АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Интеграциялық процестің дамуындағы Қазақстан Республикасы

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

  1. ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

1.1 Экономикалық интеграция: мәні және даму ерекшеліктері

1.2 Интеграциялық дамуда әлемдік тәжірибенің маңызы

1.3 Экономикалық интеграция объективті уақыт талабы

 

  1. ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ДАМУЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

2.1 Интеграциялық бірігу процесі мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

2.2 Қазақстан посткеңестік интеграциялық процестерде: мәселелері және болашағы

2.3 Қазақстан Республикасы әлемдік интеграциялық қатнастар жүйесіндегі орны

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Егемендік алған Қазақстан басқа да поскеңестік елдер сияқты өзін халықаралық қауымдастыққа нығайту үрдісісіне белсенді қатысып келеді. Бұл үрдіс мемлекеттің сан-салалы жақтарын жетілдірумен бірге, бірінші кезекте оның саяси жүйесі мәселесінің ретке келтіру талабын қойды. Қазаргі заманда әлемде халықаралық қарым-қатнастардың барлық жүйесі, сондай-ақ мемлекетаралық байланыстарға және мемлекет ішіндегі құрылымдарға қатысты халықаралық құқықтық принциптер мен ережелер сапа жағынан өзгерістерді бастан кешіруде. Халықаралық өмірдің басты мақсаты – бейбітшілікті нығайту және жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Оған жетудің бірден бір жолы – ол барлық халықтартар арасындағы  ынтымақтастықтың болуы.

Мемлекет пайда болғаннан бастап өзінің тәуелсіздігін сақтау және сырттан агрессияға жол бермеу арқылы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Халықаралық қатнастарда өзара тәуелділік пен өзара әсер етудің нығаю кезінде немесе жаһандану жағдайында мемлекеттаралық байланыстардың бір-біріне тәуелділігінің өсуі аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселесінбірінші орынға қояды.

Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың алдынан жаңа постидеологиялық кезең ашылды. Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін – адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникциялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешуде. 

Бүгінгі таңда интерация әлемдік дамудың күннен-күнге күшейіп келе жатқан тендениясын байқауда. Барлық елдер әлемдік шаруашылыққа интеграцияланса, аймақтарда тығыз саяси ықпалдастыққа бастайтын ондаған экономикалық одақтар мен қоғамдастықтар құрылып жатыр.

Интеграция, бірігу яғни экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың өзара іс-қимылын тереңдету, олардың арасындағы байланыстарды дамыту. Экономикалық интеграция терең тұрақты байланыстарды қамтумен, ұллтық шаруашылықтар арасындағы еңбек бөлінісі негізінде елдерді шаруашылық саяси мемлекетаралық бірігу процесінде көрінеді. Экономикалық интеграцияның мақсаты – ұлттық экономиканы жақындастыру және экономикалық міндеттерді бірлесіп шешуді қамтамасыз ету.

Қазіргі замандық әлемдік экономиканың және халықаралық экономикалық қатнастардың маңызы болып, біріккен әлемдік шаруашылық комплекісі болып табылады. Комплекстің пайда болуы ғылыми техникалық прогресстің дамуы, қазіргі заманның өндіргіш күштері және оның негізінде жалғасып жатқан интернационалдық өндіріс. Басқа сөзбен айтқанда саяси, мәдени, діни, табиғи және т.б. өзгешеліктеріне қарамастан ең соңғы есепте әлемдік шаруашылық жүйелі түрде бірігуге жылжуда және жеке елдердің бүтіндік әлемдік комплекстерінің экономика дамуының өзгешеліктері болып табылады. Бұл бірігудің сатылары және тұтастың біртін келе өсуі, елдердің бірігуі ерікті сауданың қолданылатын арттықшылықтары туралыда айтылады.

Мұндай жағдайлардаелдердің дамуы оның ролі және қазіргі әлемдік экономикадағы орны көп жағдайда осындай факторлармен анықталуы халықаралық еңбек бөлінісі, мамандану секілді салыстырып дұрыстау ең алғаш ойлап шығару салаларында өндірістің жаппай диверсификациялау және шетелге шығару бағытының саясатын бірлестіру.

Интеграциялық процестердің дамуы халықаралық тауар айырбасы мен оларды өндіретін факторлар қозғалысының артуының заңдылықты нәтижесі болып табылады. Бұл елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу байланыстарын қалыптастыру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысындағы көптеген кедергілерді жоюды қажет етеді. Бұны жүзеге асыру мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көпжақты саяси келісімдер негізінде ғана мүмкін болады.

Экономиканы интеграциялау оған қатысушылардың әрқайсысына өзара саудамен шектелген елдерге қарағанда қосымша жүйелі эффект деп аталатын артықшылықтарды алуға жағдай жасайды. Екінші жағынан алғанда, мемлекеттердің бұндай ынтасы әлемде болып жатқан сапалық өзгерістерді көрсетеді және де қоғамдық өмірдің әр түрлі салалардағы, ең алдымен экономикалық жүйедегі интеграциялық процестердің дамуына жасалған оңтайлы жағдайлардан туындайды.

Жаһандануға қандай факторлар жәрдемдесуде?

Бірінші кезекте, бұл тауарлардың елдер мен экономикасекторлары арасындағы қозғалысы. Сауда-саттықты өрістету экономикасының дамуы мен өсуі үшін стратегиялық тұрғыда қажет. Ашық экономикалар протекционистік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттің алдында өз артықшылығын дәлелдеді.

Жаһандану жолындағы екінші қадам – капиталдардың еркін қозғалысы.

Үшіншіден, адамдардың кедергісіз қозғалысы. Бүгінде әлемде елеулі көші-қон өзгерістері жүріп жатыр.

Төртіншіден, жаһандану факторларының бірі халықаралық валюта рыноктарындағы валюталық операциялардың серпінді дамуы болып табылады.

Бесіншіден, ақпараттық, интеллектуалдық өнім мен идеялардың еркін қозғалысы жаһандану факторларының бірі және салдары болып табылады.      

Қазіргі уақытта Қазақтан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстаушы, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның ТМД-да ынтымақтастықтың толық құқықты мүшесі ретінде қатысуының өзінде саяси және экономикалықнегізі бар.

Достастық елдер өз мүмкіндіктері мен мүдделеріне сәйкес интеграцияланудың басқа да формаларын қарастыра бастағаны белгілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың идеясы негізінде дүниеге келген Евразиялық экономикалық қауымдастық осының озық үлгісіне айналып келеді. Қазіргі күні бұл қауымдастық аясында кеден одағын құру, одақ тарифтерін белгілеу, бірте-бірте ортақ валютаға көшу мәселелері қарастырылу үстінде.

Бүкіл әлем бойынша интеграциялық үрдістер терең сипат алып отырған қазіргі жағдайда ТМД секілді көптеген елдерді қамтитын құрылымның болғаны дұрыс. Бірақ оның неғұрлым тиімді жағдайда жұмыс істегенін қалаймыз.

Барлық елдер әлемдік шаруашылыққа интеграцияланса, аймақтарда тығыз саяси ықпалдастықта қоғамдар құрылып жатыр.Достастыққа қатысушы он бір елдің басшылары Экономикалық одақ құруды бірауыздан қолдап, бәріде ол туралы Декларацияға қол қойды. Осы Декларацияда ТМД-ға мүше елдер тауар, қызмет, капитал, еңбек ресурстары еркін айналатын ортақ рынок құрып, терең интеграциялану арқылы Экономикалық одаққа кезең-кезеңмен өтетіндігі туралы мәлімдеме жасалған болатын. Соның ішінде кедендік одақ құрып, оның тарифтерінен ТМД елдерін босату жайы айтылған болатын. Сонымен бірге шаруашылықты рыноктық әдіске бейімдеп, экономикалық реформалар мен әлеуметтік саясатты жүргізу ісінде жүргізу жөнінде айтылған.   

Бүгінде посткеңестік кеңістікте әрқилы интеграциялық бірлестіктер – ТМД, ЕурАзЭҚ, БЭК дамып келеді. ЕурАзЭҚ аясында біз кеден проблемасын шешуге қатысты жұмысты жүргізудеміз.

Н.Ә. Назарбаев өзінің басты еңбегінде «Стратегияның қалыптасуы және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамудың ТМД мемлекеттерінің экономикалық жолмен жақындасуының өзектілігін көрсетті».

Мемлекет басшысының халыққа арнаған биылғы жолдауында өңірдегі мемлекеттің одағын құру туралы бастама жария етілді. Орталық Азия өңірінің барынша интеграциялануына қадам жасау. Бұл тұрғыда Орталық Азия экономикалық қауымдастығын, тағыда басқа бірлестіктерді айтуға болады.

Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз. Сондықтан да Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруін жеделдету аса маңызды міндет болып табылады. Бұл – жаһандық бәсекелестіктің элементі, сондай-ақ әлемдік экономика жайында білім алудың мүмкіндігі[2].

Елбасының Евразия кеңістігіндегі интеграциялық процестерді дамытуда, ТМД, ЕурАзЭҚ, Орталық Азия қауымдастығы және Шанхай ынтымақтастық ұйымы секілді халықаралық қауымдастықтарды құруда, Біріңғай экономикалық кеңістікті жүзеге асыру жұмыстарында атқарған рөлі мен белсенді қызметі өзімізге де, әлемдік саясаткерлергеде кеңінен мәлім. ХХІ ғасыр – интеграция ғасыры. Сондықтан аса ірі мемлекеттер де жаһандану жағдайында басқалардан оқшау мүмкін емес екеніні бәрімізге де түсінікті.

 Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жүйелі түрде, посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестерді зерттеу және олардың халықаралық қатнасқа ықпалын жан-жақты ашып көрсету. Жаһандану жағдайында экономикалық интеграцияның мақсаты – ұлттық экономиканы жақындастыру және экономикалық міндеттерді бірлесіп шешуді қамтамасыз ету. Сонымен қатар адамзаттың біртұтас ақпарат пен коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл әлемнің біртұтас экономикалық, саяси ынтымақтастық дәуірін құру. Диплом жұмысының мақсатын жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттері:

  • Жаһандану жағдайындағы интеграциялық процестердің дамуын зерттеу;
  • Әлемдік шаруашылықтың дамуында интеграцияның маңызы;
  • Интеграциялық процестерді зерттеудің теориялық аспектілерін қарастыру;
  • Интеграциялық дамудың әлемдік тәжірибесінің маңызын зерттеу;
  • ТМД интеграциясының идеялық негізін тоқталу;
  • Қазақстан әлемдік интеграциялық қатнастар жүйесінде алатын орны.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Интеграцияның мәні мен даму ерекшеліктері, теориялық аспектілері мен оның идеялық негізіне, саяси- құқықтық базасы қарастырылды. Жұмыста әлемдік интеграциялық даму процестері мен тәжірибелерін зерттеуде ТМД, ЕврАЗЭҚ, Орталық Азия одақтарының тенденциялары мен болашағы ой елегінен өткізілді. Қазақстан Республикасының әлемдік интеграциялық қатнастар жүйесінде алатын орны мен болашақ жағдайына тоқталынды.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы. «Интеграция» термині алғашқы рет неміс және швед ғалымдарымен ХХғ. 30-жылдарында қолданылған. Еларалық интеграцияны зерттеушілер, саяси проблематикаға қатысты мәселелердің ерекше жақтарын ашу үшін, саяси интеграция түсінігін жеке қарастыра бастады. Көптеген зерттеушілер «саяси интеграция» ұғымына анықтама берген американ саясаттанушысы Э.Хаас деп есептейді. Интеграцияның әртүрлі теориясының негізін қалаушылар арасында біркелкі түсінік жоқ. Барановский В.Г. көрсеткендей әрбір зерттеуші интеграция ұғымын қамтитын мәселелер жөнінде түсінбей белгілеген. Әйтседе, Барановский интеграцияны былай деп түсіндіреді «бөлек, ерекше бөлшектердің біртұтастық пен байланысты жағдайы және осы процеске әкелетін жағдай». Мысылы құрылымдық функционизм негізін салушы Т.Парсонстың ұсынып отырған интеграция түсінегі екі бөліктен тұрады. Біріншіден, интеграция элементтерінің ішкі сыйымдылығы. Екіншіден, интеграциялық жүйенің сыртқы қоршаған ортадан бөлініп шығу кезеңіндегі ерекше талаптарды сақтау мен қолдау. Сондай-ақ басқада зерттеушілермен қатар Қазақстандық ғалымдардың интеграция процестері жөнінде көптеген еңбектері жарық көруде. Атап айтанын болсақ, ҚР Академик, Ә.Я.Әубакіров, Кенжегузин М.Б., Елемесов Р.Е., Жатқанбаев Е.Б., Аубакірова Ж.Я., және басқада ғалымдардың жаһандану жағдайындағы интеграциялық процестердің және халықаралық қатнастар экономикасыда мәселелер қарастырлды.

    Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі.

 

  1. Әлемдік шаруашылықтың дамуындағы экономикалық интеграцияның маңызы

 

1.1 Экономикалық интеграция : мәні және даму ерекшеліктері

 

Интеграциялық процестердің дамуы халықаралық тауар айырбасы мен оларды өндіретін факторлар қозғалысының артуының заңдылықты нәтижесі болып табылады. Бұл елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу байланыстарын қалыптастыру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысындағы көптеген кедергілерді жоюды қажет етеді. Бұны жүзеге асыру мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көпжақты саяси келісімдер негізінде мүмкін болады.

Қазіргі кездегі әлемдік кеңістікте екі тененция көрініс алған, атап айтқанда:

  • Біріншіден, әлемдік шаруашылықтың біртұтастығы, оның ғаламдық сипатының күшеюі;
  • Екіншіден, аймақтық деңгейде елдердің экономикалық жақындасуы және олардың өзара бағыныштылығының нығаюы.

Әр түрлі интеграциялық процестер мен топтардың тәсілдері идеологиясы, анықтамалары мен аттарының бөлектігіне қарамастан олардың кейбір жалпы белгілері мен заңдылықтарын бөліп қарастыруға болады. Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.

Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде қалыптасқан интеграциялық топ пен жеке мемлекет не мемлкеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.

Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты сауда кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді.

Интеграцияның үшінші деңгейі Кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.

Интеграциялық процестің төртінші деңгейі ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының – капитал және жұмыс күші қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Біріңғай сыртқы тариф негізінде өндіріс факторларының мемлекетаралық қозғалысының еркіндігі ұйымдық тұрғыдан сыртқы саясат мемлекетаралық үйлестердің анағұрым жоғарғы деңгейін талап етеді. Экономиканы интеграциялау оған қатысушылардың әрқайсысына, өзара саудамен шектелген елдерге қарағанда, қосымша жүйелі эффект деп аталатын артықшылықтарды алуға жағдай жасайды. Екінші жағынан алғанда,мемлекеттердің мұндай ынтасы әлемде болып жатқан сапалық өзгерістерді көрсетеді және де қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы, ең алдымен экономикалық жүйедегі интеграциялық процестердің дамуына жасалған оңтайлы жағдайлардан туындайы.

Біріншіден, әлем салыстырмалы түрде әскери шиеленістерден біршама сақтану жүйелерін қалыптастыра бастады, әрі әскер қырғи-қабақ саясаты жойылуда. Әлемдегі екі жүйенің ғаламдық қарсы тұруы жойылды. Елдер арасындағы даулы мәселелер мен шиеленістерді өз уақтысында шешудің көптеген механизмдері жасалды. Әрине, Югославия және жеке елдердегі уақиғалар жалпы мемлекетаралық мәселелердің тұрақтылығы, сенімділігі мен келісімділігін терістей алмайды.

Екіншіден, әлемде әр түрлі елдердің капиталдарының өзара кірігуінің қарқындылығы артты, сыртқы сауда қатынастарының ырықтандырылуымен халықаралық сауда ұлғаюда.

Үшіншіден, әлемде соңғы жылдары елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты реттеудің сенімді және тиімді механизмдері жасалып, табысты қолданылуда. Бұлар – кедендік, төлемдік, валюталық, экспорттық-импорттық және т.б. механизмдер мен нормалар.

Төртіншіден, жоғары технология және озық техниканың, информатика және т.б. қарқынды дамуы еңбек өнімділігін шұғыл арттыруға, тіпті жеке елдер мен региондардың нарығының тар болуына әкелуде. Оларға тауарлар мен қызметтер айналымының үздіксіздігін тездету қажеттілігі, осыған бөгет жасайтын барлық кедергілерді жою үшін елдер арасындағы өнім алмасуға қатысты мәмілелерді неғұрлым көбірек жеңілдетуге итермелейді.

Бесіншіден, әлемдік нарықтағы бәсекенің сипаты мен ауқымы өзгерді. Жеке елдердің экономкасы дамуына және еңбек бөлінісінің тереңдеуіне байланысты бәсеке ел ішіндегі фирмааралық деңгейден шығып, еларалық, халықаралық сипат ала бастады.

Алтыншыдан, кейінгі жағдайлар айқын көрсеткендей, аймақтардың экономика және қаржы-қаражат нарықтарының өзара тәуелділігі күшейді. Оңтүстік-Шығыс Азия, Жапония және Латын Америкасы дағдарыстары аймақтардағы жеке елдер мәселесін ғана емес, бүкіл әлемдегі экономикалық жағдайды қамтиды.

ХХ-ғ. Екінші жартысынан бастап жетекші индустриалды елдердің қарқынды экономикалық дамуы нәтижесінде және халықаралық транспорт пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне байланысты тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы күрт ұлғайды. Халықаралық сауда бірте-бірте  өндіріс факторларының (капитал, жұмыс күші, технология) халықаралық қозғалысының әр түрлі формаларымен толықтырыла бастады.          

Әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық өзгерістің экономикалық немесе сяси жақтарының абсолютизациясы мүмкіндігі екі көзқарас тұғысында қарастырылады:

  • Біріншіден, интеграция халықаралық экономикалық байланыстарының кездейсоқ дамуымен теңдестіріледі;
  • Екіншіден, интеграцияның барысы ресми түрде құрылған экономикалық одақтар шеңберінде әрекет етеді.

«Интеграция» термині алғашқы рет неміс және швед ғалымдарымен ХХғ. 30-шы жылдарында қолданған болатын[1]. Интеграция түсінігі қайта құру, қосылуды білдіретін inteqratio деген латын сөзінен шыққан[2].

Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен «integer» -толық) – экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция өндірістік-технологияық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сонымен қатар бір-біріне қолайлы жағдай жасау аркылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді. Сонымен интеграция экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың өзара іс-қимылын тереңдету, олардың арасындағы байланыстарды дамыту. Экономикалық интеграция елдің ұлттық шаруашылықтары деңгейінде де, кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, корпорациялардың арасында болады.

Интеграция мынандай түрлерге бөлінеді:

  • сатылас интеграция- бір сала немесе топтар, бөлшектер, соңғы өнім үшін қажетті жинақтаушы және басқа бұйымдар шығаруға маманданған, сипаты жағынан өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының өндірістік кооперациясы;
  • деңгейлес интеграция- өндірісі технологиялық ортақтағымен және шығарылатын өнімнің біртектілігімен сипаталатын кәсіпорындар бірлестігі;
  • «шеңберлес интеграция» бір рынокта әрекет ететін, бір-бірімен бәсекелесетін компаниялардың қосылуы.

 Экономикалық интеграция – терең тұрақты өзара байланыстарды дамыту және ұлттық шаруашылықтар арасындағы еңбек бөлінісі негізінде елдерді шаруашылық-саяси мемлекет аралық бірігу процесі. Экономикалық интеграцияның мақсаты – ұлттық экономиканы жақындастыру және экономикалық міндеттерді бірлесіп шешуді қамтамасыз ету[3]. Бұл үшін жекелеген фирмалар экономикалық келісімдер жүйесін қалыптастырады, мемлекет аралық деңгейде филиалдар құрады, мемлекеттің экономикалық бірлестіктері құрылады және келісілген ұлттық саясат анықталады.

Интеграцияның аймақтық сипаты бар. Ол былай байланысқан, яғни өндірістің интернационализациясы біртегіс жүрмейді және де интеграцияның алғы шарттары ең алдымен шаруашылық байланыстары өте тығыз аймақтарда қалыптасады.

Интеграция өзіне тән бірнеше маңызды белгілермен сипатталады, яғни :

  • Ұлттық өндірістік процестердің өзара енуі мен тоғысуы;
  • өндіріс, ғылыми және техникадағы халықаралық специализация мен кооперацяның кең түрде дамуы;
  • интеграцияға қатысушы елдердің экономикасындағы тереңдетілген құрылымдық өзгерістер;
  • интеграциялық процестердің мақсатты түрде реттелуі, координацияланған экономикалық стратегия мен саясаттың жасалуы;
  • интеграция кеңістік масштабтарының аймақтылығы.

Интеграциялық процесс бүтін жүйенің жекелеген салаларын қамтиды: өндіріс, айналым (тауар, қызмет, капитал,ақша массасы, бағалы қағаз және т.б.), шешім қабылдау сферасы (фирма, кәсіпкерлік одақ, ұлттық үкімет, халықаралық, үкіметаралық және ұлттық ұйымдар).

Интеграцияның алғы шарттары алуан түрлі болып келеді. ҒТП-тің қазіргі таңдағы жағдайында экономиканың өте терең түрде өзара енуі және бірігуі көптеген елдер үшін объективті қажеттілік болып табылады. Бұл қажеттілік ең алдымен, жоғары дамыған елдерде, әсіресе шектелген экономикалық ресурстары және ішкі нарықтары бар елдерде көрініс тапқан. Мұндай елдер үшін экономикалық интеграция экономикалық мүмкіндікті өте тиімді пайдалануға және ҒТП-тің жоғары қарқынмен жетуге болады.

Көптеген мемлекеттер үшін экономикалық интеграция ғылыми-техникалық зерттеулерде өте тиімді мүмкіндік береді.

Ресурстарды пайдалануың тиімділігін жоғарлату арқылы интеграция экономикалық дамудың жаңа көздерін қозғалысқа келтіреді және сол арқылы интеграцияға қатысушы елдердің экономикалық және саяси көзқарасын жақсарту үшін жағдайлар жасауға ықпал етеді.

Белгілі бір елдердің интеграциясының қажетті шарттары:

  • біріншіден, тауарлардың қозғалысын қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымның болуы;
  • екіншіден, үкімет орындары тарапынан белгілі экономикалық және саяси шешімдердің қабылдануы.

Интеграцияланушы шаруашылықтардың бір-бірін өзара толықтыруы олардың экономикалық дамуына да байланысты, бұл кезде даму деңгейлері бірдей, ең алдымен өндірісі дамыған елдер (мысалы, Еуропалық одақ, Еркін сауданың Еуропалық ассоциациясы) тез арада интеграцияланады.

Сонымен бірге интеграцияның барысы өздерінің табиғаты бойынша қарама-қайшылықты және көп қырлы болып келеді.

Интеграциялық процеске экономикалық себептер ғана емес, саяси өзгерістер де әсер етеді.

Бұл әсіресе әлемдік шаруашылықтың шет аймағына қатысты болады. Осы жерлерде, өндіргіш күштердің дамуының төмен деңгейіне және еркіндік алған елдердің бұрынғы метрополияларымен тығыз байланысты болуына қарамастан, аймақтық экономикалық топтарды құру барысы белгілі бір жылдарда, индустриясы дамыған мемлекеттер арасындағы байланыспен салыстырғанда, қарқынды түрде жүріп жатыр.

Көптеген экономистер мемлекеттер интеграциясының мынандай алғышарттарын бөліп көрсетеді:

  • интеграцияланушы елдердің экономикалық даму деңгейі мен нарықтық дәрежесінің бірегейлігі. Мемлекетаралық интеграция, көпшілік жағдайда, индустриалды мемлекеттер арасында немесе дамушы елдер арасында қалыптасуда. Сондай-ақ, индустриалды дамыған елдер және дамушы елдер шеңберінде интеграциялық процестер бірегей экономикалық даму деңгейінде тұрған елдер арасында жедел жүргізілуде. Дамушы және индустриалды елдер арасындағы интеграциялық типті бірлестіктерді дамыту фактілері кездесуі өте сирек және өмірде бар болғанымен, жаңадан дамып келеді. Сондықтан, олардың тиімділігі туралы айту, қорытынды жасау әлі де болса ертерек. Шаруашылық механиздерінің бастапқы сәйкессіздігінен ол елдер серіктестік туралы әр түрлі өтпелі келісім-шарттардан, сауда-жеңілдіктерінен және тағы басқаларынан бастайды. Олардың іс-әрекет мерзімі ұзақ мерзімге созылып, нашар дамыған елдерде жетілген нарық механизмі қалыптасқанша созылады;
  • елдердің географиялық жақындығы, көп жағдайда, ортақ шекараларының және тарихи қалыптасқан экономикалық байланыстарының болуы. Әлемдегі көпшілік интеграциялық бірлестіктер географиялық жақын орналасқан бір континенттегі көршілес елдерден басталған, тіптен бір тілде сөйлейтін және ортақ транспорт коммуникациялары бар елдер. Интеграциялық бірлестікке ұмтылған бастапқы елдер тобына интеграциялық өзекке-біртіндеп басқа көрші мемлекеттерде кіре бастады;
  • экономикалық интегрция экономикалық және басқа да жалпыға ортақ сипаттағы, саяси қолдау, экономикалық даму және қаржыландыру, ұйымдастыру, реттеу сияқты нақтылай мәселелердің бірлігі. Экономикалық интеграция бірігетін мемлекеттер алдында тұрған нақтылай мәселелерді шешуге бағытталған. Сол себепті, негізгі міндеті, нарықтық экономиканың негіздерін құру болып табылатын жеке елдер нарық жоғары дамыған, жалпы ортақ валютаға өтпелі отырған елдермен интеграциялана алмайды. Сол сияқты, халқын су мен азық-түлікпен қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналған елдер халықаралық капитал қозғалысының еркіндігін басты назарда ұстайтын елдермен интеграциялық құрылымға бара алмайды;
  • демонстрациялық эффект. Интеграцияланған мемлекеттердің белгілі бір экономикалық жетістіктерге жетуі (экономикалық өсудің қарқындауы, инфляцияның бәсеңдеуі, жұмыспен қамтамасыз етудің өсуі және т.б.) көбіне басқа елдерге психологиялық әсер береді, себебі олар болып жатқан өзгерістерді бақылауда. Мысалы, демонстрациялық эффектіні бұрынғы рубль аумағындағы елдердің тіпті іс жүзінде оған ешқандай көзге ілерлік макроэкономикалық алғышарттардың жоқтығына қарамастан, ЕО-на мүше болуға ұмтылыстарынан байқауға болады;
  • «домино эффектісі». Осы және басқа региондағы көптеген елдер интеграциялық бірлестіктің мүшелігінде болғаннан кейін, оның сыртындағы осы топқа кірмей қалған елдер экономикалық қайта бағыт-бағдарға байланысты шарасыздан, кейбір қиыншылықтарды сөзсіз байқап көреді. Бұл интеграция маңындағы елдердің саудаларының жиі қысқаруына әкеледі. Олардың кейбіреулерінің интеграцияға маңызды назары бомаса да, оның сыртында шеттеп қалып қалмас үшін өзінің интеграциялық процестерге қызығушылық тілегін білдіреді. Мысалы, көптеген Латынамерикалық елдердің тез арада Мексикамен сауда туралы келісімдерін жасай бастауы оның Солтүстік Америка еркін сауда аймағы – НАФТА — ға кірумен түсіндіріледі.

Шын мәнісінде, нарықтық типтегі шаруашылығы бар елдердің интеграциясы кездейсоқ, өздігінен пайда болатын өзгеріс деп қарастыруға болмайды, өйткені ұлттық экономикалардың өзара бейімделуі сыртқы экономикалық сфераға мемлекеттің араласуынсыз мүмкін емес.

Қазіргі таңда бір-бірін өзара толықтырып және тығыз байланыстыра отырып, интеграцияның барысы екі түрде қарастырылады:

  • Біріншіден, жеке меншік-корпорациялық интеграция (фирмалық,микроэкономикалық интеграция);
  • Екіншіден, мемлекеттік және мемлекеттік-корпорациялық интеграция (елдер аралық,макроэкономикалық деңгейдегі интеграция).

Бұл екі интеграция кей жағдайларда қатар жүреді. Осы жағдайларда өзара экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеуді күшейту тенденциясы көрініс алуда.

Жеке меншік – корпорациялық интеграцияның мемлекетаралық интеграциямен толықтырылуы, мемлекетаралық бірлестіктердің қалыптасуы елеулі түрде саяси сипаттағы себептердің әсеріне тәуелді болып отыр.

Жалпы алғанда, алдыңғы қатарлы дамыған елдер үшін интеграция олардың өндіргіш күштерінің дамуының қол жеткен жоғары деңгейінің функциясы ретінде, ал үшінші дуниежүзі елдеріне қатысты айтар болсақ, олар үшінші интеграция индустриализацияны жүргізуді жеңілдету құралы ретінде қолданылады.

Нақты түрде айтар болсақ:

  • Экономикалық даму қарқынын жеделдету;
  • Шаруашылықтың тиімді құрылымын құру;
  • Бұрынғы метрополияларға тәуелділікті жою;
  • Халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі бағыныштылық жағдайды өзгерту.

Интеграциялық процестерді зерттеудің саяси аспектілері көбіне әрбір елдерде өтіп жатқан ішкі және сыртқы процестермен байланысты. Бізге қажетті мемлекетаралық интеграциямен байланысты және халықаралық қатнастар мәселесінің шеңберінде кіреді. Еларалық интеграциялық мәселелерді зертеушілер саяси проблемаларға қатысты мәселелердің ерекше жақтарын ашу үшін, саяси интеграция түсінігін жеке қарастыра бастады.

Көптеген зерттеушілер «саяси интеграция» ұғымына толықтай анықтама берген американдық саясаттанушы Э.Хаас бұл терминді, ұлттық жүйелердегі саяси өмірдің қатысушылары өздерінің қызметінің бір бөлігінен бас тартып, белгілі жаңа орталыққа бағыттайды немесе мемлекеттерге көшетін процесс деп түсінді.

Саяси интеграция мәселелеріне қатысты әдебиеттер жеткілікті болғанымен, қазіргі уақытта көпқырлы процестің әртүрлі құбылыстарын қамтыған толық теория пайда болған жоқ. Саяси интеграцияның әртүрлі теориясының негізін қалаушылармен қазіргі кездегі зерттеушілердің арасында қандайда болмасын біркелкі «саяси интеграция» деген түсінік қалыптасқан жоқ. Барановский В.Г. көрсеткендей «шын мәнісінде әрбір зерттеушілерде саяси интеграция ұғымын қамтитын мәселелер жөнінде түсінбей белгіленген әртүрлі ұғым қалыптасқан». Әйтсе де, Барановский интеграцияны былай деп түсіндіреді «бөлек, ерекше бөлшектердің бір тұтастықпен байланысты жағдайы және осы процеске әкелетін жағдай»(3). Қазіргі уақытта бұл анықтама, шын мәнісінде көп қолдауға ие болып келе жатқан жүйелі тәсіл.

Мысалға, құрылымдық функционализм негізін салушы Т.Парсонстың ұсынып отырған интеграция түсінігі екі бөлшектен тұрады. Біріншіден, интеграция элементтерінің ішкі сыйымдылығы. Екіншіден, интеграциялық жүйенің сыртқы қоршаған ортадан бөлініп шығуы кезіндегі ерекше талаптарды сақтау мен қолдау(4).

Сондай-ақ американдық саясаттанушы М.Капланның берген түсініктемесі, оның ойынша интеграция — екі немесе бірнеше бөлшектердің біртұтастыққа бірігуі немесе бір жүйенің екінші бір жүйені жұтып алуы(4).

Осыған байланысты Г.Барановский интеграцияның үш белгісін бөліп алуды ұсынады. Біріншіге, кейбір мемлекеттер арасында бар, осы мемлекеттерге тән, біржақты байланыстар мен қатнастар жиынтығынан байланыстар мен қатнастарды бөлу, ерекшелеу жатады. Екінші белгісіне, интеграциялық процестерде жүзеге асырылатын басқару, яғни интеграциялық тұтастықтағы негізделген қимылдар мен реттеушілік, осының барлығы жаңағы ағымдардың дамуынан еркшелейді. Үшінді критериге ресейлік зерттеуші ең маңызды белгі, интеграциялық коплекстегі тұтастық пен құрылымдық бөлшектердің арақатнасын жатқызады. Шынында да, егерде мәселелерде өзара байланыс немесе өзара келісім маңызды, қысқа мерзімді белгісі болмаса, онда интеграция да функционалды болмай шығады. Егер де жаңа уақыт талаптарына сай (өзгерген жағдайларда) құрылымдық элементтерде (мемлекеттерге) жүйеленген және бір-бірін толықтырып отыратын стратегияны іске асыратын қажеттілік туса ғана интеграцияны жүзеге асыру мүмкін. Бұл баспалдаққа өту мүмкіндігі бір қалыпты даму үшін тығыз, реттелмелі, басқарылатын мемлекеттер арасындағы байланыс қажеттілігі пайда болумен ғана, яғни интеграциялық топтар құрумен байланысты.

Өтіп жатқан процестерді талдау мен теориялық қорытудағы алғашқы қажеттілік, Батыс Европа және Солтүстік Америка елдерімен байланысты интеграциялық аймақтарда пайда болған.Құрастырылған концепциялар, көбінесе жоғары дамыған индустриалды қоғамға арнаулы заңдылық деп есептеуге тура келеді. Себебі, ол кезде әлемдік тәжірбеде басқа оқиғалар болған жоқ, өйткені үшінші әлем елдерінің шашыранды интеграциялық ағымдардың тууы мүмкін емес еді.

Аймақтық интеграция барыстарына алғашқы теориялық қорыту талпыныстарын, неолибералдық бағыт арасында жұмыс істеген ғалымдар, 1950 жылы жасаған болатын (А.Предоль, В.Репке). Экономиканы ең тиімді реттеуші нарық концепциясынан шыға отырып, олар интеграция деп бірнеше елдерді қамтитын ортақ геоэкономикалық кеңістікті құруды айтты. Осы мақсаттарға жету үшін сыртқы сауда мен валюта-қаржы саладарындағы мемлекеттің бақылауын толықтай алып тастау қажет болды. Бұл көбінесе батыс юриспруденциясы мен саяси ғылымдағы мемлекет қызметіне еркін көзқарастармен сәйкес келіп отырды.

Бұл бағыттың өкілдеріне интеграция мәселелері, сыртқы экономикалық қызметтерді  либерализациялау негізінде одақтасушы елдердің нарықтарын біріктірумен байланысты болды. Яғни, интеграциялық талпыныстардың тиімділігі, бұл арада өздерінің экономикасын біріктіруге талпынып отырған мемлекеттердің саяси еріктеріне тіреліп отыр.

Бұл тәсілде әсіресе ХХғ. Аяғында әйгілі болған халықаралық қатнастардағы регионализм концепциясының көздерін біршама байқауға болады. Бірақ одан әрі олар біріншіден, ұлттық протекционизм ағымымен, екіншіден, даму көзқарастары жағынан әлемдік масштабқа толық тиімсіз интеграциямен кездесуге тура келді.

Қазіргі замандық әлемдік экономикның және халықаралық экономикалық қатнастардың маңызы болып, біріккен әлемдік шаруашылық комплексі болып табылады. Комплекстің пйда болуы ғылыми техникалық прогрестің дамуы, қазіргі заманның өндіргіш күштері және оның негізінде жасалып жатқан интернационалдық өндіріс. Басқа сөзбен айтқанда саяси, мәдени, діни, табиғи және т.б. өзгешеліктеріне қарамастан, ең соңғы есепте әлемдік шаруашылық жүйелі түрде бірігуде, жеке елдердің әлемдік комплекстер экономика дамуының өзгешеліктері болып табылады. Бұл бірігудің сатылары және тұтастың біртін келе өсуі, яғни елдердің бірігуі ерікті сауданың қолданылатын артықшылықтары туралы да айтылады. Бұл — әлемдік бір бағыты.

Мұндай жағдайларда елдердің дамуы оның ролі және қазіргі әлемдік экономикадағы орны осындай факторлармен анықталуы халықаралық еңбек бөлінісі, мамандану секілді салыстырып, өндірістің жаппай диверсификациялау және шетелдерге шығару бағытының саясатын білдіру.

 

1.2 Интеграциялық дамуда әлемдік тәжірибесінің маңызы

 

Қазіргі халықаралық қатанастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси,экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатнастарының жиынтығын айтады.

 Осы қатнастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты қалыптастыратын адамзат. Дегенмен бірлік пен тұтастық, қарама-қарсы мүдделердің бірігуінің бірлігі болып табылады.

Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатнастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметтік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шарттар жасауда, заңды түрде іске асыруға өкілділіктер беріледі.

Соңғы кезде Американың белгілі идеологы З. Бжезинский бұл мәселеге басқаша ой тастады. Ол «халықаралық саясаттың жаңа үлгісін» ұсынды. Оның ойынша, адам мен қоғамға қазір ғылым мен техниканың дамуы орасан зор әсер етуде. Соның арқасында экономикалық өмір интернационализацияланып, жеке елдердің өзара байланыстылығы өсуде. Әлемдік өндіріс пен айырбас қалыптасуда. Сондықтан жоғарғы жалпы адамзатық құндылықтар үшін барлық мемлекеттер тең дәрежеде өздерінің егемендігінен бас тартуы керек дейді. Егер экологиялық және т.б. әлемдік (глобальдық) мәселелерді еске алсақ, бұл сөздің де жаны бар сияқты. Бұл идеяны құптаушылар да, қарсылары да бар.

Еврона елдері, атап айтқанда, Австрия, Бельгия, Германия, Греция, Дания, Италия, Испания, Ирландия, Нидерланды, Ұлыбритания, Партугалия, Франция, Финляндия, Швеция әлемдік саясатта және экономикада ерекше маңыз атқарып отыр.

1995 жылғы 15 ақпанда Президент Н.Ә. Назарбаев мемлекеттің сыртқы саясаты мәселелері бойынша кеңес өткізді. Өз сөзінде Елбасы Қазақстанның келешек ұзақ мерзімді кезеңде ерекше мүддесі Европа Одағымен байланысты екендігін, бұл одақ басқа аймақтардың мемлекеттерімен қатнаста, ең алдымен сауда-экономикалық салада, бүкіл Европа атынан саясат жүргізетіндігін атап өтті. Европа Одағының Қазақстанмен саяси қатнасты дамытуға дайын тұрғанын көрсете келіп, бұл мүмкіндікті толығынан пайдалану қажеттігін көрсетті.

1995 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан – Европалық Одақ арасында «Әріптестік және ынтымақтастық туралы» келісімге қол қою басталып, он бес мемлекет өз парламенттерінде бекіткен соң, 1999 жылы шілде айында күшіне енді. Ынтымақтастық кеңесі және парламенттарлық ынтымақтастық комитеті құрылды. Ынтымақтастық кеңесінің мәжілісінде атом энергиясы, және ядролық қаіпсіздік мәселелері боынша келісімдерге қол қойылды.

2000 жылы Брюсселде «Қазақстан Республикасы – Европалық Одақ» ынтымақтастық кеңесінің екінші мәжілісі болды. Тараптар әріптестік және ынтымақтастық келісімнің орындалуы барысын талқылап, әсіресе сауда мен инвестиция, демократияны дамыту, есірткі саудасына бақылауды күшейту, т.б. мәселелерге ерекше назар аударды. Алдағы уақытта Қазақстан тауарларын бүкіләлемдік базарға шығаруға күш салынатындығы атап өтілді. Қазақстан метелы, хром, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, Атыраудың балығы мен қара уылдырығы сияқты тауарлар дүниежүзілік базардан тұрақты орын алатын болады.

Тараптар сыртқы сауда көлемінің көбеюіне негіз – Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелікке өтуі болып табылады деген шешімге келді.

1995 жылдың қаңтарында «дүниежүзілік сауда ұйымы» болып қайта құрылды. Қазіргі кезде оған 140 мемлекет мүше. Әлемдік базарға шығарылатын тауар мен өнімдердің 90 %-дан астамы осы елдердің үлесіне тиеді. Отыз мемлекет (олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Қытай бар) ДСҰ-ға мүше болу сатанында тұр. Қазақстан 1996 жылдан бастап мүшелікке қабылданудың төменгі сатыларынан өтіп, бас санатына жетті. Осы жылдар аралығында елімізде кеден, стандарттау, сертификаттау, патенттік құқық мәселелерін реттейтін заңдық құжаттарға өзгертулер енгізілді.

Өнімдерді тек шикізат күйінде экспортқа шығару – біздің экономикамыздың ерекшелігі ол ДСҰ-ға мүше болудың шарттарына кедергі жасамайды. Ал өңделген өндіріс өнімдерін экспортқа шығару – еліміздің ұзақ мерзімді стратегиялық міндертерінің бірі болып саналады.

2000 жылы Европалық Одақ Қазақстанды базарлы экономикалық елі деп таныды. Өйткені, сыртқы сауда ырықтандырылып, мүліктің 80%-зы жеке меншікке берілді. Макроэкономика тұрақтандырылып, ұлттық валюта – теге бағамы қалыпты деңгейде тұр. ДСҰ-ға мүше болып кіру экспорттан түсетін кіріс көлемін арттырып, отандық тауар өндірушілердің мүмкіндігін кеңейтеді. Ал импорттың өсуі ішкі базардағы бәсекелестікті күшейтеді және тұтынушыларды арзан тауар түрлерімен қамтамасыз етеді.

Европа Одағы Қазақстанның Ресейден кейінгі екінші сауда әріптесі. 2000 жылы Қазақстанға еуорпалық импорттың жалпы көлемі 250 млн. доллар болса, Қазақстанның Европа Одағы елдеріне экспорты 600 млн. долларға жетті.

Қазақстанға техникалық көмек көрсететін Еуропалық Одақтың ТАСИС бағдарламасы 1995 жылға дейін 95 млн. доллар көлемінде қаржы бөлді. 2001 жылғы 9 сәуірде ТАСИС бағдарламасы, алдымен әйелдерге, жұмыссыздарға, мүгедектерге, сауатсыздарға, үйсіздерге, жетім баларға, кәрі кісілерге нақты көмек көрсету қажеттілігін жариялады.

Европалық Одақтың ТРАСЕКА (Европа-Кавказ-Орталық Азия «Көлік жолы») бағдарламасы Ақтау портының паромтерминалын қайта құрып, жарақтандыруға 2 миллион евро мөлшерінде қайтарымсыз несие берген. 2001 жылдың екінші жартысына қарай паром жаңадан іске қосылған кезде терминалдың жүк жөнелту қуаты жүздеген есе артып, тұтас теміржол платформаларын жөнелтетіндей мүмкіндік тумақ. Нәтижесінде, Қазақстан өзінің және іргелес елдердің жүктерін Иран арқылы Парсы шығанағы елдеріне төте шығарып, ол елдерден әкелетін жүктерді Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан арқылы тасымалдау шығынын тоқтатады. Сонымен қатар Еділ арқылы Балтық жағалауына, «Еділ-Дон»кналы арқылы Қара теңіз аймағына жүк шығарудың көлемі еселеп артады, Европадан жеткен жүктерді Бакуден Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне жеткізуге мүмкіндік туады.

Қазақстан мен НАТО арасындағы қарым-қатнас та дұрыс шешімін тапты. «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы – осы беделді ұйыммен ынтымақтасудың неғұрлым пайдалы түрі. Оған қазірде 46 мемлекет қатысып отыр, оның ішінде Қазақстанда бар. Елбасы атап көрсеткендей: «Бұл ынтымақтастыққа Солтүстік Атлантика Одағының біздің қағамды демократияландыру, экономиканы жаңғыртуды қолдауы, сондай-ақ, республиканың жас армияның аяғынан тік тұрып кетуіне көмек көрсетуі қызықтырады».

НАТО және Қазақстан әскери қызметтерінің қатысуымен бейбіт мақсаттағы бірлескен жаттығулар өткізу жүйелі негізге көшіп келеді. Осының айғағы ретінде жыл сайын «Центразбат» жаттығулары өткізілуде.

Қазақстан Европадағы қауіпсізік және ынтымақтастық ұйымына 1992 жылғы қаңтар айынан бастап қатысады. 1994 жылғы 5 желтоқсанда Европа қауіпсіздігі және ынтымақтастық ұйымның Будапештегі маслихаты кезіндегі державалар – Ресей Федерациясы, АҚШ, Ұлыбритания тарапынан Қазақстан қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер туралы меморандумға қол қойылды. Ондағы аталған мемлекеттер Қазақстанның қазіргі шекарасының мызғымастығын, тәуелсіздігі мен егемендігін қадірлейтінін куәландырды. Қазақстанның саяси тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына қарсы күш қолданбауға,экономикалық зомбылық көрсетуден бас тартуға міндеттеме алды. Кейін мұндай кепілдіктер Қытай Халық Республикасы мен Франция үкіметтері тарапынан да берілді.

Президент Н.Назарбаевтың Германия Федерациялық Республикасына ресми сапары болды. Сапар барысында «Қазақстан-Герман экономикалық ынтымақтастық кеңесін» құру туралы, Қазақстанда туратын немістер мәселесі жөнініде Аралас Қазақстан-Герман комиссиясын» құру туралы, «Экономика, өнеркәсіп, ғылым және техника салаларында кең ауқымды ынтымақтастықты дамыту туралы»шартқа қол қойылды.

Қазіргі кезде Қазақстанның тауар айналымы жөнінен Германия Европа елдері арасында бірінші орын алады.

Қазақстанның Ұлыбританиямен қатнасы 1991 жылы басталған болатын. Қазақстан экономикасына            

БҰҰ құрылымдарының белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістерінің түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, халықаралық проблемаларды шешуде мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады.  

Халықаралық ұйымдардың дамуы мен қалыптасуы – шаруашылық өмірді интернационализациялауға көшірудің глобалды бағытын көрсету және халықтар арасындағы экономикалық жақындасудың объективті процесі. Қазіргі кезде халықаралық ұйымдардың бірнеше түрлері құрылды: ол ұйымдар глобалды сипатта БҰҰ-ға кіретін халықаралық институттар, ұйымдар болды. Оның қалыптасу негізіне жататын принциптер әлеуметтік-экономикалық жүйенің бірігуі бойынша елдердің ұйымға кіруі, аймақтық ұйымдар т.б.

Қазіргі кезде әлемде, халықаралық ұйымдардың қызметінің маңызы өсуде, осы жағдайда бірде-бір мемлекет экономикалық, мәдени, гуманитарлық дамуда жеке-дара дами алмайды. Елдер арасындағы ең тиімді ұйымдардың формасы халықаралық институттардың құрылуы.

Халықаралық ұйымдардың мақсаты – оның құрамына қандай елдер кіруімен ерекшеленеді.

Дамыған капиталистік елдердің ұйымдары сауда, валюта, төлем баланысы, өндірістік қиындықтарды, сондай-ақ трансұлттық корпорациялардың қызметін кеңейту мәселелерін шешеді.халықаралық экономикалық ұйымдардың маңызы қазіргі таңда үлкейіп келеді. Бұл ұйымдардың қызметі әр түрлі әлеуметтік құрылымдағы елдердің арасындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған.

Халықаралық саудаға қатнасатын елдер, осы облыста кездесетін түсініспеушіліктердің себебін іздеуде және оны болдырмау немесе жұмсарту шараларын қарастыруда. Бұл жағдайда осы проблемаларды шешуде халықаралық сауданың табиғатына тән екі жақтылық айқын көрінеді. Бір жағынан, олар өз күштерін сыртқы сауданың дамуы мен кеңею құралдарын іздеуге жұмсаса, екінші жағынан қарама-қарсы бағыт туындайды – ол бағыт оның орталықтануы, яғни жекелеген елдер арасына және экономикалық топтастырудағы айырмашылықтар. Міне, осы екі жақтылық ұжымдық іс-әрекеттің объективті қажеттілігі жағдайында, өз жолында күрделі қиындықтарға кездесуде. Өзара байланысты , жинақты сыртқы сауда саясатын ойластыру өзінің ойдағыдай тиімділігін бере алмады, бірақта кейбір жетістіктер күрделі қайшылықтарды жартылай шешуде.

Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қатнас 1992 жылы қаңтарда орнатылды. Онда достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Екі ел БҰҰ – жарғысының принциптерін, Европа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымның Хельсинки актісінде көрсетілген талаптарды толық орындайтынын мәлімдеді. Маңғыстау, Атырау облыстарында мұнай өндіру мен тасымалдау жабдықтарын шығару мақсатында Франция 240 млн. қаржы бөлетіндігі жөнінде құжаттқа қол қойды. «Қазақстан-Француз» 20 біріккен кәсіпорын жұмыс істейді.

Қазақстан мен Италия арасында дипломатиялық қатнас 1992 жылы 12 шілдеде орнады. 1994 жылы 22 қыркүйекте Президент Назарбаевтің Италияға ресми сапары басталды. Екі ел – мемлекеттер арасында егемендік теңдікті, аумақтық тұтастықты құрметтеу, шекаралардың мызғымастығы, дау-жандалдарды бейбіт жолмен шешу принциптерін қолдайтындықтарын мәлімдеді.

2000 жылы елімізде 30 «Қазақстан-Италия» бірлескен кәсіпорын жұмыс істеді, екі ел арасында тауар айналымы біржарым миллиард доллар құрайды. Италияның Қазақстан экономикасына жұмсаған инвестиция көлемі 351 млн.долларға жетті.

Қазақстан мен Нидерланды арасында дипломатиялық қатнас 1992 жылы 10 қыркүйекте орнатылды. Екі ел арасындағы сыртқы экономикалық айналым 1994-1999 жылдары екі миллиард доллардан асты, 2000 жылы бұл көрсеткіш 300 млн. долларды құрады.

Қазақстан Швейцриямен қатнасы үнемі дамып келеді. 1993-1998 жылдары Швейцария елімізге 97,5 млн.доллар көлемінде тікелей инвестиция жұсады. Екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп келеді.

Сонымен, Қазақстанның Европа елдерімен қарым-қатнасы қазіргі ғаламдану кезеңіне сәйкес дамып отыр.    

Қазіргі кезде халықаралық экономикалық қатнастардың дамуын анықтайтын негізгі тенденциялардың бірі – бұл әлемдік экономикадағы үш плюстік құрлыстың пайда болуы, әлемнің осы аудандарының әрқайсында интеграциялық процестер күшейіп отыр.

Бұл үш ауданға жататындар:

  • Латын Америкасы;
  • Батыс Еуропа;
  • Оңтүстік-Шығыс Азия.

Осы аймақтардың әрқайсысында даму көшбасшысының өзіндік ролін атқаратын белгілі бір ел немесе елдер тобы болады. Солтүстік Америкада – АҚШ, Батыс Еуропада – Еуропалық қоғамдастық елдері, Оңтүстік-Шығыс Азияда – Жапония.

АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін танып, 1991жылы дипломатиялық қатнас орнатқан алғашқы ел болды. 2001 жылы Қазақстан мен АҚШ Президенттері екі ел арасындағы қатнастарды «ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік» ретінде айқындады. Оның шешуші құрамдастары қауіпсіздікті және қару-жарақты таратпау саясатындағы ынтымақтастық, энергетикалық әріптестік және демократиялық саласындағы диалог болып табылады.

Екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы белсенді дамуда. АҚШ Қазақстандғы аса ірі шетелдік инвестор және салынған инвестицияның 15 млрд.доллардан астам американ компаниялардың үлесіне келеді. Қазақстанда америкалық қатысуға қатысы бар 400-ге жуық компаниялар жұмыс істейді. 2005 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1650 млн. доллар құрады, соның ішінде АҚШ-қа мұнай мен минералдық өнімдерді импорттау 800 млн. доллар болды.

Соңғы аймақ өте елеулі дамумен сипатталады,  ол елдің Қытаймен, сонымен бірге Ресеймен өзара байланысы әлемдік экономикадағы ең күшті аймақтардың бірі.

Еуропалық аймақ соғыстан кейінгі кезеңнің көп бөлігінде индустриясы дамыған елдердің екі интеграциялық тобы Еуропалық одақ (ЕО) және еркін сауданың Еуропалық ассоцациясына (ЕСЕА) кірді.

1995 жылы Еуропалық одаққа 12 батыс еуропалық ел, ал ЕСЕА-ға 6 ел мүше болып кірді.

Еуропалық одақ пен ЕСЕА-ны салыстырып көрейік. Еуропалық одақтың дамуын реттеу ұлтаралық және ұлт үстінен қарайтын органдар арқылы жүргізіледі, ал ЕСЕА-ның ұлт үстінен қарайтын органдары жоқ.

ЕО-ның шеңберіндегі интеграцияның дамуының өте жоғары деңгейі жөнінде оның өзіндік бюджетінің болуы дәлелдейді, ал ЕСЕА-да өзіндік бюджет мүлдем жоқ.

ЕСЕА-ға кіретін елдер ЕО-мен өнеркәсіп тауарларының еркін сауда аймағын құру жөнінде келісім жасаған. 1990 жылы ЕО пен ЕСЕА арасындағы Еуропалық экономикалық кеңістікті (ЕЭК) құру жөніндегі келісім жүзеге асты, осы келісім шеңберінде ЕСЕА-ның қатысушы елдерінің тауарлары ЕО елдерінің тауарлары сияқты жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланады.

1994 жылдың маусымында Корфу аралында ЕО мен Ресей арасында серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. Оның негізгі мақсаты – экономикалық және саяси мақсаттарды дамыту, сауда қатнастарын дискриминациялық емес негізге көшіру, Ресейдің ЕЭК-ке біртіндеп көшуіне жағдай жасау. Бірақ та, бұл келісім іс жүзінде күшіне енген жоқ, көбіне Ресей серіктес емес, бәсекелес ретінде қарастырылады.

Біздің ұллтық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз.

Сондықтан да Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруін жеделдету аса маңызды міндет болып табылады. Бұл тұста өзіміздің бүкіл саяси және дипломатиялық әлеуетімізді толығымен іске қосқанымыз абзал[4].

 

1.3 Экономикалық интеграция объективті уақыт талабы

 

Бүгінгі таңда интеграция әлемдік дамудың күннен-күнге күшейіп келе жатқан тенденциясын байқауда. Барлық елдер әлемдік шаруашылыққа интеграцияланса, аймақтарда тығыз саяси ықпалдастыққа бастайтын ондаған экономикалық одақтар мен қауымдастықтар құрылып жатыр.

Қазақстан Республикасының ортақ экономикалық кеңістік жасау жөніндегі стратегиялық бағыты 1993 жылғы мамыр айында Мәскеуде болған саммитте іске асудың нақты жолына түсті. Достыққа қатысушы он бір елдің басшылары Экономикалық одақ құруды бір ауыздан қолдап, бәрі де ол туралы Декларацияға қол қойды. Осы Декларацияда ТМД-ға мүше елдер тауар, қызмет, капитал, еңбек ресурстары еркін айналатын ортақ рынок құрып, терең интеграциялану арқылы Экономикалық одаққа кезең-кезеңмен өтеніндігі туралы мәлімдеме жасаған. Соның ішінде осы одаққа өтудің ең алғашқы қадамы ретінде Кедендік одақ құрып, оның тарифтерінен ТМД елдерін босату жайлы айтылған еді. Сонымен бірге шаруашылықты рыноктық әдіске бейімдеп, экономикалық реформалар мен әлеуметтік саясатты жүргізу де  ортақ мәмілелер қажет. Мемлекет басшылары  Экономикалық одақты құру жөнінде келісім-шартқа қол қойылды. Бірақ интеграциялану процесі өте баяу жүргізілді, ТМД-ның басқару институттары тиімді жұмыс істей алмады.

Елбасының Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық прцестерді дамытуда, ТМД, ЕурАзЭҚ, Орталық Азия қауымдастығы және Шанхай  ынтымақтастық ұйымы секілді халықаралық қауымдастықты құруда, Біріңғай экономикалықкеңістікті жүзеге асыру жұмыстарында атқарған рөлі мен белсенді қызметі өзімізге де, әлемдік саясаткерлерге де кеңінен мәлім. ХХІ ғасыр – иетеграция ғасыры. Сондықтан қазір аса ірі мемлекеттер де жаһандану жағдайында басқалардан оқшау өмір сүру мүмкін емес екенін түсінеді.

Арғы ұлы бабаларымыздың аңсаған арманы – түбі бір, геосаяси мақсатыда бір, ортақ елдердің бірлесуі. Оны қазіргі жағдай талап етіп отырғанын жан-жақты терең түсініп, жаһандану жағдайында «голландтық сырқаттың» қатерінен сақтанып, алпауыт елдерге миниралды шикізатты жеткізуші ғана болмай, халықаралық еңбек бөлінісінен өз орнымызды алуда бірлескен іс-қимылдар жасауымыз қажет.

Мемлекет басшысы айтқанындай, «Біздің алдымызда таңдау тұр: әлемдік экономиканың мәңгілік шикізаттық шылауы болып қалу,келесі бір империяның келуін күту немесе Орталық Азия өңірінің барынша интеграциялануына қарай қадам жасау».

Елбасы осының соңғысын ұсынады. өйткені бұдан былайғы интеграциялануымыз – біздің өңіріміздің тұрақтылығына, ілгері дамуына, экономикалық және әскери-саяси тәуелсіздікке апаратын жол.

Қазір ТМД  рыногында мұнай, газ, көмір, металл және кен қазбалары ең үлкен сұранымға ие. Орталық Азия өңірі осы өнімдерді де әлемнің көптеген елдеріне үлкен мөлшерде сатады. Халықтың саны мен жер аумағы былайша сипатталады. Бұл өңірде 57,01 млн. адам (оның ішінде Өзбекстанда 25,1 млн., Қазақстан 15 млн., Тәжікстанда 6,77 млн., Қырғызстанда 5,12 млн., Түркіменстанда 5,02 млн., адам) тұрады. осы жөнінен әлемде 24-ші орын алады. Ал жер аумағы 4008 мың шаршы километр ( оның ішінде Қазақстанда 2725 мың, Өзбекстанда 449 мың, Тәжікстанда 143 мың, Қырғызстанда 200 мың, Түркіменстанда 491 мың шаршы километр).

Орталық Азия әлемде энергетикалық ресурстарға аса бай, өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын, лидерлік позицияға ие өңір болып саналады. Әсіресе, Қазақстанның жерасты қазынасы мен жерүсті байлығы ұшан-теңіз. Айталық болжам бойынша, Қазақстанда 15 млрд. тонна мұнай, 3 триллион текше метр газ, 35,8 млрд. тонна көмір, 622000 тонна уран бар. Жыл сайын қуаты 40,2 млрд. киловатт-сағат болатын су-энергетикалық ресурсы бар. Түркіменстанда 11 млрд. тонна мұнай, 2 триллион 860 текше газ қоры, Өзбекстанда 81 млн. тонна мұнай, 1 триллион текше метр газ, 4 млрд. тонна көмір, 93000 тонна уран бар. Қырғызстан мен Тәжікстанда негізінен су-энергетикалық ресурстарына арқа сүйейді.

Жалпы санағанда Орталық Азия өңірі мұнай қоры бойынша әлемде 3-ші, ал газ өндіруде 4-ші, уран кенінің байлығы жөнінен 2-ші орындамыз. Түрлі-түсті, қара және сирек металдар қорының мөлшері орасан, әлемде 1-ші орынға ие. Алтын өндіруде 9-шы орынға шықты. Егістік жер көлемі (Қазақстанда 19,4 млн. га) дүние жүзі бойынша алғашқы ондық санатына жатады. Ауылшаруашылығы өнімдерінен өзін-өзі толық қамти алатындай мүмкіндігі жеткілікті.

Жаһандық экономикада біздің минералды шикізат көздеріміз ғана тартымды. Инвестицияның басым бөлігі – 30 млрд. доллар осы салаға жұмсалады. Шетелік компаниялар қазіргі заманға сай қайта өңдеу кәсіпорынын сала қойған жоқ. Міне, осы жағдай елімізде индустриялық-инновациялық саясатты жедел жүргізуді қажет етеді.

Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатнастар белсенді жүргізіліп келеді, алдағы жылдары олар бізден 20 млн. тонна мұнай, 8-10 млрд. текше метр табиғи газ, 2-3 млн. тонна темір рудасын, 1-3 млн. тонна көмір сатып алады. Қытай мен Орталық  Азияның басқа да мемлекеттері арасында осындай келіссөздер жүргізілуде. Тұрақты даму экономикасы күндердің күнінде шикізат тапшылығын туғызып, импортты ұлғайтатын болады. Мәңгілік таусылмайтын ештеңе жоқ. Жерасты және жерүсті байлығының қоры азаяды. Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық мүдделестігін үнемі  қорғап, берік ұстаным жасаушы Қазақстан жағы көрші туыс елдерінің іргесі мықты болуын қалайды.

Осы заманғы әлем: жаһандану үрдістер кезеңін – адамзаттық біртұтас ақпарат және крммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешуде.

Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржылардың, адамдардың, «шекараларсыз әлем» тұжырымдамасының негіне айналды.

Жаһандануға қандай факторлар жәрдемдесуде?

Бірінші кезекте, бұл тауарлардың елдер мен экономика секторлары арасындағы қозғалысы. Сауда-саттықты өрістету экономикасының дамуы мен өсуі үшін стратегиялық тұрғыда дамуы қажет. Ашық экономикалар протекционистік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттің алдында өз артықшылығын дәлелдеді. Соңғы жиырма жылда әлемдік сауда-саттық ІЖӨ-ге қарағанда жедел өстті. Егер 70-жылдары халықаралық сауда-саттық көлем әлемдік ІЖӨ көлемнің 30%-ын ғана құраса, біздің ғасырда ол қазірдің өзінде 60% құрады.

Жаһандану жолындағы екінші қадам – капиталдардың еркін қозғалысы.

Мысалы, соңғы жиырма жылда дамушы елдерге тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны жүз есе өсті. Бүгінде Қытай ғана жыл сайын 60 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестицияларды тартады, қалған Азия елдері – 172 млрд. доллар, Латын Америка елдері – жылына 72 млрд. доллар тартады.

Үшіншіден, адамдардың кедергісіз қозғалысы. Бүгінде әлемде елеулі көші-қон өзгерістері жүріп жатыр, Батыс Елдеріне, әсіресе Европалық Одаққа, АҚШ-қа, Канадаға мигранттар ағыны күшейді. Қазақстанда басқа елдерден келген 500 мыңға жуық мигранттар жұмыс істейді.

Төртіншіден, жаһандану факторларының бірі халықаралық валюта рыноктарындағы валюталық операциялардың серпінді дамуы болып табылады. Әлемдік валюта жүйесі үш ревалюцияны: реттеудің алынып тасталуын, интернационалдануды және инновацияны бір мезгілде бастан кешті.

Нәтижесінде шетелдік рыноктар туралы мәліметтердің сапасы жақсарды және оларды алудың жеделділігі артты, «жерді айналу және тәулік бойы» қаржы операциялары жүргізіледі, жаңа қаржы құралдары пайда болды.

Бесіншіден, ақпараттық, интеллектуалдық өнім мен идеялардың еркін қозғалысы жаһандану факторларының бірі және сонымен бірге салдары болып табылады.

Интернеттің, электронды почтаның, өзіндік құны жағынан төмен халықаралық телефон қызметтерінің, ұялы телефон мен электрондық конференциялардың таралуына қарай дүние әлдеқайда өзара байланысты бола түсті. Осымен бір мезгілде спутниктік телевизия және электронды баспасөз нағыз жаһандық төртінші өлшемді туғызды.

Сонымен қатар жаһандану осы заманғы әлемге лаңкестік, есірткі саудасы, ақпараттық соғыстар, эпидемиялар, экологиялық аппаттар да шекараны білмей және бұл адамзат үшін жаһандық сынақтарға айналды. Әлемнің бірде бір мемлекеті осы аталған сынақтарға қарсы тұруға қабілетті емес.

Әлемдегі әлеуметтік-экрномикалық дамудың әркелкілігі күшейді. Жаһанданудың оң тиімділігін әзірге әлемнің ең дамыған мемлекетінің аз тобы ғана сезінді.

Экономикасы жоғары дамыған елдер дамуы төмен бәсекелестерін ығыстыруда. Демек, қатал бәсекенің өсуі бүгінде барынша маңызды әлемдік үрдіс болып табылады. Жоғарғы аталғандарды Нобель сыйлығының лауреаты Джозеф Стиглцтің мынандай сөздерімен түйіндеуге болады: «жаһандануды жақтаушылар жаһандану болмай қоймайды деп, оның игіліктерін жарнамалап бағуда; қарсыластары оның келеңсіз салдарын егжей-текжейінде айшықты суреттеп, оны тоқтатуды талап етеді. Ал мен жаһанданудың адам өмірін, соның ішінде дамушы елдер де, жақсарту жөнінде зор әлеуетті бар және кейбір тұрғыда бұл қазірдің өзінде жүріп жатыр – мәселен, білімнің жаһандануы денсаулық сақтауды жетілдіруге және адам өмірін ұзартуға жеткізді деп санайсын».            

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Интеграциялық процестердің дамуындағы ҚР-ның алатын орны

 

2.1 Интеграциялық бірігу процесі мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

 

Жаңа тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасының өркениетті қоғам орнатуға деген құлшынысы күйреген Кеңес Одағынан мұра болып қалған экономикалық — әлеуметтік, саяси — рухани дағдарыстан шығудан басталды.

1991 жылдың желтоқсан айындағы республика Жоғары Кеңесінің сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылдануы жер шары халықтарына өмірге жаңа, тәуелсіз мемлекет келгендігін жария етті. Дүниежүзі халықтарының 1992 жылдың қазан айында болған І Құрылтайында тәуелсіз елдің тұңғыш Призиденті Н.Ә.Назарбаев айтқанындай: «Біз ұлы жолға шықтық. Арманды сапарға аттандық. Қолымызда тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда бар, халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз, арманымызды алдыға аппарар қанатты пырақтарымыз бар. Ылайым бетімізден жарылқасын!»(5)

Ия, Қазақстанның тәуелсіздену процесі жылдам қарқынмен басталды. 1990-1991 жылдар ішінде қазақ елін қуантып, мәртебесін асырған оқиғалар аз болған жоқ. Қазақ СССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларациядан басталған тәуелсіздік ашу үрдісі бір жылдың ғана ішінде жеке, тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуына жеткізді.

1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ – ға кіреді және осы бүкіләлемдік ұйымның 164 – ұлттық мүшесі болды. Қазақстан БҰҰ қызметіндегі саяси мәселелерді, әсіресе ядролық қауіпсіздікпен байланысқан сұрақтарды шешуге белсенді түрде қатысуда. Сонымен бірге Қазақстан еуразиялық қауіпсіздікті нығайту саласында мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Қазақстан өкілдерінің БҰҰ-ның көмекші органдарындағы жұмысшы күн санап кеңеюде. Соңғы жылдардың өзінде Қазақстан ел орналасқан жерлер бойынша ЭКОСОС (БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік одағы) комиссиясының және ақпарат бойынша комитеттің мүшесі болды. Қазақстан космосты бейбіт мақсатта пайдалану бойынша БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Комитетінің (КОПУОС) мүшесі болып табылады және қазіргі кезде Қазақстан Республикасын КОПУОС шеңберіндегі келісімдер, келісім-шарттар және конвенциялар қатарына қарастыру ұсыныстары қарастырылып жатыр.

Қазақстан наркотиктік құралдарды бақылау бойынша БҰҰ-ның Халықаралық Кеңесімен тығыз ынтымақтастықта қызмет етуде. 1992 жылдан бастап Қазақстанда осы проблематика бойынша қажетті техникалық көмек көрсету мақсатында БҰҰ-ның бірнеше миссиясы қайтты.

БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі даму бағдарламаларымен, әсіресе Арал, Каспий, Семей жерлеріндегі экологиялық проблемаларды шешу бойынша көмек көрсетуді ұйымдастыруға қатысты ынтымақтастық белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

БҰҰ-ның даму бағдарламасының қызметі Қазақстан 1993 жылы басталды және ол ұлттық кадрларды дайындау ісіне жәрдемдесуге, сонымен бірге нарықтық реформаларды және экономиканың әр түрлі секторларындағы (ауыл шаруашылығы, ауыр өнеркәсіп, сауда және т.б.) қайта өзгертулерді жүргізуге Үкіметке консультативтік көмек көсетуге бағытталған.

Қазақстан биологиялық алуан түрлілікке байлаысты қоршаған орта жөніндегі даму бағдарламасының (ЮНЕП) жасаған конвенциясына қол қойды және 1994 жылдың қыркүйегінен бастап ол осы конвенциясының бір Жағы болды, сонымен бірге 1994 жылдың аяғында Нассауда (Багам аралдары) өткен биологиялық алуан түрлілік жөніндегі Конвенция жақтарының Конференциясының бірінші мәжілісіне қатысты.

Қазақстан мамандары қуаңшылықпен күрес жүргізу бойынша Конвенцияны жасау ісіне ЮНЕП жұмысына қатысты.

1994 жылдың қаңтарында Қазақстан Еуропалық экономикалық комиссияның мүшесі болды. Қазіргі кезде Қазақстанның белгіленген приоритеттік салаларында ЕЭК-ның қызметін тұрақты ынтымақтастықта белгілеу бойынша комиссиямен жұмыс жүргізіледі.

1995 жылдың көктемінде қазақстандық делегация ЕЭК-ның жыл сайынғы сессиясының жұмысына қатысты.

Қазақстан өкілі экологиялық саясат бойынша ЕЭК комитетінің мүшесі болып табылады. ЕЭК және ЮНЕП-тің бірлескен жобасы шеңберінде Комитет өтпелі экономикасы бар елдердің табиғатты қорғау қызметін кешенді түрде басқарудың жетекші прициптерін жасады.

Азия Тынық мұхитқа арналған БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік Комиссиясын 1947 жылы ЭКОСОС құрды. Еуразия аймағының мемлекеті ретінде Қазақстан ЭСКАТО мүшесі болып табылады.

ЭСКАТО-мен бірлескен жобалардың бір қатарын Азиялық даму банкісі қаржыландырады. ЭСКАТО-ның эгидасымен қазақстандық мамандардың қатысуымен көптеген Азия елдерінде конференциялар мен семинарлар жүргізілуде.

1992 жылдан бастап Қазақстан Денсаулық қорғаудың бүкіләлемдік ұйымына, Бүкіләлмдік почталық Одаққа, Азаматтық авиациялық Халықаралық ұйымына, интелектуалдылық меншіктің Бүкіләлемдік ұйымына, білім, ғылым мен мәдениет сұрақтары бойынша БҰҰ-ға (ЮНЕСКО), Халықаралық валюталық қорға, қайта құру мен дамудың Халықаралық банкісіне, Еуропалық банкке мүше болды.

1993 жылдан бастап Қазақстан Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымға, Еңбектің Халықаралық Одағына мүше болды. 1994 жылдан бері Қазақстан Азиялық даму банкісіне мүше болды.

Халықаралық қаржылық ұйымдар жөнінде айтар болсақ, 1992 жылы Қазақстан Халықаралық валюта қоры мен Халықаралық қайта құру және даму банкісіне мүше болды. ХВҚ-ға және Бүкіләлемдік Банктің ұйымдарына кіру үшін қажетті жағдайларды жасау үшін 1992 жылдың маусымында Қазақстанда «Қазақстан Республикасының Халықаралық валюталық қорға, Халықаралық қайта құру және даму қорына, Халықаралық даму корпорациясына, Халықаралық даму Ассоциациясына, инвестициялық дауларды реттеу бойынша Халықаралық орталыққа мүшелігі» жөнінде арнайы Заң қабылданған еді.

1993 жылдан бастап Қазақстан үкіметі қаржылық тұрақтануға қол жеткізуге және экономиканы түбегейлі қайта құруға бағытталған ортақ экономикалық стратегияға сәйкес қызмет етеді. Біз күш-әрекеттеріміз көп жақты қаржылық мекемелерден де, екі жақты факторлар мен кредиторлардан да қолдау табудамыз.

ХВҚ-дан түсетін көмек 1993 жылы құрылымдық қайта құруды қаржыландыру механизмі бойынша заем түрінде және 1994 жылдың қаңтары мен 1995 жылдың маусымында бекітілген екі Стенд-бай несиелері түрінде келіп түсті.

Қазіргі кезде ХВҚ-дан стенд-бай бағдарламасы бойынша 3 жыл мерзімге жаңа несие алу жағдайлары қарастырылып жатыр. Халықаралық қайта құру мен даму банкісі Қазақстанға көмек ретінде 7 бағдарлама бекітті.

Қазақстан 1994 жылы Азиялық даму банкісінің мүшесі болды. 1994 жылдың қазан айында 1994-1996 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметі және Азиялық даму банкісінің Миссиясы арасында өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды.

1992 жылы Қазақстан Еуропалық банкке мүше болды. Бұл банктың Қазақстанға қатысты стратегиясы екі кезеңнен тұрады. Бастапқы кезеңде техникалық ынтымақтастыққа, әсіресе ұйымдастырушылық құрлыс пен кадрларды дайындау ісіне көңіл аударылады, екінші кезеңде қаржы секторына, ауыл шарушылығына, энергетикаға, тау-кен өнеркәсібі мен транспортқа нақты инвестицияларды енгізу көзделген.

 

Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдық және экономикалық ұйымдарға мүшелігі келесі кестеде көрсетілген.

 

Ұйымның аты

статус

           Нормативтік актілер

  Мерзімі

    1

2

                 3

4

                        1. Халықаралық қоғамдық ұйымдар

1. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)-ООН

мүше

Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүше

Нью-Йорк 2 наурыз 1992 жыл

2. Өнеркәсіптік даму бойынша БҰҰ(ӨДБҰҰ)-ЮНИДО

 

1997 жылдың қаңтарында осы ұйымға мүшелікке қабылдау жөніндегі өтініш жіберілді.

 

3. Бүкіләлемдік кедендік ұйым (БКҰ)-ВТО

мүше

1. Осы ұйымға мүшелік жөнінде Қазақстан Республикасы премьер-министрінің Секретариатқа жолдаған хаты.

2. БКҰ-ға Қазақстан Республикасын қабылдау жөнінде Бельгия сыртқы істер министрлігінен түскен нота

Алматы, 15 мусым 1992 жыл № 10921 Брюссель 30 маусым 1992 жыл

4. Азаматтық авиациясының Халықаралық ұйымы (ААХҰ)- ИКАО

мүше

1. ААХҰ-ның Бас Хатшысының хабарландыру қағазына сәйкес

2. «Азаматтық авиацияның Халықаралық ұйымының эгидасымен қабылданған халықаралық конвенцияларға Қазақстан Республикасының бірігуі жөнінде» ҚР Министерлер Кабинеті

Монреаль 12 тамыз 1992 жыл Алматы, 13 мамыр 1994 жыл № 506

  1

    2   

                       3

      4

5. Атомдық энергияның Халықаралық агенттігі (АЭХА)- МАГАТЭ

мүше

1. АЭХА-нің Бас конференциясының 37-тұрақты сессиясы. Қазақстан Республикасын АЭХА-ға мүше етіп қабылдады.

2. ДНЯО-ға кіру жөнінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы

Вена, 30 қыркүйек 1993 жыл

 

Алматы, 13 желтоқсан 1993 жыл №2593

6. Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) — ВТО

1996 жыл-дың  қаңта-рынан бастап бақы-лаушы

«Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі жөнінде» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

Алматы, 19 ақпан 1996 жыл № 2111

7. Халықаралық теңіздік ұйым (ХТҰ) — ИМО

мүше

1. «Халықаралық теңіздік ұйымның эгидасымен қабылданған. Халықаралық Конвенцияларға және ХТҰ жөніндегі конвенцияларға Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің қаулысы.

2. ХТҰ-ның Бас Хатшысының хабарландыру қағазына сәйкес

Алматы,

4 наурыз 1994 жыл

 

 

Лондон,

11 наурыз 1994 жыл № 244

                                    2. Халықаралық қаржылық ұйымдар

1. Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) – МВФ

мүше

Қазақстан Республикасының «ХВҚ-ға мүшелігі жөнінде» Қазақстан Республикасының Заңы

Алматы, 26маусым 1992 жыл

2. Халықаралық қайта құру мен даму банкісі (ХҚҚДБ) — МБРР

мүше

Қазақстан Республикасының «Халықаралық қайта құру мен даму банкісіне мүшелігі жөнінде» Қазақстан Республикасының Заңы

Алматы, 26маусым 1992 жыл

3. Халықаралық қаржылық қор порация (ХҚК) — МФК

мүше

1. Қазақстан Республикасының «Халықаралық қаржылық корпорацияға мүшелігі жөнінде» Қазақстан Республикасының Заңы

 

    1

    2    

                     3

4

 

4. Халықаралық даму Ассоциациясы (ХДА) — МАР

мүше

Қазақстан Республикасының «Халықаралық даму ассоциациясына мүшелігі жөнінде» Қазақстан Республикасының Заңы

Алматы, 26маусым 1992 жыл

 

5.Инвестициялар кепілдемесінің Халықаралық агенттігі (ИКХА) — МАГИ

мүше

Қазақстан Республикасының «Инвестициялар кепілдемесінің Халықаралық агенттігіне мүшелігі жөнінде» ҚР Заңы

Алматы, 26маусым 1992 жыл

 

6.Инвестициялық дауларды реттеу бойынша Халықаралық Орталық

мүше

«Қазақстан Республикасының инвестициялық дауларды реттеу бойынша Халықаралық Орталыққа мүшелігі жөнінде» ҚР заңы

Алматы, 26маусым 1992 жыл

 

7. Европалық  қайта құру мен даму банкісі (ЕҚҚДБ)- ЕБРР

мүше

«Қазақстан Республикасының Европалық қайта құру мен даму банкісіне мүшелігі жөнінде» ҚР Президентінің Жарлығы

Алматы,  25 наурыз 1993 жыл № 1212

 

8. Азиялық даму банкісі (АДБ)-АБР

мүше

«Қазақстан Республикасының Азиялық даму банкісіне мүшелігі жөнінде» ҚР Президентінің Жарлығы

Алматы,

4 қараша 1993 жыл № 1392

 

9.Исламдық даму банкісі (ИДБ) — ИБР

мүше

«Исламдық даму банкісінің құрылтайлық келісіміне кіру жөнінде» ҚР Үкіметінің Жарлығы

Алматы,  25 наурыз № 1212

 

3. Халықаралық және аймақтық экономикалық ұйымдар мен одақтар

 

1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД)

мүше

1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру жөніндегі келісім.

2. ҚР Жоғарғы Кеңесінің «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру жөніндегі келісімді ратификациялау жөніндегі» Қаулы

Мәскеу,

 8 жел-тоқсан 1991 жыл Алматы, 23 жел-тоқсан 1991 жыл

 

2. Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия (АТМЭӘК)-  ЭСКАТО

мүше

Қазақстанның БҰҰ-ға енуінен кейін автоматты түрде

 

 

             

 

3.Европалық экономикалық комиссия (ЕЭК)

мүше

1. Қазақстанның БҰҰ-ға енуінен кейін автоматты түрде

2. Қазақстан Республикасының ЕЭК мүшелігіне кіруі жөнінде Министрлер Кабинетінің тапсырмасы

Алматы,

 3мамыр 1994 жыл

№6234

4. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) -ОЭС

мүше

1. ЭЫҰ-ның Министрлер Кеңесінің төтенше мәжілісі Қазақстан Республикасын ЭЫҰ-ға мүше етіп қабылдады.

2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің ЭЫҰ-ға кіру жөніндегі Қаулысы

Исламабад қараша 1992 жыл Алматы,

7 қазан 1993 жыл № 447-р

5.Мемлекетаралық банк (МБ)

мүше

Жоғарғы Кеңестің «Мемлекетаралық банкті құру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қаулы

Алматы, 15 сәуір 1993 жыл № 217212

6. Экономикалық Одақ (ЭО)- ЭС

мүше

1. Экономикалық одақты құру жөніндегі келісім.

2. ҚР Жоғарғы Кеңесінің «Экономикалық Одақты құру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қаулысы

Мәскеу, 24 қыркүйек 1993 жыл Алматы, 13 жел-тоқсан, 1993 жыл № 258612

7. Біртұтас экономикалық Кеңестік (БЭҚ) — ЦАС

мүше

1. Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы арасында Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісім.

2. ҚР Президенттінің «Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы арасында Біртұтас экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Жарлығы

Алматы,

8 шілде 1994 жыл

 

Алматы, 15 маусым 1995 жыл № 2332

8. Орталық азиалық банкісі (ОАБ) — ЦАБ

мүше

1. Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы арасындағы «Ынтымақтастық пен дамудың Орталық азиялық банкін құру жөніндегі» келісімі

2. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы арасындағы «Ынтымақтастық пен дамудың Орталық азиялық банкін құру жөніндегі» келісімді ратификациялау туралы» ҚР Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы

Алматы,

8 шілде 1994 жыл

9. Кедендік Одақ

мүше

1. Төрт Республика: Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы, Белорусь Республикасы арасындағы Кедендік Одоқ жөніндегі келісім

2. Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету жөнінде «Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы, Белорусь Республикасы арасындағы Келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы

Мәскеу,     20 қаңтар

1995 жыл

 

 

 

Алматы,

15 мамыр

1996 жыл

 

10. Экономикалық Одақтың Мемлекетаралық Экономикалық Комитеті

мүше

«Мемлекетаралық Экономикалық Комитетті құру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» ҚР Президентінің Жарлығы

Мәскеу,

25 мамыр 1995жыл

11. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Төлемдік Одағы

мүше

Қазақстан Республикасы Президентінің «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Кедендік Одағын құру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Жарлығы

Алматы,

25 мамыр

1995 жыл

№2301

Қазіргі ТМД елдерінде қалыптасқан саяси жағдайда Қазақстан өз тәуелсіздігін нығайту үстінде, 1992 жылдың жазында Қазақстан Республикасы жер шарын өзінің саяси ықпалын өткізіп отырған Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Азат елінің өзіндік мемлекеттік белгілері әлемге жария етілді. Жаңа елдің жаңа Конституциясы қабылданды. Бес жыл ішінде 117 іргелі мемлекеттер Қазақстан тәуелсіздігін танып, олардың 105 елімен дипломатиялық қарым-қатнастар орнатты. Алматыда 40-тан астам елшіліктер мен халықаралық ұйымдар өкілдері ашылды. Қазақстан әлемнің 36 елінде өз елшілері мен өкілділіктерін ашты. Қазақстан халықаралық қатнастардың субъектісіне айналғаннан бастап 760 халықаралық, мемлекетаралық, үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Қазақстанның әлем жұртшылығына танылуы айтарлықтай қарқында өрбіді. Елдегі нарықтық қатнастарды тереңдету, демократиялық және құқықтық қоғам орнату үрдістерін одан әрі дамыту мақсатында 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бүкілхалықтық референдумда қабылданды.

Алдағы мақсат – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін экономикалық, саяси және қорғаныстық жағынан қамтамасыз ету. Қандайда болмасын тәуелсіз мемлекеттің егемендігі, тағдыры аталған мәселеге тікелей екені белгілі. Қазіргі кезеңде Қазақстан Тәуелсіздігінің экономикалық, қорғаныстық жағына назар аударар болсақ, шиеленіскен мәселелер баршылық.

Бұрынғы Одақ кезінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі негізінен протоколдық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық – мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қаумдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мұның жарқын дәлелі – Қазастан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы. Елімізің Хельсинки келісіміне қосылуы, Лиссабон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қарды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бұған АҚШ-пен «Демократиялық серіктестік туралы», НАТО-ның «Бейбітшілік мүдесіндегі серіктестік» бағдарламасына қосылу, АҚШ,Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.

Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы ұйымдарына – Халықаралық валюта қорына, Бүкіл дүниежүзілік банкіге, Еуропалық қайта құру және даму банкісіне енуінің маңызы зор. Сондай-ақ Еуропалық Одақпен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық ұйымында белсенді түрде жұмыс істеуде.

Республика тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Елімізді қазір дүниежүзінің 120 мемлекеті таныды, олардың 105-мен дипломатиялық қарым-қатнастар орнатылды. Шетелдерде 29 елшілік ашылып, Алматыда 40 елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың 16 өкілділігі жұмыс істейді.

Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының  негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатнастарды орнатуға ұмтылуда.

Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірнеше мемлекеттер ықлас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, ұлан-ғайыр жеріміз бен қыруар қазба байлықтарымыз. Тұтас алғанда жыл сайын Қазақстанда 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Республикамыз астық өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етіп қоймай, біраз бөлігін әлемдік нарыққа экспортқа шығаруға мүмкіншілігі бар. ТМД елдерінің қой шаруашылығының 25%-і қазақ даласында өсіріледі. Оған қоса республикамыздың демократияландыруға, экономиканы нарықтық жолмен реформалауға алған бағыты да себеп болуда. Сонымен қатар бұрынғы Кеңес империясының ыдырауының нәтижесінде мүлдем жаңа географиялық саяси жағдай пайда болды. Қазіргі Қазақстан жері Еуропаны Азия –Тынық мұхит аймағымен байланыстыратын сыртқы саяси және стратегиялық тиімді кеңістікті алып жатыр. Бұл байланыстырушы буын мүмкіндігіде Республикамызға септігін тигізуі тиіс.

Біздің географиялық жағдайымыздың тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы, қатнас жолдарынан қашықтықта орналасуымыз. Мұның бәрі халықаралық экономикалық байланыстарға қатысуымызды қиындата түседі және сыртқы саясаттықұруға да әсерін тигізуде. Сондықтан көршілес мемлекеттермен, оның ішінде ең алдымен Ресеймен өзара қатнастардың болуының мәні зор.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара шартқа қол қойылды. Онда мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, даулы мәселелерді бейбіт жолмен ретеу және күш қолданбау, ішкі істерге араласпау және т.б. қарастырылды. «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың реті туралы» келісімге қол қойды. Ресей Федерациясы «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасына жылына 115 мың АҚШ доллары көлемінде жалға алу ақысынтөлеп отырады. Ол 20 жылға жалға берілді, екі жақ өзара келіскенде жалға алу мерзімі содан кейінгі 10 жылға ұзартылады. Екі ел арасындағы әскери-саяси, мәдени-гуманитарлық салаларда шарттарға қол қойылды. 1998 жылдың 12 қазанында Ресей Федерациясымен Қазақстан және Ресей арасындағы шекараны делиминациялау туралы хаттамаға қол қойылды. Мұның бәрі екі ел арасындағы қарым-қатнастың өрбіп келе жатқандығын көрсетеді.

Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықта, шекара бойындағы аудандарда еркін сауда аймақтарын ашу мәселелері жөнінде айтарлықтай жылжу бар. Қытай Қазақстанға қарсы ядролық қаруды қолданбауға, күш жұмсамауға, егемендікпен аумақтық тұтастықты құрметтеуге міндеттенді. өз кезеңінде, Қазақстан ҚХР-дың аумақтық тұтастығына қатысты осындай міндеттемелерді мойынына алды. 1994 жылғы сәуір айында Алматыда Қазақстан мен ҚХР арасындағы мемлекеттік шекараның өтуі туралы Шартқа қол қойылды. Бұл құжаттың маңызы өте зор екендігін айтпасада түсінікті. 1997 жылы Батыс Қазақстаннан батыс Қытайға және Иранға мұнай құбырын тарту туралы келісімге қол қойылды. 2010 жылға қарай Қытай бізден жыл сайын 200-210 млн.тонна мұнай сатып алмақ.

Өмір бойы көршілес болып, шаруашылығымыз, мәдениетіміз тығыз байланысып, араласқан Орта Азия елдерімен біздің ортақ мүдделерміз көп. Тегі бір, тарихы тамырлас, рухани бауырлас Түркиямен екі арада өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, мәдени байлықтармен алмасуға деген екі жақты ұмтлыс бар. Сол сияқты Иран елімен де достық, ынтымақтастық қатнастар дамып келеді. Екі ел Каспий теңізін Қазақстанды Солтүстік Иранмен және Парсы шығанағымен байланыстыратын көлік артериясына айналдыру туралы келісімдер жүргізілді.

Біз Азия құрлығында өмір сүріп отырмыз. Мұндағы елдердің экономикалық қоғамдық құрылымы сан алуан. Сондықтан бұл аймақ үшін өзара тиімді іс-қимыл және сенім мен қауіпсіздікті сақтаудың маңызы зор. Аймақ мемлекетерінің экономикалық, экологиялық және т.б. бірлесе шешетін ортақ мәселелер бар. Соның бәрін ескере отырып, республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес сияқты Азия аймағында да қауіпсіздік пен ынтымақтастық құрылымдарын құру идеясын БҰҰ Ассамблеясының 47-сессиясында, Брюссельде НАТО елшілерімен кездесу кезінде және т.б. мәжілістерде ұсынылды.

Таяу шығыс аймағындағы негізгі мемлекеттер Египет, Сирия, Сауд Арабиясы, Оман және Израильмен саяси және іскер байланыстар орнатылуда. Сондай-ақ Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың жетекші елдерімен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту көзделіп отыр.

Қазігі жағдайда қай ел болмасын нарықтық жүйенің орталығы болып отырған, дүниежүзілік саяси істерде орасан зор АҚШ, Батыс Еуропа және Жапониямен байланыстарды бекітіп, іс-қимылдарды үйлестірудің орны ерекше екендігі айтпасада түсінікті. Дегенмен, бұл қарым-қатнастар біздің түпкілікті мүдделерімізге нұқсан келтірмегені жөн.

Бұрынғы кеңестер Одағының ыдырауына, Ресейдің ортақ ақша, экономика аумағынан ығыстыруына байланысты Орта Азия елдері өздерімен тамырлас Орта және Таяу Шығыс мұсылман елдерімен қарым-қатнастарын кеңейтуде. Себебі, бұрынғы каммунистік идеяның үстемдік етіп тұрған кезінде Шығыс мәдениеті шеттіліп, олармен жөнді байланыс болмады. Енді сол құрсаудан шыққан соң ислам мәдениетінің рухани негіздеріне деген халықтардың табиғи ұмтылыстарын түсінуге болады.

Республиканың сыртқы саясатына экономикалық байланыстарды нығайтып,дамытуда кіреді. Бүгінде республикада 200-ге жуық шетел фирмаларының, банкілерінің өзге ұйымдардың өкілдері бар. Қазақстан қазір әлемнің 80-нен астам еліне өнімдер шығарады. Тауар айналымның Қытайға 22%-зы, Германияға – 13,6, Ұлыбритания – 11,6, Швейцарияға – 11, Нидерландыға – 4,7, Австрияға – 2,5%-зы келеді. Елімізде 2000-нан астам бірлескен кәсіпорындар тіркелген. Біздің серіктестеріміздің ішінде дүниежүзіне белгілі «Шеврон», «Эльф Акитан», «Бритши Гэз», «Мобил», «Токсако», «Амоко», «Аджип», мұнай, газ өндіретін компаниялары және басқалары бар. Мұндай байланыстар алдыңғы уақытта арта түспек.   

КСРО-ның ыдырауының басты нәтижесі «темір пердемен» бөлінген кеңестік империя халықтарының дүниежүзілік қауымдастыққа қосылуы болып табылады. ТМД-ның құрылуында 1991 жылғы 20-желтоқсандағы Алматы кездесуінің орны ерекше. «Біз мұнда ізгі ниетпен келдік. Тәуелсіз мемлекеттердің достық одағы құрылатын Алматы кездесуіне Молдава толық құқылы қатысушы болып отыр.

Сыртқы саясат экология мен айналадағы ортаны қорғау мәселелерімен байланысты. Бұл орайда, алдңғы қатарда Қазақстанның екі үлкен проблема тұр. Біріншісі – тартылып бара жатқан Арал теңізі. Оның бассейнінің шөлге айналуы ймақтағы экологияның күрт нашарлауына әкеліп соғып отыр. 150 млн.тонна тұзды шаң-тозаң аспанға көтерілуде. Ол айналасында тұратын 3 миллионнан астам адамның десаулығы мен экономикасына теріс зардаптарын тигізуде. Бұл қасірет қазір сол адамдарға ғана зардаптарын тигізсе, ертең ол талай миллиондаған адамдарға қайғы болып шығуы мүмкін. Сондықтан бұл аймақты дүниежүзілік көлемдегі экологиялық апат аймағы деп түсініп, оған шұғыл әрі көлемді халықаралық көмек көрсетілуі қажет.

Екінші экологиялық қасіретіміз – Семейдегі ядролық полигон. Мұнда 1949-1963 жылдары атом және сутегі бомбаларының жарылыстары жер беті мен атмосферада өткізілген. 1963-1983 жылдары жер астында жүргізілген. Онда өткізілген 752 жарылыстың 26-сы атмосферада, 78-і жер бетінде, қалғаны жер астында жүргізілді. Ал олардың қуаты Хиросима мен Нагасакидегі қасіреттің көзі болған қондырғылардың қуатынан жүздеген есе көп. Жарылыс зардаптарынан жарты миллионнан астам адам зардап шекті.

Республикадағы «Невада-Семей»қозғалысының мұрындық болып, үкіметтің шешімімен аталған ажал көзі жабылды. Бірақ артында талай жылдарға жетерлік уланған орта қалды, генетикалық заң бойынша ұрпақтан-ұрпаққа кетерлік жүздеген мың аурулар қалды. Осы аймақты сақтандыру, жапа шеккендерді емдеу, дүниеге келген сәбилерді қауіпсіздендіру үшін орасан зор қаржы керек. Оны аяғынан жаңа тұра бастаған жас мемлекетіміз жалғыз өзі шеше алмайды. Сыртқы саясатымыз оны да ескереді.

Сыртқы саясатпен тікелей байланысты әскери саясат. Бұл саладағы негізгі мақсат – Қазақстан жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғай алатын, соған сай жаратылған, шағын армияны ұстау. Республика стратегиялық шабуыл қаруын қысқартуды жақтайды, жаппай қырып-жоятын қарудың басқа түрлеріне тыйым салуға бағытталған бастамаларды дұрыс деп табады.

Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:

  • мемлекеттік мүддені қорғау;
  • елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;
  • әлемдегі барлық елдермен тең құқықты және серіктестік қатнастарды дамыту;
  • ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу;
  • халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету.

Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болып отыр. Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен тең дәрежелі достық қатнаста. Сонымен қатар республикамыздың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейтесті мәселелері – қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды болдырмау және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құқықтары, айналадағы ортаны қорғау,  дамыту және т.б. Республикамыз сыртқы саясат жүргізіп, ішкі  әл-ахуалымызды жақсартып, болашақта өркениетті, құқықтық қоғам орнатуда.

ТМД шеңберіндегі ортақ экономикалық кеңістіктің құрылу перспективасы 1994 жылдың сәуір айында өткен ТМД елдерінің экономикалық одағы жөніндегі келісімде белгіленді. Бұл келісімнің көптеген шарттары мынаны дәлелдейді, яғни оның авторлары интеграцияның Батыс Еуропалық теориясы мен тәжірбесіне сүйенген. Экономикалық одақ интеграцияның және коорлинациялық іс-әрекеттердің тереңдеуі арқылы құрылады. Осы арналған іс-әрекеттер төрт кезеңнен тұрады:

  • еркін сауданың мемлекетаралық (көпжақты) ассоциациясы;
  • Кедендік одақ;
  • тауарлар менқызметтер, капиталдар және жұмысшы күшінің ортақ нарығы;
  • Валюталық (ақшалай) одақ.

Біртұтас ұлттық емес валютаға көшу немесе ұлттық валюталардың толық конвертирленуіне дейінгі кезеңде Төлем одағын құру көзделген.

Еркін сауда ассоциациясы және оның жоғарғы орғаны – Кедендік одақ – кейбір жекелеген бағыттарда ғана қалыптасып жатыр.

ТМД көлеміндегі ішкі тарифтік бөгеттер әлі де болса аланған жоқ, өте маңызды тауарларға, әсіресе энергия тасымалдаушы, шикізат және азық-түліктің кейбір түрлеріне белгіленген квоталар әлі де өз күшінде.

Елдер арасында тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалуының ұлғая түсуі, жұмысшы күшінің және капиталдың еркін миграциялануы жөнінде айтар болсақ, бұлардың екеуінде әкімшілдік кедергілер өз кедергілерін тигізуде.

1994 жылдың қазанында Одақтық мемлекетаралық экономикалық Комитет (МЭК) құрылды. Осы МЭК Достастықтың ұйымдастырушылық құрылуын бекітуі тиіс, сонымен бірге интеграция мен оның механизмдерін тереңдету жолдарын жасауға негізгі күш әрекеттерді бағыттауы тиіс.

МЭК-тің қызмет етуінің алғашқы қадамдарнан бастап алғашқы қадамдарнан бастап алға қойылған негізгі мәселелерге мыналар жатады:

  • Достастық мемлекеттерінің Экономикалық Одағының құрылуы және тиімді қызмет етуі проблемаларын шешу;
  • Мемлекет басшылары және ТМД-нің үкімет басшылары Кеңесінің шешімдерін жүзеге асыру.

Осы қысқа мерзімде мынандай келісімдер жасалды және қабылданды: газ, мұнай және оның өнімдерін тасымалдау және оның өнімдерін тасымалдау және транзиттеу бойынша экономикалық одаққа қатысушы елдердің өзара қарым-қатнастары, ғылыми-технологиялық кеңістікті құру концепциясы.

Экономикалық Одаққа қатысушы елдердің өзара қарым-қатнасын белсенді түрде жүргізу мақсатында 1996-1997 жылдарда экономикалық интеграциялық дамудың перспективтік жоспары жасалды, оны ТМД мемлекеттерінің басшылары мақұлдады.

Перспективтік жоспардың негізгі идеялары мыналарға бағытталған:

  • МЭК-тің басқа да мемлекетаралық және үкіметаралық органдардың күш-жігерін алдыңғы қатарлы әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағыттау;
  • экономикалық Одақтың дамуының маңызды бағыттарындағы интеграциялық процестерді жеделдету;
  • келісімдік-құқықтық базаны жетілдіру;
  • дотастықта бұрын қабылданған келісімдер мен келісім-шарттарды жүзеге асырудың тиімді механизмдерін іздестіру.

Перспективтік жоспардың негізгі элементтерінің бірі – Экономикалық Одақ мемлекеттерінің экономикалық дамуы мен интеграциялану жоспарын жасау туралы келісім-шарттары жасалуда.

Орталық Азиялық Республикалармен достық қарым-қатнастарды нығайту мен дмыту өте маңызды іс болып табылады, өйткені ол елдермен экономикалық және мәдени байланыстар ұштасып жатыр.

1990 жылдың өзінде-ақ Қазақстанның инициативасымен Алматы қаласында Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикалары ел басшылары алғаш рет бас қосқан еді, осы кездесуде олар экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл келісім көпжақты және екіжақты өзара байланыстар үшін жақсы негіз болды.

1993 жылдың қаңтарында Орта Азия және Қазақстан мемлекеттері басшыларының Ташкент қаласында өткен кездесуінде экономиканы құрылымдық тұрғыда қайта құру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Бұл жерде Орталық Азиялық нарықты тауармен қамтамасыз ету мен толықтыру үшін қолда бар өндірістік қуаттар ескерілуі тиіс. Осы кездесуде бидай мен мұнай бойынша мемлекетаралық көпжақта салалық коммисияны – Алматы қаласында, мақта бойынша – Ташкентте, газ бойынша – Ашхабадта, электр энергиясы бойынша – Бишкекте, су ресурстары бойынша – Душанбеде құру қажеттілігі белгіленді.

Қатысушы жақтар Аралды сақтап қалудың халықаралық қорын құру жөнінде шешім қабылдады.

Орталық Азия республикаларының мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі – нарыққа бағытталған экономиканы құруды және де мемлекетаралық ынтымақтастық пен интеграция мәселелеріндегі жаңа стратегиялық жолдарды анықтауды талап етті. Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық проблемаларының ұқсастығы – оларды шешуде өте тығыз ынтымақтастықты қажет етеді.

Ортақ шекараларды, мемлекеттер аймағын, сонымен бірге бай табиғи – шикізаттың ресурстарды байланыстырушы біртұтас транспорттық және басқа да коммуникациялардың болуы мыналарға жағдай жасайды:

  • өнеркәсіптік өндірістің кооперациялануы;
  • бірлескен кәсіпорынның ұйымдастырылуы;
  • аймақтық өнеркәсіптік кешендердің өзара байланысуы.

Жоғарыда аталған позицияларға сәкес мемлекет басшылары Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл құжат үш Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығының берік негізін қалады. Олардың интеграциясы аймақтық оқшаулануды көрсетпейді, ТМД шеңберінде жүріп жатқан интеграциялық процестердің жолсерігі және катализаторы болып табылады.

Интеграция процесінің алғашқы қадамдарының бірі – қатысушы елдердің кедендік шекаралардан өту кезінде жүк пен қол жүгін кедендік тексеруден өткізу шартын алып тастауы, бірақ қару-жарақ, наркотиктік, психотроптық заттар және де валюталық, мәдени құндылықтардың өткізіп жатқандығына толық негіз бар болса, онда олар міндетті түрде кедендік тексеруден өтуі тиіс.

Қатысушы елдер басшыларының шешімімен осы кездесуде Мемлекетаралық Кеңес және тұрақты негіздегі жұмысшы органы – Мемлекетаралық Атқарушы коммитет (МАК), премьер-министерлер, сыртқы-істер министрлерінің және қатысушы елдер қорғанысының Кеңестері құрылды, сонымен бірге ынтымақтастық пен дамудың Орталық позициялық банкін құру жөніндегі шешімдер қабылданды.

Қазіргі таңда Біртұтас экономикалық кеңістікте қатысушы елдер импортты алмастыру саясатын мақсатты түрде жүргізуде. Ол импорт құрылымын рационализациялауға, республика өнеркәсіптерін өздерінің экономикасының ішкі қажеттіліктеріне қарай өзгертуге және сол арқылы бұрынғы шаруашылық байланыстар арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді.

Орталық Азияның экономикалық интеграцияны аймақтағы экономикалық және әлеуметтік проблемалар кешенін шешуге арналған кең мүмкіндіктерді ұсынады және де оның тарихи, гоеграфиялық, мәдени және әлеуметтік-экономикалық ортақтылықпен айқындалған жарқын болашақ бар екенін атап өтуге болады.

Орталық Азиядағы интеграциядан төмендегідей артықшылықтар күтіледі:

  • энергияның, ауыл-шаруашылығы және минералдық ресурстардың барлық түрлерімен аймақтың өзін-өзі толық қамтамасыз етуі;
  • елеулі бірлескен экспорттық потенциал;
  • артықшылығы бар геосаяси жағдай, ол Орталық Азия мемлекеттерінің трансазиялық транспорттық және коммуникациялық коридордың құрамдас бөлігі болуына мүмкіндік береді;
  • бәсекелес қабілеті бар тауарлардың үлкен спектрін өндіру қабілетті жиынтық өндірістік потенциал;
  • салыстырмалы түрде алғанда бірдей кәсіпқойлық, білімділік және еңбекақы деңгейімен сипатталатын еңбек ресурстары;
  • экологиялық тұрғыда алғанда су және басқа табиғи ресурстарды бірлесе отырып үнемді пайдалану;
  • жоғары ғылыми және инженерлік потенциал.

Алматыда Әзербайжан, Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдава, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина басшлары Кеңестер Одағының келмеске кеткенін айқындамаған және жаңа мемлекеттерді біріктірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғанын әлемге жария ететін құжаттарға қол қойылды.

«Независимая газета» -да берген сұхбатында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев: «ТМД елдері үшін интеграция, ынтымақтастық экономикалық қажеттілік қана емес, бұл керек десеңіз жаңа рухани-психологиялық тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сезім,»-деп баға берген болатын.

Өркениетті мемлекеттердің экономикалық және саяси интеграцияға ұмтылуы бүгінгі таңдағы объективті заңды құблыс. Мемлекеттің жақындасуы дүниежүзілік дамудың жаңа дәрежесін айқындап, сондай-ақ қоғамдық өмірдің басқа да салаларында жаңа сапалық өзгерістерге қол жеткізіп отыр. Олардың қатарына біріншіден, дүниежүзілік дамуда бейбітшілік принциптері үстем болып, интеграция саяси қақтығыстарды шешудің бейбіт механизмдерін жетілдіре түседі.

 

 

                                                                                                                1-сызба

2005 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда Достастық елдері арасындағы экспорт пен импорттың құндық көлемі 31% өсті (2005 жылғы осы кезеңде экспорттың өсімі — 11%, импорт — 6% тең болған).

Екіншіден, дүниежүзілік мемлекеттердің өзара капитал алмасу, халықаралық сауданың дамуы және сыртқы экономикалық саясаттың либерализациялану процесі жүруде. Бұл соңғы кездегі әлемдік дамудың заңдылықтарының бірі болып отыр.

 Үшіншіден, соңы жылдары мемлекетаралық экономикалық дамуды реттейтін бірнеше механизмдер пайда болады.Олар кедендік, сауда-саттық, валюталық және т.б.

 Төртіншіден, жоғары технологиялық, техникалық және информациялық даму еңбек өнімділігінің артуына әкеліп отыр, бұл өз тарапынан ауқымды нарықтық кеңістікті қажет етеді. Таур айналымының өсуі, оның жолындағы әртүрлі кедергілерді жойып, бір елден екінші елге ауысып отыруды қажет етеді.

Бесіншіден, қазіргі кезде дүниежүзілік сауда рыногындагы бәсекелестіктің ауқымы мен сапасы өзгерді. Бәсекелестік әлсіз мемлекетердің бірігуіне алып келеді. Сонықтанда, Қазақстан мен ТМД-ң басқа мемлекеттердің интеграциялық дамуы экономикалық қажеттіліктерден оған сәйкес экономикалық және саяси жағдайлардан туындап отырған процесс.

ТМД-ның құрылуы интеграция теориясына жаңа көзқарастарды тудырып отыр. Ол мемлекетаралық қатнастардың объективті экономикалық және саяси жақындасуы. ТМД-дағы интеграциялық процестердің келеңсіз талас тудыратын жақтарын атап кеткен жөн. Мәселен, бұл процеске араласқан мемлекеттер өз тәуелсіздігінің белгілі бір бөлігі-экономикалық дербестіктен айырылады. Екіншіден, әлемдік тәжірибеде ірі мемлекет (мәселен, Ресей) және кішігірім мемлекеттің интеграциялық жақындау тәжірибесі жоқ. Ресей сияқты алып мемлекеттен экономикалық және саяси интеграция Қазақстан үшін тиімсіз деген пікірлер бар. Сондықтанда ТМД-дағы интеграция процесіне саяси ретінде қарауға болмайды.

«ТМД туралы арманды ақиқатқа айландыру үшін табанды түрде күресу керек,» — деп түйіндейді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Киев кездесуінен кейінгі баспасөз маслихатында.

 Ал Қ.Қ .Тоқаевтың пікірінше, «континенталды интеграция, бұл дүниежүзілік интеграцияға апаратын жол, ол өзара тәуелді интеграция адамзатқа әлемдік және аймақтық даму мәселелерін шешуге көмектеседі.»(Под стягом независимо).КСРО ыдырағаннан кейінгі тәуелсіз мемлекеттің дамуы өзіндік белестерден өтті, осы саяси кеңістіктегі интеграция өзіндік ерекшеліктері бар процесс екені анық.

Егемендік, аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымастығы, бір-бірінің ішкі істеріне қол сұхпау прициптері негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер мен ынмақтастықты міндеттерінің бірі болып отыр.Бір жағынан қолайы сыртқы орта жасау ұтымды, өзара тиімді экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту қажеттігі, екінші жағынан бүкіл дүниежүзінде интеграциялық  процестердің күшеюі біздің республикамызбен Достастықтың басқа да елдерінің тарихи ерекшеліктеріне қарай көп жақты ынтымақтастықты ұлғайтуға тікелей мүдделі болып отырғанын көрсетеді.

ТМД-ның 1996-1997 жылдардағы интеграциялық дамуының перспективалық жоспары жүзеге асырыла отырып, кеден, төлем, және валюта одақтарын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жасалып келеді, қылмысқа қарсы бірлескен шаралардың мемлекетаралық бағдарламасы қабылданды.»-деп атап көрсетті Н.Назарбаев өзінің 1997 жылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында.

Бүгінгі таңда Евразия басты саяси күрес алаңына айналып отыр. Қазір Азия мен Европаға бөлек саясат ұстануға мүмкін емес. Осы тұрғыдан алып қарағанда Европалық интеграцияның және оның ұжымдық дипломатия стратегиясы ТМД үшін үлкен тәжірибе болатыны сөзсіз. Европалық интеграция валюталық, экономикалық, сауда, әлеуметтік және саяси дамудың жетістігі болып табылады. Сонымен бірге Европада ортақ қауіпсіздік және сыртқы саясат жасауда үлкен тәжірибе жинақталды. Мысалы: Европалық Одақтың сыртқы саясатының негізі 1957 жылғы Рим келісім шарты, 1992 жылғы Маастрих және 1957 жылғы Амстердам шарттарында бекітілді. Европаның Ұжымдық дипломатиясының көрінісі «2000 жылдың күн тәрбі» деп аталатын құжаттар айқындалды. Сонымен бірге Европалық Одақтың сыртқы дүниемен байланысы да ТМД үшін жақсы тәжірибе.Жалпы ұжымдық дипломатия-Европалық интеграсияның жетістігі болып табылады.

«Ортақ сыртқы саясат» немесе ұжымдық дипломатияға анықтама Маастрих келісімінде толық беріген.Ортақ сыртқы саясат немесе ұжымдық дипломатияның мақсаты:

  • Одақтың тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
  • Одақтың қауіпсіздігін нығайту;
  • БҰҰ, Хелсинг қорытынды актысының және Париж партиясының принциптеріне сәкес халықаралық қауіпсіздікті және бейбітшілікті нығайту;
  • Халықаралық ынтымақтастықты нығайту;
  • Адам құқы, демократияны дамыту.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін Европалық Одаққа мүше мемлекеттің ортақ сыртқы саясаты мен ортақ қауіпсіздікті жүзеге асыру керек. Мүше мемлекеттер Европалық Одақтың сыртқы саясатын толық қолдау қажет.(Единый Европейский акт. Договор о Европейском Союзе.М.,1994)

Маастрих келісім-шартында Европалық Кеңестің қызметіне жоғары баға берілген. Келісім-шартта сонымен бірге ортақ қорғанс саясат туралыда баптар қарастырылған. Европлық Одақ бұл саясатқа Батыс Европалық Одақпен (ЗЕС) бірігіп қимыл жасауды ұсынады. Алайда, ортақ қорғаныс НАТО-ның саясатына қарсы келмеуі керек. Сонымен, Маастрих және  Амстердам келісім-шарттарында Европалық интеграция нарық, экономика, қаржы салаларында ғана емес, сондай-ақ ортақ сыртқы саясат, қауісіздік және қорғаныс салаларын қамтитындығын атап көрсетті. Европалық Одақтың ұжымдық дипломатиялық тәжірибесін КСРО ыдырағаннан кейінгі қалыптасқан күрделі геосаяси, геоэкономикалық мәселелерді шешуде қолдану қажеттілігі күн сайын арттып отыр. Кеңестер Одағының ыдырауы жай өзгерістер шеңберінен шығып, халықаралық қатнастардың бұрынғы жүйесін бұзып, күш тепе-теңдігіндегі өзгерістерге алып келді. Бұл өзгерістер ТМД-ды мемлекеттерін қамтып отыр. Бұл өз тарапынан Евразиялық континентегі жаңа геосаяси және геоэкономикалық ахуалды тудыруда. Оның қатарында Орта Азия және Закавказьедегі жас тәуелсіз мемлекеттердің «Кеңестік тербелістерден» шығып, өзара экономикалық және басқада қатнастар орнату тенденциясын айтуға болады.

Интеграция- ТМД-ның өмір сүруінің негізгі қажеттілігі сөзсіз.

Дүниежүзілік дамуда экономикалық саяси жақындасудың үлгілері көптеп кездеседі. ТМД үшін Европалық интеграцияның тарихи тәжірбесін тағыда мысал ретінде көрсеткен. Мысалы: Европа кіндігінде орналасқан Франция мен Германия елдері үш жойқын соғыстарды басынан өткізді. Бұл соғыстар бүкіл Европаны сілкіндірген болатын. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана екі елдің басшылары Голль мен Аденауэрдің көрегендігінің арқасыда ынтымақтастыққа қол жеткізілді. Сөйтіп, 1957 жылғы Рим келісімінде «Ортақ рынок» құрылып, бейбіт дамудың жаңа үлгісі көрсетілді. Сондай-ақ ТМД үшін Азия мемлекеттерімен интеграциялық дамуда мысал бола алады.

Аймақтық интеграцияның пайдасын көріп отырған елдердің қатарына Оңтүстік Азияны жатқызуға болады. Бұл аймақ 60-80 жылдары әртүрлі қақтығыстардың ошағы болғаны белгілі. Бүгінде АСЕАН-ға мүше елдер тұрақты дамудың үлгісін көрсетуде. Міне, осы және тағы басқада мысалдар интеграцияның соның ішінде аймақтық интеграцияның артықшылықтарын дәлелдейді. Сонымен қатар еркін сауда аймағы болмайынша, ТМД мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі өрістей алмайтындығына назар аудартты. Сондықтанда 1994 жылғы сәуірде қабылданған Еркін сауда аймағы жөніндегі келісімді жандандыру қажеттігін атап көрсетті. Ол құжатта ТМД-ның 12 мемлекет басшылары қол қойғанымен, 6 ел ғана яғни, Азербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдава, Тәжікстан ғана бекіткен.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы жаңа геосаяси және геоэкономикалық мәселелерге алып келді. ТМД-ның пайда болу тарихы шындыққа айналып отыр. Бірақ, саяси амбициялар, аймақтық мүдделер басым болып, аймақтық қақтығыстар өз шешімін таппай тұрған кезде ТМД-ның өмір сүруі күмәнді еді. Тәуесіз Мемлекеттер Достастығының екі қалқаны- Қазақстан мен Ресей деп айтсақ, артық болмас. Бүгінде ТМД болашағы осы екі мемлекеттің қарым-қатнастарына тікелей байланысты.

Экономикалық кеңістікті құруға бағытталған Қазақстан Республикасының стратегиялық бағыты 1993 жылы мамырда өткен Мәскеулік самиттің барысында өзінің шынайы көрінісін тапты. Қатысушы мемлекеттер бір ауыздан экономикалық одақты құруды қолдап, ТМД мүшелерінің шешімді түрде терең интеграция жолымен жүретіндігі, осы мемлекеттің ортақ экономикалық кеңістікте тауарлардың, қызметтердің, капиталдардың, еңбек күштерінің (ресурстарың) еркін жүріп-тұруы үшін ортақ нарық, ал экономикалық одақ құруға дайын екендігі жарияланған Декларацияға қол қойылды. ТМД елдерінің басшылары Экономикалық одақ жолында Кедендік одақ құруды, одан әрі кедендік тарифтерден біртіндеп босату, қандай да болмасын тарифтік емес кедергілерді алып тастауды бастапқы міндет етіп қойды.

Бүкіл әлемдік қауымдастық туралы айтқанда, біз қазіргі әлемде барлық мемлекеттік, қаржылық-экономикалық және саяси институттар өзара байланысты екендігін ескеруіміз қажет. Жер бетінде іс жүзінде сыртқы әлемнен оқшауланған мемлекет жоқ. Басқаша айтқанда, қазіргі уақыттық доминанты даму, ынтымақтастық және интеграция болып отыр. Көптеген аймақтық және етникалық қақтығыстарға қарамастын, әлемдік қауымдастық еркінен тыс тұрақтылыққа, тыныштыққа және бірлікке тартылуда. Мемлекеттің өз мүдделерін білдіретін бір ғана жер-БҰҰ. Тек осы ұйымдардың трибунасын ғана барлық елдер, үлкен де, кіші де, орташа да әлемдік дамудың өзекті мәселесі туралы өз пікірлерін жеткізе алады. Мемлекеттің экономикалық және әскери күші қаншалықты көп болса да, бүгінгі күні басты рольді мемлекетаралық топтар мен бірлестіктер, трансұлттық коорпорациялар және үкіметтік емес ұйымдар атқаруда. Мұның бәрі хабарларды жинау және тарату ісінде мемлекеттік монополияны жойған компьютерлік өркениеттің дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі ақпараттық құралдар мемлекетті сыртқы әлемнің зертеуіне алып келді.

Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін тәуелсіз халықаралық құқық субъектісі ретінде алған мүмкіндіктерін толықтай пайдалануға бар күш жігерін жұмсай бастады. Мемлекетіміздің сыртқы саясаттық шараларды дайындауға кірісті, соның ішінде біріншіден «жақын шетелге» байланысты яғни, ТМД қатысушы мемлекеттерге басты назар Ресей аударған болатын.

Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіз газет» баспасөзіне берген сұхбатында: «ТМД елдері үшін интегрция ынтымақтастық тек қана экономикалық пайдалар ғана емес, керек десеңіз қажетті рухани-психологиялық тұрақтылық жағдайы, ертеңгі күнге сенімділік» дегенде, ол ең алдымен Қазақстан мен Ресей байланыстарын ойлаған болатын.

Достастықтың басты мақсаты-саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді бірігіп шешу мақсатында, өзара тиімді жағдйлрда бұрынғы Кеңестік республикалардың интеграциясын қамтамасыздандыру. Қазақстанның сыртқы саясатындағы стратегиялық алғы міндеттерінің бірі ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастық. Қазіргі кезде ешбір мемлекет жалғыз дами алмайтындығын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. ЕҚ, НАФТА, АСЕАН, АТЭС және басқада нәтижелі интеграцияның мысалдары бола алады. Сондықтан ТМД-ның құрылуы КСРО тарағаннан кейінгі тәуелсіз мемлекеттердердің шынайы даму заңдылықтарының бейнесі болып табылады.Достықтың негізгі мақсаты бұрынғы кеңестік республикалардың  саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді өзара тиімді жағдайларда бірлесіп шешу мақсатында интеграцияны қамтамасыз ету.

Макро және микро деңгейде қалыптасқан экономикалық байланыстар экономика, ортақ экономикалық кеңістік ашықтығының мәндік мазмұнын нақтылау негізінде Қазақстан мен Достастықтың реинтеграциясының шешілмеген экономикалық мәселелерін анықтау, негізгі реинтеграциялық принциптерді дәлелдеу, қауымдастықтағы елдердің тиімді жақындасуы мен олардың экономикалық саясатының бірлестігіне байлнысты ұсыныстар жасау қажет. Дүниежүзілік нақтылы экономика ғылымның бүтіндей жүйесі қалыптасты. Олар халық шаруашылығының түрлі салаларын зерттейді, мұнда саяси экономика, салалық экономика ғылымдары үшін жалпы теориялық әдістемелік негіз болады. Экономикалық халық шаруашылығының қазіргі кезде өндіргіш күштерімен өндірістік қатнастары жоғары дәрежеге жеткен, шаруашылық жүйесінің артықшылығы мен мүмкіндігі толлық айқындалған іс жүзінде шешіліп жатқан жағдай деп айта алмаймыз. Экономикалық қуаттылықтың ірге тасы ауыр индустрияның өркендуімен, өндірістік техниканың қайта жарақтануымен, ғылым мен оқу-ағартуға аса мол қаржы жұсалумен қатар тұтыну заттарын өндіру қарқынын, қызмет көсету сферасын өркендету қамтамасыз етіледі. Халық өмірінің материалдық жене мәдени дәрежесін едәуір артыруғ байланысты міндеттерді шешу үшін қажеті күштер мен қаржылар шоғырландырылады. Экономиканың қазіргі дәрежесі қоғамдық өндірістің тиіділігін барынша арттыру қажеттілігін және өріс алып отырған ғылыми-техникалық жетістіктерді іске асыруды талап етеді.

Экономикалық өркендеу қарқынымен жетілдіру процесі экономика интеграциясын кеңінен дамыту процесімен қатар өрбіп отырады, көптеген шаруашылық міндеттер осы процесті ескере отырып шешіледі.

 

2.2 Посткеңестік интеграциялық процестер: маңыздылығы және тиімділігі

 

Қазіргі кездегі халықаралық қатнастар мемлекеттің сыртқы саясатына өз ізін қалдыратын дамудың басты тенденцияларының қатарымен сипатталынады.

Қазіргі адамзаттың өмірі үшін шаруашылық байланыстардың болуы және қарқынды дамуы, тауар мен қызметтің әлемдік рыногының қалыптасуы, мемлекеттердің экономикалық өзара тәуелділігіне, өз мүдделерінің өзара түйісуіне алып келетін жалпығаламдық шаруашылық кешенінің біртінді қалыптасуы аса өзекті. Осы негізде әлемдік сауда дамиды, қаржы инвестициялары жүзеге асады, қазіргі заманға сай техналогиялар игеріледі және өндіріледі, коммуникация мен ақпаратты қамтамасыз етудің қазіргі заманғы құралдары жасалынады яғни постиндустриалды өркениетке тән сипаттағы істер атқарылады. 

ХХ ғасырдың 80 – жылдарының соңындағы басты дүниежүзілік оқиға – Кеңес Одағының ыдырауы. Жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында қоғамдық өмірді қайта құру, көп жылдар бойы қалыптасқан экономикалық және гуманитарлық қатнастарды сақтай отырып, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру мен нығайту мәселелері пайда болды. Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер бұрынғы Одақтан әміршілік-бюрократиялық басқарудың әкімшілік органдарын, жоспарлы-бұйрықты және шығынды экономиканы мұраға алды, бірақ олар саясат және сыртқы экономикалық іс-әрекеттің ескі принциптері мен әдістерін қабылдамады. Енді өзара және үшінші мемлекеттермен қатнаста заман ағымына сай жаңа нормалар мен ережелер қажет болды.

Бұрынғы Одақ мемлекеттері ұйымдық-құқықтық вакуумге түсіп қалды, себебі ескі нормалар мен механизмдер жойылып кетті, ал 2-ші таблица жаңалары әлі қалыптастырылмады. Оларды қайта құру, бұрынғы бауырлас республикалар арасында пайда болған қарама-қайшылықты шеше отырып, өздерін әлемдік қауымдастықтың өркениетті, егеменді субъектісі ретінде көрсету қажет болды.

                                                                                                               2-кесте

Интеграциялық процесті дамытуға бағытталған шаралар және оны іс жүзіне асыру нәтижесі

Шаралар

Күтілетін нәтижелер

1. тарифтік және тарифтік емес шектеулерді

·                   алып тастау

·                   тауар айналымын көбейту;

·                   өндіріс көлемін көбейту;

·                   бюджетке салықтың түсімін көбейту.

2. Біртұтас кедендік территория құру: ортақ кедендік тарифті қолдану, кедендік одақтың ішкі шекараларында бақылауды алып тастау

·                   үшінші елдерге қатысты сыртқы біріңғай саясат жүргізу;

·                   экспортты көбейту;

·                   ішкі шекараны қорғау шығындарын азайту.

3. Тауарлардың ортақ нарығын қалыптастыру

·                   ішкі тауарлар нарығын көбейту;

·                   өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірістің өсуін ынталандыру;

·                   салықтар түсімін көбейту.

4. Өзара толықтырушы өндірісті дамыту

·                   қайталанатын жаңа өндірісті құру шығындарын қысқарту;

·                   жұмыс орындары санын көбейту;

·                   материалдық шығындарды қысқарту.

5. Еңбек нарығын дамыту

·                   халықты жұмыспен қамтамасыз ету және оның табыстарын көбейту;

·                   халықты әлеуметтік қорғау;

·                   азаматтардың қозғалыс, мекен-жайын таңдау, білім алу, медициналық қызметті пайдалану  және т.б. еркіндіктерін шешуді азайту.

6. Капиталдың еркін қозғалысы

·                   өтеу-есептік қатнастардың тиімді жүйесін құру;

·                   кәсіпкерлік және инвестициялық іс-әрекетті дамыту;

·                   экономикадағы инвестициялардың көбеюін қамтамасыз ету.

7. Қызметтер нарығын дамыту

·                   өндірістік, өндірістік емес, сауда, тұтыну қызметтер көлемін ұлғайту;

·                   бюджетке салықтық түсімдерді көбейту.

8. Ортақ аграрлық нарық

·                   ауылшаруашылық өнімдер көлемін көбейту;

·                   азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

·                   тамақ өнімдерінің сапасын арттыру.

9. Ортақ бағдарлама мен жобаларды іске асыру

·                   тиімділігі жоғары өндірістерді қайта құру және жаңадан қалыптастыру;

·                   біртұтас ғылыми-техникалық кеңістікті қалыптастыру.

 

Сондықтан 90-шы жылдар жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасу кезеңі болды. Бірақ бұл онжылдық бір-біріне қарама-қайшы екі қоғамдық тарихи процестермен сипатталынды.

Біріншіден, бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ұйымдық-құқықтық тәркіленіп, экономикалық қалыптсуы. Ол экономикалық дербестікті қалыптастыру жолында өзіндік қаржы-бюджеттік, валюталық, салықтық, кедендік жүйелердің және де тәуелсіз мемлкетттің басқа да міндетті құрамаларының пайда болуынан басталады. Жаңа мемлекеттердің барлық іс-әрекеті басты мақсатты шешуге – егемендікті орнықтыру мәселесіне бағындырылды.

Екінші процесс – бұл халықаралық нормаларға негізделген өзара жаңа саяси және экономикалық қатнастар қалыптастыру қажеттілігі. Процесс қатаң орталықтандырылған қоғамдық-экономикалық жүйенің біртұтас тоталитарлық мемлекеттің күшті әрі жан-жақты ықпалымен өтті. Бұл ықпалды бұзу және жаңа қатнастардықалыптастыру біршама ұзақ мерзімді қажет етті (шамамен 1994 жылға дейін).

Кейбір саясаткерлер басты мақсатты жаңа туған мемлекеттер интеграциясы деп таныды. Осыған байланысты 1991 жылы Беловеж келісімі нәтижесінде біртұтас мемлекет ыдырап, орнына жаңа 15 мемлекет пайда болды. Оның 12-сі – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 1991 жылдың 8-ші желтоқсанындағы ТМД құру туралы Беловеж Келісімі мен Келісімнің Протоколына және 1991 жылдың 21-ші желтоқсанындағы Алматы декларациясына сәйкес құрылды. Оған ыдыраған Одақтың 12-і мемлекеті кірді: Азербайжан, Армения, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркменстан, Украина, Өзбекстан.

1992 жылы қол қойылған ТМД-ның Жарғысы бірнеше бөлімдерден тұрады: мақсаты мен принциптері, ұжымдық қауіпсіздік және әскери-саяси ынтымақтастық, дау-жанжалдың алдын алу және келіспеушілікті бейбіт жолмен шешу; экономикалық, әлеуметтікжәне құқықтық салаларда бірігіп әрекет ету; Достастық органдары, парламенттарлық ынтымақтастық, қаржы-қаражат мәселелері. Достастықты құру негізінде мына прициптер жатыр: мүше мемлекеттер егеменді, тең, халықаралық құқықтың дербес және тең құқылы субъектілері болып табылады[7].

Жаңа мемлекетаралық құрылымның мақсаттары:

  • саяси, экономикалық, экологиялық, гуманитарлық және мәдениет салаларында ынтымақтастықты іске асыру;
  • ортақ экономикалық кеңістік шеңберінде мүше мемлекеттердің жан-жақты және тепе-тең экономикалық және әлеуметтік дамуына, мемлекетаралық ынтымақтастық пен интеграцияға барынша көмектесу;
  • көпшілік таныған халықаралық құқық және Европадағы қауіпсіздік пен әрекеттесу ұйымның (ОБСЕ) құжаттарындағы нормалар мен принциптерге сәйкес адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын қамтамасыз ету;
  • халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаты мен мүше елдердің өзар ынтымақтастығы; қаруландыруды және әскери шығындарды қысқартуға тиімді шаралар қолдану, ядролық қаруды және көпшілік зақымға ұшырайтын қаруларды жою, толық және жалпылама қарусыздандыруға жету;
  • мүше мемлекеттер арасындағы дау-жанжал мен келіспеушілікті бейбіт жолмен шешу.

ТМД-ның негізгі органдары:

  • Мемлекет басшыларының Кеңесі – Достастықтың жоғарғы органы;
  • Үкімет басшыларының Кеңесі – мүше мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және басқа да салаларда ынтымақтастығын үйлестіретін атқарушы орган;
  • Координациялық-кеңес комитеті – ТМД-ң тұрақты атқарушы және үйлестіруші органы;

ТМД-ның басқа органдары: шетелдер министрлерінің Кеңесі, қорғаныс министрлер Кеңесі, Достастыққа мүше елдердің әскери ынтымақтастығын координациялайтын Штаб, Экономикалық сот, Мемлекетаралық банк, Парламентаралық ассамблея және т.б..

1993 жылыдың 24-ші қыркүйегінде Достастық елдері Экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қойды. Оның басты перспективті мақсаты- жаңа нарық кезінде біртұтас экономикалық кеңістікті өз еркімен, кезеңді түрде қайта жандандыру да, тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету, үйлестірілген ақша-несие, бюджет, баға, салық салу, валюталық, кедендік тариф саясатын жүрігізу, дербес кәсіпкелікті және инвестицияларды ынталандырумен қатар өндірістік коперацияны және кәсіпорындар мен салалар арасындағы тікелей байланысты қолдау, шаруашылық заңдарды үйлестіру болып табылады.

1994 жылы ТМД елдерінің елбасылары кедендік одақ құруға тағы бір қадам ретінде еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге қол қойды. Ол ТМД шеңберінде кедендік және басқа да төлемдерді кезеңді қысқартуды және артынша Мемлекетаралық экономикалық кеңес құруды көздейді.

Бірақ іс жүзінде интеграция тағыда  сәтсіз болды. Достастық елдері қол жеткен әлеуметтік-экономикалық нәтижелер қанағаттанарлық болмады. 1995 жылы Грузияда жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) 90-жылғы көлемнің 20%-ға жуығын құрды, Армения, Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Украинада – 40-50% шамасында, Ресей мен Белоруссияда – 60% . Өнеркәсіптік өнім көлемі Грузияда 90-шы жылдардың 17-%-ын, ал Түркмения мен Беларуссияда – 60%-дан астамын құрды. 1990-1995 жылдар аралығында Өзбекстанның жалпы ұлттық өнімі 20%-ға төмендеді, ал өнеркәсіптік өнім көлемі 90-шы жыл деңгейінде сақталды. Қаржыландырудың барлық көздерінен капиталдық инвестициялардың көлемі күрт азайды. ТМД елдерінің халқының өмірлік деңгейі төмендеді.

Ресейдің әлеуметтік-саяси зерттеулер Институтының ғалымдары жасаған талдауы нәтижесінде, негізгі әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы, экономикалық дағдарыстан шығуы және интеграциялық процесс бойынша ТМД елдерін 3 топқа бөлуге болады.

Бірінші топ. Өзінің экономикалық саясатын тәуелсіздігіне толық негіздеп, оны басқа елдермен үйлестіруден бас тартатын мемлекеттер. Үкіметаралық деңгейде тек мемлекетаралық жалпы сұрақтарды реттейді (өзара төлем, қосалқы салық салуды алып тастау және т.б.). Интеграцияланудың басты себебі- тек шаруашылық субъектілерінің басқа мемлекеттер кәсіпорындарынан тәуелділігі болып табылады. Іс-әрекетінің сипаты боынша бұл топқа Түркменстан мен Украинаны жатқызуға болады.

Екінші топтың мемлекеттері өз кәсіпорындарының шетелмен нарықтық қатнастарын қолдап, ынтымақтасуды мемлекетаралық реттеуге белсенді қатысады: кооперация саласында кедендік тәртіп үйлестіру, капитал мен жұмыс күші қозғалысы шектеуден бас тарту, өзара төлемдер механизмдерін реттеу және т.б.. Бірінші және екінші топтың аралық вариантына Әзербайжан, екінші топқа – Достастықтың Орталық Азияға мүше мемлекеттерін жатқызуға болады.

Достастық елдерінің үшінші тобына кіретін мемлекеттер мемлекетаралық интеграцияның жоғары деңгейімен сипатталынады. Бұл мемлекеттер және осы елдің шаруашылық субъектілері кең ауқымды мәселелер бойынша өзара әрекеттеседі, капитал мен жұмыс күшінің қозғалысына барынша қолайлы жағдай жасап, банк заңдарын, салық және ақша-несие саясатын үйлестіруде. Бұл топқа Ресей мен Белоруссияны белгілі дәрежеде Қазақстан мен Қырғызстанды жатқызуға болады.

ТМД елдерінің шеңберінде интеграциялық процесс өте баяу қарқынмен жүрді. Өткен жылдар қоғам өмірінің барлық салаларында керісінше «табысты кері интеграция» деп атауға болады. Ұлттық бюракратияның саяси мүдделері мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік мүдделерінен басым болуда.

Жалпы, бұрынғы Одақ республикаларының дамуын келесі кезеңдерге бөлуге болады: 80-шы жылдардың соңы – Одақ ыдырауының саяси және экономикалық себептерін жетілуі, 90-шы жылдар бұрынғы ҚСРО территориясында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы, жаңа ғасырдың алғашқы он жылдығы – осы мемлекеттердің интеграциялық жақындасуы.

Достастықтың 8 жылдық өмірінің қорытындысын бір жақты бағалауға болмайды. Басында оған жаңа мемлекеттерді белгілі формада біріктіретін ұйым ретінде үлкен үміт жүктелген. Себебі іс жүзінде Достастықтың 12 мемлекеттің әрекеттесу, кеңесу, ортақ мәселелерін талқылаудың түріне айналды. Достастық бойынша серіктестермен келісілген, қол қойылған келісімдерге қарамастан әрбір мемлекет дербес ішкі және сыртқы саясатын, қаражат- бюджеттік әрекетін жүргізіп отыр.

Достастық іс-әрекетінің негізгі 4 бағытын бөліп қарастыруға болады: саяси, экономикалық ынтымақтасу, әскери салада өзара әрекеттесу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, гуманитарлық ынтымақтасу. ТМД елдерінің қарым-қатнасының негізгі экономикалық ынтымақтасу болып табылады, бірақ бүгінгі таңда бұл көбіне саяси бірігу. Қазір бүкіл дамыған әлем регионалды еркін сауда аймақ, кедендік одақ, экономикалық одақ сияқты ұйымдар құруда. Олардың басты мақсаты- дамытуды тездету үшін нарықтық тиімді негізде қорларды (ресурстарды), ғылыми-практикалық және өндірістік потенциалды біріктіру, кооперациялау мен мамандану, халықтар үшін жақсы өмір жасау. Осы бағытта әлем, әсіресе Европа, Америка, Оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттері зор нәтижеге жетті.

Посткеңестік кеңістіктегі экономикалық әрекеттесу әлі қанағаттандырарлықтай деңгейге жеткен жоқ.

ТМД елдерінің бірде-біреуі өз егеменді елінің территориясында бірде-бір қоғамдық маңызы бар өнім өндірудің аяқталған цикліне ие болмай отыр. Біздің елдеріміздің басты сауда серіктестері бұрынғыдай достық елдері болып қалуда, олардың үлесіне экспорт пен импорттың барлық көлемінің 44%-нан — 80%-на дейінгі экспортты, 44%-дан — 71%-ға дейінгі импорты түсуде.

Әлемдік шаруашылық қатнастарға енген сайын икізат пен құрама бөліктермен жабдықтаушыларды ауыстыруға болады. Бірақ дамыған мемлекеттер бізді өнімін тұтынушы нарыққа айналдырғысы келеді, ал егер бір нәрсе алатын болса, тек арзан шикізатты таңдайды.

Бүгінгі күні басты тосқауыл – ТМД елднрінің арасындағы экономикалық шекаралар. Өзара саудадағы кедендік баждар мен акциздер, әртүрлі салымдар, әкімшілік шектеулер өнім құнын өсіруде, бартер, сауда операцияларын криминализациялау жағдайды үдетуде.

Қалыптасқан жағдайда экономикалық интеграция процесін тұғырықтан шығарудың бірден-бір жолы – ТМД елдерінің қазіргі таңда жақын экономикалық әрекеттесуге нақтылай дайын мемлекеттер арсындағы біртұтас экономикалық кеңістік құру болып табылады. Әрине, бұл басқа ТМД елдерінің объективті қалыптасқан жағдайда тиісті түсінуін талап етеді.

Бүгінгі күнде ТМД бір қатар субрегионалдық экономикалық топтарға айналды. Оның ішінде: Ресей мен Белоруссия Одағы, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей Қауымдастығы, Орталық Азия (Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан) және Шығыс Европа (Украина, Молдова) топтары, ГУАМ (Грузия, Украина, Әзірбайжан, Молдова).

Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Кедендік Одақ құрды. 1995 жылдың 6-шы қаңтарында Ресей Федерациясы мен Белоруссь Республикасы Кедендік Одақ құру туралы Келісімге қол қойды. Ол мына принциптер негізінде жасалған:

  • өзара тиімді және теңестірілген экономикалық қатнастарды дамытуды көздеу;
  • БҰҰ құжаттарында бекітілген, демократиялық принциптерге сүйеніп, азаматтары мен аамдарының құқықтары мен еркіндіктерін дамыту;
  • ГАТТ/ ВТО ережелерінде жалпылама қабылданған нормалар мен прициптерді мойындау;
  • өзара экономикалық ынтымақтасудың еркін дамуын қабылдау;
  • Экономикалық Одақ құру туралы Келісімді іске асыру қадамы ретінде кезеңді Кедендік Одақ құру.

Кедендік Одақ құрудың маңызды мақсаты – бұл шаруашылық субъектілерінің еркін экономикалық қарым-қатнасындағы тосқауылды алып тастау арқылы ортақ іс-әрекетті қамтамасыз ететін екі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық прогресі. Одақ экономиканың тұрақты дамуына, еркін тауар айырбасы мен бәсекеге кепілдік береді, мүше мемлекеттердің экономикалық саясатын үйлестіруді нығайтуға және ұлттық шаруашылықты жан-жақты дамытуды қамтамасыз етеді. Кедендік Одақтың мүше мемлкеттерінің ортақ экономикалық кеңістіктің қалыптстырылуы және әлемдік нарыққа белсенді шығуы көзделіп отыр.

Келісуші жақтар Кедендік Одақты мүше мемлекеттердің ортақ кедендік территориясы және нарықтық шаруашылық принциптері мен үйлестірілген заң шығарушылыққа негізделген мемлекеттердің экономикалық бірлестігі деп анықтайды.

Ортақ кедендік территорияны қалыптастыру мына жолдармен іске асырылады:

  • Келісуші мемлекеттер арасындағы саудада олардың территориясында өндірілген тауарлар үшін кедендік баж салығы және сол сияқты әсері бар барлық төлемдерді, сандық шектеулерді алып тастау;
  • Үшінші мемлекеттермен қатнаста бірдей сауда тәртібін, ортақ кедендік тариф пен сыртқы сауданы реттейтін тарифтік емес шараларын қаолдану;
  • Кедендік Одақтың үшінші мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатнас механизмдерін Ресей мен Белоруссияның 1994 жылдың 12-ші сәуірінде қол қойылған сыртқы экономикалық іс-әрекетіндегі Ортақ тәртіп туралы Келісім шарттары негізінде қалыптастыру.

Келісуші жақтар Кедендік Одақ құрудың механизмі мен кезеңдерін белгіледі. Алғашқы кезеңде 1994 жылдың 15-ші сәуірінде қол қойылған еркін сауда аймағын құру туралы Келісімі қолданылып, Ресей мен Белорусь арасындағы 1995 жылдың 6-шы қаңтарынан бастап алымсыз және шектеусіз еркін сауда тәртібін енгізу туралы Протоколына сәкес өзара саудада тарифтік және сандық шектеулерді алып тастау көзделді. Сонымен қатар өзара саудада шектеулерді алып тастау 1994 жылдың 12-шы сәуірінде жасалған Келісімінде жасалған Келісімінде қолдану негізінде іске асырылады. Нәтижесінде сыртқы экономикалық байланыстарды ретеудің пара-пар жүйелері (оның ішінде тарифтік және тарифтік емес реттеуде), үшінші елдермен қарым-қатнаста бірдей сауда тәртіптері, ортақ кедендік тарифтер мен тарифтік емес реттеу әдістері қалыптастырылады.

Кедендік Одақ құру туралы Келісімде сыртқы экономиалық іс-әрекеттке қатысты сыртқы саудада, кедендік, валюталық-қаражаттық, салықтық және басқа да заң жүйелерінде үйлестіру көзделді. Бұл келісуші мемлекеттердің шаруашылық субъектілеріне нарық принциптеріне сәйкес тең мүмкіншіліктер мен кепілділіктер береді, сонымен қатар баға саясатына қатысты, валюталық реттеу мен бақылауда, экспорттық бақылауда, интеллектуалды меншікте қолданылады.

Сонымен қатар құжаттарда келісуші жақтар Кедендік Одақтың үшінші мемлекеттер және халықаралық ұйымдармен қарым-қатнастарында өкілділікті беру механизмін қалыптастыру туралы сөз қозғады.

Кедендік Одаққа мүше мемлекеттер құқық қолдану тәжірибесі мен әдістердің біртектестігін бақылауды қамтамасыз ету үшін:

  • үшінші мемлекеттерге тауардың рұқсат етілмеген реэкспортын жібермеудің сенімді бақылау механизмдерін орнату;
  • екі жақты және жан-жақты негізде сауда мен саудалық емес операциялар бойынша төлем-есептік қатнастарды орындау;
  • шаруашылық етудің экономикалық жағдайларын жақындастыру;
  • сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу;
  • келісуші мемлекеттердің сыртқы кедендік шекараларында сенімді кедендік бақылау орнату.

Бірінші кезеңде белгіленген шараларды іске асырғаннан кейін, екінші кезеңде келісуші мемлекеттердің кедендік территориясы ортақ кедендік территорияға біріктіріліп, Кедендік Одақтың халықаралық құқық субъектілігітуралы және қолданылған халықаралық келісімдер мәселесін шешу қажет.

Үшінші жақты Кедендік одақ принциптерді сақтау негізінде қалыптасты:

  • нарықтық қатнастар негізінде бір тиіпті экономикалық механизмдер;
  • кезеңділік, яғни қажетті шартарды іс жүзінде орындағаннан кейін келесі кезеңге өту мүмкіншілігі;
  • кедендік территория мен басқару бірлігі;
  • сыртқы экономикалық іс-әрекетті, оның ішінде үшінші мемлекеттермен де, реттеудің сәйкестілігі;
  • экономикалық саладағы қабылданатын шешімдердіңүйлестігі;
  • әрбір мемлекеттің әлемдік экономикадағы интеграция процесіне кедергі жасамау.

Кедендік одақ құру нәтижесінде алғашқы кезеңде өзара саудада тарифтік және сандық шектеулер алынып тасталынды, сыртқы сауда саласын тарифтік және тарифтік емес реттеуге қатысты нормативтік құжаттарды үйлестіру бағытында жұмыстар жүргізілді, мемлекеттер территориясына әкелінетін тауарларға акциздік ставкаларды унификациялау аяқталынды, үшінші елдерге қатысты сауда тәртіптерінің толық сәйкестендірілуіне қол жеткізілді, бірігіп кедендік статистика жүргізу мен акциздік тауарларды кедендік тәркілеудің ортақ тәртібі анықталды.

Сонымен қатар, авиациялық-жолаушы байланыста жүйелікедендік бақылауды алып тастау көзделінуде. Тауарларды жеткізуді қамтамасыз ету мен бақылау тәртібі бойынша нормативтік құжаттар қабылданды және де сыртқы шекараны бақылауды күшейтуде техникалық жәрдемдесу бойынша шаралар қарастырылды. Кедендік, валюталық және экспорттық бақылау туралы заңдарын унификациялау, кедендік баж салығы мен салықты өзара есептеу механизмін қалыптастыру, кедендік қызметерді басқарудың бірлігін орнату, Кедендік одақтың сыртқы шараларында біріккен кедендік бақылауды ұйымдастыруда, ортақ шекараларда кедендік бақылауды алып тастау сияқты кедендік мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды.

Кедендік Одақтың негізгі құжаты – бұл 1996 жылдың 26-шы наурызындағы Келісім. Бұл келісімнің басты мақсаты біздің елдеріміздің материалдық және интеллектуалдық потенциалын тиімдірек қолдану негізінде экономиканың өрлеуін, халықтың өмірінің материалдық және рухани деңгейін көтеру, тұрақты демократиялық дамуды қамтамасыз ету.

Келісімнің басқа бөлімдері демократиялық институттарды дамыту, адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету, заңдарды үндестіру, ұйымдасқан және экономикалық қылмыспен, халықаралық терроризм мен нашақорлық бизнеспен күрес, қоршаған ортаны қорғау мен халықаралық аренада ынтымақтасу сияқты салаларының нормлары мен тәртіптеріне арналған.

Келісім көзделген мақсаттарға жету үшін интеграцияны басқарудың біріккен органдары құрылды: Мемлекетаралық Кеңес, Мемлекетаралық кеңес тұсындағы үкімет басшыларының Кеңесі, Интеграциялық Комитет, Парламенаралық комитет.

Интеграцияны басқарудың басты органы болып Мемлекетаралық Кеңес болып табылады. Оның ішінде жақтардың мемлекет басшылары, үкімет басшылары, шетел істер министрлері кіреді және де кеңесу дауыс құқығы бар Инеграциялық Комитеттің Төрағасы бар.

Интеграциялық Комитет қызметінің негізгі бағыттары: Біртұтас Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру; білім алу және ғылым мен мәдениет жетістіктерін қолдануда тең мүмкіншіліктерді қалыптастыру; заң шығарушылықты үйлестіру; сыртқы экономикалық саясат бағытын үйлестіріп жүргізу; сыртқы шекараны бірігіп қорғау; қылмыс және терроризммен күрес жүргізу.          

 

2.3 ҚР әлемдік интеграциялық қатнастар жүйесіндегі орны

 

Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды:

  1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатнастардың субъектісі ретінде қабылдауы.
  2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принциптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау.
  3. Халықаралық қатнас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту.
  4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру.
  5. Халықаралық қатнастар мәдениеті: дипломатия мен дипломтиялық қызметті қалыптастыру.

Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық тұтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы тұрғыда бірқатар табыстарға қол жеткізіп, БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлем мемлекеттерінің барлығымен дипломатиялық байланстар орнатты.

Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды.

Біріншіден, КСРО-ның құлауы, осы алып мемлекеттің жойылуы қазіргі кездегі әлемнің басты мемлекеттерінің үкіметтері тарапынан оң құбылыс ретінде қабылданды. КСРО құлағаннан кейін оның территориясында пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді басқа мемлекеттердің үкіметтері, БҰҰ және оның құрылымдары тез арада таныды.

Екіншіден, ел басшылығының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің анық құқықтық негізі қалыптасты. 1990 жылдың 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдады. Осы құжаттың негізгі ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конститутциялық заңда, 1993 жылғы Консттитутцияда нақтыланған. Осы құжаттарда Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі принциптері көрсетілген: ашықтық, бейбітшілікті жақтау, тең серіктестік, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту,басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, сондай-ақ БҰҰ және оның құрылымдары шеңберінде қабылданған барлық халықаралық міндеттерді орындау.

Үшіншіден, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін көтеру және оның легитимділігі экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуге: қоғамдық өмірдің мемлекеттен тыс және дербес болуына, демократиялануына мүмкіндік береді.

Төртіншіден, әлемдік қаымдастыққа кіруде Қазақстан Республикасының ішкі саяси тұрақтылығы ерекше мәнеге ие болды. Осының нәтижесінде Қазақстанды әлеуметтік қауымдастыққа, алдыңғы қатарлы елдерге жақындататын инновациялық мәселелерді жүзеге асыруда елдегі әлеуметтік жағдайды болжауға болады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде сыртқы саяси қызметтің нақты принциптері негізінде қызмет ету және мүдделерін халықаралық аренада бейнелейтін жеке сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалауы керек.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі легитимделуінде, оның негізгі сыртқы саяси принциптерін, құндылықтары мен басымдықтарын дамытуда Президентіміздің көрнекті рөл атқарғанын ескере кеткеніміз жөн.

Қазақстан Республикасы қазіргі әлемнің ірі мемлекеттерінің мүдделері астасып жатқан күрделі геосаяси кеңістікте орналасқан. Бұл жағдай «мемлекет басшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатнастарда Қазақстанның атынан өкілділік ететін ең жоғары лауазымды тұлға» (Қазақстан Республикасының Конститутциясының 40-бабы) болып табылатын ел Президентінен саяси ерік пен бастаманы, ойластырылған және салмақты әрекетті, шешімдер мен шараларды қабылдау қабілеттілігін талап етті.

Осы тұрғыда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев тарапынан ұсынылған еуразиялық идеясы ерекше мәнге ие. Бұл идея ТМД мемлекеттерінің интегративтік мүмкіндіктерін, яғни ТМД шеңберіндегі интеграцияны, сондай-ақ экономикалық және сыртқы саяси мүдделерді еуразиялық жақын басқа елдердің қатыстырылуын қамтиды.

Қазіргі еуразиялық идея өркениет дамуы жүйелерінде мемлекеттердің жан-жақты ынтымақтастығы үшін аса кең геосаяси кеңістікті құруды көздейді. Еуропа мен Азияны жалғастыратын тарих және дәстүрлі көпір ретінде Қазақстан еуропа елдерімен де, азия елдерімен де өзінің экономикалық байланыстарын кеңейтуге кең мүмкіндік алады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еуроазиялық идеясы біздің болмысымыздың геосаяси, экономикалық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, этникалық шындығы болып табылады. Осы негізде ҚР үкіметі Президенттің басшылығымен екіжақты және көпжақты келісімдерді, қазақстандық шекараның тыныштығын сақтап, қақтығыстарды болдырмауды қамтамасыз ететін өзімен көршілес барлық елдермен келісім-шарттар жасауды қалыптастыру бойынша белсенді саяси қызметтер атқаруда.

Қазақстан еуропа елдерінің барлығымен дерлік дипломатиялық қатнастарды жолға қоя отырып ОБСЕ, НАТО тәрізді еуропалық мемлекетаралық ұйымдармен де байланыс орнатты. Қазақстанның НАТО-мен біріккен жатқызулар өткізу үшін әскери бөлімдерді дайындау бойынша жеке ынтымақтастық бағдарламасы бар. Бұл қазақстандық әскери контингенттің БҰҰ бітімгершілік акцияларына қатыстырылуына мүмкіндік береді.

Қазақстан үшін сыртқы саяси басымдықтардың арасынан Ресеймен мемлекетаралық байланыс ерекше мәнге ие. Ресей империясының қол астында, одан кейінгі көпұлтты мемлекеттік құрылым КСРО-ның құрамында болған Қазақстан тарихи және дәстүрлі аграрлық-шикізат көзі болды, сондықтан Орталыққа метрополия ретіндегі Ресейге экономикалық тәуелді еді.

Осы жағдай Қазақстанның шаруашылық инфрақұрылымының Ресейге толықтай тәуелділігінің қалыптасуына алып келді және оның салдары экономикалық тұрғыда оны Ресейге оның ішкі проблемаларына қатыстырады. Ресейдегі экономикалық тоқырау мен қиындықтар соған сәйкес бізде де көрініс тауып отыр. Ресейдегі экономикалық жандану біздің экономикамызды да жақсы жақтарын көрсетеді.

Осы жағдайлардың барлығы мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің шынайы негізі – көп векторлы сыртқы саясаттың қалыптасу қажеттілігін тудырады. Бірақ біздің сыртқы саясатымыздың ресейлік векторы көп позия жағынан басымдыққа ие. Көптеген халықаралық бойынша Қазақстан мен Ресей біртұтас немесе жақын позияларда болды.

Қазақстанның сыртқы саясатында өздерінің тарихи тағдыры, этномәдени құндылықтары бойынша туыс халықтар өмір сүретін Орталық Азия аймағы ерекше орын алады. Бұлар түркі тілдес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, сонымен қатар Тәжікстан мемлекеттері. Халықтар арасында қалыптасқан осы тарихи байланыстар, тарихтың, мәдениеттің, тілдің ортақтығы елеулі дәрежеде осы мемлекеттерді жақындата түседі. Бұл халықаралық аренада біртұтас келісілген позиция тұрғысынан көрінуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның сыртқы саясатының ерекше аспектісі Қытай екендігі сөзсіз. ҚХР-мен достық, тату көршілік қатнасты жолға қою – Қазақстан басшылығының сыртқы саясатының аса маңызды проблемасы. Осы саладағы біздің міндеттеріміз – Қытаймен арадағы шекараны делимитациялау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сауда-экономикалық шарттарға отыру, мәдени айырбасты дамыту. Қытай – бұл жақын көршілес, тез дамып келе жатқан аса ірі этно-демократиялық массив, ядролық держава, супердержава ретінде ХХІ ғасырда халықаралық қатнастарда басты рөлдерді атқарады.

Қазақстан Республикасының басшылығы жүргізіліп отырған сртқы саясатта қазіргі әлемнің бастымемлекеттері де назардан тыс қалмайды. АҚШ, Германия, Англия, Франция және басқа еуропалық мемлекеттер ең алдымен, мүмкін болатын инвесторлар мен сауда серіктестіктері ретінде қызықтырады; осындай қызығушылық Азияның алдыңғы қатарлы елдері Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Түркия, Иранға да артуда. Қазақстан осы елдердің барлығымен дерлік үздіксіз дамып отырған сыртқы саяси байланыстарды, дипломатиялық қатнастарды жолға қойды.

Қазақстан Республикасының басшылығы Ауғанстан, Таяу Шығыс, Балқан елдері тәрізді «дағдарысты аймақтарға» да назар аударуда. Қазақстанның бұл жерде жеке геосаяси мүдделері жоқ болса да, біз осы «дағдарыс аймақтардың» әлемге тудырып отырған қауіптілігін сезінеміз.

Мемлекет басшысының халыққа арнаған биылғы жолдауында өңірдегі мемлекеттің одағын құру туралы бастама жария етілді. Жолдаудың «Өңірдегі жағдай туралы» тармақшасының мазмұнынан Орталық Азиядағы қазіргі жағдай алаңдаушылық туғызатыны айқын аңғарылады. «Ұлы державалардың осы өңірде экономикалық басымдылыққа ие болу жолындағы бәсекелестігінде байқап отырмыз» деген сөйлемнің астарында көп мәселе жатыр. Сол ұлы державалардың яғни ұлы күштердің тепе-теңдңгін сақтамау, олардың басымдық беру қиынға соқтыруы мүмкін. «Осы жаһандық геоэкономикалық проблемаға қатысты дұрыс ұстанымда болуымыздың маңызы үлкен» деген ескертулердің айтылуы жайдан жай болмса керек.

«Біздің алдымызда таңдау тұр» делініп, соның мүмкін болатын нұсқалары айтылады: әлемдік экономикада келесі бір империяның келуін күту немесе Орталық Азия өңірінің барынша интернациялануына қарауына қадам жасау. Бұл тұрғыда Орталық Азия экономикалық қауымдастығын, тағыда басқа бірлестіктерді айтуға болады[9].

Бұрынғы ұсынылған интеграциялық жобаларды сәтсіздікке ұрындырған негізгі себептердің қатарында әлдеқайда тығыз бірлесу үшін нақты экономикалық алғы шарттардың болмауыда, Орталық Азияның кейбір мемлекеттерде жалпы қауіпсіздіктің нашарлауына байланысты тәуекелдің жоғарлығы да, экономикалық дамудың әркелкілігіде айтылады.   

Қазақстан бүгінгі таңда жоғары экономикалық даму қарқынына жетіп отыр. 2004 жылы республикамздың сыртқы сауда айналымы 55 пайызға өсті. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз 2713,8 долларға жетті. Бұл реформаға дейінгі 1990 жылға қарағанда 12,9 пайызға артты. Биылғы жылы бұл көрсеткіш болжағандай, 3 мың долларға жетеді деген сенім бар. Біз осы жағынан Ресеймен, Шығыс және Оңтүстік Европа елдерімен теңесе бастады.

Әлемдік экономикадағы ахуал мұнай өндіруші елдердің көшбастаушы позисиясын сақтайтынын көрсетеді. Қазақстанда мұнай өндіруді үш есе ұлғайтып, жылына 150 млн. тонна мұнай шығару көзделіп отыр. Бізде қара және түсті металдарды да өндіру артады. Мұның бәрі экономикалық тепе-теңдікті ұзақ мерзім бойы ұстап тұрады. Экспорт 56 пайызға, импорт 52 пайызға өсті, сонымен мұнай өнімдерінің қымбаттай түсуі де оң әсер етеді.

Ел экономикасының шикізаттық емес салаларындағы ұзақ мерзімді мамандануын айқындайтын 5-7 кластерін жасау мен дамытудың, ұлттық инновациялық жүйені түбегейлі қолға алудың да маңызы зор.

Біздің елде жаңа экономика негіздері де жасалуда. Ақпараттық саланың әлеуеті қарқынды даму үстінде. Банкілік төлем карточкасының саны 2,4 млн-ға жетті, ұялы телефондарды қолданушылар 2 млн-нан асып кетті, 2 млн-ға жуық адам интернетке шыға алады. Таяуда ақпараттық технология паркінің алғашқы кезегі іске қосылып, отандық спутник ұшырылады. Әлеуметтік саясаттың да жемісті айағы сол, бүгінгі күні әлемдік қаымдастық Қазақстанға көз тігіп, сеніммен қарауда.

ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат жүргізу қажет.

Ресей, Қытай, АҚШ, Европалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттары болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі.

Қазақстанның қауісздігін қамтамасыз ету және ел ішіндегі реформаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Үкіметтің алдында осы мемлекеттермен арадағы негізгі шарттар мен келісімдерді бұлжытпай жүзеге асыру міндеті тұр.

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараларды делимитациялау туралы шарттың маңызы зор. Тарихымызда тұңғыш рет біз өзімідің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен заң жүзінде ресімделген мемлекеттік шекараға ие болдық. Бұл біздің мемлекеттік құрлыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын ұлттық қауіпсіздіктің маңызды кепілі.

Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескірілген жағдайда Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз.

Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына, ТМД, ЕурАзЭҚ-ты реформалауға, ЕЭК-ті құру жөніндегі жұмыстарға ерекше мән беріледі.

Біздің еліміз үшін барлық бағыттар бойынша ЕҚЫҰ-мен іс-қимыл жасау маңызды болып қалады. 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге біздің кандидатурамыздың ұсынылуына барынша жауапкершілікпен қараймыз. Бүгінгі бастамалар сонымен қатар осы мақсаттарға қол жеткізуді көздейді.

Қазақстанның әлемде қуатты экономикасы бар әрі халықаралық қауымдастығы тұғыры берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын да естен шығармағанымыз абзал. Бұл мәртебені қастерлеуіміз және еліміздің қазіргі әлемдегі беделін нығайту үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек[8].  

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Негізгі әдебиеттер:

  1. Интеграция Казахстана в мировую экономику: проблеми и перспективы. Отв. Ред. М.Б. Кенжегузин. – Алматы.: Институт экономики МОиНРК,1999.
  2. Токаев К.К. Внешняя политика Кзахстана в условиях глобализации. – А.:2000.
  3. Киреев А. Международная экономика. В 2-х частиях. – М.: Международные отношения, 2000.
  4. Аубакирова Ж.Я. Экономические основы интеграции в условиях глобализации. – А.: 2004.
  5. Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е. Халықаралық экономикалық қатнастар. – Алматы.: 1998.
  6. Жалпы ред. Елемесов Р.Е. – А.: 2002.
  7. Әубакіров Я.Ә. Экономикалық теория. – А.:1998.
  8. Эканомикалық теория. Әубакіров Я.Ә., Нәрібаев К., Есқалиев М.
  9. Проблемы интеграции государств Центральной Азии в условиях глобализации. //Аль-Пари № 4-5, 2002.
  10. Экономическая интеграция стран Центральной Азии в современных условиях. // Саясат №12, 2004.
  11. Проблемы политической интеграции Содружества Независимых Государств. // Саясат №5, 2005.
  12. Экономические аспекты глобализации. //Аль-Пари 1(41) 2005.
  13. Интеграционная и институтциональные тенденции в экономике РК. //Қаржы-қаражат №5, 2005.
  14. «Жаңа заманға бастайтын ғаламдану» //Егемен Қазақстан 22 сәуір, 2005.
  15. «Қазақстанның Европа елдерімен қарым-қатнасы» Адулпаттаев С. //Ақиқат №10, 2001.
  16. «О проблемах и перспективах национальной экономики в условиях глобального развития» Я.А.Аубакиров, М.С.Тулегенова, Е.Н.Сидеренко //Аль-Пари №4, 2005.
  17. Алшанов Р. Қазақстан — өңір көшбасшысы /әңгіме М.Төлепберген//Егемен Қазақстан 8 сәуір, 2005.
  18. Ахметғалиев Б. Евразиялық үлгідегі жемісті интеграция және осы процесті Дамытудағы Қазақстанның рөлі.//Егемен Қазақстан 18 сәуір, 2004.