АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Дене тәрбиесінің педагогикалық негіздері

«Дене тәрбиесінің педагогикалық негіздері»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе…………………………………………………………………………..

3

 

І-тарау.

 

 

Дене мәдениеті мен спорт сабақтарында қолданылатын принциптердің, құралдар мен әдістердің жалпы сипаттамасы

 

1.1.

Дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық принциптерінің мәселелері…………………………………………….

 

5

1.2.

Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық мазмұны……..

9

1.3.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы құралдар мен әдістер туралы түсінік…………………………………………………….

 

12

1.4.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жүктеме………….

17

1.5.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге әсер ететін қосымша факторлар…………………………

 

21

 

ІІ-тарау.

 

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқыту

 

2.1.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқытудың орны мен ролі………………………………………………………………………………..

 

26

2.2.

Дене жаттығуларының тәсілі (техникасы)………………………

28

2.3.

Адам қимылының кинематикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттары туралы…………………………………………..

 

31

2.4.

Спорт тактикасы…………………………………………………………….

36

2.5.

Дене жаттығуларын оқыту әдістемесінің негізгі ұғымдары………………………………………………………………………

 

38

2.6.

Дене жаттығуларын оқыту әрекетіндегі қимылдардың анализ-синтезі………………………………………………………………..

 

41

2.7.

Дене жаттығуларын оқыту барысындағы саналылық және сезімдікті бақылау………………………………………………………….

 

42

2.8.

Бірте-бірте жүктемені көтеру және оны дене жаттығуларын оқыту барысында алмастыру мен қолайлы жағдайларды есепке алу, реттеу, алмастыру……………………

 

 

43

2.9.

Дене жаттығуларын оқыту әрекетінде қимылмен тыныс алуды қалыптастыру………………………………………………………

 

46

2.10.

Қимыл әрекеттеріне оқыту барысындағы жаттығудың қосымша әдістері……………………………………………………………

 

47

2.11.

Дене жаттығуларын оқыту кезіндегі сөйлеу, көрсету және басқа ақпарат әдістері мен көмекші құралдары……………….

 

50

2.12.

Дене жаттығуын орындаудағы қатені түзету…………………..

54

2.13.

Тактикалық дайындықты қамтамасыз ету әдістемесі………

58

 

 

Қорытынды……………………………………………………………………

 

60

 

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………….

61

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде әрбір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарын, сапалық қасиеттері мен рухани күшін үлестіріп, олардың еңбек және оқу қабілеттерін арттыруға, белсенді өмірін ұзартуға бағытталған дене тәрбиесіне зор көңіл бөлініп отыр. Дене тәрбиесі бала-бақшадан бастап мектеп, орта және жоғары оқу орындарында және өндірістік ұжымдарда өткізіліп, оның тиісті бағасы берілуде.

Осыған орай, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын туралы Жарлығына қол қойып (1996 ж.), 1997 жылы  «Қазақстан-2030» бағдарламасын ұсынды. Ал 1999 жылы «Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт туралың заңы қабылданып, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі мақсаты дене тәрбие саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыдан анықтап, қалыптасқан жағдайға жаңаша көз-қараспен қарай отырып, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сай білім және тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтың өркениетті қоғамда бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай білетін адамгершілікті, имандылықты және ізгілік мінез-құлықты, іскер де, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілтті азамат тәрбиелеу. Сондықтан да, дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі атқарар әлеуметтік ықпалы зор деп есептейміз .

Қазіргі кезеңдегі педагогика, ғылым дене тәрбиесі және спорт бағыттарын зерделей отырып, Қ.І.Адамбеков (1995), А.О.Аяшов (1993), З.И.Кузнецов (1966), М.Б.Сапарбаев (1993), БА.Гейнца (1995), А.С.Жұманова (1997), Б.УАлимханов (1994), В.Н.Платонов (1996), Қ.А.Құланов (1990) сияқты ғалымдардың еңбектерінде оқушы жастардың дене тәрбиесі дайындығын педагогикалық негізі ретінде бақылауға пайдалануда. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, оқушылардың жеке басының қабілетіне байланысты таңдауға Н.И.Набатникова (1974), Ж.Б.Қоянбаева (1998), М.С.Бриль «1968) сынды   ғалымдар  жүргізсе,  ал  сыныптан  тыс   уақыттарда оқушылардың дене тәрбиесін жоспарлау және оны ұйымдастыру жөнінде К.А.Атаев (1997), Б.Ж.Биданов (1992), В.В.Ворюшин (1968) болды.  Мектеп жасындағы оқушылардын жеке спорт түрінен қозғалыс дағдыларын тәрбиелеуді Б.Қ.Қаражанов (1992), В.П.Филин (1970), В.А.Ашмарин (1976), И.Г.Понамарев (1996), Л.П.Матвеев (1976), Т.А.Ботагариев (2001), А.Н.Хан (1984) және басқа да көптеген ғалымдар қарастырған болатын.

Қазіргі педагогикалық ғылым жөнінде дене тәрбиесінің ілімі мен тәжірибесі балалардын денсаулығын сақтауға дене тәрбиесі биология, әдетті қозғалыс белсенділігі мен денсаулықтың арасындағы себеп-салдарға байланысты жастардын кәсіби-қолданбалы дене дайындығының әлеуметті маңыздылығына арналған іргелі зерттеулермен толықты.

Оқу құралының ерекшеленетін айырмашылығы дене тәрбиесі тәсілі балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту және қорғау бойынша стратегиялық міндеттерді шешу үшін жүйелі талдауды қолдану болып табылады.     

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық негіздері дене мәдениеті теориясының бөлімі болып табылады. Бұл – дене мәдениеті мен спорт міндеттерін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған процестер ретінде шешу жолдары туралы білім жүйесі.

Студенттердің құрылымы, сәйкестенген жағдайларға сабақ пәндер мен орындалатын міндеттерге байланысты алға қойған міндеттерге жету үшін пайдалануға қажетті құралдар мен әдістер, сабақ жүргізу түрлері, педагогикалық басқару ерекшеліктері де өзгеріп отырады. Сондықтан мамандығы мен дәрежесі бірдей, бір жарысқа дайындалып жатқан екі спортшының сабағында да ерекшелік болады. Бұлармен қатар дене мәдениеті мен спорт сабақтарының барлық түрлеріне тең дәрежеде таралатын жалпы ережелерде бар.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Қазіргі таңда дене мәдениеті мен спорт денсаулықты нығайтудың өміршеңдік пен еңбекке қабілеттілікті арттырудың шығармашылық жолды ұзартудың және жеке тұлғаның үйлесімді дамып қалыптасуы мен басқа да әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімді құралы болып табылады. Осыған байланысты дене тәрбиесі мен спорт проблемаларына жарық түсіретін ғылыми білімдерге көп назар аударылып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы барлық міндеттерді шешуде спортшылардың спорттық мамандықтары мен құрамына қарамастан басшылыққа алуға тиісті ғылыми-педагогикалық ережелерді мазмұндау болып табылады.

Зерттеудің объектісі. Адамды дамыту мен қалыптастырудың негізгі факторлары қоршаған орта іс-әрекет тәрбие және мұрагерлік болып саналады. Адамды дамыту мен қалыптастырудағы іс-әрекеттің маңыздылығын ғылымның көрнекті өкілдері – И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.Ф.Лесгафт, т.б. атап көрсетті. Олар адамның жаны мен тәні өзара бірлікте және байланыста көрінетінің дәлелдеді, сондықтан іс-әрекетті сәйкес ұйымдастыру тұлғаны бүгіндей қалыптастыру факторы бола алады.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

 

 

 

І-тарау. ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ МЕН СПОРТ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН  ПРИНЦИПТЕРДІҢ, ҚҰРАЛДАР МЕН

ӘДІСТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

1.1. Дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық

принциптерінің мәселелері

 

Принциптер – бұл түрлі міндеттерді шешу үшін басшылыққа алатын, адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайтын жалпылама бастапқы идеялық-теориялық ережелер. Ғылыми принциптер нысанды заңдылықтарға бағынады, сондықтан олар айқын дәйектердің қасиетін теориялық мағынада қарастырады.

Заңдылықтар-бұл табиғат пен қоғамның дамуын жүргізетін құбылыс. Заңдылықтарды зерттеу, тағайындау мүмкін, бірақ өзгерту мүмкін емес. Тек оларды белгілі бір процестерді атқарады. Нақты міндеттерді шешуде басшылыққа алуға болады. Заңдылықтар түрлі деңгейде бола алады.

Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары деп дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құрылымын қалыптастыру, қимыл қабілетін дамыту, қимыл дағдыларын меңгеру заңдылықтарын бейнелейтін қысқа сипаттағы ғылыми әдістемелік ережелерді атаймыз.

Қойылған педагогикалық ұстанымдар негізінде әдістемелік ережелер айқындалады, жеке жағдайлардағы міндеттерді орындаудың нақты әдістер мен құралдары таңдалады.

Педагогикалық ұстанымдарды зерттеу оның дамуындағы негізгі үш бағытты анықтады. Бірінші бағыт дене мәдениеті мен спорт сабақтарына қатысты ұстанымдарға қарағанда айырмашылығы бар, яғни өз мақсаты ретінде спортшылардың жарыстарға қатысуын дайындауды көздемейтін, тек спорт жаттықтыруларында ғана қатыстырылатын ұстанымдарды тағайындауға құрылады.

Спорт жаттықтыруының ұстанымдарын ұсынған алғашқы ғалымдардың бірі В.В. Гориневский (1922) болды. Одан басқа спорт жаттықтыруын А.Дюпперон (1930), А.А. Тер-Ованесян (1947), Н.Г. Озолин (1948), А.Ц. Пуни (1949), Л.П. Матвеев (1959, 1964) және басқалар ұсынды.

Гигиеналық, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін шешуге, бағытталған тек дене тәрбиесі мен спорт сабақтарына немесе тек спорт жаттықтыруына қатысты ұстанымдарды бөліп қарастыруға ұмтылу қате болып есептеледі. Спорт жаттықтыруының ұстанымдарын зерттеушілердің ұсынған түрлі кеңестерін мұқият қарастыра отырып, олардың педагогикалық қатынастар қатарына кіретіндерінің барлығы тек қана спорт жаттықтыруларында ғана емес, сол сияқты дене мәдениеті мен спорт сабақтары барысында да басшылыққа алынуы тиіс екені белгілі болды.

В.В. Гориневский жаттықтыру сабақтарында басшылыққа алуға тиісті ережелері ретінде мыналарды атап көрсетті: а) дайындық жаттығулары; б) ағзаны бірте-бірте жұмысқа бейімдеу; в) нысанды әдістерді бақылауды ұйымдастыру; г) жұмыс пен демалыс арасында дұрыс алмастыру; г) адам дамуының жан-жақтылығын қамтамассыз ету (дене және ақыл-ой) 1947ж А.А.Тер-Ованесян спорт жаттықтыруының он ұстанымын ұсынды, оның ішінде қолданған күшті шамалау психологиялық ықпалдар есебі, орталық жүйке жүйесінің дұрыс қозуы, жеке тұлғалық ерекшелік, т.б. бар. 1949ж А.Ц.Пуни қозғалыс дағдыларын саналы түрде игеру ұстанымын ұсынды. 1959ж Л.П.Матвеев спорт жаттықтыруының ұстанымы ретінде жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі, жаттықтыру барысының үздіксіздігі, жаттықтыру жүктемелерін бірте-бірте және толқынды ұлғайту, жаттықтыру барысының айналымдылығы және т.б. ұсынды.

Спот жаттықтыруының ұстанымы ретіндегі ұсынылған қарапайым ережелер тізімі олардың барлығы тек спорт жаттықтыруында ғана емес, сол сияқты дене мәдениеті мен спорт сабақтарының барлық түрлерінде де басшылыққа алынуы тиіс екенін көрсетеді.

Дене мәдениеті мен спорт ұстанымдары туралы түсініктерді дамытудың екінші бағыты ерекше физиологиялық ұстанымдарды тағайындауды көздейді (А.Н.Крестников, 1938; Б.С. Гиппенрейтер, 1940; В.С.Фарфель, 1949). Бұл қадамдарды ғылыми және іс-тәжірибе тұрғысынан толықпаған екенін мойындау қажет. Әрине, спорт жаттықтыруында физиологиялық заңдылықтар бар. Бірақ, одан басқа да психологиялық, биохимиялық және физикалық заңдылықтар да бар. Оқытушы мен дайындалушы бір жағдайда физиологиялық ұстаныммен, екінші жағдайда-психологиялық ұстаныммен, келесі бір жағдайда-психологиялық ұстаныммен жұмыс жасай алмайды. Спорт жаттықтыруына қатысты (және түгелдей дене мәдениеті мен спорт сабақтарында) заңдылықтар негізінде оқытушы мен дайындалушы үшін тек педагогикалық ұстанымдар ғана анықталуы тиіс.

Дене мәдениеті мен спорт ұстанымдары туралы түсініктерді дамытудың үшінші бағыты іс-әрекеттің бұл түріне жалпы педагогикалық (дидактикалық) ұстанымдарды (танымдық, белсенділік, көрнекілік, жеңілдік, жүйелілік, беріктік) таратуға құрылған. Бұл теориялық бағыттарды К.Х. Грантынь (1940), А.Д. Новинков (1941), В.В. Белинович (1948), И.А. Меркулис (1950), И.Б. Вржесневский (1960), Н.И. Пономарев (1967) және басқалар жасады.

Аталған дидактикалық ұстанымдар білім берудің, дамыту мен тәрбиелеудің бірнеше заңдылықтарын  сипаттап, дене мәдениеті мен спорт сабақтарының міндеттерін орындауда басшылық ережелері ретінде жүреді. Алайда, дидактикалық ұстанымдар негізіне жататын заңдылықтар бірнеше жағдайларда басқаша түрге ие болады, яғни дене мәдениеті мен спорт сабақтарында басшылыққа алынуы қажет дәл әрі анық берілетін жалпылама теориялық ережелер бола алады.

Демек, дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында, атап айтқанда спорт жаттықтыруларында көбінесе: алдын-ала қалыптасқан спорт жаттықтырулары ұстанымдары мен бірнеше жалпы педагогикалық (дидактикалық) ұстанымдар қолданылады. Бірақ барлық ұстанымдар анықталып қойған, ары қарайғы дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық негіздерінің бұндай көкейтесті мәселелерін зерттеуді мақсатсыздық деп есептеу дұрыс емес. Дене тәрбиесі туралы ғылымды дамыту жаңа заңдылықтардың ашылуына, оның ішінде жаңа ұстанымдарды жаңа жолға қою қажеттігін анықтауға жол ашады.

Дене тәрбиесі мен спорт туралы ғылымның қазіргі деңгейдегі дамуы дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары ретінде, кей жағдайларда бұрынғы қабылданған  педагогикалық ұстанымдарды басқаша қалыптастыруын қабылдауға негіздеме береді. Бұндай жаңадан қабылданып қалыптасқан дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдарына мыналар жатады: 1) оқыту мен дамытудың бірлігі; 2) сабақ құрылымы; 3) сабаққа қатысушылардың жағдайы мен ерекшелік есебі; 4) қозғалыстың анализі мен синтезі; 5) жаттығулар барысында саналылық және сезімталдық бақылау; 6) жүктемені бірте-бірте арттыру және оның белсенділігі; 7) сәйкес жағдайлардың есебі мен реттелуі.

Оқыту мен дамытудың бірлігі ұстанымы заттар мен құбылыстардың пішіні мен мазмұнының өзара байланысы мен өзара бағыныштылығына негізделген. Адамның қимыл-әрекетінде бұл заңдылық тірек-қимыл аппаратының жағдайы мен дамуының, ағзаның вегетативтік қызметі мен қимыл сапасының қимыл дағдыларымен өзара байланыста көрінеді. Мысалы, қимыл сапасының деңгейі жоғары болған сайын, спорт жаттығуы тәсілдерін жетілдіруге арналған мүмкіндіктер де көп туындайды ж»не керісінше, спорт жаттығулары тәсілдері жетілдірілген сайын адамның қимыл сапасы да жақсара түседі. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы оқыту мен дамытудың бірлігі ұстанымы оқу пәнінің талаптарына сәйкес қимыл сапаларын дамыту мен дене дайындығын қамтамасыз етуді өзара байланыста оқыту керектігіне міндеттейді.

Сабақ құрылымдығы негізіне жататын заңдылық адам әрекетінің кез-келген түрі мынандай орындалатын үш қызметтен құралатынын қарастырады:

Іс-әрекетке дайындық, іс-әрекеттің өзі және одан шығудың ұйымдастырылған жолы. Бұл заңдылық кез-келген жұмысты орындау барысындағы табыс оның ұйымдастырылуына оған кірудің жолын қамтамассыз етуге, қойылған міндеттерді шешу мен оны аяқтауды ұйымдастыруға байланыстылығында сипатталады. Аталған ұстаным барлық жағдайларда қимыл іс-әрекетінің жоғарыда көрсетілген құрылымдық бірізділігін сақтау қажеттігін анықтайды.

Сабаққа қатысушылардың жағдайы мен ерекшеліктері есебі ұстанымы өмірдің әлеуметтік жағдайлары мен биологиялық заңдылықтарына сәйкестелген адамдар арасындағы айырмашылықтардың болуына құрылған әр адамның жағдайы, сондай-ақ тәулік уақытына, алдыңғы іс-әрекеттің сипатына, жаттықтыру деңгейіне, көңіл-күй әсерлеріне, т.б. байланысты өзгеріп отырады. Бұлардың барлығы қимыл мүмкіндіктерін түбегейлі өзгертуге әкеледі, яғни адамға түрлі ықпалдардың әсер етуінің нәтижесі олардың аталған жеке тұлғаның ерекшелігі мен жағдайына сәйкестігіне байланысты болып табылады. Бұл ұстаным дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері мен жағдайларына қарай қойылған міндеттерді орындаудың құралдары мен әдістерін таңдау мен лайық жағдайларды реттеу қажеттігін анықтайды.

Қимылдың анализі мен синтезі ойлау заңдылығы мен іс-тәжірибе әрекетінде көрініс береді. Бұл заңдылық күрделі идеяларды, құбылыстарды, заттарды барынша қарапайым түсінікпен беру үшін, пайда болу, оларды түсіну, игеру, дамыту жақтары үшін бөлшектеу қажеттігін анықтайды. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы қимыл анализі мен синтезі ұстанымы күрделі дене жаттығуларында, тәсілдік-тактикалық кешендерде пайда болатын қимыл сапасын барынша қарапайым қозғалыс топтарына, олардың сапалық сипатын тиянақты меңгеру мен бүтін қимылмен біріктіре отырып дамытуға және туындатуға  бөлшектеу жолымен іске асырылады. Қимылдың  анализ-синтезі дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлық міндеттерін орындаудағы жүйелілікті қамтамасыз ету шарты болып табылады.

Жаттығу барысындағы саналылық пен сезімталдықты бақылау ұстанымы адам қимылы мен психикасы арасындағы атап айтқанда адам қимыл әрекетінің табысты болуы қимылды орындау барысында бақылау қабілетін дамытуға байланысты заңдылықтарға негізделген. Мақсатты бағытталған қимылдардың басы олардың жоспарын құру қажеттігін тудырады.

Қимылды орындау барысында олардың құрылымын тек басты және соңғы топтамаларында ғана саналы бақылау мүмкін болады. Негізгі бақылау қызметін қимыл аппаратының өзі басқарады. Осыған байланысты орындалған жаттығулардың міндетті тапсырмаларға сәйкестігін, туындаған жағдайды және оған саналылық пен сезімталдық бақылауын дұрыс ендіру қабілетін дамыту арқылы қимыл-әрекетін меңгеріп, қозғалыс қабілетін дамыту мүмкін бола алады. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында бұл ұстаным орындалатын қимылдарды, оған лайық жағдайларды саналы бақылау қабілетін дамытып, дайындалушылардың зейінін тек қимыл құрылымына ғана емес, сондай-ақ туындайтын қимыл әсерлеріне де шоғырландыру қажеттігіне міндеттейді.

Ағза жүктемесін бірте-бірте арттыру мен оны меңгеру ұстанымының негізгі факторы адам дамуы мен қалыптасуы болып табылатын іс-әрекетке сәйкес заңдылықпен сипатталады. Сонымен бірге сипаты мен қарқыны бірдей қоздырғыштар ағзаны бейімдейді және одан әрі оның жүргізбейді. Биологиялық алғы шарттардан басқа адамның дене дамуы іс-әрекеттің сипатына, ұзақтығы мен қарқындылығына байланысты болады. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы бұл ұстаным дене жаттығуларының сандық қайталау шараларын, оған қолданылатын күшті және оны меңгеруді бірте-бірте арттыру қажеттігін анықтайды.

Сәйкес жағдайлардың есебі, реттелуі және меңгерілуі ұстанымы қимыл іс-әрекеті нәтижесін оның орындалған ортасына тәуелділік заңдылығымен сипатталады. Адам қимыл дағдыларын сәйкес шартты ықпалды байланыстар түзу нәтижесінде меңгереді. Алайда, қимыл іс-әрекеті барысындағы шартты, ықпалды байланысқа қимылды орындауға сәйкестендірілген жағдай да әсер етеді. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы бұл ұстаным бірінші кезеңге сәйкес жағдайларды жеңілдетіп, сосын бірте-бірте күрделендіріп, меңгерту қажеттігін анықтайды.

Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары ретінде қабылданған ережелердің барлығы бірлікте және өзара тығыз байланыста болды. Мүмкін оқытушы мен оқушының орындайтын кез-келген қызметіне қатысты. Сәйкес дидактикалық ойлау бойынша бұл ұстанымдарды төрт топқа бөлуге болады: оқыту, дамытуды басқару, тәрбиелеу және сабақты құру (1-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары

 

 

1.2. Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық мазмұны

 

Гигиеналық білім беру және тәрбие беру міндеттерін шешуге арналған тарихи қалыптасқан немесе арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет дене жаттығулары деп аталады. Оларды негізгі төрт бөлімге бөліп қарастырады: спорт жаттығулары, гимнастикалық жаттығулар, ойындар және түрлестік іс-шаралар. Дене тәрбиесі оның міндеттерін орындаудың басты құралы дене жаттығуларымен ерекшеленеді. Осыған байланысты, педагогикалық құбылыс ретіндегі дене тәрбиесі-бұл гигиеналық, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін дене жаттығуларын қолдану жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.

Дене тәрбиесінің гигиеналық міндеттеріне дене дамуын жақсарту мен денсаулықты нығайту, білім беруге-білімді меңгеру мен қимыл қабілеттерін жетілдіру, тәрбие беруге-тұлғаны бүтіндей қалыптастыру жатады. Осыған орай дене тәрбиесінің міндеттері мыналалар: 1) денсаулықты нығайту; 2) дене дамуын жақсарту; 3) қимыл қабілетін жетілдіру; 4) білімді меңгеру; 5) тұлғаны толық қалыптастыру.

Дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік эстетикалық және еңбек тәрбиесімен біріге отырып, адамның жан-жақты дамуына жағдай жасайды.

Дене тәрбиесі міндеттері педагогикалық процесстерді ұйымдастырудың негізгі екі түрі – дене мәдениеті сабақтары мен спорт сабақтарының бірігуімен шешіледі.

Дене мәдениеті сабақтары («дене мәдениеті»)-бұл дене тәрбиесі міндеттерін спорттық және гимнастикалық жаттығуларды, ойындар мен туристік іс-шараларды үйлестіру жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.

Спорт сабақтары («спорт») – бұл дене тәрбиесі міндеттерін бір ғана спорт жаттығуларын қолдану жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.

«Дене мәдениеті» мен «спорт» түсініктері мәндері жағынан бірдей педагогикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Алайда бұл түсініктер арасында айырмашылықтар да бар, олар: оның бағыттары мен қолданылатын құралдарының ерекшеліктері. Дене мәдениеті сабақтарының негізгі мақсаты жалпы дене дайындығы болса, ал спорт сабақтарының мақсаты – іс-әрекет қабілетін дамытуда жоғары деңгейге жету үшін бір немесе бірнеше спорт жаттығуларын орындауды жетілдіру болып табылады. Бағыттарындағы айырмашылық осы. Сондай-ақ дене мәдениеті сабақтарында бір ғана немесе топтама сабақтарға сәйкестендірілген көптеген спорттық және гимнастикалық жаттығулар, ойындар мен туристік іс-шаралар пайдаланылса, ал спорт сабақтарында – нақты спорт жаттығулары қолданылады. Бұл пайдаланылатын құралдар айырмашылығы болып табылады.

Спорт жарыстарына қатысуға дайындық басты мақсаты болып саналатын спорт сабақтары спорттық жаттықтыру деп аталады. Жаттықтыру сөзі ағылшынның (тренировка) «train» сөзінен шыққан, яғни, үйрену, жаттығу, тәрбиелеу деген мағынаны береді. Жаттықтыру мақсаты – дайындалушының белгілі бір іс-әрекет түріне деген қабілетін жетілдіру болып табылады. Спорттық жаттықтыру – бұл жарысқа қатысуға дайындалу мақсатында психиканың кейбір жақтарын дамыту мен іс-әрекет қабілетін дамытуды ең биік деңгейге жеткізуге, таңдаған спорт түрінің әдіс-тәсілдерін меңгеруге бағытталған спорт сабақтарының бір түрі.

Спорт жаттықтыруларында дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы міндеттер толық орындалады. Алайда онда бұл міндеттердің әрқайсысы оның биік спорт нәтижелеріне жету мен жарыстарда жеңу сияқты мақсаттарына жетуді қамтамассыз ететін сипатқа ие болады.

Спорт жаттықтыруы спортшының жарысқа қатысуға дайындығын қамтамассыз ететін бір ғана фактор болып табылады. Спортшының жарысқа қатысуына дайындығын қамтамассыз ететін шаралар кешенін спорт дайындығы деп атайды. Ол дене, тәсілдік, тактикалық, теориялық және психологиялық тәрізді сәйкес дайындық түрлерін жүзеге асыруды немесе дайындық: түрлерін қамтамассыз етуді қарастырады. Дене дайындығы — ағзаның вегетативті қызметін, тұлғаның іс-әрекет сапасы мен пішінін, сондай-ақ адамның игерген іс-әрекет дағдысының байлығын дамыту деңгейімен сипатталады. Тәсілдік дайындық — таңдаған спорт түрі барысында іс-әрекетті орындауды жетілдіру деңгейімен сипатталады. Тактикалық дайындық спорт жекпе-жегінің жағдайлары мен талаптарына сай мінез-құлықты, қимыл мен іс-әрекетті өзгерту қабілеттілігімен сипатталады. Теориялық дайындық таңдаған спорт жарыстарына қатысу сабақтарының табыстылығы үшін қажетті алынған білімдер көлемімен сипатталады. Психологиялық дайындық-адамның спорт жаттықтыру мен жарыстардағы табысын айқындайтын интелектуалдық, ерік пен көңіл-күй жақтарының дамуымен және жағдайымен сипатталады.

Спорт дайындығының аталған барлық түрлері өзара бірлік пен байланыста көрінеді, бірақ олардың әрқайсының айырмашылығы спорттық мамандандырылу пәніне байланысты болады. Мысалы, гимнастикада, конькимен мәнерлеп сырғанауда, суға секіру мен басқа да спорт түрлерінде басты міндет тәсілдік міндет, яғни қимыл өнерін меңгеру болып табылады, ал ауыр атлетика мен түрлі қашықтықтарға жүгіруде дене дайындығы  (сәйкес қимыл сапасын дамыту), спорт ойындары мен бірсайыс тәрізді спорт түрлерінде тәсілдік-тактикалық дайындық басты міндет болып саналады т.б. аталған дайындық түрлерінің маңызы мен қарым-қатынасы жаттықтыру кезеңіне, дайындық деңгейіне, спортшының мамандығына сәйкес өзгеріп отырады.

Дене тәрбиесі және спорт сабақтары әсерінен пайда болатын және қимыл-қозғалыс көрсеткіштерін жақсартуда көрінетін ағзадағы өзгерістер жаттықтырылу жағдайы ретінде анықталады. Спорт сабақтарындағы жаттықтырылудың жоғарғы деңгейі спорт пішіні деп аталады.

Спорттық пішін белгілі бір спорт түрінің талаптарына сәйкес денелік, тәсілдік-тактикалық және психологиялық дайындықты қамтамассыз ету нәтижесі болып табылады. Бұл спортшының барынша жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті жаттықтыру жағдайы болып табылады.

Жаттығуға қойылған талаптар ағзаның икемделіп, бейімделуінен туындайды, яғни ағзаның жаттығуы нәтижесі жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Адамның жаттығуы шексіз жүйелі жаттығулар нәтижесінде адам кейде өз қозғалыс мүмкіндігін бірнеше есе ұлғайта алады.

Сабақтардағы дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық принциптерінің бұзылуы кері әсерлерге әкелуі мүмкін, кейде жүйелі жаттығулар нәтижесінде ағзада болатын ілгерішіл өзгерістердің күрт бұзылуымен көрінетін артық жаттықтырылу жағдайы туындайды.

Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық принциптерін сақтаған жағдайда бірдей түрдегі спорт сабақтарындағы жаттықтыруды дамытудағы ілгерлеушілік орындалатын қимыл күрделілігіне байланыстын болады. Шағын бұлшықет тобынның қатысуымен жасалған қимылдар күрделі шоғырланған қимылдарға қарағанда тез нәтижеге жетеді. Дене мәдениеті мен спортпен жүйелі айналысу сабақтарында жаттығуды ұлғайту шегі жас шамасына байланысты. Өз  сипаты жағынан төзімділік пен ептілікті қажет ететін спорт түрлеріне қарағанда, жылдамдықты талап ететін спорт түрлерінде жас шамасы көп жағдайда жаттықтырудың дамуын шектейді. жаттықтырудың дамуын шектейді. Қысқа қашықтыққа жүгіруде 30 жастан асқан адамдар жоғары спорт нәтижелеріне жетуі сирек, ал алыс қашықтыққа жүгіретіндер, семсерлесушілер арасында 40 жастан асқан жоғары дәрежелі спортшылар көп кездеседі.

1.3. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы құралдар

мен әдістер туралы түсінік

 

Құралдар тек сабақ барысында қолданылып, оның міндеттерін орындауға бағытталған, оқытушы мен оқушының іс-әрекет қимылдарымен олардың түрлерін атаймыз. Әдіс-бұл нақты тапсырмаларды орындау үшін қолданылатын амалдардың қосындысы. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары тапсырмаларын орындаудың құралдары мен әдістеріне дене жаттығулары мен түрлі ақпарат түрлері жатады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құралдары мен әдістері ажырамас бірлікте болады.

Барлық жаттығулар қозғалыс құрылымы бойынша айналымдық және айналымдық емес болып бөлінеді. Айналымдық деп, белгілі бір қимыл топтамасы барлық іс-әрекет барысында дерлік түгелдей қайталанып отыратын дене жаттығуларын айтамыз (мысалы, жүгіру, жүру, жүзу, ескек елу, шаңғы тебу, коньки тебу). Айналымдық емес деп қимыл түрлері қайталанбайтын дене жаттығуларын айтамыз (секіру, лақтыру бокс, күрес, ойындар, семсерлесу, т.б.). Аталған әр бөлімдер топтар мен шағын топтарға бөлінеді (2-сурет).

Бұдан бұрын да айтылғандай дене жаттығуларын негізгі төрт топқа бөлеміз: 1) спорт жаттығулары; 2) гимнастикалық жаттығулар; 3) ойындар; 4) туристік шаралар. Спорт жаттығулары, бұл – дене дайындығы дәрежесімен, қимыл өнерін меңгеруімен, психиканың кей жақтарын дамытумен жарыс пәні ретінде көрінетін қимыл іс-әрекеті. Гимнастикалық жаттығулары еңбек, әскери, спорт және табыну іс-әрекеттері мен солардың үйлесуінен құралады. Ойындар ойыншыларды ролдерге, олардың орындайтын қимыл-қозғалыстарына бөлуді анықтайтын фабуламен сипатталады. Туристік шаралар (серуен, экскурсия, жорық және саяхат) қозғалыстың белсенді құралдарымен елді мекендері аз жерде орындалады.

Дене жаттығуларын олардың көмегімен қандай тапсырмалар орындалатынына қарай мынандай топтарға бөлуге болады: 1) реттік;                  2) дайындық, 3) жүргізілетін; 4) кіріспе; 5) сымбат; 6) тәрбиелік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет. Дене жаттығуларының жіктелуі (А.Н. Крестовников бойынша)

 

Реттік дене жаттығулары деп — дайындалушыларды ұйымдастыруға, оларды сапқа тұрғызуға арналған жаттығуларды айтамыз. Дайындық дене жаттығулары тірек-қимыл аппараты мен қимыл сапаларын дамыту үшін қолданылады. Дене жаттығуларының бұл түрі өз ішінде қимыл сапасына, яғни оның әсер ету мүмкіндігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді (күшті, тездікті, төзімділікті, т.б. дамытуға арналған жаттығулар). Дайындық жаттығуларына тыныс алу жаттығулары да жатады. Жүргізілетін жаттығулар үйреніп жатқан қимыл туралы бейне қалыптастыру, оның құрылымын меңгеруді жеңілдету қатені дұрыстау тактикалық дағдыны игеру үшін пайдаланылады. Кіріспе жаттығулары белсенді демалыс және сабаққа қызығушылығын арттыру үшін қолданылады. Сымбат жаттығулары дене кемшілігін дұрыстау үшін жүргізіледі. Тәрбиелік жаттығулар көмегімен белгілі бір мінез-құлық сипатына, психикалық процестерге ықпал ету үшін қолданылады (мысалы, батылдыққа шешімталдыққа, аптықпауға, байқампаздыққа, есте ұстау мен зейінге).

Дене жаттығуларының бұлай болу оқытушы мен оқушының дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы кез-келген тапсырманы орындау үшін қолданылуы мүмкін. Өзіне тән қимыл іс-әрекеттерін білуі үшін қажет. Алайда дене жаттығуларын аталған топтарға бөлуді оларды жіктеуге талаптану деп қарастыру дұрыс емес, себебі дене тәрбиесінің ешқандай да қимыл құралдарын тек бір ғана топқа жатқызып қоюға болмайды. Дене жаттығуларының көпшілігі дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлық тапсырмаларын орындауға арналған.

Жаттығу (дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының әдісі ретінде) – бұл нақты тапсырмаларды орындауға арналған, (қойылған мақсатқа жету) мақсатты бағытталған белгілі қимыл іс-әрекетінің жүйелі қайталануы.

Олардың мағынасына қарай (үлкен немесе кіші міндеттерді атқару мүмкіндігіне қарай) жаттығуларды (әдістерді) екі топқа бөлеміз: негізгі және көмекші. Негізгі әдістерге дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлық міндеттерін орындайтын, ал көмекші жаттығуларда дене жаттығуларын үйретуде ғана қолданылатын жаттығулар жатады.

Қолдану аясының белгілеріне қарай жаттығу әдістері пайдаланылатын айналымдық және айналымдық емес дене жаттығуларына бөлінеді.

Негізгі әдістер жұмыс сипатына қарай үздіксіз және интервалды болып бөлінеді. Үздіксіз жаттығулар (әдістер) ұзақ уақыт ішінде орташа қарқынмен белгілі бір қимылды орындау арқылы жасалады (мысалы, 800м-ге жүгіруге дайындалған спортшы үшін – 3-5 км-ге біркелкі жылдамдықпен тоқтамай жүгіру). Үздіксіз жаттығулар негізінен айналымдық спорт түрлерінде, сондай-ақ қимыл ұзақтығы белгіленген уақытпен шектелетін айналымдық емес түрлерінде де қолданылады (мысалы, бокста, күресте, спорт ойындарының көпшілігінде). Спорттың айналымдық емес түрлерінде үздіксіз жаттығулар құрылымы бойынша өзгеретін немесе өзгермей орындалатын спорт жаттығуларын бүтіндей немесе оның жеке топтарын демалыссыз орындау арқылы жүзеге асырылады (мысалы, бокстағы қапты ұру топтама жаттығулары, футболшылар мен баскетболшылардың допты алып жүру жаттығулары). Үздіксіз жаттығуларда сабақтан сабаққа жаттығу көлемі бірте-бірте ұлғая береді.

Интервалды жаттығулар қимылдарды үзбей орындауды қарқындылықпен игеріп немесе түрлі ұзақтық пен үзіп-үзіп орындау арқылы құрылады.

Жоғарыда аталған жағдайлардың өзгеруіне қарай бұл әдіс кезекті жаттығулар және қайталау жаттығулары деп екіге бөлінеді.

Кезекті жаттығулар қимылды орындау күшін бірте-бірте өзгерту арқылы (кезекпен) орындалады (3-сурет). Бұл әдіс айналымдық және айналымдық емес спорт түрінде қолданылады, яғни үздіксіз жаттығулармен қатар қолданылады (бокс, күрес, спорт ойныдары). Спорттың айналымдық емес түрлерінде кезекті жаттығулар түрлі қарқындағы үздіксіз қимыл түрінде орындалады (өзгермелі).

 

1

Қашықтықтың көп бөлігі баяу, азы-тез бағындырылады

2

Қашықтықты тең түрде әрі тез, әрі баяу бағындыру

3

Қашықтықтың көп бөлігі тез, азы, баяу бағындырылады

4

Тез бастау қимылды баяулатумен аяқталады, сосын жылдамдық артады, ол қашықтықты тез өтумен аяқталады

5

Қашықтықты қысқа, бөліктерде баяу өтумен жылдамдықты бірнеше дүркін өзгерту

6

Жаттыққан қашықтықты тез өтіп, қанша спортшы ырғақты ұстап тұра алады, сосын қалған қашықтық бөлігін баяу аяқтау

 

3-сурет. Спорттың айналымдық түріндегі кезекті жаттығулар нұсқасы

 

Қайталау жаттығулары бір сабақ барысында белгілі бір қимылды демалыс үзілістерімен орындауға құралады. Бұл әдіс барлық спорт түрі сабақтарында қолданылады. Интервалды әдістің қайталау және кезекті нұсқаулары арасындағы айырмашылық бірінші жағдайда оқушылар демалыстық үзіліс уақытында толығымен демалмайды (немесе басқа бір қимылдарды орындайды), ал екінші жағдайда-демалыс үшін негізгі жаттығу пайдаланылады, бірақ оның орындалу қарқыны бұнда тез төмендейді (мысалы, жүзуде-еркін жүзу, желаяқтарда-жай жүгіру) (4-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-сурет. Жаттығу әдістері

 

Дене жаттығуларының айналымдық емес түрлерінде қайталау әдісі жаттығу пәнінің өзгермеуін нақтаумен немесе жаттығу пәнін өзгертумен орындалады. Жаттығулар бір сызықпен немесе дәлдеумен орындалады. Дәлдеу әдісінің түрі шеңбер әдісі болып табылады. Қайталау әдісінің бір сызықты түрінде жаттығу спорт жаттығуының түрлі тәсілдік жүйеліктерін немесе оның тактикалық түрлерін меңгеру үшін түрлі қимыл сапаларын бірізді әсер етуі үшін бір шеңбермен жүргізіледі. Қайталау әдісінің дәлдеу немесе шеңбер нұсқасында жаттығу бірнеше «шеңберде» орындалады. Көптеген зерттеушілердің (С.П. Белиц-Гейман мен Г.Ф. Полевой-теннисте, Ю.В. Куншир-жүзуде, Е.М. Чумаков-күресте) мәліметтері бойынша сызықты әдіске қарағанда дәлдік әдісі тиімді деп есептеледі. Шеңбер әдісі түрлі дене жаттығуларын бағдарланған ретпен және олардың әрқайсысын қарқынды қайталаумен бірізді орындауға құрылған (5-сурет).

5-сурет. Жаттығудың айналымдық әдісінің нұсқалары

 

Бұнда қимыл сипаты, жаттығудың қарқындылығы мен көлемі сабақ міндетіне байланысты анықталады. Бұл әдіс бойынша жаттығулар қатарына тапсырманы алдын-ала үйреніп және оқушылардың ең жоғарғы мүмкіндіктерін анықтағаннан кейін ғана кірісе алады. 4-6 аптадан соң әр жаттығу бойынша оқушылардың ең жоғарғы мүмкіндіктерін анықтау үшін бақылау жүргізіледі. Тапсырма реті кезеңімен ауысып тұрады.

Үздіксіз, қайталау және кезекті жаттығулар «таза» күйінде бір-бірімен үйлесіп те қолданыла береді. Ең көп тараған үйлесімді қайталау кезекті жаттығулар болып табылады.

Таңдаған спорт түріне, сабақ кезеңі, орындалатын тапсырмалар, оқушылардың жағдайына қарай аталған жаттығу әдістерінің біріне немесе олардың түрлі үйлесімдеріне таңдау жасалады. Олар бір немесе бірнеше аралас сабақтар барысында белгілі бірізділікпен кезектесіп отырады.

Жаттығулардың негізгі әдістері академиялық және ойындық жарыстар түрінде орындалады. Академиялық түр ең бастысы орындалатын жаттығулар түрінде, олардың құрылымдарын қатаң сақтай отырып, оқушы зейінін аударумен сипатталады, ал ойындық (жарыстық) түріне сюжеттік ендіріледі, нақты қимыл тапсырмалары мен оған қол жеткізу көрсеткіштері анықталады. Ойын әдісі дегенде жарыстың ұйымдастырылуын немесе ойынды тура мағынасында түсінген жөн емес ол берілген тапсырмаларды шешуге көмектесетін қосымша екпінді іздеуге бағытталған. Дене жаттығулары бүтіндей және оның жекелеген жүйеліктері оқытылады, ал қимыл сапасын дамытуға арналған жаттығулар жарыс түрінде орындалады. Жарыстар оқытушының немесе оқушылардың өздері ұсынған өндірістік ережелер бойынша орындалады. Бұл әдіс үшін түрлі снарядтар мен ойын жаттығуларының аспаптарын пайдалану сипатына тән. Жарыстық әдіс оқушыға үлкен қимыл. Еркіндігін береді, олардың қызығушылығын арттырады, қимыл түрлерін іздеуде бастама көтеруге мүмкіндік береді. Жаттығуларды үлкен көлемде және үлкен қарқынмен орындауға жол ашып, спорт тәсілдерін тез әрі жетік меңгеруге, ағзаның қызмет мүмкіндіктерін дамытуға жәрдем береді. Бірсайыс сияқты спорт түрлері сабақтарында немесе спорт ойындарында жарыстық әдіс негізгі болып табылады.

Жаттығудың қосымша әдістері тобына мына әдістер жатады: а) «қажет көмек арқылы», ә) «екі жақтан», б) «қимылды бейнелеу арқылы», в) «қимылды көрсету арықыл».

Қажет көмек арқылы жаттығулар әдісі мынандай: оқытушы үйретіп жатқан қимылды орындауда өзі араласады, оқушыларға дене көмегін көрсетеді. Ол қимылды бағыттайды, оқушыны ұстап тұрады, тартады, оның қимылын жылдамдатып, баяулатады, дененің жеке бөліктерінің қалпын дұрыстайды.

«Екі жақтан» жаттығу әдісі оқушыларға ассиметриялы спорт жаттығуларын екі аяқ-қолмен немесе дененің екі жағымен орындауды үйренуге мүмкіндік береді.

Қимылды бейнелеу жаттығулар әдісінің мәні мынада: оқушылар спорт жаттығуларының тәсілдері туралы жүйелі ойлайды, спорт жаттығуларын бүтіндей немесе жекеше бөліктері тәсілдерін, қимылдарын бірізділігін бірнеше  дүркін бейнелейді. Оқушылар өз зейінін қимылдың жеке параметрлеріне (ырғағына, екпініне, қимыл жиілігіне) және қимылды орындау уақытында пайда болатын қимыл сезімдеріне аударуы мүмкін. Бұл әдіс спорт жаттығуларының тәсілін меңгеруге, кейде сәйкес қимыл сапасын дамытуға жәрдем береді. Бұл әдістің жаттығулар түріне белгілі бір дене жаттығуын бірізді орындауды бейнелейтін суреттерді салу болып табылады.

«Қимылды көрсету» жаттығу әдісі оқушылар айқын спорт жаттығуларын қимыл құрылымдары мен жағдайлары қатынасына қарай бейнелейді (мысалы, гимнастикалық таяқты белтемір).

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында қолданылатын ақпарат құралдар мен әдістері (6-сурет) (жаттығу әдістері сияқты) негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгілеріне сөз бен бейнелеп көрсету жатады. Сөздің көмегімен дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында а) оқушыларды ұйымдастыру; ә) білімді мәлімдеу; б) орындалған жаттығуларды және олардың нәтижелерін талдау мен бағалау; в) көңіл-күй жағдайын  реттеу; г) тәрбиелеу міндеттерін оындау қамтамасыз етіледі. Бейнелеп көрсету үйренетін қимылдар туралы нақты мәліметті қысқа уақыт ішінде білуге мүмкіндік береді.

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-сурет. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы ақпарат

құралдары мен әдістері

 

 

Ақпараттың көмекші құралдары мен әдістеріне қимыл барысындағы дыбыстар қимылдан қалған іздер, бағыт-бағдар, сондай-ақ ақпараттың техникалық құралдары мен әдістері жатады.

 

1.4. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жүктеме

 

Сабақтағы оқушыларға деген жеке және қосынды ықпалдар адамның басынан өткеретін қысымның дәрежесімен сипатталатын жүктеменің төлеміне байланысты болып табылады. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында ол сабақ пәніне (жаттығу), жаттығуды ұйымдастыру мен қимыл жасау ортасына тәуелді болады. Сабақ-бұл нақты қимыл, іс-әрекет (спорттық немесе гимнастикалық жаттығу, ойынның немесе туризмнің түрі). Қимыл ортасы деп сабаққа лайықталған жағдай түрін айтамыз, ал жаттығуды ұйымдастыру деп мына бөлімдердің өзара қатынасын түсінеміз: а) жаттығудың қарқындылығы; б) жаттығудың көлемі; в) жаттығу барысындағы демалыс түрі мен оның ұзақтығы.

Жаттығудың қарқындылығы орындалатын қимылдар қысымымен сипатталады. Айналымдық және айналымдық емес дене жаттығуларында олар біркелкі емес ықпалдар әсерінен өзгеріп отырады. Айналымдық жаттығулар түрлерінде қарқындылықтың өзгеруіне әсер ететін ықпалдар ең алдымен қимыл жылдамдығы содан кейін ауырлатылған аяқ киім, белдік, т.б. түріндегі арнайы қолданылатын тартылулар болып табылады. Одан бөлек, спорттың айналымдық түріндегі жаттығулар қарқынына қимыл ортасы әсер етеді.

Айналымдық емес қимылдардағы жаттығулар қарқындылығы мынаған байланысты: 1) орындалатын жаттығулардың дәлдік күрделілігі, (темірді тұрып, отырып және жатып қысымдап көтеру); 3) қимыл бағыты (мысалы, ядроны 200 немесе 400 бұрышта көкжиекке лақтыру); 4) пайдаланатын снарядтардың түрлері мен салмағы; 5) қарсыласының салмағы (қарсыласуы және жетілуі); 6) оқушының жүйке-бұлшықет қысымының деңгейі (қимыл жылдамдығы, қимыл дәлдігі, қимыл ауқымының ұлғаюы және басқа), яғни көлемді қимыл әсеріне жету үшін қажетті жағдайлар.

Жаттығу көлемі орындалатын қимылдардың сандық шамасымен сипатталады. Айналымдық дене жаттығуларында көлем қашықтықтың бағындырылған ұзындығына, жаттығудың ұзақтығына және белгілі тапсырманың қайталану санына тәуелді болады.

Айналымдық емес дене жаттығуларында көлем бірдей дене жаттығуларының қайталану сандарына, орындалатын дене жаттығуларының (көптүрлілігі) санына және белгілі бір тапсырманың қайталану санына тәуелді болады.

Дене тәрбиесі сабақтарында жалпы дене дайындығын жаттығу көлемін қамтамасыз етуге бағытталған айналымдық емес жаттығуларды меңгерумен сабақтың тығыздығы анықталады. Оның ауқымдылығы пайызбен сипатталады.

Сабақтың моторлық және жалпы тығыздығының айырмасын анықтау формасы. Сабақтың моторлық тығыздығы сабақ уақытының барлығында орындалатын жаттығуға жоғалтқан (бүтіндей немесе оның жеке бөліктерін) уақыт қатынасында айтылады. Мысалы сабақтың негізгі бөлігінің ұзақтығы 30 минутқа тең, сабақтың бұл бөлігіндегі жаттығу орындауға кеткен уақыт көлемі 10 мин. Сабақтың негізгі бөлігінің тығыздығы 33%-ға тең  Сабақтың жалпы тығыздығы – бұл сабақтың барлық уақытына қатысты, пайдаланылғаны педагогикалық тұрғыдан аяқталған уақыттың қатынасы. Педагогикалық тұрғыдан  аяқталған уақытқа оқытушының білімді және мақсатты көрсетуі мен түсіндіруі, оның нұсқауы, қайта сапқа тұрғызуға арналған бұйрықтары, жаттығуды орындауға кеткен уақыт және олардың арасындағы демалыс жатады.

Жоғарыда аталғандай, жүктеме көлеміне сол сияқты демалыстың ұйымдастырылу түрі мен ұзақтығы да әсер етеді. Тек олардың өзгеруі ғана (біркелкі дене жаттығулары мен жаттығу қарқындылығымен) бір жағдайда үлкен көлемде тездікті дамытуға, екінші бір жағдайда жалпы және жылдамдық төзімділігін, бұлшықет көлемін ұлғайту немесе күш пен күш төзімділігін дамытуға көмектеседі.

Демалыс ұзақтығы түбегейлі түрде спорт жаттығулары тәсілін меңгеруеі  табысты болуына ықпал етеді. Ұзақтығына қарай демалыс қатқыл, экстремалды және толық болады. Қатқыл демалыс келесі жаттығулар, яғги алдыңғы қимылдардан сақталған шаршау аясында жүргізіледі, эстремалды демалыс алдыңғы жаттығулардың шаршауын жояды, бірақ оның тиімді жақтарын сақтап қалады. Толық демалыс алдыңғы жаттығулардың орындалу нәтижесін өшіруге әкелетін жаттығулар ұзақтығына байланысты жүргізіледі.

Ұйымдастыру түріне қарай демалыс әлсіз, белсенді, аралас болып бөлінеді. Жаттығулар барысында әлсіз демалыс барлық арнайы қимылдарды тоқтатады (тұрып, отырып, жатып демалу). Белсенді демалыс арнайы қимыл мен іс-әркеттер, яғни жұмысқа қабілетін қалпына келтіруді жылдамдату үшін қолданылатын демалысты атайды. Көптүрлі қайталама жаттығулардан кейін белсенді демалыс 2-3 есеге әлсізінен қарамастан дұрыс нәтиже береді. Оның әсері әсіресе жақсы жаттыққан спортшыларда белгілі болады.

Спорттың айналымдық түрлерінде жаттығулар арасында үзілістегі демалыс түрі барынша мақсатты болады, онда да ұзақтығы айналымдық қимылдағыдай, бірақ қарқыны аз болып келеді. Сол сияқты спортшы сабақтың немесе аталған спорт түрінен жарыстар аяқталған. Ең демалуы тиіс. Әрине, күшті тез әрі жақсы қалпына келтіру үшін мәреден кейін бірнеше уақыт қажет. 3-5 минут қимылды жалғастыру керек (желаяқ сәл баяу жүреді, жүзгіш біраз суда қимыл жасайды), т.б. Жүгіруден кейін қимылды тез тоқтату бұлшықет пен сіңірдің жарылып немесе тартылып қалуы сол сияқты гравитациялық шок болуы мүмкін (қысқа мерзімді есінен айырылу). Баяу жүру-айналымдық емес спорт жаттығуларынан кейін де өте тиімді демалыс түрі болып саналады. Белсенді демалыс қимыл құрылымы бойынша көптүрлі құрылған және барлық қимыл аясына әсер ететін спорт түрлерінің шаршататын жаттығуларынан соң онша тиімді емес. Спорттың бұл түрлерінде бокс, баскетбол, хоккей, т.б. қысқа үзілістер уақытында қалпына келтіру үшін қандай да бір қимыл жасамай, керісінше отырып демалған дұрыс.

Аралас демалыс деп әлсіз және белсенді демалыстың үйлесімін айтамыз. Айналымдық емес спорт түрлерінің сабақтарында демалысқа арналған үзіліс уақытын үш бөлікке бөлуге кеңес беріледі: бірінші бөлікте (уақыттың 25%-ы) баяу демалып, екінші бөлікте (50%)-белсенді және үшінші бөлікте (25% уақыт) – баяу демалу қажет.

Уақытша шаршауға әкелетін қимылдар аяқталған соң үзілісте босаңсыту жаттығуларын орындап, массаж жасатып немесе өзіне массаж жасап, сол сияқты суық сумен жуынып,  сулы сүлгіні желкесі мен кеудесіне, аяғын салқын сумен жууға кеңес береді.

Бір сабақ барысында, апталық сабақ айналымында немесе жаттықтырудың белгілі бір кезеңіндегі жүктемені нақты жаттығуды орындау барысында үш негізгі амалмен өзгертуге болады: 1) тіксызықты-көтерілетін; 2) сатылық; 3) толқын тәріздес (Л.П.Матвеев). Тіксызықты көтерілу амалында бір сабақ барысында немесе бір сабақтан келесі сабаққа жүктемені қатаң түрде бірте-бірте ұлғайтып немесе азайтуға мүмкіндік береді. Сатылы жүктеме белгілі бір уақыт барысында бір деңгейде сақталады, сосын ұлғаяды, қайтадан осы деңгейде сақталады және т.б. Толқын тәріздес жүктеме сабақ барысында немесе бірнеше сабақ барысында бірте-бірте, сатылап көтеріледі және оның ұлғаюы мен азаюына жалпы жағдай жасай отырып, төмендейді.

Жеңіл (аз), орташа және үлкен (көп) жүктемелерді ажырату. Спорт-қимыл әрекетінде спортшы туындататын күш жұмсау деңгейі бөлшектік көлемдерде бейнеленеді (күштің ширегімен немесе жартысымен орындауға болады). Ол күш аясында аталған спортшының мүмкіндігі жететін ең жоғарғы деңгейді басшылыққа аламыз. Спортшының мүмкіндігінен асып кететін жүктеме шектен тыс деп есептеледі.

Осы көрсетілген градациялар жүктеме көлемінің жан-жақты бағасын береді. Олардың нысанды бағасының негіздері орта жүйке жүйесінің, ағзаның вегетативтік жүйесінің және тірек-қимыл аппаратының жаттығулар барысында және оны орындағаннан кейінгі түрлі мерзімдердегі болатын қуат шығыны мен қызмет өзгерістерінің көрсеткіштері болып табылады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жүктемесінің мөлшері туралы түсінік қалыптастыруда екі көзқарас нақты белгіленген. Біріншісі аз жүктеменің, екіншісі-үлкен жүктеменің мақсаттылығын қарастырады. Бірінші көзқарас 1946 жылға дейінгі дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының ғылыми-әдістемелік ережелері дамытуға арналған.

Тиімді деп танылған жүктеме мөлшері туралы түсінікті А.А. Зикмундтың қысқа қашықтыққа жүгіретін спортшыларға арналған нұсқалары бойынша құруға болады. Ол бір сабаққа аяқпен жай жүгіріп өтуге 50м, ал баяу жүгіруге 150м жетеді деп есептеді.

В.В.Герканның пікірінше спорт жаттықтыруынан жетістікке жету үшін аптасына 3-4 сабақ жеткілікті деп есептелді. Оның айтуынша, «жаттығушының негзігі «ұраны» асыра жаттығудан гөрі» қалыпты жаттыққан жақсы болуы тиіс.

Г.А.Дюпперюн күніне барынша шамасы келген биіктікке бес рет секіру биіктікке секіретін спортшыларға жеткілікті деп есептеді.

Жеткілікті жүктеменің өлшеуіші пульстің минутына 120 рет ұру жиілігі болды. Бұл кезеңдегі спортшыларға арналып берілген жаттығу мөлшерінің жеткіліксіз екенін анық көрсету үшін, қазіргі кездегі көзқарас бойынша, ол ең жақсы деген жағдайда да тек денсаулық топтарында жаттығатын егде жастағы адамдардың жүктемесіне сәйкес келетінін айтамыз.

Бұндай бөлек, аз жүктемелер барынша мақсатты болып танылды. Бұнда да Вильгельм Рудың ережесі бойынша, яғни, күшті қоздырғыштар ағзаны шаршатып, ал әлсіздері жақсы қоздырады делінді.

Спорт сабақтарындағы жоғары жүктеменің лайықтылығы кері қайтарылды, себебі спорт жаттығуларының тәсілін меңгеру танымдық әсер болса, ал қимыл дағдыларын меңгеру үшін ағзаның вегетативтік аясындағы қызмет өзгерістерінің мәні бағалаланбады.

40 жылдардан бастап дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының жоғары жүктемесін қолдаған пікірлер пайда бола бастады.

А.Д.Лантом алғаш рет өзіне тәжірибе жасау арқылы оның мақсаттылығын дәлелдеді.

1946 жылдан кейін дене тәрбиесі мен спорт териясы мен әдістемесінде дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы табысқа жету үшін жоғары жүктеменің керектігі туралы ой дәлелденді. 1949ж Г.В. Фольборттің «Шаршау мен демалысты физиологиялық түсіну негіздері ретінде азу мен қалпына келтіру процестері» деген мақаласы шықты, онда спортпен айналысудың белгілі бір кезеңіндегі жоғары жүктеменің маңыздылығын теориялық тұрғыдан түсіндіріп береді. Бұдан кейін бұл мәселе спорттың ең бір көкейтесті теориясының бірі болды. Спорт жаттықтыруындағы жүктемені реттеу заңдылықтарын зерттеуде Г.В. Фольборттан басқа ғалымдар тобы болды, олар И.А. Кулак, М.Я. Горкин, В.С. Фарфель, Е.Я. Евгеньева, А.Н. Макаров және басқалар.

Бұл зерттеу мәселен мынаны көрсетеді, яғни үлкен жүктемеден қорқу  – адам ағзасының мүмкіндіктері туралы шала түсініктің нәтижесі, ғылыми ережелердің дене тәрбиесі іс-тәжірибесіне енуінің жеткіліксіздігі және дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін түсіну шектеулілігі болып табылады.

Жоғары жүктемелердің дұрыстығының теориялық негіздері дене жаттығуларын орындау нәтижесінде және соның барысындағы жүргізілетін физиологиялық және биохимиялық процестердің заңдылықтары М.П. Павлов, А.А. Ухтомский, Н.А. Энгельгарт, Г.В. Фольборт бекіткен, шартты рефлекстің әсері мен қоздырғыш күштері арасындағы тәуелділік, қоздырғыш заттар мен олардың азаюын қалпына келтіру қарқындылығы болып табылады.

Жоғары жүктемелердің дұрыстығы туралы тұжырым тек ғылыми зерттеулердің мәліметтерінде ғана емес, сол сияқты жоғары маманданған спортшылардың жаттықтыру сабақтарындағы жинақтаған тәжірибені талдауғада негізделеді. Ол жүктеме көлемі мен спорт нәтижелері арасындағы заңды байланыстың болатындығын көрсетеді. Жүктемені арттыру заңды түрде нәтижені арттыруға жәрдем береді, ал оны төмендету белгілі бір уақыттан кейін нәтиженің төмендеуіне әкеліп соғады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жоғары нәтижелердің дұрыстығы туралы айтқанда жаттығудың көлемі мен қарқындылығы тәрізді негізгі екі ықпалдың қайсысы арқылы оны көтеру керек екенін анықтау қажет.

Барынша маманданған спортшылардың жаттықтыру сабақтарын талдау және осы сұраққа жауап іздеу үшін жүргізілген зертеулер егер жүктеме жаттығу көлеміне қарай жоғарылайтын болса көлеміне қарай жоғарылатып болса нақты нәтижелер беретінің көрсетеді (сабақтар саны апта бойына, күнге, айналымдық спорт түрі сабақтарында километражға байланысты артып отырады). Тек бірте-бірте артып отыратын жаттығу көлемдерінде ғана қимылдың жоғары қарқындылығы кезеңденіп қолданылады.

Дегенменде, жаңадан келген спортшылар мамандалған спортшыларға қарағанда қарқындылығы бойынша жоғары жүктемелерді қолданады (әрине нақты спортшыға арналған жүктеме көлемі айтылып отыр). Жүктеме қимылының қарқындылығына қарай үлкен жүктемелер ең жоғары маманданған спортшылар үшін де аптасына 1-2 рет, жарысқа қатынасын да есепке ала отырып қолданылады.

 

1.5. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін

шешуге әсер ететін қосымша факторлар

 

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге, әсер ететін қосымша факторларға күн тәртібі, іс-әрекет аясы, әлеуметтік және ғылыми-техникалық жағдайлар жатады.

Күн тәртібі – бұл негізгі өмірлік бағыттарды орындаудың белгілі бір тәртібі және іс-әрекет пен демалыстың тиімді кезектесуі. Оның қажеттілігі адамның тәулік бойындағы физиологиялық процестерінің ырғағымен өтеледі. Ол тұрмыс пен еңбектің және денсаулық жағдайының нақты талаптары есебімен анықталады. Күн тәртібі тек өмірлік іс-әрекеттің белгілі бір ырғағын сақтау ғана емес, сонымен ақыл-ой мен дене еңбегі арасындағы, еңбек пен демалыс арасындағы, белсенді және  қарапайым демалыс түрлері арасындағы дұрыс қарым-қатынасты, оның тиімділігін сақтауды да қарастырады.

Жарыс қарсаңындағы күндердің күн тәртібіне, егер орындауға тәулік уақыты мен жағдайы үйренген уақыттан өзгеше болған жағдайда ғана болмаса, басқа уақытта түбегейлі өзгеріс ендіру дұрыс емес.

Жарыс кестесін өзгертуді алдын ала белгілеп (ең кем дегенде бір ай алдында) сабақ уақытын соған сәйкес жөндеу керек.

Спорт түрлері қатарында негізгі жарыстардан бөлек мамандандырылған жарыстар да өтеді. Олар әдетте таңертең ерте өтеді. Бұл жағдайды ескермеген және таңғы уақытта жаттықпаған спортшылар көбінесе мамандырылған нормативтерді тіпті өздерінің айқын мүмкіндіктерінен төмен болса да орындай алмайды. Бұл өте маманданған спортшыларда да кездеседі.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін орындауға ықпал ететін басқа факторларға іс-әрекет ортасы, яғни метеорологиялық жағдайлар, климат жағдайлары және сабақ өтетін орындар жатады.

Ескерілетін және мүмкіндігінше реттеліп отыратын метеорологиялық жағдайларға табиғаттың табиғи күштерінің ықпалы жатады (күн, ауа, су).

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы метеорологиялық жағдайлар қимыл тиімділігіне гигиеналық, білім беру және тәрбиелік міндеттерді шешуге және ағзаны шыңдауға әсер ететін фактор ретінде қарастырылады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында ескерілетін және пайдаланылатын климаттық жағдайлардан ең маңыздысы сабақ өтетін жердің теңіз деңгейінен биік болуы болып табылады.

Тау жағдайлары жазықтық бедеріне қарағанда ағза жүйесінің барлық жұмысының жоғары талаптарын орындай алады. Тауда спотпен шұғылдану (теңіз деңгейінен 1700-220м биіктікте) жаттығуды арттыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Олар жазықтық жағдайына қарағанда күшті, тездік пен төзімділікті дамытуға үлкен ықпал етеді. Мысалы, саусақ күшінің көрсеткіші тауда орта есеппен 2,5-3 кг-ға, ал кейбір жағдайларда-12 кг-ға дейін көтеріледі.

Таудан қайтқаннан кейін ағзаның қызмет жағдайы көптеген өзгерістерді бастан өткереді, алғашқы күндері спортшы өзін жақсы сезінеді 3-5 күннен бастап оның жағдайы төмендеп, сосын 8-10 күннен бастап қайтадан жақсара бастайды. Жазыққа қайтқанда таудың жақсы әсері екі айға жуық сақталады. Тау ауа райы спортшылардың демалысы үшін де қолданылуы мүмкін.

Егер қатты шаршаған жағдайда 7-10 күнге тауға бару керек, сонда ағза жағдайы тез жақсарады. Сол сияқты теңіз жағасында жүргізілген жаттықтыру сабақтары да ағзаға жақсы әсер етеді.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешу үшін ең алдымен ол сабақтың ашық жерде немесе жабық мекемеде өтетіні де зор маңызға ие болады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын ашық орындарда өткізу гигиеналық және педагогикалық тұрғыдан өте дұрыс. Бұл жаттығу қарқындылығы мен көлемін арттыруға, оның көңіл-күйге әсерін көтеруге, денсаулыққа дұрыс ықпал етуіне, спорт жетістіктерін көтеруге мүмкіндік береді. Жазғы спорт түрлерімен тіпті қыста да ашық орындарда шұғылдану денсаулыққа жақсы әсер етіп, спорт жетістіктерін арттыруға көмектеседі.

Сабақ өтетін мекеменің көлемі мен ойын алаңы іс-қимылға қатты әсер етеді. Жүзгіштің, гимнасттың, штангашының, баскетболшымен жеңіл атлетшінің көрсеткіштерінен белгілі болған нәтижелері жарыс өтетін орынға, яғни ашық аспан астында немесе жабық орында өтетініне байланысты көп айырмашылыққа ие болады. Спортшының көз алдындағы барынша еркін кеңістік ағашпен, қоршаумен, мекемемен алаңдары шектелген орындарға қарағанда жоғары жетістікке жету үшін өте қолайлы. Сондай-ақ алаңның шетінен диск, жебе, балға лақтыруда нәтижелер әдетте алаңның ортасынан шетіне қарай лақтыруға қарағанда төмен көрсеткіш береді.

Сабақ өтетін орындардың ағза мен спорт нәтижелеріне әсерін бағалау мен есепке алуда жарықтың күші мен бағытының маңызын да ескеру керек. Сабақ өтетін орындардың жақсы жарықтануы – бұл оқытудың табысты өтуінің ең маңызды шарттарының бірі. Қараңғы қимыл дәлдігіне қиындық келтіреді. Спортшыларға бағытталған тіке жарық та кері әсер етеді, ол көруді нашарлатып, қимыл орындауға әріптесін, қарсыласын, снарядты бақылауға қиындық тудырады.

Көптеген спорт түрлері алаңмен, жүгіру жолымен, қармен немесе мұзбен жүріп өтумен байланысты болып келеді. Жабысу күші, іс-қимыл өтетін жамылғы бетінің сапасы мен жағдайы, сол сияқты жергілікті жердің бедері де жүктеменің өзгеруі мен спорт нәтижелеріне әсер етеді.

Сол сияқты сабақ өтетін орынның тазалығы мен тартымдылығы да маңызды. Мекеме бояуларының күңгірттігі, құрал-жабдық сапасының төмендігі, алаңдағы жасыл желектің болмауы да бір сабақ барысында спортшы жағдайына едәуір әсер етеді, ал бұл ұзақ уақытқа созылса, сабаққа зейіннің төмендеп көрсеткіштердің нашарлауына және көңіл-күйдің болмауына себеп болады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының нәтижелеріне әсер ететін әлеуметтік жағдайларға ауқымды құбылыстар жатады, оның ішінде еңбек, оқу, тұрмыс пен тұрғын орын жағдайы, жанұядағы, оқудағы, еңбек пен спорт ұжымдарындағы және т.б. бар.

Спортшының іс-әрекеті мен қимылын бағалайтын төреші мен көрермен спорт күресі өтетін әлеуметтік ортаны құрайды. Көрермендердің саны мен құрамы, олардың жекпе-жек барысындағы спортшымен ара қашықтығы, олардың спорт жекпе-жегі бойындағы реакциясы мен мінез-құлықтары спорт жарыстарының нәтижесі үшін мәнсіз емес. Сондықтан сабақ барысында жағдайларды тек жарыс өтетін орын метеорологиялық және басқа жағдайларда ғана емес, сонымен қатар көрермендердің қошеметін де мүмкін болатындай жарыс жағдайына лайықтап өткізу керек.

Дене тәрбиесі мен  спорт сабақтарының нәтижесіне әсер ететін және әлеуметтік талаптарға байланысты ғылыми-техникалық талаптарға бұқаралық ақпарат құралдарын тасымалдау құралдарын жетілдіріп, жаңа спорт түрлерінің пайда болуы (ең алдымен техникалық түрлерін), дене тәрбиесі мен спортты басқару мен жоспарлау мүмкіндіктерін кеңейту жатады.

Ғылыми зерттеулердің әдістемесін жетілдіру адам іс-әрекеті қимылының бұрын белгісіз заңдылықтары мен оны дамыту жолдарын айқындап, спортшыларды медициналық қамтуды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жасы, жынысы, дайындығы әртүрлі адамдардың қимыл мүмкіндіктері туралы ғылыми мәліметтердің пайда болуы, бұл мәселе туралы біздің түсінігімізді өзгертеді. Бұл сабақ пен оған қолданылатын құралдар мен әдістерге де қатысты.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын құру мен ұйымдастыруды жетілдіру оқытушылардың өнері мен білімін көтеру, әлеуметтік жағдайлар мен ғылыми-техникалық ілгерілеушілікті жақсарту спорт нәтижелерін тез жақсартуға мүмкіндік береді.

Спорттағы ғылыми-техникалық ілгерілеушілік ең алдымен спорт аяқ киімі мен құрал жабдықтарын және киімдерін дайындауға арналған аспаптар мен материалдарды жетілдірумен бейнеленеді. Спорт нәтижелерін жақсартуға спорт алаңдары мен жүгіру жолдарына арналған сырықтарды дайындауға арналған жаңа синтетикалық материалдарды, сондай-ақ жеңіл атлетика, гимнастика мен акробатика сабақтарында қонуға арналған орындарды жасайтын материалдарды ойлап табу көп ықпал етті.

Жаттықтырудың тиімділігін арттырудың маңызды факторы бұлшықет жұмысы мен тез қалпына келетін жұмыс қабілетін (қалпына келтіру құралдары) артыру үшін және сабақтың жиілігін көбейту, олардағы жүктемені ұлғайтуға мүмкіндік беретін маңызды ықпал болып табылады. Бұндай құралдарға мыналар жатады: арнайы тамақтану, емдік шаралары, дәрумендеу, массаж, физитотерапевттік процедуалар, бірнеше фармакологиялық құралдар пайдалану, ине егу, машина, т.б. Спорт нәтижелеріне спорт жаттықтырулары мен спорт жарыстарының нәтижесі мен барысы туралы ақпараттық техникалық құралдарын жетілдіру үлкен ықпал көрсетеді.

Тарау қорытындысында мынадай тұжырымдар жасауға болады.

Спорт жаттықтыруының дидактикалық және басқа да дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдарымен дене тәрбиесінің ғылыми негіздерін дамытуды қазіргі деңгейге сәйкес тану қажет:

а) оқыту мен дамытудың бірлігі;

б) сабақтың құрылымдылығы;

в) оқушылардың ерекшелігі мен жағдайының есебі;

г) қозғалыстың талдауы мен синтезі;

д) жаттығу барысын саналы және сезімді бақылау,

е) жүктемені бірте-бірте көтеру;

д) сәйкес жағдайларды реттеу мен тербеліс есебі;

з) қозғалыстағы тыныс алу дұрыстығы.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының әдістері мен құралдарына сабақ тапсырмаларын орындауға бағытталған оқытушылар мен оқушылардың іс-әрекет түрлері мен қимылдары жатады. Олар дене жаттығулары мен түрлі ақпарат түрлері болып табылады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын тиімді құру ағзаның барлық органдары мен жүйесіне жақсы әсер етеді.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының адам ағзасына әсерін анықтайтын негізгі фактор жүктеме деп аталады.

Сонымен дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге ықпал ететін қосымша факторға мыналар жатады:

а) оқушының күн тәртібі;

б) іс-әрекет ортасы (сабақ өтетін орынның метеорологиялық және климаттық жағдайы);

в) әлеуметтік жағдай және ғылыми-техникалық ілгерілеушілік.

 

 

ІІ-тарау. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ САБАҚТАРЫН ОҚЫТУ

 

2.1. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқытудың орны мен ролі

 

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттері (оның ішінде спорт жаттықтыруы) оқыту, дамыту және тәрбиелеу тәрізді іс-қимылдың үш түрі нәтижесінде және соның барысында (оқытушы орындайтын қызметтер) шешіледі.

Оқыту — дене жаттығулары тәсілдерін, тазалық пен гигиена дағдыларын, спорт тактикасы мен ілімдік білімдерді меңгеруге бағытталған, жүйе.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын дамытуды денсаулықты нығайту, қимыл қабілеті мен тұлға пішінін жетілдіру деп, ал тәрбиені идеологияны, мінез-құлқының мөлшерін, ақыл-ой, ерік және көңіл күй аясының тәртіп талаптарының, эстетикалық талғам мен этикалық тәлімнің қалыптасуы деп түсінген дұрыс.

Дене тәрбиесі ілімінде көп жағдайда дене тәрбиесінің міндеттері іс-әрекеттің екі түрі-оқыту мен тәрбиенің барысында және оның нәтижесінде шешіледі. Бұл жағдайда (оқытушы орындайтын қызмет) дамыту ескерілмейді. Адамның дене табиғатына қатысына қарай, ол биологиялық заңдылықтар бойынша жүретін белгілі бір жағдай мен процесті сипаттайды делінеді, бірақ басқару әрекетінің нәтижесі қатысты емес. Бұл көзқарастарды жақтайтындар педагогикалық процес ретінде саналатын «дамыту» түсінігін (дамытуды басқару ретінде) «тәрбие»түсінігінің синонимі деп есептейді. Адамның қозғалыс қабілетіне қатысы бойынша «дамудың» орнына қолданылатын «тәрбие» сөзін қолдануға басты дәйек ретінде олар «дене тәрбиесі» деген түсінікті келтіреді. Бұны былай талқылайды. Егер дене тәрбиесінің маңызы адамның дене дамуын басқарудан құралса, онда, әрине, адамның пішіні мен қызметі тәрбие пәні болып табылады. Егер «дене тәрбиесі» түсінігі дұрыс болса, онда «тәрбие» сөзін де ішінара қимыл сапаларына қатысына қарай «тәрбие» сөзін пайдалану да дұрыс.

Келтірілген мәлімдемелердің логикалық тұрғыдан дұрыстығы мынадан танылуы мүмкін, яғни «дене тәрбиесі» түсінігін анықтаудағы бастапқы көзқарас өте орынды. Алайда, бұл жерде де үлкен қате жіберіледі.

Дене тәрбиесінің негізгі мақсаты тек тұлғаның пішінін, ағзаның вегетативтік және анимальдық қызметін дамытуды басқару ғана емес. Дене тәрбиесінің негіз болып саналатын қозғалыс әрекеті – адамның ақыл-ой, ерік және көңіл-күйінің белгілі жақтарын, атап айтқанда бүкіл тұлғаны қалыптастырудағы күшті ықпал. Демек, «дене тәрбиесі» түсінігін кең көлемде қарастырады.

«Тәрбие» түсінігін ағзаның жеке бөліктерін органдары мен қызметін жетілдіруге бағытталған процестің мәнін ашу үшін пайдалану ғылыми түрғыдан толықпаған және қате ұғымға әкеледі. Осындай ұғымдарды басшылыққа ала отырып, біз саусақты, дененің белгілі бір жалғасқан ұлпаларын т.б. тәрбиелеу деп түсінуге тиіс боламыз. Шындығында, адамның қимыл сапасына ағзаның вегетативті қызметі мен дене пішініне қатыстылардың барлығы тәрбиеге емес, керісінше дамытуға қатысты.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы оқытушылардың орындайтын маңызды қызметі оқыту болып табылады. Ол басқа да міндеттерді шешуге көмек береді. Қимыл сапаларын, тұлға қалпын жақсарту, денсаулықты нығайту және т.б. дамыту мақсатында дене жаттығуларын орындау алдында осы қимылдарды үйрену қажет. Тек, жай жүру, жүгіру тәрізді (дене жаттығулары) табиғи қозғалыс түрлері ғана ерекшеленуі мүмкін. Оқыту әсіресе спорт жаттықтыруында үлкен мағынаға ие болады.

Спорттың күрделі дәлдіктегі түрлерінің спорт нәтижелерінің алға ілгерілеуі спорт жаттығуларының тәсілдерін меңгеру. Қозғалыс құрылымын жетілдіру, олардың жеке бөлшектерін орындаудың барынша тиімді нұсқаларын табу жолымен жүргізіледі. Бұған мысал ретінде диск лақтыруда тұлғаның снарядтан озып кетуі немесе штанганы кеудеге және «жұлқа» көтерудегі ұмтылысты пайдалануды айтуға болады. Спорттың әрбір түрінде қолданылуы спорт нәтижелерін жақсартатын тәсілдік жаңалықтар болуы мүмкін.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге арналған оқытудың мәнін анықтау сондай-ақ ағзаның қызметі мен дене пішінін, атап айтқанда күш, шапшаңдық және де басқа қимыл сапаларының күрт шектелуімен дәлелденеді, олар шексіз дәлел бермейді, ал тарихи жоспардағы қозғалыс дағдыларын жетілдіру мүмкіндігі шектеусіз және өмір сүру барысында бұл процес адамның жаттығуына қарай ұзарып, жалғаса береді.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқытудың ілімдік негіздері мен іс-тәжірибесі былай дамыды. 1917-1930 ж.ж. дене жаттығуларын оқыту жүйесі гимнастикалық жаттығулар қимылын есте ұстау сабақтарын еске түсірді. Оқытудағы ең бастысы оқушы қалай және нені орындауды түсінуі болды. Қимылды жетілдіру үшін қолданылатын қайталау «жаттанды» деп саналып, жүйеден алынып тасталды. Бір ғана спорт жаттығуларының көптеген түрлерін оқытты. Оқыту әдістеріне түсіндіру, бұйрық, сақтандыру (Г.А.Дюпперон) және имитация (А.А.Жемчужникова) жатқызылды. Көптеген ғалымдар (Л.В.Геркан мен Г.К.Бирзиннен басқалары) дене жаттығуларын оқытудың жалғыз ғана дұрыс жүйесі ретінде үйренген қимылды  түгелдей қайталауды таныды. Олар оқыту барысындағы күрделі дене жаттығуларын жеке бөліктерге бөліп оқытуды дұрыс деп санады. Тактика мәселелері бұл кезеңде оқытылмады. Спорт тактикасын қарсыласын жаңылдыру амалдары деп есептеді.

1931-1945 ж.ж. дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы оқытуға қатысты ғылыми-әдістемелік ережелерде көбіне танымдық жақтары қарастырылды. Үйренген қимылдардың құрылымы туралы түсінік қалыптастыру оқытушының негізгі міндеті болды. Дене жаттығуларын оқыту барысында оқытушы жұмысының бірізділігін қатаң сақтау қажет болды. Мысалы, алдымен үйренетін қимылды көрсету, сосын оны бейнелеп көрсетіп, соңынан қайталап жасап көрсетуге кеңес берілді. Тек осылай оқытқаннан кейін оны орындауға рұқсат етілді. Қате жіберілген жағдайда пайдаланылатын әдістер бірізділігі қайталанды. Оқытуда негізгісі үйренетін жаттығуды түгелдей орындау болды.

«Жеделдетіп» оқыту (И.И. Гребенщиков) ең тиімді саналды. Оларды жеделдету үшін қимылды көп рет қайталау «жаттанды» деп саналды, яғни саналылық ұстанымын бұзды. 1931-1946 ж.ж.жекелеген спорт түрлерінен тактикалық дайындық мәселелеріне арналған мақалалар шыға бастады.

1946ж соң дене жаттығуларын оқыту мәселелері жөнінде көптеген монографиялық жұмыстар жарық көрді (В.В. Белинович, Н.Г. Озолин, С.В.Янанис, М.А. Черевков, В.Д. Мазниченко және басқалар). И.П.Павловтың рефлекстер ілімімен теңесетін спорт жаттықтыруы нәтижесінде қозғалыс қимылдарын жетілдіру механизмін түсіндіру үшін ілімдік негіздер ретінде Н.А.Бернштейннің қимылды құру туралы ілімі қабылданды. 40-шы жылдардың соңында кеңес және шетелдік спортшылардың жинақтаған тәжірибесін талдау және жинақтау негізінде спорттағы дайындық тактикасының ілімі мен әдістемесін қалыптастырудың алғы шарттары құрылды.

 

2.2. Дене жаттығуларының тәсілі (техникасы)

 

Дене мәдениеті мен спорт сабақтарындағы оқыту мазмұнын дене (спорттық) жаттығулары спорт тактикасы мен білімі құрайды, олар спорт сабақтары мен жарыстарының міндеттерін орындауға қатысты.

Дене жаттығуларының тәсілі-бұл оларды орындау амалы ол кеңістікті бағындырудың амал айлаларын снарядпен, әріптесімен және қарсыласымен өзара қарым-қатынасты қарастырады. Алайда, ең жоғары маманданған спортшылардың тәсілдеріне талдау жасағанда қателер кездестіруге болады. Дене жаттығулары дұрыс немесе қате, жақсы немесе нашар болуы мүмкін, бірақ тәсілсіз ешқандай қимылды, тіпті оның ең қарапайым бөліктерін де орындау мүмкін емес.

Спорт жаттығулары тәсілдері түрлі топтардан құралған қимылдың күрделі жүйесін қарастырады. Спорт жаттығулары тәсілдерін бүтіндей және оның топтарының тәсілдеріне қарай бөледі. Спорт жаттығуларының топтары – бұл оның бөлімдері, кезеңдері мен элементтері болып табылады.

Спорт жаттығуларының бөліктері – бұл аталған жаттығуды құрайтын негізгі машықтар мен әдістер. Мысалы, жүзу бөліктеріне сөре, қашықтық бойынша жүзу, кері бұрылу, мәреге жету, ал ұзындыққа секірудің бөліктері-жүгіріп келу, тебілу, ұшу, қону жатады. Бірсайыс тәрізді спорт түрлері мен спорт ойындарындағы спорт жаттығуларының бөліктері жекелеген амалдар болып табылады (мысалы, баскетболда допты ұстап алу, алып жүру, допты беру, допты кәрзеңкеге салу).

Кезеңдері – бұл қандай да бір спорт жаттығуларының бөлімінің жекелеген әдістердің топтамаларының арнайы деталдары. Мысалы, жүзу бөлігі – бұрылуда кезең ретінде бассейн қабырғасынан аяқпен (немесе қолмен) тебілу, аяқ немесе тұлғаның қимылын және т.б. айтуға болады.

Қимылдың әр кезеңі оны құрайтын элементтерден тұрады. Кезең элементтері – бұл өзі бөлінген спорт жаттығуларының спецификасын жоғалтатын жағдайда дененің бір бөлігінің қимылы. Мысалы, аяқты бүгу, жүгіру кезіндегі тірек элементі. Шаңғымен жүруде тебілу алдындағы жартылай отыру, ұзындыққа секіру, т.б. элементі болуы мүмкін (7-сурет). Спорт, еңбек, әскери және басқа күрделі қимылдарды талдау жолымен құралған қарапайым гимнастикалық жаттығулар қимыл элементтерінің көптеген әдістерін қарастырады.

7-сурет. Спорт жаттығуының топшалары.

а-бөлімі; ә-фазалары; б-элементтері

 

Жаттығулардың барлық топтары өзара тығыз байланыста болады. Олар өзара әрекеттеседі. Жаттығудың жеке топтарының бір-біріне әсері өте үлкен, ол жаттығудың орта және соңғы бөліктерін тек бастапқы фазалары немесе элементтерін ауыстырғанда ғана өзгертуі мүмкін немесе керісінше (8-сурет).

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-сурет. Спорт жаттығуларының жеке топтарының қатынасы

 

Бүтіндей спорт жаттығуларын, олардың бөліктері мен фазаларын оларды құрайтын қимылдардың үш түріне бөледі: дайындық, негізгі, қорытынды. Дайындық қимылдарының қызметі қажетті инерцияны құру, дұрыс бастапқы қалыпты алу, жиырылу алдында бұлшықетті босаңсыту болып табылады. Негізгі қимылдардың қызметі – аталған спорт жаттығуларының қимыл міндеттерін орындау. Қорытынды қимылдардың қызметі – спорт жаттығуын орындағаннан соң дене қалпының тұрақтылығын сақтау немесе қимылды жалғастыруға жағдай жасайтын қалыпты алу.

Қимылды орындау барысында нәтижелері бойынша жақын екі жұптасып көрінетін құбылыстар пайда болады, бірақ қимыл қалыптастылығы мен тұрақтылығының механизмі бойынша ұқсамайтын, сол сияқты қимыл тербелісі мен жеке тұлғалылығы жағынан қарама-қарсы құбылыстар туындайды.

Тұрақтылық – оқушы көп қадамнан кейін мақсатына жететін қимылды меңгеру деңгейімен сипатталады (Мысалы, он лақтырудың тоғызында баскетбол кәрзеңкесіне доп салу).

Қалыптылық – аталған қимылдың негізгі сипаттарын барлық орындаушылар үшін, орындау міндеттілігімен түсіндіріледі (Мысалы, ұзындыққа секірушілердің барлығы сәйкес жылдамдықта және белгіленген бөлікке сәйкес ырғақта тебіліп, дене бөліктерінің бір-біріне қатысы бойынша белгіленген қалпын сақтап, ауада ұшып, жүгіруі тиіс).

Тербеліс – тіпті мақсатқа дұрыс жеткенде де орындалған қимылдың негізгі сипаттарының өзгеріске ұшырауымен сипатталады. 9-суретте көрсетілгендей балғаның әр соққысы шегеге тиеді. Алайда бұнда сипаттайтын қимыл жоқ. Бұл құбылыс адамның барлық қимылдарына қатысты болады (Мысалы, баскетболдағы он айып добының биомеханикалық талдауы тоғыз үздік орындаудың құрылымының өзінде ерекшелік болатынын көрсетеді).

9-сурет. Қимыл тұрақтылығы мен тербелісі

 

Қимылдың жеке тұлғалылығы орындаушының дене ерекшелігіне орай сипаттардың өзгеруімен сипатталады.

Сонымен, тұрақтылық адамның қимыл міндеттерін шешу қабілетімен, қимыл мақсатына жетуімен, ал қалыптасу-қимылдың барлық құрылым жақтарының ортақтығымен сипатталады.

Тербелісітілігі қимылды орындау заңдылығын көрсету болып табылады, ал олардың жеке тұлғалылығы орындаушының ерекшелігіне байланысты болады. 10-суретте тұрақтылықтың, тербелістің, қалыптылық пен жеке тұлғалылық ұғымдарының мәні көрсетілген. Онда екі адам «Елизавета» сөзін (А және Б) жазған, ол бір-біріне өте ұқсас, бұл-қимылдың тұрақтылығын көрсетеді. Ал олардың әрқайсысы әр жазылғанда жеке әріптерде өзгешеліктер бар, бұл-тербеліс болып табылады. А мен Б әрбір әріптің жазылу ережесін сақтай отырып жазғаны қимыл тұрақтылығы болып саналады. Ал бір сөзді жазуда А мен Б-ның жазуында тек олардың өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар, бұл-жеке тұлғалық болып есептеледі.

 

А

Б

Елизавета

Елизавета

Елизавета

Елизавета

Елизавета

Елизавета

Елизавета

Елизавета

10-сурет. Қимылдың тұрақтылығы, тербелісі,

қалыптылығы және жеке ерекшелігі

 

Спорт жаттығулары тәсілі мен спорт тактикасының тұрақты ерешеліктерін спортшының (команданың) стилі деп атайды.

Спорт жаттығуларының тәсілін спортшының өзіндік тәжірибе көмегімен, қимыл зерттеуінің нысандық (аспаптық) әдістерін пайдаланып оқытушылар жүргізген педагогикалық тәжірибелер жетілдіреді.

 

2.3. Адам қимылының кинематикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттары туралы

 

Қимыл әрекеттеріне оқыту адамның кинематкалық, динамикалық және ырғақтық сипатын меңгеруінен құралады.

Қимыл өзінің топтарын қосқанда түгелдей кеңістікте, уақытпен, белгілі бір ішкі және сыртқы күштердің өзара байланысында және белгілі бір ырғақпен орындалады. Кеңістікті уақытты және уақытты-кеңістікті сипаттар қимылдың кинематикалық құрылымын, ал кішкі және сыртқы күштердің өзара әсерлері-қимылдың динамикалық құрылымын, ал уақытты-кеңістікті және динамикалық сипаттар біріге отырып, қимылдың ырғақтық құрылымын құрайды (11-сурет). Қимылдың кинематикалық құрылымының үш түрлі сипаты бар: кеңістікті, уақыттық және уақытты-кеңістікті. Кеңістікті сипат дене қалпын, дене қимылының жолын және оның бөліктерін бейнелейді.

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11-сурет. Адам қимылының кинеатикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттары

 

Дене қалпын былай бөледі:

а) бастапқы қалып;

ә) қимыл барысындағы қалып;

б) дене жаттығуын аяқтайтын қалып (дұрыс немесе шартты белгіленген) (12-сурет). Спорт әдебиеттерінде бастапқы қалыпты сөрелік қалып деп атайды.

12-сурет. Дене тұрғысы

а) бастапқы; ә) қимыл кезінде; б) қимылды аяқтаған соң

 

Мақсаты қимыл өнерін меңгеру болып табылатын спорт түрлерінде дене қалпы қимыл тәсілімен тең бағаланады.

Қимыл жолдарын былай бөледі: қимыл құлашы мен бағыты. Жолдың пішіні бойынша қисық сызықты және түзусызықты қимыл болып бөлінеді. Адам қозғалысында қисықсызықты жол болады. Тіксызықты қимылдар кейбір қысқа үзіктерде дене бөлігінің  жоғары жылдамдығын дамыту міндетті болып саналатын жағдайда кездеседі (мысалы, бокстағы тіке соққыдағы қол қимылы, семсерлесудегі семсерді тығу қимылы).

Қимыл бағыты бойынша негізгі аралық және айналу болып бөлінеді. Негізгі қимылдар, бұл-жоғары-төмен, алға-артқа, оңға-солға, аралық қапталына және жоғары-солға, қапталына оңға және басқалар; айналу-артқа және алға, яғни сагитальдық жазықтықта (мысалы, артқа және алға аунау, кері аунау), бет жазығымен солға және оңға (мысалы, қапталға ауысу), көлденең жазықтықта (мысалы, суға секіруде «бұралу») оңға және солға.

Қимыл жолының құлашы бұл дененің қимылдаған бөлігінің басып өтетін қашықтығы. Құлаш бұрыш градусында немесе сызық шамасымен анықталады (13-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13-сурет. Қимылдың кеңістіктік сипаттары

 

Қимылдың уақыттық сипатына оның ұзақтығы мен темпі жатады. Қимыл ұзақтығы – бұл жүргізілген жолға қарамай созылған уақыт. Қимыл-темпі – бұл уақыт бірлігіндегі біркелкі қайталанатын қимылдар саны. Ол сондай-ақ қандай-да бір қашықтықта немесе тапсырылған қимылды орындау уақытында біркелкі қайталанған қимыл санымен анықталады.

Қимылдың «жылдамдығы» мен «темпі» ұғымы мағынасы жағынан жақын болғанымен, бөлек. Мысалы, белгілі бір темпте бір орында жүгіру мүмкін (яғни, уақыт бірлігінде белгілі қимыл санымен), бірақ бұл қимылды жылдамдығы бойынша сипаттауға болмайды. Себебі, бұнда жүргізілген жол жоқ. Алайда, спорт тәжірибесінде «Жылдамдық» пен «темп» ұғымы көбіне тең мағыналы болып қолданылады. Қашықтықты тез жүгіріп өткен спортшы туралы осы қашықтықты сонша қадаммен баяу өткен спортшыға қарағанда «Жүгіру темпі жоғары» екен дейді.

 Дененің жеке бөліктерінің қимыл темпі оның салмағына байланысты. Дене салмағы неғұрлым төмен болса, соғұрлым қимыл жиілігін дамытуға болады. Ең көп жиілік қол саусақтары қимылында болады, ал иық пен шынтақ буынында баяулау, ал дене қимылы өте баяу болады.

Дене қимыл құлашына тәуелді болады. Жүгіру, ескек есу, коньки тебудегі темпті ұлғайту белгілі бір көлемде қимылды басып өту уақытын нашарлатады, себебі қимыл құлашы азаяды. Айналымдық спорт түрлерінде қимыл темпі көбіне спортшының аяғының ұзындығына, сол сияқты спортшының тәсілі мен шапшаңдығының даму деңгейіне байланысты болады.

Қимылдың кеңістікті-уақытты сипаттамасына қимыл жылдамдығы жатады. Қимыл жылдамдығы дененің жеке бөліктерінің немесе дененің өзінің кеңістікте орналасу уақытына байланысты, себебі осы жолды жүріп өтуге жұмсалған уақытқа, дененің өткен жол ұзындығына қатысты болады. Қимыл жылдамдығы бойынша біркелкі немесе әртүрлі болады. Егер жылдамдық жол бойына өзгермесе, онда қимыл біркелкі, егер өзгерсе, онда әркелкі уақыт бірлігіндегі жылдамдық өзгерімі жылдамдық алу деп есептеледі. Ол оң және теріс болуы мүмкін. Күрт жылдамдық өзгерісі жоқ қимылдар толқынды деп аталады. Әркелкі жылдамдық алған немесе әркелкі баяулаған қимыл күрт қимыл деп аталады. 14-суретте қимылдың уақыттық және уақытты  — кеңістікті сипаттама жүйесі берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14-сурет. Уақыттық және кеңістік уақыттық қимыл сипаттамасы

 

Еркін және мәжбүрлік жылдамдық түрлері бар. Егер адам өз қимылының басқарушысы ретінде болса, онда жылдамдықты еркін деп атайды. Егер негізгі фактор, яғни қимыл шарты өзгермелі жылдамдық болса, оны мәжбүрлік  деп аталады (мысалы, тауға шаңғымен көтерілгенде жылдамдық еркін, ал таудан түскенде – мәжбүрлік).

Қимылдың динамикалық сипаттамасы үшін «қимыл күші» ұғымы пайдаланылады. Адам қимылына әсер ететін күштер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі күштерге жататын мыналар: а) қимыл аппаратының белсенді күштері – бұлшықеттің тартылу күші (адамның кез-келген қимылы-басқа да ішкі және сыртқы күштерімен өзара байланыста болатын бұлшықет тартылу күшін жұмсау нәтижесі); ә) тірек-қимыл аппаратының әлсіз күштері (бұлшықеттің серпімділігі және басқа); б) реактивті күштер – дененің жылдамдық алу қимылы нәтижесінің топтарының өзара қатынасынан туындайтын бейнелеуші күштер. Сыртқы күштерге мыналар жатады: а) өз денесінің ауырлық күші (жердің тартылыс заңы); ә) тірек реакциясының күші; б) сыртқы ортаның қарсылысының, тебілудің қарсылық күші; в) дененің ауыспалы бөліктерінің инерция күштері (15-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15-сурет. Қимылдың қарқындық сипаты

 

Қимылдың ырғақтық құрылымы уақытты – кеңістікті және динамикалық сипаттардың бірліктерімен бейнеленеді. Ырғақ, бұл – қимылдың уақыт пен кеңістікте белгілі сәттердің ерекшеліктерімен кезектесуі болып табылады. Кейбір спорт жаттығуларында ол (гимнастикада, конькимен мәнерлеп сырғанауда, ауыр атлетикада, кедергімен жүгіруде, секіруде және лақтыруда, т.б.) өте дәл көрінеді. Екі немесе одан да көп спортшылар қатысатын спорт түрлерінде (жалпы қимыл мақсаты бар) ырғақ белгілі қимылдарды орындауға сәйкестеніп  көрінеді. Ырғақ снаряд қимылынан туындайтын күштер қозғалған снарядпен спортшының күшіне сәйкес түрде пайда болады, ол белгілі бір мақсатты орындау үшін пайдаланады. Бұндай ырғақ сырықпен секіру орындарында, батуттағы жаттығуларда және т.б. орындалады. Күш әсерін бір жаттығуды екіншісіне сәйкестендіріп орындағанда ырғақ болады. Мысалы, ол белтемірдегі тірекке артқа құлап, асылып, сосын пайда болған күштерді қолданып артқа көтерілу арқылы белтемірге тіркеліп орындайтын гимнасттың қимылында туындайды. Спорт тәжірибесінде ырғақ қимылды қарқынмен орындау ретінде көрінеді. Негізінде қимылды жеке сәттерді түрлендіруге белгілі бір күш салу әсері бірнеше адамдар арасында жүргізіледі және ырғақтың бірден – бір пайда болу жолы болып табылады.

Спорт жаттығуларының ырғағы өзінің топтары – бөлімдері, фазалары мен элементтерінің қимыл ырғақтарын біріктіреді. Ырғақ жоғары нәтижеге жетуге көмектесетіндігі дұрыс, әрі тиімді, сол сияқты нәтижені төмендететін дұрыс емес және тиімсіз болып келеді. Қимылдың тиімді ырғағы сыртқы ортаның қарсылас күштерімен өзара байланыста қалыптасқандықтан, олардың өзгерісі қимыл ырғағына әсер етеді. Демек, жұмсақ топырақты жолдағы жүгіру ырғағы битумды жолмен жүгіру ырғағынан өзгеше болады.

 

2.4. Спорт тактикасы

 

Спорттағы тактика – бұл спорт жарыстарында жақсы табысқа жету мақсатында туындаған ситуациялар мен жағдайларға байланысты спортшының немесе спорт командасының мінез – құлқының, қимыл-әрекетінің жоспарлы өзгеруі.

Спорттың командалық түрлерінде жеке тұлғалық, топтық және командалық тактика түрлері бар. Өз саны жағынан тактикалық нұсқалар спорт тәсілінің бар түрлерінен көп.

Жарысқа қатысуға дайындықты көзмейтін дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында спорт тактикасы болмайды.

Спорт тактикасының өзгеруіне көптеген жағдайлар әсер етеді. оның біріншісі ретінде спорт түрінің ерекшелігін атауға болды. Тактикалық ерекшелігіне қарай спорттың барлық түрлері негізгі алты топқа бөлінеді.

Бірінші топқа алыс қашықтыққа, ұзақ және орта қашықтыққа жарыстыратын айналымдық спорт түрлері жатады. Тактикалық тұрғыдан спорттың бұл түрлері өзінде қарсыластар арасында (жүзуден басқа) қатынас болатынымен ерекшеленеді, ал командалық есептегі жарыстарда әріптестер арасында өзара әрекет болуы мүмкін. Бұл спорт түрлерінің топтарында тактикалық бейнелеулер жарыс міндеттері мен метеорологиялық жағдайлар, қарсыластар құрамы және өз жағдайы есебімен қашықтық бөлігін басып өту кестесін (жылдамдық) алдын-ала құруға көмектеседі. Қажет орында қарсыластың оңтайлы қимылын пайдаланып, қарсыластан басып озу немесе соның артынан жүру т.б. жағдайда жылдамдықты өзгерту нұсқалары анықталады. Бұнда спортшының өзіне қолайлы күш жұмсау жолдарын ғана емес, сол сияқты қарсыласқа қолайсыз жағдай тудыру керек.

Екінші топқа қысқа қашықтыққа жүгіруді қарастыратын айналымдық спорт түрлері кіреді. Тактикалық тұрғыдан оларда әріптестер арасындағы қарым-қатынас тек эстафеталық жарыстарда ғана мүмкін болады. Қарсыластар арасында қатынас болмайды, өйткені олардың жолдары бөлек. Тактика сөредегі мінез-құлықты анықтауға, алдын-ала және мәрелік жарыстарда күшті тиімді жұмсауға арналған.

Спорттың үшінші тобына жеңіл-атлетикалық лақтыру, секіру және ауыр атлетика жатады. Оларда спортшылар бір-бірінен бөлек, бірізбен, жеребе тастап анықтап өнер көрсетеді. Спортшылардың тактикалық ойлауы жаттығуды жетілген тәсілмен орындауға тырысу, қимыл фазасын немесе белгілі бір бөлігін қарқынды орындық немесе жай жоғары нәтижеге жетумен жасалады. Қарсыластар бір-біріне тек жанама әсер береді. Өзара ықпал құралы ретінде спорт жекпе-жегі барысында көрсеткен нәтижелер ең бастысы бола алады (мысалы, лақтырушының немесе ұзындыққа секірушінің бірінші әрекеттен жақсы нәтиже көрсетуі немесе жарысты үлкен салмақтан бастап, ендігі өз қарсыласынан тактикасын біршама асырған штангашы).

Спорттың төртінші тобына спорт гимнастикасы, көркем гимнастика, акробатика, коньки тебу, батутке секіру, суға секіру жатады. Онда қарсыласпен байланыс жоқ. Спорт қимылдары өтетін талап тұрақты. Бұндай спорттағы тактика тәсілдік әдістердің, спорт жаттығулары элементтерінің, оларды біріктіру, қимылды барынша мәнерлеу құралдарын табудың өзгеруін қарастырады.

Бесінші топқа бірсайыс және спорт ойындары кіреді. Ондағы қарсылас үшін күтпеген және жақсы ойластырылған тактика көп жағдайда жоғары маманданған, тәсілдік және дене жағынан жақсы дайындалған спортшыны немесе иықты команданы да жеңіп шығуға көмектеседі. Спортшының мінез-құлқы, оның қолданған тәсілдік амалдары әсіресе қарсыласына көп байланысты. Спорттың бұл түрінде тактикада шабуыл және қорғаныс тактикасы болып бөлінеді. Шабуылдың басы, дамуы және аяқталуы болады. Шабуыл қимылдарына барлау, маневр жасау, түрлі арбау қимылдары (финттер) жатады.

Спорттың алтыншы түрі көпсайыс болып табылады. Ондағы тактикалық, белдесу аталған көпсайысқа ендірілген спорт түрлеріне тән тактика есебінен құрылады. Сонымен бірге спортшы тактикасы да жарыс барысында оның және оның қарсыласының көпсайыстың жеке түрлерінен жеткен нәтижелеріне байланысты өзгеріп отырады.

Тактикаға әсері ететін тағы да басқа жағдайларға жарыс ережесі жатады. Оның өзгеруі спорт жаттығуын орындау әдістеріне, спорт жекпе-жегінің мерзімін шектеп жүргізу талаптарына әсер етуі мүмкін. Тактиканың бұлай өзгеруіне мысал ретінде волейболдағы шабуыл соққысында қорғаныс уақытында торға қолмен салуға рұқсат берілуімен байланыстылығын немесе еркін және классикалық күресте белдесуді 20-дан 10-минутқа дейін ұзақтығын қысқартуын келтіруге болады.

Спорт тактикасын өзгертетін үшінші жағдайларға жарыс туралы ережелерден шыққан міндеттер мен спортшының немесе спорт командасының алдына қойылған міндеттерді айтуға болады. Жарыс туралы ережелер команда ішіндегі күшті дұрыс жұмсау мен жарыстың әр бағдарлама түріне қатысатын ойыншылар санын анықтайды. Спортшының алдына қойылған міндеттерге тәуелді тактикаға мысал ретінде өзі үшін ең жоғары нәтижеге жету немесе көрсеткен нәтижесімен де жеңіске жету талабын келтіруге болады. Бірсайыс түріндегі спорт түрлерінің командалық немесе жеке-командалық жарыстарында тактика кейде өзі алға шықпай-ақ, сол арқылы (өз командасының мүшесімен күрес) өз командасын жеңіске жеткізуге тиімді болатынына құрылуы мүмкін.

Спорт тактикасына әсер ететін төртінші жағдай спорт жарыстарына ықпал ететін сыртқы жағдайлар болып саналады. Жарыс өтетін орындардың, жарықтың, метеорологиялық және басқа да жайттардың өзгеруі спортшы алдына қойылған қимыл міндеттерін орындау амалдарын өзгертуді түсінуін білдіреді, яғни оларға спорт тактикасын таңдауға ықпал етеді. Тактиканың сыртқы шарттарға тәуелділігі шаңғы тебуде көрінеді, онда қашықтық бедері мен ауа-райы жағдайларының өзгеруі қозғалыс әдістері мен қимыл темпін өзгерту қажеттігін көрсетеді. Сыртқы жағдайлар спорт ойындарының тактикасын өзгертеді (мысалы, ашық күнде ойнап жатқан баскетболшыларға тактикасына көзді шағылыстыратын жарық алыстан доп салдырмайды және үлкен мөлшерде бөлініп шығуға мұршасын келтірмейді).

Тактикаға әсер ететін бесінші жағдай – бұл әріптестер мен қарсыластар, олардың бой және салмақ өлшемдері, олардың қимыл сапасының даму деңгейі, мінез-құлық, тәсіл және тактика ерекшеліктері болып саналады. Бұның барлығы бірсайыс және спорт ойындарында тактикада көрінеді. Мысалы, боксшы қимылы қарсыласының қандай тұрыста ұрыс жүргізуіне, (оң қапталды және сол қапталды) оның бой, қол ұзындығына байланысты жүргізіледі.

Спорт тактикасына ықпал ететін алтыншы жағдай спортшының өзінің жағдайы мен дайындығы, оның дене бітімі, тәсілдік дене және тактикалық дайындық деңгейі болып табылады. Бапкер спортшы алдына ол тәсілдік дағдыларды меңгеріп қажетті қимыл сапаларын дамытпайынша күрделі тактикалық міндет қоя алмайды. Нашар маманданған спортшыларда олардың тәсілдік және дене дайындығы қолданған тактикасын анықтайды, ал жақсы маманданған спортшыда керісінше тактиканы ойлауы көбіне тәсілді және орындалатын қимыл сипатын анықтайды. Шаршау да тактикалық міндеттерді орындауға едуәір ықпал етеді.

 

2.5. Дене жаттығуларын оқыту әдістемесінің негізгі ұғымдары

 

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқытудың басты мақсаты қимыл дағдыларына машықтану болып табылады. Қимыл дағдылары-бұл адамның оқыту нәтижесінде меңгерген қимыл әрекеттері. Барлық жасалған қимылдар (адамның барлық қимылының 99%-ы) түрлі күрделіліктегі қимыл дағдылары болып табылады. Қимыл дағдылары ауыспалы қасиетке ие.

Қимыл дағдыларының ауыспалылығы оларға оң немесе теріс ішінара әсерімен бейнеленеді. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы қимыл, дағдыларының ауыспалылығы түрлі дене жаттығуларының жеңіл ерекшеленетін қрылым ұқсастығы бар жағдайда пайда болады, мысалы,қол добы мен баскетбол ойындарындағы немесе бруське асылып жазылып көтерілуі, сондай-ақ белтемірге жазылып көтерілу әдістерін (баскетбол ойнаған адам қол добы ойындарының тәсілін меңгереді, белтемірде жазылып көтерілуді меңгергеннен кейін бруське жазылып көтерілу оңайырақ). Сондықтан бұндай дене жаттығуларын бірізді және біруақытта үйренген жөн. Оң ауыспалы түрлеріне қиылысып ауысу жатады. Ол адам орындауға жақсы жаттыққанымен, кейін сол жағымен де жақсы орындауымен сипатталады.

Қимыл дағдыларының теріс алмасуы түрлі дене жаттығуларын орындағанда қимылдың жеке элементтерін жасау қиын болған кезде туындайды. Мысалы, биіктікке секіру мен кедергімен жүгіруде тебілу фазасы орындалады, алайда оның бұл түрдегі сипаты кей бөлшектерде ерекшеленетін соншалық жаңадан бастаған спортшы оны дұрыс жасай алмайды. Сондықтан бұл екі жаттығуды бір мезгілде үйрену дұрыс емес (16 сурет).

 

 

16-сурет. Кері тебілуге оқытудағы қимыл дағдыларын кері ауыстыру үлгісі:

 а-кедергімен жүгіру; ә-биіктікке секіру

 

Қимыл дағдыларын құрып, дамытатын төрт әрекетті атап көрсетеміз: 1) білім аясын меңгеріп, қимылдың мақсатын, құрылымы мен нәтижесін танытатын танымдық әрекет; 2) сәйкес шартты рефлекторлы байланыстарды белгілеп, қорытатын әрекет; 3) ағзаның вегетативті қызметі мен тірек-қимыл аппаратын морфологиялық және қызметтік қайта құру әрекеті; 4) үйренетін қимыл талаптарына сәйкес қимыл сапасы мен психика жағынан дамыту әрекеті.

Қимыл дағдыларын машықтануды дамытумен қатар меңгеру түзу емес, үзбегі қисық сызықпен жүргізіледі. Бастапқыда машықтану тез болады, сосын ұзақ уақыт баяу жылжиды, онда мезгіл-мезгіл үзіліс және төмендету жағдайы кездеседі, содан кейін машықтанумен күрт шұғылданып және қайтадан үзіліс немесе баяулау кезеңі басталады.

Күрделі дене жаттығуларын оқытуға бөлінетін кезең үш кезеңге бөлінеді таныстыру, қимыл құрылымын меңгеру және дене жаттығуларын орындауды жетілдіру.

Бір немесе бірнеше сабаққа созылатын таныстыру кезеңінде дене жаттығуларын үйрету туралы, ең бастысы оның кинематикалық құрылымы, сол сияқты аталған спорт түрінен спорт жекпе-жегінің негізгі шарттары мен ережелері туралы алдын ала ұғымдар мен түсініктер құру міндеті тұрады. Бұл міндеттердің біріншісін шешу үшін қимыл құрылымын жеңілдетіп, жаттығуды оңайлатып орындайтын жағдай туғызу қажет болады (мысалы, кедергі биіктігін төмендету, снаряд салмағын азайту, алаң көлемі мен қимыл қарқынын азайту, қашықтықты қысқарту, жарыстарда сақтауға қажет ережелерді ескеру).

Бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылатын қимыл құрылымын меңгеру кезеңінде мынадай міндеттер қойылады: 1) үйренетін қимылдың кинематикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттары туралы нақты мәлімет құру; 2) жеңілдетілген жағдайда тербеліс шартында оларды дұрыс орындау үшін спорт күресінде қолданылатын негізгі амалдар мен жаттығуларын меңгеру; 3) аталған спорт түрінің негізгі тактикасымен таныстыру.

Шұғылданушы өз нәтижесін көтеруге тырысатын уақыттың барлық жетілдіру кезеңінде мынадай міндеттер қойылады: 1) спорт күресінің өзгермелі жағдайында көп күш жұмсап қимылды орындауда дұрыс тәсілді сақтауға мүмкіндік беретін спорт жаттығуын меңгерудің жетілдіру деңгейіне жету; 2) үйренетін спорт түрінің талаптарына сәйкес қимыл сапасы мен психикалық қасиеттерін дамыту; 3) тактикалық әдістерді игеру және оны туындаған жағдайға қарай шығармашылықпен қолдану қабілетін дамыту.

Арнайыландырылған спорт сабақтарында (спорт машықтануы) спорт жаттығуларының тәсілдеріне оқытуға арналған кезең болады. Бұл кезең 3 аптадан бірнеше жылға созылады. Оның жалғасуы шұғылданушы мен спорт түріне байланысты болады. Оқытуға дайындық кезеңінде шұғылданушылардың қызығушылықтары мен қабілеттері анықталып, аталған спорт түрі сабақтарына белсенді оң көзқарас қалыптасады, аталған қимыл дағдыларына меңгеруге арналған негіз болып табылатын дене дайындығы қамтамасыз етіледі. Кейде бір спорт түрінің тәсілін меңгеру үшін басқа спорт түрімен айналысу қажет (мысалы, суға секіруге оқытуда акробатикамен айналысу қажет). Көп жағдайда оқуға дайындық міндеттері оқытушы қатыспай-ақ шешіледі (мысалы, балалық жастағы ойындар барысында немесе түрлі спорт түрлеріндегі өзіндік сабақтар). Бұл аталған спорт түрінен алдын ала дайындықсыз тәсілдерді үйренуге кірісуге мүмкіндік береді.

Дене жаттығуларына оқытудың барлық кезеңдерінде (спорт жаттығуларының тәсіліне) басқарушы ережелер дене тәрбиесі мен спорттық педагогикалық ұстанымдары болып табылады (14-суретті қараңыз).

2.6. Дене жаттығуларын оқыту әрекетіндегі

қимылдардың анализ-синтезі

 

Дене жаттығуларын оқытудың ең басында шұғылданушы үлгілі сипатына (құрылымы бойынша) барынша жақын қимылды орындауы үшін тырысуы қажет. Бұл үшін екі әдісті қолдану керек: бірінші-жағдайда жеңілдету, қимыл қарқынын төмендету; екіншісі-спорт жаттығуларын жеке қимылдар мен амалдарға қимыл құрылымдары бойынша барынша қарапайым жаттығуларға бөлу. Оқытудың бірінші әдісі бүтін деп, екіншісі-бөлшектеу деп аталады. Олардың бірігіуін кешенді әдіс деп атайды.

Ең бір дұрыс әдіс ретінде кешенді әдісті тануға болады. Бөлшектеу немесе бүтін әдістің күрделі қимылдарды оқытуда өзіндік мәні жоқ. Алайда, «кешенді әдіс» деген түсініктің өзі оның мазмұнын аша алмайды. Бұнда қимылдың анализ-синтезі түсінігін қолдану дұрыс.

Қимылдың талдау-жинақтауы дене тәрбиесі мен спорттың педагогогикалық ұстанымдарының бірі ретінде көрінеді. Бұл ұстаным, бұның алдында айтылғандай күрделі идеяларды, құбылыстар мен әрекеттерді барынша қарапайым ұғымдарға түсінуі, меңгеруі және дамытуы жақтарынан жеңіл ұғымдарға бөлшектеу қажет заңдылығына негізделеді.

Дене жаттығуларын оқытуда талдау-жинақтауды іске асырудың міндетті талаптары бөлшектенген жүйе бүтін жаттығуларда өзінің органикалық бірлігін жоғарылатпаудан тұрады. Бөлінген бөліктер фазалар мен элементтер күрделі үйлесімге біріктірілгенге дейін барынша жақсы бекуі тиіс. алайда жекелеген бөлшектерде ұзақ жаттығулар күрделі дене жаттығуларын бүтіндей орындауда қимыл үйлесімі бұзылады. Сондықтан спорт жаттығуының бірнеше бөліктері, фазалары мен элементтерін бір-біріне кезеңдеп ауысып, бір мезгілде шұғылдану қажет.

Талдау деңгейі шұғылданушының бөлшектенген жүйе қимылын дұрыс орындау қабілетіне байланысты болады. Әр шұғылданушы үшін әрбір спорт жаттығуын да ол дұрыс, әрі спорт жекпе-жегінің шынайы жағдайында түгелдей орындай алатын аталған спорт жаттығуларының топтарына тән күш жұмсап жасай алатын бөліктер мен фазаларды табу қажет.

Дене жаттығуларын меңгерудегі табыс оның топтарын үйрену бірізділігіне тәуелді. Әрбір күрделі дене жаттығуларында бөліктер, фазалар мен элементтер болады, олардың дұрыс орындалуынан көп деңгейде қимыл тиімділігі байланысты болады. Спорт жаттығуларының негізін бүтіндей-негізгі бөлім, спорт жаттығулары бөлімінің негізін-негізгі фаза; спорт жаттығуының негізгі фазаларын-негізгі элемент деп бөледі. Мысалы, биіктікке, секірудің төрт бөлімінің (жүгіріп келу тебілу, кедергіден өту, қону) негізгі бөлімі тебілу; тебілудегі негізгі фаза тебілу аяғын және соған лайық, дене қалпын қою; фазада тебілу үшін негізгі элементтер бел мен иықтың қимылы болып табылады.

Спорт жаттығуларының негізін белгілеуді ішінара жасаған жақсы, өйткені оқытуды соның өзінен бастау керек. Түрлі спорт жаттығуларында, сол сияқты олардың жеке бөліктері мен фазаларында қимыл негізгі басында, ортасында және соңында болады.

Егер біз үйренетін күрделі құрылысты дене жаттығуларын Н әрпімен, ортасын С әрпімен, соңын К әрпімен белгілесек, онда сызбада күрделі дене жаттығуын үйренуінің бірізді дұрыс үш нұсқасын келтіруге болады.

Бірінші нұсқада күрделі дене жаттығуының негізгі бөлімі басында тұр. Ол бірінші меңгеріледі. Одан кейін қимылдың ортаңғы бөлімінің тәсілі үйретіледі. Оған енді меңгерілген бастапқы бөлімі қосылады. Бұның соңынан жаттығудың қорытынды бөлімінің тәсілі үйретіледі. Оған меңгерілген ортаңғы бөлім қосылады. Соңында спорт жаттығуының тәсілі бүтіндей меңгеріліп, бекітіледі. Екінші нұсқада спорт жаттығуының негізгі бөлімі ортасында, ал үшінші нұсқада соңында болады.

Сонымен, күрделі дене жаттығуларының тәсілі үнемі қарапайымнан күрделіге немесе басынан соңына қарай, яғни әрекеттің жүру ретімен орындалмайды. Бірінші кезеңдерінде негізгі бөлім, фаза немесе элементтерді үйреніп, сосын оған басқаларын қосу керек.

 

2.7. Дене жаттығуларын оқыту барысындағы саналылық және сезімдікті бақылау

 

Саналылық және сезімдікті бақылау дене тәрбиесімен спорттың педагогикалық ұстанымдарының бірі болып табылады. Бұл ұстаным адамның қимылы мен психикасы арасындағы заңды байланысқа негізделген.

Орындалатын қимылдар ең алдымен сезім мүшелерімен қабылданады. Оларды көруге болады, кейде одан шығатын дыбыстарды естуге болады, ең бастысы оларды кинестезикалық сезіммен қабылдау болып табылады.

Қимыл әрекетін оқыту процесінде сезім мүшелерінің қосынды әрекеті орталық жүйке жүйесінде жинақталады. Одан кейінгі әрекеттерде туындаған бейнелерді тексеріп, нақтылауға мүмкіндік беретін жаңа сезім пайда болады. Қимылды орындауға жаңа әрекеттер жасағанда жаңадан үйренетін қимыл туралы барынша дәл ұғымдар құрылып, санада жинақталып, түйінделетін жаңа сезімдер пайда болады. Олар тәжірибе жүзінде қайтадан тексеріледі. Қимыл дағдыларын меңгерудің бір кезеңінің екіншісінен айырмашылығы қимылды орындауды ашуда жаңа сезімдер, тіпті жаңа сезімдерді қабылдаулардан тұрады. Кез-келген  дағдыны, меңгеру, кез-келген құбылысты танудың бірізділігі мен мәні осыған құрылған.

Орындалатын қимылдың бірнеше жақтарын тану деңгейі дене жаттығуларын оықтудағы табыстың шарты болып есептеледі. Жоғары маманданған спортшы орындалатын спорт жаттығуларын жақсы бақылайды. Осыған байланысты ол оны өте жетілдіріп орындауға қабілетті болады.

Дарындылық пен қимыл тәжірибесінің теңдігінде оқыту нәтижесі туындаған сезімге зейінді шоғырландыру қабілеті мен үйретілген ұғымдардың деңгей байланысты болып табылады. Оқушының зейінін аудару қаншалықты жақсы болса, оқу нәтижесі де соншалықты жақсы болады. Бұл сыртқы қоздырғыштарға да, сол сияқты оқушының өзіндік ойына да қатысты.

Алайда қимылды орындау барысында шешетін қимыл міндеттерін олардың құрылымына сәйкес бақылау сезім аппараттарымен жүргізіледі. Ол қимылды орындау барысында терде, бұлшықетте, буындарда, сіңірдегі пайда болатын сезімдермен, яғни кинестезиялық сезімдермен жүзеге асырылады.

Қимылдың негізгі сипаттарына сәйкес кинестезиялық сезімталдықтың жекелеген пайда болуын бөліп қарастырады: «Кеңістік сезімі», «Қашықтық сезімі», яғни қимылды кеңістікке лайық мөлшерлеу қабілеті; «Снарядты сезіну», яғни снарядтың пішінін, салмағын, серпімділігін нәзік сезінуді дамыту; «уақытты сезіну», яғни өз қимылдарын уақытпен үйлестіру қабілеті; «қоршаған орта сезімі» («суды сезіну», «ауаны сезіну», «қарды сезіну», «мұзды сезіну»), яғни қоршаған ортаның қарсылығын бағалау қабілеті.

Туындаған кинестезиялық сезім жүйелілік жаттығуларында сақталады. Жақсы меңгерілген қимыл құрылымы қаншалықты ұзақ үзіліс болғанымен ұмытылмайтыны белгілі. Велосипедпен жүруді жақсы меңгерген адам егер осы арада оншақты жыл өтсе де осы жаттығуды орындауға қабілетті болады. Бұл орындалуы бұлшықет күшін көп талап етпейтін ағзаның арнайы дамуын немесе қорқыныш сезімімен күресуді талап етпейтін жүзуге, коньки тебуге, т.б. спорт жаттығуларына қатысты болады. Кинестезиялық сезімге келсек, ол сабақтағы аз ғана үзілісте де ұмытылып кетеді.

Қимыл дәлдігі күрделі болған сайын жаттығу арасындағы үзіліс те соншалықты қатты әсер етеді. Егде тартқан цирк әртісі былай деген: «Егер мен бір күн жаттықпасам, онда оны жалғыз мен сезем, егер екі күн жаттықпасам, оны менің жолдастарым сезеді, егер үш күн жаттықпасам, оны енді көрермендер де сезеді».

Санадан тыс сезімдік бақылаудың мәні қимылдың автоматтануы көлемімен сипатталады, онда адам қимыл міндетін жеке топтарға зейін аудармай-ақ орындайды.

Сонымен, бір адамның сезімдік бақылауға қабілеттілігі аталған қимыл әрекетіне оның машықтану деңгейіне байланысты болып табылады.

 

2.8. Бірте-бірте жүктемені көтеру және оны дене жаттығуларын оқыту барысында алмастыру мен қолайлы жағдайларды есепке алу, реттеу, алмастыру

 

Жүктемені бірте-бірте арттыру және оны алмастыру, сондай-ақ сәйкес жағдайларды есепке алу, реттеу және алмастыру дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары болып табылады. Олардың біріншісі қимыл әрекеті нәтижесінде жүргізілетін барлық тіршілік атаулының дамуы мен қалыптасуына сәйкестенген жаттығу заңына негізделген, ал осы арқылы жеткен нәтиже арнайы қоздырғыштардың сипаты, ұзақтығы мен пішінінің көптүрлілігіне байланысты болады. Дене тәрбиесі мен спот сабақтарында ол жаттығуды ұйымдастыруға тәуелді болады.

Қимыл әрекеттерін меңгеруге бағытталған жаттығуды ұйымдастырудың маңызды мәселелерінің бірі үйренген қимылдарды қайталау санының мөлшерін анықтау болып табылады. Дене жаттығуларының тәсілін меңгеру үшін көп мөлшерде қайталау қажет. Бұл барлық қимыл дағдыларына қатысты. Жүруге, жазуға, қасықты дұрыс ұстауға үйренер алдында мыңдаған қайталаулар қажет болады. Ағзаға қойылатын өз талаптары мен дәлдіктері бойынша үйренетін дене жаттығуы күрделі болған сайын адам оны меңгеруге тырысады, көп қайталайды. Спорт машықтануындағы қайталаудың сандық мөлшері мен жеткен нәтижелері арифметикалық және геометриялық ілгерлеушіліктегідей болады. Спорт нәтижелері белгілі бір мөлшерге жету үшін жаттығудың сандық мөлшері де сонша көп болуы тиіс.

Дене жаттығуы күрделі болған сайын, оны көп дүркін орындау да сонша күрделі болады. Қимыл күрделілігі жаттығу барысындағы үзілістің қажетті ұзақтығын да анықтайды. Дәлдігі бойынша күрделі үйренетін қимылдардың демалысқа арналған үзілісі қарапайым қимылды үйренуге қарағанда жиі әрі ұзақтау болуы тиіс. Сондықтан күрделі дене жаттығуларын оқыту кезінде бүтін қимылдарды қайталауды олардың жеке топтарын қайталаумен үйлестіру керек.

Дене жаттығуларын оқытудағы жаттығу жүйелілігінің тағы бір маңызды мәселесі оны қалай бөлу болып табылады. Күрделі дәлдіктегі дене жаттығуларын үйренгенде зейінмен қайталаған дұрыс екені анықталады (Н.Г.Озолин, И.А.Меркурис және т.б.). Егер шұғылданушы күн барысында жаттығуға мысалы, 60 минут бөлді десек, онда бұл уақыттың 20 минуттан үш сеанс қайталауға  жібереді, бұл 60 минут бойы жаттыққаннан жақсы. Қайталауды апта бойына бөлуде де осыны айтуға болады. Жаттығуды ұйымдастырудың бұндай шоғырландыру әдісі сызықты әдіске қарағанда тиімдірек болады.

Сондай-ақ орындалатын қимылдардың тығыздық деңгейін де анықтау маңызды. Дене жаттығуларын оқытудағы бірінші кезеңде қимыл қарқыны шұғылданушының мүмкіндігінен төмендеу болуы тиіс. Шұғылданушының өзінің жоғары мүмкіндіктерінен көп есе баяу қимыл жасай алуға тиіс екеніне иландыру қажет. Оқытудың басындағы үйренетін қимылдың төмен қарқыны дұрыс құрылымды сақтау үшін қажет. Алайда күшті төмендету көбіне орындалатын қимылдардың құрылымын бұзады, ол қимыл міндетінің өзін орындауды қиындатады. Одан бөлек шартты рефлекторлы байланысты көп дүркін қайталауда қимыл құрылымының қатынасы ғана емес, сол сияқты жұмсалған күш қатысы, қимылды үлкен күшпен орындау әрекеті тағайындалады, ал олардың қатты үйренген қимылдары белгіленген шартты рефлекторлы байланысты бұзылуға ұшыратады. Бұны болдырмау үшін дене жаттығуларын қолданатын үлкен күшпен және оны алмастырумен орындайды (17-сурет).

3 кезең

 

2 кезең

 

1 кезең

 

 

17-сурет. Қимыл дағдыларын меңгергеруге арналған

жаттығуларының қарқынды өсуі

 

Қимылды аз күшпен дұрыс қайталауға мүмкін болғанда жылдамдықпен орындалатын жаттығуларға көшу қажет, яғни қимылды баяу бастап (аз күшпен) сосын оны бірте-бірте жылдамдату (қарқынды үдету) қажет. Егер шұғылданушыларда қимылды бақылауда қиындықтар туындайтын болса, онда қимылды орындаудың жылдамдығын төмендету қажет.

Қимылды меңгерудегі бұдан ары үдету олардың дұрыс құрылымын сақтауға үйрену мен оны ауыспалы және қарқынды күшпен орындауды бақылаудан тұрады. Қарқынды күшті қолдану қажетті тартымдылық сезімдерін танып, бекітуге жақсы мүмкіндік береді. Қарқындылығы жөнінен ұзақ және біркелкі жаттығулар бұл сезімдерді болдырмайды.

Дене жаттығуларын оқытуды ұйымдастырудың маңызды ғылыми әдістемелік ұстанымы қолайлы жағдайларды есептеп, реттеп және алмастыру болып табылады. Бұл талаптың негізінде оның әрекеті жүретін адамның қоршаған ортаға қалыптасуы, дамуы және жағдайының заңды тәуелділігі жатыр.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында жаңа және күтпеген қоздырғыштардың пайда болуы оқу нәтижесіне, әсіресе оның бастапқы кезеңінде кері әсер етеді. Алайда, егер белгілі жағдай қимылды орындауға үнемі жәрдемдесіп отырса, онда олардың өзгерісі қалыптасқан үлгіні бұзылуға ұшыратады. Сондықтан оқушы үйренген қимыл құрылымын меңгеріп, аталған дене жаттығуына тән ырғақты меңгеріп және ірі қателерді жойып, сонымен қатар жеңілдетілген жағдайда едәуір күшпен оны орындауға қабілетті болған жағдайда қолайлы жағдайды бірте-бірте спорт жарыстарына, еңбек әрекетіне тұрмысқа жақындатып күрделендіру қажет.

Белгілі бір кезеңде спортшыны спорт жекпе-жегінде кездесетін жағдайлар тәрізді барынша күрделірек жағдайларда қимыл жасауға үйрету керек. Спортшының әрекеті белгіленген алаңмен шектелетін спорт түрлерінде көбінде басқа мөлшердегі алаңдарда кезеңімен  машықтануды өткізіп тұрған пайдалы (мысалы футболды көлемі кіші алаңда ойнау, кілемнің жартысында ғана күресу, т.б.).

 

2.9. Дене жаттығуларын оқыту әрекетінде қимылмен

тыныс алуды қалыптастыру

 

Тыныс алу саналы түрде (белгілі бір шамада) реттеуге болатын ағза қызметіне жатады. Ағза бүтін зат. Ондағы барлық қызмет өзара байланыста болады. Сондықтан тынысалуды реттеп, тынысалуды қимылмен және дененің белгілі қалпымен үйлестіріп, ағзаның басқа да қызметтеріне әсер етуге болады. Психикалық және дене әрекеттері өзара байланыста болғандықтан, тыныс алуды реттеу, психикаға да әсер ететін болады. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары оқытушысының міндеттерінің бірі тыныс алуды қимылмен дұрыс үйлестіруге оқыту болып табылады.

Тыныс алу жаттығуларын жүйелі қолдану арқылы тыны салу бұл – шықеттерді дамытып, кеуде жасушысының қозғалмалылығын және тегістігін ұлғайтады, өкпенің өмірлік көлемін арттырып, денсаулықты нығайтады, өзін-өзі жақсы сезінуге көмектеседі, жұмыс қабілетін арттырады.

Дене жаттығуларын және тыныс алу әдісіне оқытудағы бірізділік үйренетін қимылдың күрделілігіне байланысты болады. Қарапайым дене жаттығуларындағы қимыл мен тыныс алуға оқыту бір мезгілде жүргізіледі. Күрделі дене жаттығуларын оқытуда тыныс алу әдісін меңгеру қимыл тәсілін меңгеруден қалып қояды. Бірінші кезеңде оқушылардың зейіні қимыл құрылымында ғана тіркелді. Оқытушы оқушының тынысты ұстап қалмай бірсыдырғы тыныс шығарғанына жеткізуге тырысады. Қимылды меңгеру шамасы бойынша ғана оқушылар үйренетін жаттығуды дұрыс орындауда тиімді тыныс алу түріне оқытылады.

Дене жаттығулары өз дәлдігі бойынша неғұрлым күрделі болған сайын, соғұрлым оның қимылмен тыныс алу дәлдігін оқыту мен оның тәсіл негіздерін меңгеру арасында көп уақыт жүреді.

Қарапайым дене жаттығуларын орындау уақытындағы тыныс алу бойынша әдістемелік нұсқауларда мынадай ережелер келтірілген: 1) тек мұрын арқылы дем алу (тыныштықта, оның ішінде ұйықтағанда ауызымен дем алған адамдар мұрын қуысы ауруларымен жиі ауырады); 2) кеуде қуысын қысатын киімді немесе беkбеу тағудан бас тарту керек; 3) дұрыс сымбатты сақтау; 4) «төменгі» және «толық» тыныс алуды пайдалану; 5) денені қатыстырып, баяу қимылдағанда тыны алуды тіктелген кезде, ал дем шығарғанды бүгілгенде жасау керек; 6) егер бұлшықет жиырылуы босаңсуға ұласса, онда босаңсу кезінде дем алып, жиырылған кезде дем шығару қажет; 7) егер қимыл шапшаң ырғақта жүргізілсе, онда бір тыныс алумен бірнеше қимыл, ал дем шығарғанда бір-екі қимылға көп жасалады.

Спорт жаттығуларында қимыл қоршаған ортаның құрылымы мен аясына байланысты тыныс алумен жалғасады. Тыныс алу әдісімен спорт жаттығуларын төрт топқа бөлеміз.

Бірінші топқа төзімділікте көрінетін айналымдық спорт түрлері жатады. Бұл түрлерде тыныс алу ырғақпен жүргізіледі. Орта және алыс қашықтыққа, коньки тебуде, ескес есуде және де басқа түрлерінде тыныс алу кезіндегі ерін пішіні «и» әрпіндей, ал дем шығарғанда «у» әрпіндегідей болады. Дем шығару адам шырақты үрлеп өшіргендей болады. Ол демді ішке тартудан гөрі ұзақ әрі қарқынды болады. Ескек есу, жүзу және басқа да айналымдық спорт түрлерінде тыныс алу мен шығарудың қатынасы олардың құрылымдық ерекшеліктері мен қимыл жылдамдығына тәуелді болмақ.

Тыныс алудың жиілігі қимыл жылдамдығына, ал қимыл жиілігі-тыныс алу жиілігіне байланысты жүреді. Сондықтан төзімділікті қажет ететін айналымдық спорт түрлерінде қашықтық мәресінде тыныс алуды жиілеткен жөн. Бұл қимыл жиілігін ұлғайтуға көмектеседі (ең болмағанда оны сақтауға).

Екінші топқа жеке тұлғалық түрде орындалатын жылдамдық, күш спорт түрлері жатады. Ондағы көбірек жұмсалған күш сәттері күшенуге жалғасады. Тыныс алуды ұстап тұру кеуде қуысын тіркеуге көмектеседі, сол арқылы белсенді қимылға жеткізетін бұлшықеттердің жиырылуы үшін жақсы жағдай туғызады. Лақтытруда, шаңғымен трамплиннен секіруде, суға секіруде снарядпен бірнеше гимнастикалық жаттығуларды орындағанда және ауыр атлетикада тыныс алу осылай жүргізіледі.

Үшінші топқа қимыл орындау жағдайы күрт өзгеретін айналымдық емес спорт түрлері жекпе-жек бірсайыспен спорт ойындары жатады. Спорттың бұл түрлерінде күш жұмсау уақытында тыныс алуды тежеуден сақтану спорт жекпе-жегін өнімді жүргізу қабілетін сақтауға көмек береді. Егер қимыл соңында көп күш жұмсалса, онда тыныс шығару шапшаң жүреді.

Төртінші топқа спорттың нысанаға ату түрлері жатады. Бұл түрлерде дәлдеу мен шүріппені басу кезінде көптеген мергендер демін жартылай ішіне тартып немесе жартылай шығарады. Бұл кеуде қуысының тербелуден және иық белдеуін қимылдаудан сақтайды. Тыныс алуды тежеу орындалатын қимылға зейінді жақсы аударға жәрдемдеседі, ол 12-15 секундқа жалғасады. Егер бұл уақытта мерген атып үлгере алмаса, ол көздеуді тоқтатып, бірнеше рет терең тыныс алып, тыныс шығарады.

 

2.10. Қимыл әрекеттеріне оқыту барысындағы

жаттығудың қосымша әдістері

 

Қосымша жаттығу әдістеріне мыналар жататыны белгілі: а) «қосымша көмек арқылы жасалатын жаттығулар»; ә) «екі жақты» жаттығулар;                         б) «қимылды бейнелеп жасау» жаттығулары; в) «қимылды жасап көрсету» жаттығулары. Аталған әдістердің қысқаша сипаттамалары дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешу құралдары мен әдістерін мазмұндаумен байланысты берілген. Жаттығудың қосымша әдістері дене жаттығуларын оқыту кезінде кең қолданылады.

«Қосымша әдіс» арқылы жаттығу әдістері ең алдымен снарядта күрделі гимнастикалық жаттығуларды оқытуда көрінеді. Жинақтаған тәжірибе бұл әдісті қолдану мүмкіндігі мен басқа да көптеген спорт жаттығуларының тәсілдеріне оқытуда жәрдемдесетінін көрсетті. Қосымша көмек арқылы жаттығу әдістеріне мысал ретінде оқытушының жүзуден құрғақта қол немесе аяқты қимылдатып көрсетуі, семсерлесуде қол қалпы және бокстағы соққыға үйреткендегі жұдырық қалпына жасаған түзетулерін көрсетуге болады.

Қосымша көмек бастапқыда жасалуы қиын көрінетін күрделі жаттығуларды орындауға, дененің жеке бөліктерінің қимылы мен қалпы, көп күш жұмсайтын жерлер туралы ұғым қалыптастыруға, қажетті кинестезиялық сезімдерді талғап, сол сияқты өзіне сенімділігін арттырып, қауіпті жаттығуларды орындауда қорқыныш сезімін басуға көмектеседі.

Қосымша көмек арқылы жаттығу әдістерін жүзеге асырудағы оқытушының өнері оқушыға қарап дұрыс қалыпта тұруына, оны дер кезінде игеріп, қимылды дұрыс орындауға жәрдемдесетін күшпен снарядты немесе адамның сәйкес дене бөлігін ұстап қалуының тәсілін меңгеру шамасына қарай оқытушы көрсететін көмек (немесе әріптесі) бірте-бірте азая береді.

«Қосымша көмек арқылы» жаттығу әдісі оқушы қимылды өзінше дұрыс жасай алмаған жағдайда қолдануға кеңес беріледі. Қосымша көмек арқылы жаттығуды ұзақ уақыт пайдалану зиян келтіреді, өйткені оқушының өз күшіне деген сенімін жоғалтады. өзіндік әрекетті дамытуға кедергі келтіреді.

Дене жаттығуларын оқытуда екі жақтан жаттығу әдісінің дұрыстығы орындалатын жаттығулардың симметриялығына байланысты болады. Күрделі жаттығулар осы сипатына қарай төрт топқа бөлінеді: 1) Дененің екі жағына да симметриялы орындалатын айналымдық спорт жаттығулары (жүгіру, академиялық ескек; жүзу және т.б.); 2) асиметриялық қимылдарды қарастыратын айналымдық спорт түрлері (кедергімен секіру, шаңғымен жүру, т.б.); 3) спорт тәсілін екі жақтан да тең меңгерген спортшыға тән асиметриялы айналымдық емес спорт жаттығулары (бокс, күрес, спорт ойындары, конькимен мәнерлеп сырғанау); 4) шешуші қимылдар бір жағымен ғана орындалатын айналымдық емес спорт түрлері (лақтыру, жеңіл атлетикадағы секіру, нысана көздеу, семсерлесу, теннис, т.б.).

Спорттың екінші және үшінші топтарында екі жақты жаттығу мынадай мүмкіндіктер береді: 1) спорт жаттығуын «өз жағына» қарай орындау тәсілін жақсарту, бұл орталық жүйке жүйесіндегі қоздыру тежеу құбылыстарының қатысу әсерімен; 2) жекпе-жек, спорт ойындары және жекелеген гимнастика түрлерінде қимыл мүмкіндіктерінің диапазонын арттыру, сол арқылы спортшыларды қимылды тек бір жағымен орындайтындарға қарағанда барынша дайын ету; 3) кинестезиялық сезімталдықты ұстап, нақтылау, өйткені жаттығуды «өзіне қарай емес» орындағанда, өз жағына қарай ауыстырып, сол арқылы спорт жаттығуының тәсілін меңгеруді жақсартатын үлкен сезімталдық пайда болады; 4) өз күшіне деген сенімділікті арттыру (спортшы қолайсыз жағдайда әрекет етіп, өзіне сенімділігі арқылы өзіне қолайлы қалыпты пайдаланатын жекпе-жек тәрізді спорт ойындарында ерешеленеді); 5) бір жақты қимылды спорт түрлерімен ұзақ уақыт айналысқанда пайда болатын дене кемшіліктерін түзету (каноэ қайығымен жүзу, тапашадан ату, семсерлесу, т.б.). Жүргізілген зерттеулер (В.Ф. Масюта, А.В.Постков, В.А.Бондаренко, т.б.) баскетбол, лақтыру, семсерлесу, гимнастикалық жаттығулар тәсіліне оқыту кезінде «екі жақты» жаттығулар әдісінің дұрыстығын дәлелдейді.

Спорттың бірінші топ түрлерін де (симметриялық сипаты бойынша) «екі жақты» жаттығу әдістерін қолдануға болмайды. Төртінші топта ол кезеңденіп қолданылады. Бір секіруде екі аяғымен қатар тең жаттыққан жоғары маманданған секіруші жеңіл атлетті кездестіру мүмкін емес. Бұл жоғары спорт нәтижелеріне жету үшін спорт жаттығуларының жеке топтарының автоматтануына және сәйкес бұлшықет топтарын арнайы дамыту қажеттілігімен түсіндіріледі. Осының барлығы екі жақты жаттығуды бірдей орындағанда қиындық келтіреді.

«Қимылды бейнелеу» жаттығуының физиологиялық негізі психикалық және физиологиялық процестер арасындағы заңды байланыс болып табылады. Адамның кез-келген қимылы-бұл сәйкес психикалық процестердің нәтижесі және керісінше, кез-келген психикалық процесс қандай мөлшерде болмасын адам қимылына әсер етеді. Бұл заңдылықты қарапайым тәжірибеде көрсетуге болады. Ұзындығы метрге жуық жіпті алып, оның бір ұшына шағын жүк байлап, екінші ұшын сұқ саусақтың соңғы буынына (белсенді қолдың) орау қажет. Сосын түзу қолды алдына қойып, зейінді жүкке толық шоғырландырып, жүкті оңнан солға, солдан оңға тербеліп тұр деп ойша елестету керек. айтқандай бірнеше минуттан соң жүк қимылдай бастайды. Аталған қимыл жөніндегі ойша елестету сәйкес бұлшықеттердің жиылуы мен босаңсуында автоматты түрде туындайды. Әрине, қимылды елестету ақиқат орындалатын жаттығуларға тән физиологиялық құбылыстарды аз мөлшерде болса да туындатады.

«Қимылды елестету» жаттығуы дене жаттығулары тәсілдерін тез меңгеруге, үйренетін қимылдарда туындайтын қимыл сапасын дамытуға әсер етуге, қимылдың нақты бейнесін санада орнатуға (әрине, қимыл жасау алдында) және сол арқылы қимыл міндеттерін орындауда үлкен нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

Қимылды дәл елестету қиын әрі шаршатады. Алдымен үйренетін спорт жаттығуының орындалуы мен оның құрылымынан тәжірибеден өтуі тиіс. Қимылды елестету жаттығуларының ұзақтығы 2-3 минуттан аспауы керек. Күн барысында осылай бірнеше рет машықтануға болады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында «қимылды бейнелеу» жаттығулары барлық спорт түрлерінде жаңа спортшыдан бастап, маман спортшыға дейін кең қолданылады. Ол спорт жаттығуының тәсілдерін түгелдей және жеке топтап бейнелеуді құруға, аталған спорт жаттығуында үлкен жүктеме алатын бұлшықет топтарын дамытуға; жекелеген қимыл топтарын автоматтандыруға, жарыс алдында (күрделі спорт түрлерінде) орындалатын жаттығулар бірізділігін есте жаңғыртуға түгелдей елестетуге мүмкіндік береді.

Бұл әдісті жүзеге асыру спорт жаттығуларының құрылымын түгелдей және олардың топтарын қайталап жасауға жәрдемдесетін түрлі қолданыстарды жүргізуге көмектеседі (мысалы, шаңғымен жүруді бейнелеу үшін роликті шаңғылар, ескек есуді құрғақта үйренуге арналған машықтану құралдары).

 

2.11. Дене жаттығуларын оқыту кезіндегі сөйлеу, көрсету және басқа ақпарат әдістері мен көмекші құралдары

 

Сөйлеу мен көрсету дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы ақпараттың негізгі әдістері мен құралдары болып табылады.

Дене жаттығуларын оқытудың оң нәтижелеріне жету егер оқытушының сөзі белгілі талаптарға жауап брегенде ғана болады. Ол мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс. Оқытушы үйренетін қимыл туралы білетінінің барлығын емес, тек шұғылданушы сол кезде білуі тиіс білімді ғана жеткізуі тиіс. Сөйлеудің қысқалығы спорт терминологиясын дүниеге әкелді. «Жазылып», «көтерілу», «жұлқыну», «ырғу», «сөре», «мәре» және басқа терминдер қимылды көп сөзбен түсіндіруді алмастырады.

Оқытушы сөзі анық әрі дәл болуы тиіс. Күрделігі қарапайым етіп, ал жеңілді күрделендірмеу керек. Оқушының мәліметті қалай түсінгенін білу үшін оны қайталауын талап ету керек. Оқушы ескертуді неғұрлым дұрыс әрі дәл қайталаса, ол қимылды соғұрлым жақсы әрі шапшаң меңгеріп, кемшілікті түзейді. Оқытушы сөзі түсінікті болуы үшін ол қимылды бейнелеп көрсету қажет. Бұл орындалатын қимылдарды көлік, жануардың, тұрмыс және еңбек әрекетімен салыстыру жолымен, үйреніп жатқан спорт түрлерінде, ойындарда, кәсіпқой спортшылар мен әртістердің қимылдарымен салыстыра отырып, түсіндіріледі. Оқытушының тәжірибелігі мен тапқырлығы көбіне оның орындалатын қимыл мәнін бере алатын дұрыс бейне табуы қабілетімен анықталады.

Оқытушы сөзі мазмұны мен айтылуы жағынан түрліше болуы тиіс. Егер сөз саптауы ұзақ уақыт бір сарынды болып келсе, ол өз тиімділігін жоғалтады. Оқытушы сөзінің айтылуы көбіне шешуші мәнге ие болады. А.С. Макаренко айтқандай, педагогикалық шеберліктің көрсеткіштерінің бірі «бері кел» сөзін бірнеше мәнермен айту қабілеті болып табылады. Көп сарынды сөз қаншалықты мазмұнды болғанмен мақсатқа жете алмайды. Тек айтуды ғана емес, сол сияқты қалай айтуды білу де қажет.

Дене жаттығуларын орындауда пайдаланылатын бейнелеудің екі түрі бар: көмексіз көрсету және көрнекі құралдар арқылы көрсету.

Көмексіз көрсету өз кезегінде мына түрлерге бөлінеді: 1) шынайы көрсету, бұл оқытушының өзі немесе шұғылданушының біреуі көрсететін қимыл; 2) оқытушының шартты немесе белгілі қимылды көрсетуі; 3) орындалуы тиіс жағына қарама-қарсы жағына үйренетін қимылдың көрсету мазмұны бар бейнелеп көрсету; 4) бастауыш көрсету – бұл оқушылардың орындауымен бірігіп қимылды көрсету; 5) қосыла көрсету – бұл бір қимылдың қайсысын жасау, қайсысын жасамауды (дұрыс, дұрыс емес) түсіну мақсатында бір қимылдың екі нұсқасын бірінен кейін бірін көрсету; 6) сергітуге, тәртіпті бұзбауға, оқушы әрекетіне қатынасын ашуға; белгілі бір қимылды орындау қажеттігі туралы белгі беруде қолданылатын сілтемелер.

Дене жаттығуларын оқытудағы көрсетуді қолдандағы әдістемелік құралдар мына ережелерге бағынады:

  1. Барлық жағдайда көрсетуге болмайды. Оқытушы көрсетпеген қимыл сипаттамалары да бар (ырғақ, кинестикалық сезімталдық). Тек оқушы түсіндіргеннен кейін қимылды елестете алмай және оны дұрыс орындай алмаған жағдайда көрсету керек. Кей жағдайларда күрделі спорт жаттығуларына оқытудың бастапқы кезеңінде оқушыға оның жақсы қабылдауы үшін негіз болатын дұрыс қимыл түрлерін белсенді іздеу үшін (тек түсіндірумен) алдын ала көрсетілмеген қимылды орындауды ұсыну пайдалы. Оқушы оқытушының сөзі бойынша қимылды орындауға кіріскеннен кейін көрсету құндылығы арта түседі.
  2. Оқытушы сөзі көрсетудің басы болып, онымен үйлесіп және соған жалғасуы мүмкін. Күрделі дене жаттығуларын оқытуда бірінші нұсқа дұрыс: оқушы үйренетін қимыл туралы айқын білімді уақытында алады және зейінін жаттығудың барынша маңызды бөліктері мен элементтеріне аударады. Сабақтағы сөз бен көрсетудің қатынасы оқыту кезеңі мен оқушының мамандануына байланысты жаңадан бастауыш мен балалар сабақтарында оқытудың бірінші кезеңінде көрсету жоғары маманданған спортшылар сабағындағыға қарағанда үлкен орын алады.
  3. Алғашқы көрсетуде қимылды бейнелеуден бас тарту қажет. Оқушы үйренетін спорт жаттығуын түгелдей және жарыс жағдайындағыдай орындалуын көруін үлгі етуге болады. Басынан бастап-ақ оқушы қимыл бірізділігі туралы ғана емес, сол сияқты үйренетін күрделі жаттығудың қарқындылығы, ырғағы және құлашы туралы да ұғым алуы керек.
  4. Қимылды көрсету кезінде және оқушы қимылын бақылау кезінде қадағалау бұрышы мен қашықтықты дәл анықтау маңызды. Егер қимыл оқытушыға әрдайым оқушыға қарағанда бір ғана нүктеден болса, онда ол тек қимылдың бір ғана жағын көруі мүмкін. Сол сияқты оқытушының оқушыны қадағалауы да осы жайға келеді. Қимылды орындап жатқан оқушыны түрлі бұрыштардан қадағалау қажет (18-сурет). Оқытушының оқушыны бақылағандағы ара қашықтығы қимыл құлашына байланысты, яғни құлаш үлкен болған сайын қашықтық та ұлғая түседі. Бақылаушы мен оқушы арасындағы қимыл құлашы мен қашықтық 18-суреттегідей болуы қажет, яғни егер қимыл құлашы 1м болса, онда бапкер оқушыдан 3м-ден кем емес қашықтықта болуы керек.

 

 

18-сурет. Споршы әрекетін бақылауға қажетті нүктелер

 

  1. Шынайы көрсету спорт жаттығуларының өзара байланысқан бір-екі бөліктеріне оқушының зейінін шоғырландыруымен, сол сияқты оқытушының қимылды көрсетуі мен оны оқушылардың орындауы арасындағы үзілісті қысқартуымен тиімді болмайды.
  2. Үйренетін қимылды дұрыс көрсету үшін мұғалімнің өзі осыған дайын болуы қажет. Біреуді оқыту үшін ол өзі оқуы керек. Әрине егде жастағы оқытушылар күрделі дене жаттығуларын үнемі түгелдей дәл көрсете бермейді. Бірақ лайық дайындықта олар жаттығудың жеке бөліктерін дәл көрсетеді, ол маманданған спортшылардың сабақтарында өте жеткілікті болады. Жаңадан бастаған оқушыларға жақсы дайындалған оқушылар жаттығу көрсете алады.

Дене жаттығуларын оқыту барысында қолданылатын көрнекі құралдарға кинофильмдер, киношеңберлер, кинограммалар, фотосуреттер, суреттер, қимылдың шектік сызбалары жатады. Оған қойылатын талаптар суреттегі бейнелер орындау тәсіліне лайық болуы тиістігімен көрінеді. Белгілі бір спорт түрінен танымал шеберлердің тәсілі түсірілген кинофильмдер мен киношеңберлерді үздік көрнекі құралдар деп есептеуге болады. Олар жаттығу туралы үзіктер мен түсірілімдерді түрлі жылдамдықпен көп дүркін көруге мүмкіндік береді. Рапидпен түсірілген кинофильмдер мен кинокадрлер қимылды баяу орындауды көріп, әдетте байқалмайтын детальдарды байқауға көмектеседі. Алайда қимылды баяу көруді көп қолдануға болмайды, себебі бұнда оның уақыттық қатынасы сөз болады. Кәдімгі және баяу көрсетілімді кәдімгі – баяу қайтадан кәдімгі түріндегі сызбамен көрсетуге болады.

Ақпараттың көмекші құралдары мен әдістерін белгілеу жаттығуларды бүтіндей және спорт жаттығуларының жеке сипаттарын орындау сапасын жаттығу барысында немесе қимылды орындап бола салысымен сипаттауға, сол сияқты қойылған қимыл міндеттерін дұрыс шешуге көмектесетін жағдайларға мүмкіндік береді.

Ақпараттың қосымша құралдар мен әдістерге мыналар жататыны белгілі: қимыл барысындағы дыбыстар (мысалы, жүгірудегі қадам дыбысы; шаңғымен жүрудегі қардың сықыры) және қимылдан қалған іздер (мысалы, мәнерлеп сырғанау); жедел ақпарат құралдарының бағдары, тәсілдік құралдары. Белгілі бір орында қойылған жекелеген заттар (доп, жалауша, арқан), сол сияқты еденге, снарядқа мысалы, биіктікке секіруде бұрыштың дұрыстығын бақылау үшін жүгіріп келу бұрышында секіру секторын сызықпен, ал серпілетін аяқтың қимыл бағытының дұрыстығын бақылау үшін аспалы шар ілінеді сызылған сызықтар бағдар бола алады. Дененің бір бөлігіне екінші бөлігінің қалпы бағдар болуы мүмкін (мысалы, ядроны лақтыруда қол қимылының дұрыстығын оның мұрынға қатысты бағытын бақылауға, ал найза лақтыруда қол қимылының дұрыстығын құлақ қатысына қарай бағытынан білеміз. Сабақ орындарындағы заттар, мекеменің бөліктері, сол сияқты оқушылардың біреуі немесе оқытушының өзі бағдар бола алады.

Жедел ақпараттың тәсілдік құралдары дыбыстық, жарықтық, тактильдік болуы мүмкін. Жедел дыбыстық тәсілдік құралдарына спорт жүрісі-кезіндегі топырақтың тербеліс қимылынан шыққан дыбысты тіркеуге арналған қондырғы мысал бола алады.

Жүруде бір тіректі фаза екі тіректімен кезектесуінде әрбір қадам дыбыстық белгі береді. Дыбыстың жоғалуы спортшының жүгіруге өткенін, яғни оның жүру тәсілінің дұрыс емес екенін көрсетеді. Осы құрылғыны найза лақтырудағы, ұзындыққа секірудегі және басқа жүгіріп келудегі ырғақ дұрыстығы туралы ақпарат үшін пайдалануға болады.

Жедел жарықтық ақпараттың жасанды техникалық құралдарын қолдану жай күрделі аппаратураны өте талап етеді. Оның құрастырылуы орындалатын міндеттер мен орындалатын жаттығулардың құрылым ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады.

Жарықтық ақпарат қимылдың құлашының дұрыстығы, жұмсалатын күштің, қимыл жылдамдығы және т.б. көлеміне қарай белгі беру үшін пайдаланылады. Мысалы, параллель брусояда жаттығуды орындауда қатаң белгіленген қимыл құлашына жету қажет.

Электр шамының жарығы егер гимнаст денесі сәйкес битіктікте орнатылған фотоэлементтер алаңын кесіп өтсе, жанады.

Жедел жарық ақпараттарының техникалық құралдарының бірі-видеомагнитофон болып табылады. Ол жаттығуды орындаған соң, оны көруге және сол арқылы өз қимылын көріп сақталған кинестезиялық сезімталдықты жүргізуге мүмкіндік береді.

Ақпараттың тактильді құралдарына дәл жіберілмеген қимыл туралы белгі беретін жеңіл сипауды тіркейтін құралдар жатады. Егер тиіп кеткен кезде әлсіз болса да ауырса, онда қорғаныш рефлексі пайда болады. Бұндай бейімделу, мысалы – жүзуші есу қимылынан қате жіберген кезде оны әлсіз ток ұратын болып құрастырылған қондырғы (құрғақтағы жаттығу) (Д.Саунсинмен). Кей жағдайларда бұндай құралдарды бір рет пайдалану ұзақ уақыт бойына қайталанған қателерді түзетуге көмектеседі.

Жедел ақпарат құралдары автотренажер қызметін де атқарады (мысалы, семсерлесуде семсер шаншуға арналған қорғалмаған орынды көрсететін, жанатын шам). Автотренажермен орта және алыс қашықтыққа жүгіретін желаяқтар үшін жүгіру жолының жан-жағынанда белгілі жылдамдықпен жылжитын электр шамының жарығы қызмет етеді (светолидер).

 

2.12. Дене жаттығуын орындаудағы қатені түзету

 

 Спорт жаттығуларының тәсілін меңгеру – күрделі міндет. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлығында бастаушы және маманданған, спортшыда үлгі тәсілден үлкен немесе аз ауытқу білінуі мүмкін. Бұл ауытқулар қате деп қарастырылады.

Дене жаттығуларын орындаудағы қателер төрт топқа бөлінеді:                          1) биомеханикалық; 2) физиологиялық; 3) психо-педагогикалық; 4) әрекет ортасының шарты.

Биомеханикалық негіздемесі бар қимылдағы қателер себебінің тобына мыналар жатады:

1) Адам денесінің көптізбектілігі әсерінен пайда болатын және оқытудың бірінші кезеңдерінде қимылды бұзатын реактивті күштер. Олар қимыл мақсатына жетуге кедергі келтіреді. Дене жаттығулары тәсілдерін меңгеру шамасы бойынша келесі пайда болатын реактивті күштер қойылатын қимыл міндеттерін шешуге арналған адамның қимыл аппаратымен қолданылады. Көптеген спорт түрлерінде (гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау және т.б.). Спорт жаттығуын меңгерудің жоғары деңгейі бұлшықеттің тартылу күшін аз қолданып, бірақ реактивті күштерді толық және тиімді пайдалануға жол ашады.

  1. Қимылдың алдыңғы топтарын қате орындау әрекетінің соңы спорт жаттығуының бөлімі мен келесі фазаларының бұрын жіберілген аз кемшілігі өте үлкен қатеге әкеледі.
  2. Қимыл нәтижелерінің нысандық қателерінің аздығы дене жаттығуларын орындаған соң көп жағдайда еңбек әрекетін қарағанда бұл қимыл сапалары туралы талқылауға болатын ешқандай із қалмайды. Жазуға оқытқанда оқушы өзі жазған әріпті кітапта немесе оқытушының жазған әрпімен салыстырады; еңбек әрекеттеріне оқытуда өз әрекетінің дұрыстығын анықтауға болады, мысалы жасалған заттар сапасы бойынша. Жүгірудің, гимнатикалық жаттығуларының және басқа дене жаттығуларының нәтижесі дене дамуын, дене дайындығын және денсаулықты нығайту, т.б. жақсартқанда пайда болады. Кей жағдайларда оларды орындай салысымен мұғалім немесе оқушы біле алмайтындай із қалмайды.
  3. Оптимальды қимыл ырғағын қадағаламау.

Физиологиялық негіздемесі бар қимыл қателерінің себептері тобына мыналар жатады:

  1. Орталық жүйке жүйесінде пайда болатын қоздырғыш және тежегіш процестердің иррадациясы, ол қатысуы қойылған қимыл міндеттерін шешуге кедергі келтіретін бұлшықет топтарының жиырылуы мен босаңсуына әкеледі (реактивті күштердің пайда болуындағыдай).
  2. Туындаған кинестезиялық сезімталдықтың бұлыңғырлығы және шапшаң өтетіндігі.
  3. Қимыл дағдыларын кері ауыстыру әсерінен жаңа қимылды меңгеруге алдағы қимыл тәжірибесі кері әсер етуі мүмкін.
  4. Спортшының шаршауы, нашар жағдайы, ауруы.

Психо-педагогикалық негізделмелердегі қателер себебінің тобына мыналар жатады:

  1. Қажетті қимыл сапаларын дамытудың жеткіліксіздігі.
  2. Үйренетін қимыл мәндерін түсінбеу, олардың құрылымы туралы жалған ұғым.
  3. Психикалық факторалар: қорқыныш, сенімсіздік, шешімсіздік, қызығушылықтың болмауы, т.б.
  4. Бұлшықеттің артық жиырылуы.

Қимыл қателерін туындататын қоршаған ортаның қолайсыз топтарына сабақ орындары, құрал жабдықтардың сәйкес келмеуі, сол сияқты метеорологиялық және климатттық жағдайлар жатады.

Дене жаттығуларын орындағанда жіберілетін қателерді былай бөлуге болады: 1) қимыл тиімділігі мен спорт нәтижелеріне көп мөлшерде әсер ететін негізгілері; 2) оқушылардың аталған спорт жаттығуларында жіберетін типтік қателер; 3) негізгі қателердің нәтижесі болып табылатын жеке қателер (В.В. Белинович).

Орындалатын дене жаттығуларының нәтижесінде көрінетін дәл емес қимылды белгілеу үшін қимылды бақылау жаттығуларымен және аспаптарымен бақылау және тіркеу пайдаланады. Қадағалау барысында оқытушы өзінің көзбен қабылдағанын өзінің санасындағы бейнеленген дене жаттығулары тәсілдерінің үлгі бейнесімен салыстырады және осының негізінде оқушының қимыл сапасын саралай алады. Қадағалау кемшілігі оның сенімділігіне кепілдік болмауы есептеледі. Осының барлығында тәжірибелі оқытушы спортшының спорт тәсілі мен тактикасын, дене дайындығын, оның мінез-құлқын кейде дәл бағалап, тіпті кейде басқа әдіс оның көру қабілетін алмастыра алмайды. Қадағалау үйренетін қимыл тәсілін және қадағалау білігін (оқытушының) терең, білу шартына оң нәтиже береді. Оқытушы оқушыларға өзінің ойын үнемі айта бермеу керек. оқушыға күтпеген және барынша ұзақ уақыт қадағалау оның алдын ала біліп, бір рет тексеруінен гөрі жақсы нәтиже береді. Оқушыны қадағалау барысында қадағалау бұрышы мен сәйкес қашықтығын табу маңыздылығы көрсетілген.

Қимылды тіркеуге арналған қолданған құрылғылар үш топқа бөлінеді: 1) дене қалпы мен қимылын түгелдей тіркейтін құрылғылар (киносъемка, суретке түсіру және т.б.); 2) қимылдың жеке сипаттарын тіркейтін құрылғылар (спирография, динамография, вектородинамография және т.б.); 3) қимылдың түрлі элементтерін орындау сапасы туралы жедел ақпарат беретін құрылғылар (жедел беретін құрылғылар).

Қимыл тиімділігін анықтау үшін қолданатын бақылау жаттығулары бүтіндей және спорт жаттығуларының жеке топтарын орындау сапасы туралы ұғымдар қалыптастыру нақты спорт түрінің тәсілдік-тактикалық ерекшеліктері есебінен құралады. Төменде осындай бақылау жаттығуларының мысалдары келтіріледі.

Футболистердегі аяқпен соққы беру тәсілін меңгерудің деңгейін тексеру үшін бақылау жаттығулары. Радиусы 3м шеңберде допты аяқпен айналдыру. Бағалары: «өте жақсы»-4 дәл тию; «жақсы»-3 дәл тию; «қанағат»-2 дәл тию.

Найза лақтыру тәсілін меңгеру деңгейін тексеруге арналған бақылау жаттығулары (В.И.Алексеев бойынша) жүгіріп келіп лақтыру нәтижелерін орнынан лақтырумен салыстырып ұлғайту. Бағалары: шеберлік-30м, «өте жақсы»-20м, «жақсы»-15м, «қанағат»-10м, «нашар»-2-4м.

Қимылда жіберілген кемшіліктерді анықтап, оны тудырған себептерді және олардың негізгісін табу қажет.

Сонымен дене жаттығуларын орындаудағы кеткен қателерді түзету жолы ең алдымен қимыл қатесін анықтап сосын оның себебін тауып, соңында оқушының ерекшелігі мен оқу пәнін ескере отырып, оларды жою әдістері мен құралдарын табуға құрылады.

Қимылдағы қате себептерін анықтау қиындығы бір қатенің бірнеше себептен туындайтынынан шығады. Қимылдағы табылған әрбір қатенің себептері оны жоюға арналған құралды таңдауға себеп болады. Егер қатенің себебі үйренетін қимылдың мәнін түсінбеу, ол туралы теріс ұғым болса, онда түзету құралдары түсіндіру, әдебиеттерді оқыту, кинограммаларды талдау, қимылды көрсету, жақсы орындаушыларды қадағалау және т.б. болып табылады. Егер қатенің себебі оқушының шаршауы болса, онда жою құралы демалыс уақытын ұлғайту, сабақ пәніне қызығушылығын арттыру, жаңа тапсырмалар беру, орындалатын жаттығулардың сипатын өзгерту, т.б. болып саналады.

Аталғандардан бөлек дене жаттығуларын орындаудағы қатені түзетуге арналған әдістемелік құралдарда төмендегі ережелер келтірілген.

  1. Ең алдымен жарақат келтіретін қателерді, сол сияқты қимыл әсерлілігіне ықпал ететін басты қателерді түзету керек.
  2. Педагогикалық тұрғыдан барлығы мақұлдаған құралдар арқылы өтетін сабаққа оқу пәніне деген қызығушылықты арттыру.
  3. Жарыс рухын көтеру, өйткені бұл қойылған міндеттерді шешуге көмектеседі.
  4. Жекелеген ескертулер жасау, мұғалімнің барлық оқушылардың қателеріне жалпы ескерту жасауы жақсы нәтиже бермейді.
  5. Шұғылданушының өз күшіне деген сенімділігін арттыру. Оқытушы тек кемшіліктерден тұратын сонысымен оқушының өз мүмкіндігіне деген сенімділігін жоғалтатын үздіксіз ескертулерден бас тартуы қажет. Тіпті үлкен қате жіберген жағдайда да алдымен жаттығу орындаудың дұрыс жақтарын айтып, содан кейін барып қатенің неден шыққанын және оны қалай түзетуге болатынын түсіндіруі керек.
  6. Қажетті кинестезиялық сезімталдықты қабылдаудан пайда болған қиындық, ықпалынан болған қателер жүйелі қайталанған жағдайда үстін-үстін тапсырма беру әдісін қолдануға болады. Ол оқушыға қарама-қарсы қателері бар қимылды орындауға тапсырма беруге құрылған. Мысалы, жаңа шаңғышы көптеген ескертулерді ұғынбай тік аяқтарымен жылжи береді. Бұл жағдайда оқытушы аяқтарды талап етілгеннен де қаттырақ бүгуге кеңес береді.
  7. Күрделі дәлдіктегі қимылдарды оқуда жәберілген қателерді барлық жаттығуларды орындап болған соң көрсетеді. Айналымдық спорт түрлерінде оқушы жасаған қатені қимыл барысында түзетеді. Қарапайым қателерді айналымдық емес жаттығуларда да осылай дұрыстайды. Маманданған спортшылар сабағында жіберген қателерді талдау спортшылар қатені туындатқан себеп өзінде екенін түсінетіндей болуы тиіс.
  8. Қимылды шаршау мен зейіннің жоғалуының алғашқы белгілеріне дейін қайталау. Бұрыннан жақсы үйренген немесе дәлдігі қарапайым қимылдар жасайтын 5-6 минуттық үзілістен соң, оқудың негізгі пәніне оралу қажет. Сабақ барысында бұны бірнеше рет қайталайды. Үйренген қимылдарды түзету, спорт жаттығуларының меңгерген тәсілін қайта жасау ұзақ және табанды еңбек нәтижесінде болады, кейде (әсіресе айналымдық спорт түрлерінде) ол кері нәтижелерге әкеледі. Сондықтан балалар мен жасөспірімдер барлық жаңадан келгендерді спорт жаттығулардың барынша тиімді тәсілдеріне оқыту керек.

 

 

2.13. Тактикалық дайындықты қамтамасыз ету әдістемесі

 

Тактикалық дайындық туындаған жағдайларды тез әрі дұрыс бағалау қабілетін дамытудан, сапалы және өзіндік шешім қабылдауға және оны спорт күресі жағдайында іске асыруға құрылады.

Тактикалық дайындықтың екі түрі бар: жалпы және арнайы. Жалпы тактикалық дайындық-бұл таңдаған спорт түрінен спот жарыстарында  табысқа жету үшін қажетті тактикалық дағдылар мен білімді меңгеруге бағытталған процесс. Арнайы тактикалық дайындық нақты жарыстарда нақты бір қарсыласымен жекпе-жекте табысқа жетуге арналған тактикалық дағдылар мен білімді меңгеруге бағытталған процесс.

Тактикалық дайындықтың нәтижесі-тактикалық дайын болу. Тактикалық дайын болу жеке тұлғалық, топтық және командалық болып келеді.

Тұлғалық спорт түрлерінде (гимнастика, лақтыру, жеңіл атлетикадағы секіру, ауыр атлетика, т.б.). Спорт жаттығуларының тактика тәсіліне оқытудың бастапқы кезіндегі үзіліс бірнеше айдан жылға немесе одан көпке созылады. Спорттың бұл түріндегі тактика мәселелері жарысқа қатысуға дайындық жүргізуде туындайды. Спорт ойныдары мен жекпе-жек тәрізді спорт түрлерінде тактикамен тәсілге оқыту бір мезгілде және үзіліссіз  жүргізіледі.

Жалпы тактикалық дайын болуды қамтамасыз ететін дене тәрбиесі мен спорттың бұрын қарастырылған педагогикалық ұстанымдарына сүйене отырып мыналар қажет:

  1. Спорт жаттығуларын орындауға жәрдемдесетін жағдайларды жүйелі өзгерту үйренетін әдістің немесе әдіс амалдарының жалпы құрылымын меңгергеннен кейін меңгерген білігін шартты қарсыласымен, сосын қарсыласпайтын немесе шартты қарсыласатын қарсыласымен, ең соңында жарыстағы қарсыласымен бекітеді: спорт ойындарында алдымен бірге-бір, кейін екіге-екі, сосын үшке-үш нұсқасымен жұмыс жасау керек.
  2. Жекпе-жек немесе спорт ойындары тәрізді спорт түрлерінде оқу ұрыстарын оқу белдесулерін кең қолданады, яғни қарсыласымен жекпе-жек алдын-ала келісілген бір немесе бірнеше амалдарды қолдану жолымен жүргізілетін жарыс жағдайларының машықтану түрлеріне құру қажет.
  3. Спорт оқулықтарын, оқытушының әңгімелері мен түсіндіруін, хронометрмен өлшеу көмегімен аталған жарыста тіркелген бақылауларды, қимылдық графикалық жазбасын, жарысқа қатысқандағы өзінің жеке тәжірибесінің талдауын пайдаланып ілімдік дайын болуын көтеру.
  4. Аңғарымпаздық, шапшаңдық, тапқырлық және айқын ойды сақтау қабілетін дамыту.
  5. Периферикалық көруді дамыту, ол жекпе-жек тәрізді спорт түрлерінде және спорт ойындарында алаңды көруге туындаған жағдайды тез бағалауға мүмкіндік береді.
  6. Тәсілдік дайын болу деңгейін арттыру және таңдаған спорт түрінің талаптарына сәйкес қимыл сапаларын дамыту.
  7. Жекпе-жек спорт түрі мен спорт ойындарында өз ойын жасыруға, қимылды алдын ала дайындықсыз орындау қабілетін дамытуға, қарсыласын алмастыратын және оның қарсы шаралар қолдану мүмкіндігін нашарлататын жалған қимылдарды пайдалануға оқыту.
  8. Спорт күресі кезінде өз күшін дұрыс жұмсау қабілетін дамыту осы мақсатта айналымдық спортпен шұғылданатын спортшылар уақытты дәл жоспарланған тапсырыспен бітіру, аралық мәрені қолдануға, мәрені белгілі бір қашықтыққа алшақтату, спорт ойындарында ойын уақытын ұзартуға ойынға бірте-бірте демалған әріптестерін кіргізуге т.б. жетуі керек.
  9. Талабы, қатысатын спортшылар құрамы, ауқымы жағына әртүрлі спорт жарыстарына көптеп қатысу. Дәл осы спорт ойындарында спорт жекпе-жегінде қимыл мен мінез-құлықтың ең саналы түрін табуға көмектесетін тәжірибе жинақталады.

Арнайы тактикалық дайын болу спорт жекпе-жегінің жоспарын құру жолымен қамтылады, ол жеңіске немесе жақсы нәтижеге қалай жетуге болатынына жауап береді. Бұл тұрғыда аталған жарыстың негізгі тактикалық тапсырмалары анықталады. оның бірнеше нұқсасын қарастырған жөн. Спорт жекпе-жегінің жоспарын құру үшін жарыс өтетін орынның ерекшелігі, климаттық және метеорологиялық жағдайлары, құрал-жабдықтар, т.б. ерекшеліктері алдын-ала талқыланады. Кей жағдайларда қарсыластарының дене және тактикалық даярлығы ұйымдастырылған түрде оқылады. Олардың спорт белдесуін жүргізу мәнері, олардың әлсіз және күшті жақтары талқыланады.

Спорт ойныдары мен жекпе-жек тәрізді спорт түрлерінде жарыстарды бақылау жолымен қарсылас қандай амалдар қолданады, ал оған қандай әдістер қолдану жақсы нәтижелер беретіні талқыланады.

Егер қарсыласта осындай «барлаумен» айналысса, онда өзінің мүмкіндігін барынша ашпау керек. Кейде керісінше жауапты жарыс болар алдында бұл жекпе-жекке зиян келтірмесе, онда қарсыласты бағдарынан жаңылыстыру үшін тіпті төмен нәтиже көрсетуі мүмкін.

Спорт күресу жоспарында спортшының жарысқа дейінгі, түгелдей жарыс кезіндегі және жекелеген әрекеттер, жүзулер, жүрулер арасындағы әрекеті мен мінез-құлқының негізгі бағыттары қарастырылады. Кейде спорт жекпе-жегі жоспары бой жазуға дейін анықталады. Бұл минуттарда оқытушы спортшының психикалық жағдайын, өзін сезінуін, оның қимылының жеңіл әрі тәсілдік жетілуін ескереді. Жекпе-жек кезінде жасалған жоспардың жарамсыздығы жиі кездеседі. Онда спортшы оны дереу қайта құрып, әріптестері мен қарсыластарының шарттары мен әрекеттеріне сәйкес қимылдауы қажет.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Спортшы мен спорт командасының тактикалық дайындығы деңгейі туралы олардың жарыс жағдайы мен спорт жекпе-жегінде туындаған жағдайға қарай өз мінез-құлқын, қимылы мен әрекетін өзгерту қабілеті бойынша сараптауға болады.

Бұл тараудағы айтылғандарды қорыта келе мынадай тұжырым жасауға болады.

Сабақтардағы дене жаттығуларына оқытуды ондағы пайда болатын қимыл сапасының дамуын бір мезгілде, ал спорт машықтануын да таңдаған спорт түрінің тактикасын меңгерумен бірмезгілде жүргізеді.

Дене жаттығуларын дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында оқыту тыныс алуды орындалатын қимылмен үйлестіру қажеттігін көрсетеді.

Дене жаттығуларын жетілдіре орындау орындалатын қимыл міндеттері мен туындаған жағдайларға олардың құрылымын сәйкесдендіре қадағалап, оған саналы және сезімдік бақылау жолымен түзету ендіруге үйренумен жетуге болады.

Жұмысты қорыта келе, мынадай тұжырым жасауға болады.

Дене дайындығын қамтамассыз ететін жағдай денсаулықты нығайту, қимыл сапаларын дамыту, дене пішінін жақсартып және сан түрлі қимыл дағдыларын меңгеру болып табылады.

Көрсетілген міндеттерді дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында шешуді анықтайтын негізгі ықпалдар сабақ пәні (дене жаттығуының түрі), жаттығу көлемі мен қарқындылығының қатысы, жаттығу кезінде және сабақ арсындағы үзілістегі демалыстың ұзақтығы мен сипаты, сол сияқты жаттығуға жол ашатын жағдайлар болып табылады.

Қимыл сапасын дамыту ағзаға жалпы және уақытша әсерлердің өзара байланысымен және орындалатын қимыл құрылымын меңгерумен бірлікте жетеді.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Теория и методика физического воспитания / Под общ.ред. Л.И.Матвеева и А Д.Новикора. -М.: ФИС, 1976, т, 1-11.
  2. Гандельеман А.Б., Смирнов Д.М. Физическое воспитание детей школьного возраста. — М.: Просвешсние, 1986.
  3. Теория и методика физической культури / Под ред. В.М.Шияна, — М.: Просвещение, 1988.
  4. Шитикова Г.Ф. Методы контроля эффективностм педагогического процесса на уроках физического воспитания: Учебное пособие. — СПб., 1997.
  5. Теория к методики физического воспитания /Под ред. Б.А.Ашмарина, -М.: Просвещение, 199
  6. Президентские тесты Республики Казахстан. — Алматы, 1997.
  7. Иванков Ч.Т. Теоретические основы методики физического воспитания. -М.: «Инсан», 2000.
  8. Холодов Ж.К., Кузнеуов B.C. Теория и методика физического воспитания и спорта: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений. -М.: Издательский центр «Академия», 2000.
  9. Теория и методика физической культуры: Учебник / Под ред. проф. Ю.Ф.Курамшина. — 2-е изд., испр. — М.: Советский спорт. 2004. — 464 с.
  10. Матвеев Л.И. Теория и методика физической культуры. -М: ФиС. 1991. -543 с.    
  11. Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі (Оқу құралы). -Алматы: «Әлем». 2000. 80 бет.
  12. Педагогика. Дәріс курс. — Алматы: «Нұрлы Әлем», 2 — 368 бет.
  13. Педагогика: Учебник для институттов физической культуры (Под ред. В.В.Белорусовой и Н.Н.Решетень) – 2-ое изд., доп. и перераб.-М.: ФиС, 01986. -288с.
  14. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. /Аударған Успанов K.C./.Алматы: «Ғылым», 2002. — 170 бет.
  15. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. — Алматы, «Мектеп», 1987. — 207 бет.
  16. Белорусова В.В. и др. Основы профессионально-педагогического мастерства преподавателя (тренера). — Л .:ГДОИФК, 1988.
  17. Вайндорф-Сысоева М.Е., Крившенко Л.П. Педагогика: Пособие для сдачи экзамена. — М.: Юрайт-Издат., 2005. — 239 с.- (Хочу все сдать!).
  18. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. (Оқу құралы). — Алматы: «Санат», 1995. -302 бет.
  19. Жумашева С. С. Основы педагогических знаний: Учебное пособие для студентов специальности «Физическая культура и спорт». — Алматы: Казахская академия спорта и туризма. 2001. — 58 с.
  20. Деркач А.А.,   Исасв  А.А.   Педагогика  и   психология  деятельности организатора детского спорта. — М.: «Просвещение», 1985.
  21. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. — Астана, 1999. — 378 б.
  22. Лебедева Н.А. Білім берудегі менеджмент. — Алматы, 1998. — 168 б.
  23. Методика воспитательной   работы:   Учебное   пособие   (под   ред. Л.Рувинского). — М.: «Просвещение», 1989.
  24. Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясы. — Алматы: «Мектеп», 1986.
  25. Синица И.В. Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік. — Алматы: «Мектеп», 1987.
  26. Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для высших учебных заведеиий (И.А. Зязюн и др.). — М: «Просвсшечие», 1989. 302 с.
  27. Тер-Ованесян А.А. Педагогические основы физического воспитания. -М: Физкультура и спорт, 1978. — 206 с.
  28. Ақпаев Т.А., Адамбекова М.І., Тастанов Ә.ж. Оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастырудың ілімдің және әдістемелік негіздері. –Алматы: «Өнер», 2003.
  29. Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбек. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. –Түркістан, 2004.
  30. К.Адамбеков, А.Кульназаров, С.Касымбекова. Формирование основ физической культуры учащейся молодежи. –Алматы, 2004.
  31. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасында 1996-2000 жылдар аралығында бұқаралық спортты дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы» // 1996 ж. 19 желтоқсан. №
  32. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 1998, 240 бет.
  33. Қазақстан Республикасының Дене мәдениеті және спорт туралы Заңы. 1999 ж. 2 желтоқсан. №490-13 ҚР// Sport, 2000, №1, 4-11 қаңтар.
  34. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001- 2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы. №571, // Астана, 2001 ж.
  35. Адамбеков К.І. «Оқушылардың дене тәрбиелеудің педагогикалық негізі» п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, -1995, 38 бет.
  36. Аяшев А.О. Болашақ мұғалімнің тәрбие жұмысына кәсіби даярлығын дене тәрбиесінің құралдары арқылы қалыптастыру. п.ғ.д. дисс. Авторефераты. М., 1993, 55 б.
  37. Сапарбаев М.Б. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің теориясы мен практикасы. п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, 1993, 318 б.
  38. Гейнца К.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі 1-9 сынып оқушыларының нұсқалық бөлімдерін жете зерттеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 1995, 22 б.
  39. Алимханов Б.У. Дене мәдениеті бойынша оқу бағдарламасының нұсқалары. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Санкт-Петербург. 1994, 22 б.
  40. Платонов В.Н. Спортшылардың қазіргі замандағы дайындық жүйесінің негізі. // Киев,
  41. Құланов К.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінің дамуы (1966-1985) п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1990, 22 б.
  42. Биданов Б.Ж. Оқушылардың сабақтан тыс кездегі дене тәрбиесінің педагогикалық кезеңдері, п.ғ.к.дисс.авторефераты. -Алматы, 1992. 1-20 беттер.
  43. Ворюшин В.В. 9-12 жастағы оқушылардың сабақтағыи және үйірмедегі футбол сабақтарының ерекшелігінің зерттеулері п.ғ.к. дисс. авторефарты. М., 1968. 22 бет.
  44. Қаражанов Б.Қ. Адамның моторлық адаптациясы п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1992. 1-85 беттер.
  45. Филин В.П. Мектеп жасындағы оқушылардың спорттық жаттығу жасау барысында қозғалыс қасиеттерін жетілдіру проблемалары, п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1970.
  46. Анарқұлов Х.Ф. Қырғыз халқының қозғалмалы ойындары. Дене шынықтыру жаттығулары және осы заманға лайықтылығы, п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1990. 25 б.
  47. Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін пайдалану, п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1995. 23 б.
  48. Садирметова Ж.Б. жеткіншектерді халықтық педагогика арқылы адамгершілікке тәрбиеле, п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, 1996.
  49. Антропов М.В. Оқушылардың күн тәртібіндегі жұмыс қабілеттері мен денсаулық жағдайлары. Педагогика: М., 1974. 135 б.
  50. Зациорский В.М. Спортшының дене сапасын / Дене тәрбиесі және спорт. М., 1966ж. 200 б.
  51. Зимкин Н.В. Жылдамдық, төзімділік және күштің физиологиялық сипаттамасы. Дене мәдениеті және спорт. М., 1966.
  52. Годик М.А. Адамның қозғалыс жылдамдығының қабілеттілік құрылымдық факторларын зерттеу, п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 1946
  53. Зациорский М.И. Спортшының қимыл сапасы (Тәрбиенің теориялық және әдістемелік зерттеулері), п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1968.
  54. Годик М.А., Зациорский В.М. Спортшының «жарылу» күшін зерттеудің алғашқы нәтижесі мен әдісі. // «Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы», 1965. №7.
  55. Зациорский М.И. Спортшының қимыл-қозғалыс қабілеттері // Дене тәрбиесі және спорт, 1966. 200 бет.
  56. Ионов Л.П., Черняков Г.И. Жүгіру жылдамдығы, қадамның ұзындығы мен басу жиілігіне байланысты // «Жеңіл атлетика», 1968. №5.
  57. Уақбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. Алматы, «Санат», 2000, 72 б.
  58. Бальсевич В.К., Запорожнов В.А. Адамның дене белсенділігі. Денсаулық. Киев, 1987. 23 б.
  59. В.В.Белорусов, И.Н.Решетников. Педагогика. М., Дене тәрбиесі және спорт, 288 б.
  60. Адамбеков Қ.І., Хлыстов М.С. Дене дайындығының негіздері. Алматы, 2002. 1-112 б.
  61. Сухарев А.Г. Оқушылардың денсаулық жағдайы және оны қалыптастыру факторлары. Гигиена және санитария. 1982. №5, 70-72б.
  62. Бережков Л.Ф., Рубинская И.Д. Халықтың денсаулық жағдайын жаппай зерттеудің көрсеткіштері. Балалардың денсаулығын қорғау. 1974, №7. 121-144.
  63. Филиппович В.И. Дене тәрбиесі процесі кезіндегі қозғалыс қызметінің дамуы // Советтік педагогика. 1967, №5. 23-30 б.
  64. Беляев Д.К. Генетика, қоғам жеке адам. // Коммунист. 1987, №7. 90-97б.
  65. Тәнекеев М.Т. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. // Алматы, 1982. 44 б.
  66. төлегенов Ж.М. Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін дамытудың кейбір проблемалары. Дене мәдениеті мен спортты бақылау проблемалары. Ал маты, 1979.
  67. Баясевич В.К., Гришко В.В., Захаров Л.С., Попов В.В. // Қазіргі кезеңдегі спорттық және ұйымдастырушылық шарттары. Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы. 1981, №43-45 б.
  68. Тастанов Ә.Ж. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілетін дене тәрбиелеу процесінің педагогикалық негізі, п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 2003.
  69. Антропова М.В. Оқушылардың күн тәртібіндегі жұмыс қабілеттілігі және денсаулық жағдайлары. М., 1967 ж. 251 б.
  70. В.Л.Марищук, Ю.М.Блудов, В.А.Плахтиенко, Л.К.Серова. Спорттағы психологиялық болжамдық әдістемесі. Просвещение. М., 1984. 106 б.