АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Экологиялық қылмыстың түсінігі және түрлері

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

Әл−Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

Заң факультеті

Қылмыстық құқық және криминалогия кафедрасы

 

 

ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫС

 

Экологиялық қылмыстың түсінігі және түрлері

 

Алматы, 2009

Реферат

     Диплом жұмысының тақырыбы: “ Экологиялық қылмыстың түсінігі және түрлері

     Диплом жұмысы бір – бірімен тығыз байланысқан әрі логикалық негізде құрылған кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

     Бірінші тарауда экологиялық қылмыстың түсінігі, басқа қылмыстық құрамдардан айырмашылығы, экологиялық қылмыстардың жүйесі мен ерекшеліктері кең көлемде қарастырылған.

     Екінші тарауда экологиялық қылмыстардың белгілерінің құқықтық сипаттамасы ретінде оның объектісі және объективті жағының құқықтық мәселелері және субъектісі мен субъективтік жағының құқықтық проблемалары жан жақты, жүйелі түрде талқыланған.

     Үшінші тарауда экологиялық қылмыстарды саралаудың түсінігі, оның түрлері және кейбір тәжірибелік мәселелері көрсетілген. Жұмыстың көлемі 68 бет.

     Диплом жұмысын жазу барысында құқықтық нормативтік актілер, арнайы әдебиеттер қолданылған.

    Дипломдық жұмыста Қазақстан және ТМД ғалымдарының ғылыми- зерттеу еңбектері кең көлемде пайдаланылды.

 

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………

 

I-тарау  экологиялық қылмыстарға түсінік.

  • экологиялық қылмыстардың түсінігі және басқа да қылмыстық құрамдардан айырмашылығы………………………
  • экологиялық қылмыстардың түрлеі………………………………..

 

II- тарау Экологиялық қылмыстардың белгілерінің құқықтық сипаттамасы

2.1. Экологиялық қылмыстардың объектісі және объективтік жағын анықтаудың кейбір құқықтық мәселесі…………………………………..

2.2. Экологиялық қылмыстың субъектісі мен субъективтік жағының кейбір құқықтық мәселелері…………………………………………………..

 

III тарау Экологиялық қылмыстарды саралаудың құқықтық проблемалары

3.1 Экологиялық қылмыстарды саралаудың түсінігі ……………..

3.2 Экологиялық қылмыстарды саралаудың түрлері ……………..

 

Қорытынды ………………………………………………………………………….

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ………………………………………….

 

 

 

 

Кіріспе

 

Дипломдық  жұмыс  тақырыбының  өзектілігі

       Елімізде  экологияны  қорғау  тек  біз  ғана  емес  сонымен  қатар  көрші  шет  елдерге  де    ерекше  маңыз  болып  отыр. Экологияны  қорғау  туралы  Қазақстан  Республикасының    Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  2008  жылғы  халыққа  жолдауында    атап  көрсеткен.

      Бүгінде  қоғамымызда  жаңа  қоғамдық  қатынастардың  пайда  болуы, мемлекетімізде    қылмыс  құралдарының  пайда  болуына  әкеп  соқтырып  отыр. Жиырмасыншы   жүзжылдықта  халық  санының  өсуі ,  ғылыми — техникалық  жаңалықтардың  ашылуы,  өз  кезегінде  табиғи  байлықтардың  жойылуына, қоршаған  ортаның  ластануына әкеп    соқтырып  отыр.

      Табиғи  ресурстар  материалдық  өндірістің  өсуіне,  нарықтық  қатынастардың  одан  әрі    дамуына  және  жетілдіріле  түсуіне  ықпал  жасайтын  өндірістік  күштердің  құрамды    бөлігі  болып  табылады.  Табиғатпен  өзара  қарым  – қатынас  жасап,   сан – алуан  іс  — әрекетке  бара  отырып,  адамдар  бір  жағынан  оған  ықпал  етеді,  яғни  басқаша  сөзбен    айтқанда,  оны  өзгертеді,  сондай  – ақ  оны  қайта  өзгерту  барысында  өзі   де    өзгерістерге   ұшырайды.  Қоғам   мен  табиғаттың  бір – біріне  деген  өзара  әсер  ету    процесі  жүреді.

     Қазақстан  Республикасы  —  табиғи   ресурстармен  қамтамасыз  етілген  әлемдегі  ең  бай    мемлекеттердің  бірі.  Алайда  біздің  еліміздің  табиғи   ресурстарының   соншама    молдығына  қарамастан , оған  қамқорлықпен  қарау  қажеттілігі  әрқашан  туындап    отырады.  Әрине,  қоғамның  қазіргі  дамуы  табиғи  ресурстардың   шаруашылық    мұқтаждықтарына  белсенді  түрде  пайдаланылуына  сүйенеді.   Бұл  процесс  нарықтық    қатынастар  дами  түскен  сайын  одан  әрі  күрделене   береді.  Көрініп  отырғандай,   судың  тапшылығы   ұзақ  уақыт  бойы  өзекті  болып   қала   береді.

      Қазіргі  таңда  адамдарға   тиесілі   ресурстардың   көбісі   толығымен   қолданысқа   алынған,  өмір  сүру  ортасының   нашарлауы,  құрлықтардың   химиялық   және   радиоактивті   заттармен   улануы,  климаттың   өзгеруі,  өсімдіктер   мен   жануарлардың    азаюы  орын   алып   отыр.  Осы   туындап   отырған   жағдайдың   арқасында   жер    бетінде  табиғи   реакцияның   бұзылуына,  адамдар   арасында   түрлі – түрлі    аурулардың  пайда   болуына   апарып   отыр. /1 ,с.1/

      Бұл   жағдай   біздің   елімізге   де   қатысты   болып  отыр.         1992  жылы  18  қаңтардың    № 1162 – XII   Жоғарғы   кеңестің  қаулысы    бойынша    Арал   аймағы   экологиялық    апат   аймағы   болып   жарияланды.  Аталған   аймақ   қалпына   келтіруге   келмейтін,   Арал  теңізі   және   ондағы   аймақта   тұратын   халықты   әлеуметтік  қорғау   үлкен    проблема   болып   отыр.

      Аймақтың  тағдыры  аса   күрделі   экологиялық   ақуалмен   анықталатын  болады.  Табиғи, оның  ішінде, энергетикалық  ресурстар  үшін  өршіп  тұрған  күрес  жағдайында  Орталық  Азия  ерекше  ынта  туғызып  отыр. Табиғи  байлықтардың – мұнай  мен  газ, түсті  және  өте  сирек  кездесетін  металдар, алтын  күміс, уран  және  басқа  кендердің  мол  қорын  иелік  етуге  әлемдік  державалардың  ынтасы  тууда, аймақтың  дүниежүзілік  экономикадағы  маңызын  арттыра  түсуде. /2.с.5/

      Статистикалық  мәліметтерге  сәйкес  әрбір  үшінші  өндіріс  ортасы  заңды  сақтамайды. Мысалы, Қарағанды  облысын  алып  қарасақ, бұл  аймақта  426  ластаушы  өндіріс  ортасы  бар  екен.  Облыс  бойынша  Теміртау  қаласы  бірінші  орында  тұр. Жыл  сайын  Қарағанды  облысы  бойынша  112 млн. тонна  өндіріс  қалдықтары, металлургиялық  шлактар  шығарылады. Тап  осындай  жағдай  Республиканың  басқа  да  аймақтарында  туындап  отыр. Қызылорда, Оңтүстік  Қазақстан, Жезқазған, Батыс  Қазақстан  облыстарында  соңғы  15 жыл  ішінде  түрлі  жұқпалы  аурулардың  күрт  көбеюі  байқалды. Химиялық  радиоактивті  және  биологиялық  заттарды  өндіру  мен  пайдалану  кезінде  экологиялық  талаптардың  бұзылуы  нәтижесінде  Қазақстан  Республикасы  аумағында  улану, сәулелену  көздері  пайда  бола  бастады.

      Бірнеше  қоршаған  ортаға  қауіпті  ірі  өндіріс  орындары  экологиялық  сараптамадан  өткізілінбей  жобаланып, орналастырылып  жатыр.

      Осыған  орай  қазіргі  таңдағы  актуальді  мәселелердің  бірі  екені  сөзсіз.

      Сондықтан  осы  проблемаға  байланысты  өз  кезегінде  зерттеуді  талап  етеді.

      Сондықтан  ғалымдардың  бүкіл  қоғамның  табиғи  ресурстарын  пайдаланудың  адам  үшін  қажеттілігі  мен  табиғи  ортаны  қорғаудың  қажеттілігі  арасындағы  қарама – қайшылықтарға  байланысты  дабыл  қағуы  өте  орынды  болып  табылады. Осыған  байланысты  зор  маңызды : табиғи  ресурстарды  өте  көп  мөлшерде  шаруашылық  мақсатқа  пайдаланудың  қоршаған  ортаға  тигізетін  теріс  зардаптары  мен  залалдарын  жеңілдету, барынша  азайту  және  табиғи  байлықтарды  молайту  жөнінде  қамқорлық  жасау  міндеті  туындайды. Табиғатты  тиімді  түрде  үнемді  пайдалану  және  оны  қорғау  шаралары, оның  ресурстарын  пайдалану  кезіндегі  тепе – теңдікті  белсенді  түрде  сақтау, қоршаған  табиғи  ортаны  жақсарту, ал  бұл  талаптар  бұзылған  жағдайда  оны  қалпына  келтіру  жөнінде  пәрменді  шараларды  жүзеге  асыру  қажеттігін  туындырып  отыр.

       Табиғатты  қорғау  және  оның  байлығын  тиімді  пайдалану  мәселесін  шешуді  қамтамасыз  ететін  әдіс – тәсілдер  жүйесін  жасауға  әр – түрлі  құқықтық  институттар  белсенді  түрде  қатысады. Олардың  бәрінің  де  маңызды  мән – жайы  бар  және  экологиялық  дағдарыс  мәселесін  шешуге  белгілі  бір  дәрежеде  ықпал  жасайды. Алайда, олар  тигізетін  ықпалдар  табиғатты  қорғау  орындарының  өзара  қарым – қатынасын  дамыту  мен  жетілдірудегі  мемлекеттік  басқарудың  ролін  көтеруге  негізделуі  тиіс.

       Жер  мен  оның  қойнауын, ормандар  мен  су  байлықтарын  заңды  тұлғалар  мен  жеке  азаматтардың  ұтымды  пайдалану  жөніндегі  қызметіне  бақылау  жасаудың, есеп  жүргізудің  белгілі  бір  тәртібін  енгізе  отырып, мемлекеттік  басқару  институты  іс  жүзінде  табиғатты  пайдалану  мен  оны  қорғауды  қамтамасыз  етудің  барлық  саласын  қамтиды. Сонымен  қатар, қоршаған  табиғи  ортаның  сапасын  қамтамасыз  ету  мемлекет  пен  оның  органдары  жүргізетін  шараларының  жүйесіне  тікелей  байланысты. Осы  жәйттің  өзі  қоғамдық  қатынасқа  қатысатын  субъектілердің  ерекше  құқықтармен  қамтамасыз  етілуін  қажет  етеді. Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алғаннан  бері  табиғи  ресурстарды  ұтымды  пайдалану  мен  қорғау  саласындағы  мемлекеттік  басқаруды  одан  әрі  жақсарту  жөнінде  бірқатар  шаралар  қабылданды.

      1995 жылы  30 тамызда  қабылданған  “Қазақстан  Республикасының  Конституциясы”, Қазақстан  Республикасының  Заңы,  1997 жылы  15 – шілдеде  қабылданған  “Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы” ,  1997 жылы  15 – шілдеде  қабылданған  “Ерекше  қорғалатын  табиғи  аймақтар  туралы” , 1996 жылы  қабылданған  “ Жер  қойнауы  мен  жер  қойнауын  пайдалану  туралы” , 2003 жылы  26 – маусымда  қабылданған  Қазақстан  Республикасының  “ Жер  кодексі” , 2003 жылы  19 – шілдеде  қабылданған  Қазақстан  Республикасының  “ Орман  кодексі” , 2003 жылы  23 – шілдеде  Қазақстан  Республикасының  “ Су  кодексі” , 2007 жылы  қабылданған  “ Экологиялық  кодексі” , 1995 жылы  7 – шілдеде  қабылданған    Қазақстан  Республикасының  “ Мұнай  туралы” , 2001 жылы  23 – қаңтарда  қабылданған    Қазақстан  Республикасының               “ Жергілікті  мемлекетті  басқару  туралы” , 1998 жылы  26 – маусымда  қабылданған    Қазақстан  Республикасының  “ Ұлттық  қауіпсіздік  туралы” , 1998 жылы  23 – сәуірде  қабылданған    “ Халықтың  радияциялық  қауіпсіздігі  туралы”  Заңдарында, сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлықтарында  табиғатты  қорғау  қатынастарын  реттеу, табиғатты  қорғау  аясындағы  мемлекеттік  басқаруды  жақсарту  жөніндегі  нормалары  белгіленген. Бұл  құжаттарда  нарық  жағдайында  табиғи  ресурстарды  ұтымды  пайдалану  мен  қорғау  жөніндегі  қарым – қатынастың  құқықтық  негізін  жасауға  және  жерді, оның  қойнауын, ормандар  мен  суды  игеру  ісіне  шетелдік  инвесторларды  тарту  мәселесін  шешуге  талпыныс  жасалған. Дегенмен, жоғарыда  аталған  және  басқа  да  құқықтық  құжаттар  табиғи  байлықтарды  ұтымды  пайдалану  мен  қорғау  саласындағы  мемлекеттің  тарапынан  басқару  ісіне  байланысты  көптеген  мәселелерді  толық  шеше  алмаған. Оларда  әртүрлі  мемлекеттік  органдардың  табиғи  ресурстарды  басқару  жөніндегі  қызметтері  нақтыландырылмаған, сондай – ақ  көптеген  нормативтік  актілерде  табиғатты  қорғау  жөніндегі  қарым – қатынасты  реттеу  туралы  нақты  нормалар  белгіленбеген  болатын.

      Күні  бүгінге  дейін  тиісті  заңдар  игеруге  берілген  табиғи  ресурстар  мен  сол  игерудің  шаруашылық  нәтижелерінің  жағдайына  әлсіз  ықпал  жасап  отыр.

        Тақырыптың  зерттелу  деңгейі

        Экологиялық  қылмыстар, яғни  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  мемлекеттік  басқаруды  құқықтық  реттеудің  теориялық  мәселелері  көп  жылдардан  бері  заңгер  ғалымдардың  назарын  өзіне  аударып  келеді. Қазақстан  ғалымдары  бұл  мәселені  зерттеуге  зор  үлес  қосқаны  баршаға  мәлім.  Мәселен, С.Б. Байсаловтың,                     Н.Б. Мұхитдиновтың,          Д.Л. Байдельдиновтың,  А.Н. Ағыбаевтың,  Г.И. Баймурзиннің,  И.И. Роговтың,  Ә.С. Стамқұловтың, К.А. Шойбековтың,  Ә.Е. Ереновтың,  Ә.Е. Бектұрғановтың  еңбектері  табиғат  ресурстарын  қорғау, реттеу  мәселесіне  арналған.

Қоршаған  ортаны  қорғауды  құқықтық  реттеудің  кейбір  өзекті  мәселелері  Г.А. Аксененок,  О.С. Колбасов,  Н.И. Краснов,  А.В. Петров,  Ю.С. Шемшученко,  Б.В. Ерофеев,  С.А. Боголюбов,  А.М. Плешаков,  Ю.И. Ляпунов,  О.Л. Дубовик,  А.Э. Жалинский,  Э.Н. Жевлаков,  П.Ф. Повелицына  және  т.б.  сияқты  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достығы  елдері  ғалымдарының  еңбектерінде  зерттелген.

        Алайда  жоғарыда  аталған  ғалымдардың  көптеген  еңбектері  мемлекетіміздің  нарықтық  қатынасқа  өтуінен  бұрынғы  кезеңдердегі  зерттеулері  болғандықтан  оларда  қазіргі  жаңа  заң  актілерінің  ерекшеліктері  мен  жаңадан  қалыптастырған  ғылыми  көзқарастар  көрініс  таппаған.  Сонымен  бірге  мемлекеттің  нарық  жағдайындағы  табиғи  ресурстарды  пайдаланушылардың  қызметіне  араласуының  шегі  туралы  мәселелер  де  қажетті  деңгейде  талданып, зерттелмеген.

         Зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттері

          Зерттеудің  мақсаты  Республикамыздың  нарықтық  қарым – қатынасқа  көшу, табиғи  ресурстарды  игеруде, табиғат  ресурстарын  пайдалану  мен  қорғау  саласындағы, мемлекеттік  басқарудың  құқықтық  мәселелерін  кешенді  түрде  зерттеу, сонымен  бірге  осы  мәселелер  бойынша  заң  шығару  ісін  жетілдіру  жөнінде  нақты  тәжірибелік, теориялық  ұсыныстар  жасау  болып  табылады.

          Мақсатқа  байланысты  мынандай  міндеттер:

  • Экологиялық құқық  бұзушылықтарды  реттейтін  құқық  нормаларының құқық  жүйесіндегі  орнын  анықтау;

 

  • Табиғатты қорғау  қатынастарын  дамыту  мен  жетілдірудегі  мемлекеттік  басқарудың  ролін  көрсету  және  кетеру;

 

  • Нарық жағдайындағы  табиғи  байлықтарды  пайдаланушылар  қызметіне  мемлекеттік  органдардың  қазіргі  жүйесін  танып – білу  және  айқындау;

 

  • Жоғарыда қарастырылған  проблемалар  бойынша  табиғи  ресурстарды  қорғау  саласындағы  мемлекеттік  басқару  органдарының  қызметін  жетілдіру  мен  дамытуға, оның  тиімділігін  арттыруға  бағытталған  қағидалар  мен  тәжірибелік  ұсыныстарды  жасау  мен  оны  ашып  көрсету.

          Диплом  жұмысының  көлемі  және  құрылымы.

          Дипломдық  жұмыс  кіріспеден, алты  параграфты  қамтитын  үш  тараудан, қорытындыдан, нормативтік – құқықтық  актілер  мен  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінен  тұрады.

 

   І-тарау. Экологиялық  қылмыстар туралы жалпы түсінік және әртүрлі ғылыми     көзқарастар.

 

  • Экологиялық қылмыстардың ұғымы  және  басқа да қылмыстық құрамдарының   айырмашылығы.

 

     Экологиялық  қылмыстар  өзіндік мазмұны мен арнайы  белгілері  бар құқыққа қайшы іс-әрекет  болып табылады. Алғаш рет «экология» түсігін ғылыми айналысқа  өзінің 1866жылы «Жалпы морфология» деген еңбегінде Э.Геккель енгізген  болатын. /3, с.5/ Экология сөзі ұзақ уақыт бойы ғылыми пән тірі организмдермен қоршаған ортаның ара-қатынасын реттейтін биологиялық бөлімі ретінде қолданады.

       Соңғы үш онжылдықта «экология» ұғымы әлеуметтік ұғымға айнала бастады. Бұның себебі адамдардың  өмір  сүру  ортасының  өздерінің  жеке қызметтердің  арқасында  нашарлануы,  өндірістік  өндірістік  қызметінің сипаттының  өзгерімен,  табиғи  ресурстарды  пайдаланудың  жаңа жолдарының  пайда  болумен  тікелей  байланысты.   Қазіргі  жаңа  ұғымы бойынша  экология  қоғам  мен  қоршаған  табиғи  ортаның  байланысын реттейтін  ғылым  болып  табылады.

      Сонымен  қатар  көптеген  экологиядан  туынды  ұғымдар  пайда  бола бастады.  Олар:  адам  экологиясы,  экологиялық  қағидалар, экологиялық кризис, экологиялық  саясат  және  т.б. /4,с.6/.  Осыған  орай  әлеуметтік экология  қоғамда  ерекше  орынға  ие  бола  бастады.  Адамдар  арасында сұранысты,  моральдік  аспектілері  бар  ұғымға  айналып,  осыдан «экологиялық  этика», «экологиялық мәдениет», «экологиялық-құқықтық сана», тіпті «экологиялық наным-сенім» концепциялары пайда болды.

      Юриспруденция  саласында «экология»  термині  алғаш  рет  1972  жылы КСРО-ның  Жоғарғы  Сотының  Пленумындағы  табиғатты  қорғау  жөніндегі  заңдардың  қолдану  тәжірибесі  жөнінде  талқылауда О.С.Кольасовпен  қолданылады.  Ал  экологиялық  құқықбұзушылықтар жөніндегі  мәселелер  КСРО – ның  Жоғарғы  Кеңесінің “ О неотложных мерах  экологического  оздоровления  страны” ( 1989г.)  деген  қаулысында қарастырылды.

       Заң  шығару  деңгейінде  бұл  ұғым  “ Основах  уголовного законодательства  Союза  ССР  и  Республик” ( 1991г.) шықты.  Оның 3 бабында : екі  не  одан  көп  республикалардың  экологиялық   құқықтары  мен  мүдделері  жайлы, ал  27 бабында – экологиялық  қауіптің  төнуі  туралы жазылған.

      1992  жылғы  Ресейдің жаңа Қылмыстық Кодексінде экологиялық қылмыстарға  арналып  арнайы  тарау  берілген. Қазақстан Республикасының Жаңа  қылмыстық  Кодексінде  де  экологиялық  қылмыстарға  арнайы  тарау бар.

       Экологиялық қылмыс жөнінде бірнеше Кеңес дәуіріндегі заңгер ғалымдардың  берген анықтамалары айтарлықтай бар. Соның бірі В.В. Петров былай деген: экологиялық  құқық  бұзушылық – ол  айыпты, құқыққа қайшы, адам денсаулығына нақты қауіп төндіретін әрекет болып табылады./5.с.13./.

      Бұл жерде  экологиялық  құқықтық тәртіп деп  табиғат қорғау заңдарының  қызмет істеу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастарды түсінеміз.

      1998 жылы бұл мәселе  алғашқы орынға ие  болды. КСРО  Жоғарғы Кеңесі құқық қорғау органдарына “ экологиялық  құқық бұзушылық” ұғымын енгізу жөнінде бірнеше  тапсырмалар берді. Онымен қоса лауазымды тұлғалардың болған апаттардың экологиялық зардаптарын, тұрғылықты халықтың денсаулығы және өмір  сүру  ортасының  ластануы жайлы ақпараттарды  қасақана  жасырғаны  үшін  жауаптылық  мәселесі  жөнінде ұсыныстар берілді.

      Заң шығару  органының  бұл  шешімі  қылмыстық  құқық  теориясына “ экологиялық  қылмыстар” түсінігін  енгізу  арқылы, басқа  экологиялық құқық бұзушылықтардан айырмашылықтарын, сол сияқты қоғамдық қауіпсіздікке  қарсы  бағытталған  қылмыстардан, адамның  жеке басына және денсаулығына  қарсы  қылмыстардан, меншікке  қарсы  қылмыстардан, меншікке  қарсы  бағытталған  қылмыстардан  ажыратып  алуға үлкен септігін тигізді.

      Заң әдебиеттерінде табиғатты қорғау саласында экологиялық қылмыстарды анықтау жөнінде бірнеше көзқарастар бар. В.И. Андрейцев экологиялық қылмыстар деп – қоршаған табиғи ортаның табиғи ресурстарынпайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңмен белгіленген режимді бұзуға бағытталған әрекеттерді түсінуді айтады./6.с.23/.

      Э.Н. Жевлаковтың  айтуынша экологиялық қылмыстар – адамдардың өмір сүруінің биологиялық негізінде, өміріне, денсаулығына және шаруашылық қызметіне қол сұғушылық болып табылады. Экологиялық қылмыстар – бұл табиғат арқылы, оған әсер  ету негізінде  адамға қарсы бағытталған қылмыс деп түсіндіреді./7.с.38/.

      Табиғатты қорғау саласындағы  қылмыстар  туралы Ю.И.  Ляпунов  былай дейді: табиғи ресурстарға  қылмыстық заңда  көрсетілген қоғамға қауіпті,  айыпты іс — әрекет  арқылы әсер ету,  яғни  оны  басып алу ( билік ету), жою  ( құрту), бұзу  ( жарамсыз ету) /8.с.41/.

       Қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы қылмыстар – бұл қоғамға қауіпті, құқыққа қайшылығымен қоршаған ортаны қорғау немесе табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қауіп – қатерге төндіру не оған зиян келтіру деп  есептейді  И.М. Тяжкова. /9.с.18/.

       О.Л. Дубовик пен А.Э. Жалинский экологиялық қылмыс деп заңмен белгіленген қоғамға қауіпті әрекет ( әрекет және әрекетсіздік) арқылы қоршаған ортаға, оның компоненттеріне, адам өміріне қажетті және әлеуметтік құндылық  ретінде  саналатын  табиғи  объектілерге, оны қорғауға, ұтымды  пайдалануға  тигізетін  қолсұғушылықты  айтады. /10.с.21/.

       Табиғат қорғау саласындағы және оны ұтымды пайдалануға қарсы бағытталған қылмыстардың құрамдарын  талдау  арқылы  мынадай  анықтама жасауға болады дейді – П.Ф. Повелицына. Яғни экологиялық қылмыстар – бұл қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану ережелерін сақтауға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қарсы қарсы бағытталған қоғамға қауіпті  заңмен  белгіленген қолсұғушылықтар болып табылады.

       В.В. Петровтың ойы бойынша, экологиялық қылмыстар деп – белгіленген экологиялық құқықтық тәртіпке және табиғи ортаға, адам денсаулығына қол сұғатын қоғамға қауіпті іс — әрекет немесе осындай қауіп төндіруді айтады.

      Экологиялық  қылмыстардың  түсінігі  Қазақ ССР – нің Заңы “ Қазақ ССР – ғы қоршаған  табиғи  ортаны  қорғау  туралы” заңында  да  берілген. Ондағы 72 бапта: экологиялық  қылмыс деп  қоршаған  табиғи  ортаны қорғау заңда көрсетілген республикадағы экологиялық құқық тәртіпке, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға, не нақты қауіп төндіретін экологиялық зардап тудыратын қылмыстық заңмен  белгіленген қоғамға  қауіпті  іс — әрекет ( әрекет немесе әрекетсіздік) түсіндіріледі.

      Экологиялық  қылмыс дегеніміз қоршаған ортаға, оның ресурстарына халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, қылмыстық  заңға  қайшы іс — әрекеттер болып  табылады.

      Экологиялық  қылмыстардың  заты – нақты  табиғат  ресурстары; жер, су, ауа,  жануарлар  дүниесі,  орман – тоғай, мал т.б. болады.

       Экологиялық  қылмыстардың  топтық  объектісі қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолайлы табиғи жағдайларды сақтау және адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі экологиялық қылмыстарды реттейтін нақты қоғамдық қатынастар. Тікелей объектісінің ерекшеліктеріне байланысты. Қылмыстық кодекстің 11 – тарауындағы экологиялық қылмыстар мына төмендегі түрлерге бөлінеді: экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы ( 277 — бап); ықтимал экологиялық  қауіпті  химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы ( 278 — бап); микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің  бұзылуы ( 279 — бап); мал дәрігерлік ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы ( 280 — бап); экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде  шара қолданбау ( 294 — бап); Су және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар; суларды  ластау, бітеу және  сарқу ( 281 — бап); атмосфераны ластау (282 – бап); теңіз  аясын  ластау ( 283 — бап);

     Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелеріне қол сұғатын қылмыстар. Қазақстан Республикасының  құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы ( 284 — бап); жерді бүлдіру; жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу( 286 — бап);

     Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар: су  жануарлары  мен  өсімдіктерін  заңсыз  алу( 287 — бап); жануарлар  дүниесін  қорғау ережелерін  бұзу( 289 — бап); заңсыз  аңшылық ( 288 — бап);

     Өсімдіктер  дүниесін  қорғау  және тиімді пайдалану  ережелеріне қарсы қылмыстар: ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу ( 291 — бап); ормандарды жою немесе зақымдау ( 292 — бап);

      Ерекше табиғи – биологиялық  түрдегі  дүниелерді  қорғау  ережелеріне қарсы қылмыстар: жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін  және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз  іс — әрекеттер ( 290 — бап);  ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің  бұзылуы ( 293 — бап); Шаруашылық  және  өзге  де  қызметке  қойылатын  экологиялық талаптардың  бұзылуы ( 277 — бап);

      Қылмыстық  кодекстің 277 – бабында көрсетілген осы қылмыстың тікелей объектісі шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар, табиғат объектілерін сақтау, қоршаған ортаны жақсарту, халықтың экологиялық  қауіпсіздігін  қамтамасыз ету  мақсатын көздейтін  қатынастар  болып  табылады. /17.с.37/.

      Қылмыстың объективтік жағы табиғи ресурстарды пайдалану, кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді жобалау, орналастыру салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсіп,  энергетика,  көлік  пен  байланыс объектілерін, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектілерін пайдалану, қалалар мен  басқа  да елді  мекендерді   салу кезінде, әскери   және қорғаныс объектілеріне, әскери және ғарыш  қызметіне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы  үшін  жауапты  адамдардың  бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуір ластануына,  адамның денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар немесе  өсімдіктер дүниесінің  жаппай құрып кетуіне және өзге де ауыр  зардаптарға әкеп  соғуы  арқылы  сипатталады.

      Заңда  көрсетілген  шаруашылық  немесе  өзге  де  қызметті  жургізу  үшін  экологиялық   қауіпсіздіктің мынадай талаптарын  сақтау  қажет:  жобаны  техникалық-экологиялық   негіздеу,  жобалауды   қоршаған   ортаны  зиянды  қалдықтармен   ластауды  жою  шараларын  қатыстырумен  қоршаған  ортаны  пайдаланудың  тиімді  жақтарын  есепке  алу  қажет;  объектілерді  орналастыруға  табиғат  ресусрстарын  тиімді  пайдалану  жақтары,  экологиялық,  экономикалық,  демографиялық  процесстердің  даму  ерекшеліктері  еске   алынуы,  сондай-ақ  объектілердің   құрлысы құзіретті  мемлекеттік  органның  оны  жүргізуге  арнайы  түрде  берген  рұқсатын   алынғаннан  кейін   жүргізілуі  керек. /6,с.131/

      Объектілер  барлық  талаптар  орындалғаннан  кейін  ғана  пайдалануға  беріледі;  әскери және  қорғаныс  объектілері,  әскери  және  ғарыш  қызметіне  қойылатын   барлық  талаптар  орындалған   соң  іске  қосылады.

      Осы  қылмыстың  объективтік  жағы  ҚК-нің 277-бабының  диспозициясында  көрсетілген   шаруашылық  және  өзге  де  жұмыстарды  жүргізуге  қойылатын  экологиялық  талаптардың   бұзылуы,  қылмыстардың  зардабы  және  олардың  арасындағы  себепті  байланыс  арқылы  көрініс  табады.

      Талаптардың бұзылуын  анықтау үшін  арнаулы  нормативті – құқықтық актілерге жүгінуге талап етеді: яғни  бұл баптың  диспозициясы бланкеттік. Экологиялық талаптарды реттейтін арнаулы нормалар біршама.  Олардың қатарына: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы “ Экологиялық сараптама туралы”; Қазақстан Республикасы  1997 жылғы 15 шілдедегі “ Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы”; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі “ Қоршаған ортаны қорғау туралы”; Қазақстан Республикасының 1993 жылғы  21 қарашадағы “ Жануарлар  дүниесін қорғау,  өнімін молайту  және пайдалану  туралы”; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы “ Өсімдіктер карантині туралы”  заңдары, сондай- ақ  жер  қатынастары,  атмосфералық ауаны қорғау  туралы  т.б. заңдар  жатады.

      Экологиялық талаптардың бұзылуы орын алғандығы Қазақстан Республикасының “ Экологиялық сараптама туралы” арнаулы  заңымен реттеледі.

      Экологиялық  қылмыстардың  негізін  бір  ғана заң категориясымен түсіну мүмкін емес. Бұл мәселеге  кешенді  жүйелі түрде келген жөн. Ол үшін қоғам  мен  табиғаттың ара – қатынасының негізін, адамның  табиғатта алатын ролі  мен орнын  анықтау  қажет.

      Жоғарыда айтылғандардың негізінде экологиялық құқық дегеніміз қоршаған  ортаны  қорғауға  байланысты  қоғамдық қатынастарға қол сұғатын кінәлі  әрекет  болып  табылады. /4.с.17/.

     Қылмыс туралы сөз болған жерде қылмыстық құрам туралы сұрақ қойылады. Қылмыстық құрам қылмыстық құқық теориясындағы даулы мәселелердің бірі  болып  табылады.

      Соның ішінде экологиялық қылмыстық құрам қылмыстық құқық теориясында ең күрделі  шиелінескен  мәселелердің негізгісі болып табылады.

      Бұл мәселе жөнінде бірнеше авторлардың айтқан пікірлері жеткілікті. Экологиялық қылмыстық құрамдар туралы әртүрлі көзқарастардың экологиялық қылмыстардың объектісі, яғни реттелінетін қоғамдық қатынастардың ішкі құрылысы және оның элементтерінің  мазмұны  туралы қарама – қайшы көзқарастардың  орын  алуында.

      Қылмыстық  құрамды  дұрыс анықтау теориялық және практикалық мәнге ие. Құрамды дұрыс  анықтау қылмыстың әлеуметтік – саяси мәнін және оның қоғамдық қауіптілік дәрежесі  мен сипатын  ашуға  көмектеседі. /8.с.11/.

      Экологиялық қылмыстық құрамдарды заң әдебиеттерінде басқа қылмыстық құрамдармен алмастыру бірнеше заңгер ғалымдардың еңбектерінде айтылған.

      Ғалымдардың көзқарастары бойынша экологиялық қылмыстардың құрамдарын шаруашылық қылмыстардың құрамдарымен меншіктік қылмыстардың құрамдарымен  алмастырып  айтады.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың қылмыстық құрамдарын талдай келе шаруашылық қылмыстардың қылмыстық құрамдарынан  өзіндік айырмашылықтары бар. Себебі қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың негізінде зардап тек халық шаруашылығы емес, қоршаған ортаға да келеді. Мысалы: Экологиялық жүйенің өзгеруі, энергетикалық, жылу, радияциялық баланстың өзгеруі, климаттың өзгеруі және т.б. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы  қылмыстардың қылмыстық құрамдарын шаруашылық қылмыстардың қылмыстық  құрамдарымен  ғана  айырмашылығын  көрсету  жеткіліксіз.

      Басқа ғалымдардың пікірлері бойынша экологиялық қылмыстардың қылмыстық құрамдарын меншіктік қылмыстардың қылмыстық  құрамдарымен орын ауыстырады.  Меншіктік  қылмыстардың  қатынастарын мемлекеттік  меншік, яғни табиғи байлықтардың материалданған мемлекеттің меншігінде  деп  түсіндіреді. /10.с.21/.

      Бұл туралы көзқарас Ю.И. Ляпуновтың  еңбегінде  толық  жетілдірілген нысанда  көрініс  тапқан. Ляпуновтың қарастырған концепциясының негізінде табиғи ресурстарға қарсы бағытталған қолсұғушылық, ол мемлекеттік меншіктің қоғамдық өндірістік қатынастардың материалдық негізіне қолсұғушылық деген қорытынды  жатыр. Дәлірек айтқанда, оның пікірі бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың қылмыстық құрамдары, мемлекеттің меншігіндегі табиғи байлықтардың заттандырылған түріндегі  қатынастар  болып  табылады. /11.с.13/.

     Бұл жерде Ю.И. Ляпуновтың көзқарасымен  қоршаған ортаны  қорғау саласындағы  қылмыстардың құрамын меншікпен мағыналастыру қылмыстың мәнін экологиялық тұрғыдан қажетті деңгейде ашып көрсетпейді, ол таза экономикалық  категория  ретінде  қарастырады.

      Сонымен  қатар  меншікте  тек  қана табиғаттың белгілі бір заттай нысанға айналған және адамдардың  билігінде орналасқан  объектілер  ғана болды. Бірақ қылмыстық құқық табиғи ортаның ешкімнің меншігінде болмайтын элементтерін  де қорғайды. Мысалы: атмосфералық  ауа, ашық теңіз суы.

     Жоғарыда қарастырылып  жатқан  көзқарас  бойынша  аталған  элементтер қылмыстық қүқықпен қорғалу мүмкіндегі жоқ, себебі ол элементтер мемлекет меншігінің  пәні  болып  табылмайды.

      Меншікке қарсы қылмыстардың  пәні болып мүлік,  тауар, құнға ие материалданған  құндылықтар  табылады. Экологиялық  қылмыстардың  пәні – табиғат ресурстары, яғни  табиғаттан белгілі бір адам еңбегі арқылы бөлініп алынған кезде ғана тауар – ақшаны  санына  айналады.

      Әрқашанда  қоршаған орта тығыз байланысын тоқтатпай тұратын табиғат, табиғи объектінің болуы экологиялық қылмыстық құрамдардың басқа ұқсас, сол сияқты табиғи объектінің байланысты қылмыстық құрамдардан айырмашылығын көрсететін арнайы белгілеріне жатады. Табиғат объектілерімен байланысты қылмыстың барлығы экологиялық қылмыстар болып табылмайды. Табиғат объектілерімен байланысты қылмыстарды экологиялық деп тану үшін қолсұғушылық  болған сәтте объект экологиялық байланыс жүйесінде болуы қажет. /13.с.99/.

      Аталған белгіге байланысты экологиялық қылмыстық құрамдарға мынадай құрамдарды, ұрлау, жою, жабайы аңдармен құстарды, еріксіз ұстаудағы зоопарктердегі және т.б. жануарлар, құстарды,  аквариумдегі балықтарды,  балық  шаруашылығындағы сату, пайдалану  мақсатындағы балықтарға  зиян  келтіруді  жатқызуға  болмайды. Жоғарыдағы  көрсетілген қолсұғушылық  объектілер  табиғи  жаратылысқа  ие болғанмен, олар біріңғай  экологиялық  жүйеде  болмағандықтан  және  қоршаған  орта  және оны  қорғауға  әсерін  тигізбегендіктен  бір  топқа  жатқызылмайды.

     Осыған байланысты  В.В. Петров былай деген: табиғат  объектілері  үш титулға ие, табиғат объектісі, меншік және шаруашылық меншіктері. Расында да табиғатты қорғай отырып, біз табиғат объектісінің иесінің пайдаланушылық,  жалға  берушінің  құқықтарын  қорғаймыз. /6.с.19/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Экологиялық қылмыстардың жүйесі.

      Арнайы  экологиялық қылмыстардың түрлерін жүйеге айналдыру жөнінде бірнеше рет байқау жасады.  Олар  арнайы  экологиялық  қылмыстық  субъектіні  сапалы  көрсеткіші  бойынша  топтастырады.

     Жануарлар  дүниесін  қорғау  ережелерін  бұзу ( 289 — бап). Қылмыстың тікелей объектісі  жануарлар  дүниесін  қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың  заты  жануарлар  дүниесі.

     Жануарлар дүниесі мемлекетіміздің табиғи байлықтарының, ең басты бөлігі, оған Республика аумағында құрғақта, суда, аспанда және жер астындағы еркін өмір сүретін жануарлардың барлығы жатады.  Жануарлар түріне: сүтқоректілер,  құстар  бауырымен  жорғалаушылар, қосмекенділер жатады.

     Жануарлар дүниесін құқықтық қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 21 қазанда қабылданған “ Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы”, “ Жануарлар дүниесін қорғау,  өсімін  молайту  және пайдалану  туралы” заңдарында  баян етілген.

      Осыған орай жануарлар дүниесін  құқықтық қорғау,  өсімін молайту, оларды сақтауға  мемлекет айрықша мән  беріп, оларды  қорғау  ережелерін елеулі түрде бұзған жағдайда кінәліні  қылмыстық жауаптылыққа тарту шаралары  көзделген./15.с.22/.

      Қылмыстық  кодекстің 289 – бабында  көрсетілген  қылмыс ( Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу ) объективтік жағынан : а) өндіріс процестерін жүзеге асыру мен көлік  құралдарын пайдалану,  өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды  қолдану  кезіндегі  жануарлар  дүниесін  қорғау  ережелерінің бұзылуы.

      Бұларға: қазылған  шұңқырларға  жаппай  жөңкілген  жануарлардың құлап мертігуі,  өлуі, көлік құралдарын жүргізушілерінің жануарларды қағып, басып өлтіруі, зақымдауы, өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қауіпсіз қалдырудан оны жануарлардың  пайдаланып,  ауруға, өлім – жітімге ұшырауы сияқты фактілер жатады. б) аңшылық алқаптарымен балық шаруашылығы  тоғандарын  пайдалануымен  қорғау  тәртібін  бұзу. Бұл жерде жануарлардың осы түрін  қорғау ережелерін  бұзу туралы  сөз  болып отыр. Арнаулы  нормативті  актілерде  ол туралы  нақты  көрсетілген.

     Қылмыстың  объективтік  жағының тағы  бір  белгісі  қылмыстың  зардабы – ірі шығынға  соқтырған  жануарлар  дүниесінің  жойылуы  немесе  қырылуы болып табылады.  Жойылу  деп  жануарлардың  жеке  түрінің мүлде жоқ болып кетуі,  ол қырылуы  деп оның  белгілі  бір  бөлігінің  өлім – жітімге  ұшырауы  болып  табылады. Жойылуы  немесе  қырылуы  ірі  залал көлемінде болуы керек. Ірі көлемдегі залалдың түсінігі Қазақстан Республикасының    Қылмыстық кодексінің 288 – бабының ескертуінше берілген.

      Жануарлар дүниесін  қорғау  ережелерін  бұзумен  одан  болған зардаптың  арасындағы себепті  байланыс анықталуы қажет. Қылмыс материалдық  құрамға  жатады және ол заңда көрсетілген зардап  көрініс алған уақыттан  бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс  субъективтік жағынан алғанда қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істелуі мүмкін. Қылмыстың субъектісі 16 – ға толған  жай немесе  лауазымды  адам.

     Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кетуі қауіп төнген түрлерімен заңсыз айналысу(290 — бап).

      Қылмыстың объектісі құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктердің қорғалуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

      Қылмыстың заты – Қазақстан Республикасының қызыл кітабына негізілген жануарлар мен өсімдіктердің  сирек  кездесетін  түрлері  және  олар мекендейтін жерлер. Қылмыс объективтік жағынан алғанда Қазақстан Республикасының қызыл кітабына негізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін немесе олар мекендейтін  орындарды  заңсыз олжалап алу, өткізу,  сондай – ақ оларды жою  арқылы  сипатталады. /17.с.51/.

     Қазақстан  Республикасының қызыл кітабына жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін,  құрып кету  қаупі  төнген  түрлері жазылады. Оларды  заңсыз  олжалауға,  алуға,  өткізуге, сондай – ақ жоюға заң мүлдем тыйым салады. Қызыл кітапқа жазылған жануарлар мен өсімдіктердің мекендейтін орындарына – жануарлар  мен  өсімдіктердің  сирек  кездесетін түрлерінің өсіп — өнуіне бөлінген жер, су үсті бөліктері  жатады. мысалы Қорғалжын аумағы аққулар мекендейтін  орын. Каспий  жағалауы  ерекше сирек құстар мен балықтар өсетін орын.  Өсімдіктердің сирек  кездесетін түрлері өсетін – Тянь – Шань шыңы т.б.

      Қылмыс  құрамы  құрылысы  жөнінен  материалдық. Ол заңда көрсетілген зардаптың сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесін заңсыз олжалау, алу, өткізу немесе жою әрекеттерінің біреуін істеген уақыттан аяқталған  деп  танылған.

     Қылмыс  субъективтік  жағынан  тікелей  қасақаналықпен  істеледі.

     Қылмыстың  субъектісі  16 – ға  толған  кез  келген  адам.

Ерекше қорғалатын  табиғи  аумақтар  режимінің  бұзылуы ( 293 — бап).

Қылмыстың тікелей объектісі ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар режимінің  қорғалуы  мен сақталуын  реттейтін қоғамдық қатынастар.

      Қылмыстың  заты  мемлекет  қорғауына  алынған  ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар ( қорықтар, ұлттық, тарихи – табиғи және мемориалдық парктер, заказниктер, табиғат  ескерткіштері,  қорық аймақьары,  ботаникалық және зоологиялық бақтар, дендарийлер, курортты және демалыс, туризмге  арналған аймақтар.).

     Ерекше қорғалатын  табиғи  аумақтардың тізімі және оларды пайдалану тәртібі “ Қазақстан Республикасының ерекше  қорғалатын  табиғи аймақтары”  туралы  арнаулы  заңында  көрсетілген.

      Қылмыстың ( 293 – баптың 1 — тармағы)  объективтік  жағы: а) ерекше қорғалатын  табиғи  аумақтардың  режимін бұзу; б) осы  режимді  бұзудан елеулі  зиян  келтіру арқылы сипатталады.

     Ережелерді бұзуға ( мемлекеттік табиғи қорықтардан басқа) ерекше қорғалатын  табиғи  аумақтарды  бүлдіру,  жою,  өрт  қою,  су  жіберу  арқылы оларды қирату,  ластау, осы  аумақтардағы  ағаштар  мен  бұталарды кесу сияқты қоғамға  қауіпті іс — әрекеттер  жатады. Заңның  бабы  бланкетті диспозицияға  негізделген.  Осыған  байланысты  ерекше  қорғалатын  табиғи аумақтардың  режимін  реттейтін,  қолданылып  жүрген  арнаулы  құқықтық – нормативтік актілерді дәл анықтап, оның қайсы талаптарының бұзылғанын анықтау қажет.

      Елеулі  зиянның  түсінігі  ҚР 288 – бабының  түсінігінде  берілген.

      Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі 16 – ға толған адам.

      ҚК – тің 293 – бабының 2 – тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін елеулі зиян  келтіре отырып қасақана зақымдағаны немесе  жойғаны  үшін  жауаптылық  белгіленген.

      Экологиялық  ластау зардаптарын келтірген үшін ( 294 — бап) жауаптылық:

а) экологиялық  ластауды  келтірген жағдайды;

б) осы ластау өлімге,  жаппай  ауруға  немесе  өзге де ауыр зардаптарға әкеліп  соқса;

в) экологиялық  залалсыздандыруды  жүргізуге  міндетті адамдардың оны іске асырмауы;

г) экологиялық  ластау  зардаптары  едәуір  зиян  келтірсе туындайды;

 

 

 

 

 

 

II – тарау.           Экологиялық қылмыстардың  белгілерінің қүқықтық сипаттамасы

 

             2.1. Экологиялық қылмыстардың объектісін және объективтік жағын анықтаудың кейбір құқықтық мәселелері.

 

      Экологиялық қылмыстар мен байланысты мәселелерден қылмыстық заңмен қорғаланылатын  қатынастың  алатын  орны зор. Қылмыстың объектісі қылмыстық құқық теориясының маңызды әрі  даулы мәселесі болып табылады. Жалпы ереже бойынша, қылмыстың объектісі бұл қылмыстық заңмен қорғалынатын  қоғамдық қатынастар.  Дегенмен, осы сала бойынша зерттеушілер бұл  ұғымға  әр – түрлі  сипаттама,  құрылым  және мазмұнын  бере  отырып  анықтау  барысында  тікелей объект  ретінде “ қоғамдық қатынастар” дегенді мынадай  ұғымдармен, “ мүлік”, “ мүдде” және басқа да  ұғымдармен  алмастырылады,  бұның себебі ретінде әдебиеттерде қоғамдық қатынастардың ішкі құрылысы және оның мазмұнының  элементтері  жайлы  ортақ  шешімнің болмауы. /11.с.24/

      Қылмыстың  объектісін  дұрыс  анықтау  теолиялық  және  тәжірибелік маңызы  зор.  Ол  қылмыстың  әлеуметтік – саяси  өзектілігін,  сонымен қатар, оның  қоғамдық қауіптілігі мен  дәрежесін анықтауға көмектеседі. Қылмыстың  қол  сұғу  объектісі, объекті  түрлері, қылмыстың заты және қылмыс объектісі  жайлы  жалпы сұрақтар жөнінде  ортақ  көзқарастың болмауы,  әрине  қылмыстың  түрлері  мен  және  жеке  талаптарына  талдау жасау барысында қарама – қайшылықтар туындайды. Осыған орай объектінің маңыздылығы жөнінде біртұтас шешімнің болмауы осы қолсұғушылық бағытталған объектілердің тікелей және топтық  объектілердің ара қатынасы  мәселесін  шешуге  жол  бермейді.  Экологиялық қатынастар объектісінің маңыздылығын шешу арқылы қоршаған  ортаны  қорғау саласында мемлекеттің қылмыстық – құқықтық реттеу саясатын  дұрыс  анықтауға  сол  сияқты  қылмысты  сараптау да, ұқсас құрамдардан айыруға және криминализация, декриминализация қызметі саласында сұрақтар анықталынады. Қорғалынатын қоғамдық қатынастардың маңыздылығын түсіну шығармашылық қызметінде және заңды  соттық  талқылауда  үлкен  роль  атқарады. /20.с.17/ .

     Табиғи  байлықтарды  қорғау  саласындағы  қылмыстық қол сұғушылықтар әдетте мынадай призма  арқылы  ұтымды ( дұрыс, бірқалыпты) табиғи  ресурстарды және  қоршаған ортаны пайдалану ( сақтау, өндіру, жақсарту) талдау  жүргізілді. Осы күнге дейін қылмыстық құқық теориясында ресурс сақтау басымшылық көрсетіп келеді. Бұл көзқарас мынадай себептерге байланысты толық болып есептелмейді: біріншіден, табиғи байлықтарды ұтымбы пайдалану, ол шаруашылық мүдделерге бағынуға жақынырақ болып келеді. Осылайша адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау екінші мәселе болып қалып отыр. Екіншіден, табиғи ресурстарды пайдалану жөнінде заңдардың әр түрлі ведомстволық нормативтік актілерде көрініс табуы. Анализ  бойынша, олардың мазмұны, реттейтін қатынастары бір – біріне қарама – қайшылық  туғызып  отыр.

      Қылмыстық – құқықтық әдебиеттерде экологиялық қылмыстардың объектісі жөнінде заңгер ғалымдардың арасында ортақ  көзқарас  жоқ.  Кейбір ғалымдар табиғатты қорғау саласындағы қылмыстардың объектісін табиғат  байлықтарын  шаруашылық  пайдалану  қатынастарына  жатқызады, себебі бұрынғы  Республикалардың  Қылмыстық  Кодекстерінде  экологиялық қылмыстар шаруашылық қылмыстар жөніндегі тарауға енгізілген.

      Ал, А.Н. Трайнин табиғатқа қарсы қылмыстарды шаруашылық қылмыстарға  жатқызады. /22.с.113/

      З.А. Вышинская бұл қылмыстарды социалистік – шаруашылық мүдделерге қарсы  қылмыстар  деп  атады. Бұл қылмыстарды  әр – түрлі салада  қарастырады.  Мысалы:  орман  шаруашылығы  саласындағы, аң аулау  саласындағы,  балық аулау және т.б. Н.А.Биляев бұл қылмыстың объектісі  деп,  табиғи  байлықтарды тасымалдау және өндіру қызметінің тәртібін есептейді.  Талдау  бойынша  экологиялық  қылмыстардың  топтық объектісі – шаруашылық  қылмыстардың  объектісінен  айырмашыл ықтары бар. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың жасалынуы арқылы халықшаруашылығына  ғана  емес  қоршаған  табиғи  ортаға  да зардап  келеді./24.с.13/

     Басқа  ғалымдардың  пікірі  бойынша  қарастырып  отырған қылмыстардың объектісі ретінде табиғи байлықтардың заттандырылған социалистік   меншік   қатынастары   қарастырылады. Бұл жайлы  нақты  және толығырақ Ю.И.Ляпуновтың еңбегінде көрініс тапқан оның айтқан концепциясында табиғи ресурстарға  қылмыстық қол сұғушылық социалистік  меншіктің  өндірістік  қоғамдық  қатынастардың  материалдық негізіне қол  сұғушылық деген қорытынды  ой  жатыр. Ю.И.  Ляпуновтың пікірі бойынша табиғат қорғау саласындағы  қылмыстардың  объектісі  болып – мемлекеттік меншіктің заттандырылған табиғи байлықтары табылады./9.с.23/

     Табиғатты қорғау  саласындағы  қылмыстардың  объектісі  деп – меншіктік қатынастарды жатқызу қылмыстық экологиялық тұрғыдан толығымен ашып көрсетпей, экономикалық категория ретінде қарастыруға жатқызады. Бір жағынан меншіктік қатынаста тек заттандырылған формадағы адамдардың билігінде табиғи объектілер жатады. Ал бірақ қылмыстық  құқық  табиғи  ортаның белгілі біреудің меншігінде бола алмайтын  элементтерінде  қорғайды. Мысалы:  атмосфералық  ауа,  ашық теңіз сулары. Осы аталған ғалымдардың пікірімен келісетін болсақ жоғарыдан аталған объектілер  мемлекеттік  меншікке  жатқызылмағандықтан  қылмыстық  құқықпен  қорғалмайтын  болып отыр.

     Меншікке қарсы  қылмыстардың  заты болып – мүлік,  тауарлық – заттық құндылықтар  және  т.б.  табылады.  Экологиялық  қылмыстардың  заты  болып табиғи  ресурстар,  яғни  белгілі  бір  қызмет  арқасында  бөлініп  тауар – ақша  нысанына  айналатын  компоненттер  табылады.

     Тағы бір ғалымдар тобының көзқарастары бойынша экологиялық қылмыстардың объектісі деп – табиғи байлықтардың  өзін жатқызады.  Біздің көзқарасымыз бойынша мұндай позициямен келісуге болмайды. Себебі, табиғи байлықтарды ( орман, жерасты байлықтары, балықтар, жануарлар) объектілер деп  есептесек, онда экологиялық  қылмыстардың  заты мен объектісінің  айырмашылығын  жоғалтып  отырмыз.

     Экологиялық қылмыстардың объектісі деп – табиғи байлықтарды пайдалану тәртібін атайтын ғалымдардың  пікірлерімен  келісуге  болмайды. Себебі,  пайдалану  ол  қоғамдық қатыс болып табылмайды, керісінше оларды пайдаланудың регламентациясы болып табылады. Сонымен қатар беріліп отырған анықтама өте тар, себебі олардан қандай әлеуметтік құндылықтар зардап шегетіні белгісіз  және  қандай  мүдделер  осы пайдалану  тәртібімен  қамтамасыз  етілетіні  белгісіз.

     Экология саласындағы қоғамдық қатынастардың мазмұны мен құрылымын талдау  арқылы  және  әлеуметтік  мүдделерді  зерттей  келе, Э.Н. Жевлаков мынандай қорытынды шығарды – экологиялық қылмыстардың  объектісі  деп  қылмыстық  құқық  пен  қорғалынатын  табиғи ортаны ұтымды түрде пайдалану, адамға қолайлы сапалы түрде қорғау және халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық  қатынастарды  түсінуді  айтады.

    Жоғарыда аталған Э.Н. Жевлаковтың қоғамдық қатынастарын экологиялық қылмыстардың объектісі деп айтсақ дұрыс болмас. Себебі онымен келіссек  адамға қолайсыз  табиғи  ортаны  пайдалану  құқықпен реттелмейтін  болып  шығып  отыр.  Ал  оны  қорғау  заңдардың  мақсатына сәйкес  келмейді. /20.с.45/

     Экологиялық  қылмыстардың  объективтік  жағы  белсенді  әрекет  арқылы және әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Табиғат қорғау жөніндегі нормалар көбінесе тыйым салу сипатында болады. Тек кейбір жағдайларда  белгілі  бір  тұлғалар  үшін  құқықтық  міндет  жүктелген,  яғни оны орындамаған  жағдайда  қылмыстық  жауапкершілік  туындайды.

     Заңмен көрсетілген тұлғалардың белгілі бір міндеттерді орындамауы немесе  тиісінше  орындамауы  әрекетсіздік  болып  табылады, ал тыйым салу нормалары арқылы жазылғандар әрекет арқылы жүзеге асырылады. Заң әдебиеттерінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың объективтік жағы тек қана  белсенді  әрекеттер  арқылы  жасалады  деген тұжырымдар бар. Олар: орманды кесу, балықтарды  заңсыз  аулау  және  жою, жерді, суды, ауаны және т.б. ластау. Біздің көзқарас  бойынша  бұл тұжырыммен  келісуге  болмайды.  Қылмыстық  құқыққа  әрекетсіздік  деп – қоғамға қауіпті,  ерікті,  өз ісіне толық есеп беретін, енжар түріндегі тұлғаның жүріс – тұрысы, яғни  ол  тұлғаның  өзіне  жүктелген  міндетті белгілі  бір  жағдайда  ол міндетті  орындауға жағдайы  бола отырып әдейі орындамауы  танылады.

     Экологиялық қылмыстардың көбісінің құрамы формальдық құрамға жатады. Бұл жерде заң шығарушылар белгіленген ережелердің бұзылуын нақты көрсетіп объективтік жақтың  міндетті  белгісі  ретінде,  сонымен қатар қылмыстық жауаптылықты одан туындаған белгілі зардаппен байланыстырмайды. Мысалы: Суды  ластау  және  заңсыз  аңшылық  ету және т.б.  сияқты  қылмыстардың  құрамдары.

     Заң шығарушылар экологиялық қылмыстарға байланысты материалдық құрамды атайды.

     Оның міндетті белгісі ретінде  белгілі  бір  ережелердің  бұзылуы  ғана емес. Сонымен қатар одан туындаған қылмыстың нәтижесінде, яғни қылмыстық зардаппен оны байланыстырып тұрған себепті байланысты жатқызады.  Қоршаған  ортаны  қорғауға  байланысты  ережелердің бұзылуы арқылы  жасалынған  қылмыстардың  жауаптылығы егерде жасаған әрекетпен одан туындаған зардап арасындағы себепті байланыспен жасалынса  әрекетті  жасаған  тұлға  қылмыстық  жауаптылыққа  тартылады. Сол сияқты  экологиялық  қылмыстардың құрамдарында келте құрам кездесуі  мүмкін. /27.с.64/

     Қылмыстың объективтік жағының факультативиі белгілерін көп жағдайларда объективтік жақтың негізгі құрамының міндетті белгілері болып келеді. Мысалы, заңсыз балық аулау, заңсыз аңшылық, континентальдық шельф жөнінде заңдарды бұзу заңсыз орманды кесу құрамдары егер нақты жағдайда балама түрде объективтік жақтың мынадай белгілері тыйым салынған  уақыт,  рұқсат етілмеген орындар, әдістер, құралдар, қылмыс жасау құралдары толғанда  орын алады.  Ал  заңсыз балық аулаумен аңшылық ету үшін әкімшілік рұқсат  қосымша  қажет.  Кейбір факультативтік белгілер әрекеттің қоғамдық  қауіптілігін  өзгерте  отырып негізгі құрамды қосымша құрамға айналдырады. Қылмыстық құқық теориясында  материалдық  құрамды  қылмыстарды  саралау  кезінде зардап ретінде қатаң  түрдегі  сапалы  және  сандық  жағынан  пайда  болған  зиянды, яғни тиісті норманың диспозициясындағы көрсетілгендей ұғым бекітілді. Н.Д. Дурманов жазғандай, сан жағынан таусылмайтын өзгерістерден  пайда  болған  нақты адамның жүріс – тұрысы емес қылмыстық құқық “ жалпы” жүріс – тұрысты емес “ кең” мағынадағы жүріс – тұрыс емес, тек заңда жазылған нақты  қылмыстың  белгілеріне сәйкес әрекеттер  болып  табылады. /26.б,19/

     Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың зардаптарын бағалауда бұл айтылған тезис өте маңызды роль атқарады деп – Э.Н. Жевлакоа айтқан, яғни табиғи ортаның барлық компоненттері бір – бірімен тығыз байланыста бола отырып экологиялық жүйені құрайды және оның кез – келген бөлігінде өзгеріс болса басқаларына әсерін тигізеді. Мысалы, ауаның ластануы ормандардың құруына алып келеді, оның арқасында су балансының бұзылуы, топырақ эрозиясы, сол аймақтың климаттық жағдайының өзгеруіне әкеп соғады./33.б.49/

     Экология саласындағы қылмыстарды саралау барысында келтірілген зиянның бүкіл көлемін белгілеудің қажеті аз, ал керісінше заңда көрсетілгендей, негізгі жақынырақ зардаптарды ескеру қажет. Бұл ережені сақтамау тұлғаларды негізсіз айыптауға әкеліп соғады.

Табиғи ортаға келтірілген зиян 3 элементтен тұрады:

А)  Нақты зардап;

Б)   Пайдаланбаған қосымша шығындар;

В)   Алынбаған түріндегі шығындар;

     Қылмыстың объектісі экологиялық қауіпсіздігі аясындағы қатынастар. Қылмыстың заты – микробиологиялық, биологиялық агенттер, микроорганизмдер ( бактериялар, вирустар, микроскопиялық грибтер т.б. ) улы заттар.

     Қылмыс объективтік жағынан микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттерді немесе улы заттарды жинап қою, жою немесе көму кезінде экологиялық талаптарды бұзу немесе оларды Қазақстан Республикасына ұқсату, сақтау немесе көму сияқты заңсыз әкелу, егер бұлар адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қатерін туғызғаны арқылы сипатталады. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттер немесе улы заттармен жұмыс істеудің тәртібін белгілейтін көптеген нормативтік – құқықтық актілер бар. Осы заттармен жұмыс істеудің экологиялық талаптарын бұзу фактісін анықтау үшін маманның немесе сарапшының көмегі қажет. Демек көрсетілген баптың диспозициясы бланкеттік. Осы бапқа сәйкес экологиялық талаптарды бұзу әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Әрекетке биологиялық агенттерді, улы заттарды жарамсыз тәсілдермен сақтау, өлшеу немесе оларды өндіруге сақтау кезінде белгіленген температураны немесе сақтау режимін бұзулар жатады. /17.б.43/

     Әрекетсіздікке осы заттарды жиып қою, өндіру, сақтаудың белгілерін қауіпсіздік ережелерін сақтамау жатады.

     Қылмыстан адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қаупі тууы керек. Қылмыс формальдық құрамға жатады. Заңда көрсетілген экологиялық талаптарды бұзған елеулі зиян келтірілу қаупі нақты болған  уақыттан  бастап қылмыс  аяқталған деп  саналады.  Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істеледі.

     Қылмыстың субъектісі арнаулы, жоғарыда көрсетілген заттармен жұмыс істеуге жіберілген адам.

     ҚК – тің 279 бабының 2 – тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдалуына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, не жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне әкеп соққан, сондай – ақ төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер, ал осы баптың 3 – тармағында қылмыстың өте ауырлататын түрі осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда адамдардың жаппай ауруына немесе кісі өліміне  әкеп соққан әрекет үшін жауаптылық белгіленген.

     ҚК – тің 279 – бабы 2 тармағында сөз болып отырған төтенше экологиялық жағдай аумағы деп Қазақстан Республикасының “ Қоршаған ортаны  қорғау  жөніндегі” 1997 жылғы  15  шілдедегі  заңының 8 – тармағына сәйкес белгілі бір аумақта адамдардың іс — әрекеті немесе табиғат апаты салдарынан пайда болған қоршаған ортаның адамдардың өмірі мен дегсаулығына, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтауға тұрақты қауіп төндіретін қолайсыз экологиялық әсері бар объектілерді айтамыз.

     Қылмыстың ұғымы үй және жабайы жануарларды, құстарды және өсімдіктерді  қорғау  жөніндегі  қоғамдық  қатынастар  болып  табылады.

     Қылмыстың заңы – жабайы және үй жануарлары,  құстар,  балықтар, аңдар және басқа жануарлар сондай – ақ өсімдіктер дүниесі.

     Объективтік дүниелері жағынан ҚК – тің 280 бабының 1 – тармағында қылмыс малдәрігерлік ережелерді бұзу  індеттерге  немесе өзге де зардаптарға әкеліп соғу арқылы сипатталады.  Малдәрігерлік ережелердің тізбек ұғымы Қазақстан Республикасының малдәрігерлік заңында берілген. Осы ережелерді бұзу індеттерге немесе өзге де зардаптарға әкеліп соққан жағдайда қылмыстық жауаптылық орын алады. Індеттер мен жануарлардың жаппай жұқпалы аурумен ауруы ( эпизотия, сибирлік язва, қорасан т.б.) өзге де ауыр зардаптарға, індетке байланысты ауылшаруашылық өнімдерін ( ет, сүт, жұмыртқа) өндіруді жою, белгілі бір тұрғын пунктеріне келіп – кетуді тыю т.б. сияқтылар жатады.

     Қылмыс құрамы материалдық, ол заңда көрсетілген зардаптар орын алған уақыттан бастап аяқталған деп саналады. /11.б.25/

     Өсімдікердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күрес шараларын белгілейтін сан түрлі арнаулы құқықтық – нормативтік актілері бар. Осыған орай өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің қайсысының бұзылғанын арнаулы заң құжаттары арқылы анықтау қажет. Баптың бұл бөлігінің  диспозициясы да бланкеттік. Белгіленген ережелерді бұзу ауыр зардаптарға әкеп соқса кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Ауыр зардаптарға өсімдіктер ауруларының жаппай тарауы ( эпифитотия); ірі  көлемдегі  ауылшаруашылық дақылдарының жойылуы  немесе  жануарлардың  ауруы,  орман ағаштарының ауруға ұшыраулары жатады.

     Экологиялық ластауға ұшыраған жерлерде зарарсыздандыру немесе өзге де қалпына келтіру шараларын жүргізу міндеті жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргізуден жалтаруда немесе тиісінше жүргізбеуі адам өліміне, не адамдардың жаппай ауруына, не қоршаған орта үшін өзге де зардаптарға әкеп соқса кінәлі. Қылмыстық кодекстің 294 – бабы бойынша жауапқа тартылады.

     Қылмыстың объектісі экологиялық қауіпсіздікті реттейтін қоғамдық қатынастар.

     Экологиялық қылмыстың объективтік ұғымы жағынан экологиялық ластау зардаптарын жою жөніндегі шараны қолданбаудан, одан заңда көрсетілген зардаптардың орын алуынан және әрекетсіздік пен зардаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады. Көрсетілген зардапты жою жөніндегі шараны қолданбау өзіне осы міндет жүктелген адамның белгіленген шараларды жүргізуден жалтаруды ( сөз бұйдаға салып ұзаққа созуы, өз міндетін дер кезінде атқармауы) немесе тиісінше жүргізбеуі ( жартылай шала жүргізу, кешігіп жүргізуі немесе белгіленген талапқа сай емес күйде жүргізуі), заңда көрсетілген зардап адам өліміне, не адамдардың жаппай ауруына, не қоршаған орта үшін өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса 294 – бап бойынша жауаптылық туындайды. Өзіне міндет жүктелу заң немесе басқадай нормативтік актілер, қызмет борышы бойынша, сот шешімімен белгіленуі мүмкін. Қылмыс құрамы материалдық, ол заңда көрсетілген зардап орын алған сәттен бастап аяқталған деп табылады. Іс — әрекет пен зардаптың арасын байланыстыратын себепті байланыс болуы шарт. /38.б.26/

     Қылмыс субъективтік жағынан абайсздықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі арнаулы, 16 – ға толған, өзіне осы бапта көрсетілген міндет жүктелген лауазымды немесе жай адам.

      Суларды ластау, бітеу және сарқығаны үшін қылмыстық жауаптылық белгілеудің мақсаты су пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз ету, судың табиғи қасиеттерін сақтауды, тіршілік етушілердің көбісіне судан болатын зиянды тойтару болып  табылады.  Қылмыстың  заты жер беті немесе жер асты сулары, мұздықтар, ауыз сыымен жабдықтау көздері болады. Суды қорғау ережелері көптеген заң және басқадай нормативтік – құқықтық актілерді: Қазақстан Республикасының су кодексінде, қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заңда, суды ластаудан қорғау туралы ережелерді және тағы басқадай нормативтік – құқықтық актілерде көрсетілген.

     Осы қылмыстардың объективтік жағы: а) жер беті немесе жер асты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерін ластау, бітеу сарқу не олардың табиғи қасиеттерін өзге де өзгерту, б) осы әрекеттер жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне, барлық қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, в) іс — әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы арқылы сипатталады.

      Зиянды заттардың қосылуы салдарынан пайда болған судың физикалық, химиялық немесе биологиялық сипатының өзгеруі судың ластануы деп танылады, осының салдарынан су коммуналдық, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, балық шаруашылығы және басқа мақсаттарға дұрыс пайдалану үшін жарамсыз болып қалады. Судың ластануы белгіленген тәртіп бойынша суды сынап көру жолымен аанықталады. Өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқысттардың суға тасталуы судың бітелуі деп танылады, осының салдарынан су объектісінің  гидрогиологиялық  жайы нашарлайды және  суды  пайдалануға  кедергі  келеді.  Жер асты және жер үсті суларының запас қоры, сапасы кеміп, пайдалануға жарамсыз болуын су объектілерінің сарқылуы деп білеміз. /40.б.98./

     Су сарқылуы өзендердің, көлдердің, бөгеттердің, жер үсті, жер асты суларының және басқа су объектілерінің бірқалыпты су режимін сақтаудан, суды пайдаланатын субъектілердің су объектілерінің сарқылуын болғызбау жөніндегі міндеттерін орындаудан, жер асты суларын сарқылудан қорғау шараларының дұрыс жүргізілмегенінен пайда болады.

Жарылыс, құрылыс басқа жұмыстардды тікелей су немесе оған жақын жерлерде жүзеге асырудың әсерінен судың құрамының зиянды өзгеруі судың табиғи қасиеттерін өзге де өзгертулер деп айтамыз.

    Жабайы аңдардың, құстардың өсуінің сиреуі, ағаштардың, ормандағы барлық өсімдіктердің құруы жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне келтірілген елеулі зиян болып табылады.

    Балықшылардың ауруға, өлім – жітімге ұшырауы, тұқым шашпауы және тағы басқа зиянды зардаптардың орын алуы балық қорына келтірілген елеулі зиян болып табылады.

     Заңда көрсетілген іс — әрекеттер мен зардаптардың арасында себепті байланыс болуы шарт.

     Қылмыс заңда көрсетілген балама зардаптардың біреуінің орын алған уақытынан бастап аяқталған деп танылады.

     Қылмыстық кодекстің 281 – бабының 2 – тармағында осы құрамның ауырлататын түрі адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне, сондай – ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды не төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Адамның денсаулығына зиян келтіруге – жеңіл, орта, ауыр дене жарақатын келтірулер жатады.

     Жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрыа кетуі туралы түсінікті Қылмыстық кодекстің 278 – бабына талдау жасағанда атап көрсеттік. Ерекше қорғалатын табиғи ресурстарға – Қазақстан Республикасының “ Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” 1997 жылғы 15 шілдедегі заңына сәйкес мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи парктер, мемлекеттік табиғат ескерткіштері, мемлекеттік қорық өңірлері,  мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер, ерекше мемлекеттік маңызы бар ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары, халықаралық маңызы бар сулы — батпақты алқаптар, жер қойнауының экологиялық, ғылымми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелері жатады.

      Төтенше экологиялық жағдай аумағының түсінігіне ҚК – тің 279 – бабына талдау жасағанда тоқталып өткенбіз.

      ҚК – тің 281 – бабының 2 – тармағында сөз болып отырған ерекше, қорғалатын табиғи аумақ және төтенше экологиялық жағдай аумағы қылмыстың істелетін орны. Заңға сәйкес  бұл жерлерде жасалған қоғамға қауіпті іс — әрекет  қылмыстың  зардабының  болған,  болмағанына қарамастан қылмыс болып табылады. Қылмыстық кодекстің 281 – бабының 3 – тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрі осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер абайсызда кісі өліміне әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген./37.б.36/

      Қылмыстың тікелей объектісі атмосфералық ауаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастар.

      Қылмыстың заты табиғи ортаның элементі атмосфералық ауа.

      Объективтік жағынан а) атмосфераға ластайтын заттар шығару ережелерін немесе қондырғыларды,  ғимараттарды  және  өзге де объектілерді пайдалану ережелерін бұзу; б) бұл әрекеттер ауаның табиғи қасиеттерінің ластануына немесе өзге де өзгеруіне әкеп соғу; в) бұлардың арасындағы себепті байланыстар арқылы сипатталады.

     Атмосфераға ластанатын заттар шығару ережелерін немесе қондырғыларды ғимараттарды және арнайы өзге де обьектілерді пайдалану ережелерін бұзуға Қазақстан Республикасының “ Атмосфералық ауаны қорғау” және “ Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы” заңдарында көрсетілген талаптарды бұзуға, лас заттарды шығаруды азайту жөніндегі шараларды жүргізбеу, лас заттарды тазалау және оларды бақылау  шараларын жүзеге асырмау қондырғыларды ғимараттарды немесе өзге де объектілерді пайдалану кезінде зиянды физикалық ықпал ету шегінің белгіленген нормативтерін сақтамау, зиянды ауаны жоятын фильтрлі қондырғыларды бақылау өлшеу приборларын пайдаланбай жұмыс істеу сияқты әрекеттер жатады.

     Қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі ауаның табиғи қасиеттерінің ластануына және өзге де өзгеруіне әкеліп соғу  ( мысалы, жылу радиациясының зиянды әсерлері атмосфералық ауаның физикалық, химиялық құррамы бұзылып, ол адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтіру қатерін туғызуы) болып табылады. Іс — әрекет пен зардаптың арасында себепті байланыс болуы қажет.                                                         Қылмыс құрамы материалдық. Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істеледі.

     Қылмыстың субъектісі лауазымды немесе жай адам. Адамның денсаулығына зиян келтіру және абайсызда кісі өліміне әкеп соққан әрекеттер осы қылмыстың ауырлататын және аса ауырлататын түрлері болып табылады.

     Қылмыстың объектісі теңіз аясының экологиялық қауіпсіздігі.

     Қылмыстың істелу орны ішкі теңіз сулары, Қазақстан Республикасының аумақтық теңізі және ашық теңіз сулары болып табылады.

     Қылмыс объективтік жағынан құрғақтағы көздерден, не адамның денсаулығы мен теңіздік жанды ресурстары үшін зиянды, не теңіз аясын заңды пайдалануға  кедергі  келтіретін  оларды  көлік  құралдарынан  немесе теңізде орнатылған жасанды құрылғылардан тастау ережелерін бұзу салдарынан теңіз аясын ластау арқылы көрініс табады./6.б.28/

     Теңіз суларына араласқан жағдайда адамның денсаулығына теңіздің жанды ресурстарына,  теңіз  суларын  мақсатты  пайдалануға қауіп келтіретін, халықаралық  шарттар бойынша бақылауға алынған заттар зиянды  заттар  деп  танылады.

     Ластау  көздері  болып зиянды заттарды теңіз аясына тастайтын объектілер жатады. Заңда олар құрғақтағы көздер, көлік құралдары немесе теңізде орнатылған жасанды құрылғылар деп көрсетілген.

      Қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі адамның денсаулығы мен теңіздің жанды ресурстары үшін зиянды, не теңіз аясын заңды пайдалануға кедергі келтіретін заттар мен материалдарды көму немесе оларды көлік құралдарынан немесе теңізде орналасқан құрылғылардан тастау ережелерін бұзу болып табылады. Көму – зиянды заттар мен материалдарды теңізге тастау немесе оларды теңіз суы аясында қалдыру болып табылады. Қылмыс көрсетілген заттар  мен материалдарды тастаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

      Тастауға – зиянды мен материалдарды белгілеген ережелерге қайшы түрде теңіз аясына әдейілеп  лақтыру  жатады.

      Теңізде орнатылған жасанды  құрылғыларға теңіз аясында белгілі бір жұмыстарды атқаруға арналған техникалық құрылымдар, бұрғылау қондырғылары, теңіздегі құрылыстар және т.б. жатады.

     Адамның денсаулығы мен теңіздің жанды ресурстаоы үшін зиянды заттарға – тірі организмді уландыру ға,  жоюға  немесе оларға ауру жұқтыруға қабілетті улар, мұнай және мұнай өнімдері, спирт, сульфид, хлорлы заттар, түз және басқа заттар, нәрселер жатады.

     Заңда көрсетілген “ теңіз аясын заңды пайдалануға кедергі келтіретін” деген ұғымға теңіз жануарларын, балықтарды ұстауға, суды пайдалану үшін тұщыландыруды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін жағдайлар жатады.

Қылмыстық кодекстің 283 – бабының 1 – тапмағында көрсетілген қылмыс құрамы формальдық қылмыс жоғарыда көрсетілген іс — әрекеттің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

     Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.

     Қылмыстың субъектісі 16 – ға толған адам. Қылмыстық кодекстің 283 – бабының 2 – тармағында  адамның  денсаулығына,  жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, қоршаған ортаға, демалыс аймақтарына не басқа да заңмен қорғалатын мүдделерге елеулі зиян келтірген дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

      Елеулі зиянға адамның денсаулығына жеңіл орта, ауыр жарақаттар келтірілуі, ижұқпалы ауруға душар болуы, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесін жоятын, бүлдіретін әрекеттердің орын алуы, балық қорының азаюы, тұқым шашпауы, қоршаған ортаның улануы, бүлінуі, теңіз жағасында зиянды заттардың көбеюінен демалыс аймақтарын мақсатты пайдаланудың мүмкіндіктерінің болмай қалуы, оны қалпына келтіру үшін орасан  материалдық және қаржы – қаражатының қажет болуы жатады. Келтірілген зиянның елеулі немесе елеулі еместігін нақты жағдайларға қарап сот анықтайды. /48.б.77/

      Қылмыстық кодекстің 283 – бабының 3 – тармағында осы қылмыстың ауырлататынын түрі осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген абайсызда кісі өліміне әкеп слққан әрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

      Қылмыстық кодекстің 283 – бабының 2,3 – тармақтарындағы қылмыс – материалдық құрамға жатады.

      Бұл қылмыс құрамы 1958 жылғы халықаралық құрлықтық шельф туралы конвенцияға сәйкес қабылданған.

      Қылмыстың объектісі Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфінде айрықша экономикалық аймағында табиғат ресурстарын қорғау қатынастары болып табылады.

      Құрлықтық шельфтің түсінігі мен режимі ҚР құрлықтық  шельфі туралы арнаулы заңында берілген.

      Заңға сәйкес құрлықтық шельфте Қазақстан Республикасы аумақтақ  теңізінен белгілі бір қашықтыққа дейінгі жердегі теңіздің үсті және су асты аумағындағы кен байлықтары жатады.

      Айрықша экономикалық аймаққа аумақтық теңізден тыс орналасқан оларға түйісетін теңіз аудандары жатады.

      Қылмыс объективтік жағынан : Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфінде заңсыз құрылыстар тұрғызу олардың айналасына немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағына қауіпсіздік аймақтарын заңсыз құру, сол  сияқты салынған құрылыстардың және теңіздегі кеме жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету мен жою ережелерін бұзу арқылы сипатталады.

      Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфінде немесе айрықша экономикалық аймағында заңсыз  құрылыстар тұрғызу деп кез келген құрылыс ғимараттарын қолданылып  жүрген нормативтік – құқықтық актілерге қайшы, рұқсатсыз немесе  рұқсатта көрсетілген талаптардың шарттарын бұзып іске асыруды айтамыз.

      Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында қауіпсіздік аймақтарын құру, теңіздегі кеме жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану  күзеті  немесе  жою  ережелері арнаулы  заңдармен  немесе  құқықтық – нормативтік  актілермен  реттеледі. Осы көрсетілген заңдармен нормативтік  актілердің  талабын  бұзу  қылмысты іс — әрекетке  ұрындырады. /9.б.12/

      Қылмыстың объективтік жағынан қажетті белгілерінің бірі қылмыс жасалу орны: Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі немесе айрықша экономикалық аймағы болып табылады.

      Құрылысы жағынан бұл қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс ҚК – тің 284 – бабында тізбектелген іс — әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

      Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен ( тікелей немесе жанама) істеледі.

      Қылмыстың субъектісі 16 – ға толған адам. Кейбір жағдайларда жауаптылыққа лауазым адамдары тартылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфінің немесе Қазақстан Республикасы айрықша экономикалық аймағының табиғи байлықтарына тиісті рұқсатсыз жүргізілген зерттеу, игеру үшін жауаптылық ҚК – тің 284 – бабының 2 – тармағында көрсетілген.

      Қылмыстың тікелей объектісі жерді қорғауға байланысты қоғамдық қатынастар.

      Қылмыстың заты өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, жеке пайдаланушылардың жерлері, жер учаскелері.

      Қылмыс объективті жағынан: жерді улау, ластау немесе улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштарды және өзге де қауіпті химиялық, радиоактивтік немесе биологиялық заттарды сақтау пайдалану, тасымалдау және көму кезінде оларды ұстау ережелерін бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен бүлдіру, адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге,жердің табиғи қасиеттерінің нашарлауына әкеп соққан іс — әрекеттер арқылы сипатталады.

     Сонымен бұл қылмыстың объективтік жағы негізінен мынадай 3 түрлі белгіден құралады: а) ҚК – тің 285 – бабының диспозициясында көрсетілген ережелерді бұзу; б) адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіру; в) іс — әрекет пен келтірілген қылмыстың зардабының арасындағы себепті байланыс;

     Жерді уландыру: ластаудың немесе басқадай бүлдірудің көздері болып: тыңайтқыштар( азот, фосфат, калий микротыңайтқыштары), өсімдіктердің өсуін ынталағыштар ( ауксиндер: гибборимендер, цитокининдер т.б.) улы химикаттар ( петицидтер, гербицидтер, инсетицидтер, акарицидтер,бактерицидтер) тазартылмаған өндірістік – тұрмыстық қалдықтар жатады.

     Көрсетілген заттарды қолданудың, сақтаудың, пайдаланудың, тасымалдаудың және көмудің тәртібін белгілейтін көптеген құқықтық – нормативтік актілер бар. Оларға жерқатынастары туралы заңдар, табиғат қорғау заңдары, қауіпті химиялық, биологиялық, радиоактивті заттарды тіркеу туралы арнаулы ережелер т.б. жатады./29.б.43/

     Көрсетілген заң немесе басқадай нормативтік – құқықтық актілердің талабын бұзу адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіреді.

     Адамның денсаулығына жеңіл, орта, ауыр дәрежелі жарақат келтіруі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Экологиялық қылмыстардың субъектісі мен субъективтік жағының кейбір құқықтық мәселелері.

 

     Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша экологиялық қылмыстардың субъектісі ретінде есі дұрыс, қылмыстық әрекет жасалған уақытты заңда көрсетілген қылмыстық жауаптылықты орындайтын жасқа толған жеке тұлға танылады. Экологиялық қылмыстардың субъектісі болып танылу үшін ол тұлға өзінің психикалық жағдайына және жасына байланысты болып жатқан құбылыстарды сезіне біліп және өзінің жүріс-тұрысына жауап есеп беретін жеке адам болу қажет. Сонымен экологиялық қылмыстың субъекісі 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, яғни жеке тұлғалар танылады. Дипломатиялық қолсұқпаушылық құқығына ие жеке тұлғалар экологиялық қылмыстардың субъектісі болып танылмайды. Бұл қылмыстың түрлерінің субъектісі болып тек жеке адам саналады. 29.б.33

     Әрекет етіп тұрған заң бойынша кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, жауапкершілік серіктестіктері, акционерлік қоғам болып табылатын, яғни заңды тұлға бұл қылмыстық  әрекеттің  субъектісі болып танылмайды. Егерде заңды тұлғаның әрекетінде қылмыстың белгілері анықталса, яғни экологиялық қылмыстың құрамдары бар  қылмыстық әрекет жасалынса, онда сол заңды тұлғаның өзі емес нақты  қылмыстық  әрекет  жасаған  өкілі  немесе жеке тұлғасы қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс.

     Қылмыстық құқықтың субъектісі болып жауаптылыққа заңды тұлғаларды тарту АҚШ-тың, Ұлыбританияның және басқа да шетел мемлекеттерінің заңдарында көрініс тапқан. Бұл мемлекеттерде заңды тұлғалардың жасаған қылмыстық әрекеттері үшін айыппұл түріндегі жаза қолданылады.Ал, ағылшын қылмыстық құқығының қаидалары бойынша корпорация келтірген залалы және жасаған әрекетсіздігі үшін, сол сияқты билікті басқа заңсыз мақсаттары үшін пайдаланғаны немесе жүктелген міндеттерін  орындамағаны үшін жауаптылыққа тартылады не айыппұл түріндегі жаза қолданылады.        Корпорацияларды қылмыстық қудалаудың мақсаты оның әрекеттеріндегі адал емес ниеттерін және әрекетсіздіктерін анықтап шығару.

     Кеңестік кезеңдегі қылмыстық құқық теориясында заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін алғашқы қозғағандардың бірі болып А.Н. Трайнин айтқан болатын. Ол бұл мәселені А.М. Плешковтың айтқан ескертпесіне негізделіп маңызды проблема ретінде көтерді:” Заңды тұлғаның мүшелерімен жасалынған қылмыстық әрекеті үшін  белгілі себептер мен жағдайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа заңды тұлғаның өзін тарту мүмкін бе?”-деген  ұсыныс болды./22.б.113/

    Соңғы уақытта бұл сұрақ қайта  жаңғыртыла  көтерілді. Оны қарастырудың маңыздылығы кейбір мекеме ұйымдардың, яғни заңды тұлғалардың әрекетінен туындаған елдегі экологиялық жағдайдың қиындауынан туындаған.

      Қылмыстық құқықтық әдебиеттерде ғалым заңгерлердің арасында заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын бекіту мәселесіне әр-түрлі көзқарастар байқалады.

     П.Ф. Повелицынаның пікірі бойынша заңды тұлғалардың экологиялық қылмыстар жасағаны үшін жауаптылық болу керек дейді./ 15.б.27/

     Э.Н. Жегалков былай деп жазған: “ Заңды тұлғалар өздерінің қызметкерлерімен шаруашылық қызмет жүргізу процесінде абайсызда жасалынған қылмыстар үшін, сол сияқты сол қызметкерлермен өздерінің міндеттерін орындау барысында қасақана түрде заңды тұлғаның мүддесі үшін жасаған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады”./33.б.48/

    А.М. Плешаков Э.Н. Жевлаковтың пікіріне қарама-қайшы позицияны ұстанды. Оның айтуы бойынша:” Біздің көзқарасымыз бойынша бұл позициямен келісу мүмкін емес. Біріншіден, мұндай заңмен бекітілетін сұрақтарда шешімі қиын мәселелер көп. Қандай болса да жеке тұлғаның кінәсіне қатысты бола алмайды. Заңды тұлғаның әрекетіндегі қасақаналық пен абайсыздық дегеніміз не? Екіншіден, көне қылмыстық құқық және ағылшын-американдық заңдардың негізінде жатқан көзқарастармен ойларға байланысты қатыссызды қатысты деу орынды емес. Түбегейлі қарама-қайшыбірнеше қылмыстық-құқықтық категоиялар : кінә, жауаптылық, қылмыс, қылмыстық әрекеттің субъектісіне қатысты пікірлерді айту қажет.”

Қазақстанда туындап отырған жағдайға байланысты, яғни әр-түрлі нысандағы жауапкершілік серіктестіктері, жеке кәсіпорындар және т.б. коммерциялық ұйымдардың сол бір сәттегі пайда табумен мүдделері үстем болғандықтан қоршаған ортаны қорғау мәселесі кейінгі орынға қалдырылып отыр. Сондықтан заңды тұлғалардың жасаған экологиялық қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу тиімді болып табылады. Бұл біздің көзқарасымыз бойынша осы тектес құқықбұзушылықтар үшн маңызды ескерту болып келеді.Ия А.М. Плешаковтың өзі де заңды тұлғаларды экологиялық  қылмыстардың субъектісі ретінде тануға қарсы емес, бірақ мынадай сөз айтады: “ Заңдарға заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын енгізу үшін біздің көзқаасымыз бойынша отандық көне қылмыстық құқық концепциясын және қылмыс және қылмысқа қатысушылық субъектісі жөніндегі қағидалар туралы толығымен қайта қарап шығу керек” /2.б.19/

      Қылмыстық заң экологиялық қылмыстарға байланыты жауаптылықты енгізе отырып негізінде қылмыс субъектісін нақты атап көрсетпейді. Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы заңдардың бұзылуы кезінде субъект ретінде ҚР азаматы,  шетел  азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар көрсетілген.Бұл қылмыстық  әрекет  лауазым  иелерімен немесе жай азаматтармен жасалынуы мүмкін. Сондықтан бұл маңызды сәт болады, себебі аталған жағдайды табуға байланысты экологиялық қылмыстарды саралау, яғни жеке түрде немесе қылмыстың жиынтығымен жасалынған қылмыстық әрекеттер анықталады. Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың субъектісі көрсетілмеген нормалар балама-лауазым атқа ие болды. Экологиялық  қылмысқа  байланысты  бұндай жағдайларды жоғарғы, сот инстанциялары  реттеп  отырады.Егерде  осындай  қылмыс құрамдарының субъектілері лауазым иелері болса онда экологиялық қылмыстарға  қатысты  нормалармен  жауаптылыққа  тартылады.

     Лауазым иесі қылмыстың орындаушысы ретінде болып және өзінің қызмет жағдайын пайдаланбаса онда ол жеке тұлға ретінде жай азамат болып экологялық қылмыс субъектісі болып танылады.

     Ал, экологиялық қылмыс лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайымен байланысты ( мысалы, берген бұйрығына сәйкес қоршаған ортаға елеулі зардап келтірсе) жасалынса,

     Онда жауаптылық қылмыстың жиынтығы бойынша, яғни лауазымды және экологиялық қылмыстар үшін қолданылады.

     Қылмыстың субъективтік жағы жеке тұлғаның қоршаған ортаны қорғау саласындағы жасаған қылмыстық  әрекетіне психикалық қатынасын білдіреді. Еліміздің қылмыстық құқығы қасақана немесе абайсызда жасалынған қылмыстық әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықты қолданады. Экологиялық қылмыстық әрекеттің ниетімен мақсаты қылмысты саралауға егерде норманың диспозициясында қылмыстың белгілері ретінде көрсетілмесе әсерін тигізеді. Басқа жағдайларда ниет пен мақсат сотпен жазаның түрімен мөлшерін тағайындауда ескертіледі.

     Заң әдебтеттерінде мынадай пікірлер бар, экологиялық қылмыстардың мынадай құрамдары заңсыз су жануарларын алу, заңсыз аңшылық, ормандарды заңсыз кесу тек қасақаналық кінә ретінде сипатталады. Аталған қылмыстың құрамдары формальды болып табылады, яғни олар абайсыздықта жасалынуы мүмкін емес. Осыған қарама – қайшы көзқарастар бар.

     Сондай – ақ кейбір экологиялық  қылмыстарда, яғни жоғарыда аталғандай қылмыстық зардаптар көрсетілген  субъективтік  жағы  қасақана  нысанында сол сияқты абайсыздық нысанында да жасалынуы мүмкін, егерде осы мәселе жөнінде заңда нақты көрсетілмеген болса, онда бұл сұрақ  біркелкі  шешіледі.

Қылмыстық құқық теориясында экологиялық қылмыстардың ниеті мен мақсаттары жөніндегі сұрақтар аз зерттелінген. Бұл проблема криминологиялық жоспарда көрініс таба отырып оның  қылмыстық құқықтық сипаттамасы қажетті деңгейде қарастырылмаған. /24.б.33/

      Көбінесе экологиялық қылмыстар сқасақана ниетпен жасалынады. Мысалы: заңсыз аңшылық, ормандарды заңсыз кесу  сияқты қылмыстар негізінде материалдық пайда табу мақсатындағы қылмыстық әрекеттер арқылы жасалынады.

      Экологиялық қылмыстық заңда арнайы қылмыстық субъектісінің белгілі анықтамасы жоқ. Оның белгілері ерекше субъекті ретінде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде қаралған, барлығымызға белгілі қылмысқа жауаптылық, ең әуелі экологиялық  қылмысқа  жол  бермеу, белгілі жас мөлшері бойынша жалпы экологиялық  қылмысты анықтау жүзеге асырылады. Бірақ көптеген экологиялық қылмыстық жауаптылыққа Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің жеке баптары бойынша мал дәрігері, экологтар, лаувзымды адамдар, транспорт жүргізушісі, сарапшы, куәгерлер, тағы сол сияқтылар тартылады. Бұл  белгілер,  яғни қызметі жалпы қылмыс субъектісіз арнайы қылмыс субъектілігі болуға тиіс емес.

      Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде арнайы экологиялық қылмыс субъектісінің категориясы қойылған. Лауазымды  адамның түсінігі (Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі 107 – бап ескертуі  әскери қылмыс субъектісі туралы жалпы түсінік. ) Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 13 бабы арнайы экологиялық қылмыс субъектісі практикасында, ғылымда, қылмыстық құқықта арнайы категориялар бойынша анықталған.

      В. Орлов былай деп дұрыс көрсетеді: “ қылмыстық құқық бойынша айрықша қылмыс субъектісін анықтаудың маңызы өте зор.  Жалпы қылмыстың  ерекшелігі  ол  адамдардың  әр  түрлі  қоғамдағы ісіне, атқаратын әлеуметтік рөліне сай анықталады. Бұл жерде  экологиялық қылмыстық  айрықша субъектісінің белгілері: адамның белгілі бір жасқа толуы, табиғатқа келтірген залалы, оған қоса лауазымды, азаматтығы, тағы басқа белгілері” /14.б.60/

      Қылмыстың объектісі 16 – ға тол,ан адам.

      Қылмыстық Кодекстің 291 – бабының 2 – тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі: барлық топтағы ағаштар мен бұталарды, сондай – ақ орман қорына кірмейтін немесе кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуін тоқтату үшін зақымдау, егер бұл әрекеттер:

          а) әлденеше рет;

          ә) адамдар өзінің қызмет бабын пайдаланып;

          в) ірі көлемде жасағаны үшін жауаптылық көзделген;

Әлденеше рет қылмыстың түсінігі Қылмыстық Кодекстің 11 – бабында, ірі көлемнің түсінігі Қылмыстық Кодекстің 290- бабының ескертуінде берілген. Адамның өзінің қызмет бабын пайдаланып істегендігі жауаптылығы Қылмыстық Кодекстің 287 – бабының 2 – тармағы бойынша шешіледі.

Ормандарды жою немесе зақымдау ( 292 — бап) жайлы түсінік.

Қылмыстың объектісі ормандарды қорғау жөніндегі қоғамдық қатынас.

Қылмыстың аты орман қорына жататын барлық орман топтары, сондай – ақ орман қорына кірмейтін екпе ағаштары.

      Қылмыстық Кодекстің 292 – бабының 1 – тармағында көрсетілген қылмыстың объективтік жағы отты немесе өзге де қауіптілігі жоғары көздерді ұқыпсыз қолдану салдарынан ормандарды, сондай – ақ орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды жою немесе зақымдау арқылы көрініс табады.

     Отты немесе өзге де қауіптілігі жоғары көздерді ұқыпсыз қолдануға ( Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, қазба байлықтарды ашу, құрылыс салу, құбыр жүргізу, электр қуатын беретін линиялар жүргізу, ормандарды агрохимикаттармен өңдегенде сақтандыру шараларын қолданбау) әрекеттері жатады. /40.б.78/

     Адамның денсаулығына қауіп келтіруге бір немесе бірнеше адамға жеңіл, орта немесе ауырлықтағы зиян келтірулер жатады. Жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне олардың көптеген аумақтар бойынша заңсыз қырғынға ұшырауы жатады.

     Өзге де ауыр зардаптарға адамдардың улануы, эпидемия таралуы, қоршаған табиғи ортаны жақсарту бағдарламасын жүзеге асырудың үзілуі, ірі материалдық залалдардың келтірілуі т.с.с. жатады. Баптың диспозициясында көрсетілген іс — әрекеттер мен орын алған зардаптардың арасында себепті байланыс болуы тиіс. Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істеледі.

      Қылмыстың субъектісі арнаулы, 16 жасқа толған, шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына жалпы лауазымды немесе лауазымды емес адамдар. Мысалы экологиялық сарапшылар, жергілікті атқару органдарының лауазымды адамдары, қадағалау немесе бақылау органдарының лауазымды адамдары т.б.

Ықтимал экологиялық  қауіпті  химиялық,  радиоактивті  және  биологиялық  зардаптарды  өндіру мен пайдалану  негізінде  экологиялық  талаптардың  бұзылуы ( 278 бап).

     Қылмыстың  объектісі  экологиялық  қауіпті  химиялық,  радиоактивті  және  биологиялық  заттарды  өндіру  мен  пайдалану  негізінде  адамдардың  денсаулығы мен  қоршаған  ортаны  қорғау  аясындағы  қоғамдық  қатынастар.

    Қылмыстың  заты  химиялық  радиоактивті, биологиялық  заттар.

   Объективті  жағынан  көрсетілген  қылмыс  ықтимал  экологиялық  қауіпті  химиялық: радиоактивті  және  биологиялық  заттарды  өндіру, тасымалдау, сақтау,  көму,  пайдалану  немесе өзге  де  жұмыс  істеу  кезінде  экологиялық  талаптардың  бұзылуы, егер  бұл  әрекеттер  адамның   денсаулығына  немесе  қоршаған ортаға   елеулі  зиян  келтіру  қаупін  төндіру  арқылы  сипатталады.

    Химиялық  заттарға — өте  жоғары  уландыратын, зәрлі, тері, нерв жүйелеріне қатты әсер   ететін, тұншықтыратын, тітіркендіретін  және  адам жүйесін  зақымдандыратын  нәрселер  жатады.

    Радиоактивті  материалдарға – құрамында  ядролық қосындылары  бар  заттар  жатады. Мысалы, уран, плутоний т.б.

     Биологиялық  заттарға  адамдар,  жануарлар мен  өсімдіктер  арасында  жаппай  ауру  тарататын  әртүрлі  бактериялар,  вирустар,  жәндіктер  т.б,  жатады.

     Ықтимал  экологиялық  қауіпті  химиялық,  радиоактивті  және  биологиялық  заттарды  өндіру,  тасымалдау,  сақтау,  көму,  пайдалану  немесе жұмыс  істеу  тәртібі   арнаулы  құқықтық  нормативтік  актілермен  реттеледі. Яғни,  қылмыстық  кодекстің 278 бабында  көрсетілген  норма  бланкеттік  болып  табылады.

     Осы  көрсетілген  жұмыстарды  жүргізу  кезінде  экологиялық  талаптарды  бұзу  әрекеттері  адамның  денсаулығына  немесе  қоршаған  ортаға елеулі  зиян  келтірк  қаупін   төндіруі  қажет.  Төнген   қауіпке  қоршаған  ортаның  сапасының,  табиғатт объектілерінің   жағдайларының  улануға,  ластануға  байланысты  тым  нашарлап   кетуі;  экологиялық  зиянданудан  жануарлардың жаппай  өлім-жітімге  ұшырауына әкеліп  соғады: адамның денсаулығына  немесе  қоршаған  ортаға  нақты  елеулі  зиян  келтіру  мүмкіндігі  төнуі  жатады.  Зиян  келтіру   қаупінің   болғаные  немесе  болмағанын  тергеу, сот  органдары   істің   нақты   жағдайларына байланысты   анықтайды.

     Қылмыс  құрамы формалық.  Ол диспозицияда  тізбектелген іс  әрекеттерді  бірігіп  істеген  уақыттан  бастап  аяқталған  деп  табылады.

    Қылмыс  субъективтік  жағынан тікелей қасақаналықпен істелінеді. Ықтимал  экологиялық  қауіпті  заттармен жұмыс  істеу  тәртібін  бұзудың  қоғамға   қауіптілігін сезеді және соны істеуді тілейді.

     Қылмыстың субъектісі арнаулы-ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану ережесін сақтауға міндетті 16-ға толған адам.

     ҚК-тің 278-бабының 2-тармағында қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына иян келтіруге, не жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетпеуіне әкеп соққан, сондай-ақ  төтенше  экологиялық  жағдай  аумағында  жасалған дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

     Бұл қылмыс құрамы материалдық. Қылмыстық жауаптылық заңда көрсетілген зардаптардың біреуінің болса да орын алған уақытынан немесе онай зардап болмаса да, бірақ іс-әрекет төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалса аяқталған деп танылады.

      Қазақстан Республикасыың қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы: тұрғындарды төтенше оқиғалардан қорғау жөніндегі және басқа заңдарға сәйкес Республиканың кейбір аумақтары, объектілері шаруашылық немесе басқа қызметтерді дұрыс жүргізбеу әрекеттерімен қоршаған ортаға, тұрғындардың өмірін,  өсімдіктер  мен  жануарлардың  өмір  сүруіне  тұрақты теріс әсер ететін елеулі жағдайларға байланысты қала, аудан жеке объект төтенше экологиялық жағдай аумағы деп жариялануы мүмкін.

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 IIIТАРАУ. Экологиялық қылмыстарды саралаудың құқықтық проблемалары.

 

         3.1.Экологиялық қылмыстарды саралаудың түсінігі.

     Экологиялық қылмыстарды саралау мәселесіне келсек қылмыстардың объектісіне байланысты бірнеше түрлерге бөліп қарастырамыз. Су қоймаларын ластау, Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы заңдарды бұзу,  жер  және  жер  қойнауын  қорғау және пайдалану ережелерін бұзу, су жануарлары  мен  өсімдіктер  дүниесін  қорғау ережелерін бұзу, ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  режимінің  бұзылуы, микробиологиялық  немесе  басқа  биологиялық  агенттермен,  улы  заттармен жұмыс істеу  кезінде  қауіпсіздік ержлерін бұзу, шаруашылық және  өзге  де  қызмеке  қойылатын  экологиялық талаптардың бұзылуы.

     Су  қоймаларын  және  ауаны  ластау.  Адам 70% судан тұрады. Бұл ең ауқымды  өмір  сүру  ортасымен  байланыстыратын компонент болып табылады. Су және оның сапасы тікелей біздің денсаулығымызға және өміріміздің ұзақтылығына әсер етуші болып табылады. /44.б.83/

     Су қоймаларын ластау табиғатқа, шаруашылық және өзге де қызметтерге адам денсаулығына елеулі зардап келтіреі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойына сапасыз, ластанған судан жыл сайын 500 миллионнан аса адам қасірет шегеді екен.

      Қазақстан өзінің табиғи климаттық және географиялық жағдайының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бірақ территорияның оннан тоғыз бөлігі аридтыұқ зона болып, яғни төменгі ылғалдылықтағы су ресурстарына тиесілі. Оған қоса судың жартысынан астамы Қазақстанмен шекаралас транзит арқылы жүргізіледі. Республика өте көп емес су ресурстарына тиесілі, небәрі 55 куб метр оның 5/3 –і ғана шаруашылық қолданысқа пайдаланылады.

Суды қорғау және ұтымды пайдалану табиғат қорғау құқық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұған үстінгі қабаттағы және жерасты сулары, теңіз сулары және мұздықтардағы, запастағы сулар жатады.

     Экологиялық қылмыстардың бұл түріне байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде мынадай қылмыс құрамдары бар, суларды ластау, бітеу және сарқу ( 281-бап), теңіз аясын ластау ( 283- бап).

Қылмыстың объектісі суды қорғауға байланысты пайда болған қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстың заты – су. Объективтік жағы- суды ластауға бағытталған әрекеттер. Субъективтік жағынан қылмыс қасақана және сонымен қатар абайсызда жасалады. Субъектісі –жалпы 16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға және сонымен қатар арнайы субъект, яғни белгілі бір лауазым иесі болып табылады./8.б.113/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Экологиялық қылмыстарды саралаудың түрлері.

 

       Жер және жер қойнауын қорғау саласындағы қылмыстарды саралау мәселесі.

     Жердің ластануының қоғамдық қауіптілігінің адам денсаулығына зиян келтірумен күнделікті өмір сүру көзі болатын жерлердің пайдалануға жарамсыз болуының тікелей себебі болып табылады.

     Топырақ табиғат ортасының жаңартылмайтын қайнар көздерінің бірі. Сондықтан оны ластану мен құнарсызданудан қорғау маңызды әрекеттердің бірі болып табылады. Әдебиеттерге сүйенсек, елімізде екі миллион гектардан астам ластанған жарамсыз жерлер бар.

     Қазақстан Республикасында жер қатынастарын реттейтін негізгі құжат ол 20 маусымдағы 2003 жылы қабылданған Жер кодексі болып табылады.

Бұл нормативтік актіде жерді пайдалану тәртібі, жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, жерді пайдалануды және қорғауды мемлекеттік басқару, жер санаттары туралы баяндалған.

     Жер кодексінің 5 бабында оның міндеттері:

      Қазақстан Республикасында жер заңдарының міндеттері: жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін:; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық  жүргізудің  барлық  нысандарын  тең  құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлік рыногін жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады деп айтылған. /17.б.49/

      Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
  • елді мекендердің, қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің жері;
  • өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы жер;
  • орман қорының жері;
  • су қорының жері;
  • босалқы жер;

     Экологиялық қылмыстардың бұл түрі, яғни суды ластауды, объектісі жерді қорғауға байланысты қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, жеке пайдаланушылардың жерлері, жер учаскелері және т.б.

      Қылмыс объективті жағынан: жерді улау, ластау немесе улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштарды және өзге де қауіпті химиялық, радиоактивтік немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және көму кезінде оларды қстау ережелерін бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен бүлдіру, адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, жердің табиғи қасиеттерінің нашарлауына әкеп соққан іс — әрекеттер арқылы сипатталады. /18.б.56/

     Сонымен бұл қылмыстың объективтік жағы негізінен мынадай 3 түрлі белгіден құралады:

а) қылмыстық  кодекстің 285 – бабының диспозициясында көрсетілген ережелерді бұзу;

б) адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіру;

в) іс — әрекет пен келтірілген қылмыстық зардабының арасындағы себепті байланыс;

      Қылмыс материалдық құрамға жатады және ол заңда көрсетілген зардаптардың бірінің орын алған сәтінен бастап аяқталған деп табылады.

     Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен немесе абайсыздықпен жасалады.

      Қылмыстың субъектісі есі дұрыс 16 жасқа толған жай және лауазымды жеке тұлға болып табылады.

      Қылмыстың объектісі жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалану аясындағы қоғамдық қатынастар. Мұндай қоғамдық қатынастар  Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңы арқылы реттеледі.

      Қылмыстық заңның диспозициясына сәйкес осы қылмыстың затына пайдалы қазбалар жатады.

      Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу қылмысы объективтік жағынан: 1. пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты емес құрылыстарды жобалау;

  1. орналастыру;
  2. салу;
  3. кен өндіру кәсіпорындарын пайдалануға беру;
  4. пайдалану кезінде жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу;
  5. сондай – ақ пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға өз бетінше құрылыс салу, бұл әрекеттер едәуір зиян келтіруге әкеліп соғуы арқылы сипатталады. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелері арнаулы экологиялық және тау – кен заңдарында белгіленген.

      Осы заңдарға сәйкес жер қазба байлықтарын өндіруге соны заңдарға лицензиясы бар мемлекеттік немесе мемлекеттік емес кәсіпорындар, жекелеген азаматтар құқылы. Осыған орай   Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңында, жер қойнауын пайдалану нұсқауларында нақты құқықтары мен міндеттері айқындалған. Осыған орай олар кен байлығын тиімді пайдалану және қорғау; жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстарды қауіпсіз жүргізу, рұқсатсыз  құрылыстарды  салуды  жобалауды, салуды, орналастыруды және  басқа  заңсыз  әрекеттерді жүзеге  асырмауға  міндетті./28.б.73/

     Көрсетілген  ережелерді  бұзу  едәуір  зиян  келтіруге  әкеліп  соқса, іс-әрекет  қылмыс  болып  табылады.

     Едәуір  зиянға – пайдалы  кен  орындары  кәсіпорындарын  істеп  шығару; кен өндіру  жұмысына  кедергілер  келтіріп  жұмысты  тоқтату; объектілерді,экологиялық  жағдайын  нашарлату; лицензияда  көрсетілмеген  кен  игеру ісімен  айналысу және т.б. әрекеттер  жатады.

    Қылмыс  құрамы  материялдық  заңда  көрсетілген  зардап  орын  алған уакыттан  бастап  ол  аяқталған  деп  танылады.  Баптың  диспозицияның  көрсетілген  ережелерді  бұзумен  келтірілген  едәуір  зиянның  арасында  себепті  байланыс  болуы  шарт.

     Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен де, абайсыздықпен де істеледі.

     ҚК-тің 286 бабының 2- тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі: жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында жалпы экологиялық талаптарды бұзу егер бұл әрекеттер жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне, мемлекетке ірі көлемде нұқсан, халықтың денсаулығына зиян келуіне әкеп соққаны үшін жауаптылық көрсетілген, жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларындағы экологиялық талаптарды бұзуға айналғаны уландыру, ластау жұмыстарын жүргізу, жер қойнауына қауіпті жарылыс жасау, кен өндірудің қауіпсіздігін сақтамау әрекеттері жатады. Осы талаптарды сақтамау заңа көрсетілген зардапқа әкеліп соғуы шарт.

      286- баптың 2-  тармағында көзделген әрекеттер абайсызда адамдардың жаппай ауруына немесе кісі өліміне әкеп соқса, онда олүшін жауаптылық ҚК-тің 286- бабының 3- тармағында көзделген.

      Қылмыстың оюъектісі табиғи жағдайда мекендейтін судың тірі ресурстарын қорғау  және  тиімді  пайдалану  жөніндегі  қоғамдық қатынастар

Қылмыстың зтына әртүрлі балық тұқымдары; теңіз немесе тұщы су жануарлары: теңіз аңдары өзге де су жануарлары, су өсімдіктері.

       Қылмыс объективті жағынан: балықты, теңіз аңдарын және өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу;

 а) бұл әрекет ірі зиян келтіре отырып,

 б) өздігінен жүретін жүзгіш көлік құралын немесе жарылғыш және химиялық заттарды, электр тоғын, не аталған су жануарлары мен өсімдіктерін жаппай жоюдың өзге де әдістерін қолдану арқылы,

 в) ұрық шашу  орындарында  немесе  оларға  бару  жолдарында,

 г)  ерекше қорғалатын табиғи  аумақтар мен төтенше  экологиялық жағдай аумақтарында жасалу арқылы сипатталады.

      Заңда белгіленген ережені бқзып балықты, теңіз аңдарын, өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерді өз бетінше, рұқсатсыз, лицензиясыз, тыйым салынған жерлерлен, , тыйым салынған уақыттан құралдар мен тәсілдерді пайдаланып заңда көрсетілген заттарды алу заңсыз алу деп танылады.

     Осы бап бойынша жауапқа тарту үшін осы баптың диспозициясында тізбектелген іс — әрекеттердің біреуін бұзудың өзі жеткілікті. Бапта көрсетілген норма бланкеттік диспозицияға  негізделген.  Мысалы: Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын балық қорын  қорғау және сулардан балық  ұстауды  реттеу  туралы  арнаулы ереже бар.

     Су жануарлары мен өсімдіктерді заңсыз алу орны Қазақстан Республикасының аумақтық сулары, оның ішінде теңіз, көл, тоспа су қоймалары және басқа да су көздері.

     Су жануарлары мен өсімдіктер дүниесін заңсыз алу мына төмендегі іс — әрекеттерді істеген жағдайда ғана қылмыс болып табылады. а) ірі зиян келтіру арқылы ірі зиянның мөлшері алынған заттың құнына, экологиялық құндылығына, санына, сондай – ақ  жануарлары мен өсімдіктер дүниесіне келтірілген зиянның көлеміне байланысты анықталады. Ірі зиянға Қазақстан Республикасының қызыл кітабына жазылған жануарлар дүниесін жою, балықтың ұрық  шашу  орындарын  жою, майда  шабақтардың  қырғынға ұшырауы да жатады; б)  қздігінен  жүретін  жүзгіш  көлік  құралын немесе жарылғыш және химиялық  заттарды элекетр тоғын, не аталған су жануарларын және өсімдіктерін  жаппай жоюдың өзгеше де әдістерін қолдану. Бұларға катерлі, моторлы  қайықтарды,  басқа  шығын  жүзгіш құралдар мен қондырғыларды пайдаланып балықты, басқа да су жануарларын, өсімдіктерді заңсыз алу әрекеттері жатады. /21.б.193/

      Бұдан басқа көрсетілген заттарды заңсыз алу үшін атылатын, жарылатын қару, кесетін немесе тесетін басқа да құралдар пайдаланылуы мүмкін: в)  ұрық шашу орындарында немесе оларға бару жолдарында. Ұрық шашу, балықты көбейту, оларды сақтау, қорғау су объектілерінің тізімін   Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.  Осы ережеде  ұрық  шашу, оларға бару жолдары да айқындалады. Осы орындардағы су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу қылмысқа жатады. г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық жағдай аумақтарында істелген осы ірекеттер.

      ҚК – тің 287 – бабының 1 – тармағында көрсетілген балықты, теңіз аңдарын өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерін ірі зиян келтіре отырып заңсыз алу қылмысы материалдық құрам іс — әрекет пен одан пайда болған ірі зиянның арасын байланыстыратын себепті байланыс болуы керек.

      Ал, ҚК – тің 287 – бабының 1 – тармағындағы басқа іс — әрекеттер формальдық құрамға жатады. Қылмыс бұл ретте су жануарларын немесе өсімдіктерді алмағанның өзінде, заңда көрсетілген іс — әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

     Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналық арқылы сипатталады.

     Қылмыстың субъектісі 16 – ға толған адам.

б) өздігінен жүретін жүзгіш көлік құралын немесе жарылғыш және химиялық заттарды, электр тоғын, не аталған су жануарларын және өсімдіктерін жаппай жоюдың өзге де әдістерін қолдану. Бұларға катерлі, моторлы қайықтарды, басқа шағын жүзгіш  құралдар  мен қондырғыларды пайдаланып балықты, басқа да су жануарларын, өсімдіктерді заңсыз алу әрекеттері жатады. Бұдан басқа көрсетілген заттарды заңсыз алу үшін атылатын, жарылатын қару, кесетін немесе тесетін басқа да құралдар пайдаланылуы мүмкін; в) ұрық шашу орындарында немесе оларға беру жолдарында ұрық шашу, балықты көбейту, оларды сақтау, қорғау су объектілерінің тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Осы ережеде ұрық шашу, оларға бару жолдары да айқындалады. Осы орындардағы су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу қылмысқа жатады;

г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық жағдай аумақтарында істелген осы әрекеттер( мұның түсінігіне ҚК – тің 281 – бабының 2 – тармағына талдау жасағанда тоқталғанбыз).

ҚК – тің 287 – бабының 1 – тармағында көрсетілген балықты, теңіз аңдарын, өзге де су жануарларын немесе  өсімдіктерін  ірі  зиян  келтіре отырып заңсыз алу қылмысы  материалдық  құрам. Іс — әрекет пен одан пайда болған ірі зиянның  арасын  байланыстыратын  себепті  байланыс  болуы керек.

     Ал, ҚК – тің 287 – бабының 1 – тармағындағы басқа іс — әрекеттер формальдық құрамға жатады. Қылмыс бұл ретте су жануарларын немесе өсімдіктерді алмағанның өзінде, заңда көрсетілген іс — әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

     Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналық арқылы сипатталады. Қорықтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметкерлері, сондай – ақ қоршаған ортаны қорғайтын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қызмет бабын пайдаланып 287 – бапта көрсетілген заңсыз іс — әрекеттер істелуі мүмкін.

     Ұйымдасқан топтың түсінігі ҚК – тің 31 – бабында берілген.

     Экологиялық қылмыстың көптеген түрлері бар, мысалы, жануарлар жайындағы мәселелерге келсек, қылмыстың жануарлар дүниесін қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастар.

     Қазақстан Республикасында  аңшылықтың  заңдылығы  мына құжаттармен Қазақстан Республикасының “ жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы” заңымен: Қазақстан Республикасындағы аңшылық және аңшылық шаруашылықтар жөніндегі ережемен басқадай нормативтік – құқықтық актілермен, арнаулы нұсқаулармен реттеледі.

     Қылмыстың заты табиғи бостандық жағдайында мекендейтін жануарлар дүниесі болып табылады. Қылмыс  объективтік  жағынан  заңсыз  аңшылық әрекетін жасау арқылы көрініс табады.

     ҚК – тің 286 – бабына сәйкес:

а) ірі зиян келтіріп,

б) механикалық көлік құралын немесе әуе көлігін, жарылғыш заттарды, газдарды пайдаланып құстар мен аңдарды жаппай қырып жоюдың өзге де әдістерін қолданып;

в) аулауға толық тыйым салынған құстар мен аңдарға қатысты;

г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше  экологиялық ахуал аймақтарында жасалған әрекет заңсыз аңшылық деп саналады.Осы баптың ескертілуіне сәйкес қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен үш жүз есе асып түсетін залал  ірі  көлемді  залал  деп  танылады.  Заңсыз  аңшылық арқылы алынған жануарлар  дүниесінің  құны  арнаулы заңда белгіленген такса арқылы немесе  сарапшылық  арқылы  анықталады./15.б.59/

      Механикалық құралдарға мотоциклдер, автокөліктер, өздігінен қозғалатын жол, құрылыс, ауылшаруашылық машиналары, моторлы қайық, катер, ал әуе көлігіне кез – келген түрдегі және бағыттағы ұшу аппараттары жатады.

     Аңшылықта қолдануға тыйым салынған қарулар мен әдістердің тізбегі аңшылық ережелері  туралы  нормативтік  актілерде  көрсетілген.

     Аңдарды қырып – жоюдың өзгеше  әдістеріне  улы  химикаттарды қолдану немесе өрт қою, басқа да қауіпті тәсілдер қолданулар жатады. Аулууға тыйым салынған құстар мен аңдардың тізімі Қазақстан Республикасы арнаулы нормативтік актілерінде көрсетілген. Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енгізілген.

      Қылмыстық кодекстің 288 – бабының “ а” тармақшасында көрсетілген құрам материалдық, ал қалған тармақшаларындағы ( б,в,г) қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен істеледі.

     Қылмыстың субъектісі 16 – ға толған адам.

     ҚК – тің 288 – бабының 2 – тармағында осы қылмыстың қауіптірек түрі: өзінің қызмет бабын пайдаланып немесе адамдар тобы алдын – ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет үшін жауаптылық көзделген.

     Экологиялық қылмыстың – ормандар мен бұталарды қорғау және тиімді пайдалану аясындағы қатынастар.

      Қылмыстың заты барлық топтағы орман ағаштары мен бұталары, орман ұорына кірмейтін немесе кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталар.

     Орманның құқықтық ережелері Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Орман кодексінде белгіленген. Барлық ормандар және орман шаруашылығын жүргізуге берілген жерлер Қазақстан Республикасының орман қорына жатады.

     Орман қорына ауылшаруашылық жерлерін қорғайтын орман қондырғылары немесе басқадай ағаштар мен бұталар, темір жол, автомобиль жолы және каналдарды қорғап тұратын орман белдеулері, елді мекендер мен қалаларды көгалдандыратын ағаштар, үй іргесіндегі, саяжайлардағы және саяжай учаскелеріндегі ағаштар кірмейді.

      Қазақстан Республикасында атқаратын экологиялық, генетикалық, әлеуметтік – экономикалық қызметтері мен орналасқан жерлеріне қарап орман қорлары екі топқа бөлінеді. /14.б.86/

      Бірінші топқа суды қорғайтын ормандпр ( өзен, көл, бөгет және басқа су қоймаларының жағалауларын қорғайтын орман белдеулері); санитарлық – гигиеналық және сауықтыру орындары, қорықтар мен қорықтық аймақтар, қлттық және тарихи парктердегі ормандар, ерекше құнды орман алқаптары, ғылыми маңызы бар ормандар, генетикалық – резервтер мен табиғи ескерткіштер, жаңғақ кәсіпшілігі аймағының ормандары, жеміс – ағаш екпелері, биік таулардағы ормандар жатады.

      Екінші топтағы ормандар қатарына таулы аудандардағы пайдаланылу маңызы шектеулі ормандар жатады. Қылмыстық іс — әрекет объективтік мәселелері жағынан алғанда барлық топтағы ормандарда ағаштар мен бұталарды, сондай – ақ орман қорына кірмейтін немесе кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуін тоқтату үшін зақымдау, бұл әрекеттер елеулі зиян келтіру арқылы сипатталады. Орман ағаштары мен бұталарын, сондай – ақ оларға кірмейтін басқа да пғаштар мен бұталарды немесе кесуге тыйым  салынған  ағаштар  мен  бұталарды  кесуге арнаулы рұқсат құжаттардың: лицензияның, ағаш кесу билетінің, ордердің, орман билетінің негізінде жүзеге асырылады.

      Ағаштар мен бұталарды рұқсатсыз кесу заңсыз  деп танылады,  сондықтан тиісті рұқсат құжаттары болғанның өзінде рұқсат етілмеген жерден, рұқсатта көрсетілген санға және сапаға сәйкес келмейтін түрде ағаштар мен бұталарды кесуге заңсыз деп саналады.

     Қылмыс құрылысы жөнінен материалдық құрамға жатады. Олзаңда көрсетілген әрекеттер елеулі зиянға әкеліп соққан жағдайда аяқталған деп саналады. Қылмыстық кодекстің 288 – бабының ескертуіне сәйкес қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында беогіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асып түсетін залал мөлшері елеулі залал деп танылады. Іс — әрекет пен келтірілген осы залалдың арасында себепті байланыс болуы қажет.

     Экологиялық қылмыс жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.

      Қылмыстың объективті жағының тағы бір қажетті белгісі шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзудың қоршаған ортаның едәуір ластану, адамның денсаулығына зиян келтіруі, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай  құрып  кетуі  туралы  немесе өзге де ауыр зардаптардың орын алуы болып табылады. Қоршаған ортаның едәуір ластануы деп көптеген адамдардың денсаулығына, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің өмір сүруіне қауіп келтіретін залалдарды айтамыз. /8.б.113/

       ҚК – тің 278 – бабының 3 – тармағында: осы баптың бірінші немесе екінші боліктердің көзделген, абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына немесе кісі өліміне әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Жаппай сырқаттануда көп адамдар уақытша еңбек қабілетінен айырылып, қатардан шығып қалады. Сырқаттың тікелей себебі — әкологиялық қауіпті заттарды өндіру, пайдалану ережелерінің бұзылуынан болып табылады.

     Қоршаған ортаға зиян жануарлар дүниесінің немесе ауыл шаруашылық емес өсімдіктердің, орман  ағаштарының  опат  болуы, су объектілерінің ластануы және су биоресурстарының құруы, атмосфералық  ауаның  ластануы арқылы келтіріледі.

     Заңның диспозициясында көрсетілген ережелерді бұзу мен орын алған зардаптың арасында себепті байланыстың болуы шарт.

      Қылмыс материалдық құрамға жатады және ол заңда көрсетілген зардаптардың бірінің орын алған сәтінен бастап аяқталған деп табылады.

      Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істеледі.

     Қылмыстың субъектісі 16 – ға толған жай және лауазымды адам.

     ҚК – тің 285 – бабының 3 – тармағында төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған сол әрекеттер, ал осы баптың 3 – тармағында жоғарыда көрсетілген әрекеттердің абайсызда кісі өліміне әкеп соққан зардап үшін жауаптылық белгіленген.

      Қылмыс құрамы материалдық. Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісіне қылмыстың зардабы ( ормандарды, сондай – ақ орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды жою немесе зақымдау) жатады. Іс — әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс анықталуы қажет.

      Қылмыстық кодекстің  292 – бабының 1- тармағында қылмыс субъективтік жағынан кінәнің абайсыздық түрі арқылы жасалады.

      Қылмыстың субъектісі  16 – ға толған адам.

      Қылмыстық кодекстің 292 – бабының 2 – тармағында көрсетілген қылмыстың объективтік жағы ормандары, сондай – ақ орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды өртеу, өзге де жалпы қауіпті әдіспен не зиянды заттармен, қалдықтармен немесе қоқыстармен ластау салдарынан қасақана жою немесе зақымдау арқылы сипатталады.

      Мұндағы ормандарды жою мен бүлдірудің тәсілдеріне — өртеу мен бірге өзге де қауіпті әдіс( жарылыс жасау, су жіберу) жасау немесе зиянды заттармен, қалдықтармен, қоқыстармен ластау жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

       Қоғамдағы орын алып отырған экологиялық жағдайды талдай келе, қоршаған ортаны қорғау мәселесі мемлекет тарапынан әлі де көңіл бөлуді талап етіп отыр. Қылмыстық – құқықтық табиғат қорғау нормаларын анализдеу негізінде, табиғат объектілерін қорғау, қылмыстық жауаптылық дифференциясы және экологиялық қылмыстар үшін жазалау мәселелерін кеңейтуді талап ететін тенденциялар қалыптасты. Табиғатты қорғау тенденциясы өмірдің биологиялық негізі ретінде мәнге ие бола бастады.

      Қазіргі уақытта әрекет етіп тұрған заңдардың бүгінгі күнде пайда болып отырған әкологиялық жағдайды реттеуде сәйкессіздік туындап отыр. Олар басқа құқық салаларында өзгерістердің болмауы, экологиялық қылмыстармен күресудің нақты қажеттігін байқалмауы және аталған қылмыстардың сапалы өзгеруін ескермеуі, сонымен қатар олардың қоғамдық қауіптілігінің өсуі.

     Табиғат пайдалану қатынастарының арасында басымды құндылықтар ретінде адамның өмірі мен денсаулығын қорғаумен байланысты қоғамдық қатынастар қатысады. Осыны ескере отырып экологиялық қылмыстардың тікелей объектісі ретінде әрбір адамның қолайлы қоршаған ортаға конституциялық құқығы жөніндегі қоғамдық қатынастар ретінде анықталады.

      Экологиялық қылмыстар жеке дара әлеуметтік құбылыс ретінде, экономикалық қылмыстар ( шаруашылық, меншікке қарсы) тобына жатқызылмайды және бірнеше белгілері ( объектісі, пәні, экологиялық мағынаға ие әрекеттер) арқылы аталған, сол сияқты лауазымды, мемлекеттік және басқа қылмыстардан айырмашылығы бар.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстарды саралау критерий ретінде, тиісті заңдарға сәйкес, қылмыстың пәні  мен  және онымен тығыз байланысты қолсұғушылықтан зардап шегетін нақты қоғамдық қатынастарды қолдану қажет.

      Экологиялық қылмыстардың пәні ретінде табиғи, биологиялық және басқа да қызметтерді орындайтын және онымен тығыз табиғи жағдайда болатын немесе белгілі бір адамдардың еңбектерін талап ететін, бірақ табиғаттан нақты еңбек арқылы ажыратылмайтын қоршаған ортаның элементтерін түсінеміз.

    Арал апаты, ірі масштабтағы ластану зардаптары, қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, көму кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы мен улануы – осының барлығы экологиялық құқық бұзушылықтар саласындағы заңдарды жетілдіруді қажет етеді.

     Халықтың өмірімен денсаулығына зиян қоршаған ортаға байланысты ақпараттарды лауазымды жауапты адамдармен жасыру арқылы ядерлық қарулар мен жарылыстарды жасау барысында қауіпсіздік шараларын қолданбаудың негізінде халық денсаулығына үлкен зардап тигізілді. Сондықтан осыған байланысты лауазымды тұлғалардың әрекетінің қылмыстық – құқықтық жауаптылық мәселесін шешу керек.

      Қылмыстық жауаптылық концепциясы екі тенденция арқылы көрініс табады: гуманизация, қылмыстық репрессияны күшейту және кеңейту.

Экологиялық қылмыстардың қылмыстық – құқықтық қорғау мәселесін зерттеуді аяқталды деуге болмайды. Осы тұрғыдан мынадай басымды бағыттар ұсынылады: қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қылмыстылықпен күресу жөніндегі заңдарды зерттеу және жетілдіру; қылмыстық заңда көрсетілген экологиялық қылмыстарды талдау; экология саласындағы жасаған қылмыстары үшін лауазымды тұлғалардың жауаптылығы және т.б.

 

 

 

 

 

Қолданылған нормативтік актілер мен әдебиеттер

  1. Қ.Р. Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз.
  2. “ ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” 1998 ж. 7 қазан.
  3. ҚР Қылмыстық кодексі 1997 ж.
  4. “ Қоршаған ортаны қорғау туралы” ҚР заңы 1997 ж. 15 шілде.
  5. “ҚР Экологиялық кодексі” 2007 ж.
  6. “ Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы” 1997 ж. 15 шілде.
  7. “ Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы”1996 ж.
  8. ҚР Жер кодексі 2003 ж. 19 шілде.
  9. ҚР Орман кодексі. 2003 ж. 23 шілде.
  10. ҚР Су кодексі 2003 ж. 23 шілде.
  11. 1995 ж. 7 шілде ҚР Заңы “ Мұнай туралы”
  12. 1998 ж. 26 маусым ҚР “ Ұлттық қауіпсіздік туралы”
  13. 1998 ж. 23 сәуір “ Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы”
  14. Закон КазССР “ Об охране атмосферного воздуха”1981г.
  15. Қазақстан Республикасындағы радиоактивті қалдықтар көмудің тәртібі туралы. ҚР Үкіметінің 18.10.1996 ж. Қаулысы.
  16. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемді өндіріп алу тәртібі туралы ҚР Үкіметінің 1.12.1998 ж. Қаулысы.
  17. Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын қолдану тәжірибесі туралы ҚР Жоғарғы сот Пленумының № 16 2000ж. 22 желтоқсандағы Қаулысы.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл – Алматы: Атамұра, 2003ж.240 бет.
  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы – 2030; гүлдену, қауіпсіздік жіне жақсарту.
  3. Колбасов О.С. Концепция экологического  права. Право  окружающей  среды в СССР и Великобритании.-М.,1998.5бет
  4. Плешаков А.М. Экологические преступления: концепции и система  понятий. Государство и право.-1993. №8. 82 бет
  5. Клобасов О.С. Указ.соч.-5бет
  6. Петров А.М.,Уголовно-правовая борьба с экологическими преступлениями. М.,1993-7бет
  7. Плешаков А.М.Уголовно- правовая борьба с экологическими преступлениями. М.-1993-7 страница.
  8. И.Ш. Борчашвили. Экологические преступления: понятие и квалификация.- Караганда, 1995-9-11 страница.
  9. Ляпунов Ю.И. Преступления и проступок по делам нарушении законов об охране природы. Социалистическая законность-1974г.№3
  10. Андрейцев В.И. К модели экологических преступлении УК союзных республик. Вестник Моск. Унив-та. Серия 11. Право – 1989 — №5-35страница.
  11. Жевлаков Э.Н. Экологические преступления: понятие, виды, проблемы ответственности. М.,1992.11-13 страницы.
  12. Ляпунов Ю.И. Уголовно- правовая охрана природы органами внутренных дел.М.1974-17 страница.
  13. Тяжкова И.М. Некоторые вопросы уголовно- правовой лхраны природы.М. 1978-99 страница.
  14. Дубовик О.Л.Жалинский А.Э. Причины экологических преступлений.М.1988-60 страница.
  15. Повелицына П.Ф. Уголовно- правовая охрана природы в СССР-Ашхабад.1991-22 страница.
  16. Петров В.В. Экология и право.-М.,1981-215 страница
  17. Ағыбаев А.Н.Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім.А.-2007-37 страница
  18. Уголовное право.Часть общая. А.-1998 под.ред.Рогова И.И. и Баймурзина Г.И.
  19. Курс советского уголовного права: Особенная часть-М. 1955-373 страница.
  20. Жевлаков Э.Н. Общие вопросы квалификации преступлений в области охраны окружающей среды.-М.1986-8 страница.
  21. Пионтковский А.А.Курс советского уголовного права-М.1959-368 ст.
  22. Трайнин А.Н. Должностные и хозяйственные преступления –М.1938-118 ст.
  23. Леонтьев Б.М. Преступления против природных богатств СССР. Советское уголовное право. Часть особенная-М.1975-262 ст.
  24. Жевлаков Э.Н. Экологические преступления: понятия, виды, проблемы ответственности: Автореферат дисс.доктора юрид.Наук.-М.1991-13ст.
  25. Советское уголовное право.Часть особенная.-М.1983-258ст.
  26. Дурманов Н.Д. Преступление-акт внешнего поведения человека. Советское Государство и право.1947 №4-12ст.
  27. Жевлаков Э.Н. Общие вопросы квалификаций преступлений в области охраны окружающей среды.М.1986-43ст.
  28. Повелицына П.Ф. Уголовно-правовая охрана природы в СССР.М.1981-33ст.
  29. Уголовный кодекс штата Огайо 2901.33; Уголовное право буржуазных стран. Часть общая: сб.законодательных актов.М.1990 94-95, 159-161 ст.
  30. Трайнин А.Н. Защита мира и уголовный закон. / Избр.пройзведения/ -М.1969-259,297 ст.
  31. Плещаков А.М. Экологические преступления ( понятие и квалификация. М.1994-46,47ст)
  32. Широков В.Субъект преступления в области охраны окружающей среды Советская юстиция-1985 №5-19ст.
  33. Жевлаков Э.Н.Субъект преступления против природы Социалистическая законность-1986-№5747-49 ст.
  34. Булатов Г.Г. Филимонов Б.А.Браконьеров к ртвету-М.1966.35 ст.
  35. Рохлин В.И.., Пинчук В.И., Сердюк В.М. Расследование и прокурорский надзор по фактам нарушения продоохранного законодательства. Вопросы методики и квалификаций.Л. 1991-43ст.
  36. Вода, которую мы пьем. Экономика и жизнь-1991- №2,50 ст.
  37. Куншакбаев Н. Не безбрежные водные ресурсы. Экономика и жизнь-1991, №9-3ст.
  38. Демина С.А.Закон на страже природы.М,. 1987-26 ст.
  39. Колыско А.Ю.,.Моляев Е.О. Экологические преступления Н. Новгород. 1993.48 ст.
  40. Бушуева Т.А.Уголовная политика в области охраны окружающей природной среды. Проблемы советской уголовной политики. Владивосток. 1985. 102ст.
  41. Пакутин В.Д.Уголовно- правовая охраны внешней природной среды.( объект и система преступлений) Уфа 1977.83ст.
  42. Курс советского уголовного права. М. Наука 1971.44 ст.
  43. Шемученко Ю.С. , Мунтян В.Л., Розовский Б.Г. Юридическая ответственность в области охраны окружающей среды Киев. 1978.112 ст.
  44. Эффективность юридической ответственности в охране окружающей среды. М. Наука. 1985-56 ст.
  45. Аксененок Г.А. Природа и человек в условиях научно- технического прогресса. Вопросы философии -1973г.-№107, 34ст.
  46. Алексеев С.С. Проблемы теории и права: Курс лекции в двух томах.-Свердловск. 1972.т.1. 33ст.
  47. Анашкин Г.З. Уголовно – правовые проблемы охраны природной среды в СССР. Вопросы борьбы с преступностью –М. 1979. Вып. 30. 8ст.
  48. Беличенко Ю.П., Шевцов М.М. Рациональное пользование и охрана водных ресурсов. 2-ое изд., перераб. И доп. –М. 1987.77ст.
  49. Богомяков Ю.С. Понятие, виды и система преступлений в области использования природных богатств.Сб.науч.тр.-Уфа 1970 вып. 19 ст.
  50. Бушуева Г.А. О причинах экологических правонарушений. Проблемы причинности в криминологий и уголовном праве.- Владивосток. 1983г.
  51. Колбасов О.С. Закон об охране природы: необзодимость и сущность. Хозяйство и право. -1989-№17
  52. Кузнецова Н.Ф. Преступления и преступность. –М. 1969г.
  53. Вольфман Г.И. Ответственность за преступления в области охраны природы: квалификация и наказание- Саратов. 1984.18 ст.
  54. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030. Алматы: Білім,1997ж.
  55. Байдельдинов Д.Л. Правовой механизм государственного управления в области экологии.Қазақ университеті. А. 1998ж.47 бет.
  56. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының экология құқығы /Оқу құралы 2 бөлім. Тараз,2003
  57. ЕрофеевБ.В. Основы земельного права. М.1971г.
  58. Сахипов М.С. Правовая охрана лесов.А. Наука. 1971г
  59. Плещаков А.М. Уголовно-правовая борьба с экологтческими преступлениями.М.,1994.3 ст.
  60. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылға арналған Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан. 7 ақпан. 2008 ж.