АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан халқының тылда Ұлы жеңіске қосқан үлесі

         Жоспар

 

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .      

 

I — Тарау:  Қазақ жеріндегі адам және материалдық ресурстарды отан қорғауға  жұмылдыру. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1.1.     Қорғаныс қорларының құрылулары.                                    

     1.2.      Патриоттық бастамалардың пайда болуы.                          

  1.3.     Тыл еңбекшілерінің майдандағы жауынгерлерге көмек беруі.

 

II – Тарау: Қазақ жеріндегі еңбекшілердің тылдағы ерліктері. . . .

  • Жауынгерлер жанұяларына көрсетілген көмектер.
  • Жау қолынан азат етілген аудандарға көрсетілген көмектер.

 

Қорытынды  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  

Пайдаланған әдебиеттер тізімі   . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Ұлы Отан соғысы тақырыбы ешқашан өзекті болудан қалмас. Оның тарихы жазылып жатса да, уақыт жасырып қалған сырлар қаншама. Азамат тарихында қаншама кескілескен, жантүршігерлік, жерді қан мен көз жасына бояған соғыс деген аты суық оқиға болды. Қандай сипатта болмасын адам баласына әкелер қасіреті, артар қайғысы аз емес. Сондай сұрапылдардың бірі ХХ – ғасырдың орта шенінде болған Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 62 жыл болыпты. Күн өткен сайын оның адамдар жүрегінде салған жарасы біртіндеп жазыла берсе де, отандастарымыздың жеңіс үшін майданда көрсеткен  ерліктері және тылдағы еңбектері ұрпақтар есінен кетпейді, керісінше айқындала түседі. Ел басына ауыр жағдай туғанда олар жасымады, маңдай терімен қасық қаны қалғанша Отанын қорғай білді.

Жеңіске жеткен соң да Жер-ананың төсіне бомбалар салған жараны, окоптар мен траншеяларды тегістеп, күлден басқа түк қалмаған қалаларда фабрика, зауыт, қалалар мен ауылдар тұрғызды. Осылайша басқа түскен қиыншылықты мойнымен көтере білді. Сол кездегі біздің әкелеріміз бен апаларымыз көрсеткен ерліктерден қазіргі жас ұрпақ Отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты үйреніп тәрбие алды. Халқымыз Отан үшін от кешіп, ерлік пен елдік сынға түскен сәтте ойланбастан өмірлерін құрбан еткен батыр ұлдары, қыздарын қастерлеп, құрмет тұтады. Олардың есімдері Даңқ мемориалдарында, ескерткіштер мен қабір тақталарында мәңгі өшпестей етіп алтын әріптермен жазылған. Ал қалалардағы мәңгілік алаулар Отан басына түскен сонау ауыр қасіретті еске түсіріп, әлемге жар салғандай.

Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қанша жазылып жатса да, уақыт жасырып қалған сырлар қаншама. Сондықтан да Ұлы Отан тарихын зерттеу күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпақ емес.

      Мәселенің зерттелу деңгейі.  Бейбіт өмір жылдарындағы сияқты Ұлы Отан соғысында да Кеңес халқының ұйымдастырушы және бастаушы күші Коммунисттік партия болды. Партияның орталық комитеті мен Кеңес үкіметі соғыстың алғашқы күндерінен бастап Кеңес өкіметінің қорғаныс қуатын нығайтуға бағытталған  көптеген шараларды іске асырды. Тылдың жұмысын қайта құрып майдан талабына сай ұйымдастыру жолында көптеген қиындықтардан өтуге тура келді. Еліміздің батыстағы негізгі өнеркәсіптік  және ауыл шаруашылық маңызы мол адамдардың уақытша жау қалында қалып қоюына байланысты халық шаруашылығындағы негізгі салмақ шығыс ауылдарына түсті. Сондықтан тыл еңбеккерлері майдан талабын толық орындау жолында аянбай еңбек етеді.

Экономика мен еліміздің ішкі өмірі соғыс жағдайына сәйкес қайта құрылуына байланысты ендігі алда тұрған мақсат, жауды жеңуді материалдық техникалық базасын шұғыл жолға қоюды қамтамасыз ету болды. Егер соғысқа дейінгі бейбіт жылдары Совет экономикасы негізінен халықтың материалдық әл ауқаты мен мәдениетін көтеру бағытында өркендеген болса, соғыс жағдайы  материалдық және  финанс ресурстарын, еңбек күшін соғысқа бейімдеп  қайта құруды қажет етті. Бұл халық  шаруашылығының   барлық  азаматтық  саласын әскери өнім шығару көшіруге, сол  сияқты  өнеркәсіп  өнімнің   жүйесінде  негізгі орында  майданға қажетті  қару-жарақ пен басқа да заттардың  алуына байланысты  еді.

          Сонымен  қатар  батыстағы  өнеркәсіп  орталықтарынан  заводтар мен  фабрикалардың  жабдықтарын  шығысқа  қарай көшіріп, олардың қайтадан  іске  қосудың өзі де  аса көп  күшпен   қаржыны талап   етті. Елдің  орталық және  шығыс  аудандарында жаңадан құрылып жатқан әскери   құрамалар мен бейімдерді  жасақтау, киіндіру,  барлық  қажетті заттармен қамтамасыз етуді  үздіксіз жүргізуге керек  болды,

Қазақстан  еңбекшілері  бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп орталық азаттық соғысына  бір кіседей жұмыла көтерілді. Осы тұста өткен жиындарда олар Отан алдындағы  парызын  орындауға  әзір екенін білдірді.  Қызыл  Армияның  қатарына өз еркімен баратындықтарды туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару салып майданға аттануға тілек білдірді.

Соғыстың алғашқы күндерінде ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 атқыштар дивизиясы жасақталған. Оның командирі азамат соғысына қатысушы генерал И.В. Панфилов болды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде 238, 310, 314, 387 және 391 атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталады, небәрі  республикада жиырмадан астам атқыштар және атты әскер бригадалар, әуе күштерінің, зеңбірекшілердің полктері, әртүрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды.

Ұлы Отан соғысы тақырыбы сірә, ешқашан өзекті болудан қалмас. Оның тарихы жазылып жатса да, уақыт жасырып қалған сырлар қаншама. Есімі туған туысқандарының есінен кетпей, ойлаған сайын жүректі шымырлатып, көзден сағыныштың ыстық жасын ағызатын, ел болып жоқтаған із түссіз кеткен ағалар қаншама. Олар қай жерде, қалай қаза тапты, жердің қай бұрышында мәңгілік ұйықтап жатыр екен деген өзекті өртер арман кімді болсын толғантпай қалмас. Қаншама елім, жерім деп еңіреген ерлердің мүрдесі туған жерден шалғайда.Олар Прибалтика ормандарында қалды ма, Украина даласында ма, жоқ әл де  Батыс Европада ма, бұл жөнінде бізге мәлім емес мәселелер көп. Боздақтардың есімдері қағаз бетіне жарияланып, жерін, елін тауып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Жеңістің 50 жылдығына арналып республика, облыс көлемінде  Боздақтар атты естелік кітаптар шығарылды. Бірақ олар да өз беттеріне жауынгерлерді түгелдей енгізе алмады. Ұлы Отан соғысы жылдарында жерлестеріміздің жеңіске қосқан үлесін тарих бетіне түсіріп, көптеген тарихшылар, зерттеушілер өз еңбектерін жазды.

Елді дүр сілкіндіріп, әр үйдің шаңырағында ажал сығалатқан соғыс жайлы әдебиеттер көп. Ұлы Отан соғысы тарихы көптеген зерттеушілерді қызықтырады. Кеңес халқының әлемді ажалдан сақтап  қалған ерлікке, батылдыққа толы күресін көрсету — тарихшылар мен зерттеушілердің басты міндеті.

«Ғылым» баспасынан шыққан  Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза 1941-1945 деген құжаттар мен материалдар жинағының тарихнамада алар орны үлкен. Құрастырушылар Т.Б. Балақаев, П.С. Белан, Н.Е. Едігенов, Б.А.Ақжанов, М.Қ.Қозыбаев т.б., жинақтың құжаттары мен материалдары республиканың әрекет етуші армияға арсеналдардың біріне айналғандығын көрсетеді. Көп ұлтты Қазақстанның соғыс майдандарында көрсеткен ерліктері суреттеледі. Жинақтың I томы соғыстың басталған кезінен   1943 жылдың аяғына дейін – Ұлы Отан соғысындағы түркілікті өзгерісті қамтиды.

Бұл жерде өнеркәсіп саласының, ауылшаруашылығының, транспортының, жалпы республика өмірінің әскери бағытқа ауысуы көрсетіледі. Екі бөлімді Қазақстандықтардың Москва, Ленинград, Волга, Курск, Днепр түбіндегі болған шайқастарға қатысуы туралы материалдар алып жатыр. Құжаттар арасында   Қазақстанда құралған бөлімдердің әскери қимыл журналдарынан  көшірмелер, марапаттау беттерінен үзінділер, әскери корреспонденттерінің мақалалары, майданнан келген жауынгер хаттары, естеліктер, партизандардың әскери мінездемелері кіреді. Арнайы бөлім кеңес адамдарының тылдағы көрсеткен патриотизміне  майданға материалдық және  моральдық көмек беруіне, жаралылар, мүгедектер және жауынгер жанұяларына көрсеткен көмектеріне, тағы да басқа әрекеттеріне арналған. Сонымен қатар, бұл кітаптар соғысу үшін қажетті еліміздегі мыс пен қорғасынның көп мөлшерін беріп тұрған Лениногор қорғасын зауытын, Өскемен қорғасын мырыш комбинатын атап кетеді. Қазақстан Коммунистік партиясы орталық комитетінің оргинструкторлық бөлімінің шаруашылықты Әскери бағытқа ауыстыру туралы хабарында: «Шілде айында мыс балқыту және қорғасын  мырыш кәсіпорындарының көпшілігі кен өндіру және метал балқыту жоспарын асыра орындады», — делінген. Солардың ішінде Ленинград қорғасын зауыты  24 күнде қорғасынды 101,8 процентке балқытқан екен. Жалпы республиканың қорғасын зауыттары 24 күн ішінде мыс балқытуды 92,2 процентке орындапты. Жалпы бұл жинақтың Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның, жекелеген облыстардың тарихын зерттеудегі алар орны ерекше деуге болады. Оның ішінен әр түрлі жекелеген өнеркәсіп орындары мен еңбек озаттарына қатысты деректі материалдар мен мағлұматтар алуға болады.

Республика коммунистік партиясының тарихын алғаш рет жүйелі түрде зерттеген М.Қ.Қозыбаев. «Казахстан – арсенал фронт» деген еңбегінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі коммунистік партияның ұлттық саясаты, экономикалық саясат негіздері зерттелді. «Тылда майдан, тылда соғысушы халық. Тыл мен майданның өзара шешуші байланысын қамтамасыз ету. Отан соғысы күндеріндегі Қазақстан коммунистерінің тарихи миссиясы болды», — деп жазды М.Қ.Қозыбаев.

Манаш Қозыбаев. Б. Рахматуллин бірігіп «Равнение на коммунистов» деген еңбек те  жазып шығарады. Мұнда бүкілодақтық Лениндік Коммунистік жастар одағының – Қазақстан комсомолының бір әскери отрядының социалистік Отанды қорғауға қатысуы жазылады. Авторлардың айтуынша Қызыл Армия қатарына Қазақстанның 242 мың комсомолы қосылды.

Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы маңызды мәселелеріне арналған еңбектің бірі В.Я.Басинның еңбегі.

Архивтік және жарияланған деректерді зерттеу негізінде автор ауыр өнеркәсіп жұмысын соғыс қажеттілігіне бейімдеу, өнімділікті арттыру, эвакуацияланған өндіріс орындарын қабылдап, орналастыру, ауыр өнеркәсіптің жаңа салаларын қалыптастыру, жұмысшы және инженер кадрларын дайындау, социалистік жарыс пен партиялық саяси жұмыстарды дамытудағы  ұйымдастырғыш қызметі көрсетіледі. Қазақстан тылының Ұлы Отан соғысындағы маңызы айтылады Республика минералды шикізат қорына бай болғандықтан соғыстың басында-ақ ұсақ кен орындарын игеру нәтижесінде түсті метал өндіруді арттыруға мүмкіндік туды. Мысалы, қорғасын, мырыштың ұсақ пен кен орындарын Наркомместпром және Казпромсовет тауып отырды. Автор ірі өнеркәсіп орындарын материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етудегі қиыншылықтарға да тоқталады.

 К.Оразовта Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихын жазуға үлесін қосты. Оның «Рабочий класс Казахстана в Великой  Отечественной войне» деген еңбегінде тарихнамада айтарлықтай орын алады. Кітапта Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан өнеркәсібін жұмыс пен қамтамасыз ету проблемасы, ауыр жағдайларда өнеркәсіп жұмысшыларының құрамы мен сананың өзгеруі жұмысшы тобы қатарын бекітудегі Коммунистік партиының рөлі көрсетілген.

Г.А.Әбішев. Оның «Казахстан в Великой отечественной войне» деген еңбегі ең алғашқы ірі зерттеуі.

Бұл жұмысында автор кеңестік Қазақстан еңбекшілері Коммунистік партияның жетекшілігімен фашизмге қарсы көтеріліп, намысты аяққа таптамай Кеңес Армиясына көмек көрсеткендігі жайлы жазылады. Мұнда Қазақстан халық шаруашылығын әскери бағытқа ауыстыру, өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын кадрлармен қамтамасыз ету, эвакуацияланған адамдарды, малды, өнеркәсіптерді қабылдап орналастыру, жұмысшылардың еңбектегі ерлігі жайлы жазылды. Интеллигенцияның, әйелдердің Ұлы Отан соғысында алған орны, комсомол мен жастардың атқарған қызметі жайлы айтылды. Қазақстан жауынгерлердің майдандағы ерліктерінде де арнайы тарау бөлінген. «Соғыс жылдарында республика көлемінде, облыс орталықтарында шыққан газеттерде жауынгерлердің майдандағы ерліктері айтылады» деп автор бірнеше мысалдар келтіреді.

 Диплом жұмысының негізгі дерек көзі.  Тарих ғылымының докторы Г.Балақаев пен Қ.Алдажұмановтың «Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде 1941-45»деген кітап ел басына күн туған ауыр жылдарында қан майданда жаумен жағаласқан тылда тынымсыз еңбек етіп, соғыс қиындықтарында төзе білген, коммунистік партияның басшылығымен жеңіске лайықты үлес қосқан Қазақстан еңбекшілерінің патриоттық істеріне арналады.Республика тарихының  осы күнге дейін оқушылар назарынан тыс қалған мәселелер қарастырылады. «Ғылым » баспасынан шыққан «Казахстан в период В.О.в.1941-1945гг » деген құжаттар мен материалдар жинағы болды.Оны құрастырғандар: Т.Б.Балақаев. П.С.Белан, Н.Е.Едігенов, Б.А.Ақжанов,М.Қ, Қозыбаев, т.б., жинақтың құжаттары мен материалдары әрекет етуші армияның арсеналдарының біріне айналғанын көрсетеді.

 Қазақстан тарихшыларының тынымсыз еңбек ету нәтижесінде ірі-ірі еңбектер шыға бастады. Солардың бірі Г. Нұрбекованың «Женщины Казахстана- фронту » деген кітабы.

 Тақырыптың мақсаты. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан халқының тылда Ұлы жеңіске қосқан үлесін ашып көрсету. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, мәдениеті мен әдебиеті, білім мен ғылым туралы жазылған еңбектерді зерделеу;

Отан соғысы жылдарында жасалған тылдағы еңбекшілер мен жұмысшылар, өнер қайраткерлерінің ерен еңбектеріне әртүрлі авторлар берген бағаның ақтаңдақ тұстарына назар аудару;

Тылдағы халықтың отан қорғау ісіне бір адамдай жұмыла кірісіп, бұрын соңды болмаған еңбек көрсеткіштеріне қол жеткізгендігін жас ұрпаққа жеткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I – тарау:  Қазақ жеріндегі адам және материалдық ресурстарды отан қорғауға жұмылдыру.

 

1.1.  Қорғаныс қорларының құрылуы.

 

Ұлы соғысының алғашқы күндерінен бастап еңбекшілер еліміздің әскери және экономикалық қуатын күшейтіп, жеңіс күнін тездету Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап еңбекшілер еліміздің  өз ерліктерімен өкіметке ақшалай, заттай және басқада көмек көрсете бастады. Қазақстанның қалалары мен ауыл селоларында болып жатқан митингілер мен жиналыстарда еңбекшілер өкілдері жауды жеңуге шақырумен қатар, жеңіс жолында өздерінің қандай нақты үлес қосатынын да білдіріп отырды. Бірде бұл майдандық еңбек вахтасына тұрып, өндірістік жоспардың асыра орындалуы туралы міндетпен тығыз байланысты болса, енді бірде әркімнің қолынан келгенінше майданға берген көмегін білдірді.

           Сондай — ақ еліміздің қорғаныс қуатын нығайтуды өздерінің басты борышы деп түсінген совет патриоттары халық шаруашылығының қай саласында болмасын еңбек өнімділігін үдете берді, әрі майданға қосымша көмек берудің әр түрлі жолдарын қарастыра бастады. Міне Оңтүстік Қазақстандағы  Киров ауданының орталығында 22 июнь күні боған митингіде аудан еңбекшілері кезекті демалыс күні Кеңес одағының әскери қуатын нығайту қорына жұмыс істеуге қаулы етті. Сол күні Павлодар облысындағы Роза Люксембург атындағы колхоз мүшелері радиодан соғыстың басталуы туралы хабарды естісімен — ақ көлік ұйымдастырып, өкіметке 21ц ет жөнелтті, сөйтіп мемлекетке ет тапсыру жоспарын алдын ала орындады. Сондай-ақ Доссор мұнай кәсіпшілігінде мастер Букановтың бұрғылау бригадасы сөткелік нормасын екі есе орындап шықса, ал Байшонаста мастер Сүлейменовтың учаскесі бір күнде жоспардан тыс 70тонна мұнай өндірді.\1\. Мұндай мысалдарды республиканың барлық түкпірінен көптеп келтіруге болады.

 Міне бүкіл еліміз сияқты, республиканың әр жерлерінде кеңес адамдары майданға көмекті күшейте түсу жөнінде ұсыныстар енгізіп жатты. Ол ұсыныстарда еңбекшілер өздерінің адал еңбекпен тапқан қаражаты есебінен қорғаныс жасауға тілек білдіріп, мұны барша жұртшылықтың қолдауын өтінді. Шын мәнінде бұл елімізге фашист агрессорлары  душар еткен соғыс ауыртпалығын жеңілдетіп, жауды тез жеңуге бағытталған бүкіл совет халқының ізгі тілегі еді.

     Майдандағы армияға көмек беруге, соғыс жағдайына бейімделіп қайта құрылып жатқан шаруашылықты жолға қою ісіне, сондай-ақ соғыс өнерін үйренуге тылдағы барлық совет адамдары қатынасты. Еліміздің қорғаныс қабілетін молайту мақсатына бағытталған патриоттық қозғалыс әсіресе КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің председателі И.В.Сталиннің1941ж. 3  июльде сөйлеген сөзінен кейін, кеңінен өрлеп бүкілхалықтық сипат алды.

Кеңес өкіметімен партияның орталық комитеті, фашистік Германияның агрессиялық саясатын әшкерелей келіп, соғыстың саяси мәні мен сипатын айқындады. Елімізге төнген қатерлі қауіп шындығын халыққа терең түсіндіріп, барлық совет азаматтарының армияға аянбай көмек көрсетуге шақырады. 

  Коммунистік партияның «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұраны кеңес халқының жауынгер туына, барлық іс-әрекетінің өлшеміне айналды. Ол партияның фашистік басқыншыларды жеңу жолында бүкіл халықтың алдына қойған негізгі міндетін білдірді.

 Республика еңбекшілері, бүкіл еліміздегі сияқты партия мен совет  өкіметінің соғыс жағдайына байланысты қабылдаған программалық шешімдерін қуаттап, советтік патриотизмнің тамаша үлгілерін көрсетті.

  Қазақстанның жергілікті партия және Кеңес ұйымдары еңбекшілердің социалистік Отанына деген сүйіспеншілігін, елдің қорғанысын нығайту деген ықыласы  мен ниетін майдан мен тылдың байланысын нығайтуға бағыттады соғыс кезінің талаптарына сәйкес бұқара арасындағы саяси көпшілік жұмыстарын кеңінен жүргізе отырып, олар әрбір совет азаматының соғыс кезіндегі міндетін түсіндіріп, тыл еңбеккерлерін табандылық пен төзімділікке, армия мен майданды керек жарақпен жабдықтауда сергектік пен ұйымшылдыққа баулыды.

 Бұрын соңды болып көрмеген ерекше саяси және еңбек өрлеуі үстінде соғыстың алғашқы апталары мен айларында қызыл армия көмектің сан алуан пәрменді түрлері қалыптаса бастады.

Жоғары да аталғандай, еңбекшілер атынан жер-жерден келіп жатқан ұсыныстардың ішіндегі ортақ тілек Отан қорғаудың арнаулы халықтық қорын жасау туралы ұсыныс еді. Бұл әрине, халық бұқарасының өз ішінде пісіп жетілген, жауды тезірек жеңуде аңсаған барша жұртшылықтың ой пікірі еді.

1941 жылдың шілде айының ішінде өкіметке республиканың әр жерінен еңбекшілердің өз еркімен берген қаражаты үздіксіз келіп жатты. Мұның ішінде ақшалай көмектен басқа мемлекеттік заем облигациялары, астық пен ет және тағы басқалары бар еді. Көптеген еңбек коллективтері жұмыстан тыс уақытта бірігіп тапқан еңбек ақыларын қорғаныс қорына аударып отырды.

Шілде айының аяғына дейін елдің қорғаныс қорына берген қаражатын әртүрлі мекемелер мен ұйымдар қабылдап алды. «Еңбекшілердің қорғаныс қорына аударғысы келген қаржылары жөнінде не істейміз?» — деген сұраққа бірінші шілдеде Қазақстан К (б) П орталық комитетінің әскери бөлімі «еңбек ақыдан ақша бөлу жүргізілмесін. Барлық ұйымдарда бүкіл жұмысты еңбек өнімділігін мейлінше арттыруға бағыттау қажет» — деп жауап берді.\1\. Сонымен бірге мемлекеттік банктің барлық бөлімшелерінде халық пен қорғаныс қорына өз еркімен бергісі келіп отырған ақшалай және басқа да қаражатын қабылдап алатын арнаулы есеп шоты ашылды.

Отан қорғау қорын жасау туралы ұсыныс республиканың барлық жерлерінде талқыланып, оның қорытындылары мен еңбекшілердің патриоттық өрлеуі жөнінде хабарлар орталық және жергілікті баспасөз бетінде үзбей жарияланып турды «Отан тылын нығайту үшін, Ұлы Отанды ешбір жауға бермейміз», «Отан қорғаудың сарқылмас қорын жасаймыз», «Отан қорғау қорына», міне, сол кездегі газет беттеріне тән осындай рубрикамен басылған хабарлардан кеңес  патриоттарының әр жерден майданға беріп жатқан көмегі бүкіл халыққа белгілі болып отырды.

Жоғары да айтылғандай, халық қаражатына жасалып жатқан қорғаныс қорының бір ерекшелігі оның құрылу жемісінің жан-жақтылығында болды. Ол әрине, әр кімнің өзіндік қолынан келгенше берген көмегінен құрылды. Ондықтан әр түрлі каналдар мен еңбекшілерден келіп түскен қаржы құрамына ақшалай, заттай көмекпен қоса ауылшаруашылық өнімдерінің, мемлекеттік заем облигацияларының, алтын және басқа да қымбат заттардың болуы заңды нәрсе. Бұл қорғаныс жасауға қатынасты көп ұлтты, халықтың кәсібіне, әлеуметтік құрамына байланысты еді.

Отан қорғау қоры қаржының ерекше түрі екенін айта кеткен жөн. Ол салықтан жиналған немесе өкіметке жұрттың қарызға берген қаражатын емес, қайта халықтың соғыстың алғашқы қиын кезеңінде өз армиясының жауынгерлік және әскери қуатын күшейту үшін еркімен берген сый құрметі. Сондықтан оны жасау жолының сан — алуан түрі халықтың өз инициативасымен тығыз байланысты болды.

Бұл сарқылмас қорды жасаудың және толықтырудың бастапқы, әрі маңызды жолы еңбек коллективтерінде жұмысшылардың, қызметкерлердің және колхозшылардың өз еңбек ақыларынан ай сайын қаржы бөлуінен басталды.  31 шілдеде Москваның  «Красный пролетарий», 1-ші тамызда Ленинградтағы «Большевик» заводтарының коллективтері соғыс  біткенге дейін бүкіл халықтық Отан қорғау қорына бір күндік жалақы аударып тұруы жөнінде совет одағының барлық еңбекшілеріне үндеу жариялады. Мысалы бұған жауап ретінде Қарағанды кеншілері қалада өткен митингілердің бірінде былай деді — «біз өзіміздің соғыс кәсіпорындарының қызу қарқынымен жұмыс істеп, майданға қажет құралдарын керегінше беріп жатқанын білеміз. Бірақ біз Отанды қорғауға жаңа қаражат бергіміз келеді. Сөйтіп фашист варварларын талқандауды тездеткіміз келеді. Сондықтан бассейіннің  барлық жұмыскерлері еңбек вахтасына тұрып, зор қуанышпен өздерінің бір  күндік жалақысын Отан қорғау қорына береді».

1941 жылғы 23-ші қарашада Қазақстан комсомол жастарының 3-ші жексенбілігі өткізілді. Сол күні еңбек еткен 254 мыңнан астам адам, оның ішінде 213 мың комсомолецтер 1498 мың сом ақша, 26 мың еңбек құн тауып оны да отан қорғау қорына берді. Мұнан кейінгі уақыттарда да мұндай жексенбіліктер жиі өткізіліп, республикада оған қатынасты бірде бір адам болған жоқ. Үй шаруашылығы әйелдері, оқушылар, пенсия жағында қарт адамдар бәрі бірдей Отан қорғау қорына  жаппай еңбек етуге қыза араласты. 1942 ж 15 ақпанда өткен комсомол жастардың Бүкілодақтық жексенбідегі де осындай еңбек өрлеуі үстінде еді.

Мұнымен қатар, соғыс жылдарында темір жол жұмысшыларының үлгісі мен халық шаруашылығының жекелеген салаларында да осындай жұмыстар жиі өткізіліп тұрды. Мысалы, 1941 ж 17 ақпанда су транспорты қызметкерлері, ал 31-ші ақпанда және 19-шы қазан күндері байланыс қызметкерлері жексенбілік өткізді.Сол сияқты 1942 ж 4 қаңтарда Түрксіб темір жолшыларының кезекті жексенбілігінен Отан қорғау қорына 85 мың сом қосымша қаржы қосылды.\1\.

Жалпы 1941-42 жылдары өткен осындай жексенбіліктер республика комсомолдары мен жастары ғана 8 мың сомнан астас ақша мен 51455 еңбек құн тауып, осының бәрін қорғаныс қорына өткізді. Бұл жастардың қорғаныс қорын жасауға қосқан елеулі үлесі болды.

Бүкілхалықтық Отан қорғау қорын жасау үшін жүріп жатқан осы қозғалысты бұл қаржысынан басқа олардың әр қайсысының кезінде еңбектеніп жинаған өз жеке меншігімен қосқан үлесі де маңызды орын алды. Социалистік Отанға қауіп төнген осы қиын кезеңде әр бір Совет азаматының патриоттық ынта-жігері  жауға соққы беру мақсатына арналғаны белгілі. Өйткені елімізде соғыс өрті шарпыған бірде бір семья қалған жоқ. Сондықтан әркімнің Отан қорғанысын нығайту үшін беріп отырған көмегі майдандағы жауынгер рухын көтерумен бірге, оларға қосымша қару жарақ пен техника айналасының бәрі де жақсы түсінді.

Республиканың белгілі әдебиет пен өнер қайраткерлері де бұл партияның ісінің ұйытқысы болды. Халық поэзиясының Жамбыл Жабаев қорғаныс қорына деп қолма қол 4000 сом берсе, Нұрпейіс Байғанин ел аралап, халық арасында айтқан жырларында Отанды қорғауға, бүкіл халық болып қорғаныстың сарқылмас қорын жасауға шақырды. Ақынның жырлары көпшілік жүрегіне жол тауып, осындай кездесулердің нәтижесінде Ақтөбе облысының дихандары мен малшылары қорғаныс қоры есебіне 56689 сом ақша, 24925 сомдық облигациялар, 14 бас мал, 150 ц астық және басқа да заттарын берді.\1\. Сол сияқты СССР халық әртісі Күләш Байсейтова 3000 сом, жазушы Мұқтар Әуезов, композитор Евгений Брусиловский, тағы басқалары да 1000 сомнан өткізді.

Отан қорғау қорын жасап, оны молайту жолындағы халық инициативасында шек болған жоқ. Бұл қордың кей жерлерінде халық өзара «Отан сақтау қоры», «Жеңіс қоры» — деп атады. Мұның бәрі халық өз көңіл – күйіне туған ұғым еді. Қорғаныс қорына қаржы жинау жұмысын жолға қойып, оның күннен – күнге молая түсуіне жергілікті партия, Совет ұйымдары тарапынан ерекше көңіл бөлінгендегі туралы жоғарыда айтылды.

Халық қозғалысына басшылық ете отырып, олар сонымен қорғаныс қорына көмектесу кезінде әркімнің ерекшелік принципінің қатаң сақталуына да баса назар аударды. Бұл ерікті патриоттық ісін өзара бәсекеге, немесе жергілікті «науқанға» айналдыруға болмайтынын өмірдің өзі көрсетті. Өйткені майданға көмектің алуан түрлі жолдарын жоғарыдан ешкімнің айтуынсыз-ақ халықтың өзі ұсынып отырады. Сондықтан қорғаныс қорын жасап жолындағы қозғалыс қысқа мерзімде аяқталған жоқ, қайта кең өріс алып, майданға көмектің өзімен қарт туған басқа да түрлерінен ұласып, соғыстың келесі жылдарында жаңа сипат алды.      

 

 

 

 

     1.2  Патриоттық бастамалардың пайда болуы.

 

Қорғаныс қорын молайту жұмысы Қазақстанның барлық жерінде біздей осындай қызу қарқынмен өтті. Республика Колхозшылары мен М.Т.С., совхоз жұмысшылары бұған ақшалай, заттай көмектен басқа, басы артық азық – түлік пен малында аяған жоқ.

Қазақстан колхозшылары тек 1941 жылғы қыркүйек айының ортасына дейін қорғаныс қорына өз жанының 1574 тонна астық, 4252литр сүт, 86 центнер май, мыңдаған бас мал өткізді. Олардан совхоз жұмысшылары мен қызметкерлері де қалысқан жоқ. Жалпы республика совхозының еңбекшілері өз қаражатынан тек отан қорғау қорына ғана қолма – қол  2979751 сом ақша, 3928077 сомның облигацияларын, 25 грамм алтын, 12683кг күміс және де басқа да қымбат заттар мен азық — түлік берді.

Қорғаныс қорын жасауға мектеп оқушылары да қатынасты ауыл шаруашылығы жұмыстарына көмектесу, жексенбіліктерге қатынас, металл сынақтарын, әр түрлі машиналарға қажетті қосымша детальдер  мен бөлшектер жинау арқылы тапқан еңбек  ақыларын олар да осы игілікті мақсатқа берді. Соғыс кезінде мектеп оқушылары мен мұғалімдері қорғаныс қорына 14479 мың сом ақша өткізді.\1\.

Бүкіл кеңес халқымен бірге республика еңбекшілерінің Гитлерлік Германияға қарсы қан төгіс соғыста еліміздің қорғаныс қуатына жедел нығайту бағытталған осы қозғалысқа қосқан үлесі өз отанына берілгендіктің, советтік патриотизмнің шынайы үлгісі болды.

 Қорғаныс қорына түсіп жатқан қаржы мөлшері мұқият есепке алынып, оның барысы айына үш рет баспа сөз бетінде жарияланып тұрды. Қазақ СССР финанс халық комиссариатының мәліметі бойынша 1941ж. 21 желтоқсанда республика еңбекшілерінің тек ақшалай берген қаражаты 52 млн сомнан асып кетті. Мұнымен бірге көптеген қымбат  зат, алтын мен күмістен жасалған бұйымдар, шетел валютасы, 5411 млн сомның облигациясы өткізілді. Отан қорғау қорына жасау қозғалысының алдынғы санада Қарағанды облысының, онан кейінгі орында Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облысының еңбекшілері болды. Қалалар ішінде бірінші орынды Алматы қаласы алды Республика облыстары бойынша сол кезде  түскен қаражат мөлшерін 1 таблицадағы деректерден көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- таблица

 

2 – Отан қорғау қорына түскен қаражат (21.12.41ж.)

Облыстар бойынша

түскен барлық ақша мың сом

қымбат заттар, ақшалай құны, мың сом

шетел

валютасы

алтын грамм

күміс грамм

платина грамм

мем      

заем облигациясы мың сом   

Алматы

4062

    —

     —

    —

    —

     —

7857

Ақмола

4271      

    —

     —

    —

    —

     —

8489

Ақтөбе

2571

  1867

     — 

 216

35800

     —

5104

Батыс Қазақстан

33379

 

    —

 

     —

 324

13912

    536

4041

Гурьев

2377

    —

    41

    —

    —

     —

2746

Жамбыл

2307

  1752

     —

  31

9344

     —

3989

Қарағанды

6049

  6086

   740

 398

49044

     —

10641

Қызылорда

2495

    —

     —

    —

    —

     —

3472

Қостанай

2489

   849

     —

 122

6549

     —

8615

Оңтүстік Қазақстан

5049

    —

     —

    —

    —

     —

8615

Павлодар

1691

    —

     —

  104

19639

     —

6467

Семей

3292

  1717

   482

  194

14819

     —

8704

Солтүстік Қазақстан

2873

  2809

     —

  169

10988

     —

6849

Шығыс Қазақстан

4316

  578

     —

  173

9983

     —

11580

Алматы қаласы

5175

  8466

   106

  522

27911

    11

11812

Барлығы

52354

  24124

  1369

 2253

197989

   547

104414

                       

 

 

Еңбекшілердің  берген   ақшалай    қаражатына  басқа     мен  Совхоз   4774,8 тонна астық, 9779 гектолитр сүт, 214,3 центнер май, 1555 тонна  балық,  140,4 тонна мақта, 7402 сомның көпшілігі тұтынатын  бұйымдар, 2100  тері мен былғары,  175,1 центнер жүн, 4,6 тонна ара балы, 10,9 тонна жеміс  жидек және  басқа да көптеген заттар келіп түсті. Мұның  колхозшылар осы қорға   арнап дайындау  орғандары  арқылы 12638  центнер ет берді.\1\.

1942 жылы  қорғаныс қорына  қаржы жинау қарқыны онан әрі жалғаса түсті.  Бұған республикадағы әр ұлттың өкілдері , барлық еңбекшілер зор ынтамен қатынасты. Қорғаныс қорын жасау жұмысына қатынасқан барша жұртшылықтың көңіл күйі осындай еді. Соның арқасында 1942 жылдың басында жиналған қаржы көлемі 60 млн сомға жетіп, қорға қосымша 108 млн сомның облигациясы, 5215 тонна астық, 13 млн центнер ет тағы басқа да алуан түрлі, өнім мен зат өткізілді.

Республика еңбекшілерінің соғыс жылдарында майданға, азат етілген аудандарға, әскери қару-жарақ пен техника жасауға арнайы берген қаражатынан басқа осы жалпы Отан қорғау қорына деп берген қаржы көлемі орта есеппен айына 8 млн сомнан 9,45 млн сомға дейін өсіп отырды.

Жұмысшылар сияқты колхоз шаруалары да майданға көмектің жаңа түрлері арқылы қорғаныс қорын молайтуға өз үлесін қосты. 1941 жылы күздік егіс науқаны кезінде Оренбург облысы Бузулук ауданының колхозшылары облыс диқаншыларын жоспардан тыс қосымша егін егіп, онан алған өнімді қорғаныс орнына беруге шақырды. Ұндай патриоттық жұмысқа Қазақстан колхозшылары да қатынасты. Бұл әсіресе 1942 жылы көктемгі егіс кезінде өте кең таралды.

Батыстағы бай астықты аудандардың уақытша жау қолында қалып қоюына байланысты соғыстың алғашқы күндерінен бастап еліміздің ауылшаруашылығы өндірісінде шығыс аудандардың рөлі ерекше маңызға ие боды. Осыған байланысты бұрынғы егіс көлемін ұлғайтып қана қоймай, қорғаныс қорына да қосымша егін екті.

Бұл учаскелерді ауыл село еңбекшілері «Отан қорғау гектары, немесе, қорғаныс гектарлары» деп атап, оған ерекше күтім жасады. Мұндай егіс талаптарын көбіне құнарлы жерлерге салады. Қорғаныс гектарларын мектеп оқушылары мен пионерлер арнайы қамқорлыққа алды.

Кейбір колхоздар «қорғаныс гектарларынан» едәуір өнім алып отырды. Республикамызға белгілі, алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі – Алматы облысының қазіргі Талғар ауданының Калинин атындағы колхоз мүшелері алғашқылардың бірі болып қорғаныс қорына 15 гектар жер егіп, сол жылы әр гектардан 15-16 центнер астық алса, 1943 жылы көктем егісінде 18 гектар жердің әр қайсысынан 19 центнерден өнім  алды.\1\.

Негізгі егіс жоспарын орындаған колхоздардың қорғаныс қорына арнап еккен егіс көлемі кейбір аудандарда әжептәуір болды. Мысалы, 1942 жылы көктемде Алматы облысының Ақсу ауданында, ол 2862 гектарға жетті. Қарағанды облысында  Отан қорғау қорына арналып 2835 гектар, Шығыс Қазақстанда 850 гектар егін егілді. Республика колхоздары тек 1942 жылғы 15 мамырға дейін  15,667 гектар егістік жерді осы мақсатта пайдаланды. Жалпы соғыс жылдары республикада Отан қорғау қорына арналған егіс көлемі 50000 гектарға жетті. Мұнан алған өнім түгелдей қорғаныс қорына өткізіліп отырды.

Қорғаныс қорына еңбекшілер берген қаражат мөлшері күш сайын өсе берді. Оның молаю қарқынын   Қазақ КСР финанс халық комиссариаты  мемлекеттік табыс басқармасының мына мәліметтерінен айқын көруге болады.

Түскен қаражат

1942ж.1сәуірге дейін

1942ж. 1шілдеге дейін

1942ж. 1қыркүйекке дейін

Ақша (мың сом)

88690

123227

130181

Облигация (мың сомға)

123103

137453

151818

Бағалы бұйымдар (құны мың сом)

7402

452554

46501

алтын (г)

2939

3333

3634

күміс (кг)

367,38

414

417,38

платина (г)

640

640

640

астық (т)

7861,3

8905,3

9606

май (ц)

232,3

244,3

244,3

сүт (гектометр)

10205

10301

10313

овощ (т)

710,7

717,5

717,5

жүн (ц)

224

224,7

224,7

2 — таблица

 

 

Еңбекшілерден түскен бұл қаражаттан басқа 1942 жылы күзге дейін республика бойынша колхоз, совхоз тұрғындары өз меншігінен 273,3 тонна мақта, 8206 мал терісін, ет және де басқадай  азық түлікпен шикі зат берді.

Халық тілегімен жасалған қорғаныс қоры осылай құрылды. Мұнан кейінгі уақытта да бұған қаржы беру жұмысы қызу қарқынмен жалғаса берді. Отан қорғау қоры соғыстың алғашқы кезеңінде еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру үшін жасала бастағаны жоғары да айтылды. 1943 жылы қазан айының басына дейін бұл қорға ақшалай және бұрынғы мемлекеттік заемдар облигациясы мен жалпы мөлшері 379,1 млн сом қаржы жиналды.\1\. Бұл қаражат соғысып жатқан елдің әскери шаруашылық қажетіне жаратылғаны белгілі.

Отан қорғау қорына деген жалпы атпен берген еңбекшілер көмегі соғыстың аяғына дейін тоқтатылған жоқ. 1941 жылы күзде Отан қорғау қорына қаржы жинау жұмысы қызу жүріп жатқан шақта, майданға көмектің жаңа жолдарын іздестірген кеңес патриоттары қызыл армия үшін ірі соғыс техникаларын жасатуға қаражат жинау жөнінде бастама көтерді.  Келесі 1942 жылы қараша айында бұл патриоттық қозғалыс бүкіл елімізге кеңінен таралып, енді қорғаныс қорына қаржы берудің негізгі арнасы осыған қарай ауысты. Бұлда қорғаныс қорының құрамдас бөлігі болатын. Сондықтан кеңес патриоттарының өз еркімен жинаған қаражаты, енді әскери техникамен қарудың белгілі бір түрлерін жасату сияқты. Нақты мақсатқа жұмсалғанымен, олардың майданға жалпы көмек ретінде Отан қорғау қорына белгілі мөлшерде қаражат беруі соғыстың аяғына дейін тоқтаған емес. 1945 жылдың 10 қаңтарына дейін Қазақ КСРО еңбекшілері қорғаныс қорына 177,1 млн сом ақша, 218,9 млн сом облигация және басқа да қаражат есебінен үлес қосты.\1\.

Еліміздің қорғаныс қуатын нығайтуға бағытталған патриоттық қозғалыстың негізгі бір бөлігі еңбекшілердің өз жанынан жинаған қаржысына майдандағы армия үшін қосымша әскери техникамен қару-жарақ жасатуы болды. Соғыстың алғашқы айларында қорғаныс қорына сай ісі қызу жүріп жатқан кезде өрістеп, социалистік отанымызды қорғау жолында  кеңестік патриотизмді жаңа белеске көтерген бұл қозғалыс алғашқы күннен бастап, халық бұқарасы арасында кең қолдау тапты. Ұрыс даласында ерлікпен шайқасып жатқан Қызыл армияға пәрменді көмек көрсету мақсатымен тыл еңбеккерлері көтерген осы бастама, бүкіл елімізге кеңінен таралып, бұған үлес қосуды әрбір кеңес азаматы өзінің борышы деп санады.

Мемлекеттік жоспарлы тапсырмадан тыс еңбекшілердің өз қаржысына әскери техника мен қару жарақтың көптеген түрлерін жасату, оның ішінде сол кездегі стратегиялық және тактикалық қарудың танк пен самолет сияқты шешуші түрлерін жасауға үлес қосты. Қеңес қарулы күштерін нығайтып қана қоймай, бұл оның шын бүкілхалықтық армия екенін, оны қамқорлыққа алуда кеңестік патриотизмнің мүмкіндіктері мол екенін көрсетті.

Сол кез үшін бұл әбден орынды өйткені 1942 жылдың соңына дейін КСРО бойынша жастар қаржысына 174 танк, 10әуе эскадрильясы жасалса, соның ішіндегі  45 ауыр танк пен эскадрилья Қазақстан комсомол жастарының қаржысына жасалды.

Майдан мен тылдың бірлігі әрбір кеңес адамдарының бір мүддеге бағытталған негізгі ниетін сан алуан патриот ық істерге баулыды.  Бұрын соңды болмаған патриоттық қозғалыс кеңес қоғамының барлық әлеуметтік топтарын қамтыды. Республика комсомолдарының шақыруымен жасалған танк колоннасынан  басқа 1941 жылдың күз айларында тағыла бірнеше осындай әскери техника түрлеріне қаражат жинау жұмысы да қоса жүргізіледі.

1941 жылы қараша айының алғашқы күндерінде Алматыда №39 орта мектептің оқушылар коллективі Куйбышев қаласынағы №13 орта мектеп мұғалімдерінің үлгісімен республикалық барлық ағарту қызметкерлерін «Халық мұғалімі » атты танк колоннасын жасауға шақырды мұны Қазақстандағы мектептер мен педагогикалық оқу орындарының коллективтері қызу қолдап, өздерінің жалақыларын қосқан жарнамаларынан басқа, жексенбіліктер өткізу және қосымша жұмыстар істеу арқылы едәуір қаржы жинады. 1942 жылы шілде айына дейін «халық мұғалімі» атты КСРО оқытушыларының бірінші танк колоннасына республика мұғалімдері 826 мың сом ақша берді. Бірінші танк колоннасына майданға аттанған соң, 1942 жылы шілде айында Алматыда №56 мектеп оқушылары мен қызметкерлерінің ұсынуымен «халық мұғалімі» танк колоннасына қаржы жинау онан әр жалғаса берді. Бұған республика ағарту қызметкерлері мен педогогттары зор ынтамен қатынасты.  Тек Қарағанды облысының мұғалімдері қана осы мақсатқа 589675 сом қаржы қосты. 1943 жылы 17 қарашаға дейін республика мұғалімдері өздерінің жасатып жатқан танк колоннасына 4 874 332 сом қаржы берді. Олардың сондай – ақ республика еңбекшілері құрастырып жатқан басқада әскери техника түрлеріне  қаражат бөліп отырды.

Соғыстың алғашқы айларында республика халық шаруашылығының кейбір салалары бойынша да әскери техника үшін қаржы жинау жұмыстары жүргізіліп жатты. Еңбекшілер қаражатына әскери техника мен қару жарақ жасау қозғалысының алдыңғы сапында жұмысшы тобы болды. 1941 жылы желтоқсанда Түрксіб магистралінің  арасында «Түрксіб» атты бронепоезд жасату үшін көптеген қосымша жұмыстар атқарды. Аз уақыт ішінде бронепоезд жасалып, оған қоса жиналған 144940 сомға 14 вагоннан құралған санитарлық монша поезді құрастырылды. Бұл монша поезд солтүстік батыс майданға жіберіліп, соғыстың аяғына дейін Ленинград майданының әскерлеріне қызмет етті.\1\. 1941 жылы желтоқсан айында алтын өнеркәсібі жұмысшыларымен қызметкерлері атынан әскери әуе эскадриласын жасау жөнінде бастама көтерген «Бергузин золото» және «Енисей золото» кеншілерінің шақыруына республикадағы «Каззолото» тресінің кеншілері  де істеп жауап берді.

Осы мақсатқа тек степняк руднигі мен Яблоневқа шахтасының жұмысшылары бір күнде 54 сомға жуық ақша берді, көптеген қымбат заттар өткізді. Еліміздің алтын өнеркәсібінің қызметкерлері соғыстың аяғына дейін бірнеше танк колонналарымен әуе эскадрилаларын жасатып майданға жөнелтті.

Совет патриоттарының атқарып  жатқан үлгісі істеріне мектеп оқушылары да үзбей қатынасты. 1942 жылының басында Қостанай облысының пионерлері мен оқушылары «Қазақстан пионері» атты танк жасатуға қаражат  жинауға кірісті. Мұны Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті мақұлдап, Қостанай пионерлерінің үлгілі ісі республиканың барлық мектептеріне таралды. Мысалы осы бастаманы көтерушілердің бірі Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ксеньев орта мектебінің оқушылары сабақтан бос уақыттарында мекемелерге ағаш жару, егіс даласында жұмыс істеу, жексенбіліктер өткізу, метал сынақтарын жинау арқылы 490 сом ақша тауып, танк құрылысына берді. Мұндай жұмыстарға республикалық пионерлері мен оқушылары қатынасты. Кейінен осындай жолмен жиналған 1,4 млн. Сомнан астам қаржыға «Қазақстан пионері» атты танк колоннасы жасалып майданға ұрыстары қатынасқаны белгілі. 1941 жылдың аяғында республика жастарының шақырумен басталған «Қазақстан комсомолы» истребительдер эскадрильясына қаржы жинау жұмысы 1942 жылы қыза түсті. Соған әрбір мекемемен шаруашылықтағы бастауыш комсомол ұйымдары бұл жұмыстың ұйытқысы бола білді. Сондай – ақ екпінді колхозшылар, ауыл село коммунисттері мен активі патриоттық үлгі көрсетіп, еңбекшілердің майданға көмегін ұлғайтуға ұйытқы болды. Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы «Құрман» колхозының звено жетекшісі Шығанақ Берсиев танк колоннасына 20 мың сом ақша, өз табысынан 100 пұт бидай қосты. Бұларға қосымша ол қызыл армияның астық қорына 252 пұт бидай қосты.

«Қазақстан колхозшысы» танк колоннасына қаржы жинау зор патриоттық өрлеу үстінде өтті. Жеңіс күнін жақындатуға жәрдем етуші қарапайым еңбек адамдары, үй шаруасындағы әйелдер, мектеп оқушылары мен жастар бәрі де саналықпен отанға берілгендіктің үлгісін көрсетті. Қысқа мерзім ішінде орасан зор қаражат жиналды. Кеңес патриоттары соғыс кезеңінің қиындықтарына қарамас ат қолдарындағы бар қаражатын жеңіс жолынан аяған жоқ. Танк құрылысы ғана емес, басқа да әскери техника жасатуға республикада 50 мыңнан 300 мыңға дейін үлес қосқан жүздеген кеңес патриоттары есімі соғыс жылдарының тарихында мәңгі қалды. Бұл тұрғыдан еске салатын кететін бір нәрсе, кеңес адамдарының соғыстың қиын қыстау кезеңінде майданға көрсеткен орасан зор көмегі мүсіркеушілік немесе қайырымдылық сипатында болған жоқ. Қайта бұл Отан тағдыры шешіліп жатқан күрес күндерінде әркімнің ортақ мүдде социалистік ел мен жарқын болашақ үшін  күрестің айғағы болды. Еңбекшілердің осы патриоттық қозғалысында ерекше үлгі көрсеткен. Қазақстан колхозының танк колоннасына жасатуға жаршы болған Марток ауданының колхозшылары болды. Олар аз уақыт ішінде 2513 мың сомға ақша, 11688 пұт астық жинап тапсырды. Бұл бастаманы қызу қолдаған Қостанай облысы Қарасу ауданы «Дружный труд» артелінің колхозшылары танк колоннасын жасауға екі күн ішінде 500мың сом жинады. Олар сонымен бірге республика колхозшыларын Қызыл армияның астық қорын көбейтуге шақырып, өз табыстарын 1000 пұт астық берді.\1\.

Осы әскери техника мен қару жарақ түрлеріне қаражат жинау қозғалысына өнеркәсіп орындарының жұмысшыларының, интелегенция өкілдері ,қала мен поселке тұрғындары да асқан белсенділікпен қатынасты. Мысалы 1942 жылдың 23  қарашада Қарағандыдағы Киров ауданының №20, №18, №12 және Калинин атындағы шахтерлердің коллективтері қала еңбекшілері «Қарағанды шахтері» атты танк колоннасын жасауға шақырды. Патриоттар шешімі бойынша 25 қарашадан 25 желтоқсанға дейін танк колоннасының қорына жоспардан тыс көмір өндіру және оны өндіріс орындарына жіберу айлығы өткізілді. Алғашқы күннен бастап бассейн кеншілерінен басқа қала кәсіпорындары  мен мекемелерінде істейтін жұмысшылар, инженерлер оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, байланыс қызметкерлері және басқалары жұмыстан тыс уақытында шахталарға барып, көмір шығаруға көмектесті. Олар осы еңбектеріне тиісті еңбек ақыларын «Қарағанды шахтері» танк колоннасын жасауға берді. Тек желтоқсан айының 20күні ішінде 20 мыңнан астам адам жұмыстан бос уақытында осы мақсатқа еңбек етті. Бір айдың ішінде қала еңбекшілері танк колоннасын жасату қорына100 мың тоннадан артық көмір өндірілді. Мұнан басқа еңбекшілерден ақшалай көптеген қаржы түсті. Тек осы бастаманы көптеген  Киров ауданының кеншілері мен тұрғындары 1600 сом ақша беріп, 25588 тонна көмір тиеді.

Танк   колоннасын   жасатуға   республика   теміржолшыларының да үлесі   зор үлесі   зор, 1942 жылғы желтоқсанда Сары Өзек станциясының депо коллективі Түркістан – Сібір теміржолының жұмысшылары мен қызметкерлерінің «Түрксіб» танк колоннасын жасауға шақырды. Мұны теміржол бойындағы барлық станция коллективтері қызу қолдап, өз қаражаттарынан аз күн ішінде бірталай қаржы жинады. Бұған Шар станциясының машинисті Темірхан  Темірханов 10 мың сом, Көшкентай  станциясының жұмысшысы Смоитов  5000 сом берді. Бұлармен бірге магистральда еңбек етуші мыңдаған патриоттар белсенділік көрсетті.\1\. 1943 ж. 21 қаңтар Түрксіб теміржолының бас қоймасы Қазақстан  Компартиясы Орталық комитетінде патриоттардың 3237746 сом қаржы жинағаны жөнінде рапорт беріп, бұл танк колоннасына Түрксібшілер есімін бергізуді сұрады.\2\.

1943жылы 11 қаңтарда Қарағанды теміржолындағы Бурабай станциясының депо коллективі де «Қарағанды теміржолшысы» танк колоннасына қаржы жинай бастады. Бұл үндеуге жауап ретінде жол бойының жұмысшылары мен қызметкерлері 17 қаңтарда жексенбілік өткізіп, түскен қаржыны осы қорға берді. Бұған магистралдік барлық бөлімшелер бойынша сол жылғы қаңтарға дейін 4269570 сом қаржы жинады. Тек бір ғана Бурабай бөлімшесінің темір жолшылары 1 млн. сомнан астам қаражат берді.                                    

Қарағанды теміржолшылар сонымен бірге самолет жасатуға 305172 сом жинады. 1944 жылдың аяғына дейін осы магистраль еңбекшілері танк жасату қорына барлығы 4, 5 млн сом қаражат жиналды. Бұлардан Сталино — Магнитогорск теміржол құрылысының коллективі де қалысқан жоқ.  Әскери техника мен қару жарақ жасатуға оларда 1299270 сом жарна берді. «Республикалық  Социалистік Қазақстан» және «Казакстанская правда»  газеттерінің қазақ радиосымен, қазақ телеграф агенттігінің және Алматыдағы 1 баспахана коллективтерінің бастауымен авиациялық бір звено самолеттеріне қаржы жинады. Ол звено «Қазақстанның большевиктік баспасы»  деп аталды. Ал республикалық кино студия коллективі «Советтік кино қызметкерлері » атты танк жасату үшін 125 мың ақша берді. 1943 жылы «Искусство қызметкерлері» танк колоннасына Алматыдағы өнер қайраткерлері мен театр қызметкерлері 156 мың сом қаражат жинап, оған қоса арнайы 6 спектакль қойды. Мұнан түскен 90 мың сом танк құрылысына берілді. Мұндай патриоттық іске Қазақстанның денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері де үлес қосты. Эпидемиология және     микробиология институты коллективінің үлгісімен   «Қазақстанның медицина    қызметкерлері» танк колоннасына  және сол аттас авиация эскадрильясына 8111   мың сом қаржы жиналды. Республика ғылым академиясымен басқа да ғылыми мекеме қызметкерлерінің күшімен «Озат ғылым үшін » танк колоннасын  жасауға 532500 сом ақша жиналды.

    Бүкілхалықтық   патриоттық   қозғалысқа жоғары оқу орындарының    студенттері де   қатысты.   Олар 1943 жылы   қаңтар айының бас кезінде С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің студенттері көтерген   бастаманы қызу  қолдап, қысқа мерзім     ішінде     «Совет студенті»   танк   колоннасына   589082 сом   ақша жинап   қосты.\1\.

Республика заң орындарының қызметкерлері де өз арасында әскери техникаға қаражат беру жұмыстарын ұйымдастырды. Ал Алматы облыстық адвокаттар коллегиясының ұсынумен «совет адвокаты» атты танк колоннасын жасауға қаржы жинады.

Қазақстан еңбекшілерінің патриоттық қозғалысы нәтижесінде мұнан басқада әр түрлі әскери техника түрлеріне қаражат жиналып, соғыстың аяғына дейін тоқталған жоқ. Олардың ішінде «Совет фискультурнигі», «Қазақстан жеңіл өнеркәсіпшілері», «Қазақстан өнері» және тағы басқа аттармен танк және самолет құрылысына қаржы жинағаны мәлім. Соғыс жылдарында м

айданға көмек көрсетуде ерекше еңбек еткендер қатарында республика әйелдері де болды. Әлия мен Мәншүк атындағы танк колоннасынан басқа, олар «жауынгер анасы» атты бірнеше самолетке қаржы өткізді.

Қарағанды қаласының әйелдері өздерінің қаражатына «Қарағанды әйелдері» атты санитарлық авиация звеносын жасатты. Қалалық партия комитетінің әйелдер арасындағы жұмыс бөлімінің меңгерушісі Г. Мұхамедиярова, №33 — №34 шахта әйелдер совет інің председателі Г. Тутеева, №1 стахановшы тіркеушісі Ш. Сағындықова, №3 бас шахтасының көмір шабушысы Ж. Мұқанова және басқалары  бұл жұмысқа ұйытқы болды.

Кеңес қарулы күштерін нығайту жолындағы патриоттық жұмыс осылай өрбіп, соғыстың аяғына дейін тоқталған жоқ. Еңбекшілердің жеке меншігіндегі қаражатына жасалған әскери техника мен қару жарақ түрлері Қызыл Армияның шабуыл қарқынын күшейтуіне септігін тигізді.

Соғыс жылдары Кеңес халқының қорғаныс қоры иен Қызыл Армияны жабдықтауға берген қаражатының көлемі 16 млрд. сомнан асты. Оған қоса еңбекшілер 13 кг. платина, 131 кг. алтын,  9519 кг. күміс, 1,7 млрд. сомның басқада қымбат заттарын, 15 млн. сомдық шетел валютасын, 4,5 млрд. сомдық мемлекеттік заем облигацияларын, 500 млн. сомнан астам кассада сақтаулы өз қаржысын берді.\1\. Әрине мұның бәрі бірдей тек әскери техника мен қару жарақ жасауға кеткен жоқ. Оның бірталай бөлігі оқ дәрі снаряд және басқа қажетті соғыс құралдарын жасауға, шаруашылықтың әртүрлі мұқтажына жұмсалды. Соғыс кезеңінде Кеңес адамдарының патриоттық сезімі мен өз жанынын берген қаражатына 2,5 мыңнан астам әскери самолет бірнеше мың танк пен зеңбірек қарулары, 20 дан астам  сүңгуір қайықтар мен әскери катерлер, тағы басқа көптеген күрделі техника түрлері мен мыңдаған қару жарақ жасалды.

Қазақстан еңбекшілерінің Отан қорғау қорына және Қызыл Армия   үшін әскери техника мен қару жарақ жасатуға берген қаражатының көлемі, азық түлік пен басқа да қымбат заттарды қоспағанда 1 млрд. сомға жетті.

Оның ішінде тек «Қазақстан колхозшысы» танк колоннасымен «Советтік Қазақстан» авиация эскадрильясын жасатуға ғана берген қаражаты 475 млн. сом болды.

Қазақстан еңбекшілері бұл жолы да асқан ұйымшылдықпен саяси саналықтың үлгісін көрсетті. Алғашқы күні ақ республика бойынша жаңа заем суммасы 473 млн. сомға тартылды. Колхоздар иен совхоздар да соғыс займына жазылу бағасын  қолма қол төлеу жұмысы қызу қарқынмен өтті. Қазақстан еңбекшілерінің 1944 жылы мемлекеттік 3 ші соғыс заемы бойынша берген көмегі мұнан да асып түсті. Жалпы Отан соғысы жылдарында республика тұрғындарының заемға берген қаражат мөлшерін мына деректерден көруге  болады.  

 

 

Заем

Мөлшері (млн.сом)өсуі                

1941 ж.

1942 ж.

1943 ж.

1944 ж.

1945 ж.

250,4    100,0                           

466,9     186,4

892         356,2

1094       436,9

803       320,6

 

 

Халықтың мемлекетке уақытша қарызға берген қаражатының көлемі 1941 жылы бейбіт уақыттағы заем мөлшерімен салыстырғанда соғыс кезеңінде  қаншама өскенін жоғарыдағы деректер айқын сипаттайды. 1941 жылды қоспағанның өзінде 1942- 1945 жылдары  Қазақстан еңбекшілері мемлекетке төрт соғыс заемы бойынша 3 млрд. 255, 9 млн. сом қаржы берді.

Қазақстан еңбекшілерінің еліміздің қорғаныс қорына және әскери техника мен қару жарақ жасату үшін өз еркімен берген қаражаты 1 млрд. шамасында екені жоғарыда айтылды. Соғыс заем дары майданға 3 млрд. 789,9 млн сом қаржы берді. Міне, республика еңбекшілерінің Ұлы Отан Соғысы жылдарында еліміздің майданға берген көмегі осындай. Олар майданға мұнан басқа мыңдаған пұт ауыл шаруашылық өнімдері мен азық түлік, мыңдаған бас мал, миллиондаған сомға жоспардан тыс өнеркәсіп өнімдерін өндірді. Қазақ КСРО Ғылым Академиясының корреспондент   мүшесі М.Қ. Қозыбаев бұл жөнінде мынандай бір тамаша бір деректі келтіріпті: соғыс жылдарында Қазақстанның әрбір тұрғыны, бесіктегі балаға дейін есептегенде, қорғаныс қорына 500 сомнан үлес қосты.\1\.

Ұлы Отан Соғысының әділетті, азаттық сипаты, оның ізгі мақсаттары кеңес халқының мүддесімен тығыз ұштасып, майдандағы армия еңбекшілердің ізгі қамқорлығына бөленді.

Еліміздің қорғаныс қуатын нығайту жолында кеңестік патриотизмнің тамаша үлгілерін көрсеткен еңбекші халық жеңіс үшін ештеңесін аяған жоқ. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін »  деген ұран әрбір кеңес азаматының күнделікті ісінің өлшемі болды.

Ұлы Отан Соғысы жылдарында кеңес халқының еліміздің қорғаныс қуатын нығайтуға бағытталған патриоттық көмегінің бір саласы, майданда ерлікпен  соғысып жатқан Қызыл Армия жауынгерлеріне берген көмегі мен көрсеткен қамқорлығы уақыт талабына сай нақтылы мақсаттарға бағынып, кең арнаға түсті.  

 

1.3.        Тыл еңбеккерлерінің майдандағы жауынгерлерге

                            көмек беруі.

 

Соғыстың алғашқы айларында жауға қарсы тойтарыс беру шараларын шұғыл іске асырып  жатқан Кеңес басқармасының алдында тағы бір міндет тұрды. Ол алда келе жатқан қыс айларына Қызыл Армия жауынгерлерін әзірлеу, оларды қыс кезіндегі ұрыс қимылдарын ойдағыдай жүргізе беру үшін қажет нәрсенің бәрінен, оның ішінде әсіресе, жылы киіммен қамтамасыз ету мәселесі болатын.

 Жаудың бейбіт жатқан елімізге тұтқиылдан басып кіруі және біздің әскерлердің лажсыз уақытша шегінуі салдарынан шаруашылықпен әскери объектілерді былай қойғанның өзінде, Қызыл Армияның тікелей батыс аудандағы тыл қызметіне де орасан зор нұқсан келді. Батыс шекараға жақын жерде тұрған әскер  бөлімдерінің қысқы жабдықтары не құртылды, не жау қолында қалды.

Кеңес одағының түпкі аудандарында жаңадан құрылып жатқан әскер резервтерін жасақтау, киіндіру, қару жарақпен қамтамасыз ету оңай емес еді. Өйткені батыс аудандағы жеңіл өнеркәсіпке қарасты көптеген кәсіпорындар, эвакуациямен шығысқа қарай көшірілуіне байланысты істен шығып, жол үстінде болатын. Ал тылдағы жұмыс істеп тұрған басқа кәсіпорындар өз өндірісін майдан тілегіне сай қайта құрғанымен, әскер саны күрт өсуіне байланысты өте қысқа мерзімде мұншама үлкен заказды орындап шығу қиын еді. Оның үстіне ең басты қиындық – бұған қажетті материал мен шикізат проблемасы болды.

Осының бәрін ескере отырып, Мемлекеттік Қорғаныс комитеті алдағы қысқа әзірлену жұмыстарына ерте бастан қамдануды қолға алды.Армияны киіндіру мәселесіне ерекше мән беріп, ол 1941 жылы 18 шілдеде «Қызыл Армияны 1941 -1942 жылдары қыс маусымына жылы киімдермен қамтамасыз ету жұмыстары туралы» қаулы қабылдады. Мұнда жеңіл өнеркәсіпке армияны киіндіру жөнінде тапсырма берілумен қатар қажет болса, қысқы киімдер дайындау жұмысына жұртшылықты да тарту мәселесі айтылды. Барлық еңбек коллективтерінде, жеке елді пункттерде жиналыстар мен митингілер өткізіліп, Қызыл Армияны жабдықтауға киіндіруге арналған бұл жұмыстың маңызы жұртшылыққа терең түсіндірілді.

Майдан мен тылдың байланысына басшылық етуші Орталық Комитеттің үлгісімен Қазақстанның барлық аудандары мен облыстарында жергілікті комиссиялар құрылды. Олардың құрамына партия комитетінің секретары, жергілікті Совет атқару Комитеті председателі, не оның орынбасары, комсомол және кәсіподақ ұйымының басшылары, сондай-ақ еңбекшілер өкілдері енді.   

Республикалық үкімет комиссиясы Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің секретары Ж. Шаяхметов басқарды. Кәсіпорындар мен мекемелерде, колхоздар мен совхоздарда, МТС- терде, Ауыл Кеңестерінің жанында Қызыл Армияға жылы киім жинауды ұйымдастыру жұмысына да пария совет органдарына қолғабыс беру комиссиялары құрылды. Сонымен бірге, барлық жерде жұрттың берген киімі мен шикізатын қабылдап алатын пункттер ашылып, қоғамдық тапсырма ретінде оларға істейтін адамдар белгіленді.

Республикада бұл саяси және іскери маңызы бар науқанның ұйымшылдық пен өтуіне еңбекшілердің белсенділігі, олардың патриоттық өрлеуі көп септігін тигізді. Партияның Орталық Комитетінің Қызыл Армияны жылы киіндіріп, алдағы қыс айларында жақсылап дайындау жөнінде  белгіленген шаралары жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, бұл істі ойдағыдай жүзеге асыруды еңбекшілер өздерінің төл міндеттері деп түсінді. Әр облыс пен ауданда бұл жұмысты ұйымшылдықпен, әрі жедел орындауға шақырып, патриоттық үлгі көрсеткен коллектив аз болған жоқ.

Дайын киімдер мен бірге жергілікті жердегі жылы киім кешек жинау комиссияларына жүн, мал терісі, мата, мақта сияқты заттар көп түсті. Шаруашылық орындарының басты міндеті бұл материалдарды тиісті өңдеуден өткізіп, тігін цех тарымен  артелдері арқылы жылы киім тіктіруді жолға қою болатын. Сонымен бірге, жауынгерлер үшін қыс уақытында ең керекті шолақ тон, шинель, мақталы бешпет, сырмалы шалбар, пима сияқты жылы киімдерді әскер тәртібі бойынша қабылданған бірыңғай стандартпен тіктіру қажет еді. Сондықтан жұмыс көлемі мен уақыт тығыздығын есепке ала отырып, жаңадан киім тіктіру жұмысына  және халықтан түскен шикізатты өңдеуге еңбекшілердің өзін тарту керек болды.

Бұл жерде айта кететін жағдай 1941 жылы шілде – қараша айлары арасында еліміздің шығыс аудандарында 1523 өнеркәсіп орны, ал солардың ішінен 308 кәсіпорын Орта Азия Республикалары мен Қазақстанға көшірілді. Қазақстанға көшіріліп келген кәсіпорындардың ішінде жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорыны көшіріліп орналастырылып, негізгі қалпына келтірілді. Подольск механика зауыты Ивьитеев тоқыма, Мәскеу облысындағы Реутов және Краснополенская  жіп иіру фабрикалары, Калинин облысындағы  Останково қаласының былғары зауыты, Киев аяқ киім фабрикасы, «Большевичка  Украины» Володорский атындағы тігін фабрикалары болды. Симферополь комбинатының негізінде Қостанайда Дзержинский атындағы аяқ киім фабрикалары пайда болды. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе өсті.\1\.

Қызыл Армияны қысқы киіммен жабдықтау кезінде әйелдер өте көп жұмыс атқарды. Жұмысшы және колхозшы әйелдер, студенттер мен оқушылар, үй шаруасындағы әйелдер – бәрі жұмыстан қолдары бос уақытта жылы киім тоқыды.

Қалалық артельдерде, колхоздар мен совхоздарда, селолық кеңестер жанында уақытша ұйымдастырылған тігін шеберханалары жұмыс істеді. Әйелдер өздерінің үйлеріндегі іс машиналарын әкеліп, тігін бригадаларын құрды. Мұндай  бригадалар үлкен заказдарға дейін орындап отырды. Мысалы 1941 жылдың соңғы айларында Қазақстанда ұлттық әскер құрамдары құрылып жатқан кезде Алматы облысында үй шаруасындағы әйелдерден 25 және де одан көп тігіншісі бар осындай цех тар ұйымдастырылып, жауынгерлер үшін әскери форма тікті.

Сонымен бірге аудандық өндіріс комбинаттары жанында аяқ киім тігу және жөндеу бригадалары жұмыс істеді.\2\.

Майданға әзірленіп жатқан жылы киімдерді тігуде республиканың жергілікті және кооперативтік өнеркәсібіне қарасты  кәсіпорындар көп жұмыс атқарды, әсіресе шолақ тон, шинель, фуфайка, етік, пима сияқты жылы киімдердің уақытында, әрі белгіленген мөлшерде әзірленуіне олардың қосқан үлесі зор.

1942 жылы 1 қаңтарға дейін республиканың кәсіпшілік кооперациясы майдан үшін 40861 пар пима, 4991 фуфайка, 4867 шолақ тон, 3670 сырмалы шалбар, т.б. киімдер әзірлеп берді.\1\.

Қазақстанның жергілікті өнеркәсібі 1941 жылы жоспарын 154,4 пайызға, ал кооператив кәсіпорындары 121,8 пайызға орындап шықты.                             Майданға қажетті киім тігу жұмысының өсуіне байланысты осы айтылған мекемелер жүйесінде бұрын онша көп орын алмаған жұн және шұға тоқу сияқты салалары дами бастады.

Аудандық және қалалық комиссияларға түскен киім мен қаражат материалдар қатаң есепке алынып, тігін цехтарына жіберіліп отырды. Республика бойынша әр бес күндік сайын жылы киім жинау науқанының барысы, баспа сөз беттерінде жарияланып тұрды.

1941 жылдың аяғына дейін республика еңбекшілері майдандағы жауынгерлер үшін1238034 жылы киім, оның ішінде 38298 шолақ тон, 140236 пар киіз байпақ, 14104 астарлы жәкет, 19779 пар жүн және тері қолғап, 121356 құлақшын, 104515 мақталы күртеше мен шалбар, 165730 пар жылы шұлық, 56312 пар жылы іш  киім  және тағы басқа да көптеген заттар тігіп жөнелтті.\2\.

Сөйтіп қысқы суық түскенше, армияны жылы киіндіру мәселесі шешілді. Бүкіл кеңес халқы сияқты Қазақстан еңбекшілері де бұған лайықты үлес қосты. Еңбекшілердің жауынгерлерге арнап жинаған  жылы киімдері бірден майданға жөнелтілді. Біртіндеп Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі де өз қарқынын үдете түсті. Республикадағы ірі кәсіпорындардың бірі Семейдегі тігін фабрикасы майдан үшін қажетті киім кешек тігу жұмысында, осы саладағы ең таңдаулы коллектив болып саналатын. Мұндағы басқа ұсақ артельдер мен кәсіпорындар да айтарлықтай еңбек етті. Тек 1941 жылы соңғы үш айда облыс еңбекшілері майданға 2600 шолақ тон, 15 мың пар пима, 1350 тері жәкет, 8 мың пар қолғап, 8 мың құлақшын, 3550 куртка және тағы басқа киім тігіп жөнелтті. 1942 жылы қаңтар айында облыс бойынша 411 қысқа тон, 1440 пар пима, 1400 құлақшын тағы басқа барлығы 10 мыңнан аса киім тапсырылды.

Жылы киімнің көп жиналуына, оған қажетті материалдарды өткізуде республиканың колхозшы шаруалары мұнан кейін де зор патриоттық үлгі көрсетті. Кейбір колхоздар мен бүтіндей аудандар бұл маңызды жұмыстың  ойдағыдай орындалуына дем беріп, еңбекшілер қозғалысына ұйтқы болды. Мысалы Жамбыл облысы, Шу ауданының колхозшылары 1941 жылы 27 мың жылы киім жинап берсе, 1942 жылы бұл патриоттық істі онан әрі  жалғастырып,  екі  ай ішінде  498 тон, 229 пар ішкі киім, 733 қолғап, 828 жылы шұлық, 682пар пима, 705 құлақшын тапсырды сол сияқты Солтүстік  Қазақстан облысы, Сайрам ауданының  колхозшылары  аз күн ішінде 1942 жылы 5760 түрлі киім, 950 қой терісін, 1866 жүн, 2,4 тонна мақта, 214 метр мата берді. Ал Қарағанды облысының колхозшылары  тігін  цехтарын  ашып, өздері  берген 16.700 түрлі киімнің үстіне 1942 жылғы көктемге дейін 7 мыңнан астам жылы киім тігіп берді.\1\. Олар  бұл әдісті « жылы киім бермеген бірден бір еңбекші  болмасын » деген ұранмен жүргізілді. Майдандағы армияны киіндіруге МТС тер мен органдардың қызметкерлері  де  айтарлықтай белсенділік көрсетті. Олар алғашқы қыстың өзінде ғана майданға 35117 жылы киім, 2616 кг. жүн, 366 метр мата, киім сатып алуға 35806 сом ақша берді. Армияға жылы киім дайындауға ересектерге мектеп оқушылары көп көмек көрсетті. Мектептерде тоқыма және тігін үйірмелері ашылып, онда оқушылар мен бірге олардың ата-аналары да киім тікті. Алматыдағы № 16 орта мектептің осындай үйірмелерінде 1942 жылы бір ай ішінде 700 іш киім, 50 суырмалы шалбар, жүздеген  темекі қалтасы тігіліп, қолғап пен шұлық тоқылды. Қазақстан мұғалімдері бұл игілікті істерге ұйтқы болып, өздері де 27535 жылы киім жинап берді. Соғыс жылдарында Қазақстан еңбекшілері, бүкіл кеңес халқы сияқты өз армиясын ыстық қамқорлыққа алып, барынша көмектесуге зор үлес қосты.  1941 жылы күзден бастап 1944 жылғы қараша айының соңына дейін республика еңбекшілері майдандағы армияға 111476 тон, 3119пар пима, 546841 жылы қолғап, 220493 құлақшын, 181843 жылы куртка мен сырмалы шалбар жіберді, бұған қоса жылы киім алуға 3,3 сомдай ақша, жоғары сапалы көптеген шикізат берді. Жалпы соғыс кезінде Қазақстан бойынша майданға 2,5 млн. киім жөнелтті.\2\.

Республика еңбекшілері жау тылындағы партизандарға да жылы киім беруге де қатынасты, сөйтіп соғыстың алғашқы қиын айларынан бастап, кеңес халқы майдандағы армияға киім жіберуге, оның әскери қабілетін қыс маусымындағы ұрыс қимылдарында ойдағыдай жүргізе алатын дәрежеде ұстауына барынша көмектесті. Кеңес еңбекшілерінің Қызыл Армияның жүргізген ұрыс қимылдарынан ақ көруге болады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап, майдан мен тыл арасында тұрақты байланыс орнағаны белгілі. Алғашқы кезде хат арқылы және баспа сөз бетінде Кеңес халқының майданда көрсеткен патриоттық көмегінің аса маңызды бір саласына айналды.

Майдандағы жауынгерлерді қамқорлыққа алып, халық сүйіспеншілігіне бөлеу, олармен тікелей байланыс жасауға жергілікті партия, кеңес органдары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан зор көңіл бөлінді. Өйткені майдан мен тыл арасындағы байланыстың ұрыс даласындағы жауынгерлерге, олардың рухани көңіл күйіне, әскери қабілетін көтеруге тигізетін әсері өте мол екені  белгілі. Майдан мен тыл арасындағы байланысты нығайту тек армияға материалдық көмек көрсету жағынан ғана емес, жауынгерлерді ерлікке баулап, тылдағы еңбекшілерді қорғаныс мақсатына жұмылдыру жағынан да әсері мол, қоғамдық саяси маңызы зор жұмыс екенін өмірдің өзі айқын дәлелдеді.

Қазақстан еңбекшілерінің майданмен тікелей қарым қатынасы, олардың жауынгерлерге арнап соғыстың алғашқы айларында жіберген сәлемдемелерінен басталды. Бұлда соғыстың бас кезінде халық арасында туған  патриоттық қозғалыстың бір түрі еді. Тылдағы еңбекшілер майдандағы жауынгерлерге арнап күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар, оған қоса азық-түлік, басқа да жеңіл желпі заттардан тұратын жеке сәлемдемелер жинастырып жібере бастады. Мұндай сыйлықтар жекелеген кәсіпорындар, мекемелер мен оқу орындарының коллективтері, сондай-ақ жеке адамдар атынан жіберіліп отырды.

Майдандағы жауынгерлерге сәлемдеме жіберу қалыптасқан дәстүрге айналып, Ұлы Октябрь мерекесі, Жаңа Жыл, Қызыл Армия күні, 1 май мерекесі сияқты әрбір кеңес адамдары үшін өте маңызды мейрамдар қарсаңында аса зор өрлеу үстінде іске асырылып отырды. Бұл кездерде жұмысшылар, колхозшылар мен интелегенция  атынан майданға мерекелік салықтар тиелген  эшелондар    бірінен соң бірі жөнелтіліп отырды. Олардың ішінде азық-түлік, жеміс-жидек, тағы басқа тағамдармен бірге республика тұрғындары жинаған қажет бұйымдар, сабын, ұстара, иіс су, жылы қолғап сияқты заттар, еңбекшілердің хаттары жіберіліп тұрды.

Еңбекшілердің  майданға жолдаған сәлемдемесін қабылдап алу, жөнелту жұмысын жолға қою жөнінде арнаулы шаралар іске асырылды. Ең алдымен жауынгерлерге қажет бұйымдар мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттардың жалпы тізімі аяқталды. Сонымен бірге жергілікті орындардан орталық сұрыптау базарларына жіберілген  барлық сәлемдемелерді байланыс бөлімдері тегін жөнелтіп отырды. Еңбекшілердің майданға әзірлеп жатқан сыйлықтары туралы хабар баспасөз бетінде үнемі жарияланып тұрды.

Қазақстан  еңбекшілерінің майдандағы армияға сыйлық жөнелту жөніндегі патриоттық қозғалысы 1941 жылы күзде Ұлы Октябрь Социалистік Революциясының 24 жылдығы қарсаңында басталды. Республика еңбекшілері Мәскеуді ерлікпен қорғаушыларға көптеген сыйлық жөнелтті. Мұнан кейін ол жаңа 1942 жылдың құрметіне майданға сыйлық жіберу қозғалысына ұласып, Республиканың барлық облыстары мен аудандарын қамтыды. 1941 жылы қараша айында Құлсары мұнай кәсіпшілігінде  орта мектептің оқушылары 15 күн ішінде 80 иіс сабын, 50 айна, 65 бет орамал, 30 қорап темекі, 10 пар қолғап жөнелтті. Бұл майдан үшін арналып жатқан заттардың жалпы бағдарын сипаттайды. Еңбекшілердің жіберген сыйлықтарының негізі, әрине  азық-түлік, жылы киім сияқты заттардан құралады. Әрине жауынгерлердің күнделікті өміріне қажет ұсақ түй ектің де алатын орны ерекше. Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Іле, Шелек және селолық аудандарының еңбекшілері 1941 жылдың аяғында майданға жаңа жылдық сыйлық ретінде 100 мың кг. әр түрлі азық-түлік жіберді. Сол сияқты Қарағанды облысының еңбекшілері  1941 жылғы желтоқсан айының соңғы он күні ішінде 5295 кг. әр түрлі азық түлік, 349 пар жылы шұлық, 250 пар қолғап, 826 орамал, 1000 иіс сабын, 250 флакон иіс су, 750 қадақ темекі және тағы басқа заттар жіберді. Оның үстіне колхозшылар тартуға 4 сиыр, 6 қой, 2 шошқа, 187390 сом ақша әзірледі.Міне еңбекшілердің майданға жаңа  жылдық тарту әзірлеуінің қарқыны  осындай еді. Бұл республиканың барлық аудандары мен облыстарында да осындай қарқынмен өтті.

Жергілікті баспасөз бетінде майданға қамқорлық ісінің барысы үнемі жарияланып тұрады. Бұған байланысты арнаулы рубрикалар ашылып, кеңес адамдарының патриоттық көмегі көпшілікке таралып отырды. «Туған жердің сәлемдемесін  қабылдап алыңдар, жауынгер достар! », «Ер елін қорғаса, ел ерін қолдайды », «Ержүрек жауынгерлерге!»  тағы да сол сияқты жазулармен безендірілген еңбекшілер тартуы майданға сапар шекті.

Қазақстан еңбекшілерінің майдандағы армияға жөнелткен әрбір эшалон сыйлығын, әскер бөліміне арнаулы делегациялар табыс етіп отырды.  Осындай ең алғашқы делегация 1941 жылғы 29 желтоқсанда Мәскеу түбінде И.В.Панфилов атындағы 8 гвардиялық атқыштар  дивизиясына 15 вагон сыйлық апарып тапсырылды. Делегацияны Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол кездегі жауапты қызметкері Шырақбек  Қабылбаев  бастап барды.  1941 жылы 29 желтоқсан күні Мәскеу облысындағы  Нахабино  станциясында делегацияны дивизия өкілдері қарсы алды. Сол күні кешкісін Қазақстан еңбекшілерінің өкілдері дивизияның командирлері мен саяси қызметкерлері алдында республикада жасалып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Кейіннен дивизияның әскер бөлімдерін аралап, делегация мүшелері жауынгерлермен кездесті. Оларға Қазақстан еңбекшілерінің сәлемін жеткізіп, дивизияның гвардиялық атаққа ие болуымен құттықтады. Дивизия жауынгерлері тыл еңбеккерлерінің жеңіс жолында ешнәрседен аянбай тындығына сенімі арта түсті. Делегация мүшелері майданнан келген соң республика жұртшылығына  есеп беріп, жауынгерлердің сәлемін жеткізді.

1942 жылы Қызыл Армия 24 жылдығы қарсаңында республика бойынша майданға 125 вагон, 1 майға қарсы 170 вагон тарту жіберілді. Жалпы 1942 жылы Қазақстан еңбекшілері майданға 789 вагон азық-түлік пен өнеркәсіп товарларын табыс етті. Сөйтіп республика тұрғындарының майданға көмек ретінде жіберген мұндай сыйлықтары мен сәлемдемелері әуел бастан-ақ бүкілхалықтық сипаттама болды.

Республика еңбекшілерінің бүкіл еліміздегі сияқты майдан үшін жасап жатқан барлық патриоттық істері ортақ мақсатқа бағытталды. Бұл патриоттық қозғалысқа республика тұрғындары түгел қатынасты. Олардың Ұлы Отан соғысының майдандарында ерлікпен соғысып жатқан кеңес әскерлеріне деген патриоттық көмегіне шек болған жоқ. Қазақстан еңбекшілері Отан соғысының барлық майдандарындағы жауынгерлермен байланыс жасап, оларға қамқорлық көрсетуге  қатынасты. Мысалы, 1942 жылы Ақтөбе облысының еңбекшілері майданға 52 вагон сыйлық жөнелтті. Оның Қызыл Армия күніне арнап, Оңтүстік —  Батыс майданына 21 вагон, 1 мамырға арнап Батыс майданына 11 вагон, шілде айында Ленинград майданына 10 вагон, Ұлы Октябрьдің 25 жылдығына байланысты Батыс майданына 10 вагон сыйлық жіберілді. Мұнан басқа көптеген жеке сәлемдемелер жөнелтілді.

Қазақстан еңбекшілерінің өкілдері майданға жіберілген сыйлық эталондарын апарып тапсыруымен бірге, осында құрылған құрама жауынгерлері алдында есеп беріп, республикада істелініп жатқан жұмыстармен оның соғыс кезіндегі қоғамдық саяси өмірімен таныстырып отырды . Майданға келген әр бір делегацияның жауынгерлермен кездесуі, халықтар достығының жарқын бейнесін көрсетіп, майдан мен тылдың біртұтас соғыс лагері екенін айқын сипаттады.

Қазақстан еңбекшілері майдандағы жауынгерлермен байланысын бір сәт үзген емес. 1943 жылы 26 тамызда Ленинград майданының әртүрлі жеке әскер бөлімдерінің тілегін ескере отырып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Семей және Қызылорда облыстық партия комитеттерін майданның  Саяси Басқармасы  адресін анықтап, 8 гвардиялық авиация бригадасын және 260 теңіз жаяу әскер бригадасын қамқорлыққа алуды тапсырды.\1\. Екі облыстың еңбекшілері айтылған әскер құрамдарымен тұрақты байланыс жасап, оларды жылы қамқорлыққа алды. 1943 жылы күзде Ұлы Октябрьдің 26 жылдығы құрметіне оларға Қазақстаннан жіберілген сый-сыяпат тапсырылды. «Біздің бригададағы өздеріңіз жіберген  6 вагон сәлемдемені алдық. Теңіз жаяу әскери бригадасының барлық жауынгерлері атынан Қызыл Тулы Балтика теңізшілеріне көрсеткен қамқорлығы мен ықыласы үшін Қызылорда облысының еңбекшілеріне шынайы алғысымызды жеткізулеріңізді сұраймыз» деп жазды 1943 жылы 29 қарашада облыстық партия комитетіне 260 бригаданың командирі генерал – майор Кузьмичев пен саяси бөлімнің бастығы Демидов.\2\.

Қазақстан еңбекшілері, бүкіл еліміздегі сияқты майдан мен тыл арасындағы тікелей байланысты барған сайын кеңейте берді. Мысалы, 1944 жылы Қазақ КСРО еңбекшілері армияға жалпы майдан көлемінде көрсеткен көмегінен басқа, ұрыс даласында жүрген 14 дивизия мен бригада сияқты ірі әскер құрамаларына қамқорлық жасап, делегация алмасып тұрады. Алматы облысының еңбекшілері 73 гвардиялық Сталинград атқыштар дивизиясын, Солтүстік Қазақстан 314 атқыштар дивизиясын, Семей 30-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы мен  Балтық флотының 8-ші бомбалаушы теңіз авиация бригадасын, Ақмола 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясын, Гурьев 195-ші атқыштар дивизиясы мен дербес батальонын қамқорлыққа алды. Қостанай облысының еңбекшілері сол жерде жасақталып, кейіннен құрамы Берлин шайқасына қатынасып,Рейхстагқа ту тіккен 150-ші гвардиялық атқыштар дивизиясына негіз болған 151-ші атқыштар бригадасымен үзбей байланыс жасап тұрды.

Қызылорда облысы бұрынғы әскер бөлімдерінен басқа жоғарыда айтылған 260-шы теңіз жаяу әскер бригадасына, ал Қарағанды облысы 71-ші гвардиялық дивизияға қамқорлық етті. Республика еңбекшілері жалпы 8-ші гвардиялық дивизия жауынгерлеріне және Балтық флотының флагманы, атақты «Киров крейсеріне»  қамқорлық жасап, тікелей байланыста болды\1\..

Майдан мен тыл ерлерінің мұндай ыстық кездесулері республиканың колхоз, совхоздарында, кәсіпорындары мен мекемелерінде де жиі өтіп тұрды.                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 II  Тарау. Қазақ жеріндегі еңбекшілердің тылдағы ерліктері.

 

  • Жауынгерлер жанұяларына көрсетілген көмектер.

 

 Майдандағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен, олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы колхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі 20 пайызға, әйелдер 58 пайызға, жасөспірімдер 22 пайызды құрады. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар, қарт адамдар қамтамасыз етті.

Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен  бірге тірі мал, тіпті ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30381 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50 пайызын ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті.

Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22. 00 – ге  дейін ұзартқан. Әрбір шаруа екі үш адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні — түні жұмыс  істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны әйелдер, қариялар және балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен.

Оңтүстік Қазақстан обылысы, Шымкент ауданының Куйбышев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ата – Анар Садықова – жұмыс істесе, Семей обылысы Абай ауданының «Шолақ еспе» артелінде 70 жасар қария – Кененбаев еңбектеніп, жоспарын асыра орындады. 1941 жылы Ақтөбе  обылысы, Ойыл ауданының «Құрман» колхозының егіншісі Шығанақ Бердиев 1 гектардан 155,8 центнер тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 гектардан 202 центнер тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі аудан, «Авангард» колхозының данқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сан 1 гектардан 154,9 центнер күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 гектардан 172 центнер күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнім үшін алған 106000 сомды Ы. Жақаев қорғаныс майданына жіберді.

Соғыс жылдары колхозшыларға қарсы тотолитарлық тәртіп тарапынан көп теген шаралар жүзеге асырылды. 1941 жылдан бастап әрбір колхоз – совхоздарда жергілікті саяси бөлімдер құрылып, олар ауыл шаруашылық жоспарларының орындалуын қадағалап, жоспарын орындай алмаған шаруаны жазалап отырды. Сонымен бірге 1942 жылдан бастап колхоз – совхоздарда 12 – 16 жас арасындағы жас өспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды. Осыған қарамастан халықтың патриоттық серпіні тоталитарлық жүйе тәртіптерінен жоғары тұрды.

Жергілікті партия және Кеңес органдары майдан өкілдерімен әрбір кездесу мүмкіндігін қалт жібермей, еңбекшілерді тікелей жүздестіріп күнделікті әскери патриоттық және үгіт – насихат жұмыстарына орынды пайдалана білді. Республика еңбекшілердің атына  Қазақстандық жауынгерлердің хаттары Отан соғысы майдандарының барлық түпкірінен келіп түсті. Әрбір әскер бөлімінің қазақ жауынгерлері, олармен ұрыста бірге жүрген туысқан басқа да халықтардың өкілдері жауап хаттарында жауға қарсы күресте ештеңеден аянбауға серт берді. Олар майдандағы қазақ жауынгерлердің ерліктерін баяндап жазды. Республика баспа сөзінде бұл хаттар үнемі жарияланып тұрды. 1941 жылы олар жеке жинақ болып басылып та шықты. Қазақстандық жауынгерлер Отан алдындағы міндеттерін абыроймен орындады. Майдандағы ерлік істер тылдағы ерен еңбекке әсер етіп, еңбекшілерді майданға көмегін күшейтуге өндірістік тапсырмаларды орындауға ықпалы тиді. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан мен тылдың байланысы, оның нығаюы осындай әртүрлі жолдармен жүрді. Ортақ мақсат, бір тілек, майдан мен тылдың бірлігі — міне, жауды жеңудің кепілі осы еді. Бұған бүкіл кеңес халқымен бірге Қазақстан еңбекшілерінің де қосқан үлесі зор. «Қазақ халқының даңқты ұлдары ұрыс даласында Отанға жақсы қызмет етті»- деп жазды 1945 жылы Кеңес Одағының маршалы К.К. Рокоссовский.\1\. Бұл жерлестерімізге берілген лайықты баға.

Ұлы Отан соғысының қан майдандарында көп ұлтты кеңес қарулы күштерінің қатарында мыңдаған Қазақстандық жерлестеріміз социалистік Отанды қорғау жолында ерлікпен батылдық үлгісін көрсетті. Жауынгерлеріміздің майдандағы ерлік істері еңбекшілердің тылдағы ерен еңбегіне ұласты.

Майдан мен тылдың мызғымас бірлігі, кеңестік қоғаммен социалистік экономиканың  сарқылмас мүмкіншіліктері қан құйлы жауды жеңудің арқауы болды. Соғыс жылдарындағы Қазақстан еңбекшілерінің майдан үшін атқарған қызметі, республика халқының майдандағы армияға қамқорлығы, жеңіс жолындағы сан алуан патриоттық істер осыны көрсетеді.

Қазақстанның медицина қызметкерлері жаралары жауынгерлердің денсаулығын қалпына келтіру, қатарға қосуда үлкен жұмыс атқарды. Госпиталь қызметкерлерінің кәсіптік дәрежесін арттыру және қорғаныс мақсатына қажет медицина кадрларының резервін дайындау үшін, республикада арнаулы курстар ұйымдастырылды. 1942 жылдың жазына дейін осындай жолмен 200 дәрігер хирург және 500 операциялық Сестрамен гипс салушы техниктер әзірленді.

Жаралы жауынгерлерге қызмет ету жөнінен госпитальдарға мекемелер, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдар және көпшілік бұқарасы кеңінен көмектесті. Жаралыларға арналған бөлмелерді жабдықтау күнделікті тұрмысқа қажетті заттармен, мәдени бұйымдармен және басқа да керек жарақтармен қамтамасыз ету жұмысын олар өз қолына алды. Бұл жағынан денсаулық сақтау мекемелері көбірек шоғырланған облыс орталықтарымен ірі қалалардың еңбек коллективтері ерекше көзге түсті. Мысалы, Қарағанды облысының әр түрлі мекемелерінен госпитальдар үшін 650000 сомның бұйымдары мен азық – түлігі босатылды. Ал Алматы қаласында госпиталдарды әзірлеу жұмысына 300 мекеменің коллективтері қатынасты.\1\.

Республиканың колхоз – совхоздары өздері қамқорлыққа алған госпитальдарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды. Бұл госпитальдардағы жаралылар үшін ұйымдастырылған тамақтандыру ісіне қосымша зор көмек болды. Мысалы, Ақтөбе облысында ашылған 6 госпитальда колхоздардан 150 бас мал сыйға тартылды. Ақтөбе облыстық жаралыларға  жәрдем беру комитетінің шешімі бойынша бұл госпитальдарға арналған біріккен қосалқы шаруашылықты ұйымдастыруға негіз болды. 1942 жылы 15 маусымға дейін жаралы жауынгерлерді шепке алған мекемелер мен кәсіпорындар иек Батыс Қазақстан  облысы бойынша госпитальдарға  көптеген азық-түлік берді.\1\. Госпитальдарға жәрдемдесу комитеттері жаралылардың мұқтажын анықтап, олардың тұрмысына байланысты қажетін өтеуге тырысты. Мысалы, Алматы қаласында госпитальдарды қамқорлыққа алған коллективтердің көмегімен оларға радио жүйесі тартылып, кино қондырғылар орнатылып, клубтар жабдықталды. Республикалық және облыстық жаралы жауынгерлерге жәрдемдесу комитеттері госпитальдарға шептік қамқорлық жасаушы ұйымдардың басшыларымен тұрақты байланыс жасап тұрды. Арнаулы мәжілістерде госпитальдар командованиесінің  және оларға қамқорлық жасаушы коллектив басшыларының жаралы жауынгерлерге көрсеткен көмегі жөнінде баяндамалары тыңдалып, бұл жұмысты жақсарта түсудің жолдары талқыланды. Майдан шебінен емделуге жіберілген алғашқы жаралылар келе бастағаннан-ақ республика еңбекшілері, оларға патриоттық көмек беріп, қамқорлыққа алуда ештеңеден аянған жоқ. Майданда қан төккен ерлерге бүкіл халық болып жағдай туғызудың, оларды қамқорлыққа алып, тезірек сауығуына көмектесудің бір белгісі еңбекшілердің  өз қаражатына Отан қорғаушылардың денсаулық  қорын жасауы болды. Бұл патриоттық қозғалыс соғыс жылдарында елімізде кеңінен таралған еді. Саратов облысы колхозшыларының үлгісімен барлық жерлерде еңбекшілердің өз меншігіндегі шаруашылығынан бөліп берген азық-түлігінен жауынгерлердің денсаулық қоры жасалып, әскери госпитальдарға беріліп отырды. Бұл патриоттық іс Қазақстан колхозшылары арасында да қызу қолдау тапты. Жаралы жауынгерлердің денсаулығын қалпына келтіру қорына, колхозшылар әрдайым ет, май, сүт және басқа да азық-түлікпен, жеміс жидектер тапсырды. Мысалы, осы қорға Алматы облысының үш колхозы ғана 19мың литр сүт берсе,Батыс Қазақстан облысының колхозшылары қысқа мерзімде16 мың тонна әр түрлі азық-түлік пен көкөніс тапсырды.Бұл патриоттық іске республиканың барлық колхозшылары үлес қосты.\1\.    Республика еңбекшілерінің патриоттық қамқорлығы нәтижесінде госпитальдарда емделіп жатқандар үшін барлық жағдай жасалынды. Емдеу жұмыстарымен бірге онда жаралылар үшін үлкен мәдени – ағарту жұмыстары да жүргізілді. Республиканың белгілі өнер қайраткерлері және соғыс кезінде Қазақстанға эвакуациямен  келген өнер иелері мен ақын – жазушылар госпитальдарда жатқан жауынгерлер арасында жиі болып тұрды. Елімізде белгілі өнер қайраткерлері иен театр коллективтері де жаралы жауынгерлерге мәдени қызмет көрсету ісіне өз үлестерін қосты.

Республиканың тұрақты театры және музыка коллективтері, оның ішінде 21   қазақ театры, 10 орыс театры,  1корей және ұйғыр театрлары мен Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының лективтері госпитальдары, санаторий мен курорттарда емделіп жатқан жауынгер мен соғыс мүгедектерінің алдында өз өнерлерін ұдайы көрсетіп тұрды. Сонымен бірге соғыс жылдарында эвакуациямен Қазақстанға келген ірі өнер коллективі, оның ішінде  Моссовет атындағы Москва театры өз үлестерін қосты.

 1941 Жылы 24-ші   желтоқсанда Қазақ КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Отан соғысының мүгедектерін еңбекке орналастыру мен олардың тұрмыс қажетін өтеу жөнінде арнайы қаулы қабылданды.\1\. Онда соғыста денсаулығынан айырылған жауынгерлер үшін интернаттар мен мүгедектер үйін құру, сонымен бірге барлық облыс орталықтарында уақытша еңбек қабілетінен айырылған мүгедектер үшін қонақ үйлер мен жатаханалар ашу ұйғарылды. Бұған арнаулы қаржы бөлініп,мүгедектер үшін жоғарыда айтылған магазиндер ашылып, қоғамдық тамақтандыру жүйесі құрылды. Қаулыда ерекше айтылған мәселенің бірі кемтарлыққа душар болған жауынгерлерді әр түрлі мамандыққа үйрету болды. Бұл үшін өндірістік оқу курстарын ашу, оларды шамасына қарай жеке және бригадалық жолмен тікелей өндірісте үйрету шаралары көзделді. Осыған сәйкес соғыс мүгедегін еңбекке орналастыру жоспары бекітіліп, бұл шараларды іске асыруға 6705 мың сом қаржы бөлінді. Сондай-ақ облыстық қамсыздандыру бөлімінің құрамында Отан соғысының мүгедектерін жұмысқа орналастыру жөнінен инспекторлар тағайындалды.

1942 жылы қаңтар айынан бастап, мүгедектер үшін есепшілер статистикасы қызметкерлерін, сызушылар және басқа да мамандар даярлайтын курстар жұмыс істеді. Олардың ішіндегі Қызыл Армияның санитарлық басқармасының нұсқауы бойынша тікелей госпитальдар да ашылды. Сонымен бірге госпитальдарда емделу мерзімі аяқталған мүгедектер анықтама түсінік жұмыстары жолға қойылып, дәрігерлердің қорытындысы бойынша және мекемелер басшыларымен келісу арқылы жұмысқа орналасу жөнінде жолдама беріліп тұрды.

Көпшілік бұқарасына сүйене отырып, жергілікті партия және кеңес органдары соғысқан, мүгедек болған ержүрек жауынгерлерді қамқорлыққа алу жұмысын күшейте берді. 1941 жылы республиканың қамсыздандыру органдары негізінен үшінші топтағы мүгедектерді оқытып, жұмысқа орналастырумен айналысса, 1942 жылы ол бірден ұлғайып, 2800 адам қысқа мерзімді курстарды бітіріп шықты. 1943 жылы 1 қаңтарда Қазақстан бойынша 38957 мүгедек жауынгерлердің ішінен 23154 адам жұмысқа орналасты. Тек 1943 жылы ғана республикада 11 мың соғыс мүгедегі әр түрлі мамандықты меңгеріп шықты. Оның ішінде 3 мыңы есеп жұмысын меңгерсе, 1200 адам колхоз председателі және бригадир болып, 5 мыңы механик, электротехник, токарь, слесарь болып істеді.

Отан соғысы мүгедектерінің тұрмыс қажетін өтеу мәселесі үнемі республиканың партия және кеңес органдарының назарында болды. Соғыс жылдары Қазақстанда I  және II топтағы мүгедектер үшін 7 интернат ашылды. Мұнан басқа 10 интернат III топтағы мүгедектер үшін құрылды. Облыс орталықтарында бұлар үшін 447 адамдық қонақ үйлері жұмыс істеді. \1\.

Соғыстың төртінші күні 1941жылы 26 шілдеде СССР жоғарғы Кеңесінің Президиумі әскер қызметінде жүрген қатардағы жауынгерлер мен кіші командирлердің жанұясына соғыс кезінде жәрдем ақы тағайындау және оны төлеу туралы указ қабылдады. Осы указға сәйкес барлық жерде комиссиялар құрылды. Олар комиссияларға әскер жанұяларынан түскен өтініштерді үш күннен асырмай қарап, тиісті шешім қабылдау міндеттелді. Сөйтіп әскер қатарында жүрген жауынгерлердің жанұялары соғыстың бірінші айынан бастап, өкімет тарапынан ресми жәрдем алып тұрды. Мұндай жәрдем ақы ай сайын 100 сомнан 200 сомға дейін әр жанұяға еңбекке жарамсыз жан басына төленді. Ауылдық жерлерде жәрдем ақы мөлшері әркімнің жекеменшік шаруашылығына байланысты 50%- ға  дейін қысқартылды. Барлық жерлерде әскер жанұялары есепке алынып, оларға тиісті жәрдем төленіп тұрды. Республикада 1942 жылы 1 қаңтарда 193657 әскер жанұясы болды.

Соғыс басталғаннан бері 1942 жылға 1 майға дейін Қазақ КСРО әлеуметтік қамсыздандыру органдары арқылы 240967 жанұяға жәрдемақы тағайындалып,163139мың сом ақша төленді. Мемлекет тарапынан берілетін ақшалай жәрдемақы мен зейнетақыдан басқа, жалпы әскер жанұялары үшін үкімет көптеген жеңілдіктер белгіленді. 1943 жылы республика бойынша 220093 жанұя жалпыға бірдей мал өнімін тапсыру міндетінен босатылды. Сонымен бірге 1943 жылы және 1944 жылдың басында қосымша 46211 жанұя әр түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін тапсы міндетінен босатылды. Жалпы 1944 жылы қаңтарда Қазақстан бойынша 267171 жанұя әскери салық төлеу міндетінен, 114122 жанұя ауыл шаруашылығы өнімдерін тапсырудан босатылды.    

 

      2.2. Жау қолынан азат етілген аудандарға көмек.

 

      Жаудан азат етілген аудандар орасан зор бүлінушілікке ұшырады. Соғыс ойраны қалалар мен сололарды ғана қиратып, бүлдіріп қойған жоқ, егістік жерлер мен ен даланы да айғыздап, бетіне әжім түсіріп күйзелтті.

       Сөйтіп соғыстың алғашқы кезеңінің өзінде-ақ жау аккупациясынан  азат етілген аудандарға көмек көрсету қозғалысы республика еңбекшілерінің арасында пайда болды. Алматы облысы Шелек ауданы Ворошилов атындағы ауыл шаруашылық артелінің колхозшылары Мәскеу облысы, Боровницкий ауданының «Передовики» ауыл шаруашылық артелінің колхозшыларына жолдаған хатында былай деп жазды: «Қызыл Армия мен азат етілген аудандардың колхозшыларына барынша көмектесуді көздей отырып, біз, өзіміздің 1942 жылы 5 сәуірде болған жалпы жиналысымызда, майдан маңындағы біздің туысқандарымызға 1941 жылдың еңбек күшіне тиісті қаржыдан 30 мың сом ақша, 200бас қой, 5 пар жұмыс өгізін бөлуді ұйғардық.  Биылғы көктемде біз жоспардан тыс 15 га жерге бидай егіп, одан түскен астықты қорғаныс мақсатына , азат етілген колхоздарға көмек қорына өткіземіз. Қорғаныс  қорына өткізілмек 50 бас мал жеке колхозшылардың шаруашылықтарында бордақылауда тұр ».

       Азат етілген аудандарға көмек көрсету жөніндегі, міне, бұл бір колхоздың міндеттемесінің өзі көп нәрсені аңғартады. Бұл бастаманы республиканың көптеген колхоздары мен өнеркәсіп орындары қолдады. Мәскеу облысының колхозшылары Қазақстанда болған кездерінде, оларға барлық жерде құрмет көрсетіліп, көптеген материалдық көмек берілді. Тек Қарағанды облысының колхозшылары ғана 100 мың пұт тұқымдық астық жинап берді. Ал Қазақстан бойынша 1654 бас мал, көп астық, ақшалай қаржы жиылды. Республиканың жұмысшылары мен қызметкерлері жау оккупациясынан зардап шеккендердің пайдасына бір күндік еңбек ақыларын беруді ұйғарды. Соғыс кезінде маман кадрлар Қазақстанның өзінде де тапшы болды. Бірақ бұған қарамастан республиканың партия, кеңес және шаруашылық органдары азат етілген аудандарға барынша көмек көрсетуге тырысты. Тек 1942 жылы 1 маусымнан 1943 жылдың 1 маусымына дейінгі бір жыл уақыт ішінде Қазақ КСРО азат етілген аудандарға 3879 тракторист, 593 трактор бригадасының бригадирлері, 106 механик, 221 комбайн, 69 МТС директоры, 115 агроном жіберілді. Республика бойынша жаудан зардап шеккен аудандарға жүздеген трактор, автомашина, басқа да ауыл шаруашылық машиналары жіберілді, мұнымен қоса ол жаққа өнеркәсіп жабдықтары, астық, мал, мәдени бұйымдар, балалар мекемелеріне арнап киім-кешектер де жіберіліп жатты.

         Қазақ республикасының азат етілген аудандарға жасаған көмегі туралы әңгіме болғанда, ең алдымен мыналарға тоқталуымыз керек. Біріншіден, еліміздегі жау оккупацияланған аудандарынан келген мал екі жылдай Қазақстанның батыс облыстарында күтуде болып, толығымен қайтарылып берілді. Екіншіден, республика бойынша арзан бағамен жүздеген мың бас мал  сатып алынып, азат етілген аудандарға жөнелтілді. Үшіншіден, азат етілген аудандардың мал басын қалпына келтіру ісі Қазақстан еңбекшілерінің жеке дара шептік көмек көрсетуі арқылы жүзеге асырылды.

         Азат етілген аудандарға мал шаруашылығы жағынан қосымша көмек көрсету мақсаты мен  республика бойынша мал сатып алу жұмысы жүргізілді. Оны жинағанда аналық мал, жұмыс көлігіне жарамды мал және өнім беретін малдың түрлері ескерілді. Мұндай малдардың түрлері негізінен Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Семей облыстарынан сатылып алынды. Өйткені  бұлар сол кезде республиканың ең малды аймақтары саналатын. Ал республиканың батыс облыстарында эвакуациямен келген малды азат етілген аудандарға қайырған кезде, олар оған қосымша қолындағы өз малдырын да көптеген бас түлік жөнелтуге тура келді. Сондықтан бұл облыстардан мал сатылып алынған жоқ. Сол сияқты республиканың солтүстік шығыс облыстарында да азат етілген аудандарға деп мал сатып алу жүргізілген жоқ, өйткені бұл облыстар 1943 жылы мемлекеттен тұқымдық астықты өздері қарызға алып, оның орнына мал беруіне тура келді. Сөйтіп сатып алу арқылы жиналған мал басы базаларға тапсырылды. 1943 жылдың 18 қазанында 52,3 мың бас қой мен ешкі, 2056 бас шошқа жиналды. Өкімет тарапынан сатып алу арқылы жиналған мал Калинин, Смоленск, Курск, Орел және Сталинград облыстарына жөнелтілді.

          Қазақстан еңбекшілері еліміздің ірі-ірі өнеркәсіп орталықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу жөнінде арнайы фондылар құрылып, оларға қаржы жинау қозғалысы кеңінен таралды. Киев, Харьков, Донбас, Сталинград қалаларын қалпына келтіру фондысына  арналып ақшалай қаржы, астық, мал, азық-түлік және тағы басқадай көмектің түрлері өз режимімен жөнелтіліп жатты.

          Азат етілген аудандарға негізінен өсіп-өнуге арналған саулық мал, ет малы, жұмыс көлігі жіберілді. Мал басын жинақтаған кезде көп жағдайлар еске   алынады. Ол аудандарға жөнелтілетін мал басын дайындау жұмысы жоспарлы түрде,үкімет органдары белгілеген мөлшерде іске асырылды. Өз жеке меншігіндегі мал басы белгілі мөлшерде азайғанымен Қазақстан колхозшылары үлкен белсенділік, ұйымшылдық көрсетіп, соғыстан зардап шеккен аудандарға мал жинап жіберу жөніндегі мемлекеттік шараларды ойдағыдай жүзеге асырды. Әркім барын беріп жатты. 1943 жылы сәуірде Қарағанды облысының Ворошилов, Ұлытау, Жезқазған және Қарқаралы аудандарының колхозшылары азат етілген жерлерге арнап өз меншіктерінен 750 бас ірі қара мен қой, ешкі бөлді. Тағы облыстың колхозшылары  қоғамдық малдың есебінен 1943 жылы қазан айында Украинаға 12839 бас ірі қара, 2612 қой, ешкі, 1550 шошқа жөнелтті. Сөйтіп республиканың әр облысы,ауданы, колхозы мен совхозы азат етілген аудандарға туысқандық көмек көрсету ісіне өз үлесін қосты. Қазақстан бойынша азат етілген жерлерге барлығы 554,3 мың бас мал жөнелтілді, бұлардың ішінде 17,5 мың бас ірі қара, 21,8 мың бас жылқы, 350 мың қой бар.\1\

         Еліміздің тыл аудандарының күшімен жау оккупациясына ұшыраған жерлердің халқына үлкен материалдық көмек көрсетілді. Азат етілген аудандарға бүкіл еліміз бойынша 26 мың трактор, 40 мыңнан астам әр түрлі ауылшаруашылық машинасы, 3 млн. астам мал жіберілді. Бұл аймақта 3 мың МТС ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығының  материалдық-техникалық базасы бірте-бірте қалпына келтіріле бастады.

        Кеңес халқы мен оның қарулы күштері бұдан 40 жыл бұрын адам баласының қас жауы фашизмді талқандады. 1945 жылы 5 мамырда Кеңес Қарулы күштері мен оның одақтастарының алдында неміс – фашист әскерлері сөзсіз тізе бүкті. Коммунистік партияның басшылығымен кеңес халқы Ұлы Отан соғысында өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды. Европа халықтарын фашизмнің қанды шеңгелінен құтқарып, жеңімпаз халық атанды.

        Өткен азапты жолдың ауыр сабақтарын кеңес халқы ешқашанда ұмытпайды. Оның ауыр сабақтары біздің санамызға ұялап, қазіргі ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулап, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға шақырады.

         Жалпы соғыс жылдары СССР ордендері және медальдарымен наград талғандардың қатарына 193 ұлттың өкілдері бар. Олардың ішінде 6172976 орыс,1710766 украин, 311105 беларус, 80013 өзбек, 13997 тәжік, 36186 әзербайжан, 49106 грузин, 66800 армян, 14923 түркімен, 15499 қырғыз, 7899 корей, 6133 литва, 11133 латыш, 11489 эстон, 174886 татар, 160770 еврей, 57320 мордва,  29900 башқұрт, 12730 осетин, 19229 удмурт, 6653 бурят, 53чуваш, 18253мари, 133693 басқа да ұлттан шыққан жауынгерлер болды.

           Кеңестік Отан үшін ұрыстарға батырлығымен, жанқиярлығы үшін 96638 қазақ жауынгері СССР ордендері және медальдарымен наградталды. Жауға қарсы күресте асқан ерлігі үшін 96 қазақ жауынгері мен офицеріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. \1\

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

    Ұлы Отан Соғысы жылдары Қазақстанда құрылған әскери құрамалар мен бөлімдердің жауынгерлік сапары қаһарлы 1941 жылдың күзінде Мәскеу түбіндегі шайқастан басталып, 1945 жылы Берлинде жеңіс туын желбіретумен аяқталды. Фашизмді өз арасында талқандап, Рейхстагқа ту тікке батырлардың ішінде Қазақстандық жауынгерлердің де болғанын республика жұртшылығы мақтан етеді. Империя канцеляриясы мен Рейхстагты алған атақты 150-ші Идрицалық Берлиндік II – ші  Дәрежелі Кутузов ордені атқыштар дивизиясының құрамына кезінде 1942 жылы Қостанайда құрылған 151 –ші  атқыштар бригадасы қосылды. Рейхстагқа штурм жасаушы ротаны Қазақстандық жерлесіміз  аға сержант Илья Сиянов басқарса, 171-ші дивизияның взвод командирі, лейтенант Рахымжан Қошқарбаев алғашқылардың бірі болып оған шабуыл туын тікті.\1\

       Кеңес елінің басқа да туысқан республикалары сияқты Қазақстанда Кеңес Халқының Ұлы Жеңісіне өз үлесін қоса білді. Соғыс жылдары бір миллионнан астам Қазақстандықтар Кеңес Армиясының қатарында жауынгерлік сапқа тұрып, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғасты, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен аяқтап шықты.

       Кең байтақ Қазақстанның ен байлығы майдан мүддесі үшін қызмет етті. Қарағанды мен Леңгірдің көмірі, Шымкент кен Өскеменнің қорғасыны, Балқаш пен Жезқазғанның мысы, Кенді Алтайдың түрлі-түсті қазба байлығы, қару-жарақ түрлерін өндіруге қолданылып, әскери зауыттарды қажетті рудалармен жабдықтай білді. Қазақстан теміржолшыларының да майдан талабын орындауда атқарған еңбектері ерекше. Түркістан –Сібір және Қарағанды жолдарының теміржолшыларына Мемлекеттік   Қорғаныс Комитетінің ауыспалы Қызыл Туы соғыс жылдарында 13 рет тапсырылды. Бұл тұрғыда темір жолдағы тасымал жұмысшының соғыс кезіндегі атқарған қызметінің ерекше екендігін айта кеткен жөн. Майдан мен тылды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз    етуде республика ауылшаруашылығында атқарған рольі ерекше. Жұмысшы күші мен ауыл шаруашылық техникасының тапшылығына қарамастан Қазақстан соғыс жылдарында мемлекетке ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық түрін соғысқа дейінгі бейбіт кездегіден анағұрлым артық тапсырды. Қазақстан малшылары мемлекетке етті, майды, жүнді, тері-терсекті және басқа да мал шаруашылығы өнімдерін анағұрлым көп бере отырып,мал басын кемітпегені былай тұрсын, қайта оны арттыра түсті. Соғыстың алғашқы күндері халық арасында басталған қорғаныс қорын жасау қозғалысы бірден жаппай бұқаралық сипат алып, еліміздің экономикасын, барлық ресурстарын майдан талабына жұмсауға зор үлес қосты. 1945 ж. 10 қаңтарға дейін Қазақ КСРО еңбекшілерінің бұл қорға берген үлесі ақшаға шаққанда 386 млн. сом болды. Бұл қаржыға соғысқа қажетті мыңдаған зеңбірек пен миномет сияқты ірі атыс қаруларын қоспағанның өзінде шамамен 1890 танк немесе 3790 самолет жасап шығаруға болатын еді. Қорғаныс қуатын нығайтудың әр түрлі жолдарын қарастырған еңбекшілер, соғыс жылдары Қызыл Армияның астық қорына, Жоғарғы Бас Командование мен жеңіс қорына зор үлес қосты. Қазақстан колхозшылары «Қорғаныс гектарларына» арнап 50 мың гектарға жуық жерге астық екті. 1945 ж. Қазақстан мемлекетке 100 млн. пұттан астам, ал 1942 ж. 84млн. пұт астық тапсырылды. Ал колхозшылар мен совхоз жұмысшыларының Отан қорғау қорына тапсырған астығы да өз алдына бір мол дүние. Жалпы Қазақстан мемлекетке астықты мұндай мөлшерде бейбіт кездерде егістік ең шығынды жылы ғана тапсыра алатын.

       Соғыстың барлық ауыртпалықтарына төзіп, Кеңес адамдары жеңісті қамтамасыз ету жолында қолдан келгеннің бәрін істеді. Мектептегі жас бала мен еңкейген кәріге дейін бір кісідей майданға қызмет етті. Соғыс жылдары Қазақстан халық қаражатына 20-ға жуық ірілі-ұсақты танк колонналары, авиация эскадрильялары мен звенолары, екі бронепоезд, екі      сүңгуір қайық пен торпеда катері жасалып, майдандағы әскерлерге табыс етілді. Сонымен бірге әскери экономиканы нығайтудағы Қазақстан еңбекшілері 1942-1945 ж.ж.4 соғыс заемы бойынша мемлекетке 3млрд. 273 млн. сом көмек берді.бұған қоса ақшалай-заттай лотерея бойынша 338 млн. сом қаржы жіберді.

           Қазақстан еңбекшілерінің өкілдері әр түрлі майдандарға барып, халықтың жіберген сәлемін, азық-түлік пен жылы киім және басқадай көмегін жеткізіп тұрды. Соғыс жылдары Қазақстан еңбекшілері майданға 1600 вагон азық-түлік, 2,5 млн. дана әр түрлі киім кешек берді.

          Қазақстанның мәдениет пен өнер қайраткерлері майдандағы жауынгерлерге мәдени қызмет көрсетуде ерекше еңбек етті. Майданға концерт бригадалары жиі шығып, жауынгерлер арасында ойын көрсетіп, өнер шеберлері ән шырқады. Бұларды майдан бригадасы деп атады. Соғыс       н өнер қайраткерлерінен құралды. Республика артистері шайқаста жүрген немесе госпитальдарда жатқан жауынгерлер алдында 1028 концерт берді.

        Қазақстан еңбекшілерінің майдан қызметіндегі патриоттық жұмысы осындай болды. Өз Отанын қорғау жолында, соғыстың небір қиын сәттерінде майданға барынша көмектесіп, жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан абзал Кеңес патриоттарының еңбегі еліміздің ерлік шежіресіне лайықты орын алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

  1. Асылбеков М.Х. Формирование и розвитие кадров железнодорожников Казактан 1917 – 1970г.г. Алма – Ата 1973.\1\\2\\3\ с.60-61.
  2. Балақаев. Т. Алдажұманов Қ. Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде Алматы 1985ж. \1\\2\\3\\4\\5\\6\
  3. Балақаев. Т. Б. Колхозное крестьянство Казахстана в годы В.О.в 1941 – 1945г.г. Алма-Ата 1971.\1\\2\\3\\4\\5\\6\
  4. Қазақстан В.О. в очерки. Алма-Ата 1988 вып. 1.\1\\2\\3\с.258-259.
  5. Казахстан в период В.О.в Советского Саюза т.1 Алма – Ата 1964г.\1\\2\
  6. Казахстан в период В.О.в Советского  Саюза т.2 Алма – Ата 1964г.\1\\2\c.569.
  7. Қозыбаев М. Компартия Казахстана в период В.О.в

1941 – 1945г.г. Алма – Ата 1964г.\1\\2\\3\\4\с.282.

  1. Қазақ ССР тарихы т. 5
  2. Қозыбаев М.К. Казахстан – арсенал фронта Алма – Ата 1970г.
  3. Қозыбаев М.К. Ақтаңдақтар ақиқаты Алматы 1992ж.
  4. Маданов Н., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы Алматы 1994ж.
  5. Садықов Т.С. Тарих тағлымы. Алматы 1992ж.
  6. Нүрбекова Г . Женщины Казахстана – фронту. Трудовые подвиги женшин в промышленности Казахстана в В.О.в 1941 – 1945г.г Алма – Ата 1968г.\1\\2\\3\
  7. Оразов К. Ю. Рабочий класс Казахстан В.О.в Алма – Ата 1975г.\1\
  8. Қозыбаев М.К. Едігенов Н.Е. Труд во имя победы. Алма-Аты 1995 г.\1\\2\\3\
  9. Кошабеков А. Ратные и трудовые подвиги интеллигенции Казахстана в годы В.О.в 1941 – 1945г.г. Алма – Аты 1965г.
  10. Басин В.Я. Тяжолая промышленность Казахстана в В.О.в Алма – Ата 1965г.\1\\2\
  11. Абишев Г.А. Казахстан в В.О.в 1941 – 1945г.г. Алма – Ата 1958г.\1\\2\
  12. Белан П. Казахстанцы – ковалеры Золотой звезды. Алма – Ата 1982г.\1\
  13. Город рабочей доблести. Алма – Ата 1986г.
  14. Жакупбеков С. История легкой индустрии Казахстана. Алма – Ата 1984г.
  15. Казахстанцы на фронтах в В.О.в Алма – Ата 1969г.
  16. Козыбаев М.К. Рахматулин Б. Равнение на коммунистов.  Алма – Ата 1977г.
  17. Қазақ ССР тарихы 5т № Алматы 1984ж.
  18. Ломако П. Цветная металлургия в годы В.О.в Москва 1985г. \1\
  19. Боранбаев Қ. 1418 күн. Алматы 1980 ж.\1\
  20. Оразов К.Ю. Рабочий класс Казахстана в В.О.в. Алма-Ата 1975 г.\1\\2\
  21. История рабочего класса Советского Казахстана в. III. Т. 2. А
  22. Казахстан в период ВО.в. Советского Союза сб. документов и материалов Алматы 1964г. Т.1. с.59.\1\\2\
  23. Томарченко М.Л. Советские финансы в период В.О.в. Москва 1967г.с.200.\1\\2\2