АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Бұлтартпау шараларының мәселелері

КІРIСПЕ

 

         Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста  бұлтартпау  шаралары: түсінігі, қолдану негіздері және қолдану тәртібі қарастырылған.

Диплом жұмысының жалпы өзектілігі. Қазіргі кездегі мемлекеттегі жағдайды ескере отырып, қылмыстық іс жүргізу қылмыспен күресуде нәтижелі болу керек екенін атап өткен дұрыс, себебі қылмыспен күресудің нәтижелігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтады. Қазақстан Республикасында сот әділдігі тек сотпен ғана жүзеге асырылады. Бұл ереже ҚР Конституциясының 75-бабында бекітілген [1].

 Бұл ереженің маңыздылығы – дұрыс қалыптасқан сот әділдігінің жүйесінсіз құқықтық, демократиялық мемлекет құруға болмайды.

         Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты 2009 жылдың 6 наурызындағы халыққа  жолдауында  «Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен табанды да қатал күрес жүргізу керек. Осы қиын кезде  біздің азаматтардың, бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бәрін де істеу  керек»,- деп атап көрсетуі кездейсоқтық емес [2].

Осыған орай, қазіргі  бүкіл әлемдік  экономикалық дағдарыс  барысында мемлекеттің беріктігі сынаққа салынып, қылмыстылықпен күрес жүргізу үшін табанды шаралардың, терең теориялық зерттеулердің қажеттілігі айқын болып отыр.

         Қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларын реттеуге байланысты ғылыми зерттеулердің бағыттары ең басынан құқықтық мемлекет құру сұрақтарымен байланысты.

Қазақстан Республикасының қылмыстық  процесіндегі бұлтартпау шарасы мәселесін құқықтық реттеу саласындағы ғылыми зерттеулердің ең негізгі бағыты болып келесідей маңызды сұрақтардың жүзеге асырылуы табылады. Бұл — біздің еліміздің құқықтық мемлекет боп құрылуы,  соттың құқықтық реформаларын жүргізу арқылы қылмыстық-процессуалдық институттардың заңмен реттелуі, бір жағынан, қылмыстылықпен күресу жөнінде сот, прокуратура мен тергеу органдарының қызметін нығайту, екінші жағынан.

Қазақстан Республикасының азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясына  сәйкес заңдармен белгіленген құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолайлы жағдайды тудыру – сот пен құқық қорғау органдарының міндеті.  Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы мен бостандықтары туралы Халықаралық құжаттардың негізгі идеялары  мен қағидаларын қабылдап, оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Ата заңымызға сүйене  отырып, тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот айыпталушыға, сезіктіге оларды қылмыскер деп санамай, тұлғаның жасын, отбасылық жағдайын және т.б.жағдайларды ескере отырып,  бұлтартпау шарасын қолдануда Қазақстан Республикасы  Конституциясының, қолданыстағы заңдарымыздың талаптарын қатаң сақтауы қажет. Бұлтартпау шарасын қолдануда осы жағдайларға дұрыс мән бермеу салдарынан тұлғаның Конституциялық тұрғыдан берілген құқықтары мен бостандықтары, заңды және жеке мүдделерінің бұзылуына әкеліп соғады.

 Бұлтартпау шарасы  — бұл  превентивті (ескерту) амалы. Оның басты мақсаты —  қылмыстық іс бойынша шындықты  анықтауды, сезікті мен айыпталушының жауапкершілігін қамтамасыз ету мен  оның қылмыстық әрекетін қайта жалғастырмауының алдын алуға бағытталған.

Бұлтартпау шарасы — бұл мәжбүрлі түрде әсер етудің тәсілі ретінде айыпталушыға, ал қажет болған жағдайда, сезіктіге қатысты қолданылатын және кылмыстық істі жүзеге асыру мақсатында кедергі келтіретін теріс қылықты болдырмау үшін қолданылатын заңды шара. Бұлтартпау шараларын дұрыс қолданудың негізінде  істің барлық мән-жайларын анықтау, заңды дұрыс қолдану, қылмыстық теріс қылық жасағандарды жазалау және заң бұзушылық жасамағанды жазалауға жол бермеу сияқты қылмыстық процестің міндеттері жүзеге асырылады.

          Сот әділдігінің мақсаттарын дұрыс жүзеге асыру үшін, мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі болып есептелетін бұлтартпау шаралары қолданылады. Қолданылатын бұлтартпау шарасының заңдылығы заңда белгіленген негіздермен, процессуалдық тәртіппен, прокурорлық қадағалаумен және шараларды қолданудың тәртібі мен шарттарының сақталуымен қамтамасыз етіледі.

        Мәжбүрлеу шараларын, соның ішінде, бұлтартпау шараларын қолдану адамдардың жеке басының бостандығын және өзге де құқықтарын шектеумен байланысты болғандықтан, ол шараларды қолдану заңдылық принципін қатаң сақтауды талап етеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген басқа да принциптер сақталуға тиісті, соның ішінде, адамның жеке басына тиіспеушілік, қадір-қасиетін құрметтеу, кінәсіздік презумпциясы және тағы да басқа принциптер. Кінәсіздік презумпциясына сәйкес сот үкімі шыққанға дейін  айыпталушы тұлға кінәсіз болып есептеледі. Сондықтан тұлғаға бұлтартпау шарасын қолданған кезде осыны еске сақтау іс жүргізуші органның негізгі міндетінің бірі болып табылу қажет. Әсіресе тұлғаны қамауға алу, үйде қамап ұстау, әскери қызметшіні әскери командованиесінің қарауына  беру шараларын қолданған кезде. Сондықтан, кез келген тұлғаға бұлтартпау шарасын қолданған кезде, оның қадір-қасиетін құрметтеуге тырысу міндетті жағдай болып саналады.  Сонымен, қылмыстық іс жүргізуді реттейтін принциптер, бұлтартпау шарасын әділ, дұрыс қолданудың кепілдігі болып табылады.

 Бұлтартпау шарасы тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын шектеумен байланысты  шара болғандықтан, оны қолдану сұрақтары әрқашан өзекті болып табылады, себебі Қазақстан Республикасы Конституциясы адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын негізгі құндылық ретінде бекітіп отыр. Бұлтартпау шарасын реттеу нормалары жеткілікті болғаныменен, оларды жүзеге асыру механизмі әлі дұрыс қалыптаспай отыр, оған дәлел – тәжірибе. Осы шешілмеген сұрақтар әлі де болса ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді және тақырыптың өзектілігін анықтайды.

         Диплом жұмысының тақырыбының зерттелу деңгейі. Бұлтартпау шараларының мәселелері қылмыстық іс жүргізу құқығы саласында, көптеген ғалым-заңгерлермен зерттелген. Мысалы, бұл мәселе Н.В. Алексеевтің,  А.Н. Акпановтың, Н.М. Гудкиннің, Ю.Д. Ливщицтің, Л.М. Давыдовтың, З.Д. Еникеевтің, С.Д. Оспановтың, М.Ч. Когамовтың, Е.Е.Ерешевтің,  Б.Х.Толеубекованың, К.Ж.Капсалямовтың және тағы басқа ғалымдардың жұмыстарында көрініс тапқан.

Диплом жұмысының мақсаты. Зерттеудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, ғылыми зерттеулердің негізінде қылмыстық іс жүргізу барысында қолданылатын  бұлтартпау шаралары жүйесін қарастыру.

         Диплом жұмысының міндеттері. Қойылған мақсат негізінде келесі міндеттерді нақтылап көрсетуге болады:

  • бұлтартпау шараларының ұғымын, құқықтық табиғатын, мәнін, мазмұнын қарастыру;
  • бұлтартпау шараларын қолданудың негіздерін анықтау;
  • бұлтартпау шараларының түрлеріне сипаттама беру.

Зерттеу объектісі. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып қылмыстық іс жүргізу барысында қолданылатын бұлтартпау шараларының мәні мен маңызы, олардың түрлері, оларды қолдану негіздері, қолдану кезіндегі құқықтық қатынастар табылады.

Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасын  жалпы философиялық әдістер, статистикалық, логикалық, салыстырмалы -құқықтық  және басқа да арнайы құқықтық әдістер құрайды.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Тақырыптың тәжірибелік маңыздылығы оның өзектілігімен тығыз байланысты. Өзекті сұрақтардың заңды және дұрыс шешілуі, бұлтартпау шараларының тәжірибеде заңды және дұрыс қолданылуының кепілдігі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы оның мақсаты мен алдына қойылған міндеттерге сәйкес. Жұмыс кіріспеден, үш тарауды қамтитын он үш тараушадан, қорытындыдан және қолданылған әдебиет тізімінен тұрады.

Кіріспеде жұмыстың жалпы сипаты, зерттеу тақырыбының өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі, зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы, тәжірибелік маңызы, дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы туралы деректер берілген.

Бірінші тарау қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларының түсінігі мен мәніне арналған. Бұл тарау үш тараушадан тұрады.

Бірінші тараушада бұлтартпау шараларының түсінігі мен мәні зерттелген.

Екінші тараушада бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері мен шарттары зерттеліп, оларға түсініктеме берілген.

Үшінші тараушада бұлтартпау шарасын қолданудың процессуалдық тәртібі қарастырылып, бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі қаулыны шығарудың тәртібі, оның құрылымы мен мазмұны қарастырылған. Сонымен қатар бұл тараушада бұлтартпау шарасын өзгерту мен тоқтату мәселелері зерттелген.

Екінші тарауда жеке-жеке бұлтартпау шараларының түрлері, одарды қолдану негіздері мен процессуалдық тәртібі зерттелген.

Үшінші тарауда бұлтартпау шараларын қолданудың кйбір мәселелері және оларды шешу жолдары қарастырылған. Соның ішінде, бірінші тараушада бұлтартпау шараларының заңи, теориялық, практикалық мәселелері және оларды шешу жолдары, ал екінші тараушада бұлтартпау шараларын қолдануға прокурордың қадағалауы және оны жүзеге асырудың мәселелелері қарастырылған.

Қорытындыда жүргізілген зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары нақтыланған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ,  МӘНІ

 

1.1 Бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні

 

Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының бір түрі болып бұлтартпау шаралары табылады. Олар, басқа мәжбүрлеу шаралары сияқты, қылмыстық іс жүргізу міндеттерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында және заңмен белгіленген тәртіп бойынша қолданылады (ҚР ҚІЖК-нің 18 тарауының 139-155 баптары).

Бұлтартпау шаралары жалпы ереже бойынша айыпталушыға, сондай-ақ сотталушыға, ал сезіктіге ерекше жағдайларда қолданылады. Осыған сәйкес, сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде бұлтартпау шарасын қолдануды негізінен қылмыстық ізге түсу органы шешетін болса, ал соттағы өндіріс кезінде бұл мәселені сот, судья шешеді. Сотқа дейінгі өндірісте қамауға алу және үйде қамап ұстау бұлтартпау шараларын қолдану құқығы соттың құзіретіне жатады.

Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 139-бабында бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері туралы былай деп жазылған: айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады не істі  сотта объективті зерттеуге және талдауға  бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде ол адамға ҚР ҚІЖК-де көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолданады. Осындай қылмыстық процестің міндеттерін орындауға кедергі келтіретін жағдайларды болғызбау бұлтартпау шараларын қолданудың тікелей мақсаты болып табылады. Ал бұл мақсаттың орындалуы ҚР ҚІЖК-нің 8-бабында көрсетілген қылмыстық процестің тікелей міндеттерін орындауға мүмкіндік туғызады.

Бұлтартпау шараларының проблемалары теорияда, құқықта және қылмыстық процесс практикасында зерттеліп  шешілуі тиіс. Бұлтартпау шарасын қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің бір түрі ретінде қарағанда мынаны ескеру қажет: бұлтартпау шаралары туралы заң нормаларының жиынтығы қылмыстық-процессуалдық құқықтың бір саласын құрайды. Ол қылмыстың алдын-алуға, оны болдырмауда ең керекті құрал болып табылады. Қылмыстық процесс теориясы  бұлтартпау шарасын  қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларының бір түрі ретінде қарастырады.

Ал, З.Ф.Коврига бұлтартпау  шараларына келесідей  түсінінік береді: «Бұлтартпау шарасы айыпталушының немесе, ерекше жағдайларда, сезіктінің әрекет бостандығын, процессуалдық міндеткерліктерін орындау мүмкіндігін мәжбүр ету арқылы шектеу», — дейді [3. С.23].

М.А.Ковалевтың ойынша бұлтартпау шарасы мәжбүрлі түрде және қылмыстық процесстің кез келген сатысында анықтаушы  мен тергеушінің, прокурордың, соттың қолданатын процессуалдық әрекеті  [4. С.32].

Сөйтіп, әдебиетте бұлтартпау шарасының түсінігіне әр түрлі анықтама берілген. Біздің көзқарасымыз бойынша, ең толық анықтаманы тұжырымдап берген  М.С.Строгович. Оның айтуынша: «Бұлтартпау шарасы дегеніміз — заңмен белгіленген айыпталушының  (сезіктінің) бостандығын шектейтін және оның мына мақсаттарын орындауға мүмкіндік бермеу шарасы:

 — анықтау мен тергеуден, соттан бой тасалаудың алдын алу;

          — іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі жасауының алдын алу;

 — қылмыс жасауын жалғастыра беруінің  алдын алу» [5. С. 29].

Аталған ғалымдардың пікірлерін ескере отыра және қолданыстағы заңнаманы негізге ала отырып, біз бұлтарпау шаралары түсінігіне келесідей анықтама береміз:

Бұлтартпау шаралары – айыпталушы, ерекше жағдайларда, сезікті анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі  объективті зерттеуге және талдауға  бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде қолданатын, қылмыстық процестің міндеттерін орындауға бағытталған қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары.

Ал, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне келетін болсақ, айыпталушы (сотталушы) бостандықта жүрсе, тергеуден, соттан бой тасалап қалады немесе қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі жасайды немесе қылмыс істеумен шұғылдана береді деп ойлауға жеткілікті негіз бар болса, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін, анықтаушы, тергеушінің, прокурордың, соттың айыпталушыға қатысты  мынадай бұлтартпау шараларының бірін қолдануға құқығы бар:

— ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру;

— жеке кепілдік;

— әскери   қызметшіні   әскери   бөлім   командованиесінің бақылауына  беру;

— кәмелетке толмағанды қарауына беру;

— кепіл;

— үйде қамап ұстау;

— қамауға алу.

Бұлтартпау шарасын қолдану азаматтардың аса қажетті бостандықтарын шектеуімен байланысты, ал нақтысы, ол жеке бостандығына құқығын, жүріп тұруына, тұрғылықты жерін ауыстыруға құқығы. Бұлтартпау шарасы заң негізіне сай дұрыс мақсатта, бұрмалаусыз, құқықтық процедураны сақтай отырып жүзеге асырылуы керек.

Айыпталушыға  қатысты  бұлтартпау шарасын қолданғанда оны жазалау мақсаты көзделмейді. Бұл жөнінде М.А.Чельцовтың  айтқаны дұрыс. Оның айтуынша, кейбір бұлтартпау шаралары жазалау шаралары сияқты азаматтың жеке құқықтық игіліктерін сырт жақтан қарағанда шектейді, мысалы, қамауға алу [6. С.35].

Бұлтартпау шараларының өзіндік арнайы мақсаттары бар:

біріншісі, айыпталушының соттан, тергеуден, анықтаудан  жалтарып  кетуіне жол бермеу;

екіншісі, айыпталушының істің мән-жайын анықтауға кедергі келтіруіне жол бермеу;

үшіншісі, айыпталушының (сезіктінің) алдағы уақытта қылмыстық әрекет жасауын болғызбау;

төртіншісі, үкімді орындауды қамтамасыз ету.

Бірінші мақсат дәлелдемелерді жинау мен зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуге айыпталушының (сезіктінің) қатысуын қамтамасыз ету және сотта іс жүргізуге қатысуын қамтамасыз етумен байланысты. Сонымен қатар бұл  мақсат сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны орандаумен де байланысты.

Екінші мақсат айыпталушының жәбірленушімен, куәлермен, сарапшымен келісімге келмеуі,  басқа айыпталушымен келіспеуімен де, сонымен қатар, заттай дәлелдемелер мен құжаттарды жасыруына немесе фальсификация жасауына жол бермеу үшін қажет. Бұл мақсаттың маңызы біз айыпталушыны жоғарыда аталған әрекеттері үшін жауапқа тарта алмаймыз немесе оны дәлелдеу қиынға соғады.

Үшінші мақсат қылмыстық әрекеттерді жалғастырудың  алдын алуды білдіреді және айыпталушының басқа да қылмыс жасауын болғызбау болып табылады. Бұлтартпау шарасының алдыңғы екі мақсаты қылмыстың алдын алумен байланысты емес, ол тек айыпталушының керек емес теріс қылықтарының болмауын қажет етеді.

Сондықтан  «бұлтартпау шарасы» деген атау бұл институттың толық мазмұнын ашпайды. Кейбір авторлардың айтуына қарағанда, атауы өзгертіліп, бұл институтты «қамтамасыз ету» шарасы деп атаған жөн [7. С. 33].

Төртінші мақсат  бұлтартпау шарасының біріншісіне ұқсас сияқты болып келеді. Бұдан айыпталушының тергеуден, соттан жалтаруына болмайтындығын ескере келе, біз үкімнің орындалуына мүмкіндік береміз. Егер бұл бұндай болған жағдайда төртінші мақсаттың қажет емес екендігін білеміз. Бірақ кейбір авторлар бұл мақсатты басқаша түсінеді. Олардың ойынша, бұл тек сотқа ғана тән, яғни айыптау үкімі шығар кезде оны апелляциялық инстанцияда өзгертусіз қалдыруды орындау үкімі шыққанға дейін. Осыдан сот өзі шығарған немесе өзгертусіз қалған үкімді орындауға мүмкіндік береді. Бірақ бүған жету үшін айыпталушының соттан жасырынуына болмайды, яғни бұл бірінші мақсатпен түйісіп тұр. Сондықтан бұл мәселе сотқа ғана тән емес, бүкіл құқық қорғау органдарына тән

 А.Д. Буряков былай деп көрсеткен: “Бұлтартпау шарасын қолдану айыпталушыға (сезіктіге) моральдық жағынан әсер етеді”  [8. С. 24],  ал Коврига З.Ф. :“Бұлтартпау шараларын қолдану қоғамды қауіпті адамдардан сақтайды”,- деп көрсеткен [9. С.33].

ҚР ҚІЖК-нің 139-бабына сай айыпталушы анықтаудан, алдын-ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттілігі шегінде, ол адамға осы кодексте көрсетілген бұлтартпау шараларының бірін қолданады делінген.

Бұлтартпау шаралары —  қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің бір түрі болғандықтан оны қолдану заңға қайшы, қоғамға қауіпті іс-әрекетті айыпталушының жасамауына және оны тоқтатуға бағытталған. Өзінің мазмұнына қарай бұлтартпау шаралары айыпталушыға психологиялық немесе физикалық әсер етеді және де оның мүліктік құқықтарына, жеке мүддеріне шектеу салады.

Кейбір әдебиетте “қамтамасыз ету шарасы” деген термин “бұлтартпау шарасы” деген терминге қарағанда қолайырақ деген пікірлер айтылған. Біздің ойымызша,“бұлтартпау шарасы” термині қылмыстық –процессуалдық заңда және практика  жүзінде үйреніп кеткендіктен, оны басқа терминге ауыстыруды қажет етпеді.

Сонымен, бәрін жинастырсақ, бұлтартпау шаралары – айыпталушы, ереекше жағдайларда, сезікті анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі  объективті зерттеуге және талдауға  бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде қолданатын, қылмыстық процестің міндеттерін орындауға бағытталған қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары.

Бұлтартпау шаралары —  бұл мемлекеттік процессуалдық  мәжбүрлеу шарасы дегенімізде, бұл жерде осы шараны қолдануға құқығы бар мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өздерінің қылмыстық-процессуалдық құзыретін жүзеге асыру барысында, яғни алдын-ала тергеу мен қылмыстық істер бойынша сот өндірісі сатысында қолдануын білдіреді.

Бұлтартпау шарасын қолдануға заңмен белгіленген құзыретті тұлғаларға мыналар жатады: анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот (судья).

Тәжірибе жүзінде бұлтартпау шараларын қолдану барысында қателіктер жиі жіберіледі, әсіресе бұл қамауға алуға байланысты болады. Айыпталушыға (сезіктіге) психологиялық жағынан қысым жасай отырып оған тиісті көрсетулерді мойындатуды мақсат етіледі. Бұлтартпау шарасы мәжбүрлеу шарасы ретінде белгілі-бір мән-жайлар,  айыпталушының жеке басына, жынысына, тұрғылықты тұратын жерінің болуы т.б.  ескеріле отырып таңдалуы қажет [10. С.32].

 Тәжірибеде көбіне айыпталушының мүдделері ескерілмейді, яғни оның құқығы, бостандығы және заңды мүдделері  бұлтартпау шараларын қолданған кезде ескерілмейді, әсіресе ол бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданған кезде болады. Бұл Қазақстан Республикасы  Конституциясымен бекітілген тұлғаның құқықтары мен бостандығының кепілдігіне қайшы келеді.

Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Ата заңымызда орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары тұжырымдалған Халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды [11. С.41].

 Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқығына қажетті тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасқан. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқығын тікелей реттемейді. БҰҰ-ның Жарғысы (1-баптың 3- тармағы)  мемлекеттердің аумағында  тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен, негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ-ның осы мәселе бойынша: “Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы” (1948), “Қандай да болмасын түрдегі қамалғандар мен ұстауға ұшыраған барлық тұлғаларды қорғаудағы қағидалар жинағы” (1998)  және тағы басқа бірқатар құжаттар қабылданды [12. С.230].

 Халықаралық құқықтық құжаттар адам құқығы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы мен бостандығы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын  қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды.

“Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан  жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” (ҚР Конституциясының 12-бабы). Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқығының негіздерінде оларды нығайтатын және олардың құқықтық мәртебесінің жүзеге асырылуына ықпал ететіндей негізгі барлық қағидаларды жинақтайды. Мұндай қағидалардың қатарына мыналар жатады:

  1. Адам құқығы мен бостандығының айнымастығы;
  2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды теріс пайдалануға тыйым салынуы;
  3. Конституциялық құқықтар мен бостандықтың заңсыз шектелуіне тыйым салынуы;
  4. Заңдар мен өзге нормативтік құқықтық актілердің адамның Конституциялық құқықтары мен бостандықтарының мазмұны мен қолдануын қамтамасыз ету қағидасы;
  5. Құқықтың, бостандықтың және міндеттіліктің бірлігі, бөлінбейтінділігі, адам  мен азаматтың құқықтық мәртебесінің басты қағидасы болып табылады. Егер өміріне, денсаулығына, бостандығына, азаматтық қадір-қасиетіне қауіп төнсе әр адам мемлекеттік органдардан көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы.

Міне, осы Ата заңымызға сүйене отырып тергеуші, анықтаушы, прокурор, судья айыпталушыға (сезіктіге), ең біріншіден, қылмыскерлер деп қарамай, өздері сияқты адам ретінде оларға мәжбүрлеу шарасын тек оған объективті түрде негіз болған кезде, айыпталушының (сезіктінің) жеке басының ерекшеліктерін ескеріп,  жасына, жынысына, айыпталып жатқан қылмыстың ауыр не жеңілдігіне қарай бұлтартпау шарасын қолдану керек. Қылмыстық  ізге түсуді жүзеге асыратын тұлғалар айыпталушыны қылмыстық жауапкершілкке тартумен қатар,  заңмен кепілдік берілген айыпталушының құқықтарын да қорғау керек. Бұлтартпау шараларын  кейбіреулер  қылмыстық жазалау шараларымен бірдей деп  түсінеді. Бірақ та бұлтартпау шарасын –  құқықтық жазалау шарасы деп  айтуға болмайды. Бұл екі шараның  айырмашылығына келетін болсақ,олар келесідей:

Біріншіден, бұлтартпау шарасы мен қылмыстық жазалау шарасының мақсатына байланысты. Қылмыстық  жазалау шарасының мақсаты – бұл жасаған қылмыс үшін сотталғанға жаза қолдану, оны түзеу мен қайта тәрбиелеу  болып табылады. Ал, бұлтартпау шарасын қолданудың мақсаты —  айыпталушының (сезіктінің) тергеу органдарынан қашып кетпеуінің, шындыққа жетуде кедергі келтірмеуінің алдын алу. Жазалау шарасы бұл мақсатты көздемейді, өйткені жазаны қолдану туралы шешім қылмыстық сот  өндірісінің соңғы кезеңінде шешіледі, яғни сотталушының кінәлілігін сот шешкен кезде [13. С.44];

 Екіншіден, қылмыстық жазалау шарасы тек сотталған  адамдарға , яғни соттың заң күшіне енген үкімімен қолданылады, ал бұлтартпау шарасы айыпталушыға, сезіктіге кей жағдайда сотталушыға үкім заңды күшіне енгенге дейін  қолданылады;

Үшіншіден, бұлтартпау шарасын тек сот қана емес, сонымен қатар басқа да органдар қолданады – прокурор, тергеуші, анықтаушы. Ал қылмыстық жазалау шарасы заңға сай тек сот үкімімен қолданылады;

Төртіншіден, бұлтартпау шарасының институты – қылмыстық іс жүргізушілік болса, ал қылмыстық жазалау шарасының институты – ол қылмыстық — құқықтық болып табылады.

Бұлтартпау шарасы – қылмыстың алдын-алудың қолайлы құралы және қылмыстық сот өндірісіне басқа да сұрақтарды шешу үшін  қолайлы болып табылады. З.Д.Еникеевтің көрсетуі бойынша, қылмыстық істердегі қолданылған бұлтартпау шарасы 96,3- 97,2 % — ті құрайды [14.С. 56].

Қолданыстағы заңнамада бұлтартпау шараларының жеті түрі белгіленген. Олар:

— ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру;

— жеке кепілдік;

— әскери   қызметшіні   әскери   бөлім   командованиесінің бақылауына  беру;

— кәмелетке толмағанды қарауына беру;

— кепіл;

— үйде қамап ұстау;

— қамауға алу.

Е.Е. Ерешевтің пікірінше бұл аталған шараларды, олардың сипатына қарай және кімдерге қолданылатындығын ескере отырып, екі топқа бөлуге болады:

  1. Бұлтартпау шараларының жалпы түрлері;
  2. Бұлтартпау шараларының арнайы түрлері [ C 185].

          Бірінші топқа мына шаралар жатқызылады: ешқайда кетпеу және өзін өзі  дұрыс ұстау туралы қолхат алу, жеке  кепілдік, кепіл,үйде қамап ұстау, қамау. Бұл топқа жататын шараларды қолдану үшін айрықша  талаптар қойылмайтын болғандықтан, оларды бұлтартпау  шараларының жалпы  түрлері деп атаймыз.

         Екінші топқа жататын бұлтартпау  шараларының түрлері: әскери  қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру, кәмңлетке толмағанды қамауға беру. Бұл шаралардың ерекшелігі — олардың аталған  субъектілер үшін көзделетіндігі болып табылады. Дегенмен, бұл субъектілерге де қажет болған жағдайда  бұлтартпау шараларының жалпы түрлерін қолдануға тыйым салынбайды. Мәселен, әскери қызметші ауыр қылмыс жасаған жағдайда, тергеуші оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдана алады. Ал, кәмелетке толмағандарға, мүмкіндігінше, ата-анасының немесе сенімге ие басқа адамдардың қарауына беру шарасы кеңірек қолданылуға тиіс.

 

Осы тараушада айтылғанды қорытындылай келе, келесі тұжырым жасауымызға болады:

  1. Бұлтартпау шаралары – айыпталушы, ерекше жағдайларда, сезікті анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі объективті зерттеуге және талдауға  бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде қолданатын, қылмыстық процестің міндеттерін орындауға бағытталған қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары.
  2. Бұлтартпау шараларының өзіндік арнайы мақсаттары:

біріншісі, айыпталушының соттан, тергеуден, анықтаудан  жалтарып  кетуіне жол бермеу;

екіншісі, айыпталушының істің мән-жайын анықтауға кедергі келтіруіне жол бермеу;

үшіншісі, айыпталушының (сезіктінің) алдағы уақытта қылмыстық әрекет жасауын болғызбау;

төртіншісі, үкімді орындауды қамтамасыз ету.

  1. Бұлтартпау шараларын олардың сипатына қарай және кімдерге қолданылатындығын ескере отырып, екі топқа бөлуге болады:
  • Бұлтартпау шараларының жалпы түрлері;
  • Бұлтартпау шараларының арнайы түрлері.

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері мен шарттары

 

         Бұлтартпау шаралары қылмыстық іс жүргізу органы жалпы ереже бойынша айыпталушыға, ерекше жағдайларда сезіктіге, немесе сотталушыға заңда көрсетілген тәртіп бойынша қолданатын мәжбүрлеу шараларының жеке тобы болып табылады.       

Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 139-бабына сәйкес айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады не істі  сотта объективті зерттеуге және талдауға  бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде ол адамға ҚР ҚІЖК-де көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолданады.

Бұлтартпау шаралары тек заңда белгіленген негіздерге сәйкес қолданылады.

Өкінішке орай, заң әдебиетінде бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері деген түсінікке ешқандай анықтама берілмеген. Әдебиетте кездесетін жалпы процессуалдық шешімдердің негіздеріне байланысты берілген анықтамаларды ескере отырып, біз бұлтартпау шараларын қолданудың негіздеріне келесідей анықтама береміз:

Бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері –айыпталушыға, ал ерекше жағдайларда – сезіктіге, қатысты нақты бұлтартпау шарасын қолданудың қажеттігін анықтайтын заңда белгіленген мән-жайлар.

Сонымен, бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері болып табылады:

1) айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады деп ойлауға жеткілікті негіздің болуы;

2) айыпталушы істі  объективті зерттеуге және талдауға  бөгет жасайды деп ойлауға жеткілікті негіздің болуы;

3) айыпталушы қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздің болуы;

4) үкімді орындауды қамтамасыз ету.

Айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады деп ойлауға жеткілікті негіздің болуына келесі жағдайлар себеп болады: айыпталушының бұрын сотталуы, жанұясының, тұрақты тұратын жерінің болмауы, ұйымдасқан топтың құрамында болуы, материалдық жағдайының мүмкіндіктері, ауыр және аса ауыр қылмыс жасауы және т.б.

Айыпталушы істі  объективті зерттеуге және талдауға  бөгет жасайды деп ойлауға жеткілікті негіздің болуына келесі жағдайлар себеп болады: айыпталушының бұрын сотталуы, дәлелдемелерді тапсырудан жалтаруы, оларды жоюға тырысуы, жәбірленушіге, куәларға қысым жасауы және т.б.

Айыпталушы қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздің болуына келесі жағдайлар себеп болады: айыпталушының бұрын сотталуы, нашақор, маскүнем болуы, ұйымдасқан топтың құрамында болуы және т.б.

Бұлтартпау шарасын қолдану қажет екендігі жөніндегі және бұлтартпау шарасының қандайын қолдану жөніндегі мәселені шешерде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 139 — бабында көрсетілген мән-жайлардың үстіне, сонымен қатар, тағылған айыптың ауырлығын, айыпталушының жеке басы, жас мөлшері, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шүғылданатындығы, мүліктік жай-күйі, тұрақты тұратын жерінің бар-жоғы және басқа да мән-жайларын ескеруге тиіс

Процессуалдық әдебиетте бұлтартпау шарасын таңдауға  айыпталушының жеке басын, шұғылданатын кәсібін, жұмысын, семьялық жағдайын және тағы басқа жағдайларды ескеру керек дейді.

Бұлтартпау шарасын кез келген қылмыстық іс үшін қолдана беру міндетті емес. Бұлтартпау шарасын қолдану — тергеушінің еркіне жатады, оның міндеттілігі болмайды  [16. С.35].

Бұлтартпау шарасының жүйесі тергеушіге оны нақтылап таңдап қолдану кезінде қылмыстың ауырлығын, айыпталушының жеке басын және тағы бірқатар жағдайларды ескеруге мүмкіндік береді. Қадағалау жүргізген кезде прокурор мынаны ескеру кажет: кез келген бұлтартпау шарасын колдану азаматтың белгілі бір жеке бостандығын шектейді, сондықтан ол тек қажет жағдайларда қолданылуы тиіс.

Тергеуші немесе анықтаушы жасырынған адамға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдануы мүмкін. Жедел-іздестіру жүргізу шаралары анықтау  кезінде немесе алдын-ала тергеуде іс қаралған кезде, сонымен қатар, іс уақытша тоқтатылған кезде де жариялануы мүмкін. Жедел іздестіру жұмысына қадағалауды прокурор жүргізіп отырады .

Айыпталушының тұрақты тұрғылықты жері немесе тұрақты жұмысы болмағандықтан оған бұлтартпау шарасын жасырынып кетпеуі үшін қолданамыз, оның бұрын сотталғандығын, қылмыспен байланысы болуы, кылмыс жасағаннан кейін коғамға қарсы теріс қылық жасауы, өзінің іс- әрекетіне есеп бермеуі айыпталушының қылмыстық әрекеттерді жасауына негіз болуы мүмкін, істің ақиқатын анықтауға қауіпті төндіруі — куәларды, жәбірленушіні, басқа айыпталушыларды қорқытуы немесе басқа жолмен өзіне қаратып өтірік жауап айтқызуы, айғақ заттарды жойып жіберуі немесе жалғандық жасауы, эксперттерге ықпал етуі және тағы баска тәсілдерден тұрады.

Белгілі бұлтартпау шарасы айыпталушыға  қолданылатын жазамен теңесуі керек. Мысалы: егер жасаған қылмысы бойынша қолданылатын жазасы бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстарын қолданумен байланысты  болса, айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдануға мүмкін болмайды, жеңіл жазамен қатар ауырырақ бұлтартпау шарасын қолдану қажет. Егер айыпталушының жеке басы мен қажеттілік жағдайы ауырырақ бұлтартпау шарасын қолдануды қажет деп тапса.

Бұлтартпау шарасын қолдануды шешкен кезде тергеуші қылмыстың ауыртпалығын; тергеу мен соттан жасырынып кетпеуін; қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі жасайтындығын; қылмыс жасаумен шұғылдана беретіндігін немесе үкімнің орындалуына кедергі келтіретіндігін ескереді. Сонымен қатар, оның жеке басын (айыпталушының, сезіктінің), шұғылданатын кәсібін, жасын, денсаулығын, семьялық жағдайын, тұрғылықты жерін және т.б. ескереді.

Бұлтартпау шарасын қолдануға жеткілікті себептері және мақсаттары болса, яғни бұларға  қажет болғанда, тергеуші, анықтау органы және соттың бұлтартпау шарасын қолдануы тек құқығы ғана емес, міндеттілігіне де жатуы мүмкін.

Бірнеше құқықтық шарттарды сақтай отырып, бұлтартпау шарасын қолдануға  болады.

Біріншіден, бұлтартпау шарасы тек қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін. Бұл адамға қол тигізбеу құқығына кепіл болады және оны негізсіз, еріксіз қамауға  және басқа да мәжбүр ету шараларын қолданбауға кепіл болады.

Екіншіден, бұлтартпау шарасы қылмыстық жазаға қарағанда жеңілдеу болуы керек. Егер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабының санкциясында бас бостандығынан айыру екі жылдан аспаса, онда бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдануға рұқсат етілмейді.

 Үшіншіден, кез келген бұлтартпау шарасын қолданудың шарты — адамды айыпталушы немесе сезікті ретінде тану.

Бұлтартпау   шарасы   жазалау   шарасынан   біраз   белгілері бойынша ажыратылады:

1) бұлтартпау шарасы айыпталушы, сезіктіге қолданылады, ал жазалау шарасы соттың үкімімен қылмыс жасады деп айып тағылған адамдарға колданылады,

2) бұлтартпау шарасының мақсаты жазалау шарасынан өзгеше. Мұнда бұлтартпау шарасының мақсаты — айыпталушыға тергеу органы мен сотқа кепіл тұратын процессуалдық әрекетін қамтамасыз ету. Жазалау шарасы жасаған кылмысы үшін сазайын тарту арқылы, оны түзеу жолына қою    және тәрбиелеу мақсатын көздейді және сотталушының жана қылмыс жасамауын ескерту;

3) жазалау шарасы тек үкім аркылы қолданылады, ал бұлтартпау шарасы анықтаушы мен тергеушінің, прокурордың каулысы немесе соттын шешімі бойынша тағайындалады;

4) бұлтартпау шарасы уақытша ғана болады және ол өзгертілуі немесе тоқтатылуы мүмкін анықтау мен тергеу жүргізу сатысында және сотта іс каралып жатқан кезде, ал үкім егер заңды күшіне енген және рәсімделген болса, онда өзгеріске жатпайды.

Тұлғаға бұлтартпау шаралары қолданылған кезде, міндетті түрде Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу заңдарында бекітілген қағидалар сақталуға тиіс. Сол қағидалардың бірі — азаматтың жеке басына тиіспеушілік.

Бұл принциптің негізіне Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактідегі әрбір адамның бостандыққа және жеке басына тиіспеушілікке құқығы бар екені жөніндегі ереже алынған.

Адамның жеке басының бостандығына конституциялық құқығы оның жеке басына тиіспеушілікпен тікелей байланысты. Конституцияның 16 және 17 баптарынан мыналар туындайды:

  • әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар;
  • тұтқындауға және қамауға ұстауға тек қылмыстық ізге түсуге байланысты ғана жол беріледі;
  • тұтқындалған және қамауда ұсталған адам бұл әрекеттерге сотқа шағымдануға құқылы;
  • жеке басының бостандығына өз құқығын қорғау кезінде адам ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалана алады;
  • ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды .

Бұл ережелер ҚР ҚІЖК-нің 14-бабында нақты  келтірілген, оның өзі бұл принциптің мәртебелі, ізгі міндеттер атқаратынын дәлелдейді.

Ұстауға, қамауға алуға немесе бостандықтан өзгедей айыруға салынған тыйымды ол адам қылмыс жасауға қатысты деген болжам жасау үшін заңды және жеткілікті негіздер бар болған жағдайда алып тастауға болады. Сонымен бірге кімнің де болсын жеке басына тиіспеушілікті бұзу үшін негіз етіп алынатыны – қылмыс жасады деген кез келген сезік емес, тек қылмыстық заңда екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмысты жасады деген сезік. Бұл жалған негіз екеніне қарамастан, заң шығарушы басшылыққа алған өлшемдерге назар аудару қажет: сот тағайындауы мүмкін бас бостандығынан айыру ,сот іс бойынша шешім шығарар алдындағы кезеңдерге жеке бас бостандығы жөніндегі құқыққа іс жүзінде шек қойылуына негіз болмақ. Айыпталушының жеке басының бостандығы соттың іс бойынша шешімінде белгіленгендегіден анағұрлым ұзақ мерзім бұзылмайтынының кепілі – процесте айыпталушы сотқа дейінгі кезеңдерде қамауда болған уақыты бас бостандығынан айырудың іс жүзіндегі мерзімі, адам қамауда болған уақытты қоса, сот бас бостандығынан айыру түрінде белгілеген жазаны өтеу уақытынан аспайды.

Адамды қамауға алуға тек соттың санкциясымен ғана жол беріледі, оның өзі адамды жеке басының бостандығы құқығынан айыру кезінде заңдылық сақталатынының қосымша кепілі болып табылады. Кейінге қалдыруды қажет етпейтін жағдайларда адам жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге сезікті ретінде ұсталуы мүмкін, осы уақыт өткеннен кейін ол босатылуы тиіс немесе соттың санкциясы алынуға тиіс. Стационар жағдайларында сот-психиатрлық сараптаманы мәжбүрлеп жүргізу қажет болған кезде шешімді сот қабылдайды және жеке бас бостандығының бұзылуына әкеліп соғатын ондай мәжбүрлеуге одан басқа ешқандай лауазымды адам немесе орган санкция бере алмайды. Сот-медицина сараптамасын жүргізу үшін адамды медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру кезінде соттың шешімі  қажет. Осы айтылған жағдайларда адамды мәжбүрлеу — бас бостандығына құқықты бұзу нысандарының бірі. Сот-психиатрлық немесе сот-медициналық сараптамасын жүргізу үшін медициналық мекемеге адамды орналастырудың ерекше процедурасын осы жағдаймен түсіндіруге болады.

Ұсталған әрбір адамға ұстаудың негіздемесі, сондай-ақ ол жасады деп сезік келтірілген немесе айып тағылған қылмысқа заң айқындамасы дереу түсіндіріледі. Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың ұстау негіздемесін хабарлауға байланысты қауырт қимылдауы — осы жағдайларда заңдылықтың сақталуының тиімді кепілі. Бұл мәселелерде кешігудің болмайтыны мына себептерге байланысты:

  • адамның жеке басына тиіспеушілік принципі бұзылады, оның өзі ұстауды жарамсыз деп тануға және ұстау туралы қабылданған шешімді бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін (ҚР ҚІЖК 9-бабы);
  • ұсталған адамның жеке басына тиіспеушілік құқығын қалпына келтіру мақсатында адвокат (қорғаушы) қызметтерін пайдалану құқығы бұзылады (ҚР ҚІЖК 68 -бабы);
  • сезікті, айыпталушы қылмыстық ізге түсу органдарының заңсыз әрекеттеріне шағымдану жөніндегі белсенді іс-қимыл жасайтын уақыт өтіп кетеді.

Адамның жеке басына тиіспеушілік принципін сақтау — заңсыз ұсталған немесе қамауға алынған, не медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған адамды соттың, қылмыстық ізге түсу органының дереу босатуды талап етеді. Адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің заңсыз бұзылғанын прокурор жүзеге асыратын заңдылықты қадағалау барысында, сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органы жасалған қылмыс жағдайларын анықтау кезіндегі қылмыстық ізге түсу барысында, сондай-ақ істі соттың қарауы кезінде анықтауға болады. Дереу босату жөніндегі талап адам тергеу изоляторында қамауға алу қаулысында көзделген мерзімнен артық ұсталған, яки бас бостандығынан айыру органдарында сот белгілеген мерзімнен астам ұсталған жағдайларда да қатысты.

Адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің мазмұнына қылмыстық процеске қатысушы кімге де болсын күш қолдануға, қатал немесе адамның қадір-қасиетін түсіретін әрекет жасауға салынған тыйым кіреді. Күш қолдану, қатал немесе адамның қадір-қасиетін түсіретін әрекеттің адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының әлдеқалай бұзылуына жол бермейтін іс жүргізу әрекеттеріне ешқандай қатысы жоқ. Сот ісін жүргізу барысында күш қолдануға, қатал немесе қадір-қасиетін түсіретін әрекетке жол берілуі іс жүргізу әрекеттерінің заң нұсқауларынан өрескел түрде шегіне отырып жүргізілгенін білдіреді, оның өзі сол іс жүргізу әрекеттерін жарамсыз, ал осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады.

Адамның  өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін іс жүргізу әрекеттеріне ешкімді қатыстыруға болмайтыны туралы анықтама осы ережеге бір табан жақын. Адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін іс жүргізу әрекеттері Қазақстаан Республикасы  Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделмеген. Әңгіме қылмыстың мән-жайын модель түрінде қалпына келтіруді немесе техникалық құралдар қолдануды қажет ететін іс жүргізу әрекеттері жайында болып отыр. Мысалы, жол көлік оқиғасы туралы іс бойынша тергеу экспериментін жүргізу бұрын болған оқиға жәбірленуші қайтадан дене жарақатын алатындай етіп қалпына келтірілуіне жол берілмейді.

 Іс жүргізу әрекеттері үшін пайдаланылатын техникалық құралдардың таңдап алынуы іс жүргізу әрекеттеріне қатысушылар үшін олардың мүлдем қауіпсіз болуын қамтамасыз ететін жайттарға негізделуге тиіс. Мұнымен бірге сот ісінде орындалуы адамның жеке басына тиіспеушіліктің бұзылуына әкеліп соғатын шешімдердің орын алуы мүмкін. Мысалы, соз аурулары мен өзге де жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында сараптама  үшін үлгілердің мәжбүрлеп алынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда заңда прокурор санкциясының немесе соттың тиісті шешімінің міндетті түрде алынуы көзделген (ҚР ҚІЖК-тің 263-бабы).

Адамның жеке басына тиіспеушілік жөніндегі талап адам қамауға алынған кезде қатаң сақталуға тиіс. Уақытша қамауда ұстау бөлмесіндегі жағдайлар қамаудағы адамның өмірі мен денсаулығына қатер төндірмейтіндей болуға тиіс.

Бұлтартпау шараларын қолдануға қатысты тағы да бір қағида — қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде қылмыстық процеске қатысушы адамдардың абыройын түсіретін немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс әрекеттерге тыйым салу. Бұл принцип негізіне Конституцияның 34-бабы алынған, онда былай делінген: «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті». Бұл негіз адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны туралы Конституцияның басқа қағидасымен (17-бап) күшейтіле түскен. Қол сұғылмастық және құрметтеу ұғымы бірін-бірі өзара толықтырады және оларды құқықпен қамтамасыз ету құралдарымен байланысты. Құрметтеу, қол сұқпаушылықтан көрініс табады және керісінше – қол сұқпаушылықты сақтау құрмет сезімін білдіру әдістерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге абырой мен қадір-қасиетті құрметтеу принципінің мәні мұны шектемейді.Адамның қадір-қасиетіне қол сұқпаушылық әрбір адамның жеке құндылығын, оның ой-қалпын тануға негізделген. Адам – бағалы  ой-өріс пен ізгілік иесі. Әрбір адам дербес ой- ойлау және іс — қимыл жасау құқығын құрметтеу мен тануға лайық.

Қаралып отырған принцип мәнін тікелей түсіндіру дегеніміз —  Қазақстандағы әрбір адамның қажетті, тиісті, оның аумағында басқа адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу, қоғамның даусыз элементтері деп қабылдауына байланысты мінез-құлқының түрі мен шарасы деп тану. Біреулердің құқықтары мен бостандықтарға ие болуы оларға басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету міндетін жүктейді. Бұл принцип жанама субъективті факторлардың түр сипатына қарамастан, кез келген адамның абыройы мен қадір-қасиетін қорғайды.

Жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципі дербес принцип ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 13-бабында тұжырымдалған және мына ережелерді қамтыған:

  • жеке адамның абыройын түсіретін және қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер қабылдауға тыйым салынады;
  • жеке адамның абыройын түсіретін және қадір-қасиетін кемсітетін іс әрекеттерге тыйым салынады;
  • адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді, сонымен бірдей адам құпия сақтау қажет деп санайтын мәліметтерді жинауға, пайдалануға және таратуға жол бермейді;
  • қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтірілген моральдық зиянды өтеткізу құқығы.

Жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципінің белгілері:

  • қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттерімен адамға келтірілген зиян тек моральдық сипатта болуы мүмкін, материалдық сипаттағы зиян, мысалы, адамның жеке басына тиіспеушілік принципі бұзылған кезде орын алуы мүмкін.
  • адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді жинау, пайдалану және тарату, оның жақсы атына зиян келтіру және оның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы кезінде кедергі жасауы мүмкін кез келген жағдайда немесе заңды, жеке құпия болып табылатын мәліметтерді жария еткені үшін жауаптылық көзделсе (мысалы, асырап алу құпиясын асырап алушының немесе асырап алынған баланың еркініне қарамастан жария етуі) жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципі бұзылды деп саналады;
  • қылмыстық процесті жүзеге асырушы органдардың қызметі қылмыстық сот ісін жүргізуге қамтылған адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципін қамтамасыз етуге (сондай-ақ бұл принципті сол адамның туыстары мен жақындары жөнінде қамтамасыз етуге мысалы, айыпталушы балаларының, зайыбының, ата-анасының т.б жеке өмірі туралы мәліметтердің таратылуын жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципін бұзу деп санау керек) бағытталған;

    Ақтау негіздемесі бойынша қылмыстық ізге түсудің тоқтатылуын қаралып отырған принципті бұзу деп түсіну қажет, оның құқықтық салдары келтірілген моральдық зиян үшін сөзсіз өтем төлеу болып табылады.

       Тұлғаға бұлтартпау шарасын қолдану — оның жеке бостандықтарын шектеумен байланысты. Кінәсіздік презумпциясына сәйкес сот үкімі шыққанға дейін сезікті, айыпталушы тұлға кінәсіз болып есептеледі. Сондықтан тұлғаға бұлтартпау шарасын қолданған кезде осыны еске сақтауға міндеттіміз. Әсіресе, тұлғаны қамауға алу; үйде қамап ұстау, әскери қызметшісіні әскери командованиесінің қарауына беру шараларын қолданған кезде. Кінәсіз тұлғаға бұлтартпау шарасының қолданылуы, шараның ауырлығы ескерілмеген жағдайда да, мықты моральдық зиян келтіреді, оның қадір-қасиетіне зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан, кез келген тұлғаға бұлтартпау шарасын қолданған кезде, оның қадір-қасиетні құрметтеуге тырысу керек, себебі бұлтартпау шарасы, алдын ала тергеу кезінде, іс қозғалғаннан бастап қолданылады, ал тұлға, соттың үкімімен ғана кінәлі деп табылуы мүмкін.

Осы тараушада айтылғанды қорытындылай келе, келесі тұжырым жасауымызға болады:

  1. Бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері: айыпталушыға, ал ерекше жағдайларда – сезіктіге, қатысты нақты бұлтартпау шарасын қолданудың қажеттігін анықтайтын заңда белгіленген мән-жайлар.
  2. Бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері болып табылады:

1) айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады деп ойлауға жеткілікті негіздің болуы;

2) айыпталушы істі  объективті зерттеуге және талдауға  бөгет жасайды деп ойлауға жеткілікті негіздің болуы;

3) айыпталушы қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздің болуы;

4) үкімді орындауды қамтамасыз ету.

  1. Айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады деп ойлауға жеткілікті негіздің болуына келесі жағдайлар себеп болады: айыпталушының бұрын сотталуы, жанұясының, тұрақты тұратын жерінің болмауы, ұйымдасқан топтың құрамында болуы, материалдық жағдайының мүмкіндіктері, ауыр және аса ауыр қылмыс жасауы және т.б.

Айыпталушы істі  объективті зерттеуге және талдауға  бөгет жасайды деп ойлауға жеткілікті негіздің болуына келесі жағдайлар себеп болады: айыпталушының бұрын сотталуы, дәлелдемелерді тапсырудан жалтаруы, оларды жоюға тырысуы, жәбірленушіге, куәларға қысым жасауы және т.б.

Айыпталушы қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздің болуына келесі жағдайлар себеп болады: айыпталушының бұрын сотталуы, нашақор, маскүнем болуы, ұйымдасқан топтың құрамында болуы және т.б.

  1. Бұлтартпау шарасын қолдану кезінде келесі шарттар сақталынуы тиіс:

Біріншіден, бұлтартпау шарасы тек қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін. Бұл адамның жеке басына тиіспеушілік құқығына кепіл болады және оны негізсіз, еріксіз қамауға  және басқа да мәжбүр ету шараларын қолданбауға кепіл болады.

Екіншіден, бұлтартпау шарасы қылмыстық жазаға қарағанда жеңілдеу болуы керек. Егер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабының санкциясында бас бостандығынан айыру екі жылдан аспаса, онда бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдануға рұқсат етілмейді.

 Үшіншіден, кез келген бұлтартпау шарасын қолданудың шарты — адамды айыпталушы немесе сезікті ретінде тану.

  1. Бұлтартпау шарасы жазалау   шарасынан   біраз   белгілері бойынша ажыратылады:

1) бұлтартпау шарасы айыпталушы, сезіктіге қолданылады, ал жазалау шарасы соттың үкімімен қылмыс жасады деп кінәлі деп танылған адамдарға колданылады,

2) бұлтартпау шарасының мақсаты жазалау шарасынан өзгеше. Бұлтартпау шарасының мақсаты — айыпталушының тергеу органы мен сотқа уақытында келуін қамтамасыз ету, істі жүргізуге кедергі жасауының, қылмыстық әрекеттерін жалғастыруының алдын алу. Жазалау шарасы жасаған кылмысы үшін сазайын тарту арқылы, оны түзеу жолына  қою және тәрбиелеу мақсатын көздейді және сотталушының жана қылмыс жасамауын ескертуді көздейді;

3) жазалау шарасы тек үкім аркылы қолданылады, ал бұлтартпау шарасы анықтаушы мен тергеушінің, прокурордың каулысы немесе соттын санкциясы не шешімі бойынша тағайындалады;

4) бұлтартпау шарасы уақытша ғана болады және ол өзгертілуі немесе тоқтатылуы мүмкін анықтау мен тергеу жүргізу сатысында және сотта іс каралып жатқан кезде, ал үкім егер заңды күшіне енген және рәсімделген болса, онда өзгеріске жатпайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы  және оны өзгерту   мен тоқтату

 

Бұлтартпау шарасын қолдану туралы дәлелденген қаулы шығарылады, мұнда айыпталушының фамилиясы, өзінің, әкесінін аты, туған жылы, туған жері, айыптың мәнісі, қылмыс заңының айыпталушыға айып таққан бабы, қолданылған бұлтартпау шарасының түрі және ол шараны қолданудың негіздері көрсетіледі.

Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы айыпталушыға қолхат арқылы жарияланады да, көшірмесі прокурорга жіберіледі.

Анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот айыпталушының ұсталғаны және қайда тұрғаны туралы айыпталушының жақын қызмет еткен жеріндегі әкімшілікке хабарлауға тиіс.

Бұлтартпау шарасының қаулысы үш бөлімнен тұрады: кіріспе, баяндау және қорытынды бөлім. Ол нақты және анық әдеби тілмен жазылуы тиіс. Бұл айыпталушыға оның мазмұны түсінікті болу үшін керек. Практикалық жағынан кіріспе және баяндау бөлімдері тұтасып кетеді және қаулы «қаулы еттім» деген сөзге дейін бір бөлімді құрайды — баяндау бөлімі. Бұл бөлім бұлтартпау шарасынын қаулысының негізгі мазмұны болады.

Қаулыда бұлтартпау шарасын тағайындаған органның өзін көрсетеміз. Бұдан кейін айыпталушының (сезіктінің) толық аты-жөні, туылған жылы және т.б. көрсетіледі.

Қаулыда оның жазған жерін және уақытын көрсету тиіс. Уақытын көрсетудін қажеттілігі бұлтартпау шарасын қолданғанның бастапқы кезеңін анықтау үшін қажет. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолданғанда мерзімін көрсетудің ерекше маңызы — сот жазасын өтеуді  қамауға алынған күннен бастап есептейді және бұл бұлтартпау шарасы он екі айдан артық созыла алмайды.

Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының ең маңызды бөлімі баяндау бөлімі болып табылады. Заңда айтылған, «тергеуші қаулыда бұлтартпау шарасын қолданудың негізін көрсетеді». Ал қамауға алуды алып көрсек, мұнда тергеуші бұлтартпау шарасын қолдану үшін оның нақты негіздерін көрсетуге міндетті. Айып тағылғанға дейін, қамауға алу туралы қаулы ерекше мұқияттылықпен баяндап жазылуы керек.

Кейбір жағдайда қаулыны дұрыс және мұқият баяндап құрастыру үшін, тергеуші немесе анықтаушы алдын-ала дайындап қойған бланкілерде тек қана істің материалдарынан алынған мәліметтерді ғана жазады. Ал кейбір бланкілерде дайын және дұрыс емес негіз былай көрсетілген: «Іс бойынша айыпталушының тұрақты тұрғылықты жері болғандықтан, тергеу мен соттан ешқайда бұлтарып кете алмайды деген қауіпсіздік ескеріледі және тергеу жүргізуге кедергі жоқ» — дейді.

Дәлелдемелер келтіргеннен кейін, қаулының қорытындысы алдында, ҚР ҚІЖК-нің тиісті баптарына сілтеу берілелі. Мұның қажет болу себебі, қаулы заңға сай болуы және заңға сүйенуі тиіс. Қаулының қорытынды бөлімінде тергеуші тиісті тағайындаған бұлтартпау шарасын баяндап береді. Мұнда тағы да айыпталушының (сезіктінің) толық аты-жөні жазылады. Егер бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолданған болса, онда қорытынды бөлімінде оның кайда жіберілетіні көрсетіледі, сонымен қатар жақын туыстарына хабарланады,қаулының көшірмесі прокурорға жіберіледі. Бұл туралы қаулының қорытынды бөлімінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, заңға сай айыпталушының өзіне де тағайындалған бұлтартпау шарасын хабарлайды. Заңның нақты мазмұнына қарап тергеуші айыпталушыға қаулыны оқып береді, ал қажет жағдайда қаулының мазмұнын сөзбен түсіндіріп береді. Содан кейін айыпталушы қаулымен таныстым деп қолын қояды.

Қамауға алу бұлтартпау шарасынан басқа шаралар үш данадан жазылады: бір данасы істің өзінде қалады, екіншісі – айыпталушыға  беріледі, ал үшіншісі — прокурордың қадағалауында қалады.

Қамауға алу бұлтартпау шарасының қаулысы төрт данадан кұралады, және оның төртіншісі қамауға алу орынына беріледі. Қаулының көшірмелері корытынды бөлімінде кімге жолданғаны туралы белгіленеді. Айыпталушы қаулының көшірмесін алдым деп, соңына қол қояды және таныстым деп көрсетеді.

Қаулымен қатар, бұлтартпау шараларының кейбір түрлері қосымша орналастыруды қажет етелі. Бұл жөнінде құжаттар тергеушімен жазылады, ал кей жағдайларда оның бақылауымен айыпталушы өзі немесе оның міндеті жүктелген адам жазады.

Іс жүргізу барысында анықтаушының, тергеушінің, прокурордың дәлелденген қаулысы бойынша немесе осы іс қарауына түскен соттың ұйғаруы бойынша бұлтартпау шарасы тоқтатылуы немесе өзгертілуі мүмкін.

Бұлтартпау шарасы оған кажеттілік болмаған кезде тоқтатылады немесе істің мән-жайы бойынша неғұрлым қатаң немесе жеңіл түрімен өзгертіледі.

Бұлтартпау шарасын жеңілірек түріне ауыстырған кезде айып тағылудың өзі жеңілірек түріне ауысады және бұған байланысты себептер бар, айыпталушының денсаулығы нашар болуы және басқа да бірқатар жағдайлар айыпталушының коғамға онша кауіп төндірмейтін белгілері ескеріледі.

Егер бірінші рет қолданылған бұлтартпау шарасы айыпталушыға тиісті әсер етпей және ол теріс қылықтар жасаған кезде оған қатаңырақ бұлтартпау шарасын қолдануға тура келеді. Тәжірибеден мысал алып көрсек, Васильчук деген айыпталушы ҚР ҚК-нің 74-бап, 2-бөлімі және 158-бабымен айыпталған болатын, және одан ешқайда кетпейтіні туралы қолхат алынған болатын. Бірақ, Васильчук сот мәжілісіне келмей және үйіне сирек келіп жүрген болатын. Оған қолхат кағазын беруге немесе күштеп алып келуге мүмкіндік болмағандықтан сот алдыңғы бұлтартпау шарасын өзгертіп, қамауға алу бұлтартпау шарасын қолданған.

Қазақстан Республикасы  Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 154-бабына сәйкес бұлтартпау шарасын өзгерту немесе тоқтату үшін прокурор,  тергеуші немесе анықтаушы  кәмелетке толмағанның әрі карай қылмыстық әрекет жасау қаупін тудыратынын ескеру кажет.

Жасы толмағанды қамауға алу шарасын қолданған кезде формальды түрде шешпеу керек. Бұл жағдайларда барлық себептер қарастырылады. Оның өмірдегі жағдайы және алған тәрбиесі, қоршаған ортасы және адамдық қасиеті мен тәртібін ескеріп, тек қамауға алу шарасын ғана қолдану қажет деген жағдайда ғана қолданылады. Осындай уақытта кәмелетке толмаған айыпталушының жасы кіші деп те ұстауға немесе қамауға алуға болмайды деп те қабылдауға болмайды.

Кәмелеттік жастағыларға мынадай тәртіп қолданылады: ерекше жағдайда бұлтартпау шарасы қылмыс жасады деп табылған сезікті адамға кінә тағылғанға дейін қолданылады. Бұл жағдайда бұлтартпау шарасы қолданылғаннан бастап он тәуліктен кешіктірілмей кінә тағылуы керек. Егер осы уақыттың ішінде кінә тағылмаса алдында қолданылған бұлтартпау шарасы тоқтатылады.

Кәмелетке толмаған айыпталушыға оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылатыны туралы хабарлану керек. Нақты заң жүзінде тергеуші айыпталушыға қаулыны оқып беріп, ал қажет болған жағдайда қаулының мазмұнын түсіндіріп береді. Айыпталушы (сезікті) қаулыға қолын қойғанда, онын мазмұнымен танысқанын көрсетеді.

Кәмелетке толмаған айыпталушылар, олардың занды өкілдері немесе қорғаушылары қолданған бұлтартпау шарасына шағымдануға құқығы бар. Заң айыпталушыға прокурордың, соттың және тергеушінің әр іс-әрекетіне шағымдануға мүмкіндік береді. Шағым берудің өзінде жеңілдетілген тәртібі белгіленген  — ол ауызша түрде.

Заң есінен уақытша айырылған кезінде қылмыс жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін жүйке ауруымен ауырып қалған адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын қолданбау керек екендігі жөнінде тіке көрсетпейді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 507-бабына сәйкес керсетілген адамдарға айып тағылмайды. Сондықтан мұндай айыпталушыларға бұлтартпау шарасын қолдану мүмкін емес. Бірақ ерекше жағдайларды ескере келіп бұлтартпау шарасын қылмыс жасады деген сезікті адамдарға айып тағылғанға дейін қолдануымыз мүмкін. Ал, жоғарыда аталған адамдарға бұлтартпау шарасы ҚР ҚІЖК-нің 142-бабына сәйкес қолданылуы мүмкін.

Тергеуші немесе анықтаушы жасырынған адамға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану мүмкін. Жедел іздестіру шаралары анықтау кезінде немесе алдын-ала тергеуде, сонымен қатар іс уақытша тоқтатылған кезде де жариялануы мүмкін. Жедел іздестіру жұмысына қадағалауды прокурор жүргізіп отырады.

Бұлтартпау шарасын қолданудың субьектісі шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да болуы мүмкін. Шетел азаматтарына дипломатиялык құқыққа ие азаматтар жатпайды. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу немесе қылмыстық іс қозғауды сайланған және тағайындалған категориядағы адамдарға қолдану тек құзыретті органдардың рұқсатымен ғана қолданылуы мүмкін. Бұл категорияға депутаттар, судьялар, әскери адамдар және оларға тең адамдар жатады.

Ерекше бір реттерде, қылмыс істеді деп сезіктенген адамға кінәсін жарияламай тұрып та бұлтартпау шарасын қолдануға болады. Мұндай ретте бұлтартпау шарасы қолданылған күннен бастап ең әрі дегенде он тәулік ішінде кінәсі жариялануға тиіс. Егер осы мерзім ішінде кінәсі жарияланбаса, бұлтартпау шарасы тоқтатылады. Кінә жарияланбай тұрып-ақ қамауға алынған адам анықтаушының, тергеушінің әрекеті жөнінде шағым етуге, түсініктер беруге және тілек коюға құқылы. Ол іс жүргізушінің каулысымен рәсімделеді. Ал егер іс сотқа берілген болса, сот ұйғарым шығарады.

Анықтау органдарында бұлтартпау шарасын өзгерту немесе тоқтату қаулысын анықтау органының бастығы рәсімдейді.

Егер бұлтартпау шарасын прокурордың көрсетуімен анықтаушы немесе тергеуші тағайындаған болса, онда бұл бұлтартпау шарасын өзгерту мемесе тоқтату үшін тергеуші немесе анықтаушы  тек соттың санкциясымен ғана жүзеге  асырады.

Қылмыстық іс қысқартылған  кезде, сот ақтау үкімін шығарғанда немесе  айыптау үкімін шығарғанда, сондай-ақ шартты түрде жаза кесу арқылы айыптау үкімі немесе жаза өтеуді кейінге қалдырып айыптау үкімі шығарылған болса, бұл жағдайлардың барлығында да бұлтартпау шарасын қолдану тоқтатылады.

Егер алдын ала тергеу жүргізудің барысында айыпталушыға тағылған айыптау бойынша қылмыстың саралануы заңнын бас бостандығынан айыру жазасын көздемейтін бабына жатқызып өзгерту қажет болса, бұрын қолданылған бұлтартпау шарасын оның неғұрлым жеңіл түріне өзгерту мүмкін. Егер айыпталушы алдын ала тергеудің немесе істі сотта қараудың объективті жүргізілуіне қарсы әрекеттер жасаған немесе бұрын қолданылған бұлтартпау шарасын бұзған болса, онда қылмыстық іс жүргізу органы бұл айыпталушыға қолданылған бұлтартпау шарасын оның қатаң түріне өзгерте алады. Ол туралы жоғарыда айтылған болатын.

 

Осы тараушада айтылғанды қорытындылай келе, келесі тұжырым жасауымызға болады:

  1. Бұлтартпау шарасын қолдану туралы дәлелденген қаулы шығарылады.
  2. Бұлтартпау шарасының қаулысы үш бөлімнен тұрады: кіріспе, баяндау бөлімі және қорытынды бөлім. Ол нақты және анық әдеби тілмен жазылып, айыпталушыға оның мазмұны түсінікті болуы керек. Баяндау бөлімінде бұлтартпау шарасынын қаулысының негізгі мазмұны болады. Мұнда айыпталушы туралы толық мәліметтер, айыптың мәнісі, қылмыстық заңның айыпталушыға айып таққан бабы, қолданылған бұлтартпау шарасының түрі және ол шараны қолданудың негіздері көрсетіледі.
  3. Қаулының қорытынды бөлімінде тергеуші тиісті тағайындаған бұлтартпау шарасын баяндап береді. Мұнда тағы да айыпталушының (сезіктінің) толық аты-жөні жазылады. Егер бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолданған болса, онда қорытынды бөлімінде оның кайда жіберілетіні көрсетіледі, сонымен қатар жақын туыстарына хабарланады,қаулының көшірмесі прокурорға жіберіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

 

          2.1 Ешқайда  кетпеу  және  өзін  дұрыс  ұстау  туралы   қолхат  алу.        Жеке кепілдік. Кепіл

 

Қазақстан Республикасы  Қылмыстық іс жүгізу кодексінің 139-бабында бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері туралы былай деп жазылған: айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады не алдын ала тергеудің және сотта іс қараудың объективті жүргізілуіне кедергі жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде ол адамға Қазақстан Республикасы  Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолданады. Осындай қылмыстық процестің міндеттерін орындауға кедергі келтіретін жағдайларды болғызбау бұлтартпау шараларын қолданудың тікелей мақсаты болып табылады. Ал бұл мақсаттың орындалуы Қазақстан Республикасы   Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында көрсетілген қылмыстық процестің тікелей міндеттерін орындауға мүмкіндік туғызады.

Бұлтартпау шараларының бірнеше түрлері бар. Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық  іс жүргізу кодексінің 140-бабында атап көрсетілген:

-ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу;

— жеке кепілдік;

— әскери   қызметшіні   әскери   бөлім   командованиесінің бақылауына беру;

— кәмелетке толмағанды қарауына беру;

— кепіл;

— үйде қамап ұстау;

— қамауға алу.

Бұл аталған шараларды, олардың сипатына қарай және кімдерге қолданылатындығын ескере отырып, екі топқа бөлеміз:

  1. бұлтартпау шараларының жеке түрлері;
  2. бұлтартпау шараларының арнайы түрлері

Бірінші топқа мына шаралар жатқызылады: ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу, жеке адамдардың кепілдігі, үйде қамап ұстау,қамауға алу. Бұл топқа жататын шараларды қолдану үшін айрықша талаптар қойылмайтын болғандықтан, оларды бұлтартпау шараларының жалпы түрлері деп айтамыз.Екінші топқа жататын бұлтартпау шараларының түрлері: әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру, кәмелетке толмағанды қарауға беру. Бұл шаралардың ерекшелігі олардың аталған субъектілер үшін көзделгендігі болып табылады. Дегенмен, бұл субъектілерге де қажет болған жағдайда бұлтартпау шараларының жалпы түрін қолдануға тыйым салынбайды. Мәселен, әскери қызметшіге ауыр қылмыс жасаған жағдайда тергеуші оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданады. Ал кәмелетке толмағандарға мүмкіндігінше ата-анасының немесе сенімге ие басқа адамдардың қарауына беру шарасы кеңірек қолданылуға тиіс

Қылмыстық іс жүргізу органы әрбір жеке жағдайда бұлтартпау шарасының түрін тандау үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 141-бабында көрсетілген мән-жайларды ескереді.Бұл бапта былай деп айтылған: бұлтартпау шарасының қайсысын қолданудың қажеттігі туралы мәселені шешу кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 139-бабында айтылған мән-жайлармен қатар тағылған кінәнің ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшері, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүліктік жай-күйі, тұрақты тұратын жерінің бар-жоғы және басқа мән-жайлар ескерілуге тиіс.

Айыпталушыға қатысты заңда көрсетілген мән-жайларды бұлтартпау шарасын сезіктіге қолдану кезінде де ескеру қажет болды.Сезіктіге бұлтартпау шарасын қолданудың тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 142-бабында бекітілген. Бұл бапта көрсетілгендей, сезіктіге бұлтартпау шаралары ерекше жағдайларда қолданылады. Бірақ, ол ерекше жағдайлардың сипаты заңда айтылмаған. Дегенмен, бұл ерекше жағдайларды Қазақстан Респубикасы Қылмыстық кодексінің 132-бабында көрсетілген сезіктіні ұстаудың негіздеріне сәйкес келді деп қарастыру дұрыс болады (сезіктінің қылмыс жасаудың үстінде ұсталуы немесе жәбірленушінің қылмыс жасаған осы адам деп тура көрсетуі және т.б.). Осындай жағдайларда сезіктіге бұлтартпау шарасын қолдану арқылы оның қылмыстық  ізге түсу органдарынан жасырынуына кедергі қойылады және сезіктінің қылмыс жасауға қатыстылығын тез ара тексеріп, оған айып тағу үшін негіздің бар-жоғын анықтау жүзеге асырылады.

Сезіктіге бұлтартпау шарасын қолданудың тағы да бір ерекшелігі оның қысқа мерзімге қолданылатындығы болып табылады. Яғни, егер айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың мерзімі алдын ала тергеу жүргізудің мерзіміне сәйкес келетін болса (жалпы ереже бойынша, екі ай және бұл мерзім ұзартылуы мүмкін), сезіктіге бұлтартпау шарасын қолданудың мерзімі он тәулікпен шектеледі және бұл мерзім ұзартуға жатпайды. Егер сезікті ретінде ұсталған адам (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132-бабы бойынша) содан кейін бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынған болса, қамауда ұстаудың мерзімі сезікті ретінде ұсталған кезден бастап есептеледі. Он тәулік мерзімнің ішінде сезіктінің қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жиналып, соның негізінде сезіктіге кінә тағылса, онда оған айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мүмкін болады. Ал он тәулік мерзімнің ішінде сезіктіге кінә тағылмаса, онда оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдану дереу тоқтатылуы тиіс.

Айыпталушыға немесе сезіктіге бұлтартпау шарасының бір түрін ғана қолдануға болады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 143-бабына сәйкес, қылмыстық іс жүргізу органы бұлтартпау шарасын қолданудың негізін көрсетуді қамтитын қаулы шығарып, бұл қаулының көшірмесін бұлтартпау шарасы қолданылған адамға тапсырады. Онымен бір мезгілде бұл адамға бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешімге шағымданудың тәртібі түсіндіріледі.

Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат қылмыстық процесті жүргізуші органның айыпталушыдан, сезіктіден, сотталушыдан  тұрақты немесе уақытша тұратын жерінен тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе соттың рұқсатынсыз кетпеуге, істі тергеу жүргізуге және істі сотта қарауға кедергі келтірмеуге, белгіленген мерзімде қылмыстық процесті жүргізуші оганның шақыруы бойынша  келуге жазбаша міндеттеме алуынан тұрады (ҚР ҚІЖК — нің 144 — бабы).

Егер сезікті немесе айыпталушы  тұратын жердің аумағында қоныс аударатын болса, бұл жөнінде бұлтартпау шарасын қолданған қылмыстық органын хабардар етуге міндетті болып табылады. Бұл шараны қолдану екі процеесуалдық құжат арқылы рәсімделеді: бұлтартпау шарасын  қолдану туралы қаулы шығару және қолхат алу.

Егер айыпталушы берген қолхатындағы міндеттемесін бұзған жағдайда, айыпталушыға бұлтартпау шарасының басқа қатаң түрі қолданылады. Бұл туралы қолхат берген кезде айыпталушыға ескертілуі тиіс.

Бұл шараға қатысты, М.С. Брайнин былай деп жазған: «Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат берудің негізгі мақсаты – істі тергеу жүргізу  мен  істі сотта қарауға  кедергі жасаудың алдын алумен қатар, алдын ала тергеуді тездету, сол үшін, айыпталушы тұлғаны оның бостандығын шектемей, іс жүргізу жеріне жақын ұстауды қамтамсыз ету». Осындай пікір, 1926 жылы И.О.Охаринскиймен де айтылған.

 М.С.Брайнин мен И.О.Охаринскийдің пікірлерін Ю.Лившиц сынап,  былай деп жазады: «М.С.Брайнин мен И.О.Охаринскийдің көзқарасын қолдайтын болсақ,  ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді негізсіз қолдануға жол ашамыз, ол тұлға бас тартпаған жағдайда да қолданыла беруші еді…біздің пікірімізше тұлғаның ешқайда кетпеуге байланысты өз мойнына алған міндеттерін орындау себептерін анықтау өте қиын, әрбір іс бойынша олар бірдей емес» [17. С.88].

Ешқайда кетпеу туралы қолхат беру үйде қамауда ұстау шарасы емес, сондықтан ол арқылы айыпталушы және сезікті тұлғаға жұмыс және басқа да себептермен үйден кетуге кедергі болмау керек. Ал егер, айыпталушы тұлға тұрақты мекен жайында себепсіз болмайтын болса, оны ешқайда кетпеу туралы қолхаттың бұзылғаны деп білуге болады. Сондықтан, барлық жағдайда, айыпталушыға өз мойнына алған міндеттеме түсінікті болуға тиіс.

Үлкен маңызды мәселе болып, тұлғаның уақытша іс жүргізу жерінде болмауы табылады. Оны қолданылған шараның бұзылуы деп есептеуге бола ма? Тергеу тәжірибесінде  шараның бұзылуы,  айыпталушы тұлғаға басқа қатаң шара қолданудың негізі болады,  ол туралы оған қолхат алынғанда түсіндіріледі. Тұлғаның іс жүргізу жерінде болмауы деген ұғым нақты анықталуға тиіс. Мысалы, тұлғаға себепсіз басқа жаққа кетуге рұқсат беру немесе тұрғылықты жерін өзгерту, шараның бұзылуы деп есептеледі.              

Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру, тәжірибеде ең жиі қолданылатын бұлтартпау шаралардың біріне жатады. Тәжірибені зерттеп көретін болсақ, арнайы субъектілерді ескермегенде, ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру және қамауға алу ең жиі қолданылатын шаралар. Себебі, жеке кепілдіктің барлық жағдайда нәтижесі бола бермейді, кепіл материалдық әсер етумен байланысты болғандықтан, тұлғалардың барлығы оны төлей алмайды, үйде қамауда ұстау әлі дұрыс қалыптаспаған. Сондықтан, қылмыстық істі жүргізуші орган, осы екі негізгі шараны қолдануға тырысады.

Бұл шараның кемшілігі – оның қамтамасыз етілмеуі. Айыпталушы, сезікті тұлға, ешқайда кетпеймін деп айтудан басқа ешқайдай кепілдік бермейді. Сондықтан, болашақ жауаптылықтан жалтаруға, қылмыстық іс жүргізуші органдардан жасырынуға мүмкіндігі жоғарылайды. Сот тәжірибесінде жиі кездесетін тағы да бір мән-жай, алдын ала тергеу барысында осындай шара қолданылған тұлға, өз мекен-жайын әдейі жасырып қоюы, бірақ органдардың шақыруы бойынша келуден бас тартпайды, ал  іс сотқа келіп түскен кезде тұлғаны табуға ешқандай мүмкіндік болмайды.

Шетел азаматтарына міндетті түрде қамауға алу шарасы қолданылу керек деген ереже жоқ, сондықтан оларға бұлтартпау шаралары барлық тұлғалармен бірдей қолданылады. Шетел азаматтары ауырлығы төмен немесе орташа қылмыс жасаған жағдайда, әсіресе әйел адамдар, оларға ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу шарасы қолданылады. Ал олардың мемлекет аумағында болуын ешкім  қамтамасыз ете алмайды, сондықтан олардың өз мемлекетіне кетіп қалу жағдайлары өте жиі кездеседі.

       Бұлтартпау шарасы ретінде жеке  кепілдікті қолданудың тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 145-бабымен белгіленген. Жеке кепілдік сенімге ие болған адамдардың айыпталушының немесе сезіктінің өзін дұрыс ұстауына және қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша уақытында келетіндігіне кепілдік беретіндіктері туралы өздеріне жазбаша міндеттеме алуынан тұрады. Бұлтартпау шараларының бұл түрін қолданудың мынадай шарттары бар:

  • кепіл берушілердің саны екеуден кем болмауы тиіс;
  • кепіл берушілердің бұл жөнінде өздрінің  жазбаша өтініштері болуы қажет;
  • бұл шараны қолдануға мезіктінің, айыпталушының келісімі болуы тиіс;
  • Кепілдік беруші қылмыстық іс жүргізуің барысында кепілдігінен бас тартуға құқылы.

Жеке адамдардың кепілдігін қолдану туралы қылмыстық іс жүргізу органы қаулы шығарады.

Кепілдік берушілер кепілдік берілетін айыпталушының айыбының мәні айыпталушы осы бұлтартпау шарасын бұзған жағдайда, өздеріне ақшалай айып салынатындығы ескертілгендігі туралы қолхат береді.

Қылмыстық іс жүргізу заңы кепілдік беруші ретінде кім тартылатыны жөнінде айтпаған. Бірақ, ол адамдар сенімді болу керек деген талап қояды. Сенімді тұлға деп абыройлы, жоғары моральды, тұрғылықты жері және қызметі бар адамды айтуға болады.

 Кепілдік беруші ретінде, айыпталушының кәсіби және қоғамдық байланысы бар тұлғалармен қатар, туыстары, көршілері, достары бола алады.

Жеке кепілдік мәжбүрсіз, тұлғалардың еркімен жүзеге асырылады, сондықтан іс жүргізудің кез келген уақытында кепілдік берушілер одан бас тартуға құқылы. Іс жүргізуші органдар, бұл жағдайда, басқа шара қолдануға тиісті.

Жеке кепілдік туралы міндеттеме бөлек жазбаша құжат ретінде толтырылынады. Құжатқа кепілдік беруші туралы мәліметтер кіргізіледі. Міндеттеменің мәні, кепілдік берушінің жауаптылығы көрсетіледі. Жазбаша міндеттемеде кепіл беруші орындай алатын міндеттер ғана көрсетіледі.

Жеке кепілдікті шара ретінде қолдану барысында, оны қолданып отырған тұлға, не себептен, кепілдік берушінің айыпталушы сот пен тергеуден бас тартпайтынына көз жетіп отырғанын анықтауға тиісті. Сонымен қатар, айыпталушы тұлға мен кепілдік берушінің арақатынасын анықтау қажет. Процессуалдық әдебиетте бұл шараға қатысты түрлі пікірлер айтылған.

Мысалы, З.Ф.Ковриганың пікірі бойынша, жеке кепілдік беру кезінде, кепілдік беруші өз мойнына қандай міндеттеме алатынын анықтау қажет. Бұл міндеттемелердің пәні кепілдік берушінің айыпталушыға және түрлі мән-жайларға ықпал ету мүмкіндігіне байланысты түрлі болады [7. С. 33].

 М.С.Строговичтің пікірі бойынша, «Жеке кепілдік, оған кепіл берген тұлғалардың, ол бас тартқан жағдайда, пайда болатын жауаптылығына емес, айыпталушы тергеу мен соттан жалтармайды деген кепілдік берушінің сеніміне негізделеді» [5. С. 29].

Бұл шараның практикасы мүлде қалыптаспаған.

Біріншіден, қандай санаттағы қылмыстар бойынша қолданылатындығы белгісіз, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде ол туралы айтылмаған. Сондықтан кез келген қылмыстар бойынша қолдануға болады деп қорытынды шығаруға негіз бар.

Екіншіден, сұрақ адам бостандығы туралы тұрғанда, жүз айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі ақша, ақша ма?

Үшіншіден, біздің пікірімізше, бұл шара негізгі шара ретінде емес, қосымша шара ретінде қолданылғаны дұрыс, мысалы, ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру шарасымен қатар немесе кепілдікпен бірге. Егер, тәуелсіз негізгі шара ретінде қалдыратын болсақ, оны бұзған үшін жауаптылық қатаюға тиісті.

Бұл бұлтартпау шарасы сезіктінің немесе айыпталушының өзі не басқа жеке немесе занды тұлға соттың депозитіне сезіктінің, айыпталушының тергеу органына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуін қамтамасыз ету мақсатында салатын ақшадан тұрады (ҚР ҚІЖК-нің 148-бабы).

Кепіл айыпталушыға қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келетіндігі туралы міндет жүктеледі. Кепіл  ретінде прокурордың немесе соттың рұқсатымен басқа да бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін. Кепілдің бағалығын дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі. Кепілдің сомасын айыптаудың ауырлық дәрежесін, айыпталушының жеке басын, кепіл берушінің мүліктік жағдайын ескере отырып,  бұлтартпау шарасын қолданатын лауазымды  адам белгілейді. Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталғандарға кепіл қабылданбайды

Кепіл прокурордың санкциясымен немесе соттың шешімі бойынша ғана қабылданады.

Кепілдің мөлшері қылмыстың санаттары бойынша айлық есептік көрсеткіштің негізінде белгіленеді:  ауыр емес қылмыс жасағандығы жөнінде айыптау бойынша  — айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен; абайсызда жасалған орташа ауырлықтағы  қылмыс жөнінде айыптау бойынша — айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшерінен; орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс жасағандығыжөнінде айыптау бойынша — айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен; ауыр қылмыс жасағандығы жөнінде айыптау бойынша — айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен кем болмауы тиіс.

Кепіл берушіге осы бұлтартпау шарасы қолданылатын айыпталушының қылмысының мәні туралы, айыпталушы шақыру бойынша келуден жалтарған жағдайда кепіл мемлекеттің кірісіне айналатындығы ескертілгендігі туралы хаттама жасалады. Хаттамаға осы бұлтартпау шарасын тандап алған лауазымды адам мен кепіл беруші қол қояды. Хаттама істің материалдарына қосылады, кепіл берушіге хаттаманың көшірмесі тапсырылады.

Сезікті, айыпталушы қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келмеген жағдайда бұлтартпау шарасы қатаң түрімен өзгертіліп, прокурор сотқа кепілді мемлекеттің кірісіне  айналдыру туралы ұсыныс жолдайды. Сот кепіл беруші жоғары тұрған сотқа шағымдануы мүмкін болатын шешім қабылдайды.

Басқа жағдайларда сот іс бойынша үкім немесе қаулы шығарғанда кепілді кепіл берушіге қайтару туралы мәселені шешеді.

Қылмыстық іс алдын ала тергеуде тоқтатылған кезде кепіл тиісті органның қаулысы бойынша кепіл берушіге қайтарылады.

Кепілдің көлемі айыпталушының сот пен тергеуден жасырынуының алдын алуға тиісті. Барлық жағдайда, кепіл қылмыспен келтірілген зиянның және қойылған азаматтық талаптың көлемінен аз болмауға тиісті.

Заң кепілді айыпталушы тұлғаның құқыққа қайшы мінез-құлқының алдын алу шарасы ретінде көздейді. Бірақ, кепілдің көлемі тұлғаның дұрыс өзін ұстауын қамтамасыз етеді деп айта алмаймыз. Басқа шараларды қолданған кезде де, ол шара қызмет етеді деп ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан, кепіл бұлтартпау шараларының бір түрі, оны біздің қылмыстық іс жүргізу заңына енгізу қазіргі кездегі экономикалық өзгерістермен байланысты. 1997 жылға дейін біздің қылмыстық іс жүргізу заңнамасында осындай шара көзделмеген болған. Бұл шетел тәжірибесінің белгісі. Көптеген шетел мемлекеттерінде бұл шара бұрыннан қалыптасқан және нәтижелі қызмет атқарады. Біздің мемлекетте жақында ғана енгізілгендіктен оның механизімі әлі қалыптасқан жоқ. Сондықтан бұл шара бұрыннан келе жатқан шараларға қарағанда, жиі қолданылмайды. Оның жиі қолданылмауының себебі – көп тұлғалардың материалдық жағдайы, ақшалай немесе құнды мүлік арқылы кепілдік жасауға  мүмкіндік бермеуі.

 

 

          2.2    Әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің

                   бақылауына беру.  Кәмелетке толмағанды қарауға беру

 

ҚР ҚІЖК-нің 146-бабында бұлтартпау шарасы ретінде  айыпталушыны немесе сезіктіні әскери бөлім командованиесінің бақылаына беру көзделген. Оның мәні  әскери қызметшілер немесе оқу жиынына шақырылған әскери міндеттілер болып табылатын  айыпталушылар мен сезіктілерге  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері  мен  Ішкі әскерлерінің  жарғыларында көзделген  шараларды қолдану арқылы  ол адамдардың тиісті мінез-құлқын және олардың қылмыстық процесті жүргізуі органның шақыру бойынша келуін қамтамасыз ету болып табылады. 

Қылмыстық іс жүргізу органы бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарып, оны орындауды әскери бөлімнің командованиесіне тапсырады. Онымен бірге әскери бөлімнің командованиесіне аталған бұлтартпау шарасы таңдалған істің мәні туралы хабарлайды және әскери командованиенің міндеттері түсіндіріледі.

Әскери бөлім командованиесі бақылау орнатылғандығы туралы оны бұлтартпау шарасын таңдаған органға жазбаша хабарлайды.

Өздеріне жүктелген міндетті орындамаған кінәлі адамдар жауапқа тартылады.

Әскери басқарма айыпталушының қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруына баруын қамтамасыз етумен қатар, оның қажетті тәртібін де қамтамасыз етуге тиіс. Айыпталушыға бұлтартпау  шарасымен қатар Қарулы күштер жарғысында көрсетілген мынадай шаралар қолданылады: айыпталушы өзінің тікелей бастығының немесе сөткелік нарядтың бақылауында болады, қаруын ұстап жүру құқығынан айырылады, қарауылға тұруға және басқа да жауапты нарядтарға тағайындалмайды, әскери бөлімнен шығып кете алмайды және бөлімнен басқа жердегі жұмыстарға жіберілмейді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу нормаларына сәйкес, жоғарыда аталған шаралармен қатар, кәмелетке толмаған тұлғаларға арнайы шаралар қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмаған айыпталушыны,сезіктіні  ата-анасының. қамқоршыларының, корғаншыларының немесе басқа да сенімге ие адамдардың, сонымен қатар ол тұрып жатқан арнаулы балалар мекемесі әкімшілігінің қарауына беру кәмелетке толмағанның тиісті мінез-құлқын және қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

Кәмелетке толмағанды ата-анасының немесе асқа адамдардың қарауына  беру тек олардың   жазбаша өтініші бойынша  ғана мүмкін болады.

Бұл шараны қолдану туралы қылмыстық процесті жүргізу органы қаулы шығарады.

Қарауына қабылдау туралы қолхат алынған кезде, қарауына алушыларға кәмелетке толмаған айыпталушының қылмысының сипаты туралы және өздеріне қабылдаған міндеттемені бұзған жағдайда міндеттеме қабылдаушыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай айып салынуы мүмкін екендігі туралы ескертіледі.

Қарастырылып  отырылған  шаралар  кепілдік  беру шарасына ұқсас, бірақ оларды ажырататын жағдай өте маңызды: олар кәмелетке толмаған айыпталушының келуін және өзін дұрыс ұстауын қамтамасыз етуге тиісті. Сондықтан, бұл бұлтартпау шарасын қолдану, заңда бекітілген міндеттемелердің орындалуын, басқа  бас бостандығын шектеумен байланысты емес шараларға қарағанда нақты қамтамасыз етеді.

Өтініш иесі кәмелетке толмағанның тиісті мінез-құлқы мен оның қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз ететіндігі туралы өзіне жазбаша міндеттеме қабылдайды.

 Қазақстан Республикасы  Қылмыстық іс жүргізу заңында басқа шаралармен қатар, кәмелетке толмағандар үшін арнайы бұлтартпау шараларының болуы негізді болып саналады. Кәмелетке толмаған тұлғаны қадағалауға ала алатын тұлғалар мен мекемелердің саны шектелген. Мекемелерге мектеп-интернаттары, балалар үйлері, арнайы мектептер, еңбек-тәрбие колониялары жатады.

Кәмелетке толмаған тұлғаға бұлтартпау шараларын қолдану кезінде, істің барлық мән-жайына көңіл аудару қажет, соның ішінде оның өмір сүру және тәрбиелену ортасына, жеке басына, қасындағы адамдарға және т.б. қылмыстың жасалауына және тұлғаның іс жүргізу барысында болуына негіз болатын жағдайларға. Заң нормаларына сәйкес, кәмелетке толмаған тұлға қылмыс жасаған жағдайда, заңда белгіленген мән-жайлардың болуы оны қылмыстық жауаптылықтан да босата алады.

Практикада, кәмелетке толмаған тұлға ауыр қылмыс жасаған жағдайда қаралып отырған шара қолданылуы мүмкін, егер оның ата-анасы, қамқоршысы, қорғаушысы болса және олар оның іс жүргізу барысында ешқайда кетпеуін және өзін дұрыс ұстауын қамтамасыз ете алады деген тергеушінің сенімі болатын болса. Бұл жағдай жабық балалар мекемесіне де қатысты.

Осындай жағдайдың заңда қарастырылуының себебі, кәмелетке толмаған тұлғаға қолданылатын бұлтартпау шарасы, бұлтартпау шараларына тән арнайы мақсатты емес, тұлғаны тәрбиелеу мақсатын көздеуге тиіс. Ата-аналарының, балалар мекемелері әкімшілігінің арнайы қадағалауы, кәмелетке толмаған тұлғаны алдын ала тергеу барысында дұрыс жолға салуға мүмкіндік береді [18. С.8].

 Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмаған тұлғаны ата-анасының және басқа да заңда көзделген тұлғалардың қарауына беру тек қана олардың жазбаша сұрауы бойынша жүзеге асырылады.

Кәмелетке толмаған тұлғаны ата-анасының қарауына беру жеке кепілдікпен ұқсас. Екі жағдайда да, тұлғалар, жазбаша түрде, тұлғаның өзін дұрыс ұстауын және алдын ала тергеу, сот органдарының шақыруы бойынша келуін қамтамасыз ететіні туралы көрсетеді.

Бірақ, осы екі шараның өз ерекшеліктері бар:

    а) жеке кепілдік кәмелетке толған және кәмелетке толмаған тұлғаларға да қолданылуы мүмкін, ал қарауына беру тек қана кәмелетке толмаған тұлғаға қолданылады;

   б) жеке кепілдікке беру үшін ен кемінде екі кепілдік беруші қажет, қарауына беру үшін бір тұлғада болуы мүмкін – ата-анасы, қамқоршысы, қорғаушысы;

   в) кепілдік беруші ретінде айыпталушының туыстары және басқа да тұлғалар болуы мүмкін, ал қарауына тек қана заңда көзделген тұлғаларға беріледі: ата-анасына, мекеме басшысына, т.б.

Бұл шараны толық және жиі қолданған жөн, себебі бұл шара кәмелетке толмаған тұлғаны тәрбиелеуге міндетті тұлғаларға үлкен міндеттер жүктейді.

   

 

    2.3 Үйде қамап ұстау. Қамауға алу

 

Үйде қамап ұстау  қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауға неіздер  мен шарттар бола тұрап, бұл адамныңжасы, денсаулық жағдайы ескеріле отырып соттың санкциясымен айыпталушыға немесе сезіктіге  қолданылатын бас бостандығын шектеу шарасы болып табылады.

         Яғни, үйде қамап ұстау адамның бас бостандығын шектеудің түрі ретінде қолданылады. Осыған байланысты, қылмыстық ісжүргізу органының бұл шараны қолдану туралы қаулысында  үйде қамап  ұсталатын адамға нақты қандай шектеулердің қойылатындығы көрсетіледі: белгілі бір адамдармен тікелей  немесе өзгеше қарым-қатынас жасауға, хат-хабарлар алуға және жіберуге, байланыс құралдарын пайдалану арқылы сөйлесуге тыйым салу, тұрғын үйден шығуға шектеу қою және т.б. қажет болса, қылмыстық іс жүргізуші органның  шешімі бойынша үйде қамап ұсталған адамның тұрғылықты ерінің күзетілуі, оның мінез-құлқын  қадағалау белгіленеді. Қылмыстық іс жүргізу органының қаулысында белгіленген шектеулердің сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын  мемлекеттік орган немесе длауазымды адам көрсетіледі.

         Үйде қамап ұстаудың мерзімі,оны ұзарту және оған шағымдану тәртібі  ҚР ҚІЖК-нің ережелеріне сәйкес шешіледі.

Бұл шара 1997 жылы қабылданған қылмыстық іс жүргізу заңында орын алған шаралардың бірі. Тұлғаны үйде қамауда ұстау қылмыстық іс жүргізу құқығының гуманизациясымен де байланысты. Қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдануға қажеттілік болған жағдайда, бірақ бірқатар заңда көрсетілген себептерге байланысты, ол үйде қамауда ұстау шарасына ауыстырылады. Бұл шараның да механизімі әлі дұрыс қалыптасқан емес.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 149-бабы, үйде қамап ұстау айыпталушыға немесе сезіктіге қамауға алу бұлтартпау шарасын таңдауға мүмкіндік беретін шарттар болған, бірақ  толық оқшалау қажет бола қоймайтын немесе жасы, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып,  қамауға алу дұрыс емес деп ұйғарылған кезде, қолданылады дейді.               

Қамауға алудың бұлтартпау шараларының арасындағы орны ерекше.

Қамауға алу, қоғамға қауіпті тұлғалармен күресудің қажетті құралы бола отырып, тұлғаның жеке бостандығын шектеумен байланысты және күрделі құқықтық, моральдық және басқа да салдарды туғызады.

Айыпталушы және сезіктіні қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде, басқа бұлтартпау шараларына қарағанда, кінәсіздік презумпциясына сәйкес айыптау үкімі шыққанға дейін кінәсіз болып есептелетін тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын елеулі түрде шектейді.

Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу тек қана соттың санкциясымен заң бойынша екі жылдан асатын мерзімге қасақана қылмыс бойынша, ал абайсыздықта жасалған қылмыс үшін бас бостандығы айыру мерзімі үш жылдан артса айыпталушыға, сезіктіге  қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы  заңмен екі жылдан артық емес мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген қылмыстар туралы іс бойынша айыпталушыға, сезіктіге қатысты , егер:

1) оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері болмаса;

2) оның жеке  басы анықталмаса;

3) ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса;

4) ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасрынуға тырысса немесе жасырынса қолданылуы мүмкін.

Тергеуші, анықтаушы, прокурор бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдау қажет болған кезде осы бұлтартпау шарасын таңдау туралы сотқа қамауға алуды санкциялау туралы өтініш білдіріп, қаулы шығарады.

Егер бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдау туралы қаулы  сезіктіге, ұсталғанға қатысты қозғалған болса, шығарылған қаулы мен іс-құжаттар ұстаудың уақыты өкенге дейін он сегіз сағаттан кешіктірілмей прокурорға жолдануы тиіс.

 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қылмыстық істі тергеу мен оны сотта қарау сатысында бұлтартпау шарасын қолдану институтында қамауға алу ерекше орын алады. Қамауға алу  бұлтартпау шараларын  қолдану институты өзінің табиғаты жағынан кешенді болып табылады. Ол қылмыстық-процессуалдық заңның даму процесінде, сондай-ақ басқа құқық салаларының дамуында пайда болған. Бұлтартпау шарасы институтының кешенді көрінісі оның  жан-жақты толық зерттелеуін талап етеді. Ол қазіргі өмірге сәйкестендіріп, тәжірибе жүзінде оның процессуалық тәртібіне, әр елдің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып зерттелеуі керек. Қазақстан  Республикасында  қамауға алу   бұлтартпау шарасы — ең ауыр шара болып табылады, себебі  қамау  бұл тұлғаның Конституциямен кепілдік берілген құқықтарына, жеке өмірі мен  бостандығына шектеу жасап, оны қоғамнан оқшаулайды. Сондықтан да бұл шараны тергеу органдары өз бетімен қолдана бермеу үшін оған ең алдымен рұқсат алуы керек. Ал бұл рұқсатты тек сот бере алады. Соттың қамауға алуға беретін санкциясы өте ерекше жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан да сот бұл шараларға санкция беріп қоймай, оның жүзеге асыруына айыпталушының, сезіктінің Конституциямен, Адам құқығының Жалпы Декларациясымен, Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактісімен қандай да болмасын түрдегі ұсталған немесе қамауға алынған тұлғаларды қорғаудың қағидалар жинағымен және т.б. нормалармен кепілдік берген құқықтар мен бостандықтарының, мүдделерінің сақталуына, заңмен берілген құқықтарының сақталуына  қадағалауды жүзеге асырыуы қажет.

Анықтаушы, тергеуші қамауға алу қажет деп тапқанда, қамауға алуды қолдану туралы қаулы шығарады. Қаулыда айыпталушыны күзетпен ұстау кажеттігі туралы себептер мен негіздер баяндалады. Осыны растайтын материалдар қаулымен қоса прокурорға ұсынылады.

Қылмыстық процесті жүргізуші органдар бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу колданылатындығы туралы айыпталушының туыстарына хабарлауға міндетті.  Тергеудің алғашқы кезендегі  құпиясын сақтау қажет болған жағдайда, хабарлау соттың санкциясымен, ұсталған кезден бастап он тәуліктен аспайтын мерзімге кешіктірілуі мүмкін.

Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу колданылған айыпталушылар тергеу изоляторында ұсталады.

Бірақ қамауға алуды қолдану барысында, анықтау және тергеу органдары, Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабын бұзбау мақсатында, айыпталушы тұлғаның кінәлігі туралы жеткілікті дәлелдемелерге ие болуға тиісті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабы келесіні бекітеді:

  1. Әр бір тұлға жеке бостандыққа ие бола алады;
  2. Қамауға алу мен қамауда ұстау, тек қана заңда көзделген жағдайларда, соттың санкциясымен қамауға алынған тұлғаға сотқа шағымдану құқығын беру арқылы жүзеге асырылады. Соттың санкциясыз тұлға 72 сағатқа дейін ғана ұсталады.

Қарастырылып отырған шара басқа шараларға ұқсас, бірақ сонымен қатар оның ерекшеліктері де бар. Ол ерекшеліктер келесіде:

Анықтау органы және тергеуші қамауға алу шарасын тек қана прокурордың санкциясымен немесе соттың шешімімен қолдануға құқылы. Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде, заңда белгіленген мерзіммен шектеледі (ҚР ҚІЖК-нің 153-бабы). 

Тұлғаны бостандығынан заңсыз және негізсіз қамауға алу арқылы айыру заңдылықтын бұзылуы болып табылады.

Қамауға алу бұлтартпау шарасын, бас бостандығынан айыру жазасынан ажырату қажет.

Бас бостандығынан айыру – тұлғаны жазалау және тәрбиелеу, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын шектеу, мемлекет атынан оның қылмыстық іс әрекетіне, оны жасаған тұлғаға теріс баға беру арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Тұлғаның бас бостандығын айыру, қылмыстық жаза ретінде, тек қана сотпен, мемлекет атынан, кінәлі деп танылған тұлғаға қолданылады. Қамауға алу, бұлтартпау шарасы ретінде, сотпен қатар, анықтау органымен және тергеушімен қолданылады. Тұлғаға қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдану, істің аяқталуымен байланысты емес және жазаның мазмұнына әсер етпейді.

 Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 153-бабына сәйкес, сотқа дейінгі өндірісте қамауға алу мерзімі, ерекше жағдайларды қоспағанда, екі айдан аспауға тиіс.

Қылмыстық істі екі ай ішінде аяқтауға мүмкіндік және бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз болмаса, бұл мерзім аудандық, қалалық және оларға теңестірілген прокурорлармен – үш айға дейін, облас прокуроры және оларға теңестірілген прокурорлармен және олардың орынбасарларымен – алты айға дейін ұзартылады.

Алайда бұл мерзім де шекті емес. Ерекше жағдайларда, мерзім, Бас Прокурордың орынбасарымен, Бас әскери прокурорымен тоғыз айға дейін ұзартылады. Тоғыз айдан жоғары мерзімді ұзарту, тек ерекше жағдайда, Бас прокурормен, он екі айға дейін, жүзеге асырылады. Әрі қарай мерзімді ұзарту қарастырылмаған, айыпталушы тұлға дереу босатылуға тиіс.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 153-бабының 8-бөлігінде көрсетілгендей, өкілетті прокурор қамауда ұстаудың мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарап, айыпталушыны қамауда ұстаудың мерзімін ұзартады немесе бұл өтінішті қанағаттандырусыз қалдырады. Егер қамауда ұстаудың мерзімі ұзартылмаған болса, айыпталушы қамау мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға жатады.

Қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы айыпталушыны қамауда ұстау мерзімі аяқталғанға дейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ол туралы қылмыстық істі жүргізуші органға, сондай-ақ тиісті прокурорға хабарлауы тиіс. Егер бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстаудың мерзімі аяқталғанға дейін айыпталушыны босату туралы не қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім немесе ол шешім туралы хабар келіп түспесе, қамауда ұстау әкімшілігінің басшысы өзінің қаулысымен қамаудағы айыпталушыны босатуға міндетті. Бұл қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде қылмыстық іс жүргізуші органға және прокурорға жолданады.

Айыпталушыны, сезіктіні қамауда ұстаудың мерзімін есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 153-бабының 11-14 бөліктерінде көрсетілген. Қамауда ұстаудың мерзімі айыпталушы, сезікті қамауға алынған уақыттан прокурор істі сотқа жолдағанға дейін саналады. Сезікті ретінде ұстау уақыты, адамға үйде қамап ұстау немесе оның соттың шешімі бойынша психиатриялық не өзге медициналық мекемеде мәжбүрлі түрде болу уақыты қамауға алу мерзіміне есептеледі. Заңда айыпталушының және оның қорғаушысының қылмыстық істің материалдарымен танысу уақыты қамауға алу мерзімін есептеу кезінде есепке алынбайды деп көрсетілген.

Айыпталушы, сезікті осы іс бойынша, сондай-ақ онымен біріктірілген немесе одан бөлектелінген қылмыстық іс бойынша қайта қамауға алынған жағдайда, жаңадан қамаудың мерзімі ол адамның бұрын қамауда ұсталған уақыты ескеріле отырып есептеледі. Қылмыстық істі сот қосымша тергеу жүргізуге қайтарған кезде де айыпталушыны қамауда ұстаудың мерзімі осы айтылған ережеге сәйкес есептеледі.

Соңғы жылдары, қамауға алу шарасына санкция беру мүмкіндігін прокурорлардан алып сотқа беру мәселесі көтеріліп, сұрақ соттардың пайдасына шешілген болатын. Ол туралы сұрақ заң шығарушы органда қаралып, қылмыстық іс жүргізу заңына өзгертулер енгізу қажет деп нәтиже жасалған болған.

 Бірақ, қазіргі кезде, қамауға алуды сотпен санкциялау әлі қалыптасқан жоқ. Қамауға алуды санкциялау – сот бақылауын арттыру мәселесіне байланысты. Сот бақылауы, нәтижелі институт екені туралы шетел тәжірибесі дәлелдейді. Шетел тәжірибесі барлық мемлекеттерде бірдей қалыптасқан емес, бірақ бір оларды біріктіретін жағдай – сот адамдардың құқықтары мен мүдделерінің кепілдігі болып табылады. Шетел мемлекеттерінің Конституциялары сот арқылы қорғану нормаларын енгізген және олардың кепілдігі ретінде қағидаларды қарастырған.  Ондай қағидалар біздің қылмыстық іс жүргізу заңында да бар. Бірақ, сұрақ басқада – оларды қалыптастыру механизімін арттыруда.

Сот бақылауы қажетті институт, бірақ оны міндетті түрде прокурорлық қадағалау институтымен сәйкестіру қажет. Ал біздер, прокурорлық қадағалау және сот бақылауын сәйкестіру сұрақтарын қамауға алуға санкция беру мәселесіне байланысты қарастырамыз. Заң әдебиетінде, бұл туралы түрлі пікірлер айтылған болған. Бір қатар заңгерлер, қамауға алуға санкция беруді сот органдарына беру, «сот қадағалауы» атты жаңа қадағалау түрінің пайда болуына әкеліп соғады дейді [19. С.47].

 Бір қатар заңгерлер, сот органдарының құзыретінің өзгеруіне теріс қарайды. Мысалы, И.Л.Петрухин, жақсы қалыптасқан сот бақылауы болған кезде, прокурорлық қадағалаудың қажеті жоқ деп пікір білдірген [20.С.72].

Ал, Ғ.Насыров, сот бақылауы тәуелсіз бақылау және өзіне тән құралдармен жүзеге асырылады деген [21.С.38].

М.Ч.Когамов,  қаралып отырған мәселеге байланысты былай деген  «…сот өзіне тән емес, қылмыстық істі тергеуді басқаруға байланысты функцияны атқаруға тырысады…, прокурормен қатар, тергеушіге әкімшілік басшылық жасағысы келеді, ал оған жол бермеу керек» [22. С.65].

Көп заңгерлердің пікірі бойынша, қамауға алуды санкциялау мүмкіндігін сотқа беру, қалыптасқан қылмыстық іс жүргізушілік қатынастардың жүйесін, соттың мәртебесін өзгертуі мүмкін. Сонымен қатар, барлығы, қандай реформа жүзеге асырсақ да, олардың барлығы қалыптасқан құқық қолдану тәжрибесіне және ұлттық ерекшеліктерге негіздену қажет деп айтқан.

Бас бостандығынан айыру мекемесінің әкімшілігі қамаудағыларға өз айыбын мойындатқызуға құқығы жоқ, және басқа қатысушыларды айтқызуға және айыбын мойындап өзі келуіне. Бұл олардың ісі емес. Әсіресе бұл жұмысқа басқа қатысушыларды пайдалануға болмайды және олардың бас бостандығынан айыру орнының әкімшілігі мен карым-қатынасы күмән тудырады. Бүл жағдайда айыбын мойындап келуі ерікті түрде жүрмейді және кей жағдайда ашылмаған қылмысты қамауда отырғандардын мойнына алғызады. Мұндай жағдайда тергеуші айыпталушыны қайта тәрбиелеуге ,немесе бұл міндеттілікті бостандықтан айыру мекемесіне жүктеуге құқығы жоқ.

Бұл сотқа да қатысты. Бірақ айыпталушы тәрбиелеусіз қалады деп айтуға болмайды. Егер ол айыпты болса, онда сот процесі оның көзқарасына әсер ету керек. Бұлтартпау шарасын жүзеге асыру барысында, яғни бас бостандығынан айыруға байланысты емес шарасын қолданғанда айыпталушы мен оған жақын туыстары немесе еңбек ұжымдары арасында формальды емес қарым-қатынас туады. Айыпталушы  қылмыс жасағанын мойындап, өкінуі және кешірім сұрауы мүмкін, түзелемін деп уәде береді және т.б., ал оған сенім артқан адамдар бұл айтқандарды қабылдап, сеніп және оған қатысты түрлі тәрбиелеу шараларын қолданады. Бірақ оларға айыпталушыны құқықтық тәрбиелеу міндеттілігі жүктелмеген. Құқықтық мағынада олардың міндеттілігі тек бұлтартпау шарасының жүзеге асуын қамтамасыз ету, ал айыпталушыны қайта тәрбиелеуді заң көрсетпеген.

 

         2.4  Өзге процессуалдық мәжбүрлеу шаралары

 

Жоғарыда  аталған бұлтартпау шараларымен қатар, іс жүргізу барысында өзге де процессуалдық мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Бұлтарпау шаралары, қылмыстық іс жүргізу құқығында белгіленген мәжбүрлеу шараларының құрамдас бөлігі болып есептеледі. Сондықтан, бұлтартпау шаралары, қылмыстық іс жүргізу құқығындағы мәжбүрлеу шараларының бір түрі деп айта аламыз. Бұлтартпау және мәжбүрлеу шаралары бір бірінен олардың мақсатына сәйкес ажыратылады, сонымен қатар, бұлтартпау шаралары мәжбүрлеу шараларына қарағанда қатаң шаралар болып есептеледі.

Мәжбүрлеу шараларының түрлері және оларды қолдану тәртібі  Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-тарауында (156-161 баптар) белгіленген. Соның ішінде, 156-бапта көрсетілгендей, қылмыстарды тергеудің және сот талқылауының заңмен белгіленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ сот үкімінің талаптарға сай орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық істі жүргізуші орган сезіктіге немесе айыпталушыға мына мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы:

  • келу туралы міндеттеме;
  • еріксіз алып келу;
  • қызметінен уақытша шеттету;
  • мүлікке тыйым салу.

       Жәбірленушіге, куәға және басқа да іске қатысушыларға қылмыстық іс жүргізуші орган заңда белгіленген тәртіп бойынша мына шараларды қолдана алады:

  • келу туралы міндеттеме;
  • еріксіз алып келу;
  • ақшалай шара.

 Келу туралы міндеттеме шарасын қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 157- бабында көрсетілген. Осы бапқа сәйкес, қылмыстық істі жүргізуші орган бұлтартпау шарасы қолданылмаған сезіктіден, айыпталушыдан, куәдан бұл органның шақыруы бойынша уақытылы келуге, ал тұратын жері өзгерген жағдайда ол жөнінде кешіктірмей хабарлауға жазбаша міндеттеме алуға құқылы. Егер сезікті немесе айыпталушы бұл міндеттемені бұзатын болса, қылмыстық іс жүргізуші орган оған бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы және ол туралы міндеттеме алған адам (айыпталушы, сезікті ) ескертіледі. Жәбірленуші немесе куә келу міндеттемесін бұзатын болса, оларға қылмыстық істі жүргізу органның қаулысы бойынша еріксіз алып келу шарасын қолдану мүмкін және ол туралы бұл адамдар ескертіледі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 158-бабына сәйкес, сезікті немесе айыпталушы, сондай-ақ жәбірленуші және куә дәлелді себептерсіз қылмыстық іс жүргізуші органның шақыруы бойынша келмеген жағдайда, олар тергеушінің немесе анықтаушының, соттың дәлелді қаулысы бойынша еріксіз алып келуге жатады.

Қылмыстық іс жүргізу органының шақыруы туралы хабарланған адамның келмеуінің дәлелді себептері мыналар болуы мүмкін: бұл адамның келуіне кедергі болған ауыр сырқаты; оның жақын туыстарының қайтыс болуы; кездейсоқ апат; бұл адамның белгіленген уақытта келуіне мүмкіндік бермеген өзге де себептер. Сезікті, айыпталушы, сондай-ақ куә мен жәбірленуші шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтіретін дәлелді себептер туралы өздерін шақырған қылмыстық іс жүргізуші органға хабарлауға міндетті болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 158-бабының 5-бөлігінде көрсетілгендей, он төрт жасқа толмағандар, одан жоғары жастағы он сегізге толмағандар оларды заңды өкілдеріне хабарламастан, сондай-ақ, жүкті әйелдер және дәрігердің куәлендіруіне сәйкес денсаулық жағдайы бойынша өзінің жатқан орнын тастап кете алмайтын немесе кетпеуі тиіс науқас адамдар еріксіз алып келуге жатпайды.

Түнгі уақытта еріксіз алып келуге жол берілмейді.

Еріксіз алып келу туралы оның орындалуы алдында сезіктіге, айыпталушыға, тиісті жағдайда жәбірленушіге және куәға жарияланып,  бұл адамдар қаулыға қол қойып куәландырады.

Алып келу туралы тергеушінің немесе анықтаушының қаулысын алдын ала тергеу не анықтаушы орган немесе ішкі істер органы, соттың қаулысын сот приставы немесе ішкі істер органы орындайды.

 Бұл жерде, біздің пікірімізше, сезікті мен айыпталушыға ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау қолхатын қолданып, ал бұл шараны тек қана куә мен жәбірленушіге қалдырған жөн.

Қызметінен уақытша шеттету. Бұл шара, іс жүргізу органымен, айыпталушы тұлғаға қатысты қолданылады, егер айыпталушы тұлға өз лауазымында қалу кезінде істің алдын ала тергелуіне немесе сотта қаралуына, қылмыспен келтірілген зиянның өтелуіне кедергі жасайды немесе қылмыстық іс әрекетпен айналысуын тоқтатпайды деген негіздер болған жағдайда қолданылады. Лауазымды адамға жатпайтын айыпталушыға қызметінен шеттету шарасы қолданылмайды.

Айыпталушыны уақытша қызметінен шеттетуді қолдану жөнінде қаулы қабылданады, оның көшірмесі айыпталушы қызмет атқаратын жердің әкімшілігіне жіберіледі. Қызмет орнының басшысы үш тәулік ішінде тұлғаны қызметінен шеттетуге міндетті.

Уақытша қызметінен шеттетілген адам басқа жұмысқа орналасуға құқылы. Егер ол өзіне қатысты емес жағдайларға байланысты басқа қызметте істей алмайтын болса немесе басқа жұмысқа кіре алмаса, оның еңбек ақы төлеудің төменгі бір мөлшерінен кем емес сомада ай сайынғы мемлекеттік жәрдем ақы алуға құқығы бар.

Ақшалай шара қолдану. Іс жүргізуге байланысты заңмен көзделген міндеттерін орындамағаны немесе сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін жәбірленушіге, куәға, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға ақшалай шара қолданылуы мүмкін. Мысалы,егер жәбірленуші немесе куә қылмыстық іс жүргізуші органның шақыруы бойынша дәлелсіз себептермен келмеген болса, маман немесе аудармашы өз міндеттерін дұрыс орындамаған, жеке кепілдік берген адамдар немесе кәмелетке толмағанды қарауына алған адамдар өз міндеттерін орындамаған болса, олар соттың шешімі бойынша ақша өндіру шарасын қолдануға жатады. Егер ол адамдар сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде міндеттерін орындамаған болса, тергеуші немесе анықтушы, прокурор бұл туралы хаттама жазып, оны тиісті аудандық сотқа жолдайды. Осы хаттаманың негізінде аудандық соттың судьясы өз міндеттерін орындамаған адамнан ақша өндіру туралы қаулы шығарады. Істі сот отырысында қараудың нәтижесінде судья ақшалай шара қолдануға негіз жоқ деп тауып ақша өндіруден бас тарту туралы да қаулы шығаруы мүмкін. Сот отырысының тәртібін бұзғаны үшін ақшалай шара қолдану мәселесі осы сот отырысы кезінде шешілуге тиіс. Осыған сәйкес, сот отырысы залында қатысып отырған адамдар тәртіп бұзған жағдайда, сот оларға ақша өндіру шарасын қолдана алады.

Мүлікке тыйым салу. Үкімнің азаматтық талапқа, басқа да мүліктік жазалауға қатысты бөлігінің немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеудің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен тергеуші, анықтаушы сезіктінің, айыпталушының немесе олардың әрекеті үшін материалдық жауаптылыққа жататын адамдардың мүлкіне тыйым салуға құқылы.

Мүлікке тыйым салудың мәнісі – меншік иесіне немесе мүлікті иеленушіге бұл мүлікке билік етуге, сондай-ақ бұл мүлікті пайдалануға тыйым салу немесе мүлікті иесінен (иеленушіден) алу және оны сақтауға беру болып табылады. Тізбесі заңмен айқындалған бірінші қажеттілік заттарына жататын мүлікке тыйым салынбайды.

Мүлікке тыйым салу туралы қаулы шығарылады. Бұл қаулыда кімнің мүлкіне, қандай мүлікке тыйым салынатындығы және азаматтық талапты қамтамасыз ету мақсаты көзделген жағдайда мүліктің құны көрсетілуі тиіс. Мүлікке тыйым салу кезінде оның құнын анықтайтын маман қатыстырылуы мүмкін Меншік иесі немесе  мүлікті иеленуші қандай затқа бірінші кезекте тыйым салу қажеттігі жөнінде ұсыныс жасауға құқылы.

Мүлікке тыйым салу туралы  қаулының орындалуы хаттама жазу арқылы рәсімделеді. Бұл хаттамада тыйым салынған мүлік аталып және тыйым салуды жүзеге асырудың амалы көрсетіледі. Ол амалдар:

  • тыйым салынған мүлікті иесінен (иеленушіден) алу;
  • ол мүлікті иесінің (иеленушінің) не басқа адамның (ұйымның) сақтауына беру.

          Мүлікті сақтауға алған адам ол үшін жауапты екендігі жөнінде ескертіледі және ол туралы қолхат алынады. Хаттаманың көшірмесі мүлкіне тыйым салынған адамға беріледі.

          Егер тыйым салынған мүлікті оның иесі немесе иеленушісі ерікті түрде бермейтін болса, ол мүлік мәжбүрлеу арқылы алынады. Мүліктің иесі жасырып қойған деп қарауға негіз бар болса, онда қылмыстық іс жүргізуші орган ол мүлікті іздеп табу мақсатында Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 232-бабының ережелерін қолдана отырып тінту жүргізуге құқылы.

          Тыйым салуға болатын мүліктің қатарына бағалы заттар, ақша және өзге де құндылықтар жатады. Егер ондай мүліктің жоқ екендігі анықталса, ол туралы тыйым салу хаттамасында көрсетіледі.

           Банктердегі және несие мекемелеріндегі шоттар мен салымдардағы ақша қаражаты мен өзге де құндылықтарға тыйым салынған жағдайда, осы шот бойынша шығыс операциялары тыйым салынған қаражат шегінде тоқтатылады. Банктер мен несие мекемелерінің басшылары ондағы ақша қаражаты мен өзге де құндылықтар туралы мәліметтерді соттың, прокурордың, сондай-ақ прокурордың келісімімен тергеушінің немесе анықтаушының сұратуы бойынша беруге міндетті болып табылады.

          Мүлікке тыйым салудың қажеттілігі жойылған болса, қылмыстық істі жүргізуші орган бұл шараны тоқтатуы туралы қаулы шығаруы тиіс.

 

Осы тарауда айтылғанды қорытындылай келе, келесі тұжырым жасауымызға болады:

  1. Бұлтартпау шаралары – айыпталушы, ерекше жағдайларда, сезікті анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі объективті зерттеуге және талдауға  бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде қолданатын, қылмыстық процестің міндеттерін орындауға бағытталған қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары.

  2.Бұлтартпау шараларының түрлері:

— ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу;

— жеке кепілдік;

— әскери   қызметшіні   әскери   бөлім   командованиесінің бақылауына беру;

— кәмелетке толмағанды қарауына беру;

— кепіл;

— үйде қамап ұстау;

— қамауға алу.

1) Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу қылмыстық процесті жүргізуші органның айыпталушыдан, сезіктіден, сотталушыдан  тұрақты немесе уақытша тұратын жерінен тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе соттың рұқсатынсыз кетпеуге, істі тергеу жүргізуге және істі сотта қарауға кедергі келтірмеуге, белгіленген мерзімде қылмыстық процесті жүргізуші оганның шақыруы бойынша  келуге жазбаша міндеттеме алуынан тұрады.

2) Бұлтартпау шарасы ретінде жеке  кепілдікті қолданудың тәртібі  Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 145-бабымен белгіленген. Жеке кепілдік сенімге ие болған адамдардың айыпталушының немесе сезіктінің өзін дұрыс ұстауына және қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша уақытында келетіндігіне кепілдік беретіндіктері туралы өздеріне жазбаша міндеттеме алуынан тұрады. Бұлтартпау шараларының бұл түрін қолданудың мынадай шарттары бар:

1)кепіл берушілердің саны екеуден кем болмауы тиіс;

2)кепіл берушілердің бұл жөнінде  өздрінің  жазбаша өтініштері болуы қажет;

3)бұл шараны қолдануға  мезіктінің, айыпталушының келісімі болуы тиіс;

4)Кепілдік беруші қылмыстық іс жүргізуің барысында кепілдігінен бас тартуға құқылы.

3) ҚР ҚІЖК-нің 146-бабында бұлтартпау шарасы ретінде  айыпталушыны немесе сезіктіні әскери бөлім командованиесінің бақылаына беру көзделген. Оның мәні  әскери қызметшілер немесе оқу жиынына шақырылған әскери міндеттілер болып табылатын  айыпталушылар мен сезіктілерге  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері  мен  Ішкі әскерлерінің  жарғыларында көзделген  шараларды қолдану арқылы  ол адамдардың тиісті мінез-құлқын және олардың қылмыстық процесті жүргізуі органның шақыру бойынша келуін қамтамасыз ету болып табылады. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу нормаларына сәйкес кәмелетке толмаған тұлғаларға арнайы шаралар қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмаған айыпталушыны, сезіктіні  ата-анасының, қамқоршыларының, корғаншыларының немесе басқа да сенімге ие адамдардың, сонымен қатар ол тұрып жатқан арнаулы балалар мекемесі әкімшілігінің қарауына беру кәмелетке толмағанның тиісті мінез-құлқын және қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

4) Кепіл. Бұл бұлтартпау шарасы сезіктінің немесе айыпталушының өзі не басқа жеке немесе занды тұлға соттың депозитіне сезіктінің, айыпталушының тергеу органына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуін қамтамасыз ету мақсатында салатын ақшадан тұрады (ҚР ҚІЖК-нің 148-бабы).

5) Қамауға алу. Қамауға алудың бұлтартпау шараларының арасындағы орны ерекше.

Қамауға алу, қоғамға қауіпті тұлғалармен күресудің қажетті құралы бола отырып, тұлғаның жеке бостандығын шектеумен байланысты және күрделі құқықтық, моральдық және басқа да салдарды туғызады.

Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу тек қана соттың санкциясымен заң бойынша екі жылдан асатын мерзімге қасақана қылмыс бойынша, ал абайсыздықта жасалған қылмыс үшін бас бостандығы айыру мерзімі үш жылдан артса айыпталушыға, сезіктіге  қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы  заңмен екі жылдан артық емес мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген қылмыстар туралы іс бойынша айыпталушыға, сезіктіге қатысты қолданылады, егер:

1) оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері болмаса;

2) оның жеке  басы анықталмаса;

3) ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса;

4) ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса немесе жасырынса қолданылуы мүмкін.

Тергеуші, анықтаушы, прокурор бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдау қажет болған кезде осы бұлтартпау шарасын таңдау туралы сотқа қамауға алуды санкциялау туралы өтініш білдіріп, қаулы шығарады.

Егер бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдау туралы қаулы  сезіктіге, ұсталғанға қатысты қозғалған болса, шығарылған қаулы мен іс-құжаттар ұстаудың уақыты өткенге дейін он сегіз сағаттан кешіктірілмей прокурорға жолдануы тиіс.

6) Бұлтартпау шараларымен қатар, іс жүргізу барысында өзге де процессуалдық мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.

Мәжбүрлеу шараларының түрлері және оларды қолдану тәртібі  Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-тарауында (156-161 баптар) белгіленген. Соның ішінде, 156-бапта көрсетілгендей, қылмыстарды тергеудің және сот талқылауының заңмен белгіленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ сот үкімінің талаптарға сай орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық істі жүргізуші орган сезіктіге немесе айыпталушыға мына мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы:

  • келу туралы міндеттеме;
  • еріксіз алып келу;
  • қызметінен уақытша шеттету;
  • мүлікке тыйым салу.

       Жәбірленушіге, куәға және басқа да іске қатысушыларға қылмыстық іс жүргізуші орган заңда белгіленген тәртіп бойынша мына шараларды қолдана алады:

  • келу туралы міндеттеме;
  • еріксіз алып келу;
  • ақшалай шара.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

 

 

3  БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫН  ҚОЛДАНУДЫҢ КЕЙБІР

МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 

          3.1 Бұлтартпау шараларының заңи, теориялық, практикалық   мәселелері және оларды шешу жолдары

 

Бұлтартпау шараларының мәселелері туралы сұрақты қарастыра отырып,  бұлтарпау шараларының мәні мен мазмұнына байланысты сұрақтардың шешілмеуін айтуға болады. Барлық ғалымдардың көзқарасын келесідей топтауға болады:

Бірінші көзқарас. Бұлтартпау шаралары – қылмыстық жауаптылықтың бастамасы, түрі, құрамдас бөлігі. Бұл көзқарасты қолдаушылар: И.И.Карпец, А.В.Наумов және т.б.

Бұл көзқарасты жоққа шығаруға да болады: бұлтартпау шаралары жауаптылық және жаза бола алмайды. Жаза — тек қана мемлекет атынан  сотпен кінәлі деп табылған тұлғаға қолданылады. Жауаптылықтың мақсаты тұлғаны жазалау, ал бұлтартпау шараларының ондай мақсаты жоқ, оның мақсаты тұлғаның іс жүргізу барысында болуын қамтамасыз ету.

Екінші көзқарас. Бұлтарпау шаралары – процессуалдық санкциялар. Бұл көзқарасты қолдаушылардың (М.С.Строгович, А.М.Ларин) пікірі бойынша, бұлтартпау шаралары – қылмыстық іс жүргізудің мүдделерін қорғайтын ескерту шаралары. Олар, іс бойынша ақиқатты анықтауға, кінәлі тұлғаның жауаптылығын қамтамасыз етуге және оның қылмыстық іс әрекеттерін тоқтатуға арналған. Бұл ғалымдардың көзқарасы біздің заң шығарушының көзқарасына келеді. Бірақ ескерілетін бір жағдай, бұлтартпау шарасы үкімді қамтамасыз ету мақсатымен де қолданылады.

Тағы да бір қылмыстық іс жүргізу ғылымында дау туғызған мәселе – бұлтартпау шараларын қолдану негіздерінің анықталмауы. Алматылық политологтар және социологтар Ассоциациясының зерттеуі бойынша, бұлтартпау шарасын қолдану кезінде, тергеуші, анықтаушы, прокурорлар оны қолдану негіздерін атамайды. Шешімнің негізі — процессуалдық және фактілік болып табылады. Процессуалдық негіздерге-тұлғаның ұсталуы, айыптың болуы, бұлтартпау шарасының қажеттілігі жатады. Фактілік негіздерге – бұлтартпау шарасының қажеттілігін дәлелдейтін мәліметтердің болуы жатады. Бірақ, бұл жерде де келісім жоқ, ғалымдар фактілік негіз ретінде мәліметтерді емес, оған негізделген мән-жайларды атайды және тұлғаның ұсталуы, оған айыптың тағылуы, барлық жағдайда, оған бұлтартпау шарасын қолданудың негізі бола алмайды деген пікір де айтылған.

Практикалық маңызы бар мәселе болып,  бұлтартпау шараларын қолдану болып табылады. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру мәселесін алатын болсақ, үлкен маңызды мәселе болып, тұлғаның уақытша іс жүргізу жерінде болмауы табылады. Оны қолданылған шараның бұзылуы деп есептеуге бола ма? Тұлғаның іс жүргізу жерінде болмауы деген ұғым нақты анықталуға тиіс.

Бұл шараның кемшілігі – оның қамтамасыз етілмеуі.  Айыпталушы, сезікті тұлға, ешқайда кетпеймін деп айтудан басқа ешқайдай кепілдік бермейді. Сондықтан, болашақ жауаптылықтан жалтаруға, істі жүргізуші органдардан жасырынуға мүмкіндігі жоғарлайды. Сот  тәжірибесінде  жиі кездесетін тағы да бір мән-жай, алдын ала тергеу барысында осындай шара қолданылған тұлға, өз мекен-жайын әдейі жасырып қояды, бірақ органдардың шақыруы бойынша келуден бас тартпайды, ал енді іс сотқа келіп түскен кезде тұлғаны табуға ешқандай мүмкіндік болмайды. Немесе, шетел азаматтары қылмыс жасап біздің мемлекетте ұсталған кезде. Шетел азаматтары ауырлығы төмен немесе орташа қылмыс жасаған жағдайда, әсіресе әйел адамдар, оларға ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу шарасы қолданады. Практикада жиі кездесетін жағдай, көп балалы әйел адамдар, шетел азаматшалары, есірткі тасымалдаумен айналысады, олардың сәбилерінің немесе он төртке толмаған балаларының болуы, оларға қамауға алу шарасын қолдануға мүмкіндік бермейді. Шетел азаматшасы болғандықтан, оған кепілдік, кепіл, үйде қамауда ұстау шараларыда қолданылмайды. Сондықтан ешқайда кетпеу туралы қолхат беруден басқа шара қолдануға мүмкіндік жоқ. Ал олардың мемлекет аумағында болуын ешкім  қамтамасыз ете алмайды, сондықтан олардың өз мемлекетіне кетіп қалу жағдайлары өте жиі кездеседі.

Кепіл шарасын алатын болсақ, бұл шараның практикасы мүлде қалыптаспаған. Біріншіден, қандай санаттағы қылмыстар бойынша қолданылатындығы белгісіз, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде ол туралы айтылмаған. Сондықтан кез келген қылмыстар бойынша қолдануға болады деп қорытынды шығаруға негіз бар. Екіншіден, сұрақ адам бостандығы туралы тұрғанда, жүз айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі ақша, ақша ма? Үшіншіден, біздің пікірімізше, бұл шара негізгі шара ретінде емес, қосымша шара ретінде қолданылғаны дұрыс, мысалы, ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру шарасымен қатар немесе кепілдікпен бірге. Егер, тәуелсіз негізгі шара ретінде қалдыратын болсақ, оны бұзған үшін жауаптылық қатаюға тиісті. Жауаптылықты тек қана кепілдің көлемін көтеру арқылы жүзеге асыруға болады. Ал егер оның мөлшерін көтеретін болсақ, бұл шара жұмыс істемей қалуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылыққа, өмір сүру жағдайы орташа немесе жағдайы төмен тұлғалар тартылады. Жағдайы жоғары тұлғалар қылмыс жасамайды деп айтуға болмайды, олар көбінесе іс жүргізу органдарының қолына түспейді. Бұл жағдайды ескеретін болсақ, кепілдің мөлшерінің көтерілуі оны жиі қолданбауға негіз бола келеді.

Заң, кепілді, айыпталушы тұлғаның құқыққа қайшы мінез-құлқын алдын алу шарасы ретінде көздейді. Бірақ, кепілдің көлемі тұлғаның дұрыс өзін ұстауын қамтамасыз етеді деп айта алмаймыз. 1997 жылға дейін біздің қылмыстық іс жүргізу заңнамасында осындай шара көзделмеген болған. Бұл шетел тәжірибесінің белгісі. Көптеген шетел мемлекеттерінде бұл шара бұрыннан қалыптасқан және нәтижелі қызмет атқарады. Біздің мемлекетте жақында ғана енгізілгендіктен оның механизімі әлі қалыптасқан жоқ.

 1997 жылы қабылданған қылмыстық іс жүргізу заңында орын тапқан шаралардың бірі – тұлғаны үйде қамауда ұстау.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 149-бабы, айыпталушыны толық оқшалау қажет бола қоймаса немесе жасы, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы және басқа да мән-жайлар бойынша қамауға алу дұрыс емес деп ұйғарылған кезінде, үйде қамауда ұстау қолданылады дейді. Бірақ, қандай да бір басқа мән-жайларға не жататынын түсіндірмейді. Ал, қандай-да бір жағдайдың нормамен нақты реттелмеуі – оны өзінше талқылауға мүмкіндік береді. Сондықтан, осы шараны қолдануға негізді анықтаған кезде, іс жүргізуші орган немесе судья, өз тандауы бойынша, егер себепті дәлелдесе, кез келген жағдайды атай алады. Бұл жерде, осы жағдайды реттеу үшін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізу керек..

 Соңғы жылдары, қамауға алу шарасына санкция беру мүмкіндігін прокурорлардан алып сотқа беру мәселесі көтеріліп, сұрақ соттардың пайдасына шешілген болатын. Ол туралы сұрақ заң шығарушы органда қаралып, қылмыстық іс жүргізу заңына өзгертулер жасалған болған.

 

Осы тараушада айтылғанды қорытындылай келе, келесі тұжырым жасауымызға болады:

  1. Бұлтартпау шараларының мәселелері туралы сұрақты қарастыра отырып, бұлтарпау шараларының мәні мен мазмұнына байланысты сұрақтардың шешілмеуін айтуға болады. Барлық ғалымдардың көзқарасын келесідей топтауға болады:
  • Бұлтартпау шаралары – қылмыстық жауаптылықтың бастамасы, түрі, құрамдас бөлігі. Бұл көзқарасты қолдаушылар: И.И.Карпец, А.В.Наумов және т.б.
  • Бұлтарпау шаралары – процессуалдық санкциялар. Бұл көзқарасты қолдаушылардың (М.С.Строгович, А.М.Ларин) пікірі бойынша, бұлтартпау шаралары – қылмыстық іс жүргізудің мүдделерін қорғайтын ескерту шаралары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 Бұлтартпау шараларын қолдануға прокурордың

қадағалауы және оны жүзеге асырудың мәселелері

 

  Прокурорлық қадағалау мемлекетте заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі тәсілі. Қазақстан Республиксы Конституциясының 33-бабының 4-тармағында заңдылықтың анықтамасы берілген: «Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас және Конституция мен заңдар негізінде атқарылады…». Конституцияны, заңдарды және оларға сәйкес қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерді бұзбау, заңдылықтын мәнін құрайды. Прокурорлық қадағалаудын ролі – заңдылықтың бұзылуын анықтау және тоқтату мақсатымен, өзіне бағынысты емес органдар мен тұлғалардың қызметін, арнайы құрылған органмен  қадағалау арқылы жүзеге асыру.

  Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының 1-тармағына сәйкес, прокуратура мемлекет атынан, Қазақстан Республикасы аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы  Президенті жарлықтарының және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің түгелдей және біртұтас қолданылуына; алдын ала тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына; әкімшілік және атқару өндірісіне жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады; заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау және жою шараларын қолданады; Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен құқықтық актілерге наразылық білдіреді. 

  Прокуратура,  мемлекет мүддесін сотта өкілдейді және заңмен бекітілген жағдайларда, тәртіпте, қылмыстық ізге түсуді атқарады. Прокурорлық қадағалауға «жоғарғы» деген терминді қолдану, оны заң қолдануды бақылаудың басқа нысандарына қарағанда ерекшелейді, прокуратура органдарын, заңдылықты қамтамасыз етуге міндеттенген органдар арасында негізгі орынға қояды.

Прокурорлық қадағалаудың жалпы мақсаттары Қазақстан Республикасы Конституциясы,  Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы,  және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен белгіленеді, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексімен, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексімен. Жоғарғы қадағалауды жүзеге асырумен байланысты прокурорлық қадағалаудын келесі жалпы міндеттерін атауға болады:

  • Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасы заңдары, Қазақтан Республикасы Президенті жарлықтары және басқа да нормативтік актілерінің толық және біртұтас орындалуын қадағалау;
  • тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау;
  • әкімшілік және атқарушылық өндірісті қадағалау;
  • Қазақстан Республикасы Конституциясы және басқа да нормативтік актілеріне қайшы келетін заңдар мен актілерге наразылық білдіру;
  • сотта мемлекет мүддесін өкілдеу және сот актілері заңдылығын қадағалау;
  • заңда бекітілген тәртіпте және шектерде қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру;
  • мемлекеттік-құқықтық статистиканы ұйымдастыру және статистика саласында қадағалауды жүзеге асыру.

         Прокурорлық қадағалаудың арнайы  мақсаттары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорымен қабылданатын бұйрықтар және құқықтық актілермен реттеледі және прокурорлық қадағалаудың бағыттарымен байланысты.

         Бұлтартпау шараларының заңдылығын қадағалауды қарастыра отырып, бұл бағыт, алдын ала тергеуді қадағалаудың негізгі бағыттарының бірі деп айтуға болады. Оның себебі, қылмыстық іс саласында, бұл бағыт адам және азамат құқықтары және бостандықтарымен байланысты. Бұл жерде, Б.М.Мукашевтың пікірімен келісуге болады. Оның пікіріне сәйкес: «қылмыстық іс жүргізу саласындағыдай, бірде бір мемлекеттік басқару органдарының қызметінде, адам және азамат құқықтары мен бостандықтары қозғалмайды. Заңсыз ұстау, негізсіз қылмыстық жауаптылыққа тарту, кінәсіз соттаумен байланысты құқықбұзушылық сияқты басқа заң бұзылуы адамға қатты моральдық және физикалық зиян келтірмейді» [23.С.100].

         Кеңес үкіметі кезінде, прокуратура алдын ала тергеуді, соның ішінде бұлтартпау шараларын қолдануды қадағалаған, бірақ, қадағалау қағидаларына, мемлекет дамуының түрлі кезеңдерінде, мемлекеттің саяси даму бағыты, тоталитарлық режим және басқа да жағдайлар әсер еткен.

      Өмірдің қоғамдық-саяси өзгерістеріне байланысты заңдылықтың әлеуметтік мазмұны, оны қорғау тәсілдері өзгерді. Бұл өзгерістер, прокурорлық қадағалау жүйесінің қызметіне әсер етті.

         1995 жылы, мемлекет тәуелсіздік алғаннан кейін, 1994 жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген, Қазақстан Республикасы құқықтық реформасының мемлекеттік бағдарламасы негізінде тергеу функциясы, прокуратура өкілеттігінен оның атқаратын қызметіне тән емес деп алынды. Сол уақыттан бастап, прокуратура органдарының мәні, мазмұны өзгереді. Бұл өзгерістер, алдын ала тергеу нысаны – анықтауға жанама қатысты, бірақ, прокуратура органдарының нақты қадағалау және құқық қорғау өкілеттіктеріне ие болуы, сотқа дейінгі қызметті атқаратын органдардың мазмұнын өзгертті.

         Алдын ала тергеу мен анықтауды қадағалау 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Қазақстан Республикасы Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұрында-«ҚР Прокуратурасы туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы), «Прокурорлық қадағалау жөнінде бір қатар Қазақстан Республикасы заңнама актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» ҚР Заңы, 2003 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен бекітілген «Алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі» нұсқауға сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының нұсқауы, осы саладағы қадағалауды атқаратын негізгі  құжат болып есептеледі. Бұл нұсқауда алдын ала тергеу және анықтау органдарымен заңның қолданылуын қадағалау, қылмысты табу, ашу, тергеу барысында заңдылықтың бұзылуын анықтау, жою немесе жоюға байланысты шаралар қолдану арқылы жүзеге асырылады деп айтылған.

         Қадағалауды жүзеге асыру барысында, прокурордың негізгі міндеті – прокурорлық қадағалау құралдары арқылы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету. Бұл прокуратура органдарының құқықты қорғау функциясы.

         Алдын ала тергеу сатысында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге байланысты негізгі өкілеттіктер, бір де бір мемлекет билігінің тарауына жатпайтын, негізгі функциясы ретінде заңды қорғау қарастырылған және оны қадағалау прокуратура органдарына берілген.

         Жоғарыда айтылғандай, сотқа дейінгі өндіріс сатысында, негізгі сұрақ ретінде адам мен азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі қаралып отыр. Прокуратура органдарына, сотқа дейінгі сатыда, соның ішінде анықтау жүргізу кезінде, адам мен азаматтың құқықтары және бостандықтарын қамтамасыз етуга байланысты кең өкілеттіктер берілген. Алдын ала тергеу жүргізу барысында адам мен азаматтың құқықтары және бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыстық істі қозғау, тергеу, бөлек тергеу іс-әрекеттерін және жедел-іздестіру шараларын жүргізу, бұлтартпау шараларын қолдану барысында оларды қамтамасыз етуден тұрады.     

  Прокуратура органдарының өкілеттігіне қатысты, мысалғы,2004 жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының Бұйрығымен бекітілген «Алдын ала тергеу және анықтаудың заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» нұсқауы, 4 — бөлікте, прокурордың өз өндірісіндегі істер мен материалдар бойынша, заңмен қарастырылған жағдайлар мен тәртіпті қоспағанда, қандай да бір, түсініктемелер бермеуге немесе кімге болсын танысуға бермеуге құқығын бекіткен.

Аталған Нұсқауға сәйкес қадағалау қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерін, анықтау органдарымен қабылданатын процессуалдық шешімдердің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатымен ұйымдастырылуы қажет.

Алдын ала тергеу сатысында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге байланысты негізгі өкілеттіктер, бір де бір мемлекет билігінің тарауына жатпайтын, негізгі функциясы ретінде заңды қорғау қарастырылған және оны қадағалау  прокуратура органдарына берілген.

Жоғарыда айтылғандай, сотқа дейінгі өндіріс сатысында, негізгі сұрақ ретінде адам мен азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі қаралып отыр. Прокуратура органдарына, сотқа дейінгі сатыда, соның ішінде тергеу және анықтау жүргізу кезінде, адам мен азаматтың құқықтары және бостандықтарын қамтамасыз етуга байланысты кең өкілеттіктер берілген. Тергеу және анықтау жүргізу барысында адам мен азаматтың құқықтары және бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыстық істі қозғау, тергеу, бөлек тергеу іс-әрекеттерін және жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында оларды қамтамасыз етуден тұрады.

       Прокурор, қылмыстық істі қозғау себептері мен негіздерін тексеру кезінде, ерекше көңілді, қозғауға негіз болған материалдардың толықтығы мен объективтігіне аудару қажет. С.К.Журсимбаевтың пікірі бойынша: «қылмыстық істі қозғау негіздері заңсыз жолымен алынуы мүмкін, сондықтан шұғыл-іздестру қызметінің материалдары бойынша қылмыстық іс қозғау сұрақтары нақты қарастырылуға тиісті» [24. С.46].

Қылмыстық істің қозғалуы барлық жағдайда, тұлғаны сезікті, айыпталушы ретінде тартумен, бұлтартпау шарасын қолданумен, құқықтары мен бостандықтарын шектеумен ұштасады.

Тергеуші қылмыстық істі қозғағаннан кейін, сезікті және айыпталушы тұлғаға Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген бұлтартпау шарасының бірін қолдануға тиісті. Бірқатар шаралар соттың санкциясымен жүзеге асырылады, ал бірқатарын тергеуші өз қүзыреті шегінде қолданады. Бірақ, барлық жағдайда олардың қолданылуының заңдылығы прокурормен тексерілуге тиісті. Прокурор, қолданылған шараны заңсыз деп тапса, өз шешімімен оны өзгертуге немесе жоққа шығаруға құқылы. Бұл өкілеттік прокурордың тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау функциясынан туындайды. Аталған шаралар ішінде ең ауыры тұлғаны қамауға алу. Бүгінгі күні, бұл сұрақ, заң тұрғысынан қаралып, жаңадан реттелді. Шараны санкциялау мүмкіндігі сот органдарына берілді.

Қылмыстық істің қозғалуы  бір қатар жағдайда  тұлғаны 72 сағатқа дейін қамаумен байланысты. Кінәсіздік презумпциясына сәйкес тұлға, тек ғана сот шешімі негізінде кінәлі деп табылады. Сондықтан, сезікті және айыпталушы ретінде ұсталған және тартылған тұлғаға осы принцип негізінде қарау қажет. Кінәсіздік презумпциясы, тұлғаға бұлтартпау шарасы қолданылған кезде де ескерілуге тиіс. 2004 жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Бұйрығымен бекітілген, «Алдын ала тергеу және анықтаудын заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» нұсқауында былай делінген: «Аудандық, қалалық және оларға теңістірілген прокурорлар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық  іс жүргізу кодексінің 17 тарау талаптарының құқық қорғау органдарымен сақталуын тұрақты тексерсін».

 Тексеруді әкімшілік қамауға алу арнайы жерлерінде, медициналық айықтыру жерлерінде, қалалық, аудандық уақытша ұстау изоляторларында, тергеу изоляторларында, қылмыстық ізге түсу органдарының лауазымды бөлмелерінде өткізу қажет. Тексеруді түнгі уақытта, демалыс, мейрам күндері өткізуді жиі қолдану қажет. Әрбір ұсталған сезіктінің, оны ұстау негіздерін анықтау қажет. Сезікті заңсыз ұсталған жағдайда, кінәлі лауазымды тұлғаларға ықпал ету шараларын қолданумен қатар, тез арада сезіктіні босату қажет.

Ерекше көңіл, кәмелетке толмаған тұлғаларды, мүгедектерді, әйелдерді, шетел азаматтарын ұстау заңдылығына бөліну қажет. Ұстауды дәлелдеме табу құралы ретінде қолдануға тыйым салынсын».
      Жоғары айтылғандға негіздене отырып, прокурорға жүктелген негізгі мақсатты анықтауға болады – қылмыстық істі қозғау сатысында сезікті, айыпталушы тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету.

Прокуратура қызметінің маңызды бағыттарының бірі атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау. Бұл қадағалаудың мәнін сот тағайындаған жазалау мен мәжбүрлеу сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезінде адамдардын бас бостандығынан айыру орындарында болуының заңдылығын аталған мекемлерде сотталған адамдарды ұстаудың занда белгіленген тәртібі мен шарттарын сақталуынан және бас бостандығынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығынан азаматтық және өзге істер жөніндегі сот шешімдерін атқару заңдылығына қадағалауды жүзеге асырудан көруге болады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстык атқару кодексінің 20-бабына сәйкес, жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің заңдарды сақтауын кадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады [25.С.59].

Қамалғандарды тергеу изоляторында ұстау және қылмыстық жазаны орындау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі мен Әділет Министрлігі оларға бағынышты органдар шығарған нормативтік-құқықтык актілердің заңдылығына қадағалау жасау және заңға қайшы келетін бұйрықтар, жарлықтар, қаулылар тез тоқтатылып, оларға наразылық келтіруді жүзеге асыру қарастырылған. Тексеру кезінде ұсталғандардың, қамауға алынғандардың заңда белгіленген, құқықтары мен міндеттерінің сакталуына, оларды бостандығынан шектеу орындарында ұстаудың заңдылығына, тәртіп туралы заң талаптарының мүлтіксіз орындалуына және ұсталған, қамауға алынған әйелдер мен жасы толмағандардың жағдайына баса назар аудару қажет.

Бұлтартпау шарасы жасы толмағандардың тергеуден, соттан жалтаруына жол бермеу үшін, істің мән-жайын түпкілікті ашу, қылмыстық әрекеттің жалғасуының алдын алу және үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында анықтау мен тергеу органының, прокурордын, соттың қолданатын процессуалдық әрекеті.

Кәмелетке толмағанды қамауға алу бұлтартпау шарасын қолданған кезде мынаны ескеру қажет:

а) жасаған қылмыстың ауырлығын және оның қоғамға қауіптілік дәрежесін;

б) айыптың болуының дәлелділігін;

в) кәмелетке толмаған айыпталушының тергеу мен соттан жасырынуына мүмкіндігін;

г) кәмелетке толмағанның еркіндікте жүрген кезінде істің мән-жайын түпкілікті ашуына кедергі келтіруін;

Қабылданған шешім туралы жазбаша   прокурорға   хабарланады   немесе   тергеуші, анықтаушы арқылы беріледі.

Осы жалпы заңның көрсетуінен шыкқан ережелерге сәйкес кәмелетке толмаған айыпталушыға (сезіктіге) қолданылған бұлтартпау шарасына шағым беруге құкығы мен тәртібін түсіндіру керек.

Соттың санкциясымен тағайындалған бұлтартпау шарасын тоқтату немесе өзгерту үшін тергеуші мен анықтаушы тек соттың санкциясымен ғана жүзеге асырады.

Кәмелетке толмаған айыпталушыны қамауға алу жөніндегі мәселені прокурор шешкен кезде мұқият бәрін қарап алу керек. Ол кәмелетке толмаған адамнан мүмкін болған жағдайда өзі жауап алып, оның өмірдегі жағдайымен және тәрбиесімен танысуға міндетті. Прокурор әр уақытта кәмелетке толмаған адамды ұстаған кезде немесе қамауға алған кезде, оны жасы үлкен айыпталушылардан бөлек ұстауын бақылап отыруы тиіс. Прокурор айыпталушыға қатысты түрлі бұлтартпау шараларының бірін таңдап нұсқау беруге құқылы. Нұсқау жазбаша түрде берілуі тиіс және ол анықтаушы  мен тергеушіге міндетті болады.

Ал жүйке ауруымен ауыратын адамдар қоғамға қауіпті әрекет жасаса және өзіне немесе басқаларға қауіп төндірсе, оларға тек бір бұлтартпау шарасын қолданады. Ауруханалық жағдайда қамауда ұстау. Қалған бұлтартпау шарасының мағынасымен негізі ауыратындарға түсініксіз және олар оны қоғамдық қауіптіліктен сақтамайды.

 

Осы тараушада айтылғанды қорытындылай келе, келесі тұжырым жасауымызға болады:

  1. Прокурорлық қадағалау мемлекетте заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі тәсілі. Қазақстан Республиксы Конституциясының 33-бабының 4-тармағына сәйкес Конституцияны, заңдарды және оларға сәйкес қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерді бұзбау, заңдылықтын мәнін құрайды. Прокурорлық қадағалаудын ролі – заңдылықтың бұзылуын анықтау және тоқтату мақсатымен, өзіне бағынысты емес органдар мен тұлғалардың қызметін, арнайы құрылған органмен қадағалау арқылы жүзеге асыру.
  2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының 1-тармағына сәйкес, прокуратура мемлекет атынан, Қазақстан Республикасы аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің түгелдей және біртұтас қолданылуына; алдын ала тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына; әкімшілік және атқару өндірісіне жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады; заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау және жою шараларын қолданады; Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен құқықтық актілерге наразылық білдіреді.
  3. Қадағалауды жүзеге асырумен байланысты прокурорлық қадағалаудын келесі жалпы міндеттерін атауға болады:
  • Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасы заңдары, Қазақтан Республикасы Президенті жарлықтары және басқа да нормативтік актілерінің толық және біртұтас орындалуын қадағалау;
  • тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау;
  • әкімшілік және атқарушылық өндірісті қадағалау;
  • Қазақстан Республикасы Конституциясы және басқа да нормативтік актілеріне қайшы келетін заңдар мен актілерге наразылық білдіру;
  • сотта мемлекет мүддесін өкілдеу және сот актілері заңдылығын қадағалау;
  • заңда бекітілген тәртіпте және шектерде қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Бұлтартпау шаралары – айыпталушы, ерекше жағдайларда, сезікті анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі объективті зерттеуге және талдауға  бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде қолданатын, қылмыстық процестің міндеттерін орындауға бағытталған қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары.
  2. Бұлтартпау шараларының өзіндік арнайы мақсаттары:

біріншісі, айыпталушының соттан, тергеуден, анықтаудан  жалтарып  кетуіне жол бермеу;

екіншісі, айыпталушының істің мән-жайын анықтауға кедергі келтіруіне жол бермеу;

үшіншісі, айыпталушының (сезіктінің) алдағы уақытта қылмыстық әрекет жасауын болғызбау;

төртіншісі, үкімді орындауды қамтамасыз ету.

         3.Бұлтартпау шараларын олардың сипатына қарай және кімдерге қолданылатындығын ескере отырып, екі топқа бөлуге болады:

           1)Бұлтартпау шараларының жалпы түрлері;

2)Бұлтартпау шараларының арнайы түрлері.

  1. Бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері –айыпталушыға, ал ерекше жағдайларда – сезіктіге, қатысты нақты бұлтартпау шарасын қолданудың қажеттігін анықтайтын заңда белгіленген мән-жайлар.

 Бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері болып табылады:

1) айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады деп ойлауға жеткілікті негіздің болуы;

2) айыпталушы істі  объективті зерттеуге және талдауға  бөгет жасайды деп ойлауға жеткілікті негіздің болуы;

3) айыпталушы қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздің болуы;

4) үкімді орындауды қамтамасыз ету.

 Айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады деп ойлауға жеткілікті негіздің болуына келесі жағдайлар себеп болады: айыпталушының бұрын сотталуы, жанұясының, тұрақты тұратын жерінің болмауы, ұйымдасқан топтың құрамында болуы, материалдық жағдайының мүмкіндіктері, ауыр және аса ауыр қылмыс жасауы және т.б.

Айыпталушы істі  объективті зерттеуге және талдауға  бөгет жасайды деп ойлауға жеткілікті негіздің болуына келесі жағдайлар себеп болады: айыпталушының бұрын сотталуы, дәлелдемелерді тапсырудан жалтаруы, оларды жоюға тырысуы, жәбірленушіге, куәларға қысым жасауы және т.б.

Айыпталушы қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздің болуына келесі жағдайлар себеп болады: айыпталушының бұрын сотталуы, нашақор, маскүнем болуы, ұйымдасқан топтың құрамында болуы және т.б.

  1. Бұлтартпау шарасын қолдану кезінде келесі шарттар сақталынуы тиіс:

Біріншіден, бұлтартпау шарасы тек қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін. Бұл адамның жеке басына тиіспеушілік құқығына кепіл болады және оны негізсіз, еріксіз қамауға  және басқа да мәжбүр ету шараларын қолданбауға кепіл болады.

Екіншіден, бұлтартпау шарасы қылмыстық жазаға қарағанда жеңілдеу болуы керек. Егер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабының санкциясында бас бостандығынан айыру екі жылдан аспаса, онда бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдануға рұқсат етілмейді.

 Үшіншіден, кез келген бұлтартпау шарасын қолданудың шарты — адамды айыпталушы немесе сезікті ретінде тану.

  1. Бұлтартпау шарасы жазалау   шарасынан   біраз   белгілері бойынша ажыратылады:

1) бұлтартпау шарасы айыпталушы, сезіктіге қолданылады, ал жазалау шарасы соттың үкімімен қылмыс жасады деп кінәлі деп танылған адамдарға колданылады,

2) бұлтартпау шарасының мақсаты жазалау шарасынан өзгеше. Бұлтартпау шарасының мақсаты — айыпталушының тергеу органы мен сотқа уақытында келуін қамтамасыз ету, істі жүргізуге кедергі жасауының, қылмыстық әрекеттерін жалғастыруының алдын алу. Жазалау шарасы жасаған кылмысы үшін сазайын тарту арқылы, оны түзеу жолына  қою және тәрбиелеу мақсатын көздейді және сотталушының жана қылмыс жасамауын ескертуді көздейді;

3) жазалау шарасы тек үкім аркылы қолданылады, ал бұлтартпау шарасы анықтаушы мен тергеушінің, прокурордың каулысы немесе соттын санкциясы не шешімі бойынша тағайындалады;

4) бұлтартпау шарасы уақытша ғана болады және ол өзгертілуі немесе тоқтатылуы мүмкін анықтау мен тергеу жүргізу сатысында және сотта іс каралып жатқан кезде, ал үкім егер заңды күшіне енген және рәсімделген болса, онда өзгеріске жатпайды.

  1. Бұлтартпау шараларының мәселелері туралы сұрақты қарастыра отырып, бұлтарпау шараларының мәні мен мазмұнына байланысты сұрақтардың шешілмеуін айтуға болады. Барлық ғалымдардың көзқарасын келесідей топтауға болады:

1) Бұлтартпау шаралары – қылмыстық жауаптылықтың бастамасы, түрі, құрамдас бөлігі. Бұл көзқарасты қолдаушылар: И.И.Карпец, А.В.Наумов және т.б.

2) Бұлтарпау шаралары – процессуалдық санкциялар. Бұл көзқарасты қолдаушылардың (М.С.Строгович, А.М.Ларин) пікірі бойынша, бұлтартпау шаралары – қылмыстық іс жүргізудің мүдделерін қорғайтын

ескерту шаралары.

  1. Прокурорлық қадағалау мемлекетте заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі тәсілі. Қазақстан Республиксы Конституциясының 33-бабының 4-тармағында заңдылықтың анықтамасы берілген: «Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас және Конституция мен заңдар негізінде атқарылады…». Конституцияны, заңдарды және оларға сәйкес қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерді бұзбау, заңдылықтын мәнін құрайды. Прокурорлық қадағалаудын ролі – заңдылықтың бұзылуын анықтау және тоқтату мақсатымен, өзіне бағынысты емес органдар мен тұлғалардың қызметін, арнайы құрылған органмен қадағалау арқылы жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының 1-тармағына сәйкес, прокуратура мемлекет атынан, Қазақстан Республикасы аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы  Президенті жарлықтарының және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің түгелдей және біртұтас қолданылуына; алдын ала тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына; әкімшілік және атқару өндірісіне жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады; заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау және жою шараларын қолданады; Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен құқықтық актілерге наразылық білдіреді.

  1. Қадағалауды жүзеге асырумен байланысты прокурорлық қадағалаудын келесі жалпы міндеттерін атауға болады:
  • Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасы заңдары, Қазақтан Республикасы Президенті жарлықтары және басқа да нормативтік актілерінің толық және біртұтас орындалуын қадағалау;
  • тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау;
  • әкімшілік және атқарушылық өндірісті қадағалау;
  • Қазақстан Республикасы Конституциясы және басқа да нормативтік актілеріне қайшы келетін заңдар мен актілерге наразылық білдіру;
  • сотта мемлекет мүддесін өкілдеу және сот актілері заңдылығын қадағалау;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттің тізімі

 

1.Қазақстан Республикасы Конституциясы.  – Алматы, «Жеті Жарғы», 2008 жыл, 37 бет.

  1. «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы. 6 наурыз 2009 жыл, Справояная правовая система «Юрист»

3.Коврига З.Ф. Уголовно-процессуальное принуждение. — Воронеж, 1978.23 бет.

4.Ковалев М.А. Прокурорский надзор за обеспечением прав личности при расследовании преступлении. — М.. 1981.32бет

5.Строгович М.С. Советский уголовный процесс. — М.,1976.29бет.

6.Чельцов М.А. Меры принуждения. М.,1979.35бет. 

7.Коврига З.Ф. Уголовно-процессуальное принуждение. — Воронеж, 1975.33бет.

8.Буряков А.Д. Меры пресечения в советском уголовном процессе. — М.,1967. 24бет.

9.Коврига З.Ф Уголовно-процессуальное принуждение. – Воронеж,1975, 33 бет.

  1. Петрухин И.Л. Свобода личности и уголовно-процессуальное принуждение — М.,1985.32бет

11.Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. — А.,1998.41бет.

12.Права человека.Сборник международных документов. — М.,1986.

13.Михайлов В.А.Меры пресечения в Российском уголовном процессе. -М.,1996. 44бет.

14.Еникеев З.Д.Эффективность мер процессуального принуждения на предварительном следствии. — Казань.,1999.56бет.

15.Е.Е.Ерешев.  Қылмыстық іс жүргізу құқығы. – Алматы: «Өлке» баспасы 2006 жыл. 184 бет.

16.Коврига З.Ф. Уголовно-процессуальное принуждение. — Воронеж, 1975.35бет

17.Лившиц Ю.Д. «Меры пресечения в советском   уголовном   процессе». — М., 1964.88бет

  1. 1 Мариупольский Л.А. Применение органами внутренних дел меры пресечения – заключения под стражу. — М., 1972.8бет.

19.Жакупов С. К вопросу о расширении судебного контроля и состязательности на досудебных стадиях уголовного процесса в Республике Казахстан.//Правовая реформа в Казахстане №1 2002.46-48беттер.

  1. Петрухин И.Л. Частная жизнь (правовые аспекты) // Право и государство.1999.№1.72 бет

21.Насыров Г. Судебный контроль и прокурорский надзор не одно и тоже. //Тураби №4 2002.37-39 беттер.

22.Когамов М.Ч. Судебный контроль на досудебных стадиях: пределы и потребности практики Уголовного процесса.//Тураби №1 2002.65бет.

23.Мукашев Б.М. Дознание по делам, по которым производство предварительного следствия не обязательно. Дисс. на соис. … канд. юрид.наук- — А.1999.-100-101 беттер

24.Журсимбаев С.К. Актуальные проблемы обеспечения прокурором прав и свобод человека и гражданина на досудебных стадиях уголовного процесса.  Дисс. На соис. … канд.юрид.наук. -А.2000. 46 бет

25.Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі. 13.12.1997 ж. 20 б.