МАЗМҰНЫ
Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..
І -ТАРАУ. Германиядағы фашистік диктатура – монополистік капиталдың билігін іске асыру қаруы……………………………………………………………………………..
ІІ-ТАРАУ. Фашистік диктатураның әлеуметтік және аграрлық саясаты.
2.1. Фашистік диктатура кезіндегі жұмысшылар мен орта топтардың жағдайы……………………………………………………………………………………….
2.2 Фашистік үкіметтің аграрлық саясаты……………………………………..
Қорытынды……………………………………………………………………………………………….
Сілтемелер……………………………………………………………………………………………….
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………
КІРІСПЕ
………. Өткен ғасырымыздың жиырмасыншы жылдарының басы мен қырықыншы жылдарының ортасында фашизм сияқты ұйымның пайда болуы адамзат алдына көптеген күрделі сауалдарды қойды. Бұл сауалдарға жауап табу мәселесі күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.
………. Фашизм — XX ғасырдағы контрреволюцияның туындысы. Ол демократиялық қозғалыстың көтерілуіне қарсы бағытталған реакция. Қоғамның қайшылықтары шиеленіскен кезде үстем тап бұрынғы нағыз реакцияшыл тәжірибелерін жинақтай отырып, қайшылықтан шығу жолын іздейді. Сондықтан бұл шараларды жүзеге асыруда оларға ұйымдасқан күш керек. Ол күш — адамзаат баласын бүрын тарихта болмаған алапат қырғын әкелген фашизм еді.
Фашизм — диктатураның басып-жаншу мен құрту жолынан басқа шарасы қалмаған кезде пайда болады және оның негізгі ұйымдастырушысы ролін атқарады.
Фашизм — интернационалдық құбылыс. Неліктен ол Еуропада пайда болды? Себебі, Еуропа демократиялық, революциялық қозғалыстың орталығы болды.
Германиядағы фашизмнің «таптық формасы» белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасты. Ол қозғалыстар мен революция дәуіріне қарсы реакция және коммунистік партиялардың дамуына жауап ретінде пайда болды. Германия мен италиядағы фашизм әлемді революциялық жарылыстар тітіркендіріп түрған кезде, яғни Еуропа экономикалық, әлеуметтік жүйедегі билігінен әлсірей бастаған кезде туды. Фашизм қоғамның дағдарысы мен жоқшылық бұқараның ашу-ызасын тудырған жағдайда дамыды. Оның қозғаушы күші — қара ниетті, шовнистік көзқарастардағы топтар болып табылады. Батыста соғыстан кейінгі уақытта Гитлердің жеке басына деген қызығушылықтың өскенін айта кету керек. Батыстағы ірі капитал иелері жас ұрпақты тұңғиыққа итермелеп, Гитлерді «күшті жеке адам» ретінде көрсетеді. Сондыктан Гитлердің адамзат тарихына қанша зиян кетіргенін анықтау өте қажет. Бұл мәселеніі шешу үшін Гитлер құрған фашистік өкіметтің саясатын, оның агресиялық мэнін, халыққа қарсы әрекет жасағанын талдау қажет. Көптеген адамдар мен болашақ үрпақ Гитлер қылмыскер, немесе кісі өлтіргіш болды ма, ол итті, немесе Вагнердің музыкасын сүйді ме деген мәселеге бейжай қарайды. Бәрінен де маңыздысы ол қалай өкімет басына келді және оның істеген ісіне кім мүмкіндік берді? Міне, осыны аяғына дейін анықтап алу тарих ғылымындағы маңызды да күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Диплом жұмысының тақырыбы да осы мақсаттан туды.
Германиядағы фашистік диктатураның алғашқы тәжірибесін талдай келіп, ИККИ XIII пленумы (1933 жылғы қараша-желтоқсан) фашизмге түпкілікті ғылыми анықтама берді. Ал, коминтерннің VII конгрессі оны одан әрі тереңдетіп, фашизмге толық талдау жасады. Міне, осы құжаттар тарихнамадағы осы мәселеніің бұдан бұлайғы мазмұнын анықтады.
1934 жылы Р.Пальм Даттың «Фашизм және социалистік революция» деген еңбегі ағылшын тілінде басылып шықты. 1935 жылы оның толықтырылған орысша нүсқасы басылды /1/. Бұл халықаралық фашизмге теориялық талдау жасауға тырысқан бірінші ғылыми еңбек болды. Еңбектің құндылығы сол, онда фашизм еңбектің өне бойына империализмнің жалпы экономикалық және саяси мәселелерімен байланыстырылды. Алайда, ол мемлекеттік-монополистік капитализмге өту міндетті түрде фашизмге әкелді деп жалған пікір айтты.
Кейбір еңбектерде герман фашизмнің ерекшелігі бірінші кезекте қаралып, оны монополистік реттеу, әскери экономиканың қарыштап дамуы, әскери шараларды жүзеге асыру сияқты күрделі міндеттерді орындаудағы фашистік диктатураның ролі басым көрсетіледі. Осындай еңбектің бірі — 1960 жылы шыққан Г.Л.Розановтың монографиясы/2/. Ол фашистік диктатураның ішкі, сыртқы саясатын жан-жақты талқылады. Автор бірінші кезекте фашистік террордың мемлекеттік жүйесінің пайда болуын ашып көрсетті, фашизмді өкімет басына әкелеген герман монополистерімен өзара қарым-қатынасын қарастырды.
1967 жылы А.А.Галкиннің өте маңызды зерттеуі пайда болды/3/. Ол капиталистік қоғамдағы фашизмнің әлеуметтік-экономикалық және саяси орынын ашып көрсетті, фашизмнің әр түрлі әлеуметтік топтарға көзқарасын, қатынасын талдады. А.А.Галкин орта топтардың фашизмнің әлеуметтік сүйеніші болғанын көрсетті, фашистердің ұзақ уақыт бойы оларды өздеріне пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық және саяси себептерін анықтады.
Алпысыншы жылдардың екінші жартысынан бастап герман фашизмі тарихының алғашқы сатылары белсенді түрде зерттеле бастады. Гитлер партиясының алғашқы кездегі тарихын, оның пайда болуының алғышарттарын зерттегендердің бірі — Д.С.Давидович/4/.
Герман фашизмі қалыптасуның алғашқы дәуірін зерттеуге А.С.Бланктің бірнеше еңбегі арналған/5/. Ол фашизмнің пайда болуының қозғаушы күштерін, нацистік партияның қалыптасуын, шамамен жиырмасыншы жылдардың ортасына дейінгі уақытты қамтып көрсетеді. Автор нацизмнің рухани тірегіне, идеологисының қалыптасуы мен әдістеріне, таралуына, оның белгілі бір әлеуметтік топтарға әсеріне көп көңіл бөлді.
Фашизмнің пайда болуы туралы мәселеге және оның тарихнамасына көп көңіл бөлген автор — Л.Ю.Рахшмир/6/. Ол фашизмнің пайда болуын жеңілдеткен әлеуметтік-экономикалық жағдаймен қатар «рухани күш» берген факторларды атайды. Фашизмнің бүқаралык базасын сақтап қалудағы үгіт-насихат жұмыстарының әдістері мен диктатураны күшейтуге бағытталған шараларын, фашистік тәртіптің құлауының саяси мәселелерін қарастырған Г.Н.Горошкова болды/7/.
Герман фашизмінің тарихындағы үлкен мәселеніің бірі — аграрлық саясат пен шаруалардың жағдайы. Бұл мәселемен негізінен монографиялары жетпісінші жылдардың соңында жарияланған А.Аникеев айналысты. Бұл еңбектерде бүрынғы Герман Демократиялық Республикасының мемлекеттік архивінің, Дрезденнің жер туралы архивінен материалдар кіреді. Ол фашистік үкіметтің аграрлық саясатының нәтижесінде әр түрлі шаруа топтарының жағдайы қандай болғанына талдау жасайды/8/.
1978 жылы СССР Ғылымдар академиясы жалпы тарих институтының ғалымдары дайындаған «История фашизма в Западной Европе» деген еңбек шықты/9/. Онда бүкіл Батыс Еуропа елдеріндегі фашистік қозғалысқа талдау жасалған. Жинаққа Г.С.Филатов, Л.И.Пищберг, Г.Н.Горошкова, В.Д.Ежов, И.И.Жигалов, Б.Р.Лопухов, С.П.Пожарская, И.К.Шириня еңбектері кірді.
Фашистік тоталитарлық мемлекеттердің құрылуы және дамуы, оның саяси жүйесі туралы мәселе Ж.Желеевтің еңбегінде зерттелген/10/. Гитлердің жеке басы, психикалық ауруы шетелдік зерттеуші Эрих Фроммның еңбегінде талданды/11/.
Диплом жұмысын дайындауға пайдаланылған деректер негізінен әртүрлі құжаттар мен материалдар жинақтарынан алынды/12/. Бұл жинақтарда фашистік диктатураның ішкі және сыртқы саясатын сипаттайтын СС, гестапо сияқты фашистік ұйымдар мен мекемелердің жазалау әрекеттерін көрсететін материалдар берілген. Алайда фашистік диктатураның 1933-1939 жылдарда шығарған заңдарының мазмұнын беретін документтердің орыс тіліне аударылғандары өте аз. Сондықтан төтенше заңдарды талдағанда негізінен зерттеушілік еңбектерге сүйенуге тура келді.
Гитлерлік алапат жүйе ұйымдастырған апаттан Қазақстан халқы да сырт қалған жоқ. 1939 жылғы халық санағы бойынша қазақстанның халқы 6,2 млн. адам еді. Соғысушы армия қатарына соғыс жылдары 1.196.164 қазақстандық сапқа түрды. Патша өкіметінің 1916 жылғы тәжірибесін қолдана отырып, сталинизм Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халықтарынан және зорлап көшіріліп әкелінгендерден еңбек армиясын және арнаулы құрылыс бөлімшелерін құрды. Оларға Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырып алынды. Республикаға майдан алқабынан әкелінген , 1,5 млн.-дай адамды және зорлап көшіріліп әкелінген халықты есептегеннің өзінде республикадан армияға алу проценті жоғары болды: майданға және қорғаныс өнеркәсібіне оның әрбір төртінші тұрғыны жіберілді. Моблизациялау процентінің мұнша жоғары болуына негізінен экономиканың аграрлық сипаты, халықтың арасында шаруалардың үлес санының көптігі және индустрияның қорғаныс саласына жұмысшы күшін және Қазақ КСР-нің ауыл шаруашылығында механизаторларды брондау практикасының кеш енгізілуі себеп болоды. Қазақстандықтардың негізгі көпшілігі майдандағы армияға толықтыру ретінде, шамамен үштен бір бөлігі республикада жасақталған бөлімшелерде тіркелді. Бұлар 12 атқыштар дивизиясы, төрт атты әскер дивизиясы, жеті атқыштар бригадасы, әртүрлі әскер түрлерінің елудей жеке полктері мен батальондары еді. Олардың ішінен үш атты әскер дивизиясы мен екі атқыштар бригадасы қазақтың ұлттық бөлімшелері болып құрылды. Моблизациялық жоспардан тыс, негізінен еріктілерден құралған Бұл бөлімшелердің тең жартысы коммунистер мен комсомолдардан тұрды, олар майдандағы армияның құрамына берілгенше киім-кешекпен және басқа тисті заттармен, көлікпен және құрал-сайманмен республика бюджетінің және халықтың еркімен берген қаржыларының есебінен қамтамасыз етілді.
Республика офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жіберілді, республика жерінде түрған 27 әскери оқу орыны толық емес мәлімет бойынша 16 мың офицер даярлап шығарды.
Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт мақсаттарға жүмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, жұмысшы күші, шикізат, станок жабдықтары сондай кәсіпорындарының пайдасына қайта бөлінді.
Міне, сондықтан соғыстың тарихынан алған сабақтар мен қорытындылар қазақтар үшін де ешқашан ұмтылмауға тиіс. Соғыстардың ішіндегі ең ауыр соғыс жылдары және ең ұлы жеңіс адамзаттың онан кейінгі дамуына да ықпалын тигізіп келді.
Адамзат баласының басына гитлерлік жүйе сияқты алапат қырғын жүйе қайта айналып келмеуі үшін де біз Бұл жүйенің тарихына, оны туғызған кезеңге көз жүгіртіп, тереңірек зерттеуіміз қажет. Сондықтан, біздің Бұл диплом жұмысымыздың тақырыбы осындай игі мақсаттан туған еді.
Тақырып мақсатына орай диплом жұмысы екі тарауға бөлінді, соңғы тарау өз кезегінде екі бөлімге бөлінеген. Жалпы жұмыста мемлекеттік-монополистік каптитализмнің фашистік жүйесінің қалыптасу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
І-ТАРАУ. ГЕРМАНИЯДАҒЫ ФАШИСТІК ДИКТАТУРА — МОНОПОЛИСТІК КАПИТАЛДЫҢ БИЛІГІН ІСКЕ АСЫРУ ҚАРУЫ.
Германия бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліп қалды, сөйтіп жаңа жерлер басып алу мақсатын әскери жолмен шеше алмады. Тіпті жеңілу нәтижесінде соғысқа дейінгі билеген бірқатар территорияларынан да және саяси ықпалынан да айырылып қалды. Германия өкілдері «тонаушы» Версаль бітіміне қол қоюға мәжбүр болды.
Герман империализмінің ішкі жағдайы да нашарлады. Соғыста күйзелу, халықтың жағдайының нашарлауы, кайзерлік өкіметтің дағдарысы енді революциялық ахуалдың пісіп-жетілуіне әкелді. 1918 жылғы Қараша революциясы буржуазиялық-парламенттік жүйенің құрылуына және еңбекшілерге демократиялық бостандықтар беруге жеткізді.
Осындай жағдайда, ел Версаль келісімінің қамытын киіп, тап күресінің қызған кезінде, Германияда ұлтшыл, шовнистік, антикоммунистік бағыттағы қозғалыс пайда болды.
Басқа капиталистік елдерге қарағанда Германияның экономикасы әлдеқайда тұрақсыз болды, өйткені оның негізгі көздерінің бірі шетел, ең бастысы АҚШ пен Ұлыбритания капиталының тасқыны еді. АҚШ пен Англия империалистері табыстардан тыс өздері қосқан қаржыларынан түсірген пайдасына қосымша қосымша Германияның соғыс-өнеркәсіптік қуатын қалпына келтіруге көмектесті. Неміс монополиялары үшін реперация мәселесі мәселесінің қолайлы шешілуі осы жоспарға сай келді. 1924-1931 жылдары реперация есебіне 11 млрд. Марка төлеген Германия өз экономикасына 26 млрд. Марка мөлшерінде карыз және тікелей күрделі қаржы алды.
Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды.
Дүниежүзі халықтарының сұрапыл қанды қырғынға ұшыратқан Италия және Германия фашизміне біршама сипаттама берсек: Фашизм (итальянша fascisma деген сөзден шыққан. Байланыс, одақ деген мағынаны білдіреді.) -реакциялық саяси ағым. Оның негізгі идеологиясы шовинистік, агрессиялық бағыт болып табылады. Ол өзінің пайда болу кезінен бастап адамзат прогресіне қауіп төндірді. Фашизмнің билік басына келуімен буржуазия ашық террорлық іс-әрекет жүргізген фашистерге жол берді. Барлық фашистік режимдерге тән сипат, ол күресудің террорлық әдісімен антикоммунистік және антисемиттік бағыт ұстанды.
Ең алғашқы фашистік ұйымдар — «Фаши ди комбаттименто» (ағымның атауы осыдан шыққан.) Италияда 1919 жылы наурызда пайда болды. Ол билік басына монополистік буржуазияның және монархияның қолдуымен билік басына 1922 жылы қазанда келді.
1919 жылдың басына қарай Германияда фашистік партия пайда болды. Ол 1933 жылы 30 қаңтарда монополистік буржуазияға, рейхсвердегі реакцияшыл топтарға, юнкерлік — дворяндық топтарға сүйене отырып билік басына келді.
Осылайша билік басына келген Германия фашистік режиммінің негізгі сыртқы саясаты дүниежүзінде үстемдік құру болатын. Олар жаулап алған жерлерінде бейбіт тұрғындарға қарсы оқ атып, әлем алдында кешірілмес қылмыс жасады.
Фашизм — XX ғасырдағы көбінде Еуропалық саяси қозғалыс, мемлекетті басқарудың арнайы түрі. Ол дүниежүзі халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді. Нақты айтқанда, Германия сияқты фашистік мемлекеттер екінші дүниежүзілік соғыс отын тұтандырушылардың басты айыптылары болды. Осылайша, Германия дүниежүзінің тарихи дамуына үлкен ықпалын тигізді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 61 жыл уақыт өтсе де, оның зардабы әлі ұмытыла қойған жоқ. Адамзат тарихындағы үлкенді-кішілі соғыстардың ішінде фашистік Германия тұтандырған екінші дүниежүзілік соғысы ерекше орын алады. Бұл соғыс 50 миллион адамның өмірін қиып кетті. Адамзат тарихында үлкенді-кішілі 14,5 мың соғыстар болған екен. Бұл соғыстар 4 млрд адамның өмірін жалмап кетті. Олардың ішінде 7 жылдық, 30 жылдық, тіпті 100 жылдық соғыстар болды. Бірақ ең көп қан төгілген және ең сорақысы — 6 жылдық II дүниежүзілік соғысы. Бұл соғысқа жер шарындағы халықтарының 5/4 бөлігі қатысты. Қарулы қақтығыс Еуропаның, Азияның және Африканың 40-тан астам елінде орын алды. Бұл соғыста жаңа заман талабына сай әскери қару-жарақпен жабдықталған бірнеше миллион әскер қатысты. Егер фашистер бастаған басқыншылар жеңіске жеткенде адамзат тарихында түнек пен жабайылық орын алар еді. Бұл тарихта ең көп қан төгілген, Еуропаны қираған үйіндіге айналдырған ең аяусыз соғыс болып табылады.
АҚШ пен Ұлыбританияның герман империализмін финанстық-экономикалық жағынан қолдауында алысты көздеген саяси мақсат бар еді. Олардың ең маңыздысы Германияны Кеңестер Одағына қарсы күрестің негізгі қаруына айналдыру болды. Ал Германия империалистері өз тарапынан «Дранг нах Остен» («Шығысқа қысым») жоспарларын жүзеге асыруға қайта оралуға ниеттенді.
Неміс капиталистері шетел заемның «алтын нөсерін» индустрияны жетілдіруге пайдаланды. Германияда жаңадан қуатты монополиялар -бүкіл химия өнеркәсібін өзіне бағындырған «Фарбениндустри», «болат тресі» және тағы басқалары пайда болды. Олардың қолдауымен елде көптеген милитаристік ұйымдар құрылды. Голландиядағы, Швейцариядағы, испаниядағы және басқа елдердегі неміс монополияларының бақылауындағы кәсіпорындарда Германияға арналған соғыс самолеттері мен сүңгуір қайықтар жасалды.
Осындай жағдайда Германия өнеркәсіп өнімдерінің көлемі жөнінен Еуропаның капиталистік елдері арасында бірінші орынға шықты.
1933 жылы қаңтарда герман монополистік капиталының Гитлерге өкіметті беруі, фашизмді халықаралық қауіп дәрежесіне әкелді. Реакцияшыл шовнистік диктатура билігіне қарақшы, жыртқыш болған және империалистік жоспарын іске асыру үшін экономикалық күшіне қоса ірі әскери күш жинай алатын монополистік топтары бар ел көшті.
Фашизм мәніне ғылыми анықтаманы 1933 жылы Коминтерн Атқару комитетінің XII пленумы былай деп берді: «фашизм финанс капиталының реакцияшыл, шовнистік, империалистік әлементтерінің ашық террористік диктатурасы»/13/. Бұл анықтама негізіне таптық принцип қойылған: кім-кімге, кімнің қажетіне фашизм қызмет етеді, өз саяси билігін қай қоғамдық топ қажетіне арнап іске асырады. Монополистік капитал фашистерді өз қажетіне пайдаланатын құрал ретінде бірден қабылдамайды. Фашизм жаңа туған кезде ірі буржуазияның кейбір өкілдері оларға сенімсіздікпен қарайды. Итальян монополистік капиталы, тек сол партия мен оның көсемдерінің либерал-парламенттік билік түрі мен әдісін танып, қатал диктатура орната алатынын көргеннен кейін ғана кең көлемде және нақты қаржыландыру мен саяси көмек беру жолына түсті.
Мұндай жол Германияда да анық байқалды. Жиырмасыншы жылдары монополистік капитал фашистік диктатураға қажеттілікті көрген жоқ. Соның өзінде ірі капиталдың белгілі бір топтары нацистік партия мен оның фюрерін борлашақта керек күш ретінде қарады. Сол кезде Баварияда өнеркәсіпшілердің Гитлерді жақтайтын ірі тобы қалыптасты. Нацистер партиясы осы топқа кірген Бавар өнеркәсіпшілер одағы төрағасы Х.Ауст, «Электрохимишеверке» (Мюнхен) иесі Альберт Пити, бай кітап басушы Хого Брукман, ірі өнеркәсіп иесі фон Маффей т.б. қаржы бөлді/14/.
Қаржыландырудағы неміс банкирлерінің де ролін айта кету керек. Бұлардың арасында сол кезедегі неміс финанс капиталының ірі және негізгі өкілдері фон Штраус, Я.Шахт, Г.фон Штейн, К.фон Шредер, Ф.Рейнгард, К.Шмитт және Хилгарт болды. Банкирлер фашистік партияға ірі қарыз берді және ақша төлеу қабілеті бар екенін дәлелдеп куэлік беріп отырды. Гитлердің өкімет басына келгенге дейінгі банкирлерге қарызы 12 млн. марка шамасында болды/15/.
Сонымен ірі неміс өнеркәсіпшілерінің көпшілігі НСДАП — ты қаржыландыруға қатысты. Ал, Бұл Гитлердің өкімет басына келуіне жағдай жасады. 1933 жылы 3 ақпанда Гитлер алғаш рет үкімет басшысы ретінде (әскери басшылар алдында) сөз сөйлеп, фашистік диктатураның мақсат-мүдделерімен, жұмыс жоспарымен таныстырды. Онда авторитарлық диктатура құруға ұмтылатыны, демократия атаулыны жоятыны, дүниежүзін басып алуға үмтылатыны ашық айтылды. Сондықтан НСДАП — ты қаржыландыру Гитлер өкімет басшысы болғаннан кейін де жалғаса берді/16/.
1933 жылы 20 ақпанда рейхстаг төрағасы Герингтің үйінде Гитлер ірі монополистермен кездесті. Кездесуде жалпы саны 20-25 монополистер өкілі болды, оның ішінде Я.Шахт, Г.Крупп фон Болен, А.Фечлер, Э.Генчальман, Г.фон Жнецлер, Г.Беренс т.б. бар еді/17/.
Гитлер кеңесте парламенттік құрылысты жою бағдарламасын жариялап, НСДАП (неміс национал-социалистік жұмысшы партиясы) басшылары өз бағдарламасын сайлау нәтижесі қандай болса да іске асырады деп мәлімдеді. Ол осы бағдарламаны іске асыру үшін өнеркәсіпшілердің жаңа қаржы бөлуін талап етті. Монополистер 3 млн. марка бөлді. Буржуазияның үстемдігінің парламенттік формасын жоюға Бұл кезде монополистердің бәрі мүдделі болып отырған еді/18/. Өйткені парламенттік жүйе дағдарыс жағдайында күшіне байланысты толқуларды, халық қозғалыстарын басуға дәрменсіз болды. Сондықтан буржуазия ашық реакцияшыл диктатураға үміт артты.
Монополистік буржуазия Гитлер режимінің қол жеткен басты табысы жұмысшы табының саяси авнгардының жойылғаны деп таныды. Коммунистерді қудалау, социал-демократия партиясына тиым салу, кәсіподақтарды тарату — жаңа өкіметтің алғашқы шараларының бірі болды. өндірістерде ереуілдік күрес күрт азайып кетті, коммунистер түрмеге қамалды.
Тұтқындарды фашистердің қалай азаптап жатқаны туралы хабарлар естіліп жатты. Адамдарды үрей биледі. Ал, фашистер болса, барлық жерде жиналыс, шерулер өткізіп, масайраумен болды/19/.
Фашистік өкіметтің монополистерге қатынасын анықтайтын гитлерлік өкіметтің экономикалық саясаты болды. Гитлер өкімет басына келгесін өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік бүрынғы қалпында сақталды. Тек еврейлердің дүние-мүлкі тәркіленіп, басқарушы өкіметке берілді, немесе арилік өндірісшілерге арзанға сатылды. Жекелеген өндірісшілер фашистік немесе мемлекеттік аппаратпен келісімге келмей қалған жағдайда жеке меншігінен айырылды.
Фашистер өкімет басына келгеннен кейін негізгі қаржыландыру 1933 жылы құрылған «Адольф Гитлер» қоры арқылы жүрді. Қор басшылығын Крупп фон Болен өз қолына алды. Оған мүше болған фирма жұмысшыларға төлеген жалақысының жалпы сомасынан 0,5 процентті үнемі қорға бөліп отырды. Алғаш құрылған жылы оның ақша қоры 30 млн. маркаға жетті және жыл сайын өндіріс өсуімен бірге өсіп отырды. Бұл топтан басқа Флик пен Кеплер ұйымдастырған «Экономика достарының үйірмесі» болды/20/. Оған ең ірі деген 40 банкир және өнеркәсіпші кірді. Үйірме негізінен СС-ті қаржыландырды. Гитлер өкімет басына келгеннен кейін Кепплердің үйірмесіне келушілер санының өскені сонша, оның жетекшілері клиенттерді таңдап алуға мәжбүр болды. Осы айтылғанның бәрі фашистік қозғалыстың «ұлттық-халықтық» қозғалыс емес екендігін көрсетеді. Бұл фашистердің өкімет басындағы жүргізген саясатымен де дәлелденді. Монополиялардың экономикалық қуаты мен фашистік мемлекеттің саяси өкіметі бірігіп, финанс және өндіріс капиталы мүддесін қорғайды. Монополистік буржуазияның, юнкерлердің, фашизмнің және милитаризмнің таптық негізде бірігуі үшінші империяда реакцияшыл күштердің шексіз үстемдік алған одағын құрды. Осы одақ қойнауында үнемі дүниежүзілік ауқымдағы агрессияшыл жоспарлар туып жатты/21/.
Фашистік жетекшілер жұмысшыларды тұрақты жұмыспен және ауқаттылығын қамтамасыз етуге, шаруалардың, ұсақ дүкеншілердің, қолөнершілердің қарыздарын жойып, салықтарын азайтуға даурыға уәде берді. Олар монополиялар мен банктерді сөз жүзінде сынап, буржуазиялық демократия мен парламентаризмге шабуыл жасады, өздерінің насихатында версаль шартының Германияны кемсітіп, басқа елдермен салыстырғанда оны қомсыну жағдайына қойған статьяларды кенінен пайдаланды. Нацистер адамның жеке басын құрметтеуге қарсы шығып, мейрімсіздік пен озбырлыққа табынуды дәріптеді.
Фашистер ең алдымен ұсақ буржуазияны, одан кейін жұмысшылар мен шаруалардың біраз бөлігін өздеріне ерте білді. Бүған олар әлеуметтік даурықпа, нәсілдік сандырақ және террор арқылы жетті. Фашизмнің жаппай тірегіне айналған әлеуметтік топтар өздерінің түбірлі мүдделеріне қарсы шығып, финанс капиталының ең реакцияшыл топтарына зығырданы қайнай қызмет етті.
Жиырмасыншы жылдардың басынан-ақ Германияның кейбір өнеркәсіп және финанс алпауыттары нацистерге жаны ашып, оларға ақшалай көмек көрсете бастады.
1934 жылы Неміс өнеркәсіпшілерінің империялық одағы Крупп фон Болен мен Адольф Гитлердің кездесуінен кейін келісім жасасты. Бұл келісім бойынша Империялық одақ фашистер саясатына толық қолдау көрсетіп, мынындай міндеттемелер алды:
- Неміс өнеркәсіпшілерінің империялық одағы экономикалық жағдайды саяси қажеттілікке сәйкестендіруге қызмет етді.
- Жаңа ұйымның міндеттері империялық үкімет мақсатына сәйкес келетіндей жағдай жасау. Оның ұлттық, экономикалық жағынан да жақсы құрал бола алатындай етіп қайта құру.
Бұл екі міндет тек Неміс өнеркәсіпшілерінің империялық одағының қайта құруына ғана емес, сонымен бірге экономиканы кәсіптік-сословиелік түрде құрудың үлкен сүрақтар тобына кіреді. Сондықтан шаруашылық пен өнеркісіптің бірінші кезетегі міндеті ұйымдық көптеген қондырмаларды жойып, қарапайым және пайдалы құрылымды құру болып табылады/22/. Кеңестер Одағынан Германияға еріксіз жұмысқа 5 млн-ға жуық адам айдалды/23/. Жұмысшы күші монополиялар үшін құнсыз түрге айналды. Монополистік капитализмнің пайдасының өсуін мына цифрлар көрсетеді. Крупп концерні 1933-1934 жылдары 6,6 млн. пайда тапса, ал, 1938-1939 жылдары пайда көлемі 21,1 млн-ға жетті. «Дразнер Банктің» таза пайдасы 1933 жылы 1,6 млн. болса, 1940 жылы 90 млн-ға жетті. «Фарбениндустри» фирмасының таза пайдасы 1933-1940 жылдары 9 есе өсті/24/. Фашистік қозғалыстың өкімет басына келуіне көп қаржы берген монополистер енді өз ақшаларын еселеп қайтарып жатты/25/. Фашизм дүниежүзілік монополистік капиталдың белгілі тобының мүддесін көздегенімен Батыстың империалистік елдерімен де тіл табысқан жоқ. Герман фашизмі туында дүние жүзіне үстемдік орнату мақсаты жазылды. Демек, Гитлер Кеңестер Одағына қарсы соғысты да бүкіл империализм мүддесі үшін емес, фашистік Германияның билігін бүкіл әлемге орнату үшін жүргізді.
Қазіргі кезеңде фашистердің ірі неміс концерндерімен бірігіп жаулап алған жерлерді тонау жоспарлары туралы қүжаттар көп жарияланған. Соның бірі — Герман монополияларының Кеңестер Одағы территориясындағы өнеркәсіп пен шикізат байлығын тонаудың жоспары.
Герингтің 1941 жылғы маусымда жарияланған құпия нұсқауы -«Жасыл папкада» Кеңестер Одағына қарсы негізгі экономикалық мақсат Германия үшін азық-түлік пен мүнайды бар мүмкіншілігінше алу — деп көрсетілді/26/.
Фашистердің әскери-агрессияшыл жоспарлары монополияларға баюға көп мүмкіншілік туғызды. Бұл тек болашақ қорларын басып алып, өнімді шығару рыноктарымен шектелген жоқ. Соғысқа дайындық ретінде экономиканы милитарландыру соғысқа дейінгі кезеңде-ақ үлкен пайда түсірді. Мысалы: «Шойын тресі» алғашқы алты жылда кірісін 3,5 есе, ал Крупптің концерні осы мөлшерде көбейтуге мүмкіндік алды/27/. Монополистік капитал жұмысшы табы және басқа да антимонополистік күштер қарсылығына кездесіп отыруы заңды болды. өкімет басындағы фашистер басып-жаншу әдісімен ұлтшыл демагогия күшімен Бұл қарсылықты жоюды өз қолына алды. Буржуазия жұмысшы табының талабымен санасуды мүлде тоқтатып, бұрын мәжбүрлікпен берілген жеңілдіктерді де қайтып алды.
Фашистік диктатура орнаған кезден бастап-ақ, фашистік билікте бүкіл экономикасын бақылауға алған ірі монополиялардың қолына берген, монополияны мемлекеттік реттеу аппараты құрылған еді. Мемлекеттік-монополистік реттеу жүйесін құру екі бағытта жүрді:
1.Мемлекеттік аппаратты күшейтуге арналған төтенше заңдар шығару;
2.Экономиканың дамуын реттеуге мемлекеттің кеңінен араласуы, мемлекеттік аппарат пен монополиялардың бірігуі.Мемлекеттік аппаратты күшейтуге арналған заңдар тым реакцияшыл сипатта болды. Сондай, аса бір қылмысты қара заңдардың мысалы ретінде 1925 жылы шыққан «Мемлекетті қорғау туралы заңға» 1934 жылы, 1941 жылы және 1943 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді айтуға болады/28/.
Заңның бірінші тармағында фашистік диктатураның демократия атаулыны мүлде жоятындығын көрсететін мынадай нүсқау көрсетіді: «Барлық ұйымдар мен топтарға мемлекеттік конституция негізінде орнаған қоғамдық тәртіпті зорлықпен бүзуға немесе өкіметті зорлықпен басып алуға тиым салынады».
Екінші параграфтың бірінші бабында: «Егер, кімде-кім әскери қару мен материалды, темір жол, почта, телеграф, телефон заттарын, көпір мен шахталарды, мемлекеттік және қоғамдық үйлерді құртса, кімде-кім азық-түлік қорын тонаса өлім жазасына кесіледі немесе өмірлік қатал түрмеге отырады және 2000000 -5000000 левкаға дейін айып салынады, ал соғыс уақытында өлім жазасына кесіледі»- делінді.
16-бапта: «Егер ұйым немесе топ Бұлік, төңкеріс, террорлық әрекет, біреуді өлтіру немесе басқа да қоғамға қауіпті қылмыс жасаса, кінәлілер жауапқа тартылады. Дем берушілері, ұйымдастырушылары, басшылары
мен орындаушылары өлім жазасына, ал қалғандары өлімге немесе он жылдан кем емес уақытқа түрмеге отыру жазасына кесіледі».
8-бапта: «Егер кімде-кім көтеріліс жасауға үгіттеп, ұйымдастырып, оған армия, жандармерия, полицияны және темір жол жұмысын, почта, телеграф қызметкерлерін тартса және ол әскери міндетте болса, онда өлім жазасына немесе он бес жылға түрмеге жабылады. Соғыс кезінде екі жағдайда да өлім жазасына кесіледі».
Фашистік диктатураны күшейте түсу үшін мынадай қосымшалар енгізілді: «Біреу ауызша, не жазбаша, не баспасөзде елдің экономикалық, саяси құрылысын зорлықпен өзгерту жөнінде үгіт жүргізсе, ол адамның әрекеті қоғамға қауіпті болса, оған тек өлім жазасы кесіледі. Кімде — кім белгілі бір адаммен, топпен, ұйыммен байланыс жасап, олар шет елде қылмысты іс дайындап жатса, немесе кімде — кім шет елде белгілі топ пен адамдардың, баспасөз органдарының ұйымдасуына көмектессе, олар елдегі мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық-құқықтық тәртіпке қарсы әрекет етсе, бес жылға қатал түрме, ал соғыс уақытында өлім жазасына кесіледі». Осы заңдар фашистік диктатура кезіндегі төтенше реакцияшыл заң ретінде фашизм соғыста жеңіліп үшінші реих күйрегенге дейін күшінде қала берді.
Фашистік диктатура орнағаннан кейін мемлекеттік-монополистік капитализмнің жылдам қарқынмен даму процесін ол мемлекеттің монополистерге қарсы бағытталған саясаты түрінде көрсетеді. Жанталаса қарулануды — ол ешкімге тэуелсіз мемлекеттік аппараттың милитаристік бағытындағы дәрменсіз, бағынышты монополистерге еріксіз таңылған саясаты деп есептейді/29/.
Ал, шындығында мемлекеттік-монополистік реттеу, монополистерлің мақсат-мүдделерін қанағаттандыруға бағытталды. Техникалық жарақтандырылуы мен ұйымдастырылуы дәрежесі жағынан жоғары дамыған, аз ғана алпауыттар тобының иелігінде болған герман өнеркәсібі бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ мемлекеттік-монополистік реттеу аппаратына кірген еді, сондықтан фашистік үкіметке оны шоғырландыру, орталықтандыру, сөйтіп жаппай қарулануға қызмет еткізу қиын болған жоқ.
1933 жылы 8 ақпанда Гитлер мен Геринг экономикалық дағдарыспен күресу мақсатында жүргізіліп жатқан шараларды түгелдей соғыс талаптарына бағындыру туралы үзілді-кесілді шарт қойды. Нақты экономикалық саясат осы мақсатқа негізделді және экономика саласындағы қосымша іс-әрекеттер оның жүзеге асуына көмектесті. 1932-1933 жылдары Германияның соғыс мақсатына берген қаржысы 14,8 млрд. Маркаға ұлғайды. Көп мөлшерде қаржы жол транспортына, әсіресе қорғаныс жолдарын салуға бөлінді. Қосымша шаралардың ішіндегі тағы бір маңыздысы — экономикада жекеленген кәсіпкерлік әрекеттерді жандандыруға бағытталған реттеушілік жүйесі болды. Өндірістік және сауда орындарын көбейтуге қадам жасалды. Осы мақсатпен жеке кәсіпорындарға банктерге қарызын өтеу үшін қаржы берілді.
1933 жылы 8 ақпанда Гитлер мен Геринг экономикалық дағдарыспен күресу мақсатында жүргізіліп жатқан шараларды түгелдей соғыс талаптарына бағындыру туралы үзілді — кесілді шарт қойды. Нақты экономикалық саясат осы мақсатқа негізделді және экономика саласындағы қосымша іс- әрекеттер оның жүзеге асуына көмектеседі.
1932-1933 жылдары Германияның соғыстың мақсатына берілген қаржысы 14,8 млрд маркаға ұлғайды. Көп мөлшерде қаржы жол транспортына, әсіресе қорғаныс жолдарын салуға бөлінді. Қосымша шаралардың ішіндегі тағы бір маңыздысы — экономикада жекеленген кәсіпкерлік әрекеттерді жандандыруға бағытталған реттеушілік жүйесі болды. Өндірістік және сауда орындарын көбейтуге қадам жасалды. Осы мақсатпен жеке кәсіпорындарға банктерге қарызын өтеу үшін қаржы берілді. 1934 жылы үкіметтің декреті бойынша тұрғын жайларды қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 500 млн. марка қаржы бөлінді.
Экономикада мемлекетттік монополия реттеуді іске асыруды ұмтылған фаистік үкімет шаруашылықты дамуына әкімшілік бақылау орнатты. Осы салада қолданған шараларының бірі шетелдік ақшаны ұстауға қатал бақылау қою. Өйткені 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс салдарынан ақшаның құнының жоғалуы елдің ішкі сауда айналымын төмендетті. Егер Германиядағы ішкі сауда айналысы 1932 жылы 1072 млн. марка болса, 1933 жылы Бұл төмендеп 667 млн-ға түсті. Осы жағдайда орай шаруашылық басшылыры ішкі сауда мен шетелдік ақша айырбастау жүйесіне әкімшіліктің араласуы туралы мәселе қарауды талап етті. 1938 жылы үкімет елдің шетелге қарыздануына байланысты ақша айырбастауға уақытша тиым салды.
Мемлекеттік монополия реттеудің әкімшілік формасы баға мен жалақы төлеуді жүзеге асыруда қолданылды. Елде етек алып бара жатқан инфляцияны тоқтатуға тырысып, фашистік үкімет бағаға әсерін тигізетін басты тұтқаны — жұмысшы күші, қызмет көрсету мен товарға баға қоюды қолына алды. 1936 жылы қарашада бар салада бағаны көтеруге тиым салынды, ол 1945 жылға дейін сақталды. Мүндай шешім мезгіл өте кейбір товарлардың сатудан жоғалуына әкелді. Ресми саудамен қатар бағасы бақылаусыз алыпсатарлық сауда пайда болды. Бұл карточка жүйесін енгізуді талап етті. Алғашқы кезде ол карточка жүйесі деп емес, белгілі бір товарларды тізім бойынша беру деп аталды. Ал соғыс басталғаннан соң карточкалық жүйе ресми түрде енгізілді.
Монополистік топтар үкіметтің сауда және баға мәселеріне араласуын қолдап отырды. Өйткені Бұл шаралар дағдарыстың зардаптарын жоюға, әсіресе, ақшаның құнсыздануын тоқтатуға тиісті деп есептеді.
Сыртқы саудаға байланысты шаралар, баға мен жалақыға бақылау қою экономиканы мемлекеттік реттеудің жоғарғы формасы мемлекеттің тікелей өндірістік сферасына араласуы болуға тиісті. Бұл әрекетке негіз салған -1933 жылғы 15 шілдедегі картельдер туралы заң /31/.
Бұл заң бойынша, көптеген ұсақ және орташа кәсіпорындар монополиялық бірлестіктерге кіруге мәжбүр болды. Сол шыққан күні Гитлердің арнаулы бүйрығымен империялық үкімет жағынан «Экономикалық бас кеңесі» деп аталған орган құрылды. Бүған ең ірі өнеркәсіптің, бірлестіктердің, банктердің, сауда бірлестіктерінің және ауылшаруашылық монополияларының басшылары кірді/32/. Бірінші кезекте кезінде Гитлерге ақшалай көмек берген монополиялар мен банктер ескертілді.
Неміс өнеркәсібінің империялық одағы қайта құрылды, ең алдымен ол арий еместерден және кезінде фашистерге әртүрлі кедергі жасағандардан тазартылды /33/. Осыдан кейін Империялық Одақ неміс өнеркәсібінің империялық сословиесі деп аталатын болды. 1933 жылы маусымда оған тағы бір ізгі кәсіпкерлік ұйымы — неміс кәсіпкерлері одағының Бірлестігі қосылды. Империялық сословие жетекшісі болып Крупп тағайындалды.
1934 жылы мамырда империялық сословие империялық өндіріс тобы деп аталды. Өзінің бақылауына 10 мыңдаған ұсақ және орташа кәсіпкерлерді біріктірген монополияны қосып алды /34/.Монополистердің өздері империялық өндіріс тобын басында басқарушы кеңестері бар 7 бөлімге бөлді. Фашизм үкіметіне тек өзі бөлініп ұйымдасқан нәрсені жерлеп, заң күшін енгізу ғана қалды. Экономиканы басқару жүйесін қайта құру мұнымен аяқталған жоқ. 1933 жылдың ақпанында өкімет неміс экономикасын құрылымдық жағынан қайта құруға дайындық туралы заң қабылдады. Бұл заң экономика министріне белгілі экономика салаларын таратуға, өзгертуге және кәсіпкерлер мен өндіріс бірлестіктеріне қосуға право берді. Осы заңда берілген нұсқаулар бойынша, 1934 жылы 27 қарашада заңды іске асыру жүйесін белгілеген декрет шығарылды/35/. Декрет бойынша бүкіл Германия экономикасы алты империялық топқа бөлінді: өнеркәсіп, сауда, қолөнер, қамсыздандыру, банктер, энергетика. Бұл ірі топтардың өзі 44 жеке шаруашылық топтарына, олар 350 салалық топтарға, одан әрі 640 жеке салалық ұсақ топтарға бөлінді. Бұл топтардағы тұтқалы орындарды ірі монополиялар иеленді. Салалық ұйымдастыру территориялық ұйымдастырумен толықтырылды. Бүкіл Германия 18 шаруашылық аймағына бөлінді, әрбір аймақта шаруашылық палаталары құрылды/36/.
Мемлекеттік-монополистік реттеу жүйесінің кеңеюі шаруашылықты басқарумен айналысатын мемлекеттік мекемелер жүйесі де қайта құруды қажет етті. Атап айтқанда, империялық шаруашылық министрлігінің құрылымы өзгертілді және құрамы кеңейтілді. Бүрынғы үшінші бөлім орнына жетінші бөлім құрылды. Осы бөлімдердің кеңейтілуіне байланысты министрлікте 1933 жылы жазда бес басқарма құрылды. Әрбір басқарма бірнеше бөлімнен түрып, барлығы 17 бөлімге жетті.
Мемлекеттік реттеуге ірі монополистер қолдау көрсетті. Фашистік үкімет пен монополиялардың осындай тығыз одағының құрылуына мысал ретінде «Фарбениндустри» фирмасының 1933-1939 жылдардағы тарихын алуға болады /37/.
Гитлерлік диктатура монополистік капитализмнің әлеметтік-саяси негізінде орнығып, көп ұзамай экономиканы мемлекеттік түрғыдан реттеу жөніндегі шаралар жүйесін жүзеге асыра бастады. Көп кешікпей неміс шаруашылығының Бас советі құрылып, оның құрамына ең ірі 18 монополия мен банктердің басшылары кірді. Бүкіл ел экономикасына «фюрершілдік» жүйе таратылды. Өнеркәсіп орындары мен салаларының басында түрған капиталистер сәйкес дәрежелі «фюрерлер» деп деп жарияланып, оларға мемлекеттік үкімет өкілдерінің өкілеттілігі берілді. Олардың озбырлығына қарсылық көрсету нацистік режимге бағынбау деп есептелді. Нацистік билеп-төстеушілер ірі-ірі концерндердің акцияларына иелік етті. Ықпалды банкирлер мен өнеркәсіп алпауыттары «үшінші рейхтың» мемлекеттік аппаратындағы маңызды қызмет орындарын иемденді. Сөйтіп, монополиялардың күштері фашистік мемлекет күштеріне жалғасты. Гитлерлік Германиядағы мемлекеттік-монополистік капитализмнің негізгі белгісі соғысқа дайындалу мақсатымен бүкіл экономиканы жаппай мемлекеттік басқару болды.
Германияның экономикасын милитарландыруға Ұлыбритания мен АҚШ-тың көптеген ірі монополиялары ықпал етті. Алуан түрлі қару-жарақ өндірудің кеңінен өрістетілуі неміссоғыс концерндерін табыстың бүрын-соңды болып көрмеген өсіміне кенелтті.
Демек фашистік диктатура экономиканы мемлекеттік реттеуді іске асыру арқылы ең ірі магнаттардың мүддесінен шықты. Мемлекеттік-монополистік капитализмнің фашистік формасы монополияларға өз үстемдігінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жұмысшы табының қарсылығын тойтаруға, орасн көп пайда табуға және сыртқы саясатты өз мақсаттарына беймдеуге көп мүмкіншілік берді.
ІІ-ТАРАУ. ФАШИСТІК ДИКТАТУРАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ САЯСАТЫ.
2.1. Фашистік диктатура кезіндегі жұмысшылар мен орта топтардың жағдайы.
1918-1923 жылдары елді дүр сілкіндірген революциялық шайқастар буржуазиялық құрылыстың біршама нығайған кезеңімен алмасты. Оңшыл социал-демократтар неміс жұмысшыларының көпшілігін Германияның алдынан экономикалық және саяси прогресс жолы ашылғанына сендіре білді. Олар рейхстагта социал-демократия позицияларының нығаюына байланысты соңғылар еңбекшілер мүдделерін елеулі дәрежеде қорғап, капиталистік қанауды шектей түседі деп пайымдады. Тап қайшылығының бәсеңдеуі туралы ауылшаруашылығы өндірісінің дамуы ықпал етті.
Көп ұзамай-ақ немістің бұрынғы жер иеленген князьдары революция кезінде өздерінен тартып алынған жерлердің, орманның, банктердің құнын қайтаруды талап етті. Бұл талаптар демократиялық топтар арасында терең ашу-ыза туғызды. СДПГ басшылары халық бұқарасының қысымымен референдум өткізуге келісуге мәжбүр болды. Оның барысында 14,5 млн. сайлаушы (барлық сайлаушының 38%-і) князьдердің жеке меншігін толығымен экспроприациялауды жақтап дауыс берді. Сөйтіп, референдум солшыл күштердің қимыл бірлігінің орасан зор мүмкіндіктері бар екенін көрсетті.
Экономикалық өрлеуді пайдаланған буржуазиялық партиялар дүниежүзілік соғыстағы жеңіліс үшін кек алу идеясын ашықтан-ашық насихаттап, шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерін бағындырудың бірінші кезектегі жоспарын жасады. Социал-демократтардың жетекшілері Версаль шартының германияға қойған әр түрлі шектеулерін жою жолындағы күрес дегенді желеу етіп, монополиялардың милитаристік талпыныстарын қолдады.
1929 жылыдың аяғында басталған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Германияда едәуір күшке ие болды. Жұмыссыздық 4,5 миллион адамды қамтыды. Жалақы екі еседей азайды. Жұмысшылар ереуілдер мен демонстрациялар ұйымдастырып, өздерінің өмірлік мүделерін қорғап қалуға тырысты. Дағдарыстан қаланың орташа топтары, шаруалары қасірет шегіп, ұсақ саудагерлер мен кәсіпкерлер күйзеліске ұшырады.
Капиталистер дағдарыстың бар ауыртпалығын жұмысшы табының мойнына жүктеуге тырысты. Үкімет бірінші кезектегі кажетті заттарға салықты көбейтіп, пенсия мөлшерін азайтты, жасы 21 -ге жетпеген жұмыссыздарға берілетін жәрдемді жойды. Бұл шаралардың барлығы дерлік төтенше декреттер негізінде рехстагқа соқпай жүзеге асырылды.
Фашистік биліктің орнауы Германияның экономика жағынан терең дағдарысқа ұшырау кезімен түспа-түс келді. Сондықтан еңбекшілердің жағдайын көрсететін көптеген факторлардың мағынасы мүлде өзгеріп кетті. Мысалы, жұмыссыздардың көбеюі салдарынан еңбекакының аумалы-төкпелігіне орай жұмыссыздыкқа байланысты төленетін каржының мөлшері өзгерді және оны төлеу шарттары да қиындап кетті. Бұрынғы сақталынып жүрген жұмыс күнінің ұзақтығы өз мағынасын жойды. Жұмысшы кысқартылған жұмыс аптасынан да азап шекті, мұның өзі жұмыссыздықтың бір түрі болып табылды.
Жұмыс күшінің керексіздігі елде қара жұмыстың, яғни еңбек ақысы ешқандай келісім катынастарымен реттелмеген жұмыстың етек алуына әкеліп соқты.
Герман фашизміне тән нәрсе, жұмыс күші мәселесін шешу үшін мемлекеттік-монополистік реттеуді пайдалану. Фашистік биліктің 12 жылының — 4 жылы соғысқа жанталасып дайындалуға, 6 жылы соғысқа кетті. Фашизм өкімет басына келгеннен кейінгі бар уақытта да елдің экономикасы қалыпты жағдайда дамыған жоқ. Соғыс жұмысшылардың қанын сорған зор салықты талап етті. Фашизм тұсында жұмысшылардың өздерінің жұмыс күшін сатуы мүлде нашарлап кетті. Веймар Республикасының дәуірінде бұл біршама дүрыс түрде іске асырылған болатын. Фашистік өкімет жағдайды мүлде өзгертті. Таратылған кәсіподақтардың орнын басқан неміс еңбек майданы жұмысберушілер мен жұмысшылар арасындағы қатынасты реттеуді мүлде қолына алған жоқ. 1933 жылы майда шыққан заң бойынша провинциялық өкімет орындары ұсынған кандидаттардан ірі шаруашылық аудандарына «еңбек қамқоршылары» етіп бекітуге империялық канцлерге құқық берілді.
1934 жылы 20 қаңтарда үкімет «¥лттық еңбекті реттеу» жөніндегі заң шығарды. Осы жаңа заң бойынша жұмыс уақыты, еңбек ақының мөлшері, жұмысшыларды жалдау, жұмыстан шығару, айып мөлшерін белгілеудің бәрі өндірістің «көсемінің» қолына берілді. Фашистер жұмысшылар мен капиталистердің «әлеуметтік теңдігі» туралы идеяны кең түрде дамытты. Бұл жұмысшылардың өздерінің қожайындарымен «теңдікте» жүрміз деген елесін тудыру үшін пайдаланылды. Жұмысшы мен кәсіпкер арасындағы жалғастырушы ретіндегі экономикалық аудандарда арнайы еңбек қамқоршыларын еңбек министрі тағайындады. Бұл «қамқоршылар» фашистердің көңілінен шығып, жұмысшылардың наразылығын бір сарынға бағыттап отырды. Олар ірі капиталистердің, солардың ұсынған адамынан тағайындалды. «Көсемдердің» басшылығымен өндірістерде «Сенімділердің кеңесі» құрылды. Оған кандидаттарды кәсіпкерлер нацистік партияның жергілікті өкілдерімен ақылдаса отырып ұсынатын болды. Егер «сенімділерді» жұмысшылар тағайындамаған жағдайда «еңбек қамқоршысы» ешбір дауысқа салусыз-ақ тағайындай алатын болды. «Кеңестің» өзіне берілген құқық — ол «еңбек қамқоршысына» өтініш жасай алатын болды. 1935 жылдан бастап «Сенімділер кеңесіне» сайлау жүргізілмейтін болды.
1933 жылғы мамырдан бастап «Неміс еңбек майданы құрылды», еңбек майданына мүшелік барлық жұмысшылар мен қызметкерлерге міндеттендірілді. Бұл «майдан» іс жүзінде өндірістегі фашистер партиясының органы болды. Оның негізгі мақсаты: жұмысшыларды шовинистік рухта, басқа халықтарды жек көрушілікке тәрбиелеу болды. «Еңбек майданының» жанынан спорт, мәдениет, туристік үйірмелер құрылып, еңбекшілердің еңбегін фашизмнің мүддесіне пайдалану мақсатымен бақылап, пайдаланып отырды. 1938 жылы он сағаттық жұмыс күнін бекіткен заң шықты.
Еңбек жағдайын зерттейтін арнайы комитет құрылды. Бұл комитет өндірістегі еңбекті интенсивтендіру шараларын қарастырды. Еңбекшілерді азық-түлікпен қамтамасыз ету едәуір төмендеді. Фашистер шет елден сатып алатын күнделікті қолданылатын товар мен азық-түлік көлемін қысқартты. Бүкіл валюта стратегиялық заттарды сатып алуға жұмсалды.
Гитлершілер неміс жұмысшыларының алдында жұмыссыздыққа қарсы үлкен күрес жүргізіп жатқаны туралы аңызды кең таратты. Бірақ фашистік диктатура кезеңіндегі жұмыссыздықтың азаю себебі мүлде басқаша жағдайға байланысты еді:
- Фашистер өкімет басына келгенде ел экономикалық дағдарыстан өткен болатын. Германияның экономикасы біртіндеп көтерілді, жұмыссыздық та азайды.
- Фашистік Германиядағы жұмыссыздық 1933-1939 жылдары гитлершілердің жаңа соғысқа дайындалуына байланысты әскери өндірістің кеңейтілуімен азайды.
1935 жылы 26 маусымда 18 бен 25 жас арасындағы қыздар мен жігіттерге еңбек міндеткерлігін енгізді. Олар стратегиялық жолдар мен шекара бекіністерін салуға пайдаланылды. Сонымен қатар жастарды алғашқы әскери дайындыққа үйретті. Үш жүз мыңнан астам жұмыссыздарды гитлершілдер «ауыл шаруашылығы көмекшілері» ретінде юнкерлерге батрактар етіп берді. Екінші дүниежүзілік соғыстың басында фашистер бүкіл Германияны еріксіз еңбек лагеріне айналдырды.
Фашистер жұмысшыларды белгілі бір өндіріс пен салаға бекіту мақсатымен бірнеше заңдар шығарды. 1934 жылы мамырда ауылшаруашылық жұмысшыларына басқа шаруашылық саласына ауысуға тиым салды. 1934 жылы желтоқсанда және 1936 жылы қарашада машина жасау және металлургия өндірісінің жұмысшыларына еріксіз еңбек туралы шара енгізілді. Бұл жұмысшы күштерін белгілі мақсатпен соғыс дайындығына жіберу үшін қажет болды.
1938 жылы 22 маусымда «Төрт жылдық жоспарды» іске асыру жөніндегі жұмыстың басы ретінде Геринг ерекше мемлекеттік-саяси тапсырманы орындап отырған жұмысшы күштерінің қажеттілігін өтеу туралы шешім қабылдады. Фашистік «еңбек бюросы» мен басқа ұйымдар кез-келген адамды жасына, жынысына, мамандығына қарамастан кез-келген ауданға, кез-келген жұмысқа жібере салуға шексіз құқыққа ие болды. Өйткені соғыс өнеркәсібі жаңа кадрларды талап ете бастады.
1935 жылы ақпанда 25 жасқа толмаған, жанұясы жоқ әйелдер бір жарым жыл емделу және балалар мекмесінде еңбек етпей тұрып басқа жұмысқа шығу құқығынан айырылды/38/. 1938 жылдан бастап барлық түрмедегілер мен лагердегілер де қамалу уақытына ешбір қарамастан еріксіз еңбекке тартылды. Қартайған жұмысшылар фашистік дәрігерлердің арнайы рұқсатынсыз жұмыс орнын тастап кетпейтін болды.
Буржуазияның және жұмысшылардың арасында аралық орын алған әлеуметтік топ дағдарыс кезеңінде фашистер алға қойған идеяға мойынүсынып, солардың негізгі базасын құрды, Фашизмді ертеден зерттеуші буржуазиялық либералистік ағым өкілі Ниринг: -Фашистік қозғалыстың тура ортасында өздерінің құрып кету қаупінен қорқып, өкіметтің билігін өзіне алу жолымен өздерін сақтап қалғысы келген саяси және әлеуметтік органдарын құруды көздеген орта топ түр — деп көрсетті/39/.
Өздерін елдің қожайынымыз деп есептеген кейбір орта топ өкілдері НСДАП өкімет басына келгендегі ұранмен өздерінше бағдарлама құрғысы келді. Ерекше белсенділік көрсеткен «Жауынгер одақ болды». Оған округ пен провинциялардың заказдарын бөліп отыру құқығы берілген еді. Осы құқықты іске асыру барысында мүлік қолөнершілер өндірісіне жіберілді, олардың қожайындары осы одақтың мүшесі болды. Одақ өндірістік-товар палатасының ісіне белсене араласты және үй өндіріс иелерін басшылықтан ығыстыра отырып жүзеге асырды.
1933 жылы 15 шілдедегі заңмен үкімет одақтық заказдардың бөлінуіне тиым салды. Сонымен бірге одақтық бар қолөнер ұйымдарын картелдендіру мен оларды бағаны көтеру құралы ретінде пайдалануын заңсыз деп жариялады. 1933 жылы 8 тамызда одақ таратылды. Бірақ одақ фашистік-социализмнің негізгі сүйегін құрап тұрған орта топты мүлде ескермей қалған жоқ. Белгілі бір дәрежеде орта топқа жеңілдік жасалған бірқатар заңдар жарық көрді Үкімет қолөнершілерді тыныштандыру мақсатымен 1933 жылы 12 мамырда заң қабылдады. Ол әмбебап дүкендерде жаңа қолөнер үйірмесін ашуға, завод лавкаларында, корпорацияларда өз бағасын қоюға тиым салды.
Сауда саласында қолданылған шараның бірі — 1933 жылы 12 мамырдағы заң негізінде жаңа сауда өндірісін ашуға тиым салынды. Осы заң бойынша бірінші қыркүйекке дейін осы уақытқа дейін болып келген сауда өндірісін кеңейтуге, дүкендердегі азық-түлік заттарын сатуды көбейтуге тиым салынды.
1934 жылы желтоқсанда арнайы декрет бойынша товарды өз бағасынан төмен бағаға сатқан адамдарды түрмеге жабуға немесе үлкен мөлшерде айып төлеу туралы бұйрық берілді. Заңдық ретпен көшеде сауда жасауға тиым салынды.
Фашистік үкімет 1933 жылы бірінші желтоқсаннан бастап мемлекеттік аппаратта Веймар республикасынан қалған адамдарды тазарту жүргізді. Бұл шара бойынша негізінен жұмыстан шығарылғандар мынадай топтар еді:
- Міндетті қызметін атқаруға арнайы білімі жоқ және қызметке 1918 жылы 9 қарашадан кейін келгендер.
- Шығу тегі арийлік еместер.
- Бұрынғы саяси қызметі кез-келген уақытта сөзсіз фашистік
мемлекетке қызмет етуге күмәнді адамдар.
1935 жылы үлкен бюрократиялық машина — сословиелік басқарма құрылды. Неміс қолөнершілерінің империялық шбер басқарған сословиесі құрылып, оған қолөнершілер тобы мен неміс қолөнершілер партиясының одағы бағынды. Осы бюрократиялық жүйе шеңберінде қолөнерге қатысты бар мәселелер шешілді. Олар: заказ беру, шикізат әкелу, қолөнер заттарына баға қою, қолөнерші өндірістер қожайындары мен қызметкерлері мен оқушылары арасындағы шиеліністі шешті. Империялық топ құрамына он мың цехты біріктіріп отырған 52 империялық цехтық одақ енді/40/. Цех басында шеберлер отырды. Обер-шеберлер мен шеберлер көсемін жоғарыдан тағайындады.
Орта топтың негізгі бөлігі гитлершілердің ықпалында болды. Олардан фашистік партия, полиция мен әскери аппаратқа кадрлар дайындады. Мемлекеттік және коммуналдық мекемелерде чиновниктер саны 1933-1939 жылдары екі есеге өсіп, елдің бүкіл халқының 18,4 процентін құрады/41/.
Монополистік капитализмнің мемлекеттік-монополистік капитализмге үласу, монополия күштерінің мемлекет күштерімен қосылып, біртұтас механизм құруы жылдамдатылды, Мемлекет шаруашылықтың түрлі салаларының дамуын, сондай-ақ еңбек пен капитал арасындағы қатынастарды реттеп отыруға тырысты. Монополияларға тиімді әскери заказдар, қарыздар, субсидиялар беріліп, салық жеңілдіктері жасалды. Мемлекеттік-монополистік капитализм әр елде әр түрлі жағдайда көрінді. Алайда мемлекеттік-монополистік капитализмге өту жүзеге асқан барлық жерде өндіріс пен капиталды шоғырландыру процесі күшейіп, монополиялардың езгісі ауырлай түсті.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін басталған өнеркәсіптің жандануы әлсіздеу, әрі елеусіз болды. Германияда дегенмен үкімет пен монополиялар елдің экономикасын әскери жолға түсіру және сыртқы саясатта басқыншылық программасын жүзеге асыруға көшу жөнінде қабылдаған шараларының нәтижесінде біршама бәсеңдеген болатын. Германияда Бұл кезде монополистік буржуазия буржуазиялық демократиядан бас тарту жолына түсіп, фашистер тұрпатындағы ең реакцияшыл күштерді өкімет басына әкелді, сөйтіп ашық террорлық диктатура орнатты.
Германияда жұмысшылардың жағдайын күрт төмендеткен шаралар да жүргізілді. Гитлершілдер коллективтік шарттар жүйелерін жойып, фабрика-завод комитеттерін таратып жіберді. Жұмысшылардың жұмыс орынын ауыстыруына тиым салынып, кәсіпкерлер жұмысуақытын сағатқа дейін ұзартуға право алды. Бұл шаралар пролетариаттың әлеуметтік жеңістерін толығымен жойып, еріксіз жұмыс істеу жүйелерін орнатуға әкеп соқтырды. Жұмысшылардың жекелеген топтары үшін ынталандыру шаралары қарастырылды. Соғыс өндірісінің күрт өсуі жұмыссыздықты кемітті.
Монополияларды нығайту ұсақ және орташа кәсіпкерлерді жаппай күйзеліске ұшыратты. «Нәсілдік» тексеруден кейін олардың кейбіреулеріне мемлекеттік немесе партия аппаратынан пайдалы орындар берілді. Экономикалық өрлеуді пайдаланған буржуазиялық партиялар дүниежүзілік соғыстағы жеңіліс үшін кек алу ашықтан-ашық насихаттап, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріы бағындырудың бірінші кезектегі жоспарын жасады. Социал-демократтардың жетекшілері Версаль шартының Германияға қойған әр түрлі шектеулерін жою жолындағы күрес дегенді желеу етіп, монополиялардың милитаристік талпыныстарын қолдады.
Гитлершілдер кәсіподақтарды таратып, олардың орнына «Герман еңбек майданын» құрды. Жұмысшыларды Бұл ұйымға күштеп кіргізді. Жас аралығындағы жастар үшін екі жылдық еңбек ету міндеті енгізілді. Олар Бұл міндетті әскери лагерлерде өтеді де, бекініс, жол құрылыстарын және т.б. салумен шұғылданды. Еңбек лагерлерін құру жұмыссыздықты біршама қысқартып, гитлершілердің жастардың бір бөлігіне саяси ықпал етуін жеңілдете түсті.
«Бірыңғайлау», яғни «біркелкілік» орнату мақсатымен гитлерлік партиядан басқа партиялардың барлығы таратылды.
2.2. Фашистік үкіметтің аграрлық саясаты.
Гитлерлік үкіметтің аграрлық саясатына талдау жасағанда оның аз зерттелген мынадай мәселелеріне үлкен көңіл аудару қажет:
- Ауыл шаруашылығындағы кіріс, баға мен кредитті мемлекеттік-монополистік реттеу.
- Империялық азық-түлік сословиесі туралы мәселе.
- «Мұрагерлік шаруашылық» және «Шығысқа қоныс тебу» мәселесі. Ауыл шаруашылығын мемлекеттің араласуымен реттеу Германияға жаңа нәрсе емес еді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде елде әскери-экономикалық моблизация жасағанда ауыл шаруашылығы аса қатал есепке алынып, еңбек салығы салынған болатын.
Гитлердің 1933 жылы 30 қаңтарда құрған үкіметі ұзақ уақытқа дейін экономикалық саясаттың басты бағыттары мен әдістері туралы ортақ бір пікірге келе алмады. Үкімет мәлімдемесінде үш басты міндет көрсетілді:
- Шаруашылықтағы дағдарысты жою.
- Жұмыссыздықты реттеу.
- Ауыл шаруашылығының өркендеуіне қол жеткізу.
1933 жылғы 15 шілдедегі шаруашылықты шоғырландыру жөніндегі заң осы саясаттың жүзеге асуына негіз салды. Осы заң бойынша былай делінген екен: рынокты ретке келтіру мақсатында экономика министрі жекелеген өндірістерді синдикаттарға, картель, конвенцияға немесе осыларға ұқсас ұйымдарға біріктіруге қүқығы бар. Шаруашылық министрі сол ұйымның мүшесінің қүқығы мен міндеткерліктерін реттеуге және ұйымға біріккен жағдайда өндірістің мүшелерінің құқығын реттейді және жоғарыға өзгеріс енгізу тек министрдің келісімімен жүзеге асырылады. Бұл заң гитлерлік фашизмнің тастай қатқан тәртібін жүзеге асырады.
1933 жылғы 20 шілдедегі фашистік үкіметтің шешімімен сүт пен сүт өнімдерін реттеуді күшейтті. Барлық сүт өндіретін шаруашылықтар «Бас сүт өндірісінің ұйымына» бірікті. Сүт өнімдері ұлтшыл-әкімшілік праволық функцияларға бөлінген нацистік ұйымның экономика саласындағы көрінісі болды. Бүйрықты орындамағаны үшін мың марка көлемінде айыппүл салынды. 1933 жылғы 13 қазандағы империялық азық-түлік және ауылшаруашылық министрінің нүсқауында:- Бұл одақтар сүттің саны мен сапасын, апарылатын орынын, қайта өңдеу мен оны пайдалануды анықтайды — деп көрсетілді/42/.
1934 жылы 24 маусымда: «Түқымдық шаруашылықты реттеу жөніндегі заң» шығарылып, елде 19 аймақтық одақ құрылып, оған ірі жер иеленушілер мен кооператив, дирменшілер мен жем заводтарының иегерлері қамтылды.
1934 жылы 1 қазанда нан өнімдерін алатын түқым себудің көлемін азайту мен оның қатал нормасын белгіледі. Шаруаларға егер жақсы астық жиналса, олардан белгілі мөлшерде ғана астық алынады деп ескертілді, яғни шаруаларға нанның белгілі бір мөлшері ғана берілді, олар белгіленген норманы ғана сата алды, өндірістің көлемі үлғайған жағдайда ғана сатуға рүқсат беріліп, оған қосымша қосылып отырды.
1934 жылғы 23 наурыздағы заң бойынша мал шаруашылығын дамытуды реттеу жүзеге аса бастады: шаруалар мен кооперативтер заводтары екінші жағынан одақтарға бірікті. Бұл одақ белгілі стандарттың сақталуын қадағалап, осы өнімдерге сататын, кіретін бағаны белгілеп,рынокты ұйымдастыруға заң шығаруға тиіс болды.
Гитлерлік мемлекеттің ауылшаруашылық товарларын өндірудегі шараларының бірі 1933 жылғы 23 наурыздағы «Май монополиялары туралы заң» болды. Онда:
- Германияның өзінде шығарылған май өнімдерін пайдалануды үлғайту көзделді.
- Майды еркін сатуға тиым салынды.
- Майды шет елден әкелуге тиым салынды.
1934-1936 жылдары ауылшаруашылығының салаларын картелдендіру жүргізіліп, сонымен қатар мемлекеттік монополистік реттеу жүйесі жүзеге асырылды. 1935 жылы көктемде картелдендіруге балық аулау және балық өнімдерін өңдеу өндірістері де қамтылды. 1954 жылы 1 желтоқсанда экономика министрінің бүйрығы бойынша ет өндірісінің империялық тобына үш ірі акционерлік қоғам енгізілді:
- Ет өндірісінің одағы (Берлин)
- Май өндірушілердің одағы (Касиль)
- Бүкіл германиялық май өнімдері одағы (Берлин)
Империялық одақтың спирт өнімдері өндірісінің фюрері болып
юнкер, ірі арақ, спирт заводының иесі, НСДАП пен СС мүшесі Рихтер бекітілді/43/.
Ауылшаруашылық саудасы да еріксіз орталықтандырылды. Империялық одақ ауылшаруашылық саудасын жеті экономикалық-территориялық топқа бөлді:
- «Оңтүстік» — бавария, Вюртемберг, Баден, Гессен кірді.
- «Шығыс» — Шығыс және Батыс Пруссия кірді.
- «Батыс» — Рейн облысы мен Весфалия кірді.
- «Солтүстік-Батыс» — Ганновер, Брауншвейг, Гамбург, Бремен, Везер-Эльс, Альденберг, Мюнстер, Магдебург кірді.
- «Орталық-солтүстік» — Бранденбург пен Мекленбург.
- «Орталық-оңтүстік» — Саксония.
- «Оңтүстік-шығыс» — Силезия.
Бұл берілген схема фашистік диктатураның жанөжақты бюрократиялық реттеуге жанталасқанын ашық көрсетеді.
Күзде, негізінен ұсақ және орта шаруалар астығын өткізген кезде астықтың бағасы төменгі дәрежеде түрды, ал қыс пен көктемде ірі қожайындар нан әкеле бастаған кезде баға тез өсіп кетіп отырды. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының арасындағы қайшылық шаруаларды әбден күйзелтіп, шегіне жеткізді.
Қарыз беруші ұйымдар мен шаруалар арасындағы өзара қатынас 1933 жылы маусымда шыққан «шаруашылық қарыздарын реттеу заңы» бойынша анықталды:
- банкирлер мен шаруа арасындағы келісім нәтижесінде 1931 жылы финанстық құлдырауға дейінгі қарызды төлеу 4-4,5 процент төмендеді.
- Егер екі жақта өз еріктерімен келісе алмаса, соттың шешімімен 50 процентке дейін төмендеді.
- Қарызды өтеу есебіне жерінің бір бөлігін беру арқылы да есеп айырысу қаралды/44/.
Фашистік мемлекет алғашқы жылдары бір жағынан банктер, акционерлік қоғамдар мен ірі жер иеленушілерге мемлекеттік кепілдіктер берді, екінші жағынан ұсақ жер иеленушілерге — қоныс аударғандарға қарыз берілді.
Осы шараларды күшке енгізу арқылы фашистік режим деревнядағы әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы өз позициясын арттыруға тырысты. Жалпы алғанда аграрлық кредит ірі капиталистік шаруашылықтың финанстық жағынан күшеюіне бағытталды.
Гитлерлік мемлекет астық, түқымды әкелуге де салық салды. Ставка 1,5-2 есеге дейін көтерілді. Тек, 1935 жылы ғана жем өнімдерін әкелуді 74 процентке қысқартты.
1937 жылы Германияда астық пен жемді әкелу мүлде тоқталды. Бірақ соғысқа эзірлік астық өнімдерін шеттен әкелуді кең көлемде үлғайтуды талап етті. Соңғы жылдары фашистік үкімет герман өндірісінің товарларын шет елдерге айырбас жасауға мүмкіндік тудырды. Келісім бойынша Финлияндия, Югославия, Полыца, Норвегия, Швеция Германияның өндірістік бұйымдарын сатып алып, оны кеңейтуге мүмкіндік алды. Өндірістік және финанстық капитал әсіресе ауыл шаруашылық өнімдерін материалдық-техникалық жағынан жабдықтау саласын өзіне қаратып алды.
Фашистердің еңбегін бағалай келіп, соғыс қарсаңында Крупптың концерніндегі бюллетень былай деп жазды: «Гитлерлік үкіметтің аграрлық саясаты ауылшаруашылық машина құрылысына ерекше тыныс берді. Іште де сыртта да сүраныс көбеюде. Жаңа шетелдік рыноктың ашылуына байланысты да мүмкіндіктер көбейді»/45/.
Капиталистік қатынастарға қолының ұшын тигізбей-ақ фашистік реттеуді жүргізу арқылы үкімет деревнялардағы үстемдігін күшейту мақсатында империялық азық-түлік сословиесі аппаратын құрды. 1933 жылы 13 қыркүйекте үкімет империялық азық-түлік сословиесін құру туралы заң шығарды. Бұл сословиеге бау-бақша, балық аулау, аңшылар, сонымен бірге ауылшаруашылық жұмысшылары, кооперативтер, сауда мен қайта өңдеушілер өндірістері енді.
Заң бойынша:
«Өндірісті реттеу үшін азық-түлік пен шаруашылық министрі империалистік сословие мүшелерін, басқа да өндіріс пен ұйымның, ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін өндірістерді біріктіруге немесе осыған үқсас дәрежеде бір-біріне қосуға қүқы бар»-деп көрсетілді/46/.
Фашистік үкімет осындай заңдар арқылы ауыл шаруашылығына мемлекеттік басшылықты бекітті.
- 1933 жылғы 8 желтоқсандағы шешім бойынша бұл сословиеге барлық жер иеленушілер, арендаторлар, орман, жайлым, су қоймаларының қожайындары енгізілді.
- 1934 жылы 15 қаңтар ауылшаруашылық кооперативтері, деревня қауымдары ұжымдарымен осы ұйымның мүшесі деп жарияланды.
- 1934 жылы ақпанда сауда мен өңдеуші өндіріс иелері біріктірілді.
- 1935 жылы 4 ақпан орталықтандырылған система деп есеп беріліп, сословие құру аяқталды деп көрсетілді. Барлығы Бұл системаға 12 млн-ға жуық адам қамтылды.
1934 жылы 13 ақпанда Гитлер үкіметіне өндірушілер одағының берген есебінде: «Біріктірудің мақсаты — өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету, өндірістік және техникалық сұранысты шешу, банк, кредит мәселесін реттеу, елдің ішінде және шет елде кедендегі істі жүзеге асыру, сауда саясатын, үгіт, реклама картелдендіру ісі мен салық мәселесін шешуге бағытталды»- деп көрсетті.
Империялық староста Майнбергтің басқаруымен әкімшілік басқармасы азық-түлік сословиесінің аппараттарын, өзінен төменгі аппараттарын 5 бөлімге бөлді: Ішкі бөлім, кадр, финанс, баспасөз бөлімдері және шаруа қауымдарын бағалайтын бөлімдер. Бос жерлерді өңдеу мен батпақты жерлерді кептіру арқылы жер мәселесін шешуде ештеңе шықпағасын үкімет 1935 жылы «жеке меншік жерлерді мемлекетқорына сатып алу туралы заң» шығарды. Соның нәтижесінде біршама қор жиналып, жердің 27,1 проценті жекеленген жер иеленушілерден алынды. 1937 жылы берілген есеп бойынша Германияда мемлекет қарамағына 55,68 мың га. жер тиді.
Мемлекеттің қазынасына қор жинау мақсатымен мемлекет өзінде бар жерлерді арендаға бере бастады. 1937 жылы Германияда осы жердің 81 проценті арендаторлар қолына тиді.
Мемлекеттік реттеу саясатына арендалық қатынастар да енді. 1933 жылы 22 сэуірде «Арендаторларды қорғау» жөніндегі заң шықты.
Көптеген арендаторлар мүны ұсақ шаруашылықтарды қолдауға бағытталған шара деп қабылдады. Бастапқыда Бұл заң шынында да солай болғанымен, кейін Бұл қарама-қайшы сипат ала бастады. Егер алғашқы кезде ұсақ арендаторлар белгілі бір уақыт ішінде арендалық келісімді қайта жасауға қарсылық білдіруге немесе оны тез арада бұзуға мүмкіндігі болса, енді ол құқықтан да айрылды.
Империялық сословие деревнядағы әлеуметтік қайшылықты шеше алмады. Оны элсіретіп қоймай, бұрынғыдан да шиеленістіре түсті. Енді күрес тек әрбір гектар үшін ғана емес, нацистік жоғары жаққа әсер ету үшін де басталды. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік монополия капитализмге тэуелді болып, оны деревнялардағы көптеген әлеуметтік — экономикалық жағдайларға әкеліп тіреді. Осы уақытқа дейін әрең-әрең күнін көріп отырған ұсақ шаруашылықтар енді мүлде өзінің қожайындарын қамтамасыз ете алмай қалды. Орта шаруашылықтар зорға өнім шығарып отырды. Тек ірі кпиталистік шаруашылық жан-жақты мемлекеттің көмек беруі арқасында өндірістегі жағдайды үхтап түрды.
1933 жылы қыркүйекте деревнялардағы фашизмге қажет әлеуметтік құрылыстың негізін салуға бағытталған және үлкен үгіттік мәні бар «Мұрагерлік шаруашылықтар туралы заң» жарияланды.
1933 жылы қыркүйекте газеттер: «Неміс шаруаларының гүлдену кезеңі басталды. Национал-социалистер оларға мұрагерлік алулар заңын сыйлады»-деп жазды. Заңның мақсатында: «Үкімет ескі Герман дәстүрін жалғастыру үшін жеке шаруаларды неміс жолының дерегі ретінде сақтауға тырысады. Шаруа ауласы қарыз бен бөлшектенуден қорғануы керек»-деп көрсетті. Мұрагерлік алудың мөлшері 7,5 гектардан 125 гектарға дейін көрсетілді/47/. Шаруа ауласы ол өлгеннен кейін бөлінбей, бүрынғыдай мұрагерлікке қалдырылды. Мұрагерлік шаруашылық ер адамның түқым қуалаушылығымен жүргізілді. Әйелдер Бұл тізімнен мүлде шығарылды. Егер мұрагер біреу болмаса, онда мүлік үлкен ұлына берілді. Ал қалған жас балалар кәмілеттік жасқа толғасын «Мұрагерлік ауланы» тастап кетуге тиіс болды. «Мұрагерлік аула» жер және мұрагерлік үшін салынған салықтан босатылды. 1939 жылы 689 000 «Мұрагерлік аула» құрылды. Мұрагерлік шаруашылықтарды аяғынан түрғызу мемлекеттік кредит жолымен жүзеге асты. Оған бас кредитор ретінде мемлекеттік банк бөлінді. Оның басшылығымен басқа да аграрлық кредит ұйымдарына да заем беру жүзеге асты.
Мұрагерлік шаруашылық бірінші кезекте ауылшаруашылық техникасы мен тыңайтқыш, түқыммен жабдықталды.
Мұрагерлік шаруашылық негізінен аграрлық азық-түлікпен жабдықтау көзі болды. Шаруашылық саны көбейген сайын соғүрлым сауда да көбейе түсті.
Германияның аграрлық саясатында үлкен орын алған мәселе — шығысқа қоныс тебу. Елдің шығыс аудандарына қоныс тебу «Кеңістік үшін» күрестің негізі деп саналды. Шығысқа қоныс тебу саясатын фашистер демагогиялық мақсатпен, яғни жері аз, жері жоқ шаруалардың наразылығын болдырмау үшін пайдаланды.
1933 жылы 14 шілдеде «Неміс шаруашылықтарын жандандыру туралы заң» бойынша осы саясатты жүзеге асырды. Онда қоныс тебу мақсаты: — «Жас адамдарды жерге бекіту, неміс ұлтының өміршілдік негізін сақтау және нығайту» — деп көрсетілді.
Қоныс тебушілерге Пруссия банктері белгілі мөлшерде қарыз беріп отырды. Қарыз мөлшері шаруашылық көлеміне қарай бөлінді. Жер қорының қайнар көзі — жекешеленген иеліктер — 540 га, мемлектеттік -79 000 га, батпақ пен бос жерлерді игеру -19 000 га болды.
Қоныс тебу қоры жеке иеленушілерден сатып алынған жердің бір бөлігін алып жатты. Осындай аса үлкен жоспарға қарамастан бұл шаралар онша мэз болатындай нәтижеге жете алмады. Жыл өткен сайын Бұл азая берді де, ал 1939 жылы 6 есеге төмендеп кетті. Нацистердің деревнядағы өзінің билігін нығайту жолындағы жүргізген шаралары орасан зор. Еңбекші шаруалар мен ауылшаруашылық пролетариатын қанауды күшейте отырып, фашистік режим оларды қамқорлыққа алып отырған түр көрсетті. Аз ғана қарыз беру мен жерді ұсак бөліктерге бөлу арқылы фашизм деревняның әлеуметтік топтарының күресін басқа жақка бұру үшін жанталасып бақты.
Деревняның саяси өмірінде «Шаруа қоғамының» орыны ерекше болды. Германияның территориясы 22 «Шаруа қоғамына» бөлінді.
Жер қауымдастыктары өз кезегінде 516 аймақтық , 55 000 жергілікті ұйымдарға бөлінді. Бұл шаруа ұйымдарына НСДАП- тың аграрлық саяси бөлімі басшылық жасады.
Шаруалар, арендаторлар, аула мұрагерлері фашисттік диктатураның үстемдігін орнатудағы тікелей қолшоқпарына айналды. Деревняның негізгі бұқарасы ірі шаруа иеліктерінің қожайындары мен капиталистер режиміне белсене қызмет етті.
Гитлер бірнеше рет мәлімдеме жасап: «біздің көптеген тіршілігіміз қазіргі уақытта село мен қала тұрғындары арасындағы қатыстарды жөндеуге бағытталды. ¥сақ және орта шаруа қалдықтары әр уақытта да әлеуметтік аурулардан қорғаушы болып қалады» — деді.
Көптеген шаруалар мен ауылшаруашылық жұмысшылары терең де, ашык түрде өздерінің осы режимге наразылығын білдіріп отырды. Наразылық белгілері Гитлер үкіметінің шараларын сынға алумен ғана емес, антифашистік күресті қолдаудан да айқын көрінді.
Гитлершілердің аграрлық саясаты ірі помещиктік жер иелері мен деревня буржуазиясын шексіз қолдады. «Мұрагерлік аула» туралы заң үлкен ұлына мұра больш қалатын орташа және ірі щаруалар шаруашылықтарын сатуға немесе бөлшектеуге тиым салды. Село байлары фашистердің берік тірегіне айналды. Олар жерсіз қалған шаруаларға Германия Шығыстан «тіршілік алаңын» жеңіп алғанда жер бөліп береміз деп дәмелендірді. Гитлершілдер неміс халқына өздерінің материалдық жағдайын тек ұлтшыл-социалистер партиясы ғана түбегейлі жақсарта алады деп уағыздады. Бірақ мұның өзі Россия, Украина, Прибалтика, және т.б. Германиядан шығыста орналасқан елдер оның отанына айналғаннан кейін ғана мүмкін болатын еді.
Нәсілшілдіктің, милитаризм мен антикоммунизмнің сандырақ идеялары көптеген немістердің, әсіресе жастардың сана сезімін уландырды. Олардың едәуір бөлігі «Гитлерлік жастар», «Жас ұлт», «Неміс қыздарының одағы» және басқа ұйымдарға кіріп, фашистердің мораль мен ар-ұяттың мәнсіздігі, «ұлы рейхтың» мүдделеріне орай зорлық-зомбылықтың кез келген түрін жасауға болатыны туралы «теориясын» бойларына сіңірді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Германиядағы саяси билікке фашизм бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ие болды. Он жыл ішінде фашистік партия монополистер көмегіне сүйене отырып, басқа реакцияшыл партиялар мен ұйымдарды ығыстырып, өз қозғаласына кең әлеуметтік бұқаралық база жасады. 1933 жылы өкімет басына келген фашистер қысқа уақытта бүкіл елдегі демократиялық институттарды жойып, революцияшыл жұмысшы қозғалысына қарсы аяусыз жазалау ұйымдастырыды. Олар жаңа дүниежүзілік соғысқа дайындалды. Гитлердің айтуы бойынша Германия 6 жыл ішінде қарулануға 90 млрд рейхсмарка жұмсаған. 1938-1939 жылдар ішінде әскери салаға бөлінген қаржы 58% құраса, 1933-1934 жылдары 23% сұраған.
Экономиканы милитаризациялаумен қатар фашистік үкімет бұқаралық үгіт-насихат жүргізе бастады. Өзінің саяси қарасыластарын жойған фашистер халыққа өтірік пен уәдені үйіп-төгіп, ықпал ете бастады.
Германдық фашистер әлеуметтік қайшылықтарға көңілі толмайтын халықты өзіне шебер тарта білді. Халықтың жағдайын көтере алатын қаржыны өзінің агрессиялық саясатына пайдалана білді. Реваншистік міндетін орындау үшін фашистер тағы да халықтың наразылығын пайдаланды, яғни халықтың Версальдық тонаушылық келісіміне деген наразылығын өршіте түсті.
Герман фашистерінің негізгі идеологиясы Гитлердің «Майн камф» («Менің күресім») деген еңбегінде жазылған. Бұл кітап герман халқының арасында кең тарады. Онда Гитлер герман халқының ақсүйекке жататынын және осы халықтың өмір сүру аймағының жеткіліксіз екенін, Бұл жерлдерді жаулап алу үшін аяусыз күрес, соғыс жүргізудің қажеттігін айтқан. Бұл теория герман империализмінің агрессиялық саясатын ақтауда маңызды қызмет етті.
Фашистер билікке келген алғашқы күннің өзінде-ақ идеологияға басна назар аудара отырып, елдің барлық саласына өз үстемдіктерін жүргізді. 1933 жылы наурызда үгіт-насихат жүргізетін арнайы үкімет құрылды. Бұл министрлікті Геббельс басқарды.
Фашистер өз мақсатына ғылымда да бағындыруға тырсты. Мыңдаған ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, концлегерьлерге жабылды. Ірі ғалымда А.Энштейн, М.Борн, Р.Курант, Ф.Габер және т.б. Германиядағы тарихы жазылды. Бұл тарихта герман тарихының көрнекті тұлғалары фашист болып көрсетілді. Фашистер өз мақсатында географиялық және т.б. ғылымдарды пайдаланды. Гитлершілер шовинистік өтірік теория-геополитиканы жсадаы. Ол бойынша гитлершілердің ресми доктринасы болып табылатын басқа мемлекеттің есебінен шекараны кеңейтуді дәлелдеуге тырсты.
Мәдениетті минитаризациялау арнайы ұйым мәдениет палатасы арқылы жүзеге асты. Имперлік басшылық өз жұмысын Ұлы герман жазушыларының Гейненің, Каннаның және т.б. еңбектерін өртеуден, кітапхананы тазартудан бастады.
Германияның сыртқы саясатының негізгі Еуропаның жаулап алу болатын және әлемдік гегемондыққа ұмтылды.
Фашистік Германия «коммунизммен күрес идеясын» қолады. және бүған АҚШ, Англия, Франция тарапынан қолдау көрсетілді.
Гитлерлік Германияның белсенді сыртқы саясаты Версаль бейбіт келісім шартын мойындамауын басталды. Германия алғашқыда құпия, кейіннен ашықтан-ашық қарулана бастады және бұл салаға көптеп қаржы бөле бастады. 1935 жылы наурызда Германия авиацияны қаруландыруға тйым салатын норманы мойындайтынын білдірді. 21 мамырда «қорғаныс туралы» декрет шықты. Шахт Германияның соғысқа даярлануының қүпия басшысы болды. Елде Версаль шартының және Локарн келісімінің ережелері қабылданбай тасталынды.
Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде фашистік Германия басып алған елдерде бұрын тарихта болмаған жауыздық әрекеттерге сүйенген жаңа тәртіп орнатты. Басып алынған жерлер алып концентрациялық лагерлерге, халықтар түрмесіне айналды.
Фашизмді зерттеумен айналысатын кез — келген адам, Бұл мәселені таза ғылыми түрғыдан қарай алмайды. Себебі фашизмнің түрі өзгергенімен, ол қазіргі заманның тірі құбылысы болып отыр. Фашизммен күресу үшін оның идеялық және саяси құралын, тактикалық әдістерін, күшті және әлсіз жерлерін білген жөн.
Тарих фашизмнің өміршеңдігін ғана емес, оның қазіргі таңда да бейбітшілік пен демократияға қауіп төндіретін күш екендігін қайталап көрсетуде. Үстемдік етуші топ топ әрдайым өз қоластында қиын жағдайларда қанаушы жүйені қорғай алатындай белсенді саяси құрал болғанын қажет етеді. Сондықтан реакцияшыл әлеуметтік — саяси ой күйреген гитлерлік фашизм идеологиясын жаңартып, қазіргі қоғам бұқарасына рухани әсер ететін құралға айналдырмақ. Олар герман фашизмінің тәжірибесін зерттеп, гитлерлік мұрадан, оның ішінде фашистік идеологиядан қазіргі жағдайда қолдануға болатынын іздеп отырады.
Бүгінгі күні Еуропа мен бүкіл әлемдегі саяси климат фашистік тәртіпке қолайсыз екені рас. Греция, Португалия, Чили т.б. елдердегі жағдайлар фашистік режимдерді жоққа шығаруда. Алайда реакция күш-қаруын әлі де тастаған жоқ. Фашизм төңірегінде қандай дау-дамай болсын, оны қорғаған қаншама сөз болса да, Гитлерді қалай бағаласа да, бізге бір нәрсе айқын: оңшылдардың өкімет басына келуі отызыншы жылдардағы бірқатар елдерде террористік күштердің үстемдік етуі-бүкіл әлемге қайғы-қасірет әкелді. Басқадай баға беру де мүмкін емес.
Тарихта қан көп төгілді. Оның әділет жолында да, эділетсіздік үшін де төгілгені болды. Жиырмасыншы ғасыр тарихта ерекше дәуір. Жиырмасыншы ғасырда сыналған күштердің бірде — бірі жетістікке жеткізбеді, керісінше қасіретке әкеліп соқтырды. Бір нәрсе айқын болды, кімде-кім жиырмасыншы ғасырда саяси ойлау жағынан ғасыр талабынан шыға алмаса, өзін-өзі өлімге итермеледі. Фашизм тағдыры соны көрсетті. Бұл қорытындының біз жаңадан қадам басқан жиырма бірінші ғасырға да қатынасы бар.
Адамзатқа қауіп мына жағдайда болады, егер жаңа мелекеттің өкімет билігінде өткеннің қағидаларын ұстап, ескіліктен айырыла алмаған топтар отырса адамдарға жақсылық әкелмейді.
Адамзат тарихындағы қайғылы құбылыстарды ойласақ, екінші дүниежүзілік соғыс тәжірибелері қоғамдық өмірде саясаттың қандай орын алатындығын айқын көрсетті. Бірақ XX ғасыр саясатқа бұрын-соңды болып көрмеген жойқын күшке иек артуға мүмкіндік берді. Олар — өндірістік күштер мен халықаралық шаруашылық байланыстары, жаңа экономикалық мүмкіндіктер мен ғылыми-техникалық жетістіктер.
Фашизмнің қылмысы ашылды және жазаланды. Өмір күнделігі жалғасып жатыр және жаңа мәселелер туындауда. Әлем еш уақытта да бір орында қатып түрмайды, өмірге жаңа ұрпақ келеді, оның өзінің көздеген мақсаты мен мүддесі бар. Бәрі де шексіз, бірақ тарихтың естелігі бар, ол санада ұзақ сақталады.
Фашизм талқандалғаннан кейін көп өзгерістер болды, оның жылдамдығы да күшейді. Халықаралық саясатта жаңа талаптар туады. Ешкім де басқалардың үстінен әскери үстемдік жүргізуге тиіс емес. Кез келген халықаралық шиеленіс кезінде соғыс немесе бейбітшілік мәселесін байсалды түрде, ойланып шешу қажет. Ең бастысы Бұл мәселені шешуді фашистердің қолына бермеу керек.
Қандай да болмасын мемлекеттің даму потенциалы, географиялық, экономикалық, әлеуметтік, саяси, мэдени, демографиялық факторлардан құралады. Ал осы фактордың қай-қайсысының болса да ішкі мүмкіндіктерін, дәрежесін айқындап отыруда сыртқы саясаттың да шешуші ролі бар.
Гитлерлік алапат жүйе ұйымдастырған апаттан Қазақстан халқы да сырт қалған жоқ. 1939 жылғы халық санағы бойынша қазақстанның халқы 6,2 млн. адам еді. Соғысушы армия қатарына соғыс жылдары 1.196.164 қазақстандық сапқа түрды. Патша өкіметінің 1916 жылғы тәжірибесін қолдана отырып, сталинизм Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халықтарынан және зорлап көшіріліп әкелінгендерден еңбек армиясын. және арнаулы құрылыс бөлімшелерін құрды. Оларға Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырып алынды. Республикаға майдан алқабынан әкелінген , 1,5 млн.-дай адамды және зорлап көшіріліп әкелінген халықты есептегеннің өзінде республикадан армияға алу проценті жоғары болды: майданға және қорғаныс өнеркәсібіне оның әрбір төртінші түрғыны жіберілді. Моблизациялау процентінің мүнша жоғары болуына негізінен экономиканың аграрлық сипаты, халықтың арасында шаруалардың үлес санының көптігі және индустрияның қорғаныс саласына жұмысшы күшін және Қазақ КСР-нің ауыл шаруашылығында механизаторларды брондау практикасының кеш енгізілуі себеп болоды. Қазақстандықтардың негізгі көпшілігі майдандағы армияға толықтыру ретінде, шамамен үштен бір бөлігі республикада жасақталған бөлімшелерде тіркелді. Бұлар 12 атқыштар дивизиясы, төрт атты әскер дивизиясы, жеті атқыштар бригадасы, әртүрлі әскер түрлерінің елудей жеке полктері мен батальондары еді. Олардың ішінен үш атты әскер дивизиясы мен екі атқыштар бригадасы қазақтың ұлттық бөлімшелері болып құрылды. Моблизациялық жоспардан тыс, негізінен еріктілерден құралған Бұл бөлімшелердің тең жартысы коммунистер мен комсомолдардан түрды, олар майдандағы армияның құрамына берілгенше киім-кешекпен және басқа тисті заттармен, көлікпен және құрал-сайманмен республика бюджетінің және халықтың еркімен берген қаржыларының есебінен қамтамасыз етілді.
Сыртқы саясат — ішкі саясаттың жалғасы. Біздің еліміздің тэуелсіздікті алуы оңайға түскен жоқ. Қазіргі кезеңде Қазақстан халықаралық қатынастардың дербес субъектісіне айналып, қалыптасқан әлемдік жаңа геосаяси хал-ахуал шеңберінде өз орынын табуға ұмтылуда. Ең бастысы — дүниежүзілік қауымдастық бүрынғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі тепе-теңдік сақтаушы күштің бірі ретінде республикамызды басқа дамыған елдермен қатар қойып отыр.
Тарих атты ұлы көштің өз заңы бар. Оның сара жолында болып өткен үлкен-кіші оқиғалардың, өз заманында өмір сүрген ұлы тұлғалардың ешқайсысы да ұмтылмақ емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жылдар, ғасырлар өткен сайын жаңғырып отырады.
Біз осыдан алпыс бір жыл бұрын көп құрбандықпен қолымыз жеткен ¥лы Жеңісті жыл сайын қуанышпен, құрметпен атап өтеміз. Жылдар, ондаған және жүздеген жылдар өтер, ұрпақтар ауысар. Соның бәрінде де әлемді фашизм дертінен, фашизм салған ылаңнан құтқарған, соғыстың сойқаншыл ошағын құлатқан аяулы аталарымыздың қасиетті тұлғасы биіктей бермек.
СІЛТЕМЕЛЕР
1.Пальм Дат Р.Фашизм и социалистицеская революция. М.1935
- Розанов .Г.Л. Германия под властью фашизма. М. 1964
3.Галкин А.А. Германнский фашизм. М. 1989
4.Давидович Д.С. Орудие германнского империализма и милитаризма. К истории возникововения Германского фашизма /1919-1923 гг./. — Новая и новейшая история. 1976, №3
- Бланк А.С. Идеология германского фашизма. М. 1974., Старый и новый фашизм политический и социальный очерк. М. 1982.
- Рахшмир Г.Ю. Происхождение фашизма. М. 1981.
- Горошкова Г.Н. Становление фашисткого режима: узурпация и пропоганда. — Ежегодник германской истории. М. 1970.
- Аникеев А.А. Германский фашизм и крестьянство. Ростов наДону1979., Аграрная политика нацисткой Германии в годы второй мировой войны. Ростов на Дону, 1990
- История фашизма в Западной Европе. М.1978
- Желеев Ж. Фашизм: Тоталитарное государство.Перевод с болгарского М. 1991
11.Фром.Э. Адольф Гитлер: клинический случай некрофили. Перевод с английского. М. 1992
12.Анотомия войны. Новые документы о роли германского монополитического капитала в подготовке и ведения второй мировой войны. М.1971.
13.Нюрнбергский процесс М. 1957. т. 1-2. СС в действии. Документы о преступлениях СС.М.1968.
14.ХП Пленум ИККИ. Стенографический отчет. М. 1934. с. 589.
- Галкин А.А Германский фашизм. М. 1989. с. 19.
- Галкин А.А. Германский фашизм. М. 1989. с. 24.
17.Совершенно секретно! Только для командования! Стратегия фашисткой Германии в войне против СССР. Документы и материалы. М.1967. с.42.
- ЛебедеваН.С Подготовка Нюрнберского процесса. М. 1975. с. 43
- Фроингар И.М. Очерк развития германского монополитического капитала. М. 1958. с. 131.
- Самсонов А.М Вторая мировая война. М. 1985.
- Проэктор Д.М. Фашизм: пять агрессии и гибели. М. 1989. с. 67.
- Проэктор Д.М. Агрессия и катастрофа: высшее военное руководство фашисткой германии во второй мировой войне. М. 1972.С.7.
- Галкин А.А Германский фашизм. М. 1989. с. 46.
- Нюрнбергский процесс над главными военными преступниками. М. 1957.Т. I. с.126
25.История фашизма в Заподной Европе. М. 1978. с.35
- Файнгар И.М. Очерки развития германского монополистического капитала. М. 1958. с.315-318.
- Анотомия войны Новые документы о роли германского монополитического капитала в подготовке и ведения второй мировой войны. М.1971.С.326
- Дашичев В.И. Банкродсвтво стратегии германского фашизма. Исторические очерки М.1973.т.І. с. 48 Бланк А.С. Германский фашизм и заподногерманский неонацизм. Вологда. 1971.С.62
- Милкова Ф. О некоторых реакционных черезвычайных законах в период фашисткой диктатуры — Вестник Московского Государственного Университета. Серия «Право»: 1976 № 5 с.82-87
- Чинхон Э. Курс германского фашизма на правоокружение и события 1936г.- Ежегодник германской истории. 1972.с.244
- Галкин А.А. Германский фашизм. М. 1989.С. 59
- Бланк А.С. Германский фашизм и заподногерманской неонацизм. Вологда. 1971.с.121-131.
- Галкин А.А. Германский фашизм. М. 1989. с. 41-42
- Опитц Р. Фашизм и неонацизм. Сокр. пер.с немецкого. М. 1988. с. 168
- Розанов Г.Л. Германия под властью фашизма. М. 1964
- Чихон Э. Курс германского фашизма М. с. 252-253
- Разонов Г.Л. Германия под властью фашизма. М. 1962.с. 101.
- Боркин Д.С. Преступление и наказание. М. 1982. с. 87-117.
- Бланк А.С. Германский фашизм . Вологда. 1971.С.72
- Галкин А.А Германский фашизм М. 1989.с.222
- Бұл да сонда. с.258
- Бланк А.С Германский фашизм и заподногерманский неонацизм Вологда. 1971. с. 123-124
- Аникеев А.А. Германский фашизм и крастьянство. Ростов на Дону 1981. с.61
- Розанов Г.Л. Германия под властью фашизма. М. 1964. с. 103.
- Аникеева А.А. Германский фашизм и крестьянство. Ростов на Дону 1989. с. 70.
- Галкин А.А Германский фашизм М. 1989 с.262.
- Аникеев А.А Германский фашизм и крестянсктво Ростов на Дону с.82
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Деректер
1.1 Анотомия войны. Новые документы о роли германского монополитического капитала в подготовке и ведения второй мировой войны. М. 1971.
- XII Пленум ИККИ. Стенографический отчет. М.1934.
- Нюрнбергский процесс. М.1957.
- Преступые цели- преступные средства. Документы об оккупационной политике фашисткой Германии. М. 1963.
1.5 ҮІІ Конгресс Комунистического Интернацоинала и борьба против фашизма войны. Сборник документов. М. 1975.
1.6 Совершенно секретно! Только для командования. Стратегия фашисткой Германии в войне против СССР. Документы и материялы. М. 1967.
1.7 СС в действии. Документы о преступлениях СС. М. 1968.
1.8 Судебный процесс по делу верховного главнокомандования гитлерского верхмата. Пер. С. Нем. М. 1964.
Зерттеулер
2.1 Аникеев А.А Германский фашизм и крестянство. Ростов на Дону. 1989.
- Бахман К. Кем был Гитлер в действительноси. М. 1981.
- Безыменский Л. Германские генералы с Гитлером и без него. М.1964.
- Бланк А.С. Германский фашизм и заподногерманский неонацизм. Вологда. 1971
- Блан А.С идеология германского фашизма. М.1971
- Боркин Д.Т. Преступление и наказание. М. 1982.
- Галкин А.А. Германский фашизм. М. 1967.
- Гейден К. История германского фашизма. М. 1935.
- Гинцберг Л.И. На пути в имперскую канцелярию. Германский фашизм рвется к власти. М. 1972.
- Гинцберг Л.И. Рабочие и камунистическое движение Германии в борьбе против фашизма. М. 1978.
- Горошкова Г.Н Становление фашисткого режима: узурпация и пропоганда -Ежегодник германской истории. М. 1970.
- Давидович Д.С. Орудие германского империализма. К истории возникноведения германского фашизма. /Новая и новейшая история. 1976 № 3
2.13 Демичев В.И. Банкродство стратегии германского фашизма. Исторические очерки. М.1973.
2.14 Желеев Ж. Фашизм в Западной Европе. М.1978.
2.15 История фашизма в западной Европе. М.1978.
- Лебедева Н.С. Подготовка Нюрнберского процесса. М. 1975
- Опитц Р. Фашизм и неонацизм. Сокр пер.с .нем. М. 1988.
- Пальм Датт Р. Фашизм и социалистическая революция М.1938
- Проэктор Д-М Агрессия и катострофа: высшее военное руководство фашисткой Германии во второй мировой войне. М
- Проэктор Д.М. Фашизм: путь огресий и гибели. М.1989.
- Рахшмир П.Ю. Происхождение фашизма. М.1981
- Розанов Г.Л. Германия под властью фашизма. М. 1964.
- Руге В. Как Гитлер пришел к власти. М. 1985.
- Самсонов А.М. Вторая мировая война М. 1985
- Файнгер И.М Очерки развития германнского монополитического капитала. М. 1958
- Фромм 3. Адольф Гитлер: клинический случай некрофилии Пер. С англииского М. 1992
- Чихон Э. Курс Германского фашизма на перевоокружения и события 1936г.-Ежегодник Германской истории М.1972