АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Джон Кеннеди – демократ, президент және реформатор

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

ТАРИХ  ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

Дүние жүзі тарихы кафедрасы

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ   Ж Ұ М Ы С Ы

 

ДЖОН КЕННЕДИ – ДЕМОКРАТ, ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ РЕФОРМАТОР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ, 2009

 

М А З М Ұ Н Ы

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………..

 

1. ДЖОН КЕННЕДИДІҢ САЯСАТКЕР ЖӘНЕ ПРЕЗИДЕНТ БЕЙНЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1 Джон Кеннедидің саяси қызметінің басталуы………………………………

1.2 1960 жылғы президенттік сайлау және демократтардың жеңісі…..

 

2. ДЖОН КЕННЕДИ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ІШКІ ЖӘНЕ

СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

2.1 Д.Кенеди әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясаты…………

2.2 Афро-американдықтардың азаматтық құқықтары туралы мәселе және  

     жаңа заңның дайындалуы…………………………………………………………..

2.3 АҚШ сыртқы саясатындағы «жаңа шептер»……………………………….

 

      ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………….

      ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..

 

 

 

 

 

 

 

                                        

 

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Соғыстан кейінгі Америка Құрама Штаттар тарихында өте маңызды орында болған мәселенің бірі — 1961-1963 жж. Джон Кеннедидің президенттік қызметімен тікелей байланысты.Осы кезде Джон Кеннеди нағыз саясаткер тұрғысында алға шығып сайлаушылардың көпшілігінің қолдауына ие болды. 1962 жылғы экономикалық деңгейдің алға қарай дамуы, монополияның өсуі, әкімшілік бірқатар мәселелердің шешімінің табылуы оның позициясын одан әрі бекіте түсті.

    1960жылғы сайлауда,демократтарды кәсіподақтар да белсенді түрде қолдап,Джон Кеннедидің жеңісіне үлкен үлестерін қосты.Били басына келер алдындағы Джон Кеннедидің «жаңа шептер» саясаты көпшілікке таныла бастады.Мұнда, яғни «жаңа шептер»саясатындағы ең маңызды орынды АҚШ қоғамында ұзақ жылдарға дейін шешімін таппай келе жатқан қара нәсілділер мәселесіауқымды түрде алға тартылды.

Әкімшілікте қара нәсілділер мәселесінің басты стратегиясы мен тактикасын,яғни оны шешу жолдарын,әкімшілік аумағында қалдырмау да үлкен маңызға ие болды.Сол сияқты Джон Кеннеди өкіметінің экономикалық және әлеуметтік әрекеті Кейнстің теориясы мен тәжірбиесіне сүйенді.Кеннедидің «жаңа дәуір бағдарламасы»  «тиімді сұраныс» деген мағынада болып,жаппай өндіріс пен жаппай тұтыну үйлесімін қамтамасыз етуді қарастырды.Үкімет әкімшілігі экономиканы тұрақтандырып,әлеуметтік шараларға көңіл бөлді.

«Жаңа шептер» бағдарламасында экономикалық, саяси, дипломатиялық, идеологиялық,мәдени мәселелердің ауқымын «бейбіт» түрде шешу ғана емес,сонымен бірге американ қоғамының мүддесін қорғауға арналған жаңа тәсілдер де қарастырылды.Джон Кеннеди өкіметінің сыртқы саясатында да біраз өзгерістер алып келді.Осы тұстағы дамып келе жатқан елдерге көмек шаралары қарастырылып,оны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілді.Әсіресе,Латын Америкасы елдеріне жәрдемдесу жоспары –«Даму жөніндегі одақ» құрылып,игі шаралар жүзеге асырылған еді.

Әсіресе Джон Кеннеди нағыз реформатор болумен қатар демократиялық іс шараларға да белсене ат салысты.Өмірге қауіпті ядролық қарулар сынағының зардаптарына қарсы тұрып,оның сыналуына қатысты өз пікірлерін де білдіріп отырды.Осы тұста Джон Кеннеди үкіметінің жүргізген әлеуметтік-экономикалық шаралары үлкен қызығушылық тудырды.Соған орай Джон Кеннедидің президент ретінде еліне қалдықсыз қызмет етіп,өзін нағыз реформатор және демократ етіп көрсетуін тарихи тұрғыдан талдап қарастыру тақырыбымыздың өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Джон Кеннедидің қоғамдық-саяси қызметі туралы мәселе тарихи әдебиеттерде біршама қарастырылған деп айтуымызға болады.  Джон Кеннеди мен оның кезеңі туралы зерттеу еңбектеріді топтастырып қарастыруымызға да болады.

Джон Кеннеди мен оның билігі турасында және осы  жылдардағы капиталистік қоғамдағы АҚШ-тың рөлін, ондағы жаңа құбылыстарға кеңестік зерттеушілер де көптеп қалам тартты. АҚШ тарихнамасын зерттеуге байланысты соңғы кездері, яғни оның ішкі-сыртқы саясатын танып-білуді қолға алған ғалым Н.Н.Болховитинов /1/ болды. Соңғы жылдары ғылыми-теоретикалық және кәсіби деңгейдегі ғылыми еңбектер, құжаттар тұрғысында негізделіп жазылды. Алайда, кеңестік тарихнама американ қоғамының капиталистік даму үрдісін теріс пиғылда, молынан пайдалана дәріптеген жақтары да көбірек кездеседі. Дегенмен, кеңес ғалымдары С.А.Далин /2/, А.Н.Шлепаков /3/ өз зерттеулерінде АҚШ-ғы мемлекеттік-монополиялық капитализмнің басты даму тенденцияларына үлкен мән беріп, жан-жақты талдап қарастырды.Онда әсіресе еңбекшілердің азаматтық құқықтары үшін күресі,жұмысшылар мәселесі,қара нәсілділер мен соғысқа қарсы қозғалыстар т.б. болды.

Кейбір тарихи құжаттар мен зерттеулерде 60-70-жылдардағы АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатына байланысты нақтылы фактілермен  келтірілген оқиғаларды да кездестіруге боладыАрнайы зерттеулер көбінесе американ қоғамындағы жұмысшы қозғалысы мен жұмысшы тобы мәселесі ағымые\на арнап жазылған.Сондай еңбектердің бірі болған «История рабочего движения США в новейшее время»./4/ зерттеудің жарық көруі болды. Сондай-ақ, АҚШ-ғы кәсіподақ қозғалысына жан-жақты анализ жасаған В.П.Андросов /5/ еңбегінің орны ерекше. Осы кезде демократиялық партияның қызметі, оның монополиялық капиталға ішкі саяси бақылау орнатуы туралы да ғылыми еңбектер жарық көрді. Осы мәселе төңірегінде А.А.Громыко /6/ Джон Кеннедидің саяси күресі төңірегінде өмір баяндық еңбегі өте тартымды түрде жазылып шыққан. Нақты айтқанда тікелей Кеннедиге ғана арналады.Сондай-ақ,60-70-жылдардағы жалпы демократиялық қозғалыстарға арналған монографияларды да атауға болады.мұнда Т:Т Тимофеев /7/еңбегінде әлеуметтік теңсіздікке, әділетсіздікке,сонымен бірге демократтардың әлеуметтік базаның шеңберін кеңейтуге байланысты мәселелер қарастырылған. Америка халқвның соғысқа қарсы ,бейбітшілік жолындағы күресіне Н:В:Меньшиков /9/ еңбегі.Автор онда Джон Кеннедидің»”жаңа шептер” саясатына арнайы тоқталып өткен.Әсіресе экономика төңірегіндегі қызметі,салық жүйесі,мемлекеттік билік статистикалық мәліметтер бойынша талдап жазылған.Демократиялық партияның бағдарламасына анализ жасай отырып,елдегі жалақа мөлшері,еңбек уақыты,жұмыссыздарға помобие беру мәселелеріне де ерекше мән берген.Бір сөзбен айтқанда демократиялық партияның әлеуметтік саясат төңірегіндегі іс-шараларын толық қамтып кеткен.

Осы диплом жұмысының тақырыбын ашуға үлкен үлес қосқан В:С Зориннің/10/еңбегі болды.Онда Джон Кеннеди билігі тұсындағы АҚШ-тың ішкі саясатына үлкен мән беріліп, деректерге талдау жасалған.Әлеуметтік саясат төңірегінде Джон Кеннедидің қызметі,әсіресе нәсілдік мәселе туралы Э.М.Нитобург/11,12/,М.С.Савин /13/,П.А.Королева /14/ еңбектерінің маңызы зор. Бұл зерттеулерден Кеннедидің «Азаматтық құқық заңы» туралы нәсілдік төңірегіндегі жүргізген қызметіжайлы талдау беріп кеткен.Ал,А.А.Громыко /15/,Э.А.Иванян /16/, Хью Броганның /17/  ғылыми еңбектерінде Джон Кеннеди әкімшілігінің қоғамдық –саяси қызметі жан-жақты зерделе түскен.Бұл жұмыста авторлар президенттің өмірлік жолын,тарихи бейнесін,оның АҚШ қоғамындағы саяси рөлін корсетеді.

Аталған еңбектер АҚШ-ның сол тұстағы әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар біз зерттеп отырған Джон Кннедидің азаматтық,яғни президенттік қызметімен қатар оның үлкен реформатор және демократ болғандығы туралы мәліметтер беріп өтеді.

Диплом жұмысының деректік негіздері. Диплом жұмысының алға қойған мақсаты мен міндетін орындауда негіз болған деректердің қайнар көздеріне қарай оларды бірнеше топтарға бөліп қарастырып отырмыз.Ең алғашқылардың қатарында тұрғаны және ең маңыздысы болғаны-заң актілері мен қаулылары.Диплом жұмысын жазу барысында АҚШ конституциясың мәтіні,Демократиялық партияның құжаттары,сайлау алдындағы бағдарламалары пайдаланылды/18,/. Джон Кеннедидің конгрессте сөйлеген сөздері,конгресс мәжілісінде берген есептері «США: конституция  и права граждан » /19/ атты материалдар жинағында берілген.

Осы топқа Мартин Лютер Кингтің еңбектері мен сөздерін де жатқызуғы болады/20/.Джон Кеннедидің кеңесшілерінің баяндамалары мен сөздері,жұмысшы қозғалысы,негрлер қозғалысы,қоғамдық ұйымдардың құжаттары мен материалдары дерек ретінде пайдаланылды.Нақты атап өтетін болсақ,оған «История рабочего движения в США в навейшее время»/21/ атты еңбекті атап өтуімізге болады.

Сонымен,осы жоғарыда келтірілген деректер мен ғылыми зерттеулерді басшылыққа ала отырып біз тақырыптың мазмұның толықтай ашуға тырыстық.

Диплом жұмысының мақсаты. Жоғарыда аталынып өткен деректер мен зерттеу еңбектерін пайдалана отырып, соғыстан кейінгі тұстағы АҚШ-ның тарихына тоқтала отырып, президент Джон Кеннедидің саяси портретіне, яғни оның нағыз реформатор дәне демократ ретінде жұмыстар атқарғандығын ашып көрсету болып табылады. Аталған мақсатқа сай жұмыста төмендегідей міндеттер тобы қойылып отыр:

—  Джон Кеннедидің өскен ортасы  мен  саяси қызметінің басталуына сипатама беру;

—  1960 жылғы президенттік сайлау және демократтардың жеңісіне тоқталу;

—  Д.Кенеди әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясатын айқындау;

— Афро-американдықтардың азаматтық құқықтары туралы мәселелені қарастыра отырып, ондағы жаңа заңның дайындалуына тоқталу;

— Джон Кеннедидің “азаматтық құқық заңы” төңірегінде жүргізген іс-шараларының маңызын көрсету;

— Джон Кеннеди әкімшілігінің экономикалық шаралары мен әлеуметтік саясатын талдау.

Жұмыстың теориялық-методологиялық негіздері.Жұмысты жазуда ғылыми еңбектерді тарихилық,аймвақтық,ғылыми принциптер негізінде оқып-үйрену,талдау әдістері қолданылды.Диплом жұмысының тақырыбын зерттеуде адамзаттық даму барысындағы елеулі оқиғалар мен құбылыстардың себебі,алғышарттары мен салдары болатындығы туралы методологиялық тұжырым басшылыққа алынды.Жұмыста зерттеу методологиясы жүйелі,объективтілік,тарихи-салыстырмалық тәрізді ғылыми таным қағидаларына негізделген.Сондай-ақ,кейінгі уақыттарда қалыптасып келе жптқан жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдар.жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер қарастырылды.

Тақырыпты жазу барысында,осы мәселе төңірегінде жазылған ғалымдардың еңбектеріндегі ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарға, көзқарастарға, сүйендік.Жұмысты жазу барысында-баяндау, жүйелеу, бағалау, қорытындылау, салыстырмалы тарихи ,хронологиялық принциптер негізге алынды.

Диплом жұмысының қолданыстық маңызы. Ұсынылып отырған диплом жұмысында жасалған ой-тұжырымдар мен қорытындыларды екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзі елдерінің тарихыи дламуы мен экономикалық бағыттарын анықтау тұсында құнды деректер мен мәліметтер алуға қатысты курс жұмыстарында, түрлі  Дүниежүзі тарихы бойынша жазылған студенттік баяндамаларда  оқу орындарында жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге баулуға арналған тәрбиелік сағаттар барысында пайдалануға болады.

Жұмыстың мерзімдік шегі. Джон Кеннедидің алғаш рет  саяси сахнаға шығуы және қайраткер ретіндегі басты қадамдары мен оның қайтыс болған уақытына дейінгі, яғни 1963 жылға дейінгі аралығын қамтиды. Себебі осы уақыт шегінде Америка қоғамы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізгені белгілі.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ДЖОН КЕННЕДИДІҢ САЯСАТКЕР ЖӘНЕ ПРЕЗИДЕНТ БЕЙНЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

 

1.1 Джон Кеннедидің саяси қызметінің басталуы

 

      АҚШ тарихында 1036 күн билік тізгінін қолға алған президент Джон Кеннеди өзінің саясаттағы белсенділігімен көзге түскен еді. Екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан күйреген дүниежүзі елдерінің экономикасымен қатар, АҚШ-ның да экономикасында айтарлықтай дағдарыстар орын алып, соған сай әрекет ету кезеңінде, яғни 50-ші жылдардың аяғы мен 60-шы жылдардың басында билік сахнасынан көріне бастаған Джон Кеннедидің өзіне тән болмысы қалыптасып үлгерген еді. 

     Джон Фицджеральд Кеннеди 1917 жылы 29 мамырда Бруклинде (Массачусетс штаты) Джозеф пен Роза Кеннедилердің отбасында дүниеге келген. Бұл жерде оның алғашқы балалық шағы өтті. Бұдан соң оның семьясы Нью-Йоркке қоныс аударды. Джонды жергілікті мектеп қабырғасына білім алуға береді. Осы тұстан бастап-ақ оның тарих пәніне деген қызығушылығы байқалады.

    Джон Кеннеди балалық шағында өзінің әлсіздігімен көзге түсіп, жиі ауыратын болды. Алайда ол Кеннедилер отбасындағы бірден-бір оқымыстыбала болып, соған сай ол тарих, география пәндерін өте жақсы көрді. Көп оқығанды ұнатты. Әсіресе оны Америкаға алған қоныс тепкен ақ нәсілді адамдар тарихы мен әр түрлі рыцарлық тарихи оқиғалар қызықтырды.

    13 жасында Джонды ата-анасы католиктік мектеп-интернатына оқуға береді. Ол мұнда бір ғана жіл білім алып, келесі жылы Чаоттық жеке мектепте дәріс алады. Аталған мектепте сол таңда тек ауқатты обтбасыларының балалары ғана білім алатын болған. Джозерф Кеннеди болса әр кез балаларының біліміне назар аударып, олардық буржуазиялық кеңстікте тәрбиеледі. Олардың көбінесе саясатқа қызығушылықтарын туғызды. Джонның інісі Роберт бірде әкесінің бұл әрекеттерін былайша есіне алады: «Біз әр кез дастархан басына отырып, тамаққа ауызымыз тиген сәтте Франклин Рузвельттің саясат жүргізу әдіс-тәсілдеріне немесе әлемде не болып жатқандығы турасында әңгіме қозғап отыратын едік», — дейді. Яғни, олардың әкелері ұлдарының АҚШ-тың саяси өміріне араласуларына жол сілтеп отырумен болды.

    Джон Кеннеди Чаот мектебін аяқтаған тұста әкесі оны Лондондағы экономика мектебіне жібереді. Осы тұста аталған оқу орынында танымал лейборист оқытушы, профессор Гарольд Ласки дәріс жүргізді. Алайда асқазанының ауруына орай Джон АҚШ-на қайта оралады. Бұдан соң Джон әкесінің нұсқауымен Гарвард университетіне оқуға түседі. Ол оқу барысында мемлекеттік құқық мәселелері мен буржуазиялық мемлекет қызметінің механизмдері туралы дәрістер тыңдайды. Ол көбінесе фудбол мен тарих сабағына көптеп қызығушылық танытумен болды.

Бірінші курсты аяқтаған ол Европа елдеріне саяхат жасайды. Осы тұста оның көз алдынан екінші дүниежүзілік соғыстың сәл алдында тұрған Европа картасы көрінеді.Ел тарихымен таныс болған Джонның сол тұстағы импералистік елдердің іс-әрекеттеріне қанық болумен қатар, өзіндік ой түйе бастайды. Оның ойынша АҚШ мен Германия тарамынан туындап отырған фашизм қарапайым жағдай болып саналады.

Онда  1939-1940 жылдар аралығында Гарвард университетіндегі оқуы аяқталған еді. Оған себеп, әкесі Джозеф П.Кеннеди АҚШ-тың Ұлыбританиядағы елшісі болғандықтан, Джон Кеннеди Лондонда көп уақыт өткізуіне тура келеді.   Әуелі жарты жыл әкесінің елшілігінде хатшы болып жұмыс істеді. Онда ол үлкен тәжірибелі білім алды.

Джон Кеннеди диплом жұмысын өте тамаша қорғап шықты, ал оның мәтіні кейін 1940 жылы шілдеде “Ағылшын неге ұйықтайды?” деген бөлек кітап болып басылып шығып, бестселлерге айналады. Бұл кітабында Джон Кеннеди өзінің Ұлыбританиядағы Неміс бомбардировкасы қаупінен пайда болған үрейге қарсы көзқарасын білдірді. Бұл жерде Кеннеди ағылшын премьер-министрі Н.Чемберлен, француз премьер-министрі Даладье, фашистік диктаторлар А.Гитлер мен Б.Муссолини қол қойған 1938 жылы Мюнхенде Чехословакияға Германия, Венгрия, Польша қатарынан территориялық претензиясын қанағаттандыру келісімін көрсетіп отыр. Осыдан кейін “Мюнхен” сөзі агрессорлық компромисті келісім мен саясат атауына ие болды. Осыдан кейін Джон Кеннеди оның президенттік науқанында ұранға айналған қорытынды жасайды: “…біздің қарулануымыз біздің ісімізге сай болу керек. Мюнхен бізді осыған үйретті, яғни кез-келген өз-өзін алдау қауіпті…”/16,42/.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапон авиациясының Перл-Харбордағы АҚШ әскери-теңіз флотына жасаған шабуылынан кейін Джон Кеннеди өз еркімен флотқа жазылады. Онда ол Әскери теңіз күші медалін және “Пурпурное сердце” медалін алды.

Соғыстан кейін Джон Кеннеди саясатпен айналысуға бел байлайды. Сонымен, оның болашақ президенттік қызметі 1946 жылдың қараша айында Солтүстік Бостон қаласының 11-ші сайлау округінен АҚШ конгрессіне сайланудан бастайды.

1947 жылы АҚШ конгрессі өкілділігі палатасына мүше болып сайланғанда Джон Кеннеди 29 жаста болатын. Ол алғаш өзін 435 палата мүшелерінің арасында қолайлы сезіне қойған жоқ. Сондықтан өзін барынша танымал ете түсіру үшін, ол Массачусетс штаты бойынша көптеген үгіт-насихат сапарларын жасайды. Сонымен қатар, республикандықтар партиясымен тартыста жеңіске жету үшін, ол конгрессмен-демократ оңшыл кәсіподақ лидерлерінің қолдауына сүйену қажеттігін де түсінеді.

Джон Кеннеди өкілдер палатасының еңбек қатынасын құру жүйесі боынша комитеттің мүшесі болып тағайындалады. Осы кезде алғаш республикашыл Ричард Никсонмен қарама-қарсы келді. Олар екеуі де АҚШ конгрессінің ең жас мүшелері еді. Басқа конгрессмендер секілді екеуі де коммунистерге қарсы бағытты ұстанған болатын, және АҚШ-тың коммунистік партиясына қарсы бағытталған түрлі зерттеулерге қатысады.

Д.Ф.Кеннедидің айтуынша, оның әкімшілігі “экономикалық басылуының 7 айдан кейін, тоқыраудың 3,5 жылдан кейін, экономикалық өсу қарқынының түсуі 7 жылдан кейін фермерлер табысының азаюының 9 жылдан кейін…” билік басына келген болатын. Жұмыссыздық тез қарқынмен өсіп, 1961 ж. қарай 6,8% болды. 50-60 ж.ж. АҚШ-тың экономикалық даму қарқыны Батыс Европа мен Жапония өндіріс елдерінен және сол жылдары тез қарқынмен дамып отырған КСРО-дан әлдеқайда баяулады /31,227-228/.

1953 жылы 12 қыркүйекте Джон Кеннеди Жаклин Бувьеге үйленеді. Әлеуметтік статусы жоғары болған әйелінің отбасы Джонға тағы бір қолдау болды. Алайда Джон Кеннедидің омыртқасына жасалған операциясы салдарынан ауруының асқынуы оның саяси істеріне кәдімгідей кедергі болды. Осы төсекке таңылып жатқан жылдары ол “Черты мужества” деген еңбегін жазады /15,96/.

 1956 жылы АҚШ президенттігіне сайлау кезінде Джон Кеннеди демократиялық партия қайраткерлері Эдлай Стивинсон кандидатурасына қолдау көрсетеді. Кеннеди Стивинсон вице-президенттікке кандидат болуға ұсыныс жасайды деп үміттенген болатын. Бірақ оның үміті ақталған жоқ. Вице-президент болып, өте қиын жағдайда дауыс жинады. Осы 1956 жылы Стивинсонның президент Эйзенхауэрдан жеңілісі Кеннедидің президент орнына таласу ойын да туғызды. Алайда президенттікке Джонның кандидатурасын ұсынуда, оның алдында мынадай кедергілер тұрды:

  • АҚШ президенттігіне католик дініндегі адам сайланбауы керек.
  • Жасы бойынша, өте жас президент тағайындалмады.

   1958 жылы Кеннеди Массачусетс штатына сенаторлыққа сайлау науқаны кезінде 73 % дауыс жинап, өзінің мықтылығын көрсетеді. Сонымен ол “Жаңа Англияның сенаторы” деген атаққа ие болады /16,138/.

Осы кезде фашизмді жеңуге үлес қосқан, Корея бейбіт келісіміне келген, Америка халқы алдында беделді болған, қартайған Дуайт Эйзенхауэрдың саяси аренадан кетуі Джон Кеннедидің президентікке күресін күшейте түсті. Тап осы кездері республикашылдар партиясы да саяси ортада өз ықпалдарын жоғалта бастаған болатын.

Американың көрнекті тарихшысы Артур М. Шлезингер өзінің “Приливы и отливы в национальной политике” деген трактовкасында: “Америка Құрама Штаттарының саяси өмірінің белсенділігі белгілі бір кезеңде тұрақталып қалды”,- деп атап көрсетті. Ал оның баласы, тарихшы кіші- Артур М. Шлезингер, кейін Массачусетс штатының сенаторы Джон Ф. Кеннедидің жақын кеңесшісі болып жүріп, осы әкесінің теориясын 1959 жылы сенатордың естелік жазбаларында жазып қалдырды. Бұл естелік жазбада айтылғаны, яғни АҚШ “жаңа саяси дәуірдің қарсаңында тұр”, онда “белсенді мемлекеттік басшылар елдің саяси өмірін жаңа кезеңге апарды” делінген. Мұндай сөздер Джон Кеннедидің атына тура айтылған болатын /15,216/.

Сенатор Джон Кеннедидің есімі 1956 жылғы демократиялық партияның съезі жұмысы кезінде танымал болғаны белгілі. Ол кезде Кеннеди Америкадағы вице-президент орнына өте тәжірибелі сенатор Э.Кефовермен бірге сайысқа кандидатурасын ұсынған болатын. Мұндағы жеңілісіне Джон Кеннеди бастапқы кезде әбден уайымдағанмен, кейін бұл оған үлкен пайда алып келді. 1960 жылғы сайлаудың алдында Кеннеди: “…егер 1956 жылы Чикагодағы демократиялық съезінде вице-президент сайланғанымда, ендігі менің саяси мансабым (карьера) аяқталар еді”,-деді /15,217/.

Сөйтіп, ол 1957 жылы сенат комитетіндегі сыртқы істер өкілі болып тағайындалды. Кеннедидің жақын адамдарының бірінің сөзіне қарағанда, ол АҚШ-тың президенттік орнына өз кандидатурасын демократиялық партия атынан 1957 жылы ұсынуды ұйғарған, алайда арнайы бұл мәселе туралы кейінірек, яғни 1960 жылы қаңтар айында ғана ресми түрде хабарлады.  Өйткені бұл кезде президент Д.Эйзенхауэрдың ізбасары вице-президент Ричард Никсон республикашылар партиясы атынан өз кандидатурасын өткізіп, ал демократтар жағынан Эдлай Стивенсон өз кандидатурасын қайтарып алып тастаған болатын.

АҚШ президенті секілді өте маңызды орынды иемденген күнде, төрт жылдың ішінде қандай мәселелерді шешу керектігін Кеннеди өз алдына мақсат етіп қойды. Оның алдында америка қоғамының саяси жүйесінде сайлау, съездерде жеңіске жете алам ба деген сұрақ тұрды.

Осы кездері жаңа әкімшілік мемлекеттегі ресурстардың үлкен үлесін әскери күштердің одан әрі күшейтілуі мен дүниежүзіндегі американ позициясын кеңейтуге жұмсаған болатын. Мәселен, 1960-1964 жж. федералдық табыстың жалпы өсуінің 70% тікелей немесе жанама түрде әскери және космосты игеру мақсаттарына бөлінді/31,229/. Сөйтіп, Джон Кеннеди әкімшілігі 50 ж.ж. президент Эйзенхауэр басқарған әкімшіліктің әскери өнеркәсіптік кешеніне көп қаржы бөлу саясатын іс жүзінде одан әрі ойдағыдай жалғастырды.

Еңбек туралы заң жалдамалы жұмысшыларды “жұмыспен қамтуға” кепілдік берді. Кәсіпорындар, кәсіподақтар өздерінің ең жоғарғы шектегі мақсаттарына жетті. Оларға күшті әсер беріп, кәсіподақ құрамына 15 млн. адам жиналды.  Теміржолшылар, шахтерлер, құрылысшылар ереуілдері айтарлықтай экономикалық зардап әкелді. Онда ұжымдық қорғауға және ереуілдерге шығу жұмысшы құқығын сақтап қалды. Жаңа заң ереуілдің кейбір түрлеріне (ынтымақтастық, ұйымдық) тыйым салды. Ал бұдан соң, ең қиын еңбек қақтығысы арбитраж мәжбүрлік жүйесін енгізді. Арбитраж – екі жақтың дауын қарауға арнаулы уәкілдік алған қазы. Мемлекет қызметкерлеріне ереуілге шығуға тыйым салды.

Елде “Экономикалық заң туралы билль” атты заңды қабылдауда — “болашақта гүлденуге-бәріне жаңа, сенімді негіз болуы мүмкін”,-деп атаған болатын кезінде Рузвельт. Бұл заңның мазмұны мынадай:

1.Барлық ұлттарға қажетті, қоғамға пайдалы және ақы төленетін-өнеркәсіпте, мекемелерде, фермаларда, шахталарда жұмыс істеу құқығы.

2.Әрбір фермерге өз еңбегінің жемісін өсіріп, оны өз бағасына сату, өзін және жанұясын лайықты тіршілік етуге қажетті заттармен қамтамасыз ету құқығы.

3.Әрбір ұсақ және ірі бизнесмендер, саудада бәсекелестік арам ниетте емес, ерікті атмосферада болып, үстемдік етуші-монополияны елдің ішінде және шетелде жүргізу құқығы.

4.Әрбір жанұяға берік, тұрақты үй алу құқығы.

5.Әрбір адам қажетті медициналық көмек алу және өзінің денсаулығын күту, сақтау құқығы.

6.Қажетті қамқорлық беру: кепілдікке, ауыруға, қолайсыз жағдайларға және жұмыссыздардың жағдайына байланысты қамтамасыз ету құқығы.

7.Бәріне бірдей білім алу құқығы енгізілді/15,169/.

“Жұмыспен қамтамасыз ету” туралы заңда, жұмыспен қамтуды жоғарғы деңгейге жеткізу, өндірістік мүмкіншіліктер мен жұмысқа деген ынтасы бар, қабілеті барлардың жағдайына өз бетінше қызмет ету мүмкіндігін туғызу туралы айтылған.

Екінші мақсаты: ірі капиталдың талаптану нәтижесінде, ең басты себеп бағаның өсуі хабарланғандықтан, еңбек жалақысын көтеруге жол бермеу. Инфляциямен күресті ассоциациялау еңбек жалақысын көтеруге қарсы күрес тәрізді болды. Ал бұл мақсат анықталмай қалды. Инфляция-айналымдағы қағаз ақшаның шамадан тыс көбейіп, құнсызданып кетуі болды.

Джон Кенеди тұсында ел экономикасына үлкен көңіл бөлу қажет болды. Соған орай төмендегідер іс-шаралар іске асырыл жатқан еді.

Үкімет бұрынғы қиыншылықтарды жою үшін, бұл мақсаттан елді бөлу үшін тез арада барлық шараларды қолдануға кірісті. Ал экономикалық өсуіне жағдай жасауға экономикалық циклді бағыттады. Цикл-түгел орындалу нәтижесінде дайын өнім шығатын жұмыс айналымы. Тұрақтылық пен өсім тезірек әлеуметтік мақсат-өнімге айналуы тиіс болды. Тым биік кірістердің ізіне түскенше, тез арада қабылдайтын шаралардың түрлері мынадай:

Жұмыс пен кіріске келсе, мұнда жұмыс іздегендерге, өнеркәсіп кәсіпорындарындағы жеке бөлімдеріндегі адамдардың жағдайы қолайсыз болса, яғни барлық жұмыс іздегендерге қоғамдық-пайдалы, ақы төленетін жұмыспен қамтамасыз ету-үкіметтің алдын-ала қарастырған мәселесі еді. Кең таралған әртүрлі көзқарастар да бар. Әлі де болса әлеуметтік мұқтаждықты толық қанағаттандырмады. Мысалы: тұрғын үй салу құрылысында, коммуналдық (үй-жай) қызметтерде, денсаулық сақтау орындарында, білім беру істерінде, қоршаған ортаны қорғау күзеттерінде, мәдени қамқорлықта, демалу ұйымдарында /16,170/. Ұстанған жоғарғы ұлттық қор көлемін пайдалануды нақты қанағаттандыру болды.

Национализациялау — мемлекет мүлкіне айналдыру. Экономикада мемлекет мүлігін жою үшін национализациялау жүргізу қажет болды. Онда негізгі өндірістік шаруашылықтың бірліктері мемлекет қолына берілді. Бұл қажетті даму қайта құру өмірінде өткізуге, негізгі мағына білдіруге тиісті.

Жеке меншік кәсіпорындар толық жабылған немесе өндіріс қуаттылығы, жұмысы төмен болса, бірінші кезекте национали-зациялау объектісі болып табылады/22,67/. Тез арада көліктерді национализациялау керек болды. Себебі, бұл кезде көліктер жеке меншік қолында болған еді. Олардың қызметтерінің нашарлауына байланысты көмектесу үшін керек. Қалада адам таситын көліктер жойылып, ал жол жүру ақысы өте жоғары бағаға өскен. Қалааралық адам таситын көлік елде жоқ болып шықты. АҚШ теміржол жағынан басқа елдерге қарағанда артта қала бастады. Осы жағдайға байланысты көліктердің барлық түрлерін бірыңғай мемлекеттік жүйеге, адамдарды және жүктерді тасуға біріктіру керек болды. Ал жалақысын және сапасын кенет көтеруге тырысты.

Телефон байланыс жүйесін және басқа қызметті қоғамдандыру, бағаның жоғарылауына жол бермеу және олардан түсетін кірістерге де. Осы кезде қызметтерді, бизнесті бақылауға арнайы комиссия құрылды. Қоғамдық жүйенің пайда болуына байланысты, барлығына тегін медициналық көмек беру үшін фармацевтикалық өнеркәсіпті, емханаға және медициналық өнеркәсіпке байланысы бар өндірістерді национализациялауға кірісті. Национализациялау бұдан соң, өнеркәсіптің бір саласы-тұрғын үй құрылысына келді. Бұл 10 млн. тұрғын үй салуға жалғыз жол еді, және де американдықтарды үймен қамтамасыз ету-қажеттілікті талап ететін сұраныстың бірі. Демократиялық национализациялау жүргізу керек болды, яғни халық қолында болуы тиіс еді/16,171/.

Жұмыссыздық санын қысқарту. Жедел түрде жұмыссыздықты азайтуға бағытталған шара қолдану керек болды. Негізгі жұмыссыздыққа қарсы күрес компоненті-жұмыс аптасының ұзақтылығын, мерзімінен тыс жұмысты жоюға күрес болатын. Бұл сөзсіз қосымша миллиондаған жұмыс орнын құруға мүмкіндік туғызды. Ақырғы жылдары жұмысшылар жұмыссыз-дыққа және сақтандыруға әйгілі талап қоя бастады. Сақтандырудың бұл түрімен барлық жұмыссыздарды қамтуы тиіс болды. Қауіпсіздендіру жекелеген жүйесі барлық сипатта болған. Ол бірыңғай федералды жүйеге ауысуға тиісті.

Ал, әлеуметтік төлеуді қаржыландыруды-мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асыру қажет болды. Национализация, ұйымдарды қорғау-адамдар құқығы, әлеуметтік сақтандыру, жәрдемақы алатындарға жанұяға ең төменгі кіріс тура келетіндей етіп орнатты (жылына 6,5 мың доллар) /22,69/. Әрине, ең төменгі жұмыс ақысы жұмыстардың барлық түрлеріне, өнеркәсіптің барлық саласына таралған. Бұл жанұяның ең төменгі кірісімен нақты үйлесуі тиіс.

Әлеуметтік өзгеріс және жұмысшылар жағдайын жақсартуға жағдай жасау. Жоғарыда денсаулық сақтау национализациялау туралы айттық. Онда барлық ортақ және тегін көмек көрсетудің бәрі-мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру, бірінші кезектегі тапсырма ортақ комплексте өтетін шараға айналуы тиіс. Ұлттық тұрғын үй құрылысы туралы ұсыныстарды жыл сайын пәтер алаңының көлемін ұлғайтуды қарастырады, бірақ ол да мемлекетке қарайтын. Үйге төленетін ақының ең төмен мөлшері, кірістің 10 пайызынан, яғни шамадан тыс асып кетпеуі тиіс.

Ақшаға айналдыру тәрізді бағдарламалар, бірнеше жылдардан кейін жеке меншік тұрғын үй ақысын төмендетіп төлеуге айналды-деп ойлады. Бұдан соң барлық тұрғындардың жағдайларын, тұрмыстарын жақсартуға жағдай жасалды. Облыстарда жаңарту, әсіресе білім саласында-білім беру және мұғалім даярлайтын орындардың құрамын кеңейту жүйесін кең түрде таратуды қолға алды. Барлық оқуға ниеті барларға-білім алу мүмкіндігі туды.

Жұмысшыларға да жағдай жасалды. Әрбір адам қоршаған ортаны ластауға қарсы күресіп, оны күзету шарасын іске асыра бастады.

Теңқұқылық. Кейінгі кезде нәсілшілдік қатал көрініс берді. Америкада шындық жоғала бастады. Ал қаталдықтың негізгі себебі-экономикада. Қара нәсілді жұмысшылардың еңбек жалақысын төмендету есебінен 10 млрд.-тан ең жоғарғы кіріс табуды белгілеген еді /23,98/. Барлық кәсіпорын, жеке немесе мемлекеттік болсын, жұмысқа қара нәсілді жұмысшыларды және басқа ұлт өкілдерін алуға міндеттенді. Енді олар барлық жоғарғы деңгейдегі жұмыс болсын, қандай да жұмысқа алынуға тиісті болды. Басқару қызметі болса да, оған кіруге құқы бар болды және де жоғарғы разрядқа тағайындалуға құқықтары болды. Экономикалық шараларды қабылдай отырып, нәсілшілдікті заң бойынша қатаң қадағалауды талап етті.

Ал, заң бұзғандарға, заңды дұрыс пайдаланбағандарға, нәсілшілдік пандискриминацияға қарсы күреске бағыттағандарға, соған жол бергендерге қатаң жаза қолданылатын болды. Дискриминация-ұлттарды, ұлттық топтарды, отар халықтарды алалап, құқығынан айыру.

Бағалардың үстіне қойылған мемлекеттік бақылау. Монополиялық бағалардың бастапқы деңгейге дейін тұрақтануы мен төмендеуі, антиинфляциялық қаржы саясатының өміріне бірге өткізілді. Бұл жалғыз сенімді құрал-бағаның өсуіне кедергі жасау үшін қолданды. Баға үстіне қойылған бақылау өз қарамағына еңбек жалақысын бақылауды кіргізбеді /16,174/.

“Бостандық” пен “демократияны” қорғау деген желеумен американ мемлекеті революциялық және ұлт-азаттық қозғалысқа, түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта-құрудағы өзгерістерге қарсы күресте, халыққа қарсы реакциялық режимдерді қолдауда басты күш ретінде көрініп, социализм елдеріне қарсы “қырғи-қабақ соғысты” өрістетті /25,98/. Соғыс аяқталысымен АҚШ атом қаруына бір өзі ғана ие болғанына, әскери базалары жүйесіне және қаржы-экономикалық артықшылығына сүйене отырып, дүниежүзілік үстемдік орнату жоспарларын жүзеге асыруға тырысты.

Монополистік буржуазияның идеологтары ХХ ғасырды “американдық ғасыр” деп атай бастады. Бірақ өмір олардың бұл есептерін жоққа шығарды /25,98/. Халықаралық аренадағы күштердің арасалмағында социализм пайдасына жасалған түбірлі өзгерістер американ монополияларының қызмет аясына елеулі шек қойды. АҚШ-тың бәсекелестерінің бұрынғысы бекіп, тауар өткізетін рыноктар, шикізат көздері мен капиталды жұмсау аймағы үшін өздерінің қуатты бәсекелестерімен күреске түсті. Құрама Штаттар ең күшті держава болып қала тұрса да, капитализм елдерінің экономикалық дамуының әркелкілігі салдарынан АҚШ-тың капиталистік дүниедегі жетекшілік рөлі әлсірей бастады.

Алайда, елдің экономикалық дамуы тұрақсыздығымен ерекшеленді. Өнеркәсіп өндірісі бірнеше рет дағдарыстарды басынан кешірді. АҚШ-ғы ұлттық жалпы өнім 1940 жылғы 200 млр. доллардан 1950 жылы 300 млрд-қа өсті, ал 1960 ж. 500 млрд. доллардан асты. Көптеген американдықтар өздерін орташа тап қатарына қосты /13,143/.

1950-1965 жылдары экономикалық өсу қарқыны 2%-тен жоғарылады. Мысалы: Франция, АҚШ және Батыс Германия 4%-тей құрады. Ал Жапония таңқаларлық деңгей 8-10% көрсетті. 1950 жылға дейін АҚШ барлық елдердің өсу қарқынынан асып түсті/10,38/. Бұл көрсеткіш аздаған айырмашылық болса да, күрделі процентке  жеткілікті болды.

Капиталистік корпорация активі 100 млн. долларға бағаланды. Ортақ активтердің өсуі-ірі корпорациялардың нығаюы мен кеңеюі үшін қолайлы болды. Әскери уақыт жылдарында ірі монополиялық компанияны қосқанда, барлық корпорация тек 40%-тей кіріс алып келді. Барлық корпорацияның жартысы-көбінесе ұсақ фирмаларға қатысты шығынды көтерді. 

1950-1953 жылдарда өңдеу өнеркәсіп корпорациясы капиталдарымен 50 млн. долларға дейін өз активтерін екі есе өсірді, ал капиталмен 50 млн. доллардан жоғары үш есе көбейді. “Дженерал моторс” активі 1939 жылы 1536 млн. долл. болған. Ал 1947 жылы 2473 млн. доллар болды. “Дженерал электрик” 1939 жылы 392 млн. доллар болса, 1947 жылы 1027 млн. долларға өскен. Рокфеллерлік “Стандарт ойл оф Нью-Джерси” 1939 жылы 2035 млн. доллар, ал 1947 жылы 2996 млн. доллар болды /19,312/.

Соғыстың соңында федералды сауда комиссиясының хабар-ламасы бойынша 62 ірі өңдеу өнеркәсіп корпорациясы аса үлкен капитал жинады. Ол 90% АҚШ-ғы басқа өңдеу өнеркәсіп корпорациясының активтерін сатып алуға жетерліктей капиталы болды. 1950 жылы елде өңдеу өнеркәсіптерінің 60 мың корпор-ациясы болған. Корпорация кіріс салығын төлеуге дейін 1939 жылы 9 млрд. болса, 1950 жылдары 27 млрд.-қа өсті /25,199/. Сонымен соғыс кезіндегі сияқты соғыстан кейінгі жылдары да ірі корпорациялар ерекше кіріс кіргізді. Өндірістер ірі компанияларға шоғырландырылды. 1950 жылы 200 ірі корпорацияға өңдеу өнеркәсіптерінің таза өнімдерінің 30%-і кірді /10,95/.

Сонымен, соғыстан кейін шетелде американдық капиталдың үлкен экспанциясы бақыланды. 1950 жылдары американдық инвестиция басқа елдерде 15 млрд-қа өсті /27,115/. Гувер айтып кеткендей, “…біздің елімізде қайыршылықтың жоғалғанының куәсі болады”.

1950-жылдардың аяғында жергілікті шығын АҚШ-тың ұлттық салығының 20 пайызын құрады. Екіншіден, белгілі ғылыми-зерттеу жұмыстары үлкен шығындарға алып келді. Жеке меншіктің және мемлекеттік шығынның ғылыми-зерттеу жұмыстары 1940 жылы 1 млрд. болса, 1953 жылы 10 млрд.-қа дейін өсті. АҚШ-тың жекеменшік топтары мен мемлекеттік органдары соғыстан кейінгі жылдарда кең құрылыс жүргізу жобасын жасаған. 

50-ші жылдардың аяғында Америка Құрама Штаттары айтарлықтай қиыншылықтарға тап болды. Олардың көбісі ғылыми-техникалық өрлеудің саларына байланысты қалыптасты. Бір жағынан ғылыми-техникалық өрлеу өндіріс дамуының жаңа мүмкіндіктерін берсе, екінші жағынан капитализмнің әлеуметтік қайшылықтарын одан әрі тереңдететің жаңа проблемаларды әкелді. Әсіресе, бұл әлеуметтік қайшылықтар мәселесі экономика саласында көрініс бере бастады. Өндірістің автоматтандырылуына байланысты, өнеркәсіптегі жұмыс істейтін жұмысшылардың үлесі азайды, елде жұмыссыздық жаппай сипат ала бастады. Ғылыми-техникалық өрлеу өндірістің шоғырлану үрдісі, яғни басқаның еңбегіне капиталистердің үстемдігін күшейтетін және капиталистік өндірістің бірден-бір өндіріс орындарына шоғырлану процесі өз күшімен жұмыс ететін халқына ықпалын тигізіп, ондағы жалдамалы еңбекпен шұғылданатындар мен жоғарғы дәрежелі маман қызметкерлерінің үлес салмағын арттыра бастады. Сондай орташа және төменгі топтар үшін ауыр жағдайда Джон Кеннеди АҚШ-тың үкімет басына келді.

АҚШ экономикасы үшін 50-жылдардың аяғында ұзақ өзгеше сипатта өндірісте автоматтандыру жүйесін енгізді. Автоматтандыру технологиясының енуі төрт басты жолмен жүргізілді:

  1. Автоматты машиналар енгізу;
  2. Конвейрлік өңдеу әдістері;
  3. Автоматты бақылау жүйесі;
  4. Электронды-есептеу машиналарын енгізді.

Автоматты бақылау жүйесі және ЭВМ толық 40-50 жылдары шығарылды. Олар 50-жылдары экономикаға төңкеріс әкелді. Ол тек ішкі құрылымын ғана өзгерті.

АҚШ-тың көмек беру бағдарламасы. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, мемлекет пен сыртқы саудада экономикалық байланыс орнату үшін әскери және экономикалық көмек беруді ұйымдастырды. Ол жекеменшік, мемлекеттік капиталдарды шетке шығаруға көп көмегін тигізді. АҚШ үкіметі “көмектесу” саясатында, шетелдерге жәрдем ақша, заем беруді шешті. Олардың көмектескендегі сомасы 1945 ж. 1 шілдеден 1968 ж. 30 маусымға дейін 134 млрд. доллар болған. Берілген экономикалық көмек бұл сомадан 95 млрд. доллар артық болды. Жәрдем ақша 56 млрд. доллар, ал заем 39 млрд. доллар болды. Әскери көмек 36 млрд. доллар бұл жәрдем ақша, ал заем 3 млрд. 1945-1968 жылдар аралығындағы барлық сомасы 39 млрд. доллар болды /15,48/.

Бұл “көмектесу” бағдарламасы АҚШ-тың сыртқы стратегиясының ең бір қажетті құралы болып табылады. Бұл бағдарлама тек сыртқы саясатта ғана емес, төтенше АҚШ-тың ішкі экономикасына да өте қажет болды.     Аталған жайттардың барлығы өзінің саяси жағынан пісіп-жетілген Джон Кеннедидің көз алдынан өтіп жатқан болатын. Ендігі кезекте ол ел экономикасы мен саясатына белсене араласып, соған сай жұмыстар жүргізуді өзіне негізгі міндет етіп алды. Жастайынан отбасы арқылы саясатқа мойын бұрған Джон үшін бұл іс әрине өте қиынға соқты деп айтудың қажеттілгі болмаған еді. Джон Кеннеди екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан үлкен дағдарысқа түскен ел экономикасымен қатар ішікі және сыртқы саясат мәселесіне де мән беріп, елі үшін қызмет жасауға бел шеше кірісті. Сол себепті де ол ендігі кезекте ол өзін президенттік орынға ұсынудан еш бас тартпаған еді.

 

    1.2 1960 жылғы президенттік сайлау және демократтардың жеңісі

 

   1960 жылы ел президенттігі үшін сайлау науқанының келгені мәлім болған тұста Джон Кеннеди үшін Хианисспортедегі жиынның мәні ерекше болған еді. 1959 жылы 28 қазанда Массачусетс штатының Хианисспорт атты шағын қаладасындағы Роберт  Кеннедидің үйінде адамдар тобы жиналған еді. Олар үлкен де әдемі, сәулетті үйге жиналып, өздерінің болашақ жоспарлары үшін асықпай әңгіме-дүкен құрған болатын. Джон Кеннеди мәселесі бойынша шақыртылған жиынға он алты адам шақыртылады.

Аталған жиынға Джонның бауыры Робертпен қатар екі ирландық, яғни Джонға бұғанға дейін қызмет етіп келген Кеннет О,Доннел мен Лоуренс О, Брайн қатысты. Оның бірі сайлау компаниясының нағыз тактигі болса, ал екіншісі нағыз ұйымдастырушылық қабілетімен танылған болатын. Екі ирландықпен қатар 31 жастағы жас жігіт Сорненсон да болды. Ол өзінің жастығына қарамастан, өте ақылдылығымен танылды. Дауысын көтермей, жаймен сөйлейтін ол өзінің тез ойын жинақтай алатын және әдеби тілде дәлме-дәл сөйлейтін қасиетімен танымал еді. Ол Джон Кеннедиде жеті жылдан бері қызмет етіп келген. Осы Соренсонмен Джон өте тығыз байланыста болып, Джон өз жобаларын жасар тұста Соренсонмен ақылдасып отырған.

Жиынға қатысушы тағы бір уәкіл – Стефан Смит. Ол Кеннедидің әпкесі Джейннің күйеуі болды. Смит өзінің әкімшілік және ұйымдастырушылық қызметімен танымал болды. Ол әсіресе сайлау науқанын қаржыландыру мен ұйымдастыру ісінің басы-қасында жүрген азамат еді. Сайлау науқанында Джонға тағы бір көмек көрсетуші Луис Харрис еді. Ол америка қоғамынан мол хабары бар және АҚШ-ның сауда нарқын зертеген танымал азамат болды. Сайлау науқанында баспасөз мәселесін реттеуші француздық Пьеру Селинджер еді. Ол өзінің журналист қабілетімен танылып, баспасөз мәселесіне қатысты істермен айналысты.

Д.Кеннедидің президенттік науқанға қатысып, билікке қол жеткізер тұсінда көмек көрсеткен азаматтың бірі  -Джон Бейли  еді. Ол биік келген, шашы жоқ адам болды. Ол өзінің әр бір сөзін нық та сенімді түрде айтатын болған. Ол Д.Кеннедидің солтүстік-шығыс штаттардағы сайлау компаниясын басқарып, үлкен аймақтың нағыз саясаткері бола білді.

Яғни, Хианисспорт қалдасында жиналғандардың барлығы дерлік Джон Кенедидің билік басына келуін күткен демократиялық партия өкілдері еді. Олардың бұл мақсатқа жетуі үшін бұғанға дейін төмендегідей іс-шаралар түрі атқарылған болатын.

Кеннеди АҚШ президенті бола салысымен 2 ай ішінде 32 ресми мәліметтерін, 22 президенттік үкімдерін шығарып, 12 баяндама сөздер жасап, 7 пресс-конференцияларын өткізді. Кеннедидің президент қызметін атқаруының алғашқы айлары жөнінде, яғни президенттің арнайы кеңесшісі Теодор Соренсен былай жазды: “Он был в восторге. Ни для кого не состовляло секрета, что он хотел быть президентом. Он добился этого в трудной борьбе”.

Ал бұл кезде Батыс Европада экономикалық интеграция басталған еді. Интеграция — мемлекетаралық экономикалық одақтардың құрылуы, яғни ішкі сауда экономиканың дамуына ынталандыру болып табылады. Барлық экономикалық өсуге қажетті жағдай ақша қаражатын жұмсау инвестициясы болып табылады. Инвестиция — капиталистік елдерде өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, басқа кәсіпорындарына пайда немесе әртүрлі табыс табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау.

“Қырғи-қабақ соғысы” әскери өнеркәсіптің өсуіне жағдай жасады. Экономикалық өсуді қолдау үкіметтің саясаты еді. Олар белсенді көмектесіп, инвестицияны қолдау арқылы тұтынушылыққа сұраныстарды көбейтті. Осы реформалар нәтижесінде “қайырымдылық мемлекеті” пайда болды. “Қайырымдылық мемлекеті” ең қажетті құрама бөлігі еңбекші қатынастардағы мемлекеттік реттеу болып табылады. Бәсекелестерін қамтамасыз ететін, құқықтық шеңберде кәсіподақ пен кәсіпкер әрекеттестігі орнатылды.

   Сонымен, осы кездегі Кеннеди қызметінің алғашқы жоспарында тұрғын үй заңдық жобасы болды. Алайда оның бұл жобасы 1948 жылы республикашылдар мен оңшыл демократтар тарапынан қолдаусыз тоқырауға ұшырады. Сонымен бірге, Кеннеди АҚШ-ғы “еңбек жағдайын жақсарту” үшін де күресін тоқтатқан жоқ. Ол елдегі кәсіподақтар рөлінің күшеюін жақтайтынын да жасырған жоқ. Бұл жағдай Ф.Рузвельт президент болған кезде өріс алған болатын. Алайда, президент қайтыс болған соң, АҚШ конгрессіндегі республикашылдар мен оңшыл демократтар кәсіподақтар қол жеткізген көптеген заңды жойып тастаған болатын.

   Осы кездері АҚШ үкіметінде Тафт-Хартли заң жобасы төңірегінде шиеленіс туады. Осыған байланысты Джон Кеннеди: “американдық кәсіподақтар көп қолдауға ие болуы керек” деген болатын. Сенатор Тафттың жақтастары мен Америка кәсіподақ басшыларын қолдайтындығын білдірді. Бұл жерде Кеннеди қай таптан болмасын лейбористеріне тәуелсіз “буржуазиялық” саясаткер ретінде көрінді.

   Сонымен бірге, Джон Кеннеди АҚШ-та таптық күрестің шиеленісуінен қауіптенген де болатын. “Тафт-Хартли заң жобасының қабылдануы кәсіподақтармен арада шиеленіс тудырды. Кәсіподақ радикалдар үшін тиімді болатын еді” деді өзінің бір сөзінде Джон. Бұл заң жобасы конгресстің көп дауының біріне айналды. Бір таңдандыратыны заң қабылданған соң, қарсы болған Кеннеди бұл заңды өзгерту жайлы кәсіподақтар талабын орындаған жоқ. Конгрессте екі жылын өткізген Джон Кеннеди ішкі саясаттан гөрі сыртқы саясатқа белсене араласа бастады. Ол “коммунистік қауіпті тоқтату” және оларға “экономикалық көмек” саясаты сылтауымен Батыс Европаны АҚШ-қа тәуелді ететін “Трумэн доктринасы” мен “Маршалл жоспарын” қолдады.

  • Джон Кеннеди де Гаспери бастаған Христиан демократтарға көмек көрсетуге шақырды. Бұл оның Массачусетс штатындағы консервативті түрде қалыптасқан Итальяндық-католиктердің кезекті саяси қызметіне қолдау көрсету үшін жасаған қадамы болатын.
  • Польшаны Сталинге бермеу саясатына сәйкес Рузвельтке Тегеран мен Ялта конференциясы үшін сын айтты.
  • Қытайды жоғалтумен байланысты Азиядағы сәтсіздіктері үшін Трумэн әкімшілігіне сын айтты.
  • Ал оңшыл бағытта Кеннеди Корея соғысы негізінде Трумэн-Ачесон саясатына қарсы сын айтты.

   Бұл Г.Трумэннің Джон Кеннедиді асыра жақтыра қоймауын тудырды /1,56/.

   Ал, осы Корей соғысына байланысты, ол бұл Қиыр Шығыста американдық басшы болып отырған генерал Дуглас Макартурдың биліктен алынуына қарсы болды. Алайда, Д.Макартурдың Корея патриоттарына Кеңес Одағы мен Қытай Халық Республикасына көмек көрсетіп отырған жақтасы маньчжурияны бомбалайын деп жатқан қадамын білген соң, Дугласты қолдау ойынан бас тартады.

   “Қырғи-қабақ соғыс” саясаты кезінде Джон Кеннеди Америка Құрама Штаттарының қарулануын қолдайды.

   1951 жылы жаңадан құрылған Солтүстік Атлант келісіміне қатысқан елдерге (Ұлыбритания, Франция, АҚШ кейін Испиджаб, Батыс Германия) ресми сапармен барып қайтты. Ол АҚШда папамен, Батыс Европа елдерінің министрлерімен, маршалл Иосип Броз Титомен кездеседі. Кеннеди ол елдердің басшыларынан НАТО-ның әскери әрекеттеріне белсенді түрде қатысуын талап ете бастайды. Осыдан соң ол Таяу Шығыс елдеріне Пәкістан, Үндістан, Малайзия, Оңтүстік Корея елдерін ресми сапармен аралап қайтты. Батыс державалардың отаршылына қарсы халықтың ұлт-азаттық қозғалысының билеу алғанынан қауіптеніп, АҚШ-тың түрлі географиялық аудандарындағы бағытын қарастыра бастайды. Джон Кеннеди Вашингтонға келген соң, Орталық Шығыс, Таяу Шығыс, Азия елдеріне Американдық көмектің күшейтілуін талап етеді /25,108/.

   Ішкі саясатында Джон Кеннеди Оңшыл саяси қайраткерлерден қатты қауіптенеді. Республикашылдар мен оңшыл демократтардан Кеннедидің айырмашылығы, ол мемлекеттік аппараттың күшеюін, Американдық монополистік капиталды, халықтың позициясын күшейту арқылы жүзеге асырып, елдегі әлеуметтік проблемалардың шиеленісуі жағдайды төмендетеді деп санады. Массачусетс штатында сенаторлыққа өз кандидаттығын ұсынған Джон Кеннеди қарсыласы болып тұрған әйгілі Республикашыл сенатор Генри Кэбот Лоджды жеңуі керек деп шешкен болатын. Нәтижесінде Джон Кеннеди жеңіске жетеді. Осы кезде ол “еңбек және қоғамдық жақсы жағдай комитетінің” мүшесі болды. Кеннеди көбінесе өзінің көзқарасын Массачусетс штатының саяси істеріне жұмсады. Онда ол жетістікке жету үшін өзін нақты бағытпен байланыстырудың қажет емес екендігін білді. Сенатқа Джон Кеннеди келгенде, барлық либералдар оған қауіптене қарай бастайды.    

Осы кезде, яғни екі аптадан кейін Ұлттық пресс-конференцияда халық алдында берген сұхбатында Джон Кеннеди президенттік орындағы өз көзқарасын айтып өтті, бірақ ол президент Эйзенхауэрдың көзқарасын ешбір бағаламады, тіпті мән де берген жоқ. Оның мәліметі бойынша: “1960 жылы президент не ойлайтыны туралы американ халқы бәрін білуге құқылы, яғни осы орында отырып ол үлкен маңызды мүмкіндіктерге қол жеткізе ала ма, ол өз қызметінде алдыңғы президенттер Тафт, Рузвельт, Вильсон немесе Гардинг секілді басшы бола ала ма? …тап осы кезде енді АҚШ-қа жәй ғана уәделер керек емес, нақты іс керек. Президент шайқас алдында болып, өзі басқарып отырған халықпен қызу жұмыс істеуі керек”,-деді /15,218/.

Бұл кезде демократтар партиясының ең басты қарсыласы республикашылдар партиясының елде танымалдылығы бәсеңдей бастаған кез еді. Эйзенхауэр ізбасарлары ішінен бір-ақ адам, ол-вице президент Ричард Никсон, яғни АҚШ-тың саяси ортасында біраз қолдауға ие болып жүрген болатын. 1960 жылдан бастап партия, әсіресе ең танымал өкілі Р.Тафт қазасынан кейін американдық үкіметтің ішкі және сыртқы саясатына байланысты мықты бәсекелес бола қойған жоқ. Барлық республикашылдар партиясының кандидаттары арасынан тек Никсонның сайлау науқаны кезінде нақты табысқа жетуіне үлкен мүмкіндігі болды. Никсонның арнайы биографы Э.Мазоға сол кездегі саяси табыстары туралы: “Так случилось, что я оказывался в нужном месте в нужный момент”,-деп жазды /15,219/.

Демократиялық партияның съезін шақыру алдында Джон Кеннеди әрбір сайлаушының қолын алуға дайын болды. Ол олармен көшеде, мейрамханаларда, театрда, университет дәрісханаларында, әуежайда және Луна парктерде кездесіп, сұхбаттасып жүрді. Америка журналисттері Кеннедидің ішкі және сыртқы мәселе төңірегінде әңгімелерін жариялаумен болды. Тіпті сенатор Губерт Хэмфри өзінің кандидатурасын сайлаушылар алдында насихаттап жүріп, бір айтқан сөзінде: “Я чувствую себя мелким торговцем, который пытается конкурировать с сетью крупных магазинов”,-деген болатын. Ал Хэмфридің жағдайы елдегі “қалталылардың” қаржылық қолдауынан айырылғаннан кейін тым нашарлап кетті /15,219/.

Сонымен, 1960 жылы 2 қаңтарда Америка Құрама Штаттарының президенттігіне өзінің кандидатурасын сенатор Джон Ф. Кеннеди ұсынды. Демократиялық және республикашыл партияларының ішіндегі оның қарсыластары, орталық қала мэрі Губерт Хэмфри, сенатор Стюарт Сайменктон, сенатор Линдон Джонсон, Эдлай Стивинсон болды. Ал негізгі қарсыласы АҚШ-тың вице-президенті Ричард Никсон мен Нью-Йорк штатының губернаторы Нильсон Рокфейлер болды.

1960 жылы 5 сәуірде сайлау науқаны басталды. Висконси штатында Кеннеди 55 пайыз дауыспен Хэмфриді жеңді. Висконси астанасы Медисонда өткен кезекті сайлауда Хэмфри жеңіске жетеді. Ендігі шешуші кезең Батыс Вирджиния штатында болды. Мұнда халықтың 95 % протестант, 5 %-ті ғана католиктер болатын. Кеннеди ақшасыз, халықтың таза сенімімен 9 мың адамның дауысына ие болды. Бұл жерде ол діни-сенімге тәуелсіз түрде мемлекет саясатын халық пайдасына шешетін болды. Джонды сонымен бірге, Рузвельттің де ұлы қолдады. 10 мамырдағы сайлау алдындағы науқан нәтижесі Джон Кеннедиге жеңіс әкелді. Қарсыластары оның дінін ескермегендігін, сенаттың дауыс беруде қатыспау арқылы өзінің міндетін азайтқаны туралы айта келіп, оның күш-жігері сенімсіз екендігін де айтты. Маусымның аяғында Кеннеди жетістіктерінің нәтижесі былай болды:

  • Жаңа Англия штатында-114 дауыс;
  • АҚШ-тың Солтүстік-Шығыс штаты Мичиган, Нью-Йорк, Деловер, Индиянада-265 делегат дауысына ие болды;
  • Лос-Анжелесте-550 дауыс жинады.

Осы 1960 жылы шілде айында Лос-Анжелестегі Балтимор отелінде болған Ұлттық пресс-конференцияға 45 мың адам мен 4756 корреспондент мүшесі келді. Кеннеди демократиялық партиядан АҚШ президентінің кандидаттығына өту үшін бар жағдайды жасады. Сайлау науқанының қалай жүріп жатқанын теледидардан көрсетіп тұрды /15,222/.

1960 жылы 8 қарашада АҚШ-та кезекті президент сайлауы болды. Джон Кеннеди 49,7 % дауыс, Ричард Никсон 49,6 % дауысқа ие болды. Осымен Ақ Үйге деген Дж. Кеннедидің “Жолы” аяқталды. Ендігі кезекте тек АҚШ президент қызметіне ресми түрде тағайындауды күту керек болды.

Кеннеди президент болған кезде елде экономикалық дағдарыс кезеңі басталды. Ультрооңшылдар АҚШ-тың “қырғи-қабақ соғыстан” бас тартуын қолдады. Көбісі Кеннедиді “Жаңа Рузвельт” болады деп қауіптенді. Олар Рузвельттің кеңес-американ қатынасын қалпына келтіруге ұмтылған болатын.

1960 жылы Джон Кеннедидің “Әлемнің стратегиясы” деген еңбегі жарық көрді. Оның алғысөзінде былай делінген:

  1. Біз өмір сүріп отырған жаңа әлемге сәйкес стратегия әлі жасалмады.
  2. Осындай саясат талап етіп отырған бағаны біз төлеп отырған жоқпыз.

Джон Кеннедидің ойынша 1960 жылға дейін АҚШ-тың сыртқы саясаты монополияға негізделіп келеді, олар:

  • капиталды экспортқа шығарып, Европа мен “әлсіз дамыған елдерге” техникалық көмек көрсету;
  • атом қаруына ие болып, оны мақсатына жеткізу мүмкіндігіне ие болу.

Бірақ Джон Кеннеди бұл монополияның баяғыда аяқталғанын түсінді.

Әрине, Джон Кеннеди президент болған кезде американдық тарихына айтарлықтай үлес қосты деуге болады. Алайда, бұл үлес көбінесе оның сайлау науқанында анағұрлым көрініс тапты. Кеннеди демократтық партиядан кандидат болған кезде, өзіне дейінгі сайлау барысында ешбір американдық президент шығармаған көптеген уәделерді өз сайлаушыларына орындаймын деп сендірді. Олардың саны, тіпті 220-ға дейін жетті. Мәселен, оның ішінде сыртқы саясатқа байланысты-54, ауыл шаруашылық пен фермерлер жағдайына-21, ұлтық қауіпсіздік мәселесі бойынша-15, еңбек пен әлеуметтік қамтамасыз етуге байланысты-41, табиғи ресурстарға байланысты-24, саудаға байланысты-14, экономикалық саясатқа байланысты-16, басқару және сот жүйесіне байланысты-35, яғни бұл осы салаларды жақсартуға байланысты берген уәделері.

Сөйтіп, жас шағынан-ақ отбасы ортасында саясатқа жақын болып, осы жолда аянбай қызмет етіп, үлкен білім мен тәжірибе жинақтаған Джон Кеннеди демократтар партиясы атынан президенттік сайлауға түсіп, жеңіске қол жеткізген еді. Ол да басқа президентер сынды ел игілігі үшін шамасы келгенше қызмет жасауға әрекет етті. Джон Кенеди үшін елдің экономикасы мен дамуы ғана  емес, сыртық саясат та маңызды болды. Осы үшін Джон Кенеди әкімшілігі өз шама-шарқынша әрекет етіп, жұмыстар жасауға белсене кіріскен еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ДЖОН КЕННЕДИ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

 

2.1 Д.Кенеди әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясаты

 

50-ші жылдардың аяғы мен 60-шы жылдардың басында Америка экономикасы ұзақ тоқыраудан бой жазып, қайта даму кезеңіне түскен өтпелі кезеңді басынан кешірді. Айта кету керек, яғни тоқырау әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйені де үлкен күйзеліске ұшыратып кетті. Бәрінен бұрын ол қоғамның ең төменгі халқына үлкен соққы болып тиді.

1945 жылдан кейін Американың ең ірі корпорациялары өз істерін одан да жедел қарқынмен ұлғайтты. 1890-1920 жылдары бизнес аймағында бірігудің екі толқыны  ал 1950 жылдары үшіншісі орын алды. Мұнда көп салалы өндіріс пен қызмет көрсетудегі әр түрлі салаларды қолында бақылайтын холдингтік компаниялар алға шықты.

Технологияның жаңа салаларының дамуы жергілікті халықтың әлеуметтік деңгейін анықтап берді. Барлық жерде жұмыссыздық, аштық, кедейшілік етек ала бастады. Еңбек қатынасын реттеуге байланысты үкімет жаңа заң қабылдауға асыға қойған жоқ. Дегенмен, осыған қарамай-ақ ішкі өндірістің кейбір саясатында даму қарқыны біртіндеп біліне бастады.

Елдің әлеуметтік-экоомикалық ішкі дамуында Джон Кеннеди «жаңа шептер» бағдарламасын ұсынған еді. Ондағы негізгі идея Кейнстің теориясын немесе «жаңа бағыт» саясатын жалғастыру болды. 1962 жылдары Кеннеди үкіметі әлеуметтік шараларды жүргізген еді. Жұмыссыз жұмысшылар тобына төленетін мемлекетттік көмектің мерзімін 3 айға дейін созды. Бұрын 6 айға дейін жұмыс іздеп табуға міндетті болса, енді ол 9 айға дейін созылған болатын. Елдегі ең төменгі жалақының мөлшері сағатына 1 доллардан 1,25 доллар көлеміне дейін өсірілді. Бұл мәселені шешу мақсатында 1962 жылы АҚШ конгресі жұмысшылардың мамандығын қайтадан даярлықтан өткізу туралы заң қабылдады. Аталған шаралардың барлығы да халықтың сатып алу қабілеттілігін арттыра түскен еді.

Екінші дүниежүзілік соғыс дүниежүзі елдерімен қатар АҚШ-нің әлеуметтік-экономикалық жағынан даумына айтарлықтай өз зардабын ала кедлген еді. Өз кезегінде соғыс аяқталған тұста елдің өндірісі капиталистік әлемнің 54 пайызын құраған болатын. Алайда біртіндеп елдің экономикалық дамуындағы әлсіреушіліктер белең алды. 1953 жылы ел өндіріс капиталистік әлемнің 52 пайызын құраса, 1960 дылы бұл көрсеткіш небәрі 45 пайызды құраған еді. Сол сияқты әлемдік экспорттау саласындағы да көрсеткіші төмендеп кетеді. Мәселен, 1947 жылы эелдің экспорт көрсеткіші 32 пайызды құраса, 1960 жылы бұл көрсеткіш небәрі – 20 пайызды ғана құраған еді.

1960 жылы билк басына келген Джон Кеннеди аталға істе жұмыстар жасап, аталған мәселені шешуге күш салады. 1960 ыжлғы ел ішіндегі өндіріс саласының күрт төмендеп, кеміп кетуі елдегі жұмыссыздар санының артуына алып келді. Бұл елдегі дағдарыстың белгісін көрсетіп үлгерді.

Аталған мәселені шешу мақсатында Джон Кеннеди үкіметі  экономистер көмегіне жүгінуді жөн көрді. Кеннедидің тікелей ұсынысымен арнайы экономистер тобы құрылып, олар экономикалық тоқыраудың алдын-алу шараларын ұйымдастырды. Аталған топ басшылығына профессор Сэмюэлсон тағайындалады. 1961 жылы экономистер тобы ел жағдайымен танысып, ел экономикасының құлдырау шегіне жеткендігін аңғарды. Мәселен, елдегі өндіріс 1960 жылы 10,9 млн-нан 5,4 мил-ға дейін төмендеп кеткен.

Сол сияқты 1960 жылы АҚШ-тағы жеңіл автокөлік өндірісінің жұмысы төмендеп, машинажасау, металл өңдеу және шұға өнеркәсібі өнімдері азайған. Осы тұста тез арада ел экономикасын аяқтан тұрғызу қажеттілігі айқындалды. Екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан АҚШ үкіметіндегі алтын қорының да азайғандығы байқалды. 1950 жылы елдегі алтын қоры 22 820 млн. Долларды құраса, 1960 жылы бұл көрсеткш небәрі 17 766 млн. долларды құраған.

Он жылдықтың жартысына жетер-жетпес уақытта АҚШ өнеркәсіптік дамудың орташа деңгейіндегі елден өнеркәсібіжоғары дамыған елге айналды. Бұл жағдай өнеркәсіптің ең негізгі салаларына ірі капитал салудың нәтижесінде мүмкін болды. Ірі капитал салу тиісті өнеркәсіп орындарын қолына ұстап отырған кампаниялардың ғана қолынан келді. Олар бұл жағдайды өз қолдарындағы қаржы мен және маршал жоспары бойынша несиден алды. Мәселен, бұл жоспар бойынша барлық кредиттің 35 пайызы автомобиль концеріні, ал 40 пайызын электро-энергетика саласында үстемдікке ие болған коорпорациялар иеленді. Жетекші өнеркәсіп орындары өндірісті жетілдіруге күш салды. Бұл жағдай кейін АҚШ-тың буржуазиялық құрылымының қайта дамуына жағдай туғызды. Өнеркәсіпті қайта қаруландыру үшін экономикаға үкіметтің араласуының рычактары пайдаланылды /31/.

Өз кезінде құрылған мемлекеттік өнеркәсіптік қайта қалпына келтіру институты өнеркәсіп орындарын ұзақ уақытқа несиелеу бағытында негізгі орынға ие болып қала берді. 1952-1953 жылдары мемлекеттік капитал салу барлық халық шаруашылығы инвестициясының қырық бір пайызын құрады. Ал энни кампаниясына жалпы көрсеткіштің отыз пайызы тиеселі болды.

Өнеркәсіптің тұрақты дамуы ауыл тұрғындарының жаппай қалаға көшу процесін туғызды. Әсіресе бұл жағдай Оңтүстікте айқын көрініс берді. Үкіметтің Оңтүстікте жүргізген аграрлық реформасы шаруалалардың шаруашылығының аяғынан тұрып кетуіне айтарлықтай ықпал ете қоймады.

1950 жылдары ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік асиктнованиялардың ең көп бөлігі арнайы құрылған Оңтүстік кастасына бөлінген еді. Реформа бойынша бөлінген жер телімдері өте аз көлемде ( екі-төрт га) болғандықтан олардың иелері сатып алу төлемдерінің ауыр салықтары мен реформа жүргізу бойынша комитетке қарыздарынан бас көтере алмады. Жаңа ғана жер телімдеріне ие болған шаруалардың көпшілігі өз үлестерін тастап қалаларға көшіп жатты. Тек 1950-1960 жылдар аралығында ғана ауылдан 1,8 миллион адам қалаға көшіп кетті. 1952 жылы ауыл шаруашылығнда жұмыс жасайтын тұрғындардың саны пайызға шаққанда 39,6 пайыз көрсеткішті құрады. Ал бұл көрсеткіш арада жеті жыл өткенде 26,2 пайызға дейін төмендеді /32/. Дегенмен, ауылдан кетіп қалғандардың барлығы қалаларда жұмысқа орналаса қойған жоқ. Сондықтан арзан бос жұмыс қолының көптігіне байланысты  өнеркәсіп орындарының иелері жұмысшылардың жалақыларын уақытында төлемей, оның көлемін әр қашан қысқартып отырды. Өнеркәсіп дамуының тамаша жетістіктеріне қарамастан италян  ең төменгі жалақыны алды.

Экономикалық ғажайып жылдары шаруашылық дамуы жағынан алдынғы орындарға шыққанына қарамастан АҚШ-ғы әлеуметтік мәселелердің түйіні шешіле қоймады. Елде өнеркәсіптік потенциалы өскен сайын аграрлық дамуы барынша құлдырай бастады. Бұл жылдары металлургия, химия, мұнай өңдеу өнеркәсіптерінің жекелеген бөліктері ғана дамығандығына қарамастан, АҚШ-ның Оңтүстігі бұрынғысынша аграрлық ел болып қала берді. Сондай-ақ бұл өнеркәсіп орындары жергілікті шаруашылық ортамен ешқандай байланыссыз дамыды.

Олардың орналасуы ел экономикасының даму талаптарынан емес, керісінше солтүстік өнеркәсіп магнаттарының мүдделелеріне сәйкес солардың филиалдары ретінде пайда болды. Ұлттық кіріс бойынша үлесі 1951 жылы 23,5 пайызды құраса, ол 1962 жылға қарай 20,3 пайызға дейін төмендеді. Оңтүстік тұрғындарының жаппай әрі еш тәртіпсіз қоныс аударуы Солтүстік қалаларының және оның маңайындағы тұрғын үй мәселесін шиеленістірді. Осы кезеңде тұрғын үй тапшылығына байланысты көптеген бос тұрған тұрғын үйлер жұмысшылардың қалтасы көтере алмайтын қымбат бағаға жалға берілді. 1951-1961 жылдар аралығында тиімді экономикалық кониктураның нәтижесінде өнеркәсіп жұмысшыларының орташа сағаттық табысы 20 пайызға өсті. Дегенмен, жалақының өсуі өнеркәсіп орындарындағы ауыр жұмыс шарттарын еш жағынан ақтай алмады. /33/.

Дегенмен, ел экономикасы күрделі әлеуметтік қайшылықтармен өзіндік қиыншылқитарымен ерекшелінді. 1952 жылы 30 маусымда министр Пелла пресс конференцияда мелекеттік капитал салудың шегіне жеткенін айтты. Егер америкалық көмекті қабылдамасақ елдің экономикалық жағдайы қиындай түсетіндігі туралы идея қайта көтерілді. Осыдан кейін Пелла Вашингтонға іс сапарға барып америка министрімен кездесіп қайты. Бірақ бұл келіссөздердің ешқайыссы күткен нәтиже бермеді. АҚШ экономикасы терең дағдарысты бастан өткерді. Бес жылға созылған «Пелла бағытының» ауыр салдарларын жою маршал жоспарының төрт жылға арналған бағыты ресми түрде жарияланған қайта қарулану саясаты экономиканың барлық саласына әсер етпей қоймады. Бұл кезеңдегі экономикалық дағдарыстың айқын көрінісі жұмыссыздар санының өсуімен, жұмыстан босату әрекеттерінің жиілеуінен, өнеркәсіп орындарының жабылуынан және салықтық көбейтілуінен көрінді.

Ел экономикасының төмендеуіне елдегі әскерилерді  түрлі жабдықтармен қамтамасыз ету ісі де кедергі келтіріп отырды. 1960 жылдары әскерилерге жұмаслатын шығын 3 млрд долларды құраған. АҚШ өзінің әскери экспанциясын жалғасытыру жолында да кейбір елдерге көмек көрсетуге мәжбүр еді. Бұлардың барлығы да үлкен шығын алып келген еді. Аталған жайттар елдегі финанстық және валюталық сұраныстың артуына алып келді.

Сонымен, 1960-1961 жылдары ішкі азық-түлік дамуының деңгейі 1950 жылмен салыстырғанда 6,4 пайызды құрады. 60-шы жылдардың басында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте тез қарқынмен өзгере бастады. Бірақ осы әлеуметтік-экономикалық саладағы шиеленістер толқыны тоқтаған жоқ, бірақ ол бұрынғыдай емес, енді басқа жолмен жүрді /10,214/. Бұл кезеңді өндіріс саласының жаңа дәуірін бастан кешіру деп атауға да болады. Мұнда басты рөлде ғылыми-техникалық өрлеу саласы ойнады. Өндіріс саласы жаңа қалыпқа түсіп, ол қол еңбегін толықтай қайта жаңа техникамен алмастырды. Елде жаңа экономикалық даму қалыптаса бастады.

Алайда, экономиканың дамуы, өндіріс саласының өсуі капитализм қоғамында қалыптасқан жағдайда кейде жұмысшы табына қарсы шығып отыратын жақтары да кездеседі. Өйткені тап осы жұмысшылар ғылыми-техникалық өрлеу кезіндегі әлеуметтік-экономикалық ауыртпалық пен оның зардабын бірінші бастан кешіріп отырды. Бірақ осы ғылыми-техникалық өрлеу жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шеше алған жоқ, ол тек қана жұмыс қолын ауыстырумен ғана шектелді. Сол үшін қазба жұмыстарында, транспортта, ауыл шаруашылығында, жеңіл өнеркәсіп тағы басқа өндіріс салаларында жұмысшылар саны қысқарып кетті. Осыдан кейін енді елде ғылыми-техникалық өрлеуге байланысты жоғары маман иелерінің жалдамалы жұмыс еңбегі өсті. Алайда экономика жылдам дамығанмен маманданған жұмысшылар әлі де жетіспеді. Ал мамандығы жоқтар әлеуметтік-экономикалық процестің артында қалып қойды. Сондықтан американ қоғамына техника мамандары керек болды: програмисттер, лаборанттар, автоматты жүйе мамандары, тағы басқа.

Елді басқарушы биліктің басты мақсаты экономиканыы жақсарту, оны құлдырау поцесінен аман алып қалы болы. Мемлекет бірінші кезекте болаттың бағасын төмендету міндетін орындады. Алайда бұл процес кәсіпкерлер қарсылықтарына алып келді. Нәтижесінде кәсіпкерлер сенімінен айырылды.

Сонымен, Кеннеди әкімшілігі 1961 жылы билік басына жеті айға созылған экономикалық дағдарыстан кейін 3 жыл қиыншылық қыстауда тұрған экономиканың жоғары қарқынмен дамуына өз үлесін қосты. Бұл екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі, яғни 1960 жылы демократтар партиясының өкілі 43 жасар Джон Кеннедидің президенттігімен тұспа-тұс келді.

Джон Кеннедидің реформалық бағдарламасы “жаңа шептер” деп аталғанын жоғарыда атап өттік. Кеннеди өзінің бағыты мен саяси дүниетанымы жағынан Ф.Рузвельтке жақын болатын. Елдің ішкі саясатында ол нарықтық экономика мен саяси демократияға басты назар аударды. Шикізаттардың едәуір көп бөлігін әскери қуат, қорғаныс саласы мен американ империализмінің әлемдік позициясын кеңейтуге жұмсаған болатын. Өнім экономикасын өсіру үшін әлеуметтік жәрдем бағдарламасын кеңейтуге де күш жұмсады.

1961 жылы “экономиканы сауықтыру мен дамыту” бағдарламасы бойынша еңбекшілердің жалақысын көбейту, жұмыссыздарға көмек ақша бөлу, жұмыссыз фермерлерге жағдай жасау, яғни мемлекет тарапынан жәрдем беру, арзан тұрғын үй салуды қолға алу мен көлемін көбейту, зейнетақыны көбейту қолға алынды. Жеке фирмаларға, муниципалитетке қаржы бөлінді. Қалаларды қайта салу, аудандарды жаңарту жұмыстары жүргізілді, электротехникалық және тағы басқа саладағы бағаны төмендетті. Қайта классификациялау, қайта білім алу салалары да, жұмысшыларды жаңа кәсіптерге үйрету, сауатсыздықты толықтай жою кең түрде қолға алынды.

Алайда, Джон Кеннеди өз кезегінде елдің әл ауқаты мен экономикалық жағдайын түзеуде біршама жұмыстар атқарып үлгерген еді. Ол әсресе нарықтық экономикаға баса назар аудара отырып, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге тырысты.  

Джон Кеннеди ел эконмикасының дағдарыстан шығуына бел шеше кірісті. Ол өзінің ішкі саясатында консерваторлық топтарға қарсы күрес жүргізді. Үкімет пен ірі өнеркәсіп иелерінің арасындағы келіспеушіліктерді әр түрлі іс-қимылдар арқылы реттей отырып, ірі монополияларға салық саласында көптеген жеңілдіктер жасаумен болды. Конгресс табыс салығы мен корпорациялардың таза табысына салынатын салықтың мөлшерін азайту туралы заңдар шығарды.

 

2.2 Афро-американдықтардың азаматтық құқықтары туралы мәселе

      және жаңа заңның дайындалуы

 

Джон Кеннедидің ел тізігін қолға алған тұстағы басты мәселенің бірі-елдегі азаматтар құқығына қатысты жайттар болды. 1960 жылы азаматтық құқық заңында қаралған басты ұсыныс қара нәсілділерге сайлау құқығын беру туралы болды. Онда, егер қара нәсілділер сайлау құқығынан айырылған күнде сотқа шағымдануына болады делінген. Ал сот сайлау үшін тіркеуге алынуына байланысты анық-қанығын штат заңы бойынша анықтайды. Заң сондай-ақ үйлерді қирату, жарып жіберу және жаппай тәртіпсіздікке қарсы қылмыстық іс қозғауды да қолға алды. Осымен заң кішкене болса да алға бір қадам жылжыды, сонда да азаматтық құқық заңы екінші кезекте болып қала берді.

Бирмингемдегі оқиғадан кейін елдегі жағдай шиеленісе түсті. Тек бір аптада 1963 жылы мамыр айының 18-25 күндері қара нәсілділердің демонстрациялары болды. Оңтүстіктің 33 қаласында, ал Солтүстіктің 10 қаласында болды. Саяси жағдай: қандай да бір шара қолдануды қолға алу керектігін ескертті. Осы күндері Уолтер Липпман Кеннеди әкімшілігіне азаматтық құқық заңын өз қолына алуды талап етті, “қара нәсілділер мен ақ нәсілділерді араластыру ісі- деп жазды ол, -бұдан былай қара нәсілділердің қозғалысы болуы мүмкін. Ол федералды үкіметтің федералды заңы жалпы ұлттық болуы тиіс”. Басқа сөзбен айтқанда, Липпман Вашингтонды елдегі жағдайға жол бермеуге шақырды. “Көптеген қара нәсілділер,-деп жазды “Нью-Йорк гераль трибюн” газеті,-күткілері келмейді… сабырлы қызметкерлерді “Том ағай” деп атайды” /19,122/.

Елдегі ішкі саясаттағы дағдарыстың өрши түсуінен, үкімет азаматтық құқық заңының жобасын жасау үшін шешім қабылдады. Маусым айының 9 күні болған мэрлер конференциясында президент осы қара нәсілділердің проблемасы туралы да айтып өтті. Бирмингемдегі қара нәсілділердің толқуынан кейін президент Кеннеди: “мұндай проблемаларды көшеде емес, сотта шешу керек”,- деген болатын /13,145/.

Қара нәсілділерді құлдықтан босатқанға жүз жыл өтсе де, олардың ұрпағы әлі “әлеуметтік және экономикалық қанаудың бұғауынан толықтай арыла алмай жүргендігін” президент жақсы түсінді. Дегенмен, әкімшілік мұндай іске нақты шешім берген жоқ. Олар қара нәсілді халықты әлеуметтік және экономикалық жағынан қанауды жоюды қарастырған да жоқ: тек онда барлық қоғамдық жерлерде ақ нәсілділерден қара нәсілділерді бөліп қарамау, қара нәсілділерді жұмысқа жалдау барысындағы әділетті болу, т.б. қаралды.

Джон Кеннедидің кеңесшісі Теодор Соренсеннің айтуынша, “ең күрделі мәселелердің” ішінде, жаңа президент “қара нәсілділердікі сияқты жағдайға әлі кездесіп көрген жоқ”. Барлық президенттер өз қызметтерінде нәсілдік қанауды заңдастыру туралы мәселе көтерген жоқ. Президент Кеннедидің тағы бір кеңесшісі, профессор А.Шлезингердің айтуы бойынша, елдегі қара нәсілділер проблемасы Кеннеди үшін өзі бастан кешкен қиындықтар ішіндегі ең ауыр проблема болды /8, 48/.

Мүмкін, президент Кеннеди Ақ үйге келмей тұрып бұл проблеманың осыншама күрделі екеніне мән берілмесе керек. Өйткені ол өзінің үкімет басына келердегі “жаңа шептер” бағдарламасында экономикалық, жастар, мәдени, білім беру жүйесі тағы басқа мәселелердің барлығы қамтылған болатын. Ал осы ішкі саясаттағы басты мәселелердің бірі қара нәсілді халық туралы ештеңе айтылған жоқ. Ал шындығында, Кеннеди өзінің президенттіке кандидаттығын ұсынған кезіндегі бірінші пресс-конференцияда, сенатор Кларк пен конгрессмен Селлерге азаматтық құқық заңының жобасын даярлауды ұсынды. Осы билль егер ол үкімет басына президент болып келген кезде демократтар партиясының азаматтық құқық заңына қатысты басты құжаты болады деп уәде берді /8, 51/.

Ақ үйге келген соң, жаңа президент азаматтық құқық заңына қатысты берген уәдесін орындауға асыққан жоқ. Кларк пен Селлердің, билльді жасауға асығыстық танытқандары да бекер болды. Өйткені, президент оған ешқандай қызығушылық танытқан жоқ. 1961 жылдың өзінде-ақ үкімет азаматтық құқық заң жобасын жасау үшін құрылған Комиссияның қызметіне екі жылдан кейін ғана көңіл аударды. Билльді конгресс мақұлдап, президент қол қойды. Ал азаматтық құқыққа байланысты басқа ұсыныстарды Ақ үй қолдамағандықтан, конгресстен өтпей қалды.

Президент Кеннеди Ақ үйге келгеннен кейін біраз уақытқа дейін қара нәсілділердің ұйымдары өздерінің сындарын да тез арада жариялаған жоқ, өйткені олар президенттің әлі де болса азаматтық құқық заңы туралы заң жобасына үлкен мән берер деген үмітте болды. Республикашылдар партиясының сенаторы Кейинг бұл жөнінде былай дейді: “Мен үлкен таңданудамын, осы азаматтық құқық төңірегінде президент Эйзенхауэр үлкен сынға түскен еді, ал мына әкімшілік алға қарай бір дюйм жылжымаса да, оны ақтаушылар толып жатыр”,- деген болатын.

Ал, шындығына келгенде азаматтық құқық заңын жасаушы көптеген басшылардың қозғалысы екі жақты позицияда жүрді. Бір жағынан, осы қара нәсілділер бұрынғы, яғни басқа президенттерге қарағанда Кеннедиге үлкен үміт артты. Сол үшін үкіметпен тура жан-жалға келгісі келген жоқ. Ал, екінші жағынан, үкіметтің “баяу тактикасы” қара нәсілді халықтың арасында үлкен шиеленіс, наразылықтар тудырды.

“Азаматтық құқық” төңірегіндегі үкіметтің бір жылдық қызметін сынай келе, Мартин Лютер Кинг: “оның жұмысы кейбір тұстарына шектеу жасау болып отыр”. Мартин Лютер Кинг өзінің осы “Доклад о гражданских правах: колебания на “новых рубежах” деп аталатын мақаласында өз алдындағы міндетін орындамады деп президент Кеннедиді аямай сынға алды, кейін өзінің нәсілдік қанауды жою туралы да ештеңе істемегенін айтты. “Азаматтық құқық әлі де он шақты жылдарға дейін саяси футбол болады,-деп жазды Кинг,-егер Құрама Штаттар көп жылдан бері келе жатқан дәстүрлі концепцияларынан бас тартпаса”. Ұлттық ассоциацияның атқарушы хатшысы Рой Уилкинс те өз мәлімдемесінде, яғни “Ақ үйдегі президент Кеннедидің алғашқы жылдардағы қызметіне көңілі толмағандығын” айтып өткен болатын/27/.

Ал, келесі жылы үкімет азаматтық құқық заңы төңірегінде ештеңе атқарған жоқ деп аямай сынға алынды. Қара нәсілді халықтың жағдайына байланысты президент конгресстен азаматтық құқық заңының жобасын жасауға қол жеткізе алған жоқ. Сондай-ақ, елдегі қара нәсілділер мен ақ нәсілділер арасындағы нәсілшілдік қанау, мектептерде ақ және қара нәсілді балаларды араластырып оқыту, қоғамдық орындарды бірдей пайдалану, тағы басқа мәселелер төңірегінде де ешқандай қызметтер атқарылмады. Ал, осы кезде конгресстің қарап жатқан заң жобасы екі мәселе төңірегінде ғана болды, олар- сайлау туралы салықты және елдегі сауатсыздықты жою туралы болды /33,92/.

Осы заң жобасындағы сайлау салығы өте үлкен тарихи оқиғаға айналғаны қашан. Мысал келтіре кетсек, 1942 жыл мен 1949 жылдар аралығында осы салыққа тыйым салу туралы билльді палата бес рет қолдаған болатын. Сосын оның барлығы сенатта тұрып қалды, сонымен қатар, үш рет оған флибустьерлік тактика бойынша қарсы шықты (1942, 1944 және 1946жж). Сенатор-демократ С.Холланд (Филадельфи штатынан) осындай заң жобасын жасап АҚШ конституциясына өзгерту енгізу үшін 1946 жылдағы конгресстің әрбір сессиясында өз ұсынысын жасап отырды. Бірақ мұның бәрі сенатор Истленд басқарып отырған юристтік комитеттен кері қайтып отырды. Осы сайлау салығын жою жолында үлкен бірлік болды. Бұл жағында заңды қабылдауда федералдық заңды жақтаушылар, екінші жағынан конституцияға арнайы түзетулер енгізуді де талап етті. Ал кейбіреулердің пікірі бойынша, яғни конгресстің штаттардың “ішкі” ісіне араласыуынан да қорықты. Федералды заңды жақтаушылар ойы бойынша, конституцияға түзету енгізуден басқа конгресс азаматтық құқық заңы төңірегінде ештеңе істей алмайды: онсыз кейінгі азаматтық құқық жобасына да жол ашылмайды /23,95/.

Әкімшілік қандай позиция ұстады? Сенатор Холландқа жазған хатында президент Кеннедидің мәліметінде “принциптерді өзі міндетті түрде қолдайтынын” айтып, ол туралы конституцияға түзету енгізу керектігін де ескертті. Кеннедидің әділет министрі де: “сайлау салығын жою туралы өзгерту енгізу керек” деп шешкен болатын. Нәтижесінде, 1962 жылы түзету туралы өзгерту конгрессте мақұлданды, сонымен 32 штаттың ратификациясынан кейін: 1964 жылы ақпан айының 5 күні АҚШ конституциясына ХХІҮ рет түзету енгізілді /24/.

Осы кезге дейін сайлау туралы салық тек бес штатта жүрді –Алабам, Арканзас, Миссисипи, Техас және Флорида.

Азаматтық құқық заңына байланысты комиссия президентке заң шығару ұсыныстары жөнінде бес баяндама берді. Олардың барлығын Кеннеди қайтарып жіберді. Ол тек бір заң жобасын ғана, яғни алты сыныптық білімі барлардан бастап бәрі сайлауға қатысуға құқық алатын тұсын ғана мақұлдады. Заң жобасын көпшілік демократтар Мэнсфильдпен және аз республикашылдар партиясы Дирксенмен сенатқа жіберілді. Дегенмен, оңтүстіктер табысты түрде Флибустьерлік тактикаға көшті. Осы азаматтық құқық заңына байланысты өзгерістерге тіпті 1963 жылдың басында да президент Кенненди қолдау көрсете алған жоқ.

Тек Ақ үйде екі жыл болғаннан кейін ғана 1962 жылы 24 наурызда президент Кеннеди әрең дегенде тұрғын үй салуға байланысты нәсілдік қанауға тыйым салды. Бұл №11063 бұйрық қара нәсілділерге деген үмітін ақтаған жоқ. Ол салынған үйде немесе үйді салу барысында да іске асқан жоқ. Бұл бұйрық тек федералдық ғимараттарда “заңды қанау практикасына негіздеп қана жасалған” іс нәтижесінде қалып қойды.

Кеннедидің тағы бір тактикасы, “қара нәсілді қауымның сенімін сақтап қалу үшін” қара нәсілді азаматтарды мемлекеттік орындарға жұмысқа алу еді. Мұндай іске Ақ үйдің басқа президенттері де сүйенген болатын. Сонымен, Эйзенхауэр кезінде қара нәсілді азаматтар еңбек министрінің орынбасары, президенттің арнайы көмекшісі, азаматтық құқық заңы жөніндегі Комиссияның мүшесі тағы басқа болып жұмыстар атқаруға қол жеткізген болатын. Ал Кеннеди қара нәсілді азаматтарды Финляндия, Норвегияның елшілері, Ақ үй пресс-хатшысының көмекшісі, тұрғын үй мәселесі жөніндегі департамент басшысы етіп тағайындады. Тоғыз қара нәсілді азаматтарды федералды соттың мүшесі етіп тағайындады /12, 45/.

Президент және оның бауыры, әділет министрі Роберт Кеннеди елдегі ақ және қараларды бөліп оқыту, қоғамдық жерлерде бөліп қызмет көрсетуге қарсы болды. Р.Кеннеди “Метрополитен” вашингтондық клубынан шыққан кезде (оған АҚШ-тың көптеген билеуші элитасы кіретін) пресс-конференциясында нәсілдік қанауға байланысты “Мен өз ағамның пікірін қолдаймын” деп жауап берді. Сонымен, зерттеушілердің пікірінше Ақ үйдің жүздеген қара нәсілді қызметкерлерін шақырып, Кеннеди Линкольнның туған күнін тойлауды “ұрлап” алды деп жазды. Осы кезде Эйзенхауэр мектептердегі ақ және қара нәсілді балаларды араластырып оқытуға байланысты Жоғарғы соттың шығарған үкіміне қарсы шықты. Д.Кеннеди мұны бәріне хабарлады, ал Р.Кеннеди “отырған демонстрацияға” өзінің қарсы еместігін білдірді /25/.

Өз кезінде үкіметтің мұндай қызметі қара нәсілді қауым арасында күшті әсерге ие болар еді. Ал қазір, бұл жаппай күрес, күш қолдану арқылы қара нәсілділер әкімшілік пен конгресске талаптар қоюға қол жеткізді. Президенттің бұл қадамына конгресстегілердің теріс әсері болды ма, жоқ па, ол белгісіз. 1962 жылы қаңтар айында президент қара нәсілді азаматтарды министр етіп сайлауға шешім қабылдады, конгресстегі реакциялық топтар бұл жоспарды іске асырмай тастады. “Джон Берч қоғамы”, “Ақ азаматтар кеңесі” тағы басқа ұйымдар президентке ашық түрде қарсы шықты. Олардың кейбірі тіпті президентті “коммунистік қауіпті” қолдады деп айыптады /24,198/.

Ал, өз кезінде қара нәсілді қоғамның әкімшілік акциясына көңілдері толмады. “Қара нәсілдер үкімет орындарында отырса да,-деп жазды Мартин Лютер Кинг,-жалпы қара нәсілділердің арманы сол күйінде қалды. Қара нәсілділер сол бұрынғыдай алдарына лақтырған сүйекті ғана таныды, тек бұл жолы сол сүйекті лақтырмай жәйлап тастады”. Тағы да Кеннедиге қарсы сын айтқан қара нәсілділер радикалды өкілі “қара мұсылмандар” деп аталатын жартылай діни ұйым басшысы Малькольи Икс болды. Ал, нәсілшілдік теңдігі конгресстің лидері Джеймс Фармер әлілет министрін Миссисипи, Джорджиния тағы басқа “Оңтүстіктің түпкірлеріндегі” аудандардағы қара нәсілділерге сайлау құқығын беру туралы уәдесін орындамады деп айыптады. Күш көрсетуге қарсы Студенттердің координациялық комитеті де президент Кеннедиді азаматтық құқық заңына байланысты “көпшілік алдындағы салтанатты саяси уәдесін” орындамады деді. Миссисипидегі қара нәсілділерді сайлауға тіркеу үшін көмек көрсеткен Студенттердің координациялық комитетінің өкілдерін жергілікті полицияның қалай ұрып соққанын ФБР агенттері үнемі бақылауға алып отырды /33,198/.     

Ал, енді үкімет азаматтық құқық заңының жобасы жасалысымен алды. Ал, Мартин Лютер Кинг болса президент Кеннедиді сайлау науқаны алдындағы уәдесін орындамады деп айыптады. Оның сөзімен айтқанда, осы азаматтық құқық заңы төңірегіндегі мәселеде Кеннеди әкімшілігі позициясы Эйзенхауэр үкіметінен еш айырмасы болған жоқ. “Президент Кеннеди,-деді Мартин Лютер Кинг,- президент Дуайт Эйзенхауэрға қарағанда көп жұмыс істеген шығар, дегенмен, қара нәсілді халықтың жағдайы бұрынғы күйінде қалып қойды”. Үкіметтің заң жобасы либералды өкілдер жағынан да үлкен сынға түсті. Конгресстің көп мүшелері екі жылдан аса уақытқа дейін, қандай да бір заң қабылдауға қарсы болды. Ал, енді қара нәсілді халықтың жаппай күреске шығатындығынан сескенген конгресс заң жобасын жасау үшін өздері-ақ комиссия құрды. Сонымен, мамыр айының 13 күнінен 20 маусым аралығына дейін палата өкілдері азаматтық құқық туралы 127 билль ұсынды. Сенатор-республикашылдар ұзақ талқылаудан кейін жаңа заң қабылдау керек деп бір ауыздан шешті. Сенатор Джон Купер (Кентуки штаты) мамыр айының 6 күні сенатта: “Біздің партия кеше тарихи қадам жасады”,- деп хабарлады /33,199/.

“Азаматтық құқық” заңын президент конгрессте саяси маневр ретінде қабылдаудың керек екенін айтты. Ол конгресс мүшелеріне “екі партияның бірлігі” деген үндеу тастады. Сонымен, конгресс мүшелерінен қолдау көру үшін президент Кеннеди бұрынғы президенттер Д.Эйзенхауэр мен Г.Трумэн, сенат пен палатадағы республикашыл партияның өкілдерімен, бірқатар сенатор үйімен, губернаторлармен, алдыңғы қатарлы шіркеу қызметкерлерімен т.б. лауазымды қауым мүшелерімен жолықты. Ал, осы уақытта американ қоғамында, азаматтық құқық заңы туралы жаңа заң жобасын мақсатқа лайықты қабылдау керек болды.

Дегенмен, оның айналасында неше түрлі сұрақтар пайда болып келе жатқан еді, Республикашылдар партиясының өкілдері Демократтар партиясымен бірге заң жобасын қабылдауға көнді. Тек бір талап, ондағы, қара нәсілді халықтың қоғамдық орындарда ерекшелігі сақталады деп шешті. Бұған президент көнді. Бұл бөлім алынып, ол өз алдына бөлек билль болып қала берді. Үкіметтің бұл заң жобасын юристтік комитетке талқылауға берді, онда ол нәсілшіл Истлендтің қолына түсіп, кейінге қалдырылды. Сонымен, республикашылдар мен демократтар партиясының бұлай шешімге келе қалуының тағы бір себебіне келесі жылғы сайлау науқаны да түрткі болды /26/.

Мысалы, Джон Льюис Вашингтондағы сөйлеген сөзінде: “Президент Кеннеди заң жобасын өте кешеуілдетіп және қысқартып тастады. Онда қара нәсілділердің нашар өмірі туралы ештеңе айтылмайды”,-деді. Сондай-ақ, Льюис: “осы түрімізбен Оңтүстікті басып өтсек… Шерман сықылды…” және “Джими Кроды түгін қоймай өртеп жіберу керек”,- деген сөздер айтты. Бұл қара нәсілділерді болашақта өз құқықтары үшін күресуге шақыру туралы болды /12,116/.

 Осы Вашингтоннан кейін елдің барлық жерінде демонстрация, митингілер болды. Енді қарулы күрес туралы жиі естуге болатын еді. Осыдан кейін үкімет басындағылар қашан, қай жерден бүлік шығар екен деген үреймен болды. Олар осы азаматтық құқық заңы жобасын тез арада жасауды қолға алды. Онда бір ауыздан шешімнің шыққандығынан емес, “қара нәсілділердің көшеден кетулеріне көндіру” үшін жасала бастады. Ұзаққа созылған талқылаудан кейін, азаматтық құқық заң жобасына бірнеше түзетулер енгізу керектігі айтылды.

Сенатта да осы билік төңірегінде күрес күшейе түсті. Ал әкімшілік позициясына келер болсақ, американдық тарихшы Уаскоу: “олар конгрессте оңтүстіктердің қолдауынан айырылып қаламыз деп қорықты”,- деп жазды.

Сонымен, заң жобасы президент Кеннедидің көзі тірісінде бәрібір қабылданған жоқ (12, 128 б).

Кеннеди әкімшілігі қара нәсілді халықтың проблемасын шеше алған жоқ. Ол елдегі дағдарысты терең меңгере де алмады. Әкімшілік нақты бағдарламаға тұратындай еш мәселе шешпеді. АҚШ-тағы қара нәсілділер проблемасының шығуына сипаттама берген президент Кеннеди 1963 жылы 11 маусымда: “Біз бірінші кезекте моральдық мәселеге келіп тірелеміз. Ол тура Библия сияқты көне…”,- деп келтірген болатын. Қорыта айтар болсақ, АҚШ билігіне келген Джон Кеннеди кезегінде қара нәсілді халыққа қатысты мәселені шешуге күш салды. Алайда ол осы афро-американдық мәселеге қатысты заң жобасын ұсынғанмен, оның көзі тірісінде бұл мәселе шешілмеген еді. Джон Кеннеди ел мүддесі үшін қызмет атқара алды және ежелден келе жатқан қара нәсілділерге қатысты  тартысты істе аз да болса өз пікірін білдіріп, олардың басқа да халықтармен тең құқылы екендігін еске сала білді. 

 

 

2.3 АҚШ сыртқы саясатындағы «жаңа шептер»

 

60-жылдардың басында АҚШ-тың сыртқы саясаты «қырғи-қабақ соғыс» саясатының принциптерінің негізінде жүргізілді. Осы тұста билік басына келген Джон Кеннеди сыртқы саясатында өз ұстанымдарын алға қойып, АҚШ-на қатысты мәселелерді бейбіт үрде шешуге күш салған еді.

Әсресе, КСРО мен социалистік елдерге қарсы тежеу және күш көрсету саясатын жалғастыра отырып, термоядролық қару-жарақтың жаңа түрлері жетілдіріліп, жаңа соғыс саясатынан бас тартушылықтар болмады.

Джон Кеннеди әкімшілігі құрылғаннан соң, сыртқы саясатында “жаңа шептер” концепциясын ұсынған болатын. Осындай сыртқы саясатындағы бағдарламасы негізінен Нельсон Рокфеллер тобының жете дайындауларына және кепілдемелеріне де негізделді. Кеннеди түсінігінше, АҚШ Азия, Африка, Латын Америкасындағы адам құқықтары үшін күресуі керек. КСРО-ға байланысты Кеннеди АҚШ пен КСРО конструктивті түрдегі келісім сөздерді жүргізіп, екі ел басшылары бір-бірімен кездесуі керек деген болатын. Өзінің бір сөзінде ол: “гораздо лучше встретиться на совещании в верхах, чем на грани войны”,-деді. Жалпы алғанда, “жаңа шептер” саясаты АҚШ үшін “ұлттық стратегияны” құру талабына негізделді. Оның мәні капитализмді одан әрі дамыту мақсатындағы мұқият дайындалған ұзақ мерзімді саяси шешімдерді айналымға енгізу болды. “Жаңа шептер” саясатының негізгі бағыттары 1960 ж. маусымда АҚШ сенатындағы Кеннедидің “Шешімдер уақыты” атты сөйлеуінде көрініс тапты. Бұл сөйлеуінде ол мынадай шараларды жүзеге асыру керек деп жоспарлады:

-АҚШ-тың жауап түріндегі ядролық соққыны дарымайтын мүмкіндігіне дейін жеткізу;

-АҚШ-тың қайтадан “әлемнің бүкіл түпкіріндегі” болатын шенеулі (шектелген) соғыстарға араласу мүмкіндігіне қол жеткізу; (Бұл араласу АҚШ-тың кәдімгі қарулы күштерін арттыруына және жетілдіруіне мүмкіндік беру болды).

-НАТО-ны “өмірге бейімді және ұйымдасқан” әскери күшке айналдыру, оның саяси функцияларын кеңейту;

-“Еркін дүниежүзілік экономиканы” құрып, “Ортақ рынок” пен “алтылық” (ЕЭО) және “жетілік” (ЕАТО, ЕАСТ) арасындағы экономикалық бақталастықты жеңіп алу;

-“Халықаралық валюталық қорларды (резервтерді)” қорғап қалу мен Атлантиканың екі жағында да кедендік тарифтер саласында жүйелі саясатын жүргізу;

-Дамушы елдерге батыс елдердің көмегін біріктіріп, АҚШ-тың ұзақ мерзімге берілетін, яғни мүлдем жаңадан “көмек” бағдарламасын енгізу;

-Батыс Европа және Жапониямен ынтымақтаса отырып, Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріне капитал салуды біршама көбейту; т.б. Алайда, мұны іс жүзіне асыру АҚШ үшін қиын болды. Өйткені оның Европа, Таяу Шығыс пен Оңтүстік Шығыс Азиядағы саясатына қарсы КСРО үкіметінің саясаты тұрды.

Кеннеди президенттігінің алғашқы кезінде-ақ сыртқы саясатқа байланысты басты-басты шешімдерді өзі ғана қабылдады. Мәселен, мемлекеттік хатшы Дин Раскпен ақылдаспай-ақ Кеннеди БҰҰ-на АҚШ-тың өкілі етіп Эдлай Стивенсонды, мемлекеттік хатшының орынбасары етіп Джордж Боллды және ерекше тапсырмалар бойынша Аверелл Гарриманды тағайындады. Кеннеди тағайындаған адамдарда бұрынғы тәжірибесі әр түрлі болғанымен, оларда зерттеуші Г.Фэрлидің айтуынша ортақ бір ерекшелігі болды. Ол: “Джон Кеннеди поставил на ответственные посты людей, которые были не просто свидетелями войны и дипломатии, а свидетелями их в условиях “холодной войны”,-деп пайымдайды/35,231/. Негізінде, бұл өте орынды пікір. Өйткені, дәл осы қайраткерлер келешекте әлемді сілкіндірген Берлин мен Кариб дағдарыстарының болуына үлкен әсерін тигізген болатын. 

Жалпы, бұл “езілген халықтардың палаталары” сынды стратегиялар 50-жылдардың аяғы-60-жылдардың басындағы социалистік жүйенің одан әрі кеңеюін тоқтату мен социалистік елдердің достастығына қарсы бағытталған бірден-бір әдіс-тәсілді бағдарламасы болатын. Дж.Кеннедидің “жаңа шептер” деген американдық сыртқы саясатындағы жаңа жолы (бағыты) социализмді дәріптеген мемлекеттерге қарсы “бейбіт шабуылы” ретінде қарастырылды.        

Джон Кеннеди президенттігі кезінде сыртқы саясатқа аса үлкен мән берілді. Оның әскери бюджетінің өзі 5 млрд. долларды құрады. 1961 жылы тек қарулану ісіне байланысты шығынды төрт есе көтерген болатын. Сонымен қатар, мұндай жағдай алдағы 1962 жылға да жоспарланып қойылды. Президент санкциясын АҚШ-та әскери лагерлерде “арнайы маманданған әскери қызметкерлерді” оқыту жұмысы да үлкен қолға алынды. Бұл АҚШ-тың жас дамып келе жатқан елдердің ішкі ісіне араласудың бастамасы болатын. Мысалы, 1962 жылы қаңтарда “Уолл-Стрит джернэл” газетінде былай деп келтірілді: “…арнайы дайындалған әскери бөлімше қарудың арнайы түрін пайдалану арқылы Латын Америкасы мен Африка, Шығыс Европа, Азияда операцияға дайындық ретінде арнайы оқуларын бастайды. Олар осы елдердің салт-дәстүрлерімен, тарихы және саясатымен жақсы танысады”,-делінді /2,99/.

Америка әскери плацдарм құру ісі Оңтүстік Вьетнамда да жалғаса берді. АҚШ үкіметі халықаралық мәселелер бойынша да қауіпті бағытын ұстанды. Олар герман бейбіт келісіміне қол қоюдан бас тарта отырып, НАТО, СЕАТО, СЕНТО әскери блоктарының саясатына сүйенді. Тағы бір шешімді талап еткен мәселе-қарусыздану болды. Кеңес Одағы БҰҰ Бас Ассамблеясына жалпыға бірдей және толық қарусыздану бағдарламасын ұсынған кезде, үкімет басындағы Эйзенхауэр әкімшілігінің қаруландыру мәселесін қоюы нәтижесіз шара еді. Дегенмен, нәтижесінде Эйзенхауэр сөз жүзінде құптауды жөн көрді. Эйзенхауэр орнына келген Кеннеди мәселені жақсы түсінгендіктен, “қаруландыру мен қарусыздандыруға бақылау жасау бойынша агенттігін” құрды /6,105/.

1961 жылы маусымда қарусыздандыру бойынша кеңес-американ келіссөзі жүрді. Оған Кеңес Одағы жағынан сыртқы істер министрінің орынбасары В.Зарин қатысты. Бұл мәселе бойынша Кеңес Одағы шілденің 27 күні арнайы жоба жасайды. Бастапқы кезде АҚШ екіжүзділік саясат ұстанғанмен, “қырғи-қабақ соғысы” кезіндегі АҚШ пен Кеңес Одағы арасындағы екі жақты саясатта ең маңызды қадам болып саналды.

Сонымен, 1961 жылы маусым, шілде және қыркүйек айларында Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йоркте кеңес-американ келіссөзін жүргізу нәтижесінен АҚШ өз бағытын өзгертіп, қарусыздану бағдарламасы бойынша екі жақты бірлескен принципке қол қояды. Ол бойынша:

  • Қарулы күштерді тарату;
  • Әскери базаларды жою;
  • Қару шығару өндірісін тоқтату;
  • Қару түрлерінің қосымшаларын жою. Міне осындай мәселелер қарастырылды.

Осы жылы 20 желтоқсанда Бас Ассамблеяның ХҮІ сессиясында қарусыздану резолюциясы қабылданды. Ол бойынша Комитет құрылып, оның құрамы да анықталды (18 мемлекет). Алайда АҚШ-тың келісімді бұзуына байланысты бұл мәселе қайта қаралды /1,25/.

1962 жылы 16 қаңтарда Женева қаласында Кеңес Одағы, АҚШ және Ұлыбритания мемлекеттерінің қатысуымен қарусыздануға байланысты келіссөз болды. Дегенмен, бұл кездесуде Кеннеди де Макмиллан да өз бағыттарын өзгерте қойған жоқ. Алайда, Кеңес Одағының өзінше жүргізген белсенді әрекеттері нәтижесінде біршама жетістіктерге де қол жеткізгендей болды.

1961 жылы көктемде Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріне АҚШ-тың ықпалы төмендей бастады. Осы кезде Кеннеди Батыс Европа елдерінің басты лидерлері Франция президенті Шарль де Голль және Ұлыбритания премьер-министрі Макмилланмен арада кездесу ұйымдастыруды жөн көреді. Сонымен қатар, Кеңес Одағының басшысымен де кездесуді ұйғарды. Кеннеди ақпарат деректеріне сүйеніп, өзінің бұрынғы қарсыласы Г.Хэмфри, журналисттер Липпман және Дж.Растон, Мәскеуде бұрын болған елшілер Очесон, Кеннон, Болен мемлекет хатшысының қатысуымен ядролық сынаққа тыйым салу бойынша олардың ойымен бөліседі. Енді Кеннедидің Европалық сапарының стратегиялық жоспары жасалып, басты орын Вена мен Парижге арналды. Осы кезде Кеннеди тағы да ядролық қаруды сынақтан өткізу мәселесіне қарсы пікірін ұсынды.

1961 жылы 29 мамырда Джон Кеннеди 44 жасқа толады. Тап осы кезде, яғни 30 мамыр күні Атлантика арқылы Кэ де` Ори аэропортына қонады. Сонымен бұл оның Парижге сапары болатын. Дж.Кеннедидің Шарль де Голльмен кездесуі Елисей сарайында өтті. Франциямен ортақ тілге келу үшін Кеннеди Европа орталығы мен Батыс Берлин бойынша мәселелерді көтерді. Себебі, президент француз, ағылшын, американ әскерлері Батыс Берлинде орналасқанын білетін. Бұл оның Кеңес үкіметінің Шығыс Европадағы жағдайды реттеу бойынша ұсынысымен келіспейтіндігі болатын. Кеңес Одағының “бейбітшілік бағыттағы ұстанымдары” оның осы мәселелермен айналысуына мүмкіндік тудырды /15/.

Егер кеңестермен келіскен жағдайда, неміс жерінде шетел оккупациясын жою екі герман мемлекетінің тұтастығын мойындап, олармен ондағы көршілері арасындағы шекараны бекітуді мойындау болып саналатын еді. Бірақ Батыстағы мемлекет қайраткерлеріне Кеңес ұсыныстары ұнамады.

Екі президент кейінірек Лаос проблемасын талқылауды да алдарына қойды. Мұнда Франция президенті АҚШ-тың Лаос проблемасын әскери күш қолданбай шешуді ұсынып, Францияның дипломатиялық қолдауына сенім артуына болатындығына сендірді. Ал, Франция әскерлерінің Лаостағы әскери әрекетіне қатысуына де Голль қарсы болды. Тек мынадай кеңес берді: “…яғни, бейтараптылық бағытын ұстануға сүйенген коалициялық үкіметті Лаоста қалыптастыру керек”,-дейді. Мұндай жағдайға АҚШ президенті үйренбеген болатын. Сондықтан, Джон Кеннеди Батыс Европада жаңа кезеңнің басталғанын түсінді.

Бұл мәселе НАТО проблемаларын талқылау кезінде де айқын көрініс берді. Онда АҚШ-тың сыртқы саясатын Европа анохраниз деп жариялағаны белгілі болды. Сол кезде Джон НАТО эгидасы арқылы теңіз ядролық қаруын құрып, оны бақылауды АҚШ, Франция, Англияға берілетіндігін атап өтті. Әлемге деген бұл қауіпті іс НАТО-ның мүшесі болып отырған Герман Федеративтік Республикасының да ядролық қаруға қол жеткізуін мақсат етті. Ал, де Голль болса бұл ұсыныспен де келіспеді. Сонымен, Кеннедидің Парижге ресми сапары өз нәтижесін бермеді. Ол туралы 1961 жылы 2 маусымда өткен үндеуде келтірілді /15,228/.

Де Голль өзінің мемуарында былай дейді: “АҚШ Франция тәуелсіздігін ескеріп, ойларымызбен санасуы керек. Кеннеди өз әрекетін білдіретін қадам жасады. Париж Вашингтонмен келіссөз жүргізгенде өз саясатының иесі ретінде көрінуі қажет”. Сонымен қатар, де Голль АҚШ-тың БҰҰ-ның астарымен Лумумба үкіметін ығыстыру саясатына да қарсы болды. АҚШ Кубамен қатынасты үзіп, Францияның да солай істеуін талап етті. Алайда, Франция Гаваньдегі өз елшілігін сақтап қалып, Кубамен сауда жүргізуде эмбарго енгізуінен бас тартты.

Ал, Кеннеди мен де Голль арасындағы қарама-қайшылықтың негізгі мәселесі-Вьетнам қатынасындағы саясаты жайлы болды. Кеннеди АҚШ-тың Оңтүстік Вьетнамдағы азамат соғысына қатысуын кеңейтейін деп жатқандығын де Голльге хабарлады. Де Голль өз кезегінде елдің ұлттық тәуелсіздігі үшін күресі қызған шақта жетістікке жету мүмкін еместігін білдірді. 1961 жылы 11 ақпанда Кеннеди Ақ үйде Венада Кеңес үкіметі басшысымен кездесу мәселесін алға қойды. АҚШ президентінің КСРО министрлер кеңесінің өкілі, СОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Хрущевпен Венадағы кездесуі 3 мамырда болып, ол екі күнге созылды. Кездесу барысында екі жақ та өзара қатынасты дамыту мәселелерін де, ірі халықаралық мәселелерді шешуді де қарастырды.

Сол кездегі көзқарас бойынша, Кеннеди халықаралық қысым империалистік мемлекеттің экспанциялық сыртқы саясатынан емес, яғни коммунизм идеясының әлемде таралуынан деп атап көрсетті. Оның ойынша, коммунисттер Батыс қоғамына жақын “еркін жүйені” жоюға ұмтылады. Бұдан Кеннедидің халық арасында социализм мен коммунисттік идеологияның таралуына қарсы пікірі де болды. Осы кездесуде екі жақ та зымыран-ядролық соғыстың болдырмау мүмкіндіктерін қарастырды. Ал Кеннеди өз кезегінде Венадағы кездесуге үлкен мән берді. Америка президентіне маңызды халықаралық проблемаларды шешудің конструктивті бағдарламасын ұсынды:

  • Герман бейбіт келісімі;
  • Европадағы шекара мәселесі;
  • Жалпыға ортақ қарусыздану мәселесі.

Мұның бәріне екі жақ та өз дегенінше қарсы болды. Ал Лаос мәселесін Кеңес Одағымен талқылағанда, Кеңестер Лаосты тәуелсіздік алып, шетел интервенциясынан қашып құтылудың барлық мүмкіндіктерін жасағанымен, Кеннеди Лаоста коалициялық үкімет құруға қол жеткізді. Лаос мәселесі бойынша Женева келіссөзі америка делегациясының бағытын бекітті /33,89/.

1961 жылы 13 тамызда ГДР Батыс Берлин шекарасында бақылау орнатуда өзінің зайырлы құқығына сүйенді. Бұған АҚШ үкіметі қарсы болып, ГДР-дың ішкі ісіне араласуға ұмтылды. 17 тамыз күні АҚШ Кеңес Одағына Берлиннің Шығыс бөлігін ГФР-дың астанасы ретінде мойындамайтындығы жайлы нота жіберді. 18 тамыз күні Кеңес Одағы жауап ретінде ГДР-дың ішкі ісіне араласпау керектігі туралы нота жібереді. Сонымен осы кезде АҚШ, Ұлыбритания  Батыс Берлин жеріне әскер кіргізеді. Сонымен бірге, вице-президент Джонсон мен генерал Клейды да жібереді. Кеңес Одағы ГДР-ге көмек көрсете отырып, Варшава келісімшарты ұйымының елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне шешім қабылдады. Бұл АҚШ пен оның НАТО бойынша одақтастарының Берлинде қалыптаса бастаған жағдайымен келісуіне мәжбүр болды.

Осы кезде АҚШ-тың Оңтүстік Вьетнамда әскерін енгізуі күшейді. Тынық мұхит ауданында Пентагон жағдайындағы ядролық сынақ жүргізіп жатты. Сонымен қатар, Женевада қарусыздандыру бойынша келіссөздер жүргізді. Осы кезде АҚШ конгрессі кубалықтарға қарсы соғыс резолюциясын да қабылдайды.

Елде осы 60-шы жылдардың басында демократтар әкімшілігінің саясатына қарсы қайшылықтар пайда болды. Ал сыртқы саясаттағы АҚШ-тың ең басты қарсы бағыты бұрынғыдай Кеңес Одағы болып қала берді. Бұл екі жақты шиеленіс енді 1961-1962 жылдардың ортасында Куба еліне байланысты туындады. 1961 жылы американ корабльдері мен әскери әуе күштері Куба территориясына кубалық десанттар әкеліп түсірді. Осыдан кейін АҚШ Кубадағы революцияға аяусыз саясат жүргізді.

 Ал КСРО үкіметі Кеннедидің бұл саясатын тиімді пайдаланып, және Н.С.Хрущев те оның жастығын ескере отырып, өз үстемдігін жүргізуді қолға алды. Осындай мақсатпен 1962 жылы қыркүйекте Кеңестер Куба жеріне орташа қашықтықтағы ядролық-зымыран орнатады. Оған жауап ретінде Кеннеди үкіметі 1962 жылы қазан айында Кубаға қарсы әскери-теңіз блокадасын жариялайды. Тек өзара ұстамдылықтың өте қауіпті кезінде ымыраға келеді. Кеңес Одағы өзінің ядролық-зымыранын алып шығуға уәде береді /16,21/.

Сонымен, осы 1962 жылғы Кариб дағдарысынан кейін АҚШ үкіметінің басшылары мен КСРО үкіметі басшылары екі ел арасындағы ара-қатынасты соншалықты қауіпті шегіне дейін жеткізбеу керектігіне көздері жетті. Ал, АҚШ үкіметі өзінің Латын Америкасы елдеріне жүргізген саясатын Кеннеди әкімшілігінің “прогресс үшін одақ” бағдарламасымен осы елдерге көмек ретінде жүргізді. Құрама Штаттар тарапынан бөлінген ірі қаржы қоры Латын Америкасы елдерінің әлеуметтік-саяси өмірін орнықтыру, жергілікті буржуазиялық либералды-реформалық позициясын күшейту, мұндағы кубалық революцияның әсерін әлсіретуге жұмсалды.

Кейін келе ,американ үкіметінің Кеңес Одағына деген көзқарасы өзгере бастады. Әсіресе оны 1963 жылы 10 мамырда президент Джон Кеннедидің Вашингтон университетінде сөйлеген сөзінен байқауға болады, онда ол басты халықаралық мәселелерді әскери емес, бейбіт жолмен шешуге болады, яғни Америка “жер бетіндегі кез-келген жүйедегі елмен бейбіт түрдегі мақсатпен жарысуға әзір”,- деп баяндады. Осы жылы 5 тамыз күні КСРО, АҚШ және Ұлыбритания арасында сыртқы істер министрлері- Кеңес Одағынан Гомыко, американдық Гарримон, ағылшын лорды Хемием ядролық-зымыран қаруын ауада сынақтан өткізбеу туралы келісімге қол қойылды.

1963 жылғы Джон Кеннеди әкімшілігінің сыртқы саясатын әлем халықтарының көбісі қолдады. Алайда, елдің ішіндегі екі партияның әскери басшылығы мен консервативті топтары оның бұл саясатын қолдаған жоқ. Олар Кеннедиді Американың әскери күш-жігерін әлсіретіп, елдің ұлттық мүддесін аяққа таптады деп айыптады.

Әсіресе Д.Кеннедидің сыртықы саясатында АҚШ пен КСРО арасындағы алғашқы бейбіт келіссөздерінің басталуы АҚШ-дағыірі өнеркәсіп компанияларының басшыларына ұнамады. Бұлар Д.Кеннедидің жеке өміріне қастандық жасау туралы да айта бастаған еді. Бұл сәт те көп ұзамаған болатын.

1963 жылы 22 қараша күні сағат 11.35-те Даллас әуежайына АҚШ-тың  2 әскери әуе-күштері ұшағы келіп қонды. Мұнымен вице-президент Линдон Джонсон келген болатын. Ал 5 минуттан соң № 1 ұшақпен АҚШ-тың президенті Джон Кеннеди келді. Бұл жерге оның сапар шегуінің басты себебі-1964 жылы болатын кезекті сайлау науқанына байланысты Оңтүстік штаттарда өз ықпалын нығайту болатын.

 Президенттің машинасы қаланың сауда ауданы, негізгі Мэйн-стриттен соң оңға Хьюстон-стритке келеді, алда Эльн-стрит тұрған болатын. Тап осы жерде қызғылт кітап қоймасы маңынан, мемлекеттік уақыт бойынша 12.30-да президентке оқ атылды. Порклэнд емханасына жеткізілген президент 13.34-те қайтыс болды. Д.Кеннедиге қастандық жасалынып өлтіріледі. Алайда, Оның өлімі күні бүгінге дейін жұмбақ болып қала берді. Қорыта айтқанда, Джон Кеннеди аз уақыт аралығында ел басқарғанына қарамастан, елдің сыртық істеріне қатысты мәслелерді біршама болса да шешіп, ел игілігі үшін қызмет атқарған еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Біздің диплом жұмысын жазу кезіндегі зерттеулеріміз, ой-түйсіктен өткізіп, талдауымыз төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

ХХ ғасыр “Америка ғасыры” деп аталды. Дегенмен, Америка Құрама Штаттары дүниежүзі елдері алдында өзінің күшті беделін көрсеткенмен де елдің ішкі саяси-әлеуметтік өмірінде айтарлықтай шиеленістер болғанын байқау қиын емес.

Диплом жұмысымызда Джон Кенедидің Ақ Үйге келгенге дейінгі өзінің саяси қырынан көсетіп, оның атқарған істеріжан-жақты қарастырылды. Атап айтар болсақ, Джон Кеннеди тумысынан саясатқа жақын оотбасының ортасында дүниеге келді. Мектеп қабырғасында жүрп қоғамдық пәндерге, әсіресе тарих пен саясат мәселесіне жіті көңіл бөлді. Бұл болашақ ел президенті болуына діңгек қалап жатқан еді. Европа елдрінде болып, Гарвард, Лондон университетерінде білімін шңдады.

Ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жас Кеннеди демократиялық партияның алдыңғы қатарынан көрінген саясаткер болды. Партия жұмысына араласқан ол елі ішідегі жағдайлар мен түрлі реформалардың дұрыс немесе бұрыс екендігін салмақтаумен болды. Соғыстан кейінгі дүние елдерінің экономикасының күрт төмендеуі АҚШ елінде де орын алды. Бұл мәселеден құтылудың жолдары сол тұстағы ел саясатына араласушылардың негізгі ой-түтклі болған еді. Өз кезегінде конгрессмен, сенатор, губернатор, вице-президент, президенттікке кандидат болған Джон Кеннеди демократиялық партияның көрнекті жетекшілерінің бірі болды.

Тумысынан ірі саясаткер Дж.Кеннеди билігі тұсында АҚШ экономикасы жағынан да, саяси жағынан да біршама жетістіктерге қол жеткізді. Ол елдің ішкі саясатында бірнеше ірі реформалар жүргізді. «Жаңа шептер» деп аталатын өзінің реформалық бағдарламасы ел экономикасын қайта жандандыру жолындағы негізгі бағыт болды. Соған орай ол алғашқы кезекте нарықтық экоомика мен демократияға басты азар аударды. Елдегі шикізаттың басым бөлігін әскери сала мен қорғаныс саласына жұмсау арқылы америка имперализмін әлем алдында танытуды көздеді. Сондай-ақ ел ішіндегі жұмыссыздар санын азайту мен оларға уақытша көмек ақшасын беру, фрмерлерге жағдай жасау, еңбекшілер жалақысын көтеру, тіпті тікелей мемлекеттің араласуымен арзан тұрғын үйлер салу ісін қолға алды.

 Осы кезде Джон Кеннеди нағыз саясаткер тұрғысында алға шығып, сайлаушылардың көпшілігінің қолдауына ие болды. 1962 жылғы экономикалық деңгейдің алға қарай дамуы, монополияның өсуі, әкімшілік бірқатар мәселелердің шешімінің табылуы оның позициясын одан әрі бекіте түсті.  

Елдегі кезекті президенттік сайлау науқаны кезінде демократтарды кәсіподақтар да белсенді түрде қолдап, Джон Кеннедидің жеңісіне үлкен үлестерін қосты. Билік басына келер алдындағы Джон Кеннедидің “жаңа шептер” саясаты көпшілікке таныла бастады. Мұнда, яғни “жаңа шептер” саясатындағы ең маңызды орынды АҚШ қоғамында ұзақ жылдарға дейін шешімін таппай келе жатқан қара нәсілділер мәселесі ауқымды түрде алға тартылды. Әрине, Кеннедидің көзі тірісінде қара нәсілді халықтың проблемасы толық шешіліп, оларға байланысты нақты заң жобасы қабылданды деп айтуға болмайды. Бірақ сонда да әкімшілікте қара нәсілділер мәселесінің басты стратегиясы мен тактикасын, яғни оны шешу жолдарын, әкімшілік аумағында қалдырмау да үлкен маңызға ие болды. Тіпті ел басына келгенен кейін ақ нәсіл мен қара нәсіл өкілдерінің ьөлініп оқуына да қарсылық көрсетті. Оның бауыры және әділет министрі Роберт Кеннеди де осы ұсынысты қолдап, елдегі ақ жәе қараларды бөліп оқыту мен қоғамдық орындарда бөліп қызмет көрсетуге қарсы болды. Алайда Джон Кеннеди үкіметі қара нәсілділердің мәселесін шеше алған жоқ. Оған үлкен күш салғаныменАл сыртқы саясаттағы жағдайында сол кездегі “қырғи-қабақ соғыс” кезіндегі халықаралық қатынастағы шиеленістерді одан әрі өршітпей, оның бейбіт жолмен шешілуіне үлкен көңіл бөлді. Оның бәрі Кеннедидің президенттік қызметімен тікелей байланысты “Жаңа шептер” бағдарламасында экономикалық, саяси, дипломатиялық, идеологиялық, мәдени мәселелердің ауқымын “бейбіт” түрде шешу ғана емес, сонымен бірге американ қоғамының мүддесін қорғауға арналған жаңа тәсілдер де қарастырылды. Дегенмен, аталынып отырған афро-американдық мәселеге қатысты заң жобасын ұстьанғанымен, өнің көзі тірісінде бұл мәселе шешімін таппады. Ео ел мұддесі үшін қызмет атқара білді және ежелден келле жатқан қара нәсілділерге қатысты тартысты істі аз да болса шамасы келгенше шешуге күш салып, олардың басқа халықпен тең құқылы екендігін түсіндірумен болды.

Сонымен қатар, Дж. Кеннедидің “жаңа шептер” концепциясында сыртқы саясатқа байланысты маңызды мәселелер ұсынылған болатын. Дж. Кеннеди әкімшілігі дамушы елдерге экономикалық көмек көрсету арқылы бұрынғыдай АҚШ-тың әлемнің барлық жерінде болатын шешуші соғыстарына араласу мүмкіндігіне қол жеткізуге тырысты. Ал сыртқы саясаттағы жағдайында сол кездегі “қырғи-қабақ соғыс” кезіндегі халықаралық қатынастағы шиеленістерді одан әрі өршітпей, оның бейбіт жолмен шешілуіне үлкен көңіл бөлді. Қарусыздандыру мәселесіне көңіл бөле отырып, ел тұрақтылығы мен сыпртқы саясаттағы шиеленістердің болмауына күш салды. Оның бәрі Кеннедидің президенттік қызметімен тікелей байланысты.

Жалпы айтқанда, Дж. Кеннедидің “жаңа шептер” деп аталатын американдық сыртқы саясаты-социалистік жүйенің одан әрі кеңеюін тоқтату мен социалистік елдердің достастығына қарсы бағытталған бағдарламасы ретінде көрініс тапты.

Кеннеди әкімшілігі өзінің ішкі және сыртық саясатында ұзақ уақыт тоқырауда тұрған американ қоғамының әлеуметтік-экономикалық жағдайын қысқа мерзімде қалпына келтіріп, бірқатар шараларды жүзеге асырды.Сонымен, аз уақыт қана ел билігін үстап, президент ретінде елдің ішкі және сыртқы саясатына барынша күш салып, ел мүддесі үшін аянбай қызмет еткен ел президентінің өмірі қысқа болып, қастандық құрбаны болған еді. Алайда оның істеген игі іс-шаралы ел тарихында өзіндік із қалдырған еді.

Сол себепті де АҚШ тарихында президенттік қырымен қатар, реформатор, саясаткер, дипломат ретінде танылған Джон Кеннедидің өмірі мен қызметіне, атқарған жұмыстарына баға бере түсу қажеттілігі әлі де болса өз мәнін жоймақ емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

 

  1. Болховитинов Н.Н. США: проблемы истории и современная

           историография. -М.: Наука,  1980.С -470.

  1. Далин С.А. США: послевоенно-государственно монополистический

           капитализм.- М.: Наука, 1973.С -380.

  1. Шлепаков А.Н. США соц. структура общества и его национальный

           состав. -М.: Наука., 1976.С – 276.

  1. История рабочего движения в США в новейшее время. Сборник

           документов. — М.: Наука, 1983.С-322.

  1. Андросов В.П. Профсоюзы США в условиях государственно-

           монополистического капитализма.  – М.: Политиздат,1972.С– 374.

  1. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. -М.: Наука, 1968.С –

           340.

  1. Тимофеев Т.Т. Негры США в борьбе за свободу: негритянское

           движение в США после второй мировой войны. – М.:1967.С -270.

  1. Мостовой Н.В. Прогрессивные силы США в борьбе за мир. – М.:

            Политиздат.,1961.С -192.

  1. Меньшиков А. Экономическая политика правительства Кеннеди

           (1961-1963гг).- М.: Наука,1964.С -243.

  1. Зорин В.С. США: проблемы внутренней политики. М.: Наука,

             1974.С -391.

  1. Нитобург Э.М. Борьба черных американцев против расизма и за

            равноправие.- М.: Наука, 1976.С -324.

  1. Савин М.С. США: поход против подлинных прав человека. –

             М.:Юридическая литература, 1983.С -284.

  1. Королева П.А. Расовые войны и расовые компромиссы. – М.:

              Политиздат,1987.С -332.

  1. Громыко А.А. Братья Кеннеди. -М.:Наука, 1985.С – 477.
  2. Иванян Э.А. Белый дом.: президенты и политика. -М; С-427.
  3. Броган Х. Джон Кеннеди. – М.: Политиздат.,1997.С – 290.
  4. Гаджиев К.С. Американская нация: национальное самосознание и

            культура.-М.: Наука, 1990С-341.

  1. Конституция зарубежных стран. — М.:Юридическая литература,

            1971.С -542.

  1. США: Конституция и права граждан. — М.:Юридическая литература,

             1987.С-386 .

  1. Кинг М.Л. Есть у меня мечта… Избранные труды и выступления. –

                     М.: Политиздат., 1970.С -286.

  1. Арбатов Г.А. Идеологическая борьба в современных

            международных отношениях. – М.: Политиздат, 1997.С-377.

  1. Гаджиев К.С. США: эволюция буржуазного сознания. -М.: Наука,

             1981.С -306.

  1. Геевский И.А. Национальный вопрос в общественно политической

            жизни США. — М.:Юридическая литература,1985.С -341.

  1. Геевский И.А. Права человека: риторика Вашингтона и

            американская реальность. – М.: Политиздат, 1981.С -279 .

  1. Митрохин Л.Н. Американские миражи. – М.: Политиздат, 1965.С –

             312 .

  1. Нитобург Э.Л. Черные гетто Америки. – М.: Политиздат, 1971.С –

            329.

  1. Аптекер Г. Американский негр сегодня. – М.: Госитиздат, 1963.С –
  2.  
  3. Олещук Ю.Ф. Президент Кеннеди и негритянская проблема. –

            М.:Юридическая литература, 1972.С -333.

  1. Митрохин Л.Н. Негритянское движение в США идеология и

            практика. – М.: Политиздат.,1974.С-362 .

  1. Гаджиев К.С. Эволюция основных течении американской

           буржуазной идеологии. 50-70 гг. -М.: Наука, 1982.С -329 .

  1. Геевский И.А., Смелов В. США: тайная война против

            инакомыслящих. – М.: Политиздат,1978.С -291.

  1. Геевский И.А. Черная сотня Америки. -М.: Наука, С -348 .
  2. Никонов В.А. От Эйзенхауэра к Никсону. -М.: Наука, С -288.
  3. Геевский И.А. США: негретянская проблема. Политика Вашингтона

            в негретянском вопросе (1945-1972гг).- М.: Наука,  1973.С -242.

  1. Иванян Э.А. От Джорджа Вашингтона до Джорджа Буша: Белый

            дом и пресса. -М.: Наука, 1991.С -414.

  1. Зубок Л.И., Яковлев Н.Н. Новейшая история США. М.: Наука,

            1972.С -382 .

  1. Баграмов Э.А. Национальный вопорс и буржуазная идеология. – М.:

            Политиздат, 1966.С -289.

  1. История США: 1945-1980гг. Т. 4.- М.: Наука, 1983.С -449 .
  2. Иели С. Из истории забастовочного движения в США. –

            М.:Юридическая литература, 1970.С-274.

  1. Лайтфут К. Права человека по Американскии. – М.:

             Политиздат.,1983.С 287.

  1. Моррис Д. Основные проблемы рабочего движения в США. — М.:

             Наука, 1961.С-327 .

  1. Экономическая политика правительства Кеннеди. — М.:Наука,

            1964.С-327.

  1. Яковлев А.Н. Идеология Американской “империи”. – М.:

            Политиздат, 1964.С -304 .