АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Еркін күрестің техникалық тәсілдер

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………

 

1.ЕРКІН КҮРЕСТІҢ  ПАРТЕРДАҒЫ  ТЕХНИКАСЫ …………………………….

1.1. Еркін күрестің  мазмұнын сипаттау ……………………………………………………

1.2. Еркін  күрес,  күрес-спорт түрі …………………………………………………………..

 

  1. ЕРКІН КҮРЕСТЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР ……………………………..

2.1. Күреспен шұғылдану  арқылы  дайындыққа жаңа келген балалардың ерік – жігер қасиетін шыңдау …………………………………………………………………………..

2.2. Жаттығулар  ……………………………………………………………………………………..

2.3. Еркін күрес  техникасы ………………………………………………………………………

 

  1. ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАР………………………………………………………..

3.1. Еркін күрес  тарихы………………………………………………………………………..

3.2. Жаттықтырушыларға  арналған  оқу  әдістемелік  құралдар……………….

3.3. Қызықты  мәліметтер ………………………………………………………………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ  …………………………………………………………………………………….

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………………

ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Еркін күрес, диам. 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғ-дың аяғында  Англияда  пайда болған. 

1904  жылдан  олимпиялық ойындар  бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді. Оның тарихы кене замандарға кетеді.  Ертедегі МысырдаВавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың кұрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем чемпионаты 1951 ж. бастап етіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі.

Қазақстандағы еркін күрес, республикалық чемпионаты 1951 ж. бастап өткізіліп келеді. Бұдан ең алғаш шыққан СШ-лері Ж.Сқақов, Қ.Байдосов, Қ.Қожанов және т.б. Алғашқы жылдары оның секцияларына барушылар аз болғандықтан грек-рим күресіне қатысушылар да еркін күрестен бақтарын сынап көрді. Кейін Ә.Айханов, А.Гапсатаров, А.Бұғыбаев, М.Қапанов, Ю.Курапаткин, И.Байрамуков сияқты балуандар халықаралық жарыстарда көзге түсті. Республиканың құрама командасы 2003 ж. Алматыда өткен Азия кубогы үшін жарыста жалпыкомандалық 1-ші орынды жеңіп алды.

Еркін күрес ережесі

Көрермендердің күрес түрлерінедеген ықыластарының төмендеуі салдарынан, күрестің басқа түрлері сияқты, еркін күрес те Олимпиадалық бағдарламадан шығып қала жаздады. Әйтеуір, әупіріммен, аман қалды. Бірақ, енді «еріктілер» жаңа ереже бойынша күш сынасатын болады.

Жекпе-жексол баяғы 12 х 12 мерлік бозкілемніңүстінде өтеді. Ереже бойынша, кілемніңқалыңдығы 4 см жұқа болмауы керек. Квадраттың ішіне диаметрі 9 метрлік шеңбердің суреті салынған және оның ішкі жағындаені 1 метрлік «пассивтілік аумағы» болады. Жекпе-жек осы үлкен шеңбердің ішінде өтеді. Балуандар ең алдымен бір-бірімен кілемнің ортасындағы бір метрлік кішкентай шеңберде білектерін ұстасады.Сонымен жекпе-жек басталады.

Спортшылар салмақ санаты бойынша ғана емес, жас санаттарынада бөлінеді. Оқушылар — 14-15 жас аралығындағылар, кадеттер- 16-17жас аралығындағылар, жасөспірімдер -18-20 жастағылар, юньорлар- 20 және одан жоғары жастағылар. Және 35 жастан жоғарыдағыларды қамтитын жеке ардагерлер санаты тағы бар.

Балуандардың киімдері қызыл немесе көк түсті арнайы трикодан және арнайы кеды аяқ киімінен тұрады. Аяқкиімге қойылатын талаптарға келетін болсақ, онда ешқандай айылбас болмауы, табаны шегеленбеуі, өкшесі болмауы керек. Және спортшылардың денесінде сақина, білезік, сырға сияқты ешқандай аксессуар болмауы керек, олар спортшыларды жарақаттауы мүмкін. Жекпе-жек алдында төреші балуандардың тырнақтарында тексереді: олардың тырнақтары қысқа етіп алынуы тиіс.

Оған қоса, спортшылар денелерін майлы заттармен майламаулары, кілем үстіне шылқып терлеп шықпаулары, білектерін, тобықтары мен буындарын таңып байламаулары керек. Себебі, бұлайлалардың барлығы балуандардың ұстасуларын қиындатады. Сонымен бірге, балуандар кілем үстіне тықыр қырынып немесе өсірілгеніне біраз болған сақалмен шығулары керек. Ал бір-екі күндік қылшықпен шығуға болмайды, себебі қылшықтар белдесу кезінде қарсыласты тырнауы мүмкін. Және жарыс басталардың алдында спортшы төрешіге таза бет орамалын көрсетуі керек.

Ал жекпе-жек кезінде балуандар түрлі техникалық амал-тәсілдер қолдана алады. Грек-рим күресінен айырмашылық сол, еркін күресте балуандарғааяқтан шалуға рұқсат етіледі. Балуандардың басты мақсаты қарсыласының жауырынын жер иіскету, сонда ғана ол таза жеңіске жете алады. Жеңіс сондай-ақ, спортшының белдесу кезінде жинаған ұпай саны бойынша да анықталады.  Ең бастысы, еркін күресте аяқпен жасалатын тәсілдер бар, грек-рим күресінен оның айырмашылығы да осыда.

Жаңа ереже қабылданғанға дейін, балуандардың белдесуі екі минутқа созылатын үш кезеңнен тұратын. Қазір жекпе-жектер үш минуттық екі кезеңнен тұрады, арасында жарты минуттық үзіліс жасалады. Ұпай сандары екі кезеңнің қорытындысы бойыша жинақталып, сол бойынша жеңімпаз анықталады. Овертаймдар мен клинчтер алып тасталған. Егер белдесу басталғаннан кейінгі екі минуттың ішінде ешкім ұпай жинамаса, төреші спортшының қайсысы белсенділік танытпай отырғанын анықтайды. Нәтижесінде, «жалқау» балуан келесі 30 минуттың ішінде ұпай жинауы керек, әтпесе, ол ұпай оның қарсыласына беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.     ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ПАРТЕРДАҒЫ ТЕХНИКАСЫ

 

Еркін күрес техникасы дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес тактикасында аса тиімді әр түрлі әрекеттер қарастырылып шықты. Оларды шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау әрекеттері деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның техникалық шеберлігін арттыруға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады. Күрес техникасына нашар палуандар әдетте, өзіне қолайсыз әрі тиімсіз амалдарды пайдаланады, Сөйтіп, көбінесе қарсыластарының  бетін қайтаруға  ғана күш салады. Ал мұндай амалдар шабуылдаушы жақтың күші басым болса ғана нәтиже береді. Техникасы жақсы палуандар көбінесе күші басым қарсыласын да жеңіп кетеді. Бұл үшін олар түрліше қимылдар жасап, қорғанып, қарсы шабуылға шығып, не күш жағынан, не уакыт жағынан ұтады.

Күрес техникасын анықтау үшін күресушілердің барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу қажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек.

Ең карапайым қимылды орындағанның өзінде де адам денесінің бірқатар органдары өзара қимылға келіп, оны орталық нерв жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Сондықтан күрес техникасын талдап анықтағанда жеке бұлшық ет қызметі қарастырылмайды. Өйткені күресте оның қысу немесе тарту күші, тарту узақтығы, шапшаңдығы пайдаланылады. Сонымен, палуандар қозғалысында әсер етуші күш ретінде мыналар ескеріледі:

салмақ күші;

бұлшық еттің тарту күші;

дененің инертті (қимылсыз тұрған кездегі) қарсылығы.

Осы күштер әсер еткенде палуан денесі әр түрлі жағдайға түсуді, оның жеке бөліктерін  рычаг  ретінде  қарастыру ыңғайлы.

Күрескен кезде палуандар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табаны мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Палуанныц жағдайына қарай оның аяқтарын тірейтін алаңы да өзгеріп отырады. Әрине тіреу алаңы неғұрлым үлкен  болса, палуанның берік тұратындығы да табиғи нәрсе. Жалпы ауырлы центріне түсетін түзу сызық тіреу алаңының шетіне келсе немесе одан шығып кетсе, тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан палуан қимылдаған кезде ауырлық  центрінің түзу сызығы тіреу алаңының  ортасына жақын болуының маңызы зор.

Палуан денесінің белгілі бір бағыттағы орнықтылығы  орнықтылық бұрышы  бойынша сипатталады. Орнықтылық бұрышы дегеніміз ауырлық сызығы және дененің ауырлық центрін тіреу алаңының шетімен (дененің орнықтылық дәрежесі анықталатын жақтағы) қосатын сызық арасындағы бұрыш. Орнықтылық бұрышы (X) дененің ауырлық центрі төмендеп, тіреу алаңы үлкейген сайын жане ауырлық сызығы тіреу алаңының шетінен қашықтауына қарай үлкейе береді. Айқас кезінде аяқтарын алшағырақ қойып, аздап бүксе, палуан денесі орнықтырақ болады. Алайда аяқтарын тым алшақ қойып немеса көбірек бүгіп жіберсе, спортшы денесін шапшаң игере алмай қалады.

 Осындай қимылдар жасау үшін ең қолайлы жағдайды күресте палуанның тұрысы деп атайды. Бұл мынадай жағдай аяқтары иығынан сәл алшақтау, бір аяғы (сол немесе оң) бір табан алға қойылған; тізелері аздап бүгілген, бұлшық еттері бос, кез келген бағытта тез қимылдауға дайын, денесі сәл ғана еңкейген, ал алға қойған аяғы жағындағы иығы да солай қарай бұрылған. Әсіресе, жалпы ауырлық центріне ерекше көңіл аудару қажет. Ол шабуылдау кезінен басқа уақытта тіреу алаңының ортасында (аяқтарының арасында) болуы тиіс.

Орнықтылық бұрышын «қауіпті бағытта» арттағы аяқты палуан өзінің тұрған күйін сақтайтындай етіп, ал қауіпті бағыт қарсы жақта қалатындай етіп тағы да кейін қоға арқылы арттыруға болады.

Тұрған күйінде қозғалтудың  алғашкы сәті әдетте ауырлық  центрі вертикалын тік сызығын тіреу  алаңының алғы шетінен асырып, тепе-тендіктен шығумен байланысты. Алайда тепе-теңдіктен сәл айырылудың кезін қарсыласы шабуылдау үшін пайдаланып кетуге  әзір тұрған жағдайда (яғни айқасу кезеңінде) ауырлық центрін тіреу алаңынан шығарғанда аса сақ болған дұрыс. Аяқты аттағанда (егер бұл шабуылдауға  байланысты  болмаса) мына ережені сақтау керек, әр уақытта әуелі қозғалу бағытына жақын тұрған аяқты аттау керек және оған салмағын бірден түсірмеуі қажет. Салмағы әуелі орнындағы аяғына түсуі, содан  кейін барып аттаған аяғына түсуі тиіс. Бұдан соң  арттағы аяғын ыңғайлы тұру қалпына келетіндей қашықтыкқа қоюы керек. Аяқтарын осылай  қозғағанда  қозғалатын бағытта орнықтылық бұрышын  арттыру  мүмкіндігі туады. Демек спортшының тепе-теңдігін тез қалпына келтіруіне болады

 

1.1   Еркін күрестің мазмұнын сипаттау

 

Кеңес дәуірінде еркін күрестен арнайы жарыстар өткізіліп жүрді. 1950 жылдарға дейін үш түрлі: 66 кг-ға дейін — жеңіл, 82 кг-ға дейін — орта және 82 кг-нан жоғары қарай ауыр салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өткізіліп тұрды. Жарыстың өту ұзақтығы белсенді. Әр белдесуге 10 минуттан уақыт беріледі. Және бір күнде төрттен артық белдесу күрес өткізуге рұқсат етілмейтін болды. Әр белдесуден кейін демалуға ең аз дегенде 30 минут уақыт берілді. Жарыс арнайы әзірленген күрес кілемнің үстінде болатын болды.

Кілем үстіндегі төреші палуандарды «қоян-қолтық ұстастырғаннан» кейін күресті бастауға ысқырық арқылы рұқсат беріледі. Белдесу барысында ұпай саны емес, таза жеңіс қана есепке алынды. Демек, қарсыластардың біреуінің жауырыны жерге тигенде ғана белдесу тоқтатылады. Белдесу тең аяқталмайды. Екеуі тең түсіп жатса, сол 10 минут ішінде қолданған әдіс-тәсілдері ескеріліп, жеңіс ұпай санымен есептелді.

Мұндай жарыстың нәтижесі бойынша атақ және разряд беріледі.

Спортшылардың, салмақ категориясын анықтау үшін өлшеу, жарыс басталатын күні ереже бойынша жарыстың, басталуына кем дегенде екі сағат қалғанда өткізіледі салмақты өлшеу 30 минутқа созылады. Салмақты өлшеуден жарты сағат бұрын (және жарты сағат бойына) жарысқа қатысушыларға салмақтарын ресми  түрде өлшеу таразыда тексеріліп көруге право беріледі. Өлшегенде кешіккен немесе келмей қалған спортшы жарыстан шығарылады. Жарысқа қатысушы өлшенген кезде өзін куәландыратын суреті бар документ көрсетуге міндетті.

Жарысқа қатысушылар шешініп өлшенеді, өлшену нәтижелері протоколға түсіріледі.

Жеке және  жекелей командалық  жарыстарда  спортшы өлшенген кезінде оған белгіленген тек бір ғана салмақ  категориясы бойынша қатысуға ерікті. Спортшыларды бас төреші тағайындайды комиссия өлшейді.

Ал ескерту алған және жарыстан шығарылған (ережені бұзғанда және екінші рет сақтандырғаннан кейін де сайыста белсенділік көрсетпегені үшін) спортшы балл бойынша жеңді деп есептеледі.

Еркін күрестің кеңес дәуірінде дейін дәстүрлі белдесу түрі 1950 жылдардан бері қарай мүлде өзгеріп кеткен. Қазір ол еркін күрес деп аталғанымен, күрес түрі, ережесі, айла-тәсілдері — барлығы да негізінен жапонның «дзю-до» деп аталатын күреске ұқсап шықты. Оны мынадай белгілерден байқауға болады.

Біріншіден, палуандар кілем үстіне шыққанда «қоян-қолтық ұстасып» белдеспейді, жапон күресіндегі сияқты кілем үстінде еркін жүріп күреседі. Ол бір-бірінің қай жерінен ұстаса да өз еркі.

Екіншіден бұрынғы еркін күрестен ережесінде болмаған ұпай санымен жеңісті анықтау ережесі енгізілді.

Үшіншіден, тең аяқталатын белдесу түрі де 1971 жылдан бері қарай пайда болды. Бірақ төрешілер жеңісті артықша қайсарлық көрсеткен палуанға береді.

Еркін күрестен үлкен нәтижеге жеткендерге берілетін «Қазақстан спорт шебері» деген спорттық жоғары атақ белгіленді. Жарысқа қатысушы палуандар міндетті түрде дәрігерлік комиссиядан өтеді және жарыс кезінде дәрігерлік бақылауда болады.

Негізі еркін күрес ережесі әр олимпиададан кейін әр түрлі жағдайда өзгеріп отырады. Еркін күрес ережесі көрерермендерге ұнауы тиіс. Егер көрермендер саны аз болған жағдайда немесе жарыстың өту барысы ұнамаған болса, бұндай жағдайда FILA мүшелері өзара ақылдаса отырып еркін күрес ережесін көрермендерге ұнайтындай қылып барлық жағдайды жасайды. Мысалы еркін күрес ережесіне  Афина олимпиадасынан кейін көптеген өзгерістер енгізілді. Соларға тоқтала кететін болсақ: палуандар 2 минуттан 3 кезең күресетін болды. Алғашқы 2 кезеңде палуан қарсыласын жеңген жағдайда 3 — ші кезең жалғастырылмайды. Осы ережемен 2008 жылы Пекин олимпиадасында және 2012 жылы Лондон қаласындағы олимпиадалар өткізілді. Осы 2012 жылғы Лондон олипиадасынан кейін көптеген адамдар жіне көрермендер наразылық білдіріп еркін күресті олимпиада бағдарламасынан алып тастауға ұсыныстар түсірді. Осы жағдайдан кейін FILA  мүшелері көптеген жұмыстар атқарып еркін күрес туралы жарнамалар жүргізді. Еркін күрес көрермендерге ұнау үшін және жарыс кезінде спорттық базаларға көптеген көрермендер жиналу үшін еркін күрестің жоғары дәрежеде өткізілу үшін көптеген жаңа ережелер енгізді. Сол ережелрдің бірі палуандар 3 минуттан 2 кезең күеседі. Егер екі палуан арасында 10 да 0 есеп көрсеткішті айырмашылық болатын болса, онда жоғары есеп көрсеткішіне ие палуан айқын басымдылық бойынша жеңіске жетті деп есептеледі. Егер жарыс барысында төреші палуанға 3 ескерту берген жағдайда жарыс ары қарай жалғастыруға рұқсат етілмейді. Бұрынғы олимпиадада 7 салмақ дәрежесі бойынша күресетін болса алдағы олимпиадаларда 6 салмақ дәрежесі бойынша күреседі. Қазіргі салмақ көрсеткіштері: 57 кг, 65 кг, 74 кг, 86 кг, 97кг, 125 кг. FILA мүшелері өзара келісе отырып әлем, европа және азия біріншіліктеріне сонымен қатар халықаралық жарыстарға 2 салмақ дәрежесін қосты. Сол салмақ көрсеткіштері: 61 кг және 70кг. Бұл 2 салмақ дәрежесі олимпиадалық жарыстарда қолданылмайды. Жарыс барысы 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең: дәрігерлік бақылау және салмақ өлшеу болса. Екінші кезең: палуандар арасындағы жекпе – жек кезеңі. Екінші кезең барысында палуандар 5 немесе 6 жекпе – жекке дейін өткізеді. Жоғары дәрежелік жарсытарда соның ішінде Азия, әлем немесе европа біріншіліктерінде 1 – ші, 2 – ші, 3 – ші дәрежеде жеңіске жеткен палуандарға допингтік тексеру өткізіледі.  

 

1.2.  Еркін күрес,  күрес — спорт түрі

 

Қазақстанда күрестің қазақша күрес, грек-рим күресі, еркін күрес, дзю-до және самбо сияқты жекпе-жек түрлері кең дамыған.

Қазақ күресі – ұлттық спорт түрі. Оның тәсілдері сан алуан. Жекпе-жек барысында бір қолмен белдіктен немесе күрте жағасынан, жеңінен ұстап шалу, үйіріп, сүріндіре, жұлқу, тізеден қағу, іліп немесе кеудеден асыра лақтыру, т.б. көптеген тәсілдер қолданылды.

  • 1928 жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданып, ол 1938 ж. республикалық спорттық жарыстың бағдарламасына енгізілді.
  • Қазақша күрес балуандары халықаралық аренада тұңғыш рет 1952 ж.Ашғабат қаласында сынға түсті. Қазақша күрестің салмақ дәрежелері де, ережесі де жиі өзгерістерге ұшырады. Кей жылдары үш, төрт, бес, сегіз, он салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өтіп жүрді.
  • 1998 жылдан еліміздің балуандары үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. 60 кг-ға дейінгі балуандар – кіші балуан, 74 кг-ға дейінгілер – орта балуан, 74 кг-нан жоғарылар – бас балуан деп аталады.

 

 

Грек-рим күресі.

Грек-рим күресі, классикалық күрес – қол және тұтас дене қозғалысына негізделген тәсілдерді пайдаланатын спорттық күрес түрі. Бұл күресте қарсыласын белден төмен ұстауға, аяқтан шалуға, т.б. болмайды. Грек-рим күресінің мақсаты – қарсыласының жауырынын жерге тигізу немесе күрес тәсілдерін шебер қолдана отырып, ұпай санымен жеңу.

 

 

 

 

 

Грек-рим күресі, эллиндер мен латындар (гректер мен латындар) заманында пайда болған күрес түрі. Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Грек-рим күресінің мақсаты лақтырған немесе төрттағаннан аударған, домалатқан кезде қарсыласының екі жауырынын бір мезетте немесе бірінен соң бірінің қайтарымынан кілемге тигізу. Мұндай басымдылық таза жеңіс деп есептеледі де белдесу тоқтатылады.

Егер таза жеңіс болмаған жағдайда, жеңіс ең көп ұпай алған балуанға беріледі. Балуанның киімі лыпа, бандаж, арнаулы трико және былғарыдан тігілген жұмсақ аяқкиімнен тұрады. Грек-рим күресінің жарыс ережесі 1896 ж. шығарылып, содан бергі уақытта талай рет жаңартылып келеді. Ол 1986 ж. 1 -ші Олимпиялық ойындардың бағдарламасына еніп, содан бері (1900, 1904 жылдардан басқа) бағдарламадан басқа олимпиядалық жарыстан түспей келеді. Әлем чемпионаты 1897 ж. Еуропа чемпионаты 1898 жылдан бастап өтіп келеді. Күрес әуесқойларының халықаралық бірлестігі (ФИЛА) 1912 ж. құрылды. ҚР- ның Грек-рим күресінің бірлестігі 1993 жылдан ФИЛА-ға мүше.
мыналар грек рим күресі 

 

Еркін күрес.

Еркін күрес. Мұнда қарсыластарға әр түрлі техникалық тәсілдерді (қарсыласын лақтыру, аударып түсіру, қапсыра ұстау, белден төмен ұстау, т.б.) кеңінен қолдануға мүмкіндік беріледі.

 

 

Дзю-до (жапонша дзю – жұмсақ, до – жол).

  • 19-ғасырдың аяғында Жапонияда джиу-джицу күресі негізінде пайда болған.
  • 1956 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіледі, Олимпиада ойындарына 1964 жылдан енген. Дзю-дошылар арнайы кілем (татами) үстінде күреседі. Киімдері –кимонобелбеу және шалбар. Күрес ережесі бойынша қылқындыруға, қолды бұрауға болады. Жаңадан қатысып жүргендер беліне ақ белбеу, ал жоғары разрядшылар қара белбеу орап шығады. Қазақстанда дзю-до күресі 20-ғасырдың 60-жылдарынан бері дамып келеді. Асхат Жіткеев Пекинде (Қытай) өткен 29-Олимпиялық ойындарда (2008) күміс, дүниежүзілік чемпионатта (2004, Корея) қола жүлдені иеленді. 1995 жылдан Алматыда Ораз Жандосов атындағы халықаралық турнир өтіп келеді.

 

 

Самбо.

Самбо (орыстың “самозащита без оружия” – қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі). Күрестің бұл түрін қазақ, грузин,  татарӘзірбайжан, т.б. халықтардың ұлттық күрестерінің айла-тәсілдері негізінде белгілі маман  Аркадий Харлампиев (1938) құрған. Спорттық және әскери түрі бар. Әскери самбоның қорғаныс және арнайы деген екі түрі бар. Самбо күресінде балуандар арнайы белдікті шапан киеді, күрес кезінде белдіктен, жеңнен, шапанның кез келген жерінен, сондай-ақ қол мен аяқтан ұстап, әдіс қолдануға болады. Самбода әдіс қолданушы балуан тік тұрып, қарсыласының жауырынын кілемге тигізсе немесе буындарды ауырту әдісін қолданғанда, қарсыласы жеңілгендік белгісін берсе ғана таза жеңіс деп есептеледі. Самбодан  КСРО  біріншілігі 1939 жылдан бастап өткізілген. Ал Еуропачемпионаты  1972 жылдан өткізіледі. Қазақстанда самбо 1953 жылдан бері дамуда, республикалық алғашқы біріншілік 1955 жылы ұйымдастырылды. Самбо күресінен Асхат Шахаров әлемнің үш дүркін чемпионы болса,  Қанат Байшолақов,  Бауыржан СадықановАсқар Шайхиев,  Арсен Хатип  әлем чемпионы,  Айтжан  Шаңғараев,  А.Мұсабеков  Еуропа чемпионы атанды. Әйелдер арасында Сәуле ҒабдоллинаАйсара КерімбековаЖамал Бозова, т.б. әлем, Азия чемпионы болып, әлем чемпионаттарының жүлдесін алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ЕРКІН КҮРЕСТЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР

 

Күрес жеке-жеке қарапайым қозғалыстан (ол қозғалыс кеңістік және уақыт арқылы бір-бірімен байланысты) тұратын тұтас рекет болып табылады. Яғни әрбір әдіс, қол, аяқ, дене арқылы жасалатын қарапайым қозғалыстан тұрады ол қарапайым қозғалыс деп аталады. Күресте шартта түрде қозғалыстар былайша бөлінеді:

қолдардың қозғалысы — ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жұлқу, түю, тарту, тіреу, басу, т. с. с.

аяқтардың қозғалысы — қою, аттау, кейін қою, адымдап кету, бұғу, жазу, іліп шалу, қағу, устіне салу, итеру, т. с. с.

дененің қозғалысы — еңкею, тік көтеру, иілу, бурылу, қысу, итеру, құлату, т. с. с.

Палуанның қимылдарының біразы бір мезгілде, біразы бірінен соң бірі орында-лады. Барлық әдістерді шартты түрде қарапайым қозғалыс және қозғалу фазасы деп бөлуге болады.

Куресушінің негізгі жағдайы және қозғалыстары, олардың биомеханикалық талдауы (тіреу алаңы, жалпы ауырлық центрі).

Күрескен кезде палуандар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табаны мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Палуанның жағдайына қарай оның аяқтарын тірейтін алаңы да өзгеріп отырады. Әрине тіреу алаңы неғұрлым үлкен  болса, палуанның берік тұратындығы да табиғи нәрсе. Жалпы ауырлы центріне түсетін түзу сызық тіреу алаңының шетіне келсе немесе одан шығып кетсе, тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан палуан қимылдаған кезде ауырлық  центрінің түзу сызығы тіреу алаңының  ортасына жақын болуының маңызы зор.

Палуан денесінің белгілі бір бағыттағы орнықтылығы  орнықтылық бұрышы  бойынша сипатталады. Орнықтылық бұрышы дегеніміз ауырлық сызығы және дененің ауырлық центрін тіреу алаңының шетімен (дененің орнықтылық дәрежесі анықталатын жақтағы) қосатын сызық арасындағы бұрыш. Орнықтылық бұрышы (X) дененің ауырлық центрі төмендеп, тіреу алаңы үлкейген сайын жане ауырлық сызығы тіреу алаңының шетінен қашықтауына қарай үлкейе береді. Айқас кезінде аяқтарын алшағырақ қойып, аздап бүксе, палуан денесі орнықтырақ болады. Алайда аяқтарын тым алшақ қойып немеса көбірек бүгіп жіберсе, спортшы денесін шапшаң игере алмай қалады.

 Осындай қимылдар жасау үшін ең қолайлы жағдайды күресте палуанның тұрысы деп атайды. Бұл мынадай жағдай аяқтары иығынан сәл алшақтау, бір аяғы (сол немесе оң) бір табан алға қойылған; тізелері аздап бүгілген, бұлшық еттері бос, кез келген бағытта тез қимылдауға дайын, денесі сәл ғана еңкейген, ал алға қойған аяғы жағындағы иығы да солай қарай бұрылған. Әсіресе, жалпы ауырлық центріне ерекше көңіл аудару қажет. Ол шабуылдау кезінен басқа уақытта тіреу алаңының ортасында (аяқтарының арасында) болуы тиіс.

Орнықтылық бұрышын «қауіпті бағытта» арттағы аяқты палуан өзінің тұрған күйін сақтайтындай етіп, ал қауіпті бағыт қарсы жақта қалатындай етіп тағы да кейін қога арқылы арттыруға болады.

Тұрған күйінде қозғалтудың  алғашкы сәті әдетте ауырлық  центрі вертикалын тік сызығын тіреу  алаңының алғы шетінен асырып, тепе-тендіктен шығумен байланысты. Алайда тепе-теңдіктен сәл айырылудың кезін қарсыласы шабуылдау үшін пайдаланып кетуге  әзір тұрған жағдайда (яғни айқасу кезеңінде) ауырлық центрін тіреу алаңынан шығарғанда аса сақ болған дұрыс. Аяқты аттағанда (егер бұл шабуылдауға  байланысты  болмаса) мына ережені сақтау керек, әр уақытта әуелі қозғалу бағытына жакын тұрған аяқты аттау керек және оған салмағын бірден түсірмеуі қажет. Салмағы әуелі орнындағы аяғына түсуі, содан  кейін барып аттаған аяғына түсуі тиіс. Бұдан соң  арттағы аяғын ыңғайлы тұру қалпына келетіндей қашықтыкқа қоюы керек. Аяқтарын осылай қозғағанда  қозғалатын бағытта орнықтылық бұрышын арттыру  мүмкіндігі туады. Демек спортшының тепе-теңдігін тез қалпына келтіруіне болады.

Күресуші дұрыс тұрып, қозғалатын болса, қорғанғанда қатты қарсылық көрсетіп, шабуылдауына да ыңғайлы болады.

Шабуылды бастарда, әдетте, спортшы оны тактикалық әрекеттермен дайындап алады. Егер палуан дұрыс тұратын болса, шабуылдаушының әрекет етуі қиындайды, ал шабуылға ұшыраған спортшының тепе-теңдігін сақтап қалуы оңай. Қарсыласы шабуылдаған палуан мынадай жолдармен тік тұрған қалпын сақтайды:

бұлшык еттеріне күш түсіреді және денесін алғашқы күйінде қатайта ұстайды;

денесін қарсыласының жұлқыған немесе итерген жағынан қарсы жаққа козғалтады

Оның осылайша белсенді қарсылық көрсетуіне салмағы да кемектеседі. Кейбір жағдайларда қарсыласының жұмсаған күшін дененің кей жерін босаңсыту (қолдауын, кеудесін) аркылы да бейтараптауна болады.

Шабуылдаушы күрескен кезде қарсыласының тепе-теңдігінен айырылатын және оны сақтайтын сәттерін ескеруі кажет. Көптеген амалдар шабуылдаушының өзінің тепе-теңдіктен айрылып қалуына да байланысты. Осылайша тепе-тендіктен айрылу тәсілді орындау бағытында қатты қозғалыс жасауға қолайлы жағдай туғызады. Бұл кезде қарсыластың орнықтылық дәрежесін міндетті түрде ескеріп, оны орнынан тайдырып жығу бағытында әдіс қолдану қажет.

Қорғану мақсатында жасалатын қимылдар да көбінесе қарсыласты тепе-теңдіктен шығаруға негізделеді. Мұндай жағдайда шабуылға ұшыраған палуан қорғана тұрып шабуыл бағытында (қарсы жаққа тепе-теңдігін жоғалту есебінен; щабуылдаушы тойтара алмайтындай орнықтылық бұрышын жасайды.

 

2.1. Күреспен шұғылдану  арқылы дайындыққа  жаңа келген балалардың ерік-жігер қасиетін шыңдау

 

Күрес спортымен шүғылдану арқылы ерік-жігер қасиетін тәрбиелеу әр түрлі кедергілер барысында жүзеге асады.  Кедергілер — спорттық дайындық, жаттығу және жарыс барысында кездеседі.

Еркін күреске жаңа келген балаларға әдіс-тәсіл үйрету ең біріншіден оларға еркін күрес туралы түсіндіріп және олардың дене-бітімін еркін күреске дайындау. Жүктеме балалардың дене-бітіміне және жынысына қарай беріледі. Алдымен балаларға кілемде жарақат алмас үшін оларға құлау тәсілін үйретеміз. Жаңадан келген балаларды үнемі бақылап отыру қажет, жаттығудың алдында жүрек соғу қағысын, қан қысымын және осындай бақылаулар жаттығудың ортасында, жаттығудың соңында жүргізілуі тиіс. Еркін күреске жаңадан келген балаларды күрестен жалықтырмас үшін арасында жаттығу ретінде ойындар берілуі керек. Мысалы: футбол, баскетбол, регби т.б.  Күреске келген балардың ішінде бастапқы жаттығулардан–ақ  жігерлілігі, жеңіске жетем деген құштарлылығы көрініп тұрады. Кейбір балалар табиғы мықты болса, ал кейбір балалар ынта-жігер арқылы көптеген еңбекпен және өзі айналысқан спортқа қызығушылығымен мықты бола бастайды. Күреске жаңа келген балалар мен жаттықтырушының байланысы өте жақсы болуы керек. Жаттықтырушы оларды тек спортқа қана үйретпей сонымен қатар жақсы тәрбие бере алады.

«Жігерлілік — ол үлкен бақыт, үлкен мақтаныш, ол дарындылықтан да анағұрлым артық. Себебі дарындылық — қыз баланың өзімен бірге туып дамыған бейімдігі, ал жігерлілік — ол адамның өз сана сезімдерін   жақсылық масаттанбай,  қиындыққа езілмей,  берілмей, неге болса да төзу, шыдау және осыларды қайткен күнде де жеңу» — деп сипаттаған екен Бальзак.  Жігерлілік — адамдардағы асыл касиеттердің шоқтығы, бұған барлық: батылдық, табандылық, мақсатқа  талпынушылық, қажығандыққа жол бермеушілік, ойына  алған асыл мақсаттарын қайткен күнде де орындаушылық секілді   бастапқы қабілеттер жатады. Қыз балалардың мінезіндегі спорттың әсерінен    дамып қалыптасқан осы қасиеттердің бірі — мақсатқа талпынушылық.  Әрине, адамның сырт бітімі канша әдемі, тартымды болғанымен ол адамның мінез-құлқында шынайы тазалық әдемі адам деп алмаймыз.

 Спорт — адамға сұлулық әкеледі делік. Бірақ біз сұлулықты жан-жақты түсінеміз. Ал сұлулық — бұл бет жүзінің ажары, күллі дененің мінсіз болуы, сонымен бірге рухани дүниетаным тереңдігі. Алайда, адамдардың сырт бейнесі олардың үйлесімді түрде дамығанын көрсете алмайды. Сырт көзге жақсы киінген сымбатты адамды көріп сүйсініп (ол өз жұмысын да жақсы да атқаруы мүмкін), бірақ оның мәдениетсіздігін көріп сезгенде көңілге реніш әкелетін сәттер де болады.

Спортпен шұғылдану барысында дене қабілеттері, табандылық, алғырлық қалыптасып, оқу мен еңбек етуге ынтасы оянып қана қоймайды, сонымен бірге ерік-жігер қасиеті де жылдам дамиды.

Қыз баланың денсаулығын нығайту, дене қабілеттерін шыңдау, тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуде спорт түрлерінің, соның ішінде күрес спортының орны ерекше. «Құс жеткен жеріне қонады» демекші, қазақ қызының ұлтқа тән мәдени, салт-дәстүрімен ғана шектелмей, өнерді, соның ішінде, күрес спортын меңгеру арқылы әлі талай белеске көтерілетіндігін дәлелдеу.

Көптеген спортшы қыздарымыздың жақсыға еліктеп, ұқсағысы келетін спортшылары болады. Олар еліктейтін спортшылар қиындығы мен қызығы мол жаттығулар арқылы тер төгіп, еңбек ету арқылы биік шыңдарға жеткендер.

Осындай спортшы аға-апалардың көтерілген шындарына біз де көтерілсек, осы спорт түрінен жоғарғы нәтижеге қол жеткізсем деп жалындап тұрған қара көз қыздарымыз қаншама.

Қыз балалардың күрес спортына шеберлігінің артуы, жоғарғы нәтиже көрсетуі жаттықтырушының спортшылар арасында тәрбие жұмысын жақсы жолға қоюына да байланысты. Жаттықтырушының міндеті спорттық мүмкіндігі мол жастарды жаттықтыру ғана емес, олардың бойына — биік адамгершілік рухты сіңіру, эстетикалық, ерік-жігер қасиеттерін арттырып, жан дүниесін байытатындай болуы керек.

Спортшы қыз баланың ерік қасиеті — оның тәртібінен, жаттығу мен жарыс тәртібіне жауапкершілікпен қарау ғана емес, оларды қатаң сақтауында, жаттықтырушының айтқанын бұлжытпай орындауына байланысты. Сонда ғана спортшы алға қойған мақсатқа, жақсы нәтижеге, биік асуларға қол жеткізе алады.

Күрес спортымен шұғылдану барысында тек қимыл дағдылары, дене қабілеттері ғана емес, сонымен бірге ақыл-ой, ізгілік, адамгершілік қасиеттері де дамиды. Эстетикалық талғамы, еңбек дағдылары да жетіледі. Жарысқа дайындық барысында  қыз бала  моральдық, ерік-жігер  қасиеттерін көрсетуге, батыл болуға, қарсыласының шабуылына қарамастан қайсарлық танытып қас-қағым сәтте тез шешім қабылдап, күш, қуатын сарқа жұмсауға бейім тұрады. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді сан рет қайталау қыз бала санасында бірте-бірте қимыл-қозғалыс қажеттілігін керек етеді. Жеңіске. жеткен сәттерде балуан қыздардың өзін құрметтей бағалауды, рухани қанағат сезімін,  эмоциялық өрлеу,  алдағы  уақытта да жеңіске деген ынтасын, мақсатын, сенімділігін күшейтеді.

Тағы да бір көңіл аударарлық жағдай, қандай да болмасын, спорт, техникалық тәсіл, жаттығу қызықты, егер шұғылданушы қыз бала оның   қажеттілігін түсініп, шын ықыласымен орындаса. Соған байланысты қызығушьшықты тәрбиелеу  тек сол  спорттың  сыртқы   қызықтыруына   ғана арналып қана қоймай, сонымен қатар белгілі адамгершілік, ерік-жігер    қасиеттерін  де дамытуға,  бағытталуы  тиіс.

Шүғылданушыларға спорттың барлық түрінің жақсы, пайдалы тұстарынан хабардар етіп және жаттығу процесінде қызықтырып үйрету    керек. Жаттығу нәтижесінде дене қабілеттерін дамытуға ғана емес, сонымен   бірге   ізгілік, адамгершілік,   еңбексүйгіштік,   еркі-жігер   т.б. қасиеттерін дамытуды қамтамасыз етуі керек.

Ерік-жігер адамның ақыл-ойының тәжірибелік көрінісі. Жаттығу    процесінде    ерік-жігерді    тәрбиелеу    —    спортқа берілген  еңбексүйгіш  қыз  баланы тәрбиелеу.  Өмірдегі  ең қажетті нәрсе қыз баланың өз  кемшіліктерін, жетіспеушіліктерін түсініп ғана қоймай, соны жеңуі.

Қыз балаларды күрес спортына жаттықтыру қиындығы мен қызығы мол жауапты жұмыс. Жаттықтыру процессі ең басынан дұрыс ұйымдастырылса, соғұрлым ол нәтижелі, сапалы болады. Қыз баланы жаттықтыру процесінде тәсілді, жаттығуды неғұрлым қызықты үйретсе, нәтижесі де жақсы болады.

Адамгершілік, ерік-жігер қасиеттерін дамыту, жаттығу кезеңінен арнайы өзгерістерді енгізуін талап етпейді. Жаттығудың өзі үлкен жұмыс, оған ықыласпен қарау, оның талаптарын бұлжытпай орындау қыз баланы тәрбиелелуде, олардан ерік-жігер ойдың кейбір қасиеттерін көрсетуді талап етеді.

Күрес спортымен шұғылдану процесінде қыз балалардың бойында адамгершілік қасиетіне лайық барлық нормалардың қалыптасуын бақылайды және әрбір нақты жағдайда талап ететін ықпал ету әдістері: батылдык, табандылық сезімін туғызу мақсатында қолданылатын, көрнекі түрде қыз баланың көзін жеткізетін тәсілді, қыз баланың әр әрекеті арқылы іс-тәжірибе жүзінде үйретуді және табысқа жетуіне байланысты көтермелеуді, әр түрлі қылықтарды   (ол  қылыққа   өзінің  көзқарасын  және   барлық қыздардың көзқарасын) салыстыруды, қыз балаларға түсінікті етіп сендіре пайдаланады.

Қыз балалардың жаттығу сабағындағы қимыл әрекеттері олардың өзін ұжымда ұстай білуге тәрбиелелуге, өзінің сезімі мен тілегін шұғылданушылардың бәрін бірдей ортақ белгілі бір ережеге бағындыруға көмектеседі. Мұның бәрі қыз баланың бойындағы теріс сезімдер мен қылықтарды қажетті, саналы, жедел тежеуді қалыптастырады.

Үйретудің бүкіл кезеңі күреспен шұғылданушы қыз балалардың бойында зейін жинақтылығы мен белсенділігін туғызады: тәсілдер мен жаттығуларды жаттықтырушының тиісті түсіндіруімен көрнекі түрде көрсетуі нысаналы бақылауды, оның элементтерінің жүйелілігін ұғынуды, шұғылданушыларға  таныс  жаттығуларды жаттықтырушының сөзбен берген нұсқауы бойынша қайталап жасау-есте сақтау қабілетінің, қимыл елесінің, түсініп білген дербес қимылды талап етеді. Бүкіл жаттығу элементтерінің жүйелілігін сөзбен айты суреттеумен көрсетілген тапсырманы қыздардың орындауы олардың санасына жаттығу сипатын, қимыл түсінігін және соған байланысты саналы түрде қайталап жасауды туғызады. Бұл қыз баланың санасында қимыл әрекетінің бүкіл жүйелігінің егжей-тегжейін нақтылауға және оны іс жүзінде дәл орындауға көмектеседі.

Күрес спорты қыз баланың эстетикальқ қабылдау қабілетін, талғамын, қоршаған ортаның сұлулығын сезінуін, оған эстетикалық қатынасын, күнделікті тіршілікке сұлулықтың кейбір элементтерін қосуын дамытуға бағытталган эстетикалык тәрбиемен тығыз байланысты.

Сырт көрінісі — сымбатты, сұлу тұлғаның әсемділігі, еркіндік, қысылып-қымтырылмаушылық, ізгілік, қимыл мәнерлілігі — қыз баланың барлық мінез-құлқынан, оның адамгершілік сезімі мен санасының жоғарғы дамуынан, адамдарға кішіпейілділік пен тілектестік, немқұрайлыкқа, принципсіздікке төзбеушілігінен көрінетін жан сұлулығымен ажырағысыз байланысты.

Осы қасиеттердің бәрі ең алдымен жаттықтырушының бойынан табылуы тиіс. Шұғылданушылармен тікелей күнделікті қарым-қатынас, байланыс, оның өз-өзін ұстау қабілетінің, сөйлеу жэне қимыл мәдениетін, қайырымдылық, кішіпейілділігін қабылдау қыздарға игілікті әсер етеді және еліктеуге ынталандырады.

Осы мақсат пен міндеттердің жауабын табу үшін ғылыми әдістемелік негіздеме жасау қажеттілігі бар. Ол мына бағыттарда жүргізіледі:

спорттық күрес сабағында қыз балалардың жеке қасиеттерінің қалыптастыруға бағытталған түжырымдарды ғылыми   әдістемелік тұрғыда негіздеу;

2.2 Жаттығулар

 

Жаттығулар адамды кемелдендіру үшін физикалық қабілетін арттыру, рухани әрі әлеуметтік экологиялық шарттарды қамтамасыз ету үшін арналған жүйелі түрде қайталанатын тәсілдердің бірі. Жаттығулардың мақсаты жақсы денсаулық пен физикалық дайындыққа кол жету адамның өмірінде гармониялық дамыған жағдай үшін жасалынады.

Жаттығудың эффектісінің биологиялық негізі жатығу барысында физикалық күшке ағзаның үйренуі. Әрбір адам өзінің жұмыс қабілетін арттыру денсаулық жоғары деңгейіне, физикалық кемелдену үшін осы жаттығуларды жасайды. Ол адамның ой өрісінің дамуында, дене мэдениеті мен спорттык дайындықта зор роль атқарады. Қажеті мәселеге байланысты жаттығудың әдістемесі қолданылады. Физикалық жаттығу физикалық тәрбие мен өзіндік тәрбие деген мақсаттардан тұратын жақсы жаққа өзгертетін эффективті ағзаға әсері.

Физикалық жаттығу барысында ағзада морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болады. Соның арқасында қоршаған ортаның жағымсыз метеорологиялық факторларына қарсы тұру мүмкіндігі пайда болып, әртүрлі ауруларға қарсы төтеп беру қасиетіне ие болып, физикалық даму деңгейінің көрсеткіштері жақсарады. Бұл өзгерістердің ішінде нерв жуйесінде өзгерістер пайда болады.

Анализаторлар функциясы кемелденіп, күш көбейіп,  әрі қозғалыс  реакциясы  барынша   жылдамдайды.  Қанда эритроциттер  мен  гемоглобинд  көбейтеді. Жүрек бұлшықетінде, мида, бұлшықетте энергия қоры көбейеді. Сүйек пен шеміршек қатайып,  бұлшық массасы мен көлемін үлкейтеді.  Күнделікті жаттығулар  кеуде  жасушасы қимыл қозғалысқа   түсіп,   бұлшықеттері   дамиды.  Жүрек қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Физикалық   жаттығудың негізі ережесі деп әр адамның өзіне, салмағына, бойына, мінезіне даму ритміне шақтап жаттығулар екшеленіп алуын айтады. Физикалық жаттығулар   кезінде   моральды   сапалар,   яғни, белсенділік, табандылық, шешімділік, тәртіп әрі эстетикалық  талғам    қалыптасып,    физикалық    сапалар    лездік,    күш, шапшаңдылық дамиды.

Бұл ретте жыныстық ерекшеліктің де зор ролі бар; қыздарға лездік сапалар жиырма, жиырма бес жасында дамиды.

Қартайған шағында адамның күші азайып, дене қимылының деңгейі төмендейді. Сондықтан адамның жасы өсе келе дене жаттығуларын азайтпай көбейту қажет. Күнделікті жаттығулар жасаған адамның денсаулығы мықты, дене тұлғасы сымбатты, қартайғаны білінбейді.

Физикалық жаттығуларды арнайы қолданатын адамдар: су асты жүзушілері, ғарышкерлер, ұшқыштар. Олар өздері жұмсаған күштерін қайта қалыптастыруы үшін осы жаттығуларды жасайды. Физикалық жаттығулар жасау барысында кейбір ережелерді дұрыс сақтамаса, ағзада шамадан тыс дайындық әрі артық кысым болады.

 

 

2.3 Еркін күрес техникасы

 

Еркін күрес техникасы дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес тактикасында аса тиімді әр түрлі әрекеттер қарастырылып шықты. Оларды шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау әрекеттері деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның техникалық шеберлігін арттыруға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады. Күрес техникасына нашар палуандар әдетте, өзіне қолайсыз әрі тиімсіз амалдарды пайдаланады, Сөйтіп. көбінесе қарсыластарынын, бетін қайтаруға ғана күш салады. Ал мұндай амалдар шабуылдаушы жақтың күші басым болса ғана нәтиже береді. Техникасы жақсы палуандар көбінесе күші басым қарсыласын да жеңіп кетеді. Бұл үшін олар түрліше қимылдар жасап, қорғанып, қарсы шабуылға шығып, не күш жағынан, не уақыт жағынан ұтады.

Күрес техникасын анықтау үшін күресушілердің барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу қажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек.

Ең карапайым қимылды орындағанның өзінде де адам денесінің бірқатар органдары өзара қимылға келіп, оны орталық нерв жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Сондықтан күрес техникасын талдап анықтағанда жеке бұлшық ет қызметі қарастырылмаиды. Өйткені күресте онын, қысу немесе тарту күші, тарту узақтығы, шапшаңдығы пайдаланылады. Сонымен, палуандар қозғалысында әсер етуші күш ретінде мыналар ескеріледі:

салмақ күші;

бұлшық еттін, тарту күші;

дененің инертті (қимылсыз тұрған кездегі) қарсылығы.

Осы күштер әсер еткенде палуан денесі әр түрлі жағдайға түсуді, оның жеке бөліктерін  рычаг  ретінде  қарастыру ыңғайлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  ҚҰРАЛДАР

 

3.1.Еркін күрес тарихы

 

Еркін күрес спорт өнерімізді сөз еткенде, алдымен ауызға алатындарымыздың   бірі- еркін күрес. Ертеден-ақ бұл күш сынасу өнері әрдайым көрнекті орын алып отырған.

Иә, сан ғасырлар бойына маңызы артпаса тұғырдан түспеген осынау күресіміз кеңес заманымызда партиямыз бен үкіметіміздің әкелік қамқорлығының арқасында жаңа серпінмен өркен жая дамып, халықтық өнерге айналды. Ол ертеден-ақ қазақ халқының бір жағынан көңіл көтеретін ұлттық өнері, ойыны болса, екінші жағынан, жауынгерлерді алғырлыққа, ептілікке үйретіп, жаумен бетпе-бет шайқастарға өктем болуға шыңдады. Техникалық жағынан еркін күрестің қалыптасқан әрқилы әдіс-айлалары өте көп. Солардың бәрі еркін күресті әсіресе қазіргі классикалық күреске ұқсастырып жатады. Бастан асыра лақтыру, сондай-ақ шалқая бере кеуде арқылы артқа лақтырып жіберу сияқты әдістерді ауылда өскен әрбір қазақ баласының білетіні сөзсіз.

Бұрын еркін күрес жарыстары ешқандай салмақ дәрежелеріне қарамай өткізіле беретін. Салмағы өзінен әлдеқайда ауыр адаммен күресу, әрине, кімге де болса қолайсыз ғой. 1938 жылы Алматыда өткізілген тұңғыш республикалық спартакиадасының бағдарламасына еркін күрес те енгізілген болатын. Осы спартакиадада палуандар алғаш рет үш салмақ дәрежесі бойынша (жеңіл салмақ- 65 килограмға дейін, орташа салмақ — 82 килограмға дейін, ал ауыр салмақ 82 килограмнан жоғары) күресті. Салмақ дәрежелері бойынша Семей облысының өкілдері С. Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Түменов жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион тәжін киді.

1939 жылы Семей қаласында республика біріншілігі өтті. Палуандар аталған үш салмақ дәрежесі бойынша  күреске түсті. Салмақ дәрежелері бойынша жеңіл салмақта — Құрманбаев (Алматы облысы), орташа салмақ-та-Досқалиев (Батыс Қазақстан облысы), ауыр салмақта-Мусин (Павлодар облысы) жеңіске жетті. Мұнда республиканың абсолютті чемпионы атағын Батыс Қазақстан облысының өкілі Досқалиев жеңіп алды.

1940 жылдығына орай өткізілген біріншілік бес салмақ дәрежесі (аса жеңіл, жеңіл, орташа, жартылай ауыр және ауыр салмақтар) бойынша өткізілді. Осы республикалық жарыста салмақ дәрежелері бойынша Байдәулетов, Құрманбаев, Төлегенов, Мақманов, Жұмабаев чемпион атанды. 1952 жылы Ашхабад қаласында өткізілген Орта Азия мен Қазақстан спартакиадасы программасына еркін күрестер де енді. Бұл жарыста, классикалық күреске неғүрлым жақын болғандықтан, біздің   еркін күрестің ережелері негізге алынды.

1955 жылы еркін күрес бойынша тұңғыш ереже жарыққа шықты. Бұл алғашқы ереже-кітапшаның авторы Мұзафар Рақымқұлов болатын.

1959 жылы екінші спартакиадасы кезінде Москвада еркін күрестің түрлері бойынша жаттығушылар мен спортшылардың бүкіл-одақтық семинары болды. Семинарға одақтық және автономиялық республикалардан 20 өкіл қатысты. Мұнда жарыс ережелері талқыланды. Қорытындыда біздің «еркін күрес», грузиннің «чида обасы» және молдаванның «триньтасы» жоғары баға алды. Спартакиаданың байқау жарыстарында еркін күрес өкілдері, Қазақ-станның чемпиондары, қарағандылықтар Ж. Тәтиев пен С. Аманжолов өз өнерлерін көрсетті. Қай халық болсын ұлдарының денсаулығы мықты, күшті де денелі, күш сынасқанда қарсыласын алып жығар әдіс-айласы мол болғанын қалайтыны белгілі.

Қай елді алсақ та, онда өзіндік ерекшелігі бар күрес өнері дамыған. Біз де ата-бабамыз мұра етіп қалдырған, бүгінгі күннің талабына сәйкес өсіп, жетіліп, республикамызда кең тараған күресімізді мақтан тұта отырып, оның одан әрі дамуына барынша атсалысуға тиіспіз.

Еркін күрес болашағының өркенді бола түсуіне Қазақтың мемлекеттік физкультура институты көп ықпал жасады және бұдан әрі де белсене атсалыса бермек. 1970 жылы институтта алғаш рет еркін күрес бойынша бөлім ашылды. Осы жылы еркін күрес ережесі қайта өңделіп, бүгінгі талапқа сай жетілдірілді. Спорт өнеріміз — еркін күрес ережесін қайта өңдегендер: Қазақ мемлекеттік педагогикалық қыздар институтының физкультура кафедрасының меңгерушісі, доцент М. Р. Рақымқұлов, Қазақтың физкультура институтының күрес кафедрасының меңгерушісі, Қазақ халқының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, доцент міндетін атқарушы П. Ф. Матущак, осы институттың күрес кафедрасының аға оқытушысы, спорт шебері, Қазақ халқының еңбек сіңірген жаттықтырушысы С. Қ. Сатыбалдиев, Қазақ күрес федерациясының мүшелері спорт шеберлері К. Р. Байдосов, А. Қ. Қазымбетов, А. Р. Ғабсаттаров, Ә. Р. Айханов, М. Сұлтанбаев, Л. Өтешов.

Еркін күрестен тұңғыш рет Қазақ спорт шеберлері атанғандар — Есімов, Садықов және Оразбеков болатын. Ал, олардың ізбасарлары жыл сайын көбейіп келеді. 1973 жылы Ташкент қаласында күрес түрлері бойынша Орта Азия республикалары мен Қазақстан біріншілігі өткізілді. Бұл жарысқа Қазақстан құрама командасының палуандары да қатысты. Бұл біріншілікте тұңғыш рет аса жеңіл салмақта Қазақ мемлекеттік физкультура институтының I курс студенті, ұлттық күресімізден Қазақстан құрама командасының мүшесі, Қазақ спорт шебері Мейірхан Аманбаев жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион атанды. Жеңіл салмақта Қазақстан құрама командасының мүшесі, Қазақ спорт шебері Рашид Сапарғалиевта(Семей облысынан) жеңімпаз атанып, чемпион тәжін киді.

Қазақстан Республикасы тәуелсдік алғаннан кейін еркін күрестен қазақ палуандары көптеген жетістіктерге жетті. Солардың ішінде: 1994 жылы Жапония мемлекетінің Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында Мамыров Маулен ағамыз 1 – ші дәрежелі орынға ие болып қазақ еленің туын көкке желбіретті. Сонымен қатар Ислам Байрамуков 3 – ші дәрежеге ие болды. Одан кейі 1996 жылғы АҚШ – ның Атланта қаласындағы 26 – шы жазғы олимпиада ойындарында Мамыров Маулен 3 – ші дәрежелі орынға  ие болды. Осы жазғы ойындарда еркін күрестен жүлделі  орынға ие болған дәл осы Мауленов Мамыр ағамыз. Одан кейнгі Олимпиада 2000 жылы Австралия мемлекетінде Сидней қаласында өтті. Бұл додада Мамыров Маулен 6-орынға, Байрамуков Ислам 2-орынға ие болды. Осы жарыстан кейн қазақ палуандары 2001 жылы Жапония еліндегі Осака қаласында өткен  Шығыс Азия ойындарын сәтті өткізді. Бұл жарыста Маулен Мамыров пен Байрамов Ислам 1-орынға ие болып туымызды желбіретсе, Лалиев Геннадий мен Круглиев Магомед күміс жүлдені қанағат тұтты. Өзіміздің ағаларымыз Құрамысов Мадияр мен Денгелбаев Берік 4-5-орындарды иеленді.

Қазақстан Республикасының бірінші жазғы спортакиадасы, Өскемен қаласы 54кг.

1-орын Мамыров Маулен Алматы облысы 1970;

2-орын Оразгалиев Асет Ақтөбе облысы 1989;

3-орын Даукенов Ербол Алматы облысы 1978.

58кг

1-орын Ибрагимов Абиль Ақтөбе обл 1981ж;

2-орын Исабаев Талгат Жамбыл обл 1969ж;

3-орын Курмыков М. Алматы обл 1978ж.

63кг

1-орын Бозкеев Исмаил Қарағанды обл 1973ж;

2-орын Денгельбаев Берик Алматы обл. 1974ж;

3-орын Бабуреков Манар Жамбыл обл. 1974ж.

69кг

1-орын Сутоянин Вадим Қарағанды обл. 1977ж;

2-орын Оразалинов Ерганат Павлодар обл. 1977ж;

3-орын Акылбеков Сайтбек Қызылорда обл. 1982ж.

76кг

1-орын Бидайкенов Бауыржан Жамбыл обл. 1980;

2-орын Якуев Я. БҚО. 1974ж;

3-орын Османов С. ШҚО. 1982ж.

85кг

1-орын Куруглиев Магомед Маңғыстау обл. 1974;

2-орын Момутов Жумагали ШҚО 1984;

3-орын Катаев Нуржан Қарағанды обл. 1983ж.

97кг

1-орын Абдуллаев Есалы ОҚО 1983ж;

2-орын Байрамкулов Ислам Жамбыл обл. 1971ж;

3-орын Светковский Андрей Алматы обл. 1983ж.

130 кг

1-орын Байрамкулов Расул Жамбыл обл. 1974ж;

2-орын Сергеев Алексей Павлодар обл 1981ж;

3-орын Мамедов Ислам Қарағанды обл. 1978ж.

 

 2003 жылы  Нью – Йорк қаласында өткен әлем біріншілігінде қандасымыз Оразғалиев Бауыржан 9-орынға ие болып Афина Олимпиадасына жолдама алды. 2004 жылы Афина Олимпиадасында Еркін  күрестен Лалиев Геннадий 74кг-да 2-орын, Сперидомов Леонид 4-орын Бауыржан Оразғалиев 19-орынға ие болды. Еркін күрестегі жаттықтырушы бапкерлер осы натижені қанағат тұтты.

 Одан кейінгі Олимпиада 2008 жылы Қытай елінде Пекин қаласында өтті. Бұл Олимпиадада қазақ палуандары орташа нәтиже көрсетті. 55кг салмақта Жасұлан Мұхтарбекұлы 16-орын Бауыржан Оразғалиев 12-орынды  қанағат тұтты. Жарыстың соңғы күндері бапкерлерімізді және елімізді қуантып Лалиев Геннадий 2-орынға ие болса Марид Муталимов 3-орынға ие болды. Осы Олимпиададан кейін қазақ палуандары айтарлықтай бір-екі жыл жеңістерге жете қойған жоқ тек 2011 жылдан бастап Алтай Танабаев және Руслан Умралиев бастаған құрамамен жақсы жетістіктерге жете бастады. Мысалы айтатын болсақ, 2011 жылы Өзбек еліндегі Ташкент қаласында Азия біріншілігінде Дәурен Жұмағазиев алтын жүлдеге ие болды және Қанат Бердеев күміс жүлдеге ие болды. Одан кейн жазғы әлем біріншілігінде Түркиянын Стамбул қаласында қазақ палуандары бес бірдей жүлдеге ие болды. Соның ішінде Дәурен Жұмағазиев пен Дәулет Ниязбеков қола жүлдеге ие болып қазақ елінің күресі жақсы екенін танытты және бұл жарыста жүлдеге ие болған палуандар 2012 жылғы Лондонда өтетін Олимпиадаға жодама алды. Ресей Федерациясының Махачкала қаласында еркін күрестен қазақ палуандары командалық 2011 жылғы әлем біріншілігінде 7-орынға ие болса, 2012 жылы Әзербайжан елінің Баку қаласында өткен командалық әлем біріншілігінде 5-орынға ие болып қуантты. Бұл жарыста қазақ елінің намысын қорғаған палуандар:

 

Расул Қалиев

Дәулет Ниязбеков

Бакеев Амандық

Османов Сифаддин

Спиридонов Леонид

 

Алихан Джумаев болды. Осы 2012 жылға Лондонда өткен жазғы Олимпиадада  Ақжүрек Танатаров қола жүлдеге ие болды. Осы Олимпиадада еркін күрес  бапкерлері Ақжүректің қола жүлдесіне қанағаттанды. Одан кейнгі жарыстар 2013 жылы Индияда Азия біріншілігі өтті. Бұл жарыста сайысқа түскен палуандар:

 

55 кг-да Расул Қалиев

60кг-да Даулет Ниязбеков

66кг-да Амандық Бакеев

74кг-да Жигер Закиров

84кг-да Жанболат Мағзумов

96кг-да Ералы Абдрашев

120кг-да Дмитрий Попов

 

Бұл жарыста Расул Қалиев пен Даулет Ниязбеков қола жүлдені иеленді. Осы жылы Венгрия елінде Будапешт қаласында өткен әлем біріншілігінде палуандарымыз елімізге жүлдесіз оралды. Тек қана Расул қалиев үздік бестікке енді.

     Одан кейін 2014 жылғы жарыстарда палуандарымыз жақсы өнер көрсете бастады. Иран елінде өткен Халықаралық жарыста Даулет Ниязбеков алтын жүлдеге ие болды, Расул Қалиев пен Даулет Шабанбай 2-орынға ие болса, Дәурен Жұмағазиев 3-орынды иеленді. Беларуссия елінде Минск қаласында өткен жарыста Оқасов Саятбек алтын жүлдені иеленді, Бердақ Пырымбаев 2-орын иеленсе, Жігер Закиров, Асылан Хакидзе, Бакеев Амандық 3-орынға ие болды. Ал өзіміздің Астана қаласында өткен Азия біріншілігінде Расул Қалиев топ жарып алтын жүлдемен елімізді қуантты. Аслан Хакидзе күміс жүлдеге ие болса Даулет Шабанбай  мен Даулет Ниязбеков қола жүлдені қанағат тұтты.

 

3.2. Жаттықтырушыларға  арналған 

оқу  әдістемелік  құралдар

 

 Бұл оқу-әдістемелік кешен күрес пәнінің (еркін, грек-рим, қазақ күресі) мақсаты мен міндеттерін анықтайды, бөлімнің тақырыптық жоспарын, студенттердің өздік жұмысы тапсырмасының жүйесін, өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмаларын, емтихан сұрақтары тізімін мазмұндайды. Дене тәрбиесі және спорт факультеті студенттеріне арналған.

Пререквизиттері:

Бұл пәнді оқығанға дейін дене мәдениеті тарихы, спорттық күрес, жеңіл атлетика, адам анатомия, адам физиология, спорт психологиясы, таңдап алған спорт түрінің негізі сияқты пәндерді қарастырып өткендері абзал.

Постреквизиттері :
Пәнді оқу соңында Күреспәнінен (еркін, грек-рим, қазақ күресі), мақсатқасай бөлім сұрақтарымен жанжақты таныстыру.

Пәннің қысқаша мазмұны: 

Еркін күрес тарихы. Еркін күрес өз бастамасын ағылшындардан алады. Ағылшын еркін күресінде ( кэтчгольд ) шолақ шалбар киіп күрескен, қарсыласына әртүрлі захват жасай отырып, аяқпен әдіс жасайды, жауырынын жерге тигізгенше уақытқа бағынбай күресіп, жеңіске жетеді. Баскезінде кәсіпқой спорт ретінде таралды, XVIII ғасырда американдықтар әлемдік денгейге көтерді. Сол себепті америкалық еркін күрес атанды.
Америкалық кәсіби еркін күрес (реслинг) – АҚШ, Франция, Италияның кәсіби палуандары арасында кең тараған. Күрестің бұл түрінде күрестің қарапайым киімін киіп күрескен, тұншықтыру әдістерін қолданған. Қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, жеңіске жеткен. Палуандар күресуге шығар алдында канша уақыт күресетіндеріне келісіп алған. 
1904 жылы АҚШ-ның Сент-Луис қаласында өткен ІІ-Олимпиадалық ойындар бағдарламасына бірінші рет еркін күрес кіріп, 47.6,52.1, 56.7, 61.2, 65.7, 71.6, 77.6 салмақ категорисындағы палуандар күресіп, барлық салмақ бойынша АҚШ палуандары жеңіске жеткен. 

1955 жылы елімізде еркін күресті дамыту мақсатында Қазақстан спорт комитеттінің басшылары П.Ф. Матущакты шақыртады. Жоғарғы деңгейлі палуандарды дайындауға А. Купцов пен Х. Гиоев те үлкен үлес қосты. Еркін күрестің елге тез таралуының басты себебін мынадан көруге болады, еркін күрес қазақтың ұлттық күресі қазақ күресіне өте ұқсас. Екеуінде де ұқсас, жақын техника элементтері қолданылады. К. Байдосов Кеңес Одағының Қазақстандағы бірінші спорт шебері болды, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушылар А. Айханов, А. Габсаттаров, А. Бугубаевтар Кеңес Одағының біріншілігінің жүлдегерлері мен чемпиондары атанды, ал М Мамыров Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болды.
Грек-рим күресінің даму тарихы. Палуандардың күрес өнері көпжылдық тарихы бола отырып біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жыл бұрын бастау алған, көне Грецияда пенталонның бір түрі ретінде дамып, адамның жылдамдық, төзімділік, ептілігін дамытып және әскерді дайындаудың негізгі құралы болды.

Панкратион – гректердің күрестерінің көне түрлерінің бірі. Бұл күрес түрінде қысқа шалбар киіп, аяқпен жұмыс жасап, қолға және аяқтан ұстап әдіс жасап күрескен, қарсыластың жауырынын жерге тигізіп жеңіске жеткен, уақыт шегі жоқ. Күрес әрі қарай дамуын Франциядвн алып, сол себепті күрестің бұл түрі әлемде француз күресі ретінде танылды. Бірінші рет,1848 жылы Монтенье көшесінде күрес аренасы ашылды, француздар күреске қатты қызығушылық танытты. Көлемі жағынан үлкендеу екінші арена 1867 жылы ашылды. 1905 жылы әлем біріншілігі өтті, мұнда Иван Поддубный бірінші орын, Қажымұқан Мұңайтпасов екінші орын алды, осы арқылы әлемде мықты палуандардың бірі екендерін дәлелдеді.
Қазақ халқының палуаны, біртуар батыры Қажымұқан Мұңайтпасов бұл күрес түрінен 4 рет әлем чемпионы атанды.
Алғашқы рет 1896 жылы Афинада өткен олимпиада ойындары бағдарламасына классика түріндегі күрес еніп, палуандар салмақ мөлшеріне қарамай күресті, чемпион атағын Германиялық палуан К.Шуман, күміс медальды Грециялық Г.Цитат жеңіп алды.  Қазақстанда грек-рим күресінің дамуы Ұлы Отан соғысынан кейін бастау алды. Күрес өнерінің дамуына Қазақстанда П. Ф. Матущак үлкен үлес қосты. Қазақ дене тәрбиесі институтында күрес бөлімін ашып, осы арқылы күрестің дамуына себепкер болды. Дене тәрбиесі институты күрестен мамандарды дайындау орталығына айналды. Осы жерден үлкен спортқа екі дүркін олимпиада ойындары чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Европа чемпионы В. Резанцев, олимпиада ойындары чемпионы Ж. Үшкемпіров, Ж. Серіков, әлем, Европа, Азия чемпионы, екі олимпиада жүлдегері, жеті дүркін Кеңес одағының чемпионы Д. Тұрлыханов, әлем чемпионы Б. Байсейтов жолдама алды. Қазақша  күрестің даму тарихы. Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың көне авторларының жазуынша, Қазақстанның даласы мен таулы айқаптарында сақ, массагет, исседондардың көптеген тайпалары өмір сүрген. Тайпалар арасында және рулар арасында қақтығыстар туындап, тайпалық одақтар құрыла бастады. Бұл туралы тек археологиялық материалдардан ғана емес, жазбалардан да байқауға болады. Бұл қолжазбалар, археологиялық зерттеулер Қазақстанның басты аумағын біздің дәуірімізге дейінгі VII–IV ғасырларда жайлаған тұрғындар, алып тайпа сақтықтар екенін көрсетеді. Олар одақ құрып, көшпелі өмір кешті және мал шаруашылығымен айналысты. Көне грег жазушысы Клавдий Элион жазады сақтарда мынандай салт болған, жігіт тек күресте жеңіске жеткен нен соң ғана үйлене алатын болған. Италияндық Марко Поло Орта Азияға саяхаты кезінде былай деп жазады, сақтар үшін күрес әскери-қолданбалы жаттығу болған, бойжеткендер жас жігіттермен тең дәрежеде күрескен.

Король Кастилии Генрих-ІІІ тапсырмасымен Орта Азияда болған уақытында Рей Ганзалесс Клавдио құнды деректер келтіреді. Атақты қолбасшы Тимурдың сарайында ол белдесу күресін тамашалайды. Бұл 1403-1406 жылдары болған, байқағанымыздай белдесу күресі өте ертеден бастау алады. 

Ертеде қазақ күресі салмақ дәрежесіне қарамай өткізілген, бұл қатысушыларға тең жағдай тудырмады. 1938 жылы Алматыда бірінші колхозшылырдың республикалық спартакиадасы өтті. Спортакиада бағдарламасына қазақша күрес күресі енгізілді. Тарихта бірінші рет бұл ұлттық спорттық ойын біріншілігі үш салмақ категориясы бойынша өткізілді.( жеңіл салмақ 65 кг дейін, орташа салмақ 76 кг дейін, ауып салмақ 76 кг жоғары).

1952 жылы Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында Орта Азия және Қазақстан республикаларының кезекті спортакиадасы өтті. Спортакияда бағдарламасына ұлттық күрестен жарыс енгізілді. Бес туыстас республикалар арасынан ұлттық күрестен жарыс ережелері негізі ретінде қазақ күресінің ережелері алынды, өйткені бұл күрестің жарыс ережелері спорттық күрестің классикалық түрлеріне біршама жақынырақ.
1955 жылы сегіз салмақ категориясы енгізілді және қазақ күресі күресіне ережелер шықты. Бірінші қазақ күресінен жазба ережелердің авторы М. Рахымқұлов.

Күрес пәнінің негізгі мақсаты (еркін, грег-рим, қазақ күресі) – дене тәрбиесі және спорттың түрлі құрылымында өздік жұмыстарына керекті кәсіби-педагогтық білімді, дағды мен шеберлікті қалыптастыру. 
Оқытудың міндеттері:

— студенттердің кәсіби-педагогтық дағдыларын дамыту;
— оқытудың әдіс-тәсілдік іс-әрекет әдістемесін оқыту, физикалық тәрбие беру; Педагог мамандығына тұрақты қызығушылықты қалыптастыру.
Күрес пәні курсы (еркін, грег-рим, қазақ күресі) студенттерге теория мен әдістемені оқытуды қарастырады. 

Күрес пәнінің практикалық сабақтарында (еркін, грек-рим, қазақ күресі) күрестің әдіс-тәсілдерін үйреніп, күрес әдістерін жасап, жаттығу түрлері жасалады. Бұл сабақтарда студенттер қорғану әдістерін меңгереді, қиын әдістерді жасап үйренеді. Студенттердің өздік жұмыстары әдебиеттермен танысу, рефераттар дайындау, курстық жұмыстар мен жаттығуды жоспарлау, күнделік жүргізу, ғылыми-зерреушілік жұмыс жүргізу, жарыстарды көру және талдау жасау, қоғамдық жұмыстарға қатысудан , т.б тұрады.

 

 

3.3. Қызықты  мәліметтер

 

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

Өмірі. Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел деген ауылда дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде, оның 1886  жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан,  орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған.  Сөйте жүріп,  күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған.

Былай басталатын өлең жолдары оның сал-серілігінен де хабардар етеді:

Атандым Мұқан палуан, бала жастан.

Ішінде күштілердің болдым астам.

Талай-талай жерлердің дәмін татып,

Өтті дәурен осылай біздің бастан

 

Сонда сол циркте жеңген палуан, ең соңында жеңген палуан мен Қажымұқан күреске түседі. Оны жыға алмайды, дегенменен халық арасына танылады. Злобин деген цирктің қожасына ұнайды да, бұл жаңағы барлық зерттеулерде жазады ол «Ваня ағай» деген атақты алғашқы кәсіби  Санкт-Петербордағы мектепті ашқан атақты Лебедевке хат жазып жібереді. Сол арқылы ол сол жаққа барады. Сол жақта үш жылдай дәріс алады. Содан кейінгі өмірі Қажымұқанның үлкен өрісте болады, биіктей түседі жылдан жылға.

Талас аға жалғайды. Сонда ол орыстың көптеген палуандарымен танымсып, дос болады. Олардың ішінде Иван Поддубный, Иван Шемякин сияқты мықты мықты дүние жузіне белгілі жауырыны жерге тимеген, Иван Зайкин тәрізді балуандар бар, Шульц деген палуан осылармен тек қана күресіп қана қойған жоқ, рухани жағынан жақындасып, ұзақ жылдар дос болды.

Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Сол кездегі саясат бойынша, бізде тек орыстар ғана емес, жапондықтар да күреседі деген жарнамалар жасалып, Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған.

1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды.

1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте ол Америка чемпионы атанады.

1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбұлға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық , ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады.

Ол поляк қызымен отау құрған. Омбыда мешітке апарып, оған Бәтима деген ат беріп, мұсылман дініне кіргізген. Патша үкіметі құлаған соң, балуанның отбасы азамат соғысы мен аштықтың салдарынан біраз сергелдеңге тап болады.

1937 жылы Қажымұқанның ізіне ІІХҚ қызметкерлері түсіп: «Бұл патшаның адамы, оның қолынан медаль алған, сыйлық алған сыбайласы» — деп қудалауға ұшыратады. Сол себепті Қажы Мұқан отбасын тастап, Түркістан мен Өзбекстанда бас сауғалайды. Өмірінің соңғы кезеңі Түркістан жерінде өтеді.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» — деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша табады.

Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, 50 шақты медальдің иесі болып, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың нағыз хас батыры.

Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Ленин туы колхозында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған. Оның төрт әйелінен тараған ұрпақ Түркістан мен Ақмола өңірінде өмір сүруде.

Қосымша Ол ағамыз ең алғашқы лақап аты Муханура, Лебедев мырзада дәріс алып күрес өнерін дамытқан еркін күрестен әлемнің бірнеше дүркін жеңінпазы француз күресінен өзімен бірдей дәрежеде күресетіндер еркін күрестен бәрі бастарын идірген.

Жетістіктері

 

Қажымұқан Мұңайтпасұлы.

 

Ең алғаш рет ірі табысқа Қажымұқан Харбин қаласында өткізілген Халықаралық турнирде қол жеткізеді. Мұнда ол бірінші орынға ие болып, өңіріне алтын медаль тақты. Кейбір деректерде бұл турнир 1905 жылы өтті делінеді.  Белгілі басты оқиға — Қажымұқан «Жиу-Житсу» бойынша күресіп, турнирде бірде-бір рет жеңілмегені, үлкен алтын медаль жеңіп алғаны.

Харбин сапары Қажымұқанның даңқын аспанға көтереді. Енді оны «Маньчжурия» чемпионы деп атап кетеді, әрі «Мухинура» деген лақап ат беріледі. Қажымұқанның мұнан басқа да бірнеше лақап аттары болған. Солардың ішінде Октябрь революциясына дейін осы «Мухинура» деген лақап аты сақталып келді. Революцияға дейін ол қатысқан чемпионаттарды ұйымдастырушылар, сол замандағы жағымпаз баспасөз өкілдері, біресе «жапон» деп, біресе «маньчжур» деп, мүмкіндігінше «қазақ» екенін айтпауға тырысты. Мәселен, 1909 жылы Қажымұқан атақты эстон балуаны, әлем чемпионы Георг Лурихтың тобында күресіп жүреді. Лурих өз тобының жетекші балуандары жөнінде айта келіп, Қажымұқан туралы: «Шығыс ұлы жапон „Мухинура“ ол сирек кездесетін мықты балуан, күресте қайтпайтын бірбеттігі, далаға тән қайсарлығымен және ызақорлығымен ерекшеленеді» — деп жазған.

1910 жылы Америкаға, Еуропаға орыс балуандарының үлкен бір тобы аттанады. Сөз арасында айта кететін бір жайт, — бұл сапарда Қажымұқанға еріп, әйелі Надежда Николаевна Чепковская да бармақ болған. Бірақ аяғы ауыр болуына байланысты Португалия порты Лиссабонда кемеге көтерілуіне рұқсат етілмейді. Жергілікті тәртіп бойынша, екіқабат әйелдерді мұхит кемелеріне мінгізбейді екен. Қажымұқанның өзі Бәтима деп атап кеткен Чепковская цирк актрисасы болған, әрі ерінің кәсіби күрестегі талай тамаша жеңістерін өз көзімен көрген.

Осы сапарда Америкаға  барған  балуандар бірнеше шағын топтарға бөлініп, әр жерде күреседі.  Оңтүстік Американың ірі-ірі қалаларында  күш сынасады. Олардың әсіресе Аргентина астанасы Буэнос-Айреске барған сапары сәтті болады. Қажымұқан бұл сапардан үлкен алтын медальмен оралады. Бірақ Қажымұқанның Америкада күрестің қай түрінен өнер көрсеткенін анықтаудың әзірше сәті түскен жоқ. Оның Американың еркін күрес түрі бойынша сайысқа түсу әбден ықтимал деген пікір бар. Себебі олай деуге негіз бар. Қажымұқан өзін әрқашан да еркін күрестен мықты сезінген де, франсузша күрестің техникасына шорқақтау болыпты.

Қажымұқан Оңтүстік Америкадан 1910 жылдың аяғына таман оралған сияқты. Олай дейтін себебіміз: ол 1910 жылдың желтоқсанында, 1911 жылдың қаңтарында Мәскеуде өткен Халықаралық чем¬пионатқа қатысады. Бұл жолы Қажымұқан Разумовтың, Шнейдердің, Иогансанның, Винтердің, Апполинның жауырындарын қысқа уақытта кілемге тигізген. Осы чемпионатта сол заманда аты дүрілдеп тұрған Циклоппен ұзақ алысады. Айқас 20 минутқа созылып, тең аяқталған. Чемпионаттың жетінші күні Қажымұқан Әлем чемпионы Лурихпен кездеседі. 20 минутқа созылған бұл қиын белдесу еш нәтиже бермей, тең аяқталады. Ертеңіне Лурих қазақ балуанын тағы да кілемге шақырады.

Белгіленген уақытта Лурих тағы да жеңіске жете алмайды. Әккі Лурих қулыққа көшеді, ақыры ақшаға сатылған төрешілер Лурих жеңді деп хабарлайды. Күресті тамашалауға жиналған көпшілік бұл шешімге келіспейтіндіктерін білдіріп, үлкен шу шығарады. Жарысты ұйымдастырушылар кілемді тастай қашады. Төрешілердің Қажымұқанға қарсы ойлап тапқаны — ол «жарыс ережесін бұзды» деген сылтау.

1911 жылдың сәуірінде Петербургте күреске қатысады. Бұл жолы чемпионатқа қатысушылар арасында Рауль де Раун мен Георг Лурих та болады. Әділетсіздік бұл жолы да Қажекеңнің алдынан шығады. Чемпионаттың жарты жолында баяғы әуен қайталанып, «жарыс ережесін бұзды» деп тағы да жарыстан шығарып тастайды. Петербург чемпионаты аяқталар-аяқталмастан, оны Польшаның астанасы Варшавада өтуге тиісті Халықаралық жарысқа шақырады. Осы жарыс жайында Бәтима жеңгей былай деп еске алады:

Бұл есте қаларлықтай аты шулы жарыс болды. Қажымұқан бұл жарыста Әлем чемпионы, атақты неміс балуаны Поль Абс, әлем және Ресей чемпионы Иван Яго, неміс балуаны Шульц сияқты шебер балуандармен белдесті. Алтын медальды бұл жолы ойламаған жерден неміс Шульц ұтып алды. Қажымұқан кеудесіне кіші алтын медальды тақты, күміс медальға Лубие ие болып, атақты Поль Абс қола медальды қанағат тұтты. Жарты жылдан соң Варшава біріншілігіне қатысу үшін біз Польшаастанасына қайта оралдық. Сол кезде ұлымыз Халиолла кішкентай, жаңа ғана қаз-қаз басып жүрген кезі еді. Біз Халиоллаға бас-көз болсын деп, көршінің 16 жасар қызы — Жәмиланы ала келгенбіз. Қажымұқан бұл жолы да жүлделі орыннан көрінді. Одан жоғары орындарға чех Поспешил мен атақты Лурих ие болды. Осы жарысқа қатысқан Қытай алыбы Ли Хун Синг пен Лаубе Қажымұқаннан кейінгі орындарға ие болды. Чемпионат аяқталған соң, бәріміз ауылға, Омбыға оралдық. Ұмытпасам, осы жолы, не 1912 жылы, әйтеуір осы екі жылдың бірінде біз Қызылжар қаласына тоқтадық. Қазақ балуанының дәрежесі көтеріліп, Ресейдегі, шет елдердегі чемпионаттарда жақсы күрес көрсетіп жүргенін естіген қала тұрғындары, соның ішінде Қажымұқан жас кезінде жалшылықта болған көпес Григорий Масляков кісі жіберіп, үйіне шақырып, қонақ етті. Батыр балуанның болған жерлеріндегі күрес әңгімелерін қызыға тыңдап, көптеген сұрақтар қойды. Дастарханын жайып, сыйлы қонақтарын шақырып, Қажымұқанға, қасындағы біздерге үлкен сый-құрмет көрсетті. Мұның өзі байлығымен ғана масаттанып жүрген көпестен кедей шаруаның баласы, кешегі жалшысы, бойына біткен алып күшін, сарқылмас өнердің иесі, қазақ халқының мақтанышы Қажымұқанның Григорий Масляковтан биік тұрғанын халықтың алдында бір көрсетіп тастады. Қажымұқанның астына ат мінгізіп, маған 5 метр көк мақпал таза күмістен әшекейлеп жасаған редикюльді сыйға тартты. Біз қанша бас тартсақ та, көнбей қойды. «Бұл Қызылжарда болған кездеріңіздің естелігі болсын» деп бәйек болды. Біз Қызылжардан осылай аттандық. Сол жолы Қажымұқан үш айға жуық ел аралап, тойдумандарда болып, халқының арасында сайран салып жүрген.

Ақын  жазушылар Мұқан туралы.

Қара сөздің қадірін білетін қазақ «күш атасы» деп басқаны емес, Қажымұ­қанды атаған. Қажымұқан туралы қалам тербеген алаш қаламгерлерін түгендеп шығу да оңай емес.

Сәкен  СейфуллинСұлтанмахмұт ТорайғыровКенен ӘзірбаевНартай БекежановАсқар ТоқмағанбетовӘбділда Тәжібаев, Дихан ӘбілевСапарғали БегалинСәбит Мұқанов, Әуелбек Қо­ңы­ра­тбаев, Сырбай Мәуленов, Төлеген Айбергенов, Қадыр Мырза­лиев, Ғафу Қайырбеков, Қалмақан Әбдіқадыров, Сәуірбек Бақ­бер­ге­нов, Жайық Бектұров, Әди Шәріпов, Зейтін Ақышев, Берқайыр Аманшин, Әлімқұл Бүркітбаев, Қапан Қамбаров, Төлеген Тоқбер­генов, Мұхтар Шаханов, Жарасқан Әбдірашев, Бекен Әбдіразақов, Сабырхан Асанов, Аян Нысаналин, Құлбек Ергөбеков, Мамытбек Қалдыбаев, Захардин Қыстаубайұлы, Серік Байхонов, Жанболат Аупбаев, Әділғазы Қайырбеков, Әсия Беркенова, Есенқұл Жа­қып­беков… Орыстың көрнекті ақыны Дмитрий Мартынов, белді жазу­шы Николай Анов… Аттары аталған бір-бір бәйтеректей ақын-жазушыларға спорт журналистерін қоссақ, Қажымұқан туралы қалам тербеген адамдардың шеті-шегі жоқ екенін бағамдар едіңіз.

Қызықты мәліметтер 

  • 1944жылы осындай шоулармен жиналған 100 мың сомды — Қажымұқан осы қаржыға ұшақ сатып алып, оны Амангелді Иманов атымен атауды өтініп, Жеңіс қорына аударды. 29 қазанда мынадай жеделхат келді: «Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданы, Ақтөбе кол-зы, Мұңайтпасовқа. Қызыл Армияның Әскери күштеріне көрсеткен қамқорлығыңыз үшін менен сәлем және Қызыл Армиядан ризашылық қабылдаңыз, жолдас Қажымұқан. Сіздің тілегіңіз орындалады. Сталин».
  • Қажымұқан жерге жатқанда, оған денесінің үстіне тақтайлар орнатылып, сол тақтайлардың үстімен адамдар лық толтырылған жүк машинасы жүріп өтететін. Орнынын тұрған Қажымұқан ақсақал жүк машинасындағы адамдарды иығына отырғызып, жан-жағынан жармасып-жабысып мініп алған адамдармен оранып алған Алып құрметтеушліредің алдында әрлі-берлі жүретін.

       Күш атасын танымайды

Әр ұлттың өз дәстүріне сай  өрілген палуандық өнері бар. Жапондар сумо, дзю-до, моңғолдар ұлттық күрес, қазақта күрес, өзбекте кураш, гректе классикалық күрес дегендей күрес түрлері көп. Дзю-до, еркін күрес, грек рим күресінің түрлері олимпиада бағдарламасынан ерте орын алып, соған сәйкес бүгіндері қанатын кеңге жайды. Өздерінің ұлттық күрес түрлерін әлемдік деңгейге жеткізіп насихаттауға талпынған жапондар,өзбектер мен қазақтар талпынысы әзірге оң нәтиже бере қойған жоқ. Керісінше ұлттық күресін өз мақтанышына балап дәстүрлі нақышымен дамытып бұқаралық спорт түрі ретінде сақтап қала білген Моңғол жұрты бұл күнде олжадан кенде емес. Шілдеде тойланатын үкімет тойында астанадағы шаршы алаңға 1024, 22 аймақта 128, 365 сұмынның әрқайсысында 64, 3 мыңдай бақтардың әрқайсысында 32-ден балуан күреседі. Сонда шілдедегі бір тойда Моңғол елінің 125 мыңға жуық атан жілік азаматтары әр тарапта белдесіп күш сынайды. Жеңгені мадақ пен мақтаудың астында қалып, жеңілгені келесі тойды күтіп жігерін жаниды. Балуанын үкілеп арысқа қосқан әрбір монгол баласы үйде отырып тақымын қысып балуандарының жетістігіне сүйініп, кемшілігіне күйініп отырады.

Мен Бакеев Амандық Тыныштықұлы 1990 жылы тамыздың 10-жұлдызында Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кентінде дүниеге келдім. Мектепте оқып жүрген кезімде сыныптасымның күрескеніне қызығып 11-12 жасымда еркін  күреске бара бастадым. Еркін күреске айналыса бастағанымда оның мән-жайын түсініп, аудандық және қала аралық жарыстарға қатысқаннан кейін еркін күреске деген қызығушылық арта түсті. Осы күреспен бірнеше жыл айналысқаннан кейін 2003-2005 жылы Ақтөбе облысының жеңімпазы атанып, 2005 жылы Көкшетау қаласында өткен  Қазақстан біріншілігінің қатысушысы болдым. Осындай жетістіктерден кейін алдыма үлкен мақсат қоя бастадым. Осы мақсаттың арқасында жеткен жетістіктерім:

  • 2007 жылы Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігінде 3-орын(Тараз қ.)
  • 2009 жылы Жастар арасында өткен Қазақстан біріншілігінде 2-орын(Ақтөбе қ.)
  • 2010 жылы Ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогы 2-орын(Талдықорған қ.)
  • 2012 жылы Ересектер арасында Қазақстан Республикасының біріншілігінде 1-орын(Орал қ.)
  • 2012 жылы Командалық Әлем кубогында 5-орын(Баку қ.)
  • 2013 жылы Ересектер арасында Қазақстан Республикасының біріншілігі 1-орын(Шымкент қ.)
  • 2014 жылы Александр Медведевьтің атына арналған Халықаралық турнир 3-орын(Минск қ.)

Осындай жетістіктерден кейін еркін күреске деген құштарлығым арта бастайды, болашақта Азия, Әлем және Олимпиада жеңімпазы болуды мақсат тұтамын.

Қазақтар күресін мен өзбектер курашын әлемдік деңгейге көтереміз деп арам тер болғалы талай жылдар өтті. Біреуден ереже жымқырып біреуден киім үлгісін ұрлап ұлттық күресін жарнамалап жүргенде, ол өзі қандай күрес екенін былайғы қарапайым қазақ пен  өзбек әлдеқашан ұмытып үлгерді. Ал дәстүрлі күресін өз топырағында дамытқан моңғолдың ұлттық күреспен рухтанған ұлдары бүгінде қай күрес түрі болса да қарсылас шақ келтіретін түрі жоқ. Байрақты бәсекелердің барлығынан олжа салып жүр. Жапонның сумо күресінің тәсіліне төселіп алған моңғол палуандары Асашериү Дагвадорж, Хакухо Даваажаргал, Харумофужи Бямбадоржлар және оларға ерген 30-дай өрендер сумо алаңын еркін билеп төстегені соншалық сумоның 1000 жылдық рекордтарын тас-талқан етіп бірінен соң бірін жаңартып, жапон баласы шыға алмаған биіктердің табалдырығына келіп қалған еді. Сумоның ақ ұлуы атанған Дагвадоржыны айыпқа бұйырып әзер тайдырған  Жапондар биыл да жолсыз жаза белгілеп ақыры ұлттық күресін уақытша доғаруға мәжбүр болды. Палуандық өнердің әліппесін ұлттық күрестен меңгерген дзю-дошы Түвшинбаяр, Цагаанбаатар, еркін күрес шеберлері Наранбаатар қатарлы моңғол батырлары бүгінде кішкентай Моңғол елінің атағын аспанға көтеріп небір азулы қарсыластарын алып та, шалып та жығып жүр.

 

 

Жеңіспен өрілген дәстүр

Тамыры терең моңғол күресі осындағы аз қазаққа да жат емес. Аймағымыздың ат жақты атан жілікті азаматтары моңғолдың ұлттық күресін жатсынған жоқ. 1940-жылдары мемлекеттік тойда белдескен әрбір қазақ палуаны қайсар күш иесі екенін танытып әр жылдары аймағымызға атақ арқалап келіп тұрды. Әйгілі Әбдіғажы палуан  мемлекеттік піл атағын иеленсе, Қожағапан палуан еліміздің 5 аймағын ағалап үкімет тойында небәрі 2 рет белдесіп бірінде 5, бірінде 6 рет жығып мемлекеттік «начин» шенін еншіледі. Бұдан тыс Нұрқадыл палуан да мемлекеттік «начин» шеніне алқынбай жетті. Мемлекеттік атақ алмаса да аймақтық арыстан Дағыс, Бердіхан, Борбан, Иваныш, Қажымұқан, Мұрат қатарлы азаматтарымыздың атағы алысқа жайылды. Нұрқадылдан тура 30 жылдан кейін Бақыт палуанымыз шаршы алаңда жасындай жарқырап мемлекеттік «харцага» шенін еншіледі. Өкінішке орай қазақ баласы орталық алаңда ойнақ салып ел мерейін өсіретін ұлын содан бері 30 жыл бойы күтумен келеді. Осы 30 жылда қаншама той өтті. Қаншама буын алмасты. Әр дүбірге құлақ түріп, әр буыннан үміт күткен аз қазақ жақында ұлттық күрестің көшіне ілесіп өзіндік ойын өрнегін сала бастаған тағы бір буын қалыптасқанының куәсі болды. Олар Мұстафа Нұрланұлы, Серік Бердімұратұлы және СНГ аймағындағы қандасымыз Жанболат Қуанбекұлы атты өрендеріміз. Үшеуі де 18-ге енді толар бозбалалар. Үшеуі де жалынды. Жақында самбо күресінен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде 90 кг-дық салмақта белдесіп, еліміздің әр түкпірінен келген 20-дай палуан арасынан дара шығып бірінен соң бірі шылбыр ұстатты. Нұрланұлы Мұстафа алтыннан алқа тақса, Жанболат күміспен күптеліп, Серік қола медалды қанағат тұтты. Серік ініміз еліміздің жасөспірімдер арасындағы ұлттық күрес бәсекесінде әлденеше рет топ жарды. Мұстафа мен Жанболат та қазақ ұлының қауқары қандай болатынын өзгеге танытып жүрген ұлдар. Үшеуі де еңсегей, үшеуі де алпамса.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорытындылай келе, біз күрестің спорт әлемінде өз орны ерекше көрінетін, жекпе-жек екенін айта аламыз. Күрес басқа ұлттық спорт түрлері  cекілді бір орында тұрған  жоқ, күрес  даму үстінде. Күрес – бір орында тұрмай  әрі-қарай  жалғаса беретініне біз  сенеміз.

 Айта кетсек, күрестің түрлері өте көп. Біреулер үшін жекпе-жек  физкалық тұрғыда тәрбие болса, біреулер үшін тек әшейін көрініс болып табылады. Шындығына келгенде күрес ол дене шынықтырудағы ең бір керек спорт түрі деп білемін. Күресті мектеп жасындағы балаларға ұл деп қыз деп бөлмей, үйрету керек. Бұл тек оқушы мен ұстазға ғана емес барлық адам баласына қажет дүние деп түсіну керек. Әр адам өзі қызығатын спорт түрін теориялық тұрғыда емес, жеке тұлға ретінде таңдау керек.

Күрестің шығуы кейбір елдер үшін, мысалы Греция мен Римде жалпы физикалық шынығу тәрбие жолы болса, ал ежелгі шығыс елдерінде философиялық өөө дамыған. Мысалы ақ пен қара,  жақсы мен жаман және т.б. 

Спорттың адам ағзасының психологиясына, физикалық дамуына, аамгершілік қасиеттерінің жоғалмауына берері көп. Соның қатар жоғарыда күрестің  орны бөлек. Күрес адамға өзін еркін ұстауға, қайсарлыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, бауырмалдылыққа үйретеді.

Күреспен шұғылданған әрбір адам өзін жеке  тұлға ретінде көрсете алады. Өзінің ұлтына деген  қамқорлығы жоғары екенін дәлелдей алады. Сондықтан күрес ұлттық  тәрбиенің жоғалмауына кепіл  болатын  спорт түрі десек артық болмас  деп ойлаймын.    

Әлқисса, Олимпиада ойындары ең алғаш 1896 жылы Афиныда өткен. Күрес түрлері – содан бері төрт жылдық  доданың бағдарламасында. Тек 1900 жылғы Олимпиада ғана күрессіз ұйымдастырылды демесеңіз, қалғандарының барлығы да балуандардың қатысуымен өткен. Тіпті 2004 жылдан бастап әйелдер күресі де Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген. Дегенмен жақында Халықаралық Олим­пиада комитетінің (ХОК) Атқару комитеті бүкіл әлемнің күрес­сүйер қауымын дүрліктірген шешім шығарып, 2020 жылғы Олим­пиада ойындарының бағдарламасына енген спорт түр­лерінің арасына күресті қоспады. Бұған күрес мамандары мен балуандар аң-таң. «Бұл шешім ұлттық спортқа да ке­сірін тигізеді» дейді жанкүйерлер. Бірақ, керісінше, «күрес түрлерінің Олимпиада бағдарламасынан шет қалуы ұлттық спорттың тынысын ашады» деушілер де бар. Ендеше, көпшіліктің көкейінде жүрген осы мә­се­лені білікті мамандардың ой-көкпарына салып көрелік. Жаңаберген Қармандаев, Қазақстан күрес федерациясының бас хатшысы: иә– ХОК-тың бұл шешімі төбе­міз­ден қойып қалғандай күйге түсірді. Не айтып, не ойларымызды да біл­мей қалдық. Шыны керек, сең соқ­қандай халде жүргеніміз жасырын емес. Ақылға сыймайтын шешім. Күрес түрлерін Олимпиада ойын­да­рының бағдарламасынан алып тас­тайды деген ой ешкімнің түсіне де кіріп шықпаған шығар. Олай дей­ті­нім, күрессіз Олимпиаданың не қызы­ғы қалады? Сонау бастан Олим­пиада бағдарламасында бар. Тарихы тереңде жатыр. Ежелден келе жатқан өнер. Дегенмен Олим­пиа­да бағдарламасынан шет қалса, онда, шыны керек, ұлттық спорт түр­леріне де кері әсер етуі мүмкін. Өйт­кені халық күрестің барлық тү­рін бірдей қабылдайды.

Негізі, Халықаралық Олимпиада коми­теті мұндай шешім шығарар алдында спорт түрінің рейтингіне, көрермендерді тар­ту деңгейіне қарайды. Бірақ күрес до­да­ларында залда көрермен толып оты­ра­тынын бәріміз білеміз. Жемқорлық жай­лаған, жүлделер сатылады дейсіз бе? Ол да жай әңгіме деп ойлаймын. Өйткені боз кі­­лемге шыққаннан кейін алдыңда бір-ақ қар­­сылас тұрады. Егер жауырынын жерге ти­­гізсең, ешкім сенің жеңісіңді тартып ала ал­майды. Жемқорлықпен басқа фе­де­ра­ция­­лар секілді fila да қарқынды күресіп ке­­леді.

Күрес түрлерінің Олимпиада бағ­дар­ла­­ма­сынан тыс қалуына жол берілмейді деп ой­лаймын. Өйткені тарихын қаузамай-ақ, бүгінгі күннің жайын айтқанның өзінде fila әлемде кеңінен қанат жайған. Әлем­нің 177 елінің ұлттық федерациясы мүше. Біз де өз тарапымыздан қолымыздан кел­ген­­нің барлығын жасаймыз. Халықаралық Олим­пиада комитетінің атына ресми хат да­­йындадық. Соны жолдаймыз. Хаттың маз­­мұнында күрестің әлемге берер жақсы жақ­тарының барлығы қамтылған. Тарихы со­нау тереңде жатқанына да тоқталдық. Кө­не заманнан бері күрес кез келген до­да­ның көр­кін қыздырып келе жатқанын да атап өт­тік. Халықаралық күрес түрлері фе­де­ра­ция­сы, яғни FILA-да қарап отырған жоқ. Жа­қында Тайландтың Паттайя қала­сын­­да fila Атқару бюросының кеңесі өте­ді. Оған Қазақстан тарапынан Дәулет Тұр­лы­ханов та қатыспақ. Сол жерде күрес түр­лерінің ережелері талқыланып, да­муы­на кесірін тигізіп отырған барлық мәселе қа­рас­ты­ры­лады. Соңы сәтті аяқталып, ХОК өз шешімін өз­гертеді деп үміттенемін.

Енді әлгі мәселеге қайта тоқталайық. Егер күрес түрлері, шынымен де, Олим­пиа­­да бағдарламасынан шет қалса, онда ұлт­тық күреске қаншалықты қауіп төнеті­нін айту қиын. Алайда оның ішінде қазақ күресі өз алдына жеке дамып жатыр деп айт­­­қанымызбен, кесірі тиюі де ғажап емес. Бәрі де мүмкін. Мұндай жағдайда әлем­нің көзқарасы күрестің барлық тү­рі­не бірдей болып қалуы да мүмкін ғой. Ал қазақ кү­ресі – екі-үш жылдан бері FILA-ға мүше.

Дегенмен мына нәрсемен келісуге әлі ерте. Күрес түрлері Олимпиада бағ­дар­ла­масынан шет қалса, қазақ күресіне Олим­пиада ойындарында жол ашылады дегенге сену қиын. Халықаралық Олимпиада ко­ми­тетінің көптеген критерийі бар. Соның бар­лығына сәйкес келу керек. Ол үшін ал­дымен Азия деңгейінде барынша дамытып ал­ған жөн болар. Рас, өзіміздің төл кү­ре­сіміз Олимпиада бағдарламасынан орын алып жатса, оған тек қуанамыз ғой. Бірақ бұл жайлы ойлау әлі ертерек.

Елемес Әлімханұлы, Қазақтың спорт және туризм академиясының вице-президенті, қазақ күресінің жанашыры: жоқ

– Жалпы, күрес түрлерін, бокс, дзюдо секілді спорт түрлерін Олим­пиа­да ойындарының бағдар­ла­масынан алып тастау керек деген әңгіме бұрыннан айтылып келе жатыр ғой. Соңы қалай боларын кім білсін. Менің ойым, біреудің қай­ғы­сынан бақыт іздемей-ақ қоялық. Бәрі сәтті аяқталады деп үміттенейік. Деген­мен, шыны керек, егер Олим­пиада ойын­да­ры­ның бағдар­ла­ма­сынан күрес түр­лері алынып тас­та­лынса, бұдан ұлт­тық спорт, оның ішін­де ұлттық күрес ешқандай зиян шекпейді. Қайта тынысы кеңеюі әб­ден мүм­кін. Қазақ күресін дамытуға да кере­мет мүмкіндіктер ашылар еді. Өрісі кеңейіп, бүкіл әлемге таратуға жағдай болар еді.

Өйткені ХОК, шынымен де, осындай ше­шім қабылдар болса, күрестің бір ғана түрін емес, Олимпиада бағдарламасынан бар­лық түрін алып тастайды. Ал күрессіз Олимпиада – Олимпиада емес. Осыны пай­даланып қазақ күресін төрт жылдық до­даның бағдарламасына қосып жіберуге әбден болады. Себебі біздің күрес өте көркем, тартымды. Жанкүйерлерді өзіне тез баурап алады. Көрермендерді көптеп жинай алатын қасиеті бар. Ережесі де жақ­сы ойластырылған. Сондықтан болу ке­рек, мәселен, Әлемдік дзюдо федера­ция­сының басшылары соңғы кездері дзюдоға қазақ күресінің элементтерін қосып жүр. Осы орайда, біз дзюдо секілді басқа бел­десу түрлеріне есе жіберіп қарап отырмай, олардың алдын орап кетуіміз керек. Сол үшін алдымен қазақ күресін Азия дең­гейінде дамытып алсақ, кейін Олимпиада жай­лы да ойлауға болады. Өз­деріңіз де білетін боларсыздар, қазақ күресі қара құрлықта да қанатын жайып жа­тыр. Өте жақсы. Осылай жұмысты жал­ғас­тыра беру қажет.

Дегенмен, рас, ұлттық кү­рес бір ғана біз­­дің елде емес, көптеген өзге ұлтта да бар ғой. Моңғолдар «бөх» дейді, мол­до­вандар «трын­та» деп атайды, гректердің пан­кратионы бар, осылай кете береді. ХОК-тың әлгі шешімін пайдаланып, бар­лығы да болашақта өздерінің ұлт­тық спор­тын Олимпиада бағдарла­ма­сына енгізуге ты­рысады. Өйткені кү­рес­сіз Олим­пиа­даның қызығы болмай­тынын Халық­ара­лық Олимпиада коми­тетінің өздері де түсінеді. Келешекте еркін күрес, грек-рим күресі болмаса да, әйтеуір кү­рестің бір түрін бағдарламаларына қо­сатын шығар. Сондықтан көзге түсу мақ­сатында көптеген ел ұлттық спортын одан әрмен дамытары сөзсіз. Солардың ара­сынан үздік шығу бізге үлкен жауап­кер­ші­лікті жүктейді.

Жалпы, Халықаралық Олимпиада ко­ми­теті әлгіндей шешім шығарарда жай­дан-жай спорт түрін Олимпиада бағдар­ла­масынан алып тастай салмайды ғой. Се­бебі болуы тиіс. Яғни спорт түрінің ком­мер­циялық рейтингіне, тартымдылығына, кө­рермендерді тарту деңгейіне қарайды. Меніңше, соңғы кездері ережесін жиі ауыс­тырған грек-рим күресі рейтингін бір­шама жоғалтып алған секілді. Еркін күрес те сол сияқты. Ережелерін бірізділікке түсіріп, дұрыстай алмай жүр. Олар тек орын алу, жүлде беру жағын ғана күйттеп кетті. Негізі, адамға берер пайдасы жағын, өскелең ұрпаққа тигізер септігі жағын ой­лаулары керек еді. Қайта бұл тұрғыда қазақ күресінің бағыты дұрыс. Ережелері де жақсы бекітілген. Адамға берер пай­дасы көп. Күнделікті өмірде қолданылатын ай­ла-тәсілдер. Өзін-өзі қорғауға қажетті амалдардың барлығын қазақ күресінен табасыз. Айтпағымды түсінген боларсыз, көрермен күрестен өзіне керегін ала алған жағдайда ғана белдесулерді тамашалауға барады. Бізге тек грек-рим және еркін кү­рестің қателігін қайталамай, тек жақ­сар­ту, тартымды ету жағын ғана ойластыру қа­жет.

Сонымен, ХОК күрес түрлерін Олим­пиа­да бағдарламасынан алып тастар бол­­са, бұл ұлттық спортқа еш кесірін ти­гіз­­бей­ді. Керісінше барлық ел грек-рим мен еркін күрестің орнын басуға ты­рысып, өз­де­рінің ұлттық күрестерін да­м­ыта түседі.

Абай ОМАРОВ (коллаж) Түйін Негізі, Олимпиада бағдарламасынан шеттетілуі мүмкін спорт түрлерінің арасында үстел теннисі, таэквондо, көгалдағы хоккей және бадминтон болған екен. Күрес бұл тізімге соңғы болып енгенімен, ХОК-тың Атқару комитеті «қаһарын» күреске төгіп, енді неліктен мұндай шешім қабылдағандарын ресми түрде түсіндірмей отыр. Дегенмен, әрине, ұлттық спорт – өз алдына дамып жатқан жеке сала. ХОК-тың қандай да бір шешімі әр елдің төл күресіне қандай да бір кесірін тигізе қоймас. Оның үстіне, жасыратыны жоқ, Қажымұқан, Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков, Дәулет Тұрлыханов сынды даңқты балуандарды туғызған қазақ даласы да ХОК-тың әлгі шешіміне қарсы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕ:

  1. Купцов А.П. (под общ. ред.) Спортивная борьба. Москва. 1978. 
    2. Шепетюк М.Н. Совершенствование в спортивной борьбе. Алматы.2005.
    3. Шепетюк М.Н. Обучение в спортивной борьбе. Алматы. 2003.
    4. Туманян Г.С. Спортивная борьба. М. 1985.
    5. Туманян Г.С. Школа мастерства борцов, дзюдоистов и самбистов. Москва. 2006.
    6. Байдосов К.Р. Казахская национальная борьба. Алматы: Мектеп, 1987.
    7. Матущак П. Ф., Мухиддинов Е. М. Казахша курес. Алматы: Рауан, 1995. 
    8. Таникеев М.Т. Казахские национальные виды спорта. Современные проблемы. Алматы. 1991.
    9. Таникеев М.Т. Мир народного спорта. Алматы. 1998.
    10. Матущак П.Ф. Наследники Кажымукана. Алматы: Казахстан, 1969.
    11. Матущак П.Ф., Жолымбетов О. и др. Казахша курес: Методическое пособие. Алматы: Казахстан, 1973.
    12. Мухиддинов Е.М. Казахша курес. Алматы: Казахстан, 1984.
    13. Матущак П.Ф. Батыры на ковре. Алматы: Рауан, 1992.
    14. Рахимкулов М.Р. Казахша курес: Правила соревнований. Алматы: Каз. гос. изд-во, 1957.
    15. Галковский Н.М., Катулин А.З.(под общ. ред.) Спортивная борьба. Москва. 1968.
    16. Газета «Sport». № 4313 – 23.11. 2004., № 4418 – 22.11.2005.
    17. Қазақша курес. Жарыс ережесі. Алматы: Туран. 2002. 
    18. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы. 1990.
    19. Табаков С.Е., Новик С.А. Инновационные технологии в спортивных единоборствах. М. 2005.
    20. Матущак П.Ф., Болгамбаев М.Х. Классификация, систематика приёмов борьбы казахша курес. Алматы. 1973.

 

 

 

 

 

Қосымша №1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №2