АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс.Чжоу Эньлайдың қызметі

Жоспары

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………….

 

1-тарау.Чжоу Эньлайдың революциялық қызметі

1.1. Чжоу Эньлайдың саяси портреті…………………………………………………….

1.2. Вампу әскери мектебінің құрылуы……………………………………………….

1.3. Біріккен майданның құрылуы………………………………………………………

 

2-тарау.Чжоу Эньлай мемлекет төрағасы.

2.1. Ч.Эньлайдың мемлекеттік және саяси рөлі……………………………………

2.2. Ч.Эньлайдың дипламаттық рөлі……………………………………………………

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………………

 

Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………………………………

 

 

КІРІСПЕ

 

Бұл тақырыпты алуымыздың негізгі себебі бүгінгі таңда дүниежүзінің терезесі тең елдерінің қатарына ұзақ жылдар бойы антиманжурлық, антиимпериалистік және революциялық күрес жолымен жеткен Қытай Халық Республикасының мемлекет болып құрылуына ат алысқан  революционер, мемлекет қайраткері,      дипломат Чжоу Эньлай еңбегін көпшілік қауымға таныстырғымыз келеді. Қазіргі кезде өз егемендігін қолына алған Қазақстан 70 жылдан аса советтік империяның бұғауында болып келді. Ал Қытай елі соңғы 100 жылда әсіресе 19-ғасырдың соңы 20-ғасырдың басында Шығыста шиеленіске түскен        елдің бірі болды. Мұны Қытай революционер қайраткері Чен Бо-да: «Қытай халқы өз еліне басқыншылық еткен барлық елдермен соғысты. Қытай жері революциялық күрес ең ұзақ уақыт жүргенжер» — деп жазды.[1]    

В.И.Ленин: «Қытай халқы ғасырлар бойы жаншып келген құлдығына бас ұрмай, бостандық пен теңдігін армандап қана қоймай, Қытайдың қанаушыларына қарсы күреске шықты»-деп көрсетті.[2]

Қытай — көп ғасыр бойы манархиялық дәстүр сақтаған, шаруалар қауымы әліде жойылмаған, жартылай отарлық ел болды.

Қытай пролетариатының күреске шығуының да негізгі себебі осы болды. Халық манжурлық және өз жеріндегі феодалдық қанауда болды. Жұмысшылар өнеркәсіп орындарында ұсталды. Деревнядағы кедейлер қанаушылыққа ұшырады. Осындай себептен Қытай еңбекші бұқарасы революциялық күреске араласып, әскери күшке айналды.    Олар комунистік партиясын құрды, ол партия Қытай революциясында жетекші роль атқарды. Қазіргі кезде ҚХР-да Қытай революциясытуралы көптеген зерттеулер мен мақалалар, бұрын бұл салада ғылыми         талдау аз жасалынған жаңа материалдар, сонымен қатар Қытай революциясындағы сол кездегі басшы қайраткер ролін ашу қолға алынды. Арада пікірталас пайда болды. Мұны Батысгерман тарихшысы Т.Шидер сөзімен айтқанда: «Тарихтың жекелеген фазалары соңғы бөлшектеріне дейін түсіндірілсе де тарих жұмбақ күйінде қала береді.     [3]

Тарихи әдебиеттердің бір бөлігі, әсіресе    1979-1981 жылдардағы «мәдени революция» кезіндегі Қытай коммунистерін ақтауға байланысты саяси компаниялардың мақсаты «мәдени революция», кезіндегі тарихи оқиғадан алыс тұрушылықтан бас тарту болды. Бұл Қытайдағы революцияляқ қозғалысты жаңаша түрде қарауды талап ететін орын.

Соңғы кезде Қытайда «Қытай комунистік партиясының тарихы» туралы лекция жарық көрді. Оны Шанхай, Пекин, Цзимин, Ханчжоу сияқты ірі оқу орындарының орталықтары дайындады.

Бұл революция және оның жетекшілерінің тарихы туралы концепция негізгі 3 кезеңнен тұрады:

  1. ҚКП-ның Орталық комитетінің 3-пленумы аралығы.
  2. УІ пленум мен 12-сьезд аралығы.

    /1981ж. шілде-1982ж қыркүйек/

  1. Қытай комунистік партиясының 12-сьезінен кейінгі кез.

Бірінші кезеңнің ерекшелігі «мәдени революция» кезін ғана сынға алушылық емес, сонымен бірге бір жақты пікірде болған 50 жылдардағы көзқарасты қайта қарау. Мұның ең бір шарықтау кезі 1980 жыл және 1981 жылдың бас кезі. Бұл кезде Қытай тарихшыларының көп жылғы еріксіз үндестіктерін жеңіп, тарихи шындыққа бет бұру болды.

Орыс тарихшысы А.И.Данилов: «Тарихи әлем-оқиғаларға толы әлем. Олар жоқ жерде өзгеріс, қозғалыс, даму тіпті тарихи шындықта жоқ» — деп  жазды.[4]

Шындығында, Қытай революциясының жеңісі дүниежүзінде халқы жағынан көп қоныстанған Қытай елінің көп жылдар бойы күреспен жеңіп алған бостандығы болды. Қазан революциясынан үлгі алды.

Соңғы жылдары Қытай революциялық қозғалысындағы комунистік партия жетекшілерінің ролін ашу үшін Батыстың прогрессивті тарихшылары қолға алды. Ол Франсуз тарихшысы Жан Шэно, Итальян тарихшысы Энрика Пишел және басқалары.

Орыс тарихшылары Қытай революциясын үш  кезеңге бөлді: 1903-1917:, 1917-1927:, 1928-1949:

Бірінші кезеңді буржуазиялық деп сипаттауға болады,оның қозғаушы күші болып антициндік, антимонархистік 1911-1913ж Синхай револютциясы болды.

Екінші кезең буржуазиялық-демократиялық деп аталды. Бұл кезең халық белсенділігі артты, оның шарықтау шегі 1925-1927ж, бірқатар әлеуметтік мәселені алға қойған жаңа типті өкімет әкелді.   

Үшінші кезең революциялық процесс буржуазиялық қоғамды төңкерген, капиталистік жолдан шыққан уақыт болды. Әр кезеңнің өз алдына қойғанмақсаты болды. Революцияның соңғы кезеңі  халықтық-демократия-лық сипат алды. Бұл «халықтық-демократиялық өкімет» түсінігі біздің қоғамымызда әр түрлі пікірге тап болды.

Орыс тарихшылары В.И.Гунин мен А.В.Милек — сетов: «Бұл революция демократиялық ревалюция» — деп жазады.[5]

Ал, тарихшы В.Ф.Ли  «Социальная революция и власть в странах востока» еңбегінде: «Халықтық демократияның пайда болуы социалистік Қайта құрудың алғышарты» — деп түсіндіреді.       

Менің пікірімше бұл революция халықтық-демократиялық революция. Осы революцияда өз елінің ұлттық тәуелсіздігі үшін күрескен революционер, мемлекет қайраткері, дипломат Чжоу Эньлай өмірі мен қызметі Қытай халқының ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз байланысты.

Ч.Эньлай — өмірінің соңына дейінсовет халқының шынайы досы болды.         Академик, қытайтанушы С.Л.Тихвинский: «1919 ж  4-май қозғалысынан бастап 1976 ж өмірінің соңына дейін 60 жылдан аса уақытта Қытайдағы ХХ ғасырдың барлық оқиғалары Ч.Эньлаймен бірге өтті» — деп жазады. [6]

Кеңес тарихшылары да, қытай тарихшылары да Ч. Эньдайдың  сыртқы саясаттағы көзқарасы, өз отанының ішкі саясатындағы рөлі туралы осы күнге дейін монография, журналдық статья өте аз жазғанын айту қажет.

Осы жұмысты жазу барысында қажетті   мағлұматтарды академик С.Л.Тихвинскийдің жәнебасқа да кеңес тарихшыларының еңбектерінен алдым.

Қытай коммунистік партиясы 1921 ж құрылды. Оның көрнекті қайраткелері Мао Цзе-дун, Чжоу Эньлай, Чжу Де және Лю Щаоци және т.б. болды. Бұл қайраткерлердің өмірі мен бүкіл қызметі Қытай революциясының ірі оқиғаларымен және жас қытай          мемлекеті құрылғаннан кейінгіоның құрылысымен тығыз байланысты. ҚХР жарияланғаннан кейін Америка интервенциясын және Қытайдың өз ішіндегіазамат соғысын біржолата тоқтатып, демокра    тиялықүкімет құруға өз үлестерін қосты. Халықаралық коммунистік және жұмысшы қозғалысымен тығыз байланыста болды. Бұрынғы Кеңес және Қытай тарихи саяси шығармаларында Ч.Эньлай өмірі Мао-Цзе-дунмен ұқсас болса да «мәдени революция»     көлеңкесінде қалып қойды.

С.Л.Тихвинский өзінің естеліктерінде Қытайдың  басқа мемлекет қайраткерлеріне қарағанда Ч.Эньлаймен 1949-1950 және 1957 жылдары,одан кейін       де бірнеше рет кездескенін жазады.

1988 жылы Веймарда өткен Еуропа қытайтанушыларының конференциясында академик С.Л.Тихвинский: «Қытай халқының ұлт-азаттық күресіндегі Ч.Эньлай рөлі туралы баяндама жасады».   

1990 жылы С.Л.Тихвинский Токиода болып, «Ч.Энь лайдың 1918-1919 ж. Жапонияда болғаны туралы деректерді жинау барысында Жапонияның марксист-профессоры Кавака Хадзимнің «Чжоу Эньлай» туралы еңбектерімен танысты».[7]

 Қазіргі кезде Қытай профессоры Цзи Чжунзидің «Биография Чжоу Эньлая» еңбегінің 1-томы Пекинде  жарық көрді. Ол 1898-1949 ж аралығын қамтиды.

ҚХР жарияланғаннан кейін Чжоу Эньлай мемлекет және партияның басшы органдарында қызмет   атқарды.

Елдің экономикасын, ғылымын, мәдениетін, қорғанысын нығайтуға, социализмнің негізін салуға үлкен      күш жұмсады.

Қытай Халық Республикасының дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттермен терезесі тең мемлекет болуға Чжоу Эньлайдың экономика мен саясаттағы еңбегі орасан зор.

 

1-ТАРАУ

  1. Чжоу энлаидың революциялық қызметі

 

  1. Чжоу Энлайдың саяси портреті

 

Әрбір тарихи тұлғаның әлеуметтік-саяси еңбегін дұрыс түсіну үшін ең алдымен оның өмірін, өмір сүрген дәуірін және өскен ортасын анықтап алу қажет.

Осыған орай мен де Қытай халқының көрнекті саяси қайраткері Ч.Эньлай өміріне қысқаша тоқталып өткім келеді.

Ч.Эньлай 1898ж 5 Наурызда Цзянсу провинциясының Хуайань қаласында кедейленген шэньшень семьясында дүниеге келді. Әкесі провинциядағы      қаржы басқармасының ұсақ чиновнигі болды. Шешесінен ерте айрылды. 10-жасынан бастап Солтүстік-Шығыс Қытайдағы Маньчжурия полисейлік офисер қызметін атқарушы атасының қолында тәрбиеленді. Осы жылдары ол шетел миссионерлерінің қолдауымен ашылған бастауыш мектепке барды. Бірқатар Қытай классикалық әдебиеттерімен бірге, Еуропа авторларының еңбектерін және тағы басқа оқыды. Осы жерде алғаш рет Қытайдың Маньчжурларға қарсы патриоттық публицистикасымен танысты. Мектепте ағылшын тілін оқыды. 1913ж Ч.Эньлай Америка миссионерлеріне қарасты Нанкиндегі орта мектепті 4ж оқыды. Бұл Қытайдағы революцияның басылып қал ған жылдары еді. Елде Солтүстіктің шетел импералистерімен біріккен реакциялық күші болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыста Еуропа державаларының қатысуын пайдаланып Жапон үкіметі Қытайдың экономикалық және саяси жағдайына ене бастады.

«1915ж Қаңтар айында Жапон үкіметінің Қытайға «21талап» қоюы, Қытайдың алдыңғы қатарлы азаматтарына, соның ішінде оқушы, студент жастардың қарсылығына тап болды. Антижапондық қозғалыс өріс алды. Бұл қозғалысқа өзіндік үлесін Ч.Эньлай да қосты. Ол калектиппен бірге болу және еңбекті бағалау керек деген мектептегі ассоасияны ұйымдастырып, осы жерде шығатын журналдың      редакторы болды. Журнал Қытай үкіметінің жапон агрессорларына қарсы шықпайтынын қатты сынға алды. Сун-Ятсеннің еңбектерін оқыды. Демократиялық идеяларын      таратты.

1917ж жазында Ч.Эньлай Нанкин орта мектебін өте жақсы аяқтады. Жапонияға барды, осы жерде         К.Марксиің «Капитал» еңбегімен танысты. Университетке дайындығын тастап, Жапониядағы Қытай студенттерінің өміріне белсене араласты. Олармен    бірігіп жапон үкіметінің Қытай армиясымен Қиыр шығысқа және Сібірге, Совет Одағына қарсы интервенция жасау әрекеттеріне қарсылық білдірді.   

Ч.эньлай орыс революциясы туралы хабарларды, В.И.Лениннің Қайраткерлік жолын қызыға оқыды. Бұларды Жапонияның социалистік баспасөз орталықтарынан алды.

1919 ж апрельде Ч.Эньлай Тяньцзинге оралды. Осы жылы «Версаль бітіміне және оның шарттарына»       қарсы шығушылардың бірі болды.

Бұл осы жылғы Қытай студент жастарының баскөтеруімен болған «4-май қозғалысы» еді. Бұл қозғалысқа белсене қатысушылардың ішінде кейін Қытай коммунистік партиясының көрнекті қайраткері болған Мао Цзедун, Ли Да-Чжао, Цой Цю-бо, ЧЭньлай т.б. болды.

1919ж күз айында Ч.Эньлай жаңадан ашылған Нанкан университетінің студенті болды. Студенттік        газетте, ол сосиализм идеаларын, шетел импералистерінің Қытай жүмысшыларының арзан еңбегін пайдаланып отырғанын, олардың жалақысын көтеру жолындағы күресін жазды.

1919ж 6 Сентябрьде Тяньчлизде патриоттық    студенттер Ассосасия-сының құрылуына байланысты жиналыс өтті. Оған Қытайдың алғашқы марксистерінің бірі, Пекин университтерінің профессоры Ли Да Чжао шақырылды. Ол кездерде Ч.Эньлай  «Коммунистік Манифесті» және марксизм ілімінің негізін салушылардың     бірі Ч.Дусюмен кездесті.

1920 жылдың январь айында Жапон товарларына байкот жариялауға митнгі болды. Басқа студенттермен бірге Ч.Эньлайда тұтқындалды. Түрмеде ол өзінің жолдастарына марксизмды, экономика және право жөнінде сабақ берді, өздігімен білім алды.

Сот барысында Ч.Эньлай өкіметтің жүргізіп отырған саясатын ашық айтты. Бұл оның түрмеден шығуына бірден-бір себеп болды. Бұдан кейін Ассоциация студенттері Еуропадан үлгі ала бастады. Артта қалған Қытай үшін күресті. 1920 ж  Ч.Эньлай студенттермен бірге Францияға      барды. Бұл студенттерге Қытай үкіметі «субсидиямен» уәде берді. Бірақ Францияға келген студенттер қиын жағдайға тап болды. Өкіметтің «Субсидия» дегені жалған болып шықты. Жоғары оқу орындары туралы тіпті          сөз де болмады. Жастардың көпшілігі

Париждегі және Лиондағы, Лильдегі көмір шахталарына жұмысқа орналасты.  Ч.Эньлай Париждегі жұмысшы қалашығы Биянкурге орналасты. Бірінші күннен бастап-ақ Еуропадағы жұмыс істеп жүрген немесе оқып жүрген Қытай жастарының арасында ұйымдастырушылық және революциялық үгіт жұмысын жүргізуге ат салысты. Өзі де заводта, шахталарда жұмыс істеді. Бельгияда, Германияда болды. Берлинде болашақ Қытай Қызыл Армиясының қолбасшысы, сол жерде білім алып жүрген Чжу Дэмен кездесті. Осы       жылдары Ч.Эньлай Тяньцзиндегі «Ишибао» газетінің штаттан тыс тілшілік қызметін атқарды.   Газеттің беттерінде Францияға оқуға келген Қытай жастарының қиыншылығын, Еуропа державаларының Советтік Ресейге қарсы саясатын, Германиядағы жағдайды, Еуропа елдеріндегі жұмысшы    қозғалысын, Версаль конференциясындағы Жапон үкіметінің қойған мәселесі туралы мақалалар жариялап отырды. Тихвинский С.Л.: «Францияда Ч.Эньлай жанындағы Цай Хэсэнь, Ли Лисань, Дэн Сяопин,  Ле Фучунь,Чэнь И және т.б. мраксизм идеяларын үгіттеді. Бұл қайраткерлер Қытай Коммунистік партиясының құрылуына дейін-ақ Парижде Коммунистік Лиганың негізін салды.[8] «Лиганың ұйымдастыру бөлімін Ч.Эньлай жүргізді. «Жастар» журналының редакторы болды.

1922 ж Қытай Коммунистік Партиясының құрылуына байланысты Лига мүшелері Булон орманындағы конференцияда ҚКП-ның құрамына кіруге және Еуропада оның секциясын ашуға шешім қабылдады. Сондықтанда Қытай Халық Республикасында Ч.Эньлайды ҚКП-ның негізін салушылардың алғашқы адамдарының бірі деп санайды.Ұлттық революция жылдарында Коминтерннің нұсқауымен Гоминодан партиясының құрамына кірді.Осы кезде Қытайда Гоминодан мен ҚКП бірігіп жұмыс атқарды.

1924 ж сеньтябрде ҚКП-ның шешімімен Ч.Эньлай Еуропадан Қытайға келді. Ол Гуанчжоудағы Сун-Ятсен басқарған революциялық үкіметтің құрамына кірді. Ч.Эньлай ҚКП-ның Гуандун-Гуансий комитетінде секретарь және әскери бөлімнің басшысы болды.      

Тихвинский С.Л.: «1925 ж 27 жастағы Ч.Эньлай Дэн Инчаоға үйленді. 1919 жылдан бастап хат алысып тұрған. Дэн Инчаомен өмірдің ауыртпалығын 50 жылдан аса бірге көрді. Балалары болмаған. Олар революция үшін күрестегі қаза болған достарының балаларын өздері тәрбиеледі. Солардың бірі Қытай   мемлекеттік советінің төрағасы Ли Пэнді айтуға болады[9].

 

1.2. Вампу әскери мектебінің құрылуы

1924 ж май айында құрылған Вампу әскери мектебінің саяси бөлімінің басшысы болды. Мектепті Чан Кайши басқарды. Оңтүстік Қытайдың милитаристеріне қарсы соғыста, ұлттық революциялық операцияларда Ч.Эньлай әскери тәжірибе жинақтады. Мектеп курснттарының арасында беделді болды. 1923 ж Қытайдың революциялық үкіметі шақыруы бойынша барған бірінші совет әскери маманы А.И.Черепанов өз естелігінде: «Гуанчжоуда коммунистер» ерекше  аудандар» құрды, оларда революциялық пунктер құрды. Бұл аудандар Гоминьданның Орталық Комитетіне тікелей бағынышты болды», — деп жазды. Коммунистер көшелерде, қаланың кәсіподақтарында белсенді жұмыс атқарды. Әр түрлі клубтар мен жұмыс орындарында   жұмысшыларды   ұйымдастырды.   Үгіт коммунистердің социалистік одақтары арқылы студенттер арасында жүрді.

«Сол кезде ҚКП-ның саны көп болмады: 500-600 адам» — деп жазды А.И.Черепанов. Партияның көптеген мүшелері өзіндік саяси іс жүргізуге әлі дайындықтары болмады. ҚКП-ның Орталық Комитетіне ұйымдастырушылық және тәрбиелік жұмысты көп         жүргізуіне тура келді. Ол үшін коммунистердің идеологиялық дәрежесін көтеру керек болды. Коммунистік партия Гунчжоу мен Шанхайдағы халық арасына         үгіт жұмысы жеткілікті уақытты талап етті»[10].

1924жылы 1Ноябьрде Вампу мектебінде 1500  адам болды. Олардың ішінде мұғалімдер мен офицерлер саны-62, әкімшілік құрамы -131, ауыспалы құрамы-950, қызмет көрсетушілер-237 болды. Мектептің негізгі мақсаты бай мерзімде жаяу әскер дайындау керек болды. Арнайы артилерия, саперлік, байланыс, пулемотшілер дайындайтын класы болды.  

Кейінірек мектепте саяси-қызметшілер дайындайтын бөлім ұйымдастырылды. Ол кейін Орталық әскери-саяси училише деген атқа ие болды.Мұғалимдер құрамында офисерлер әр түрлі жерден әскери дайындықтан  өткенде  болды.  Бірі  Жапониядан,  тіпті  көпшілігі бірі АО диндегі ескі типтегі Қытай әскери мектебін немесе провинциядағы әскери мектепті аяқтағандар болды. Курсанттар көбінесе жоғары жәнеорта оқу орындарынан, Гуанчжоу, Шанхай және т.б. қалалардан алынды. Мектептің бірінші түлегінен 39-комунис шықты. Жұмысшы өкілдері болмады. Кейін мектептің жанынан халықтвң өз еркімен күреске шығатындары     үшін арнайы курстар ұйымдастырылды. Шаруалар мен қала кедейлері болды. Білімдері болмады. А.И.Черепанов: «1925ж аяқтаған 2500 курссанттардың       1640 шаруалардан шықты, 100 жұмысшы, 400-саудагер, 400 оқушылар, 10-солдат, 15-чиновник, өкілдері болды.

Комунистер армияны тәрбиелеуде және әскери          қабілеттілікті арттыруда зор еңбек сіңірді. Саяси бөлімнің жұмысы комунистік топтардың белсенділігін арттырды.

Черепанов А.И.»Записки военного советника в Китае» М., 1976. 12-бет.

 

  1. 3. Біріккен майданның құрылуы

1924 ж сентябрьде ҚКП-ның шешімімен Ч.Эньлай    Еуропадан Қытайға келді.Осы жылы Сун-Ят-Сенмен Компартияның қатарында болды. Революциялық үкімет Гуанчжоуда болды. Ч.Эньлай 1924 ж  Коммунистік партияның Гуанду-Гуансий комитетінде секретарь және әскери бөлімнің басшысы болды. Осы жылдарда ҚКП-ның тікелей өкілеттілігін атқарды.         1924 ж май айында құрылған Вампу әскери мектебінің саяси бөлімін басқарды. Бұл 1937 ж Гоминдан мен ҚКП-ның біріккен ұлттық майданының ашылуына себеп болды. 1925 ж ақпан-наурыздағы Чэнь Цзюминге қарсы бірініші Шығыс жорықтарындағы әскери қимылдардың нәтижесінде Қытайда жаңа ұлттық-революциялық армия (НРА) құрылды.

1927 ж 1 августе Нанчань қаласында Гоминьдан әскери басшыларының арасында көтеріліс болды. Оған Е.Тин, Чжу Де және Хэ Лун, Ч.Эньлай сияқты қолбасшылар қатысты. Бірақ, ол жеңіске жетпеді. Ч.Эньлай оңтүстікте, Гундунге кетті. Осыдан кейін 1 август Қытайда «ұлт-азаттық» күні ретінде аталып өтіледі.

Ч.Эньлайдың Гоминьданнан шығу себебі: 1925-1926 ж Оңтүстік революциялық армияның солтүстік жорығы Қытайда революйиялық жеңіске жетті. 1927 ж 21 наурызда пролетариатқа Қытайдың өнеркәсіп орталығын басып алу мүмкіндігі туды және 3 апта бойы ұлттық армия келгенше Чан Кайши басқарып тұрды. Бірақ ол 12 сәуірде Шанхайға армия әкеліп, империалистермен ымыраға келді. Көтерілісшілерге сатқындық әрекет жасады.

  ҚКП-ның құрамынан Гоминданның оңшыл қанаты бөлінді. Нанкинде Чан Кайшидің контрреволюциялық үкіметі құрылды. Бұл оқиға Ч.Эньлайдың Гоминданнан шығуына үлкен себеп болды.

1924 ж аяғында   жұмысшы-шаруалар қозғалысы біршама белсенді бола бастады, бірқатар провинцияларда аз ғана тұрақты Қызыл армиялар құрылды. Бірінші Шығыс жорығындағы (1925ж февраль-март) әскери қимылдардың нәтижесінде (Чэнь Цзюнминге қарсы) Қытайда жаңа ұлттық-революциялық армия  қалыптасты.

ҚКП-ның 1927 ж көктеміндегі 5 сьезде Ч.Эньлай Орталық Комитеттің мүшесі болып қабылданды. Әскери бөлімнің басшысы болды. 1927 ж 1 августегі Наньчан қаласындағы революцияда Е.Тин,Чжу Дэ және Хэ     Лун сияқты басшылар өз сенімдерін ақтады.

1928 ж Ч.Эньлай Коминтерннің бірігуімен болған     Москвадағы июнь-июль айларында ҚКП-ның 6 сьезіне келеді. Сьезд 1925-1927 ж революцияға қорытынды жасайды және ұлт-азаттық күрестің одан әрі даму жолын  көрсетті. Сьезде  Ч.Эньлай  жұмысшыларды ұйымдастыру және әскери мәселе бойынша есеп       берді. Ол бөлімінің басшылығына ауысты.Осы жылы Москвадағы Коминтерннің 6 конгресінің жұмысына қатынасты. Комитерннің Атқару Комитетінің мүшелігіне кандидаттыққа ілінді. Гоминданның, ҚКП-ның Біріккен Ұлттық майданынан бөлінуі,елде қатаң репрссия    жүргізді. Ол коммунистерге, жұмысшыларға, жастарға ауыр соққы болды.    Мұндай жағдайда Ч.Эньлай партияның жұмысын астыртын атқаруға мәжбүр болды. 1928 ж октябрьде Ч.    Эньлай Шанхайға келіп, коммунистік партияны жаңа        жағдайға ұйымдастыруға кірісті.

1930 ж 5 июньде москваға Ч.Эньлай келді. ВКП-ның 16 сьезіне қатынасушыларға Қытайдағы революциялық қозғалысты айта келіп;

«Қытай революциясы жә       не ҚКП Ұлы Октябрь революциясының әсерінен пай да болды, дүниеге келді. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, революциялық қозғалыстың өрлеуі әсіресе, СССР-дегі социалистік құрылыстың нәтижелі табыс   тары — мұның бәрі Қытайдағы революциялық қозғалысқа өз әсерін тигізбей қоймады», — деп көрсетті.

1934 ж көктемінде Чан Кайши үлкен армия жасақтап, авиация мен артиллерияны пайдаланып, 5-рет        Орталық Совет аудандарына жорыққа аттанды. Ч.     Эньлайға Гоминьданның құрсауын бұзу жоспарын жасау және оған басшылық ету тапсырылды. Жасырын резерв үшін мобилизация жүргізілді. Октябрь айында Қызыл Армияның негізгі күші Гоминьдан Армиясының қоршауын бұзып, Цзянси провинцияларына, Қытайдың батысына жылжыды. Ондағы мақсат басқа соғыс базалары мен бірігу еді. Бұл жорық өте         қиын болды. Адам баспаған орман, жол, дала, сазды балшық, қар басқан таулы жерлер, жаудың оғының       астымен Қытайдың 11 провинциясын басып өтуге тура келді.                      

Бұл азаттық күресте Қытай халқының ұмытылмас тарихының беттері болып қалды. Ч.Эньлай осы қиыншылықты әскерлермен бірге көрді,ерлік пен батырлық көрсетті.Қызыл Армияның басшылары мен әскерлеріне үлгі көрсетті. Бұл қиындықтарды оның өмірлік серігі, 50 жылдан аса уақыт бірге болған жұбайы Дэн Инчао бірге көрді,жанында болды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау

1.Ч.Эньлайдың мемлекеттік және саяси рөлі

 

1935 ж Жапон үкіметінің агрессиясы Қытайға айқын көрінді. Бұл кезде Ч.Эньлай штаб басшылығының міндетін атқарды.ҚКП-ның атынан бірнеше рет Гоминдан армиясындағы солдаттар мен офицерлерді империалистік Жапониядан қорғану үшін бірігушілікке шақырды. Коммунистік Интернационал УІІ конгресінде 1935 ж ҚКП-ның жұмысына жоғары баға берді. Анти-империялистік Біріккен майданның ашылуына үндеу жариялағанын құптады. Комитерннің Орталық Атқару Комитетінің секретары Г.Дмитрев «Фашизмнің енуі және интернационалдық жұмысшы табының мақсатын» айта келіп: «Қытайда Жапон империалистерінің тонаушылық әрекеті және Нанькин үкіметінің сатқындығы Қытай халқына қорқыныш пен үрей әкелді. Қытайдағы совет аудандары мұндай әрекетті басуға және Қытайды империалистерден бөліп алуы керек. Қытай үкіметі өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресуде. Барлық істе ҚКП-сы басшы болуы керек…» ҚКП-ның шешімімен Ч.Эньлай Чжан Сюэлян басқарған армиямен байланыс жасауға кірісті. Ч.Сюэлян Нанькин үкіметінің бұйрығы бойынша Жапон армиясының Маньчжурияны басып алуына қарсы шықпай, Солтүстік Батыс Қытайдан кері шегіну керек- деді.   

1936 ж январьда Ч.Эньлай,Мао Цзе-дун және Чжу Де, Чжан Сюэлян басқарған армиясымен арнайы түрде Жапон агрессиясына қарсы шығуға шақырды. Бұл жұмыс ҚКП-сы мен Гоминданның 17-ші армиясының басшысы генерал Ян Кучэмен бірігіп жасалды. Осы жылы 9 апрельде Ч.Эньлай Ч.Сюэлянмен кездесіп, оған ҚКП-ның саясатын түсіндірді. Арадағы хат алысудан соң Ч.Сюэлян Ч.Эньлаймен бірге болып, азамат соғысын аяқтауға бет алды. Чан Кайши бұйрығын орындаудан бас тартты. Сианьдағы 17-ші армиямен бірігіп Жапон агрессорларына қарсы шықты. Чан Кайши Сианьға келгенде екі басшыға да азамат соғысын тоқтату керектігін түсіндірді. Бірақ Ч.Кайши одан бас тартты. 12 декабрь күні офицерлер Чан Кайшиді тұтқынға алды. Сианьдағы бұл мәселені шешуге Ч.Эньлай жіберілді. Ол бұл жерде Чан Кайшимен кездесіп, елдің барлық күшін Жапон агрессорларына қарсы күресуге шақырды. Сыртқы жаудан қорғанып, азамат соғысын тоқтату мүмкіндігін қарастырды. 1936 жылы 25 декабрьде Ч.Кайши Сианьнан кетуге мәжбүр болды. Сиань мәселесінің бейбіт шешілуі Қытайда Жапон үкіметіне қарсы ҚКП мен Гоминьданның бірігіп «Біріккен майдан» құруына жол ашты.

1935 ж 7 июльдеЖапон үкіметі Қытайға ірі мастабтағы соғыс жариялауына байланысты Ч.Эньлай шұғыл Солтүстік Қытайға кетті. Бұл жерде халыққа үгіт-насихатжұмысын жүргізді, партизан соғысының әдістерін үйретті, патриотизмді қалыптастыруға күш жұмсады. 

 Осы жылдың аяғында ҚКП-ның шешімімен Уханға келді. Нанькинді Жапония аккупацияланғннан кейін астана уақытша Ухань болды. Осы кезде ҚКП органы «Синьхуа Жибао» газетін шығарды. Уханьда 1937 ж Ч.Эньлай Коммунистік партияның қолдауымен алғаш рет дипломатиялық ұйым құрды. Уханьдағы 8-ші далалық армияның ішінен «халықаралық үгіт-насихат» тобын құрды. Топтың мақсаты шетел журналистерімен байланыс жасап,информациялық хабар жинау болатын.Осыған орай Ч.Эньлай «Жұмыстың 5 ережесін» жасап берді:

1) «Көзбен жұмыс істеу» — оқумен, соның ішінде Марксизм-ленизм еңбектерін; Мао Цзе-дун еңбектерін және ҚКП документтерін оқумен айналысу.

2) «Құлақпен жұмыс істеу»- халық соғыс туралы, Гоминьдан, болашақ Қытай туралы не айтып жатыр және оны өзінің қызметінде пайдалану.

3) «Тілмен жұмыс істеу» — партияның саясатын және жағдайын насихаттау,дұрыс емес идеялар мен көз-қарастарға соққы беру.

4)»Қолмен жұмыс істеу»- не талап қойса, соның барлығын өзі істеу.

5)»Аяқпен жұмыс істеу»-достарды жүре отырып іздеу, есікті жауып алып, кім қашан келер екен деп күтіп отырмау керек.

Ч.Эньлай және оның дипломатиялық кадрларының саяси белсенділігі Чунцинде көрінді. Жапондардың соққысынан кейін Гоминьдан үкіметі Чунцинге орналасқан еді. Осы жерде Ч.Эньлайдың дипломатиялық әдістері қалыптасты.  

«1938 жылы март айында Ч.Эньлай Қытайдағы әскери Комитеттің саяси басқармасын және мобилизациялау ісін басқарды. Бұл қызметте Ч.Эньлай өнер шелерінің, мәдениет қызметкерлерінің, жазушылар мен басқа да зиялы қауым арасында жауға қарсы тұруға барынша үгіт жүргізді. Әсіресе, Ч.Эньлай жұмысы «Уханды қорғау жұмысын ұйымдастырудан» көрінді.

Жұмсалатын қаржы мен материалдың ресурстары сауда палатасына,жұмысшы күшін бөлуді провинциялық үкіметке тапсырды.» Заводтар мен өнеркәсіп орындарындағы жұмысшыларды Қорғаныс жұмысына жіберді. Бірақ, Уханды ұстап тұру мүмкін болмады.

Жапон әскерлерінің алдыңғы бөлімі қалаға кіргеннен кейін, Ч.Эньлай қаланы тастауға мәжбүр болды.

Ч.Эньлай туралы Қытай жазушысы және тарихшысы, 1938 жылы Қытайдың ұлттық армиясының саяси бөлімін басқарған Го Можо: «Ч.Эньлай кез келген істі соңына дейін ойланып істейтін.Онда темірдей қатаң ойлау логикасы болды. Ке келген мәселені өте жылдамдықпен шеше білетін,сол іске барынша берілгені соншалық, бірнеше күн ұйықтамайтын. Бірақ келесі күні жұмысын жалғастыра беретін «- деп жазды. 

1938 жылдың аяғында Ч.Эньлай Чунциндегі 8 армияны басқарды. Гоминьдан партиясының тізе бүгушілік элементтрін жойды.Біртұтас майдан құру жұмысын жалғастырды. Сонымен бірге ҚКП-ның Оңтүстік Қытайдағы Орталық Комитетінің бөлімін басқарды және «Синхуа Жибао» газетінің бас редакторы болды. Ол үлкен ұйымдастырушылық және партияның үгіт-насихаттық жұмысын жүргізді.

«Коммунистік Интернационал» көп тілде шығатын және үнемі көрнекті Қытай коммунистерінің статьяларын, ҚКП-ның документтерін жариялап отырды. 1940 жылы журналда Ч.Эньлайдың «Қытайдың тізе бүгушілігі және жіктелу қаупіне қарсы» деген мақаласы жарияланды.

1943 жылы июнь мен 1944 жылдың ноябрь аралығында Ч.Эньлай Яньанда болды. Мао Цзе-дун Ч.Эньлайды «Елді тәртіпке салу» қозғалысына шақырды.

Бұл қозғалыс 1943 жылдың апрель айында ҚКП-ның Орталық Комитетінің: «Мао Цзе-дунның идеологиялық жүйесі мен партияның ішіндегі меньшевиктік идеологияны тұншықтыру мәселесі» еді.Қозғалыстың барысында партияға берілген коммунистер өз істерінен бас тартуға мәжбүр болды.Мао Цзе-дун нұсқауымен барлау органының басшысы  Кан Шэнь Жапон агентурасымен бірігіп жаппай репрессияны бастады. Бұл кейін Мао Цзе-дунның «жеке басқа табынушылығына» әкелді.   

 Бірақ Яньандағы ҚКП-ның Орталық комитетінде Ч. Эньлай Кан Шэнь саясатына қарсылық көрсетті, оның коммунистерді заңсыз тұтқындау, жалған жаламен айыптау әдістеріне ашықтан-ашық соққы берді. Бұл ісі Ч.Эньлайдың партияның алдындағы даңқын арттыра түсті.

1944 жылы ноябрьде Ч.Эньлай Чунцинге Гоминьдан үкіметі мен АҚШ өкілдерімен келіссөз жүргізуге жіберілді. 1945 жылы апрельде Ч.Эньлай Яньандағы ҚКП-ның  УІІ сьезінің жұмысына қатынасты. Біртұтас майдан құру жөнінде баяндама жасады. 1945 жылы 28 августе Жапонияның тізе бүгу қарсаңында Ч.Эньлай  Мао Цзе-дун мен Чунцинге Гоминьдандармен келіссөз жүргізуге келді.10 октябрьде ҚКП-ның үш жақты, ҚКП-сы Гоминьдан және АҚШ-тың соғыс жанжалдарын ешу, байланыс торабын орнату мәселесін шешуде елшілік қызметін атқарды. 1948-1949 жылдарда Ляоси-Шэньян,Бэйпин-Тянь-Цзин және Хуайхай ірі-ірі операцияларына қатысып,басшылық жасады. Басштабты басқарды.   

2) Чжоу Эньлайдың дипломанттық рөлі  1949 жылы 1 октябрьде Ч.Эньлай Қытай Халық Республикасының Сыртқы Істер Министрі болды. Бұл қызметте оның ұйымдастырушылық және дипламатиялық қабілеті айқын көрінді. 20Январьда  1950ж Ч. Эньлай Маскваға келіп, Мао Чзе-дунмен бірге Совет-Қытай келіссөзіне қатысты. Осы жылы 14-Ақпанда Қытай Халық Республикасы атынан «Достық, одақтастық өзара көмек» туралы келісімге қол қойды.

Шарт бойынша Қытай Совет одағынан экономикалық ғылыми техникалық және әскери көмек алатын болды. Қытай өкіметінің өтінішімен Совет Одағынан экономика әскери істер жөнінен кеңесшілер, өнеркәсіптің әр саласынан маман кадрлар, транспорт, финанстық, мәдени, ғылыми және білім беру үшін білікті мамандар жіберілді.

1949ж кейінгі Ч.Эньлай өмірі Қытайдағы ауылшаруашылық құрылысын қалпына келтіру, елдің сыртқы саясатымен тығыз байланысты еді.Ол Совет Одағымен және басқа да социалистік елдермен достық қарым қатынасты орнатуда аянбай еңбек етті. 1960жылдың басына дейін Ч.Эньлай. ҚКП-ның сьезінде, бүкіл Қытай халықтары қатынасқан сессияларда, қоғамдық жиналыстарда, газет-журналдарда, үлкен, кең мағынадағы баяндамалар жасап, оларды жариялап отырды.

Қай жерде болмасын Қытай мен Совет Одағы арасындағы достықты, бірлесіп бейбітшілік орнатуды мақсат етті.

  1. «Советско-китайские отношение 1917-1957.»

Ч.Эньлай. 1956ж ҚКП-ның сьезіндегі баяндамасын   «Совет Одағы КХР-ның алғашқы бесжылдық жоспарын орындау барысында жеңілдік шаралармен кредит берді. 205 өнеркәсіп обьектілерін жоспарлауға көмек берді,олардың көп бөлігін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.Арнайы маман кадрларын жіберді, басқа облстарға техникалық көмек жасады. Біз осы жағдайды пайдаланып, Совет Одағына шынайы ағалық көмектеріне шексіз алғысымызды білдіреміз»-деп көрсетті.

Социалистік елдердің бірлігі КХР-ның социалистік құрылысын одан әрі дамытудың басты құралы болды. Бұл үшін тек сөз және үндеу ғана емес, материалдық және идеялық базаны нығайту керек болды.

Ч.Эньлай. 1950ж Совет Одағы мен КХР-ның және ынтымақтастық арақатынасын «дүниежүзілік бейбітшілік кілтіндей» көрді. Екі елдің арақатынасының нашарлауы-деп көрсетті. Ч.Эньлай, ол құбылыстың жағымсыз кезеңі болады. Ешкімде Совет Одағының шынайы көмегін жоққа шығармайды»

1957ж мұндай сөздерді Ч.Эньлай. тек Қытайдағы антисоветтік бағытқа қарсы тұрған «оңшыл элементтерге»ғана емес,сонымен бірге Қытай басшыларының ішіндегі үлттық пиғылдағы адамдарға, Қытай мен Совет үкіметі достығының үзгісі келетін көзқарастағыларға ашықтан-ашық жеткізіп отырды. Ол өз елінде Қазан ревалюсиясының 40жылдық мерекесін зор қуанышпен қарсы алды.

Қытай халқына Қазан революциясының әсерін, қол жеткізген табыстарын айтып отырды. «СОвет Одағы КХР-на 10 жыл мерзім ішінде 10800 аса экономиялық, мәдениет, ағарту т.б. салаларына маман кадрларын жіберді.

Ч.Эньлай СССР-дің сыртқы саясаты мен инициативасын, қарусыздану саясатын, Азия мен Тынық мұхитының қауіпсіздігін қамтамасыз етуін қолдап отырды. СССР-дің Жапониямен бейбіт келісімін, Таяу Шығыс пен Батыс Берлиндегі жағдайды реттеуіне ат салысты. Бұл мәселенің барлығы 1951 ж 22 майда Қытайдағы совет елшілігіне нотадан көрінді. Ешбір мемлекетке Жапонияда қарулы күшін немесе әскери базасын тастап кетуге рұқсат берілмейді.

Ч.Эньлай Тайваньдағы Қытайға қосу мәселесіне зор күш жұмсады.Тайваньдағы Гоминьдан қайраткерлерінен үшінші жалпы ұлттық біртұтас майданның құрылуына шақырды.

Ч.Эньлай еңбегінің нәтижесінде Қытай дипломатиясы зор табысқа жетті.Оның дипломатиялық таланты Женевада өткен 5 ұлы державаның сыртқы істер министрі қатысқан конференциядан көрінді. Қытай мен Совет Одағы конференцияда Ветнам демократиялық республикасының тәуелсіздігін алуға, Комбоджия мен Лоасқа тәуелсіздіктерін алуға қолдау білдірді. Осы жылы Индия мен Бирмада болды. Осы елдермен 5 принципті бекітті. Территориалық егемендігін сақтау, шабуыл жасамау, бір-бірінің ішкі саясатына араласпау,теңдік пен өзара көмек және бейбітшілік мәселесін шешу.

  Қазіргі Қытай және Батыс тарихшылары осы 5 принциптің бас көтерушісі Ч.Эньлай болды деп есептейді. Индия мен Бирманың рөлін көрсетпейді. 50-жылдардың ортасында бейбітшілік принциптері Шығыс пен Батыс арасында, соның ішінде Қытай ішінде маңызы зор болды. Қытайдың капиталистік елдер бұғауынан дипломатиялық жолмен шыққысы келді.

«Ерте ме, кеш пе- деп көрсетті Ч.Эньлай 1965 ж июньде, Қытай халқы мен АҚШ арасында дәстүрлі достық қарым-қатынас орнайды» -деген.

1955 ж апрельде Азия және Африка елдері қатынасқан Бандунг конференциясы өтті. Делегацияны Ч.Эньлай басқарды. Осы жерде ол дипломатияның сан қырлы сырын жете түсінді. Делегация басшыларымен және бірқатар елдердің өкілдерімен байланыс жасағанда, алдын-ала дайындалып қойған текстің іске аспайтынына көзі жетті. КХР-ның саясаты туралы баяндама жасады. Бейбітшілікті сақтау мен соғысты болдырмау үшін басты фактор бейбітшілік сақтаушы елдермен арадағы қарым-қатынасты жақсарту, тығыз байланыста болуды түсінді. Ч.Эньлай Тайваньды Қытайдың бір бөлігі ретінде қосуға ат салысты. Тайваньдағы Гоминьдан қайраткелерін ҚКП бірігіп үшін шібіріккен майдан құруға шақырды.

Бірқатар Батыс тарихшылары КХР, соның ішінде Ч.Эньлайды қазіргі терминмен «Азиядағы Орталық күш» деп көрсетеді. Бірақ Ч.Эньлай 1950 ж аймақтық қауіпсіздік     мәселесін көтерді, ешқандай елді бөліп қарастырмады. Ол өз сөзінде: Азия мемлекеттеріне бейбітшілік пен ынтымақтастық керек. Азия елдері жалпы Азияның қауіпсіздігі мен коллектиптік қауіпсіздікті орнатуға күш салулары қажет. Біздің бұл саясатымызды Азия елдері жоққа шығармайды деп сенемін деген. Бұған мысал: 1954ж 26 Апрельде Женевада «Карея және Үндіқытай» мәселесі туралы конференция өтті. Конференцияда Қытай Совет Одағымен бірге Вьетнамның, Камводжидің және Лаос елдерінің тәуелсіздігін алуға зор үлес қосты. Үндіқытай франсуз интервенциясы тоқтатылды.

1954ж Ч.Эньлай Индия премьер минстрі ДЖ Неру Египет басшысы Г.Абдель-Насыр бірігіп бейбіт жағдайда 5принцип /Панша-Шила д.а./ мәселесін жүзеге асырды. Ол: территориялық егемендікті сақтау, шабуыл жасамау, бір-бірінің ішкі саясатына араласпау, теңдік пен өзара көмек және бейбітшілік мәселесін шешу.

Мұны Азия және Африканың 29 мемлекеті қолдап 1955ж апрельде Бандунк конференциясы шақырылды. Бұл конференция «бейтарап бейбітшілік жолы болды. Қазіргі Қытай және Батыс тарихшылары осы бес принциптің бас көтерушісі Ч.Эньлай болды деп, Индия Египет, Бирманың рөлін көрсетпейді. 1961ж Қазанда КПСС-тің 22-сьезінде Ч.Эньлай Қытай делегациясын басқарып келді.

1956жылдың ноябрі мен 1957 жылдың февраль дейін Ч.Эньлай Азиядағы-Ветьнам, Камбоджи, Бирма Индия, Пакистан, Ауғанстан, Неаполь және Цейлонға Қытаймен достық қарым қатынасты жақсарту үшін барып қайтты. 1960ж февраліне дейін Африканың 10елінде болды.

КХР құрылған күннен бастап онвң алғашқы айларында Ч.Эньлай күрделі ішкі саясат мәселесін шешумен бірге,жаңа дипламатиялық қызметтің құрылуына көп мән берді. Бұл дипламатиялық қызметтің ядросы Чунцзиндегі сыртқы істер мәселесімен айналысатын топ болды. Олардың алдында мынадай мақсаттар қойды: Дипламатиялық жұмыс үшін кезектен тыс жаңа кадрлар дайындау және сыртқы саяси проблемалар яғни, Гоминьдандық күштерден, барлық териториялар азат етілген соң зерттеу жұмысын бастау.

Ч.Эньлай КХР сыртқы саясатындағы негізгі элементтерін көрсетті:

1/Барлық елдермен теңдік негізінде өзара көмек және егемендікті құрметтеу үшін дипломатиялық қатынас орнату.

2/ «Бір бағытта тұру» яғни, СССР-дің басшыларымен бейбітшілікпен және демократияландырумен қарулану.

3/ КХР жаулық көзқараста емес,капиталистік елдермен жақсы қарым-қатынас орнату.

4/ Өзара сауда орнату.

 

5/ Дүние жүзі халықтарымен бірігүшілікті нығайту. СССР мен және басқа да демократиялық елдермен қатынасты нығайту.

Ч.Эньлай дипломатияның алдына «дұшпан мен досты» ажырата білу керек деген мәселе қойды. Ч.Эньлайдың «дипломатиялық жұмвстағы идеологиялық принциптері» көп жылдар бойы өз маңызын жойған жоқ. Дипломатиялық жұмыстағы идеологиялық принциптер:

  1. Интернационолизмді берік ұстау, тар мағынадағы интернационализмге қарсы шығу.

«Әрбір ұлтттың өзіндік ерекшелігі бар, -дейді Ч.Эньлай, — біз оларды сыйлауға және олардан үйренуге тиіспіз.»

  1. Патриотизм.Социалистік және демократиялық патриотизмді буржуазиялық шовинизмнен ажырата білу керек.
  2. Коллективизм,индивидуализмге қарсы болу.
  3. Пролетарлық тәрбие.Либерализмге қарсы, өзіңді жоғары дәрежеде тәрбиелеу.
  4. Демократиялық централизм. Бюрократизмге қарсы болу.
  5. Партияның жолын жоғары ұстау.

КХР-ның социалистік құрылысы үшін, Қытайға социалистік елдермен саяси, экономикалық, мәдени шараларды нығайту және оны дамыту үшін Қытайға бейбіт жағдай керек болды.     

Ч.Эньлайдың соғыс және бейбітшілік үшін көз-қарастары, ядролық соғысты болдырмау жолындағы күресі 80 жылдар барысында да көрінді.Бейбіт жағдайда халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, елдің қауіпсіздігін нығайт, халықаралық мәселенің қайшылыққа келуін тек дипломатиялық келіссөздермен шешуге ұмтылды. Ч.Эньлай: ядролық соғысты  «адамзат үшін жойқын қару» — деп көрсетті. Сондықтан бүкіл әлем күресу керек»- деді.

1963 ж 31 июльде Ч.Эньлай Қытай халқының атынан барлық елдерге ядролық қаруды тоқтатуға шақырды,барлық елдер сынақты өткізбеуге,оны экспорттау мен импорттауға, сынауға артық қорын жұмсамауы керек. Бұл үшін әрбір бейбітшілікті жақтаушы елдер арасында өзара сенімсіздік болмауын қарас-тырды. Барлық ел бір-бірімен тығыз байланыста болуы керек. Сенбеушілік пен күманды қарау өзара сенімді жоғалтатынын түсіндірді.

Ч.Эньлай қалыптастырған принциптер мен шарттар КХР қазіргі кездегі сыртқы саясатта және дипломатияда маңызды компоненттерін көрсетеді. олардың ішінде:

Қытайды дамытуда бейбіт жағдай, Қытай Халық Республикасының сыртқы саясаты  мен тәуелсіздігі, 5 принцип негізінде бейбіт өмір сүру, барлық елдерде бейбіт достық қарым-қатынаста болу.

«Мәдени революция» кезіндегі Совет Одағымен арадағы қатынастың нашарлауына қарамастан 14 қыркүйекте 1969 ж Пекин әуежайында Ч.Эньлай

СССР-дің сол кездегі Министрлер Кеңесінің төрағасы А.Н.Косыгинмен кездесті.

Ол Совет-Қытай шекараларындағы Шығыс және Батыстағы әскери қақтығыстарды тоқтату туралы еді Бұл кездесу екі ел арасындағы Қарым-қатынасты қал пына келтірудің алғашқы қадамы болды. Ол елшіліктер жіберу, сауда-эканомикалық байланыс жасау болды. Ч.Эньлай-дипламант.Дипламант ретінде қандай жұмыс атқарды, еліне қандай пайдасы болды?

Ш.Мартенс: «Дипломатия-мемлекеттік сытқы немесе шетел істері жөніндегі ғылым, ал қысқаша айтқанда келіссөз жүргізудегі ғылым немесе өнер. Дипломатиялық-ақыл-оймен әдісті болуды талап етеді «деген анықтама» береді.

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік секретары Г.Киссенджер Ч.Эньлайға мынадай сипаттама берді: «Менде Голлді айтпағанда бұрын мынадай басшыны кездестірген жоқпын. Ч.Эньлай дүниежүзіндегі болып жатқан оқиғаларды жете түсіне білетін адам. Ол-білімді, ондаған күрес жолынан өткен,өзіне өзі сенген идиолог. Бұрын мұндай істі атқара алатын адамды кездестірмедім».

Ч.Эньлай-Қытайды бейбіт жолмен дамытуда 1955жылғы сәуір айындағы Бандунг конференциясының «Бейтараптық» халықаралық Азия және Африка елдерінің 29 мемлекет қатынасқан «Бейбітшілік»саясатын «Панша-Шила»іс жүзіне асырды.

1.Исраэлян В.Л.»Дипламаты лицом к лису» 1990 9-Бет

1969 ж Ч.Эньлайдың Косигинмен кездесу Совет Одағы мен Қытай аоасындағы қарым-қатынасты қалпына келтірді. 1971ж 14 Шілдеде Ч.Эньлай АҚШ президенті Р.Никсонмен кездесті. Бұл кездесуден кейін 20 жылдан соң АҚШ үкіметі Қытай мемлекетін мойындады. Екі ел арасында қарым-қатынас жақсарды.

Қытайдың халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында әлеуметтік-экономикалық қайта-құруларды тереңдетіп жүргізді. Нәтижесінде елдің әлеуметтік-экономикалық құрылысы өзгерді. Агарлық реформалар аяқталды, шетел империалистерінің үстемдігі жойылды,экономикада мемлекет рөлі басшылыққа алынды, халық шаруашылығы социалистік сипат алды, экономикада жоспарлау пайда болды.

Өнеркәсіп дәрежесі өсті. Бірінші бесжылдық жоспарында өнеркәсіп жолдарын шешудің мынандай негізгі талаптары болды: өндіріс құрылысы үшін финанстық және материялдық қор; Өнеркәсіп салаларын қайтадан құру үшін техникалық құралдар, өнеркәсіпті жаңа типті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету; білікті жұмысшы, инженер-техник маман,әкімшілік қызметке жұмысшылар яғни, техникалық және практикалық тәжірибесі бар

мамандар.

Ауылшаруашылығын қалпына келтіру жылдары Қытай өнеркәсібі ауылшаруашылығына қажетті өнімдерді, ескі жабдықпен тек 40процент қана бере алды.

Cондықтан совет одағының және басқа да социялистік елдердің көмектері қажет болды. Қытай еңбекшілері нің және Совет Одағының жан-жақты көмегінің арқасында бірінші бесжылдық жоспарын орындауда 1956 жылдың аяғында өнеркәсіп жеткілікті дамыды. Өнеркәсіп және ауылшаруашылығының көлемі /1953-1957/56 процент өсті. Совет Одағымен КХР-ның арасындағы эканомикалық өзара көмек 4 негізгі бағытта жүрді.

  1. Сыртқы сауда айырбасы;
  2. Совет кредит жүйесі;
  3. Ғылыми техникалық ынтымақтастық;
  4. Қытайға жан-жақты көмек жасау;

1954-57 жылдар арасында ҚХР-на әкелінген совет товарларының құны 3,1 млрд сом болды. Бірінш бесжылдық аяқталу кезеңінде Совет-Қытай саудасы 34 процент өсті. 1952 жылмен салыстырғанда Қытай экспорты  78 процент кеңейді, Совет өнімі 2 есеге қысқарды. Қытай эканомикасында бірінші кезекте машиналар мен өндіріс құрал-жапдықтарының түрлері қажет болды. Бірінші бесжылдықта 694 ірі өнеркәсіптер импорт есебінен совет машиналары мен құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі қажет еді. Машина мен құрал-жабдықты сатып алу елдің 25 процент жалпы импортын құрады.

Алғашқы жылдары шикізатпен иатериалдар 40 процент импортты құрады.Мұнай және мұнай өнімдері, қара металды прокатқа алу, химиялық өнімдер /тыңайтқыш/ болды.

Бірінші бесжылдықта Қытай 21,7 мың металл станоктары 40 мыңнан аса жүк машиналарын,16 мың трактор, 3,7 млн тоннадан аса химиялық тың-айтқыш импорттады. 1953ж Срвет Одағының техникалық көмегінің көлемі 2 есеге өсті.

1954ж ноябрьдегі келіссөздің нәтижесінде Совет Одағы /сатып алу жағдайында, шарт бойынша/ КҚР-на 1955 жылдың январынан бастап Совет-Қытай акценерлік қоғам құратын болды. Ол Совет-Қытай мұнай және метал өндіру базасы еді. Осы базалардың нәтижесінде,КХР-да яғни,Синьцзян провинциясында түсті және сирек кездесетін металл өндіретін және мұнай Компаниясы құрылды. 1954 жылдың октябрінен бастап Совет ғылыми техникалық көмегі арнайы негізгі келіссөзде бекітілді. Осы негізде Қытайдың 169 өндірісін қамтамасыз етті. 1955ж

1 январьда КХР-на келісім бойынша, техникалық құжаттардың жобаларын оның ішінде машина жасау, электростанция берді. 1958ж 5-23 мамыр аралығында У111 сьездің 2 сессиясы шақырылды. Егер бұрын бірінші бесжылдықта ауылшаруашылығы өнімін 2,5 есе өндіру болса, енді 800-100МЛН тоннаға дейін өндірілетінін айтты.

Мао Цзе-дун: «Қытайдың арнайы жолы, арнайы курсы бар»,-дейді. Халқының санының көптігін айтады. Барлық нәрсе бір орталықтан болу керек, яғни тамақтану, еңбек ету т.б. Осыдан барып 1958жылдың тамыз-қыркүйек аралығында 26 мың Коммун құрылды. Әрбір комуннаға 4,5-5 мыңға дейін түтінқамтылған 22-23 мыңға дейін халқы бар. Жұмыс күші мөл-

шерленбеген, демалыс күні болмаған. Әскери тәртіп болған.

1958-60 жылдары АҚШ журналисі, қытайтанушы атақты Эдгорд Сном: «нью Иорк таймс»газетінде: Егержолыңыз түсіп Қытайдың үстінен ұшсаңыз, әрбір жерден т үтін шығып жатқанын көресіз» деп жазды. Қытай республикасында «секіртпелі кезең»іске аспағанна кейін «мәдени ревалюцияға»шықты.Ол бұл кезеңнің іске аспауы идеологияда капитализмнің сарқыншағы бар деген пікір айтылды. ҚКП-ның Орталық Комитетінің 11 Пленумында кадр мәселесі күн тәртібіне қойылып, иделогияны қайта қарау керектігі айтылды.

«Ч.Эньлай Қытай Комунистік Партиясының Орталық Комитетінде» 50-60 жылдары Совет-Қытай қарым-қатынасын» жақсартушы,оны жалғастырушылардың ішіндегі ерекше тұлға болды».

1960ж көктемде Н.С.Хрущеппен, Мао Цзе-дунмен халық аралық жағдайда келіспеушілік болды.

Нәтижесінде Қытай Халық Республикасында совет кадрлары елге шақырылды. Ч.Эньлай бұл жағдайды халыққа түсіндіре білді. Үгіт-насихат жұиысында Ч.Эньлай  нұсқауы бойынша бұл жағдайды Совет

Одағына Қытайдағы білікті мамандардың қажеттігі, социалистік құрылыстың әлі аяқталмағаны және дамушы елдерге көмек қажеттілігі деп түсіндірілді.

Бұл жағдайға Ч.Эньлай бастамасымен салтанатты жиын өткізілді. Ч.Эньлай қытай халқының атынан Совет азаматтарына алғысын білдірді.

И.В.Архиповтың айтуынша: «Совет Қытай арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы Ч.Эньлайды қатты ойландырды.»

Ағылшынның Ч.Эньлай өмірбаянымен айналысқан авторы Дик Вильсон өзінің 1984 жылы жарық көрген еңбегінде: «1976 ж Ч.Эньлай қайтыс боларының алдында, «ҚКП-сы қандай жағдайда болмасын «мәдени революциядағыдай» қателік жіберуге болмайды. Қытай дипломатиясының басты мақсаты Совет Одағымен қарым-қатынасын жақсартуы керек»- деп өсиет қалдырған. Бірақ 1976 ж Қытай баспасөздерінде мұндай өсиет сөз жарияланбаған, кейінге қалдырған деген қауесет тарады» -деген.        

Қытай ревалютциясының жеңіске жету жолында аянбай күрескен, комунист-интернационалист, Қытай Совет достығы шын ықыласпен қабылдаған Ч.Эньлай 1966ж Қытай Комунистік партиясы және Қытай Халық Республикасы басшы адамдарымен бірге, маоЦзе-дунның араласуымен жасалған «мәдени ревалюция»жасаушылардың арасында болды. Бұл неліктен? деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл сол кездегі партияның қатал тәртібі, сонымен бірге көп жыл бойы Мао Цзедунмен Ч.Эньлайдың жеке қатынасының байланыстылығы себеп болды. Оларды байланыстырған ұлы жорықтар ұмытыла алмады. Қытайдағы бұрынғы ТАСС тілшісі В.Н.Рогов өзінің Ч.Эньлаймен 1938ж Ханхоудағы кездесуін былай деп жазады: «көп ғасыр бойы монархиялық дәстүр сақтаған, жартылай феодалдық шаруалар қауымы әліде жойылмаған Қытайға, халықтың өз ібінен, өзінің тағдырын бөлісетін көсем керек»-деген. Бұл көсем Ч.Эньлай пікірінше шаруа семьясынан шыққан, көп жылын ауылдық жерде өткізген Мао Цзе-дун болып көрінген.

Коммунистік партияны құруда, 1925-27 жылдары ұлттық ревалютцияға Гоминьдан тылында партияны ұйымдастырушылықта,антижапондық соғыста Ч.Эньлай ролі Мао Цзе-дуннан жоғары көрінді. Бірақ, Ч.Эньлай Қытай Комунистік Партиясының  басында жұмысшы және шаруа тобының өкілі болуға тиіс деген      Cондықтан партия басшылығының жұмысына жұмысшы Сян Чжунфаны, одан кейін шаруа баласы Мао-Цзе-дунды қолдады.

«Мәдени ревалютцияның» бюрократизмге қарсы шығуын Ч.Эньлай алғашында барынша қолдау көрсетті. Бырақ бұл қозғалыс партия мен өкімет органдарының бақылауынан шығып кеткенде экономиканы құлдыратпауға, зиялы қауымды сақтауға, әскери және партия кадрларының бір бөлігін сақтап қалуға барынша күш жұмсады.

Ч.Эньлай өмірінің соңғы жылдарында Цзян Цин саясатына қарсы, өзінің «Экономикалық 4 моделі» жопарын қойды. Осы үшін 23 декабрьде 1974ж ауру қалдегі Ч.Эньлай Пекиннен Чаншаға Мао Цзе-дунға жолығуға барды. Бұл жоспар тек 1978ж декабрь айындағы Қытай Камунистік Партиясының Орталық комитетінің 11-шақырылуындағы 3 Пленумында шынайы қабылданды. Пленумды Дэн Сяопин басқарған еді.

1981ж 27 шілдеде Қытай Комунистік Партиясының УІ Пленумында «Қытай Халық Республикасының құрылу жылдарындағы Қытай Комунистік Партиясының кейбір мәселелері туралы» қарстырды. «Мәдени ревалюсияның» 2-сезінде /1969ж.апрел-1973ж август Ч.Эньлай Орталық Комитеттің күнделікті жұмысын басқарып отырды.

Ол 1972 жылы Хин Бяоға қарсы күрес жүргізді. «Мәдени революциядағы» қателігін түзеуге тырысты.

Пленум шешімінде: «Мәдени революция» кезінде Ч.Эньлай ауыр жағдайда болды, көп еңбектенді. Ел көп шығынға тап болмас үшін және партия кадрларын сақтап қалуға аянбай күш жұмсады. Ол Лян Бяо және Цзян Цин контрреволюциялық топтарына қарсы шықты» — деп жазды.

Мұны Дэн Сяопин : «Чжоу Эньлай өте қиын жағдайға тап болды. Істегісі келмеген жұмысты атқарды.

Бірақ халық Ч.Эньлай еңбегі үшін барлығын кешірді»- деген.

А.Г.Крымова өз естеліктерінде: «Қытай Коммунистік Партиясы УІІ конгресінде 1928 жылы Ч.Эньлай қатысты. Сьезде Ч.Эньлай тапқырлығымен арадағы мәселелерді тез арада шешіп отырды. Өте қабілетті адам ретінде көрінді. Сьезд аяқталған соң Сун-Ятсен атындағы Университеттің студенттерімен кездесті. Олармен кездесуге уақыт таба білді. Ч.Эньлай әрқашанда қай жерде болмасын, өнеркәсіп орындарында, тіпті жаңа салынып жатқан құрылыстарда өз сөздерімен халық ішінен көрінетін» -деп есіне алады.   

1956-1957 ж.ж. Совет Одағы мен ҚХР-ның алдында маңызды халықаралық мәселелер шешілді.1956 ж. 14-қыркүйекте Бүкіл-қытайлық халық өкілдерінің Комитеті; «Совет Одағының қарусыздану ұсынысын» Қытай халқы толығымен қуаттады» -деп көрсетті. 1956 жылы қараша-желтоқсан айында Совет Одағында Пын Чжэнем басқарған делегация келді.

Делегация Иркутскіде, Омскіде, Москвада, Ленинградта, Ташкентте, Тбилисиде болды. Олар Совет еліндегі өнеркәсіп, өндіріс орындарындағы техникалық құрал-жабдықтарды, ауыл шаруашылығын, мақта егістігін көрді.

1957 жылдың қаңтар айында Совет Одағына достық сапармен Қытай Халық Республикасының үкімет басшылары келді. Делегация Мемлекеттік

Советтің төрағасы және шетел істері жөніндегі министр Чжоу Эньлай  басқарып келді. Делегация Москвада, Иркутскіде, Омскіде, Ташкентте болып, өнеркәсіп орындарымен, колхоздармен, оқу-орындарымен танысты.

Екі елдің басшыларының арасында халықаралық жағдай, соның ішінде Египетке қарсы ағылшынфранцуз-израиль агрессиясы, Венгриядағы бүлік, және ҚХР-мен басқа да социалистік елдермен қарым-қатынасы туралы мәселе қаралды.

1957 жылы сәуір-мамыр айларында Қытайдың арнайы шақыруымен СССР Жоғары Советінің председателі К.Е.Ворошилов және басқа мемлекет      қайраткерлері Қытайда болды. Олар Қытай астанасы Пекинде, Аньшаньда, Шэньянда, Тяньцзинде, Шанхайда, Ханчжоуда, Хантонда, Уханда және Куньминде болып, өндіріс орындарымен,ауыл шаруашылығы кооперативімен, ғылыми және оқу орындарымен, Қытайдың тарихи мәдени ескерткіштерімен танысты. Қытай халқы жылы жүрекпен қарсы алды.

Совет Одағынан барған делегация Мао Цзе-дун-мен, Чжу Де, Лю Шао,Чжоу Эньлай,Сун Цинмен,Чэнь Юнэм,Пын Чжен,Хе Лунмен және басқа да мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесті. Кездесуде Совет Қытай қарым-қатынасының кейбір мәселелері, халықаралық жағдайдағы әр түрлі мәселелер қаралды. Мао Цзе-дун Совет Одағына келуге шақырылды. «Совет халқы бізге еркін қамқорлық көсетуде және көрсетіп отыр. Мен Совет үкіметіне және Коммунистік партияға Қытай халқының атынан үлкен,шын жүректен алғысымды білдіремін» -деді.

1957 жылы қыркүйек-қазан айларында Қытай Халық Республикасына СССР Жоғары Советінің делегациясы келді. Делегация Қытай Халық Респуб-ликасының құрылғанының8 жыл толуын атап өтті.   

Екі ел арасындағы қатынастың нығайа түсуінің ілгері қадамы ретінде 1957ж 29 Қазанда Москвада        Совет-Қытай достық қоғамы құрылды.Бұл қоғам өзінің алдына мынадай мақсат қойды: екі ел арасын     дағы достық, ынтымақтастықты одан әрі нығайту, мәдени қатынасты кеңейту, сонымен қатар Қытай Халық Республикасының мәдени құрылысындағы тәжірибемен жан-жақты айырбас жүргізу; Совет қоғамын Қытай халқының өмірімен және социялистік құрылыстың тәжірибесімен кең түрде таныстыру; Қытай халқын

Совет адамдарымен өмірімен және еңбегімен жан-жақты таныстыру. 1957 ж қараша айында Совет халқы Ұлы Қазан ревалютциясының 40-жылдығын атап өтті. Бұл мерекеге Москвага Қытай Халық Республикасының партия үкімет делегациясы келді, Делегацияның құрамында Мао Цзе-дун, Сун Цин-мен, Дэн Сяолин, Пын Дэ-хуай, Го Мо-жо және басқа партия, мемлекет қайраткерлері болды.

1958 жылдың аяғында конференция және сьездерде демократиялық партияның Орталық Комитетттеріне оң қанаттың белсенді мүшелері Чэнь Мин-шу, Чжан Боцзюнь, Ло Лунь-цзи және басқалары кірді.

Бүкіл Қытайлық халық өкілдерінің ІУ сессиясындағы баяндама Чжоу Эньлай: Бірқатар партия азаматтары Совет Одағының тәжірибесінен үйренуге қарсы шығуда, ліміздегі құрылыстың кейбір жетіс-                             пеушілігі мен қателіктері Совет Одағынан алған тәжірибеге байланысты болды дегенді айтады. Бұл қате көзқарас. Біз Совет Одағының социалистік құрылыстағы тәжірибесінен үлкен жетістіктерге ие болдық»- дейді.

1956-1957 жылдары Совет Одағының Қытай Халық республикасына көрсеткен көмегінің көлемі өсті.

1956 жылы сәуір айында Қытай Халық Республикасына Совет үкіметінің А.И.Микоян басқарған делегациясы келді. Делегация ҚХР-сы мен СССР арасындағы экономикалық байланысты одан әрі жалғастыруға келіссөз жүргізді. Бұл келісөздердің нәтижесінде 1956 жылы 7 сәуірде маңызды документтерге қол қойылды: Совет Одағының Қытай Халық Республикасының кейбір өнеркәсіп орындарының дамуына көмек беру, жаңа өнеркәсіп орындарына 156 қосымша обьект салу. 55 өнеркәсіп орындарына металлургиялық, машина жасау, химиялық завод, жасанды түрде пластмас өндіру, электротехникалық және радиотехникалық өнеркәсіпорны, жасанды сұйық отын өндіру заяоды, электростанция сонымен қатар авиация өнеркәсібінде ғылыми-зерттеу институттары кіреді.

Құрал-жабдық жеткізу, жоба жұмыстарына және басқа да техникалық көмек көрсету Совет тарапынан 2,5 млрд. сомға жуық болды. Бұл Совет үкіметінің Қытай халқына көрсеткен шынайы көмегі болды.    

Келіссөзде Қытайға геологиялық жұмыс жүргізуге көмек көрсетілуі жөнінде де айтылды.Совет Одағының Қытай халқына көрсеткен шынайы қамқорлығының бәрі де халықтың экономиялық саласына қажетті болды.

Совет-Қытай келіссөзінде Ланьчжоудан Үрімші арқылы Ақтоғай станциясына дейін теміржол құрылысын салу қарастырылды.

Совет үкіметі Қытайға қорғасын нығайтуға әсерін тигізді. Шындығында Қытай Коммунистік партиясының басшылары Совет Одағымен қарым-қатынасының үзілмей тұрғанында Қытайдың қорғасыны Совет үкіметінің көмегіне сүйенді. Мыңдаған Совет мамандары қарулы күштер тәжірибесін, Қытайда әскери заводтар салуға көмегін берді. Қытай армиясы Совет үкіметінің көмегімен қаруланды.

«1956 жылы 25 июльде Пекинде Қытай Халық Республикасы мен Совет Одағы арасында қосымша товар жеткізуге келіссөз жүргізілді.Келіссөз бойынша Совет үкіметі өз міндетіне станоктар, көтермелі кран, ауа компрессорлары, насос, дизел, генераторлар, автомобильдер, ауыл шаруашылығы машиналарын, құралдар және басқа да товарлар жеткізуге алды. Ал, Қытай елі Совет Одағына күріш, май, жүннен жасалған бұйым тағы басқаларын жеткізулері керек болды. »  

1956 жылы 18 тамызда Пекинде Совет үкіметі мен Қытай Халық Республикасы арасында Амур өзені бассейінінде біріккен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге, Аргунь өзені мен Амур өзенінің жоғарғы ағысын пайдалануға келіссөзге қол қойылды.

1956-1960 жылдары Амур өзенінің бассейіннінде екі елдің біріккен табиғат құбылыстарын зерттеуге Гидроэлектр құрылысын салуға, балық шаруашылығын дамытуға жұмыстар жүргізілді.

1956 жылы Совет Одағы Қытай Халық Республикасына бір топ ғалымдар жіберді. Ол Қытай ғылымының 12 жылға арналған көлемді жобасын талқылады. Қытайда бейбіт жағдайда атом энергиясын пайдалануға зерттеу жұмысы жүргізілді.

Совет еліне тек 1956 жылы оқуға 1800 қытай студенттері мен аспиранттары келді. Совет елі ҚХР-на Иннен және Үрімшідегі әскери госпиталдарын берді.

1956 жылы СССР мен ҚХР арасындағы бірқатар келіссөздер бекітілді. 1/СССР, ДРВ, ҚХР және КНДР елдері арасындағы балық шаруашылығы үшін Тынық мұхитының Батыс бөлігін пайдалану.

2/СССР, ҚХР және КНДР арасында теңізде, әуе жолында адам өмірін сақтап қалуға көмек беру т.б.

1957 жылы 11 желтоқсанда Москвада Совет Одағының Ғылым Академиясы мен ҚХР-ның Ғылым академиясы бірігіп зерттеу жұмысын және экспедиция, ғылым және техника саласындағы маңызды мәселені шешуді қолға алды.   

1957 жылы 21 желтоқсанда СССР мен ҚХР арасында шекаралық және оған жақын жатқан аудандарда су жолымен сауда қатынастарын жасауға келісім жасалынды.

Қытай Коммунистік партиясының басшыларының саясатының нәтижесінде 1962 жылдың соңында Совет-Қытай арасындағы байланыс өте төмен дәрежеге жетті.

Экономика саласы 1959 жылмен салыстырғанда 5 процентке төмендеді. Қытайға жеткізілетін өнім, оның ішінде құрал-жабдық, техникалық заттар 41-42 млн. сомға, яғни 10 есеге, комплестегі құрал-жабдық 7,8-8 млн. сомға, яғни 1959 жылмен салыстырғанда 40 есе төмендеді.

1963 ж Совет Одағынан жеткізілетін өнім 30млн. сомға, яғни 1959 жылдың 5,8 процентін ғана берді.

1964 жылдың 1 қаңтарында Совет Одағы ҚХР-на 1961 жылдың 19 шілдедегі келісім бойынша 78 өнеркәсіп орнын, оның ішінде 66 обьекті салуы қажет еді.

Осы жылдың басында Совет Одағы ҚХР-ын құрал жабдықтардың көлемі т.б. экономикалық мәселелермен келіссөз жасауға шақырды.Бірақ Қытай елі мұнан бас тартты. Бұл кезде Қытай капиталистік елдермен экономикалық байланысты кеңейтті. Ол мұнай өндіретін және химиялық құрал-жабдықтар алды.

1963 ж Қытай Халық Республикасы Англия, Дания, Италия, Голландия және Франция елдерінің фирмаларымен химиялық өндіріс орындарына құрал-жабдық алуға байланыс жасады. 

Совет елі 1964 ж Қытайдың 31 өнеркәсіп обьектісіне құрал-жабдық жеткізді.Екі ел арасындағы эканомикалық байланыс әртүрлі себептермен үзіліп отырды.

Мысалы: Совет елі 1963 жылдың желтоқсан айында Қытай өкілдеріне Тайюань металлургиялық заводына өнім жіберуге жасаған байланыс іске аспады. Қытай өкілдері провакациялық мақсатпен 100-ге жуық әр-түрлі ескертулер жасады, бірақ мұның 90 проценті негіссіз еді. Бұдан кейін контрак жасалмады. Негізсіз сылтаулар көп болды. Мұндай байланыс 1964 жылы Баотауск металлургиялық комбинатында электр құрал-жабдықтарын жеткізуге арналған келісімде тағы да көрінді. 5 айдан кейін Қытай өкілдері біржақты талаптарын қойып, байланыс тағы да үзілді.

Совет-Қытай экономикалық байланысын маоистер тікелей себептермен жоққа шығара бастады.

1964 жылдың сәуір айында маоистер дипломатиялық корпус өкілдерінің алдында Ухан заводына жеткізілген заводтар жарамсыз деген сылтауларын айтты.

Мұны естіген Совет Одағының Сыртқы экономиялық ұйымының өкілдері Пекинге келіп, заводқа баруға рұқсат сұрап ала алмады. Пекиннің антисоветтік бағыттағы үгітшілері шет елдерге Совет Одағының тарапынан келген паравоз  өнімдерін артық бөлшекері жоқ және өте қымбат бағамен сатты деген сөздерін айтты.

1964 жылдың мамыр айында ҚХР-ның шетел істері жөніндегі министрі Норвегия,Голландия және Батыс Герман елдерінің буржуазиялық газет тілшілерімен кездесуінде: «Совет одағы машина, құрал-жабдықтарды өте қымбат бағамен сатып, Қытайды тонап жатыр» — деп интервью берді.

Қытай елі Совет Одағымен ғылыми-техникалық байланысты қысқартуды одан әрі жалғастырды.

1963 ж Совет Одағы Совет-Қытай комиссиясы жасаған 172 тақырыпта жасалынған ғылыми-техникалық жобаны ұсынды. Бірақ Қытай өкілдері түрлі сылтаулармен 51 тақырыптағы ғана жобаны алды.    1964 ж қаңтар айында Қытай елі ешқандай себепсіз өздерінің ұсыныстарының 80 процентін алды.

Екі ел арасындағы ғылыми-техника саласында қысқару жоғары болды. 1963 ж сессияда 380 ұсыныс болса, 1964 жылғы сессияда тек 12 ғана болды. Ғылыми-техника саласындағыбұл қысқару Қытай Халық Республикасының ғылымы мен техникасының дамуына көп зиянын тигізді. Бірақ Пекин лидерлері мұнымен санасқылары келмеді. Қытайдың ғылыми-техникалық прогресін антисоветтік мақсатпен алға қарай дамытпады.

1962 ж Совет-Қытай товар айналымы 1961 жылмен салыстырғанда 18 процентке төмендеді. ҚХР Совет Одағынан мұнай сатып алуын 1 млн. тоннаға, машина және құрал-жабдықтар 73 млн. сомға, вольфрам концентрат 5,3 мың тоннаға,мақта 3,1 тоннаға және басқа да товарлар түрі қысқарды.

Совет Одағы мен ҚХР-ның арасындағы товар айналымы 1961 жылмен салыстырғанда 20 процентке төмендеді, яғни 1950 жылғы дәрежеде болды.

1964 жылы көктемде Пекмнде Совет-Қытай келесі жылға товар айналымы туралы келіссөз жүргізілді.

Келіссөз өте киын жағдайда болды. Қытай тарапынан көп қиыншылық туғызды.Қытай өкілдерінің Совет Одағына қажетті көп жылдар бойы экспортқа сатып келген товарларын беруін тоқтатты. Басқа елдерге өткізе алмаған товарларын ұсынды. Бұл экономикалық қиыншылықты түсінген Совет Одағы Қытайдан азық-түлік сатып алудан бас тартты. Бірақ Пекинде және басқа да шет елдерде Қытай Совет Одағына «мыңдаған тонна ет өнімдерін» экспортқа шығарды деген насихат жүргізді.Ал шындығында Совет Одағына дәстүрлі экспортқа шығарылып жүрген товарлар түрін қысқартты. Бұл Совет-Қытай товар айналымының қысқаруына әкелді.1964 жылы Совет-Қытай товар айналымы 1963 жылмен салыстырғанда 26 процентке қысқарды.   1962-1964 жылдары Совет Одағы бірнеше рет екі ел арасындағы товар айналымын қалпына келтіріп, капиталистік елдердің рыногына шығаруға келіссөз- ге шақырды.Бірақ мұны Пекин үкіметі түсінбеді,Қы- тай Халық Республикасы Совет Одағының экономикалық құрылыс жөніндегі тәжірибеге айырбас жүргізуге арналған бас көтеруін қабылдамады. Экономикадағы болған бұл жағдай мәдениет саласында да

болды.Оның көлемі 1962 жылы 1961 жылмен салыстырғанда 30 процентке түсті. Қытай елі Совет Одағының «Кітаппен айырбас жасау керек» деген ұсынысын қабылдамады. Совет Одағының «Халықаралық кітап» бірлестігі Қытайға 20 мыңға жуық әртүрлі кітап және 1300-ден аса газет-журналдар, алдыңғы қатарлы баспасөзде әдебиеттер шығару туралы ұсыныс білдірді. Совет Одағы Қытайға баспасөз өнімін шығаруда импортты 2 есеге ұлғайтты. Ал, Қытай тарапынан Совет басылымына, әсіресе қоғамдық-саяси, әдеби және балаларға арналған шығармалар алу туралы ұсынысын қысқартты.

Қытай өкіметі екі ел арасында достық қарым-қатынас жасауға жастардың араласуына көп кедергі жасады. Егер, 1958-1959 жылдары Совет Одағында 18 қытайдың жастар делегациясы ал, Қытайда 15 совет елінің жастар делегациясы болса, 1962 жылы Совет Одағына ВЛКСМ-нің ХІУ сьезіне ғана 1 Қытай жастарының делегациясы келді.     

Қытай еліне Совет жастары шақырылмады. Қытай Коммунистік партиясының лидерінің ұлттық, антисо-веттік бағыты Қытай Халық Республикасының мәдени қайраткерлеріне де әсерін тигізбей қоймады. Жазушылар мен артистер,суретшілер мен музыкнттардан олар «Совет Одағына қарсы күресті» күшейтуді талап етті. 2-Бүкілқытайлық Комитеттің Ассоциациясында, әдебиет және өнер қайраткерлерінің алдына бұл күреске белсене қатысуын мақсат етіп қойды.

Мұндай мақсаттың жүзеге асырылуы Қытай Халық Республикасы менСовет Одағының мәдени байланысының қысқаруына әкелді. 1963 жылы ақпан айында Пекинде жүргізілген келіссөзде Совет Одағы мәдени байланыстың көлемін 2 есе ұлғайтуға жылдық жоспар ұсынды. Бірақ, бұл ұсыныс қабылданбады. Нәтижесінде мәдени жоспардың құрамына 1963 жылдың 14 мәдени іс-шара өткізілетіні кірді. Мәдениет өкілдерінің айырбас жасауы 4 есеге қысқарды. 1963 жылы күзде Совет елінде оқып жүрген Қытай студенттері мен аспиранттары Пекин үкіметінің ұсынысымен лекцияға келуге және марксизм-ленизм және басқа да қоғамдық пәндерден емтихан тапсырудан бас тартты.

1964 ж 13 мамырда Қытай Халық Республикасының елшілігі Москвада Совет Одағының шетел істері жөніндегі министрлікке Совет Одағының жоғары оқу орындарының мұғалімдеріне өтірік кінә тағып, Қытай студенттеріне міндетті түрде сабаққа қатыспауға  және қоғамдық саяси пәндерден емтихан тапсырмауға мәселе қойды.

«Қытай елі 1952 жылғы 9 тамыздағы Совет-Қытай келіссөзін бұзды.Онда барлық Қытай студенттері мен бірге аспиранттары Совет Одағының оқу орындарындағы ережені орындайды» -деген бұйрығы еді.

Қытай елінің қоғамдық ұйымдары Совет Одағындағы өткізілген ғылыми конференцияға, симпозиумдарға, жиналыстарға қатысудан бас тартты. 1963 ж СССР-дің Ғылыми Академиясы Қытай ғалымдарына 23 арнайы шақыру жіберді,бірақ олар 8 конференция мен жиналысқа ғана қатысты,қалғандарына «жұмыстан қол босамадыә деген сылтаулар айтты. 1964 ж Қытай Халық Республикасы Совет Одағымен медициналық институтта ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге, өнер қайраткерлерімен, жоғары оқу орындарындағы оқытушылармен екі ел арасында айырбас жүргізуден бас тартты. Маоистердің бұл жаулық көзқарасына совет халқы қарсы шықты.

«1964 жылы,шілде айында Советтік «интурист» агенттігіне Қытайға баруға бірде-бір өтініш түспеді. Нәтижесінде Совет елінің интурист» агенттігі Қытай «интуристіне» екі ел арасындағы туристік қатынастың үзілгені туралы хабарлады.»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Соңғы жылдары Қытай Халық республикасында Чжоу Эньлайды мәңгі есте сақтау үшін аз жүргізіп жатқан жоқ.1988 жылы Чжоу Эньлайдың 90 жасқа толуын Қытай халқы кең түрде атап өтті. Ч.Эньлай Отаны Хуайани, сонымен қатар Нанькинде, Шанхайда, Чунцинде, Яньянда, Сианда және Тяньцчинде мемориалдық музейлер ашылды. Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің «Жэньминь жибао» газетінде Ч.Эньлайдың өмірі, қызметі туралы материалдар жарияланды.

Ч.Эньлай шығармаларының 2 томдық жинағы Пекинде жарық көрді.Естеліктері жинастырылуда.

Арадағы біраз жылғы үзілістен кейін: «80-жылдардың басында СССР мен Қытай Халық Республикасы арасында келіссөз жүрді.Ол экономика, саяси, ғылым мен мәдениет саласындағы проблема. Шекара мәселесі қаралды.»

1991 жылы мамыр айында Қытай Халық Республикасының басшысы Цзян Цземеннің совет басшыларының арнайы шақыруымен келуі,екі ел арасында тұрақты қарым-қатынасты түбегейлі орнатты.

Ал, 1993 жылы, қазанайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қытай еліне барып-қайтуы,Қытай мен Қазақстан арасында достық, дипломатиялық қарым-қатынастың тереңдей түскенін көрсетті.

Ч.Эньлайдың: «Азия елдеріне бейбітшілік пен ынтымақтастық керек,бұл елдер коллективтік қауіпсіздікті орнатуға күш салулары тиіс.Біздің бұл саясатымызды Азияның төңірегіндегі елдер жоққа шығармайды деп сенемін»- деген мақсаты жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасы өзінің территориясымен, ресурстарымен,көп ұлтты халқымен қазіргі таңда өз егемендігін алған ел. Қазақстан мен Қытай таулары  мен өзендері 1700 км жерді алып жатыр. 1994 жылы, 25 сәуірде оңтүстік астанамыз Алматыға 4 күндік арнайы сапармен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ли Пэн келді. Бұл кездесуде 60-70 жылдары үлкен дау болған «шекара», «жер» мәселесі тұңғыш рет Қазақстан үкіметі мен Қытай елі арасында өз шешімін тапты.

Қазақстан мен қытай елі арасындағы қатынас ертегі емес, бұл екі елді бұрынғы кезден-ақ Ұлы Жібек Жолынан бастау алған қарым-қатынастың шындығы.

Осыған орай қазіргі кезде Қазақстан мен Қытай елін Еуроазияаттық теміржол магистралы біріктіріп отыр. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында елшіліктер тағайындалды.Ол Қазақстандағы Қытай елшісі Чэн Ди,ал Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан елшісі Мұрат Әуезов.

Қазақстанға Қытай Мемлекеттік кеңесінің төрағсы Ли Пэннің келуі,екі ел арасында «Достық-Алашанькоу» жолаушылар мен товар тасымалдайтын темір жолын 1 маусымнан бастап іске қосу қарастырылды.

Сонымен қатар Орта Азия-Қытай-Жапония арасында газ құбырын жүргізуге көлемді жоба жасалынды.» Шекаралық аймақтардағы су жолын пайдалануға «Достық-Алашанькоу» теміржолының маңызы зор деп білемін. сол сияқты кездесуде,сауда-экономикалық байланыс жүргізудеҚазақстан арқылы транзиттік автотранспорт тасымалдау және шекаралық Ертіс, Іле өзендері арқылы су жолына шығу қарастырылды. Мұның негізгі пайдасы егер су жолы Ертіс, Іле өзендері арқылы болса, екі ел арасындағы қарым-қатынастағы жол екі есе қысқаратын еді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевпен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Ли Пэннің бұл кездесуі екі елге де тиімді деп ойлаймыз.

Қытай өкіметі «бейбіт өмір сүрудің халықаралық 5 принципі» /Панша-шила деп аталған/ негізінде Совет Одағымен ұзақ уақытқа тұрақты түрде өзара достық, ынтымақтастық қарым-қатынасты орнатуға келіссөз жасалуы Ч.Эньлай рөлінің ерекше зор екенін көрсетеді.

Қытайдың Республика болып жарияланған күнінен бастап,елдің қоғамдық,экономикалық және саяси беделін арттыруда Ч.Эньлайдың еңбегі бұл елдің тарихында орасан зор.Бар ауыртпалықты басынан өткізіп,көзімен көрді.Бірақ осы жолдағы барлық еңбегі «Мәдени революция» көлеңкесінде қалып қойды.

Чжоу Эньлай өмірі мен қызметі Қытай елінің тарихымен тікелей байланысты болғандықтан, мұны келешекте жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Деректер

 

  1. Большая советская энциклопедия М.,1978.т.29
  2. «Советско-китайские отношение 1917-1957г.» Сборник документов.М.,1959

 

2.Әдебиеттер

  1. Борисов О.Б.Колосков Б.Т.Советско-китайские отношение.М.,1972
  2. Виноградов Н.П.»Влияние Великого Октября на революционное движение в Китае». -В книге: Великий Окт-брь и народы Востока. М., 1967
  3. Го Мо-жо.»Песень о будущей волне».М.,1962
  4. Данилов А.И.»Исторические событие и наука». М.,1980
  5. Крымова А.Г.»Историко-мемуарные записки китай-скогореволюционера». М., 1990
  6. Колосков Б.Т.»Внешняя политика Китая 1969-1976″. М.,1977
  7. Лебединский Л.Н.»Советско-китайские отношение 1917-1957″.М.,1959
  8. «Новое изучение Китая».М.,1988
  9. Самбурова Н.,Медведева А.»Китай».М.,1991
  10. Пиотровский Б.Б.»Всемирная история и Восток». СБ.статей.М.,1989

 

[1] Чэн Бо-да «Идей Мао-Цзе-дуна-соединение        марксизма ленинизма с китайской революцией» Пекин-1951г., 8-бет.

[2] Ленин В.И. «Демократия и народничество в Ки-тае» т.ш.ж.41-40-бет.

 

[3]

[4] Данилов А.И. «Исторические событие и историческая наука»  М.,1980. 16-бет.

 

[5] «Новое изучение Китая»М.,1988.84-бет 

[6] Тихвинский С.Л. «Китай:история в лицах и событиях «М,1991 65-бет «Китай: и всемирная история» М.,1988. 65-бет.      

 

[7] «Китай и всемирная история» М., 1988. 65-бет. «Новая истрия Китая» М., 1972. 102-бет

[8] Тихвинский С.Л. «Китай: «Китай: истрия в лицах и событиях» М., 1991. 86-бет

[9] Тихивинский С.Л. «Чжоу Эньлай» Вопросы истории, 1988 г. №6., 171-бет

[10] Черепанов А.И. «Северный поход Национально-революционной армии Китая» М., 1968. 68-бет.