрекетінің мақсаты, ол оны қалай түсінеді. Мінез құрылады, көбіне спортпен шұғылданудың тәрбиелік әсерін анықтайды. Адам денсаулықты нығайтуға, дене дамуы мен дене дайындығын нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, белгілі бір қимыл әрекеттерін меңгеруге тырысып, спортпен шұғылдануы мүмкін. Өзін-өзі жетілдіру, өзінің қимыл мүмкіндіктерін басқа адамдардың мүмкіндіктерімен салыстырып қарау мұқтаждығы түрткі болуы мүмкін. Жас адамды спорт сабақтарына тартуға болады. Спорт жекпе-жегінің өзі романтика, оны қимыл әсемдігі, спортшының ержүректілігі мен тартымдылығы, өз қабілетін көрсету мүмкіндігі т.б. қызықтыруы мүмкін. Оқытушының міндеті спорт сабақтарына қызығушылық себептерін орнатуға және педагогикалық сенімді сарынды қалыптастыруға ықпал етуден тұрады.

Мінез-құлықтың рухани-этикалық мөлшерін белгілі бір қоғамдық қалыптасуды түгелдей ғана емес, сол сияқты кәсіби, оқу және басқа да қызығушылықтарымен біріккен адамдардың мінез-құлқын орнатады. Спортшы – бұл спортпен жүйелі айналысатын және салауатты өмір салтын сақтауға өзінің дене және психикалық қабілеттерін дамытуға тырысатын адам, ол спорт мінез-құлқы – адамдары сыпайы, құрметпен қарауға, өзінің спорттағы қарсыластарын құрметтеуге синоним екені біледі. Спортшы кез-келген қимындықты жеңеді және қаншалықты үлкен болса да ол өзінің жетістіктеріне бір қалыпты қарайды. Ол шешімтал, қандай да болмасын өзін-өзі игеруін жоғалтпайды, өзінің алдына қойылған міндеттерге жетуде табандылық пен ерікті көрсетіп, өз мінезінде шектен аспайды. Бұның барлығы спортшы атағын алғысы келгендердің барлығы тек спорт тәсілін, тактикасын, арнайы білімді меңгеріп, қажетті дене дайындығы деңгейін қамтамасыз етіп, спорт нәтижелеріне жетіп қана қоймай, сондай-ақ мінез-құлықтың өзіндегі дұрыс сипаттарын қалыптастырып, өзін сабақ, жарыс, еңбек ұжымында спорттың әдептік негізгі талаптарына сәйкес ұстауы керектігін білдіреді.

Аталған шарттардан басқалардың барлығын дене тәрбиесі және спортпен шұғылданушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың оң нәтижеге жетуі оқытушының жеке тұлғасының шешуші мәніне, оның әрекетінің бағыттығына, сол сияқты спортшының тұратын, еңбек ететін, спортпен айналысатын қоғамдық орта мен басшылық жасайтын ақыл-ой райын көрсету қажет.

Тәрбиелік жұмыс педагог қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында ол үлкен маңызға ие болады. Бұл бірінші кезекте танымал спортшылар, балалар, жасөспірімдер мен бозбалалар үшін еліктеу бейнесі болып табылады. Жастар тек олардың спорт тәсілін ғана салып қоймай, сондай-ақ олардың мінез-құлқы, мәнері, кейде олардың дүниетанымы мен көзқарастарына да еліктейді. Әрбір тәрбиесіз адам қоғам үшін де, ондағы адамдар үшін де ұнамсыз жағдай. Бірақ тәрбиесіз спортшы одан бөлек еліктеуде кері әсер қалдырады. Біздің елімізден тыс шет елдерде Қазақстан Республикасының спортшысы Қазақстанның өкілі ретінде қатысады. Жарыс кезінде ол туралы белгілі қимыл міндеттерін шешетін спортшы дейді. Ол әрдайым спорт жекпе-жегі кезінде де және одан тыс өзінің мінез-құлқын қадағалап, қазақ азаматына лайық сапасын көрсетуі қажет. Тең жағдайларда машықтану сабақтары мен спорт жарыстарындағы жетістік көбіне спортшының ақыл-ойының дамуына, оның ерік күші мен көңіл-күйіне байланысты болады.

Осы айтылғандардың соңғысын толық түсіндіндіру керек.

Спорт жарыстарындағы табыс пен жетістікке жетпеудің маңызды шарты спортшының орнықтылығы және оның ақыл-ой кеңдігі болып табылады. Спортшы егер оның қарсыласының беделі күшті болса, жекпе-жекте жеңе алмауы мүмкін. Қарсыластың жоғары титулыда спортшының санасына кері әсер жасамауын қадағалау керек.

Ең маңыздысы өзі қабілеті жететін жақсы нәтижеге жетуі қажет екеніне көз жеткізуі тиіс. Ал, бұл ой жеңіске жеткізе ме, жоқ па, ол спортшыны қатты ойландырумауы керек.

Табысқа деген толық сенімділік те жекпе-жекке кері әсер етеді. Өзіне қатты сенген алаңсыздық әрдайым қауіпті. Спорт сол үшін спорт онда жеңімпазды алдын ала толық кепілдікпен айту мүмкін емес. Күптеген жағдайлар да болуы мүмкін. Бұндай жарыс кезінде ешкім өз тұрғысын өзгерте алмайды. Бұл кенеттен пайда болған қиындықта спортшы немесе команда олар жарысқа дейінгі дайындықта даярланғаннан да көп күш жұмсайды.

Жарыс алдында спортшының жүйке жүйесі үлкен жарты шар қыртысының жеке бөліктерінің тежелуінен қозу жағдайында болады. Осының салдарынан спортшының өзін сендіруі арта түседі. Кейде ұсақ дәйектер, жеке ескертулер де оның психикасына теріс немесе оң әсер береді. Спортшы санасын жарысқа оның өзінің белсенді қатысуынсыз дайындау мүмкін емес. Өзін-өзі айқын көңіл-күй жағдайына келтіру қажет. Сезімсіз адамның әрекеті өнімді болмайды. Спортшы бәріне дайын болуы керек. Егер сөреге дейін сәл уақытта спортшы жағдайын нашар игерсе, онда ол терең, ырғақты демалып, әуен тыңдап, ойында қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындап, босаңсу жаттығуларын жасап, өзін-өзі сендіру амалдарын пайдалану қажет.

Өз жағдайын аутогенді машықтану мен оның көптүрлілігінің әдістемесін пайдалану қажет. Жарыс кезінде орындалатын қимылдарды, жұмсалатын күшті өзінің айқын санасын сақтау қажет.

Спорт жарыстарына қатысарда және спортшы жағдайына жарыс өтетін жағдайдың әдеттегіден тыс жағдайы әсер етуі мүмкін (мысалы, бой жазуға демалысқа арналған орынның болмауы, нашар жарықтану); жарысты бірінші болып бастау; қарсыластың ерекшелігі мен әрекеті басқа адамдардың әсері (төреші, көрермен, командадағы жолдастары); жарыс тізімінің бұзылуы; жарыс кезіндегі сәтсіздік; жарақаттар салдары; турнир ережесін бағалаудағы қате, өз нәтижесін, қарсыласын дұрыс бағаламау т.б. әсер етуі мүмкін.

Бұл жағдайда спортшыда кейде депрессия жағдайы басталып қорқыныш, шектен тыс толқу, сенімсіздік сезімі болады. Бұл жағдай өтіп кетеді, оны бағындыратын күш табылатынына сену қажет. Өзінің өнер көрсетуі арасындағы үзілістерде спортшы жарыстан алшақтауы қажет, бірақ кейде өзінің алдыңғы әрекеттерін талдап, келесі көрініс жоспарын ойша құруы керек.

Бұл тақырыптағы айтылғандарды қорыта келе, дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының маңызды міндеті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оқытушы әрекетінің барлық түрінің тәрбиелік шараларын ендіру жолымен және оқушының өзін-өзі тәрбиелеу жолымен жетеді. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жеке тұлғаны қалыптастыруда дұрыс нәтижелерге жетудің негізгі жағдайы дене, идеялық саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиесінің құралдары мен әдістерінің оқушыларға әсер ету бірлігін сақтау міндеттейтін кешенді жұмыс болып табылады. Сабақтардағы және спорт жарыстарындағы жетістіктің негізгі шарттарының бірі спортшының ақыл-ой, ерік және көңіл-күй жағдайын дамыту болып табылады.

 

 

2  ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ САБАҚТАРЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРУ

 

2.1  Дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі жоспар түрлері

 

Жоспар – бұл белгі бір уақытқа белгіленген жұмысты (қызмет, қимыл түрлері) орындаудың маңыздылығы мен бірізділігін мыңыздау. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының жұмыс жоспарын қызметі, мерзімі және ауқымы бойынша оларды келесі жұмыс түрлеріне бөледі: а) ұйымдастырылған; ә) шаруашылық және қаржы; б) мамандарды даярлау мен олардың білімін көтеру; в) дәрігерлік қызмет көрсету; г) көпшілік-спорт; д) көпшілік-сауықтыру және насихаттау; е) оқу-жаттықтыру және тәрбиелік. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешу үшін оқу-жаттықтыру мен тәрбиелік жұмыстарының маңызды жоспары болады. Жоспардың басқа барлық қалған түрлері оған бағынады және оны орындауды қамтамасыз етеді. Бұдан кейін біз тек оқу-жаттықтыру және тәрбиелік жұмыстарының жоспарлауы мен құрылу қатысына қарай мәселелерді қарастырамыз, яғни сабақтар мен дәрістерді оқу барысын ұйымдастырудың негізгі түрі ретінде қарастырамыз.

Оқу-тәрбиелеу жоспарлары бір сабаққа (белгілі бір шаралар); жеке кезеңге (апта, ай, маусым); бір жылға, бірнеше жылға құрылады.

Бұдан бөлек, жеке адамға (тұлғалық жоспар) арналған оқу тәрбиелік жұмыстар жоспары бар, сол сияқты мекемеге, дене тәрбиесінің ұжымына,  спорт мектептеріне және т.б. жоспар жасалады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының жоспары аталған спортшының немесе спортшылар тобының дайындығы мен жағдайы есебінен, мекеме мен жұмыс ауқымының ерекшеліктеріне, бұрын жүргізілген жұмыстар мен оның нәтижелеріне, материалдық жағдайлардың қажеттілігіне; метеорологиялық және климаттық жағдайларға, басқарушы идеялық-ілімдік және бағдарламалық нормативтік материалдар және ресми нұсқаулар мен құжаттарға қарай жасалады.

 

2.2 Дене тәрбиесі мен спорт бойынша оқу жұмыстарын ұйымдастыру түрлері

 

Дене тәрбиесі мен спорт барысындағы оқу түрлерін ұйымдастыру түрлері сабақ өтетін мекемеге байланысты және аталған мекеме мемлекеттік немесе қоғамдық — өзін-өзі басқару жүйесіне жататынына қарай байланысты болады.

Мемлекеттік мекемелер жүйесіндегі дене тәрбиесі мен спорт бойынша оқу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ деп, ал қоғамдық-көпшілік спорт мекемелеріндегі шаралар — оқу жаттықтыру сабақтары деп аталады.

Сабаққа мыналар тән: оқушылардың тұрақты құрамы; оқытушының үнемі қатысуы; оның мазмұнын айқындайтын бағдарлама; қатаң сабақ кестесі.

Сабаққа қарағанда дене тәрбиесі мен спорттың оқу-жаттықтыру сабақтары шұғылданушының өзінің басқаруы бойынша ұйымдастырылып, жүргізілуі мүмкін; оның мазмұны таңдаған спорт түрімен немесе жарыс туралы ережелермен анықталады; сабақ ырғағы мен ұзақтығы оқушылардың жағдайы мен айналысуына байланысты жаттықтыру кезеңі және т.б. ұйымдастырылуы мүмкін.

Дене тәрбиесі және спортпен айналысу мен сабақтарда бірдей міндеттер шешіледі, ал ғылыми-әдістемелік ережелерде оларды алу қажеттілігі бірдей.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары мазмұны, оқушылардың құрамы және шешілетін міндеттері бойынша былай бөлінеді: а) спорттың жеке түрлері мен олардың көптүрлілігі бойынша; ә) гимнастика бойынша (негізгі, тұлғалық, өндірістік және т.б.); б) ойындық; в) туристік; г) кешенді (дене тәрбиелік).

Спорттың жеке түрлері бойынша сабақтарда және олардың түрлеріне спортшылар негізгі құрал ретінде белгілі бір спорт жаттығуларын пайдаланып, қимыл қабілеттерін дамытудан жоғары деңгейге жету үшін бір немесе бірнеше спорт жаттығуларын орындауды жетілдіруге тырысады.

Гимнастикамен айналысу жан-жақты дене дамуына жетуге, қарапайым қимыл дағдыларын меңгеруге, дененің жеке бөліктеріне, ағза қызметіне, қимыл сапаларына таңдап әсер етуге және жүктемені ағзаға қатаң реттеуге, сабақты бір адаммен де және бір үлкен топпен де бір мезгілде жүргізуге, педагогикалық процесті қарапайым ұйымдастыру; қимылдың бір қалыптылығы мен мінез-құлық тәртібіне жетуге мүмкіндік береді.

Ойын сабақтары үшін ойыншылардың көңіл-күй әрекетінің, балалармен сабақтардағы тәрбиелік міндеттерді шешудің кең мүмкіндігі, туындаған қимыл міндеттерін шешуге арналған нақты құралдарды таңдауда шығармашылық пен бастама көтеруде мүмкіндік беру тән (ойындарға тағайындалған заңдылықтар аясында).

Туризм сабақтарында еңбек, тұрмыс және әскери жағдайда қажетті және табиғи құбылыстармен танысуға қажет білім мен дағдыны меңгеруге, ағзаны шыңдауға арналған қолайлы жағдайлар мен алдын ала мұқият дайындық қажет (снарядтар қою, тамақ өнімдерін тасымалдау, т.б.) мүмкіндіктерді кең қолдану тән. Кешенді дене тәрбиелік сабақтарының мақсаты–жалпы дене дайындығын қамтамасыз ету; бұнда қимыл құралдары ретінде түрлі спорт және гимнастикалық жаттығулар, бір және бір топтама сабақтарында үйлесетін ойындар мен туристік шаралар пайдаланады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында оқушылардың құрылымы бойынша жас ерекшеліктеріне (балалар мен жасөспірімдер, бозбалалар, ересектер мен егсе тартқан және қарт адамдар) қарай, жынысына, денсаулық жағдайына, дайындығы мен спорт мамандығына қарай бөлінеді.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында мына міндеттер орындалады: тазалық, оқу, машықтану, емдік, демалыс үшін рекреациондық, бақылау (тексеру, курс жұмыстары).

 

2.3 Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құрылымдары

 

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында басқа да кез-келген басқару процесіндегідей анық жүйе бар.сабақты жүргізу жүйесі көбінесе оның құрылымымен анықталады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құрылымы – бұл оның міндеттерін шешудің анық бірізділігі болып табылады (жүйелілігі).

Дене тәрбиесі жүйесінің ғылыми-әдістемелік негіздерінің қалыптасуының басында (1617-1930 жж.) дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын құруға ғылыми қызметтің белгісі дене жаттығулары мен ағза жүктемесінің өзгеруін орындау жүйелілігін мұқият қатаң сақтау деп есептеледі.

Бұл кезеңде қалыпты педагогикалық сабақ деп аталатын құрылым кең таралады, оны А.А. Зикмунд ұсынды және алты бөлімнен құрылған (кей нұсқаларында сегіз түрі бар): реттік жаттығулар, дайындық жаттығулары, тартылу мен өрмелеу жаттығулары, көтеру мен ауыстыру жаттығулары т.б.

1938 жылға дейін Бірінші бүкілодақтық гимнастикалық конференцияның шешіміне сәйкес сабақтарды бес бөлікке бөледі. Үлгерілеушілік мынадан көрінеді: әрбір бөлікте пайдаланылатын құралдарды ғана қарастырмайды, сол сияқты оларды қолдануға тиіс шешімдерге арналған міндеттер де қарастырылады. Сабақтың бірінші бөлімінің міндеті оқушыларды ұйымдастыру, екінші–тазалық міндеттерін шешу, үшінші–білім беру мен тәрбиелік міндеттерін шешу, төртінші–қолданбалы дайындық міндеттерін шешу, бесінші-сабақты ұйымдастырып аяқтау.

1938 жылдан бастап, дене тәрбиесі мен спорт сабақтары төрт бөліктен тұратын болды. Бұл кезеңде, алдыңғы бірінші, екінші және сабақтың соңғы бөлігіндегі пайдаланатын құралдар оның негізгі бөлігінің мазмұнынан тәуелсіз болып қалады. Бұл қолданбалы даңдыны қатар меңгеруге жәрдемдесетін және барлық оқушылардың дене дайындығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге тырысумен түсіндіріледі.

Бұл кезеңдегі дене тәбиесінің іліміндегі басқарушы тенденция жалпы педагогика ережелерін дене тәрбиесі мен спортқа таратуға тырысу болып табылады. Сол кездегі дене тәрбиесі ілімінің танымал өкілі В.Н. Короновский орта мектептің басқа да оқу пәндері бойынша сабақтарды жүргізуге сәйкес келетін дене тәрбиесі сабақтарының мынадай жүйесін ұсынады: сабақтың бірінші бөлімі- оқушыларды ұйымдастыру, сауалнама; екіншісі-жаңа материалдарды мазмұндау, оны бекіту; үшінші- үйге тапсырма беру.

1946 жылдан кейін сабақ құрылымының мәнін бағалауға адамның қимыл әрекетінің логикасы тұрғысынан келе бастады, барлық жағдайларда оның басталуын ұйымдастыру, алдына қойылған әрекеттер сипатына сәйкес оқушылардың физиологиялық процестердің кері тебілуі мен психикалық жасалуды бағындыру, айтылған міндеттерді шешу; аталған әрекет түрінен ұйымдастырылған түрде шығу.

Бұндай құрылымның физиологиялық негіздері адамның кез-келген қимыл әрекетіне тән жағдайдың төрт бірізді аймақтары болып табылады: а) сөре алдындағы жағдай; ә) жұмыс жасау жағдайы; б) тұрақты жағдай; в) төмендеген жұмыс қабілетінің жағдайы.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында көрсетілген заңдылықтарға қарай төрт құрылымдық міндеттерді белгілейді: бірінші міндет- оқушыларды ұйымдастыру; екінші-оқушыларды жалпы және арнайы алдын ала дайындау,ол аталған сабақ міндеттерін өнімді шешуді қамтамасыз етеді; үшінші-аталған сабақ міндеттерін шешу; төртінші-сабақты ұйымдастырып аяқтау. Осы міндеттерге сәйкес сабақтар кіріспе, дайындық, негізгі және қорытынды бөлім болып бөлінеді. Кей жағдайларда (мысалы, жеке тұлғалық сабақтарда) оқушыларды ұйымдастырумен байланысты мәселелер өте қарапайым шешіледі, онда бірінші және екінші бөлімдер бір бөлімге біріктіріледі және онда сабақ үш бөлікке бөлінеді: кіріспе немесе кіріспе дайындық, негізгі және қорытынды.

Сабақтың бұрыңғы түрлеріне қарағанда құрылымы туралы қазіргі заман ұғымдарынан түбегейлі айырмашылықтары бар, қазір оның бірінші және соңғы бөлімдеріне ғана тән құралдар мен әдістерді сабақ пәніне, оның міндеттері мен оқушылар құрамы мен сәйкес жағдайларға тәуелсіз белгілеу мүмкін емес деп есептеледі. Кейде бір сабақтың мазмұны тек бір ғана жаттығу болуы мүмкін. Мысалы, жүгірудің машықтану сабақтарында кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдердің (үш бөлімдік жүйе бойынша) міндеттері негізінен жүгіру көмегімен, ал баскетболшының, теннистшінің және жүзгіштің, т.б. сабақтарында баскетбол, тенис, жүзу, т.б. ойындары көмегіне сәйкес шешілуі мүмкін.

Сабақтың әрбір бөлігінің міндеттерін шешуге тән құралдар туралы тек белгілі бір спорт түріне сәйкес айтуға болады. Мысалы, спорт гимнастикасымен топтық сабақтарға арналған типтік құралдардан кіріспе бөлім үшін реттік және бой жазу жаттығулары; негізгі бөлім үшін-еркін жаттығулар және акробатикалық жаттығулар, ал қорытынды бөлімде-бұлшықетті босаңсытуға арналған жаттығулар және басқалар.

Адамның қимыл әрекетінің логикасы түгелдей сабақта ғана емес, сол сияқты кез-келген дене жаттығуларды орындауда көрінеді. Тіпті қарапайым жаттығуды орындау үшін ең алдымен оның басталуын ұйымдастыру қажет-бастапқы қалыпты лайықты қабылдау және қимыл дұрыстығын бақылау, сосын аталған жаттығуды орындап, қойылған міндеттерді шешу керек, соңында оны ұйымдастырып аяқтайды.

Кейде сабақтың бірінші бөлімі (кіріспе-дайындық) оқытушысыз өтеді. Бұл оқушының ағзасына дербес жалпы және арнайы дайындықтан кейін алдын ала белгіленген кезектен соң оқытушының басқаруымен сабақтың негізгі міндеттерін шешуге кіріседі.

Сабақ құрылымы мен сәйкес оқу құжаттарын басшылыққа ала отырып, оқытушы нақты сабақты жүргізуге арналған жоспар немесе конспект құрады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының жоспары-бұл оның негізгі бөлімінің маңызын қысқаша мазмұндау.

Сабақ конспектісі-оның барлық маңызын түбегейлі мазмұндау.

Конспект негізінен топтық сабақтар үшін, барлық оқушыларға біркелкі мазмұны бар, яғни ең бастысы жаңадан бастаушылар үшін жалпы оқу міндеттері қарқын алған жағдайда құрылады.

Конспектінің тиянақтылық деңгейі көбіне оқытушының тәжірибелілігіне байланысты болады. Оның тәжірибесі аз болған сайын, конспектіде мұқият баяндалады. Онымен жұмыс жасау сабақ маңызы мен оны жүргізу әдістемесін толық ойластыруды талап етеді.

Сабақтың жоспары мен конспектісі жұмыс жоспары негізінде жасалады. Бұнда алдыңғы сабақтардағы қойылған міндеттер қаншалықты сәтті шешілгені, оқушылардың жағдайы мен сәйкес жағдайлар ескеріледі. Спорт жаттықтыруында сондай-ақ алдағы жарыстың машықтану кезеңі, мерзімі және сипаты ескеріледі.

Конспектіні құрған кезде де аталған сабақтың негізгі міндеттерін орындау маңызды (құрылымдық және жалпы немесе аралық міндеттерден айырмашылығына қарай). Бұл дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының жалпы міндеттерін бөлшектеу жолымен жасалады. Оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттерінен бөлек, сол сияқты ұйымдастыру сипатындағы міндеттер де орындалуы мүмкін. Қойылған негізгі міндеттерге сәйкес оқытушы конспектіде сабақтың жеке бөліктерінің мазмұнын, жаттығуларды мөлшерлеу, сол сияқты жеке жаттығуларды орындауға бірнеше ұйымдастыру-әдістемелік ескертулер жасайды, қателерді түзетіп, оқушыларды орналастырады, т.б.

 

2.4  Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын жүргізу

әдістемесінің бірнеше мәселелері

 

Жаттықтыру сипатындағы дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында дайындық бөлімінің тапсырмалары бой жазу кезінде орындалады.

Бой жазу – бұл дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының негізгі міндеттерін шешу үшін ағзаны дайындауға бағытталған дене жаттығуларының жүйесі.

Бой жазу туралы сауалдар спорттың ілімдік-физиологтарын негізінен 1934-1935 жылдардан кейін қызықтыра бастады. Осы уақыттан бастап, спорт машықтануы мен оны қамтамасыз ету әдістемесіндегі орындалу заңдылықтары зерттеліп келеді (М.Я.Горкин, Ю.С.Гиппенрейтер, А.Н. Крестников, З.Я.Старорусская, И.А.Вардишвили, және басқалар).

Бой жазуды жүргізу әдістемесінің басты мәселелері мыналар: а) бой жазуды бөлімдерге бөлу; ә) қолданылатын дене жаттығуларының сипаты мен мөлшері; б) қайталау мен қимыл қарқынының саны; в) бой жазудың жеткіліктілігі; г) оқушылардың бой жазу аяқталғаннан негізгі жаттығулар басталғанға дейінгі мінез қалпы.

Бой жазуды жалпы және арнайы бөлімдерге бөледі. Жалпы бөлімнің міндеті – функционалдық процестердің кері тебілуін бағындыру, ағзаның қызмет мүмкіндігін жұмыс қабілетінің ең жоғарғы деңгейіне көтеру, вегетативтік қызметтің жалпы қозуын қамтамасыз ету; ағзаны «қыздыру», бұлшықеттің былжырауын болдырмау, ағзаны жұмысқа бейімдеу. Бой жазудың арнайы бөлімінің міндеті-қимыл аппараты мен ішкі мүшелерді сабақтың негізгі бөлімінде қойылатын талаптарға бейімдеуге дайындау болып табылады.

Көптеген спорт түрлерінде бой жазу жүгіруден басталады. Жүгірудің артынан немесе соған араластыра дәлдігі жөнінен қарапайым, бұрын меңгерілген жаттығулар, сол сияқты «Шеңбердегі доп», кіші алаңда жеңілдетілген футбол ойыны орындалады.

Барынша көп жаттығулар қолданылады, бірақ олардың әрқайсысы аз мөлшерде бірнеше рет қолданылады. Ешқандай жаттығу түгел қысыммен орындалмайды. Қайталаудың жалпы саны үлкен. Қолданылатын жаттығуларды тез ауыстырып және оны орындау ерекшелігіне қарай бой жазудың бұл бөлігі ойындарды еске түсіреді. Бұлшықеттің түрлі топтары мен дене бөлігінің қимылын кезектестіріп қана қоймай, сол сияқты күшті, иілгіштікті, бұлшықетті босаңсытуға қабілеттілігін дамытатын жаттығуларды араластыру, яғни уақытша және жалпы әсер ететін жаттығуларды кеңестіру өте маңызды. Бұнда дене салмақтанып, ағзаның жұмысқа дайындығы, кинестезиялық сезімдердің нәзіктігі, қимыл ұғымдарының айқындығы, өз қимылын бақылау қабілеттілігі тексеріледі. Егер сабақтың негізгі бөлімінде вегетативтік қызметті қоздыратын жаттығулардан бөлек бұлшықет қысымының жоғарғы қарқындылығы қажет болса, онда бой жазуға мүмкін жарақаттардың алдын алатын қимыл топтамаларын ендіреді. Бұл үшін бірнеше динамикалық күш жаттығуларын жасап, сосын жарақатқа көп ұшырайтын бұлшықет топтарына арналған статикалық сипаттағы жаттығуларды орындау пайдалы.  Бой жазудың арнайы бөлігінде негізінен сабақтың негізгі бөлімінің мазмұнын құрайтын дене жаттығуларының элементтерін пайдаланады.

Бүкіл топ болып, топшаларға, жұптасып,жеке снарядпен немесе түрлі снарядтарды (спорт құрал-жабдықтарымен түрліше бастапқы қалыптан, яғни отыру, тұру, тізеден, жатып, жүре басып, бір орнында, секеңдеу кезінде және жүгіруде бой жазуға болады. Таныс емес қимылдар алдын ала көрсеткеннен кейін орындалады және оны топтық әдіспен түсіндіруден соң орындалады, оқушыларға жақсы таныс, дәлдігі бойынша қарапайым қимылдар ұзақ үзіліссіз-ақ бірінен кейін бірі орындалады, онда бір жаттығудың соңы келесін бастау үшін бастапқы қалып болады, яғни топтық әдіспен орындалады.

Оқу-жабдықтыру сабақтарында бой жазулар 5-тен 30 минутқа дейін созылады. Бұл шамадағы оның ұзақтығы метеорологиялық жағдайға қарай өзгеріп отырады (температура, жел күші, ылғалдылық). Яғни, ыстық ауа райында оның жалпы бөлімі қысқартылады. Бой жазу ұзақтығы сол сияқты дайындалушылардың машықтану деңгейі мен тұлғалық ерекшеліктеріне, сол сияқты сабақтың негізгі бөлімінің мазмұнына да байланысты. Бой жазудың жеткіліктілігі субъективті өлшеуі дене жаттығуларына дайындықты сезіну болып табылады. Ол барлық қимылдар еркін жасалады, кей жерлердегі бұлшықеттің қатып қалуы жоғалады, олар ыңғайлы, серпімді болады. Бой жазуды дер кезінде аяқтаудың нысанды белгісі минутына 130-150 соққыға дейін жететін пульс жиілігі болып табылады. Бой жазуды дұрыс жүргізген кезде пульс жиілігі 1-2 минуттан соң бастапқы шамаға қайта келеді. Бой жазудан кейін 8-10 минут бұлшықет топтарын уқалап, оларды негізгі жаттығуды орындауға белсене қатысуға лайықтау керек (қарқынды массаж жасау керек).

Оның негізгі бөлігіндегі сабақты ұйымдастырудың ең маңызды мәселелерінің бірі-сипаты жағынан әр түрлі жаттығуларды орындау бірізділігін анықтау. Жалпы кеңестер мыналар:

1) дәлдігі бойынша күрделі жаттығуларды немесе жаңа қимылдарды сабақтың бірінші бөлімінде орындап, үйрену қажет; ағзаның вегетативті қызметіне үлкен талап қоятын жаттығуларды сабақтың екінші жартысында орындайды.

2) егер сабақтың басты міндеті спорт жаттығуларының тәсілін үйрену болса, онда негізгі бөлімнің соңына қарай күшті дамытуға арналған жаттығуларды орындаған дұрыс. Бұл жаттығулар тек оқушылардың дене дайындығын арттыруға ғана жәрдемдесіп қоймай, сондай-ақ қимыл мүмкіндіктерін келесі сабаққа қайта қалпына келтіруді де жақсартады. Алайда, сабақтың ең соңында үйренген жаттығуды тағы қайталау керек, себебі сабақтың бірінші және соңғы бөлімдерінде орындалған (үйренген) жаттығулар орта бөлімдегіге қарағанда бұдан кейін жақсы жасалады;

3) егер сабақтың негізгі мақсаты күшті; шапшаңдық пен иілгіштікті дамыту болса, онда оның дамуына бой жазудан кейін, яғни оқушылар әлі шаршамаған уақытта орындау керек.

4) көп жағдайда шапшаңдықты дамытуға арналған жаттығулар төзімділікті дамытуға арналған жаттығулардың алдында болуы тиіс. Алайда, жоғары білікті спортшылар керісінше жасай алады, себебі олар шаршау кезінде де жоғары күш жұмсауға дайын болуы керек (әсіресе айналымдық спорт түлерінде);

5) егер сабақтың мақсаты-төзімділікті дамыту болса, онда бой жазудан соң бастапқыда анаэробтық қызметті (жылдамдық төзімділігі), сосын аэробтық (жалпы төзімділік) қызметті дамытуға арналған жаттығулар қолдану керек;

6) жекелеген спорт жаттығуларын машықтану сабақтарының негізгі бөлімдеріне бөлу спорт жарыстарының бағдарламасына байланысты болады. Осыған сәйкес үлгілерді құру үшін, жарысқа немесе соған өте жақын жағдайда белгіленген бірізділікті ұстану пайдалы.

Сабақ барысында жүктеменің ағзаға қатысы толқынданып өзгеріп отырады, яғни өте төменгісінен шектен тыс жоғарыға дейін көбейеді.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының оқушыларын ұйымдастыру құралы бұйрық деп аталады. Ол мынадай мүмкіндіктер береді: а) оқушыларды тұрғызу және орналастыру; ә) бастапқы қалыпта тұру; б) қимылды бастауға және аяқтауға бұйрық беру; в) оқушылардың қимылдары мен әрекеттерін басқару; жүктеменің ағзаға әсері мен орындалатын қимылдар сипатын реттеу; г) дененің жеке бөліктеріне, ағза қызметіне таңдап әсер ету; д) қажетті тәртіпті орнату.

Бұйрықтың сипаты спорт түріне, оқущылардың құрамы, олардың аталған бұйрықпен және жаттығумен таныс болуы, қойылған міндет пен сабақты жүргізу шартына байланысты өзгереді. Бұйрық жаттығуды орындау мәнерін анықтайды: кілт, үзбелі бұйрық қимылды шапшаң әрі дәл орындауға, созылмалы және сарынды бұйрық қимылды баяу, қысымсыз орындауға міндеттейді.

Бұйрық беруге жиі ұрынбау керек. Оны шектен тыс көп пайдалану сабақтың көңіл-күйін түсіреді, орындалатын қимылды жеке ерекшелікке сай жасауға мүмкіндік бермейді, оқушылардың бастама көтерушілігін түсіреді. Кей жағдайларда бұйрықты әуенмен, қол шапалақтаумен, ысқырықпен немесе қысқа тықылдатумен алмастыруға болады. Бұл арқылы оқытушы жекелеген дене бөліктері қимылының бірізділігі, оның бағыты, құрамы, туындаған күш сипатын, тыныс алу мен тыныс шығару сәттері, күшті реттеп, қимыл қарқыны мен ырғағы туралы ұғым қалыптастыру туралы ескертеді.

Жаттығуды ұйымдастырып жүргізу үшін оқушыларды сабақ пәні, оқушылардың жынысы, жасы және дайындығына қарай (білігі мен спорт дәрежесі) бөлу қажет. Кейде бір немесе бірнеше сабақтар бойына нақты міндеттерді шешу үшін топтар құрылады (күрделі дене жаттығуларының жекелеген топшаларын меңгеру, өзара бақылауды ұйымдастыру, белгілі тактикалық қосындыларды үйрену үшін, т.б.). Тұлғалық спорт түрлерінің машықтану сабақтарында топшада 5-6 кейде тіпті 2-3 адам болуы мүмкін. Тұрақты және уақытша топтарда да топбасшы тағайындау керек.

Бүкіл топпен немесе топшамен жекелеген дене жаттығулары сабақтарын жалпылама, яғни барлық оқушылар қимылды бір мезгілде бірлесіп жасайды.

Қимылдың тұлғалық жағынан дұрыс түрін, оқушылардың әрқайсының қимыл сапасын дамыту мен тәсілдік жетілдіру құралдарын табу үшін топтан бөлек жеке тұлғалық сабақтар өткізу қажет. Сабақтың бұл түріндегі оқытушы рөлін қимыл жоспарын жасауға, аталған жаттығуды орындауды бақылауға, оқушылардың әрекетін реттеуге құрылған.

Дербес сабақтар тек тұлғалық спорт түрлерінде ғана емес, сол сияқты командалық түрде де қажет. Спорт ойындарындағы тұлғалық және дербес сабақтарда дене және тәсілдік дайындық бүкіл команданың бірігіп өткен сабақтары кезіндегіден де көп мөлшерде жетілдіріледі.

Оқушыларды дербес сабақтар жүргізуге үйрету бірте-бірте тапсырманы күрделендіру жолымен жүргізілуі мүмкін. Тапсырманың ең қарапайым түрі-оқытушының түсіндіргенінен кейін жалпы қатарда (бұйрықсыз) жаттығуды өзінше орындау болып табылады. Күрделі түрдің тағы бірі-бұл спорт алаңдарында немесе түрлі орындарда жаттығуларды тобымен немесе тұлғалық етіп орындау болып табылады. Оқушылардың тәжірибесінің артуына, олардың машықтануының жоғарлауына қарай тапсырма күрделілігі мен саны да арта түседі. Үйренген жаттығу тәсіліндегі қателерді түзетуде кейде көптеген тапсырма беру дұрыс емес. Орындалып жатқан тапсырманы бақылай отырып мұғалім оқушы қимылына араласа бермеуі керек. Ол оқушыларды қадағалап, сабақ соңында дербес жаттығулардың нәтижелерін талдап немесе спортшының есебіне қанағаттануы қажет. Орындалған тапсырманы бақылауды қажетті инструкция алған оқушылар да жасай алады.

Егер мұғалім педагогикалық тұрғыдан сенімді құралдармен оқушыларда оң көзқарас қалыптастыра алса, онда дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеті шешілді деп есептеуге болады. Үлкен қызығушылық, қуаныш, энтузиазм, өз күшіне сенімділік, өз жетістігін тану оқушылардың жұмыс қабілетіне, олардың нәтижелеріне дұрыс әсер етеді. Олар сергек әрі көңілді болса, онда сабақ та оларды қуантады тіпті қатты қысымды машықтануда да күшті тез қалпына келтіреді, олар оқытушының барлық бұйрықтарына назармен жауап беріп, барлық тапсырманы жақсы орындайды және керісінше, сенімсіздік, қатты ойлану, мазасыздану, қорқыныш оқушылардың өз мүмкіндіктерін толық көрсетпейді, олардың дайындығы мен жалпы жағдайына кері әсер етеді.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын жүгізу барысында қызығушылықты арттыру мен оң көзқарас қалыптастыру шартын бес топқа бөледі:

1) Құралдар мен әдістерді пайдалану (жаттығулар мен әдістемелік амалдарды түрлендіру, оларды дер кезінде бағалау, сабақтарда әуенді, көрнекі құралдарды пайдалану, т.б.);

2) Жүктеме қолдану (оларды ауыстыру, оптимальді жүктеме қолдану);

3) Ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы шаралар (сабақтың ойын және жарыс түрлерін кең пайдалану, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, міндеттерді нақты қою, сабаққа арналған қолайлы жағдай жасау);

4) Ұжымдағы, спорт командасындағы өзара қарым-қатынастың есебі мен реттелуі;

5) Оқытушының тұлғасы мен мінез-құлқына байланысты шарт.

Спортпен айналысуға қызығушылық тудыратындар мыналар:

1) Оқушылар үлкен беделге ие, танымал спортшылар мен бапкерлерді шақырып, кездесулер мен әңгіме өткізу;

2) Аталған спорт ұйымының мүшелерінің жарысқа қатысудағы нәтижелері туралы ақпаратқа арналған стенд қою, еліміз бен әлемнің күшті спортшыларының жарыстарға қатысуы мен спорт сабақтарына байланысты оқиғалары туралы мәліметтер келтіру;

3) Спорт жарыстарына, спорт тақырыбына арналған көркем фильмдерге, оқу кинофильмдеріне ұжыммен бірге бару және оны талқылау;

4) Ата-аналарының, жақын жолдастарының, туыстарының және таныс спортшыларының сабақтарына қатысу;

5) Спортшылар туралы газеттер мен журналдарда мәліметтер жазып, оны радиодан хабарлап, олардың өнерін кинодан көрсету, теледидардан хабар беру;

6) Бүкілодақтық біріккен спорт классификациясынан спорт атақтары мен дәрежелерін алу;

7) Спорт наградаларын алу.

Асыра машықтану шектен тыс қысым, жарақат және т.б.патологиялық жағдайды болдырмау үшін сабақ барысында шара қолдану қажет. Оқытушы құрал-жабдықтардың дұрыс орналасуын, оқушылардың ретті тұруын, оқушыларға қойылатын бірізділік және жүйелілік талаптарын сақтауды және жеткілікті бой жазу өткізуді қадағалау керек. Оқушылардың тұлғалық мәліметтері мен жағдайына сәйкес сабақ міндеттерін шешудің әдістері мен құралдарын таңдау, сыртқы орта жағдайын мүмкіндігінше реттеу, дөрекілікпен, тәртіпсіздікпен күресу, инструкцияда келтірілген ережелерді қатаң орындату, қауіпсіздікті сақтау, оқушыларды қатты ыстықтан және қатты салқындаудан сақтау маңызды болып табылады.

Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтудың маңызды шарты оқытушы мен спорт дәрігерінің жұмысының қатаң дәлдігі болып табылады. Бұнда бірінші кезекте мұғалім тұрады. Ол оқушылардың барлығында дәрігерлік-бақылау немесе диспансерлік карточкалары болып, олар қажетті мерзімде дәрігерлік тексеруден өтіп тұруын қадағалауы қажет. Оның міндетіне оқушылардың барлық жағдайдағы жарақаттары мен сырқаттарын білу кіреді. Спорт сабақтары мен спорт жарыстарына дәрігерге қаралмай рұқсат берілсе, оған мұғалім жауапты болады.

Жас ерлердің сабақтарын жүргізу мазмұны мен әдістемесінде мектепке дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар арасында бірнеше айырмашылықтар бар (дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын жүргізу мазмұны мен әдістемесін салыстырғанда).

Бұл айырмашылық негізінен түрлі жастағы балалар тобының бағдарламалық мазмұнының өзгеруіне байланысты болады. Бұнда балалардың дене тәрбиесі және спорт сабақтарында нақты екі мақсат бар екенін ескертеді. Оның біріншісі-түрліше дамыған азаматтарды қалыптастыруды қамтамасыз ету болса, екіншісі-балаларды спортпен дербес айналысуға дайындап, болашақта жоғары спорт нәтижелеріне жетудің негізін салу болып табылады. Бірінші және екінші мақсатта да алғашқыда, негізінде локомация дәлдігі қарапайым спорт жаттығуларының тәсілін, сосын одан күрделірек жаттығуларды орындауға мүмкіндік береді. Ең бастысы балаларды қимыл әрекеттеріне оқытуға үйрету керек, оларға өмірде де, спорт сабақтарында да көмек береді. Егер балалық шақтан бастап спорт жаттығуларының дұрыс тәсілі қалыптаспаса, онда спортпен одан кейін айналысу нәтиже әкелмейді

Спортқа деген қызығушылық балалық шақта, яғни жыныстық жетілу басталғанға дейін қалыптасып бекуі керек. Егер бұл жастан өтіп кетсе, онда есі кірген уақытта спортшыларды спорттың ойын жағына қызықтыру өте аз кездеседі.

Ойындар мен спорт жаттығуларына қарапайым дене жаттығуларымен салыстырғанда көп назар аудару керек, өйткені дене жаттығуы әсерінен ағзадағы вегетативтік қызмет негізінен балалық шақта жүреді. Адам есейген сайын, оның машықтануы да, бастысы оның ішкі мүшелерінің ыңғайға көнуі қиын. Қарапайым дене жаттығуларымен салыстырғанда спорт жаттығулары мен ойындары көңіл-күйге әсер етеді. Сондықтан аналитикалық гимнастика жаттығулары негізінен дене пішінінің кемшіліктерін түзетуге, әлсіз бұлшықеттер тобын дамытуға және қимыл әліппесін меңгеруге, яғни өз денесін қарапайым қимылдарды басқару қабілеттілігіне дамытуға қолданылады. Белгілі спортшылардың биографиясын оқығанда олар спортпен 5-6 жасынан бастап айналысқан тәрізді ой туындауы мүмкін. Шынына келгенде ерте мамандану туралы емес, балаларды ерте жасынан бастап, жүгірудің, жүзудің және т.б. қозғалыс түрлерінің тәсілдерін жетілдіруге оқыту туралы сөз болып отыр. Қозғалыстың негізгі түрлерін меңгеру мен осы арқылы жеткен ағзаны дамыту 8-10 жасқа келгенде дәлдігі жағынан күрделірек спорт жаттығуларының тәсілін үйренуге өтуге негіз салады (жеңіл атлетика түрлері, спорт ойындарының түрлері, суға секіру, конькимен мәнерлеп сырғанау, семсерлесу, т.б.).

3-4 жыл бойы бірнеше спорт тәсілдерімен жұмыс жасау және балалардың табиғи өсуі мен дамуы 10-12 жастан бастап, спорт түрлерінен мектеп аралық жарыстарға қатысып, тәжірибе жинақтап, өзінің бейімділігі мен қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. 12-13 жастан бастап балаларды спорттың бір түріне тәрбиелеуге болады, бірақ бұнда аталған спорт түрінің сан қырлылығына үйретеді (егер, баланы жеңіл атлетикаға деген спорттық қызығушылығын шектеу керек болса, онда бастысы жеңіл атлетикалық көпсайысқа оқытады; ал жүзуге үйретсе, онда сабақ құрылымына түрлі жүзу тәсілдерін түрлі қашықтықтарда үйретеді, т.б.). 14-15 жастан бастап, таңдаған спорт түрінің ішіндегі бір-екі пәнді сабақ пәніне ендіреді.

Спорттың маманданған сабақтарының бұндай мерзімнен басталуы, ішінара спортшының жоғарғы нәтижеге жеткен жасы туралы талдау барысында белгіленеді. Бұл 17-24 жасқа сәйкес келеді. Демек, гимнастикада бұл 16-25 жас, конькимен мәнерлеп сырғанауда-16-23 жас, жүзуде-13-18 жас, 100 метрге жүгіруде бұл-21 жас, 400 метрге жүгіруде бұл-26 жас, биіктікке секіруде бұл-22 жас, үштік секіруде бұл-25 жас, ядро лақтыруда-25 жас, балға лақтыруда-30 жас, ал онсайыста-24 жас.

Мамандану спорт сабақтарының бастауының нақты мерзімі белгіленгеннен кейін, алғашқы тіркелген жетістікке жетуді қарастыратын жаттықтыру процесінің ұзақтығы да ескеріледі. Бұл орта есеппен 6-9 жас жоғары нәтижеге жеткен спортшылардың жасы арасындағы айырмашылық машықтану ұзақтығына қарай (бірінші тіркелген жетістікке дейін) арнайы спорт сабақтарын бастау мерзімі, яғни спорт машықтануын бастау туралы мәлімет береді.

Балалар спортпен, дене тәрбиесімен шұғылдану ересектер сабақтарынан оларға ендірілетін сәйкес жағдайлардың көптүрлілігімен, пайдаланатын әдістемелік амалдармен ерекшеленеді; жеке жаттығулар мен ойын түрлері сабаққа жиі қолданылады; сабақты және жарысты жүргізу үшін жасөспірімдер мен бозбалалар жас ерекшеліктеріне қарай топқа бөлінеді:11-12, 13-14 және 17-18 жас; балалардың жарысқа қатысуы мынадай шарттармен жасалады: а) кей бір спорт түрлерінен жарыстар алынып тасталады; мысалы, өте алыс қашықтыққа жүгіру, ауырлық көтеру (14 жасқа дейін және т.б.); ә) спорт түрлерінен жарысқа қатысуға рұқсат беру жас ерекшелігімен шектеледі (мысалы, жүзуде-6 жастан бастап,конькимен мәнерлеп сырғанауда-7 жастан бастап, ауырлық көтеру-15 жастан бастап).

Сол сияқты балалар мен жасөспірімдер қатысатын жарыстың саны мен шартына да шектеу қойылады. Спорттың әр түрінде ол ерекше сипат алады. Мысалы, жүзуде күніне екі сөреден көпке рұқсат берілмейді, 17 жасқа дейінгі бозбалаларда тас жолмен велосипед тебуге алғашқы жылы 60 км-ге дейін қашықтық шектеледі, сабақтың екінші жылында ғана 100 км қашықтықтағы жарысқа қатысуға рұқсат етіледі. Спорт ойындары бойынша жарыстың ұзақ күнтізбесінде міндетті үзіліс ендіріледі. Футбол мен басқа да спорт ойындарында ойыншыларды көптеп ауыстыруға рұқсат етіледі. Көрсетілген шектеулер түрлі топтағы балалардың морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінен түсіндіріледі: тірек-қимыл аппаратының дамуының ұзақтығымен, жүрек-қан жүйесінің дамуының бүкіл дене салмағына қатысы бойынша біршама ауытқуларымен; жүйке жүйесінің жоғары қозуымен; қызығушылықтың тұрақсыздығымен; өз мүмкіндіктерін артық бағалаумен т.б.

Қыздар мен әйелдердің морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері олардың сабақтарын құруда балалар мен жасөспірімдер және ерлермен салыстырғанда бірнеше айырмашылықтар бар. Негізгі айырмашылықтар төменде келтірілген:

а) спорт жарысының пәні ретінде ауыр атлетика, бокс, футбол, шайбалы және допты хоккей, шаңғымен трамплиннен секіру, каноэде ескек есу, т.б. алынып тасталады; ә) кейбір спорт түрлерінде олардың кей түрлері алынып тасталады (мысалы, жеңіл атлетикада-балға лақтыру, сырықпен секіру, үштік секіру, 3000 км-ге кедергімен жүгіру); б) ұзақ және орта қашықтыққа жүгіруден, шаңғы тебуден және басқа айналымдық спорт түрлерінен қашықтық қысқартылады; в) кедергімен жүгіруде кедергі, волейболда тордың биіктігі төмендетіледі; г) жеңіл атлетикадағы лақтыру снарядтарының салмағы азайтылады; д) спорт гимнастикасы мен басқа да спорт түрлерінде жаттығу сипаттары өзгертіледі; е) ерлер айналыспайтын спорт түрлері ендіріледі (мысалы, көркем гимнастика).

 Әйелдер мен қыздар сабақтарын құрудағы маңызды талап-бұл етеккір уақытына байланысты жүктеме көлемі мен сабақ мазмұнын өзгерту болып есептеледі. Көп жағдайда ең жоғарғы жұмыс қабілеті бұл кезеңге дейінгі 10-12 күнде байқалатынын есте ұстау қажет. Ал 10-12 күннен кейінгі етеккір уақытынан соң, жұмыс қабілеті елеусіз жоғарылайды. Сондықтан жүктемені жылдамдық пен төзімділікті дамыту үшін етеккірден кейінгі 3-4 күнде және оның басталу уақытына дейін жеке сабақтарға үйлесімді бөлу керек. Бұл жағдайда барынша қарқынды жүктемені етеккір кезеңіне дейінгі 10-12 күнге жоспарлау қажет.

Алайда, қыздар мен әйелдердің дене тәрбиесі мен спорт жаттықтыруы сабақтарындағы құралдар мен әдістерді таңдауда белгілі шектеу ендіру қажет болған жағдайда оларға өте мәдениетті қарау керек (кейде қимыл дәлдігінің дұрыс еместігі туралы ескерту жасау, т.б.), жоғары білікті спортшылардың машықтану сабақтарының құрылымын талдау тәжірибесінен әйелдер жаттықтыруы да кем түспейтінін, тіпті асып кететінін көрсетеді. Жоғары білікті спортшы қыздардағы жаттықтыру жүктемесінің көлемі ерлер жүктемесінен көп ерекшеленбейді. Көптеген зерттеушілер (В.В. Гориневская, Р.Е. Мотылянская, Л.П. Матвеев, т.б.) ерлерге қарағанда әйелдердің жаттықтыру сабақтарынан кейінгі қалпына келтіру барысы тез өтеді деді. Біріктірілген сабақтар ұлдар мен қыздар үшін де, бойжеткендер мен бозбалалар үшін де пайдалы. Әйелдер қимыл дәлдігі нәзік жаттығуларды тез меңгерсе, ал ерлер күшті, төзімділік пен шапшаңдықты дамытатын қимылдарды тез игереді. Сондықтан біріккен сабақтар екі жыныс өкілдерінің де қажетті дағдыны меңгеруіне қолайлы ықпал етеді. Спортшы қыздар жоғарғы нәтижеге жету үшін ерлердің қимыл сапасын өздеріне көп көлемде сіңіріп, дамытуы қажет.

Жұмыс немесе сабақ жоспары-бұл әр сабақтың негізгі мазмұны қарастырылатын белгілі бір уақыт мерзіміне арналған оқу жұмысын жоспарлау құжаты болып табылады. Ол тек дене жаттығуларына арналған сабақтарға құрылады. Жұмыс жоспары өтетін сабақтың барлық бағдарламалары мен қарастырылған ырғағына (яғни сабақ кестесіне) негізделіп құрылады. Оның мазмұны сабақтың өтетін орнына қарай әрбір бір жарым-екі ай сайын өзгеріп отырады (ерте күзде-ашық ауада, қара күзде-мекемеде, қыста-ашық жерде де және мекемеде де, т.б.).

Жұмыс жоспары графикалық және мәтін түрінде де болуы мүмкін.

Сабақ мазмұнын жоспарлай отырып, материалды тік немесе шоғырландырып жасайды (айналымдық немесе оралымдық). Материалдарды тікелей орналастыру-бұл жұмыс жоспарында қарастырылған дене жаттығуларының барлығы үздіксіз оқылады, яғни бірнеше сабақ бойына бір ғана дене жаттығуын үйретеді, соны аяқтап болғаннан кейін ғана, басқа түрге ауысады. Оралымдық түрінде дене жаттығуларын бірнеше рет үйретеді, бастапқыда оның барынша қарапайым нұсқалары, одан кейін барынша күрделі нұсқалары үйретіледі. Материалды оралымдық орналастыруда қимыл дағдыларын меңгеру, қимыл сапаларын дамыту және дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлық міндеттері түгелдей табысты шешіледі.

Бір апта кезеңіне спорт машықтануы сабағын құру негізіне жаттықтыру кіші айналымы ендіріледі.

Жаттықтырудың кіші айналымы бұл- бұл кезеңдегі басты міндет пен оны шешудің құралдары мен әдістерінің үздіксіздігін анықтайтын 3-10 күндік кезеңге спорт машықтануын құру жоспары (көбіне бір аптаға).

Жоспарланған кіші айналым белгілі бір түрде бір-екі ай арасында айналымды қайталанып отырады, содан кейін спорт мамандығының түріне, жаттықтыру кезеңіне байланысты (алда тұрған жауапты жарыстар мерзіміне қарай), спортшының ерекшелігі мен жағдайына, қимыл сапаларын дамытуда анықталған кемшіліктеріне және спорт тәсілі мен тактикасын меңгеру деңгейіне қарай жаңадан жоспарланады. Спорттың жеке тұлғалық түрлерінде жаттықтыру кіші айналымын әр спортшыға жеке-жеке жасайды. Командалық түрлерде ол бүкіл командаға да, оның ішіндегі жеке адамға да арналып жасалуы мүмкін.

Дене тәрбиесі ілімін дамытудың бірінші сатысында (1917-1930 жж.), «кіші айналым» ұғымы болған жоқ. Апта бойына сабақ 2-3 рет ырғағымен қайталанды. Сабақ мазмұнына әдетте бір немесе бірнеше спорт түрінің бірнеше түрлері ендірілді. Қолданылатын спорт жаттығулары өзгертуші ықпал болды. Жүктеме тікелей немесе сатылап жоғарылады.

1931-1945 жж. аптасына 3-4 сабақ жүргізілді, тек кейбір жекелеген спортшылар ғана жиі жаттықты. Бұндай апталық жоспарда тек таңдаған спорт түрі ғана емес, сол сияқты жалпы дене дайындығын қамтамасыз етуге арналған қосымша түрлер де қарастырылды. Сабақ мазмұнындағы бірізділік бір аптадан екінші аптаға қайталанды. Осы арқылы бұл кезеңде жаттықтырудың кіші айналымы туралы ұғымның негізі қалыптасты.

1946 ж. кейін 3-тен 10 күнге дейінгі кезеңдегі спорт сабақтарын құрудың негізгі мәселелерінің бірі жаттықтырудың кіші айналымы болды. Көрсетілген уақыт бөліктеріндегі спортпен шұғылданудың заңдылықтары зерттелді (И.Е. Маршак, В.С. Фарфель, Н.Г. Озолин, Л.П. Матвеев, В.И. Никитская, Л.С. Хоменков, М.А. Аграновский, В.М. Волков, т.б.).

Жаттықтырудың кіші айналымында физиологиялық негіздері ретінде ағзада қимыл әрекеті барысында және оның негізінде жүретін қызметтің қайта құру қарқыны айтылады. Егер сабақтан кейінгі үзіліс ағзаның сәйкес қызметтік қайта құрылуы мен шығындалған қуат қорын қалпына келтіру үшін жеткіліксіз болса, онда дағдыны, қимыл сапасын, вегетативтік қызметті дамытуда ілгерілеушілік болмауы, керісінше ағзада кері кету өзгерістері болуы мүмкін. Алайда, ағзада барлық мүшелері мен жүйелері бір – бірімен тығыз байланысты және өзара тәуелді бір бүтін болғанмен ағзаның жеке жүйелері үшін белсенді бұлшықет әрекетінің жасалуы мен мерзімі біркелкі емес. Сабақ жүргізгеннен кейін тірек – қимыл аппараты мен жүйке жүйесі ағзаның шығындалған қуат қоры қалпына келтірілсе де, демалыс жайларда кездседі. Егер ағзаның «қалып» кеткен жүйелерін есепке ала отырып демалыс ұзақтығын анықтасақ, онда қимыл қабілетін дамытуды биік деңгейге жеткізу мүмкін емес. Сонымен қоса, әрбір келесі сабақ сипатын дұрыс өзгертіп, жүктемені реттеп отырса, онда ертерек демалуға мүмкіндік беріледі.

Жаттықтыру кіші айналымын 8-14 күн /23-28/ кезеңдегі трофикалық және физиологиялық процестерінің ырғағын зерттеудің (И.С.Кучеров, В.И.Когут, т.б.) анықталған негізіне сүйене отырып бөлуге болады. 8-14-күннің ішіндегі 4-7 күнде зат алмасу процестері қарқынды дамып, спортшының қимыл аясының қызмт жағдайы жақсарады, келесі 4-7 күнде бұл көрсеткіштер нашарлайды. Күш, төзімділік, дәлдік көрсеткіштерінің тербеліс жиілігі жоғары және төмен жұмыс қабілетінде 16%-ды құрайды.

Қазіргі заман ғылыми мәліметтері мен жинақталған тәжірибеге сүйене отырып әр адамның қимыл мүмкіндігін алмастырудың қатаң ырғағын қалай да орнату мүмкін емес. Алайда, шешілетін міндеттер сабақ пәні мен оқушылардың жағдайы есебіне қарай жүктеме мен тапсырма сипатын сабақтарға кезектестіру қажеттігін дәлелдеуге негіз бар.

Жаттықтыру кішіайналамын құру үшін мынадай әдістемелік нұсқаулар берілген:

1) әрбір жаттықтыру кіші айналымдардың әрбір сабағында спорт жаттықтыруының барлық міндеттері, оның әрқайсысы белгілі бір басқарумен шешіледі;

2)сабақ бір – бірімен түрлі қатынаста болады: екі күн қатарынан, бір күн демалыс немесе үш – төрт күн сабақ және бір күн демалыс;

3) жаттықтыру кіші айналымының ағзаға әсері ең алдымен жаттығу көлемі мен қарқындылығының қатысының, оның белгілі бір ырғақта тербелуінің өзгеруі есебінен реттеледі. Жүктеменің апталық ырғағы үшін (бір сабақтың ырғақтылығы үшін) үш фаза лайық (бөлік): талаптарды бірте – бірте ұлғайту, оның шиеленісуі және жүктемені бірте – бірте азайту (бөліктерді кезектестіруде барлығына бірдей тән спорт мамандығына лайық қиғаш сызықты байқауға болмайды). Нақты спортшы үшін жаттықтыру кіші айналымның жоғары жүктемелері бір немесе екі реттен көп емес қолданылады;

4) жаттықтырудың кіші айналымында спорт жаттығуларының жеке жүйесі мен оның жекелеген топшаларының белгілі жүйесін орындау қажет, бір сабақ пәні ең алдымен спорт жаттығуларының жекелеген топшалар, ал келесіде – оларды толықтай орындау тиіс болады;

5) жаттықтырудың кіші айналымындағы жүктеме сипаты мен сабақ мазмұны белгілі бірізділікпен аталған спорт түрінен спорт жарыстарына тән талаптарға жақындайды, жаттықтырудың кіші айналымының сипатын өзгерту жүйесі «кіші айналым маятнигі» деген ат алды (Л.П.Матвеев, Д.А. Аросьев): жаттықтыру шарты жарыс шартына қаншалықты сәйкес келсе, онда «маятник» жиілігі де аз болады.

6) спорттың жылдамдық – күш түрінің сабақтарындағы жаттықтырудың кіші айналымның бірінші күні күш пен шапшаңдықты дамытуға арналған жаттығуларды ендіру керек.

         7) төзімділікті туындататын спорт түрлерінде жаттықтырудың кіші айналымының бірінші күнінде сабақты кейінгі күндерге қарағанда қысқа уақытпен және қарқынды жылдамдықтағы қимылмен бастау керек.

         8) бұдан кейінгі төзімділік пен шапшаңдықты жалпы дамыту үшін сабақтар арасында өткен жүктемелерден демалуға сәйкес келетін жаттығуларды ендіру дұрыс;

         9) бұл аталған кезеңде сабақтың басты міндеті спорт жаттығуларын орындауды жетілдіру болса, онда оны демалыс күнінен кейінгі жаттықтырудың кіші айналымының бірінші күнінде шешу керек.

         Спорт ойындарында (әсіресе футболда) жаттықтырудың кіші айналымының басқа ойын аралық кіші айналым қолданылады (С.А.Савин). Бұл бұндай спорт түрлеріндегі жарыс кезінде көптеген жарыстар өтетінімен, олардың арасында түрлі ұзақтықтағы үзілістер болуымен түсіндіріледі.

         Шешілетін міндеттері, жүктеме ырғағы мен сипаты жағынан жақын бірнеше кіші айналым бір мезо айналымға біріктіріледі. Бағытына қарай мезоайналымдар жеті түрге бөлінеді:

  • тарту, оның міндеті-мақсатты бағыттағы спорт жаттықтыруының алғы шартын құру. Бұл мезоайналымның қызметі сабақтың кіріс бөлімінің қызметіне жақын; онда негізгі зейін спортшының дене дайындығына аударылады;
  • базалық, оның міндеті – таңдаған спорт түрінде сәтті өнер көрсетуге қажетті спорт дайындығының барлық түрін қамтамасыз ету; бұл мезойайналымда жүктеме барынша жоғары; ол жаттығу көлемінің артуы есебінен бірте-бірте жоғарылап отырады;
  • бақылау, оның міндеті дайындық пен бақылау жарыстары кезіндегі спортшының дайындығын тексеру (спорт машықтануының міндеттерін шешу сәттілігі);
  • беткі, оның міндеті-бақылау кіші айналымында көрінетін тәсілдік дене және басқа да дайындық түрлеріндегі кемшіліктерді жою.
  • жарыс алдындағы, оның міндеті – споршының спорт тұлғасы жағдайына негізінен жаттығудың көлемі мен қарқындылығын теңдеу есебінен жетуіне көмектесу; бұл мезоайналым тек барынша жауапты жарыстарға ғана қолданылады;
  • жарыстық, оның барысында жауапты жарыс өтеді;
  • жүктемені өзгерту, оның міндеті жаттығу қарқынын төмендету есебінен жүктемені азайту.

Барлық мезоайналым жылына бірнеше рет қайталанады. Оның ішіндегі жүктеме қарқындылықтың көлемін арттыруды жалпылама реттеп, толқын тәріздес болады.

Бұнда кіші айналым барынша жоғары және барынша төмен жүктемені алмастырып отырады. Бір жаттықтыру кіші айналымы үшін жаттығу көлемін ерекшелендіру, екіншісі үшін – көлемді азайту, бірақ қимыл қарқындылығын арттырады, ал келесісі үшін – қарқындылықта біршама төмендету есебінен жаттығу көлемін қайтадан арттырады.

         Дене тәрбиесі міндетті оқу пәні болып табылатын мектептерде, жоғары оқу орындарында, әскерде және басқа да мекемелерде сабақты жыл бойынша құруда оқу жоспары мен бағдарламасын басшылыққа алу керек.

         Оқу жоспары – бұл мемлекеттік мекемелердегі оқу жұмыстарын жоспарлау құжаты. Онда оқу жылында оқылатын (мазмұндау, үйрету) пәндер, олардың осыған бөлінген сағаттар саны көрсетілген. Оқу жоспары кестесінде сабақты тоқсан (мектептерде және орта оқу орындарында) немесе семестр бойынша сабақтың өтілу ырғағы көрсетіледі.

         Бағдарлама – бұл оқу жоспарындағы әрбір пән бойынша үйренуге тура келетін сұрақтар тізбегі негізгі мазмұны болып табылатын оқу жұмысын жоспарлау құжаты.

         Дене тәрбиесі мен спорттың бағдарламасы былай құрылады:

  • түсініктеме жазу, онда бағдарлама материалдарын алып пайдалану керектігі түсіндіріледі және сабақты құру жөнінен бірнеше әдістемелік нұсқаулар беріледі;
  • негізгі мазмұны, онда белгіленген сипаттары бойынша жүйеленген, оқу жылының барысында үйренуге тиісті спорт және қозғалыс ойындарының, қозғалыс және спорт ойындарының түрлерінің түсінікті тізімі келтірілген;
  • өтілетін сабақтардың табыстылығын анықтауға арналған емтихандық және сынақтық мөлшерлер мен талаптар.

Төменгі спорт секциялары балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спорт федерациясына сәйкес бағдарлама жасалады, онда аталған спорт түрлерімен айналысушыларға арналған қажетті ілімдік білімдер берілген және спорт мамандығын жан-жақты дене дайындығымен және Президенттік сынақтар, яғни нормативтер тапсыруға дайындық жұмыстарымен барынша дұрыс үйлестіруге кеңестер берілген.

         Жоғары спорт нәтижелеріне жетуге бағытталған, спорт сабақтарын құруға арналған негіздеме жаттықтыруды жылдық айналымға кезеңдендіру, яғни жаттықтырудың үлкен айналымы болып табылады.

         Спорт сабақтарын жыл бойынша құру туралы ұғым былай өзгерді. 1917-1930 жж. жаттықтырудың жылдық айналымы жыл мезгілдеріне – жазғы және қысқы, сондай-ақ маусым аралық болып бөлінеді. Соған сәйкес сабақ мазмұны да өзгерді. Мысалы спортшылар жазда футбол ойнаса, қыста – хоккей ойнайды; жазда – жеңіл атлетикамен, ал қыста – шаңғы спортымен; жазда – велосипед спортымен, ал қыста – коньки тебумен т.б. айналысты. 4 айға созылатын маусым аралығы (күзгі және көктемгі кезеңдер) спорт жаттықтыруы мен жарыстардан демалатын уақыт саналды. Сабақ жыл бойынша гимнастика мен ауыр атлетикадан ғана жүргізілді.

         Бұл кезеңде спорт жаттықтыруының жыл бойына ұзақтығы бірте-бірте ұзарды.

         1918-1920 жж. споршылар жылына екі ай жаттықты. 1921-1930 жж. спорт жарыстарына мақсатты дайындық 5-6 айға созылатын болды.

         Екінші кезеңнің басында (1931-1945 жж.) жаттықтырудың жыл бойынша айналымдық идеясы туындады. 1931-1937 жж. жаттықтырудың жылдық айналымы көктемгі, күзгі, жазғы және қысқы кезеңдерге бөлінді. 1938 ж. қазіргіге ұқсас болып келетін спорт жаттықтыруын кезеңдендіру туралы ұғым қалыптасты. Оның негізгі ережелері жеңіл атлетикадан бірінші бүкілодақтық конференцияда айтылды. Жаттықтыру кіші айналымында спортшыны жоғары спорт тұлғасы жағдайында жауапты жарысқа алып бару мақсатында жыл бойында спорт жаттықтыруының құралдары мен әдістерін пайдалану бірізділігі анықталды. Үш кезеңге бөлінді: дайындық, негізгі және өтпелі. Дайындық кезеңі жалпы дене дайындығын ғана қамтамасыз етуге, негізгісі – таңдаған спорт түрімен айналысуға, үшінші өтпелі кезең – демалысқа арналды.

Барынша жоғары жүктеме негізінен машықтану кезеңінің негізіне тиіс болды.  Үшінші кезеңде спорттың педагогикалық негіздерін дамыту (1946 ж.) спорт жаттықтыруын жыл бойынша құруы керек заңдылықтарды анықтауға арналған көптеген зерттеулер жүргізілді. (Н.Г.Озолин, Л.П.Матвеев, В.П.Филин, Л.С.Хоменков, Л.И.Абросимова, С.И.Минаков, Г.В.Коробков, т.б.).

Жаттықтырудың жылдық айналымының мәнін түсіну үшін (жаттықтырудың үлкен айналымы) өзі құрылған негіздегі заңдылықтарды анықтау керек, оның негізінде жаттықтыру кезеңінің міндеттері мен ұзақтығы, ондағы негізгі мазмұны, жеке кезеңдегі жарыс орны және жүктеме қарқыны құралады.  60-жылдарға дейін жаттықтырудың жылдық айналымының басты негізі спорт жарысының күнтізбесі болып табылады. Шындығында, үлкен айналымы (жаттықтырудың) спорт пішінінің үздіксіз тұрақтауының сатылық-айналымдық сипаты, жаттықтырудың жеткен деңгейін сақтау мен оны шығындау уақытына негізделген.

Бұл заңдылықтың мәні мынада адамның қимыл мүмкіндіктерін дамытудың, жоғары деңгейі оның жеткіліктілігін қамтамасыз ететін жаттықтыру сабақтарының айқын кезеңін көрсетеді және адамның қимыл мүмкіндіктері бүкіл жыл бойында бірдей жоғары деңгейде сақталуы мүмкін (Л.П.Матвеев).

Сондықтан жаттықтырудың кіші айналымын дайындық, жарыс, өтпелі кезең деп теңдей бөлеміз. Дайындық кезеңінің міндеті (іргетасы – спорт тұлғасына жету, жарыстық – сақтау (оны жоғары деңгейде ұстап тұру) және өтпелі кезеңдік – жаттықтырудың ықпалды әсері мүмкіндіктен аспауы керек және келесі жылдық айналымға өту.

Дайындық кезеңінің ұзақтығы 5-7 ай, жарыстық – 4-6, өтпелі кезең бір айға жуық созылады. Дайындық кезеңі қысқаша айтқанда, форсировкаға қарағанда жаттықтырудың жеткен деңгейі тез жоғарылады, және керісінше бұл кезең неғұрлым ұзақ болған сайын, ол ұзақ сақталады. Төзімділік көрінетін және дамитын спорт түрлеріндегі сабақтарда дайындық кезеңі шапшаңдық пен күштің көрініп, дамитынға қарағанда ұзақтау болады (мысалы, лақтыруда, секіруде, ауырлық көтеруде, қысқа қашықтыққа жүгіруде). Жаттықтыру кезеңінің ұзақтығы спортшының жағдайын, оның алдына қоятын міндеттеріне, әрине, белгілі бір мөлшерде спорт жарыстарының күнтізбесіне байланысты болады. Әрбір жаттықтырудың үлкен айналымының кезеңі сәйкес мезоайналымына бөлінеді. Базалық мезо айналым жыл бойына екіден төрт ретке дейін қайталануы мүмкін. Жарыс кезеңдерінде олар, әдетте, бір рет ендіріледі.  Дайындық және жарыс кезеңдерінің негізгі мазмұны аталған спорт түрлерімен түгелдей және оның жекелеген топтарымен айналысу болып табылады. Топтардың күрделілігі, оны орындау тәртібі мен жүктеме көлемі спорт жаттықтыруының түрлі міндеттерін орындауға мүмкіндік береді. Таңдаған спорт түрлерінің жекелеген топтарындағы жүйелі жатттығулар дайындық кезеңінің сабақ мазмұнының 50 %-ын құрайды.

Спорттың барлық түрлерінде тәсілдік жетілдіру жарыс кезеңінде жалғасады. Жылдамдық – күш түрлерінде спорт жаттығуларын көп дүркін қайталау түгелдей оның жекелеген топтарын толығымен орындауға лайық және өзгермейді. Сәйкес қимыл сапаларының қажетті даму деңгейін сақтауға бағытталған жаттығулар барлық спортшылардың бүкіл жарыс кезеңінде қолданылады.

Жылдамдық – күш спорт түрлерінің сабағындағы дайындық кезеңінің басында дененің динамикалық және статикалық күш жұмсауға қатысатын бөліктерінің бұлшықет күшін дамытуға көп уақыт бөлу керек. Төзімділік көрінетін спорт түрлерінде дайындық кезеңінің басында аэробтық қызметті (жалпы төзімділікті), сосын анаэробтық қызметті дамытуға (жалпы төзімділікті дамытуға арналған жаттығуларды жылдамдық мүмкіндіктерімен үйлестіру) көп көңіл бөлінеді.

Жетістік негізінен қимыл өнерін меңгеру деңгейіне байланысты. Спорт түрлерінде (гимнастика, т.б.) тәсілдік дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған жаттығулар дайындықтың да, жарыс кезеңдерінің де негізгі мазмұны болып табылады.

Кей жағдайларда дайындық және жарыс кезеңдерінде түрлі құралдар пайдаланылады, өйткені таңдаған спорт түрінде толыққанды сабақты өткізу мүмкіндігі тек дайындық кезеңінің соңында ғана көрінеді. Мысалы, шаңғышылар қарда, конькишілер мұзда тек қыста ғана шұғылдануы мүмкін, жеңіл атлеттер мен футболшылар стадионда көктемде, жазда және ерте көктемде ғана дайындалады.

Алайда, жақсы нәтижеге дайындық кезеңінде тек дене емес, сол сияқты тәсілдік және тактикалық дайындықпен де айналысқан спортшылар жетеді.

Өтпелі кезеңде сабақ мазмұнының көптүрлілігі ұзақ, қысымдық, қатаң, кейде бірсарынды қимылдан соң толық демалуға көмектесуі тиіс, сол сияқты таңдаған спорт түріндегі сабақтарға деген қызығушылықты қалпына келтіріп, соған қоса, дайындық кезеңін өткен жылғыға қарағанда барынша жоғары деңгейде жаңадан бастауға рұқсат беретін жаттықтырудың сондай деңгейін сақтайды.

Өтпелі кезеңді оқытушы мен спортшы өткен маусым нәтижелерін бөлшектеп талқылауға, жетістіктер мен сәтсіздіктердің себептерін талдап және жаттықтырудың тұлғалық жоспарын келесі жылға құруға пайдаланылады.

Жаттықтыру үлкен айналымында спорт жарыстарының ондағы орны өзгереді. Спорт жарыстары дайындық және жарыс кезеңдеріне ғана ендіріледі. Бұл кезеңде спортшылар жарысқа тек таңдаған спорт түрлерінен ғана емес, сондай-ақ басқа түрлерден де қатысады. Егер дайындық кезеңінде күнтізбелік жарыс қатыстырылмаса, онда оны қарастыратын жол табу керек. Жарыс кезеңінде спортшы тек таңдаған спорт түрімен қатысады.

Жаттықтырудың жылдық айналымындағы басты өзгеретін ықпалы жүктеме болып табылады. Жаттығудың көлемі мен қарқындылығының қатысының тербелісі дайындық кезеңінде болашақта белгілі бір нәтижелерді алуға арналған, ал – жарыстық кезеңде – спортшыны, нақты жарысқа қатысуға дайындыққа алғы шартты құрады.

Жүктеменің көлемі (қосынды мәнде) дайындық кезеңінде болуы тиіс. Дайындық кезеңінің екінші кезеңінде тек қосымша жаттығулардың үлкен көлемі сақталады (арнайы жаттығулары). Жалпы дене дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған жаттығу көлемі төмендейді, өйткені түрлі сипаттағы жаттығулардың үлкен көлемін орындау нәтижесінде басылған кинестезиялық сезімдердің нәзіктігін қалпына келтіру үшін уақыт қажет.

Жарыс кезеңінде таңдаған спорт түрлерінен жаттығудың қарқындылығы жоғарыға дейін өседі. Алайда, спорт тұлғасын ұзақ ұстап тұрудың алғы шартын құру үшін жаттығу көлемінің есебінен және қарқындылық есебінен жүктеме едәуір төмендейтін жарыс кезеңінде 7-10 күннен кезеңденіп бөлу қажет. Бұдан кейін жүктеме қайтадан артады (яғни, үлкен айналым «маятниг»інің ережесі сақталады).

Негізгі кезеңде де, дайындық кезеңіндегідей ағза жүктемесін толқын тәріздес етіп өзгерту керек, жоғары жүктемесі бар 2-3 апталық сабақты, төмен жүктемесі бар 1-2 апталық сабақпен кезектестіріп отыру керек.

Жауапты категориясына жатпайтын жарыстарға қатысуға болатын кезеңде, оның сабақтарының сипаты, оның мазмұны және күн тәртібі ешқандай өзгерістерге ұшырамайды. Бұндай түрдегі өзгерістер тек жауапты жарыстар алдында ғана болады. Бұл жаттығудың көлемі мен қарқындығы таңдаған спорт түрінің түгелдей және жеке топтарының орындалу қатысты, күш жаттығуларының қарқындылығы мен жаңа дене жаттығуларын қолдану, жаттықтыру кіші айналымының сипатын кезектестіру ырғағы, күн тәртібіндегі өзгерістер.

Жарыс алдындағы кезеңге дейінгі жүктеме жаттығу көлемі бойынша өседі және тек жауапты жарысқа дейінгі шамамен төрт аптада бұл көрсеткіш бойынша ол бірте-бірте төмендейді. Егер жарыс алдындағы соңғы бес аптаның жүктеме жаттығуларының көлемін 100% деп алсақ, онда оның шамасындакөруге болады: төрт аптада – 35%, үш аптада – 29%, екі аптада – 22%, бір аптада – 15%. (Л.П.Матвеев бойынша). Алайда, егер алдыңғы кіші айналымда жаттығу көлемі шамалы болса, онда өсуі соңғы екі немесе жарыс алдындағы бір аптаға дейін өсуі мүмкін. Бұл кезеңдегі жаттығу қарқындылығы спортшының жоғары мүмкіншілігінен 40-70% шамасында болады.

         Бұл кезеңде жылдамдық-күші спорт түрлерінде 75%-ға жуық уақыт жаттығуды түгелдей орындауға кетеді, ал 25%-ға жуығы – оның жекелеген топтарыны тегістелуіне кетеді. Әрбір әрекетте қимылды оның барлық сипаттарына қатысына қарай орындауға тырысу керек. Қосымша жаттығулардың саны мен орындау қарқындылығына қарағанда, олардың жаттықтыру кезіндегі орнының күрт төмендеуі машықтанудан жеткен деңгейінің төмендеуінің себептерінің бірі болып табылады.

Жаттықтыру сабақтарында жылдамдық – күш спорт түрлерінен маманданатын спортшылар (қысқа қашықтыққа жүгіру, жеңіл атлетикалық секірулер) көп уақыт үлкен тебілу жаттығуларын қолданады, тек жарыс алдындағы жауапты кезеңде ғана оның көлемін азайтады, тек бұнда сандық мөлшер азаймайды. Жаттықтырудыдң бұл сатысында күш жаттығуларының жоғары деңгейі спортшының бұлшықет – сіңір сезімінің нәзіктігіне кері әсер етуі мүмкін. Жарысқа аз уақыт қалғанда спорт жаттығуларының тәсілдеріне түбегейлі түзету ендіру әрекеті керек емес. Кей жағдайда аз өзгерістердің өзі дұрыс нәтиже беруі мүмкін, тіпті егер бұл өзгерістер жарыс қарсаңында, сөре алдында (бой жазу уақытында) және жарыс барысында болса да нәтижесі жақсы болады.

Жауапты жарыс алдындағы соңғы он күнде сабаққа қандай да бір таныс емес дене жаттығуларын ендіру керек (оның ішінде таңертеңгілік жаттықтыру сабақтары немесе жеке тұлғалық гимнастика); бұл бұлшықетті ауыртып және спорт нәтижелеріне кері әсер етуі мүмкін.

Жүргізілген зерттеулер мынаны көрсетті, яғни кіші айналым «маятнигі» жауапты жарыс алдындағы кезеңге көп мән береді. Бұдан кейін кіші айналым, сабақ мазмұны мен жүктемесі және жарыс жағдайына жақын күн тәртібі жүктемесіз сипаттағы кіші айналымға ауысады, онда сабақ мазмұны, жүктемесі мен күн тәртібі қатаң сақталмайды. Әрбір келесі «жарыстық кіші айналымда жаттықтыру жүктемесі бірте-бірте ұлғаяды, және бірінші кезекте жаттығу көлемі ұлғаяды.

Жарыс алдындағы кезеңде жауапты жарысқа дайындалғанда алдағы жауапты жарыстың шарты сақталған жиын өтеді. Жиындар арасындағы алшақтық 3-4 күн шамасында болады.

Соңғы жаттықтыру мен жауапты жарыс арасында 2-3 күн үзіліс болуы керек. Алайда, көптеген ғалымдар (Н.Г.Озолин, В.В.Петровский, А.Ф.Бойко т.б.) спорт нәтижелері егер жарыс қарсаңында жаттықтыру немесе ең болмағанда мұқият бой жазу жүргізсе, онда нәтижелер жоғары болады деп есептеді. Сол сияқты жарыс қарсаңында лақтыру, секіру, гимнастика сияқты спорт түрлерінде күш жаттығуларын пайдаланған дұрыс. (Г.В.Коробков, Л.С.Хоменков, А.А.Тер-Ованесян, т.б.)

Егер жарыстар аптаға жалғасып, оның арасындағы үзілістерде (тіпті, олар күн сайын болса да) жаттығуды үлкен көлеммен жүргізу керек.

Жоғарыда аталғандардан бөлек, ай бойынша сабақтың саны мен ұзақтығын, ондағы жүктеме көлемі мен жарыстар санын ескерту керек.

Дене тәрбиесі мен спортқа қатысатын спортшылардың екі көп жылдық жоспары бар: а) әлі өзінің спорттық қызығушылығын анықтамаған балалар; бұл жағдайда ол мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене тәрбиесі жөнінен бағдарламада өз сипатын табады; ә) спорт мамандығының пәнін таңдап және өз алдына жоғары спорт нәтижелеріне жетуді мақсат етіп қоятын адамдар. Бұл жағдайда жоспар спорт жаттықтыруының көп жылдық жоспары деп аталады.

Балалар дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының бағдарламасының кейбір мәселелері туралы бұдан да бұрын айтылған. Бұл бөлімде біз спорт жаттықтыруының көпжылдық жоспарлау мәселесіне ғана тоқталамыз.

Спорт машықтануын көпжылдық жоспарлау мәселесі 1933-1934 жж. көкейтесті бола бастады. Көпжылдық жоспарлаудың маңызы кеңес спортшылары ірі халықаралық жарыстарға, бірінші кезекте олимпиадалық ойындарына қатыса бастағанында өсе түсті (1952 жылдан бастап).

Бұл кезде көптеген ғалымдар аталған мәселе бойынша арнайы зерттеулермен айналысты (Н.Г.Озолин, А.А.Новиков, В.П.Филин, З.П.Фирсов және басқалар).

Спорт жаттығуларының көп жылдық жоспарлауының мақсаты бірнеше жылдан кейін жоғары білікті спортшылар дайындау үшін жүргізілуі тиіс жолды анықтау болып табылады.

Спорт машықтануының көп жылдық жоспары жеке спортшылар үшін жекеленіп, спорт командаларына, спорт мектептеріне арналып құрастырылады. Ол 2-ден 8 жылға дейін мерзімге құралады. Жоғары білікті спортшылар үшін ол төрт жылдық мерзімге жасалады, яғни бір олимпиада ойындарынан келесі олимпиада ойындарына дейінгі уақытқа құрылады.

Көпжылдық жоспарлауда қойылған міндеттерді шешуге пайдаланылатын негізгі құралдары мен әдістері жылдан жылға сәл ғана өзгеріспен ауысып отырады. Төрт жылдық жоспарда бір үлкен дайындық кезеңі (40-42 ай) және бір басты жарыс кезеңіне (5-6 ай) бөлінеді. Үлкен дайындық кезеңі жеке дайындық, жарыс және өтпелі кезеңге бөлінеді.

Көпжылдық спорт жаттықтыруының жоспары үш бөліктен тұрады. Біріншісінде, спортшының бірнеше жылдан кейін жететін нәтижелеріне болжам жасалады, екіншісінде, спортшының жекелеген жақтарын дамыту жөнінен міндеттер анықталады; үшіншісінде, қойылған міндеттердді шешу құралдары мен әдістері көрсетіледі.

Мүмкін болатын спорт нәтижелерін болжау мына негізге құрылады: а) спортшының жасы; ә) оның қазіргі кездегі көрсететін нәтижелері; б) аталған спорт түрінен спорт нәтижелерінің өсу реті; в) дене дамуы (ағзаның вегетативтік қызметінің ерекшеліктері); г) дене жағдайы; д) дене дайындығы; е) жоғары жүйке әрекетінің типологиялық ерекшеліктері; ж) жеке тұлғалық сапалар (ақыл-ой, ерік және көңіл күй, қызығушылық, бейімділік және т.б.) дамуы; з) тәсілдік дайындығы; и) қимыл белсенділігі; к) жаттығу.

Көрсетілген пункттердің бірнешеуі түсіндіруді қажет етеді.

Спортшының жасы туралы спорт нәтижесін болжаудың бір көрсеткіші ретінде айту әрбір спорт түрінде жас ерекшеліктері шегі болатынын, одан кейінгі жоғары нәтиже күмәнді екенін ескертеді. Мысалы, жүзуден жаттығатын әйелдер үшін бұл «төбе» 18-20 жас шамасында ерлерде 24-28 жас, қысқа қашықтыққа жүгіруден 22-24 жас семсерлесуден – 40 жас, гимнасттарда, шаңғышыларда, секірушілерде, лақтырушыларда – 30 жас шамасында болады.

Спорттық мүмкіндіктерді болжағанда спортшының аталған сәттегі көрсеткен нәтижелері барынша ақпараттық екені белгілі. Бұнда олардың деңгейі мен тұрақтылығы және осыларды көрсеткен, жарыс ауқымы ескеріледі.

Оқымыстылар спорт нәтижелерінің өсу тенденциясының математикалық бейнесін табуға тырысты. Оның математикалық мәнін пайдалана отырып, соңғы 20-30 жылдағы нәтижелердің өсуін шамалап айтуға болады. Математикалық әдістері дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін зерттеуге ендірілгенге дейін спорт нәтижелері өте нашар болжанды. Адамның барлық спорт мүмкіндіктерін алдын ала айтып беруге қадамдар жасалғанымен, барлығы да сәтсіз аяқталды. Демек, мысалы, 1896 ж. ядро лақтыруының ең жоғарғы нәтижесі 11 м-ге тең болғанда, адамның ядро лақтырудағы ең жоғарғы мүмкіндігі 12 м болуы мүмкін деп саналды. 16 жылдан кейін (1912 ж.) ядро лақтыру мүмкіндігі 15м-ге, ал қазіргі кезде 22 м-ге жетті.

Спорт нәтижелерін болжауда морфологиялық анықтамаларды бағалай отырып педагог пен дәрігер ең алдымен спортшының бойына, ал ересек спортшылардың салмағын да ескеруі қажет. Спортшының бір түрлерінде (мысалы, баскетболда, волейболда, жүзуде, лақтыруда, секіруде) бой ұзындығы қажетті қасиет болып табылады.

Ал басқа спорт түрлерінде (мысалы, спорт гимнастикасы, ауырлық көтеру, өте алыс қашықтықтарға жүгіру) орта және қысқа бойлы адамдар нәтижелі болады. Лақтыруда, күресте, ауыр атлетикада, бокста бой ұзындығынан бөлек дене салмағы да маңызды болады. Тұлғалық түрде орындалатын айналымдық емес спорт түрлерінде дененің жекелеген бөліктерінің бір-біріне қатысы үлкен роль ойнайды. Мысалы, аяғы ұзын спортшылар орта қазшықтыққа жүгіру, ұзындыққа, биіктікке секіру, шаңғы тебу, жүзуде қолдары ұзын спортшылар, лақтыруда жоғары нәтиже көрсетеді.

Бокс мен тізе ұзындығының түрлі қатынасы қысқа қашықтыққа жүгіруден табыс кепілі болып табылады (мықын ұзындығы тізе ұзындығынан асып түседі), ал келесіде – орта қашықтықта (мықын мен тізе ұзындығы бір-біріне жақын), үшіншісінде – секіруден сәтті болады (мықын ұзындығы тізе ұзындығынан аз). К.М.Быков пен Е.А.Малиновский белтемірдегі жаттығулар үшін қол буыны мен қоспа сүйектерінің ұзындығы тәрізді морфологиялық белгілер маңызды болады деді.

Кейбір тұлға ерекшеліктері жекелеген спорт түрлерінен сәттілікке кедергі болуы мүмкін. Мысалы, шектен тыс толықтық суға секіру, конькимен мәнерлеп сырғанау, көркем гимнастика және т.б. спорт түрлерінде жетістікке жеткізбейді. Жалпақ табандылық жүгіру мен секіруде, бой қысқалығы – баскетбол мен кедергімен жүгіруде, т.б. жеңіске кедергі болуы мүмкін.

Спортпен айналыъсуда адамның дене бітімі басты роль ойнайды. Адамдарды бұл белгілеріне қарай жіктеудің көптеген нұсқаларына қарай отырып, оларды ғалымдар бес түрге болды: эктоморфтар, эктомидиалдар, мидиалдар, мезоморфтар және эндоморфтар.

Эктоморф – бұл сымбатты, бірақ дене бітімі жіңішке, ұзын, жұмсақ, бедерлі бұлшықетті қалыпты май қабаты бар адам. Бұл топтың өкілдері танымал спортшылар болуы мүмкін, бірақ шеберлік шыңына сирек жетеді.

Эктомидиал – құрғақтау және шымыр спортшы. Ол өте қозғалғыш, кез-келген дене қимылына шапшаң әрі қуатты кіріседі. Бұл түрдегі спортшы оқытушының өзіне бөлінген назарын толықтай ақтайды.

Экдоморф – семіруге бейім, басаңдау адам. Ол жоғары нәтижеге сирек жетеді.

Мидиал – орташа, аралық тип. Егер ол бұлшықетін жеткілікті дамытса, онда ол жоғары дәрежелі спортшы болуы мүмкін.

Мезоморф – тұлғасы келіскен, бұлшықеті шыңдалған, төзімді спортшы. Ол жылдамдылық – күш спорт түрлерінен табысқа жетуі мүмкін.

Егер бұлай сараптау балалар арасында жүргізілсе, онда морфологиялық мәліметтерді оның ата-аналарының сыртқы келбетімен танысып, түсіндірме құрауы мүмкін. Сыртқы келбет көп жағдайда ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.

Ата-аналармен танысудың басқа да маңызы бар. Спорттық педагогикалық тәжірибе мен арнайы ұйымдастырылған бақылау (В.М.Зациорский, А.П.Сергиенко) ата-аналары бұрын және қазіргі кезде де спортпен айналысатын балалар өте жас кезінен-ақ спорт нәтижесіне жетеді. Бұнда спорттық қасиеттерді, мұраға қалғанынан емес, жас кезінен-ақ спорт жаттығуларының тәсіліне, жан-жақты дене дамуын қамтамасыз етіп, спортқа қызығушылықты қалыптастыруға үйренуінен туындағанын көреміз.

Спорт түрлері сабақтарындағы адамның ең алдымен спорт мүмкіншіліктері туралы айтатын мүшелердің вегетативтік қызметінің жағдайы бірінші кезекте жүрек-қан және тыныс алу жүйесінің белгілерінің бірі төзімділік болып табылады.

Қимыл сапаларын дамытудың деңгейі адамның қозғалыс қасиеттерінің бір белгісі болып табылады. Адамның қимыл әрекетінде көрінетін, яғни күш, шапшаңдық төзімділік, ептілік және де басқаларды туындататын жаттығуларды туғаннан бастап бейімдік қабілеті де болады. Демек, бұрын секіру мен ырғақтық спорттың жылдамдық күш және күрделі дәлдіктегі түрлерімен айналысудағы жетістігін анықтайтын, адамның дәлдік мүмкіндіктерінің көрсеткіштері болып табылады деп есептеді. Морфологиялық мәліметтер мен кейбір қимыл сапаларын дамыту деңгейіне сүйене отырып, аталған спорт түрінен жеңімпаз бола алатындай спортшының үлгісін құруға ұмтылады.

Спорт мүмкіндіктерін болжаудың көрсеткіштерінің бірі спортшының жоғары жүйке қызметі мен жеке сапаларының типтік ерекшеліктері болып табылады. Соңғы онжылдықтағы бірінші көрсеткіштің маңызы туралы пікір күрт өзгерді. Бұрын түрлі типтегі жоғары жүйке қызметінің жеке белгілері (темперамент) бар адамдар дене жаттығуларының тәсілдерін меңгеру мен жоғары спорт нәтижелеріне жетудің түрлі мүмкіндіктеріне ие болады деп саналды. Спорт мүмкіндіктері тек күштеріне ғана тиесілі болды (негізінен, сангвиниктерге). Бұдан кейінгі зерттеулер мынаны көрсетті: күшті адамдардың қабілеті негізінен олардың үлкен жүктемені көтеруін (жаттығу көлемін) қабілеттілігімен, сол арқылы төзімділік көрінетін спорт түрлерінде жақсы нәтижеге жетеді деп саналды. Әлсіз түрлер көбінесе күрделі дәлдіктегі спорт түрлерінен жоғары нәтижеге жетеді деп есептеді (З.И.Бирюкова, Л.Ф.Егупов).

Адамның психикалық қалыптасуы, оның қызығушылығы, ақыл-ой, ерік және көңіл-күй аясының белгілі бір жақтарының дамуы да жоғары спорт нәтижелеріне жетудің мүмкіндігін анықтайтын бір шарты болып табылады. Атап айтқанда, спортшының ақыл-ой тарапына қойылатын талаптар спорт түрінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Бір түрлер қадағалауға, тез ұғынуға (бірсайыс пен спорт ойындары), екіншілер – қимыл есте сақтауын (гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау), үшіншілері – қуатты бір актілі қимылға зейінді шоғырландыру қабілетін талап етеді (жеңіл атлетика, салмақ көтеру, т.б.) жекпе-жек сайыс түріндегі спорт түрлерінде спорт жекпе-жегіне көмектесетін спорт бөлігі, көлемі және жағдайды ұмытпау дәлдігі арасында байланыс орнаған.

Спорт нәтижелерінің ілгерілеуі өзінің жеткен жетістігін қанағат тұтпайтын, өз алдына қиын міндеттер қойып соған жетуде табандылық танытатын адамдар есебінен жүргізіледі.

Педагогикалық тәжірибеде, әзілге жақын адамдар жоғары спорт нәтижелеріне жиі жетеді деп көрсетті.

Адамның қозғалыс қасиеттерінің тағы бір көрсеткіші қимыл белсенділігі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе мен зерттеулер қозғалғыш балалар қимыл барысында дарынды болып келетінін көрсетті.

Бұл белгілердің бәрі тек адамның қимыл мүмкіндіктерін сараптауға бағдар ғана бола алады. Спорт қасиеттерін болжау күрделілігі бір ғана алынған көрсеткіштің толық ақпаратты болмайтынымен дәлелденеді. Жүрек-қан жүйесінде қатты ақауы бар адамдардың ағзаның вегетативтік қызметіне жоғары талаптар қоятын спорт түрлерінде жақсы нәтиже көрсеткені тәжірибеде бар.

Спорттағы қабілеттерді болжаудың күрделілігі адам ағзасының толықтыру күшіне ие екеніне құрылады. Көбіне жақсы дамыған қимыл сапасы, ағза қызметі басқа сапаның, басқа кемшіліктің орнын білдірмейді. Секірмелілік бойдың қысқалығын, ептілік шапшаңдықты, шапшаңдық күшті толықтырады.

Тек жүйелі сабақтар барысында ғана ең басты нәрсе оқушының еңбек сүйгіштігі, еңбекқорлығы және оның машықтануы анықталады. Қимыл дағдыларын, сол сияқты үйренетін жаттығуларды тез жетілдіретін спортшылар қимылға қатысы жөнінен біршама дарынды болып келеді. Қимыл сапасын қарқындап дамуы да осыған байланысты. Белгілі бір уақыт мерзімінде күш, шапшаңдық, төзімділік және де басқа сапаларды дамыту алға жылжыған сайын, ондай адамдардан жоғары спорт нәтижелерін болашақта күтуге негіз көбейеді.

Адамның көп уақыт спортқа қызығушылығын, қарқынды, жүйелі жұмысқа ынталылығын сақтау қабілеті жоғары спорт нәтижелеріне жетудің басты шарты болып табылады.

Сонымен, спорт қабілетін анықтап, мүмкін болатын спорттық болжау көпжылдық жоспардың бір бөлімінің мазмұны болып табылады.

Көпжылдық жоспардың екінші бөлімінде спорттан жоғары нәтижеге жету шарты болып табылатын дене дамуын жақсарту, денсаулықты нығайту, дене дамуын жетілдірудің міндеттері анықталады.

Көпжылдық спорт жаттықтыруының жоспарында үшінші бөлімінде аталған міндеттердің әрқайсысын шешуге бағытталған құралдар мен әдістер көрсетіледі.

Спорт машықтануының көпжылдық жоспарында белгілі бір ізділікпен жалпы және арнайы дене дайындығын, жүктеме сипаты мен саны, жарыс сипатын қамтамасыз етуге бағытталған құралдардың қатысы өзгереді.

Жалпы және арнайы дене дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған құралдар қатынасы арнайы дене дайындық құралдарының пайдасына өзгереді, яғни әр жыл сайын аталған спортшының таңдаған спорт түрінің жеке жүйелерін орындау табыстылығын анықтайтын, қимыл сапасын дамытуға жәрдемдесетін арнайы жаттығулардың мөлшерлік салмағы жыл сайын ұлғаяды.

Спортшы арнайы спорт сабақтарын аяқтауға жақын жағдайлардан басқа спорт машықтануының көпжылдық жоспарының жүктемесі жылдан жылға ұлғаяды. Бұл жаттығу қарқындылығы есебінен, сол сияқты көлемі есебінен де жүреді.

Кейбір жүктемелер ерекшелігі жауапты жарыстарға сәйкес келетін жылда кездеседі. Көптеген авторлар бұл кезеңде жүктемені көтеру дұрыс деп есептейді, келесілері оны өткен жылғыға қарағанда төмендету қажет деп шешеді.

Көпжылдық жоспардағы жарыс саны жылдан жылға өседі (ересек жастағы спортшыларға арналған жоспардан басқа) өйткені ол қатысушылар құрамы мен көлемі жөнінен сан алуан болуы қажет.

 

2.5  Дене мәдениеті мен спорт сабақтары нәтижесінің есебі

және процесті бақылау

 

         Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының жағдайына қарай оның үш жағдайы мен соған сәйкес үш бақылау түрі бар: жедел жағдай, ағымдық жағдай және перманенттік жағдай (В.М.Зациорский).

         Жедел жағдай – бір сабақ бойында сақталатын жаттығулар әсерінің нәтижесі. Оған жедел бақылау сәйкес келеді. Ол сабақ барысында жүзеге асырылады және қимыл мен тыныштықты кезектестіруді дұрыс қамтамасыз етуге бағытталған.

Ағымдық жағдай – жаттығудың бір сағаттан бірнеше күнге созылатын сабақтан кейін сақталатын қимылдан соңғы нәтижесі. Оған ағымдық немесе сатылық бақылау сәйкес келеді. Он бір апта бойына созылған сабақтар арасында жүзеге асырылып және алдағы сабақтарға қажетті шарттарды қолданылатын әдістер мен құралдарды, жаңа міндеттерді анықтауға арналған мәліметерді алуға көмектеседі.

Перманентті жағдай – апта мен айлар бойында сақталатын жаттығулар нәтижесі. Оған перманентті немесе сатылық бақылау, оның көмегімен өтілген сабақтардың қосынды ықпалдары туралы ақпарат алады.

Бақылаудың аталған үш түрі оқушының ерекшелігін, оның бейімділігі мен қызығушылығын, қимыл қабілетін, сол сияқты белгілі бір дене жаттығуларымен, спорт түрлерімен айналысуда алғышарт болып қызмет ететін қасиеттерді анықтауға көмектесетін алдын ала бақылау болады.

Бақылау жасауға мұғалімнің қолданылатын әдістеріне мыналар жатады: а) сауалнама; ә) қадағалау; б) дәрігерлік бақылау сынақтары; в) бақылау жаттығулары; г) курс жұмыстары, жиындар және бақылау жарыстары.

Сауалнама оқушылардың өздерінің көрсеткіштеріне сүйеніп, олардың сабақ кезіндегі, сабақтан кейінгі өзін-өзі қалай сезінуін (шаршау, тәбет ашылу, бұлшықеттің ауырсынуы, сабаққа ұмтылысы, т.б.) жағдайын қадағалауға көмектеседі. Сұралған адам өз жағдайы туралы сараптау негізіндегі субъективтік сезіну – бұл оның ағзасында жүретін физиологиялық процестердің нәтижесі. Олардан бас тарту мүмкін емес. Бұдан бөлек, оқушы өз жағдайын бағалайтын субъективтік сезіну негізінде көп жағдайда оқытушының санасуын қажет ететін бірден-бір жағдай саналады. Егер адам өз жағдайын талдаса, ол оның әрбір ағымдық сәттегі жағдайын анықтауға мүмкіндік алады. Осыған қоса, субъективтік түсінулер әрдайым адамның ақиқат мүмкіндіктерін бейнелей алмайды. Шаршауды әрдайым сезіну, шұғылданудың белгісі болуы мүмкін. Негативті сезіну олардың сипаты мен сәйкес жағдайын ауыстыру ғана мүмкін сабақтарды өткізіп, жалғастыруы керек «екенін» айтады.

Мұғалімнің бақылауы сабаққа дейін, оның барысында, одан кейін және сабақ арасында жүргізіледі. Егер бақылау мақсаты – оқушы мүмкіндігі мен шамасын анықтау болса, онда оның нысаны оқыту табыстылығы, қимыл сапасын дамыту қарқындылығы және ойындар кезіндегі жарыс уақытындағы қимылдардың пайда болуы болады.

Егер бақылау мақсаты сабақ барысында оқушылардың жағдайын анықтау болып табылса, онда оқытушы беттің түсі мен ажарына, тердің бөлінуіне, тыныс алу қарқыны мен тереңдігіне, қимыл мен мінез-құлық туралығына көңіл аударады.

Төменде көрсетілген белгілер бойынша оқушылардың жақсы және нашар жағдайын білдіретін мәліметтер келтіріледі.

Жақсы сезіну                                            Нашар сезіну

Беттің түсі

         Алқызыл, алабұрту,                                  Тез сұрлану, күрт қызару,

беттің қызаруы                                         таңба түсу

Беттің ажары

         Тыныш, шешімтал, көзде                         Қорқыныш, алаңсыздық,

Жарқыл, алабұрту.                                    ұйқысы келу, енжарлық,

аңғармау, салбырыңқы

ауыз, қабақтың түсуі

Тердің бөлінуі

         Булану                                                       Қатты терлеу

Тыныс алу

         Жиілеген терең ырғақты                          Терең емес, кең ашылған

тыныс алу.                                                ауызбен ырғақсыз тыныс

алу

 

Қимыл дәлдігі

         Қимыл сенімді, тепе-теңдігі                      Дәлдік тура емес, тепе-

тұрақты.                                                    теңдікті жоғалту, теңселіп

жүру.

         Оқушының дене тәрбиесі мен спортпен шұғылдану жағдайы туралы мәлімет беретін нысанды әдістердің бірі дәрігерлік бақылау, сынақтар болып табылады. Олардың кейбірін мұғалім де пайдаланады.

         Бір сабақ барысында ол оқушы жағдайын оның пульс жиілігі мен оның қарқынына қарай анықтайды (оның тапсырмаға жауап беруі және шаршау деңгейі). Белгіленген уақыттағы бір оқушының пульс санын (2-3 минуттан соң) қисық түрінде кестелеуге болады.

Түрлі спорт түрлеріндегі типтік пульстік қисық сызықты сызу мүмкін емес. Ол оқушының машықтануы мен сабақтың жүргізілу шартына қарай өзгеріп кетеді. Алайда, барлық жағдайда жүктеме сабақтың кіріспе – дайындық бөлігінде толқын тәріздес көтеріліп, негізгі бөлімде белгілі бір биіктікте тербеліп және қорытынды бөлімде төмендеуі тиіс. Жақсы машықтанған адамдарда сабақ аяқталғаннан кейін 10-15 минуттан соң пульс жиілігі минутына әдетке 72-90 соққыдан аспайды. Сабақтан кейінгі күннің ертеңіне орта және аз жүктеменің пульс жиілігі әдетте бастапқыға сәйкес келеді; жоғары жүктеме сабақтары мен жарыстардан соң пульс біразға дейін қалпына келмеуі мүмкін. Машықтанудың дайындық және жарыстық кезеңдерде, тыныштықтағы пульс жиілігі бірте-бірте төмендейді, ал өтпелі кезеңде өседі.

Егер төзімділікті дамытатын спорт түрімен машықтанатын спортшы жыл бойынша өзінің пульс жиілігін жазып жүрсе, онда оның динамикасы бойынша өз жағдайын бағалай алады.

Машықтанушы спортшыға жыл бойында дене салмағының заңды өзгерісі де болады. Спортшы маусымға дайындықты қандай салмақпен бастаса да, спорт пішіні жағдайында ол айқын салмақ алады. Ал ересек спортшыларда (30-35 жастан жоғары) «әскери» салмақ кейде бірте-бірте жоғарылайды.

Сабақ барысында дене салмағы міндетті түрде спорт түріне қарай азаяды. Д.Ф.Дешиннің мәліметтері бойынша, 400 м-ге жүгіруден соң дене салмағы – 100 г-ға, 5000 м-де – 800 г, марафондық жүгіруде – 1200 г, шаңғымен 50 км-ге жүгіруде – 2700 г, футбол ойынында – 1000 г, ескек есуде 2,5 км-де – 1800 г-ға төмендейді. Бұл әрине, сабақ шарты (ылғалдылық пен ауа райы) мен жүктеме көлеміне байланысты. Спорт пішіні жағдайында дене салмағы 24 сағаттан соң өз пішініне келеді. Оның спорт пішіні жағдайындағы азаюы – спортшының жағдайы нашарлай бастағанының бір белгісі.

Сондықтан жаттықтырудың жарыс кезеңіндегі ағза жағдайын бақылау үшін күн сайын өлшетіп тұрған дұрыс (күннің белгілі бір сағатында).

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары нәтижелерін тексеру әдістеріне бақылау жаттығулары да жатады. Оларды негізінен сабақ қаншалықты табысты жүргізілгенін, оқушы жағдайы қандай екенін, спорт жаттығуларының тәсілін меңгеру деңгейі мен қимыл сапаларын дамыту көрсеткіштері бойынша белгілеу үшін қолданады. Бұндай бақылау жаттығуларына мысалдар «Дене тәрбиесі мен спорт» сабақтарын оқыту және «Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында дене дайындығын қамтамасыз ету» тарауларында келтірілген. Күрделі дәлдіктегі спорт түрлерімен шұғылданушылардың жағдайын сынақтар мен бақылау жаттығуларында саусақ күштерінің (Н.Г.Озолин, Н.А.Нельга) секірімділік, ширыққан және босаңсыған бұлшықет тонусының айырмашылықтары (И.А.Тер-Ованесян) және белгілі бір бұлшықет топтарының күші (А.В.Коробков, В.А.Запорожанов) көрсеткіштері біршама ақпаратты болып келетінін атап көрсету керек. Төзімділікті талап ететін спорт түрлерінде спортшы жағдайы туралы оның жаттықтыру жүктемесін белгілі бір ұзақтықта және қарқынмен өткеру қабілетіне қарай бағалайды. Мысалы, қашықтықты бағындыру бойынша және үзіліс кезіндегі пульсті қалпына келтіру уақыты бойынша қайталау жаттығуларының жылдамдығын сақтау қабілетін бойынша, т.б.  Спортшы жағдайының барынша ақпараттық көрсеткіштерінің бірі жиын, курстық және бақылау жарыстарының нәтижесі болып табылады. Бұл ең алдымен жеткен нәтиже көрсеткіштерін құраммен өлшейтін спорт түрлерінде маманданатын спортшыларға қатысты болады.

Егер жүгіруде, шаңғымен жүруде, ескек есуде, жүзуде және де басқа айналымдық түрлерде нәтижелер жоғарыламаса, керісінше, төмендесе, онда сабақ мазмұнын, бірінші кезекте қолданатын жүктемелерді қайта қарау керек. Спорттың бұл түрлерінде спортшы жағдайы маусымдағы жеткен нәтижелерін, өткен жылғы нәтижелермен салыстыра отырып бағалауға болады.

Спорттың күрделі орынадалатын түрлерінде спортшының жағдайы мен дайындығы туралы таңдаған спорт түрінің жеке бөліктері мен фазаларын орындау нәтижелеріне қарай бағалауға мүмкін болады.

Спортшы жағдайын, оқу-жаттықтыру жұмыстарының нәтижелерін бақылауды оқытушы мен спорт дәрігері ғана жүргізеді. Оқушының өзінің жүргізетін бақылауы, яғни өзін-өзі бақылау шешуші мәнге лайық. Бұнда ол оқытушы мен спорт дәрігерінің қолданған әдістерін қолданады, әрине, дене жаттығуларын орындау барысында және одан кейінгі сезімдерді талдауды алмастыратын сауалнамаларды қолданбайды.

Аталған жаттығуды орындау табыстылығы мен есебі барысын бақылау мен жұмыс жоспары – бұл біріккен педагогикалық процестің өзара байланысты жақтары болып табылады.

Есеп – бұл бақылау нәтижесін тіркеу.

Есептің үш түрі бар: а) алдын ала есептеу, бұл жоспар құру үшін алдын-ала мәлімет алуға мүмкіндік береді; ә) күнделікті; бұнда жедел және ағымдық бақылау нәтижелері тіркеледі; б) қорытынды, ол оқу орындарында тоқсанның, семестрдің, оқу жылының соңында, ал спорт ұйымдарында аталған спорт түрінен жарыс кезеңінің соңында жүргізіледі. Дене тәрбиесі мен спорт жөнінен жұмыстар есебі жоспарлаудың барлық түрлерінен жүргізіледі. Оқу-жаттықтыру және тәрбиелік жұмыстарында есептің негізгі құжаты мыналар: 1) оқытушының күнделігі; 2) оқушылардың күнделігі; 3) оқушылардың тізімдік құрамы (жасы, жынысы, денсаулық жағдайы, спорт дәрежесі, спорт жетістіктері, мамандығы, мекен-жайы); 4) сабақ есебінің журналы (тобы мен секциялары бойынша); 5) өткен жарыстардың есеп кітабы (жарыстың өткізу уақытын, оның аталымын, қатысушылардың нәтижесін, іс-қағаздары мегн анықтамаларды тіркеуді көрсету); 6) Президент кешені туралы қаралған ережелердегі үлгі бойынша Президент кешенінің мөлшерін тапсыру есебінің кітабы; 7) спорт дәрежелерін орындаудың есеп кітабы; 8) ұжым мүшелерінің (спорт секциясы, спорт мектебі, т.б.) жеткен жоғары спорт жетістіктерінің есеп кітабы; 9) дәрігерлік бақылау карточкасы; 10) көпшілік – спорт және насихаттау жұмыстарының жүргізу есеп кітабы (лекциялар, әңгіме, дене тәрбиесі мерекелері, т.б.)

Есепті жүргізудің маңызды құжаты оқушының күнделігі болып табылады. Ол сабақты жоспарлау мен құруға саналы қарауға үйретеді, өз мүмкіндіктерін үйренуге мүмкіндік береді, күн тәртібін сақтау, спорт нәтижелерін жақсарту мен нашарлату себептерін белгілейді, ағза жағдайын реттейді, жүйелі өзін-өзі бақылауды жүргізуді реттейді. Бірнеше жыл барысындағы күнделіктерді жоғары білікті спортшылар жүргізеді, ол ғылыми зерттеулер үшін құнды материал болып табылады. Оларды талдау түрлі спорт сабақтарының сатысындағы спортшының дене, тәсілдік және тактикалық дайындығының ерекшеліктерін салыстыруа мүмкіндік береді, ең бастысы жүргізген сабақ мазмұны, пайдаланған жүктеменің және жеткен спорт нәтижелері арасындағы байланысты орнатуға мүмкіндік береді.

Күнделікте спортшылар барлық машықтану құралдарын көрсетеді және әрбір сабақтан соң орындалатын тапсырманың көлемі мен қарқындылығын белгілейді. Бұдан бөлек спортшы күнделікке пульс көрсеткіштері мен салмақ өзгерісі, сол сияқты жиындардың бақылау сынақтарына, жарысқа қатысудың күндері мен нәтижелері бойынша ағзаның жағдай мен өзін-өзі сезінуіне сипаттайтын мәліметтерді жазады.

         Орта мектептер мен жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесі сабақтарының үлгерім есебі дене жаттығулары мен нормативтік талаптар орындаудың (бес балдық жүйе бойынша) тәсілін меңгеру деңгейін күнделікті (ағымдық) және кезеңмен тексеру негізінде жүргізіледі. Соңғысы әрбір сыныпқа немесе курсқа жекелеп кешенінің деңгейлеріне сәйкес мөлшерлер мен талаптарға сай белгіленеді.

         Орындалатын жаттығулар сапасы (тәсілді меңгеру) сабақтың бүтіндігін бұзбай анықтайды. (Әрбір оқушыны немесе студентті жеке шақырмай-ақ, күнделікті немесе арнайы ұйымдадстырылған бақылауларға сүйеніп). Оқу орындарының оқушыларына арналған жалпы жылдық баға оқушылардың 1, 2, 3, 4-ші тоқсандардағы алған бағаларын (студенттер үшін І және ІІ семестрлер) салыстырып қорытылады. Бұнда шешуші баға соңғы тоқсандағы (ІІ семестрде) алынған баға болып табылады. Дене тәрбиесі бойынша үлгерімдік бағаларын қорыта отырып, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге міндеттейді. Денсаулығы нашар оқушылар тек жаттығуды орындау сапасына қарай баға алады. Денсаулық қалыпты орта мектеп оқушылары, бірақ бойы мен салмақ көрсеткіштері төмен болса, нормативтерді тапсыруда қалып қойса да, жаттығуды үздік орындап «5» деген баға алады.

         Орта мектеп оқушыларының дене тәрбиесі сабақтарындағы мінез-құлқы сабақтарындағы бағасы сабаққа қатысуы, тәртіптілігі, мұқияттылығы, ынталылығы, жеке тазалық ережелерін сақтау негізінде қойылады.

2.6  Дене тәрбиесі мен спорт мұғалімі – сабақтың басқарушысы мен ұйымдастырушысы

 

         Денсаулықты нығайту, дене дамуы мен дене дайындығын жақсарту және жоғары спорт нәтижелеріне дене тәрбиесі мен спорт сабағы мұғалімінің күнделікті қатысуынсыз-ақ жетуге болады. Тек айқын мән қажет. Алайда, мүмкін болатын кері салдарлар мен оң нәтижелерге жақсы жету шарты, тіпті белгілі спорт жетістіктеріне қол жеткізу осы процеске мұғалімнің қатысуы болып табылады.

         Дене тәрбиесі мұғаліміне қойылатын талаптар көбіне басқа сала білімдері мен іс-тәжірибе әрекетінің мамандарына қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Ең алдымен ол жоғары, идеялы адам болуы тиіс. Мұғалімге философиялық ойлауы бар жан-жақты дамыған адам болу талабы қойылады. Қоғамдық ғылымдарды терең білу, ілімдік дайындықтың беріктігі дене тәрбиесі мен спорттың қоғамдағы орнын, оның әлеуметтік мәні мен қызметін, туындаған міндеттерді дұрыс шешуді ақиқат түсінуге мүмкіндік береді.

         Алайда, адам мектеп столында қаншалықты терең білім алғанымен, оны бұдан кейінгі жұмысында тек соны басшылыққа алуға болмайды. Ғылым мен техниканың және қоғамдық тәжірибенің қарқынды дамуының салдарынан білім тез ескереді және ең бастысы маман нақты заңдылықтардың әдістемесін меңгерді ме, аналитикалық ойлауға қабілетін дамытты ма, сол негіз болады. Дене тәрбиесі мен спорттың оқытушысы өзінің алдына қойылған талаптарды жүйелі қадағалаусыз, спорт жаттығулары, оқыту мен жаттықтыру т.б. жаңа тәсілдерін үздіксіз іздемесе шеше алмайды. Ол дәйектерді жинап, оларды талдап жасай алуы тиіс, яғни бір сөзбен айтқанда зерттеуші болуы тиіс.

Дене тәрбиесі мен спорт мұғалімі өз ісінің энтузиасы, ісі мен сөзінің пайдалылығы мен қажеттігіне сенімді болуы тиіс. Бұл ойды К.Д.Ушинский да атап көрсетті және былай деп жазды: «Мұғалімнің жеке сенімділігінің жылуымен жылынбаса, оның сапасына кірмесе, оның жанынан шықпаса және оның сеніміне ие бола алмаса ешқашандай бағдарламаның да, құрылымның да шынайы күші жоқ».

Орта оқу орындары мұғалімдерінің сауалнамасы педагогикалық қызметтегі табысқа қажетті, барынша маңызды сапа өз жұмысын сүю, оқу-тәрбие жұмыстарына қызығу екенін көрсетті. Оқытушының өз ісін сүйетінін немесе міндетін қинала орындайтынын оқушының білуіне көп уақыт керек емес. Адам біреуді тек өзінің жақсы көретін, сезінетін, өзі үшін жақын тартатын және қызығатын іске ғана қызықтыра алады.

Дене тәрбиесі мен спорт мамандарының, сол сияқты кез-келген педагог пен басқарушының жұмыс нәтижесі көбіне өзінің беделіне байланысты болады, ол сабақ кезінде де, сабақтан тыс та өзінің мінез-құлқымен, әрекетімен, мәнерімен, ең бастысы кәсіби білігімен басқаларға үлгі бола алатындай өзіндік талаппен анықталады, өз пәнін білмеу педагог беделін аяқ асты ететін бірден бір жайт.

Мұғалімнің оқушылар алдындағы беделін көтеретін сапалардың бірі – оның жұмыс нәтижесі, оның жеткен жетістігі, оның «сәттілігі» болып табылады. Оқушылары ұзақ уақыт күтілген дәрежелік мөлшерлер мен талаптарды орындамайтын, жарыстарда үнемі жеңілетін спорт оқытушысының беделі аз болады. Дене тәрбиесі мен спорт маманының, сол сияқты басқа да кәсіп иелерінің кәсіби абыройы оның алдына қойылған міндеттерді қалай шешуіне байланысты болады.

Барлық оқытушылардың табысқа жету шарты ұжымда достық пен өзара түсініктік қатынасын орнату болып табылады. Оның жұмысының нәтижесі оның оқушылармен өзара қарым-қатынасы жан-жылуымен толыққанына, ол өз оқушыларын сүйетініне байланысты болады. Өзінің мінез-құлқымен және дауыс ырғағымен оқушыларды жақсы көрмейтінін білдіретін адам дене тәрбиесі мен спорт мұғалімі бола алмайды. Көптеген спорт түрлері сабақтарында және жеке жаттығуларды орындағанда мұғалімнің әрбір оқушыға деген көзқарасы қимылдағы қажетті эффектіге жетуге сондай-ақ денсаулық пен кейде өмірдің өзін сақтауға бірден-бір кепіл болатын жағдай жиі туындайды.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешу үшін басқа да педагогикалық міндеттердегідей мұғалімнің көңіл күйі, оның әрекеті мен дауысының ашықтығы үлкен маңызға ие болады. Бірқалыпты, болашаққа сенімді мұғалім ашушаң, тыз етпе, үнемі шаршап жүретін, әрдайым ырза емес мұғалімге қарағанда көп жетістікке жетеді. Жақсы әзіл, оңтайлы ескерту, риясыз күлкі айтыла берер ескертулерге қарағанда көп жақсы.

Айтылған жайттар бұл жағдайларда қатаң шаралар қолдануды қажет етеді. Педагог үшін ең бастысы – бұл өз жұмысының нәтижесін алдын ала көре білу қабілеті болып табылады. Сонда, бір көргеннен оған көрінген шаралар педагогикалық тұрғыдан ақталуы мүмкін. Алайда, барлық жағдайда мұғалімнің шектен шығып кетуіне жол бермеу керек. Оқушылар өздерінің пікірінше әділ адам болған мұғалімге құрметпен қарайды. Олан ондай мұғаліімнің қатаңдау қарағанын да кешіреді, өйткені оның барлығына бірдей қарайтынына сенімді.

И.П.Павлов ғалымдарға мұғалімдерге қатысты талаптар қойды. Олар педагогтың нені меңгеру керектігінен тұрады: 1) өз мамандығының ілімі мен іс-тәжірибесін терең білу; 2) шығармашылық қабілеті, талдау мен жалпылау қабілеті; 3) жеткеніне қанағаттанбау, шығармашылық белсенділік, жаңаны үзбей іздеуге тырысу; 4) сыпайылық, өзіндік сынға қабілеттілік, сыни ескертпелерге құлақ асуы; 5) жұмысын сүюі; 6) қара жұмыстан да бас тартпауы; 7) үздіксіз оқу шешімі; 8) жұмыстағы үздіксізді (жүйелілік).

Педагогикалық қызметтің кез-келген саласы мұғалімдеріне қойылатын талаптармен қоса, дене тәрбиесі мен спорт мұғалімдері зүшін ерекше талаптар қойылады.

Олардың бірі – биологиялық ғылымдарға зеректігі. Дене тәрбиесі мен спорттың ілімдік заңдылықтары қоғамдық педагогикалық, биологиялық ғылымдарда қорытылынады, сондықтан мұғалім қоғамдық және педагогикалық тәртіпке қоса, спорттық медицина және гигиена мәселелерінде де терең білікті болуы тиіс.

Екінші талап – спорт-педагогикалық қызметтің бір саласынан үлгі модельді меңгеру. Дене тәрбиесі мен спорттың ғылыми негіздерін үйреніп, басқа түр тәсілімен, әдістемесімен таныс болуы шартымен бір спорт түрінің тәсілі мен әдістемесін жетілдіре меңгерген адам спорттың көптеген тү рлерінен аз ғана білім алып, бірақ өз мамандығының жалпы ілімін түсінбеген, спорт қызметінің болмағанда бір саласын жетік меңгермеген адамға қарағанда көп жетістікке жетеді.

Үшінші талап – бұл сәйкес дене дамуы мен дене дайындығы. Дене дамуы нашар, сымбаты келіспеген, өз қимылын бағындыра алмайтын адам дене тәрбиесі мен спорттың мұғалімі болуы мүмкін емес. Мұғалім үнемі «Формада» болып, үйренген жаттығуын түгелдей және тіпті оның жекелеген топтарын дұрыс көрсете білуі үшін үнемі жаттығуы керек.

Төртінші талап – бұл ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Дене тәрбиесі мен спорт мұғалімі қоғамдық-саяси жұмыстардың білігін меңгеру өте қажет. Дене тәрбиесі мен спорттың ерекшелігі мынада: сабақ пәнін таңдау әр адамның жеке бас көтеруі мен тілегіне байланысты іс-қимыл саласынан тұрады. Тек, дұрыс бағытталған ұйымдастыру, үгіт және түсіндіру жұмыстары, сәйкес жағдайларды құру дене тәрбиесі мен спортты әрбір адамның өмір тұрмысына ендіруді қамтамасыз етеді; ал қоғамдық дербес спорт ұйымдарының жүйесінде үнемі шұғылданушылардың құрамын қамтамасыз ету керек.

Дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі жұмыстарда шаруашылыққа бейім адам ғана жетістікке жетеді. Мектептегі дене тәрбиесі мұғалімі, өндірістік ұжымдағы бапкерлердің түрлі спорт құрал-жабдықтарын, құрылғыларын тауып, орнатып, оны сақтауы, сол сияқты жарыс өтетін орындарды дайындау, спорт алаңдарын салу жұмыстарына басшылық жасауы өте жиі кездеседі.

Бұл айтылғандардан басқа дене тәрбиесі мен спорт мұғалімінің жетістігі оның байқампаздығы мен басқа да бірнеше сапаларына байланысты болады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында мұғалім өте зейінді болуы керек, болмаса ол қимылдағы қателерді, оқушы ағзасының орындалған жаттығуға жауап әсерін, тапсырмаға көзқарасын байқамайды немесе жарақаттар мен басқа да патологиялық жағдайлардың алдын ала алмайды. Тәжірибелі оқытушының назары сабақ өткен орындағы болып жатқан нәрселерге түгел бөлінеді және оқушылары да оның барлығын көріп тұрғанын білуі керек. Ақпараттың техникалық құралдары мен оқушылар жағдайы туралы нақты мәлімет беретін сынақтар оқу-жаттықтыру процесінің сапасын арттыруға өте қажет, бірақ адамның көзі ғана сан алуан, шынайы ақпарат бере алады.

Мұғалім өз оқушысының дәл осы сәттегі ғана жағдайын білуі аздық етеді. Байқампаздық пен санада сезу үлесі өз оқушысының болашақ мүмкіндіктері туралы, оның мақсаттардан кейін қандай болатынын көруге мүмкіндік береді.

Дене тәрбиесі мен спорт мұғалімі тапқыр, нақты міндеттерді шешудің құралдарымен әдістерін шапшаң әрі дұрыс анықтауға, өз мінезін туындаған жағдайға қарай өзгерте алатын қабілетті адам болуы тиіс. Бұдан бөлек, оған шыдамдылық пен ерік-жігер қажет. Мұғалім спортшының жанында ұзақ жылдар бойы болады және бір қимылды мың рет қайталау процесін де басқарады. Оның талап қойғыштығы оқушыға шаршаудың, жаураудың, өткір сезімдерін жеңуіне көмектесуі керек. Бірақ бұл жерде бастама көтеруге кедергі келтіретіндей ұсақ-түйекке мән бергіш болу дұрыс емес.

Оқушының психологиялық жағдайына әсер ете білу мұғалімге барлық жағдайда, әсіресе жарысқа дейінгі, жарыс кезіндегі, жарыстан кейінгі жағдайда өте қажет.

Спортшының алдын ала кез-келген психологиялық дайындық деңгейінде жарыс алдындағы оның көңіліне лайық шаралар қолдану керек, олардың кейбірі тек жаттықтырулық маңызға ғана ие болса, енді бірі өте маңызды болып саналады. Сондықтан ең алдымен спортшының алдағы жарысқа деген көзқарасын білу қажет. Оның ауқымы кең және қарсы істері де санада қатты қалыптасады. Жауапты жарысқа дейінгі бірнеше аптада жарыс туралы ой оны қоздырады немесе басып тастайды. Бұл жағдай сөре алдындағы жағдай деп аталады. Сөре алдындағы жағдай сол сияқты спортшының мінез-құлық сипатына, оның дайындығына ол өзі үшін анықтап, командасы немесе спорт ұйымының өзінен күтетін нәтижеге жету мүмкіндігіне сенімділігімен анықталады. Сөре алдындағы жағдай физиологиялық процестер қатарындағы өзгерістер түрінде көрінеді (пульс пен тыныс алудың жиілеуі, зат алмасудың ұлғаюы, оттегі қажетінің өсуі, бөліну жүйесінің жұмысындағы өзгерістер т.б.), көңіл-күйінде, тәбетінде, тіпті спорт жарыстарының нәтижесінде көрініс табады.

Сөре алдындағы жағдайдың үш түрі бар: әскери даярлық, сөрелік, алып-ұшу, сөрелік бейғамдық.

Әскери даярлық қолайсыз әсерлерге қарай көңіл-күй, жоғары табандылықтың оптимальды деңгейіне тән. Бұл жағдайда спортшы жақсы қозып, жеңіс үшін күресуге толық дайын және өз күшіне толық сенімді, қойылған мақсатқа жетуге тырысады. Алайда, бұл жарыстың басталуы туралы ешқандай мазасыздықты (мүмкін болатын сәтсіздіктен белгілі қауіптену) білдірмейді. Ол бұл сезімдерді басуға қабілетті: сөрелік алабұрту кезінде спортшы мазасыз және ашушаң, алдағы жарыс туралы басқатыратын ойлар мен өзінің даярлығына күдікпен қарайды. Сөрелік бейғамдық былжырауда, алаңсыздықта, жарысқа қатысуды қаламаудан туындайды. Бұл жағдайдың екеуі де спортшының назар аудару қабілетіне, вегетативті қызметінің жүруіне әсер етеді. Спорт мүмкіндіктері тез төмендейді, күтпеген тәсілдік қателер туындайды. Оқытушы спортшының өз күшіне деген сенімділігін арттырып, оның жеңіске деген еркін жігерлендіріп, өз жағдайын реттеуіне көмектесіп, мазасыз ойлардан арылуына көмектесуі тиіс.

Жарысқа дейін қалған уақытқа байланысты мұғалімнің спортшы тәсілдеріндегі және тактикасындағы кемшілікке орай айтылған есеркертулерінің дауыс ерекшелігі мен сипаты өзгереді. Спортшыны жарысқа қатысуға дайындау үшін белгілі ережелерді бекіту ырғағымен қайталауға болады. Бұндай сендіру түрін көп қолдануға болмайды.

Спортшы спорт күресінің күтетін жағдайын, сол сияқты спорт түрінің ерекшелігін ескеріп, дайындалады. Ауыр атлетика, гимнастика, лақтыру, секіруден жарыс алдында дайындалу ұзындыққа жүгіру мен ескек есуден жарысқа дайындалудан ерекшеленеді. Бірінші жағдайда спортшыға сыртқы әсерлерден арылуына, қуаттылығына қарай орындауға ширығуына көмектесу керек. Екінші жағдайда оны ұзақ уақыт еркін жігерлендіруге, қарсылас әрекетін бағалау қабілетін сақтауға, шаршаумен күресуге ширықтыру керек.

Спортшыны ширықтыру қатаң түрде тұлғалық болуы керек. Егер споршының жеке шешімі мен жағдайы ескерілмесе, онда мұғалімнің кеңесі де кері нәтижеге әкелуі мүмкін. Сөре алдындағы оқытушының «мұқият бол!», «Абайла, түсіп қалма!», «Асықпа!», «Кері кетпе!» т.б. кеңестері спортшының жарыс жекпе-жегін барынша ойланып, ұстамды жүргізуіне шынымен көмектеседі, бірақ өз күшіне сенімділігін жоғалтып, күмән тудыруы мүмкін.

Жақсы ширығуға әсер ететін кедергілер – бұл оның бұдан кейінгі тағдырын шешетін, күтетін сынақтарға және олар туралы мәліметтерге бейтарап қарауы болып табылады. Соңғысы көбінесе жүлделі орынға шын талапкерлерде кездеседі. Бұл жағдайда психологиялық дайындық алдағы сынақтың мәнін ұғындырумен емес, керісінше спортшының жүгін жеңілдететіндей болуы тиіс.

Жарыс кезінде мұғалім спортшыны қанағаттандырып немесе басып, қажет болса тәсіл мен түзеп, оның жарыс кезіндегі жағдайы туралы мәлімдеп тұруы тиіс. Мұғалім жарыс барысында спортшыға жасайтын сілтемелері оның қабылдаған шешімдерімен қайшы келмейтіндігіне сенімді болуы керек. Керісінше осы жағдайда спортшы санасында бұл «тайталас» сезімін тудыруға себеп болып, оны жолдан тайдырады. Бұндай ескертпелер спортшы егер шешім қабылдап «қолда тұрған» қимылды жасай бастағанда айтылса өте қауіпті. Бокстағы, күрестегі, семсерлесу, спорт ойындары, көп сайыс және басқа ойындардағы жарыстар үзілісі кезіндегі жағдайда, яғни мұғалім төрелікті дәйектеп, спортшыны айқын әрекет қолдану қажетілігіне сендіргенде болады.

Жарыс аяқталғаннан соң, мұғалім сәтсіздікке ұшыраған спортшыға назар аударуы керек. Оны сабырға шақырып, өткен жарыс туралы ойдан арылтуы керек. Жеңілген споршы мен командаға қарай айтылған сындар, әдетте, дұрыс әсер бермейді, өйткені жарыста жақсы нәтижеге жетпеген адамды көз алдыңа елестету мүмкін емес.

Дене тәрбиесі мен порт мұғалімінің оқу-жұмыспен құру және тәрбие жұмысын құру мен жүргізу әрекеті сабаққа даъйындалуға қолданылатын шаралардың дұрысты, сабақ жүргізуі кезінде және оның жеке уақыт бөлігіндегі оның жұмыспен нәтижелері бойынша бағаланады.

Сабаққа дайындыққа арналған шараларды тексеруде мыналар бағаланады: а) оқу-жаттықтыру мен тәрбиелік жұмыстардың, алға қойылған сабақтың жоспары мен конспектісі; ә) сабақ орнын, құрал жабдықтарды орналастыру және олардың жүргізілетін сабаққа, оқушылардың құрылымына әсер етуі; б) алдын ала дәрігерлік және педагогикалық бақылауды қамтамасыз етуі; в) көмекшілер мен топ басшыларының дайындығы мен инструктажы.

Сабақ жүргізу барысында мыналар бағаланады: сабақты түгелдей және оның құрылымдық бөлімдерін ұйымдастыру, снарядтарды орнату мен өз уақытында жинау, тұрғызу мен қайта тұрғызудың орындылығы, белсенділікті пайдалану т.б.; сабақ міндеттерін шешу мен ішінара дене жаттығуларына оқыту міндеттерінің сапалылығы және қимыл сапасын дамыту; пайдаланатын құралдар мен әдістердің көптүрлілігі, олардың оқушылар мүмкіндігіне, орындалатын шарттар мен міндеттерге сәйкес келуі, өткен сабақ мазмұнымен байланысы; жүктеменің көлемі мен қарқындылығының жеткіліктілігі; оны сабақ бойына бөлу; жарақаттар мен бақытсыз жағдайларды болдырмау мүмкіндігі бар шараларды қамтамассыз ету; тәрбие міндеттерін шешуге арналған шаралардың іскерлігі, сабақтың көңіл-күйге әсерін қамту; мұғалімнің сыртқы келбеті мен мінез-құлқы, оның сөйлеуі, өзінің жеке жаттығуларды жүргізу кезеңдердегі орнын анықтап, көрсете білуі.

         Жоғары спорт нәтижелеріне жеткен оқушылары бар (халықаралық дәрежеде спорт шеберлері, республика мен халықаралық чемпиондар, рекордшылар болған) дене тәрбиесі мен спорт ұстаздары құрметті атақтармен марапатталады («Республикаға еңбегі сіңген жаттықтырушы»).

 

 

 

3 СПОРТ ЖАРЫСТАРЫ

 

3.1 Спорт жарыстарының мәні

 

         Спорт жарыстары – бұл дене дайындығының деңгейін көрсету мақсатында, жануарларды немесе көлікті басқару өнерімен және сапаның кейбір жақтарын дамытумен адамдардың ойын түріндегі сайысуы (бәсекелесу) болып табылады.

         Спорт жарыстарына екі адамнан кем қатыспайды. Өз-өзімен де сайысып, қандайда бір нәтижеге жетуге болады. Бірақ бұл жарыс бола алмайды, оның ең маңызды сипаты – жекпе-жек.

Төменде спорт жарыстарын белгілері бойынша бөлу берілген (21-сурет). Спорт жарыстары кезінде дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы түгелдей педагогикалық міндеттер шешіледі, яғни дене тәсілдері, тактикалық психикалық және ілімдік дайындықтар жетілдіреді. Алайда, мұнда ағзада жүретін ілгерілеушіліктің барлығы жаттықтыру сабақтарына тән деңгейден асып түседі. Жарыс – спортшының машықтануын арттыратын ақиқат шаралардың бірі. Әсіресе мінез-құлықтың ерік-жігерін қалыптастыруға арналған спорт жаттығуларының маңызы ерекше. Бұдан бөлек, спорт жарыстары – спортпен жүйелі айналысуға ынталандыратын негізгі стимулдың бірі. Мұғалім оқушыларда спортпен айланысуға және спорт жарыстарына қатысуға педагогикалық тұрғыда дәлелденген мотивтерді қалыптастыруы керек. Бұл мотивтердің барлығы үнемі нақты сипатталып түсіндіріле бермейді. Демек, альпинисттің немесе марафоншының әрекетімен «тиімді дәнді» табу қиын.

Спортшы көбінесе денсаулығын нығайту немесе дайындығын жоғары деңгейге жеткізу үшін тырыспайды. Ол сонымен бірге жоғарғы нәтижеге жетуді де қалайды. Мұғалім спортшының қызығушылығын қолдап, оған жоғарғы спорт жетістігінің қоғамдағы үлкен маңыздылығын түсіндіру қажет.

Спорт жарыстары дене тәрбиесі мен спортты да түгелдей дамытуға көмектеседі. Танымал спортшылар көрсеткен жоғары нәтижелер барлық спортпен шұғылданушылар үшін бағыт-бағдар болады.

Спорт жарыстары көрермендерге де педагогикалық тұрғыдан ықпал етуге көмектеседі (жарыс кезінде отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, халықар достығына, әсемдікке тәрбиелейді, адамдар қоғамға қарсы мінез-құлықтан арылады).

Спорт жарыстары – ашық көңіл-күйге толы көрініс. Спорт көріністерінен қанағат табу оған көрермен қатысуы салдарынан туындайды, яғни қимыл деңгейі, дененің үйлесімді даму сымбаты, спортшының батыл және шешімтал әрекеті, жарысқа қатысушылардың жоғарғы нәтижелері көз қуантады. Көпшілік спорт – гимнастикалық көріністерді, спорт жарыстарының бір түрі ретінде қарастыра отырып, ондағы көрерменге көптеген адамдар қимылының үйлесе бірігуі, түрлі-түстер, әуен мен қимылдың үйлесе шығуы, барлығына жақын әрі түсінікті көрінетін сезім мен идея қатты әсер етеді.

Спорт оқиғаларына қызығатын және спорт жарыстарын барып көретін адамдардың көп болуы – спортты дамытудың басты шарты болып табылады. Алайда, спорттың жанашырлары деп аталатын пассив спорт сүйгіштер кей жағдайларда дөрекі қызығушылық көрсетіп, мінез-құлық нормаларын бұзып, кейде оның шегінен асқан қылықтар көрсетеді. Спорттың ақиқат мәні – онымен шұғылдану болып саналады. Спортқа спорттай қызығу әрекеттің белсенді түрлерінен – ақыл-ой және дене еңбегінен бас тарту дегенді білдіреді. А.С.Макаренко осындай жағдай туралы былай деп жазып көрсетті: «Отбасы барлық жағынан спортқа қызығушылықты қолдау керек. Алайда, бұл қызығушылық тек бақылаушы жанашырдың ғана қызығушылығы болып қалмауын қадағалау керек. Егер сіздің ұлыңыз шын қызығушылықпен футбол ойындарына ұмтылса, барлық рекордшылардың атын және барлық рекордтардың сандық мәнін біле тұрып, өзі ешқандай дене тәрбиесі үйірмесіне қатыспаса, конькимен сырғанамаса, шаңғы теппесе, волейболдың не екенін білмесе – онда бұндай қызығушылықтан спортқа келер зиян болмаса, пайда жоқ».

Қазіргі кезде дене тәрбиесі жүйесінің ілімдік негіздерін қалыптастыру және дамыту процесінде спорт жарыстарына деген көзқарас күрт өзгерді.

 

3.2 Спорт жарыстарының пәні ретіндегі спорт түрі

 

         Спорт жарыстарының пәні жекелеген спорт түрі болып саналады. Қазіргі кезде спорттың жүзден аса түрінен жарыстар өтеді. Әр түр пайда болу мен даму тарихымен, оның адамға қоятын және ағзаның жеке бөліктеріне қоятын талаптарымен және психиканың түрлі жақтарымен; сабақты жүргізудің әдістемелік ерекшеліктерімен; жарысты жүргізу және жеңімпазды анықтау шарттарымен және ережелерімен, сол сияқты спорт тәсілімен және тактикасымен сипатталады.

         Әлемнің көптеген елдеріне танымал спорт түрі – халықаралық деп, ал бір немесе бірнеше ғана елге таралса – ұлттық деп аталады. Халықаралық спорт байланысын дамыту шараларына байланысты ұлттық спорт түрлері де бірнеше уақыттан кейін халықаралық деңгейге жетеді.

         Спорт түрлері негізгі екі белгісіне қарай жіктеледі. Біріншісі – спорт дайындығы түрінің мәніне қарап; екіншісі – жеңімпаздарды анықтау амалына қарай.

         Бірінші белгісіне қарай спорт түрі бес топқа бөлінеді:

         Бірінші топ – спорттың атлетикалық түрі; онда негізгі табыс тәсіл мен тактиканы меңгеруден басқа (барлық топтарға арналған талаптар) сәйкес қимыл сапасын дамыту деңгейі болып табылады; жарыс мақсаты – шапшаңдықтан, төзімділік пен күштен және ептіліктен, т.б. жарысты қабілетті анықтау. Бұл топқа жеңіл атлетика, жүзу, шаңғы спорты, спорт ойындары, ауыр атлетика, т.б. жатады.

         Екінші топ – спорттың нысана көздеу түрі: ондағы негізгі табыс кинестезиялық сезімталдықты дамыту болып табылады.

         Үшінші топ – негізгі табыс ілімдік дайындық болып табылатын спорт түрлері, мысалы, шахмат, дойып, т.б.

Төртінші топ – кәсіби қолданбалы спорт түрлері. Ондағы табыс көлікті немесе жануарды басқару шеберліктің деңгейіне байланысты болады; бұл топқа авиациялық және автомобиль спорты, өрт сөндіру және теңіз көпсайысы, ескек есу, парашют спорты, радиоспорт, суасты спорты, жергілікті жерлерді бағдарлау, атпен жүру.

Бесінші топ – жорықтармен және саяхаттармен байланысты болады. Оған шыңға өрмелеу, альпинизм, туризм жатады.

Төменде бірінші топқа кіретін топшалар. Жік және жікшелер келтірілген, өйткені (атлетикалық түрлер) бұл топқа кіретін түрлер дене тәрбиесі міндеттерін шешуге бағытталған сабақтың негізгі пәні болып табылады және халықаралық спорт жарыстарының бағдарламасын, оның ішіндегі олимпиада ойындарының бағдарламасының басты мазмұнын құрайды.

Жеңімпаздарды анықтау әдісін негізге ала отырып біз атлетикалық спорт түрлерін үш топшаға бөлеміз. 1) Нәтижелері аспаптармен өлшенетін спорт түрлері; 2) Жеткен нәтижені аспаппен өлшемейтін спорт түрлері; 3) спорт жаттығуларынан құралған және оның әрбірін аспаппен өлшеуге болатын спорт түрлері (спорт жекпе-жегі).

Спорт түрлерінің бірінші топшасы жеңімпаздарды анықтау амалына қарай үш жікке бөлінеді: 1) нәтижелері оларды орындауға жұмсалған уақытпен анықталатын спорт түрлері; 2) нәтижелері ұзындық мөлшерімен анықталатын спорт түрлері; 3) нәтижелері салмақ мөлшерімен анықталатын спорт түрлері.

Екінші топша (жеткен нәтижесінің нысандық көрсеткіштері жоқ спорт түрлері) екі топқа бөлінеді: 1) нәтижесі ойша анықталатын спорт түрлері; 2) нәтижелері шартты белгіленген көрсеткіштермен анықталатын спорт түрлері.

Екінші жік үш жікшеге бөлінеді:

Бірінші жікшеге екі қарсылас жарысып, бір-бірімен қатынаста болатын жекпе-жек түріндегі спорт түрлері жатады.

Екінші жікшеге екі қарсылас бір-бірімен өзара қатынаста болатын спорт ойындары жатады.

Үшінші жікшеге қарсыластар өзара қатынаста, әріптестер өзара әрекет шартында болып, жарыс жүргізетін командалық спорт ойщындары жатады.

Спорт түрінің үшінші тобы – көпсайыс, ол екі жікке бөлінеді: 1) спорттың бір түрінен тұратын көпсайыс; 2) түрлі спорт түрлерінен құралған көпсайыс.

 

3.3 Спорт жарыстарын ұйымдастырудың негізгі мәселелері

 

         Спорт жарыстарын ұйымдастырып және жүргізумен байланысты болатын дене тәрбиесі мен спорт мұғалімдерінің, жарыс ұйымдастырушыларының, спорт төрешілері мен спорт дәрігерлерінің қызметі бұл адамдардың жұмыс сипатына қарай ажыратылады.

         Дене тәрбиесі мен спорт мұғалімдерінің ең маңызды қызметтерінің бірі спортшыларды спорт жарыстарына қатысуға дайындау болып табылады. Спортшыларды ресми жарыстарға жібермес бұрын оларды спорт тәсілі мен тактикасына, белгілі білім шеңберіне оқытып, қажетті қимыл сапасын дамытуға қоса, жарысуға да үйрету қажет. Спортшылар бақылау және оқу жиындары мен жарыстарына қатысуы керек. Ондағы ережелерді мұғалімнің өзі өзгертеді немесе жеңілдетеді. Мысалы, алаңның мөлшері мен әрекеттер саны, жеңімпаз спорт жаттығуын орындау сапасы бойынша анықталады.

Маусым басында тіпті жоғары білікті спортшыға да өзі таңдамаған спорт түрінен жарысқа түсу пайдалы. Спринттер орта қашықтыққа жүгіретін жарысқа, биіктікке секіретін спортшы ұзындыққа секіру жарысына қатысуға болады, т.б.

Жеткілікті дайындалмаған спортшының жарысқа қатысуы оның денсаулығына, сапасына спорт сабақтарына көзқарасына және бұдан кейінгі спорт нәтижелерінің өсуіне кері әсер етуі мүмкін. Егер спортшы белгілі тәсіл тұрақтылығына жетпей тұрып жарысқа қатыса бастаса, онда оның жарыс кезінде жіберген қатесі сәйкес жағдайлармен тығыз байланысып, кейінгі жарыстарда да қайталанатын болады. Жарысқа қатысуға ресми жарыстарға тән сипаты бар бақылау жарыстарының жүргізілу шартына бірте-бірте жақын дайындалу керек.

Спорт жарыстарын жүргізу мен байланысты ұйымдастыру әдістемелік сипаттағы шараларға ең алдымен аталған спорт түрінен жарыстың күнтізбелік жоспарын құру жатады. Онда жарыстың аты, оны өткізу мерзімі мен орны, оны ұйымдастыруға жауапты адамдар көрсетіледі. Әрбір спорт түріндегі спорт жарыстарының күнтізбесі әйелдер мен ерлерге жеке-жеке және әрбір жас ерекшелігі топтарына құрылады. Жоғары құзырлы спорт ұйымдарының күнтізбе жоспарына негізделе отырып төменгі құзырлы ұйымдардың күнтізбелік жоспарлары құрылады. Әрбір жоғары білікті спортшы өз оқытушысының көмегімен өзінің жарысқа қатысудағы жеке жоспарын құрастырады.

Күнтізбелік жоспарды құрудағы маңызды шарт аталған шаралардың мерзімі, бағдарламасы, қатысушы ұйымдары бойынша дәстүрлілігі болып табылады. Бұл оған деген спортшының қызығушылығын тудырады, оқу-жаттықтыру барысын ұйымдастыруды жеңілдетеді. Жарысты көрермендер арасына танымал етеді.

Спорт жарыстары жүйелі жаттықтырулар үшін стимул болып табылады және егер олар жүйелі түрде өткізіліп таңдаған спорт түрінен жарысқа бірнеше рет айқын қатысуға мүмкіндік алса, онда ол спорт нәтижелерінің өсуіне жәрдемдеседі.

Белгілі бір мөлшерде жарысқа қатысудың дұрыстығы спортшының спорттық мамандығы мен жоғары білігіне байланысты болады. Спринтер – желаяқ, баскетболшылар, лақтырушылар, футболшылар, семсерлесушілер, басқа да мамандықтарда біліктелген спортшылар жарыс кезеңінде апта сайын немесе тіпті аптасына екі рет сөреге шығуына болады. Ол кезде жоғары біліктелген стайер – желаяқ, шаңғышылар, боксшілер мен штангашылар сирек жарысуы тиіс. Түрлі спорт үшін мамандықтарының өкілдері үшін жарыстың қажетті санын анықтауға қадам жасалады. Демек, шайбалы хоккейден жыл бойына 40-48 жарысқа футболдан («А» тобындағы команда) 36-38, семсерлесуден 22-25, шаңғы тебуден – 22-26, спринтерлік жүгіруден, секіру мен лақтырудан – 20-22, марафондық жүгіруден – 2-3, онсайыстан 3-4, академиялық ескек есуден – 12, бокстан 8-10 рет жарысқа қатысуға болады (Н.Г.Озолин бойынша).

Көрсетілген сандар біршама шартты, сондықтан барлық спорт мамандықтары өкілдері үшін жарыс сайын арттыру мәселесі орынды болмақ.

Спортшы мен мұғалім әрбір жарыста тексеруі қажет шарттарды дер кезінде анықтауы тиіс. Қайсыбір тәсілдік детальдің дұрыстығын ендіру немесе өзгерту, бойжазудың, психологиялық анықтаманың нұсқаулары, т.б.

Сонымен, спорт жарыстарының күнтізбесі аталған жарыстар көлемі, қатысушылар құрамы, жүргізу шарты, мерзімі, құрамы, өтетін орны бойынша дәстүрлі және барлық спорт мамандықтарының спортшылар саны бойынша жеткілікті болатындай етіп құру керек.

Ұйымдастыру — әдістемелік сипаттағы тағы бір маңызды іс-шара – бұл жарыс ережелерін құру болып табылады. Онда көрсетілетіндер: 1) жарыстың аталымы; 2) мерзімі; 3) өтетін орны; 4) аталған жарыстың міндеттері; 5) жүргізу күндері бойынша бағдарлама мен тәртіп; 6)қатысушылар құрамы; 7) сынақ жүйесі (жеңімпаздарды анықтау); 8) қабылдау шарты (қатысушылардың жарыстар); 9) марапаттау түрлері.

Жарыс туралы ережелердің мазмұны қызығушылық тудыратын спорт ұйымдарына басталудан екі ай бұрын беріліп қояды. Ірі бүкілодақтық және халықаралық жарыстар туралы ережелер олардың өтетін мерзімінен бір кейде екі жыл бұрын құрастырылып, мекен-жайларына жіберіледі. Көрсетілетін мерзімді сақтау қажет, себебі бұл құжат спорт федерацияларына, спорт клубтарының басшылығына, дене тәрбиесі ұжымдарына, мұғалімдер мен спортшыларға оқу-жаттықтыру барысын соған сәйкес ұйымдастырып, қажетті ұйымдастыру-әдістемелік іс-шараларды жүзеге асыруға көмектеседі.

Егер жарыс командалық немесе жеке командалық сипатта болса, онда ережеде жеңімпаздарды командалық есепте анықтау жүйесі көрсетіледі. Әрбір жеке жағдайда ол әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, шаңғы тебуден командалық біріншілікте жеңімпаз уақыт қосындысы немесе орын қосындысы немесе сынақ қатысушылары алған ұпайлар қосындысы бойынша анықталады (ол нәтижелерімен аталған қашықтыққа жүгірген бірінші ондықтың, жиырмалықтың, отыздықтың ортасында болып, жарыс туралы ережеге сәйкес келген спортшыларды атайды).

Жеңіл атлетикада, жүзуде және де басқа спорт түрлерінде командалық орын көбінесе арнайы кесте бойынша анықталған ұпайлар қосындысына қарай қорытылады. Олимпиада ойындарындағы командалық біріншіліктің ресми емес есебінің жүйесін үлгі ретінде алып, соңғы кезде командалық біріншілікті аталған спорт түрінен қатысушылардың алған орындарына сәйкес ұпайлар саны бойынша анықтайды. Бірінші орынға – жеті ұпай, екіншіге – бес, үшіншіге – төрт, төртіншіге – үш, бесіншіге – екі және алтыншыға – бір ұпай.

Жарысқа қатысу үшін белгіленген мерзімде алдымен болжам түрінде, кейін нақты өтініш тапсыру керек. Бірінші өтініш аталған ұйымның жарысқа қатысқысы келетінің білдіреді. Екінші өтініште қатысушылар құрамы мен басқа да мәліметтер беріледі. Әрбір спорт түрінде (немесе спорт түрлерінің тобында) ерекше түрдегі өтініштер болады. Кейбір спорт түрлерінде жарыстың басында және аяғында басты төрешінің шешімі бойынша қайта өтініш жасалуы мүмкін, яғни бір қатысушының орнына екіншісін қою, т.б. Тапсырылған өтініштерге негізделіп жарыс іс-қағазы құрылады.

Жарысты өткізу үшін орындарды келтіру, орнатылған ережелерге сәйкес құрал-жабдықтарды жоғары сапада және қажетті санда болуын қамтамасыз етеді.

Егер бағдарламада бір спорттың бірнеше түрлері ендірілсе, жарыс кестесін ертерек құру қажет, яғни олардың әрқайсысын өткізу уақыты мен жүйелілігін анықтау қажет. Жеке тұлғалық спорт түрлерінен өткен спорт жарыстарында алдын-ала қадағалау мен жинақталған мәліметтерді математикалық сараптау негізінде нақты спорт түрінен әр спортшының жаттығуды орындау ұзақтығын анықтайды. Мысалы, ұзындыққа секіруден бір әрекеттің ұзақтығы 1,5-2 мин. шамасында, сырықпен секіру – 2-2,5 мин. шамасында болуы керек (Д.Т.Марков). Жаттығу әрекеттер санын және қатысушылар санын біліп, жарыстың орташа ұзақтығын анықтап, соның негізінде оны жүргізу кестесін құруға болады.

Жарыс ұйымдастырушылары қатысушыларға қызмет көрсетудің барлық қажеттіліктерін ескеруі тиіс: шешінетін бөлмедегі, жуынатын бөлмедегі, асханадағы, бой жазу орнындағы, қатысушылар жиынындағы, демалу, күту, т.б. орындар. Ол сондай-ақ көрермендерге де қатысты.

Спорт жарыстарын олардың түрі мен көлеміне сәйкес жергілікті орындағы денсаулық сақтау дәрігер мен басқа да дәрігерлік қызметкерді тағайындайды. Жарыс дәрігері бас төрешінің дәрігерлік бөлім жөніндегі орынбасары болып төрешілер алқасының құрамына кіреді және төрешілер алқасының барлық жұмысына араласады. Дәрігердің шешімі төрешілер үшін міндетті болып табылады.

Ірі жарыстарды өткізгенде жауапты мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлерден құрылған ұйымдастыру комитеті құрылады. Оның қарамағында жарысқа қатысушыларды, төрешілер мен команда өкілдерін, алыстан келуші көрермендерді қабылдап, орналастыру жатады; сол сияқты жарыстың дайындығы, барысы мен нәтижесі туралы мәліметтер; дәрігерлік қызмет және тасымалдау қызметі де кіреді.

Спорт жарыстарын жүргізуді реттейтін және оның нәтижелеріне әсер ететін маңызды құжат аталған спорт түрінен жарыс ережесі болып табылады. Онда төрешілер мен қатысушылар әрекеті тіркеліп, жеңімпаздарды анықтау шарты қарастырылады. Одан бөлек, спортшының мінез-құлық нормалары анықталып, жаза қолданатын және өзіне команда жауапқа тартылатын тиым салынған әрекеттердің тізімі беріледі. Сонымен, ережені бұзған спортшыға өзіне қатысты төрешінің шешіміне қоса, командасына өзінің қате қадамынан шығын келетінін санамен сезіну әсер етеді.

Жарыс ережелерінде сауықтыру міндеттері де атқарылады. Жарысқа қатысуға рұқсат етілетін жас ерекшеліктері топтары анықталады: бокста, күресте және ауыр атлетикада жарысқа қатысушының салмақ дәрежесі (жасына қарай), ал лақтыруда – снаряд салмағы. Кейбір спорт түрлері бойынша ережеде түрлі біліктіліктегі спортшылардың жарыстары арасындағы үзілістің ұзақтығы мен қосымша дәрігерлік тексерудің жүргізілетін мерзімі қарастырылады (бокста, ұзын қашықтыққа жүгіруде және басқаларында).

Жарыс ережесі аталған спорт түрінен тәсіл мен тактиканы, кей жағдайда жаттықтыру әдістемесін дамытуға әсер етеді. Яғни, биіктікке секіруде кедергі таяқтан аяққа қарағанда баспен ертерек өтуге рұқсат берілгені секіру әдісінің өзгеруіне әкелді.

Түрлі елдердегі қабылданған түрлі спорт түрлерінен спорт жарыстарының ережесі унификациялық тенденцияға ие. Бұл әрекет ақталды, өйткені бұл ереже барлық елдердің спортшыларының халықаралық жарыстарға қатысуын мүмкін етеді, ал егер жарыс әртүрлі орындарда өтсе, оларда жеткен нәтижелерді салыстыруға мүмкіндік береді.

Спорт жарыстарын жүргізуге ондағы жеткен нәтижелерге жауапты әрі бас ұйымдастырушы, ол – спорт төрешісі болып табылады.

Төреші жарысқа қатысушылардың денсаулығына да жауапты.

Спорт төрешісі ең алдымен аталған спорт түрі бойынша жарыс ережелерін түбегейлі білетін, адал, жинақы, тиянақты, шешімтал, сыпайы, бірқалыпты адам болуы керек, бір сөзбен айтқанда, жарыстан тыс та бедел мен құрметке ие адам болуы тиіс.

Қазіргі кезде бес төрешілік дәреже белгіленген:

  1. Спорт төрешісі:
  2. Бірінші дәрежелі төреші;
  3. Республикалық дәрежедегі төреші;
  4. Бүкіл Одақтық дәрежедегі төреші;
  5. Халықаралық дәрежедегі төреші.

Жарыс көлемі үлкен болып, төрешінің орындайтын қызметі жауапты болған сайын, оның дәрежесі де жоғары болуы тиіс. Республикалық, бүкіл одақтық, әлемдік рекордтар, егер бұл нәтижелер көрсетілген жарыста республикалық дәрежедегі төрешілердің сәйкес құрамы қызмет етсе ғана бекітіледі.

Спорт жарыстарында жеткен табыс спорт атағын алуға көмектеседі. Бұл ең алдымен аталған жарыс жеңімпаздарының атағы. Оның көлеміне қарай жеңімпаздан бөлек екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы (жүлдегерлер) орын алған адамдар да анықталады. Әрине, бағдарламаның әрбір түрі бойынша жеңімпаздар үш немесе алтау болуы мүмкін. Күшті спортшыны аталған спорт түрінен сол жылға анықтау үшін аталған спорт түрінен арнайы ұйымдастырылған жарыста бірінші орын алған спортшы чемпион атағын алады (әрине, дене тәрбиесі ұжымының, спорт клубының қаланың, облыстың, республиканың, құрылықтың, әлемнің чемпионы). Бір спортшы чемпион атағын бірнеше жыл қатарынан бірінші орын алып, сақтауы мүмкін. Керісінше жағдайда ол бұл атағынан айырылады. Тек олимпиада ойлындарында чемпион болғандарға ғана бұл ереже жүрмейді. Олимпиада чемпионы атағы оларда өмірлік сақталып қалады. Ауыр атлетикада, бокста және күресте абсолюттік чемпион атағы да бар. Бұл атақ ең жоғары салмақ дәрежесінде жеңген споршыларға беріледі.

Рекордшы атағы нәтижесі аспаптармен өлшенетін спорт түрлерінде беріледі (жүгіру, жүзу, лақтыру т.б.). осы спорт түрінен жаңа спортшы одан да жоғары нәтиже көрсетіп, рекордты жаңартпайынша, бұрынғы рекордшының атағы сақталып қалады. Рекорд тәжірибеде бірнеше минуттан бірнеше жылға дейін сақталуы мүмкін.

Жыл бойына көрсеткен нәтижелерге сүйеніп, жекелеген спорт түрлері бойынша үздік спорт түрлері бойынша үздік спортшылардың «ондығын», «жүздігін», «елулігін» құрайды. Спорт тілшілерінің жүргізген сауалзамасы және спорт сүйер қауымның пікірі бойынша аталған елдің, құрылықтың немесе әлемнің спорт мамандығынан тыс жылдық үздік спортшылар «Ондығы» құрылады.

Олимпиада ойындары немесе әлем чемпионатында бірінші болған басқа да халықаралық жарыстарды да жүлделі орындарды бірнеше рет жеңіп алған, сонымен, спортты дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақ спортшысы «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері» атағын ала алады.

Біріккен бүкіл одақтық спорттық классификациясы туралы ережеге сай бекітілген құрметті спорт атақтары мыналар: «ҚР спорт шебері», «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Жүлдегер», «Чемпион», «Рекордшы». Өмірлік құрметті спорт атақтары мыналар: «Спорт шебері», «Халықаралық дәржедегі спорт шебері», «Олимпиада ойындарының чемпионы».

Қандай да бір спорт түрінен олимпиада ойындарында, әлем біріншіліктерінде, ірі халықаралық жарыстарда, сол сияқты ҚР біріншілігінде алғашқы үш орынды иеленген спортшыларды алтын, күміс және қола медальдармен марапаттайды. Әлемдік және республикалық рекордтар жаңартқан спортшылар алтын медаль алады: Әлемдік рекорд – үлкен алтын медаль; республикалық – кіші алтын медаль. Едәуір жеткен жетістіктері үшін спортшылар үлкен алтын медаль түріндегі естелік сыйлықтармен марапатталады. Медальдарға қоса спортшыларға дипломдар, мақтау қағаздары, жүлделер берілуі мүмкін. Олимпиада ойындарындағы жеңісі үшін спортшылар үкіметтің орден-медальдарымен марапатталады.

Спорт марапаттары мен жүлделер символикалық сипатқа ие. Оларды күнделікті тағуға болмайды. Олардың құндылығы олардың бағасымен емес, жеткен жетістіктеріне сәйкес бағаланады. Материалдық құндылығы бар марапаттар беру спорттың әдептік негізіне нұқсан келтіреді.

 Сонымен қорыта келе, спорт жарыстарында дене тәрбиесі мен спорт міндеттері түгелдей атқарылатынын есте ұстаған жөн. Бұған қоса, ол – спортпен жүйелі шұғылдануға стимул бола алады, еліміздегі дене тәрбиесі мен спорттың дамуына жол ашады.

Спорт жарыстары одан да гөрі жауапты жарыстарға дайындық үшін пайдаланылады: спорт дайындығы мен спорттық анықтамасын айқындап, таңдау; оқу-тәрбие және жаттықтыру жұмыстарының сапасын тексеру; спортқа үгіттеу; дене тәрбиесі мен спорт идеяларын насихаттау; басқа да насихаттау міндеттерін шешу; түрлі елдер мен халықтар өкілдері арасында байланыс орнату; көрермендермен оқыту және тәрбиелеу жұмыстарының міндеттерін орындау, адамдардың бос уақытын ұйымдастыру.

Ілімсіз ешқандай да іс-тәжірибе болмайды. Адамның әрекетіне ой, айқын ілімдік ережелер ықпал етеді және нақты міндеттерді орындауға жол ашады. Қоғам дамыған сайын, іс-әрекеттің нақты саласының ілімдік жалпы мәселелері де (философиялық, экономикалық, т.б.) және ілімдік негіздері де кең көлемде өседі.

Бұл кітапта автор дене тәрбиесі мен спорттың ілімдік негіздері болып табылатын ғылымның мәліметтеріне сүйеніп және спорт мұғалімдері мен спортшылардың алдыңғы қатарлы тәжірибесін жария етіп, дене тәрбиесі мен спорт міндеттерін педагогикалық құбылыс ретінде барынша тиімді шешуге болатын ережелерді анықтауды өзіне мақсат етіп қойды.

 

3.4  Бұлшықетті өнімді босаңсыту қабілеттілігі

 

 Бұлшықетті өнімді босаңсыту – бұл адамның бұлшықетін тыныштықта және қимылды орындау уақытында босаңсыған жағдайда сақтау қабілеттілігі. Орындалатын қимылдың құрылымына байланысты бұлшықет жұмысының тәртібі өзгереді. Бір бұлшықет тобы дене бөліктерін бір-біріне қарай және денені түгелдей тірекке қатысы бойынша тіркеледі, ал келесілері жиырылып, қимыл жасайды, үшіншілер бұл сәтте босаңсыған. Күрделі дене жаттығуларын орындауда тығыздықтың калейдоскопиялық ауысымы және бұлшықет босаңсуы жүреді. Айналымдық спорт түрлерінде бұндай тығыздық пен босаңсудың кезектесуі негізінен бір ғана бұлшықет топтарында сипатталады. Жарылғыш күштері көрінетін қимылдарды орындауда бұлшықеттердің босаңсуы мен тығыздығын дұрыс дәлдік сіңірдің созылуы мен үзілуі және бұлшықет талшықтарының созылуының себебі болуы мүмкін.

Бұлшықеттердің өнімді босаңсуға қабілеттілігін дамыту ұзақ және өнімді жұмыс талабымен, жаттығу арасындағы үзілістегі тез әрі толыққанды демалыс пен спорт жаттығуларын орындауды жетілдіру шарты болып табылады. Бұлшықет қимылының жиырылып қалу себептері биомеханикалық, физиологиялық және психо-педагогикалық болуы мүмкін. Бұлшықет жиырылуының биомеханикалық себептері реактивтік күштердің пайда болуы болып табылады. Олардың қимылға әсер ету механизмін Н.А. Бернштейн көрсетті. Бұрын көрсетілгендей, қимыл дағдысының түзілуінің бірінші сатысында тұратын реактивтік күштерден қашуға тырысып, оқушылар еркіндіктің барлық деңгейін тіркейді (яғни қимылдың аталған сәтіндегі орындалуын қамтамасыз ететін күштерден басқа күштер). Дағдыны дамыту шамасы бойынша бірте-бірте еркіндік деңгейі бірінен кейін бірі босайды және ағза реактивті күштермен күресуге үйренеді. Үшінші сатыда, қимылды орындауды жетілдіріп, оқушылар қойылған қимыл міндеттерін шешу үшін пайда болған реактивтік күштерді пайдалануға үйренеді.

Бұлшықет жиырылуының физиологиялық себептері орталық жүйке жүйесіндегі қозу процесінің иррадациясының пайда болуы болып табылады.

Бұлшықет жиырылуының психо-педагогикалық себептері мыналар: а) тапсырма күрделілігі (дәлдік тығыздығын келтіреді); ә) көңіл-күй қозуы, атап айтқанда қимылды «өз күшімен» орындау тілегі (эффекторлық тығыздықты туындатады); б) бұлшықет босаңсуы, оның салдарынан оқушылар бұл кемшілікті аталған қимылға қатыспайтын бұлшықет топтарының тығыздалуымен толықтыруға тырысады.

Бұлшықетті өнімді босаңсытуға қабілеттілікті дамыту үшін қолданылатын дене жаттығулары бес топқа бөлінеді: 1) аяқтың тебілу қимылы арқылы иық және шынтақ буындарын қолмен еркін шынықтыру; 2) аяқты тірек аяғының тебілу қимылымен белбөксе және тізе буындарында шынықтыру; 3) қолды дененің кілт бұрылуымен қамшылау қимылы; 4) қолды, аяқты, денені сілку; 5) денені, көтерілген қолды босаңсытып «құлату».

Дене жаттығуларын орындау кезінде босаңсытуды меңгіру үшін әдістемелік нұсқаулар мына ережелерде келтірілген:

1) шаршағанға дейін үйренетін жаттығуларды орындау (бұл айналымдық спорт жаттығулары сабақтарында өте дұрыс);

2) оқушыларға қимылдың қорытынды фазаларын «қамшылап» орындау жағдайын орнату; бұл әдістемелік нұсқаулар «жарылғыш» күш тудыратын спорт түрлерінің тәсілін меңгеруге бағытталған жаттығуда жақсы нәтиже береді.

3) қимыл қарқындылығын ауыстыру (тез қосу); айналымдық спорт түрлерінде жоғары жылдамдықпен бағындырылған бөліктерді «өшіріп» алмастыру, қимылды «босаңсытып» жалғастыру; айналымдық емес спорт түрлерінде жаттығуларды кезектестіріп қарқынмен және жеңіл, яғни босаңси орындау;

4) оқушыға дене жаттығуларын орындау кезінде бұлшықетті босаңсыту қажеттігі туралы қысқаша түсінік ескертпе жасау керек (мысалы, «еркін», т.б.).

5) қарқынды айналымдық дене жаттығуларын орындау кезінде мимикалық бұлшықеттердің қимылын қадағалап, бетке тыныштық бейнесін беріп, қабақ бұлшықетіне дейін бетті саналы босаңсытып, күлуге тырысу қажет;

Спорт жаттығуы алдында (ең бастысы, спорт жаттығулары кезінде) артық қысымнан арылу үшін, терең тыныс алып, тынысты ұстап тұрып, бұлшықетті қысып, сосын сәл алға еңкейіп, ауызды еркін ашып, бұлшықетті босаңсытумен бір мезетте терең тыныс шығару.

Бұлшықеттің қысым деңгейі былай анықталады:

1) электромиографиялық;

2) тономиографиялық және тономиометриялық;

3) визуальді.

Ырғақ – бұл жеке сәттерді мәнерлеп уақыт пен кеңістікте қимылды заңды кезектестіру болып саналады. Қимылдың дұрыс ырғағы нақты қимыл әрекетін орындауда олардың қарқындылығы мен ұзақтығына қарай қолданылатын күштерді қатаң түрде кезектестірумен сипатталады. Қимыл дұрыс ырғаққа түскен сәттен спорт нәтижесі де тез жақсарады. Шұғылданушыларда күтпеген жеңілдік сезіледі, олар өте маңызды нәрсе тапқанын түсінеді, өйткені бұрынғыға қарағанда аз күш жұмсай отырып, үлкен нәтижеге жеткенін көреді. Әрине, спорт жаттығулары сабақтарындағы дұрыс ырғақ (біркелкі күште) барынша жоғары нәтижелерге сәйкес келеді. Адамдар дұрыс ырғақты тауып, пайдалану қабілетімен көп ерекшеленеді. Ырғақтылық адамның қимыл дарындылығының көрсеткіштерінің бірі ретінде көрінеді.

Ырғақтылықты дамыту құралдары түрлі уақыт және кеңістік қатысуымен орындалатын дене жаттығулары , би мен би жатттығулары болып табылады.

 Ырғақтылықты дамыту үшін әдістемелік нұсқаулар келесі ережелерде көрсетілген:

1) оқудың басынан бастап шұғылданушылардың зейінін туындаған күштердің бірізділіі мен сипатына аудару керек ( тек жеке дене бөліктері, олардың бағыты мен құлаштарының бірізділігі ғана емес);

2) күрделі қимыл әрекетіндегі дұрыс ырғақты аулау үшін барынша қарапайым үлгілерді пайдалану керек;

3) ырғақ туралы мәлімет құру үшін әуен, есеп және басқа да дыбыстарды (алақан ұру, т.б.) қолдану, олар орындалатын қимылдың алдын алуына жәрдем береді;

4) меңгерілген ырғақты бекіту үшін ұзақ жаттығу қажет;

Егер жаңа ырғақ жеткілікті бекімесе, онда шаршау әсерінен көңіл – күй қозуының артуынан, сыртқы жағдайлардың күрделенуі бұрын меңгерілген ырғақты қайта еске түсіруге мүмкіндік береді. Дұрыс меңгерілмеген ырғақ алдын – ала бекігенді дұрыс емес ырғақты дұрыс ырғаққа сатылап өтіп емес, бұзып – жару жолымен өзгереді. Ырғақтылық дыбыс немесе қимыл үлгілерін уақытпен күшті кезектестіріп үйлестіру дәлдігімен анықталады (мысалы, белгілі бір ырғақты тақылдату).

Қимыл сапасы ретінде секірімділік – бұл адамның тірексіз жағдайға жету үшін бір немесе екі аяғымен тебілу қабілетттілігі болып табылады.

Дене жаттығуы ретіндегі секіру баллистикалық әрекет болып саналады. Снаряд ретінде адамның өз денесі қатысады. Секіру нәтижесі дене салмағына, күштің әсер ету жолының ұзындығына (әрине, аяқ ұзындығы), алдын ала қарқын алу (жүгіріп келу жылдамдығы), күш дәлдігі (қимыл тәсілі) және тебілу жылдамдығына байланысты болады.

Секірмелік адамның қимыл дарындылығы мен қимыл мүмкіндігін  (жағдайын) анықтауға арналған сынақ ретінде қызмет етеді. Секірімділікті анықтау үшін жалпы салмақ орталығын дененің биікке тіректен асыра көтеруін өлшеуге мүмкіндік беретін аспаптар қолданылады, мысалы, В.М.Абалаковтың аспабы. Секірімділікті анықтау үшін бақылау жаттығуы орнынан ұзындыққа секіру болуын мүмкін.

 Секірімділікті дамытуға қоладанылатын дене жатттығулары төрт топқа бөлінеді:

1) тебілусіз және тебілумен орнынан жоғарыға секіру жаттығулары (оқушының дене салмағының 20-30-ына тең);

2) тереңдікке бір немесе екі аяқпен секіру, соңынан жоғары ырғу;

3) секіруден және секіртпе жіппен жаттығу;

4) аяқтың жоғарғы күшін дамытуға арналған жаттығулар;

Секірімділікті дамытуға бағытталған әдістемелік нұсқаулар келесі ережелерге ендірілген:

1) күнделікті жаттығу;

2) жаттығу кезінде жеткен нәтижелерді анықтауға мүмкіндік беретін түрлі амалдарды қолдану;

3) шаршаудың алғашқы белгілері білінгенге дейін жаттығуды жалғастыру;

4) тапсырманы қайталау арасында пульс жиілігі бастапқы көлемге жеткенше демалыс.

 Қимыл сапасы ретіндегі дәлдік – бұл адамның өзіне бұрын таныс емес күрделі үйлесетін қимылдарды тез әрі дәл жасау қабілеті болып табылады.

Жалпы дәлдік және ұсақ қимылдар дәлдігі болып бөлінеді. Адамның бұндай дәлдік мүмкіндіктерінің екі жақтылығы арасында байланыс жоқ. Ұсақ қимылдарды орындауда жақсы дәлдәкте болып, ал бүкіл дене дәлдігі жаттығуларына қабілетсіздеу болуы да мүмкін немесе керісінше.

Қимыл сапасы ретіндегі жалпы дәлдікпен ептілік ұғымы мәні жағынан ұқсас, бірақ түрліше көрінеді. Оларды адамның қимыл аясына қойылатын талаптардың ортақтылығы біріктірсе, ал ептілік үшін күрт туындаған жағдайдағы қимылдың тиімділігі мен үнемділігі тән болса, ал дәлдік үшін күрделі үйлескен қимылдарды дәл әрі анық шапшаң жасау керектігі, олардың айырмашылығы болып табылады.

 Дәлдікті дамыту бірте – бірте күрделенетін қимыл әрекеттеріне оқыту жолымен жүргізіледі. Дәлдіктің даму деңгейін анықтау үшін түрлі бақылау жаттығулары қолданылады.

Осы жаттығулардың бірін қарастырайық. «Бір» дегенде оң қолды қапталға көтеру «екі» дегенде оң қолды жоғары ,ал сол қолды қапталға көтереді, «үш» дегенде оң қолды жанына түсіріп, сол қолды жоғары көтереді, « төрт» дегенде сол қолды төмен түсіріп, оң қолды жанына көтереді, «бес» дегенде сол қолды төмен түсіреді. Бұл жаттығуларды бір орында секеңдеп немесе аяқты бірге және алшақ қойып секіруді орындау мүмкін (Г.А.Васильков бойынша). Орта және жоғары сынып оқушылары үшін бірінші нұсқаны қатесіз екінші қайталап жасау, дәлдік дамуын қанағаттанарлық деп, екіншісі – жақсы,ал үшіншісі — өте жақсы деп сипатталады.

Қимыл сапасы ретіндегі жұмсақтық – бұл қимыл әрекетін бағыттар мен салатын күш бойынша күрт бұрылыстарсыз орындау қабілеттілігі болып табылады. Қалтырау, қаттылық, ашулану қимыл жұмсақтығына қарама –қарсы ұғымдар. Қимыл жұмсақтығы ойша анықталады. Қимыл жұмсақтыған анықтайтын құралдар мыналар: жүзу, күш жаттығулары, бұлшықетті босаңсытуға арналған жаттығулар, билер мен би қимылдары, ырғақтылық.

Дене пішінін жақсарту –дене дайындығын қамтамасыз ету жағдайы осының бірі болып табылады. Бұл үшін бұлшықет салмағын дамытып, дене салмағын реттеп, омыртқаны дұрыстау қажет.

Бұлшықет салмағы дамытудың негізгі жолы – күш жаттығуларын орындау болып саналады. Бұнда келесі ережелерге сүйену қажет.

1) барлық тебілулер (қарсыласу көлемі) оқушы аталған қимылды шаршаудың алғашқы белілері білінгенге дейін орындауға мүмкіндігі болуы тиіс-8-10 рет (бұл бір қайталау топтамасын құрайды); айтылған қимыл ырғағы минутына 8-10 рет қайталанады;

2) әрбір тапсырманы (дене жаттығуын) 2-3 топтамада орындау керек;демалыс үзілісі (топтама аралығындағы)-1мин;

 3) бір сабақта дененің әрбір бөлігі үшін 3-4 түрлі күш жаттығуларын қолдану;

4) қолға арналған жаттығуларды аяқтап, аяқ жаттығуларына, сосын дене жаттығуларына өту; түрлі дене бөліктеріне арналған жаттығулар арасындағы демалыс үзілісі – 3 минутқа дейін.

Дене салмағы – дене пішінін, денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілетін және спорт нәтижелерін жақсартуға әсер ететін ықпал. Дене салмағы май және бұлшықет салмағының қатысының өзгеруіне қарай реттеліп отырады. Бұлшықет салмағы есебінен дене салмағының артуы – дұрыс құбылыс, ал май салмағы есебінен артуы – кері құбылыс болып табылады. Бұлшықет салмағының есебінен дене салмағының төмендеуі де кері құбылыс болып саналады.

Денені тасымалдауға байланысты спорт түрлерінде табысқа жету үшін салмақты барынша азайтатын құралдар қолданылады. Ұзындыққа, биіктікке, сырықпен секірушілерге, гимнасттар мен басқа да спорт түрлері өкілдеріне мөлшерден асқан дене салмағы (жеке ерекшеліктеріне қарай) спорт нәтижесінің төмендеуіне себеп болады.

Дене салмағының артуының себептері: а) тәуліктік рационда көміртегі санының артуы; ә) күні бойынша тамақ ішудің бес ретке дейін жиілеп кетуі; б) ұйқының он сағатқа дейін созылуы (оның ішінде күндіз 1-2 сағат); в) бұлшықет салмағын дамытатын күш жаттығуларымен шұғылдану.

Дене салмағын төмендететін себептер: а) арнайы диета (тәуліктік көміртегі санының азаюы, сұйық ішуді шектеу, тәтті нандардан, тәттілерден бас тарту, т.б.); ә) су және жылы сулы ванналар, сол сияқты құрғақ және булы моншалар; б) қарқынды массаж; в) төзімділікті талап ететін айналымдық спорт түрлерімен шұғылдану; е) шамалы тебілуі бар күш жаттығуларын көп дүркін қайталау (16 рет және одан көп).

Адамның сымбаты дененің үйреншікті қалпымен сипатталады. Дұрыс сымбат – жақсы дене дамуының белгілерінің бірі, ішкі мүшелердің жұмысына әсер ететін және жоғары жұмыс қабілеті деңгейін қамтамасыз ететін ықпал.

Сымбаттың бұзылуы табан, бел, иық және жауырын, мойын мен бас, көбіне арқаның, ондағы омыртқа жотасының қисаюынан, олардың дұрыс қалыптаспағанынан көрінеді. Сымбат бұзылуының кең тараған түрлеріне доға тәріздес арқа, кифоз, лордоз,сколиоз жатады.

Нашар сымбаттың себептері мыналар: тұлға бұлшықеттерінің дұрыс дамымауы; денені дұрыс ұстамауға әдеттену; көптеген кәсіп түрлері; тірек-қимыл аппаратының туылғаннан немесе жүре пайда болған ақаулары, кейбір спорт түрлерімен бір жақты айналысу (бокс, семсерлесу, велосипед спорты, нысана ату және т.б.). Сымбатты жақсарту өз денесінің қалыбын жүйелі бақылау, жалпы дене дайындығын жақсартатын жаттығуларды орындау (негізінен, күш жаттығулары көмегімен), сол сияқты арнайы түзететін жаттығуларды орындау жолымен жетеді.

Тарауды қорыта келе, мынадай тұжырым жасауға болады.

Дене дайындығын қамтамассыз ететін жағдай денсаулықты нығайту, қимыл сапаларын дамыту, дене пішінін жақсартып және сан түрлі қимыл дағдыларын меңгеру болып табылады.

Көрсетілген міндеттерді дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында шешуді анықтайтын негізгі ықпалдар сабақ пәні (дене жаттығуының түрі), жаттығу көлемі мен қарқындылығының қатысы, жаттығу кезінде және сабақ арсындағы үзілістегі демалыстың ұзақтығы мен сипаты, сол сияқты жаттығуға жол ашатын жағдайлар болып табылады.

Қимыл сапасын дамыту ағзаға жалпы және уақытша әсерлердің өзара байланысымен және орындалатын қимыл құрылымын меңгерумен бірлікте жетеді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Белгілі бір уақыт бөлігіндегі мұғалімнің оқу-жаттықтыру және тәрбие әрекеттері оның дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешу қабілетіне (денсаулықты нығайту, дене дайындығын жақсарту, дене жаттығуларына оқыту, т.б.) орындалған жаттығулардың барысы мен нәтижесін бақылап, есеп жүргізе білуіне қарай бағаланады.

Белгіленген кезеңдегі мұғалімнің жұмыс табыстылығының барынша айқын көрсеткіштерінің бірі спорт жарыстарындағы оның оқушыларының жеткен нәтижелері, оның дайындаған спортшыларының білімі мен саны болып табылады. Мұғалімнің қоғамдық өзіндік спорт ұйымдарындағы, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі қызметі де шұғылданушылардың тұрақты құрамымен, оның жаңа оқушылар құрамын тартып, бекіту қабілетімен, көпшілік спорт шараларын жүргізумен, еңбек пен Отанды қорғауға дайындық сынағына дайындалып, тапсыру жұмыстарын ұйымдастыруымен бағаланады.

Тараудың соңында мынадай қорытынды шығаруға болады:

         Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын құру негізінде (бір күн, апта, жаттықтыру кезеңі, жылдар) қойылған міндеттерді шешуге дайындықты қамтамассыз етуге қажеттілікті бейнелейтін және аталған қызмет түрінен ұйымдастырылған түрде шығуды сипаттайтын адамның қимыл әрекетінің логикасы жатыр.

         Сабақтарда негізінен сәйкес міндеттерді шешу ерекшелігі; жаттығуды, түгелдей қимылдарды және оның жекелеген жүйелерін орындау қатынасы; жүктемені кезектестіру ырғағы мен сәйкес жағдайларды ыңғайлау; спорт жарыстарының орны мен атқаратын қызметі өзгеріп отырады.

         Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары міндеттерін табысты шешу қолданылатын құралдар мен әдістердің сәйкестілігіне, оқушылардың жеке тұлғалық жағдайы мен ерекшеліктеріне қолайлы жағда

йларға байланысты болады.

         Дене тәрбиесі мен спорт мұғалімі жауап беруге тиісті арнайы талаптарға биологиялық ғылымдарды терең білу, спорттың бір түрінен үлгі бейнесін меңгеру, жақсы дамыған дене мен дене дайындығы және ұйымдастырушылық қабілеті болып табылады.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Теория и методика физического воспитания / Под общ.ред. Л.И.Матвеева и А Д.Новикора. -М.: ФИС, 1976, т, 1-11.
  2. Гандельеман А.Б., Смирнов Д.М. Физическое воспитание детей школьного возраста. — М.: Просвешсние, 1986.
  3. Теория и методика физической культури / Под ред. В.М.Шияна, — М.: Просвещение, 1988.
  4. Шитикова Г.Ф. Методы контроля эффективностм педагогического процесса на уроках физического воспитания: Учебное пособие. — СПб., 1997.
  5. Теория к методики физического воспитания /Под ред. Б.А.Ашмарина, -М.: Просвещение, 199
  6. Президентские тесты Республики Казахстан. — Алматы, 1997.
  7. Иванков Ч.Т. Теоретические основы методики физического воспитания. -М.: «Инсан», 2000.
  8. Холодов Ж.К., Кузнеуов B.C. Теория и методика физического воспитания и спорта: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений. М.: Издательский центр «Академия», 2000.
  9. Теория и методика физической культуры: Учебник / Под ред. проф. Ю.Ф.Курамшина. — 2-е изд., испр. — М.: Советский спорт. 2004. — 464 с.
  10. Матвеев Л.И. Теория и методика физической культуры. -М: ФиС. 1991.-543 с.
  11. Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі (Оқу құралы). -Алматы: «Әлем». 2000. 80 бет.
  12. Педагогика. Дәріс курс. — Алматы: «Нұрлы Әлем», 2 — 368 бет.
  13. Педагогика: Учебник для институттов физической культуры (Под ред. В.В.Белорусовой и Н.Н.Решетень) – 2-ое изд., доп. и перераб.-М.: ФиС, 01986. -288с.
  14. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. /Аударған Успанов K.C./.Алматы: «Ғылым», 2002. — 170 бет.
  15. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. — Алматы, «Мектеп», 1987. — 207 бет.
  16. Белорусова В.В. и др. Основы профессионально-педагогического мастерства преподавателя (тренера). — Л .:ГДОИФК, 1988.
  17. Вайндорф-Сысоева М.Е., Крившенко Л.П. Педагогика: Пособие для сдачи экзамена. — М.: Юрайт-Издат., 2005. — 239 с.- (Хочу все сдать!).
  18. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. (Оқу құралы). — Алматы: «Санат», 1995. -302 бет.
  19. Жумашева С. С. Основы педагогических знаний: Учебное пособие для студентов специальности «Физическая культура и спорт». — Алматы: Казахская академия спорта и туризма. 2001. — 58 с.
  20. Деркач А.А.,   Исасв  А.А.   Педагогика  и   психология  деятельности организатора детского спорта. — М.: «Просвещение», 1985.
  21. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. — Астана, 1999. — 378 б.
  22. Лебедева Н.А. Білім берудегі менеджмент. — Алматы, 1998. — 168 б.
  23. Методика воспитательной   работы:   Учебное   пособие   (под   ред. Л.Рувинского). — М.: «Просвещение», 1989.
  24. Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясы. — Алматы: «Мектеп», 1986.
  25. Синица И.В. Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік. — Алматы: «Мектеп», 1987.
  26. Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для высших учебных заведеиий (И.А. Зязюн и др.). — М: «Просвсшечие», 1989. 302 с.
  27. Тер-Ованесян А.А. Педагогические основы физического воспитания. -М: Физкультура и спорт, 1978. — 206 с.
  28. Ақпаев Т.А., Адамбекова М.І., Тастанов Ә.ж. Оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастырудың ілімдің және әдістемелік негіздері. –Алматы: «Өнер», 2003.
  29. Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбек. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. –Түркістан, 2004.
  30. К.Адамбеков, А.Кульназаров, С.Касымбекова. Формирование основ физической культуры учащейся молодежи. –Алматы, 2004.
  31. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасында 1996-2000 жылдар аралығында бұқаралық спортты дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы» // 1996 ж. 19 желтоқсан. №
  32. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 1998, 240 бет.
  33. Қазақстан Республикасының Дене мәдениеті және спорт туралы Заңы. 1999 ж. 2 желтоқсан. №490-13 ҚР// Sport, 2000, №1, 4-11 қаңтар.
  34. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001- 2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы. №571, // Астана, 2001 ж.
  35. Адамбеков К.І. «Оқушылардың дене тәрбиелеудің педагогикалық негізі» п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, -1995, 38 бет.
  36. Аяшев А.О. Болашақ мұғалімнің тәрбие жұмысына кәсіби даярлығын дене тәрбиесінің құралдары арқылы қалыптастыру. п.ғ.д. дисс. Авторефераты. М., 1993, 55 б.
  37. Сапарбаев М.Б. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің теориясы мен практикасы. п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, 1993, 318 б.
  38. Гейнца К.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі 1-9 сынып оқушыларының нұсқалық бөлімдерін жете зерттеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 1995, 22 б.
  39. Алимханов Б.У. Дене мәдениеті бойынша оқу бағдарламасының нұсқалары. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Санкт-Петербург. 1994, 22 б.
  40. Платонов В.Н. Спортшылардың қазіргі замандағы дайындық жүйесінің негізі. // Киев,
  41. Құланов К.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінің дамуы (1966-1985) п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1990, 22 б.
  42. Биданов Б.Ж. Оқушылардың сабақтан тыс кездегі дене тәрбиесінің педагогикалық кезеңдері, п.ғ.к.дисс.авторефераты. Алматы, 1992. 1-20 беттер.
  43. Ворюшин В.В. 9-12 жастағы оқушылардың сабақтағыи және үйірмедегі футбол сабақтарының ерекшелігінің зерттеулері п.ғ.к. дисс. авторефарты. М., 1968. 22 бет.
  44. Қаражанов Б.Қ. Адамның моторлық адаптациясы п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1992. 1-85 беттер.
  45. Филин В.П. Мектеп жасындағы оқушылардың спорттық жаттығу жасау барысында қозғалыс қасиеттерін жетілдіру проблемалары, п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1970.
  46. Анарқұлов Х.Ф. Қырғыз халқының қозғалмалы ойындары. Дене шынықтыру жаттығулары және осы заманға лайықтылығы, п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1990. 25 б.
  47. Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін пайдалану, п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1995. 23 б.
  48. Садирметова Ж.Б. жеткіншектерді халықтық педагогика арқылы адамгершілікке тәрбиеле, п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, 1996.
  49. Антропов М.В. Оқушылардың күн тәртібіндегі жұмыс қабілеттері мен денсаулық жағдайлары. Педагогика: М., 1974. 135 б.
  50. Зациорский В.М. Спортшының дене сапасын / Дене тәрбиесі және спорт. М., 1966ж. 200 б.
  51. Зимкин Н.В. Жылдамдық, төзімділік және күштің физиологиялық сипаттамасы. Дене мәдениеті және спорт. М., 1966.
  52. Годик М.А. Адамның қозғалыс жылдамдығының қабілеттілік құрылымдық факторларын зерттеу, п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 1946
  53. Зациорский М.И. Спортшының қимыл сапасы (Тәрбиенің теориялық және әдістемелік зерттеулері), п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1968.
  54. Годик М.А., Зациорский В.М. Спортшының «жарылу» күшін зерттеудің алғашқы нәтижесі мен әдісі. // «Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы», 1965. №7.
  55. Зациорский М.И. Спортшының қимыл-қозғалыс қабілеттері // Дене тәрбиесі және спорт, 1966. 200 бет.
  56. Ионов Л.П., Черняков Г.И. Жүгіру жылдамдығы, қадамның ұзындығы мен басу жиілігіне байланысты // «Жеңіл атлетика», 1968. №5.
  57. Уақбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. Алматы, «Санат», 2000, 72 б.
  58. Бальсевич В.К., Запорожнов В.А. Адамның дене белсенділігі. Денсаулық. Киев, 1987. 23 б.
  59. В.В.Белорусов, И.Н.Решетников. Педагогика. М., Дене тәрбиесі және спорт, 288 б.
  60. Адамбеков Қ.І., Хлыстов М.С. Дене дайындығының негіздері. Алматы, 2002. 1-112 б.
  61. Сухарев А.Г. Оқушылардың денсаулық жағдайы және оны қалыптастыру факторлары. Гигиена және санитария. 1982. №5, 70-72б.
  62. Бережков Л.Ф., Рубинская И.Д. Халықтың денсаулық жағдайын жаппай зерттеудің көрсеткіштері. Балалардың денсаулығын қорғау. 1974, №7. 121-144.
  63. Филиппович В.И. Дене тәрбиесі процесі кезіндегі қозғалыс қызметінің дамуы // Советтік педагогика. 1967, №5. 23-30 б.
  64. Беляев Д.К. Генетика, қоғам жеке адам. // Коммунист. 1987, №7. 90-97б.
  65. Тәнекеев М.Т. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. // Алматы, 1982. 44 б.
  66. төлегенов Ж.М. Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін дамытудың кейбір проблемалары. Дене мәдениеті мен спортты бақылау проблемалары. Ал маты, 1979.
  67. Баясевич В.К., Гришко В.В., Захаров Л.С., Попов В.В. // Қазіргі кезеңдегі спорттық және ұйымдастырушылық шарттары. Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы. 1981, №43-45 б.
  68. Тастанов Ә.Ж. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілетін дене тәрбиелеу процесінің педагогикалық негізі, п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 2003.
  69. Антропова М.В. Оқушылардың күн тәртібіндегі жұмыс қабілеттілігі және денсаулық жағдайлары. М., 1967 ж. 251 б.
  70. В.Л.Марищук, Ю.М.Блудов, В.А.Плахтиенко, Л.К.Серова. Спорттағы психологиялық болжамдық әдістемесі. Просвещение. М., 1984. 106 б.