ЖОСПАР
КIРIСПЕ
I ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ
МӘНI
1.1 Шаруашылықтың техникалық – экономикалық
сипаттамасы
1.2 Шаруашылықтың есеп жүргiзу саясаты
1.3 Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру
II ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЕСЕБI
2.1 Еңбек ақы түрi, жүйесi, нысаны
2.2 Еңбек ақы есептеу тәртiптерi
2.3 Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдар
2.4 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық, синтетикалық және жиынтық есебi
III. ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБIНIҢ АУДИТI
3.1 Аудиттiң мақсаты мен мiндетi
3.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебiне аудит жүргiзу тәртiптерi
3.3 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың талдауы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кiрiспе
Нарықтық қатынастық экономикаға көшу барысында бухгалтерлiк есеп және аудит қызметiнiң алатын орны және қажеттiлiгi артуда.
Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші ұйымдарда бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп туралы», »Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есептерінің типтік шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері ,сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады.Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.
Халық шаруашылы есептерінiң арасында бухгалтерлiк есептiң шаруашылықтың қаржы- шаруашылық қызметінде алатын орны зор. Бухгалтерлiк есептiң негiзгi мiндетi- халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттiк талапқа сай есептеу жұмысын жүргiзу.
Бухгалтерлік есеп дегеніміз- кәсіпорынның шаруашылық процесіндегі бар құбылысты, яғни айналмалы қорының айналымын құжаттармен негіздей отырып, үздіксіз есептеу.Бухгалтерлік есепте ақшалай өлшем ерекше орын алады.Себебі,ақшалай өлшем кәсіпорын жұмысының көрсеткіштерін жан-жақты қамти отырып бір өлшем арқылы тұрақты жүйеге келтіріп қорытындылауға мұмкіндік береді.
Есеп жұмысының мақсаты үкіметтің экономикалық саясатымен анықталады.Әрбір қоғамның теориясында анықталған негізгі заңына сәйкес шешіледі. Яғни,қоғамның бір қалыпты жоспарымен дамуы,есеп көрсеткіші болмаса іске асуы мүмкін емес.Себебі мемлекеттік даму бағыты есеп мәліметінің көрсеткіштерін негізге ала отырып жасалады.Онымен қатар мүмкіншілігін немесе орындалмау себебін экономикалық талдау арқылы анықтап отыратын да бухгалтерлік есеп.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар қарастырылған.Соңғы 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің жолдауында да еңбек етушілердің еңбек жалақысын өсіруге де көп мән беріліп, ол жүзеге асу үшін біраз жұмыстар жасалуда.
Жолдауда 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласының қызметкерлерінің жалақысын 32 пайызға көтеру, ал 2007 жылдан бастап 30 пайызға көтеру көзделген. Сонымен қатар жалақы мемлекеттік ғана емес жекеменшік секторларда да өсуге тиіс. Осыған орай 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 9 200 теңгеге дейін көтеру көзделген.
Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 10 желтоқсанындағы № 493- 1”Қазақстан Республикасындағы еңбек” туралы заңы 1999 жылғы 10 желтоқсанындағы сәйкес 2000 жылдың № 494- 1 заңына сәйкес 2000 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енген. Осы заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына Конституциялық құқығын iске асыру процесiнде туындайтын еңбек қатынастарын реттейдi.
Еңбек пен еңбекақы есебiнiң мiндеттерi:
- Өндiрiлетiн өнiмдермен iстелiнетiн жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленiлетiн еңбекақы мөлшерiн дұрыс анықтау.
- Еңбек өнiмдiлiгiнiң өсiмiн бақылау.
- Жұмсалған еңбектiң саны мен сапасын бақылау.
- Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшiн еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлiнетiн қаржыларды бақылау.
- Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу.
- Өндiрiске жедел басшылық жасау үшiн тиiстi мәлiметтер алу.
- Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлiк қорытынды есеп беру.
Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебiн ұйымдастыруды одан әрi жетiлдiру үшiн мынадай жағдайлар қажет:
- Еңбектiң өнiмдiлiгi мен орындалған жұмыстың көлемiн ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиiмдi түрлерiн кеңiнен қолдану.
- Еңбек пен өндiрiстi басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестiң құрылымын қолдану.
- Еңбекақы төлеудiң сыйлық беру жүйесiмен басқа да түрлерiн жұмыстағы жетiстiктермен тығыз байланыстыра отырып, дұрыс қолдану.
- Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгi талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесiн жетiлдiру мен жеңiлдету.
I. Еңбек және еңбек ақы бойынша есеп айырысудың мәнi
1.1. Шаруашылықтың техника-экономикалық сипаттамасы
ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим компаниясы Дзержинский атындағы тiгiн фирмасының базасында 2002 жылы құрылған. Кәсiпорын территориясы — 1,82 га, орналасқан мекен-жайы – Алматы қаласы, Жансүгiров көшесi 284. Компанияның екi модульдi ғимараты балмұздақ шығаратын екi үлкен цехқа қайта жарақтандырылған. Қолданатын шикiзаттың негiзгi түрi – құрғақ сүт, майлылығы 25 %, майсыздандырылған сиыр сүтi. Дайын өнiм – балмұздақ.
Өндiрiсте “Тетра Пак Хойер” дат фирмасының технологиялары мен құрал-жабдықтары қолданылады. Кәсiпорынның жұмыс режимi: жылына 260 күн, екi ауысым, жұмыс ұзақтығы – 8 сағат, күнiне 9 тонна өнiм шығарады.
Кәсiпорын территориясында шикiзат пен қосымша материалдар сақтайтын қоймалары бар. Дайын өнiмдi сақтау үшiн көлемi 150 тонналық мұздатқыш камералар орнатылған.
ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының қызметiнiң негiзгi концепциясы – Қазақстан нарығын жаңа технологиялар мен жабдықтарды қолдану арқылы жоғары сапалы өнiммен қамтамасыз ету. Әр түрлi балмұздақ түрлерiн шығару үшiн дат фирмасының “Стрейтлайн” және “Хайер КОМЕТ RS” жабдықтары орнатылған.
Балмұздақты отандық және шетел өндiрушiлерiнiң шикiзаттары негiзiнде жасайды. Оның iшiнде отандық шикiзаттар:
— май – “Фуд-Мастер НС” еншiлес компаниясы, Астана қаласы;
— сүт – СПК Ауылшаруашылық кәсiпорын ат фермасы “Алматы”, Талғар қаласы, жеке кәсiпкер “Мырзахметов”, ЖШС “МТФ”;
— қант – “Қант орталығы”, Алматы қаласы.
Шетелден келетiн шикiзаттар:
— стабилизатор – DANISE Services a/s (Denmark);
— глазурь — DANISE Services a/s (Denmark);
— жаңғақ — DANISE Services a/s (Denmark);
— джем — DANISE Services a/s (Denmark);
— құрғақталынған сүт майы – Corman a/s (EEC);
— орау қабы – Bakambalaj (Turkiye) or Danice;
— эскимо үшiн таяқшалар — Dan.
Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының қаржы жағдайын талдау.
Компанияның қаржы жағдайын талдау үшiн 2003 ж активтерiнiң балансын қарастырайық. Ол №1 кестеде келтiрiлген.
Кесте №1
ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының 2004 ж. баланс активтерi(мың т)
№ |
Көрсеткiштер |
Жыл басы |
Жыл соңы |
Ауытқу (+,-) |
% |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Актив барлығы соның iшiнде: |
13359 |
439089 |
425730 |
89 |
1.1 |
үзақ мерз актив соның iшiнде: |
11245 |
390258 |
379013 |
46 |
|
% |
96,6 |
91,1 |
-5,5 |
|
|
Негiзгi құрал |
11245 |
390258 |
492974 |
46 |
|
% |
96,6 |
91,1 |
-5,5 |
|
|
қаржылық салым |
|
|
|
|
2 |
Ағымдағы актив соның iшiнде: |
2114 |
48831 |
46717 |
23 |
|
% |
3,4 |
8,9 |
+5,5 |
|
|
Өндiрiстiк қорлар |
100 |
19000 |
18900 |
90 |
|
% |
0,16 |
3,4 |
+3,24 |
|
|
Дайын өнiм |
248 |
21440 |
21192 |
86 |
|
% |
0,39 |
3,9 |
+3,51 |
|
|
Ақша-қаражатт. |
1556 |
1000 |
-556 |
-64 |
|
% |
2,5 |
0,18 |
-2,32 |
|
|
Дебеторлық қар. |
210 |
7391 |
7181 |
35 |
|
% |
0,35 |
1,42 |
+1,07 |
|
Баланс активтерiнiң құрамының өсу динамикасы мен құрылымының талдауы компанияның барлық мүлiктерiнiң абсолюттi және қатысты өсу немесе кему көлемiн анықтайды. Активтердi талдау барысында активтердiң қолда бары, құрамы, құрылымы мен болған өзгерiстерi зерттеледi. Кестедегi мәлiметтер бойынша активтердiң көлемi артқан, бұл компанияның жұмысына оң сипаттама бередi. Баланс активi 425730 мың теңгеге немесе 89 пайызға артқан. Соның iшiнде өндiрiстiк қорлардың үлесi жоғары 18900 мың теңге немесе 90 пайызға артқан; сонымен қатар дайын өнiмнiң үлесi де 21192 мың теңге немесе 86 пайызды құраған; ұзақ мерзiмдi актив, яғни негiзгi құралдардың үлесi 379013 мың теңге немесе 46 пайызға артқан; бiрақ ақша-қаражаттары 556 мың теңгеге немесе 64 пайызға кемiген және дебеторлық қарыздар сомасы 7181 мың теңгеге немесе 35 пайызға артқан. Компанияның жалпы активтерiнiң артуы оның жұмысына оң сипаттама бередi, бiрақ компанияның дебеторлық қарыздары артып, ақша-қаражаттары кемiген, бұл компанияның қызмет етуiне керi әсерiн тигiзуi мүмкiн, сондықтан қаржы директоры мұның пайда болу себептерiн анықтап, қарыздарды жуық арада қайтару жолдарын қарастыруы керек.
Келесi есептейтiн көрсеткiш бұл мобильдiлiк коэффициентi, оның мөлшерi мынадай болып келедi: жыл басында 0,03=2114/101299; жыл соңында 0,09=48831/446702. Яғни коэффициент мөлшерi 0,06 артқан. Бұл компанияның өз жұмысын үздiксiз жүргiзуге мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн көрсетедi.
Компанияның зерттелетiн келесi көрсеткiшi мобильдi құралдарының құрамы мен құрылымы, өсу динамикасы мен кему тенденциясы. Ол үшiн төмендегi №2 кестеде мобильдi құралдар мәлiметтерi берiлген.
Кесте №2( жалғасы келесі бетте)
Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының 2004 ж мобильдi құралдары
(мың т)
№ |
Көрсеткiштер |
Жыл басы |
Жыл соңы |
Ауытқу (+,-) |
% |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Мобильдi құралд. соның iшiнде: |
2114 |
48831 |
46717 |
23 |
|
% |
100 |
100 |
|
|
|
Өндiрiстiк қорлар |
100 |
19000 |
18900 |
90 |
|
% |
0,05 |
39 |
+ 38,95 |
|
|
Дайын өнiм |
248 |
21440 |
21192 |
86 |
|
% |
12 |
44 |
+ 32 |
|
|
Ақша-қаражатт. |
1556 |
1000 |
-556 |
-64 |
|
% |
74 |
0,02 |
-73,98 |
|
|
Дебеторлық қар. |
210 |
7391 |
7181 |
35 |
|
% |
10 |
15 |
+5 |
|
Кесте көрсеткiштерiнен мобильдi құралдардың 23 пайызға, яғни 46717 мың теңгеге артқандығын байқаймыз. Соның iшiнде материалдық қорлардың үлесiнiң 90 пайызға (18900 мың т), дайын өнiмнiң 86 пайызға (21192 мың т) артып, керiсiнше ақша-қаражаттарының 64 пайызға (556 мың т) кемiгендiгiн және дебеторлық қарыздардың 35 пайызға (7181 мың т) артқандығын көремiз. Бұдан шығатын қорытынды: материалдық қордың артуы компания қызметiне оң әсерiн тигiзгенiмен, дайын өнiмнiң және дебеторлық қарыздың артуы мен ақша-қаражаттарының кемуi керi әсерiн тигiзедi. Өйткенi дайын өнiмнiң артуы компанияда материалдық айналым қозғалысының баяулығын, дайын өнiмнiң сатылмай қоймада шамадан артық мөлшерде тұрғандығын көрсетедi, бұл сауда бөлiмiнiң қызметкерлерiнiң өз қызметтерiн дұрыс атқармайтындығын көрсетедi; ал дебеторлық қарыздардың артуы компанияның қаржы директорының дебеторлық қарыздармен жұмыс iстемейтiндiгiн көрсетедi. Ақша-қаражаттарының кемуiн бұл ұзақ мерзiмдi активтердi сатып алуымен түсiндiруге болады.
Келесi зерттелетiн маңызды көрсеткiштердiң бiрi — авансталған капиталды талдау. Ол үшiн төмендегi кесте мәлiметтерiн пайдаланамыз (кесте №3- келесі бетте).
Кесте №3
Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының 2004 ж авансталған капиталының құрамы мен құрылымы
(мың т)
№ |
Көрсеткiштер |
Жыл басы |
Жыл соңы |
Ауытқу(+-) |
% |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Аванст. Кап. Соның iшiнде: |
100184 |
174800 |
+74616 |
74 |
|
% |
100 |
100 |
— |
— |
1.1 |
Меншiк капит. |
97600 |
97600 |
— |
— |
|
% |
97,4 |
55,8 |
-41,6 |
|
1.2 |
Тартылғ. кап |
2584 |
77200 |
+74616 |
74 |
|
% |
2,6 |
44,2 |
+41,6 |
|
Жоғарыдағы кесте мәлiметтерiнен Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының авансталған капиталының құрамы мынадай болып келген: жалпы авансталған капиталының көлемi есептi мерзiмнiң соңында 74616 мың теңгеге немесе 74 пайызға артқан. Соның iшiнде
Меншiк капиталының үлесi жыл басында 97,4 пайызды құраса, жыл соңында 55,8 пайызды құрап, 41,6 пайызға кемiген. Керiсiнше тартылған капитал 74616 мың теңгеге, яғни 74 пайызға артқан, сәйкесiнше авансталған капиталдағы үлесi 41,6 пайызға артқан. Қазақстанның бухгалтерлiк есеп стандарттары бойынша меншiк капиталдың үлесi 50%-дан кем болмауы тиiс, яғни компанияның қазiргi кездегi меншiк капиталының үлесi 55,8%-ды құрап отыр, ол компания қызметiне оң сипаттама бередi.
Келесi зерттелетiн көрсеткiштер – тәуелсiздiк, тәуелдiлiк, қаржыландыру коэффициенттерi.
Тәуелсiздiк коэффициентi:
жыл басында 0,9=97600/101299;
Жыл соңында 0,2=97600/446702;
Тәуелдiлiк коэффициентi:
Жыл басында 0,02=2584/100184;
Жыл соңында 0,4=77200/174800;
Қаржыландыру коэффициентi:
Жыл басында: 37,7=97600/2584;
Жыл соңында: 1,3=97600/77200;
Тартылған капитал мен меншiк капитал қатынасының коэффициентi:
Жыл басында: 0,03=2584/97600;
Жыл соңында: 0,8=77200/97600.
Компанияның тәуелсiздiк коэффициентi жыл басында 0,9 болып, жыл соңында 0,2-ге түскен. Жалпы бұл коэффициенттiң мөлшерi 0,05-тен кем болмауы керек. Бұл компанияның қаржылық жағдайының төмендегенiн көрсетедi. Тәуелдiлiк коэффициентi жыл басында 0,02 тең болып, жыл соңында 0,4 тең болған, тәуелдiлiк коэффициентiнiң мәнi 0,5 кем болса, бұл жақсы көрсеткiш. Компания қаржылық жағынан тәуелсiз, бiрақ бұл коэффициенттiң тез өсiп келе жатқаны компания үшiн тиiмсiз болып табылады.
Қаржыландыру коэффициентi жыл басында 37,7 болса, жыл соңында 1,3 тең болған. Халықаралық тәжiрибе бойынша бұл коэффициенттiң мәнi 1-ден жоғары болса, кәсiпорынның мүлкiнiң басым бөлiгi өз қаражаттарынан құрылғандығын көрсетедi.
Тартылған капитал мен меншiк капиталының қатынас коэффициентi компанияда жыл басында 0,03, жыл соңында 0,8 тең болған. Осы коэффициенттiң мәнi 1-ден кем болса компания үшiн тиiмдi болып табылады. Бұдан зерттелiп отырған компанияның қаржылық жағдайының тұрақты екендiгiн көруге болады.
Келесi зерттелетiн көрсеткiштер баланс өтiмдiлiк көрсеткiштерi: абсолюттiк өтiмдiлiк, аралық өтiмдiлiк, жалпы өтiмдiлiк. Аталған көрсеткiштер төмендегi кестеде берiлген.
Кесте №4
Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының өтiмдiлiк көрсеткiштерi(жалғасы келесі бетте)
№ |
Көрсеткiштер |
Жыл басы |
Жыл соңы |
Өзгерiстер |
1 |
Ағымдағы активтер Соның iшiнде: |
2114 |
48831 |
+46717 |
1.1 |
Ақша-қаражаттары қаржылық салымдар |
1556 |
1000 |
-556 |
1.2 |
Дебеторлық қарыз және басқа активтер |
210 |
7391 |
+7181 |
1.3 |
Тауарлы мат қорлар |
348 |
40440 |
+40092 |
2 |
Қысқа мерз мiндетт: |
4462 |
175960 |
+171498 |
2.1 |
Қысқа мерзiмдi несиелер , займдар |
1722 |
167787 |
+166062 |
2.2 |
Несиелiк қарыздар |
1490 |
6435 |
+4945 |
2.3 |
Басқа да ағымд мiнд |
1250 |
1738 |
+498 |
3 |
Өтiмдiлiк көрсетк-рi |
|
|
|
3.1 |
Абсолюттiк өтiмд-к 1.1/2 |
0,348 |
0,005 |
-0,343 |
3.2 |
Аралық өтiмд-к (1.1+1.2)/2 |
0,395 |
0,047 |
-0,348 |
3.3 |
Жалпы өтiмд-к (1.1+1.2+1.3)/2 |
0,473 |
0,277 |
-0,196 |
Кесте көрсеткiштерiнен компанияның өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң төмендегенiн көремiз, соның iшiнде абсолюттiк өтiмдiлiк коэффициентi 0,5-тен кем болмауы керек, яғни кәсiпорынның мiндеттемлерiн 10 күн мерзiм iшiнде жаба алу қабiлетiн көрсетедi. Зерттелiп отырылған компанияның абсолюттiк өтiмдiлiгi 0,05 тең, бұл өте төмен көрсеткiш, яғни ол өзiнiң қысқа мерзiмдi мiндеттемелерiн уақытында өтей алмайды. Аталған коэффициент жабдықтаушылар мен мердiгерлер үшiн қажет.
Аралық өтiмдiлiк коэффициентi жыл соңында 0,047 тең болған, бұл коэффициенттiң мәнi 0,7-0,8 кем болмауы керек. Компанияның аралық өтiмдiлiк коэффициентiн зерттеу банктер үшiн қажет, бiрақ талданып отырған компания өз мiндеттемелерiн бiр ай мерзiм iшiнде жабу қабiлетi жоқ.
Жалпы өтiмдiлiк коэффициентiнiң мәнi есептеу нәтижесiнде жыл соңында 0,277 тең болған, жалпы бұл коэффициент 2-ден кем болмауы керек. Жалпы өтiмдiлiк коэффициентiн зерттеу компания акционерлерi үшiн қажет, бiрақ талданып отырған кәсiпорынның бұл көрсеткiшi де талапқа жауап бере алмайды. Сондықтан қаржы директоры аталған коэффициенттердiң төмендеу себептерiн, оларға әсер етушi факторлердi анықтап, көрсеткiштердi көтеру жолдарын қарастыруы керек.
1.2 Шаруашылықтың есеп жүргiзу саясаты
ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының есеп саясаты.
Есеп және есеп беру
Компанияның бухгалтерлiк есебi мен қаржы есеп жүйесi келесi нормативтi заң актiлерiне сәйкес жүргiзiледi:
— ҚР Президентiнiң 26.12.95ж. (01.01.04ж енгiзiлген толықтырулар мен өзгерiстер) “Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп туралы” Жарлығы;
— ҚР Бухгалтерлiк есептiң Ұлттық Комиссиясы бекiткен Бухгалтерлiк есеп стандарттары (15.11.95ж);
— Бухгалтерлiк есептiң типтiк шот жоспары 01.01.04ж;
— Халықаралық бухгалтерлiк есеп саясаты;
— Бухгалтерлiк есеп стандарттарына Әдiстемелiк құралдар.
Бухгалтерлiк есеп және салық салу есептеу қағидасымен құрылған, яғни табыстар мен шығыстар бухгалтерлiк есепте пайда болған немесе түскен мерзiмiнде көрсетiлiп, қаржы есебiнде көрiнiс табады.
Фуд – Мастер компаниясының бухгалтерлiк есебiн орталық бухгалтерия жүргiзедi. Орталық бухгалтерияның штаттық кестесiнде үш бухгалтер және екi оператор, кассир бар: бас бухгалтер, еңбек ақы есебiн жүргiзушi бухгалтер, қалған екi оператор мен бухгалтер материалдық стол есебiн, кассир касса есебiн жүргiзедi. Компьютерлiк бағдарламалары жүйелендiрiлген және 1с-7.7 және 1с-торговля бағдарламасымен қамтамасыз етiлген. Бухгалтерлiк есеп типтiк шоттар жоспарына ауыстырылған./ Компанияның бухгалтерлiк есепте болып жатқан жаңалықтарды жiбермей, бағдарламаларды үнемi жаңартып отыратын программист мамандары бар. Бухгалтерия қызметкерлерi нарық талабына сай жыл сайын бiлiктiлiктерiн жетiлдiру семинарларына қатысып отырады. Қазiргi кезде олардың алдында тұрған ең үлкен мақсаты – қаржы есебiнiң халықаралық стандарттарына 2005 жылдан бастап көшу.
Касса операциялар есебi.
Қолма-қол ақша-қаражаттарын сақтау және қолма-қол есеп айырысуларды жүзеге асыру үшiн ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим компаниясында касса құрылған. Касса талапқа сай арнайы жабдықталған, жеке бөлме. Басқа тұлғалардың кiрмеуi үшiн сигнализациямен, жанбайтын сейфпен, арнайы камералармен жабдықталған.
Кассалық операцияларды кассир жүзеге асырады. Кассир келiп түскен ақша-қаражаттарының сақталуына және кәсiпорынға қасақана iстеген немесе өз қызметiн жауапсыздықпен орындауының нәтижесiнде келтiрiлген зияндары үшiн толық жауап бередi. Ол үшiн кассирдi жұмысқа қабылдарда еңбек келiсiм-шартынан басқа жеке толық материалдық жауапкершiлiгi жайлы келiсiм-шарт жасалады.
Негiзгi кiрiс касса құжаты түбiршегi бар касса ордерi болып табылады. Кiрiс ордер түбiршегi кассаға ақша қабылдағанын дәлелдеуi үшiн ақша өткiзген тұлғаға бередi. Кассадан берiлген ақшаны шығыс касса ордерiмен рәсiмдейдi. Аталған ордерлердiң мәлiметтерi касса кiтабы мен кассирдiң есебiне енгiзiледi.
Касса операциялар есебi 451 “Ұлттық валютадағы кассадағы ақша” шотының дебетi мен кредитi бойынша жүргiзiледi.
Тауарлы материалды қорлар есебi.
Тауарлы материалды қорларға:
Шикiзат қоры, материалдар, жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер, өндiрiсте, жұмысты, қызметтi орындау үшiн қолданылатын басқа да материалдар жатады.
Дайын өнiм – субъектiнiң қызметi нәтижесiндегi сатуға арналған тауарлар мен өнiмдер.
ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының тауарлы материалдық құндылықтары физикалық қасиеттерi мен олардың өндiрiстегi қолдану мақсатына қарай сыныпталады. Өндiрiстiк қорларды физикалық қасиеттерi бойынша шикiзат және материалдар, сатып алынған шикiзаттар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары және т.с.с. деп бөлiнедi.
Тауарлы материалдық қорлардың қоймалардағы есебi.
Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының қоймаларындағы тауарлы материалды қорлар есебiн қойма меңгерушiлерi жүргiзедi. Қойма меңгерушiлерi материалды жауапты тұлға болып табылады. Қоймашылар жұмысқа бас бухгалтердiң келiсiмiмен қабылданады. Қойма есебiнiң мәлiметтерi карточкалардан алғашқы құжаттарға жазылып, бухгалтерияға өткiзiледi. Лимиттiк карталар көрсетiлген лимиттердi шегiнде қолданылып, келесi айдың 1 күнiнен кешiкпей берiледi.
Дайын өнiм есебi.
Дайын өнiм құрамына компанияның барлық технологиялық үрдiс операцияларының өңдеуiне өткен және бекiтiлген стандарттарға сәйкес дайын өнiмдерi жатады.
Дайын өнiм есебiнiң объектiсi – балмұздақ өнiмi болып табылады.
Дайын өнiм есебi бухгалтерлiк есепте 221-222 шоттар негiзiнде жүргiзiледi. Дайын өнiм кәсiпорынның айналым құралдарының құрамына жатады және бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес баланста нақты өзiндiк құнымен көрсетiледi. Дайын өнiмнiң нақты өзiндiк құны есептi мерзiм соңында есептелiнедi.
Еңбек және еңбек ақы есебi.
- Атқаратын шаруашылық қызметтерiне байланысты ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының қызметкерлерi келесi санаттарға бөлiнедi:
- басқарушы қызметкерлер;
- мамандар;
- жұмысшылар.
- Компания төмендегi мәлiметтердi өзi жасап, бекiтедi:
- жұмысшылардың жеке топтарына еңбек ақы төлеу нысаны;
- жұмысшылар қызметiнiң деңгейi;
- құрылған ережелер негiзiнде жұмысшыларға сыйақы беру көрсеткiштерi мен шарттары;
- жұмыс разрядтары мен жұмысшыларға разряд тағайындау.
Компания қызметкерлерiне қажет болған жағдайда еңбек ақылары сақталынбайтын қысқа мерзiмдi демалыстар бередi. Компанияның қызметкерлерi мен жұмысшыларын оқу орындарына бағыттап, оларға стипендия төлеу мүмкiншiлiктерi бар.
Негiзгi құралдар есебi.
Компанияға негiзгi құралдар өндiрiстiк ғимарттарды салу, машиналар, жабдықтарды, көлiк құралдарын сатып алу, жабдықтар, мебель, инвентарьдi өз күшiмен жасау нәтижесiнде келiп түсуi мүмкiн.
Негiзгi құралдар есебi компанияда 23 “Субъектiнiң есебi және есеп” Бухгалтерлiк есеп стандарты негiзiнде жүргiзiледi.
Негiзгi құралдар бастапқы құны бойынша кiрiске алынады. Бастапқы құны өзгередi, егер:
— қайта бағалау кезiнде;
— қосымша капиталды салымдар нәтижесiнде, объектiнiң жойылуы нәтижесiнде негiзгi құралдардың пайдалы қызмет ету мерзiмi артады немесе кемидi. Амортизация жаңа негiзгi құралдар жұмысқа орнатылған мерзiмнен келесi айдың 1 күнiнен бастап есептелiнедi және жойылған негiзгi құралдарға қызмет ету мерзiмi тоқтатылғаннан кейiн келесi айдың 1 күнiнен бастап амортизация есептелу тоқтатылады.
Сату шығындарының есебi мен сатуды рәсiмдеу.
Өнiмдi сатумен байланысты шығындар есебiн жүргiзу үшiн 811 “Өнiмдi, жұмысты, қызметтi сату шығындары” шоты қолданылады. Бұл шотта сату шығындарының келесi түрлерi жинақталады: өнiмдi сату шығындары, жеткiзу, тасымалдау, комиссиондық төлемдер, делдалдық қызмет үшiн төлемдер, сату қызметкерлерiнiң жалақылары, сатылатын өнiмдi сақтау, сатуда қолданылатын негiзгi құралдардың амортизациялары, жарнама және т.с.с. шығындар.
Компанияда сауда нысандарына байланысты көтерме және бөлшек сауда болып бөлiнедi. Көтерме сауда дайын өнiмдердi iрi партиялармен сатуда қолданылады. Бөлшек сауда дайынөнiмдердi Алматы және Алматы облысы бойынша сауда жүйелерi арқылы сатуда қолданылады.
Дайын өнiмдi компания қоймасынан босатуды құжаттауда әр түрлi бағалар қолданылады:
Көтерме баға – көтерме сатып алушыларға сатылатын дайын өнiм бағасы. Көтерме баға өзiндiк құннан, өндiрiс шығындарынан және сату шегерiмдерiнен құралады.
Бөлшек баға – тұтынушыларға данамен немесе ұсақ партиялармен сатылатын баға. Бөлшек баға құрамына көтерме баға мен өндiрiс шығындары кiредi.
Келiсiлген баға – компания мен сатып алушы арасындағы келiсiлген баға.
Дистрибьюторлық баға – компанияның өз дистрибьютерлерi үшiн бекiткен бағасы.
Шығындар есебi мен өнiмнiң өзiндiк құнының калькуляциясы.
Өндiрiс шығындарының есебiн компания 7-шi Бухгалтерлiк есеп стандарты, Салық заңы, осы Есеп саясаты бойынша жүргiзедi.
Шығындар есебiн жүргiзу үшiн 9 “Өндiрiстiк шыҒындар есебi” шоттар бөлiмi қолданылады.
Өнiмнiң, жұмыстың, қызметтiң өзiндiк құнын құраушы шығындар экономикалық мазмұнына қарай келесi элементтерi бойынша жiктеледi:
— материалдық шығындар;
— еңбек ақы шығындары;
— еңбек ақыдан әлеуметтiк аударымдар;
— амортизация шығындары;
— басқа да шығындар.
Материалдық шығындар (901,921 шоттар). Материалдық шығындар элементiнде өнiмнiң құрамына кiретiн сатып алынған шикiзаттар мен материалдар құны есептелiнедi.
Материалдық шығындар сатып алу бағаларынан (қосылған құн салығынсыз), үстеме бағалардан, комиссиондық сыйақылардан, тауар биржасына, сыртқы экономикалық ұйымдарға, делдалдарға төленген төлемдерден, көлiк шығындарынан, сақтау, жеткiзу шығындарынан (егер басқа ұйым немесе тұлға жеткiзсе), кеден төлемдерi шығындарынан тұрады.
Еңбек ақы төлеу шығындары 902, 922 шоттар бойынша жүргiзiледi. Еңбек ақы шығындарына негiзгi өндiрiс қызметкерлерiнiң еңбек ақы шығындары, қызметкерлерге, жұмысшыларға өндiрiстiк жетiстiктерi үшiн берiлген сыйақылар, басқа да ынталандырушы төлемдер, бағалардың өсуi мен табыстардың индексациялануына байланысты қосымша төлемдер жатады. Еңбек ақы шығындары сол төленген есептi мерзiмiнде есептелiп, сол есептi мерзiмге жатқызылады.
Негiзгi өндiрiс қызметкерлерiнiң еңбек ақылары 902 “Өндiрiстiк қызметкерлердiң еңбек ақылары” шотында есептеледi, көмекшi өндiрiс жұмысшыларына еңбек ақыны есептеу 922 “Көмекшi өндiрiс қызметкерлерiнiң еңбек ақылары” шоты арқылы жүзеге асырылады.
Еңбек ақыдан аударымдар (903, 923). Еңбек ақыдан аударылатын әр түрлi әлеуметтiк аударымдар жатады.
Амортизациялық аударымдар 934 өндiрiстiк шотында жүргiзiледi.
Амортизация өндiрiстiк негiзгi құралдарға өндiрiстiк әдiс бойынша есептелiп жүргiзiледi.
Басқа да шығындар (904,924). Бұл шығындарға кадрлердi дайындау, жұмысқа қабылдауды ұйымдастыру, материалдық емес құралдардың амортизациясы және т.с.с. шығындар жатады.
Жалға алынған негiзгi құралдарды жөндеуге кеткен шығындар есептi мерзiмде шығындардың барлық баптары бойынша жинақталады.
Үстеме шығындар – 930 шот. Өндiрiстi басқару мен қызмет етуге байланысты үстеме шығындар кәсiпорынның жанама шығындары болып табылады және өнiмнiң өзiндiк құнына бөлiну жолымен енедi.
Үстеме шығындарға:
— кәсiпорынды материалдық қорлармен, соның iшiнде отынмен, электр қуатымен және т.с.с. қамтамасыз ету шығындары;
— негiзгi өндiрiстiк қорларды жұмыс жағдайында ұстау шығындары;
— коммуналдық қызмет;
— электр қуаты;
— өндiрiстiк қызметпен байланысты iс – сапар шығындары.
Кезеңдiк шығындар
Есептi кезең шығындары:
— жалпы және әкiмшiлiк шығындар;
— тауарлы материалдық қорларды сатып алу шығындары;
— бекiтiлген шектен жоғары iс-сапар шығындары 821 шотқа жатқызылады;
— офис, типографиялық, почта – телеграф, телефон шығындары;
— кеңес қызметтерiн төлеу;
— сот шығындары;
— бюджетке төлемдер бойынша айыппұлдар мен пенялар;
— офис шығындары;
— жарнама шығындары;
— салықтар, алымдар және мемлекеттiк бюджетке мiндеттi төлемдер.
Компанияның қаржы есебi.
Компанияның мемлекеттiк органдарға тапсыратын қаржы есебiнiң нысандары:
— бухгалтерлiк баланс;
— қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi жайлы есеп;
— ақша-қаражаттарының қозғалысы жайлы есеп;
— түсiнiктеме хат.
Шаруашылық операциялар бағаланып, операциялар бойынша есептер ҚР-ң ұлттық валютасында – теңгемен операция жүргiзiледi.
Қаржы есебi ҚР ұлттық валютасында жүргiзiлiп, өлшем бiрлiгi – мың теңге.
Шетел валютасында жүзеге асырылған операциялар сол операция болған күнi ҚР Ұлттық Банкiнiң теңгеге шаққандағы бағамымен есептеледi.
Компанияның бас бухгалтерi немесе арнайы тағайындалған тұлға қаржылық есептi мерзiмiнде мемлекеттiк органдарға тапсыруға жауапты болып табылады.
Қаржылық есеп ҚР Президентiнiң “Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп туралы” Жарлығының ((26.12.95ж) 01.01.03ж толықтырулар мен өзгерiстер), ҚР Бухгалтерлiк есеп стандарттарының, Бухгалтерлiк есеп стандарттарының әдiстемелiк құралдарының және компанияның есеп саясатының негiзiнде жасалады.
Қаржылық есептi жергiлiктi статисика агенттiгiне және мемлекеттiк басқару органдарына жылына бiр рет тапсырып отырады.
1.3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру
Шаруашылық қызметiнiң процесiнде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару нәтижесiнде қызметкерлердiң саны өзгередi, жұмысы бойынша ауысулар жүргiзiледi. Қызметкерлердiң құрамдық өзгерiсiнiң есебiн кадрлар бөлiмi (кадрлар жөнiндегi инспектор немесе басшы осыған өкiлеттi етiп қойған басқа бiр адам ) жүргiзедi, ол бүкiл субъектiдегi және оның құрылымдық бөлiмшелерiндегi қызметкерлердiң санын және оның өзгеру себептерiн, жынысын, жас мөлшерiн, категорияларын, кәсiптерiн, қызмет орындарын, мамандықтарын бiлiктiлiгiн, жұмыс стажын, бiлiмiн және басқа белгiлерiн есепке алады.
Жұмыс берушi жұмысқа қабылдаған кезде (заңды немесе жеке тұлға, еңбеккер мен еңбек қатынасын қалыптастырады) еңбеккерлермен өзара тiкелей жеке еңбек келiсiм-шарттарын жасайды.
Жеке еңбек келiсiм-шарты – жұмыс берушi мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түрiндегi келiсiм, онда жұмыс орны,келiсiм-шарттың мерзiмi, еңбек тәртiбiнiң жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбектi қорғаудың басқа мәселелерi туралы сұрақтар қарастырылады.
Әдетте, жалақысының деңгейiн жұмыс берушi белгiлейдi және ол жеке еңбек келiсiмшартында белгiленедi.
Жеке еңбек келiсiм-шартында мыналар қарастырылады:
— белгiсiз мерзiмге;
— белгiлi мерзiмге;
— белгiлi бiр жұмыс орнына, белгiлi уақытқа;
- еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға.
Заңда келiсiм-шарттың максимальды және минимальды мерзiмi белгiленбеуi мүмкiн. Егер де жеке еңбек келiсiм-шартында мерзiмi айтылмаса, онда ол белгiсiз мерзiмге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келiсiм-шарты екi данада жазбаша түрде жасалады және оған екi жақ та қол қояды. Оның бiр данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге берiледi. Еңбеккер өз қызметiне келiсiм-шартта көрсетiлген күннен бастап кiрiседi, онда оның нақты жұмысқа шыққан күнi есептелiнедi.
Жеке еңбек келiсiм-шартын жасау үшiн жұмыс берушi жұмыскерден (қызметкерден) еңбек кiтапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтiк кодын, зейнеткерлiк келiсiм-шартын, бiлiмi туралы құжатын талап етуге құқылы. Жеке еңбек келiсiм-шарты не қол қойылған соң, жұмыс берушi бұйрық шығаруы тиiс.
Жұмысқа жаңадан қабылданғандарды «Жұмысқа қабылдау туралы (№Т-1 нысанындағы) бұйрықпен (өкiммен)» құжаттайды; кадрлар бөлiмiнiң бастығы немесе жұмысқа қабылдауға жауапты адам бұрыштама қойылған бұйрықтың (өкiмнiң) жобасы қажеттi жағдайларда келссөз жүргiзуге жолдама және жұмыс жағдайларымен таныстыру үшiн құрылымдық бөлiмшелерге жiберетiн рұқсат қағаз болып табылады. Құрылымдық бөлiмше бастығы (мастерi) оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды: бұйрық (өкiм) жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай жұмысқа қабылданғаны көрсетiледi. Осында сынақ мерзiмiнiң ұзақтығы да көрсетiледi. Қызметкердiң жұмыс жағдайларымен келiсiмi, келiссөз, дәрiгерлiк көрiнiс нәтижелерi, техникалық қауiпсiздiк, өрттiң алдын алу шараларының минимумы бойынша нұсқаулар берiлгендiгi туралы және басқа да белгiлер үлгiнiң сыртқы жағына соғылады (немесе жазылады). Жұмысқа алу туралы бұйрықтың (өкiмнiң) жобасында кәсiпкердiң айлық жалақысы белгiленiп, бос тұрған қызмет орны және штат кестесi бойынша белгiленген айлық ақысы көрсетiледi. Кәсiпорын басшысы қол қойған бұйрық (өкiм) қызметтерге хабарланып, одан қолхат алынады. Кадрлар бөлiмi жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың (өкiмнiң) негiзiнде жеке карточкасын толтырады, жұмысқа қабылданғаны туралы еңбек кiтапшасына белгi соғады, ал бухгалтерия дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.
Барлық категориядағы қызметкерлерге, оның iшiнде жоғары және арнаулы орта бiлiмi бар мамандарға және училищелердi, кәсiптiк-техникалық бiлiм беретiн мектептердi т.б. бiтiрген жас жұмысшыларға да «Жеке карточка» толтырылады.
Жұмысқа қабылдануы, басқа бiр тұрақты жұмысқа ауысуы және жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың (өкiмнiң) негiзiнде еңбек кiтапшасына енгiзiлетiн әрбiр жазбаны әкiмшiлiк сол кiтапша иесiне таныстырылып, карточканың тиiстi жерлерiне қол қойғызып отыруға мiндеттi.
Еңбек кiтапшасы не жұмыс берушiде, не қызметкерлердiң өзiнде сақталуы мүмкiн.
Жеке еңбек келiсiм-шартына және демалыстар кестелерiне сәйкес қызметкерлеге берiлетiн жыл сайынғы және басқа түрлердегi демалыстарды құжаттау үшiн «Демалыс беру туралы бұйрық (өкiм)» қолданылады. Екi дана етiп толтырылады, бiрi кадрлар бөлiмiнде қалады, екiншiсi бухгалтерияға берiледi. Оған құрылымдық бөлiмшенiң бастығы (мастерi) мен кәсiпорын басшысы қол қояды. Демалыс беру туралы бұйрықтың (өкiмнiң) негiзiнде кадрлар бөлiмi қызметкерлердiң жеке карточкасына белгiлер соғады, ал бухгалтерия демалыс үшiн тиесiлi жалақысын есептейдi.
Жеке еңбек келiсiм-шартынан басқа жұмыс берушi қызметкерлермен азаматтық-хұқықтық келiсiм-шарт жасауына болады. Олар жеке бiр нақты тапсырманы орындау үшiн жасалады. Азаматтық-хұқықтық қатынаста қызметкер белгiлi бiр тапсырманы орындаған кезде сол ұйымның iшкi тәртiбiне бағынбайды.
Қызметкердi бiр цехтан (бөлiмнен, учаскеден) екiншiсiне ауыстырғанда “Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрығы(өкiмi)”(№Т-5 нысанындағы) жазылады. Оны кадрлар бөлiмiнiң қызметкерi бiр дана етiп толтырады. Бұйрыққа бұрынғы және жаңа жұмыс кәсiпорын басшысы қол қояды. Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтың негiзiнде кадрлар бөлiмi жеке карточкаға, еңбек кiтапшасына және басқа құжаттарына белгiлерiн соғады. Үлгiнiң сыртқы жағына қызметкердiң бұрынғы жұмыс орны бойынша жауапкершiлiгiнде тұрған, тапсырылмаған мүлiктiк-материалдық және басқадай бағалы заттар туралы белгiлер қойылады.
Жыл сайын берiлетiн кезектi демалыстар мен басқа да демалыс түрлерiн рәсiмдеу №Т-6 нысанындағы “Демалыс беру туралы бұйрық” негiзiнде жүзеге асырылады. Бұйрық екi данада толтырылып, бiрiншiсi кадрлар бөлiмiнде қалып, екiншiсi бухгалтерияға тапсырылады. Бұйрыққа мекеме басшысы мен құрылымдық бөлiмше басшысы қолдарын қойып бекiтедi. Бұйрық негiзiнде кадрлар бөлiмiнiң қызметкерi қызметкердiң жеке карточкасына кезектi демалыс берiлгендiгiне байланысты белгi қояды, бухгалтерия қызметкерi өз кезегiнде тиiстi еңбекақысын есептейдi.
Қызметкерлердi жұмыстан шығарғанда “Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықі” (№Т-8 нысанындағы) қолданылады. Оны кадрлар бөлiмiнiң қызметкерi барлық қызметкерге екi дана етiп толтырады. Бiрi кадрлар бөлiмiнде қалдырылады, ал екiншiсi бухгалтерияға берiледi. Оған құрылымдық бөлiмшенiң бастығы немесе кәсiпорын басшысы қолын қояды. Бұйрықтың негiзiнде кәсiпорынның бухгалтериясы қызметкермен есеп айырысады. Жұмыстан өз еркiмен шыққанда қызметкер үлгiнiң бет жағына арыз жазады.
Жұмысшылар мен қызметшiлердiң жұмыс уақытының белгiленген кестесiн сақтап жүруiн бақылау, жұмыс iстелген уақыт туралы деректер алу, еңбек төлемi бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөнiнде статистикалық есеп беру үшiн “Жұмыс уақыты есебiнiң табелiнде” жұмыс iстеп жүргендердiң барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебi жүргiзiледi. Табельдi өкiлеттiгi бар адам бiр дана етiп жасайды, олар тиiсiнше құжатталған соң бухгалтерияға берiледi. Жұмысқа келмеу себептерi туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнiнде дұрыс толтырылған құжаттар (жұмысқа жарамсыздық парағы, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындағаны туралы анықтамалар т.б.) негiзiнде ғана табельге белгi қойылады. Жұмыс уақытын пайдалану есебi табельдерде қызметкерлердiң жұмысқа келген-келмегендерiн жаппай тiркеу әдiсiмен немесе тек ауытқуларын (келмегендердi, кешiккендердi т.б.) тiркеу әдiсiмен жүзеге асырылады.
Кәсiпорындарда табельдердiң мынадай түрлерi қолданылады:
— №Т-12 нысаны, жұмыс уақытын пайдалануды есепке алуға және есептiк деректердi өңдеудiң механикалық әдiсi негiзiнде жалақыны есептеп шығаруға арналған;
— №Т-13 нысаны, жалақыны есептеусiз жұмыс уақытын пайдалану есептерiн есепке алуға арналған. Нысан бiр данада арнайы белгiленген тұлғамен толтырылып, бухгалтерияға тапсырылады. Жұмысқа келмеген немесе толық жұмыс iстемеген күндерi немесе басқа да жұмыс жағдайларының нормадан ауытқулары жайлы белгiлер табельге арнайы рәсiмделген нысандар негiзiнде қойылады.
— №Т-14 нысаны, тұрақты айлық кесiмдi жалақысы немесе қойылымы бар қызметкердiң жұмыс уақытын есепке алуға арналған.
Табель – бұл жұмыс жасаушылардың санаттары бойынша қызметкерлер тiзiмi. Табельге жазуды және одан қызметкерлердiң фамилияларын алып тастауды жеке құрамды есепке алу жөнiндегi құжаттардың негiзiнде жасайды. Табель күн сайын жұмыс күнi аяқталған бойда мына екi әдiстiң бiреуiмен толтырылады:
1 – әдiс. Мұндай кезде қалыпты жұмыс сағаты қойылады. Жұмысқа келмеу әрiптермен немесе сандармен қойылады.
2 – әдiс. Бағандарға тек жұмысқа келмеу әдiстерi қойылады. Ал жұмысқа келген күндер ұяшықтары бос қалады. Табельдi дұрыс толтыру үшiн жұмыс уақыты үш топқа бөлiнедi:
- Жұмыспен өтелген уақыт (жұмыс күнi iшiндегi жұмыс сағаты, жұмыс уақытынан тыс жұмыстар, мейрам және демалыс күндерiндегi жұмыстар);
- Жұмыспен өтелмеген, бiрақ төленген уақыт (ауырған күндер, демалыс, жасөспiрiмдердiң жеңiлдiк сағаттары, нәрестелердi тамақтандыруға арналған үзiлiс);
- Жұмыспен өтелмген, төленбеген уақыт (бос жүру, қызметкерлердiң кiнәсi бойынша тұрып қалу, кешiгу, жұмыстан ерте кетiп қалу ).
Жұмыс уақыты есебiнiң табельдерi деректердi автоматты түрде өңдеу жағдайында қолданылады. Iшiнара реквизиттермен толтырылған табель бланкiлерi компьютерлiк техника құралдарының көмегiмен жасалуы мүмкiн. Мұндай реквизиттерге жататындар: кәсiпорынның құрылымдық бөлiмшлерi, цех, қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты, кәсiбi, қызмет орны,табельдiк номерi т.б. мұндайда табель үлгiсi деректердi өңдеудiң қабылданған технологиясына сәйкес өзгередi. Бiрақ мұндай үлгiде жұмыс уақытын пайдалану есебi көрiнiс табатындай етiп жүргiзiлуi керек. Жұмыс iстеген немесе жұмыс iстемеген уақытын белгiлеу үшiн мынадай шартты белгiлер қолданылады:
(жалғасы келесі бетте)
№ |
Шартты белгiлерi |
код |
|
әрiптiк |
сандық |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Жұмыс сағаттары, күндерi |
я |
01 |
2. |
Түнгi жұмыс сағаттары |
н |
02 |
3. |
Кешкi жұмыс сағаттары |
вч |
03 |
4. |
Мерзiмнен тыс жұмыс сағаттары: |
|
|
|
— кесiмдi қызметкер үшiн |
с |
05 |
|
— мерзiмдi қызметкер үшiн |
сп |
06 |
5. |
Кесiмдi қызметкердiң толық сменалық мерзiмдi жұмысы |
ц |
07 |
6. |
Қызмет бабындағы iс-сапарлары |
к |
10 |
7. |
Жыл айындағы демалыстар |
от |
14 |
8. |
Жұмысқа уақытша жарамсыздығы |
б
|
17 |
9. |
Екiқабат болуға және бала табуға байланысты берiлетiн демалыстар |
р |
18 |
10. |
Қызметкердiң кiнасынан болған толық сменалық кiдiрiстер |
п |
20 |
11. |
Қызметкердiң кiнасынан болған сменадағы кiдiрiстер |
в |
21 |
Толтырылған жұмыс уақытының есебiнiң табелi
Жұмыстың уақтылы басталуына және аяқталуына, жұмыс күнi iшiнде жұмыс уақытының пайдаланылуына бақылау жасауды кәсiпорын басшысы жүзеге асырады.
Бақылау әдiстерi:
- Карточкалық, бақылау сағаттарының көмегiмен;
- Жетондық, табельдiк жетондар мен маркiлердi пайдалану арқылы;
- Өткiзу, мұндай кезде кiрiп-шығуға рұқсат қағаз беру жұмыс күнiнiң басында және аяғында жүргiзiледi;
- Рапорттық-ведомостiк, бөлiмше бастығының рапорттары мен табельдiк ведомостерiн пайдалану арқылы;
- Бақылау — өткiзу қағаздарының көмегiмен.
Бiтiру жұмысына арқау қылып алып отырған Фуд-Мастер компаниясында карточкалық- бақылау әдiсiмен жүргiзiледi. Мысалы, таңертең жұмысқа келгенде карточкалық бақылау терезесiне әр жұмыскер карточкасын көрсетедi. Сол арқылы жұмыскердiң келген және кеткен уақыты компьютердегi табельге келiп түседi.
Техникалық нормалау, яғни жұмыс түрлерi, жұмыстың күрделiлiгi мен қызметкерлердiң бiлiктiлiгi ескерiлiп, жалақының тарифтiк жүйесi арқылы жүзеге асатын жұмыс уақытының шығындар нормасын әзiрлеу еңбектi есепке алудың маңызды элементi болып табылады. Осы сетканың және разряд аралық коэффициенттердiң негiзiнде есептелген тарифтiк ставкалар мен лауазымдық кесiмдi жалақылар тарифтiк келiсiмдер мен ұжымдық шарттарды жасауға негiз болады. Қызметкердiң айлық-тарифтiк ставкасы сол мезетте Қазақстан Республикасында белгiленген ең төменгi жалақыны тиiстi разрядтағы қызметкердiң тарифтiк коэффициентiне көбейту ретiнде анықталады.
II. Еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебi
2.1. Еңбекақы түрi, жүйесi, нысаны
Еңбек төлемiнiң нысаны. Жалақы – бұл еңбек үшiн төлем, оны еңбек келiсiм – шартында және қызмет нұсқауында белгiленген көлемiне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшiн алады.
Еңбек тиiмдiлiгiн арттырудың әртүрлi ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепiлдiк төлемдерi. Жұмыс берушi нақты жағдайын ескере отырып, “Еңбек ақы төлеу туралы “ ережесiн дербес әзiрлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердiң категориясын, жұмыс уақытының тәртiбiн, ”Қызметкер туралы” ережесiн белгiлей алады. Аталған ереже жұмыс берушiге еңбек тәртiбiн ұйымдастыру мен еңбек келiсiм – шартын жасау үшiн Қана емес, сондай-ақ, ол шығыстар мен ұсталымдарды негiздеу үшiн де қажет. Төлем жеке немесе ұжымдық еңбек нәтижесi бойынша жасалуы мүмкiн.
Бұл жағдайда жұмыс берушiнiң белгiлеген жалақысының деңгейi заңда белгiлеген ең төменгi жалақының деңгейiнен төмен болмауы керек.
Жалақы екi түрге бөлiнедi:
- негiзгi;
- қосымша.
Негiзгi – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшiн, орындаған жұмыстары мен өнеркәсiптiк өнiмдерiнiң саны мен сапасы үшiн белгiленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетiн жалақы. Оның құрамына:
- жұмыс iстеген уақытына тарифтiк ставкалар, қызметақы, кесiмдi бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;
- қызметпен өткерген жылдар үшiн үстеме;
- жұмыс жағдайының өзгеруiне байланысты кесiмдi ақы алушыларға үдемелi бағалаулар бойынша қосымша ақы;
- ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудiң бекiтiлген тәртiбiне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
- мерзiмнен тыс уақыттағы жұмыс үшiн қосымша ақы;
- түндегi жұмыс үшiн қосымша ақы;
- жұмысшының кiнәсi жоқ тұрып қалуға төлемдер.
Қосымша – бұл қызметкердiң кәсiпорында жұмыс жасамаған уақытына Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес есептелетiн жалақы. Қосымша жалақының құрамына кiретiндер:
- балаларын тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзiлiс уақытына төлем;
- жасөспiрiмдердiң жеңiлдiк сағаттарына төлем;
- мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттемелердi орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
- негiзгi және қосымша демалыстар уақытына төлем;
- пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы;
- шыққанда берiлетiн жәрдем ақы.
Фуд-Мастерде еңбек ақыны ұймдастырудың екi негiзгi нысаны пайдаланылады – кесiмдi (өнiм санына қарай ақы төлеу) және мерзiмдi (iстеген күнiне қарай төлеу). Компанияның жалпы қызметкерлерiнiң саны – 140 адамды құрайды.
Мерзiмдi еңбек ақысы деп, нақты iстеген уақыты үшiн еңбек ақының мөлшерi немесе тарифтiк мөлшерлемесi бойынша еңбеккерлерге есептелетiн жалақының нысанын атайды. Мерзiмдiк еңбек ақының нысаны жай – мерзiмдiлiк және сыйақылы – мерзiмдiлiк болып бөлiнедi. Компанияда мерзiмдiк еңбек ақыны жалпы және әкiмшiлiк қызметкерлерi алады. Мерзiмдiк еңбек ақының сомасы 30 262 342 теңге немесе компанияның жалпы жылдық еңбек ақы қорының 54% құрайды. Бұл компанияда мерзiмдiк еңбек ақыны жалпы және әкiмшiлiк бөлiмiнiң қызметкерлерi алады.
Жай мерзiмдiлiк жүйесiнiң кезiнде өзiне берiлген тарифтiк мөлшерлемесi немесе нақты iстеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы есептейдi. Ендi осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткiштерi үшiн қосымша еңбек ақы сыйақылы – мерзiмдiлiк төлем болып табылады.
Кесiмдi еңбек ақы төлеген кезде алдын-ала белгiленiп қойған деңгейде әзiрленген өнiмнiң немесе орындалған жұмыстың әрбiр бiрлiгiне есептейдi (дана, ткм, килограмм т.б.). кесiмдi еңбек ақы нысаны келесiдей еңбек ақы жүйесiне бөлiнедi:
Тiкелей кесiмдi еңбек ақы жүйесi әрбiр өнiм бiрлiгi бойынша бағасын қою арқылы белгiленедi;
Кесiмдi – сыйақылық – бұл қосымша марапаттау төлемiн қарастырады, белгiленген көрсеткiштi орындаған кезде ғана пайдаланылады;
Кесiмдi – прогрессивтi (үдемелi) еңбек ақы төлемi. Еңбек төлемiнiң бұл жүйесi жұмысшылардың белгiленген нормадан артық өндiргенi үшiн көтермелеу ретiнде пайдаланылады. Норма мөлшерiнде дайындалған өнiм үшiн жұмысшыларға төлемдi тiкелей кесiмдi бағалар бойынша есептейдi, ал нормадан асыра дайындалған өнiм үшiн үдемелi (прогрессивтi) бағалар бойынша есептейдi;
Жанама кесiмдi еңбек ақы төлемi. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемi қызмет көрсететiн учаскесiнiң, цехтың негiзгi жұмысшылардың төлем-ақысына шаққандағы пайызымен анықталады;
Еңбек ақы төлемiнiң аккордтық жүйесi. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемi нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемiнiң (уақытының, өндiрiм нормаларының) орындалуы және алдын ала кешендiк жұмыстың тұтастай орындалуына белгiленген жалпы кесiмдiк бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемiнiң бұл жүйесi жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшiн еңбек өнiмдiлiгiн арттыруда және жұмыстың орындалу мерзiмдерiн қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшiн пайдаланады. Еңбек төлемiнiң аккордтық мөлшерiн қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт нормалары, өнiмдер) мен бағалар негiзiнде белгiлейдi, ал олар болмаған жағдайда – онда ол осы тәрiздес жұмыс үшiн қолданып жүрген, нормативтiк тапсырмалар мен баға бойынша белгiленедi. Еңбек төлемiнiң бұл жүйесi бойынша аккордтық тапсырманы мерзiмiнен бұрын орындағаны үшiн сыйақы беру тәртiбi белгiленуi мүмкiн.
Фуд-Мастер компаниясында өндiрiстiк жұмысшыларға аккордтық-кесiмдi нысаны қолданылады. Компанияда балмұздақ шығаратын екi үлкен аппарат бар, әрқайсысы күнiне норма бойынша 9 тонна өнiм шығаруы керек. Әр сменада 15 адамнан тұратын бригада жұмыс iстейдi. Яғни шығарған өнiмiне қарай 15 адамның еңбек ақысы есептелiнедi. Жалпы жылдық еңбек ақы қорының 25 779 400 теңгесi немесе 46% аккордтық-кесiмдi жалақыны төлеуге жұмсалады.
Болашақта өндiрiстi кешендi түрде механикаландыру мен автоматтандырудың дамуы, мамандықтардың жетiлуi, еңбек төлемiнде нақты сараланудың кемуi кесiмдi жүйенiң қолданыс аясын қысқартады, ал оларды жұмысшылардың еңбек төлемiнiң мерзiмдiлiк-сыйақылы жүйелерiне алмастыруы мүмкiн.
Ынталандыру сипаттағы төлемдер. Өндiрiс тиiмдiлiгiн және орындалатын жұмысьың сапасын арттыру мақсатында еңбеккерлердiң материалдық мүддесiн күшейту үшiн сыйлық пен марапаттау жүйесiн енгiзу керек, ал ол жыл соңының нәтижесi бойынша және басқа да көрсеткiштер бойынша берiлуi мүмкiн.
Сыйлық еңбеккерлердiң жеткен жетiстiгi үщiн ақшалай қолдап дем беру және оның одан әрi өсу қарқынын ынталандыру болып табылады. Сыйлық, негiзiнен үстеме төлем ретiнде берiлуi мүмкiн.
Жұмысшыларға жұмыстың негiзгi нәтижелерi үшiн сыйлық беру мынадай көрсеткiштерi бойынша жүзеге асырылады: еңбек өнiмдiлiгiне, өнiм сапасының арттырылуына және өндiрiстiң соңғы нәтижелерiнiң жақсаруына байланысты болады. Сыйлықтардың мөлшерлерi iстеген жұмыстарының маңыздылығы мен күрделiлiгiне қарай жұмысшылардың кәсiптерi мен топтары бойынша сараланып белгiленедi. Бригада ұжымдары бүкiл бригада ұжымының жұмыс нәтижелерi үшiн төленетiн қаражат мөлшерiнде бригаданың әрбiр мүшесiне жұмыстың жалпы нәтижелерiне қосқан нақты үлесiн, еңбек тәртiбi мен iшкi тәртiп ережелерiн сақталуын ескере отырып, сыйлықтардың мөлшерiн анықтауға хұқылы. Сыйлық, әдетте, айлық жұмыс нәтижелерi бойынша берiледi.
Басшы қызметкерлерге, мамандарға және қызметкерлерге сыйлық беру. Бұл категорияларға сыйлық кәсiпорын шаруашылық қызметiнiң негiзгi нәтижелерi үшiн берiледi. Кәсiпорын қызметкерлерiне : басшы қызметкерлерге бүтiндей алғанда кәсiпорын жұмысының нәтижелерi үшiн; басқару аппараты қызметкерлерiне – бөлiмшелердiң, басқару аппаратының қызметiнiң қорытындыларын немесе жекелеген еңбек көрсеткiштерiн ескере отырып, бүтiндей алғанда кәсiпорын жұмысының нәтижелерi үшiн; құрылымдық кәсiпорындардың қызметкерлерiне осы бөлiмшелердiң жұмыс нәтижелерi үшiн сыйлық берiледi.
Сыйлықтарды жазу үшiн басқару аппаратының басшы қызметкерлерiне бухгалтерлiк және статистикалық есептердiң деректерi, сондай-ақ жедел есеп пен лабораториялық бақылау деректерi; өндiрiстiк бөлiнiстер, цехтар мен учаскелер қызметiнiң қызметкерлерiне бухгалтерлiк есептердiң, жедел есептiң және лабораториялық бақылаудың деректерi негiз болып табылады. Сонымен қатар, олардың моральдық факторлары да ескерiледi.
Еңбек жағдайының өзгерген кезiнде жасалатын қосымша төлемдер. Бiрнеше қызметтi қатарынан атқарған кезде (қызмет көрсететiн аясы кеңейгенде) немесе уақытша келмегендердiң (қатысушылардың) мiндетiн атқарған кезде қосымша төлем жасалады. Егер олар бiр ұйымның шеңберiнде жұмыс iстейтiн болса және уақытша жұмысқа келмегендер қызметiнен босамаған болса, еңбеккерлердi негiзгi мiндетiнен босатпай, оларға қосымша мiндеттемелер жүктеледi. Оның мөлшерi жұмыс берушiмен жұмысты атқаратын еңбеккерлердiң келiсiм бойынша анықталады (негiзгi айлығының бiр айдағы айлығынан пайыздық мөлшерлемесi алынады). Егер де уақытша жұмысқа келмегендердiң мiндетiн атқарса, онда олардың айлықтарының айырмасы алынады (бiрақ бұл кезде оған қосылған қосымша төлемдер мен үстемелер есепке алынбайды) және айлығындағы айырмаға ынталандыру төлемi жасалмайды. Егер ол ваканттық қызметте болса, онда ол уақытша жұмысқа келмеген болып саналмайды.
Түнгi уақыттаҚы жұмыс үшiн еңбек ақы. Түнгi уақыт кешкi 22 сағаттан бастап, таңғы 6-ға дейiн созылады. Бүкiл жұмысының 50%-тейi түнгi алмасуға келсе, онда ол түнгi уақытта жұмыс iстеген болып саналады. Ондай еңбеккерлерге жарты тарифтiк мөлшерлеменiң деңгейiнде қосымша еңбек ақы төлемi жасалады.
Нормадан артық жұмыс iстегенi үшiн еңбек ақы. Нормадан артық жұмыс iстегенi үшiн жарты тарифтiк мөлшерлеменiң деңгейiнде қосымша төлем жасалады. Кез келген жұмыс берушi аптасына 40 сағат жұмыс уақыты етiп белгiлейдi. Ал жеке және ұжымды келiсiм-шартта бұл одан да төмен болып белгiленуi мүмкiн. Егер де кәсiпорын бiр аптаның алты күнiн 7 сағаттан жұмыс iстейтiн күн етiп бекiтсе, онда оның жұмыс уақытының ұзақтығы – 40 сағатқа тең болады, ал егер де күндiгi 6 сағаттан есептелсе, онда ол 36 сағатқа тең болады, ал егер де күндiгi 5 сағатқа тең болса, онда ол 30 сағатты құрайды. Ендi осы көрсетiлген сағаттардан артық iстегенi, нормадан артық iстегенi болып табылады.
Демалыс және мереке күндерiндегi жұмыс iстегенi үшiн жасалатын төлемi. Егер қызметкер өзiне белгiленген демалыс күнiнде жұмысқа тартылса, онда оған екi апта iшiнде басқа бiр демалыс күнi берiлуге тиiс. Егер кәсiпорын әкiмшiлiгiнiң оған қосымша демалыс беруге мүмкiншiлiгi болмаса, ерекшелiк жағдай ретiнде бұл күн үшiн екi есе мөлшерiнде: мерзiмдiк жұмысшыларға және айлық ақы алатын қызметкерлерге тарифтiк төлем мөлшерлеменiң (айлық ақысының) екi есе еселенген төлем ақы төленедi.
Мерекелiк күндерде жұмыс iстегенi үшiн жұмысшыларға екi еселенген кесiмдi бағалар бойынша; еңбектерi сағаттық не күндiк төлем мөлшерiнен төленетiн жұмысшыларға сағаттық не күндiк төлем мөлшерiнiң екi еселенген шамасында; айлық ақы алатын қызметкерлерге мерекелiк күнi, жұмыс iстегенi үшiн айлығының шегiнде, сағаттық не күндiк төлем мөлшерiнiң екi еселенген шамасында еңбек ақы төленедi.
Тоқтаусыз жұмыс iстейтiн ұйымдарда (немесе олардың кейбiр бөлiмшелерiнде), сондай-ақ жұмыс уақытының есебiн ынталандыру кезiнде демалыс пен мереке күндерiндегi жұмыс уақыты айлық жұмыс уақытының нормасына енгiзiледi.
Айрықша жағдайда төленетiн еңбек ақы. Жеке және ұжымдық келiсiм-шарттарда ауа райы ауыр жағдаймен, қара жұмыспен, қауiптi және денсаулығына зиян келтiретiн жұмыспен, интенсивтi еңбекпен байланысты жұмыстарға жергiлiктi жерде қосымша еңбек ақы белгiленуi мүмкiн. Қара жұмыс, қауiптi және денсаулығына зиян келтiретiн жұмыстар жұмыс орнын аттестациялаудың көмегiмен және еңбек бойынша мемлекеттiк органдардың өкiлеттiлiгiнiң қатысуымен анықталады. Ал интенсивтiк еңбек ақы салалық және салааралық нормативтердiң негiзiнде анықталады.
Жұмыс уақытында орын алған тоқтауларды төлеу жеке және ұжымдық келiсiм-шарттарда анықталады. Егер де тоқтатулар еңбеккерлердiң кiнәсiнен болмаса, онда сол еңбеккерлерге төлеуге тура келедi. Сондай-ақ жұмыс берушi төлемдердiң басқа да түрлерiн жасауға хұқысы бар. Мысалға, тегiн сүт, тамақ өнiмдерiн, тамақтандыру, витамин препараттарын беру, денсаулығы төмендеуiне байланысты орташа жалақысын сақтау, арнайы киiмдер беру тағы басқаларын. Бұл аталған төлем шығыстары дайын өнiмнiң өзiндiк құнына қосылады.
Сонымен қоса, жұмыс берушiлер жеке не ұжымдық келiсiм-шартында вахталық әдiс бойынша да еңбек ақы төлеудi қарастырады. Олар мерзiмдi де, кесiмдi де болуы мүмкiн. Олардың есебi алдын ала қаралған графиктердiң шегiнде жүредi. Вахталық әдiсте еңбек ақы төлеудiң негiзiнде – бiр күндiк мөлшерлемесi алынады және сол сомадан үстеме жалақының мөлшерi анықталады немесе сағаттық тарифтiк мөлшерлеме пайдаланылады. Егер де еңбеккер жұмыс орнына өз күшiмен барса, онда оған жұмыс берушi транспорттық шығысын өтеп беру керек (егер ол орынды себептермен дәлелденсе).
Негiзгi және қосымша жалақылар жалақы қорын құрады. Жалақы қорының құрамына жалақының барлық түрлерi,әртүрлi сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердiң жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептеген жеке әлеуметтiк жеңiлдiктер қосылады.
Еңбек бойынша статистикалық есеп жасаған кезде қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу жасалған төлем құжаттарында көрсетiлген ақша қаражаттары көрсетiлуi тиiс. Бұл жағдайда “брутто” сомасы, яғни Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес ұсталынатын ұсталымдар мен басқа да төлемдер төленбегендегi сомалары көрсетiледi.
Шет ел валютасында есептелген жалақы есепке сол мерзiмге Ұлттық Банктiң бекiткен ұлттық ақша бiрлiгiне шаққандағы шет ел валютасының бағамымен енгiзiледi.
Есептелген әр жылдық, әр жылдық қосымша және қосымша демалыстар сомалары есептi айда көрсетiледi тек сол айға келетiн есептелген демалыс күндерiнiң сомалары. Ал келесi айға есептелген демалыс сомалары сәйкесiнше келесi айдың есебiнде көрсетiледi.
Еңбек ақымен натуралды нысанда есеп айырысқан жағдайда сол мерзiмдегi сол жерде қалыптасқан нарық бағасымен есептеп, еңбек бойынша есепке енгiзедi.
Еңбек ақы қоры өндiрiстiк бағдарламаның орындалу көлемiне сәйкес жұмсалуы керек және еңбек өнiмдiлiгi еңбек ақы өсiмiнен алда болуы керек.
Бухгалтерия, жоспарлау бөлiмi, еңбек және еңбек ақы бөлiмi тарифтiк ставкаларды, өнiмдiлiк нормаларының, кесiмдi бағаларды, бекiтiлген окладтарды, сыйақы жүйелерi мен әртүрлi төлемдердi дұрыс пайдалануды жүзеге асырулары керек. Еңбекақы қорын пайдалануға бақылау қоғамның ревизиялық комиссиясына, iшкi және сыртқы аудиторларға жүктелген.
Қызметкердiң жұмысқа қабылдану мерзiмiне қарай былайша бөлiнедi:
* тұрақты – жұмысының аяқталу мерзiмi көрсетiлмеген;
* уақытша – 2 ай шамасындағы мерзiмге;
* маусымдық – маусымдық жұмыстарды орындау кезеңiне (6 айдан аспайды).
Ұлттық Статистикалық Агенттiктiң 19.12.96 ж. №50 қаулысымен бекiтiлген жалдау бойынша жұмыс жасайтындардың саны мен жалақысының статистикасы туралы Нұсқаулыққа сәйкес қызметкердiң өндiрiстiк-шаруашылық қызметiне қатысуына қарай персонал:
— өнеркәсiптiк-өндiрiстiк;
— өнеркәсiптiк емес;
деп бөлiнедi. Кәсiпорында жұмыс жасайтындарды тiзiмдiк және тiзiмдiк емес персонал деп бөледi. Орындайтын функцияларына байланысты жұмыс жасайтындарды жұмысшылар және қызметкерлер деп бөледi. Қызметкерлер өз кезегiнде басшылар, мамандар және басқа қызметкерлер болып бөлiнедi. Жұмысшыларды өндiрiс процесiне қатысуына қарай негiзгi және көмекшi деп бөледi.
2.2. Еңбек ақы есептеу тәртiптерi
Ақшалай нысанындағы еңбек ақыларға келесiдей төлем түрлерi жатады:
- жұмыс iстелген уақытқа, орындалған жұмыс үшiн кесiмдi бағалар бойынша, тарифтiк ставкалар бойынша, қызмет дәрежесi окладтары, орташа жалақы немесе таза табыстан бөлiктерi бойынша есептелген, бiрақ кәсiпорынның қабылдаған еңбек ақыны төлеудiң нысандары мен жүйелерiне тәуелсiз төлемдер;
- ынталандырушы сипатындағы төлемдер: тарифтiк ставкалар мен окладтарға қосымшалар (iскерлiк бiлiктiлiк үшiн, квалификациялық сыныптары үшiн және т.б.);
- жұмыс стажы, үздiксiз қызмет iстеген жылдары үшiн пайыздық төлемдер;
- өндiрiстегi жетiстiктерi үшiн сыйақылар;
- бiр жылдық жұмыс нәтижесi бойынша сыйақылар;
- кезектi демалысқа қосымша төлемдер;
- компенсациялық сипаттағы жұмыс жағдайы мен режимiне байланысты: экологиялық жағдайлар, райондық коэффициенттерге, сусыз жерлердегi жұмыстарды орындағаны үшiн және т.б. үкiмет шешiмдерiмен бекiтiлген жағдайлар бойынша төлемдер;
- Түнгi уақыттағы жұмыс iстегенi үшiн төлемдер;
- Мереке және демалыс күндерi жұмыс iстегенi үшiн қосымша төлемдер;
- Уақытша орнында жоқ қызметкердiң жұмысын орындағаны үшiн қосымша төлемдер;
- Жасөспiрiмдердiң жеңiлдiк сағаттарын төлеу және т.б.
Жұмыс берушiнiң есебiнен төленетiн жәрдем ақы. Демалыс ақысын төлеу.
Заң жүзiнде еңбеккерлердiң орташа жалақысын сақтау көзделген (ақшалай нысандағы төлемi), олардың заңмен арнайы есептеу тәртiбi белгiленген (зейнетақыны, азаматтардың өмiрiне және келтiрiлген зиянды есептеу кезiнде және олардың еңбек мiндеттемесiн орындау кезiнде) кезде:
- ұйымдар жойылған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылғанда, сондай-ақ еңбеккерлердiң штаты немесе саны қысқарған кезiнде, босанғандарға компенсация есептеу үшiн;
- үш күннiң iшiнде ұсынған құжат бойынша еңбеккерлердi армияға шақырғанда;
- пайдаланбаған демалыс үшiн компенсациялық төлем немесе демалыс ақысын есептеу үшiн;
- қызмет бабымен iс-сапарға барған уақытына төлем жасау үшiн;
- шарасыз (яғни, еңбеккерлердiң кiнәсiнен емес) уақытына төлем жасау кезiнде;
- басқа да әлеуметтiк төлемдер жасау үшiн.
Орташа жалақы – бұл белгiлi бiр уақыт кезеңiнде еңбеккерлердiң жалақысынан алынған орташа жалақының деңгейi (сағатқа, күнге, айға, жылға). Оны есептеу үшiн он екi календарлық айлар және сол айлардағы тиесiлi төлемдер алынады. Бұл кезеңдi есептiк кезеңнiң ұзақтығы деп те атайды.
Орташа жалақы белгiлi бiр құбылыстармен байланысты жағдайларды есептеу үшiн қажет, мысалға: ұйымдар жойылған жағдайда, босанғандарға компенсация есептеу үшiн, екiқабат және бала табуына байланысты жәрдемақыны есептеу үшiн, жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшiн және т.б.
Барлық жағдайда есептiк кезеңнен Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген мереке күндерi, есептеу кезiнде есепке алынбайды:
Мемлекеттiк мерекелер:
1-2 қаңтар Жаңа жыл
8 наурыз Халықаралық әйелдер күнi
22 наурыз Наурыз мейрамы
1 мамыр Қазақстанның Халықтарының бiрлестiк күнi
9 мамыр Жеңiс күнi
30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күнi
25 қазан Республика күнi
16-17 желтоқсан Тәуелсiздiк күнi
Бұл күндер демалыс күндерiмен сәйкес келген жағдайда келесi күн демалыс күнi болып саналады.
Еңбеккерлердiң орташа жалақысын есептеу үшiн орташа күндiк, не орташа сағаттық жалақысы алынады. Орташа еңбек ақыны есептеу барысында төлем жүйесiнде қарастырылған әрi тұрақты сипатқа ие сыйлықты, үстеменi, қосымшаны және басқа да марапаттау түрлерiн ескередi.
Орташа жалақы есептiк кезеңдегi нақты iстеген уақытынан да анықталуы мүмкiн. Демек, орташа жалақыны анықтаудың екi жолы бар, оның бiрiншiсiнде өткен кезеңдегi он екi айдағы еңбекақы алынса, ал екiншiсiнде сол өткен кезеңдегi нақты iстеген күнi үшiн есептелген жалақысы алынады.
Егер де еңбеккерлер бiр жылдан аз жұмыс iстесе, онда жалақысы нақты iстеген уақытынан анықталады.
Егер де еңбеккерлердiң ұзақ уақыт бойына жалақысы болмаса (жиырма төрт айдан көп), онда орташа жалақы минималды есептiк көрсеткiштен алынады, бұл жағдай еңбеккерлердiң екiқабат және бала табуына, сондай-ақ балаға қарауына және басқа да орынды себептермен байланысты болуы мүмкiн.
Орташа жалақыны есептеген кезде мына төлемдер есепке алнбайды:
- жыл сайынғы еңбек демалысы үшiн берiлген компенсация;
- еңбекке уақытша жарамсыздығына, екiқабат және бала табуына, бала асырап алуына байланысты берiлген жәрдем ақылар;
- денсаулықты жақсартатын шараларға берiлген жәрдемақылар;
- қызмет бабы бойынша iс сапарға берiлген компенсациялар және оларға қосылып берiлетiн үстемелер мен қосымша төлемдер;
- дала жұмыстарымен шұғылданатын еңбеккерлердiң алатын үлестерi;
- басқа жерлерге қызмет бабы бойынша ауысқан кезде алынатын компенсация:
- тараптардың келiсiмi бойынша,өндiрiстiк мақсат үшiн жеке транспорт пайдаланған кезде төленетiн компенсация;
- арнайы берiлген киiмдер, аяқ киiмдер, алғашқы медициналық көмектер, сабын, сүт, т.б. құндылықтардың құны;
- материалдық көмектер;
- бiр жолғы берiлетiн мақтау сыйлығы;
- жалақыны кешiктiрiп төлегенi үшiн жұмыс берушiнiң еңбеккерлерге төлеген өсiмi;
- еңбеккерлердiң мамандығын көтеру үшiн оқумен байланысты шығындары;
- конкурста және басқа да жарыстарда жүлделi орындарды алғаны үшiн төленетiн ақшалай наградалар.
Сыйлықты және басқа да ынталандырушы сипаттағы төлемдердi есептеген кезде нақты уақыты бойынша алынған жалақысы емес, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық табыстары алынады, сондай-ақ материалдық мақтау кезiнде де 1/3,1/6,1/12 мөлшерi бойынша есептелiнедi, ал айлық сыйлықтар – сол айлық деңгейiнде берiледi.
Егер де сыйлық және басқа да ынталандырушы сипаттағы төлемдердi есептеген кезде еңбеккерлердiң жалақысы толық болмаса, онда оның деңгейi толық болған тоқсандарына пропорциональды алынады.
Орташа күндiк жалақы барлық жағдайда, тек пайдаланбаған демалысы үшiн төленетiн компенсация мен демалыс ақыдан басқа есептiк кезеңде есептелген жалақының сомасынан заңмен белгiленген аптаның алты күндiк немесе бес күндiк календарлық жұмыс күнi бойынша анықталады.
Орташа сағаттық жалақы да орташа күндiк жалақы сияқты анықталады.
Уақытша жарамсыз кундерiне төленетiн төлем. Жұмыс берушi №731 11 маусым 1999 жылы Республика үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген “Жұмыс берушiнiң есебiнен әлеуметтiк қамтамасыз ету бойынша жәрдем ақыны төлеу мен тағайындау туралы” нұсқау талаптарымен сәйкес еңбекке уақытша жарамсыз күндерi бойынша әлеуметтiк жәрдем ақыны еңбеккерлерге төлеуге мiндеттi.
Ал олардың қатарына:
- жалпы ауруы бойынша;
- жұмыста мертiгуi және кәсiби сырқаты үшiн;
- тұрмыстық жарақат;
- екiқабат және босану.
Уақытша еңбекке жарамсыз күндерiне еңбеккерлердiң сырқатымен, протез қоюмен, жанұяның бiрi ауырып қалған жағдайда оларға қараумен және басқа да жағдайлармен байланысты жәрдемақы тағайындалып, содан соң төленедi.
Еңбекке уақытша жарамсыз парағы белгiленген тәртiпте берiледi, ал ол әлеуметтiк қамтамасыз ету бойынша жәрдем ақыны төлеудiң негiзi болып табылады, ал егер де парақты жоғалтып алса, онда оның көшiрмесi берiледi. Еңбекке уақытша жарамсыз парағы бойынша төленетiн жәрдемақы бiрiншi күнiнен толық жазылып кеткенге дейiн немесе медициналық-әлеуметтiк эксперттiк комиссияның (МӘЭК) мүгедектiк белгiлеуiне дейiн төленедi.
Еңбекке уақытша жарамсыз мерзiм бойынша берiлетiн жәрдем ақысы мына жағдайларда төленбейдi:
- қылмыс жасау кезiнде алған зақымына;
- сот шешiмi бойынша анықталған, мәжбүрлiк түрде емделген уақытына;
- алкогольдiң, есiрткiнiң, улы заттардың алған зақымдарына.
Сонымен, еңбекке уақытша жарамсыз мерзiм бойынша берiлетiн жәрдем ақыны есептеу орташа айлық жалақыдан алынады, бiрақ орташа айлық жалақы он есе еселенген МЕК-тiң деңгейiнен аспау керек. Жерлеуге, бала туған кезде берiлетiн жәрдемақы жергiлiктi бюджеттiң есебiнен берiледi, оның мөлшерi әрбiр қаржылық жыл үшiн маслихаттың шешiмдерiмен анықталады.
Екiқабат және босану бойынша, сондай-ақ әйелдер босанатын үйiнен тiкелей баланы асырап алған әйелдерге(ерлерге) берiлетiн жәрдемақы, екiқабат және босануы бойынша берiлген демалысының барысында, баланың туған күнiнен бастап 56 күн өткенше төленедi, бiрақ ол 10 МЕК аспауы керек. Ал жұмыс iстеп жүрген әйелдерге 126 күнге жәрдем ақы төленедi, егер де әйелдер екi және одан да көп балалар тапса, онда жәрдем ақы 140 күнге төленедi. Сондай-ақ, екiқабат әйелдер, балалары үш жасқа жеткенше, айлығын сақтамайтын демалыс алуына болады, бiрақ ол кезең төленбейдi. Егер де,әйел осы үш жылдың iшiнде тағы да бiр бала көтерсе, онда оған аталған демалыс бiткеннен соң, оның бiрiншi күнiнен бастап төленедi.
Жеке еңбек шартын бұзу. Жұмыс берушi келесi себептер бойынша еңбек қатынасын тоқтатқан жағдайда орташа айлық жалақының мөлшерiнде компенсация төлеуi тиiс:
- заңды тұлға жойылған кезде, жұмыс берушi өз қызметiн тоқтатқан кезде;
- еңбеккерлердiң штатын немесе санын қысқартқан кезде;
- үш күннiң iшiнде ұсынған құжаты бойынша еңбеккерлер армияға шақырылған кезде.
Демалысқа шыққанда төленетiн төлем. Белгiленген тәртiп бойынша, жыл сайын жұмыс орнын сақтай отырып және еңбек шарты бойынша әрбiр жұмыс iстеушi төленетiн демалысқа шығуға хұқылы. Еңбек демалысына шығуға барлық қызметкерлердiң хұқы бар, олардың арасына жеке келiсiм-шарт жасалса да, жасалмаса да.
Еңбек демалысының ұзақтығы әр түрлi болады, егер де еңбеккер бiрiншi жыл жұмыс iстеп жатса, онда оған демалыс 12 ай өткен соң берiледi. Демалысқа шығатын күнiне мереке күндерi қосылмайды, яғни еңбеккерлердiң демалыс күнi 24 жұмыс күнiне тең болса, бiрақ ол арада 1 мейрам күнi болатын болса, онда қызметкер 25 күн демалуына болады.
Демалысқа шығу кезiнде оның алдын ала жасалып қойған кезектiлiгi сақталады. Демалыс аванс ретiнде келесi қызмет категориясына бөлiнедi:
- Ұлы Отан соғысына қатысушыларға;
- орта және бастауыш оқу орындарының мұғалiмдерiне, сондай-ақ жоғары оқу орнының оқытушыларына;
- медициналық қортындының негiзiнде емдеуге берiлген жолдамасы бар еңбеккерлерге;
Еңбек демалысы аванс ретiнде берiлетiн жағдай еңбек шартында қарастырылуы керек.
Еңбек стажын есептеудiң тәртiбi “Еңбек және әлеуметтiк қорғау” заңының 61 бабына сәйкес жүргiзiледi, ал ол өзiне келесi кезеңдердi енгiзедi:
- есептi жылдың барысында нақты iстеген уақыты;
- заңсыз жұмыстан шығарылған, жұмыссыз жүрген күндерi;
- уақытша жұмысқа жарамсыз, яғни емдеуде жүрген уақыты.
Жалақысы сақталмаған кездегi алған демалысы стажға кiрмейдi, бiрақ ол кезде мамандығын көтеруге немесе қайта дайындауға кеткен уақыты жұмыс берушiнiң келiсiмiмен жасалса және құжаттармен дәлелденсе, мемлекеттiк мiндеттеменi орындаса, онда олар стажға кiредi.
Сондай-ақ қызмет бабымен iс сапарда болған кездерi, жұмыс уақытының қысқартылған тәртiбiмен жұмыс iстеген кездерi, яғни жыл сайынғы еңбек демалысына хұқық беретiн кезеңдерi стажға жатады.
Орташа еңбекақыны есептеуде келесiлер есепке алынбайды:
- кезектi және қосымша демалыстар төлемдерi, қолданылмаған демалыс үшiн ақшалай компенсация;
- жұмысшының кiнәсiнсiз тұрып қалулар үшiн төлемдер;
- қызметкердiң уақытша еңбекке жарамсыздығы үшiн төлемдер;
- әскери қызметке шақырылуы;
- кәсiпорынның қызметкерлер тiзiмiнде жоқ уақытша жұмысты атқарушылардың еңбек ақылары және т.б.
Жоғарыда аталған төлемдерге жұмсалатын қаржылар төлем құжаттары және шарт бойынша есептелген смета бойынша анықталады.
2.3. Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар
Жұмыс берушi еңбеккерлердiң жалақысынан әрекет етiп тұрған заңға сәйкес әртүрлi ұсталымдар жасайды.
Осы күнгi қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшы-қызметкерлердiң еңбекақысынан тек заңмен белгiленген ұсталымдарды ұстап қалуға болады. Жұмысшы-қызметкерлердiң еңбекақысынан бухгалтерия арқылы ұстауға болатын ұсталымдар:
— Жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома – 10%.
— Табыс салығы (белгіленген заңға сәйкес)
— Заң, сот органдарының үкiм қағаздары бойынша ұсталымдар(алимент және айыппұл және тағы басқалар)
— Әр түрлi жарналар.
- Дербестiк сақтандыру шарттарына сәйкес қызметкердің жазбаша өтініші бойынша жеке басын,жанұя мүшелерін ,мүлкін және тағы басқаларын сақтандыруға байланысты жарна аудару
— Еңбекақы есебiнен алдын-ала берiлген төлемдер, аванстар.
— Банкiден алынатын несиелер үшiн ұсталымдар.
- Шаруашылық субъектiсiне келтiрген зияндары үшiн өтемақылар.
- Қызметкердің жазбаша өтініші бойынша өзі жұмыс істейтін субьекті қарамағындағы,яғни меншігіндегі үйде тұрғаны үшін төленетін төлемдер және балабақшаға балалары үшін төлемдер
Соңғы 01.01.2004ж. салық кодексi бойынша кез келген еңбек ақыдан 10% зейнетақы қорына жарна және жеке табыс салығы ұсталынады.. Осы салық кодексі бойынша салық салынатын табыстарына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:
-15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін табыс сомасынан 5 %
-15 еселенгеннен бастап 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін -15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 8 %
-40 еселенгеннен бастап 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін -40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 13 %
-200 еселенгеннен бастап 600 еселенген жылдық көрсеткішке дейін -200 еселенген жылдық көрсеткіштен салық сомасы +одан асатын сомадан 15 %
-600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғары -600 еселенген
жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 20 %
Салық агенттері жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына салық төленетін жер бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей табыс етеді.
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бюджетпен есеп айырысуды патент негізінде жүзеге асыратын салық төлеушілер мынадай тәртіппен жүргізеді:
1.ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейінгі кезең үшін есептелген сомалар 20 қазаннан кешіктірілмейтін мерзімде төленеді;
2.1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін есептелген сомалар есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей төленеді.
Компанияда еңбек ақы айына екi рет төленедi: аванс және соңғы айлық. Компанияның жұмыскерлерi еңбек ақыны шығыс касса ордерiмен алады.
Мекеме тiркелген салық комитетiне тоқсан сайын бiр рет жалпы еңбек қоры жайлы және ұсталынған табыс салығы жайлы, зейнетақы қорына аударымдар туралы есеп берiп отырады. Жылдың аяғында әрбiр жеке тұлғаның төленген табысы туралы, ұсталынған табыс салығы және зейнетақы қорына аударымдары туралы тiзiм өткiзiледi.
Және еңбек ақыдан заң сот органдарының үкiм қағаздары бойынша ұсталымдар: алимент, қарыздар ұсталынып екiншi тұлғаға аударылады.Үкiм қағаздарында ұсталым мөлшерiнiң пайызы, мерзiмi, аударылу түрi және кiмге екенi жазылады. Бухгалтерия ұсталынғаннан кейiн үкiм қағазын толтырып, сотқа қайтарып бередi. Егер үкiм қағазы бойынша жұмыста жоқ адамға және мүмкiншiлiгi жоқ болған жағдайда сотқа хабарлайды. 2005 жылғы «Неке және отбасы туралы»заңына сәйкес сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері ай-сайын мынадай мөлшерде :1 балаға – ата-ана табысының және өзге де кірісінің- төрттен бірін ,2 балаға – үштен бірін, 3 және одан да көп балаға – тең жартысын өндіріп алады.
Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.Нотариат куәләндірген алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алимент осындай келісімнің және атқару құжаттарының негізінде ұсталып қалатын жалпы сома алимент төлеуге міндетті адам жалақысының және өзге де кірісінің 50 % -нан асқан
жағдайда да ұсталып қалуы мүмкін.
Жеке тұлғалардан жеке табыс салығын ұстауда Дт 681,682- Кт 686
Орындау қағазы,есеп беретін сомасы және басқалар бойынша жалақыдан ұстауда Дт 681- Кт 687
Келтірілген зиянды өтеу есебіне ,есеп беретін, сондай-ақ қызметкерге-қарыз алушыға берілген қарыздар сомасын жалақыдан ұстауда Дт 681- Кт 333,727.
Мүлік және ұйым қызметкерлерін сақтандыруға байланысты шығыстарды есептеуде Дт 811,821,938- Кт 687.
Төлеуге жататын айыппұлдарды, өсімақыларды, тұрақсыздық айыбын есептеуде Дт 821-Кт 687.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» Заңының
79 бабында жалақыдан ұстап қалу былайша көрсетілген: «Қызметкердің жалақысынан
ұстап қалу сот шешімі бойынша ,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде
көзделген жағдайда жүргізіледі.Қызметкердің жалақысын бір немесе бірнеше атқарушы құжаттар бойынша өндіріп алған кезде оның жалақысының кемінде 50 % сақталуға тиіс.
Қазіргі кезеңде қызметкерлердің банкіден ипотекаға тұрғын үй алуға жағдайлары қарастырылған .Мысалы.Халық банкісінен ипотека алу үшін жалақы мөлшеріне қарамай ұзақ мерзімге берілсе ,Тұранәлем банкісінде жалақы мөлшері 66000т(500$) –ден кем болмаған жағдайда ғана беріледі .Төменде кестеде Тұранәлем банкісінен 10 жылға 50000$
сомасында ипотека алғанда қойылатын талаптар мен төленетін сомалар мөлшері келтірілген:
ИПОТЕКА |
|
Мүлік құны |
50000$ |
Бастапқы төлем |
7500$ |
Несие сомасы |
42500$ |
Несие уақыты |
120 ай |
Пайыздық ставка |
14% |
Ай сайынғы төлем |
660$ |
Қайтарылатын сома |
79200$ |
Шығындар |
|
Банк тарифі бойынша мүлікті бағалау |
3000 т |
1 жылға- несие сомасынан 0,499%төленетін өмір сақтандыру жарнасына |
234$ |
1 жылға- несие сомасынан 0,275%төленетін мүлік сақтандыру жарнасына |
138$ |
Несиені өшіру үшін пластикалы карта жасауға |
700т |
БТИ тарифі бойынша БТИге тіркелу |
2400т |
Шығындар жиынтығы: |
|
Несие алуда комиссия үшін: 1)10000$ шамасында несие алғанда -1% 2)10000$-дан жоғары несие алғанда — 0,5% |
213$ |
0.7%-пен теңгемен кассаға төленгенде 883$+6100 т |
298$ |
|
|
Әртүрлi жарналарға өз еркiмен әртүрлi партияларға мүшелiк жарна төлегiсi келгендер, кәсiпкерлiк ұйым жарнасы, әр түрлi қорларға жарналар жатады.
Дербестiк сақтандыру: әлеуметтiк сақтандыру, медициналық сақтандыру, мүлiктiк сақтандыру жарналары жатады.
2.4. Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық, синтетикалық және жиынтық есебi
Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемi бойынша есеп айырысу есебi 681 “Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу” шотында жүргiзiледi. Бұл пассивтiк шот.
Еңбек ақыны есептегенде 681 шоты кредиттеледi де, мына шоттар дебеттеледi:
126 — шоты “Аяқталмаған құрылыс” күрделi құрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбек төлемiнiң сомаларына;
811 – шоты “Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi шығындар” өнiм өткiзумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемiнiң сомаларына;
821 – шоты “Жалпы және әкiмшiлiк шығындар” жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк – басқарушылық қызметкерлерiне есептелген еңбек төлемiнiң сомаларына;
902 – шоты “Өндiрiстегi жұмысшылардың еңбек ақысы” негiзгi өндiрiстегi жұмысшыларға есептелген еңбек төлемiнiң сомаларына;
922 – шоты “Қызметкерлердiң еңбек ақысы” қосалқы өндiрiстердiң қызметкерлерiне есептелген еңбек төлемiнiң сомаларына.
932 – шоты”Қызметкерлердiң еңбек ақысы” цехтағы қызметкерлерге есептелген төлемiнiң сомаларына.
Басшылықтағы тұлғалармен есеп айырысудың есебi. Басшылықтағы тұлғалармен есеп айырысу үшiн 682 “Басшылықтағы тұлғалардың қарызы” шоты арналған, онда мынадай тұлғалармен есептеседi: басқарма мүшесi мен төрағасы; бақылау кеңесiнiң мүшесi және ревизиондық комиссияның мүшесi және т.б. басшылықтағы адамдарға есептелген еңбек төлемiнiң сомаларына 821 – шоты дебеттеледi де, 682 – шоты кредиттеледi, ал оны төлеген кезде 682 – шоты дебеттелiп, 451 – шоты кредиттеледi.
Кәсiпорынның қызметкерлерiне есептелген еңбекақыны тарату. 681 – шотының кредитiнен, басқа шоттардың дебетiне (902,922,932,126,821,811) жатқызылған сомасы есеп объектiлерiне, тапсырыстарына сәйкес баптарына жазылуы керек, яғни талдамалық есеп талап етiледi. Бұл мақсаттар үшiн “ Жалақыны тарату “ деп аталатын әзiрлiк кестесiн пайдаланады, оған жазбаларды бастапқы құжаттардан түсiредi.
Жалақыны тарату 681,682 шоттарының кредитiнен мына шоттардың дебетiне жазылады: 126,811,821,902,922,932. сондай-ақ, жалақы “Материалдар” шотына, “Болашақ кезеңнiң шығыстарына” жатқызылуы мүмкiн, яғни аталған шоттар дебеттеледi де , 681 шоты кредиттеледi.
Демалыс ақысын төлеуге құрылған резервтер. Қызметкерлердiң демалыс ақысы бойынша есеп айырысу есебi 685”Еңбеккерлерге демалыс бойынша қарыздарын есептеу” шотында жүредi (демалыс ақысын төлеудiң резервтерi). Бұндай резервтердi құру оларды өндiрiс шығындарына жатқызудың бiрқалыптылылығын және дұрыстығын қамтамасыз етудiң жолы болып табылады. Резервке аударудың пайызы демалыс төлемдерiнiң орташа ұзақтылығына байланысты болып келедi. Резервтi құру кезiнде 685 шоты кредиттелiп, мына шоттар дебеттеледi: 126,811,821,902,922,932. Ал, демалысты есептеген кезде 685 шот дебеттелiп, 681,682 шоттары кредиттеледi.
Өндiрiм мен еңбек төлемiнiң есептерi өндiрiлген өнiм саны аяқталмаған өндiрiс пен шығарылған жарамсыз өнiм туралы уақытында және дәл деректер алуды қамтамасыз етуге; әрбiр қызметкердiң өндiрiмiне сәйкес еңбек ақы төлемiнiң мөлшерiн дұрыс және уақытында анықтауға; өндiрiлген өнiмнiң материалдар мен өндiруге жiберiлген шала өнiмдердiң санына сәйкестiгiн бақылауға;өндiрiстегi тетiктердiң , бөлшектердiң және агрегаттардың қозғалыстарын қадағалап отыру қажет.
Өндiрiс технологиясы мен оны ұйымдастыруға, еңбек төлемiнiң қолданылатын жүйесiне, өнiм сапасын бақылауға, есеп пен басқа жайларын компьютерлендiру деңгейiне қарай бастапқы құжаттар есебi мен үлгiсiнiң әр түрлi әдiстерiн қолданады. Әр түрлi өндiрiстегi өндiрiм мен еңбек төлемi есебiнiң ұйымдастырылуын қарастырайық.
Жаппай-толассыз өндiрiсте және еңбектi брнигадалық әдiспен ұйымдастыруда өнiм өндiрiмi мен еңбек төлемi есебi, әдетте, соңғы операциялардан кейiн өнiмдi қабылдап алудан бастап жүргiзiледi. Бригаданың әрбiр мүшесiнiң өнiм өндiруi мастер немесе бригада толтыратын өндiрiм туралы айлық рапортта көрсетiледi. Жұмысшыға еңбек төлемi оның операциялары бойынша өндiрiмiне сәйкес есептелiнедi. Бұл мақсаттар үшiн төмендегi өнiм рапорттары мен ведомостарын қолданады.
Бригаданың өндiрiмi туралы рапорт өндiрiлетiн өнiмнiң белгiлi бiр түрiне жазылады, оның бiр данасына өңделуi бойынша баға белгiлейдi. Ай бойы немесе басқа мерзiмде бригада өндiрiмi – соңғы операциялардан қабылданған өңделген тетiктер ретiнде рапортта күн сайын көрiнiс тауып отырады. Соңғы операциялардан кейiн қабылданған өнiм, жұмыс iстеген уақыты және жұмысшылардың разряды – осы үшеуi еңбек төлемiнiң есептелуiне негiз бола алады.
Өндiрiс туралы рапортты (жинақтау рапортын) жаппай өндiрiсте әр түрлi мезгiл сайын қайталанып отыратын жұмыстарды iстеуге келгенде бiр немесе бiрнеше жұмысшының өндiрiмi мен еңбек төлемiнiң есебi үшiн қолданады.
Өндiрiм есебiнiң тiзiмдемесiне ай бойы бiр тектi жұмыс iстеген бiр топ жұмысшыға жазады. Өндiрiм есебiнiң ведомосын ай бойында әртүрлi жұмыс iстеген бiр топ жұмысшыға жазады.
Металлургиялық және химиялық өнеркәсiпте бiр не бiрнеше аппаратттың немесе агрегаттың жұмысын жүргiзетiн бригада өндiрiмi есебiнiң тiзiмдемесiн қолданады; тау-кен өнеркәсiбiнде iстелген жұмыстар есебiнiң тiзiмдемесiн жүргiзедi.
Сериялық өндiрiсте өндiрiм және еңбек төлемi есебiн бiр сменадағы өндiрiм рапортымен сәйкес келетiн етiп, оларды маршруттық парағында жүргiзген жөн. Егер өнiмдердi өңдеу ұзақтығы бiр сменадан аспайтын болса, бiр рапортпен шектелуге болады. Маршруттық парақты тетiктердiң топтарына (партияларына) жазады, ол өндiрiс процесiнде өңдеу операцияларының бiр-бiрiне өтетiн топ тетiктерiмен бiрге iлесiп жүредi. Бұл жұмысшылардың өндiрiмi мен еңбек төлемiне дұрыс есеп жүргiзiп, бақылау жасап тыруға септiгiн тигiзедi. Бiр сменадағы өндiрiм туралы рапорт өнiмнiң нақты өндiрiмiн көрсетуге арналған және еңбек төлемiн есептеуге негiз болып табылады. Маршруттық парақтардың деректерi бойынша рапорт жазылады.
Маршруттық парақты өндiрiстегi тетiктердiң қозғалысын жедел есептеп отыруға және өндiрiм мен еңбек төлемiнiң бiрыңғай құжаты ретiнде қолданылады. Ол өндiрiс процесiнде тетiктер тобына iлесiп отырады. Маршруттық парақтың жұмысшыларға еңбек төлемiн есептейтiн бiр сменадағы өндiрiм рапортымен сәйкестiлiгiн сақтап, жұмысшылардың өнiм өндiрiмiн және жалақыларын есепке алудың бiрыңғай құжаты ретiнде қолданады.
Жеке және ұсақ сериялық өндiрiсте өндiрiм мен еңбек төлемiнiң есебi кесiмдi жұмысқа жасалған нарядында жүргiзiледi. Орындалатын тапсырманың ұзақтығына қарай нарядтары сменаға немесе одан да ұзағырақ (бiр айға дейiнгi) мерзiмге жазады. Оны жазуға учаскенiң (цехтың) технологиялық карталары мен өндiрiстiк бағдарламасы негiз болады.
Өндiрiсте байқалған жарамсыз өнiмге “Жарамсыз өнiм туралы актiсiн” немесе аптаға ашылатын “Жарамсыз өнiм есебiнiң тiзiмдемесiн” жасайды. Егер жарамсыз өнiмдi бұған жазықсыз жұмысшы жөндесе, онда оларға әдеттегiдей наряд жазылады да, оған “Жарамсыз өнiмнiң жөнделуi” деген таңба басылады.
Еңбек жағдайының өзгеруiнен туындаған бағаларға қосылатын төлемге және өндiрiс технологиясында ескерiлмеген жұмыстарға қосымша төлем парағын немесе ерекшелiк белгiлерi (қағазға көлденең түскен қызыл жолақ) бар кесiмдi жұмысқа жасалатын нарядтар толтырады. Парақтарда өндiрiм туралы негiзгi нарядтың немесе рапорттың нөмiрiне сiлтеме жасап, қосымша төлемнiң әр бiр түрiне жеке жұмысшыға не бригадаға жазады. Кәсiпорында жұмыстың тоқтап қалу және үзiлiстердiң болу себебi ашылып, жұмыс уақытынан артық жұмыс iстегендердiң табелiмен бiрге кәсiпорынның бухгалтериясына берiледi. Қосымша төлемдер туралы мәлiметтерде бухгалтерия ауытқушылық себептерiн тауып, қажеттi шаралар қабылдау үшiн цех (кәсiпорын) басшылығына үнемi ұсынып отыруға мiндеттi.
Мерзiмiнен тыс жұмыстар есебiн мерзiмiнен тыс жұмыс iстеген адамдардың тiзiмiнен тыс iстелген жұмыстарға төлем төлеу үшiн бухгалтерияға бередi.
Кiдiрiстер уақытының есебi кiдiрiстер есебiнiң парақтары негiзiнеде жүзеге асырылады, оларда кiдiрiс уақытын, себептерiн және кiнәлi адамдарын, төлем пайыздарын және жұмысшы туралы басқа да мәлiметтерiн (тегiн, атын, әкесiнiң атын, разрядын, табельдiк нөмiрiн) көрсетедi. Параққа мастер мен цех бастығы қол қояды.
Қабылданып, тексерiлгеннен кейiн құжаттардың деректерi еңбек төлемiн есептеу жөнiндегi есеп айырысу-төлемнiң тiзiмдемесiн жасауға негiз болады.
Есеп айырысу-төлем тiзiмдемесiнiң жасалуы. Бухгалтерияға келiп түскен жұмыс уақыты мен өндiрiлген өнiмнiң есебi жөнiндегi құжаттарды тексерiледi де, тек содан соң өңдеуге жiберiледi.
Әрбiр жұмысшыға бiр ай iшiнде құжаттар жазылуы мүмкiн. Бiр айлық жалақыны есептеу үшiн жалақы есебiнiң жинақ карточкасы қолданылады. Онда қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты, табельдiк номерi, цех, учаске, құжаттарының толтырылған күнi мен номерi, сағаттық нормасы, әрбiр құжат бойынша есептелген жалақы сомасы, төлемдердiң басқа да түрлерi көрсетiледi. Карточка деректерiн есеп айырысу-төлем тiзiмдемесiн жасау үшiн пайдаланады. Есептi жүргiзу компьютерлендiрiлген жағдайда жинақ карточкалары (ведомостар), сондай-ақ есеп айырысу-төлем тiзiмдемелерi де, әдетте, бiр ғана жұмыс күнiнде жасалады.
Еңбек төлемi бойынша есеп айырысу әртүрлi кәсiпорындарда мынадай құжаттарда: есеп айырысу-төлеу тiзiмдемесiнде, оны сонымен қатар жалақы беру үшiн де пайдаланады; есеп айырысу тiзiмдемесiнде және жеке толтырылған төлем тiзiмдемесiнде; әрбiр жұмысшыға жасалған еңбек төлемiнiң арнайы есеп айырысуларында (бөлек парақтарда); жыл бойы пайдаланатын кiтапқа тiгiлген есеп айырысуы тiзiмдемелерiнде жүргiзiледi.
Есеп айырысу-төлем тiзiмдемесi – жиынтық құжат, есептелген еңбек төлемiнiң барлық түрi және жұмыс iстеп жүргендерге берiлетiн басқа да төлемдер сондай-ақ күшi бар заңдарға сәйкес жасалған ұсталымдар мен шегерiмдер жинақталған. Оны еңбек төлем жөнiндегi есеп айырысу деректерi негiзiнде жасайды. Тiзiмдемеде қызметкерлердiң тегiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын, олардың табельдiк номерлерi мен қызмет орындарын, разрядтарын немесе айлық ақыларын көрсетедi. Оған кәсiпорын басшысы мен бухгалтер қол қояды. Тiзiмдеменiң “Есептелдi” деген бөлiмiне құжаттармен негiзделген кесiмдi, мерзiмнен тыс т.б. төлемдердiң есептелген сомалары енгiзiледi. “Ұсталынды және есепке алынды” деген бөлiмiнде табыс салығының сомасы, сондай-ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалары; несиеге сатылған тауарлар үшiн есепке алынған сомалар, еңбек төлемiнiң есебiне кiретiн аванс және басқа ұсталымдар енгiзiлдi. Салықты өткен айдың жалақысынан ұстайды. Айдың аяғында тiзiмдемеге әрбiр жұмысшыға тиiстi сомасын шығарады.
333 “Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарызы” шотында – есеп беруге тиiстi тұлғалардан ұсталынған сомалар; жетiспеушiлiктер; ысыраптар мен ұрлық-қарлықтар; несиеге алынған тауарлар т.б. көрсетiледi.
Қызметкерлерге аванс ретiнде өткен ай үшiн түпкiлiктi есеп айырысу ретiнде төленген еңбек төлемiнiң сомалары 451 ж„не 441 шоттарының кредитiнен 681 және 682 шоттарының дебеттерiне көшiрiледi.
Өткен ай үшiн түпкiлiктi есеп айырысу ретiнде және қазiргi ай үшiн берiлетiн аванс ретiндегi еңбек төлемi төлеу тiзiмдемелерi бойынша төлейдi, ол тiзiмдемеде төленуге тиiстi сома, берiлуге тиiстi (3 күндiк) мерзiмi көрсетiледi. Оған басшы мен бухгалтер рұқсат етемiн деп оның бұрыштамасына қол қойып бекiтедi. Бекiтiлгеннен кейiн тiзмдемеде төлем жасау үшiн кассаға берiледi. Үш күндiк мерзiмде берiлмеген жалақы депонттеледi (кәсiпорын оны сақтауға алады).
Берiлмеген жалақы сомаларын кассир тiзiмге жазады да, оны өзiнiң есебiмен бiрге бухгалтерияәа өткiзедi.
Жұмысшылар мен қызметшiлердiң қолдарында есеп айырысу кiтапшасы болу керек, ол кiтапшаларға жұмыс iстеп жүрген адам туралы мәлiметтерден басқа, ай сайын есептелген еңбек ақысының төлемдерi (яғни төленгендерi), ұсталымдары, шегерiмдерi, алуға тиесiлi сомалары көрсетiледi, сондай-ақ оларды кәсiпорын қызметкерлерiне қайтару уақыты кәсiподақ ұйымының келiсiмi бойынша шарттары бейнеленедi.
Есеп компьютерленген жағдайда, есеп айырысу кiтапшаларының арасына есеп айырысу парақтарын немесе есеп айырысу-төлеу тiзiмдемелерiнiң жазылған көшiрмелерiн салып қояды, яғни ол аталған жұмыстарды жүргiзудiң жолдарын жеңiлдетедi.
Еңбек туралы күшi бар заңдарға сәйкес еңбек төлемiн ұжымдық шартпен бекiтiлген мерзiмдерде, айына екi рет бередi. Онда айдың екiншi жартысы үшiн еңбек төлемi бойынша аванстық және аванссыз тәртiптер белгiленуi мүмкiн. Есеп айырысудың аванстық тәртiбiнде жұмысшылар мен қызметшiлерге жоспарлы аванс бередi; түпкiлiктi есеп айырысу кезiнде, айдың екiншi жартысында еңбек ақы төлемiн жасайды. Аванс мөлшерiн ұжымдық шарт жасасқан кезде әкiмшiлiк пен кәсiподақ ұйымы анықтайды, алайда аванс жұмысшының жұмыс уақыты есебiнiң табелiнен алынған нақты жұмыс iстеген уақыты үшiн тарифтiк төлем мөлшерi бойынша қойылған еңбек төлемiнен кем болмауы тиiс. Есеп айырысудың аванссыз түрiнде жоспарлы аванстың орнына айдың бiрiншi жартысы үшiн нақты өндiрiлген өнiм (орындалған жұмыс) бойынша немесе нақты iстелiнген нақты жұмыс уақыты бойынша еңбек төлемi есептелiнедi. Есеп айырысудың бiрiншi түрiнiң жұмысы аздау, сондықтан оны кәсiпорын жиi қолданады.
Ағымдағы айдың еңбек төлемi бойынша есеп айырысу үшiн және жұмыс iстеп жүрген адамның өткен кезеңдердегi жалақысы туралы мәлiметтер алу үшiн бухгалтерия әрбiр қызметкерлерге “Дербес шот” немесе “Бет есеп” толтырады. Дербес шот немесе бет есебi өткен кезеңдердегi еңбек төлемi туралы мәлiметтер, өндiрiмдер мен орындалған жұмыстардың және төлемнiң әр алуан түрлерiне арналған құжаттардың негiзiнде қалыптасады.
Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемi бойынша есеп айырысу жөнiндегi деректердiң жиынтығы. Әрбiр кәсiпорында ай сайын бiрнеше есеп айырысу-төлем тiзiмдемелерi (цехтар, бөлiмдер және кәсiпорынның көрсететiн қызметтерi бойынша) жасалады, оларды жинақтап түйiстiру керек. Бұл үшiн “Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемi бойынша есеп айырысу жөнiндегi деректерiнiң жиынтығы” деп аталатын әзiрлiк кестесiн пайдаланады. Онда қызметкерлермен есеп айырысу бойынша ай бойындағы қалдықтары; есептелген, есепке алынған және ұсталынған сомалары, сондай-ақ айдың аяғындағы берешегi, (кәсiпорынның, қызметкердiң) қалдықтары көрсетiледi. 681 және 682 шоттары бойынша Бас кiтапқа жазылатын қалдықтарын алу; мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру және қамсыздандыру т.б. қаражаттар есебiнен берiлетiн төлемдердiң сомаларын жинақтау; еңбек төлемiнен алынатын ұсталымдар бойынша қорытынды деректердi алу; депоненттелген жалақыны дер кезiнде, әрi толық бақылау; төлем көзiнен ұсталатын, жеке табыс салығы бойынша есеп берудi жасау; мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру орындарына және зейнетақы қорына тоқсан сайын берiлiп отыратын әлеуметтiк сақтандыру мен қамсыздандыруға бөлiнетiн қаражат бойынша есеп беру; әлеуметтiк салығы бойынша декларациясын алу үшiн жинақ есебi пайдаланады.
Сонымен еңбек ақымен есеп айырысу әртүрлi кәсiпорындарда келесiдей құжаттарда жүргiзедi: Т-2 нысанындағы жеке карточка, Т-12, Т-12а нысанындағы жұмыс уақыты есебi табелi, Т-49 нысанындағы еңбек ақыны беру үшiн қолданатын есеп айырысу-төлем ведомосi, Т-51 нысанындағы есеп айырысу ведомосi және Т-53 нысанындағы жеке төлем ведомосi, әрбiр қызметкерге ашылатын Т-54 нысанындағы жеке беттер, жыл бойы қолданатын кiтап ретiнде құрастырылған есеп айырысу ведомостары, Т-17, Т-17а нысандарындағы бригаданың өнiм өндiру рапорты, Т-29 нысанындағы өнiм өндiру есебiнiң ведомосi, Т-23, Т-23а нысандарындағы маршруттық парақ, Т-41, Т-41а кесiмдi жұмыс наряды, жеке тұлғалардан табыс салығын ұстау кестесi, құрылымдық кесте, шығындардың бағыттары бойынша еңбек ақының бөлiнуi, депоненттелген еңбек ақы реестрi.
III. Еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебiнiң аудитi
3.1. Аудиттiң мақсаты мен мiндетi
1993 жылы 18 қазанда Жоғарғы Кеңес “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы” заң қабылдады, 1998 жылы 20 қарашада № 304-1 Қазақстан Республикасының “Аудиторлық қызмет туралы” келесi заңы қабылданды, оған 2002 жылы 1 қаңтардан бастап өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi. Бұл заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк органдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасындағы аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға байланысты пайда болған қатынастарды реттеушi құрал. Сонымен қатар халықаралық аудиторлық нормаларға сай аудит стандарттары енгiзiлген.
Аудиттiң пәнi – субъектiнiң шаруашылық операцияларын тексеру болып табылады. Бұл шаруашылық операциялар төмендегi шаруашылық қызмет түрлерiн құрайды:
- операциондық – субъектiнiң тауарлы материалдық қорларды табыс табу мақсатында сату, сатып алу қызметi;
- қаржылық – субъектiнiң меншiк капиталы мен заимдық қаржыларының құрамы мен көлемiн өзгертуге бағытталған шаруашылық қызметi (акцияларды шығару және сатып алу, заимдар мен дивиденттер бойынша төлемдер);
- инвестициялық – субъектiнiң ұзақ мерзiмдi активтердi сату және сатып алу, несиелер алу және қайтаруға байланысты қызметi.
Қаржылық есеп аудитiнiң мақсаты – қаржылық есептiң барлық маңызды бекiтiлген талаптарға сай жасалғандығын тексеру.
Сонымен қатар аудитор келесi қызметтердi жүзеге асыруға хұқығы бар: қаржылық есептi тексеру, кәспорынмен жасалған келiсiм-шартқа байланысты басқа да тексерулердi жүзеге асыру, есептi қалпына келтiру, кеңес беру, мұғалiмдiк қызметпен айналысу.
Кез келген объектiге аудит жүргiзуде мiндеттi түрде тәуекелдiлiк пайда болады. Аудитордың мақсаты аудиторлық тәуекел мен аудиторлық қызметтi (процедуры) бағалау, оны мүмкiндiгiнше төмен деңгейге жеткiзу.
Аудиторлық тәуекел – қаржылық есепке аудит жүргiзiлгеннен кейiн табылған жiберiлген қателiктердiң субъективтi анықталған деңгейi. Тәуекелдiктiң келесiдей түрлерi болады:
Мiндеттi тәуекел – қаржылық есептi аудиторға көрсеткен кездегi аудит жүргiзiлiп жатқан субъектiнiң жiберген қателерi;
Iшкi бақылау тәуекелi – аудит жүргiзiлiп жатқан субъектiнiң бухгалтерлiк есеп жүйесiнiң жiберген қателерi мен оны уақытында жоймаған iшкi бақылау жүйесiнiң қателерi;
Табылмау тәуекелi – аудит жүргiзiлiп жатқан субъект жiберген, бiрақ тексерушi аудитор таба алмаған қателер.
Аудиторлық қызмет бекiтiлген аудиторлық қағидаларға сәйкес жүргiзiлуi тиiс, аудиттiң негiзгi қағидалары: тәуелсiздiк, объективтiлiк, iскерлiк компетенттiлiк, құпиялылық.
Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруда аудит келесi қызметтердi атқарады:
- Эксперттiк – кәсiпорынның қаржылық есебiнiң элементтерiн, бухгалтерлiк есебi мен iшкi бақылауының жағдайын жаппай тексеру;
- Аналитикалық – қаржылық есеп экспертизасын тексерудей болып келедi;
- Кеңестiк – бухгалтерлiк есеп, салық салу, банк iсi, хұқық және бағалау т.с.с. сұрақтарына байланысты семинарлар, сабақтар өткiзу;
- Өндiрiстiк – келесi қызмет түрлерiн көрсетедi: субъектiнiң бухгалтерлiк есебiн жүргiзу мен қалпына келтiру, аудиторлық қорытындысыз қаржылық есептi құрастыру, заңды және жеке тұлғаларға салық Декларацияларын жасау, субъектiнiң есеп саясатын құрастыру, комиссия алдында, сот алдында субъект мүддесiн қорғау және т.б. заңды қызметтер.
Аудит субъектiлерi: аудитор, аудиторлық ұйым және Аудиторлық палата.
Аудитор – Iскерлiк комиссиямен аттестацияланған, “аудитор” деген куәлiгi бар, iскерлiк куәлiк номерiне сәйкес жеке мөрi бар жеке тұлға.
Аудиторлық ұйым – аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-хұқықтық (ашық акционерлiк қоғам, мемлекеттiк кәсiпорыннан басқа) нысанда құрылған коммерциялық ұйым.
Аудиторлар палатасы – коммерциялық емес, тәуелсiз, iскерлiк, өзiндiк басқарудағы және өзiндiк қаржыландырудағы ұйым.
Аудиторлық қорытынды сапасы қолданылған аудиторлық құралдарына байланысты. Олар төмендегiдей болып келедi:
- зерттеу;
- экономикалық талдау;
- құжаттық тексеру;
- нақты бақылау;
- техникалық бақылау.
Бақылау объектiлерiн зерттеу аудиторлық қызметтi жүзеге асырудың бастапқы кезеңi, зерттеу нәтижесiнде есептiң әлсiз жерлерi байқалып, аудитор тексеру қызметiн сол салаға бағыттайды. Тексерудiң келесiдей түрлерi бар: хронометражды, анкеталық сұрау, интервью, бақылау және тест.
Аудит клиенттiң қалауы негiзiнде жүргiзiледi, ол мына құжаттармен бекiтiледi: аудиттi жүргiзу шарты және мiндеттеме-хат.
Аудитор жұмысы – бұл қатаң ұйымдастырылған үрдiс, оның белгiлi кезеңдерi, белгiлi жүргiзу тәртiбi, белгiлi құжаттары , аудиторлық тексерудi жүргiзу қызметтерi болады.
Аудиттiң кезеңдерi:
- аудиттелетiн субъектiмен танысу;
- аудиттi жоспарлау;
- аудит
- аудит нәтижесi туралы қорытынды есеп.
1 – кезең. Аудиттелетiн субъектiмен танысу:
- келiсiм-шартты жасау және мiндеттеме-хатты рәсiмдеу;
- арнайы әдебиеттердi және салалық әдiстемелердi, шикiзат ерекшелiктерiн, нарық бағаларын, маркетингтi, материалды-техникалық базаны, iскерлiк активтiлiгiн зерттеу;
- аудиттiң ақпараттық базасын құру.
2 – кезең. Аудиттi жоспарлау аудиттiң №7 “Жоспарлау” стандартына сәйкес жүргiзiледi. Жоспарлау дегенiмiз аудит жұргiзу мерзiмiне , масштабына сәйкес жалпы стратегия жасау, ол аудит жоспары мен бағдарламасында жалпы көрсетiледi.
3 – кезең. Аудит кезеңiнде аудит жүргiзу тематикасына байланысты аудит жүргiзу үрдiсi анықталады. Аудит талаптарын сақтау таба алмау тәуекелдiгiн минимизациялайды.
“Аудит” кезеңiндегi жұмыстар нәтижесi аудитордың жұмыс құжаттарында көрiнiс тауып, аудиторлық дәлелдеме болып табылады.
4 – кезең. Аудиторлық қорытынды есеп № 5 “Қаржылық есеп бойынша аудиторлық қорытынды” деп аталатын аудиторлық стандарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Аудиттiң екi түрi бар: iшкi және сыртқы.
Iшкi аудит iшкi бақылаудың бөлiнбейтiн, маңызды элементi болып табылады. Iшкi аудит басқарушылық бақылаудың маңызды бөлiгi болып табылады.
Iшкi аудит мақсаты – шаруашылық субъектiнiң экономикалық, есеп саясатын эксперттi бағалау, iшкi бақылау қызметiн бағалау. Iшкi аудит жүргiзу кәсiпорынның қызметiн басқару үшiн қажет. Ал оны жүргiзудiң регламент-құжаттары – Iшкi аудит туралы ереже, iшкi аудит қызметiнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереже, аудиторлардың қызметтiк әдiстемелерi, iшкi аудит нормалары мен стандарттары, әдiстемелiк құралдар болып табылады.
Iшкi аудит қызметтерi:
- активтердiң жағдайына бақылау, басшылардың шешiм қабылдауда қолданған ақпараттардың нақтылығын тексеру;
- ақпараттарды өңдеу мен iшкi бақылау жүйесiнiң қызмет ету тиiмдiлiгiн талдау;
- басқарушылық ақпарат жүйесiмен берiлген ақпарат сапалылығын бағалау.
Iшкi аудит активтердiң сақталуына бөлшектi бақылау жүргiзiп қана қоймай, сонымен қатар менеджмент сапасына да бақылау жүргiзедi. Бақылау сипатынан басқа iшкi аудит экономикалық диагностика мәселелерiн шешедi, қаржылық стратегия жасаумен, маркетингтiк зерттеулер жүргiзумен, басқарушылық кеңестендiрумен айналысады. Мамандандырылған iшкi аудит қызметi қаржылық-есеп қызметiнiң құрылымдық бөлiмi болып табылмайды. Iшкi аудиттiң қызмет етуiнiң негiзгi шарты — бұл тәуелсiздiк.
Iшкi аудит тәуелсiздiгi — басқарумен келiсiлген нақты бекiтiлген хұқықтары мен қызметтерi; ревизиялық комиссия немесе директорға есептiлiгi (қаржылық директорға есептiлiгi аудитордың тәуелсiздiгiнiң ауқымын азайтады).
Iшкi аудит объектiлерi: қаржылық және өндiрiстiк қызмет, компьютерлiк жүйе. Жалпы iшкi аудитордың мiндеттерi бухгалтерлiк есептiң құжаттарының дұрыс рәсiмделуiн тексерумен ғана шектелмейдi, ол әкiмшiлiк тәртiптiң орындалуын, бұйрықтар мен басқа да директивалардың орындалуын тексерiп, тауарлы материалдық құндылықтарға түгендеу жұмысын ұйымдастырып, кәсiпорынның жағдайын жақсарту мақсатында басқарушылық сипаттағы ақпараттарды талдайды. Сонымен қатар шаруашылық операцияларды бақылауды жүзеге асыруға байланысты жалпы жоспар құрып, бұл жоспар сату жобаларынан (сұраныс пен ұсыныстың), шығындар сметаларынан, стандартты нормативтi шығындардан, пайда жобаларынан және т.б. тұрады. Аудитор учаскелер мен цехтердң қызметiн бақылап, нақты шығындарды нормативтi және сметалық шығындармен салыстырып, бөлiмшелердiң қызмет нәтижелерi мен жұмыста кеткен кемшiлiктердi басшыға хабарлап отырады. Iшкi аудит үшiн кәсiпорын өзi жауап бередi. Iшкi аудит мақсаттары мен мiндеттерi кәсiпорынның қызмет ету құрылымы мен оның жұмысын ұйымдастыруына әсер етедi.
Iшкi аудиттiң қызмет ету құрылымы келесi топтардан тұрады: инвестициялардың, мүлiктердiң, материалдық, еңбек, ақша ресурстарының, салықтардың, салық салудың және сыртқы қаржы есебiнiң тиiмдi қолдануы мен сақталуы; арнайы топтың тексерулерi мен ревизиялары. Негiзгi аудиторлық бiрлiгi аудиторлық топ болып табылады, ол тұрақсыз болып келедi және тексеру мақсатына қарай өзгерiп отырады. Бұл әдiс қызметкерлердiң жұмысын жақсартады.
Iшкi аудит қызметiнiң алдында тұрған мәселелердiң бiрi – кадрлармен толықтыру және қамтамасыз етілуі. Аудиторлық компанияларға бiлiктi бухгалтерлiк кадрлар жетiспейтiндiктен пайда болады. Бұл кәсiпорынның өзiне де байланысты, яғни орташа еңбек ақы – орташа мамандар + қызметтiң орташа жұмысы – басшылар еңбек ақыны өсiрудi құптамайды, соған орай бiлiктi мамандарды кәсiпорынға тарту мүмкiн емес.
Iшкi аудит қаржылық тексерулердi бас кәсiпорында жүргiзумен қатар оның филиалдары мен еншiлес серiктерiнде де жузеге асыра алады. Iшкi аудит қызметi, кеңестерi осы кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын сақтауға үлесiн қосады. Iшкi аудит өз жұмысын атқару барысында тек қана кәсiпорынның басшысына бағынады.
Iшкi аудиттiң қызметiнiң дұрыс жүзеге асуы Iшкi аудит туралы ереженiң дұрыс, нақты, шаруашылық субъектiнiң саясаты қаншалықты есепке алынғанына байланысты. Iшкi аудит ережесi – iшкi аудит қызметi мен субъект басшысының хұқықтары мен мiндеттерi көрсетiлген өзiнше бiр келiсiм-шарт болып табылады. Бұл ереженi шаруашылық субъектiнiң мүдделi қызметкерлерi, бiрiншiден, экономика мен қаржы директоры, ревизиялық комиссияның басшысы мен бас бухгалтерi. Бұл құжатты шаруашылық субъектiнiң басшысы немесе акционерлiк қоғамның басшылығы немесе акционерлер кеңесi бекiтедi.
Iшкi аудит қызметi шаруашылық субъектiнiң жабдықтаушылармен, сатып алушылармен, банктермен, сақтандыру компанияларымен және жеке тұлғалармен есеп айырысу жағдайын бақылап, дебиторлық қарыздар мен кредиторлық қарыздардың уақытында қайтарылуына қатаң бақылау жасайды.
Сыртқы аудиторлық тексерiс кезiнде кәсiпорынның есебiн тексеруде табылған қателердi жоюға байланысты iшкi аудит қызметкерлерi өздерiнiң ұсыныстарын айтуға, кеңес беруге, талқылауға қатыса алады.
Сонымен, iшкi аудит қызметi кәсiпорынның барлық қызметiн бақылай алады — өндiрiстiк бригадада, учаске, цех қызметтерiн қадағалап, жалпы заңдылықтардың барлығын бiлуге мiндеттi, сонымен қатар кәсiпорынның экономикалық нормативтiк базасын құраушы құжаттар мен өндiрiс технологиясын бiлуге мiндетi.
Iшкi тексерiс кезiнде қызмет етушi заңдылықтардың талаптарын орындамау мен нормативтердi көрсеткiштерден ауытқулардың себептерiн анықтап, қаржы-шаруашылық қызметтiң экстенсивтi және интенсивтi факторлерi, оның жетiспеушiлiктерi мен жалпы кәсiпорын бойынша және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң резервтерiн анықтайды. Аудиттiң мiндеттемелерiн талдау кезiндегi негiзгi мiндеттерiнiң бiрi – еңбек және еңбек ақы есебiнiң бухгалтерлiк есептегi ұйымдастырылуы мен жағдайын, еңбектi төлеуге байланысты есеп айырысудың дұрыстығын тексеру болып табылады.
Сонымен iшкi аудит кәсiпорын жұмысын дұрыс, тиiмдi атқаруы үшiн қажет, сонымен қатар нақты қаржылық-шаруашылық жағдайын бағалауына, алынған ақпараттар негiзiнде басшылықтың дұрыс шешiм қабылдауына, кәсiпорын қызметiн дұрыс жоспарлауға, жобалауға мүмкiншiлiк бередi; тексеру барысында табылған кемшiлiктер мен ауытқушылықтарды минимизациялау жолдарын қарастырып, оларды жою жолдарын қарастырып, өз ұсыныстарын жасайды. Яғни iшкi аудит қызметiнiң маңызы кәсiпорын үшiн өте зор болып келедi. Оның жұмысы дұрыс жолға қоюылуы кәсiпорынның басшылығына, ондағы қызмет атқарушы мамандардың бiлiктiлiгiне тiкелей байланысты.
- Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебiне
аудит жүргiзу тәртiптерi
Аудитор баланстың басқа да несиелiк борыштар бабында көрсетiлген жиынтық соманы есеп регистрларындағы, машина жазбалардағы, Бас кiтаптағы мәлiметтердiң жинақталуымен салыстырып, олардың әрқайсысына жеке-жеке тексеру жүргiзуге тиiстi. Бұл баптың iшiндегi шаруашылық операциялардың көлемi, күрделiлiгi жағынан мұқият тексерудi талап ететiн маңызды элементi – жұмысшылармен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар, яғни шаруашылықтың өзiнiң жұмыскерлерiнiң алдындағы еңбек ақы бойынша мiндеттемелерi болып табылады. Жұмыскерлермен есеп айырысудың аудитiнiң мiндетi – еңбек және жалақы есебiн жүргiзу ерекшелiктерiнiң, тәртiптерiнiң сақталуының және бухгалтерлiк есебiнiң жағдайын, сондай-ақ еңбек ақы бойынша есеп жүргiзiп отырған шаруашылықтың есеп айырысуының нормаларының нормалық құжаттардың талаптарына жауап беретiндiгiн анықтау болып табылады. Аудитор шаруашылықтың есеп жүргiзу саясатында қаралған еңбек ақы есептеу, есеп айырысу тәртiптерiмен танысқаннан кейiн еңбек ақы бойынша есеп айырысуға аудиторлық тексеру жүргiзудiң шараларын толық қамтитындай етiп мынандай мазмұнда бағдарлама жасайды:
- Кұшiндегi заң актiлерiнiң баптарында қаралған жалақы төлеудiң есебiнiң жүргiзiлу тәртiптерiнiң сақталуын тексередi;
- Бастапқы құжаттардың түп нұсқасын, олардың жалақы есептеу және төлеу бойынша нормативтiк-хұқықтық актiлерге сәйкестiгiн тексеруi керек;
- Мерзiмдiк және кесiмдiк тарифтiк қойылымдар бойынша еңбек ақы есептеудiң негiздiлiгiн тексеру;
- Шаруашылықтың қолданыстағы есептеу жүйесi бойынша жұмыс көлемiне, iстеген уақытына қарай сыйақы есептеудiң дұрыстығын және негiздiлiгiн тексеру;
- Уақытша жұмысқа қабiлетсiздiгi бойынша жәрдемақы және әр түрлi қосымша ақы есептеудiң дұрыстығын;
- Жалақыдан ұсталатын ұсталымдардың дұрыстығын тексеру;
- Депоненттегi жалақыны тексеру;
- Еңбек ақы төлеу және есептеу бойынша операцияларға жасалған шоттардың корреспондецияларының дұрыстығын тексеру;
- Шаруашылықтың жұмысшылармен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебiнiң жүргiзуде анықталған ауытқуларды қалпына келтiру бойынша ұсыныстар жасау.
Кейбiр жағдайда жұмысшылармен еңбек ақы бойынша, есеп айырысу шоты бойынша аналитикалық есеп мәлiметтерi синтетикалық есеп мәлiметтерiмен сәйкес келмейтiн жағдайлар жиi кездеседi. Бұны осы шот бойынша қалдықты есептеу төлем ведомосiндегi қорытынды сомамен салыстыру жолымен анықтайды. Шот бойынша мәлiметтерiнiң аналитикалық есеппен сәйкессiздiк жағдайы кездессе, аудитор оның себебiн анықтап, кеткен кемшiлiктердi қалпына келтiруi бойынша өзiнiң ұсыныстарын беруге мiндеттi.
Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиттеу кезiнде iшкi бақылаудың жағдайында және бухгалтерлiк есептiң жүйесiн зерттеу үшiн тест жүргiзу арқылы толықтай түсу керек. Аудиторға тест нәтижесi бойынша жұмысшылармен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысуды талдауға бухгалтерлiк есеп жүйесiне және iшкi бақылаудың жағдайы туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi.
Еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысуды тексерген кезде аудитор анықтауға мiндеттi:
- Шаруашылықта еңбек ақы төлеудiң қандай түрлерi және жүйелерi қолданғандығын;
- Жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу ұжымдық және жеке еңбек шарттары туралы iшкi ережелердiң сақталғандығын;
- Жұмысқа қабылданған күннен бастап жұмысшылардың тiзiмдемесi және орташа тiзiмдерiнiң құрамын;
- Еңбек ақы төлеу бойынша жұмысшылармен есеп айырысуды есептеудiң дұрыс жүргiзгендiгiн;
- Осы учаскенiң бухгалтерi қандай нормативтiк құжаттарды басшылыққа алып пайдаланғандығын, оның кiмге бағынатынын және жұмысының сапасының тексерiлгенiн.
Аудитордың маңызды iстерiнiң бiрi – әр түрлi жағдайға байланысты еңбек ақы есептеу тәртiбi мен ережелерiнiң сақталғандығына iшiнара тексеру жүргiзу болып табылады:
1.Кесiмдi, мерзiмдi тарифтiк қойлымдар жалақы бойынша төлемдердiң дұрыстығына, мерзiмiне қарай еңбек ақы төлеу кезiнде шаруашылықтың қызметкерлерiнiң, жұмыскерлерiнiң, штаттың кестедегi қаралған жалақы мөлшерiнiң сақталуын, еңбек келiсiмi бойынша еңбек ақы төлеудiң негiздiлiгiн, тарифтiк қойылымдардың дұрыс қолдануын тексеру қажет. Ал кесiмдi кезiнде қолданған шаралардың және бағалардың, жұмыс көлемiнiң және жұмыстың сапалық көрсеткiштерiнiң дұрыстығын, еңбек ақы есептелген жұмыс көлемiнiң қанша, нақты орындалғандығын, шаруашылыққа кiрiске алынған өндiрiлген өнiмнiң оның санына сәйкестiгiн тексеруi қажет.
- Шаруашылықта қолданып жүрген сыйақы төлеу жүйесi бойынша кесiмдi және мерзiмдi жұмысшыларға есептелген сыйақының негiздiлiгiн, сондай-ақ сыйақы және ынталандыру ақыларына ресми түрде қабылданған рұқсаттың бар болуын талап етедi.
- Жұмыстың қалыпты жағдайдан ауытқуына байланысты, түнгi уақыттағы жұмыстар үшiн, мерзiмнен тыс атқарылған жұмыстар үшiн, жұмысшының кiнәсiнен болмаған өндiрiстегi уақытша кiдiрiстi төлеу үшiн, ауыр және зиянды жұмыстар үшiн, демалыс және мереке күндердегi жұмыстары үшiн және тағы басқа есептелген қосымша ақының дұрыстығы.
Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есе айырысуды аудитор тексеру барысында алдымен алғашқы құжаттардың нормативтiк құжаттарға сәйкес дұрыс толтырылғандығын тексеру керек. Алғашқы құжаттарды тексеру кезiнде аудитор жұмыс уақытының есебiнiң табелi мен нарядына көңiлiн аударуы қажет. Ол үшiн нарядтарды берiлуi күндерi бойынша талдап, нарядтар мен жұмыс уақыты есебi табельдерiндегi жұмысшылардың фамилиялары жеке құрам есебiнiң мәлiметтерiмен салыстырады. Сонымен қатар шаруашылық субъектiнiң тiзiмдiк құрамында жоқ тұлғаларға және аз уақыт жұмыс iстеген тұлғаларға, ақауларға және төмен сапалы жұмыстардың, қызметтердiң қайта орындалуына жазылған нарядтарды зерттейдi.
Алғашқы құжаттар мен есеп айырысу-төлем ведомостерiн тексеруде арифметикалық есептеулер мен iшiнара тексерудiң негiздiлiгiне көңiл аударып және еңбектi төлеудiң кесiмдi, тарифтiк ставкалар мен окладтарының дұрыс есептелгендiгiн тексередi.
Қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудитiнiң келесi кезеңi еңбек ақыдан ұсталымдардың дұрыстығын тексеру болып табылады. Арнайы заңдарға сәйкес жұмысшылардың еңбек ақыларының келесiдей ұсталымдар ұсталынады: табыс салығы, берiлген аванстар, материалдық жетiспеушiлiктер қайтару, орындаушы құжаттар бойынша ұсталымдар, өнiмнiң ақаулары үшiн ж„не т.б. ұсталымдар.
Аудитор тексеру барысында:
- мерзiмiнде алынбаған еңбек ақының депоненттiк сомаларға уақытында жатқызылғандығын;
- депоненттелген сомалардың төленгендiгiн және талап етiлмеген депоненттiк қарыздың табыс құрамына жатқызылғандығын;
- жұмысты біріктіріп атқару бойынша төлемнiң дұрыстығын;
- күшi бар заңдарда қаралған жұмыс орындамаған уақытына төлемдердiң, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша төлемдердiң дұрыс есептелгенiн;
- шығындардың еңбек ақы қорына дұрыс жатқызылғандығын;
- жеке төлемдердiң өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) өзiндiк құнына дұрыс апарылғандығын;
- еңбек ақы қоры бойынша бухгалтерлiк жазбалардың дұрыс жасалғандығын;
- синтетикалық және аналитикалық есептерiнiң, жиынтық мәлiметтерiнiң дұрыс жүргiзiлуi мен қаржылық есеп нысандарының дұрыс толтырылғандығын анықтайды.
Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды тексеруде аудитор сақтандыруға байланысты төмендегi мәлiметтердi қарастыруы тиiс:
- сақтандыру төлемдерiн есептеу үшiн еңбек ақы қорын дұрыс анықтау;
- төлемдердiң уақтылы және толық аударылуын;
- есептелген қосымша төлемдердiң, зейнетақы қорларының аударулардың негiздiлiгi мен дұрыстығын;
- бухгалтерлiк есепте аударымдардың есептеу және аудару операцияларының дұрыс көрсетiлгендiгiн;
- №10 журнал-ордер мен Бас кiтаптағы аналитикалық және синтетикалық жазбалардың сәйкестiлiгiн;
- бюджеттен тыс салаларға әр түрлi аударымдар туралы есеп нысандарының уақтылы және дұрыс жасалғандығын.
Фуд-Мастер компаниясында құрылғаннан берi жыл сайын аудит жүргiзiлiп отырады. Аудит “ЦентрАудит” компаниясымен жасалған келiсiм-шарт бойынша жүргiзiледi. Жүргiзiлген аудит нәтижесiнде компанияның есебi жыл сайын жетiлдiрiлiп, анықталған кемшiлiктер минимизацияланып, орталық бухгалтериямен талқыланады.
Еңбек ақы бойынша iшкi аудит бойынша тест төмендегiдей болып келедi:
- Кәсiпорынның барлық жұмыскерлерi еңбек ақыларын касса арқылы алады ма?
- Бас бухгалтер еңбек ақы бойынша ұсталымдар мен есептеу жиынтығын тексередi ме?
- Еңбек ақыны есептеушi бухгалтердiң кезектi демалысында алмастырылады ма?
- Бухгалтер орындалған жұмыс көлемiн есептелген еңбек ақымен салыстырады ма?
- Еңбек ақыны жүзеге асыратын қызметкерлердiң мiндеттемелерi анықталған ба?
- Бухгалтерияға жұмыстан шығарылған жұмыскерлердiң тiзiмi өткiзiледi ме?
- Еңбек ақыны төлеудiң мерзiмдiк ведомостерi жұмыскерердiң жеке iстерiмен салыстырылады ма?
- Еңбек ақыны төлеу ведомостерiн оны есептеумен айналыспайтын тұлғалар толтырады ма?
- Депоненттелген еңбек ақы шотына берiлмеген еңбек ақы мерзiмiнде аударылады ма?
- Бухгалтер депоненттердiң тiзiмiн Жинақ графасындағы ”Депоненттелген еңбек ақымен” салыстырады ма?
- Бухгалтерияға жаңадан жалданған жұмысшылардың тiзiмiн кадрлар өткiзедi ме?
- Есеп айырысу-төлем ведомостерi номерленген бе?
- Барлық еңбек ақы ставкалары басшының бұйрығымен бекiтiлген бе?
- Еңбек ақы ұсталымдары туралы өкiмдер сақталған ба?
- Ведомостерге оны жасаған тұлғалар белгiлерiн қояды ма?
- Iшкi бақылаушылар еңбек ақының мерзiмдiлiк есептеулерiн тексередi ме?
- Хронометраж мәлiметтерi, орындалған жұмыстар көлемi уақыт шығыстары есебi мәлiметтерiмен және есептелген еңбек ақымен салыстырылады ма?
- Еңбек ақы ұсталымдары мен шығындар есебiнiң әдiстемелерi жасалған ба?
- Бюджеттен тыс қорларға аударымдарының есептерi есептелген еңбек ақымен салыстырылады ма?
- Бухгалтер еңбек ақы есебiнiң айлық, тоқсандық және жылдық жинақтарының мәлiметтерiн тексередi ме?
- Iшкi бақылау қызметi аналитикалық есеп мәлiметтерiнiң синтетикалық есеп мәлiметтерiмен сәйкестiгiн тексередi ме?
- 681 шот бойынша Бас кiтап пен №10 журнал-ордер мәлiметтерi мен аналитикалық есеп мәлiметтерiнiң арасында ауытқушылықтар болды ма?
- Табылған аналитикалық есеп пен синтетикалық есеп мәлiметтерiнiң арасындағы ауытқуларды iшкi бақылау қызметi анықтайды ма?
- Еңбекақы бойынша есеп айырысудың талдауы
Кәсiпорынның жұмысшыларының құрамын зерттеу бiрнеше методологиялық мәселелердi анықтайды. Оның iшiнде екi мәселенi анықтап көрсетуге болады. Бiрiншiсi жұмысшылардың құрамымен байланысты, ал екiншiсi басқа жұмысқа уақытша жiберiлген жұмысшылармен байланысты. Осыдан туатын сұрақ: жоғарыда аталғандарды кәсiпорында жұмыс iстеушiлердiң сандық құрамына жатқызуға болады ма? Кейбiр зерттеушiлер кәсiпорынның персоналы ұғымына тек еңбек шартымен жұмыс атқарып жүрген жұмысшыларды жатқызады. Бұл ұғымға қарсы ұғым – кәсiпорынның жұмысшыларының сандық құрамына барлық жұмыс атқарушы персонал жатады, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша жұмыс атқарушылар, уақытша жұмыстағы персонал да кiредi.
Көбiнесе соңғы аталған ұғым дұрысырақ болып табылады:
Кәсiпорынның өндiрiстiк мүмкiншiлiгiн бағалау барлық жұмыс iстеушiлердiң есебiнсiз, олардың статусына байланыссыз анықталынбайды.
Екiншi мәселе – кәсiпорында белгiлi бiр мерзiмде жұмыс iстеушiлер санының өзгеруi және толық емес жұмыс уақытында жұмыс iстеушi персонал. Осылардың орташа көрсеткiштерiн анықтау керек, бiрақ қандай модель бойынша?
Жақсы модельдiң мәнi – еңбектiң нақты ұзақтылығына байланысты жұмыс iстеушiлердiң сандық құрамын есепке алу. Егер келiсiлген мерзiмде жұмысшылардың сандық құрылымының өзгерiсi елеусiз және толық емес жұмыс күнi бар жұмысшылар саны да аз болған жағдайда, шамамен келесi формуланы қолдануға болады:
(Бастапқы сандық құрылым + Соңғы сандық құрылым)
Сандық өзгеру динамикасының кестесi
|
қызметi |
2003 |
2004 |
Ауытқуы(+,-) |
%ауытқу |
1 |
Бас директор |
1 |
1 |
— |
— |
2 |
Қаржы директор |
1 |
1 |
— |
— |
3 |
Сауда директор |
1 |
1 |
— |
— |
4 |
Бухгалтерия |
4 |
6 |
2 |
150 |
5 |
Күзет |
7 |
9 |
2 |
150 |
6 |
Заңгер |
1 |
1 |
— |
— |
7 |
Сауда |
35 |
42 |
7 |
120 |
8 |
өндiрiс |
75 |
74 |
-1 |
98 |
9 |
Көмекшi өндiрiс |
5 |
5 |
— |
— |
10 |
Барлығы: |
130 |
140 |
10 |
108 |
Компания жұмыскерлерiнiң құрамында екi жылда аса үлкен өзгерiстер болған жоқ, бiрақ компания өндiрiсiнiң ұлғаюына байланысты бухгалтерия қызметкерлерi мен сауда бөлiмiнiң қызметкерлерi көбейген. Сонымен жалпы қызметкерлерiнiң саны +10 адамға немесе 8 пайызға артқан.
Жұмысшылардың жалпы сандық құрылымы жұмысшылардың сандық құрамының толық үғымына сәйкес келедi: барлық жұмысшылардың сандық құрылымы кiредi: келiсiм-шарт бойынша да және уақытша жұмыс iстеушiлер де.
Жұмысшылардың тiзiмдiк құрамы, яғни персоналдың тiзiмдiк кiтабына енушiлер жатады. Ол жалпы жұмысшылар санынан төленбейтiн ұзақ мерзiмдi демалыстағы жұмысшылар мен әскери борышын өтеудегi жұмысшыларды алып тастағанға тең.
Жұмысшылардың сандық құрамы жұмысшылардың тiзiмдiк құрамынан кез келген себептермен жоқ барлық жұмысшыларды алып тастағанға тең.
Жұмысқа қатысудағы сандық құрамы кәсiпорынның жұмысшыларының санынан көтерiсшiлер санын алып тастағанға тең. Ал оқудағы, кезектi демалыстағы жұмысшылар “жұмыста” деп есептеледi. Бұл көрсеткiш кәсiпорынның көлемi мен қуаттылығын көрсетедi.
Кәсiпорында жұмыс iстеушiлердi сипаттайтын бiрнеше аспектiлерiн көрсетуге болады:
Әлеуметтiк құрылым талдауы – кәсiпорын жұмыскерлерiнiң әлеуметтiк-бiлiктiлiк құрылымын зерттеу олардың мiнез-құлықтарын түсiну қажет.
Жас құрылымының талдауы – персоналдың жас құрылымдық пирамидасы өзгерген жаәдайда кәсiпорында жаңа жұмыс күшiн алу мәселелерi пайда болады. Жұмысқа жасы үлкен адамдар массасын алған жағдайда өнiмдi шығаруды тежеуi мүмкiн.
Кәсiпорын персоналының бiлiктiлiк құрылымына талдау.
Персоналдық құрылым бойынша талдау төмендегi категориялар бойынша бөлiнедi:
- өндiрiстегi жоғары квалификациялық жұмысшылар;
- өндiрiс саласындағы немесе қызмет көрсету, қойма, қаптау, көлiк және т.б. салаларындағы жұмысшылар бiлiктiлiгi;
- автоматталынған, механизацияланған операциялар жұмысшыларының бiлiктiлiгi.
Жұмыскерлердiң бiлiктiлiк талдауы келесi пропорцияларды анықтау үшiн керек:
- күрделi, көп профильдi жұмыстар;
- нақты арнайы жұмыстар;
- жай техникалық көмек.
Басшылар құрылымын талдау келесi қызметтердi бөлу үшiн қажет:
- функционалды немесе техникалық қызметтер (президент – бас директор немесе кадрлердiң жоғары деңгейi);
- жалпы әкiмшiлiк (әкiмшiлiк кеңес);
- бақылау (бақылау кеңесi).
Бұл мәлiметтер жұмысшылар квалификациясының орындалатын жұмыстардың күрделiлiгiне сәйкес келуiн, жұмыскерлердiң жоғары немесе керiсiнше төмен бiлiктiлiгiн анықтайды. Фуд-Мастер компаниясы жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер қатарына жатады. Компания құрылтайшылары жеке тұлғалар болып табылады. Директорлар кеңесi үш адамнан құрылған. Басқарушысы – президент, оның екi орынбасары: қаржы директоры және сауда директоры. Қаржы директорының мiндеттерi – күнделiктi түскен ақша-қаражаттарын бақылау, бөлу, бухгалтерия аппаратының жұмысын бақылау, несие алу және банктермен байланыс жүйесiн қадағалау, компания қызметiне қаржылық анализ жасау.
Сауда директорының мiндеттерi – қоймадағы шикiзат есебiн, дайын өнiм есебiн, дайын өнiмдi сату, жарнама, жабдықтаушылармен есеп айырысу, өндiрiстi қажет заттармен қамтамасыз ету, сауда бөлiмiнiң қауiпсiздiгi үшiн жауап бередi.
Жұмыс орындарының тұрақтылығының талдауы.
Соңғы кезде жұмысбастылықтың, жұмыс орындарының тұрақсыздығы жиi кездесуде. Бұл құбылыс кәсiпорынның дағдарысқа ұшырауымен байланысты болып келедi:
Кәсiпорын жұмыс орындарын сақтауға ұмтылмайды. Өйткенi бiрiншiден,экономикалық өзгерiстерге кәсiпорынның икемдi болуы үшiн; екiншiден, персоналдың еңбек ақыны өсiру туралы талаптарының азаюы үшiн.
Қозғалмалы және тұрақсыз жұмыс орындарына жататындар: уақытша жұмыс, яғни стажерлық жұмыстар, келiсiм-шарт бойынша анықталған, шектелген мерзiмдiк жұмыс.
Уақытша жұмыс орындарының келiсiм-шарттарының орташа ұзақтылығын зерттеудiң қарапайым шешiмi – тұрақты жұмысшылар санын барлық жұмысшылар санына қатынасы.
Персоналдың = тұрақты жұмысшылар құрамы/
Индекстiк тұрақтылығы жұмысшылардың жалпы саны
Бұл көрсеткiштiң артуы жалданушы жұмысшылар үшiн оң көрсеткiш болып табылса, ал кәсiпорын басшылары үшiн терiс көрсеткiш болып табылады. Ал Фуд-Мастер Айс-Крим комапаниясының қызметкерлерiнiң барлығы тұрақты болып табылатындықтан бұл индекс есептелiнбейдi.
Персоналдың сандық құрылымының динамикасының талдауы.
Кәсіпорын жұмыстағыларының санының динамикасының коэффициентi төмендегi формуланың көмегiмен анықталады:
Жұмыстан шыққан жұмысшылар саны/
*100
персоналдың бастапқы сандық құрылымы
Фуд-Мастер Айс-Крим компаниясы бойынша бұл коэффициенттiң мәнi төмендегiдей болып келедi:
(1/140)*100=0,7
Яғни 2004 жылғы мәлiмет бойынша, жұмыстан шыққан адамдардың саны тек 1-ге тең болған, ал барлық жұмысшылар саны 140-қа тең. Сонымен жұмысшылар санының динамикасының коэффициентi 0,7-ге тең болған.
Жұмыстан шығудың келесiдей себептерi болуы мүмкiн:
- табиғи кему (өлiм салдары);
- коллективтi және жеке жұмыстан шығулар;
- зейнетке шығу;
- келiсiм-шарт мерзiмiнiң аяқталуы.
Сонымен қатар кәсiпорын жұмысшыларының еңбекақыларының өсу динамикасын немесе кему тенденциясын талдауға болады. Мысалы, төмендегi кестеде Фуд-Мастер Айс-Крим компаниясының қызметкерлерiнiң еңбек ақыларының 2002 және2004 жылдардағы өсу динамикасын зерттелуi 5 кестеде көрсетiлген:
Кесте №5
Фуд-Мастер Айс-Крим компаниясының 2002-2004ж.ж. қызметкерлер жалақысының өсу динамикасы
№ |
Көрсеткiштер |
2002 |
2004 |
Ауытқу(+,-) |
%ауытқу |
1 |
Жанпеисова Г.Н. |
22 000 |
25 000 |
+3000 |
113 |
2 |
Литвинова А.П. |
15 000 |
19 000 |
+4000 |
127 |
3 |
Кротов П.А. |
25 500 |
29 000 |
+3500 |
114 |
4 |
Закиров К.А. |
23 000 |
25 000 |
+2000 |
109 |
5 |
Долатова Д.Е. |
15 000 |
17 000 |
+2000 |
109 |
6 |
Бекмуратова Е.Е. |
33 000 |
35 000 |
+2000 |
109 |
7 |
Тислова В.А. |
37 000 |
39 000 |
+2000 |
109 |
8 |
Конысов М.М. |
35 000 |
39 000 |
+4000 |
127 |
9 |
Лебедева И.Ю. |
25 000 |
27 000 |
+2000 |
109 |
10 |
Барлығы: |
230 500 |
255 000 |
+24 500 |
111 |
Жоғарыдағы кесте мәлiметтерi бойынша кәсiпорынның жұмысшыларының жалақысы жалпы +24 500 теңгеге немесе 11-пайызға артқан. Оның iшiнде Литвинов А.П. мен Қанысов М.М. қызметкерлерiнiң жалақысы +4 000 теңгеге немесе 27 пайызға артқан және Кротов П.А. қызметкерiнiң жалақысы +3 500 теңгеге немесе 14 пайызға артқан. Ал қалған қызметкерлерiнiң жалақылары тек +2 000 теңгеге немесе 9 пайызға артқан. компания қызметкерлерiнiң жалақылардың артуының кестеде тек бiр бөлiгiғана көрсетiлген, жалпы кәсiпорын бойынша өндiрiс қызметкерлерiнен басқа қызметкерлердiң жалақысы артқан. Бұның себебi 2002 жылы өндiрiс қызметкерлерiнiң саны 65-ке тең болған, ал 2004 жылға дейiн олардың саны 74-ке жеткен, ал жалақылары сол күйiнде өзгерiссiз 15 000 теңгеге тең. Өндiрiстiң ұлғаюына байланысты басқа қызметкерлерiнiң мiндеттерi артып, сәйкесiнше олардың жалақылары да 97,6 пайызға, яғни 5 546 744 теңгеге артқан. Өндiрiстiк жұмысшылардың саны 9 – ға артқандықтан, өндiрiстiк жұмысшылардың еңбек ақы қоры 135 000 теңгеге, яғни 2,6 пайызға артқан. Себебi: 2002 жылы жалпы еңбек ақы қоры 50 360 000 теңгенi құрап, 2004 жылы ол 56 041 744 теңгенi құраған. Кәсiпорынның жалпы еңбек ақы қоры 11 пайызға, яғни 5 681 744 теңгеге артқан.
Жалпы кәсiпорынның қызметiндегi жалақының маңыздылығына қарамастан жалақыны өсiру жағына келгенде қарапайым өндiрiс жұмысшылары мен басқа қызметкерлерi жалақыларының айырмашылығы, өсiмi елеулi болып келедi. Жалақының өсуiнiң басым бөлiгi басшылардың, бухгалтерия қызметкерлерiнiң, сауда қызметкерлерiнiң үлесiне жоғары, ал өндiрiс, қауiпсiздiк жұмысшыларының үлесiне төмен болып келедi. Бұл кәсiпорынның басшыларының кемшiлiгi болып табылады. Қаржы директоры мiндеттi түрде бұл мәселенi зерттеп, қажеттi шаралар қолдануы керек.
Жалпы кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбек ақылары Қазақстан Республикасы нарығындағы жалақы мөлшерiне сәйкес деп айтуға болады.
Қорытынды
Зерттеудің нәтижесінде көз жеткізгендей шаруашылықта бухгалтерлік есеп стандарттары мен заңның талаптарына сәйкес жүргізіледі.Есеп жүргізу 1С-7.7 және сауда бағдарламасымен компьютерлік жүйеге көшірілген. Жұмыс құрамы 140 адам, оның ішінде 9 әкімшілік қызметкерлері , 131 жұмысшылар.Кәсіпорынның жалпы еңбек қоры 5 681 744 теңге ,яғни өткен жылдан 11%-ға артқан. Әкімшілік қызметкерлерінің жалақысы 9% -ға артқан. Жұмысшылардың еңбек ақы қоры 135 000 теңгеге , яғни 2.6%-ға артқан. Бұл жалпы табысқа әсер етіп, жұмысшылардың жалақысының әлі де болса төмен екендігін көрсетеді.Президенттің жолдауына байланысты бұл мәселелерді қайта қарауды талап етеді.
Дербес ЭЕМ- нiң дамуына байланысты кәсiпорындарда бухгалтерлiк есеп жүйесiн автоматтандыру 90 – жылдардан бастап есептеу орталығынан, жүйенi автоматтандыру бөлiмдерiнен тiкелей бухгалтердiң жұмыс орнына берiлдi. Бухгалтерияға ұсынылар әртүрлі кәсіпорындарға арналған талдау мүмкіндіктері мол кешендік бухгалтерлік программалар 1994жылдан бастап дамыған:ЛУКА-ПРО,ГАЛАКТИКА,1С:БУХГАЛТЕРИЯ.,ТСВ Бухгалтерия,Алтын және тағы басқалары.
Кез- келген кәсiпорында бухгалтерлiк есептi автоматтандыру, онда бухгалтерлiк программалар жүйесiн жасау деген сөз. Бухгалтерлiк программалардың құрылымы икемдi және ашық жүйелi болуы керек. Алайда осындай программалар кәсіпорынның барлық ерекшеліктерін (қызмет аясын,ұйымының көлемін,автоматтандыруға қойылатын талаптарды) қанағаттандыра алмайды.Сондықтан олар параметрлік икемге келтіру үшін үлкен резервпен жасалады және программаның негізгі сипаттамаларын кеңінен түрлендіруге қосымша мүмкіндіктер береді.Осыған байланысты программалық кешенді нақты жұмыс жағдайына бейімдеу қажеттілігі туады.
Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің міндеті күшіндегі еңбек және жалақы есебін жүргізу ережелерінің,тәртіптерінің сақталуын және бухгалтерлік есептің жағдайын,сондай-ақ еңбекақы бойынша жүргізіліп отырған есеп айырысудың нормалар мен нормативтік құжаттарының талаптарына жауап беретіндігін анықтау болып табылады.
Аудитор шаруашылықтың есеп жүргізу саясатында қаралған еңбекақы есептеу есеп айырысу тәртібімен танысқаннан кейін ,еңбек ақы бойынша есеп айырысуға аудиторлық тексеру жүргізудің шараларын толық қамтитындай етіп мынадай мазмұнда бағдарлама жасайды:
-Жалақы төлеу есебінің жүргізілу тәртібін тексеру
-Еңбекақы есептеу және төлеу бойынша нормативтік құқықтың актілерге сәйкестігін тексеру
-Мерзімдік және кесімді тарифтік қойылымдар бойынша еңбекақы есептеудің негізділігін тексеру
-Сыйақы есептеу жүйесі бойынша сыйақы есептеудің дұрыстылығын және негізділігін тексеру
-Жалақыдан ұсталынатын ұсталымдардың дұрыстығын тексеру
-Еңбекақы төлеу және есептеу бойынша жасалған шоттардың корреспонденцияларының дұрыстығын тексеру
-Шаруашылықтың жұмысшылармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебін жүргізуде анықталған ауытқуларды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар жасау
Еңбекақы төлеу бойынша қарыздары туралы ақпараттарды жинақтау үшін 681 “Жұмысшылармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу”шоты қаралған.
Аудит барысында тексеру жұмысы бухгалтерлiк есеп кестесiнiң алатын орны ерекше. Себебi, есеп көрсеткiштерi сол есеп кестелерi арқылы жүйеге келтiрiледi. Сондай жүйеге келтiрiлген есеп кестелерi отчет жасауға, оперативтiк анализ жасауға, әр жүйедегi информация көрсеткiштерiнiң арасындағы байланысты анықтауға тиiмдi есеп құралы болады.
Ақша операциясының бухгалтерлiк құжаттары ерекше мұқиятылықпен толтырылады, онда қате жiберiлген жағдайда ондай құжаттарда түзету жасауға болмайды.
Дипломдық жұмыста қараған мәселелелерге сәйкес жеке еңбек шарты ,қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттеу, жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жалақы және еңбекті нормалау, қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу , жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі , қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шаралары, еңбек даулары Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңымен бекітілген . Бұл заңның 97бабында «Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Еңбек даулары соттарда қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленеді» делінген.
101 бап. Қызметкерлер еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша сотқа жүгінген жағдайда олар мемлекет кірісіне сот шығындарын төлеуден босатылады.
Қолданылған әдебиеттер:
1 .”Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы” Заң.Алматы –
2005ж.
2.”Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” Заң.
2002 жылғы 26 маусым
3.”Аудиторлық қызмет туралы” Заң.(2003 жылғы өзгертулер мен толықтырулар) 2004ж- Алматы
4.”Неке және отбасы туралы” Заң.Алматы-2005ж
5.Стандарты бухгалтерского учета. 2005г- Алматы.
6.Салық кодексi. Алматы -2005ж.
7.Бухгалтерлiк есептiң стандарттары және әдiстемелiк ұсынымдары. 2004ж.
8.Жалпы экономикалық теория. Шеденов Ө. Қ, Сағындықов Е. Н., Жүнiсов Б. А., Байжомартов Ү. С., Комяшин Б. И. Ақтөбе -2004ж “А – полиграфия”.
9.Финансовый учет на предприятии. Алматы -2003ж. Экономика.
10.Кәсiпорындағы бухгалтерлiк есеп. В. К. Радостовец., Т. Ғ. Ғабдуллин, В. В. Радостовец, О. И. Шмит. Алматы- 2003ж.
11.Файл бухгалтера. Журнал-2004г. Алматы
12.Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау. К. Ш. Дүйсенбаев., Э. Т. Төлегенов.,Ж.Т.Жұмағалиева. Алматы –
2001 ж.
13..Бухгалтерлiк есеп теориясы: Б. Укашев, З. М. Әжiбаева. Алматы- 1999. “Ұлағат” универсиетi.
- Аудиттiң теориясы: А. А. Сәтмырзаев, Б. Е. Укашев. 1998ж.
Алматы “Ұлағат” универсиетi.
15.Қаржылық есеп: Қ. К. Келумжаев, З. М. Әжiбаева, Н. А. Құдайбергенов, А. Ә. Жантаева. Алматы. Экономика- 2001ж.
16.Бухгалтерлiк есеп прициптерi: Қ. К. Кеуліммжаев, З. М. Әжiбаева, Н. А. Құдайбергенов. Алматы. Экономика -2003ж.
17.Аудит.М.БАЙДАУЛЕТОВ.С.М.БАЙДАУЛЕТОВ.”Қазақ
университеті” 2004ж-Алматы.
Қорытынды.
Фуд- Мастер Айс Крим компаниясы 2002 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Негізінен сүт өнімдері тағамдарын шығарады. Жұмысшы қызметкерлерінің жалпы саны 140 адам. Оның ішінде 9 әкімшілік қызметкерлері, 131 әртүрлі жұмысшы қызметкерлері.
Шығарған өнімдерді Алматы қаласы мен Алматы облыстарына таратады.Шаруашылықта бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есептің типтік шоттары жоспары бойынша жүргізіліп түгелдей компьютерлік жүйеге көшірілген. Есеп жүргізу 1 С- 7.7 және сауда бағдарламасымен компьютерлік жүйеге көшірілген. Жұмысшы қызметкерлері мен компания басшылығы арасында еңбек келісім-шарты жасалып, тарифтік кесте бойынша мерзімді және кесімді еңбекақы нысандары бойынша еңбекақы есептеу жүзеге асырылған.
Компанияда 2004 жылдың қаржы шаруашылық нәтижесі бойынша аудиторлық тексеру жүргізілмеген. Өйткені компания міндетті аудит жүргізетін ұйымдардың қатарына жатпайды.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар қарастырылған. Соңғы 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің жолдауында да еңбек етушілердің еңбек жалақысын өсіруге де көп мән беріліп, ол жүзеге асу үшін біраз жұмыстар жасалуда.
Президенттің жолдауында бюджеттік және мемлекеттік кәсіпорындарымен қатар меншік, меншіктің басқа түрлеріндегі ұйымдарға да еңбекақыны көтеру мәселесі айтылған.
Компанияда жалпы еңбек қоры өткен жылғымен салыстырғанда 5 681 144 теңгеге артқан, яғни 11 пайызға, ал әкімшілік қызметкерлеріне 9 пайызға, жұмысшыларға 2,6 пайызға артқан.
Компанияда жұмысшылардың еңбекақысының өсу қарқыны әкімшілік қызметкерлермен салыстырғанда әлі де болса төмен. Жоғарыда айтқанымыздай Президенттің жолдауына сәйкес бұл мәселені қайта қарауды қажет етеді.
Компания басқа облыстардан филиалдар ашу бағдарламасын жүзеге асыру үстінде жұмыстар жасап жатыр.