АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Сұлтан Бейбарыс өмірі және Бейбарыс сирасы

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….….3

 

I СҰЛТАН БЕЙБАРЫС ӨМІРІ ЖӘНЕ «БЕЙБАРЫС СИРАСЫ»

1.1 Бейбарыс жайлы  Мысырлық деректер………………………………………8

1.2 «Бейбарыс сирасы» және оның жазылуы тарихы…………………………21

 

II «БЕЙБАРЫС СИРАСЫНДАҒЫ» ЖАС БЕЙБАРЫС БЕЙНЕСІ

2.1 Мысырлық халқының ауыздағы  Бейбарыс тұлғасының көрінісі….28

2.2 «Сұлтан әз-Захир Бейбарыс сирасындағы»  жас Бейбарыс бейнесі..47

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………..60

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………………………………..62

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

      Тақырыптың өзектілігі. Кез-келген халық өзінің ұлттық тарихын тереңінен зерттеп-зерделеуге ұмтылыс жасайды. Патшалық, кейін Кеңестік дәуір тарихшылары түркі халқының бай тарихи мұраларын зерттеуде сыңаржақты пікір қалыптастырды.

      Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрмаланып тарих бетінде ақтаңдаққа ұрынған жәйттерді қайта қолға алды. Егеменді ел атанғанан бері тарихымызды түгендеп, кешегі өткен ата бабалар  тарихын  олардың есімдерін халық жадына қайта әкелудеміз.     

        Әсіресе, орта ғасырлық Қазақстан тарихындағы бүгінде бізге жетпеген, тарихтың беймәлім беттері ғасырлар қойнауында зерттеуді күтіп жатыр.Осынау қатпарлардан қазақ деген халықтың тарих саханасына келуіне өте көп ықпал еткен  қыпшақтар тарихы үлесі өте зор. Осы дәуірде қазақ даласында қыпшақтар арасынан дүние жүзіне мәлім көптеген ғұламалар, даңқты қолбасшылар дүниеге келді. Осындай тұлғасы биік дарабоздар арасынан Дешті Қыпшақта дүниеге келіп, Мысырда ел басқарып, аты аңызға айналған Сұлтан Бейбарысты ерекше атауға болады.

      Сондықтан. біз қарастырғалы отырған бай тарихи мұраларды бітіру жұмысының тақырыбына арқау етіп отырмыз. Бұл мәселе бүкіл түркі халықтарын ойландыратын үлкен өзекті мәселе екенін айтқымыз келеді.

       Әлем тарихының аясынан алып қарасақ, көне түрік халқы мен оның өзінің құрған мемлекеттің тарихы: мамлүктер кімдер, сосын тіпті де өз жұрағаттары болып табылмайтын Мысыр еліне қайдан тап болды? – деген сауалдар туындайды. Осынау мәселені тек саяси тарихты немесе әлеуметтік қарым-қатынасты талдау арқылы шешу жолында талай-талай талпыныстар жасалса да одан ешбір нәтиже шықпады.

       Адамзат тарихынан алатын орнының орасан зор маңызына қарамастан,  олардың іс-әрекеттеріне әсер етпей тұра алмады. Демек, сұлтан Бейбарыс бастаған мамлүктер мемлекеті мен дешті қыпшақ арасындағы әлеуметтік және саяси тарихы бірге өріліп, байланысып кеткен, сондықтан да оқиғалар желісін қалпына келтіру үшін біз олардың әрқайсысының тарихын назардан тыс қалдырмауға тырыстық.

       Тақырыптың зерттелу деңгейі: Көне түркілер және қыпшақтар жөніндегі зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың орта шенінде ірі тарихшылар еңбектерінен көрініс тапты. Оның ішінде Н.Я.Бичуриннің ғылыми қызметі ерекше. Н.Я.Бичуриннің қытай жазба ескерткіштерінің ертедегі Орта Азия халықтары туралы мәліметтері жинағын бастырып шығаруы синологиядағы аса көрнекті құбылыс болды [1]. Бірінші еңбекте қытай деректемелерінің Қазақстанды ертеде және ортағасырларда мекендеушілердің: хуннулардың (сюннулардың), үйсіндердің, қаңлылардың, янцайлар мен түрік тайпаларының тарихы жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған.

       Жалпы алғанда, мәмлүк  дәуірінде қатысты өте бай архивтік мәліметтер бар екендігін айта кету керек. Сирек қолжазбалар Таяу шығыс елдерінің Каир, Дамаск, Бағдат, Алеппо және т.б. қалаларында ғана емес, Еуропа елдерінің  кітапханаларында да сақталуы тұр. Каирде орналасқан Мысыр кітап үйінің өзінде ғана 70 мыңдай қолжаба, сирек темір шақалар бар. Оның басым көпшілігі мәмлүк дәуіріне қатысты материалдар болып табылады.Осы кітап үйінің жанындағы қолжазба орталығы ескі манускриптерді микрофильмдерге түсіріп, ғылыми зерттеулер жүргізумен айналысады. Сонымен қатар, мұсылман әлеміне белгілі атақты діни оқу орны- әл-Әзһар университеті кітапханаларының қойнауында, Мысырдың дін істері мен уақыптар министірлігінің кітапханаларында мешіт, зауия және т.б жылжымайтын мүліктерге қатысты мәмлүк дәуірінің құжаттары сол күйінде тұнып тұр.

      Ал, жалпы мамлүк тарихын зерттеу ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда Батыс Европа мен Ресейде басталған Мысыр Мамлүк мемлекетінің  тарихын зерттеуде бірқатар зерттеулердің өзіндік тарихнамасы мен деректік негізі қалыптасқанына қарамастан. Бүгінгі күнге дейін бұл мәселе бойынша арнйы толық зерттеу жоқтың қасы. Бұл салада  зерттеулер жүргізген алғашқылар арасында д Эрбело, Ж. Дегино, И. Хаммер-Пургштальді атауға болады[2].

      Мысыр Мамлүк мемлекетінің тарихына арналған зерттеулер Батыс Европада ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ ғасырдың басынан бастауын алады және  алғашқы зерттеушілердің назары Мысыр Мамлүк мемлекетінің саяси тарихы, сыртқы саясаты, батыс христиан елдермен қарым-қатынастары мен мемлекеттік құрлымы сияқты салаларын ашуға бағыттаған зерттеулердің арасында Г. Уейль, Дж. Саувагет, С. Лэн-Пуль, М.Уильямның еңбектері бар[3].

      ХХ ғасырдың бірінші жартысында Мысыр Мамлүк мемлекетінің саяси тарихын зерттеуде елеулі үлес қосқан зерттеушілердің ішінде М. Гаудефре-Демомбинес, А.Поляк, Е.Комбе, А.Атия, М.Конрадтың, ал Мамлүк мемлекетінің әскери жүйесіне байланысты зерттеулерден Д.Айалонның еңбегін ерекше атауға болады[3].

    ХХ ғасырдың 60-70 жылдарда араб зерттеушілері ішінде Амин-әл Холи, Махмуд Ризқ Салим, Абд әл-Фаттах Ашур, Саад Маһирдың[4] аттарымен байланысты болса, 80-жылдар Мамлүктер тақырыбында зерттеулер жүргізген тағы бірқатар араб зерттеушілері белгілі болды, атап айтсақ Абд әл-Азиз Махмуд Абд ад-Дайм, Али ас-Саййд Али өз еңбектерінде, бұл саланың өзекті тақырыптарын ашуға арналған[5].

     Ал, Қазақстанда мамлүктерге қатысты зерттеулер алғаш рет С. Ақынжановтың  Ортағасарлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтар атты орны бөлек ғылыми монографиясында аталып өтеді[6]. 1995 жылы жарық көргенше қазақ, орыс тілдеріндегі ғылыми және көкем әдебиет беттерінен (мысалы, С.Н. Марков, М. Симашко, Ю.Плашевский, І.Есенберлин, Ғ.Мүсрепов шығамаларында) сирек көрінетін мамлүктердің қалған орасан зор мәдени мұраға қарап тұрып, қыпшақтардың бөтен елде сұлтан болған  ерекше қасиеттеріне тәнті боласың. Мысыр мен Шам  ( қәзіргі Сирия, Иордания, Лива, Израиль жәе Палестина) жері қамтыған ораса зор мемлекет құрып, 132 жыл билеп –төстеген қыпшақтар Бейбарыс пен Қалауынның және олардың ұрпақтарыың мәдениет пен ғылым, экономика мен құрылыс салаларындағы жетістіктері мен қалдырған іздері ұлан –ғайыр. Шын мәнінде, қыпшақтар мәмлүк тарихының алтын беттерін жазған. Бұдан кейінгі жылдарда белгілі ғалым Б. Көмековтың атты еңбегін, мақалаларын атап айтсақ артық болмас[8].

         Әсіресе, бұл тақырып төңірегінде еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдарда кең ауқымды зерттеле бастады, атап айтар болсақ Қайрат Сәкидың «Сұлтан Байбарыс» атты еңбегі Мамлүктер тарихын зерттеуге тың серпіліс әкелді[9]. Оның ізінше 2002 жылы қорғалған Батыршаұлы Бақыттының «Мысыр Мамлүк мемлекетінің Дешті Қыпшақпен ХІІІ-ХҮ ғғ. байланыстары(араб деректері бойынша)» атты  кандидаттық диссертациясының орны ерекше болмақ[10].

        Деректік қоры:Бұл кезең ислам тарихындағы басқа кезеңдермен салыстырғанда авторлардың көптігімен, тақырыптың ауқымдылығы және өзіндік жаңа жанрлармен дүниеге келумен ерекшеленеді.     

         Сонымен қатар, бұл кезеге жататын өзіндік ерекшеліктердің бірі ретінде көптеген шығармалардың авторлары Мамлүк мемлекетінің мансапты, лауазымды адамдар болуымен қатар сұлтан  сарайына жақындығының  болуы және мемлекеттік істерге жаұын болуымен құнды. Солардың қатарында Ибн Абд аз-Захир мамлүк сұлтаны аз-ахир Байбарыстың жеке хатшысы қызметін атқарған және Сұлтан Байбарыстың жеке өміріне қатысты «Ар Рауд аз-Заһир фи сират әл   малик аз-Заһир» атты еңбегі бұл саладағы ең құнды еңбектер қатарына жатады. Бұдан басқада, атап айтқанда Бейбарыстың сұлтандығы туралы Ибн Уасил (1207-1297), Ибн Шаддад (1217-1285), Ибн Абдузахир (1223-1229), а-Нуайри (1331 жылы қайтыс болға), Байбарыс ад-Дауадар (1325ж. қ.б.) Ибн Аби Фадаил (1334ж еңбегін аяқтаған), Ибн Айбек (1336ж кейін қайтыс болды), әл-Юнини (1362 ж. қ.б.) Абу-л-Фида (1273-1331), Ибн Шакир (1362  қ.б.), Ибн Тәңірберді(1311ж .т), Әл Мақризи( 1356-1441), әл-Айни (1361-1451), Ибн-Йиас (1448-1524) секілді мұсылман тарихшылар қалам тартқан болса[11], әл-Габурти, әл-Джаһиз, Ибн-Асир, Ибн баттута, Ибн Касир, Ибн Фадлан, Ибн Фурат , Ибн Хаджар  ал-Асқалани, Ибн халдун, Ибн Халакан, Ибн Арабшаһ, Ибн Ибри, Ибн ал – Уарди, Абу Шама, аз-Захаби, ас-Саути, ат-Табари және т.б. әр түрлі ғасырларда өмір сүрген мұсылман тарихшылары да түркі, мәмлүк тақырыбын айналып кете алмаған. Олардың еңбектерінің бір бөлігі зерттеліп араб елдерінің баспаханаларынан жарық көрсе, келесі бір бөлігі дүниежүзінің кітапханаларында қолжазба күйінде әлі күнге дейін өз зерттеушісін күтіп жатыр.

    Ислам тарихнамасындағы Байбарыс туралы “сира”- өмірбаян жанрында жазылған бар болғаны үш шығарма бар. Оның өзінде де шығармалардың біреуі қара сөзге түсірілген поэтикалық шығарма болып табылады. Тарихшы Ибн Уасил өзінің ауқымды еңбегінің бір томын Байбарыс сұлтандығын баяндауға арнаған.

  Байбарыс заманында өмір сүріп сүлтанның өмірбаянын жазға, мәмлүк мемлекеттік жүйесінде қызмет еткен Ибн Абдузаһир, Ибн Шаддад жәе Ибн Уасилдерге ерекше тоқталып өткеніміз жөн деп санаймыз\\. Олар мәмлүктер, кресшілер мен монғолдар арасыдағы теке-тірес барынша қызған кез, ХІІІ-ғасырдың екінші жартысында өмір сүрді. Ибн Абдузаһир, Мухиуддин абулфада Абдулла би Рашидан Абдузахир бин Нашуан қади (1223-1292) ортағасырлық тарихшы, Байбарыстың замандасы. Каир қаласында дүниеге келген. Сұлтандар Құтұз және Байбарыс замандарында Диуан Иншада хатшы болып істеген. Өзінің жұмыс сипатына қарай сұлтанға жақын болған. Байбарыстың оны жеңіс сүйіншісін сұрауға, Хама қаласының уәлиінен адалдық антын алуға жолдауы оған деген сенімін көрсетеді. Оның қаламынан сұлтан Байбарыстың моңғол мен кресшілерге қарсы іс- әрекеттерін суреттейтін “Ар-рауд аз-заһир фи сира ал-малик аз-заһир”, сұлтан Қалауын туралы “Ташриф ал-айам уа ал-асур фи сира ал-малик ал-мансур” және “Ал-алтаф ал –хаффия ми сира аш-шарифа ас-султания ал-маликия” секілді еңбектер шыққан[13]. Тарихшы өз шығармасының дайын бөлімдерін сұлтанға оқып беріп отырған. Кейін қосымшалар енгізілген. 194 беттен тұратын қолжазба Стамбул қаласындағы  Фатих сұлтан Мехметтің кітапханасында сақтаулы тұр. Байбарыс туралы шығарманың бірінші және соңғы бірнеше беттері жоғалған. Соған қарамастан Байбарыс туралы екі биографиялық шығармалардың ішіндегі бізге бүтін жеткені болып табылады.

   Ибн Шаддад, Иззуддин Абу Абдулла Мухаммад бин Али бин Ибраһим бин Шаддад әл-Ансари әл-Халаби. 1217 жылы Алеппо қаласында дүниеге келген. Географ –тарихшы. Байбарыстың замандасы. Моңғолдар 1258 жылы Бағдатты алып, Шам еліне тақағанда Хулагу ханға Дамаск пен Алеппо билеушісі  Юсуфтың атынан елші болып барған. Бұл тарихшының еңбектерінің құндылығы бұл өзі куә болған, өз көзімен көрген оқиғалардың егжей-тегжейлерін баяндауында. 1261 жылы Шамда монғол үстемдігі орнаған соң Мысырға жер аударып, сұлтан Байбарыстың қол астында қызмет еткен. 1285 жылы Каир қаласында қайтыс болып, Муқаттам тауының үстіне жерленген. Байбарыс сұлтанның ерекше құрметіне ие болған. Тарихшылар Байбарыс сот арқылы шешілген екі іс бойынша Ибн Шаддадтың  куәлігіне сүйенді деп көрсетеді. Соған қарағанда шыншылдығымен аты шыққан адам болса керек. Тарихшы әл-Юнин ол турал “Сұлтандар алдында орны ерекше еді.  Абыройлы, көп істерге ықпал жасай алатын еді. Қол астындағы адамдары көп, алдына қойған мақсаттарын тез жүзеге асыратын. Байбарыс қайтыс болған соң оның баласы Беркеханның да сеніміне кіре алды. Ол оны өзінің кеңесшісі және уәкілі етіп тағайындады. Беркехан онымен әкесі Байбарысты жерлейтін жерді таңдады ақылдасып, сол істі атқаруды оған жүктейді”- деп көрсетеді[14]. Артына алты еңбек қалдырған,оның ішіндегі біз үшін құнды шығармасы “ Тарих ал-малик аз-заһир”. Бізге қолжазбаның 270 беттік екнші бөлімі ғана жеткен, оның өзі Байбарысты қайтыс болғаннан кейін “саджғ” тәсілімен, яғни рифмалық қара сөзбен жазылған. Сондықтан, жете мән бермей, көп уақыт тарихшылар назарынан тыс қалып келген. Шығарманың бастапқы атауы белгісіз. Қолжазбаның Түркияның Эдерне қаласындағы Салимия мешітінің кітапханасында сақтаулы тұрған нұсқасы “Байбарыс тарихы” деп аталады, сондықтан осы атау ғылыми айалысқа енген. Қолжазбаның бізге жеткен бөлігі Байбарыстың өмірінің соңғы жылдары- 1272 –1278 жылдар арасындағы оқиғаларды суреттейді. Сұлтан Байбарыстың саяси, әскери, әлеуметтік өмірінң маңызды жақтарын өз көзіме көрге тарихының қолжазбасы одан кейінгі тарихшылардың осы кесенге қатысты арқа сүйейтін бірден-бір құжатқа айналған[15].

  Ибн Уасил, Джамалуддин Абу Абдулла Мухаммад бен Салим бин Насрулла ал-Хамауи аш-Шафиғи 1207-1298 жылдар арасында өмір сүрген. Хама қаласында дүниеге келген. Білім іздеп Дамаск, Құдыс, Алеппо, Каир қалаларын шарлаған. Фпанция королі Льюйс ІХ-ның Мысырға жасаған жорығы, мамлүк мемлекетінің дүниеге келуі, монғол шабуылы нәтижесінде орталығы Бағдат шахарында орналасқан аббасидтер халифатының күйреуі кезеңнң тірі куәгері. Сицилия королі, қасиетті Рим мемлекетінің императоры Манфред Фредрикке сұлтан Байбарыстың елшісі болып барған. Ол соңына мол тарихи, әдеби мұра қалдырған. Біз үшін ең маңызды шығармасы –“Муфарридж ал-куруб фи ахбар бени айуб”[16]. Атап айтқанда осы шығарманың соңғы бөліктері сұлтан Бейбарыстың саяси сахнадағы өмірінің бастапқы кезеңі туралы мол мағлұматтар береді.

  Сонымен қатар, тарихшы Ибн Аббастың  Байбарыстың  хатшысы, тарихшы, ақын Ибн Абдузаһирдің Байбарыс туралы поэмасын қара сөзбен қысқартып жазып шыққан “Ал –манақип ас-сиррия ал-маунтазиға мин ас сира аз заһирия” еңбегі бар. Бұл шығармада Бейбарыстың сипаты туралы мол мағлұматтар кездеседі[17].

  Осы заманғы араб тарихшылары да мәмлүк тарихын зерттеуде. С.Ашур, М.Сурур бастаған мысырлық тарихшылар сұлтан Байбарыс туралы өмірбаяндық жеке кітаптар жазған[18]. Француз тілінде де сұлтанға арналған жекелеген еңбектер бар.

   Кресшілердң қасиетті жерлерге – Палестинаға жорықтары заманында ағылшын, француз, неміс, италиян және т.б. еуропалық тілдерде дүниеге келген хроникалық, тарихи шығармаларда да мәмлүктер туралы мол мағлұматтар бар. Мәмлүк мемлекетімен тығыз сауда байланыстарын орнатқан Сицилия, Генуя, Венеция және Испания қалаларының кітапханаларында қыпшақтарға қатысты мол материалдар жатыр.

  Сонымен қатар бұл жерде мәмлүк дәуіріне қатысты терең зерттеулер жүргізіп отырған француз шығыстану институтының Каир қаласында орналасқан филиалын айтуға болады.  

         Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті. Дешті Қыпшақ даласының  перезенті ірі саяси тұлға Бейбарыс туралы жазылған деректер мен зерттеулерді талдай отырып, біз алдымызға мынадай мақсаттар мен міндеттерді қойдық:

  • Сұлтан Бейбарыс туралы деректерді талдау
  • Бейбарыс жайлы Мысырлық деректерге сараптама жасау
  • «Бейбарыс сирасы» және оның жазылуы тарихына тоқталу
  • Мысырлық халық ауыз әдебиеттеріндегі Бейбарыс бейнесін анықтау
  • «Бейбарыс сирасы» және жас Бейбарыс бейнесіне қатысты шығарманың құндылығын анықтау

  Бітіру жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I СҰЛТАН БЕЙБАРЫС ӨМІРІ ЖӘНЕ «БЕЙБАРЫС СИРАСЫ»

 

1.1 Бейбарыс жайлы  Мысырлық деректер

 

       Бейбарыс Еділ мен Жайық өзендерінің жарасындағы кеңістікте, яғни қазіргі қазақ топырағында дүниеге келген.

       XIV ғасырда өмір сүрген Мысырлық тарихшы Әл-Айни  «Иқду ал-джуман Фи тарих аһл ал-азман» атты еңбегінде «Бейбарыс бин Абдулла ұлты Қыпшақ түркінің Беріш ұлы тайпасына жатады деп жазады. Тарихшы арабша «бугрдж» жазады. Тарихшы сонымен Бейбарыстың титулына айбатты  арыстан сөзін қосып жазады[19].

        Сонымен қатар тарихшы ал-Нуайри «Ниһая ал-адаб» атты еңбегінде Мысыр жеріндегі түркі мемлекетінің төртінші патшасы нағыз патша сұлтан Бейбарс ас-Салихи ұлты түркі, Бөрілі (ал-Бурули) тайпасынан — деп жазғанын айта кеткен жөн[20]. Сұлтан Бейбарыстың жеке хатшысы болған Ибн Абдузахир өзінің «Ар-рауд аз-захир фи сира ал-малих аз-захир (жеңімпаз мәлік өмірбаяны) туралы гүлденген бақ» атты еңбегінде сұлтанның тегі Ал бурули деп жазады[21]. Тарихшылардың  сұлтан Бейбарысқа жақындығына қарай олардың сұлтанның шыққан тегі туралы мағлұматтары да түрленіп отырады.    

         Мысалы: Тарихшылардың көпшілігі Бейбарысты шыққан тегі жағынан Түркі Қыпшақ деумен шектелсе, оның замандастары атап айтқанда сұлтанның қол астында қызмет еткен Ибн Шаддад, Ибн Абдузахир секілді тарихшылар өздерінің шығармаларында сұлтан Бейбарыс шыққан тегі жағынан Түркі, Қыпшақ, оның ішінде Бөрілі немесе Бершіл ұлы руынан деп көрсетіп отырады. Тарихшы Бейбарыс ад-Дауадар өзінің еңбегінде қыпшақ тайпаларының тізімін береді. Олар: Тоқсаба, Тиба, Бурш уғлы Бурули, Қунғур уғли, Шуртан Қара Туркулли және Кутун деп атап көрсетеді[22]. Тарихшының өзі түркі қарақытай тайпасынан шыққан, сондықтан ол бұл мәселені жетік білгеніне күмән жоқ.

    Ал, оның тұтқынға түсуіне байланысты да тарихшылар арасында сан алуан пікірлер баршылық. Оның себебі сол заманғы деректердегі баяндалатын оқиғалар желісіне байланысты болып отыр. Кейбір тарихшылар Бейбарыс Хама қаласында сатылды десе кейбіреулері Дамаскінің құл базарында деп көрсетеді[9]. Алайда, әмір Айтегін Хама қаласының абақтысында жатады, сондықтан Бейбарыстың екінші рет сатылуы да осы қалада болса керек. Бір өкінштісі Байбарыстың аузынан жазылған әңгімеде жалпы алғанда тарихи шығармаларда олардың өздерінің бұл жағдайда Бейбарыстың әке-шешесі туған туыстары немесе шыққан тегі туралы ешбір мәлімдемелер кездеспейді. Ал, керісінше бұндай мәліметтерді «Бейбарыс сирасындағы» оқиғалар желісі де растай түседі[23]. Тарихшы Ибн Тәңірберді Бейбарыстың туған жылы шамамен 1223 жыл десе Ибн Ийас 1221жыл, оның қол астында қызмет еткен тарихшы Ибн Шаддад Бейбарыс Сұлтанның емшектес досы, бауыры десе болады, Әмір Байсарының  аузынан жазып алған дерек бойынша 1225 жылы дүниеге келген. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы жылы 2000 жыл Байбарыс бабамыздың туғанына 775 жыл толды. Сонымен көріп отырғанымыздай Байбарысты құлдыққа сатқан монғолдар емес бұлғарлар болып шығады. Әл-Юнинидің көрсетуі бойынша сұлтанның туған жылы шамамен 1225 дей келе, Байбарыс тұтқынға 1239, яғни 14-15 жасында түседі[16]. Қалай болғанда да Байбарыс және оның қандастары құлдыққа 1239-1240 жылдары монғол қосындыларының шабуылдары нәтижесінде сатылады. Тарихшы Ибн Тәңірберді  Бейбарыстың туған жылы «шамамен 1223 ж десе Ибн Инас 1221 ж  оның қол астында  қызмет еткен  тарихшы Ибн  Шаддад Бейбарыс сұлтанның емшектес досы бауыры  десе болады, Әмір Байсараның аузынан жазып алған дерек бойынша 1225 ж туған деп көрсетеді[15].

         Дамаскіде құл базарында  Бейбарысты сатып алған  адам көзінің кемістігі бар деп, оны иесіне  қайтарып береді. Бейбарыс оның қолында біраз уақыт  болғанын тарихшы Ибн Инас көрсетеді[24].  Кейбір тарихшылар Бейбарыстың бір көзінде  кемісті болған десе, көпшілігінің сөздері  оның көзінде иненің жасауындай ғана дақ  болған  дегенге  ғана саяды. Сондықтан Бейбарыс бар  болғаны  800 дирхемге (12 күміс дирхем-1алтын динар), яғни сегіз жүз кесек  күміске сатылады. Құл базарындағы  ол кездегі  нарық бойынша  бұл өте  төмен баға саналатын. Тарихшы Ибн  Тәңірберді «Мысыр  және  Каир патшалығының  ішіндегі  жарқыраған   жұлдыздары» деген еңбегінде  Бейбарыстың  сатылуына байланысты  қызық оқиғаны  келтіреді.Аюбидтер әулеті билеп тұрған Кама қаласының  намбы әл-Мансұр жас болғандықтан  қаланы басқару  ісіне  қатысты  тәселелерді шешуде анасымен  ақылдасып  отыратын болған. Сондықтан, мәмлүк сатып аларда да  оларды алдымен шешесіне көрсетеді екен.Бейбарысты  серігімен   патша сарайына   алып келгенде, перденің тасасынан қарап тұрған анасы: «Мына қарасұрдың көзінде  ашық жаулық бар. Араларында  дұрыс қатынас болмайды»-деп Бейбарысты алдырмай тастайды. Сол кезде  Мысыр мен Шам билеушісі сұлтан Наджмуддин Аюптың бұйрығымен  Хама абақтысында  жатқан Әмір Айтегін әл Бундуқтар жас Бейбарысты  серігімен  сыртынан сатып алады. Әмір бостандыққа  шыққан соң  мәмлүктерімен Мысырға қайтады.Сөйтіп  Бейбарыс Әмір Айтегіннің  мәмлүгі ретінде Мысыр жеріне  аяқ басады. Жаңа иесі – Әмір Алауаддин  Айтегін бин Абдулла  әл Бундуқтар  ас-салихи ан-наджами бастапқыда Әмір Джамалуддин бин нағмурдың мамлүгі болған. Кейін Шам билеушісі  Наждмуаддиннің иелігіне өтеді. Әмір деңгейіне  көтеріліп, бундуқтар Мансабын иеленеді. Ірі әмірлер қатарына қосылады. Бейбарыста сұлтан болғанша тек әл-Бундуқтари  деген атпен   ғана белгілі болады. Кейін сұлтан болғанда  Бейбарыс Әмір Айтегіне  үлкен құрмет көрсетіп, оны пір тұтатын мәмлүкше айтсақ «Ұстазының тәрбие ақысын  білетін » болған. Әмір Айтегін де өзінің кешегі мамлүгі, бүгінгі сұлтан Бейбарысқа ісімен, ақылымен барынша қызмет көрсетеді. Бүлік шығарған Әмір Санжарды жазалауда, Дамаск пен Шамның бір  бөлігін қайтаруда шешуші рол ойнайды.Тарихшылар оны  «қарапайым жинақы»  болатын деп сипаттайды. 1285 ж жасы жетпістен асып барып, Каир қаласында қайтыс болады[9,16б.].

         Бейбарыстың Әмір Айтегіннің иелігінен сұлтанның қол асытына  көшу себебі, әл — Юнинидің айтуы бойынша «1245 ж Аджалун қаласы  сұлтанның билігіне  көшкенде сол жерде  әскерімен  Әмір Бундуқтарды  орналастырады.Әмір Айтегін  өзінің  иесі сұлтанмен  ақылдаспастан  Әмір Сефуддин  қылыштың канизактарының біріне үйленеді. Канизак сұлу болды ма, әлде Әмірінің еркінсігеніне ашуланды ма, әйтеуір  сұлтан кектеніп, Әмір Айтегінді  қуып сұлтан иеліктерінен  кетіп өз күнін өзі көрсін деп  бұйрық береді. Алайда алғашқы райынан қайтып  Иракты бетке алып кетіп бара  жатқан Әмір Айтегінді  жолдан қайтарып алып абақтыға тастайды да Әмірдің мүліктер мен басқа да мүліктерін  сұлтан өз меншігіне алады. Сол кезден бастап мамлүк Бейбарыста  сұлтан мамлүктерінің  қатарына енеді. Қызмет сатысымен  одан әрі  жылжуға мүмкіндік алады.Оның өміріндегі жаңа кезең  сұлтанға жақын адамдардың қатарына енеді. Бейбарыстың өмір жолы -оны періштелер қолынан жетелеп отырғандай әсер қалдырады.Сөйтіп Бейбарысқа  иесінің есімі Әл -Бундуқтари  әл- алаи аты жалғанады. Бундуқтар сөзі  Әмір Айтегіннің  мәмлүк мемлекетіндегі  мансабын білдіреді, яғни сұлтанның құс ататын  «бундуқ» деп аталатын қаруын тасушы  бундуқ қазақтың құс ататын соқпаны»  деген мәлімет береді[14]. Бұл мәліметтерді нақтылау үшін Ибн Тағри Берди  еңбегіне назар аударалық. Онда: Бейбарыстың тағдырдың тәлкегіне  ас-Салихи Сұлтан Бейбарыс шамамен 1225 ж. қыпшақ даласында  туған. Моңғол шапқыншылығы кезінде  жаудан қашқан Бейбарыстың елі  Бұлғар ханы Анар ханнан  Қырымдағы  Судақ теңізі  арқылы өткізуді, жер беруді  сұрайды. Хан оларға екі тау бөктеріндегі  өңірді береді де, көшіп келе жатқандарында зорлықпен шабуыл жасап, біраз адамдарын өлтіріп, біразын тұтқынға алады. Тұтқынға түскендердің  ішінде мен және Бейбарыс бар еді.Сол кезде оның жасы шамамен он жетіде болған.Тұтқынға түскендерді Кіші Азиядағы Сиуас құл базарына жөнелтеді.Содан мен Бейбарыстан ажырап қалып, кейін Халаб қаласындағы хан Ибн Қылыш базарында кездестік. Оның иесі Әмір Айтегін Әл- Бундуқтари  тұтқындалғанда, Бейбарыс сұлтан иелігіне көшті»-дейді[22].

     Осы заманғы араб тарихшылары Байбарыс туралы арнайы жазылғандардың өздері де сұлтанның сипатына мінез-құлқына келгенде ат үсті сыдырта салады. Батыс ғалымдары У. Мулер, С.Рансиман Байбарысты Шығыс деспоты, қылышынан қан тамған зорлықшы етіп көрсетуге тырысқан[10].

Бейбарыс Еділ мен Жайық өзендерінің жарасындағы кеңістікте, яғни қазіргі қазақ топырағында дүниеге келгені басы ашық мәселе. Бейбарысқа қатысты алғанда әл-Бундуқдари, себебі, Бейбарыс сұлтанның бундуғын тасушы емес, сол мансапты иеленуші әмірдің мәмүлігі “и” қытыстық сын есімі осыны білдіріп тұр. Бұл 1245 жыл. Ол осы кезде бар болғаны 19 жаста еді. Әмір Айтегін жаңа мәмүліктерін сырттан сатып алса да жас Бейбарыс текті, өжет, ержүрек болып шығады. Тарихшылар айтқандай “Тек сұлтанның қармағында болатын мамлүк” екен. Шынында “Алмас пышақ қап түбінде жатпас” – деген, Бейбарыс Мысыр және Шам сұлтаны Наджмуддин Аюп назарынан тыс қалмай біраз уақыт өткен соң, сұлтанның күзет қызметіне алынып кейін осы топтың басшысы болып тағайындалады[9,17].         

 Тарихшы Ибн Таңірберді “Патша оны сатып алған соң оның азаттығын беріп, өзінің мәмүліктерінің қатарына қосты” деп көрсетеді. Сұлтан жасағына қазына есебінен немесе сұлтанның жеке қаржысын сатып алынған мәмүліктер ерекше топ болып саналатын. Осы уақыттан бастап, Бейбарыс әмір атағына ие болдады да, өзінің бұрынғы аттарына қосымша “ас-Салихи ан-Наджами әл-Аюби” деген тіркеспен қоса аталатын болады, яғни Аюп әулеті Наджиддин ол – Салихидың мамлүгі деген мағынаны білдіреді[9,18].  

Бейбарысты өз көзімен көргендер не дейді? Оларға сөз берсек, сұлтанның хатшысы Ибн Абдузапир “ … сұлтан келесі бір шатырға кіріп, киініп шықты, келбеті қараңқы түнде жалт етіп шыққан айдай. Басында алтын жіппен зерленген қара сәлде. Үстінде алтын жағалы сия көк сауыт. Бір қылыш беліне байлаған қалғандарын артында қарушылары көтеріп келе жатыр. Олардың ішінде екі үлкен байрақ, екі үлкен садақ, қалқан және таға басқа өзі әдеттенген қарулары бар. Сұлтан алдында мойнында қара өмілдірігі бар, үстіне қара тоқым жабылған сұр ат тартылды. Сұлтан әмірлерді бір-бірлеп шақырып алып, оларға мол сый-сияпат көрсетті… ” – деп жазды[15].

Ибн Абдузаһир “халық оның заманында соғыс істерін одан артық білетін, одан епті, одан батырлығы артық бірде-бір атқа мінген батыр жоқ деп санайды ” – деп тұжырым жасайды. Патшалықты тек қылышының күшімен алды дейді[15].

Ибн Ииас өзінің  “Бадиғ аз-Зурур фи уақаиғ ад-дурир” (ғасыр жаңалықтарының әдемі шешектері) атты еңбегінде Сұлтан Бейбарыстың түр сипаты тұралы: “Жеңімпаз мәлік Бейбарыс айбарлы да айбатты, атақ-даңқы асқан, сұлтандаққа лайық данышпан, мемлекеттің жағдайын білетін, алдында шығыс мәліктерімен насрани мәліктер тізе бүккен ұлы патша еді. Ол бір орында отырмайтын, оның Шалда-Дамаск пен Алеппода шерулет * бар еді. Жорыққа көп шығатын, батырлығымен аты шыққан, соғыста ержүрек еді. Қысы-жазы ат үстінен түспейтін. Мемлекет шекарасындағы жерлерді қосып алғанына қарай оған “абу футухат” -“жиһангер” деген лақап ат тағылған еді.

Батырлығымен ержүректілігінің белгісі ретінде тамғасында (герібінде) арыстан суреті бейнеленген еді. Әскерін соғысқа ынталандыру үшін соғыста түскен олжаны оларға бөліп беретін, жорықтарды ұйымдастыру үшін көп қаржы жинайтын, ауқатты адамдарды көп тәркілейтін. Бейбарыс келісті ұзын бойлы аққұба, дөңгелек сақалды еді. Сақалында бір тал ақ жоқ. Шеру тартқанда халық тарапынан қатты дәріптелетін. Шариғаттың алмас қылышы Бейбарыс ғұламалар мен діндарларды құрметтейтін, қайырымдылық жасауды жақсы көретін ” – деп жазды[23].

Ол сонымен қатар Бейбарыс туралы “Ержүрек ” еді. Тураншахтың кезінде фаранджалармен * болған. ал-мансура шайқасында көз көріп, құлақ естімеген ерліктер көрсетті. Жаратқан көмектесіп, сұлтан құтыздың атабегі — әскер басы деңгейіне көтерілді” – дейді.

Ортағасырлық келесі бір тарихшы Ибн Айбек ад-Дауадари өзінің “Ад-дурра аз-закия фи ахбар ад-даулат ат-туркия” (“Түркі мемлекеті туралы маржан моншақ”) атты шығармасында Бейбарыс ер жүрек, даңқты мәлік, жаужүрек батыр еді. Өлімнен қорықпайтын. Айла әдісі мол, саясаты жайлы, істері әдемі, қимылы сәтті, соғыста ақжолтай, ешқашан қорғалақтамайтын, қатал, жылдам және аяусыз еді. Алымдарды өзі жинайтын. Халықты, әсірессе Дамаск тұрғындарын, мекемелерді көп тәркілейтін. Оларды жеккөретін. Бейбарыс екі рет Дамаскіні өртеп жоқ етпек болды” – деп жазды[24].

ХIV ғ. өмір сүрген мысырлық тарихшы әл-Айни “Икду ал-жуман фи тарих аһл ал-заман” (заман тұрғындары туралы маржан моншақ ) атты еңбегінде Бейбарыс ұлты қыпшақ түркінің ұлты Бури ұғлы тайпасына жатады дей келе, Бейбарысты сипаттауда теңдеулерді аямайды. “ Жеңімпаз патша қарасұр, көкшіл көзді. Даусы жер жаратын. Бойында ұлылық және еріксіз құрметтеу сәзімін тудыратын айбындылық бар еді. Бойы ұзынға келетін. Қайсар, ер жүрек, сақи, жігерлі, тұңғиық, өжет, көзсіз батыр сұлтандық ісіне көп көңіл бөлетін, ислам және мұсылмандардың жеңісіне және патша ресімдерінің орындалуына ұмтылған еді” – дейді. (26-бет) Тарихшы ан-Нуайра “Ержүрек, көпшілік құрметтейтін, саясаты әдемі патша тұрғындарды және диқандарды, әсірессе, Димасиқ тұрғындарын көп тәркілейтін. Өте сақ болатын, жігерлі, жауларының көзін жоюда және ислам жеңісі жолында күндіз түні бір тынбайтын. Тамақ пен киімге келгенде қанағатшыл, үнемді еді. Әскері де сондай болатын”-деп дәріптейді[20]. Ибн Касир Бейбарыстың атқарған істеріне ерекше көңіл бөледі. Ол туралы “Жеңімпаз мәлік ер жүрек. жігерлі, тұңғиық, көзсіз батыр, сұлтандық ісіне көп мән беретін. Шарап ішуге тыйым салды. Жезөкшелікті тыйды. Күш-жігері қуатын жемқорлық, кесір мен бұзықтықты тиюға жұмсады.”

Шамда жүрген кезінде Мизр* ішімдігін тию туралы хат жолдайды. “Адамдар үшін кұт етіп Алла жаратқан бидайды аяқ асты етпейік ” – дейді. Сұлтан 1262 жылы есірткіні рұқсат беретін хашни думанын жойып, оны жейтіндерді тәртіпке шақыруды рәсімдейді[9,26].  

Тарихшы Ибн Тәңірберді “Жеңімпаз мәлік ержүрек, батыл, жиһангер, муджахид *, елді сақтаушы, патша болуға жаратылған, жеңіл, жылдам ұрысқа өзі бастап кіретін” – дей келе, “Бейбарыс мемлекет басқару ісінде Шыңғыс ханның Ясасын және түріктің Турасын басшылыққа алатын болған. Тура түрікше жол, бағыт дегенді білдіреді. ” – деп жазды[22,26].  

 Тарихшы аз-Захаби “жихангер, дін жолында күресуші муджаһед, айбаты зор, патша болып жаратылған, ерліктері аңызға айналған, кейбір зұлымдықтары болмаса, әділетті патша еді. Ислам діні үшін көп еңбек сіңірді. Атақты шайқастары, көп жеңістері болды.” – деп жазды[26,27].

 әл-Мақризи “Әмірлер одан қатты қорқатын, ол ауырып жатқанның өзінде де үстіне ешкім оның рұсатынсыз кіре алмайтын. Ержүрек, өмірі ат үстінде өтті. Мәмлүктері мен бекіністерінің хал-жағдайын жақыннан білу үшін жасырын пошта аты мен желмая мініп жүре беретін ” – деп тұжырымдайды[27]. Бұл Бейбарысқа тарихшылар тарихшылар тарапынан берілген жоғары баға, оның үстіне, Әл-Мақризи ортағасырлық мұсылман тарихшыларының ірісі болып саналады.

Тарихшылар Бейбарыстың ержүректілігі және батырлығы жөніндегі сөздері бір жерден шығып отырады. Біздің пайымдауымызша, Бейбарыс заманына сай қатал болған кездері болған, алайда көзсіз қатыгездік пен зұлымдыққа жол бермеген. Әділетті сұлтан қарапайым халыққа, оның ішіндегі кедей-кепшіктерге әрдайым көңіл бөліп көмектесіп отырған. Оған Бейбарыстың “ Барлық кедейлерге жететін азық-түлігім болса үлестіріп берер едім” – деген сөзі куә бола алады. Бейбарыс жыл сайын кедей-кепшік бейшаралар мен сопыларға 10 мың ардебб (1 ардебб – 197,75 литерге тең) бидай садақа беретін болған. Көптігіне қарамастан қаза тапқандардың бала-шағасына көмек көрсететін. Каир мен Мысырда иесіз өліктерді кебіндеуге арнап арнайы уақып * ашып, оның түсімін соған бағыштайтын болған. Бейбарыс ораза кезінде күніне бес мың адамға ауыз ашар беретін болған. Жыл ішінде үлестіретін киміне қосымша нашарларға 600 киім беретін. Күн сайын жалпы көлемі бір жарым мың қаңтар * үлестіретін.(28 бет Сұлтан Бейбарыс) “Жетім көрсең жебей жүр ” – деген Бейбарыс, медресенің жанынан жетім балаларға арналған құран оқыту мектебін ашады. 20 ғ. қалыптасқан жетім балаларға деген мейірімді, адамгершілік көзқарасқа Бейбарыс ортағасырлар қойнауында көтеріле білгендігі әрине өте қызық ерекше факт[9,29].

Әл-Мақризи Мысырдағы бір ашаршылық кезінде әңгімелей келіп, “Сұлтан Бейбарыс Каир мен Мысыр қаласы маңындағы кедей-кепшік, кембағалдарды жинап тізімдеп алдыртты” – деп жазды. “Олардың саны бірнеше мың болады. Сұлтан тізім бойынша кедейлерді барлық наиб, әмір саудагерлер мен байларға бөліп беріп, үш айлық мерзімге тегін тамақтандыруға бұйрық берді. Сопылар жиналатын зауияларға * арнап мемлекеттік қамбалардан күніне 100 арбед бидай бөлгізеді. Ибн Гулун мешіті қасынан тегін нан үлестіретін орын ашады. Осы орайда тарихшы келесі бір диалогты мысалға келтіреді. Бейбарыс Каир қаласының уәлиіне “жүз пақырды құдай үшін тамақтандыр” дейді. Уәли “Онсызда жүзін тұрақты түрде тамақтандырып жүрмін” – деп жауап қайтарғанда Бейбарыс “оларды өзіңнен бастап аларсың, мен үшін жүзін ал”- деп уәлиге өтініш жасайды[27].

Шынында Бейбарыс “дұшпанға тастай қатты, досына балдай тәтті ” болған. Бірде, ол әмірлерін жинап алып, “Уа, әмірлер мен тұтқынға түсіп қалсам не істередіңдер?” – деп сұрақ қояды. Әмірлер жабылып “малымызды, жанымызды сұлтанды қиындықтан шығару үшін аямас едік” – дейді. Сонда Сұлтан Бейбарыс “Сендер, ұмыттыңдар, мен ғана оны естен шығарғам жоқ. Ол — әмір Сұңқар әл-Ашқар сис патшасы (кіші Армения королі) баласы үшін (баласы Бейбарыстың қолында тұтқында болатын) ақшасын да жерін де аяп отырған жоқ. Ешқайсысына да көз салмадым. Сұңкарды сұрадым. Бүгін хат алдым. Ол (сис патшасы) сұңқарды ордадан алдыртыпты” – дейді. Бейбарыстың бір қасиеті – іс отлық шешілмейінше жарияламайтын. Бұл жолыда сол қасиетіне адал болады. Сөйтіп, Сұлтан Бейбарыс Хулагу хан Шамды басып алғанда қолға түскен әмірлерінің бірі сұңқарды жер түбінен тапқызып, өзінің қолында тұтқында отырған кіші Армения патшасы Хемумның ұлына айырбастайды. Сұңқар Алеппо қаласының абақтысында жатқанда қолға түсіп моңғол қолбасшыларының бірі сұлтан Исахтың қармағында Иран елхандарының иеліктерінің түгірінде болады. Сұлтан тұтқыннан босап келе жатқан досын алдынан шығып қарсы алады. Түнімен әңгімелеседі. Әмірге қажеті мәмлүк, қаржы, көлік және т.б. жабдықтарды бөлгізеді. Каир төңірегінде орналасқан бекініс ішінен үй салып береді. нөкерлерінің қатарларына қосады Ибн Абдузаһир айтқандай “сұлтан оған адам өз баласына жасамайтын жақсылықты жасады. Бұдан артық достық бола ма екен!”дейді[15]. Әл-Мақризи Бейбарыстың қасындағы үзеңгілес достарына асқан қамқорлықпен қарайтынына мысал келтіреді. Онда “Сұңқар Бейбарыс Шамға бет алғанда Ғаззаға дейін ақ сулап барды. Аңшылық олжалы болды. Әмір Шамсуддин сұңқар ар-руми атынан құлайды сұлтан атынан түсіп әмірдің басын тізесіне сүйеп, тері дорбасынан мумис алып ішкізеді. ” – деп қөрсетеді[27]. Бейбарыс кресшілерге қарсы жорықтарының бірінде сафад бекінісін тартып алғанда елмен жолығады. Әмірлерімен сол жердегі тауға шығыды. Күн ыстық болады. Елді шөл қысқанда бір адам жақын жерде бұлақ бер екенін айтады. Сұлтан сол бұлақтың басында тұрып өз колымен елге су құйып береді. Халық сұлтан қолынан су ішкендерін жыр қылып айтып жүреді.  

Бейбарыс заманында өмір сүрген және оның қол астында қызмет еткен ортағасырлық тарихшы Ибн Шаддад “Тарих ал-малик аз-заһир” () деген еңбегінде сұлтанның өмірі мінез-құлқы істеген істері жөнінде жандақты әдеби кең сипаттамалар берген. Ол Бейбарысқа бір істі істеуге белбұса алған бетінен қайтпайтын, қолынан келгенін істейтін, тек қана өзінің пікірін басшылыққа алатын. Кеш, түнге қалмас үшін алдын алуға тырысатын ” – деп жазды. Бейбарыстың биографы “ сұлтан аңда жүріп өзі бөлек жүріп жасырын кетіп қалады, адамдардан өзінің нынайптары және орындаушылары туралы сұрайды. Егер ойлағаны расталса орнынан алады, тәртіпке шақырады немесе жұмыстан босатады. Ол әрдайым ғылыммен өнер майталмандарын өзіне тартатын, тарихшыларды ерекше жақсы көретін, “тархиты тыңдау үлкен ғибарат” ” — деп отыратын. “Бейбарыс ешқашан жолдан қайырылмайтын, әскерін бір шығарса жарты жолдан қайтпайтын” – деп жазып қалдырған. Ибн Шаддаттың көрсетуі бойынша Бейбарыстың қарапайымдылығы мен кішіпейілдігі туралы “жұлдыздан жоғары дәрежесі болсада жас баладай қарапайым еді” дейді. Бейбарыс әсірессе халық арасында үлкен сыйға ие болды. Ол шейхтарға ерекше көңіл бөлетін.  “ Бір күннің әділеті қырық жылғы ғибадатқа тең ” – деп атап өтеді[15].  

Бейбарыстың нағыз көшпенділерге тән қасиеттерді бойында сақтағандығы оның дүниеге қызығушылығынан да намысшыл ер көкірек екендігін келісі бір оқиға көрсетеді. Шамда орналасқан Химыс қамалының найбы Сұлтан Бейбарыстан қажылыққа баруға сұранады. Жазбаша өтінішімен бірге өзінің меншігіндегі барлық байлығын сұлтанға беретіндігі жөнінде күәлігін қоса жолдайды. Найыптың бұл қадамы ұнамаған сұлтан оған қажылыққа баруға рұқсат бермейді. Найып келесі қажылыққа жетпей дүние салады. Орнына басқа найып тағайындалып одан қалған байлыққа саусағында тигізбейді. Бейбарыс өзінің әміршілерінің хал жағдайын қадағалап отыратын. Ол үшін майда-шүйде істер болмаған, бәріне мұқият қараған. Қоластындағы әмірлер қарапайым халыққа сол кездегі түсінік бойынша қоғамдағы ең төменгі топ саналған християндар мен жебрейлерге де тізе батыра алмайтын. Сұлтан оларға қатысты істерді қарағанда әділеттілік тұрғыдан шешім қабылдайтын деп жазады тарихшы. Сондықтан Бейбарыстың әділеттілігі халық арасында аңыз болып таралады[9,34].   

Жалпы алғанда Бейбарыс ұлы адамдарға тән қасиетпен өзінің жауларын досқа айналдыра білген. Кезінде өзіне ашық қарсышыққан әмірлерге кішіпейілділікпен қарап “жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі – дұр” демекші оларға кешірім жасап өзінің басқалардан кісі бойы артық екендігін көрсетіп отырған.

Шам елдерінде кезіп жүрген қиын шақта қыр соңынан түскен әмірлер кейін кейбір істері үшін Құтұздың қапасында торға түскен торғайдай болып жатқандарында олардың барлықтарына бас бостандықтарын беріп, оларды әмірлік мәнсапқа көтеріп, өзіне адал қызмет етуге мүмкіндік береді. Қуғында жүрген кезінде Бейбарыстың бір атқосшысы болады, ол аздаған ақыға бола Бейбарыстың жүрген-тұрғандарын, айтқан сөздерін жеткізіп тұрады. Бейбарыс оның бұл тірлігін білгенімен білмеген құсап жүре береді, оны ауыстырмайды, жанынан құмайды, кейін сұлтандық таққа отырған да да сол атқосшы жанында болады. Бір күні сұлтан ат қораға кірсе ешкім жоқ екен, сұлтан өзінің ертоқымын қарап таба алмайды, сол кезде қасына келе қалған ат қосшысына көзі түсіп “ Дамаскде тың тыңдаймыз, Каирде тың тыңдаймыз, қайтып келгенімде таппасаң дараға асыласың дейді. Сасап қалған ат қосшы “ ертоқымды қарамасам бала-шағамды қайтып асыраймын” деген екен. Бірақ Бейбарыс оны жазаламайды, қайта басқа жұмысқа ауыстырып “ендікәрі көзіме түспе ” деп шарт қояды. Сол атқосшы Бейбарыстың өмірінің соңына дейін сұлтанның көзіне шалынбай нанын тауып жеп жүреді.”  Ибн Шаддад: «Байбарыс бес уақыт намазын жолға шықса да қаза етпейтін. Ол қасындағы мәмлүктерге арнайы мұғалім тағайындап , бірге намазға жығылатын имамдарына дейін сайлады.Сөзіне сенуге болатын адамдардың сөзіне қарағанда сұлтан шарапты өмірінде аузына алған емес. Сұлтандық таққа отырысымен 1261 ж барлық ішімдіктерге тиым салды «- дейді тарихшы. Сұлтан Байбарыс ішімдік ішүге тиым салды тұрғындар мен әмірлерге бірдей жүретін. Мадина қаласында пайғамбардың зиратының басына аурухана тұрғызып, онда жатып және келіп емделетін аурулар үшін қажетті дәрі-дәрмектермен жабдықтап тұрды[15].

Сұлтан қажет кезде қара жұмыстан қашпайтын болған. Кресшілер бекіністерін қиратуы өз қолымен бастап жұмысқа барлық әмірлер қосылғаны туралы талай әңгімелер бар. Қолы бос кезде Бейбарыс жебе де жасайтын болған. Оған әміршілері мен нөкерлері қосылатын. Ол тұралы ұлына, намбтарына жазған хаттарынан көрінеді. «жананында жұмыс істей отырған адам қалмады, сұлтан өз қолымен біраз жебе жасап, олардың ұштарын қадап, қанатын иді»- дейді Ибн Абдузаһир[13]

Кресшілердің қамалдарының бірін құрсауға алып тас ататын қондырғылардың бөлшектерін сұлтан Байбарыс әміршілерімен бірге тасыды сол оқиға туралы әміршілердің бірі тарихшы Ибн Абдузаһирге сұлтанның төзімділігіне қайран қалған әміршілердің бірі әңгімелеп береді. Ол мен бірнеше рет дем алсам да сұлтан тынбастан жұмыс істеп жүреді деп көрсетеді.

Жалпы, сұлтан Байбарыс басқа сұлтандарға қарағанда аң аулау, спорт ойындарына ерекше құмар адам болған. Аптасына екі рет әмірлерімен поло ойнайтын. Қолы қалт еткенде аңға шығатын қанына сіңген әдет еді. Кірешілер қамалдарын алу үшін шайқасып жүрген кездерінің өзінде аңға шығуды ұмытпайтын. Бейбарыс сұлтан сонымен қатар құспен аң аулауға өте әуес – тұғын. Сұлтанның қаршыға, бүркіттерінің баптап ұстайтын мемлекет есебінен лайық алып тұратын баздор- құсбегілері болған. Әрине, тазысыз қандай аңшылық сұлтан итпен де аң-құс аулауға шығатын. Тарихшылар Бейбарыс құстары мен иттерді түр-түрілеріне қарай бөліп ұстаған, ит-құстарға арналған арнайы асханасы, арнайы тамақ дайындасын деп көрсетеді. Сұлтан аң құмарлығының арқасында саяхатта жүріп аттан құлаған фактілері кездеседі. Тарихшы Абдузахир » сұлтан 1261. ж Рабиға ал-ахар айының соңында аңға шыққан кезінде аттан құлап, бет терісін жыртып алды. Шыдамдылық көрсетіп Юбна деген елді мекенге жеткенше жүре береді» – дейді[13].

Әл-Мақризи «сұлтан Бейбарыс Каирден шығып Шамға бет алды. Ғазаға жеткенше аң аулап барды аңшылық олжалы болды» – дейді. Химс әмірі сұлтанның алдына келгенде «бүгін атып алғанды саған арнадым деп бір күнде қанжығаға байлаған жетпіс киікті оның қанжығасына байлады»

Ибн Абдузаһр «сұлтан Кракқа бет алғанда алдынан дудақтар ұшып мәмлүктер құстарды жаман қолдарымен ұстамай, сұлтан бұны жақсы ырымға санады» – деп жазады.

Бейбарыстың тілі туралы Ибн Абдузаһир «… мәжіліс аяқтағанда сұлтан әділет үйінің қараушысы, осы үкіметтің атқарушысы сұлтанның арабшадан аудармашылығы ата бекке мол сый–сиапат көрсетеді» –деп жазды. Осы күндерден көрініп тұрғандай Бейбарыс арабша мен тілмаш арқылы сөйлескен бірақ, Бейбарыс араб тілін білген. Ибн Уасил өзінің » Мафраж ал-курубфи ахбар беи аюб» атты үлкен еңбегінде төмендегідей оқиғаны келтіреді: Бейбарыс Мансұрдың елшісі шайху шуйух Шарфиддермен сөйлескенде басында әмір Фарысуддин ақшалай аударып тұрады (әскер басы болса да тілмаш қызметін атқаруға намыстанбаған). Содан соң Бейбарыс Мейхке «аудармашы арқылы сөйлескен себебім, қызғаныш болмасын, тұрған әмірлер осы істің мәнін түсісін дегенім» – деген мәліметтер келтірген[16]. Соған қарағанда Бейбарыс арабша білген. Әрине он төрт жасынан жат жұртта жүрген сұлтан арабша білген деп болжаса да болады. Алайда мамлүктер арасындағы тәртіп бойынша бір-бірімен түрікше, тарихшылар айтпақшы қыпшақша сөйлеген. Мысалы Бейбарыстан кейін сұлтандық құрған Қалауын туралы тарихшылар «араб тілін білмейтін, бірақ түрікше және қыпшақша шешен сөйлейтін»- деп атап өтеді. Мәмлүк қыпшақтардың басшылары өздерінің ана тілдерін үстем ұлт ретіндегі орнын сақтап қалудың мызғымас негізі деп санағандығы әлі күнге дейін маңызын жоғалта қоймағанын байқатады[9,40].

Ұстазының өзінін мәмлүктеріне әкедей болғандығы сұлтан Бейбарыстың 1271 ж. Мысырдағы мәмлүктеріне Дамашқыдан жазған хатынан көрінеді. Онда ол » сендерді сағынған балаларың, қалғандары үшін ағаларының, әкелерінің сендерге сағынышты сәлемін жолдайды».-деп жазады.бұл хат Бейбарыстың тек сұлтан ғана емес біреуге әке, біреуге аға екенін көрсетеді[9,48].

Мәмлүкті сатып алған, одан соң оның бас бостандығын беріп, тәрбиелеген ұстазбен іні арасындағы байланыстар өте тығыз болғандығы тұралы көптеген мысалдар бар мысалы Бейбарыс сұлтан тағына отырғанда өзінің ұстазы Әмір Айтегінді ұмытпай мәмлүк мемлекеттік құрылымындағы жауапты қызметтерге, атап айтқанда Бейбарыс мемлекетінің екінші ірі бөлігі болып табылатын Шам елдеріне өзінің Найбы орынбасары етіп тағайындайды.    Сол кезде негізгі табыс көздерінің бірі болып табылатын Ніл дариясының бойындағы суармалы егістіктен үлкен иеліктер береді         Бейбарыс оған әрдайым сый-құрмет көрсетіп, тарихшы Ибн Тәңірберді жазғандай оны » мені тәрбиелеген ұстазым»- деп көтермелеп отыратын болған. Бейбарыс тек қана азының ұстазымен ғана шектелмей өзінің ұстазының ұстазы Әмір Яғшурға да құрметпен сенім білдірген[24].   Бейбарыс таққа отырғанда Рауда қамалындағы қамалды қайта қалпына келтірді. Бейбарыстың кесене ескерткіштері қалпына келтіру ісінде сіңірген еңбектері ғажап оны өз кезегінде сөз етерміз, бұл жерде Бейбарыс күрделі жөндеуден өткізген Каирдегі Тулун мешіті, Әл-Азхар мешіті және Мәдинадағы пайғамбардың мешітін атасақ жеткілікті.

Тарихшылар қиын жағдайда Бейбарыс бастаған қыпшақтар қалаға кірген француздардың түгелге дерлік қырып, шамамен 1500 адамың көзін жойып жеңісті француздардың қолынан жұлып алып шешуші сәттерде найзағайдай жарқылдағанын мақтанышпен жазады.Тураншах қыпшақтардың түбіне жетпей тоқтайтынын сезген мәмлүктер шешуші қимыл жасауға мәжбүр болады. Фраскарудегі сұлтан шатырында асқа отырғанда әмір Бейбарыс жақындап келіп сұлтанды қылышпен шабады қылыш қолын көтеріп қалған сұлтанның саусақтарын шауып түседі.

Сұлтан таң атса құтылуға мүмкіншілік болмайтындығын түсінді. Қуанышта, қайғыда Бейбарыстың соңынан ерген  қыпшақтардың бір бөлігі қаладан карратын қақпасын өртеп (бұл қақпа кайр қаласында әлі күнге дейін бар, Баб ал – Махрұқ күйген қақпа аталады.). шығып кетеді. Қалғандары ертеңіне Ибн Абдузахирдың сөзімен айтқанда кешіккендер тоналды, абройы, бала-шаға, қатындары аияқ асты болды, барлары байланды, жоқтары қуғынғы түсіп ұсталып ағашқа қағылады. Абақтылар мен зындандар қыпшақтарға толды. Әмір Ақтай өлтірілгеннен кейін қыпшақ мәмлүктерінің басшысы Бейбарыс екендігі анық көрінді[13].

Бейбарыс бастаған қыпшақтар Дамаскіден Қарақ бекінісіне кетулеріне тура келді. Бейбарыс өзіне ерген қыпшақтармен сол жерде тұрып жатады. Тарихшылар Карак билеушісімен Бейбарыс арасында болған  қызық оқиғаны келтіреді. Бірде Бейбарыспен патша екеуі жаңғақ тазалап балға батырып жеп отырғанда оның көзі Бейбарыстың қолындағы меңге түседі де «қолыңыздағы ырукін не ?» — деп сұрайды «патшалықтың белгісі»- дейді. Бейбарыс  қарап отырмай патшаның түсі өзгеріп Бейбарысты өлтірмек болады.осы оқиғаның себебінен Қыпшақтар Карактан Дамаскіге қайта кетуге мәжбүр болады. Кейін Бейбарыс оған істегендерін алдынан келтіреді, алайда дәл осы ісі үшін емес.

       Сұлтан Құтыз кешегі «қанжығада көрісетін жаулары» қыпшақтарды ылдынан шығып, Бейбарысты аса қадырлы меймандар тоқтайтын уәзірлер үйіне түсіріп үлкен құрмет көрсетеді. Сұлтан асқан мырзалықпен Бейбарсқа калиюб жерін толық иелікке береді. Тарихшы ән – Науаири «Бейбарыс татарларға қарсы шайқасқа шығу керектігін айтып, сұлтанның шешімін күшейтті» — деп жазды. Әрине, бүкіл саналы өмірінің мақсаты – моңғолдардан ата кегін алу мүмкіншілігі туып, мымсырдағы сұлтандық тақты иеленіп бар күшті жауға қарсы салып  жатқан шақта Құтыз Бейбарыс секілді ержүрек, айлалы қолбасшыға өте зәру еді[9,82].

           Мұсылман әскерінің барлаушы тобын бастап жау жүрек әмір Бейбарыс Ғазза моңғол әскерінің аванпостымен кездесіп, шешуші шайқас болмаса да, тарихта бірінші рет, моңғолдарды тас – талқан етіп жеңеді. Әрине Бейбарыстай жау жүрек әмірдің бұл ерлігі мұсылман жасағын рухтандырып, моңғол әскері алдындағы қорқыныштарын біраз сейілткені сөзсіз.

Шайқас алдында Бейбарыс мәмілік әсікерінің майсарасын Әмір бахадур майманасын, ал сұлтан Құтыз әсікердің ерауылын, арабша қалыбы – аскар – ортасын бастайтын болып келіседі[9,83].

Тарихшылар әмір Бейбарыс Құтыздан бұрын Дамаскіне кіріп, Кетбұқа жасағының қалдықтарын Алеппоға дейін өкшелеп қуды. Мәмлүктер тұтқынға түскен көптеген мұсылмандарды құтқарып алады. Моңғол әсікерінің бала – шағасына дейін қолға түсірді.

Бейбарыс сұлтан болғанда 1260 жылы айын Джалұт шайқасы болған жерде жеңіс белгісі деген атпен әйгілі болған ескерткіш тұрғызды. Бұл аймақ тарихында жеңіс құрметіне тұрғызған бірден – бір ескерткіш болып табылады.

Ибн Абдузахир «сұлтан Құтыз қасында Бейбарыс бар, мысырға беталғанда, ниеті өзгеріп, көкірегіне нан пісті. Бейбарыс оны түсінді. Бейбарыс одан алла мен халық риза болатын Джихаб жолынжа іс істеуге сұранды. Бірақ, Құтыз Бейбарыс аты шығып кетеме деп қорқып, оған тосқауыл болды» — деп жазды .  екі тұлға арасындағы бақталастық сезімі өршіп Құтызға қиын-қыстау кезде тірек болған Бейбарыс енді қатер сейілген соң оған кедергі бола бастайды[13].

«жолда Бейбарыс Құтыздан қолға түскен татар әйелдерінің бірін сұрайды. Құтыз оған келісімін береді. Бейбарыс қолын сүймек болып сұлтанға жақындап келіп оның қолынан ұстай қалды»- деп көрсетеді Ибн Шаддад[15].

Бейбарыс Ибн Абдузаһирдың сөзімен айтқанда ағасы Әмір Ақтайдың өнімі (үшін Құтыздан кек қайтарды. Осы жорамалдың дұрыстығын Бейбарыстың бес-алты жыл өтіп, оның басына күмбез орнатуы қыпшақтардың басшысы болған Ақтайдың аруағы алдындағы інілік парызын орындағанын көрсетеді[13].

Әмір Бейбарыс Һижраның 638 жылы Зы ад –қаджа айының 19, дүйсенбі күні яғнй 1260 жылы 23 қазан күні кешке қамалға келіп кіреді де сұлтан тағына отырады. Сол кезде сұлтан Бейбарыс 35 жаста болатын.

Сұлтанның сөзге тоқтайтын ұстамдылығы, әлімжеттілікке ешқашан бармайтындығының дәлелі ретінде келесі бір әңгіме айтылады. Онда сол замандағы тәртіп бойынша жорыққа кететін шығынның бір бөлігін тұрғын халық котеретін болған. Оны құтыздың адам басына бір динардан салған мәлім. Ал, Бейбарыс туралы   халық арасында  ең көп таралған дерек Бейбарыс өміріне арналған халық романдары «сиралар» болып табылады. Бұл  сиралар жазылуы жайлы келесі тармақшада сөз болады.

 

1.2 «Бейбарыс сирасы» және оның жазылуы тарихы

 

Араб ауыз әдебиетінің күні бүгінге дейін өмір сүріп, ғасырдан ғасырға шеру тартып келе жатқан күрделі де келелі саласының бірі – халық риуайаттары (романдары), қисса, науадирлері (әңгіме, аңыздары). Бұлардың бір қатары қазақ фольклорындағы секілді халықтың Отанды сүю, басқыншы жаудан ел қорғау идеясынан туған. Жат жерлік жаудың шабуылдары қарсы аттанған батырларды, олардың ерлік істерін қазақ халқы секілді арабтар да ардақтап жырына қосқан.   

 Ал, ондай мыңдаған өлең жолдарын жатқа айтатын қиссашылар араб елдерінде ежелден бері өмір сүріп келеді. Олар ел аузында қалған елеулі мұраларды жаттап, ел аралап айтып, таратып жүретін болған. Әдетте олар мереке күндері, немесе жұма сайын ескі мадиналарағы суқтарға (базарларға) жиналып қиса айтады. Ондай жыршыларды араб халқы маддахтар (мадақтаушылар – хвалители) деп атаған.

         Маддахтар қазақ жыршылары секілді қиссаны еске сақтап тек ауызша ғана емес, сонымен қатар күні бұрын қағаз бетіне түсірілген мәтінге қарап та айтады, яғни тарихи оқиға, хроника, жиһанкездердің (Синдбад теңізші секілді) жазбаларын күн ілгері шұқшия қарап, сонда айтылған оқиғаларды өзінше жырлайды. Қиссаның кейбір тарауларының арасына кідіріс жасап, өзімен бірге тастамай ала жүретін музыкалық аспабында ойнап, ән салып та жібереді. Мұның өзі сайып келгенде музикалық драманы тыңдағандай әсер береді.

Мадақтар айтатын жыр да сан түрлі болған. Кейде олар махаббат, тұрмыс-салт жырларын көбірек айтса, енді бірде «Мың бір түн» секілді таң ғажайып хикаялардың кейбір оқиғалар желісін ойып алып жырлайды. Бірақ қашанда да олар қарапайым халық сүйіп тыңдайтын, солардың жүрегіне жақын жырларды жиірек айтқан.

А.Е. Крымский араб әдебиетінің тарихына арналған зерттеу еңбектерінде XVII-XVIII ғасырлардан бастап Таяу және Орта Шығыс елдерінде саяхатта болған Еуропа жиһан кездерінің араб жыршыларының өнерін өз көзімен көріп, тыңдап, соңына олар жайлы таң қала жазғанын[26], әсіресе француз ғалымы Ғ.Денонның «Бонопарт жорығы тұсындағы Мысыр» деген шығармасында араб ертегішілері мен жыршылары туралы көптеген қызықты келтіргенін айтады. Шынында да Денон араб халқының мұндай қиссаларды, аңыздарды тыңдауға ертеден әуес екендігін, тіпті бір тыңдаған қиссаны әлде неше рет тыңдауға дайын екенін жазған. Өйткені, әрбір жыршы өзінің репертуарындағы қиссаларды тек өзіндік қайталанбас өрнекпен, өзіндік ерекшеліктермен ғана айтады. Бұл жағынан олар қазақ табиғатына тым жақын[27].

Мадақтар да бір келкі емес. Кейбір жыршылар  тек махаббат, сүйіспеншілік жайлы қиссаларды ғана айтса, ал енді бірі соғыс тақырыбына арналған қиссаларды, яғни араб жасақтарының жаулармен арыстанша айқасатын тұстарын келістіріп, кестелеп, қиюластырып, өрнектеп, аса мән бере айтуға шебер келеді. Өзге жыршылар өмір бойы тек өзіне ұнаған немесе соның ғана аузынан халық сүйіп таңдайтын қисаларды ғана айтатын болған. Сондықтан да араб халқы париждіктердің бір көрген спектакльдерін қайта көру үшін бір театрға әлде неше рет баратыны секілді, бір тыңдаған қиссаларын бірнеше рет тыңдауға дайын. Өйткені қисса Шығыс бас халықтары арсында спектакль қызметін атқарған.

Мадақтар әдетте кеш мезгілінде, немесе мереке қарсаңында халық көп жиналатын түрлі шайханаларға келеді, жұрттың бәріне жақсы көрінетін биіктеу жерге орналасады. Қолына контрабас секілді музыкалық аспабын ала отырады. Кілем үстінде, орындықта, жерде отырып, темекі түтінін будақтататын тыңдаушылар маддахтың әрбір қимылын жіті бақылап, аузынан шығатын сөздерге елти қарайды. Егер ол халық бұрыннан жақсы білетін қисса, жырларды айтқан кезде жаңылысып,  жанынан қосып жіберетін болса, тыңдаушылар наразылық білдіріп шу ете қалысады.

Қисса айтылып біткен соң  жыршыға шайханаға иесі шамалы қаржы төлейді.Сосын тыңдаушылардың бірі маддахтың рұқсатымен қолына табақша алып отырғандарды аралай бастайды. Әрине, тыңдағаны үшін ақы төлеуді ешкім  де талап етпейді. Тек қиссадан алған әсерге елтіген халықтың өзі-ақ маддах табақшасына күміс, бақыр дирһам, динарларды салып жатады.

Атақты француз ақыны Ламартин өзінің «1832 – 1833 жылдарды Шығысқа жасалған сапар» атты кітабында осындай маддахтар жайлы тебірене жазған. Оған жолсерік болған ат айдаушылар  арасында қиссашылар  бар болып  шығады. Күндіз түстенгенде,  немесе кешкі керуен сарайларға қонаға тоқтаған соң от жағалай отыратын арабтар  қисса айтудан, тыңдаудан әсте жалықпайды. Ең қызық жеріне жеткен кезде қолдарын  төбелеріне  қойып; «Алла, Алла» яғни, «браво» деген мағынадағы  сөздер айтып ризашылық,  таң қалғандық сезімдерін білдіреседі. Ламартин осындай маддхтарды өз сапарында Сирия, Ирак, Мысыр елдерінің Басра, Бағдад, Каир, Бейрут шаһарларынан жиі кездестірілген[28].

Мағриб араб халқының арасында жылшылар Машриқ елдеріндегідей маддах деп емес, фдауилер деген атпен белгілі болған. Белгілі фольклорист Эмил Дермонгем (XX ғ.). Марроко да саяхатта болғанында фдауилердің жырын тыңдауға халықтың өте көп жиналатының, тыпты оның жыр айтатын белгілі бір жерлері туристерге арналған анықтамаларға  кіргізілгенін еске алады. «Атақты бір флауи кайтыс болып еді, жұрт оны үлкен құрметпен жерледі. Оқушылары қазір оның орнына таласып жүр», — дейді ол[29].

Солтүстік Африкадағы Мавритания, Марокко, Алжир, Тунис, Ливия секілді араб елдеріне бірнеше ондаған, жүздеген жылдар бойы елік еткен дад жерлік басқыншылар жыршылар өнеріне барынша тыйым салып отырды, Егер әлде кім халық көбірек қоныстанған алыс аудандарға барып келу үшін мәулет сұрай қалса, одан ғазауаттарды білетін, білмейтіндігі жайлы қадала сұраған. Егер газауаттарды жатқа білсе, халықты жігерлендіріп, рухын көтеріп, қайрап, қанаттандырып көтеріліске шақырады деп қорқа қараған.

Маддахтар мен фдауилер өнерін араб халқы ерте кезден бастап-ақ өте  жоғары бағалаған. Мысалы умаййадтар әулетінен шыққан халифалардың бірі Абд әл-Малик (685-705) кезекті бір қиын шайқас алдында ерлікке, батырлыққа үндеп қисса, жырлардан үзінді айтатын қиссашылар көзіне түспеген соң: «Айна-л-қуссасу? Фа лам йуджиб ахадун» — «Қиссашылар қайда? Біреуі де жоқ қой» — деген. Сауалына жауап ала алмаған ол тағы да: «Онда Антараның өлеңдерін жатқа айтушылар қайда?» — деп қайта сұраған.

Бұрын соғыс алдында араб жыршылары ежелгі батырлар туралы қиссалардан үзіділер айтатын болған. Мұның өзі  жауынгерлердің көңіл-күйін  көтеріп жеңіске деген құштарлығын арттырады.

Маддахтардың өздері де сан-салаға бөлініп кетеді. Мысалы шуарһлар (ақындар), мухаддистер (әңгімешілер). Соның ішінде шуарһлар тек «Бани һилал» (бұл өзі 1600 беттен, немесе 38 тараудан тұратын үлкен шығарма. Онымен тек Антара туралы қисса ғана үзеңгілесе алады) оқиғасын жыр етсе, мухаддистер өмірде болған тарихи тұлғалар жайлы оқиғаларды, тарихи романдарды ғана жырлайды.

Мухаддистер айтатын халық оманандарын да екі салаға бөліп қараған жөн. Біріншісіне – бәуәуилер тұрмысынан алынған қиссалар, аңыздар ғана жатады. Бұған мысал ретінде Исламға дейін өмір сүрген бәуәилердің жауынгер ақыны Антара ибн Шаддад жөніндегі аңызды жатқызуға болады. Ал, екіншісіне орта ғасырларда болған тарихи оқиғалар мен белгілі бір тарихи адамдар өмірі арқау болады. Мұнда эпикалық элемент әлсіздеу келеді. Сондықтан да бұл тарихи роман оқыған секілді ғана әсер береді.

 Осы ретте айта кететін жайт – ертеректе мухаддистер тек қана Мухаммед пайғамбарды ғана мадақтап, соның атына байланысты жырларды ғана айтатын болса, ал VIII-IX ғасырлардан бастап араб жасақтарының ерлік істері (Исламның таралуына байланысты), немесе мұсылман халықтарының шет елдік басқыншылармен жүргізген соғыстары (газауаттары) жөніндегі тақырыптарды жыр етті.

Егер римдіктер «Энейдасы», гректер «Илиадасы», мен «Одиссясы», италияндықтардың «Құдіретті комедиясы», ағылшындардың «Жоғалған жұмағы», немістердің «Нибелунгілер»,  мен «Мессидасы», үнділіктердің «Махабхаратасы», парсылардың «Шаһ намасы» болса, араб халқының да сондай ұлттық мақтанышына айналған «Антара ибн Шаддад», «Бани һилал жайлы эпопея», «Жауынгер ханша Ду-л-Химма жайлы қисса», «Сайф ибн Зу-Иақзан жайлы қисса», «Мың бір түн» секілді классикалық шығармалары бар.

Тарихи деректерге үңілсек, Бейбарс 1223 жылы Отырар өлкесінде Сауран, Сығанақ қалаларының бірінде туылғанын байқаймыз. Отырар өңірін ойрандаған монғол шапқыншылары оны ата-анасымен  бірге тұтқынға алып, Мысырдың сол кездегі күрді текті сұлтаны Салих Наджим ад-Динге сатады[30].

Отырар өлкесіндегі секілді осы батырдың өз аты Жолбарыс болуы мүмкін. Арабтар кейінірек түріктерге еліктеп Бейбарс деп атап кеткен секілді. Жас батыр әуелі Сириядағы әскер өнеріне машықтандыратын мектептен өткеннен кейін, мамлүктер жасақтарына жазылады да әл-Мансур атты жерде қарсыластарымен болған шайқаста ерліктің тамаша үлгілерін көрсетіп көзге түседі. Өзінің талантты әскер басы екенін дәлелдейді.

Крест тағушыларды талқандағаннан кейін Байбарс өзінің негізгі қарсыласы Туран шаһ пен бақталаса Кутузды тақтан тайдырады. Бейбарс үкімет басына келген тұс моңғолдардың  1258 жылы Бағдадты қиратып ондағы әміршілер әулетінің бірқатарын дарға асып үлгерген кезі болатын. Ал, тірі қалған Бағдад халифаларының біреуі Дамаскіге қашады. Оны сол жерден Байбарс Каирге алдырып, 1261 жылы әл-Мустансир деген атпен халифа етіп жариялайды. Міне сол жаңа халифаның қолымен ол сұлтан лауазымын алды.

Байбарс енді Машриқ елдерін жаулап Мысырға ұмтылған монғолдардын тас-талқанын шығарады. Әскер ішінде темірдей тәртіп орнатады.

Осы қыпшақ батыры тұсында егін шаруашылығы мықтап дамыды. Суландыру жүйелері жөнделіп қалпына келтірілді. Көптеген қыпшақ текті әскер басыларға Сирия мен Египеттен жер бөлініп беріледі. Осылайша Бейбарс басқарған жылдарда Мысыр бұрын болмаған дәрежеде дами бастайды. Өйткені Египеттің әл-Искандария, (Александрия), Дамиетта, әл-Каһира (Каир) секілді қалалары ірі-ірі сауда орталықтары болды.

Сауданың өсіп өркендеуіне Бейбарыс та барынша жағдай жасауға тырысты. Мұнда Венеция, Сицилия, Генуя, Индия, Орта Азияның сауда керуендері мен кемелері тоқтап өтетін. Сол үшін де қыпшақтар олардан көп салықтар алады.

Бейбарс талантты әскер басы еді. Әуелі ол елдің әл-ауқатын көтереді. Мұсылман текті халықтардың ежелгі жауы крест тағушыларды  біржола талқандайды. Моңғолдарды Египетке қарай қия бастырмайды.

Көп ұзамай-ақ Байбарыс есімі де «Мың бір түн» хикаясының негізгі кейіпкерлерінің біріне айналған аббастықтар әулетінен шыққан халифа һарун ар-Рашид (786-809) секілді  аңызға айналады. Өйткені Байбарс жайлы риуайаттарда ол да халифа һарун ар-Рашид сияқты қарапайым киініп  түнгі Каирді аралап кетеді. Халық өмірімен етене жақын танысады. Қылмыскерлерді жазалап, күнәсыздарға көмектеседі. Міне, оның осы қырын мухаддистер де ерекше мән беріп айтады.

Араб халқы шығарған Бейбарс жайлы аңыздар, қисса, әңгімелер бір ғасырдың емес, бірнеше ғасырлардың жемісі. И.М.Фильштинский Бейбарс туралы халық романдарының бірінші рет тарихшы ибн Ийас (XVI ғ.) еңбегінде аталатынын айтады. Ол Бейбарс жайлы деректерді өзіне дейін өмір сүрген жылнамашы, тарихшы, биографтар Мухи ад-Дин ибн Абд аз-Захир (1223-1292), әл-Макризи  (1362-1442), ибн Тагри Бердилер (1409-1470) қалдырған мағлұматтардан алған[31].

Бір қызығы өткен ғасырда өмір-сүріп Египетте біраз жылын өткізген ағылшын шығыстанушысы Лэн (1801-1876) осы ғасырға дейін халық аузынан түспей жүрген ең үлкен хикаяның да осы Бейбарс туралы екенін айтқан. Сондай ақ, Египеттің осы заманғы тамаша ғалымы, жазушысы, Мысыр әдебиетінің классигі Таһа Хусейн (1889-1975) де өзінің «Аййам» (Күндер) деп аталатын мемуарында бала кезінде өзінің ең көп естіген риуайаты осы Байбарс Батыр туралы еді деп еске алады. Мұнда да бір белгілі шындық бар секілді.

Өйткені Бейбарс заманында өмір сүрген тарихшы Вильгельм Трипольский де оған: «Байбарс жауынгер ретінде Юлий Цезарьмен терезесі тең тұра алады» деген баға берген[32].

Халық аузында Бейбарс қапыда Қалауын уәзірдің қолынан қазаға ұшырайды. Ол жауыздықпен батырдың балаларына да у беріп өлтіреді. Жақын жолдастары мен зайыбын куғын-сүргінге ұшыратады. Бірақ Қалауының өзі де өлім құшады. Шежірелер, уәлі ауыз даналар қалдырған әңгімелер осылай дейді[20].

Мадақтар да бір келкі емес. Кейбір жыршылар  тек махаббат, сүйіспеншілік жайлы қисаларды ғана айтса, ал енді бірі соғыс тақырыбына арналған қисаларды яғни араб жасақтарының жаулармен арыстанша айқасатын тұстарын келістіріп, кестелеп, қиюластырып, өрнектеп, аса мән бере айтуға шебер келеді. Өзге жыршылар өмір бойы тек өзіне ұнаған немесе соның ғана аузынан халық сүйіп таңдайтын қисаларды ғана айтатын болған. Сондықтан да араб халқы париждіктердің бір көрген спектакльдерін қайта көру үшін бір театрға әлде неше рет баратыны секілді, бір тыңдаған қиссаларын бірнеше рет тыңдауға дайын. Өйткені, қисса Шығыс  халықтары арасында спектакль қызметін атқарған.

Мадақтар әдетте кеш мезгілінде, немесе мереке қарсаңында халық көп жиналатын түрлі кофеханаларға (шайханаларға) келеді, жұрттың бәріне жақсы көрінетін биіктеу жерге орналасады. Қолына контрабас секілді музыкалық аспабын ала отырады. Кілем үстінде, орындықта, жерде отырып, темекі түтінін будақтататын тыңдаушылар маддахтың әрбір қимылын жіті бақылап, аузынан шығатын сөздерге елти қарайды. Егер ол халық бұрыннан жақсы білетін қисса, жырларды айтқан кезде жаңылысып, як жанынан қосып жіберетін болса, тыңдаушылар наразылық білдіріп шу ете қалысады.

Қисса айтылып біткен соң  жыршыға кофеханаға иесі шамалы қаржы төлейді.Сосын тыңдаушылардың бірі маддахтың рұқсатымен қолына тарелка алып отырғандарды аралай бастайды. Әрине тыңдағаны үшін ақы төлеудә ешкім  де талап етпейді. Тек қиссадан алған әсеге елтіген халықтың өзі-ақ маддах тарелкасын күміс, бақыр дирһам, динарларды салып жатады.

Атақты француз ақыны Ламартин өзінің «1832 – 1833 жылдарды Шығысқа жасалған сапар» атты кітабында осындай маддахтар жайлы тебірене жазған. Оған жолсерік болған ат айдаушылар  арасында қиссашылар  бар болып  шығады. Күндіз түстенгенде,  немесе кешкі керуен сарайларға қонаға тоқтаған соң от жағалай отыратын арабтар  қисса айтудан, тыңдаудан әсте жалықпайды. Ең қызық жеріне жеткен кезде қолдарын  төбелеріне  қойып; «Алла, Алла» яғни «браво» деген мағынадағы  сөздер айтып ризашылық,  таң қалғандық сезімдерін білдіреседі. Ламартин осындай маддхтарды өз сапарында Сирия, Ирак, Мысыр елдерінің Басра, Бағдад, Каир, Бейрут шаһарларынан жиі кездестірілген.

Мағриб араб халқының арасында жылшылар Машриқ елдеріндегідей маддах деп емес, фдауилер деген атпен белгілі болған. Белгілі фольклорист Эмил Дермонгем (XX ғ.). Марроко да саяхатта болғанында фдауилердің жырын тыңдауға халықтың өте көп жиналатының, тыпты оның жыр айтатын белгілі бір жерлері туристерге арналған анықтамаларға  кіргізілгенін еске алады. «Атақты бір флауи кайтыс болып еді, жұрт оны үлкен құрметпен жерледі. Оқушылары қазір оның орнына таласып жүр», — дейді ол.

Солтүстік Африкадағы Мавритания, Марокко, Алжир, Тунис, Ливия секілді араб елдеріне бірнеше ондаған, жүздеген жылдар бойы елік еткен дад жерлік басқыншылар жыршылар өнеріне барынша тыйым салып отырды, Егер әлде кім халық көбірек қоныстанған алыс аудандарға барып келу үшін мәулет сұрай қалса, одан ғазауаттарды білетін, білмейтіндігі жайлы қадала сұраған. Егер газауаттарды жатқа білсе, халықты жігерлендіріп, рухын көтеріп, қайрап, қанаттандырып көтеріліске шақырады деп қорқа қараған.

Маддахтар мен фдауилер өнерін араб халқы ерте кезден бастап-ақ өте  жоғары бағалаған. Мысалы умаййадтар әулетінен шыққан халифалардың бірі Абд әл-Малик (685-705) кезекті бір қиын шайқас алдында ерлікке, батырлыққа үндеп қисса, жырлардан үзінді айтатын қиссашылар көзіне түспеген соң: «Айна-л-қуссасу? Фа лам йуджиб ахадун» — «Қиссашылар қайда? Біреуі де жоқ қой» — деген. Сауалына жауап ала алмаған ол тағы да: «Онда Антараның өлеңдерін жатқа айтушылар қайда?» — деп қайта сұраған.

Бұрын соғыс алдында араб жыршылары ежелгі батырлар туралы қиссалардан үзіділер айтатын болған. Мұның өзі  жауынгерлердің көңіл-күйін  көтеріп жеңіске деген құштарлығын арттырады.

Маддахтардың өздері де сан-салаға бөлініп кетеді. Мысалы шуарһлар (ақындар), мухаддистер (әңгімешілер). Соның ішінде шуарһлар тек «Бани һилал» (бұл өзі 1600 беттен, немесе 38 тараудан тұратын үлкен шығарма. Онымен тек Антара туралы қисса ғана үзеңгілесе алады) оқиғасын жыр етсе, мухаддистер өмірде болған тарихи тұлғалар жайлы оқиғаларды, тарихи романдарды ғана жырлайды.

Мухаддистер айтатын халық оманандарын да екі салаға бөліп қараған жөн. Біріншісіне – бәуәуилер тұрмысынан алынған қиссалар, аңыздар ғана жатады. Бұған мысал ретінде Исламға дейін өмір сүрген бәуәилердің жауынгер ақыны Антара ибн Шаддад жөніндегі аңызды жатқызуға болады. Ал, екіншісіне орта ғасырларда болған тарихи оқиғалар мен белгілі бір тарихи адамдар өмірі арқау болады. Мұнда эпикалық элемент әлсіздеу келеді. Сондықтан да бұл тарихи роман оқыған секілді ғана әсер береді.

 Осы ретте айта кететін жайт – ертеректе мухаддистер тек қана Мухаммед пайғамбарды ғана мадақтап, соның атына байланысты жырларды ғана айтатын болса, ал VIII-IX ғасырлардан бастап араб жасақтарының ерлік істері (Исламның таралуына байланысты), немесе мұсылман халықтарының шет елдік басқыншылармен жүргізген соғыстары (газауаттары) жөніндегі тақырыптарды жыр етті.

Егер римдіктер «Энейдасы», гректер «Илиадасы», мен «Одиссясы», италияндықтардың «Құдіретті комедиясы», ағылшындардың «Жоғалған жұмағы», немістердің «Нибелунгілер»,  мен «Мессидасы», үнділіктердің «Махабхаратасы», парсылардың «Шаһ намасы» болса, араб халқының да сондай ұлттық мақтанышына айналған «Антара ибн Шаддад», «Бани һилал жайлы эпопея», «Жауынгер ханша Ду-л-Химма жайлы қисса», «Сайф ибн Зу-Иақзан жайлы қисса», «Мың бір түн» секілді классикалық шығармалары бар.

Бейбарс енді Машриқ елдерін жаулап Мысырға ұмтылған монғолдардын тас-талқанын шығарады. Әскер ішінде темірдей тәртіп орнатады.

керуендері мен кемелері тоқтап өтетін. Сол үшін де қыпшақтар олардан көп салықтар алады.

Өйткені Бейбарс заманында өмір сүрген тарихшы Вильгельм Трипольский де оған: «Бейбарс жауынгер ретінде Юлий Цезарьмен терезесі тең тұра алады» деген баға берген.

Халық аузында Бейбарс қапыда Қалауын уәзірдің қолынан қазаға ұшырайды. Ол жауыздықпен батырдың балаларына да у беріп өлтіреді. Жақын жолдастары мен зайырын куғын-сүргінге ұшыратады. Бірақ Қалауының өзі де өлім құшады. Шежірелер, уәлі ауыз даналар қалдырған әңгімелер осылай дейді.

Жоғарыда Түркістан жұртының Бейбарысты Жолбарыс батыр есімімен білетінін, оны сол жерде жерленген деп санайтынын айтқанбыз. Мүмкін Бейбарс – Жолбарыс батыр әл-Фараби секілді өмірінің соңғы жылдарында туған жеріне оралған да шығар. Бірақ ол жағы әзір белгісіз. Ал, тарихи деректер қыпшақ батыры Бейбарстың Мысырда қапыда қаза тауып онда жерленгенін айтады.

Араб ауыз әдебиетінің күні бүгінге дейін өмір сүріп, ғасырдан ғасырға шеру тартып келе жатқан күрделі де келелі саласының бірі – халық риуайаттары (романдары), қисса, науадирлері (әңгіме, аңыздары). Бұлардың бір қатары қазақ фольклорындағы секілді халықтың Отанды сүю, басқыншы жаудан ел қорғау идеясынан туған.        

Мыңдаған өлең жолдарын жатқа айтып, таратып жүретін болған. Әдетте олар мереке күндері немесе жұма сайын ескі мадиналардағы сұқтарға (базарларға) жиналып қисса айтады. Ондай жыршыларды араб халқы маддахтар (маддахшылар, хвалители) деп атаған.

Маддахтар қазақ жыршылары секілді қиссаны еске сақтап тек ауызша ғана емес, сонымен қатар күні бұрын қағаз бетіне түсірілген текске қарап та айтады, яғни тарихи оқиға, хроника, жиһанкездардің (Синдбад теңізші секілді) жазбаларын күн ілгері шұқшия қарап, сонда айтылған оқиғаларды өзінше жырлайды.

         Маддахтардың өздері де сан–салаға бөлініп кетеді. Мысалы,шуарһлар (ақындар), мухаддистер (әңгімелер). Соның ішінде шуарһлар тек «Бани билал» (бұл өзі 1600 беттен немесе 38 тараудан тұратын үлкен шығарма алады) оқиғасын жыр емес, мухаддистер өмірде болған тарихи тұлғалар жайлы оқиғаларды, тарихи романдарды ғана жырлайды. Мухаддистер айтатын халық романдарын да екі салаға бөліп қараған жөн. Бірінші, бәдәуилер тұрмысынан алынған қиссалар, аңыздар ғана жатады. Бұған мысал ретінде исламға дейін өмір сүрген бәдәуилердің жауынгер ақыны Ан–тара ибн Шаддад жөнінегі аңызды жатқызуға болады. Ал, екіншісіне орта ғасырларда болған тарии адамдар арқан болады. Мұнда эпикалық элемент әлсіздеу келеді. Сондықтан да бұл тарихи роман оқыған секілді ғана әскер береді. Осы ретте айта ктетін жайт – ертеректе мухаддистер тек қана Мухаммед Пайғамбарды ғана мадақтап, соның атына байланысты жырларды ғана айтатын болса, ал 8–9 ғасырдан бастап араб жасақтарының ерлік істері (Исламның таралуына байланысты) немесе мұсылман халықтарының шет елдің басқыншыларымен жүргізген соғыстары жөніндегі тақырыптар жыр етті. Осы тұста Бейбарыс сирасы өмірге келді. Оның себебтерін жоғарыда біз айтық. Әрине,  тақырыбызды ашуда қолымызға түскен жалғыз сира негізінде ғана баяндадық. Сирадағы мәселелер жөнінде келесі тарауда бяндайтын боламыз.

 

 

 

II «БЕЙБАРЫС СИРАСЫНДАҒЫ» ЖАС БЕЙБАРЫС БЕЙНЕСІ

 

2.1 Мысырлық халқының ауыздағы  Бейбарыс тұлғасының көрінісі

 

      Байбарыс есімі де «Мың бір түн» хикаясының негізгі кейіпкерлерінің біріне айналған аббастықтар әулетінен шыққан халифа һарун ар-Рашид сияқты қарапайым киініп түнгі Каирді аралап кетеді. Халық өмірінен етене жақын танысады. Қылмыскерлерді жазалап, күнәсыздарға көмектеседі. Міне, оның осы қырын мухаддистер де ерекше мән беріп айтады.

       Араб халқы шығарған Байбарс аңыздары, қисса, әңгімелер бір ғасырдың емес, бірнеше ғасырдың желісі. Егер римдіктер «Энейдасы», гректер «Илиадасы», мен «Одиссясы», италияндықтардың «Құдіретті комедиясы», ағылшындардың «Жоғалған жұмағы», немістердің «Нибелунгілер»,  мен «Мессидасы», үнділіктердің «Махабхаратасы», парсылардың «Шаһ намасы» болса, араб халқының да сондай ұлттық мақтанышына айналған «Антара ибн Шаддад», «Бани һилал жайлы эпопея», «Жауынгер ханша Ду-л-Химма жайлы қисса», «Сайф ибн Зу-Иақзан жайлы қисса», «Мың бір түн» секілді классикалық шығармалары бар.

   Халық ауыз екі  аңыздарында Байбарыс тұлғасына қатысты, оның ерекше батырлық даңқына, әділеттілігіне, жомарт-мәртігіне байланысты халық арасында күні бүгінге дейін сақталып жеткен жырлар маддақтар көптеп кездеседі. Алайда, біз өкінішке орай аталған маддақтарды толық мәтінімен кездестіре алмадық, там-тұмдап ғана кездестірдік. Оның өзі сол заманғы деректер мен Бейбарыс сирасы негізінде. Тарихшы аз-Захаби “жихангер, дін жолында күресуші муджаһед, айбаты зор, патша болып жаратылған, ерліктері аңызға айналған, кейбір зұлымдықтары болмаса, әділетті патша еді.Ислам діні үшін көп еңбек сіңірді. Атақты шайқастары, көп жеңістері болды.” – деп жазды. әл-Мақризи “Әмірлер одан қатты қорқатын, ол ауырып жатқанның өзінде де үстіне ешкім оның рұсатынсыз кіре алмайтын. Ержүрек, өмірі ат үстінде өтті. Мәмлүктері мен бекіністерінің хал-жағдайын жақыннан білу үшін жасырын пошта аты мен желмая мініп жүре беретін ” – деп тұжырымдайды. Бұл Бейбарысқа тарихшылар тарихшылар тарапынан берілген жоғары баға, оның үстіне, Әл-Мақризи ортағасырлық мұсылман тарихшыларының ірісі болып саналады[9,58].

Тарихшылар Бейбарыстың ержүректілігі және батырлығы жөніндегі сөздері бір жерден шығып отырады. Біздің пайымдауымызша, Бейбарыс заманына сай қатал болған кездері болған, алайда көзсіз қатыгездік пен зұлымдыққа жол бермеген. Әділетті сұлтан қарапайым халыққа, оның ішіндегі кедей-кепшіктерге әрдайым көңіл бөліп көмектесіп отырған. Оған Бейбарыстың “ Барлық кедейлерге жететін азық-түлігім болса үлестіріп берер едім” – деген сөзі куә бола алады. Бейбарыс жылсайын кедей-кепшік бейшаралар мен сопыларға 10 мың ардебб (1 ардебб – 197,75 литерге тең) бидай садақа беретін болған. Көптігіне қарамастан қаза тапқандардың бала-шағасына көмек көрсететін. Каир мен Мысырда иесіз өліктерді кебіндеуге арнап арнайы уақып * ашып, оның түсімін соған бағыштайтын болған. Бейбарыс ораза кезінде күніне бес мың адамға ауыз ашар беретін болған. Жыл ішінде үлестіретін киміне қосымша нашарларға 600 киім беретін. Күн сайын жалпы көлемі бір жарым мың қаңтар * үлестіретін. “Жетім көрсең жебей жүр ” – деген Бейбарыс, медресенің жанынан жетім балаларға арналған құран оқыту мектебін ашады. 20 ғ. қалыптасқан жетім балаларға деген мейірімді, адамгершілік көзқарасқа Бейбарыс ортағасырлар қойнауында көтеріле білгендігі әрине өте қызық ерекше оқиғалардың біріне бағаланады.

Әл-Мақризи Мысырдағы бір ашаршылық кезінде әңгімелей келіп, “Сұлтан Бейбарыс Каир мен Мысыр қаласы маңындағы кедей-кепшік, кембағалдарды жинап тізімдеп алдыртты ” – деп жазды. “Олардың саны бірнеше мың болады. Сұлтан тізім бойынша кедейлерді барлық наиб, әмір саудагерлер мен байларға бөліп беріп, үш айлық мерзімге тегін тамақтандыруға бұйрық берді. Сопылар жиналатын зауияларға * арнап мемлекеттік қамбалардан күніне 100 арбед бидай бөлгізеді. Ибн Гулун мешіті қасынан тегін нан үлестіретін орын ашады. Осы орайда тарихшы келесі бір диалогты мысалға келтіреді. Бейбарыс Каир қаласының уәлиіне “жүз пақырды құдай үшін тамақтандыр” дейді. Уәли “Онсызда жүзін тұрақты түрде тамақтандырып жүрмін” – деп жауап қайтарғанда Бейбарыс “оларды өзіңнен бастап аларсың, мен үшін жүзін ал”- деп уәлиге өтініш жасайды.

Шынында Бейбарыс “дұшпанға тастай қатты, досына балдай тәтті ” болған. Бірде, ол әмірлерін жинап алып, “Уа, әмірлер мен тұтқынға түсіп қалсам не істередіңдер?” – деп сұрақ қояды. Әмірлер жабылып “малымызды, жанымызды сұлтанды қиындықтан шығару үшін аямас едік” – дейді. Сонда Сұлтан Бейбарыс “Сендер, ұмыттыңдар, мен ғана оны естен шығарғам жоқ. Ол — әмір Сұңқар әл-Ашқар сис патшасы (кіші Армения королі) баласы үшін (баласы Бейбарыстың қолында тұтқында болатын) ақшасын да жерін де аяп отырған жоқ. Ешқасысына да көз салмадым. Сұңкарды сұрадым. Бүгін хат алдым. Ол (сис патшасы) сұңқарды ордадан алдыртыпты” – дейді. Бейбарыстың бір қасиеті – іс отлық шешілмейінше жарияламайтын. Бұл жолыда сол қасиетіне адал болады. Сөйтіп, Сұлтан Бейбарыс Хулагу хан Шамды басып алғанда қолға түскен әмірлерінің бірі сұңқарды жер түбінен тапқызып, өзінің қолында тұтқында отырған кіші Армения патшасы Хемумның ұлына айырбастайды. Сұңқар Алеппо қаласының абақтысында жатқанда қолға түсіп моңғол қолбасшыларының бірі сұлтан Исахтың қармағында Иран елхандарының иеліктерінің түгірінде болады. Сұлтан тұтқыннан босап келе жатқан досын алдынан шығып қарсы алады. Түнімен әңгімелеседі. Әмірге қажеті мәмлүк, қаржы, көлік және т.б. жабдықтарды бөлгізеді. Каир төңірегінде орналасқан бекініс ішінен үй салып береді. нөкерлерінің қатарларына қосады Ибн Абдузаһир айтқандай “сұлтан оған адам өз баласына жасамайтын жақсылықты жасады. Бұдан артық достық бола ма екен!” (29 бет аяғы 30 бет басы) Әл-Мақризи Бейбарыстың қасындағы үзеңгілес достарына асқан қамқорлықпен қарайтынына мысал келтіреді. Онда “Сұңқар Бейбарыс Шамға бет алғанда Ғаззаға дейін ақ сулап барды. Аңшылық олжалы болды. Әмір Шамсуддин сұңқар ар-руми атынан құлайды сұлтан атынан түсіп әмірдің басын тізесіне сүйеп, тері дорбасынан мумис алып ішкізеді. ” – деп көрсетеді. Бейбарыс кресшілерге қарсы жорықтарының бірінде сафад бекінісін тартып алғанда елмен жолығады. Әмірлерімен сол жердегі тауға шығыды. Күн ыстық болады. Елді шөл қысқанда бір адам жақын жерде бұлақ бер екенін айтады. Сұлтан сол бұлақтың басында тұрып өз колымен елге су құйып береді. Халық сұлтан қолынан су ішкендерін жыр қылып айтып жүреді.

Бейбарыс заманында өмір сүрген және оның қол астында қызмет еткен ортағасырлық тарихшы Ибн Шаддад “Тарих ал-малик аз-заһир” деген еңбегінде сұлтанның өмірі мінез-құлқы істеген істері жөнінде жандақты әдеби кең сипаттамалар берген. Ол Бейбарысқа бір істі істеуге белбұса алған бетінен қайтпайтын, қолынан келгенін істейтін, тек қана өзінің пікірін басшылыққа алатын. Кеш, түнге қалмас үшін алдын алуға тырысатын ” – деп жазды. Бейбарыстың биографы “ сұлтан аңда жүріп өзі бөлек жүріп жасырын кетіп қалады, адамдардан өзінің найптары және орындаушылары туралы сұрайды. Егер ойлағаны расталса орнынан алады, тәртіпке шақырады немесе жұмыстан босатады. Ол әрдайым ғылыммен өнер майталмандарын өзіне тартатын, тарихшыларды ерекше жақсы көретін, “тархиты тыңдау үлкен ғибарат” ” — деп отыратын. “Бейбарыс ешқашан жолдан қайырылмайтын, әскерін бір шығарса жарты жолдан қайтпайтын” – деп жазыпты. Ибн Шабдаттың көрсетуі бойынша Бейбарыстың қарапайымдылығы мен кішіпейілдігі туралы “жұлдыздан жоғары дәрежесі болсада жас баладай қарапайым еді” дейді. Бейбарыс әсірессе халық арасында үлкен сыйға ие болды. Ол шейхтарға ерекше көңіл бөлетін.

   Бірде елхан Абағаға қарсы аттанып бара жатқан Бейбарыс Дамаск қаласында әскерлерімен келіп тоқтайды. Әділет үйінде Дамаскынің игі жақсыларымен сұхбаттасып отырғанда бір шейх сұлтан алдына кіргісі келгендігін хабарлайды , шейхке құрмет көрсетіп , барлығы  қарсы алады . Сұлтан одан “ Не шаруаң бар ? ”-деп сұрады . сонда шейх тұрып : “ Сен халықтан көмек сұрап , олар көтере алмайтын салмақ салыпсың . сол туралы ақылдасқалы келдім . Сен әр малмүлікті жиырма мың дирһемге сатып алып , олардың белдерін асыл тас қадалған кемерлермен белбеулейсің , алтынмен апталған ер-тоқымға отырғызасың . Егер бір қазы сенің халыққа салған талабыңды мақұл деп тауып , пәтуасын берсе , онда оның Алла мен пайғамбарға жала жапқаны “-дейді . Байбарыс оған “ сенің үйің мен бағыңа салық салмай -ақ қояйық ” -дегенде “ мен сезім үшін емес Алланың жолы мен мұсылмандардың ақысы үшін келдім ” -деп шығып кеткен екен дейді . Ал ибн фурат бұл әңгімені “ Сұлтан оған “ мырзам алқаныңды жай айтқаның болсын ”-деген деп аяқтайды. Қалай болған жағдайда да  Бейбарыс сөзге тоқтайтын билеуші болды[9,58].

Байбарыс аюбидтер әулетінің соңғы билеушілерінің бала-шағаларына ешбір қиянат жасамағандығын тарихшылардың көбі атап өтеді ол қайта олардың үлкендерін әмірлікке өсіріп, кіршілеріне айлық жалақы тағайындап күн көрістерін бақылап отырады. Тарихшы Байбарысты пайғамбармен салыстырып “ сөзге беріктік иманнан ”-деп түйін жасайды тарихшы Сұлтан Байбарыстың емшектесі, досы әмір Байсары құлдыққа бірге түсіп, бірге бір-бірінен ажырап қалып, бірде жолдары тоғысып ақырында Мысырдан шығады. Екеуінің арасындағы достық қатынастар бірде үзілмейді. Байбарыс сұлтандық таққа отырғанда досы Байсарыны «қаржыландырды жоғары көтерді, патшалығы мен көмекшілеріне ортақтастырды» – деп көрсетеді Бұндай игі істері  жайлы  Ибн Шаддад сұлтан Байбарыс талай қиыншылықты бірге көрген досы Қалауының қызын ұлына алып беріп «оған өзінің жүрегін тапсырды, оның қадырын көтерді » дейді. «ашаршылық кезінде жеген құйқаның дәмі кетпесе ауыздан» демекші сұлтан қиыншылық кезде көрген жақсылықтарын он есе етіп қайтарып берді деген мәліметтер қалдырған.    

Имандылыққа байланысты біз тағы да осы Ибн Шаддад » Байбарыс бес уақыт намазын жолға шықса да қаза етпейтін. Ол қасындағы мәмлүктерге арнайы мұғалім тағайындап, бірге намазға жығылатын имамдарына дейін сайлады.Сөзіне сенуге болатын адамдардың сөзіне қарағанда сұлтан шарапты өмірінде аузына алған емес. Сұлтандық таққа отырысымен 1261 ж барлық ішімдіктерге тиым салды «- дейді.

         Халық ауыз әдебиетінде Сұлтан әл-Салих түс көретіндігі жайлы баяндалады. Онда: «Бірде сұлтан бір түс көреді. Үлемдерін жинап түсін баяндап оны жорып беруді сұрайды. Үлемдері сұлтанның түсін жорып мынадай қорытындыға келеді. Тақсыр мұсылмандарға сая болып жүрсін, мәмлүктен құл сатып алғаның жөн шығар.» Бұнда келтірген мысал, Сұлтан Салихтың ел басына күн туғанда, болашақ Мысырға тірек болатын мамлүктерді көптеп алуына байланысты халық ауызындағы Бейбарысқа қатысты алғашқы мағлұматтар. 

         Бұл жөнінде Бейбарыс сирасындағы мәліметтер де сәйкес келеді. Мәселен; «Сол арада сұлтан үлемдердің айтқанын істеуді жөн көріп бұл істі уәзір Шахинге тапсырады. Шахин қызметкерлерінің бірін құл сататындардың басшысына жұмсап, былай дейді: «Сұлтанымыз өзіне оққағарлықа лайықты мәмлүктер сатып алмақшы. Ұзын саны жетпіс бес мәмлүк керек, жиырма бесі – қыпшақтан, жиырма бесі – абхаз, жиырма бесі – грузин болсын». Саудагер бұған оның бұл елден бұндайды таппайтынын, бұларға Әли әл–Барак деген саудагердің көмектесетінін баяндайды. Сөйтіп уәзірдің бұйрығы бойынша қызметкер әлгі саудагерді іздеп, тауып оның алдына әкеледі. Уәзір саудагерді сұлтанға апарады да: «Тақсыр, саған мәмлүк сатып әперемін деген кісі осы,» – деп таныстырады. Сонда сұлтан тұрып, мынаны айтады: «Бір жайды ескергейсін, бұл айтқан жетпіс бес мәмлүкке қоса маған қызмет ететін құл сатып алуға тиіссің. Өзі күшті, ақылды болсын, Құранды жатқа білсін, жүзі жылы келсін, бетінде жеті жерден қорасан дағы, қабағында арыстанның қабағындай қыртысы болсын,» – дейді де, саудагердің қолына ақша тола әмиән, жетпіс бес мәмлүк киетін киім беріп, өзін малындыра киіндіріп және оны құл сатып әкелетіндердің басшысы етіп тағайындайтын құжат дайындайды. Әли саудагер өсімқорлардың алдында қарызға белшесінен батқаны сондай, оның бірде–бір мәмлүгі қалмаған екен. Мұны естіген сұлтан ендігі жерде Египет елінде Әлиге ешкім кедергі келтірмейтіндей жарлық шығарады»\\. Міне, бұндағы байқағанымыздай халық ауызындағы аңыздар мен Бейбарыс сирасы оқиғалар желісі бір жерден шығады. Тіпті, мысырлық деректердегі мағлұматтар да осы тақылеттес болып келеді.

      Сөйтіп, Әли жолға шығады, сол жүргеннен Бурса қаласына жеткенше жүреді. Оны Масуд–бей билеп тұр еді. Әли ибн әл–Барак деген саудагер қалаға келгенін естіп Масуд–бей оны сарайға алғызады. Әли оған сұлтанның бұйрығы бойынша нендей шаруамен жүргенін баяндайды. Сол кезде Масуд–бей  өзінде мәмлүк жоқ екенін есесіне қонақ келсе, құшағының айқара ашық екендігін айтады. Әли әмірге разылығын білдіріп, сарайда қонып қалады. Ертеңінде таңғы намазын оқып болған соң тың тыңдаса, біреулер құран оқып жатқандай болып естіледі. Араның уіліндей бұл дыбыс қайдан шығады деп қараса сарайдың ауласында әуіз бар екен, айналасына баспана жасап, қалқалап қойыпты.Солардың біреуіне жақындап барса кілең қылқандай жас жігіттер Құранды мақамына келтіріп, әуендетіп тұрып оқып жатыр, өздері бірінен бірі өткен көркем, келісті. Жігіттердің біреуі Әлиді шақырып, неғып жүрген жансың, не шаруамен келдің мұнда деп сұрайды. «Мен әмір Масуд–бейдің қонағы едім, – дейді саудагер, – Құранды мақамына келтіретін екенсіңдер, соны естіп киелі кітапті кімдер оқып жатқанын білейін дегенмін. Ал, өздерің кім боласыңдар?». «Біздің біреуіміз патшаның, біреуіміз әмірдің, біреуіміз батырдың баласымыз, тағдырдың талайымен міне енді текті әмір Масуд–бейдің мәмлүгі болып жатырмыз. Арамызда неше түрлі ұлт бар, бірақ қазір барымыз мұсылманбыз».

         Содан әмірге барады да, мәмлүктердің сатуын өтінеді. Мұны естіген Масуд–бей ыза кектен көзі қарауытып, тістене сөйлейді: «Әли мырза, менде сататын мәмлүк жоқ, сенің көргендеріңді ешкімге де сатпаймын, олар өзіме керек. Мәмлүк сатып алғыш болсаң, базарға бар, аяқ бассаң алдыңнан мәмлүк кездеседі». Али әмірмен сөзге келіп жатпай сарайдан шығып кетеді.

         Түнде әмір сұмдық бір түс көреді. Түсінде әс–Салих сұлтан аян беріп, былай дейді: «О, Масуд, – дейді мұсылманның әміршісі, – мәмлүктеріңді Әлиге бер, олар маған керек болып тұр. Осыдан айтқанымды істемесең мына кеудеңе найза қадалады». Әмір түсінен шошып оянады.

         Сол түні саудагер Әли де түс көреді. Оған аян берген дауыс былай дейді: «О, Әли, мен ас–Салих сұлтанмын. Ертең саған Масуд–бей өзі келеді де мәмлүктерін ұсынады. Мәмлүктерін сатып ал». Масуд–бей Әлиді алдыртады да, оны мәмлүктер тұратын жерге апарады, сөйтіп құлдарына мынаны айтады: «Ал, ұлдарым, енді сендердің иелерің саудагер Әли ибн әл–Барак болады». Мәмлүктер зарлап қоя береді, «О, текті әмір, өте көрме, Бұл кісі бізді жан–жаққа бөліп әрқайсымызды әр қожайынға сатып жібереді,» –дейді олар. Әли: «Алланың атымен ант етейін, сендерді Египеттің сұлтаны сатып алды, бәрің де бір жерде боласыңдар,» –деген соң ғана тынышталады мімлүктер. Ақшаны алдыртып, Масуд–бейге: «Тақсыр, мына әмиянды жетпіс бес мың динар жатыр. Ол – мәмлүктердің ақысы», – дейді\\ Халық ауыз әдебиетінде осы тақылеттес  оқиғалар, ауыздан-ауызға жеткенше неше алуан болып, түрленіп өзгереді.

         Әли мәмлүктерді моншаға жібереді. Өзі құлдарды тағы бір тізіп жығып, сұлтан тапсырған киімдерін таратайын десе, бір қызық жай болады. Бір киім артық екен. Моншаға келген мәмлүктер дәлізде тұрған бір нәуетектеу жас жігітті көреді, оның қожайыны парсы екен. Әйдемір деген бір мәмлүк жаңағыға жаны ашып кетіп, жанына барады да: «Не көмек етейін саған?» – дейді. Анау жылай жаздап: «Бауырым, сүйемелдеп орныма отырғызшы мені, әл–дәрменім әбден біткен, тұра алар емеспін», – дейді. Сонда Әйдемір жүгіріп отырып Әли әл–Баракқа барады, бара оның қолын сүйіп, жылап жіберді. «Балам–ау, саған кім тиді, неге жылайсың?». «Тақсыр, бір жағдайда қатты жаным ауырып, сенен ақыл сұрағалы  келіп тұр–мын». «Не ол сенің жаныңда ауыртқан?», дейді Әли. «Жүр, саған арты тегіп–атша әулетінен шыққан бір жігітті көрсетейін, сол жігіт қатты ауырып, көмекке зәру болып жатыр», деп жауап қатады бұл. Әли жаңағы жігіттің жанына барып, жөнін сқрайды. Жігіттің аты Махмұд екен. «Құданың құдіреті, – дейді іштей таңданған Әли, –әс–Салих сұлтан қалаған мәмлүкке атына дейін келіп тұрғанын қарашы». «Өзің Құраннан бірдеңе білуші ме едің?», дейді Әли. «Иә, тақсыр, мен Құранды жатқа айтамын, тарата да білемін, басқа да ғылымдардан хабарым мол». Әли тағы ойланып қалады: «Мұнысы да жақсы екен». Сонан кейін: «Дертіңнің  беті жаман, онша  ұзаққа бармайсың», дейді сынай қарап. Бұл сөзіне шамданған Махмұд: «Менде не ісің бар, ауруымда шатағың не сенің?», деп ақайлап жібереді. Ашуланғанда бетіне жеті жерден қорасан дағы шығып, қабақтары арыстанның қабағындай  түйісіп кетеді екен. Соны көрген соң Әли жігіттің қолын алып, ғафу өтінеді. Кетерінде қожайыны кім екенін сұрайды. Иесі бір нарсы көрінеді.

         Әли моншашыға айтып, жаңағы мәмлүктің қожайынын алдыртады. Ол келген соң қарауындағы құлын сатар–сатпасын сұрайды. Сатады екен. Оған Әли Әмиянын көрсетеді, «Мынаның ішінде қанша барын білмеймін, осы жігіттің ақысына бәрін саған беремін», дейді. Парсы қарсы болмайды. Жанындағылардың көзінше Әли амиянды парсыға беріп, жігітті сатып алады. Саудагердің айтуымен Әйдемір жаңағы жігітті жуындырады, артылып қалған жалғыз киімді соған кигізеді. Саудагер Әли табарларын сатып болған соң түйелерді алдыртады. Әр түйеге екі мәмлүктен отығызады да, Масуд–беймен қоштасып, жолға шығады.

         Халебке жеткенде керуен тыныс алуға тоқтайды. Сұлтанға мәмлүк сатып алып келе жатқан саудагердің керуені қалаға енгенін естіген Халеб әкімі Әлиден мәмлүктерін көрсетуді сұрайды. Әли қарсылық білдірмейді, құлдардың арасында күш қуаты кем болса да қабілеті мол, сауатты бір құл бар екенін айтады. «Маған соны көрсетші» деп өтінеді әкім. Махмұдты көрген сәтте ақ жайылып сала береді, «Құдіреті күшті алланың атынан айтайын мына жігіт ауруынан жазылса бәрінен озғалы тұр. Осыны маған берші, Әли», дейді қиылып. Мұны естіген Әлидің жан дауысы шығып кетеді: «Сен де ердін артқы қасын сұрайды екенсің – әс–Салих сұлтанның мәмлүгі ғой ол!». Келесі күні саудагердін керуені жолға шығып, Шам шаһарына келіп жетеді.

         Шам әкімі Иса ән–Насыр керуеннің алдынан шығып, сәлемдеседі, не әкеле жатқанын сұрайды. «Сұлтанға апарамын деген мәмлүктер. Міне, мына жігіттер», дейді Әли. Шәркестерді тым әлжуаз, әйелдей нәзік, ал басқаларын біршама тәуірлеу деп бағалайды. Ал дімкәс Махмұдты көргенде: «Әй, Әли мына мәмлүгін ауру ғой өзі! Жолда тастап кетпедің ба мұны?», дейді таңырқағаннан дауыстап жіберіп. Әли: «Талқаны таусылмаса ілігіп кетер, болмаса – пешенесінен көрер», дейді де Махмұдты  Жахруш деген бір адамға апарып береді, оған динар төлеп, ауруға қарап жүруді тапсырады, өзі қалған мәмлүктерін алып Египетке тартады. Шам шаһарынан төрт асудай асқанда Әли түсінде әс–Салих сұлтанды көреді. Сұлтан қабағын қарс тұйып: «Махмұдты шамда қалдырып кетуге қалай ғана дәтің барды? Алла атымен ант етейін, осыдан кері қайтып мәмлүкті қайтарып алмасаң менім еліме енді гәрі табаным тиеді деп ойлама», дейді. Әли түсінен шошып оянады да, мәмлүктерді қызметшілеріне тапсырып, өзі Шам шаһарына қайтып оралады.

Келісімен Жахружға барып, Махмұдттың есен–амандығын көріп, қуанып кетеді.Ауруынан жазылып кеткеніне жаратқанға тәубесін айтады да, алыс жолдан ұйықтап қалады. Таңертең тұрып, жолға жиналып жатса Әли қарыз алған кісілердің бірі келеді. Ол адамның аты–жөні Әли әл–Әкбаси болатын, оған Әли жүз динар берешек еді. Әли әл–Әкбаси келе қарызды кайтаратын уақыт жеткенін айтады. «Бауырым, маған кішкене мұрсат бер, аяй гөр мені» десе де анау көнбейді, қарызыңды қайтармасан бұл жерден кетпейсің дегенді айтады. «Ау, енді соқыр динарым жоқ болса қайт дейсін, төлейалмаймын». «Төлей алмасан мына жігітті қалдырып кет». «Мұның орынсыз, ол сұлтаның мәмлүгі», десе де анау отырып  алады: «Сенің сұлтаныңды да, уәзіріңде  де менің шатағым жоқ, бұл жігітті қарызыңның өтеуіне  алып қаламын». Осылайша, Әли амалдың жоғынан жігітті әл–Әкбасиге тастап, өзі соқа басы сопайып Египетке қайтады.

        Әли әл–Әкбаси Махмұдты ертіп үйіне алып келеді. Әлидің Айша деген әйелі бар еді, өзі барып тұрған көк долының көк долысы. Есік қаққаннан «Бү кім–ай?» деп жақтырмаған дауыс шығады. «Аш есікті, саған қызметші алып келдім», дейді күйеуі. Әйел Махмұдтың түр басына қарап жіберіп кім екенін сұрайды. «Мен мәмлүкпін, ханым». Әйел қуанып кетіп: «Құдай бізд–і де жеткізген екен!», дейді де Махмұдтыы ең бір ауыр, лас жұмысқа жетіп қояды. Ақыры бұл долы қатынның қорлығына шыдамай үйден қашып шығады. Бет алды кезіп, бейіт аралап жүрсе үйсіз–күйсіз үш адамға жолығады. Олардан жөн сұрайды. Біріешісі айтады: «Мен Иса ән–Нәсір деген кісінің құстарын күтуші едім. Бір күні қара басып, ең бір сүйікті құсын ұшыртып алдым. Қожайынның қолына түссем ұрып өлтіре ме деп қашып кеттім». Екіншісі айтады: «Мен сол Иса ән–Нәсірдің түйекеші едім, Менде бір түйені жоғалтып алдым». Үшіншісі былай дейді: «Менде сонда атқорада істейтінмін. Бір қашаған ұстатпай кеткен болатын, Иса ән–Нәсірдің кәрінен қорқып қашып жүрмін». «Бәрімізде сорлылар екенбіз, – дейді оларға Махмұд. – Қашан мейрімді сұлтанымыз бізді құтқарып алғанша осында бола тұрайық». Бұлар отыра қалып, әңгімеге кіріседі. Сол сөйлескеннен күн батып, түн қараңғылығы түскенше сөйлеседі. Бұл түні рамазан айының жиырма жетінші жұлдызы туған болатын. Жанындағы үш қашқын ұйқыға кетсе де Махмұд көз ілмейді. Түн ортасы ауып барады, терең ойдың құшағында әлі отыр. Бір кезде, құдайдың құдіретімен, аспанның қақпасы айқара ашылып кетеді де, көз алдында мешіттің аппақ күнбезі тұра қалады. Сол сәтте жер бетінде ешкім де ұйқысынан оянбайды, бірде–бір әтеш шақырмайды, бірде–бір ит үрмейді. Дүн–дүние жым–жырт тыныштық құшағында, ағаштардың бұтағына дейін сыбдырламай, иіле қалыпты. «Мынау түн мыңдаған айларға бергісңз түн ғой, Қадыр түні ғой! Мұндай түнде айтқан тілегіңнің барлығы қабыл болады»дейді Махмұд өзіне–өзі. Сөйтеді де жан–жүегін жарып шыққан бар тілегін, зар тілегін айтады: «А, Құдай, мына Қадыр түнгі тілегімді қабыл ала гөр. Менің Египеттің, Сирияның дін исламға кіретін бүкіл елдің әміршісі ет. А, Құдай, маған қырық қыдыр әулиенің күш–қуатын дарыта гөр, дұшпандарымның сағын сындыруға дәрмен бере гөр. Бәріне ұлықсат ететін де, бәріне тиім салатын да қалаулы құлың мен болайын. Осы дұғам құлағыңа жетсін құдайым. Бәрі де бір өзіңнің пәрменіңде. Пенделеріңе мейірім жасайтын да сен, қорған болатын да сен». Дұғасын қайырып болған соң Махмұд жанындағы серіктерін оятып, «Аллаға мінәжат етіп, тілек тілеңдер. Бүгің Қадыр түні», дейді. Сонда әлдегілер де тілегін айтады. «А, Құдай, бәріне себепкер бір өзің. Мені әмірші етіп, қарауыңдағы жеріңді, еліңді бәле–жаладан қорғай жүр», деген тілек айтады құс күтуші. Мейірімі күшті Алла тағала тілегін орындайды. «Мені осы құс күтушінің уәзірі ете гөр, өмірімнің соңына дейін маған оң көзіңмен қарап жүрсін», дейді түйекеш. Мейірімі күшті Алла тағала оның да тілегін орындайды. Атбегі мына дүниеден әбден қажып біткенін айтып, жанын жай таптыруды сұрайды. Алла оған ажалын жіереді. Таң атысымен құс күтуші мен түйекеш өздеріне алла билікке берген өлкеге аттанып кетеді, сол жақта бақытты ғұмыр кешіп, бар мұратына жетеді. Махмұд беті алған жаққа жүре береді, жолда келе жатып өзінің қожайыны Әли әл–Әкбасидің көршісін ұшыратып қалады. Жаңағының қолын сүйіп, «Сенің айтқаныңды істейін, бір рақымшылық жасап, мені қожайынымен табыстырып бер», дейді. Көршісі Махмұдты Әлидің үйіне ертіп әкеледі де: «Ал, қашып кеткен мәмлүгің мынау. Адасқанның айыбы жоқ, менен саған жеткізіп беруді сұрады. Кешірімді бол», дейді. «Қарызыңды өтермін», дейді Әли көршісіне. Махмұдты үйге кіргізе сала әйеліне: «Қашып кеткен мәмлүк қайтып келді, жақсылап сазайын тартқыз», деп айқайға басады.

         Айша жалма–жан Махмұдты ағашқа байлап қолына шоқ ала бергенде есік қағылып, үйге Әли әл–Әкбасидің Фәтима деген әпкесі кіріп келеді.Оны көре сала Махмұдтың жан дауысы шығып жәрдем сұрайды. «Қорықпа, балам», дейді келген әйел. Айшаның жанына барып: «Бұл жігітке мен үшін кешірім жаса», дейді. Долы әйел көкбеттеніп көнбейді: «Өліп кетсем де кешпеймін, сен тұрмақ, бүкіл дүние келіп жалынса да кешпеймін», деп өзеурейді. Бұған енді Фәтима әл–Әкбаси шыдап тұра алмайды. «Менімен осылай сөйлесуге қалай ғана дәтің барады сенің?!» деп келініне қатты ашуланады да, Махмұдты бағаннан босатып алып, үйіне әкетеді. Інісі мен келініне реніші ішінде кетеді.

         Үйіне келген соң қазиға, үлемдерге, игі жақсыларға кісі жібертеді. Оларды төрге отырғызып, інісі Әлиді шақыртады. Әли табалдырықтан аттасымен: «Сен мұна мәмлүкті сатып алып па едің?», деп сұрайды. «Жоқ, бұл маған жүз динар қарызымның өтеуіне берілен. Мұның қожайыны Әли ибн әл–Барак», дейді анау. «Олай болса, – дейді Фәтима, – қашан өзінің иесі келіп алып кеткенше бұл жігіт менің үйімде тұратын болады. Ақшаңды мен қайтарып беремін». Сөйтеді де жз динар алып, қазиға береді, ол әл–Әкбасиге тапсырады. Мұнан кейін үлемдерге қарап былай дейді: «Біздің әке–шешемізден қалған мұра бар, содан мына інім Әлиге мен ештеңе берешек емес не екенмін, өзінен сұраңдаршы». Үлемдер де, Әли де берешек еместігін растаған соң Фәтима соны хаттап, куәлердің қолын қойдыртып, інісі Әлидің мөрін бастыртады. Осының бәрін тындырған соң жиналғандарға: «Ал енді заңның талабын толық сақтай отырып, тағы бір қағаз толтырыңдар. Мұнан былай менің қаржы–қаражатым, мал–мүлкім, жалпы маған тиесілі дүние түгелдей осы жігітке өтеді, оны өзі қалағанынша жұмсайтын болады. Көзім жұмылғанда кебініме бір кездеме мата тауып берсе де маған жасаған жақсылығы санаңдар, олай болатыны – мен бүгіннен бастап өзіме бала етіп аламын, бұған осы отырған бәрің куәсіңдер», дейді.

         Мұнан әрі мухаддис Фәтима ханымның Бейбарыс деген ұлы болғанын, ол бала жастай шетінеп, анасының жүрегін шер–шеменге толтырып кеткенін айтады.

         Алла аяқ астынан Махмүдты жібергенде оны әдегеннен жанындай жақсы көріп  кеткеніннің себебі бар еді– Махмүд оның– Бейбарысынан аумай қалған екен. Бала етіп  алып жүргені де содан, оның  жайын жаңа ғана айтып өттік. Фәтиманың тапсыруы бойынша Махмүдтың келісімін алысымен үлемдер жаңағы айтқан қағаздарды жазып  та тастайды. Махмүд: «Мен бұдан былай ханымның қызметшісімін», деп Фәтиманың қолын сүеді. Ханым баламның орнында болсын деген оймен Махмүдтың атын Бейбарыс деп жаңадан қояды. Үлемдер мен игі жақсыларды бар ықыласпен қонақ етеді, олар да жән–тәнімен разылық  білдіреді. Осылайша Бейбарыс Фәтима ханымның үйінің иесі болып шыға кледі,

         Фәтиманың інісі жүз динарын алып үйіне келісімен не болып, не қойғанын әйелінен тәптіштеп сұрап біледі. Әйелінің әңгімесінен кейін тіпті ұнжырғасы түсіп  кетеді. Әлидің әпкесі бар байлығын жаңағы жігіттің атына жаздырғнын естігенде ерлі–зайыптылар бір–бірімен  жанжалдаса  жөнеледі.

         Бір күні Бейбарыс үйінің алдында тұрса көшемен қолына садақ ұстаған саудагер келе жатады. Бейбарыс саудагерді шақырып, садағанды сатпайсың ба деп сұрайды. Әлгі кісі садағын бес динарға балайды. Бейбарыс садаққа қатты қызығады. Саудагерді үйдін алдында күттіріп қояды да садақты алып шешесіне келеді. «Апа мына садақты сатып алмақшы», дейді. «Кімнің садағы, қанша тұрады екен?». «Саудагер бес динарға сатпақшы». Бұл бағаны естігенде Фәтима күліп жібереді. «Балам–ау, – дейді, – менде оның көкесіндей садақтар бар ғой». Сөйтеді де Бейбарысты бір үлкен бөлмеге ертіп барады. Барса жаңағы жерде садақ деген самсап, жебе деген жыпырлап тұр. Таң–тамаша қалып: «Апа, бұлар қайдан келген саған?», дейді. «Балам–ау, менің аты–жөнім Фәтима әл–Акбаси екенін білмеуші ме едің? Бұлай болатыны – менің әкем жақ иіп, садақ жасайтын кісі еді. Енді мына бөлмедегі садақтың бәрі сенікі, балам», дейді шешесі. Қуанып кеткен Бейбарыс садақты саудагерге қайтарып береді, бұл кімнің қаруы деп сұрап қалады. Садақтың иесі Бану Ысмайыл тайпасынан шыққан бір кісі екен. Бейбарыс садақ жасаушыны алдыртып, жөнін айтқызады. «Атың кім сенің?» – «Менің атым Асиф ибн Бахр әл–Маркаби» – «Неғып садағыңды сатып жүрсің?» – «Ақшадан қысылып тұрмын». Бейбарыс оған он динар береді, садақты өзіне естелікке қалдырады. Асиф қуанып кетеді, «Маған ерекше жақсылық жасадың. Алла бұйыртса бір қайтарамын», дейді. Осыны айтып, Бейбарыстан динар алған саудагермен ілесіп кете барады.

         Ертеңінде Бейбарыс аулада қыдырып жүрсе бір қызметші шатырдан салбыратып арқан түсіріп жатады. Неге өйтесің десе қызметші: «Фәтима ханымның әкесі Хасан әл–Акбаси мырзаның атын басқаша суара алмаймыз, – дейді. – Иесі дүние салғалы бірде бір адам осы атты ерттей алмай–ақ қойды. Ту ассаулығы сондай, атбегіні теуіп өлтіреді. Содан бері жанына жан жоламайды. Күн сайын жем мен суды өстіп, мына терезе арқылы түсіреміз». Қызметшіден атқораның кілтін алып, жаңағы айтқан жылқыны қараса жануар нағыз қазанаттың өзі екен. Көзі қанталап, тұяғымен жер тартып, кісінеп тұр. Бейбарыс қызметшісіне ертұрман мен қамшы алдыртады, атты ертеп жіберіп, арыстанша атылып барып қарғып мінеді. Қызметшісіне мені осында күт деп кетеді. Ал анау болса асау ат жас қожайынды жығып кете ме деген хаіппен Фәтима ханымға жетуге асығады, бара Бейбарыс асау атты ерттеп, шаба жөнелгенін айтады.

         Ат сол шапқаннан шаба береді, шөл даладан өтіп, тау баурайындағы үңгірдің жанына келіп бір–ақ тоқтайды. Сол жерге жетеді де аты табандап тұрып алады. Қанша қамшыласа да аяқ баспайды. Таң қалған Бейбарыс аттан түсіп, үңгірге кірсе іші жап–жарық, шам жанып тұр. Одан сайын таңданған Бейбарыс бұл не нәрсе болды екен дееп әбден бас қатырады. Үңгірдің түкпіріне қарай жүрсе тап алдынан тас есік шығады, ортасында сақина бар. Ар жағын көрейін деп сақинаны көтеріп, қарайды да орнына қойғанда есік тарс ете қалады. Сол сәтте ақ есіктің арғы бетінен дауыс естіледі: «Пайғамбарлардың қазынасы сақталатын жерге келіп, есік қағуға дәті барған кім бұл? Басыңа бәле тілеп алғың келмесе, кім де болсаң, келген ізіңмен кері қайт. Жан баласының ішінен бұл  жерге Бейбарыс деген жігіттен басқа ешкім де кіре алмайды. Тек сол ғана кіреді, мұнда тек сол ғана жүреді мұнда». Осыны естіген соң бұл: «Ендеше сол Бейбарыс менмін», дейді.  Арғы жақтан кір деген соң кіріп барса алдынан бір қызметші шыға келеді. «Бейбарыссың ба сен?» деп тағы сұрап алады да: «Саған Алланың нұры жауған. Енді қолыңдағыны алдыма сал, сонда мына үңгірдің бар байлығы сенің иелігіңде болады», дейді. Бейбарыс қолындағы қамшыны жаңағының алдына тастаған соң қызметші мынаны айтады: «Мына сандықты аш. Ішінен қыруар қазына байлық шығады. Соның арасынан салмағы он ратль Шам семсерінен басқа ештеңе алушы болма. Оған саған дейін жан баласының қолы тиген емес. Сол семсерден басқа саған берер ештеңеміз жоқ. Байлыққа қызықпа, басың бәлеге қалады». Сандықты ашып кеп жіберсе, айтқанындай, іші толған қымбат қазына. Сонша мүліктің арасынан тек Шам семсерін алып үңгірден шығады. Аты да дайын тұр екен, қарғып мініп Шам шаһары қайдасың деп тартып кетеді.

         Жолда бір қарақшы мұның атымен шужайласа жөнеледі. «Алымақыңды төле!» дейді. «Немді төлеймін, ештеңе әкеле жатқан жоқпын ғой», дейді бұл. «Онда өзіңе, астыңдағы атыңа төле», деп анау да қалмайды. «Ал төлемедім, сонда не істейсің сен маған?» деп енді Бейбарыс ерегеседі. «Онда не өзіңді өлтіремін, не сені тұтынға алып, құныңды талап етемін. Анық бір жүрек жұтқан ер болмаса менен ешкім қашып құтыла алмайды», деп жанағы тақымдай түседі». «Ал, болмдың ғой, енді менен сақтана бер», дейді Бейбарыс. Қарақшы семсерін алдымен сілтеп қалады, бірақ мүлт жібереді. Бейбарыс Шам шаһарының семсерің сілтеп қалғанда қарсыласы жерге жалп ете түседі. Әмір оның қолын байлап тастай бергенде, қайдан шыққаны белгісіз үш аттылы  адам шыға келеді. Келе: «Біздің бауырымызға тиуші болма!», деп айқайға басады. Бейарыс олардың үшеуін де бірінен кейін бірін аттан ұшырып жібереді. Жерде жатқан сарбаздардыарқанмен жалғатыра байлаптастайды да, өзі атқа қонып, тұтқындарын Шам шаһарына жаяу айдайды. «Бізді қоя берші, жақсылығың мойнымызда кетпес», деп жалынады әлгілер. «Сендер қарақшылық сададыңдар, сол үшін де жазаларыңды тартасыңдар», дейді бұл. Аналар жалынуын қоймады: «Аштықта қарасқан сауап, уәдеде тұрысқан сауап, бейшараға болысқан сауап демеуші ме еді. Бізді қоя берші, құлдығың кетейік, қызметшің болайық». «Өздерің не қылған адамсыңдар?» дейді Бейбарыс. «Біз әл–Қабатия тайпасынан шыққан жол күзетшілеріміз. Рубасыларының өзі алпыс төрт адамбыз, әрқайсымыздың қарауымызда жүзден кісі бар. Иса ән–Нәсір жыл сайын осы жолды күзеткеніміз үшін он мың дирхем төлейтін, сонымен күнімізді көретінбіз. Биыл тиесілі ақшамызды алуға барсақ, бір дирхем де төлегісі жоқ. «Еткен еңбегімізді жақсылықпен төлеп бер, әйтпесе, айтпады деме, біз мына қара жолға шығып, қарақшылық жасаймыз», деді. Сөйтсек, Исамыз: «Онда менің шатағым жоқ», деп қарап тұр. Ал ендеше дедік те жүргіншілерге шабуыл жасап, тлмді солардан талап ете бастадық. Өйтпесек, бала шағаны асыраудан қалып барамыз. Біздің жағдайымыз, міне, осындай», деп сөзін аяқтайды әлгілердің арасынан бір адам. Төрт ағайындының әңгімесін тыңдап болған соң Бейбарыс оларға: «Өздерің маған қызметке тұруға қалайсыңдар?» дейді. Аналар қуана–қуана келіседі. Қолдарын шешеді, төртеуі разы болғаннан Бейбарыстың қолын сүйіп әлек. Әлгі төрт ағайындының бірі әл–Қабатия тайпасының еркек кіндіктісін түгіл ертіп келеді. Әмір Бейбарыс қалың қолымен Шам шаһарына аттанады.

         Шамға келісімен анасына жеткенше асығады. Баласының аман–есендігін көріп, шешесінің көңілі де жай табады. Бастан кешкенін баян еткен соң анасы: «Құдай бұйыртса, түбі қайыр болады, балам», дейді анасы. Бәдәуилерді өзінің үйіне жайғастырып, бәріне жалақы белгілейді.

         Бір күні Бейбарыстың алдына төрт шаруа келеді. Жөн–жосығын сұраса, «О, тақсыр, –дейді әлгәлер, – Сар Жүбейлі әл–Махри деген кісінің шаруалары боламыз, сенің шешең мен біздің мырзамыз жерді бірлесіп басқарады. Ол бізге сенің шешеңе хат хат апарып беруді тапсырды». Оқып қараса былай деп жазылған екен: «Сафдтың билеушісі Сар Жұбейлі әл–Махридан Фәтима әл–Акбаси ханымға. Той жасайтын болып жатырмыз, сондықтан биылғы астықты өзімізге түгелдей алмақпыз. Келесі жылдың астығын сен аласың». Хатты жазған адам анасын алдап салуды ойластырғанын сезе қойған Бейбарыс шаруаларға: «Ол бола қоймас», дейді. Сөйтеді де мынадай жауап жазады: «Сар Жұбейліге бізден қулығын асыра алмайтынын мәлімдейміз. Әркім астықтан өз үлесін алуы керек. Біздің шешім осындай». Хатты мөрлеп, бекітеді де келген кісіге береді, оған қажет болса ертең артынан қуып жететінін айтады.

         Шаруалар кетісімен Беййбарыс Сар Жұбейлінің арам пиғылын анасына айтады, анасы баласының ақылына сүйенеді. «Ертең Сафдқа бар да өзімізге тиесілі астықты алып кел», дейді шешесі.

         Сар Жұбейлі шаруалар алып келген хатты оқығанда ашу–ызаға булығады. Оның Зүнейіт деген іс жүргізушісі бар еді, сол сабырға шақырып, бір ақыл қосады. «Ашуланба, тақсыр, оп–оңай реттейтін шаруа ғой бұл. Фәтима ханымның адамы келсінші, сол кезде бидайды өлшеуді маған тапсыра ғой, қалғанын өзім қатырамын», дейді әлгі. Сөйтіп жаңағы Зүнейіт шаруаларға екі түрлі – ақ және қара қаптан дайындауды тапсырады. «Қара қаптағы астық – біздікі», деп ескертіп қояды. Қапты дайындап, Бейбарысты күтіп отырады. Айтқан уағында адамдарын ертіп, қырман басына Бейбарыс та келеді. Іс жүргізушінің сәлемін алған соң: «Сен бе астық өлшейтін?» дейді. Анау басын изейді. «Ал, көрейік, бөл астықты». Зүнейіттің айтуымен шарулар қаптарды жеткізеді. Қаптарды әкелген соң Зүнейіт Бейбарысқа: «Ағы – сендердікі, қарасы– біздікі», дейді. Көсіп–көсіп сала бастайды, ақтан гөрі қара қаптар толыңқырап байланып жатыыр. Бейбарыс мұны байқап тұрады. Бидайды өзінше бөліп болып, Зүнейіт: «Тақсыр, ақ қаптарды алып кетіңдер», дейді. «Ақ қаптарды өзің аласың, қара қаптарды мен аламын», дейді оған Бейбарыс Бейбарыс. Зүнейіт ерегесе түседі: «Жоқ, саған мен тек ақ қаптарды беремін». Бейбарысты ашу қысып, айқайлап жібереді: «Осыдан айтқанымды істемесең онда саған ақ қап та жоқ, қара қапта жоқ». Ана антұрғанның жаны шығып кете жаздап,   жыларман болады. Сонда Бейбарыс бәдәуилеріне: «Олай болса бір де қап қалдырмай, түгел артып алыңдар да жолға жиналыңдар, мына иттердің сөздерін құлақтарыңа қыстырмаңдар», деп бұйырады. Бұл сөзді естіген Зүнейіттің жан дауысы шығады, «Мыналар бидайды түп–түгел қотарып әкетті!» деп зар жылап, Са Жұбейліге жетеді. Бара Бейбарысты қарған–сілей жөнеледі, өтірікті шыңдай, шынды құдай ұрғандай етіп айтады. Басына қаны тепкен Сар Жұбейлі Филипп деген бауырына: «Аттылы қол алып, аналардың соңынан қу, жеткен жерде жексұрынның желкесін қи, бәдәуилердің астығын ал. Зүнейіт сенімен аттансын, ана оңбағандарды саған ол көрсетеді», деп тапсырады.

Филипп қалың қолмен Бейбарыстың артынан қулап кетеді. Керуенге жете бере алыстан: «Қайда қашып барасыңдар? Тоқтаңдар, бізді тосыңдар!», деп ақайлайды. Қуғыншылады көрген Бейбарыс та аттың басын тежеп, жанындағы бәдәуилерге: «Ал, енді өздеріңді танытар тұс келді, аянбаңдар», дейді. Өзі жауға қарай алдымен құйғыта жөнеледі. Жердің шаны аспанға шыққан бір аланат басталады. Бәдәуилер расында да шетінен ержүрек екен, жаудың бетін ән–сәтте қайтарып тастайды. Төбеде өлім күткен қара құзғын қаптап жүр. Көп ұзамай жау жағы бет–бетіне пышырай бастайды. Қашқандардың арасынан Сар Жұбейлінің бауыры Филиппті көріп қалып, Бейбарыс атын соның соңына салады, жеткен жерде семсермен бір сілтегеннен қалдырмайды. Басшысының өлгенін көрген Филипптің адамдары безе жөнеледі, әйтсе де бәдәуилер қуып жетіп, бәрін Зүнейітімен қоса найзаға түйреп бітіреді.

         Жаудан қалған ожа мен аттарды жинап алып, бұлар әрі қарай жол тарта береді. Анасының алдына келген соң Бейбарыс болған жайды түгел баян етеді, шешесі балама бір Алланың өзі жар болсын деп мінәжат айтады.

         Филипп қолынан тірі қалғандар жылап–сықтап Сар Жұбейліге келеді. «Сендердің соншазәрелеріңді алған кім ол өзі, бауырым Филипп қайда, іс басқарушым Зүнейіт қайда?», дейді Сар Жұбейлі. «Оларды ана Бейбарыс деген тажал мен оның  нөкері өлтірді, өздері кілең түрінен кісі шошырлық бәлелер», дейді мыналар. Сонда Сар Жұбейлі он мың адамның адамдық қол жинап жіберіп, өзі әскерін бастап, Шам шаһарына тартты дейді. Шаһар әкімі Иса ән–Нәсі әскер жақындап қалғанын естігеннен қаланы басып алар деген хауіппен қақпаны жаптырып тастайды. Сар Жұбейлі Шамның әкіміне хат жаздыртып, жауабын қолма–қол жеткізуді тапсырады. Жаушы қаланың дарбазасына жақындағанынан күзетшілер жөнін сұрайды. «Жаушымен, хат алып келдім», дейді ол. Иса ән–Нәсірге айтқан соң жаңағыны ішке кіргізеді. Хатын оқы қараса былай депті: «Сар Жұбейліден Шаш шаһарының әкіміне жазылды бұл хат. Сенде менің ұзында өшім, қысқыда кегім жоқ, менің бауырымды, менің жиенімді өлтірген ана Бейбарысты, оның нөкерлерін ұстап берсең болды. Қалаңның қақпасының қарсысында тура он жыл тұрсам да қас жауымнан кегімді алмайынша Шамнан кетпеймін мен. Ана ант атқан қанішерді қолыма бермесең сені де, Шам шаһарының тұрғындарын да не күтіп тұрғанын шамалай берсең болады. Сәлемімді қабыл ал!».

         Бұл хатты оқыған соң Иса ән–Нәсір ойға қалды. «Басыма бәле тілеп нем бар менің? Жауын ұстап берейін де тынайын одан да». Жаушыға сый–сиянатын жасап, жаубын қолына ұстатады. Жаубында былай дейді: «Шам шаһарының әкімінен Сар Жұбейліге дұғай сәлем. Сендердің талас–тартыстарыңнан хабарсызбын. Жауыңды қолыңа берейін, не істейтініңді өзің білесің. Сілемімді қабыл ал».

         Хатты алған Сар Жұбейлі қуаны кетеді, екі қолың ысқылап Бейбарысты қала дарбазасында күтіп тұрады. Осы кезде Бейбарысқа бір адам келіп, әкім шақырып жатқанын айтады. Ол атына міне сала әкімге тартады. Жаныңда нөкерлер бар. Иса ән–Нәсір жылы шырайлы қарсы алып, жанына отырғызады. «Балам, –дейді Бейбарысқа, – ана қарғыс атқыр Сар Жұбейлі бұл қалаға сенен кек алуға келіпті. Істеген ісіңе қатты қорланып отыр. Онан қайтіп құтылуды ойлай–ойлай келіп, мен бір амалын тапқандай болдым». «Не амал екен, айтшы, қане?» дейді Бейбарыс. «Шырағым, сен әсеріңді алып, қаланың қақпасынан шық. Дарбазадан шыға сала Сар Жұбейлінің адамдары сендерге тап берер, дәл сол кезде менің жауынгерлерім саған көмекке ұмтылады да дұшпанды қоршап ала қояды. Құрсауға бір түскен соң олардың бірін қалдырмай қырып саламыз. Ал, не дейсің бұған?». Аңғал батыр әкімнің сөзіне сеніп, «Айтқаның болсын», деп келісе кетеді. Атына мінеді де әскерін соңынан ертіп қала қақпасына қарай  жүреді. Қаладан сәл шыққан соң Бейбарыс артына қараса қақпа тарс жабылған, бұлардың  артынан шығады деген әскер де жоқ. Иса ән–Нәсірдің залымдығына сонда барып көзі жетеді. Болары болған соң бір басын құдайға тапсырып, жанындағыларына қарап былай дейді: «Бауырларым, біз тығырыққа тірелдік. Сендердің ар–намысты қолдан бермей, ақ–адал өліммен шейіт болуға бейіл екендігілеріңді білемін». Жауынгерлері де қайтпайды: «Сенен жанымыз артық емес, өліспей беріспейміз жауға», деседі. Сол–ақ екен шетінен аруақтанып, жалы күдірейіп шыға келеді. Бейбарыстың қақпадан шыққанын көрісімен қарғыс атқыр Сар Жұбейлі жауынгерлеріне: «Қолға түсті өздері! – дейді. – А, Құдай, кегімізді қайтарып, масқарадан құтқара гөр!». Бейбарыс шерік құрып тұра қалды, сол кезде Сар Жұбейлі бір батырын әмірмен жекпе–жекке жұмсайды. Жауынгер найзасын сілтеп қалғанша Бейбарыс семсермен басын қағып түседі. Мына жойқынды көрген Сар Жұбейлінің адамдары ішін тартып, шегініп кетеді. Бейбарыс енді жаудың әскербасын жекпе жекке шақырады. Қанша жерден кек алуға құлшынып тұрса да Сар Жүбейлі  жеме–жемге келгенде Бейбарыспен жекпе–жекке тәуекелі жетпейді, өзінің орнына басқа бір батырын шығарады. Ол да найзасын бұлғақтатып үлгермей жатып, жер жастанады, Бейбарыстың семсерді бір сілкігеннен қалмайды. Осылайша келгенін келгеніндей қыра–қыра Сар Жұбейлінің он үш жауынгерінің жанын жаһаннамға жібереді. Тіпті бой беретін болмаған соң Сар Жұбейлі әскеріне Байбарысқа түгел жабылады, жауынгерлерін жусатып салуға әмір етеді. Қан–қасап қырғын басталады, содан түн ауғанша қылыштан қалған қақырап, адам қаны судай ағады. Сар Жұбейлінің жауынгерлері де көп қырылады, алайда Бейбарыстың шығыны одан да асып кетеді. Әмірдің өзі де ұрыс тастап шықпасқа амалы қалмайды. Сар Жұбейлі Бейбарысты қанша іздесе де таба алмаған соң, әскерлеріне: «Кімде–кім Бейбарыстың өлі болса өлідей, тірі болса тірідей тауып берсе соған өзінің салмағындай келетін алтын сыйлаймын», деп жар қылады. Мұны естіген сәтте бір әскер орнынан атып тұрып: «Мен әмірді табамын, табамын да айтқан алтынды аламын», дейді. Сонан Бейбарысты іздеп шығады.

         Бейбарыс күні бойғы айқастан әбден қалжыраған еді. Беткеге жантайған батыр атының шылбырын қолға ұстаған күйі ұйқыға бас қойған болатын. Қырсық шалғанда Сар Жұбейліге Әмірді тауып беремін деп мақтанған жауынгер дәл сол жерге келе қалмасын ба. Ұйқыдағы Бейбарысты көре салып, қуанып кетеді.Орамалын банджының шырынына сығып алып, Бейбарыстың бетіне жапсыра қояды. Әмір онан сайын қатып ұйықтайды. Жауынгер де қарулы неме екен, Бейбарысты атқа өңгеріп, Сар Жұбейліге алып кетеді. «Мына оңбағанды аттан түсіріп, сірке суын иіскете қойыңдар, есін жисын», дейді Сар Жұбейлі. «Мен қайда жатырмын?», дейді әмір ұйқыдан оянғанда. «Менің тұтқынымда жатсың, – дейді мейманасы тасыған Сар Жұбейлі. – Басыңды кесіп аламын да, кегімді қайтарамын сенен». Бейбарыс оның сөзінен саса қоймайды. «Жаратқан ием мұнда жатқыза бермейді, құтқарып алады. Тек маған мына шатырдың кімдікі екенін айтшы», дейді Сар Жүбейліге. «Бұл менің шатырым, осыған талай ақша шығарғанмын», дейді анау. Бейбарыс: «Алла жар болып, аман шықсам, сен де бір күні мүскін халде алдыма келерсің, сонда құныңа мұны шатырыңды ғана алармын», дейді. «Жарайды, – дейді Сар Жүбейлі, – сен менен аман кетіп, мен сенің алдыңа келіп жатсам көрерміз». Сөйтеді де, адамдарына: «Мынаны абақтыға тығындар. Таң атсын, мұны ешкім көріп–білмеген сұмдық азаппен өлтіреміз», дейді. Бейбарысты абақтыға жауып тастайды.

         Ертесімен Сар Жүбейлі жасағы жатқан жердің ортасынан адамның  басын  шабатын  дөңбек орнатуға әмір етеді.Бәрі дайын болғанда Бейбарысқа адам жұмсайды. Жіберген кісілері абақтыға барса ешкім жоқ. Мұны естігенде Сар Жүбейлінің есі ауысып кете жаздайды. Күзетшілерді жерден алып, жерге салып жүріп те Бейбарысты ойлай береді. «Оны кім құтқарып алды екен?».

         Әлкисса, осы орада мұхаддис әрі қарайғы әңгімесін былайша жалғайды. Бейбарысты бір бәдәуи аман алып қалады. Ол Сар Жүбейлінің жауынгері өзінің қолбасына Бейбарысты өлі болса өлідей, тірі болса тірідей тауып беремін дегенін естіп қалған екен. Түнгі дейін Бейбарыс тұтқында жатқан шатырдың маңын торуылдап жүреді де қарауылдың ұйықтап кеткенін пайдаланып әмірді жау қосынынан аман–есен алып шығады. Қауіптен құтылдық–ау деген жерге дейін келеді де бәдәуи  Бейбарыстың аяқ–қолындағы кісендерді сындырып тастайды.  

         Осылайша Бейбарыс туралы халық ауызындағы әңгімелер, оқиғалар ерекше ілтипатпен жалғаса береді. Біз  ендігі кезекте негізгі тақырыбымызға көшелік

 

2.2 «Сұлтан әз-Захир Бейбарыс сирасындағы» жас Бейбарыс бейнесі

 

        Біздің қарастырып отырған мәселеміздегі өзекті, басты мәселеміз Бейбарыс сирасындағы жас Бейбарыс бейнесін сомдап көрсету. Олай болса біз өз зерттеулерімізге осы Бейбарыс сирасынан үзінділер келтіру арқылы тақырыпты ашуға талпынып көрелік. Жалпы алғанда » Сұлтан әз-Захир Бейбарыс сирасы» деректік мәліметтер ретінде, осы жұмысты жазу барысында басқа зерттеулерден кездестіре алмадық. 

        Ислам тарихнамасындағы Байбарыс туралы “сира”- өмірбаян жанрында жазылған бар болғаны үш шығарма бар. Оның өзінде де шығармалардың біреуі қара сөзге түсірілген поэтикалық шығарма болып табылады.Аталмыш «сира» қазіргі біздің бітіру жұмысымыздың мазмұнын ашып көрсетуде, басты дерегіміз.

       Бейбарыс заманында өмір сүріп сұлтанның өмірбаянын жазған, мәмлүк мемлекеттік жүйесінде қызмет еткен Ибн Абдузаһир, Ибн Шаддад жәе Ибн Уасилдерге ерекше тоқталып өткен абзал болмақ. Олар мәмлүктер, кресшілер мен монғолдар арасыдағы теке-тірес барынша қызған кез, ХІІІ- ғасырдың екінші жартысында өмір сүрді, яғни, осы Бейбарыс сирасының халық арасында пайда болған кезеңі де осы кезең.

       Жас Бейбарыс жайлы «Бейбарыс сирасында» оқиға желісі былайша бастау алады; «Бірде сұлтан әл-Салих бір түс көреді. Үлемдерін жинап түсін баяндап оны жорып беруді сұрайды. Үлемдері сұлтанның түсін жорыпмынадай қорытындыға келеді. Тақсыр мұсылмандарға сая болып жүрсін, мәмлүктен құл сатып алғаның жөн шығар.»деп ақыл кеңес береді[20].

      Сол арада сұлтан үлемдердің айтқанын істеуді жөн көріп бұл істі уәзір Шахинге тапсырады. Шахин қызметкерлерінің бірін құл сататындардың басшысына жұмсап, былай дейді: «Сұлтанымыз өзіне оққағарлықа лайықты мәмлүктер сатып алмақшы. Ұзын саны жетпіс бес мәмлүк керек, жиырма бесі – қыпшақтан, жиырма бесі – абхаз, жиырма бесі – грузин болсын» [20]. Саудагер бұған оның бұл елден бұндайды таппайтынын, бұларға Әли әл–Барак деген саудагердің көмектесетінін баяндайды. Сөйтіп уәзірдің бұйрығы бойынша қызметкер әлгі саудагерді іздеп, тауып оның алдына әкеледі. Уәзір саудагерді сұлтанға апарады да: «Тақсыр, саған мәмлүк сатып әперемін деген кісі осы,» – деп таныстырады. Сонда сұлтан тұрып, мынаны айтады: «Бір жайды ескергейсін, бұл айтқан жетпіс бес мәмлүкке қоса маған қызмет ететін құл сатып алуға тиіссің. Өзі күшті, ақылды болсын, Құранды жатқа білсін, жүзі жылы келсін, бетінде жеті жерден қорасан дағы, қабағында арыстанның қабағындай қыртысы болсын,» – дейді де, саудагердің қолына ақша тола әмиән, жетпіс бес мәмлүк киетін киім беріп, өзін малындыра киіндіріп және оны құл сатып әкелетіндердің басшысы етіп тағайындайтын құжат дайындайды. Әли саудагер өсімқорлардың алдында қарызға белшесінен батқаны сондай, оның бірде–бір мәмлүгі қалмаған екен. Мұны естіген сұлтан ендігі жерде Египет елінде Әлиге ешкім кедергі келтірмейтіндей жарлық шығарады[20].

       Міне, бұндағы байқағанымыздай халық ауызындағы аңыздар мен Бейбарыс сирасы оқиғалар желісі бір жерден шығады. Тіпті, мысырлық деректердегі мағлұматтар да осы тақылеттес болып келеді.

      Сөйтіп, Әли саудагер жолға шығады, сол жүргеннен Бурса қаласына жеткенше жүреді. Оны Масуд–бей билеп тұр еді. Әли ибн әл–Барак деген саудагер қалаға келгенін естіп Масуд–бей оны сарайға алғызады. Әли оған сұлтанның бұйрығы бойынша нендей шаруамен жүргенін баяндайды. Сол кезде Масуд–бей  өзінде мәмлүк жоқ екенін есесіне қонақ келсе, құшағының айқара ашық екендігін айтады. Әли әмірге разылығын білдіріп, сарайда қонып қалады. Ертеңінде таңғы намазын оқып болған соң тың тыңдаса, біреулер құран оқып жатқандай болып естіледі. Араның уіліндей бұл дыбыс қайдан шығады деп қараса сарайдың ауласында әуіз бар екен, айналасына баспана жасап, қалқалап қойыпты.Солардың біреуіне жақындап барса кілең қылқандай жас жігіттер Құранды мақамына келтіріп, әуендетіп тұрып оқып жатыр, өздері бірінен бірі өткен көркем, келісті. Жігіттердің біреуі Әлиді шақырып, неғып жүрген жансың, не шаруамен келдің мұнда деп сұрайды. «Мен әмір Масуд–бейдің қонағы едім, – дейді саудагер, – Құранды мақамына келтіретін екенсіңдер, соны естіп киелі кітапті кімдер оқып жатқанын білейін дегенмін. Ал, өздерің кім боласыңдар?». «Біздің біреуіміз патшаның, біреуіміз әмірдің, біреуіміз батырдың баласымыз, тағдырдың талайымен міне енді текті әмір Масуд–бейдің мәмлүгі болып жатырмыз. Арамызда неше түрлі ұлт бар, бірақ қазір барымыз мұсылманбыз» дейді[20].

         Содан әмірге барады да, мәмлүктердің сатуын өтінеді. Мұны естіген Масуд–бей ыза кектен көзі қарауытып, тістене сөйлейді: «Әли мырза, менде сататын мәмлүк жоқ, сенің көргендеріңді ешкімге де сатпаймын, олар өзіме керек. Мәмлүк сатып алғыш болсаң, базарға бар, аяқ бассаң алдыңнан мәмлүк кездеседі» деп шығарып салады.

         Ендігі кезекті біз Бейбарыс жайлы баяндайық.Түнде әмір сұмдық бір түс көреді. Түсінде әс–Салих сұлтан аян беріп, былай дейді: «О, Масуд, – дейді мұсылманның әміршісі, – мәмллүктеріңді Әлиге бер, олар маған керек болып тұр. Осыдан айтқанымды істемесең мына кеудеңе найза қадалады» дегне жолдар беріледі Ақыры . Әмір түсінен шошып оянады да, Әли саудагерді шақырып алып мамлүктерді сатады[20].

         Біз жоғарыда халық арасынан жеткен аңыздар негізінде Бейбарыстың ауырушаң, қатты азап шеккені жайлы айтқан болатынбыз.  Осыған байланысты, Бейбарыс сирасынан мына үзіндіні келтірейік: Әли мәмлүктерді моншаға жібереді. Өзі құлдарды тағы бір тізіп жығып, сұлтан тапсырған киімдерін таратайын десе, бір қызық жай болады. Бір киім артық екен. Моншаға келген мәмлүктер дәлізде тұрған бір нәуетектеу жас жігітті көреді, оның қожайыны парсы екен. Әйдемір деген бір мәмлүк жаңағыға жаны ашып кетіп, жанына барады да: «Не көмек етейін саған?» – дейді. Анау жылай жаздап: «Бауырым, сүйемелдеп орныма отырғызшы мені, әл–дәрменім әбден біткен, тұра алар емеспін», – дейді. Сонда Әйдемір жүгіріп отырып Әли әл–Баракқа барады, бара оның қолын сүйіп, жылап жіберді. «Балам–ау, саған кім тиді, неге жылайсың?». «Тақсыр, бір жағдайда қатты жаным ауырып, сенен ақыл сұрағалы  келіп тұр–мын». «Не ол сенің жаныңда ауыртқан?», дейді Әли. «Жүр, саған арты тегіп–атша әулетінен шыққан бір жігітті көрсетейін, сол жігіт қатты ауырып, көмекке зәру болып жатыр», деп жауап қатады бұл. Әли жаңағы жігіттің жанына барып, жөнін сқрайды. Жігіттің аты Махмұд екен. «Құданың құдіреті, – дейді іштей таңданған Әли, –әс–Салих сұлтан қалаған мәмлүкке атына дейін келіп тұрғанын қарашы». «Өзің Құраннан бірдеңе білуші ме едің?», дейді Әли. «Иә, тақсыр, мен Құранды жатқа айтамын, тарата да білемін, басқа да ғылымдардан хабарым мол». Әли тағы ойланып қалады: «Мұнысы да жақсы екен». Сонан кейін: «Дертіңнің  беті жаман, онша  ұзаққа бармайсың», дейді сынай қарап. Бұл сөзіне шамданған Махмұд: «Менде не ісің бар, ауруымда шатағың не сенің?», деп айқайлап жібереді. Ашуланғанда бетіне жеті жерден қорасан дағы шығып, қабақтары арыстанның қабағындай  түйісіп кетеді екен. Соны көрген соң Әли жігіттің қолын алып, ғафу өтінеді. Кетерінде қожайыны кім екенін сұрайды. Иесі бір нарсы көрінеді.

         Әли моншашыға айтып, жаңағы мәмлүктің қожайынын алдыртады. Ол келген соң қарауындағы құлын сатар–сатпасын сұрайды. Сатады екен. Оған Әли әмиянын көрсетеді, «Мынаның ішінде қанша барын білмеймін, осы жігіттің ақысына бәрін саған беремін», дейді. Парсы қарсы болмайды. Жанындағылардың көзінше Әли амиянды парсыға беріп, жігітті сатып алады. Саудагердің айтуымен Әйдемір жаңағы жігітті жуындырады, артылып қалған жалғыз киімді соған кигізеді. Саудагер Әли табарларын сатып болған соң түйелерді алдыртады. Әр түйеге екі мәмлүктен отығызады да, Масуд–беймен қоштасып, жолға шығады[20].

        Бұдан көріп отырғанымыздай саудагер Әли оны сұлтан Салихтың суреттегеніндей болмысына қарап сатып алғанын байқаймыз.Осы үзіндіде Бейбарыстың  өжеттігін, батылдығын, таккапар мінезін де  байқауға болады.

        Бейбарыс сирасы оқиға желісін бұдан ары былайша өрбітеді: Айша жалма–жан Махмұдты ағашқа байлап қолына шоқ ала бергенде есік қағылып, үйге Әли әл–Әкбасидің Фәтима деген әпкесі кіріп келеді.Оны көре сала Махмұдтың жан дауысы шығып жәрдем сұрайды. «Қорықпа, балам», дейді келген әйел. Айшаның жанына барып: «Бұл жігітке мен үшін кешірім жаса», дейді. Долы әйел көкбеттеніп көнбейді: «Өліп кетсем де кешпеймін, сен тұрмақ, бүкіл дүние келіп жалынса да кешпеймін», деп өзеурейді. Бұған енді Фәтима әл–Әкбаси шыдап тұра алмайды. «Менімен осылай сөйлесуге қалай ғана дәтің барады сенің?!» деп келініне қатты ашуланады да, Махмұдты бағаннан босатып алып, үйіне әкетеді. Інісі мен келініне реніші ішінде кетеді.

         Үйіне келген соң қазиға, үлемдерге, игі жақсыларға кісі жібертеді. Оларды төрге отырғызып, інісі Әлиді шақыртады. Әли табалдырықтан аттасымен: «Сен мұна мәмлүкті сатып алып па едің?», деп сұрайды. «Жоқ, бұл маған жүз динар қарызымның өтеуіне берілен. Мұның қожайыны Әли ибн әл–Барак», дейді анау. «Олай болса, – дейді Фәтима, – қашан өзінің иесі келіп алып кеткенше бұл жігіт менің үйімде тұратын болады. Ақшаңды мен қайтарып беремін». Сөйтеді де жүз динар алып, қазиға береді, ол әл–Әкбасиге тапсырады. Мұнан кейін үлемдерге қарап былай дейді: «Біздің әке–шешемізден қалған мұра бар, содан мына інім Әлиге мен ештеңе берешек емес не екенмін, өзінен сұраңдаршы». Үлемдер де, Әли де берешек еместігін растаған соң Фәтима соны хаттап, куәлердің қолын қойдыртып, інісі Әлидің мөрін бастыртады. Осының бәрін тындырған соң жиналғандарға: «Ал енді заңның талабын толық сақтай отырып, тағы бір қағаз толтырыңдар. Мұнан былай менің қаржы–қаражатым, мал–мүлкім, жалпы маған тиесілі дүние түгелдей осы жігітке өтеді, оны өзі қалағанынша жұмсайтын болады. Көзім жұмылғанда кебініме бір кездеме мата тауып берсе де маған жасаған жақсылығы санаңдар, олай болатыны – мен бүгіннен бастап өзіме бала етіп аламын, бұған осы отырған бәрің куәсіңдер», дейді[20].

         Мұнан әрі мухаддис Фәтима ханымның Бейбарыс деген ұлы болғанын, ол бала жастай шетінеп, анасының жүрегін шер–шеменге толтырып кеткенін айтады.

         Алла аяқ астынан Махмұдты жібергенде оны әдегеннен жанындай жақсы көріп  кеткеніннің себебі бар еді– Махмұд оның– Бейбарысынан аумай қалған екен. Бала етіп  алып жүргені де содан, оның  жайын жаңа ғана айтып өттік. Фәтиманың тапсыруы бойынша Махмұдтың келісімін алысымен үлемдер жаңағы айтқан қағаздарды жазып берілгендігі мәлімдейді.

        Махмүд: «Мен бұдан былай ханымның қызметшісімін», деп Фәтиманың қолын сүйеді. Ханым баламның орнында болсын деген оймен Махмұдтың атын Бейбарыс деп жаңадан қояды. Үлемдер мен игі жақсыларды бар ықыласпен қонақ етеді, олар да жән–тәнімен разылық  білдіреді. Осылайша Бейбарыс Фәтима ханымның үйінің иесі болып шыға келеді.

         Осы келтірілген  мәліметтер Бейбарысқа байланысты жоғарыда атап өткен әмір Айтегіннің шапағатына бөленіп, екінші рет сатылуына байланысты деректердегі мәліметтерде жазылған оқиғалармен астасып жатыр. 

         Ал, енді Бейбарыстың әскери өнерді жеттік  меңгергені жайлы мына бір оқиғаға талдау жасап көрелік; Бір күні Бейбарыс үйінің алдында тұрса көшемен қолына садақ ұстаған саудагер келе жатады. Бейбарыс саудагерді шақырып, садағанды сатпайсың ба деп сұрайды. Әлгі кісі садағын бес динарға балайды. Бейбарыс садаққа қатты қызығады. Саудагерді үйдін алдында күттіріп қояды да садақты алып шешесіне келеді. «Апа мына садақты сатып алмақшы», едім дейді. «Кімнің садағы, қанша тұрады екен?». «Саудагер бес динарға сатпақшы». Бұл бағаны естігенде Фәтима күліп жібереді. «Балам–ау, – дейді, – менде оның көкесіндей садақтар бар ғой». Сөйтеді де, Бейбарысты бір үлкен бөлмеге ертіп барады. Барса жаңағы жерде садақ деген самсап, жебе деген жыпырлап тұр. Таң–тамаша қалып: «Апа, бұлар қайдан келген саған?», дейді. «Балам–ау, менің аты–жөнім Фәтима әл–Акбаси екенін білмеуші ме едің? Бұлай болатыны – менің әкем жақ иіп, садақ жасайтын кісі еді. Енді мына бөлмедегі садақтың бәрі сенікі, балам», дейді шешесі. Қуанып кеткен Бейбарыс садақты саудагерге қайтарып береді, бұл кімнің қаруы деп сұрап қалады. Садақтың иесі Бану Ысмайыл тайпасынан шыққан бір кісі екен. Бейбарыс садақ жасаушыны алдыртып, жөнін айтқызады. «Атың кім сенің?» – «Менің атым Асиф ибн Бахр әл–Маркаби» – «Неғып садағыңды сатып жүрсің?» – «Ақшадан қысылып тұрмын». Бейбарыс оған он динар береді, садақты өзіне естелікке қалдырады. Асиф қуанып кетеді, «Маған ерекше жақсылық жасадың. Алла бұйыртса бір қайтарамын», дейді[20]. Ер жігіттің бес қару болады демекші жас Бейбарыс өзінің  қаруын сайлауға кіріскенін және қаружарақтан мол хабары барлығын байқаймыз.

         Ал, енді оның шабандоз, ат құлағында ойнап өскен даланың ұлы екенін мына бір жолдар дәлелдей түседі: Ертеңінде Бейбарыс аулада қыдырып жүрсе бір қызметші шатырдан салбыратып арқан түсіріп жатады. Неге өйтесің десе қызметші: «Фәтима ханымның әкесі Хасан әл–Акбаси мырзаның атын басқаша суара алмаймыз, – дейді. – Иесі дүние салғалы бірде бір адам осы атты ерттей алмай–ақ қойды. Ту ассаулығы сондай, атбегіні теуіп өлтірді. Содан бері жанына жан жоламайды. Күн сайын жем мен суды өстіп, мына терезе арқылы түсіреміз». Қызметшіден атқораның кілтін алып, жаңағы айтқан жылқыны қараса жануар нағыз қазанаттың өзі екен. Көзі қанталап, тұяғымен жер тартып, кісінеп тұр. Бейбарыс қызметшісіне ертұрман мен қамшы алдыртады, атты ертеп жіберіп, арыстанша атылып барып қарғып мінеді. Қызметшісіне мені осында күт деп кетеді. Ал анау болса асау ат жас қожайынды жығып кете ме деген қауіппен Фәтима ханымға жетуге асығады, бара Бейбарыс асау атты ерттеп, шаба жөнелгенін айтады[20].

         Ат сол шапқаннан шаба береді, шөл даладан өтіп, тау баурайындағы үңгірдің жанына келіп бір–ақ тоқтайды. Сол жерге жетеді де аты табандап тұрып алады. Қанша қамшыласа да аяқ баспайды. Таң қалған Бейбарыс аттан түсіп, үңгірге кірсе іші жап–жарық, шам жанып тұр. Одан сайын таңданған Бейбарыс бұл не нәрсе болды екен дееп әбден бас қатырады. Үңгірдің түкпіріне қарай жүрсе тап алдынан тас есік шығады, ортасында сақина бар. Ар жағын көрейін деп сақинаны көтеріп, қарайды да орнына қойғанда есік тарс ете қалады. Сол сәтте ақ есіктің арғы бетінен дауыс естіледі: «Пайғамбарлардың қазынасы сақталатын жерге келіп, есік қағуға дәті барған кім бұл? Басыңа бәле тілеп алғың келмесе, кім де болсаң, келген ізіңмен кері қайт. Жан баласының ішінен бұл  жерге Бейбарыс деген жігіттен басқа ешкім де кіре алмайды. Тек сол ғана кіреді, мұнда тек сол ғана жүреді мұнда». Осыны естіген соң бұл: «Ендеше сол Бейбарыс менмін», дейді.  Арғы жақтан кір деген соң кіріп барса алдынан бір қызметші шыға келеді. «Бейбарыссың ба сен?» деп тағы сұрап алады да: «Саған Алланың нұры жауған. Енді қолыңдағыны алдыма сал, сонда мына үңгірдің бар байлығы сенің иелігіңде болады», дейді. Бейбарыс қолындағы қамшыны жаңағының алдына тастаған соң қызметші мынаны айтады: «Мына сандықты аш. Ішінен қыруар қазына байлық шығады. Соның арасынан салмағы он ратль Шам семсерінен басқа ештеңе алушы болма. Оған саған дейін жан баласының қолы тиген емес. Сол семсерден басқа саған берер ештеңеміз жоқ. Байлыққа қызықпа, басың бәлеге қалады». Сандықты ашып кеп жіберсе, айтқанындай, іші толған қымбат қазына. Сонша мүліктің арасынан тек Шам семсерін алып үңгірден шығады. Аты да дайын тұр екен, қарғып мініп Шам шаһары қайдасың деп тартып кетеді.

         Жолда бір қарақшы мұның атымен шаужайласа жөнеледі. «Алым ақыңды төле!» дейді. «Немді төлеймін, ештеңе әкеле жатқан жоқпын ғой», дейді бұл. «Онда өзіңе, астыңдағы атыңа төле», деп анау да қалмайды. «Ал төлемедім, сонда не істейсің сен маған?» деп енді Бейбарыс ерегеседі. «Онда не өзіңді өлтіремін, не сені тұтқынға алып, құныңды талап етемін. Анық бір жүрек жұтқан ер болмаса менен ешкім қашып құтыла алмайды», деп жанағы тақымдай түседі. «Ал, болмадың ғой, енді менен сақтана бер», дейді Бейбарыс. Қарақшы семсерін алдымен сілтеп қалады, бірақ мүлт жібереді. Бейбарыс Шам шаһарының семсерің сілтеп қалғанда қарсыласы жерге жалп ете түседі. Әмір оның қолын байлап тастай бергенде, қайдан шыққаны белгісіз үш аттылы  адам шыға келеді. Келе: «Біздің бауырымызға тиісуші болма!», деп айқайға басады. Бейбарыс олардың үшеуін де бірінен кейін бірін аттан ұшырып жібереді. Жерде жатқан сарбаздарды арқанмен жалғатыра байлап тастайды да, өзі атқа қонып, тұтқындарын Шам шаһарына жаяу айдайды. «Бізді қоя берші, жақсылығың мойнымызда кетпес», деп жалынады әлгілер. «Сендер қарақшылық сададыңдар, сол үшін де жазаларыңды тартасыңдар», дейді бұл. Аналар жалынуын қоймады: «Аштықта қарасқан сауап, уәдеде тұрысқан сауап, бейшараға болысқан сауап демеуші ме еді. Бізді қоя берші, құлдығың кетейік, қызметшің болайық». «Өздерің не қылған адамсыңдар?» дейді Бейбарыс. «Біз әл–Қабатия тайпасынан шыққан жол күзетшілеріміз. Рубасыларының өзі алпыс төрт адамбыз, әрқайсымыздың қарауымызда жүзден кісі бар. Иса ән–Нәсір жыл сайын осы жолды күзеткеніміз үшін он мың дирхем төлейтін, сонымен күнімізді көретінбіз. Биыл тиесілі ақшамызды алуға барсақ, бір дирхем де төлегісі жоқ. Еткен еңбегімізді жақсылықпен төлеп бер, әйтпесе, айтпады деме, біз мына қара жолға шығып, қарақшылық жасаймыз,- дедік. Сөйтсек, Исамыз: «Онда менің шатағым жоқ», деп қарап тұр. Ал, ендеше дедік те жүргіншілерге шабуыл жасап, төлемді солардан талап ете бастадық. Өйтпесек, бала шағаны асыраудан қалып барамыз. Біздің жағдайымыз, міне, осындай,-деп сөзін аяқтайды әлгілердің арасынан бір адам. Төрт ағайындының әңгімесін тыңдап болған соң Бейбарыс оларға: Өздерің маған қызметке тұруға қалайсыңдар?-дейді. Аналар қуана–қуана келіседі. Қолдарын шешеді, төртеуі разы болғаннан Бейбарыстың қолын сүйіп әлек. Әлгі төрт ағайындының бірі әл–Қабатия тайпасының еркек кіндіктісін түгел ертіп келеді. Әмір Бейбарыс қалың қолымен Шам шаһарына аттанады[20].

      Мына келтірген  мәліметтер деректерде айтылған Шам Шаһарындағы Бейбарыстың әскери мектепте оқып білім алған кездерімен сәйкес келеді. Бейбарыс енді әділеттілігімен, шабандоздығымын, қабілеттілігімен таныла бастады.

         Мәселен, Шамға келісімен анасына жеткенше асығады. Баласының аман–есендігін көріп, шешесінің көңілі де жай табады. Бастан кешкенін баян еткен соң анасы: «Құдай бұйыртса, түбі қайыр болады, балам», дейді анасы. Бәдәуилерді өзінің үйіне жайғастырып, бәріне жалақы белгілейді.

         Жас Бейбарыстың Шам қаласы мен оның тұрғындары үшінгі алғашқы жорық жолдары былайша суреттеледі: Бір күні Бейбарыстың алдына төрт шаруа келеді. Жөн–жосығын сұраса, «О, тақсыр, –дейді әлгәлер, – Сар Жүбейлі әл–Махри деген кісінің шаруалары боламыз, сенің шешең мен біздің мырзамыз жерді бірлесіп басқарады. Ол бізге сенің шешеңе хат хат апарып беруді тапсырды». Оқып қараса былай деп жазылған екен: «Сафдтың билеушісі Сар Жұбейлі әл–Махридан Фәтима әл–Акбаси ханымға. Той жасайтын болып жатырмыз, сондықтан биылғы астықты өзімізге түгелдей алмақпыз. Келесі жылдың астығын сен аласың». Хатты жазған адам анасын алдап салуды ойластырғанын сезе қойған Бейбарыс шаруаларға: «Ол бола қоймас», дейді. Сөйтеді де мынадай жауап жазады: «Сар Жұбейліге бізден қулығын асыра алмайтынын мәлімдейміз. Әркім астықтан өз үлесін алуы керек. Біздің шешім осындай». Хатты мөрлеп, бекітеді де келген кісіге береді, оған қажет болса ертең артынан қуып жететінін айтады.

         Шаруалар кетісімен Бейбарыс Сар Жұбейлінің арам пиғылын анасына айтады, анасы баласының ақылына сүйенеді. «Ертең Сафдқа бар да өзімізге тиесілі астықты алып кел», дейді шешесі. Міне қарап отырсақ ендігі кезекте Бейбарыс Шам қаласында белгілі бір дәрежеде қала ісіне арласа бастағанын байқаймыз. Бейбарыстың алғаш рет көзге түсуі де, осы кезеңдегі кресшілерге  қарсы жасаған жорығы

         Сар Жұбейлі шаруалар алып келген хатты оқығанда ашу–ызаға булығады. Оның Зүнейіт деген іс жүргізушісі бар еді, сол сабырға шақырып, бір ақыл қосады. «Ашуланба, тақсыр, оп–оңай реттейтін шаруа ғой бұл. Фәтима ханымның адамы келсінші, сол кезде бидайды өлшеуді маған тапсыра ғой, қалғанын өзім қатырамын», дейді әлгі. Сөйтіп жаңағы Зүнейіт шаруаларға екі түрлі – ақ және қара қаптан дайындауды тапсырады. «Қара қаптағы астық – біздікі», деп ескертіп қояды. Қапты дайындап, Бейбарысты күтіп отырады. Айтқан уағында адамдарын ертіп, қырман басына Бейбарыс та келеді. Іс жүргізушінің сәлемін алған соң: «Сен бе астық өлшейтін?» дейді. Анау басын изейді. «Ал, көрейік, бөл астықты». Зүнейіттің айтуымен шарулар қаптарды жеткізеді. Қаптарды әкелген соң Зүнейіт Бейбаықа: «Ағы – сендердікі, қарасы– біздікі», дейді. Көсіп–көсіп сала бастайды, ақтан гөрі қара қаптар толыңқырап байланып жатыыр. Бейбарыс мұны байқап тұрады. Бидайды өзінше бөліп болып, Зүнейіт: «Тақсыр, ақ қаптарды алып кетіңдер», дейді. «Ақ қаптарды өзің аласың, қара қаптарды мен аламын», дейді оған Бейбарыс Бейбарыс. Зүнейіт ерегесе түседі: «Жоқ, саған мен тек ақ қаптарды беремін». Бейбарысты ашу қысып, айқайлап жібереді: «Осыдан айтқанымды істемесең онда саған ақ қап та жоқ, қара қапта жоқ». Ана антұрғанның жаны шығып кете жаздап,   жыларман болады. Сонда Бейбарыс бәдәуилеріне: «Олай болса бір де қап қалдырмай, түгел артып алыңдар да жолға жиналыңдар, мына иттердің сөздерін құлақтарыңа қыстырмаңдар», деп бұйырады. Бұл сөзді естіген Зүнейіттің жан дауысы шығады, «Мыналар бидайды түп–түгел қотарып әкетті!» деп зар жылап, Са Жұбейліге жетеді. Бара Бейбарысты қарған–сілей жөнеледі, өтірікті шыңдай, шынды құдай ұрғандай етіп айтады. Басына қаны тепкен Сар Жұбейлі Филипп деген бауырына: «Аттылы қол алып, аналардың соңынан қу, жеткен жерде жексұрынның желкесін қи, бәдәуилердің астығын ал. Зүнейіт сенімен аттансын, ана оңбағандарды саған ол көрсетеді», деп тапсырады.

       Филипп қалың қолмен Бейбарыстың артынан қуып жетеді. Керуенге жете бере алыстан: «Қайда қашып барасыңдар? Тоқтаңдар, бізді тосыңдар!», деп айқайлайды. Қуғыншылады көрген Бейбарыс та аттың басын тежеп, жанындағы бәдәуилерге: «Ал, енді өздеріңді танытар тұс келді, аянбаңдар», дейді. Өзі жауға қарай алдымен құйғыта жөнеледі. Жердің шаны аспанға шыққан бір алапат басталады. Бәдәуилер расында да шетінен ержүрек екен, жаудың бетін ән–сәтте қайтарып тастайды. Төбеде өлім күткен қара құзғын қаптап жүр. Көп ұзамай жау жағы бет–бетіне пышырай бастайды. Қашқандардың арасынан Сар Жұбейлінің бауыры Филиппті көріп қалып, Бейбарыс атын соның соңына салады, жеткен жерде семсермен бір сілтегеннен қалдырмайды. Басшысының өлгенін көрген Филипптің адамдары безе жөнеледі, әйтсе де бәдәуилер қуып жетіп, бәрін Зүнейітімен қоса найзаға түйреп шаруасын бітіреді[20].

         Жаудан қалған олжа мен аттарды жинап алып, бұлар әрі қарай жол тарта береді. Анасының алдына келген соң Бейбарыс болған жайды түгел баян етеді, шешесі балама бір Алланың өзі жар болсын деп мінәжат айтады.

         Филипп қолынан тірі қалғандар жылап–сықтап Сар Жұбейліге келеді. «Сендердің соншазәрелеріңді алған кім ол өзі, бауырым Филипп қайда, іс басқарушым Зүнейіт қайда?», дейді Сар Жұбейлі. «Оларды ана Бейбарыс деген тажал мен оның  нөкері өлтірді, өздері кілең түрінен кісі шошырлық бәлелер», дейді мыналар. Сонда Сар Жұбейлі он мың адамның адамдық қол жинап жіберіп, өзі әскерін бастап, Шам шаһарына тартты дейді. Шаһар әкімі Иса ән–Нәсі әскер жақындап қалғанын естігеннен қаланы басып алар деген хауіппен қақпаны жаптырып тастайды. Сар Жұбейлі Шамның әкіміне хат жаздыртып, жауабын қолма–қол жеткізуді тапсырады. Жаушы қаланың дарбазасына жақындағанынан күзетшілер жөнін сұрайды. «Жаушымен, хат алып келдім», дейді ол. Иса ән–Нәсірге айтқан соң жаңағыны ішке кіргізеді. Хатын оқы қараса былай депті: «Сар Жұбейліден Шаш шаһарының әкіміне жазылды бұл хат. Сенде менің ұзында өшім, қысқыда кегім жоқ, менің бауырымды, менің жиенімді өлтірген ана Бейбарысты, оның нөкерлерін ұстап берсең болды. Қалаңның қақпасының қарсысында тура он жыл тұрсам да қас жауымнан кегімді алмайынша Шамнан кетпеймін мен. Ана ант атқан қанішерді қолыма бермесең сені де, Шам шаһарының тұрғындарын да не күтіп тұрғанын шамалай берсең болады. Сәлемімді қабыл ал!» [20].

         Бұл хатты оқыған соң Иса ән–Нәсір ойға қалды. «Басыма бәле тілеп нем бар менің? Жауын ұстап берейін де тынайын одан да». Жаушыға сый–сиянатын жасап, жаубын қолына ұстатады. Жаубында былай дейді: «Шам шаһарының әкімінен Сар Жұбейліге дұғай сәлем. Сендердің талас–тартыстарыңнан хабарсызбын. Жауыңды қолыңа берейін, не істейтініңді өзің білесің. Сілемімді қабыл ал» [20].

         Хатты алған Сар Жұбейлі қуаны кетеді, екі қолың ысқылап Бейбарысты қала дарбазасында күтіп тұрады. Осы кезде Бейбарысқа бір адам келіп, әкім шақырып жатқанын айтады. Ол атына міне сала әкімге тартады. Жаныңда нөкерлер бар. Иса ән–Нәсір жылы шырайлы қарсы алып, жанына отырғызады. «Балам, –дейді Бейбарысқа, – ана қарғыс атқыр Сар Жұбейлі бұл қалаға сенен кек алуға келіпті. Істеген ісіңе қатты қорланып отыр. Онан қайтіп құтылуды ойлай–ойлай келіп, мен бір амалын тапқандай болдым». «Не амал екен, айтшы, қане?» дейді Бейбарыс. «Шырағым, сен әсеріңді алып, қаланың қақпасынан шық. Дарбазадан шыға сала Сар Жұбейлінің адамдары сендерге тап берер, дәл сол кезде менің жауынгерлерім саған көмекке ұмтылады да дұшпанды қоршап ала қояды. Құрсауға бір түскен соң олардың бірін қалдырмай қырып саламыз. Ал, не дейсің бұған?». Аңғал батыр әкімнің сөзіне сеніп, «Айтқаның болсын», деп келісе кетеді. Атына мінеді де әскерін соңынан ертіп қала қақпасына қарай  жүреді. Қаладан сәл шыққан соң Бейбарыс артына қараса қақпа тарс жабылған, бұлардың  артынан шығады деген әскер де жоқ. Иса ән–Нәсірдің залымдығына сонда барып көзі жетеді. Болары болған соң бір басын құдайға тапсырып, жанындағыларына қарап былай дейді: «Бауырларым, біз тығырыққа тірелдік. Сендердің ар–намысты қолдан бермей, ақ–адал өліммен шейіт болуға бейіл екендігілеріңді білемін». Жауынгерлері де қайтпайды: «Сенен жанымыз артық емес, өліспей беріспейміз жауға», деседі. Сол–ақ екен шетінен аруақтанып, жалы күдірейіп шыға келеді. Бейбарыстың қақпадан шыққанын көрісімен қарғыс атқыр Сар Жұбейлі жауынгерлеріне: «Қолға түсті өздері! – дейді. – А, Құдай, кегімізді қайтарып, масқарадан құтқара гөр!». Бейбарыс шерік құрып тұра қалды, сол кезде Сар Жұбейлі бір батырын әмірмен жекпе–жекке жұмсайды. Жауынгер найзасын сілтеп қалғанша Бейбарыс семсермен басын қағып түседі. Мына жойқынды көрген Сар Жұбейлінің адамдары ішін тартып, шегініп кетеді. Бейбарыс енді жаудың әскербасын жекпе жекке шақырады. Қанша жерден кек алуға құлшынып тұрса да Сар Жүбейлі  жеме–жемге келгенде Бейбарыспен жекпе–жекке тәуекелі жетпейді, өзінің орнына басқа бір батырын шығарады. Ол да найзасын бұлғақтатып үлгермей жатып, жер жастанады, Бейбарыстың семсерді бір сілкігеннен қалмайды. Осылайша келгенін келгеніндей қыра–қыра Сар Жұбейлінің он үш жауынгерінің жанын жаһаннамға жібереді. Тіпті бой беретін болмаған соң Сар Жұбейлі әскеріне Байбарысқа түгел жабылады, жауынгерлерін жусатып салуға әмір етеді. Қан–қасап қырғын басталады, содан түн ауғанша қылыштан қалған қақырап, адам қаны судай ағады. Сар Жұбейлінің жауынгерлері де көп қырылады, алайда Бейбарыстың шығыны одан да асып кетеді. Әмірдің өзі де ұрыс тастап шықпасқа амалы қалмайды. Сар Жұбейлі Бейбарысты қанша іздесе де таба алмаған соң, әскерлеріне: «Кімде–кім Бейбарыстың өлі болса өлідей, тірі болса тірідей тауып берсе соған өзінің салмағындай келетін алтын сыйлаймын», деп жар қылады. Мұны естіген сәтте бір әскер орнынан атып тұрып: «Мен әмірді табамын, табамын да айтқан алтынды аламын», дейді. Сонан Бейбарысты іздеп шығады[20].

         Бейбарыс күні бойғы айқастан әбден қалжыраған еді. Беткеге жантайған батыр атының шылбырын қолға ұстаған күйі ұйқыға бас қойған болатын. Қырсық шалғанда Сар Жұбейліге Әмірді тауып беремін деп мақтанған жауынгер дәл сол жерге келе қалмасын ба. Ұйқыдағы Бейбарысты көре салып, қуанып кетеді.Орамалын банджының шырынына сығып алып, Бейбарыстың бетіне жапсыра қояды. Әмір онан сайын қатып ұйықтайды. Жауынгер де қарулы неме екен, Бейбарысты атқа өңгеріп, Сар Жұбейліге алып кетеді. «Мына оңбағанды аттан түсіріп, сірке суын иіскете қойыңдар, есін жисын», дейді Сар Жұбейлі. «Мен қайда жатырмын?», дейді әмір ұйқыдан оянғанда. «Менің тұтқынымда жатсың, – дейді мейманасы тасыған Сар Жұбейлі. – Басыңды кесіп аламын да, кегімді қайтарамын сенен». Бейбарыс оның сөзінен саса қоймайды. «Жаратқан ием мұнда жатқыза бермейді, құтқарып алады. Тек маған мына шатырдың кімдікі екенін айтшы», дейді Сар Жүбейліге. «Бұл менің шатырым, осыған талай ақша шығарғанмын», дейді анау. Бейбарыс: «Алла жар болып, аман шықсам, сен де бір күні мүскін халде алдыма келерсің, сонда құныңа мұны шатырыңды ғана алармын», дейді. «Жарайды, – дейді Сар Жүбейлі, – сен менен аман кетіп, мен сенің алдыңа келіп жатсам көрерміз». Сөйтеді де адамдарына: «Мынаны абқтыға тығындар. Таң атсын, мұны ешкім көріп–білмеген сұмдық азаппен өлтіреміз», дейді. Бейбарысты абақтыға жауып тастайды.

         Ертесімен Сар Жүбейлі жасағы жатқан жердің ортасынан адамның  басын  шабатын  дөңбек орнатуға әмір етеді.Бәрі дайын болғанда Бейбарысқа адам жұмсайды. Жіберген кісілері абақтыға барса ешкім жоқ. Мұны естігенде Сар Жүбейлінің есі ауысып кете жаздайды. Күзетшілерді жерден алып, жерге салып жүріп те Бейбарысты ойлай береді. «Оны кім құтқарып алды екен?».

         Әлкисса, осы орада мұхаддис әрі қарайғы әңгімесін былайша жалғайды. Бейбарысты бір бәдәуи аман алып қалады. Ол Сар Жүбейлінің жауынгері өзінің қолбасына Бейбарысты өлі болса өлідей, тірі болса тірідей тауып беремін дегенін естіп қалған екен. Түнгі дейін Бейбарыс тұтқында жатқан шатырдың маңын торуылдап жүреді де қарауылдың ұйықтап кеткенін пайдаланып әмірді жау қосынынан аман–есен алып шығады. Хауіптен құтылдық–ау деген жерге дейін келеді де бәдәуи  Бейбарыстың аяқ–қолындағы кісендерді сындырып тастайды. «Маған мұншама жақсылық жасауға тәуекелі тұрған қандай ерсің сен?» дейді Бейбарыс. «Мен сенің есінде жоқ та шығармын, ал сен менің есімдесің, маған жасаған жақсылығынды да, соның өтеуін қайтармай  қоймаймын деп өзіме өзім  береген сертімді де ұмытпаймын, – дейді бәдәуи. –Мен – мұхаддам Асиф ибн әл–Маркабимін, сен маған  садағымды қайтарғансың және оған он динар қосып бергенсің. Саған жақсылық жасаудың сәтін түсіре гөр деп Алладан мінәжат етіп едім, міне, бүгін сол тілеуімді берді құдай» [20].

         Бейбарыс пен Асиф Шам шаһарына жетеді. Қаланың дуалынан асып түсіп, ішке енеді. Өзін құтқарған бәдәуиді ертіп, анасына келеді. Бейбарыстың аман–есендігін көріп анасы сондай қуанады, бастап кешкендерін егжей–тегжейін түгел сұрап, барлық мән–жайға қанығады.

         Келесі күні Асиф жолға аттанады. Бейбарыс қал десе де қалмайды, шаруасы бастап асып жатқандығын айтып жолға шығады. Бейбарыс жолға деп қалтасына жүз динар салып береді, әмірдің мырзалығына разы болып ол кетеді. Арада алты күн өткенде Бейбарыстың жарасы  жазылып, шаршағаны қайтады. Жетінші күн дегенде бес қаруын бүтіндеп атқа қонады да Сар Жүбейлінің қосын тіккен жеріне құйғытып шаба жөнеледі. Мұны алыстан көрген Сар Жүбейлі Бейбарыспен айқасуға бір баһадүрін қарсы шаптырады. Жаңағы жүрек жұтқан жігіт әмірдің алдынан ойқастай берегенше–ақ Бейбарыс оның  басын шауып түсіреді. Сар Жүбейлі оның артынан екіншісін, үшіншісін жібереді, олар да  әлгі жауынгердің аяғын құшады. Содан Бейбарыс ұрыс алаңына шыққанын шыққанынша қыры–қыра он бес адамды баудай түсіреді. Ақыры  Сар Жүбейлі шыдамай айқайға басады: «Қоршауға алындар да құртындар көзін мынаның!» деп. Жаулары Бейбарысқа жан–жағынан тап береді. Сол сәтте әмір екі қолын көкке жайып, Алладан медет сұрайды. Кенет аспан астын шаң қаптап, төңірек түнек болады да кетеді, айналаға қайтадан жарық түскенде туларын желбіретіп, құйғытып келе жатқан аттылы әскер көрінеді. «Біз сенімен біргеміз, әмір Бейбарыс!» деп айқай–сүрен салған жаңағы аттылылар жау жағына жағаға соққан  тау–тау нөпір толқындай тиеді. Сар Жүбейлі жағының иманы қашып, шегіне бастайды. Сәйгүлік мінген сайынқырандарды қөрген қала тұрғындары мен шаруалардың да жалы  күдірейін, жауға сырт жағына тиісіп, шатырларын өртеп жібереді. Әмір Бейбарыстың бойына да тың күш құйылып, енді жауын қайтадан  онды–солды қыруға кіріседі. Әуелі ту ұстаушының көзің құртып болған соң Сар Жүбейліге жетіп барады да, соны семсерімен бір сілтеп өтеді. Ант ұрған басқыншылар басшысының күйіп көрген соң алды–артына қарамай, шатырларын да дүние–мүлкін де тастай–тастай қашады. Жау қосынының дәл–ортасында жүз жерден ұстын қойылған  алып шатыр қала береді[20]. 

    Бұл келтірілген мәліметтерден жас Бейбарыстың жаңаша қырынан байқауға болады. Ендігі жерде жас Бейбарыс-Әмір Бейбарыс деп атала бастаған, ол жақсы қолбасшылық дарынымен, соғыс өнеріне жеттік меңгергендігімен  көзге түседі. Тарихи деректерде бұл соғыстар кресшілер жорығымен тұстас болып келеді. Яғни, «Бейбарыс сирасындағы» оқиғалар тізбегі жас Бейбарыстың Мысыр сұлтанының көзіне түсіп, арнайы мамлүктер қатарына қабылданған кезі болар деп болжамдаймыз. Өйткені, Сар-Жүбейле, Филипп деген адам есімдері Батыс Европалықтарға тән есім.

     «Бейбарыс сирасында» жас Әмірдің тапқырлығы жайлы деректер де молынан кездеседі. Шам шаһарынан Мысырға барар жолда әл-Ариш бекінісінің иесі король  Франжильдің баласы Кунтені  тас қаптырғаны жайлы мухаддис тебірене баяндайды. Бұл Сұлтан жарлығымын Шам елінен салық жинауға келген уәзір Нажим ад-Динмен бірге Мысыр еліне сапары кезіндегі оқиға. Мұндағы Франжиль деп отырғаны кресшілерді бастап келген франктар болуы мүмкін. Деректік мәліметтерде Мысыр мен Шам елдерінің арасында  кресшілер армиясымен болған соғыстарда Жас Бейбарыс ерекше көзге түскендігі жайлы, оның шебер қылышкер екендігі жөнінде атап көрсеткен. Жас Бейбарыстың қара қылды қақ жарған  әділдігмен, ержүрек батырлығы Мысыр еліне тез жайылды, ол туралы Сұлтанға да жеттіп жатты.

       Мухаддис жас Бейбарыстың  құлдықтан босағаны жайлы сөз айтады. Онда, кезінде Шам шаһарында өзін Әмірдің қолынан аман алып қалған Бану Ысмайл тайпасының адамдары Сұлтан Салихқа, Бейбарыстың арғы тегі Хорезм билеушісі тұқымы және  тақ мұрагері екенін, оған ағалары қастандық жасау себебті Басра қаласында сатылғандығы жайлы  баяндап береді.Сұлтан әс- Салих Бейбарыстың өмір жолын  бәдәуилерден естіп болған соң, оның басына азаттық береді.Осылайша Бейбарыстың мойыны Бану Ысмайл тайпасы адамдарының арқасында құлдық бұғаудан босатылды.   

       Ортағасырлық деректер де Мысыр елі үшін көрсеткен ерлігі, сіңірген еңбегі үшін құлдық бұғаудан босатылғандығы жайлы мағлұматтар, жоғарыдағы «Бейбарыс сирасында» айтылғандарды қуаттай түседі.

       Сонымен, «Бейбарыс сирасы» алғаш рет дерек ретінде, оның ішінде тек жас Бейбарыс бейнесін ашып көрсетуге талпыныс жасадық. Мұнда біз малүктердің тілі, ұстанған діні және жас Бейбарыстың имандылыққа берік болғаны, досына адал, жауына қатыгез, елге сыйлы әділетті сұлтан, ерекше дарынды қолбасшы болғаны жайлы бітіру жұмысының мазмұнын аштық  деп ойлаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

        Мамлүктер,  кресшілер мен моңғолдар арасындағы теке-тірес барынша қызған кез-ХІІІ-ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген мәмлүк қыпшақтар қиын-қыстау заманда тек жаужүрек жауынгерлер, айлакер қолбасшылар ретінде ғана емес дана мемлекет қайраткерлері, шебер саясаткер ретінде кеңінен танылды. Соларды арасынан Дешті Қыпшақ даласында туып, кіндігін кескен жерінен жырақта тағдыр тәлкегімен Мысыр елінде сұлтан болған Бейбарыс өз отанынан жырақта ел басқарды.

        Біздің бітіру жұмысымыздың бірінші тарауы негізінен Бейбарысқа байланысты деректерге арналды. Деректерге талдау жасай отырып, Бейбарыстың шығу тегіне, тұтқын болып құл базарында сатылу баянына, әскери өнерге машықтануы, елбасқарған кездегі саяси біліктілігіне және жеке өміріне қатысты мәліметтерді баяндай отырып, ХІІІ-ғасырдағы теңдесі жоқ ірі саяси тұлға деген қорытынды жасадық.

        Бейбарыс туралы көзі тірісінде жазып қалдыған, кейіннен мұсылман тарихшылр жазып қалдырған деректер мен зерттеулер өте көп. Бұл кезең ислам тарихындағы басқа кезеңдермен салыстырғанда авторлардың көптігімен, тақырыптың ауқымдылығы және өзіндік жаңа жанрлармен дүниеге келумен ерекшеленеді.

        Сонымен қатар, бұл кезеңге жататын өзіндік ерекшеліктердің бірі ретінде көптеген шығармалардың авторлары Мамлүк мемлекетінің мансапты, лауазымды адамдар болуымен қатар сұлтан  сарайына жақындығының  болуы және мемлекеттік істерге жақын болуымен құнды. Солар қатарында Ибн Абд аз-Захир мамлүк сұлтаны аз-ахир Байбарыстың жеке хатшысы қызметін атқарған және Сұлтан Байбарыстың жеке өміріне қатысты «Ар Рауд азЗаһир фи сират әл   малик азЗаһир» атты еңбегі бұл саладағы ең құнды еңбектер қатарына жатады. Бұдан басқада, атап айтқанда Байбарыстың сұлтандығы туралы Ибн Уасил (1207-1297), Ибн Шаддад (1217-1285), Ибн Абдузахир (1223-1229), а-Нуайри (1331 жылы қайтыс болған), Байбарыс ад-Дауадар (1325ж. қ.б.) Ибн Абд Фадаил (1334ж еңбегін аяқтаған), Ибн Айбек (1336ж кейін қайтыс болды), әл-юнини (1362 ж. қ.б.) Абу-л-Фида (1273-1331), Ибн Шакир (1362  қ.б.), Ибн Тәңірберді(1311ж .т), Әл Мақризи( 1356-1441), әл-Айни (1361-1451), Ибн-Йиас (1448-1524) секілді мұсылман тарихшылар қалам тартқан болса, әл-Габурти, әл-Джаһиз, Ибн-Асир, Ибн Баттута, Ибн Касир, Ибн Фадлан, Ибн Фурат , Ибн Хаджар  ал-Асқалани, Ибн Халдун, Ибн Халакан, Ибн Арабшаһ, Ибн Ибри, Ибн ал – Уарди, Абу Шама, аз-Захаби, ас-Саути, ат-Табари және т.б. әр түрлі ғасырларда өмір сүрген мұсылман тарихшылары да түркі, мәмлүк тақырыбын айналып кете алмаған. Олардың еңбектерінің бір бөлігі зерттеліп араб елдерінің баспаханаларынан жарық көрсе, келесі бір бөлігі дүниежүзінің кітапханаларында қолжазба күйінде әлі күнге дейін өз зерттеушісін күтіп жатыр

         Алайда, бұл жөнінде Қайрат Саки «Сұлтан Бейбарыс» атты еңбегінде, Батыршаұлы Бақытты»Мысыр Мамлүк мемлекетінің Дешті Қыпшақпен ХІІІ-ХҮ ғғ. байланыстары(араб деректері бойынша)» атты диссертациясында мұсылман тарихшылары Бейбарысты тек таза мұсылман билеушісі ретінде қарастырғанын, тарихи отанымен сабақтастықтары аз екенін атап өткен.

       Расында да, бір өкніштісі арабтық тарихшылар деректік мәліметтердегі оқиғалардың берілуінің сипатына қарамастан, кресшілер жорығының және Құлағу бастаған Моңғол империясы жасақтарымен болған соғыстардағы жеңісі мен жетістіктерін  араб халқының жеңісі ғана деп, Бейбарыс және мамлүктер ролін жоққа шығарғандай қасақана бұрмалаушылық байқалады.

       Екінші тарауда біз, негізгі  тақырыбызды «Сұлтан әз-Захир Бейбарыс сирасындағы» жас Бейбарыс бейнесін ашуға талпыныс жасадық.  Жалпы «Бейбарыс сирасы» алғаш рет дерек ретінде қарастырылып отыр.Осы орайда бір айтатынымыз Бейбарыстың ат шалаңда ойнауы әскери өнерге шеттік болуы, саяттылығы туралы даланың дәстүрі туралы деректік мәліметтердің көптігіне қарамастан арабтық тарихшыла…өз еңбектерінде оның негізгі бастауы, қайнар көзі далалық көшпенділер дәстүрінен екенін ұмыт қалдырған немесе жете зертелмеген деген қорытындыға келген.

      Мәселен, бұл жайында халық ауыз әдебиетінде немесе «Бейбарыс сирасында» пәленшеден үйренді демейді, жоғарыда екінші тарауда баяндағандай, ол « атқа қарғып мініп, шу асауға қамшыны басып кете барғандығы » айтылады. Бұдан түйіндейтін ойтүйін, дала төсінде ат құлағында ойнап өскен бала екендігі.

       Мәселен, жоғарыдағы деректер  оның тұтқынға түсуі немесе құлдықа сатылған кездегі жас шамасы 14-15 жас шамасы делінген. Яғни, бұғанасы қатпаса да, дала дәстүрін жеттік білген. Мұндайда қазақта  «Он үште отау иесі» деген қағидалы сөз бар. Олай болса Бейбарыс тұтқынға түспей-ақ шабандоздық, саятшылық және соғыс өнері; семсерлесу, найзаласу, садақ тарту тағы басқада әскери өнерлердің алғашқы мағлұматтарын білген. Өйткені, ХІІІ-ғасыр Қыпшақ даласына моңғолдардың әскері басып кіріп, Ертістен Еділге дейінгі аралықта ресми түрде иелік ете бастаған еді. Мұндай жағадайда Бейбарыстың  соғыс өнрін білмеуі мүмкін емес.

      Жалпы алғанда «Бейбарыс сирасы» халық романдары ішіндегі ең құндысы деп бағалауға тұралық шығарма.Ондағы дерекке бергісіз  аңызға оқиғалар желісі, Қыпшақ ұланы Бейбарыстың бейнесін жақсы сомдаған. Араб тарихшыларының қасаөана Бейбарыс тұлғасын кішірейтсе де «Бейбарыс сирасы» бүкіл Мысыр, қала берді бүтін араб әлемінде Бейбарыс бейнесін кіршіксіз адал сақтап келеді деуге тұрарлық деп болжам жасай аламыз. Бұл деректің ерекшелігі әңгіме жүйесімен Сұлтан Бейбарыстың өмірбаянын қызғылықты етіп, көпшілік қауымға түсінікті тілмен баяндап беуінде.

     Әрине, бітіру жұмысы ретінде өз ойымызды толық жеткізе алдық деп ойламаймын, жұмыстың әтегенайлары мен кешілік тұстары бар шығар. Өйткені, «Бейбарыс сирасы» негізінен көркем шығарма ретңнде жақсы танымал болғанмен, дерек ретінде алғаш рет бітіру жұмысы негізінде алғаш қолданылып отыр. Дегенмен, мақсат орындалды деуге болады.

      Қорыта келгенде айтарымыз «Бейбарыс сирасы» әлі де деректік тұрғыдан, басқа да деректермен (ХІІІ-ХҮІғғ.) салыстырмалы түрде толық кешенді зерттеуді қажет етеді дегіміз келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Н.Я. Бичурин
  2. Батыршаұлы Бақытты. Мысыр Мамлүк мемлекетінің Дешті Қыпшақпен ХІІІ-ХҮ ғғ. байланыстары (араб деректері бойынша) кандидаттық диссертация Алматы, 2002
  3. С. Лен-Пуль
  4. Қайрат Саки Сұлтан Бейбарыс
  5. С.Акынжанов
  6. Кумеков Б.Е. Араские иперсидскии источники по исории кыпчаков ҮІІІ-ХІҮ вв. Научно-аналитическии обзор АН КазССР, Наука, Алма-Ата, 1987 Мамлютские антропонимы как источник по этническому составу Дешти-и Кыпчака// ҚазМУ хабаршысы. Шығыстану сериясы №9. Шығыс елдерінің өтпелі кезеңдегі мәдени және тарихи процестері. Халықаралық ғылыми тоериялық конференция материалдары. 17-18 мамыр 1999 139-141б.
  7. Амин әл-Холи. Силат бейна ан Нил уа әл-Вулга Кайр, 1964 Махмуд Ризх Салим. Аср салатин әл-Мамалик натазжа әл-илми уа әл-адаби. Т,6 Абд әл-Фаттах Ашур. Аз Захир Байбарс.Каир, 1962 Әл-аср
  8. Ибн Уасил
  9. Ибн Шаддад
  • Ибн Абдузахир
  • а-Нуайри
  • Байбарыс ад-Дауадар
  • Ибн Абд Фадаил
  • Ибн Айбек
  • әл-Юнини
  • Ибн Тәңірберді
  • Әл Мақризи
  • әл-Айни
  • Ибн-Йиас ,

 20           Сұлтан әз-Захир Бейбарыс сирасы

              Ибн-Асир,

              Ибн Баттута,

                 Ибн Касир,

                 Ибн Фадлан,

                  Ибн Фурат ,

                  Ибн Хаджар  ал-Асқалани,

Ибн Халдун

Ибн Арабшаһ,

Ибн Ибри,  

ат-Табари