АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Дене тәрбиесінде спорттың және ұлттық ойындар арқылы дене мәдениетін арттыру, 2015 — 96

 

 

«Дене тәрбиесінде спорттың және ұлттық ойындар арқылы дене мәдениетін арттыру»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………

 

  1. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҒЫЛЫМИ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ…………………………………………………..

 1.1 Халық мәдениетіндегі қазақтың қозғалмалы ойындарының әдістемесінің ерекшеліктері……………………………………………………………………………………………..

1.2 Халықтық педагогика тәсілдерін салауатты өмір салтын  қалыптастыру барысында денешынықтыру сабақтарында пайдалану……………………………….

1.3 Болашақ мамандарға дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика материалдарын  пайдаланудың мазмұны және мәні ………………………………….

1.4 Оқу тәрбие үрдісінде халықтық педагогика материалдарын болашақ мамандарға  дене тәрбиесін беруде пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері

 мен  бүгінгі жағдайы……………………………………………………………………………….

         

 2  ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ.……………………………………………..

2.1 Жастарда салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи-        педагогикалық мәселелері…………………………………………………………………………

2.2 Денсаулық пен салауатты өмір салтын сақтау проблемасының бүгінгі жағдайымен мүмкіндіктері………………………………………………………………………..

2.3 Шығыс ойшылдарының тәрбие мен салауатты өмір салтына деген көзқарастары…………………………………………………………………………………………….

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………..

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің көкейкестілігі.  Қазақстан Республикасының Президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы» — қалыптасқан Қазақстан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін, ұшқыр білімді ұлт болуымыз керек делінген.

Жолдауда тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық берілген. Бұл орайда рухани негізіміз — қазақ тілі турасында айта келіп, Елбасы: «Біздің міндетіміз — оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл — өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», — деп көрсетеді. ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайта түсу қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қолдану бағытындағы кешенді шараларды тереңдете түсуді баса айтады.     Жас  ұрпақ тәрбиелеуде  оның ішінде дене тәрбиесі бағытында өзінің ең қолайлы тәрбие құралдардың бірі қазақ тілі екендігін дәлелдеп келе жатқан ұлттық ойындар мен  ұлттық спорт түрлері қазіргі Егемен Қазақстан халқының болашағының жарқын болуы үшін атқарылып жатқан істердің ішінде өзінің пайдалы жақтарымен көрінуде. Пайдалы жақтарына: ұлттық ойындар арқылы халықтың тарихи қалыптасқан салт- дәстүрлерін жеткізуші ретінде көрніс табуы, ұлттық тілді дамыту ісінде қажеттілігі, барлық жастағы адамдардың денесін шынықтыру істеріндегі пайдалылығы, салауатты өмір сүруді насихаттауы, спортшылар дайындау жағынан  маңыздылығымен ерекшеленеді. [1]

Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы адамдардың өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Осы мәселелер жайлы статистикалық материалдар мен ғылыми жарияланымдарда  тіркелген көптеген жағымсыз фактілер белгілі болып келеді.

Адамдардың өз денсаулығына қатынасы олардың мінез-құлқы арқылы көрініс тауып, белгілі дәрежеде 49-53% — зерттеушілер мәліметі бойынша «дені сау болу, әлде сырқаттану» дилеммасын анықтайды. Салауатты өмір салтын насихаттаушы танымал ғалым В.М.Димов әрбір адам денсаулығын нығайтатын немесе денсаулығын бұзатын мінез-құлыққа ие болу мүмкіндігі бар екенін атап көрсетеді. Өз денсаулығына деген мұқият қарым-қатынасты тәрбиелеуге болады: отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, жоғары және кәсіптік оқу орындарында. Дегенмен, «… денсаулықтың қадірі өлім елесі жақындай түскен сайын белгілі болмақ» Академик Н.М.Амосов өз денсаулығың туралы бала кезден ойлану қажеттілігін атап көрсеткенімен, өмір шынайылығы өз денсаулығы мен салауатты өмір салты туралы тәрбиелік шаралардың тиімсіздігін көрсетіп отыр.

Статистикалық материалдар мен бірқатар зерттеу жұмыстары соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасында өкпе (туберкулез), ВИЧ — жұқпалы індеттері, жыныс және жүрек-тамыр аурулары, түрлі қан және зат алмасу ауруларының өрши түскенін көрсетіп отыр. Мұндай өзгерістерді көпшілік қазіргі өркенниеттің жағымсыз әсері деп түсіндіреді (экологиялық жағдайдың нашарлауы, стрестік жағдайлар, құнарсыз және жеткіліксіз тамақтану, жастардың темекіге, алкогольдіктер мен нашақорлыққа әуестенуі).  

Оқушылар арасында темекі тарту, ішімдік ішу, нашақорлық сияқты жағымсыз жайттар шұғыл орын алып тұр. «… 14 жасқа дейінгі оқушылардың 10% темекі тартса, 20% ішімдіктер ішіді». Мамандардың пікірінше, «аурудың басты себептері санитарлық — індет жағдайының қанағаттанғысыздығы мен мектептегі оқушылар санының көптігі, оқу еңбегі жүктемелерінің сақталмауы, оқушылар тамақтануының                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             қанағаттанғысыздығы, медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмендігі…» Оқушыларлың денсаулық жағдайына әсер ететін басты себеп, олардың отбасындағы әл-ауқатының төмендігі, ерекше түрде мұндай жағдайлар ауылдық жерлер мен тозығы жеткен, болашағы жоқ қалаларда орын тепкен. Республикада 13,7 мың мектеп жасындағы балалар тұратын 500 елді мекендерде осы күнге дейін мектеп атымен жоқ».

Анықталған деректер жергілікті тұрғындарды сауықтыру проблемасына жүйелі түрде қарау қажеттілігіне баса назар аударумен бірге, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқу-тәрбие жұмыстарында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне де көңіл бөлу қажеттілігі белгілі болып отыр. Осы проблема бойынша мектеп, орта және жоғары оқу орындарында жүргізілген зерттеулер негізінде бірсыпыра жарияланған материалдар бар.

Түрлі жас топтарына сәйкес тұрғындарды әлеуметтік медициналық тұрғыдан қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасы А.А. Ақанов, Қ.А.Төлебаев еңбектерінде өз көрінісін тапты, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері де жемісті еңбектеніп келеді. Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне К.К. Сатпаева, Г.К. Нұрғалиева, Л.З. Тель және тағы басқалар үлкен үлес қосты.[2]

Зерттеуші ғалымдар адамдардың өмір салты мен денсаулығы арасында тығыз байланыс бар екендігін және ол көп жағдайда қозғалыс белсенділігі мен құнарлы тамақтануға тәуелді екендігін атап көрсетуде. Дегенмен, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы іске асыру мәселесі жан-жақты зерттеу мен талқылау нысаны ретінде қарастырылған жоқ еді. Әлі де болса ұлттық спорт түрлерін насихаттап келе жатқан спорт мектептеріне арналған бағдарламалар жасала қойған жоқ, оған қоса ұлттық спорт түрлерінен өткізілетін жарыс ережелері де жетілдіруді қажет етеді. Және ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың педагогикалық жағдайлары мен тәрбиелеу модельдері жасала қойған жоқ. Біздің елімізде әлі күнге дейін ұлттық спорт түрлері мен халықтық ойындарды дамытудың тұжырымдамасы жоқ.

        Осылайша, бір жағынан салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы жастардың денсаулығын нығайту қажеттілігі туындаса, екінші жағынан салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы қалыптастырудың ғылыми түрде негізделген әдістемесінің жоқтығы проблемалық жағдай туғызып отыр. Көрініп тұрған қайшылық проблеманың көкейкестілігін де көрсетіп отыр. Сондықтан да зерттеу тақырыбы «Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері  арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі» таңдап алынды.

Зерттеу нысаны — оқушы жастардың оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні — жастардың ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі.

Зерттеу мақсаты — жастардың ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін жасау болып табылады.

 

1  ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Халық мәдениетіндегі қазақтың қозғалмалы ойындарының әдістемесінің ерекшеліктері

 

Білім беру мен тәрбиелеудің міндеттерін шешуде маңызды орындардың бірі дене шынықтыруға бөлінеді. Бүгінгі таңдағы дене шынықтыру көп қырлы құбылыс болып табылады, өз құрамында бірсыпыра бағыттарға, сабақ түрлері мен формаларына ие. Дене тәрбиесінің көптеген түрлерінің ішінде халық педагогикасына ерекше орын берілген.

Ұлттық спорт түрлерімен, ойындармен, билермен шұғылдану бос уақытты өткізуге көмектеседі, денсаулықты нығайтады және ең бастысы мінездердің қалыптасуына ықпал етеді.

Халық ойындары, спорт түрлері мен билері педагогиканың дәстүрлі тәсілдері болып табылады.  Көп ғасырлардан бері оларда адамдардың өмір салты, олардың тұрмысы, еңбегі, халықтық тұғырнамалары, ар-намысы, ерлігі, ептілікке, төзімділікке, күшке ие болуға деген ұмтылысы, қимылдар жылдамдығы мен әдемілігіне, күле жүріп орындауға, шығармашылықты ақыл-ойға, тапқырлыққа, ерік күші мен жеңіске деген талпынысы көрінісін табатын. Халық ойындары мектеп оқушыларының интернационалдық тәрбиесі мен дене тәрбиесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олардың бойында өз халқының мәдениетіне деген тұрақты, қызықты, құрметтеу қарым-қатынасы қалыптасады.[3]

  • Дене тәрбиесін оқытудың әдістемелік жүйесі бір-бірімен өзара байланысқан бес бөліктен тұратын құрылым: оқыту мақсаттары, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері. Әдістемелік жүйелер жалпы орта мектеп практикасында тәжірибеден өте отырып, көптеген жылдар бойында қалыптасады. Әдістемелік жүйені жетілдіру үрдісі төмендегі заңдылықтарға бағынады:
  1. Әдістемелік жүйенің бір немесе бірнеше бөліктерінің өзгеруі оның қалған бөліктерінің немесе бүкіл әдістемелік жүйенің өзгеруіне әкеліп соғады.
  2. Кез келген әдістемелік жүйе өзіне шешуші әсер ететін нақтылы өмірмен тығыз байланысты. Әдістемелік жүйедегі жетекші орынды оқыту мақсаттары алады, анықтап айтқанда жалпы орта мектептерде сол арқылы кез келген пәнді оқытудың міндеттері анықталады.
  • Оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдірудің жалпы принциптерін қарастырайық. Әдістемелік жүйедегі жетекші орынды оқыту мақсаттары алатын болғандықтан, оны жетілдірудің негізгі ұстанымы мақсатқа бағыттау ұстанымы болады. Біртұтас әдістемелік жүйені немесе оның бөліктерін жетілдірудің бағыты мен сипаты оқыту мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.
  • Әдістемелік жүйені жетілдірудің келесі маңызды талабы, оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі ұстанымы болып табылады. Білім оқыту мен тәрбиелеуден құралатыны белгілі, сондықтан әдістемелік жүйені жетілдіру үдерісінде оқытудың дидактикалық және тәрбиелік жақтарының бірлігін, педагогика мен психологияның алдыңғы қатарлы жетістіктерін ескеру қажет.
  • Әдістемелік жүйенің жеке бөлігінің өзгеруі, жүйенің біртұтас құрылым ретінде жойылуына алып келуі мүмкін. Жүйедегі өзара байланыстарды толық түрде ескеру қажет. Осыған байланысты өзара байланыс ұстанымын атауға болады. Оқытудың әдістемелік жүйесін    жетілдірудің ұстанымдары Қ.І.Адамбеков, С.Тайжанов, А.Қарақов, С.Қасымбекова, Ж.К.Оңалбек, Б.Қ.Мухамеджанов және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Бұл еңбектерде педагогикалық жоғары орындарының денешынықтыру және спорт мамандықтары студенттеріне денешынықтыру және спорт түрлерін оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру жолдары зерттелген.[4]
  • Біздің елімізде, әлеуметтік және экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы негізінде болашақ 12 жылдық білім беру мектебімен қазіргі мектептің басты міндеттерінің бірі – нарық жағдайына бағдарланатын, адамгершілігі мол, әлеуметті сауатты адамға қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыру. Оны шешу тек қана дене мәдениеті білімінің тұжырымдамалық, әдіснамалық, теориялық және дидактикалық негіздерінің жасалуына тікелей байланысты. [5]

Жалпы орта мектептің басты мақсаты- алдыңғы қатарлы жасөспірімдерді тәрбиелеу,  адамзаттың мәдени және өнегелілік  деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, оқушыларға дене тәрбиесін үйрету әдістері мен ер балаларды Отанды қорғауға дайындау. Білім саясатының  өзекті мәселелері – жалпы орта мектеп қабырғасында кәсіптік бағдар негізінде болашақ мамандығын таңдауға даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен  қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру.  

Жалпы орта мектепте білім берудің сапасын қамтамасыз етуде орта білімді дамытудың негізгі жолы мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру болса, қазіргі кезде жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие үдерісінің жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай бәсекеге қабілетті мемлекеттің болашақ қоғам мүшесін дайындау үлгісі жүзеге асырылатын болады.

Жалпы орта мектептегі дене мәдениетінен білім беру және оның қоғамдық құрамдас бөлігі – дене тәрбиесі сабағы негізінде мектеп оқушыларының жеке приоритетті қабілеттерін жетілдіруге, өзін-өзі тәрбиелеу және өзіне-өзі білім беру қызметтерін дамытуға, оларды азамат, зерделі оқушы ретінде қалыптастыруға бағытталған біздің мемлекетіміздің заңды құжаттарымен нақтыланып, рәсімделген.[6]

Денсаулығы мықты, дене сапалары, дене бітімі қалыптасқан оқушы  ғана өз қимыл-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті болады. Дене мәдениеті білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, мектеп оқушысының жеке тұлғалық жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне себепші болады.

Демек, жалпы орта мектептерде дене мәдениеті жєне спорт түрлері бойынша кейбір мәселелерді кешенді түрде зерделеу осы тұрғыда мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру, қазіргі кезде зерттеу жұмысының көкейкесті талабы болып отырғанын айта кету керек.

  • Оқушылардың дене мәдениеті бойынша білімі мен тәрбиесіне, олардың дене мәдениетін қалыптастыруға біршама ғылыми зерттеулер арналған. Алайда, аталған жұмыстарда жалпы орта білім беру мектептері  оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру, олардың тұлғалық дамуын ескерумен байланысты ерекшеліктер жеткілікті ашылмаған. Сонымен қатар, мемлекеттің одан әрі дамуы, жақын болашақта дене тәрбиесі мен спорт саласында кәсіби іс-әрекетпен айналыса бастайтын оқушылар тұлғасының дене мәдениетінің қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан жалпы білім беру жүйесінде еліміздің жалпы орта мектептерінде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру міндеті қойылады және білім беруде дене тәрбиесіне, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене шынықтыру мен спортты дамытуға орай  білім беру саласын реформалаудың маңызды баңыттарының біріне айналады. Осыған байланысты, жалпы орта мектептерде оқушыларға дене тәрбиесін оқытудың мақсаты, оларда дене мәдениетін қалпытастыру, заманауи технологиялар негізінде оқыту мен білім беруді басқаруда пайдалану туралы білімді қалыптастыру, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру мен еңбек етуге дайындау болып табылады.[7]
  • Мектеп жасындағы балалардың денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында: мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі даярлығы жөнінде ұсынымдар, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу; 5-сыныптан бастап қыздар мен ұлдарды бөлек оқыта отырып, барлық жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінен аптасына үш сабаққа көшу мүмкіндігін қарау; денсаулық жағдайына байланысты арнайы медициналық топтарға жатқызылған балаларға дене тәрбиесі жөнінде жағдай жасау мен сабақтар өткізуге баса назар аудару; балалар мен жасөспірімдер спорт клубтарын құру арқылы жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабақтарының мазмұнын толықтыратын дене шынықтыруды ұйымдастырудың мектептен тыс  нысандарын жетілдіру; жалпы білім беретін мектептерге спорт түрлері бойынша оқыту күні ұзартылған және оқу-жаттығу үдерісі тереңдетілген  мамандандырылған сыныптар ашуды ұсыну қажет етуде.
  • Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде оқушылар дене тәрбиесі алғашқы жаттығулары мен дене бітімімін жетілдіру тетіктерімен бастапқы танысуын және дене мәдениеті бойынша сауаттылығын жүзеге асыра алады. Ал, болашақ қоғам мүшесінде дене мәдениетін қалыптастыру үшін, ең алдымен дене тәрбиесі саласының барлық мұғалімдері мен жаттықтырушылар дене мәдениетін меңгеруі тиіс Қ.І.Адамбеков, С.Тайжанов, А.Қарақов, С.Қасымбекова, Ж.К.Оңалбек, Б.Қ.Мухамеджанов .
  • Қазіргі кезде дене мәдениеті жалпы мәдениеттің өте бір маңызды бөлігі болып отыр. Дене мәдениетін жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие үдерісі негізінде дене тәрбиесі арқылы ұйымдастырудың жеткілікті деңгейі ретінде, оқушылардың дене тәрбиесі мен спорт түрлері бойынша ақпаратпен алмасуын қанағаттандыру деңгейі ретінде, ақпаратты жинау, беру және пайдалану тиімділігі деңгейі ретінде қарастыруға болады.
  • Жалпы орта мектептерде оқушыларды салауатты өмір салтына, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарына арнап бейімделген ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу арқылы жүзеге асырылады. Спорттың негізгі түрлерінен, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына конкурстық негізде берілетін әлеуметтік бағдарламалар бойынша гранттарды беру практикасын пайдалану арқылы, теледидар бағдарламалары жасалуда, насихаттық және ақпараттық технологиялар әзірленуде.
  • Дене шынықтыру және спортты насихаттау атаулы, нақты әлеуметтік топтар мен жіктерге, әрбір орта мектеп оқушысына бағытталған, дене шынықтыру мен спорттың басымдығын дәлелдей көрсетуге, сондай-ақ жастар арасында нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікті пайдалану және басқа да жат құбылыстардың таралуына қарсы күреске бағытталуда. Жастардың дене тәрбиесі жөнінде жұмыс жүргізу, олардың ортасында қазақстандық спортшылардың спорттағы жетістіктерін, бұқаралық спортты танымал ету, олардың санасында “тәні саудың – жаны сау” деген қағидатты орнықтыру үшін мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарының міндеттері: азаматтардың спортқа, табиғи дене бітімін жетілдіруге деген қызығушылығын арттыру, жалпы орта мектеп оқушыларының спортпен өз бетінше шұғылдануын белсенді түрде таныту, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану қажеттігін көпшіліктің санасына сіңіру болып табылады.
  • Дене шынықтыру мен спортты насихаттау мектеп оқушыларының жан-жақты спорттық және дене тәрбиесі даярлығының беделін, гигиена және дене шынықтыру саласындағы білім деңгейін арттыруға ықпал етуге негізделуде. Дене шынықтыру мен спортты дамытудағы басты бағыттардың бірі– олардың ізгілікті жағын күшейту. [8]

 

Балалар мен жеткіншектерді ерте жастан бастап халықтық дәстүрлер негізінде тәрбиелеу қоршаған табиғатқа, қоғамда өзара қарым-қатынас  қалыптастыруға ықпал етті.

Ұлттық спорт түрлері мен ойындардың, бұқаралық спорт мерекелері мен жарыстардың негізгі қызметі адамның өмірлік маңызы бар дене және рухани сапаларын жетілдіру басты мұраты болып табылатын спорттық қызметтің ең басты маңызынан келіп шығады. Олардың педагогикалық маңызы кең мағынасындағы тәрбиелеу әдістері мен тәсілдері категориясына жатады. Бұл дегеніміз, қазақтың қазіргі ұлттық спорт түрлері осы спорт түрлерімен және ойындарымен шұғылданатындарға тәрбиелік әсер етуді ұйымдастыру тәсілінің нақты негізі екендігін білдіреді.

Спорт ойындары мен көңіл көтерулер қазақ халқының өмірінде өзінің бұқарашылдығымен үлкен орынға ие болатын. Ойындар мен спорт түрлері экономикалық, саяси және мәдени тұрғыдан артта қалған көшпенді қазақ халқы үшін театрлар мен стадиондардың орнын алмастырды.

Қазақтардың көптеген ұлттық халық ойындары бар: көкпар, бәйге, алты бақан, сақина тастау, соқыр теке, жекпе-жек, ат ойыны, ақ сандық-көк сандық, жорға жарыс, күрес, сайыс және басқалар. Бұл ойындар көбінесе күй сарынымен сүйемелденетін. Тұрмыстық билер де өмірге келген: Қара жорға, Өрмек, Ұршық, Ши орау, Жүн сабау, Саба пісу, Тары түю.

Дене шынықтыру сабақтарында халықтық педагогика тәсілдерін оқушылармен жұмыс барысында қолдану үшін халықтық спорт және ойын түрлері бойынша арнайы секциялар жұмысын ұйымдастырып, жарыстар өткізу қажет. 

Халықтық педагогика тәсілдері баланың бойында  терең адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Мектептің негізгі міндеттерінің бірі – баланың халықтың бір бөлшегі екендігіне оның өз көзін жеткізуді қалыптастыру болып табылады.  

Халықтық  педагогика тәсілдері бүгінгі таңда бар өнер атаулының негізі, халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінің айнасы, адам еңбегінің нәтижесі, қиял-ғажап көрінісі мен өмірді, әлемді танып білуге деген ұмтылысы болып табылады.

Халықтың өткені мен бүгінін біріктіретін баға жетпес байлықты бізге ата-бабамыз мұра етіп қалдырды. Сондықтан халықтық педагогиканың тәсілдерін жас ұрпақты тәрбиелеуге пайдаланудың маңызы аса зор болып келеді. Ол оқушының өмірге деген жолын ашып, шығармашылық қабілетін жетілдіре түседі.

Қазіргі кезде халықтық педагогика тәсілдеріне деген қызығушылық барған сайын арта түсуде. Олдарды барынша мерекелердің, байқаулардың, фестивальдар мен жарыстардың құрамына енгізуде. Жалпы білім беретін мектептерде халықтық педагогика тәсілдерін қолдануға арналған әдістемелік құралдар жарыққа шығуда.[9]

Әрбір халық ғасырлар бойы өзінің ең жақсы деген ойындарын өмірге әкелді, жетілдірді және сақтай білді. Олар жастарды тәрбиелеудің, әсіресе дене бітімін тәрбиелеудің негізгі тәсілдерінің бірі бола білді. Дене тәрбиесі тек соңғы жүз жылдықта ғана бұқаралық сипатқа ие болды, бұған дейін оның орнын еңбек тәрбиесімен қоса үлкен-кішінің бәрі бірдей қатысатын халық ойындары мен жаттығулар алмастыратын еді. Сондықтан әрбір халық  өзінің дәстүрлі дене тәрбиесін жетілдіруге, олардың жарасымдылығы мен халықтар арасында кең тарауына ықпал етуге тырысатын, қамқорлық жасайтын. Халықтың қозғалмалы ойындарын талдау барысы осы ойындардың қазіргі сақталған түрінде де қажетті дене сапаларын дамытуға қабілетті екендігін, дене тәрбиесінде белгілі қозғалыстарды жетілдіре алатынын көрсетуде (жүгіру, секіру, нысана көздеу, алысты дәл көздеу, ауыр заттарды көтеру және тағы басқалар).

Әдеттегі жаттығулардан басқа әрбір ойын өзінің тұтастығымен, өзіндік өмір моделімен, адамның адамгершілікті, эстетикалық, еңбек, ақыл-ой, құқықтық және басқа да сан қырлы мінез-құлқымен ерекшеленеді. Ойынға өз еркімен кірген әрбір қатысушы оның ережелерін орындауға міндеттенеді, ал ол ережелерді халық ғасырлар бойы жетілдіріп, өңдей білгендіктен ойынға қатысушалар ол талаптарды жеңіл орындайды және халықтың ойын мәдениеті дәстүріне негізделген жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес өз бәсекелестеріне құрметпен қарау тәртібін мүлтіксіз орындайды.[10]

Кез-келген халықтың ойындары еңбек және қоршаған ортамен ғажап дәрежедегі жарасымдылықпен өзара үйлеседі. Әрқашан да рудың кіші уәкіліне  сол рудың үлкен ағасы, әкесі немесе атасы көмекке келуге әзір. Қай уақыт болсын халықтың жасы үлкен ағалары кішілерге өзінің бай тәжірибесін, әдіскерлігін, ұнайтын нәрсеге деген өз көзқарасын үйретуге тырысқан. Жанды және табиғи тізбек бойынша дәстүрлі ойындар ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырса, олармен бірге қажетті дене және рухани сапалар да, білімдер, біліктіліктер мен дағдылар да ауысып отырған.

Дене тәрбиесінің қазіргі жүйесі дене шынықтыру мен сауықтыру жұмысын, ұлттық спорт түрлері мен ойындардың бай мұрасын, халықтық қолданбалы спорт жаттығуларын балалар мен жастардың дене бітімін дамыту мен жетілдіру жұмысында кеңінен пайдалану жолына түсіп келеді. «Қазіргі өмір ұлттық спорт түрлері мен ойындарды, әсіресе, жоғары әлеуметтік-мәдени және рухани күш-қуатқа ие бұқаралық спорт мерекелері мен жарыстарды дамытуға деген жаңа көзқарасты талап етуде».

Халық ойындары мен дене жаттығуларын жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту барысында пайдалану – ертеден келе жатқан құбылыс. Бұл дегеніміз — халық ойындары мен дене жаттығулары және онымен байланыстының бәрі халықтың тұрмысындағы түрлі уәждері мен міндеттері бойынша әскери-патриоттық қана емес, сонымен бірге сауықтыру-қолданбалылық бағыттағы маңызға ие.[11]

Ұлттық қозғалмалы ойындарды бүкіл жалпы білім беретін мектептерде кеңінен пайдалану проблемасы көкейкесті мәселелердің бірі. Қазіргі уақытта оқыту мен тәрбиелеу барысында халық ойындарын пайдаланып қана қоймай, патриоттық және интернационалдық тәрбие барысында олардың мүмкіндігін барынша кеңінен пайдалану міндеті қойылып отыр.

Ұлттық ойындар мен спорт түрлері өскелең ұрпақты жарасымды тәрбиелеудің ажырамас бөлігі. Қазіргі дене шынықтыру практикасында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған және іріктеуден өткен аса бай тәжірибесін өскелең ұрпақты халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері негізінде тәрбиелеу жұмысында пайдалану қажет. Халықтық педагогиканың сарқылмас қазынасы қазіргі жағдайда аса мықты тәрбие құралы болып табылады, себебі онда салауатты өмір салты принциптерін нығайта түсетін және халықтар арасында бұқаралық дене шынықтыру жұмысын, әсіресе, біздің еліміздің ауылдық жерлерінде тұратын тұрғындар арасында дамытудың дайын тәсілдері бар.[12]

Қазіргі таңда ұлттық спорт түрлерін қажетті спорттық базасы жоқ ауылдық жерлерде пайдалану анағұрлым тиімді болып табылады. Мұнда тек педагогикалық және спорттық принциптерді сақтай білу арқылы ғана осы спорт түрлері мен ойындардың сауықтыру-қолданбалы мүмкіндіктерін толығымен аша түсуге жағдай жасау қажет.

Дегенмен, мұндай жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу жеткілікті дәрежеде жоғары деңгейде өтіп жатқан жоқ.  Сондықтан да, біз өз алдымызға мынадай міндеттер қойдық — жарыстар ұйымдастыру мен өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар жасау, ол үшін ең үздік төрешілер коллегиясы мен өзіміздің жарыс өткізу тәжірибемізді пайдаландық.

Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы ұлттық ат спорты түрлері федерациясының күшімен, осы халықтық спорт түрлерін қолдаушылар мен жақсы көретіндер арқылы біздің елімізде бәйге, жорға жарыс, көкпар, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, саяткершілік және басқа да халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерін қайта өмірге әкеліп, ары қарай дамытуға мүмкіндіктер жасалынуда.

Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес ұлттық ат спорты түрлері бойынша жұмыс істейтін секциялардағы 373 дене шынықтыру ұжымдарында 12987 адам өзінің спорттық шеберлігін шыңдауда, олармен 514 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізіп келеді, өкінішке орай олардың тек 35 жаттықтырушысы ғана штаттық кестеге сәйкес жұмыс істеп, атқарған жұмысы үшін жалақысын алып жүр.[13]

Соңғы кезде бұл спорт түрлері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарындағы көпшілік қауым арасында кең тарап келеді. Қазақстан астанасы Астана қаласына ауысуына, бір сыпыра ат спорты түрлерінен респуликалық дәрежедегі жарыстардың өткізілуіне байланысты бұл бағыттағы жұмыстар еліміздің солтүстік аймақтарында да жанданып келеді. Жер-жерлерде көпшілік жарыстардан бастап Республикалық пен халықаралық дәрежедегі түрлі жарыстар өткізу саны артып келеді. Дегенмен, бұл жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу сапасын одан ары жақсартуға мән беру қажет. Жақсы ұйымдастырылған спорт  жарыстары кез-келген спорт түрінің даму ісіне үлкен үлес қосатыны баршаға мәлім.  Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулар бірінші кезекте ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыстар ұйымдастыру мен өткізу сапасын жақсартуға бағытталған. Оларды жасау барысында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізудің теориялық және практикалық дағдылары пайдаланылды.

Қазіргі кезде қазақтың ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыстар өткізу Ережелері жасалынып, бекітілді, соған сәйкес спорт жарыстары келесі түрлер бойынша өткізіліп келеді: аламан бәйге, бәйге, құнан бәйге, жорға жарыс, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, қыз қуу, аңшы құстармен аң-саят жасау. Оған қоса тай жарыс, дөнен жарыс өткізу де іс жүзінде өткізіліп келеді.

Спорт жарыстарын топтастыру принциптері бойынша дене тәрбиесінің жалпыға бірдей әдістемесіне сәйкес аты аталынған түрлер бойынша келесі жарыстар өткізіледі: жеке жарыс – жеке қатысушының иеленген орнын анықтау арқылы (жынысы, жасы, спорттық біліктілігі бойынша); командалық – қатысушы ұйымдардың иеленген орнын анықтау арқылы; жеке – командалық, жеке біріншілікпен қоса қатысушы командалардың иеленген орнын анықтау арқылы; іріктеу жарыстары – оның қорытындылары бойынша спорт түрінен құрама командалары жасақталынады; топтастыру (классификациялық) – спортшылардың разрядтық нормалар мен Қазақстан Республикасының бірыңғай спорт біліктілігі бойынша талаптарды орындауды анықтауы.

Спорт жарыстары спартакиада түрінде де өткізілуі мүмкін: ойындар (кешенді жарыстар), чемпионаттар, кубоктар, турнирлер, командалар арасындағы матчтық кездесулер.[14]

Ұлттық ат спорты түрлері бойынша спорт жарыстарды алдын ала жоспарланған спорттық-күнтізбелік жоспар бойынша ұйымдастырушы  ұжымдардың бекітуімен өткізу қажет. Спорт жарыстарының күнтізбелік жоспары негізінде қажетті қаржы көздерінің есебін жүргізу керек. Спорт жарыстарының күнтізбелік жоспары негізінде жарыс туралы Ереже жасалыныуы және бекітілуі тиіс және онда келесі жағдайларды көрсету қажет: жарыс өткізуге арналған жетекшілік, жарыс өткізілетін орнын, уақытын және күндерін анық көрсеткен жарыс бағдарламасы, оны өткізу жүйесі, қатысушы ұжымдар, спортшылардың, төрешілердің сандық құрамы, аттарды жіберу жүйесі, спортшылардың туған жылы мен жынысы, нәтижелерді бағалау жүйесі, медициналық-санитарлық және ветеринарлық тұрғыдан қамтамасыз ету, техника қауіпсіздігі, тапсырыс беру реті мен мерзімі, қатысушыларды, төрешілер мен аттардың құрамын қабылдау шарттары, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерді марапаттау реті, наразылықтарды қабылдау мен оларды қарау реті, жарысқа қатысушылар мен төрешілердің жарысқа келуі мен қайтуы күндері.

Дене шынықтыру мен спорт бойынша мемлекеттік құзырлы орындар, қоғамдық спорт бірлестіктері, ұлттық ат спорты түрлері бойынша федерациясы мен басқа да дене шынықтыру ұжымдары жарыс өткізу барысында және оның дайындығын белгіленген ереже, бекітілген регламент бойынша спорттық шаралардың ашылуы мен жабылуына сәйкес талаптар мен тәртіптерді қатаң сақтау негізінде қамтамасыз етуі тиіс. Жарыстарды сапалы түрде дайындау мен өткізу үшін жарыстың ұйымдастыру комитетін құру қажет, оның құрамына қызығушылық танытқан ұжымдардың уәкілдерін және осы спорттық шараның өтуіне практикалық тұрғыдан қол ұшын бере алатын  адамдарды қосу керек.[15]

Жарыс күндері ипподром (немесе жарыс өткізілетін арнайы орын) сәнді безендіріліп, жалаулар ілінеді, сәлем жолдаушы ұрандар мен транспаранттар ілінеді, спортшылар мен көрермендерге арналған жарыс туралы қабырғалық материалдар орнатылады. Алдын ала жүгіру алаңдары белгіленеді және көкпар мен аударыспаққа арналған арнайы орындар бөлінеді. Жарыстар өткізуге арналған спорттық нысанның дайындығын осы жарыстың бас төрешісі тексеруден өткізіп, қабылдап алады.

Жарысқа қатысушы делегациялар мен жарысқа қатысатын аттарды орналастырудың да маңызы өте үлкен. Әдетте, республикалық жарыстарды өткізу барысында ипподромнан 500 метрден 1 км ға дейінгі қашықтықта орналасқан арнайы орындар таңдалады, онда әр делегацияға арнап киіз үй тігуге, көліктер қоюға арналған орындар босатылады, уақытша жазғы ат байлайтын орындар жабдықталады, электр энергиясымен, ауыз сумен, тәулік бойы медициналық және ветеринарлық қызмет көрсету, құқық қорғау жұмысының кезекшілігімен қамтамасыз етіледі. Мандат комиссиясын тіркеу мен жүргізуді қатысушылар мен спорт делегациясы орналасқан жерден аса алысқа орналастырмау қажет. Тіркеу жұмысын жүргізерде жарысқа қатысушылар мен аттар жайлы белгіленген форма  бойынша толық ақпараттарға ие болу керек. Бұл ақпаратты шабандоздардың старттық нөмірлері бойынша көбейтіп, жарыс басталар алдында көрермендерге тарату қажет. Мұның өзі көрермендерге жарысқа қатысушылар жайлы толық ақпаратқа ие болу мүмкіндігін береді.[15]

Түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізу практикасы спорттық жарыстардың жақсы өтуі басталар сәттің – салтанатты түрде ашылудың қалай өтетіндігіне байланысты болып келеді. Ол үшін алдымен спорттық шараны өткізуші ұжым немесе ұйымдастыру комитетімен қоса жарыстың  салтанатты ашылуы мен жабылуына арналған сценарийді  жасап, бекітуі тиіс. Ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыстарды ашу барысы келесі тәртіп негізінде іске асырылып келеді: алдын ала диктор мәтін оқиды, жарысқа қатысушылар мен төрешілердің салтанатты түрдегі атты шеруі өтеді, музыкалық сүйемелдеумен бірге жарысқа қатысушылар құрамы және ұлттық ат спорты түрлері бойынша белгілі білімдер мен даму тарихы жайлы баяндалады. Шеруден соң арнайы сценарий бойынша  қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, жігіт жарысы және басқа спорт түрлері бойынша көріністер қарастырылады. Осындай сценарийлер бойынша Абай Құнанбаевтың, Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына, Қарасай батырдың 400 жылдығына, Қазақстанның жаңа астанасы Астана қаласының ресми тұсаукесеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған Халық спортының ашық ойындарына арналған Халықаралық ат спорты жарыстары мен ұлттық ойындары өткізілген болатын.

Ұлттық ат спорты түрлері бойынша спорттық жарыстарды ұйымдастыру спортшылардың, аттардың, жаттықтырушылардың, көрермендердің және қызмет көрсететін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша біраз шаралар кешенін ұйымдастыруды қажет етеді. Спорттық құрылғыларда, яғни ипподромда спорт жарыстарын өткізу — мемлекеттік қабылдау комиссиясы мен спорт базасы басшылығының жұмыс істеуге қабылдау туралы жергілікті ұйымдармен (СЭС, МАИ, құтқару, өртке қарсы және т.б.) келісілген актісі бар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Жарыстарды өткізуге арналған қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін ұйымдастыру-алдын алу шараларын жүргізудің маңызы өте зор. Мұндай жағдайларды  жасау арқылы қамтамасыз етуге болады: жарыс төрешілігін нақты ұйымдастыруды, құқық қорғау орындары жұмысын, соның ішінде ат милициясы, ветеринарлық және медициналық, өртке қарсы қызметті. Ат шабысы мен ат шабыс кезінде ат ауыстыруға мүмкіндік бермес үшін әдетте, ипподром жан-жақтан қоршауға алынады. Олай мүмкін болмай тұрған жағдайда қоршау трибуна мен көрермендер орналасқан жерде орнатылады, қалған жерде жүгіру жолағы бойымен  төрешілер және ат спорты милициясы 200-300 м қашықтықпен орналасады. Төрешілікті сапалы түрде ұйымдастыру үшін аға төрешілер мен төрешілер сол алаңда рация қызметін пайдаланады.[16]

Ат спорты жарыстарын ұйымдастыру барысында ұлттық ат спортын насихаттауға, дене жаттығулары мен спорттық шаралардың ұйымдастырылуына және ең бастысы  көрермендердің тұтастай дене шынықтыру мен спортқа деген ерекше назарын аудару керек. Ақпарат берушінің негізгі міндеті бірінші кезекте қатысушылар құрамы мен  ұлттық ат спорты түрлері жайлы  кейбір мәліметтерді  иппдромдағы радио тарату құралдары арқылы осы өткізіліп жатқан жарыстардың мән-жайын, ойын алаңындағы ерекше өзгерістерді тарату болып табылады.

Спорттық радио хабарлар тарату практикасы ат спорты жарысында материал таратудың  бірнеше түрлерін ойлап тапты: ашылу мәтіні, кіріспе түсіндірме мәтіні, қондырғы мәтіні, хабарландыру мәтіні, сүйемелдеу мәтіні, жеңімпаздарды марапаттау мәтіні, қорытынды мәтін.[17]

Осылайша,  жоғарыда аталған ұйымдастыру шаралары сақталған жағдайда, кез-келген  ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар өткізу сапалық тұрғыдан жоғары дәрежеде ұйымдастырылады және өткізіледі, біздің еліміздегі ұлттық спорт түрлерінің дами түсуіне ықпал етеді. 

Қазақ халқы орасан бай мұралар мен мәдени мұраларға ие. Осындай байлық көзі халық ойындары мен ұлттық спорт түрлері болып табылады.

Көрнекті қазақ жазушысы М.Әуезов былай деген болатын: «Біздің халық өзі өмір сүрген кезеңдерде көптеген ойын түрлеріне ие болды. Меніңше, ойынның міндеттері халықтың  көңіл-күйін көтеріп, оны көңілін аулау ғана емес, сонымен қатар, оның өзіндік ерекшеліктері де бар». Әуезовтың бұл пікірі теориялық қағидалардан ғана алынған жоқ, ол өмірлік тәжірибеге сүйенеді, былай дейтін себебі ұлы тұлғаның өзі қозғалмалы ойындарға белсенді қатысып, өз кезінде Семей қаласындағы «Ярыш» командасының құрамында футбол ойнаған.

Қазақтың көне мәдениеті мен әдебиеті өз бастауын халықтың көңіл көтеретін кештерінен, тойларынан, жиындарынан алғандықтан, көптеген адамдардың көңілінен шықты.

Қазақтың халық ойындары мен спорт түрлерінің дамуымен таныса отырып, біз олардың халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайынан келіп шыққандығын, олар адам еңбегінің, әлемді танып білуге деген ұмтылысы мен қиялының көрінісі екендігін аңғарамыз.[18]

Қазақтың көне ән-жырлары мен лиро-эпостық шығармаларында халық ойындары, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің небір түрлері кездеседі.

Бұл әндердің басты кейіпкерлері – болашақ отан қорғаушылар, жарыстарда өз күшін көрсете алатын халық батырлары мен жауынгерлері. Олар осында өздерінің табиғи талантын шынықтырды және дамытты. Халық ойындарға үлкен мән бере қарады.

Осылайша, халық ойындары  атадан балаға, үлкеннен кішіге берілетін, халық дәстүрлері мен мәдениеті жиынтығының бай мұрасы болып табылды.

Халық педагогикасы әдебиет және мәдениетпен үздіксіз байланыста болады.

Халық өз ән-жырларында ойындардың тәрбиелік мәнін, оның жастардың жаны мен жүрегіне  әсерін мойындайды. Ойындар тек дене сапаларын: жылдамдық, ептілік пен күшін және т.б. ғана жетілдіріп  қоймайды, сонымен бірге олар адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына орасан үлкен әсер етеді.[19]

«Адам туғаннан ақылды, есті болып тумайды. Адам жүре келе көреді, естиді, өмірдегі барлық жақсы-жаманды тексеріп көреді, қолымен ұстайды, тек сонда ғана адам ақылды болып шығады.» — деген болатын Абай Құнанбаев. Осыны айтқанда ол халық ойындарын жадында ұстаған болатын. 

Тәрбиенің халықтық тәсілдерінің пайда болу тарихын, соның ішінде ұлттық ойындарды оқып-үйрену барысында  біз ойындар ұрпақтан ұрпаққа көп жылдар бойы ауызша беріліп отырғанын анықтадық. Алғаш рет оларды ХІІІ ғасырда итальяндық Плано Карпини жазып алды. П. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды аралап,  сол халықтардың өмірі, дәстүр-салты туралы бай этнографиялық материал жинақтаған болатын.

Одан кейінірек қазақтың халық ойындары туралы  жазғандар: итальяндық И.И. Новокамский, австралиялық С. Герберштейн, орыс саяхатшысы В. Рычков, профессор П.С. Палас, венгер зерттеушісі А. Вамберид, неміс этнографы Р. Картицкан, ғалым А. Гумбольдт, поляк А. Янцикевич және тағы басқалар.[20]

Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні туралы этнография жинақтаушылары К.А. Покровский, Н.А. Ивановский, Н.И. Гродсков, А.Диваев, А. Левшин, Ф. Лазаревский, А. Горликин, П. Хадыров, Е. Букин, О.Әлжанов және т.б. өз пікірін білдіреді.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы неміс ғалымы А. Гумбольдт өз достарына жазған хатында былай деп өзінің жақсы пікірлерін баяндаған екен: «Қазақ ауылдарында болған кезімді мен өзімнің ең бақытты кезім деп санаймын, себебі көшпенді халық мені өте жақсы қарсы алды. Олардың қонақжайлылығы мен халық ойындарын ұмыту мүмкін емес. Осындай қысқа уақыттың ішінде мен этнографиялық көптеген материалдар жинап алдым.».

Қазақ халқы өте көптеген жұмбақтарды біледі, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, қанатты сөздерді, ертегілерді ойлап табады, оған қоса өз ойындары мен билерін де ұмытпайды. Қыстың кыңыр аязынан аман-есен шыққанда және аң аулаудан олжалы қайтқанда, жауды жеңіп шыққанда  үлкен той жасап, мереке ұйымдастырады, бұл мерекелер ән-жырсыз, бисіз, халық ойындарынсыз өтпейтін.[21]

И. Есенберлин өзінің «Жанталас» атты тарихи романында қазақ ауылдарында ұлттық ойындардың қалай мерекеленетінін көрсеткен. Жазушы  Сәбит Мұқанов өзінің тарихи-этнографиялық «Халық мұраты» атты кітабында былай деп жазды: «Жүн сабайтындар негізінен жастар еді. Олар бәрі бір үйге жиналып отырды, жүнді киіз үйдің ортасына  үлкен шөмеле қып үйіп қойды. Олар осы жүнді айнала жайғасты. Қолдарына сабау алып, осы жүнді сабауға кірісті. Кейде жастар ойын үшін де жиналатын. Олар жүн сабай отырып, бір-бірімен жарысатын, бұл жарысты олар ойынға айналдырып жіберетін.».[22]

Қазақтың халықтық фольклорының, ұлттық ойындарының жинақтаушысы Ә. Диваев өзінің «Қырғыз (қазақ) балаларының ойындары» атты жұмысында балаларды 3 топқа бөледі: 1 жастан 7 жасқа дейін – бала, 7 жастан 15 жасқа дейін – жеткіншек, 15 тен 30 ға дейін — бозбала. Соған байланысты ойындарды да 3 топқа бөліп қарастырады: 1) балалардың ойындары, 2) жеткіншектердің ойындары, 3) бозбалалардың ойындары, және де қазақ балаларының ойыншықтары жоқ екендігін атап кетеді.

Қариялардың айтуы бойынша, «Ақ сүйек» және «Орда» сияқты ойындарды тек түнде ғана ойнайтын болған, себебі жаугершілік шабуылдар сол кездерде жиі болғандықтан, жастар ойнай жүріп ауылдың бейбіт өмірін де қорғайтын еді. Сонымен қатар, жастардың бойында табандылық, тапқырлық, батылдық және ерлік қасиеттерін дамытуға ықпал ететін.

Қазақтың халықтық педагогика тәсілдері – ата-бабалардан мұра болып қалған халықтың өткені мен бүгінін біріктіретін баға жетпес байлық. Сондықтан да халықтық педагогика тәсілдерін жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысында пайдалану үлкен маңызға ие. Ол баланың өмір жолын ашып, шығармашылық қабілетін шыңдайды.[23]

В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтатын болсақ, «Ойынсыз баланың санасы дамымайды. Ойын кең ашылған терезе сияқты баланың рухани дамуына ықпал етеді және өзі үшін қоршаған өмір туралы түсініктерін аша түседі. Ойын дегеніміз – білімге ұмтылған жалын, от». «Осылайша,  ойын дегеніміз — адамнан ұшып шығып адамға қонатын қанат, ол – арман, ойдың бастаушысы, денсаулық кепілі, өмір тынысы».

Қазақтың ұлттық спорт және ойын түрлері халықтың ауыз әдебиетінде және Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Жамбыл Жабаев және орыс саяхатшылары П.П. Семенов-Тянь-Шанский мен Г.Н. Потанин және орыс тілінің «Түсіндірме сөздігінің» құрастырушысы В.Н. Даль мен тағы басқалардың еңбектерінде өзінің жарқын көрінісін тапқан.

20-шы жылдардың ортасына қарай республикада классикалық күрес түрі кең тарағандықтан, оған қазақтың жекелеген ұлттық күрес шеберлері де өз күшін сынап көреді. 30-шы жылдары спорт үйірмелері құрылып,  жастарды дене тәрбиесіне баулу ісі жақсара түскендіктен, кең тараған ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіледі, республиканың саяси және мәдени өмірінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер негізінде шығармашыл жастардың ұйымдастыруымен «колхоз/совхоз», «бай мен кедей» атты қозғалмалы ойындар бұқаралық сипатқа ие болды.[24]

Соғыс жылдары спорт жарыстарын өткізу жұмыстары тоқтатылған жоқ. 1942 жылдың қысқы маусымынан бастап жаяу жүгірту бойынша бұқаралық республикалық сырттай жарыстар ұйымдастырылды. 1943 жылдың қысқы мезгілі де шаңғы жарысы мен жаяу жүгірту бойынша қызықты жарыстарға толы болып, кешенді командалық есеппен өтті.

1943 жылдың жазында Алматыда Орта Азия және Қазақстан республикалары спартакиадасы болды, онда аударыспақ, қыз қуу, қазақша күрес, және көкпар сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. 1945 жылы қазақтар арасында үстел ойыны болып саналатын «тоғызқұмалақ» ойыны  кең тарады. 1950 жылы жаяу жарыс бойынша республика біріншілігі өткізілді.

Сол жылдарда әсіресе қазақша күрес ерекше даму сипатына ие болды. 1953-54 жылдары қазақша күрестен өткізілген Республикалық жарыстар бұқаралық жағынан да, шеберлік жағынан да негізгі спорттық күрес түрлеріне жақындап қалғанын көрсетті.[25]

Ұлттық спорт түрлеріне арналған ең ірі спорттық шаралардың бірі 1954 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылған жарыстар еді. Ол Абайдың қайтыс болуының 50 жылдығына арналған болатын.

Ұлттық спорт түрлерінің бірімен, бұқаралық спорт түрлерінің бірімен қарқынды түрде шұғылдану, әдетте, адам өміріндегі ағзаның жас кезеңіне сай пісіп жетілуіне сәйкес келеді, себебі  адам дамуының пісіп жетілуі басқа кезеңге қарағанда дәл сол кездегі ағзаның қызметтік және бейімделу мүмкіндіктері мол болып табылады. Осы кезеңнің ұзақтығы спортшының жеке-дара ерекшеліктеріне, таңдаған спорт түрінің өзгешелігіне, шұғылданатын адамның өмір салтына және басқа да көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Өмірдің бұдан кейінгі кезеңдеріндегі спортпен шұғылдану сауықтыру бағытына ие, яғни жоғары дәрежедегі жүктемелерге құрылмайды және көп жағдайда жарыс қызметінсіз жүргізіледі.

Спорт пен ойындардың бұқаралық түрлері көрініс түрінде тәрбиелік қызмет атқарып, бұқаралық насихат ісіне қызмет етуі үшін ұлттық спорт түрлері және дене тәрбиесі тәсілдері, ол бойынша өткізілетін жарыстар жақсы ұйымдастырылып, ұлттық мереке ретінде жарқын түрде өтуі тиіс.

Қазақстан үкіметі ұлттық спорт түрлері мен ойындардың дамуына көп көңіл бөлуде. Қазақтың ұлттық ойындарының дамуында ұлттық спорт және ойын түрлерінен өткізілген І Спартакиада үлкен  рөл атқарды. Қазіргі кезде республикада келесі ұлттық спорт түрлері мен ойындарынан жарыстар өткізіліп келеді: қазақша күрес, қыз қуу, аударыспақ, бәйге, жаяу жарыс, көкпар, тоғызқұмалақ..[26]

 

1.2 Халықтық педагогика тәсілдерін салауатты өмір салтын  қалыптастыру барысында  дене шынықтыру сабақтарында пайдалану

 

Дене шынықтыру мен халық ойындарының ұлттық түрлері халықтардың адамгершілігінде, көзқарасы мен әлеуметтік дамуында, егеменді елдердің арасында достастық қатынастарын нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Жалпы мәдениеттің бір бөлегі, алдымен адамгершілікке тәрбиелейтін тәрбиенің іргетасы бола отырып, олар халықтардың дене дайындығының артуына, денсаулығының нығаюына, белсенді демалысқа арналған жағдайлар жасауға ықпал етеді.

Соңғы жылдары дене шынықтырудың ұлттық түрлеріне ерекше көңіл бөлінуде, ол бір жағынан біздің қоғамдағы әлеуметтік-саяси процестерге байланысты болса, екінші жағынан, оның халықтар арасында кең танымалдығына байланысты болып келеді. Тәрбиенің дәл осы әдістері мен тәсілдері адамның ұлттық сапасының ашыла түсуіне анағұрлым ықпал етіп, тұлғаның азаматтығы мен оның қабілеттерінің арта түсуіне әсер етеді.[27]

Сабақта қолданылатын дене тәрбиесінің көптеген тәсілдерінің ішінде ерекше орын халықтық педагогика тәсілдеріне тиесілі болып келеді.

Халықтық педагогика тәсілдері дегеніміз – халық ауыз әдебиеті, балалар фольклоры, қозғалмалы ойындар, еңбек дәстүрлері, өнер түрлері, қол өнері, мәдени-тұрмыстық дәстүрлер мен салттар, олар адам мәдениетінің асыл қазынасы болып келеді. Олар адамдардың материалдық және рухани шығармашылығын көрсете біледі. Өскелең ұрпақты бала кезден халықтық дәстүрлер негізінде тәрбиелеу қоршаған табиғатқа және қоғамдағы өзара қатынасқа деген дұрыс қатынастың қалыптасуына ықпал етті.

Мұғалімнің шеберлігін, оның беделін, өз жұмысын жақсы меңгергендігін, оқушыларға деген қарым-қатынасын талдай отырып, В.В. Белорусов, М. Станкин  және басқа да авторлар сабақты дұрыс құра білу мен өткізу, сабақтардың жоғары тығыздығы сабаққа деген қызығушылықты арттырып, олардың бойында ерік күшін тәрбиелеп, қиындықтарды жеңу дағдыларына үйретеді. Керісінше, оқушылардың аз шұғылдануы, мұғалімнің аз талап етуі іштің пысуына, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының төмендеуіне, тәртіпсіздікке және сабаққа нашар қатысуға алып келеді.  [28]

Сабақтарда шұғылданушылардың жақсы тұстарын анықтауға арналған жағдайлар жасап, олардың жақсы тұстарын атау арқылы оқушылардың қандай жаңа нәрсеге үйренгенін  көрсете білу қажет. Себебі оқушылардың шығармашылық негізінде қозғалыс белсенділігінен де оның нәтижелеріне деген қызығушылық басым болып келеді.

Тиімді жағдайлардың бірі мұғалімнің түрлі оқыту әдістерін қолдана білу болып табылады. Сондай әдістердің бірі дене шынықтыру сабақтарында қазақтың қозғалмалы ойындарын қолдана білу. Оқушылардың бойында халықтық педагогикаға деген қызығушылықты қалыптастыру арқылы мұғалімдер халық ойындарына, жарыстарына, дене тәрбиесі элементтеріне, ұмытыла бастаған көне мәдениет түрлеріне – ойындарға, жарыстарға, билер мен спорт түрлеріне деген қызығушылықты барынша толық пайдалануы қажет.

Әрбір халықтың ұлттық дәстүрлерінің қайта туындауы тек сол халықтың ғана үлесінде болмауы тиіс. Әртүрлі халықтардың ойындарын оқу-тәрбие процесінде қолдану, оларға деген қызығушылықты ынталандырады, интернационализм тәрбиесіне ықпал етеді. Балалар ойнай жүріп жағымды көңіл-күйін ойынмен және сондай ойынды өмірге әкелген, сыйлаған халықпен де сабақтастыра алады. Ойын арқылы алғашқыда сол халықтың мәдениет элементтерімен, тілімен (сол тілдегі ойын атауымен, ойын элементтерімен, ойын  терминдері) танысуы іске асады. Оның өзі ойыншыларға ойынның ерекшелігі мен халықтың мәдени дәстүрлерін жақсы түсінуге көмектеседі, түрлі халықтардың ойындарын салыстыруға ықпал етеді.  [29]

Мектеп оқушыларының өміріне халықтық педагогика тәсілдерін тиімді енгізудің негізгі шарты әрқашан да кең ойын репертуары мен педагогикалық жетекшілік жасау әдістемесін меңгеру болып табылады.

Педагог ойын барысында балалардың назарын ойын мазмұнына аударып, қозғалыстың дәлдігін, ережелерге сәйкестігін, дене жүктемелерінің шамасын байқайды, қысқаша сілтемелер жасайды және ойын жағдайында пайда болған жайтқа сай епті де жылдам қимылдауға үйретеді .

Ойын дегеніміз көңілді уақыт өткізу немесе ағзаның дене жүктемесі ғана емес, ол психологиялық дайындықтың да құралы. Орыс дәрігері мен ғалымы П. Лесгафттың ойынша  тек ойын арқылы ғана адам «өмірде кездесетін кедергілерді жеңу тәжірибесін» меңгереді .

Қазақ халқының халықтық педагогика тәсілдері, соның ішінде ең кең тараған аударыспақ, жорға жарыс, соқыр теке, жаяу көкпар, жаяу жарыс, жігіт жарыс және басқалар студенттердің назарын аударып, олардың бойында қимылдың ептілігін дамытады, ойын ойнау мен көңіл көтеру мәдениетіне тәрбиелейді, өз халқына, оның дәстүрлері мен салтына деген махаббат сезімін, аға ұрпаққа деген құрмет сезімін ұялатады. Ойын арқылы студенттің сабаққа дегшен қызығушылығын арттыруға әбден болады.

Қазақтың халықтық педагогика тәсілдерін дене шынықтыру сабақтарында, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс барысындағы нұсқалық бөліктерінде пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл ойындарды сабақтың дайындық бөлімінде, негізгі бөлімінде, әсіресе, шаршағанды басу үшін – сабақтың қорытынды бөлімінде қолдануға болады.[30]

  Үзілістерге де арналған арнайы ойындар бар: «ұшты-ұшты», «кім ұрды?», «жаяу жарыс» және басқалар, бұл ойындар жүйкеге түскен салмақты азайтып, сабақ алдында демалуға мүмкіндік береді. Әдетте қозғалмалы ойындар үлкен үзілістерде өткізіледі.

Қазақтың қозғалмалы ойындары, спорт түрлері, билер және халықтық педагогиканың басқа да тәсілдері дене шынықтыру мен спортты толықтыру мен байыту арқылы дене тәрбиесі жүйесінде құрметті орынға ие болуы тиіс. Оқушылардың халық шығармашылығына деген құмарлығы ерекше. Сондықтан да дене шынықтыру мен спорт ұжымдары қызметкерлерін оқу-тәрбие және спорттық-бұқаралық жұмыстарды жетілдіру мен жақсартуға міндеттейд.

Халықтық педагогиканың  ұлттық қозғалмалы ойындар, қазақ билерінің элементтері, дене шынықтыру сабақтарындағы күрес түрлері, бұқаралық көпшілік спорт мерекелерін ұйымдастыру сияқты тәсілдерін пайдалану – уақыт талабы. Дене шынықтыру сабақтарында мұғалімдердің пайдаланып жүрген халықтық педагогика әдістері мен тәсілдері жастарды толыққанды түрде тәрбиелеуге көмектескен болар еді, себебі халықтық педагогика тәсілдерін дұрыс бағалай алмау жастар арасында әлеуметтік аурулар вирустарының тарауына (тарихи ұмытшақтыққа, рухани мүгедектікке, ішкілікке және т.б.) әкеліп отыр.[31]

Халықтық педагогика тәсілдерінің жалпы мәдениеттің бөлшегі ретінде қайта өмірге келуі (ұлттық дене шынықтыру) тұлғаның дене және рухани байи түсуіне ықпал етеді. Халықтық педагогика идеялары – құрғақ, дерексіз ережелер емес, идеялық-адамгершілікті, көркем бейнелі халықтың мыңдаған жылдар бойғы тәжірибесін өз бойына жинақтаған оның рухани құндылығы.

Бастауыш сыныптарда оқушы өзгермелі ортада өсіп, дамиды,сондықтанда оқуға деген қызығушылығы да өзгермелі.

Алдымен оқушылардың дене шынықтыру сабағына деген қызығушылығын анықтау үшін біз өз алдымызға мынадай міндеттерді қойдық: оқып жатқан барлық пәндеріне деген қызығушылығын анықтау, жақсы көрген пәндерін анықтау және осы тізімде  дене шынықтыруға орын табу.  Бұның өзі  жақсы көрген пәндері мен дене шынықтыру арасында байланыс іздеу мүмкіндігін ұсынады.

Оқушының дене шынықтыру пәніне деген қызығушылығын басқа пәндер жүйесінде қарастыру арқылы олар адам өміріндегі дене тәрбиесінің мәнін дұрыс түсінеді деп болжау жасауға болады.

Оқушылар арасында анонимді түрде жүргізілген сауалнаманы талдау барысы барлық оқушыда бірдей дене шынықтыру сабағына деген қызығушылықтың қалыптаса қоймағандығын көрсетті. Адам бойындағы әлденеге деген қызығушылық онда нақты қызметке деген қажеттілік пайда болған тұста ғана туындауы мүмкін. Біздің жағдайымызда  оқушының бойында денсаулығын нығайту мен күш қабілетін дамытуға арналған  жеке қажеттілігі туындаған жағдайда ғана қозғалыс белсенділігіне деген қызығушылығы қалыптасады.[32]

Оқушылардың бойындағы уәждеме жеке үлгісі бойынша педагогикалық әсер ету, денсаулық пен өзін жақсы сезінудің пайдасы туралы ақпарат алмасу, немесе кино мен телехабар көру арқылы, спорт туралы жазылған әдебиеттерді оқу және т.б. арқылы қалыптасады. Дегенмен, іштей және сырттай уәждемелерді айыра білу қажет. Іштей уәждеме адам бойында нақты қызметтің пайдалылығы туралы жеке көзқарасының туындауымен пайда болса, біздің жағдайымызда – дене жаттығуларымен шұғылданудың пайдасы туралы. Оқушылардың бойындағы сырттай уәждеме  нақты пән бойынша төмен баға алып қалу қаупінен барып қалыптасуы мүмкін.

Психологтар іштей уәждемені кез-келген қызметтегі, мейлі өндірістегі немесе оқу барысындағы мықты ынталандыру деп біледі. Оқушы дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде бұл сабақтар оған өте ұнайды, себебі ол іштей бұл сабақтар оған пайда әкелетініне көзі жетеді, шұғылданушыларға арналған барлық тапсырмаларды дұрыс ұйымдастырумен бірге ынталандыра білетін жоғары білікті маман ретінде саналатын педагог та өз ісінің шебері екендігіне сенімді. Сондықтан да дене шынықтыру және спорт бойынша әдістемелік тұрғыдан дұрыс та қызықты өткізілген сабақтар осы пәнге деген қызығушылықты қалыптастыратын мықты фактор болып табылады, себебі олар шұғылданушылардың бойында іштей уәждеме қалыптастырады.[33]

 

1.3 Болашақ мамандарды  дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика материалдарын пайдаланудың мазмұны және мәні

 

         Өмірде адамның іс-әрекетіне, рухани дүниесіне ықпал ететін білімдер сан алуан. Солардың ішінде ең парасатты, өміршеңі халықтың өз тәжірибесінде жинақтаған білімдер жүйесі. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: “… халық қанша жыл өмір сүрсе, тәрбие де сонша өмір сүреді, онымен бірге өседі, өзінде халықтың бүкіл тарихын, оның бүкіл жақсы-жаман қасиеттерін бейнелеуде, олар бірін-бірі ауыстыра отырып, жаңа ұрпақтың өсуіне жағдай жасайды,”- деп жазды.

         Қазақ халқының халық педагогикасының құрылымы: ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлер, ұлттық өнер, ұлттық тәлім. Қазақ халқының тарихи қалыптасқан ерекшеліктері: серілік, өнерпаздық, кеңпейілдік, ақынжандылық, шешендік, имандылық, инабаттылық, меймандостық, үлкенді сыйлаушылық, қайырымдылық, дарындылық, сондай-ақ, шеберлік, қолөнермен қатар, күй, ән, би, спорттық өнер, т.б. өнердің алуан түрлерін игеріп, оны дамытып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып беріліп келе жатқан халықтың өнерпаздығы ғасырлардан бері дүниежүзіне танылып келеді.

         Ә. Табылдиев ұлттық тәрбиенің негізгі салаларына тоқталып өтіп, соның ішінде дене тәрбиесіне былай деп сипаттама береді: «Дене тәрбиесі – тәрбиеленушінің күш-қуатын, қайрат-жігерін, рухани сергектігін дамытып, денсаулығын, сымбаттылығын, қалыптастыру үшін жүргізілетін игі әрекет».

         Халық дене тәрбиесін нәресте іште жатқаннан бастайды. Іштегі баланың уақытында қимылдауы, ананың “шошып” қалмауы, “құрсақ көтерген” ананың дұрыс тамақтанып, көңілді өмір сүріп, іштегі нәрестенің жан-дүниесіне айналасы мен ананың жағымды әсер етуі, ананың “жерігінің” қануы, т.б. рәсімдер мен әрекеттер нәрестенің “ай-күніне”, толымды болып, тоғыз ай, тоғыз күнде дүниеге келуіне әсерін тигізеді.

          Халықтың тәрбиелік дәстүрлеріндегі «Құрсақ тойы», «Қазанжарыс», «Қалжа», «Шілдехана», «Бесік тойы», «Тыштырма», «Иткөйлек» тәрізді, т.т. керемет әдет-ғұрыптары бала тәрбиесіне дүниеге келген күнінен-ақ, ер жеткенге дейін терең мән берілетінін көрсетеді.

         Бесіктегі дене тәрбиесі туралы педагог-ақын Мағжан Жұмабаев: “Баланың денсаулығы жақсы болып өсуі үшін, бесік тәрбиесінің мәні зор”,– дей отырып, нәрестені уақытында тамақтандырып, оның бесігін ыңғайлы дайындап, таза ауада демалдырып, уақытында шомылдырып, дер кезінде “бойы өс” тәсілімен майсылақ жасау, т.б. дене тәрбиесіне жауапты қарау -ананың айнымас парызы деп түсіндіреді. Бұл – отбасындағы дене тәрбиесі ұлттық-гигиеналық дәстүрлерге байланысты екенін дәлелдейтін құбылыс.

         Отбасындағы баланың ұйқысы қанық, денесі сергек болуына ата-ана қамқорлық жасайды, бала-бақшада, мектепте дене тәрбиесі жүйелі дәстүрлер бойынша, жоспарлы түрде, лайықты әрекеттер арқылы жүргізіледі. 

         Дене тәрбиесінің құдыретті күші (тарихи күші) ертеден Спартактың қайратынан, Бейбарыстың ақыл-айласы мен батылдығынан, қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының дүние жүзіне белгілі балуандығынан көрінеді.

         Дене тәрбиесінің, негізгі қозғаушы күші – ұлттық намыс. Өз қарсыласын “Уа, Аруақ қолда!” деп, жайратып жығатын Қажымұқанның, тайквандолық күреске шыққанда күресетін тәсіл қолданған сайын “Аруақ!” деп, ұлттық намыс шақырып, жеңіске жеткен Мұстафа Өзтүріктің ұлттық киелі, ұран сөздері – ұлттық намыстың кілті іспетте.

         Ұлттық мақтанышымыз Бауыржан Момышұлының тілімен айтсақ:

          «Отан үшін, отқа түс – күймейсің»!

         Қазақ халқының ұлттық тәрбиесінің бір негізі – дене тәрбиесі, түрлі спорттық ойындар (көкпар, күрес, қыз қуу, ат жарыс, аударыспақ, найзаласу, арқан тартыс, ақ сүйек, тоғыз құмалақ, т.б.) арқылы іске асырылған. Оған жаңаша (ат ойнату, гимнастика, бокс, футбол, волейбол, теннис, т.б.) ұлттық-адами, спорттық ойындар мен дәстүрлер, үйірмелер қосылады.

         Дене тәрбиесі Қазақстанда 1925 жылдан — қоғамдық қозғалысқа, 1929 жылдан — арнайы сабақ ретінде, 1966 жылдан бастап — әрбір адамның міндетті түрде шынығуына, 1993 жылдан Қазақстан Республикасының Ата Заңында көрсетілгеніндей, міндетті әлеуметтік қозғалысқа айналды. “Дені саудың жаны сау”, “Шынықсаң шымыр боласың”, “Күш атасын танымас”, “Балуан алып та жығады, шалып та жығады” деп, ұрпағын күштілікке баулыған халық тағы “Ішің ауырса, асыңды тый, көзің ауырса қолыңды тый”, “Асты қорлама — құстырады, адамды қорлама — састырады” деп, ол тәрбиенің тазалық (гигиеналық)  дәстүрлерімен тікелей байланысты екенін уағыздайды.

         Дене тәрбиесінің негізі – жеке тұлғаның өз қолында. Мысалы, әр күні дағдылы жаттығулар жасап, тазалықты қастерлеуді қалыптастырса, екіншіден, түрлі сауықтыру қимылдарын міндетті түрде (парыз) жасап, дене қимылдарын шынықтырса, онда ол денсаулығын, ой парасатын таза сақтай алады.

         Дене тәрбиесі түрлі жаттығулар арқылы жеке тұлғаның бойындағы қимыл анализаторларын іске қосып, қимыл жүйесін, сымбатын, симметриялық салмағын қалыптастырады, оның ұстамдылығын, төзімділігін, еңбекке бейімділігін арттырады. Дене тәрбиесі сабақтар арқылы, спорттық жарыстар арқылы, түрлі дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасы бойынша дене тәрбиесі мемлекеттік дәрежеде жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді (2-сурет).

         Педагогика ғылымы жеке тұлғаның ар-ожданына, денесіне зиянын келтіретін “қисынсыз жарыстар” мен “төбелесқорлық” тәсілдердің дене тәрбиесіне жат екенін уағыздайды.

         Дейтұрғанмен, дене тәрбиесіне ұжым, қоғам, ұйымдармен қатар, әрбір жеке тұлға аса зор жауапкершілікпен қарауға міндетті.

          Тағы да ұлы Баукеңнің өмірлік көзқарасына жүгінер болсақ:

           «Әдіссіздік – әлсіздік,

           Ептілік те  — ерлік».

Жеке тұлға мен ұжымдық мақсаты бір болғандықтан, олар бір-бірімен тығыз байланыста болып, бірін-бірі қуаттап отырады. “Жалғыз ағаш — орман емес, жалғыз адам – қорған емес”, “Жалғыздық құдайға ғана жарасқан” деп, халық жеке тұлғаның тек ұжымда ғана қалыптасатынын дәлелдеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет – Дене тәрбиесі жүйесінің бағыттары

 

         Ұжымға жаттығуларды орындауға талап қою, халықтық педагогика идеяларына сай үлгі-өнеге көрсету, үйрету, жаттықтыру арқылы жеке тұлғаның жан-жақты дамып, қалыптасуына ықпал жасайды.

         Болашақ дәрігерге қойылатын талап, оған тікелей емес, ұжым арқылы жүзеге асырылса, ол қосалқы ықпал деп аталады.

         Жас маманға дене тәрбиесі сабағында топпен бірге сабақтың шарттарын мүлтіксіз орындау әрекеті зор әсерін тигізеді. Мысалы: олимпиадалық жарыстар, командалық ойындар, эстафеталар, т.б. көптеген шараларда жеке тұлға өзіне жүктелген міндеттемелерді орындау кезінде жауапкершілікке, шапшаңдыққа үйреніп, ынта-жігері артады, ұжымдық намысын қорғауға бар күшін жұмсайды.

         Ұжымдық, топтық дәстүрлер, міндеттемелер тәжірибелі ұстаздың  халықтық педагогика материалдарын пайдалануы арқылы шебер басшылығымен әуелі жас маманның (жеке тұлғаның), содан соң жалпы ұжым мүшелерінің санасында қалыптасады. Мәселен: жеке тұлға ұжымның тапсырмаларын, командалық ойын кезінде оған сенімін жауапкершілікпен орындаса, ұжымның да жеке тұлғаға қолдау көрсетіп, оның ұжымдық мақтаныш сезімін арттырады да, оның ұжым үшін, адамзат үшін, Отаны үшін қызмет етуге рухани дайындайды. «Жаяудың шаңы шықпас, Жалғыздың үні шықпас» деген халық даналығын түсінуге қалыптастырады.

         Ұжымдық қарым-қатынас – ұжымның игі іс-әрекеттері және ұжымның абыройы. Тұрмыс-тіршіліктің қазіргі жағдайы адамдардан дене және психикалық көп күш жұмсауды талап етеді. Екінші жағынан, тұрмыс пен өндірісті автоматтандырудың қарқынды дамуы адамды қозғалыс белсенділігінен айыруда. Өндірісте дене еңбегі аз пайдаланылады, адам тек машинаны тексеріп, оның жұмысына бағыт береді. Жол жүретін болса -көлікті, үйде — газды, электрді, кір жуатын және басқа машиналарды пайдаланады. Ал, машиналар біртіндеп адамды дене еңбегінен босатуда. «Елу жылда – ел жаңа» дейді халқымыз.

         Алайда қозғалыс, денеге түсетін ауырлық адам ағзасының жұмысы мен қалыпты дамуының қажетті жағдайы екендігі белгілі. Біздің өміріміздің әр түрлі салаларында өндіріске ілгерілеу туғызып отырған қарама-қайшылықтың бірі осында жатыр. Жайлы жағдай белгілі дәрежеде адамды, егер ол өзінің тіршілігі мен жұмысына қажетті қозғалыс белсенділігін енгізбесе, денсаулығынан айыруы мүмкін. «Жалқау адам іркіліп қалған су тәрізді, уақыт өте бұзылатын» деген теңеу осыдан шықса керек.

         Ұзақ уақыт бойы қозғалысы азайған адамның қозғалыс үйлесімділігі бұзылады, денеге және жүйкеге түсетін күшке, сыртқы жағдайлардың өзгерісіне ағза төтеп бере алмайды. Қозғалыссыз адамның қалыпты дамуы мүмкін емес. Сондықтан да денені шынықтыру және спортпен айналысу – ағзаны қатайтады, жұмыс қабілеттілігін арттырады. Сондықтан халқымыз «Шынықсаң, шымыр боларсың» дегенді тегін айтпаған.

         Еңбек пен дене шынықтырудағы әр түрлі белсенді жаттығулар адамның дене және ойлау жүйесін сақтау мен жетілдірудің маңызды себебі болып табылады. «Ойы жүйріктің – ісі жүйрік», «Басында миы жоқтың, екі аяғына тыныштық жоқ» деп, халқымыз ойсыз, жүйесіз істеген істің нәтижесіз болатынын ескертіп айтуынан туындаған.

         Дене жаттығуларымен айналысудағы сауықтыру жұмыстарының ең алғашқы бастамасы – күнделікті өткізілген бой жазу жаттығулары. Мұндай жаттығуларды орындаудың мақсаты – ағзаны алдын-ала жұмысқа дайындау, жұмысқа ынтасы мен қабілетін арттыру.  Белсенді қозғалыс ағзаның барлық жүйесінің жұмысына жағымды әсер етеді, ақыл-ой жұмысын арттырады, денсаулықты нығайтуға жәрдемдеседі, сауықтыру және шынықтыру міндеттерін шешуге көмектеседі.

Қай жаттығудың орындалу тәсілін алсақ та, олар бір-бірінен кеңістік, уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамалары болады. Қеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Қеңістіктегі дене тұрысын біз иық және аяқ-жамбас буындарының орналасу тәртібіне қарай білеміз. Ол тік болуы мүмкін (ілініп тұру, тіреліп тұру, т.б.) немесе көлденең (көлденең тепе-теңдік, тірей тұру) және сүйену (жата сүйену) түрінде де кездеседі.

Дене мүшелерінің бір-біріне үйлесімді орналасуы, яғни дененің қалпы, жаттығуларды орындау тәсілінде зор маңыз атқарады:

а) дұрыс алынған негізгі тұрыс жаттығуларды орындауда ең тиімді жағдай жасауға және белгілі бір анатомиялық, физиологиялық әсерге жетуге;

ә) қозғалыс процесі кезінде керек дене қалпын сақтауға;

б) жаттығуды аяқтағандағы керек дене қалпын сақтауға көмектеседі.

Әрбір қозғалыста ең алдымен, қозғалып келе жатқан  дене траекториясынан дене мүшесі траекториясын айыра білу қажет. Траектория дегеніміз – кеңістіктегі қозғалыс шамасы және елестеткендегі қозғалған дене ізі. Траекторияға қарап, дене мүшелері қозғалысының бағытын, түрін, амплитудасын анықтайды. Қозғалыс траекториясы түзу сызықты және қисық сызықты болады. 100 метрге жүгіруді – түзу сызықты, ядро игеруді – қисық сызықты деп, шартты түрде айтамыз. Өйткені, тәжірибе бойынша таза түзу сызықты қозғалыс жоқ. Олардың ішінде әрқашанда қисық сызықты қозғалыс жүреді (дене серпілуі, ауырлық нүктесінен амплитудалы ауытқу, т.б.). Жаттығулардың организімінде дене тәрбие жаттығуларымен тиімді әсер  ету және қозғалыс тәсілін жақсы орындау, қозғалып келе жатқан денеге немесе оның мүшелерінің  траекториялық бағытына байланысты (мысалы, биіктікке секіру үшін спортшылар жерден аяқпен дұрыс серпілу бұрышын, тиімді қозғалыс бағытын дұрыс анықтай білуі керек).

Қозғалыс бағыттары: жоғары – төмен, алға – артқа, оңға – солға болып бөлінеді. Дене мүшелерінің бір шеткі қалыптан екінші шеткі қалыпқа дейін жеткізе сілтеген қозғалысын қозғалыс амплитудасы дейміз (мысалы, аяқты алға-артқа сілтеу қозғалысы). Қозғалыс амплитудасы белсенді және бәсең болып екіге бөлінеді. Белсенді қимыл жаттығушының бұлшық еттерін белсенді жиырумен орындалады. Бәсең – серігінің, тренажердың көлемімен керілу-созылу жаттығулары. Белсенділік амплитудасы бәсең амплитудаға қарағанда әрқашанда аз болады. Уақыт сипаттамасы – уақыт ұзақтығы, қарқын және қимыл ырғағы деп бөлінеді. Ұзақтық – әрбір қозғалысқа кететін уақыт шамасы.

             Студенттерге дене тәрбиесін беруде олардың болашақ мамандығына бейімделуі маңызды болып табылады. Бейімделуді әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде И.А. Милославова, Н.А. Свиридов,   М.И. Скубий, Л.П. Буева, А.А. Русалинова, В.Г. Кондратьева, М.А. Ошуркова, Л.Т. Борисова,                         Р.Х. Шакуров, В.Г. Асеев, С.В. Овдей және басқалары өз еңбектерінде жан-жақты қарастырған. Олар түлектердің бейімделу жылдамдығына оқу орнының әсер ететінін зерттеді.

          Л.С. Шубина кәсіби дайындық үрдісінде педагогикалық іс-әрекетке бейімделу мәселелерін қарастырады. Осы мәселе жөнінде М.Я. Педаяс өз зерттеу жұмысында атап кеткен, ол студенттің бейімделу әсерін жоғары оқу орнындағы кәсіби дайындық пен алдында оқытылған педагогикалық іс-әрекет тәжірибесімен ұйымдастыруды ұсынады.

            Н.А.Свиридов пікірінше, кәсіби және әлеуметтік психологиялық бейімделу үрдісінің мәні – «Адам – ұжым – орта — қоғам» жүйесінде әрқашан қарым-қатынасты жақсартуында: студенттің кез-келген іс-әрекет түрлеріне бейімделуге; тұлғаның жақсы жаққа өзгеруінде әлеуметтік-психологиялық бейімделу кәсіби бейімделуді толықтырып, жаңа келген жас тұлғаның ұжымға сәтті енуін қамтамасыз етуіне, басқаша айтқанда, ол ұжымның толық мүшесі болып, эмоционалды аймаққа жетуінде.

         М.И. Скубий болашақ мамандарды дене тәрбиесінің қажетті маңызын түсіндіріп, ондағы талаптарды орындауға бейімделу мәселелерін қарастырды, жас мамандардың дене мәдениетіне бейімделу заңдылықтарын зерттеген және бейімделу үрдісінің ширығып дамуы мен мазмұнына әсер ететін объективті және субъективті факторларды М.И. Скубий бейімделу маңыздылығын әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырды: «… әлеуметтік орта мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің адамдық тәсілі, адам сыртқы жағдайларға пассивті дағдыланбай, керісінше оларға өздерінің мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес практикалық қызметін өзгерте отырып, белсенді әсер етеді. Әлеуметтік бейімделу қос бірыңғай үрдіс, онда адам ортаның әсеріне түсіп, өз жағынан  оны өзгертуге белсенді пысан ретінде шығады. Адамдар жағдайлар және тәрбиелеу өнімі ғана емес, жағдайлар да – адам қызметінің өнімі болып табылады».

          Біздің ойымызша, осы айтылған пікірлер болашақ мамандарға дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика материалдарын пайдалана отырып, келешектегі кәсіби іс-әрекетіне бейімдеуде маңызды болып табылады.

         Болашақ мамандардың кәсіби бейімделуінің кейбір әлеуметтік-психологиялық қырлары В.Н. Шубкин, И.К. Кряжова, А.Г. Мороз,                    Т.В. Снигереваның жұмыстарында жарық көрді. Зерттеушілер аталған тұлғаның бейімделуінің әлеуметтік-психологиялық қырларын зерттей отырып, тұлғаның жалпы адекватты қабілеттіліктері мен қасиеттері бар белгілі бір кәсіби қызмет саласына бейімделу үрдісін және оның кәсіби іс-әрекетке жекеленуіне және рольдік жүріс-тұрысына әсер ететінін салыстырды.

         Кәсіби іс-әрекетке бейімделу үрдісін қамтамасыздандарудың  педагогикалық мәселелері Н.В. Кузьмина, С.Н. Чистякова, Г.М. Чурекова,               В.А. Полякованың жұмыстарында қарастырылған. Кәсіби бейімделуді кәсіби дағдыланудың соңғы кезеңі ретінде қарастырады. Е.В. Павлютенков бейімделу үрдісіне ең маңызды рольді уәждімелік сипаты атқарады деген пікір айтты. Кәсіби өзін-өзі анықтаудың қоғамдық себептері анағұрлым маңызды болса, болашақ мамандардың дене мәдениетіне әлеуметтік-психологиялық дағдылануы соғұрлым сәтті өтеді.

         А.Г. Мороз бейімделуге әсер ететін факторлар жайында айтқанда мыналарды ерекше атап кеткен. Бұл факторлар – жас маманның ішкі психологиясының бекітілуін, денсаулығына қажеттілігін түсіну, ден саулығының жарамдылығын, іс-әрекетке дайындығын жатқызады: мінезі, жүйке жүйесінің түрі, өзін-өзі бағалауы, қабілеті және т.б.

         Зерттеп отырған мәселенің жан-жақтылығы бейімделу факторлары құрылымының күрделілігін көрсетеді. Олардың барлығы бейімделу сәттілігі, әсерінің ұзақтығы және даму деңгейіне байланысты әсерін тигізеді, өзара байланысты бұл факторлар жағдайларының өзара сертті жүйесі ретінде біртұтас жағдайда әсер етеді.

         Г.А. Кончанин, А.Н. Свиридов өздерінің зерттеулерінде бейімделу үрдісін үш кезеңге бөліп көрсеткен:

  • 1- кезең – «ену» — эмоционалды сипатталатын модельмен көрсетіледі.
  • 2- кезең – «арылу» бейімделудің ең ауыр кезеңі, жеке тұлғаның талпыныстары мен нақты мүмкіндіктері, қалыптасқан әдістері мен жаңа талаптары, ішкі қарама-қайшылықтардың шиеленісуімен сипатталады.
  • 3- кезең – сезім маңыздылығын «бекітілуі» барысында өзіне деген эмоционалды бағалау көрсеткіші тұрақтанып, өзін-өзі қадағалау үрдісінің қалыптасуына әсер етеді.

Тәрбиеде түпкілікті нәтижеге жету – оның барлық жақтарының өзара

байланысын қамтамасыз етуді қажет етеді. Сондықтан да дене тәрбиесінің міндеттерін анықтағанда оның ерекшелігі ғана емес, сонымен бірге тәрбие мен білім берудің жалпы жүйесіндегі орны да, атқаратын ролі де есепке алынады. Осыған байланысты дене тәрбиесінің ерекше және арнайы емес екі категориясын ажырата білу қажет. Бірінші санатқа сауықтыру міндеттері қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға әкелетін біліктілік міндеттерінің бір бөлігі жатады. Екінші санатқа тәрбиелік өзге түрлерімен байланысын көрсететін тәрбиелік міндеттер де, білім де, дағдыларға байланысты бейімділіктер де жатады. Осы айтылғандар дене тәрбиесінің міндеттерін төмендегідей саралауға мүмкіндік береді.

         Сауықтыру міндеттері:

          — денсаулықты жан-жақты нығайтуға және үйлесімді дене дамуына көмектесу, дене мүсінін дұрыс қалыптастыру, дене бұлшық еттерінің әр түрлі топтарын дамыту, ағзаның барлық жүйесін және олардың қызметін дұрыс және уақытында дамыту, жүйке жүйесін нығайту, зат алмасу процестерінің белсенділігін арттыру;

          — жас мөлшеріне қарай дененің мүмкіндіктері мен жұмысқа қабілеттілігінің деңгейін қамту;

          — ағзаның өзінің шынығуы үшін қолайсыз, жағымсыз жағдайларға қарсыласу деңгейін арттыру.

Білімділік міндеттері:

          — тұрмыс жағдайында, еңбек қызметінде (жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, ауыр заттарды көтеру, алып жүру, т.б.) және әскери-қолданбалы сипаттағы қимылдарды (кедергілерден өту, шаңғымен жүру, күрес элементтері, т.б.) табиғи қозғалыстарда өмірлік маңызға ие қозғалыс дағдыларын қалыптастыру;

          — қозғалыстың берілген өлшемдеріне сәйкес күшті саналы түрде реттей білуді қажет ететін жаттығу техникаларын меңгеру есебінен қозғалыс тәжірибесін молайту;

          — күрделендірілген жағдайда дененің қозғалыс-қимылдарын басқару қабілеттілігін, оның ішінде қозғалыстың жаңа түрлерін меңгеруді дамыту;

          — дене қызметінің барлық түрлерін меңгерудің саналық негіздерін қамтамасыз ететін білім жүйесін қалыптастыру.

Тәрбиелік міндеттері – денені үйлесімді қалыптастырумен бірге адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне, т.б. баулу.

         Нақты оқу-тәрбие жұмысында дене тәрбиесінің жалпы міндеттерінің айқындалуы және олардың шешілуі — үйрету мен тәрбиелеу  кезеңдеріне, оқу материалы мазмұнының   ерекшеліктеріне, жаттығулардың мақсатқа сәйкес келуіне негізделеді. (А қосымшасы)

         Болашақ мамандарға дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика материалдарын пайдаланудың қажеттілігі өте зор. Халықтың ұлттық көзқарастары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды. Ұлттық мұралар ғасырдан-ғасырға сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып бізге жеткен, оның өткені мен бүгінін дене тәрбиесінде байланыстыру — жетілдіру, дамыту, пайдамызға асыру бүгінгі міндет.

         Халықтық педагогика элементі ретінде ұлттық ойындардың, қимыл-қозғалыстың маңызы жайлы теориялық және әдістемелік сипаттар, әдебиеттер бар. Онда ұлттық ойындардың орны, оның таралуы, әртүрлі халықтардың ойын фольклорының  ұқсастықтары мен айырмашылықтары, әдістемелік ерекшеліктері қарастырылған.

         Дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеген

Т.Ш. Қуанышов: «… ойын-тәрбиенің кешенді құрылымының бірі болып табылады,  ол жан-жақты дене даярлығына, организм функциясын, ойнаушылардың мінез-құлық белгілерін жетілдіруге бағытталған», — деп жазады.

         Ұлттық ойыдарды бір жүйеге келтіріп, топтап, жеке тұлға ерекшеліктеріне қарай жіктеп, жоғары әдістемелік тұрғыдан ұйымдастырсақ және болашақ дәрігерлерге дене шынықтыру сабағында халықтық педагогика материалдарын кеңінен пайдалану тәрбиелік міндеттің нәтижелілігін арттыра түсері сөзсіз.

         Ұлттық ойындарды дене тәрбиесіне жан-жақты жарасымды жеке тұлға тәрбиесі құралы ретінде пайдалану, болашақ дәрігердің денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік және көркемдік талғамды, еңбек іс-әрекетімен өзара байланыста болатынын аңғарамыз.

            Жаттығуларды орындау барысында рухани дамуды  дене мәдениетінің жетілуімен тұтас бір уақытта жүретін процесс ретінде қарастыру керек. Жаттығуды үйрету кезінде аз күш жұмсап, үлкен жұмыс орындауға және кездескен қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беретін саналы көзқарас тәрбиелеуді негізгі міндет деп қарастырамыз.

         Дене тәрбиесі – ол адамның жан-жақты жарасымды қалыптасуына, дененің  дұрыс дамуына, денсаулығына, өмірге керекті қозғалыс аппараттарының белсенділігін арттыруға және дене күші мен рухани күшінің бірлесуіне бағытталған саналы тәрбие жұмысы. Бұл жан-жақты тәрбие жүйесі адам ағзаларының бірлігінен, оны бөлуге болмайтындығынан туындап отыр. Адам ағзасы бір және бүтін болғандықтан, оның дене мүшесінің қасиеттерінің бәрін бірдей дамыту керек. Өйткені, адамның әрбір жеке қасиетінің төмендеуі оның өзге тәрбие тек денені, не жанды емес, адамды тәрбиелеу бағытында жүру керек (3-сурет).

         Осыған байланысты педагог Шарль Фурье: «…жан-жақты тәрбие дегеніміз – ол жалпы және күрделі болуы тиісті. Күрделі болуы ол бір мезгілде жеке тұлға денесін және жан дүниесін тәрбиелейді. Жалпы болуы – ол дененің барлық бөлігін және жан тәрбиесін қамтитын тәрбие жүйесі» — деген пікір айтқан.

             Д.В. Хухлова: «Дене тәрбиесі – ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және әзірлігінің жоғарғы деңгейіне жетуіне бағытталған тәрбие жүйесі»,- деп көрсеткен.

             Жан-жақты тәрбие жөнінде ой қозғаған психолог Т. Тәжібаев: «… тәрбие сөйлейді, яғни тіл арқылы ой салады, белгілі бір іс-әрекетке бағытталған жеке тұлға саналы түрде келген хабарды қимыл-қозғалыс, іс-әрекетіне айналдырады. Дене шынықтыру арқылы адам тек денесі мен тәнін ғана шынықтырып қоймай, ақыл-ой жұмысын да тиімді ұйымдастыра алады», – деген.

         А.Н. Вишневский дене тәрбиесінде 2 бағыт қолданылатындығын көрсетеді. Біріншісі – дененің дұрыс өсуіне, және сол дененің саулығына бағытталса, екінші бағыт – дене мүшелерінің қалыпты өсуіне, шыдамдылық, беріктілік, икемділік қасиеттерін дамытуға бағытталған.                                        

       Т.Ж. Бекбатшаев ұлттық ойындарды қолдануына қарай, 10 топқа бөледі. Ойынды топтағанда ең алдымен, ойынға педагогикалық тұрғыдан қарайды, әрбірінің тәрбиелік мақсатына және ұқсастығына қарай топтастырады. Біздің тікелей  зерттеп   отырған    мәселемізде,   яғни  болашақ  мамандарға  дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика материалдарын пайдалануда бұл пікірлер маңызды болып табылады. Дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды орындау процесінде біршама қимыл еркіндігінің болуы, жоғарғы қарқынның демалыспен алмасып келуі жүктеменің үлкен көлемін, әрбір жастық – жыныстық топ үшін барынша жиі орындауға мүмкіндік береді. Мұның өзі дене сапалары мен дағдыларын күшті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасап қана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет – Жеке тұлға даму субъектісі ретінде

 

 

 

қоймай, олардың ішінен спорттық тұрғыдан ең бір дарындыларын ерекше бөліп шығаруға да мүмкіндік туғызады.

            Р. Абзалов: «Дене жаттығуларының кейбір ұлттық  түрлерін халық қимылдық сапаларды жетілдіру үшін өзгешелікпен пайдаланады. Ал, мұның өзі халықтық дәстүрлердің қайнауындағы ойындар», – деген.

         Ғылыми еңбектерді теориялық талдау нәтижелері болашақ мамандардың дене тәрбиесінде халықтық педагогика материалдарын пайдаланудағы  мынадай сабақ мазмұнының  өзара байланысты шарттарын анықтауға мүмкіндік береді:

  1. Ұлттық ойын жаттығуларының құрамы және онымен байланысты білім түріндегі оқу материалы. Ұлттық ойын жаттығулары үйрену нысаны бола отырып, дене тәрбиесі сабағының ерекшелігін, оның пәндік мазмұнын көрсетеді.
  2. Педагогтың ұйымдастыруда – басқарушылық және бақылаушылық қызметі: сабақта ұлттық ойындардың мақсатын белгілеу, ойын ережесін, оқу тапсырмаларын түсіндіру, практикалық қимылдың үлгісін көрсету, көмек және қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру, ескертулер мен нұсқаулар беру: жаттығуларды жасау, орнын жинастыру және дайындау бойынша іс-қимыл, ұлттық ойын түріне қажетті құрал-жабдықтарды үйлестіру, жинап алу; болашақ мамандар ойын ережелерін орындайтын жердегі басшылық (орналасу, орындау реттері, алмасу), олардын қимылын өзара бақылауды және үлгерімді есепке алу, кәсіппен байланыстыру және сабақтың қорытындысын жасау. Педагог қызметінің әрбір элементін жүзеге асыру болашақ мамандардың жеке басына тәрбиелік әсер етумен және сауықтыру міндеттерінің қажеттігін түсіндірумен бірге жүреді.
  3. Болашақ мамандардың оқу-танымдық қызметі: ұлттық ойындар мен жаттығулардың міндеттерін қабылдау және ақылға салу, ондағы нақты міндетті шешу жобасын ойша құрастыру және кейін оны жүзеге асыру; педагогтың реттеуімен нұсқауларын орындау ісінде өзін-өзі бағалаудағы оқу-танымдық қызметінің нәтижесі дене тәрбиесін өткізудің сапалық бағасының басты өлшемі болады.

             Сабақтың құрылымы – бұл ойынның мазмұн элементтерінің дене тәрбиесі сабағында дидактикалық негізделген қатынасы мен реттілігі. Құрылым барлық ұлттық элементтердің ішкі байланысын, олардың өзара іс-қимылының жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, сабақтың негізгі құрылымдық бірліктері, педагог пен болашақ дәрігердің өзара шартты қимылы түріндегі оның ұлттық ойын мазмұнының  элементтері болып табылады. Бұл қимылдар сыртқы және ішкі екі көріністен байқалады. Сыртқы көрініс – дене тәрбие сабағының мазмұндық – ұйымдастырушылық мәнін бейнелейді және сырттан бақыланады: көрнекі нысанда қозғалыстағы қимылды, спорттық жаттығулардың әр түрін педагогтың айтуы арқылы ұсынуы: ұстаздық  оқыту, тәрбиелеу және ұйымдастыру әдістері мен  тәсілдерді қолдануы.

            «Ата көрген – оқ жонар» демекші, қазақтың ұлттық спорт жаттығуларын меңгеруі белгілі бір психологиялық және физиологиялық заңдылықтарға сәйкес, болашақ мамандардың белсенді қозғалыс қызметін ұйымдастыруды қажет етеді. Бұл заңдылықтарды есепке алу дене тәрбиесі сабағының құрылым бірлігіндегі ең басты үш түрлі байланысты құрамды бөліктерді айырып қарауға негізделеді (кіріспе-дайындық, негізгі, қорытынды). Бұл бөлімдердің орналасу реттілігі, болашақ мамандардың денесіне түсетін күш пен олардың ағзаларының (организм) жұмыс қабілеттігінің өзгеру заңдылықтарын бейнелейді, сондықтан да бұл үшеуі сабақтың кез- келген түрі үшін тұрақты.

            Сабақтың кіріспе-дайындық бөлімі жас мамандардың негізгі бөлімде жұмыс істеуінің алғышарттарын қамтамасыз етеді. Оның мазмұны мен міндеттері:

           а) Болашақ мамандарды   бастапқы ұйымдастыру: сапқа тұрғызу, сабаққа топтың дайын екендігі жөнінде рапорт беру, бір орындағы саптық жаттығулар;

          ә)  мақсатты нұсқау жасау (сабақтың міндетін хабарлау);

          б) ұлттық қозғалмалы ойындарды қолданып, рухани және жағымды қызу қандылықты қамтамасыз ету (ұсақ құрал-жабдықтарды және ұлттық ойын әдістерін пайдалана отырып, жаттығуды жаппай орындау);

         в) жалпы қыздырыну, дене қызметін ойын ережесіне біртіндеп кірістіру және бірқалыпты белсенділікке қол жеткізу (шапшаң меңгеруге келетін, ұлттық ойындарға келтірілген қарапайым дене жаттығуларын және бұрын игерілген жаттығуларды, ұлттық ойында қолданылатын жүру, жүгірудің әр түрлі байланыстарын орындау);

         г) сабақтың негізгі бөлімі оқу бағдарламасында және сабақ жоспарында көрсетілген халықтық педагогика материалдарын пайдаланудың білімдік, тәрбиелік және сауықтыру міндеттерін тереңірек қамтуға бағытталуы;

         д) болашақ мамандардың тірек-қозғалыс мүшелерін арнайы және жалпы дамыту, олардың ағзаларының қозғалыс мүмкіндіктерін жетілдіру;

 оларға өз денесінің қимыл-қозғалыстарын басқару қабілетін дамыту мақсатында жаттығулар техникасын үйрету;

        ж) ұлттық мұралар туралы арнаулы білімдерді қалыптастыру;

         к)  ұлттық сипаттағы негізгі және арнаулы қозғалыс мүмкіндіктерін дамыту;

           л) ұлттық сезім, ұлттық сана, ұлттық Рух пен адамгершілік, интеллектуалдық және ерік-жігерін қамтамасыз ету.

           Сабақтың қорытынды бөлімі, болашақ мамандар ағзаларын келесі қызмет үшін тиімді қозғалыс жағдайына келтіру және осы қызметке нақты жағдай жасау мақсатын көздейді. Негізгі типтін міндеттері мен мазмұны мынадай:

            а)  студенттің физиологиялық қызуын және бұлшық еттерінің жеке топтарының артық жиырылуын төмендету;

           ә) топтағы эмоционалдық жағдайды реттеу (қалыпқа келтіретін қозғалыс ойындары, назар аударатын жаттығулар);

           б)  педагогтың бағалауы және жас мамандардың қызмет нәтижесін өзін-өзі бағалау жолымен сабақ қорытындысын шығару;

          в) үй тапсырмасын хабарлау.

          Халықтық педагогика мұралары сан алуан болып  келеді, олар өздерінің төл ерекшеліктерімен пайда болу жағынан да, міндетті жағынан да ерекшеленеді. Мұнда қазақ халқы басынан өткізген тарихи жолдың нақтылы шындығы бейнеленген. Дене тәрбиесінің негізгі халықтық құралдарының бірі ретіндегі бұл ұлттық ойындарының маңызы айналысушыға тәрбиелік ықпал етуге негізделеді. Басқа жағынан алғанда, қазақ ұлттық ойындары өзінің қарапайымдылығымен, қол жетерлігімен және тартымдылығымен көзге түседі және айналысушылардың денсаулық жағдайын жақсартуға ғана емес, сондай-ақ, білім беру міндеттерін шешуге де жәрдемдеседі.

         Е. Уаңбаев  дене тәрбиесі сабағында ойын әдісін  қолданудың мынадай ерекшеліктері мен белгілеріне тоқталған:

  1. Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқылы ойыншыларды ұйымдастыру.
  2. Ойын әрекеттерінде белсенділік, жеңіске деген талас пен эмоциялық сезім;
  3. Ойын барысында өз бетімен қимыл-әрекетке шешім қабылдау (ойынға қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың жолын өзі таңдайды).
  4. Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әр түрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы.
  5. Ойын барысындағы ойынға қатысушылардың әр түрлі қарым-қатынастары. Ойын әдісінің көмегімен дене қуаты қасиеттерін (күш, төзімділік, шапшандық, ептілік) кешенді дамытуды, бұрын үйренген қимылдарды жетілдіру және өзіндік қасиеттерін тәрбиелеуді (батылдық, тапқырлық, ұйымдастырушылық, өз бетімен шешім қабылдаушылық) және бұдан басқа да көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады.

Ұлттық ойын құралдарымен болашақ мамандарды дене мәдениетіне тәрбиелеуге арналған зерттеулер белгілі дәрежеде кәсіптік сабақтарының маңызды жағына сүйенеді, сонымен бірге, ұлттық ойындар болашақ мамандарды дене тәрбиесінің сан алуан нысандарына тартуға мүмкіндік береді.

А.В. Пегованың еңбегінен ойындарды мынадай белгілері бойынша айқындауға және саралауға көмектесетін өзгеше бір анықтағышты табамыз: өндірістік және тұрмыстық дағдылармен байланысты ойындар; доп ойындары; соғыс ойындары; жаттығу ойындары.

Ұлттық қимыл ойындарының маңызын, сондай-ақ сипатын, оларды пайдаланудағы сабақтастықты анықтау үшін Е.М. Гельфман мен                       С.А. Шмаков мынадай саралауды ұсынады: зейін бөлетін ойындар; уақытты бағалауға үйрететін ойындар; баланың жеке мүмкіндіктерін ашып көрсететін ойындар; көз өлшемін дамытатын ойындар; байқаушылыққа жаттықтыратын ойындар; қимыл реакциясы мен үйлесімін жылдамдататын ойындар; шығармашылық қабілетті дамытатын ойындар; көңіл-күй мен сезімге әсер ететін ойындар.

Қазақ ұлттық ойындары сияқты дене мәдениетінің осындай халықтық құралдарын алғаш рет жүйелеу бағытын біз М. Гунердің еңбектерінен көреміз, ол өзі жинаған қазақтың ұлттық ойындарын ескере отырып, оларды мынадай белгілері бойынша саралауды ұсынады: жалпы сипаттағы ойындар; кедергі және күрес элементтері бар ойындар; ашық жерлердегі ойындар; қысқы уақыттағы ойындар; демалысқа арналған ойындар; ат спорт ойындары; аттракцион ойындары.

Қазақ ұлттық ойындарының дене тәрбие сағатында  нақты қабылдаған классификациясы жоқ. С. Тайжанов, С. Қасымбекова дене тәрбиесі сабағының көп жақтылығын көрсете алатын өзара белгілерге негізделген классификациясын көрсетеді. Бұл сабақтардың, жалпы дене тәрбиесінің бағыттылығын есептей отырып құрылған:

          — жан-жақты дене дамуын, жалпы дене тәрбиесі туралы білімді, денсаулық негізін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланатын дене тәрбиесінің өзге бағыттарындағы жеке міндеттерді шешуге арналған. Оның мазмұны табиғи күштер мен гигиеналық факторларды, дене тәрбиесінің әр түрлі құралдарын жинақтау негізінде құралады;

          — еңбек және қорғаныс қызметінің әр түрін меңгерудегі дайындықты қамтамасыз етуді мақсат еткен кәсіби бағыттағы дене тәрбиесінің сабақтары мазмұны нақты, кәсібилік сипатымен және қоршаған орта факторларынан күтілетін әсермен анықталады;

          — нақты бір спорт түрінде ең жоғары нәтижелерге жету үшін жарыстарға қатынасуға дайын болу және жаттығудың таңдаған түріне мамандануды қамтамасыз ететін спорттық бағыттағы дене шынықтыру сабақтары;

          — дене тәрбиесін қалыпқа келтірудің бағыттылығын көрсететін емдеу-дене шынықтыру сабақтары. Ол адам ағзасының зақымдануы нәтижесінде болған ауытқушылықты қалыпқа келтіру үшін қолданылады.

Жоғарыда айтылған топтардың әрқайсысын жеке белгілері бойынша

айырып қарастыруға (топтауға) болады. Мысалы, көп жағдайда жаттығудың нақты түрлерін жалпы дене тәрбиесі көлеміндегі гимнастикалық, ойынды, жеңіл атлетикалық және т.б. сабақтар арқылы айқындаймыз. Сонымен қатар кешенді (гимнастиканың, жеңіл атлетиканың, ойындардың) жаттығулардың басқа түрлерін біріктіретін сабақтар да болады. Одан кейін пәндік шағын мазмұндағы сабақтарды бөліп қараймыз: негізгі немесе спорттық гимнастика, акробатикалық жаттығулар, т.б. сабақтар. Спорттық дайындық деңгейінде пәндік мазмұнына қарай гимнастика, жеңіл атлетика, баскетбол, т.б. сабақтар, сонымен қатар лақтырушының, жүгірушінің, т.б. жаттығу сабақтары бөлек қарастырылады. Дене тәрбиесінің кәсіби бағыттағы сабақтары мамандық бойынша және әскери мамандық бойынша, ал, емдік дене шынықтыру сабақтары аурудың түрі бойынша сұрыпталады.

           Сонымен бірге, халықтық педагогика материалдарын дене тәрбиесінің сан алуан нысандарына тарту маңызды болып табылады. Олар дене тәрбиесінің пәндік мазмұнына қарай, кәсіби бағыттағы сабақтары бойынша өзгеше тәрбиелік мүмкіндіктерімен өзара байланысты педагогикалық процесте көмекші механизм ретінде пайдалану, жоғары оқу орындары жүйесінде дене тәрбиесін қоюды жетілдіруге себепші болады, жеке тұлғаның әр алуан сапалық ерекшеліктерін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

         Егер әрбір қолданылатын халықтық элементтер қозғалыс қимылдарындағы түрлі өлшемдерді анықтауға мүмкіндік болған жағдайда ғана, оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан да болашақ дәрігерлерге ұлттық сипаттағы қозғалыс қимылдарына үйрету оның нәтижелі болуы, белсенділік қабілетін қалыптастыру жолымен шешіледі.

         Қандай да болсын ұлттық қимыл ойындары мен жаттығулардың кез-келген тобын үйрету өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:

  1. Студенттің белсенді қозғалыс қызметі оқу материалын меңгерудің қажетті шарты. Болашақ мамандардың қозғалыс қимылдарын және дене жаттығуларын үйренуі өзінде бар психологиялық және дене күшін жұмсауды талап ететін оқу-еңбек қызметі. Қимылды үйретуге қолданылатын қолайлы жағдайлар педагогтың үйрету әдісін жетілдіргенде көрінеді.
  2. Болашақ мамандардға ұлттық ойындар қозғалыс дағдылары жүйесін қалыптастыру. Тек қана қимыл жүйесі олардың дене дайындығының сипатын анықтайды. Бірақ, ұлттық ойындардың дене жүктемесі, ойынды өткізудің жеке немесе командалық нысандары және басқалары сияқты ерекше көріністері түрлерінің көп болуы нәтижесінде, олар дене тәрбиесінің бағытына және оның нақты міндеттеріне байланысты іріктеліп алынуы керек.
  3. Ұлттық ойындардағы қозғалыс қимылдарына үйрету дене мүмкіндіктерін қалыптастырумен өзара байланысты. Бұл процестердің өзара шарттылығы үш бағытта көрінеді.

           Кейбір қозғалыс қимылдарына үйретуді дене мүмкіндіктерінің тиісті деңгейінсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Мәселен, ұлттық ойын: «Арқан тартыс» — тартуға үйрету қолдың жеткілікті шынығу деңгейін талап етеді, сонымен қатар жаттығу жұмыстары мен оған үйрену қажеттігі туындайды. Бұлар бір-біріне байланысы бар төмендегі жағдай міндеттерді шешеді:

          — күш, төзімділік, жылдамдық сияқты дене қасиеттерін шыңдай түседі;

          — студент денесі шынығып, өзіндік мүмкіншіліктерін байытады;

          — болашақ мамандар ұлттық ойындардың қозғалыс қимылдарына бейімделу, үйрену нәтижесінде шеберліктің, әдіс, айла, амалдарының жаңа түрлерін таба білуіне ықпал жасайды;

           — ұлттық психологиялық қасиеттерін дамытып, тәрбиелеп, сол арқылы күшті, шапшаңдықты игереді.

           — ұлттық ойындардағы қозғалыс қимылдары түрлерінен теориялық түсінен ала отырып, үйрену, ұлттық ойындарды дене тәрбиесінде қолдануды, оны өткізуді жеңілдетеді.

Дене тәрбиесі адам ағзасының жан-жақты шынығып өсуіне, күнделікті

әр түрлі жаттығулар арқылы адам денесінің сыртқы әсерге (түрлі ауруға) қарсы күресу күшінің артуына жағдай жасайды.

                   «Шымырдың сезімі сергек.

                   Сергектің сенімі нық», – деп, халық нақылы да мұны құптайды.

         Болашақ мамандардың ұлттық қимыл ойындарына тез бейімделіп кетуі үшін педагог, дене тәрбиесінде қозғалыс қимыл жаттығуларына жете көңіл бөлуі тиіс. Мысал ретінде, “Қашпа доп” — ұлттық ойынында әр түрлі қашықтыққа жүгіру және қозғалыс дағдыларының қалыптасуы дене мүшелерінің тиісті деңгейінің бір мезгілде артуымен қоса жүреді. Бұл ойында кіші допты лақтыру үшін күш, шапшаңдық мүмкіндігінің өсуімен қоса жүреді.  “Қашпа доп” ойыны командалардың арасында өткізіледі, сондықтан ол командалық ойын болып саналады. Ойын басталмас бұрын ойыншылар сан жағынан теңдей екі командаға бөлінеді. Ойын өткізу үшін ұзындығы 60-100 м., ені 30-50 м. алаң таңдап алынады. Ойын өтер алаңның жоғары және төменгі жағынан екі мәре жасалады.

         Ойын өткізілер алдында, белгіленген ережеде өту үшін төрелік жүргізер төреші сайланады. Төреші ойын басталарда екі команданың капитандарының арасында жеребе өткізіп, бірін доп “ұрушы”, ал екіншісін “допты тасушы” командалар етіп белгілейді.

         “Доп ұрушы” команда жоғарғы сөреде қалады да, “доп тасушы” команда алаңға тарайды. Енді “доп тасушы” команданың арасынан бір ойыншы, “доп ұрушы” командаға допты кезегімен жеткізіп және ұруына жәрдем көрсетуші есебінде бөлінеді. Жоғары мәредегі ойыншылар ретімен бір-бірден мәреге келіп, доп ұру кезеңін жүргізеді. Доп ұруға ойыншыларға ұзындығы 1 метрге дейін сырық қолдануға рұқсат етіледі.

Қашпа допқа теннис добын қолданған жөн. “Доп ұрушы” команданың әрбір ойыншысы өзі ұру кезеңін пайдаланған соң, төменгі мәреге жүгіріп барып, жоғары мәреге оралуға міндетті, сонда ғана ол қайта доп ұру кезегін пайдалануға рұқсат алады. Кезегін пайдаланған ойыншы өзі доп ұрғанда, немесе командалас ойыншысы да ұрғанда төменгі мәреге барып, орала алмаймын деп шешсе, жоғарғы не төменгі мәреге тұрып қалуына рұқсат етіледі, тек ойыншыға белгіленген мәре сызығынан алаңға өтіп кетуге рұқсат берілмейді, ондай жағдайда қарсы команданың ойыншылары оған доп дарытса, оның командасы орын алмастыруға мәжбүр болады.

“Доп ұрушы” команданың ойыншылары түгелдей өз кезектерін пайдаланған күнде, оның ең соңғы ойыншысына үш рет доп ұру кезегін өткізуіне рұқсат беріледі. Егер бұл ойыншы үш кезегін пайдаланып біткенде, оның командасының ешбір ойыншысы төменгі мәреге жүгіріп барып, жоғары мәреге орала алмаса, “доп тасушы” команданың ойыншылары допты төрешіге жеткізуге міндетті. Міне, осындай жағдайда ғана “доп тасушы” команданың орнын алмастыруына қолы жетеді.

“Доп тасушы” команда тағы мынадай жағдайда орын алмастыруға рұқсат алады:

— Егер қарсылас команданың кез-келген ойыншысына бұлардың ойыншысы мәре мен мәренің арасында денесін доп дарытса.

— Тек шарт мынаны қажет етеді. Алаңдағы ойыншының бірі қарсыласына доп дарытқан жағдайда оның әріптестері түгелдей төменгі не жоғары мәреге доп дарытып алмай жетуге міндеті.

— Егер қарсыласының кезегі кезінде ұрған добын жерге тигізбей тосып алса.

Төреші, белгіленген уақыт мөлшерінде, қай команда “доп ұрушы” ретінде көп нәтиже көрсетсе, сол команданы жеңіскер есебінде жариялайды [112].

Қалыптасқан дағдының нәтижелілігі арнайы мүмкіндіктер деңгейіне байланысты, ал ол өз кезегінде өзге мүмкіндіктердің деңгейіне тәуекелді, мәселен, қысқа қашықтыққа жүгіруге үйреткенде шапшаңдық мүмкіндіктері дамытылады, бірақ, олардың күш пен шыдамдылықтың қолайлы деңгейі жағдайына тиімді болады.

  1. Ұлттық ойындардың қимылына үйрету нәтижелілігі дене туралы білімнің қол жеткен деңгейімен ғана емес, дене дамуының жинақталған деңгейімен де анықталады. Болашақ мамандарға нақты білім жүйелерін және ұлттық ойындар қимылын меңгертудің дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық жұмыстары дененің даму көрсеткіштерінің артуымен де қоса жүруі керек.

         Ұлттық ойын қозғалыс дағдысын қалыптастыру және әртүрлі жағдайда оны пайдалану біліктілігін қалыптастыру, қозғалысты дағдылы түрде орындау, үйрету өмірлік тәжірибе нәтижесінде жүзеге асырылады.

         Ұлттық ойын немесе спорттың ұлттық түрлері қимылын орындауда «адам өмірі үшін күресуді» мұрат тұтқан  болашақ мамандардың сана-сезімінің ролі өте зор. Мазмұн, спорттың ұлттық түрлерінің қимыл мағынасы емес, тек кейбір қозғалыстардың және оның құрылым бөліктерінің орындалу процесі дағдыға айналдырылады.

         С. Тайжанов, Н. Қонысбаев қозғалыс қимылдарын дағдыға айналдырудың басты үш қызметін көрсетеді:

  1. Кез-келген қимылды жетекші болатын міндетті түсінуге, орындау тәсілін таңдап алуға және жоспарды құруға мүмкіндік беретін алғашқы қызметі.
  2. Кейбір нақтылауды кірістіре отырып, әрбір қозғалыстың орындалуын қажетті жағдайда бақылауға алуға мүмкіндік беретін қайта қосу қызметі немесе өзге қимылды орындауға қайта қосылу (мысалы допты қолмен алып жүргеннен кейін екі қолымен беруді орындау).
  3. Қимылды аяқтау кезеңін анықтауға мүмкіндік беретін тежеу функциясы.

         Қозғалыстағы белгілі бір жүйелілік дағдыға тән. Ол артық қозғалысты кідіртіп, жоя отырып, жеке қозғалыстарды тұтас қимылға біріктіруден көрінеді. Дағдының әсерінен қозғалыстың дәлдігі артады, ырғақтылығы жетілдіріледі, тұтас қимыл уақыты қысқарады. Дағды біртіндеп ғана емес, оның қалыптасуының жеке кезеңдерінде әр түрлі деңгейдегі сапалық өсу түрінде де көрінетін бірқалыпты емес жағдайда қалыптасады. Бірқалыпты емес жағдайдың төрт түрі бар:

  1. Дағдының өте жылдам қалыптасуы. Бұл үйретудің бастапқы қимылды меңгеруі шапшаң жүретіндігін, ал одан кейін дағдының сапалы өсуі баяулайтындығын көрсетеді. Мұндай бірқалыпты емес жағдай қимылдың негізін шапшаң қабылдап және оның бөліктерін ұзақ уақытта меңгерген жағдайда салыстырмалы түрде жеңіл қимылға үйрету үшін тән.
  2. Дағдының өте жылдам қалыптасуы, үйретудің басында сапалық өсуі шамалы болатындығын көрсетеді. Кейін ол шапшаң артады. Бірқалыпты емес жағдайдың берілген түрі қимылды меңгерудің деңгейін арттырғанда, уақыт өткен сайын ғана өзін көрсете алатын, сырттай елеусіз сапалық жинақталу жағдайында өте күрделі қимылдарға үйрету үшін тән.
  3. Дағды дамуындағы баяулылық. Бұл дағды белгілі бір жетілдіру деңгейіне жеткенде жеделдетудің екі түрінде де болады. Нәтижесінде дағды жетілген сайын оны әрі қарай жақсарту үшін педагогикалық шеберлік пен өте көп күш-қайратты жұмсау талап етіледі.
  4. Дағды дамуындағы кідіріс. Кідірістің пайда болуы екі себепке байланысты: уақыт өте келе ағзада елеусіз түрде ыңғайласатын өзгерістердің жүруімен байланысты – ішкі кідіріс; дұрыс үйретілмеу нәтижесінде немесе қозғалыс мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігімен пайда болған – сыртқы кідіріс. Егер кідірістің себебі дұрыс анықталса, онда жеңу үшін тек қана уақытқа (бірінші себеп) немесе үйрету құралдары мен әдістеріне нақты өзгерістер жасау қажет болады (екінші себеп). Кідірістің ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін.

         Қозғалыс қимылы ұзақ уақыт қайталанбаса, дағды бұзылады. Ол дағдының қалыптасуы сияқты біртіндеп, бірақ кері ретпен жүреді.

Бастапқыда дағды сапалық өзгерістерге ұшырамайды. Бірақ, студент өз күшіне сенімсіз болса, ұлттық ойын немесе спорттың ұлттық түрлері қимылын орындай алмау жағдайы қалыптасады. Сөйтіп, үйренген қозғалыстар арасындағы күрделі үйлесімділік қатынастары бұзылады. Мәселен, «Найза ойыны» бұл ойын қыста жазық алаңда ойнатылады. Қажетті құрал 1,5-2 м. ұшталған  таяқтар. Студенттер қардан нысана жасайды да (0,5 метр қалыңдығы) шектеулі сызықтан аспай қордан жасалған нысанаға күшпен «найзаны» лақтырады. Найза нысанаға қадалу керек, егер ол күшпен лақтырылып, найза ұшы нысананың екінші жағынан шықса, бұл студенттің қол бұлшық етінің  шыныққаны, оның ептілігі, дағдысы мен нысанды көздей білуінің көрсеткіші.

Бұл ойын ережесі: 1) Найза оқытушының командасымен лақтырылуы қажет. 2) Қатарда тұрған студенттер, найза шектеулі сызықтан  шықпауы керек. Бұл ойынның екі түрі бар: 1) орнынан лақтыру; 2) жүгіріп келіп лақтыру. «Найзаны» лақтыру – бұлшық ет жүйелерін нығайту үшін, әсіресе, иық белдеуі мен қолдарды дамыту үшін ең пайдалы, қажетті жаттығу және ойынның бірі. Сонымен қатар лақтырудың бағдарлауды, ептілікті, көзбен өлшеуді, кеңістікті сезуді, шапшаңдықты, қажырлы күш жұмсауды және басқа да жалпы қимыл үйлесімділігін жетілдірудегі маңызды зор.

Бұл ойынның мақсаты – «найзаны» лақтырғанда еркін және тез сілтеуді қалыптастыру. «Найзаны» бір орында тұрып та, жүгіріп келіп те лақтырады. Бір орында тұрып лақтыру жүгіріп келіп лақтырудан гөрі, нысанаға дәл күшпен тигізуді қамтамасыз етеді.

«Найзаны» оң қолмен лақтыруда лақтыратын бағытқа сол иығын беріп, екі аяғын сәл алшақ қойып тұрады. Сол қалыпта тұрғанда, сол аяқты аздап артқа қарай жылжытып қою керек, бұл  аяқтың ұшы оң аяқтың өкшесімен бірдей сызықта болуы тиіс. Сөйтіп, лақтыру алдындағы қалыпта тұру керек. Бұл жағдайда оң аяқтың табаны жерге түгел тиіп тұрады да, ал сол аяқты табанының ішкі жағымен басып тұрады. Лақтыру оң иықты тез алға қарай шығарумен және оң қолды оң иықтан асыра, «Найзаны» өте шұғыл сермеп лақтырумен аяқталады.

«Найзаны» ұстанған қолды иықтан асыра лақтыруға көп көңіл бөлу қажет. «Найзаны» лақтырып болған соң, студент оң аяғымен үлкен адым жасайды, сонымен  қатар сол аяғына дененің салмағын түсіреді. Осылай адымдап аттауының арқасында лақтырушы өзін шектеулі сызықтан аттап өтуден сақтап қалады.

Жүгіріп келіп лақтырудың біршама қиындығы бар. Сондықтан жүгіріп келіп лақтыруға бір орында тұрып лақтыруды меңгергеннен кейін көшу керек.

Бұл ойында бәрі де белсенді болады. Қыздарға қарағанда, ұлдардың шектеулі сызығы алыстау болады. Нысанаға лақтыру қимылды дұрыс орындауды бақылауға жеңіл болады. Бұл қимылдарды үйрету үшін әуелі снарядтарды лақтыруға дағдыландыру керек. Алдағы кезде қайталау болмаса, болашақ дәрігерлер күрделі қимылдарды орындау қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін. Ұлттық ойын және спорттың ұлттық түрлері қимылдарына жүйелі жаттығусыз, дағдының сапалық ерекшеліктері (шапшаң жүгіру, нысананы дәлдеп көздей білу, т.б.) тез төмендейді. Бірақ, ол толық жойылып кетпейді, оның негізі ұзақ сақталады және көп қайталаудан кейін ғана қалыпқа келеді.

Тәжірибе көрсеткендей, ұлттық ойындармен шұғылданған студенттердің спорттық жетістіктерін, спорттың басқа түрлерімен шұғылданып жүрген студенттердің жетістіктерімен салыстырғанда, жеңіл атлетикамен шұғылданып жүргендер, олардан жүгіру жылдамдығы жоғары да, аяқ күшінің мөлшері төмен, ал баскетболмен шұғылданып жүрген студенттер жүгіргенде де, аяқ күшінің мөлшерін өлшегенде де төмен нәтижелер көрсетті, ал жүзумен шұғылданатын студенттің жүгіруі шабан да, секіргендегі нәтижесі жоғары.

Сондықтан да әр студентке жинақталған білім мен дағдыны қолдандыру, қозғалыс қимылын жоғары дәрежеде меңгерту — педагогтың шеберлігімен байланысты.

Ұлы бір ойшылдың:

«Барлық адам ақылға мұқтаж,

Ақыл – іс-әрекетке және амалға зәру»,- деген даналығына сүйенсек, қалыптасқан дағдыны әртүрлі жағдайға ыңғайлау – студенттің жеке мүмкіндігін жедел дамытатын ізденімпаздық жұмыс.

 Дағдыларды қолдану жағдайында оған қойылатын талаптар сипаты жоғары реттегі біліктіліктің негізгі үш түрін бөліп қарастыруға мүмкіндік жасайды:

  1. Қоршаған орта талаптарына сәйкес қалыптасқан дағдыны тиімді біліктілікпен қолдану (мысалы, табиғи кедергілерден өте отырып, жер жағдайы әр түрлі болған жүгірісте жүгіру дағдысын жүзеге асыру біліктілігі).
  2. Бір мезгілде екі немесе қалыптасқан бірнеше дағдыны қолдану біліктілігі (мысалы, жүгіру кезіндегі лақтыру).
  3. Екі немесе бірнеше қалыптасқан дағдыны біртіндеп пайдалану біліктілігі (мысалы, ілгері домалап түскеннен кейін тепе-теңдік жағдайында жаттығулар орындау).

Айтылып өткен түрлер бір-бірімен тығыз және әр түрлі байланыста көрінуі мүмкін. Мысалы, бір мезгілде қолдану біліктілігі немесе қоршаған орта талаптарына сәйкес қалыптасқан дағдыны қолдану біліктілігі. Мұндай байланыстыру күрделі болады, бірақ қолданған жағдайда үлкен маңызға ие болады.

Білімділік міндеттерін шешу дағдыларын өзара қимыл тиімділігін дұрыс пайдалануға байланысты. Бірнеше дағды бір мезгілде және біртіндеп қалыптасқан жағдайда, олар бір-біріне әсер етеді. Дағдылардың өзара іс-қимылының бірнеше әр түрлілігі бар.

Бұрын қалыптастырылған дағды өзара іс-қимыл жағдайында келесі дағдының қалыптасуын жеңілдететін болса, онда оны жағымды ауысу деп атайды. Мысалы, кішкентай допты лақтыру дағдысы гранатты лақтыруды игеруге жәрдемдеседі. Әрбір келесі дағдыны қалыптастыруда жаңа дағдының бөлшектеріне сәйкес келетін, ұқсас, бұрын бар дағдылардың құрылымдық бөлшектерін пайдаланады (үйрену барысында ғана емес, өмірлік тәжірибе нәтижесінде жинақталған). Бұл жағдайда, оның тиімділігі техника негізінің, олардың жетекші қозғалыстарының ұқсастығына тәуелді екендігін есте ұстау керек. Мұндай ұқсастық жетекші жаттығуларды құрастырғанда да еске алынады.

Бұрын қалыптастырылған дағды өзара іс-қимылды келесі дағдының қалыптасуын қиындататын болса немесе қалыптасатын дағды бұрын қалыптастырылған дағдыға жағымсыз әсер етсе, онда оны жағымсыз ауысу деп атайды. Мұндай ауысуды орындау техникасының негіздерінен айыруға болады, бірақ дайындық деңгейіндегі қозғалыста ұқсастыққа ие екендігі дәлелденген. Жағымсыз ауысу қалдықтарын, олардың жағымсыз әсерін кейбір әдістемелік қағидаларды есептегенде жоюға немесе азайтуға болады:

1) Жақсы бекітілген дағдының жаңа қалыптасатын дағдыға жағымсыз әсері аз болады. Егер дағдылардың жеке бөліктері жағымсыз әсер ететін болса, онда оларды тиісті жетекші жаттығулардың көмегімен бекіту керек.

2) Мүмкін болатын қателер жөнінде студенттің хабардар  болуы жағымсыз ауысудың пайда болуын азайтады. Бір бағытқа бағытталған қимыл үшін (бір қолмен, бір аяқпен) қалыптасқан дағдының әсері сондай дағдының екінші бағытқа қалыптасуына (басқа қолмен, басқа аяқпен) өзіндік ерекшелігімен алмасатын қимыл ауысу болып табылады. Алмасудың бұрынға түрлерімен салыстырғанда әр түрлі бағытта орындалатын бірыңғай дағдылар өзара қимыл жасайды. Мұндай ауысудың тиімділігі, қалыптасатын дағдылардың сипаты мен күрделілігіне байланысты. Бір қолдың қимылы үшін қалыптасқан қарапайым дағдылар ешқандай қиындықсыз екінші қолмен жасалуы мүмкін. Жасалу сапасы бұл жағдайда ауысу бағытына байланысты: «ыңғайлы» жақтан «ыңғайсыз» жаққа немесе керісінше.

      Тәрбиелік және білімдік міндеттерді шешуде сауықтыру бағытының белгілері бойынша төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • дене тәрбиесі міндеттерінің талаптары қамтылған аралас сабақтар. Ондай сабақтар дене тәрбиесінде жиі қолданылады;
  • сауықтыру бағытындағы сабақтар: ағзаның әр түрлі жүйесін дамытуға немесе қалыптастыруға қызмет ететін; жұмыс қабілетін және күшті қалпына келтіруге бағытталған;
  • адамгершілік немесе ұлттық, эстетикалық тәрбиенің нақты міндеттеріне байланысты көп жағдайда жіктелінетін тәрбиелік бағыттағы сабақтар.

    Дене тәрбиесіндегі қимыл-қозғалысты дамытуда Президенттік сынамалардың  маңызы өте зор. «Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары туралы» Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы                № 774 қаулысымен қабылданды.

     Президенттік сынамалар – бұл бақылаушылық нормативтер арқылы халықтың оқуға, еңбекке, әскери қызметке, дене қуаты дайындығының жалпы деңгейін анықтайтын әр түрлі сынақ жаттығуларының жиынтығы.

      Президенттік сынамаларда халықтың дене қуаты даярлығын, күштілікті, шыдамдылықты, ептілікті, шапшаңдықты көрсететін жеті сынақ түрі қамтылған.

      12-ден 23-ке дейінгі  жас  шамасындағы жастар үшін сынамалар дене қуаты даярлығының екі деңгейінен тұрады:

  1. Президенттік деңгей – жан-жақты дене қуаты даярлығы бар дені сау адамдар үшін арналған.
  2. Ұлттық даярлық деңгейі – оқу немесе жұмыс орны бойынша да, тұрғылықты жері бойынша да спорттық секцияларда, топтарда, командаларда дене мәдениеті және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар үшін арналған.

      23 жастан асқандар үшін адамның денсаулық деңгейін айқындайтын Президенттік сынама ретінде адам ағзасының қызметін бағалаудың неғұрлым сенімді тәсіліндегі  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 1,5 милге (2400 м) жүгіру нәтижелері бойынша сынамалар енгізіледі. Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін мектептердің 5,9,11 сыныптарында, кәсіби-техникалық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының соңғы курсына баратын жылы өткізіледі.

       Президенттік сынамалар бойынша жарысты ұйымдастырудың жауапкершілігі жалпы білім беретін мектептерде, кәсіби-техникалық мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарда — әкімшілікке жүктелген. Сондықтан бұл жарыстарда халықтық педагогика элементтерін енгізе отырып, іске асыру маңызды міндет деп есептейміз.

      Президенттік сынамалар бойынша негізгі практикалық жұмыстарды орындау оқу орындарында – дене тәрбиесі мұғалімдеріне, медициналық қызметкерлерге, ал, кәсіпорындар мен ұйымдарда – спорт мамандарына, спорт жөніндегі нұсқаушыларға, жаттықтырушылар мен медициналық қызметкерлерге жүктелген.

      Президенттік сынамалар нормативтерін тапсыруда дәрігердің рұқсаты бар, спортпен арнайы немесе өз бетінше айналысып жүрген адамдар жіберіледі.

       Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстарды қалалық, аудандық жастар ісі, туризм және спорт басқармалары бекіткен ережелерге сәйкес әр оқу орнының, кәсіпорынның дене тәрбиесі мұғалімдерінен, жаттықтырушыларынан, спорт нұсқаушыларынан құрылған төрешілер алқасы өткізеді.

      Президенттік сынамаларды республикада, облыстарда, аудандарда, қалаларда орындау жөніндегі жұмысқа басшылық және бақылау жасау Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт басқармаларымен (комитеттерімен), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің дене тәрбиесі басқармаларымен жүзеге асырылады.

       Президенттік сынамаларға кіргізілген сынақтардың түрлері: 60, 100, 1000, 2000, 3000 метрге, 1,5 милге (2400 м) жүгіру, тұрған орыннан ұзындыққа секіру, биік кермеге (турникке) тартылу, шалқалап жатқан қалыптан кедені көтеру, мылтық ату, шаңғымен жүгіру, қол добын лақтыру.

       Дене тәрбиесі жүйесін жақсарту бағытында, ұлттық ойындар мен дене тәрбиесін ұштастыру қажет.

       Халықтың жүздеген жылдар бойы сұрыптап жинаған этнографиялық мұрасының бірі – ұлттық ойындары, билері, ән-күйлері, еңбек қимылдары мен тіршілік салттарын орынды пайдалану оң нәтижеге жеткізеді. Бұл құбылыс жастар ойы мен парасатының, ішкі мәдениетінің халықтың асыл да өлмес қазынасымен сабақтасып, ұштасқан, содан нәр алған, терең тамырласқан. Халық өнерінің шын сипаты, сыр сипаты дене тәрбиесі, қимыл-қозғалыстарды, сабақтағы жаттығуларда қолдану жас ұрпақтың дамуы үшін аса қажет. Өйткені, ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық ойындар халық даналығынан туған, мұндай өнердің шын табиғатын тану қажет-ақ.

       Спортпен жаттыға бастаған кезде, қай спорттың түрі болмасын, оның мән-мағынасын білген жөн. Демек, спорттың негізгі мазмұнын ұққаннан кейін, онымен әркім өз бетінше әр түрде жаттығады, болмаса жетекшінің нұсқауын орындайды.

  Студент дененің жекелей бір мүшесін шынықтыруға да көңіл бөлгені жөн. Бұл салада студентке қойылатын талаптар:

  а) дене жаттығулары арқылы өзіне күш, жылдамдық, жігерлік сияқты қасиеттерді дамытуға ынталану;

  ә) спорттық жеке түрінен жетістікке жету үшін арнаулы жаттығуларды белгілеп алу;

   б) жетістікке жету үшін кейбір бұлшық еттердің өсуіне жағдай тудыру.

   в) ұлттық ойын немесе спорттың ұлттық түрлері қимылын қолдану әдістерін үйрену.

        Қозғалыс қимылының қабілеттілігін үйрену, білу, іскерлік қозғалыс тәжірибесінен және жаңа қимылды бірнеше рет қайталау тәжірибесінен және жаңа қимылды бірнеше рет қайталау негізінде пайда болады да, оқушы назарын әрбір орындалатын қозғалысқа аудару жағдайында жүзеге асырылады. Сол себепті де ондай үйренуді бастапқы деп өте жиі айтады. Сөйтіп, оларды сапалық жағынан өте жоғары реттегі  үйрену деп жоғары реттегі үйренуден немесе шебер үйренуден айырып отырады. Бала спорт секциясында жаттықпаса да жүгіре алады деп айтады. Осы екі үйренудің арасында көп жылдық жаттығу жолы жатыр.

      Бастапқы үйрену дағдының алдында келеді, ал шебер үйрену қалыптасқан дағды мен өте кең білім негізінде пайда болады:  

а) студентті жалпы әдістерге машықтандыру;

ә) әдейі арналған жекелей әдіске баулу.

          Жалпы әдістерге машықтандыру кезінде болашақ мамандарға  қойылатын талап – көп қолданатын әдістерді шыңдау.

Ұлттық ойын немесе спорттың ұлттық түрлері қимылдарына жаттығу кезінде көптеген студенттерге ұқсас жаттығулар жасатып, оңайынан қиынына көшу және жаттығуды жасатпай тұрып, оны ойша елестету немесе еске түсіру.

Студенттің ынта-жігерін ұлттық ойын немесе спорттың ұлттық түрлері қимылдары жаттығуының жеке бір бөлегін жасауға бағыттау. Барлық жаттығуларға педагог талдау жасап отырады.

Дене тәрбиесі сабағында студенттер жаттығулар жасағанда педагогикалық шарттың әр түріне байланысты ұлттық ойындарды таңдап қолданса, олардың шаршап-шалдығуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Ұлттық ойындарда қолданылатын іс-әрекеттер тұрмыста қолданылған, барлығына етене таныс. Сондықтан еңбек барысындағы қимыл-қозғалыстардың маңызын сақтай отырып, бүгінгі күн талабына сай дене тәрбиесі сабағында ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын пайдалануға болады.          

 Қимыл-қозғалыс ойындарын өткізудің күрделі педагогикалық процесс екенін ескере отырып, дене шынықтыру сабағын өткізер алдындағы даярлық жұмысы, ойынның бастауы және ойналу барысы, ойынның аяқталуы деп үш кезеңге бөлуге болады:

  1. Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойынды өткізер алдындағы даярлық жұмыс. Кез-келген сабақты жопарлағандай, дене тәрбиесі сабағына жүргізілетін даярлық жұмысында, сабақтың мақсатына байланысты жоспар құрылады.
  2. Ойынның басталуы және ойналу барысы.

Педагог сабақтың жоспарын құрғанда, ойынды өткізудің әдіс-тәсілін таңдайды. Ойын ережесін түсіндіреді және көрсетеді. Жалпы ойынның ойналу барысы студенттердің дайындығына, ынта-жігеріне де байланысты.

  1. Сабақта ұлттық ойынның ойналуы.

Ұлттық ойынды студенттердің ықыластарына байланысты екі-үш рет қайталап ойнауға болады. Әр ойынның қорытындысы шығарылады да келесі ойын ойналады. Бұл кезде педагог топтың психологиялық-моральдық ахуалының қалыпты болуына, жеңілген команда немесе жеке студенттің көңілі басылып, реніш тумауына жағдай жасайды.

          М. Калининнің: «Спортпен шұғылданғанда тек қана жеңіске жету үшін талпынып қана қоймай, ұлттық тәрбие алуды да көздеу керек»,- деген қағидасы өте орынды.

Дене тәрбиесі сабағында қолданылатын ұлттық ойын немесе спорттың ұлттық түрлері дене қимылын үйренуге, денені шынықтыруға арналған тәрбие, болашақ  дәрігерлерге қойылатын талап, ағзаның жан-жақты қалыптасуы, күш, жылдамдық, шапшандық, ептілік, икемділік, шеберлік сияқты қасиеттердің ұлғаюына, ағзаның кейбір кемшіліктерін жоюға бағытталады.

              Сабақтың негізгі бөлімінің басында өткізілетін ойын түрі, оны үйрену, қайталау уақытын педагог өзі шешеді. Мәселен: «Арқан тартыс»  деп аталатын ұлттық ойынның өткізілу тәртібіне тоқталып өтейік:

  • Сабақтың мақсаты: Ойындар арқылы болашақ мамандардың күшін, икемділігін, ептілігін, табандылығын арттыру.

Спорт құралдары: Арқан, қызыл лента (10-20 см), ысқырық.

Сабақтың барысы:

Дайындық бөлімі: Бір қатар сап түзеп тұру. Кезекшінің рапорты. Бұрылу, бұйрық жаттығуларын орындау.

           Жүгіру және жүру жаттығуларын орындау:

  1. Тізені жоғары көтеріп жүгіру;
  2. спорттық құрал-жабдықтар арқылы жүгіру;
  3. екі аяқпен алма-кезек секіру;
  4. «адымдап» секіру.

 Жалпы дамыту жаттығуларын бір тізбек болып келе жатып орындау.

Негізгі бөлім: Студенттер бойына қарай бір қатар жасап тұрады да, «1», «2» деп санап шығады. Содаң соң «бір» дегендері – «тақ», екі дегендері «жұп» деп, екі командаға 8-10 баладан бөлінеді. Ойынға ұзындығы 8-10 м. екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл лента байланады. Арқанның қызыл лента байланған жерін күні бұрын спортзал еденіне немесе жерге (жазда стадионда) сызылған белгі, байланған лентаға дәл келтіреді. Ал ойынға қатысушылар арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады. Егер де арқанға қолдары сыймаса, онда студенттер бір-бірінің белінен бірі ұстайды.

Белгі бойынша екі команда арқанды екі жаққа тартады. Ойынның мақсаты – екі команданың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып шығару. Ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншы ойыннан шығып қалады.

Қай команда қарсылас команданың ойыншыларын түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына өткізсе, сол команда ұтады.

Ойнаушылар өзара келісімдері бойынша сайысқан 2 команда ойынды 2 рет жалғастыруға болады.

Қорытынды бөлім.

С. Тайжанов, С. Қасымбекова ойын әдісінің ең көп тараған түрлері ретінде мыналарды көрсетеді:.

  1. Анық байқалатын жарысушылық және ойын қимылдарындағы сезімталдық. Бұл әдіс адамдар арасындағы өзара күрделі қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік тудырады.
  2. Қимылды орындау және жарысты жүргізу шарттылықтарының үнемі өзгеріп отыратындығы. Осының нәтижесінде пайда болған міндеттерді шешудің түрлі әдістерін меңгеруі қажет, ал оларда қалыптасқан дағдылар өзгерген жағдайларға бейімделеді.
  3. Қимылдардағы ізденіс белсенділігіне жоғары талаптар қойылуы, ойындар жағдайының түрлілігі ең нәтижелі дене жаттығуларын іріктеп алуда жеке шешімді қажет етеді.
  4. Түсетін күш пен қимыл сипатында қатаң шектеудің болмауы. Арнайы немесе шартты ережелердегі өздері ең тиімді деген қимылдарды пайдаланады. Бұл жағдайда қатынасушыға түсетін күш оның белсенділігіне, ойында орындайтын қызметіне және алдын ала белгіленген кейбір жағдайларға (әдісті қолдану ұзақтығы, қатынасушылар саны, ойынның мазмұны және т.б.) толықтай байланысты. Жаңа қимылды үйренуде ойын әдісінің шектеу дәрежесі артады. Мысалы: осы әдіспен арқанға өрмелеу бөліктерінің бірі – қолмен тіке тартылып тұрғанда аяқты бүгуді үйренуге болады (үйрету ойын түрінде ұйымдастырылады: «жыраны» теңселіп тұрған арқанның көмегімен аттап өту).
  5. Әр түрлі қозғалыс дағдыларын тұтас орындау. Ойын табысқа жету үшін қатысушыға қозғалысты тұтас орындауға тура келеді (жүгіру, секіру, лақтыру, т.б.). Оны әр түрлі байланыста орындайды. Осының барлығы ойынға қатысушының ағзасына тұтастай әсер етуді қамтамасыз етеді. Ойын әдісінде осы ережелерді қолдана отырып, кез-келген жеке қимылды немесе оның бөліктерін үйренуде, кейде сирек те болса, ауытқулар болады.
  6. Көп жағдайда ойнаушылар арасындағы өзара қарым-қатынас құрал-жабдықтар арқылы жүзеге асырылады (мысалы, доптар).

Сөйтіп, ойын әдісі қозғалыс дағдыларын тұтас дамыту үшін, кенеттен туындаған міндеттерді шешуге жұмыстың қажетті екпініне кешікпей кірісуге мүмкіндік жасайды. Дегенмен, бұл әдістің әлсіз жағы да бар: күрделі қозғалыс дағдыларын қалыптастыру үшін мүмкіндігі шектеулі.

Жарыстық әдіс — сайысқа тән көптеген белгілерге ие, өте кең көлемде қолданылады. Сайыс жарыстық әдістің ең айқын көрінісі болып табылады. Кез-келген дене жаттығуларын жарыс құралдарына айналдыруға болады.

Мысалы, дене тәрбиесі сабағын сабақ алдындағы сапқа тұрудан бастап, залдан шығуға дейін тұтастай жарыстық әдіспен өткізуге болады.

Осы әдістің ойын әдісімен көп ұқсастығы бар екендігі жоғарыда айтылып кетті. Алайда олардың арасында да түрлі айырмашылықтар бар. Бұл мынадан көрінеді: ойын әдісінде оқыту барысы нәрлі мазмұнға әрқашанда ие, жарыстық әдісте бұл кезең болмайды және қимылды орындау барысында, оның мазмұнына толық тәуелді. Яғни, қимылды нақты орындау бар ма, жоқ па, осы арқылы екі әдісті бірінен-бірін айыруға болады. Мысалы, бөрене арқылы қозғалуды жетілдіру “өзен арқылы өту” түріндегі мазмұнға ие болса, онда ойын әдісі қолданылған, егер сол жаттығудың ондай мазмұндық белгісі болмаса, тек қимыл техникасын, қозғалу шапшаңдығын, т.б. жетілдіру міндеттеріне толық бағындырылған болса, онда жарыстық кезеңді алып тастай алмайды, бірақ ол жаттығудың мазмұнына тәуелді. Егер ойын әдісінің мазмұны кез-келген қозғалыс немесе ойын болса және осылар бойынша жарыс өткізілсе, онда екі әдіс арасындағы айырмашылық жойылады.

   Жарыстық әдіске тән негізгі белгілер мыналар:

         — алдын-ала белгіленген ережелерге сәйкес, бір немесе басқа қимылды жеңіп шығу міндетіне барлық қызметті бағындыру. Мұндай міндет қатынасушылардың белсенділігі мен ізденісін арттыру факторы, бағалау өлшемі және олардың дайындығын салыстыру болып табылады;

         — біріншілік үшін күресте жоғары спорттық жетістіктерге жету үшін дене және психикалық күшті ең жоғары көрсету. Нәтижесінде жарыстық әдіс  ағзаның қызмет ету мүмкіндігін толық ашып көрсетуге жағдай жасайды;

         —  түсетін күшті реттеуде, оларды басқаруда шектелген мүмкіндіктердің болуы қимылды орындау барысында туындайтын міндеттерді шешуде үлкен еркіндікті талап етеді.

            Бұл әдіс біріншіден, оларға жан-жақты дайындығы болған жағдайда жоғары педагогикалық тиімділік береді, екіншіден, оның жәрдемімен бұрыннан бар дайындық дәрежесін арттыруға болады.

          

1.4 Оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогика материалдарын болашақ дәрігерлерге дене тәрбиесін беруде пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері мен бүгінгі жағдайы

 

         Болашақ мамандардың халықтық педагогика материалдары арқылы дене мәдениетін дамытуда олардың ақыл-ой және қимыл-қозғалысына және біліктілігіне ғана емес,  психологиялық аспектілеріне де үлкен мән беру қажеттігі туындап отыр.

         Адам анатомиясын зерттеген жаратылыстанушылар мен дәрігерлер ежелгі дәуірде-ақ психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыстылығы жөнінде болжам айтқан, әрі психикалық сырқаттарды сол ми қызметінің бұзылу салдарынан деп топшылаған. Мұндай пікір, көзқарастарға жарақат немесе сырқаттан зақымданған адам бас миына бақылаулар негіз болған. Осындай сырқаттарға кезіккен адамның психикалық қызметі күрт бұзылысқа түседі: келеді: көзі көрмейді, құлағы естімейді, ес, ойлау, сөйлеу қабілеті кемиді, кейде өз қозғалысын басқара алмай қалады.

         Іс-әрекеттің рефлекторлық принциптері өзінің экспериментальдық негіздемесі И.П. Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде сипатталған. И.П. Павлов, И.М. Сеченовтың психикалық іс-әрекет мидың рефлекторлық қызметі екендігі туралы тағылымының дұрыстығын дәлелдеді, психикалық құбылыстың негізгі физиологиялық заңдарын ашты, ғылымның жаңа саласы – жоғары жүйке қызметінің физиологиясы, шартты рефлекстер жөніндегі білімнің негізін қалады. Организмге әсер етуші тітіркендіргіштер мен оларға жауап реакциялар арасында уақытша байланыстар түзіледі. Осы байланыстарды пайда ету бас ми қыртыстарының ең маңызды қызметі. Уақытша жүйке байланысы ми қызметі ретінде психикалық іс-әрекеттің қай бірінің болмасын негізгі физиологиялық механизмі болып табылады. Миға қандай да бір тітіркендіргіш әсер етпей, ешбір психикалық құбылыс өздігінен туындамайды. Әрқандай психикалық процесс пен қалаған уақытша байланыстың соңғы нәтижесі тыс әсерлерге жауап сипатындағы сырттай көрініс берген әрекет. Психикалық қызмет осыдан объективтік дүние заттары мен құбылыстарының әсерінен туындайтын мидың рефлекторлық бейнелеу жұмысы.

         Уақытша жүйке байланысын әрқандай психикалық іс-әрекетін физиологиялық механизмі деп танудың маңыздылығынан психологиялық құбылыстың физиологиялық құбылыстармен бірдейлігі келіп шықпайтынын есте сақтаған жөн. Психикалық іс-әрекет тек қана физиологиялық механизм сипатымен шектеліп қалмай, мидағы бейнеленген нақты дүние, яғни психикалық құбылыстың мазмұнымен байланысты.

         Сонымен психика дегеніміз – мидың қасиеті. Ағзаның психикалық әрекеті барлық дене мүшелерінің қызметі арқасында жүзеге асады. Олардың бірі сыртқы әсерлерді қабылдайды, екіншілері олардың барлығын сигналдарға айналдырып, іс-әрекетті жоспарлап, қадағалап отырады, ал келесісі – бұлшық еттерді әрекетке келтіреді. Осы күрделі жұмыстардың бәрі қосылып, адамның психо-физиологиялық қалыптасуының белсенді құралы болады.

         Мұндай психо-физиологиялық ерекшеліктер табиғатын зерделеу зерттеліп отырған мәселенің түйінді шешімдерін табуда маңызды деп есептейміз.

         Дене тәрбиесін беруде адамның психикалық әрекет заңдарын, оның желісі мен құрылым ерекшеліктерін айқын түсіну үшін жан әрекетін туындатушы тән адам миының құрылымымен танысып, оның жан күйі көріністерінің сол тән бөлігімен қандай байланыста болатынын білу қажет.

         Бас миының бағаналы бөлігі күрделі де тіршілікке өте қажет шартсыз рефлекстік әрекеттерді басқаратын орталық. Сору, шайнау және жұтыну рефлекстері осы тетігі құрамындағы сопақша мидың жауап әрекет орталығынан басқарылады. Кейбір қорғаныс рефлекстерін (түшкіру, жөтел, жас ағу) де осындай жүйке іске асырады. Мұны дене қимылымен өзара байланысын зерделеу болашақ мамандар үшін мәнділігі жоғары.

         Орта мида көз бен құлақ қозуларын қозғалыс аймағына жеткізетін орталықтармен қатар көз қарашығын тарылтатын жүйке тетігі жайғасқан, бірақ бас миы бағаналы бөлігінің қызметі бұнымен шектелмейді. Сопақша мида орналасқан демалыс, жүрек-тамыр мүшелерінің қызметін, сонымен бірге ағзаның ішкі құрылым тұрақтылығын сақтаушы басқа да органдардың жұмысын реттеуші орталықтар ерекше маңызға ие. Өте күрделі қызметтер мишыққа жүктелген. Бүкіл сүйек-бұлшық ет жүйесіндегі әрекет жүру, жүгіру, секіру т.б. кезіндегі дене теңдестігін сақтауға орай барша бұлшық еттерді басқару осы мишықтың міндеті. Бас миының бағаналы бөлігі мен арқа мидың рефлекторлық қызметі ағзаның жауап әрекеттерінің біршамасын қамтиды. Сондықтан мұны дене тәрбиесінде басты назарда ұстау қажеттігін түсіну болашақ мамандар үшін маңызды болып табылады.

         Жас мамандардың психо-физиологиялық ерекшеліктері мен адамдарға қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне себепші – бұл студенттердің жас деңгейі. Мұны зерттейтін  болсақ 18-20 жас бұл адамгершілік және өнер талғамы, эстетикалық сезімдердің белсенді даму кезеңі, психологиялық тұрақталу және мінездің қалыптасу және орнығу кезеңі және ең негізгісі, мақсатты және жүйелі түрде білім алуға азаматтық, кәсіби машықтануға, ынталы түрде ой және дене еңбегімен айналысатын т.б. әлеуметтік рөлдердің нақты қалыптасатын кезеңі болып табылады.

         Болашақ мамандардың дене тәрбиесі сабақтарында тұлғалық дәрежесі жөнінде біз олардың дене құрылымы, психологиялық жағынан, биологиялық жағы және қылық әрекетін белгілері бойынша топшылаймыз. Ғылым ежелден-ақ мінезі мен дене құрылысының өзара байланысты екенін дәлелдеген (Э. Кречмер, У. Шелдон т.б.). Дене құрылымы ерекше бітіске ие болған адамдар, мінез жағынан да өзара ұқсас. Осы тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады: астеник, пикник, атлетик. Астеник адамдар – көбінесе тұйық, оңашаланғанды ұнатады, ұдайы ойға шомып жүреді, пикник типтес адамдар – көңілді, үйіршең, әңгімешіл, әрқандай қиыншылыққа жасымайды, ал атлетиктер – ұстамсыз, дүлей келеді. Сондай-ақ адамды дене бітісіне қарай жануармен салыстырылады да, сол жануарға тән мінез ерекшеліктері оған танылады. Мысалы, Аристотель пікірінше, адамның танауы өгіздікіндей жуан да қалың болса, ол еріншектік белгісі, шошқадай кең танау, жалпақ мұрын – ақымақтық; қой, ешкі жүніне ұқсас шашты адам қорқақ; доңыз, арыстан қылшықтарындай тіке, қатты шашты адам – ержүрек, батыл т.б..

         Болашақ мамандарға дене тәрбиесін беруде адамның психологиялық табиғатына сай, халықтық педагогика материалдарын пайдалануда көрсетілген типтердің ерекшеліктері бойынша жұмыс түрін таңдау қажеттігі маңызды.

         Халқымыз: “Тірлігің –ірі, тілің майда болсын”, — дейді. Адамның ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен анық байқалады. Қалай сөйлегеніне және қандай сөз тіркестерін қолданатынына қарап, сөз ырғағы мен әуенін талдай отырып, сөйлеу процесіндегі тыныстары мен жеделдігіне орай, жеке адамның ерекшеліктері байқалады. Сонымен қатар мінезді дұрыс түсінуде адам үшін маңызды болған қоғамдық құндылықтар мен жеке талғамдар арақатынасы шешуші мәнге ие. Әр қоғамның өзіне сай маңызды да мәнді міндеттері болады. Міне, осы міндеттерді іске асыру барысында мінез қалыптасады. Кейін солар тұрғысынан тексеріледі, бағаланады. Мінез – студенттің қандай да қасиетінің төзімділігі, өжеттігі, енжарлығының т.б. көрінісі ғана болып қоймастан, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке ие болған бағыт-бағдар сипатын аңдатады. Осыдан мінездің тыңғылықтылығы адамның өмірлік бағыт-бағдары негізінде нақты бір жүйеге келеді. Мінездің қалыптасуындағы басты шарт-өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы – босбелбеулік мінезсіздіктің белгісі. “Өсіретін де –мінез, өшіретін де мінез” деген халқымыз. “Жаман мінез не іспен, не күшпен түзеледі”.

         Студенттің биологиялық жағдайына мән берсек, мұнда жоғарғы жүйке қызметінің типін, физикалық күшін, дене құрылысының, бет әлпеті ым-ишарасынан сондай-ақ тұқым қуалаушылық, туа біткен нышандарын т.б. ерекшеліктерді білу қажет. Адамның саналы іс-әрекеті биологиялық себеп-салдармен байланыс жоқ. Дене тәрбиесі сабағында талап дұрыс қойылса, жас маман биологиялық қажеттікке бойұсынбай, қандай да бір кедергілерді жеңуге талпынады. Алғашқыда күрделі болып көрінген дене жаттығуларын саналы әрекетпен жоғары деңгейде жасауға бағыттайды және терең заңдылықтарын тануға ұмтылып, соларға орай өз әрекет-қылығына бағыт таңдайды. Дене тәрбие сабағында болашақ мамандардың психологиялық жағдайы мен физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, олардың тәжірибені игеруі жаттығуларды үйренуі, әрекет-қылық тәсілдерінің нәтижесі – студенттердің өз тәжірибелерінің өнімі емес, өткен әулеттерінің, яғни гендік ерекшеліктердің берілетіндігін де естен шығармау керек.

         Бір жағынан құндылық бағыттары жүйесін, себеп-салдардың өзгеруі мен кәсіби-мүмкіндіктерінің өсуіне байланысты жас мамандардың – спортта рекорд көрсететін көркем өнер, техникалық сондай-ақ ғылыми жетістіктерге олар жете алатын кезеңде екендігін де ескеру қажеттігі туындайды.

         Бүгінгі күні дене мәдениетін зерттеуші мамандар студенттердің тек қана дене қимылымен айналысуымен ғана шектелмей, осы дене шынықтыру мәдениетінің адамның жан дүниесіне әсеріне үлкен мән беруде (И.М. Быховская,  С.В. Дмитриев, С.Д. Неверкович, А.Ю. Рябов, т.б.).  Осы тұрғыдан алып қарағанда халықтық педагогика материалдарын дене тәрбиесінде пайдалану өзектілігі арта түседі.

         Психологиялық тұрғыдан зерттелетін нәрсе жалпы дене мәдениеті емес, денені шынықтырудың іс-әрекетінің психологиялық бірліктері. Денені шынықтыру – белгілі нәтижеге жету үшін бағыт алған, белгілі мақсатқа орай ерік күшін қосумен реттелуші мақсатты бағдарлы, саналы іс-әрекет. Басты ниетке байланысты нәтижеге жету шарасы болумен бірге дене шынықтырумен тұрақты айналысу – адам қабілетін дамытуға мінезін тұрақтандыруға жеке адамның қалыптасуына негіз бола алады.

         Дене шынықтырудың психологиялық ерекшеліктерін ең алдымен оның денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-әрекет болуында. Бұл процесте әрекеттердің бәрі ең соңғы кезеңге, қорытынды нәтижеге бағытталған ерекшелігінде. Әдетте дене мәдениеті адамның қалыпты қажеттігі. Дене тәрбие сабағы – жас мамандардың өздерін іс-әрекетте көрсете білуі. Әрқандай нақты іс-әрекеттегідей, дене тәрбиесі сабағында адамның барша қасиеттері икемділіктері мен қимыл-қозғалыстары, ептіліктері мен сапалары қатысып көрініс береді. Әртүрлі жаттығу жасағанда соған сай: қимылдардың қолданымын таба білу қажет және студенттердің міндеті сол әдістерді қолдану тәсілдерін игеру. Ал бұл үшін жүйелі этнопедагогикалық білім мен дағдылардың тәрбиелік  рөлі күшті.

         “Білім берсең ұлыңа,

Тәрбиесін қоса бер.

Тәрбиесін бермесең,

Бір лаңды тоса бер” – деп тегін айтылмаса керек.

         Адамның әрқандай даму кезеңдеріне сай дене жаттығулары да әр түрлі болады. Бүгінгі нақты іс-әрекет болашақ іс-әрекеттің дайындығы: тиісті қажеттіліктер дамиды, танымдық мүмкіндіктері мен әрекет-қылық ерекшеліктері ашылады (4-сурет). Қай жас кезеңінде болмасын дене тәрбиесі өз маңызына ие, бірақ белгілі бір кезеңде оған деген қажетсіну әртүрлі, өзіндік мазмұнға ие. Ал осылардың ішінде жас кезеңінде байланысты болашақ мамандар психикасына маңызды өзгерістер енгізіп, ондағы танымдық процестер мен жеке адамдық қасиеттердің қалыптасуына, дененің шымыр болуына халықтық мұралардың ықпал жасай алатыны мәлім.

         Дене мәдениеті ұғымы және оны қалыптастыру мәселелерін көптеген    педагогтар, психологтар мен әдіскерлер зерттеп, еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-сурет – Дене дамуының сипаттамасы

Құл иеленушілік құрылыс кезінде ежелгі Греция мен Римде басқа мемелекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейі жоғары болды. Бұл дәуірде де өскелең ұрпаққа тәрбие беру, денсаулық сақтау ісіне мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлінеді. Құл иеленуші қоғамға мемлекетті қорғай алатын, қажет кезінде жаугершілік ұрыстарға шолымды, күшті, жігерлі де білікті адамдар қажет болды. Нәтижесінде ежелгі грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай-ақ Рим филиософтары

Плутарх, Тацит, Квинтилляан еңбектерінде одан әрі дами түсті.

Бұл теорияда ақыл-ой және дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, әсіресе шәкірттің өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берілді. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттердің дене белсенділігі мен іс-әрекетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен-ді.

         Қайта өрлеу дәуірінің ұлы ойшылы ХVI ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Мишель Монтень тәрбие беруде шәкірттің психо-физиологиялық ерекшеліктерінің маңыздылығын ерекше атап көрсетті. “Тәрбиеші баланың бастан-ақ оның бойындағы қабілеттерді еркін көрсете білуін, түрлі заттардың дәмі мен олардың ерекшеліктерін ажыратуда өз бетінше әрекет етуін, кейде оған жол көрсетіп, кейде керісінше, өзіне іздетіп отыруын қалаймын”. Монтень мұғалімнің басшылық ролінің маңыздылығын көрсетіп: “Оқушы мұғалімнен алған білімін түгел сүзгіден өткізіп, өз бетінше талдау жасату қажет”, – деді.

И.Ф. Гербарт  оқу материалы жеңіл болмауы керек, шәкірттің психикалық іс-әрекеті нәтижесіне сәйкес бірте-бірте күрделендіру идеясын және адамның алуан салалы қызығушылықтарын алуды ұсынды. Адамдағы қызығушылықтар айналасын қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Біріншісіне жататын қызығушылықтар: эмперикалық бұл – айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға негізделген ақыл-ой қызығушылығы: эстетикалық қызығушылық –оқиғаларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетеді. Қызығушылықтың екінші тобына жататындар: сипатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасында қатынас туғызады: әлеуметтік қызығу — әр түрлі қоғамдық ұйымдардың арақатынасын анықтайды, дінге қызығу – діни ұғымды күшейтеді.

 А.И. Герценнің айтуынша, егер ғылымдарды белгілі бір жүйемен және тәртіппен оқытатын болса, қиын немесе көңіл тартпайтын ғылымдар болмайды. Бірақ күрделі ауыр еңбексіз ғылым меңгерілмейді дейді.

         К.Д. Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет шәкірттермен жұмыс жасауда философиялық және психологиялық-физиологиялық тұрғыда талдау жасайды. Ол еңбектерінде ақыл-ой әрекеті шәкірттің икемділігі, ұмтылысы мен қажетсінуі түрінде көрініс береді және ақыл-ойды қандай бағытта,  қандай формада дамыту керектігі туралы қарастыра отырып, ақыл-ой мәдениеті мен дене еңбегі мәдениетін дамытуға және тәрбиелеу жағдайларына ерекше мән берді.

         Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарында мамандарды кәсіби даярлауда болашақ мамандарға дене тәрбиесі сабағын өткізу кезінде олардың темпераменттерін ескеру қажеттігі туындап отыр. Себебі адамның жеке динамикалық бітістері оның сырттай әрекет-қылығында, қимыл-қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттенуі мен жатығуларды орындауында көрінеді. Темперамент ерекшеліктері оқу және дене еңбегі барысына ықпал етуі табиғи құбылыс. Мұны халқымыз “Болар істің басына, жақсы келер қасына, “Қыңыр адам қисық шеге тәрізді”, “Білімдінің өзі-ірі, білімсіздің сөзі-ірі”, — дейді.

         Егер дене шынықтыру жаттығулары қалыпты жағдайда жүріп жатса, соңғы нәтиже мен темперамент арасында ешқандай да тәуелді байланыс болмайды. Сонымен тұлғаның қалыпты жағдайдағы әрекет нәтижесі оның шапшаң не енжар екендігіне қарамай, бірдей өлшемде болады, себебі соңғы өнім нәтижесі басқа факторларға, әсіресе, түрткілер мен қабілет деңгейіне байланысты келеді. Темперамент ерекшеліктері осы жаттығулар мен әрекетті орындау тәсілдерін өзгертуге ықпал жасауы мүмкін.

         Жас мамандар темпераменттеріне қарай нәтиже емес, сол нәтижеге жету жолдарын таңдауымен ажыратылады. Темпераменттің тума ерекшеліктері тәжірибе, әлеуметтік ортаға және өз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде көрініс береді. Жағдайға орай жауап-әрекет, бір жағынан жүйке жүйесінің сипатына, екінші тараптан —  білім алуы, тәрбие, дене мәдениеті кәсіби тәжірибеге тәуелді болмақ. Мысалы, тәжірибелі маманның әрекет  шапшаңдығы тума берілген қасиет емес, ол жаттығу мен үйренудің нәтижесі екендігі хақ. Ал сол әрекеттердің іске асу шегі жүйке жүйесінің мүмкіндіктерімен анықталады.

         Көптеген кәсіби қызметтер үйрету, оқытумен кемелденеді,  мұндай жағдайда темперамент бітістері шек қояды. Дене тәрбиесі сабағы жаттығулар мен дене қимылдарын кез-келгені жасайды, ал өте жақсы нәтижеге беру – кез-келген адамның қолынан келмейді. Мұндайда кәсіби таңдаумен бірге, бір кәсіби бағдарлы дене тәрбиесі сабағы әбден қажет. Дене тәрбиесі сабағын жас дәрігерлердің психо-физиологиялық ерекшеліктеріне негіздеп, кәсіби мамандандырылған стденттер денсаулықтарын шыңдап, өз еңбектеріне қанағаттанумен зор табыстарға жете алады.

         Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігер – Гиппократ (б.э.д. Vғ.) пікірінше:    “Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы бір жағынан адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден — әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастаға негіз бола алуында”. Гиппократтың тұжырымы бойынша адамдар төрт “дене шырындарының” – қан, шырыш, өт, запыран — өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален (б.э.д. ІІғ.) алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылыми сипат берді. Голен темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады. Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.

         Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты.

         Жас маман іс-әрекетінің жемісті болуы сол адамның темперамент ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Мысалы: қимыл-қозғалыстары көп, тез ауысып отыратын ойындарға сангвиниктер мен холериктер жақсы қатысады, ал флегматиктер әрекетке сылбыр, енжар көрінгенімен жай бірқалыпты, тұрақты, бір тәртіппен орындалатын ойын, жаттығуларды өте тиімді орындайды. Қайталануы көп, жалықтыратын істерде меланхолик шыдамдылық көрсете алады, мұндайда олар басқаларға қарағанда онша шаршап – шалдықпайды.

         Психология және физиология саласының мамандары адам қабілет өз мінез-құлқын саналы түрде 17-19 жаста толық түрде меңгере алмайтынын атап көрсетеді.

         Оқу мен дене тәрбиесін оңтайластыру мен олардың тиімділігін көтеру жолында әрбір педагог өз шәкіртінің темперамент типін мүмкіндігінше нақты анықтап алған жөн. Холерикті мейлінше жиі бақылауға алған дұрыс.  Бұл типті студентпен қатты сөзбен, жекіріп қатынас жасауға тіпті болмайды – қатынасқа сай келеңсіз жауап әрекет болуы сөзсіз. Сонымен бірге оның қай қылығы болмасын орынды талаппен, әділ бағалануы тиіс. Сангвиниктерді үздіксіз жаңа, қызғылықты, зейін тоқтатып, белгілі күш жұмсауда талап еткен істерге қосып отыру керек. Оны ұдайы белсенді іс-әрекетке араластырып, мақтауын үзбей жеткізіп тұру қажет.

         Флегматик қызғылықты, белсенді әрекетке келіп, жұрт назарында болғанды ұнатады. Ал меланхоликпен жұмыс істеуде дөрекі сөз, тұрпайы қатынас қана емес, тіпті жай дауыс көтеру, әзіл-оспақтың өзі орынсыз. Онымен жіберген қате-кемшіліктер жөнінде оңаша әңгімелескен жөн. Оған ерекше назар бөліп, әрқандай іс-әрекетте көрсеткен белсенділік ұшқыны үшін де мезетінде мақтап, қошеметтеп отыру керек. Ескертулер мен ұнамсыз бағаны мүмкіндігінше жұмасартып, байқап жария еткен орынды. Меланхолик – сезімтал, өкпешіл тұлға, сондықтан оған дегенде өте мейірлі, жақсы ниет білдіре қатынасу керек.

         Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз іс-әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердің желісінде көріне отырып, еске түсіру, қабылдағанды бекіту жылдамдығына ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын және оның ауыспалылығын айқындап береді.

         Егер студентті жеке тұлға ретінде зерттейтін болсақ, 18-20 жас – бұл жан-жақты белсенді даму кезеңі, адам мінезінің қалыптасу және орнығу кезеңі.

         В.И. Лозовая әрбір көзқарасты қарастыра келе, оларға жасалған талдау белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап өтеді, ол адамның әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдайды. Жеке тұлға үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз  қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал бұл өз кезеңінде адамның іс-әрекеттік икемділігіне, оның қабілеті, білімі және ептілігіне көңіл-күй, еріктік және ақыл-ой сапаларымен байланысып жатады.

         Осы тұста халық даналары: “Алысқа шабар айғырды

                                                            Сабағынан байқарсың,

                                                            Жеміс салар ағашты

                                                            Сабағынан байқарсың

                                                            Ықыласын жақсының

                                                            Қабағынан байқарсың

                                                            Ширақ болар баланы

                                                            Жүрісінен байқарсың”, — деген.

         Кез-келген адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың барлығы белгілі бір табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Биологиялық құрылым иесі – адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке тұлға дәрежесіне көтеріледі.

         Жеке тұлғаның дамуы — өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейтіп, қажеттіліктерін арттырумен байланысты. Даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Дене тәрбиесі сабағында күрделі жаттығулар орындаудағы қиыншылық, кедергілердің шешімін табуды әр студент қажыр-қайратымен ерік-күшін жұмсап, өз әдіс, тәсілдерін табуы мүмкін. Осыдан жеке тұлғаны танып, білу үшін студенттің көзқарасын, өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін дұрыс бағытқа бұруда халықтық педагогика материалдарының маңызы жоғары екені хақ.

         Жеке тұлғаның дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы – рухани дүниесімен ұштасады. Жеке тұлғаның рухани дүниесі – дегеніміз адам мәнінің ең жоғары көрінісі, оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. “Ұғымы жоқтың – жұғымы жоқ”,“Ғалымдық та ақылмен, Залымдық та ақылмен”, деген ғибрат сөздерді болашақ маманның санасына енгізудің мәні зор.

         Жеке тұлғаның рухани жетілгендігі – бұл жоғарғы дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстай алуы.

         Жеке тұлғаның болмысының ең айқын көрсеткіші – оның өз психикалық жағдайын  басқара алу және әрекет – қылықтарын қоғам қалыптастырған өлшемдерге, халықтық педагогика идеяларына сай икемдестіре білу дәрежесі. Мұның дене тәрбие сабағында маңызы зор. Сондай-ақ адамның тұрақты қасиеттер жиынтығымен дараланатынын, тұлғаның барша ерекшеліктері оның тума, нәсілдік және әлеуметтік – мәдени, философиялық, психологиялық сапаларының бірлігінен қалыптасатынына мән беру қажеттігі туындайды.

         Адам санасында қаланып, оның белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекетке итермелеуші себеп күш –мотив деп психологияда анықтама берілген және адамның әрқандай қылық — әрекетін оның мотивтік себеп күштерімен байланыстырады.

         Сонымен, адамның қалаған іс-әрекетінің негізінде, яғни дене тәрбиесі сабағында студентті дене жаттығуларына, осы сабаққа байланысты іс-әрекетке, халқымыздың мол мұраларына  ынталадырушы мотив жатыр. Бірақ адамда туындаушы және оны іс-әрекетке ойыстырушы қандай да бір мотив көзделген нақты әрекетпен шектелмейді, яғни дене тәрбиесі сабағында студент бір ғана әрекетке жетумен тоқталмай, оның нәтижесіне жетумен ол келесі әрекетке ұмтылады, іс-әрекет барысында мотив өзгеруі мүмкін және керісінше бір тұрақты мотив аясында бірнеше әрекет бірін-бірі ауыстырып баруы да орынды. Мотив дамуы мен басталған, орындауға қажетті дене жаттығуларын орындау арасында қайшылық та туындайды. Кейде мотив іс-әрекет жобасынан бұрын қалыптасады, ал кейде кешеуілдейді, осыған байланысты әрекет нәтижесі де әртүрлі болады.

         В.А. Сластениннің еңбектерінде мотив студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінде мынадай маңызды ие деп атап көрсетеді:

         1) Жеке тұлғаның қалыптасу негізі, ол студенттің әрі қарай дамуының факторы ретінде көрінеді.

         2) Ойлау жүйесін реттеуге әсер етіп, интеллектуалды белсенділігінің көзі болады.

         3) Танымдық тапсырмаларды шешуге, ізденіс шығармашылық күш беріп, білім сапасына, оның тереңдеуіне әсер етеді.

         4) Өздігінен білім алуға ұмтылушылық дамуының ішкі шарты болып табылады.

         5) Диагноздық мағынасы бар, ол жеке тұлғаның көптеген қасиеттерінің даму көрсеткіші болып табылады, яғни мақсаткерлік, саналылық, еңбекқорлық, танымдық қызығушылық ауқымы мен тұрақтылығы.

         Кәсіпке ертерек бейімделу “кәсіптік танымдық мотивті” дамытудың қуатты түрткісі болып табылады, ал оқу барысында болашақ мамандардың  ақыл-парасаты мен ерік күштерінің жоғары деңгейде болуын айқындайды.

         Кейбір студенттерге жекелеген пәндер, мысалы болашақ мамандар үшін дене тәрбиесі сабағы кәсіби жетілу үшін қажетсіз болып көрінуі мүмкін, сондықтан оқытушының міндеті – төменгі курстарда оқылатын пәндердің таңдалған кәсіппен байланысын ашу. Кәсіптік игеруге негіз жасайтын мазмұнды анықтауды басты бағыт деп есептеуге болады. Дене тәрбиесі сабағын мұғалім болашақ мамандардың кәсібіне олардың психо-физиологиялық ерекшеліктеріне бағдарлау үшін іргелі ғылымдардың негіздік мазмұнын және мұғалімнің сабаққа даярлауға тікелей жәрдемдесетін жұмыстың әдістері мен нысандарын іріктеу, халқымыздың ғибрат алар мұраларын пайдалану арқылы іске асуы маңызды.

Болашақ мамандардың дене тәрбиесі туралы пікірлерінің деңгейі негізінен дене мәдениетіне қойылатын талаптар мен кәсіби қызмет шарттары бойынша білімдерден тұрады. Зерттеу қортындылары бойынша болашақ мамандардың дене тәрбиесі туралы пікірлерінің деңгейі оның спортқа деген ынтасының деңгейіне көп жағдайда сәйкес келетінін көрсетеді. Жас маманның дене тәрбиесіне деген ынтасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым студент дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының мәні  туралы да аз біледі. Қазіргі кезде студенттердің спортқа деген қажеттіліктерін жоғарылату қажеттігіне сай, халықтық педагогика тәлімін пайдалану оң нәтижеге жеткізетіні тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр.

         Жаманның парық білер санасы жоқ,

         Қиналсаң қурай құрлы панасы жоқ,

         Бұрынғының сөзін де есте сақта,

         Ақылдың ескісі мен жаңасы жоқ.

         Біреу терең, біреулер келте ойлайды,

         Біреулер кеш, біреулер ерте ойлайды,

         Ұрпақ үшін біреулер еңбек етіп,

         Ал біреулер алаңсыз той тойлайды. (Ел аузынан)

         Жеке адамның мотивтік – қажетсіну аймағы деп аталатын күрделі жүйенің ажыратылмас бірлігі. Мотивтік – қажетсіну аймағы жеке адамның өмір бойы қалыптасып, дамып барушы барша түрткілерінің жиынтығын көрсетеді.

         Жас мамандардың қажетсіну талаптары қоғамдық құрылымдарының әсерімен де дамиды. Мұндай құрылымдардың ең қарапайым түрі-нақты тұлға мүшесі болған студенттің тобы немесе қауымдастығы. Студенттің қажетсінуі көп жағдайда осы топ немесе қауыммен  байланыста болған. Сондықтан да олардың әрекеті, қылықтары түрткілерінің көбі олардың өзі сезіп білмеген ықпалдар жетегінде жүреді.

         Болашақ мамандардың дене тәрбиесіндегі психо-физиологиялық ерекшеліктері, олардың дене тәрбиесі сабағына қатыса отырып, жас маман өз қылығын басқалардың, топтың талғамына көндіріп, оқытушы талаптарын орындап икемділікке үйренеді. Өз қатарына қарап ортақ ереже мен тәртіпке байланысты, әр студент өзінде табандылық ұстамдылық, ерік және батылдық қалыптастырады. Бұлардың бәрі де дене тәрбиесіне өте қажетті.

         Табандылық – дене тәрбиесі сабағында студенттің барша күші мен мүмкіндігін көзделген мақсатқа шоғырландырып, көрінген қиыншылықтарға төзе білуі. Өз табандылығынан адам қоршаған жағдайлар ішінен қажетін табуға шебер. Сәтсіздікке мүдіру, қиыншылықтан қашқақтау, күмәнға берілу – табанды адамға жат қасиеттер. Ал жас маман өз шешімін қорғай алмай, алғашқы кедергіден-ақ сескеніп, оны жеңудің амалына көзін жеткізе алмай, жалғастырайын десе, ерік күші жетпей, істен бас тартатын болса, бұл қара басының тәндік мүдделері басымдау болып, ақыл, ой мен сыртқы жағдай талаптары далада қалады. Кез-келген студент өз іс-әрекетіне орынды бақылау жүргізіп табандылық танытса ғана, көзделген мақсат іске асады.

         Дене тәрбиесі сабағының тәртібі бойынша жаттығулар немесе ойындарға, яғни қандай да бір іс-әрекетті орындауға ниеттелу кезеңінде, сезім, ой-пікір, қалыптан тыс көңіл-күйді тоқтамға келтіріп, біраз тежеулік – ұстамдылық әрекеті маңызды. Ұстамды болашақ мамандар дене тәрбиесінде орындалатын істің түріне қарап, оған қажетті өз белсенділінің деңгейін ойластырады. Сонымен, ол көздеген мақсатына, нәтижеге асығып, ырықсыз әрекеттерге  ұшырамай, байыппен жету жолдарын қарастырады.

         Дене тәрбиесінде ерік қасиеттерін қалыптастыру және дамыту көздеріне мән беру қажет. Себебі: тән әлжуаздығынан студент басқа да қажетті өз мамандығы бойынша қалаған жүктемені көтере алмайды, әйтеуір бір кедергіден өтуге шамасы жетпей, көңіл-күйзелісіне түседі. Дене жаттығулары мол болып, спорт ойындарын орындауда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге дағдыланса, өз ерік күшін ұстамға алып, оны қажетіне бағыттау қабілетін игереді.

         Осы орайда халық даналығы былайшы көрсетеді:

         Қайраты бар, күші бар

         Істеп жатқан ісі бар

         Жігітті жарлы демегін.

         Қайраты жоқ, күші жоқ

         Шайнап жейтін тісі жоқ

         Шалды малды демегін.

         Іс-әрекеттің сан алуан түрткілерінің ішінен қажетті болғанын таңдау мен шешім қабылдау кезеңінде еріктің батылдық қасиеті бой көтереді. Бұл дене тәрбиесіне байланысты іс-әрекетті жылдам орындауға дұрыс әрі берік шешім қабылдау мен оны жүзеге келтіре алу қасиеті-психологияда батылдық деп аталады. Сырттай қарағанда батылдық ешбір толғаныссыз өтетіндей, батыл адамның мақсат таңдауы жеңіл де оңай болатын сияқты. Әдетте олай емес.

         Білім мен спорт ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысын қатыса отырып, алғашында күрделі көрінген дене жаттығуларын орындауды жалғастыруда, іс-әрекетке жаңа мазмұн мен сипат беріледі. Спортпен айналыспаған адамның спортқа деген қабілеті ешқашан да жарыққа шықпайды: оны дене тәрбиесі сабағына қатыстыру барысында ғана қалыптастыру мүмкін болады.

         Сонымен, студенттің қабілеті білім, спорт, ептілік жән дағдылардың өздерінде көрінбей, танып, бейімделіп үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-қиын) байқалады. Іс-әректтің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.

         Б.М. Теплов былай деп түсініктеме береді:

  1. Қабілет – бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.
  2. Қабілет – барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес. Кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
  3. Қабілет – нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.

Қабілет пен іс-әрекетті арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер студент дене тәрбиесіне байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім мен тәжірибе қорын жинақтап, икемділік, ептілік пен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып, ұзақ жаттығуы тиіс, ал бұл студентті үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы ләзім. Тәжірибе көрсеткендей, жас маман қабілеті уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да бір қызығушылыққа орай қалыптасуы мүмкін.

         Көрінген іс-әрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Болашақ дәрігерлердің дене тәрбиесі сабағындағы психо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әңгіме қозғалғанда, алдымен маңыздысы, жас маманның  төңірегіне барша мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс-әрекет ескерілуі қажет. Сондықтан нақты әрекеттің қажеттілігін, дамытушылық қасиетін тану үшін, оны жас маманның дене мәдениетіне байланыстыра сипаттау керек.

         Батыл адамдар өз іс-әрекеттерінің мақсаты, мәнін, нәтижесін терең де жан-жақты, үлкен толғанысқа түсіп, ойластырады, жоспарлайды. Ал іске кірісу кезеңі келгенде барлық толғаныстың бәрін ысырып тастап, жедел шешім қабылдауға қабілетті.

         Студенттің кәсіптік білімді игеруге, кеңейтуге іштей дайындығына: алынған ақпаратқа студенттің көзқарасы және танымдық әрекет процесі туралы пікірі: жеке тұлғаның белгілі бір қасиет деңгейіне; дәлірек айтсақ, жауапкершілік сезімі, орындаушылық және ұйымдастырушылығы, мақсаткерлігі және талап қойғыштығы, еңбекқорлығы мен тәртіптілігін жатқызамыз.

         Кәсіптік білімі мен дағдысы қалыптасты деп мына жағдайда айтамыз: студент кәсіптік білім мен дағдыны қажетсінуі; оны игеруге ұмтылуы; оқу процесіне, халықтық педагогика мұраларына  қызығушылығы; кез-келген оқу-танымдық іс-әрекеттерді орындауға белсенді болу.

         Қазіргі практика көрсетіп отырғандай, оқу орнын бітірген жас маманның өз ісін заман талабына сай ұйымдастыра алатындай дәрежеде болуы, оның тек теориялық және практикалық даярлығына ғана емес, сол сияқты оның жеке басының белсенділік, бейімделгіштік, ізденімпаздық қасиеттеріне де байланысты.

         Белгілі психолог Л.С. Рубенштейн, “… қандай болмасын бейімділікті қалыптастыру үшін, іс-әрекеттің белгілі бір түріне байланысты өмірлік қажеттілік туғызу керек…”, — деп жазды өз зерттеулерінде.

         Осы зерттеулерді негізге ала отырып, студенттің спортқа бейімділігін қалыптастыру үшін, дене тәрбиесінің өз денсаулығына қажеттігін, маңыздығын айқындап, осы пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

         Кез-келген дене мәдениетіне байланысты студент қандай да бір жаттығуды орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс.

         Нақты көрінетін білім, икемділік, ептілік және дағдылар қатарында қабілет студенттің жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни жерге еккен дән секілді: қолайлы жағдай жасаса өнеді, күтпесе, жағдай жасалмаса, көрінбей-ақ жойылады. Осыдан қабілет – білім, спорт, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көптеген жағдайларға тәуелді. “Нені ексең, соны аларсың” деген халқымыз.

         Дене тәрбиесі сабағы, болашақ мамандардың  спортқа деген қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның себебі – қабілет пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауы.

         Мұны Сәбет Бап-Баба “Жалпы психология” оқулығында: “Бұл сәйкессіздіктің мәні: әрқандай қабілет өзінде қалаған іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іске қарағанда ауқымды да кең мағыналы. Екінші жағынан, нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілетінен кеңірек болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін”, – деп көрсеткен.

         Сонымен қатар “Қалыпты адам  өзінің дене және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және онда пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы – адамның кім болып танылғаны мен әлі де кім болатынының көрсеткіші” (Каупленд П.), – деп тұжырымдаған.

         Американ ғалымы У. Ушби: “Қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана әрекеттер бағдарламасына байланысты “, – деп дәлелдеп көрсетеді.

         Тәжірибе және арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті, дене тәрбиесі жаттығуларын табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Адамның қабілетінің дамуының табиғи негізі болған мидың құрылымы, сезім мүшелері мен анатомиялық – физиологиялық, нәсілдік ерекшеліктері – психологияда нышан деп аталады. Нышан қабілет дамуының бастауы болғандықтан студенттің барынша жетіліп, кемелдену жолы осы екі құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады. Зерттеулер нәтижесінде көрсеткендей: нышанның арқасында дамығанымен, қабілет сол  нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесінің нәтижелі жемісі.

         Нышандар дамуы әлеуметтік процестерге тікелей тәуелді. Егер қоғамда белгілі бір іс-әрекетке қажеттік туып, қандай да адамның сол іс-әрекетке сай нышандық белгісі болса, онда оның нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез, әрі жоғары деңгейде қалыптасып дамиды. Мысалы, Президентіміздің “Салауатты өмір салты” жолдауына байланысты, барлық оқу орындарына дене тәрбиесі сабағына енгізілуі, “Президенттік тест” тапсыруда студенттердің нақты дене тәрбиесіне деген қабілеті тез дамып, көрсеткіші жоғары деңгейде қалыптасуына жағдай жасайды.

         Болашақ мамандардың  дене тәрбиесіне деген көзқарастары және олардың қабілеттеріндегі айырмашылық, дене тәрбиесіндегі жасауға қажетті жаттығулар, яғни іс-әрекеттің талаптардың орындалу нәтижесінен оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Дене тәрбиесіне деген қызығушылық студентке объекті жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Студенттің қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруын қамтамасыз ету күрделі. Оған көптеген жағдайлар себепші: студент спорт ойындарын, жаттығуларды қызыға тамашалауы ықтимал, бірақ ол өзі спортпен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрект түріне қабілеті бар студенттің қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады.

         “Жастың қайратын,

Кәрінің ақыл-сабырын,

Әйелдің төзімділігін тіле”, — деп тегін айтылмаса керек.

         Спорттық ойындармен айналысқанда болашақ мамандардың  табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс, олардың мінез-құлқында мынадай сапалық көріністер болуы керек: ең бірінші спортқа деген сүйіспеншілік, табандылық, батылдық. Бірақ осындай ерекше қабілеті бар студенттің өзі де айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе бермейді. Негізгі адам іс-әрекетіне, жеке басына сын көзбен қарап, мақсат қоя білу, оған жету жолдары т.б. ұнамды сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек. Осы тұрғыда халқымыздың ғибрат сөздері мен мұралары маңызға ие:

         Қас сұлудың қаруы-

         Мінезі мен іреңі,

         Жігіттердің қаруы-

         Қайраты мен білегі,

         Қарт ақылға сиынар,

         Мәмілесі – тірегі.

         Студент дене тәрбиесі сабағында қандай да бір іс-әрекет аймағында қажырлы еңбек, тұрақты дайындықтың негізінде өз-өзін жетілдіріп, қабілеттің ең жоғарғы деңгейге көтерілген шеберлікті меңгеруге болатындығы мәлім. Әрқандай кәсіптегі шеберлік кез-келген жаңа туындаған мәселелерді шешуге қажет болған психологиялық дайындықты қажет етеді. Шебер маман үшін дене мәдениетінің маңызын, дене тәрбиесінің қажетілігін студенттерге жеткізе білу және өзіне жүктелген міндетті түсіну мен оларды студенттерге орындалу жолдарын табу, бұлар өзара байланыста қабылданады, іске асады, яғни “не жасату” және “қалай жасату” арасында жік болмайды.

         Жас тұрғысынан даму процесінде студенттің мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі негізгі өзгерістердің бәрі үйретудің фактілері. Шебер ұстаз студенттерге спорттық ойындардың ережесін жаттығуларды орындау талаптарымен дене тәрбиесі сабағында таныстырып, оларды үйреніп алуларына ықпал жасайды. Демек, үйрену-дегеніміз сыртқы (физикалық) және ішкі (психологиялық) қызмет пен мінез-құлықта болатын, белгілі бір мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін өзгерістерді көздейді. Басқаша айтқанда, үйрету сыртқы және ішкі қызметінің нысаналы өзгерісінде көрінеді.

         Алайда, кейбір студенттердің дене тәрбиесі сабағында шаршап, қалжырамай, тез бейімделіп кетуі оның физиологиялық қасиеттеріне, дене тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылуына тікелей байланысты.

         Демек, іс-әрекеттің немесе мінез-құлықтың мақсатқа сай өзгеруі сипатында болу үшін, бұл өзгеріс ағзаның туа біткен бір қасиеттерінен тумай, мұның алдындағы белгілі бір іс-әрекеттен тууы тиіс.

         Адамның үйренуі — әр түрлі деңгейде өтетін күрделі, көп сатылы процесс. Мәселен, сенсолық және моторлық үйрену бір деңгейде қамтылады. Сенсорлық үйренуде қабылданған бейнелерді қабылдау, сондай-ақ және тану процестері қалыптасады. Моторлық үйренуде студент дене тәрбесінде жаттығулар мен қимылдарды таңдау және бір жүйеге біріктіру, оларды жіктеу, іріктеу болады. Олардың синтезі – сенсорлық үйрету – қабылдау мен елестету бейнелерінің бақылауымен қимыл программаларының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Үйретудің бұл түрлерінің нәтижелері сенсорлық, моторлық және сенсомоторлық іскерліктер мен дағдылар формасында білдіріледі.

         Үйренудің когнитивтік деңгейінде адамда іс-әрекет заттарының мәнді қасиеттері мен байланыстарын табу, талдау, іріктеу, қорыту және тиянақтау процестері, сондай-ақ осы қасиеттер мен байланыстарды пайдалану жөніндегі мақсатқа сай іс-әректтер қалыптасады.

         Үйрену жаттығулары бақылау, ұғыну және өзін-өзі бақылау негізінде жүзеге асады, бұлар ұғынылып барып қойылған мақсаттар мен міндеттер арқылы басқарылады.

         Іс жүзінде студенттің дене тәрбиесінде спорттық ойындар ережелерін, жаттығуларды үйренуі барысында жоғарыда айтылған үйренудің деңгейлері мен түрлері белгілі шамада тығыз ұштасып, өзара байланысып жатады. Алайда, олардың әрқайсысының белгілі бір ерекшеліктері бар. Бұған қоса бұл деңгейлер үйренудің генетикалық сатылары болып та көрінеді. Бірақ мұның алдындағы деңгейлер ғайып болмайды және өз маңызынан да айрылмайды, олар бар болғаны қайта құрылып, келесі деңгейде үйренуге бағынады да оның құрылымына кіре бастайды.

         Студенттің басқа адамдармен, айналасындағылармен қарым-қатынас және өзара іс — әрекетте үйрену стихиялы болуы мүмкін. Мәселен: студент «денені шынықтырудың денсаулыққа пайдалы екендігін» кітаптардан, журналдардан, радио, телехабарлардан, интернет мәліметтерінен, өзінің өмірлік тәжірибелерінен, мамандар, ата-ана, мұғалімдердің айтуынан т.б. мәліметтер арқылы біледі. Спорттық ойындардың алуан түрлеріне қатыса, әр-түрлі спорттық жаттығулар жасауда тәжірибе жинақтай отырып, студенттер белгілі бір шеберлік пен дағдыларды стихиялы түрде меңгеруі мүмкін. Мысалы, байқап көру, еліктеу, айналасындағылардың ақыл-кеңесі және мұғалімнің нұсқауларын орындау арқылы жүгіру, секіру, жүзу, шаңғы тебу, тартылу т.б. дағдылар мен ептілікті, шеберлікті меңгере алады.

         Бірақ спорт пен шеберлікті осылай стихиялы түрде меңгерумен қатар, үйрену көптеген жағдайларда нысаналы процесс ретінде арнайы ұйымдастырлған жағдайларда жүзеге асырылады.

         Дене тәрбиесіне деген сүйіспеншілік, іскерлік пен дағдылар – бұлар адамның психикасындағы белгілі бір үрдістердің формалары мен нәтижелері. Демек, олар адамның басында оның өз қызметінің нәтижесінде ғана пайда болады. Оларды біреуден жай ғана «алуға» болмайды, олар студенттің өзінің психикалық белсенділігінің нәтижесінде пайда болуы тиіс. Егер оның өзінің белсенділігі болмаса, онда ешқандай білім сүйіспеншілік, іскерлік пен дағдылар пайда болмайды. Студенттің өзінің психикалық белсенділігінің болмау фактісін өз тәжірибесінен әрбір педагог жақсы біледі, мұны «көңіл қоймау», «жалқаулық», «қабілетсіздік» деп атайды.

         Демек, «мұғалім — студент» қатынасын «қабылдатқыш — қабылдаушы» қатынасына қоюға келмейді. Мұнда дене тәрбиесі сабағында екеуінің белсенділігі мен өзара іс-әрекеттестігі қажет.

         Үйретушінің ықпалы үйренушінің белсенділігін оятады, ал бұл орайда күні бұрын қойылған тиянақты мақсатқа жеткенде осы ықпаларқылы  белсенділікті басқарады. Сондықтан дене тәрбиесін студенттің сыртқы және ішкі белсенділігін ынталандыру және оны басқару процесі деп көрсетуге болады. Үйретуші үйренушінің белсенділігі үшін қажетті жағдайлар жасайды, оған бағыт береді, бақылайды, бұған қажетті нұсқаулар, құралдар мен ақпарат береді.

         Белгілі бір оқиғалар, жағдайлар, заттар немесе іс-әрекет адамның белгілі бір белсенділігінің түп негіздерімен байланысты болса, іс-әркеттің себептеріне айналады. Бұл түп негіздерді үш негізгі категорияға бөлуге болады:

  1. Ішкі негіздер. Олар адамның қажеттіліктерімен анықталып, мұның өзі ағзаның етене қажеттіліктерімен білдіретін туа біткен сипаты болуы мүмкін, сондай-ақ қоғам қалыптастыратын әлеуметтік қажеттіліктерді білдіретін жүре біткен сипаты да болуы мүмкін.

         Туа біткен қажеттіліктердің арасында спортқа ынталандыру үшін белсенділік қажеттіліктері ерекше маңызды. Себебі: адам өмірінің алғашқы күндерінен бастап, үздіксіз белсенділік жағдайында болады, күледі, қозғалады, қол-аяғын қимылдатады, жүгіреді, секіреді, ойнайды, сөйлейді. Іс-әрекеттің өзі оны рақаттандырады.

  1. Сыртқы негіздер. Олар адамның өмірлік іс-әрекетінің қоғамдық жағдайымен анықталады. Мұндай негіздерге талаптар мен мүмкіндіктер жатады. Талаптар адамға іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі бір түрлері мен формаларын ұсынады. Мәселен, педагог студенттен сабаққа уақытында келуді, дене тәрбиесіне байланысты нұсқауларды тыңдауды, жаттығуларды орындауды талап етеді. Қоғам болашақ мамандардың кәсіптік моральдік нормаларды, адамдарға деген қарым-қатынас формаларын сақтауды, белгілі бір қызметті атқаруды талап етеді. Күту қоғамның қарым-қатынасымен сипатталады, мұның өзі осы адам үшін мінез-құлықтық қандай шамаларын қалыпты деп есептейтіні туралы ұйғарыммен байланысты. Талаптардай емес, күту іс-әрекеттің жүзеге асырылуына жалпы жағдай жасайды және кейде бұйрықтан да гөрі күштірек ынталандырады. Мүмкіндіктер дегеніміз белгілі бір іс-әрекет үшін адамның айналасында болатын объективті шарттар. Мәселен: толық жасақталған, кең спорт залы студентті дене тәрбиесі сабағына қатысуға ынталандырады, себебі сондай мүмкіндік береді. Психологиялық талдау адамның мінез-құлқы көбіне объективті мүмкіндіктерге тәуелді болатынын көрсетеді.
  2. Жеке түпкі негіздер олар адамның мүдделерімен, ұмтылыстарымен, бағдарларымен, сенімімен, дүниеге көзқарасымен, өз туралы түсінігімен, кәсіпке, қоғамға көзқарасымен анықталады. Белсенділіктің бұл түпкі негіздері құндылықтар деп аталады. Мұндай құндылықтар халықтық мұралардан нәр алған іс-әрекеттерден, өзін-өзі жетілдіру, өзі-өзі орнықтыру, өзін көрсету, белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру, өмірлік мұраттар, мақсаттар мен үлгілер болуы мүмкін.

         Іс-әрекеттің бұл аталған негіздері әр түрлі болып ұштасқан, түрі өзгерген күйінде әрбір адамда болады. Бірақ ол туғызған іс-әрекет әр кезде бірдей спортқа деген қызығушылық болып қалыптаспайды. Бұл үшін студенттің қажеттіліктері мен ұмтылыстары, талаптары, күтулері және оған беретін орташа мүмкіндіктер, оның жеке құндылықтары мен ұсыныстары спорттық жаттығулардың нәтижесімен, мақсатымен, процесімен байланыстырылуы керек. Сонда дене тәрбиесі сабағы болашақ дәрігерлерді ынталандыру себептеріне айналады. Белгілі бір заттар, талаптар, оқиғалар немесе қасиеттер сананың белсенділігін туғыза алады, мұның өзі адамның көңіл бөлуінен көрінеді, өйткені олар студенттің іс-әрекетінің ішкі негіздерімен – дене тәрбиесін қажетсінуімен, өмірлік қажеттермен, қоғамдық мүдделермен байланысты. Белгілі бір нысанды, деректі таңдауда, іске асыру, өңдеу мен пайдалануда студенттің жеке қасиеттерінің көріністерін психологтар «бағдарлар» деп атайды. Біздің зерттеулеріміз бойынша «этнопедагогикалық бағдар» дейміз.

Тәжірибелер мен бақылаулар дене тәрбиесі сабағында студент бағдарларының маңызды мәні бар екенін көрсетеді. Мәселен, студент дене тәрбиесі сабағында спорттық ойындарды ойнаған допты лақтыру (баскетбол) т.б. кезінде өте қажет.

         Адамда қозғалыстар мен іс-әрекеттер саналы және санасыз жүзеге асырылады. Әдетте, іс-әрекеттердің түпкі мақсаты, сондай-ақ олардың жалпы сипаты ұғынылады. Бір жағынан адамның ешқандай іс-әректі де аяғына дейін автоматты түрде (санадан оқшауланған) болмайды, өйткені, ол түптеп келгенде саналы мақсатпен жасалып, басқарылады. Екінші жағынан іс жүзінде адамның кез-келген іс-әрекеті дағдылардың арқасында ішінара автоматтандырылған, ал бұлар едәуір дәрежеде сананың қатысуынсыз жүзеге асырылады. Адам реттеуді, орындауды түсінбейді (автоматтандырудың маңызды мәні бар, өйткені кез-келген іс-әрекеттің толық орындалуын жеңілдетеді). Іс-әрекеттерінің жекелеген жақтарының автоматтандырылуы олардың құрылымын өзгертіп, жетілдіреді.

         Дағдылар іс-әрекеттердің мақсаттары мен жағдайларына жатпайды, олардың тәсілдеріне жатады. Автоматтандыру сананы іс-әрекет, солардан қалыптастыратын моторлық, снсорлық, және интеллектілік операцияларды жүзеге асырудың өзіне бақылау жасаудан босатады. Бұл мағынада іс-әрекеттер  автоматты түрде орындалады. Бірақ іс-әрекет сол үшін жасалатын мақсаттар, іс-әрекет жүзеге асатын шарттар, сондай-ақ оның нәтижелері сананың өрісінде болып, алдыңғы қатарға шығарылады. Осы тұрғыдан келгенде іс-әрекеттің орындалуы тұтас алғанда неғұрлым саналы болып шығады.

         Іс-әрекеттің қай жақтары ішінара автоматтандырылғанына байланысты дағдылардың әрқилы түрлерін көрсетеді.  Сенсорлық дағдылар болуы мүмкін. Оларға мысал: оқыған кезде әріптердің формаларын ажырату, қашықтықты және қимыл шапшаңдығын көзбен мөлшерлеп анықтау т.б. Бұлшық ет іс-әрекеттері автоматтандырылған қимыл дағдыларды көрсетеді. Дағдылардың қалыптасуының негізі байқап көру әрекеттері мен іріктеу болып табылады.

         Адамда іс-әрекеттің орындалуын әр кезде үнемі сана реттейді. Практикалық байқап көрулер белгілі бір қимылдарды қайталаудың саналы әрекеттері ретінде өтеді. Нәтижелерді тексеру, шарттарды бағалау, әрекеттерді түзеу де белгілі бір дәрежеде ұғынылған түрде болады. Тіпті қарапайым еліктеудің өзі белгілі бір дәрежеде игерілетін іс-әрекеттің үлгісін саналы түрде бақылауға негізделген. Ең бастысы іс-әрекет тәсілдерін таңдау мен реттеу, мақсатты ұғыну. Педагог дене тәрбие сабағында болашақ мамандардың  психо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеру негізінде олардан талап етілетін қимылдар, жаттығулар ережелері мен іс-әрекеттерді бақылаудың сезімдік бағдарларымен және оны жоспарлаудың әдістерімен студенттерді алдын-ала мұқият таныстыру, іс-әрекеттің меңгерілуін және тиісті дағдаларының қалыптасуының едәуір жеделдететінін көрсетеді. Іс-әрекеттерді орындаудың өзі сенсорлық және интеллектілік іс-әректтерді реттеудің және оларды тексерудің түрлері  нақты басқарылатын болса, нәтижелері одан да жақсы болып шығады.

         Дағды сананы іс-әрекет тәсілдерінің орындалуын бақылаудан босатып, оны әрекеттің мақсаты мен шарттарына көшіреді.

         Студенттің өзі үшін жаңа іс-әрекетті орындап жаттығуы және қайталап орындауы кезіндегі психикалық және практикалық іс-әрекетінің құрылымы өзгермей қоймайды. Алғашқы жаттығуларды жасап  көруге студент өзі үшін жаңа іс-әрекеттің алдында тұрады. Бірте-берте тиісті қимылдар немесе іс-әрекетті орындау тәсілдері жылдамырақ әрі жақсарып жүзеге асырылады. Бұдан кейін байқап көрулерде бұл әдістер бір жаттығудан екінші жаттығуға дейін соншалық өзгере қоймайды. Іс-әрекет тәсілдерін қолдану бірден бірге автоматтандырылып, сананың тексерілуінен босайды, мұның өзі сананы босатады, қимыл шапшаңдығын өз еркімен басқаруға, оларды өзгеріп тұратын міндеттерге бейімдеуге, жаңа жағдайларға көшіруге мүмкіндік жасайды.

Сонымен, зерттеу барысында педагогикалық-психологиялық т.б. әдебиеттерді теориялық және практикалық талдауларымыз мынадай анықтаманы пайда етті «Дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика материалдарын пайдалану» — дегеніміз болашақ мамандарға халықтық педагогика тағылымдарын түсіндіре отырып, халықтық мұраларды практикалық іс-әрекетінде қолдана білуімен анықталатын, кәсіби мәнді тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын құрайтын, қазақ халқының дене тәрбиесі білімі мен тәрбие беру дәстүрлеріне негізделген, дене шынықтыру мен сауықтыру міндеттерін шешуге бағытталған іс-әрекеті».

Анықтаманың мазмұны халықтық педагогика материалдары арқылы болашақ мамандарға дене тәрбиесін берудің моделін жасауға мүмкіндік берді (5-сурет).

Көрсетілген модельдің негізінде дене тәрбиесінде болашақ мамандардың  халықтық педагогика бойынша білімдері мен біліктерін қалыптастырудың моделі жасалынды (1-кесте).

Осы модельдерге сүйене отырып, біз болашақ мамандардың  халықтық педагогика бойынша білімдері мен біліктерінің қалыптасыуның мүмкін болатын үш шартты деңгейін анықтадық.

Жоғары деңгей: халықтық педагогика материалдарын эмоционалды дұрыс қабылдай алады, оларға деген қызығушылығы мен қажетсінуі жоғары, ұлттық мұралардың тәрбиелік, салауаттылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытушы құндылық ретінде түсінеді, халықтық педагогиканың денсаулықты нығайту мен қалпына келтіру туралы (шығу тарихы, дамуы, мазмұндық ерекшеліктері, мүмкіндіктері т.б.) білімі айтарлықтай толық, оларды практикалық іс-әрекетпен ұштастыра біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-сурет – Халықтық педагогика материалдары арқылы болашақ мамандарға дене тәрбиесін беру моделі

 

1-кесте – Дене тәрбиесінде болашақ мамандардың халықтық педагогика бойынша білімдері мен біліктерін қалыптастырудың моделі

Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Жеке тұлғалық мотивациялық

Іс-әрекетте халықтық педагогика материалдарына қызығушылығының болуы; қазақ халқының дәстүрлері мен тәлім-тәрбиелік тағлымдарына дұрыс көзқарасы мен оны қажетсінуі

 — халықтық педагогика материалдарына қызығушылығының үстем болуы;

— дене тәрбиесі мен болашақ кәсіби қызметінде халықтық педагогика материалдарының өзара ықпалы мен сабақтастығының бар екенін түсінуі;

— ұлттық сана-сезім, рухани құндылықтар мен дене мүмкіндіктерін дамытуға, денсаулығын нығайтудағы мәнін түснуге ынталану, қызығушылық.

Мазмұндық

Халықтық педагогика материалдарының тәлімдік-тағылымдық білімі; қазақ халқы мұраларының рухани – салауаттылық, сауықтыру, тәрбиелік бағыттағы құндылық ретінде түсінігі және оны болашақ кәсіби іс-әрекетінде қолдану жолдары туралы білімі.

— халықтық педагогика материалдарын дене тәрбиесінде және оны кәсіби іс-әрекетте пайдалану мүмкіндіктері мен даму тарихынан білімі;

— халықтық мұраларды пайдалануда оны рухани кемелдену, денсаулықты нығайту, сауықтыруда оңтайлы ендіру жөніндегі білімі;

— оларды болашақ кәсіби іс-әрекетінде пайдалануды саналылықпен түсіне отырып, рухани сана мен дене мүмкіндіктерін дамытуда білімін жетілдіру мәселелерін білу.

Процессуалдық

Халықтық педагогика материалдарын өз іс-әрекетінде және болашақ кәсіптік қызметінде пайдалану іскерлігі

— халықтық педагогика материалдарының болашақ практикалық іс-әрекетінде пайдалану мүмкіндіктерін анықтау іскерлігі;

— халықтық мұраларды өз іс-әрекетінде оңтайлы ұштастыру және оның сауықтыру жұмыстарына пайдалану іскерлігі;

— халықтық педагогика материалдарының құндылық мүмкіндіктерін түсіне отырып, денсаулықты сақтау, сауықтыру міндеттеріне сай ұйымдастыра және қолдана алу.

Орташа деңгей: халықтық педагогика материалдары туралы жалпы білімі болғанымен, оны өз іс-әрекетінде сабақтастыруы жеткіліксіз. Халықтық педагогика материалдарының дұрыс ықпалы бар екенін түсінеді. Оның тәни, рухани құндылық ретінде түсінігі толымсыз, бірақ оны кәсіби іс-әрекетінде пайдалануға талпыныс білдіреді. Дене мүшесіне, т.б. ерекшеліктерге байланысты керекті жаттығуларды орнымен іріктеуде қиналады.

Төменгі деңгей: халықтық педагогика материалдарының сауықтыру, дамыту міндеттерін шешудегі түсінігі толымсыз, бірақ оған қызығады, алайда оны іс-әрекетте қолдана алмайды, мазмұнды, процесуалдық компоненттерін меңгермеген. Дене мүшелерінің, сырқат адамның ерекшелігіне сай жаттығуларды таңдай алмайды, жағымды психологиялық ахуал орнату біліктілігі төмен.

Бұл деңгейлердің сипаттамасы оқулықтың 2.3 тармағындағы жұмыстар негізіне алынды.

Қорыта келе, ұлттық мұраларымызды қастерлей отырып, оны болашақ мамандардың кәсіби іс-әрекетінде оңтайлы пайдалану, ата-бабаларымыздың өткені мен бүгінді байланыстыру, жетілдіру, дамыту, пайдамызға асыру бүгінгі ұрпақ міндеті екенін түсінуіміз парыз. Халық даналығында:

Ойы түзелсе,

Қадамы да түзелер,

Заманы түзелсе

Адамы да түзелер.

Жақсы тайды сатпасаң –

Ат болары ақиқат.

Тәуір ойды сақтасаң

Хат болары ақиқат.

Жақыныңды даттасаң

Жат болары ақиқат

Бақыт болар өмірде

Сәт болары ақиқат.

Сонымен, М. Әуезов пікірімен ойымызды түйіндесек: «Халықтық қазына – мақал-мәтелдердің молдығы, олардың тамаша поэтикалық формасы, шебер түрде берілген терең, тіпті философиялық мән-мағынасы – осындай тамаша үздік шығармалар тудырған қазақ халқының өзінің де асқан ақындық дарынның, оның сарқылмас даналығының айғағы», — деп атап көрсетуі зерттеліп отырған мәселенің маңыздылығын нақтылай түсетіндей

 

  1. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ

 

2.1 Жастарда салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи-        педагогикалық  мәселелері

 

       Ғалымдардың пікірінше, денсаулыққа зиянын тигізетін зиянды әсерлерден арылу туралы түсініктер алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдардың тайпаларына да тән еді. Ондай түсініктер олардың әдет-ғұрыптарында көрінісін тауып, тиімді түрде күш-қуатын қалпына келтіретін, жұқпалы аурулардан қорғайтын дәстүрлер пайда болды. Соған сәйкес баспана орнатып, жеке бастың гигиенасын сақтайтын, жерлеу тәсілдері, қоқыстардың көзін жою ережелері дүниеге келді. Әрине, аурудың пайда болу себептері мен оңың мәні туралы оларда ешқандай мәлімет жоқ еді. Содан барып мыңдаған жылдарға созылған мистикаға, табынуға, соның салдарынан діни наным-сенімдер мен дәстүрлерге негізделген көзқарастар пайда болды.

Ертедегі Көне Шығыс медицинасы туралы көптеген мәліметтер Египет папирустарынан, Вавилонның қыш кірпіш жазбаларынан, жерлеу саркофагтары мен камералардағы жазулардан, табынатын ғимараттар мен сарайлардағы қалдықтардан алынған. Ертедегі Месопатамияда ерекше құдай – Мардук деген емдеу ісіне жауап берген. Әйелдер, босану мен аналық пірі Иштар болса, кейінде гректер оны Астарта деп атап кетті. Хаммурапи патшалық құрған кезде емдеу туралы, соған сәйкес дәрігерлерге сыйақы төлеу   туралы заңдар жарыққа шықты.[34]

Ертедегі Грециядағы шынықтыру тәсілдері, дене жаттығуларымен шұғылдануға арналған гимназиялар, сумен жуынуға арналған термалар көпшілікке жақсы танымал еді. Антика дәуірінде  саулығы мықты және әдемі дене тұлғасына табыну барлық жерде өз үстемдігін құрған еді. Алдын алу сипатындағы көптеген шараларды ертедегі британдықтарда, галлдарда, көне герман тайпаларында, скандинавтарда, скифтерде табуға болады. Ертедегі Русьта шынығу процедуралары бұқаралық сипатқа ие болды, атап айтқанда, бу моншасынан шыққан соң қармен ысқылау немесе жылдың қай мезгілінде болсын мұз қатқан суға шомылуға үлкен мән берілетін.

Адамзат денсаулықты сақтау мен  нығайту проблемасын тануға әрқашан да ұмтылып келді, себебі денсаулықсыз толыққанды өмір сүру мүмкін емес. Денсаулық жақсы болған кезде оны сезіне білмейміз, ал денсаулықты жоғалтып алған кезде ауру күйі пайда болады да, ауру ағзаның жайсыз күйі туралы үнемі белгі беріп отырады.

Француз философы мен ағартушысы М.Монтень денсаулықтың құндылығын нақты анықтап берді: «Денсаулық дегеніміз – бағалы да құнды зат, ол  жалғыз ғана болғандықтан, ол үшін уақытты да, күшті де, еңбек пен барлық жақсылық атаулыны аямау қажет, тіпті ол үшін өз өміріңнің бір бөлшегін де құрбан етуге болады, себебі онсыз өмір төзімсіздік пен қорлыққа толы.». Данышпан Сократ былай деген: «Денсаулық ол барша дүние емес, бірақ денсаулықсыз түк те жоқ». Сондықтан да ол: «Адам, өзіңді тани біл!» деп шақырған болатын.

Денсаулық пен салауатты өмір салтын сақтау туралы ғылымның пайда болу тарихы адамзат тарихының тереңіне бойлап кетеді. Гиппократ  өзінің «Ауа, су, жергілікті жерлер туралы» шығармасында көптеген аурулар адамның іс-әрекетіне, ойларына, оның өмірлік жағдайлары мен  табиғат факторларына байланысты болатындығы туралы баяндайды. Нақты қоршаған орта, еңбек, тұрмыс, тұлғаның жекелей бейімділігі  ауруды анықтай түседі. «Медицина атасының» негізгі ойлары ертедегі Рим философтары мен дәрігерлері,  Византия империясы мен Шығыс елдерінде өз жалғасын тапты.[35]

Әл Фараби «Адам денесіндегі ағзалар туралы» трактатында медицина — адам денесіндегі және оның әрбір ағзасындағы денсаулық қызметін зерттейді, себебі медицина адам денсаулығы мен оның әрбір ағзасын қорғаудың шынайы принциптеріне сүйенетін — өнер екендігін атап көрсеткен.       Денсаулық сақтаудың маңызы туралы көне Үнді емшілері де жазып қалдырған. Денені құрметтей біліп, оны қамқорлыққа алу қажет. Денесін құрметтейтін, оны қамқорлыққа бөлеген адам екі дүниенің қызығын көреді – о дүниенің де, бұл дүниенің де.

Авиценна деген атпен әлемге танымал тәжік ғалымы ХІ ғасырда  медицина адам денесінің күйін тану туралы ғылым, оның денсаулығы мықты болуы мүмкін, немесе денсаулығын жоғалтқан болуы мүмкін деген болатын. Әр затты танып білуге оның себептерін танып білу мен жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады, сондықтан медицинада денсаулық пен аурудың себебін әрқашан білу қажет. Оның себептері анық болуы да, немесе жасырын болуы да мүмкін, оған тек сезім дүниесімен ғана емес, көріністер негізінде ақыл-ой қорытындысы арқылы қол жеткізуге болады, оны қазір симптом деп атап жүр.

«Дәрігерлік өнер мен медициналық ғылым өзінің негізгі мақсаты ретінде денсаулықты, оны сақтау мен нығайтуды өзінің басты мақсаты деп біліп, ал ауруды емдеуді медициналық доктринаның екінші бөлігі деп таныды. Дегенмен, ғалымдардың пайымдауынша бірсыпыра сабептерге сәйкес  медицина емдік сипаттағы мамандықтың тар шеңберінде, ауруханалық күйінде және өз мәнінде аурулар туралы, ең тар мағынасында денсаулық туралы ғылым болып отыр.».

Осылайша, медицина саласының көрнекті ғалымдары денсаулықты мұқият зерттеу қажеттілігі, бұл күйдің бұзылмауы туралы әрқашан да айтып келеді. Ал денсаулық күйі бұзылған жағдайда ағзаның өзіндік қорғаныс күштерін іздеп тауып, оның бұзылған күйін қалпына келтіретіндей болуы тиіс.[36]

Азия емшілері мен философтарының көзқарастарын талдау Жапония мен Қытайдағы салауатты өмір салтын қалыптастыру жүйесіндегі шешуші рөлді балаларды тәрбиелеудің діни-философиялық негізі, соның ішінде құранды бөліктерінің бірі конфуциялық жүйе атқарғандығын көрсетті.  Әдетте конфуциялық жүйе деп,  Қытайда 2500 жыл бұрын пайда болған діни-философиялық жүйені айтады. Осы ілімдер бойынша Шығыс елдерінде үлгілі адамды тәрбиелеу үшін адамды рухани жетілдіріп қана қоймай, сонымен бірге дене бітімін де жетілдіру дұрыс көзқарас деп есептелінгендігі туралы  деректер үлкен маңызға ие. Наным-сенімдерге сәйкес тұлғаны құдай жаратқан, ол мықты «қабықшаның» ішінде қорғалуы тиіс. Сонымен қатар, адамдар өз денесін күтіп ұстауы қажет, себебі, жапондықтар саулығы мықты дене бітімі  рух пен күш-қуаттың қайнар көзі, ата-ананың ақыл-ойынан ажырамас көз қуанышы  деп білген. Қазіргі уақытта жапондар арасында кездесетін діни бағыттардың бірі – синтоизм – адам  алдымен өз ішкі дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тани білуі қажет, өз жанына терең бойлау арқылы ішкі дүниесінде өмір сүретін «ками» деп аталатын құдайды сезіне білуі тиіс деген моральді насихаттап жүр.  Синтоистердің арасында мезгілінен ертерек өлімге аттанып бара жатқан жастың ата-анасынан өзінің ерте өлімі үшін кешірім сұрайтын әдет-ғұрып бар.

Дені сау тұлғаны тәрбиелеу мен жетілдіру туралы көне Қытай канондарында ментальдік себептер мен салдарлар ескермеген  дене бітімінің саулығы туралы уағыздарды іздеп табу өте қиын. Бір сөзбен айтқанда,  тән жолы мен рух жолы табиғатпен  тілдесуге және өмір сүру біліктілігін жасауға бағытталған, дұрыс өмірлік бағдарға ие болған табиғат және космоспен біртұтас жарасымды ғұмыр кешеді. Мұның бәрі қытайлықтар үшін аса маңызды өмір жолы туралы іліммен үздіксіз әрі берік түрде байланысқан. Сондықтан да қытайлар денсаулық туралы айтқанда өмірге деген философиялық қатынастары ретінде баяндайды. Бұл Дао философиясы – шындық пен адал өмір жолын білдіретін қытайдың ойы. Барлық қытай данышпандары Даоның жолын қуушылар болып табылады. Дао дәстүрі бойынша адам денесі бос кеңістік пен хаостың бейнесі болып келеді. Адам туа салысымен жоғарыдан белгілі көлемдегі «бастапқы күш-қуатын» алады. Уақыт өткен сайын оның қоры сарқылып, кәрілікке, ауру мен өлімге әкеп соғады. Даошылардың кемеңгерлігі  ауыруға жол бермеу және аурудың жазылуында болып келеді. Олар ауруды ментальдік себептердің шынайы көрінісі деп қабылдайды да соған сәйкес адамға қажетті психикалық және жайлы дене бітімі жағдайына алып келетін өмір салты қалыптасады деп ойлайды.[37]

Бүгінгі таңда жетілдіру дегеннің мағынасы организмнің өмірлік процестерін «аяғын аспаннан» келтіре білу туралы олардың ілімінің маңызы аса зор. «Дәрі қабылдай отырып біз өмірлік күшті ретке келтіреміз, біз ауру себептерінің сырттайғы салдарына әсер етеміз», — делінген «Батыс таулардың жазбалары» атты көне қытай трактатында.

«Дені сау өмір қызметінің ережелерінде» этикалық мінез-құлық мысалдары келтіріліп, дәрі ретінде бағаланады, этикаға жатпайтын мінез-құлық үлгілері ауру ретінде қабылданады. Мысалы: «Адамға бақыт тілеу дегеніміз – ол дәрі. Билікті пайдаланып, ойына келгенін жасау – ол ауру». «Кәрілер мен әлсіздерге көмектесу – ол дәрі. Күш көрсете отырып, адамдарды жеңу – ол ауру». «Жауыздықты жойып, мейірімділікті құптау – бұл дәрі, ал шарап ішіп, жанжал шығару, бүлдіру – ол ауру».

Көптеген түпнұсқаларды, түрлі елдердің құжатжай материалдарын талдау барысы салауатты өмір салтын қалыптастыру алдымен адамның ең жақсы сапаларын сақтауға арналған халықтың өмірлік тәжірибесінен шығатынын көрсетті және әр елдің мәдениетін тұлға дамуы жағынан да, рухани дамуы жағынан да көрсете білуге қабілетті, толыққанды дені сау адам, табиғаттың барлық әуре-сарсаңын, оның түрлі катаклизмдерін жеңе білетін, денсаулық деп аталатын табиғаттың ең құнды сыйлығын жетілдіруге бағытталған жан-жақты дамыған жеке тұлға идеалын тәрбиелеуге бағыт берді.

Шығыс, Орта Азия, Қазақстан халықтарының педагогикалық мұраларында денсаулығы мықты адамгершілікті негізге ие, өмірлік құндылықтар жүйесіне арқа сүйейтін, өзінің ішкі мүмкіндіктерін тани білуге және оны өзін жетілдіру біліктілігін пайдалануда жеке тұлғалық «менін» іске жарата білетін рухани және тұлғалық толыққанды адам қалыптастыру туралы терең де жаңа ойлар жарқын көрініс береді.

 

 2.2  Денсаулық пен салауатты өмір салтын сақтау проблемасының бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктері

 

Қазіргі уақыт кезеңі көптеген оқиғаларға толылығы мен орасан зор ақпараттар ағыны арқылы ерекшеленеді. Көпшілік бұл уақытты ақпараттар ағыны көлемінің артуына байланысты «өзгерістер дәуірі» деп атап жүр. Адам қызметінің бүкіл аспектілері бір-бірімен тығыз байланысқандықтан, қарым-қатынастың ғарыштық көлемде арта түскенінің куәсі болып отырмыз.

Адам қазіргі жағдайларда бұрынғыға қарағанда көптеген қиын проблемаларға тап бола бастады. Ағарту саласындағы қызметкерлерге жоғары ғылыми дайындық, жан-жақты білім қажет болса, ал басқаларға жоғары дәрежелі белсенділік таныта білу керек, соның өзі ағзаның қызметтік жүйесіне салмақ түсіріп, шаршау шақырады. Егер адам өз басына түскен проблемаларды шеше алмайтын болса, ол өзін қажетсіз «артық» адам деп біледі де, сол себепті  ішімдікпен немесе нашақорлықпен айналысуы мүмкін.

Жүйке ширығуы мен стресті жағдайларға толы қарқынды түрде өтіп жатқан өмірде адамның өзіне, өзгелерге және қоршаған ортаға деген қатынасын түбегейлі өзгерту қажеттілігі туындап отыр. Әрбір адам осындай жағдайларда  өз жағдайы мен өз денсаулығы үшін өзінің жеке жауапкершілігін арттыруы тиіс. Жақсы өмірге ешкім, тіпті туыстар да, қоғам да, мемлекет те кепілдік бере алмайды.

Дене мәдениеті мен спорт – бұл салауатты өмір бейнесін қалыптастырудың негізі, жастарды адамгершілікке, еңбек қызметіне интеллектуалдық және денелерін даярлау, жоғары спорттық жетістікке жету, денсаулығын нығайту құралы.[38]

Денсаулықты сақтау және нығайту көптеген зерттеулерде дене тәрбиесі және спорт сабақтарымен байланыстырады.

 Оңтүстік аймақ экологиялық қатынастағы еліміздің ең қолайсыз аймақтарының біріне жатады. Әсіресе, Байқоңырдағы ғарыш айлағының әсерінен атмосфераның газбен улануы, улы сәулелердің бұзылған ауа қабатынан адам ағзаларына тікелей өтуі, тамаққа пайдаланылатын өнімдердегі ағзаға зиянды химикаттардың артық мөлшері, жазғы құрғақ, ылғалсыз ыстық ауа, қысқы суық ызғарлы жел, міне осылардың барлығы оқушы жастар денсаулығын нығайту жайлы күнделікті қамқорлықты талап етеді. Сонымен бірге, денеге қосымша тәрбие беретін мына жүйелер бұзылды: қала, аудан және ауа райы қолайлы таулы аймақтарға орналасқан бұрынғы сауықтыру лагерлері, балалар және жастар ұйымдары, мектеп оқушыларының сарайлары, оқушылардың спортпен, туризммен, өлкелік және т.б. қызметтермен шұғылданатын әртүрлі үйірмелер мен секциялар.

Қоғамдық құнды қызмет түрлерімен шұғылдануға мүмкіндігі жоқ, жастар өзімен-өзі күйінде қалды. Осыған байланысты өзінің интеллектуалдық және дене мүмкіндіктері мен қоғамдық құнды қызметке қажеттілігін жүзеге асыруға мүмкіндігі болмауымен байланысты басқа да мәселелер туындайды.

Сонымен бірге, оқушылардың спорттық іс-әрекетіндегі туындаған мәселелері ғылыми-педагогикалық зерттеулерде кешенді, құндылық тәсілдері тұрғысынан өзінің көрнекті орынын тауып келеді. Оқушылардың дене мәдениеті мен спорттық іс-әрекет құндылықтарына деген қатынасы нашар зерттелген өзекті мәселе ретінде қалып отыр.

         Осыған байланысты мектептерде дене мәдениеті мен спортқа қызығушылық құндылықтарын қалыптастыру бағдарлары анықталып және сол бағдарларға сәйкес ұйымдастырылса, оқушыларының дене мәдениеті мен спортқа қызығушылықтары  артады және денесін шынықтырумен қатар денсаулығын жақсартуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спорттың — әлемдік бейбітшілік құралы ретінде танып білуіне жол ашылады, спорттық қызығушылықтың теориялық материалын терең игеріп бекітуге, іс-жүзінде дағдыға айналдыруға жағдай жасалар еді.

Сонымен қатар, біздің түсінігімізде дене мәдениеті тек қимылдық қабілеттерге ғана бірігіп қоймайтын, дене бітімі мен қабілеттерін әлеуметтік жағынан қалыптастыратын кең ауқымды білдіреді. Оған адам ағзасының анатомиялық жүйесін, нақтырақ айтқанда, оның дене бітімін сипаттайтын дене сапалары кіреді, демек дене мәдениеті қозғалыс мәдениеті (қимылдық мәдениет) ғана емес, сонымен қатар қимылдық-қозғалыс элементтері дененің саулығы, адамның дене сапаларын, бітімін жетілдіру мәдениеті саналатын дене құрылысы (соматикалық) мәдениеті болып табылады.

Сондықтан, адамның жан-жақты жарасымды жетілуіне негіз болып табылатын дене мәдениеті жөнінде айтқанда біздің назарымызды оның спицификалық маңызы — дене тәрбиесі, жеке адамды қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын денені шынықтыруға ғана аударып қоймайды. Бұл дене  тәрбиесін зерттеуші ғалымдардың айтуынша, адамның дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталған педагогикалық қызмет аясын ғана емес, сонымен бірге  жеке адамның еңбек, мінез, ақыл, ой, эстетикалық, отансүйгіштік, саяси тәрбиесін де қамтуы тиіс. Ол мәдениеттің бір түрі ретінде қандай да бір дене көріністеріне жатқызылмауы керек, оның элементтерін тұтас күйінде қарастыруымыз қажет. Бұл, біздің зерттеуіміздің сан қырлылығы жөнінде жасаған қорытындылардың дұрыстығын дәлелдейді.[39]

 

Мемлекеттің әлеуметтік көмек бағдарламалары, білім беру мен денсаулық саласындағы жартылай ақы төлеу, зейнеткерлік қамтамасыз ету — қоғамды бұзатын және  әрбір жеке тұлғаның шығармашылық белсенділігін төмендететін «жатып ішерлік» психологияны туындатты. Сондықтан да қазіргі кезде жоғары кәсіби білімге, жан-жақты эрудицияға, жоғары адамгершілік сапаларға және мықты денсаулыққа  ие белсенді жеке тұлғаны тәрбиелеу үлкен маңызды шара болып табылады. Осы жерде жай ғана денсаулық туралы сөз етіп қоймай, ағзаның қызметтік жүйесіндегі зор қуат көзімен ерекшеленетін денсаулықтың жоғары деңгейіне  қол жеткізу мәселесіне ерекше мән беріледі. Тек денсаулықтың жоғары деңгейі ғана  интеллектуалды-жасампаз жұмыспен, өндіріспен, бизнес және күнделікті жай жұмыспен шұғылданатын адамның  шығармашылық белсенділігі мен жоғары жұмыс қабілетінің оңтайлы іргетасы болып табылады. Адам денсаулығын нығайту проблемасын тиімді түрде шешу   адам ағзасына жанжақты да жайлы әсер ететін әдіс, тәсіл және жағдайларды пайдалануға кешенді түрде жақындау арқылы ғана қол жеткізу мүмкін.

Адам проблемасы, оның мәнінің, бүгінгі және болашақтағы қызметі мен денсаулығы – осы күнге дейін толық шешіле қоймаған маңызды проблема. ХХІ ғасырдың басында  адамзат сыртқы ортаны танып білуге деген қарым-қатынас саласына бар күшін салғандықтан, өзін танып білу саласын ұмыт қалдырғанын сенімділікпен айта аламыз. Н.П. Дубининнің пікірінше, адам туралы білім ғылымның өзара қосындысында еріп кетпей, керісінше, адамға деген кешенді көзқарас өзгшелігімен сақталуы тиіс. «…Ғылымды ұйымдастыруды практикалық түсіну туралы ғана сөз болып отырған жоқ, тым болмаса теориялық тұрғыдан адамды қолда бар ғылым құрылымында  кешенді зерттеуді қалай жақсы қамтамасыз етуге болатынында…».

Адам зерттеу пәні ретінде көпқырлы табиғатты танып білу кілті болып табылады. Соңғы жылдары өндіріс пен қызмет көрсету саласының қарқынын арттыру мен оңтайландыруға көп кеңіл бөлінгенімен, адамның болашақтағы тағдыры туралы аз айтылып жүр. Көпшілік демографиялық проблемалар, дүние жүзіндегі жылыну туралы жазғанымен, адам денсаулығына, әлеуметтік және моральдік бет-бейнесіне аз назар аударып келеді. Бірақ адамның «сапасы», оның гендік күш-қуаты, әлеуметтік салада қабылдап алған денсаулығы  болашақ адамзат қоғамы үшін теңдеусіз үлкен маңызға ие. Егер практикалық тұрғыдан дені сау адамдардың тең жартысы «үшінші күй» деп аталатын күйде, яғни анық байқала қоймаған жүйке сырқатымен жүретін болса, онда денсаулық дәрежесін арттыру мен салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасының келіп шығуы өз-өзінен белгілі.

Қазақстанда денсаулық туралы алғаш рет зерттеу жұмысын жүргізген зерттеушілердің бірі Л.З. Тель болып табылады. Ол валеология ғылымы адам болмысының баршаға мәлім салалары – моральдік, дене, адамгершілік және психикалық салаларын қамтитындығы туралы айтты. Л.З. Тель өмірге деген валеологиялық көзқарасты халықтық медицина әдісі бойынша сонау көне дәуірден бүгінгі күнге дейін ізбе-із зерттеді. Ол өзінің үш томнан тұратын «Валеология: денсаулық, ауру, және сауығу туралы ілім» атты еңбегін жарыққа шығарды. Қазақтың спорт және туризм академиясында профессор Т.Қ.Мұстафина валеология негіздерін жасаумен шұғылданып келеді, медициналық валеология, психологиялық валеология және педагогикалық валеология түсініктерін енгізіп отыр.

Қазақстанда профессор А.Ақанов салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасының Ұлттық Орталығын басқара отырып, «Валеология» пәнінің – «денсаулыққа қалай қол жеткізуге болады» бағдарламасын жасау барысында оқушының дамуын ескеру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру түсінігі, дағдысы мен уәжі мақсатына жету болып табылады. Проблемалар орталығының  жұмысын Қ.А. Төлебаев қызметкерлерімен бірге жалғастырып келеді.

Валеология адам ағзасының өмірлік қызметі заңдылықтарымен таныстырады, денсаулықты қолдау мен нығайту тәсілдеріне, гигиена негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға үйретеді.

Салауатты өмір салты даму мен денсаулықты нығайтудың  жарасымдылығын қамтамасыз ететін бірнеше философиялық, әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, педагогикалық, гигиеналық және медициналық аспектілерді қарастырады (1 сурет).

Оқушыларды гигиенаға оқыту — олардың назарын проблемаға аударуға, денсаулық қорғау мәселелері бойынша көкейкесті мәселелер туралы ақпараттарды таратуға,  денсаулыққа деген жағымды уәждеме қалыптастыруға, оқушылардың салауатты өмір салтына ықпал ететін, яғни қалай дені сау болуға үйрететін гигиеналық дағдыларын нығайтуға мүмкіндік береді.

Гигиенаға оқыту мен тәрбиелеуді күнделікті мақсатқа сай іске асыру қажет. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасының Ұлттық Орталығы салауатты өмір салтын қалыптастыру жаттықтырушыларын дайындауды ұйымдастырған.

Оқушылардың жасына жас қосылып, сыныптан сыныпқа ауысқан сайын олардың білімі тереңдеумен бірге кеңейе түсуі де қажет. Практикалық гигиена сабақтарын медициналық-санитарлық сауаттылық және денсаулық сақтау тараулары бойынша пән мұғалімдері, дене шынықтыру мұғалімдері және медицина қызметкерлері жүргізуі тиіс. Оқушыларға  денсаулық сақтауға қажетті білімдер жайлы мәліметтер беру және соның негізінде берік

 

1  сурет – Салауатты өмір салтының аспектілері

 

гигиеналық дағдылар қалыптастыруға тәрбиелеу – мектеп парызы. Алға қойылған мақсатты іске асыру үшін оқу процесінде, күнделікті өмірде және отбасында бастапқы білімдер мен дағдыларды сіңіру міндеттері шешімін табуда.

Денсаулық негіздеріне үйрететін міндеттер: зиянды заттарды (темекі тарту, ішімдік ішу және нашақорлық пен улы заттарды пайдалану) қолданудың алдын алу.

Оқушыларды валеологияға үйрету жоспарлы әрі түсініктер дамуының сабақтастығы негізінде, жетекші ойларды меңгеру арқылы, адам ағзасы қызметі заңдылықтарының гигиеналық, санитариялық ғылыми факторларын ескере отырып, денсаулықты, салауатты өмір салтын қолдау мен нығайтуға қажетті білімдерді, біліктіліктерді, дағдыларды қалыптастырады.

2002 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасының Ұлттық Орталығы Қазақстан Республикасы салауатты өмір салты мамандарының Форумын ұйымдастырды және өткізді. Форум жұмысында салауатты өмір салтын ендіру бойынша тәжірибесі бар, өзінің негізгі міндеті деп санайтын емдеу мекемелері, оқу орындары мен ұйымдардың жұмысы өз көрінісін тапты. Тұрғындар арасында кеңінен тараған жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдан алу мәселелері қаралды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жаңа көзқарастар, технологиялар, әдістер өз көрінісін тауып, тұрғындар денсаулығының жай-күйі туралы алаңдаушылық білдірілді және  адамдарды сауықтыру, шыңдау, тамақтануын жақсарту, дене белсенділігін арттыру жұмыстарының қажеттілігі тілге тиек болды.[40]

1997 жылы Қазақстан әлеуметтік дамудың «Қазақстан — 2030» атты бағдарламасын ұсынды, оның негізгі тармақтарының бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру мен  белсенді түрде денсаулықты нығайту. Осы бағдарлама қабылданған кезден бастап, елімізде осы басымдықтарды іске асыру бағытында үлкен жұмыс жүргізілді:

— салауатты өмір салтын (СӨС) қалыптастырудың заңдық-құқықтық негізі жасалды. («Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарлама; ҚР Үкіметінің  «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы», жеткілікті дәрежедегі ведомстволық құжатнамалар);

— салауатты өмір салтын қалыптастыру  қызметі – жаңа қызмет желісі жасалған (Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасының Ұлттық Орталығы, оның филиалдары, 14 облыстық 7 қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасының Ұлттық Орталығы, 134 аудандық деңгейдегі денсаулық нығайту орталықтары );

— салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарын насихаттау бағытындағы шаралар жекелей қаржыландырылады;

— 1999 жыл бойында СӨСтің түрлі аспектілері бойынша мұғалімдер, дәрігерлер және медбикелердің ішінен 3 мыңнан астам мамандар дайындалды;

— салауатты өмір салтын қалыптастыру  бойынша халықаралық ұйымдармен әріптестік қатынас орнатуға 6 млн.$; соның ішінде Дүниежүзілік Банктің СӨС қалыптастыруға деген 2,88 млн.$ қаржы көлемінің бөлінуі;

— 2 орталық ашылған: Дене шынықтырудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (1); Валеологияның Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы (2).

Осылайша, «Қазақстан — 2030» әлеуметтік стратегиясының  басымды бағыттарының бірі — СӨС қалыптастыру және денсаулықты нығайтудың  шынайы негізі қаланып, өз жұмысын атқаруда.

Дегенмен, денсаулыққа деген құндылықты көзқарас пен салауатты өмір салтын қалыптастырудың  көптеген әдістемелік мәселелері шешімін таппай келеді.

Отандық философия ғылымында адамның табиғаты туралы, денсаулықтың сипаты үшін аса маңызды, яғни биологиялық пен әлеуметтіліктің қатынасы мәселелері әлі күнге таласты мәселеге айналып отыр. Бастапқы жағдай адам бойында қалыптасқан биологиялық пен әлеуметтілік жақтары сабақтастығының шынайылығын, өзара шарттас бірлігін, бірақ таратып қарағанда әрқайсысының жеке даму процесін мойындау болып келеді.

Адамзат  қазірше өзіндік биологиялық өмір сүру жағдайларына жеткілікті дәрежеде ие емес, сондықтан да қоғамның әлеуметтік дамуының үздіксіздігі қажет-ақ. «Адам мәнінің проблемасы, оның табиғатының проблемасы іспетті  «мәңгілік» ғылыми және философиялық міндеттер қатарына жатады. Олар «мәңгілік» және әрқашан да жаңа, себебі, адам болмысының табиғи жағдайлары мен оның өмір сүру қызметінің әлеуметтік факторлары өзгеріп отырады».

«…Адам мәнін оның бүкіл өмірлік қызметінде табиғи түрде өзара байланысқан оған қажетті барлық сапалары мен байланыстары құрайды…». Адам бойындағы биологиялық әлеуметтіліктен бөлінбейді, дегенмен, Homo sapiens  — дейді Н.П. Дубинин, —  жануарларға қарағанда бұл түрдің екі даму бағдарламасы бар: генетикалық және әлеуметтік тұқым қуалау бағдарламасы. Адамның биологиялық ұйымдасуы оның өзі жасаған орта жағдайында ғана толық іске асуы мүмкін, ал оның генотипі әлеуметтік бағдарламаны қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Г.Қ. Нұрғалиева өз денсаулығына деген құндылықты қатынасты тәрбиелеуде балалардың, жеткіншектер мен жастардың жас ерекшеліктеріне қарай биологиялық заңдылықтарын ескеруді маңызды шара деп біледі.

Бірсыпыра авторлар әлеуметтік-биологиялық проблеманың медициналық аспектілерін қарастыра отырып, құбылыстар мен факторлардың үш тобын анықтады: біріншісі — әлеуметтік факторлардың адам биологиясына әсері (адам қорғанышсыз қалатын техногендік факторлар), екіншісі — әлеуметтік факторлардың жанама әсері (акселерация, аллергизация және жүйкеге салмақ түсуі), үшінші тобы — әлеуметтіліктің биологиялық мазмұнының факторлары (темекі тарту, ішімдік ішу, нашақорлық, уытты заттарды пайдалану, жыныстық бей-берекет қатынастар, аумалы-төкпелі мінез-құлық және т.б.) Осы аталған факторлардың ең соңғысы ғана адамның өмір салтын анықтайды (денсаулығы жақсы  немесе денсаулығы нашар).

А.Г.Щедрина денсаулықты нығайту жүйесін қалыптастыру қажеттілігі арта түсіп отырған қазіргі кезде бірінші кезекте денсаулық құрылымы және осы құрылымды қалыптастырудағы әлеуметтік-биологиялық алғышарттардың құрылымын зерттеу міндеті тұр. Әлеуметтік біртұтас және жинақтаушы факторға айналып, бір жағынан биологиялылықты шектей түседі, ал екінші жағынан адамның табиғи нышандарын жетілдіруге ықпал етеді,  дейді авторлар.

Ешқандай әлеуметтілік биологиялық субстраттың қатысуынсыз іске аспайды. Осылайша, дара тұлғаның өзіндік биологиялық және әлеуметтік қызметтерін атқаруын денсаулықтың көрінісі деп баяндауға болады.

   Дара тұлғаның өзіндік биологиялық және әлеуметтік қызметтерін іске асыру қабілеті жоғарылаған сайын, оның денсаулық деңгейі де жоғары болады. Өзінің денсаулығын көрсету қабілетіне, немесе басқаша айтқанда,  өзіндік биологиялық және әлеуметтік қызметтерін іске асыру қабілетіне тұлғаның психикалық және рухани сапалары үлкен әсер етеді. Бір жағынан өмірлік қондырғылар мен дара тұлға қажеттілігінің сәйкес келуі, екінші жағынан денсаулық көрінісі  – дене бітімі, рухани және әлеуметтіктің белгілі бір «аман-саулық» дәрежесін қалыптастырады.

А.В. Ахаев денсаулыққа келесі түрде анықтама береді: денсаулық адамның қозғалыстағы күйі, оның жүйесі өзіндік ұйымдастыру тетіктерінің қорлары арқылы анықталады (патогендік факторларға деген  төзімділік), өзін ұйымдастыру процестерін күш-қуат, пластикалық және ақпараттық (реттегіш) тұрғыдан қамтамасыз етумен қатар биологиялық және әлеуметтік көріністерінің негізі ретінде сипатталады .[41]

Денсаулық негізінде дара тұлғаның рухани, психикалық және соматикалық сипаттары бар, олар өте күрделі қоршаған орта мен ішкі ортаның кешенді факторларының өзара әсері негізінде қалыптасады. Дәл осы заңдылықтар гигиена ғылымдары кешенінің зерттеу пәні болып табылады. 

Адам баласының  негізгі биологиялық қызметтері – оның өмір сүре білу қабілеті мен ұрпақ жалғастыруында, әлеуметтілігі – тұлғаның әлеуметтенуі, еңбекке деген қабілеті, тұрмыста және қоғамда өзінің әлеуметтік рөлімен қанағаттануы және т.б. Дәл осы шеңбер төңірегінде ғана дара тұлға денсаулығының сипатына арналған модельді тікелей көрсеткіштері бойынша іздеп табу қажет.

А.Г. Щедринаның  теориясы бойынша дені сау ағзаға келесі сапалық және сандық қасиеттер жатады:

— дене дамуының деңгейі мен жарасымдылығы;

— негізгі физиологиялық жүйелердің қор мүмкіндіктері;

— ағзаның иммундік қорғанысы айрықша емес резистенттілігі;

— ұзаққа созылған аурудың, даму кемшілігінің болуы не болмауы;

— метаболиттер мен эндотоксиндерді бөлу қабілеті;

— моральдік-ерік күші мен құндылықты-уәждемелік қондырымдарының деңгейі.

Басқа белгілері де болуы мүмкін, бірақ аты аталғандардың әрқайсысы ағзаның тұтас күйі ретінде денсаулыққа оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Бір белгіде болған өзгеріс міндетті түрде тұтастың басқа бөліктеріне міндетті түрде әсер етеді.

Санамаланған денсаулық көрсеткіштері сандық сипатқа ие екендігі арнайы әдебиеттерден мәлім болғандықтан, денсаулық сияқты осындай жинақталған көрсеткіштердің өзгеріс динамикасын байқап отыруға мүмкіндік береді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бар әлемде басымды мәселе болып табылады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру тұрғындардың денсаулық көрсеткіштерінің жақсаруы мен аурулардың алдын алу бойынша ұлттық саясат дәрежесіне дейін көтерілген.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі  мен СӨС бағдарламаларын жасау күйінің өзгерісі адамның өзіне байланысты заңдылықтарға негізделеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ағзаның қорғану қабілетін нығайту, жеке басының гигиенасы адамдарға ғана емес, қоғамға да үлкен пайдасын  тигізуі мү1мкін. Салауатты өмір салтын қалыптастыру негізі мен күн тәртібін сақтау адамның өз өмірін құра білуіне, оның тұрақтылығына, тазалығына, шыңдануына, тамақтануына, дәрілер пайдалануына, ішімдік ішіп және  шылым тартуына және т.б деген парасатты қатынасы болып табылады.

Әдетте, «өмір жағдайы» мен «өмір салты» деген түсініктерді  шатастырып алатын жағдайлар кездесетіні баршаға мәлім.  Ю.П. Лисицин салауатты өмір салтының теориялық тұжырымдамасын жасай отырып, «өмір салты» дегеніміз – денсаулыққа зиянды әсер беруге бағытталғандарды (ішімдік, шылым тарту және т.б.)  адамдар қызметі мен белсенділігі арқылы аластау десе, «өмір жағдайы» дегеніміз – дара тұлғаның адам қызметін толық орындауы үшін денсаулыққа зиянды әдет-ғұрыптарды жоюы. Бір жағынан салауатты өмір салты бұл — өмір салтының формасы, екінші жағынан  өмір салтының  басқа формалары мен көріністерін іске асыратын және дамытуға ықпал ететін жағдай.

Салауатты өмір салтына деген қызығушылық тұрғындардың елеулі түрде денсаулықтарының нашарлауы мен олардың өмірінің қысқаруымен байланысты.

Көптеген авторлар адамдар өмірін толық зерттеуге мүмкіндік беретін салауатты өмір салтын күрделі динамикалық жүйе деп түсінеді. Бұл жүйелі категория, олардың элементтерін бір-бірінен айыруға болмайды және жинақтала келе жаңа жүйелік сапа құратын болады.

Қарастырылған анықтамаларды талдау түсініктердің бір-бірінен айырмашылығын, сонымен қатар олардың жалпы бағыттарының өзгешелігін анықтауға мүмкіндік берді. Осы анықтамаларда жалпы түрде дене белсенділігі, оңтайлы қозғалыс тәртібі, дене қабілеттерін көрсете білу, дене сапаларының өлшемге сәйкестігі тұтастай алғанда қозғалыс белсенділігін құрайды және сипаттайды.

Көптеген анықтамаларды санамалай беруге болады, бірақ олардың әрқайсысының мағынасы  оңтайлы қозғалыс тәртібінің маңыздылығын  салауатты өмір салтының маңызды сипаттамасы ретінде бөліп көрсетумен тиянақталады.

Ендеше, жоғарыда аталғандарды талдай келе салауатты өмір салты деп, біз өз  қызметін денсаулығын сақтауға, нығайтуға және жақсартуға бағыттаған дара тұлғаның өмір салты деп түсінеміз, сондықтан да ол өмір салтының басқа жақтарын іске асыру мен дамытудың  шарты мен алғышарты болып табылады.

Адамның салауатты өмір салтына, экологиялық жағдайға байланыстылығы белгілі болған сәтте әлеуметтік саясаттың басты міндеттерін орындауда әрқайсысының (отбасы, мектеп, мемлекеттік дене шынықтыру және басқа да ұйымдары, денсаулық сақтау органдары) орны анықталған түбегейлі теорияның қажеттілігі пайда болды.[42]

 

 2.3 Шығыс ойшылдарының тәрбие мен салауатты өмір салтына деген көзқарастары

 

Мәдениеттің даму тарихын, аға ұрпақтың мұраттарын, көзқарастарын, тұрмысын, дәстүрлерін, өмірі мен ғұрыптарын оқып-үйрену қазіргі қоғамның рухани және ақыл-парасат тұрғысынан байи түсуінің маңызды шарты болып табылады.

Г.Д. Әлімжанова өзінің оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған диссертация жұмысында қазіргі қазақтардың ертедегі ата-бабалары өлместей бай рухани мұралар қалдыра білгенін атап көрсетеді, сондықтан оларды мектеп оқушыларын тәрбиелеу барысында ұтымды пайдалануы мүмкін.[43]

Орхон өзені маңайында бой түзеген руна жазулары ескерткішінде ағайынды бауырлар Білге қаған мен  Күлтегіндердің құрметіне қазіргі қазақ тілінде кездесетін көптеген көркем бейнелер мен қанатты сөздер бар. Орхон-енисей жазуларының өн бойында кездесетін негізгі ойлар – қаған билігін марапаттау, бектер мен халықтардың қағанға деген сенімділігі, халықтардың бектерге бағынуы.

Қорқыт – ІХ ғасырда өмір сүрген және шығармашылықпен айналысқан танымал жыршы және сазгер, әсем сазды дүниелерді өмірге әкелген. Ол өз шығармаларында өлім алдындағы қорқыныш сезімдері, одан қашу туралы өз ойларын білдіреді: «Өлген адам тірілмес,кеудеден шыққан жан қайтып келмес», «Қар қанша қалың жауса да жер бетінде қалмақ емес, гүл ашқан жасыл майса күзге дейін қалмақ емес» және т.б. Бәрінен де Қорқыт атаның тәрбие, адамның қандай қасиеттерге ие болуы туралы, ата-бабаларымыздың тәлімгерлік мәдениеті жайлы баяндаған ой-пікірлері үлкен құндылыққа ие.

Әлемдік тәлімгерлік ойларды Жақын және Орта Шығыстың атақты энциклопедиялық ғалымдары мен педагогтары байыта түседі. Орта ғасырдағы Шығыс мәдениеті мен ғылымының аса майталман қайраткері деген бірінші атақ Әбу Насыр Мухаммед әл-Фарабиге тиесілі еді.[44]

Әл-Фараби адамды бақытқа апарудың мақсаты мен тәсілдері туралы Платон мен Аристотельдің ілімін дамыта отырып, өзінің ғылыми-педагогикалық еңбектерінде тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Ол табиғат бірдей етіп жаратқан адамдар тек тәрбиесімен ғана өзгешеленеді, жақсы тәрбие алған адам нашар тәрбие алған адамдарға қарағанда сый-құрметке лайықты болып келеді деп білді. әл Фарабидің пікірінше, педагогика дегеніміз тәрбиеленушінің еркі мен қалауын белгілі бір бағытта соған сәйкес әдіс және тәсілдер арқылы басқара білу өнері және ол басқарушы педагог,ұстаз, мұғалім. Ол нағыз тәрбиеші өз бойында он екі табиғи қасиеттердің басын біріктіре білуі қажет деп біледі (соның бірнешеуін мысалға келтіреміз):

— тамақ пен сусын қабылдауда және жыныстық қатынас жасауда өзін-өзі ұстай білуі, ойыннан және сол ойын арқылы келетін ләззаттан бойын аулақ ұстауы;

— шындықты және оны қолдайтындарды жақсы көру;

— өтірік пен оны айтушыларды жек көру, абыройын сақтап, өз жанын асқақтата білу;

— адам әділетті болуы тиіс, бірақ бірбеткей емес; әділеттілік қажет болған тұста бірбеткейлікке жол бермеу қажет, сонымен қатар, әділетсіздік жағдайында ешкімге бас имеу керек;

— өзі қажет деп тапқан жағдайда табандылық көрсету, қорықпай, батылдық таныта білуі тиіс.

Осылайша, денсаулық сақтау мәселесінің тәрбиешіні дайындау жүйесінде өз орны бар болғандықтан, тамақтану мәселесімен, зиянды әдеттерден бойын аулақ салу және тұлғаның санасын қалыптастыру мәселелерімен тығыз байланысқан.

 Әл Фараби адамдарды, әсіресе жастарды тәрбиелеу жүйесінде бірінші орынға адамгершілік тәрбиесін қояды, оны еңбек, дене, ақыл-ой, эстетикалық, гуманистік және отансүйгіштік тәрбие түрлерімен қоса алып жүруге көп көңіл бөледі. Ол Шығыста алғаш рет әдеби, саздық тәрбие мен білім беру мәселесін қарастырды. Оның халық тәрбиесінің бар асылын бойына жиған этикалық тұжырымдамасы осы күнге дейін қазіргі ғылым саласы үшін де үлкен қызығушылық туғызып отыр.[45]

ХІ ғасырда өмір сүрген көрнекті мемлекет қайраткері әрі саясаткер Жүсіп Баласағұн «Құтадгу білік» («Құтты білім») атты дидактикалық трактатын жазды, ол бірінші рет осы күнге дейін келіп жеткен Орта Азия мен Қазақстан түркі тілдес халықтарының көрнекті шығармасы еді. Бұл шығармасында автор этикалық-педагогикалық ойларға беріледі: білімнің адам өміріндегі рөлі туралы, жақсы және жаман қылықтар туралы, бақыт жайлы және қоғамның түрлі өкілдері арасындағы қатынас өнері, ата-аналардың балаларымен қарым-қатынас жасай білуі туралы.

Жүсіп Баласағұн жеке тұлғаның қалыптасатын негізгі ортасы отбасы тәрбиесі деп санады. Ата-аналарға балаларын тәрбиелеу жайында үлкен жауапкершілік жүктеледі. Адамгершілік қасиеттер жақсы тәрбиемен келеді. Баланы қатаң түрде тәрбиелеу қажет,ол ерке, ызақор, әлжуаз, бейімсіз болып өспеуі тиіс. Баланың лайықсыз мінез-құлқына ата-аналары жауапты. Баланы жас кезінен бастап, құлақ асуға, еңбек сүйгіштікке, үлкен ата-аналарын құрметтеуге, адалдыққа, әділеттілікке, мырзалыққа, мейірімділікке үйрету қажет.

Қазақтың танымал ағартушы-ғалымы ШоқанУәлиханов ХҮ ғасырдың бір топ ойшылдары ішінен қазақ жырауы, философы, Ұлық Мұхаммед ханның кеңесшісі болған Асан Қайғыны «көшпенділер философы» деп атады. Асан Қайғы өз кезінің білімді деген адамдарының бірі болған. Оның ақындық шығармашылығында адам баласы қандай болуы тиіс, ол неге ұмтылуы тиіс, ол қалай жетіле алады дегендей небір қызықты ойлар өз көрінісін тауып отырады. Көшпенділер философы әр адам өзін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс деп санады. Адам әділеттілік, өзін-өзі ұстауы, кішіпейілділік, адамгершілік пен жан ашу секілді моральдік сапаға ие болған тұста ғана жеке тұлға болып қалыптасады.

XVІІІ ғасырдың аяғында өмір сүрген философ әрі ақын атанған Шал ақын Қазақстандағы прогресшіл ақыл-ойдың талантты да жоғары адамгершілікті және көрнекті өкілі болып табылады.

Шал ақын өз шығармаларында өмірдің мәні, қайырымдылық пен зұлымдықтың, дін мен ізгіліктің маңызы жайлы ойларға беріледі. Ойшыл ақынның шығармашылығындағы басты тақырып – адамның барлық кезеңдердегі өмірі, ол осы тақырыптарға сан алуан өлеңдерін арнаған. Ақын аса ерекше толғаныспен қайғысыз, қамсыз тірлік кешкен балалық шақты – тән мен ақыл-ойдың нығаю кезеңін еске алады. Адам өміріндегі ең бір тамаша кезең – ол ағып өте шығатын, қайталанбас, қайтып келмес жастық шақ деп санайды.

XVІІІ ғасырдың аяғына қарай Қазақстан Ресейге түгелімен қосылып болды. Соған байланысты қазақ қоғамы мен оның тұрмысындағы әлеуметтік қатынастарда үлкен өзгерістер өтіп жатты. Оның бәрі халықтың мәдениетінде көрініс тапты.[46]

Мәдениет, білім  және тәрбие саласына танымал ағартушылар Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин және А. Құнанбаевтар орасан зор үлес қосты.

Шоқан Уәлиханов – ғалым, саяхатшы, этнограф, археолог, тілші, тарихшы, ағартушы ретінде өз кезінің терең білімді адамы болды. Оның көзқарасы алдыңғы қатарлы орыс демократиясының әсерімен қалыптасып, білімнің пайдасы мен оның қажеттілігі жайлы алдыңғы қатарлы ойларды таратуға басты мұрындық болды.

Ш. Уәлиханов көшпенділердің рухани байлығы тек қана еңбек ету арқылы ғана ашылады деп санады.

Ертеректе өмір сүрген қазақ ойшылдарының ойлары мен идеялары, пікірлері XIX ғасырда өмір сүрген ағартушылардың педагогикалық мұралары білім беру алдында жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдар алған, жеке тұлғаны қалыптастыруды талап ететін міндеттер тұрған қазіргі уақытта да көкейкесті болып отыр. Қазақтардың әдеби-педагогикалық қазынасының ескерткіштері халық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары негізінде тиімді түрде тәрбиелеудің алғы шартын іздеу болып табылады.

Қазақтың ұлы ағартушысы, ақыны мен жазушысы Ыбырай Алтынсариннің сіңірген еңбегі ерекше маңызға ие. Оның педагогикалық шығармаларында халықшылдық, гуманизм, отанды сүюге, демократиялылыққа деген ойлар нақты көрінісін тапқан: ол шығармалардың өн бойында «адамшылдыққа» деген ұмтылыс қылаң береді. Ағартушы-педагог еңбектің орасан зор маңызын көрсетеді, еңбекке құрметпен қарауды  тәрбиелеуді басты мақсат етіп қояды. Ол өз еңбектерінде қазақтың қарапайым еңбеккерлерінің қабілетті, адамгершілікті, ақылды, тапқыр, қызыққыш балаларын бейнелейді; оларды табиғатынан дарынды, білуге құмар адамдар ретінде сипаттайды.

 XIX ғасырда өмір сүрген ғұлама ақын және демократ, ағартушы Абай Құнанбайұлы  ұрпақтарына өзінің көпқырлы мұрасын қалдырды.

Абай еңбекті тәрбиенің басты құралы деп біледі: «Тоқшылықта өмір сүру үшін бір кәсіпке ие болу керек. Мал – бір жұттық, ал кәсіп ауа райы жағдайларына қарамайды. Кәсіпке ие болған адам ақ тер, көк тер болып өзі жасаған дүниесін сатады, ол – жақсы қазақ.» Ауа райының қатал жағдайлары, еңбек қызметінің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері – мал асырау, қой бағу, жылқы, түйе бағу, аңға шығу, балық аулау, егін шаруашылығымен айналысу, тұрмыстық қызметтің өзгешелігі, дәстүрлі әдет-ғұрыптар жақсы дене дамуы мен денсаулықты керек етеді. Қазақтар арасында ұлттық ойындардың, түрлі спорт түрлерінің, ұлттық ойындардың дамуы ең алдымен денені шынықтыруға, ағзаның төзімділігін арттыруға, байқағыштыққа, мергендікке және ішкі есепке бағытталған болатын. Қазақтар көп ғасырлар бойы дене бітімін шынықтыруға ерекше мән берген. Халық арасында денсаулығы жақсы адам ғана өмір қиыншылықтарына төзімді келеді, ұрпақ өмірге әкеледі, шаруасын жүргізеді деп санайтын болған. Дене тәрбиесі негізгі үш міндеттің шешімін тапты: өмір сүруді ұзарту, денсаулықты, еңбексүйгіштікті сақтау, ерік күші мен моральдік сапаларын тәрбиелеу.

Қазақтарда дене тәрбиесі туғаннан бастап қолға алынады. Бала жастағы дене тәрбиесінің негізгі міндеті бала денсаулығын нығайту, денесін дұрыс дамытуға ықпал ету болып табылады. Халық дене бітімі мықты және дені сау жеке тұлға тәрбиелеуге ұмтылды. Мұндай ұмтылыс қазақтың көптеген салт-дәстүрлерінде өз көрінісін тапқан. Қазақ отбасыларында кәмелеттікке жету жолында маңызды мән берілген белгілі оқиғаларды атап отыратын болған. Жаңа туған нәрестені бесікке саларда («Бесікке салу») оған ертерек өсуді, батырдың денсаулығын тілейтін болған; сәби жаңадан қаз-қаз тұрып жүре бастағанда «тұсау кесу» салты бойынша бала ертерек жүрсін, жүгірсін деп тілеген. Қазақ балалары ертерек атқа отыруға үйренген. «Атқа отырғызу» ауылдағы үлкен той-мереке болып саналған. Баланың бір қолына қамшы беріп, екінші қолына сүңгі ұстатқан. Болашақта жігіт атқа жақсы отырып, найзаны басқалардан жақсы лақтыруы тиіс деп білген. Жеті жастағы қазақ балалары шебер атбегі, әкесінің шаруасындағы мықты көмекшісі. Бұл жаста олар үш және төрт жастағы аттардың жарыстарына (құнан-бәйге және дөнен-бәйге) қатысатын болған. Дене бітімі мықты, денсаулығы жақсы, төзімділікке үйренген балалар ат жарысының күрделі түрі «Аламан бәйге» деген жарысқа қатысқан, олардың шабу қашықтығы 50 және одан да көп шақырымды құрайтын еді. Әрине, мұндай орасан зор жүктемені ең күшті, шыдамды және табанды шабандоздар ғана көтере алатын.[47]

Балалардың дене бітімін дамытуда көп мақсатты тағылымы бар және өмір салтын бейнелейтін  халық ойындарының маңызы өте зор болды.

«Аударыспақ», «сайыс» түріндегі әскери-қолданбалы жаттығулар уақыт өткен сайын қазақ спортының ұлттық түрлеріне айналды. Жастар осы ойындардың көмегімен жоғары дәрежелі дене және күш, әскери жағдайға жақын қиын кезеңдерде тұтас қозғалыс білігін, түрліше қозғалыс дағдыларын меңгерді.

Халықтық тәрбие практикасында өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғауға деген қамқорлық танылып тұрды.

Барлық халық ойындары мен салт дәстүрлерінде халық өз жігіттерін батыл, епті және күшті етіп көргісі келді. Жастар осы сапаларға үйрену үшін түрлі бәйгелерге қатысты: «аламан бәйге» (алысқа шабатын бәйге түрі), «жорға жарыс» (жорға аттар бәйгесі), көкпар (екі бәсекелес топқа бөлінген  аттылардың бауыздалған ешкі денесіне таласы), «жігіт жарыс» (екі атты жігіттің  ер-тұрман әбзелдерімен жасақтауы және белгілі бір қашықтыққа шабуы), «жауғашты» ойыны (шартты түрде жаудың  артынан қуып жетіп, қамшының астына алуы), «аударыспақ» (қарсыластардың бірін-бірі ерден аударуы), «жамбы ату» (садақтан ату), күміс алу (атпен шауып келе жатып жерден теңге алу); «қазақша күрес» және т.б. Түрлі тойлар мен мерекелердің кезінде өткізілетін осы ойындар қорытынды жарыстар түрінде өткізілетін және соңында жеңімпаздар анықталатын.

Ерте дәуірден бері келе жатқан кең тараған спорт түрінің бірі «қазақша күрес» болып табылады, ол  балалар мен ересектердің барлығының көңілінен шыққан. Бұл спорт жекпежегінің түрі өзінің көп ғасырлық тарихына ие, ол ерте дәуірлерде қорғаушы жауынгердің негізгі дене дайындығының құралы ретінде қызмет еткен. [48]

Қазақ халқы баяғыдан жекпежек өнері мен қоса алпауыт батырларымен де даңқы шыққан ел. Аты аңызға айналған Қажымұқан мен Балуан Шолақтың көрсеткен ерлігі халқының мақтанышы болып табылады.

Халық арасында жастарды отан қорғау жолында дайындауға ықпал ететін садақ ату, көздеп ату ойындары кеңінен тараған болатын.

«Алтын қабақ» — белгілі бір қару түрінен көздеп ату бойынша жарысу. Биікке орналастырған сырық ағаш басында құнды сыйлықтарды қойып, ойынға қатысушылар оны атып түсіруі тиіс еді. Әдетте жарыс ережелері күрделендіріліп, атпен шауып бара жатып көздеп атуға ауыстырып жататын. Бұл талапты тек ең мықты деген шабандоздар мен епті де мерген жігіттер ғана орындай алатын. «Соқыр ешкі» ойыны да кең тараған ойындардың бірі болып келеді. Ойыншылардан құралған үлкен шеңбер ортасында көзі байланған ойын жүргізушісі тұрады («соқыр ешкі»), қалғандары оны түрткілеп, мазасын алатын да қашып кететін. Жүргізушінің міндеті – қашып бара жатқандардың бірін ұстап алып, оның атын тауып атауы. Ойыншылар күлкілі болу үшін «соқыр текені» ой-шұңқырға да сүйрейтін. [49] 

Қазақ халқының арасында кең тараған ойындардың бірі көптеген әскери-спорттық ойындарда көрсетілетін жігіттер өнері еді. Ат үстіндегі күрес өте қызықты өтетін, аяғында «қарсыласын» аттың ерінен құлататын; ат үстінде шауып бара жатып , жерден теңге алу өнері өз денесімен қоса атқа да шебер отыруды қажет ететін. Осындай әскери-спорттық ойындардың түрлері өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінде үлкен маңызды орынға ие болды.

Арнайы жаттыққан аттармен жарыс ұйымдастыру – кең тараған  шабыс түрі болатын. Бұл ойынды ұйымдастыру үшін бірнеше ай бұрын аттарды жарысқа жаратады: оларды жем беріп күтіп баптайды, жаттықтырады, ерекше күтімге алады. Онымен қоса атбегілер де өздерінің дене қабілеттерін жетілдіреді; дайындық кезінде олардың өзі де ат спортының тамаша шебері ретінде қалыптасады. Жарысқа қатысушылар арнайы тағайындалған мерекелер мен той күндері жиналады. Жолда жүру бағыты мен қашықтығы анықталады (қысқа және ұзақ). Жарыс шеңбер түрінде өтетін: кім бірінші келсе, сол жеңімпаз болатын. 

Басқа қызықты ойындардың бірі «көкпар»  — күш пен қабілет беретін, атқа отыру біліктілігін арттыратын дене бітіміне арналған ойын. Бұл ойынның мәні – ешкі денесін тиеп алған шабандоздарды қуып жетіп, олардың қолындағысын тартып алу. Ешкіге ең жүйрік атқа мінген үздік атбегі ие болды. Оның ендігі міндеті – олжаны алдырып алмай, тағайындалған орынға жету. Бұл ойында ойыншылардың санына шек қойылмады, ал ойын ойыншылардан аттар мен атбегілердің жақсы сапаларымен қоса жігіттікті, яғни,  өз артынан жеңіске апаратындарды ерте білуді, ептілік пен күшті қажет етті.

Халықтың дене тәрбиесі жүйесі рухы күшті батырларды – өз халқы үшін кез-келген қиындықты жеңе білетін, өз отанын қорғаушыларды дайындауға бағытталды. Халықтың бұл мұратының бейнесі Қобыланды батыр, Ер Тарғын, Төлеген, Алпамыс және тағы да басқа қазақ эпостарының кейіпкерлері ретінде суреттелінді. Бұл батырлардың батырлық келбеті, олардың өмірлік бейнесі ұрпақтар үшін ерлік пен батылдықтың, ептіліктің  күшті үлгісі бола білді.[50]

Халықтық педагогиканың дене тәрбиесі мазмұнында баланың дене дамуы туралы жас кезінен қамқорлық жасау, рудың жалғасуына деген қамқорлық, дене дамуын жетілдіруге арналған жағдайлар жасау, балаларды жас кезінен табиғи орта мен үлкендердің еңбек қызметіне араластыра білу, түрлі ойындар арқылы дене дамуын жетілдіру – ақыл-ой тәрбиесі мен еңбек қызметіне дайындаудың үлкен мүмкіндіктерін ұсына алатын.[51]

Қазақ халқының дене тәрбиесінің бағыттары мен мазмұны оның өмірлік жағдайлары арқылы айқындалатын. Қазақ шаруалары балалардың дене дамуындағы және денсаулығын нығайтудағы еңбек тәрбиесінің маңызын саналы тұрғыдан сараптай білді, дене еңбегімен шұғылданған баланың денсаулығы жақсы болады деп санады халық.

Дене тәрбиесі – тұлғаның жарасымды дамуының құралы болып табылады. Ол адамгершілік тәрбиесімен сәйкес келеді. Денсаулық, еңбек қабілетін  сақтау, жастарды ерік күші мен моральдік сапаларына тәрбиелеу қоғамның басты міндеті деп халық санаған және санайды да. Халықтың пайымдауынша, жас ұрпақ дені сау, қиындықтарға төзімді, күшті, рухани дамыған, қоршаған табиғатты тани білетін, өмірді өзгерте алатын, жасампаз, отанын қорғауға дайын болуы керек.[52]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Білім беру мен тәрбиелеудің міндеттерін шешуде маңызды орындардың бірі дене шынықтыруға бөлінеді. Бүгінгі таңдағы дене шынықтыру көп қырлы құбылыс болып табылады, өз құрамында бірсыпыра бағыттарға, сабақ түрлері мен формаларына ие. Дене тәрбиесінің көптеген түрлерінің ішінде халық педагогикасына ерекше орын берілген.

Ұлттық спорт түрлерімен, ойындармен, билермен шұғылдану бос уақытты өткізуге көмектеседі, денсаулықты нығайтады және ең бастысы мінездердің қалыптасуына ықпал етеді.

Халық ойындары, спорт түрлері мен билері педагогиканың дәстүрлі тәсілдері болып табылады.  Көп ғасырлардан бері оларда адамдардың өмір салты, олардың тұрмысы, еңбегі, халықтық тұғырнамалары, ар-намысы, ерлігі, ептілікке, төзімділікке, күшке ие болуға деген ұмтылысы, қимылдар жылдамдығы мен әдемілігіне, күле жүріп орындауға, шығармашылықты ақыл-ойға, тапқырлыққа, ерік күші мен жеңіске деген талпынысы көрінісін табатын. Халық ойындары мектеп оқушыларының интернационалдық тәрбиесі мен дене тәрбиесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олардың бойында өз халқының мәдениетіне деген тұрақты, қызықты, құрметтеу қарым-қатынасы қалыптасады.

Тарихи және қазіргі материалдарды, ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді талдау барысында және алынған мәліметтерге логикалық талдау жасау арқылы келесідей  жалпы қорытындыға келдік.

  1. Қазақстанның көне халықтарының өмір салты туралы тарихи мәліметтер жеке тұлғаның жағымды сапаларын сақтау негізінде жинақталған өмірлік тәжірибеден келіп шыққан және толыққанды дені сау адам тәрбиелеуге бағытталған қазақтардың денсаулық сақтау мен салауатты өмір салтына деген қарым-қатынасын көзге елестету мүмкіндігі белгілі болды.
  2. Ұлттық ат спорты түрлері және қазақша күреспен шұғылдану оқушылардың салауатты өмір салтының қалыптасуы мен денсаулықтарының нығаюына жағымды әсер ететіні белгілі болды.
  3. Ұлттық спорт түрлері мен қозғалмалы ойындарға құрылған дене тәрбиесі жүйесі мықты рухани және дене бітімі тұрғысынан дамыған қазіргі адамды қалыптастыру үшін үлкен маңызға ие.
  4. Ұлттық ат спорты түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамасы теориялық тұрғыдан негізделді, онда ұлттық спорт түрлерінің дамуына кедергі болып тұрған факторлар атап көрсетілді, мысалы, құрал-жабдықтар мен мүліктердің, ипподромдардың және мамандардың жетіспеуі, сонымен қатар, ғылыми-әдістемелік, құқықтық-нормативтік, медициналық және ақпараттық базалардың жеткілікті дәрежеде қамтылмауы.

Ұсынылған теориялық модель, ғылыми-педагогикалық талдаулар және оны практикалық іс-әрекетпен, бүгінгі жағдаймен сабақтастыра отырып зерттеу және оның нәтижелері – болашақ мамандардың қазіргі қоғам сұранысына сай жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды екені хақ.

Түйіндей келе, халықтық педагогика материалдарындағы ұлттық мұраларымызды қастерлей отырып, оны болашақ маман даярлау ісіне кеңірек ендіру, дамыту, жетілдіру бүгінгі күнгі ұрпақтың маңызды міндеті және ата-бабаларымыздың рухтары алдындағы перзенттік борышымыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1  Назарбаев Н.А. Казахстан 2050. Послание Президента страны народу Казахстана // Казахстанская правда, 2012, 27 январь,Астана.

2 Роль науки в социально-экономическом прогрессе Казахстана и задачи союза ученых // О. Сабден и др.–Алматы, РОО «Союз ученых», 2006. -62 с.

3 Агентство РК по статистике.-Алматы, 2006. – 460 с.

4 Имангалиев А.С. Развитие педагогической валеологии в системе оздоровительной физической культуры старшеклассников: автореф. дис…докт.пед.наук: 13.00.01, 13.00.04. — Алматы, КазГАСТ, 1999. – 32 с.

5 Ахаев А.В. Валеологический подход в системе школьного образования: Монография.-Алматы, Ғылым, 2005. – 242 с.

6 Тулеубаев К.А., Каржаубаева Ш.Е., Слажнева Т.И. Отношение к физической культуре и спорту жителей Республики Казахстан по результатам научных исследований //Теория и практика физической культуры и спорта: Междун.научно-практ.конф. 27-29.04.2006г. — Алматы, — С.165-168.

7 Состояние здоровья детей и подростков в Казахстане // Эскулап (Спец.прилож. для врачей и фармацевтов), 2002 — № 5. — C.2.

8 Wolanski N. Zdrowie – srodowiskowe uwarunkowania i pozytywne miernniki //Zdrow Publ. — 1983. — 94. — Nr.5. — S.259-265.

9 Лисицын Ю.П., Комаров Ю.М. Факторы риска // Руководство по социальной гигиене и здравоохранению / Под ред. Ю.П.Лисицина. Т.1.-М.:Медицина, 1987. — C.148-200.

10 Булич Э.Г., Муравов И.В. Здоровье человека. Биологическая основа жизнедеятельности и двигательная активность в ее стимуляции.-К.:Олимпийская литература, 2003. – 424 с.

11 Димов В.М.Философия и социология здоровья. — Алматы, Каз ГМУ, 1998. – 188 с.

12  Амосов Н.М. Раздумья о здоровье. — З-е изд. — М.: ФиС, 1987. – 64 с.

13 Каражанов Б.К. Медико-биологические и психологические особенности спортивной борьбы. — Алма-Ата: Каз ИФК, 1985. – 88 с.

14 Аяшев О.Я. Формирование профессиональной пригодности будущих учителей к воспитательной работе средствами  физической культуры: автореф.дис….докт.пед.наук: 13.00.04. — М., ГЦОЛИФК, 1991. – 40 с.

15 Кудашова Л.Р. Аэробные и анаэробные  резервы организма в системе управления функциональной подготовленностью спортсменов: автореф. дис….докт.биол.наук: 03.00.13. — Алматы, ИФЧЗ МНАН, 1997. – 42 с.

16 Адамбеков К.И. Педагогические основы физического воспитания учащихся: автореф.дис…докт.пед.наук: 13.00.01. — Алматы, АГУ, 1995. – 34 с.

17 Наталов Г.Г. Предметная интеграция теоретических основ физической культуры, спорта и физического воспитания (логика, история, методология): дис. в виде науч. докл. …докт.пед.наук: 13.00.04. — Краснодар, КГАФК, 1998. – 115 с.

18 Иванов Г.Д. Активизация учебно-воспитательного процесса в вузе формами и методами  физического воспитания: автореф. дис. …докт. пед. наук: 13.00.04. — СПб, СПАФК, 1991. – 45 с.

19 Иванов А.С. Свойства мембран эритроцитов и дыхание человека при физических нагрузках в горных условиях: автореф. дис. …докт.пед. наук: 03.00.13. — Алматы, ИФЧЗ МНАН, 1996. – 42 с.

20 Закирьянов К.Х. Подготовка спортивных резервов и повышения квалификации тренерских кадров // Теор. и мет.физ.культ., 2006, №2. — C.5-10.

21 Ахаев А.В. Научно-методические основы валеогизации обучения в системе школьного образования: автореф. дис….док.пед.наук: 13.00.01. -Караганда, КарГУ, 2005. – 37 с.

22 Орехов Л.И. Пути совершенствования физической подготовки спортсменов в горных условиях (на мат. лыжного спорта ): автореф. дис. …докт.пед.наук: 13.00.04. — Минск, АФВС РБ, 1994. – 41 с.

23 Таникеев М.Т. Теория и практика взаимовлияния национальных и интернациональных факторов в развитии физического воспитания и спорта: автореф.дис….докт.пед.наук: 13.00.04. — Алматы, КазАСТ, 1998. – 42 с.

24 Потапов И.А. Механизмы оздоровительного эффекта аэробных физических упражнений // Вестник физ.культ., 2004, №1. — С.121-126.

25 Макогонов А.Н. Оптимизация двигательной деятельности  туристов в горной и пустынной местности: автореф. дис. …докт. пед. наук: 13.00.04. -Алматы, КазАСТ, 2003. – 49 с.

26 Касымбекова С.И. Научно-педагогические основы формирования физической культуры учащейся молодежи: автореф. дис. …докт. пед.наук: 13.00.04. — Алматы, КазАСТ, 2002. – 44 с.

27 Хван М.У., Иванов А.С., Макогонов А.С. Тренировка конькобеж- цев высокой квалификации в условиях среднегорья. — Алма-Ата: КазИФК, 1978. -56 с.

28 Русанов В.Н. Система индивидуализированного обучения студентов на основе мотовационного программно-целевого управления: автореф. дис. …докт.пед.наук: 13.00.08. — Барнаул, БГПУ, 2000. – 42 с.

29 Мамытов А. Пути интеграции высшего физкультурного образования Киргизии в международное образовательное пространство: автореф. дис. …докт.пед.наук: 13.00.04. — Алматы, 1998. – 47 с.

30 Анаркулов Х.Ф., Калилов У.Ж. Педагогические условия использования кыргизских народных подвижных игр и физических упражнений // Совр. сост. и перс. развития национальной  физ. культ.: Мат.научно-пр.конф.   15-16.10.2005г. — Бишкек. — C.21-25.

31 Аканов А.А., Тулебаев К.А., Слажнева Т.И., Токмурзиева Г.Ж. Пути возможного сохранения и укрепления здоровья школьников // Пробл. и персп.форм.здор.обр.жизни: Мат.форума (1 съезда) спец.здор.обр.жизни РК. 17-18.10.2002г. Алматы. — C.239-240.

32 Сатпаева Х.К. Настоящее будущее валеологии в Казахстане // Там же. — С.182-184.

33  Нургалиева Г.К. Психолого-педагогические основы ценностного ориентирования личности: автореф. дис. …докт.пед.наук: 13.00.01. — Алматы, АГУ, 1993. – 42 с.

34 Тель Л.З. Валеология. Учение о здоровье, болезни и выздоровлении. — М.: Пресс, 2001. — Т.1-3.

35 Бешляев С.Д., Гурвич Ф.Г. Математико-статистические методы экспертных оценок. — М.: Статистика, 1980. – 263 с.

36 Dalkey N.The Delphi Method: an Experimental Study of Groop Opinion. Rand  Memo E M. — 1968. -160p.

37 Закирьянов К.Х., Орехов Л.И. Экспериментальные методы в педагогике, психологии и физической культуре: Уч.пос.для вузов, — Алматы, КазАСТ,  2002. – 112 с.

38 Грим Г. Основы конституционной биологии и антропологии / Пер.с нем. — М.:Медицина, 1967. – 148 с.

39 Тимакова Т.С. Научное обеспечение подготовки плавцов. — М.: ФиС, 1983. – 190 с.

40 Плохой В.Н. Акселерация, ретардация и лыжные гонки // Лыжный спорт: Ежегодник, 1981, вып.2. — C.15-22.

41 Спортивная медицина: Учебн. для ИФК /Под. ред. В.Л.Каримана.-М.: ФиС, 1980. – 349 с.

42 Налимов В.В. Теория эсперимента.-М.: Наука, гл.ред.физ.-мат.лит., 1971. — 208 с.

43 Гласс Дж., Стэнли Дж. Статистические методы в педагогике и психологии. — М.: Прогресс, 1976. – 496 с.

44  Кендалл М.Дж., Стьюарт А. Множественный статистический анализ и временные ряды. — М.:Наука, 1976. – 736 с.

45 Campbell D.T., Fiske D.W.Convergent and discriminant validation by the multirait-multimethod matrix. Psychol.Bull., 1959. — P.8-105.

46 Кэмпбелл Д. Модели экспериментов в социальных и прикладных исследованиях / Пер.с англ. — М.: Прогресс, 1988. – 222 с.

47 Смирнов Ю.И. Измерения в спорте и проблемы их метрологичес- кого обеспечения // Теор. и практ.физ.культ., 1976, №2. — C.48-54.

48 Климова В.И. Человек и здоровье.-2-е изд.-М.: Знание, 1990. – 58 с.

49 Караваева Е.Л., Орехов Л.И., Дельвер П.А., Асмолова Л.А., Теоретическое обоснование определения индекса индивидуального человеческого потенциала // Теор.и мет.физ.культ., 2006, №1. — C.83-88.

50 Ожегов Ю.П., Никонорова Е.В. Экологический импульс. Проблемы формирования экологической культуры молодежи. — М.:Молодая гвардия, 1990. – 271 с.

51 Мартыненко А.В., Курданов Х.А., Полесский В.А. Формирование здорового образа жизни молодежи //Актуальные медико-социальные аспекты пропаганды здорового образа жизни. — Иваново, 1986. — C.97-99.

52 Царегородцов Г.И. В век прогресса без болезни // Коммунист, 1976, №13. — C.119-125.