АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Халықаралық терроризм әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде

Мазмұны

 

 

Кіріспе…………………………………………………………………….  3 бет

 

 

  1. Халықаралық терроризм әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде …………………………………………………….. 4 бет

 

  1. Халық терроризм ұғымы, мән-жайы мен белгілері…..4 бет

 

  1. Террористік қызметтің мақсаты мен міндеттері……. 13 бет

 

  1. Халықаралық террористік қызметтің субъектілері мен объектілері……………………………………………………………….20 бет

 

  1. Терроризм типологиясы………………………………………..28 бет

 

 

  1. Халықаралық терроризмге қарсы әрекет көрсету мәселелері……………………………………………………………….42 бет

 

  1. Халықаралық терроризмге қарсы әрекет көрсету мәселелері………………………………………………………………..42 бет

 

  1. Жаппай қырып жою қаруларын пайдадана отырып, халықаралық террористік актілердің жасалуына қарсы әрекет көрсету………………………………………………………….50 бет

 

Қорытынды…………………………………………………………….56 бет

 

Әдебиеттер тізімі…………………………………………………….58 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында әлемде террористік ұйымдар қызметі белсенді әрекетке көше бастады. Терроризм біртіндеп адамзаттың ғаламдық мәселелерінің біріне айналды, өйткені ол қалыптасқан әлемдік және ішкі мемлекеттік тәртіптерін қауіп төндіруде адамзат өркениетінің іргелі құндылықтары адамның өмір сүру құқығына, бостандығына, меншігіне қол жұмсауда, мұның өзі әлемдік қуымдастықты халықаралық ынтымқтастықтың сипатымен басымдылықтарына жаңаша баға беруге мәжбүлеуде, ұлттық қауіпсіздік мәлелерін қайта қарау қжеттіліктерін тудыруда, осы құбылыстың мән жайын, себептері мен белгілері тереңдеп зертеуді және террористік қызметті жою жолдарын іздестіруді қажет етуде.

Терроризм мәселелерін зерттеуге бірқатар ресей ғалымдары Ю.И.Авдеев, Ю.М. Антонян , С.С. Босхолов, В.И. Замковой, М. Ильчиков, В.С.Комиссаров, Е.Г. Ляхов, Л.А.Моджорян, В.Е. Петрищев және т.б. маңызды үлес қосты. Олардың еңбектері  терроризм ұғымы мен оның мән жайын зерттеуде, саралауға идеалдық негіздері, себептілік факторлары мен бпсқа да аспектілерін анықтауға арналады. Алайда, осы мәселе жөнінде едәуір ғылыми жұмыстар бар болғанымен, терроризмнің түрліше сипаттары оның ұғымдық аппаратының әлі күнге дейін жеткілікті түрде әзірленбегендігін көрсетуде , терроризмнің субъектілері, типолпгиясы және оған қарсылық көрсетудің негізгі бағыттары бойынша мәселелерде пікір бірілігі жоқ.

Осы диплом жұмысының мақсаты терроризм ұғымының мән жайына, оның қазіргі көріністеріне талдау жасай отырып зерттеу, осы құбылысты сипаттайтын белгілерді анықтау, теріс әлеуметтік құқықтық құбылыстың маңызды қасиеттерін айқындау, сондай-ақ оған қарсы күрес жүргізу әдістерін белгілеу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 бөлім. Халықаралық терроризм әлеуметтік-құқықтық                       құбылыс ретінде.

 

  1. Халықаралық терроризм ұғымы, мән жайы мен белгілері.

 

Терроризмді зерттеудің іргелі мәселелерінің бірі оның ұғымдық аппаратын , ең алдымен белгілерін анықтау болып табылады. Осы мәселені шешу терроризмді басқа қоғамдық қауіпті әрекеттерден ажырата білетін анық критерилерді табуды қамтамасыз етуі тиіс. Мұның өзі жасалған террорлық актілердің саны туралы статистикалық деректерде қорытынды жасауға, олардың жасалу формалары мен әдістерін анықтауға, осы  феноменнің себептері мен үрдістерін айқындауға мүмкіндік береді.

Бір атап өтетін жағдай, қазіргі таңда әлемдік қауымдастық терроризмді ұғыну, оның белгілерін анықтауда бірыңғай әдіс қолдамай отырған жоқ.Ғалым теролоттар, танымал саясаткерлер ұсынған осы құбылыстыңанықтамалары әр түрлі. Мәселен, әдебиеттерге жасалған талдау терроризмнің 100-ден 200-ге дейін ұғымдарын көрсетуге мүмкіндік береді, бірақ олардың ешбірі де классикалық тұрғыдан танылған емес.

Терроризмді ұғынудағы алшақтықтар оның мақсаттары мен мотивтерін көрудегі айырмашылықтармен байланысты болып келеді. Автордың пікірлері терроризм субъектілері және элементтері мен белгілері мәселесі бойынша сәйкес келе бермейді.

Әсіресе, көптеген зерттеушілер террористік құрылымдардың қызметі ерекше  саяси  бағытта  болады.

Мәселен, ГФР-ның арнаулы қызмет басшысы Г.Нонлау қарастырылушы феномен саяси мақсатта мемлекеттік органдарды мәжбүрлеуге, азаматтарға күш көрсете отырып және қауіп төндіріп, белгілі бір әрекеттер жасауға талпынады деп есептейді.  (1)

         Белгілі ресей ғалымы Л.А.Моджорян былай деп атап өтеді: «терроризм – бұл белгілі бір адамдар , ұйымдар немесе үкіметтік органдардың өздеріне тиімді емес мемлекеттік және саяси қайраткерлердің көзін құрту, мемлекеттік құқық тәртібін жою мақсатында жасаған зорлық зомбылықтары» (2)

         Сонымен қатар  терроризмді оның барлық көріністері арқылы зерттеу осы құбылысты кеңірек зерттеуге мәжбүрлейді. Мәселен , Дж. Буш АҚШ вице- президенті бола отырып, терроризммен күрес жөніндегі ведомстволарының комиссиядан баяндамасында мынадай анықтама береді: «Террориз бұл саяси немесе әлеуметтік  қол жеткізу үшін адамдар немесе объектілерге күш көрсету және күш көрсету қаупін құқыққа қарсы пайдалану». Әдетте ол саясат пен іс-әрекетті өзгерту үшін үкіметті, топтарды немесе жеке адамдарды қорқытуға бағытталады. Аса кең таралған анықтамалардың бірін америкадан зерттеушілер В. Малисон мен С. Малисон ұсынады. Олардың пікірі бойынша «терроризм-бұл көпшілік және әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізу үшін күш көрсету және күш көрсету қаупін төндіруді жүйелі пайдалану»

    Көптеген танымал ғалымдар терроризм субъектілері мәселесі  бойынша әр түрлі пікір айтады. Мәселен, егер Л.А. Моджорян террористіеқызмет субъектілеріне үкіметтік органдарды жатқыза,  ал  бірқатар  ғалымдар  осы  қоғамдық  құбылыстың  мән – жайы  мемлекеттік  күш  көрсетін  емес,  жеке адамдардың  іс-әрекеттерімен  байланысты  деп  есептейді.  Жетекші  террологтардың   бірі  У. Лакер  терроризм  дегеніміз  қоғамда  шу  тудыру,  лауазымды  тұлғаларды  әлсірету,  тіптен  олардың  қызметінен  алу және  саяси  өзгерістер  шығу  мақсатында  мемлекеттік  емес  күш  көрсету  немесе  күш  көрсету  қаупін  төндіру  деп  бағалайды. 

Т. Герцег  психикалық  әсер  ету  мақсатында  белгілі  бір  саяси  стратегия  шеңберінде  асяси  мативтер  бойынша  жеке  адамдардың  күш  көрсетуін  немесе  күш  көрсету  қаупін  төндіретін  терроризмге  жатқызады.

Терроризмнің  әр  түрлі  теориялық  модельдері  әлемнің  көптеген  елдеріндегі  нормативтік – құқықтың  актілерде  тиісті  әрекеттерге  тыйым  салатын  заңисмалдардың  сәйкес келмеуіне  байланысты.  Мәселен,  В.П. Емельянов  бірқатар  қазіргі  мемлекеттердің  қылмыстық  заңдарына  жасалған  талдау  терроризм  құрамдарының  қылмыстық  кодекстеріндегі  баптау  өз  белгілері  бойынша  маңызды  түрде  ерекшеленіп  тұрады,   тіпті  сәйкес  те  келмейді  деп  атап  өтеді. (1)  Латвияның қылмыстық  заңында  сараланған  іс — әрекеттер ( 88-бап,  1- бөлім )  терроризм  деп  еөрсетілсе,  ал  Ресей (281 бет)  және  Белорусь (360 бет) қылмыстық  заңдарында  диверсия  ретінде  беріледі.  Грузияның  қылмыстық  кодексіндегі  арнаулы  «Терроризм»  бөлімі  қылмыстың  тоғыз  құрамынан  құралады,  олардың  басым  көпшілігі  басқа  мемлекеттерде  терроризм  ретінде  бағаланбайды.

Әлемнің  көптеген елдерінің  заңнамалары тіптен  терроризм  анықтамасыннан  құралмайды.

Әлемдік  қауымдастықта терроризмнің мән  жайы  мен  белгілерін  ғылыми  негізде  ұғынудың  жоқтығы,  осы  қоғамдық  қауыпті  әрекеттің  құрмдары  құрылымдарының  әр түрлі  болып  келіуінің  өзі  әлем  елдерінің  террористік  актілерін  қарсы  күрес  жұргізуде  бірігуіне  кедергі  жасауда. 

Осы  құбылыстың  табиғатымен оған  тән  қасиеттеріне  арналған  ғылыми  көзқарастар,  сондай-ақ  халықаралық құқықтық  құжаттар  мен  бірқатар  елдердің  соның  ішінде  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  заңнамалары  әлеуметтік – құқықтық  құбылыс  ретінде  терроризмнің  келесі  белгілерін  айқындауға  мүмкіндік  береді: (1) 

— террористік  қызметтің  ерекше  әдістері,  соның  ішінде  күш  қолдану; мүлікті  жою (зақымдау)  немесе  қажет  емес  салдарды  тудыру  қаупі;  адамдардың  өміріне,  денсаулығына  және  мүлкінің  сақталуына  қауіп  төндіретін  жағдайлар  жасау;

— қасақана  қорқыныш  жағдайын  жасау;

— террористік  акциялардвң  жариялылығы,  насихаттың  сипаты;

— тиісті  қоғамдық  қауіпті  әрекеттер  арқылы  субъектілердің  мүдделеріне  тікелей  зиян  келтіру  террористердің  мүдделері  үшін  басқа  бір  адамдарда  белгілі  бір  әрекеттер  жасауға  мәжбүрлеу  болып  табылады;

— жоғары  қоғамдық  қауіптілік.  

Жоғарыда  аталған  белгілерге  мұқият  талдау  жасайық. 

         Зорлық – терроризмнің негізгі  белгілерінің  бірі  ретінде  танылады.  Оған осы  феноменді  зерттеуші  барлық ғалымдар  назар  аударады.  Мәселен, Ю.М. Антонян терроризмді шу  тудыру, мемлекеттік  және  қоғамдық  тәртіпті  бұзу,  қорқыныш  тудыру,  қарсыласын  өзіне  тиісті әрекет  жасауға  мәжбүрлеу,  басқа  адамға  қауіп  төндіру  дей  түсінеді (1).  Терроризмнің  осы  қарастыруиа  белгісі  дене  зорлығын  көрсету,  сондай-ақ  адамдардың  санасы  мен  ерік – жігерлеріне  психикалық  әсер  ету  ретінде  беріледі  мерелкін   (психикалық  зорлық). 

         Дене  зорлығы  адамдардың  өміріне  қауіп  төндіру,  олардың  бостандығын  шектеу  арқылы  жүргізеді;  генерал  Де  Гольдің  өміріне қастандық жасау, Италияның жетекші саяси қайраткерлерінің бірі А. Морроны ұран әкету әрекеттері жатады.

         ХХ ғасырда психологиялық әсер   етуді  (психикалық зорлық) пайдалана отырын, террористік актілер жпсау үлесі ұлғая түсті. Бірқатар зерттеушілер бұл әдістердің қылмыстық мақсатқа қол жеткізу механизімін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді деп атап өтеді. «Психикалық террордың» әдістерінің жиынтығы объектілерге қандай да бір маңызды зиян келтіру мен байланысты емес.  Негізінен,  бұл  әрекеттер көрнекілік- қауіп төндіру сипатына ие.  Лауазымды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға ашық немесе жасырын қауіп төндіру мұнда жетекші орынға ие болады.

Террористік қызмет  тәжірибесінде  жеке адамдардың мүліктеріне  жою  (бүлдіру), тұрғындардың  өміріне қажет  түрлі  объектілерді,  өнеркәсіптік кәсіпорындарды бұзу сияқты әдістер кең таралған .

 Мәселен,  Ресейдегі шешен содырлары мен  АҚШ-тағы «Аль-Каида» содырларының террористік сумен қамтамасыз ету жүйелеріне қызығушылық танытады.

Террористік актілер жасау әдістерінің ішінде қылмыскерлердің биологиялық және химиялық заттарды қолдану ерекше орын алады. Мәселен, 1972 жылы  АҚШ-та «Күншығыс ордені» оң  экстремистік тобы мүшелерін тұтқындау кезіне сүзек ауруын қыздыратын 36 кг дақыл  тәркіленді, сол  арқылы террористер  АҚШ-тың  Чикаго,  Сент-Луис және басқа да қалаларындағы су жүйелерін  улағысы келген. 1975 жылы  АҚШ-та  жаңа ұлтшыл топ мүшелерінен дәл осы мақсатта Нью-Йорк пен Вашингтон пайдалануға арналған 115 кг цианид алынды.  1995 жылы «АумСинрике» сектасының діни фанатиктері  токио метросында зарин және ацетонитрил газдарын қолданды, соның салдарынан 12 адам  қайтыс  болып,  мыңдаған адамдар уланды (1).  2001 жылы  АҚШ-та сібір жарасын  тарататын бактерияларды қасақана тарату фактілері әлемді дүр  сілкінтті.

Терроризмнің басқа бір маңызды белгісі қорқыныш жағдайын тудыру болып табылады. «Террор»  термині латынша  terror  яғни қорқыныш сөзінен келіп шығады

Ю..М. Антонян  мемлекеттік және саяси қайраткерлерін, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жай  азаматтарға шабуыл жасау,  кезінде,  завод,,  фабрикалар мен байланыс  кәсіпорындарын, көлікті  зақымдау кезінде,  түрлі мақсаттар орын алуы мүмкін, бірақ терроризм туралы жасалған әрекет қорқыныш,  үрей тудырғанда ғана айтуға болады деп атап өтеді . Мұның өзі ұқсас қылмыстарда бірін-бірінен ажыратуға, оның  мән-жайын анықтауға  мүмкіндігін беретін қажет. 

Осы бір ерекше белгі белгілі шешен террористі С. Радуевтың 1997 жылы  садырлар  дайындау орталығын бітірушілер   алдында сөйлеген сөзінен де көрінеді.  Ол террорист- садырлардың негізгі міндеті- Шешенстан  территориясы мен   оған жақын маңайда орналасқан әскерлер арасында «өлім үдейін тудыру»  деп атап өтеді.  Радуев өз сөзінде «әскерлерді үдейлендіре отырып  қорқыту,  кепілін алып өлтіру керек»  дейді (1)

Қорқыныш жағдайын орнату өздігінше террористердің мақсаты болып табылмайды.  Мәселен,  қылмыстық құқық бойынша сөздікке сәйкес терроризм дегеніміз- бұл қылмыстық ниетіне қол жеткізу үшін тұрғындар мен  билік органдарын  қорқыту арқылы берілетін қылмыстық қызмет.  Қорқыныш   мақсатқа  қол  жеткізу  құралы ретінде көрінеді.

           Сонымен қорқыныш дене  зорлығын көрсетуден де нәтижелі қару  болып табылады деген пікіріне келеді.  Қорқыныш адамдарда есінен айырады,  қарсылық көрсету күшін жояды,  үздіксіз әсер етіп отырады. Терроризмнің келесі бір түрі ерекше белгісі оның  көпшіліктігі, жариялылығы  болып табылады. Егер басқа бір қылмыс жасау кезінде қылмыскерлер оны жариялауға мүдделі болмаса, ал террористік акциялар барлық кезде  өзін-өзі  жарнамалаумен байланысты болып келеді.  

М.П. Киреев дұрыс атап өткеніндей, «терроризм – бүгін» күнде сөзсіз құбылыс, көпшіліктің қабылдауына  арналған зорлық формасы.  Жалпы алғанда, террористік акт  қоғамға қаншалықты танымал болса, ол соншалықты түрде үрей тудырып, тұрғандарға үкімет пен  жеке адамдарға күшті қорқыныш әсерін береді. Сонымен  қатар  мұндай  тәжірибе тұрғындарының белгілі бір бөлігінің қылмыстық ұйымдарға қолдау қөрсетуіне қамтамасыз етуге бағытталады. 

Терроризмнің көпшіліктігіне адамдардың өмірі мен денсаулығын  қауіп  төндіретін  ірі  материалдық зиян  келтіретін  әрә  қоғамдық  қауіпті  әдістер  мен формаларды пайдалану  арқылы  қол  жеткізіледі.  2001 жылы қырқүйекте Нью-Иоркте  11 мың адамның өліміне алып келген  жарылыстар мен Вашингтонда американ сібір жарасы бактериалары  мен  ауыруы  осыған  мысал  бола  алады.  

Сонымен  қатар  террористер өз ұстамдарының  әскери  соғыс  қуатын  идиологиясын  жариялайтын  ерекше  тәсілдер де  қолданады.  Оған  мыналарды  жатқызуға  болады; жасалған  қылмысқа  қатыстылығын  көпшілікке  жариялау;  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  жеке  бір өкілдерін террористердің  талаптары  мен  іс-әрекеттерін  кең  түрде  жариялау,  олардың лидерлерін  батыр  етіп көрсету  және тағы басқалар.

Зорлық, қорқыту  және  көшіліктігі  смяқты  қасметтермен  қатар  терроризмге  тән  таға бір  қасиет  мынадай болып  келеді, қоғамдық  қауіпті әрекетке жеке  адамдар, олардың  мүліктері ұшырайды, ал зорлық  зорлық  акцияларының  мақсаты басқа  бір субъектілерді белгілі бір іс-әрекетке мәжбүрлеу болып табылады. (1). 

Мәселен,  «қара қыркүйек» деп  аталатын  палестин  террористік ұйымының  содырлары1972 жылы қыркүйегінде израильдің олимпиядашы-спортшыларын  кепілге алады, Гфр және израиальдегі осы ұйымның 234 мүшесін босатуды  талап  етеді. Буденновск, Кизлярде адамдарды көптеген  кепілге ала отырып, ланкестер ресей үкіметін олардың  саяси  талаптарын  орындауға  мәжбүрлемек  болды.

Терроризмнің  шоғыры  қоғамдық қауіптілігі қылмыс – керлердің өз  мақсатына  қол  жеткізу үшін  адамзат  қоғамының  заңмен  қорғалатын  аса  маңызды  құндылықтарды – адам өмірі, денсаулуғымен жеке бас бостандығы, жеке меншігі мен қоғамдық тәртіпке маңызды зиян келтірумен байланысты болып келеді. Террористер адамдарды көптеп құртып, оларға ауыр дене жарақатын келтіреді, материалдық объектілерді қиратады.

Сонымен  қатар  терроризм  кез  келген  адам  құрбан   болуы  мүмкін  қылмыстық  зорлыққа  жатады.,  өйткені  нағыз  террористік  актіні  тудырған  дау-жанжалға  ешбір  қатысы  жоқ  адам  да  зардап  шегуі  мүмкін. 

Әрине,  террористер  тек  қана  қорқыныш  тудырып  қоймайды,  олар  өз  әрекеттерін  мақтан  тұтады.,  соның  негізінде  олар  жаңа  ақпараттық  технологиялардың  қарыштап  дамуына  байланысты  көп  адамдарды  өздеріне  баули  алады. 

Терроризмнің  ерекше  қауптілігі  оның  нақты  бір  елде  немесе  аймақта  қоғамдық – саяси  және  экономика – лық  жағдайда  нашарлатуға  бағыттыауынан  көрінеді.  Терроризм  қайта  қалпына  келмейтін  материалдық  және  рухани  құндылықтарды  бұзады.

Терроризмнің масштабы,  оның  ұлтаралық  бірігуге  арналған  жалпы  үрдісі  өте  маңызды  әскери  жанжалдар,  кейде  соғыс  қаупін  тудырады.  Сонымен  қатар  террористік  актілер  қоғамдық – саяси  және  экономикалық  жағдайды  маңызды  түрде  тұрақсыздандырады. Жалпы  алғанда,  терроризм  тұрғындары  көпшілік  билікке  деген сенімдерін  бұзады,  қорқыныш  жағдайын  орнатады,  болашаққа  деген  сенімсіздікті  тудырады,  қоғамдық  байланыстардың  бүкіл  жүйесіне  кері  әсер  етеді. 

Терроризмнің  жоғарыда  қарастырылған  белгілеріне  қорытынды  жасаи  отырып,  мемлекеттік  органдарды, мемлекеттік  емес  ұйымдарды,  заматтар  мен  басқа  да  субъектілерді  өз  мүддесіне  орай  белгілі  бір  әрекеттер  жасауға  мәжбүрлеу  арқылы  террористердің  мақсатқа  жетуін  қамтамасыз  ететін   және  жоғары  қоғамдық  қауіптілігімен  сипатталатын,  көпшілікті  қорқыту  зорлығы  ретінде  бағалауға  болады.   

      Терроризімнің жоғарыда қарастырылған  белгілеріне қорытынды жасай отырып, оны мемлекеттік  органдарын,  мемлекеттік  емес  ұйымдарда,  азаматтар  мен  басқа  да  субъектілерді  өз  мүддесіне  орай  белгілі  бір  әрекеттер  жсауға  мәжбүрлеу  арқылы  террористердің  мақсатқа  жетуін  қамтамасыз  ететін  және  жоғары  қоғамдық  қауіптілігімен  сипатталатын,  көпшілікті  қорқыту  зорлығы  ретінде  бағалауға  болады. 

 

2 .  Халықаралық  террористік қызметтің мақсаты  мен  міндеті

 

         Террористік  ұйымдардың  мақсаты  мен  міндеттерін  қарастыра  отырып,  осы  категориялардың  маңызы  мен  арақтынасын  сипаттау  қажет  болды.  Өйткені,  кейбір  авторлар  терроризмнің  мақсаты  мен  міндеттерін  ажыратып  көрсетпейді,  сол  арқылы  әртүлі  реттегі  құбылыстарды  атап  өтпейді.  Мәселен,  И.Д. Литвинов  мақсаттың  келесі   түрлерін  көрсетеді:  жалпы  мақсат (негізгі  және  түпкілікті),  тікеоей,  қамтамасыз  етуші,  сүйемелдеуші  мақсаттар.  Ю.И. Авдеев  масштабы  мен  мазмұнына  қарай  террористік ұйымдардың  стратегиялық  және  тактикалық  мақсаттарын  атап  көрсетеді. 

         Сондай-ақ философиялық, әлеуметтану және заң әдебиеттерінде мақсат, міндет және олардың арақатынасын  анықтауда айқын әдістер жеткілікті. Мақсат деп өз қызметі барысында ұйымдық жүйеге қол жеткізуі тиіс нәрсе, яғни түпкілікті нәтиже ұғынылады, сол арқылы белгілі бір қызмет іске асырылады.

         Ұйымдардың міндеті рқылы аралық нәтижелер белгіленеді, онсыз түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Сонымен, террористік ұйымдар белгілі бір міндеттерді шешу арқылы ғана мақсатқа қол жеткізеді. Сондықтан, жоғарыд келтірілген жіктемелерді (классификацияларды) қарастыр отырып, террористердің мақсатына текқана жалпы (негізгі) мақсат (Н.Д.Литвинов) және стратегиялық мақсатты (Ю.И.Авдеев) жтқызуға болады, ал көрсетілген вторлар белгілеген тікелей, қамтамасыз етуші, сүйемелдеуші және тактикалық мақсаттарда дұрысырағы міндеттер ретінде қарастырған жөн.

         Террористік қызмет субъектілерінің мақсаттарын іске асыру саласында олар экономикалық және саяси болып бөлінуі мүмкін. (1).

     Террористік акциялар бағытталатын экономикалық мақсаттарғ экономикалық күш-қуатын жою, адамды қорқыту арқылы белгілі бір терроризм, бөлігі бір қызмет саласымен бизнес бойынша бәсекелестерді ығыстырып шығару жатады. Көрсетілген мақсаттарға өндіріс және бәсекелес фирмалардың бсқ да объектілерін жару, өртеу, жүйелі түрде ұрып-соғу, осы ұйымдардың жұмыскерлерін ұрлау арқылы қол жеткізіледі.

Террористердің саяси мақсаттары екі  топқа  бөлінуі  мүмкін:    ішкі саяси және сыртқы саяси .    

Ішкі саяси мақсаттарға мемлекет ішіндегі  қатынастар саласында қол жеткзіледі, бұл қатынастарға мемлекет, оның органдары, қоғамдыұ және басқа да мемлекеттік емес ұйымдар, тұрғындар енеді.   

    Мақсатың осы түрінің құрылымында мемлекеттің территориялық бүтіндігін бұзуға бағытталған және елдің шекарасының өзгеруімен байланысты емес мақсаттарды бөліп көрсетуге болады.

Мақсаттардың жоғарыда көрсетілген бірінші тобына сепаратистік, яғни тәуелсіз елдің территориялық бөлімдерін бейконституциялық бөлу және жаңа өз бетінше мемлекет құруға байланысты топты жатқызамыз.  Мемлекеттік территориялық бүтіндігінің бұзылуымен байланысты емес ішкісаяси мақсаттардың екінші тобын былай бөліп көрсетуге болады:       

-елдің қоғамдық қондырғысын өзгерту немесе саяси тәртібін өзгерту;     

-демократиялық қайта құрулардың бұзылуы немесе оларды жүргізудің қиындауы; ішкісаяси жағдайдың тұрақсыздануы;    

-қатаң, әділетсіз, авроритарлық және террористердің іс-әрекетін  ақтауға  бағыттау  үшін  мемлекеттік билікті  тұрғындар  көзінше  мәжбүрлеу.

         Ю.И.Авдеевтің батыс Европа , Латын Америкасы елдеріндегі көптеген солшыл террористік ұйымдардың қызметіне жасалған талдауы көрсеткендей, олардың ішкі саяси мақсаттарына «капиталистік жүйесі» жою, тұғындары капиталистік құрылысқа қарсы  революциялық сөздермен үгіттеу, NATO елдерінің әскери дайындықтарына кедергші жасау әркекттері жатады.

         Көтеген оңшыл террористік  ұйымдардың ішкі саяси мақсаттарына келсек, олар «ұлттық мемлекеттер» құру, «ұлт тазалығы үшін»  күрес, нәтижелә  күшті билік», « шетелдердіктің қоныстануына» қарсы  күрес түрлерінде болып келеді. Терроризм мәселесі бойынша американдық ірі сарапшы Брайан Дженкине былай деп атап өтеді: «АҚШ-та оңшыл экстремизм ерекше кең таралған, бұл ұйым үнемі түрін өзгертіп отырады.Оларға ортақ қажет-ксенофобия, антисеметизм , ақ нәсілдің үстемдігі , иммигранттарда жек көру былай келеді. АҚШ-та оңшыл экстремистер иммиграциялық саясатқа әсер етуге ұмтылады, өз талаптарын белсенді түрде  насихаттайды.

Бірқатар Ұлттық террористік ұйымдардың мақсаттары аймақтардың құқықтық мәртебесін өзгерту арқылы мемлекет құрылысын өзгерту былай табылады. Мәселен Испанияда 1950 жылдардан бастап «ӘТА» азаттық қозғалысы басклер мекендеген елдің солтүстік аудандарына автономия мәртебесін беру үшін қарулы күрес жүргізіп келеді. ( 1 )

          Сыртқысаяси мақсаттарды халықаралық байланыстар саласында террористік  қызмет субъектілер жүргізеді.        Олардың ішіндегі аса кең таралғандарына тұрақсыздықты , бір елдің басқа елмен қатынасының өзгеруін жатқызуға болады. Мұндаы  идиолгиялық мақсат  негізі  ретінде  бұл  жағдайда  елді  « американдық империализм » экспилициясынан ,  буржуазиялық   «моральға жат мәдениеттен» ,  агрессивтік ішкі саяси  ақцияларға қатысудан  қорғау  әрекеттері танылады. Сондай-ақ сыртқы саяси мақсаттарға мыналар жатады: шетелдік тәуелділіктен территория бөлімін бөліп алу нәтижесінде жаңа  мемлекет  құру;  хаықаралық аренда нақты бір  елдің  беделін  түсіру;  аймақтың немесе халықаралық қатынастарды  шешуге  бағытталған  халықаралық акцияларға  кедергі  жасау;  жеке мемлекеттердің  саясатына  қарсы  наразылық білдіру.

Бір атап өтетін жағдай,  ішкі  саяси  терроризм  шетелдік  экстромистік ұйымдардың қолдауына сүйенеді,  олардың  мақсаты  сыртқы  саяси  сипатта  болады.  Мәселен  1996 жылдың  тамыз  айында  Судан,  Эфиопия,  Сомали, Иемен елдеріндегі  террористік   топтардың  Могадишодағы (Сомали)  жиынында  Шешен еліне 1996 жылдың  күзінде  араб  елдерінен  700-ге дейін содар  жіберу туралы шешім қабылданды.

         Террор  субъектілерінің  қызметіне  бағытталған  міндеттердә шешу  міндетін  екі  топқа  бөлуге  болады: негізгі  және  көмекші  (қамтамасыз  етуші).

         Негізгі  міндеттерді  шешу ,  жоғарыда атап өткеніміздей  ,  террористердің  негізгі  мақсаттарының  іске  асуына  мүмкіндік  беретін  аралық нәтижелерімен  байланысты.  Міндеттің   осы  түріне  мыналар  жатады:  нақты  бір   мемлекеттік  қайраткердің көзі  жою,  сол  арқылы  халықаралық   келісімге  кедергі  жасау , елдегі саяси  жағдайда міндеттерді іске асыру барысында экстромистік ұйымдар  террористік   акцияларды   материалдық – техникалық  ,  қаржылық,  кадрлық ,  ұйымдастырушылық  даярлықтан  өткізеді.  Мәселен,  қаржы  құралдарын  алу  үшін  банктерді  тонау  ,  қару саудасымен  айналысу,  жеке  бас  бостандығынан  айырыоғандады  азат  етуге  талпыныс  жасау.        Соңғы  жылдары  террористік  ұйымдар  өз  қызметін  қаржыландыру  үшін  есіткі  ұйымымен  көбірек  айналысуда.  Оның  түрі  әр  түрлі  болуы  мүмкін:  есірткі құрамды  өсімдіктерді   өсіру  ,  өндіру  және  (немесе)   есірткі   контробандасы  есірткі  дақылдарының  плантацияларын  қорғау,  есірткі  жасаушылардың   бәсекелестері  мен  құқық  қорғау  органдарына  байланысы  бар  деп  күдік  келтіретін  азаматтарды  өлтіру  тапсырмаларын  орындау.     «Алтын үшбұрыш»   ауданында   сепаратистік   ереуілдік   қозалыстар  әсәресе,  «Мео тетігінің  мүшелері» «генерал»    Ванг  Пао    басшылығымен  есірткі бизнесімен  белсенді  түрде  айналысуда.   Мьянмада   (Бирма)  «Бирма  коммунистік партиясы»  деп  аталатын  отрядтар  ұзақ  уақыт  әрекет  етіп,  90-жылдардың  басында  ұлттық  белгілері  бойынша жеке  топтарғ  ыдырап  кетті.  Олардың  ішіндегі  ең  ірісін  Кун  Са  (шын аты – Чан-Чифу)   басқарады.  Кейбір  деректер  бойынша  ол  «Алтын  үшбұрыштағы»  опиум  өндірісінің   80 пайызына   дейін  бақылап  отырған.  Күлгін  солшыл  экстремистік   топтар   Филипинде   марихуана   өсіру  және  есірткі  саудасымен  айналысатындарға  сату  арқылы  түскен  қаржымен  қамтамасыз  етіледі.          Есірткі   саудасымен  Ливандағы  ислам фундаменталистері  де   айналысады,   оған  белгілі  террористік  «Хезболлах»   ұйымы  да  енеді.  Бекаа алхабында  индия  есірткі   өсімдігі  (20 кв . км-ге дейін)  плантациялары  орналасқан,  өзара  бір-бірімен  қырылысқан  Ливан  құрылымдары  оларға  бақылау  орнату  үшін  көрсетуде. «Колумбияның  революциялық  қарулы  күштері»   бөлімшесі  кок   өсіру және  оны  кокайнге қайта өңдеумен айналысуда.  Кейбір  деректер  бойынша  бұл  «Қызыл  картель» есірткі  саудасымен жыл  сайын  400 млн.  Долларға  дейін  кіріс  табады.  Колумбиялық «19 сәуір  қозғалысы»  мүшелері  есірткі  саудасымен  тығыз  айналыса  отырып,  1989  жылы есірткі мафиясының  қылмыстық  әрекеттерінің  дәлелдерін  жою  мақсатында  Әділет  сарайын  шабуыл  жасап,  елдің  Жоғарғы Сотының  бірнеше мүшелерін   өлтірген.     Еуропа  елдерінің  құқық  қорғау  органдары  туркиялық  «Сұр  қасқырлар»   ,  испандық «Баса  елімен  азаттық» (ЭТА) ,  итальяндық    «Қызыл  бригадалар »  сияқты  террористік ұйымдардың  есірткі  саудасымен  байланысы  туралы   деректерге  ие. (1)    Көмекші міндеттер құрылымында   жеке  қауіпсіздікті  қамтамасыз   ету  маңызды  орын  алады.  Негізінен  бұл  міндетке  келесі  жолмен  қол  жеткізіледі.  — террористік ұйымдар  қатарына  қабылданатын  адамдарды  мұқият  тексеру;       —    ақпараттың  сыртқа  таралу дабылдарын  іздестіру; —  жеке операцияларды қарсы  бақылаумен  аранайы  түрде  қамтамасыз  ету  (оларды  орындаушыларды  жасырын бақылау,  дайындау).         —   Мемлекттік  және  полиция құрылымдарына  өз агенттерін  ендіру.- полиция  шенеуніктерінің қатарынан сенімді тұлғаларды  арбау;-  ұйымдардың  соғыс  объектілерін   және  олардың  басшыларын  қорғау. Сонымен,  терроризм  субъектілері өз  қызметінде  саяси  және  экономикалық реттегі  түрлі  мақсат  пен  міндеттерге  ие.  Олардың  мазмұнын  зерттеу терроризмнің  мән  жайы  мен  табиғатын  ұғынуға  мүмкіндік   беретін  маңызды  шарт  болып  табылады.

 

  1. Халықаралық террористік  қызметтің  субъектілері мен  объектілері.

 

Халықаралық  терроризм   субъектілері  бір-бірімен өзара  қиын  қатынастағы  және  қарсы    күрестегі  мемлекеттік   және  мемлекеттік  емес  құрылымдардың  кең  жүйесін  танытады. Террористік  ұйымдарда  түрлі  мемлекеттердің  немесе  саяси  ұйымдардың  басқарып  отыратын  ,  қаржыландыратын  жағдайларда  жиі  кездеседі .  Терроризмнің  барлық  субъектілері  келесі  түрлерге  бөлінуі  мүмкін:

— жекелей  террористік  ұйымдарға  қолдау  көрсететін  немесе  террористік акцияларды  өз  саяси  мүдделеріне  қарай  пайдаланатын  мемлекеттер;

—  саяси  мақсатта   қоғамдық  қауіпті  әрекет     жасайтын  мемлекеттік  емес  террористік   ұйымдар;

— саяси емес  мақсатқа  қол  жеткізу  құралы  ретінде  террорды  пайдалнатын  қылмыстық  ұйымдар;

—  жеке  террористер 

Ю.И. Авдеев  қазіргі  таңда  бірінші  топтағы  субъектілерге  кейбір  авторитарлық  тәртіптегі  таяу  шығыс   мемлекеттері,  сондай-ақ  түрлі  экстремистік  ұлттық,    діни-саяси,    оңшыл  немесе  солшыл  қозғалыстар мен  қоғамдық-саяси  ұғымдар   жатады  деп  атап  өтеді.  (1)   1997  жылы  АҚШ  мемлекеттік  департаменті баяндамасында   халықаралық  терроризмді  қолдаушы   мемлекеттер  қатарына  Куба,  Солтүстік  Корея,  Иран,  Ирак,  Судем,  Сирия   сондай-ақ  Ауғанстан  елдері  жатқызылған.   Баяндама  авторларының  пікірінше  , « осы  мемлекеттердің  үкіметтерінің  өзі,  осы  террористік  қызметке  қатысуда немесе  террористерге  қару,  жатын  орын,  қаржылай   қолдау  және  басқа  да  көмектер  беруде». Ресейдегі ауғанстан Ислам  мемлекетінің  өкілетті  елшісі  А.В Асафи   терроризм  «демеушілері»  мемлекеттерінің  санын  біршама  басқаша  бағалайды.  Ол  қазір  әлемде  терроритерді  дайындау  лагерлері  орналасқан  60-қа  жуық ел  бар  деп  есептейді.  (2)

Террористік  қызмет  субъектілеріне  террористік акциялар жасауға  рналған    кейбір шетелдік  мемлекетттердің мемлекеттердің бөлімдері мен арнайы қызметтері де жатады.  Мұнда әңгіме  ең аымен  демократтарға қарсы,  авторитарлық тәртіп орнаған мемлекеттер және шетелдік  мемлекеттердегі имигранттар арасында зорлықты саяси күрестің негізгі әдісі ретінде қолданады (мұндай ұйымдар, мәселен, қазіргі таңда терроризм дәстүрлі түрде тараған елдерде ғана емес, сондай-ақ Ресей мен ТМД-ның басқа да елдерінде де бар.(1).

         Аса танымал террористік ұйымдарға мұқият сипаттама берейін.

         Жапон қызыл армиясы. Бұл халықаралық террористік топ 1970 жылы құрылған. Осы армия жасаған ірі  террористік актілер арасында- 1972 жылы Израильдегі Лод әуежайында көпшілік адам өлтіру, Куала- Лумпурдағы АҚШ елшілігін басып алуға талпыныс жасау, екі әуе лайкерін басып алу әрекеттері орын алған. Америкада 1988 жылы осы армияның содыры  жарылғыш  затпен ұсталған .

         Армия мүшелерігің саны белгісіз, басшылықта 8 адам бар. Ұйымның орналасқан жері де белгісіз. Оның лидері бостандықта жүр.

         Моджахедин-е-Хальк ұйымы. 1960 жылы жоғарғы білім алған Иран комерсанттары балаларымен құралған. Мақсаты- шах тәртібіне батыстың шектен тыс әсер етуіне қарсы әрекет жасау. Олар өз идеяларын насихаттау мен қатар терроризмді де қолданады. Басты мақсаты- белсенді батысқа қарсы қызмет. Бұл ұйым есебінде Америка әскерлерін өлтіру, әлемнің 13 еліндегі Иран елшілігіне шабуыл жасау әрекеттері бар. Бірнеше мың содырлары бар.

         Полистинадан ислам жихадының Шакаки тобы. 1970 жылы Газа секторында полистиндік содырлар арқылы құрылған. АҚШ бұл ұйымды Израильге қолдау көрсеткендігі үшін  басты  жауы  деп  санайды.  Ұйымда  қанша  адам  бар  екендігі  туралы  дерек  жоқ.

         Ең ірі  топ  Сирияда  орналасқан.  Қаржылый  көмек  негізінен Ираннан  келеді.

         Әл-Каида.  Ұйымды 1990  жылы Усама бен Ладен  шамамен  1990  жылы  құрған.  Оның  басқаша бір  атауы «Еврейлер мен крест  ұстанушыларға қарсы  жихадтың  бүкіл әлемдік  ислам майданы».  Мақсаты  «бүкіл  әлемде  мұсылман  мемлекетін орнату».  Ұйым барлық  мұсылмандар  барлық  жерде  Американдық  азаматтарды  өлтіруге  міндетті деп  есептейді.

         Әл-Каида  есебінде  мынадай  қылмыстар  бар: Наироби, Кения,  Дар-эс-Салам,  Танзаникадағы  американ елшіліктеріндегі  жарылыстар.  301 адам өліп ,  500 адам  жараланған .  Сонымен қатар  Африка  елдерінде  Американ әскерлерінің  өлтірілуі,  американ  самолеттерінің  жарылуы.  Ұйым 1994  жылы  миналарға  сапарында  рим  папасын  өлтіруді,  сол  уақытта американ  және Израиль  елшіліктерін  жаруды,  1995  жылы  президент  Клинтонды  оның  Филиппенге  сапары  кезінде  өлтіруді  жоспарлаған. (1).  Осы  ұйым 2001  жылы 11 қыркүйекте  Нью-Йорк пен  Вашингтонға  камикадзе  ұшақтарыдың  шабуыл  жоспарлап  іске  асырды.Ұйымда  бірнеше мың  адам  бар.  Олар  террористер  дайындайтын  лагерьлерге ие.  әл-Каида  300 млн.  Доллар  қаржыға  өмір  сүреді,  ол  ақшаны  бен  Ладен  өз әкесінен  мұраға алған. Сонымен  қатар әл-Каидаға  қатысты  кәсіпорындардан да  қаржы  кірісі де  түсуде.

         Хезболлах.  Басқаша  атауы- «Құдай  партиясы»,  ол  «Жаратушының  партиясы»  ,  «Ислам  жихады»  деген  атауларға да ие.  Ұйым  батыс пен  Израильге  өшпенді  сезімде  құралған.

         Американдықтар  осы  құрылымның  Ақш-қа  қарсы  жасалған  көптеген  террористік  актілерге  қатысы  бар  деп  есептейді.  1983  жылы  комикадзе  жүргізушісі  жүк  машинасына  жарылғыш  зат  артып  алып,  Бейруттағы  АҚШ  елшілігі  ғимараты  мен  теңіз  жаяу  әскерлері  казармасы  алдында  өзін  жарып  жіберді,  соның  нәтижесінде  300 жаяу  әскер  қаитыс  болды.  Кейінше  содырлар  Американ  азаматтарын  ұрлаған,  кепілдікке  алған.  Соның  ішінде  Ливандағы  АҚШ азаматтарын  кепілдікте  ұстаған.Саны  бірнеше  мыңға  жетеді.  Ұйымның  ұялары  Европада,  Америкада,  Солтүстік  және  Оңтүстік Америкада  орналасқан.  Қомақты  қаржылай  қолдау  алып  отырады.Әбу Нидал  ұйымы.  Оны «Қара  қыркүйек»  деп  те  атайды,  халықаралық  террористік  ұйымды  Сабри аль-Банна  басқарады.  Бұл  ұйым  әлемнің  20  елінде  террористік  актілер  жасаған,  мыңдаған  адамға  дейін  қайтыс  болған  немес  жараланған.  «Қара қыркүйектің»  Европа  елдерінен  басқа  нысанасы- АҚШ.  Әлемнің  көптеген  әуе  жаиларында,  оның  ішінде  Рим  мен  ВВенада  террористік актілер  жасаған.  1986  жылы  Карачи  қаласынан «Пан Америкэн»  ұшағын  алып  ұшқан.Ұйым  мүшелерінің  саны Ливандағы  құрылымы мен  шетелдердегі  көмекші  құрылымдарын  есептемегеннің  өзінде  бірнеше  жүз  мыңға  жетеді. (1). Үшінші  топқа  саяси  мақсатты  көздеймейтін  бірақ  террорды  пайда  табу  жолы  ретінде  пайдаланатындар тән.  Мұндай  қылмыстық  ұйымдар  өздерінің  криминалдық  кәсіпорындарының  қызметіне  жағдай  жасау  үшін  террористік  актылер  жасайды.  Жалпы  олар  өздері  өмір  сүріп  отырған  жүйеде  шамалары  келгенше  жұмысын  жалғастыруға  дайын.

 

         Олардың  іс  әрекеттері  сол  елдердегі  билік  құрылымдарына  емес,  заңдылықты  қамтамасыз ету  саласындағы  нақты саясатқа  қарсы  бағытталған.

         Атап  өтетін  жағдай халықаралық  және  ұлттық  деңгейдегі  қылмыстық  мафиялық  ұйымдар  террористік  әдістерді пайдлануға  көбірек  жүгінуде,  сондай-ақ жеке  террористік  құрылымдар мен  тығыз  байланыс  жасауда.  Мұндай  мафиялық  құрылымдар  Латын Америкасы мен әлемнің  басқа  аймақтарында  көбірек  белсенділік  танытуда. 

         Терроризм  субъектілерінің  төртінші  тобын  жеке  жұмыс істейтін  бірегей  террористер  құрайды.  Бұл етррористердің  жасаған  террористк  актілері (жару, өртеу, қоғамдық орындарда адамдарды  атып  өлтіру, саяси немесе қоғам  қайраткерлерін  өлтіру) кек  алу, психикалық аурудан туындаған  мотивтерге  байланысты  болуы  мүмкін.  Н. Мелентьеваның  пікірінше, жеке  террор қоғамның  басқа  мүшелеріне  қатысты түрде  жасалатын  зорлық пен  сипатталады, мұның өзі  оның  субъективтік  наразылығы, қоғамға  қарсы  жеке көтерілісі  болып  табылады. (1).

         Қазіргі  таңда  террористік қызмет объектілерінің  ауқымы күрделене әрі кеңейе түсті.  Террорлық қол жұмсау объекті ретінде осы әрекет арқылы зиян келтірілетін қоғамдық қатынастар ұғынылады.

         Ғылыми әдебиетте әлеуметтік-саяси талдау шеңберінде осы объектілердің негізгі екі объектін- жалын және тікелей түрлерін бөліп көрсету ұсынылады.

         Объектілердің бірінші түріне социумның негізгі өмір саласы- саясат, экономика, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет салаларында  жинақталған қоғамдық  қатынастар  жатады. Осы қатынастардың бұзылуы,  ұйымдастырылу жұмыстарының нашарлауы  террорлық  әрекеттерін  түпкілікті мақсаты болып табылады. Көрсетілген салаларда террористердің қол жұмсау объектілері ретінде мыналар  танылады: халықаралық  қауіпсіздік, елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздігі қоғамдық құрылыс негіздері, қоғамның саяси ұйымдастырылуы, мемлекеттік билік, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, сондай-ақ тағы басқа объектілер.

         Сонымен, Ресейдегі, Югославиядағы, Ұлыбританиядағы ұлттық- террористік ұйымдар қызметінің ортақ объекті ретінде осы мемлекеттердің территориялық бүтіндігі болып табылады. Батыс Европа, Латын Америка елдеріндегі солшыл экстремистік ұйымдардың қол жұмсау объекті болып олардың конституциялық құрылымы, демократиялық институттары есептеледі.

         Террористік акциялар объектілерінің екінші тобына террористердің түпкілікті негізгі нәтижелеріне қол жеткізу, ортақ объектіге зиян келтіруге мүмкіндік беретін тікелей қол жұмсау, нақты қатынастар енеді. Мұндай объектілерге жеке адамдардың өмірі, денсаулығы, бостандығы, түрлі өнеркәсіптік және басқа да объектілердегі, көлік құралдарындағы адамдардың қауіпсіздігі, тұрғындардың өмірін қамтамасыз ету жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі, компьютерлік ақпараттардың қауіпсіздігі жатады.

 

  1. Терроризм типологиясы.

 

         Терроризм  типологиясы аса маңызды мәселелер бойынша жіктеме жасауды қарастырады. Қарастырылушы қоғамдық қауіпті құбылыстың негізгі түрлерін бөліп көрсету оның маңызын, белгілерін терең ұғынуға мүмкіндік береді, мұның өзі террористер қызметіне қарсы шаралар қолдану жүйесін жасауға алғы шарт болып табылады.

         Терроризмге өздігінше күрделі әлеуметтік-саяси феномен ретінде көріне отырып, әдістері, мақсаты, субъектілері, пайдаланушы құралдары, идеологиялық негіздері және басқа да критерилері бойынша жіктеме жасалуы мүмкін.

1.Пайдаланушы әдістеріне қарай «дене» және «психологиялық» террор деп бөлу қабылданған. (1). «Дене» (физикалық) террор индивидтерге тікелей зорлық жасаумен байланысты. Ол адам өмірін жою, дене жарақаттарын келтіру, бас бостандағын шектеу арқылы сипатталады.

«Психологиялық» террор материалдық объектілерді (кәсіпорындар, мекемелер, коммуникациялар және т.б.) бұзу, мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдардың жеке адамдардың мүліктерін жою арқылы қорқыту нәтижесіне қол жеткізумен білдіріледі. Сонымен қатар «психологиялық» террорға мемлекетті, оның органдарын және басқа да субъектілерді террористердің талаптарын орындауға мәжбүрлеу мақсатында қорқыту, үркіту арқылы моральдік- психологиялық зорлық жасау да жатқызылуы мүмкін.

  1. Аңду мақсаты бойынша ғылыми дерек көздерінде саяси, саяси емес (пайдақорлық-экономикалық) терроризмдер, психикалық ауру адамдардың ирроцианалдық мотивациясы негізінде жасалған террорлық актілері көрсетіледі.
  2. Террористік әсер ету объектінің сипаттамасына қарай «селективтік террорда» ажыратып көрсету керек, яғни мұнда террор нақты мемлекеттік, қоғамдық қайраткерлерге, азаматтарға, олардың мүліктері мен баршаға арнап бағытталады.

         Баршаға, яғни қалың көпшіліке бағытталған террор жағдайында қоғамдық қауіпті қол жұмсау қоғамдық орындардағы жиналған көпшілік адамдарға қатысты іске асырылды (көшелер, сачбақтар, көлік обеътілері, өндірістік кәсіпорындар).

  1. Қарастырылушы фонеменнің жіктемесі критерилері ішінде пайдаланушы құралдардың сипаты маңызды орын алады, соның негізінде «дәстүрлі» және «техналогиялық» терроризм бөлініп шығады.

         «Дәстүрлі тероризмге зорлық еөрсету, адамзатқа бұрыннан белгілі жою құралдарын, суық қаруды, жарылғыш зттарды кең түрде пайдалана отырып материалдық объектілерді жою, зақымдау істері жатады.

         «технологиялық» терроризмге озық технологиялрды- радиоактивтік, химиялық заттарды, уларды, биологиялық  қолдану жатады. Қазіргі таңда мамандар ядролық қаруды пайдалну мүмкіндігін жоғары бағалап отыр. Мұның өзі осы қырып жою қаруының әлемде кең тарауы, электр станцияларының санының ұлғаюы, жаппай қырып жою қаруын дайындау мәселелері бойынша ғылыми білімдердің таралуы сияқты факторлармен байланысты болып келеді. Көптеген авторлардың пікірінше, (1) «технологиялық» терроризмнің ерекше бір түрі «ақпараттық» терроризм болып табылады. Қоғамдық қауіпті қол жұмсаудың осы бір түрі адамдардың санасына ақпараттық әсер беріп, олардың ерікжігерін улап, қызметтерін ыдыратып дәрменсіз қалыпқа келтіруімен сипатталады.

Қазіргі телекомуникациялық және компьютермен құралдарды террористердің мүдделеріне орай пайдаланып, белгілі бір талаптады орындауға мәжбүрлеуімен ерекшеленеді. «Ақпараттық» терроризм актілеріне қасақана модификациялау және компьютерлік жүйелерде ақпараттарды бұзу,  ол  үшін  вирус  қолдану,  террорлық актлер  туралы  жалған  хабар тарату  жатады.

  1. Идеалық негіз, докторинаға  қарай  терроризмді  жіктеу  маңызды  ғылыми  және  қолданбалы маңызға  ие. Осы  критерий бойынша  «идеологиялық»,  «ұлттық», «діни» терроризмдер  болып  бөлінеді.

         «Идеологиялық»  терроризм құрылымын  көптеген  авторалар  оңшыл және  солшыл  деп  бөледі.  Ю.И. Авдеев  «оңшыл» терроризмге   мипаттама  бере  отырып,  саяси  билік,  саяси материализм  институтын,  құқықтық  мемлекетті  ұйымдастырудың  демократиялық  жүйесін  теріске  шығаратын  кәдімгі  платформаларға негізделеді. Ол,  әсіресе,  фашистік  және  неофашистік  идеологияға  сүйенеді.  Ол идеологиялар  Германия,  Италия, Испания  және  бұрын  фашистік  тәртіп  орнаған  елдерде  кең  тараған. 

         Оңшыл террористік ұйымдарға ашық нәсілшілдік  немесе  ұлтшылыдық  қондырғылары бар  құрылымдар  жатады,  оларға  «Германия  немістер  үшн»  деген  ұран  тән.

         «Солшыл»  терроризм  идеологиялық терроризмнің  бір  түрі  ретінде  псевдореволюциялық,  көбіне  троцкилік  және  маошылдық, анархия – коммунистік  сипаттағы  тұжырымдарға  негізделеді,  тұрғындардың  жаппай  көтеріліп,  революциялық  жағдайды  қалыптастыра  отырып,  капиталистік  жүйені  күштеп  құртуға  бағытталады. (1).

Бұл әрекет Европа  мен Латын Америкасында  кең  тараған.  Солшыл  терроризмнің  еуропалық ұйымдарына  (олардың  ішінде  аса танымалдары «Қызыл Армия  фракиясы»  (ФРГ),  «қызыл  бригадалар» (Италия),  «Тікелей  іс — әрекет (Франция),  «Хлаықтың ревлюциялық  күркс (Германия)  НАТО құрылымдары  және  «импералистік  одақтармен»  күресу  мақсатында  күш  біріктіру  жағдайы  тін.

         Соңғы  уақытта  террористік  қызметтің  қазіргі  тәжірибесіде  «Ұлтшылдық»  террориизм  кең  тарауда.  Оған  ерекше  жауыздық  тән,  бұл  террор  жаппай  қырып  жоюмен   сипатталады.    Қарастырылушы  құбылыстың  осы  түрінде  ұлттық  ерекшелік  пен  үстемдік  орын  алады.  Ұлтшылдық  қоғамда  әлеуметтік  зобалаң  тудырып,  ұлттық  өшпенділікті  өршітеді, тіптен  мемлекеттің  ыдырауына  алып  келеді. 

         Негізінен   «ұлтшылдық»   терроризм  жеке  ұлттар  мен ұлысттардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  кемсітуді  білдіреді.  Оның  мақсаты  саяси  сипатқа  ие,  яғни  мұнда  конституциялық  құрылысты,  мемлекеттік  құрылымды,  федерация  субъектілерінің  құқықтық  мәртебесін  өзгертуді  көздейді. 

         Қазіргі  таңда  Англияда,  Бельгияда,  Испанияда,  Францияда, Индияда,  Шри-Ланкада және  кейбір  басқа  елдерде  ұлттық  террористік   ұйымдар  белсене  әрекет  етуде.  Олардың  ішіндегі  ең  танымалдыларына  «Ирланд революциялық  армиясы;» Баскілік  ЭТА ,  «Корсиканы  ұлттық  азат  ету  майданы»  жатады. 

         Кейбір  жағдайларда террористік   ұйымдар  билік  басына   конституциялық емес  жолмен    келуін  жасыру  мақсатында  адамдардың   санасына  ұлттық  сезімді  орнатуды  пайдаланады.  Мәселен , Францияда  белсенді  әрекет  етуші  «Корсиканы  ұлттық  азат  ету  майданы»  Корсика  аралында  тәуелсіз  мемлекет  құруды  мақсат  етеді.

         Сонымен  қатар  қоғамдық  пікірді   білу  мақсатында  1996  жылы жүргізілген  сауалнамада  Корсикалықтардың  басым  көпшілігі  (91 %) тәуелсіздік  идеясын  қолдамайтындықтарын  білдірді.  Сонымен,  террористер  тұрғындардың  шынай  мүдделерін  бұрмалап,  өздерінің  пайдақорлық  мүдделерін,   ең  алдымен  билік  басына  келу  армандарын  алға  тартуда.

         Терроризмнің кең  тараған  түрлерінің  бірі  діни  терроризм. Діни  террористік  ұйымдар  дінді  пайдалана  отырып,  саяси  мақматты  көздейді.

         Қазіргі   әлемде  ислам  фундаментизмі  немесе  «таза  ислам»  деп  аталатын  экстремистік  құрылымдар  ерекше  қауіп  төндіруде.  «Ислам» терроризмнің  идеялық  негізі  дінге  сенушілердің  құран  мәндерін  теріс  бұрмалаумен  байланысты  болып  келеді. Фундаментализм  ізбасарларының  түсініктемелеріне  қарағанда,  зорлықтың болуы  мүмкін  және  ол  дұрыс  болып  саналады,  бірқатар  жағдайларды  оны  қолдану  қажет болып  та  саналады. 

          Зорлықты  діни  адамгершілік  тұрғыдан  қарастыра  отырып,  діни  экстремистер  оны  қолдануды  дұрыс  деп  беғалайды.

         Дінге  сенушілерге   осылай  әсер  етудің  негізгі  мақсаты  конституцияға  қарсы  қызметін  жасауды  қамтамасыз  ететін  ерекше  рухани  —  эмоциялық  жағдайды  қалыптастырудан  көрінеді.  Дінге  зорлық  әрекетін жасау  арқылы ортақ  діни  террористік мақматқа  жетуді,  сондай-ақ  өзінің  тірі  қалуын  көздейді.  Бұл  жағдайда  діни  экстремистер  «дін  тазалығы»   үшін  күреске  агрессиялық  зорлық  әрекетін  жсасауды  қажет деп  санайды. (1).

         Қазіргі  таңдағы  ислам  фундаментализмі  негізінде  әрекет  ететін  терроритік  ұйымдар  түрлі  мемлекеттерде   әрекет  етуші  террористік   құрылымдарда   көптеп  табылады. 

         Кейбір  есептеулер  бойынша  бұл  ұйымдардың  саны  150-ге  жуық ,  олардың  ішінде  белсенділері  «Мұсылман  бауырлар »  , «Хезболлах» ,  «Әл-Жихад  әл  ислами ».

         Өзінің  экстремистік  қызметінде  ваххавистік  ұйымдар  мен  қозғалыстар  ерекше  жауыздық  танытуда.

         Ауғанстан  мен  Палестинада  «Толиван»   қозғалыс  арқылы  ваххавизм  бағдарламасы  іске  асырылуда.

           Бұл  қозғалыстың  бағдарламалық  ережелері  мынадай:

         — саяси  билікке  жету  үшін  қарулы  күрес  жүргізу :

         — ислам  фундаментализмінің теократиялық  мемлекетін  құру: 

         — қарсыластар  мен  «ислам  жауларын»  өлтіру.

         Қазіргі  Ресей  территориясында  ваххавистік ұйымдар  1990  жылдардың  басынан  бері  елеулі  түрде  белсенді  халыққа  көшіп  келеді.  Ресейдегі  ваххавистер  қызметінің  террористік  сипатын  содырлар  даярлаумен  террорлық  актілерді  іске  асыратын  ,  өз  басын  өлімге  тігетіндер  тобын   құру ; мұсылман  сепаратистері  мен  экстремистеріне  материалдық  және  қаржы  көмегін  қөрсету;  діни  жэәне  криминалдық құрылымдар  құру  сипаттайды. (1)

Сонымен  қатар   ислам  фундаментализмінің  басқа  террористік   топтардың  пайда  болу  көзі  ретінде  «апокалипсистік»  тоталитарлық  секталар дамуда,  олар «құдай  сотын»   жеделдетудің  заңды  құралы  ретінде  зорлық-зомбылықты  насихаттада.  Соңғы  жылдары  олардың  саны  елеулі  түрде  өсіп,  экстремистік  пиғылда  секта  мүшелеріне  бұл  дүниенің  күнахар  екендігін  ,  «құдайға  сенбейтін»   үкіметтерін  жою  қажеттілігін  насихатауда.  Мұндай  секта ретінде  Токио метросында  газ  шабуылын  жасаған  «Аум  Синкикені»  атаға   болады. (1)

Терроризм  типологиясында  басты  органдардың  бірін  оның  мемлекеттік ,  ішкі  және  халықаралық  болып  бөлінуі  иеленеді. Бұл  жіктеме  субъектілер  түрін,  олардың  мақсатын  ,  қызмет  ауқымдарын  қол  жұмсау  огбъектілерін  қамтитын  кешенді  критерийлер  бойынша іске  асырылады.

Мемлекеттік  терроризмнің  мән  жайы  мемлекеттік  органдардың  өз  саяси  мақсаттарына  көз  жеткізу  және  билеуші  тәртіптің  ішкі  әрі  сыртқы  қарсыластарын  әлсірету  үшін  террористік  әдістер  қолданудан  көрінеді.

Көптеген  зерттеушілер  мемлекеттік  терроризмнің  ішкі  және  сыртқы  аспектілерін  атап  өтеді.

Сыртқы  аспект  кейбір  дамыған  елдердің  басқа  бір  елдердің  ішкі  істеріне  араласу  арқылы  білдіріледі.  Мұндай  акциялардың  кең  тарауын  болдырмау  үшін  БҰҰ Бас  Ассамблиясының  39  сессиясында  «Басқа  тәуелсіз  мемлекеттерде  қоғамдық- саси  құрылысты  бұзуға  бағытталған  мемлекеттік  терроризмге  жол  бермеу  туралы»  резолюциясы қабылданды. Осы  құжатта  мемлекеттік  терроризмнің  тәуелсіз  мемлекеттердің  қоғамдық  —  саяси  құрылысын  зорлап  өзгерту  немесе  бұзуды  көздейтін  әрекет  ретінде  қарастырылған. 

Сырқы  қатынастар  саласындағы  террористік  қызмет  екі  формада   іске  асырылады:

  1. мемлекеттің арнайы қызметтерінің  басқа  елдер  территориясындағы  саяси  қарсыластарына  (оппозициялық партиясының  көсемдері  мен  функционерлеріне,  шетел  мемлекеттерінің  мемлекеттік  және  қоғамдық  қайратткерлеріне)  қарсы  террористік  акциялар  өткізуі.  Мәселен,  80-жылдары  Чили  басшылығының  нұсқауымен  арнайы  қызметтер  АҚШ-тағы  О.Летельердің  және  Аргентинадағы  генерал  Пратстың  билік  тәртібінше  белсенді  қарсыластары  оларға  өлім  ұйымдастырды.
  2. Басқа елдердің территориясындағы  террористік  ұйымдарға  мемлекеттік  құрылымдардың  қолдау  көрсетуі.  Мәселен  француз  құқық қорғау  органдары  Париж  маңындағы  мұсылман  террористік  топтарының  белсенділігі  Иран  мен  Алирдің  мемлекеттік  құрылымдары  нұсқауымен  реттеледі  деп  есептейді. (1).

Сонымен  қатар  терроритстік  қызмет  субъектілеріне  берілетін  көмек  өз  территориясында  дайындық  лагерьлерін  орналастыру,  қару – жарақпен,  қаржымен  қамтамасыз  ету  арқылы  іске  асуы  мүмкін. 

Ағылшын  зерттеушісі  С. Сигеллердің  пікірінше,  мемлекеттік  терроризмнің  ішкісаяси  саласы  өз  халқына  қарсы  ұлттық  қауіпсіздікті,  қоғамдық  тәртіпті  бұзуға  мәжбүрлеумен  сипатталады.  Мемлекеттік  терроризмге  заңсыз  ұстау,  қинау,  саяси  қарсылықтарын  құрту  үшін  «өлім  эскадронын»  пайдалану  енеді.  

Ішкі терроризмнен  терроризмнің аса кең тараған түрлерінің бірі болып саналады. Соның феномен құрылымының саяси және қылмыстық терроризм бөлініп шығады:

Саяси терроризм келесі қызметтен көрінеді:

-мемлекеттік билікке қарсы әрекет ететін ішкі, экстремистік пиғылдағы саяси күштер, ұйымдар мен жеке адамдар;

-саяси билік басында тұрмаған күштер мен ұйымдардың қарсы күрес жүргізуі және террористік әдістерді қолдануы. (1).

Қылмыстық терроризм ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтардың, қылмыстық топтардың, жеке қылмыскерлердің қызметтен көрінуі. Мақсатты белгісіне қарай бұл терроризімге бірнеше түрге бөлінеді.

1.Қылмыстық пайда табуға кедергі келтіретін мемлекетті нашарлатуға бағытталған террористік қызмет. Мәселен, Колумбиялық есірткілерді сыртқы саудасына қарсы күресті белсендірген елдің әкімшілік, сот және құқық қорғау органдарына қарсы соғыс ашқан.

Есірткі мафиясының тікелей қатысуымен Меделине және Кали қалаларында, сондай-ақ Магдалена департаментінде жалдамалы адам өлтіргіштер дайындайтын мектеп құрылған, Бұл жалдамалылар саяси қайраткерлерді, мемлекеттік қызметкерлерді жазалау үшін пайдаланылады. Мафия қолынан елдің бас прокуроры, Меделине есірткі картелінің  жетекшісі П. Эскобарды тұтқынға алуға арналған ордерге қол қойған астана судьясы «Эспектадор» газетінің есірткі саудагерлері туралы материал жариялаған бас редакторы қайтыс болған.

2.Қылмыстық топтар арасындағы қақтығыстарда қарсыластар мен олардың жақтастарының көзін жою. Осы терроризмнің аса кең тараған түрі тапсырыс пен адам өлтіру, қару қолдана отырып қарсы күресуші топтардың арасындағы топтық қақтығыстар, зорлық көрсете отырып бопсалаудан құралады.

  1. Бұзақылық пиғылмен немесе ешбір тиімсіз мотивтерсіз террористік актілер жасау, мұның өзі осы тұлғалардың психикалық ауытқуларымен байланысты болып келеді.
  2. Атқарған қызметіне кек тұтып, мемелекеттік және қоғам қайраткерлерінің өміріне қол жұмсау.

         Қарастырылушы қоғамдық қауіпті әрекеттің аса күрделі және көп аспектілі көріністерінің бірі- халықаралық терроризм. Ғылыми әдебиетте терроризмнің осы түрін ұғынуда пікір бірлігі жоқ. Көптеген авторлар оның басқа терроризм түрлерінен өзінің кең ауқымдылығы және ерекше белгілері арқылы ажыратылатынын айтады.

         Көрсетілген белгілер қатарына жатады:

         1.Осы терроризмнің халықаралық- қауіптілігі оның ең алдымен халақаралық құқықтық тәртібіне және мемлекет аралық қатынастарға, мемлекеттің халықаралық қауіпсіздігі мен халықаралық мүддесіне қауіп төндірумен көрінеді. Өйткені, халықаралық терроризм қай үлгіде жасалмасын (мемлекеттік шенеуніктер мен жай азаматтарды өлтіру, азаматтарды кепілге алу, көлік құралдарын алып қашу т.б.), ол бірнеше мемлекеттің (ең кемінде екі мемлекеттің) саяси қатынастарына зиян келтіреді.

  1. Халықаралық басты субъектісі болып мемлекеттік емес террористік топтар мен ұйымдар танылады. Негізінде, мұндай құрылымдар қандай-да бір мемлекетке және моральдық көмек көрсетпейді. Халықаралық терроризмнің субъекті ретінде көрінетін террористік топтар мен ұйымдар ұйымдық және саяси тұрғыдан тәуелсіз болуы немесе басқа бір саяси ұйымдар мен қозғалыстардың құрамды бөлігі болуы мүмкін.
  2. Халықаралық терроризмді дайындау мен іске асыру, саяси қызмет бағыттары бойынша түрлі мемлекеттердің территорияларында орналасқан террористік құрылымдар арасындағы өзара байланыс, террористік топтар мен ұйымдар арасындағы ынтымақтастық. (1)

         Атап өтетін бір жағдай, осы уақытқа дейін халықаралық терроризмнің анықтамасы, оның табиғаты туралы бірдей пікір жоқ. Халықаралық терроризмнің актілерінің толық тізбесі де жоқ.   Халықаралық терроризмге жасалған талдау терроризмнің келесі актілерінің тізбесін беруді мүмкін етеді:

         -елшіліктердің, өкілеттіліктердің немесе Халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлерінің ғимараттарын жару;

         -мүлікті жою немесе зиян келтіру, адамдарға дене жарақатын келтіру, өлтіру мақсатында көшелерде, әуе жайларда, вокзалдарда, мәдени орындарда, сауда және кәсіби қызмет орындарында диверсиялық әрекеттер жасау;

  • бандероль, хат және басқа да пошта жөнелтпелері арқылы жарылғыш қондырғыларын қасақана пайдалану;
  • -қоғамдық ғимараттарға қарсы жасалған кез-келген диверсиялық акт;

         — Халықаралық терроризм актілерін жасау мақсатындағы қастандық және оған қатысу.

         Түрлі дерек көздерінде халықаралық терроризм актілеріне адамдарды кепілдікке алуды, теңіз қарақшылығын, азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған актілерді, сондай-ақ заңсыз басып алу мен ядролық материалды пайдалануды жатқызады. Алайда, олардың ерекше халықаралық қауіптілігі, кең таралуы және әр-түрлі формада болуына қарай мемлекет оларға қарсы күрес жүргізу үшін арнайы конвенциялар қабылдайды, оларды халықаралық сипаттағы жеке қылмыстарға бөліп көрсетеді.

         Сонымен, терроризмнің маңызды сипаттамаларына жасаған талдау оның әр-түрлі және күрделі  құрылымды құбылыс екендігі көрсетуде. Адамзат қоғамын тұрақсыздандыратын әлеуметтік қатынастардың, қайшылықтардың алуан түрлілігі қазіргі кезде террордың кең тарауына ықпал етеді. Сондықтан осы феноменнің белгілерін, түрлерін субъектілері басқа да аспектілерін теориялық тұрғыдан пайымдау керек. Мұның өзі терроризмге қарсы күресті белсендіруге, оны қатаң бақылауға алуды, қарқындылығын төмендетуді белсендіруге азамат қауіпсіздігіне төнген қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-бөлім. Халықаралық терроризмге қарсы әрекет жасау мәселелері.

 

  1. Халықаралық терроризмге қарсы әрекет жасау мәселелері.

 

Террор жасау тәсілдері алуан түрлі, алайда қылмыскерлердің қолданатын қылмыс жасау қарулары келесі түрге бөлінеді

         1.Ату құралын, түрлі жару және жандыру қондырғыларын немесе қолданбақ болып қорқыту арқылы жасалған зорлық акциялары («дәстүрлі» терроризм).

  1. Жаппай қырып жою қаруын қолдану арқылы террорлық акт жасау.
  2. Ақпараттық терроризм.

         Аталған тәсілдерге жан жақты талдау жасап көрейік.

         Ату құралдарын түрлі жару және жандыру қондырғыларын қолдану немесе қолданбақ болып қорқыту арқылы зорлық акцияларын жасау, басқаша айтқанда «бомбалақ» терроризм Ресейде ХІХ ғасырдың ортасынан, яғни террорист Қаракөзовтің император Александар ІІ-ге жасаған қастандығынан басталады.

         Террорлық актілер жасау құралдарына келесі жарылғыш қондырғылар жатады:

         — баяу қозғалысқа келетін қондырғылар (берілген уақытқа қою, іске қосылуын тоқтату).

         — өткізгіш желі бойынша қашықтықтан жару;

         — радио канал  бойынша қашықтықтан басқару;

         -атмосфералық қысым өзгеруі кезінде ( барометірлік  өлшеуіштерімен биіктікке көтерілу кезінде) іске қосылатын қондырғылар, объектінің қозғалу жылдамдығы және т.б. 

         — қозғалыстарға  көлікке  орнатылған,  объектімен  соқтығысу  кезінде  іске  қосылатын  қондырғылар; 

         — көлікке  орнатылған,  қозғалыс  жүйесі  іске  қосылғанда  жұмыс  істейтін  қондырғылар;

         — көтеру,  аудандастыру кезінде  іске  қосылатын  «қақпан»  миналар; 

         — пошта  жөнелтпелеріндегі,  багаждағы,  қол  жүгіндегі,  тұрмыстық  электр  аспаптарындағы,  қоқыс  орындарындағы,  дәретханалардағы  «сюрприз» — миналар; 

         — жағу  және  пиротехникалық  құралдар,  ашу  кезінде,  ауа  оттегісімен  қосылған  кезде  жанатын  заттар:

         — жақын  аралық  соғыс  құралы  (қол  гранатасы,  гратата  атқышттар),  ракеталар,  мина  атқыштар,  ату  құралы,  артилерия,  авиация. 

  1. Жарылу кзінде  сөзсіз  қайтыс  болатын  өлімге  бас  тіккен  (камикадзе)  террористің  жарылғыш  қондырғыны  жаруы. (1).  Осындай тәсімен  жасалған  кейбір  терактілерді  атап  өтейік: 

         1991 жылы  21 маусымда  индиялық  Тамиланд  штатында  Индиялық  басшыларға  партияның  лидері,  елдің  премьер – министрі  Радинев – Ганди  өлтірілді.  «Тамил иламды  азат  ету  жолбарыстары»  ұйымның  мүшесі  әйел  жендет  бомба  рөлін  атқарды.  Ол  әйел  өз  құрбанына  алып  гүлдер  букетін  әкеліп  (бұл  кезде  күзет  серілік  танытып,  әйелді  аға  өткізеді),  дегонатор байланысын  іске  қомады.  Р.Ганди  мен  «жолбарыс» әйел  ғана  емес,  сондай-ақ  тағы  20 адам  жарылыстан  қайтыс  болады. 

         1993 жылы  1 мамырда  Шри-Ланкада бойына  тротил  байлаған  террорист  осы  елдің  президенті  Ранасингх  премадаса  көрмені  аралап  жүрген  кезінде,  автограф  алғысы  келген  болып жақындайды да,  жарылғыш  қондырғыны  іске  қосады.

         1994 жылы  11 қарашада  бомба-адам  велосипедте  келе  жатып, Газа  секторындағы  израиль  әскерлерінің өткізу  бақылау  бекетіне  жақын   тұрған  Недарим  көшесінде  өзін  жарып  жібереді,  3 әскери  адам  қайтыс  болып,  4-еуі  жараланады.

         1995 жылы  22 қаңтарда  «Хизболлах» экстремистік тобының екі мүшесінің өздерін жарып нәтижесінде Израиль қарулы күштерінің 20 адамы өліп, 52 адамы жарақаттанады.

         1996 жылы 4 наурызда Тель-Авивтегі «Дизенгов» сауда орталығында бомба-адам өзімен бірге 13 адамды арғы дүниеге аттандырды, 125 адам  жарақат алды.

         1997 жылы 4 қыркүйекте 3 террористік -өзін-өзі өлтірулер Иерусалим орталығында өздерін жарып жібереді. Нәтижесінде 8 адам өліп 170 жарақат алады.

         2002 жылы 11 қыркүйекте адамзат тарихындағы ірі трагедиялардың бірі орын алды. Нью-Йорктегі Бүкіл әлемдік сауда орталығы жарылып, нәтижесінде 6000-нан аса адам қайтыс болды.

         2001 жылы 9 қазанда палестин террористері «израиль басқыншыларына» қарсы күрестің өзіндік мерей тойын тойлады.  «Ислам жихадының» белсендісі Дарагмех «сионистік мемлекетті құрту үшін өмірін қиған» жүзінші полистиндік атанды, ол 8-қазанда  Кибуц Шлухотта өзін-өзі жарып жібереді. 2001 жылы осындай 70 террорлық акт жасалды.

Кейбір авторлардың пікірінше мұндай террорлық актілерді орындаушылар-діни догмамен қаруланған, идеологиялық тұжырымдамалар негізінде әзірленген арнайы технологиялар көмегі арқылы фонатизм дәрежесіне жеткен адамдар. Психологиялық және идеологиялық қайта өңдеу түбірі ерте ғасырлардан басталады.  Мәселен, ХІ ғасырда Персияда (қазіргі Израиль жері) Гасан ибн-Саббах әсері күшті саяси қараткері болды, ол өзінің қатардағы ізбасарлары арқылы қарсыластарына террорлық актілер жасап отырды. Оның ізбасарлары- федавилер дене бітімі мықты кедей жастардан алынды. Федавилер Гасан ибн-Саббахқа шексіз бағыну сипатында тәрбиеленді, Гасан ибн-Саббахты олар құдайдың елшісі ретінде санап, өздерін сол үшін құрбан етуге, кез келген бұйрығын орындауға әзір болды. Өзін-өзі құрбан ету жай ғана діни борышын өтеу ғана сипатында болмау үшін, федевилерді арнайы медециналық-психологиялық шыңдаудан өткізді. Мұнда гашиш, гипноз, санасына сіңдіру әдістерін қолданылды. Фанаттарына санасына Гасан ибн-Саббах үшін жан беру жер бетіндегі ең ұлы ерлік одан соң мұсылман үшін жұмсақ өмір басталады деп сіңдірілді. Сондықтан саяси өнімді жоспарлау кезінде өзін-өзі өлімге ерікті түрде қиған федавилер легі толастамады. Акциялар адам жиналатын жерде жасалды, сөйтіп қоғамда тұрғындарды қорқыту әсері орын алды. Бір қызықты жайт, содан бері мыңдаған жыл өтсе де, идеал-психологиялық өңдеу әдісі әлі күнге дейін өзгеріске ұшырайды Бұл әдісті орта және Таяу шығыста белсенді әрекет етуші ХАМАС  мұсылман қарсы қозғалысы мен «Хезболлах» Иран фундаменталистік ұйымы лидерлері қолданып келеді.(1).

         Болашақ  «камикадзелер» осыдан  жүздеген  жыл  бұрынғыдай  кедей  әрі  сауаты  аз  мұсылман  жастары  ортасынан шығады.

         Өздкрінің  саяси  мақсатына   қол  жеткізу  үшін фанаттарда  пайдаланатын олардың  ұстаздары  кедейлерге материалдық  көмен  беріп, жастар  лагерлерін  ұйымдастырады,   бұл  лагерлерде  жастар  өздерін   болашақ  «камикадзе»   болуға  дайындайды. 

         Кедей  ата-аналар өз  балаларын  тегін  оқуға  қуана  отырып  келісім  береді,   ал  осы  «әулие»  адамдар жастардың  күтімін,  олардың  еңбекке  орналасуын  да    өз  мойнына  алады.   Сөйтіп,  әлі  қалыптасып  үлгірмеген жас  өспірімдер  тәжірибелі   тсламист-психологтардың  қолына  түседі.  Олар  мұсылманның  өмір  сүру  маңызы  Аллаға  қызмет  ету ,  өз  өмірін  осы  мақсатта  құрбандыққа  шалу  деп   жасөспірімдердің  санасын  улайды.  Осындай қарқынды  діни-прсихологиялық  өңдеуден  соң  ислам  фанаты  қоршаған  ортаны  уақытша  дүние  деп  қабылдап,  жұмақ  өмірге  өтуге  асығады.  Алла  атымен  өздерін  құрбан  етуге  бұйрық  беретін  рухани   ұстаздар  өз  шәкірттерін  жақсы әрі  мәңгі  өмірге  аттандырып  отырады.

         Алайда  « өзін-өзі  өлтіру »  терминін  «әулие  әкейлер» ешқашан  қолданбайды. Ислам  басқа  да  дәстүлі  діндер  сияқты  өзін-өзі  өлтіруді  ауыр  күнә    деп  есептейді.  Бірақ  саясаткерлер  діндегі  бұл  тыйым  салуды  айналып  өтеді.  Егер  адам  өзін өлтірсе – бұл  күнә  деп  түсіндіреді  олар.  Ал  егер Алланың  жауларын  өлтіре  отырып  қайтыс  болса  ,  бұл  тіптен  басқа  жағдай  деп  ұғындырады.  Бұл  жағдайда  өзін-өзі  өлтіру  исташахедке —  жаратқан  үшін   өзін  құрбандыққа  шалуға  айналады,  оны  орындау  кезінде   өзін-өзі  өлтіруші  адам  әулие  атанған,  жұмаққа  жаны  жіберіледі.

Соңғы он- он бес  жылда  осы  суреттелген  әдістеме  негізінде  ислам  фундаменталистері  « бомба  адамдар»  дайындай  келеді.        

Бірнеше  діни  психотерапия  сеансы  өткізілген  соң  ,  адам  материалы  дайын  болып,  техникалық  мәселелерді  шешу  керек  болады.  (1).

Яғни  сол  адамның  денесіне  қуатты  жарылғыш  қондырғылар  орнатылады.  Сыртқы  киімнің  ішінен киетін  киісге  жарылғыш  салынады немесе пластикалық  пакетке  ,  сумкаға  немесе  рюкзакқа  орап  салады.  Өткізгіш  желілер  арқылы  электродентонаттарымен  байланыс  орнатылып,  ол өзін-өзі  құрбан  етушінің қолына  тікелей  өткізіледі. Өзін-өзі  өлтіруші  осылай  қаруланып алған соң , оны құқық қорғау  органдарының  залалсыздандырылуы  және  жарылыстың  алдын  алуы  өте  қиын  болады.  Осындай  түрін  бара  жатқан  « бомба  адамға»   қатысты  күдік  туған  кезде  ,  палиция  өкілдері  немесе  әскерлердің  қуатты  тексеру  әрекеті  жарылысты  тездете  түседі.

Терроризмнің  мұндай  үлгісімен   күресу  оңай  емес. Қазіргі  дүниеде  діни  фанатиктер  өмір   сүріп тұрған  кезде  ,  мұндай  акциялардың  жасалу  қауіпі  жалғаса  береді.

Қашықтан  жарылған  қондырғыны    (ЖҚ)  деп  адамдарды  өлтіруге,  түрлі  объектілерді  зақымдауға   арналған  , жарылу  құралымен  заттар  (ЖЗ)   зарядымен  тұратын  ,  жарылу  қабілетіне  ие  ,  бір  рет  қана  қолданылатын  техникалық  қондырғыны  айтады.

         Жарылғыш  қондырғы  келесі  белгілерден  құралады. (1) .

         — іс-әрекеттің  бір  рет  атқарылуы; жару  энергиясын  қолдану;  конструктивтік  бірлігі,  адамдарды  өлтіруге  немесе  түрлі  объектілерге  зиян  келтіру  үшін  арналуы .

Жарылғыш  қондырғы  екі негізгі  топқа  бөлінеді: өнеркәсіптік  және қолдан  жасалған  қондырғы.  Өнеркәсіптік жолмен әзірленген жарылғыш қондырғы (әскери және шаруашылық мақсатты) дегеніміз – нормативті – техникалық құжаттамаға сәйкес өнеркәсіптік тәсілмен жасалған қондырғы.

Әскери мақсатта өнеркәсіптік жолмен жасалған жарылғыш қондырғының негізгі түрлері соғыс құралдары мен имитациялық құралдар. Алғашқылары нысананы жою немесе қарсыластық әрекетіне кедергі жасауға арналған, олар жару, лақтыру, психотехникалық зариадтардан құралады. Екіншілері   әскери   құрылымдардың   жеке   құрылым   үйрету   мақсатында                                               

түрлі   соғыс  құралдарының  әрекетін  (жару,  ату)  иммитациялау  үшін  қолданылады.  Кен  байыту,   мұнай,  газ   өнеркәсібінде,   құрылыс  жұмыстарын,  сейсмологиялық  барлау  жүргізу  кезінде  шаруашылық  мақсаттағы  жарылғыш  қондырғылар  пайдаланылады.   Олар  белгілі  бір  көлемде  және  салмақта  өнеркәсіптік  жолмен  шығарылатын  жарылғыш  заттар  зарядынан  құралады.  Заряд  құрамына  жарылғыш  заттар  және  қағаз  немесе  полиитиленнен  жасалған  қабықша  енеді.  Қабықшада  жарылғыш  заттың  маркасы  мен   салмағы  көрсетіледі. 

         Қолдан  жсалған  жарылғыш  қондырғы  деп,  қолдан  жсалған  конструкция  элементтерінің  ең  болмағанда  бір  элементі  пайдаланылған  қондырғыны  айтды.  Қолдан  жасалған  қондырғы  бір  ғана  дна  етіп  немесе  бірнеше  ғана  етіп  дайындалады,  конструкциясы  бойынша  өнеркәсіптік  үлгілерге  ұқсас  келеді. 

         Терроризмді  зерттеудің  бір  маңызды  ерекшелігі  бар:  жарылғыш  зттарды  табу  мен   залалсыздандыру,  тергеу  әрекеттерін  жүргізу,  ең  алдымен  жарылу  орындарын  тексерумен  жарылу  қауіпі  бар  объектілерді  алу  кезінде,   оған  қатысушы  құқық  қорғу  органдары  қызметкерлерінің  қайтыс  болуы  және  жаралану  жғдайларыда  орын  алады.  Жарылғыш  заттармен  жұмыс  істеу  тәжірибесі  болмауы,  техника  қауіпсісдігінің   қарапайым  ережелерін  сақтамауы,  оқиға  орны  мен   алдын  ала  зерттеу  орындарын  тексеруді  дұрыс  ұйымдастырмау  осыған  себеп  болды.  Сонымен  қатар  түрлі  жарылғыш  қондырғыларарының  құрылғысы  бірдей  болмауы,  тұрақсыздығы  жоғары  сезімтлдығы  оның  өздігінен  жарылуын  әкеледі.   Мұны  болдырму  үшін  шұғыл  тергеу  тобы  қтысушылары  тергеу  әрекеттерін  жүргізу  кезінде  неғұрлым  мұқият,  абай  болуы,  ол  үшін  жарылғыш  заттар  саласындағы   мамандарды  пайдалану  тиіс.

         Арнайы  әдебиетті,   нормативтік  актілерді  зерттеу  жарылу  қауіпі  бар  заттар  мен,  объектілермен   тергеу  әрекеттерін  жүргізу  кезінде  жұмыс  істеу  шараларын   анықтауды  мүмкін  етеді. 

 

  1. Жаппай  қырып-жою  қаруын  пайдалана  отырып   халықаралық   террорлық  актілердің  жасалуна  қарсы  әрекет  ету.  

 

         Қазіргі  жағдайда  террористер   террорлық  актілерді  жасаудың  дәстүрлі  емес  тәсілдеріне  жүгінудің  қуатты  мүмкіндігіне  ие.   Мұнда  олар  жаппай  қырып-жою  қаруын  қолдану  арқылы   кеннеттен  ерекше  қауіп  төндіруі  мүмкін:  ядролық,  химиялық,  биологиялық  қару  қолданса,  қазіргі  бірде  бір  мемлекет  нәтижесі  қарсы  әрекет  жасауға  дайын  бола  алмай  қалуы  мүмкін.  Даярлауы,   сақталуы  мен  көлік  тасмалдауына  және  қолдану  ауқымының   жеңілдігіне   қарай  террористер,  біздің   көзқарасымыз  бойынша,   биологиялық  және  химиялық  қару   қолдануға   ұмтылады.  Медецина  докторы  және   магистр – эпидемиолог,   Балтимор  университетінің  азаматтық  био  қорғау  зерттеу  орталығының  директоры  өз  баяндамсында  «Құрама  штаттар  био  терроризм  қауіпіне  ешбір  дайындығы  жоқ»  деп  атап  өтеді. 

         Хейдерсон    бұл  жөнінде  была  деп  жазады:   «Сібір   жаралы  дақылынан  құралатын   100   грамдық   ампула,   мәселен,    Вашингтон   үстінен  тасталса,   ол  Вашингтонмен   оған  жақын  терроризмде   3 млн   дейін   адамды  өлтіруге  қабілетті  екенін   сіз  білесіз  бе?   Мұның  өзі   бүкіл  ел  ішінде   дағдарыс   тудырып,   млн-даған  адамдар    дәрігерге  қарай  жүгіретін  еді.   Соның   нәтижесінде  бүкіл  денсаулық  сақтау  жүйесін  қиындыққа  келтіреді. 

         Бізге  белгілі  болғанындай,   химиялық  қрудың  ең  қорқынышты  және   аяусыз  түрі   жүйкені  істен  шығартын   газ  былай   табылады.   Мәселен,   Сібір  жаралы    батциласы  бар  сұйықтықтың    10  грамм  әсер  ету  күші  бойынша    1 тонна    осындай  газдың  күшіне  ие».    

         Су  құдықтарының  улануы,   қоршалғн  бекіністерде   чума  ауруын  жұқтыруы,   соғыс  даласын  уландыруына   газды  қолдануы  ілгеріден  тарихтан  белгілі.  Ең  алғаш  бізге  жеткен  деректер  бойынша    биологиялық  қару  қолдану    оқиғасы  көне   үнділік ману заңында кездеседі.   Сонау біздің көне санамызға   дейінгі  Ү-ғасырда-ақ уды әскери мақсатта қолдануға тиыйым салынған. Биотерроризмнің қауіптілігі қазіргі күнде  де өз маңызын жоя қойған  жоқ.

1984 жылы   желтоқсанда Оригон  штатындағы  (АҚШ)  Даллас қалашығындағы  төрт  мейрамханадан   тамақтанып  шыққан   750 —  ге  жуық  адам  ауруханаға  түскен.   Олардың  бәрі  сальмонелламен  уланған ,  яғни  сальмонелламен  салаттар  араластырылған. 

1995  жылы  Аум  Синреке  діни  сектасы   Токио меторсында  газ  шабуылын  жасады.  Осы  акция  барысында  қолданылған  зарин  газын  осы  ұйым  өзі  жасап  шығарған.       Әзірленген  зариннің  нәтижелілігін  тексеру  үшін  Мацумотода  химиялық  шабуыл  өткізілді.  Кейіннен  улы  заттарды  тозаңдату  үшін  ұшқышсыз басқарылатын  ұшақ  пайдалану  ұсынылды.  1995 жылдың  басында   Аум  Синкреке  полиция  назарына  ілікті , ұйым  адам  өлтіруде  күдікті  атанды.  Өздерін назардан  басқа  жаққа  бұру  үшін  ұйым  1995  жылы  20  наурызда   Токиодағы  және  Иокогамазаға  алты  метро  желісінде  хмимиялық  шабуыл  жасайды.  Нәтижесінде  10  адам  қайтыс  болып ,  4700  адам  уланды.

1995  жылдың  мамырында   Огайо  штатындағы  Л.Харрис  Мериленд биомедициналық  фирмасына  қара  чума  бактериясына  тапсырыс  берілді.  Фирма  қызметкерлерін  тапсырыс  берушінің  іс-әрекеті мен  шыдамсыздығы  күдік  тудырып ,  олар  бұл  жөнінде  ФББ  ( ФБР )   хабардар  етеді.  Тергеу  барысында  анықталғанындай   ,  Харрис  нәсілшіл  ұйымның  мүшесі  болып  табылған.  Сотта  ол  өзі  берген  тапсырысты  мойындайды ,  содан  кейін  мұндай  бактериаларды  жеткізіп  беру  ісіне  заңды  түрде  қатал  тәртіп  орнатылады.

2001  жылдың  соңында  биоттерроризм  толқыны  бүкіл  АҚШ- ты  жайлайды. Оған бірнеше фактілер келтіре кетейік.2001-ші жылдың қыркүйек айының соңында сібір жарылысымен Флорида штатындағы «Америкэн Медиа» газет корпорациясы қызметкерлері ауырып қалады.Олардың біреуі қайтыс болады. Редакцияға бұл ауру пошта конверті арқылы жіберілген. Осы бір эпизод пошталық биотероризмнің басталуына себеп болды. Мұндай ішінде ақ ұнтағғы бар конверттер МВС, АВС телекомпаниялрымен «Нью-Иорк таймс» газетінің редакциясында, Нью-Иорктегі Рокфеллеров орталығы ғимаратында, тіптен АҚШ конгерсінің бір ғимаратында да табылған.

Террористік мақсатта химиялық және бактериологиялық қаруды қолдану қаупінің кең таралуына байланысты, біздің көзқарасымыз бойынша, бұл мәселені жан-жақты қарастыруда қажет етеді.

Химиялық қару дегенііз-бұл жаппай қирай-жою қаруы, оның әрекеті кейбір химилық заттардың токсикалқ қасиетіне негізделеді. Улндырушы заттар дегеніміз-кең ауқымда адамдар мен жануарларды өлтіруге түрлі ғимараттар енуге, жергілікті орындар мен су қоймаларын уландыруға қабілетті химиялық байланыс. Бұл арқылы ракеталар, авациялық бомбалар, артиллериялық снарядтар, химиялық фугастар, сондай-ақ құйылмалы авиациялық аспаптар қаруландырылады.

Уландырғыш заттардан адам ағзасына әсер ету күшіне қарай жүйкені залалдандыратын, теріні зақымдайтын, буындыратын, жалпы улы тітіркендіретін және психотроптық болып бөлінеді. (1)

Жүйкені залалдандыратын уландырғыш заттар (ҮХ, зарин) тыныс органдары арқылы адам ағзасына еніп, жүйке жүйесіне әсер етеді, теріге бу тәрізді және тамаша сұйықтығы түрінде енеді, асқазан-ішек құрылысына тамақ және сумен бірге кіреді. Жазда олардың төзімділігі бір тәулік болса, ал қыста ол бірнеше апта кейде айларға жетеді. Адамды уландыру үшін оның аз ғана мөлшерінің өзі жеткілікті. Улану белгілері мынадай болып келеді: сілекей ағуа, көздерінің жұмылуы (миоз), тыныс алудың қиындауы, құсу, жүрек айнуы, сал болып қалуы.

Теріні зақымдайтын уландырғыш заттар әрекеті (иприт) жан-жақты болып келкеді. Тамшы сұйықтық және бу тәрізді жағдайд олар көз бен теріні зақымдайды, тыныс алу кезінде-тыныс жолдары мен өкпе зақымдалады, тамақ және су арқылы енгенде-тамақ қорыту органдары уланады(бірден уланбайды; екі сағаттан аса уақыт өткенде). Зақымданғанда терісі қызарады, кішкене бөртпелер пайда болып, кейіннен ірі түйіршікке айналады да, ол жазылуы қиын жараға ауысады. Уландырғыш зат дененің зақымданған жерінен бастап, ағзана бүкілдей уландырады, температурасы көтеріледі.

Буындырушы әрекеттегі уландырғыш заттар (фосген) адам ағзасына тыныс алу органы арқылы әсер етеді. Зақымдану белгілері ауыздағы тәтті, жағымсыздау дәмнен, жөтелден, бас айналуынан, жалпы әлсіздіктен көрінеді. Бұл құбылыстар зақымдану ошағынан шыққаннан соң басылғанымен, адам 4-6 сағат бойы өзін қалыпты түрде сезінеді, зақымданғанымен күдіктенбейді.

Бұл кезеңде  (жасырын  әрекетткезінде )  өкпе  ісіне  бастайды.  Содан  кейін  тыныс  алу  кенеттен  қиындап  ,  жөтел  пайда  болады,  бас  ауырады ,  температура  көтеріледі,  жүрек  соғысы  жиілейді.

Жаплпы  улы  әрекетті  уландырғыш  заттар (синил  қышқылы  және  хлорциан)  ішке  ауа  енуі  арқылы  зақымдандырады,  олар  тері  арқылы  әсер  етпейді.  Зақымданған  кезде  ауызда  металдың  дәмі  пайда  болады ,  тамаұ  тітіркенеді ,  бас айналады,  әлсіздік  пайда  болады,  жүрек  пайда  болады,  сал  болып  қалады.

Тітіркендіруші  әрекеттегі уландырғыш  заттар ( СЗ,  адамсит)  қайта  күйдіріп ,  ауызды  ауыртады , тамақ  пен  көз  ісінеді ,  көз  жасы  қатты  ағады ,  жөеледі ,  тыныс  алуы  қиындайды..

Психохимиялық  әрекеттегі  уландырғыш  заттар  (мәселен,  ВZ) орталық  нерв  жүйесіне  әсер   етіп ,  психикалық  (Галюкинация  қорқыныш  үресі)  немесе  дене  (көзі  көрмеу ,  құлағы  естімеу  әоекеті  бұзылады).

Химиялық  қаруды  қолдану  нәтижесіндегі  зақымдау  ошағы  өлшемі  уландырғыш  заттарды  қолдану  тәсіліне ,  уландырғыш  заттардың  түріне  метеорологиялық  жағдайларға ,  жергілікті рельевпен  басқа  да  факторларға  байланысты  болады.  Жүйкені  зақымдайтын  әрекеттегі  уландырғыш  заттар  өте  қауіпті ,  оладың  булары  желменен  өте  ұзақ  қашықтыққа  (15-25  км.- ден аса)  таралады.

Уландырғыш  заттардың  зақымдау  ұзақтығы  желмен  ауа  арқылы  қаншалықты  күшті  болса,  соншалықты  аз  болады.  Ормандарда ,  саябақтарда  ,  тар  көшелерде  уландырғыш  заттар  ашық  жерге  қарағанда  ұзақ  сақталады.  Бактеорологиялық  қару  дегеніміз – бактериялық  (биологиялық)  заттармен  жабдықталған  арнай  соғыс  қаруларымен  соғыс  аспаптары.

Бактериялық  (  биологиялық )  ұүралдарды  қолдануды  негігі  тәсілдері  ретінде  ауаның  жерге  жақын  қабатында  улануы  айтылады. Соғыс  қаруларын  жару  немесе  генераторлардың  іске  қосылуы  негізінде аэрозольді  бұлт пайда  болады,  оның  таралу  жолында  рецептура  түйіршіктері  жергілікті  орындарды  зақымдайды.  Жәндіктердің  ,  көшелердің ,  кеміргіштердің  ауру  тудыратын  микробтар  ккөмегі  арқылы  (биологиялық)  құралдар  пайдаланылуы  мүмкін  (1) .

Қылмыстық  құқықтық   жағынан  алғанда  химиялық  немесе  бактереологиялық  қару  табылуы  мүмкін  объектілер  терроризм  ретінде  саралануы  тиіс.  Мұндай  объектілер  табылғандығы  туралы  хабар  түскен  кезде,  ішкі  істер  органдарының  шұғыл  тергеу  —  тергеу  тобы  тергеушілері  оқиға  орнына  жіберіледі.

                              Қорытынды

Халықаралық  терроризмді  анықтау  халықаралық  мәселелерге  жатады,  бұл  мәселенің  шешімін  табу  маңызды ерекшелікке ие. Мұның өзі халықралық  қауымдастық,  саяси  қайраткерлер,  ғалымдар  сондай-ақ  саси,  қоғамдық  және экономикалық  қондырғыларына  қарамай  түрлі  елдердің  арнайы  қызметі  мен  құқық  қорғау  органдарының  назарын  аударуда.

Біріккен  ұлттар  ұйымы  1972  жылдан  бастап,  яғни  БҰҰ  Бас  ассамблеясының   Халықаралық  терроризм     жөніндегі  арнайы  комитетіқұрылған  сәттен  бастап  халықаралық  терроризмді  анықтау  үшін  қарқынды  әзірлемелер   жүргізіледі.  Өкінішке  орай  ,  осы  орган  бұл  қылмыстың  жалпы  жұртшылық қабылдайтын  анықтамасын  әзірлеу  жұмысы  табысты  бола  қоймайды.  Халықаралық  құқық  ассоциаиясы  қолданған  күш  —  жігер  де  осындай сәтсіздікке  ұшырады.

Қазіргі  таңда  терроризм ұғымының  және  осы  терминнен  туындайтын,  мемлекеттердің  әлемдік  қауымдастығы  таныған  ұлттық  және  халықаралық  түрлерінің  нақты  анықтамасы  әлі  күнге  дейін  жоқ.  Мұның  өзі  ғалым-  террологтар,  үкіметтік  және  үкіметтік  емес  ұғымдар  халықаралық  терроризмге  қарсы 120-дан  са  анықтамалар  нұсқасын  ұсынған  жағдайда  болып отыр.

Қарастырылушы  мәселе  бойынша  қоғамдық   және  шетелдік  жұмыстарға  жасалған  талдаудың  көрсетуінше  ,  халықаралық  терроризм анықтмасын  әзірлеу  кезінде     «террор»  және  «терроризм»   ұғымдарының  бастапқы  мәнін  ескере  білу  қажет.  Халықаралық  терроризмді   анықтаудағы  осы  әдістер  маңызды  қызығушылық  тудырғанымен  ,  әлі  күнге  отандық  әдебиетте  жан-жақты  талдау  жасалған  жоқ. 

Осы  диплом  жазу  барысында  автор  «Халықаралық  терроризм »  феноменін   зерттеудің  дәстүрлі және  іргелі  мәселелеріне,  сондай-ақ  террористік  қызметтік  қазіргі  аспектілеріне  және  оның  алдын  алу  тәсілдеріне,  террористік ұйымдармен күресу  жолдарына  басты  назар  аударды.

             Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

  1. ҚР қылмыстық  кодексіі,  Алматы, 
  2. Уголовный кодекс РК. Алматы, 
  3. Антонян Ю. М.  Терроризм.  Криминологическое  и  уголовно-правовое  исследование. М., 1998.
  4. Белкин Р.С. Криминалистическая  инциклонпедия. М., 1997.
  5. Босхолов С.С. , Литвинов  Н.Д.  Проблемы нормотивного регулирования борьбы с  терроризмом  в  современной  России // Актуальные  проблемы  борьбы с организованной  притупностью .  Калининград, 
  6. Витюк В.В.,  Эфиров  С.А.  «Левый» терроризм  на  Западе. История  и   современность. М., 1987.
  7. Горбунов Ю.С.    К  вопросу  о  классификации  терроризма // Моковсий  журнал  международного  права. 1993  №
  8. Емельянов В.П.  Терроризм и преступления с признаками терроризования. М., 2000.
  9. Единные правила  безпасности при  взрывных  работах.  М., 1992.
  10. Замковой В. , Ильичков  М.  Терроризм – глобальная  проблема  современности. М., 1996.
  11. Ивлиев С., Майстренко Н., Шакин  А. , Щербаков  Г.  Поис  и  обезвреживание взрывных  устройств. М., 1996.
  12. Кожушко Э.П. Современный  терроризм: Анализ  основных  направлении.  Минск, 
  13. Кузовлев Ю.В. Рвасследование  преступлении  ,  совершаемых  с  применением  взрывчатых  веществ и  взрывных  устройств.  Тула, 1996.
  14. Мелентьева Н.   Размышление  о  терроре  // .  Элементы .  Евразийское  обозрение. 1996 . № 7. 
  15. Международный терроризм : документы ,  свидетельства ,  факты.  М., 
  16. Моджорян Л.А.  К  вопросу  о  сотрудничестве   государств  в  борьбе с  международным  терроризмом.  //  Советское  государство  и  право.     № 3.
  17. Моджорян Л.А. Терроризм: правдв и  вымысед. М., 1986.
  18. Миньковсий Г.М. , Ревин  В.П.  Характеристика  терроризма  и некоторые  направления  повышение  эффективности борьбы с ним // Государство  и право  .  № 8.
  19. Нелесов М.М.,  Сапрыков  В.Н.  Современный  терроризм: социальные  истоки,  цели ,  проявления.  М., 1984.
  20. Основы борьбы с  организованной преступностью.  /  Под   ред.  В.С.  Овчинского  , В.Э.Эминова ,  Н.П.  Яблокова .   М., 
  21. Перищев В.Е: Правовые  и  социально-психологические  проблемы  с  терроризмом.  //  Государство  и   право.  1980   № 
  22. Современный терроризм: состояние  и  перспективы. / Под ред. Е . И .  Сепанова .  М., 2000
  23. Терроризм и демократия  // Актуальные  проблемы  Западной  Европы:  экономика ,  политика ,  идеология .  Реферативный  сборник  .   М.,   № 37
  24. Ляхов Е.Г. , Попов  Д.В.  Терроризм:  национальный ,  региональный и  международный контроль.  Ростов – на  Дону , 
  25. Терроризм: психологические корни и  правовые оыенки («Круглый  стол» журнала  «Государство  иправо») //  Государство  и  право. 1995  № 
  26. Федянин В. Ю.  Проблемы  выработки  универсального  определения  терроризма  //Московский  журнал международного права.  №1.
  27. Хвыля-Олитер А.  Ваххабизм:  вчера, сегодня, завтра  //Профессионал. 2000. №6.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе…………………………………………………………………….  3 бет

 

 

  1. Халықаралық терроризм әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде …………………………………………………….. 4 бет

 

  1. Халық терроризм ұғымы, мән-жайы мен белгілері…..4 бет

 

  1. Террористік қызметтің мақсаты мен міндеттері……..13 бет

 

  1. Халықаралық террористік қызметтің субъектілері мен объектілері……………………………………………………………….20 бет

 

  1. Терроризм типологиясы………………………………………..28 бет

 

 

  1. Халықаралық терроризмге қарсы әрекет көрсету мәселелері……………………………………………………………….42 бет

 

  1. Халықаралық терроризмге қарсы әрекет көрсету мәселелері………………………………………………………………..42 бет

 

  1. Жаппай қырып жою қаруларын пайдадана отырып, халықаралық террористік актілердің жасалуына қарсы әрекет көрсету………………………………………………………….50 бет

 

Қорытынды…………………………………………………………….56 бет

 

Әдебиеттер тізімі…………………………………………………….58 бет

 

 

 

Кіріспе

 

ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында әлемде террористік ұйымдар қызметі белсенді әрекетке көше бастады. Терроризм біртіндеп адамзаттың ғаламдық мәселелерінің біріне айналды, өйткені ол қалыптасқан әлемдік және ішкі мемлекеттік тәртіптерін қауіп төндіруде адамзат өркениетінің іргелі құндылықтары адамның өмір сүру құқығына , бостандығына, меншігіне қол жұмсауда, мұның өзі әлемдік қуымдастықты халықаралық ынтымқтастықтың сипатымен басымдылықтарына жаңаша баға беруге мәжбүлеуде , ұлттық қауіпсіздік мәлелерін қайта қарау қжеттіліктерін тудыруда, осы құбылыстың мән жайын, себептері мен белгілері тереңдеп зертеуді және террористік қызметті жою жолдарын іздестіруді қажет етуде.

Терроризм мәселелерін зерттеуге бірқатар ресей ғалымдары Ю.И.Авдеев, Ю.М. Антонян , С.С. Босхолов, В.И. Замковой, М. Ильчиков, В.С.Комиссаров, Е.Г. Ляхов, Л.А.Моджорян, В.Е. Петрищев және т.б. маңызды үлес қосты. Олардың еңбектері  терроризм ұғымы мен оның мән жайын зерттеуде, саралауға идеалдық негіздері, себептілік факторлары мен бпсқа да аспектілерін анықтауға арналады. Алайда , осы мәселе жөнінде едәуір ғылыми жұмыстар бар болғанымен, терроризмнің түрліше сипаттары оның ұғымдық аппаратының әлі күнге дейін жеткілікті түрде әзірленбегендігін көрсетуде , терроризмнің субъектілері , типолпгиясы және оған қарсылық көрсетудің негізгі бағыттары бойынша мәселелерде пікір бірілігі жоқ.

Осы диплом жұмысының мақсаты терроризм ұғымының мән жайына, оның қазіргі көріністеріне талдау жасай отырып зерттеу, осы құбылысты сипаттайтын белгілерді анықтау, теріс әлеуметтік құқықтық құбылыстың маңызды қасиеттерін айқындау, сондай-ақ оған қарсы күрес жүргізу әдістерін белгілеу болып табылады.

1 бөлім. Халықаралық терроризм әлеуметтік-құқықтық                       құбылыс ретінде.

 

  1. Халықаралық терроризм ұғымы, мән жайы мен белгілері.

 

Терроризмді зерттеудің іргелі мәселелерінің бірі оның ұғымдық аппаратын , ең алдымен белгілерін анықтау болып табылады. Осы мәселені шешу терроризмді басқа қоғамдық қауіпті әрекеттерден ажырата білетін анық критерилерді табуды қамтамасыз етуі тиіс. Мұның өзі жасалған террорлық актілердің саны туралы статистикалық деректерде қорытынды жасауға, олардың жасалу формалары мен әдістерін анықтауға, осы  феноменнің себептері мен үрдістерін айқындауға мүмкіндік береді.

Бір атап өтетін жағдай, қазіргі таңда әлемдік қауымдастық терроризмді ұғыну, оның белгілерін анықтауда бірыңғай әдіс қолдамай отырған жоқ.Ғалым теролоттар, танымал саясаткерлер ұсынған осы құбылыстыңанықтамалары әр түрлі. Мәселен, әдебиеттерге жасалған талдау терроризмнің 100-ден 200-ге дейін ұғымдарын көрсетуге мүмкіндік береді, бірақ олардың ешбірі де классикалық тұрғыдан танылған емес.

Терроризмді ұғынудағы алшақтықтар оның мақсаттары мен мотивтерін көрудегі айырмашылықтармен байланысты болып келеді. Автордың пікірлері терроризм субъектілері және элементтері мен белгілері мәселесі бойынша сәйкес келе бермейді.

Әсіресе, көптеген зерттеушілер террористік құрылымдардың қызметі ерекше  саяси  бағытта  болады.

————————

Босхолов С.С. , Литвинов Н.Д.    Проблемы нормативного регулирование борьбы с терроризмом в современной России // Актуальные проблемы борьбы с организованной приступностью. Калининград, 1997.С.70.

Мәселен , ГФР-ның арнаулы қызмет басшысы Г.Нонлау қарастырылушы феномен саяси мақсатта мемлекеттік органдарды мәжбүрлеуге , азаматтарға күш көрсете отырып және қауіп төндіріп, белгілі бір әрекеттер жасауға талпынады деп есептейді.  (1)

         Белгілі ресей ғалымы Л.А.Моджорян былай деп атап өтеді: «терроризм – бұл белгілі бір адамдар , ұйымдар немесе үкіметтік органдардың өздеріне тиімді емес мемлекеттік және саяси қайраткерлердің көзін құрту, мемлекеттік құқық тәртібін жою мақсатында жасаған зорлық зомбылықтары» (2)

         Сонымен қатар  терроризмді оның барлық көріністері арқылы зерттеу осы құбылысты кеңірек зерттеуге мәжбүрлейді. Мәселен , Дж. Буш АҚШ вице- президенті бола отырып, терроризммен күрес жөніндегі ведомстволарының комиссиядан баяндамасында мынадай анықтама береді: «Террориз бұл саяси немесе әлеуметтік  қол жеткізу үшін адамдар немесе объектілерге күш көрсету және күш көрсету қаупін құқыққа қарсы пайдалану». Әдетте ол саясат пен іс-әрекетті өзгерту үшін үкіметті, топтарды немесе жеке адамдарды қорқытуға бағытталады. Аса кең таралған анықтамалардың бірін америкадан зерттеушілер В. Малисон мен С. Малисон ұсынады. Олардың пікірі бойынша «терроризм-бұл көпшілік және әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізу үшін күш көрсету және күш көрсету қаупін төндіруді жүйелі пайдалану»

 

 ———————————-

1Федянин В.Ю.  Проблемы выработки универсального определения терроризма  //  Московский  журнал  международного  права.  1998. № 1.

 

2 Моджорян Л.А.  К вопросу  о  сотруднечестве государств в борьбе с  международным  терроризмом.  // Советское государство и  право.  1990. № 3.

Көптеген танымал ғалымдар терроризм субъектілері мәселесі  бойынша әр түрлі пікір айтады. Мәселен, егер Л.А. Моджорян террористіеқызмет субъектілеріне үкіметтік органдарды жатқыза,  ал  бірқатар  ғалымдар  осы  қоғамдық  құбылыстың  мән – жайы  мемлекеттік  күш  көрсетін  емес,  жеке адамдардың  іс-әрекеттерімен  байланысты  деп  есептейді.  Жетекші  террологтардың   бірі  У. Лакер  терроризм  дегеніміз  қоғамда  шу  тудыру,  лауазымды  тұлғаларды  әлсірету,  тіптен  олардың  қызметінен  алу және  саяси  өзгерістер  шығу  мақсатында  мемлекеттік  емес  күш  көрсету  немесе  күш  көрсету  қаупін  төндіру  деп  бағалайды. 

Т. Герцег  психикалық  әсер  ету  мақсатында  белгілі  бір  саяси  стратегия  шеңберінде  асяси  мативтер  бойынша  жеке  адамдардың  күш  көрсетуін  немесе  күш  көрсету  қаупін  төндіретін  терроризмге  жатқызады.

Терроризмнің  әр  түрлі  теориялық  модельдері  әлемнің  көптеген  елдеріндегі  нормативтік – құқықтың  актілерде  тиісті  әрекеттерге  тыйым  салатын  заңисмалдардың  сәйкес келмеуіне  байланысты.  Мәселен,  В.П. Емельянов  бірқатар  қазіргі  мемлекеттердің  қылмыс- тық  заңдарына  жасалған  талдау  терроризм  құрамдарының  қылмыстық  кодекстеріндегі  баптау  өз  белгілері  бойынша  маңызды  түрде  ерекшеленіп  тұрады,   тіпті  сәйкес  те  келмейді  деп  атап  өтеді. (1).  Латвияның қылмыстық  заңында  сараланған  іс — әрекеттер ( 88-бап,  1- бөлім )  терроризм  деп  еөрсетілсе,  ал  Ресей (281 бет)  және  Белорусь (360 бет) қылмыстық  заңдарында  диверсия  ретінде  беріледі.  Грузияның  қылмыстық  кодексіндегі  арнаулы  «Терроризм»  бөлімі  қылмыстың  тоғыз  құрамынан  құралады,  олардың  басым  көпшілігі  басқа  мемлекеттерде  терроризм  ретінде  бағаланбайды.

 

Емельянов В.П.  Терроризм и преступления с признаками терроризирования.  М., 2000.  

Әлемнің  көптеген елдерінің  заңнамалары тіптен  терроризм  анықтамасыннан  құралмайды.

Әлемдік  қауымдастықта терроризмнің мән  жайы  мен  белгілерін  ғылыми  негізде  ұғынудың  жоқтығы,  осы  қоғамдық  қауыпті  әрекеттің  құрмдары  құрылымдарының  әр түрлі  болып  келіуінің  өзі  әлем  елдерінің  террористік  актілерін  қарсы  күрес  жұргізуде  бірігуіне  кедергі  жасауда. 

Осы  құбылыстың  табиғатымен оған  тән  қасиеттеріне  арналған  ғылыми  көзқарастар,  сондай-ақ  халықаралық құқықтық  құжаттар  мен  бірқатар  елдердің  соның  ішінде  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  заңнамалары  әлеуметтік – құқықтық  құбылыс  ретінде  терроризмнің  келесі  белгілерін  айқындауға  мүмкіндік  береді: (1) 

— террористік  қызметтің  ерекше  әдістері,  соның  ішінде  күш  қолдану; мүлікті  жою (зақымдау)  немесе  қажет  емес  салдарды  тудыру  қаупі;  адамдардың  өміріне,  денсаулығына  және  мүлкінің  сақталуына  қауіп  төндіретін  жағдайлар  жасау;

— қасақана  қорқыныш  жағдайын  жасау;

— террористік  акциялардвң  жариялылығы,  насихаттың  сипаты;

— тиісті  қоғамдық  қауіпті  әрекеттер  арқылы  субъектілердің  мүдделеріне  тікелей  зиян  келтіру  террористердің  мүдделері  үшін  басқа  бір  адамдарда  белгілі  бір  әрекеттер  жасауға  мәжбүрлеу  болып  табылады;

— жоғары  қоғамдық  қауіптілік.  

 

 

Нелесов М.М., Сапрыков В.Н. Современный терроризм: социальные истоки, цели, проявления. М., 1984.

 

 

 

Жоғарыда  аталған  белгілерге  мұқият  талдау  жасайық. 

 

         Зорлық – терроризмнің негізгі  белгілерінің  бірі  ретінде  танылады.  Оған осы  феноменді  зерттеуші  барлық ғалымдар  назар  аударады.  Мәселен, Ю.М. Антонян терроризмді шу  тудыру, мемлекеттік  және  қоғамдық  тәртіпті  бұзу,  қорқыныш  тудыру,  қарсыласын  өзіне  тиісті әрекет  жасауға  мәжбүрлеу,  басқа  адамға  қауіп  төндіру  дей  түсінеді (1).  Терроризмнің  осы  қарастыруиа  белгісі  дене  зорлығын  көрсету,  сондай-ақ  адамдардың  санасы  мен  ерік – жігерлеріне  психикалық  әсер  ету  ретінде  беріледі  мерелкін   (психикалық  зорлық). 

         Дене  зорлығы  адамдардың  өміріне  қауіп  төндіру,  олардың  бостандығын  шектеу  арқылы  жүргізеді;  генерал  Де  Гольдің  өміріне қастандық жасау, Италияның жетекші саяси қайраткерлерінің бірі А. Морроны ұран әкету әрекеттері жатады.

         ХХ ғасырда психологиялық әсер   етуді  ( психикалық зорлық) пайдалана отырын, террористік актілер жпсау үлесі ұлғая түсті. Бірқатар зерттеушілер бұл әдістердің қылмыстық мақсатқа қол жеткізу механизімін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді деп атап өтеді. «Психикалық террордың» әдістерінің жиынтығы объектілерге қандай да бір маңызды зиян келтіру мен байланысты емес.  Негізінен,  бұл  әрекеттер көрнекілік- қауіп төндіру сипатына ие.  Лауазымды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға ашық немесе жасырын қауіп төндіру мұнда жетекші орынға ие болады.

 

 

Антонян Ю.М.  Терроризм.  Криминологическое  и  уголовно-  правовое  исследование.  М., 1998.

 

 

Террористік қызмет  тәжірибесінде  жеке адамдардың мүліктеріне  жою  (бүлдіру), тұрғындардың  өміріне қажет  түрлі  объектілерді,  өнеркәсіптік кәсіпорындарды бұзу сияқты әдістер кең таралған .

 Мәселен,  Ресейдегі шешен содырлары мен  АҚШ-тағы «Аль-Каида» содырларының террористік сумен қамтамасыз ету жүйелеріне қызығушылық танытады.

Террористік актілер жасау әдістерінің ішінде қылмыскерлердің биологиялық және химиялық заттарды қолдану ерекше орын алады. Мәселен, 1972 жылы  АҚШ-та «Күншығыс ордені» оң  экстремистік тобы мүшелерін тұтқындау кезіне сүзек ауруын қыздыратын 36 кг дақыл  тәркіленді, сол  арқылы террористер  АҚШ-тың  Чикаго,  Сент-Луис және басқа да қалаларындағы су жүйелерін  улағысы келген. 1975 жылы  АҚШ-та  жаңа ұлтшыл топ мүшелерінен дәл осы мақсатта Нью-Йорк пен Вашингтон пайдалануға арналған 115 кг цианид алынды.  1995 жылы «АумСинрике» сектасының діни фанатиктері  токио метросында зарин және ацетонитрил газдарын қолданды, соның салдарынан 12 адам  қайтыс  болып,  мыңдаған адамдар уланды (1).  2001 жылы  АҚШ-та сібір жарасын  тарататын бактерияларды қасақана тарату фактілері әлемді дүр  сілкінтті.

Терроризмнің басқа бір маңызды белгісі қорқыныш жағдайын тудыру болып табылады. «Террор»  термині латынша  terror  яғни қорқыныш сөзінен келіп шығады

 

 

Петрищев  В.Е.  Российское  законодательство:  профилактика  терроризма //  Современный  терроризм:  состояние и  перспективы.  М., 2000.  С. 200.

 

 

 

 

 

Ю.М. Антонян  мемлекеттік және саяси қайраткерлерін, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жай  азаматтарға шабуыл жасау,  кезінде,  завод,,  фабрикалар мен байланыс  кәсіпорындарын, көлікті  зақымдау кезінде,  түрлі мақсаттар орын алуы мүмкін, бірақ терроризм туралы жасалған әрекет қорқыныш,  үрей тудырғанда ғана айтуға болады деп атап өтеді . Мұның өзі ұқсас қылмыстарда бірін-бірінен ажыратуға, оның  мән-жайын анықтауға  мүмкіндігін беретін қажет. 

Осы бір ерекше белгі белгілі шешен террористі С. Радуевтың 1997 жылы  садырлар  дайындау орталығын бітірушілер   алдында сөйлеген сөзінен де көрінеді.  Ол террорист- садырлардың негізгі міндеті- Шешенстан  территориясы мен   оған жақын маңайда орналасқан әскерлер арасында «өлім үдейін тудыру»  деп атап өтеді.  Радуев өз сөзінде «әскерлерді үдейлендіре отырып  қорқыту,  кепілін алып өлтіру керек»  дейді (1)

Қорқыныш жағдайын орнату өздігінше террористердің мақсаты болып табылмайды.  Мәселен,  қылмыстық құқық бойынша сөздікке сәйкес терроризм дегеніміз- бұл қылмыстық ниетіне қол жеткізу үшін тұрғындар мен  билік органдарын  қорқыту арқылы берілетін қылмыстық қызмет.  Қорқыныш   мақсатқа  қол  жеткізу  құралы ретінде көрінеді.

Сонымен қорқыныш дене  зорлығын көрсетуден де нәтижелі қару  болып табылады деген пікіріне келеді.  Қорқыныш адамдарда есінен айырады,  қарсылық көрсету күшін жояды,  үздіксіз әсер етіп отырады.

 

 

Хвыля-Олинтер    А.  Ваххабизм:     вчера,  сегодня,  завтра   //  Профессионал.  2000. №6

 

 

Терроризмнің келесі бір түрі ерекше белгісі оның  көпшіліктігі, жариялылығы  болып табылады. Егер басқа бір қылмыс жасау кезінде қылмыскерлер оны жариялауға мүдделі болмаса, ал террористік акциялар барлық кезде  өзін-өзі  жарнамалаумен байланысты болып келеді.  М.П. Киреев дұрыс атап өткеніндей, «терроризм – бүгін» күнде сөзсіз құбылыс, көпшіліктің қабылдауына  арналған зорлық формасы.  Жалпы алғанда, террористік акт  қоғамға қаншалықты танымал болса, ол соншалықты түрде үрей тудырып, тұрғандарға үкімет пен  жеке адамдарға күшті қорқыныш әсерін береді. Сонымен  қатар  мұндай  тәжірибе тұрғындарының белгілі бір бөлігінің қылмыстық ұйымдарға қолдау қөрсетуіне қамтамасыз етуге бағытталады. 

Терроризмнің көпшіліктігіне адамдардың өмірі мен денсаулығын  қауіп  төндіретін  ірі  материалдық зиян  келтіретін  әрә  қоғамдық  қауіпті  әдістер  мен формаларды пайдалану  арқылы  қол  жеткізіледі.  2001 жылы қырқүйекте Нью-Иоркте  11 мың адамның өліміне алып келген  жарылыстар мен Вашингтонда американ сібір жарасы бактериалары  мен  ауыруы  осыған  мысал  бола  алады.  

Сонымен  қатар  террористер өз ұстамдарының  әскери  соғыс  қуатын  идиологиясын  жариялайтын  ерекше  тәсілдер де  қолданады.  Оған  мыналарды  жатқызуға  болады; жасалған  қылмысқа  қатыстылығын  көпшілікке  жариялау;  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  жеке  бір өкілдерін террористердің  талаптары  мен  іс-әрекеттерін  кең  түрде  жариялау,  олардың лидерлерін  батыр  етіп көрсету  және тағы басқалар.

Зорлық, қорқыту  және  көшіліктігі  смяқты  қасметтермен  қатар  терроризмге  тән  таға бір  қасиет  мынадай болып  келеді, қоғамдық  қауіпті әрекетке жеке  адамдар, олардың  мүліктері ұшырайды, ал зорлық  зорлық  акцияларының  мақсаты басқа  бір субъектілерді белгілі бір іс-әрекетке мәжбүрлеу болып табылады. (1). 

Мәселен,  «қара қыркүйек» деп  аталатын  палестин  террористік ұйымының  содырлары1972 жылы қыркүйегінде израильдің олимпиядашы-спортшыларын  кепілге алады, Гфр және израиальдегі осы ұйымның 234 мүшесін босатуды  талап  етеді. Буденновск, Кизлярде адамдарды көптеген  кепілге ала отырып, ланкестер ресей үкіметін олардың  саяси  талаптарын  орындауға  мәжбүрлемек  болды.

Терроризмнің  шоғыры  қоғамдық қауіптілігі қылмыс – керлердің өз  мақсатына  қол  жеткізу үшін  адамзат  қоғамының  заңмен  қорғалатын  аса  маңызды  құндылықтарды – адам өмірі, денсаулуғымен жеке бас бостандығы, жеке меншігі мен қоғамдық тәртіпке маңызды зиян келтірумен байланысты болып келеді. Террористер адамдарды көптеп құртып, оларға ауыр дене жарақатын келтіреді, материалдық объектілерді қиратады.

Сонымен  қатар  терроризм  кез  келген  адам  құрбан   болуы  мүмкін  қылмыстық  зорлыққа  жатады.,  өйткені  нағыз  террористік  актіні  тудырған  дау-жанжалға  ешбір  қатысы  жоқ  адам  да  зардап  шегуі  мүмкін. 

Әрине,  террористер  тек  қана  қорқыныш  тудырып  қоймайды,  олар  өз  әрекеттерін  мақтан  тұтады.,  соның  негізінде  олар  жаңа  ақпараттық  технологиялардың  қарыштап  дамуына  байланысты  көп  адамдарды  өздеріне  баули  алады. 

Терроризмнің  ерекше  қауптілігі  оның  нақты  бір  елде  немесе  аймақта  қоғамдық – саяси  және  экономика – лық  жағдайда  нашарлатуға  бағыттыауынан  көрінеді.  Терроризм  қайта  қалпына  келмейтін  материалдық  және  рухани  құндылықтарды  бұзады.

 

 

  1. Современный терроризм: состояние и перспективы./под ред. Е.И. Степанова. М., 2000.

 

Терроризмнің масштабы,  оның  ұлтаралық  бірігуге  арналған  жалпы  үрдісі  өте  маңызды  әскери  жанжалдар,  кейде  соғыс  қаупін  тудырады.  Сонымен  қатар  террористік  актілер  қоғамдық – саяси  және  экономикалық  жағдайды  маңызды  түрде  тұрақсыздандырады. Жалпы  алғанда,  терроризм  тұрғындары  көпшілік  билікке  деген сенімдерін  бұзады,  қорқыныш  жағдайын  орнатады,  болашаққа  деген  сенімсіздікті  тудырады,  қоғамдық  байланыстардың  бүкіл  жүйесіне  кері  әсер  етеді. 

Терроризмнің  жоғарыда  қарастырылған  белгілеріне  қорытынды  жасаи  отырып,  мемлекеттік  органдарды, мемлекеттік  емес  ұйымдарды,  заматтар  мен  басқа  да  субъектілерді  өз  мүддесіне  орай  белгілі  бір  әрекеттер  жасауға  мәжбүрлеу  арқылы  террористердің  мақсатқа  жетуін  қамтамасыз  ететін   және  жоғары  қоғамдық  қауіптілігімен  сипатталатын,  көпшілікті  қорқыту  зорлығы  ретінде  бағалауға  болады.   

      Терроризімнің жоғарыда қарастырылған  белгілеріне қорытынды жасай отырып, оны мемлекеттік  органдарын,  мемлекеттік  емес  ұйымдарда,  азаматтар  мен  басқа  да  субъектілерді  өз  мүддесіне  орай  белгілі  бір  әрекеттер  жсауға  мәжбүрлеу  арқылы  террористердің  мақсатқа  жетуін  қамтамасыз  ететін  және  жоғары  қоғамдық  қауіптілігімен  сипатталатын,  көпшілікті  қорқыту  зорлығы  ретінде  бағалауға  болады. 

 

2 .  Халықаралық  террористік қызметтің мақсаты  мен  міндеті

 

         Террористік  ұйымдардың  мақсаты  мен  міндеттерін  қарастыра  отырып,  осы  категориялардың  маңызы  мен  арақтынасын  сипаттау  қажет  болды.  Өйткені,  кейбір  авторлар  терроризмнің  мақсаты  мен  міндеттерін  ажыратып  көрсетпейді,  сол  арқылы  әртүлі  реттегі  құбылыстарды  атап  өтпейді.  Мәселен,  И.Д. Литвинов  мақсаттың  келесі   түрлерін  көрсетеді:  жалпы  мақсат (негізгі  және  түпкілікті),  тікеоей,  қамтамасыз  етуші,  сүйемелдеуші  мақсаттар.  Ю.И. Авдеев  масштабы  мен  мазмұнына  қарай  террористік ұйымдардың  стратегиялық  және  тактикалық  мақсаттарын  атап  көрсетеді. 

         Сондай-ақ философиялық, әлеуметтану және заң әдебиеттерінде мақсат, міндет және олардың арақатынасын  анықтауда айқын әдістер жеткілікті. Мақсат деп өз қызметі барысында ұйымдық жүйеге қол жеткізуі тиіс нәрсе, яғни түпкілікті нәтиже ұғынылады, сол арқылы белгілі бір қызмет іске асырылады.

         Ұйымдардың міндеті рқылы аралық нәтижелер белгіленеді, онсыз түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Сонымен, террористік ұйымдар белгілі бір міндеттерді шешу арқылы ғана мақсатқа қол жеткізеді. Сондықтан, жоғарыд келтірілген жіктемелерді (классификацияларды) қарастыр отырып, террористердің мақсатына текқана жалпы (негізгі) мақсат (Н.Д.Литвинов) және стратегиялық мақсатты (Ю.И.Авдеев) жтқызуға болады, ал көрсетілген вторлар белгілеген тікелей, қамтамасыз етуші, сүйемелдеуші және тактикалық мақсаттарда дұрысырағы міндеттер ретінде қарастырған жөн.

         Террористік қызмет субъектілерінің мақсаттарын іске асыру саласында олар экономикалық және саяси болып бөлінуі мүмкін. (1).

         Террористік акциялар бағытталатын экономикалық мақсаттарғ экономикалық күш-қуатын жою, адамды қорқыту арқылы белгілі бір терроризм, бөлігі бір қызмет саласымен бизнес бойынша бәсекелестерді ығыстырып шығару жатады. Көрсетілген мақсаттарға

 

  1. Замковой В., Ильчиков М. Терроризм-глобальная проблема современности.  М., 1996.

өндіріс және бәсекелес фирмалардың бсқ да объектілерін жару, өртеу, жүйелі түрде ұрып-соғу, осы ұйымдардың жұмыскерлерін ұрлау арқылы қол жеткізіледі.

 

Террористердің саяси мақсаттары екі  топқа  бөлінуі  мүмкін: ішкісаяси және сырқы саяси

 

Ішкісаяси мақсаттарға мемлекет ішіндегі  қатынастар саласында қол жеткзіледі, бұл қатынастарға мемлекет, оның органдары, қоғамдыұ және басқа да мемлекеттік емес ұйымдар, тұрғындар енеді.

 

Мақсатың осы түрінің құрылымында мемлекеттің территориялық бүтіндігін бұзуға бағытталған және елдің шекарасының өзгеруімен байланысты емес мақсаттарды бөліп көрсетуге болады.

 

Мақсаттардың жоғарыда көрсетілген бірінші тобына сепаратистік, яғни тәуелсіз елдің территориялық бөлімдерін бейконституциялық бөлу және жаңа өз бетінше мемлекет құруға байланысты топты жатқызамыз.

 

Мемлекеттік территориялық бүтіндігінің бұзылуымен байланысты емес ішкісаяси мақсаттардың екінші тобын былай бөліп көрсетуге болады:

 

-елдің қоғамдық қондырғысын өзгерту немесе саяси тәртібін өзгерту;

 

-демократиялық қайта құрулардың бұзылуы немесе оларды жүргізудің қиындауы; ішкісаяси жағдайдың тұрақсыздануы;

 

-қатаң, әділетсіз, авроритарлық және террористердің іс-әрекетін  ақтауға  бағыттау  үшін  мемлекеттік билікті  тұрғындар  көзінше  мәжбүрлеу.

         Ю.И.Авдеевтің батыс Европа , Латын Америкасы елдеріндегі көптеген солшыл террористік ұйымдардың қызметіне жасалған талдауы көрсеткендей, олардың ішкі саяси мақсаттарына «капиталистік жүйесі» жою, тұғындары капиталистік құрылысқа қарсы  революциялық сөздермен үгіттеу, NATO елдерінің әскери дайындықтарына кедергші жасау әркекттері жатады.

         Көтеген оңшыл террористік  ұйымдардың ішкі саяси мақсаттарына келсек, олар «ұлттық мемлекеттер» құру, «ұлт тазалығы үшін»  күрес, нәтижелә  күшті билік», « шетелдердіктің қоныстануына» қарсы  күрес түрлерінде болып келеді. Терроризм мәселесі бойынша американдық ірі сарапшы Брайан Дженкине былай деп атап өтеді: «АҚШ-та оңшыл экстремизм ерекше кең таралған, бұл ұйым үнемі түрін өзгертіп отырады.Оларға ортақ қажет-ксенофобия, антисеметизм , ақ нәсілдің үстемдігі , иммигранттарда жек көру былай келеді. АҚШ-та оңшыл экстремистер иммиграциялық саясатқа әсер етуге ұмтылады, өз талаптарын белсенді түрде  насихаттайды.

         Бірқатар Ұлттық террористік ұйымдардың мақсаттары аймақтардың құқықтық мәртебесін өзгерту арқылы мемлекет құрылысын өзгерту былай табылады. Мәселен Испанияда 1950 жылдардан бастап «ӘТА» азаттық қозғалысы басклер мекендеген елдің солтүстік аудандарына автономия мәртебесін беру үшін қарулы күрес жүргізіп келеді. ( 1 )

          Сыртқысаяси мақсаттарды халықаралық байланыстар саласында террористік  қызмет субъектілер жүргізеді.

 

 

 

  1. Международный терроризм : документы , свидетельство,

факты. М., 1986. 

 

 

         Олардың ішіндегі аса кең таралғандарына тұрақсыздықты , бір елдің басқа елмен қатынасының өзгеруін жатқызуға болады. Мұндаы  идиолгиялық мақсат  негізі  ретінде  бұл  жағдайда  елді  « американдық империализм » экспилициясынан ,  буржуазиялық   «моральға жат мәдениеттен» ,  агрессивтік ішкі саяси  ақцияларға қатысудан  қорғау  әрекеттері танылады. Сондай-ақ сыртқы саяси мақсаттарға мыналар жатады: шетелдік тәуелділіктен территория бөлімін бөліп алу нәтижесінде жаңа  мемлекет  құру;  хаықаралық аренда нақты бір  елдің  беделін  түсіру ;  аймақтың немесе халықаралық қатынастарды  шешуге  бағытталған  халықаралық акцияларға  кедергі  жасау;  жеке мемлекеттердің  саясатына  қарсы  наразылық білдіру.

         Бір атап өтетін жағдай,  ішкі  саяси  терроризм  шетелдік  экстромистік ұйымдардың қолдауына сүйенеді,  олардың  мақсаты  сыртқы  саяси  сипатта  болады.  Мәселен  1996 жылдың  тамыз  айында  Судан  ,  Эфиопия ,  Сомали, Иемен елдеріндегі  террористік   топтардың  Могадишодағы (Сомали)  жиынында  Шешен еліне 1996 жылдың  күзінде  араб  елдерінен  700-ге дейін содар  жіберу туралы шешім қабылданды.

         Террор  субъектілерінің  қызметіне  бағытталған  міндеттердә шешу  міндетін  екі  топқа  бөлуге  болады: негізгі  және  көмекші  (қамтамасыз  етуші ).

         Негізгі  міндеттерді  шешу ,  жоғарыда атап өткеніміздей  ,  террористердің  негізгі  мақсаттарының  іске  асуына  мүмкіндік  беретін  аралық нәтижелерімен  байланысты.  Міндеттің   осы  түріне  мыналар  жатады:  нақты  бір   мемлекеттік  қайраткердің көзі  жою,  сол  арқылы  халықаралық   келісімге  кедергі  жасау , елдегі

 

 

  1. Международный терроризм : документы , свидетельство, факты. М.,  1986. 

Саяси  жағдайда   тұрақсыздандыру;   террористік  идеологияны кеңінен насихатау  акцияларын  өткізу , экстромистік  ұйымдардың  әлеуметтік  базасын  кеңейту.

         Көмекші міндеттерді іске асыру барысында экстромистік ұйымдар  террористік   акцияларды   материалдық – техникалық  ,  қаржылық,  кадрлық ,  ұйымдастырушылық  даярлықтан  өткізеді.  Мәселен,  қаржы  құралдарын  алу  үшін  банктерді  тонау  ,  қару саудасымен  айналысу,  жеке  бас  бостандығынан  айырыоғандады  азат  етуге  талпыныс  жасау.

         Соңғы  жылдары  террористік  ұйымдар  өз  қызметін  қаржыландыру  үшін  есіткі  ұйымымен  көбірек  айналысуда.  Оның  түрі  әр  түрлі  болуы  мүмкін:  есірткі құрамды  өсімдіктерді   өсіру  ,  өндіру  және  (немесе)   есірткі   контробандасы  есірткі  дақылдарының  плантацияларын  қорғау,  есірткі  жасаушылардың   бәсекелестері  мен  құқық  қорғау  органдарына  байланысы  бар  деп  күдік  келтіретін  азаматтарды  өлтіру  тапсырмаларын  орындау.

         «Алтын үшбұрыш»   ауданында   сепаратистік   ереуілдік   қозалыстар  әсәресе,  «Мео тетігінің  мүшелері»

«генерал»    Ванг  Пао    басшылығымен  есірткі бизнесімен  белсенді  түрде  айналысуда.   Мьянмада   (Бирма)  «Бирма  коммунистік партиясы»  деп  аталатын  отрядтар  ұзақ  уақыт  әрекет  етіп,  90-жылдардың  басында  ұлттық  белгілері  бойынша жеке  топтарғ  ыдырап  кетті.  Олардың  ішіндегі  ең  ірісін  Кун  Са  (шын аты – Чан-Чифу)   басқарады.  Кейбір  деректер  бойынша  ол  «Алтын  үшбұрыштағы»  опиум  өндірісінің   80 пайызына   дейін  бақылап  отырған.  Күлгін  солшыл  экстремистік   топтар   Филипинде   марихуана   өсіру  және  есірткі  саудасымен  айналысатындарға  сату  арқылы  түскен  қаржымен  қамтамасыз  етіледі.

         Есірткі   саудасымен  Ливандағы  ислам фундаменталистері  де   айналысады,   оған  белгілі  террористік  «Хезболлах»   ұйымы  да  енеді.  Бекаа алхабында  индия  есірткі   өсімдігі  (20 кв . км-ге дейін)  плантациялары  орналасқан,  өзара  бір-бірімен  қырылысқан  Ливан  құрылымдары  оларға  бақылау  орнату  үшін  көрсетуде.

         «Колумбияның  революциялық  қарулы  күштері»   бөлімшесі  кок   өсіру және  оны  кокайнге қайта өңдеумен айналысуда.  Кейбір  деректер  бойынша  бұл  «Қызыл  картель» есірткі  саудасымен жыл  сайын  400 млн.  Долларға  дейін  кіріс  табады.  Колумбиялық «19 сәуір  қозғалысы»  мүшелері  есірткі  саудасымен  тығыз  айналыса  отырып,  1989  жылы есірткі мафиясының  қылмыстық  әрекеттерінің  дәлелдерін  жою  мақсатында  Әділет  сарайын  шабуыл  жасап,  елдің  Жоғарғы Сотының  бірнеше мүшелерін   өлтірген.

         Еуропа  елдерінің  құқық  қорғау  органдары  туркиялық  «Сұр  қасқырлар»   ,  испандық «Баса  елімен  азаттық» (ЭТА) ,  итальяндық    «Қызыл  бригадалар »  сияқты  террористік ұйымдардың  есірткі  саудасымен  байланысы  туралы   деректерге  ие. (1)

         Көмекші міндеттер құрылымында   жеке  қауіпсіздікті  қамтамасыз   ету  маңызды  орын  алады.  Негізінен  бұл  міндетке  келесі  жолмен  қол  жеткізіледі.

 

         — террористік ұйымдар  қатарына  қабылданатын  адамдарды  мұқият  тексеру;

         —    ақпараттың  сыртқа  таралу дабылдарын  іздестіру;

         —  жеке операцияларды қарсы  бақылаумен  ранайы  түрде  қамтамасыз  уту  (оларды  орындаушыларды  жасырын бақылау  ,  дайындау).

 

 

  1. Основы борбы с организационной преступностью. / Под. ред.  В.С. Овчинского,  ВЭ. Эминова , Н.П.Яблокова. М., 1996, С. 24-25.

         —   Мемлекттік  және  полиция құрылымдарына  өз агенттерін  ендіру.

— полиция  шенеуніктерінің қатарынан сенімді тұлғаларды  арбау;

—  ұйымдардың  соғыс  объектілерін   және  олардың  басшыларын  қорғау.

Сонымен,  терроризм  субъектілері өз  қызметінде  саяси  және  экономикалық реттегі  түрлі  мақсат  пен  міндеттерге  ие.  Олардың  мазмұнын  зерттеу терроризмнің  мән  жайы  мен  табиғатын  ұғынуға  мүмкіндік   беретін  маңызды  шарт  болып  табылады.

 

 

  1. Халықаралық  террористік  қызметтің  субъектілері мен  объектілері.

 

Халықаралық  терроризм   субъектілері  бір-бірімен өзара  қиын  қатынастағы  және  қарсы    күрестегі  мемлекеттік   және  мемлекеттік  емес  құрылымдардың  кең  жүйесін  танытады. Террористік  ұйымдарда  түрлі  мемлекеттердің  немесе  саяси  ұйымдардың  басқарып  отыратын  ,  қаржыландыратын  жағдайларда  жиі  кездеседі .  Терроризмнің  барлық  субъектілері  келесі  түрлерге  бөлінуі  мүмкін:

— жекелей  террористік  ұйымдарға  қолдау  көрсететін  немесе  террористік акцияларды  өз  саяси  мүдделеріне  қарай  пайдаланатын  мемлекеттер;

—  саяси  мақсатта   қоғамдық  қауіпті  әрекет     жасайтын  мемлекеттік  емес  террористік   ұйымдар;

— саяси емес  мақсатқа  қол  жеткізу  құралы  ретінде  террорды  пайдалнатын  қылмыстық  ұйымдар;

—  жеке  террористер 

 

 

Ю.И. Авдеев  қазіргі  таңда  бірінші  топтағы  субъектілерге  кейбір  авторитарлық  тәртіптегі  таяу  шығыс   мемлекеттері,  сондай-ақ  түрлі  экстремистік  ұлттық,  ,  діни-саяси,  ,  оңшыл  немесе  солшыл  қозғалыстар мен  қоғамдық-саяси  ұғымдар   жатады  деп  атап  өтеді.  (1)   1997  жылы  АҚШ  мемлекеттік  департаменті баяндамасында   халықаралық  терроризмді  қолдаушы   мемлекеттер  қатарына  Куба,  Солтүстік  Корея,  Иран,  Ирак,  Судем,  Сирия   сондай-ақ  Ауғанстан  елдері  жатқызылған.   Баяндама  авторларының  пікірінше  , « осы  мемлекеттердің  үкіметтерінің  өзі  ,  осы  террористік  қызметке  қатысуда немесе  террористерге  қару ,  жатын  орын,  қаржылай   қолдау  және  басқа  да  көмектер  беруде»  .     Ресейдегі  Ауғанстан Ислам  мемлекетінің  өкілетті  елшісі  А.В Асафи   терроризм  «демеушілері»  мемлекеттерінің  санын  біршама  басқаша  бағалайды.  Ол  қазір  әлемде  терроритерді  дайындау  лагерлері  орналасқан  60-  жуық ел  бар  деп  есептейді.  (2)

Террористік  қызмет  субъектілеріне  террористік акциялар жасауға  рналған    кейбір шетелдік  мемлекетттердің мемлекеттердің бөлімдері мен арнайы қызметтері де жатады.  Мұнда әңгіме  ең аымен  демократтарға қарсы,  авторитарлық тәртіп орнаған мемлекеттер және шетелдік  мемлекеттердегі имигранттар арасында зорлықты саяси күрестің негізгі әдісі ретінде қолданады (мұндай ұйымдар, мәселен, қазіргі таңда терроризм дәстүрлі түрде тараған елдерде ғана емес,

 

Авдеев Ю.И.  Типология терроризма //  Современный терроризм: состояние и перспективы. М., 2000. С.67.

Современный терроризм: состояние и перспективы. / Под ред. Е.И. Степанова. М., 2000.

Сондай-ақ Ресей мен ТМД-ның басқа да елдерінде де бар.(1).

         Аса танымал террористік ұйымдарға мұқият сипаттама берейін.

         Жапон қызыл армиясы. Бұл халықаралық террористік топ 1970 жылы құрылған. Осы армия жасаған ірі  террористік актілер арасында- 1972 жылы Израильдегі Лод әуежайында көпшілік адам өлтіру, Куала- Лумпурдағы АҚШ елшілігін басып алуға талпыныс жасау, екі әуе лайкерін басып алу әрекеттері орын алған. Америкада 1988 жылы осы армияның содыры  жарылғыш  затпен ұсталған .

         Армия мүшелерігің саны белгісіз, басшылықта 8 адам бар. Ұйымның орналасқан жері де белгісіз. Оның лидері бостандықта жүр.

         Моджахедин-е-Хальк ұйымы. 1960 жылы жоғарғы білім алған Иран комерсанттары балаларымен құралған. Мақсаты- шах тәртібіне батыстың шектен тыс әсер етуіне қарсы әрекет жасау. Олар өз идеяларын насихаттау мен қатар терроризмді де қолданады. Басты мақсаты- белсенді батысқа қарсы қызмет. Бұл ұйым есебінде Америка әскерлерін өлтіру, әлемнің 13 еліндегі Иран елшілігіне шабуыл жасау әрекеттері бар. Бірнеше мың содырлары бар.

         Полистинадан ислам жихадының Шакаки тобы. 1970 жылы Газа секторында полистиндік содырлар арқылы құрылған. АҚШ бұл ұйымды Израильге .

 

 

         Миньковский Г.М.,  Ревин  В.П.  Характеристика терроризма  и некоторые  направления повышения  эффективности  борьбы с  ним // .  Государства  и  право.  1997.  № 8. 

 

 

 

  қолдау көрсеткендігі үшін  басты  жауы  деп  санайды.  Ұйымда  қанша  адам  бар  екендігі  туралы  дерек  жоқ.

         Ең ірі  топ  Сирияда  орналасқан.  Қаржылый  көмек  негізінен Ираннан  келеді.

         Әл-Каида.  Ұйымды 1990  жылы Усама бен Ладен  шамамен  1990  жылы  құрған.  Оның  басқаша бір  атауы «Еврейлер мен крест  ұстанушыларға қарсы  жихадтың  бүкіл әлемдік  ислам майданы».  Мақсаты  «бүкіл  әлемде  мұсылман  мемлекетін орнату».  Ұйым барлық  мұсылмандар  барлық  жерде  Американдық  азаматтарды  өлтіруге  міндетті деп  есептейді .

         Әл-Каида  есебінде  мынадай  қылмыстар  бар: Наироби, Кения,  Дар-эс-Салам,  Танзаникадағы  американ елшіліктеріндегі  жарылыстар.  301 адам өліп ,  500 адам  жараланған .  Сонымен қатар  Африка  елдерінде  Американ әскерлерінің  өлтірілуі,  американ  самолеттерінің  жарылуы.  Ұйым 1994  жылы  миналарға  сапарында  рим  папасын  өлтіруді,  сол  уақытта американ  және Израиль  елшіліктерін  жаруды,  1995  жылы  президент  Клинтонды  оның  Филиппенге  сапары  кезінде  өлтіруді  жоспарлаған. (1).  Осы  ұйым 2001  жылы 11 қыркүйекте  Нью-Йорк пен  Вашингтонға  камикадзе  ұшақтарыдың  шабуыл  жоспарлап  іске  асырды.Ұйымда  бірнеше мың  адам  бар.  Олар  террористер  дайындайтын  лагерьлерге ие.  әл-Каида  300 млн.  Доллар  қаржыға  өмір  сүреді,  ол  ақшаны  бен  Ладен  өз әкесінен  мұраға алған. Сонымен  қатар әл-Каидаға  қатысты  кәсіпорындардан да  қаржы  кірісі де  түсуде.

         Хезболлах.  Басқаша  атауы- «Құдай  партиясы»,  ол  «Жаратушының  партиясы»  ,  «Ислам  жихады»  деген  атауларға да ие.  Ұйым  батыс пен  Израильге  өшпенді  сезімде  құралған.

 

Кожушко Е.П.  Современный  терроризм: Анализ  основных  направлений.  Минск, 2000.                                                                                                                                                                                                                                           

         Американдықтар  осы  құрылымның  Ақш-қа  қарсы  жасалған  көптеген  террористік  актілерге  қатысы  бар  деп  есептейді.  1983  жылы  комикадзе  жүргізушісі  жүк  машинасына  жарылғыш  зат  артып  алып,  Бейруттағы  АҚШ  елшілігі  ғимараты  мен  теңіз  жаяу  әскерлері  казармасы  алдында  өзін  жарып  жіберді,  соның  нәтижесінде  300 жаяу  әскер  қаитыс  болды.  Кейінше  содырлар  Американ  азаматтарын  ұрлаған,  кепілдікке  алған.  Соның  ішінде  Ливандағы  АҚШ азаматтарын  кепілдікте  ұстаған.Саны  бірнеше  мыңға  жетеді.  Ұйымның  ұялары  Европада,  Америкада,  Солтүстік  және  Оңтүстік Америкада  орналасқан.  Қомақты  қаржылай  қолдау  алып  отырады.Әбу Нидал  ұйымы.  Оны «Қара  қыркүйек»  деп  те  атайды,  халықаралық  террористік  ұйымды  Сабри аль-Банна  басқарады.  Бұл  ұйым  әлемнің  20  елінде  террористік  актілер  жасаған,  мыңдаған  адамға  дейін  қайтыс  болған  немес  жараланған.  «Қара қыркүйектің»  Европа  елдерінен  басқа  нысанасы- АҚШ.  Әлемнің  көптеген  әуе  жаиларында,  оның  ішінде  Рим  мен  ВВенада  террористік актілер  жасаған.  1986  жылы  Карачи  қаласынан «Пан Америкэн»  ұшағын  алып  ұшқан.Ұйым  мүшелерінің  саны Ливандағы  құрылымы мен  шетелдердегі  көмекші  құрылымдарын  есептемегеннің  өзінде  бірнеше  жүз  мыңға  жетеді. (1). Үшінші  топқа  саяси  мақсатты  көздеймейтін  бірақ  террорды  пайда  табу  жолы  ретінде  пайдаланатындар тән.  Мұндай  қылмыстық  ұйымдар  өздерінің  криминалдық  кәсіпорындарының  қызметіне  жағдай  жасау  үшін  террористік  актылер  жасайды.  Жалпы  олар  өздері  өмір  сүріп  отырған  жүйеде  шамалары  келгенше  жұмысын  жалғастыруға  дайын.————————————————-

Кожушко Е.П. Современный  терроризм: Анализ основных направлений. Минск, 2000; Безымянная война// Российская  газета. 2001. 14 сент.                                                                                                                                                                        

         Олардың  іс  әрекеттері  сол  елдердегі  билік  құрылымдарына  емес,  заңдылықты  қамтамасыз ету  саласындағы  нақты саясатқа  қарсы  бағытталған.

         Атап  өтетін  жағдай халықаралық  және  ұлттық  деңгейдегі  қылмыстық  мафиялық  ұйымдар  террористік  әдістерді пайдлануға  көбірек  жүгінуде,  сондай-ақ жеке  террористік  құрылымдар мен  тығыз  байланыс  жасауда.  Мұндай  мафиялық  құрылымдар  Латын Америкасы мен әлемнің  басқа  аймақтарында  көбірек  белсенділік  танытуда. 

         Терроризм  субъектілерінің  төртінші  тобын  жеке  жұмыс істейтін  бірегей  террористер  құрайды.  Бұл етррористердің  жасаған  террористк  актілері (жару, өртеу, қоғамдық орындарда адамдарды  атып  өлтіру, саяси немесе қоғам  қайраткерлерін  өлтіру) кек  алу, психикалық аурудан туындаған  мотивтерге  байланысты  болуы  мүмкін.  Н. Мелентьеваның  пікірінше, жеке  террор қоғамның  басқа  мүшелеріне  қатысты түрде  жасалатын  зорлық пен  сипатталады, мұның өзі  оның  субъективтік  наразылығы, қоғамға  қарсы  жеке көтерілісі  болып  табылады. (1).

         Қазіргі  таңда  террористік қызмет объектілерінің  ауқымы күрделене әрі кеңейе түсті.  Террорлық қол жұмсау объекті ретінде осы әрекет арқылы зиян келтірілетін қоғамдық қатынастар ұғынылады.

         Ғылыми әдебиетте әлеуметтік-саяси талдау шеңберінде осы объектілердің негізгі екі объектін- жалын және тікелей түрлерін бөліп көрсету ұсынылады.

         Объектілердің бірінші түріне социумның негізгі өмір саласы- саясат, экономика, әлеуметтік қамтамасыз ету,

 

Мелентьева Н. Размышления о терроре //  Элементы. Евразийское обозрение. 1996. № 7. С. 19.                                                                              

 

мәдениет салаларында  жинақталған қоғамдық  қатынастар  жатады. Осы қатынастардың бұзылуы,  ұйымдастырылу жұмыстарының нашарлауы  террорлық  әрекеттерін  түпкілікті мақсаты болып табылады. Көрсетілген салаларда террористердің қол жұмсау объектілері ретінде мыналар  танылады: халықаралық  қауіпсіздік, елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздігі қоғамдық құрылыс негіздері, қоғамның саяси ұйымдастырылуы, мемлекеттік билік, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, сондай-ақ тағы басқа объектілер.

         Сонымен, Ресейдегі, Югославиядағы, Ұлыбританиядағы ұлттық- террористік ұйымдар қызметінің ортақ объекті ретінде осы мемлекеттердің территориялық бүтіндігі болып табылады. Батыс Европа, Латын Америка елдеріндегі солшыл экстремистік ұйымдардың қол жұмсау объекті болып олардың конституциялық құрылымы, демократиялық институттары есептеледі.

         Террористік акциялар объектілерінің екінші тобына террористердің түпкілікті негізгі нәтижелеріне қол жеткізу, ортақ объектіге зиян келтіруге мүмкіндік беретін тікелей қол жұмсау, нақты қатынастар енеді. Мұндай объектілерге жеке адамдардың өмірі, денсаулығы, бостандығы, түрлі өнеркәсіптік және басқа да объектілердегі, көлік құралдарындағы адамдардың қауіпсіздігі, тұрғындардың өмірін қамтамасыз ету жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі, компьютерлік ақпараттардың қауіпсіздігі жатады.

 

  1. Терроризм типологиясы.

 

         Терроризм  типологиясы аса маңызды мәселелер бойынша жіктеме жасауды қарастырады. Қарастырылушы қоғамдық қауіпті құбылыстың негізгі түрлерін бөліп көрсету оның маңызын, белгілерін терең ұғынуға мүмкіндік береді, мұның өзі террористер қызметіне қарсы шаралар қолдану жүйесін жасауға алғы шарт болып табылады.

 

         Терроризмге өздігінше күрделі әлеуметтік-саяси феномен ретінде көріне отырып, әдістері, мақсаты, субъектілері, пайдаланушы құралдары, идеологиялық негіздері және басқа да критерилері бойынша жіктеме жасалуы мүмкін.

1.Пайдаланушы әдістеріне қарай «дене» және «психологиялық» террор деп бөлу қабылданған. (1). «Дене» (физикалық) террор индивидтерге тікелей зорлық жасаумен байланысты. Ол адам өмірін жою, дене жарақаттарын келтіру, бас бостандағын шектеу арқылы сипатталады.

«Психологиялық» террор материалдық объектілерді (кәсіпорындар, мекемелер, коммуникациялар және т.б.) бұзу, мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдардың жеке адамдардың мүліктерін жою арқылы қорқыту нәтижесіне қол жеткізумен білдіріледі. Сонымен қатар «психологиялық» террорға мемлекетті, оның органдарын және басқа да субъектілерді террористердің талаптарын орындауға мәжбүрлеу мақсатында қорқыту, үркіту арқылы моральдік- психологиялық зорлық жасау да жатқызылуы мүмкін.

  1. Аңду мақсаты бойынша ғылыми дерек көздерінде саяси, саяси емес (пайдақорлық-экономикалық) терроризмдер, психикалық ауру адамдардың ирроцианалдық мотивациясы негізінде жасалған террорлық актілері көрсетіледі.
  2. Террористік әсер ету объектінің сипаттамасына қарай «селективтік террорда» ажыратып көрсету керек, яғни мұнда террор нақты мемлекеттік, қоғамдық қайраткерлерге, азаматтарға, олардың мүліктері мен баршаға арнап бағытталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Горбунов Ю.С. К вопросу о классификации терроризма // Московский журнал международного терроризма. 1993. №1.

 

         Баршаға, яғни қалың көпшіліке бағытталған террор жағдайында қоғамдық қауіпті қол жұмсау қоғамдық орындардағы жиналған көпшілік адамдарға қатысты іске асырылды (көшелер, сачбақтар, көлік обеътілері, өндірістік кәсіпорындар).

  1. Қарастырылушы фонеменнің жіктемесі критерилері ішінде пайдаланушы құралдардың сипаты маңызды орын алады, соның негізінде «дәстүрлі» және «техналогиялық» терроризм бөлініп шығады.

         «Дәстүрлі тероризмге зорлық еөрсету, адамзатқа бұрыннан белгілі жою құралдарын, суық қаруды, жарылғыш зттарды кең түрде пайдалана отырып материалдық объектілерді жою, зақымдау істері жатады.

         «технологиялық» терроризмге озық технологиялрды- радиоактивтік, химиялық заттарды, уларды, биологиялық  қолдану жатады. Қазіргі таңда мамандар ядролық қаруды пайдалну мүмкіндігін жоғары бағалап отыр. Мұның өзі осы қырып жою қаруының әлемде кең тарауы, электр станцияларының санының ұлғаюы, жаппай қырып жою қаруын дайындау мәселелері бойынша ғылыми білімдердің таралуы сияқты факторлармен байланысты болып келеді. Көптеген авторлардың пікірінше, (1) «технологиялық» терроризмнің ерекше бір түрі «ақпараттық» терроризм болып табылады. Қоғамдық қауіпті қол жұмсаудың осы бір түрі адамдардың санасына ақпараттық әсер беріп, олардың ерікжігерін улап, қызметтерін ыдыратып дәрменсіз қалыпқа келтіруімен сипатталады. 

 

  1. Терроризм и демократия //Актуальные проблеми Заподны Европи: экономика, политика, идеология. Реферативны сборний. М., 1988. №3.

 

 

Қазіргі телекомуникациялық және компьютермен құралдарды террористердің мүдделеріне орай пайдаланып, белгілі бір талаптады орындауға мәжбүрлеуімен ерекшеленеді. «Ақпараттық» терроризм актілеріне қасақана модификациялау және компьютерлік жүйелерде ақпараттарды бұзу,  ол  үшін  вирус  қолдану  ,  террорлық актлер  туралы  жалған  хабар тарату  жатады.

  1. Идеалық негіз ,  докторинаға  қарай  терроризмді  жіктеу  маңызды  ғылыми  және  қолданбалы маңызға  ие. Осы  критерий бойынша  «идеологиялық» ,  «ұлттық» , «діни» терроризмдер  болып  бөлінеді.

         «Идеологиялық»  терроризм құрылымын  көптеген  авторалар  оңшыл және  солшыл  деп  бөледі.  Ю.И. Авдеев  «оңшыл» терроризмге   мипаттама  бере  отырып,  саяси  билік  ,  саяси материализм  институтын,  құқықтық  мемлекетті  ұйымдастырудың  демократиялық  жүйесін  теріске  шығаратын  кәдімгі  платформаларға негізделеді. Ол ,  әсіресе,  фашистік  және  неофашистік  идеологияға  сүйенеді.  Ол идеологиялар  Германия ,  Италия , Испания  және  бұрын  фашистік  тәп\ртіп  орнаған  елдерде  кең  тараған. 

         Оңшыл террористік ұйымдарға ашық нәсілшілдік  немесе  ұлтшылыдық  қондырғылары бар  құрылымдар  жатады ,  оларға  «Германия  немістер  үшн»  деген  ұран  тән.

         «Солшыл»  терроризм  идеологиялық терроризмнің  бір  түрі  ретінде  псевдореволюциялық  ,  көбіне  троцкилік  және  маошылдық , анархия – коммунистік  сипаттағы  тұжырымдарға  негізделеді,  тұрғындардың  жаппай  көтеріліп,  революциялық  жағдайды  қалыптастыра  отырып,  капиталистік  жүйені  күштеп  құртуға  бағытталады. (1).

  1. Терроризм и демократия //Актуальные проблеми Заподны Европи: экономика, политика, идеология. Реферативны сборник. М., 1988. № 3

Бұл әрекет Европа  мен Латын Америкасында  кең  тараған.  Солшыл  терроризмнің  еуропалық ұйымдарына  (олардың  ішінде  аса танымалдары «Қызыл Армия  фракиясы»  (ФРГ),  «қызыл  бригадалар» (Италия),  «Тікелей  іс — әрекет (Франция),  «Хлаықтың ревлюциялық  күркс (Германия)  НАТО құрылымдары  және  «импералистік  одақтармен»  күресу  мақсатында  күш  біріктіру  жағдайы  тін.

         Соңғы  уақытта  террористік  қызметтің  қазіргі  тәжірибесіде  «Ұлтшылдық»  террориизм  кең  тарауда.  Оған  ерекше  жауыздық  тән,  бұл  террор  жаппай  қырып  жоюмен   сипатталады.    Қарастырылушы  құбылыстың  осы  түрінде  ұлттық  ерекшелік  пен  үстемдік  орын  алады.  Ұлтшылдық  қоғамда  әлеуметтік  зобалаң  тудырып,  ұлттық  өшпенділікті  өршітеді, тіптен  мемлекеттің  ыдырауына  алып  келеді. 

         Негізінен   «ұлтшылдық»   терроризм  жеке  ұлттар  мен ұлысттардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  кемсітуді  білдіреді.  Оның  мақсаты  саяси  сипатқа  ие,  яғни  мұнда  конституциялық  құрылысты,  мемлекеттік  құрылымды,  федерация  субъектілерінің  құқықтық  мәртебесін  өзгертуді  көздейді. 

         Қазіргі  таңда  Англияда,  Бельгияда,  Испанияда ,  Францияда , Индияда ,  Шри-Ланкада және  кейбір  басқа  елдерде  ұлттық  террористік   ұйымдар  белсене  әрекет  етуде.  Олардың  ішіндегі  ең  танымалдыларына  «Ирланд революциялық  армиясы;» Баскілік  ЭТА ,  «Корсиканы  ұлттық  азат  ету  майданы»  жатады. 

         Кейбір  жағдайларда террористік   ұйымдар  билік  басына   конституциялық емес  жолмен    келуін  жасыру  мақсатында  адамдардың   санасына  ұлттық  сезімді  орнатуды  пайдаланады.  Мәселен , Францияда  белсенді  әрекет  етуші  «Корсиканы  ұлттық  азат  ету  майданы»  Корсика  аралында  тәуелсіз  мемлекет  құруды  мақсат  етеді.

         Сонымен  қатар  қоғамдық  пікірді   білу  мақсатында  1996  жылы жүргізілген  сауалнамада  Корсикалықтардың  басым  көпшілігі  (91 %) тәуелсіздік  идеясын  қолдамайтындықтарын  білдірді.  Сонымен ,  террористер  тұрғындардың  шынай  мүдделерін  бұрмалап ,  өздерінің  пайдақорлық  мүдделерін  ,   ең  алдымен  билік  басына  келу  армандарын  алға  тартуда.

         Терроризмнің кең  тараған  түрлерінің  бірі  діни  терроризм. Діни  террористік  ұйымдар  дінді  пайдалана  отырып,  саяси  мақматты  көздейді.

         Қазіргі   әлемде  ислам  фундаментизмі  немесе  «таза  ислам»  деп  аталатын  экстремистік  құрылымдар  ерекше  қауіп  төндіруде.  «Ислам» терроризмнің  идеялық  негізі  дінге  сенушілердің  құран  мәндерін  теріс  бұрмалаумен  байланысты  болып  келеді. Фундаментализм  ізбасарларының  түсініктемелеріне  қарағанда  ,  зорлықтың болуы  мүмкін  және  ол  дұрыс  болып  саналады,  бірқатар  жағдайларды  оны  қолдану  қажет болып  та  саналады. 

          Зорлықты  діни  адамгершілік  тұрғыдан  қарастыра  отырып,  діни  экстремистер  оны  қолдануды  дұрыс  деп  беғалайды.

         Дінге  сенушілерге   осылай  әсер  етудің  негізгі  мақсаты  конституцияға  қарсы  қызметін  жасауды  қамтамасыз  ететін  ерекше  рухани  —  эмоциялық  жағдайды  қалыптастырудан  көрінеді.  Дінге  зорлық  әрекетін жасау  арқылы ортақ  діни  террористік мақматқа  жетуді  ,  сондай-ақ  өзінің  тірі  қалуын  көздейді.  Бұл  жағдайда  діни  экстремистер  «дін  тазалығы»   үшін  күреске  агрессиялық  зорлық  әрекетін  жсасауды  қажет деп  санайды. (1).

 

  1. Наумец А.Б. Влияние  религиозного  фактора  на  возникновение  терроризма  // Современный  терроризм: состояние  и  перспективы. М., 2000. С. 136-137.

 

         Қазіргі  таңдағы  ислам  фундаментализмі  негізінде  әрекет  ететін  терроритік  ұйымдар  түрлі  мемлекеттерде   әрекет  етуші  террористік   құрылымдарда   көптеп  табылады. 

         Кейбір  есептеулер  бойынша  бұл  ұйымдардың  саны  150-ге  жуық ,  олардың  ішінде  белсенділері  «Мұсылман  бауырлар »  , «Хезболлах» ,  «Әл-Жихад  әл  ислами ».

         Өзінің  экстремистік  қызметінде  ваххавистік  ұйымдар  мен  қозғалыстар  ерекше  жауыздық  танытуда.

         Ауғанстан  мен  Палестинада  «Толиван»   қозғалыс  арқылы  ваххавизм  бағдарламасы  іске  асырылуда.

           Бұл  қозғалыстың  бағдарламалық  ережелері  мынадай:

         — саяси  билікке  жету  үшін  қарулы  күрес  жүргізу :

         — ислам  фундаментализмінің теократиялық  мемлекетін  құру: 

         — қарсыластар  мен  «ислам  жауларын»  өлтіру.

         Қазіргі  Ресей  территориясында  ваххавистік ұйымдар  1990  жылдардың  басынан  бері  елеулі  түрде  белсенді  халыққа  көшіп  келеді.  Ресейдегі  ваххавистер  қызметінің  террористік  сипатын  содырлар  даярлаумен  террорлық  актілерді  іске  асыратын  ,  өз  басын  өлімге  тігетіндер  тобын   құру ; мұсылман  сепаратистері  мен  экстремистеріне  материалдық  және  қаржы  көмегін  қөрсету;  діни  жэәне  криминалдық құрылымдар  құру  сипаттайды. (1)

 

  1. Хвиля – Олинтер А. Ваххавизм: вчера, сегодня,  завтра // Профессионал.  2000. № 6. С. 28.

 

 

 

 

 

Сонымен  қатар   ислам  фундаментализмінің  басқа  террористік   топтардың  пайда  болу  көзі  ретінде  «апокалипсистік»  тоталитарлық  секталар дамуда ,  олар «құдай  сотын»   жеделдетудің  заңды  құралы  ретінде  зорлық-зомбылықты  насихаттада.  Соңғы  жылдары  олардың  саны  елеулі  түрде  өсіп,  экстремистік  пиғылда  секта  мүшелеріне  бұл  дүниенің  күнахар  екендігін  ,  «құдайға  сенбейтін»   үкіметтерін  жою  қажеттілігін  насихатауда.  Мұндай  секта ретінде  Токио метросында  газ  шабуылын  жасаған  «Аум  Синкикені»  атаға   болады. (1)

Терроризм  типологиясында  басты  органдардың  бірін  оның  мемлекеттік ,  ішкі  және  халықаралық  болып  бөлінуі  иеленеді. Бұл  жіктеме  субъектілер  түрін,  олардың  мақсатын  ,  қызмет  ауқымдарын  қол  жұмсау  огбъектілерін  қамтитын  кешенді  критерийлер  бойынша іске  асырылады.

Мемлекеттік  терроризмнің  мән  жайы  мемлекеттік  органдардың  өз  саяси  мақсаттарына  көз  жеткізу  және  билеуші  тәртіптің  ішкі  әрі  сыртқы  қарсыластарын  әлсірету  үшін  террористік  әдістер  қолданудан  көрінеді.

Көптеген  зерттеушілер  мемлекеттік  терроризмнің  ішкі  және  сыртқы  аспектілерін  атап  өтеді.

 

 

 

  1. Хлобустов О.М. , Федоров  С.Г.  Терроризм :  реальность  сегодняшнего  состояния  //  Современный  терроризм :  состояние  и  перспективы .  М.,  2000.  С.76.

 

 

 

 

 

 

Сыртқы  аспект  кейбір  дамыған  елдердің  басқа  бір  елдердің  ішкі  істеріне  араласу  арқылы  білдіріледі.  Мұндай  акциялардың  кең  тарауын  болдырмау  үшін  БҰҰ Бас  Ассамблиясының  39  сессиясында  «Басқа  тәуелсіз  мемлекеттерде  қоғамдық- саси  құрылысты  бұзуға  бағытталған  мемлекеттік  терроризмге  жол  бермеу  туралы»  резолюциясы қабылданды. Осы  құжатта  мемлекеттік  терроризмнің  тәуелсіз  мемлекеттердің  қоғамдық  —  саяси  құрылысын  зорлап  өзгерту  немесе  бұзуды  көздейтін  әрекет  ретінде  қарастырылған. 

Сырқы  қатынастар  саласындағы  террористік  қызмет  екі  формада   іске  асырылады:

  1. мемлекеттің арнайы қызметтерінің  басқа  елдер  территориясындағы  саяси  қарсыластарына  (оппозициялық партиясының  көсемдері  мен  функционерлеріне,  шетел  мемлекеттерінің  мемлекеттік  және  қоғамдық  қайратткерлеріне)  қарсы  террористік  акциялар  өткізуі.  Мәселен,  80-жылдары  Чили  басшылығының  нұсқауымен  арнайы  қызметтер  АҚШ-тағы  О.Летельердің  және  Аргентинадағы  генерал  Пратстың  билік  тәртібінше  белсенді  қарсыластары  оларға  өлім  ұйымдастырды.
  2. Басқа елдердің территориясындағы  террористік  ұйымдарға  мемлекеттік  құрылымдардың  қолдау  көрсетуі.  Мәселен  француз  құқық қорғау  органдары  Париж  маңындағы  мұсылман  террористік  топтарының  белсенділігі  Иран  мен  Алирдің  мемлекеттік  құрылымдары  нұсқауымен  реттеледі  деп  есептейді. (1).

 

 

 

  1. Хлобустов О. М., Федоров С. Г. Указ. Раб. С. 76.

 

 

 

 

Сонымен  қатар  терроритстік  қызмет  субъектілеріне  берілетін  көмек  өз  территориясында  дайындық  лагерьлерін  орналастыру,  қару – жарақпен,  қаржымен  қамтамасыз  ету  арқылы  іске  асуы  мүмкін. 

Ағылшын  зерттеушісі  С. Сигеллердің  пікірінше,  мемлекеттік  терроризмнің  ішкісаяси  саласы  өз  халқына  қарсы  ұлттық  қауіпсіздікті,  қоғамдық  тәртіпті  бұзуға  мәжбүрлеумен  сипатталады.  Мемлекеттік  терроризмге  заңсыз  ұстау,  қинау,  саяси  қарсылықтарын  құрту  үшін  «өлім  эскадронын»  пайдалану  енеді.  

Ішкі терроризмнен  терроризмнің аса кең тараған түрлерінің бірі болып саналады. Соның феномен құрылымының саяси және қылмыстық терроризм бөлініп шығады:

Саяси терроризм келесі қызметтен көрінеді:

-мемлекеттік билікке қарсы әрекет ететін ішкі, экстремистік пиғылдағы саяси күштер, ұйымдар мен жеке адамдар;

-саяси билік басында тұрмаған күштер мен ұйымдардың қарсы күрес жүргізуі және террористік әдістерді қолдануы. (1).

Қылмыстық терроризм ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтардың, қылмыстық топтардың, жеке қылмыскерлердің қызметтен көрінуі. Мақсатты белгісіне қарай бұл терроризімге бірнеше түрге бөлінеді.

1.Қылмыстық пайда табуға кедергі келтіретін мемлекетті нашарлатуға бағытталған террористік қызмет. Мәселен, Колумбиялық есірткілерді сыртқы саудасына қарсы күресті белсендірген елдің әкімшілік, сот және құқық қорғау органдарына қарсы соғыс ашқан.

 

 

Авдеев Ю.И. Типология терроризма // Современный терроризм: состояние и перспективы. М., 2000. С. 67.

 

 

Есірткі мафиясының тікелей қатысуымен Меделине және Кали қалаларында, сондай-ақ Магдалена департаментінде жалдамалы адам өлтіргіштер дайындайтын мектеп құрылған, Бұл жалдамалылар саяси қайраткерлерді, мемлекеттік қызметкерлерді жазалау үшін пайдаланылады. Мафия қолынан елдің бас прокуроры, Меделине есірткі картелінің  жетекшісі П. Эскобарды тұтқынға алуға арналған ордерге қол қойған астана судьясы «Эспектадор» газетінің есірткі саудагерлері туралы материал жариялаған бас редакторы қайтыс болған.

2.Қылмыстық топтар арасындағы қақтығыстарда қарсыластар мен олардың жақтастарының көзін жою. Осы терроризмнің аса кең тараған түрі тапсырыс пен адам өлтіру, қару қолдана отырып қарсы күресуші топтардың арасындағы топтық қақтығыстар, зорлық көрсете отырып бопсалаудан құралады.

  1. Бұзақылық пиғылмен немесе ешбір тиімсіз мотивтерсіз террористік актілер жасау, мұның өзі осы тұлғалардың психикалық ауытқуларымен байланысты болып келеді.
  2. Атқарған қызметіне кек тұтып, мемелекеттік және қоғам қайраткерлерінің өміріне қол жұмсау.

         Қарастырылушы қоғамдық қауіпті әрекеттің аса күрделі және көп аспектілі көріністерінің бірі- халықаралық терроризм. Ғылыми әдебиетте терроризмнің осы түрін ұғынуда пікір бірлігі жоқ. Көптеген авторлар оның басқа терроризм түрлерінен өзінің кең ауқымдылығы және ерекше белгілері арқылы ажыратылатынын айтады.

         Көрсетілген белгілер қатарына жатады:

         1.Осы терроризмнің халықаралық- қауіптілігі оның ең алдымен халақаралық құқықтық тәртібіне және мемлекет аралық қатынастарға, мемлекеттің халықаралық қауіпсіздігі мен халықаралық мүддесіне қауіп төндірумен көрінеді. Өйткені, халықаралық терроризм қай үлгіде жасалмасын (мемлекеттік шенеуніктер мен жай азаматтарды өлтіру, азаматтарды кепілге алу, көлік құралдарын алып қашу т.б.), ол бірнеше мемлекеттің (ең кемінде екі мемлекеттің) саяси қатынастарына зиян келтіреді.

  1. Халықаралық басты субъектісі болып мемлекеттік емес террористік топтар мен ұйымдар танылады. Негізінде, мұндай құрылымдар қандай-да бір мемлекетке және моральдық көмек көрсетпейді. Халықаралық терроризмнің субъекті ретінде көрінетін террористік топтар мен ұйымдар ұйымдық және саяси тұрғыдан тәуелсіз болуы немесе басқа бір саяси ұйымдар мен қозғалыстардың құрамды бөлігі болуы мүмкін.
  2. Халықаралық терроризмді дайындау мен іске асыру, саяси қызмет бағыттары бойынша түрлі мемлекеттердің территорияларында орналасқан террористік құрылымдар арасындағы өзара байланыс, террористік топтар мен ұйымдар арасындағы ынтымақтастық. (1)

         Атап өтетін бір жағдай, осы уақытқа дейін халықаралық терроризмнің анықтамасы, оның табиғаты туралы бірдей пікір жоқ. Халықаралық терроризмнің актілерінің толық тізбесі де жоқ.   Халықаралық терроризмге жасалған талдау терроризмнің келесі актілерінің тізбесін беруді мүмкін етеді:

         -елшіліктердің, өкілеттіліктердің немесе Халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлерінің ғимараттарын жару;

         -мүлікті жою немесе зиян келтіру, адамдарға дене жарақатын келтіру, өлтіру мақсатында көшелерде, әуе жайларда, вокзалдарда, мәдени орындарда, сауда және кәсіби қызмет орындарында диверсиялық әрекеттер жасау;

         — бандероль, хат және басқа да пошта жөнелтпелері арқылы жарылғыш қондырғыларын қасақана пайдалану;

 

Авдеев Ю.И. Типология  терроризма  // Современный терроризм: состояние и перспективы.  М., 2000. С.67.

         -қоғамдық ғимараттарға қарсы жасалған кез-келген диверсиялық акт;

         — Халықаралық терроризм актілерін жасау мақсатындағы қастандық және оған қатысу.

         Түрлі дерек көздерінде халықаралық терроризм актілеріне адамдарды кепілдікке алуды, теңіз қарақшылығын, азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған актілерді, сондай-ақ заңсыз басып алу мен ядролық материалды пайдалануды жатқызады. Алайда, олардың ерекше халықаралық қауіптілігі, кең таралуы және әр-түрлі формада болуына қарай мемлекет оларға қарсы күрес жүргізу үшін арнайы конвенциялар қабылдайды, оларды халықаралық сипаттағы жеке қылмыстарға бөліп көрсетеді.

         Сонымен, терроризмнің маңызды сипаттамаларына жасаған талдау оның әр-түрлі және күрделі  құрылымды құбылыс екендігі көрсетуде. Адамзат қоғамын тұрақсыздандыратын әлеуметтік қатынастардың, қайшылықтардың алуан түрлілігі қазіргі кезде террордың кең тарауына ықпал етеді. Сондықтан осы феноменнің белгілерін, түрлерін субъектілері басқа да аспектілерін теориялық тұрғыдан пайымдау керек. Мұның өзі терроризмге қарсы күресті белсендіруге, оны қатаң бақылауға алуды, қарқындылығын төмендетуді белсендіруге азамат қауіпсіздігіне төнген қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-бөлім. Халықаралық терроризмге қарсы әрекет жасау мәселелері.

 

  1. халықаралық терроризмге қарсы әрекет жасау мәселелері.

 

Террор жасау тәсілдері алуан түрлі, алайда қылмыскерлердің қолданатын қылмыс жасау қарулары келесі түрге бөлінеді

         1.Ату құралын, түрлі жару және жандыру қондырғыларын немесе қолданбақ болып қорқыту арқылы жасалған зорлық акциялары («дәстүрлі» терроризм).

  1. Жаппай қырып жою қаруын қолдану арқылы террорлық акт жасау.
  2. Ақпараттық терроризм.

         Аталған тәсілдерге жан жақты талдау жасап көрейік.

         Ату құралдарын түрлі жару және жандыру қондырғыларын қолдану немесе қолданбақ болып қорқыту арқылы зорлық акцияларын жасау, басқаша айтқанда «бомбалақ» терроризм Ресейде ХІХ ғасырдың ортасынан, яғни террорист Қаракөзовтің император Александар ІІ-ге жасаған қастандығынан басталады.

         Террорлық актілер жасау құралдарына келесі жарылғыш қондырғылар жатады:

         — баяу қозғалысқа келетін қондырғылар (берілген уақытқа қою, іске қосылуын тоқтату).

         — өткізгіш желі бойынша қашықтықтан жару;

         — радио канал  бойынша қашықтықтан басқару;

         -атмосфералық қысым өзгеруі кезінде ( барометірлік  өлшеуіштерімен биіктікке көтерілу кезінде) іске қосылатын қондырғылар, объектінің қозғалу жылдамдығы және т.б. 

 

 

 

 

         — қозғалыстарға  көлікке  орнатылған,  объектімен  соқтығысу  кезінде  іске  қосылатын  қондырғылар; 

         — көлікке  орнатылған,  қозғалыс  жүйесі  іске  қосылғанда  жұмыс  істейтін  қондырғылар;

         — көтеру,  аудандастыру кезінде  іске  қосылатын  «қақпан»  миналар; 

         — пошта  жөнелтпелеріндегі,  багаждағы,  қол  жүгіндегі,  тұрмыстық  электр  аспаптарындағы,  қоқыс  орындарындағы,  дәретханалардағы  «сюрприз» — миналар; 

         — жағу  және  пиротехникалық  құралдар,  ашу  кезінде,  ауа  оттегісімен  қосылған  кезде  жанатын  заттар:

         — жақын  аралық  соғыс  құралы  (қол  гранатасы,  гратата  атқышттар),  ракеталар,  мина  атқыштар,  ату  құралы,  артилерия,  авиация. 

  1. Жарылу кзінде  сөзсіз  қайтыс  болатын  өлімге  бас  тіккен  (камикадзе)  террористің  жарылғыш  қондырғыны  жаруы. (1).  Осындай тәсімен  жасалған  кейбір  терактілерді  атап  өтейік: 

         1991 жылы  21 маусымда  индиялық  Тамиланд  штатында  Индиялық  басшыларға  партияның  лидері,  елдің  премьер – министрі  Радинев – Ганди  өлтірілді.  «Тамил иламды  азат  ету  жолбарыстары»  ұйымның  мүшесі  әйел  жендет  бомба  рөлін  атқарды.  Ол  әйел  өз  құрбанына  алып  гүлдер  букетін  әкеліп  (бұл  кезде  күзет  серілік  танытып,  әйелді  аға  өткізеді),  дегонатор байланысын  іске  қомады.  Р.Ганди  мен  «жолбарыс» әйел  ғана  емес,  сондай-ақ  тағы  20 адам  жарылыстан  қайтыс  болады. 

 

 

 

  1. Ивлиев С., Майстренко И., Шакин А., Щербаков Г. Поиск и обезрееживание взрывных устройств. М., 1996.

 

 

 

         1993 жылы  1 мамырда  Шри-Ланкада бойына  тротил  байлаған  террорист  осы  елдің  президенті  Ранасингх  премадаса  көрмені  аралап  жүрген  кезінде,  автограф  алғысы  келген  болып жақындайды да,  жарылғыш  қондырғыны  іске  қосады.

         1994 жылы  11 қарашада  бомба-адам  велосипедте  келе  жатып, Газа  секторындағы  израиль  әскерлерінің өткізу  бақылау  бекетіне  жақын   тұрған  Недарим  көшесінде  өзін  жарып  жібереді,  3 әскери  адам  қайтыс  болып,  4-еуі  жараланады.

         1995 жылы  22 қаңтарда  «Хизболлах» экстремистік тобының екі мүшесінің өздерін жарып нәтижесінде Израиль қарулы күштерінің 20 адамы өліп, 52 адамы жарақаттанады.

         1996 жылы 4 наурызда Тель-Авивтегі «Дизенгов» сауда орталығында бомба-адам өзімен бірге 13 адамды арғы дүниеге аттандырды, 125 адам  жарақат алды.

         1997 жылы 4 қыркүйекте 3 террористік -өзін-өзі өлтірулер Иерусалим орталығында өздерін жарып жібереді. Нәтижесінде 8 адам өліп 170 жарақат алады.

         2002 жылы 11 қыркүйекте адамзат тарихындағы ірі трагедиялардың бірі орын алды. Нью-Йорктегі Бүкіл әлемдік сауда орталығы жарылып, нәтижесінде 6000-нан аса адам қайтыс болды.

         2001 жылы 9 қазанда палестин террористері «израиль басқыншыларына» қарсы күрестің өзіндік мерей тойын тойлады.  «Ислам жихадының» белсендісі Дарагмех «сионистік мемлекетті құрту үшін өмірін қиған» жүзінші полистиндік атанды, ол 8-қазанда  Кибуц Шлухотта өзін-өзі жарып жібереді. 2001 жылы осындай 70 террорлық акт жасалды.

 

Терроризм: психологические корни и правовые оценки («круглый стол» журнала «Государства и право») // Государство и право. 1995. № 4.

 

 

Кейбір авторлардың пікірінше мұндай террорлық актілерді орындаушылар-діни догмамен қаруланған, идеологиялық тұжырымдамалар негізінде әзірленген арнайы технологиялар көмегі арқылы фонатизм дәрежесіне жеткен адамдар. Психологиялық және идеологиялық қайта өңдеу түбірі ерте ғасырлардан басталады.  Мәселен, ХІ ғасырда Персияда (қазіргі Израиль жері) Гасан ибн-Саббах әсері күшті саяси қараткері болды, ол өзінің қатардағы ізбасарлары арқылы қарсыластарына террорлық актілер жасап отырды. Оның ізбасарлары- федавилер дене бітімі мықты кедей жастардан алынды. Федавилер Гасан ибн-Саббахқа шексіз бағыну сипатында тәрбиеленді, Гасан ибн-Саббахты олар құдайдың елшісі ретінде санап, өздерін сол үшін құрбан етуге, кез келген бұйрығын орындауға әзір болды. Өзін-өзі құрбан ету жай ғана діни борышын өтеу ғана сипатында болмау үшін, федевилерді арнайы медециналық-психологиялық шыңдаудан өткізді. Мұнда гашиш, гипноз, санасына сіңдіру әдістерін қолданылды. Фанаттарына санасына Гасан ибн-Саббах үшін жан беру жер бетіндегі ең ұлы ерлік одан соң мұсылман үшін жұмсақ өмір басталады деп сіңдірілді. Сондықтан саяси өнімді жоспарлау кезінде өзін-өзі өлімге ерікті түрде қиған федавилер легі толастамады. Акциялар адам жиналатын жерде жасалды, сөйтіп қоғамда тұрғындарды қорқыту әсері орын алды. Бір қызықты жайт, содан бері мыңдаған жыл өтсе де, идеал-психологиялық өңдеу әдісі әлі күнге дейін өзгеріске ұшырайды Бұл әдісті орта және Таяу шығыста белсенді әрекет етуші ХАМАС  мұсылман қарсы қозғалысы мен «Хезболлах» Иран фундаменталистік ұйымы лидерлері қолданып келеді.(1).

 

  1. Терроризм: психологические корни и правовые щценки («круглый стол» журнала «Государство и право») //Государство и право. 1995. № 4.

         Болашақ  «камикадзелер» осыдан  жүздеген  жыл  бұрынғыдай  кедей  әрі  сауаты  аз  мұсылман  жастары  ортасынан шығады.

         Өздкрінің  саяси  мақсатына   қол  жеткізу  үшін фанаттарда  пайдаланатын олардың  ұстаздары  кедейлерге материалдық  көмен  беріп, жастар  лагерлерін  ұйымдастырады,   бұл  лагерлерде  жастар  өздерін   болашақ  «камикадзе»   болуға  дайындайды. 

         Кедей  ата-аналар өз  балаларын  тегін  оқуға  қуана  отырып  келісім  береді,   ал  осы  «әулие»  адамдар жастардың  күтімін,  олардың  еңбекке  орналасуын  да    өз  мойнына  алады.   Сөйтіп,  әлі  қалыптасып  үлгірмеген жас  өспірімдер  тәжірибелі   тсламист-психологтардың  қолына  түседі.  Олар  мұсылманның  өмір  сүру  маңызы  Аллаға  қызмет  ету ,  өз  өмірін  осы  мақсатта  құрбандыққа  шалу  деп   жасөспірімдердің  санасын  улайды.  Осындай қарқынды  діни-прсихологиялық  өңдеуден  соң  ислам  фанаты  қоршаған  ортаны  уақытша  дүние  деп  қабылдап,  жұмақ  өмірге  өтуге  асығады.  Алла  атымен  өздерін  құрбан  етуге  бұйрық  беретін  рухани   ұстаздар  өз  шәкірттерін  жақсы әрі  мәңгі  өмірге  аттандырып  отырады.

         Алайда  « өзін-өзі  өлтіру »  терминін  «әулие  әкейлер» ешқашан  қолданбайды. Ислам  басқа  да  дәстүлі  діндер  сияқты  өзін-өзі  өлтіруді  ауыр  күнә    деп  есептейді.  Бірақ  саясаткерлер  діндегі  бұл  тыйым  салуды  айналып  өтеді.  Егер  адам  өзін өлтірсе – бұл  күнә  деп  түсіндіреді  олар.  Ал  егер Алланың  жауларын  өлтіре  отырып  қайтыс  болса  ,  бұл  тіптен  басқа  жағдай  деп  ұғындырады.  Бұл  жағдайда  өзін-өзі  өлтіру  исташахедке —  жаратқан  үшін   өзін  құрбандыққа  шалуға  айналады,  оны  орындау  кезінде   өзін-өзі  өлтіруші  адам  әулие  атанған,  жұмаққа  жаны  жіберіледі.

Соңғы он- он бес  жылда  осы  суреттелген  әдістеме  негізінде  ислам  фундаменталистері  « бомба  адамдар»  дайындай  келеді.        

Бірнеше  діни  психотерапия  сеансы  өткізілген  соң  ,  адам  материалы  дайын  болып,  техникалық  мәселелерді  шешу  керек  болады.  (1).

Яғни  сол  адамның  денесіне  қуатты  жарылғыш  қондырғылар  орнатылады.  Сыртқы  киімнің  ішінен киетін  киісге  жарылғыш  салынады немесе пластикалық  пакетке  ,  сумкаға  немесе  рюкзакқа  орап  салады.  Өткізгіш  желілер  арқылы  электродентонаттарымен  байланыс  орнатылып,  ол өзін-өзі  құрбан  етушінің қолына  тікелей  өткізіледі. Өзін-өзі  өлтіруші  осылай  қаруланып алған соң , оны құқық қорғау  органдарының  залалсыздандырылуы  және  жарылыстың  алдын  алуы  өте  қиын  болады.  Осындай  түрін  бара  жатқан  « бомба  адамға»   қатысты  күдік  туған  кезде  ,  палиция  өкілдері  немесе  әскерлердің  қуатты  тексеру  әрекеті  жарылысты  тездете  түседі.

Терроризмнің  мұндай  үлгісімен   күресу  оңай  емес. Қазіргі  дүниеде  діни  фанатиктер  өмір   сүріп тұрған  кезде  ,  мұндай  акциялардың  жасалу  қауіпі  жалғаса  береді.

Қашықтан  жарылған  қондырғыны    (ЖҚ)  деп  адамдарды  өлтіруге,  түрлі  объектілерді  зақымдауға   арналған  , жарылу  құралымен  заттар  (ЖЗ)   зарядымен  тұратын  ,  жарылу  қабілетіне  ие  ,  бір  рет  қана  қолданылатын  техникалық  қондырғыны  айтады.

 

 

 

 

  1. Терроризм: психологические корни и  правовые  оценки (  « круглый стол »   журнала «Государство  иправо»)  Государство  иправо.1995.  № 4.         

 

         Жарылғыш  қондырғы  келесі  белгілерден  құралады. (1) .

         — іс-әрекеттің  бір  рет  атқарылуы; жару  энергиясын  қолдану;  конструктивтік  бірлігі,  адамдарды  өлтіруге  немесе  түрлі  объектілерге  зиян  келтіру  үшін  арналуы .

Жарылғыш  қондырғы  екі негізгі  топқа  бөлінеді: өнеркәсіптік  және қолдан  жасалған  қондырғы.  Өнеркәсіптік жолмен әзірленген жарылғыш қондырғы (әскери және шаруашылық мақсатты) дегеніміз – нормативті – техникалық құжаттамаға сәйкес өнеркәсіптік тәсілмен жасалған қондырғы.

Әскери мақсатта өнеркәсіптік жолмен жасалған жарылғыш қондырғының негізгі түрлері соғыс құралдары мен имитациялық құралдар. Алғашқылары нысананы жою немесе қарсыластық әрекетіне кедергі жасауға арналған, олар жару, лақтыру, психотехникалық зариадтардан құралады. Екіншілері   әскери   құрылымдардың   жеке   құрылым   үйрету   мақсатында                                                                

 

 

 

Дильдин Ю.М.  и др.  Место  взрыва   как  объект  криминалистического   исследование:   учебное  пасобие  М. 1995.  1.8.      

 

түрлі   соғыс  құралдарының  әрекетін  (жару,  ату)  иммитациялау  үшін  қолданылады.  Кен  байыту,   мұнай,  газ   өнеркәсібінде,   құрылыс  жұмыстарын,  сейсмологиялық  барлау  жүргізу  кезінде  шаруашылық  мақсаттағы  жарылғыш  қондырғылар  пайдаланылады.   Олар  белгілі  бір  көлемде  және  салмақта  өнеркәсіптік  жолмен  шығарылатын  жарылғыш  заттар  зарядынан  құралады.  Заряд  құрамына  жарылғыш  заттар  және  қағаз  немесе  полиитиленнен  жасалған  қабықша  енеді.  Қабықшада  жарылғыш  заттың  маркасы  мен   салмағы  көрсетіледі. 

         Қолдан  жсалған  жарылғыш  қондырғы  деп,  қолдан  жсалған  конструкция  элементтерінің  ең  болмағанда  бір  элементі  пайдаланылған  қондырғыны  айтды.  Қолдан  жасалған  қондырғы  бір  ғана  дна  етіп  немесе  бірнеше  ғана  етіп  дайындалады,  конструкциясы  бойынша  өнеркәсіптік  үлгілерге  ұқсас  келеді. 

         Терроризмді  зерттеудің  бір  маңызды  ерекшелігі  бар:  жарылғыш  зттарды  табу  мен   залалсыздандыру,  тергеу  әрекеттерін  жүргізу,  ең  алдымен  жарылу  орындарын  тексерумен  жарылу  қауіпі  бар  объектілерді  алу  кезінде,   оған  қатысушы  құқық  қорғу  органдары  қызметкерлерінің  қайтыс  болуы  және  жаралану  жғдайларыда  орын  алады.  Жарылғыш  заттармен  жұмыс  істеу  тәжірибесі  болмауы,  техника  қауіпсісдігінің   қарапайым  ережелерін  сақтамауы,  оқиға  орны  мен   алдын  ала  зерттеу  орындарын  тексеруді  дұрыс  ұйымдастырмау  осыған  себеп  болды.  Сонымен  қатар  түрлі  жарылғыш  қондырғыларарының  құрылғысы  бірдей  болмауы,  тұрақсыздығы  жоғары  сезімтлдығы  оның  өздігінен  жарылуын  әкеледі.   Мұны  болдырму  үшін  шұғыл  тергеу  тобы  қтысушылары  тергеу  әрекеттерін  жүргізу  кезінде  неғұрлым  мұқият,  абай  болуы,  ол  үшін  жарылғыш  заттар  саласындағы   мамандарды  пайдалану  тиіс.

         Арнайы  әдебиетті,   нормативтік  актілерді  зерттеу  жарылу  қауіпі  бар  заттар  мен,  объектілермен   тергеу  әрекеттерін  жүргізу  кезінде  жұмыс  істеу  шараларын   анықтауды  мүмкін  етеді. 

 

  1. Жаппай  қырып-жою  қаруын  пайдалана  отырып   халықаралық   террорлық  актілердің  жасалуна  қарсы  әрекет  ету.  

 

         Қазіргі  жағдайда  террористер   террорлық  актілерді  жасаудың  дәстүрлі  емес  тәсілдеріне  жүгінудің  қуатты  мүмкіндігіне  ие.   Мұнда  олар  жаппай  қырып-жою  қаруын  қолдану  арқылы   кеннеттен  ерекше  қауіп  төндіруі  мүмкін:  ядролық,  химиялық,  биологиялық  қару  қолданса,  қазіргі  бірде  бір  мемлекет  нәтижесі  қарсы  әрекет  жасауға  дайын  бола  алмай  қалуы  мүмкін.  Даярлауы,   сақталуы  мен  көлік  тасмалдауына  және  қолдану  ауқымының   жеңілдігіне   қарай  террористер,  біздің   көзқарасымыз  бойынша,   биологиялық  және  химиялық  қару   қолдануға   ұмтылады.  Медецина  докторы  және   магистр – эпидемиолог,   Балтимор  университетінің  азаматтық  био  қорғау  зерттеу  орталығының  директоры  өз  баяндамсында  «Құрама  штаттар  био  терроризм  қауіпіне  ешбір  дайындығы  жоқ»  деп  атап  өтеді. 

         Хейдерсон    бұл  жөнінде  была  деп  жазады:   «Сібір   жаралы  дақылынан  құралатын   100   грамдық   ампула,   мәселен,    Вашингтон   үстінен  тасталса,   ол  Вашингтонмен   оған  жақын  терроризмде   3 млн   дейін   адамды  өлтіруге  қабілетті  екенін   сіз  білесіз  бе?   Мұның  өзі   бүкіл  ел  ішінде   дағдарыс   тудырып,   млн-даған  адамдар    дәрігерге  қарай  жүгіретін  еді.   Соның   нәтижесінде  бүкіл  денсаулық  сақтау  жүйесін  қиындыққа  келтіреді. 

         Бізге  белгілі  болғанындай,   химиялық  қрудың  ең  қорқынышты  және   аяусыз  түрі   жүйкені  істен  шығартын   газ  былай   табылады.   Мәселен,   Сібір  жаралы    батциласы  бар  сұйықтықтың    10  грамм  әсер  ету  күші  бойынша    1 тонна    осындай  газдың  күшіне  ие».    

         Су  құдықтарының  улануы,   қоршалғн  бекіністерде   чума  ауруын  жұқтыруы,   соғыс  даласын  уландыруына   газды  қолдануы  ілгеріден  тарихтан  белгілі.  Ең  алғаш  бізге  жеткен  деректер  бойынша    биологиялық  қару  қолдану    оқиғасы  көне   үнділік ману заңында кездеседі.   Сонау біздің көне санамызға   дейінгі  Ү-ғасырда-ақ уды әскери мақсатта қолдануға тиыйым салынған. Биотерроризмнің қауіптілігі қазіргі күнде  де өз маңызын жоя қойған  жоқ.

1984 жылы   желтоқсанда Оригон  штатындағы  (АҚШ)  Даллас қалашығындағы  төрт  мейрамханадан   тамақтанып  шыққан   750 —  ге  жуық  адам  ауруханаға  түскен.   Олардың  бәрі  сальмонелламен  уланған ,  яғни  сальмонелламен  салаттар  араластырылған. 

1995  жылы  Аум  Синреке  діни  сектасы   Токио меторсында  газ  шабуылын  жасады.  Осы  акция  барысында  қолданылған  зарин  газын  осы  ұйым  өзі  жасап  шығарған.       Әзірленген  зариннің  нәтижелілігін  тексеру  үшін  Мацумотода  химиялық  шабуыл  өткізілді.  Кейіннен  улы  заттарды  тозаңдату  үшін  ұшқышсыз басқарылатын  ұшақ  пайдалану  ұсынылды.  1995 жылдың  басында   Аум  Синкреке  полиция  назарына  ілікті , ұйым  адам  өлтіруде  күдікті  атанды.  Өздерін назардан  басқа  жаққа  бұру  үшін  ұйым  1995  жылы  20  наурызда   Токиодағы  және  Иокогамазаға  алты  метро  желісінде  хмимиялық  шабуыл  жасайды.  Нәтижесінде  10  адам  қайтыс  болып ,  4700  адам  уланды.

1995  жылдың  мамырында   Огайо  штатындағы  Л.Харрис  Мериленд биомедициналық  фирмасына  қара  чума  бактериясына  тапсырыс  берілді.  Фирма  қызметкерлерін  тапсырыс  берушінің  іс-әрекеті мен  шыдамсыздығы  күдік  тудырып ,  олар  бұл  жөнінде  ФББ  ( ФБР )   хабардар  етеді.  Тергеу  барысында  анықталғанындай   ,  Харрис  нәсілшіл  ұйымның  мүшесі  болып  табылған.  Сотта  ол  өзі  берген  тапсырысты  мойындайды ,  содан  кейін  мұндай  бактериаларды  жеткізіп  беру  ісіне  заңды  түрде  қатал  тәртіп  орнатылады.

2001  жылдың  соңында  биоттерроризм  толқыны  бүкіл  АҚШ- ты  жайлайды. Оған бірнеше фактілер келтіре кетейік.2001-ші жылдың қыркүйек айының соңында сібір жарылысымен Флорида штатындағы «Америкэн Медиа» газет корпорациясы қызметкерлері ауырып қалады.Олардың біреуі қайтыс болады. Редакцияға бұл ауру пошта конверті арқылы жіберілген. Осы бір эпизод пошталық биотероризмнің басталуына себеп болды. Мұндай ішінде ақ ұнтағғы бар конверттер МВС, АВС телекомпаниялрымен «Нью-Иорк таймс» газетінің редакциясында, Нью-Иорктегі Рокфеллеров орталығы ғимаратында, тіптен АҚШ конгерсінің бір ғимаратында да табылған.

Террористік мақсатта химиялық және бактериологиялық қаруды қолдану қаупінің кең таралуына байланысты, біздің көзқарасымыз бойынша, бұл мәселені жан-жақты қарастыруда қажет етеді.

Химиялық қару дегенііз-бұл жаппай қирай-жою қаруы, оның әрекеті кейбір химилық заттардың токсикалқ қасиетіне негізделеді. Улндырушы заттар дегеніміз-кең ауқымда адамдар мен жануарларды өлтіруге түрлі ғимараттар енуге, жергілікті орындар мен су қоймаларын уландыруға қабілетті химиялық байланыс. Бұл арқылы ракеталар, авациялық бомбалар, артиллериялық снарядтар, химиялық фугастар, сондай-ақ құйылмалы авиациялық аспаптар қаруландырылады.

Уландырғыш заттардан адам ағзасына әсер ету күшіне қарай жүйкені залалдандыратын, теріні зақымдайтын, буындыратын, жалпы улы тітіркендіретін және психотроптық болып бөлінеді. (1)

Жүйкені залалдандыратын уландырғыш заттар (ҮХ, зарин) тыныс органдары арқылы адам ағзасына еніп, жүйке жүйесіне әсер етеді, теріге бу тәрізді және тамаша сұйықтығы түрінде енеді, асқазан-ішек құрылысына тамақ және сумен бірге кіреді. Жазда олардың төзімділігі бір тәулік болса, ал қыста ол бірнеше апта кейде айларға жетеді. Адамды уландыру үшін оның аз ғана мөлшерінің өзі жеткілікті. Улану белгілері мынадай болып келеді: сілекей ағуа, көздерінің жұмылуы (миоз), тыныс алудың қиындауы, құсу, жүрек айнуы, сал болып қалуы.

Теріні зақымдайтын уландырғыш заттар әрекеті (иприт) жан-жақты болып келкеді. Тамшы сұйықтық және бу тәрізді жағдайд олар көз бен теріні зақымдайды, тыныс алу кезінде-тыныс жолдары мен өкпе зақымдалады, тамақ және су арқылы енгенде-тамақ қорыту органдары уланады(бірден уланбайды; екі сағаттан аса уақыт өткенде). Зақымданғанда терісі қызарады, кішкене бөртпелер пайда болып, кейіннен ірі түйіршікке айналады да, ол жазылуы қиын жараға ауысады. Уландырғыш зат дененің зақымданған жерінен бастап, ағзана бүкілдей уландырады, температурасы көтеріледі.

 

 

 

1Белкин Р.С Криминалистическая энциклопедия.М.,1997.

Буындырушы әрекеттегі уландырғыш заттар (фосген) адам ағзасына тыныс алу органы арқылы әсер етеді. Зақымдану белгілері ауыздағы тәтті, жағымсыздау дәмнен, жөтелден, бас айналуынан, жалпы әлсіздіктен көрінеді. Бұл құбылыстар зақымдану ошағынан шыққаннан соң басылғанымен, адам 4-6 сағат бойы өзін қалыпты түрде сезінеді, зақымданғанымен күдіктенбейді.

Бұл кезеңде  (жасырын  әрекетткезінде )  өкпе  ісіне  бастайды.  Содан  кейін  тыныс  алу  кенеттен  қиындап  ,  жөтел  пайда  болады,  бас  ауырады ,  температура  көтеріледі,  жүрек  соғысы  жиілейді.

Жаплпы  улы  әрекетті  уландырғыш  заттар (синил  қышқылы  және  хлорциан)  ішке  ауа  енуі  арқылы  зақымдандырады,  олар  тері  арқылы  әсер  етпейді.  Зақымданған  кезде  ауызда  металдың  дәмі  пайда  болады ,  тамаұ  тітіркенеді ,  бас айналады,  әлсіздік  пайда  болады,  жүрек  пайда  болады,  сал  болып  қалады.

Тітіркендіруші  әрекеттегі уландырғыш  заттар ( СЗ,  адамсит)  қайта  күйдіріп ,  ауызды  ауыртады , тамақ  пен  көз  ісінеді ,  көз  жасы  қатты  ағады ,  жөеледі ,  тыныс  алуы  қиындайды..

Психохимиялық  әрекеттегі  уландырғыш  заттар  (мәселен,  ВZ) орталық  нерв  жүйесіне  әсер   етіп ,  психикалық  (Галюкинация  қорқыныш  үресі)  немесе  дене  (көзі  көрмеу ,  құлағы  естімеу  әоекеті  бұзылады).

Химиялық  қаруды  қолдану  нәтижесіндегі  зақымдау  ошағы  өлшемі  уландырғыш  заттарды  қолдану  тәсіліне ,  уландырғыш  заттардың  түріне  метеорологиялық  жағдайларға ,  жергілікті рельевпен  басқа  да  факторларға  байланысты  болады.  Жүйкені  зақымдайтын  әрекеттегі  уландырғыш  заттар  өте  қауіпті ,  оладың  булары  желменен  өте  ұзақ  қашықтыққа  (15-25  км.- ден аса)  таралады.

Уландырғыш  заттардың  зақымдау  ұзақтығы  желмен  ауа  арқылы  қаншалықты  күшті  болса,  соншалықты  аз  болады.  Ормандарда ,  саябақтарда  ,  тар  көшелерде  уландырғыш  заттар  ашық  жерге  қарағанда  ұзақ  сақталады.  Бактеорологиялық  қару  дегеніміз – бактериялық  (биологиялық)  заттармен  жабдықталған  арнай  соғыс  қаруларымен  соғыс  аспаптары.

Бактериялық  (  биологиялық )  ұүралдарды  қолдануды  негігі  тәсілдері  ретінде  ауаның  жерге  жақын  қабатында  улануы  айтылады. Соғыс  қаруларын  жару  немесе  генераторлардың  іске  қосылуы  негізінде аэрозольді  бұлт пайда  болады,  оның  таралу  жолында  рецептура  түйіршіктері  жергілікті  орындарды  зақымдайды.  Жәндіктердің  ,  көшелердің ,  кеміргіштердің  ауру  тудыратын  микробтар  ккөмегі  арқылы  (биологиялық)  құралдар  пайдаланылуы  мүмкін  (1) .

Қылмыстық  құқықтық   жағынан  алғанда  химиялық  немесе  бактереологиялық  қару  табылуы  мүмкін  объектілер  терроризм  ретінде  саралануы  тиіс.  Мұндай  объектілер  табылғандығы  туралы  хабар  түскен  кезде  ,  ішкі  істер  органдарының  шұғыл  тергеу  —  тергеу  тобы  тергеушілері  оқиға  орнына  жіберіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

1Белкин Р.С Криминалистическая энциклопедия.М.,1997.

 

 

 

 

 

 

 

                              Қорытынды

 

Халықаралық  терроризмді  анықтау  халықаралық  мәселелерге  жатады,  бұл  мәселенің  шешімін  табу  маңызды ерекшелікке ие. Мұның өзі халықралық  қауымдастық ,  саяси  қайраткерлер  ,  ғалымдар  сондай-ақ  саси  ,  қоғамдық  және экономикалық  қондырғыларына  қарамай  түрлі  елдердің  арнайы  қызметі  мен  құқық  қорғау  органдарының  назарын  аударуда.

Біріккен  ұлттар  ұйымы  1972  жылдан  бастап,  яғни  БҰҰ  Бас  ассамблеясының   Халықаралық  терроризм     жөніндегі  арнайы  комитетіқұрылған  сәттен  бастап  халықаралық  терроризмді  анықтау  үшін  қарқынды  әзірлемелер   жүргізіледі.  Өкінішке  орай  ,  осы  орган  бұл  қылмыстың  жалпы  жұртшылық қабылдайтын  анықтамасын  әзірлеу  жұмысы  табысты  бола  қоймайды.  Халықаралық  құқық  ассоциаиясы  қолданған  күш  —  жігер  де  осындай сәтсіздікке  ұшырады.

Қазіргі  таңда  терроризм ұғымының  және  осы  терминнен  туындайтын,  мемлекеттердің  әлемдік  қауымдастығы  таныған  ұлттық  және  халықаралық  түрлерінің  нақты  анықтамасы  әлі  күнге  дейін  жоқ.  Мұның  өзі  ғалым-  террологтар   ,  үкіметтік  және  үкіметтік  емес  ұғымдар  халықаралық  терроризмге  қарсы 120-дан  са  анықтамалар  нұсқасын  ұсынған  жағдайда  болып отыр.

Қарастырылушы  мәселе  бойынша  қоғамдық   және  шетелдік  жұмыстарға  жасалған  талдаудың  көрсетуінше  ,  халықаралық  терроризм анықтмасын  әзірлеу  кезінде     «террор»  және  «терроризм»   ұғымдарының  бастапқы  мәнін  ескере  білу  қажет.  Халықаралық  терроризмді   анықтаудағы  осы  әдістер  маңызды  қызығушылық  тудырғанымен  ,  әлі  күнге  отандық  әдебиетте  жан-жақты  талдау  жасалған  жоқ. 

Осы  диплом  жазу  барысында  автор  «Халықаралық  терроризм »  феноменін   зерттеудің  дәстүрлі және  іргелі  мәселелеріне ,  сондай-ақ  террористік  қызметтік  қазіргі  аспектілеріне  және  оның  алдын  алу  тәсілдеріне ,  террористік ұйымдармен күресу  жолдарына  басты  назар  аударды.